Файл қосу

Басқару шешімдерінің элементтері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 дәрежелі СМЖ құжаты
                                   ПОӘҚ
                                       
                            042-20.10.1.45/03-2014
<<Басқару шешімдерін әзірлеу және қабылдау>> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
                               Баспа № 1
                                 11.09.2014ж.








<<<<БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ>> 
           ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
 <<5В011500>>  - құқық және экономика негіздері мамандығына арналған















                                  Семей
                                     2014

                                Кіріспе

* ҚҰРАСТЫРҒАН 

Құрастырған Сабалакова А.У. _______<<____>> _________ 2014 ж.
 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Құқықтану>> кафедрасының аға оқытушысы. 

* ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің <<Құқықтану>> кафедрасының мәжілісінде. 
Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. 
Кафедра меңгерушісі ___________Толепбергенова А.Е.

2.2. Экономика,құқық және гуманитарлық пәндер факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде 
Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. 
Төраға  ______________ Тойкин С.Х.


* БЕКІТІЛДІ 

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды
Хаттама № _____ <<____>> ____________ 2014ж. 

ОӘК төрағасы, оқу  -  әдістемелік
 жұмыстары бойынша проректор        _________ Искакова.Г.К

БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН 
                                      * 
                                      * 
                               * Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курс жұмысы (жобасы)
5 Білімалушылардың өздік жұмысы




































1 ГЛОССАРИЙ

Қызметкерлер аудиті  -  ұйымның кадрлық мүмкіндігін оның мақсаты мен даму стратегиясына сәйкестігін бағалау; қызметкердің кінәсінен туындаған мәселелердің себебін диагностикалау; басшыларға және қызметкерлерді басқару қызметіне нақты ұсыныстарды жасау.
Базалық біліктілік  -  білім берудің  өзара тығыз байланысты саласының жиынтығы, мұндай тіркесімде оларды иелену фирмаға бәсекелестер алдында ұзақмерзімді артықшылықты  береді.
Бизнес-кейс  -  нақты компанияда қашанда бір орын алған  жағдайды  жан-жақты сипаттау. Кейсте компанияның қандай да бір қызметкері шешуі қажет болған мәселе құралады.
Вебинар  -  оn-line-оқытудың жаңа үлгісі   -  бұл онлайн-семинар, онлайн-лекция, веб-конференция және с.с.  <<Вебинар>> сөзі  (ағылш. тілінен <>)  екі сөзден тараған <> - желі және <<семинар>>.  Веб-конференция уақытында қатысушының әрбірі өз компьютерінде отырады, ал олар арасындағы байланыс әр қатысушының компьютерінде орнатылған жүкетлген қосымша көмегімен Интернет  немесе веб-қосымша арқылы  қолдау көрсетіледі.
Мүдделі  тараптармен өзара әрекет ету (стейкхолдерлермен)  -  стейкхолдерлердің мүдделерін, болжауы мен қауіптенуін түсіну үшін Қоғамға көмегін тигізетін, оларды толғандыратын мәселелерді ескере отырып,  шешім қабылдауда өз қызметі мен үрдісіне оларды қосу үрдісі.
Мүдделі тараптармен сөйлесу (стейкхолдерлермен)  -  Қоғам мен оның стейкхолдерлерінің ерікті негізде жүзеге асырылатын ұйымдасқан интерактивті өзара әрекеті, оның аясында Қоғамның және оның негізгі  стейкхолдерлерінің мүдделері мен дәлелі анықталады, негізгі  стейкхолдерлер үшін артық көрінетін оқиғаларды дамытудың түрлі сценарилерін есепке алу және үйлестіру жүзеге асырылады, болашақты көру келісіледі.
Лауазымдарды  үндестіру (айлықтарды үйлестіру) -  компанияның ішкі құрылымымен байланысты лауазымдардың құндылықты бағынышсатысын құруға бағытталған рәсім.
Қашықтан білім беру технологиялары  -  оқытылушы мен оқытушының жанама (қашықтықтан) немесе жартылай жанама өзара әрекет ету барысында ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқыту.
E-learning - (Electronic Learning қысқартылған) -  электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтан оқыту, компьютерлерді қолдану арқылы оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялар көмегімен оқыту секілді терминдердің синонимі.
Мүдделі  тарап (стейкхолдер)  -  Қоғам қызметіне ықпал етуге қабілетті немесе Қоғам қызметіне тәуелді жеке немесе заңды тұлғалар тобы.
Білім (Knowledge)  -  адамдарға белгіленген ережелер бойынша және белгілі рәсімдерге сәйкес қолданылатын оларға қажетті ақпарат. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдар пайдаланатын кәсіптік дағды, іскерлік, қабілеттілік, өмірлік тәжірибе мен  даналықтың, іскери және жеке байланыстардың жиынтығы.  Білімнің жеке құндылықтары бар  -  олардың көмегімен нәтижеге қол жеткізуге болады.
Нысандандырылған білімдер (Explicit Knowledge)  -  хаттарда, баяндамаларда, есептерде және т.б. болатын білімдер,  яғни, құжаттауға болатын, құжат түрінде көрсетуге болатын білімдер; қоғамдастықта/компанияда білімнің  20%  жуығын нысандандыруға болады.
Бейресми білім (Tacit Knowledge)- нысандандырылуы қиын немесе мүмкін емес білімдер;  интуитциялық білімдер, сезімдер, әсерлер, пікірлер;  қоғамдастықтың  80% жуық барлық білімі; бұл білімдер қоғамдастық мүшелері/компания қызметкерлері олардың бірлестіктен немесе компаниядан кеткенде олармен қалады.
Қызметкерді дамытудың жеке жоспары (ДЖЖ)  -  қызметкерлердің кәсіптік дағдылар деңгейі мен құзіретін арттыруға бағытталған оқыту шараларының тізбесі.
Жеке мақсат   -  қызметкердің оған жүктелген лауазымдық міндеттері аясында қызметінен күтілетін нәтиже.
Қызметкерлердің қорытынды бағасы   -  бағалау кезеңінің қорытындысы бойынша қызметкердің жеке мақсаттары мен құзіретін дамыту деңгейінің жетістіктерін бағалау нәтижесі.
Бедел (англ. image) -  адамның (ұйымның) құрылған бейнесі, онда қоршаған ортаға белгілі бір ықпал ететін құнды ерекшеліктері мен сипаты белгіленеді.
 Бедел қарқынды, ол бір күнде жасалған болып табылмайды;  оның атрибуттары адамдағы/ұйымдағы өзгерістерге сәйкес түрі өзгереді, қайта жасалады.
Жаңарту, жаңа енгізілім (ағылш. innovation)  -  бұл нарықта талап етілетін үрдістің немесе өнім тиімділігінің сапалы өсімін қамтамасыз ететін, енгізілген жаңалық. Адамның  зияткерлік қызметінің, оның қиялы, шығармашылық үрдісі, жаңалық ашуы, өнертабысы мен оңтайландыруының соңғы нәтижесі болып табылады.
Жаңартпашыл  менеджмент  -  адамдарды басқарудың арнайы тәсілдерін әзірлеу, олардың көмегімен жаңашылдық ынталандырылады.
Зияткерлік капитал - компанияның зияткерлік меншігі, нарық капиталы мен инфрақұрылымдық активтердің жиынтығы болып табылады. Бұл сезілмейтін мүлік, ол қызметкер кеткеннен кейін қалады, ал адами каптиал  -   бұл қызметкерлермен  бірге күнде үйіне баратын зияткерлік мүлік.
Білімді басқаратын құралдар (Knowledge Tools)  -  біліммен және ақпаратпен бірге анықтау, сақтау, беру, құрылымдау, өңдеу, қайта жасау, тарату және басқа операцияларды өткізуге арналған технологиялық шешімдердің жиынтығы; білім және ақпаратпен тиімді алмасудың шарттарын жасауға мүмкіндік беретін ұйымдастыру әдістері мен шешімдерінің жиынтығы.
Кадрлық жоспарлау/еңбек қорларын жоспарлау  -  алға қойған мақсаттарға жоғары тиміділік және сапамен қол жеткізу үшін керек уақытында және қажетті орында қажетті еңбек қорларымен компанияны қамтамасыз ету мақсатында саны мен сапалық белгіде еңбек қорларының ағымдағы жағдайы мен болашақты болжау қажеттілігін анықтау үрдісі.
Бәсекелесу қабілеті  -  белгілі бір субъектінің (топтың, бөлек қызметкерлер)
Тапсырылған шарттарда бәсекелестерден басым болу қабілеті.
Мансаптық өсу  -  лауазымында немесе біліктілігіндегі кәсіби өсуі.
Корпоративтік мәдениет  -  Қоғамда ресми қабылданған және Қоғам қызметкерлері қабылдайтын корпоратвитік құндылықтар, жұмыс  стилі мен тәртіп нормаларының жүйесі.
Бағалау жөніндегі комиссия   -  құрамы Қоғам Басқармасының Төрағасы/филиал Бас директорының бұйрығымен анықталатын, қызметкерлерді өткізілген соңғы бағалау қорытындысы бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің ісін бағалауда қанағаттанарлықсыз нәтижелер барысында және Қоғам Басқармасының Төрағасына/филиал Бас директорына ұсыныстарын енгізетін, қызметкер мен тікелей/жетекшілік ететін басшы (жанжал/келіспеушілік) арасында келісімге қол жеткізбеген жағдайда қарастыратын комиссия.
Құзіреттер  -  лауазымдық міндеттерді табысты орындауға және қызметкердің алдына қойған жеке мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті іскери шеберлік пен дағдылар.
Жетекшілік ететін басшы  -  міндеттерді бөлуде орнатылған тәртіпке сәйкес Қоғамның/филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіретін және бақылайтын басшы.
Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық (КӘЖ)  -  Қоғамды дамыту ерекшелігі мен деңгейіне жауап беретін, Қоғам міндеттерінің жиынтығын тұрақты қарастыратын, негізгі мүдделі тараптардың қатысуымен өз еркімен және келісімді дағдыланатын, негізінен Қоғам қаражаты есебінен орындалатын және ішкі мен сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, нәтижелері Қоғамды дамытуға ықпал ететін, оның абыройы  мен беделін жақсартуға, корпоративтік бірегей болуына, сондай-ақ мүдделі тараптармен  сындарлы өзара әрекет етуді кеңейтуге бағытталған.  
Кадр саясаты  -  қызметкерді басқарудың түрлі принциптерін, үлгілерін, әдістері мен модельдерін біріктіретін бүртұтас және объективті шарттастырылған адами активтермен жұмыс жасау стратегиясы.
Мансап  -  уақыттағы әртүрлі жұмыстар түрінің эволюциялық бір ізділігі.
Мансаптық өсу  -  лауазымында немесе біліктілігіндегі кәсіби өсуі.
<<Шексіз мансап>>-  адамдардың  мансаптарында түрлі компаниялар мен салалар арқылы жылжу тенденциясы.
Мансаптық даму  -  мансапты таңдауға, оның даму бағыты мен соңғы табысы және барлық еңбек жолында қанағаттануға ықпал ететін факторлардың кең ауқымы.
Коммуникативті біліктілік  -  іскери қатынасқа қажетті қабілеттің, білім мен дағдылардың жиынтығы.
Құзірет  -  бұл сапалы және тиімді қызметке қажетті жеке адамның өзара байланысты сапаларының жиынтығы  (білімі, іскерлігі, машықтары, қызмет тәсілдері).  Сондай-ақ қызметкерді бағалау барысында құзірет деп компания (немесе қызметкерлердің қандай да бір тобы)  қызметкерлерінің  жекелеген және кәсіптік сапаларына нысаншылдық сипатталған талаптарды түсіндіреді.
Біліктілік  -  қызметкердің нақты өндірістік нәтижелерге қол жеткізу және компанияның қажетті нәтижелері мен тиімділігіне қол жеткізуге себеп болатын тәртіпті іске асыру қабілеті.
Бәсекелестік артықшылық  -  бәсекелестер алдында шығындар шамасындағы немесе тауарлар/қызметтер сапасындағы артықшылықтарды фирмаға хабарлауға қабілетті қорлардың түрлі қолжетімдік деңгейі (арнайы білімді немесе технологияларды тарату арналары).
Корпоративтік университеттер  -  мамандарды дайындуда компания қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірістен қол үзе отырып тренинг өткізетін олрталықтар.
Көшбасшы  -  бір топтың немесе ұйымның аясында басқаларға едәуір ықпал ететін адам.
Көшбасшылық  -  топтың немесе ұйымның алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында бір адамның басқаларға ықпал ету барысындағы үрдіс.
LMS - Learning Management System  -  оқуды басқару жүйесі  -  білім беру әрекеті мен жағдайларын басқаруды автоматтандыратын бағдарлама немесе бағдарламалар кешені.
Білім менеджменті (knowledge  management)  -  ғылыми-қолданбалы пән,  компанияда жүйелі түрде білім жинақтау, оларға кең қатынауды беру және ынытмақтасу мен оқыту мәдениетін құру түсіндіріледі.
 <> әдісі (<<іссапарға жіберу>>)  -  өз міндеттеріне келешекте оралу арқылы 100 сағаттан бір жылға дейінгі мерзімде қызметкердің басқа жұмыс орнына уақытша ауысуына негізделген дамыту әдісі. Бұл әдіс тіпті қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігі шектелген жағдайларда жаңа білімдер мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
 <> әдісі (<<серіктес>>)  - жаңа және ағымдық кәсіби міндеттерді орындау нәтижесі бойынша объективті және адал кері байланысты оған тұрақты түрде ұсынатын қызметкерге тең құқылы серіктесті бекітуден тұратын дамыту ідісі.
Нәтижелілік  -  жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу деңгейі. Нәтижелілік  -  қызмет нәтижелерінен түскен пайда немесе олжа, ал нәтижелілік көрсеткіштері белгіленген кезеңдегі өзгерістерді және қойылған мақсаттарға нәтиженің сәйкестігін көрсетеді. 
Біліммен алмасу (Knowledge Sharing)  -  белгіленген ережелер мен технологиялық шешімдер және/немесе ұйымдастыру тәсілдері көмегімен  әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын, қоғамдастықтағы білімнің тұрақты айналым үрдісі.  
Оқыту тиімділігін бағалау  -  оқытылған қызметкердің оқытылғанға дейін және кейінгі жұмысының нақты көрсеткіштер жиынтығын салыстырып бағалау.
Кері байланыс   -  бағынышты қызметкерлерге олардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты тікелей басшыларымен беру үлгісі.
Бағаланатын қызметкер/қызметкер  -  Қоғам қызметкері, оның қызметі бағаланады.
Қызметті бағалау  -  бағалау кезеңі ішінде қызметкер ісінің және оның іскери мінезінің тиімділігін бағалаудан тұратын үрдіс.
Оқыту тиімділігін бағалау  - білімді корпоративтік басқару жүйесінде дұрыс шешімдерді қабылдауға көмектесетін пайдалы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін үрдіс, оның мақсаты оқу тиімділігін анықтау, <<өлшеу>>, белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оқытудың тиімді болғандығын анықтау.
Баға белгілейтін кезең  -  жеке мақсаттары мен құзіреті бойынша қызметкер ісінің тиімділігін бағлау және жеке мақсаттарын қою жүргізілетін кезең.
Көшбасшылықты дамыту  -  көшбасшы ролінде адамдардың тиімді қызмет ету қабілетін кеңейтуге бағытталған оларды жүйелі түрде оқыту практикасы.
Абырой (фр. reputasion) -  нақты қауымда игерусіз құрылған кім болмасын, не болмасын  (адамды, компанияны, өнімді және с.с.) сапасы, құндылығы мен кемшіліктері туралы пікір.
Қызметкерлердің қызметін тұрақты бақылау   -  бағаланатын қызметкер қызметінің соңғы нәтижелерін қадағалау, бақылау жетістігі.
Тұрақты дамыту саласындағы нұсқау (GRI нұсқауы)  -  қаржылық емес есептілік стандарты, ол ұйымдарға дүние жүзі бойынша индикаторлар тобының көмегімен нақты даму стандарттарына қол жеткізуді бағалауға және қаржылық есептерге ұқсас нәтижелерді жариялауға мүмкіндік береді.
SMART  -  келесі сипаттамалардан шығатын, қызметкерлерге арналған жеке мақсаттарды қою барысында қолданылатын әдіс: кесімділік (нақтылық), өлшемділік, қол жетімділік, сәйкестік, уақытша шектеулер.
Стратегия  -  адамдармен қатынасты анықтайтын әлденеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттер образы.
Қоғаммен байланыс (Public relation) -  тауардың, қызметтердің, идеялардың немесе жалпы ұйымдардың жағымды образын құруға және абыройын жақсартуға бағытталған, ұйымның сыртқы әлеммен өзара қатынасу үлгісі.
Аралас оқыту  -  дәрісханадағы күндізгі оқу, онлайндық -  электрондық оқу және жұмыс орнында өз бетінше оқуды қоса алғанда, оқу шараларының әртүрлі түрінен тұратын оқыту.
Өзгерістерге қарсы тұру  -  қызметкерлердің белгісіздіктен қорқудан немесе ұйымдастырушылық кедергілерден өзгерістерді қабылдамау тенденциясы.
Стратегиялық коммуникация -  кең сыртқы аудиторияға, мысалы, баспасөзге компания туралы ақпаратты беру практикасы.
Стресс-менджмент -  стрестік факторларды тану қабілетін, стресс жағдайларын болдырмау дағдыларын,  өзін өзі реттеу тәсілдерін игеру және туындайтын психикалық қиналысты алу шеберлігін дамыту.
Орнықты даму  -  келер ұрпақтың өз қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінен ажыратпай, осы заман қажеттілігіне сәйкес дамыту.
Тайм-менеджмент (ағылш.  time-managment)  -  бұл өз уақыты мен өз өмірін жоспарлау және басқару мәдениеті.  Тайм-менеджмент тақырыбы  --  кеңес қызметтерін тұтынушы ресей нарығында дәстүрлі едәуір талап етілетіндердің бірі.
Білімді басқару (Knowledge Management)  -  компанияның ақпараттық және біліктілік қорларын жинау, ұйымдастыру және бөлу үрдісі. Ұйымдастыру, технологиялық және коммуникациялық шарттарды құру, бұл ретте білім мен ақпарат ұйымның стратегиялық және тактикалық міндеттерін шешуге ықпал етеді.Немесе, Билл  Гейтстің сөздерін өз сөзімен айтатын болсақ, білімді басқару   -  бұл <<төрт Қ>> принципін орындау: қажетті адамдар қажетті ақпарат пен білімді қажетті міндеттерін қажетті уақытта орындау үшін жағдай жасау.
Білімді басқару жөніндегі  менеджерлер  --  компания қызметкерлері ұсынған, толық құнды корпоративтік білім жүйесінің тиімді қызмет етуін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге жауапты адамдар.
Мақсаттар бойынша басқару  (MBO, Managementbyobjectives)   -  қызметтің мүмкін болатын нәтижелерін болжауды және оларға қол жеткізу жолдарын жоспарлауды қарастыратын басқарушылық қызмет әдісі.
1. Жай мақсатты басқару; 2. бағдарламалық- мақсатты басқару; 3. Регламенттік басқару ажыратылады.
Қызметкерді дамыту орталығы. Термин алғаш рет 1987 жылы қолданылды. Қызметкерді дамытуды неден бастау керектігін түсінуге көмектесетін қуатты диагностикалық құрал   -  қызметкердің мықты және әлсіз жақтарын анықтау, қанағаттандыру жұмысының тиімділігін арттыру және мансаптық өсуін  жылдамдатуда  оның дамуына қажеттілігін анықтау негізінде өз жұмысын бағалау орталықтары технологиясынан құрайды.  
Адами активтер  -  компанияда болатын активтер түрінің бірі, басқа активтерден айырмашылығы компанияға тиесілі емес, олар қызметкерлердің бастарында шоғырланған, бұл қызметкерлердің ұжымдық білімдерінің, олардың қабілеттері, іскерліктері мен жеке сапаларының жиынтығы.
SWOT-талдау ( Strengths ағылшын сөздерінен қысқарған --  күшті жақтары, Weaknesses  --  әлсіз жақтары, Opportunities  --  мүмкіндіктері, Threats  --  қауіптер). Баламаларды салыстырудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі.
SMART  -  мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі :
S (specific)  --  мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)
М (measurable)  --  өлшемділік.
А (achievable)  --  қолжетімділік (келісімділік)
R (relevant)  --  релеванттылық (сәйкестік)
Т (time bound)  --  уақытша мерзімдер.


































2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып . <<Басқару шешімдерді әзірлеу және қабылдау>> пәнінің түсінігі, пәні және әдістері
Жоспары:
* Пән ғылыми сала ретінде. Пәннің өзектілігі.  
* Пәннің мазмұны және жүйесі. Негізгі міндеттері. 
* Пәннің қайнар көздері. Нормативті  -  құқықтық актілер, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер, отандық және шетелдік тәжірбиелер. 
*  Пәнді оқу әдістері.

Негізгі түсініктер: басқару, тұлға, шешім қабылдау, әзірлеу, шешімдердің тиімділік критерийлары. 

Адамзаттың бүкіл тарихы мәні бойынша әртүрлі шешімдер мен олардың салдарларының жиынтығын көрсетеді. Бір шешімдер ұзақ уақытқа бірқатар халықтардың тағдырларын анықтаған болса, басқалары аса маңызды болған жоқ, үшіншілерін адам өзі үшін ғана қабылдаған. Барлық жағдайларда шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру процедураларында әлдебір ұқсастықтар болды. Біртіндеп шешімдерді әзірлеу тәсілдері, әдістері, ал содан кейін технологиялары да жасалынған болатын. Бұнда әсіресе негізгі элементі статегиялық және тактикалық шешім болып табылатын әскери ойындар әзірлеген әскери қызметкерлер алда болған. Шешімдермен математиктер айналысқан. Компаниялардың басшыларының көбі шешімдерді әзірлеу мен іске асыру процедурасына басқару өнері ретінде қарады.
Еңбектің бөлінуі және басқару қызметтерінің қызметтің дербес сферасына бөлінуі шешімдердің дифференциациясына да алып келді  -  басқарушылық шешімдер бөлініп шықты. 
<<Басқару шешімдерін әзірлеу>> пәнінің мақсаты  -  студенттерді әртүрлі жағдайда басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру саласында теориялық білімдерді алуы және тәжірибе жүзінде дағдылануы. 
Пәннің міндеті - басқарушылық мәселелерді терең талдай алатын және нәтижелі басқарушылық шешімдер қабылдай алатын мамандарды дайындау, жаңа басқарушылық ойды, басқарушылық шешімдерді өңдеу және орындауды іске асырудың нақты дағдылары, басқарушылық шешімдер жайлы тәжірбиелік білімдер кешенін  құру.
Басқару теориясы мен тәжірибесінің қазіргі заманғы даму кезеңі менеджердің шешетін мәселелерінің едәуір өзгеруімен және күрделінуімен сипатталады. Қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасына қойылатын талаптар елеулі түрде көтерілді, ұйымдардың жұмысындағы күрделі жағдайларға жылдам әсер етудің қажеттілігі туды. Нарықтық экономика жағдайында басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігін көтеру мәселелері үлкен динамизм мен сыртқы орта факторларының ұйымға қысым жасау нәтижесінде өзекті болады. Себебі бұл кез бәсекелестіктің шиеленісуімен, ақпаратты өңдеудің күрделілігімен және өндірістік-шаруашылық іс жағдайларының белгісіздігімен, оның көп факторларын алдын ала болжаудың нашарлауымен, тәуекелдің өсуімен, дұрыс емес шешім қабылдауға алып келетін қателердің қымбатауымен сипатталады.
Басқарушылық шешімдер басқару қызметінің нәтижесі болатындықтан <<Басқару шешімдерін әзірлеу>> пәнінің зерттеу объектісі барлық әлеуметтік сала болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
* Басқару әдістерінің жиынтығы.
* Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер 
* Курстың мазмұны мен мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


2-тақырып. Білім беру саласында басқару шешімдері және басқару процессі
Жоспары:
* Басқару процессінің мәні. Басқару үрдісінде басқару шешімдердің алатын орны. 
* Басқару шешімдердің анықтамалары. Шешімдердің қызметтері. 
* Ойлану процессі, принципиалды кестесі. Басшының ойлану, шешім қабылдау ерекшелігі. 
* Басқару шешімдеріне ықпалын тигізетін негізгі элементтеріне талдау жасау. 

Негізгі түсініктер: басқару шешімдер, тиімділік, критерийлар, талдау. 
Менеджмент  -  кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару. 
Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады. 
Менеджмент тура мағынасында <<адамдарды басқару>> ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ  -  та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. <<Менеджмент>> термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді. 
Басқаша айтқанда, менеджмент  -  бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Менеджмент  -  нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен  жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі. 
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік - әкімшілік, технократиялық, жоспарлы  -  директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал. 
Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады: 
* Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
* Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте  -  тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді. 
* Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік  -  психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек. 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Басқару процесіне талдау жасау. Ойлану процессі. Басқару шешімдерінің элементтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

3-тақырып.  Басқару шешімдердің тұрпаттамасы. Білім беру жүйесінде басқару шешімдерінің шарттары және сапа факторлары
Жоспары:
* Басқару шешімдерінің жіктелуі.
* Шешімдердің түрлері бойынша жіктелу әдістері. 
* Басқару шешімдердің сапалылығының негізгі сипаттамасы.
Негізгі түсініктер: сапалық, шешімдердің жіктелуі, әдістер. 
Басқарушылық шешімдерді жіктеу 2.1 және 2.2-кестеде көруге болады.

1-кесте  -  Басқарушылық шешімдерді жіктеу
Функционалдық бағыты бойынша
Болжайтын, жоспарлайтын, ұйымдық, белсендендіретін, үйлестіретін, бақылайтын, ақпараттандыратын.
Ұйымдастырылуы бойынша
Жеке, топтық, алқалы, корпоративтік.
Себептер бойынша
Жағдайлық, ұсыныс бойынша, бұйрық бойынша, бағдарламалық, бастамалық, маусымдық.
Орындауды қайталауы бойынша
Бірдей, біртекті, әртекті және инновациялық (балама жоқ).
Кеңдігі бойынша
Жалпы және жеке.
Әрекет ету уақыты бойынша
Стратегиялық, тактикалық, оперативті.
Болжанатын нәтижелер бойынша
Белгілі нәтижемен, ықтималды немесе белгісіз нәтижемен.
Әзірлеу мен іске асыру сипаты бойынша
Салмақты, импульсивті, инертті, тәуекелді, сақ шешімдер.
Ақпаратты өңдеу әдістері бойынша
Алгоритмдік, эвристикалық.
Критерийлер саны бойынша
Біркритерийлі, көпкритерийлі
Ықпал бағыттары бойынша
Ішкі және сыртқы.
Ықпал тереңдігі бойынша
Бірдеңгейлі және көпдеңгейлі.
Қолданылатын ресурстар бойынша
Шектеумен, шектеусіз.
Тіркеу әдісі бойынша
Жазбаша, ауызша және виртуалды.
Масштабы бойынша
Бір адам үшін, бөлімше үшін, компания үшін, сала үшін, ел үшін. 

Келтірілген жіктеу топтарын құрайтын басқарушылық шешімдер арасында корпоративтік, эвристикалық және виртуалды салыстырмалы түрде жаңа болып табылады.

2кесте  -  Басқарушылық шешімдердің типтері
                  Классификациялық белгі
        Басқарушылық шешімдердің топтары
          Проблеманың қайталану дәрежесі
                               Дәстүрлі
                           Әдеттегі емес
                     Мақсаттың мәнділігі
                           Стратегиялық
                             Тактикалық
                     Ықпал жасау сферасы
                               Ғаламдық
                             Жергілікті
                     Іске асыру ұзақтығы
                           Ұзақмерзімді
                          Қысқамерзімді
          Шешімнің болжанатын салдарлары
                            Түзетілетін
                          Түзетілмейтін
                   Шешімді әзірлеу әдісі
                         Формализденген
                       Формализденбеген
           Таңдау критерийлердің мөлшері
                          Біркритерийлі
                         Көпркритерийлі
                         Қабылдау нысаны
                               Жеке дара
                                 Алқалы
                   Шешімді тіркеу тәсілі
                       Құжаттандырылған
                     Құжаттандырылмаған
                Ақпаратты қолдану сипаты
                         Детерминделген
                             Ықтималдық

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың корпоративтік сипаты басшылардан компанияның корпоративтік нұсқауларын, ережелерін, мораль мен құндылықтарын сақтауды талап етеді. Бұл басшылардың бастамасын және бекітілген стратегиядан ауытқуды шектейді (<<оңға немесе солға қадам - жіберілмейді>>).
Ақпаратты өңдеудің эвристикалық әдістері интуицияға, жалпылауға, түсініктерге, тәжірибеге, асоциацияларға негізделген. Бұл экономикада, басқаруда және басқа әлеуметтік ғылымдарда ақпарат әрқашан қисынды, айқын болмайтынмен және нақты процестерді әрдайым дұрыс көрсетпейтінмен байланысты. Мұндай ақпаратты әңгімелесу, талқылау, жетекші сұрақтарды қою, ойлауды белсендендіру арқылы өңдеу мен бағалауға болады.
Басқарушылық шешімдерді тіркеудің виртуалды әдісі электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты. Электрондық қол таңба мен мөр компания басшылығын алыс қашықтықтарға құжаттардың түпнұсқаларын қымбат тасымалдаудан босатады.
Кез келген шешім таза оң нәтижелерге ие болуы мүмкін емес екенін атап өту керек. Кез келген нәтижеде теріс жағдайлар бар. Сондықтан кез келген ұйымдық шешім  -  бұл келісім. Әрбір жағдайда басшы шарасыз теріс жағдайлар арасында таңдау жасауы керек. Жақсы басшыға кез келген шешімде теріс элементтердің болуы психологиялық ықпал жасамауы керек, яғни басшыларға келешекте шешім қабылдауға бөгет жасамауы керек.
Әртүрлі ұйымдарда әртүрлі шешімдер бір адаммен де, алқалы да қабылдануы мүмкін. Бұл шешім деңгейіне, ұйым құрылымына, өкілеттіктерді делегирлеу деңгейіне байланысты. Әдетте стратегиялық жоспарлы ең күрделі шешімдер алқалы қабылданады, бұл оңтайлы емес шешім қабылдау тәуекелдігін азайтуға және шешім қабылдайтын адамдарға моральдық жүктемені төмендетуге көмектеседі.
Шешімдер қабылдау процесі  -  психологическиялық процесс. Адамдар, шешім қабылдай отырып, әрқашан да қисынды шешімдер қабылдап отырмайды. Шешімдер спонтандықтан жоғары қисындыға дейін өзгереді. Сондықтан да шешімдерді қабылдау процесі интуитивті, пайымдауға негізделген және рационалды сипатқа ие болуы мүмкін, бірақ та шешім сирек қандай да бір категорияға қатысты.
Интуитивті шешім  -  бұл басшыда шешім дұрыс деген сезім болуы негізінде қабылданған шешім. Мұнда басшы барлық мүмкін нұсқаларды қарастырмайды, олардың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін есепке алмайды және жағдайды түсінуді қажетсінбейді.
Пайымдауға негізделген шешімдер жиі интуитивті сияқты көрінеді, себебі олардың логикасы айқын емес. Мұндай шешім  -  бұл біліммен немесе жинақталған тәжірибемен шартталған таңдау.
Бар жағдайларда баламалы шешімдердің нәтижесін болжау үшін адам бұрын ұқсас жағдайларда болғаны туралы білімді қолданады. Шешімдерді қабылдаудың мұндай әдісі оң да, теріс те жақтарға ие. Оң жағы - көптеген жағдайлар расында қайталану тенденциясына ие және шешім қабылдаудың мұндай әдісін қолдану уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі, өйткені басшымен шешім өте тез және қосымша ақпаратты жинаусыз бен оны талдаусыз қабылданады.
Бірақ та мұндай шешімдер шынайы түсінуде өте жиі кездесетін дұрыс мағына негізінде қабылданады. Бұдан басқа берілген шешім қабылданатын ақпарат адам қажеттіліктерімен және басқа факторлармен бұрмалануы мүмкін. Сонымен бірге пайымдаулар әмбебеп немесе абсолютті жаңа жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді, өйткені шешім қабылдайтын тұлғаның таңдауды негіздеу үшін қажетті тәжірибесі жоқ. Пайымдау әрдайым тәжірибеге сүйенетіндіктен, ол шешім қабылдау бағдарын басшыға бұрыңғы жағдайлар бойынша таныс бағытқа жылжытады. Бұл басшы жаңа баламалардан айрылып қалуына алып келуі мүмкін.
Рационалды шешім  -  бұл объективті талдау процесі көмегімен негізделген шешім. Бұл әдетте 5 қадамнан тұратын құрылымданған процесс, бірақ қадамдар саны проблеманың өзіне байланысты.
Шешімдер қабылдау процесіне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі факторлар әсер етеді: басшының жеке бағалауы, шешімдер қабылдау ортасы, ақпараттық шектеулер, тәртіптік шектеулер және т.б.

М. Мескон бойынша басқару шешімдерінің типологиясы
Ұйымдық шешім  --  бұл алатын қызметіне байланысты міндеттерін орындау үшін басшы жасауға міндетті таңдау. Ұйымдық шешімнің мақсаты  --  ұйым алдында қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету. Сондықтан да ең тиімді ұйымдық шешім болып шынында іске асырылатын және соңғы мақсатқа жетуге ең үлкен салым жасайтын таңдау табылады.
Ұйымдық шешімдер бағдарланған және бағдарланбаған болып жіктеуге болады.
Бағдарланған шешім математикалық теңдеуді шешу кезінде қолданылатын ұқсас әрекеттер немесе қадамдардың белгілі реттілігін іске асыру нәтижесі. Әдетте мүмкін баламалардың саны шектелген және ұйым белгілеген бағыттар шегінде таңдау жасалуы қажет.
Бағдарламалауды тиімді ұйымдық шешімдерді қабылдаудағы маңызды қосымша құрал деп санауға болады. Шешім қандай болатыны анықтап алып, басшы қателік мүмкіндігін төмендетеді Мұнымен уақыт та үнемделеді, себебі бағыныштылар сәйкес жағдай болған кезде әр жолы жаңа дұрыс процедураны әзірлеуі керек емес. Басшылықтың шешімдерді белгілі бір жиілікпен қайталанатын жағайларға жиі бағдарламалайды.
Басшыда шешімді қабылдау процедурасы шынында жөн және дұрыс екенінде сенімділігінің болуы өте маңызды. Егер бағдарланған процедура жөн емес және дұрыс емес болса, оның көмегімен қабылданған шешімдер тиімсіз болады, ал басшы өз қызметкерлерінің және қабылданатын шешімдер әсер ететін ұйымнан тыс адамдардың құрметін жоғалтады. 
Бағдарланбаған шешімдер. Бұл типтегі шешімдер белгілі түрде жаңа, іштей құрылымды емес немесе белгісіз факторлармен байланысты жағдайларда қажет болады. Қажетті қадамдардың нақты реттілігін алдын ала құру мүмкін емес болғандықтан, басшы шешім қабылдау процедурасын әзірлеу керек. Бағдарланбаған шешімдерге келесі типтегі шешімдерді жатқызуға болады: ұйымның мақсаттары қандай болуы керек, өнімді қалай жақсартуға болады, басқарушылық бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіруге болады, бағыныштылардың мотивациясын қалай күшейтуге болады. Ұқсас жағдайлардың әрбіреуінде (бағдарланбаған шешімдерде жиі болатындай) проблеманың нағыз себебі фактордың кез келгені болуы мүмкні. Сонымен бірге басшы таңдаудың көптеген нұсқаларына ие.
Тәжірибеде кейбір басқарушылық шешімдер ғана таза түрде бағдарланған немесе бағдарланбаған болады. Кейбір бағдарланбаған шешімдер соншалықты құрылымданған, оларды қабылдайтын тұлғаның жеке бастамасы толығымен жойылады. Ең күрделі таңдау жағдайында да бағдарланбаған шешімдерді қабылдау әдістемесі пайдалы болуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Білім беру жүйесінде басқару шешімдерінің шарттары және сапа факторларына сипаттама беру. Талдау. Ерекшеліктері. 
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


4-тақырып . Балама (альтернативті) шешімдер мәселелерін талдау 
Жоспары:
* Балама шешімдердің мәні және негізгі сипаттамасы.
* Балама шешімдердің жіктелуі, ерекшелігі. Қабылдау және саралау әдістері.
* Балама шешімдерді салыстыру әдістері және шешімдерді таңдау. 

Негізгі түсініктер: балама шешімдер, талдау, таңдау. 
Шешім қабылдау ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас  бөлігі. Шешім қабылдау қажеттілігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетудегі іс қимылын түгелдей қамтиды. Шешім дегеніміз-бұл баламаны немесе  альтернативті  таңдау. Альтернатив дегеніміз- мүмкін болған екі ұйғарымның біреуін ғана таңдауға мәжбүр етеді.  Жеке өмірдегі шешім қабылдауға қарағанда басқарудағы шешім қабылдау өте қатал процес. Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте  --  бірте тәжірйбе жүзінде дамуда. Маңызды шешімдерді қабылдаудығы жауапкершілік басшылығы ауыртпалық әкеледі. Сондықтан басшылар  ойланып қарастырылмаған маңызды  шешімдерді қабылдай алмайды.
Жоспарлау жүйеге адал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
 --  ұйымның болашақта дамуын анықтайды;
 --   алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері белгіленеді;
 --   міндетті орындау болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарынан таңдап алу танылады Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басында айтқанда, және парлау мынадай сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
Болашақта біз қандай болуымыз қажет?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
Мақсатқа  жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
Қажет етілетін адамдық, материалдың; ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
1 басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тағылымын реттеу;
2 еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды пайдалану және жарату жолдарын қарастыру;
3 сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тура жоспарлауды ұйымның даму барысын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуте болады.
Әртүрлі деңгейдің басшылары жеткіліксіз немесе сенімсіз ақпараттар, кадрлардың жоғары тұрақтамауы, жабдықтаушылардың немесе сатып алушылардың арамдығы, заңнаманың, нарық конъюнктурасының жиі өзгеруі және т.б. жағдайларда басқарушылық шешімдер жиі дайындайды. Нәтижесінде басқарушылық шешімдер мәтінінде байқаусыз қателер болуы мүмкін. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру кезінде оны анық орындауды қиындататын ойда болмаған жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан басқарушылық шешімдердің нақты нәтижелері жоспарланған нәтижелермен әрқашан сәйкес келмейді. Олар тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін. Сөйтіп, басқарушылық шешімдер үшін белгісіздік пен тәуекелдер тән.
Белгісіздік қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат ретінде анықталады. 
Тәуекелдік жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Белгісіздік қиын өлшенеді, әдетте оны сапалық  -  <<көп немесе аз>>, <<жоғары немесе төмен>>, <<тиімді-тиімсіз>> деп бағалайды. Ол пайызда сирек бағаланады, мысалы ақпараттың белгісіздігі 20 % құрайды, әзірленген шешімнің белгісіздігі 15 % құрайды.
1-суретке сәйкес әдетте белгісіздік басқарушылық шешімдерді дайындаумен, ал тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырумен байланыстырады.
Белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді дайындаудың бес процедурасымен байланысты. Олар тәуекелдіктердің пайда болудың негізгі себебі болып табылады. Сонда да тәуекелдіктер өз бетінше пайда бола алады, жоғарлай немесе төмендей алады. Сондықтан да басшыға ең алдымен белгісіздіктер көлемін қысқарту керек, ал екіншіден тәуекелдіктің жоғарлауының мүмкін арналарын анықтау мен оны төмендету арналарын белсенді қолдану керек.

Белгісіздіктер
                               Дайындау
                     Ақпараттық дайындау
                Нұсқаларды дайындау (> 2)
                    Нұсқаларды келістіру
                  Бір БШ қабылдау (таңдау)
                           Бір БШ бекіту
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                     БШ
                            Жүзеге асыру
                 Орындауды ұйымдастыруру
                       Орындауды бақылау
         БШ субъектілерін ақпараттандыру
         БШ  туралы мәліметтерді архивтеу
                          Тәуекелдіктер


1-сурет  -  Басқарушылық шешімдердің процедуралар жүйесінде белгісіздіктер мен тәуекелдер

Тәуекелдер мен белгісіздіктер бір түп тамырға ие және бір бірліктерде өлшенеді. Одан басқа, олар бір-біріне айнала алады. Белгісіздіктердің тәуекелдіктерге ауысуы жоғарыда қарастырылған болатын. 2-суретке сәйкес тәуекелдіктердің белгісіздікке ауысуы бір-бірне ілесетін бірнеше басқарушылық шешімдер болған кезде болады, онда алдыңғы басқарушылық шешімдердің тәуекелдіктері келесі басқарушылық шешімдер үшін белгісіздіктер бола бастайды.


                                    БШ 1
                                Нәтиже А
                                       
                                    БШ 2
                                Нәтиже Б
Тәуекел
                                    дер
                         Тәуекел діктдер
                         Белгісіздіктер
                         Белгісіздіктер


2-сурет   -  Белгісіздіктердің тәуекелдерге ауысуы

Белгісіздіктер мен тәуекелдіктер құбылыстар ретінде де, процесс ретінде де қарастырылады. Құбылыс ретінде белгісіздік объекттердің немесе процестердің анық емес немесе толық емес сипаттарының, бірін-бірі жоққа шығаратын немесе жеткіліксіз ақпараттар жиынтығы. Мұнда нақты қызметкердің еркінен және санасынан тыс кейде пайда болатын және оқиғаның барысын өзгертетін форс-мажорлық оқиғалар жатады. Процесс ретінде белгісіздік біліксіздіктен немесе тапсырманың күрделілігінен қате шешімдерді қабылдайтын қызметкердің қызметі.
Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру тәжірибесінде белгісіздік бір тұтас ретінде қарастырылады, мұнда құбылыс процеспен жасалынады, ал процесс құбылысты қалыптастырылады.
Белгісіздіктер екі топқа бөлінеді: объективті және субъективті. Объективті белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді әзірлейтін немесе жүзеге асыратын басшыдан немесе маманнан тәуелсіз болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйымнан тыс немесе оған басқарушылық шешімдер субъектісінің ықпалынан тыс болады. Субъективті белгісіздіктер кәсіби қателерден, қателіктерден, келісімге келмегендіктен, тапсырманың күрделігінен немесе уақыттың жетіспеушілігінен пайда болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйым ішінде немесе егер басқарушылық шешімдер субъектісі оған әсер ете алса, одан тыс болуы мүмкін. Субъективті белгісіздіктер сомалық белгісіздіктердің негізгі бөлігін құрайды.
Тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудан алынған екі қарамы-қайшы нәтижелермен: жағымсыз (толық орындамау) және жағымды (жоспарлағанға жету) арақатынаспен анықталады. Әдетте тәуекелдік екі санның арақатынасы ретінде (мысалы, 1 : 9; 20 % : 80 %) немесе жағымсыз нәтиженің пайызы ретінде (мысалы, 0,01 %) бағаланады. Мысалы, 2,8 тәуекелдіктер он шешімнің ішінен екі жағдай ғана жүзеге асырылады дегенді білдіреді, 10 % тәуекелдіктер қабылданған шешімнің жағымды нәтижесі 10 % кепілдік берілмейді дегенді білдіреді; 50 % : 50 % тәуекелдік (фифти-фифти) процестің жағымсыз да, жағымды да нәтижелердің тең мүмкіндігін білдіреді. Белгісіздіктің төмен деңгейі кезінде тәуекелдер аз өседі және оны елемеуге болады. Белгісіздіктердің орташа және жоғары деңгейі жағымсыз нәтижені алудың тәуекелдігін жоғарлатады. Белгісіздіктің тым жоғары деңгейі жағымды нәтижелерге үміт қалдырмайды.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Басқару балама шешімдерінің формалды жəне формалды емес жақтары. Басқару балама шешімдерінің типологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.




5-тақырып.  Білім беру саласында  шешімдерді қабылдаудың психологиялық
 аспектілері. 
Жоспары:
* Басқару шешімдерін әзірлеуде адами факторлардың алатын орны.
* Менеджердің жеке қасиеттері және білім беру саласында шешім қабылдаушы тұлғаның басқару стилі.
* Шешім қабылдаудың Врум  -  Йеттон моделі. Шешім қабылдаудың этикалық негіздері

Негізгі түсініктер: менеджер, тұлғалық қасиеттер, тұлға стилі. 
Әлеуметтік жүйенің негізгі элементі шешімнің субъектісі, объектісі және тұтынушысы ретінде адам болып табылады. Әрбір адам оны басқа адамдармен жақындастыратын немесе олардан алшақтататын жеке тұлғалық мінездер (сипаттар) жиынтығына ие. Әртүрлі ұйымдарда бір адам өз жеке тұлғалық сипаттарын түрліше көрсетуі мүмкін.
Басқарушылық шешімдер бойынша әдебиетте үш синоним қолданылады: <<адам факторы>>, <<жеке тұлғалық сипаттар>> және <<жеке тұлғалық мінездер>>. Адам факторының рөлі басқару шешімдерін дайындау процесіне, басқару шешімдерін бағалау мен оны орындау нәтижелерін бағалау процесіне ықпал етуінде көрінеді. Жеке тұлғалық мінездерге: иланушылық, ерік, денсаулық, тәжірибе, ойлау ерекшеліктері, жауапкершілік, кәсіпқойлық, реакция, тәуекелдік, темперамент, сезімдік деңгейі, назар түрі жатады. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру тарапынан адам ойының ерекшеліктері: тереңдік, кеңдік, жылдамдық және икемділік қызығушылық тудырады.
Тереңдік  -  адам ойының аналитикалық мінезін, талданып жатқан жағдайдың ішінде себеп-салдар байланыстарын іздеуді сипаттайды. Адам бұл кезде қоршаған элементтерден абстракциялануы мүмкін. Мұндай адамдарға басқару шешімдерді дайындаудың аналитикалық әдісі тиімді болады.
Кеңдік  -  ойдың синтездік мінезін сипаттайды, мұнда адам талданып жатқан жағдайдың рөлін қызметтің жалпы сценарийінде бағалай алады. Ойдың кеңдігі сценарийлер әдісін және <<шешімдер ағашы>> әдісін тиімді қолдануға көмектеседі.
Жылдамдық  -  берілген компанияда қабылданған орта деңгейне қатысты тапсырманы орындау уақытымен анықталады. Қызметкер басқалардан гөрі жағдайды тезірек түсіне немесе тиімді шешімді тезірек әзірлей алады. Ойдың жылдамдығы көптеген нұсқаларды қарастыруға көмектеседі, бұл басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың эвристикалық әдістерінде қажет.
Икемділік  -  басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асырудың жаңа әдістеріне негізделген және уақытында өтумен сипатталады. Икемділік және келісімге дайындық басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың матрицалық әдістері кезінде қажет.
Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға қиялға берілу (романтизм) мен практицизм, оптимизм мен пессимизм сияқты басшының сипаттары үлкен әсер етеді. Басшының қиялға берілуі (романтизмі) басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру сұрақтарындағы өз мүмкіндіктерін, сонымен қатар ол үшін қажетті ресурстарды алу мүмкіндігін жоғары интуитивті бағалаумен байланысты. Қиялға берілу (романтизм) өз қызметінің бастапқы кезеңінде барлық басшыларға тән. Қиялға берілу (романтизм)  -  бұл компанияның даму көздерінің бірі. Бірақ ол басшының да, персоналдың да түңілуіне жиі алып келеді. Әдетте компанияға персоналды жаңартумен байланысты жаңа қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшері қосылады, сондықтан басшы өзі үшін мұндай қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшерін анықтау және қиялшыл-бағыныштының қызметін бақылауды жүзеге асыруы керек.
Басшының немесе маманның практицизмі жұмыстың үлкен тәжірибесімен және басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде еліктеме тәсілдерді қолданумен байланысты. Мысалы, жабдықтаушылардың уәдесіне тұрмауын ескере отырып, мұндай практик өз компания үшін қажетті ресурстарды жеткізуге қосымша келісімдер жасайды, өнімді сатып алуға компания мүмкіндіктеріне қарағанда көбірек ұсыныстар жібереді. Осылайша компания біреудің тапсырысын орындай алмай, қиын жағдайда болуы мүмкін. Сондықтан басшы ұқсас шешімдердің мөлшерін және мұндай практик-қызметкерлердің болуын анықтау керек.
Басшының оптимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін жоғары есепті бағалауына негізделеді. Кез келген экономикалық, қаржылық, ұйымдық есептеулер мен бағалауда мүмкін бастапқы мәліметтер мен мүмкін нәтижелердің мөлшері әрқашан бар. Қызметкерге берілген мөлшерде жақсы нұсқаны таңдау мен бұл шешім үшін жауап беру құқығы беріледі. Оптимизм басқарушылық қызметте жоғары кәсіпқойлықпен және компанияның технологиялық мүмкіндіктерімен қуаттануы керек. Оптимист-басшылар компания үшін пайдалы. Олар басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру тәуекелдігін жағымды жаққа да, жағымсыз жаққа да арттырады. Мұнда жеңістердің, жеңілістердің және тұрақтылықтың арақатынасын қалай белгілеуді шешу қажет. Компанияның басшысы сонымен қатар оптимизм шамасын немесе мұндай басшылардың басқалар ішіндегі арақатынасын анықтау керек.
Басшының пессимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін төмен есепті бағалауына негізделеді.  Басшы төмендетілген нұсқа міндетті түрде іске асырылады және компанияға үлкен емес, бірақ тұрақты табыс алып келеді деп есептейді. Мұндай тәсіл дәстүрлі аз өзгеретін өндірістерде тиімді болуы мүмкін. Компания басшысы үшін басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тәсілдердің теңгерімділігін және ойланған шешімдерді қамтамасыз етуге пессимистер де қажет.
Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге  -  иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге  -  ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.
Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.
Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады.
Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға тұлға абыройы ерекшеліктерінің әсері 
Абырой  -  бұл кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері.
Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға мінез-құлық пен абырой мазмұны, соның ішінде: мейірімділік абыройы, орнын толтыру абыройы, әріпшілдік абыройы, басу абыройы, қашықтық абыройы, өсиетшілдік абыройы және тәкаппарлық абыройы әсер етеді. 
Әрбір түрі басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тиімді қолдану облысына ие. 
Қашықтық абыройы басшы мен оның шешімдерін орындаушылары арасындағы ақпаратта және байланыстарда кедергілерді жасанды жасау есебінен құрылады. Басшының немесе ақпараттың қол жетпестік әсері бағыныштыны ынталы шешімдерге жандандырады. Қашықтық абыройы сонымен қатар басшы өз шешімін қалай орындайтынын білмегенде және орындаушыларға үміттенген жағдайда тиімді.
Мейірімділік абыройы бағыныштыларға қайырымдылықты, жанашырлық пен мейірімділікті асырып көрсету есебінен жүзеге асыда. Жұбатушы рөлі бағыныштыларды біріктіреді және басшы шешімдерін орындау кезінде өзара көмекті күшейтеді. Бірақ жұмысты орындау уақыты әртүрлі дәлелді себептер бойынша созылып кетуі мүмкін.
Орнын толтыру абыройы тапсырманы орындау үшін күшті түрткі болатын себептерді (өтемдерді) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бағыныштыны орындалатын тапсырмаға емес, оны орындау үшін өтемдер мүмкіндігі қызығушылығы итермелейді. Өтем ақшалай түде, қосымша демалыс беруде, зейнеткерлікке шығу үшін қысқартылған өтілінде көрінуі мүмкін. Өте қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың бұл түрі жақсы нәтижелерге алып келуі мүмкін. 
Өсиетшілдік абыройы басшының басқару шешімдер пәніне әдейі жан-жақты қарау есебінен болады. Әрекеттер нұсқаларының әралуандығы бағыныштыда басшының жоғары біліктілігі туралы пікірді қалыптастырады және алған тапсырманы аса сапалы орындауға ынталандырады. Бірақ келешекте басшының тым ауқымды пайымдаулары тапсырманы орындауға бағыныштының қызығушылығын төмендетуі мүмкін.
Әріпшілдік абыройы басшымен тапсырманы орындаудың барлық элементтерін толық алдын ала әзірлеу мен оларды бағыныштыларға беру есебінен құрылады. Тапсырманы орындауды қатаң регламенттеу белгіленген уақытта берілген сапасы бар нәтиже алу ықтималдығын арттырады. Басшының кәсіпқойлығы шешуші рөлді атқарады. Әріпшілдік абыройы компания қызметінің бастапқы сатысында, яғни кадрларды орналастыру әлі аяқталмағанда және орындаушылардың кәсіпқойлығы жеткілікті жоғары болмаған жағдайда жақсы іске асырылады. Бірақ орындаушы рөлі шығармашылық элементтері жоқ қарапайым жұмысқа аударылады. Регламенттеудің мұқтаждығын бағыныштылар әрқашан нашар қабылдайды  -  бұл кадрлардың тұрақтамауына және тапсырманы орындау сапасының төмендеуіне алып келеді.
Тәкаппарлық абыройы бағыныштылар алдында басшы абыройын жасанды өсіріп айту жолымен қалыптастырылады. <<Көпірме>> абыройды жоғары тұрған бастықтар, басшы әріптестері немесе басшының өзі жасай алады. Абыройдың берілген түрі белгілі мөлшерде басшының бағыныштыларға өзі және басқа адамдар арқылы тиімді ықпал жасауға көмектеседі. Мұндай абырой виртуалды құрылымдарда, яғни басшы ұжымды тікелей емес, қашықтықтан басқарған кезде әсіресе тиімді. Бірақ бұл басшының өзін-өзі бағалауды шектен тыс арттыруға және абыройды біртіндеп толық жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Басу абыройы билік артықшылығының компанияның негізгі персоналының, клиенттердің немесе контрагенттердің басқа қажеттіліктері мен мұдделерінің артықшылығынан басым болған жағдайда пайда болады. Абыройдың мұндай түрі басшыға тігінен де, көлденең де шешімдерді тез жүзеге асыруға көмектеседі. Басу абыройының жағымсыз жағы қатаң тәртіке біртіндеп өту болып табылады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Менеджмент технологиясының негізгі кезеңдері.
 Білім беру саласында  шешімдерді қабылдаудың психологиялық
 аспектілері. 


Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


6-тақырып . Білім беру саласында шешімдерді әзірлеу және қабылдаудың технологиясы және ұйымдастыру процессі
Жоспары:
* 1. Шешімдерді әзірлеу және қабылдау процессін ұйымдастыру. Шешімдерді қабылдау процесінің құрылымы. 
* 2. Басқару және шешімдерді қабылдау аппараты.  
* 3. Шешімдерді әзірлеу жүйесі.
* 4. Шешімдерді әзірлеу технологиясы. 
* 
* Негізгі түсініктер: білім беру жүйесін басқару, әзірлеу әдістері. 
1.Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
<<Басқару шешімі>> термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қатарларды, т.б.; екінші жағдайда- мәселелер мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы нұсқасын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі- өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған мәселе болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз- жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған мәселелерді шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы өрістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы- соңылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды қысқартып, жұмыстың орындалуына кедергі жасамау керек.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі- мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
Кез келген шешім ауызша немесе жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, орындауға жауаптылар көрсетілуі тиіс. 
Шешім қабылдау  --  ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.
Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе.
Шешім дегеніміз  --  бұл альтернативті тандау.
Альтернатив  --  мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.
Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама, тіршілікте қажетті, маңызды шешімдермең байланысты.
Басқарушы шешімдер деген сөз көп аспектілі мағынаны сипаттайтын категория.
Басқарушы шешімдер өзара байланыста 3 аспектіден тұрады:
* Біріншіден, басқарушы шешім  --  басқару жүйесінде жүретін қызмет түрі. Ол белгілі бір іс-әрекеттерді дайындау, табу, таңдау және қабылдаумен байланысты;
* Екіншіден, басқарушы шешім  --  басқару объектісіне басқару органдарының ықпал тигізуіне варианттар үсынады;
* Үшіншіден, басқарушы шешім  --  ол басқару жүйесінде тәжірибе - ұйымдастыру қызметі болып табылады.
Басқару шешімін сипаттайтын негізгі белгілермен оның мазмұнын экономикаға бейімдеп, былай анықтауға болады.
Басқару шешімі  --  ол тұтынудың объективті даму жүйесімен және оны қанағаттандыратын мүмкіндіктер арасьіндағы қайшылықтарды саналы түрде және күш - жігермен жеңігі шығу үшін жасалған жоспар.
Кездесетін қайшылықтарды әртүрлі уақытта, әртүрлі жолмен шешуге болады.
Экономикада басқару шешімдерінің басты объектісі болып өндіріс процесіндегі адамдардың қарым-қатынасы табылады.
Басқарушылық қызметтің ерекше мағынасы ол қабылданған шешімдердің саналы жүргізіліп, сол арқылы толық басқару қызметінің тиімділігі болып табылады.
Басқару шешімдерінің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топтың факторларына - басқару шешімдерін жасағанда нені ескеру керек - солар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгіорынды мақсат алады.
Мақсат - жүйенің жайының қалауын, мүмкіндігін жәнеқажеттігін анықтаушы болып табылады.
Екінші топтың факторларына осы айтылған мақсатты іске асырғанда қажетті ұйымдастыру жүмыстары және басқару жүйесіндегі ұйымдастыру - тәжірибе қызметтері жатады.
Басқару шешімдерінің сапасына субъективті факторларда қатаң әсер етеді. Олар:
* басшыныңжекебасыныңқасиеті (оныңкәсіптікдайындығы, білімдеңгейі, жетікбілетіндігіжәнет.б.);
* шешімқабылдағандахабарларменқамтамасызетупроцесі;
* үйымдастыружұмысыменбайланыстыфакторлар. Олар: -шешімқабылдауүшінмамандардытарту,
-шешімдердіорындаушыларғажеткізутәсілдері мен түрлері; -бақылаудыұйымдастырумәселесіжәнет.б.;
* технологиялықфакторлар (техникалықжабдықтарды, ЭВМ  --  дықолданужәнет.б.).


2 Шешімдерді жіктеу.
2. Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың әр түрлілігін жіктеу, реттеу үшін белгілер бойынша жіктейді.
Басқару субъектісі бойынша шешімдерді бөлуге болады:
әкімшілік
қоғамдық ұйымдар шешімі, т.б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, ол көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім ауыл шаруашылығындағы өндірістің ерекшелігін айқындайды. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, жедел деп бөледі.
Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек( 3-5 жыл және одан да көп). Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады( бірнеше апта, күн, ай).
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
Жекелей шешім  -  юұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.
Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімдер, әдетте, мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жаупкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып қабылданады.
Функционалдық мақсатына орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық, технологиялық, қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.
<<Басқарудың әлеуметтік жағдайлары>> кітабында Пригожин басқару шешімдерін жіктейді:
1) мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дерьес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселесі, жұмыстарды ұйымдастыру, бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. жатады.
2) ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
3) творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды.
Шетелдік авторлары ұжымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді. Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, яғни шешімнің математикалық теңдеуі болып табылады. 
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлардың жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсату керек.
Практикада таза түрінде бағдарланған және бағдарланбаған шешім дер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы мәселе қалай шешілу керек деген сауалға жауап береді. Бұл- шешімнің маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің реттілігі, календарлық мерзімдер(аралық, ақырғы), орындауға жауаптылар, орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.  

3 Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы.
3.Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға <<келісу>> және <<қарсы болу>> жағын қарастырып жатпайды.
Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

   шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау
Проблемалар мәселесен қою
жинақталған мәліметтер-
ді талдау
шешім мәселелері
нің негізделуін бағалау
мәселе бойынша шешімді таңдау
және қабылдау
шешімнің
орындалуын ұйымдастыру
орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау

Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау - бұл техниканы, технологияны, экономика - математикалық әдістерді, ақпараттар теориясын, адамдар мінез-құлқының әлеуметтануын және психологиясын енгізетін кешенді проблема болып табылады.
Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін.
Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:
* Проблеманықалыптастыружәненегіздеу,
* Шешімқабылдауүшіншектеулержәнекритерийлердіқалыптастыру,
* Шешімніңмүмкінварианттарынқалыптастыружәнетандау
* Шешімніңеңжақсывариантынтандау.
Шешімдер варианттарын салыстыру нәтижесі бойынша алдығақойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз ететін,нақты жағдай үшін мақсатты вариант таңдалады. Шарт бойынша бүлпроблема жөніндегі шешім қабылдау болып табылады.
Келесі суретте басқару шешімдерін қабылдау процесінің шарттыүлгісі көрсетілген (Сурет 1).
-120015179705

  Сурет 1. Шешім қабылдау және жүзеге асыру


Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. <<Жағдай>> ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау шешіміне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш. 
Мақсатты тұжырымдау мен критерийді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. 
Ми шабуылы тәсілі- бұл эксперттер негізінде және мәселедегі әр түрлі көзқарастарды ескере отырып мәселені дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедуралары
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да  жүйеге қатысты  белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек: 
1) нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) басқарушылық шешімдер әзірлеушілерін басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру;
3) Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау;
5) басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару;
6) қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) заңгер немесе референт жағынан әзірленіп жатқан басқарушылық шешімдер нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін бақылауын өткізу;
8) басқарушылық шешімдер нұсқаларының техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау;
9) экономикалық, экологиялық және басқа салалардағы басқарушылық шешімдерді болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу.
Басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысын келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
Сыртқы келістіру мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі.
Ішкі келістіру бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізіледі. Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады. 
Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдерді келістіруге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта келістірудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу. 
Басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау (таңдау) кезеңі ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі.
Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдер нұсқаларында шешімнің өзіне және бұрын іске асырылған шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу;
2) басқарушылық шешімдерді таңдау үшін критерийлер жиынтығын, сонымен қатар атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу;
3) басқарушылық шешімдер параметрлерінің критерийлер параметрлерінен ауытқуын құжатпен тіркеу;
4) күнді, жауапты тұлғаларды, бар ескертулерді көрсетумен басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы. Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдерді бекітуге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта бекітудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) нақты тапсырманы, орындаушылар құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен басқарушылық шешімдерді іске асыру туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) орындаушыларды басқарушылық шешімдерді орындау мазмұнымен және тіртібімен таныстыру мен түсіндіру;
3) басқарушылық шешімдер орындаушыларына жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған егжей-тегжейлерді басқарушылық шешімдер әзірлеушілерімен талқылау;
5) ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне орындаушылардың ерекше назарын аудару;
6) орындаушыларға қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) басқарушылық шешімдерді тиімді іске асыру бойынша орындаушылардың жұмысын белсендендіру;
8) басқарушылық шешімдерді орындаушылармен орындау барысын жиі бақылауын жүзеге асыру;
9) іске асырылған басқарушылық шешімдердің тәжірибелік бағалауын жүзеге асыру;
10) басқырушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру бойынша құжаттаманы мұрағатқа тапсыру.
Ұйымдық-әкімшілік қызмет шеңберінде басқару аппараты мен басқарушылар (шешім субъектілері) басқарушылық шешімдерді іске асыратын қызметкерлермен әлеуметтік-психологиялық және насихаттық жұмыспен белсенді айналысуы керек. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру бойынша мамандарының көбі басқарушылық шешімдерді әзірлеуге орындаушыларды, олар басқарушылық шешімдер тұжырымдамасымен және одан шығатын міндеттермен алдын ала танысу үшін тартуға кеңес береді. Басқарушылық шешімдерді іске асыруға қатысатын болашақ орындаушылар оған нақтылық элементтерін енгізеді, себебі басқарушылық шешімдер пәнін, оның резервтері мен қиындықтарын жақсы біледі. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеуге алғыр ақылдары басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде өзіндік тәсілдерді табуға көмектесетін жаңашылдарды және өндіріс озаттарын тарту мәні бар.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Паркинсон заңы. Басқару шешімді қабылдаудың нақты процедурасы. Бастық қызметіндегі контроллинг
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


7-тақырып . Басқару шешімдерін іске асыру процессін ұйымдастыру
Жоспары:
1.Шешімдерді қабылдаудың ұйымдастыру әдістері және тәртібі. 
2. Шешімдердің іске асырудың ұйымдастыру әдістері және тәртібі.
 3. Шешімдердің орындалуын ұйымдастыру: стратегиялық және тактикалық дәрежеде ресурстық қамтамасыз ету. 
Негізгі түсініктер: стратегиялық шешімдер, қабылдау стратегиясы, тактика. 
Басқарушылық шешімдерді дайындау жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады:
Акт  -  мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың кең өрісті шешімі. Акт халықаралық болуы мүмкін.
Акцепт  -  офертте ұсынылған жағдайлар негізінде келісім жасау туралы ұсынысты қабылдау туралы шешім. Акцепт  -  бұл контракттың екінші жағы. Оферта және акцепт контрактты құрайды.
Бюллетень  -  қоғамдық мәні бар оқиғалар бойынша бағыныштыларды қысқаша хабарлау туралы басшының шешімі.
Декларация  -  басшының маңызды бағдарламалық мәлімдемесі.
Келісім  -  қызметтің коммерциялық және коммерциялық емес сфераларындағы өзара құқықтары мен міндеттемелерін көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім.
Заң  -  жалпыға міндетті және бұлжымайтын сипатқа ие жоғары мемлекеттік биліктің шешімі.
Мәлімдеме  -   жоғары дәрежесі бар басшының ресми хабарлауы.
Өзгерту  -  қандай да бір қызметтегі түпкілікті өзгерістер туралы шешім.
Нұсқаулық  -  қандай да бір әрекеттерді орындау тәртібі мен әдісін бекітетін шешім.
Кодекс  -  заңдар жинағы.
Контракт  -  әдетте коммерциялық сипатқа ие,  өзара құқықтар мен міндеттемелерді көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім. Контракт шарттың бір түрі болып табылды.
Тұжырымдама  -  қандай да бір құжатта көрсетілген басшының көзқарастар жүйесі.
Қандай да бір процестің немесе құбылыстың үлгісі  -  бұл сыртқы ықпалдарға нақты процестің немесе құбылыстың реакциясын анық көрсететін, белгілі элементтер мен байланыстардың жиынтығынан тұратын шешім. Мысалы, зауыттың үлгісі өзіне қосады: анықтамалық мәліметтер (мысалы, потенциалды жабдықтаушылар және олардың өнімі туралы толық мәліметтер); ұйымның имитациялық үлгісі; экономикалық есептеу мен болжаудың әдістемелері; басқа ұйымдардың ұқсас жағдайларындағы шешімдер мен нақты алынған нәтижелер туралы ақпарат; заңнамалық актілердің жиынтығы және т.б.
Норма  -  қандай да бір облысындағы мемлекетпен, саламен немесе компаниямен заңдастырылған  әрекеттер тәртібі, мысалы, құқық нормасы, тәртіп нормасы.
Норматив  -  норманың ұйымдастырушылық, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік көрсеткіші, онымен сәйкес қызмет жүзеге асырылады.
Шолу  -  қандай да процестер немесе құбылыстар туралы  қысқа хабарлау.
Оферта - әдетте коммерциялық сипатқа ие, көрсетілген шарттар негізінде нақты немесе кез келген тұлғаға келісім жасауға ұсыну туралы шешім. Оферта контракттың екі жағының бірі болып табылады.
Тізім  -  қандай да бір тәртіп бойынша жіктелген хабарлама.
Жоспар  -  қызметтің мақсаттарын және нақты міндеттерін, оларды іске асыру құралдарын, әдістері мен уақытын көрсететін шешім.
Ереже  -  қандай да бір қызметті реттейтін заңдар, қағидалар мен нұсқаулықтар жиынтығын көрсететін шешім.
Тәртіп  -  жөнге салынған қызмет үшін объектілердің лайықты орналастыру туралы құжат.
Қаулы  -  қандай да ұйым үшін биліктің жоғары органының ұжымдық немесе жеке шешімі. Әдетте өкім мәртебесі бұйрық мәртебесінен жоғары.
Қағида  -  ұйымның дәстүрлерін есепке алатын және қызметкерлердің белгілі топтарының орындау үшін ұсынылатын қызметі мен тәртібінің бекітілген нормаларының жиынтығын көрсететін.
Прейскурант  -  тауарлар мен қызметтерге тарифтерден, бағалардан тұратын  анықтамалық.
Баспасөз хабарламасы  -  бұқаралық ақпараттар құралдарында жедел жариялау үшін арнайы бюллетень. Үкімет мекемелерімен, халықаралық ұйымдармен және пресс-бюромен құрастырылады.
Бұйрық (жазбаша немесе ауызша)  -  ұйымда немесе оның ірі бөлімшесінде билікке ие басшының шешімі. Бұйрық орындау үшін оның бағыныштыларына міндетті және басшы құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша дайындалуы мүмкін. Бұйрық  -  бұл мұрағатта сақталатын номативтік құжат.
Хаттама  -  қандай да оқиғаларды көрсету туралы шешім.
Өкім  -  әкімшілік қызметтерге ие емес басшының шешімі. Өкім әдетте қауіпсіздік техникасы мен еңбекті ұйымдастыру, технологиясы сұрақтарына қатысты болады. Ол басшының тікелей бағыныштыларымен орындау үшін міндетті.
Шарт  -  қандай да қызметтің жалпы жағымды инфрақұрылымын қалыптастыратын шешім. 
Жарлық  -  парламентпен бекітілген мемлекет басшының шешімі. Жарлық заңның күшіне ие.
Нұсқау  -  әдістемелік, технологиялық сипатқа ие шешім, өсиет немесе түсіндіру формасында жүзеге асырылады.
Жарғы  -  қандай да ұйымдардың қызметін реттейтін ережелер жиынтығы.
Басқару шешімдерін жүзеге асыру формалары
Басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады:
Көшірме  -  қандай да құжаттың аяқталған фрагменті.
Іскерлік әңгіме  -  компания үшін өзекті, алдын ала ескертілген тақырып бойынша пікірлермен алмасу үшін басшымен арнайы ұйымдастырылған бағыныштылармен немесе бағыныштылар тобымен кездесуі.
Іскерлік ойын (тренинг)  -  нақты процестердің имитациялық үлгілері негізінде басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің арнайы ұйымдастырылған  қарқынды қызметі. Іскерлік ойын процесінде басқарушылық шешімдерді әзірлеу әдістерін, технологияларын,  біртиптік жағдайларын көп рет қайталау есебінен басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдылары бекітіледі.
Іскерлік сөз  -  бағыныштылар арасында да, жоғары тұрған басшылар арасында да басшы беделімен бекітілген бағыныштыға ауызша түрде берілетін басшының берік шешімі.
Мәжіліс  -  негізінен ұйымдастырушылық сұрақтарды шешу үшін тар кәсіптік мәслихат (мысалы, кәсіби комитеттің мәжілісі және т.б.).
Ақпараттық хат  -  мүдделі тұлғаларға жіберілетін келісімге, шартқа, офертаға және т.б. анықтаушы мәліметтер жиынтығы.
Жеке бастың үлгісі  -  басқарушылық шешімдерді орындау техникасында беделді адамдарға еліктеу әсерін  бағыныштыларда дамыту үшін алдын ала дайындалған сценарий бойынша бағыныштылар ортасында басшының әрекеті.
Әдістеме  -  қандай да қызметті кәсіби орындау үшін әдістер жиынтығы.
Өсиет  -  басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін тәжірибені беру, үйрету мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме.
Оқыту  -  қандай да қызметті орындау үшін жаңа білімді немесе ақпаратты беру мақсатымен  басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме.
Есеп  -  басқарушылық шешімдерді орындау бойынша жеке немесе ұжымдық жасалынған жұмыс нәтижелері туралы маманның шешімі. Есеп жазбаша немесе ауызша болуы мүмкін.
Хат  -  мүдделі тұлғаларға немесе ұйымдарға жіберілетін қандай да хабарламаның мәтіні.
Ұйғарым  - бекітілген мерзімде шешімді міндетті түрде орындау туралы қандай да лауазымдық тұлғаға бағытталған ресми  хабарлама қағаз.
Мәжбүрлеу  -  қорқытулар немесе жоғары марапаттау жолымен БШ орындауға жұмысшыны мәжбүр ету мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме.
Түсіндіру  -  басқарушылық шешімдердің мәні мен мазмұнын түсінікті ету, түсіндіру мақсатымен  басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме.
Ұсыныс хат  -  потенциалды немесе нақты жұмыс беруші, жабдықтаушы немесе тұтынушы алдында қандай да адам, компания немесе қызмет үшін кепіл болуы туралы беделді маманның шешімі.
Кеңес  -  басқарушылық шешімдерді орындау жолында өз көзқарастарымен бөлісу мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Кеңес бағыныштылармен орындалуы үшін міндетті емес.
Мәслихат  -  маңызды басқарушылық шешімдерді орындау үшін жинақталған тәжірибемен және ақпаратпен алмасуды, ұжымдық сананы қолдану, бағыныштыларға дейін нақты міндеттерді жедел жеткізу мақсатымен басшымен  өткізілетін ұжымдық іскерлік әңгіме.
Хабарлама  -  басқарушылық шешімдерді орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты беру мақсатымен басшымен  өткізілетін іскерлік әңгіме.
Сендіру  -  басқарушылық шешімдерді орындау үшін оның мазмұны бойынша қажетті берік көзқарастарды немесе түсініктерді бағыныштыда қалыптастыру мақсатымен басшымен  өткізілетін іскерлік әңгіме. Мысалы, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігіне сендіру, басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігіне сендіру.
Шарт  -  келісімнің, шарттың жақтарымен талап етілетін талаптар көрсетілген жеке құжат немесе құжаттағы мәтін. 
Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірге пайдалану механизмі
Басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін шешімді дайындау әрбір формасы үшін оған сәйкес жүзеге асыру формасын табу қажет. 
Жүзеге асыру формасы  -  бұл дайындалған шешімді орындау механизмі. Өзімен өзі бұйрық немесе заң оны орындау механизмін жасамайды. Әдетте басшылар тек дайындау формаларымен шектеледі. Мысалы, басшы қандай да бір жұмысты орындау туралы бұйрық шығарғаннан кейін орындаушыларды хабардар ету, нұсқаулар өткізу және т.б. керек. Әйтпесе жұмыс уақытында және сапалы түрде орындалмайтын болады.
Басқарушылық шешімдерді дайындаудың әрбір формасы ең лайықты жүзеге асыру формалар қатарына ие.
Акцепт, келісім, контракт, оферта, шарт және жарғы үшін  -  бұл іскерлік сөз, ақпараттық хат, есеп, хат, ұйғарым, мәслихат, сендіру және шарт.
Нұсқаулық, кодекс, ереже, хаттама, қағида мен нұсқау үшін  -  бұл іскерлік әңгіме, іскерлік сөз, өсиет, оқыту, мәжбүрлеу, түсіндіру, кеңес және хабарлама.
Заң, қаулы, бұйрық, өкім және жарлық үшін  -  бұл көшірме, мәжіліс, жеке бастың үлгісі, әдістеме, өсиет, ұйғарым, мәжбүрлеу, түсіндіру, сендіру және шарт.
Акт, декларация, тұжырымдама, үлгі, жоспар және баспасөз хабарламасы үшін  -  бұл іскерлік әңгіме, іскерлік ойын, мәжіліс, оқыту, әдістеме, есеп және түсіндіру.
Дайындау формалары мен жүзеге асыру формаларының таралған типтік үйлесуі 1-суретте көрсетілген.

      Дайындау формасы 		   		               Жүзеге асыру формасы
                                    Заң
                                   Қаулы
                                 Бұйрық
                                   Өкім
                                 Жарлық 
                                      А
                                       
                                Көшірме 
                                       
                                       
                                       
                         Іскерлік әңгіме
                                       
                                       
                                       
                            Іскерлік сөз
                                       
                                       
                                       
                  Іскерлік ойын (тренинг)
                                       
                                       
                                       
                                Мәжіліс 
                              Нұсқаулық
                                 Кодекс
                                  Ереже
                                Хаттама
                                 Қағида
                                 Нұсқау
                                      Ә
                                       
                          Ақпараттық хат
                                       
                                       
                                       
                      Жеке бастың үлгісі
                                       
                                       
                                       
                               Әдістеме 
                                       
                                       
                                       
                                  Өсиет 
                                       
                                       
                                       
                                  Оқыту 
                                       
                                       
                                       
                                   Есеп 
                                 Акцепт
                                Келісім
                               Контракт
                                 Оферта
                                   Шарт
                                  Жарғы 
                                      Б
                                       
                                    Хат 
                                       
                                       
                                       
                               Ұйғарым  
                                       
                                       
                                       
                              Мәжбүрлеу 
                                       
                                       
                                       
                              Түсіндіру 
                                       
                                       
                                       
                              Ұсыныс хат
                                    Акт
                             Декларация
                            Тұжырымдама
                                   Үлгі
                                 Жоспар
                   Баспасөз хабарламасы 
                                      В
                                       
                                  Кеңес 
                                       
                                       
                                       
                               Мәслихат 
                                       
                                       
                                       
                              Хабарлама 
                                       
                                       
                                       
                                Сендіру 
                                       
                                       
                                       
                                   Шарт 

1-сурет  -  БШ дайындау мен жүзеге асыру формаларының үйлесуі

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Басқару шешімдерінің жіктелуінің принциптері жəне белгілері.
Басқару шешімдерінің формалды жəне формалды емес жақтары. Басқару шешімдерінің типологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


8-тақырып. Басқару шешімдерінің орындалуын қадағалауды ұйымдастыру. 
Жоспары:
* Бақылаудың қызметтері және түрлері. Бақылау мазмұны.
* Басқару шешімдерді орындауды бақылаудың нормативті  -  құқықтық қамтамасыз етілуі.
* Қадағалаудың әдістері.
* Қадағалаудың әлеуметтік  -  психологиялық аспектілері. 

Негізгі түсініктер: қадағалау әдісі, бақылау, орындалудың нәтежиелігі.
Ұйымдастуры шешімдерін қабылдайтын және оларды басқа адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей аламыз. 
Шешім қабылдау  -  ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. 
Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау  түрлерін, қолданылатын тәсілдерін, осы үрдістің тиімділігін арттырудағы негізгі факторларға көңіл аудару қажеттілігін қарастырамыз. 
Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты. Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процеура, ол басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтаймыз.
Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау үрдісін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты, шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әр біреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдайымыз. 
Шешім  -  дегеніміз бұл баламаны таңдау. 
Балама  -  мүмкін болған екі ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. 
Жеке өмірде шешім қабылдауға қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау - өте қатаң жүйеленген үрдіс. Жеке адамның жеке-дара таңдауы алдымен өз өміріне және онымен қарым-қатынаста жүрген адамдарға байланысты болады. Менеджер іс-қимыл бағытын тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге,  ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін де таңдайды. Ірі ұйымдардың жоғарғы деңгейдегі басшылары миллиондаған шешімдер қабылдайды. 
Көңіл аударарлық мәселе  -  басқару шешімдері жетекші қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың жеке өмірінеде ықпал етуі мүмкін.
Ұйымдық шешім: 
Коммуникациялық үрдіс сияқты, шешім қабылдау да басқарудың барлық аспектілерінен орын алады. 
Профессор Фрэен Хариссон былай деген: <<Шешімдер қабылдау  -  бұл кез келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі>>.
Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте болатынын атап көрсеткен: кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді жүргізуші маман. 
Ғылыми жағынан негізделуі: шешім экономикалық және басқа әлеуметтік заңдардың әрекеттерін есепке алу және өндірісітің нақты жағдайларына талдау жасау арқылы қабылдануы керек.
Бірлік. Абелгілі бір міндетті шешер кезде әдетте  басты міндеттер келіп туатын бірқатар қосалқы, екінші дәрежелі міндеттермен де айналысуға тура келеді. Олар шешім қабылданып отырған басты міндетке бағындырылға тиіс.шешімнің барлық қағидалары да  өзара байланыстырыла тұжырымдалады, сондай- ақ  бұрын қабылданған және қазір басшылыққа алынып жүрген шешімдермен үйлестіріліп, сәйкестендіріледі.
Өкілдігі болуы. Шешім басшыға берілген құқықтар шеңберінде ғана қабылданады.       Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуға тиіс.
Бағытталуы. әрбір шешім нақты бір адреске бағытталуы және орындаушы адамдарға түсінікті болуы тиіс.
Мерзімінің нақтылығы. Басшы бағынышты адамға тапсырманы, және оны орындау мерзімін көрсетпей бермеуге тиіс.
Оперативтілік. Шешім- өндіріс жағдайы нақ соны  талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. Кеш қабылданлған шешім де, асығыс қабылданған шешім де бірдей зиянды.
Тәуелел элементтерінің болуы. Экономиканың үздіксіз өзгеруі, тұрақтанбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижелерді мейлінше дәл қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, шешімдер белгілі-бір тәуекелді және қалыптасқан жағдай үшін, ең оңтайлы шешімді таңдай білу қажет.
Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің мақсаттық технологияларын іске асыру үшін аспаптық құралдары. 
Сәтті орындау үшін 5.1-кестеге сәйкес Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің әрбір мақсаттық технология оларды іске асыру механизмін көрсететін процессорлық технологиялардың өз жиынтығына ие. Оларды толықтай қарастырайық. 
1-кесте  -  Мақсаттық технологияларды іске асыру үшін жиынтық құрамы 
  Процессорлық технологиялардың жиынтығы
            БШӘ мақсаттық технологиялары

                     Ынталылық-мақсаттық
                 Бағдарламалық-мақсаттық
                           Регламенттік
Нәтижелер бойынша басқару
                                       +
                                       -
                                       +
Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару 
                                       +
                                       +
                                       +
Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару 
                                       -
                                       +
                                       +
Ерекше жағдайларда басқару
                                       +
                                       +
                                       -
Жасанды зерде негізінде басқару
                                       -
                                       +
                                       -
Қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару 
                                       +
                                       -
                                       +
Технология: Нәтижелер бойынша басқару. Берілген технология соңғы нәтижелердің жоспарлау мен болжаудан басымдығына негізделеді. Басшылар іске асыратын негізгі қызметі алынған нәтижеге байланысты шешімдер мен әрекеттерді үйлестіру (түзету) болып табылады. 
Берілген технология орта және шағын ұйымдар немесе бөлімшелер үшін іске асырылады, оларда: 
- шешімдерді қабылдау мен оларды орындау нәтижелері арасындағы уақыт минималды (сағаттар, бірнеше күндер);
- қажетті ресурстарды тез алудағы немесе қажетсіз ресустарды қайтарудағы қиыншылықтардың болмауы;
- ұйым басшысының немесе жоба басшысының кәсіпқойлығы едәуір жоғары;
- өндіріс сипаты көбінесе механикаландырылған.
Берілген технология шеңберінде басшы: 
- басқару жүйесі элементтерінің қалыптастырылған құрамының қызмет ету үшін қажетті ресурстардың көлемі мен тізімін әзірлейді;
- бастапқы шешімнің нұсқасын таңдайды немесе әзірлейді;
- ресурстарды қолдану барысын бақылайды;
- ағымдағы нәтижелердің жоспарлан нәтижелерден ауытқу шамасынан шыға отырып шешімдерді іске асыру процесінің барысын түзетеді;
- бөлінген ресурстарды қолдану барысын түзетеді.
Берілген технологияның негізін бизнес-жоспар және мүмкін белгісіздік жағдайларында басқарушылық шешімдерді қабылдау бойынша әзірлемелері құрайды. Тиімді басқарушылық шешімді әзірлеу үшін аса қажетті факторлар белгісіз немесе нақты анықталмайтыны белгілі. Бұл факторлар ұйымның сыртқы да, ішкі де ортасына жатады. Мысалы, жағымсыз факторлардың ықпалын есепке алу, персоналды, қажетті материалдар мен өндірістік технологияны алдын ала таңдау мен есептеу қиын және т.б. 
Жағдай мен соңғы нәтижеге байланысты басшы кадрларды оқыту мен орналастыруды, еңбекті ұйымдастыру мен технологиясын, қолданылатын материалдардың сапасы мен номенклатурасын, өнімді өткізуді және ұйымның пайдалылығын үнемі түзетуі тиіс. Өнімнің өмірлік циклі да оның барлық кезеңдерінде көлем, сапа, номенклатурасы, құны мен өткізу нарығы облысындағы шешімдерді үнемі түзетуді талап етеді. 
Берілген технологияны іске асыру басшының өз күшімен немесе психология, әлеуметтану, маркетинг, экономика және қызметтің басқа қажетті облыстарында білімдерге ие мамандар көмегімен аналитикалық жұмысты өткізуді талап етеді. Бұл жұмыс ағымдағы ақпаратты талдауға, сұраулар өткізуге, проблемаларды анықтауға және тактикалық және стратегиялық шешімдерді түзету бойынша ұсыныстарға, ақпараттық базаны құруға негізделеді. 
Берілген технология басқару саласындағы маманды немесе басшыны өз қателері мен жетістіктері негізінде өз бетінше оқу үшін тимді. Ол қалған технологиялар арасында ең арзан, себебі ол толық жоспарларды әзірлеуге шығындарды және шешімдерді іске асыруға құралдарды есептеуді талап етпейді. Бірақ оны қолдану шарасыз қателерден өндірілген өнімнің жалпы қымбаттауына алып келуі мүмкін. 
Технология іске асыруда екі негізгі кезеңді қарастырады: 
- жаңа шешімді әзірлеу немесе типтік шешімді таңдау және алғашқы нәтиже алғанға дейін оны іске асыру;
- нәтижені нормативті көрсеткіштермен салыстыру. Егер нақты нәтиженің нормативті көрсеткіштерден ауытқуы мүмкін шамалардан асып түссе, онда шешімді түзету өткізіледі. Егер ауытқулар қалыпты, онда шешімнің соңғы нұсқасы түзетілмейді және цикл жалғасады.
Технологияның әрекеті мақсаттық басқару технологиясында бекітілген мақсатқа қол жеткізілгеннен кейін аяқталады. 
Технология: Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару. <<Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару>> технологиясы 5.1-суретке сәйкес қойылған мақсатты іске асыруға қатысатын қызметкерлер арасында өзара әрекеттесулерді қалыптастыру үшін тұлғааралық қатынастардың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделеді.

Басшы
        Қажеттіліктер мен қызығушылықтар
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                              Бағынышты
        Қажеттіліктер мен қызығушылықтар
               Қарсы әрекет (1,2,4 ықпалдар)
                Өзара әрекеттесу (3 ықпал)


1-сурет  -  Басқарушылық ықпалдар нұсқауларының сызбасы 
Берілген технологияны іске асыру кезінде басшы мен бағынышты арасындағы өзара әрекеттесу ықпалы басшының да, бағыныштының да қажеттіліктері мен мүдделерін қозғаған жағдайда ғана (суретте ықпалдың 3 нұсқасы) пайда болуы мүмкін. Ықпалдың барлық қалған нұсқалары (1, 2, 4) бағыныштының қарсы әрекетіне алып келеді. 
Адамның қажеттіліктері  -  бұл ағзаның өмір сүруі мен дамуы үшін, тұлғаның қызмет етуі мен дамуы үшін қажетті элементтердің материалдық, биологиялық, әлеуметтік жиынтығы. 
Бұл технология ұйым қызметі жергілікті инфрақұрылымға едәуір әсер ететін үлкен емес аймақтардың (қалалардың, кенттердің және т.б.) ірі және орта ұйымдарында тиімді іске асырылады. Мысалы, тоқыма өнеркәсібі бар қалалар мен кенттерінде, мұнда бір үлкен ұйым аса шағын қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызмет етуіне көмектеседі. 
Технологияны қолданудың қосымша шарттары: 
- шешімді қабылдау немесе түзету және нәтижені алу арасындағы үлкен уақыт интервалы;
- жұмыстың көбінесе ұжымдық сипаты;
- сол әкімшілік аймақта  -  ауылда, кентте және т.б. орналасқан ұйымдарының көбімен тығыз отбасылық, тұрмыстық және өндірістік байланыстарының болуы;
- мамандар нарығының болуы.
Бұл технологияда тартылған персоналдың саны шектелмейді. Басшы іске асыратын негізгі қызмет еңбек процесінің қатысушылары арасында өзара әрекеттесуін жоспарлау мен ұйымдастыру болып табылады, жағымды нәтижеге кепілдік беріледі. Берілген технология шеңберінде басшы: 
- әрбір қызметкер үшін қажеттіліктер мен мүдделер жиынтығын қалыптастырады;
- тапсырманы орындаумен байланысты қажеттіліктер мен мүдделер орталығы бойынша қызметкерлерді топтастырады;
- қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделерін үйлестіреді;
- корпоративтік қажеттіліктерді және қызметкерлердің мүдделерін есепке ала отырып, тапсырманы бөледі;
- тұлғааралық және іскерлік коммуникациялардағы болып жатқан өзгерістерге байланысты шешімдерді іске асыру процесінің барысын түзетеді.
Берілген технология қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделерін таңдау мен қанағаттандыруға қызметкердің өз шешімі арқылы емес, тікелей басшыдан әсер етеді. Берілген технологяины іске асыру үшін келесі ұйымдық және қызметтік дайындықты жүзеге асыру қажет: 
- нақты мақсатты орындау үшін басқару жүйесі элементтерінің жиынтығын арнайы қалыптастыру;
- басқару жүйесінің әрбір элементі бойынша қажетті ресурстардың (материалдық, технологиялық, қаржылық және т.б.) тізімі мен көлемін құру;
- кадрлар бөлімі шеңберінде әлеуметтану мен психология бойынша маман қызметін ашу. Бұл маманның міндеттері: ағымдағы ақпаратты талдау, сұрау өткізу, өндірістік топтарды қалыптастыру мен қайта қалыптастыру және т.б. болады;
- қажеттіліктер мен мүдделер орталығы негізінде персоналды іріктеуді жүзеге асыру.
Технология: Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару. Технология персоналды қойылған мақсатты іске асыруға қытысатын қызметкелер арасында өзара әрекеттесуді қалыптастыру үшін қатаң басқару мен бақылаудың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген. Қатаң басқару мен бақылау адам бұл кезде тәртіптегі, тұрақтылықтағы, өзін-өзі көрсетудегі, өз ойын білдірудегі өз қажеттіліктерін жақсырақ іске асыратынмен негізделген. 
Берілген технология басшының беделі мен кәсіпқойлығы күдіксіз үлкен емес ұйымдарда, әсіресе келісім негізінде жұмыс істейтін кеңесші-менеджерлері бар кәсіпорындарда немесе оқу орындарында, жаңа ғылыми сыйымды ұйымдарда тиімді іске асырылады. 
Технология басқарудың сызықтық құрылымын және басқарудың көп циклді процесін ескереді. 
Берілген технология шеңберінде басшы: 
- тапсырманы және оның кезеңдерін орындаудың құралдарын, әдістері мен мерзімін көрсетумен әрбір қызметкер үшін жұмыстың толық жоспарын қалыптастырады;
- әрбір қызметкермен тапсырманы орындаудың ағымдағы процесін қажетті бақылауын өткізеді;
- тапсырманы уақытында және сапалы орындауға кедергі жасайтын проблемаларды анықтайды;
- жұмысты орындау жоспарынан ауытқыған қызметкерлердің қызметін түзетеді;
- тапсырманы уақытында орындауға қажетті көмек көрсетеді;
- қызметкерлердің кәсіпқойлығы, олардың психологиялық жағдайының ерекшеліктері, жұмыстың қолайлы қарқыны туралы мәліметтердің ақпараттық базасын жасайды.
Берілген технологяины іске асыру үшін келесі ұйымдық және қызметтік дайындықты жүзеге асыру қажет: 
- нақты мақсатты орындау үшін басқару жүйесі элементтерінің жиынтығын арнайы қалыптастыру;
 - басқару жүйесі элементтерінің жиынтығының әрбір элементі бойынша қажетті ресурстардың (материалдық, технологиялық, қаржылық және т.б.) тізімі мен көлемін құру;
- әрбір қызметкер немесе қызметкерлер тобы үшін тапсырманың ең маңызды кезеңдерінің уақыты мен көлемін көрсетумен оны орындаудың толық жоспарын құру.
Технология: Ерекше жағдайларда басқару. Бұл технология берілген немесе таңдалған тапсырмаларды сәтті орындау үшін орындаушы кәсіпқойлығының немесе пайдаланылған және жақсы орындалатын өндірістік технологияның басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген. 
Ерекше жағдай  -  бұл орындаушыға берілген тапсырманы уақытында және тиісті түрде орындауға кедергі жасайтын жағдайлардың тұрақты жиынтығы. Ерекше жағдай форс-мажор жағдайларына жатпайды мысалы, қызметкерлердің сырқаттануы немесе жұмыстан кетуі, өндірістік ғимараттарда электроқуатының өшуі, бұйымдар өндірісі кезіндегі  брак. Ерекше жаңдайлардың (кедергінің) интеллектуалдық деңгейі әдетте мамандар қызметі пәнің деңгейіне қарағанда едәуір төмен. Мысалы, жүйелік программистер бөлімі жұмысында әртүрлі кедергілер болып отырады: электрқуатының өшуі, картриджді, қағазды жеткізудегі кідірістер және т.б. Егер бөлімнің басшысы оның негізгі қызметкерлерінен қарағанда біліктілігі азырақ, бірақ кедергілерді тез және білікті жоятын адам болса, онда істер сәтті жүреді, егер керісінше болса, онда тұрақты жанжалдар пайда болады. Берілген технология қатаң регламенттелген технология бойынша жұмыс істейтін үлкен емес ұйымдарда немесе басқарудың сенімді (функционалдық) құрылымымен ұйымдарда тиімді іске асырылады. Қатаң регламенттелген технология персонал арасындағы барлық басқарушылық және өндірістік қызметтерді анық бөлуді, жабдықтаушылармен және тұтынушылармен өзара әрекеттесуді құрады ескереді. Басқарудың сенімді құрылымы  -  бұл нарықтық экономиканың феномені. Ол әдетте жаңа ұйымдарды құру кезінде қалыптасады, оларда: 
- негізгі бөлімшелердің басшылары мен орындаушылар бір-бірімен достық немесе отбасылық қатынастармен байланысқан;
- қызметтің негізгі түрлерін кәсіби орындай алады.
Технология басқарудың сызықтық-патронаждық құрылымын ескереді  (французша patronage - қамқорлық). Берілген құрылымда басшы әкімшілік қызметтер бойынша өндірістік процесінің барлық қатысушыларына сызықтық ықпалды жүзеге асырады, ал экономикалық, технологиялық және басқа қызметтер бойынша бағыныштыларға және әріптестеріне қажетті көмек (патронаж) көрсетеді. Басшы терезесі тең жағдайында болады. Орындаушы өз жұмысының бөлігін төменде тұрған деңгейге беруі мүмкін және оған қатысты сызықтық басшы ретінде де, кеңесші ретінде де бола алады. 
Берілген технология шеңберінде жұмысшы: 
- ұйымның негізгі миссиясын және оны құрайтын мақсаттарды қалыптастырады, орындаушылармен оларға жету мерзімін үйлестіреді;
- өз орындаушыларна ұсынылған өндірістік технологияны нақты қолдануды  тапсырады;
- тапсырманы орындаудың келісушілігін қадағалайды;
- ерекше жағдай болған жағдайда басқаруды өзіне алады немесе оны басқа орындаушыларға (ішкі немесе сыртқы) жүктейді;
- қызметкерлердің кәсіпқойлығы, ерекше жағдайлар мен оларды шешу тәсілдері туралы мәліметтердің ақпараттық базасын жасайды.
Басқарушылық технология өндірістік технологияның ерекшелігін нақты қолдануды және барлық негізгі бөлімшелері басшыларының шешіміне толық сенімділігін ескереді. 
Технология: Жасанды зерде негізінде басқару. Бұл технология заманауи ақпараттық компьютерлік технологияларды қоланумен мәліметтер базасы немесе білімдер базасы түрінде іске асырылатын заманауи экономикалық-математикалық әдістердің, статистиканың және тәжірибенің басымдығына негізделеді. Жасанды зерде  -  бұл шешімдерді әзірлеу мен іске асыру кезіндегі адамның ойлау қызметінің кейбір жақтарын үлгілейтін заманауи ақпараттық технологиялар жүйесі. 
Берілген технология шығарылатын өнімнің жиі өзгеретін номенклатурасы кезінде, сонымен қатар типтік күрделі процедураларының үлкен көлемі бар кез келген ұйымдар үшін әсіресе тиімді. 
Технология ұйымның жұмысындағы ауытқулардың басым көпшілігі штаттық, яғни оларды жою бойынша шешімдердің белгілі жиынтығымен қайталанатын болып табылатынына негізделіді. Штаттан тыс ауытқулар әдетте штаттық ауытқулар негізінде пайда болады және сондықтан оларды жою бойынша шешімдер жиынтығы ақпарттық жүйелер көмегімен шешімдердің штаттық әдістерін арақатынастығы арқылы алуға болады. 
Берілген технология шеңберінде басшы: 
- қойылған мақсаттарға жетудің құралдары мен әдістерін, шешімдер нұсқаларын әзірлеу үшін жасанды зерденің барлық құраушыларын таңдайды немесе қалыптастырады;
- жасанды зерденің жұмысы үшін қажетті бастапқы мәліметтерді комьютерге енгізеді;
- ұсынылған нұсқалардың тиімділігін талдайды. Егер тиімді нұсқалар жоқ немесе аз (1 немесе 2) болса, комьютерге алғашқыда енгізілген бастапқы мәліметтерді түзетеді;
- мамандармен бірге шешімнің аса оңтайлы нұсқасын таңдайды;
- таңдалған нұсқа бойынша нақты орындаушылармен тапсырманы орындау құралдарын, әдістерін және уақытын есептеуді және келісуді ұйымдастырады;
- тапсырмаларды орындаудың келісушілігін қадағалайды;
- жасанды зерде көмегімен тапсырманы орындауға кедергі жасайтын ойда болмаған жағдайлар болған кезде түзету нұсқаларын әзірлейді, ең жақсысын таңдайды және тапсырманы орындау процесін үйлестіреді. Жаңа жағдайлар бойынша мәліметтерді өңдеуге компьютерлік жүйенің дайын емес жағдайында басқаруды өзіне алады немесе басқа орындаушыларға жүктейді. Жаңа шешім алынған нәтижелерді (жағымды немесе жағымсыз) көрсетумен мәліметтер базасына енгізіледі.
Берілген технология ақпараттық жүйелермен жұмысы бойынша мамандардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін талап етеді және басқарудың функционалдық құрылымын ескереді. Бұл құрылымда басқару қызметтері әкімшілік-әміршіл қызметті қосатын сызықтық қызметке және технологиялық, экономикалық, құқықтық  және орындауға міндетті басқа қызметтерді қосатын функционалдық қызметке бөлінеді. Басшылар бір-бірінің ісіне араласпайды. Негізгі басшы ғана бөлімшелер басшыларының әрекеттерін үйлестіреді және өз қызметтерінің шектеулі тізімін орындайды. Әрбір басшы нақты орындаушымен жұмысты орындауға қажетті қызметтердің тек бөлігін ғана өзінде тұйықтайды. 
Технология: Қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару. Бұл технология берілген немесе таңдалған тапсырмаларды сәтті орындау үшін қызметкерлер үшін ынталылық пен мадақтаудың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделеді. Ол көбінесе қол өндірісі кезінде, еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасы негізінен қызметкердің көңіл-күйімен, психологиямен және денсаулық жағдайымен, сонымен қатар  ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатымен анықталғанда тиімді. Қызметкерлер штаты шектелмеген. Технология әрбір жұмысшының немесе ұжымның қызметіне ынталық пен мадақтаудың әрекеттерін бақылау жүйесінің болуын талап етеді. 
Қызметті белсендендіру екі түсінік біріктіреді: ынталандыру (моральдық және материалдық) және жұмылдыру. Моральдық ынталандыруға жауапты тапсырмаларды беру, сенім, алғыстар, үкіметтің марапаттары, қызметтегі жоғарлау немесе оған ұсыну және т.б. жатады, материалдық ынталандыруға ақшалай және тауарлық түрдегі, қызметтер, білімдер мен ақпарат түріндегі төлемдер жатады. Жұмылдыру  -  бұл қойылған мақсаттарға жету үшін қызметкерде патриоттық негізінде адамның моральдық құндылықтарын қалыптастырады. Жұмылдыру тәсілдеріне ұрандар, үндеулер, басшының немесе әріптестің жеке үлгісі, орындалған тапсырманың маңыздылығын ұғыну және т.б. жатыды. 
Берілген технология қызметкерлердің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясында сияқты басшыдан тура емес, қызметкердің өз шешім арқылы ықпал жасайды. Технология персоналмен жұмыс бойынша мамндардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін талап етеді. 
Қызметкерлердің жұмысын белсендірудің әлемдік тәжірибесінде тиімді еңбекке мотивация теориясы сәтті қолданылады. 
Технология басқарудың сызықтық-функционалдық құрылымын ескереді. 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Басқару шешімдері үшін басшылардың жауапкершілігі. Жоспарлау  -  әртүрлі салалырнда болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


9-тақырып . Білім беру саласында басқару шешімдерді талдау және болжамдау әдістері
Жоспары:
* Талдаудың мәні және қағидалары.
* Талдаудың негізгі әдістерінің жіктелуі және тәсілдері, қолдану саласы. 
* Болжам. Болжамдаудың мақсаттары мен міндеттері. Болжамдау әдістерінің жіктелуі. 
* Сараптама әдістері. Сараптамалық баға. Бағалау әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері.  
Негізгі түсініктер:  талдау, болжамдау, саралау, бағалау. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да  жүйеге қатысты  белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек: 
1) нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) басқарушылық шешімдер әзірлеушілерін басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру;
3) Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау;
5) басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару;
6) қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) заңгер немесе референт жағынан әзірленіп жатқан басқарушылық шешімдер нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін бақылауын өткізу;
8) басқарушылық шешімдер нұсқаларының техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау;
9) экономикалық, экологиялық және басқа салалардағы басқарушылық шешімдерді болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу.
Басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысын келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
Сыртқы келістіру мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі.
Ішкі келістіру бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізіледі. Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады. 
Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдерді келістіруге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта келістірудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу. 
Басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау (таңдау) кезеңі ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі.
Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдер нұсқаларында шешімнің өзіне және бұрын іске асырылған шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу;
2) басқарушылық шешімдерді таңдау үшін критерийлер жиынтығын, сонымен қатар атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу;
3) басқарушылық шешімдер параметрлерінің критерийлер параметрлерінен ауытқуын құжатпен тіркеу;
4) күнді, жауапты тұлғаларды, бар ескертулерді көрсетумен басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы. Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) басқарушылық шешімдерді бекітуге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта бекітудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет: 
1) нақты тапсырманы, орындаушылар құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен басқарушылық шешімдерді іске асыру туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) орындаушыларды басқарушылық шешімдерді орындау мазмұнымен және тіртібімен таныстыру мен түсіндіру;
3) басқарушылық шешімдер орындаушыларына жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған егжей-тегжейлерді басқарушылық шешімдер әзірлеушілерімен талқылау;
5) ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне орындаушылардың ерекше назарын аудару;
6) орындаушыларға қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) басқарушылық шешімдерді тиімді іске асыру бойынша орындаушылардың жұмысын белсендендіру;
8) басқарушылық шешімдерді орындаушылармен орындау барысын жиі бақылауын жүзеге асыру;
9) іске асырылған басқарушылық шешімдердің тәжірибелік бағалауын жүзеге асыру;
10) басқырушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру бойынша құжаттаманы мұрағатқа тапсыру.
Ұйымдық-әкімшілік қызмет шеңберінде басқару аппараты мен басқарушылар (шешім субъектілері) басқарушылық шешімдерді іске асыратын қызметкерлермен әлеуметтік-психологиялық және насихаттық жұмыспен белсенді айналысуы керек. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру бойынша мамандарының көбі басқарушылық шешімдерді әзірлеуге орындаушыларды, олар басқарушылық шешімдер тұжырымдамасымен және одан шығатын міндеттермен алдын ала танысу үшін тартуға кеңес береді. Басқарушылық шешімдерді іске асыруға қатысатын болашақ орындаушылар оған нақтылық элементтерін енгізеді, себебі басқарушылық шешімдер пәнін, оның резервтері мен қиындықтарын жақсы біледі. 
Басқарушылық шешімдерді әзірлеуге алғыр ақылдары басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде өзіндік тәсілдерді табуға көмектесетін жаңашылдарды және өндіріс озаттарын тарту мәні бар.
Кез келген кәсіпорын экономикалық өнімдерді: тауарды немесе қызметтерді өндіру үшін ұйымдастырылады. Бұл үшін өндіріс факторлары: жүмыс күші, материалдық-техникалық ресурстар, жер ресурстары, акпарат және ақшалай каржылар пайдаланылады.Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жүмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыруға тәуелді. Басқару ахуалы өндірістің технологиялық деңгейіне де, мамандардың сапасына да әсер етеді.
Жоғары оқу орындарындағы басқарудың негізгі мақсаты  --  сапалы білім беруді қамтамасыз ету жене мамандардың қоғамға қажеттілігін арттыру, кәсіпорынның негізгі іс-әрекетін тиімді түрде жүзеге асыру.Сапалы еңбекті атқару үшін жоғары оқу орынызаманауи құралдарды пайдалануға және даярлап шығарған мамандардың еңбекпен қамтамасыз етілуін қадағалауы тиіс, яғни даярлау мен  түлектерді орналастыруды да басқаруы қажет.
Жоғары оқу орнын басқарудың негізгі қызметтері мыналар:
* білім беру мекемесінің даму болашағын болжай білу жөне алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 
* мамандарды даярлауда ресурстарды ескеру;
* мамандарды даярлап, оларды еңбекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
* мамандарды дұрыс іріктеу мен орналастыру;
* қызметтерге билік жүргізу және әрекеттерді үйлестіру;
* кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.
 Басқару шешімдерін қабылдау басқару ұстануларына тәуелді. Көбірек таралған басқару стилдері мен ұстанымдары мыналар болып табылады:
* бақылау негізінде басқару;
* жаңғарту  негізінде басқару;
* мүлде жаңа стратегиялар әзірлеу негізінде басқару;
* жедел шешімдер қабылдау негізінде баскару. 
Бақылау негізінде басқару тиянақты даму болашағы баркәсіпорындарда пайдаланылады, бұл ретте негізінен фирманың және оның бөлімшелерінің іс-әрекетін қаржы жөнінен бакылау кабылданылады. Жаңғырту негізінде баскару кәсіпорынның бұрынғы даму беталысын  болашақта сақтау көзделген кезде пайдаланылады. Осы мақсатта басқару және қол жеткен жетістіктер кезінде ұзақ мерзімдік жоспарлау қолданылады[5].
Мүлде жаңа стратегиялар әзірлеу кезінде басқару дамудың жаңа беталыстары және кәсіпорын стратегияларын өзгерту қажеттілігі пайда болган кезде қолданылады.Жаңа стратегия әріден ойластырып стратегиялык дамудың: қаржы, өткізуді басқару, өндірістік, инвестициялық үлгілері негізінде әзірленеді.Жедел шешімдер кабылдау негізінде басқару ойда болмаған, тосын жағдайлар мен даму беталыстары пайда болған кезде қабылданылады.
 Тиімді басқарудың негізгі компоненттері:
      басқару құрылымы мен билік құрылымы
                                       
басқарушылар мен қызметшілердің біліктілігі
                                       
 ұйым ішіндегі қарым-катынастар мәдениеті
                                       
басқарушылардың ұйымдастырушылық қабілеттері

Басқару моделі ұйым мөлшеріне, білім беру сипатына және ұйымның сыртқы ортасына тәуелді.Басқарудың қазіргі жүйесі қарапайым және икемді болуға тиіс.  ЖОО басқару жүйесі мынандай талаптарға сай болуы керек:
* білікті қызметкерлермен толықтырылған шағын бөлімшелер;
* баскару деңгейлерінің саны барынша аз болуы;
* мамандардың топтасулары негізінде құрылған құрылымдар;
* тұтынушыға бағдарланған, бәсекеге қабілетті маман шығаруды қамтамасыз ету.
Басқару жүйесінде ұжымды басқарудың зор маңызы бар. Ұжымның өмір сүруінің негізгі  екі заңдылығын бөліп айтуға болады: өзін өзі реттеу  және даму заңдылығы, бұлар ұжымның тіршілік етуінің екі түрін: тұрақтылық пен қозғалыс  --  әрекеттілікті бейнелейді. Кез келген ұжымды шын мәнісінде тұрақтылық пен кұбылмалылық, еңбекпен табылған дүниені сақтап қалуға ұмтылушылық пен жұмысты жетілдіру қажеттілігі, орнықтылық пен икемділік, акылға сиымды ұстамдылық пен кажетті жаңалықтар енгізу арасындағы кейбір қайшылықтардың негізі қаланған,мұндай жағдайларда, уақытша тұрақтылық кезеңдерінде де, өзгерістер кезінде де тиімді тұрде жұмыс істеуді камтамасыз ету үшін, өзін өзі реттеуші жүйе ретінде ұжым, бір нәрседен немесе әрекетшіл тепе-тендікке немесе теңдестікке құрылады. Кез келген ұжым оны сапалы жұмыс үшін біріктіруге қабілеті мол күшті, қырлы және беделді басшыдан тірек іздейді.
Егер ұжымды кұзырлылық деңгейі өзінің кұрамындағы терең құзырлылық деңгейінен төмен жетекші басқарса, ұжым ішкітұрақтылық пен орнықтылығын жоғалта бастайды. Күн сайын қарамындағылармен жарыста түйісулер кезінде әлгі басшы үшін шағын қақтығыстар, түсініспеушілік, келіспеушіліктер мен жаңылысулар туындайды, бұл қарауындағылардың рәсімді мәртебесі  нысаналы мәртебесінен жоғары тұрған қарауындағылардың құзырлылық деңгейі арасындағы қайшылықпен байланысты. Осындай жағдайда ұжым өз қатарынан жаңағы бұзылған тепе-тендікті  теңестіретін және рәсімді жетекшінің олқылықтарының орнын толықтыратындай міндеттер атқарушы бейрәсімді көшбасшыны ұсынып, алға шығарады.Мұндай ұжымның жұмыс тиімділігі рәсімді және бейрәсім басшылардың өзара қарым-қатынастары мен өзара әрекет ісіне айқын түрде тәуелді. Өзара қарым- қатынастардың мынандай түрлері бар: ұжым жауласушы екі лагерге қақ бөлінген ашық қактығыс, бәсекелесті ұйымнан сығымдап шығуға бағытгалған жасырын ұзаққа созылған бәсекелестік "соғыс" және ықпал ету ерісі мен мәселелерді шешу шеңберін бөлісіп алған ынтымақтастық.Егер тіпті ашық кақтығыстың немесе жасырын "соғыстын" нәтижесінде бейрәсім көшбасшыны қуып шығу рәсімді жетекшінің қолынан келсе де, ұжымнан бейрәсім жетекшілерді ұсыну жалғаса береді, өйткені ұжым өзінің өмір сүруінің негізгі заңына сәйкес тепе-тендікті орнатуға ұмтылумен болады, заңи әрекеттерді әкімшілік шараларымен басып-жаншу мүмкін емес.
Алайда тіпті екі жетекшінің өзара әрекетінің басқада түрі бар болған күнде де, бұл шиеленіс ерте ме, кеш пе міндетті түрде шешілуге тиіс. Шешім табу екі түрлі сценарийдің біреуі бойынша жүзеге асады: бейрәсім жетекші өз мәртебесін бекітеді, яғни ұжымның басшысы болады немесе рәсімді жетекші өз бойынан басшылық ету міндеттерін тиімді атқаратындай күш-жігер табады, яғни өз ұжымында өзін мойындатуға қол жеткізеді.Сөйтіп, объективті түрде кез келген жұмыскер ұжым әрдайым өз дамуының аса қажетті тірегі ретінде өзінің жетекшісін тынымсыз іздеуге бағытталған. Егер рәсімді жетекші белгілі бір себептермен өз міндеттерін тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын болса, онда ұжым нақты басшылықты жүзеге асырушы бейрәсім жетекшіні көтермелеп алға шығарады. Бейрәсім серкелерді басып-жаншудың ықтимал әкімшілік шаралары, күрделі мәселені шешпестен, тек ұжымның жұмыс тиімділігін төмендетеді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде ұжымды басқару. Ұжым дамуының негізгі төрт кезеңін бөліп айтады: ресімді түрде бірігу кезеңі, алғаш жікке бөліну кезеңі, екінші рет бірігу кезеңі және кірігіп нығаю кезеңі  --  бұлар ұжымның топтық үрдістер мен өзара әрекеттердің күрделі жүйесі ретінде пайда болуын көрсетеді.
Нақты түрде бірігу кезеңі  --  бұл жақында, әдетте жоғарыдан жасақталған "жұмыс тобының" құрылу кезеңі, жоғары басшылықтың шешімімен жұмыс тобының жетекшісі тағайындалады, қызмет міндеттері мен міндеттемелері бөлініп беріледі, өндірістік міндеттер мен мақсаттар тұжырымдалады. Бүл кезеңде адамдар әлі бір-бірінін, жеке ерекшеліктерін білмейді және тек ресімді катынастармен ғана бірігулі.
"Жұмыс тобы" міндетін атқара бастағанда, өзін өзі реттеу заңына сәйкес, жетекшіні даралап шығарады. Ұжым жетекшісі іс жүзіндегі басшы немесе бейресім басшы болуы мүмкін, мұның өзі ресімді жетекшінің елеулі кемшіліктері бар болуымен байланысты. Сондықтан жетекші бейресім басшымен салғыласып күреспей, "жұмыскер ұжымын" калыптастыру үшін құрастырушылық сипаттағы өзара әрекет мүмкіндіктерін шешуі жөн.
Жоғары басшылық жетекші қызметтерге мамандар іріктеген кезде ең алдымен ұжымда қазірдің өзінде бар бейресім жетекшілердің кандидатураларын кұрастыруға тиіс. Басшыны сырттан тағайындау кажет болған жағдайда нақ осы ұйымның тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін оның жеткілікті біліктілігі, басшылық ету тәжірибесі мен психологиялық орнықтылығы бар екеніне көз жеткізілуі керек.
Ең колайлы жағдай  --  іс жүзіндегі басшының ұжым жетекшісі бола бастауы. Мұндай жағдайда оған ұжымның барлық жұмыстарын алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін: оңтайлы пайдалануға, "жұмыс тобын" оның негізінде дәл және тиімді ұжым құру мақсатымен біріктіруге мүмкіндік туады.
Жікке бөліну (немесе ұжымдык, дарашылдық) кезеңі ұжым мүшелелері ортақ мүдделер мен өзара ынта-ықыластар негізінде ұжым ішінде шағын топтар құра отырып, өздерінің әлеуметтік тұрғыларын бөлектеген кезден басталады. Осындай кезеңде ұжымда топтық басшы пайда болады, қоғамдық пікір, топтық ізгілік сипат және бірлесіп ұйымдасу мәдениеті қалыптасуы ықтимал.
Ұжым дамуының екінші кезеңі көбінесе ұйымның болашақ түрін анықтайды. Дәл сондықтан да бұл кезеңдегі басшылық стилі әсіресе икемді және үйлестірімді болуға тиіс. Басшыға топтық серкелердің әрқайсысына жеке жарасым мен ықпал ету үрдістерін табуы қажет. Бұл үшін басшы бәрінен де хабардар болуға, ұжымда болып жатқан барлық оқиғаларға белсене қатысуға, ұжымның әрбір мүшесі туралы және әсіресе топтық серкелер туралы жеке дара- психологиялық жөне жеке басы жөніндегі акпарат иемдену мен оны еппен пайдалануға тиіс.Сөйтіп, екінші кезеңдегі басшы әрекеті оның ықпалы мен өкімдерін дұрыс және дер кезінде қабылдайтын, жұмысқа қабілетті, тиімді және психологиялық ахуалы дәл  "баскарулы ұжым" қалыптастыруға бағьпталуы керек.Екінші рет бірігу кезеңі қызметкерлердің көпшілігі жалпы топтық моральды қабылдаған және жалпы топтық мінез-кұлық нормаларына бағынған сәттен басталады. Осы кезеңде ұжым тұтастай дерлік калыптасады және өзінің ішкі заңдылықтары бойынша жұмыс істей бастайды. Мұндай ұжымда барлық өзге қызметкерлерге өз пікірін таңып, жетекшілік ететін шағын топ, белсенді және енжар мүшелер, беделді қызметкерлер мен артта қалушылар, сондай-ақ басшымен бәсекелесетін бейресім тұлға міндетті түрде болады [38,69].
Ұжымдық дамудың осы кезеңі толық бекітілуден және топтық үрдістерді ресімдеуден әлі өткен жоқ, сондықтан басшыға оларды өзгерту мақсатымен өзгеше ықпал етуіне  болады.
Ұжымның бірігіп нығаю кезеңі деп өзінің әлеуметтік психологиялық мөлтек ахуалы - өз кескіні бар, ниеттес, серіктес және қызметтес жандардың топтаскан командасына айналған ұжымды айтады. Кемелденген ұжымда мінез-құлықтың жария болмаған топтық нормалары және тіпті ұжымның барлық мүшелері ұстануға тиіс киім кию  өнерінің нормалары бар. Мұндай ұжым пайда болатын ұстанушылықтар мен кақтығыстарды өз күштерімен жұмсартып, тігісін жатқызуға қабілетті болады және басшылыққа жоғары талаптар қояды.
Кемелденген ұжым тиімдірек жұмыс істейді деп жобаланады. Алайда бұл дәл солай емес. Ауызбірлігі бар ұжымда топтық құндылықтар мен адамгершілік жеке даралық құндылықтардан басымырақ болады, мұның өзі пікірлерде біркелкілігіне әкеліп тірейді және ұжымның шығармашылық қабілеттерін төмендетеді. Ұжымда қызметкерлердің көпшілігінің қолы жетерлік өнімділіктің орташа деңгейіне бағдарланған мақсаттар мен талаптар калыптасады, сол себепті де орта қолды көпшілік тарапынан ынталы да дарынды қызметкерлерді айыптау мен қудалау орын алады, бұл ерте, ме кеш пе бүкіл ұжымның тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Кемелденген ұжым өз басшысына ақыл-оймен бағынуға да, оған топтасып қарсылық көрсетуге де қабілетті. Сондықтан мұндай ұжымды тиімді басқару үшін жетекшінің оларды бейтараптандыру мақсатында арнайы шаралар кешенін әзірлеуі қажет. Мұндай шаралар қатарыңда мыналар болуы мүмкін:
-     ынталы жене дарынды қызметкерлер басшьшық тарапынан қолдау көріп, қорғауын сезінетіндей, жүмыстағы қателік-тер мен кемшілікгерді айқындай отырып, ағымдап ахуалды еын көзімен талдайтын, жаңа ой-пікірлерді батыл айта алатын етіл, ұжым ішінде пікірлердің әр жақсылығы үшін жағдай жасау,
-    ұжымды кайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды, оны ішінара немесе толық жаңғыртуды,  шагын топтарды таратуды мезгіл-мезгіл жүзеге асыру.
Әдетте ұйымның мынандай өмір айналымдарын бөліп айтады: балауса кез, жылдам өсу, жастық кезең, өркендеу, тұяқтылық, ақ-сүйектік, ерте және соңғы төрешілік және құлдырау  - құру айналымдары. Осы айналымдарды өткеру кезінде өз күштерімен жеңіп шыға алатын "өсу сырқатын" бастан кешеді және "ұйымдастырушылық асқынуларына" ұшырайды, бұларды емдеу үшін сырттан мамандар шақырылады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Болжау  -  болашаққа көзқарас, даму жолдарын жəне қандайда бір шешімдерді
бағалау. Басқару шешімдерінің формалды жəне формалды емес жақтары. 

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


10-тақырып. Стратегиялық шешімдер
Жоспары:
* Стратегиялық басқарудың пайда болуы. Стратегиялық басқарудың негізгі қағидалары. 
* Басқарудың негізгі кезеңдері. Стратегиялық басқару процесінің негізгі кезеңдері. 
* Басқару стратегиясының технологиялары. Ұйым стратегиясын анықтау.
* Стратегиялық шешімдерді қабылдау ерекшеліктері, жіктелуі.

 Негізгі түсініктер: стратегиялық шешім, ұйым стратегиясы, басқару стратегиясы. 
Басқарудың ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті басқару туралы білімнің бүкіл жүйесін қамтиды және келесі 3 құрамдан элементтен турады:
1 Өндірісті басқару проблемалары зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымның (философия, саяси эконмика) сондай-ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымның (кибернетика, жүйелер теориясы т.б.) теориясы.
2 Басқарудың жекеленген жақтарымен функциялары туралы нақты ғылымдар (маркетинг, бух. учет) жатады.
3 Өндіірістік басқару заңдылықтарын өзін зерттейтін басқару теориясы.
Тұтас кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық өндірісті басқару заңдары басқару теориясының пәні б.т. Басқару теориясы басқару тәжірибесінде объект заңдарды саналы пайдаланудың формасын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын тұжырымдауға тиіс.
3 Басқару ғылымының пәні экономиканы басқару үрдісінде п.б. қызметкерлердің қатынасы б.т. Басқаша айтқанда басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады. Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік-экономикалық категория б.т.
Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын себебі оны зерттейтін пәні басқару қатынастарының болып табылуында.
Басқару қатынастары келесі ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:
1 Басқарушы және басқарушы жүйелер арасындағы яғнм тікелей басқару субъектісі және тікелей өндіріс объектісі  арасындағы қатынастар.
2 басқарылушы жүйенің өз ішіндегі басқару қатынастары.
а) басқару сатылары арасындағы. мысалы: учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. арасындағы қатынастар.(бұл байланыстар тік байланыстарға жатады)
ә) сатыны басқару арасында. мысалы: учаскелердің басшылығы арасындағы цехтардың аппаратының арасындағы қатынастар. (бұл көлбеу байланыс)
б) басқарушы жүйелердің әр түрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатынастар. (бір қызмет түрімен айналысады)
3 Басшылармен әрбір басқару буындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары)
4 басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастар)
Сонымен бірге басқару қатынастары:
* салалық;
* территориялық немесе аймақтық;
* салааралық;
* аймақаралық;
* аймақтық салалық.
Басқару қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қатынастардың сипаты және жасаушылық санына қарай оларды:
* жүйеаралық;
* жеке адамдар арасындағы;
* аралас;
* ұжымдық;
* жеке қатынастарға қарай бөлуге болады.
Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей қатынастар және жанама қатынастарға бөлінеді.
әлеуметтік басқаруға талдау жасау үрдісінде оның 2 түрін;
* адамның қандай да болсын еңбек қызметінің элементі ретінде басқару;
* адамның өзара қатынасының элементі ретінде басқаруды атап өту қажет.
Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарды зерттей отырып басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, қағидасын әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесімен басқарылатын жүйелердің бірлігі мен арақатынастарын зерттеу, өндірісті басқару үрдісіндегі адамның нысаналы қызметінің қағидалары функциялары мен әдістерін әзірлеу б.т.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Шешім ағашы. Басқару шешімнің орындалу сценарийінің əдісі. Басқару шешімнің орындалуының нəтижелік жағдай жасау. Ақпараттық базаны өңдеу. Қабылданған басқару шешімінің жəне өңдеу нəтижелігін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.




3 ПРАКТИКАЛЫҚ/лабораториялық САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ :

1-тақырып . <<Басқару шешімдерді әзірлеу және қабылдау>> пәнінің түсінігі, пәні және әдістері
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Пән ғылыми сала ретінде. Пәннің өзектілігі.  
* Пәннің мазмұны және жүйесі. Негізгі міндеттері. 
* Пәннің қайнар көздері. Нормативті  -  құқықтық актілер, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер, отандық және шетелдік тәжірбиелер. 
*  Пәнді оқу әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


2-тақырып. Білім беру саласында басқару шешімдері және басқару процессі
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Басқару процессінің мәні. Басқару үрдісінде басқару шешімдердің алатын орны. 
* Басқару шешімдердің анықтамалары. Шешімдердің қызметтері. 
* Ойлану процессі, принципиалды кестесі. Басшының ойлану, шешім қабылдау ерекшелігі. 
* Басқару шешімдеріне ықпалын тигізетін негізгі элементтеріне талдау жасау. 

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

3-тақырып.  Басқару шешімдердің тұрпаттамасы. Білім беру жүйесінде басқару шешімдерінің шарттары және сапа факторлары
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Басқару шешімдерінің жіктелуі.
* Шешімдердің түрлері бойынша жіктелу әдістері. 
* Басқару шешімдердің сапалылығының негізгі сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


4-тақырып . Балама шешімдер мәселелерін талдау 
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Балама шешімдердің мәні және негізгі сипаттамасы.
* Балама шешімдердің жіктелуі, ерекшелігі. Қабылдау және саралау әдістері.
* Балама шешімдерді салыстыру әдістері және шешімдерді таңдау. 
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.




5-тақырып.  Білім беру саласында  шешімдерді қабылдаудың психологиялық
 аспектілері. 
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Басқару шешімдерін әзірлеуде адами факторлардың алатын орны.
* Менеджердің жеке қасиеттері және білім беру саласында шешім қабылдаушы тұлғаның басқару стилі.
* Шешім қабылдаудың Врум  -  Йеттон моделі. Шешім қабылдаудың этикалық негіздері

Ұсынылатын әдебиеттер:

* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

6-тақырып . Білім беру саласында шешімдерді әзірлеу және қабылдаудың технологиясы және ұйымдастыру процессі
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* 1. Шешімдерді әзірлеу және қабылдау процессін ұйымдастыру. Шешімдерді қабылдау процесінің құрылымы. 
* 2. Басқару және шешімдерді қабылдау аппараты.  
* 3. Шешімдерді әзірлеу жүйесі.
* Шешімдерді әзірлеу технологиясы. 

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


7-тақырып . Басқару шешімдерін іске асыру процессін ұйымдастыру
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
1.Шешімдерді қабылдаудың ұйымдастыру әдістері және тәртібі. 
2. Шешімдердің іске асырудың ұйымдастыру әдістері және тәртібі.
 3. Шешімдердің орындалуын ұйымдастыру: стратегиялық және тактикалық дәрежеде ресурстық қамтамасыз ету. 

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

8-тақырып. Басқару шешімдерінің орындалуын қадағалауды ұйымдастыру. Басқару шешімдері үшін басшылардың жауапкершілігі
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  
Жоспары:
* Бақылаудың қызметтері және түрлері. Бақылау мазмұны.
* Басқару шешімдерді орындауды бақылаудың нормативті  -  құқықтық қамтамасыз етілуі.
* Қадағалаудың әдістері.
* Қадағалаудың әлеуметтік  -  психологиялық аспектілері. 


Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

9-тақырып . Білім беру саласында басқару шешімдерді талдау және болжамдау әдістері
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  
Жоспары:
* Талдаудың мәні және қағидалары.
* Талдаудың негізгі әдістерінің жіктелуі және тәсілдері, қолдану саласы. 
* Болжам. Болжамдаудың мақсаттары мен міндеттері. Болжамдау әдістерінің жіктелуі. 
* Сараптама әдістері. Сараптамалық баға. Бағалау әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері.  

Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.

10-тақырып. Стратегиялық шешімдер
Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.  

Жоспары:
* Стратегиялық басқарудың пайда болуы. Стратегиялық басқарудың негізгі қағидалары. 
* Басқарудың негізгі кезеңдері. Стратегиялық басқару процесінің негізгі кезеңдері. 
* Басқару стратегиясының технологиялары. Ұйым стратегиясын анықтау.
* Стратегиялық шешімдерді қабылдау ерекшеліктері, жіктелуі.

 Ұсынылатын әдебиеттер:
* Управленческие решения в системе высшего образования. Научная монография. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. и др., 2013г., 11,248 с.
* Методология управленческих решений в сфере высшего образования. Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2013. - 77 с.
* Принятие управленческих решений по развитию и организационным изменениям.  Искакова Г.К., Теслинов А.Г., Сабалакова А.У. - Семей, 2014. - 295 с.


Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқауы. 
Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар ол оқу жұмысының белсенді формасы болып келеді, онда студенттердің өздік жұмыстарының нәтежиесі мен алған білмідері бекітіліп, бір  -  бірін жетілдіріп отырады. 
Семинар сабағының мақсаты: студенттердің теориялық дәрежелерін жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну, сонымен қоса теорияда алған білімдерін іс  -  жүзінде  қолдана білу икемдерін арттыру. Семинар барысында студенттер өз ойларын тұйіңдеп, өз ойларын аудиторияға жеткізе білуіне үйренеді. 
Семинар сабақтарының сапасы негізінен студенттің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына  дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында студенттер әр сұрақты жан  -  жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады.  
Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы тексеру (сұрақтары төменде келтірілген) 
        
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС/ЖОБА оқу жоспары бойынша қарастырылмаған.

5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Білімалушыладың  оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын)  тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар
	Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.
	Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:
* дәрістердің конспектісі болуы;
* курс бағдарламасының болуы;
* ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;
Жұмыс әдісі:
* дәріс материалдарын  мақсатты түрде пысықтау;
* конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;
* тақырыппен  жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;
* тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;
* егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.
Студенттердің өздік  жұмыстарының орындалуының әдістемелік нүсқауы
Жоғарғы оқу орындарында  мамандарды даярлауда студенттер алдына негізгі екі міндет қояды:
өз мамандығы бойынша қазіргі кездегі ғылыми және практикалық білімдермен икемділіктерге ие болу;
өзі  жеке басымен ойлануға, ғылыми және өңдірістік мәселелерді шешу және талдау қабілетіне ие болу. 
Өздік жұмыстарын орындау алдында ең алдымен еңбек құқығының жалпы және ерекше бөлімдерін, нормативті  -  құқықтық актілермен, негізгі әдебиеттермен танысып, зерттеп алыңыздар. Негізгі теориялық мәселені бөліп, талдап алыңыз, практика материалдарымен бекітіп алыңыздар. Еңбек құқығы саласындағы практикамен қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдарында, кадр бөлімдерінде танысып, алуға болады. 
Өздік жұмысын орындауда қиындықтар кездесетін болса, оқытуша жолығып, кеңес алыңыздар. Өздік жұмысты орындаған кезде зерттеген әдебиеттерде кездескен ой  -  пікірлерге, өз көзқарасыңызды білдіруге қажет. Қойылған мәселені түсінбеу, монографиялар, мақалалардан, әдебиеттерден механикалық тұрғыда көшіріп алу жұмыстын сапасзыдығына әкеліп срқтырады. Ал ол  баға қою саясатына әсерін тигізу мүмкін. Өздік жұмыстар орындалу барысында логикалық тұрғыда жазылып, пайдаланылаған әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет. 
Студенттің өздік жұмысы студенттердің терең ойлап, өзі меңгеріп жатқан пәндер саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Өздік жұмысты орындау барысында студент ізденеді, ойланады, өзіндік пікірін қалыптастыруда әр түрлі тәсілдерді таңдап алады.  Сондықтан өздік жұмысты жүргізуде бірнеше нысандарды таңдап алуға болады. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с. Өздік жұмыс арқылы студент оқылып жатқан пәндердегі айтылмай кеткен немесе көлеңкеде қалып қойған мәселелерге жауап таба алады, өзінің теориялық білімін шыңдайды және ғылыми ізденіске жол ашады.
	Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек. 
Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар:
* Жазбаша баяндамалар  сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы тиіс. Баяндама арқылы студент бір сұраққа немесе бір мәселенің ашылуын қамтамасыз етеді.
* Реферат  қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек Ол көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды  сияқты бөлімдері арқылы баяндамадан өзгешеленеді. Реферат студенттің қай курста оқитындығына да қатысты жазылады. Себебі бірінші курс пен жоғарғы курстың студенттерінің жазған рефераттарының арасында айырмашылық  болады, яғни олардың көтеріп отырған мәселе ауқымында. Рефератты жазу барысында студент  жетекшімен ақылдасып отыруы қажет. Жетекші болып курстың оқытушысы табылады. Реферат көлемі 10-15 парақ, бір интервалмен немесе әр жолы 28  -  29- дан кем болмауы шарт. Рефераттың міндетті түрде жоспары болуы шарт. Жоспар кіріспеден басталады. Кіріспеде студент тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін келтірсе, қорытындыда өз тұжырымын беруге тырысуы қажет. Әр бөлім  тақырыпшасы қайтадан жазыла отырып, ашылуы қажет. Пайдаланылған әдебиет көлемі 3 -10  -  дай болуы қажет. 
Реферат -  ғылыми жұмыстың алғашқы баспалдағы болып саналады, сондықтан студент рефератты тек механикалық тұрғыда көшіру арқылы ғана емес, ғылыми ойлау қабілетін көрсете отырып жазады.
* Кроссворд, сканвордтар  30 сұрақтан кем болмауы керек. Оны құрастыруда қателердің кетпеуін, яғни сааутты құрастырылғандығына көз жеткізіп алыңыз. Сұрақтар дұрыс жауабымен өткізіледі.
* Ғылыми мақаланы студент  басқа мақалалардан ажырата білуі керек. Алдыменен таңдап алынған мақалаға тақырыпқа сай болуы шарт, екінші кезекпен мақалаға талдау жасалады, яғни талқыланады, содан кейін мақалаға қатысты студент  өз пікірін білдіреді.
*  Сұрақ  -  жауап (әлеуметтік сауал) жүргізу. Сауал жүргізу тақырып бойынша көтерілген мәселелерді дәлелдеуге бағытталады. Сауал міндетті түрде  қорытындыланады, яғни пайыздық немесе сандық көрсеткіштер арқылы беріледі.
Өздік жұмыстың қай нысанын орындасаңыз да оны қорғау қажет болады. Қорғауға сізге 2  -  3 минөт уақыт берідеді, сондықтан сіз өз жұмысыңыз туралы тек мағлұмат қана бересіз.
Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз). 
                                       

Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары

1 рубежді бақылау  -  пікір - талас
2 рубежді бақылау  -  дөңгелек үстел. 
                                       
      Өздік жұмыстарын орындау талаптары: 
                                       
Өздік жұмысын  жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.
         Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.
         Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.
                                       
                             ТАҚЫРЫПТАР:
                                       
№
Тапсырма
Дайындық формасы
балл
Тапсыру
мерзімі
1.
* 
Эссе
                                      75
                                 6 апта .
2.

Эссе
                                      75
                                 14 апта .



Пәндер