Файл қосу

Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
                                       
                                   УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013

                                   УМКД
<<Когнитивтік лингвистика >>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______2013 жылғы 
                             № 3 басылым




5 В 050117 <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығына  арналған
              <<Когнитивтік лингвистика>> 
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                        
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




                                       


                                       
                                  СЕМЕЙ
                                     2013
                                       
                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4 Курстық жұмыс  (жоба)
5 Студенттердің өздік жұмысы 

















  1  ГЛОССАРИЙ 
1.Когнитивтік лингвистика (лат cognition  -  білім, түсінік, көзқарас) - тіл біліміндегі бағыт. Тілді игеру. Табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеу.
2.Антропоцентризм.(гр.anthropos-<<адам>>,лат.centrum-орталық)-адам  феноменін Ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып,адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын,дүниедегі болып жатқан  үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.
3. Когниция  -  адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар 		     	жүйесі.
4. <<Фондық білім>> дегеніміз-тілдік ойлау әрекетіндегі (речемыслительная 	 	   	деятельность) тәжірибенің вербалданған көрінісінің (фрагментінің) 	  	   	коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы.
5.Концепт  -  ұжымдық  білімнің бірлігі, сана (жоғары рухани құндылықтарға жол ашушы) этномәдени ерекшелігі бар тілдік бірлік ретінде таңбаланады.
6. <<Ғаламның тілдік бейнесі>>дегеніміз -  << ... тірі (табиғи, ұлттық) тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқы дүние туралы бүкіл ақпарат>>.
7. Фрейм-санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым нобай. 
8. Схема -   -  когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. 
9.Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. 
10. Скрипт  - қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі  -  сценарий құрылымының кеңейтілген формасы, концептілік, мәтіндік құрылымның  бір типі. 
11. Ойсурет  -  концепт  қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы.Концепт  құрайтын элементтерді санада метафоралау,яғни суреттеу тәсілі.
12. Ассоцицация-дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын діндік сигналдар,білім берудің бір түрі.Ассоцицация арқылы тану-бұрынғы тәжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланыс.
13. Стереотип-нақты бір феноменге  қатысты концептіні түсіндірудегі оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын ментальді-тілдік құрылым.Демек,стереотип-адам санасында туындайтын дүние бейнесінің бір үзігі.Яғни әрбір тіл бірлігінің  бойынан стереотиптік таңбаны тануға болады.




    2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль  Когнитивтік лингвистика-жеке ғылым саласы .
№1 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен   міндеттері.
  + Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Когнитивтік лингвистика  жеке ғылым саласы  
3.  Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері.

    XX ғасыр ғылымының тарихында аса маңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі  -  когнитология немесе когнитивтік ғылым болып табылады. Бұл ғылым сананың барлық жақтарын зерттеуге арналған ғылым. Ол ХХ ғасырдың орта шенінен бастап  бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Оған жасанды интеллект, тіл білімі, психология мен неврология, физиология, психолингвистика мен математика жатады.  Когнитивтік ғылымның негізгі пәні  -  адам санасы мен оның   технологиялық ойлауы.Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған. 
    Когнитивтік лингвистика  -  тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат  білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды. 
           Дәрісті қорытындылау:
1.Когнитивтік ғылымның негізгі пәні  -  адам санасы мен оның   технологиялық ойлауы.
2. Когнитивтік лингвистика  -  тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат  білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.
      Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына, мақсаты мен міндеттеріне не жатады?
2.  Когнитивтік лингвистиканың  жеке ғылым саласы  ретінде қалыптасуы мен дамуының  өзіндік ерекшеліктерін неден көреміз?
3. Когнитивтік лингвистика пәнін зерттеу нысанын айқындауға қатысты қатысты ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары қандай ?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.

№2 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың  зерттелу тарихы.
1. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.
2. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы.
      3. Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен   		   	зерттеулерге шолу.
    
Антропоцентризм (гр.anthropos-<<адам>>, лат.centrum-орталық) - адам  феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан  үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт. 
 Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада  В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.
Ресейлік филологиялық және тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров,  В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова,В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.
<<Когнитивті грамматика>> термині 1975 ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның <<Когнитивтік грамматиканы ұсынамыз>> атты мақаласында қолданылған.  1995ж. <<Язык и интеллект>> аударма жинағы басылып шықты. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға өзіндік үлес қосқан ғалымдар, зерттеушілер Н.Д Арутюнова, Е.С. Кубрякова, Ю.С. Степанов болды. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Антропоөзек  - адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан  үдерістердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт. 
2. Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың шығу арнасы Еуропада  В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан бастау алады.
3. Ресейлік тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой, В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, В.Маслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным т.б. сарапталады.
       Бақылау сұрақтары:
  1. Когнитивтік лингвистикадағы адамның рөлі мен маңызы қандай?
2. Тіл біліміндегі антропоцеөзектік бағыт дегеніміз не?
3. Когнитивтік лингвистиканы зерттеген ғалымдар кімдер? 
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
№3дәріс тақырыбы: Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.
1.А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары.                             
2. М.Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы.                                                                                                                                           
3. Қ.Жұбановтың тіл адамды, өмірді зерттеп танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері.                                                                                                    
4. С.Аманжолов және оның таным үдерісі туралы көзқарастары.                                        
                                                                                                                                 
      Ахмет Байтұрсынұлы өзінің филология саласындағы еңбектерін әдебиет танытқыш және тіл танытқыш деп үлкен екі салаға топтастырған. Алдыңғы топқа қазақ әдебиеті туралы еңбектері, ал соңғысы қазақ тілі жөніндегі жазғандары кірген. Ол қазақ тілін жеке пән, ғылым ретінде қалыптастыру, жүйелі түрде оқыту, қалыптастыру мақсатымен үш кітаптан тұратын <<Тіл құрал>> атты оқулықтар сериясын жариялады.                                                                                                                                                                                                               
      XX ғасырдың 20-30 жылдарында педагогика, психология саласында өзінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы Мағжан  Жұмабаевтың орны ерекше. Ағартушы  Мағжан Жұмабаев <<Педагогика>>, <<Бастауыш мектепте ана тілі>>, <<Сауатты бол>> т.б. оқулықтарын жазды. 
Қазақ тіл білімінің негізін салушы аса көрнекті ғалым, тұңғыш қазақ филолог - профессоры , ірі педагог - ағартушы 1936 жыл Қ.Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның <<Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология>> деп аталатын кітабы жарыққа шықты. 
С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Атап айтқанда, <<морфология, синтаксис>>, <<Қазақтың әдеби тілі>>, <<Қазақ әдеби синтаксисі>>, <<Қазақ әдеби курсы>>, <<Вопросы диалектологии и истории казахского языка>> т.б.
Дәрісті қорытындылау:
1. А. Байтұрсынұлы <<Тіл құрал>> дейтін жалпы атпен үш кітап жазды. Олар: Дыбыс жүйесі мен түрлері, сөз жүйесі мен түрлері және сөйлем жүйесі мен түрлері.
2. Ағартушы  М.Жұмабаев <<Педагогика>>, <<Бастауыш мектепте ана тілі>>, т.б. оқулықтарын жазды. 
3. Қ.Жұбановтың 1936 жылы<<Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология>> деп аталатын кітабы жарыққа шықты.
       Бақылау сұрақтары:
1.А.Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары мен         көзқарастары туралы не білесің?
2.М.Жұмабаевтың еңбектерінде тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы қалай көрінеді?
3. Қ.Жұбановтың тіл адамды, өмірді танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері қандай? 
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Байтұрсынов А.Тіл тағылымы,-А,1992.
* Жұбанов А.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер,-А,1966.
* Аманжолов С.Қазақ тілі теориясының негіздері,2002.
* Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, <<Ана тілі>>, 1992.

№4дәріс тақырыбы: Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.
1.Қазіргі когнитивтік лингвистиканың дамуы жайлы ғылыми еңбектерге  шолу.
2. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.

        Қазіргі жаһандану үдерісі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына әсер етті. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. М.Т.Күштаеваның <<Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны>> атты зерттеуі <<Тары>> сөзіне қатысты тұрақты тіркестер, коннотациялық мағыналарды айқындауға негізделіп, тілді  ұлттық психологиялық таныммен сабақтастыра қарастыруға бағытталған еңбек болып саналады.Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың <<Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)>> атты диссертациясы. 2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның <<Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы>> атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады. 
Дәрісті қорытындылау:
1. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді.
2. Тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.
       Бақылау сұрақтары:
1.<<Тілтану>> ұғымының қалыптасу парадигмасын қалай топтастыруға болады?
2.Қазіргі кездегі когнитивтік лингвистиканың дамуы мен қалыптасуына қатысты қазақ ғалымдарының қандай ғылыми еңбектері мен диссертациялары бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
* Ақбердиева Б.Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
* Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. А., 1998.
  


  №2 модуль.  Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.

№5дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

* Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
*  Психолингвистика және когнитивтік лингвистика. 

     Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты  жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б. 
	        Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы    	салалардың   	әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы   	бар. Қазіргі тіл 	білімінде әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика  салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
      Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
     Дәрісті қорытындылау:
1.Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты  жаңа бағыттарға жол ашады.
2. Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
    Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы жайлы не білеміз?
2. Психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысы неден 
көрінеді?
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері . А., 1998.
4.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері //Тілтаным, 2001, № 1.

№6дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

1. Этнолингвистика және танымдық тіл білімі.
2.Лингвомәдениеттанымның когнитивтік лингвистикамен байланысы.
 Лингвистикалық зерттеудің антропоөзектік парадигмасы  тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен,  әлеуметтік ортамен, тіл иесі - халықтың сан ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс - бітімімен , салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланыстыра қарастыруды діттейтін тіл біліміндегі ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, нақты ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Этнолингвистика  -  этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. 
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану   мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі. 
           Дәрісті қорытындылау:
1.Этнолингвистика  -  этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. 
2. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді.
    Бақылау сұрақтары:
1. Этнолингвистика және танымдық тіл білімінің зерттейтін ортақ мәселелері қандай?.
2. Лингвомәдениеттанудың когнитивтік лингвистикамен өзара байланысы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті.     (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс.  - Алматы, 2004.

№7дәріс тақырыбы:  Когнитивтік  лингвистика және терминология.

1. Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастыру.
2. Когнитивтік лингвистиканың  терминологиялық жүйесі мен  терминнің     	концептуалды құрылымы.
3.  Когнитив лингвистикаға қатысты терминдер (<<Сана>>, <<когниция>>, <<ментальділік>>).

          Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады. 
          Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде  -  бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы  арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымның, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің  ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды. 
    	Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. 
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз  -  белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады.
2. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде  -  бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес.
         Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?
2. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998 .

№8  дәріс тақырыбы: Когнитивтік  лингвистика және терминология.

1.Когнитивтік лингвистиканың жаңа саласы - когнитивтік  терминология.
2. Терминдердің концептуалдық құрылымы.

     Атаудың танымдық  -  қызметтік табиғатын терең тану үшін, оның теориялық негізін  қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір  -  бірімен байланысын,  шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды. 
     Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе, терминологиялық өріс, жоғарыда айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен, тәсілдермен бірге зерттеліп жүр. Соның ішінде термин мен концепті, терминология мен когнитивтік лингвистика ұғымдарының бір қатарда қаралуы, жаңа көзқарасты талап етеді. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір  -  бірімен байланысын,  шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.
2. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз  -  белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі.
         Бақылау сұрақтары:
1.Терминдерде әлем түсінігі жайлы  арнайы білім, ұғымдар қалай қамтылған?
2.Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?
3.Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?
          Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998.

№9дәріс тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.
  	1. Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары.
  2. Когнитивизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны.

       Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады.   Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. 
Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм  ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны  -  адамзаттық когниция екендігі, ол  -  ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі  арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция  -  адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. 
2. Когниция  -  адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1.Когнитивизм нені зерттейді?
2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?
3.Когнитологияның қарастыратын мәселелеріне не жатады? 
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

№10 дәріс тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.
  1. Когнитивтік лингвистиканың когнитологияның  жеке саласы.  
  2. Когнитивистиканың зерттеу нысаны.

      Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивистика  -  адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы. Бұл термин ғылымдар бірлестігіне қатысты, әрі жалпы термин, өзіне бұрын-соңды салыстырылмаған, оның ішінде когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект теориясы, математика мен нейропсихологияның зерттеу қырларын енгізеді.
       Когнитология  -  адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым. 
 	     Дәрісті қорытындылау:
1. Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің 	барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады.
    2. Когнитивистика  -  адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы.
             Бақылау сұрақтары:
1.Когнитивизм нені зерттейді?
2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?
3. Когниция немесе когнитивтік әрекеттер дегеніміз не?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск.,  2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.2007.
3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  Алматы: Ғылым, 1998ж.

№11 дәріс тақырыбы:  Когнитологияның жеке тармақтары.
1. Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны.
2. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.
3. Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.
   
     Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. <<Когнитивтік психология>> деген терминді  1967 жылы У.Найсер ұсынды.  Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм  идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты.    	Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.
       Когнитивтік психология дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны  мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.
2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.
      Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік психологияның нені  зерттейді?
2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?
3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.
   
 №3 модуль.  Тіл білімінде танымдық бағыт.
№12 дәріс тақырыбы:  Тіл мен таным бірлестігі.

1.Тіл  -  ойлау мен таным құралы.
2. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі. 
3. Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.

      Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: <<Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі  -  сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі  -  ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір  -  бірімен тығыз байланысты және бірін  -  бірі толықтырып байытып отырады.            	
    Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл - Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады. 
    Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал  тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Ми қызметі  арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар  арқылы  тілден көрініс табады. 
       Дәрісті қорытындылау:
1.Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі  -  сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі  -  ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным.
2. Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал  тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді.
      Бақылау сұрақтары:
1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?
2.Тіл  -  ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара   байланысы қалай көрінеді?
 3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз? 
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

№13 дәріс тақырыбы:  Тіл мен сана.

1. Тіл мен сананың өзара байланысы.
2. Сананы қалыптастыратын факторлар.

       Таным дегеніміз  --  нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі  --  адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. 
      Сана  --  қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. 
    Ойлау  --  адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Таным дегеніміз  --  нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.
2. Сана  --  қоғамдық құбылыс. 
      Бақылау сұрақтары:
1. Таным дегеніміз не?
2. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.
№14 дәріс тақырыбы:  Тілдік таным және ғаламды зерделеу.

1.<<Ғалам бейнесі>>, <<ғаламның тілдік бейнесі>>, <<ғалам моделі>> ұғымдары туралы түсінік.
2. В.фон Гумбольдтың <<тілдік әлемді қабылдау>> тұжырымдамасының <<аралық әлем және ғаламның тілдік бейнесі>> деп қарастырылуы.

Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз  -  адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғи тіл біздің ғалам туралы біліміміз толық қамтып бейнеленген негізгі форма.
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. <<Ғаламның тілдік бейнесі>> термині философия мен логикада  Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны <<ғаламның тілдік құрылуы>> деп атады. 
Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы <<ғалам моделі>> немесе <<когнитивтік моделмен>> тікелей байланысты. Ғалам моделі  -  концептуалды табиғатқа ие құрылым. 	Е.С.Кубякова, Б.А.Серебренников т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз  -  адамды қоршаған обьективті шындық.
2.<<Ғаламның тілдік бейнесі>> термині философия мен логикада  Л.Витгенштейн енгізген.
      Бақылау сұрақтары:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?
2. <<Ғаламның тілдік бейнесі>> терминін философия мен логикада  енгізген қай ғалым?
3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

№15дәріс тақырыбы:  Тілдік таным және ғаламды зерделеу.

1.Когнитивтік лингвистика ғылымындағы  <<ғаламның тілдік бейнесі>> теориясының зерттелуі.
2. Ғаламның тілдік бейнесі мәселесі.
                                       
       Тіл мен танымның, тіл мен адамның,тіл мен ойдың,тіл мен сананың, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлестіктерін, олардың өзара бір-бірімен сабақтастығын зерттеу  -  қазақ тіл білімінде дамып келе жатқан тың лингвистиқалық ғылыми бағыттардың мәселесі.
            Ғалам бейнесі адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүреді. Оны іс жүзіне асыратын, объективтендіретін форма  -  тіл. Сонда адам баласының тілі <<адам-әлем>> қатынасының нәтижесінде пайда болатын жалпы адамзат атаулыға ортақ әлемдік бейне <<тіл - ойлау>> бірлігінің көрінісі болып табылады. 
       Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева,  В.И.Поствалова,  Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия және басқалардың еңбектерінде қарастырылып жүр. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл адамзат дүниетанымымен ойлауды, сананы қалыптастырып дамытуға қызмет ететін күрделі құбылыс. 
2. <<Ғалам бейнесі деген ұғым адамның қоршаған ғалам жайлы көзқарастарын зерттеуге құрылады.
   Бақылау сұрақтары:
1. <<Ғаламның тілдік бейнесі>> дегеніміз не?
2.  Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесін зерттегендер кімдер?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.
                                       
№4модуль.  Когнитивтік лингвистиканың теориялық мәселелері.
                                       
№16 дәріс тақырыбы:  Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.

1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.
2. Лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі.

Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары  -  прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады. 
Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен, оның ішінде вербальды ес құбылысымен, ішкі лексиконмен, сонымен қатар тілді қабылдау мен түсінуді талдаумен байланысты. Білімнің әрбір жаңа парадигмасы жаңа мәселелерді ғылыми таным нысанына алудың өз үлгісін, өз моделін және оны шешу жолының да өзіндік әдістерін ұсынатыны белгілі. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты.
2. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі  -  таным мен тіл мәселесі. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?
2.Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай? 
       Ұсынылатын і әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие.  -  Минск:                    Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.
3.Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. А.,2007.


№17дәріс тақырыбы:  Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.

1.  Лексикалық бірліктер  -  таным көрсеткіші.
2. Когнитивтік лингвистиканың семантикамен байланысы.
          ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниеге келген зерттеулердің басым көпшілігі  тілдік материалды антропологиялық және ғаламдық деректер арқылы меңгере талдауымен көзге түседі. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес,  барша ақпараттар мен хабарлар жиынтығы, адамзат тіршілігінің негізі, тәжірибе мен білім арнасы, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, тарихи дереккөздерін, грамматикалық бірліктерін әрі мағына мен пішін бірлігі тұрғысынан, әрі ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады.
       Когнитивті семантика  -  лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады. Ол сөздің атауыштық мәнін және ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналық құралымның танымдық ерекшелігін анықтайды. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, грамматикалық бірліктерін ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген.
2. Когнитивті семантика  -  лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Лексикалық бірліктер  -  таным көрсеткіші екендігі неден көрінеді?
2.Когнитивтік фактілердің прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантикамен арақатынасы неде? 
       Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие.  -  Минск:                    Театра Системе, 2004г.
2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико  -  фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

№18дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.

1. Тіл білімінде  концепт мәселесінің зерттелуі.
2. <<Концепт>> ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері. 
    
       Концепт -  адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын,  хабарлы  құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі.   	Адамның танымдық  ерекшелігін сипаттар концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалады: 1. Адам  ойының негізгі мәдени көрсеткіші  ретінде; яғни барлық мәдени құндылықтар  жекеленген  концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі (Ю.С.Степанов);
 2. Тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар  аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде қарастырады. 
      1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын  ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Концепт -  адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, хабарлы  құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі.
2. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын  ой құрылымы деп қарастырған.
     Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінде  концепт мәселесінің зерттеген кімдер?
  2. <<Концепт>> ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?
         Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие.  -  Минск:                    Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

№19дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.

1. Тіл білімінде концептінің кешенді қолданыста екендігі.
2. Концепт және оның  түрлері.

      Қазіргі лингвистикада <<концепт>> термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. 
     Тіл білімінде концепт кешенді қолданыста ұғым береді:
1.Лингвомәдениеттаным аспектісінде, концепт  -  ақиқат дүниенің санадағы ұлттық-мәдени танымда, әлеуметтік, этикалық, рухани танымда (Н.Д.Арутюнова, А.М.Мороховский, Д.С. Лихачев т.б.).
2.Психолингвистикалық аспектіде, концепт  -  ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (Дж.Келли, Дж.Каган, Р.И.Павеленис)
3.Лингвокогнитивтік аспектіде, концепт  -  ақиқат дүниені санада жинақталған ақпараттары (Е.Н.Кубрякова,А.Вежбицкая).      
   Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт). 
Концепт түрлері поэтикалық мәтіндегі тілдік көрінісіне қарай фрейм  -  қарапайым форма, скрипт  -  күрделі форма, сценарий  -  оқиғалы форма, схема  -  сызбалы форма, ойсурет  -  бейнелі форма деп танылды. 
     Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі  -  концепт.
2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт). 
  Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі лингвистикада <<концепт>> терминіне қатысты пікірталастар қандай? 
2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?
       
№5модуль.  Когнитивтік  ұғымдар жүйесі.
№20 дәріс тақырыбы: Когнитивтік  ұғымдардың ерекшелігі.

1. Танымдық тіл білімінің құралдары.
2. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.

Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен  байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келді. Когниция  - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде  айқындалады.   
       Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан және өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын" атай отырып, В.А.Маслова оқу құралында  оның  ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім,  концепт, концептуалды жүйе, когниция, әлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальді көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вербалдану, мәдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік және т.б. сөздер сөз тіркестерін қарастырады. 
         Дәрісті қорытындылау:
1. Когниция  - бұл адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс.
2. Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде -  фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер, яки барлық мағыналар жиынтығы; т.б.  -  танылып келеді.
      Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі лингвистикада <<концепт>> терминіне қатысты пікірталастар қандай? 
2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?
3.   Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді қандай топтарға бөлген?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998 .
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.  -  Тілтаным, Алматы, 2002ж. - №4

№21 дәріс тақырыбы: Когнитивтік  ұғымдардың ерекшелігі.

1. Танымдық бірліктердің  тілдік құралдар арқылы көрініс табуы.
2. Когнитивтік  ұғымдарға жалпы сипаттама беру.

Қазақ тілтаным ғылымы өзіндік үрдіспен қалыптаса отырып,  маңызды танымдық бірліктердің  тілдік құралдар арқылы көрініс тауып, талдануына да ұтымды әсер етті, сол себепті классикалық үлгіде қабылданатын когнитивтік ұғымдармен қатар, мұнда ұлттық таным мен пәлсапа қағидаларына құрылған  әрі универсалды танымдық әрекеттерден өрбіген бірліктер де жіктеліп ұсынылды. 
	Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым  -  Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы" деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі  ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы  және  ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы" өзектеліп отыр. Сана. В.А.Маслова бұл танымдық бірліктің шеңберінде „адамның құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін" қарастырады. 
Білім.  Бұл  „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет" деп танылатын термин үнемі дамып, толығып  отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады. Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы  ерекше бірліктері  ретінде қарастыру керектігін  атап өтті. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма" дегенді білдіреді. Прототип ұғымы -  белгілі бір өлшемдермен  немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш. 
         Дәрісті қорытындылау:
1.Фрейм- концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы.
2. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма" дегенді білдіреді. 
3.Прототип ұғымы -  белгілі бір өлшемдермен  немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік  ұғымдарға қандай ұғымдарды жатқызамыз?
2.Фрейм, сана, білім, жады, прототип, гештальт  дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998 .
3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

№22 дәріс тақырыбы: Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.
1. Метафора  тілде  ерекше  танымдық  қасиеті  бар  құбылыс.
2.Концептуальдық метафора туралы түсінік.

         Метафора  құбылысының құпиясы  ерте  заманнан-ақ  көптеген  ірі  ойшыл-ғалымдардың  назарын өзіне аударып  келеді.  Метафора  құбылысының құпиясы  ерте  заманнан-ақ  көптеген  ірі  ойшыл-ғалымдардың  назарын өзіне аударып  келеді. Әлемдік  тілдерде, орыс  тіл  білімінде  метафораның  теориясын  қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлініп,  оның  болмысы, мән-маңызы  жан-жақты  зерттелуде.       
       Орыс тіліндегі метафоралардың концептуалдық қызметін арнайы зерттеген ғалым Е.О.Опарина еңбегінде концептуалдық метафораның жасалуына, танымдық қырларына, оның мағыналық ерекшеліктері, түрлері мен тілдегі қызметтеріне, ғылым тіліндегі концептуалдық қызметіне тоқталады.	Концептуалдық  метафора  заттық  дүниені   белгілеу  құралы  ғана  емес,ол  сонымен  қатар  абстрактілі  болмыстарды  табу,оларға  сай   келетін  немесе  тілдік  ұғымдарды  қалыптастыру  болып  табылады. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері  Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.
2. Концептуалдық метафора  жаңа ұғым (концепт) жасауды  мақсат  ететін   метафоралық  үдерістің  нәтижесінен  туындайды. 	
Бақылау сұрақтары:
1.Метафора  адам ойлауы  мен тілінде  қандай  қызмет атқарады?
2.Концептуалды метафораның зерттеу нысаны, мақсаты не?
3.Поэтикалық мәтіндегі концептуалдық метафора қалай қызмет атқарады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика.  -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Сыбанбаева А. Концептуалды метафора. А., 2000.

№23 дәріс тақырыбы: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.
1.Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы түсінік.
2.Тілдік тұлға және оның құрылымдары.

Бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруда біршама нәтижеге қол жетті десе болады. Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған <<Тілдік тұлға>> мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады.  
       Қазіргі таңда көркем әдебиет тілін таным тұрғысынан қарастыру, қаламгерлердің сөз қолдану ерекшелігі мен автор бейнесі ретінде ғаламның тілдік бейнесін жасаушы жазушының тілдік тұлғасын талдау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Қазақ тіл білімінде соңғы уақытта жүргізілген зерттеулердің ішінде Ш.Ниятова Махамбеттің тілдік тұлғасын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Ж.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлғасын тереңінен зерттеп, Ф.Қожахметованың Т.Ізтілеуовтың О.Сүлейменовтың тілдік тұлғасын жан-жақты қарастырған еңбектері бар.          Дәрісті қорытындылау:
1. Қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға мәселесін  зерттегендер қатарында Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. атап өтуге болады.
2. Тілдік тұлға дегеніміздің өзі ұлттық тіл ортасында, ұлттық құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін  зерттеген кімдер?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика.  -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

№24 дәріс тақырыбы:  Тілдік тұлғаның құрылымы. 
 
1. Тілдік тұлға құрылымы  -  кешенді құбылыс.
2. Тілдік тұлғаның вербалды-семантикалық деңгейі.

Шын мәніндегі тілдік тұлға құрылымы  -  кешенді құбылыс.
Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сәйкес қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипат дәрежесіне көшеді де, оның тілін зерттеудің арқауы бола бастайды.   Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаны үш құрылымдық деңгейден тұрады деп санайтыны белгілі: 
1.Вербалды-семантикалық деңгей; 
2.Когнитивтік деңгей; 
3.Прагматикалық (мотивациялық) деңгей; 
   Вербалды-семантикалық деңгейде тілдік тұлғаның күнделікті дәстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталады. Бұл деңгейге автордың өзіндік сөз қолданысы,  әртүрлі образдар көрінісінің қолданылу дәрежесі, тілдік тәсілдердің сонылығы, түр жаңалығы, семалар ерекшеліктері енеді. Бұл тілдік тұлғаның бастапқы таным көрінісін ашатын деңгей болғандықтан, ол кейде нөлдік деңгей деп те аталып, тілдік тұлғаның тілді қолдану ерекшелігі басым түрде әңгіме болады. 
<<Тілдік тұлға>> мәселесінде басты ерекшелік тұлғаның (личность) жай саналы адам (гомо сапиенс) аумағынан кең көлемге өзінің тілдік ерекшелігі арқылы шығып кетуінде жатыр. 
          Дәрісті қорытындылау:
1.В.А.Маслованың көрсетуінше, тілдік тұлға мынадай компоненттер енеді: 1)Құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті ; 
2) Мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі; 
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы не білесің ?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не ?
3. Ю.Н.Караулов  ұсынған  тілдік  тұлғаны  танудың  үш  деңгейлік           үлгісіне не жатады? 
          Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б.Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3.Елемесова Ш. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары. Дисс.. фил.ғыл.кан. Алматы, 2003 .

№25  дәріс тақырыбы:   Концептуалдық талдаудың рөлі.
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі.
 2.Концептуалдық талдау мақсаты.

   Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз. 
Осы бағыттағы концепт мәні қазақ тіл білімінде Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, А.Ислам, Э.Оразалиева,  Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді. 
Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен <<жүздесуге>> мүмкіндік аламыз. 
       Дәрісті қорытындылау:
1.Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен <<жүздесуге>> мүмкіндік аламыз.
2. Көркем мәтіндегі концептіні айқындау үшін концептуалдық талдау жүргізу керек. 
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.
2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика.,  -  Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
4.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.

№26  дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың өзіндік ерекшелігі.

1. Концептуалдық талдау мақсаты.
2. Пропозиция  - ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.

       Концептуалдық талдау мақсаты  -  концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
Ғалым Б.Е.Хұсайынов: <<Концептуалдық талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым,  ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді >>,-дейді. 
Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді [13.35].
         Дәрісті қорытындылау:
1.Концептуалдық талдау мақсаты  -  концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.
2. Пропозиция  - ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
3. Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі.
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика.,  -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.


№27 дәріс тақырыбы: Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері.
1.Тіл мен мифтің сабақтастығы. 
2.Тіл бірліктеріндегі <<ғаламның мифтік бейнесі>>.
      Мифология, миф  -  ойдан шығарылған қиял емес, ол  -  өткен 	заманның адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың есерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы .
Тіл  мен  мифологияны  сабақтастықта  қарауға ерекше көңіл  бөлген,өзіндік  із  қалдырған  орыстың  көрнекті ғалымы - А.А.Потебня. 
<<Ғаламның мифтік моделі>> мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие. Дүниенің осы күнгі көрінісі  -  жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы  -  мифтік таным бойынша о баста болған оқиғалардың нәтижесі.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі  -  фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Өйткені қазақ фразеологизмдері  -  халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті тұтастай қамтылады. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Тіл  мен  мифологияны  сабақтастықта  қарауға ерекше көңіл  бөлген,өзіндік  із  қалдырған  орыстың  көрнекті ғалымы - А.А.Потебня. 
2. <<Ғаламның мифтік моделі>> мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл мен мифтің сабақтастығы неден көрінеді?
2. Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе туралы не білесіз?
3.Тіл бірліктеріндегі <<ғаламның мифтік бейнесі>> қалай көрініс тапқан?
Ұсынылатын әдебиеттер:
* Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
* Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992
3.  Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистикаА.,2009ж.

№28  дәріс тақырыбы: Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.
1. Фразеологизмдердің этномәдени негізі.
2. Этнофразеологизмдердің пайда болу мотивтеріндегі ұлттық
  мәдени ерекшеліктер.

       Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз  -  этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, <<этнографизмдер дегеніміз  -  өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері>> . Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы  -  ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы.Бұл төл мәдениеттің өсуі мен гүлденуі,өркениет заманындағы ұлт тарихының бүкіл мәдениетін көрсететін философиялық көзқарасы,тарихы, әдебиеті, тілі. 
       Дәрісті қорытындылау:
1.Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады.
2. Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова сияқты ғалымдар зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Этнографизмдер дегеніміз не?
2. Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады,- дегенді қалай түсінесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма.- Алматы: РБК, 1998.-126б.
2.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.  - Алматы: <<Ана тілі>>, 1998.-304б.
3.Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. -Алматы, 1968  -  264 б. 
4.Копыленко М.М. Основы этнолингвистики.  - Алматы: Евразия, 1995. -178с.

№29  дәріс тақырыбы: Дискурс  -  когнитивтік танымының негізгі зерттеу    	нысаны
1. Т.А Ван Дейктің дискурсы және когнитивті талдау ерекшелігі
2. Дискурстық талдаудың пәнаралық бағыт ретіндегі қалыптасу тарихы.

       Дискурс  -  (фр. discours  -  сөйлеу) ағыл.  discoursе  -  дискурс термині XX ғ. 70-жылдарының басында кең қолданыла бастады. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда "функционалдық стиль" терминіне жақын болды. Дискурс - "тілдегі тіл", бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген. Ю.С.Степановтың пікірі бойынша, дискурс бәрінен бұрын және ең бастысы мәтіндерде орын алады. Ол сөйлемдерде ерекше грамматика, ерекше лексикон, ал  синтаксисте сөз қолданудың ерекше ережелері, семантикалық  ерекшеліктері ретінде ұсынылады. 
       Дискурс  -  көп мағыналы термин, лингвистикалық, философиялық,    	психологиялық, тарихи зерттеулерде қолданылып келеді. Шетел тіл білімінде 	дискурс сөзі <<ауызша сөз>> мағынасында да қолданылған. Дискурс сөзінің алғашқы 	мағынасы <<ақылды ойлану>> деген сөздің мағынасында айтылған. Д. Ван Дейктің 	мектебінің ықпалы тікелей әсер етті. 
	Дәрісті қорытындылау:
	1. Дискурс  -  (фр. discours  -  сөйлеу) ағыл.  discoursе  -  дискурс термині XX ғ. 70-	жылдарының басында кең қолданыла бастады.
	2. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда 	"функционалдық стиль" терминіне жақын болды.
	3. Дискурс - "тілдегі тіл", бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген.
	  Бақылау сұрақтары:
	1. Дискурс термині қай кезден бастап қолданыла бастады ?
	2. Қазақ тіл білімінде дискурс теориясының жеке пән ретінде қалыптасып, ғылыми айналысқа түсуі қашаннан басталады?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика.  -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998.

№30 дәріс тақырыбы: Адам танымындағы аялық білімнің орны.

1. Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты. 
2. Когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері.  

Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты ойда әмбебеп модель қалыптастыруға, тілдің құрылымында когнитивтік модель тудыруға негізделеді. 
Сөйлеу  әрекетіндегі  когнитивтік  модельдердің  дамуы  мен  түрлерін зерттеген Г.Гиздатов өз еңбегінде американ тілші ғалымдары көрсеткен когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері  деп мыналарды атайды: 1. Білім жүйесі дегеніміз не? 2. Тілде, сөйлеушінің санасында нелер сақталады? 3. Білім жүйесі санада қалай сақталады? 4. Бұл білімді сөйлеу барысында қалай қолданады?
Шынында да, когнитивтік ғылымның басты мәселесі  -   адамның білімін жүйелеу. Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады. 
 Ғалым когнитивтік модельді бірнеше сатыларға жіктеп танытады: <<Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі  -  ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Екіншісі  -  алдын-ала ойлау дәрежесі. Мұнда логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшіншісі  -  ойлаудың төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру әрекетінің дәрежесі көрініс табады Сонда). Демек, когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық тіл білімі ғылыми ойлардың баламалы ағымы емес, олар  -  өзара тілдік ақиқатты танудың екі түрлі бағыты.
  Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік ғылымның басты мәселесі  -   адамның білімін жүйелеу.
2. Когнитивтік лингвистикада бұл қызмет <<фрейм>>, <<семантикалық өріс>>, <<когнитивтік модель>> сияқты құрылымдар көмегімен жүзеге асатыны анықталған.
          Бақылау сұрақтары:
1 Адам танымындағы аялық білімнің орны қандай?
2. Когнитивтік модель неше сатыдан тұрады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс. док. филол.наук.  -   Алматы, 1999.
2. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика.  -  Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.

3 Тәжірибелік сабақтар
       №1 тақырыбы:  Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен   міндеттері.
      Мақсаты:  Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен   міндеттері жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:    XX ғасыр ғылымының тарихында аса маңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі  -  когнитология немесе когнитивтік ғылым болып табылады. Бұл ғылым сананың барлық жақтарын зерттеуге арналған ғылым. Ол ХХ ғасырдың орта шенінен бастап  бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Когнитивтік ғылымның негізгі пәні  -  адам санасы мен оның   технологиялық ойлауы.  Когнитивтік лингвистика  -  тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат  білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды. 
         Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына, мақсаты мен міндеттеріне не жатады?
2.  Когнитивтік лингвистиканың  жеке ғылым саласы  ретінде қалыптасуы мен дамуының  өзіндік ерекшеліктерін неден көреміз?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.
      №2 тақырыбы:  Когнитивтік лингвистиканың  зерттелу тарихы.

     Мақсаты:  Когнитивтік лингвистиканың  зерттелу тарихына түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:    Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада  В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.
Ресейлік филологиялық және тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой,Н.Топоров,  В.В.Воробьев,А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.Маслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады.
       Бақылау сұрақтары:
  1. Когнитивтік лингвистикадағы адамның рөлі мен маңызы қандай?
2. Тіл біліміндегі антропоцеөзектік бағыт дегеніміз не?
3. Когнитивтік лингвистиканы зерттеген ғалымдар кімдер? 
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,1998
2.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Тілтаным., 2004.№1
3.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика.-М,. 2003.

     №3 тақырыбы:  Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

     Мақсаты:  Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын 	түсіндіру.
    Әдістемелік нұсқаулар: Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты  жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б. 
	        Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы    	салалардың   	әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы   	бар. Қазіргі тіл 	білімінде әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, 	лингвомәдениеттану, этнолингвистика  салалары тілді антропологиялық бағытта 	қарастыруда.
      Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, 	психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды 	интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені 	қарастыратынын байқауға болады.
        Бақылау сұрақтары:
	1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы 	жайлы не білеміз?
	2. Психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысы неден 
	көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.

     №4 тақырыбы:  Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

     Мақсаты:  Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын айту.
 Әдістемелік нұсқаулар: Этнолингвистика  -  этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы. 
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану   мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі. 
    Бақылау сұрақтары:
1. Этнолингвистика және танымдық тіл білімінің зерттейтін ортақ мәселелері қандай?.
2. Лингвомәдениеттанудың когнитивтік лингвистикамен өзара байланысы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті.     (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс.  - Алматы, 2004.

   №5 тақырыбы:  Когнитивтік  лингвистика және терминология.

 Мақсаты:  Когнитивтік  лингвистика және терминология жайлы мағлұмат беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады.	Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. 
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз  -  белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. 
         Бақылау сұрақтары:
1.Терминдерде әлем түсінігі жайлы  арнайы білім, ұғымдар қалай қамтылған?
2. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?
3. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998 .

     №6 тақырыбы:  Когнитивизм және когнитология.

  Мақсаты: Когнитивизм мен когнитологияны зерттелуі жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:  Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады.   Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. 
Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм  ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны  -  адамзаттық когниция екендігі, ол  -  ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі  арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция  -  адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. 
Бақылау сұрақтары:
1.Когнитивизм нені зерттейді?
2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?
3.Когнитологияның қарастыратын мәселелеріне не жатады? 
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

   №7 тақырыбы:  Когнитологияның жеке тармақтары.

     Мақсаты:  Когнитологияның жеке тармақтарын зерттеу
     Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. <<Когнитивтік психология>> деген терминді  1967 жылы У.Найсер ұсынды.  Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм  идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты.  Когнитивтік психология (<<тіл біліміндегі психологизм>> туралы) дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны  мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.
2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.
      Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік психологияның нені  зерттейді?
2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?
3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
	
№8 тақырыбы:  Тіл мен таным бірлестігі.
     Мақсаты:  Тіл мен таным бірлестігін айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: <<Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі  -  сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі  -  ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір  -  бірімен тығыз байланысты және бірін  -  бірі толықтырып байытып отырады.            	
    Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл - Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады. 
    Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал  тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып білуі барлық халықта бірдей екендігі анық. Яғни таным  -  түсінік арқылы емес, ми қызметі арқылы жүзеге асады. Ми қызметі  арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар  арқылы  тілден көрініс табады. Олай болса, тіл  -  ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным  -  шындық дүниенің бейнесі. 
      Бақылау сұрақтары:
1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?
2.Тіл  -  ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара   байланысы қалай көрінеді?
 3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз? 
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.
№9 тақырыбы:  Тіл мен сана.

     Мақсаты:  Тіл мен сананың өзара байланысы жайлы түсіндіру.
      Әдістемелік нұсқаулар:  Таным дегеніміз  --  нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. 
      Сана  --  қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Ойлау  --  адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті 
      Бақылау сұрақтары:
1. Таным дегеніміз не?
2.  Неліктен сана  --  қоғамдық құбылыс дейміз?
3. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

     №10 тақырыбы:  Тілдік таным және ғаламды зерделеу.

     Мақсаты:  <<Ғалам бейнесі>>, <<ғаламның тілдік бейнесі>>, <<ғалам моделі>> ұғымдары туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз  -  адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. 
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. <<Ғаламның тілдік бейнесі>> термині философия мен логикада  Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны <<ғаламның тілдік құрылуы>> деп атады. 
Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы <<ғалам моделі>> немесе <<когнитивтік моделмен>> тікелей байланысты. Ғалам моделі  -  концептуалды табиғатқа ие құрылым. 	 
      Бақылау сұрақтары:
1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?
2. <<Ғаламның тілдік бейнесі>> терминін философия мен логикада  енгізген қай ғалым?
3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?
  Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие. -  Минск., 2004.
2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А., 1998.

       №11 тақырыбы:  Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.

     Мақсаты:  Когнитивтік лингвистика және тілі білімінің салаларын зерттеп жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары  -  прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады. 
Теориялық және қолданбалы лингвистиканың жаңа саласы ретінде когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?
2.Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай? 
       Ұсынылатын і әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие.  -  Минск:                    Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

№12 тақырыбы:  Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.

     Мақсаты:  Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихын ашып жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Концепт -  адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын,  хабарлы  құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын  ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінде  концепт мәселесінің зерттеген кімдер?
   2. <<Концепт>> ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?
   3.  <<Концепт>> дегеніміз не?
      Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика: учебное пособие.  -  Минск:                    Театра Системе, 2004г.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

№13 тақырыбы:  Когнитивтік  ұғымдардың ерекшелігі.

Мақсаты:  Когнитивтік ұғымдар ерекшелігін дәлелдеп зерттеу
Әдістемелік нұсқаулар: Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым  -  Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы" деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі  ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы  және  ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы" өзектеліп отыр. 
Білім.  Бұл  „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет" деп танылатын термин үнемі дамып, толығып  отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады. Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы  ерекше бірліктері  ретінде қарастыру керектігін  атап өтті. 
         Бақылау сұрақтары:
1. Когнитивтік  ұғымдарға қандай ұғымдарды жатқызамыз?
2.Фрейм, сана, білім, жады, прототип, гештальт  дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.
2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана.  -  А.,1998 .

   №14тақырыбы:  Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі

     Мақсаты: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесіне көз жеткізу
Әдістемелік нұсқаулар: Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған <<Тілдік тұлға>> мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. <<Тілдік тұлға>> ақынның немесе жазушының өз образы мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді. 
       Қазіргі таңда көркем әдебиет тілін таным тұрғысынан қарастыру, қаламгерлердің сөз қолдану ерекшелігі мен автор бейнесі ретінде ғаламның тілдік бейнесін жасаушы жазушының тілдік тұлғасын талдау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр.          
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін  зерттеген кімдер?
2. Тілдік тұлға дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Маслова. В.А.  Когнитивная лингвистика.  -  Минск., 2004.
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.
3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

№15 тақырыбы: Концептуалдық талдаудың рөлі.  

Мақсаты:  Концептуалдық талдау жайлы түсініктеме беру.
Әдістемелік нұсқаулар:  Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз. 
Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен <<жүздесуге>> мүмкіндік аламыз. 
Бақылау сұрақтары:
1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?
2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.
2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика.,  -  Минск., 2004.
3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
                                    СӨЖ
Тексеру формасы.
1.С.Аманжоловтың <<Сөйлесу мен ойлау>> туралы пікірлері экстралингвистика нысаны ретінде.
 Конспект
2. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.
Конспект
3.Когнитивтік лингвистика: зерттеу нысаны мен мақсаты.
Конспект
4. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.

Презентация. Слайд
5. Тілтану мәселелері пәнаралық байланыс негізінде.
Презентация. Слайд
6. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.
Конспект
7. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдері: сана, зерде, ой, білім, концептуалдық жүйе, когниция, дүниенің тілдік бейнесі.
Презентация. Слайд
8. Көркем шығарма тілінің танымдық сипаты.
Реферат
9.  Тіл және таным.
Конспект
10. Мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі.
Презентация. Слайд
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары
1.
Тіл бірліктеріндегі мифтік жүйеің орны.   

2.
Теологиялық танымның тілдік сипаты.

3.
Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.


4.

Діни лексиканың танымдық ерекшелігі.
5

Когнитология ғылымының  даму барысы.
6.
Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.
7.
Адамзаттық танымның тамырластығы.
8.
Концепт терминінің теориялық негіздері.
9.
Тілдің қоғамдық сипаты.
10.
Тілдің әлеуметтік сипаты.
11.
Сөзжасам ғылымы мен таным үдерісінің байланысы.
12.
Таным категориясының ұлттық сипаты.
13.
Жалпыадамзаттық таным мәселесі.
14.
Қазақ тіліндегі мәдени-танымдық сөздердің когнитологиялық сипаты.
15.
Адам өміріндегі сөздің магиялық сипаты
    
Пәндер