Файл қосу
Жүрек аурулары
Биология кафедрасы <<Емдеу және бейімделу дене шынықтыру>> Оқу-әдістемелік кешені 050108 <<Дене шынықтыру және спорт>> мамандығы бойынша 4-курс студенттеріне арналған. Семей 2012ж. Құрастырған жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Кунанбаева С.К. Кафедра отырысында талқыланды: хаттама № __ <<___>> _______ 2012 г. Жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к______________ Калиева С.К. Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған Хаттама № __ <<___>> ________ 2012 г. Әдістемелік кеңестің төрайымы. __________ Абдишева З.В.. Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-кеңесі бекіткен хаттама№__ <<___>> ________ 2012 г. Факультет деканы, х.ғ.к. _________________ Ибраева Л.С. Мазмұны. * Пән бойынша глоссарий. * Лекциялардың қысқаша конспектісі. * Практикалық сабақтарының жоспары. * СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау * СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау * Бақылау - тексеру құралд 1.Пән бойынша глоссарий. Патология- ауру, сырқат. Преморбидный-сырқаттың алдынғы кезі, Патологиялық жағдай-аурушандық Иммунитет- ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті, ауруға қарсыласу. Ананез-аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру . Денені әлдендіру-(сергіту), Трофика- қоректендіру Коррекция-орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Ишемия- шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. Атрофия- тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Қабыну- тіндегі алмасуының бұзылуы. Гипотермия- жылу алмасынуың өзгерүі. Гипертония ауруы-қан қысымының жоғарлауы. ИБС (ишемическая болезнь сердца)- жүректің етінде қан алмасуының нашарлауы Жүрек инфаркті- еттің өлі еттенуі. Стенокардия-тамырлар ауруынан жұрек ауруы Коронаросклероз - жұрек қан тамырлардын тарылуы. Порок- жүрек қақпақшалар ауруы (пороки), Варикоз- көк тамырлардың кеңеюі т. б. Стенокардия -- жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, холебтериннің қан құрамында табиғи мөлшерден көп кетуінің әсерінен болады. Холестерин -- қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық коп. Асқазан ңабынуы -гастрит деп аталады. Асқа-ван сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына бай-іанысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді. Гепатит ауруын халық .арасында-- сары ауру деп атайды Холецистит -- өт қабының қабынуы. Бұл да жоғарыда көрсетілген себептерден және асқазан, ұйқы бездері ауырганда қосымша болып кезде-седі. Диета-арнайы тағам мәзірі. Неврастения -- невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында <<оның жүйкесі тозған>> деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар. Неврастения -- невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында <<оның жүйкесі тозған>> деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар. Остеохондроз -омыртқа аралың шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру. Артроз,артрит -буын аурулары. Пневмония -- өкпенің қабынуы. Медициналық және^әлеуметтік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат -- адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу. 2.Лекциялардың қысқаша конспектісі. Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері. Мақсаты: Жалпы ауруға анықтама беру. Ауру, сырқаттың алдынғы кезі, патологиялық жағдай, ауруға қарсыласуға анықтама беру. Аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру . Ағзаның ауруға қарсы туру қабілетін түсіну.. Дәріс тезистері: Қандай ауру болмасы, алғаш басталғанда, адамның еркін алып, күнделікті қалыпты өмір тіршілігін өзгертеді. Жұмысқа деген қабілеттілік азайып, бойды немқұрайдылық пен самарқаулық билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы жиілеп, берекесі кетеді. Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет төмендеп кетуі мүмкін. Дегенмен ұзақ уақыт науқасты төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе. Емдік гимнастика, дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді. Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Ол-жоғары нерв жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер моторлы-висцералдық рефлекстер. Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жалпы және жеке патология негіздері. 2.Жалпы ауруға берілетін анықтама. 3.Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. 4.Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. 5.Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №2 Тақырып . Жеке патология негіздері. Жүрек - қан тамырлар ауруы Мақсаты: Жеке патология негіздерімен танысу. Жүрек - қан тамырлар ауруларының себебі, белгілері, өтү барысын оқып білу. Тыныс мүшелерінің және ас қорыту ағзаларының ауруларын зерттеп тану. . Дәріс тезистері: Жүрек аурулары Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше. Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіліп, өндірілген, денеге керексіз заттар шығарылып отырады. Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық, керенаулық пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді. Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан, әрбір жетіншісі -- миға қан құйылуынан қайтыс болады. Сондықтан да бұл аурулар XX ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр. Осы сырқаттардың негізгі себептері, одан сақтану шаралары туралы арнайы газет-журналдар, радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанымен, халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді. Басы ауырып, балтыры сыздағанша, ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер елі де аз емес. Өкінішке орай, бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі. Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тарылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы. Халыққа тарап кеткен ұғымдай, инфаркт тек жүректе ғана емес, бүйректе, көк бауырда, мида, бұлшық еттерде, қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфаркты. Аурудың пайда болып, бойды жайлауына көп жағдайлар әсер етеді. Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар, мешкейлік, арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегіп никотинмен улану, қимыл-қозгалыстың тапшылығы, физикалық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы, ашу-реніш, қайғы-қасірет, жұқпалы ауруларға жиі шалдығу, тұқым қуалаушылық т. б. Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп. Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы, ИБС (ишемическая болезнь сердца), жүрек инфаркті, стенокардия, коронаросклероз, жүрек қақпақшалар ауруы (пороки), көк тамырлардың кеңеюі т. б. Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр түрлі белгілер білінеді. Сондықтан да әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға тиіс. Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауыру, соғысы жиілеп, ентігіп, әлсіздік байқалады. Кейіннен аяқ-қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның, оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің дімкәстенуінен, қан тамырларының өзгеруінен болады. Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына, жетіспеуіне әкеп соғады. Қан айналымы үш кезеңнен тұрады, әрқайсысын дәрігерлер белгілеріне қарай айырып, қажетті ем қолданылады. Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі -- жүрек инфаркті, дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік. Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілу салдарынан жүрек бұлшық етінің, не тканінің бір бөлігінің өлуі. Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы, не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы, оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады. Бұл неліктен болатын жағдай? Оған итермелейтін күш көп. Мәселен, көптен елемей келген қанның қысымы, қан ұюының жоғарылауы, ашу-ыза, реніш, қатты назалану, шамадан тыс ауыр жұмыс, алкоголь мен никотин улары. Инфаркт өзінің зақымдаған шеңберіне, бүлінген тамырдың кеңдігіне, арнасына қарай әр түрлі болады. Жансыз ошақ кең жайылып, үлкен болады немесе көлемі орташа, ал тагы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жүрек - қан тамырлар ауруы. 2.Қан айналымы аурулары. 3.(ЖҚТ)Жүрек - қан тамырлар ауруларын жіктеу. 4.Тыныс мүшелерінің аурулары. 5.Ас қорыту ағзаларының аурулары. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №3. Тақырып. Емдік гимнастиканың негізі. Мақсаты: Емдік гимнастиканың тәсілдерін, әдістерін оқып білу. Емдік гимнастика формаларын зерттеп танысу.. Дәріс тезистері: Емдік гимнастикасының тәсілдері Емдік гимнастикасының тәсілдеріне жаттығулар жиынтығы және та-бигат факторлары (ауа, су, күн сәу-лесі) жатады. Бұлардың ішіндегі негізгісі жатты-ғулар жиынтыгы. Олар гимнастикалың, спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді. Гимнастикалық жаттығулар анатомиялық белгілеріне (қол, аяқ, дене бүлшық еттеріне), белсенділігіне (жылдам, ақырын, күшпен), ерекшелігіне, түр-сипатына (тыныс алу, дайындау, реттік санау, түзету, үйлестік-лақтыру, тепе-теңдік, қарсыласу, асылу, тіреу т. б.), жабдықтандыруға (снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Жаттығулар жиынтығын барлық денеге бірдей әсер ететін жалпылама немесе тек бір ғана мүшеге әсер ететін арнайы жаттығулар ретінде қол-данады. Бүл жаттығулардың ара-қатынасы аурудың түріне, кезеңіне, жынысына, жасына қарай өзгеріп отырады. Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бүған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, экскурсия, серуендеу, түрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т. б. жатады. Осы көрсетілген спортты-қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ақ организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше айна-лысатын адамдар (жүрек-қан тамырларымен ауырғандары семіздікке ұшырап, тыныс жолдары зақымданғанда, буындар мен ішек-қарын ауырғанда) ақырын аяңдап жүруден бастайды. Ңазақ халқында ежелден келе жатқан әдет, қатты ыстығы көтеріліп ауырган шақта бірер күн төсекте жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жер-ана ауруды тартып алады деген ұғым да бар. Ал жүгіру болса кейінгі кезде ел арасында жиі қолданып жүрген әдіс. Ол ішкі ағзаларға, жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді. Сондықтан оны көбінде санаторий-курорттарда қолданады. Аурудың жазылып келе жатқан кезеңінде, ал кейбір аурулардың басталған шағында ақырын жүгіртеді. Емдік гимнастикада жүгіру мен жүру алма-кезек ауысып отырады. Секіру жаттығулардың қарқынды, үдемелі түрі. Ол организмге айтарлықтай күш түсіреді. Секіру арқылы адамның қимылдары үйлестіріледі, жылдамдығы артып, буын қимылдары реттеледі. Бұл мектепте, жоғарғы оқу орындарында арнайы медициналық топтағы балаларға тағайындалады. Сол сияқты емханалар мен санато-рийларда ересек адамдарға жіптен секіру не өк-шені көтеріп селкілдеу ретінде беріледі. Лақтыру -- кішкене резина доптарды арнайы межеге лақтырады немесе үлкен доптарды әріптестер бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт айналып оң не сол жағынан т. б.). Мұндай жаттығулар бұлшық еттерін жетілдіріп, буындардың қимыл-қозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдігін қалпына келтіреді, көңіл-күйді көтереді. Емдік гимнастикасының бұл түрі арнайы немесе жалпы сырқаттың жағдайына байланысты қолданылады. Әсіресе, құлақ-мұрын ауруларында, гипертония, нерв жүйесі зақымданғанда (вестибуляр аппараты) адам түзу жолмен жүре алмай, бір жағына қисайып, сыңар езу аттай <<қабырғалап>> кететін жәй кездеседі. Міне, сондай кезде емдік гимнастикасының осы тәсілін қолданады. Өрмелеу -- көлденең жазықтыққа, тік биіктікке, беткейге, сатыға, арқанға т. б. өрмелеу. Мұның барлығы дененің, әсіресе, аяң-қолдың бұлшық еттерін ширатып, шынықтырып, қимыл-қозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды. Емдеу гимнастикасының бұл түрін ортопедтік-травматологиялық, неврологиялық аурухана-ларда кеңінен қолданады. Еңбектеу не бауырмен жылжу -- омыртқа жотасының қимылын жақсартады. Дене бір жағына қисайып кеткенде, сынғанда, асқазан-ішек, гинекологиялық аурулармен ауырганда үй ішінде еңбектеп жүру өте пайдалы. Шаңгы тебумен санаторий, профилакторийларда, өз бетімен спортпен шұғылданған адамдар жиі айналысады. Бұл денедегі ең үлкен, кесек еттерге әсер етеді. Барлық организмнің нығаюына, нерв жүйесінің түзілуіне барынша ықпал жасайды. Жүзу -- дененің жылуын бірқалыпты ұстауға, шынықтыруға ықпал жасайды. Оны жүрек-қан тамыры, тыныс мүшелері ауырғанда, зат алмасуы бұзылғанда, дененің мүсіні қалыпты жағдайдан ауытқығанда қолдануға болады. Серуендеу, экскурсия, туризм, терренкур (мөлшерлі жоғары жүру) -- курорттарда аурудың қалған әсерін біржолата жою үшін қолданылады. Мұның бәрі өкпе-жүрек, нерв жүйесінің ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы. Ойын -- адамдардың көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін, назарын, ілтипат-ықыласын арттырып, жылдамдықты шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, бас-кетбол, бадминтон, теннис т. б. Табиғат факторлары -- ауа, күн сәулесі, су -- адам денесінің ауруға ңарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшермен қолданған жөн. Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, соны мақсат еттік. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Емдік гимнастиканың негізі. 2.Емдік гимнастиканың тәсілдері.. 3.Емдік гимнастиканың әдістері. 4.Емдік гимнастика формалары. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №4. Тақырып.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Жүрек - қан тамырлар ауруына және тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығуларын оқып білу. Дәріс тезистері: Стенокардия -- жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Мұның себебі жүрек ңан тамырлары бірден қысылып, белгілі бір жерде талаурап қан жетіспей қалады. Бұл қайғы-қасіретке душар болғанда, қызмет бабында қатты қиналғанда, әлсірегенде болатын жағдай. Науқастың қатты ұстамасы басылған соң, электрокардиограммалық көрсету жөнді болса, емдік гимнастиканы бастайды. Оның негізгі мақсаты нейрогумаралды орталықты қалыпқа келтіріп, көңіл-күйді жайландырып, қан тамырларының жазылуына ықпал жасау. Жаттығулар (1-таблица) шалқая жатқан бойда, оң жағына аударылып отырған кезде жасалады. Барлығы еппен, науқастың жағдайына қарай біртіндеп орындалады. Жаттығу мөлшері 15 -- 20 минуттан аспайды. Халық арасында жиі кездесетін ңан-тамыр ауруы -- атеросклероз. Бұл созылмалы індет қан-тамырларының тарылуынан, ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан, дәнекер тканьдердің өсуінен болады. Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып, созылғыштық, икемділік, майысқақ қасиетінен айырады. Әлбетте, денеде қан ағыны тоқырап тоқтап қалады. Тканьдер мен органдар қоректік затқа тапшы болып, әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ең көп зақым-данатын қолқа, жүректің ішкі тамырлары, ми, бүйрек, аяқтың ірі тамырлары. Атеросклероз асқынса тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы ыктимал. Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфаркке ұшыратуы мүмкін. Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін іиш жағдай бар. Олар адамның шамадан тыс зорлануы, нерв жүйесінің қажуы, шаршау, ой еңбегінің дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі, кимыл-қозғалыстың тапшылығы, тамақтану мә-ишіетін білмеу, семіздік, мешкейлік, қант диабеті, тұқым қуалаушылық, гипертония ауруы. Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, холебтериннің қан құрамында табиғи мөлшерден көп кетуінің әсерінен болады. Холестерин -- қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық коп. Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы, майлы тамақ ішкеннен кейін), онда организм өзі күресе алады. Ал, мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі болса атеросклероз ауруына ұшыратады. Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда, күрделі көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады. Көбінесе бұл процесс қолқа, күре тамырлардан басталып, асқынғанда үсақ тамырларға да тарайды. Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып, қан жүрісін қиындатады, кейде біржолата тоқтатып тастайды. Аурудың белгілері, қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты. Мысалға, жүрек-қан тамырлары атеросклерозға шалдықса, жүректің қыспа (стенокардия) ауруы басталып, жүрек етінің біржола жарамсыздығы-на дейін жеткізеді. Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ, көп сөйлегіш келеді, бастың айналуы, құлақтың шыңылдауы, ұйқының қашуы сияқты белгілер қосылады. Асқынған кезіңде мидағы қан айналымының қатты бұзылуынан сол ауруға ұшырау да мүмкін. Бүйрек күре тамырлары атеросклерозға ұшы-раса, оның семіп қалуы, қан қысымы қатты кө-терілуі ықтимал. Аяқтың қан тамырлары зақымданса, балтырдың бұлшық еттері тартылып, адам ұзақ жаяу жүре алмайды. Аяқ үнемі мұздап тұрады. Көп уақытқа дейін ғылымда атеросклероз тек. жасы 50-ді алқымдаған, адамның егде тартқан шағында кездесетін ауру, тіпті қан тамырлары-ның табиғи тозуының бір түрі деген ұгым орын алып келді. Алайда, бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы, тіпті сәбилік шақтан басталуы да мүмкін екендігі ғылым жүзінде дәлелденіп отыр. Холестериннің қан құрамында мөлшерден тыс, өте көп болатын түрлері, аса сирек болса да, кей семьяларда ұрпақтан-ұрпақ-қа жалғасады. Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да, организмнің кейбір бейімділігі, оның осы ауруға қарсы күресу мүмкіндігінің әлсіздігінен ұрпағына жалғасуы мүмкін. Осы әлсіздікті бірнеше есе күшейтетін, аурудың жас кезден басталып, тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер болатын, кейде біле тұра ескерілмейтін, көп жайлар бар. Соның ең бастысы -- тамақтана білмеу. Қоғамның, әр семьяның әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май, қант, тәтті, жұмсақ тағамдар, майлы ет, жұмыртқа, қаймақ, кілегей, консервіленген тағамдар қолдану етек алып ба-рады. Ал, бұл тағамдарда холестерин өте көп. Оның есесіне май мен майлы тамақтар ішіндегі холестеринді байлайтын, оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын, ішектің жұмысын жақсар-татын есімдік клетчаткаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды. Әрине, бұдан аталган тағам-дарды біржола ішпеу керек деген ұғым тумау керек. Екінші бір көңіл аударарлық жай -- қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене шынықтыру жатты-ғуларымен айналыоу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу. Бұл да ғылымда дәлелденген жай. Аз қимылдау, асқазанда орын қалдырмай, сылқия тою, ерте жатып, кеш тұру денедегі зат алма-суының саябырлауы мен семіздікке әкеліп соғады. Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына, тез өршуіне әсер етеді. Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі оның біртіндеп өршіп, асқынған уақытында гана білінуі. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. 2.Жүрек - қан тамырлар ауруына қолданатын жаттығулар. 3.Тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығулар. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция 5 Тақырып. Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастиканың тәсілдерін оқып білу.. Бүйрек және несеп жолдары ауруына, асқазан және ішек жолдары қабынуда қолданатын жаттығуларды қолдануды оқып білу.. Дәріс тезистері: Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек (ұлтабар). ащы-тоқ ішектердің қабынуы, ойық жара (язва), рак, асқазанның төмен түсуі, бауыр мен өт жолдарының қабынуы жатады. Аталған мүшелердің ауруы көбінесе созыл-малы болып кездеседі. Негізгі себептері: уақытында дұрыс тамақтанбау, улану (дәрі-дәрмек, қыш-қылдар және газбен, инфекцияға душар болу, теріс эмоциялық құбылыстар, орталық нерв жүйесінің нашарлауы, адамның жалпы қажуы, арақ-шарапқа, темекіге қүмарлық т. б.). <<Ас -- адамның арқауы>> деп халық текке айтпаған. Астың қорытылу процесі дұрыс жүрмесе, организмде, адамның бойында үлкен өзгерістер болады. Басқа мүшелердің де қызметі бұзылып, нерв жүйесіне әсерін тигізеді. Жалпы белгілері: асқазан, ішек, өт, бауыр тұстарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекіріп, айнып, лоқсып, құсу, іш өту, іш қату т. б. Ас қорыту агзалары жогарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің түпнұсңасымен (анализатор) тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы (моторлы), сіңіру сияқты қасиеттеріне үлкен ықпал жасайды. Керісінше, осы мүшелер запа шегіп, ауруға шалдықса, мида, ми қыртысында кемшіліктер байқалып, адамның рухани күйі, ішкі сезімі өзгереді. Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен қолданылады. Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарынның қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін артты-рады. Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасалған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішек-бұлшың еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте, үдемелі жасалған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді; сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады. Емдік гимнастика ңарын ішіндегі қан-лимфа ийналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді. Асқазан ңабынуы гастрит деп аталады. Асқа-ван сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына бай-іанысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді. Асқазан сөлі аз жэне мүлде жоқ кезінде, бой-дағы бұлшық еттің барлығына бірдей жаттығулар беріледі. Тек орташа жылдамдықпен, асық-пай жасалады. Оның ұзақтығы 25 -- 30 минут. (!ол сияқты жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындарының түрі, диафрагмалық (көк ет) тыныс алу кеңінен қолданылады. Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсі-ресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, көпші-лікке танымал жаттығулар беріледі. Мұнда аяқ-қол қимылдары кеңінен қолданылады, ұзақтығы 30 -- 35 минут. Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тарбиесінен бастап өз бетінше жүру, ескек есу, шаңғы тебу т. б. толықтырылады. Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда (язва) адамның дегбірін кетіріп, жанға батып ауырады. Ол көбіне ашқарынға байқалады. Адамда әлсіз-дік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Асқазан қыжыл-дап, айнып, құсуға дейін барады. Оның асқын-ған түрі адамға тіпті азап береді. Сондықтан аурудың белгілері байқалған бой-да дәрігерге қаралып, рентгенге түсіп, жедел ем-делген дұрыс. Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адам-ның өзінен талап етілетіні: уақытында дұрыс тамақтану, тынығып ұйықтау және емдік гим-настиканы қолдану. Емдік гимнастика ауру асқынбаған кезде жа-салынады. Оның мақсатьп.кең құрсақтың ішінде қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдыр-май тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген. Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимыл-дарымен шектеледі. Ңұрсақ еттеріне күш түсіріл-мейді. Аяқты тізеден бүгіп-жазғанда табанды тө-сектен көтермей жылжытып отырады. Жаттығу-49 -лар қарқыны баяу, бәсең болады. Yenзақтығы 15 -- 20 минут. Палаталық режимдегі науқас әр түрлі қалып та (отырып, тұрып, жатып) барлық бұлшық ет терді қозғайды, тек құрсаққа күш түсірмейді Ірі буындар қимылы жай қарқынмен орында лып, тыныс алуды қадағалайды. Жаттығула| жасағанда барлық ой-өрісті соған бағыштайдыі Бұл кезеңде жаттығудың ұзақтығы 30 минутқа ұзарады. Бос режимде науқас көтеріңкі қуатпен жұмыс істейді. Ақырындап іштің бұлшық еттерін де қо-сады. Тек күш жұмсайтын, зорлайтын жаттығу-лар керек емес. Адамды еңбекке баулап, бау-бақ-шада, аулада жұмыс істеуге икемдейді; серуен-деу, суда жүзу сияқты дене шыныңтырудың түр-лерін біртіндеп қосып отырады. Ішкі ағзалдрдың төмен түсуі Асқазан, ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшық еттерінің босап, созылуы себеп болады. Ол кенет азып, арықтап кеткен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр жұмыстан қажыған, әлсіреген адамдарда кез-деседі. Мұндай жағдайда асңазан, ішек-қарын, бәрі төмен сырғып кетеді. Осының әсерінен адам болымсыз тамақ ішсе де асқазан керіп, толып тұрғандай ауырады, ас қорытуы нашарлайды. Іш құрылысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал -- гимнастика. Оны пайдаланбай-ақ, ішті тартып тұратын бандаж (құрсау) киюге болады деген түсінік бар. Бірақ үнемі құрсаудың астында жүрген бұлшық ет уақыт өткен сайын семіп, бо-сап қалады, аурудың әрі қарай асқынуына ықпал жасайды. Сондықтан бұлшық ет, сіңір-тарамыс-тарды шымырлап шыңдаған дұрыс. Сонда ғана табиғи құрсау пайда болып, ішкі құрылысты қал-пында ұстап тұрады. Ол үшін барлық бұлшық еттерге, -оүкіл денегё жаттығулар жасалады. Тек секіруге, демді' іште ұстап тұруға, күш түсіретін тартылулар жасауға болмайды. Себебі ол құрсаң ішіндегі қысымды жоғарылатады. Осыған орай емдік гимнастика методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттыгулар жасау үшін төсектің аяқ ІКагы көтеріңкі болу керек. Адам.тек екі қыры-Кан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды (бір қолды көтеріп, бір аяқ, бір қолды шрден көтеру; <<қайшы>>, <<велосипед>>, алма-кезек инқтарды көтеру т. б.). Науқас адамға секіруге, жүгіруге, тартылуға іюлмайды, күш жұмсайтын жаттығулар қолдан-байды. Еске ұстайтын бір жай -- жаттығулар жаса-іі іі кезде құрсау киіп алған жөн. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, Гііртіндеп күрделіленеді. Дегенмен ырғақты, мөл-шерлі болғаны жөн. Қанша қайталанатынын адам өз жағдайына қарай ықшамдайды. Өз бетінше дене тәрбиесімен айналысатын адамдарға мөлшерлі жүзу, ескек есу, шаңғы тебу, нолейбол, теннис ойнау өте пайдалы, өйткені осының бәрі құрсақ бұлшық етін жетілдіріп, ма-шықтандырады, іштегі қысымды қалпына келтіреді. Бауыр және өт жолының қабынуы Бауыр қабынуын медицинада -- гепатит дейДі. Ол өзінің ағымына қарай жедел және созылмалы болып екі түрге бөлінеді. Денеге түскен инфекция, өндіріс-құрылыс-тың зиянды қалдықтарымен улану (фосфор, қор-гасын-мырыш ұнтақтары), дәрілердің артық әсері, тамақтан улану, жүрек-тамыр ауруларында асқы-нып қанның жүрмей көк тамырда тоқтап қалуы, араққа салынып алкоголизмге ұшырау, басқа ішкі агзалар індеттерінің асқынуы т. б. гепатит ауруына әкеп согады. Гепатит ауруын халық .арасында сары ауру деп атайды. Бұл, әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Жедел инфекциялық түрі немесе Боткин ауруы өте жұқпалы. Балабақшаларда бір бала науқастанса, лезде басқалары да ауырып қалады. Сол сияқты тазалық сақталмаса да, дәрі жібере-тін ине арқылы және оқыста ауру қан құйылса да сары ауру пайда болады. Оның қандай түрі болмасын білінетін негізгі үш белгісі бар: көздің ағы мен терінің сарғаюьі) дененің қышуы және бауырдың үлкеюі. Осыған қоса бауыр тұсының ауыруы, әлсіздік, үлкен дә) реттің бұзылуы т. б. байқалады. Терінің және кілегейлі қабықтың сарғаюы ба| уыр клеткаларының қабынуынан, өт жолдарынын әр түрлі себептерден жабылуы салдарынан, өі пигменттері қанға өтуінен болады. Сол пигменті тер (ткань бояуы) нерв талшықтарына, оның ұіія тарына әсер етіп, денені қышыта бастайды., Бауыр клеткалары, өт жолдары қабыныпЗ кейде тас байланып қалғанда бауыр өз-өзінен үлкейіп кетеді. Науқастың оң жақ ңабыргасы-' ның асты ашып, берекесі қашады. Ал гепатиттің созылмалы түрінде оң жақ қабырғасының асты ауырып, ауызға қышқыл дәм келіп, құргап, айнып, кекіртіп, тәбетін тартқызбай, ас қорыту бұзылады. Өт жолында тас байланғанда бұл айтылган белгілер айқындалып кетеді. Адамның мазасын кетіретін жағдай туады. Ыстығы көтеріліп, іпгі кеуіп, бауырдың тұсы пышақ кескендей қинап ауыртады. Мұндай ауруға себепкер, денедегі зат алмасуы| оның ішінде холестерин алмасуы бұзылып, құрамы өзгереді, сондықтан олар тас болып бай-і ланып қалады. Дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың тапшылығы, шамадан тыс толысу, подагра (белоктік зат алмасу процесінің бұзылуынан буынныңі жуандап, ісініп ауруы), т. б. осындай зардапқа' әкеп соғады. Холецистит -- өт қабының қабынуы. Бұл да жоғарыда көрсетілген себептерден және асқазан, ұйқы бездері ауырганда қосымша болып кезде-седі. Бауыр, өт жолдары зақымданғанда комплексті емдеу әдісі қолданылады. Ең алдымен тамақ-тану тәртібі (диета) жолға қойылады. Майлы, қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Сүт, арық ет, жеміс-жидек, қарбыз, қауын, ірімшік т. б. өте пайдалы. Кеңінен дәрі-дәрмек пай-даланады. Оның ішінде шөптен жасаған тұнбалар, мәселен, шөпшай, шәйқурай, усарғалдақ, жүгері шашағы, сұлы өте пайдалы. Шөпшайды шетен мен бұжыр шәйңураймен, жүгері қауызымен, күнбағыс гүлімен және қылтаспамен қосып тұнбасын ішкенде бауыр, өт жолдары ауруларына қарсы емдік қабілетінің тиімділігі арта түскен. Біздің негізгі мақсатымыз -- дене тәрбиесін пасихаттау болғандықтан, емдік гимнастиканың қасиетіне көшейік. Дұрыс қолданған жаттығулар дәрісіз де өт жолын ашып, оның ағып ішекке түсуіне көмектеседі. Дене тәрбиесі қатты шаншып ауырмаған кезде тағайындалады. Емдік гимнастиканың жиынтығы жалпылама жаттығулардан, тыныс алу және бұлшық ет-герді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Жасалған қимыл-қозғалыстар тыныс алумен үштасып отыру керек, өйткені ішке терең дем алған кезде, құрсақтың көк еті (диафрагма) ба-уырға массаж сияқты соққылап әсер етеді, оның озі бауыр ішіндегі қан-лимфа айналымын жақ-сартады да, өттің жүру жолын ашады. Мұндай жаттығулар жасағанда адам оң жағында жат-са, өттің жүруіне үлкен ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп түрса, ал жаттығулар жасаганда шалқадан жат-са, өте нәтижелі болады. Түрегеліп тұрып бір орында жүру, тізені жогары көтеріп қимыл жа-сау өте пайдалы. Жаттығулар байыппен, асықпай, бірқалыпты ырғақпен 20 -- 30 минут жасалады. Санаторий-курорт жағдайында ауруларға іш-тің бұлшық етін шынықтыруға көңіл аудару керек. Ол үшін көбірек серуендеген пайдалы. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. 2.Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастика. 3.Бүйрек және несеп жолдары ауруына қолданатын емдік гимнастика. 4.Асқазан және ішек жолдары қабынуда қолданатын жаттығулар. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №6 Тақырып. Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. Мақсаты: Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуының белгілерімен танысу. Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістерін оқып білу.. Дәріс тезистері: Жүйке ауруларына арналған емдік гимнастика Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері нерв жүйелерінің зақымдануына байланысты екіге бөлінеді. Орталық (реттеуші) жүйке (ми және жүлын) індетіне шалдыққанда, организмде ай-тарлықтай органикалық өзгерістер байқалады. Ал жоғары реттеуші орталықта, анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байңалмаса, онда шеткері нерв жүйесі зақымданған болып табы-лады. Оның ішінде айрықша көзге түсетіні -- невроздар. Ми қабы (психикалық қызмет атқаратын мү-ше) негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу. Егер соңғы кезге дейін бүкіл психикалық әре-кет тек қана ми қабына шоғырланған деп келсек, қазір ми қабының (мидың терең қабатына ор-наласқан) астына орналасқан заттардың да ат-қаратын ролін дәлелдейтін мәліметтер бар. Олар-дың жай-күйі ми клеткаларының қозуына немесе тежелуіне ықпал етеді. Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өз-герісі әсер етеді. Организмнің қүрылыс ерекше-ліктеріне қарай көбіне нерв жүйесіндегі реак-циялар соған сәйкес дамып отырады. Жүйке ауруларының негізгі себептері: оқыс-та жарақаттану, жұқпалы аурулар организмінің улануы, зат алмасуының бұзылуы, шаршап-шал-дығу, зорлану, эмоциялық факторлар т. б. Осын-дай себептерден денеде әр түрлі өзгерістер айңын-далады. Нерв жүйесі зақымданған кезде ең алды-мен қимыл-қозғалыс, одан соң сезімталдық және трофикалың әсерлер кемиді. Қимыл-қозғалыс әрекетінің бұзылуы адамның мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соғады. Оны паралич' және парез, ал халық арасында сал ауруы дейді. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіре-сіп қалу және солып қалу. Бірінші түрі көбінесе ми қабы қатпарлары зақымданганда болады. Онда денеде бұлшық еттер мен тарамыстар тыр-тысып ңалады. Солған паралич не парез жұлын не шеткері нерв сабақтары зақымданудың салдарынан бо-лады. Мұндай кезде бұлшық ет әлсізденіп, семіп қалады, тарамыс рефлекстері төмендеп әйтпесе тіпті мүлде жоқ болып кетеді. Нерв жүйесі ауруға шалдыққанда бұлшық еттердің немесе буындар-дың қозғалмай қатып қалуы (контрактура) аңғарылады. Ал сезімталдық бұзылғанда адам ауруды, ыстық-суықты, теріге тигенді, сипағанды түк те сезбейді. Кейде керісінше осы әсерлердің бәрін қат-ты сезініп кетеді. Трофикалық өзгеріс жұлын мен шеткері нерв жүйесі ауруға шалдықңанда жиі байқалады. Нерв жүйесі зақымданған бөлікте қан-лимфа айна-лымы кеміп, оттегінің жетіспеуіне ұшырайды. Осының өзі терінің ойылуына, жара пайда болып, ісінуіне, тканьдердің өлуіне ықпал жасайды. Нерв жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзаққа созылады. Соның әсерінен жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде, өкінішке орай, науқастың еңсесін көтеріп қайта ортаға қосуға мүмкіндік болмаса, ондай адамдар мүгедек болып, жұмыс істеуге жарамай қалады. Дене тәрбиесі нерв жүйесі ауруының қандай түрі болса да басқа емдеу әдістерімен қатар кеңі-нен қолданылады. Оның тигізетін пайдасы ней-рогумаралды механизм арқылы іске асады. Бе-рілген жаттығулар, бүкіл организмнің қайтарған жауабы іспетті көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қоз-ғалысты реттейді. Емдік гимнастиканың әсерінен нерв талшықтарының өткізгіштік қабілеті артып, денеде жаңадан шартты рефлекс қалыптасады. Емдік гимнастиканың трофикалық қасиеті денедегі қан мен лимфа айналымын арттырып, тканьдердің қоректенуін өсіріп, терідегі сызат алган, жара болған жердің тез жазылуына, нерв талшықтарының қалпына келуіне, ойламаған тканьдердің тез жетілуіне мейлінше ыңпал жасайды. Аурудың жазылуы осы жаттығуларға сенуіне және оны күнделікті мүлтіксіз орындауына тікелей байланысты. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: 1. Аурудың жалпы жай-күйін, ой-өрісін өсіру. 2. Жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту мүше-лерінің қызметін арттыру. 3. Буындардың ңимыл-қозғалысын арттырып, контрактурага (қатып қалу) жол бермеу. За-қымданған жердің бұлшық етін жетілдіру. 4. Зат алмасуын арттырып, жара болған, ойыл-ған жерлерді тез жетілдіру. 5. Компенсациялық әрекетті (орнына қолдану) кеңінен пайдалану. 6. Науқастың өзіне сенімділігін арттырып, жүруге ынталандыру және өз бетінше қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру. Осы мақсаттың бәрін іске асыру үшін, емдік гимнастиканы ертеңгі гигиеналық гимнастика ретінде, өз бетінше орындалатын сабақ іспетте, мөлшермен жүру, жүзу, механотерапия, еңбекке баулу және массаж түрінде қолдануға болады. Мұнымен қатар паралич болған аяқ-қолды күні бойы әр түрлі бағытта жатқызып қояды (астына жастық салып көтере, оңға-солға бұрып, темен түсіріп т. б.). Сонда буынның қарысып қалуынан сақтайды. Кейде арнайы қалыпқа, тақтаға, тор сымға қолды не аяқты салып таңып қояды. Ол өз салмағымен бос бұлшық еттердің одан бетер созылып кетуіне жол бермейді. Осындай қалыпқа салу күніне бірнеше рет қайталанып, 20 -- 25 ми-нуттан -- 3 -- 4 сағатқа дейін созылады. Шеткері нерв жүйесі аурулары Шеткері нерв жүйесі ауруларына невриттер жатады. Неврит -- нерв талшықтарының немесе сабағы-ның қабынуы, ал невралгия -- нерв талшықтары бойымен сырқырап ауыру. Мұндай науқас кенет жарақаттанғанда, суық тиіп нерв талшықтары қабынғанда, әйтпесе, уланғанда кездеседі. Жарақаттанған кезде нерв талшықтары қат-ты тербеліске түсіп шайқалуы, созылуы, кейде тіпті үзіліп кетуі де ықтимал. Тербеліске түскен кезде нерв талшықтарының өткізгіштік қасиеті жойылып кетуі мүмкін, сонда қимыл-қозғалыс және сезімталдық адам бойында байқалмай қа-лады. Созылғанда, жаншылганда нерв талшық-тары бүлініп, белгілі бір бөлікте бұлшық еттер-дің солуына, сал болып қалуына ықпал жасайды. Нерв талшықтарының жарақаттанған бөлігіне байланысты әр түрлі аталады. Мысалы, нерв түбінің қабынуы -- радикулит, нерв өрімдерінің қабынуы -- плексит, бір нерв талшығының қабы-нуы -- мононеврит, ал бірнеше нерв талшықтары қабынса -- поленеврит деп аталады. Неврит ауруына шалдыққан адамға комплексті ем ңолданылады. Дәрі-дәрмек, физиотерапия, массаж, ЛФК. Емдеу мерзімі ұзақ, ең кем де-генде 8 айға созылады. Өйткені нерв талшың-тарының қайта қалпына келуі өте жәй, біртіндеп өтеді. Сондықтан алғашқы кезде адамның өзі орындай алатын қарапайым жаттығулар жасала-ды. Әр қимыл-қозгалыс ыңғайлы қалыпта, жылы ванна ңабылдап, денені босаңсытқан соң оңай орындалады. Жарымжан болған аяң не қол қи-мылдау үшін жылтыр тақтай, стол, кішкене дөңгелек орнатқан сырғанақ арба керек, солар арқылы ңозғалу жеңілірек болады. Жаттығулар байыппен, асықпай, орташа жылдамдықпен орындалады. Аяқтың нерв жүйесі зақымданса, оның тірек қызметін арттыруға баса назар аударылады. Алдымен шалқадан жатып, аяқты бірдеңеге ті-реп, бүгіп-жазады. Одан кейін тізерлеп тұрьщ әр түрлі жаттығуларды орыңдайды. Таяқ ұстап жүруге дағдылану үшін арқа, бел, иық бүлшық еттерін шынықтырады. Жүрген кезде аяқ ұштарын дұрыс ңою, бас-палдақпен катерілгенде денені тік ұстау -- ең негізгі ойға сақтайтын ңағидалар. Қол жансызданған кезде әр түрлі заттарды саусақтармен, алақанмен уыстап ұстауға дағды-ландырады. Сол сияқты губка, резинка доптар-ды қысып-жазып жаттықтырады. Осындай жат-тығуларды күніне 4 -- 6 рет қолдану керек. Радикулит немесе құяң ауруы бел омырт-қаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан бо-лады. Спортсмендер арасында омыртқа зақым-данған кезде; оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының зорлануы құяң ауруына әкеліп со-ғады. Ең негізгі белгілер, құяң ауруына шал-дыққан адамдар белі қатты ауырып, ол аяғына беріліп, жүре алмай қалады. Қимыл-қозғалыс толық орындалмай, алға еңкею, біржағына бұ-рылу мүмкін болмайды. Құяң ұстаган жақтағы аяқ созылмай, бұлшық еттер әлсіреп, бөксенің еттері, сан мен балтыр семіп кетеді. Қатты ауыр-ғандықтан адам бір жағына қисайып қалады. Мұның өзі ұзаққа созылса, кейде омыртқаның қисайып, сколиоз ауруына шалдығуына душар етеді. Бұл ауру ұзаққа созылатын індет. Оқыста суық тисе, жарақаттанып қалса мұндай созылмалы ауру асқынып, барлық белгілері қайтадан шыға келеді. Мұндай кезде бірден ауруханаға жатқан дұрыс. Аурудың беті қайтып, асңынуы басылысы-мен емдік гимнастика тағайындалады. Оның не-гізгі мақсаты -- қан айналымын жақсартып, арқа бұлшық еттерін жетілдіру және ңатты аурудан пайда болған контрактураны (еттің түйілуі) бол-дырмай, денені түзету т. б. Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буын-дарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяңтың асты-нан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Ал-ғашқы кезде жаттығулардың ұзақтыгы 10 -- 12 ми-нут, кейін біртіндеп 20 -- 25 минутқа жеткізіледі. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Сонан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жақңа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.. Ңимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді. Ауру адам еркін жүре бастағанда аяқ-ңол қимылдары толық қосылып, орташа жылдамдықпен атқарылады. Мұнда доп, шығырық, шең-бер, жеңіл гантель сияқты заттарды пайдалана-ды. Емдік гимнастика гигиеналы, арнайы емдеу, өзінше сабақ, дозалы жүру, еңбек терапиясы және массаж сияқты формалармен толықтыры-лады. Шонданай невриті -- өзінше жеке кездесетін мононеврит. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейіп кетеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бүлшық еттері тез арада семіп кетеді. Оны уаңытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиын-датады. Сондықтан емдеу гимнастикасы құяң ауруын-дағы сияқты тәртіппен орындалғанмен, ең алды-мен аяқ басына баса назар аударылады. Егер өз-дігінен қозғалмаса, аяқтың басы салақтап қалмас үшін тақтайға, темір тордан жасалған арнайы қалыпқа салып таңып тастайды. Аяң басы мен жіліншік арасы тік бұрыш құрау керек. Осылай алдын-ала дайындалған аяқты, жан-жағына қи-мылдатып, еденге басып, түрегеліп жүруге бо-лады. Орталық нерв жүйесі аурулары Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жараңаттану, ми мен жұлындағы ісік -- осының бәрі жоғары нерв жүйесі ауруларына жатады. Мұн-дай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастика-лық паралич, жансызданып ңалу немесе сезім-талдығы кему, трофикалық күйреу, тарамыс рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көп-теген жағымсыз белгілер білінеді. Мидағы қан айналымы бұзылуы, сол қан та-мырларының таралуы, склерозға шалдығуы, ақырында миға қан құйылуға немесе тамыр-лардың мүлде тығындалып қалуына әкеп соға-ды. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады. Осыған душар ететін факторлар гипертония ауруы, адамның дене және ой еңбегімен зорла-нуы, жұқпалы аурулармен ұзақ ауыру, дененің әр түрлі заттармен улануы болып табылады. Аурудың басталуы кенеттен болады. Аяқ астынан адам есінен айырылып, жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айрылады. Жансызданған қолдың иілетін бұлшық еттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге кел-мей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тагайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді. Емдік гимнастиканы ңолданғандағы негізгі көздейтін мақсаттар: 1. Адамның көңіл-күйін, еңсесін көтеру. 2. Жансызданған жағында қан-лимфа айна-лысын арттырып, зат алмасуын жақсарту. 3. Жүрек-қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту сияқты ішкі ағзалардың қызметін қалыптас-тыру. 4. Терінің ойылуын, буынның бүгілмей қа-луын, контрактура болмауын, өкпенің көп жат-қаннан қабынбауын қадағалап, алдын-алу. 5. Жоғалған қимыл-қозғалысты қалпына кел-тіру. 6. Жүру үйлесімділігін қадағалап, өзін-өзі бағдарлау, өз бетімен кіріп-шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру. Емдік гимнастика алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ-қолды бүгіп-жазу, шыр айналды-ру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орьіндап, осы қимыл-қозғалысты біреудің көмегімен, не сау қолдың қатысуымен ауыр-ған қолға жасайды. Әсіресе, бүгіліп қалған саусақтарды, қолды шынтаң буыннан жазуға ынта-ланады. Аяқты тізеден бүгіп-жазып, аяқ ұшын жан-жаққа ңозғайды. Қимыл баяу, бәсең, асықпай орындалады. Әр буында 6 -- 10 рет қайталанады. Науқасты біртіндеп төсегінде өздігінен аунау-ға үйретеді. Кейін ешкімнің көмегінсіз отырып, қайта жатуға, өздігінен қабырғаға не төсекке сүйеніп орындыққа отыруға дағдыланады. Осы-ның бәрі науқас адам үшін оңайға' түспейді. Бі-рақ ауруды жеңу үшін үлкен қайрат керек. Әсі-ресе, біреудің көмегінсіз қозғалуға батыл кіріс-се, тез арада үйреніп кетеді. Ақырындап жүруге дайындалады. Оған алды-мен орындықтың арқасынан немесе төсектің ба-сынан ұстап тұрып кемтар аяққа салмақ түсіріп, бұлшық еттерін шыңдайды. Онан соң аяқты ті-зеден, мықыннан бүгіп-жазып, мүмкіндігінше жүреден отырып көреді. Жүруге дайындалған кезде ауруды екі жағынан бірдей ұстап, тепе-теңдік қалпын сақтауға дағдыландырады. Кейін қолына балдақ, таяқ ұстатып өз бетімен жүргі-зеді. Мүнда табанның жерге толық тиюін және тізенің бүгілуін мұқият қадағалайды. Инсульт (миға қан құйылу, ми соқпасы) болған адамның жансызданған аяғы аурудың салдарынан созы-лып кетеді. Сондықтан жүрген кезде саусақтары ілініп қалмау үшін, алысқа сермеп, орап басуга (шалғы шалғандай) тура келеді. Осылай жүруге үйренген соң жаттығулар күрделендіріледі. Ол үшін баспалдақпен көтері-лу, далада жүру, әр түрлі снарядтармен жатты-ғулар орындай жүріп, науқасты еңбекке баули бастайды. Ми жарақаты Мидың жарақаттануы ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Бірін-ші түрінде бас терісі мен сүйегі бүлінеді. Оққа ұшқанда, қатты соққыға жығыл-ғанда ми қабығын жарып, қан тамырларын за-қымдап, көп қан кетеді де, адам әлсіреп қалады. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы бай-қалады. Қайсысы болса да ми зақымданған соң есінен айырылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер аңғарылып, лоқсып, құсып, тырысып-құрысып жағдайы кетеді. Зақымданған ми бөлігіне байланысты қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашар-лауы білінеді. Қатты жарақаттанған адамдарда кейде миға қан құйылады, сонда сал ауруларының белгілері білініп, бір жағы жансызданып қалуы ықтимал. Науқас ауыр халден біршама шыңқан соң, жоғарыда көрсетілген методика бойынша емдік гимнастика тағайындалады. Жаттығулар жарақаттанған мезгілден 10 -- 15 күннен кейін ғана беріледі. Онда тек төсекте шал-қадан жатқан қалыпта ұсақ және орта буындар-ға баяу ырғақты жаттығулар жасалады. Емдік гимнастиканың ұзақтыгы алғашқыда 15 -- 17 ми-нут, кейін 20 -- 25 минутқа созылады, ал ауру түрегелген кезде 30 -- 35 минутңа дейін жеткізеді. Өздігінен орындайтын жаттығулар күніне 2 -- 3 рет қайталанады. Онда көбінесе дұрыс дем алуға баса назар аударылады. Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-тең-дік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстін-де аяңдап әрі-бері жүреді. Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қоз-ғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үсті-нен жүру т. б. жаттығуларды орындайды. Осының бәрін меңгерген соң ертеңгі гигие-налық гимнастика, өз бетінше мөлшерлі жүру, серуендеу, кейбір спорттық жеңіл ойын түрлері-мен айналысқан өте пайдалы.- Сол сияқты бау-баңшада, егіндікте ақырын қолдан келетін жұ-мыс істеу ауруды тез айықтырады. Бұл бір жағы-нан жаттығу болса, екінші жағынан аурудың ойы бөлініп, нерв жүйесі тынышталады. Рухани азық алу үшін өз көңіліне қонатын ән-күйлерді тың-дау да пайдалы. Жаттығулар жасағанда жанға ләззат беретін бір әуенді ойнатып қойса, адам шаршамай әр жаттығуды шын пейілмен орын-дайды. Мұның бәрі жоғарғы реттеуші орталық мидың, ми қабығын ңалпына келтіруде үлкен ыңпал жасайды. Жұлын жарақаты Омыртқа жотасының ашық не жабық жарақаттануы жұлынға нұқ-сан келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүм-кін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртңа тұсы жарақаттанса, аяқ запа шегеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансыз (паралич) қалады. Бұл өте қауіпті, жанды қи-найтын сырқат. Тез арада адам бойында көп өзге-рістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе ңабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды. Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнасти-каны қосады. Алдымен тыныс алу жаттығула-рына көңіл боледі, одан соң аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа не қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегмент-ті-рефлекторлы метод арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Ойткені олар бұлшың еттің тартылғанын босаңсытады. Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жақңа кезек аударып, ая-ғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін бал-даққа сүйеніп жүруге жаттықтырады. Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторий-лардан ем қабылдайды. Медициналық және^әлеу-меттік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат -- адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. 2.Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы. 3.Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістері. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №7. Тақырып 1 Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар жиінтіғын құрастыру. Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастиканы оқып білу. Неврастения, психостения, истерия невроз түрлерінде қолданатын емдік гимнастикамен танысу. Дәріс тезистері: Невроз ауруы Невроз -- нерв жүйесінің функцио-налдық қызметінің бұзылуы. Оның неврастения, психастения және истерия деген түрлері бар. Мұндай аурудың торкіні жоғарғы нерв жүйесіндегі тежеу мен қозу процестерінің тепе-теңдігінен айрылуы. Оған се-бептер көп: теріс эмоция, жиі ашулану, қайғыру, шаршап-шалдығу, созылмалы жұқпалы ауру-лар, оқыста уланып қалу, соқңыға жығылу, өмір қиындықтарына төзе алмау т. б. Жоғарғы нерв жүйесінің әр түріне байланыс-ты невроз түрлері де ерекше білінеді. Неврастения -- невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында <<оның жүйкесі тозған>> деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар. Біріншіге қатты тітіркен-гіштік, қызбалық, тоң мойындың, ұйқы бұзылу сияқты белгілер тән, ал екіншіге -- нерв жүйе-сінің әлсіздігінен болатын жылағыштық, қорқақ-тық, тез шаршау, ұмытшақтық, жұмысқа қабілеті төмендеу т. б. белгілері тән. Мұндай науқасқа шалдыққан адам өзін маза-лайтын бірқатар белгілерден (басы ауырады, жүрегі қағады, еті тартылғандай болады, діріл-дейді, денесінің әр жері ысиды т. б.) зардап ше-геді және кез келген жағымсыз нәрселерді (шуды, қорқытатын немесе көңілін қалдыратын жауап сөзді) жақтырмайды. Бұл ауру кейде болымсыз нәрседен де пайда болады. Мәселен, пәтерлес көршілер, оқудағы, жұмыстағы жолдастар арасында болмашы нәр-седен, түсінбеушіліктен басталатын кикілжің, көбінесе озара бет жыртысып, көңіл қалдыры-сатын, екі жақтың да нерв жүйесін зақымдай-тын ұрыс-керіске айналып кетеді. Неврастения тек үлкендер емес, жасөспірім балалар арасында да кездеседі. Үнемі жақсы оқып жүрген бала бір емтиханда жаман баға алып, сол үшін үйдегі үлкендерден таяқ жесе, ол өмір бойы емтихан мен зачет тапсырар ал-дында үрейленіп қорқады. Бірте-бірте бойына қалыптасып, өмір мен өлім мәселесі шешіле-тіндей қатты қобалжып, неврастения ауруына шалдығады. Жүйкенің жұқаруына, әсіресе, біздің заманда себептер көп-ақ. Жұмыста тексеру болады деген-ді естігенде кейбіреудің қан қысымы көтеріліп, ертеңіне басын көтере алмай қалады. Психастения. С. Г. Файнбергтің айтуынша кісіні мезі қылатын невроз. Мұйда біреу қараң-ғыдан үрейленсе, екіншісі -- есігі жабық бөлмеден, үшіншісі -- ашық алаңнан өтуден, төртіншісі -- үй заттарынан, бесіншісі -- барлық жа-нуарлардан т. б. қорқады. Ондай адамдар өз ойына әуре болып, сол ой шытырманынан құтыла алмай жүреді. Кісіні мезі қылатын қорқыныш немесе қимыл кезінде (басын шайқап отыру, таң-дайын қағу, көзін тарс жұмып ашпай отыру т. б.) оларды қойғызуға үгіттеп түсіндіру, талап ету, жазалау тіпті де көмектеспейді, керісінше күшей-те түседі. Невроздың бұл түрі іштен туа біткен кемтар-лыққа немесе организмді әлсірететін соматика-лық ауруларға байланысты. Дегенмен мұндай аурудың сыртқы пішінінен ешбір өзгеріс байқалмайды. Уақытында дұрыс емделсе, толық жазылады. Истерия -- психологиялық зиянға қарсы қор-ғаныс реакциясы. Бұл -- ауруға берілу арқылы тұрмыстағы қиыншылықты немесе ұрыс-керісті шешуге бағытталған сансыз әрекет. Көбінесе бұл аурумен әйелдер ауырады. Оның белгілері өте көп. Сондықтан дәрігерлер диагноз қойғанда ең көп ңателесетін бұдан басқа бірде-бір ауру жоң. Өйткені ол кез келген ауруға ұңсас бола береді. Истериктерден сал болып қалуды, сіңірдің тартылуын, буындардың қозғалмауын, мыл-қаулыңты, кереңдікті, соқырлықты, түрлі елес көруді, ңұсуды, тіпті жалған түктілікті т. б. көп жайларды көруге болады. Ондай адамдар ашу-ланшақ, ызақор, қыңыр, өз айтқанын ғана жо-ғары бағалап, кейде тіпті өтірік айтуға дейін барады. Ғалымдардың айтуынша, истерия нерв жү-йесі типінің айырмашылығына байланысты емес, кішкене кезден тәрбиелеудің ерекшелігі мен әлеу-меттік ортаның ықпалына байланысты. Истериялық реакциялар мектеп жасына дейін-гі балалар арасында жиі кездеседі. Өкінішке орай, көп жағдайда ата-аналар еркелік бойға сіңсе неге апарып соғарын жете түсінбейді. Ызақор баланың көңіл күйі бұзылмауы үшін аяушылық білдіріп, не айтса соған көнеді, оның талап-тіле-гін орындайды. Осылай өз талабын тек истериялық реакция арқылы (жылау, айғайлау, жерді тепкілеу, кесе-шыныаяқ лақтыру, шешесін жұл-қылау т. б.) орындалатынын білген баланың бойына осы қасиетті берік орнатады. Осылай қалыптасқан истерия бойға сіңіп, есей-генде нағыз ауру болып шығады. Оған жол бермеу үшін қанша жаста болса да истерикалық көріністерге, теріс әдет-қылықтарға үзілді-ке-сілді тыйым салу керек. Әйелдер арасында өз ойын іске асыру үшін истерикаға ұрынатындар аз емес, оны да дәл уақытында тоқтатқан дұ-рыс. Орталық нерв жүйесінің функционалды қыз-меті бұзылғанда жоғарыда көрсетілген аурулар білінетіні айтылды. Енді сол сырқаттарды бол-дырмай, алдын алу үшін үлкен жұмыс жүргізіледі. Ол алдымен мінездің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлудің маңызы. Ал ауруга шалдыққанда баса назар аударып емдейді. Комплексті емдеу әдісіне аутогендік жаттығу, дәрі-дәрмек, фи-зиотерапия, емдік гимнастика т. б. кіреді. Гимнастиканың негізгі мақсаты -- ңозу және тежеу процестерін теңестіру, адамның көңіл-күйін, психикалық жағдайын, ішкі ағзалар қыз-метін қалпына келтіру, өз ойын игере білуге үй-рету. Тәжірибе жүзінде емдік гимнастиканың бар-лық формасын қолданады. Соның ішінде баса назар аударылатын аутогендік жаттығу. Бірінші кезеңде ең оңай жаттығулар беріле-ді. Аса қиналмай, қимыл-қозгалысты мұқият қадағаламай, мүмкіндігіне қарай елеусіз орын-дайды. Ұзақтығы 10 -- 12 минутқа созылады. Адам өзіне ең ыңғайлы қалыпты сақтап көз алдына жаздың жайдары кезін -- гүл шоғына оранып, хош иісіне малынған тамаша табигат кезеңін. келтіре отырып ой арқылы: <<Мен еш нәрсеге алаңдамаймын, мазасызданбаймын, жай-барақат қалыпты сақтаймын>> деп қайталайды. Бұл сөздердің арасында дұрыс тыныс алуды қа-дағалайды. Сөз тізбегінен соң 5 -- 6 секунд үзіліс жасайды. Ішке дем алганда -- <<менің денем...>>, демді сыртқа шығарғанда -- <<толығымен байыпты қал-пында>>... дейді. Осындай жаттығуларды күніне 3 -- 4 рет қайталайды. Мөлшерден он тәулікте адам денесш меңгерш алады. Мұнда бұлшық еттердің босаңсуына, нерв талшықтарының тынышталуына баса назар аударылды. Екінші кезеңде ауру өз жағдайын сезініп, ойланып, арнайы мақсатпең орындайды. Мұнда тепе-теңдік қалпын сақтайтын, вестибулярлы аппаратты шынықтыратың, қимыл-қозғалыс-тың үйлесімділігін реттейтің жаттығулар жиын-тығы орындалады. Ол үшің КӨЗді жұмып ойша бірнеше жаттығулар жасайды (аутотренинг не-месе идиомоторлы): басты жан-жаққа қозғайды, денені алға-артқа, оңға-солға иеді. Сондай-ақ жаяу жүру, екпінді жүру, серуендеу, саяхатқа (жақын жерге) шығу, кейбір спорттық ойындар-мен (теннис, бадминтон т. б.) айналысу адамның көңілін аулап, тез айығуыңа ықпал жасайды. Бұл кезде жаттығулардың ұзақтығы 30 -- 35 ми-нутқа жетеді. Жаттығуларды әркім өзіне ұнайтын жақсы әуеннің ырғағында орындағаң өте пайдалы. Невроздың түріне, белгілеріне, адамның жа-сына, жынысына, мінезіне қарай берілетін жат-тығулар да сан алуан. Ең алдымен адам оған сенуі шарт. Мәселен, аутотренинг жасағанда, орындыққа жайланып отырып, көзді жүмып: <<мен сабырлымын, ашуланбаймын, мен мүлде тынышталдым>> деген сөздерді 5 -- % рет қайта-лайды. Белгілі неміс ғалымы ЩуЛьц ұсынған өзін-өзі жаттықтыратын немесе өзің-өзі сендіретін осы тәсіл йогтардан ауысқан. Ол өз организмін бас-қаруда ғажап күшке ие, бірақ ешбір жұмбақ сыры жоқ көптеген тәсілдерді қамтыған. Адам бұл жаттығуларды орындағанда сана-сезімі мен күш-қуатын дамьітуға көңіл бөледі, өз эмоциялары мен толғаньіс сезімдерін басқара алады. Аутотерапия жаттығуларына шамамен сегіз аптадай уақыт кетеді. Бірінщі жаттығуда <<менің қолым ауырлады>> деген сөзді 5 -- 6 рет қайта-лайды. Онда адам өзін сеңдіргені соншалық, қолын көтере алмайды. Екінші жаттығу үшінщі аптада басталады. Жаттығу <<менің қолдарым жылы. дегенді бір-неше қайталап, соңында <<мең мүлде жақсы бо-лып, жазылдым, денім сау>> деп аяқталады. Әр жаттығу 5 -- 6 рет қайталанып, 5 -- 10 минутқа созылады. Бірқатар жағдайда емдік гимнастиканы, мас-сажды, су, кейде ток процедураларын, мәселен, арнайы аппаратпен жүзеге асырылатьш (аурудың миы арқылы өтетін) төменгі жиіліктегі ток им-пульсі және тыныштандыратын күші аз ток ар-қылы жүзеге асырылатын электрлік ұйқы, мұ-ның бәрін дәрігер ауруды зерттеп болған соң белгілейді. Нерв жүйесіндегі белгілі бір ақауға неғұрлым ертерек назар аударса, оны солғұрлым тез және оңай жазып жіберуге болатынын есте сақтаған абзал. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын ал-ған жеңіл екенін әркім есте ұстағаны дұрыс. Орындалатын жаттығулар, емдеу әдістері ауру психоневролог дәрігеріне көрінген соң, сол маманның нұсқауымен гана қолданылады. Өзін сергек сезініп, сан алуан өзін мезі еткен жағдайлар азайғанда, спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Әлбетте ауыр щтанга, гир көтеріп не ңатты зорланатын жаттығулардан аулақ болған жөн. Қыстыкүні шаңғы тебу, конь-кимен сырғанау, шана тебу, жаяу серуендеу, ал жаздыкүні суда жүзу адамның нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, бойындагы аурудан құтылуға үлкен ықпал жасайды. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. 2..Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастика. 3.Неврастения, психостения, истерия невроз түрлерінде қолданатын емдік гимнастика. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №8. Тақырып. Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. Мақсаты: Сіңірдің созылуы, тартылуы, үзілуі,буынның шығуы сияқты ауруларда қолданатын жаттығулар жинағын құрастыру. Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағын оқып білу . Дәріс тезистері: Тірек-қозғалыс аппаратына арналған жаттығулар омыртқа жотасының қисаюы. Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланысты. Иық тік, кеуде жазық болып, кермаралдай керіліп жүрудің өзі осы омыртқаның дұрыс болуынан. Осы кітаптың ал-дыңғы бөлімінде көрсетілген қалыпты жағдай-дағы омыртқа жотасындағы иректер оны қорша-ған бұлшық етке тікелей байланысты. Дене сымбаты кішкене бала кезден бастап қі лыптасады. Оның басын дұрыс ұстауынан, от: руынан, жүруінен жоғарыда сөз болып отырға омыртқа иректері (лордоз, кифоз) қалыптасад Оның дұрыс не бұрыс болуы көп жағдайға ба ланысты. Мектепте партаның жоғары не төмен болу нан, орындықтың ыңғайсыздығынан, біржағы қисайып отырудан немесе ауыр жүкті бір қолме үнемі көтеруден т. б. жағдайларден адам дене бір жағына қисайып кетеді. Сол сияқты ұзақ ауырып, организм әлсіреген де құяң, ішек-қарын жарасы, сондай-ақ өт қабынғанда, буындар ауырғанда, адамның жүріс өзгеріп, омыртқа жотасы бір жағына шығып кетеді. Адам тұлгасы, мүсіні бұзылу деп омыртқ жотасының алға-артқа немесе оң-солға ауысы кетуін айтамыз. Мұның өзі тіпті спортсмендер арасында да, кездеседі. Мәселен, боксшылар, сайысшылар, ес кекшілер. Әлбетте, көбінесе бұлшық еті жетілмеген жасөспірімдер арасында бұл жағдай жиі кездеседі. Егер омыртқа жоталары белгілі иректермен алға не артқа кетіп қалса, онда адамның мүсіні бұзылады дейді. Ал омыртқа жотасы оңға, не солға қисайып кетуін медицина тілінде сколиоз деп атайды. Мұнымен қатар бір жақ иық пен жауырын екінші жагынан жоғары болуы да кездеседі. Сөй-тіп мүсіннің өзгеруі бірнеше түрге бөлінеді (7-сурет). Омыртқа жотасының қисаюы үйреншікті әдетке де, байланысты. Кейінгі кезде ғалымдардың айтуынша, балалардың бір жағына қисайып кетуі ішкі (эндокриндік) бездердің кінәраттануынан дейді. Кейде өзгерген мүсін баланың жетілуіне байланысты дұрысталып та кетеді. Дегенмен омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы келбетті бүлдіріп қоймайды, ол ішкі ағ-заларға да, әсіресе, өкпе мен жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді. Өйткені қисайған омыртқа көкірек ішіндегі өкпенің толық жазылуына, көк еттің (диафрагма) қозгалуына бөгет жасайды. Сондықтан денеде қан айналымы кеміп, оттегі жетпей, кұрсақ ішіндегі қысым өзгеріп кетеді. Балалардың тұлғасы бұзылмас үшін кішкене кезден бастап өте жұмсақ төсекке үйретпей, қаттылау төсекке жатқызған дұрыс. Сол сияқты басқа салған жастық биік болмай, жазық, кішкене болғаны абзал. Отыратын орын баланың бо-ііына шақ болу керек. Киген киімі, аяғындағы аяқ киімі қыспай, өзіне дәл болса, бала еркін отырады. Столға отырғанда түскен жарықтың да әсері көп. Әсіресе, көзі алыстан көрмейтін балалар екі бүктеліп, басы салбырап кетеді. Бұл ке-йін қалыгітасып, желкесі шорланып, иығы көтері-ліп кеткенін бір-ақ аңғарады. Өкінішке орай, осындай балалар балабақшада, мектепте үлкен-дердің салақтығынан кемтар болады. Мектепте мұндай балалар арнайы медициналық топқа ба-руы керек. Осындай қиянаттан құтылудың бірден-бір жо-лы -- тек емдік гимнастика. Арнайы берілген жаттығулар омыртқалар қозғалысын арттырып, қисайған жерін қалпына келтіреді, арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқаларды қысып ұстайтын <<құрсау>> жасайды. Тек арқаның бұлшық етін жетілдіріп қоймай, жаттығулар жүрек, өкпе т. б. ағзалардың жұмысын жандандырып, зат алма-суын үдетеді. Ауру бала үшін мұның пайдасы көп. Сол сияқты дене тәрбиесі адамды шыңдап, шыдамдылығын, қайратын арттырады. Ең маңыз-дысы денені тік ұстауға дағдыландырады. Міне, осының бәрі емдік гимнастиканың негізгі түпкі мақсаты. Енді оны іске асыру үшін жаттығулар-дың әр түрін қолдану керек. Мәселен, белгілі гигиеналық, гимнастикалық жаттығулармен бірге арнайы түзету-жаттығуларды кеңінен қолданады. Сол сияқты суда жүзу баланың денесін шынықтырады және денеде бұлшық еттерді жетілдіріп, қисайған омыртқаны қалпына келтіреді. Жүру, жүгіру, спорттық ойындарга қатысу, шаң-гы тебу, т. б. дененің дұрыс жетілуіне ықпал жасайды. Арқаның бұлшық етін жетілдіру үшін түзету жаттығуларында науқас шалқадан және етпетінен жатады. Мұнда аяқ-қолға әр түрлі қимылдар беріледі. Мәселен, кезекпен аяқты көтеру, кеудені көтеру, <<велосипед тебу>> т. б. (8-сурет). Жаттығулар еңбектеп тұрып, отырып, түреге-ліп тұрып әр түрлі жағдайда жасалады. Көлбеу жазықта жатып омыртқаны созуға болады. Yenзақ-тығы 30 -- 45 минутқа созылады. Коррекциялы немесе түзететін жаттығуларды омыртқа жотасының қай жаққа ауытқуына бай-ланысты сайлап алады. Жота күдіс болғанда кеуде омыртқалары артқа теуіп кетеді, мұндай кезде арқаның ұзын бұлшық еттерін бекітеді. Ол үшін барлық тұрқымен артқа шалқаяды (иіледі). Мұны етпеттеп жатып, еңбектеп тұрып (шынтақ пен тізені, алақан мен тізені тіреп), белді қайқайтып жасайды. Неғұрлым көп шалқайса, солгұрлым арқаның ұзын бұлшық етіне күш көп түседі. Сон-дықтан оны әр түрлі жағдайда, қолына таяқ, жіп, доп ұстап тұрып орындауға болады. Егер бел омыртқа алға ыгысып кетсе (лордоз), онда іштің бұлшық етін жетілдіреді. Ол үшін шалқадан жатып, түзу аяқтарды алма-кезек кө-тереді, <<велосипед тебеді>>, басын көтеріп отырып қайта жатып қүрсақңа күш түсіреді. Физиологиялық иіндердің бәрі түзуменен кет-кен жагдайда (жазық арқа) жаттығулар арқа мен құрсақ бұлшық еттерін бірдей жетілдіруге арналады. Ол үшін жаттығулар күрделеніп, ган-тель, гир (0,5 -- 1 кг), доп, гимнастикалық таяқ-тармен орындалады. Дене бір жагына қисайып кетсе, бны түзету үшін бар ықыласты дұрыс жүруге аудару керек. Ол үшін басқа ауыр зат қойып, бір аяқпен тұрып, сол қалпы бір сьізықпен жүріп, т. б. жатты-ғуларды орындаған дұрыс. Екі жауырын ңанат сияқты көтеріліп, иық алға қарай қушиып кетсе, қолды шыр айналдырып, желкеге қолдың ұшын әкеліп, денені, әсіресе, кеудені артқа қарай майыстырады. Осының бәрі баланың, тіпті кейбір үлкендер-дің, өз тұлғасын дұрыс ұстауға арналған жат-тығулар. Адам үйде болсын, түзде болсын, қызметте болсын денесін дұрыс тік ұстауға дағдылану керек. Оны қалыптастыру үшін айна алдында жаттығулар жасайды; үй ішінде бірін-бірі 1 қадағалайды, қабырғаға желке, арқа, бөксе, өк-шені тіреп бір-екі минут тұрады. Денені қалыпқа келтіру үшін емдік гимнастикадан басқа, массаж, табиғат факторларын (ауа, 1 су, күн) пайдалану өте қажет. Жоғарыда айтылғандай, омыртқа жотасында-ғы табиғи имектер -- алға не артқа ойысып кетсе, адам мүсіні бұзылады, сондай-ақ омыртқа жо-тасының оңға не солға қисайып кетуі де кезде-седі. Ол сколиоз ауруы деп аталады. Кейде бұл ауруда омыртқа өзектің айналасында бұралып, ; шодырая шығып, адам бүкір болып қалады. I Бұл індетте жүрек қан тамырлары, өкпе-тыныс 1 жолдары ңатты зақымданады. Сондықтан оны | тек сколиоз демей, сколиоз ауруы деп атайды. Аурудың негізгі себептерін үш топқа бөледі. I Бірінші -- адам бойындагы зиянды кеселдер. Ол 1 іштен туған ақаулар: бойдың өспей қалуы, омырт- ! қаның жетілмеуі, омыртқаның сына тәрізденуі, артың қабырға, бесінші бел омыртқаның сегіз-көзбен біртұтас бітіп қалуы, т. б. Еқінші -- статикалық-динамикалық құбылыс-тар. Ол адамның еріксізден бір жағына қисайып қалуы. Мәселен, оқыста ортеніп күйген адамдар-дың денесінде пайда болған үлкен тыртық не шеткері нерв жүйесінің зақымдануы адамды бір жағына қисайтып жібереді. Үшінші -- жасөспірімдер қауырт өсетін кезін-де төзімділігін жоятын індеттерге шалдығуы. Аталған себептердің қайсысы болмасын адам-ға келтіретін зияны айтарлықтай. Аурудың білінген белгілеріне байланысты ско-лиозды төрт кезеңге бөледі. Бірінен-бірін ажыра-ту үшін омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі, одан пайда болған бұрыштың керсеткішін білу керек. Сколиоз омыртқаның қай жерін кінәрат-тағанына байланысты кеуде, кеуде-бел, бел омырт-қа сколиозы деп аталады. Сол сияқты оң жақ, немесе сол жақ сколиоз деп доғаның багытына қарай айырады. Сколиоздың бірінші кезеңінде доғаның омырт-қа жотасынан тайып кеткен бұрышы 10°-қа тең. Ал жотаның өзі <<8>> әрпіне ұқсайды. Арқа бұл-шық еттеріне күш түсіргенде немесе жатқызып босаңсытқанда доға көрінбей кетеді. Екінші кезеңде пайда болған доға латынның <<8>> әрпіне ұқсап қарама-қарсы жағында томен-деу екінші доға пайда болады. Бұл кезде омыртқа өзегінен алшақтап кеткен бұрыш 30°-қа тең бо-лады. Омыртқалардың бұралып, қабырғалардың сыртқа теуіп, бұлшық еттің білектей бұлтиып қалғаны аңғарылады. Науқасты жатқызып ңой-ғанмен не аздап созғанмен доға қалпына кел-мейді. Үшінші кезеңде омыртқалар бір бөлігінде бұ-ралып, айқын екі үлкен доға пайда болады. Бұ-рыш 30 -- 60 градусқа жетеді. Кекірек қуысы өз-геріп, қабырғалар шодырайып, бүкірлік байқа-лады. Бұл ішкі ағзаларды бүлдіріп, нерв талшық-тарының түбін зақымдайды, құяң ауруындағы белгілер пайда болады. Төртінші кезеңде ауру асқынып, омыртқа жо-тасы бұрынғыдан бетер.қисайып, бұралып, адам-ды қатты өзгеріске түсіреді. Бұл кезде тек кеуде ғана емес, жамбас сүйегінде де өзгеріс білінеді. Омыртқа озегінің тік түзуінен алшақтаған доға-ның бұрышы 60 градустан жоғары болады. Нәти-жесінде көкірек қуысындағы ағзалар мен нерв жүйесі айтарлықтай зардап шегеді. Сколиоз ауруының кезеңіне, белгісіне, себеп-теріне қарай әр түрлі емдеу.әдісі қолданылады. Оның ішінде операция (ортопедия), физиотерапев-тік ем (токпен емдеу), балшық, массаж сияқты түрлерін айтуға болады. Ең бір қажетті ем -- ем-дік гимнастика кейінгі кезде өте жиі қолданы-луда. Сырқаттың бірінші кезеңінде мектептегі бала-ларды арнайы медициналың топта немесе емха-наларда емдейді. Оларға басында жаттығулар-дың белгілі түрлерін қолданады. Ол денеге жақсы әсер етіп, тәуірленсе, спорттың кейбір түрлерін тағайындайды. Мәселен, суда жүзу, шаңгы тебу, ескек есу, спорттық ойындар. Сколиоздың екінші кезеңінде емдік гимнастика медициналың мекемелерде мамандардың қада-ғалауымен өтеді. Үшінші-төртінші кезеңдерде емдеу әдісі белгілі -- мектеп-интернаттарда арнайы <<қалыпқа>> са-лып емдейді (гипс, төсек, т. б.). Мүндай сырқатта тағайындалган емдік гим-настиканың мақсаты: 1. Ауруды әрі қарай асқындырмай, денені тік ұстауға дағдыландыру. 2. Иілген жақтағы қысқарып қалған бұлшық еттер мен сіңірлерді созып, доңес жақтагыларын бекіту. Арнаулы түзету жаттығуларының алдында омыртқа жотасын босаңсыту. а -- алақаммен тізеге тіреліп туру; 6 -- қолды шынтақтан бүгіп, басты төмен иіп, салмақты тізе мен алақанға тусіру; в -- тізерлеп турып, қолды созып жіберіп, еденді алақанмен тіреу. 3. Кеуде мен арқа бұлшық еттерін ныгайтып, табиғи қүрсау жасау. 4. Өкпе-жүрек қызметін арттыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жатты-ғулар көбінесе шалқадан, етпеттеп жатқанда, еңбектеп тұрғанда жасалады. Мұның өзі шыдам-дылық, тезімділікті арттырады. Омыртқа жота-сын түзетуге көмегін тигізеді. Ең негізгісі -- мұн-дай жагдайда омыртқа жотасына салмақ аз тү-седі, бүлшық еттер толық босаңсиды (9-сурет). Осы жагдайда түзету (коррекциялық) жаттығуларын орындау әлдеқайда ыңғайлы. Сол сияқ-ты омыртқа аралық шеміршек, сіңір созылып қал-пына келу үшін адам 15 -- 20 минут көлбеу жазық-тықта жатса дұрыс болады. Ол үшін иектің ас-тынан арнайы ілгекпен тосектің жоғарғы басына тартып қояды (10-сурет). Омыртқа жотасын түзетуде бір сызықпен жү-рудің, тыныс алудың маңызы өте зор. Денені тік ұстап, ішті тартып, басты салбыратпай, иықты төмен түсірмей жүруге дағдылану керек. Немесе басқа бір ауырлау зат (кітап...) қойып жүрсе де болады. Шалқадан жатып бір қолды кеудеге, екінші қолды ішке қойып дұрыс дем алса, кеуде мен кек ет ширығады. Сколиоз болған балаларға арналған нұсқаулар (А. А. Подьяпольский) Науқас балалар тек емханада, диспансерде емделіп қоймай, оларға үйде де үлкен қамқор-лық керек. Уақыттың кобін таза ауада өткізу керек. Түнгі ұйқы үзақ болғаны жөн. Оларды ерте жатқызып, ерте тұрғызуға дағдыландыру керек. Бала жатқан төсек өте жұмсақ болмай, қатты-лау әрі тегіс, басындағы жастық аласа болғаны дұрыс. Ондай балалар шалқасынан жатады, оқыста аударылып кетсе оятудың қажеті жоқ. Түнгі ұйқыдан басқа, бір сағатқа созылған күндізгі ұйқы да пайдалы. Онда да тегіс салын-ған қатты төсекте, тек шалқадан жату керек. Ңолға кітап, ойыншықтар ұстауға болмайды. Сколиоз ауруына шалдыққан балалардың та-мақтануына баса назар аудару керек. Олар мезгі-лінде, витаминдерге бай әр түрлі құнарлы тағам-дармен тамақтануы қажет. Үйде жасалатын түзету гимнастикасы күніне 2 рет, ертеңгі астан кейін бір сағаттан соң (толық балалар ашқарында орындағаны жөн), түсте 2 сағаттан кейін орындайды. Жазда дене тәрбие-сін далада, таза ауада өткізеді (көлеңкеде). Допты жоғары лақтырып ойнаудың да пайда-сы көп. Тек оларды спорт жарысына қатыстыр-майды. Спорттық ойындардың ішінде тек суда жүзу (<<брасс>> түрімен) мен екі қолмен бірдей ескек есумен айналысу керек. Қыста шаңғымен жүру, коньки тебу өте пайдалы. Бұл салада да жарысқа қатысуға болмайды. Жас балалар өз бетімен ой-наған кезде тез бұрылуға, секіруге, шыр айна-луға болмайды. Сондай-ақ жерде жатқан құмда, топырақта еңкейіп ойнау да зиян. Оларға бойы жететіндей биігірек етіп құм үйіп беру керек. Балаларды аз қимылдайтын ойындармен ой-натқанда (сурет салу, жапсыру), столдың биіктігі қолды төмен түсіргендегі шынтақтың деңгейінен 3 см биік болуы шарт. Жазда балаларға көп қимыл керек. Сондықтан сабақ дайындағанда не отырып сурет салған-да, әр 20 минуттан соң екі-үш түзету жаттығуларын орындайды. Велосипед тебуге, секіруге, ауыр жүк көтеруге мүлде болмайды. Үй жагдайында алға көп иілмейтін жұмыстар атқарады. Таза ауада көп жүру керек, тек күн көзінде емес, көлеңкемен алмастырып отыру керек. Жазда баланың жасына байланысты, дәрігердің нұсқауы бойынша, суға күніне 2 рет 5, 10, 15 минуттан шомылуға болады. Столдың үстінде ойнайтын ойындардың қа-жеті жоқ. Осы айтылған нұсқауларды ата-ана мұқият қадағалап, бала өз ықыласымен орындаса, аурудан жазылуға толық мүмкіндік бар. Қазтабан Жалаң аяқты суға малып алып еден-ге басса, ортасы ойық -- табанның көрінісі қалады. Өйткені табан күмбез тәрізді көтеріңкі. Сондықтан оның көл-денең және ұзыншақ күмбездері бар. Сол арқылы адамның салмағы мен серпімділік ңызметі ат-қарылады. Осы күмбездердің жарым-жартылай немесе толық төмен түсуі қазтабан деп аталады. Қазақта оны жалпақ, тегіс табан деп те атайды. Қазтабан балаларда да, үлкендер арасында да кездеседі. Ол іштен туа немесе жүре пайда бо-лады. Іштен туа пайда болуы -- жатырдағы баланың жетілуіне зиян келуінен. Жүре пайда болған қазтабан мешел, сүйек аурулары, жарақат-тану т. б. жағдайларга байланысты. Ел арасында көп тараған түрі -- статикалық (орныққан, қозғалмайтын) қазтабан. Ол табан бұлшық еті мен сіңірдің созылуынан. Күні бойы жұмыс бабымен тік тұрып, аягы талған адам-дарда жиі кездеседі. Сол сияқты қан тамырла-рының ауруы (эндоартерит, тромбофлебит), ың-ғайсыз аяқ киім (биік өкше, иілмейтін қатты та-бан) үлкен әсерін тигізеді. Үшкір тұмсық аяқ киімдер саусақтарды қы-сып қисайтып, қажап, табанды жалпайтып жі-береді. Аса кең аяқ киім де пайдалы емес. Киген кезде аяқ киімнің арты өкшені қысып ұстамаса, алдымен қисайып, кейіннен қазтабан болады. Табанның жалпаюы аз қимылдайтын, сіңір-бұлшық еттері жетілмеген әлжуаз және үйде үне-мі қымтанып жылы киінетін, сол сияқты семіз адамдарда кездеседі. Статикалық қазтабан басталған кезде аяқ жылдам талып, шаршап, табан-өкше, жіліншік, сан бүлшық еттері ауыра бастайды. Кейбір кезде бел де сыздайды. Кешке қарай ауырғаны үдеп, табан қызып, аяқтың басы іспектеліп кетеді. Осы белгілер байқалған соң дереу ортопед дәрігерге көріну керек. Оған қаралмай жүре берсе ауру үдеп кетеді, жүрісі тұСалған аттай кібіртіктеп қалады. Кейде екі аяқ алшақтап, тізе шодырайып алға шығып, қолдарың сермеп тәлтіректей жү-реді. Осындай жүріспен жамбас қисайып кетуі ықтимал. Күн өткен сайын ауру асқына береді, тіпті қозғалуға зар болып ңалады. Осы қиындыққа ұрынбау үшін бала кезден табанның еті мен сіңірлерін жетілдіруге ықпал жасау керек. Нәресте өзі аяғын басқанша тиіс-пеу керек, ерте жүргізуГе асықпаған жөн. Аяқ киімінің табаны қаттьілау болғаны дұрыс. Аяқ киімнің табаны жұмсақ болганынан бұлшық ет шынықпайды. Күні бойы түрегеліп тұрып қызмет атқаратын адамдар (сатушы, шаштараз, мұғалімдер т. б.) қалайда аяғына бір Жеңілдік беру жағын ойлау керек. Ол үшін екі аяқты катарынан қойып, сырт-қы қырынан біраз тұрады. Үзіліс кездерінде аяқты орындыққа қойып, немесе сырмақта кө-сіліп отырудың өзі бір рахат, аяққа да жеңілдік өкеледі. Бұл онша байқалмайтын ақау болғандықтан емдеуі өте қиын. Табаңның жалпағы қайтеді дер-сің, ден сау* болсын деп жүре беретін, оны еле-мейтін .адамдар кездесіп қалады. Мұндай жағ-дайда ауру асқынып, ішкі ағзаларға әсер ете бас-тағанда ғана емдеуге кіріседі. Басқа емдеу әдісінің ішінде ең тиімдісі -- дене тәрбиесі. Омыртқа сьірқатындай, қазтабан бол-ған адамның да организмін шынықтырып, ны-ғайтуга әсері мол. Осыған орай емдік гимнасти-каның белгілі әдістері мен методикасы толық камти беріліп, әлсіз органды жетілдіреді. Аяқтың бұлшық еті мен сіңірін созылғыш қа-лыпқа келтіруде гимнастикалық лшттығулар-дың орны бөлек. Алғашында салмақ түсірмейтін жаттығулар жасайды. Ал қан .айналымын жақсарту үшін массаж және жылытатын емдер-ді қоса қолданады (балауыз, балшық, ток т. б.). Қазтабан болған адам күнде таңертең 5 -- 6 минут арнайы жаттығулар жасайды. Оны жалаң аяқ жүруден бастайды. Алдымен табанды толық тіреп, кейін аяқтың ұшымен жүреді. Одан соң сәл жүреден отырып, табанның сыртымен жүріп, ақырында аяқтың үшымен секіріп жаттығуды аяқтайды. Орындықта отырып аяқты созып, ұшын бү-гіп бір нәрсеге қатты тірейді; бүгілген саусақ-тарды еденге тірейді; саусақтармен ұсақ заттар-ды жерден теріп алады. Осындай жаттығулар арқылы жіліншік бұл-шық етін, саусақтарды қимылға келтіретін ұзын еттерді, сіңірлерді жетілдіріп нығайтады. Соның нәтижесінде табанды қалпына келтіреді. Арнайы жаттығулар жинағын мектепте дене шынықты-ру сабағына енгізсе, тіпті жақсы. Тәжірибе кор-сеткендей, емдеуді балалар арасында неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тәжірибелі болады. Аяқ киімнің ішіне супинатор салу ел арасында көп тараған. Бұл арнайы пластмассадан жасалган ұлтарақ, оны табанға салганда қазтабан жөнделмейді, тек аяқ шаршауы, ауруы кемиді. Оны көп қолданса, адам үйреніп алып шешпей қояды. Бірақ ұзақ кигеннен бұлшық еттер мен сіңір жетілмей, керісінше семіп қалады. Сондықтан оны салғанда да жаттығуларды міндетті түрде орындау керек. Дене тәрбиесінен жаттығулар жинағы қандай көмек бергенін анықтауға болады. Оның бірнеше әдісі бар. Ең кең тараған танымал түрі -- план-тография. Ол үшін табанды 10% танин ерітіндісімен сылап, ақ қагазға көрінісін түсіреді. Сонда боялған жер неғүрлым көп болса, онда қазтабан-ның нағыз өзі (11-сурет). Жаттыгуды әрі қарай жалғастыра беру керек. Нәтижесін жоғарыдағы әдіспен анықтап отыруға болады. Қазтабан болған адам осы жаттығуларды күн-делікті 30 -- 45 минут орындау керек. Ал уақыт жетпесе, 15 -- 20 минутқа қысқартуға болады. Балаларды міндетті түрде медициналық топқа енгізіп, жаттығуларды үзбей жасау керек. Тек сонда ғана өскелең организмді қалпына келтіруге болады. Жаздыгүні құмда, жаңа шабылған шөптің үстінде жалаңаяқ жүгіріп ойнаған өте пайдалы. Түрегеліп түрғанда екі аяқтың басын екі жақ-қа жіберіп тұруга, тіпті жүруге де болмайды. Өйткені салмақ табанның ішкі қырына түседі, содан барып өкшенің қисайып кетуі ықтимал. Дайындық бөлімінде берілген жаттыгулар жіліншік бұлшық еттерін бірде босаңсытып, бірде қатайтып, аяқтың басын дұрыс ұстауға дағ-дыландырады. Негізгі бөлімінде адам жүрісін ықшамдап, тепе-теңдік қалпын, денені тік ұстауды ңалып-тастырады. Сол үшін аяқ саусақтарына қатысты бұлшық еттерді шынықтырады (башбайлармен ұсақ заттарды қамтып ұстау, оқтауды сырғанату, допты дөңгелету т. б.). Қорытынды бөлімінде тек берілген жаттығу-лар емес, емдік гимнастиканың бұңаралық тү-рін кеңінен қолданады. Мәселен, суда жүзу (<<кроль>>), шаңғы, коньки тебу, жақын жерге жорыңқа шығып, жазық жолмен жоғары көтё-рілу. Тек аяңңа көп салмақ түсіретін ауыр зат көтеруге болмайды, секіретін жаттығулар жасал-майды. Қазтабанға арналған жаттығулар Бөлім дері Алғашқы қалпы Жаттығулар мазмүны Yenзақтығы Методикалық нұсқау 1 2 3 4 5 к і р і с п е Шалқадан жатқан қалпы, екі қол қапталда Аяқ саусақтарын иіп, аяқтың басын екі жаққа жіберу. 3 -- 10 рет Шалңадан жатқан қалыпта, аяқты тізеден бүгіп иықтың тұсына әкеледі, екі қол мықын да. Кезекпен өкшені жерден көтеру. Әр аяқпен5 -- 6 реттен Саусақтар жерге тиюі керек. Сол қалыпта екі санды алшақта тып, табандарды бір-біріне тигізу. Саусақтарды бір-біріне тіреп, өкшені бірде ал шақтатып, бірде жақындату. 5 -- 6 рет Шалқадан жа тып, екі қолды қапталда ұстау. Бір аяқтың басымен екінші аяқтың жілінші гін сипай отырып тізеге жеткізу. Әр аяқпен 4 -- 5 реттен Табан мен жіліншікті қысып ұстап, жылжытады. Терең дем алуды қадағалау керек. н е г і з г і Орындыққа оты рып, екі аяқты қатар қояды, қол мықында. Екі өкшені бірдей көтеру. 8 -- 10 рет Денені тү зу ұстау керек. Бір аяқты екінші тізеге қояды орындықта отырған қалыпта. Аяқтың басын шеңбер бойынша шыр айналдыру. 4 -- 5 рет Асықпай ортаща қарқынмен. Түрегеліп тұрып аяқтың басын сәл алшақтатып қатар қояды, қол мықында, а) екі аяқпен бір дей немесе кезек пен аяқтың ұшы мен тұру б) екі аяқпен бір, дей не кезекпен өкшемен тұру, в) өкшеден аяқтың басына және керісінше салмаң түсіріп тербелу. 15 -- 20 рет Денені тік ұстап ырғақты түрде демді еркін алу керек. Турегеліп тұрып қолга таяңша ұс-тап жоғары көте-реді. Журеден аяқтың ұшына отырып қолды таяқша-мен алға ұсыну. 5 -- 6 рет Алға еңкеймеу керек Аяңты алшақ ұс-тап, екі қолды иыңңа тірейді. Тұрган қалыпта. Аяқтың сырты-нан асықпай жүру. Қолды сермеп бір орында жүру. 15 -- 20 . рет 30 сек. Еңкеймей еркін дем алу Гимнастикалық таяңшаны көлденең салып, сонын үстінде тұрады. Жүреден отыр-ған кезде сау-сақтармен таяқ-шаны қысып ұстайды, қол алға созылған. 5 -- 6 рет Асықпай байыппен Гимнастикалық баспалдаққа шы-ғып, кеуде тұсы-нан қолмен ұс-тайды. Жүреден оты-рып, саусаңтармен баспалдақ таяңшаларын қысу. 5 -- 6 рет Бөксені артңа жі-беріп, мей-лінше тө-мен ығысу. Ішіне зат толты-рылған доптың үстінде тұрады, қолды созып, ал-ға ұстайды. Қолды қимыл-дата отырып жү-реден отыру. 5 -- 6 рет Еркін дем алады. Орындыққа отырып, қолды тізеге қояды. Саусақтарымен ұсақ заттарды қысып алып басқа жерге салады 20- 30 сек. Сабырлы ырғақпең. Малдасты құрып отырып, екі қол-ды бір-біріне бе-кіте ұстап желке-ге қояды. Аяң саусақтар-ын бугіп, алға ең-кейіп, түрегелген кезде аяқтың сырт жағына тұрады. 4 -- 5 рет Асықпай байыппен. Қолға доп ұстап жоғары көтеріп жүреді. а) аяқтың ұшы-мен; 5) аяңтың сырты- і мен; (аяқтың ұшымен жүреден отырып) кедір-бұдыр тақтайдың үстімен жүру 5-6 рет Орташа ырғақпен. Қ о р ы т ы н д ы Орындыққа отырып, қолды тізеге қояды. Саусақтарымен ұсақ заттарды қысып алып басқа жерге салады. 20-30сек. Сабырлы ырғақпең. Малдасты құрып отырып, екі қол-ды бір-біріне бе-кіте ұстап желке-ге қояды. Аяң саусақтарын бугіп, алға еңкейіп, түрегелген кезде аяқтың сырт жағына тұрады. 4 -- 5 рет Асықпай байыппен. Қолға доп ұстап жоғары көтеріп жүреді. а) аяқтың ұшымен; 5) аяңтың сыртыі мен; ( аяңтың ұшымен жүреден отырып) кедір-бұдыр тақтайдың үстімен жүру Жарты шеңбер Орташа ырғақпен. Көлбеу тақтайдың үстінде аяқтың ұшынан тұрып, қолды желкеде ұстайды. Аяқты алшақ қойып, қолға шеңбер (құрсау) ұстайды. Аяқтың ұшынан тұрып кұрсауды жоғары көтер-генде ішке терең дем алып, алға қарай еңкейгенде демді толық оыртқа шығарады 3 -- 4 рет Демді мұрын арқылы ішке тартып, ауыз арқылы сыртқа шығарады. Остеохондроз Омыртқа аралың шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру -- остеохондроз деп аталады. Оның себебін жоғарыда айттық. Остеохондроздың белгілері сан алуан. Оны функционалды және морфологиялы деп екіге бөлуге болады. Оның біліну белгілері зақымданған омыртқа бөлігіне, адамның тұлгасының жетілуіне, жасына тікелей байланысты. Остеохондроз мойын, кеуде, бел омыртқаларын қамтиды. Сондықтан осы аталған бөліктердің остеохондрозы дейді. Қазіргі кезде дәрігерлер көптеген неврологиялық белгілерді анықтады. Кейбір еңбектерге сүйенсек, оның 52 түрі кездеседі екен. Организм-дегі функционалды озгерісті науқас адамдар елемей жүре беруі мүмкін. Дәл сол кезден бастап емдік гимнастиканы қолданса үлкен жетістікке жетуге болады. Функционалды белгілерге мыналар жатады: мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың еті салдырап, тез талып қалады. Ңа-далып күні бойы қозғалмай столда отыру, жазу, ой еңбегімен шұғылдану осы белгілерді асқын-дырып жібереді. Сол сияқты мойын, арқа еттері шымырлап ауыра бастайды, бұл жұлыннан шыққан нерв талшығының қысылуы, бұлшық еттер-дің жиырылуы. Органикалық өзгеріс болғанда: мойын омырт-қа тұсында, иық пен жауырын буындарындақұяң ауруларының белгісі білініп, бұлшық ет қабынгандай болады. Бел остеохондрозы бел мен сегізкөзді тұтастырып ұстап қалатын құяң (ради-кулит) ауруындай білінеді. Неврологиялық белгілер жеке-жеке кездеспейді, бірімен-бірі байланысып, бірге білінеді. Қандай түрі болмасын, неврологиялық синдром (белгі-лердің бірнеше түрі) науқастың сол зақымдан-ган бөлігінде қозғалысты, сезімталдығын, зат алмасуын тежейді. Соның әсерінен иық үсті, жа-уырын, қол бұлшық еттерінің кейбіреулері қабынып, іспектеліп кетеді. Иық буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит деп шатастыруы да мүм-кін. Остеохондроз болғанда омыртқа арасынан, желке тұсынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншады. Кейбі-реулер оны инфаркт не стенокардия ауруымен шатастырып, дәрі іше бастайды. Тек бұған тән бір жәй -- электрокардиография жасағанда жүректен ешбір ақау табылмайды және қолданған дәрілер (валидол, нитроглицерин) көмек бер-мейді. Біраз қимыл-қозғалыс жасап, көңілін ау-ласа жүрек шаншуы басылып қалады. Мойын омыртқа остеохондрозында миды қо-ректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12 пар ми сүйегі мен мидың нервтері зақымда-нуы мүмкін. Мұнда неше түрлі белгілер білінеді. Бас ауырады, айналады, вестибулярлық өзгеріс-тер байқалады, көзге, жұтқыншаққа да әсер етеді. Бас желкеден тартып ауырып, кейде лоқсып құсады. Бейне бастың сақинасы ұстағандай болады. Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам тепе-теңдіктен айырылып, түзу жүре алмайды. Әсіресе, транспортқа отырып түскен кезде бір жағына жамбастап кетіп қалатын уақыт болады. Көзге әсер еткенде, көздің алдын көлбеңдеп перде байланғандай немесе ұсақ шыбын-шіркей ұшып жүргендей сезіледі. Кейің көздің түбі суырып ауырады. Әсіресе, басты шұлғып не ептеп қозғағанда айқын байқалады. Жұтқыншақ белгісі сирек кездеседі. Онда адам жұтынғанын, тілде, ауыз ішінде дәмді сезбейтін жағдайға тап болады. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай, қырылдап қалады. Сонымен қатар адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпешілдік, қорқыныш, абыржу, ұйқының бұзылуы, ұмытшақтық, көңіл-күйдің, мінездің өзгеруі байқалады. Осының бәрі желке остеохондрозы-ның симпатикалық белгілері. Бел омыртқа зақымдану ересектер арасында жиі кездеседі. Екінің бірі осы аурудың белгісін өзінен тауып жатады. Әйтсе де радикулит бел-гілері көбінесе ер адамдар арасында (20 -- 40 жас-та) жиі кездеседі. Ең алғашқы белгісі -- белдің ауруы. Бүл күт-пеген жерде кенеттен ұстап қалады (люмбага) немесе ұзақ уақыт сыздап ауырып жүреді (люм-балгия). Кенет ұстап қалатын түрі бел бұлшық етте-рінің бірден ңатты жиырылып, шымырланып қалуы себебінен. Ол ауыр жүк көтергенде, шүғыл қимыл жасағанда, ңатты жөтелгенде, түшкірген-де, зорланғанда болады. Қақсап не сыздап ауыру тек белдің тұсында байқалады, басқа жаққа бе-рілмейді. Ұзаққа созылған люмбалгия түрінде ауыра-тын нүктені көрсету қиын. Ол отырып-тұрған кезде, не шамадан тыс ауыр жұмыс атқарғанда ғана білінеді. Қалай ауырса да, оның негізгі себебі -- бел омыртқа арасындағы шеміршектің кеселі. Соның әсерінен бел және сегізкөз тұсынан шыққан нерв талшықтары түбінен қысылып, адамның жағда-йын кетіреді. Радикулитке (құяң) тән белгілер: бел тұсының ауыруы, оның сезімталдыгы, өткізгіштігі, қозғалт-қыш-қимылдатқыш қасиеттерінің төмендеуі бо-лып саналады. Нерв түбі қысылганда белдің тұсы удай ашып, дуылдап күйдіргөндей, түйрегендей, шаншып ауырады. Ол тек бір жерде топтаспай, бөксе мен ұршыққа, санға, аяққа, тіпті өкшеге дейін беріледі. Осындай қатты ауырғанда науқас қалай да бір ыңғайлы жағдай іздейді. Ондай жағдай әр түрлі болады. Мәселен, шалқадан жатып, тізені бүгіп бауырға жинап, сондай-ақ қырымен, ет-петтеп немесе еңбектеп тұрса, ауырғаны сәл ба-сылып, жанға сая табылады. Бұл жағдайлар жұлыннан шыққан нерв тал-шықтарын босатып, белдің ішке қарай майы-суын азайтады. Радикулит белгісі білінген остеохондроз ау-руынан кейін адамдар сол тынымын алған жерді босаңсыту үшін бір жағына ңисайып, не еңкейіп жүреді. Бұлшық еттердің, нерв талшықтарының қабынуы біржола басылғанда, адам бұрынғы ңалпына келеді. Дегенмен уақытында емделмесе, созылмалы түріне айналуы ықтимал. Мұнан кейін -- бел түсындагы сезімталдық қасиеттің кемуі байқалуы мүмкін. Ол көбіне аяқтың басында білінеді. Өйткені белден, сегіз-көзден шыққан нерв талшықтары аяқты қам-тамасыз етеді. Мұндай кезде бөксе, жіліншік, та-бан бұлшық еттері солып, семіп қалуы да ықти-мал. Бұл қозғаушы күштің кемуінен. Остеохондроздың осы аталған белгілерінде вегетативтік өзгеріс те байқалады. Мәселен, аяқ-қол іспектеліп, когілдір тартып, терлеп, тері тү-леп, құрғап, тырнақ өсіп, денені түк басып кететін кездері болады. Аурудың асқынатын және бәсеңдейтін кездері бар. Енді осы індетті емдеуге көп күш салу керек. Оған дәрі-дәрмек, ортопедиялық ем, инемен ем-деу, массаж және дене тәрбиесін қолданады. Емдік гимнастика ауру асқынган кезде ғана емес, оның алдын алу үшін де кеңінен пайдала-нылады. Дене тәрбиесін тағайындағанда әр адам-ның жеке басының ерекшелігіне, жасына, жыны-сына, аурудың шоғырланған жеріне, оның кезе-ңіне баса назар аударады. Мойын омыртқа остеохондрозы Емдік гимнастика тағайындағанда еске ұстайтын методикалық жағ-дайлар бар. Олар: 1. Омыртқалар бұлғалақтап бір жағына шы-ғып кетпес үшін мойынга мақта-дәкеден жасал-ған тіреуіш жаға кигізеді. Бұл мойынға киілген қамыт бүкіл бір емдеу курсы біткенше шешіл-мейді. Осы арқылы мойын омыртқаның тыныш-тығын сақтап, артық қимыл-қозғалыстан аулақ болады. Мұның өзі зақымданған жердің жеті-луіне мүмкіндік туғызады. 2. Алғашқы және негізгі бөлімдерде мойын омыртқаны оз еркімен қозғауға болмайды. Тек қорытынды болімде 15 -- 20 минут баяу қарқын-мен қозғайды. 3. Барлық жаттығулар бұлшық еттерді босаң-сытумен қатарласып келіп отырады. Әсіресе, иық, жауырын белдеуіндегі еттерді босатса, шаншып, ұйып ауырганы басылады. 4. Бірінші күннен бастап мойын бұлшық ет-терін жетілдіруге ықпал жасайды. Ол үшін қар-сыласу жаттығуларын орындайды. Мәселен, дә-рігер не комекші адам алақанымен басты артқа итергенде, ауру алға итеру керек. Оны кейін әр адам өзі орындайды (маңдайга екі алақанды ті-реп немесе иектің астынан тіреп отырып, басты алға итереді). Мойын бұлшық етін жетілдіруге жатқан бойда басты көтеріп 2 -- 5 секунд ұстап тұру да үлкен әсер етеді. Оны шалқадан, етпеттен, оір қырынан жатып жасауға болады. 5. Науқас мойнының ауырғанынан қорған-шақтап, көкіректің кең дем алуына да кедергі келтіреді. Сондыңтан тыныс алу жаттығуларын қосқан абзал. 6. Жаттығулар жасаганда адам шаршама-уы, еш жері ауырмауы керек. Ал жаттыгу үс-тінде мойын тұсы шаншып ауырса, жаттығу мол-шерін бірден азайтады. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: жауы-рын белдеуіндегі бұлшық еттерді босаңсытып, ауруын азайту, қан айналымын жақсарту, вести-булярлы өзгерістерді қалпына келтіру; тканьдер-дің ісігін басу, жалпы организмді нығайту болып табылады. Емдік гимнастиканы аурудьщ, жедел түрінде, алғаш басталған кезінде қолдана береді. Жатты-ғулар қолдың басына, ұсақ және орта' буындарға тағайындалады. Бұлшық еттерді босаңсытуға ар-налған жаттыгулар отырып, тұрып, жатып, яғни науқасқа қолайлы жағдайда орындала береді. Жауырын белдеуіндегі бұлшық етті босаңсыту үшін еңкейіп тұрып қолды алға-артқа сілтеу кең қолданылады. Ауырғаны басылған соң емдік гимнастика мойын, жауырын бұлшық етін шынықтыруга жұмсалады. Барлық жаттығулар тыныс алумен қабаттасып өткізіледі. Вестибуляр қызметі бұ-зылса, арнайы жаттығулар жинағын қолданады. Мәселен, жәй жүру, бір шеңбермен жүру, тепе-теңдік сақтау, кедергілерді аттап өту т. б. (4-таб-лица). Ауру басталған кезде басты жан-жаққа ңоз-ғамайды. Тек қорытынды бөлімде ғана әр түрлі қимылдар жасалады (жан-жағына қарау, басты томен салбырату, иекпен кеудеге жарты шеңбер сызу, басты оң-солга қисайту, иекті созып, кейбір әріптер жазу т. б.). Бір курсқа 30 -- 40 емдік жаттығу енгізуге болады. Емдік гимнастикамен қоса мойынға, екі жа-уырынның ортасына массаж қолданса, тіпті, дұрыс болады. Үй жағдайында тосек қатты, жастық аласа болу керек. Жазу қызметімен айналысатын адам-дар мойнына <<қамыт>> іліп алуы керек. Мойын остеохондрозының алдын алу үшін суда жүзудің маңызы өте зор. Мойын бұлшық етін қатайту үшін қабырғаға арқаны беріп шүйдемен қатты тіреледі (3 -- 5 сек.), одан соң босаңсытып тағы қайталайды. Екі қол-ды шынтақтан бүгіп, иектің астынан итеріп, бастың төмен не жан-жағына бұрылуына мұрша бермейді. Сонымен қатар жон етті өз қолымен қысып, сипап массаж жасап жіберсе, шаршағаны басылып қалады. Мойын остеохондрозына арналған жаттығулар. Бөлім-дері Жаттығулар Үзақтығы Методикалық нұсқаулар 1 2 3 4 К і р і с п е Тұрған қалыпта әртүр-лі ырғақпен жүру. Орындықта отырып екі қолды тізеге қояды. Оң қолды және сол аяқты бір мезгілде алға соза-ды жэне керісінше. Отырған қалыпта оң қолды бүгіп иыққа ти-гізеді, сол аяқты алға созады, екінші жақтан да осыны қайталайды. 2 -- 3 минут 4 -- 5 рет - 4 -- 6 рет Қолды мықынға қойып аяқтың ұшы-мен жүру, қолды екі жаққа жайып жүру (минутына 25 -- 100 қадам). Демді дұрыс алып денені тік ұстайды. Аяқты жермен жылжыта, ал қолды мей-лінше бүге жасайды. Құшақты жая екі жаққа арқан тартқандай керілу. 1-2минут Жұдырық түйіп бұл-шық етті қатайта екі жаққа кезекпен тар тылады. Оң қолмен ара тартқандай қимыл жасап, сол қолмен санды қағып отырады. 1 минут Екі қолмен алма- кезек. Оң қолмен мұрынның ұшын, сол қолмен құлақты ұстайды. 4 -- 6 рет Арасында алақанды соғып қолдарды ауыстырады. Тұрған қалыпта тізені бүгіп,екі қолды желке де ұстайды одан соң аяқтың ұшына кетер іліп. екі қолды төмен түсіреді. 5 -- 6 рет Қолды котергенде төмен түсіргенде арқа бұлшық еттерін мейлінше ширық тырады. Қолды қозғап, шеңбер мен шыр айналып жүру. 3 минут Табанды толық басып аяқтың ұшы мен тізені жоғары көтеріп, козді жұмып жүру Н е г і з г і Айналатын орындыққа отырып, аяқпен жүру дің қимылын жасап орындықты айналдыру 1 минут Сақтық шараларын ескере отыру керек Түрегеліп тұрып екі жаққа алма-кезек иілу 2 -- 3 минут Түрегеліп тұрып белгілі гимнастикалық жаттығуларды қолға таяқша доп ұстап тұрып жасау. 4 -- 5 минут Бастың төмен салбырап кетпеуін қада ғалау. Түзу сызықпен жүру 5 -- 6 минут Демді дұрыс алу керек. Мойын бұлшық еттері не қарсыласу жаттығулары 4 -- 5 минут Мойын ауырмауы тиіс. Отырған қалыпта қолды темен түсіріп саусақтарды сілкілейді 45 сек. Бұлшық еттерді босатуға көңіл ауда рады. Басты төмен салбы тып иекпен жарты шең бер <<сыза>> қозғайды. 5 -- 6 рет Асықпай байыппен Түрегеліп түрып қолды жоғары көтеріп әр буынды кезекпен бүгіп қолды сылқ еткізіп тастап жібереді. Екі қолды мықынға ті рей екі қолды өкшені көтеріп, терең дем ала ды, қалпына келгенде демді сыртқа шығарады. Қолды мықынга тіреп, бөлме ішінде жүру. Барлығы 3 -- 4 рет 3 -- 4 рет 1,5 -- 2 минут 25 -- 30 минут. Денені дұрыс ұстап еркінше дем алу. Орташа ырғақпен Баяу ыргақпен тізе ні көтеріп жүру. Кеуде остеохондрозы Омыртқа аралық шеміршектің то-зуы салдарьщан көкірек қуысы өзгеріп кетеді. Кеуде омыртқалары сыртқа теуш, дөңестік пайда болады. Ол тек ауыр-тып қоймай, өкпенің қызметін, дем алуғд ықпал жасайтын қабырга еттерін әлсіретеді. Сонымен денеде газ алмасуы бұзылып, оттегі тапшы бо-лады. Кеуде артқа кеткенде дененің тік қалпын сақ-тау үшін бел омыртқалар алға ығысады. Содан оларды ұстап тұрған еттер мен сіңірлер созылып, нерв талшыктарына әсерін тигізеді. Сол кезде бел омыртқаларда ешбір өзгеріс болмаса да ауыра бастайды. Емдік гимнастиканың міндеті: дененің сым-батын сақтау үшін арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқа жотасының табиғи иректерін (лордоз, кифоз) қалпына келтіру. Емдік гимнастика әр түрлі жағдайда (жатып, отырып, түрегеліп тұрып) жасалады. Кеуде қабысып қалғанда іштің етін шының-тырып, арңа бұлшық етін созады. Мұнда қалайда кеуде кифозын (сыртқа тебу) үлкейтуге ықпал жасайды. Кеуде қуысы артқа ауысып кетсе, арқа, іш, кеуде бұлшық еттерін нығайтуға арналған жат-тығулар беріледі. Онда омыртқа жотасын қай-қайтып, жауырындарды бір-біріне тигізеді. Мұн-дай жағдайда бел омыртқа орнында қалуын қа-дағалау керек. Ол үшін етпеттен жатып, іштің астына жастық салып қояды, сол арқылы алдын ала бел лордозын таяздатып, қайқаюына мүмкін-дік бермейді. Тізе мен шынтаққа тіреліп <<төрт тағандап>> түрып жасалған жаттығулар да омырт-ңа жотасының қалпына келуіне ықпал жасайды. Омыртқа жотасы қисайғанда берілген жатты-ғулар сияңты остеохондроз ауруында да көлбеу жазықтықта созылудың маңызы зор. Сол сияқты судың ішінде жасайтын жаттығу-лар өте пайдалы (жүзудің <<брасс>> деп аталатын түрі және арқамен жүзу). Үй жағдайында жазу-сызу мен шүғылдан-ғанда стол басында отырып қалса, қалайда әлсін-әлсін түрегеліп жүріп, не отырған орындықтың арқалығына шалқая 2 -- 3 минут жату керек. Бұлшық еттерге күш салу өте тиімді: орындық арқалығына жауырынды жапсыра қысады; бел-ді де таяп қойып нығыздайды; сол қалыпта орын-дықтың екі жағынан ұстап өзін де, орындықты да көтермек болады; қолды столға қойып қатты басады; қабырғаны арңамен тіреп тұрып, бөксе-мен, белмен, жауырынмен оған кезек-кезек қысым түсіреді. Осындай изометриялық қатайту, шынық-тыру жаттығуларынан кейін бүкіл денені босаң-сытады. Әр сабаңта 4 -- 5 рет осы жаттығулар қайталану керек. Емдеу гимнастикасымен бірге арқа, кеуде бұлшық еттеріне арналған массаж өте тиімді. Бел омыртка мен сегізкөз остеохондрозы Омыртқааралық шеміршектщ жан-шылып ыдырауынан неврология-лық белгілер айқындалып, бел омыртқаның қимыл-қозгалысы кеміп қалады. Қолданатын емдеу әдістері көп. Олар дәрі-дәрмек, хирургиялық (операция), балшықпен емдеу, токпен емдеу, массаж және емдік гим-настикасы. Профессор Епифанов В. А. (1982) емдік гим-настика тағайындағанда белсегізкөз омыртқала-рьіның анатомо-биохимиялық ерекшелігін ескеру қажет деген. 1. Шеміршек ішіндегі ңысым жатқан кезде төмендейді (0,5 -- 1 кг/см2), ал тік тұрғанда ол екі есе көтеріледі. Сондықтан аурудың алғашқы са-тьісында жаттығуларды шалқадан, етпеттеп, бір қьірынан жатып немесе еңбектеп тұрып жасаған дұрыс. 2. Омыртқа аралық шеміршектің ыдырап сьіртқа шығуы (грыжа) нерв талшықтарына қцянат келтіреді. Бұзылған нерв түбірлері бұл-тітьіқ еттің <<тастай>> болып ңатып ңалуына әкеп соғады. Осыған орай бұлшық етті босатудың жә-йін ойластыру керек. 3. Денені алға еңкейтсе, омыртқа аралығы аціылып, одан шығатын нерв талшықтары бо-сайды, бұлшық еттердің тартылуы кеміп, қалпына келеді. 4. Омыртқа жотасын созудың маңызы зор екенін жоғарыда айттық. Тәжірибе жүзінде бел оіяыртқа зақымданғанда, көлбеу жазықта немесе кушеткада, суда созылудың пайдасы айрықша. Ауру асқынған кезде бұлшың етті босаңсыту үціін қаттырақ төсекте қозғалмай жату керек. Хізені сәл бүгіп, таңымға жастық не бүктелген көрпе ңоюға болады. Тыныштық және ауырған жерге күш түсірмеу -- жарылған шеміршектің бітуіне үлкен ықпал жасайды. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: бел оіуіьіртқаның, оның маңындағы бұлшық еттердің сьіздап ауырғанын бәсеңдетіп, қан айналымын ясақсартып, нерв талшықтарын жандандыру. Жаттығулардың бәрі бұлшық етті босаңсытуға аряалған. Сондықтан қимыл-қозғалыс дұрыс тьіныс алумен қабаттасып келіп отырады. Аяқ-тарды екпінді серпу керек болса, ол оңай орындалу үшін табанның астына жылжитын тақтай, кіііікене дөңгелектері бар арба орнатып қояды. Сонда еркімен барлық қимылдарды жасауға мүмкіндік туады. Ауырғаны басылған соң жаттығулар жинағы күрделеніп, омыртқаны созуға бағытталады. Кө-бінде жаттығуларды жатып (шалқадан, етпеттеп, бір жағынан) орындайды. Сонда омыртқа арасы ашылып, қоршаған бұлшық ет босап', зат алма-суы жақсарады. Орта және ірі буындар мен бұл-шық еттерді жаттығуға біртіндеп қосады. Изо-метриялық күш жұмсайтын жаттыгулар өте тиім-ді, мәселен, аяқты тізеден бүгіп, белді, бөксені тақтай төсекке қатты қысады. Бұл жаттыгулар құрсақ ішіндегі қысымды ұлғайтып, сол арңылы шеміршек (омыртқа аралық) ішіндегі қысымды азайтады. Барлық жаттығу адамның өз еркімен қинал-май жасалу керек. Әдетте сау аяқтан бастайды. Мөлшерін, ырғағын, қарқынын біртіндеп өсіреді. Yenзаққа созылған ауруда арқа мен құрсақ бұл-шық еттері семіп қалады. Сондықтан дене тәр-биесі арқылы бұлшық еттерді жетілдіріп, қысып ұстап тұратын құрсау керек. Осыған орай ертеңгі гигиеналық гимнастикамен бірге, арнайы емдік гимнастиканы мұқият орындаған дұрыс. Әр уа-қытта денені тік ұстауға дағдыланған пайдалы. Үй жағдайында қатты төсекте жатуды ұмыт-паған жөн. Yenзақ уақыт бір күйде отырмай, ауыр нәрсе көтермей, суыққа ұрынбай, адам өзін сақ-тау керек. Ал қызмет бабымен алыс командиров-каға шыңқанда машина-транспортпен селкілдеп көп жүретін болса, арнайы корсет (құрсау, киген дұрыс. Бірақ оны үнемі пайдалануға болмайды. Сол сияқты остеохондрозға, жалпы омыртқа ауруларына ең қажет нәрсе -- таза ауа, серуен, суда жүзу, шаңғы тебу т. б. Массажды біреуге жасатуға не әркім өзі жа-сауына болады. Мұнда бел, бөксе, аяқ бұлшық еттерін мейлінше сипап, мыжып, тонусын артты-рады, қан-лимфа айналымын жақсартады. Кеуде және бел остеохондрозына арналған жаттығулар мөлшері п/п Мазмұны Ұзақтығы мен мөлшері Методикалық нұсқау 1 Жатқан қалыпта екі қол ды жоғары көтеріп, терең - дем алады, қолды төмен түсіргенде демді шығарады. 4 -- 5 рет Демді дұрыс алу керек 2 Екі аяқты кезекпен бүгіп-жазады. 6 -- 10 рет Еркін дем алу керек. 3 Жатқан қалыпта иықты, жауырынды, белді, бөксені қатты төсекке басып ба-тырғандай болады, содан кейін босатады(5 -- 7 сек). 3 -- 4 рет Мүмкіндігінше қат-тыраң қысу керек. 4 Қолды ішке қойып терең дем алады. 3 -- 4 рет Іштің көк етін дем алуға қосу. 5 Шалқадан жатып, аяқты бүгеді. Табан мен шынтақ-қа тіреліп, жамбасты жо-ғары көтереді. 4 -- 5 рет Көтерілген кезде бұлшық ет жиыр-ылуы тиіс. 6 Етпеттеп жатып, иықты көтеріп екі колмен жүзу-дің <<брасс>> эдісін жа-сайды. 6 -- 8 рет Асықпай, бірқалып-ты ырғақпен. 7 Екі аяқты алма-кезек екі жаққа жіберіп, кушеткаға тигізбей қайта орнына қояды. 4 -- 6 рет Еркін дем алады. 8 Екі қолды алға созып, одан соң желкеге қойып, кеуде-ні көтереді. Ңайта қалпы-на келеді. 4 -- 5 рет Баяу ырғақпен. Дем алу ерекше. 9 Төрт тағандап, еңбектеп тұрады (шынтақ пен тізеге тіреліп). Екі қолды алға созып, өкшеге басылып отырады. 4 -- 6 рет Орташа қарқынмен. 10 Сол қалпында, оң жақ ті-зені сол қолға қарай соза-ды, керісінше. 6 -- 8 рет Дем алу еркінше 11 Оң жағынан жатып; үс-тіңгі аяқты жоғары көтер-іп 5 -- 7 секунд ауада ұстап тұру. Кейін екі аяқты бір-дей көтеріп ұстап тұру. Сол жағына жатып жат-тығуды қайталайды. 3 -- 4 рет Дем алу еркін. 12 Бір қырьінан жатып үс-тіңгі қолды жоғары көте-реді, ол кезде омыртқа-кеуде артқа қайқаймағаны дұрыс. Екінші қолмен де соны жасайды. 4 -- 6 рет Денені түзу ұстау ке-рек. Демді еркін ала-ды. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. 2.Сіңірдің созылуы, тартылуы, үзілуі,буынның шығуы сияқты ауруларда қолданатын жаттығулар жинағы. 3.Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағы. . Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №9. Тақырып. Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. Мақсаты: Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика әдістемесін оқып білу. Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастиканың негізімен танысу. Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастиканың тәсілдерін менгерү.. Дәріс тезистері: Хирургическое лечение может повлечь за собой ослож - нения как местного, так и общего характера. Поэтому необ - ходима система мероприятий в предоперационном и после - операционном периодах для максимальной эффективностиоперативных вмешательств. Общепризнанна важная рольв этом ЛФК.В предоперационном периоде при плановых операциях ле - чебную гимнастику применяют в целях общего укреп - ления организма, обучают упражнениям, необходимымпосле операции для развития правильного дыхания (груд - ного, диафрагмального и полного), сочетают дыхание сфизическими упражнениями (повороты на бок, поднима - ние таза). В раннем послеоперационном периоде, наступающем сразупосле операции и продолжающемся до разрешения вставать с постели, применяют упражнения, которым обучили до операции. ИП -- лежа на спине, полусидя, сидя на кровати. Элементарные физические упражнения сочетают с дыхательными. На 2-й день присоединяют специальные уп - ражнения, повороты туловища, присаживание.В позднем послеоперационном периоде (от момента подъема на ноги до выписки из стационара) занятия ЛГ проводят в палате и в гимнастическом зале малогрупповым методом. Применяют общеукрепляющие, дыхательные упражнения; для растягивания послеоперационного рубца, подвижные игры: В отдаленном послеоперационном периоде, наступающем после выписки из стационара, ЛФК продолжают дома, в поликлинике или санатории. Включают упражнения с предметами, на снарядах; увеличивают и разнообразят нагрузку упражнениями с сопротивлением, отягощением элементами спортивных игр. ЛФК при операциях на легких Заболевания легких, требующие оперативного лечения, -- тяжелые; они поражают не только систему дыхания, кровообращения, но вызывают интоксикацию во всем Организме период -- предоперационный В предоперационном периоде необходимо уменьшить проявления гнойной интоксикации, улучшить функции сердечнососудистой системы и органов дыхания, укрепить силы больного и обучить упражнениям, которые назначают после операции. Противопоказания к назначению ЛФК: - легочное кровотечение (следы крови в мокроте не служат противопоказанием), - сердечно-сосудистая недостаточность III степени, - инфаркт миокарда или легкого в остром периоде, - высокая температура (38-39 °С). Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. 2.Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика. 3.Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Лекция №10. Тақырып. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика Мақсаты: Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру негізін оқып білу. Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастиканы қолданып уйрену. Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсерін зерттеп білу. Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар. Дәріс тезистері: Өмірдің жалғасы, болашағы, келе-шегі -- ұрпақтардың денсаулығын сақтау өте үлкен, ауқымды мәселе. Ңазақта <<баланы бастан>> деген мақал тегін ай-тылмаған, оны дүрыс тәрбиелеп, ойда жігер, бойда қайрат болуын, тепсе темір үзетін мықты бо-луын қалайды. Дені сау бала өзі де отырмайды, лақтай секіріп, жүгіріп, үнемі қозғалыста жү-реді. Оған тіпті арнайы жаттығудың қажеті де жоқ. Өйткені оның көңілі көтеріңкі, өсіп-жеті-луі, дамуы -- бәрі ойдағыдай. Енді осы туа біткен қорды сақтап қалу үшін -- үлкен азамат бол-ғанша адам үнемі қимыл-қозғалысгіен, дене тәр-биесімен айналысу керек. Өкінішке орай, бүлдіршіндер арасында да неше түрлі аурулар аңғарылуда. Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, транспорттыңкөбеюі, теледидар алдында бірнеше сағаттан отыру, бірнеше қатар биік үйлердің са-лынып, баланың еркін жүгіретін жерінің кемуі. Осылардың бәрі жас организмнің дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Күн салқындаса болды, олар түшкіріп-иысқырып, тымау тие бастайды. Ата-ана оған' салғырт қарап, уақытында емдетпесе баспа, тымау т. б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан сияңты ішкі ағзаларды зақым-дайды. Сонда ғана дәрігерлерге жүгіріп, диспан-серлік тізімге ілінеді. Міне, осыдан бастап мек-тепте, институтта олар арнайы медициналық топ-қа бөлініп, емдік гимнастика немесе дене тәр-биесі жаттығуларымен айналысады. Сондықтан жаттығулар жиынтығы осындай, бойында ауруы бар немесе аурудың қалдыгы бар балаларга, студенттерге тағайындалып, оны одан әрі асқындырмауға күш салады. Арнайы меди-циналық топқа дәрігердің нұсқауымен алынады. Барлық оқушыларды денсаулығына байла-нысты негізгі, дайындық және арнайы деп ата-латын үш топқа бөледі. Негізгі топқа денсаулыгы жақсы немесе аз-даған кемшілігі бар, күш-қуаты жеткілікті бала-лар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Олар жарысқа қатысып, ГТО комплексін жасына қарай тапсырады. Даярлық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты онша жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың қалдығы бар, кейде ауруы жоқ балалар дайындалады. Оқу про-граммасы мен жүргізілген дене шынықтыру са-бағы біртіндеп басталып, оны еліктіріп өзіне тар-татын болу керек. Денені жетілдіру үшін, күш-қуатын асыру үшін қосымша сабақ өткізеді. ГТО комплексін бөлшектеп тапсыруға рұқсат бері-леді. Арнайы топ -- бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша не үнемі дәрігерлердің, мұғалім-инструкторлардың бақылауында болады. Жатты-ғуларды байқап, өте сақтықпен қолданады. Олар жеке оқу программасымен дайында-лады және ГТО нормасын тапсырудан босаты-лады. Студенттерді не оқушыларды осындай топқа бөлгенде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімді қандай топқа жіберу тек дәрігердің жұмысы. Ол үшін оның ой-өрісін, жалпы жеті-луін, күш-қуатын -- бәрін ескереді. Негізгі табан тірейтін дәлел -- оның диагнозы, қандай аурумен ауырғаны. Мәселен, баспа (ангина) -- ол тек та-мақтағы бадамша безінің қабьшуы. Бала уақы-тында емделіп, жазылып кетсе 10 -- 15 күннен кейін сау балалармен бірге дене шынықтыру са-бағына белсене қатысып кетеді. Ал ол толық жа-зылмаса, оның уыты организмге жайылады. Міне, мұндай кезде дене шынықтыру сабағына мүлде қатысуға болмайды. Осындай болымсыз аурулар індеттің козі бо-лып табылады. Сондықтан дәрігер не білікті мұ-ғалімдер егер баланың тісі ауырса (қаңғұрт), гайморит (гаймор қуысының ңабынуы), холецис-тит болса осы жагын ескерген жөн. Бұл аурулар онша қорқынышты емес, біраң көпшілікпен бір-ге дайындалған бала организмі көтере алмай, бір-ден асқынып кетуі мүмкін. Әр топтың өзіндік мақсат, ерекшелігі бар. Олар дене гимнастикасымен айналысатын адам-дардың мінез-құлқына, жетілуіне, күш-қуатына тікелей байланысты. Арнайы медициналық топтағы дене тәрбие-сінің міндеті: сана-сезімді, рухани қабілетті, қимыл-қозға-лысты арттыру; функционалды кемшіліктерден қүтылу, орга-низмді шынықтыру; адам бойындағы ауруды асңындырмауга ық-пал жасап, біртіндеп денені жұмысқа үйрету; денсаулықты нығайтып, оқу мерзімі аяқтал-ғанша жұмысқа, оқуға қабілетін, іскерлігін арт-тыру; аңырындап ГТО нормасын тапсыруға да-йындау; дене шынықтырудың барлық тәсілдерін оқу үстінде, үйде, далада қолданып, бойына сіңіру. Мектепте, институтта арнайы дене тәрбиесі сабақ ретінде өткізіледі. Оған қосымша ертеңгі гигиеналық гимнастика, өндірістік жаттығулар, туристік саяхат, серуен, спорттық шараларды қолданған дұрыс. Оқу орындарында әр курсты, не бірнеше клас-тарды қосып, ауруларының ұқсастығына байла-нысты топтастырады. Мәселен, мектепте 1 -- 3, 4 -- 6, 7 -- 8, 9 -- 10 кластар немесе 7 -- 9, 10 -- 12, 13 -- 14, 15 -- 16 жастағы балаларды бір топқа ала-ды. Мектепте аптасына екі рет 45 минуттан са-бақтан тыс жаттығулар жасатады (немесе 30 ми-нуттан аптасына 3 рет). Институтта күн тәртібіне енгізіп, аптасына 30 минут, әйтпесе 45 минуттан сабақтан тыс айналысады. Қолданылатын жаттығулар барлық мүшені жетілдіруге, жеке тепе-теңдікті сақтауға арнал-ған. Сондай-ақ дем алу, спорттық шапшаң ойын-дар, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу күнделікті өмірде үлкен орын алу керек. Алғашқы кезде денені түзу ұстауға дағды-ланады. Онан соң тыныс алуды қадағалайды. Мәселен, жүрек-тамыр және өкпесі ауыратындарға демді іште көп ұстап тұруға болмайды. Ал асқазан-құрсақ ауруына шалдыңқандарға көк етті керуге, іштің бұлшық етін зорлауға, секі-руге болмайды. Бұл көзі нашар көретін, бүйрегі ауыратын балаларға да қатысы бар. Нерв жүйесі зақымданған балаларға айғай-шу, денені зорлау керек емес. Керісінше көңіл-күйді көтеретін, жеңіл, өзіне белгілі, шамасы келетін жаттығулар жасағаны дұрыс. Соның нәтижесінде оларда өз күшіне деген сенім пайда болады. Ол үшін жеңіл спорт ойындары, жүру, баяу жүгіру, бұлшық етті босаңсыту сияқты жат-тығулар жасайды. Қаңқа сүйек, буын ауруына берілетін жатты-ғулар ішкі ағзаларға арналған жаттығулардан мүлде басқаша. Сабақтың негізгі бөлімі дененің бұлшық етін жетілдіруге және түзетуге арна-лады. Жаттығу әр баланың науқасына лайықтап беріледі. Дененің тұлғасын, сымбатын қалпына келтіру үшін көңіл көтеретін әуен мен би өнері-нен үзінділер алады. Баланың әр қадамының түзу, дұрыс басуымен, басын, кеудесін тік ұстауы бақыланады. Ол адамды ширықтырып, нерв жүйесін қалпына келтіреді. Нәтижеге жету үшін кім де болсын қиынсын-бай күнделікті өз-өзімен айналысуы керек. Сон-дай-ақ емтихан, каникул кездерінде де тоқтатпай, жаттыгулар жиынтыгын үш-төрт апта сайын ауыстырған жөн. Бастапқы кезінде көпке белгілі, қарапайым жаттығулардан бастап, біртіндеп күрделендіре-ді. Үй жағдайында да, әркім білетін жасаумен бірге серуенге шыгу, жүру, шаңғы тебу, денені шынықтыруды күнделікті тіршілікке айналды-руы тиіс. Тек сонда ғана өсіп келе жатқан жас организм өмірдің қиыншылығына төтеп бере алады. Өз бойына жиналған күш-ңуатын дұрыс үнемдей білу де үлкен жетістік. Басқа түссе адам-ның жеңбейтін қиындығы жоқ. Осы жерде атақ-ты цирк артисі В. И. Дикульдің <<ерлігін>> айта кетуді жөн көрдім. Ол бел омыртқасы жарақат-танып, аяқтары жансызданып, екі жыл төсек тартып жатқан. Өзінің ңайсарлығымен, еңбек-қорлығымен жаттығуды күнделікті жасаудың нәтижесінде қазір қайта өз аяғымен жұмысқа шығып жүр. Дұрыс тамақтандыру бүлдіршін-дердің денсаулығын ойдағыдай саңтаудағы алғы шарт. Соған орай мектеп жасындагы балаларды үйінде және басқа да көпшілік орындарында дүрыс тамақтандыру-дың маңызы зор екенін айта кеткен орынды. Ңа-зіргі мектептердің қай-қайсысы болса да бұл күндегі хабарлар тасңынының үдере дамып оты-руынан туған барлық тілек-талаптардың тұргы-сынан көрінулеріне мүмкіндіктері мол. Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекше-лігі дене бітімінің интенсивті түрде өсуімен және энергиялық күш-қуатты жұмсаудың артуымен айқындалады. Осы кезеңдегі жас балдырған-дардың қай-қайсысында болса да мектептегі са-бақңа, өндіріс процесіне және спортқа байла-нысты санаға және денеге түсетін салмақтың артатындығы белгілі. Сондықтан да әрбір пірім даму кезеңінде жан-жақты дұрыс жетілу үшін оларды дер кезінде дұрыс тамақтандырып отырудың орны ерекше. Дұрыс тамақтандыру дегенді қалай түсінуге болады? Тамақтану жөніндегі ғылымның күн сайын жетіліп келе жатуына байланысты ол әр жас адамның физиологиялық қажеттілігіне бай-ланысты тамақтанудың жаңа нормативін ұсынып отыр. Сонымен бірге тамаңтандыру мәселесі оқу-дың және еңбек процесінің жағдайын ескеріп отыруға тиіс. Әр бала мектепте, орта есеппен, төрт-алты сағат уақыт болған кезде сабақта ой-лануына және басқадай қимыл-қозгалысына мөлшері 600 килокалориядай қуат жұмсайды екен, ал оның орнын толтырып отыру үшш бір күнде ішетін тамағының 20 -- 25 процентіне тең келетін ыстық және сүт тағамдарымен мектепте тамақтануы қажет. Ал, мектепте бір тәуліктің 8 -- 10 сағатын өткізетін оқушылар бұған қоса тағы да түстік тамақ ішуге тиісті. Сондай-ақ, әр баланың күніне ішетін тама-гының мектепте қанша мөлшерін және қай уа-қытта ішуінің маңызы зор. Егер бұл шарттар ойдағыдай орындалмаса, ондай жағдайда бала-ның ас қорытуы нащарлап, тамаққа деген тәбеті төмендейді. Әр шәкірт тәулігіне төрт рет тамақтануға тиіс. Және ол тағамның беретін қуаты баланың жұм-саған қуатымен тең болып отыруы керек. Егер ер бала өзінің бір килограмм салмағына әр тәу-лікте 1,5 -- 2,5 грамм белок және май, сондай-ақ бұдан 4 -- 4,5 есе көп углевод алып отырса, оның өсуі ойдағыдай болмақ. Ол үшін мектеп жасын-дағы баланың тәулігінде қабылдайтын тамағы-ның рационы мынадай мөлшерде болуы керек: сүт -- 500 г, ақ ірімшік -- 40 -- 45 г, қатырма ірім-шік (сыр) 10 г, кілегей және иінді сүт (сливка) -- 15 г, ет-балық -- 140 -- 200 г, нан 200 -- 300 г, же-міс-жидек -- 300 -- 500 г, жарма (крупа) -- 25 -- 35 г, кондитер тагамдары -- 60 -- 80 г, көкөніс -- 400 -- 600 г басқалар. Бір тәулікте пайдаланылатын тагамның молшері 7 -- 11 жас арасын-дағыларға 2000 -- 2300 г, 11 -- 16 жастағыларға -- 2400 -- 2700 г болуға тиіс. Тағамның құрамында биологиялық активті компоненттері мол азық-түліктерге ең алдымен сүттен жасалған тағам-дардың (айран, ақ ірімшік, тәтті айран, қатырма ірімшік), сондай-ақ көконістер мен жеміс-жидек-тердің (капуста, қызылша, кок бұршақ, салат, алма т. б.) жататындығын айту керек. Жасос-пірімдердің дене бітімінің ойдағыдай жетіліп, ақыл-ойының жан-жақты дамуы үшін қымыз, шұбат сияқты аса құнды сусындарды да пай-даланған жон. Жоғарыда корсетілген тағамдар-дың түрлері мезгілімен дұрыс беріліп отырған жағдайда организмнің қызметі артып, ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істейді, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен, балаларды дұрыс тамақтандырудың маңызы оте зор екендігі белгілі. Ойткені жаста-рымыздың дене бітімі жарасымды, ақыл-ойы жан-жақты толысып жетілуінде жоғарыда ай-тылған жағдайдың ролі ерекше. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика 2.Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. 3.Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастика. 4.Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері 5.Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Практикалық сабақтар, мазмұны. №1сабақ. Тақырып. Емдік гимнастиканың негізі. Мақсаты: Жаттығулар жинағының тигізетін медико-биологиялық негізі: әлдендіру, қоректендіру, орнын толтыру, қалпына келтіру механизмдерінің негізінде емдік гимнастиканың тәсілдерін, әдістерін, формаларын оқып білу. Сабақ жоспары: Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Әлдендіру механизмі Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу немесе қоздыру процестерін өзгерте отырып орталық күштің жұмысын реттейді. Мұның өзі оның басшылық қызметін арттырып, ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуын үдетеді. Бұл бұлшық еттер мен ішкі ағзалар арасындағы рефлекстің байланысынан туады. Үлкен бұлшық еттер неғұрлым көбірек қозғалса, әлдендіру әсері соғұрлым көбірек болады. Жаттығумен айналысқан адамның көңіл-күйі көтеріліп, науқастан құлан-таза жазылатынына сенім пайда болады. Ал сенім неге болса да тиімді әсер етеді. Сондықтан әрбір жаттығуды сеніммен, шын көңілмен жасаса, әркімнің де толық жазылуға мүмкіндігі мол. Қоректендіру механизмі Буындардан жоғары нерв жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегетативтік нерв жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, қышқылдану-тотығу, қайта түлеп қалпына келу процестері жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшық етте ұсақ қан тамырлары кеңейіп, керісінше ағындап кетіп жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (ткань аралығындағы түссіз сұйық зат) айналымы жаңарады. Осының салдарынан дене қоректік затпен қамтамасыз етіліп, ауруға шалдыққан жер тез жазыла бастайды. Мәселен, сынған мүше жетіліп, қабынған организм басылып, тыртық болған тері бастапқы қалпына келе бастайды. Сөйтіп, қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды. Орнын толтыру механизмі Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. Жаттығулар екі (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екіншісін шыңдай отырып, барлық жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса, екінші бүйректің күшін жаттығулар арқылы арттырып, организмге ауырлық түспеуін бақылайды. Сол сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің (құрт ауруы) асқынған түрінде немесе рак болғанда бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен операция арқылы алып тастауға тура келеді. Сонда организмге қажетті оттегі қалған өкпе арқылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар арқылы қалған өкпенің көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды. Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша) ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал екіншісі науқас адам бір мүшесінен айрылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың нерв жүйесі жарақаттанғанда ол қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан қалады. Сол кезде нерв жүйесіне <<жандандыру>> өте қиын болғандықтан, қолдағы барлық бұлшық еттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі. Міне, орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда науқастың организмін қалпына келтіру, оған өз мүмкіндігін сезіндіру. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі Қандай науқастан болмасын құлан таза айығып кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Міне, осы функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене жаттыгуларымен айналысу қажет. Тек сонда гана, жогаргы нерв жүйесінің басқару қызметінің басқа органдармен, буындармен, ішкі ағзалармен байланысы түзеледі. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Тек осындай байланыс қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады. Жоғарыда айтылған емдік гимнастиканың механизмдері бір-бірімен тығыз байланыста. Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: бірінші-ден, бүкіл денеге әсер ететін өзгеше терапиялық ңасиеті; екіншіден, аурудың асқыну процестеріне жол бермейтін патогендік қасиеті; үшіншіден, денедегі әр мүшенің қызметін, іс-әрекетін қатарға қосып, қалпына келтіретін функционалды қасиеті; төртіншіден, кемтар болган мүшеге сүйемелдеу, соған бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті; бесіншіден, емдік-педагогикалық қасиеті -- ол ауру адамның алдына бір мақсат қойып, барлық ынта-жігерімен, сана-сезіммен жат-тығуларды орындауында. Осындай дене гимнастикасының жан-жақты әсерінен сырқат адам толығымен қатарға қосы-лады. Оның ой-өрісі, еңбекке қабілеті артып, өз мамандығын меңгеретін, әлеуметтік, экономика-лық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуы-на мүмкіндік туады. Бақылау сұрақтары: 1.Емдік гимнастиканың негізі. 2.Жаттығулар жинағының тигізетін медико-биологиялық негізі. әлдендіру, қоректендіру, орнын толтыру, қалпына келтіру механизмдері. 3.Емдік гимнастиканың тәсілдері.. 4.Емдік гимнастиканың әдістері. 5.Емдік гимнастика формалары. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. №2сабақ. Тақырып. Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Кезендеріне сәйкес жқт ауруларына берілетін жаттығулар жинағын құрастыру. Тыныс мүшелер ауруларына арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Сабақ жоспары: Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер ара-сында жиі кездеседі. Ал туберку-лез сияқты қауіпті аурУ үлкен адамдарға да тән. Кездесетін індеттер: өңештің қабынуы, брон-хит, өкпе қабынуы, плевроның қабынуы, демікпе, туберкулез т. б. Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жай-лар көп-ақ, соның ішінде сырттан түсетін микроб-тар, түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу, организм-нің әлсіреуі, құнарсыз тамақ т. б. үлкен зиян келтіреді. Аталған ауруларға тән белгілері бар. Ол: жөтел, ентігу, қақырық түсу, ыстығы көтерілу, әлсіздік пайда болу сияқты белгілер. Уақытында емделмей, асқындырып алса, аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды. Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына, көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады. Тек газ айналымы емес, зат алмасуы да бұзылып, кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серпімділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді. Емдік гимнастика басқа әдістермен қосыла отырып қимыл-қозғалыс арқылы тыныс алу мүшелерін байланыстырады. Тірі адам дем алмай отыруы мүмкін емес, ал ол механизм бұзылса, адамға әр түрлі қиындық бірден сезіледі. Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде, іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде қуысының қимылын ыңғайлайды, тыныс алуды реттейді. Мұның бәрі жоғарыда көрсетілген ем-дік гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты. Көпке мәлім жаттыгулармен қоса, мұндай ауруға арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі. Пневмонияға берілетін жаттығулардың кейбір көрінісі. 1- қүралсыз жаттығулар; 2 -- гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар. Мәселен, науқас дем алудың тереңдігін, жылдамдығын қадағалайды. Ол үшін әр түрлі буын сөздерді, арнайы әріптерді созып айтады, сонда шығарылған дем ұзақ болады. Мұның да үлкен мәні бар. Ал плевра қабығында, туберку-лез не өкпеден бронхының тармақтары кеңіп, ппіне ірің (қақырық) толып кеткенде өздігінен шықпайды. Сондықтан оған арнайы дренажды (кәріз) жаттығулар қолданылады. Пневмония -- өкпенің қабынуы. Денеге микроб, вирус түскенде болады. Індет жедел, созылмалы түрде өтеді. Олардың әрқайсысы өзінше лсер етеді. Бұлардың барлығында білінетін белгілер жоғарыда айткандай жөтел, ентікпе, ыстың көтеріліп, жүрек-тамыр қызметі нашарлайды. Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік гимнастиканы қосады. Гигиеналық және емдік гимнастика окпенің дем алуын жеңілдетіп, өкпеге дәнекер гкань (тыртық) жабысып қалмас үшін қолданылады. Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар беріледі. Содан соң ауырған өкпе жагына аунатып тыныс алғызады. Жаттығулар 10 -- 12 минутқа созылады, содан соң біртіндеп аурудың басын көтеріп отырғызып, саусақтарды қимылдатады. Екінші-үшінші режимде берілетін күш біртіндеп көбейеді. Оның екпіні, үзақтығы, қайталануы өзгеріп отырады. Жаттығулардың ұзақтыгы 25 минутқа созылады: отырып, тұрып денедегі бұлшық еттерге салмақ түсіре созып, иіліп, әр түрлі қимылдар жасайды. Қандай қимыл жасалғанымен дұрыс терең дем алуды қадағалайды. Ақырғы -- бос режимде жүру әдістеріне көңіл бөледі, снарядтарда гимнастика орындалады, таяқпен, доппен жаттығулар жасайды. Төменгі суреттерде пневмония ауруына берілетін жатты-гулар (3-сурет). Өкпе, бронха қабынган кезде, спортпен тек 2 -- 4 аптадан соң айналысады. Тыныс жолдарын, өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу ке-рек. Мәселен, туристік жорыққа шығу, қайықта жүзу, коньки тебу, суда жүзу, велосипед тебу т. б. Аурудан мүлде сауығу үшін күнге қыздырынып, ауа ваннасын, суды көп қабылдаган дұрыс. Плеврит -- көкіректің ішкі бетін, өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде кездеседі. Сырқаттанған адам көкірегіне шаншу қадалып, ентігіп, жөтеліп, әлсірейді. Плеврит құрғақ және экссудатты болып (жиылған сұйық зат) екіге бөлінеді. Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы жабысып бітіп қалмас үшін емдік гимнастика беріледі. Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып, дәнекерлі ткань қалыптасып қалмауын, дүрыс дем алуын қамтамасыз етеді. Жаттығулар ұзақтығы 8 -- 10 минут, кейіннен 30 -- 40 минутқа дейін созылады. Жұқа плевра ңабығы қабынған соң беріш бо-лып бітіп қалады, соны тарату үшін етпеттеп, шалқадан жатып, отырып, түрегеп тұрып жан-жаққа иіліп, бұрылып әр түрлі жаттығулар жа-сайды (4-сурет). Демікпе -- инфекциялы аллергиялық ауру. Оны қоздырушы микроб болса, аурудың өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар. Адамды тұншықтырып, дем жеткізбей қысады. Ол бронхы еттерінің кенет тарылуынан болады. Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан заттар. Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш, оте сезімтал болып кетті. Сондықтан әр түрлі гүлдер, шөптер, дәрілер, үйдің, кітаптың шаңы, жеміс-жидектер, жүн-жұрқа, темекі, қуырган майдың иісі т. б. толып жатқан заттар аллерген-дер болып кездеседі. Осындай заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін -- аллергия дейді. Көкірек қимылына арналған жаттығулар (созылмалы бронхит, эмфизема, өкпе қабынуы): 1- етпеттеп жатып, екі қолды айқастырып иектің астына устап, шынтаққа тіреліп кеудені жоғары кетеріп демді ішке тартады, темен түсіргенде -- сыртқа шығарады; 2 -- шалқадан жатып, екше мен желкеге тіреліп, кеудені кетеру; 3-етпеттеп жатып екі қолды артқа созған қалыпта кеудені көтер: 4 -- орындыққа отырып екі жаққа алма-кезек қисайғанда қолдың ұшы жерге тіреледі; 5 -- орындықта отырып кезекпен қолды артқа созу; 6 -- отырған қалыпта демді ішке тартып, одан соң екі қолды темен түсіріп иілу; 7 -- түрегеліп түрып екі қолды желкеге үстап, екі жаққа қисаю; 8 -- еңкейіп екі қолдың үшын қарама-қарсы тұрған аяқтың үшына жеткізу; 9 -- екі қолды жоғары ұстап кеудені алма-кезек айналдыру. Ал демікпе болса осы аллергиялық аурудың бір түрі. Адам қатты қысылып түрган кезде арнайы жаттығуларды қолданса, құтқарып алуға болады. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты -- науқасты қалпына түсіріп, бронхыларды босаңсыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру. Демікпеге арнайы жаттығулар қолданады (5-сурет). Бірақ демікпенің ұстамасы ұстаған кезде, адам сасқалақтап өзінен-өзі тұншығып қалады. Олай болмас үшін демді сыртқа шығаруды созып ұзартады. Ұстама болмаған кезде арнайы тыныс алу жаттығулары қолданылады. Олар: дауыссыз С, 3, Ш, Щ, Ж, Р және дауысты У, Е, И, А дыбыстарын демді ішке тартып, сыртқа 1 -- орындықта отырып, екі қолды жоғары көтеріп керіледі; 2 -- екі қолмен құ-шақ жая терең дем алады, қалпына келгенде демді сыртқа шығарады; 3 -- бір қолды мықынға тіреп екінші қолды созады; 4 -- бір жаққа қисайып, қолдың ұшын жерге тигізеді; 5 -- орындықтың арқасынан ұстап тұрып еңкейіп қайта тұру; 6 -- екі қолды арқада ұстап кеудені кере қайқаю; 7 -- қолды желкеде ұстап, аяқты алшақ қойып екі жаққа кезекпен иілу; 8 -- бір қолды мықында ұстап, екінші қолын созып денені оңға не солға кезек бұрады; 9 -- орындық арқасынан ұстап тұрып аяқты артқа сермейді; 10 -- екі қолды мықынға тіреп, тізені жоғары кө-теріп бір орында жүру; 11 -- қолдарды мықында ұстап, аяқты кезекпен алға созады; 12 -- қолды жоғары көтеріп бір аяқты үшынан артқа қояды. Бүл жаттығуларды орындағанда тыныс алуды тыңғылықты қадағалайды. Мұнда адам өз дем алысын ғана реттеп қоймай, өкпенің жұмысын арттырып, көңіл-күйін де басады. Алғашқы кезде дыбыстарды 5 -- 7 секунд созады, одан кейін біртіндеп 15 -- 20 секундқа жеткізеді. Ауру дыбысты 15 секунд созып, демін жет-кізген соң,' келесі жаттыгуларға көшеді. Ол екі, үш әріпті қосып айтып, содан соң дауыссыз ды-быстың аяғын дауысты дыбыспен жалғастыра-ды. Мәселен, БРУУУУ, ПРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО т. б. Бір дыбыс екінші қосымша дыбысты жалғап әндетіп айтады: Бр, Вр, Гр, Др, Жр, Кр, Пр, Шр, Хр. Жаттығулардың соңында бір дыбысты ортасында айғайлап, үндірек шығарады. Мыса-лы: сссс, СССС-сссс, Шшшш, ИИИиии, Драааа, ААААаааа т. б. Сабақ қызықты өту үшін бір әріпті төрт рет қайталайды, ал ысқырып шығатын дауысты дыбыстарды бір реттен. Мәселен СССС, 3333, ШШШШ немесе БрИИИИ, БрЕЕЕЕ, ДрОООО, ПрУУУУ немесе дауысты және дауыс-сыз дыбыстарды араластырып айтады: ГраАААА, ЖЖЖЖ, ПрИИИИ, РРРР. Бұл әріптерді айтқанда кілт, тез қайтармай, ақырын, созып айтады. Демді ішке алғанда да, сыртқа шығарған кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Сол сияқты демді ішке тартқанда кеудені керіп, басты тік ұстаса, сыртқа шығарған кезде басты төмен салбыратып, ішті тартады (5а-сурет). Науқастың тыныс алуын реттеген кезде іштегі көк ет шымырланып, тартылып, өкпенің сыйым-дылық қасиеті артады. Аурудың жагдайына байланысты 6 -- 12 жаттығу орындалады, мұның ішінде 50 -- 60 проценті тек тыныс алу жаттығулары болу керек. Жаттығулар жарық, ауасы кең бөлмеде немесе бақша ішінде, далада жасалады. Жаттығулар 3 -- 4 рет қайталанады. Оның мөл-шері, қарқыны адамның жасына, аурудың кезе-ңіне байланысты. Әр жаттығудан соң 20 -- 60 секунд үзіліс болады. Демді толық сыртқа шығару үшін екі қолмен кеудені қысып, іштің көк етін басады. Мүрынның бір жақ желбезегінен, тістеніп тұрып тістің арасынан, түтікше арқылы суға үрлеп, резина ойын-шықтарды үрлеп дем шығаруды ұзартуға болады. Осының бәрі демікпе ауруына, бронхитте эмфиземада (өкпенің кеңуі) кеңінен қолданы-лады. Сол сияқты дене шынықтыру түрлерін кеңінен пайдаланған дұрыс (ауа, күн, су, шаңғы т. б.). Бақылау сұрақтары: Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Жүрек - қан тамырлар ауруына қолданатын жаттығулар. Кезендеріне сәйкес жқт ауруларына берілетін жаттығулар жинағы. Тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығулар. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. №3сабақ. Тақырып . І шкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Бүйрек және несеп жолдары ауруына арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Сабақ жоспары: Ішкі ағзалдрдың төмен түсуі Асқазан, ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшық еттерінің босап, созылуы себеп болады. Ол кенет азып, арықтап кеткен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр жұмыстан қажыған, әлсіреген адамдарда кез-деседі. Мұндай жағдайда асңазан, ішек-қарын, бәрі төмен сырғып кетеді. Осының әсерінен адам болымсыз тамақ ішсе де асқазан керіп, толып тұрғандай ауырады, ас қорытуы нашарлайды. Іш құрылысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал -- гимнастика. Оны пайдаланбай-ақ, ішті тартып тұратын бандаж (құрсау) киюге болады деген түсінік бар. Бірақ үнемі құрсаудың астында жүрген бұлшық ет уақыт өткен сайын семіп, бо-сап қалады, аурудың әрі қарай асқынуына ықпал жасайды. Сондықтан бұлшық ет, сіңір-тарамыс-тарды шымырлап шыңдаған дұрыс. Сонда ғана табиғи құрсау пайда болып, ішкі құрылысты қал-пында ұстап тұрады. Ол үшін барлық бұлшық еттерге, -оүкіл денегё жаттығулар жасалады. Тек секіруге, демді' іште ұстап тұруға, күш түсіретін тартылулар жасауға болмайды. Себебі ол құрсаң ішіндегі қысымды жоғарылатады. Осыған орай емдік гимнастика методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттыгулар жасау үшін төсектің аяқ ІКагы көтеріңкі болу керек. Адам.тек екі қыры-Кан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды (бір қолды көтеріп, бір аяқ, бір қолды шрден көтеру; <<қайшы>>, <<велосипед>>, алма-кезек инқтарды көтеру т. б.). Науқас адамға секіруге, жүгіруге, тартылуға іюлмайды, күш жұмсайтын жаттығулар қолдан-байды. Еске ұстайтын бір жай -- жаттығулар жаса-іі іі кезде құрсау киіп алған жөн. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, Гііртіндеп күрделіленеді. Дегенмен ырғақты, мөл-шерлі болғаны жөн. Қанша қайталанатынын адам өз жағдайына қарай ықшамдайды. Өз бетінше дене тәрбиесімен айналысатын адамдарға мөлшерлі жүзу, ескек есу, шаңғы тебу, нолейбол, теннис ойнау өте пайдалы, өйткені осының бәрі құрсақ бұлшық етін жетілдіріп, ма-шықтандырады, іштегі қысымды қалпына келтіреді. Бауыр және өт жолының қабынуы Бауыр қабынуын медицинада -- гепатит дейДі. Ол өзінің ағымына қарай жедел және созылмалы болып екі түрге бөлінеді. Денеге түскен инфекция, өндіріс-құрылыс-тың зиянды қалдықтарымен улану (фосфор, қор-гасын-мырыш ұнтақтары), дәрілердің артық әсері, тамақтан улану, жүрек-тамыр ауруларында асқы-нып қанның жүрмей көк тамырда тоқтап қалуы, араққа салынып алкоголизмге ұшырау, басқа ішкі агзалар індеттерінің асқынуы т. б. гепатит ауруына әкеп согады. Гепатит ауруын халық .арасында сары ауру деп атайды. Бұл, әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Жедел инфекциялық түрі немесе Боткин ауруы өте жұқпалы. Балабақшаларда бір бала науқастанса, лезде басқалары да ауырып қалады. Сол сияқты тазалық сақталмаса да, дәрі жібере-тін ине арқылы және оқыста ауру қан құйылса да сары ауру пайда болады. Оның қандай түрі болмасын білінетін негізгі үш белгісі бар: көздің ағы мен терінің сарғаюьі) дененің қышуы және бауырдың үлкеюі. Осыған қоса бауыр тұсының ауыруы, әлсіздік, үлкен дә) реттің бұзылуы т. б. байқалады. Терінің және кілегейлі қабықтың сарғаюы ба| уыр клеткаларының қабынуынан, өт жолдарынын әр түрлі себептерден жабылуы салдарынан, өі пигменттері қанға өтуінен болады. Сол пигменті тер (ткань бояуы) нерв талшықтарына, оның ұіія тарына әсер етіп, денені қышыта бастайды., Бауыр клеткалары, өт жолдары қабыныпЗ кейде тас байланып қалғанда бауыр өз-өзінен үлкейіп кетеді. Науқастың оң жақ ңабыргасы-' ның асты ашып, берекесі қашады. Ал гепатиттің созылмалы түрінде оң жақ қабырғасының асты ауырып, ауызға қышқыл дәм келіп, құргап, айнып, кекіртіп, тәбетін тартқызбай, ас қорыту бұзылады. Өт жолында тас байланғанда бұл айтылган белгілер айқындалып кетеді. Адамның мазасын кетіретін жағдай туады. Ыстығы көтеріліп, іпгі кеуіп, бауырдың тұсы пышақ кескендей қинап ауыртады. Мұндай ауруға себепкер, денедегі зат алмасуы| оның ішінде холестерин алмасуы бұзылып, құрамы өзгереді, сондықтан олар тас болып бай-і ланып қалады. Дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың тапшылығы, шамадан тыс толысу, подагра (белоктік зат алмасу процесінің бұзылуынан буынныңі жуандап, ісініп ауруы), т. б. осындай зардапқа' әкеп соғады. Холецистит -- өт қабының қабынуы. Бұл да жоғарыда көрсетілген себептерден және асқазан, ұйқы бездері ауырганда қосымша болып кезде-седі. Бауыр, өт жолдары зақымданғанда комплексті емдеу әдісі қолданылады. Ең алдымен тамақ-тану тәртібі (диета) жолға қойылады. Майлы, қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Сүт, арық ет, жеміс-жидек, қарбыз, қауын, ірімшік т. б. өте пайдалы. Кеңінен дәрі-дәрмек пай-даланады. Оның ішінде шөптен жасаған тұнбалар, мәселен, шөпшай, шәйқурай, усарғалдақ, жүгері шашағы, сұлы өте пайдалы. Шөпшайды шетен мен бұжыр шәйңураймен, жүгері қауызымен, күнбағыс гүлімен және қылтаспамен қосып тұнбасын ішкенде бауыр, өт жолдары ауруларына қарсы емдік қабілетінің тиімділігі арта түскен. Біздің негізгі мақсатымыз -- дене тәрбиесін пасихаттау болғандықтан, емдік гимнастиканың қасиетіне көшейік. Дұрыс қолданған жаттығулар дәрісіз де өт жолын ашып, оның ағып ішекке түсуіне көмектеседі. Дене тәрбиесі қатты шаншып ауырмаған кезде тағайындалады. Емдік гимнастиканың жиынтығы жалпылама жаттығулардан, тыныс алу және бұлшық ет-герді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Жасалған қимыл-қозғалыстар тыныс алумен үштасып отыру керек, өйткені ішке терең дем алған кезде, құрсақтың көк еті (диафрагма) ба-уырға массаж сияқты соққылап әсер етеді, оның озі бауыр ішіндегі қан-лимфа айналымын жақ-сартады да, өттің жүру жолын ашады. Мұндай жаттығулар жасағанда адам оң жағында жат-са, өттің жүруіне үлкен ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп түрса, ал жаттығулар жасаганда шалқадан жат-са, өте нәтижелі болады. Түрегеліп тұрып бір орында жүру, тізені жогары көтеріп қимыл жа-сау өте пайдалы. Жаттығулар байыппен, асықпай, бірқалыпты ырғақпен 20 -- 30 минут жасалады. Санаторий-курорт жағдайында ауруларға іш-тің бұлшық етін шынықтыруға көңіл аудару керек. Ол үшін көбірек серуендеген пайдалы. Организмде зат алмасу процесінің бузылуы Зат алмасуы тек белгілі аурулар-дың салдарынан бұзылып қоймай, өзінше жеке-дара ауру ретінде де кездеседі. Оның себебі -- ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, тұқым қуалаушылық, организм функциясының орталыққа лайық өзгеруі, әр түрлі ауруға шалдығу болып табылады. Денедегі май, углевод, белок сияқты пайдалы заттардың өзгеруінен, олардың дұрыс өндірілмей қалуынан сан алуан кемшілік байқалады. Май алмасуы бұзылса, денеде семіздік пайдаболады, углеводтар -- қант диабеті, ал белок алмасуы бұзылса -- подагра ауруына душар етеді Бұл аталған заттар бір-бірімен тығыз байланыста. Оның біреуі нашарласа, екіншісін қоса за қымдайды. Зат алмасуы ауруын емдеуге дәрілер гормондар, массаж, токпен емдеу және дене тәрбиесін қолданады. Осы айтылған аурулардың ішіндегі ел арасында жиі кездесетін түрі -- семіздік. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаттары: денеде тотығу-қышқылдану процестерін үдету; жүрек-өкпе жүмыстарын жақсарту; ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру; энергияның; көп бөлініп шығуына ықпал жасау. Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене салмағын кеміту. Семіздікке емдік гимнастика екі кезеңде қолданылады. Біріншіде науқас адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді. Онда ертемен зарядка жасап, таза ауада жүріп, өзіне-өзі массаж жасайды. Осындай дене тәрбиесіне үйренген соң ақырындап екінші кезеңге көшеді. Мұнда бұрынгы жаттығуларға қоса 10 км жазықтықта жүреді, баяу жүгіреді, суда жүзіп, шаңғы теуіп, әр түрлі ойынға қатысады. Қалайда артық салмақтан құтылуға ынталану керек. Алайда семіздік тек мешкейліктен болса, онда жаттығулар ширақ, жылдам, дененің ірі бұлшың еттеріне, қарынға тиімді етіп өткізіледі. Мөлшермен 100 -- 200 метр жайлап жүгіру, арасында аяңдап қойып, 40 -- 60 минутқа созу керек. Енді семіздіктің қандай түрі болса да қолданылатын жаттығулар жиынтығын ұсынамыз. Дене жаттығуларын алғашқы күндері жәй жылдамдықпен, кейін орташа жылдамдықпен өткізген дұрыс. Семіздік тек дене сұлулығын кемітіп қоймай, әр түрлі ауруларға душар қылады. Соның ішінде жиі кездесетіні -- қан қысымы жоғарылап, гипер-тония ауруына шалдығу. Бұл екі аурудың ара-сында өте тығыз байланыс бар. Ол денеде көп мөлшерде тұз бен майдың байлануы т. т. Сондықтан гипертония ауруынан сақтану үшін де артық салмақтан құтылған жөн. Деңеден 1 кг салмақты азайтса, қан қысымын сынап бағанасы Семіздікке қарсы жаттығулар № Мазмұны Ұзақтығы мен мөлшері Методикалық нүсқау 1 2 3 4 1 Шалқадан жатып, 1 -- 2 дегенде екі қолды жоғары котеріп, созылып демді ішке алу, 3 -- 4 дегенде қолды төмен түсіріп, демді сырт-қа шығару. 5 -- 6 рет Орташа ырғақта. 2 Жатқан қалыпта терең тыныс алу, тізені бүгіп ішке тигізгенде демді сыртқа шығару. 6 -- 7 рет Екі аяқпен кезек орындалады. 3 Жатқанда қалыпта қолды шынтақтан бүгу, жұ| дырықты қатты түйіп, I аяқтың басын иіп, терең дем алу. Бастапқы қалпына келгенде демді толық шығару. 6 -- 7 рет Жылдам қарқынмен. 4 Жатқан қалыпта қолды екі қапталда ұстайды. Құшақ жайып терең дем алу, тізені бүгіп, кеудеге жинап, демді шығару. 5 -- 6 рет Екі аяқпен бірдей баяу ырғақпен. 5 Екі қол қапталда ұстаған бойда отыруға тырысу. 1 -- 2 дегенде отыру, 3 -- 4 дегенде алғашқы қалыпқа келу. 4 -- 5 рет Асықпай, бір қалыпты ырғақпен. 6 Отырған қалыпта, қолды шынтақтан бүгіп, иық буындарын алга-артқа айналдырып қозғайды. 5 -- 6 рет Екі қолмен бірдей орташа жылдамдықпен. 7 Түрегеліп тұрып, орындықтың арқасынан ұстап жүреден отырып-тұру 5 -- 6 рет Асықпай бірқалыпты ырғақпен. 8 Оң жамбасты орындыққа немесе қабыргаға сүйеп тұрып, сол аяқты алға-артқа сермеу. 6 -- 7 рет Екі аяқпен кезек мейлінше жоғары сермеу керек. 9 Түрегеліп тұрып қолдарды жоғары көтеріп, басты алга тастап, қолды томен түсіріп еденге жеткізеді. 5 -- 6 рет Баяу қарқынмен дұрыс дем алуды қадағалайды. 10 Тізені жоғары кетеріп бөлме ішінде жәй жүру. 30 сек. Сабырлы ырғақпен. 11 Қолдарды алма-кезек көтеріп, қалыпты қадаммен асықпай және шапшаң жүру. 30 сек. Дем алуды қадағалайды. 12 Қолдарды жоғары көтеріп, терең дем алып жүру, қолды түсірген кезде демді сыртқа шығару. 25 -- 30 сек. Асықпай ырғақты түрде жасалады. 13 Түрегеліп түрып қолды мықынға тіреу, алма-кезек оңға, солға қисаю. 4 -- 5 рет Баяу қарқынмен, 14 Сәл еңкейіп тұрып, қолды қабырға сағаттың маятнигіндей тербелту. 2 -- 3 рет Денені босаңсыту керек. 15 Бкі қолмен тақымнан ұстап, аяқты босатып тербету. Бөлме ішінде асықпай жүру. 1 -- 1,5 мин Еркін дем алу керек бойынша 1 мм түсіруге болатынын есте ұстау керек. Әркім өзіне лайықты салмақты білу үшін ар-наулы таблицалар мен формулалар бар. Соның бірін Полына ғалымдары ойлап шығарған. Онда адам өзінің негізгі және салыстырмалы салма-ғын анықтайды. Ерлер үшін НС=Б -- ( 100 + Б -- 100 20 Әйелдер үшін НС= Б -- (100+ Б -- 100 10 Мұндағы: НС -- нағыз салмағы (кг), Б -- адамның бойы (сантиметр). Салыстырмалы салмақ деп адамның бойын-дагы бар салмақты нағыз (идеалды) салмаққа бөлгендегі процентке тең. Егер шыққан сан 120 -- 129% болса -- семіздіктің бірінші кезеңі, тезірек артық салмақтан құтылуга әрекет жасау керек. 130 -- 140% -- екінші, 150 -- 199% -- үшінші, 200% және ' одан жоғары болса -- төртінші сатысы. Онда ауруханада арнайы емделуге тура келеді. Арықтаудың екі жолы бар. Біреуі -- тамақтану мәдениеті (диета), екіншісі дене тәрбиесімен шүгылдану. Ескерте кететін бір жәй, аштықпен арықтау-ға болмайды, одан организм әлсіреп, витаминнің жетіспеуіне әкеліп соғады. Сөйтіп онсыз да бұ-зылған зат алмасуын асқындырып жібереді. Сондықтан тамақты талғап ішіп, қимыл-қозга-лысты қатарласа қолданып отырса, адамның көңіл-күйі де ортаймай, денесі де шымырланып, ширақ болады. Ал жұмасына бір рет тек айран ішіп не алма ғана жеп отыратын күндер болады. Оны негізінде дәрігердің бақылауымен откізеді. Жаттығулар жасамас бұрын дәрігерге барып жүрек-қан тамыр жұмысын айқындап алу керек. Ол ЭКГ немесе велоэргометр арқылы білінеді. Мұның озі физкультураның қандай түрімен, жаттығулар жинағын қалай орындау керектігін анықтап береді. Егер ондай тексерулерден отуге мүмкіндік болмаса, онда тамыр соғу жиілігін анықтау арқылы өз мүмкіндігін айыруға болады. Мысалы, 10 секундтағы тамыр соғу жиілігін жаттығулардан кейін бірден анықтайды. Бұл жү-рек согуының ең жоғарғы корсеткіші. Мұны есептеу үшін әркім 180-нен оз жасын алып тастайды. Жаңадан ауырған адам үшін жүрек соғуы ең жоғары көрсеткіштің 60 -- 65 процентінен аспа-ғаны абзал. Мысалы, 40 жаста 140 (180 -- 40-140). Ал жаттығулар жасалып болған соң 10 минут-тың ішінде тамыр бастапқы қалпына келу керек. Олай болмаган жағдайда, берілген жаттығулар-ды азайту немесе қарқын мөлшерін баяулату керек. Оз бетінше гимнастикамен айналысқан адам-дар арнайы күнделік жасап, озінің жай-күйін, салмағын, тамыр соғуының жиілігін жазып отыр-ғаны дұрыс. Жаттығулар нәтижесі тек оның қарқынында емес, ұзақтығы мен реттілігі, мөлшеріне тікелей байланысты. Бастапқы 4 аптада күнара жаттығу керек. Бірінші аптада 10 минут, екіншіде -- 15 -- 20, үшіншіде 20 -- 40, ал ешбір қиындық байқалмаса, төртінші аптада 40 -- 60 минутқа дейін үзартуға болады. Кейін аптасына үш рет 40 -- 60 минуттан жасауға болады. Әрбір жаттығу алдында бойды жазып, 5 минуттай белгілі оңай жаттыгуларды жасайды. Дене тәрбиесін орындағанда адамның тозім-ділігі мен жұмысқа қабілетін арттыру қажет, ол үшін организмге барынша коп мөлшерде оттегін енгізу керек. Бұл жаттығулардың ең үлкен мақ-саты. Бұл корсеткіш өсу үшін адам үнемі спорт-тың бір түрімен айналысуы тиіс. Мәселен, жү-гіру, шаңғы тебу, суда жүзу, велоспорт, жылдам 57 -жүру т. б. Осылардың біреуін адам өз жағдайына қарай сайлап алып үзбей айналысса, нүр үстіне нұр болады. Жаттығулардың, спорттың қандай түрінен болса да адам ләззат алып, өзін сергек сезінуі керек. Тек сонда ғана бойдағы артың салмақтан құтылып, гипертония, қант ауруы, подагра сияқ-ты зиянды науқастардың алдын алуға болады. Толық адамдарға жазда күннің көзінде қыз-дырынып көп жатуға болмайды. Ол қан айна-лымын өзгертіп, миға, жүрекке зақым келтіреді. Қандай ауру болса да дене тәрбиесінің зияны жоқ, тек ретімен дұрыс пайдаланса болғаны. Бақылау сұрақтары: 1.І шкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. 2.Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастика. 3.Бүйрек және несеп жолдары ауруына қолданатын емдік гимнастика. 4.Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. №4сабақ. Тақырып. Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына берілетін жаттығулар. Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы. Мақсаты: Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына берілетін жаттығуларды оқып білу. Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуын зерттеу. Сабақ жоспары: Ми жарақаты Мидың жарақаттануы ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Бірін-ші түрінде бас терісі мен сүйегі бүлінеді. Оққа ұшқанда, қатты соққыға жығыл-ғанда ми қабығын жарып, қан тамырларын за-қымдап, көп қан кетеді де, адам әлсіреп қалады. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы бай-қалады. Қайсысы болса да ми зақымданған соң есінен айырылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер аңғарылып, лоқсып, құсып, тырысып-құрысып жағдайы кетеді. Зақымданған ми бөлігіне байланысты қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашар-лауы білінеді. Қатты жарақаттанған адамдарда кейде миға қан құйылады, сонда сал ауруларының белгілері білініп, бір жағы жансызданып қалуы ықтимал. Науқас ауыр халден біршама шыңқан соң, жоғарыда көрсетілген методика бойынша емдік гимнастика тағайындалады. Жаттығулар жарақаттанған мезгілден 10 -- 15 күннен кейін ғана беріледі. Онда тек төсекте шал-қадан жатқан қалыпта ұсақ және орта буындар-ға баяу ырғақты жаттығулар жасалады. Емдік гимнастиканың ұзақтыгы алғашқыда 15 -- 17 ми-нут, кейін 20 -- 25 минутқа созылады, ал ауру түрегелген кезде 30 -- 35 минутңа дейін жеткізеді. Өздігінен орындайтын жаттығулар күніне 2 -- 3 рет қайталанады. Онда көбінесе дұрыс дем алуға баса назар аударылады. Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-тең-дік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстін-де аяңдап әрі-бері жүреді. Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қоз-ғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үсті-нен жүру т. б. жаттығуларды орындайды. Осының бәрін меңгерген соң ертеңгі гигие-налық гимнастика, өз бетінше мөлшерлі жүру, серуендеу, кейбір спорттық жеңіл ойын түрлері-мен айналысқан өте пайдалы.- Сол сияқты бау-баңшада, егіндікте ақырын қолдан келетін жұ-мыс істеу ауруды тез айықтырады. Бұл бір жағы-нан жаттығу болса, екінші жағынан аурудың ойы бөлініп, нерв жүйесі тынышталады. Рухани азық алу үшін өз көңіліне қонатын ән-күйлерді тың-дау да пайдалы. Жаттығулар жасағанда жанға ләззат беретін бір әуенді ойнатып қойса, адам шаршамай әр жаттығуды шын пейілмен орын-дайды. Мұның бәрі жоғарғы реттеуші орталық мидың, ми қабығын ңалпына келтіруде үлкен ыңпал жасайды. Жұлын жарақаты Омыртқа жотасының ашық не жабық жарақаттануы жұлынға нұқ-сан келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүм-кін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртңа тұсы жарақаттанса, аяқ запа шегеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансыз (паралич) қалады. Бұл өте қауіпті, жанды қи-найтын сырқат. Тез арада адам бойында көп өзге-рістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе ңабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды. Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнасти-каны қосады. Алдымен тыныс алу жаттығула-рына көңіл боледі, одан соң аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа не қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегмент-ті-рефлекторлы метод арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Ойткені олар бұлшың еттің тартылғанын босаңсытады. Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жақңа кезек аударып, ая-ғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін бал-даққа сүйеніп жүруге жаттықтырады. Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторий-лардан ем қабылдайды. Медициналық және^әлеу-меттік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат -- адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу. Бақылау сұрақтары: 1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына берілетін жаттығулар. 2.Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы. 3.Емдік жаттығулар жинағы. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. №5сабақ. Тақырып. Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістері. Мақсаты: Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағын кесте құрастыру. Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістерін оқып білу.. Сабақ жоспары: Тірек-қозғалыс аппаратына арналған жаттығулар омыртқа жотасының қисаюы. Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланысты. Иық тік, кеуде жазық болып, кермаралдай керіліп жүрудің өзі осы омыртқаның дұрыс болуынан. Осы кітаптың ал-дыңғы бөлімінде көрсетілген қалыпты жағдай-дағы омыртқа жотасындағы иректер оны қорша-ған бұлшық етке тікелей байланысты. Остеохондроз Омыртқа аралың шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру -- остеохондроз деп аталады. Оның себебін жоғарыда айттық. Остеохондроздың белгілері сан алуан. Оны функционалды және морфологиялы деп екіге бөлуге болады. Оның біліну белгілері зақымданған омыртқа бөлігіне, адамның тұлгасының жетілуіне, жасына тікелей байланысты. Остеохондроз мойын, кеуде, бел омыртқаларын қамтиды. Сондықтан осы аталған бөліктердің остеохондрозы дейді. Қазіргі кезде дәрігерлер көптеген неврологиялық белгілерді анықтады. Кейбір еңбектерге сүйенсек, оның 52 түрі кездеседі екен. Организм-дегі функционалды озгерісті науқас адамдар елемей жүре беруі мүмкін. Дәл сол кезден бастап емдік гимнастиканы қолданса үлкен жетістікке жетуге болады. Функционалды белгілерге мыналар жатады: мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың еті салдырап, тез талып қалады. Ңа-далып күні бойы қозғалмай столда отыру, жазу, ой еңбегімен шұғылдану осы белгілерді асқын-дырып жібереді. Сол сияқты мойын, арқа еттері шымырлап ауыра бастайды, бұл жұлыннан шыққан нерв талшығының қысылуы, бұлшық еттер-дің жиырылуы. Органикалық өзгеріс болғанда: мойын омырт-қа тұсында, иық пен жауырын буындарындақұяң ауруларының белгісі білініп, бұлшық ет қабынгандай болады. Бел остеохондрозы бел мен сегізкөзді тұтастырып ұстап қалатын құяң (ради-кулит) ауруындай білінеді. Неврологиялық белгілер жеке-жеке кездеспейді, бірімен-бірі байланысып, бірге білінеді. Қандай түрі болмасын, неврологиялық синдром (белгі-лердің бірнеше түрі) науқастың сол зақымдан-ган бөлігінде қозғалысты, сезімталдығын, зат алмасуын тежейді. Соның әсерінен иық үсті, жа-уырын, қол бұлшық еттерінің кейбіреулері қабынып, іспектеліп кетеді. Иық буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит деп шатастыруы да мүм-кін. Остеохондроз болғанда омыртқа арасынан, желке тұсынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншады. Кейбі-реулер оны инфаркт не стенокардия ауруымен шатастырып, дәрі іше бастайды. Тек бұған тән бір жәй -- электрокардиография жасағанда жүректен ешбір ақау табылмайды және қолданған дәрілер (валидол, нитроглицерин) көмек бер-мейді. Біраз қимыл-қозғалыс жасап, көңілін ау-ласа жүрек шаншуы басылып қалады. Мойын омыртқа остеохондрозында миды қо-ректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12 пар ми сүйегі мен мидың нервтері зақымда-нуы мүмкін. Мұнда неше түрлі белгілер білінеді. Бас ауырады, айналады, вестибулярлық өзгеріс-тер байқалады, көзге, жұтқыншаққа да әсер етеді. Бас желкеден тартып ауырып, кейде лоқсып құсады. Бейне бастың сақинасы ұстағандай болады. Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам тепе-теңдіктен айырылып, түзу жүре алмайды. Әсіресе, транспортқа отырып түскен кезде бір жағына жамбастап кетіп қалатын уақыт болады. Көзге әсер еткенде, көздің алдын көлбеңдеп перде байланғандай немесе ұсақ шыбын-шіркей ұшып жүргендей сезіледі. Кейің көздің түбі суырып ауырады. Әсіресе, басты шұлғып не ептеп қозғағанда айқын байқалады. Жұтқыншақ белгісі сирек кездеседі. Онда адам жұтынғанын, тілде, ауыз ішінде дәмді сезбейтін жағдайға тап болады. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай, қырылдап қалады. Сонымен қатар адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпешілдік, қорқыныш, абыржу, ұйқының бұзылуы, ұмытшақтық, көңіл-күйдің, мінездің өзгеруі байқалады. Осының бәрі желке остеохондрозы-ның симпатикалық белгілері. Бел омыртқа зақымдану ересектер арасында жиі кездеседі. Екінің бірі осы аурудың белгісін өзінен тауып жатады. Әйтсе де радикулит бел-гілері көбінесе ер адамдар арасында (20 -- 40 жас-та) жиі кездеседі. Ең алғашқы белгісі -- белдің ауруы. Бүл күт-пеген жерде кенеттен ұстап қалады (люмбага) немесе ұзақ уақыт сыздап ауырып жүреді (люм-балгия). Кенет ұстап қалатын түрі бел бұлшық етте-рінің бірден ңатты жиырылып, шымырланып қалуы себебінен. Ол ауыр жүк көтергенде, шүғыл қимыл жасағанда, ңатты жөтелгенде, түшкірген-де, зорланғанда болады. Қақсап не сыздап ауыру тек белдің тұсында байқалады, басқа жаққа бе-рілмейді. Ұзаққа созылған люмбалгия түрінде ауыра-тын нүктені көрсету қиын. Ол отырып-тұрған кезде, не шамадан тыс ауыр жұмыс атқарғанда ғана білінеді. Қалай ауырса да, оның негізгі себебі -- бел омыртқа арасындағы шеміршектің кеселі. Соның әсерінен бел және сегізкөз тұсынан шыққан нерв талшықтары түбінен қысылып, адамның жағда-йын кетіреді. Радикулитке (құяң) тән белгілер: бел тұсының ауыруы, оның сезімталдыгы, өткізгіштігі, қозғалт-қыш-қимылдатқыш қасиеттерінің төмендеуі бо-лып саналады. Нерв түбі қысылганда белдің тұсы удай ашып, дуылдап күйдіргөндей, түйрегендей, шаншып ауырады. Ол тек бір жерде топтаспай, бөксе мен ұршыққа, санға, аяққа, тіпті өкшеге дейін беріледі. Осындай қатты ауырғанда науқас қалай да бір ыңғайлы жағдай іздейді. Ондай жағдай әр түрлі болады. Мәселен, шалқадан жатып, тізені бүгіп бауырға жинап, сондай-ақ қырымен, ет-петтеп немесе еңбектеп тұрса, ауырғаны сәл ба-сылып, жанға сая табылады. Бұл жағдайлар жұлыннан шыққан нерв тал-шықтарын босатып, белдің ішке қарай майы-суын азайтады. Радикулит белгісі білінген остеохондроз ау-руынан кейін адамдар сол тынымын алған жерді босаңсыту үшін бір жағына ңисайып, не еңкейіп жүреді. Бұлшық еттердің, нерв талшықтарының қабынуы біржола басылғанда, адам бұрынғы ңалпына келеді. Дегенмен уақытында емделмесе, созылмалы түріне айналуы ықтимал. Мұнан кейін -- бел түсындагы сезімталдық қасиеттің кемуі байқалуы мүмкін. Ол көбіне аяқтың басында білінеді. Өйткені белден, сегіз-көзден шыққан нерв талшықтары аяқты қам-тамасыз етеді. Мұндай кезде бөксе, жіліншік, та-бан бұлшық еттері солып, семіп қалуы да ықти-мал. Бұл қозғаушы күштің кемуінен. Остеохондроздың осы аталған белгілерінде вегетативтік өзгеріс те байқалады. Мәселен, аяқ-қол іспектеліп, когілдір тартып, терлеп, тері тү-леп, құрғап, тырнақ өсіп, денені түк басып кететін кездері болады. Аурудың асқынатын және бәсеңдейтін кездері бар. Енді осы індетті емдеуге көп күш салу керек. Оған дәрі-дәрмек, ортопедиялық ем, инемен ем-деу, массаж және дене тәрбиесін қолданады. Емдік гимнастика ауру асқынган кезде ғана емес, оның алдын алу үшін де кеңінен пайдала-нылады. Дене тәрбиесін тағайындағанда әр адам-ның жеке басының ерекшелігіне, жасына, жыны-сына, аурудың шоғырланған жеріне, оның кезе-ңіне баса назар аударады. Мойын омыртқа остеохондрозы Емдік гимнастика тағайындағанда еске ұстайтын методикалық жағ-дайлар бар. Олар: 1. Омыртқалар бұлғалақтап бір жағына шы-ғып кетпес үшін мойынга мақта-дәкеден жасал-ған тіреуіш жаға кигізеді. Бұл мойынға киілген қамыт бүкіл бір емдеу курсы біткенше шешіл-мейді. Осы арқылы мойын омыртқаның тыныш-тығын сақтап, артық қимыл-қозғалыстан аулақ болады. Мұның өзі зақымданған жердің жеті-луіне мүмкіндік туғызады. 2. Алғашқы және негізгі бөлімдерде мойын омыртқаны оз еркімен қозғауға болмайды. Тек қорытынды болімде 15 -- 20 минут баяу қарқын-мен қозғайды. 3. Барлық жаттығулар бұлшық еттерді босаң-сытумен қатарласып келіп отырады. Әсіресе, иық, жауырын белдеуіндегі еттерді босатса, шаншып, ұйып ауырганы басылады. 4. Бірінші күннен бастап мойын бұлшық ет-терін жетілдіруге ықпал жасайды. Ол үшін қар-сыласу жаттығуларын орындайды. Мәселен, дә-рігер не комекші адам алақанымен басты артқа итергенде, ауру алға итеру керек. Оны кейін әр адам өзі орындайды (маңдайга екі алақанды ті-реп немесе иектің астынан тіреп отырып, басты алға итереді). Мойын бұлшық етін жетілдіруге жатқан бойда басты көтеріп 2 -- 5 секунд ұстап тұру да үлкен әсер етеді. Оны шалқадан, етпеттен, оір қырынан жатып жасауға болады. 5. Науқас мойнының ауырғанынан қорған-шақтап, көкіректің кең дем алуына да кедергі келтіреді. Сондыңтан тыныс алу жаттығуларын қосқан абзал. 6. Жаттығулар жасаганда адам шаршама-уы, еш жері ауырмауы керек. Ал жаттыгу үс-тінде мойын тұсы шаншып ауырса, жаттығу мол-шерін бірден азайтады. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: жауы-рын белдеуіндегі бұлшық еттерді босаңсытып, ауруын азайту, қан айналымын жақсарту, вести-булярлы өзгерістерді қалпына келтіру; тканьдер-дің ісігін басу, жалпы организмді нығайту болып табылады. Емдік гимнастиканы аурудьщ, жедел түрінде, алғаш басталған кезінде қолдана береді. Жатты-ғулар қолдың басына, ұсақ және орта' буындарға тағайындалады. Бұлшық еттерді босаңсытуға ар-налған жаттыгулар отырып, тұрып, жатып, яғни науқасқа қолайлы жағдайда орындала береді. Жауырын белдеуіндегі бұлшық етті босаңсыту үшін еңкейіп тұрып қолды алға-артқа сілтеу кең қолданылады. Ауырғаны басылған соң емдік гимнастика мойын, жауырын бұлшық етін шынықтыруга жұмсалады. Барлық жаттығулар тыныс алумен қабаттасып өткізіледі. Вестибуляр қызметі бұ-зылса, арнайы жаттығулар жинағын қолданады. Мәселен, жәй жүру, бір шеңбермен жүру, тепе-теңдік сақтау, кедергілерді аттап өту т. б. (4-таб-лица). Ауру басталған кезде басты жан-жаққа ңоз-ғамайды. Тек қорытынды бөлімде ғана әр түрлі қимылдар жасалады (жан-жағына қарау, басты томен салбырату, иекпен кеудеге жарты шеңбер сызу, басты оң-солга қисайту, иекті созып, кейбір әріптер жазу т. б.). Бір курсқа 30 -- 40 емдік жаттығу енгізуге болады. Емдік гимнастикамен қоса мойынға, екі жа-уырынның ортасына массаж қолданса, тіпті, дұрыс болады. Үй жағдайында тосек қатты, жастық аласа болу керек. Жазу қызметімен айналысатын адам-дар мойнына <<қамыт>> іліп алуы керек. Мойын остеохондрозының алдын алу үшін суда жүзудің маңызы өте зор. Мойын бұлшық етін қатайту үшін қабырғаға арқаны беріп шүйдемен қатты тіреледі (3 -- 5 сек.), одан соң босаңсытып тағы қайталайды. Екі қол-ды шынтақтан бүгіп, иектің астынан итеріп, бастың төмен не жан-жағына бұрылуына мұрша бермейді. Сонымен қатар жон етті өз қолымен қысып, сипап массаж жасап жіберсе, шаршағаны басылып қалады. Мойын остеохондрозына арналған жаттығулар. Бөлім-дері Жаттығулар Үзақтығы Методикалық нұсқаулар 1 2 3 4 К і р і с п е Тұрған қалыпта әртүр-лі ырғақпен жүру. Орындықта отырып екі қолды тізеге қояды. Оң қолды және сол аяқты бір мезгілде алға соза-ды жэне керісінше. Отырған қалыпта оң қолды бүгіп иыққа ти-гізеді, сол аяқты алға созады, екінші жақтан да осыны қайталайды. 2 -- 3 минут 4 -- 5 рет - 4 -- 6 рет Қолды мықынға қойып аяқтың ұшы-мен жүру, қолды екі жаққа жайып жүру (минутына 25 -- 100 қадам). Демді дұрыс алып денені тік ұстайды. Аяқты жермен жылжыта, ал қолды мей-лінше бүге жасайды. Құшақты жая екі жаққа арқан тартқандай керілу. 1-2минут Жұдырық түйіп бұл-шық етті қатайта екі жаққа кезекпен тар тылады. Оң қолмен ара тартқандай қимыл жасап, сол қолмен санды қағып отырады. 1 минут Екі қолмен алма- кезек. Оң қолмен мұрынның ұшын, сол қолмен құлақты ұстайды. 4 -- 6 рет Арасында алақанды соғып қолдарды ауыстырады. Тұрған қалыпта тізені бүгіп,екі қолды желке де ұстайды одан соң аяқтың ұшына кетер іліп. екі қолды төмен түсіреді. 5 -- 6 рет Қолды котергенде төмен түсіргенде арқа бұлшық еттерін мейлінше ширық тырады. Қолды қозғап, шеңбер мен шыр айналып жүру. 3 минут Табанды толық басып аяқтың ұшы мен тізені жоғары көтеріп, козді жұмып жүру Н е г і з г і Айналатын орындыққа отырып, аяқпен жүру дің қимылын жасап орындықты айналдыру 1 минут Сақтық шараларын ескере отыру керек Түрегеліп тұрып екі жаққа алма-кезек иілу 2 -- 3 минут Түрегеліп тұрып белгілі гимнастикалық жаттығуларды қолға таяқша доп ұстап тұрып жасау. 4 -- 5 минут Бастың төмен салбырап кетпеуін қада ғалау. Түзу сызықпен жүру 5 -- 6 минут Демді дұрыс алу керек. Мойын бұлшық еттері не қарсыласу жаттығулары 4 -- 5 минут Мойын ауырмауы тиіс. Отырған қалыпта қолды темен түсіріп саусақтарды сілкілейді 45 сек. Бұлшық еттерді босатуға көңіл ауда рады. Басты төмен салбы тып иекпен жарты шең бер <<сыза>> қозғайды. 5 -- 6 рет Асықпай байыппен Түрегеліп түрып қолды жоғары көтеріп әр буынды кезекпен бүгіп қолды сылқ еткізіп тастап жібереді. Екі қолды мықынға ті рей екі қолды өкшені көтеріп, терең дем ала ды, қалпына келгенде демді сыртқа шығарады. Қолды мықынга тіреп, бөлме ішінде жүру. Барлығы 3 -- 4 рет 3 -- 4 рет 1,5 -- 2 минут 25 -- 30 минут. Денені дұрыс ұстап еркінше дем алу. Орташа ырғақпен Баяу ыргақпен тізе ні көтеріп жүру. Кеуде остеохондрозы Омыртқа аралық шеміршектің то-зуы салдарьщан көкірек қуысы өзгеріп кетеді. Кеуде омыртқалары сыртқа теуш, дөңестік пайда болады. Ол тек ауыр-тып қоймай, өкпенің қызметін, дем алуғд ықпал жасайтын қабырга еттерін әлсіретеді. Сонымен денеде газ алмасуы бұзылып, оттегі тапшы бо-лады. Кеуде артқа кеткенде дененің тік қалпын сақ-тау үшін бел омыртқалар алға ығысады. Содан оларды ұстап тұрған еттер мен сіңірлер созылып, нерв талшыктарына әсерін тигізеді. Сол кезде бел омыртқаларда ешбір өзгеріс болмаса да ауыра бастайды. Емдік гимнастиканың міндеті: дененің сым-батын сақтау үшін арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқа жотасының табиғи иректерін (лордоз, кифоз) қалпына келтіру. Емдік гимнастика әр түрлі жағдайда (жатып, отырып, түрегеліп тұрып) жасалады. Кеуде қабысып қалғанда іштің етін шының-тырып, арңа бұлшық етін созады. Мұнда қалайда кеуде кифозын (сыртқа тебу) үлкейтуге ықпал жасайды. Кеуде қуысы артқа ауысып кетсе, арқа, іш, кеуде бұлшық еттерін нығайтуға арналған жат-тығулар беріледі. Онда омыртқа жотасын қай-қайтып, жауырындарды бір-біріне тигізеді. Мұн-дай жағдайда бел омыртқа орнында қалуын қа-дағалау керек. Ол үшін етпеттен жатып, іштің астына жастық салып қояды, сол арқылы алдын ала бел лордозын таяздатып, қайқаюына мүмкін-дік бермейді. Тізе мен шынтаққа тіреліп <<төрт тағандап>> түрып жасалған жаттығулар да омырт-ңа жотасының қалпына келуіне ықпал жасайды. Омыртқа жотасы қисайғанда берілген жатты-ғулар сияңты остеохондроз ауруында да көлбеу жазықтықта созылудың маңызы зор. Сол сияқты судың ішінде жасайтын жаттығу-лар өте пайдалы (жүзудің <<брасс>> деп аталатын түрі және арқамен жүзу). Үй жағдайында жазу-сызу мен шүғылдан-ғанда стол басында отырып қалса, қалайда әлсін-әлсін түрегеліп жүріп, не отырған орындықтың арқалығына шалқая 2 -- 3 минут жату керек. Бұлшық еттерге күш салу өте тиімді: орындық арқалығына жауырынды жапсыра қысады; бел-ді де таяп қойып нығыздайды; сол қалыпта орын-дықтың екі жағынан ұстап өзін де, орындықты да көтермек болады; қолды столға қойып қатты басады; қабырғаны арңамен тіреп тұрып, бөксе-мен, белмен, жауырынмен оған кезек-кезек қысым түсіреді. Осындай изометриялық қатайту, шынық-тыру жаттығуларынан кейін бүкіл денені босаң-сытады. Әр сабаңта 4 -- 5 рет осы жаттығулар қайталану керек. Емдеу гимнастикасымен бірге арқа, кеуде бұлшық еттеріне арналған массаж өте тиімді. Бел омыртка мен сегізкөз остеохондрозы Омыртқааралық шеміршектщ жан-шылып ыдырауынан неврология-лық белгілер айқындалып, бел омыртқаның қимыл-қозгалысы кеміп қалады. Қолданатын емдеу әдістері көп. Олар дәрі-дәрмек, хирургиялық (операция), балшықпен емдеу, токпен емдеу, массаж және емдік гим-настикасы. Профессор Епифанов В. А. (1982) емдік гим-настика тағайындағанда белсегізкөз омыртқала-рьіның анатомо-биохимиялық ерекшелігін ескеру қажет деген. 1. Шеміршек ішіндегі ңысым жатқан кезде төмендейді (0,5 -- 1 кг/см2), ал тік тұрғанда ол екі есе көтеріледі. Сондықтан аурудың алғашқы са-тьісында жаттығуларды шалқадан, етпеттеп, бір қьірынан жатып немесе еңбектеп тұрып жасаған дұрыс. 2. Омыртқа аралық шеміршектің ыдырап сьіртқа шығуы (грыжа) нерв талшықтарына қцянат келтіреді. Бұзылған нерв түбірлері бұл-тітьіқ еттің <<тастай>> болып ңатып ңалуына әкеп соғады. Осыған орай бұлшық етті босатудың жә-йін ойластыру керек. 3. Денені алға еңкейтсе, омыртқа аралығы аціылып, одан шығатын нерв талшықтары бо-сайды, бұлшық еттердің тартылуы кеміп, қалпына келеді. 4. Омыртқа жотасын созудың маңызы зор екенін жоғарыда айттық. Тәжірибе жүзінде бел оіяыртқа зақымданғанда, көлбеу жазықта немесе кушеткада, суда созылудың пайдасы айрықша. Ауру асқынған кезде бұлшың етті босаңсыту үціін қаттырақ төсекте қозғалмай жату керек. Хізені сәл бүгіп, таңымға жастық не бүктелген көрпе ңоюға болады. Тыныштық және ауырған жерге күш түсірмеу -- жарылған шеміршектің бітуіне үлкен ықпал жасайды. Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: бел оіуіьіртқаның, оның маңындағы бұлшық еттердің сьіздап ауырғанын бәсеңдетіп, қан айналымын ясақсартып, нерв талшықтарын жандандыру. Жаттығулардың бәрі бұлшық етті босаңсытуға аряалған. Сондықтан қимыл-қозғалыс дұрыс тьіныс алумен қабаттасып келіп отырады. Аяқ-тарды екпінді серпу керек болса, ол оңай орындалу үшін табанның астына жылжитын тақтай, кіііікене дөңгелектері бар арба орнатып қояды. Сонда еркімен барлық қимылдарды жасауға мүмкіндік туады. Ауырғаны басылған соң жаттығулар жинағы күрделеніп, омыртқаны созуға бағытталады. Кө-бінде жаттығуларды жатып (шалқадан, етпеттеп, бір жағынан) орындайды. Сонда омыртқа арасы ашылып, қоршаған бұлшық ет босап', зат алма-суы жақсарады. Орта және ірі буындар мен бұл-шық еттерді жаттығуға біртіндеп қосады. Изо-метриялық күш жұмсайтын жаттыгулар өте тиім-ді, мәселен, аяқты тізеден бүгіп, белді, бөксені тақтай төсекке қатты қысады. Бұл жаттыгулар құрсақ ішіндегі қысымды ұлғайтып, сол арңылы шеміршек (омыртқа аралық) ішіндегі қысымды азайтады. Барлық жаттығу адамның өз еркімен қинал-май жасалу керек. Әдетте сау аяқтан бастайды. Мөлшерін, ырғағын, қарқынын біртіндеп өсіреді. Yenзаққа созылған ауруда арқа мен құрсақ бұл-шық еттері семіп қалады. Сондықтан дене тәр-биесі арқылы бұлшық еттерді жетілдіріп, қысып ұстап тұратын құрсау керек. Осыған орай ертеңгі гигиеналық гимнастикамен бірге, арнайы емдік гимнастиканы мұқият орындаған дұрыс. Әр уа-қытта денені тік ұстауға дағдыланған пайдалы. Үй жағдайында қатты төсекте жатуды ұмыт-паған жөн. Yenзақ уақыт бір күйде отырмай, ауыр нәрсе көтермей, суыққа ұрынбай, адам өзін сақ-тау керек. Ал қызмет бабымен алыс командиров-каға шыңқанда машина-транспортпен селкілдеп көп жүретін болса, арнайы корсет (құрсау, киген дұрыс. Бірақ оны үнемі пайдалануға болмайды. Сол сияқты остеохондрозға, жалпы омыртқа ауруларына ең қажет нәрсе -- таза ауа, серуен, суда жүзу, шаңғы тебу т. б. Массажды біреуге жасатуға не әркім өзі жа-сауына болады. Мұнда бел, бөксе, аяқ бұлшық еттерін мейлінше сипап, мыжып, тонусын артты-рады, қан-лимфа айналымын жақсартады. Кеуде және бел остеохондрозына арналған жаттығулар мөлшері п/п Мазмұны Ұзақтығы мен мөлшері Методикалық нұсқау 1 Жатқан қалыпта екі қол ды жоғары көтеріп, терең - дем алады, қолды төмен түсіргенде демді шығарады. 4 -- 5 рет Демді дұрыс алу керек 2 Екі аяқты кезекпен бүгіп-жазады. 6 -- 10 рет Еркін дем алу керек. 3 Жатқан қалыпта иықты, жауырынды, белді, бөксені қатты төсекке басып ба-тырғандай болады, содан кейін босатады(5 -- 7 сек). 3 -- 4 рет Мүмкіндігінше қат-тыраң қысу керек. 4 Қолды ішке қойып терең дем алады. 3 -- 4 рет Іштің көк етін дем алуға қосу. 5 Шалқадан жатып, аяқты бүгеді. Табан мен шынтақ-қа тіреліп, жамбасты жо-ғары көтереді. 4 -- 5 рет Көтерілген кезде бұлшық ет жиыр-ылуы тиіс. 6 Етпеттеп жатып, иықты көтеріп екі колмен жүзу-дің <<брасс>> эдісін жа-сайды. 6 -- 8 рет Асықпай, бірқалып-ты ырғақпен. 7 Екі аяқты алма-кезек екі жаққа жіберіп, кушеткаға тигізбей қайта орнына қояды. 4 -- 6 рет Еркін дем алады. 8 Екі қолды алға созып, одан соң желкеге қойып, кеуде-ні көтереді. Ңайта қалпы-на келеді. 4 -- 5 рет Баяу ырғақпен. Дем алу ерекше. 9 Төрт тағандап, еңбектеп тұрады (шынтақ пен тізеге тіреліп). Екі қолды алға созып, өкшеге басылып отырады. 4 -- 6 рет Орташа қарқынмен. 10 Сол қалпында, оң жақ ті-зені сол қолға қарай соза-ды, керісінше. 6 -- 8 рет Дем алу еркінше 11 Оң жағынан жатып; үс-тіңгі аяқты жоғары көтер-іп 5 -- 7 секунд ауада ұстап тұру. Кейін екі аяқты бір-дей көтеріп ұстап тұру. Сол жағына жатып жат-тығуды қайталайды. 3 -- 4 рет Дем алу еркін. 12 Бір қырьінан жатып үс-тіңгі қолды жоғары көте-реді, ол кезде омыртқа-кеуде артқа қайқаймағаны дұрыс. Екінші қолмен де соны жасайды. 4 -- 6 рет Денені түзу ұстау ке-рек. Демді еркін ала-ды. Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. 2.Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістері. 3.Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағы. . Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. №6сабақ. Тақырып. Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика. Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика. Мақсаты: Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика әдістемесін оқып білу.. Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика тәсілдерін менгерү.. Сабақ жоспары: әдістемелік нұсқау орыс тілінде. Бақылау сұрақтары: 1. Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. 2.Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика. 3.Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. №7сабақ. Тақырып. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. Мақсаты: Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастика. Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар Сабақ жоспары: Дұрыс тамақтандыру бүлдіршін-дердің денсаулығын ойдағыдай саңтаудағы алғы шарт. Соған орай мектеп жасындагы балаларды үйінде және басқа да көпшілік орындарында дүрыс тамақтандыру-дың маңызы зор екенін айта кеткен орынды. Ңа-зіргі мектептердің қай-қайсысы болса да бұл күндегі хабарлар тасңынының үдере дамып оты-руынан туған барлық тілек-талаптардың тұргы-сынан көрінулеріне мүмкіндіктері мол. Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекше-лігі дене бітімінің интенсивті түрде өсуімен және энергиялық күш-қуатты жұмсаудың артуымен айқындалады. Осы кезеңдегі жас балдырған-дардың қай-қайсысында болса да мектептегі са-бақңа, өндіріс процесіне және спортқа байла-нысты санаға және денеге түсетін салмақтың артатындығы белгілі. Сондықтан да әрбір пірім даму кезеңінде жан-жақты дұрыс жетілу үшін оларды дер кезінде дұрыс тамақтандырып отырудың орны ерекше. Дұрыс тамақтандыру дегенді қалай түсінуге болады? Тамақтану жөніндегі ғылымның күн сайын жетіліп келе жатуына байланысты ол әр жас адамның физиологиялық қажеттілігіне бай-ланысты тамақтанудың жаңа нормативін ұсынып отыр. Сонымен бірге тамаңтандыру мәселесі оқу-дың және еңбек процесінің жағдайын ескеріп отыруға тиіс. Әр бала мектепте, орта есеппен, төрт-алты сағат уақыт болған кезде сабақта ой-лануына және басқадай қимыл-қозгалысына мөлшері 600 килокалориядай қуат жұмсайды екен, ал оның орнын толтырып отыру үшш бір күнде ішетін тамағының 20 -- 25 процентіне тең келетін ыстық және сүт тағамдарымен мектепте тамақтануы қажет. Ал, мектепте бір тәуліктің 8 -- 10 сағатын өткізетін оқушылар бұған қоса тағы да түстік тамақ ішуге тиісті. Сондай-ақ, әр баланың күніне ішетін тама-гының мектепте қанша мөлшерін және қай уа-қытта ішуінің маңызы зор. Егер бұл шарттар ойдағыдай орындалмаса, ондай жағдайда бала-ның ас қорытуы нащарлап, тамаққа деген тәбеті төмендейді. Әр шәкірт тәулігіне төрт рет тамақтануға тиіс. Және ол тағамның беретін қуаты баланың жұм-саған қуатымен тең болып отыруы керек. Егер ер бала өзінің бір килограмм салмағына әр тәу-лікте 1,5 -- 2,5 грамм белок және май, сондай-ақ бұдан 4 -- 4,5 есе көп углевод алып отырса, оның өсуі ойдағыдай болмақ. Ол үшін мектеп жасын-дағы баланың тәулігінде қабылдайтын тамағы-ның рационы мынадай мөлшерде болуы керек: сүт -- 500 г, ақ ірімшік -- 40 -- 45 г, қатырма ірім-шік (сыр) 10 г, кілегей және иінді сүт (сливка) -- 15 г, ет-балық -- 140 -- 200 г, нан 200 -- 300 г, же-міс-жидек -- 300 -- 500 г, жарма (крупа) -- 25 -- 35 г, кондитер тагамдары -- 60 -- 80 г, көкөніс -- 400 -- 600 г басқалар. Бір тәулікте пайдаланылатын тагамның молшері 7 -- 11 жас арасын-дағыларға 2000 -- 2300 г, 11 -- 16 жастағыларға -- 2400 -- 2700 г болуға тиіс. Тағамның құрамында биологиялық активті компоненттері мол азық-түліктерге ең алдымен сүттен жасалған тағам-дардың (айран, ақ ірімшік, тәтті айран, қатырма ірімшік), сондай-ақ көконістер мен жеміс-жидек-тердің (капуста, қызылша, кок бұршақ, салат, алма т. б.) жататындығын айту керек. Жасос-пірімдердің дене бітімінің ойдағыдай жетіліп, ақыл-ойының жан-жақты дамуы үшін қымыз, шұбат сияқты аса құнды сусындарды да пай-даланған жон. Жоғарыда корсетілген тағамдар-дың түрлері мезгілімен дұрыс беріліп отырған жағдайда организмнің қызметі артып, ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істейді, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен, балаларды дұрыс тамақтандырудың маңызы оте зор екендігі белгілі. Ойткені жаста-рымыздың дене бітімі жарасымды, ақыл-ойы жан-жақты толысып жетілуінде жоғарыда ай-тылған жағдайдың ролі ерекше. Адам өмірінде қуанышынан реніш-қайғысы көп сияқты көрінетін кездері болады. Зей-нетінен бейнеті асып кетіп те отырады. Күн-делікті күйбің-тіршілік, жас келген сайын білінетін кейбір ауру белгілері, жақсы адам-дарды жоғалту... осының бәрі адамды қа-жытады. Бірақ жігер мен қайратқа сүйенген кісі барлық кедергілерді жеңе алады. Тіпті өте күрделі жағдайларда, өзінің пара-сатты ойларымен, дәл шешім тауып шығып кетеді. Кейбіреулер басьіна түскен қиыншылыққа шыдай алмай, морт үзіліп кетеді. Ол өмірдің ауыртпалығынан қутылуға жол жоқ деген сезіммен күрделі құбылыста өзін жоғал-тып, күш-қуат, ой-өрісін мүжіп алады. Мундай психологиялық бейнет адам бойына туа біткен кемшіліктерге де тығыз бай-ланысты. Ал егер қиын-қыстау жағдай жумыста, қыз-меттес адамдар арасында кездессе, басқа жерге ауысу керек. Әлбетте, ол оңай емес, дегенмен өмір сыйлаған аз уақытты итіс-тартыспен өткізгенше, өз мінез-қулқына ла-йық, көңілі толатын жер іздеген абзал. Әсіресе, шаңырақта, жеке баста кездесетін қиыншылық адамды тоздырып жібереді. Бірақ оның да шығу жолдары бар. Оған да қажырлылық, қайраттылық керек. Кішіпейіл, кең болса, біреуі асыра айтқанда, екіншісі сабырлылық танытса, түсініспеушілік артта қалады. Күн мен тұн алмасқандай, үнемі бақыт та, не ұдайы қайғы да бола бермейді. Қайсысын да жеңетін күш, ұстап отыратын салмақ керек. Адамдар кейде уақытты ұшы-қиыры жоқ мухит сияқты сезініп, оған немқұрайлы қарайды, қалай болса солай <<жүзе>> бере-мін деп ойлайды. Өмірде олай емес, жо-ғалтқан бір сәт уақытың қайтып келмейді, дәл сол шақта оралған тиімді мезгіл көз-ден <<бұлбұл>> болып ұшады. Уақытты ұтымды пайдалану -- үлкен же-тістік. Оған да дағдылану керек. Күнде-лікті уақытты бір жүйемен жоспарлаған дұрыс. Жұмыс уақыты үзіліспен, демалыс кезі белсенді, жігермен атқарылатын қызу жұмыспен алмастырылуы қажет. Ал текке босқа кеткен уақыт кейін орнын толтыру-ды қажет етеді. Өмір адамдардың алдына көп мүмкіншілік-ті жайып тастайды. Соны пайдалана білу-дің өзі бір ғанибет. Мәселен, білімді адам-дармен қатынасу, шаңырақ қуру, саяхатқа шығу, спорттық секцияларға бару т. б. -- осының бәрі уақыт көлеміне сыйғаны жөн. Сондықтан тоқтаусыз жүгірген сағат тіліне мейлінше мұқият болыңыз. Уақытым текке өткені-ай деп өкінбеген дұрыс. Бақылау сұрақтары: 1.Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика 2.Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. 3.Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастика. 4.Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері 5.Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар. Әдебиет: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Тапсырмаларды орындауға кажет әдебиеттер. Негізгі эдебиеттер. 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат.Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. - М 1988г. 3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год. Қосымша эдебиеттер. 7. Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. - Минск 1996 год. 8. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. 4.СОБӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау. Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс тақырыбы және сұрақтары кестеде көрсетілген, қолданатын оқулық тізімі де көрсетілген. Студент кенес алып берілген тапсырманы орындау тиісті. Оқытушы тексеріп тапсырманы бағалайды. СОБӨЖ тапсырмалары. № Тақырыбы Тапсырма мазмұны, мақсаты Ұсынылатын әдебиеттер Балл Бақылау формасы Орындау мерзімі 1 Жалпы және жеке патология негіздері. Жалпы ауруға берілетін анықтама. Ауру, сырқаттың алдынғы кезі. Патологиялық жағдай, ауруға қарсыласу.Аурудың себебі мен дамуы, барысы. Ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті. Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 1апта 2 Жеке патология негіздері. Жүрек - қан тамырлар ауруы.Қан айналымы аурулары. (ЖҚТ)Жүрек - қан тамырлар ауруларын жіктеу. Тыныс мүшелерінің аурулары. Ас қорыту ағзаларының аурулары. Зат алмасудың бұзылуы. Сусамыр, семіздік,зоб, подагра. Жалпы тұсініктеме,себептері, белгілері, дамуы. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 2-4апта 3 Емдік гимнастиканың негізі. Емдік гимнастиканың тәсілдері.. Емдік гимнастиканың әдістері. Емдік гимнастика формалары. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 5апта 4 Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Тыныс мүшелерінің ауруларына берілетін емдік гимнастика. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 6апта 5 І шкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастика. Зат алмасудың бұзылуы. Сусамыр, семіздік,зоб, подагра. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 7апта 6 Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына берілетін жаттығулар. Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы. Балалардың сал ауруына берілетін жатттығулар жинағы. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Емдік жаттығулар жинағы. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 8апта 7 Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 9апта 8 Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика. Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Емдік жаттығулар жинағы. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 10-14апта 9 Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. Кезендеріне сәйкес ауруларға берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. Емдік жаттығулар жинағы. 1,2,3,5,6. 4 Конспект, тест,жеке бак жұмыс. 15апта 5.СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау. Студенттің өзі орындайтын жұмысты дәріс және практикалық сабақта студенттің дайындық денгейін тексерү ретінде жұргізіледі. СӨЖ тапсырмалары № Тақырыбы Тапсырма мазмұны, мақсаты Ұсынылатын әдебиеттер Балл Бақылау формасы Орындау мерзімі 1 Жалпы және жеке патология негіздері. Ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті. 1,2,3,5,6. 4 жазбаша 1апта 2 Жалпы және жеке патология негіздері. Стресс факторлары.Естен тану (шок), оның тұрлері. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 2апта 3 Жалпы және жеке патология негіздері. Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. Күре тамырда және қыл тамырда қан қысымының жоғарлауы, тарылуы, қанның іркіліп қалуы. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 3апта 4 Жалпы және жеке патология негіздері. Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Су алмасуының бұзылуы. Гипо- гипергидратация.ісінудің түрлері. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 4апта 5 Жалпы және жеке патология негіздері. Май алмасуының бұзылуы. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 5апта 6 Жалпы және жеке патология негіздері. Балалардың сал ауруларына сипаттама. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 6апта 7 Жалпы және жеке патология негіздері. Қандағы қанның өзгерүі. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 7апта 8 Жалпы және жеке патология негіздері. Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Сусамыр ауруына шалдығу. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 8апта 9 Жалпы және жеке патология негіздері. Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Қабынудың биологиялық негізі. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 9апта 10 Жалпы және жеке патология негіздері. Қалтырау (безгек)кезінде физиологиялық өзгерү. 1,2,3,5,6. 4 10 11 Жеке патология негіздері. Жүйке-жуйесі аурулары,жалпы тұсініктеме,себептері, белгілері, дамуы. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 11апта 12 Жеке патология негіздері. Балалардың сал ауруларына сипаттама,себептері, белгілері, дамуы. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 12апта 13 Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Жұрек ақауларында қолданатын емдік гимнастика. Кезендеріне сәйкес жқт ауруларына берілетін жаттығулар жинағы. Арнайы кезендермен тиімді жаттығулар жинағын тағайындау. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 13апта 14 Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. Құрсақ қуысындағы мұшелердің төмен түскенде берілетін гимнастикалық жаттығулар. 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша 14апта 15 Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері 1,2,3,5,6,7 4 Жазбаша, тест 15апта 6.Бақылау - тексеру құралдары. 1.Жалпы және жеке патология негіздері. Жалпы ауруға берілетін анықтама. Ауру, сырқаттың алдынғы кезі. 2.Патологиялық жағдай, ауруға қарсыласу.Аурудың себебі мен дамуы, барысы. Ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті.. 3. Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. 4.Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. 5.Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі.Ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті. 6.Стресс факторлары.Естен тану (шок), оның тұрлері 7.Күре тамырда және қыл тамырда қан қысымының жоғарлауы, тарылуы, қанның іркіліп қалуы. 8.Жалпы ауруға берілетін анықтама. 9.Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері. 10.Тіндегі зат алмасуының бұзылуы. Су алмасуының бұзылуы. Гипо-гипергидратация.ісінудің түрлері. Май алмасуының бұзылуы. 11.Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі. Қабынудың биологиялық негізі. 12.Сусамыр ауруына шалдығу. 13.Жүрек - қан тамырлар ауруы. 14.Қан айналымы аурулары. 15.Жүрек - қан тамырлар ауруларын жіктеу. 16.Тыныс мүшелерінің аурулары. 17.Ас қорыту ағзаларының аурулары. 18.Емдік гимнастиканың негізі. 19.Емдік гимнастиканың тәсілдері.. 20.Емдік гимнастиканың әдістері. 21.Емдік гимнастика формалары. 22.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика. 23.Жүрек - қан тамырлар ауруына қолданатын жаттығулар. 24.Тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығулар. 25.Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастика. 26.Бүйрек және несеп жолдары ауруына қолданатын емдік гимнастика. 27.Асқазан және ішек жолдары қабынуда қолданатын жаттығулар. 28.Орталық және шеткері жүйке жүйесі аурулары және зақымдары. 29.Жүйке-жуйесі аурулары,жалпы тұсініктеме,себептері, белгілері, дамуы.. 30.Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы. 31.Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістері. 32.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. 33.Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастика. 34.Неврастения, психостения, истерия невроз түрлерінде қолданатын емдік гимнастика. 35.Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика. 36.Сіңірдің созылуы, тартылуы, үзілуі,буынның шығуы сияқты ауруларда қолданатын жаттығулар жинағы. 37.Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағы. . 38.Хирургиялық аурулар мен жарақаттарда тағайындалатын емдік гимнастика. 39.Кеуде және құрсақ ішіне операция жасағанда қолданатын емдік гимнастика. 40.Үсігенде және күйгенде қолданатын емдік гимнастика. 41. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика 42.Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру. 43.Мүсіннің бұзылуы, омыртқа жотасының қисаюы. 44. Қазтабанға арналған жаттығулар 45.Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастика. 46.Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері. 47.Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар. 48.Балалардың сал ауруларына сипаттама,себептері, белгілері, дамуы. 49.Құрсақ қуысындағы мұшелердің төмен түскенде берілетін гимнастикалық жаттығулар. 50.Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсер
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz