Файл қосу
Арнаулы кәсіби шет тілі пәні бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-17.1.15/01-2014 ПОӘК Студентке арналған <<Арнаулы кәсіби шет тілі>> пәні бағдарламасы Басылым № 1 11.09.2014 <<Арнаулы кәсіби шет тілі>>(I, II) пәні бойынша 050207 <<Аударма ісі>> мамандығына арналған OҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Мазмұны 1.Жалпы мәліметтер. 2.Пән мазмұны және сабақтың түріне қарай сағат санына бөлінуі 3.Пәнді үйренуге қажет әдістемелік нұсқаулар 4. Курс форматы 5.Курс саясаты 6.Студенттердің білімін бағалау саясаты 7.Әдебиеттер 1 Жалпы ережелер 1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер Тулекова Меруерт Қыдырбекқызы, аға оқытушы Кафедра: Аударма теориясы мен практикасы Байланыс жолы: № 1 корпус, 903 аудитория Сабақты өткізу орны - № 900 аудитория Пәннің атауы: <<Арнаулы кәсіби шет тілі>>(I, II) Кредит саны: 2 / 3 1.2. Курстың қысқаша мінездемесі: Осы типтік оқу бағдарламасы "Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудің мемлекеттік стандартының" күрамдас белігі ретінде "050207-Аударма ісі" бойынша бакалавр мамандығы біліктілігі дипломы бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге арналған.Арнайы кәсіби шетел тілдері бойынша бағдарлама базалық негізгі шетел тілінің оқу бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады және жоғары оқу орындарының аударма факультеттерінің 3-4 оқу жылдарына арналған. Осы бағдарламада шетел тіліндегі білім, білім беруді халықаралық стандарт талаптарына жақындастыру мақсатында, базалық тілге оқытудың тұжырымдылық қағидаларын, үлттық білім берудің ережелерін барынша ескере отырып, болашақ аудармашыны шетелдік, кәсіби-тереңдетілген жағдайда дайындаудың мақсаттары, міндеттері мен мазмүны анықталған. 4-ші оқу жылында шетел тілін меңгерудің халықаралық-стандарттың жалпы еуропалық C2 деңгейлеріне жақын, жоғары операциялық меңгеру қалыптасады. Арнайы шетел тілдеріне оқыту оқудың 4 жылында студенттердің коммуникативтік-мәдениетаралық компетенциясын дамыту және кәсіби аудармашылық компетенциясын қалыптастыру болып табылады. Шетел тіліне арнайы мақсатта оқытуда студенттердің мамандық срекшеліктеріне сөйкес оқытылып отырған тілге деген қажеттілігі ескеріледі.Осыдан оның базалық негізгі шетел тіліне оқытудан айырмашылығын көруге болады. Коммуникативтік-мәдениетаралық компетенция әрі қарай коммуникативтік іскерліктерді қалыптастырумен,сондай-ақ басқа социомәдениет әлем суретін түсінумен, мағыналық бағдарламаларын танумен, қарым-қатынастағы екі мәдениет ұқсастыктары мен айырмашылықтарын кере білумен және оларды мәдениетаралық қарым-қатынас контекстінде қолданумен байланысты. Осы білім беру кезеңінде тілдік материал студенттер тілінің идиомалылығы жоғарылауы арқылы, түркі білімдері мен мамандық метатілі тереңдеуі арқылы, және де |студенттердің жалпы кәсіби мәдениеттанушылық, елтанушылық ой-өрісінің кеңеюі арқылы, дамытылады, мүның бәрі оқыту мазмұнының жалпы мәдени және кәсіби бағдарлы бөлігі және коммуникативтік іскерліктер аясында іске асырылып отыр. Студенттерінің кәсіби (аудармашылық) компетенциясы аударма ісі маманын дайындау процесінің негізгі бөлігі бола отырып, студенттерге кәсіби бағдарлы білімдермен қамтамасыз ететін :: қарым-қатынастың жалпы кәсіби және арнайы кәсіби ауқымындағысөздің пәндік мазмүны арқылы; кәсіби бағдарлы қарым-қатынас жағдаяттарында прагаатикалық кәсіби тапсырмалар орындай отырып кәсіби бағдарлылық іскерлігін қалыптастыру арқылы; әртүрлі жанрдағы мәтіндік материалмен жұмыс істеудің кәсіби бағдарлы іскерліктерін, аударманың әртүрлі стратегияларын жасау іскерліктерін қалыптастыру арқылы (бұл іскерліктер тізімі 1-4 оқу жылдарының оқу бағдарламарында анықталған және бөлінген) қамтамасыз етіледі. Оқыту мақсаттарын тиімді түрде іске асыру үшін, арнайы мақсаттағы тіл сабақтарының бейдәстүрлік түрлері мен тәсілдері (ток-шоу, пресс-конференция,топтық сөзжарыс,пікірталас,интервью т.б.), оқу аударма жаттығулары, сондай-ақ оқытудың диологтың технологиялары видео,фономатериалдарды,компьютер техникасын қолдана отырып іскерлік жәнеролдік ойындар, жоба жүмысы қолданылулары тиіс. Бұл бағдарламада көрсетілген тілдік деңгей бойынша студенттер білімінің мазмұны мен деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген, қарым-қатынастық қоғамдык-саяси, жалпы кәсіби және арнайы кәсіби ауқымдарындағы сөз тақырыбы берілген, сөз әрекеті түрлері мен меңгерілетін компетенциялар бойынша қойылатын талаптар тізімі берілген, олардың қалыптасуының тексеру критериилері, кәсіби-бағдарлы іскерліктер тізімі, сондай-ақ корытынды тексеру түрлері мен қолданылған әдебиет тізімі ұсынылған. 1.3.Курстың мақсаты: Сөйлеу 4 курста диалогтік сөйлеу түріне оқытудың басты мақсаты идиоматикалық айтылымдарды дүрыс қолдана отырып, болашақ мамандық контексінде пікірталас, интервью, әңгіме жүргізуге қажетті дәлелдік-сөз жарыс іскерліктерін әрі қарай қалыптастырады.Монологтік сөйлеуде диалог, полилог кезінде монологтік айтылымдар қүру іскерліктерін дамытумен қатар, кәсіби бағдарлы және ғылыми мәселелер бойынша, монологтік сөздің коммуникативтік түрлерін және коммуникативтік ниетке сай дискурс (бағалау, шолу, интерпретация, резюме т.б.) түрлерін қолдана отырып, кеңінен және дәлелді сөйлеу іскерліктерін қалыптастырады. Жазба сөз Жазба сөзге оқытуда студенттердің өз ойларын кәсіби максатта әртүрлі композициялық сөз түрлерінде (талқылауды жиірек қолдана отырып) және жазба дискурс түрлерінде (пікір, эссе, баяндама, есеп, контракт, мазмүндама т.б.) шығармашылықпен жеткізуіне назар аударылады. Тыңдап-түсіну 4 курста тыңдап-түсінуге оқыту мақсаты қабылданған ақпаратты қолдануға аудио материалды детальды және сыни түсіну жатады. 1. Адам және заң (тілі оқытылатын елде және Қазақстан Республикасында). Мемлекеттік Қүрылым Негізгі Заң Конституциялық органдары Құқық тәртібі. Азаматтық және қылмыстық қүқықтар Халықаралық терроризм Жағдаяттар: Студенттер тілі оқытылып жатқан ел мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымындағы айырмашылықтарды талқылайды.Парламент депутаттары адамдардың құқықтық нормаларын, құқықтық | мемлекет принциптерін, тілі оқытылатын ел мен Қазақстандағы азаматтарды қорғауды, сондай-ақ халықаралық терроризм мәселелерін талқылайды. Пікірсайыс клубы: "Өлім жазасына кесуді тоқтату"талқыланады. Семинар тақырыбы: "Азаматтардың құқықтары мен міндеттері (тілі оқытылатын елде және Қазақстан Республикасында)", "Тұтынушылардың құқық қорғау шаралары туралы (ОТЕ және Қазақстан Республикасында) Жағдаяттар: Студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары мен қоғам өміріндегі техникалық прогрестің рөлін талқылайды. Конференция тақырыбы: "Инвестицияларды ғылым мен жаңа техника дамуына енгізу туралы. Дөңгелек үстел. Мынадай мәселелер талқыланады: а)Аудармашы және ақпараттық технология. б)Компьютер аудармашыны ауыстыра ала ма? в)Шетел тілін компьютердің көмегімен үйренуге бола ма? Өндірістік практика женіндегі қорытынды конференцияда студенттер мынадай мәселені талқылайды: Аудармашы аса қызық әрі жоғары мамандық деген тұжырым дұрыс па? 4. Медицина саласындағы жаңа жетістіктер (ОТЕ және Қазақстан Республикасында) Германия, Англия, Франция, және Қазақстанның денсаулық сақтау>> Медицинаны дамытудағы ғылымдар мен дәрігерлердің үлесі Осы елдердегі медициналық қауіпсіздендіру, ғасыр дерті, оларды емі Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (жетістіктер мен кемшіліктер) Жағдаяттар: Халықаралық ғылыми конференция қатысушылары салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы мәселені талқылайды. Симпозиум тақырыбы: "Ағзаны ауыстырудың моральдык әлеуметтік аспектілері: Клондауды жақтау және қарсы болу". Дөңгелек үстел: ОТЕ және Қазақстан Республикасында демографиялық жағдаяттар ерекшеліктері талқыланады. Конференция тақырыбы: "Медицина саласындағы ғылыми жобалардықаржыландыру". Қатысымдық қызметтің продуктивті түрлерін оқытуға қойылатын талаптар: Айтылым: А. Екеуара сейлесу Екеуара (және полилогикалық) қатынас жасаудың функционалды түрлері. Баяндамаларды, хабарларды, сентенцияларды, талқылаудағы пікірталас (топтық полемика) Сұхбат Еркін әңгіме - Студенттер мынадай қатысымдық әрекетті жүзеге асырады: полилогикалық қатынастың әртүрлі формаларына қатысу, идиомалық тіркестерді түрақты тіркестерді олардың коннотациялық пәндерін есепке ала отырып пайдалану, ойды білдірудің әртүрлі тәслдерін пайдалана отырып, соз мағынасын дәл жеткізу; - қатысымның жеке, қоғамдық және кәсіби аясында тілдік шекараны ссзбестен әңгіме жүргізу; - тілдік қүралдарды пайдаланғанда қиыншылықтар туа қалса, өз ойын тез басқа жаққа бүру. Екеүара сейлеу шеберлігін қалыптастыру деңгейін бағалау өлшемі: Мазмұндық материалды және оны талқылаудың әртүрлі формалаларын еркін және кәсіби-бағдарлы жүргізу. Әріптестердің өз қатысымдық ниеттерін адекватты жүзеге асыруы. Сөйлеудің аяқ астынан пайда болуы және өрбуі суырып салу қабілеті, рольдік ауысуы, жағдаят өзгерісті және әріптестің тілдік мінез-қүлқын болжау. Сөйлеудің бейнелігі және әсері (хезитациялық және қыстырма сөздерді, бақылау сұрақтары, қатынастық вербалды емес қүралдары, эмоционалды қанықтылығы) 4.Жағдаятты стиль регистріндегі катысымдық интенцияның адекватты жасалуына қажетті тілдік қүралдарды игеру. Б. Жеке сөйлеу.Композициялық-тілдік типтер: баяндау; суреттеу; хабарлау; пайымдау (соңғысы басым дискурс түрлері); сыншыл талдау; түсіндіру; шолу; түсінік беру; түйіндеме; -полемика-дәлелдеу және олардың түйісуі. 1.4.Курстың міндеті: 4-ші оқу жылының басты міндеті-арнайы кәсіби мақсаттағы шетел тіліндегі қарым-қатынас іскерліктерін дамыту. Курста экономика, саясат, юриспруденция, ғылым мен медицина тақырыптары қамтылған. Оқу материалдары ретінде әртүрлі жанрлардан аутентивті мәтіндер, радио және телехабардың аудио және видеожазбалары алынған. Арнайы кәсіби курс ерекшілігі оқытудың мәдениетаралық, ғылыми-кәсіби және прагматикалық бағыттылығының терендетілуін, арнайы кәсіби қарым-қатынас ауқымында және сөз тақырыбы бойынша студенттердің кәсіби маңызды іскерліктерінің қалыптасуын қарастырады. Мемлекеттік Білім Беру Стандартына сәйкес аудармашыларда жалпыеуропалық талаптар деңгейіне сәйкес сөз әрекетінің барлық түрлері бойынша мәдениетаралық коммуникативтік компетенцияны дамытуға қажетті бай сездік қор, терең білім болуы қажет.Студенттің арнайы кәсіби қарым-қатынасын қамтамасыз ететін активті сөздік қоры 1200 лексикалық бірлікке дейін көбейеді. 1.5.Курс нәтижелері: - білуі тиіс: ресми және ресми емес қатынастың кең ауқымды тілдік құралдарын пайдалана отырып тез әрі еркін сөйлеуді; логикалық құрылымы тыңдаушыларға маңызды кезеңдерді аңғаруға және еске түсіруге көмектесетін сөйлемдер құруды; мағыналы аса дәл беретін логикалық екпін мен интонацияны пайдаланып, тез ері қиындықсыз хабарлама жасауды; олардың кәсіби қызметімен байланысты мәселелер жөнінде баяндамалар, хабарламалар жасау; -меңгеруі тиіс: таңдаған кәсіби саладағы аса өзекті мәселелер бойынша толық дәлелдер келтіру және ұсыну; таңдаған кәсіби қызмет аясын дамытудағы қазіргі инновациялық технологиялардың рөлі туралы айту: тандаған кәсіби қызмет аясын дамыту; перспективалары мен оның қазіргі жағдайын анықтайтын факторларды түсіндіруді; - игеруі тиіс: жалпы мәдени тақырып пен кәсіби қызметке байланысты әртүрлі фактілерге түсінік беру; болашақ кәсіби қызметке және жалпы мәдени тақырыптарға байланысты мәселелер женіндегі әңгімелерде немесе пікірталаста өз қөзқарасын толық және дәл дәлелдеуді (екеуара сөйлесудегі және полиглоттағы монолог); жалпылау, цитата, талдау, аргументация, түсіндіру көмегімен естіген, көрген, оқығандардың танымдылығы, эстетикалығы, тәрбиелілігі арқылы қорытынды жасауды; - істей алуы тиіс: Танымдық: - көтерілетін мәселенің өзектілігі мен анықтау; - оның жаңалығын, танымдық және тәрбиелік қуатын анықтау; - даулы мәселелерді, қарама-қайшылықтарды өздігінен айыра білу; Регулятивті: - пікірталас барысын жоспарлау; - әңгімелесушілердің қатысымдық белсенділігін арттыру жолдарын таңдау;- олардың жауап беруін (оппоненттердің контраргументін) болжау; - топтың өзара әсерін басқару; пікірталас барысын реттеу; - әңгіме тақырыбын шебер ауыстыру, - сендіру, дәлелдеу, әріптестерді жағымды қатынасқа ақыру; - жеке әрекетті (ойласуды) ояту; Бағалы - бағдарлық: - мәселені қалыптастыру және дәлелдеу; - өз көзқарасын қарасын жақтау; - жан-жақты талдауға, дереккөздерге сілтемеге, белсенді адамдарға т.б. сүйеме дәлелдеу; - ұсыныс айту, түпнұсқа ойлар; - оқиғаларға, қүбылыстарға, пәндерге жан-жақты баға беру;- пікірсайыс қорытындысын шығару; - таңқалу, сенім білдіру; - этикетті қатынастың ресми, ресми емес нормаларын, идиомалог тіркестерді кең пайдалану арқылы сейлеу мәдениетін сақтау. (Осы деңгейде студенттердің әрі қарай сол тіл сөйлеушілермен қатынас қүралдар қарастырылады: қатысымдық мәнді қимылдар, ымдар т.б.) -түсінуі тиіс: Жазба тіл Композициялық-тілдік типтер: суреттеу; хабарлау; баяндау; пайымдау. Тілдік шығарма түрлері: реферат; аннотация; пікір; баяндама; эссе (қоғамдық-саяси, педагогикалық және елтану тақырыбына, сондай-ақ сентенцияға, мақалаға, цитатаға сүйене отырып); бизнес-жоспар; келісім-шарт; проспект, түристік брошюралар, жарнама мәтіндері; ресми хаттар; ұсыныстар мен пікірлер тезистері; -болуы тиіс: тыңдап түсіну жазбаша сөйлеу (эссе-ойлау) сөйлеу: берілген жағдаяттар бойынша ақпаратты қолдана отырып, проблемалық сипаттағы әңгіме жүргізу проблемалық тапсырмаларды шешуді қосып отырып монолог түрде сөйлеу; -білім алуы тиіс: қажет стильдегі айқын, құрылған мәтін жазу; анық әрі айқын құрылымды мақалалар мен эссе, күрделі түрдегі хаттар, баяндамалар жазу; -негізгі ойларын /пікірін/ орынды пайдалану, оларды жүйелеу, жалпылау, мәтіннің бөлігін көрсетілген әсерінен мағыналық қатынастарды белгілеу; / реферат жазу, реферат түйіндеме құру, реферат-конспект, шолу рефераты, бизнес жоспар, проспектілер, жарнама мәтіндері / 1.6. Пәннің пререквизиті: Базалық шет тілі / А1,А2, В1,В2, С1 / 1.7. Пәннің постреквизиті: Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы және практикасы * ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ САҒАТҚА БӨЛУ Арнаулы кәсіби шет тілі I № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс ЛБ ПС ООӨЖ ОӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Economic growth in English speaking countries and Kazakhstan. 3 2 4 1. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Coursebook. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 2 Branches and forms of enterprise. - 3 1 5 2. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Exam-maximiser. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 3 The role of banking sector in the economic development of English speaking countries and Kazakhstan. - 3 2 4 3. Michael Vince. First Certificate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 4th edition. Macmillan Education. 2009. 4 European Community. - 3 2 4 4. Michael Vince. Advanced Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2009. 5 Economic and political integration. - 3 1 5 5. Michael Vince. Intermediate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2010. 6 Government. 3 1 5 6. Практический курс английского языка. 4 курс: Учеб. для педвузов по спец. <<Иностр.яз>> / Под.ред. В.Д. Аракина. - М.: ВЛАДОС, 1999. - 336 с. 7 Basic Law. 3 2 4 7. Peter Bromhead. Life in Modern Britain. Longman House. 1992. - 198 p. 8 Constitutional bodies. 3 2 4 8. CD- Encarta 9 Order. Civil and Criminal law. 3 1 5 10 International terrorism. 3 1 5 Арнаулы кәсіби шет тілі II № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Д ЛБ ПС ООӨЖ ОӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Science and progress. Nanotechnology in Agriculture and the Food Industry. Physical Science (forms of energy, energy transfer and conservation), Life Science (concepts related to organization and development, matter and energy transformations, interdependence, heredity and reproduction, and evolution and diversity), Earth and Space Sciences (concepts related to objects in the universe, the history of the Earth, properties of Earth materials, tectonics, energy in Earth systems, climate and weather, and biogeochemical cycles. 1 3 2 6 1. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Coursebook. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 2. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Exam-maximiser. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 3. Michael Vince. First Certificate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 4th edition. Macmillan Education. 2009. 4. Michael Vince. Advanced Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2009. 5. Michael Vince. Intermediate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2010. 6. Практический курс английского языка. 4 курс: Учеб. для педвузов по спец. <<Иностр.яз>> / Под.ред. В.Д. Аракина. - М.: ВЛАДОС, 1999. - 336 с. 7. Peter Bromhead. Life in Modern Britain. Longman House. 1992. - 198 p. 8. CD-Encarta 2 Science and industry of the future. 10 fastest growing industries: Wind Power, E-Commerce & Online Auctions, Environmental Consulting, Biotechnology, Video Games, Solar Power, Third-Party Administrators & Insurance Claims Adjusters, Correctional Facilities, Internet Publishing and Broadcasting. - 2 3 2 6 3 Implementation of innovative technologies. Implementation of innovative technologies. The Use and Evaluations of IT in Chronic Disease management. Robots. - 2 3 2 7 4 Translator and informative technologies. - 1 3 2 7 5 Computers in learning foreign languages. - 1 3 2 6,5 6 The health care system in Germany, England and France. Digital health. Innovative vaccines and biopharmaceu - ticals. 2 3 3 7 7 The health care system in China, Turkey, the Arab countries and Kazakhstan. Traditional and modern Chinese medicine. Treatments to slow aging and stymie chronic disease. 2 3 3 7 8 The contribution of scientists and physicians to the development of medicine. Liver transplantation. Human cloning. New treatment for diabetes. 1 3 2,5 7 9 Health insurance in English speaking countries and Kazakhstan. Health insurance in the USA. Health insurance in England. 2 3 2 7 10 Diseases of the century, and their treatment. Ebola disease. 1 3 2 7 15 30 22,5 67,5 3 ПӘНДI ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАР Кәсібилік. Студент болған күннен бастап кәсіби маман ретінде ойлап, соған сәйкес жұмыс істеуге дағдылан. Сабаққа уақытында кел. Үнемі сабаққа дайын бол. Кәсіби маманға тән іс - әрекет ет. Сабақ барысында өтілетін тақырыптарға сәйкес өз ойыңды білдіруге әбден құқығың бар. Өз ойыңды білдіруге тырыс. Зерттеулер, фактілер негізінде өз ойыңды дәлелдеуге дайын бол. Сабаққа қатысу. Барлық студенттер сабақтан қалмауы тиіс. Оқу жоспарында көрсетілген талаптарды физикалық немесе басқа жағынан орындай алмаған жағдайда курстың алғашқы 2 аптасында бұл туралы оқытушы құлағдар болуы тиіс. Бақылау жұмыстары. 1 семестр барысында 7 және 15 апталарда жазбаша ағымдық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл бақылау жұмыстарына едәуір мөлшерде балл бөлінетіндіктен студенттердің бәрі бақылау жұмыстарына қатысуы тиіс. Қарыздар. Сабақ 15 желтоқсанда аяқталады. Бұл күннен кейін сессияны аяқтаймын, қысқы сессиядан өтемін дейтін студенттерден ешқандай қарыздар қабылданбайды, сондықтан барлық қарыздар осы күнге дейін тапсырылуы тиіс. 4 КУРС ФОРМАТЫ * 050207 - <<Аударма iсi>> мамандығы <<Арнайы кәсіби шетел тілі I>> курсына оқу жоспарына сәйкес 30 сағат практикалық сабақ, 15 сағат ООӨЖ және 45 сағат ОӨЖ, <<Арнайы кәсіби шетел тілі II>> курсына 30 сағат практикалық сабақ, 15 cағат лабороториялық жұмыс, 22,5 сағат ООӨЖ және 67,5 сағат ОӨЖ жоспарланған. * ООӨЖ өтiлген материалдарды жүйеге келтiру және тақырыптарды бекiту үшiн қосымша практикалық тапсырмалар орындалады. * ОӨЖ тапсырмаларына жұмыс кітабынан жаттығуларды орындау қажет. 5 КУРС САЯСАТЫ Сабаққа қатысу. Машықтану сабақтарына қатысу міндетті болып табылады. Егер де белгілі бір себеппен сабаққа қатыса алмаған жағдайда оқушы сабақта алынған тапсырма үшін жауапты болады. Тәртібі. Cабақ кезінде тәртіпті бұзғаны үшін оқушы сабақтан босатылады немесе F бағасы қайылады. Межелік аттестация. Семестр бойы екі межелік бақылау жұмысы өткізіледі. Бақылау жұмысының бағасы төмен болған жағдайда қосымша тапсырма берілмейді.Сонымен қатар ешқандай қайта тапсыру болмайды. Бақылау жұмысы кезінде кітап және конспект қолдануға болмайды. Емтихан. Қорытынды емтиханда екі семестр байы өтілген тақырыптардың барлығы қамьылады. 6 СТУДЕТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Арнайы кәсіби шетел тілі I,II>> пәні бойынша балларды бөлу Апта Бақылау түрі Жалпы балл саны Ескерту 1 2 3 4 1 және 7 апталар бойынша барлық сабақтар түріне қатысу 30 2 Home work Exercises Glossary 3 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary 7 10 8 5 ПC 4 Stylistic analysis of the text Home work Exercises 5 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary 7 10 8 5 ПC 6 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary New Proficiency Gold Exam maximizer Pages 40-48. Michael Vince. Advanced Language Practice. Business and money. Pages 215-219. 10 15 10 5 80 OӨЖ 7 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary Control work 90 1 және 7 апталар нәтижесі бойынша жалпы балл саны 300 8 және 15 апталар бойынша барлық сабақтар түріне қатысу 30 8 Exercises Glossary 9 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary 7 10 8 5 ПС 10 Stylistic analysis of the text Home work Exercises 11 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary 7 10 8 5 ПС 12 Stylistic analysis of the text Home work Exercises 13 Stylistic analysis of the text Home work Exercises 14 Stylistic analysis of the text Home work Exercises Glossary New Proficiency Gold Exam maximizer Pages 88-96. Michael Vince. Advanced Language Practice. Health and body. Pages 235-239. 10 15 10 5 80 ПС ОӨЖ 15 Homework Exercises Control work 90 8 және 15 апталар нәтижесі бойынша жалпы балл саны неделю 300 Емтихан бойынша жалпы балл 400 Академиялық кезең бойынша жалпы балл 1000 7 Әдебиеттер: Негізгі әдебиет 1. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Coursebook. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 2. Jacky Newbrook, Judith Wilson. New-proficiency Gold. Exam-maximizer. Longman. Pearson Education Limited. 2001. 3. Michael Vince. First Certificate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 4th edition. Macmillan Education. 2009. 4. Michael Vince. Advanced Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2009. 5. Michael Vince. Intermediate Language Practice. English Grammar and Vocabulary. 3rd edition. Macmillan Education. 2010. Қосымша әдебиет 1. Практический курс английского языка. 4 курс: Учеб. для педвузов по спец. <<Иностр.яз>> / Под.ред. В.Д. Аракина. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. - 336 с. 2. Peter Bromhead. Life in Modern Britain. Longman House. 1992. - 198 p. 3. CD - Encarta
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz