Файл қосу
МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ. Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-34.1.107/02-2014 ПОӘК <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> пәнінің магистранттарға арналған бағдарламасы № 2 басылым 11.09.2014 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> 6М011200 - <<Химия>> мамандығы үшін МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы _______ <<__02__>>___09____2014 ж. А.К.Сапакова, б.ғ.к., доцент м.а., <<Химия және география>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия және география>> кафедрасының отырысында <<__02___>>___09______2014 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі м.а. _________ Д.Р. Онтагарова 2.2 Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында <<___03__>>____09_______2014 ж., №1 хаттама Төрайымы_________ З.В.Абдишева 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған <<___11__>>___09______2014 ж., №1 хаттама ОӘК төрайымы ____________Г.К. Искакова 4. 18.09.2013 ж. №1 басылымның ОРНЫНА Мазмұны 1. Жалпы ережелер 2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 3. Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Баға қоюдың саясаты 7. Әдебиет тізімі 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер: Сапакова Айгуль Касенкановна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а. Химия және география кафедрасы Байланыс ақпараты - тел: 77-33-58, оқу ғимараты №3, кабинет №418 Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 407 Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> пәні магистранттарды дайындау барысында маңызды орын алады және <<Химия>> мамандығында оқитын магистранттар үшін кәсіптік пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады. <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> құралы шығармашылық ойлау, магистранттарға ғылыми көзқарас қалыптастыру, химияның өмірмен байланысын ашу, болашақ ғылыми маманды теориялық және профессионалды дайындықтын жоғары білім деңгейімен қаруландыру, белсенді ғылыми-педагогикалық әрекет үшін білім мен білікті қалыптастыруға көмегін тигізуі керек. Бұл пәнде магистранттар орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқаруды оқып меңгереді. 1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: кәсіптік-компетентті тұлғаны, бәсекелестікке қабілетті, өздігінен кәсіптік міндеттерді шығармашылық шеше алатын, кәсіби әрекетінің қоғамдық және жекебасындағы мәнісін саналы ұғынатын, оның нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білімнің тиімді басқару жүйесін жасаудың мәселесіне қатысты сұрақтармен байланысты түсінік беруді көздейді. + Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: * тұтас педагогикалық үрдісте мектеп ішілік бақылауды жүзеге асырудың мазмұны, міндеттері, бақылау әдістері, бақылау формалары, тексеруді ұйымдастырудың кезеңдері т.б мәселелерді айқындау; * білім мекемелері ұжымындағы басқарудың негізгі ұстанымдарымен танысу; * біліктілікті көтеру және мектеп қызметкерлерін аттестациялау мәселелерін көрсету; * оқушылардың шығармашылдық әрекеттерінің негізгі түрлері, оқу шығармашылық әрекеттерді ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру; * магистранттарды Казақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңдарының негізгі ұстанымдары мен бағыттарымен заңдастырылатын басқару мәселелеріндегі құжаттармен таныстыру. 1.5 Оқып-білудің нәтижелелері: Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды: * тұтас педагогикалық үрдісте мектеп ішілік бақылауды жүзеге асырудың мазмұны, міндеттері, бақылау әдістері, бақылау формалары, тексеруді ұйымдастырудың кезеңдері т.б мәселелерді білу тиіс; * білім мекемелері ұжымындағы басқарудың негізгін меңгеру тиіс; * біліктілікті көтеру және мектеп қызметкерлерін аттестациялау мәселелерін игеру тиіс; * оқушылардың шығармашылдық әрекеттерінің негізгі түрлері, оқу шығармашылық әрекеттерді ұйымдастыру сұрақтарын қолдана білу тиіс; * Казақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңдарының негізгі ұстанымдары мен бағыттарымен заңдастырылатын басқару мәселелеріндегі құжаттарын түсіну тиіс. + Курстың пререквизиттері: o Психология o Педагогика o Менеджмент + Курстың постреквизиттері: o Химиялық оқулықтардың құрылымдық-мазмұнды негіздері * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 1 кесте № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс ЗС ПС БАМӨЖ БАӨЖ 1. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдары және түрлері. 2 4 3 9 7.1.1-7.1.10 2. Басқару және педагогикалық менеджмент туралы ұғым. 2 4 3 9 7.1.1-7.1.10 3. Мектеп педагогикалық жүйе және басқару объекті ретінде. 3 6 5 12 7.1.1-7.1.10 4. Мектептің педагогикалық жүйесін басқарудың әдістрі мен формалары. 2 4 3 9 7.1.1-7.1.10 5. Мектептің білім беру жүйесінің ғылыми-педагогикалық қаматамасыз етілуі. 2 4 3 9 7.1.1-7.1.10 6. Білім беру басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар 2 4 3 10 7.1.1-7.1.10 7. Мектепішілік бақылау жүйесі. Педагогикалық кадрларды аттестациялау. 2 4 3 9 7.1.1-7.1.10 БАРЛЫҒЫ: 15 30 23 67 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> курсын оқыту өзара байланысты үш форманы қажет етеді: практикалық (семинар) жұмыс, ОМӨЖ - оқытушының магистрантпен өздік жұмысы, және МӨЖ- магистранттардың өздік жұмысы. Практикалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; тақырып бойынша ұсынылған сұрақтарға толық жауап беру; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОМӨЖ және МӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста магистранттар әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады. 4 КУРС ФОРМАТЫ <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> - 3 кредит. Курс бойынша дәріс және практикалық сабақтың 1 сағаты 50 минутты құрайды, аптасында кесте бойынша 1 сағат дәріс және 2 сағат практикалық сабақ қойылған. Практикалық сабаққа, ОМӨЖ-ге қатысуға магистрант міндетті. Практикалық сабақтар магистрантты өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. 5 курс саясаты Магистрант пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Магистранттардың білімін бақылау келесі формада орындалады: - ағымды бақылау (апта сайын жүргізіледі); - межелік бақылау (7 и 15 апталар); - қорытынды бақылау - емтихан. Ағымды бақылау дегеніміз дәрістерде, практикалық сабақтарда және ОМӨЖ магистранттардың білімін жүйелі тексеру. Ағымды бақылаудың әр түрлері қолданылады: - ауызша сұрау; - бақылау жұмыстар; - үй жұмыстары; - тестілер. Пәнді оқыту процесінде магистранттар орындаған жұмысы әр түрі балл түрінде бағаланады. - практикалық жұмыстың орындалуы мен қорғау - 200 балл (5 практ. жұмыс - 20 баллдан, 6 практ. жұмыс - 15 баллдан, 1 практ. жұмыс - 10 балл); - МӨЖ түрінде өздік жұмыстарды орындау - 160 балл (4 жұмыс - 40 баллдан); - межелік бақылау - 180 балл (1 МБ - 90 балл, 2 МК - 90 балл). Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды. Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> пәні бойынша балдардың таралуы Кесте 2 Апта Бақылау түрі Баллдардың барлығы Қосымша 1-7 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Практикалық жұмыстардың орындалуы (есеп, қорғау) 2 Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі ретінде. Мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері. 20 Практикалық сабақта 3 Орта кәсіптік білім беру басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері. 20 Практикалық сабақта 4 Гимназияны басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері. 20 Практикалық сабақта 5 Ауыл мектептерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. 20 Практикалық сабақта 6 Білім беру әрекеттің сапасын бағалау орта мектептің тиімділін анықтау тәсіл ретінде. Оқытушының кәсіптік әрекетінің сапасы мен нәтижесін диагностикалау 20 Практикалық сабақта Магистранттардың өздік жұмысы 4 * <<Қазақстандағы білім беру жүйесі>> тақырыбы бойынша глоссарий құрастыру. * Келесі сұрақтарға жауап беру (конпектісін жазу): * Білім беру жүйесі туралы ұғым. * Қазіргі білім беру жүйесінің сипаттамасы, оның құрылымы. * Білім беру жүйсін басқаруының мемлекеттік-қоғамдық характері. * Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері. * Білім беру басқаруының мемлекеттік органдары, олардың іс-әректінің мазмұны. * Білім беру бақармасының ұжымдық органдары, олардың құрамы және іс-әрекетінің сипаттамасы. * Білім беру жүелерінің басқаруына қоғамдық институттардың әрекеттесуі. * Әр бір магистрантқа жеке түрде тақырыптық тест құрастыру (30 сұрақ бір дұрыс жауабы болу тиіс). 40 Сабақ кестесіне сәйкес 6 * <<Бақарушының басқару мәдениеті>> тақырыбы бойынша глоссарий құрастыру. * Келесі сұрақтарға жауап беру: * Басқармалы объект ретінде мектептің стратегиялық платформасын ұйымдастыру. * Дәстүрлі (педагогикалық кеңес, ата-ана комитеті, оқушылар кеңесі) және жаңа (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, инновациялық кеңес және т.б.) жалпы мектеп басқармасының қызметтері. * Ұжымның басқарудың барлық деңгейлерінде дамуына басқарушының функциясы. * Ұжымның тиімді және шығармашылық әрекеті үшін қойылатын жағдайлар. * Тақырыптық кроссворд құрастыру. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 7 1 межелік бақылау - 1-7 апта дәрістердің материалдары бойынша кешенді тестілеу. 90 б. Сабақ кестесіне сәйкес 1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша баллдардың барлығы 30+270 8-15 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Практикалық жұмыстардың орындалуы (есеп, қорғау) 8 Басқару шешімдерді қабылдау. Мектепішілк оперативті ақпарат. 15 Практикалық сабақта 9 Мектеп құжаттары және құралдар. 15 Практикалық сабақта 10 Педагогикалық кеңестің жұмыс істеу мазмұны және әдістемесі. 15 Практикалық сабақта 11 Мұғалімдердің өзін-өзі дамыту. 15 Практикалық сабақта 12 Мектеп ұжымдағы қарыма-қатынас. 15 Практикалық сабақта 13 Педагогикалық мониторинг. 15 Практикалық сабақта 14 Мектепішілік басқарудың педагогикалық талдауы. Педагогикалық бақылау. 10 Практикалық сабақта Магистранттың өздік жұмысы 10 * <<Тұлға аралық қатынастар және олардың құрылуы. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы>> тақырыбы бойынша глоссарий құрастыру. * Келесі сұрақтарға жауап беру: * Мектептің педагогикалық ұжымы, оның ерекшеліктері. * <<Тұлға аралық қатынастар>> туралы ұғым. * Оқытушылардың әрекетіне, оқу-тәрбие процесінің сапасына тұлға аралық қатынастардың әсері. * Тұлға аралық қатынастар ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалдың түзілуі негізі ретінде және олардың функциялары. * Конфликт - ұжымның әлеуметтік-психологиялық дұрыс ахуалдың түзілуіне кедергі жасайтын факторлардың бірі ретінде қарастыру. * Конфлик түрлері. * Педагогикалық ұжымда конфликтерді шешу жолдары. * Орта білім беру ұйымдардағы жетістіктердің нәтижесін талқылау. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 14 * <<Орта кәсіптік білім беру жүйесін басқаруының ғылыми-педагогикалық негіздері>> тақырыбы бойынша кластер құрастыру. * <<Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару>> тақырыбы бойынша мақалаларға талдау жасау. * Схема түрінде орта кәсіптік білім беру жүйесін басқаруының моделін ұсыну. 40 Сабақ кестесіне сәйкес 15 2 межелік бақылау - 8-15 апта дәрістердің материалдары бойынша кешенді тестілеу. 90 б. Сабақ кестесіне сәйкес 8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша баллдардың барлығы 30+270 Емтихан балдарының барлығы 400 Академиялық мерзімде балдардың барлығы 1000 Магистранттардың білім бағалау шкаласы: Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95-100 Өте жақсы А- 3,67 90-94 -<<- В+ 3,33 85-89 Жақсы В 3.00 80-84 75-79 -<<- В- 2,67 -<<- С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,00 65-69 -<<- С- 1,67 60-64 -<<- D+ 1,33 55-59 -<<- D 1,00 50-54 -<<- Ғ 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз 7 ӘДЕБИЕТ 7.1 Негізгі әдебиет 7.1.1 Сластенин В.А. Общая педагогика в 2-х ч. Ч.1.-М.:ВЛАДОС, 2003. - 287 с. 7.1.2 Сластенин В.А. Общая педагогика в 2-х ч. Ч.2.-М.:ВЛАДОС, 2003. - 253 с. 7.1.3 Сластенин В.А. Педагогика.-М.:Академия, 2004. - 567 с. 7.1.4 Селиванов В.С. основы общей педагогики: теория и методика воспитания.-М.:Академия, 2004.-336 с. 7.1.5 Чернобельская Г.М. Основы методики обучения химии. - М., 1987. 7.1.6 Зайцев О.С. Методика обучения химии: теоретические и прикладные аспекты. - М., 1999 7.1.7 Масырова Р.Р., Линчевская Т.А. Инновационные школы в Казахстане. - Алматы, 2000. 7.1.8 Селевко Г. К. Современные образовательные технологии / Г. К. Селевко // М.: Народное образование, 1998. - 256 с. o Селевко Г. К. Педагогические технологии на основе информационно- коммуникационных средств / Г. К. Селевко // М., 2005. - 208 с. o Садвакасова З.М. Педагогический менеджмент - Алматы, 2011 г. 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1 Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования: Научный фонд и перспективы развития. - Алматы, 2001 7.2.2 Койшибаев Б.А. Педагогический мониторинг комплексного образования (Тезаурус и модели). - Алматы, 2001. 7.2.3 Качество. Инновации. Образование: Электронное издание.-№3.-2005.-СD-ROM 7.2.4 Дьяченко В.К. Основные направления развития образования в современном мире. - М.,2005. 7.2.5 Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. - Алматы, 2007. 7.2.6 Мухамедхан Д. Качесвто высшего образования и кредитная система обучения. - Алматы, 2005 7.2.7 Коджаспирова Г.М., Коджаспирова А.Ю. Педагогический словарь. - М., 2000. 7.2.8 Журналдар: :: Школьные технологии :: Творческая педагогика :: Директор школы :: Менеджмент в образовании :: Инноваций в образовании 7.2.9 Моисеев А.М. Качество управление школой: Каким оно должно быть // Библиотека журнала <<Директор школы>> Выпуск №4 2001. М.,Сентябрь 2001 7.2.10 Савенков А.И. Содержание и организация исследовательского обучения школьников М.,Сентябрь.,2003 7.2.11 Исследовательская деятельность в школе: опыт, поиски, решения. (Ответственный редактор к.п.н. М.А.Ушакова ). - Москва, 1999.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz