Файл қосу
Органикалық химия. Бейорганикалық химия
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-10.1.07/01-2014 ПОӘК Оқытушыға арналған <<Химия>> пәні бағдарламасы << 11.09 >> 2014ж. № 1 басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Химия>> 5В072300 - << Техникалық физика >> мамандығы үшін ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы ________ << 29 >> 08 2014 ж. К.К.Кабдулкаримова, химия ғылымдарының кандидаты, доцент <<Химия>> кафедрасы * ТАЛҚЫЛАНДЫ + <<Химия>> кафедрасы отырысында << 29 >> 08 2014 ж. № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі Б.Х.Мұсабаева 2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында << 05 >> 09 2014 ж. № 1 хаттама Төрайымы __________________ С.С.Төлеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған << 11 >> 09 2014 ж., № 1 хаттама ОӘК төрайымы _______________ Г.К.Искакова 4 Алғаш рет енгізілген Мазмұны 1 Қолданылу саласы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің мазмұны (модульдің мазмұны) 5 Студенттің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі 6 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы 7 Әдебиеттер * ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 5В072300 <<Техникалық физика>> мамандығы бойынша білім алушыларға <<Химия>> пәні оқу-әдістемелік кешенінің құрамына енгізілген оқытушыға арналған пән бағдарламасы. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР <<Химия>> пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы келесі құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес құрастырылған және аталған пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді: - 050721 <<Техникалық физика>> мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.349 - 2006, № 779 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен енгізілген және 23.12.2005 бекітілген; - <<5В072300>> - <<Техникалық физика >> мамандығының типтік оқу жоспары; - СТУ 042- ГУ-4-2014 <<Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты; - ДП 042- 1.01-2014 <<Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны>> құжаттандырылған процедурасы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 <<Химия>> пәнінің қысқаша мазмұны: <<Химия>> пәнінде химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері, периодтық заң мен зат құрылысы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер, тотығу - тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процестер, комплексті қосылыстар сияқты теориялық мәселелер қарастырылады. Олардың қолдану облыстары көрсетіледі. Атом құрылысы қазіргі кванттық теория тұрғысынан баяндалып және периодтық жүйемен байланысы көрсетіледі. Химиялық байланыстар ұқсастықтары мен айырмашылықтары айтылып, ковалентті байланыс ВБТ мен МОТ тұрғысынан түсіндіріледі, сондықтан күрделі материалдарды саналы түрде түсінуге жағдай жасайды. Сонымен бірге <<Химия>> пәнінде химиялық элементтердің атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары, олардың қасиеттері қарастырылады. 3.2 Пәнді оқудың мақсаты: Бұл фундаменталды пәннің теориялық негіздерін білу және оларды практикада (химия өндірісінде, ауыл шаруашылығы облыстарында, экологияда, денсаулық сақтау саласында, фармакологияда, мұнай - химия өндірісінде, тағам өндірісінде т.б.) пайдалана білу. 3.3 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер: - студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету ; * қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру; - химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру; * бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру. 3.4 Оқып - білудің нәтижесі: Оқып - білудің нәтижесінде студент міндетті: - химиялық реакциялар теңдеулерін (молекулалық, иондық, ионды-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының ) құрастыра білуі; * негізгі стехиометриялық және фундаменталды заңдарды меңгеруі; * зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды игеруі; * зертханалық тәжірибелерді істей алуы; * концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білуі; * зертханалық тәжірибелер нәтижелерін өңдей білуі, талдай білуі, графиктер мен диаграммалар сала білуі; - заттың молекулалық формуласын есептеу, зат мольін массаға (грамм) немесе атом, ион, молекула сандарына айналдыруға бағытталған есептер шешуі, химиялық теңдеу бойынша өнімнің шығымын есептеу кезінде теориялық білімді қолдана білуі; - периодтық заңды пайдалана отырып, периодтық кесте құрылымдарының арасындағы байланыс себептерін аша білуі; - атомдар ішіндегі электрондардың орналасуын сипаттай білуі; - периодтық жүйедегі орналасу орнына, Паули принципіне байланысты, Хунд, Клечковский ережелерін пайдалана отырып, кез-келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білуі; - химиялық байланыстар табиғаты жөніндегі теория дамуының негізгі ережелерін білуі; - <<Тотығу>>, <<тотықсыздану>>, <<тотығу - тотықсыздану реакциясы>> терминдерінің мәнін түсініп, тотығу - тотықсыздану реакцияларын теңестіре білуі; - реакцияның жүру бағытына орай, энергия түрлерін және олардың өзара бір-біріне айналуын айыра білуі, сонымен қатар, тепе-теңдік константасымен байланысты есептерді шығара білуі, жылдамдықты, жылдамдық константасын немесе реагенттердің тепе-теңдік концентрацияларын берілген жылдамдық теңдеуі бойынша есептеуді меңгеруі тиіс. 3.5 Курстың пререквизиттері: 3.5.1 Бейорганикалық химия 3.5.2 Органикалық химия 3.5. 3 Физика 3.5.4 Математика курстарын мектепте оқығанда терең меңгеруі қажет. 3.6 Курстың постреквизиттері: 3.6.1 Жалпы физика 3.6.2 Молекулалық физика 3.6.3 Термодинамика 3.6.4 Конденсирленген күй физикасы 3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме: Кесте 1 Курс Семестр Кредит саны Дәріс сағ. Зертх.саб. сағ. Практ. саб. сағ. БОӨЖ сағ. БӨЖ сағ. Барлығы сағ. Қорытынды бақылау түрі 1 2 3 30 15 22,5 67,5 135 Емтихан 4. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДЕРДІҢ) МАЗМҰНЫ Кесте 2 Тақырыптың атауы және олардың мазмұны Сағат саны 1 2 Дәріс сабақтары Модуль 1. Атом-молекулалық ілім. 1.1 Химия ғылымы дамуының қысқаша тарихы; 1.2 Химияның негізгі заңдары (Энергия және масса сақталу заңдары; эквиваленттер және Авогадро заңдары; құрам тұракт.,еселік қатынастар заңдары) 1.3 Газдардың негізгі заңдары. 4 Модуль 2. Атом құрылысы. 2.1 Атом құрылысы. Сутегі атомының Бор бойынша құрылысы. Квант сандары. 2.2 Паули принципі, Хунд, Клечковский ережелері. 2.3 Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі. ЭТ, ИЭ, атомдар, иондар радиустары. 4 Модуль 3. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары. 3.1 Химиялық процестер энергетикасы; 3.2 Химиялық кинетика; 3.3 Химиялық тепе-теңдік 4 Модуль 4. Ерітінділер 4.1 Ерітінділер, концентрациялары; 4.2 Электролиттер, диссоциация; 4.3 Тұздар гидролизі; 4.4 Бейэлектролиттердің сұйытылған ерітінділері 4 Модуль 5. Электрохимиялық процесстер 5.1 Тотығу-тотықсыздану реакциялары; 5.2 Гальваникалық элементтер, электродтық потенциалдар; 5.3 Электролиз, заңдары; 5.4 Коррозия, металдарды коррозиядан қорғау 3 Модуль 6. Координациялық қосылыстар 6.1 Химиялық байланыстар, қасиеттері; 6.2 Комплексті қосылыстар 3 Модуль 7. Элементтер химиясы 7.1 Металдардың жалпы қасиеттері; 7.2 Металл еместердің жалпы қасиеттері 8 Зертханалық сабақтар Модуль 1. ЗС1. Металдың эквивалентінің молярлы массасын анықтау 1 ЗС2 .Көміртегі диоксидінің молярлы массасын анықтау 1 Модуль 3. ЗС3. Химиялық кинетика. Катализ 1 ЗС4. Химиялық тепе-теңдік 1 ЗС5. Химиялық реакциялардың жылу эффектісін анықтау 1 Модуль 4. ЗС6. Ерітінділер концентрациясын анықтау, ерітінділер дайындау 1 ЗС7. Электролиттік диссоциация, иондық реакциялар.Буфер ерітінділер 1 ЗС8. Тұздар гидролизі 1 Модуль 5. ЗС9. Тотығу - тотықсыздану реакциялары 1 ЗС10. Гальваникалық элементтер 1 ЗС11. Металдар коррозиясы 1 ЗС12. Электролиз 1 Модуль 6. ЗС13. Комплексті қосылыстар 1 Модуль 7. ЗС14. Металдардың жалпы қасиеттері 1 ЗС15 Бейметалдардың жалпы қасиеттері 1 5 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ + Атом құрылысы. Элементтер қасиеттерінің атом құрылысына байланыстылығы; + Химиялық байланыстар түрлері. Молекула аралық әрекеттесу; + Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары; + Ерітінділер концентрацияларының түрлері және оларды дайындау үшін қажет есептеулер; + Электролиттер ерітінділері: күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциация дәрежесі және константасы; + Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік және гидроксидтік көрсеткіштер; + Электролиттер ерітінділеріндегі алмасу реакциялары; + Тұздар гидролизі; + Тотығу-тотықсыздану реакциялары; + Комплексті қосылыстар; + Металдардың жалпы қасиеттері; + Бейметалдардың жалпы қасиеттері 6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КАРТАСЫ Кесте 3 Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы Дана (саны) Білім алушылардың саны Қамтамасыз етілу пайызы 1 2 3 4 7.1.1 50 4 100 7.1.2 15 4 100 7.1.3 10 4 100 7.1.4 4 4 100 7.1.5 8 4 100 7.1.6 4 4 100 7.1.7 100 4 100 7.1.8 100 4 100 7.1.9 50 4 100 7.2.1 4 4 100 7.2.2 4 4 100 7.2.3 1 4 20 7.2.4 3 4 75 7.2.5 50 6 100 7 ӘДЕБИЕТТЕР + Негізгі әдебиеттер 7.1.2 Бірімжанов Б. Жалпы химия: оқулық. Алматы: Ана тілі. 2005 - 638б. o Аханбаев К. Жалпы және анарганикалық химия. Оқулық. Алматы. Санат,2003 - 560б. o Омаров Т. Бейорганикалық химия. Алматы. Ассоциация вузов, 2008. -360б. o Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. - М.: Высш.шк., 2001 - 743с. o Шрайвер Д. Неорганическая химия. В 2-х т. М.: Мир, 2009- 679б және 486б. o Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк.1997 - 518б. 2000 - 527б. o Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. Семей, 2012 - 138 б. o Яшкарова М.Г., Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар, Семей,2007- 80 б. o Глинка Н.Л. Задач и упражнений по общей химии. Л.:Химия 1985-2001. - 264с. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Неорганическая химия. Биогенные и абиогенные элементы /под ред Егорова В.В. М.: Лань,2009 - 313б. 7.2.2 Павлов Н.Н. Неорганическая химия. М.: Высш.шк.,1986. - 332б. 7.2.3 Хомченко Г.П. Неорганическая химия. М.:Высш.шк.,1986. - 464б. o Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия. Алматы: Бастау, 2007 - 136б. 7.2.5 Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 7.3 Плакаттар 7.3.1 Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі 7.3.2 Металдардың кернеу қатары 7.3.3 Тұздар мен негіздердің суда ерігіштігі 7.3.4 Комплекс иондардың тұрақсыздық константасы 7.3.5 Аз еритін заттардың ерігіштік көбейтіндісі 7.3.6 Негіздер мен қышқылдардың диссоциация константасы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz