Файл қосу
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Дәріс 1. Кіріспе. Пәнің даму тарихы. 1.Азықтың химиялық құрамы. 2.Пәнің басқа пәндермен байланысы. Адамзат тіршілігінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бұл әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны шешу үшін әрбір елде мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады. Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты. Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады. Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады. Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді. Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілген кальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды. Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады. Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикі-затты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады. Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді. Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі. Дәріс 2. Азықтардың қорытылуы туралы ұғым 1.Азықтардың қорытылуы туралы ұғым 2.Зерттеу әдістері және факторлары. Азық қорытылуы. Жемшөптін қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, қоректік заттарды қорытып, сіңірілген бөлігін зат алмасу барысында тіршілік мұқтажына пайдалынады. Мал азығының желінуі. Химиялық құрамы қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін ол міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол организмде энергияға, қажетті өнімге айналады. Азықтың өнімділік қуатының 70 проценті желінуіне, қалған 30 проценті қорытылуына байланысты. Азықтың желінуі мен қорытылуы да тығыз байланысты. Клетчатканың көп болып, аумағын ұлғайтуы, қорытылуын төмендетіп, желінуін шектейді. Өйткені аумақты ірі азықтың ас қорыту жолдарынан өтуі баяулап, қорытылу мерзімі ұзарады. Соған байланысты қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастар астық тұқымдастардан гөрі көбірек желінеді. Күйісті мал пішенге қарағанда құрғақ заты бойынша есептегенде сүрлемді 20 проценттей кем жейді. Түрлі дәмді қосындылар сірне, ашытқы және басқалары тәбетті ашып, азықтың желінуін жоғарлатады. Азық қоректік заттарының қорытылуы. Желінген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорытылу барысында түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңірледі. Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректі заттар нәжіс құрамында тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Бұл - қорытылмаған қалдықтар. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады. Қорытылу ауыз қуысынан басталады. Онда түскен азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (амилаза) минералды заттар оның құрамына еніп,әсер ететін қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) фементтерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктелген азыұ жыны (хамус) он екі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен бауыр етімен араласады. Өттегі қосындылар азық майларына әсер етіп, ішек сөлінің ферменттеріне (липаза) қолайлы жағдайлар туғызады. Азықтағы қоректік заттар ыдырауы ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жалғасады. Сөйтіп жай қосындыларға дейін (протейндер-амин қышқылдарына, майлар-май қышқылдары-глицеринге, көмірсулар, моноканттарға) ыдыратылған қоректік заттар аш ішек түгі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфа құрамына енеді. Тоқ шекте жын (химус) құрамынан артық су сіңірліп, нәжіс қалыптасады. Шошқаның ас қорытылуы. Шошқа- бір қарынды көп азық түрлерін жей беретін жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас, орташа алғанда қарын аумағы 8 л, яғни ас қорыту жолының шамамен 30,0 процентіндей, аш ішегінің ұзындығы 15-25 м, аумағы 9-10 л, яғни 33,0 процентіндей, ұзындығы 20-35 см соқыр ішегінің аумағы 1,5 л, яғни 5,0 процетіндей, тоқ және тік ішегінің ұзындығы 5-6 м, аумағы 8-9 л, яғни 32,0 процентіндей. Жалпы ішек-қарын ұзындығы 20-30 м, аумағы 30 литрдей болады. Азықтың қорытылуы, тек шайнаған кезде ғана бөлінетін сілекей ферменттерімен, ауыз қуысынан басталады. Азық түріне, ылғалдылығына, берілу жиілігіне байланысты тәулігіне 10-15 л, сілекей бөлінеді. Амилаза ферментімен қатар, шошқа сілекейінің құрамында көптеген минералдық (натрий, калий, магний, фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар) және органикалық (ақзат муцин аминқышқылдары) қосындылар болады. Сілекей реакциясы сілтілі. Шайналып, сілекеймен ылғалданған азық қарынға түседі. Қарын құрылысы жай, бір бөліктен тұрады. Оған енген азық өңештен он екі елі ішекке өткенше араласпай, бірқалыпты жылжып отырады. Қарының үш бөлігінде өңделіп қорытылады. Олар өзара ішкі кілегейлі қабатының құрлысы арқылы ерекшеленеді. Өңештің қарымен жалғасқан жеріндегі кілегей қабығы тері тәріздес болып келеді. Қарының сыртқы шеңберімен оған бездері бар кардиналды бөлімі жалғасады. Дәріс 3. Азықтардың құнарлығы туралы ұғым 1.Азықтардың құнарлығы туралы ұғым және анықтау жолдары. 2. О. Кельнер, советтік және энергия әдістері. Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады. Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді. Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды. О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды. 248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады. Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады. Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16,67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52,54 процент және майдағы 76,50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді. Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9,5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан. 100 г қорытылатын ақзаттікі 23,5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47,4-59,8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18,8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады. О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алған. Олардың ең бастылары қоректілікті анықтау тек өгіздермен және санаулы ғана азық түрімен 18 жылда 16 азықпен 100 тәжірибе қойылған нақтылы жүргізілген қалған азықтар қоректілігі есептен шығарылған. Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді. Басқа өнім сүт, жүн, төл беретін малдар үшін азықтың май байлаушылығы қоректілігін бағалаудын негізгі көрсеткіші бола алмайды. Дәріс 4. Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі. 1. Азықтардың витаминді,минералды және протеинді құнарлығы, малдарға әсер етуі. Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет. Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады. Протеиндер. Шикі протеин - жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 проценті, ал кейбір мүшелерінің 85 проценті ақзаттан тұрады. Өсімдіктердегі ақзат көлемі біршама төмен. Тек бұршақ тұқымдастарда, оның ішінде әсіресе соя дәндерінде, протеин көлемі 30 - 45 процентке жетеді. Ол өсімдіктердін дәнінде, гүлінде және жапырақтарында жиналады. Гүлденген жоңышқанын жапырағының құрғақ затында - 24 процент, піскен дәнінде - 35 процент, ал сабағында - 10 процент белок болады. Қоректік заттар ішінде протеиндердін тіршілік үшін маңызы өте зор. Протеин мал азығына үзіліссіз енбесе организм тіршілігіне қауіп төніп, тіпті тоқтауы да мүмкін. Денедегі ақзат алмасуын қамтамасыз етіп, ескіріп ыдыраған қосындылар орынын жаналармен алмастырып, өсіп келе жатқан жас организмде жаңа үстеме қосындылар құрастырып, өндірілетін өнім ақзатын түзуге жағдай туғызу үшін сыртқы ортадан қажетті мөлшерде және саплы денгейде азоттық заттар еніп түруы шарт. Минералды заттар. Минералды заттарға мал азығын жоғары температурада 500-550 С жаққанда қалатын шикі күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны макро - аз мөлшердегі элементтер деп аталады. Макроэлементтерге жататын азық күлінде көп болатын кремний шақпақ элементі инертті реакцияларға қатыспайтын тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны есепке алмайды. Макроэлементтердін төртеуі - кальций, калий, натрий және магний - алмасу барысында сілтілік қасиеттер көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік макроэлементтер деп, ал қышқылдық қасиеттер көрсететін үшеуі - фосфор, күкірт, хлор - қышқылдық макроэлементтер деп аталады. Арақатынастары бұзылған жағдайда бір элементтің мал азығында жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп, пайдаланылуы күрт төмендеп, организм зиян шегеді. Малды қоректендіру барысында жемшөп түрлерінін организмге қажетті мөлшерде ғана берілгенде пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді Витаминдер. Витаминдер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып витамин жетіспеушілік - гиповитаминоздық ауыру белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда - витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері пайда болады. Аурудын алғашқы кезеңінде барлық витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы, өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады. Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі. Витаминдерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі - биокатализаторлар ретінде ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер. Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады. Екіншісі - торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С витаминдері, холин жатады. Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі - азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзілуі В12К немесе организмдегі биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады. Дәріс 5. Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары туралы ұғым, жіктелуі. 1.Ауыл шаруашылық малдарының азықтары туралы ұғым. 2. Мал азықтарының жіктелуі, бағалануы. 1. Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді. 2. Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық жағдайы мен құрамында қоректік заттар шоғырлану дәрежесіне сәйкес аумақты және құнарлы топқа бөлінеді. Аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 кг - нан төмен қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық өлшемімен, яғни, 7,1 мДЖ-ден аспайды. Соған қарамастан олар шаруашылық азық қорының негізін құрастырады. Өйткені бұл топқа барлық көк ірі және шырынды жемшөп кіреді. Ірі азық құрғақ затында 19 пайыздан астам клетчатка болады. Оларға барлық пішен түрлері: сабан, қырман қалдықтары жатады. Қырман қалдықтарында қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы дайындықтан өтеді. Ылғалды (шырынды) азық құрамында 40 пайыздан астам ылғал болады. Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр- түйнек жемістілер, сүрлем, пішендеме, химилық жолмен сақталған көк азықтар кіреді. Сулы азықтарға азықтарға техникалық өндіріс, атап айтқанда, крахмал, спирт және қант өндірісінің қалдықтары жатады. Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтағы көмірсутек немесе энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөлінеді. Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек, балық ұны және заводтарда түрлі азықтар қосындысынан құрастырылған құрама жемді де жатқызуға болады. Толық рационды құрама жемдер жан-жақты толықтырылған, мал мен құстың қоректік мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін түрде шығарылады. Құнарлы құрама жемдер тек қана түрлі дәндер, минералды заттардан құрастырылады. Олар жеке берілмей, малдың негізгі азықтарын толықтыратын қосымша азық ретінде қолданылады. Сондықтан оларды рациондағы негізгі азықтардың қоректілігін жоғарылату үшін пайдаланады. Ақзатты - витаминді - минералды қосындылар азотты, витаминді, минералды заттары мол арнайы дайындалған біркелкі қосындылар. Құрама жемге немесе азықтарға қосып беріледі. Премикстер - заводтарда витаминдер, микроэлементтер және басқа да биологиялық әсерлі заттардан (антибиотик, ферменттер, гармондар) жасалатын арнайы қосындылар. Жем салмағына 0,5-1,0 пайыз көлемінде қосылады. Сонымен қатар өндірісте мал азығы ретінде қолдану үшін арнайы протеиндік(карбамид) және амин қышқылдарының (азықтық ашытқы, синтетикалық және микробтық препараттар т.б.) минералдық ас тұзы, (фосфаттар т.б.) қосындылар шығарылады. Жанур тектес азықтарды 3 топқа бөлуге болады 1.Сүт және сүт өнімдері 2.ет өндірісінің қалдықтары 3. Балық зауытының қалдықтары. Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды. Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау әдістерін қолданады. Дәріс 6. Норма және рацион туралы ұғым. 1.Нормалап азықтандырудың маңызы. 2. Рацион құрастырудың негіздері. 1. Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем - шөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрылады. Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден аз немесе көп берілген зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да, төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі тежеледі. Ал, нормадан көп берілсе, шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық игерілмей, пайдасыз шығындалады. Азықтандыру нормалары - малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын енергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғайады. Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі. 2. Малды азықтандыру рационы деп, белгілі нормаға негізделіп, құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады.Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады. Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс. Түрлі азықтар белгілі бір ара қатынаста есептеліп жасалуы тиіс. Осы азықтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік ара қатынасын рацион құрылымы деп атайды. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады. Ол қалыптасқан жемшөп қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық. Өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды. Дәріс № 7 Суалған сиырларды азықтандыру 1.Суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктері. Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады. Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге , бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет. Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады. Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады. Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс. Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін. Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс. Дәріс 8. Сауын сиырларды азықтандыру. 1.Сауын сиырларды азықтандыру ерекшеліктері Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиыр сүтінің құрамы өзгешеленіп, уыз түрінде пайда болады. Уызда кәдімгі сүтпен салыстырғанда ақзат, қанттар, минералды заттар, каротин және витаминдер мөлшері көп бөлініп, жеңіл қорытылатын құрғақ заты жоғары болады. Жаңа туған бұзауды неғұрлым өз енесінің уызымен ерте ауыздандырса соғұрлым ол ауруға шалдықпай, ас қорытуды жақсартып, тез өсіп жетіледі. Сауымның алғашқы кезеңін иіту, сүтейту кезеңі дейді. Иіту барысында сауылған сүт мөлшері күнделікті өсіп отырады. Оны қамтамасыз ету үшін сиырды сүт қосымына керек қосымша қоректік заттармен қамтьамасыз етеді. Сауымның алғашқы иіту кезеңінде сиыр сүттілігін мейілінше тез арада молайту үшін басқа да шаралар қолданады. Шаруашылықта сиырларды алғашқы сауымда сүтейіп, жоғары өнімділікке тез жетуіне қарай сұрыптайды. Жылына 2500-3000 кг сүт беретін 480-500 кг-дық сиырларды дұрыс азықтандырып иіткенде алғашқы сиыр сауымда қосымша 800-1000кг, ал одан кейінгісінде 500-600 кг сүт өндіруге болады. Сауын басында желінген азықпен сүтке жұмсалатын организм шығыны қамтамасыз етілмейтіндіктен, сиыр денесінен сауылып, салмағы азаяды. Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиырдың үйреншікті азықтарын біртіндеп ұлғайтып, тәбеті шапқанша беруге болады. Біртіндеп пішендеме, сүрлем ал жазғытұры- көк балауса береді. Бұзаулайтын сиырлар буаздықтың соңғы кезінде жеке бөліп ұсталатындықтан, бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері олардың азықтандырылуы жағдайын жекелеп қадағалайды. Рацион құнарлылығын ұлғайту үшін жаңа бұзаулаған сиырларға нақтылы сүттілігіне қарай құнарлы азық мөлшерін 2-3 кг-ға көбейтіп береді. Жазғытұры сүтті сиыр рационын көк азыққа негіздейді. Сүттілігіне қарай жем береді. Жоғары өнімді сиырлар сауу мерзімінде (8-10 минутта) бос жемнің 2-2,5 ккал, түйіршіктелген жемнің 3 кг жеп үлгеретінін ескереді. Өнімділігіне байланысты сауымның алғашқы айларындағы сиырды иітуге бағытталған рациондар құрамы келесі 26-шы кестеде келтірілген. Рацион құрамындағы сүрлемнің бір бөлігін не толығымен пішендемемен, ал жазғытұры ірі азықпен, шырынды азықтарды көк азықпен алмастыруға болады. Құрастырылған рациондарда қант-протеин ара-қатынасы 0,9-1,1, ал крахмалдың қантқа қатынасы 1,3-1,5 аралығында болуға тиіс. Осыдан әрі сауымның келесі- жоғары өнімділік, чғни қызған кезеңі басталады. Сиырдан сауылатын сүттің негізгі бөлігі осы кезде алынады. Сондықтан бұзаулағаннан кейін сиырды тез арада иітіп, жоғары сүттілікке жеткізіп, сауымының қызған кезеңін мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру нәтижесінде сиыр сүттілігінің 8-10 проценттің орнына айына тек 3-4 процентке дейін кемуін қамтамасыз етуге болады. Бұл кезеңде сиырды рацион және норма кітабында келтірілген кестедегі негізгі азықтандыру нормалары бойынша азықтандырады. Дәріс 9. Аталық бұқаларды азықтандыру. 1.Аталық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері. Асыл тұқымды бұқа азықтандыруы алынатын негізгі өнімге байланысты ұйымдастырылады. Ал негізгі өнімі - ұрық. Сондықтан асыл тұқымды бұқа азықтандырудағы басты міндет - олардың ұрықтандыру қабілетін барынша көтеріп, қажетті ұрық сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұқаларға берілетін азықтың энергетикалық қуаттылығы мол, протеидік, минералдық және витаминдік сапасы жоғары болуға тиіс. Бұқаның азыққа қажеттігі өнім көлеміне байланысты өзгереді. 1000 кг-дық бұқаға ұрық алынбаған кезеңде 8,4 азық өлшемі, яғни, 102 мДЖ алмасу энергиясы жеткілікті болса, ұрық орта жиілікте, яғни аптасына екі рет алынса энергетикалық мұқтаждығы 9,1 азық өлшемі, яғни 110мДЖ алмасу энергиясына дейін, аптасына төрт рет ұрық алынса 10,8 азық өлшемі, яғни 124м Дж алмасу энергиясына дейін жоғарылайды. Минералды элементтерден ұрықтың дамуына фосфор күшті ықпал етеді. Оның кальциймен арақатынасы 0,85-0,95 дейін көтеріліп, әр азық өлшемінде ұрық алынбайтын кезде 3,4г, ұрық алынатын кезде 4,6-6,5г фосфор болуы керек. Мөлшері мен сапасына каротин, микроэлементтер және Е витаминдері елеулі әсер етеді. Олармен бұқалар рационын байыту үшін ақзат - минералды - витаминді қосындылар немесе премикстерді қосады. Тұқымдық бұқаларды арықтату немесе семірту де зиянды. Бұл жағдайларда олардың жыныстық потенциясы, яғни ұрық өндіріп беру қабілеті төмендеп, алынған ұрық сапасы төмендейді. Бұқа рационынын қоректілігі бойынша қыста 25-40пайыз ірі, 20-30пайыз шырынды, 40 пайыз құнарлы, жазда 15-20 пайыз ірі, 35-45 көк, 35-50 пайыз құнарлы азықтар кіреді. Азықтандыруға жоғары сапалы пішен, шөп кесіндісі, пішендеме, тамыржемістілер, түрлі дәнді азықтарды қолданады. Бұқалар рационының протейіндік деңгейін күшейтуүшін күнбағыс және зығыр күнжарасы мен шроттары, азықтық ашытқылармен қатар жануар тектес азықтарды 2-3 пайыз көк сүтті, қан ұнын, сүйек ұнын, балық ұнын, 3-5 тауық жұмыртқасын қосады. Бұқа рационына химиялық құрамы кедей, қоректілігі төмен, ұрықтандыру қабілетіне және ұрық сапасына зиянды әсер ететін техникалық қалдықтарды (жом, барда, мезга, сыра бөртпесі), сабанды, сабанды, сапасыз пішенді, сүрлемді, химиялық азот қосындыларын, карбамидті, уландырғыш заттары бар крест гүлділер (рапс,мақта т.б.) күнжарасы мен шротын енгізуге болмайды. Дұрыс азықтандырылған бұқа потенциясы жоғары болып әр алғанда 3-9 мл жоғары сапалы ұрық бөледі. Ұрық сапасын арнайы зерттеулер және сиырларды ұрықтандыру нәтижесінен біледі. Минералдық азықтандыру сапасын қандағы деңгейімен бақылауға болады. Бұқа қанының сарысуында қалыпты жағдайда 9-12мг % Са, 6-9 мг % фосфор, 1,8-3,2 мг % магний болуға тиіс. Дәріс 10. Ірі қара малының төлін азықтандыру. * Ірі қара малының төлін азықтандыру ерекшеліктері. Ірі қара малының төлін өсірудегі негізгі мақсат - тез өсіп жақсы жетілетін, дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді. Алғашқы 6 айда (ет бағытындағы тұқымдар үшін 8 ай) ол бұзауды азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2-3, ал ал жетілуі 4-5 жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілуінің биологиялық заңдылықтарын жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей салмағына жеткізетін өсу жоспарына сәйкестендіріледі. Сақа болғандағы тірі салмағы 500-550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650-700г, 7-12 айлығында 550-600 г, 18 айлығында 345 кг - ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бұдан да жоғары (850-950г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айлығында тірілей салмағын 450-500 кг - ға жеткізеді. Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп - дамып келе жатқан төл организімінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады. Қабылданған төл өсіру жоспарына сәйкес шаруашылықта жаңа туылған бұзауларды өсіру тәсілі белгіленеді. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. Біріншісі - бір кезде туылған 2-4 бұзауды осы мақсатқа арнайы бөлінген сиырды емізіп өсіру. Ол сиырды саумайды, сүттілігіне қарай емізілетін бұзаулар санын белгілейді. Бұзауларды қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды туғаннан кейін міндетті түрде енесінің уызымен тойдыру шарт. Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 л, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші - төртінші күні уызды күніне 3 рет бөліп емізіп, 5-ші - 6-шы күнінен оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6 айға дейін азықтандыруға таңдалған тәсіл бойынша өсіре бастайды.Таңдалған азықтандыру схемасы бойынша сүт беріп, оны біртіндеп, мөлшерін азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен ауыстырады. Алғашқы күндерден бастап төл сүйегі тез жетілу үшін сүтке кальций - фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында ұнтақталып тазартылған сұлыға үйретіп, екінші айдан бастап оны арнайы шығарылған құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құрама жем болмаған жағдайда тазартылған сұлы, жүгері ұны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжараларынан тұратын жем қосындыларын пайдаланады. Жазда бұзауларды бірінші айдан бастап көк балаусаға үйретеді. Тұқымдық еркек бұзауларға арналған азық көлемі ұрғашы бұзаулардікінен жоғары болады. Шаруашылықта тауарлы сүтті үнемдеу үшін бұзауларды сиыр сүтін алмастырушы жеммен азықтандыруға болады. Дәріс 11. Қой малдарын азықтандыру негіздері. * Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері. * Қой төлдерін азықтандыру. Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші саласы. Сондықтан қой басын азықтандыруды дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен жайлым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік қасиеті өте жоғары. Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады. Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы, қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, ққылшықты қой тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді пайдалану көзделеді. Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды, құнарлы азықтармен толықтырады.Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді. Дер кезінде ұрықтанып,мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет. Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру қажет. Буаз саулықтарды мейілінше жайылымда жайып, тірі салмағы 50-60 кг саулықтарға тәулігіне 2-3 кг ірі азық, 1-2 кг шырынды азық беріп, буаздығының аяққы кезеңінде құнарлы жемшөп мөлшерін 400-500 г дейін көбейтеді. Қой уызы протеинге және майға бай. Саулықтың сүттілігін қозылардың күнделікті салмақ қосуынан байқауға болады. Саулық сүттілігіне шырынды азықтар жақсы әсер етеді. * Әдетте қозылар енесін 4 ай емеді. Осы мерзімдегі олардың азықтандыру ерекшелігін үш кезеңге бөлуге болады. Өмірінің алғашқы екі аптасында қозылар тек ене сүтімен қоректенеді. Содан кейінгі 3-ші, 4-ші апталарында басқа азықтарға үйретіледі. 5-ші, 8-ші апталарда ене сүтінен басқа азықтарды көбірек жейді. Тоғызыншы аптадан бастап оларды болашақта өнімділігіне сәйкес азықтандыра бастайды. Содан кейінгі кезеңдерде ене сүтімен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық азықтармен қосымша азықтандырады. Қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы дәнінен бастайды. Содан кейін оны бидай кебегі және зығыр күнжарасымен араластырып береді. Жем бере бастаған кезден бастап қозыларды ұсақ та майда бұршақ - астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. Бірінші айда оны жегенінше, екінші айда әр басқа тәулігіне 100-200 г, үшінші айда 200-250, 4-ші айда 350-400 г жейді. Екінші айынан бастап қозыны жақсы сүрлем, туралған тамыр жемістілерге үйретуге болады. Көктемде жақсы жайылым шөбіне жаяды. Ене сүтіне тойып, қосымша азықтарға бейімделген қозылар тәулігіне 200-300 грамға дейін салмақ қосып, тез өсіп, жақсы жетіледі. Жетілген қозыларды 3-4 айлығында, қой сауатын отарларда 2,5-3 айлығында енесінен айырады. Дәріс 12. Жылқы малдарын азықтандыру. * Биені азықтандыру ерекшеліктері. * Құлынды азықтандыру. * Тұқымдық айғырларды азықтандыру. 1.Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері олардың атқаратын қызметіне тығыз байланысты. Көлік ретінде мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын жылқылардың азықтандырылуы олардың жұмсайтын энергетикалық шығындарына тәуелді болса, сауылатын, етке арналған жылқылардың азықтандырылуы олардың сүттілігіне, салмақ қосуына тәуелді. Жылқы денесінің ірілігіне қарамай, қарын сиымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде болады. Сондықтан атқаратын жұмысы энергия шығынын қажет ететіндіктен, оларды жиі азықтандырады. Биеге қажетті қоректік заттар мөлшері олардың физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Буаздықтың 4-5 - ші айларынан бастап, құлындағанша олардың организмдегі зат алмасу барысы күшейіп, ұрықтың дамуына жұмсалатын шығындарды қамтамасыз ету үшін жылулық өнімі өседі. Биелерді жеңіл жұмысқа пайдаланғанда азықтандыру нормасы 30 пайызға ұлғайтылады. Буаздықтың аяғына қарай (10 шақты күн қалғнда), ірі азықтар көлемін 4-6 кг-ға дейін азайтып, бұршақ тұқымдастар пішенін мүлдем алып тастайды.Жемді ұнтақтап, быламық түрінде берген жөн. Құлындауға екі-үш тәулік қалғанда рациондағы азық мөлшерін 1/3 дейін азайтады. Құлындауды жеңілдету үшін жылы суға 500г бидай кебегін салып ішкізеді. Жаңа құлындаған биеге жылы суға араластырып, бидай кебегі мен зығыр күнжарасының ұнтағын ішкізеді. Құлындаған биелердің рационын, әсіресе, сауатын блса жіті қадағалаған жөн. 2.Жаңа туған құлындардың негізгі азығы - ене сүті. Құлынды сүтке жарытумен қатар, тез өсіп - жетілуі үшін ерте қосымша азықтандырған жөн. Оларды өмірінің алғашқы күнінен бастап жеңіл қорытылатын, қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы, минералды қосындыларға үйретеді. Жазда көк балауса, қыста жақсы жапырақталған жұмсақ пішен салады. Енесінен айырғаннан бастап құлындарды өсіп - жетілуіне қажетті түрлі жарма, күнжара, шрот, бұршақ тұқымдастар дәнінің ұнтағы, сапалы сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер сияқты азықпен қоректендіре бастайды. Құлындарды енесінен йыру мезгілі әдетте жаздың аяқ кезіне сәйкес келетіндіктен, оларды жақсы оты сақталатын табиғи немесе қолдан себілген екпе жайылымдарда жаяды. 3. Асыл тұқымды айғырларды үйірге салынбаған кезде орташа қоңдылықта ұстап, үйірге саларға 1,5-2 ай қалғанда азықтандыру деңгейін жоғарылатады. Бұл кезеңде олардың әр 10 кг тірілей салмағына мініс және жегіс тұқымдары үшін 2,4-2,7 кг құрғақ зат пен 2-2,5 азық өлшемі болуы тиіс. Үйірге түскен кездегі энергетикалық шығындарды қамтамасыз ету үшін айғырларды сұлымен қатар энергетикалық қуаты мол жем құрамасымен немесе арнайы құрама жеммен қоректендіреді. Асыл тұқымды айғыр құрама жемінің 5-10 пайызы протеиннің биологиялық сапасы жоғары жануар тектес азықтардан тұруы керек. Дәріс 13. Шошқа малдарын азықтандыру. * Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері. * Мегежінді зықтандыру. Басқа шаруашылық малдрына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120кг - ға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4-6 а.ө. жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында молд да арзан ет өндіріледі және ол азық талғамайды. Шошқа бір қарынды болғандықтан асқорыту негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас қорыту жолдарында микробиологиялық түзілу онша өріс алмағандықтан, оны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рационындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде аспауын жіті қадағалайды. Берілетін астықты алдын ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді. Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді - картопты, жемді - тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75-80, жазда 80-90 пайыз жем болады. Рационның 20-30 пайызы тамыр түйнекті жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны құрғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі. 2. Мегежіндерді жасына (сақа болып 2 жас саналады), тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі) қарай азықтандыру белгіленген. Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылға рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе, буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары боуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосуы керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организіміндегі энергетикалық алмасу 25-45 пайызға жоғарылап, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп - жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет. Торайларын емізетін кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі.Үшінші аптада тәуліктік сүттілігі 5-7 кг - ға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді сапалы қорытылатын протеинмен, минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек. Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3-3,5 кг дән ұнтақтары, 1 кг көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60г преципитат, 30 г ас тұзы, 60 г премикс қоындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыр түйнек жемістілерді 6-7 кг азықпен ауыстырады. Дәріс 14. Қабандар мен торайларды азықтандыру. * Қабандарды азықтандыру. * Торайларды азықтандыру. 1.Шаруашылықтағы асыл тұқымды қабандар дұрыс азықтандырылып, зауыттық кондицияда болуы шарт. Арықтай не, керісінше, семіріп кеткен қабандардың ұрықтанушылық қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Жас әлі өсіп жетілмеген (қабандарға 2 жасқа дейінгі) құрғақ зат мөлшерін 1,7 кг-ға дейін көтереді. Ұзақ мерзім күйекке түспеген және өндірістік кешендерде биологиялық сапасы жоғары құрама жем берілетін тірі салмағы 200-250 кг қабандардың азықтандыру нормасын 10 пайыз, 250-350 кг - нікін 15-20 пайызға кемітеді. Рациондағы энергия мен қоректік заттардың мұндай деңгейде шоғырлануын мол жеммен (75-85 пайызы жеңіл қорытылатын шырынды азықпен) 10-15 пайызы шөп ұнымен жоғары сапалы белокты жануар тектес азықтармен (көк сүт, балық, ет - сүйек ұны) қамтамасыз етеді. Жемді 2-2,5 кг арпа, сұлы, жүгері, бұршақ, бұршақ күнжара мен шроты түрінде береді. Жеңіл қорытылатын энергия көщі ретінде қызылша, каротинге бай қызыл сәбіз, шөп ұнын қосады. Жазда оларды 1-1,5 кг көк азық қосындысымен ауыстырады. Көк азықты алдын ала 5-10мм етіп турап немесе мыжып араластырып береді. Қабандарды тәулігіне 2 рет күйекке түсерінен 1,5-2 сағат бұрын азықтандырады. 2.Торайлар басқа мал төліне қарағанда морфологиялық және физиологиялық жағынан жетілмей туады. Жаңа туған торайларда көптеген эмбрионалдық белгілері сақталады. Басқа төлдерге қарағанда торайлардың қанында иммундық қасиеттер беретін гамма - глобулиндер болмайды. Сондықтан жаңа туған торайларға ауруға шалдықпаушылық, сыртқы орта жағдайларына төзушілік қасиеттерін дарыту үшін, белогында 40 пайызға дейін гамма глобулиндер болатын ене уызына тойындырудың маңызы зор. Торайлар қанында гамма глобулиндер өмірінің екінші аптасынан түзіле бастайды. Жаңа туған торайлардың физиологиялық дамуының барлығынан қанында қызыл түйіршіктер жетіспейді, төл анемия ауруына шалдыққыш келеді. Оған шошқа сүтінде темірдің аздығы да себеп болады. Қажетті жағдайда 2-3 күндік және 3 апталық торайларға құрамында темірі бар ферродекс (2мл) немесе урозоферан (5мл) ерітінділерін егеді. Алғашқы үш аптада торайлар ене сүтімен қанағттанып, 1-ші онкүндікте өзінің салмағын 2,5 есе, 1 айлықта 5 есе, ал енесінен бөліне айлығында (2ай) 15-18 есе көбейтеді. Оларды тез өсіп, жақсы жетілуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен ақ қосымша азқтарға үйрете бастайды. Ең алдымен қуырылған арпа, жүгері дәнін, минералды қосындыларды (кальцийге бай бор, темірге бай қызыл топырақты) таза науаларға салып қояды. Арнайы шығарылған құрама жемді торайларға 10-15 күндігінде 25г, 16-20 күндігінде 50г, 21-25 күндігінде 100г, 26-30 күндігінде 225г, 31-35 күндігінде 350г содан әр бес күн сайын 100 грамнан көбейте отырып, екі айда бір басқа 20 кг - ын жұмсайды. Екі айдан кейін тірі слмағы 20-дан 40 кг-ға жеткенше торайлар салмақ қосуын (тәулігіне 400-450г) тежемей, сүтке негізделген азықтан өсімдік тектес азықтарға бейімделуі қажет. Азықтандыру барысында торайлар денесінде жасына байланысты болатын өзгерістер де есептелуі қажет. Жас торайлар денесінде азық энергиясы негізінен ақзат түрінде байланатын болса, өсе келе ақзат түзуінен май түзуі асып түседі. 4 айдан асқан тұқымдық шошқа төлін салмағы 40- тан 150 кг-ға жеткенге дейін тәулігіне 600-650 г салмақ қосып, сүйектерін, бұлшық етттерін, және ішкі органдарын жақсы дамытатындай етіп азықтандырады. Тұқымдық торай рационында 4-6 түрден тұратын жем қосындысы, құнарлы техникалық өндіріс қалдықтары 65-80 пайыз, шырынды азықтар 12-20 пайыз, шөп ұны 5-10пайыз, жануар тектес азықтар 3-5 пайыз болады. Дәріс 15. Құстарды азықтандыру. 1.Құсты азықтандыру ерекшеліктері Құс шаруашылығы - бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы. Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға - 1,5-1,7 ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілетін ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1,5-1,7 тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1,9-2,4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50күнінде тауық және үйрек балапандары 40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді. Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыру деңгейіне байланысты. Құстың тез өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организімінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Басқа малмен салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40-42) тынысы ме тамыр соғысы жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту жедел жүргендн ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді алдымен ұнтақтап, мұқият аралстырады да бидай дәнінің көлеміндей етіп түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді. Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігне, өнім бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас (ЭПК) арқылы бақылайды. ЭПК -1 кг азықтағы <<шикі>> протеиннің әр 1 пайызына келетін алмасу энергисының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат протеинді азықтарды шығындамай - ақ қамтамасыз етуге болады. Құстарда зат алмасу жедел жүретіндіктен құс витаминдердің жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жемді витамин қосындыларымен байытады. Құстың негізгі өнімінің бірі - жұмыртқамен денеден күнделікті көп минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды міндетті түрде минералды қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған фосфаттардф құрама жемге қосып береді. Тәжірибелік сабақтар 4-тәжірибелік сабақ. Азықтардың өлшем бірлігін есептеу жолдары. О.Кельнердің әдісі мен советтік бірлігі. Өткен сабақтарда біз азықтардың химиялық құрамы мен олардың қорытылғыштығы туралы және зат алмасу процесі кезінде мал организімінде қанша ет, май, белок түзілетінімен таныстық. Ал бүгін азықтардың қректілігін өлшем бірліктері арқылы бағалауды талқылап үйренеміз. 19 ғасырдың аяғында неміс ғалымы О.Кельнер бордақылауға қойылған өгіздердің организімінде рацион арқылы берілген заттарды зерттей отырып қанша май байланатынын есептеп шығарған. Сонда 1 кг қорытындылатын майдан азықтың түріне қарай 414-598 г. 1 кг қорытылатын белоктан 235 г. 1 кг қорытылатын крахмал мен өзектен 248 г май байлайтынын есептеп шықты. Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, ол өзінің азақ қоректілігін көрсететін крахмалдық өлшем бірлігін ұсынды. Оны немесе крахмалдық эквивалент деп атайды. 100 кг күнбағыс шротының крахмалдық эквиваленті бойынша қоректігін есептеп шығару. 100 кг күнбағыс шроты Белок Май Өзек АЭЗ Химиялық құрамы% 2.Қорыту коэффиценттері, процент 38,8х100 88 3,8х100 93 14,1х100 33 24,9х100 77 Қорытылатын қоректік заттар, кг Май байлау коэффиценттері, кг 34,14х 0,235 3,53х 0,958 4,65х 0,248 19,17х 0,248 Байланатын май мөлшері кг. 8,01 2,03 1,17 4,76=15,97 Жалпы қорытындысы Шроттың толықтыру коэффиценттері пр 95 15,97х95/100=15,17 кг түзілетін май мөлшері Күнбағыс шротының крахмалдық эквиваленті. 15,17/0,248=61,16 Кельнер 100 кг күнбағыс шроты Советтік АӨБ 16,17/0,150=101,13 кг Сонымен қоса О.Кельнер химилық құрамында өзегі көп азықтар үшін май байлауды тежейтін фактор болатынын ескерді. Сол үшін төмендегі тежеу коффициенттерін пайдалануды жөн көрді. Шөп, сабан - 0,143 май, Сабан ұнтағы - 0,072 Жасыл шөп 14 пайыз, өзек -0,131 10% -0,107 6% -0,082 май 100 кг бидай сабагындағы азық өлшемін крахмал эквиваленті және Советтік азық өлшем бірлігі арқылы шығару Көрсеткіштері белок май өзек АЭЗ Химиялық құрамы% 2.Қорыту коэффиценттері, % 7,35х100 51 1,4х100 53 32,3х100 52 33,7 Қ.К. заттар, май байлау коэффициенттері 3,7х 0,235 0,74х 0,474 1,68х 0,248 19,88х 0,248 Байланыстың май мөлшері, кг 0,89 0,35 0,42 4,93=6,59 Жалпы қорыт. Түзілген май мөлшері 32,3х0,143=4,62 6,59-4,62=1,97 кг 1,97/0,248=7,94 САӨБ 1,97/0,150=13,1 кемітетін май 100 кг азық өлшемі Кр. эквиваленті
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz