Файл қосу

Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                     3 дәрежелі СМЖ құжат
                                   ПОӘК
                                       
                        ПОӘК 042-18-8.1.80/02-2013
                                       
                                   ПОӘК
                   Студенттерге арналған
<<Теориялық механика>> пәнінің бағдарламасы  
№1 баспа 
                                 18.09.2013г.
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       


<<ТЕОРИЯЛЫҚ МЕХАНИКА>>


          ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ


5В090100 <<Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру>>
мамандығының
студенттеріне арналған 



 ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ  АРНАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ  	









Семей 
2013

                                Алғысөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН
Әзірлеген ___________ <<______>>____________2013 ж. С.К.Турусбеков Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті, <<Машина жасау технологиясы және механика>>  кафедрасының аға оқытушысы 
							 
2 ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті            <<Машина жасау технологиясы және механика>>  кафедрасының отырысында 
Хаттама № 1 , 9 қыркүйек 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі _________                                     С.Д.Токаев

2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде 
  
Хаттама № 1 , 12 қыркүйек 2013 жыл

Төрайымы  __________                                                    С.С.Толеубекова  

3  БЕКІТІЛГЕН
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды және басылымға ұсынылды

Хаттама № 1 , 18 қыркүйек 2013 жыл


Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы__________         Г.К.Искакова



4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                Мазмұны

                                       1
Жалпы мағлұматтар
                                       3
                                       2
Пәннің мазмұны мен сабақтың түрі бойынша сағаттардың бөлінуі
                                       4
                                       3
Пәнді оқытуға әдістемелік нұсқаулар
                                       5
                                       4
Курстың форматы 
                                       5
                                       5
Курстың  саясаты
                                       7
                                       6
Бағаларды қою саясаты
                                       9
                                       7
Әдебиеттер
                                      10
                                       

	




























1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
  + Оқытушы мен пән туралы жалпы мағлұмат
* Оқытушының аты-жөні  -  Турусбеков Серікбол Какарманұлы; 
* Кафедра  -  <<Машина жасау технологиясы және механика>>;
* Байланыс  -  тел: 35-24-50, № 10 оқу ғимараты, № 12 кабинет;
* Сабақ өткізу орны  -  № 10 ғимарат аудиториялары;
* Пән бойынша кредиттер саны  -  3

1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы. 
     Кандай болса да мамандықта инженерлерді дайындау үшін физика - математикалық пәндерінде теориялық механиканың ролі ерекше.
         Галилей мен Ньютон ашқан механиканың заңдары денелердің қозғалысы
мен тепе-теңдігінің параметрлерін есептеуге мүмкіншілік береді. Табиғаттың
құбылыстарына, техникаға, табиғи ғылыми пәндерге механиканың қатынасы
бар.
Табиғаттанудың көп сaлаларында механика олардың бас ғылыми мазмұны болып табылады. Сонымен қатар, механика өнеркәсіптің салалар, транспорт, құрылыс үшін ғылыми негіз болып табылады. Машинажасауда, металлургияда технологиялық процестерді есептеу үшін механиканы білу керек.
     Жаңа құбылыстарды тауып ашу механиканың дамуына ролі зор.
Жаңалыкпен бipiншi рет танысқанда жиі ол ғылыми заңдарға бағынбайтын, ойда жоқ ғажайып болып көрінеді. Мысал үшін, Кеплер тапқан планеталардың
траекториялары - эллипстер екені және бұл қозғалыстардың кейбір қасиеттері
Ньютонды бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуға келтірді.Теориялық механика ғылымның күнделікті табиғаттың құбылыстарын және техникада байқауға болатын, қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыстың жалпы заңдылықтарын зерттейтін саласы. Сондықтан теориялық механиканың қорытындылары табиғаттанудың және техниканың көптеген салаларында қолданылады. Ол жалпы инженерлік пәндердің ғылыми негізі, мысалы, машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар кедергісі, гидравлика және т.б.
Математика пәні абстрациялық негізде оқытылатын болса, механика мәселелері /тыныштық,қозғалыс/,ең алдымен нақты заттарға /қатты дене, сұйық,газ/ қатысты тұжырымдалып , техниканың барлық дерлік салаларын қамтиды.
1.3 Курстың мақсаты студенттерді теориялық механика пәні бойынша  абсолют қатты денелердің қозғалыстары  /кинематика бөлімі/ және күш әсерлерінен туындайтын тыныштық күйі мен қозғалу мүмкіндіктерін /статика, динамика бөлімдері/ жан-жақты қарастырып ,  әртүрлі заңдылықтармен таныстыру.
     1.4 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты оқытылатын пәнді мамандық бойынша практикада қолдана білу, студенттердің механикалық қозғалысқа жататын көптеген құбылыстарға қатысты  түсініктерін қалыптастыру; механикалық қозғалыстың негізгі заңдарын игеру.
1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:
- Білуі тиіс: кезгелген күштер жиынын қарапайым түрге келтіріп,талдай білу
*  Дағдылануы тиіс:  табиғаттағы құбылыстарды схемалық түрде қарастырып, нақты есепті абстракты механикалық түрде келтіре біліуі керек.
	- Игеруі тиіс: пәннің дәріс материалдарын.
-Меңгеруі тиіс: абсолют қатты денелердің тыныштықта болуының шартын жазып, қажетті есептеулер жасауды; нүкте қозғалысын жанжақты сипаттай білу, кинематикалық сипаттамаларын табуды; қатты денелердің қарапайым, күрделі, кұрама қозғалыстарын талдап, еркіндік дәреже санына байланысты қозғалыс теңдеулерін жазып, кинематикалық сипаттамаларын таба білуді
-Хабардар болуы тиіс: теориялық механиканың бөлімдеріне қатысты есептерді шығару білу, практикалық маңызын  түсіндіре алуды; абсолют қатты дене қозғалыстарының дифференциалдық теңдеулерін жаза білу, интегралдап, қажетті талдаулар жасау
            -Үйренуі тиіс: Нақтылы инженерлік мәселелерді шешуде теориялық    	механиканың әдістерімен принциптерін таңдауын жете білуі керек.

	1.6 Курстың пререквизиттері:
	1.6.1 Математика 1
1.7 Курстың постреквизиттері:
		1.7.1Материалдар кедергісі
.



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚТЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
                                                                   Кесте 1
                                   № р/с
                        Тақырыптың атауы
                           Сағаттар саны
                                       
                                       
                                     ДС
                                     ПС
                                   СӨЖО
                                    СӨЖ
                                       1
Дәріс 1. Теориялық механикаға кіріспе. 
	 

                                       1
                                       
                                       
                                       1
                                       2
 Дәріс 2. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Байланыстар және байланыс реакциялары. Байланыстардың негізгі түрлері.
                                       1
                                       
                                       
                                       1
                                       3
Дәріс 3. Жинақталатын күштер жүйесі. Жинақталатын күштердің тең әсер етуші күші. Жинақталатын күштер жүйесінің тепе-теңдігі. Үш күш туралы теорема.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                       4
Дәріс 4. Центрге қатысты векторлық және алгебралық күш моменті. Өске қатысты күш моменті. Қос күш. Қос күш моменті. Қос күштерді қосу. Қос күштер жүйесінің тепе-теңдігі.

                                       1
                                       
                                       1
                                       3
                                       5
Дәріс 5. Күшті берілген центрге келтіру. Статиканың негізгі теоремасы. Бас вектор мен бас момент.

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                       6
Дәріс 6. . Кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдігінің векторлық шарты. Әр түрлі күштер жүйесінің тепе-теңдігінің аналитикалық шарттары.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                       7
Дәріс 7. Статикаша анықталатын және статикаша анықталмайтын есептер. Біріне-бірі тіркесе келген бірнеше денелерден құрылған жүйенің тепе-теңдігі.

                                       1
                                       
                                       1
                                       3
                                       8
Дәріс 8. Сырғанау үйкелісі және оның заңдары. Сырғанау үйкелісінің коэффиценті. Үйкеліс бұрышы. Үйкеліс конусы. Үйкеліс күші бар жағдайда денелердің тепе-теңдігі. Домалау үйкелісі. Домалау үйкелісінің коэффиценті.

                                       1
                                       
                                       1
                                       3
                                       9
Дәріс 9. Параллель күштер жүйесін тең әсер етуші күшке келтіру. Параллель күштердің центрі. Денелердің ауырлық центрі. Ауырлық центрін анықтаудың тәсілдері.
                                       1
                                       
                                       1
                                       3
                                      10
Дәріс 10. Кинематиканың негізі мен мәселелері. Классикалық механикадағы абсолют кеңістік пен абсолют уақыт. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Санақ жүйесі.

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      11
Дәріс 11. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысын анықтаудың векторлық, координаталық және табиғи әдістері. Нүктенің траекториясы, жылдамдығы мен үдеуі. Табиғи үшжақтың өстері, нүктенің жанама және нормаль үдеуі.
 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      12
Дәріс 12. Қатты дене кинематикасы. Дене қозғалысының түрлері. Дененің екі нүктесінің жылдамдықтарының проекциялары туралы теорема.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      13
Дәріс 13. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысы. Ілгерілмелі қозғалыстағы қатты дене нүктелерінің траекториясы, жылдамдықтары және үдеулері туралы теорема.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      14
Дәріс 14. Қатты дененің өске қатысты айналмалы қозғалысы. Қозғалыс теңдеуі, бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің векторлары. Айналмалы қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдығы мен үдеуі. Эйлер формуласы.
 
                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      15
Дәріс 15. Қатты дененің жазық-параллель қозғалысы. Жазық-параллель қозғалысын құраушы қозғалыстарға жіктеу. Жазық фигура. Жазық фигура нүктесінің жылдамдығын полюс арқылы анықтау. Жылдамдықтардың лездік центрі. Жазық фигура нүктелерінің үдеуін анықтау.

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      16
Дәріс 16. Нүктенің күрделі қозғалысы. Кориолис теоремасы. Кориолис үдеуі.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      17
Дәріс 17. Қатты дененің күрделі  қозғалыстары.

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      18
Дәріс 18. Динамика. Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдары. Динамиканың мәселелері.Материялық нүкте динамикасы. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Нүкте динамикасының екі мәселесі.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      19
Дәріс 19. Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысы. Тасымалды және кориолистік инерция күштері. Классикалық механиканың салыстырмалық принципі.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      20
Дәріс 20. Механикалық жүйенің динамикасы. Механикалық жүйе. Масса және массалар центрі. Механикалық жүйеге әсер ететін күштердің классификациясы. Ішкі күштердің қасиеттері. 

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      21
Дәріс 21. Механикалық жүйенің өске және центрге қатысты инерция моменттері. Инерция радиусы. Штейнер теоремасы. Қарапайым біртекті қатты денелердің инерция моменттері. 

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      22
Дәріс 22. Механикалық жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Механикалық жүйенің массалары центрінің қозғалысы туралы теорема. Бірінші интеграл.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      23
Дәріс 23. Материялық нүктенің және механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері. Күштің элементарлық және толық импульстары. Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      24
Дәріс 24. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшерінің моменті мен механикалық жүйенің кинетикалық моменті. Механикалық жүйенің қозғалмайтын өске қатысты айналмалы қозғалысындағы кинетикалық моменті. Кинетикалық моменттің өзгеруі туралы теорема. Кинетикалық моменттің сақталу заңы.

                                       1
                                       
                                       
                                       3
                                      25
Дәріс 25. Күштің элементарлық және толық жұмысы. Қуат. Кинетикалық энергия. Әр түрлі қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. Кейбір жеке жағдайлардағы күш жұмысы мен қуаты. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема. 

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      26
Дәріс 26. Қатты дене динамикасы. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысының дифференциалдық теңдеуі. Қатты дененің жазық-параллель қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      27
Дәріс 27. Даламбер принципі. Инерция күші. Инерция күштерінің бас векторы мен бас моменті. Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің айналу өсіне жасайтын динамикалық реакциялары.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      28
Дәріс 28. Аналитикалық механика. Байланыстар және олардың теңдеулері. Байланыстардың классификациясы. Виртуальды орын ауыстыруы. Идеалды байланыстар. Жүйенің жалпыланған координаталары. Жалпыланған күштер және оларды есептеу тәсілдері. Еркіндік дәрежелер саны. Виртуальды орын ауыстырулар принципі. Динамиканың жалпы теңдеуі.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      29
Дәріс 29. Механикалық жүйе қозғалысының жалпыланған координаталар арқылы жазылған дифференциалдық теңдеулері. Консервативтік жүйелер үшін екінші текті Лагранж теңдеулері.

                                       1
                                       1
                                       1
                                       3
                                      30
Дәріс 30. Соққының эелементарлық теориясы. Соққы құбылысы. Соққыдағы қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Қалпына келу коэффиценті. Шардың қозғалмайтын бетпен қақтығысы. Карно теоремасы.
                                       1
                                       
                                       
                                       3

3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

         Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады.   
	Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп  алу керек.  Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.  
	Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау  және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.


4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
	
Аудиториялық сабақтар келесілерден тұрады: дәрістер (ДС), практикалық (ПС) және оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖО).
	Барлық кредит саны  -  3. Дәріс  -  30, машықтану сабағы  -  15, оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы  -  22,5. Барлығы  -  112,5 сағат. 
	Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
	1. Дәріс, зертханалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +4 ұпаймен бағаланады, ал дәрісті немесе зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда  0 ұпаймен  бағаланады.
	Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға ала алмайсыз. Әр өтелмеген сабақ тағы қосымша -4 ұпаймен бағаланады. 

5 КУРСТЫҢ  САЯСАТЫ

	2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
	3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Пунктуальды және міндеттеріңізді уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жіберуге болады және ол студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.
	4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.
	5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек. 
	6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
	7. Межелік аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысуымен өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
	8. Қорытынды аттестация дәстүрлі әдіспен немесе тестік  билетке жауап арқылы өткізіледі. 

6 БАҒАЛАРДЫ  ҚОЮ САЯСАТЫ

              Ұпайларды апталар мен бақылау түрлері бойынша бөлу кестеде келтірілген. <<Теориялық механика>> пәні бойынша ұпайларды бөлу.
                                                                  Кесте-2 
                                   Апта
                                    Бақылау түрі
                               Ұпай саны
Ескерту
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                      1-7
Дәріс, практикалық, сабақтарға қатысу
                                      30
                                       
                                       1
Машықтану сабақтар
                                       0

                                       2
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      15
                                       

                                       3
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      15
                                       

                                       4
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ)
                                      15
                                       
                                      20
                                      20

                                       5
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      15


                                       6
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ)
                                      15
                                       
                                      20
                                      20

                                       7
                                       
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
1-Аралық бақылау
                                      15
                                       
                                      35
                                      65

                                       
1-7 апталар бойынша барлық ұпай саны
                                      300

                                     8-15
Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу
                                      30

                                       8
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      12
                                       

                                       9
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      12
                                       

                                      10
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      12
                                       

                                      11
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ)
                                      12
                                       
                                      20
                                      20

                                      12
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      12
                                       

                                      13
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
                                      12
                                       

                                      14
Дәрістік, машықтану  сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
Бақылау жұмысын орындау(ОСӨЖ)
                                      12
                                       
                                      20
                                      20

                                      15
Дәрістік, машықтану сабақтардағы берілген тапсырмаларды орындау.
Үйге берілген тапсырмаларды өткізу (СӨЖ)
 2-Аралық бақылау
                                      11
                                       
                                      35
                                      60

                                       
8-15 апталар бойынша барлық ұпай саны
                                      300

                                       
Емтиханның ұпай саны
                                      400

                                       
Академиялық уақыт бойынша барлығы
                                     1000

                                                                               

7 ӘДЕБИЕТТЕР
                                       
	7.1 Негізгі
	7.1.1 Аманжол Нұғыман. Теориялық механика негіздері. Алматы. 2006ж.
	7.1.2 Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. М., 1998 и предыдущие издания.
	7.1.3 Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. М., 1986 и предыдущие издания.
           
 	7.2 Қосымша
	7.2.1 Сборник заданий для курсовых работ по теоретической механике / Под ред. А.А. Яблонского.М., <<Интергал пресс>> 2002.
	7.2.2 Әдістемелік құралдар: Дәрістер жинағы, машықтану сабақтары, өздік жұмыстар жинағы мен олардың орындалу реті, бақылау сұрақтары . 2008.
	7.2.3 Добронравов В,В., Никитин Н.Н. Курс теоретической механики. М., 1983
Пәндер