Файл қосу

Аударманың лингвистикалық қағидасы



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
                                       
                                   УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013

                                   УМКД
<<Аударма теориясының негіздері >>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______2013 жылғы 
                             № 3 басылым





5 В 050121 <<Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті>> мамандығына  арналған
         <<Аударма теориясының негіздері>> 
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                                        
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





                                       
                                  СЕМЕЙ
                                     2013


                                Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Курстық жұмыс (жоба)
5  Студенттердің өздік жұмысы 

















        ГЛОССАРИЙ 
1. Лексикалық контекст  -  төңірегінде мәтіннің сол бірлігі қолданылатын лексикалық бірліктердің жиынтығы.2.Аударма лингвистикасы немесе лингвистикалық аударматану  -  тіл білімінің аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін саласы3.Лингвистикалық контекст  -  мәтіндегі тіл бірлігі қолданылатын тілдік орта.4. Аударма моделі  -  бүкіл тупнұсқаны немесе кейбір бөліктерін аудару үрдісін орындайтын бірқатар ойлау операцияларын шартты сипаттау.5.Аударма эквиваленттілігінің нормасы  -  аударманың тупнұсқаға бар мүмкіндігінше мағыналық жақындасуына талап.6.Аударма кезінде сөйлемдерді біріктіру  -  аударма амалы, онда екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге айналдыру жолымен тупнұсқадағы синтаксистік құрылым түрленеді.7.Аударма  -  тілдік делдалдықтың түрі, онда тупнұсқаның өзге тілдік мәтінінің мазмұны басқа тілде сол тілде коммуникативті тең бағалы мәтін жасау жолымен жеткізіледі.8.Аудармашылық (тіларалық) трансформация  -  түрлену, оның көмегімен тупнұсқа бірліктерінен аударма бірліктеріне көшіруді жүзегі асыру болады.9.Аударма тілі (ПЯ)  -  аударма жасалатын тіл10.Сөздік аударма тәсілі  -  аударманың ұтымды вариантын іздеу үрдісінде аралық кезең ретінде араларындағы синтаксистік байланыстарды сақтай отырып , тупнұсқаның лексикалық бірліктерінің орнына ең жақын сәйкестіктерді қою.11.Еркін аударма  -  эквиваленттілігі аударманың сол жағдайында қол жеткізуге болатын деңгейінден төмен орындалған аударма.12.Қысқарған аударма  -  аударма, онда тупнұсқаның кейбір бөліктері моралдық, саяси немесе пракиткалық сипаттағы өзге тұжырымдармен тастап кетіледі.13.Аударманың арнайы теориясы  -  аударманың лингвистикалық теориясының түрлі типті мәтіндерді аудару үрдісінің ерекшеліктері мен осы үрдіске сөз формалары мен оны жүзеге асыру шарттарының ықпалын зерттейтін саласы.14.Дәл аударма  -  аударма, онда ПЯ-ның жанрлық-стилистикалық нормасы мен қолданылуының қолданыс ережелерінен ықтималды ауышқуы кезінде тупнұсқа мазмұнының заттық-қисындық бөлігі ғана эквивалентті жаңғырады.15.Трансформациялық аударма  -  аударма трансформацияларының бірін қолданып аудару.16.Көркем аударма  -  көркем әдебиет шығармаларының, негізгі функциясы оқырманға көркем-эстетикалық ықпал ететін мәтіндердің аудармасы.
  2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль. Аударма ғылымы және оның қалыптасу тарихы.

№1дәріс тақырыбы: Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесі.
1. Аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулер.
2. Аударма теориясының зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі  -  ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. 
Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері  аударма теориясы мәселелеріне арналды.
        Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Аудар - ма теориясының міндеті  -  шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұ - жырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі  -  түп - нұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.          Дәрісті қорытындылау:
1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі  -  ХХ ғ. соңында қолға алынды. 
2. Аударма туралы нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды.
  3. Аударма теориясының обьектісі  -  аударма, ал міндеті  -  аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды жинақтау.
        Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі қай кезде қолға алынды ?
2. Қазақ тіл білімінде аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы  зерттеген кімдер?
3. Аударма ұғымына қандай анықтама бересің?
4. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны ұсынған ғалым кім?
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005. 
№2 Дәрістің тақырыбы:  Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

1. Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.
 2. Көркем аударманың өзекті мәселелері.

   Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.   Мәселен, ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, оларды қазақ тіліне аударудағы әдіс тәсілдер толыққанды көрсетілді. 
 Ал, Е. Солтанаеваның <<ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары>> атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырды.  Д. Дүйсебаевтың <<М. Әуезовтің <<Абай жолы>> роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы>> атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы, орамды ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған.            	Дәрісті қорытындылау:
1. Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.   
2. Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет 
Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданды.
  3. Д. Дүйсебаевтың <<М. Әуезовтің <<Абай жолы>> роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы>> атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған.
         Бақылау сұрақтары:
1 Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет кімнің ғылыми еңбегінде сөз болды?
2. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылған қандай ғылыми еңбектер бар?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005. 
№3 дәріс тақырыбы: Аударма  -  аударматанудың өзегі. 
1.Аударма  -  ұғымы туралы түсінік. 
2. Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі.
3. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.

    "Аударма"  -  көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. 
Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл  -  халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы  -  аударма. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма - күрделі көп қырлы құбылыс. "Аударма"  -  көпмағыналы сөз.
2. Барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар.
               Бақылау сұрақтары:
* "Аударма"  -  көп мағыналы сөз  дегеніміз не?
* Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
№2 модуль. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі.

№4 Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясының аспектілері.2.Аударманың тілдік аспектісі туралы пікірлер.3. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы.   Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі  -  <<лингвистикалық бағыт>>. Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма  аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады.  Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері  -  бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.
     Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы.
2. <<Лингвистикалық бағыт>>  негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді.
3. Соңғы жылдары аударма мәселесі психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация тәрізді  лингвистикалық қырларынан қарастырылуда.
       Бақылау сұрақтары:
1. <<Лингвистикалық бағыт>> аудармада қай грамматикалық категорияларды тірек етеді?
  2. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

№5  Дәрістің тақырыбы: Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде  

1. Аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу қажеттігі.
2. Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастыруға қатысты көзқарастарға шолу.

       Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, тілдік пе, әлде әдебиеттану тұрғысынан қарастыру керек пе?  -  деген даулы мәселелер бар. Оны тек тіл ғылымының тұрғысынан, яғни әр тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық заңдылықтарын айыру, аудармада солардың қайсысының қалай жүйелесетінін анықтау  -  аударма теориясының басты міндеті деушілер болды. Бұған қарама-қарсы, аударманы тек қана <<әдебиеттану тұрғысынан қарау керек>> деген пікірлер де айтылды. М. Әуезов <<Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері>> атты мақаласында. <<Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, кейінгі кезде біздің одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі  -  аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі  -  біздіңше, дұрыс бейім,  -  аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясы зерттейтін объект деп қарайды>> -  деп көрсетеді. 
        Дәрісті қорытындылау:
1. Жалпы аударма тарихында аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек, -деген даулы мәселелер бар.
2. М. Әуезов аударманы сөз өнерінің бір түрі деп қарап, оны әдебиеттану тұрғысынан зерттеуді бірінші кезекке қою керек деген пікірді ұстанды.          Бақылау сұрақтары:
1. Аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу керек?
  2. М. Әуезов аударманы қай ғылым тұрғысынан зерттеуді ұсынды?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері // Қазақ әдебиеті, 1955, 7 қазан.2. Федоров А. Основы общей теории перевода.  -  М., 1972.
6 дәріс тақырыбы: Шетелдік және отандық  ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
1. Шетелдік ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.
2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.      Аударма  -  тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.    1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, <<метафраз>>  -  түпнұсқаның дәл жеткізілуі,      екіншіден, <<парафраз>>  -  түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,үшіншіден, <<имитация>> (еліктеу)  -  түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
       Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов  құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп көрсетеді:1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.  М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған <<Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері>> атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші  -  сөзбе-сөздік  -  әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші  -  еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі  -  шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.          Дәрісті қорытындылау:
1.Аударма  -  тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.
2. Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:ауызша аударма және жазбаша аударма.   
      Бақылау сұрақтары:
1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден ) аударманың неше түрін ұсынды?
2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы пікірлері бар ма? 
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
№3модуль. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.

№7 Дәрістің тақырыбы: Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас құралы.
1. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы.2. Көркем аударманың алғашқы үлгілері.        Аударма  -  адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын "қос тілді" адамдар-тілмаштар пайда болған. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Түркінің "тілмаш" деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың "толмачы" шыққан.Ұлы Жібек жолының алтын арқауы  -  аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің "Гүлстанын" ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады.
           Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма  -  адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі.
2.Қазақ тарихында аударма нұсқалары бағзы заманнан бар. Ежелгі Шығыс әдебиетімен даналық ой пікірлерін көне мұралары аударма арқылы әр алуан нұсқаларда халқымызға жетіп отырған.
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2. Қазақ тарихында аударманың қандай  нұсқалары бар?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№8дәріс тақырыбы: Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.  1.Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік.2. Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.3. Аудармаға қойылатын талаптар.        Тілдің  коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында "языковое посредничество" деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша "тілдік дәнекерлік" деп алдық. Аударма  --  бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Тілдік дәнекерлік қай - қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында "тілдік дәнекерлік"  деген ұғым пайдаланылып жүр. 
  2.Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.
           Бақылау сұрақтары:
1. Аударма теориясының негізгі әдістеріне,  аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
2. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.

9 Дәрістің тақырыбы. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. 

 1. Аударма  -  түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынасты (коммуникация) қамтамасыз ету құралы .
2. Аударма - тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі.     Аударма  -  түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.
    Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады .  Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды.       Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма  -  түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы .
2. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударма  -  түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2.Неге аударманы  -  тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?
3. Коммуникацияның неше түрі бар?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.

№4модуль. Аударма теориясының негізгі әдістері,  түрлері, аудармада  қолданылатын түрлі әдістер.
 
№10 дәріс тақырыбы:  Аударманың негізгі  түрлері.
1. Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.
2. Аударманың негізгі түрлері.
	
    <<Аударма>> сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін  -  ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма  -  сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады. 
      Аударманың бірнеше түрі бар :1. Ауызша аудару. 2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады. 
3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру.     Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма  -  сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады.
2. Аударманың бірнеше түрі бар : ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару.
     Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың қандай түрлері бар?
2.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не? 
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.
 11 дәріс тақырыбы: Аудармадағы трансформациялық үдерістер.
1. Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.2.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.3.Қосу трансформациясы.4.Түсіріп тастау трансформациясын орындауға түрткі болатын дәлелдер
          Аударма теориясының негізгі әдістеріне,  аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма <<шығарады>>. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру.  Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.
     Дәрісті қорытындылау:
1. Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады.
  2. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан.
          Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
  2. Қай  еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген?
3. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын қалай жіктеген?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.

№12 Дәрістің тақырыбы: Аударма-технологиялық әрекет. 

1. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.
2. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру. 

     Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция  -  латынның <>-<<қайта жазу>> деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі  -  сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі.
2.  Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады.
3.     Транскрипция  -  бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер.
       Бақылау сұрақтары:
1. Транслитерация, транскрипция дегеніміз не?
2. Транслитерация қалай жасалады?
3. Транслитерация, транскрипция тәсілдері қай кезде қолданылады?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
   №13Дәрістің тақырыбы: Аударматанудағы баламалық мәселелер   	туралы.1. Балама аударма туралы түсінік.2. Аудармада  қолданылатын түрлі әдістер.
3. Көркем аударманың негізгі түрлері.
      Аударма шығармашылық іс, рухани өнер.  Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: <<Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілі - нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.     Біріншісі  -  еркін аударма, бұл тәсіл түп - нұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түп - нұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарас - тырудан туады.     Аудармадағы екінші әдіс  - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады. 
    Дәрісті қорытындылау:
1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табу  -  әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді.
  2. Көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма.      Бақылау сұрақтары:
1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?
  2.   Көркем аударманың қандай түрлері бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№14 Дәрістің тақырыбы: Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, балама - лылық деген терминдердің қолданысы туралы.

1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты түсініктер.
2. Балама теориясына  қатысты көзқарастарға шолу.

       Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда - ны - лып жүрген балама, баламалы аударма, балама - лылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, <<балама>> дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік  ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент)  -  екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.
    Дәрісті қорытындылау:
1.  Қазақ аударматану ғылымында жиі қолда - ны - лып жүрген балама, баламалы аударма, балама - лылық  деген терминдердің қазірге дейін анықтамасы нақтылана қойған жоқ.
2. Балама (эквивалент)  -  екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.      
     Бақылау сұрақтары:
1. Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты қандай түсініктер бар?
  2. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан кім?
3. Балама (эквивалент) дегеніміз не ?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№5 модуль. Көркем аударманың бүгінгі әдеби тілде  алатын орны.

15Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары.
1. Көркем аударма және оның түрлері.
2. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.

        Көркем аударма  -  әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. 
     Дәрісті қорытындылау:
1.Көркем аударма  -  әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы.
2. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады.
     Бақылау сұрақтары:
1. Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?
2 Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
16  Дәрістің тақырыбы: Көркем аударманы қабылдау.

1. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы. 
2. Аударма шығармасын қабылдау.
  
     В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма  -  бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау. Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма  -  бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады. 
Мәтін  -  бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек.    Әрбір аударма шығармашылық үдеріс ретінде аудармашының даралығын белгілеуі керек, бірақ аудармашының негізгі мақсаты түпнұсқаның ерекшеліктерін жеткізу және түпнұсқаға сәйкес көркем және эмоционалды әсерін барабарлы жеткізу үшін, аудармашы ең жақсы тіл амалдарын: синонимдерді, сәйкес болып тұрған көркем бейнелерді және сол сияқтыларды табу керек.      Дәрісті қорытындылау:
1. Көркем аударма  -  бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау.
2. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды -  <<төменнен  -  жоғары>> қарай, мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды.
   Бақылау сұрақтары:
1 Көркем аударма  -  бұл аудармалық әрекет дегенді қалай түсінесің? 
2. Көркем аудармада түпнұсқа қандай қызмет атқарады.?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет.  -  Алматы, 1962. 5.

17 Дәрістің тақырыбы: Поэзияны аударған кезде туындап жататын 	мәселелер.
1. Көркем аударма мәселелері.
2.  Аударманың сапасы жайында.
      
	Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады. Сөзді фактілерге беретін болсақ: Пушкиннің <<Ай>> (<<Месяц>>) деген өлеңінің аудармасына көз жіберейік. Осындағы әбден түсінікті айтылған сөздерді Тәкен Әлімқұлов бұзып тәржімалған. <<Гордым разумным моим>>  --  <<салқын оймен>>, <<летите прочь, воспоминания!>>  --  <<Сәуле төгіп дірілдетіп>> делінген. Бұл арада <<тусклое>> эпитетінің қалып қоюы мағынаға нұқсан келтіріп тұр. В.Г. Белинский А.С. Пушкин шығармашылығына арналған мақаласында ақынның ойы мен сезімдер бірлігін оның пафосы деп анықтайды.  
          Дәрісті қорытындылау:
1. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі.
2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, сәтсіздіктер де бой көрсетіп қалады
        Бақылау сұрақтары:
1 Аударма не үшін жасалған ?
2. Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударудағы табыстармен қоса, қандай сәтсіздіктер бар?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет.  -  Алматы, 1962. 5.

18 Дәрістің тақырыбы: Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.

1. Аударманың қоғамдық мәні.
2. Аударманың лингвистикалық қағидасы
        Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді . Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.  
      Дәрісті қорытындылау:
1.Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау.
2. Лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.
     Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың лингвистикалық қағидасына не жатады? 
2. Денотативті коннотативті және коммуникативті-функционалды деңгей   	дегеніміз не ?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2.Аристов Н.Б. Основы перевода.  --  М., 1959

№6 модуль. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.

№19 дәріс тақырыбы:  Аударманың толыққандылығы туралы.
 1.Аударма толыққандылығының маңыздылығы.2. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.
      Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып, 
А. В. Федоров толығырақ түсініктеме береді: <<Аударманың толықтылығы  -  бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі>>. Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді жасауда. А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық  -  бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді.    
         Дәрісті қорытындылау:
1.Аударманың толықтылығы  -  бұл түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келу.
 2. А. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды.
    Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың толықтылығы дегеніміз не?
  2. Аудармадағы барабарлық дегеніміз не?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату.  -  Алматы, 2004.  -  192 б.

№20 дәріс тақырыбы:  Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.
1. Барабарлық (эквиваленттілік)  -  аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым.
2. <<Эквиваленттілік>> терминінің қалыптасуы туралы.     Барабарлық (эквиваленттілік)  -  аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше <<эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады>>.       <<Эквиваленттілік>> термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына <<эквивалент>> терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. <<Алғаш рет <<эквивалент>> терминін <<Аударманың лингвистикалық аспектілері>> туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді>> (<<О лингвистических аспектах перевода>>) .   Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең.  Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі  -  бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым.       Эквиваленттілік  -  бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады.      
      Дәрісті қорытындылау:
1. <<Эквиваленттілік>> термині 1938 жылдан қолданылып келе жатыр.
2. Алғаш рет <<эквивалент>> терминін  Р. Якобсон ұсынған еді.
3.Эквивалент сөзі  - мағынасы бірдей, оны толық алмастыра алатын ұғым.      Бақылау сұрақтары:
1.     Барабарлық (эквиваленттілік) дегеніміз не?
2.  А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында неге тепе-теңдік белгісін қояды?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату.  -  Алматы, 2004.  -  192 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.
№21Дәрістің тақырыбы : Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.1. Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы2. Контекстің аудармадағы маңызы3. Сөз мағынасын жеткізуде кездесетін проблемалар
   Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Осыған орай жинақталған материалдарға негіздей отырып, сөз таңдаудың негізгі екі түріне ғана тоқталуға болады. Олар:
* сөз мағынасын нақтылау (конкретизация);
* сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу (генерализация).
Сөз мағынасын нақтылау  -  түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай-ақ қолданылған тілдік единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы. 
      Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін  -  сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады.      Дәрісті қорытындылау:
1.Тілдердің сөздік құрамының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді.
 2. Сөз мағынасын нақтылау  -  түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы. 
        Бақылау сұрақтары:
1. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не? 
2. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не	?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров.  -  А., 2007.  -  245 б.2. Алдашева, А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер., -  А.,1998.  -  215 б.

№22 Дәрістің тақырыбы : Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.1. <<Реалия>>сөздер туралы түсінік.2. Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі.      Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді <<аудармашының азабы>> деп атаған. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.     Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде <<реалия>> терминін емес, <<эквивалентсіз лексика>> терминін қолдайды. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. <<Реалия>> сөзі  -  латын (realis, -e, көпше түрі realia- <<зат, нәрсе>>) сын есімінің көпше түрінен шыққан. Реалия  -  зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. 
     Дәрісті қорытындылау:
1. <<Реалия>> сөзі  -  латын (realis, -e, көпше түрі realia- <<зат, нәрсе>>) сын есімінің көпше түрінен шыққан.
2. Реалия  -  зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.
        Бақылау сұрақтары:
1. Реалия сөздер дегеніміз не?
  2. И. Левый реалия сөздерді қалай  атаған?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату.  -  Алматы, 2004.  -  192 б.

№23 Дәрістің тақырыбы : Эквивалентсіз лексика туралы түсінік.

1. Эквивалентсіз лексика ұғымы.
2. Реалия сөздердің сипаттайтын факторларына сәйкес топтастырылуы.
      Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде <<реалия>> терминін емес, <<эквивалентсіз лексика>> терминін қолдайды. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика: 1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). 
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.<<Реалия>> ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - <<лакуна>>. Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар  -  тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.         Дәрісті қорытындылау:
1. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.
2.Эквивалентсіз лексика: басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер. 
3.  Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді.        Бақылау сұрақтары:
1. Реалия нені жатқызамыз?
  2. Эквивалентсіз лексикаға қандай бірліктер жатады ?
  3. Эквивалентсіз лексиканың қандай ерекшелігі бар?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
 1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.
№24Дәрістің тақырыбы: Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.

1. Неологизмнің енгізілуі  -  реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.
2. Реалияны аударғанда қолданылатын  тәсілдер.      Неологизмнің енгізілуі  -  реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.     Ұқсас аударма. Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау.
      Контекстуалды аударма. Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін.    Реалияны алмастыру.Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, <<реалияны алмастыру>> тәсілін қолдануды ұсынады. Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.      Сипаттамалы аударма.Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады.    Яғни, қорыта келгенде аударма  -  бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.      Дәрісті қорытындылау:
1. Неологизмнің енгізілуі  -  реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі.
  2. Реалияны аударғанда қолданылатын  тәсілдер мыналар:  ұқсас аударма, контекстуалды аударма, реалияны алмастыру, сипаттамалы аударма.
     Бақылау сұрақтары:
1. Реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін қолданылатын тәсілдердің біріне қайсысы жатады? 
2. Реалияны аударғанда қолданылатын  тәсілдер туралы не білесің ?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері .Алматы, 2012. 
25 Дәрістің тақырыбы: Аударматану саласының терминологиялық жүйесі.

1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.
2. Аударматану терминдерінің сатылары.

	Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен байланысты. 
А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген <<мәтін  түпнұсқа мәтіні  протомәтін>>, <<екінші деңгейдегі мәтін  аударма мәтіні  метамәтін>> деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. Кез келген ғылым, білім саласының терминологиялық жүйесі сол ғылым саласымен бірге дамиды және адамзаттың ақиқат, шындықтың нысандарын танып білу кезеңдерін көрсетеді. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді. 
2. Зерттеуші Л.А.Новиков мағына түрлерінің  жіктемесін ұсынды.
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесіне не жатады?
2. А.Попович аударма үдерістерін зерттеу барысында қандай терминдер мен ұғымдарды енгізді?
3. Аударматану терминдері қандай сатылардан тұрады?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
26 Дәрістің тақырыбы: Аудармалық сәйкестіктер.
1. Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. 
2. Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.
     Аудармашы таланты  -  айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. 
     Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы  -  лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. 
       Дәрісті қорытындылау:
1. Аудармашы таланты  -  айрықша талант.
2.Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады.
   Бақылау сұрақтары:
1. Сөз аудармасы қалай жүзеге асады?
2. Лексикалық немесе сөздік ұйқастық дегеніміз не?
3. Эквиваленттер дегеніміз не??
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2.Аристов Н.Б. Основы перевода.  --  М., 1959
3. Бархударов Л.С. Язык и перевод.  --  М., 1975
 №7модуль. Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары

27 Дәрістің тақырыбы: Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы.
1.  Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер.
2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланыстылығы.
    Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы  --  заңды құбылыс. Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты  --  тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. 
         Дәрісті қорытындылау:
1. Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. 
2.    Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді.        Бақылау сұрақтары:
1.Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттерге 	не жатады?
  2. Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің  бір-бірімен тығыз байланысты екені неден көрінеді?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
28  Дәрістің тақырыбы: Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.
1. Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары.
2. Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі.
3. Аудармадағы грамматикалық белгілер. 

       Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны "мәртебелі ғылымның" назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару  -  түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.
  Формалық-грамматикалық тепе-теңдік деген нәрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтардың болу жағдайлары. 
      Дәрісті қорытындылау:
1. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару  -  түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді.
2. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар.
        Бақылау сұрақтары:
1. <<Дворянское гнездо>> атты Тургеневтің шығармасын кім аударған?
  2. Түпнұсқа мен аударма тілдегі грамматикалық айырмашылықтар не себепті 	болады?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.

29 Дәрістің тақырыбы: Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдарды  аударудың ерекшеліктері .

1.Көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілері. 
2. Ғылыми-техникалық материалдарды   						      аударудың ерекшеліктері .

    Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.     Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.     Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады: а) көркем аударма  -  ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; ә) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;2) Ақпараттық аударма  -  қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. 
          Дәрісті қорытындылау:
1.Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.
2. Ғалым А.Алдашева көркем аударманың әр түрлі айырым-белгілерін ұсынады.
3.Ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. 
         Бақылау сұрақтары:
1. А.Алдашева көркем аударманың қандай айырым-белгілерін ұсынады?
2. Ғылыми-техникалық аудармаға нелер жатады?
3. Ғылыми мәтіндерге қандай белгілер тән ?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
30  Дәрістің тақырыбы: Аударма техникасы.
1.Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. 2.Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары. 
     Қазіргі <<ақпараттар легі>> ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.     Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:1)   Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.2)   Арнайы дерек көздерге -  арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.           Дәрісті қорытындылау:
1.Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:Жалпы дереккөздерге және арнайы дереккөздер.
 2.А.Қ. Жұмабекова мынадай түрлерін келтіреді: Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма, машиналық (автоматты) аударма, аралас аударма.
      Бақылау сұрақтары:
1. Аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін нені білуі керек?
2. Ақпараттың барлық дереккөздерін нешеге бөлуге болады?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері .Алматы, 2012. - 296 б.2. Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода).  - М.: Международные отношения, 1975.  -  240 с.
      3 Тәжірибелік сабақтар
       №1 тақырыбы:  Аударма теориясының негіздері пәнінің,    міндеттері мен  мақсаттары. Аударма теориясының даму, қалыптасу тарихы.

       Мақсаты: Студенттерге аударма теориясының негіздері пәнінің,    міндеттері мен  мақсаттары туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:     ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарды. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі  -  ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері  аударма теориясы мәселелеріне арналды.    Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. 
        Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі қай кезде қолға алынды ?
2. Қазақ тіл білімінде аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы  зерттеген кімдер?
3. Аударма ұғымына қандай анықтама бересің?
4. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны ұсынған ғалым кім?
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005. 
      №2 тақырыбы:  Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.
     Мақсаты:  Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу жүргізу.
     Әдістемелік нұсқаулар:   Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.   
Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып,  Е. Солтанаеваның <<ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары>> атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылды.   
         Бақылау сұрақтары:
1 Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет кімнің ғылыми еңбегінде сөз болды?
2. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылған қандай ғылыми еңбектер бар?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005. 

       №3 тақырыбы:  Аударма  -  ұғымы туралы түсінік. Қазіргі аударма ісінің   даму заңдылықтары.

     Мақсаты:  Аударма  -  ұғымы туралы түсінік. Қазіргі аударма ісінің   даму заңдылықтары туралы айту.
     Әдістемелік нұсқаулар: "Аударма"  -  көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. 
         Бақылау сұрақтары:
1.Неге аударма-күрделі көп қырлы құбылыс дейміз?
2."Аударма"  -  көпмағыналы сөз  дегеніміз не?
3.Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.      
 №4 тақырыбы:  Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматану.
    
    Мақсаты:  Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматанудың айырмашылығы, өзіндік ерекшеліктері  жайлы түсіндіру.
    Әдістемелік нұсқаулар:      Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері  -  бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер. 
       Бақылау сұрақтары:
1. <<Лингвистикалық бағыт>> аудармада қай грамматикалық категорияларды тірек етеді?
  2. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.

№5тақырыбы:  Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысы.
    
    Мақсаты:  Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысына жан-жақты тоқталу.
    Әдістемелік нұсқаулар:      Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі  -  <<лингвистикалық бағыт>>. Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . 
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударма теориясының қандай негізгі салалары бар?
  2. Аударма туралы тілшілердің, әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№6тақырыбы:  Шетелдік және отандық  ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
    
    Мақсаты:  Шетелдік және отандық  ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастарға шолу жүргізу.
    Әдістемелік нұсқаулар:     Аударма  -  тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі.    1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады.   Американдық лингвист Дж.Касагранде өзінің <<Аударманың мақсаттары>> (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі.    Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов  құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт  түрге бөліп көрсетеді.      Бақылау сұрақтары:
1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден  (1631-1700) аударманың неше түрін ұсынды?
2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы қандай пікірлері бар? 
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
№7тақырыбы:   Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас  құралы.

    Мақсаты:  Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас  құралы екендігіне талдау жүргізу.
    Әдістемелік нұсқаулар:   Аударма  -  адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Шығыс данышпандарының классикалық шығармаларын аударма не назира түрінде қазақтың өз мұрасына айналған. 
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2. Қазақ тарихында аударманың қандай  нұсқалары бар?
3. Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарына қайсысын жатқызамыз?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.  
№8 тақырыбы:   Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.Аудармаға қойылатын талаптар.

    Мақсаты: Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері мен аудармаға қойылатын талаптарға тоқталу.
    Әдістемелік нұсқаулар:   Тілдің  коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында "языковое посредничество" деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша "тілдік дәнекерлік" деп алдық. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. 
           Бақылау сұрақтары:
1. Аударма теориясының негізгі әдістеріне,  аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
2. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату.  -  Алматы, 2004.  -  192 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.

№9 тақырыбы:   Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.
 Мақсаты: Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аудармаға тоқталу.       Әдістемелік нұсқаулар:      Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады .  Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация.
       Бақылау сұрақтары:
1. Аударма  -  түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2.Неге аударманы  -  тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
№10 тақырыбы:   Аударманың негізгі  түрлері.

Жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатылары
 Мақсаты: Аударманың негізгі  түрлері және жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатыларына түсінік беру.
 Әдістемелік нұсқаулар:   Аударманың бірнеше түрі бар :1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі. 2. Жазбаша аударма. 
3. Компьютерлік (машинамен) аудару.
     Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың қандай түрлері бар?
2.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не? 
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.   

№11 тақырыбы:   Аудармадағы трансформациялық үдерістер.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.Қосу трансформациясы.

Мақсаты: Аудармадағы трансформациялық үдерістерге түсінік бепру. 
Әдістемелік нұсқаулар:   Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау . Орын алмастыру. Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды жатқызуға болады. Сөз қосу дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді.    Сөз түсіру  бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. 
        Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
  2. Қай  еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы: Арыс, 2006.  -  158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005.  -  60 б.

№12 тақырыбы:   Аударма-технологиялық әрекет.

Мақсаты: Аударма-технологиялық әрекет екендігін дәлелі түрде түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар:  Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция  -  латынның <>-<<қайта жазу>> деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. 
       Бақылау сұрақтары:
1. Транслитерация, транскрипция дегеніміз не?
2. Транслитерация қалай жасалады?
3. Транслитерация, транскрипция тәсілдері қай кезде қолданылады?
4. Калька дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
 №13 тақырыбы:  Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.

Мақсаты: Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар:  Аударма шығармашылық іс, рухани өнер.  Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: <<Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілі - нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.     Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады . 
        Бақылау сұрақтары:
1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?
  2.   Көркем аударманың қандай түрлері бар?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№14 тақырыбы:  Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.

Мақсаты: Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдарына тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар:     Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздердің аударуда нақтыландыруға тура келеді, немесе керісінше түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аударма мәтінінде кең мағыналы сөзбен береміз. 
      Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін  -  сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады.      
        Бақылау сұрақтары:
1. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не? 
2. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не	?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров.  -  А., 2007.  -  245 б.2. Алдашева, А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер., -  А.,1998.  -  215 б.
№15 тақырыбы:  Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі.
     Мақсаты: Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігін меңгерту.
     Әдістемелік нұсқаулар:  Көркем аударма  -  әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. 
     Бақылау сұрақтары:
1. Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?
2 Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны қандай?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
СӨЖ
Тексеру формасы.
1. Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматану.
 Конспект
2. Аудармадағы эквиваленттілік түсінігі.
Реферат
3. Аудармада аударылмайтындар.
Презентация. Слайд
4. Аударма тәсілдері. Балама, еркін, сөзбе-сөз аудару тәсілдері.
Реферат
5. Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.
Конспект
6. Аудармадағы тілдік белгілер.
Презентация. Слайд
7. Аударманың коммуникативтік, эстетикалық, қоғамдық талаптары.
8.Аудармадағы ұлттық реалия мәселелері. 

Конспект


9. Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.
Реферат
10. Аудармадағы грамматикалық мәселелер.
Конспект
11. Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі.
Конспект
12. Абайдың қазақ көркем аудармасының негізін поэзия жанрында қалауы.
Реферат
13. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың көркем аудармаға қосқан үлесі. 
Конспект
14. Қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі.
Конспект
15. М. Әуезовтың  көркем аударма жайындағы ойлары.
Презентация. Слайд

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары
1.
Аударма ұғымы туралы түсінік.Аударма- көпмағыналы сөз.Аударма туралы көзқарастар.
Аударманың қолданылатын тұстары
2.
Аударманың қоғамдық қызметі.
Аударма іс-әрекетінің өмір сүруіАударма-адам қызметінің бір түріАударманың қоғамдық қажеттілігіТілдік дәнекерлік, оның түрлері
3.
Аударма теориясының салаларыАударма теориясын А.В.Федоровтың салаларға жіктеуіАударма теориясын В.Н.Коммисаровтың салаларға жіктеуіАударма теориясы салаларының маңызы
4.



5

Аударма тарихыАударма туралы пікірлерАударма тарихында араб тілді түркітанушылардың сіңірген еңбегіҚазақ аударматануының дамуындағы алғашқы қазақ баспасөзінің қызметіАударманың толыққандылығы туралы.Аудармадағы <<формализм>> мәселесіАударма толыққандылығының маңыздылығыАудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары
6.
Жалқы есімдерді, лақап аттарды, фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару.
Жалқы есімдерді, лақап аттарды аудару және оларды фонетикалық жағынан қалыпқа келтіруФразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары
7.
Аударма теориясының аспектілері.
Аударма аспектілері, түрлері, өзара байланыстылығыАударманың тілдік аспектісі туралы пікірлерАударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы
8.
Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлеріАудармаға қойылатын талаптар
9.
Көркем аударманың кеңестік кезеңдегі даму бағыттары. 

Аудармаға кеңестік әдебиетте идеологиялық саясат құралы ретінде пайдалану мақсаты.
10.
Баламасыз лексика және жалған баламалар
Сөздегі ұлттық колоритБасқа тілдің сөздік құрамында кездеспейтін атауларды жеткізудің жолдарыЖалған балама
10.
Мақал-мәтелдерді аудару жолдарыТұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің ұқсастықтарыФразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің айырмашылықтарыМақал-мәтелдердегі ұлттық реңМақал-мәтелдерді аударудың тәсілдері
11.
Фразеологизмдердіа аудару жолдары
Фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктеріФразеологизмдердің жіктелуі. 
Фразеологизмдер жайлы Ө.Айтбаевтың пікіріР.Сәрсенбаевтың фразелогизмдерді аудармаға байланысты топтастыруы
12.
Аудармадағы грамматикалық құбылыстар.Орыс тілі мен қазақ тілінің грамматика саласындағы ұқсастықтары мен өзгешеліктеріАудармада түпнұсқа тіл мен аударма тілдің грамматикалық ерекшеліктерін ескерудің негізгі себептері
13.
Көркем аудармадағы тарихи-мәдени ақпарат:
функционалды-баламалы тәсіл арқылы жеткізу мүмкіндіктері

14.
Аударманың прагматикалық мәселелері. 
Прагматика түсінігі. Аударма прагматикасы курсының негізгі мақсат-міндеттері
15.
Аударма теориясының заманауи үлгілеріҚазіргі кездегі кеңінен тараған келесі аударма үлгілерінің мәндік сипаттамасы: ахуалды-денотативтік, трансформациялық, семантикалық, интерпретативтік. Аудару тәсілдері мен амалдары.
    
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы
                         Дәріс сабағының
                               Тақырыбы
           Тәжірибелік сабақтың тақырыбы
Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер
           Өз бетімен дайындалу сұрақтары
                            Бақылау түрі
                                       1
                                       2
                                       4
                                       5
                                       6
1.Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесі.
1. Аударма теориясының негіздері пәнінің,    міндеттері мен  мақсаттары. Аударма теориясының даму, қалыптасу тарихы.
Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.
Жазбаша, ауызша
2. Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу. 
 2.Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде
Аударма тарихы жайында жазылған ғылыми әдебиеттерге шолу.
Жазбаша, ауызша
3.  Аударма  -  аударматанудың өзегі. 
Аударма  -  ұғымы туралы түсінік. 
3.Аударма  -  ұғымы туралы түсінік. 
Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.


Дәріс тезисі, слайд
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.

Жазбаша
4.Аударма теориясының аспектілері.
4. Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматану.
Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Аударма теориясының аспектілеріне сипаттама беру
Ауызша
Жазбаша
5. Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде  


5. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысы.
Дәріс тезисі кесте слайд түрінде

Аударылған шығармаларды қай тұрғыдан зерттеу қажеттігіне талдау жасау.
Ауызша
Жазбаша
6.Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
6. Шетелдік және отандық  ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.

Дәріс тезисі таблица слайд түрінде
Аударманың түрлерінесипаттама беру.
Жазбаша
Ауызша
7. Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас құралы.
7.Аударма  --  тілдік және мәдениетаралық қарым  - қатынас  құралы.
Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
Жазбаша және ауызша аударманың түрлерімен жұмыс жүргізу.

Жазбаша

8.Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.  Тілдік дәнекерлік ұғымы туралы түсінік.
8.Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.Аудармаға қойылатын талаптар.
Дәріс тезисі, мысалдарды ноутбуктан көрсету
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.
Жазбаша

9. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. 

9. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.
Дәріс тезисі, кесте-слайд
Аудармаға қойылатын талаптарғасипаттама беру
Жазбаша
Ауызша
10.Аударманың негізгі  түрлері.

Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.

10. Аударманың негізгі  түрлері.
Жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатылары
Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде
Аударманың негізгі  түрлеріне
талдау жасау.
Жазбаша
Ауызша
11. Аудармадағы трансформациялық үдерістер.

11. Аудармадағы трансформациялық үдерістер.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.Қосу трансформациясы.
Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Ауызша
12. Аударма-технологиялық әрекет. 

Аудармалық транскрипция  мен транслитерация түсінігі.Калькалау. 
12. Аударма-технологиялық әрекет. 
 Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.
Калькалау.Лексикалық-семантикалық ауыстыру. 
Дәріс тезисі Слайд
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
13.Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.
13. Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы. 
Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде

Талдау жұмыстары
Конспект
14.Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, балама - лылық деген терминдердің қолданысы туралы.
14. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.




Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
15.Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны.
Көркем аударма және оның түрлері.
15.Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі.

Дәріс тезисі, кестені слайд негізінде
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Реферат

16.Көркем аударманы қабылдау.

Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы. 
 
Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
17.Поэзияны аударған кезде туындап жататын 	мәселелер.



Дәріс тезисі, тұлғаларды слайд түрінде көрсету
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша

18. Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша

19. Аударманың толыққандылығы туралы. 

Дәріс тезисі, сызба кестелер слайд түрінде
мысалдар теру
Жазбаша
Конспект 
20.Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Реферат

22.Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.

Дәріс тезисі, сызба кестелер слайд түрінде
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
23.Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Жазбаша
Конспект
24.Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.

Дәріс тезисі, сызба кестелер 
Талдау жұмыстары
Жазбаша

25.Аударматану саласының терминологиялық жүйесі.

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Жазбаша
Конспект 
26.Аудармалық сәйкестіктер.
Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.

Дәріс тезисі, сызба кестелер 
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект 
27.Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы.

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
28.Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.


Дәріс тезисі, сызба кестелер 
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
29.Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдарды  аударудың ерекшеліктері .

Дәріс тезисі, ноутбукпен жұмыс
Мысалдар теру
Талдау жұмыстары
Жазбаша
Конспект
30.Аударма техникасы.
Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. 

Дәріс тезисі, сызба кестелер слайд түрінде
мысалдар теру
Жазбаша
Конспект


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

     Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
                                   Саны 
                      Студенттердің саны
                   Қамтамасыз ету пайызы
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.

                                       3
                                       5
                                      50%
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері. Алматы, 2012. - 296 
                                       3
                                       5
                                      50%
3.Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
                                       3
                                       5
                                      50%
4.Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975.
                                       3
                                       5
                                      50%
5.Тарақ  Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы.  -  А., 2009ж. 
                                       3
                                       5
                                      50%
6. Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
                                       3
                                       5
                                      50%
7.Федоров, А. В. Основы общей теории перевода. М. 1983. 
                                       3
                                       5
                                     100%


* ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
8.1.1  Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени 	      мәселелер.  -  Алматы, 1999.  -  161 б.
8.1.2  Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік 		      құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.8.1.3 Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.
8.1.4  Аристов Н.Б. Основы перевода.  --  М., 1959
8.1.5  Федоров, А. В. Основы общей теории перевода (лингвистические   	 	проблемы): Уч. пособие.  -  М. : Высшая школа, 1983.  -  235 с.
8.1.6 Виноградов В.С. Введение в переводоведение  -  М., 2001
8.1.7 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975, 147-
8.1.8 Федеров А.В. <<Введение в теорию перевода>> - М. , 1953
8.1.9 Жақсылықов А.Ж., Есембеков Т.О., Казыбек Г. Аударма теориясы мен тәжірибесінің библиографиялық анықтамасы. А., 2007ж. 

      Қосымша әдебиеттер:

8.2.1  Есембеков Т.О. Көркем мәтінді талдау негіздері.  -  А., 2009ж. 
8.2.2  Тарақ Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы.  -  А., 2009ж. 
8.2.3 Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма психологиясы және мәдениеті. 	 	А.,2005 ж.
8.2.4   Рецкер, Я.И. Аудармашының мақсаты / Я.И. Рецкер.  -  А., 2003.  -  180 б.
8.2.5   Федоров А. Искусство перевода и жизнь литературы  -  Л., 1983.
8.2.6   Бархударов Л.С. Язык и перевод.  - М.,1975.  -  240 с.
8.2.7   Комиссаров В.Н. Слово о переводе.  - М.,1973.  - 216 с.8.2.8   Тарақ Ә. Аударма әлемі. Оқу құралы.  -  А.,2007 ж. 15 б.т.
8.2.9    Көркем аударманың кейбір мәселелері - А., 1957.
8.2.10.Латышев Л.К. Теория перевода. М. , 1988
8.2.11 Левый И.Искусство перевода.  -  М., 1974.
8.2.12 Тарақ Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы.  -  А.,2009ж. 
Пәндер