Файл қосу
Дене қозғалысының түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 дәрежелі СМЖ құжат ПОӘК ПОӘК 042-18-8.1.97/02-2013 ПОӘК Студенттерге арналған <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің бағдарламасы №1 баспа 18.09.2013ж. <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072900 - <<Құрылыс>> мамандығының студенттеріне арналған ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғысөз 1 ӘЗІРЛЕГЕН Әзірлеген ___________ <<______>>____________2013 ж. С.К.Турусбеков Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, <<Машина жасау технологиясы және механика>> кафедрасының аға оқытушысы 2 ҚАРАСТЫРЫЛДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті <<Машина жасау технологиясы және механика>> кафедрасының отырысында Хаттама № 1 , 9 қыркүйек 2013 жыл Кафедра меңгерушісі _________ С.Д.Токаев 2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде Хаттама № 1 , 12 қыркүйек 2013 жыл Төрайымы __________ С.С.Толеубекова 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды және басылымға ұсынылды Хаттама № 1 , 18 қыркүйек 2013 жыл Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы__________ Г.К.Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны 1 Жалпы мағлұматтар 3 2 Пәннің мазмұны мен сабақтың түрі бойынша сағаттардың бөлінуі 4 3 Пәнді оқытуға әдістемелік нұсқаулар 5 4 Курстың форматы 5 5 Курстың саясаты 7 6 Бағаларды қою саясаты 9 7 Әдебиеттер 10 1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР + Оқытушы мен пән туралы жалпы мағлұмат * Оқытушының аты-жөні - Турусбеков Серікбол Какарманұлы; * Кафедра - <<Машина жасау технологиясы және механика>>; * Байланыс - тел: 35-24-50, № 10 оқу ғимараты, № 12 кабинет; * Сабақ өткізу орны - № 10 ғимарат аудиториялары; * Пән бойынша кредиттер саны - 3 1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы. Кандай болса да мамандықта инженерлерді дайындау үшін физика - математикалық пәндерінде теориялық механиканың мен материалдар кедергісі пәндерінің ролдері ерекше. Ірі құрылыстар, зәулім биік үйлер, ұшу аппараттары, сонымен қатар халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын әр түрлі машиналардың бәрі де алдын ала дайындалған жобалар бойынша жасалады. Жобада күрделі конструкцияның және оның жеке элементтерінің материалдары мен өлшемдері, оларға әсер етуші күштердің сипаттары сияқты әр түрлі деректер толығымен көрсетіледі. Машина құрылымының жобалануы кезінде, оның келешек жұмыс істеу шарттарына байланысты, өздеріне және жеке бөлшектеріне әр түрлі инженерлік талаптар қойылады. Бұл талаптардың негізгілерінің бірі материалдардың беріктігі, сонымен қатар жеке элементтерінің қатаңдығы мен орнықтылығы. Құрылыстағы элеменнтерді беріктікке есептеу <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> ғылымында шешілетін мәселелердің ең негізгісі болып табылады. Денелер сыртқы күш әсерінен өздерінің өлшемдері мен пішіндерін (формаларын) өзгертеді, яғни деформацияланады Инженер, машина тораптарын жобалау кезінде, конструкциялық материалдарды барынша үнемдеумен қатар олардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс. 1.3 Курстың мақсаты студенттерді теориялық механика пәні бойынша абсолют қатты денелердің қозғалыстары /кинематика бөлімі/ және күш әсерлерінен туындайтын тыныштық күйі мен қозғалу мүмкіндіктерін /статика, динамика бөлімдері/ жан-жақты қарастырып , әртүрлі заңдылықтармен таныстыру. 1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті-студенттерге <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің әдістерімен кез-келген құрылыс элементтеріне күш түскен кезде олардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын есептеу жолдарын үйрету.Сонымен қатар, берілген курстың маңызы тек студенттерге белгілі мәліметтер беру ғана емес (анықтамалар, заңдылықтар, есептердіі шешу әдістерін), сондай-ақ олардың пайдаланылуын қолдана білу.Пәнді оқытудың негізгі мақсаты оқытылатын пәнді мамандық бойынша практикада қолдана білу, студенттердің механикалық қозғалысқа жататын көптеген құбылыстарға қатысты түсініктерін қалыптастыру; механикалық қозғалыстың негізгі заңдарын игеру. 1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет: * Нүкте қозғалысының берілу әдістерін; * Динамика заңдарын, динамика есептерін, негізгі түсініктерін және анықтамаларын; * Ғимараттар элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері мен принціптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау ұсыныстарын білуі керек * Берілген дененің (немесе нүктенің) қозғалу заңдылықтарын біле отырып, дене қозғалысын толығымен, сонымен бірге оның әрбір нүктелерінің қозғалыстарын жеке (траекториясын, жылдамдығын, үдеуін және т.б.) сипаттайдын барлық кинематикалық өлшемдерді анықтауды; * Қолданбалы есептерді щещу үшін динамиканың негізгі заңдарын және теоремеларын қолдануды; * Деформацияның қарапайым түрлері (стаикалық анықталған жүйелердегі созылу - сығылу, бұралу), күрделі деформациялар (көлденең иілу, центрден тыс сығылу) кезінде конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді орындауды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды істей білу керек. * Қолданбалы есептерді шешуге; * Беріктікке есептеудің үш түрін орындау бойынша: тексермеліге, есептелген жүктемені анықтауға, жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға; * Қаттылыққа есептеуге дайындалулары қажет. * курстың қарапайым (созылу, сығылу, ығысу, бұралу, иілуге) және күрделі (қиғаш иілу, иіліп бұралу, жалпы жағдай) жүктелген конструкция элементтерін беріктік пен қатаңдыққа есептеуге, маңызды конструкциялық материалдардың қасиеттерін және кернеулі-деформацияланған күй теориясын зерделеуге, шектік күйді айқындау критериилеріне; орнықтылыққа, динамикалық күштер әсеріне, қажуға, беріктікке және серпімділік шегінен асқан кернеулерге есептеулерге арналған бөлімдерін білуі керек; * құрылыстың элементтеріне тән кернеулі және деформацияланған күйлерді талдау, шектік күйді дұрыс бағалау, қауіпсіз күш шамасын анықтау, тексеру және жобалау есептеулерінде компьютерлік технология қолдану жұмыстарын істей алуы керек; * машина бөлшектері мен жабдықтардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелерінде, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында құзыретті болуы керек. 1.6 Курстың пререквизиттары: . 1.6.1 Инженерлік механика 1.7 Курстың постреквизиттары: 1.7.1 Инженерлік механика III 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚТЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАР БӨЛІНУІ Кесте 1 № р/с Тақырыптың атауы Сағаттар саны ДС ПС СӨЖО СӨЖ 1 Дәріс 1. Теориялық механиканың табиғаттану және және техникалық ғылымдар қатарындағы орны, негізгі бөлімдері 1 1 2 Дәріс2. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Байланыстар және байланыс реакциялары. Байланыстардың негізгі түрлері. 1 1 3 Дәріс3. Кинематиканың негізі мен мәселелері. Санақ жүйесі. 1 1 1 3 4 Дәріс 4. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысын анықтаудың векторлық, координаталық және табиғи әдістері. Нүктенің траекториясы, жылдамдығы мен үдеуі. 1 1 3 5 Дәріс 5. Қатты дене кинематикасы. Дене қозғалысының түрлері. 1 3 6 Дәріс 6. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы. Ілгерілмелі қозғалыстағы қатты дене нүктелерінің траекториясы, жылдамдықтары және үдеулері туралы теорема. 1 1 1 3 7 Дәріс7. Қатты дененің өске қатысты айналмалы қозғалысы. Қозғалыс теңдеуі, бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу. 1 1 3 8 Дәріс 8. Қатты дененің жазық-параллель қозғалысы. Жылдамдықтардың лездік центрі. 1 1 3 9 Дәріс 9. Динамика. Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдары.. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Нүкте динамикасының екі мәселесі. 1 1 3 10 Дәріс 10. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшері. Күштің элементарлық және толық импульстары. Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. 1 3 11 Дәріс 11. Күштің элементарлық және толық жұмысы. Қуат. Кинетикалық энергия. Әр түрлі қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. 1 1 1 3 12 Дәріс 12. Даламбер принципі. Инерция күші. Инерция күштерінің бас векторы мен бас моменті. 1 1 1 3 13 Дәріс 13. Тік стерженнің созылуы және сығылуы Беріктік шарты үш түрлі есептер. Беріктікке тексеру, қима өлшемдерін іріктеу, мүмкіндік жүктемелерді табу. 1 1 1 3 14 Дәріс 14. Созылу мен сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған есептер. Деформацияны анықтау. 1 1 1 3 15 Дәріс 15. Материалдардың созылу сығылу кезіндегі механикалық қасиеттері. Созылу, сығылудағы беріктік, қатаңдыққа есептеу 1 3 16 Дәріс 16. Пластикалық және морт күйлер. Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда болатын кернеулер. Температуралық кернеулер. 1 1 1 3 17 Дәріс 17. Ығысу және бұралу. Таза ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Ығысу модулі. Ығысу жағдайындағы кернеулі күй. Бас кернеулер. Изотропты материалдың серпімді тұрақтыларының арасындағы тәуелділік. Ығысу кезіндегі көлем тұрақтылығы. Ығысу деформациясының меншікті потенциалдық энергиясы. Ығысу диаграммасы 1 3 18 Дәріс 18 Көлденең қимасы дөңгелек түзу сырықтың бұралуы. Бұраушы моменттер 1 1 1 3 19 Дәріс 19. Бұралудағы беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Ығысу мен бұралудағы деформация- ның потенциялдық энергиясы. 1 1 1 3 20 Дәріс 20. Тұтас дөңгелек және сақина пішінді көлденең қималы сырықты беріктікке және қатаңдыққа есептеу. Бұраушы моменттер, жанама кернеулер мен бұралу бұрыштарының эпюрлері. Бұралу кезіндегі статикалық тұрғыдан анықталмайтын есептер 1 3 21 Дәріс 21. Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу. Күрделі қарсыласу түсініктемесі. 1 3 22 Дәріс 22. Күрделі қарсыласу. Кернеу. Нөлдік сызықтың орналасу жағдайы. Иілулер. Беріктікке есептеу. 1 1 1 3 23 Дәріс23. Күрделі кедергі. Центрден тыс сығылу мен соғылу. 1 1 1 3 24 Дәріс24. Күрделі қарсыласу. Дөңгелек қималы сырықтардың иіліп бұралуы. Шектік күй болжамдарын қолданып, беріктікке есептеу. 1 3 25 Дәріс25.Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Жалпы түсініктер. 1 1 1 3 26 Дәріс26. Учаскелер бойынша көлденең күш және иілу моменттерінің теңдеулерін құру. 1 1 1 3 27 Дәріс27. Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштерінің эпюрлерін салу. 1 1 1 3 28 Дәріс28. Үш топсалы рамаларды аналитикалық есептеу. Олардың қарымта күштерін табу. 1 1 1 3 29 Дәріс29.Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Үш топсалы рамаларды аналитикалық есептеу. 1 1 1 3 30 Дәріс 30. Деформация мен кернеуді зерттеудің экспериментальді әдістері. Қорытынды. 1 3 3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады. Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Аудиториялық сабақтар келесілерден тұрады: дәрістер (ДС), практикалық (ПС) және оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖО). Барлық кредит саны - 3. Дәріс - 30, практикалық сабақ - 15, оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы - 22,5. Барлығы - 67,5 сағат. Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын. 1. Дәріс, зертханалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +2 баллмен бағаланады, ал дәрісті немесе зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда 0 баллмен бағаланады. Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға ала алмайсыз. Әр өтелмеген сабақ тағы қосымша -5 баллмен бағаланады. 5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ . Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды. 3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Пунктуальды және міндеттеріңізді уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жіберуге болады және ол студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі. 4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар. 5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек. 6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар. 7. Межелік аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысуымен өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады. 8. Қорытынды аттестация дәстүрлі әдіспен билетке жауап арқылы өткізіледі. Әрбір билет үш сұрақтан тұрады. 6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі ретте жүргізіледі: - ағымды бақылау <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі); - аралық бақылау (7 және 15 апта); - қорытынды бақылау (академиялық кезеңнің соңында бір рет емтихан түрінде жүргізіледі). Ұпайлар саны кесте бойынша қойылады, кестеде көрсетілмеген апталарда тек сабаққа қатысқандарыңыз үшін ұпайлар ескеріледі. 2011-2012 оқу жылының екінші семестрінде электронды журнал кіргізілуіне байланысты сабақтарды себепсіз босатсаңыз, алдыңғы апталарда алған ұпайларыңыз төмен болса оларды көтеруге болмайды, немесе артынан өтесеңіз оның 60%-і ғана есептелінеді. Бұрынғыдай қорытынды аттестация 2-ші бақылаудан ғана емес 1-ші межелік бақылауда алынған ұпайды да ескере отырып қойылатынын ескеріңіз. Ағымдағы бақылау дәріс сабақтары бойынша тест тапсыру мен зертханалық сабақтардағы жұмысты бағалайды. Межелік бақылау - бұл межелік тест және оқытушы қатысуымен болатын аудиториялық бақылау жұмыстарын орындау. Егер студент сырқаттанып қалуына немесе белгілі себепке байланысты сабақ босатуына байланысты межелік бақылауды белгіленген уақытында тапсыра алмаған болса, онда студент межелік бақылауды жеке тапсыруына құқығы бар. Мұндай жағдайда факультет деканы студентке емтихан сессиясына дейін жеке межелік бақылауды тапсыру мерзімін белгілейді. Пән бойынша қорытынды бақылауға (емтихан) семестрдегі екінші рейтингілік баллы 50%-ке тең немесе одан жоғары студенттер жіберіледі. Пән бойынша қорытынды 0,6 коэффициентке (60%) көбейтілген бірінші (МБ-1) мен екінші межелік бақылау көрсеткіштерінің (МБ2) қосындысы мен 0,4 коэффициентке (40%) көбейтілген емтихан нәтижесінің қосындысы ретінде анықталып, 100%-ті құрайды. Студенттердің білімі, іскерлігі мен зерделілігі әріптік эквиваленттегі баға шкаласы бойынша, балл және процентпен бағаланады. Аралық бақылау - оқытушының қатысуымен тест және аудиториялық бақылау жұмыстарын орындау. Пәнді бағалау 100%-дық шкала бойынша бірінші аралық бақылаудан екінші аралық бақылау аралығында жинаған балл есебінен пайыздық қатынаста қойылады. Осындай ретпен екінші аралық бақылау қортынды болып табылады. Әрбір студенттің рейтингісін есептеу Сіздердің оқудағы жетістіктеріңізді <<мінсіз студентпен>> салыстыру арқылы жүргізіледі. Емтиханға екінші аралық бақылау қортындысы (рейтингілік) болған студенттер жіберіледі. Кесте-2 Апта Бақылау түрі Ұпай саны Ескерту 1 2 3 4 1-7 Дәріс, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу 30 1 Машықтану және зертханалық сабақтар 0 2 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 15 3 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 15 4 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ) 15 20 20 5 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 15 6 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ) 15 20 20 7 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) 1-Аралық бақылау 15 35 65 1-7 апталар бойынша барлық ұпай саны 300 8-15 Дәріс, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу 30 8 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 12 9 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 12 10 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 12 11 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ) 12 20 20 12 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 12 13 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. 12 14 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ) 12 20 20 15 Дәрістік, машықтану және зертханалық сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау. Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ) 2-Аралық бақылау 11 35 60 8-15 апталар бойынша барлық ұпай саны 300 Емтиханның ұпай саны 400 Академиялық уақыт бойынша барлығы 1000 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі 7.1.1 Аманжол Нұғыман. Теориялық механика негіздері. Алматы. 2006ж. 7.1.2 Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. М., 1998 и предыдущие издания. 7.1.3 Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. М., 1986 и предыдущие издания. 7.1.4 З.М. Рахымбекова <<Материалдар кедергісі>>,Алматы <<мектеп>>1987ж. 7.1.5 М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков <<Материалдар кедергісі теориялар негіздері>> Алматы <<білім>> 1994 ж. 7.1.6 С.Д.Тәжібаев <<Қолданбалы механика>> Алматы <<білім>> 1994 ж. 7.1.7 Дарков А.В., Шапиро Г.С. Сопротивление материалов. М.: Высшая школа, 1975.-354 с. (сырттай оқытуға арналған) 7.2 Қосымша 7.2.1 Сборник заданий для курсовых работ по теоретической механике / Под ред. А.А. Яблонского. М., <<Интеграл пресс>> 2002. 7.2.2 Әдістемелік құралдар: Дәрістер жинағы, машықтану сабақтары, өздік жұмыстар жинағы мен олардың орындалу реті, бақылау сұрақтары . 2008.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz