Файл қосу

Химияның факультативтік сабақтары



1 дәріс. Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

1.Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары.                                                    2.Оқушыларға   химиялық орта білім берудің міндеттері.            3.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері.        4.Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл ойын дамыту.                  
   1. Жеке оқу пәндерінің мақсаты мектептің алдына қойған қоғамның әлеуметтік талабы бойынша анықталады.Халыққа білім беру ісін қайта құру көзқарастарының тұрғысынан қарағанда, жалпы білім беретін орта мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады.Оның алдына әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.Бұл мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің бпрынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды.Мектеп жасөспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылықпен еңбек етуге өзін өзі басқаруға әзірлейді.       Химия пәнінің мақсаттары әр кластың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады.
2.Оқушыларға химиялық орта білім берудің міндеттері.                      Оқытудың мақсаты дегеніміз−жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады.Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады:заттар туралы білім, химиялық теориялар мен заңдар туралы білім, химиялық өндіріс туралы білім.                                                                                Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті−жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның алатын орнын көрсету. Әр түрлі күрделену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді.
       Химиядан орта білім берудің екінші міндеті−пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
       Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті−табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір−бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру.
      Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті−орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу.Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері−химиялық әлемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
      Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті− химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.
      Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті−орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу.
       Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті−орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалды анықтауарқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру.
      Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті−табиғатты аялай білуге баулу, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануые болдырмау, минералды тыңайтқыштарды қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу, соңғы кезге дейін химияны кілең мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге және адамның денсаулығына тигізетін әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.
         Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті− оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.
         Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті− оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту;химиялық әдебиетттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;сөйлей білуге,өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету;химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру;олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.
      3. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде химияның міндеті оқушыларда қоғам, табиғат және олардағы адамның орны туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру екені айтылды.
      Ғылыми көзқарас жеке пәндерден алған білімнің қорытылуынан туады.Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар:философиялық деңгей, жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық деңгей.Осы деңгейлерге сәйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық (химиялық, физикалық,т.б.) бейнелері қалыптасады.
      Химия материяның нақтылы бір түрі− заттарды және материя қозғалысының химиялық формасы− заттардың сапалық өзгерістерін зерттейтін ғылым.Химияны үйренгенде заттар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың химиялық бейнесі қалыптасады.Химиядан алынған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады.Дәлірек айтқанда, табиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз− химиялық жалпы білімнің қоғамдық пәндерден алған біліммен бірігуі, біртұтас ой−пікірге, сенімге айналуы.
      Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін материалдың мазмұны мен теориялық деңгейіне, пәнаралық байланыстың күрделенуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.
       Бірінші кезеңде, бейорганикалық химия курсын өткенде, заттармен және химиялық реакциялармен байланысты жеке көзқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде, химиялық терминдер арқылы қалыптасады.Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білінеді және құрамы мен құрылысына тәуелді болады.Заттар үздіксіз өзгеріске ұшырайды, бірақ ізсіз жойылмайды, бір заттар екінші заттарға айналады.Бұл айналулар кезінде затты құрайтын бөлшектер молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады.
         Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен периодтық жүйені қарастырғанда химиялық элементтердің барлық көрсеткіштері жүйедегі орнымен сипатталатыны, бір−біріне айналатыны және жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады.Периодтылық табиғаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементтерді алдын ала болжауға мүмкіндік бергеніне және олардың расталғанына оқушылардың көзі жетеді.Бұдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементтерді және олардың қосылыстарын өткенде өтілген заңдар мен теорияларды басшылыққа алып, заттардың қасиеттерін, реакция нәтижелерін болжай білуге үйренеді.
         Екінші кезең органикалық химияны өтуге байланысты.Бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандылығы олардың электрондық және кеңістіктегі құрылысына тәуелді екені, органикалық заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттері жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай <<тіршілік күшінің>> жоқ екені жөнінде түсінік алады.
        Үшінші кезең орта мектеп үшін жаңа қорытынды курс  - жалпы химияны өткенде жүзеге асады.Жалпы химия курсында заттардың құрылысы, химиялық реакциялар, металдар және бейметалдар туралы оқушылардың білімі тереңдетіліп, бір жүйеге түсіріледі, қорытылып, жалпыланады.
        Төртінші кезеңде бейорганикалық химиядан, органикалық химиядан және жалпы химиядан алған білімді қорытындылағанда әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады.
      4. Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың бір аса міндеті  - оқушылардың ақыл−ойын дамыту.Педагогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің және қарқынының көтеріңкі болуына, соларға сәйкес оқушылардың таным әрекетінің белсенділігіне тәуелді болады.Мұның мәнісі− оқушылардың білім алудағы <<ең таяу биігі>> көрініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш−жігерін аямай, еңбек істеуі тиіс деген сөз.
         Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс және жаңа жағдайда қолдана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың ақыл−ойы білім мен білікті білікті игеру барысында дамиды.Жеке кластар бойынша теориялық және деректі материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шығарудан қалыптасатын білім мен біліктердің тізбегі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.
      Оқушылардың ой−өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымына, іске жарата білуінен айқын көрінеді.Мұның үш деңгейі бар.Бірінші деңгейі− алған білімді еске түсіріп жаңғырту.Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында ұстай білуінен аңғарылады.Екінші деңгейі−алған білімді оның қалыптасуына ұқсас жағдайда қолдана білу.Мұнда білімді қайта жаңғырта отырып, тасымалдау және іске жарату жүзеге асады.Үшінші деңгейі− алған білімді бұрын кездеспеген жаңа жағдайда қолдана білу.Бұл жаңа жағдайды бұрынғымен жақындастыратын, байланыстарды ашатын, ойлау тәсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.
      Білімді алу мен қолдану процесінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері:салыстыру, анализ және синьез, жіктеу және жүйеге түсіру, себеп−салдар байланысын ашу, қорыту және жалпылау.Бұлар бір−бірімен ұштасып, жүзеге асырылғанда ақыл−ой әрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады.Мәселен, нәрселер мен құбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады.Жалпылау кезінде елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып, мысалдармен нақтыланады.Қорытындылауда себеп− салдар байланысы, жіктелуі, жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысы ашылады.        Оқушылардың ақыл−ой әрекетін қалыптастыру химияның алғашқы сабақтарынан басталып, біртіндеп дамытылады.Ол үшін әр тақырыпқа лайық сұрақтар, жаттығулар мен тапсыпмалар әзірленеді.Бұл орйда білімді жүйеге келтіру және қорытындылау сабақтарының маңызы зор.Бұл сабақтарда ақыл−ой әрекетінің айтылған тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар мптериалды жаңа қырынан көруге үйренеді, жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысын тауып, алған білімді қолдана білуге дағдыланады.
                       Бақылау сұрақтары
1.Педагогикадан алған білімдеріңе сүйеніп, орта мектептегі оқу пәндерінің атқаратын қызметін айтып беріңдер.
2.Химиядан орта білімнің жеке бөліктерін сипаттандар.
3.Ғылыми көзқарас қалыптастыруды қалай түсінесің, оның деңгейлері туралы білетініңді еске түсір.
4.Диалектикалық материализмнің заңдары мен категорияларының жалпы сипаты болатынын дәлелдейтін химиялық мысалдарды келтір.
5.Химияны оқыту барысында тәрбие беру мәселелерін қалай түсінесің.
6.Химияны оқыту барысында оқушылардың дамуы қалай жүзеге асады.


2. Дәріс. Орта  мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.
1.Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.                                                                                  2.Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері. 3.Ұғымдарды дамыту негіздері.                                                            4.Химиядан алған орта білім мазмұнының келешегі туралы. 
    1.   Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
       Ғылымилығы.Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді.Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс.Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.
      Жүйелілігі.Оқу материалы ғылымның логикасына сәйкес бірінен   бірі туындайтын ретпен орналастырылады.Жаңа материал өтілгенде ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады.Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
       Түсініктілігі.Бұл ғылыми негізге− кереғар, жүйелілікке тура қатысты болады.Оқу материалының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді.Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.
       Саналылық және белсенділік негізі  -  оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру.Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.
        Көрнекілік принципі  - дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызды орын алады.Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс.Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суретерін, сызбанұсқаларын пайдаланады.Осының бәрінде оқушылар жан  - жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.
         Теорияның сарамандыққа байланыстылығы.Бұл− оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды.                                                                                                                    Сөз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан .алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана дыбілуі тиіс.Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.
   2.Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері.    Химияны оқыту методикасының негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген:мазмұнның тұтастығы, ғылыми дәлдігі және құндылығы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі, көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі, халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
      Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі.Қазіргі ғылыми−техникалық революция дәуірінде жеке ғылым салалары қарыштап дамыды.Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7−10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен.Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін−дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді.
      Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда білімнің жүйелі түрде орналасуы ескеріледі.Оқу материалының ішінен ең іргелі білім мен біліктерді іріктеп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.
       3.Ұғымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымының даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді.Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес.Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді.
         Қиыншылықты бөлу негізі.Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты.Мұндағы негізгі мәселе оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың,теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау.Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады.Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады.Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірінші жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау және дамыту мақсатын көздейді.
        Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдар дамытуға тығыз байланысты.Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстың әр жерінде өтіліп дамытылады.Мәселен, валенттілік  ұғымының жетінші класта эмпирикалық түсінігі, сегізінші класта электрондық түсінігі беріліп келді.Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы әр тақырыптарға бөлініп беріледі.
       Политехнизм негізі.Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар:1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің және негізіне химиялық әрекеттер жататын кейбір өндіріс орындарының шикізаттары, өнімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппараттары; 2) өндірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа өндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркәсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары;5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6) кәсіптік бағдар беретін материалдар;
         Тарихи негіз.Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз− химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру.Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады.Біріншісі орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі− химиялық элементтердің, заттардың , химия ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәліметтер беру.
     Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сәйкес химия пәнінің мазмұны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.
       1920 жылы химияның шамамен екі бағдарламасының жобасы жарияланды.Шамамен алынған дейтініміз бұл бағдарламаларда әр класта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмұны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мұғалімнің өзі анықтау керек болды.Екі жоба химияны оқытудың өмірмен, қоғамдық сарамандыққа байланысын өздігімен істейтін сарамандық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай құрылды.
        1923 жылы қабылданған жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті.Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін <<табиғат>>, <<еңбек>>, <<қоғам>> деген құрама тақырыптар енгізілді.Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік әрекеттер оқылып, химиялық білім әр кластың соңында қарастырылды.Жүйелі білімі болмағандықтан, оқушылар өндірістік әрекеттерді жөңдеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.
       Оқу пәндерінің бағдарламаларын жасауда орын алған бұрмалаушылықтарды түзетуде ВКП(б) Орталық Комитетінің  1932 жылғы тамыздағы <<Бастауыш және орта мектептердегі оқу программалары және режимі>> туралы қаулысының маңызы зор болды.Бұл қаулыда жалпы білім беретін пәндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пәнаралық жылдың соңында В.Н.Верховский басқарған комиссия химияның тұрақты бағдарламасын ұсынды.
   4.Химиядан алған орта білім мазмұнының келешегі туралы. 
Соңғы кезде жалпы білім беретін орта мектептің жұмысына жан  - жақты талдаулар жасалып, оны қайта құрудың тұжырымдамалары ұсынылды.Оларда мемлекет, мектеп және оқушының өзара қарым  - қатынасындағы мына үйлеспеушіліктер: мектептің біркелкілігі мен оқушылардың білімге ұмтылуының сан алуандылығы, оқыту мазмұнының бірдейлігі мен жүзеге асудағы алуан түрлілігі, жобаланған нәтиже мен іс жүзіндегі нәтиженің алшақтығы атап көрсетілді.Бұларды болдырмау үшін мектепке ізгілік сипат беру және демократияландыру, оқыту мазмұнын түрлендіру және оны таңдаудағы мұғалім мен оқушының дербестігін арттыру жолдары белгіленді.
     Бірінші тұжырымдаманың авторлары осы кезге дейінгі химия пәнінің мазмұны деректер − қорытынды−теория сызбанұсқасына сәйкес логикамен баяндалғанын дәлелдеп, одан бас тартуды жөн көрді.Оның орнына бақылау  - теория  - қорытынды  - жинақтап қорыту сызбанұсқасын ұсынды.Енгізілетін ұғымдар постулат ретінде дайын беріледі.Оның мазмұны қорытып шығарылатын ұғымдар арқылы толық ашылады.
     Екінші тұжырымдаманың авторлары қазіргі қолданылып жүрген химия бағдармаласында деректі материалдың көптігін, өмірден алыстығын, мазмұны мен баяндалу ретінің осалдығын атап көрсетеді.Олар орта мектепте химияның барлық оқушылар үшін міндетті базалық курсы және  тереңдетілген курсы болу керек деп есептейді, негізгі курстың бағдарламасын ұсынады.
       Үшінші тұжырымдамада химиялық орта білімді үш курсқа жіктейді:  1.        5 −7 кластарда кіріспе білім беретін біріктірілген− жаратылыстану курсы.2. 5−9 кластарда жүйелі білім беретін негізгі курс. 3. 10−11 кластарда салалық және арнайы курстар.
      Химияның негізгі жүйелі курсы деңгейінде білім алуға барлық оқушылар міндетті.Бұл курс бір бағытты немесе қайталанбалы болып құрылуы мүмкін.Бір бағытты курста 8−9 кластарда бейорганикалық, 10−11 кластарда органикалық химия оқылады, соңғы кластағы қазіргі жалпы химияның орнына білімді қорытып жинақтау жүзеге асырылады.Химияның жүйелі курсының теориялық мазмұны электрондық теорияның элементі кіретін атом мен молекулалар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы жалпы ұғымдардан тұрады.Периодтық жүйенің заңдылықтарына сүйеніп, ең маңызды металдар және бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттері қарастырылады.
       10−11 кластарда оқушылар қабілетіне қарай өз қалауы бойынша гуманитарлық салаға, жаратылыс ғылымдарының саласына, химияны терең үйренетін және т.б. салаларға бөлініп оқиды.
       Гуманитарлық саланы қалаған оқушылар үшін химиялық білім негізгі жүйелік курс деңгейінде қалады.Жаратылыс ғылымдарын таңдағандарға химия одан гөрі көтеріңкі деңгейдің үстіне қосымша курстар өтіледі.Қосымша курстар есебінде физикалық химия, химиялық технология, агрохимия, аналитикалық химия, және т.б. химияның маңызды салалары оқылады.Талданған тұжырымдамалардың тиімділігін көпшілік талқысы және мектептерде өткізілетін байқаулар анықтап береді.
                      Бақылау сұрақтары.
* Орта мектептегі химияның тұрақты бағдарламасын сипаттап, оны ең соңғы бағдарламамен салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.
* Химия бағдарламасын жетілдіруге қандай жағдайлар әсерін тигізеді?
* Химияның соңғы бағдарламаларын бағдарлама−методикалық құжат деп атайтыны неліктен?
* Орта мектептегі химия курсы мазмұнының келешегі қандай?



                                       
3.Дәріс.   Химияны оқыту әдістері.
1.Оқыту әдістері туралы түсінік.                                                        2.Оқытуәдістерінің жіктелуі.                                                           3.Түсіндірме− сурет бойынша түсіндіру әдісі.                                                 4. Сөз  -  көрнекі әдістер тобы.                                           5.Сөз−көрнекі−сарамандық әдіс                                                                6.Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері. 

1.Химияны оқыту әрекетінің мақсаты және мазмұнымен таныстық.Оқыту әдістері дегеніміз− белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс−әрекеті мен оқушы іс−әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі. 
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері << мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы>>.
Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады: Оқытудың әдістері, құралдары, іс−әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған.Бұл тұрғыдан қарастырғанда <<химияны оқыту әдістері химия ғылымының махмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз− мазмұнның ішкі қозғалысы>>.
2.Оқыту әдістерінің жіктелуі.
Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды.Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі.Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерег жіктеледі.
* Түсіндірме−сурет бойынша түсіндіру−жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады:а) баяндау (дәріс,әңгіме); ә) әңгімелесу;б) текспен өздігінен жұмыс; <<Сөз әдістері>> −тарихи қалыптасқан термин,  оны <<ғылыми тілге негізделген әдістер>> десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі.
*  Сөз− көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер:а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көосете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;
*  Сөз− көрнекі−сарамандық әдістер тобына:
А) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;
Ә) химиялық тәжірибелер орындау;
Б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;
В) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады;
        Химия ғылымының зерттеу әдістерін химияны оқытуға қолданғанда оқыту әдістерін бақылау, химиялық эксперимент, модельдеу, суреттеу, теориялық түсіндіру, теориялық болжаулар әдістері деп жіктейді.
3.Түсіндірме− сурет бойынша түсіндіру әдісі.
        Бұл  -  ертеден қолданылып келе жатқан, кең таралған әдіс.Мұның мәнісі: мқғалім білімді дайын күйінде береді, оқушылар оны қабылдап, қайта жаңғыртып, ұқсас жағдайда қолданады.Бұл әдіс деректі және теориялық материалдарды баяндау үшін, құралдарды және өндірістік қондырғыларды ссипаттау, құбылыстардың мәнін түсіндіру үшін барлық кластарда қолданылады.
         Түсіндірме−иллюстративті жалпы әдістің сөз әдістері тобын толығырақ қарастырамыз.
          Ауызша баяндау.Методикалық әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу элементі бар әңгіме не дәріс) деп үшке жіктеледі.
         Әңгіме. 10−25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау.Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін.Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.
     Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласын тудыру.
     Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау.
      Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.
           Дәріс. Әңгімеден айырмасы ұзақ мерзімді (30−40 минут) баяндауға жатады, жоғарғы кластарда жиі қолданылады.Орта мектеп реформасында, жаңашыл мұғалімдер іс−тәжірибесінде, кейінгі методикалық әдебиеттерде дәріске көбірек көңіл бөлінеді, оның тиімділігі нақтылы дәлелденген.
         Әңгімелесу. Диалогтық баяндауға жатады.Әдістің мәні  -  мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ− жауап әдісі деп те аталады.Баяндалғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады.Мұғалім мен оқушы іс− әрекетінің сипаты және мақсатына қарай  бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі.Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс.
           Оқулықпен және басқа кітаптармен жұмыс. Қазіргі педагогиканың және мектеп реформасының негізгі талабы− оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.Осындай оқу біліктерінің ішіндегі ең маңыздысы  -  кітаппен жұмыс істей білу.Оқулықпен жұмыс істеу әдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану және тексеру үшін пайдаланылады.
4. Сөз  -  көрнекі әдістер тобы.
    Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау. Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:1) заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар); 2) көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер); 3) бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильмдер); 4) графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар); 5) символикалық көрнекі құралдар;
      Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер  - көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері  - сөз әдістері деп аталады.
5.Сөз−көрнекі−сарамандық әдіс.
   Бұл әдістің мәні−оқушылардың сарамандық іс  - әрекетін тиімді ұйыдастыру.Бұған жататындар: оқушылардың эксперименті, (зертханалық жұмыстар, сарамандық тәжірибелер), химиялық есептер шығару және жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау.Мұның бәрі оқушылардың өздігінен жұмыс істейтін жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады.
      Оқушылардың эксперименті  - заииар мен химиялық реакцияларды таңып білудің негізгі құралы.Ол арқылы оқушылар заттардың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнісін түсінеді,сарамандық біліктер мен дағдылар алады.
      Зертханалық жұмыстардың мақсаты  -  жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып −үйрену сабақтарында жасалады.
      Химияның сарамандық жұмыстары оқушылардың білімін нығайтумен бірге эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптастырады.
6.Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері.
    Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал ұсыну, оны текскру және қорытынды жасаудағы оқушылардың белсенділігінің артуымен сипатталады.Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, көрнекі құралдарды зерттеу әдісімен көрнекі көрсету, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибн жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б. жатады.
    Зерттеу әдісінде қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі.Үлестіріліп берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді өздігінен орындайды, құралдар қарастырады, модельдер жасайды, графикалық жұмыстар және т.б. орындайды.Оқушылар әр зерттеудің жоспарын жасап, соған сәйкес іс  - әрекеттерді жүзеге асырады.Кейде мәселені өзі қойып, қалай шешудің гипотезасын ұсынады, оны тексерудің жолдарын анықтайды.Ол үшін ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттермен байсалды жұмыс істейді.


                       Бақылау сұрақтары
* Оқыту барысында сызбанұсқаға сүйеніп, химияны оқыту әдістерінің мәнің түсіндіріңдер.
* Химияны оқыту әдістерінің жіктелуін кесте арқылы (жалпы әдіс, әдістер тобы, жеке әдістер) жазыңдар.
* Баяндау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасын келтіріңдер.
* Сөз−көрнекі әдістермен оқыту құралдарының байланысы қандай?Көрнекі көрсетулерге қойылатын талаптардың сызбанұсқасын сызып, сипаттап беріңдер.
* Оқушылар экспериментінің түрлерін салыстырып сипаттаңдар.
* Эвристикалық әдістердің ерекшелігі неде?
* Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріңдер.








4.Дәріс. Химияның тілі− оқыту құралы. 
1.  Химия тілі және оның маңызы.
Методикалық әдебиеттерде оқыту құралдарына табиғи объектілер және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімге арналған методикалық әдебиеттер жатқызылады.Осылардың соңғылары химияның тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды.
      Білім− сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек.Сонымен, химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден  - бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
     Химия тілінің бір−ірімен тығыз байланысты үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі  - ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер−ғылыми ұғымдардың атаулары.Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалыптасты.
     Химиялық тілдің екінші бөлігі− химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі.Ол кәдімгі және жүйелік, ұлттық және халықаралық номенклатура химиялық символикаға негізделеді.
     Химиялық тілдің үшінші бөлігі−химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады.Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып  келді.Химиялық символика−халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы.Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді, өзінше дербес қолданылады.
     Химиялық тіл мектептегі химияны оқыту барысында жан−жақты дидактикалық қызмет атқарады.Химиялық тіл арқылы оқушыларға жаңа білім беріледі.
      Химиялық тіл оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы.Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп− салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады.Химияның қоғам өміріндегі маңызын, экологиялық мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
2.Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі орны және атқаратын қызметі.
     
Тіл−қисындық құралдар
Бағдарлама,оқулық,оқу құралдары,басқа кітаптар
Химиялық эксперимент
Көрнекі құралдар, техникалық құралдар
       Кестеде келтірілген оқу құралдары тікелей немесе жанама түрде химияның тілімен байланысады.Тіл−қисындық құралдарға құрылым формулалары, терминдер, символдар және номенклатуралық атаулардың қатысуымен жасалған құрылым− қисындық сызбанұсқалар жатады.
        Химияның бағдарламалары, оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған.
       Көрнекі құралдардың, мәселен кестелердің, диаграммалардың, суреттердің, фильмдердің және т.б. түсініктемелері ғылымның тілі арқылы жазылады.Олардың әрқайсысынан алынатын ғылыми ақпарат тілдік құралдар арқылы жүйеге келтіріледі.
      
3.Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері.
    Жалпы ғылыми тілдің, оның ішінде химия тілінің әр жақты түсінігі бар.Философиялық жағынан алғанда, ғылыми тіл−ғылыми білімнің біліну түрі, білім−мазмұнға, тіл−түрге жатады.Мазмұн мен түр арасында диалектикалық байланыс бар.Білім үздіксіқ өсіп молайып отырады, тіл жеке бөлікті тұрақты қалпында қалады.
     Таңбалар туралы ілім− семиотика химиялық тілдің таңбалары үш жағынан қарастырады.
      Біріншісі− химиялық тілдің сөз мәні, таңбаның бейнелейтін объектіге қатынасын көрсетеді.Химиялық символикада таңбамен атом, формуламен заттың құрамы, теңдеумен химиялық реакция белгіленеді.Олардың әрқайсысы өздері бейнелейтін объектілері жөнінде көптеген ғылыми мағлұматтар береді.
      Химиялық тілдің екінші жағы− прагматика, таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді.Химия саласында жинақталған қоғамдық тәжірибенің ұрпақтан− ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады.Химиялық тілдің оқыту барысындағы пайдаланылуы да осы салағы жатады.
      Химиялық тілдің үшінші жағы  -  синтаксисі, таңбалардың құрылысын және бірігу ережелерін қарастырады.Химиялық терминдердің жасалу модельдері, химиялық формулалар мен теңдеулерді құрастыру, химиялық теңдеулерге коэффициенттер қою, жүйелік номенклатураның негіздерін анықтау химиялық тіл синтаксисінің міндеттеріне жатады.
      Әр таңба өзінің мағынасы арқылы әсер етеді, мағынасыз таңба болуы мүмкін емес.Таңбаның мағынасы дегеніміз− денотаты жөнінде білдіретін ақпараты.
4.Мектептің химия курсындағы тіл туралы білімнің мазмұны және оны игеруге қойылатын талаптар.
     Жаңа бағдарламада оқушылардың жеке кластарда алуға тиісті білімі мен біліктеріне қойылатын негізгі  талаптар бес салаға топтастырылатыны айтылды.Соның бірі  - химиялық тілді игеруге қойылатын талаптар, негізінен химиялық символиканы қамтиды.
1−талап. Оқушылар элементтердің химиялық символдарын білуі тиіс.Оқушылар символдың жасалу тарихы, мағынасы және пайдаланылуы туралы мағлұмат алады.Химиялық символ элементті, атомдар молін және бір атомды таңбалайды, олар туралы көптеген сапалық және сандық мәліметтер береді.Оқушылар әр таңбаның таңбасына ауыса білуі керек.
2−талап.Оқушылар химиялық формулалар мен теңдеулердің мағынасын түсіндіре білуі керек.
3−талап. Валенттілікке сүйеніп, екі элементтен тұратын қосылыстардың формулаларын құрастыра білу.Бұл талап оқулықта және методикалық әдебиеттерде жеткілікті баяндалған дәстүрлі тәсілдермен іске асырылады.
4−талап. Металдардың және қышқыл қалдықтарының валенттіліктері бойынша негіздердің және тұздардың химиялық формулаларын құрастыра білу.Мұнда гидроксотоптың бір валентті, қышқыл қалдығының валенттілігі металмен орын алмастыратын сутегіне тәуелді екенін есте сақтау жеткілікті.
5−талап.Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды атай білу.
6−талап.Электрон қабаттарындағы электрон сандарын көрсетіп, атом құрылысының сызбанұсқасын сыза білу.
7−талап.Қосылыстың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай білу.Тотығу дәрежесі валенттілікпен  қатар қолданылатын ұғым.Ол теріс электрлік ұғымымен тығыз байланысты.Тотығу дәрежесі кез келген қосылысты шартты түрде иондардан тұрады деп есептегенде әр атомға тиесілі заряд шамасымен анықталады.Бос күйіндегі және жай зат құрамындағы атомның тотығу дәрежесі нөлге, иондық қосылыстарда иондар зарядына тең болады.
8−талап.Өтілген тотығу−тотықсыздану реакцияларының негізінде электрон балансын жазып, химиялық теңдеу құру.Оқушылар атомдардың электрон беру және қосып алу мүмкіндігін дәл басып анықтап, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотықу әрекеті және тотықсыздану әрекеті ұғымдарын жете меңгеріп, тотығу дәрежесі ұғымын пайдалана білу керек.
9−талап.Келтірілген талаптарға сәйкес оқушылардың химиялық тіл туралы алған білімі 9− сыныпта нығаяды.Бұл класта жаңадан қосылатын талап қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың диссоциациялану теңдеулерін, өтілген және соларға ұқсас реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құра білу.
5.Химиялық тілді саналы меңгеру және пайдалана білу жағдайлары.
    Орта мектептегі химияның мазмұны тіл арқылы баяндалып, оқыту құралдары мен әдістері тілге негізделетіндіктен, оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің үйлесуін тіл мен сөйлеу арқылы көрсетуге болады.
    Әлеуметтік тәжірибе болып табылатын білім мұғалімнен оқушыға заттар мен құбылыстар және оларды түсіндіретін тіл және сөйлеу арқылы беріледі.Бұл әрекет бірімен−бірі тығыз байланысты жүреді, сондықтан оқушылар химиялық тілді меңгереді,содан соң химия тілі арқылы заттар мен құбылыстар жөніндегі білімді игереді деп шартты түрде ғана айтуға болады.
      Химияда төрт таңбалар жүйесі қолданылады:заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілері, сөз таңбалар, символдар жүйесі және номенклатуралық таңбалар.Тұрақты ғылыми ақпарат  осы жүйелердің бірінен екіншісіне ауысып отырады.Оның ауысу бағыты оқыту барысында таңбалардың қолданылу ретіне байланысты.Оқыту тиімді болу үшін әр нақтылы жағдайда пайдаланылу ретін дәл анықтауы керек.
6.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы.
     Қазақ мектептерінде химияны оқыту ғылыми тілі арқылы еркшеленеді.Бұл тіл химия оқулықтарын, оқу методикалық әдебиеттерін орыс тілінен аудару және қолтума еңбектер жазу үстінде қалыптасты.Химия тілінің негізгі бөлігі−   қазақша химияның терминдері қазіргі дәрежесіне жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтті.
       1920−1930  жылдарда С.Т.Сазонов, В.Н.Верховский және П.П.Лебедов жазған химия оқу құралдарын қазақ тіліне аударғанда жеті жылдық мектеп көлеміндегі химия терминдері қалыптасты.
      1930−1950 жылдарда В.Н.Верховский мен Л.А.Смаргонский жазған химияның тұрақты оқулықтарында бірсыпыра теориялық және технологиялық тың материалдар еңгізіліп, терминдер саны бұрынғыдан анағұрлым артты.Бұларды аударуда өткен кезеңдегі тәжірибе пайдаланылды, айтылып өткен қателіктер түзетілді.Қазақ сөздерінен баламасы табылмаған интернационалдық терминдер орыс тіліндегі жазылуы мен айтылуын сақтап қабылданды.Көптеген жаңа нақ көшірмелер жасалып, қазақтың байырғы төл сөздері терминдік мағынаға ие болды.
        1950−1990 жылдарда химия мен химияны оқыту методикасынан орта және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары, химияның орысша−қазақша сөздіктері басылып шықты, химия тілін зерттеу жұмыстарының нәтижесі жарық көрді.Химия терминдерінің саны мен сапасы артып жоғары білімнің ауқымын қамтитын дәрежеге жетті.
      Химия саласындағы ғылыми ақпараттың қаулап өсуіне байланысты химия тілін ұдайы жетілдіру және оны оқытудың тиімді әдістерін іздестіру күн тәртібіне түспейтін күрделі мәселе.

                       Бақылау сұрақтары
* Химияның ғылыми тілі дегеніміз не, ол қандай бөліктерден тұрады?
* Химия тілін түсінудің ғылыми негіздері қандай?
* Оқыту құралдарының ішінде химия тілінің алатын орны?
* Химиялық символиканы игеруде оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптар қандай?
* Химиялық номенклатураның түрлері және олар оқыту барысында қалай пайдаланылады?
* Химиялық тіл туралы білім қалыптасуының қандай теориялық негіздері бар?
* Химия тілінің оқу−тәрбиелік маңызы қандай?
* <<Химиялық алғашқы ұғымдар>> тақырыбындағы негізгі ұғымдардың атауларын теріп жазып, олардың арасындағы белгілі байланыстарды сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.
* Химиялық символика мен химиялық номенклатура арасында қандай байланыс бар?
* Қазақша химияның ғылыми тілі қалай қалыптасты?

5.Дәріс. Оқушылардың білімін және білігін тексеру.
1.Білім мен білікті тексерудің оқу−тәрбиелік маңызы.
      Оқытудың нәтижесін шығару−оқыту барысындағы аса маңызды бөлік.Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдістері және ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады.
       Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады.Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.
      Білімі мен білікті күнделікті, тоқсандық жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.Ата−аналар балаларының үлгірімі жөнінде хабар алады.Әр оқушының жетістігі ата−анасының қуанышқа кенелтетін болса, кемістігі және артта қалуы дер кезінде шаралар қолдануға мүмкіндік жасайды.
      Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады.Жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады.Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды.
      Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талаптар қойылады.Текскру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек.Сонда өтілген және тақырып бойынша әр  оқушының білімі нақтылы анықталады.
       Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс.Тексеру үшін қажетті дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сәйкес алдын ала әзірленеді.
2.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері.
     Методикалық әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеруді дидактикалық мақсаттарын қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктейді.Күнделікті тексеру жеке сабақтарда, дүркінді тексеру бір тақырыпты өткен соң қорытынды тексеру тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырылады.Бұлардың әрқайсысы өткізу әдістері немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттік тапсырмаларға бөлінеді.Бұлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жаппай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары, ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жеке  - дара көрнекі көрсету эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй эксперименті  болып тарамдалады.Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп жіктеледі, соіғысына жататындар :карточкалар,перфокарталар, кодепленкалар, диафильмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т.б.
      Осы кездегі педагогикалық және методикалық әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексеруге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады.Біріншісі−оқу жұмысын ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдылар:жоспарлау, оұқулықпен жұмыс істей білу, білімнің басқа құралдарын пайдалана білу, беретін жауабының жоспарын жасау, айтқанын дәлелдей білу, өзін өзі бақылау және талдау.Екіншісі−оқушылардың даму өресін көрсететін қисынды біліктер мен дағдылар:анализ және синтез жасай білу, салыстыру, жіктеу, жалпылау, негізгісін таба білу, аналогия жасау, себеп−салдар байланысын ашу, жорамал жасай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару.Үшіншісі−еңбек істей білумен байланысты біліктер мен дағдылар:еңбеке істеуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі, реактивтермен жұмыс істей білуі, сақтық шараларын орындауы, тәжірибе жасау техникасын меңгеруі, құбылыстарды бақылау білуі, бақылауды тіркеп жазуға икемділігі, уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.
3.Ауызша сұрақ қою.
      Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады.
       Ауызша сұрақ қою кезіндегі ең маңызды методикалық мәселе−нені және қалай сұрайтынын анықтау.
       Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тиімділігін арттыратын әдістері бар.
* Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау.Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, әр оқушы өзінің психикалық жағынан жауап қайтаруға әзірлейді.
* Оқушының жауап беруге әзірленуі. Сұрақтың мазмұнына сәйкес оқушы жауап берудің жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды , реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады.
* Жауапты тыңдау.Бұл  - ауызша сұрақ қоюдың ең жауапты, және қиын кезеңі.Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе өзіңе ұнайтын бірдеңемен айналысып кетеді.
4.Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру.
     Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын , алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.
      Бір мезгілде өткізілетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергені, жіберетін қателерінің мазмұны және көлемі анықталады.Жазба жұмыстарын әзірлеуге, нәтижесін шығаруға және талдауға уақыт көп жұмсалады.Жеке тақырыптар бойынша бақылау жұмыстары жылдық тапсырмаларда көрсетіледі.
5.Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру.
                  Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген.Бұларды оқушылардың қалай игергені көрнекі көрсету арқылы тәжірибелер жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.
         Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімді тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады және бақылайды.
       Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары, зертханалық тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі.Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болуға тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды.
        Келтірілген біліктер мен дағдылардың орындалу сапасын талдау және зертханалық жұмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп әр оқушының жұмысы бағаланады.
6.Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау.
      Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
       Химиядан орта мектепте зачет алу елуінші жылдардан бері қолданылып келе жатса, методикасы нақтылы талданбаған.Ең алдымен әр класта өткізілетін зачет санын және тақырыптарын анықтайды.Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады.Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері кірістіріледі.Төртіншіден, материалдың мазмұнына қарай зачет ауызша және жазбаша өткізіледі.
       Химиядан мектеп бітіру емтихандары, оқушылардың білімінің, білігінің және дағдысының сапасын анықтап,мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билеттер жүйесін қолдану арқылы өткізіледі.
     Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі және болымсыз деп есептеледі.Елеуліге оқушы жауабының таях және түсініксіз болуынан туындайтын мына қателіктер жатады:оқушы ұғымының негізгі белгілерін, заттардың маңызды қасиеттерін, заңның негізгі тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, түсіндіруге, себеп−салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды.Болымсыз қателіктерге оқушының жаңылып кетуінен, өз жауабына мән бермей сөйлеуінен және жазуынан туындайтын қателіктер жатады, мәселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттерді қоюды ұмытады, ион зарядтарын және санын дәл көрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.
                       Бақылау сұрақтары
* Оқушылардың білімі мен білігін тексеру не үшін керек?
* 8− класс бойынша оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды айтып беріңдер.
* Оқушылардың білімі мен білігін тексерк қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?
* Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
* Галогендер тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының екі нұсқасы берілді, қалған екі нұсқасын өздерің жазыңдар.
* Химиялық диктанттың орнын, мазмұнын өткізу әдістерін баяндар беріңдер.
* Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?
* Химиядан алған білім сапасының көрсеткіштерін сипаттаңдар.
                            
6.Дәріс. Химиядан оқыту жұмысын ұйымдастыру.
1.Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы.Сабақ туралы түсінік.
2.Химия сабақтарының жіктелуі.
 3.Химия сабақтарының құрылымы.
4.Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.
5.Сабақты талдау. 
6.Сабақтарды жоспарлау.
7.Сабақтар жүйесін жетілдіру.
8.Химиядан топсеруен өткізу.  
9.Химияның факультативтік сабақтары.
     1. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, кластан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады.Осылардың ішіндегі ең негізгісі−сабақ.
      Сабақ ұғымының негізгі белгілері:оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарын сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі;уақыты кесімді −45 минут;оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді;өткізу әдістері алуан түрлі.
       Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді.Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы−педагогикалық, дидактикалық және методикалық мақсаттар қойылады.Сабақтың жалпы педагогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады.
2.Химия сабақтарының жіктелуі.
     Химияны оқыту методикасының оқулықтары мен оқу құралдарына химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі.
     Химиядан сабақ беру методикасынан дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын бес типке бөледі:1) жаңа білім мен білікті игеру(жаңа материалды оқып үйрену); 2) теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану; 3) білімді қорыту және жүйеге түсіру;4) бақылау−есепке алу; 5) аралас сабақтар;
 3.Химия сабақтарының құрылымы.
      Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады.С.Г.Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды қалыптастыру сабақтары 4−5 бөліктен тұрады деп есептейді, олар: 1) оқушыларды түгендеу;   2) сабақтың мақсатын айту, көрнекі көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту. Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігінен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
        Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптауырынға айналдыру тиімсіз екені іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелденеді.Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және методикалық мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады.Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.
        Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады.Мазмұндық құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өзара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді.Сабақтың мақсаттары, мазмұны және әдістерінен түзілетін үш құрылымы бір бірімен ұласып, байланысып жатады.
4.Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.
      Химия сабақтары баяндаудың хабарлама, көрнекі көрсету, безендірме әдістерімен өткізілгенде, зертханалық және сарамандық тәжірибелер нақтылы нұсқаулар бойынша жасалғанда,химиялық есептер бірыңғай жаттанды тәсілмен шығарылғанда, жаттығулар білімді қайта жаңғырту мақсатымен жүргізілгенде оқушылардың еліктеу−қайталау таным әрекеті жүзеге асады.
       Эксперимент есептерін шығарғанда, қойылған мәселені шешу жолдарын іздегенде оқушының дербестігі артып, іздеу таным әрекеті жүзеге асады.Мәселені өзі қойып, оны шешудің жаңа жолын ойластырса, оқушының танымы зерттеу сипатына ие болады, бұл оқушы көрсетуі ықтимал белсенділіктің ең жоғарғы сатысы.
       Еліктеу  - қайталау, іздеу және зерттеу сабақ үстінде оқушылар жүзеге асыратын таным әрекетінің үш деңгейі.Осылардың соңғы екеуін қамтамасыз ету үшін хабарлама баяндаудың орнына мәселелік әңгіме, мәселелік дәріс, эвристикалық әңгімелесу, зерттеу сипаты бар зертханалық және сарамандық жұмыстар жүргізіледі.
      Химия сабақтарында оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы  - оқыту әдісі ретінде қолданылады.Ол өзінен басқа әдістермен тиімді ұштастырылса, сабақтың дидактикалық мақсаттарына жетуіне, мазмұнын толық меңгеруге  жәрдемдеседі.
      Үй тапсырмаларын орындағанда оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына жатады.Мұғалімнің бақылауынсыз орындалатындығынан оның түрлері, мазмұны сабақтағыдан гөрі өзгеше болып келеді, тексерілуі кластағы өздігінен істелетін жұмыспен ұштастырылуы мүмкін.
5.Сабақты талдау. 
      Сабақ беру методикасын игерумен бірге оны жан жақты талдай білудің маңызы зор.Сабақты білгір талдау үшін химия курсының мазмұнын, құрылымын және сабақтар жүйесіне жіктелуін жетік білу қажет.
        Сабаққа кірердің алдында мұғалімнің тақырыптық жоспарымен танысып, сабақтың типі,құрылымы және сипаттамаларын жазып алған жөн.
6.Сабақтарды жоспарлау.
      Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі− жоспарлау, ол екі түрлі:тақырыптық жоспар және әр сабақтың жоспары.Тақырыптық жоспар кластар бойынша бір жылға жасалады.Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады.Қосымша әдебиеттерді және методикалық құралдарды пайдаланып сабақтың мақсаттары, мазмұны, типі, әдістері мен құралдары белгіленеді.Қазірші методикада және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың әр түрлі құрылымы пайдалануда.Химияны оқу методикасының сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны, сан есептері, көрнекі көрсету және зертханалық эксперимент, ескертулер көрсетілген.
Студенттерге арналған методиканың тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері және пән ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.
7.Сабақтар жүйесін жетілдіру.
       Химиядан класс−сабақ жүйесінің методикалық әдебиеттерде көбірек талданған, мектеп сарамандығында жиі қолданылатын мәселелері баяндалды.Бұл жүйе оқушыларға жоғары оқу орындарында білім алуға, тікелеі сарамандық істерге арласуға мүмкіндік тудырады.
      Дегенмен класс−сабақ жүйесінің бірқатар кемшіліктері де байқалып жүр.Сабақтың негізгі сипаттамалары біркелкі қайталанып, оқушылардың ынтасын азайтады.Біртұтас тақырып жеке сабақтарға майдаланып, олардың арасындағы мағыналық байланысын оқушылар жеткілікті түсіне алмайды.
      Класс−сабақ жүйесін жетілдіру саласында ұмтылыстар, ізденулер аз емес.Мұғалімдерге арналған жеке сабақтардың методикасын талдайтын көптеген құралдар жарық көрді.
      Оқушылардың білімі үш бақылаудан өтеді.Бірінші бақылау тақырыпты жалпы талдау сабақтарында, екінші бақылау семинарда, үшінші бақылау тақырыптың зачет сабақтарында жүзеге асырылады.Үш бақылау арқылы оқушының білімі және білігі жөнінде толық және ақиқат мағлұматтар алынады.
      Оқушыларды оқи білуге үйрету үшін өздігінен жұмыс істеуін жеңілдететін методикалық нұсқаулар беріледі.Оларды оқушылар семинар сабақтары кезінде пайдаланады.
     Өзіндік методикалық жүйе жасаған жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі химияны оқыту методикасын байыта түседі, әріптестеріне жол−жоба көрсетеді.Бірақ ең озық тәжірибені де мұғалім өзінің, оқушылардың және жұмыс істейтін мектебінің ерекшелігіне қарай ыңғайластырып, шығармашылықпен пайдаланбаса, күткен нәтижеге жеткізбейтінін есте ұстаған жөн.
8.Химиядан топсеруен өткізу.  
     Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі−топсеруен.Химиялық топсеруендер оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады.Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.
       Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеніп алынады.Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.
        Мектептің мүмкіндігіне сай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек.Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі.Ол үшін мұғалім топсеруен объектісімен жан−жақты танысып, оқу−тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғыларды дәл анықтап, олармен таныстырудың методикасын анықтайды.Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.
         Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі.Кешенді топсеруен бірнеше пәннен−химия, физика, география, биология, тарих т.б. ұйымдастырылады.
9.Химияның факультативтік сабақтары. 
       Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей бірыңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалып жүрді.Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылды.Бұлардың кәдімгі сабақтардан айырмасы тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері таңдайды.
       Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды.Біріншісі−орта мектепте өтіліетін химияның салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: <<Жалпы химияның негіздері>>, <<Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері>>.Екіншісі−химияның халық шаруашылығында қолданылуымен байланысты арнайы факультативтер: <<Өнеркәсіптегі химия>>, <<Ауыл шаруашылығындағы химия>>, <<Химиялық анализдің негіздері>>.
      Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақыттарды <<35сағ>> бағдарламасын, оқу құралдарын халыққа білім беру министірліктері бекітеді.Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының мамандары жүргізеді.
      Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша жүргізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды.Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша таңдап алғанымен үзбей қатысуға және үлгеруге міндетті: мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.
       Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, т.б. арқылы өткізіледі.Мұнда іздеу, зерттеу әдістерін жиі қолдануға зор мүмкіндіктер туады.Сарамандық жұмыстарды, түрлі анализдерді өздігінен жасайды, мектеп мамаңдығы бөлінген жерде, колхоздар мен совхоздардың егіс даласында тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар, баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырады, оқулықтармен, оқу құралдармен, анықтамалармен және ғылыми көшілік әдебиеттермен танысады және қысқаша жазбалар жазады.
                       Бақылау сұрақтары
* Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын санап шығыңдар.
* Сабақ қандай негіздереге сүйеніп жіктеледі?Галогендер тақырыбының сабақтарын типтерге және түрлерге жіктеңдер.
* Сабақтың құрылымы қалай анықталады?Жоғарыда келтірілген сабақ құрылымдарын сипаттаңдар.
* Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қандай үш салаға біріктіруге болады?
* Сабаққа талдау жасаудың негізгі бағыттары қандай?
* Галогендер тақырыбы бойынша бір жаңа материалды түсіндіру сабағының күнделікті жоспарын жасаңдар.
* Хлордың химиялық қасиеттері сабағына қысқаша жазба дайындаңдар.
* Химиядан факультативтік сабақтардың негізгі сабақтарға ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңдер.
* Химия өндірісіне ұйымдастырылатын бір топсеруенннің жоспарын жасаңдар.
* Сабақтар жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің қосқан үлесі жөнінде білетіндеріңді баяндап беріңдер.
* Сабақтарда оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының түрлерін және мазмұнын баяндап беріңдер.


7.Дәріс. Химияны оқытудың жеке мәселелері. Химияның алғашқы       
                       ұғымдарын   қалыптастыру методикасы.
1.Химияның алғашқы ұғымдарымен таныстырудың міндеттері мен маңызы.
         Қандай ғылым болмасын бір−бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жетік түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес.Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы ұғымдарды қарастырудан басталады.
    Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады.
7−кесте. Химиялық элемент, зат және химиялық реакция ұғымдарының сипаттамалары.
Ұғым
Сапалық сипаттамасы
Сандық сипаттамасы
Символикасы.
Химиялық элемент
Атом
Ar, валенттілік
Химиялық таңба.
Зат
Молекула.Қоспа және таза зат.Жай және күрделі зат.
Mr, заттағы элементтердің масса қатынастары.Моль.Авогадро саны.
Химиялық формула.
Химиялық реакция
Физикалық және химиялық құбылыстар.Химиялық реакциялардың белгілері, жүру жағдайлары, типтері.
Химиялық реакциялардағы заттардың масса қатынастары бойынша есептеулер.
Химиялық теңдеу.





* Химия пәні, зат, химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру.
* Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом−молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру.
* Құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом−молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіре білуге үйрету.
*   Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру, қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.
      Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті−химия пәнін оқытудың мазмұны мен әдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру.Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн, П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман оқулығының мүмкіншіліктерін жете пайдалану.
2.Химия пәні. 
      Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашқы сабақтардың маңызы зор.Методикалық әдебиеттерде химияның пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілнтіні айтылған.Біріншісі оқушылардың химияға қызығушылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тәжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді.Екіншісі химияның халық шаруашылығындағы маңызын мұғалыі тәптіштеп айтуға тырысады.Ғылымның өзін білмей тұрған оқушыға, оның маңызын кеңейтіп, айтудың да қажеті шамалы.
    Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні және заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.
       Осыдан кейін химияға заттар және олардың бір−біріне айналуын зерттейтін ғылым деген анықтама беріледі.
3.Таза зат және қоспа ұғымдары.
    Заттардың қасиеттерін зертттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі.Оқушыларға күнделікті тұрмыстан және табиғаттану пәндерінен белгілі қоспалар еске түсіріледі.Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сұйықтағы еритін және ерімейтін қоспалары көрсетіледі.Соның нәтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі.
       Оқушылар <<заттардың өзгерісі>>, <<құбылыс>>, <<физикалық және химиялық құбылыс>>, <<айналу>> терминдерімен белгіленетін жалпы ұғымдардың ара қатынасын түсіну арқылы химиялық реакция ұғымына келеді.Мұнда анықтаусыз енгізілетін ұғым−өзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі.Заттардың кез келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және химиялық құбылыстар.Химия оқулықтарында жаңа заттар түзілмейтін өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталатыны талас тудыруда.
     Бір заттардан екінші жаңа заттар түзілетін өзгірістер химиялық құбылыстар делінеді, оларды басқаша химиялық реакциялар деп атайды.
      Сонымен, өзгеріс пен құбылыс тең мағыналы жалпы ұғым, физикалық және химиялық құбылыстар солардан туындайтын екінші сатыдағы ұғымдар.Дегенмен химияның аударма еңбектерінде өзгеріс пен химиялық реакция арасындағы сатылау айырмасы, кейде ескерілмейді.Химиялық құбылыс, химиялық айналу және химиялық реакция бірінен бірі ажыратуға болмайтын тең мағыналы ұғымдар.
     Оқушылар химиялық реакциялардың жүргенін сыртқы белгілеріне қарап біледі, оларға жататындар: тұнбаның түзілуі және еруі, газдың түзілуі мен сіңірілуі, түстің пайда болуы немесе өзгеруі, жылу мен жарықтың бөлінуі мен сіңірілуі.
     Химиялық реакциялар заттардың көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерінің арасында жүреді.Реакцияның механизмі осы бөлшектердің өзгерісін ескеретін атом−молекулалық теория тұрғысынан түсіндіріледі және химиялық теңдеулер арқылы өрнектеледі.Химиялық тнңдеу зат массасының сақталу заңына сүйеніп жазылады, химиялық реакцияны сандық және сапалық жағынан сипаттайды.
4.Заттың құрылысы туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
      Химиялық құбылыстар кезінде оқушылар реакцияға кіріскне бастапқы заттардың және реакциядан шыққан өнімдердің соңғы заттардың қасиеттерін тікелей бақылайды.Заттың осы кезге дейін қалыптасқан эмпирикалық ұғымдары теориялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі.Заттың құрылысын түсіндіретін ең қарапайым көзқарас −атом−молекулалық іліммен таныстырылады.Бұл таныстыру методикалық жағынан үш түрлі шешімін тапты.
     Біріншісі− химия ғылымының даму қисынына және эксперименттік дәрежеге сәйкес алдымен эквивалент ұғымынан атомдық масса ұғымына, содаң сон атомның өзіне көшу арқылы жүзеге асырылды:эквиваленттік масса−атомдық масса−атом.Бұл методикалық шешім орта мектепке арналған алғашқы оқу құралдарында ғана пайдаланылды.
      Екіншісі−химияның тұрақты оқулықтарында ұдайы қолданылып келеді.Заттар молекулалардан, молекула атомдардан тұрады дейтін көзқарасқа сәйкес:айырылу реакциясы −молекула−атом сызбанұсқасы бойынша методикалық әдебиеттерде, мектеп сарамандығында айырылу реакциясының мысалы ретінде сынап оксидінің айырылуы қарастырылды.
      Үшінші шешм Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецованың 7−класқа арналған байқаудағы оқулығында кездеседі.Мұнда химиялық алғашқы ұғымдар тақырыбында атом ұғымы тәжірибеге сүйеніп енгізілмейді.Химиялық элементті анықтау үшін, дайын ұғым есебінде пайдаланылады.
      Тағы бір методикалық ізденулерді зат туралы алғашқы ұғымдар жүйесі қалыптасуының атом−молекулалық деңгейі қанағаттандырмайды.Атом, химиялық элемент, валенттік ұғымдарын бірден электрондық теория тұрғысынан беру керек деп есептейді.Бұл саладағы өздерінің тәжірибесін ортаға салады.


                       Бақылау сұрақтары
* Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанұсқа сызыңдар: а) зат ұғымдарының жүйесі; ә) химиялық реакция ұғымдарының жүйесі;
* Химияның пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыс қалай жүзеге асады?
* Таза зат және қоспа ұғымдары қалай қалыптастырылады?
* Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жұмыстың жазбаша нұсқауын әзірлеңдер.
* Заттың өзгерістері туралы ұғымдар жүйесін сатылары бойынша сипаттап, химиялық реакция ұғымына анықтама беріңдер.
* Атом, химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара байланысты көрсетіңдер, оларды анықтаудағы методикалық тәсілдерді сипаттаңдар.
* Мольға байланысты ұғымдардың бірінші тақырыпқа көшірілу себептерін қалай түсінесің, олардың басқа ұғымдармен байланыстарын көрстеіңдер.
* Алғашқы ұғымдардың қалыптасуындағы атом−молекулалық ілімнің жетекші ролін сипаттаңдар.
                                         8.Дәріс.
 Бейорганикалық  қосылыстардың  маңызды   кластары   
                  туралы  ұғымдардың  қалыптасуы.

1.оқу- тәрбиелік маңызы және орны. 
Бейорганикалық  қосылыстар құрамына қарай  төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы  зат және химиялық реакция жөніндегі  алғашқы  ұғымдарды  тереңдетіп, одан әрі дамытады. 
Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы  жайында нақтылы  ұғымдар  алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге ,киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. 
Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.
Атом-  молекулалық  ілімнің  негізгі қағидалары жөніндегі  білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.
Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық  қосылыстар  кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді. 
Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының  негіздерін  үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері  нығаяды.
Оқу  -  тәрбиелік  маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді. 
1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде  оқытылып, 7- класта басталып,8- класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта  өтілетін  деректі материалдың  көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт  болуына әкеліп соқты. 
1953-1962 жылдары Д.М.Кирюшкиннің  VII  класқа арналған оқулығында алдымен  негіздер, қышқылдар  содан соң  оксидтер және тұздар оқылатын болды. Өйткені оксидтердің химиялық қасиеттері қышқылдарға және негіздерге  қатынасы арқылы ғана берілуі мүмкін. 
1970 жылдардың соңында химия бағдарламасына  елеулі өзгерістер енгізілді. Бейорганикалық   қосылыстар  VII  класта жеке  тақырып ретінде оқытылмайтын болды. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегі тақырыбына, қышқылдар мен тұздар туралы  мәліметтер сутегі  тақырыбына, негіздер су тақырыбына көшірілді.  Олар туралы білім  VIII  класта  қорытылып бір жүйеге түсірілді. Ең  соңғы жаңартылған бағдарламада білімді қорытындылау   VII класқа ауыстырылды.  
Орта мектептегі бейорганикалық химияның мазмұны  мен құрылымын түбірлі өзгерткен  Н.С. Ахметов  және  Л.М. Кузнецова оқулығында бейоганикалық  қосылыстарды оқып үйренудің атом- молекулалық деңгейі   және  жеке тақырып   түріндегі деректі материалдары  шығып  қалды.  VII класта  << Химияның  алғашқы ұғымдары >>, << Атом құрылысы >> тақырыптарынан кейін  << Химиялық айналулар >> << Заттарды жіктеу >> тақырыбында  қышқылдар, негіздер және тұздардың  химиялық реакциялары  электрон- иондық тұрғыдан  қарастырылды. 

2. Оқу материалының  орналасуы  және берілетін  білімнің көлемі.
Оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар туралы  алғашқы  ұғымдар  қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және  кейбір химиялық қасиеттері  атом- молекулалық  ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең  периодтық заң және периодтық  жүйе, заттың құрылысы  өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын  заттардың  химиялық байланыстарының  түрлері, кристалл торлары  және қасиеттері электрондық  теорпияның тұрғысынан  қарастырылады. Үшінші кезеңде (9 класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон  -  иондық  көзқарастармен байытылып, дамиды. 
Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде  беріледі. Металдарға және   бейметалдарға жататын жай заттардың оттегімен тотығуының нәтижесінде  күрделі заттар- оксидтер түзіледі. Тәжірибелерді бақылау нәтижесінде  оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен тұратыны, оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы ұғым металл оксидтері және бейметалл  оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін  зертханалық жұмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері  кесте  түрінде жазылады. 
Қышқылдардың  металл оксидтерімен  әрекеттесуі реакцияның бұрын кездеспеген жаңа типіне жатады, оны орын басу реакцмясымен  салыстырып,    ұқсастығымен айырмашылығы сараланады.  Екі күрделі зат қатысып, екі күрделі зат шығатын алмасу реакциясына анықтама беріледі. 
Негіздерді оқып үйренуге оқушылар едәуір  зор дайындықпен кіріседі. Алғашқы ұғым судың активті металдар мен реакциясының механизмін талдау арқылы беріледі: 
H2O+Me -->Me (OH) n +H2 
Сызба нұсқаға сәйкес негіздің құрамы, индикаторға әсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері түсіндіріледі ,анықтама беріледі, гидроксотоп және оның валенттілігі туралы бастапқы ұғым қалыптастырылады. 
Оқушылар тұздармаен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекеттестіріп сутек алғанда танысады.  Мұндада ұғымды анықтаудың негізгі белгісі  -  құрамы. Тұздар металл атомдарымен  қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқушылар еритін және ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілермен  әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын өткенде  тұздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды.  Бұл алғашқы кезеңде тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды.  

3. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау. 
Бұл тақырыптың міндеттері:1) оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімімен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге  қолдану. 
Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жұмыс жасалады. Оқушылар  кремний (IV) және көміртегі ( IV ) оксидерінің суға калций гидрокидінің ерітіндісіне, мыс ( II ) оксидінің және калций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді. 
Соның нәтижесінде:1) қышқылдық оксидтердің сілтімен; 2) негіздік оксидердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бұл қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын  мәліметтер: 3) көміртегі ( IV ) оксиді және калций оксиді суда ериді бір жағдайда қышқыл ,екінші жағдайда  сілті түзіледі; 4) кремний ( IV ) оксиді және мыс  ( II ) оксиді суда ерімейді.  Оксидтердің бәрі бірдей сумен әрекеттеспейді бұл олардың ерекше қасиеттеріне жатады.
Қышқылдардың  қасиеттері туралы  білімді  бір жүйеге  түсіргенде    бәріне ортақ және жеке топтарына ғана тән қасиеттеріне көңіл аударылады. Қышқылдардың ортақ қасиеті- бейтараптану реакциясы ол құрамында сутегінің болуына байланысты. Күшті және қыздыруға  тұрақты  қышқылдар металдардың ерімейтін оксидтерімен әрекеттеседі. Активтік  қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар еритін қышқылдармен реакцияға түседі. 

4. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.
Генетикалық байланыс шығу тегі жағынан байланысты. Күрделілену жағынан алғанда бұл байланыс химиялық элементін жай затынан басталып, тұзбен аяқталатын қатар түзеді: 
металл-->негіздік оксид-->негіз-->тұз  
Металдар түзілетін қатардың әр мүшесінің  бейметалл қатарындағы өзіне сәйкес мүшесімен қасиеттері қарама- қарсы  болып келеді, сондықтан олар  өзара  әрекеттеседі.
Металл, бейметал, негіздік оксид, қышқылдық оксид, негіз , қышқыл. Бұл  әректтесулердің  нәтижесінде  оттексіз және оттекті қышқылдардың тұздар түзіледі. 
 
5. Бейорганикалық қосылыстардың    маңызды кластары ұғымның   дамуы. 
Бұл тарауда бейорганикалық  қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі ұғымдар қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылады. Оның теориялық негізі- атом  -  молекулалық ілім . бұл кезеңнің негізгі мақсаты- оқушылардың периодтық заң  және периодтық жүйеге атом құрылысы туралы теориялық материалды қабылдауға дайындау. 
Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың қай класын алсақта , барлық жеке өкілдерін тегіс қамтитын жалпы қасиеттер өте аз. Қосылыстардың белгісі бір тобына ғана тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыған және дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте сақтаған жөн. 
Бақылау сұрақтары.
* Бейорганикалық қосылыстар туралы  ұғымдардың оқу тәрбиелік маңызы қандай? 
* Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдар қалыптасуының  неше кезеңі бар? 
* Бірінші кезеңде оқу  материалы қалай  орналастырылады?Бұл саладағы методикалық пікірдің дамуын сипаттаңдар.
* Оксидтер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.
* Қышқылдар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуын ретімен баяндаңдар.
* Негіздер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуын ретімен баяндаңдар. 
* Тұздар  туралы ұғымның қалыптасуы және дамуын ретімен баяндаңдар. 
* Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы  білімді қорытындылаудың методикалық мәселелерін сипаттаңдар.
* Бейорганикалық  қосылыстар арасындағы  генетикалық  байланысты қалай ашу керек, бұл материалдың ғылым мен көзқарас қалыптасуындағы маңызын көрсетіңдер.




                                     9 дәріс. 
Д. И. Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып- үйрену методикасы.

* Периодтық заң және атом құрылысы- мектептегі химия курсының негізі.
Д.И.Менделеев ашқан  периодтық заң  -  табиғат дамуының  жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге және батыл болжамдар жасауга мүмкіндік берді. Атомдық құрылысын анықтауга, жаңа элеманттерді ашуга және синтездеуге жол- жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика,  геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.
Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер және олардың қосылыстарының   қасиеттері периодты түрде өзгеретіні және оның себептері жөнінде ұгым қалыптастырады. Химиялық әрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жәрдемдеседі, бейорганикалық және органикалық химияның негіздерін санлы меңгеруге жәрдемдеседі.
Периодтық заң атом құрылысы оқу материалын игеру барысында оқушылар өте көп салыстырулар жасап қисынды ойлау барысын ұштай түседі.
Периодтық заң және периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп курсындагы орны үздіксіз өзгеріске ұшырады.ең алғашқы үлгілі бағдарламаларда химия курсыының соңына орналастырылды. Одакн кейінгі бағдарламада шығып қалды. Химиялық тұрақты бағдарламалардағы орны жөніндегі екі пікір үстем болды.
Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшин оқушылардың деректі материалдардан едәуір үлкен әсерлігі болуы тиіс. Осы көзқарасқа сәйкес периодтық заң  9-класта галогендер, оттекке  ұқсас элементтер және сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды.
Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек өтіп, химиялық элементтерді солардың негізінде оқып үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сәйкес бұл тақырып 8- класта оқылады.

2.Тақырыпты  оқып-үйренудің методикалық тәсілдері.
Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.
Бірінші тәсіл-  химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсиндіретін  атом құрылысы мәліменттер анықталды . Д.И.Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсиндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толысатынына кәміл сенді.Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшин алдымен периодтық жүйе және периодтық заң толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық жүйе    электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.
Екінші тәсіл  -  біріншіге керісінше жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу материалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылды.
Үшінши тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліменттер 8-класта қарастырылады да 11-кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.

3.Оқушыларды периодтық заңды өтуге әзірлеу.
Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетінжай заттардың физикалық және химиялық қасиеттрі кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні,тапталғыштығы, созылғыштығы, негіздік оксидтержәне негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстарыболмайтыны көросетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік       қосылыстар түзетін        заттар ретінде сипатталады.

4.Периодтық заңды қорыту.
Периодтық заңды қорытып щығару үшін атомдық массалары 1- ден 40-қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен        өздігінен жұмыс ұйымдастырылды.      Элементтерді      атомдық   массаларының өсуі бойынша қасиеттері ұқсас элементтер бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі.     Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийдан аргонға  дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а. Оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; ә. Сутегі бойынша валенттіліктерінің өсуін;  б. Жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в. Оксидтері сипатының өзгеруін;г. гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады.
5.Атом құрылысы туралы берілетін мәліменттер.
Атом термині атомос  -  грек тілінің сөзі қазақшаға аударғанда бөлшектенбейді деген ұғымды білдіреді. Осы пікір үстем болып тұрған кездің өзінде орыс ғаламдары М.Г.Павлов 1819 Н.А.Морзов атомның құрылысы күрделі деген пікір айтқан. Атақты ғалымдар Д.И.Менделеев, А.М.Бутлероватом бізге белгілі тәсілдермен жіктелмейтін  күрделі бөлшек деп жорамалданған.                                                                                            Хлор оттегі және   сутегі атомдарының құрылымдық символдарын жазу арқылы ядро зарядтары бірдей, массалары әр түрлі атомдар  -  изотоптар болатыны    жөнінде түсінік беріледі. Химиялық элемент және  салыстырмалы  атомдық масса  ұғымдары жаңаша анықталады.мысалы: химиялық элемент  дегеніміз- ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі,изотоптар  -  олардың  түр  өзгерістері. Салыстырмалы  атомдық массаға элементтің табиғи изотоптары орташа  массасының көміртегі атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасы деген анықтама беріледі. 
	Энергетикалық деңгейлерде электрондардың орналасуы жөнінде оқушылар жалпы қорытынды жасайды.
* Бірінші период элементтерінде  бірінші энергетикалық  деңгейдің  s  -  деңгейшесі екі электронмен толады.
* Екінші период элементтерінде екінші энергетикалық деңгейдің 2s  - деңгейшесі екі, 2р- деңгейше алты  электронмен толады. 
* Үшінші период  элементтеринде үшінші энергетикалық  деңгейдің 3s  -  деңгейшесі екі, 3р  -  деңгейшесі алты электронмен толады. 
            6. Периодтық жүйедегі заңдылықтарды атом құрылысы  тұрғысынан түсіндіру. 
Периодтық жүйе  -  периодтық заңның нақтылы бейнесі,ол жеті  период, сегіз топтан тұрады. Периодтар үлкен және кіші, топтар  негізгі және қосымша топшаларға жіктеледі. 
Элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруінің себебін түсіну үшін оқушылар  ядро заряды мен сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны арасындағы тәуелділікті көрсететін  диаграмма сызады. Көлбеу бағытта ядро зарядының  өсуі, тік бағытта электрон саны  көрсетіледі. Сонда екінші  және үшінші  период элементтерінде  сыртқы  деңгейдегі электрон саны бірден сегізге дейін өсетінін байқайды. Бұл алдыңғы  сабақтарда сызылған валенттіліктің өзгеру  грфигіне сәйкес келеді. Сыртқы қабаттың электрондары валенттік электрондар деп аталады, екінші және үшінші периодтарда сегіз элементтен  кейін қайталанады. Оттегі бойынша  валенттілік сыртқы электрондардың санына,сутегі бойынша  вленттілік  сегізден сыртқы электрондар  санын  алғандағы  айырмаға тең. Бұл заңдылық негізгі  топшалардың элементтерінде  валенттік электрондары  сыртқы және сыртқының астындағы деңгейлерде орналасады. 
           7. Химиялық байланыс және заттың құрылымы теориялары             тұрғысынан оқушылардың периодтық заң туралы білімін қорыту.
   	Периодтық  заң  химиялық   элементтердің, олардан түзілетін жай және күрделі  заттар  қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді. Әдетте, атом құрылысы, молекула құрылысы, заттың құрылысы ұғымдарының арасына айқын шек қойылмай жалпылама  айтылатындықтан,бұл саладағы оқушылардың  білімі көмескі болып келеді. Элемент атомының қасиетін  сол  күйінде қосылысына апарып таңады. Мәселен,  галогенсутек қышқылдардың қайсысы  күшті деген  сұраққа оқушылар, көбінесе, фторсутек  қышқылының күші басым  деген жауап  қайтарады. Мұның мәнісін анықтай келгенде фтор ең активті  галоген, сондықтан оның қышқылы да күшті деп теріс түсіндіреді, молекулаларының арасында  химиялық байланыс барын ескермейді. Қосылыстардағы атомның  қасиетін жеке күйіндегі атомның  қасиетіне сайдырады. 
Молекула және кристалл атомдарының жай жиынтығы емес, жаңа сапалы, жаңа қасиетке ие болған түзілістер. Олар атомдарда электрондар  алмасуы немесе ортақтасуы арқылы  пайда болады. Молекула немес кристалдар түзілгенде энергия бөлінеді,оны қосылыстардың  түзілу жылуы деп атайды. Қосылысты қайтадан атомдарға ыдырату үшін түзілу жылуындай энергия жұмсалады, ол байланыс энергиясы делінеді.  
Периодта элементтердің ядро заряды өскенде күрделі  заттарындағы химиялық  байланыстың типі, кристалл торының түрі заңды түрде өзгереді. Na2O    MgO   Al2O3    SiO2                    P2O5  SO3   Cl2O7   
Атомдық тор                                          молекулалық тор  
Мұндай заңдылық басқа периодтардан да байқалады. Иондық байланысы бар  оксидтер  -  негіздік , ион- ковалентті байланысы бар  оксидтер  -  амфотерлі, ковалентті  байланысы барлары  қышқылдық қасиеттер білдіреді. Сонымен заттың құрылысы және химиялық  байланыс теориялары тұрғысынан жай және күрделі заттардың қасиеттерін нақты  түсіну оқушылардың  периодтық  заң туралы білімін тереңдетеді. 
Бақылау сұрақтары: 
* Оқушыларға  білім мен тәрбие беру және оларды дамытудағы  периодтық заңның  маңызы қандай? 
* Периодтық заң мен атом құрылысын оқытудың методикалық тәсілдері қалай негізделеді?
*  Оқушылар периодтық заңды саналы қабылдауға қалай әзірленеді?
* Ю.В. Ходаков, т.б. және Г.Е.Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулықтарындағы периодтық  заң және атом құрылыс туралы оқу материалының  мазмұнындағы  ұқсастықтары  мен айырмашылықтары қандай?
* Периодты заңдылықты түсінуге қажетті атом құрылысы жөніндегі мәліметтердің  мазмұны  мен көлемі туралы не айтуға  болады?
* Периодтық жүйеге байланысты негізгі ұғымдар атом  құрылысы  тұрғысынан қалай қалыптастырылады?
* Периодтық заңның Д.И.Менделеев берген және  қазіргі  анықтамасын салыстырып, ұқсастығы  мен  айырмашылығын  табыңдар, олардың әрқайсысы оқушыларға қай кезеңде түсіндіріледі?  





10 дәріс.  Заттың құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы. 

* Химиялық байланыс  және заттың құрылымын  оқып- үйренудің  маңызы, орны және методикалық  тәсілдері. 
Химиялық  байланыстар туралы оқу материалы мектептегі химия курсын  ғылымның    алғы шебіне жақындатады, теорияның  жетекші ролін ашып береді. Атомдардың молекулаларға және басқа күрделі  бөлшектерге бірігу  себебін түсіндіреді. Заттың  құрылысы мен қасиеттерінің  арасындағы себеп салдар байланысын  ашады. Химиялық қосылыстың реакцияға  түсу бейімділігін сипаттайды. Химиялық байланыстар   табиғатының бірлігі, санның сапаға ауысуы,мазмұн мен түр арасындағы тәуелділікті көрсетуге жәрдемдеседі.  
Әр сутегі атомындағы сыңар электрондардың жұптасуынан химиялық байланыс пайда болады. Осыған орай аттас зарядты электрондар қалайша жұптасады деген  сұрақ туады. Бұл қайшылықты түсіну үшін электронның толқындық  табиғаты , бұлт түзетіні, спиннің болатыны  ескеріледі. Сутек атомының жалғыз электроны  шар тәрізді  бұлт түзетіні  оқушыларға  белгілі. Электрондарының  спиндері  қарама  - қарсы сутегінің екі атомы бір- біріне жақындасқанда электрон тұлттарының  түйіскен жерінде  тегіс  зарядтың тығыздығы  артып, атом ядролары сол араға тартылады. Бұл тартылыс аттас зарядталған  электрондардың тебілу күшінен басым болғандықтан тұрақты молекула түзіледі. 
Полюссіз  ковалентті байланысы бар  қосылыстарға галогендер түзетін  жай заттар, оттегі, күкірт, азот, фосфор, көміртегі және кейбір күрделі заттар жатады. Олардың көпшілігі газ түрінде кездеседі, суда аз немесе нашар ериді.
Полюсті  ковалентті  байланыс түзілу  механизмі жағынан полюссіз  байланыстарға  ұқсас, мысал ретінде периодтық  жүйеде қатар  тұрған фтор, оттегі және азот элементтерінің сутектік қосылыстары  қарастырылады. Бұл қосылыстардағы байланыстарды  түзуге фтордың  бір р- электроны, оттегінің екі р- электроны, азоттың  үш р- электроны қатысады. Электрон  бұлттарының түйісіп қаптасуынан түзілген электрон жұптары  терісэлектірлігі  басым атомдарға қарай ойысып орналасады:  
             Н:Ғ-1            Н:О-2 :Н        Н:N -3:Н 
                                                           Н
Металдық байланыс туралы түсінік металдардың  жалпы қасиеттерін өткенде беріледі. Металдық байланыстың ковалентті және иондық байланыстарға ұқсастығы  және айырмашылығы талданады. Металдық  байланыс та   ортақ электрондар арқылы жүзеге асады, бірақ лоар  белгілі бір  атомдар  арасында  тұрақтанбаған. Металдық байланыс кезінде электрондар босауынан оң зарядталған иондар түзіледі,бірақ теріс иондар болмайды. 
Химиялық байланыстардан кейін заттың құрылымы туралы ұғым қалыптастырылады. Заттардың құрылысы оқылғанға дейін оқушылар олардың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаумен қанағаттанып келді, себептерін түсіндіре алмады. Табиғи таңбалар жүйесіне жатқызуға болатын заттың бірден көзге түсетін немесе өлшеп  табылатын белгілері, мысалы агрегаттық күйі, балқу және қайнау температурасының  сандық мәндерінің себебі ашылмады. Ендігі жерде бұл қасиеттердің мәні заттың құрылымы арқылы, оның  құрамына кіретін бөлшектердің  табиғаты және өзара  әсері арқылы түсіндіріледі. 

* Валенттілік ұғымының қалыптасуы және дамуы. 
Валенттілік ұғымы химия ғылымының дамуында маңызды роль атқарады. Атом- молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент және еселік қатынас заңдарын түсінуге жәрдемін тигізеді. Химиялық тектестіктің мәнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық құрылыс теориясы  жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тигізді. 
Химия ғылымы тарихында валенттілік  ұғымы дамуының төрт кезеңі атап өтіледі: 1) ұғымның шығу  және қалыптасу кезеңі ( 1850-01860), 2) құрылымдық теория кезеңі (1861- 1895); 3)координациялық теория және үлес валенттілік кезеңі, 4) электрондық теория кезеңі. Бұл кезеңдір химияны оқыту барысында белгілі дәрежеде қайталанылады. 
Электрондық формулаға қарағанда азот оттегі атомдарымен бес электрон жұбы арқылы байланысқан , азоттың сыртқы екінші  қабатына  он электрон келеді. Екінші электрондық  қабатта сегізден артық электрон орналасуы мүмкін емес, оның оның үстіне  азот атомындағы 2s2 электрон жұбын ажырату үшін көп  энергия жұмсау қажет. 

* Тотығу дәрежесі туралы ұғымның қалыптасуы.
Атомдардың терісэлектрлігіне және тотығу дәрежесіне сүйеніп химиялық формула құрудың алгоритмі түсіндіріледі. 
* Терісэлектрлігінің өсуіне қарай элементтер таңбаларын жазу;
* Теріс тотығу дәрежесінің мәнін табу; 
* Оң тотығу дәрежесін арнықтау; 
* Табылған тотығу дәрежелерінің ең кіші еселіктері  бойынша индекстерді есептеп шығару.  
Егер қосылыстыңқұрамына үш немесе одан да көп атомдар кіретін болса, бірнеше тотықтырғыш немесе  бірнеше тотықсыздандырғышы болуы мүмкін. Мәселен, күкірт қышқылында  сутек және күкірт атомдары  -  тотықтырғыш. Сұйылтылған қышқыл  өзінің тотықтырғыш қасиетін сутегі арқылы, қанықпалы күкірт қышқылының  күкірт атомы арқылы көрсететіні  сызбанұсқадан байқалады. Түзілетін өнімдердің құрамы тотықсыздандырғыштың  күшіне тәуелді.
	Қорытынды: валенттілік  және тотығу дәрежесі ұғымдары мектептегі химия курсын  және химиялық тілді саналы меңгерумен бірге, оқушыларға жан  -  жақты тәрбие беруге, психикалық жағынан жетілдіруге  жәрдемдеседі.


* Валенттілік,  тотығу дәрежесі, химиялық байланыс және заттың құрылымы ұғымдарының арасындағы өзара байланыстар. 
Орта мектептің химия курсында химиялық байланыс, валенттілік және тотығу дәрежелері арасындағы  тәуелділік нақтылы ашылмайды.  Заттың құрылымы бойынша анықталатын координация саны туралы жеке деректер  келтіріледі. Методикалық әдебиеттерде  валенттіліктің  бүтін санмен рим цифрлары арқылы белгіленетіні, таңбасы  болмайтыны айтылады. Тотығу дәрежесінің оң, теріс және ноль, бөлшек сан түрінде болып, араб  цифрларымен  көрсетілгендігіне назар аударылады. 
	Валенттілік пен тотығу дәрежелерінің  сан мәндеріндегі  үйлеспеушілікті  түсіну үшін мұғалім үш түрлі валенттілік  болатынын есте ұстаған жөн.
	Валенттілік заттардың өзара әрекеттесулерінің саны, ол үшін түрлі әдіспен:  а) заттың элементтік құрамы; ә) қосылыстағы атомдардың өзара  орналасуының геометриялық құрылымы; б) заттардың  электрондық құрылысы бойынша анықталады.
	Тотығу дәрежесі дегеніміз қосылыстағы элементтің стехиометриялық валенттігі,  металдық қасиеттері бар элементтер үшін оң таңбамен,бейметалдық  қасиеттері бар элементтер үшін теріс таңбамен алынады. Бір элементтің ( эквиваленті бірдей )  элементтердің атомдары өзара әрекеттесіп, жай заттар түзілгенде  стехиометриялық  валенттілік те , тотығу дәрежесі де нольге тең болады. 
	Атомдардың әрекеттесуге бейімділігі олардың қосылыстағы  орналасуының геометриялық  құрылымы   бойынша анықталған валенттілікті  координация деп атайды. Ол осы қарастырып отырған атомды қоршаған көршілес атомдардың санымен анықталады.

Бақылау сұрақтары:  
* Орта мектептің химия курсында химиялық  химиялық байланыс туралы ұғымның  орны, оқытылу реті қалай анықталған? 
* Коваленттік байланыс туралы ұғым  қалай  қалыптастырылады?
* Иондық байланысты оқыту методикасының  ковалентті байланыспен таныстыру методикасынан  айырмашылығы қандай?
* Заттың құрылымы мен қасиеттерінің  арасындағы байланыс қалай ашылады?
* Валенттілік ұғымның ғылымдағы  және химияны оқыту барысындағы маңызы қандай?
* Валенттілікпен алғашқы  таныстыру қалай жүзеге асады?
* Валенттілік ұғымын қалыптастыру және дамыту кезеңдері қандай?
* Элемент атомдарының тотығу дәрежесімен таныстыру методикасы  және бұл ұғым қалай пайдаланылады?
*  Валенттілік, тотығу дәрежесі және химиялық  байланыс ұғымдарының өзара тәуелділігін қалай  түсіндіру	 керек?


*  - дәріс.     Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.  
* Химиялық  реакция  ұғымының  мазмұны. 
Зат және химиялық реакция  - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып  табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын  да жатқызады. 
Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне  кіретіндер: заттардың  реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу және жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның  жылдамдығы, реакцияның  мәні және жүру механизмі, реакцияның  жүру заңдылықтары,химиялық  реакциялардың жіктелуі, химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері, химиялық  реакциялардың зетханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі. 
Бұлардың бәрі бір- бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға жіктеледі. Реакцияласушы жүйе деп аталатын  бастапқы заттар  агрегаттық күйіне қарай бір текті және әртекті деп жіктеледі. Мұның өзі гомогенді және гетерогенді реакциялар типін ажыратуға  себепші болады. Бастапқы  заттар кез келген  реакцияға түсе бермейді, белгілі бір  заттармен  ғана әрекеттесуге бейімділігін танытады. 
Химиялық реакция ұғымын ойдағыдай  қалыптастырудың  шарттары: 1) химиялық реакциялар туралы ұғымдар  жүйесін мұғалімнің жете түсінуі; 2) химиялық реакциялар туралы  әр кезеңде берілетін білім, білік және  дағдыны дидактикалық талаптар тұрғысынан іріктеу; 3) химиялық экспериментті   және өзге оқыту құралдарын тиімді таңдау; 4) химиялық құбылыстарды бақылай білуге оқушыларды жоспарлы  түрде  үйрету;  5) заттармен және құрал- жабдықтармен  жұмыс істей білуге  үйрету; 6) бақылауларын  түсіндіре білуге үйрету;  7) бақылауды  түсіндірудің теориялық  деңгейін  біртіндеп көтеру;  8) химиялық реакциялармен  таныстырғанда мәселелік  және зерттеу  әдістерін жиі қолдану, оқушылардың  өздігінен істейтін жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру.

* Химиялық реакция  ұғымының атом- молекулалық ілім тұрғысынан дамуы. 
Оттегі  тақырыбында оқушылар бастапқы заттардың біреуі ретінде оттегінің жай заты  қатысатын  химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, мәні, энергетикасы  және типтерімен танысады.  Заттардың оттегімен  қосылуы тотығу деп аталатыны,  тотығу басталу үшін жылу берілетіні, басталғаннан кейін жылу  шығарылатыны,  реакцияның жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер туралы  алғашқы ұғым алады. Ауамен салыстырғанда  таза оттегінде реакцияның шапшаң жүретініне, кейбір айрылу   реакцияларының  жылдамдығына әсер ететін арнайы заттардың ( катализаторлардың ) қатысуымен  жүзеге асатынына  көздері жетеді. 
<< су  және ерітінділер, негіздер >> тақырыбында алмасу реакцияларының аса маңызды бір түрі- бейтараптану реакциясы туралы ұғым қалыптасады. Негіздер мен  қышқылдардың, сілтілер мен қышқылдық оксидтердің  арасындағы алмасу реакцияларының  мысалдары  қарастырылады. Бір  - біріне қарама  - қарсы реакциялар  -  судың  анализі мен синтезі  талданады. Тәжірибе  жүзінде заттың  құрамына кіретін элементтердің  масса үлестерін  есептеу арқылы химиялық  формула табу әдісі көрсетіледі. Орынбасу және қосылу  реакциялары жөніндегі  оқушылардың білімі толықтырылады,  қосылу реакцияларының  бір түрі гидраттану туралы жаңа ұғым беріледі, бұл бейорганикалық қосылыстар  арасындағы  генетикалық байланысты түсінудің  негізін құрайды. 
Бейорганикалық  қосылыстардың  маңызды  кластары жөніндегі білімді атом- молекулалық  ілімнің тұрғысынан қорытқанда химиялық реакциялар туралы оқушылардың алдыңғы төрт тақырыпқа алған білімі бір жүйеге түсіріледі. Әр класқа тән жалпы реакциялардың жүру мүмкіндігін болжай алатын дәрежеге көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы химиялық реакциялардың молекулалық теңдеулерін сауатты жазуға үйренеді. Моль ұғымын пайдаланып, реакциялардың химиялық және термохимиялық теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді. 

* Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының  дамуы. 
Заттардың құрылысы өтілгеннен кейін химиялық реакция ұғымының  мазмұны мен  көлемі туралы оқушылардың білімі тереңдейді. Химиялық реакция  ұғымына  жаңа анықтама беріледі, атомнан төменгі деңгейде  жүретін айналулар  химиялық реакцияларға жатпайтыны айтылады. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін өтілген және жаңа білімнің арасындағы байланысын тудыратын кесте сызылады.  
Электрондық теория тұрғысынан түсіндірілетін химиялық  реакциялардың ең маңызды тобы- тотығу- тотықсыздану  реакциялары. Тотығу- тотықсыздану   реакцияларының мәнін   төрт тұрғыдан қарастырады: 
* Электрондар алмасуы;  
* Электондар тығыздығының  өзгеруі;
* Элемент  атомдары тотығу дәрежелерінің  өзгеруі;
* Стехиометриялық валенттіліктің өзгеруі.  Оқулықтар мен  оқу- методикалық құралдарына осының төртеуі де кездеседі.
Тотығу- тотықсыздану  реакцияларының  негізгі ұғымдарын игеру барсында оқушыларда  мынадай  білім  мен  білік  қалыптасады. 
* Периодтық жүйедегі орны бойынша  элементтің  терісэлектрлігін  анықтау және салыстыру. Электрондардың ауысу бағытын  бағдарлай білу.
* Тотықсыздандырғыш  пен тотықтырғыш ролін нақтылы түсіну. Реакция кезінде тотықсыздандырғыш тотығады жәнеөзінің тотығу дәрежесін өсіреді, тотықтырғыш тотықсызданады, өзінің тотығу дәрежесін  кемітеді. Реакция нәтижесінде тотықсыздандырғыш әлсіздеу тотықтырғышқа  , тотықтырғыш әлсіздеу тотықсыздандырғышқа айналып, кері қасиеттерге ие болады. Бұған назар аударудың  оқушыларда  ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру үшін  маңызы зор. Әдетте, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың осы  реакция кезіндегі әрекеті айтылады да, оқушыларда сыңар жақты ұғым қалыптасады. 
* Тотығу- тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыра білу. Дәстүрлі  методика бойынша  бұл теңдеулерді құру үшін оқушылар  мынадай іс- әрекеттерді жүзеге асырады: 
а) бастапқы  заттардың формулаларын плюс белгісімен тіркеп жазу;
ә) формулаларына қарап, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты  тауып, тотығу дәрежелерін  қою.
б) реакция кезінде тотығу дәрежелерінің қалай өзгеретінін  бағдарлау , соларға  сәйкес түзілетін реакция өнімдерінің формулаларын жазу.
в) реакцияға кіріскен және шыққан заттар бейтарап болатынын ескеріп, тотығу дәрежелерінің  өскен және кеміген шамаларын табу,олар өзара тең болуы; 
г) теңдеуге коэффициенттер қою.

* Иондық теория тұрғысынан  химиялық  реакция ұғымының дамуы.
Иондық реакциялардың  мәнін түсіндіретін теориялық көзқарастың негізгі ұғымдары: ион, катион; анион, ион алмасу, заттың иондық құрамы, нашар диссоциацияланатын зат, сатылап диссоциациялану, гидролиз, т.б. бұл ұғымдарды саналы игеру нәтижесінде  оқушылар  мыналарды біліп алады: 
* Иондық және полюсті ковалентті байланысы бар заттар суда ерігенде иондар түзіледі. Иондар арсындағы химиялық реакциялар  тұнба, газ және нашар диссоциацияланатын заттар түзіледі.
* Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі  кестесіне қарап, тұнба  түзілетінін және түзілмейтінін алдын ала болжауға болады. Ю.В. Ходаков (1988) оқулығында 10 анион мен 15 катиондардан түзілетін қосылыстардың суда ерігіштігі  берілген. Кестеден шығатын қорытынды: а) азот  қышқылының қалдығы  яғни нитрат анион және ацетат анион 15 катионның  ешқайсысымен  тұнба түзбейді; ә) хлорид ион тек күміс (Ag+)  және қорғасын  ( Pb2+) катиондарымен тұнба береді; б) сульфат анион барий катионымен         ( Ba2+ ) , иондар жеткілікті  мөлшерде болса  Ag + , Ca 2+ , Pb2+ катиондармен тұнба түзіледі, в) кремний қышқылы суда ерімейді, натрий және калий  силикаттарынана басқа тұздары тұнбада жүреді; г) сульфид, сульфат, карбонат, фосфат аниондарының  аммоний, натрий және калий  катиондарынан басқа қосылыстары тұнбаға түседі; ғ) негіздерден  сілтілік  және сілтілік жер металдары мен аммонний сілтілерінен басқалары суда ерімейді. Ерігіштік кестесін  түсіну және қолдана білу иондық реакциялардың  теңдеулерін сауатты жазуға жәрдемдеседі.
*  Газ тұрақсыз қышқылдардың аниондарына  (S2- , SO32- , CO32- ) сутегі катионы немесе гидроксоний ионы әсер еткенде түзіледі.
* Нашар диссоциацияланатын заттарға су, әлсіз қышқылдар мен негіздер және нашар еритін тұздар жатады. 

* Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары  туралы ұғымның  қалыптасуы. 
Алғашқы мәселе  оқушылардың  физика пәніне және осы кезеңге дейін химиядан алған біліміне сүйеніп шешіледі. Алдымен механикалық қозғалыстың жылдамдығын өрнектеу формуласы және оның өлшем бірліктері туралы білім  еске түсіріледі. Соған сәйкес реакцияның  жылдамдығын өрнектейтін формуланы қорытып шығаруға тапсырма беріледі және нәтижесі  талқыланады. Талқылау кезінде  белгілі бір уақыт  ішінде бастапқы заттардың массасы, бөлшек сандары кеміп, түзілетін заттардың бұл көрсеткіштері  артатынына көңіл аударылады. Массаның өзгеруін пайдалану қолайсыз, кесімді уақыт  ішінде реакцияға қатысатын заттар қанықпасының  өзгеруімен пайдалану тиімді екені  жөнінде қорытынды жасалады.  
Катализдің түріне қарай реакцияласушы жүйенің сипаттамасы және реакцияның жүру ерекшелігі  түсіндіріледі. Бұл тақырыптың соңында оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 1) заттардың реакцияға бейімділігі  құрамына кіретін элемент атомдарының терісэлектрлігіне және  тотығу дәрежесіне тәуелді болады;  2) химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың қанықпасы, температура және катализатор әсерін тигізеді; 3)  химиялық тепе -теңдік  қанықпаның, температураның қысымның  әсерінен жылжиды. Химиялық тепе- теңдік  сырттан берілген жылуды сіңіретін, қанықпаны азайтатын, қысымды кемітетін жаққа қарай ауысады.
Оқушыларға бұрыннан белгілі химиялық реакциялардың типтері жаңа түрлерімен толысады. Оқушылар гидрогендеу және дегидрогендеу, гидраттау және дегидраттау, эфирлену және гидролиз- кереғар реакцияларымен танысады. Органикалық қосылыстар қатысатын орынбасу, қосылу және айырылу реакцияларының  ерекшеліктерін, сарамандықтағы және өндірістегі маңызын анығырақ меңгереді. Жаңадан изомерлену, полимерлену, поликонденсациялану реакциялары жөнінде ұғым алады, органикалық заттардың сан алуандығы мен олардың мәнін түсінеді. 
Бақылау сұрақтары.
* Химиялық реакция туралы ұғымның жеке бөліктерін көрсететін сызбанұсқа  сызыңдар.
* Атом- молекулалық ілім тұрғысынан химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?
* Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакцияның мәні мен механизмі қалай түсіндіріледі?
* Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғым қалай қалыптастырылады?
* Химиялық реакция ұғымы иондық теория тұрғысынан қалай дамиды?
* Органикалық химияны өткенде химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?
* Химиялық реакция туралы білім қалай қорытылады? 

12 дәріс.  Ерітінділерді  және  электролиттік  диссоциациялану          теориясының негіздерін оқыту методикасы.

* Ерітінділермен алғашқы таныстыру. 
Ерітінділер туралы  алғашқы ұғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырылады. Оқушылар өздеріне үлестіріліп берілген немесе  көрнекті дисперстік жүйелерді  зерттеп,кесте түрінде жазады. 
Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі-  ерігіштік.  Сапалық жағынан түсіндіргенде  ерігіштік дегеніміз  -  еритін заттың  еріткіште  біркелкі таралуы. Осы қасиетке  байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде  ерімейтін  деп жіктеледі. Сан жағынан алғанда  ери алатын заттардың еру қабілеті ерігіштік  коэффициенті  арқылы белгіленеді. Ерігіштік коэффициентін анықтау үшін температура, еріткіштің көлемі (1000 мл), осы көлемде  ери алатын заттың ең көп массасы  ескеріледі және г/л көрсетіледі. Мысалы, 200 С  температурада  1 л суда 2000 г қант, 2 г ғаныш, 0,0015 г күміс хлориді ериді. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін осы  заттарды суда ерітіп көрсетеді. 200 С-де 100 г суда 20г қант ериді, қант одан артық алынса ерімейді, тұнбаға түседі.ғаныш және тәжірибеге алынған басқа заттар ерігіштік коэффициентіне сәйкес ериді. Бақылаулар  нәтижесінде қанық, қанықпаған, сұйық және қою ерітінділер жөнінде  түсінік беріледі. 
Ерітінді  -  зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және  күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді  білу көптеген заттардың  ( сілтілер,  қышқылдар, оксидтер, тұздар) қасиеттерін терең түсінуге , алмасу және тотығу- тотықсыздану  реакцияларының мәнін айқындауға, химиялық реакциялардың  қайтымдылығы және химиялық тепе- теңдік  жөнінде білімді дамытуға  жәрдемдеседі. Сондықтан  деректі және теориялық  материалдардан  оқушылардың әзірлігі жеткілікті деңгейге  көтерілген соң электролиттік  диссоциациялану тақырыбы өтіледі.

*  Электолиттер теориясының  орта мектеп курсындағы  орны және оны оқып- үйренудің  методикалық тәсілдері.
Оқушыларды электролиттік  диссоциациялану   теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі методикалық  тәсілі бар. Бірінші тәсіл- ерітінділердің  электр  өткізгіштігін   сынаудан бастап  диссоциацияланудың  механизмін түсіндіру, екінші тәсіл-  алмасу реакцияларының  ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін  сынау.

* Электролиттік  диссоциациялану теориясының негізгі ұғымдарын қалыптастыру. 
Баяндалып өткен екі методикалық тәсілді  жүзеге асырғанда  қойылған көрнекі көрсету және зертханалық  тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің  электр тоғын  өткізіп, енді біреулерінің  өткізбейтіні, химиялық  химиялық реакциялардың  еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен  деген сұрақ туады. Бұл сұраққа  жауап беру үшін  мына ұғымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар оған  диссоциациялану  дәрежесі  және оған  сұйылтудың әсері, күшті және әлсіз  электролиттер, элемент атомы мен  ионының  айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары және олардың  ақырына дейін жүру  жағдайлары; тұздар  гидролизі, бейорганикалық  қосылыстар қасиеттерінің иондық құрамына тәуелділігі.
	Электолиттердің   иондарга ыдырауын  қарастырудан оқушылар жасайтын  қорытынды: 1)  ерігенде  немесе  балқыған күйінде электролиттердің  иондарға ыдырауы электролиттік  диссоциация  деп аталады; 2)  иондарға ыдырау  су молекуласының  қатысуымен  жүзеге асады; 3) иондар су молекуласымен  гидраттану  реакциясына  түседі, соның нәтижесінде  гидраттар түзіледі.  Мәселен, күкірт қышқылы сумен  моногидрат және дигидрат  түзеді; 4) диссоциациялану кезінде  еритін  зат бөлшектерінің  арасындағы иондық және полюсті ковалентті  байланыстар  үзіледі,иондар  мен су молекуласының  арасында химиялық байланыс түзіледі. 
	Айтылғандардың негізінде  электролиттік  диссоциациялану  теориясының  негізгі  қағидалары түсіндіріледі.
* Электролиттер ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға  ыдырайды, оң иондар зарядтарының  қосындысы  теріс иондар зарядтарының  қосындысына тең болады.
* << ион >> гректің <<кезеген >> деген мағынаны білдіретін  сөзінен шыққан. Иондар- заряды бар атомдар немесе атомдар  тобы. Иондар ерітіндіде  ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын жібергенде оң зарядталған  иондар  катодқа тартылады, сондықтан катиондар деп аталады, теріс  зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді.
* Катодта  және анодта  электр тоғының  әсерінен тотығу және тотықсыздану  әрекеттері жүзеге асады.
* Электролиттік  диссоциациялану  -  қайтымды әрекет. Иондардың концентрациясы артқанда иондануға  кері әрекет- мольдену  жүзеге асады. Электолит  ерітінділеріне химиялық  тепе-  теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады.

         4.  Қышқылдар мен негіздер туралы білімнің дамуы. 
Электолиттік  диссоциациялану теориясы өтілгеннен кейін бейорганикалық  қосылыстардың маңызды кластары  жөніндегі оқушылардың  білімі жаңа сатыға  көтеріледі. Қышқылдардың, негіздердің және  тұздардың  құрамы, құрылысы, номенклатурасы, жіктелуі және қасиеттері жөніндегі білім нақтыланады. Осы кезге дейін қышқылдар құрамына сутегі атомдары мен қышқыл қалдықтары кіретін  күрделі заттар  делініп келсе, ендігі  жерде күрделі зат ұғымы электролит ұғымымен алмастырылады. Сутегі атомы сутегінің ионы  немесе протон  болып нақтыланады. Ерітіндіде  жүретін күкірт қышқылының  қалдығы, көмір қышқылының қалдығы, фосфор қышқылының қалдығы, т.б. атаулар сульфат анион, карбонат  анион, фосфат анион терминдерімен алмастырылады. Барлық  қышқылдарға тән ортақ белгісі  -  суда  ерігенде гидроксоний иондарын түзуі екені ескеріліп, қышқылдарға  су ерітінділерінде  гидроксоний  ионын түзіп  диссоциацияланатын электролиттер деген анықтама беріледі. Қышқылдардың жалпы қасиеттері осы  ионның болуына  тәуелді екендігі  алмасу реакцияларының қысқа теңдеулерін жазу арқылы нақтылы түсіндіріледі.
	Негіздердің құрамы металл катиондары  мен гидроксид  аниондардан тұратыны  айтылады,  сондықтан негіздердің  химиялық жалпы аты- гидроксидтер . барлық негіздерге  тән ортақ белгісі  -  суда ерігенде гидроксид аниондарын бөліп шығады. Осы белгісіне қарап негіздерге судағы  ерітінділерде  гидроксид аниондарын  беретін электролиттер деген анықтама беріледі. Негіздердің  жалпы қасиеттері түсіндіріледі.

* Тұздардың ион алмасу реакцияларын түсіндіру.
Тұздар  дегеніміз- суда ерігенде металл катиондарын және қышқыл қалдығы  аниондарын түзетін  электолиттер. Тұздардың металдармен және сілтілермен  әректтесуі- катиондары арқылы, қышқылдармен  әрекеттесуі  аниондары арқылы  жүзеге асады.  Бұл материалдарды  өткенде  оқушылар ерітіндіде кездесетін катиондар мен аниондар арасындағы әрекеттесу мүмкіндіктерін болжай алатын дәрежеге жетеді. Аниондарының  құрамына тотықтырғыш қасиеті бар бейметалдар ( қанықпалы қышқылдардың сульфат, нитрат, т.б. аниондары ) реакцияларының мәніне  көңіл аударылады. Олардан әр түрлі  тотықсыздану  өнімдері бөлінеді. Бұл мәселе жеке элементтердің қосылыстарын  өткенде толығырақ қарастырылады.
Мәселелік әдіс, әсіресе, тұздар гидролизімен таныстырғанда  жиі қолданылады. Тұздардың химиялық  қасиеттері  қарастырылғаннан кейін тұз ерітінділері индикаторларға  қандай  әсер білдіруі мүмкін  деген мәселе  қойылады. 
Гидролиз ерітіндідегі   тұз  иондары  мен  су иондарының арасындағы алмасу  реакциялары. Бұл  алмасу реакцияларына  а) әлсіз қышқыл  мен күшті сілтіден; ә) күшті  қышқыл мен  әлсіз негізден;  б) әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген  тұздар  қатынасын талдап, бұрынғы білім мен тәжірибе арасындағы қайшылық түсіндіріледі.
Гидролиз- өнеркәсіпте ( спирт өндіру, т.б.), ауыл шаруашылығында ( топырақтың химиялық өңделуі, т.б.), табиғатта ( тұздардың  су арқылы шайылуы, т.б.), тірі организмде ( майлардың, көмірсулардың, ақуыздың, т.б. қорытылуы) және тұрмыста  жиі жүзеге асатын реакциялардың бір түрі. Сондықтан  гидролизді  мектептегі  химия  бағдарламасынан алып тастау жөніндегі ұсыныстар  қолдау  таппады. Оқушылардың ғылыми және  сарамандық әзірлігін  күшейту үшін  жалпы  гидролиз, оның ішінде тұздардың гидролизі жөнінде нақтылы білімі болуы керек.

* Электролиттік диссоциациялану туралы  білімнің дамуы.
Электролиттік  диссоциациялану  теориясын 1887 жылы швед ғалымы  С.А.Аррениус (1859-1927 ж ) ұсынды. Бірақ, оны  ғалымдар бірден мойындамады. Ол кезде заттардың құрылысы туралы  мәліметтер белгісіз болуынан атом мен ионның айырмашылығын  білу қиынға түсті. Теория электролит ерітінділерінің айрықша қасиеттерін  -  электр өткізгіштігін , ауытқуларын дұрыс түсіндірді. Дегенмен С.А.Аррениус электролиттердің еру құбылысын бір жақты  физикалық  жағынан ғана  су еритін бөлшектерін бір  - бірінен ажыратады деп түсінді. Д.И.Менделеев  ерудің гидрат теориясын ұсынды. Еріген зат бөлшектері еріткіш  молекулаларымен  химиялық әрекеттесіп, гидраттану әрекетінің  жүретінін дәлелдеді. 1889-91 ж орыс ғалымы И.А.Каблуков  иондардың гидраттанатыны  туралы  көзқарасты енгізді. В.А.Кистяковский Д.И.Менделеевтің гидрат  теориясы  мен С.Аррениустың  электролиттік  диссоцациялану ілімнің басын қосу идеясын  ұсынды. Мектеп бағдарламасында  иондық  теорияның соңғы нұсқасы баяндалады.
Электролиттік  диссоциациялану теориясынан алған білім оттек топшасын , азот топшасын, көміртегі топшасын  негізгі және  қосымша топшалардың  металдарын  оқығанда  пайдаланылады. << Бұл  материалдарды өткенде  << электроит >> , << бейэлектолит >>, << катион >>, << анион >>, << иондану >>, << диссоциациялану >>, << диссоциациялану дәрежесі >>, << мольдену >>ұғымдары дамытылады, нақтылы мағынаға ие болады. Мәселен, кремний қышқылы  суда иондарға ыдырамайды деуге болады, сондықтан ол қышқылдарға тән жалпы қасиеттердің  көпшілігін көрсетпейді ( индикаторға әсері, металдармен және металл оксидтерімен  әрекеттесуі).
Протон сутегінің  электрондық қабығының жоқ ионы, ерітіндіде бос күйінде жүре алмайды, түзілісімен басқа бөлшектердің  құрамына  кіреді. Протон  алмасу арқылы жүретін  реакцияларды протолиттік реакциялар, оларға  қатысатын заттарын протолиттер деп атайды. Қышқылдар дегеніміз- протонын беретін протолиттер, негіздер  протонды қосып алатын протолиттер. 
Бақылау сұрақтары. 
* Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қашан және қалай беріледі?
* Электролиттік  диссоциациялану теориясын оқып үйренудің методикалық  тәсілдерін  сипаттаңдар.
* Электролиттік   диссоциациялану  тақырыбын оқытуда жаңашыл мұғалім Н.П. Гузиктің дәріс- семинарлық  жүйесінің ерекшеліктерін, тиімділігін негіздеп түсіндіріңдер.
* Иондық теориямен  таныстыруда химиялық эксперименттің мәні қандай? Олардың түрлерін, қойылу әдістерін ойластырыңдар.
* Иондық реакциялармен  таныстыру, бекіту және  қолдана білуге байланысты жаттығулардың түрлерін және мазмұнын анықтайтын  қысқаша жазба жазыңдар. Оны  осы тарауда баяндалған, химиялық реакциялар тарауында берілген мәліметтермен салыстырыңдар. 
* Электролиттік  диссоциациялану  теориясының   тұрғысынан  қышқылдар, негіздер және тұздар  туралы ұғымның  дамуын сипаттаңдар.
* Гидролиз ұғымы  проблемалық  әдіспен қалай түсіндіріледі? 


13- дәріс.   Химиялық элементтерді  және олардың қосылыстарын    оқып- үйрену методиксы.  

* Химиялық элементтерді оқып  -  үйренудің  методикалық  негіздері.
Орта мектептегі  химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың  қосылыстары  туралы білім құрайды. Оқушыларды  химиялық  элементтер таныстырғанда  оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден  белгісізге, оңайдан қиынға қарай жылжитын аса маңызды негіздерді қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың  қосылыстарын   оқып үйрену  бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және оның қосылыстарымен  таныстыру;  2) элементтердің табиғи текстері  жөнінде ұғым қалыптастыру;  3) периодтық  заң және  периодтық жүйені оқыту; 4) периодтық  заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қарастыру;  5) химиялық элементтер туралы білімді жинақтап қорыту.
Химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар  бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы және  салыстырмалы  атомдық массасы; ә) табиғатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жай затының  қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының  құрамы және қасиеттері; ғ) қосылыстарындағы  валенттілігі ; д) халық шаруашылығындағы маңызы.
Химиялық элементтерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында  периодтық заңның ашылғанын  біледі. Табиғаттың  ұлы заңын ашу үшін танымдық ой- өрісі  кең, сіңісіп кеткен  кертартпа пікірлерге батыл қарсы  шығатын ғалым керек  болғанын, Д.И.Менделеев  осы талаптарға сай келгенін  түсінетін дәрежеге көтеріледі. Д.И.Менделеев ашқан  периодтық   заң  және периодтық жүйе  химиялық  элементтерді және оларды оқып үйренудің  теориялық  негізіне айналады. 
Периодтық заң және периодтық жүйе өтілгеннен кейін   элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйренудің жоспары өзгереді.
* Элементтің периодтық жүйедегі  орнын сипаттау: химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, рет нөірі, периоды, тобы және топшасы.
* Атомының құрылысы : сызбанұсқа  сызу, атом  құрылысының  электрондық және графикалық формулаларын жазу. Элемент  атомының тотығу дәрежелерін анықтау.
* Элементтің  ашылу тарихы.
* Элемент түзетін жай затының құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы, табиғатта кездесуі.
* Элемент түзетін химиялық қосылыстарының құрамы, түрлері, қасиеттері, қолданылуы.
* Элементтің табиғатта таралуы.
Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып үйренгенде қолданылады. 

* Галогендер топшасын оқып- үйрену.     
Галогендер топшасын оқып үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден галогендердің   табиғи тобы периодтық  заң және периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық  және химиялық  қасиеттеріндегі , маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары  және айырмашылықтары  анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының  қасиеттері және тұздары оқушыларға белгілі. 
Екінші ерекшелігі -  бұл периодтық заңдылық пен  заттың құрылысы теорияларының  негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом құрылысының  заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық   пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тәжірибелік жұмыстарына  жол ашылады. 

* Оттегі, Азот және көміртегі  топшаларын  оқып үйрену. 
Оттегі топшасы жаңа бағдарлама бойынша  электролиттік диссоциациялану тақырыбынан  кейін өтіледі. Оқу- тәрбиелік мақсаттары: 
* Периодтық заң және периодтық жүйе, химиялық байланыс, заттың құрылысы және иондық теория жөніндегі теориялық білімді баянды ету және қолдана білуге үйрету;
* Пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оттегі және  күкірт қосылыстарының  табиғаттағы және  халық шаруашылығындағы  маңызын көрсету; 
* Галогендер топшасының элементтерімен  салыстыру арқылы   ұқсастығы мен айырмашылығын  табу;
* Химиялық қосылыстардың және құбылыстардың мәнін, себеп- салдарын байланыстырып, ішкі қайшылықтарын  түсіндіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Азот топшасы бойынша топты, топшаны және жеке элементті сипаттау, өтілген  топшаның элементтерімен  салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын  анықтау  жөніндегі оқушылардың білімі мен білігі нығаяды. Периодтық заң және жүйе, заттың құрылысы және химиялық байланыс туралы білім дамиды, жаңадан донор- акцепторлы байланыс жайында ұғым қалыптасады. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары,  химиялық әрекеттерді басқару және реттеу мәселелері нақтылы мысалдармен  толықтырылады.  
Азот топшасының элементтерін галогендер және оттегі топшасының элементтерімен  салыстырғанда  мыналарға  көңіл аударылады. Галогендер тобына жататын элементтердің бәрі- бейметалдар, олар күшті  тотықтырғыш  қасиет көрсетіледі. Оттегі топшасында  -  полонийда, азот топшасында сүрме мен висмутта металдық  қасиеттер білініп, элементтердің сипаты өзгереді. Элементтердің ( атомдардың ) қасиеттерінің  өзгеруімен жай заттар қасиеттері өзгеруінің  арасында айырмашылықтар байқалады.
Көміртегі топшасы. Бұл топшаның элементтері: атом құрылысының  электрондық және графикалық  формулалары,  тотығу дәрежелері, жай заттарының құрылысы, оксидтердің формулалары, қышқылдарының  формулалары, сутекті қосылыстарының формулалары бойынша талданады. Осының алдындағы топшаның элементтерімен салыстырылады. Көміртегі түзілетін жай заттарының  құрылысы мен қасиеттері  модельдер және кестелер  арқылы нақтыланады. Алмаз бен графиттің  қасиеттеріндегі айырмашылықтардың себебі ашылады. Оқушылардың атомдық ковалентті байланыстар, олардың кеңістікте орналасуы жөнінде білімі кеңейеді. Аморфты көміртегінің  қасиеттерін  талқылаумен  байланысты  жаңадан адсорбция құбылысы және оның маңызы туралы түсінік алады.

* Металдардың жалпы қасиеттерімен  таныстыру.
Металдар туралы оқу материалын  өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрылысы мен қасиеттері, химиялық реакция, т.б. ұғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрылысы, химиялық  байланыс  және иондық теория  жөніндегі білім қолданыс табады. Металлургия  өнеркәсібі  және металдардың  халық  шаруашылығындағы  маңызы туралы нақтылы ұғым  қалыптасады.
Металдар түзетін кристалл торларының түрлері: ортақтастырылған  көлемді текше ( сілтілік металдар, вольфрам, хром, т.б. ) ,  қырлары ортақ текше ( алюминий,  қорғасын, күміс, алтын, платина, т.б. ) , гексогенальды ( магний, бериллий, мырыш,т.б. ) торлар туралы айтылады. Бір көлем  бірлігіне келетін металл атомдарының  саны артқанда металдың тығыздығы да артады. Гексогенальды торда  атомдар  басқалардан гөрі тығыз орналасады. Металдардың тығыздығына ион зарядтары мен радиустары  да әсерін тигізеді. 
Металдардың сумен  әрекеттесу  мүмкіндігін, жүретін  химиялық процестерді, реакция  өнімдерін сызбанұсқа немесе  кесте түрінде беру  тиімді.
а) металдардың  сұйық және қанықпалы  қышқылдармен  әрекеттесу өнімдері де кесте арқылы беріледі. Күкірт және азот қышқылдарының   металдарға  әсер ету  ерекшеліктеріне  назар аударылады.
ә) металдардың тұздармен реакциялары параллель ( жүретін және жүрмейтін салыстырмалы ) тәжірибелер қою арқылы нақтыланады.
	Металдардың жалпы  қасиеттерін   қарастырғанда  пән аралық байланысты жүзеге асыратын маңызды  тақырыптың  бірі- электролиз. Электролиттік  диссоциациялану  теориясының  және тотығу  -  тотықсыздану  тұрғысынан электролиз құбылысы  мәселелік әдіспен  түсіндіріледі. 


* Негізгі және қосымша топшалардың металдарын  оқыту.
Химиялық элементтерді оқып -  үйрену жоспары  және металдардың  жалпы қасиеттері оқушыларға  таныс болғандықтан, негізгі және қосымша топшалардың  металдары  мәселелі әдіспен   және оқушылардың өздігінен  істейтін жұмыстарын  ұйымдастыру арқылы оқылады. 
Екінші негізгі  топша  элементтерінің  атом  құрылысы  бірінші  негізгі  топшаның  металдарымен  салыстырылып,   қасиеттеріндегі ұқсастығы  мен айырмашылығы анықталады.  Түзетін жай заттарының   оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының химиялық формулалары  жазылып, қасиеттері  сипатталады. Берилийдің қосылыстарынан   басқалары нағыз металдың және негіздердің  қасиеттерін  білдіретіні тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Тотығу  -  тотықсыздану  және алмасу реакцияларының  теңдеулері электрондық   және иондық тұрғыдан  талқыланады.
Қосымша топшалардың  элементтерінен, жаңа бағдарлама бойынша  темір қарастырылады. Темірді мысалға алып, қосымша топшалардағы металдар атомдары құрылысының  ерекшеліктері толығырақ  талданады. Бұлардың сыртқы  қабаттарындағы электрон сандары екіден  аспайды, жай заттарда металдық  кристалл торларын түзеді. 
Бақылау сұрақтары: 
* Химиялық элементтерді оқып  -  үйренудің  методикалық негіздері қандай?
* Галогендер топшасын оқып  - үйренудің методикасының  ерекшеліктері туралы не айтуға болады?
* Оттегі топшасын  оқытудың негізгі методикалық  мәселелерін  баяндаңыз.
* Азот топшасын оқып  -  үйренудің  негізгі методикалық  мәселелері қандай?
* Көміртегі топшасын оқытуда  қандай мәселелерге баса назар аударылады?
* Металдар  тақырыбын  оқытудың ерекшеліктерін талдап  беріңдер.


14-15 дәріс.  Органикалық заттарды оқып  -  үйрену методикасы. 

* Органикалық  химия курсының оқу  -  тәрбиелік маңызы мен міндеттері. 
Органикалық химияда  заттардың сан алуандығы және оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық  және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар саны жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың  төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен  көміртегі, сутегі,оттегі,  азот, күкірт және фосфор элементтері,  яғни санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде  металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар  көптеп алынуда, бірақ олар орта мектепте оқылмайды. Органикалық қосылыстардың  құрамына оқушыларға таныс элементтер  кіргенімен әр алуан  болуы көміртегі  атомдарының  өзара бір және еселенген химиялық байланыстар түзуге  бейімділігімен  түсіндіріледі.
Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің  арасындағы тәуелділікті  нақтылауға көбірек назар аударылады.  Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады.
Химияның  халық шаруашылығында қолданылуы, ғылым мен өндірістің өзара шарттастығы жөніндегі  білім  дамытылады.пластмасса, жасанды торқалар, былғары , каучук, ауыл шаруашылығында, медицинада қолданылатын заттар өндірудегі   органикалық  синтездің  жетістіктері баяндалады. Бұл  салада  және  экологиялық  жағдайды  жақсартуда  елімізде  жүзеге  асырылатын  шараларымен таныстырады.
Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға көтеріледі. Органикалық химияның теориялық  көзқарастарын  дамытуда және ғылыми жаңалықтарын ашуда ғалымдардың қосқан үлесіне  баса назар  аударылып, интернационалдық және  патриоттық тәрбие беру  жүзеге асырылады. А.М.Бутлеровтың  органикалық  заттардың құрылыс теориясы, В.В Марковниковтың атомдардың  өзара  әсері  жөніндегі ережесі, Н.Н.Зининнің анилин алу реакциясы,  М.Т.Кучеровтың ацетиленді  гидраттау  реакцияларының маңызы түсіндіріледі. 
 Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің  материядан тұратыны, бірлігі, үздіксіз  дамуы, сан өзгерістерінің  сапа  өзгерістеріне ауысуы, оларды  танып- білуге болатыны  жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық  заттар мен органикалық заттардың арасын бөліп тұрған жоқ екені  жөнінде пікір туады. 
Органикалық химия оқушылардың ақыл  -  ойының  дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру және жалпылау тәсілдері жиі пайдаланылады. 

* Органикалық  химия  курсының мазмұны мен құрылымы.  
Орта мектепте оқытылатын органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы  ұдайы жетілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын оқыту методикасын  В.Н.Версовский, Л.М.Сморгановский жазды.  1950 жылдардан бастап орта  мектептегі  органикалық химияның мазмұны мен методикасын жетілдіруде Л.А.Цветков  көрнекті еңбек сіңіріп келеді. 
Алғашқы бағдарламада  оқу материалы құрамы қарапайым қосылыстардан   басталып, құрылысы және  атқаратын қызметі күрделі қосылыстарға  дейін орналастырылады. Кеінгі бағдарламаларда  осы негізгі методикалық негіз сақталып, оқу  - тәрбиелік  маңызы аз кейбір деректі материалдар  қысқартылды, жаңа теориялық көзқарастармен  толықтырылды. 1968 жылы жаңартылған бағдарламаға органикалық   заттардың электрондық  және кеңістіктік  құрылысы туралы ұғым, химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі соңғы  көзқарастар, орын басу және қосып алу реакцияларының  механизмі, атомдардың өзара әсері туралы түсініктер енгізілді.  1988 жылдан  бастап бағдарламаға  пәнаралық ұштастыруды, оқытудың  өндіріспен және өмірмен байланысын  күшейтетін  өзгертулер жасалды. Бес  мүшелі моносахарид пентоза, азоты бар гетероциклді қосылыстар, нуклейн қышқылдары туралы  мәліметтер беріледі. Этил спиртінің  орнына метил спиртін өндіру өтіледі. Синтездік үлкен молекулалы заттар және полимер материалдар  курстың соңындағы жеке тақырыпта  қарастырылады.
Органикалық химия курсының теориялық негізі  -  А.М.Бутлеров жасаған органикалық  заттардың құрылыс теориясы. Бұл теория  бензолдың Кекуле ұсынған құрылыс формуласын, дивинил мен изопренге қосылу  реакцияларының, изобутанның хлорлау реакциясының мееханизмін, т.б. жеке деректерді түсіндіре  алмайды. 120 жылдан астам уақыттың ішінде бұл теория стереохимиялық   және электрондық көзқарастармен  толықтырылды. Сондықтан қазіргі құрылыс теориясы дәстүрлі теориядан, стереохимиялық  теориядан және химиялық  байланыстың  электрондық табиғаты  жөніндегі ілімнентұрады. Үш теорияның негізгі ықшамдалған, дидактикалық өңделген түрде  мектеп  курсына кіреді.
Дәстүрлі құрылыс  теориясының идеялары: көміртегінің атомдары  тізбек түзіп байланысады; атомдар молекулаға валенттіліктеріне сәйкес  белгілі бір ретпен бірігеді; қосылыстың қасиеттері атомдардың орналасу ретіне және өзара әсеріне тәуелді атомдардың байланыс  реті химиялық тәсілдермен анықталады, құрылысы құрылымдық  формуламен  көрсетіледі.
Стереохимиялық негіздері: көміртегі атомының тетраэдр  пішінді кеңістікте орналасуы; ковалентті байланыстардың бағытталуы; көміртегі тізбегінің  иректі құрылысы; жай байланыс төңірегінде атомдардың еркін айналысы; еселенген  байланыстар төңірегінде атомдардың еркін  айнала алмайтыны транс  -  цис изомерлер, олардың қасиеттеріндегі айырмашылықтары, полимер молекулалардың ретсіз және стереоретті құрылысы, т.б.
Электрондық теорияның негіздері: көміртегі  атомының қалыпты және қозған  күйіндегі электрондық  құрылысы, электрон бұлты, валенттік электрондар бұлтының  бағыттары: - sp3 , - sp2 , - sp  гибридтену; ковалентті байланыстардың түзілуі- электрон бұлттарының   әсерлесуі; сигма  және пи  -  байланыстар, олардың беріктігі; бос радикалдар; электрондық әсердің түрлері.

* Органикалық химияны оқытудың кейбір методикалық  мәселелері.
Органикалық химияны оқытуда оқу жұмысын  ұйымдастырудың бұрыннан келе жатқан түрлері пайдаланылады.  Солардың ішіндегі ең негізгісі  -  сабақтың типтері, мазмұны , әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың өсуіне  және  жасының  есеюіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жаңа материалды үйрену, алған білімді жетілдіру, қайталау және қорытындылау сабақтары, көбінесе дәріс, семинар, пікір таласы және конференция түрінде өткізіледі. Бұларға қарастырылатын оқу дербестігі  арттырылады. Дәріс пен әңгіменің мәселелік, әңгімелесудің эвристикалық  түрлері жиі қолданылады.
Оқу құралдарының ішінде химиялық экспеименттің мәні  артады. Органикалық химияда қойылатын тәжірибелердің техникасы күрделі  болуынан, көбінесе,  көрнекі көрсетулер жасалады. Көрнекі көрсету тәжірибелері тиісті нәтиже бермейтін жағдайларда ғана зертханалық  тәжірибелер жүргізіледі. Тәжірибелер  жасауда сурет бойынша түсіндіру және зерттеу әдістері қолданылады. Сөз, көрнекілік және тәжірибені ұштастырудың түрлері материалдың мазмұнына және оқушылардың  өткендегі әзірлігіне қарай анықталады.  Байқалған қасиеттеріне сәйкес органикалық қосылыстың  құрылымын іздеп табу, алдын  - ала  жасалған  жорамалды сынау тәжірибелері көбірек орын алады. Сарамандық  тәжірибелер  экспеимент  есептері түрінде беріледі. Сан есептерінен тәжірибе  мәліметтері бойынша заттың химиялық формуласын  табу жиі шығарылады.
Органикалық  химияның  негізгі ұғымдарын  қалыптастыру және дамыту  -  аса маңызды методикалық  мәселелердің бірі. Оларға жататындар: химиялық тіл және органикалық қосылыстардың  номенклатурасы, гомологтық қатарды оқып  -  үйрену, заттардың алу тәсілдерін  қарастыру, заттардың қолданылуын  оқып  -  үйрену,  жаттығуларды пайдалану. Бұл ұғымдарды ойдағыдай қалыптастыру  үшін оқу жұмысының ұйымдастыру түрлерін тиімді пайдалану, бейорганикалық химиямен пән ішіндегі, басқа  жаратылыстану пәндерімен байланысты жүзеге асыру, тарихи  негізді жүйелі қолдану, теорияның  жетекші мәнін , әсіресе, заттың қасиеттерінің құрылысына тәуелділік  идеясын ұдайы көрсету, көрнекіліктің алуан түрлерін тиімді қолдану қажет. 

* Органикалық  заттардың құрылысы  туралы ұғымды қалыптастыру. 
Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық  құрылыс теориясы, электрондық  теория және кеңістіктік құрылысының  теориясы тұрғысынан қарастырылады. 
Осындай теорияны 1861 жылы Қазан университетінің  профессоры А.М.Бутлеров ұсынды. Ол органикалық  заттардың  химиялық құрылысы  туралы теорияны жасау  үшін жаңадан ғана теорияға айналып, әлі көпшілік  мойындап  үлгермеген  атом  -  молекулалық  гипотезаны, валенттілік ұғымын пайдаланғаны, заттың құрылысын  анықтауда химиялық  тәсілге кәміл сенгені туралы   тартымды және дәлелді баяндалады. Құрылыс  теориясының негізгі қағидалары талқыланады. 
Бірінші қағида  -  молекулада  атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу және тармақталған  көміртегі  тізбегі, изомерия және  изомерлер , құрылым формулалары. Ұғымдарды нақтылай түсу үшін  валенттілік орнына сызықшаларды қойып, метанның химиялық  формуласы жазылады. Төрт сутегінің  атомы көміртегінің  атомдарымен байланысып, өзара  тікелей химиялық  байланыс  түзбейтініне  оқушылардың назары аударылады. Бұдан соң этанның, пропанның және  бутанның құрылым формулалары жазылады. Пропанда көміртегінің  бір атомы  өзінен басқа  екі атомымен  -  түзу, ал изобутанда  үш  атомымен  тармақталған  тізбек түзіп, байланысатыны анықталады. Қарастырылған қосылыстардың бәрінде  көміртегі атомының төртке тең валенттілігі сақталатыны, тізбек  түзу органикалық  қосылыстардың сан алуан  болуына әкелетіні айтылады,мұндай қорытындыға оқушылардың  өздері де келе алады. Бутан мен изобутанның  құрылысындағы  ерекшеліктеріне , мұның өзі олардың   қасиеттеріне әсер ететініне көңіл бөлінеді, құрылым  формуласына анықтама беріледі. Толық және жартылай құрылым  формулалары, олар молекуладағы атомдардың  байланыс  ретін көрсететіні, кеңістік  құрылысын бейнелей алмайтыны туралы ұғым қалыптастырылады.
Екінші  қағида  -  атомдардың өзара әсері оқушыларға  бейорганикалық  химиядан таныс мысалдар арқылы түсіндіріледі. Байланысып тұрған атомдарының әсерінен  тұз қышқылы, су және аммиак молекулаларындағы  сутегі әр түрлі химиялық  қасиеттер көрсетеді. Жазылған құрылым формулаларына қарап, этанда көміртегі өзінен басқа бір атомның әсеріне  ұшырайтыны, мұның мәнісі кейінірек түсіндірілетіні айтылады. 
Құрылыс теориясының үшінші қағидасы  -  зат қасиетінің  құрылысына тәуелділігі бутан мен пентанның  изомерлерін қарастыру, олардың физикалық  қасиеттеріндегі ерекшеліктерді көрсету арқылы  нақтыланады. Химиялық құрылыс теориясы атомдар арасындағы  химиялық байланыстың  электрондық табиғатын және атомдардың кеңістікте орналасу ретін  зерттейтін  және түсіндіретін  теориялармен толықтырылып, дамығаны баяндалады. Бұл теориялар  органикалық  қосылыстардың жеке кластарын өткенде қарастырылады.
Аромат көмірсутегі  -  бензолдың химиялық және электрондық құрылысы туралы тарихи  материалдарды келтіре отырып, мәселелік  әдіспен талқыланады. Ең алдымен  бензолдың тарихи қалыптасқан  құрылым формуласымен электрондық құрылысының  арасындағы үйлеспеушілік  ашылады. Бензол молекуласындағы қос байланыстар бір  байланысқа қарағанда қысқа болуы керек еді, бірақ  тәжірибе жүзінде  бензолдағы алты  байланыстың  ұзындығы бірдей (0,140 нм) екені және бір жазықта орналасқаны анықталған. Мұның мәнісі sp2 гибридтену және молекулаға  ортақ алты электронды пи  -  байланысының түзілуі арқылы түсіндіріледі. 

* Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру және дамыту. 
Органикалық  химияның  негізгі  ұғымдарын  қалыптастыру  методикасы И.Н.Чертков еңбектерінде баяндалған. Изомерия мен  гомология заттардың  химиялық   құрылысының  түрлі жақтары ретінде  қарастырылып, ұқсастықтары   мен  айырмашылықтары  сараланады. 
Изомерия құбылысы химиялық құрылыс теориясы жасалуының алғы  шарттарының   бірі болды, сондықтан оның негізгі  белгілері осы  теорияны  өткенде анықталады. Қаныққан  көмірсутектері  тақырыбында көміртегі  тізбегінің  изомериясы жөнінде  нақтылы түсінік беріледі,  изомерлерді табуға және  құрылым формулаларын  жазуға  арналған  жаттығулар  орындалады. Осы тақырыпта алғашқы  рет өтілетін  гомология  ұғымымен  салыстырылады. 
Этилен қатарының  қанықпаған көмірсутектерін  өткенде тізбек изомериясы  қос байланыстағы орынның  изомериясымен  толысатыны  айтылады, жаңадан кеңістік   изомериясы  жөнінде түсіінік беріледі.  Нақтылай түсу үшін  бутен  -  1 және -2  -  нің жағдай изомерлері, бутан  -  2-нің  цис және транс  -  изомерлерінің  құрылым формулалары  жазылады. 
Гомология органикалық қосылыстары оқып  -  үйренуді жеңілдететін  маңызды ұғым. Ол органикалық заттардың  жалпы қасиеті, оларды  жіктеуге, жүйелеуге, құрылысы мен қасиеттерінің  тәуелділігін  түсінуге , көміртегі қосылыстарының  күрделену  сипатын аңғаруға, сан өзгерістерінің  сапа  өзгерістеріне  ауысуын  көрсететін жалпы заңдылықты игеруге  жәрдемдеседі. 

* Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасуы. 
Атомдардың өзара әсері туралы  ұғым А.М.Бутлеровтың  химиялық құрылыс теориясын өткенде  қалыптасады. Оқушылар органикалық  химияны  жаңадан оқуға кіріскендіктен, мысалдар бейорганикалық  химиядан  келтіріледі. Бейорганикалық  қозғалыстар молекулалары  атомдарының арасындағы  біржақты әсер жөнінде түсінік беріледі. Молекуладағы атомдардың өзара әсері химиялық  құрылыс теориясының негізгі қағидаларының  бірі болғанымен, алғашқы тақырыпта  оның электрондық мәні  жөніндегі мәселе қаралмайды. 
Этилен  көмірсутектерінде қос  байланыстың симметриялы  және симметриясыз  орналасуына қарай электрон тығыздығының таралуы, Марковников ережесінің  электрондық мәні мәселелік әдіспен түсіндіріледі. Оқушыларға  пропиленге хлорсутек  қосылу реакциясының теңдеуін жазуға тапсырма  беріледі. Оқушылар сутегі мен хлордың қосылатын  жерлерін  еркінше  анықтап, біреулері 1  -  хлорпропан, екіншілері 2- хлорпропан пайда болу реакцияларының теңдеулерін жазады.
Радикалдардың функционал тобына, керісінше функционал  топтың  радикалдарға әсері фенолдың  қасиеттерін май қатары бір атомды спирттерінің және аромат  көмірсутектерінің  қасиеттерімен  салыстыру арқылы тәжірибе  жүзінде айқындалады. Мұнда оқушылардың   түйіндейтін ой  -  пікірлері: фенолда спирттерде білінбеген сілтімен  әрекеттесу қасиеті пайда болады, бензолмен салыстырғанда   оңай  бромдалады. Фенолдың қышқылдық қасиетінің артуы бензол  ядросындағы п  -  электрон бұлттары оттегі атомының электрон жұбымен  әсерлесуі  нәтижесінде оттегіндегі теріс зарядтың кемуімен сутегінің  қозғалғыш  күйге келуі арқылы, демек сақинаның  функционал тобына  әсері арқылы түсіндіріледі. Гидроксотоптағы оттегі электрондарының  бензол  ядросына  тартылуынан орто және пара  -  жағдайдағы  көміртегі атомдарының  электрон тығыздығы артады да, оларға  галогендердің келуі жеңілдейді. Түсіндіруді нақтылау үшін фенолдың электрондық  құрылысын бензол және толуолмен  салыстырады. 
Радикалдар мен функционал топтардың өзара әсері туралы ұғым альдегидтерді өткенде дамытылады.  Құмырсқа альдегиді мен сірке альдегидінің электрондық құрылысын салыстырып, радикалдың  әсерінен сірке альдегидінің  карбонил тобындағы  көміртегі мен оттегі  арасындағы  байланыстың полюстілігі кеміп, қосып алу және тотығу реакцияларының  баяулайтыны дәлелденеді. 
Молекуладағы атомдардың өзара әсері мәселесін оқыту барысында салыстыру, ұқсастығын  табу, жинақтап  қорыту және басқа  әсердің ішкі мәнін ашуға жәрдемдеседі.
Бақылау сұрақтары: 
* Органикалық химияның жеке курс ретінде оқытылуын қалай түсіндіруге болады?
* Органикалық химия  курсының мазмұны  мен оқыту  методикасын дамытуда елеулі үлес қосқан қандай  ғалымдарды білесің, олардың еңбектерін атаңыз?
* Соңғы жылдарда   органикалық химияның  мектептегі курсының  мазмұнына қандай өзгерістер  енгізілді?
*  Органикалық заттар химиясының  теориялық  негіздері, олардың бейорганикалық химияның  теорияларымен  байланысы қандай?
* Органикалық қосылыстардың  электрондық және кеңістіктік құрылысы  жөніндегі  ұғым қалай қалыптастырылады және дамытылады?
* Изомерия және гомология  ұғымдарын қалыптастыру  методикасының негізгі  мәселелерін  сипаттап  беріңдер.
* Атомдардың өзара әсері ұғымына байланысты  оқу  материалдарын  Л.А.Цветков оқулығының жеке тақырыптары  бойынша тауып, тіректік қысқаша жазба жазыңдар.



















Практикалық жұмыс № 1
Оқу жұмысын жоспарлау.
      Жаттығу үшін тапсырма.
жұмыс дәптеріне жоспар құру үшін сағат торын және сызбасын көшіріп ал.
мектептегі химия бойынша оқыту сағатының торын, программасын және кітаптарын қолданып, келесіні құрыныз:
а) сол класстың бір тақырыбына тематикалық жоспар
б) сабқтардың біруіне жоспар және конспект.
Жылдық жоспар. Алғашында барлық программалық  материалды оқыту торына сәйкес екі бөлікке жарты жылдықа бөледі. Бірінші жарты жылдықтың жоспарын оқу жылының басына дейін ( 1 қыркүйекке  дейін),  екінші жарты жылдықтың жоспарын  - басталуына дейін ( 10 қаңтарға дейіе) құрайды.
Темартикалық жоспар.
Тақырып жоспары <<химиялық жаңа ұғымдар>>
№
Сабақ тақырыбы
Уақыты
Ескерту


белгіленуі
орындамауы

1
Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері
2/ІХ
2/ІХ

2
Қоспа және таза заттар
6/ІХ


3-4
Заттарды қоспадан бөлу
9/ІХ-13/ІХ


5
Заттардың өзгеруі. Физикалық және химиялық құбылыстар
16/ІХ


6
Химиялық реакцияның белгілері
19/ІХ


7-8
Практикалық жұмыс № 1
27/ІХ


Сонымен қатар программаның әр тақырыбын жеке сабақтарға бөледі, мысалы:
Сабақ жоспары. Сабақ жоспарын құруда. Бастапқы және ең жауапты жұмыс бөлігі болып мақсаты мен онда оқылатын материал сипаттамасын ( заттарды, негізгі түсініктерді, заңдар мен химия теориясын, химиялық өндірісті, ауыл шаруашылығында химияны қолдану,ғалымдардың биографиясын және т.б.) дұрыс бөлу, ол сабақтағы жұмыстың әдісі мен жолын анықтайды.
Сабақтың ашық жоспарын көрсетілген сызба бойынга құру ыңғайлы.
Ашық жоспар сызбасы.
(сабақтың бір типті).
... курс, ... факультетінің студентімен (фамилия) ...мектептің ... сыныбына ... таұырыпқа берілген сабақ жоспары.
І. Сабақ мақсаты және берілетін материал сипаттамасы.
ІІ. Сабақ барысы.
1.кіріспе бөлімі (сыныптағы оқушыларды түгендеу, сабаққа қатыспағандарды журналға жазу, үй жұмысын тексеру, сыныптық жұмысқа дайындығын тексеру және т.б.)
2. оқушылардың білімін тексеру.
а) сұрақты құрастыру
б)сұраудың жолы мен әдістері
3. жаңа тақырыпты жеткізу:
а) жаңа тақырыптың алдында  өткен сабақпен байланыстыру.
б) жаңа материалдың жеке бөлімдері
в) жаңа тағырыпты жеткізу жолы мен әдісі.
4. Үйге тапсырма: әдебиеттерді көрсету, жұмыс сипаттамалары, қайталауға,  есепке, графикалық және тәжірибелік жұмысқа арналған матеиалдар және т.б.
5. Сабақта өткендібекіту:
А) бекітуге арналған сұрақтар:
Б) жұмыс әдістемесі мен жолдары
6. жұмысты құралдармен қамсыздандыру.
Конспектіде барлық пуктіні детальдап, конкреттейді. Онда келесілер қарастырылуы керек:
А) мұғалім сұрақ қойғанда шақырылатын оқушылардың фамилиясы, жаңа материалды айтқанда өткенді бекіту.
Б) мүмкін болатын барлық оқушылар жауабын, мұғалімнің айтқаны мен түсіндіргенін сөзбен өрнектеу.
В) анықтамаларды, ұғымдарды және химия заңдарын дәл құрастыру:
Г) мұғалім мен оқушылардың тақтадағы суреттері мен сызбалары.
Д) барлық жүргізілген тәжірибелердің, сабақта қолданылатын әдістемелердің нақты сипаттамасы.
Сабақ анализі.
Сабақтың анализі мақсатты талқылаудан және одан оқылатын материалдың  сипатынан бастайды.
Оны сабақ барысында жүргізеді.
кіріспені анализдеу кезінде сыныптың сабақты өткізуге дайындығын бағалайды: оқушыларда кітаптыі, дәптердің, жазу құралдарының, бордың және тақтадағы шүпекертің, құралдардың бар болуын.
сұрақ қоюды анализдегенде келесіге көніл бөледі: барлық сыныпты жұмысқа баулы, сұрақтарды құрастыру,  сұрақта қолданатын жолдарды, қажетті құралдардың бар болуы, қабілеті мен дағдысын тексеру, жауаптарды дұрыс бағалау және анализдеу, сұрақтар мазмұнына сәйкес жаңа материалға көшу және т.б.
жаңа материалды жеткізу кезінде жаңа материалдың алдында өткен сабақпен байланысының бар болуы мен дұрыстығын белгілейді, барлық жоспар пункті бойынша қорытындыларының болуын белгілейді, берілген материалдың өмірмен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен байланысын белгілеу. Мұғалім мен оқушы тілін оқушының сабақтағы белсенділігін және т.б. белгілейді.
үйге тапсырма беруді анализдегенде сабақтың мәніне сәйкес келетіндігін, мөлшері дұрыстығын, оқушыларға қол жетімділігін, есептердің онда бар болуын, тәжірибе жұмыстардың бар болуын, берілген әдебиеттерді (кітап, сабақтан тыс оқуға арналған әдебиеттерді), графикалық тапсырмаларды, мұғалімінің түсіндіруін және оның орындалуын ескереді.
сабақтыңсоңғы бөлігін анализдеу бекітуге арналған сұрақтарды, оның жолдарын мен құралдарын, оқушылардың  жауаптарының сапасын талқылайды.
Сабақтың әр  бөлігінде кеткен уақытты белгілейді. 
Сабқтың әр бөлігін анализдеу негізінде қойылған мақсат бойынша жетістіктер туралы, фактілерді көрсетіп, сабақтың жақсы жақтарын және  кемшіліктері туралы жалпы қорытындылар жасайды.

Практикалық жұмыс № 2
Алғышқы химия ұғымдары мен заңдарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: білімді қалыптастыру және оны іс жүщінде пайдалана білу.негізгі химиялық түсініктер мен осы тақырыптағы заңдарды, атом  -  молекулалық ілімді, химиялық тілді үйретіп, кабинеттегі қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, тәжірибелерді орындай білуге дағдыландыру.
Дамыта оқыту міндеті. Ойлау қабілетін дамыта отырып, тақырыпты оқығанда немесе мұғалімнің айтқаны бойынша қысқаша  жоспар жасай білу. Оқығанды есте саөтау, оны бір  -  бірімен салыстыра отырып қорытындылап, оқылған материалды ауызша айтып беру.
Табиғаттағы заттардың көп түрлілігі, заттар қасиетінің оның құрамына тәуелді екендігін және атом  - молекулалық ідім тұрғысында оның мәнін, мазмұнын ашу.
Алған біліге  және рны іс жүзіне асыруға қойылатын талаптар.
Мына түсініктердің <<жай және күрделі зат>>, <<атом>>, <<молекула>>, <<валенттік>>, <<химиялықреакция>>, <<химиялық формула>>, <<заттың сандық және сапалық құрамы>>, <<салыстырмалы атомдық және молекулалық массасы>>, <<молярлық масса>> мазмұнын түсіндіріп, әрқайсысына анықтама бере білу.
Химиялық реакция кезінде құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақтау заңын оқып  - үйренудің ерекшелігі түсіндіріледі. 
Атом молекулалық ілімінің мазмұнын ашып, оқып үйренген білімді одан ары қарай сабақтарда қолдана білу. 
Бинарлы қосылыстырдағы элементтің валеттігін біле отырып формула құра білу, формулаға қарап атомның валенттігін анықтау.
Қарапайым химия реакция теңдеулерін құрып, оны теңестіре білу.
Спирт шамы және тұрғымен жұмыс істей білу және сол дағдыны пайдаланып, оқулықта көрсетілген тәжірибелерді орындау.
Бағдарламаларда көрсетілген сандық есептерді шығара білу.
Оқушының дамуына қойылатын талаптар. Тақырыптан негізгіні бөле білу.
Тақырыпты оқи отырып, өз бетінше жоспар құрып, оны айтып беру.
Оқылған теориялық ұғымдарды бақылай отырып, басты мәселеге көңіл аудару арқылы салыстыра білу. 
Оқушыны тәрбиелеуге қойылатын талаптар.
Бұл тақырыпты өтіп болған соң оқушы табиғаттағы көп түрліліктің себебін түсіндіріп, бір  - бірінен ажырататын зат құрамына оның қасиетінің тәуелді екенін анықтап айтып бере білуге дағдыланады.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады.
Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттер. Таза заттар және қоспалар.
Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық  реакциялардың белгілері.
Атомдар және молекулалар. Химиялық элементтердің таңбалары. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы және ол бойынша есептеулер. Химиялық элеметтің валеттілігі. Элементтердің валенттіктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру. Заттардың құрам тұрақтылық заңы. Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы. Атом  -  молекулалық ілім. Зат мөлшері. Моль. Авагардро заңы. Молярлық масса. Химиялық реакция типтері. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. 
Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбын бекіту сұрақтары:
химия пәні нені үйретеді?
заттар, олардың түрлері. Заттардың қасиеттері.
қоспалар, оның түрлері. Қоспаларды бөлу тәсілдері.
құбылыстың түрлері. Химиялық реакциялар.
атом  -  молекулалық ілім. Атом. Молекула.
химиялық элементтер, таңбалары, атаулары, жазылуы.
салыстырамалы атомдық және молекулалық масса. 
химиялық формула, индекс, кэффициент.
зат мөлшері, моль, молярлық масса.
құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақтаду заңы.
химиялық теңдеулер.
химиялық реакция типтері.

Практикалық жұмыс № 3
Оттегіні және сутегіні оқыту әдістемесі.
         Практикалық жұмыс мақсаты: жеке алынған жай заттардың қасиеттерімен таныса отырып, бейорганикалық заттардың кластары, құрамы, табиғатта таралуы, алынуы жайлы білімді одан әрі дамыту. 
         Құралдар мен ректиытер. Калий перманганаты, сутек пероксиді, өршіті МпО2.
         Дамыту міндеті. Химиялық заттарды клсақа жіктеуге негіз болатын салыстыру дағдысын қалыптастыру. Айналадағы химиялық құбылыстарды байқап, оларды өмірде және лабораториялда қандай тәжірибелер арқылы анықтауға болатынын сипаттап айтып беруге дағдыландыру.
         Жаңа сабақ. Оттек табиғатта көп тараған элемент. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі үшін маңызы зор. Сондықтан да осы тарауда оттектің жай зат және элемент ретіндегі сипаттамасы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, табиғаттағы айналымы мен қолданылуы қарастырылады. Оқушылар тотығу процесі мен оксидтер жайлы мәлімет алады. Оттектің аллотропиялық модификациясы  -  озон жайлы алғаш рет мағлұмат беріледі.
       Бұрын алған білімді еске түсіре отырып, оттектің физикалық қасиетін, оны алу жолдарын үйренеді. Бұл тақырыпты семинар  -  сабақ ретінде өткізуге немесе деңгейлі сұрақтар мен тест сұрақтарын даярлауға да болады. Осының бәрі жеке элемент қасиетін зерттеу тәсілдеріне алғашқы бастама болады.
       Оттек тақырыбын өту жоспарымен алдын ала таныстыруға болады.
Оттек химиялық элемент және жай зат.
Оттектің табиғатта кездесуі.
Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері.
Алу жолдары.
Қолданылуы.
      Оттек  -  атмосферада бос күйде сонымен қатар қосылыс түрінде су буы, көмірқышқыл газ, литосферада - ***, тау жынысы, биосферада көмірсулар, май, белок, гидпросферада  -  89% судың құрамында болатыны айтылады. Бос күйде атмосферада 21% шамасындай болады. Қосылыс күйінде жер қыртысында оттек 49% құрады. Оттек газының 1 литрі шамасен 1,43г/л болады, - 1830С сұйық күйге, ал  -  2180С-та қатты күйге айналады. 200С-та атмосфералық қысымда 1 л суда 44 мг оттек ериді.
       Элементті сипаттау жоспарын оқушылар дәріптеріне жазып алған соң, осы жоспар бойынша оттекті сипаттайды. Мұғалім олардың айтқанын толықтырады. Осы жерде озон жайлы, оның табиғатта таралуы және аллотропия жайлы түсінік беріледі.
Бейорганикалық заттарды сипаттай отырып, жеке өкілдерінің ерекше және жалпы қасиеттерімен бірге табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі жайлы көзқарасты қалыптастыра отырып өмірмен байланыстырады.
Бұл сабақта келесі сабақтар қамтылады:
Оттектің физикалық қасиеттері және алу жолдары.
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Оксидтер, олардың аталуы.
Оттектің табиғаттағы айналымы. Озон  -  оттек аллотропиясы. Ауа  -  газдар қоспасы.
Оттегі және сутегі тақырыбына бекіту сұрақтар:
Оттек химиялық элемент және жай зат.
Оттектің табиғатта кездесуі.
Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері.
Алу жолдары.
Қолданылуы.
Сутектің табиғатта таралуы, алыну жолдары.
Практикалық жұмыс мақсаты: сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру. Элеметті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін одан әрі дамыту. Сутек ең жеңіл газ болғандықтан табиғатта таралуы жайлы біліге баса назар аудару. Лабораториялық құралдарды пайдалана білуді еске түсіру. Экзо-, эндотермиялық реакцияларды қайталау. Оқыту кезінде қойылған талаптарды орындау үшін білімді одан әрі қарай дамыту.
Құралдар мен ректиытер. Газ жинайтын құралдың жұмыс істеу тәртібін білу. Тұрғы, сынауық, мырыш, тұз қышқылы немесе кальций, стақанда су. Кипп аппараты.
Жаңа сабақ. Оқушылар бұдан бұрынғы <<оттек>> тақырыбын өткенде химиялық элемент және оның қосылыстарын қандай реттілікпен оқығандарын еске түсіреді. Мұғалім сутектің ашылу тарихына қысқаша тоқталады. Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері Парацельс ашқанын, 1776 ж.ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап, басқа газдардан айырмашылығыг көрсеткенін арап өткен жөн. Оқушыларға алдын ала << Сутектің ғарышта және Жер бетінде таралуы>>, <<Сутекті алу жолдары>>,т.б.хабарламалар дайындауға тапсырма беруге болады. Мұғалім сутек жайлы оқушының біліміне сүйене отырып, сутектің  -  жай зат екенін түсіндіреді. Оның табиғатта бос күйде таралуын, ең жеңіл газ екенін айтады. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге де болады. Өнеркәсіпте, техникада көп қолданатындықтан сутекті алудың 1  -  2 тәсілін айтып кетеді.
Лабораторияда аз мөлшерде сутекті белсенді металдар: магний, мырыш және темірді сұйылтылған тұз қышқылы НСІ немесе күкірт қышқылымен Н2SО4 әрекеттестіріп алатынын айтады. Сондай  -  ақ өте белсенді металдар:натрий, калий, кальцийдің сумен тікелей әрекеттесууі арқылы сутек газын алып оны сынауды үйретеді. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып, сутекті алу тәсілімен және тазалығын тексерумен, Кипп құралғысының құрылысымен таныстырады. Басқа да сутекті алудың әдістері туралы мағлұмат беруге болады. Мысалы, суды электр тогының көмегімен айыру. Уақыт болса Авогадро заңын қайталай суды айырып қанша көлем (қ.ж) сутек газын алуға болады? 2  -  есеп: 320 г оттекті жағу үшін қ.ж.-да қанша көлем, қанша масса және сутектің қанша зат мөлшері қажет?
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіреді және есеп шығаруды қайталайды.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Өзі бақыланған лабораториялық тәжірибелерден дұрыс қорытынды жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазып, реакция типін анықтай білуі тиіс.
Сутектіңфизикалық және химиялық қасиеттері.
Сутегі тақырыбына бекіту сұрақтары:
Магний мен тұз қышқылы және алюминий мен күкірт қышқылы арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар?
Суды және ауаны ығыстыру тәсілімен сутекті қалай жинауға болады?
Сутек алуға болатын екі реакция теңдеуін жазыңдар?




Практикалық жұмыс №4
Су және ерітінділерді оқыту әдістемесі.
 Практикалық жұмыс мақсаты: адам өміріне ең қажетті су жайлы білімді одан әрі дамыту. Ерітінді, еріткіш, еритін зат, ерітінді концентрациясы ұғымдарын қалыптастыру. Массалық үлестері әр түрлі ерітінді даярлауды үйрену.
Суды тазартуға байланысты іс  -  шаралар туралы мағлұмат беру.
Табиғаттану, георгафи пәндерінен су жайында алған білімді одан әрі жетілдіру, реферат, хабарлама даярлау.
Оқытудың жоспарланған нәтижесі. Қоршаған ортадағы, күнделікті тіршіліктегі судың маңызына тоқталу. Табиғатта кездесетін таза заттар мен қоспалар жайлы еске түсіре отырып, судың физикалық қасиеттеріне тоқталу.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Тақырып бойынша негізгі мәселені бөле білу, оқушы өз бетінше жоспар жасап, тақырыпты баяндай алуы қажет. Табиғаттағы суды қорғаудың экологиялық іс  -  шараларын назар аударған жөн.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Су  -  еріткіш
Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі.
Судың құрамы. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.
Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Судың маңызы
Бекіту сұрақтары:
Ерітінді деген не? Күнделікті өмірде кездесе ме?
Еріткіш, еритін затқа мысалдар келтіріңдер.
Ерігіштікті тездетуге бола ма?
Суда шақпақ қант тез ери ме, құмшекер тез ери ме?
Белгілі көлемде алынған еріткіште зат шексіз ери ала ма?

Практикалық жұмыс №5
Галогендердің оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: сілтілік металдар жайлы білімді мысалдар келтіре отырып нақтылау және жүйелеу. Жай зат  -  натрийді сипаттаудан алған теориялық білімді пайдалану.
Жаңа сабақ. Натрийдің жай және күрделі заттарының құрамын нақты мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Металл атомдарды сипаттайтын өзіне тән құрылысын талдайды. Оған валенттік электронның аз болуы және атомның мөлшерінің үлкен болуы жатады. Атомның осы жағдайы оның электронды оңай бере отырып, оң зарядталуына әсер етеді.
Дамыту мақсаты. Алған теориялық білімді нақтылау мақсатында оқулықпен жұмыс істей білуі және конспект жасау жоспары мен сызбанұсқалар құра білуі тиіс. Тәжіррибеден көпір  -  білгенін қорытындылап, кестеге түсіріп, жүйеге келтіре білуге үйренуі керек. Ең белсенді типтік жүйеге келтіре білугеүйренуі керек. Ең белсенді типтік металл  -  ең күшті тотықсыздандырғыш болып саналады, сілітілк металдарға тән қасиетті нақтылау, оны атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Сонымен қатар натрийдің өзіне тән ерекше қасиеттерді және табиғатта таралуы мен қолданулуын айтып бере білу керек.
Дамутыдың жоспарланған нәтижесі. Натрийді толық спаттау реттілігін теориялық білімге сүйене отырып іске асыру.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Натрий қосылыстары
Периодтық жүйедегі галогендердің орны, табиғатта таралу, қасиеттері.
Хлрдың алынуы мен қолданылуы, қосылыстарының қасиеттері.
Хлорсутек. Тұз қышқылы, қасиеттері.
Маңызды хлоридтер. Хлорид  -  ионды анықтау.
Галогендердің салыстырмалы сипаттамасы. Қасиеттері, қолданылуын.
Бекіту сұрақтары:
галогендердің физикалық қасиеттері қалай өзгереді?
Тотықтырғыш қасиеті ең жоғары қай галоген?
Хлор сутекпен, металдармен реакцияға түскенде тотығу дәрежесі қандай болады?

Практикалық жұмыс №6
Күкірт және оның қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты:периодтық жүйедегі күкірттің орнына қарай оны ҮІ топ элементі ретінде сипаттау: оқушыларды оның аллотропиялық түр өзгерістерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен әр түрлі тотығу дәрежесінесәйкес келетін күкірттің маңызды қосылыстарымен, күкірт және оның қосылыстарының қолдануымен танысу.
Бұл сабақты екіге бөліп қарастыруға болады:
Күкірт, оның физикалық және химифлқ қасиеттері, алынуы, қолдануы.
Күкірсутек, күкіртсутек қышқылы және оның тұздары, олардың алынуы, қолданылуы. Уақыттың аздығына байланысты бұл сабақ оқушылар алатын ақпатар мөлшері көп болып табылады.
Күкірттің химиялық қасиеттерін оқушы химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнымен байланыстырады. Күкірт әр түрлі жағдайда өзі әрекеттесетін элементтің электртерістігіне байланысты тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Күкірт. Күкіртсутек және сульфидтер.
Күкірт (ҮІ) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар.
Бекіту сұрақтары:
күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Күкірт сутек, күкіртсутек қышқылы  және олардың қасиеттері.

 
Практикалық жұмыс №7
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: химиялық реакцияның жылдамдығы жеке оның негізгі сатылары гетерогендік реакциялар үшін туралы түсініктерді қалыптастыру. Химиялық реакциялардың жылдамдығы туралы оқушылардың білімдерін тереңдету және жүйелеу; гомогенді және гетеоргенді реакциялардың жылдамдығына әсер етуші масалар заңы мен  Вант  -  Гофф ережесін тұжырымдау.
Енгізілген түсініктер: жылдамжық константасы, қарапайым реакциялар, реакцияның кинетикалық теңдеуі, қарапайым акт, химиялық реакцияның температуралық коэффициенті (Вант  -  Гофф коэффициенті), белседіру, белсендіру энергиясы, жай және белсенді молекулалар, белсенді соқтығысулар, ауыспалы күй.
Оқушыларды әсер етуші массалар заңымен таныстыра отырып, мына мағлұматтарға назар аудару керек.
1.әсер етуші массалар заңын бірінші рет голландия ғалымдары Гульдберг және Вааге теория жүзінде емес, сол кеөеңде жинақталған біршама тәжірибе материалдарын қорытындылау жолымен енгізді.
2.әсер етуші массалар заңы қарапайым механизм бойынша жүретін жай биомолекулалық реакциялар үшін ғана дұрыс.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Химиялық тепе  -  теңдңк және оның ығысу шарттары.
Химиялық процестерді басқару үшін химиялық реакциялар туралы білімнің мәні.
Бекіту сұрақтары:
Химиялық реакцияның жылдамдығы туралы түсінік?
Химиялық реакция жылдамдығына әсерететін факторларды талдау?
Тура және кері реакциялар мен химиялық тепе  -  теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру және химиялық тепе  -  теңдікке әр түрлі факторлардың әсерін талдау.

Практикалық жұмыс №8
Азот және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі.

Практикалық жұмыс №9
Фосфор және оның қосылыстырын оқыту әдістемесі.

Практикалық жұмыс №10
Көміртегі және олардың қосылыстарын оқыту әдәстемесі.

Практикалық жұмыс №11
Электролиттік диссоциацияны оқыту әдістемесі.

Практикалық жұмыс №12
Металдарды оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: металдар мен бейметалдардың атом құрылысына қарап, олардың қасиеттерінің сипаттамалары туралы оқушылары білімін жүйелеу және қорытындылау; атомдар және кристалдар құрылысының қасиеттеріне әсері туралы көзқарасты және қосымша топша металдары мысалына дамытуды және қалыптастыруды одн әрі жалғастыру.
<<Металл>> және <<бейметалл>> түсініктері затқа немесе химиялық элементке қолданылатынына оқушылардың назарын аудару керек. Себебі жалпылама қабылданған анықтамаларда металдық қасиетті тек зат қана көрсетуі мүмкін, онда оларды металдар мен бейметалдарға бөлуідің физикалық мәні болады.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Металдар мен бейматалдар.негізгі және қосымша топшалардың металдары.
Металдардың құрылысы мен физикалық қасиеттері.
Металдардың химиялық қасиеттері.
Электролиз электролиздің қолданылуы.
Металдар коррозиясы және онымен күрес.
Бекіту сұрақтары:
Элемент  -  металл мен зат  -  металдың арасындағы айырмашылық қандай? Әр жағдайда қасиеттері неге байланысты?
Металл кристалдарының құрылысы. Кристалл торының түрлері.
Металдарының жалпы физикалық қасиеттері. (электрөткізгіштік, жылуөткізгіштік, созылғыштығы, металдың жылтыры) олардың түсіндір.

Практикалық жұмыс №13
Құрамында оттегі және азот бар органикалық қосылыстарды оқыту әдістемесі.

Практикалық жұмыс №14
Көмірсутектердің оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамалы, гомологтық қатары, гомологтық айырылымы, радикалдар, түрлері, изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танылады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәкес формула кұуды үйренеді. Табиғатты танып  -  білу және дүниетанымдық ғылыми көзқарастары одан әрі дамиды.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Алкандардың құрылысы. Табиғатта кездесуі мен алынуы.
Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкімдері және олардың қолданулуы.
Алкандардың жеке өнімдері және олардың қолданылуы.
Циклоалкандар: циклоалкондардың изомерлері мен атаулары, табиғатта кездесуі мен алынуы, қасиеттері. Циклоалкандардың жеке өкілдерді және олардың қолданылуы.
Алкендер. Алкендердің құрылысы. Изомерлері мен атаулары. Алкендерің алынуы.
Алкендердің химиялық қасиеттері. Алкендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы.
Алкандендер. Алкадиендердің құрылысы. Алкадиендердің алынуы, қасиеттер.
Алкендер. Алкиндердің құрылысы. Аминдердің изомерлері мен атаулар. Аминдердің алынуы. Акиндердің қасиеттері, жеке өнімдері.
Ацетиленді көмірсутектер.
Бекіту сұрақтары:
Метан молекуласы құрылысының ерекшелігі неде?
Метан молекуласындағы байланыстың берік болу себебі неде?
Көміртек атомдарының ара тістес құрылысты болып орналасуын электрондық теория тұрғысынан түсіндіріңдер.
Органикалық заттардың қандай түрлері болады?
Изомерилер, гамологтар деп қандай заттарды атайды?
Қаныққан көмірсутектерге қандай изомерлер тән?

Практикалық жұмыс №15
Оттекті азотты органикалық қосылыстарды оқыту әдістемесі.
Практикалық жұмыс мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәліметтер бере отырып бір атомды спирттер, құрамында  -  ОН тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен танысу. Спирттерде болатын функционалдық топ және оның спирттердің қасиетіне әсерін жалпы формуласын, ережесін білу. Сутекті байланыстардың табиғатын, оның спирттің физикалық қасиетіне әсерін салыстыра білу. Органикалық қосылыстардың жаңа бір масына жататын азоты бар аминдер және олардың құрылымы, атауылары, құрылыстары, қолданылуымен танысу. Салыстыра білу. Солекуладағы атомдардың өзара бір  -  біріне әсерін білу арқылы химиялық қасиеттері мен олардан алынатын өнімдердің қолданылатын жерлерін оқып үйрену.
Бұл сабақта келесі тақырыптар қамтылады:
Қаныққан бір атомды спирттер құрамы, құрылысы, изомері.
Спирттерді алу жолдары. Оның физикалық және химиялық қасиеттері.
Көпатомды спирттер
Фенолдар құрылысы, қасиеттері, маңызды өнімдері мен қолданылады.
Электроқосылыстар. Аминдер қасиеттер
Аминқышқылдары, құрылысы, атаулары, қасиеттері, қолданылуы.
Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар туралы түсінік.
Бекіту сұрақтары:
Спирттердің химиялық қасиеттері қалай сипатталады және функционалдық топ деген не?
Алканолдарға қандай реакция типтері сәйкес келетінін мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
Нитроқосылыстарға анықтама беріңдер.
Аминдердің физикалық қасиеттері мен қолданылуы.
Аммиак пен металамин молекуласының электрондық, құрылымдық формулаларын салыстырыңдар.
Аминдердің химиялық қасиеттерін салыстыра отырып түсіндіріңдер.
Аминдер қандай қосылыстар, аминдердің негізділігі деген не?











Пәндер