Файл қосу
Биіктікке секірудің техникасы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыс ғылымдары факультеті Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасы Оқу әдістемелік кешен Пән: <<Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері>> 5В010800 <<Дене шынықтыру және спорт>> мамандығының 2 курс студенттеріне арналған Құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М.Т.Уразбаев. -------------------------------------------------------------------------------- Кафедра отырысында бекітілді: хаттама №_____ _____________ жылы Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, Прохоров Б.Н. Жаратылыс ғылымдары факультетінің оқу- әдістемелік кеңесі отырысында талқыланды Хаттама № _______ __________________жылы Жаратылыс ғылымдары факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінің төрайымы: Абдишева З.В. Жаратылыс ғылымдары факультетінің Ғалымдар кеңесімен беітілген Хаттама № ______ __________________ жылы Жаратылыс ғылымдары факультетінің деканы, Ибраева Л.С Мазмұны 1. Алғы сөз........................................................................................................... 2. Жалпы мәліметтер.......................................................................................... 3. Курстың мақсаты мен міндеті....................................................................... 4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері. ............................................. 5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме 6. Оқу сабақтарының құрылымы...................................................................... 7. Студентке арналған ережелер....................................................................... 8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі....... 9. Лекция сабақтарының мазмұны....................................................................... 10. Семинар жоспары және орындау кестесі...................................................... 11. Сөж жоспары және орындау кестесі............................................................. 12. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 13. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)....... 14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі................ Алғы сөз Оқу - әдістемелік кешені - "Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері>> пәні жалпы базалық пән ретінде таңдаған спорт түрі болып табылады. 5В010800 "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенттері үшін арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдардан құралып, осы курс бойынша дәріс беруші мұғалімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отырып, барлық құжаттарды бір кешенге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр. Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: ПС - практикалық сабақтар, СӨЖ - студенттердің өзіндік жұмысы. Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себін тигізеді деп күтілуде. СӨЖ-де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен меңгеруі мен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған. Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ - (SYLLABUS) Пән бойынша мәлімет Аты: <<"Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері>> Кредит саны - 2 Оқу сабақтарының өтілу орындары: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша № 3 аудитория Оқытушы туралы мәлімет: Уразбаев Марат Тулеуханович, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жұмыс уақыты: 8.00-17.00 күнделікті Оқу жоспарынан көшірме Курс Семестр Кредит Дәрістер сағат саны Тәжіриб сабақтар сағат саны СОБӨЖ Бақылау формасы 2 4 3 30 15 22,5 Емтихан Пәнді оқытудың мақсаты Мақсаты: * Студенттерге жеңіл атлетиканың дене тәрбиесінің орны мен негізі туралы білім беру * Жеңіл атлетикалық жаттығулардың әдістемесін және жаттығу әдістеменің негізін оқыту Пәнді оқытудың міндеттері Міндеті : Дене тәрбиесінің әр түрдегі сатыдағы іс шаралардағы алғашқы жаттығуларын үйрету. * Қоғамдағы спорт жұмыстарын түрлі кәсіпорындарда сауықтыру мақсатында ұйымдастыру * Идеологиялық және педагогикалық тәрбиені насихаттау. * Жаттығушылардың шығармашылық қаблеттерін кәсіби бағыттауды дамыту. Курстың пререквизеттері және постреквизеттері: Пререквизеттері: Мамандыққа кіріспе, Адам анотомиясы, Постреквизиттері: физология, Биомеханика. Спорт педагогикасы және педагогикасы. Оқу сабақтарының құрылымы: Дәріс - студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеу қажет. Тәжірибелік сабақ - студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет СӨЖ - студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді. Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, жағдайларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой-әрекет, талап, әдіс-тәсілдерді меңгеру қажет. Студентке арналған ережелер (Rules): * Сабаққа кешікпеу керек. 2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек. 3. Сабаққа іскер киіммен келу керек. 4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек. 5.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіледі. 6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойыншы бөліну кестесі Сағат саны № Тақырып аты Дәріс Тәжірибелік СОБӨЖ 1 Жеңіл атетика пәніне кіріспе және жеңіл атлетика ілімінен жалпы сұрақтары. 1 0,75 2 Жеңіл атлетиканың даму тарихы 1 0,75 3 Секіру техникасына үйрету 1 1 0,75 4 Лақтыру техникасына үйрету 1 1 0,75 5 Ұзындыққа секіру техникасына үйрету 1 1 0,75 6 Жүгіру техникасына үйрету 1 1 0,75 7 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету 1 1 0,75 8 Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету 1 1 0,75 9 Аласа старт 1 0,75 10 Кедергіден жүгіру 1 1 0,75 11 Жеңіл атлетика сабағына және жаттығу тапсырмасы 1 0,75 12 Биіктікке секіру техникасына үйрету 1 0,75 13 Найза лақтыру техникасына үйрету 1 1 0,75 14 Эстафеталық жүгіру 1 0,75 15 Жалпылама дамыту және арнайы жаттығулар 1 0,75 16 Биіктікке секіру әдісінің даму тарихына қысқаша шолу 1 1 0,75 17 Қазіргі уақытта биіктікке секірудің негізі 1 0,75 18 110 м. Қашықтыққа кедергіден секіру 1 1 0,75 19 Жүгіру арқылы кедергіден өту. 1 1 0,75 20 100 м. Қашықтықта кедергіден жүгіру техникасы 1 1 0,75 21 Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері 1 0,75 22 Спорттық жүріс техникасына үйрету 1 1 0,75 23 Жүгіру техникасына үйрету 1 1 0,75 24 Спорттық жүріс техникасының негізі 1 0,75 25 Секіру техникасының негізі 1 1 0,75 26 Спорттық жүріс техникасының негізі жасау және оқыту әдістері 1 0,75 27 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасының оқыту әдістемесі. 1 0,75 28 Секіру техникасының негізін жасау және оқыту әдістемесі 1 0,75 29 Батпан (ядро) лақтыру техникасына анализ жасау және оқыту әдістемесі 1 0,75 30 Жеңіл атлетика сабағын жоспарлау 1 0,75 Барлығы 30 15 22,5 ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 1-лекция Тақырыбы: Жеңіл атлетикадағы ғылыми зертеулер Жоспары: * Жеңіл атлетикаға кіріспе, мамандыққа кіріспе . * Жеңіл атлетика курсының мазмұны және міндеті. * Оқу пәнінің ілімдік, ғылыми қолданбалы пәндермен байланысы. Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.к.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні: Мақсаты: жеңіл атлетика пәніне жалпы шолу жасап, спорт түрінің кендігін яғни бірнеше жаттығудан бірігуін көрсету. Тірек ұғымдар: Жеңіл атлетиканың бес бөлігімен Тұруы: Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көпсайыс. Әрбір бөлімдегі ара қашықтық ерекшеліктері. 1 Жеңіл атлетикаға кіріспе, мамандыққа кіріспе . Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі. Жеңіл атлетика арнайы дене шынықтыру жоғары оқу орындарына осы спорт түрін ғылыми - оқу пәні ретінде практикалық және ілімдік оқыту әдістемесі мазмұнындағы пән. " Атлетика" ежелгі греция сөзінен аударғанда курс, жаттығу сөздерінің мағынасы береді. Ежелгі грецияда атлеттер деп күш пен ептіліктен сайысқандарды атаған, ол қазіргі таңда физикалқы жақсы дамыған күшті адамдарды атайды. Жеңіл атлетика атауы - жаттығуларды орындау кезендегі сыртқы көріністің жеңіл орындалуына арап және атлетика қарама-бареч атлетика немесе жолдағы және алаңдағы жаттығу деп атайды (АҚШ, Франция, Англия). Жеңіл атлетика бес бөлімге бөлінді де, соң әрі қарай бірнеше түрге және варианттарға бөлінеді. 2 Жеңіл атлетика курсының мазмұны және міндеті. Женің атлетикалық жаттығулар жүріс адамның қарапайым қимыл іс-әрекеті, барлық жастаға адамдарға жақсы физикалық жаттығу. Бір қалыпты ұзақ, ритликалық жүріс кезінде дене бұлшық еттерінің барлығы дерлік жұмыс істейді, жүрек жұмысы, демалу жүйелері және тағы басқа жүйелердің жұмысы жоғарылап жақсарады, зат алмасу процесі жоғарылайды. Қарапайым жүрістен басқа да түрлері бар мысалы: салхаттық (походная), қатардағы (строевая), спорттық (спортивная) осыларды ішіндегі техникасы жағынан ең қиыны, бірақ сонымен қатар ең тиімдісі - спортты жүріс жарыстарда қолданылады. Оның жылдамдығы қарапайым жүрістен екі есе жоғары. Бірақ жылдамдықта жоғары жетістіктерде жету үшін техникасын меңгеру жеткіліксіз. Қарапайым жүріске қарағанда өте жоғары қимыл әрекет қажет етеді, ал сонымен қатар қуаты көп жоғалту көтеріледі. Осыған байланысты спорттық жүріспен айналысу спортшы организміне ерекше әсерін тигізеді, ішкі органдарды және жүйелерді мықтылайды, олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, күштің дамуына оң әсерін тигізеді әсіресе төзімділікке баулиды, еріктік қасиеттерді тәрбиелейді. Жақсы дайындалған желаяқ өте төзімді болады. Жүгіру бұл физикалық жаттығудың кеңінен тараған түрі көптеген спорт түрлеріне кіреді (футбол, баскетбол, теннис т.с.с.) Жүріске қарағанда жүгіру кезінде организмнен жұмыс істеу қабілеттілікті жоғары деңгейде талап етеді, ал дене бұлшық еттері тобы толығымен дерлік жұмысқа кіріседі, жүрек қан тамырларының, демалу жүйелерінің қызметі күшіне түседі, зат алмасу процесі ерекше жоғарылайды. 3 Оқу пәнінің ілімдік, ғылыми қолданбалы пәндермен байланысы Ара қашықтықты және жылдамдықты өзгерте отырып, жүктеме өлшемін анықтауға, төзімділік, жылдамдық және тағы басқа дене қасиеттерін дамытуға әсер етуге болады. Жеңіл атлетикада жүгіру тегіс, кедергілер арқылы, эстафеталық және табиғи болып бөлінеді. Секіру бұл жаттығу кезінде спортшы өз денесін игреу, күш, жылдамдылық, ептілік, батырлық қасиеттерін дамытады. Жеңіл атлетика секіру екі түрге бөлінеді; 1) тік кедергі арқылы, яғни биіктікке секіру, сприкпен секіру. 2) көлденең кедергі арқылы яғни ұзындыққа секіру және үш қадымдық секіру. Лақтыру бұл жаттығу арнайы құралдарды ұзақтыққа итеріп жіберу немесе лақтыру арқылы орындалады. Олардың өлшемі метр және сантиметр арқылы өлшенеді. Лақтыру кезінде жүйке бұлшық ет күші арқылы қысқа уақыт ішінде орындалады, орындау кезінде қолдың ғана емес, иық белдеулері, көкірек және аяқ бұлшық еттері де іске қосылады. Орындау әдісіне қарай жеңіл атлетикалық лақтыру үш түрге бөлінеді: 1) бастан асыра лақтыру (найза, граната); 2) бұрылыспен (диск, молот); 3) итеру арқылы (ядро). Көпсайыс - бұл жаттығу жоғарыда айтылған жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының біріктірілуінен тұрады. Олар жаттығу санына қарай аталады. (үшсайыс, бессайыс, алтысайыс, сегізсайыс, он сайыс). 2. Жеңіл атлетика спорт түрлері ішіндегі адам организміне кең түрде және жан жақты әсер етуі, жаттығу орындау техникасы, шұғылдану, табиғи жағдайда қолайлылығы жағынан тиімді және осы арқылы ерекшеленеді. 3 Жеңіл атлетика спорт патшайымы деп аталуы да осыдан болар. Басқа спорт түрлеріндегі спортшылардың физикалық дайындығы және дене қасиеттерін дамытуда ерекше роль атқарады. Атап айтқанда Футбол ойынында жылдамдық, төзімділік, күш қасиеттерін дамытуда жеңіл атлетиканың жүгіру әсері ерекше әсер етеді, Баскетбол ойынында жылдамдық, күш, ептілік, батырлық қасиеттерін жеңіл атлетикалық жаттығу арқылы дамытады әсіресе доп лақтыру кезіндегі ептілік пен дәлдік, секіру кезіндегі аяқ күші икемділігі сияқты қасиеттер дамиды. 2-лекция. Тақырыбы: Жеңіл атлетиканың даму тарихы Жоспары: 1. Ежелгі Грециядағы жеңіл атлетиканың дамуы 2. Ежелгі Грециядағы Олимпиада Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні * Ежелгі Грециядағы жеңіл атлетиканың дамуы. Даму тарихы жағынан ең көне, әрі бай тарихы бар спорт түрі, бұл жеңіл атлетика. Жүгіру, секіру, лақтыру сияқты іс - қимылдар адамзатпен бірге жаратылған және оның еңбегімен, тіршілігімен тығыз байланыста болған. Сондықтан, көп елдерде жеңіл атлетикалық ойындар жарыс түрінде енгізілген. Археологиялық қазбалар мен тау тастағы суреттерге жүгінсек, жеңілатлетикалық жарыстар біздің ғасырдан көп жыл бұрын Азия және Африка халықтарының арасында өткізілгенін куәландырады. Негізінен жеңіла атлетикалық спорттың даму шыңы Ежелгі Грецияда кеңінен белең алған. Спорттық жарыстар дәл осы елде жоғары атаққа ие болған, себебі сол заманда көп болатын соғыстар - жақсы шыныққан жауынгерлерді талап еткен. Ежелгі Грецияда жалпы ұлтаралық, халықаралық жарыстар ұйымдастырылып, кейінен Олимпиадалық ойындар атағына ие болған. 2. Ежелгі Грециядағы Олимпиада. Олимпиадалық ойындарға Грецияның басқа көптеген қалаларынан халықтар жиналып, осы уақытта соғыстар да тоқтатылған. Алғашқы Олимпиадалық ойындары б.э.д. 776ж. өткен. Оның бағдарламасына 192,27 м. қашықтыққа жүгіру енгізілген (фомос деп аталған). Б.э.д. 708 жылы бағдарламаға жүгірумен қатар диск, найза лақтыру, секіру және күрес сияқты спорт түрлері енгізілді. Ежелгі Греция атлеттерінің жетістіктері өте жоғары болған, бұл олардың дайындықтарының күштілігінен. Себебі Грециялықтардың 7 жасынан оқуға барған балдарының сауаттылығына көп назар аударылмай, ал керісінше дене шынықтыруға көбірек көңіл бөгендігінде. Біздің эраның соңғы ғасырында Грецияның Рим патшалығының қол астына көшуіне байланысты, олимпиадалық ойындар өз деңгейін жоғалтады. Тек б.э-дың 393 жылында Рим императоры Феодосий І-нің арнайы шығарған декретімен олимпиадалық ойындар қайта жаңғырды. 3 - лекция. Тақырыбы: Секірудегі дене және қызыметтік дайындық негіздері Жоспары: 1. Биіктікке секірудің техникасы 2. Секірушілердің жылдамдық - күштілік дайындығы Әдебиеттер: 1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж 2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж 3.Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). 4.Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г 5.Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Биіктікке секірудің техникасы. Қозғалыс дағдысын қайта құру үшін техникалық шеберлік деңгейін анықту мен оны жетілдірудің әр түрлі кезендерінде қол жеткен табыстапрды бағалау үшін пайдалану үлкн маңызға ие. Биіктікке секірудің техникалық шеберлік деңгейін спортшының неғұрлым жоғары нәтижеге жеткен жағдайында оның қозғалу мүмкіндіктерін қалайша толық пайдалануына қарап анықтауға болады. В.М.Дьяковтың деректері бойынша, техникалық тиімділік салыстырмалы бірлікпен бағалап, 12-ге жақындауға қажет, одан да аз болуы мүмкін. Ол көрсеткіш неғұрлым төмен болса, солғұрлым техникалық шеберлік жоғары. Техникалық шеберлікті анықтайтын басқа интегралды шарт бірқалыпты сермелеу көрсеткіштері болып табылады: мысалы 7,8-8,4 м/с. жоғары жалпы жылдамдық жағдайында соңғы адымдарда екпінді бірте-бірте арттыру есебінен үш адымды қозғалыс. 2. Секірушілердің жылдамдық - күштілік дайындығы. Техникалық шеберлігін бағалау кезінде негізгі шарттар мыналар болып табылады: 1. Жалпы жылдамдық және соңы үш адымдағы жылдамдық 2. Жүгіруді доға үлгісі бойынша дәл орындау 3. Денені доғаның орталық нүктесіне қарай иіп ұстау 4. Түзу жолмен және айналма жолмен жүгіру уақыты 5. Итерілу аяқталған кездегі дене массасының жалпы орталық нүктесінің биіктігі 6. ұшу бүрышы және белдеу проекциясынан итерілетін жердін қашықтығы 4 - лекция. Тақырыбы: Секіру барысындағы дене және қызметтік дайындық негіздері Жоспары: 1. Секіру түрлері бойынша арнайы дене дайындығы 2. "Фосбюри флоп" әдісімен секірушілердің негізгі дене сапаларын дамыту Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Секіру түрлері бойынша арнайы дене дайындығы. Доға үлгісі бойынша жүгіру арқылы орындалған "фосбюри флоп" техникасына талдау итерілген кезде жүгірудің орталық күші пайда болатынын көрсетті . Міне , бұл тәсілдің айрықша ерекшілігі осында. Жүгіріп келіп, биіктіккке секіру- бұл спорттың күрделі түрі. Оны сипаттап шығу үшін мынандай негізгі құрылымдық салаларға бөлуге болады: екпін алу, итерілу және белдеуден өту. Екпін алу Биіктіккке секіруді табысы секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты ол итерулудің қуаты мен "ұшудың" бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіруді орындау барысында қозғалатын апппаратты /аяқты жаттықтыру / тиянақты дайындау, жылдамдықты бірте-бірте арттыруды қамтамасыз ететін және дененің итерілуі үшін қолайлы жағдай туғызу аса қажет. Ұл жоғары жылдамдық пен доғаның қисықтық шағын радиусы кезінде орталық жүгіру жылдамдығы артып, итерулудің тиімділігін төмендететін артық күш жұмсалатындығымен түсіндіріледі. Жүгірудің жоғары жылдамдығы адамдардың санымен тығыз байланыста болады. Жүгіру ұзындығы 9-11 жүгіру адымын құрайдыда, жүгіру алдын ала 3-4 адым жасағаннан кейін орындалады. Жүгіру сөреден денені еңкейтутуден басталып, иық пен бас шамалы алға жіберіледі. Адым сөреден басталып, ьүкіл жүгіру бойында табанның ұшымен орындалады. Жүгіру техникасы ұзындыққа секіруге жүгірудің техникасына ұқсас келеді. Жүгіру жылдамдығы сөреден басталып, бірте -бірте ұлғайып, арта түседі. Жүгіру жылдамдығының жоғары деңгейі соңғы 6 адымға 7,9-8,2 м/с құрайды, ал ең соңғы адымда жылдамдық азайып, итерілетін аяқ жерге жанасар сәтте 7,7-7,8 м/с. болады. 2. "Фосбюри флоп" әдісімен секірушілердің негізгі дене сапаларын дамыту. "Фосбюри флоп" әдісімен секіруде жүгіру жылдамдығының артуы жүгіру белсенділігімен байланысты болатындығы / В.М. Дьяков бойынша / анықталған. Бұл жағдайда коэфициент сермелетін аяқ арқылы 1,2-1,8 салыстырмалы бірлік аралығында өзгеріп отырады. "Фосбюри флоп" әдісімен жүгіру ерекшелігі - оны 3-5 адымда "жуықтау" болып табылады. Бұл жағдайда орталық жүгіру күші пайда болып, оның шамасы жүгіру жылдамдығына, секірушінің соңғы адымдарда доға бойынша қозғалуыа, сонымен бірге секіруші денесінің массасына байланысты болады. Секіруші орталық жүгіру күшіне қарсы әрекет ете отырп, дегнесін жүгіру доғаның орталық нүктесін жақын қол адлға, шамалы ішке қарай босатылады. Табан жүгіру сызығының бойында қалдырылып, өкшені сыртқа қарай жібермеу керек. Бұл жағдайды доға сызығы бойымен жүгірген кезде және итерілетін аяқты жеоге қойған сәтте сақтау аса маңызды. Соңғы адымның ұзындығы оның алдыңғысымен салыстырғанда 10-15 сантиметрге азаяды. Биіктікке секірушілердің спорттық шеберлігі жетілген сайын жүгірудің абсолютті жылдамдығы ғана емес, сонымен бірге жүгірудің соңғы кезіңіндегі адымдар екпінің артуы да үлкен маңызға ие болады Келтірілген деректр жүгіріші қозғалысының сермелеу құрылымы жүгірудің соңына таман жылдамдықты ұдайы арттыруға байланысты құрылатын көрсетті. Жүгірудің ең маңызды кезеңі итерілуге дайындық болып табылады. Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың итерілуін, қозғалыстың бәсендеуіне және итерілетін жағдайда дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсендейді. Сермелетін аяқтың табанымен сермеп итерілу итерілетін адым алдындақозғалысты арртыруға жағдай жасайды және жерге итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді. Сермелетін аяқ арқылы өту итерілуді орындауға дайындық кезіндегі басты шартардың бірі болып табылады. Секіруші сермелетін аяқ арқылы өткенде дене тік сақталады. "Фосбюри флоп" әддісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе буынының бұрышы 100-150 процентке тең / аударылу тәсілінде 90-95 процент /. Итерілу адымының алдындағы құрылым өзгерісі болған кезде, аударылу тәсілінен бөлек '' фосбюри флоп'' әдісімен секіргенде итерілу арнайы қозғалыс өзгерісін қажет етпейдіде оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады. 5 - лекция. Тақырыбы: Ұзындыққа секіру техникасына үйрету Жоспары: 1. Серпілмелік жағдайында итерілу күштері 2. "Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелу Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Серпілмелік жағдайында итерілу күштері. Итерілу итерген кезде ұшудың ең жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етіп, қолайлы бұрыш жасау керек және белдеуден тиімді өту үшін секірушінің өзіне қолайлы жағдай туғыза білуі басты шарт. Итерлетін жерде аяқпен адымды кең жасап, өкшеге салмақ түсірместен, табанға тұтастай күш салып жүгіру қозғалысым жүзеге асырылады.Итерілу өкшеге салмақ түсірілмей орындалса, онда ол тез әрі сәтті жүзеге асады. '' Фосбюри флоп '' әдісімен секіргенде итерілу уақыты 0,17- 0,19 секунд аралығына созылады. Серпілмелік жағдайында итерілетін аяқты қойған кезде пайда болатын тік және түзу күштерін азайту қажет. Тірелтін, қозғалатын аппараты белсенді итерілуге дайындап, жүгіру кезінде пайда болған жылдамдықты ұшудың тік жылдамдығына тиімді ұштастыру да аса қажет. Тірелетін аяқтың бұлшық еттері жиырылғанда серпілмелік жағдайында бұлшық еттер сол күшке орын беретіндей сипатқа ие болады. Итерілген кезде бұлшық еттер '' міндетті игеру '' қасиетін иемденеді. Бұл жағдай неғұрлым маңызды болып саналады. Өйткені оның параметрлері соңғы сәтті дене массасының жалпы орталық нүктесінің ұшу бұрышын анықтайды. Тізе буынындағы бұрыш аяқты итерілетін жерге қойғанда 160 проценттен аспайды. / В. Дмитриев/. Итерілетін аяқты қойғаннан бастап, тізенің буыннан бүгілуі басталады. Итерілетін аяқтын тізе буынындағы бүгілу бұрышы 140-141 процент болады. Серпелу жағдайын орындау уақытын азайту / 0,7-0,085 / , сермеліп итерілуді неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Итерілу секірушінің бүкіл денесінің өзара қимылы үйлескенде орындалады. Тізгіннің, белдің тез бүгілуі іске асырылып, сермелетін аяқ пен қолды тезірек сермеу және денені жоғары қарай көтеру әрекеттері орындалады. Секірушінің бөксені итерілетін аяқтың ''ығымен'' кетіп қалуын болдырмау итерілудің ерекшелігі болып табылады. Сондықтан итерілетін аяқққа кірісер сәтте сермелетьін аяқ жақтағы сан ішке қапрай бұрылып, аяқ белдеуден біршама сыртқа қарай сермеледі. Бұл әрекет итерілу күші әсер еткенде бөксені сызық бойында тұруды қамтамасыз етеді. Итерілетін аяқты жерге қойған жағдайда дене массасының жалпы орталық нүктесінің өсу көрсеткіші аударылу тәсіліне қарағанда 4-5 см. жоғары тұрады. Алайда '' фосбюри флоп '' әдісімен секірушінің итерілу сәті ачяқталған тұста дене массасының жалпы орталық нүктесі аударылу тәсілімен секірушіге қарағанда 3-4 см. төмен болады. 2. "Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелу. "Фосбюри флоп" тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелуді орындау кезіндегі соққы күші 400-500 кг. Аралығынд өзгереді. Ал бүгілген аяқпен сермелгенде, ол ұзақтығы жағынан да, көрсеткіші жағынан да азайып, 250-400 кг. Болады. ''Фосбюри флоп'' - тың классикалық тәсілінде күші 70-80 килограммаға жетіп, ал тік аяқпен сермелуді орындау тәсілінде -120-140 кг. Болады. Серпілмелік жағдайындағы күш итерілетін аяқтың инерциялық үлесі есебінен пайда болады./ И.В.Лазарев, 1985 / Сермелеу қозғалысы итерілудің сермелеу күшіне жіне ұшу жағдайында дене массасының жалпы орталық нүктесінің ауысуына ықпал етеді. Итерілген кезде қолмен жұмыстың екі тәсәлі пайдаланылады : бірдей алып жүру және асимметриялы алып жүру. Екінші тәсіл неғұрлым тез итеріледі. Дегенмен, бірінші және екінші тәсілдерде де қолмен және аяқпен ермеу бірқалыпты орындалып, иықты алға қарай және аяқпен сермеу бірқалыпты орындалып, иықты алға қарай жіберумен аяқталады. Итерілудің ортасындағы күш негізінен сермелеу жағдайында тірелу реакциясына сермеу буындарының жалпы аяқтың тік жағдайына қарағанда артық болады. Итерілуге кірісер сәтте денеге орталық жүгіру күші әсер етеді. Ол елеулі күш құрап, секіруші денесінің тік жағдайдан горизонталь жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь жағдайы иықтың белдеуге қарай қозғалуы есебінен ғана емес, бөксені жоғары қарай иықпен салыстырғанда тез ауыстыру есебінен болуына талпыну қажет.Жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, ұшу бұрышы 50-ден 60 градусқа дейін жетеді. Белдеуден өту Белде у жаққа бұрылу тек ''ұшқаннан '' соң ғана орындалады. Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары класты секірушіде 4,9-5,2 м/с. аралығында болады. Белдеуге көтірілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол паралель жағдайда бағытталады. қолдың ассиметриялық қозғалуына екі қол бірқалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір деңгейге қойылады. қолдардың осылайша орналасуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып, денені белдеу арқылы "лақтырудың" Бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші барынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иығымен '' кіреді''. Сермелген аяқ итерілген аяқтың деңгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп, бөксесін көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар лақтырылып, дененің кеуде тұсынан иілуі көбейе түседі, ал қолдар дененмен бір деңгейде болғанда, бөксе тұстың иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалыснын траекториясы аударылу арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Сеірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғары биігі белдеуден 20 см. қашықтыққа жетеді, ал аударылу тәсілінде ол 8 см. болады. Бөксе белдеуден өте салысымен, белдеуден тезірек '' кету'' басталады. Ол басты бұрумен, бөксе тұстан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші паралоннан жасалған матаға түсіп, іле - шала баспен аунапкетеді. 6 - лекция Тақырыбы: Үш дүркін секірудегі оқыту әдістемесі Жоспары: 1. Үш дүркін секіру техникасының негізгі ерекшеліктері 2. Секірушінің секірген кездегі іс - әрекеті Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Үш дүркін секіру техникасының негізгі ерекшеліктері. '' Адымдау'' әдісімен биіктікке секіруде жүгіру белдеуге 30-45 градус бұрышпен орындалады. Итерілу белдеуден алыс тұрған аяқ арқылы жүзеге асады. Секіруші итерілгеннен кейін денесін тік жағдайда ұстап, жоғары ''ұшады''. Секіруші денесімен және серпілетін аяқпен белдеуге ''кіріп'' итерілген аяқты жайлап төмен жібереді. Белдеуден өткен кезде қозғалыстар орындалады:белдеудің арғы жағында серпілетін аяқты түсіру есебінен итерілген аяқ долға сызығы бойынша тізіні бұра отырып, белдеуден өткенде сыртқа қарай жылжытады. Бас, иық және барлық дене алға қарай иіліп, белдеуге қарай бет алады. Белдеуден өткен сәтте басты иіп, иықты алға жіберіп, секіруші бөксесін көтереді. Дененің белдеу жаққа қарай шамалы қозғалысы белдеуден тиімді өтуге мүмкіндік береді. қолды дене бойымен жіберу де белдеуден тиімді өтуге көмектеседі. Жерге сермелге аяқпен түседі, содан кейін итерілген аяқ түсіріледі. 7 - лекция. Тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету Жоспары: 1. Қысқа қашықтыққа жүгіру түрлері 2. Б.д.д жеңіл атлетиканың ерекшеліктері Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Қысқа қашықтыққа жүгіру түрлері. Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х200, 4х400 метрлік болып келеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол әйгілі Гераклдан басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалағаГеракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі халықтың аңызы. Ол өз табанымен 600 қадам жерді өлшеп , осы аралықты " стадий " деп атаған. Міне , осыдан стадион деген сөз шыққан. Стадий ұзындығы әр түрлі болып келеді , 192,27-ден 195м. дейін созылады. Эллада жел аяқтар 200 метрлік қашықтыққа сайысқа түскен деп айтуға болады. Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таң қаларық жеңіске жеткен. Мысалы, бір стадийді олар қанша уақытта жүгіргені біз үшін құпия. Ол кезде уақытты өлшейтін құралдар болмағандықтан , стадийдің қанша секундта жүүіріп өткені белгісіз. Бірақ, бізге әртүрлі мағлұматтар жеткен, оларды уақытқа айналдыру қиын. Мысалы, сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде , тіпті аяқтарының ізі құмға да түспеген. Ал, кейбіреулерін мәре мен сөреде ғана көрген, олардың белгілі арақашықтықты қалай жүгіріп өткенін ешкім аңғарып та үлгермеген. 2. Б.д.д жеңіл атлетиканың ерекшеліктері. Тарихшылардың айтуы бойынша біздің дәуірімізге дейін 632 жылғы олимпиада чемпионы Милеттегі Полименестор желаяқтардың бірі болған. Ол өзі қойшы , өзінің жылдамдығын лақтарды қуып олармен бірге ойнап, секіріп шыңдаған. Бір күні осы Олимпионаик ( сол кезде чемпиондарды осылай атаған ) мал бағып жүрген жерге қоян жүгіріп шығады қасындағылардың айғайы басылып та үлгермей тулаған қоян у Полименестор дың қолында тұрды. Ал қоян секундына 14м. жылдамдықпен жүгіреді делік, сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100м. аралықта Полименестор 7,2 сек. уақытта жүгіріп өткен яғни, ол стадийді ( 192,27м )15 сек. жүгірді деуге болады. Қандай жылдамдық десеңізші. Бұл аңыз" наука и жизнь " журналында жазылған болатын. Сонда " әлде қоянның ауру болғаны, болмаса жауынан қашып, шаршап шалдыққан кезі". Бірақ қаңдай болғанда да бар жылдамдығымен жүгіріп келе жатқан қоянға жету қиын. Сонда қазіргі желаяқтарды Полименестормен салыстыруға тұрмайды. ең әйгілі деген желаяқтардың өзі 100 м қашықтықта одан 25 метр ұтылып қалар еді. Жеңіл атлетика манежінде 50 және 60 метрге, эстафетналық жүгіріс 4Х100 шеңбер, әйелдер арасында 4Х100 ерлер 4Х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқы қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 м/сек , жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/сек . бұл жүіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаң күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады: 1. сөре /жүгірудің басталуы/ 2. сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/ 3. қашықтық бойымен жүгіру 4. мөре /финиш/. 8 - лекция. Тақырыбы: Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету Жоспары: 1. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы 2. Спортшының техника шеберліктері Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы. Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқтың жиілігің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді. Адым жиілігі шаршаудың пайда болуынан төмендей береді. Жеделдікті ұзаққа сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені босата біліп, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. Жүгірушінің қозғалыс техникасын кинограмманы талдау арқылы сипаттама берейік. Жүгіруші вертикаль кезінде байқалып тұр . итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сол иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. 2. Спортшының техника шеберліктері. Спортшының техника шеберліктері Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әрүүрлі өзгереді. Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір - біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ инерцияға байланысты артқа жоғары қозғалады. содан кейін аяқ тізеден бүгіліп, жамбас төмен - жоғары қозғалады, аяқ жолға табаннан қосылған кезде кедергі күштердің бәсендеуіне әсерін тигізеді. Аяқ табанның бас жағына қойылады. Әйгілі желаяқтар 30-60 м ара қашықтықта 4,7- 5,5 адым шапшаңдығын көрсетеді , адым ұзындығы шамалы мөлшерде өзгереді 1,25+ 0,44 желаяқтын денесінің ұзындығна шамалас \Л.Левченко , 1986ж.\ 60-80 м ара қашықтықта жылдамдық жиынтығы 1,55-0,33 шамасында адым ұзындығы төмендейді. Сол аяқты, оң аяқ адымдары біркелкі емес, күші көп аяқтың адым ұзындығынан қосатын үлесі жоғары. Жүгіру кезінде аяқтын бірден ұзындықта болғаны жүгру әдістемелігіне көп әсерін тигізеді. Спринттік жүгіруде табанды тік алға бір бағытта қоюды талап ету керек. Табан сырт жаққа бұрылып қойылса итерілу нашарлайды. МӘРЕ. Арақашықтық аяқталар кезінде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп сөре сызығынан жүгіріп өту қажет. Ал, егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-тендікті жоғалтып , кей жағдайда құлап қалуы да ықтимал. Жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші сөреге қатар жеткен кезде тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың манызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе жеңіске жеткізеді. 9 - лекция. Тақырыбы: Аласа старт. Жоспары: 1. Аласа старттың алғашқы қимылы 2. Аласа старттағы тыныс алу ережесі Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1 Аласа старттың алғашқы қимылы. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданды, оның көлемі әр түрліболады .2серетте көп тараған сөрелік тірегіш көрсетілген Бұл тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45 градус. Жарыс тәртібі бойынша әр спротшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 80 градусқа, дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді: 1. Әдеттегі стартта алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде 2. Таяу старт кезінде артқы тірегіш алдыңғы тірегішке жақындастырылады 3. Созылмалы старт кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан алшақ қойылады Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы жеңіл атлешінің бойына және тірегіштің ара қашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден-бір кепілдемесі. " Стартқа " деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяғының табаның алдыңғы тірегішке қояды, содан кейін, жүрелеп отырып, екінші аяғының табанының артқы тірегішке яды да, артқы қойылған аяғының тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып құйылады. Бұл кезде иық тұра старт сызығы үстінде одан сол ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет. . 2 Аласа старттағы тыныс алу ережесі. Сақтал бұйрығы бойынша арт тізені жерден көтеріп, денені сол ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы, иық деңгейінен жоғары кетеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірештен аяқ пен қол арасына бірдей түсіреледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, мәре сызығының қозғалысына аудару керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырадыда, екі аяен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі сприншілерге мынандай 32-44 градус ( В.Борзов, Э.Фигорола, К.Льюис) ал төмн разрядты балларда 60-65 градус. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі. 10 - лекция Тақырыбы: Кедергімен жүгірудегі техникасын талдау Жоспары: 1. Кедергімен жүгіру түрлері және ерекшеліктері 2. Кедергіден жүгірудегі сөрелік жылдамдықтың техникасы Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1 Кедергімен жүгіру түрлері және ерекшеліктері. Әрбір қашықтықтарда қойылған -10 кедергіден тұратын стдиондағы жол бойымен өткізіледі. Кедергіден қарғып жүріру 110-140 м. Ара қашықтықта өткізіледі. Қатарластыра қойылған кедергіден қарғып жүгіруге жаттығу үшін : 3 адымдап жүгіру үшін кедергілерді 8,40м, 5 адымдап жүгіру үшін 9-9,14 м. Аралықта қою керек. Мектеп оқушыларының осы екі жағдайда да кедергілерден еркін қарғи жүгірулері керек. Кедергілерді жүгіру жолына орналастырып қою тәртібі төмендегідей: бірінші кедергі мәре сызығынан 13м. 72 см қашықтықта қойылады. (110м.) 2. Кедергіден жүгірудегі сөрелік жылдамдықтың техникасы * Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі. * Кедергінің ұзындығы -1,20 м. Жалпы салмағы ең аз дегенде -10 кг. * Жоғары белдеменің ені -70 мм., қалындығы 10-25 мм., дейін, жоғары жағы дөңгелетілген. * Барлық ара қашықтықта жүгіру жекелеген жолда өтеді, әрбір қатысушы дистанцияның аяғына дейін өз жолымен жүгіреді. Жарысқа қатысушы аяғын немесе табанын кедергіден қолымен тыс жерден қойса, әдейі кедергіні қолымен, аяғымен құлатса жарыстан босатылады 11 - лекция. Тақырыбы: Жеңіл атлетика сабағына және жаттығу тапсырмасы Жоспары: 1. Жеңіл атлетикада жаттығу әдістемесінің негізі 2. Жеңіл атлетиканың түрлері Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Жеңіл атлетикада жаттығу әдістемесінің негізі. Жеңіл атлетика мектептегі дене тәрбиесінің ең негізгі бір құрамы болып табылады. Жеңіл атлетикасыз мектептегі дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Сондықтан ол өзінің салалығына және зор тынысыты екендігіне қарай "спорт корролевасы " деп аталады. Бұл өте дұрыс қойылған атау, өйткені жеңіл атлетиканың элементтері спорттың барлық түрлерінде қолданылады. 2 Жеңіл атлетиканың түрлері. Жеңіл атлетиканың жаттығулары бес түрге бөлінеді: спорттық тәсілімен жүру, жүгіру, секіру, ядро, диск, найза, граната лақтыру және көп сайыс. Жүгіру мен жүру - күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі. Осы екі түрімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен системаларының функциялары тиесілі әсерін тигізеді, жүрек-тамыр системасың нығайтады, тыныс алу органдарының қызметін жақсартады бүкіл организмнің төзімін арттырады. Спорттық түрлі қимылдар жеделдікті, күштілікті, икемділікті, шыдамдылықты шындайды. 1. Спорттың тәсілімен жүру. Техникалық жағынан алып қарасақ, спорттық тәсілімен жүгірудің, жай жүрістен көптеген айырмашылығы бар. Спорттық жүрістің жылдамдығы жоғары және аяқтың жермен байланысы сақталмаса, онда спорт ережесі бұзылды деп есептелділе , екі рет ескертуден кейін сайыстан босатылады. 2.Тегіс жермен жүгіру Стадиондағы жүріс жолдарында, шеңбер бойымен әртүрлі қашықтықта өткізіледі. 3.Кедергілерден қарғып жүгіру Әрбір қашықтықтарда қойылған -10 кедергіден тұратын стдиондағы жол бойымен өткізіледі. Кедергіден қарғып жүріру 110-140 м. Ара қашықтықта өткізіледі . Қатарластыра қойылған кедергіден қарғып жүгіруге жаттығу үшін : 3 адымдап жүгіру үшін кедергілерді 8,40м, 5 адымдап жүгіру үшін 9-9,14 м. Аралықта қою керек. Мектеп оқушыларының осы екі жағдайда да кедергілерден еркін қарғи жүгірулері керек. Кедергілерді жүгіру жолына орналастырып қою тәртібі төмендегідей: бірінші кедергі мәре сызығынан 13м. 72 см қашықтықта қойылады. (110м.) 12 - лекция. Тақырыбы: Биіктікке секіру техникасын талдау Жоспары: 1. Биіктікке секірудің техникалық кезеңдері 2. Фосбюри Флоп секіру әәдістері Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Биіктікке секірудің техникалық кезеңдері. Біріншіден ең жақсы көрсеткіштердің динамикасы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді. Ю.В.Черткованың ғылыми зерттеу жұмысы дойынша /1983/ ол көрсеткішті бірнеше жыл алға болжау үшін, кейінгі жылдардың көрсеткіін алса болады деген , бұл үшін регрессия теңдеуін қолдану ұсынылған. Екіншіден көрсеткіштің тығыздығы өседі, бірінші орынмен 10-шы орынның айырмашылығы алынады. Көп жағдайда бірінші орын алғанмен жүлделі орын алғандар, көбінесе, биіктіктіалу кезеңіне байланысты. Үшіншіден секірушілер тобы ұзындыққа секірушілермен толықтырады. Кейінгі кездегі зерттеулер бойынша аспалау әдісімен секіруде адым ұзындығының өзгеруі біркелкі болмайді. Біріншіден әйелдердің адым ұзындығы өзгермейді , кейбір авторлар тіпті азаяды дейді, бұл базалық екпін алуда байқалады Адымнын ортақ ұзындығы 196,16 см ., ал ақырғы үш адымның ұзындығы 186,16 см, ақырғы үш адымның ұзындығы 186,14 см. 2. Фосбюри Флоп секіру әәдістері . Шеберліктің өсуіне байланысты адым ұзындығы, мысалы екі жыл жаттығу нәтижесінде өседі, биіктік 141-ден 165 дейін, адым ұзындыы 16 см, өскен. Итерілуге әсер ететін бірнеш механизмді атап өтуге болады а/секірушіге әсер ететін ерекшіліктер: 1. Аударылған маятник механизмі 2. Сермеу тізбектері механизмнің әсері / Дьячков 1938 , Денисов/ 3. Итерілетін аяқтың жазылу механизмі / В.И.Гутевич 1955 , Скоморохов / "Механизм" секірушіге бір бағытта әсер ету жиынтығы деген сөз. "Аударылған маятник механизмі" ол итеретін аяқтың, дене қозғалысының өсуімен есептелген, тізе бұрышы ме жамбас буыны өзгермейді. Итерілген аяқты жазылу механизмі - итерілген аяқ қозғалысының өсуінен және тізе буынының ашылуынан тұрады. Бұл айтылған механизмдердің маңызы секірушунің шеберлігі өскен сайын байқалады, күрделі жарыстарда секірушінің женуіне өз үлесін қосады. Фосбюри Флоп секіруінде " итерілетін аяқ, жамбас, сан іске кіріседі, содан кейін қозғалысқа тізе, табан қосылады. Бұл мүмкіншіліктерді толық пайдалана алмады. Себебі, сермеу қозғалысы тік аяқпен орындалады. Фосбюри Флоптың пайда болуы кең таралды, ол бойы биік спортшыларға кең жол ашып берді. Осындай секірушілер - И. Паклин /СССР/ -2,41 , Д.Мегебург /ФРГ/ -2,39 , П.Шеберг -2,39 , Сотомайор -2·43. 13 - лекция. Тақырыбы: Найзаны лақтыру техникасы мен үйрету әдістемесі тарихи деректер Жоспары: 1. Найза лақтырудың пайда болуы 2. Найза лақтыру техникасымен методикасы Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1 Найзаны ертеде соғыс құралы және күн көру ретінде тамақ табуға қолданғалы белгілі. Алғашқы әдеби деректер / Гомердің "Иллиадасы" / ежелгі гректердің найзаны қашықтыққа және нысанаға лақтырып жарысқандығын көрсетеді. Найза лақтыру бес сайыс бағдарламасына б.э. дейінгі 708 жылы олимпиадалық ойындарға кіргізілген. Найза лақтырудың техникасымен жаттығу әдістемесінің бірінші кезеңі 1886 жылдан 1912 жыл аралығын қамтиды. Найза лақтырудан бірінші жарыс 1886 жылы Швецияда өтті. Бұл жарыста А.Вигерт найзаны 35,81 м. лақтырған. Найза лақтыру Швеция мен Финляндияда кеңінен тарады. Найзаны, көбіне, әлді қолдың / әдетте оң қол / саусақтарымен соңынан ұстап, екінші қолмен ортасынан демей отырып лақтырған. Лақтыру алдында лақтыратын қол шегіне жнткенше артқа оңға қарай ығыстырылады. Лақтыру кезінде сол қол найзаны түсіріп, оң қол соңынан итеретін. Мұндай әдіс 2,5*2,5 м., ал кейінрек 10 метрден екпін ала лақтырған. 1906 жылы қазіргі олимпиадалық ойындарының 10 жылдығына арналған торқалы той Олимпиадасының бағдарламасына бірінші рет найза лақтыру еңгізідледі. 1908 жылы жарыс техникасының бұл түрі заң күшіне келтіріп, найза лақтырушының екпін ұзындығына шек қою тоқталды. Бұл кезде швед лақтырушылары 50 м. Шегінен асып кетт. 1894 жылы А.Лемминг 42,92 м. Нәтиже көрсетсе, 1902 жылы З..Лемминг 50,44 м. Көрсетті. 1912 жылғы олимпиадалық ойындарда 60,64 м. Көрсеткішпен тағы да Э.Лемминг жеңіске жетті. Сол жылы Стокгольмде гректердің адамның жан-жақты дамуы түралы ойларын қолдай отырып, найза лақтырушылар бірінші және соңғы рет найзаны оң және сол қолмен лақтырудан сынға түсті. Жеңіске 109,42 м. /61,00+48,42/ финляндиялық Ю.Саристо жетті. 2. Найза лақтыру техникасымен методикасы Найза лақтырудың техникасы мен жаттығу әдістемесі дамуының екінші кезеніңе 1902 жылы және 1938 жыл аралығын жатқызуға болады. 1912 жылы ең бірінші дүниежүзілік рекорд анықталады, Э. Лемминг 62,32 м. Э.Лундквист дүние жүзінде бірінші болып найзаны 71,01 м. Лақтырды. Осылай 60-тан 70-м-ге дейінгі аралықты игеру үшін спортшыларға 17 жыл қажет болды. Әйелдер арасындағы алғашқы 1916 жылы өткізілді. Осы жарыста француз спортшысы М.Уотила 800 г. салмақтағы найзаны лақтырып 30,45 м. /екі қолмен/ нәтиже көрсетті. 1926 жылдан бастап 600 г. салмақтағы найза енгізілді. Неміс спортшысы Е.Браумюллер 1930 жылы алғашқы болып найзаны олимпиадалық ойынның бағдарламасына енгізілді. Найза лақтыру техникасының және жаттығу методикасы дамуының үшінші кезеңі 1940-1952 жылдар аралығын қамтиды. Бұл техникадағы шеберлікті жинақтаудың және жаттығу әдістемесі дамуының кезеңі. Дайындық одан да жоғары мамандырылды: дайындыққа қыс уақытында тек спорт түрлерінен алынған арнайы жаттығулар ғана емес, сонымен бірге әр түрлі снарядтарды лақтыру да енгізіледі. Көрсеткіштердің өсуінде соғыстың кері әсері байқалады. Ерлер арасындағы жарыстарда жеңімпаздардың көрсеткіші 70м. Шамасында болды, яғни соғысқа дейінгі көзбен салыстырғанда - төмен, ал әйелдерде -48 метр. Төртінші кезеңге /1952-1964/ совет спортшыларының қатысуына байланысты олимпиадалық ойындарға елеулі мән берілді, сонымен қатар спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың жаттығу және техниканың дамуы мәселелерінен қызығушылықтары арта түсті. 14 - лекция. Тақырыбы: Эстафеталық жүгіру Жоспары: 1. Эстафеталық жүгірудегі таяқща ұстау техникасы 2. Эстафета жүгіру түрлері Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құрылған команданың жүгіруі. Мұнда жүгірушілер дистансимясының ара қашықтығында өз бөлігін кезекпен жүгіріп өтеді, эстафетада қолданылатын таяқшынын ұзындығы 30см. диаметрі 3-4 см. Эстафета таяқшасын берудің екі түрліңдісі бар . Олар эстафеталық таяқшаны жоғарыдан жңне төменнен беру. КРОСС. Кросс дегеніміз ойлы-қырлы жерлермен жүгіру . Жаттығудады ой- шұқырларды, төбекшіктері бар, айдалған жер сияқты кедергілері бар жерде өткізуге болады. Ойлар мен шұқырлардың екпінмен аттап секіріп , оның ар жағына аяқтын ұшымен түседі. Беткейге қарай жүгіргенде, денені алға қарай иіп, тізені бүге адымдап көтерулуі керек. Беткейден төмен қарай жүгіргенде денені артқа қарай шалқайта ұстап, екпінді тежей отырып, еркін жәнебір қалыпта дем алу керек. Ойпатты жерлерде ара қашықтығы 15км дейін немесе жол бойымен өткізіледі, 42км, 195м, жерде өткізілетін жүгіріс марафон деп аталады. СЕКІРУЛЕР. Секірулердің барлық түрлері балаларға қиындық тудыратын жаттығулардың бірі. Секірулер аяқтың жңне дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерің дамытып нығайтады, тыныс алу мен қан айналымы органдарының қызметі жақсартады. Биіктікке секіру әдісі жағынан мынадай топқа бөлінеді: 2 Эстафета жүгіру түрлері. 1. жүгіріп келіп биіктікке " адымдау " әдісімен секіру техникасы. 2. Жүгіріп келіп " аяқты кеудеге қарай тартып " биіктікке секіру техникасы ( аспалап секіру ) 3. Жүгіріп келіп " арқамен секіру " ( фосбюри-флоп) Ұзындыққа секіру мынандай түрлерге бөлінеді : 1. жүгіріп келіп " аяқты жиып " секіру 2. жүгіріп келіп " аяқты қайшылап " секіру 3. жүгіріп келіп " шалқалай " секіру ЛАҚТЫРУ. Лақтырғанда еркін және тез сілтеуді қалыптастыруға тырысу керек. Бір орында тұрып та, сондай - ақ жүгіріп келе жатып та лақтыруға болады.Тез сілтеп лақтыруды қалыптастыру үшін кішкентай доптарды, теннис, жай допты, хоккей добын нысанаға және қашықтыққа, сондай-ақ еденге соғып биікке ұшырып, қабырғаға соғып, алысқа мегзеп лақтырып жаттықтыру ең тиімді тәсіл болып табылады. ЯДРО итеру . Ядроның салмағы :ерлер қолданатын ядро 7кг .257гр. әйелдер -4кг. Ядроны шеңберде тұрып лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері 40 градус. ядроны бір орында тұрып та, адымдап та итереді . Шеңбердің көлемі 2,13,5 см. КӨПСАЙЫС. Көпсайысқа бірнеше жаттығулар кіреді: жүгіру, секіру, лақтыру. Көпсайыс мынандай түрлерге бөлінеді: үштік, бестік , ондық , жетілік. Әрбір жатығуға ұпай беру арқылы, кім тәір көрсеткішке жетсе сол көп ұпай жинайды. Мысалы 100м. -11,0 -532 ұпай , 1500м.-4,20,-438 ұпай. 15 - лекция. Тақырыбы: Граната лақтыру техникасына анализ және оқыту әдістемесі Жоспары: 1. Гранатаны лақтыру тәсілі 2. Жаттығу барысындағы қателер Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1 Гранатаны лақтыру тәсілі найзаны лақтырудан еш айырмашылығы жоқ. Гранатаның салмағы ұлдарға 17-18 жас аралығында 800г, қыздарға 700г. Гранатаны лақтыруды басқа снарядтарға қарағанда оңайырақ. Бірақта гранатаны ерте сілкініп лақтырудың әсерінен иықтың және қолтық асты мүшелеріне ұзақ уақыт жарақат алуға әкеледі. Бұның бәрі жаттығуды қате жасау кезінде болады. Гранатаны бір орыннан және жүгіріп келіп лақтыру тәсілі спортзалда немесе арнайы щитте, дуалда жасалады. Гранатаның лақтыру 10 метр ара қашықтықта өткізіледі. Гранатаның лақтыру жылдамдыққа, адымдап аттау және лақтырғаннан кейінгі тоқтау әрекеті осы жаттығулардың найза лақтыруға келеді. Гранатаның кішілігі және салмағы лақтыру кезінде снарядқа күш салуына ықпалын тигізеді. Гранатаның ұшу бұрышы 400 пара - пар. Гаранатаны лақтыруда найзаны лақтыру тәсілін ұстанған жөн. Лақтыру кезінде техника қауіпсіздігін және тәртіпке көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана сабақ барысында сапалы сабақты өтуге мүмкіншілікке ие боласыз. 2 Жаттығу барысындағы қателерді төмендегі сызбадан көреміз: Қате Себебі Қатені түзеу Саусақтың жоғарғы деңгейде тұруы Лақтыру туралы түсініктің болмауы снаряд жоғары, төмен немесе алға жылжығанда биікке жіберілуі Лақтыруды бір орында немесе жүгіріп келіп лақтыру, тәсілдерін қайталау. Қолды төмен түсіріп тұру Лақтыру туралы түсініктің болмауы. Оң аяқтың дұрыс бүгілмеуі Қолды қимылдату лақтыру кезінде қолды жоғары - алға қимылдату Қолды жиырып лақтыру Қате сілкіну және снарядтың дұрыс жылдамдық алмауы Лақтыру барысында снарядпен қолды дұрыс ұстау Жанымен лақтыру Қолдың дұрыс тұрмауы және снарядты лақтыру қателігі Сілкіну кезінде иық бұрылысын оңға күшейту және алақанды арқа тұсына әкелу Лақтыру кезінде тоқтап қалу Лақтырудағы жылдамдықты арттыру оны және жақсарту Аз уақытта жылдамдық азайту және лақтыруды бастау Лақтыру сызығынан асып кету Лақтыру алдында үзіліс жасау. Сол аяқтың лақтыру сызығынан жетпей қалуы 16 - лекция Тақырыбы: Биіктікке секіру әдісінің даму тарихына қысқаша шолу Жоспары: 1. Биіктікке секірудің даму тарихы 2. Аттап өту әдісін жетілдіру Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1 Биіктікке секіру көрсеткіші жүз жылдың тарихында бір жарым есе өсті, ол іріктеп алуға, жарыс дәрежесінің өзгеруіне, спорттық дайындық жүйесінің дамытылуына байланысты болды, бірақ басты көрсеткіштің өзгеруі ол техниканы жете меңгеруге байланысты. IX ғасырдың ортасында Англияда биіктікке секіру көрсеткіші 1,70-1,86 м, ондағы пайдаланған әдіс << аяқты өзіне қысып << және << аттап өту << , ол - қазіргі мектепте жүрген әдіс. Дененің ортақ массасы нүктесі белдемеден 20-30 см. / Н.Г. Озолен , 1939 , Дьяков 1979 / 1887 жылы американдық студент Боб Пейдж биіктікке 1,93 см. секіргенде қолданған әдісі << аттап өту <<. Осы уақыттан бастап 50-жылдың ортасына дейін биіктік техникасының өзгеруі американдық спротшылардың атымен байланысты. Аттап өту әдісін кейде қайшылап секіру деп атайды. Екпін алу 35-40 градустан басталады. Итерілгеннен кейін секіруші жоғары көтеріледі , дене тік ұсталынады. Дене мен сермеген аяқ белдемеге кіреді , итерілген аяқ бос, төмен бағытталған. Белдемеден өткен кезде мынандай қозғалыс жасалады. Сермелеген аяқтың белдемеден түсуі арқылы, итерілген аяқ доға қозғалысын жасап, тізені, табанның тұмсығын сыртқа қарай бұрып белдемеден өтеді. Бас, иық, дененің баолық мүшесі алға еңкейеді. Белдемеден өту сәтінде басты еңкейту, иықты алға беру арқылы секіруші жамбасты көтереді. Секіруші сермелген аяққа түседі, содан кейін итерілген аяққа дене массасының орталық нүктесі белдемеден 20 см. деңгейінде болады. 2 Аттап өту әдісін жетілдірген М.Суинней 1896 жылы рекордқа 4 см. қосқан. М.Суинней белдемеге тік жүгіріп, денені көлденең қалыпта ұстап, аяқты, денені, басты және қолды алма кезек өткізген. Толқын тәріздес қозғалыс арқылы дененің ортақ масса нүктесі белдемеден 10 см. өткен. 1912 жылы екі метрлік деңгейді Хорраин іздену арқасында домалап ету әдісімен алған. Белдеменің бұрышпен екпін алыпбелдемеге таяу аяқпен итеріліп, денені көлденең ұстап, итерілген аяқты өзіне қарай қысқан. Бұл әдісте екпін алатын жылдамдық өскен, итеру сәтінде дене мүшелері бірдейлік көрсеткен. 30- жылдары ережеге елеулі өзгеріс кірген, белдемеден бірінші аяқ өту керек деген талап алынып тасталған, сонымен қоса міндетті түрде аяқпен түсу деген ереженің бабы ұрықсат етілді, сонымен қоса белдемеден өтуді жетілдірді, осының негізінде 30- жылдары << аспалап >> секіру әдісі қолданылады. 30- жылдарда таяқшадан өту қазіргі денгейге таяды, рекордтың өзгеруі көбінесе екі фазфны жетілдіру болды. Екпін алу және итерілу . Екпін алу мен жылдамдық өсті, бірақ итерілу фазфсфның өзгеруі, баяу жүргендегі көрсеткіш жоғары болмады. Итеретін аяқты өкшеден қою екпін жылдамдығын төмендетті. Аспалап секірудің көп жетістікке жеткен совет мектебінің секірушілері Степанов, Шавлакадзе, Брумель. Итеруді жетілдіру, дененің бірі бірімен байланысын жақсарту итерілу жылдамдығынын жоғалуын азайтты. Екпін алу жылдамдығының өсуі жақсы нәтиже бере бастады. 1937 жылы Ю.Степанов әлемдік деңгей көрсетті -2,16. 1960 жылы Шавлакадзе Рим олимпиадасы ойындарында 1 орын алды. Осы тәсілмен В. Брумель 2,28 жеткізді /1961/ , ол 8 жыл тұрды. Мехикода өткен IX олимпиадада Р. Фосбюри /АқШ/секіруді мүлдем жаңа әдіспен орындап, омырауына алтын медаль тақты. Бұл әдісті Фосбюри бұрыннан көрсеткен, бірақ оны ешкім қабылдамаған. 1968 жылы Фосбюри олимпиада тұғырына көтерілгеннен кейін, ол әдіс жан-жаққа тарай бастады. Осы әдіспен 1973 жылы әлем рекордын орнатты. 1976 жылы 2,32 - ке жеткізді. Г.Вессиг / ГДР/ 2,36 олимпиада чемпионы атанды. Қытай секірушісі Чжу Цзячьхуа 2,39 , Сотомайор 2,43 әйелдерде С.Симеони 2,01 / 1981/ , Быкова 2,05, Костадинова 2,09 /1987/. Сонымен қазір -2,30, секіретіндерлің барлығы осы әдіспен секіреді. 17- лекция Тақырыбы: Қазіргі уақытта биіктікке секірудің негізі Жоспары: 1. Биіктікке секіру тактикасы 2. Секірудегі көрсеткіштер Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Биіктікке секіру тактикасы. Екпінмен биіктікке секіру тактикасы Спорттық техника адам қозғалысының искусствосы деп қарауға болады, спортттық көрсеткіш арқылы қозалыс қабілеттігін толық іске асыру секірушінің басты міндеті. Техника киноматикалық жедел қозғалу қортындысы мен секірушіні морфологиялық ерекшілігі, қозғалыс тәжирбиесі арқылы іске асады. Техникаға сырт көрініспен баға беруге болмайды, себебі секіруді орындау кезінде бұлшық ет жұмысынан құралып, нерв бұлшық ет аппаратымен басқарылады. Секіру биіктігі Спортшы ала алатын биіктік, сол биіктіктің қосындысымен анықталады, h- аяқты қою сәтіндегі дененің ортақ массасымен итеру уақытында дененің ортақ массасымен тік қозғалуынан, h3- дененің көтеру сәтінен дененің ортақ массасынан белдемеден өткендегі алынуынан туындайды. Шеберлігі жоғары секірушілердің дененің ортақ масса нүктесінің биіктігі 35-47 процент болып, аяқты итеру орнына қойғанда, дененің ортақ массасына биіктігі ұзындығына, аяқты қою бұрышына, буындардың бұрышына дене ұзындығы тұрақты болғаннан, секіруші дененің ортақ масса нүктесін өзгерте алады, ол үшін аяқтың қою бұрышын жақсарту керек. Дененің ортақ массасың өзгерту қолайлы, кейде қарама - қарсы нәтиже береді. Мысалы: аяқты қою бұрышын 69 процентен 60 процентке дейін азаюы, бұрынғы рекордшы Стоунзда дененің ортақ күші 1,02 ден 0,92 дейін төмендеді, бірақ оның көрсеткіші 2метр ден 2,30 дейін өсті. Итеруде ортақ масссасының жолы секіруші денесінің ұзындығына, сермеу қозғалысынын ерекшеліктеріне және итерілетін аяқтың бұрышынын өзгеруіне байланысты. 2. Секірудегі көрсеткіштер. Көптеген зерттеушілер, секіруде көрсеткіштердің өзгеруі екпін алу жылдамдығына байлынысты деген көзқарас білдіреді. Екпін алу жылдамдығы бірге өсіп, жүгіру аяғында ең жоғарғы жылдамдыққа жетеді, итеру сәтінде жүгіру ырғағы / ритмі/ өзгереді. Шебер секірушілердің жылдамдығы ақыры адымның алдыңғы адымға дейін өседі, өсу жылдамдығы спорт шеберлерінде 1,5 м/сек., ал жаңа секіруді бастағандарда 0,24-0,4 м/ сек. Екпін алу жылдамдығы тұрақты мына жағдайда өсіп отырған: 1. Секіру техникасының дамуы арқылы 2. Шеберліктің өсуі арқылы 20-30 жылдары екпін алу жылдамдығы 5 м/сек., 50 жылдары жылдамдық 6-7 м/сек . өскен .50-60 жылдары ең жақсы секірушілердің екпін алу жылдамдығы 77,4-7,8 м/ сек., / басқа дерек бойынша 8-8,25 /. Секіруді жаңа алу жылдамдығы 3,5-5 сек. 1-разряд 6,8 м/ сек., спорт шебері 6,7- 7,0 м/ сек. 18- лекция Тақырыбы: 110 м. Қашықтыққа кедергіден секіру Жоспары: 1. Кедергі қойылған 110м. дистанциянда жүгіріп өту 2. Сөре және сөрелік қозғалыс техникасын үйрету Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Кедергі қойылған 110м. дистанциянда жүгіріп өту. Кедергі қойылған 110м. дистанцияны спортшы 51-52 адымда жүгіріп өтеді. 1-ші кедергіге дейін кедергі арасын 27 адымда. кедергіден өткенде 10 кедергі адымы мәре бөлігін 6-7 адымда. Сөре және сөрелік қозғалыс. Жүгіру аласа сөреден басталады, жүгіруде сөрелік аяқ тірегіш қолданылады. Кедергіден жүгіру аласа старттан, жай жүгіруге қарағанда көп қиын: кедергіден жүгіруші белгіленген ара қашықтықта / 13,72м. / ең жоғары жылдамдықпен жүгіріп, бірінші кедергігіні нәтижеліөтуі керек. Сөрелік қозғалыстың бірінші адымында кедергіден жүгіруші, жай жүгірушіге қарағанда ертерек көтеріледі: дистанцияның 8-10 метрінде, ол оңтайлы жүгіру қалпында болып, 1-ші кедергігіге нәтижелі шабуыл жасауға дайын болады. 2. Сөре және сөрелік қозғалыс техникасын үйрету. Сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі-7 адымда, екіншісі -8 адымда. 7 жүгіру адымын, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолдынылады. Бұндай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады. Алджыңдағы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см. Алдыңғыдан. Бұл сөрелік қозғалыс вариантында кедергіден жүгіруші тез жоғары жылдамдықты алып, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан, дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады. 8 адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады/ 40-66 см. Сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40см./. Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығы қысқартады, бірақ дистанция бойымен жүгіргенде бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақ сақтайды. 19- лекция Кедергі мен жүгірудің оқыту әдістемесі Жоспар: 1. Серпу мен серпіліс аяғының жұмыс ерекшелігі 2. Жүгіру арқылы кедергіден өту. Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Серпу мен серпіліс аяғының жұмыс ерекшелігі. Техниканың ең қиын элементі: бұл - итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының басына жедел қойылады. Осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда, дененің ортақ масса күші жоғары қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мөлшерде болады. Итеру бұрышы 65-70 градус. Кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті,"шабуыл жасау" деп аталады. /сүрет57, кадр1-4/кедергі шабуыл жасауда ең басты элемент, ол сермелетін аяқтың қозғалысы, тізеден бүгілген аяқ жедел, алға- жоғары бағытталған. Сермелетін аяқтың шабуылы аяқталатын сәтте, сирақ қозғалысы тасталып ашылады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-тендік жылдамдықтықты жоғары деңгейде ұстайды. Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте / сермелген аяқ түзу болған кезде / дене жедел алға еңкейеді.. Сермелетьін аяққа қарама- қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан бүгіледі. Сермелетін аяқ түзелген сәтте, қол жазылып, алға жібіреледі, сәл ішке, алақан төмен бағытталған. Кейбір жігірушілер шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп, сырт жаққа бағытталып, тез жоғары- алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарма -қарсы қол сырт жаққа артқа-төмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол, жай жүгіру кезіндегідей бүгіліп, алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массасының өтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табаннының тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады. 2. Жүгіру арқылы кедергіден өту. Кедергіден түсер сәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы өте зор-ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады. қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап, жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады. Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтын тез қозғалуына өз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буыннан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің осындай кедергіден өту әрекеті жылдамдықтын аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді тез жүгіруді қамтамасыз етеді. Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымның параметрі практикалық жүзінде өзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым- ең қысқа, екінші - ең үлкен, үшінші-10-15 см. қысқа, екінші адымға қарағанда. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады. Кедергі араларында кедергіден жүгіруші өжет, қайратты, бірақ денені босаңқы ұстағанда өз нәтижесін береді. Сөреге жету ақырғы кедергіні өткенде басталады және спринттерлік жүгіру болып табылады. Кедергідн жүгіруші осы дистанция бөлігінде / 14,02м. / барлық назарын адым ұзындығына және жеделдігіне аударады, бұл жоғары жылдамдықты ұстауға өз үлесін қосады. Мәре сызығы бөлігінде денені ерте көп енкейту уақытты кешеілдетеді. 20 - лекция Тақырыбы: 100 м. Қашықтықта кедергіден жүгіру техникасы Жоспары: 1. Сөре және сөрелік қозғалыс 2. Кедергіден жүгіруде тепе - теңдікті, тұрақты тік қозғалыста тұру техникасы Әдебиеттер: * Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж * Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж * Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). * Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г * Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Лекцияның мәтіні 1. Сөре және сөрелік қозғалыс. Кедергі қойылған 100 м. Аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды, сөреден бірінші кедергіге дейін 7 немесе 8 адым, мәре бөлігін 5 адымда, дистанция бойымен жүгіру техника жағынан еркектермен бірдей. Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынан 110 м. Кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте- бірте ұзарады. 1- ші кедергіде итерілер алдындағы аяқтын итерілетін аяқ 10-15 см. қысқа, 8 адымдық екпін алуда / алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қоылады/ осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіден жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияты жүгіреді. Ересек кедергіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру. Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринттерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар- ол кедергіден жүгіру адымы. 2. Кедергіден жүгіруде тепе - теңдікті, тұрақты тік қозғалыста тұру техникасы. Кедергіден өткенде итеру 60-70 процент. Итерілу кедергіден 195-200 см. Жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда, аяқты соза қойған жылдамдығы төмендейді, ал таяу қою кедергіден секіруге әкеледі, спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы /300-310м./, ол 1-ші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см. Кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедекргіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту, ол кедергіден тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жасайды. Сермелетін аяқ кедергіден өткенде сәл бүгіліп, ерлердің 110 м. Кедергіден жүгіру тәріздес сирақ сілтеп тасмалдайды. Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес, табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады, тізе, табан мөлшерін жоғавры, бұл қалып сан- бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді 1-ші адымда тез орындалуын қамтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жоғары бағыттау, ол үлкен қате, бұл көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады. Кедергіден жүгіруде тепе - теңдікті, тұрақты тік қозғалысты қолмен, аяқтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден аттап өткен кезде, сермелеген аяққа қарама-қарсы қол сәл түзеліп,алға тасталады, кедергіден түсер сәтте итерілетін жақтағы қол жанына төмен, артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізі болып келеді, қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі етеді. СОБӨЖ - жоспары және орындау кестесі № Тақырыбы мен мазмұны Бақылау түрі Әдебиеттер тізімі 1 Жеңіл атлетикадағы ғылыми зертеулер Тест №3-4 2 Жеңіл атлетиканың даму тарихы Сұрақтар № 1-2 3 Секірудегі дене және қызыметтік дайындық негіздері Реферат № 1-4 4 Лақтыру барысындағы дене және қызметтік дайындық негіздері Тест № 1-2 5 Ұзындыққа секіру техникасына үйрету Сұрақтар № 1-4 6 Үш дүркін секірудегі оқыту әдістемесі Сұрақтар № 1-2 7 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету Тест № 1-4 8 Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету Сұрақтар №3-4 9 Аласа старт. Реферат №3-4 10 Кедергімен жүгірудегі техникасын талдау Тест № 1-2 11 Жеңіл атлетика сабағына және жаттығу тапсырмасы Сұрақтар № 1-4 12 Биіктікке секіру техникасын талдау Тест № 1-2 13 Найзаны лақтыру техникасы мен үйрету ңдістемесі тарихи деректер Сұрақтар № 1-4 14 Эстафеталық жүгіру Реферат № 1-2 15 Граната лақтыру техникасына анализ және оқыту әдістемесі Тест №3-4 16 Биіктікке секіру әдісінің даму тарихына қысқаша шолу Сұрақтар № 1-2 17 Қазіргі уақытта биіктікке секірудің негізі Тест № 1-4 18 110 м. Қашықтыққа кедергіден секіру Сұрақтар № 1-2 19 Кедергі мен жүгірудің оқыту әдістемесі Реферат № 1-4 20 100 м. Қашықтықта кедергіден жүгіру техникасы Сұрақтар №3-4 21 Жаттығу принциптеріндегі сабақтарда әйелдермен жұмыс істеу ерекшеліктері Тест № 1-2 22 Ұзындыққа секірудің техникасыгн жетілдіру Сұрақтар № 1-4 23 Жүгіру техникасындағы рекордтар Реферат № 1-2 24 Спорттық жүріс техникасының негізі Тест № 1-4 25 Секіру техникасының негізі Сұрақтар №3-4 26 Спорттық жүріс техникасының негізі жасау және оқыту әдістері Тест № 1-2 27 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасының оқыту әдістемесі Сұрақтар № 1-4 28 Биіктікке, ұзындыққа секірушілердің дайындығының техникасын талдау Реферат № 1-2 29 Батпан (ядро) лақтырудың оқытудың әдістемесі Тест № 1-4 30 Жеңіл атлетика сабақ және жаттығу сабақтары Сұрақтар №3-4 Барлығы Қолданылатын әдебиеттер тізімі. Негізгі: 1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент - 2003 ж 2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы - 2001 ж 3.Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова - М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ). 4.Матеев Л.П.Теория физической культуры - М.ФИС.1991 г 5.Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова - К: Вищашк., 1987 г Қосымша : 1. Методические указания по изучению теории физической культуры. Р.Р.Аманбаев, И.А.Моргина - Алма - Ата 1985 г 2. Президентские тесты РК. Алматы 1997г 3.Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен методикасының түсініктері. Р.Р.Аманбаев, Б.К.Қаражанов, М.К.Қалдыбаев - Алматы 1992 ж 4.Дене тәрбиелеу мәдениеті ілімін оқып үйрену жөніндегі әдістік нұсқаулар. Студенттердің білімін бақылау түрлері. Бақылау сұрақтары 1. Жеңіл атлетикаға кіріспе, мамандыққа кіріспе, жеңіл атлетикаға анықтама 2. Жеңіл атлетиканың мақсаты 3. Жеңіл атлетиканың тарихы 4. Алғашқы олимпиадалық ойында б.э.д. қай жылдары өткен 5. Жеңіл атлетика жаттығуларына техникалық түсініктеме 6. Секіру техникасының негізі 7. Лақтыру техникасының негізі 8. Лақтыру фазалары 9. Спорттық жүріс техникасы және оқыту әдістері 10.Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы 11.Батпан лақтыру техникасы 12 .атпанды дұрыс ұстау 13.Спорттық жүрістен қай жылы қай жерде өткізілді 14.Спорттық жаттығудың техникасы 15.Биікітікке секіру техникасы және оқыту әдістемесі 16.Найза лақтыру техникасы және оқыту әдістемесі 17.Граната лақтыру техникасы және оқыту әдістемесі 18.Жүгіру техникасының негізі 19.Биіктікке секірудің неше тәсілі бар және олар қандай тәсіл 20.Граната 1718ж. ұл балдар мен қызбалаға салмағы қандай 21.Граната лақтыру тәсілдерін үйрету 22. Жеңіл атлетиканың спорттық даму шыңы қай елде кеңінен белең алған 23. Б.э.д. 708ж. бағдарлама жүгірумен қатар және қандай спорт түрлері қосылды 24. Спорттық жүріс жарысы ең алғаш рет қай жылы, қай жерде өтті 25. Ара қашықтық бөлімдерге бөлінуі 26. Жеңіл атлетика түрлеріндегі айла-тәсілдерін экспериментті зерттелуі 27. Көпсайысшыларды, лақтырушыларды, секірушілерді, жүгірушілерді дайындаудың тәсілділік ерекшеліктері 28.Жүгірушілердің орат, ұзақ қашықтықа жүгіруге тәсілдік даярлау 29. Спринтті жүгірушілердің қаражаттын жылдық жоспарлау ерекшеліктері 30. Спринтті жүгірушілердің секіру дайындығы қаражаттын жоспарлау ерекшеліктері 31. Кедергі арқылы секіреушілердің, секіруушілердің жылдық жаттықтыруциклінде жалпы дене күші дайындығын жоспарлау ерекшелігі 32. Лақтырғыштардың жылдық жаттығуына күшін жылдық жосмпарлау ерекшеліктері 33.Жеңіл атлетикшіл даярлаудағы негізгі дене күші қасиеттерін дайындау 34. Жүгіргіштер, секіргіштер, лақтырушыштар, көпсайысшылар жаттығуларда тартылуды қолдану 35.Жеңіл атлетиктерді даярлау шеңберлік жаттығуларды қолдану ерекшеліктері 36. Секіргіштердің алты қадаммен, ұзындыққа, биіктікке, секіру дайындығын жоспарлау ерекшеліктері 37.Жеңіл атлетиктердің психологиялық дайындық ерекшеліктері 38. Жеңіл атлетика сабағынаң іріктелу критериясы 39. Дәрежелі спортшылардың спорттық қызметін жоспарлау 40. Секірушілерді, жүгірушілерді, лақтырушыларды жаттықтырудың жылдық циклін жоспарлау Білімді бағалау туралы мәлімет "Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері>> теориялық курс болып есептеледі. Сондықтан, бақылаудың негізгі түрі болып саналатын барлық жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт. Студент сабаққа қатысуы міндетті. Ешқандай сабақты себепті босату студентті тәжірибелік және жеке тапсырмалар кешенінен босатпайды. Ағымды, аралық және қорытынды бақылау түрлері арқылы студенттің білімі бағаланады. Уақытынды орындамаған немесе тәртіп бұзғаны үшін штраф салынады. Сабаққа кешігу-0,5 ұпай алынады. Дәріс сабағына келмеу-1,5 ұпай алынады. Уақытында жұмысын тапсырмаса- бағасы 1 ұпайға кемітіледі. 1 аралық бақылау жүргізгенде 7 оқу аптасында жинаған ұпай санын қосып бағалайды. 2 (қорытынды) аралық бақылау жүргізгенде студенттің 15 оқу аптасында жинаған ұпай саны есептеледі. Егер 2 аралық бақылау бағасы 50 % және жоғары болса, рейтінгтің жоғарлауына рұқсат етілмейді. Бұл арада 2 АБ бағасы қорытынды баға болып есептеледі. Қорытынды аралық бақылау нәтижесі 50 %-ден кем болмаса ғана студент емтиханға рұқсатнама алады. Бағалау жүйесі: Тәжірибе 3 5 35х3=105 6 СОБӨЖ 4 6 10х3=30 7 СӨЖ 3 5 25х3=75 6 А/Б 7 =60 Тәжірибе 10 12 35х3=105 14 СОБӨЖ 11 13 10х3=30 15 СӨЖ 10 12 25х3=75 14 А/Б 15 =60 Оқу курсы соңында қорытынды бақылау-емтихан. Қорытынды баға: Аралық бақылау-60 % Емтихан- 40% Аттестациялық бағаның көрсеткіші (0-30 балл) Аттестация 0-14 15-22 23-26 27-30 Баға қанағаттанарлықсыз қанағаттанарлық жақсы өте жақсы Емтиханға рұқсат рейтингісі: 15-тен- 29-ға дейнгі балл емтиханға жіберілмейді 30- дан- 60-қа дейнгі балл емтиханға жіберіледі Емтихан бағасының көрсеткіші (0-40 балл) Емтихан- 40 балл (40 %) Балл 0-19 20-29 30-36 37-40 Баға қанағаттанарлықсыз қанағаттанарлық жақсы өте жақсы Пәнді оқу үрдісінде студентке келесі әкімшілік талаптар саясаты белгіленеді: * Пәннің бөлімдері мен оны оқуға қойылатын негізгі талаптар: + Студент барлық сабақтарға қатысып, СОӨЖ мен дәріс сабақтарында белсенділік көрсету керек. + Дәріс сабақтарында конспект жазып, тиянақты тыңдап, тәртіп бұзбау керек. * Сабақтағы тәртіп ережесі: * Қоңырауға дейін сабаққа кіру, кешікпеу; * Сырт киіміндерін гардеробқа тапсыру; * Сабақ үстінде мобильді телефондарын сөндіру; * Оқытушының көмегі керек кезде қолын көтеріп сұрау; * Сабақ барысында сұрану немесе аудиториядан шығу рұқсат етілмейді.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz