Файл қосу
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі Құжат СМК 4 кезеңдегі ОӘК ПОӘК 042-18-20.1.76/03-2013 ж. Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы Заңтану <<5В030100>> Баспа №1 Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Заңтану мамандығына <<5В030100>> Семей 2013ж * Мазмұны 1 Глоссарий 2 2 Дәріс 4 3 Студенттің өздік жұмыс тақырыптары 6 * Глоссарий Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - жалғыз ата-атанасының немесе екеуінің де ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе айырылуына, ата-аналардың хабарсыз кетуіне, қайтыс болған деп хабарлануына, қабілеті жоқ (қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-ананың бас бостандығынан ай- ыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-аналардың баланы тəрбиелеуден немесе оның құқықтарын қорғаудан жалтаруына, соның ішінде ата-ананың өз баласын тəрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы жоқтығының өзге де жағдайларында қамқорлықсыз қалған балалар. Бала - Бала құқықтары туралы конвенцияның 1 бабына, ұлттық заңдарға сəйкес кəмелетке толу ертерек жаста белгіленген жағдайлардан басқа 18 жасқа толмаған адам. Бала еңбегі - психикалық, физикалық, əлеуметтік, моральдық тұрғыдан бала үшін қауіп-қатермен немесе зиян келтірумен бай- ланысты төленетін де, төленбейтін де жұмыс пен қызмет. Бала құқықтары - БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясында жəне басқа да құқықтар қорғайтын құжаттарда белгіленген қандай да бір айырмашылықтарға қарамастан əр бала ие болуы тиіс құқықтар мен бостандықтар. Бала құқықтары жөніндегі комитет - Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелеріне (43 бап) сəйкес мемлекеттердің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды іске асыру үшін құрылған шарттық орган. Бала құқықтары жөніндегі комитет 1991 жылы Бала құқықтары конвенциясының 43 бабына сəйкес құрылған жəне бойында жоғары өнегелі қасиеттері мен Конвенция қамтитын салада танылған біліктілігі бар он сегіз сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелері жеке қызмет етеді, төрт жылдық мерзімге сайланады жəне қайта сайлануы мүмкін. Комитет мəжілістері жыл сайын Нью-Йоркте өтеді. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір рет БҰҰ Бас Ассамблеясына табысталады. Бала құқықтары жөніндегі уəкіл - бала құқықтарын бақылау, іске асыру жəне қорғау мақсатында құрылған, өз бастамасымен немесе басқа ұйымдарының өтінішімен балалардың құқықтарын іске асыруға жəне қорғауға қатысты кез келген мəселелер бойынша пікірлер, ұсынымдар мен ұсыныстар, есептер жариялауға құқығы бар тəуелсіз институт. Балаларға арналған əлеуметтік қызметтер - ұйымдастыру- құқықтық жəне меншік формаларына қарамастан балаларға əлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар. Балаларды баламалы орналастыру баланың ата-аналары туыстары тарапынан балаға қамқорлық жасалуын, баланы тəрбиелеу үшін басқа отбасыға берілуін, асырап алуын неме- се қажет болған жағдайда ата-аналар өз баласына қамқорлық жасамағанда не ол тиісті деңгейде болмаған жағдайда баланы арнаулы мекемеге орналастырылуын білдіреді. Балалардың көзқарастарын құрметтеу - өзінің жеке басы көзқарастарын жеткізе алатын балаға мемлекет осы көзқарастарды баланың өзіне қатысты барлық мəселелер бойынша еркін білдіру құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Ал баланың көзқарастарына оның жасы мен жетілуіне сəйкес тиісті көңіл бөлінеді. Балалардың құқықтарын қорғау - балаларды коммерция- лық жəне сексуалды мақсатта пайдалануды, саудалауды, денсаулыққа зиян келтіретін балалар еңбегін, дəстүрлі салттарды пайдалануды қоса, балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың, қаналуын жəне оларға қатаң қараудың алдын алуын білдерді. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар - өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға əлеуметтік қолдау көрсететін, əлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-əлеуметтік, əлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет пен материалдық көмек, əлеуметтік оңалту көрсететін, осындай балаларды еңбек етуге қабілетті жасқа толғанда жұмыспен қамтитын ұйымдар. Баланы əлеуметтік бейімдеу өмірде қиын жағдайға тап болған баланы қоғамда қалыптасқан құндылықтарды, мінез- құлық ережелері мен нормаларын қабылдату жолымен əлеуметтік ортаның ахуалына бейімдеуін, сондай-ақ психологиялық жəне/ немесе моральдық зақымның салдарынан арылту үрдісін білдіреді. Баланы бостандығынан айыру - тұтқындауды, ұстап алу- ды, соның ішінде əділет сотын жүргізу, балаларды медициналық мекемелерге жəне қайырымдылық ұйымдарына орналасты- ру мақсатында қамауды білдіреді. Бала құқықтары туралы конвенцияның 37 бабы қамауға алуға ғана емес, баланы кез кел- ген бас бостандығынан айыруға қолданылады. Конвенцияның бұл бабы бас бостандығынан айырылған балалардың жастық қажеттіктерін ескере отырып, жеке басының қадір-қасиетін қадірлей отырып, оларға адамгершілікпен қарау керектігін көздейді. Баланы тəрбиелеуге беру баланың уақытша басқа отбасыда тəрбиеленуін білдіреді. Ол қажет болған жағдайда баланың кəмелетке толуына дейін жалғасуы мүмкін, бірақ бұл баланың кəмелеттік жасқа толуына дейін өзінің туған ата-аналарына оралуы немесе асырап алынуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Баланың заңды өкілдері - Бала құқықтары туралы конвенциясына сəйкес балаға қамқорлық жасайтын, білім алу- ын, тəрбиеленуін, құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар, патронаттық тəрбиелеушілер мен оларды алмастыратын басқа да адамдар (қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары, мемлекеттік қорғаншылық мекемелері, интернаттық мекемелер). Ең төменгі жас - баланың ұлттық заңнамаға сəйкес белгілі бір құқықтарды иеленуін білдіретін жас. Жетім балалар - жалғыз ата-анасы немесе екеуі қайтыс болған балалар. Зорлық-зомбылықтан құрбан болған балалар, - отбасында, білім беру жəне қамқоршылық органдарында зомбылық (физикалық, сексуалды, психологиялық зомбылық, зəбір немесе қиянат) көрген жəне/немесе оған дұшар болып жатқан балалар. Интернаттық мекеме - жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, айрықша жағдайларда - күн көрісі төмен жəне көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, қоғамға жат мінез- құлығы бар балаларға, тиісті мектептер жоқ елді мекендерден шыққан балаларға күтім жасайтын ұйымдар. Кедей отбасыда тұрып жатқан балалар - табысы күн көріс минимумынан төмен отбасыларда тұрып жатқан балалар. Күндіз жату орталығы ерекше қажеттіктері бар балалардың, ВИЧ/СПИД-ке шалдыққан балалардың білім алуы мен қарым- қатынас жасауына мүмкіндік береді, заңмен жанжалға барған жасөспірімдерге əлеуметтік оңалту бағдарламаларын ұсынады. Мұндай орталықтарда балалар өз бетінше өмір сүру дағдыларына ие болып, өсіп-дамуына мүмкіндік алады. Орталықтар мектеп- ке дейінгі жəне мектептік білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс жасай алады, психологтар мен медицина қызметкерлерінің қызметін көрсете алады. Қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының не олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ кəмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тəрбиелеу жəне өзге де мекеме педагогтарының, тəрбиешiлерiнiң жəне басқа да қызметкерлерiнiң тарапынан оны тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетiмен кетуi салдарынан жүріс-тұрысына бақылау болмаған кəмелетке толмаған бала. Қорғаншылық - баланы орналастырудың баламалы түрі, 14 пен 18 жастағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық формасы. Мемлекеттік ең төменгі стандарттар - мемлекет белгілеген əлеуметтік қызметтердің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемінен тұратын балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері. Мүмкіндігі шектеулі балалар - физикалық жəне/немесе психикалық кемшіліктері бар, туа біткен, мирасты ауруларынан немесе белгіленген тəртіппен расталған жарақаттан туындаған тірішілік əрекетінде шектеуі бар балалар. Отбасы - қоғамның негізгі ұйымы жəне оның барлық мүшелерінің, əсіресе балалардың өсіп-өркендеуі мен амандығы үшін негізгі орта. Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар - қалыптасқан жағдайдың нəтижесінде тіршілік əрекеті бұзылған жəне сол жағдайды өз бетінше немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар. Панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала. Ювеналды əділет - кəмелетке толмаған құқық бұзушыларға əділ сот жүргізуді, алдын ала тергеу жəне соттың істі қарауы ба- рысында кəмелетке толмаған құқық бұзушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнама жүйесі. Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау пәні бойынша дәрістер кешені * Қазақстандағы балалардың қадағалаусыздығы, панасыздығы жəне кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық жағдайының жай-күйі. * Қадағалаусыз және панасыз балалар түсінігі. * Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары. 1.Қадағалаусыз жəне панасыз балалар - отбасының қажетті бақылауынан, назарынан жəне қамқорлығынан шет қалған, өз кезегінде девианттық мінез-құлығымен ерекшеленетін, ішімдік, есірткі пайдаланатын, құқық бұзушылық əрекеттер жасайтын кəмелетке толмағандар. <<Қадағалаусыз>> жəне <<панасыз>> сөздерінің өзіндік айырмашылықтары бар. Қадағалаусыз балалар іс жүзінде өз от- басымен бірге өмір сүреді. Алайда баланың тəрбиеленуіне, білім алуына жəне дамуына ата-анасы мен оқу орны тиісті деңгейде бақылау жасай алмайды. Балалардың мұндай санатына <<тəрбиесі қиын балалар>> деген айдар тағылған. Бұлар <<қауіп тобындағы>> балалар саналады. Панасыздық - қадағалаусыздық санатынан да қауіптірек. Панасыз балалар іс жүзінде отбасынан кетіп қалып, онымен қарым-қатынасын түбегейлі үзеді. Мұндай балалардың тұрақты мекені де, тұрақты жүретін аймағы да болмайды. Олар көбінесе көше мен вокзалдарды мекен етеді. Мұндай орындар қылмыстың көп орын алатын, жезөкшелік пен қайыршылық етек жайған жерлерге жатады. Қазақстанда қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың нақты санын айғақтайтын статистикалық деректер жоқтың қасы. Ресми деректер тек қана ішкі істер органдарының қолына түсіп, тіркеуіне ілікккен немесе панасыз жəне қадағалаусыз балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізіміне енген қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды ғана қамтиды. Ресми деректерге сəйкес, Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу жəне оңалту орталықтарына (қазіргі таңда Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына) жыл сайын 10 мыңға жуық қадағалаусыз жəне панасыз балалар келіп түсетін. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының етек жаюының негізгі себептерінің бірі - ата-аналары мен оларды алмастыратын кісілердің қажетті бақылауының болмауы деуге болады. Сондай-ақ, зерттеу материалдары көрсеткендей, кедейшілік, жұмыссыздық, отбасы жағдайының нашарлығы, отбасындағықолайсыз ахуал (ата-аналардың ішімдікке салынуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, ата-аналардың өз балаларын асыраудан бас тартуы, шектен шыққан қатыгездік, бақылаусыздық) елдегі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың санын арттыруда. Осы аталған факторлар өз кезегінде қадағалаусыз жəне панасыз балалардың пайда болуына алып келетін айтарлықтай жағымсыз əлеуметтік жағдайға себеп болады. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы - Қазақстандағы қазіргі таңда қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-тəрбиелік жағдайдың келеңсіз жемісі. Соның салдарынан, елімізде əлеуметтік теңсіздік, отбасылардың əлеуметтік жайсыздығы, олардың өмір сүру мүмкіндігінің қиындауы, жасөспірімдер арасында қылмыстың етек жаюы байқалуда. 2. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының нақты жағдайын анықтау мақсатында жұртшылық арасында əлеуметтік сауалнама жүргізіліп, Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында (бұдан əрі - КТБО) орналасқан балалардың жеке істері зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты: - балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының себептерін талдау; - қадағалаусыз жəне панасыз балалардың негізгі мəселелерін зерттеу; - балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы мəселелеріне қатысты қоғамдық пікірді бағалау. Жұртшылықтың пікірін талдай келе, адамдардың қоғам өміріндегі балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қатты алаңдайтыны анықталды. Сауалнамаға жұртшылық пен педагогтар өкілдерінен 186 адам қатысты. Жауап бергендердің 30,8% балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығын қауіпті үрдіс деп бағаласа, сұралғандардың 10,2% бұл мəселені аса қауіпті деп бағалаған. Сауалнаманың нəтижесі бойынша қадағалаусыздық пен панасыздық <<қылмыстың өсуіне>> (84%) жəне <<алкоголизм мен нашақорлықлықтың етек жаюына себеп болады>> (49%). Жұртшылықтың мұндай пікірі ресми деректермен де расталып отыр. Сауалнамаға жауап бергендердің пікірі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың пайда болуына отбасы мен əке-шеше кінəлі деген қағидаға негізделеді. Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, қадағалаусыздық пен панасыздықтың өсуіне бала тəрбиесімен айналыспайтын жайсыз отбасылар (78%), жайсыз отбасылардағы жағдайды дұрыс бақылап отырмайтын жергілікті билік органдары, мəселені шешуде қаржылық қамтамасыз етуді реттей алмайтын мемлекет (39%) кінəлі. Сауалнамаға қатысушылар жайсыз отбасылардың шығу себебі ата-аналардың ішімдікке салынуында (84,5%), ата-аналардың қатыгез болуында (61,5%), жұмыссыздықта (68,4%), ата-аналар арасындағы кикілжіңде (61,4%), отбасындағы əлеуметтік жағдайдың нашарлығында (65,2%) деп білген. Зерттеу нəтижесі көрсеткендей, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының себебі - ата-аналардың бақылауының жеткіліксіздігі (78,7%), балаларды тəрбиелеуден жалтаруы (68,0%), ата-ана мейірімінің төмендігі (62,8%), балалардың бос уақыт өткізуге бейім келуі (68,2%), қоршаған ортаның кері əсері (67,4%), ата-ана беделінің түсуі (57,6%), ата-ананың жұмыссыздығы (58,2%) болып табылады. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жыл басынан бері 4 357 бала келіп түскен (мəліметтер 22.11.2011 ж. кезеңі бойынша берілген). Кəмелетке толмаған балалардың көбі Оңтүстік Қазақстан (1082) мен Алматы қаласында (741) анықталған. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалардың 82,9% - қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар. Олардың 11,2% - ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің қамқорлығынан айырылған, 2,6% - арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетіндер. Сонымен қатар, олардың 3,3% - ішкі істер органдары бөлімшелерінде есепте тұрғандар немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Қадағалаусыз жəне панасыз балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты былайша топтастыруға болады: 3-6 жасаралығындағылар - 13,7%, 7-14 жастағылар - 44,9%, 15-18 жас аралығындағылар - 41,4%. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалардың 20,6%-ның ата-анасы немесе асыраушысы бар, 14,3% жайсыз отбасылар санатына жатқызылады, 1,2% жақсы отбасылардан шыққан деуге болады. Зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың көпшілігінің ата-анасы жұмыс істемейді, ішімдікке салынған жəне қоғамға қарсы əрекеттер жасағандар (58,3%), тек 5,6%-ның ата-анасында тұрақты жұмысы бар. Сауалнамаға жауап бергендер балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына бөлек, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа жеке көзқарастарын білдірді. Зерттеу нəтижелеріне сəйкес, соңғысы қоғамда аса өзекті тақырыпқа арқау болуда. Сауалнамаға қатысушылардың 15,2% қадағалаусыздық пен панасыздықтың артуына алаңдаушылық білдірген болса, 23,4% жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына алаңдайтынын білдірген. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс мəселесінің зор маңызға ие болуы тегін емес. Бұл балалар тек өздері ғана қылмыс жасап қоймай, қоғамға, қоршаған ортаға жəне жекелеген адамдарға, олардың өміріне қауіп төндіреді. Сауалнамаға жауап берушілердің 53,7% жасөспірімдерден келетін қауіп-қатерден жапа шегемін деп қорқатынын жасырмаған, тек 12,8% ғана бұдан қорықпайтынын мəлімдеген. Балалар қадағалаусыздығының пайда болуы көбінесе жайсыз отбасыларға байланысты орын алуда. Сондықтан сауалнамаға қатысушылардың 72,4% бұл мəселені отбасында шешу қажет деп есептейді. Мұндай түйінді мəселені шешудің екінші бір субъектісі мемлекет болып табылады (44,8%). Ал қоғамның рөліне келер болсақ, мəселені шешудегі оның орны аса жоғары 12 емес. Сауалнамаға жауап бергендердің 44,8% бұл істе қоғамдық жəне қайырымдылық ұйымдарының орны бар деп есептейді. Сұралғандардың 10% <<жеке азамат>> ретінде қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың көршісі, туысы немесе танысы болатанын жасырмаған. Осындай талдауды негізге ала отырып, қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың пайда болуына себеп болған жайсыз отбасыларды бодырмау үшін ең бастысы ата-ананың балалары алдындағы жауапкершілігін орната білу қажет. Ата-аналардың жауапкершілігін заң күшімен арттыру (балалар тəрбиесі үшін əкімшілік жауапкершілікке тарту - 43,4%, қадағалаусыз қалдырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту - 42,8%), халықтың материалдық əл-ауқатын арттыру арқылы отбасылардың əлеуметтік жағдайын жақсарту (30,2%) жəне мемлекет тарапынан отбасыларға материалдық жəне əлеуметтік көмек көлемін ұлғайту (17,8%) пайдалы болары анық. Соңғы кездері бала-шағасына тиісті тəлім-тəрбие бермейтін отбасылардың саны жыл сайын артып келеді. Тек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сəйкес ішкі істер органдарының тіркеуінде 13 мың жайсыз отбасы тұрса, қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың саны 27 мыңға жетіп жығылады. 2010 жылы ата-ана құқықтарынан айырылған азаматтардың саны 825 болған. 2011 жылдың асынан бері 300 азамат ата-ана құқықтарынан айырылса, 400-ге жуық бала балалар үйіне орналастырылған. Сонымен қатар 800-ге жуық ата-ана кəмелетке толмағандарға қажетті тəрбие мен білім бермегені үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы аталған жəйттердің бəрі елімізде кəмелетке толмаған балалардың қиын жағдайда екендігін айғақтайды. Осыған сəйкес, өкінішке қарай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға жасы жетпеген балалардың арасында қылмыс жасау үрдісінің артуы байқалады. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының профилактикалық тіркеуінде құқық бұзушылық айыбы бойынша 20 мың жасөспірім тұр, олардың 15 мыңы тура жолдан ауытқушылығы үшін тіркелген, тек екі жарым мыңы қоғамға қарсы кəмелетке толмағандардың тобын құрғаны үшін айыпталған. Ата-аналардың балалары алдындағы тəрбиелік, т.б. жауапкершілігі тек оларға қажетті білім, тəрбие берумен ғана шектелмей, олардың дені саулығы, психологиялық, рухани жəне 13 адамгершілік тұрғыдан жақсы азамат болып шығуына негізделуі тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір ата-аналардың санаты үшін осы аталған талаптарды орындау қиынға соғуда. Баланың рухани жəне адамгершілік тұрғысынан жақсы азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың отбасындағы материалдық демеуі мен қаржылық көмегі қажет. Алайда көптеген отбасылардың бала-шағасын жеткілікті түрде материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмай отырғаны жасырын емес. Кəмелетке толмаған құқық бұзушылар мен дұрыс отбасыдан шыққан балаларды салыстырмалы зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, <<тəрбиесі қиын балалардың>> көбінесе нашар отбасылардан шығатындығы анықталған. Ал үлгілі отбасыдан үлгілі балалардың өсіп жетілетіндігі байқалады. Балалардың жағымсыз түрде тəрбиеленуі мен тəрбиесі қиын балалардың пайда болуына отбасында баланың əкесі не шешесінің болмауы, яғни толыққанды жанұяның болмауы, ата-ананың əдепсіз болып кетуі, əке-шешенің балаларына қоғамға қарсы тəрбие беруі немесе осындай көзқарас ұстануы, ата-аналар білімінің төмендігі, олардың педагогикалық тұрғыдан толыққанды қалыптаспауы, отбасындағы қатыгездік пен ата-аналар арасындағы ұрыс-керіс, кикілжің əсер етеді. Қоғамда жетім балалардың көбеюі мен панасыз қалған балалар санының артуына негізгі себеп отбасы институтының əлсіреуі деуге болады. Өйткені, осы фактор бала тəрбиесіне аса зор ықпал етеді. Жетімдік - əке-шешенің бірінің немесе екеуінің де қайтыс болуы, əкенің немесе шешенің ата-ана құқықтарынан айырылуы, баланың дұрыс өсуіне кері əсер ететін ортаның пайда болуы немесе баланың қоғамда ата-анасыз жалғыз қалуы болып саналады. Кей кездері мұндай жағдай орын алған жағдайда əке-шешенің туыстары, ата-əжелері немесе өкіл əке-шешелер жетім қалған балаға қамқор болуға барын салады. Бірақ қоғамдағы əлеуметтік жағдайдың төмендігі жəне халықтың пейілінің тарылуы жетім қалған баланы асырауға құлық білдірушілер санын азайтып отыр. Балалардың жасөспірімдік шақта жетімдікке ұшырауы оның қоғамға нағыз араласатын уақытына дөп келгендіктен үлкен қиындықтар туғызады. Өйткені, осы кезде балалар ата-анасынан көруі тиіс демеудің жоқтығынан еркіндіктің шегінен шығып, еңбек етудің əділетті жолынан ауытқып кетуі əбден мүмкін. * Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия. * Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау. * Кəмелетке толмаған қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалармен профилактикалық жұмыстар 1.Тиімді ведоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған, оның жұмыс органы - ҚР Білім жəне ғылым министрлігі. Қадағалаусыздық профилактикасының ведомствоаралық жүйесінің құрылуы проблеманы шешуде дұрыс қадам болғаны сөзсіз. Сонымен бірге, жұмыстың негізгі бағыты ретінде адағалаусыздықтың басты факторы саналатын отбасымен жұмыс белгіленді. <<Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы>> Заңына сəйкес жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты үйлестіру жəне белсендету үшін Астана, Алматы қалалары мен облыс əкімдерінің қаулыларымен Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялар туралы ережелер жəне мүдделі ведомстволардың өкілдерінен құрамдары бекітілген болатын. Комиссия отырыстарында жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың профилактикасы саласындағы мүдделі органдардың (əкімдіктердің, білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, əлеуметтік қорғау органдарының) қызметін үйлестіретін мəселелер талқыланады. Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан ары - Комиссия) кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз жəне панасыз қалуын алдын алу, олардың құқықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік орган- дар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы <<Бала құқықтары туралы>>, <<Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы>> заңдары жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттары негізінде жүзеге асырады. Комиссияның негізгі қызметі кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда жəне қорғауда оларға жəрдем беру; өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кəмелетке толмағандарды анықтау жəне əлеуметтiк оңалту, кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту, күтіп-ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кəмелетке толмағандардың қалыпты дене жəне рухани дамуына терiс əсер ететiн немесе олармен қатыгездiкпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кəмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау болып табылады. Комиссия кəмелетке толмағандарды дене жəне психикалық күш көрсетуден, кемсiтудiң барлық нысандарынан, жыныстық жəне өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кəмелетке толмағандарды қоғамға қарсы əрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды; қылмыстық жауапкершiлiк шектелетiн жасқа толғанға дейiнгi кəмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамға қауiптi əрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарайды. Комиссия спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кəмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдеу, алдын алу жəне оңалту шараларын жүргiзу үшiн ата-аналары келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiбереді; жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына мектеп жасындағы кəмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы бiлiм беру ұйымдары əкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарайды; кəмелетке толмағандарға жəне олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлар мен тəртiпте ықпал ету шараларын қабылдаумен айналысады. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi рет өткiзiледi жəне əдетте, ашық болып табылады. Комиссия қажет кезiнде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады. Кəмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кəмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды. Қаралатын материалдардың мəнi бойынша өтiнiштердi кəмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, қорғаушысы, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кəмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар жəне олардың заңды өкiлдерi бередi. Қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыста кəмелетке толмағандарды қабылдауды жəне уақытша күтіп бағуды қамтамасыз ететін Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары (бұдан əрі - КТБО) маңызды орын алады. ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 <<Құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы>> Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу жəне оңалту орталығы ішкі істер жүйесінен жергілікті атқарушы органдардың білім беру жүйесіне тапсырылып, Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрінің 2011 жылы 10 қаңтарда №1 бұйрығымен бекітілген Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кəмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі əзірленген. КТБО-ның басты мақсаты - кəмелетке толмағандардың қиын жағдайдан жол тауып шығуына жедел көмек көрсету, оларды орналастыру, баланы отбасымен қайта қосып, отбасыға одан əрі көмек көрсету. Адамгершіліктендіруге деген бүкіл əлемдік үрдісінен туындаған шешім елде қалыптасқан балалардың қадаға- лаусыздығы мен панасыздығының профилактикасы жүйесін өзгертті. Бұрын Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу жəне оңалту орталықтары (КТУОБОО) ҚР ІІМ жүйесінің режимдік объектілері болып, кəмелетке толмағандар тəулік бойы режимде оқшаулауда болатын. Жасөспірімдер арнаулы бөлмелерде абақтыда ұсталып, олардың емін-еркін жүруіне мүмкіндік жоқ еді. КТУОБОО-ға кəмелетке толмағандардың 5 санаты орналастырылатын: 1) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа (14 жас) толғанға дейін қоғамға қауіпті əрекет жасағандар; 2) өмір сүру жəне тəрбиелену жағдайына орай бұрынғы тұрғылықты жерінде тұру мүмкін болмаған жағдайда қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп табылғандар; 3) арнаулы білім беру ұйымдарына жəне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетіндер; 4) ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерін анықтау үшін 3-тен 18 жасқа дейінгі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар; 5) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балалар. Бүгінде КТБО-ға үш санаттағы кəмелетке толмағандар орналастырылады, олар - 3-тен 18 жасқа дейінгі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балалар жəне арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кəмелетке толмағандар. Аталған өзгерістерге орай, Орталықтарда <<пагон таққан>> адамдар емес, əлеуметтік педагогтар, психологтар, мұғалімдер жұмыс істейді, олар жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін, жастық психологиясы мəселелерін жақсы біледі əрі түсінеді. КТБО-ның мақсаты қадағалаусыз жəне панасыз қалған жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сонымен қатар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кəмелетке толмағандарды қабылдауды, олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерін анықтағанға дейін уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді жəне бұдан əрі орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кəмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесіне сəйкес қадағалаусыздық пен панасыздықтың профилактикасы саласындағы КТБО жұмысының негізгі бағыттары: - өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарға жəне олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін əлеуметтік жəне психологиялық көмек көрсету; - кəсіптік-еңбек, оқыту-танымдық жəне шынықтыру-сауықтыру бағыттарындағы компоненттерден тұратын кəмелетке толмағандарды əлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларын əзірлеу жəне оның іске асырылуын қамтамасыз ету; - кəмелетке толмағандардың əлеуметтік мəртебесін қалыпқа келтіру; - Орталықта кəмелетке толмағандарға медициналық қызмет көрсетуді жəне білім беруді ұйымдастыру; - Орталықтағы кəмелетке толмағандарды бұдан əрі орналастыру бойынша Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары мен өзара əрекеттесу; - Орталықтағы кəмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс ету; - кəмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздықты жəне панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу; - Орталықтағы кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарды əлеуметтік оңалтуға, əлеуметтік бейімдеуге, сондай-ақ кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың профилактикасын жақсартуға бағытталған тұрақты жұмыстар жүргізуде. Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықты жəне панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс аясында КТБО-лар кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциямен, жергілікті білім беру органдары мен ұйымдарымен тұрақты түрде өзара əрекеттесіп, жұмыс істейді. Орталықтар аталған бағытта жылдық жəне күнделікті жұмыс жоспарын құрады. Профилактикалық жұмысты іске асыра отырып, мамандар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмаған балалар мен отбасыларды анықтау үшін рейдтер жүргізеді. Орталықтарға жеткізілетін қадағалаусыз жəне панасыз балаларға, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға келесі қажетті көмек көрсетіледі: - медициналық тексеру жəне қажет болғанда сауықтыру шаралары; - əлеуметтік-психологиялық көмек; - құқықтық көмек. 2. Кəмелетке толмаған қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалармен профилактикалық жұмыстағы маңызды кезең өзіне жеке қарым-қатынасты қажет ететін баламен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады. Сондықтан балалардың бойында туындайтын əлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешу мақсатында Орталықтың мамандары - психологтар мен əлеуметтік педагогтар жеке консультациялар береді. Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін кəмелетке толмаған баланың бұдан кейінгі өмірін құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның баланы отбасыға тапсыру туралы шешімі бойынша кəмелетке толмағандар отбасы тұратын жерге оралады. КТБО қызметі балалар өмірінің сақталуын, олардың қауіпсіздігін, баланың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, қажет жағдайда оған жедел көмек көрсетуге бағытталған. Басқа мекемелермен, ұйымдармен ынтымақтаса отырып, Орталық білікті құқықтық, психологиялық, сондай-ақ материалдық қолдауды жүзеге асырады. Балалар мен жасөспірімдерді мекемеге қабылдау кезінде олардың ауыр эмоциялық күйінде болуы мүмкін екені ескеріледі. Олардың бойындағы мінез-құлық проблемалары қорқыныш пен үреймен, агрессиямен, қатты зəбір сезімімен байланысты болуы мүмкін. Орталыққа алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйіндегі, ВИЧ инфекциясына, мерез ауруына шалдыққан, қылмыстық жауапкершілікке тартылған кəмелетке толмағандар қабылданбайды. Орталық мамандары тəрбиеленушілердің жалпы психологиялық дамуына, отбасы қатынастарының эмоциялық аясының танымдық үрдістеріне баға береді. Қызметкерлер кəмелетке толмағандардың тіршілік қарекетін қамтамасыз етеді, балалар мен жасөспірімдерді əлеуметтік оңалту мен бейімдеуге ықпал ететін үй ішіндегі ахуалға жақын жағдай туғызады. Орталыққа орналастырылған балалар: - заңнамаға сəйкес білім алады; - қажетіне қарай жəне заңнамамен белгіленген тəртіппен медициналық көмек алады; - əр бала үшін жеке əзірленген іс-шаралар кешеніне немесе жоспарына сəйкес отбасыға қолдау көрсету бойынша кеңестер мен қызметтер алады. Кəмелетке толмағандар Орталықта үш айға дейінгі мерзімге орналастырылады. Кəмелетке толмағандардың Орталықта болуының мерзімін ұзартуға Орталық əкімшілігінің ұсынысы бойынша жергілікті қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қаулысы негіз болады. Орталық өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға уақытша көмек көрсетіп, олардың қайтадан қалыпты түрде өз ортасына оралуы үшін жағдай жасайды. Көп жағдайда Орталыққа отбасының қажетті қамқорлығы мен қорғауына ие болмаған балалар орналасады. Балалардың өз отбасыларынан ажыратылуы оның психикасына жəне мінез-құлқына кері əсер етіп, кей кездері депрессияға да ұшыратып жатады. Сондықтан Орталықтың негізгі мақсатының бірі - өз отбасынан ажырап қалған балалардың қалыпты түрде өз отбасындағыдай дамып-жетіліп, еш қиналмастан білім алуына жəне тəрбиеленуіне жағдай жасау болып табылады. Орталықтың əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық жұмысының ерекшеліктері мынада: - тəрбиеленушілерді күндіз-түні бақылауда ұстау; - жасөспірімдердің уақытын оқу-тəрбие жəне мадени іс-шаралар арқылы тиімді өткізу; - Орталықта өзара сыйластық, əділеттілік жəне кемсітуге, келеке етуге, физикалық жəне психикалық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу ережелері мен тəртібін сақтау; - жасөспірімдермен жұмыс жасау жоспарын құру. Қамқорлықсыз қалған кəмелетке толмаған балаларға қатысты Орталық қызметкерлері олардың жетімдер үйіне жəне ата- анасының немесе оларды алмастыратын өзге де адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне орналасуы үшін қажетті құжаттарды жинап, қамқоршылық жəне қорғаншылық органына табыстайды. Өз кезегінде қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары баланы орналастыру туралы шешім шығарады.рӨмірде қиын жағдайға тап болған жайсыз отбасылар мен балаларды анықтау, оларға қажетті көмек көрсету бойынша маңызды профилактикалық жұмысты қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары атқарады. 3. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары 1. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары Білім беру органдарының аудандық жəне қалалық бөлімдерінде қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарының қызметкерлері жұмыс істейді жəне олардың саны жыл сайын артып келеді. 2007-2011 жылдары <<Қазақстан балалары>> бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары қосымша 167 қызметкерімен толықты. <<Неке жəне отбасы туралы>> Заңына сəйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына жүктеледі. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары ата-аналарынан айырылған немесе панасыз қалған балаларды анықтап, оларды тіркейді, олардың ата-аналарынан айырылу себептерін анықтап, одан əрі білім алуы мен тəрбиеленуі үшін барлық жағдайды қарастырады. Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар туралы хабар алған ұйымның (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, емдеу жəне т.б.) лауазымды тұлғалары жəне өзге де азаматтар ол жөнінде балалардың тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына хабарлауға міндетті. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары: - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, балалар үйіне немесе интернат ұйымдарына орналастырады; - мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, оларды тіркеу жұмыстарын жүргізеді (білім беру əкімшілігі, медициналық мекемелер, ішкі істер органдары, өзге де органдар мен жекелеген адамдар арқылы); - ата-анасының қамқорлығынан айырылған жəне мемлекеттің қорғауына мұқтаж балалардың тұрғын үй-тұрмыс жағдайын жəне тəрбиеленуі жағдайын тексереді; - ата-анасыз қалған көп балалалы отбасыларға əлеуметтік қолдау көрсетеді; - жетімдер үйіндегі балалар мен ата-анасыз қалған балалардың мемлекеттік көмекпен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді; - əлеуметтік жетімдік пен балаларға қатыгездік көрсету жағдайларына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізеді; - мемлекеттік орындарда тəрбиеленіп жатқан балалардың жағдайымен танысады; - ата-анасыз қалып, жетімдікке ұшыраған балалардың бала асырап алушылардың қолына өтуіне жағдай жасайды; - бала асырап алушылардың қолындағы осындай балалардың жағдайын бақылап отырады. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарының қызметкерлері психологтармен, əлеуметтік педагогтармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе семинарлар өткізеді; асырап алушы отбасындағы, балалар үйінегі балалардың жағдайына бақылау жасайды. Отбасыларға қажетті əдістемелік жəне кеңесшілік көмек көрсетіп отырады. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары балаларды тəрбиелеумен жəне олардың мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтарымен, заңмен қорғалатын мүдделерімен байланысты сот істеріне қатысады. Балалардың мүдделері үшін ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ ата-ана құқықтарын қалпына келтіру істері бойынша сотта талап білдіреді. Ата-аналар мен балалардың мүдделері арасында қайшылық анықталған жағдайда кəмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғайды немесе баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өкілді тұлғаны тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. Өз құзыреті шегінде қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары ҚР Конституциясының 27 бабында <<балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу - ата-ананың етене құқығы əрі мiндетi>> деп бекітілген ата-аналық міндеттерін орындамаған азаматтарды ата-ана құқықтарынан айыру жөнінде сотқа талаптар мəлімдейді. Мəселен, Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы білім беру бөлімінің қамқоршылық жəне қорғаншылық органы Б. есімді азаматшаны ата-ана құқықтарынан айыру туралы Тайыншы аудандық сотына талап білдірді. Ол азаматша іс жүзінде өзінің ата-аналық міндеттерін орындамай, ішімдікке салынған, адамгершілікке жат өмір сүріп, өзінің қызын тамақпен жəне киім-кешекпен қамтамасыз етпеген. Осы істі қарау кезінде ҚР <<Неке жəне отбасы туралы>> Заңының 24 бабы ережелеріне сəйкес əлеуметтік педагогтың қатысуымен кəмелетке толмаған қыз баланың пікірі тыңдалды. Қыз баланың сөзі жоғарыда аталған айыптауларды дəлелдей түсті. Жас қыз анасымен бірге өмір сүрген кездері өзінің қауіпсіздігіне қатты алаңдайтынын, үйде бейтаныс кісілердің көп келетінін мəлімдеген. Қыз бала мектепке жиі қоңырау шалып, үйді тексеруін жəне мұғалімдер мен учаскелік полиция қызметкерінен ата-анасынан бөлек алынып, интернатқа жіберілуін сұраған. Сот ҚР ƏҚҚК 111 бабының 1 тармағына сəйкес (ата-анасының өз балаларын тəрбиелеу жəне оқыту міндетін орындамағаны үшін) ананы қызының алдында кінəлі деп тауып, Б. есімді азаматшаны ата-ана құқықтарынан айырды. Сондай-ақ, сот ол кісіні баласына алимент төлеуге де міндеттеген болатын. Ата-ана құқығынан айыру жөнінде сотқа арызданудың негізгі себебі - спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану. Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы білім беру бөлімінің қамқоршылық жəне қорғаншылық органы кəмелетке толмаған қыз баланың əкесі В. есімді азаматтың ата-ана құқығынан айыру жөнінде сотқа шағым түсірді. Сот В. есімді азаматтың өз қызының адамгершілік, дене жəне психологиялық тəрбиесіне, білім алуына немқұрайды қарайтынын дəлелдеген. Сондай-ақ, В. еш жерде жұмыс істемейді жəне спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланады. Тайыншы аудандық сотының шешімі бойынша В. ҚР ƏҚҚК 111 бабының 1 тармағы бойынша кəмелетке толмаған қызын тəрбиелелеу жəне оқыту міндеттерін орындамағаны үшін айыпты деп табылды. Осыдан кейін қыз бала Петропавл қаласындағы жетімдер үйіне жолданса, əкесі қызына алимент төлеп тұруға міндеттелді. Статистикалық деректерден байқағанымыз, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны, балаларының қамқорлығынсыз қалған қарттардың, жалғыз басты кісілердің саны секілді жыл сайын артып келеді. Жұмысқа қабілетті жəне жасы да ұлғаймаған ересектер жалғызбастылықтан жапа шекпесе балалар төтеп бере алмайды. Оларға міндетті түрде демеу керек болады. Ата-аналарының жəне туыстарының ыстық алақанысыз, мейірімінсіз өскен балалар қатыгез, ашуланғыш келеді. Мұндай балалар көбінесе екі жолмен кетеді: панасыз қалады немесе жетімдер үйіне жіберіледі. Балалардың мұндай күйге ұшырауына бірінші кезекте ата-аналары кінəлі болады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне жетім балалардың заңды құқықтарын қорғау - Қазақстан Республикасы отбасы саясатының негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда 42 мыңға жуық жетім балалар бар. Бұлардың ішінде ата-анасы барлары да жоқ емес. Олардың 15 мыңдайы жемімдер үйінде, емдеу орталықтарында жəне əлеуметтік қорғау мекемелерінде орналасқан. Ал 25 мыңдайы балаларды қамқорлыққа алған өзге отбасыларда өмір сүріп жатыр. 2 мыңға жуық бала баланы асырап алғаны үшін мемлекеттен арнайы ақша алып отыратын педагогикалық білімі бар азаматтардың қолында өсіп жатыр. 2011 жылы 1 тамызда <<Ата-анасынан айырылған толықтай жəне жартылай жетім балаларды қамқорлыққа алғандарға төлем көлемін бекіту туралы>> Қазақстан Республикасы Үкіметінің №893 қаулысы жарық көрді. Осы қаулының күшіне енуімен жетім балаларды қамққорлыққа алған отбасылар мемлекеттен ай сайын 15 мың 120 теңге жəрдемақы алып отырады. Мемлекет тарапынан жасалған осындай қадамдар интернатта өмір сүріп жатқан балалардың санын қысқартып, бюджетті де елеулі көлемде, яғни 30 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді. Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған жетім балаларды қамқорлыққа алған отбасыларға арнайы жəрдемақы бөлуді қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары бекітіп береді. Үкімет қабылдаған осындай шараның нəтижесінде жылдан жылға жетім балалардың саны азайып келе жатыр. 2010 жылдың 1 қазанындағы статистикаға сəйкес, еліміздегі 21 жетімдер үйінде жалпы саны 264 бала тəрбиеленді. 2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта 3 жетімдер үйі қысқартылды (ШҚО-нда орналасқан 2 жетімдер үйі жабылса, Қарағанды облысында 1 жетімдер үйі Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қосылды). Қазіргі таңда жетімдер үйінің саны - 18, онда 381 бала тəрбиеленуде.Психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, баланы интернат типіндегі мекемеге орналастыру оның негізгі қажеттіліктерін өтей алмайды, ал бұл өз кезегінде баланың жеке басы ерекшеліктерінің бұзылуына əкеледі. Интернаттық мекеме жағдайында отбасының, жақын адамдары мен достарының жоқтығынан баланың əлеуметтік дамуы əдетте шектеулі болады. Жетім балалар балалық шағының ерте кезінен ата-аналарының əрекеттеріне бейімделіп, өз мінез-құлқын түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйлері мен интернаттардағы біртекті ортада өмір сүру осы балалардың бойында төмендетілген өмірлік қалыптарын қалыптастырады.Жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балалар үшін отбасылық ортаға барынша жақын жағдай туғызу мақсатында республикада балалар үйлері мен интернаттық мекемелерді ықшамдап қайта құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінде отбасы типінде жұмыс жасап жатқан балалар үйлерінде балалар туыстық, жаны жақын қатынастары мен достықпен біріккен, 8-10 адамнан тұратын топтарда тұрып жатыр. Сонымен қатар, балалар үйлерінде баланың жеке басы ерекшеліктері ескеріліп, тəрбиелеу бағдарламалары енгізілген, отбасылық ортаға жақындатылған жағдай жасалған.Сонымен, кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылық профилактикасының бүкіл жүйесі кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, ата-аналар міндеттерінің тиісті орындалуын бақылауға, ата-аналар мен балалардың теріс мінез-құлықтарын түзеуге, тəрбиелеу ісінде жəрдем көрсетуге бағытталып отыр. 4. Кәмелетке толмағандар арасындаңы құқық бұзушылықтардың профилактикасы. 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы. 2. Учаскелік мектеп инспекторлары 1.Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, соның ішінде кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу қазіргі уақытта елдегі профилактика жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу проблемасын шешу ішкі істер органдары алдында ғана емес, бүкіл қоғам, мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің қатарында тұрғанын атап кеткен жөн. Құқық қорғау органдары басқа мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, жасөспірімдер қылмыстылығын төмендету бойынша кең көлемді мəселелерді (экономикалық, əлеуметтік жəне құқықтық) шешуге бағытталған ұйымдастыру-іс-тəжірибелік шаралар қабылдауда. Жасөспірімдер ортасындағы қылмыстылықтың жай-күйіне жасалған талдау осы шаралардың нəтижесінде кəмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар санының өсімі үрдісін жойып, жасөспірімдер қылмыстылығының жыл сайын төмендеуіне қол жеткізілгенін көрсетті. Алайда, жасөспірімдер ортасындағы қылмыстылық деңгейі əлі де болса айтарлықтай жоғары болып отыр. Жасөспірімдер қылмыстылығының себептерін жəне өсу жағдайын зерттеудің нəтижесінде қазіргі таңдағы кəмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін негіз қалыптастыратын келесі қылмыстық жайлар елеулі рөл атқаратынын анықтау мүмкін болды: 1) отбасындағы жайсыздықтың теріс əсері (ішімдікке салыну, қаталдық пен қатыгездік, адамгершілікке жат өмір сүру). 2) дағдарыс жағдайында ата-аналарда балалардың ең аз деген қажетті сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқтығы, нəтижесінде мұндай отбасыларда ауыр материалдық жағдайдың кесірінен үмітсіздік, əлеуметтік қызғаныштық пен ызаланғандық көңіл-күйі туады. Əлеуметтік көмек жоқ болған кезде бұл жайлар қылмыстарды - тонауды, бұзақылықты тудырады. 3) жақын ортаның - құрбылары мен үлкендердің, оқу ортасының кері əсері. 4) ер жеткен құқық бұзушылар тарапынан айдап салушылық, оның алдында мыналар болады: - маскүнемдікке тарту; - қылмыскерлер өмірінің <<артықшылықтарын>> насихаттау. Сондай-ақ қылмыстық мотивацияның қалыптасуына жəне оның кəмелетке толмағандардың қылмыстылығында көрініс та буына мыналар əсер етеді: - отбасы жəне білім беру мекемелері тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы; - көпшілік мойындаған сипаттағы дəстүрлі рухани жəне мəдени құндылықтарды, мақсат-мұраттарды елемеу, осыған орай балалар мен жасөспірімдерге əлеуметтік жағымсыз ақпараттың ықпал ету қаупі туады; - білім беру мекемелері жұмысының төмен деңгейі (немқұрайды қараушылық, кəсіпқойлықтың жоқтығы, жеке тұрғыдан қараудан бас тарту); - кəмелетке толмағандардың мектептен тыс бос уақыт өткізуін, жасөспірімдерді жұмысқа орналастыруын жəне еңбек ұжымдарында тəрбиеленуін ұйымдастыру жүйесінің ыдырауы. Қабылданып отырған жасөспірімдер қылмыстылығының алдын алу жəне болдырмау, сондай-ақ олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралардың тиімдігін арттыру мақсатында ішкі істер министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді əзірлеген болатын. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2010-2011 жылдарға арналған кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың ведомствоаралық жоспары əзірленіп, оған қол қойылған. 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №372-ІV Қазақстан Республикасының Заңымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілген. <<Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> Заң қабылданды. Бұл заң жобасымен кəмелетке толмағандардың түнгі уақытта (22.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта) ойын-сауық орталықтарына баруына шек-теу қойылды. Осыған байланысты заңға бағынбаған кəмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, қажетті шаралар қабыладанатын болды. Кəмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа байланысты профилактикалық жұмыстар жайлы ішкі істер органдарының, девианттық мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдарының бастамасы оң əсер етуде. Бұл профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің есірткіге əуестілігіне қарсы жұмыс жүргізіп, олардың қандай да бір кəсіпке бейім болып өсуіне арналған деуге болады. Ішкі істер министрлігінің мəліметтері бойынша 20 мыңға жуық девианттық мінез-құлықты кəмелетке толмаған балалар есепте тұр. Девианттық мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдары 11-18 жастағы кəмелетке толмағандарды оқыту, тəрбиелеу жəне əлеуметтік оңалту жұмыстарын іске асырады. Республикада 10 арнаулы білім беру ұйымдары қызмет етуде: екеуі - Шығыс-Қазақстанда (соның ішінде 1 - ерекше ұстау режимінде); бір-бірден - Атырау, Жамбыл, Манғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында; бес арнаулы білім беру ұйымдары - ұлдар үшін (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында, ШҚО-ның Белоусовка ауылында); бесеуі - ұлдар мен қыздарды ұстау үшін (Алматы қаласы, Манғыстау облысы, ШҚО Серебрянск қаласы, БҚО, ОҚО). Арнаулы білім беру ұйымдарының 2011 жылғы 1 қарашадағы контингенті төменгідей: 11 мен 18 жас аралағындағы 227 бала: олардың ішінде ұлдар - 169, қыздар - 58; қалалық жерден - 176; ауылды жерден - 51; жайсыз отбасылардан - 66 %;балалар үйлері мен жетімханалардан - 24; жақсы отбасыдан - 10 %. Қазіргі таңдағы олардың орташа толтырылуы - 27 %. Осындай мектептердің қызметін күшейту арқылы қоғамға қарсы əрекет жасайтын жасөспірімдердің санын айтырлықтай азайтып, заңның сақталуына оң ықпал етері сөзсіз. Елімізде соңғы бес жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс көлемінде елеулі азаю үрдісі байқалады. Алайда олардың қоғамға қарсы əрекеттерінен келер қауіп əлі де сейілер емес. Жастар арасында жасалған қылмыстың үштен бірі ауыр жəне аса ауыр қылмыс санатына жатады. Бұлардың көбісі кісі өлтіру, шабуыл жасау жəне ұрлық деуге келеді. Аталған қылмыстың көбісі жасөспірімдердің ашкөздік мотивацияларынан туындауда. Қазіргі таңда кəмелетке толмаған балалардың мүлікке қарсы жасаған қылмыстары жалпы қылмыстарының жартысын құрайды. Жыл сайын елімізде қылмыстық əрекеттері үшін 4 мыңға жуық жасөспірім жауапқа тартылады. Олардың жартысынан көбісі мектепте оқитындар. Сондай-ақ, жастар арасындағы қылмыстың 70 пайызы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде орын алып жатады. 2.ҚР Ішкі істер министрлігі кəмелетке толмаған балалар арасында жеке профилактикалық жұмыстарды өткізу мақсатында қалаларда, облыстарда, аудандарда сол өңірлердің учаскелік полиция қызметкерлерінің (мектеп инспекторларының) қатысуымен мақсатты іс-шаралар өткізді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 1596 мектеп полиция инспекторлары жұмыс істеуде. Бұл қадам оқушылар арасындағы қылмыстың 17 пайызға кемуіне ықпал етті (2409 қылмыстан 1979-ға дейін азаю байқалды). Бұл үрдіс əсіресе Алматы мен Астана қалаларындағы барлық мектептерде полиция инспекторларын тағайындау ісі арқылы жүйелі шешілуде. Полицияның мектеп инспекторларының жұмысы оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы профилактикалық шаралар жүргізеді. Сондай-ақ, олар оқушылардың заңнан хабар- дар болуы үшін ағарту жұмыстарымен де айналысады. Мектеп шеңберінде инспекторға көмектесетін арнаулы отрядтар құрылды. Қазіргі таңда еліміз бойынша мектеп оқушыларынан құралған 3 мыңға жуық отрядтар жұмыс істеуде. Бұл отрядтардағы балалар саны 40 мыңнан асып жығылады. Бұл шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы профилактикалық шараларды дамытып, мектеп пен оқу орны ұжымының балалардың құқықтық білімін жетілдіруіне оң ықпал жасайды. Сонымен қатар, мектеп ұжымының кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы профилактикалық жұмыстарға белсене араласуына ықпал ету де маңызды бағыттардың бірі. Профилактикалық жұмыстарға қатысушы құзыретті орган өкілдері өздерінің жұмыстарына көңілдері толып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың азаюына барын салып, жұмыстар атқаруда деуге болады. Бұған дəлел ретінде кəмелетке толмаған балалардың қадағалаусыздығы мен ата-анасыз балалардың шығуына байланысты мектеп ұстаздары мен полиция қызметкерлері алаңдап, тиісті іс-шаралар атқарып жатқанын айтуға болады. Көптеген ұстаздар <<тəрбиесі қиын балалармен>> жұмыс істеу жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі полиция инспекторының жұмысы деп есептеуде. Ал полиция қызметкерлері жасөспірімдердің мұндай санаттары заң бойынша ішкі істер органдарының бақылауына кірмейді деп ойлайды. Сондықтан да, полиция қызметкерлері олар қылмыс жасағанға дейін жасөспірімдермен айналыса бермейді.Осыдан-ақ кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда, олардың жақсы азамат болып өсіп шығуында оқу орны ұстаздар ұжымының рөлі аса зор екенін, олардың осыған сəйкес тиісті қадамдар жасауы керектігін байқай аламыз. Арнаулы мемлекеттік органдардың келесі бір маңызды шараларының бірі - жайсыз отбасылардан шыққан жəне ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрған кəмелетке толмағандармен жеке профилактикалық шаралар өткізу. Балалардың құқықтарын қорғау да аса маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда олардың құқықтарына, өмірі мен денсаулығына отбасылық жайсыздық қауіп төндіруде. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының профилактикалық тіркеуінде 20 мыңға жуық жасөспірім тұр. Олардың 15 мыңы девианттық мінез-құлықты балалар, екі жарым мыңы қоғамға қарсы əрекет жасағандар, он үш мыңдайы 34 мың жасөспірім өмір сүріп жатқан жайсыз отбасыда тұратындар. 5. Кəмелетке толмағандар арасындағы ішімдікке əуестену мен алкоголизм мəселесі 1. Кəмелетке толмағандар арасындағы ішімдікке əуестену мен алкоголизм 2. Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық Кəмелетке толмағандар арасындағы ішімдікке əуестену мен алкоголизм мəселесі өзекті болып қала беруде. Жыл сайын полиция қызметкерлері 20 мыңға тарта жасөспірімді спирттік ішімдік ішіп жүрген жерінен құрықтап отыруда. Заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан жасөспірімдерге спирттік ішімдік сату ісі тоқтар емес. Сонымен қатар спирттік тауарларды бақылауда ұстау шараларының да үнемі жемісті бола бермейтініде бар. Алайда ішімдікке байланысты заңның қабылданғанын пайдалы екендігін жəне оң əсерінің де болып жатқанын мойындауымыз керек. Бұл жердегі ең маңызды мəселе көпшіліктің жасөспірімдердің ішімдікке əуес болуының аса қауіпті екенін сезінуінде болса керек. Сондықтан бұған барлық азаматтар бо- лып жұмылғанның пайдасы зор. Кəмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық та өткір тақырыптардың бірі. Ішкі істер органдарының тіркеуінде есірткі заттарын беймедициналық жолмен пайдаланған жəне <<нашақорлық>> диагнозы бар 1 мыңнан астам кəмелетке толмаған бала тұр. Ал бейресми деректерге немесе болжамдарға сəйкес мұндай жастардың саны ресми деректерден əлдеқайда көп деуге болады. Осыған сəйкес нашақорлыққа байланысты жауапкершілік шараларын күшейтіп, жастарды бұл жолға итермелейтін себептердің алдын алуға тырысқан абзал. Осылай еткенде ғана қауіптің беті сейіле түспек. ҚР Ішкі істер министрлігі жастардың ішкі істер органдарының қарамағындағы спорттық кешендерге, секцияларға, жаттығу залдарына тегін баруын жəне ол жерлерге əлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалардың, профилактикалық тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тартылуын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдап отыр. Мемлекеттік органдардың жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы профилактикалық жұмыстары жастар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралар болып есептеледі. Осы шаралар арқылы кəмелетке толмағандардың қоғамға қарсы жəне заңға қайшы əрекеттерін азайтуға болады. Ішкі істер министрлігі өзге де мүдделі органдармен біріге отырып, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық шаралар өткізіп, жасөспірімдердің құқықтарын қорғауды мақсат етуде. Мəселен, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру жəне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ішкі істер министрлігі тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп отырады. Үстіміздегі жылы үш акция өткізілді: <<Түнгі қаладағы балалар>>, <<Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік>>, <<Жұмыссыз отырма>>. Бұл акцияларға 13 мыңнан астам адам қатысты (полиция қызметкерлері, <<Нұр Отан>> ХДП, прокуратура, сот, білім беру органдары, қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары өкілдері, ата-аналар комитетінің, үкіметтік емес ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарының мүшелері). Сонымен қатар мемлекеттік жəне аумақтық деңгейде мынадай жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп отырады: <<Мектептегі заңдылық>>, <<Отбасы жəне мектеп>>, <<Бітіру кештері>>, <<Жұмыспен қамту>>. Осы іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, есірткі жəне психотропты заттарды, алкогольдік сусындарды пайдаланатын кəмелетке толмағандарды, сондай-ақ жасөспірімдерді қоғамға қарсы əрекеттер жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау, кəмелетке толмаған балаларға спирттік сусындар мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, оқудан жалтарып жүрген жасөспірімдерді анықтау болып табылады. Жыл сайын бір уақытта ҚР ІІМ мен ҚР БҒМ сайттарында интернет-конференциялар өткізіліп отырады. Осы интернет-конференцияларда көпшілік қауым жауапты органдарға көкейін мазалаған сұрақтарын қоя алды. Үстіміздегі жылы 27 сəуірде бір жарым сағат бойы жүргізілген интернет-конференция кезінде 400-ге жуық сұрақтар қойылған болатын. Дағдарыс орталықтары одағымен біріге отырып, балалар мен жастар мəселесі жөнінде ұлттық сенім телефондары ұйымдастырылуда. Оның жұмысы өскелең ұрпақтың бойындағы проблемаларды анықтап, оларды шешу бойынша шараларқабылдауға мүмкіндік береді, балалар арнайы дайындалған мамандармен сенім негізінде қатынас жасап, көмек немесе кеңес сұрай алады. Кəмелетке толмағандардың арасындағы профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында <<Қазақстанның студенттер альянсының>> республикалық штабымен серіктестік жөнінде меморандумға, сондай-ақ <<Нұр Отан>> ХДП Жастар қанатымен 2010-2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы <<Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы>> Жарлығының қабылдануымен ТМД елдері ішінде тұңғыш рет Қазақстанда əлеуметтік жағдайы төмен азаматтар санатының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс ерекше сот жүргізу жұмысына негіз қаланды. 6.Ювеналды сот 1.Ювеналды сот түсінігі, қызметі және құзыреті Ювеналды соттардың құзыретіне кəмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, кəмелетке толмағандармен ортақтасып жасалған қылмыстар, ҚР ҚК-нің нақты баптарымен көрсетілген кəмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер атқызылған. Азаматтық істерден ювеналды соттардың құзыретіне ата-ана құқықтарын жою (шектеу), бала асырап алу, баланың тұратын жерін белгілеу, сондай-ақ қамқоршылық жəне қорғаншылық туралы даулар туралы істер жатқызылған. ҚР ƏҚБК-не сəйкес аталған соттар кəмелетке толмағандарға қатысты əкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ балаларды тиісті тəрбиелемегені үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылатын ата-аналарға қатысты істерді қарауға құқылы. 2008-2010 жылдар аралығында Астана қаласындағы кəмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған соты 338 тұлғаны жауапкершілікке тартса, оның ішінде 35-не ғана бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. 207 жасөспірім (жалпы сотталғандардың 59 пайызы) шартты түрде жазаланса, 86 тұлғаға (28 пайыз) қатысты істер бітімгерлікпен аяқталған. Бас бостандығынан айыру жазасы жалпы сотталғандардың тек қана10 пайызына қолданылса, жалпы республика бойынша бұл көрсеткіш 20 пайызды құрайды. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында жүзеге асырылған шаралар жаза тағайындау бойынша сот тəжірибесіне елеулі өзгерістер енгізді. Ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру жазасынан өзге жаза түрлері қолданылған тұлғалар саны 43,7% өсті. Тəрбиелеу мақсатын көздейтін шаралар кеңінен пайдаланыла бастады - 22,5%. Осы саладағы мемлекеттік саясатты одан əрі жүзеге асыру үшін барлық облыстық орталықтарда кəмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру жасөспірімдердің жоғары деңгейде құқықтық қорғалуына негіз болады. Аталмыш соттарды барлық облыстық орталықтарда, сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы, Алматы облысының Қарасай ауданы мен Талдықорған қаласында құру жоспарлануда. 7. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың профилактикасын ұйымдастыру 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың профилактикасын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 2. <<Қауіп тобындағы>> балалар мен отбасыларды анықтау бойынша профилактикалық жұмыстар 1. Кəмелетке толмағандардың қадағалаусызыдығы мен панасыздығына, құқық бұзушылығына қарсы профилактикалық жұмыстар атқарып жатқан мемлекеттік органдарының алдында осы аталған түйіткілдердің жолын қалай ғана кесе аламыз деген сұрақ мазалауда. Бір нəрсе анық. Əлеуметтік тұрғыдан демеуді қажет ететін жайсыз отбасылар мен жасөспірімдерді профилактикалық тұрғыдан жəне оңалту жолымен дұрыс жолға бағыттау кезек күттірмес маңызды мəселелердің бірі. Кəмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылығының алдын алу, олардың құқықтары мен өмірлік құндылықтарын қамтамасыз ету ең алдымен осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің бұлжытпай орындалуына, атқарушы органдар мен оларға қарасты ұйымдардың үйлесімді жұмыстарына, мемлекеттік жəне отбасы саясаты мəселелері жөніндегі жергілікті басқару органдарының жұмысына тікелей байланысты екені анық. Профилактика - мамандардың бір бағытта, бір мақсатта жұмыла жұмыс істеуі деген сөз. Ол жұмысқа мыналар жатады: - кəмелетке толмаған балаларға, сол секілді олардың отбасыларына жайсыздық фактілері анықталған кезде профилактикалық жұмыстар атқару; - отбасында, балалар бойында жəне балалар арасында пайда болған жағымсыз өзгерістер бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу, жасөспірімдер арасында қадағалаусыздық пен панасыздыққа алып келетін негізгі факторлардың бірі - балаларын дұрыс тəрбиелей алмаушы отбасылардың негізгі проблемаларын жəне оның себептерін анықтау, т.б.; - кəмелетке толмаған балалары бар отбасыларда туындауы ықтимал əлеуметтік-психологиялық проблемалардың алдын алу; - мемлекет қамқорлығын қажет етуші əрбір отбасыға өмірлік қиындықтар туа қалған жағдайда қол ұшын созу; - қауіп тобындағы балалардың тізімін анықтап, оларды бақылауға алу; - қадағалаусыз жəне панасыз қалған кəмелетке толмағандар мен, олардың өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізу жүйесіне байланысты үйлесімді шараларды арттыру жəне отбасылық жайсыздық саласында мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру. Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен қадағалаусыз жəне панасыз қалған кəмелетке толмағандарды жеке профилактикалық шараларды іске асыру арқылы қалыпқа келтіру аса маңызды. Балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда Орталықтың негізгі бағытына сəйкес балаларға кері ықпал етуші факторларды анықтап, оған қарсы тиісті шаралар атқарып, кəмелетке толмаған балаларды күтіп тұрған қауіптен сақтап, оларды өз отбасыларына қайта қосу игі іс деуге болады. Профилактикалық іс-шаралар келесі түрінде жүргізіледі: кəмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша бақылау жүргізу, олардың даму ерекшеліктеріне болжам жасап отыру, өткізілген əрбір шаралар, тақырыптық мерекелер, акциялар, оқу-əдістемелік семинарлар нəтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын құлағдар етіп отыру. 2. Қадағалаусыз балалардың пайда болуының негізгі себебі қылмыстық əрекеттерге жақын, қоғаммен қарым-қатынасы үлгілі емес жəне жоқшылықтың зардабын тартушы жайсыз отбасылар деп айтсақ, артық айтқандық болмас. Отбасында ата-аналар бала тəрбиесіне, оның оқуына, т.б. та-аналық міндеттерін жеткілікті дəрежеде орындамаған кезде, қалыптасқан жағдайданпайда болған аталмыш қоғам балалары қоғамға қарсы, адамдарға қарсы көптеген теріс əрекеттерге барып, ұлтқа, мемлекетке қауіп төндіретін істер жасауға дейін жетеді. Қазіргі таңда əлеуметтік тұрғыдан жағдайы асқынған отбасылардың əсерінен қоғамда жасөспірімдер арасында белең алған қадағалаусыздық пен панасыздыққа қарсы кешенді түрдекүрес жүргізу заман талабына айналып отыр. Осы бағытта жұмыс істеу үшін, ең алдымен, қоғамдағы қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың шығуына себеп болушы отбасылармен жұмыс жасаған абзал. Көбінесе, отбасында орын алған əлеуметтік проблемалар əке мен шешенің ажырасуына немесе отбасының ыдырауына алып келеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде қадағалаусыз балалардың пайда болуына себепші болады. <<Қауіп тобындағы>> балалар мен отбасыларды анықтау жөніндегі профилактикалық шаралар төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: 1. Өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарды, сондай-ақ, сабаққа барудан жүйелі түрде бас тартып, мектеп ережелеріне құрметсіздік танытқандарды анықтау. Осы бағыттағы жұмыстар бойынша мыналар іске асырылады: - оқуға ешбір себепсіз келмей жүрген балаларды анықтап, олармен тиісті жұмыстар жүргізу, олардың мектепке қайта баруына ықпал ету мақсатында күнделікті іс-шаралар жүйесін қалыптастыру; - білім ұйымына бармай жүрген жасөспірімдер жайлы білім басқармасын құлағдар ету; - мектепте оқитын, оқуға бармайтын немесе оқуға баруды жүйелі түрде азайтып жүрген жасөспірімдердің нақты санын анықтап отыру (əр ай сайын); - оқу орындарында жүйелі түрде тəрбиелік-профилактикалық жұмыстар жүргізіп отыру; - балаларды барынша білім беру бағдарламаларына жұмылдыру немесе оқумен қамтамасыз ету; - <<қауіп тобындағы>> қадағалаусыз балаларды жəне олардың отбасыларын бақылап, көмек көрсетіп отыру; - оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы бойынша сынып жетекшілерінің қызметін ұйымдастыру; - ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізіп, балаларының қадағалаусыздыққа ұшырау қаупі мен отбасылық тəрбиенің маңыздылығы жайлы кеңестер беріп отыру (яғни, ата-аналарды да оқытып отыру). 2. Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау жəне оларға балаларын тəрбиелеу жəне оқыту бойынша көмек көрсету. Бұл бағытта мынадай жұмыстар жүргізіледі: - ықшам аудандарда орналасқан мектептердің айналасындағы отбасылардан мектеп жасындағы балаларының тізімін алу, олардың немен айналысып жатқанын бақылауда ұстау; - ықшам аудандағы инспекторлармен бірігіп, кəмелетке толмағандарды бақылап отыру, өмірде қиын жағдайға тап болғанқауіп тобындағы балалар мен отбасыларға барып, олардың жағдайларымен танысу (тұрғын-үй тұрмыс жағдайы жайлы акт толтырып, қиын жағдайда тұрғандарына мектеп интернаттарға немесе мемлекеттік орындарға барып орналасуы үшін қажетті құжаттарды толтыруға көмектесу); - өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылармен жəне қадағалаусыз балалармен жұмыс жасау мақсатында мектеп директорларымен жұмыс жүргізу, осындай отбасыларды анықтау, олардың көршілерімен қарым-қатынас орнату. Учаскелік инспекторлармен бірігіп, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылармен, балаларымен қарым-қатынас жасап, тиісті шаралар жасау; - аудандарда аудандық білім бөлімімен, құқық қорғау органдарымен, əлеуметтік қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер өткізіп отыру, т.б.; - өмірде қиын жағдайға тап болған əрбір отбасыны тиісті өлшемдерге сəйкес келетін <<қауіп тобына>> жатқызылуына байланысты жіктеп, арнайы мəліметтер банкін құру арқылы олардың мəселелерін нəтижелі шешу; - кəмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылығына байланысты профилактикалық жұмыстарды жүйелеу, ата-аналар басқармасымен, қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарымен, балаларына дұрыс тəрбие жəне білім бермеген отбасылармен тиісті жұмыстар жүргізу; - қауіп тобындағы отбасылардың балаларына дер кезінде қол ұшын созып, арнаулы білім беру ұйымдарына жолдама беру; - оқуға уақытында бармайтын жəне сабаққа жиі келмейтін балаларды арнаулы оқыту; - өмірде қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерді жеке оқыту арқылы үлгерімін жақсарту (біріккен оқыту формасын енгізу, жеке білім беру, арнаулы педагогикалық технологиялар қолдану, сабақтан тыс білім беру үдерісін қосу), оларға тегін тамақ беру ісін жолға қою. ҚАУІП - кез-келген кезде адамдарға жағымсыз əсер ететін жағдайдың орын алуы немесе орын алмауы ықтималдығының бой көрсетуі деген сөз. Қауіптің негізгі факторлары мынадай топтарға бөлінеді: - медициналық-биологиялық; - əлеуметтік-экономикалық; - психологиялық; - педагогикалық; Қауіп тобындағы балалардың санаттары: - тез байқалатын клиникалық-патологиялық сипаттамалары жоқ, даму жолында ақауы бар балалар; - ата-аналарының қамқорлығынан айырылған, өзін қорғайтын заңды тұлғалары жоқ балалар; - жайсыз жəне қоғаммен қарым-қатынасы нашар отбасылардан шыққан жасөспірімдер; - əлеуметтік-экономикалық жəне əлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар. Барлық ұйымдарда балалармен тиімді жұмыс жасау бойынша сəтті сынақталған, өзіндік ерекшелігі бар төмендегідей жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылғаны абзал: - өзіндік ерекшелігі бар балаларды анықтау; - осы балалармен білім беру ұйымдарының барлық құрылымының жұмыс жасауы; - жұмыс нəтижесін, жоспарды дəлдеу. 8. Қауіп тобындағы балалармен профилактикалық жұмыстар. 1. Қауіп тобындағы балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу 2. Қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды анықтау Профилактикалық жұмыстар кəмелетке толмағандардың келесі санаттарымен жүргізіледі: - отбасынан кетіп қалғандармен (ұшты-күйлі жоқ болып, іздеуде жүргендермен; олардың ұрғылықты жерінен кетіп қалусебебін анықтау); - білім беру ұйымдарынан, əлеуметтік оңалтуды қажет ететін кəмелетке толмағандарға арналған арнаулы білім беру ұйымдарынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан кетіп қалғандармен; - қаңғыбастықпен, қайыршылықпен жəне жезөкшелікпен айналысушы балалармен; - өміріне қауіп төнетін немесе денсаулығына нұқсан келуі ықтимал өмірде қиын жағдайға тап болғандармен; - ата-аналары мен заңды өкілдерінің (не өзге тұлғалардың) қаталдығына ұшырағандармен; - отбасы ішінде жыныстық зорлыққа ұшырағандармен. Сонымен қатар, кəмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарына мыналар жатады: - азаматтармен жұмыс істеу жəне олардың арызына жауап беру; - ата-аналардың ата-аналық құқығынан айрылуы мен балалардың тұрғылықты мекен-жайының анықталуы үшін жұмыс жүргізу; - ата-аналармен немесе ата-аналық құқыққа ие болған заңды тұлғалармен балалардың тəрбиесі мен білім алуы бойынша пікірталастар өткізіп отыру, оларды бақылау; - жайсыз отбасылар мəселесі бойынша профилактика жүйесі өкілдерімен жиі-жиі үйлестіру жиналыстарын өткізіп, əр-түрлі іс-шаралар өткізіп отыру. Қауіп тобындағы балалармен профилактикалық жұмыстар келесі бағытта жүргізіледі: - есірткі жəне ішімдік қолданудың профилактикасы; - осы аталған жағымсыз, зиянды əдеттерден арылуы үшін көмек көрсету, сондай-ақ балалармен жекелей жұмыс жасау (əңгімелесу, өзін-өзі ұстай білуі үшін ерік-жігер қалыптастырып, өз ісіне өзі жауап бере алатынындай етіп тəрбиелеу, нарколог дəрігерлермен біріге отырып, олардың тиісті кеңестерін алу); - жастар үшін тиімді акциялар өткізу (<<нашақорлыққа жол жоқ>> деген тақырыпта сурет конкурстары мен плакаттар жасату, <<Жастар нашақорлыққа қарсы>> деген тақырыпта фестиваль- дер ұйымдастыру, пайдасы 3.8525 мол үнпарақтар таратуды жолға қою, т.б.); - нашақорлық пен ішімдікке қарсы бағытта жастар арасында сенім телефондарын ұйымдастыру жəне ғаламторда арнайы хабарландырулар орналастыру; - кəсіби дəрігерлермен жəне психологтармен біріге отырып, консультациялар мен тренингтер өткізу; - қауіп тобындағы кəмелетке толмағандарды қоғамға пайдалы көпшілік істеріне араластыру, сондай-ақ оларды əлеуметтік ізгішараларға қатыстыру, өзге де студент жастармен жақындастыра отырып, олардың өзара қарым-қатынас жасауларына, жастар ұйымдарының ісіне белсене қатысуларына жағдай жасау (қалалармен елді-мекендердің жасыл желекке бөленуіне, тарихи орындар мен ескерткіштердің қайта қалпына келтірілуіне, қоршаған отаны қорғау жұмыстарына қатысу, жеке басты қарттардың тұрмыстық жағдайына көмектесу жəне т.б.); - психологтармен біріге отырып, қауіп тобындағы кəмелетке толмағандардың тиісті білім алуы, кəсіптік тұрғыдан өзін-өзі бағыттауы мен осы жолда өзін ұстай білуі үшін қажетті шаралар қабылдауына іс жүзінде жəне рухани тұрғыдан демеу болу; оқу барысы мен жұмысқа орналасулары үшін тиісті көмек көрсету мен жұмыс барысына бейімделіп кетуі үшін демеу жасау; - қауіп тобындағы кəмелетке толмағандардың қалыпты дамуы үшін оларды үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатыстыру, түрлі бағыттағы үйірмелер, клубтар, студиялар, спорт секция- ларын, түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, саяхаттар мен серуендер ұйымдастыру, демалыс күндері мен мерекелік күндерін тиімді өткізу; - жазғы демалысты пайдалы өткізу; кəмелетке толмағандардың өзге де балалармен қоян-қолтық араласуы жəне қоғамдық жұмыстарға белсене қатысулары үшін жаз мезгілдерінде түрлі лагерлерге аттандыру жəне осы жерде олармен тығыз қарым- қатынас орнату, олардың өмірге деген құштарлығын ояту; тəрбиесі қиын балаларды студенттерден құрылған құрылыс отрядта- рына жəне тəрбилік маңызы жоғары студенттік педагогикалық отрядтарға қатыстыру; Профилактикалық жұмыстар шеңберінде қауіп тобындағы балалар өмір сүріп жатқан жердегі қалыптасқан əлеуметтік жағдай мен қоршаған ортаны жете зерттеу аса қажетті іс. Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздыққа қарсы профиликатикалық жұмыстар жүргізу бұл түйіткілдің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар немесе тəрбиесі қиын жасөспірімдер өмір сүріп жатқан үйді, мектепті жəне əлеуметтік ортаны социологиялық жəне өзге де бағыттарда тыңғылықты зерттеу осынау əлеуметтік дерттің шығу көздері мен негізгі себептерін анықтап береді. Ата-ананың балаларына қатыгездік көрсетуі, зерттеу нəтижелері көрсеткеніндей, жағымсыз салдарға алып келеді. Өйткені, балаға жақын адамдарының қастаңдық жасауы немесе қатыгездікпен қарауы кері əсер етеді. Жанжалдар, ұрыс-керістер мен ұрып-соғу жəйттері балаға психологиялық тұрғыдан зиян келтіріп, оның жеккөрушілік сезімінің өсуіне алып келеді. Тіпті ата-аналардың балаларын дене тұрғысынан қинауы баланың қорқыныш пен үрей арасында өмір сүруіне мəжбүр етеді. Мұндай балалар əдетте сабақ оқымайды, өз қатарлы балалармен дұрыс қарым-қатынас жасамайды, айналасындағы ортада жағымсыз қылықтарымен көзге түседі. Осылайша заңға қарсы əрекеттерге барып отырады. Кəмелетке толмағандардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың болуына алып келетін, олардың қоғаммен қарым-қатынасына кері ықпал ететін жəйттердің тағы бірі - балалардың отбасында зорлық-зомбылық көріп, қиындыққа ұшырауы. Осы факторлар қоғамдағы қадағалаусыз балалардың санын арттырып отырғаны жасырын емес. Қауіп тобындағы балалардың мінез-құлықтарына бақылау жүргізу, оларды тиісті органдарға тапсырып, балаларға кері ықпал ететін факторларды талқылап, кəмелетке толмағандардың ішкі əлеміне үңілудің пайдасы зор. Бұл мақсатта қажетті ақпарларға қол жеткізу үшін арнайы əдістемелер қолданған абзал. Отбасын- да қандай жағдайдың орын алып жатқаны жайлы мəліметтермен қанығып отыру, баланың мектептегі, араласатын ортасында қандай жағдайлар орын алатынын қадағалау, баланың ішкі сезімдерін зерттеп отыру түйіткілді мəселелердің пайда болуы мен оның одан əрі даму барысы жайлы айқын мəліметтер береді. Осының арқасында қоғамда орын алып жатқан қадағалаусыз балалардың көбею үрдісін алдын алуға болады. 2. Қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды анықтау балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдары мен өзгеде мүдделі ұйымдардың өкілдері рейд жүргізу арқылы жүзеге асырады. Рейдтің мақсаты: - кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық, панасыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар; - оқуға бармайтын балаларды дер кезінде анықтап, олардың мектепка баруына ықпал ету жұмыстары; - өмірде қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге қажетті көмек көрсету; - темекі шегетін, ішімдік жəне есірткі заттарын пайдаланатын кəмелетке толмағандарды анықтап, оларға заманауи əдістер арқылы психологиялық, медициналық жəне педагогикалық көмек көрсету. Рейд жұмыстарының міндеттері: - балаларының білім алуына жəне тəрбиеленуіне тиісті жағдай жасамаған ата-аналарға немесе ата-аналар міндетін атқарушы заңды тұлғаларға қоғамның назарын аудару; - мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдер тұратын жайсыз отбасылардың проблемаларын шешу мақсатында мүдделі органдар мен мемлекеттік мекемелермен бірлескен жұмыстар атқару. Рейд жұмыстары балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдарымен жəне өзге де мүдделі органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, əр тоқсан сайын (бір ай бойы) барлық елді-мекендерде жүргізіледі. Балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдарымен жəне өзге де мүдделі органдармен бірлесе отырып, аймақтық деңгейде ұйымдастыру комитеті құрылады. Рейд жұмыстары құқық бұзушылықтар мен қылмыстар көбірек орын алатын базарларда, ойын-сауық орталықтарында, машина жуу орталықтарында жүргізіледі. Рейдке қатысушылар: - балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдары жəне ата-аналар. - білім беру органдарының өкілдері: - директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары; - əлеуметтік психолог; - психолог; - сынып жетекшілері. - кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторы; -ата-аналар кеңесі. - қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері. Рейд жұмыстары келесі форма мен əдістер бойынша жүргізіледі: - балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім басқармасының, Астана жəне Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бұйрығы бойынша ұйымдастыру комитетін бекітуі; - рейдті ұйымдастыру жəне өткізу жұмыстары жөнінде ұйымдастыру комитетінің іс-қимылдар жоспарын əзірлеу; - рейдтің барысы жайлы БАҚ-ты хабардар етіп отыру(жергілікті телеарналарда <<жүгіртпелер>> ұйымдастыру, рейдтің барысы жайлы сюжеттер беру, газеттерде мақалалар жариялау, көпшілік орындарда сенім телефондарын орнату, т.б.); - рейд жұмыстарын құқық қорғау органдарымен біріге отырып базарларда, вокзалдарда, ойын-сауық орталықтарындақадағалаусыз жасөспірімдерді анықтау, немесе оқу уақыттарында, сол секілді түнгі уақыттарды бос жүрген балаларды құрықтау, олардың мəселелерімен айналысу. Рейд жұмыстары аптасына 3-4 рет өткізіледі; - қадағалаусыз, панасыз қалған балалар мен олардың сабаққа бармауымен күрес жүргізу мақсатында ұйымдастырылатын рейд жұмыстарына еріктілерді тарту; - үнпарақтар таратып, плакаттар ілу; - рейд жайында мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде бес минуттық жарнама роликтерін əзірлеу; - балалар құқықтарын қорғау департаменті мен білім беру басқармасының сайттарына арнайы тарау қойып, БАҚ-тарды хабардар етіп отыру; - кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мен балалар құқықтарын қорғау органдарына өз балаларына қажетті білім мен тəрбие бермеуші отбасылар жайлы ақпарат беріп отыру; - рейд ұйымдастыру комитетіне, білім беру органдарына түнгі уақыттарда көшеде жүретін, жайсыз отбасыдан шыққаны үшін қажетті көмекті, демеуді керек ететін балалар жайлы қосымша ақпар беріп отыру; - көрсетілген индикаторларға сайкес рейдтердің нəтижесі мен тиімділігі жайлы бақылау жүргізіп отыру. Білім беру органдары өкілдерімен, əріптестермен, ішкі істер департаменттері, мектеп ұстаздары ұжымымен, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мен балалар құқықтарын қорғау органдарымен бірлесіп, мəселені шешу жолдарын талқылап, рейд нəтижесі жайында пікір бөлісіп отыру. Кəмелетке толмағандардың қадағалаусыздығын жою əлеуметтік тəрбиелеу іс-шаралары жүйесі ретінде қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар санатына жататындарға жедел медициналық, əлеуметтік-псхологиялық жəне өзге де қажетті көмек көрсету, олардың өз отбасыларына қайта оралуына ықпал ету, ал оған мүмкіндік болмаған жағдайда оларды арнаулы білім беру ұйымына немесе оңалту орталығына жіберу қажет. 9. КТБО қызметкерлерінің кәмелетке толмағандардды қабылдау жұмысы бойынша бағдары 1. Медициналық бақылау, тіркеу, балалардың КТБО-на қабылдануы жайлы ата-аналарына хабардар ету 1. КТБО басшылығы кəмелетке толмағандарды тиісті Ережеге сəйкес қабылдайды. КТБО қызметкерлері баланың сол кездегі жағдайын зерттеп, анықтайды, балаларды сауықтыру жəне қалыпты жағдайға бейімдеу мақсатында жасалатын шаралар жоспарын бекітіп, солардың нəтижелеріне талдау жасап отырады. Кəмелетке толмағандардың Орталыққа орналасуы үшін қажетті құжаттарды осы ұйымның қызметкерлері дайындайды, бұл жұмыстарды ішкі істер органдарымен бірлесе атқарады. Ішкі істер органдарының белгілеуі бойынша кəмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 23.00-ден кейін көшеде жүруі баланың өміріне қауіпті болып табылады. Сондықтан қадағалаусыз, панасыз балалардың осы уақытта ішкі істер органдарының қолына түсуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ІІБ қызметкерлеріне төмендегі құжаттар қажет етіледі: - қадағалаусыздық, панасыздық белгілеріне байланысты ішкі істер органы басшысының қолы қойылған, оның бекітуімен жасалған баянат; - мекен-жай бюросынан анықтама. Қадағалаусыз немесе панасыз қалған балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынан айырылған кəмелетке толмағандар үш айға дейін орталыққа орналастырылып, оларға ары қарай өзін-өзі алып кеткеніне дейін көмек көрсетіледі. Орталыққа жеткізілген жасөспірімдер жасына, жынысынасəйкес арнайы топтарға бөлініп, тəулік бойы тəрбиешілердің бақылауында ұсталады. Топтағы балалардың саны жиырмадан аспауы қажет. Орталыққа орналастырылған балаларға медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Орталыққа орналасқан кəмелетке толмағандардың жағдайы төмендегідей болады: - Орталыққа орналасқан балалар тəулік бойы бақылауда болады; - оқу-тəрбие жұмыстары, əлеуметтік-педагогикалық бейімдеу жəне оңалту жұмыстары жүйеленеді; - балалардың жеке басының гигиенасы үнемі назарда болады. 3 жасқа толмаған балалар жетім балалар үйіне,немесе қамқоршысынан айырылған балаларға арналған үйге жіберіледі. Баланы орталыққа қабылдау кезінде оның тұрғылықты мекен-жайы, оқуы жəне жақын туыстары баланың өзінен немесе арнайы органдардан сұралады. Тəуліктің қай мезгілі болмағанына қармастан қызметшілер баланың ата-анасымен немесе жақын таныстарымен телефон соғып хабарласады. Ата-аналарға баланың қауіпсіздігі жайлы мəселені хабарлап, олардың Орталықпен байланысуы қажеттігін ескертеді. Баланы Орталыққа қабылдаушы қызметкер оның ата-анасымен байланыс жұмыстарын мойнына алады. Егер балада немесе баланы жеткізген орган қызметкерінде кəмелетке толмағанның ата-анасының телефоны болмайтын болса, баланың тұратын жерінің, мектебінің немесе емханасының мекенжайын сұраған абзал. Жасөспірімнің ата-анасымен байланыса алмаған кездері Орталық жергілікті полициядан, қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарынан мəліметтер алады. Егер баланың ата-анасына баратын жол 3 сағаттан аса уақыт алатын болса, Орталық қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарын бір күннің ішінде жағдай жөнінде хабардар етеді. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары кəмелетке толмағанның ата-анасына 48 сағаттың ішінде жолығуы тиіс. Егер баланың ата-анасы шет елде жүрген болса жауапты органдар 48 сағат ішінде баланы тұратын орнымен қамтамасыз етеді. Бұл шаралардың мақсаты қадағалаусыз қалған кəмелетке толмағанды Орталыққа жеткізіп, оның өз отбасына қайта оралуына жағдай жасау болып табылады. Мұндай жағдайға тап болған баланы үнемі бақылап отырған жөн. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары кəмелетке толмаған баланы психологиялық тұрғыдан бақылауға алып, тиімді шаралар атқарып отырады. Егер бала өз отбасына қайта орала алмайтын болса, баланың жақын туыстарымен немесе қамқор кісілерімен байланысқа шығып, аймақтағы қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарын хабардар ету керек. Баланың өз отбасына қайта оралып, бақытты күй кешуі үшін барлық жағдай жасалады. Егер бала өз отбасына қайтуды қаламаса, балаға ол жерде тиісті жағдай жасалмайтын болса, ол үшін арнайы орын бөлінетін болады. Баланың ата-анасымен байланысуы мүмкін болмаған жағдайда Орталық баланың оқуы мен тəрбиеленуі үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Орталықтағы баланың жағдайы жайлы қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына қосымша ақпараттар беріп отырады. Ақпаратты хат түрінде жəне телефон арқылы білдіреді. Орын алған жағдай анықталып, бала жайлы ақпараттар белгілі болған уақытта Орталық қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарымен баланың келешектегі жағдайы туралы жоспарларымен бөліседі. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары бір айдың ішінде баланы керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары ата-аналарға немесе осы құқықтағы заңды тұлғаларға қатысты сотқа шағым түсіре алатынын ескертеді. Ескерту хат түрінде де, телефон арқылы да жіберіле алады. Бұл отбасыларға өзіне қажетті сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді. Орталыққа баланы қабылдар кезінде оның денсаулығына медициналық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Орталық қызметкерлері балаға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мұндай тексеру қасында ересек адамдардан ешкім жоқ баланы шошындыруы мүмкін. Сондай-ақ, ересек адамдар тарапынан зорлық көрген балаларда қорқыныш сезімі пайда болуы ықтимал. Жағдайды тəнік түсінетін бала тексеру жұмыстарына жəне медициналық бақылауға өзінің жеке келісімін бергені абзал. Егер бала тексеру шараларынан қашқақтайтын болса, оларға мұндай тексерудің маңыздылығын жете түсіндіру керек. Егер бала тексеру жұмыстарына өз еркімен бармайтын болса, оған қорқыту жəне мəжбүрлеу шараларын қолдануға жол берілмейді. Баланың тексеру жұмыстарына баруы үшін қызметкердің үгіттеу жұмыстарына аса кірісуі де міндетті емес. Баланың меншігіндегі ақша, қымбат заттар мен құжаттар жеке сақталады. Баланы Орталыққа қабылдаушы қызметкер оның кейбір жеке заттарын өзімен бірге алып кіруіне рұқсат береді. Тағы бір айта кетерлігі, баланың осы заттарына ешкімнің қолы сұғылмайды жəне оның өзі ғана қолданатын болады. Директор əрбір балаға жеке тəрбиеші тағайындайды. Баланың Орталықта болып жатқан процестерге белсенді қатысуына жəне өзін толғандырған мəселелерді басшылыққа білдіруіне мүмкіндік жасалады. Орталыққа қабылданған баланы Орталықтың ережелері, оның Орталыққа орналасуының себептері, орналастырудың мақсаты жəне баланың жасына сəйкес шағым білдірудің механизмі жөнінде хабардар ету қажет. Орталыққа келген баланы өзге балалармен таныстырып, жататын бөлмесін көрсету керек. Егер балада инфекциялық ауру табылған болса өзге балалардан оқшаулап ұстаған жөн. 10. Кәмелетке толмаған баланы КТБО-да күтіп-ұстау (жағдайы, мерзімі) 1.Кәмелетке толмағандарды орталықта күтіп-ұстау жағдайлары 1.Бұл əдістемелік құралда балаға құрметпен, мейіріммен қарауға жəне олардың қызметкерлерге сеніммен қарай алаты- нындай жағдай туғызуға ерекше назар аударылады. Кəмелетке толмағандармен тікелей қарым-қатынас жасаған кезде Орталық қызметкерлері балалардың нақты проблемаларын анықтай ала- ды. Əрбір балаға жеке тəрбиелеушіні тағайындау балалардың күнделікті жағдайын бақылап, оларға өз отбасындағыдай сезінулері үшін жағдай тузығуға септігін тигізеді.Орталыққа қабылданған баланы Ережеге сəйкес тіркеу жур- налында жаздыру қажет. Əрбір бала жайлы барлық ресми қағаздар (туу туралы куəлігі, төлқұжаты жəне басқа да жеке басын куəландыратын құжаттар) тігілетін жеке іс-құжаттар жəне келесілерді қамтитын жазбаша мəліметтер толтырылады: - қабылдануы туралы есеп; - баланың денсаулығы жайлы медициналық анықтама; - алғашқы жəне толықтай бағалау есептері; - баламен жұмыс істеу жоспары; - баламен тысқа шығудағы жасалатын іс-əрекет жоспары; - балаға қатысты сот шешімдері; - қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарының шешімдері; - отбасымен барлық байланыстар жөніндегі іске ескертпелер - отбасыға бару жəне одан кейінгі жұмыс жөніндегі есеп. Баланың Орталыққа түскенінен бастап екі апта бойы оның жеке басы зерттеледі, психологиялық-медицианалық-педагогикалық шаралар кешені (медициналық, əлеуметтік, педагогикалық жəне психологиялық қаралу) анықталады, сондай-ақ баланы бұдан кейінгі балалар мекемелеріне, отбасыларға орналастыру немесе тұрғылықты жеріне жеткізу мəселесі анықталады. Орталықта орналасқан балалар: - заңға сəйкес білім алуы; - арнайы заңмен көрсетілген қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі; - əрбір балаға жеке əзірленген іс-шаралар кешені мен жо- спарына сəйкес отбасын қолдау бойынша кеңестер мен қызметтер алуы тиіс. Балалардың тамақпен, киіммен, аяқ-киіммен жəне жұмсақ ойыншық заттармен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2000 жылы 17 мамырдағы <<Азаматтардың білім алуға қажетті əлеуметтік көмектің көлемі мен түрлері туралы>> қаулысына сəйкес жүзеге асырылады. Білім беру үрдісі кəмелетке толмағандардың Орталықта ор- наласу уақытына, оқуға үлгеріміне сəйкес ұйымдастырылады. Кəмелетке толмағандардың білім алуы психологиялық, медициналық жəне педагогикалық консультациялар арқылы жүзеге асырылады. Балалар оқуын жалғастыра алуы үшін орналасқан жерге жақын мектепке, ал мектеп жасына толмаған балалар мектепке дейінгі орындарға жіберіледі. Егер Орталыққа орналастырылған кəмелетке толмаған бала құқық бұзушылық немесе өзге де заңға қайшы қылмыстық əрекеттері үшін іздеуде жүрген болса, дереу заңға сəйкес ішкі істер органдарының уақытша изоляторларына жіберлетін болады. Орталық директоры мен директор орынбасары Орталықта орналасқан балалардың санына бақылау жасап отырады. Əр топтағы балалар саны 20-дан аспауы тиіс. Егер бұл талаптар орындалмайтын болса Орталықта орналасқан балалардың қалыпты дамуы мен тəрбиеленуіне жасалған жоспарлар алға қойған мақсатына жете алмайтын болады. Баламен жұмыс жасаған əр қызметкер кəмелетке толмағанның жеке ісіне жазбалар енгізуге немесе баланың жүріс-тұрысындағы оң өзгерістер сипатталатын есеп жасауға тиіс. Балалар тиісті агенттіктердің құқықтық жəне өзге консультативтік кеңестерді қоса, кəсіби қызметтерін алып отыруға құқылы. Бұл баланың өз сезімдері мен тілектерін білдіруге көмегін тигізеді. Баланың жеке ісі құпия түрінде сенімді жерде сақталады. Бала осы секілді өзге де орындарға ауысқан жағдайда аталған құжаттардың көшірмесі баланың өзімен бірге тиісті жерге сенімді түрде жеткізіледі. Консультация берілгені жөніндегі құпия жаз- балар баланың тікелей келісімімен ғана жіберіле алады. Баланың жеке ісі мөр басылған күйде жəне электронды түрде əліпби ретімен бес жылға дейін сақталады. Бес жыл өткеннен кейін ғана мұрағатқа жолданады. Балаға тиесілі ақша, құжаттар, жеке заттар жəне өзге де нəрселер, сондай-ақ сақтауға берілген заттар баланың Орталықтан шығарылар кезінде табысталады. Ата-анасына немесе ата-ана құқығындағы заңды өкілдеріне табысталар кезінде баланың денсаулығы жайлы, оқу үлгерімі жайлы табель, психологиялық-педагогикалық жай-күйі жайлы мінездеме де қоса беріледі. Кəмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрғылықты жеріне жеткізілуін балаларды өзінің ата-анасына не қамқоршыларына немесе мемлекетке қайта табыстау туралы халықаралық келісімшарттарға сəйкес Орталықтың əлеуметтік педагогтары жүзеге асырады. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кəмелетке толмағандар Орталықтың əлеуметтік педагогы арқылы жеткізіледі. Қазақстар Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар артынан келген ата-аналарына немесе ата-анасы құқығындағы заңды өкілдеріне тапсырылады немесе Орталық қызметкерлерімен тұратын жеріне жеткізіледі.Орталықта орналасқан бала баратын жеріне Орталықтың қаржыландыруымен тегін түрде жеткізіліп, заңда көрсетілген мөлшерде жолдағы тамаққа жұмсайтын қаржымен қамтамасыз етіледі. Қажет болғанда, кəмелетке толмағандарға келген адамдарға Орталықта дем алуына орын беріледі. Орталық əкімшілігі кəмелетке толмағанның тұратын жеріне келуін тексеруді ұйымдастырады. Жасөспірім-қыз балаларды алып жүруін тек қана əйел қызметкер жүзеге асырады. Кəмелетке толмағандар Орталықта үш айдан артық болмайды.Кəмелетке толмағандардың Орталықта қалу мерзімін ұзартуына Орталық əкімшілігінің ұсынысымен жергілікті қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қаулысы негіз болады. 11. КТБО орталығының профилактикалық жұмыстар ұйымдарстыру, кәмелетке толмағандарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету жөніндегі қызметі 1. КТБО орталығының профилактикалық жұмыстар ұйымдарстыру 2. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету 1.Орталық өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қоғамдық ортаға қайтадан оралалуы үшін қорғаныс шараларын атқарады. Орталыққа балалар көбінесе ата-анасының немесе ата-ана құқығындағы өзге де заңды тұлғалардың баланың оқуы мен тəрбиесіне қажетті міндеттерді атқармағандықтан түсіп жатады. Өзінің туған ортасы мен жақын туыстарынан айырылу баланың бойында психологиялық дағдарыс туғызып, оның мінез-құлқына кері əсер етуі мүмкін. Орталықтың мақсаты балаға қажетті жағдайды жақсы білу, осы аталған жағдайды ата-аналар мен ата-ана құқығындағы өзге де заңды тұлғалардың балаға жасап отырғанын немесе жасамай отырғанын анықтау. 2. Орталықтағы əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық режимнің ерекшеліктері мынада: - тəрбиеленушілерді тəулік бойы бақылауда ұстау; - балалар мен жасөспірімдердің уақытын оқу-тəрбиелеу жəне мəдени іс-шаралар арқылы өткізу; - Орталықта өзара құрмет сезімдері мен əділеттілікке негізделген жəне төмендету, кемсіту, келеке ету əрекеттерінен аулақ болуға бағытталған тəртіп пен ережелерді қатаң түрде сақтау; - кəмелетке толмаған балалармен жұмыс істеудің жоспарла- рын бекіту. Жоспардың орындалуын əр ай сайын қадағалап, жоспарға өзгеріс жасауға итермелейтін жағдайлар жайлы қосымша ақпараттар алып отырған абзал. Жоспарлар қажеттілікке сəйкес бағалау үрдістерін негізге ала отырып жүргізілгені жөн. Жасөспірімнің қажеттілігін бағалау жұмыстары жоспарда көрсетіліп отырғаны дұрыс. Жоспар əрбір баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты əзірленіп, бағалау үрдістеріне сай келгені дұрыс. Аталған жеке бағдарлама білім беру, жекелей жəне топтық үлгіде жұмыс жа- сау, отбасылармен қарым-қатынас орнату секілді негізгі үлгілер бойынша жасақталғаны жөн. Осы бағыт бойынша жасалған мақсатты бағдарламалар əрбір баланың демалуы мен қажеттілігі үшін қызмет етеді. Орталықтың əрбір қызметкері балалармен күнделікті түрде жекелей жəне топтық үлгіде кездесіп, əңгімелесіп отырады. Баланың дамуына, оның жақсы түрде өсіп-өркендеуіне кері ықпал ететін кез-келген факторлар, əрбір баланың үлгерімі мен қиындығы күн сайын талқыланып отырғаны жөн. Бұл əрекет қызметкерлерге жасөспірімдерді демеу, оларға кеңес беру жəне мейірімге алу секілді міндеттер жүктейді. Балаларға олардың жетістіктері жайлы қызметкерлердің, ал қызметкерлерге ата-аналар мен балалардың оларға баға беруі маңызды деуге болады. Балалар мен отбасылардың өмірінде орын алған өзгерістер жазбаша түрде талқыланып отырғаны дұрыс. Балаларға өздерін толғандырған мəселелер бойынша маман- дармен жиі əңгімелесіп отырғаны пайдалы. Балаларды дамыту мақсатында қажетті жоспарлар түзу, осы арқылы жұмыстар жүргізу, ең соңында жоспар нəтижесінің қаншалықты орындалып жатқанына байланысты жазбаша тал- дау жұмыстарын жүргізіп отыру пайдалы. Бұл баланың даму үрдісі мен оның кейбір ерекшеліктерінен хабар береді. Баланың үстел басында отырған, ұйықтап жатқан жəне қиын 99 жағдайға түсіп қалған кезіндегі көрсеткен мінез-құлықтары мен тосын əрекеттері Орталық қызметкерлеріне баланың əлсіз не жігерлі мінезі жайлы ақпараттар береді. Бұл ерекшеліктер Орталық қызметкерлері арасында жазбаша түрде талқыланып, балалармен жұмыс жүргізу үрдісіне оң ықпалын тигізуі тиіс. Егер бала Орталық қызметкерлеріне өзі келіп өзіне қорған болуларын немесе тиісті шара қолдануларына өтініш айтатын болса, Орталық қызметкерлері 48 сағаттың ішінде бұл жағдай жөнінде қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына ақпар беруі тиіс. Орталыққа баланың өз еркімен келуі, сөзсіз, үлкен батылдықты көрсетеді. Мұндай балалар ата-анасынан зорлық- зомбылық көріп, өз отбасынан қашып, қорған болатын қауіпсіз мекен іздейді. Егер бала өзі келіп, мəселені жайып салса, осыған қажетті қадамдар мен тиісті шаралар жасауға кезек келеді. Мəселен, балаға қатыгездік пен кемсітушілік көрсету немесе баланы жасаған қателігі үшін жазалауға қатаң тыйым салынады. Баланы ұрып-соғуға, оны итеруге, мұрнынан сүйреп жүруге, жұлқылауға жəне осы секілді ерсі дене қылықтарын жасауға болмайды. Ата-аналардың немесе отбасының ересек мүшелерінің балаға қатыгездікпен қарауына, оларды қатал түрде сөгуіне немесе оларды жасқаншақтыққа алып баратын қылықтар жасауына тыйым салынады. Сонымен қатар, балаға қатты дауыс көтеріп, айғайлауға да болмайды. Құпиялылық қағидасын сақтау қажет - қызметкерлерге баланың мəселесі жөнінде басқа балалардың көзінше əңгімелесуге болмайды. Баланың жеке мəселесінің егжей- тегжейі жөнінде оны білуге қажеті жоқ басқа үлкен адамдармен де сөйлесуге болмайды. Арнаулы білім беру ұйымына жіберілетін кəмелетке толмағандармен құқықтық білім беру мен алдағы уақытта тұратын жерге əлеуметтік-педагогикалық бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайда балалар мен ата-аналар оларды тыңдамағаны немесе айтқан сөзі жерде қалғаны үшін өкпелі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналар Орталық басшылығына осы мəселе жөнінде шағым жасай алады. Орталық əкімшілігі балалардың шағымын қабылдайтын, оларға тиісті жауап беретін арнайы қызметкерді тағайындайды. 100 Көбінесе шағым жасаған балаларға тиісті көмек қажет бола- ды. Сондықтан балалар мен ата-аналар өздеріне тиісті көмек бере алатын жергілікті адвокаттық қызметке жүгіне алады. Ал Орталық адвокат қызметіне қалай байланыса алатынын, олармен қалай жұмыс істей алатындығы жөнінде ҮЕҰ-мен бірлесе кеңес бере алады Балалар арасындағы күннен күнге туындайтын елеусіз қиындықтар бейресми түрде шешілгені жөн. Алайда қиындықтар күрделеніп, бала не ата-ана арыз-шағымның қаралуын талап ет- кен жағдайда оларға ресми арыз-шағым беруіне мүмкіндік беру қажет. Бала не оның ата-аналары Орталықтың немесе іс-қимылдар жоспарын іске асыру кезінде тартылатын басқа агенттіктердің қызметкерлеріне қатысты шағым түскеннен кейін Орталық наразылық жəйтін не түсірген шағымды зерттеуге міндетті. Ресми шағымға соңғы жауап əрдайым жазбаша түрде беріледі. Ал оның көшірмесі кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі. Шағым жасау үрдісі Орталық басшылығына Орталықтағы балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға жəне/немесе балалардың не ата-аналардың басқа қызметтерге қатысты мəселелерін көтеруге оң ықпал етеді. Шағым жасау жəйті Орталық қызметкерлері өз міндеттерін орындамағанының белгісі ретінде қарастыруға болмайды. Шын мəнісінде шағымның сəтті шешім табуы балалар мен оның ата-аналарының пікірін басқалар құрметейді, тыңдайды деуге болады. 12. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарына орналастыру және отбасыға әлеуметтік көмек көрсету 1. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарына орналастыру 1.Қамқорлықтан айырылған кəмелетке толмағандарға қатысты Орталық қызметкерлері олардың бұдан кейін жетім бала- лар мен ата-анасының немесе ата-аналық құқығына ие заңды тұлғалардың қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ме- кемелерге орналастыру үшін қажетті құжаттар əзірлеп, оларды қамқоршылық жəне қорғаншылық органына тапсыралы. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органы баланы орнала- стыру жөнінде шешім шығарады. Егер баланы өзінің отбасына қайтару мүмкін болмаса немесе баланы қамқорлыққа алатын өзге де жақын туыстары болмаса өзге де мүдделі отбасыларға орналастыру мəселесі қаралады. Ба- ланы өз отбасына немесе жақсы қамқор отбасыға орналастыру үшін барлық жағдай қарастырылуы тиіс. Егер баланы өз отба- сына орналастыру мүмкін болмаса, баланың қалауына сай кел- месе мəселені шешудің өзге де жолдары іздестіріледі. Сондай- ақ, баланың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін отбасыдағы қалыптасқан жағдай жете сараланады. Баланы орналастыру ша- ралары қамқоршылық жəне қорғаншылық органымен бірлесе іске асырылады. Өз отбасынан қашып, Орталыққа келген баланы қайтадан тұрғылықты жеріне оралту үшін барлық жағдай қарастырылады. Бірақ оның бірден өз отбасына оралуы балаға қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан жағдайды зерттеп барып, қажетті қадамдарға барған жөн. Орталықта əр балаға бекітіліп берілген тəрбиеші баланың өсіп-өркендеуі жəне қиналып қалмауы үшін тиісті көмегін көрсетіп отыруы тиіс. Орталық баланың мақсат-мүдделеріне сəйкес жұмыстар жасайды. Балалармен жеке сұқбаттасып, оның мұң-мұқтажын тыңдау, баланың неліктен өз отбасын та- стап кеткеніне зерттеу жүргізген дұрыс. Баланың жағдайын толықтай зерттеп, оған қажетті іс-шаралар жоспарын құрған жөн. Баланың өз отбасынан неліктен қашып кеткені жайлы шы- найы пікірін білу үшін əдетте біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл жағдай, əсіресе, Орталық қызметкерінің баламен ашылып сөйлесе алмауынан пайда болады. Баланың өз ата-аналарының немесе қамқоршыларының өзіне жасаған қоқан-лоққылары мен əлімжеттіктерін, заңға қайшы əрекеттерін тəрбиешіге айта қоюы оңай емес. Қабылдау жөніндегі маман баланы Орталыққа қабылдар кезінде кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны не қамқоршылық жəне қорғаншылық органын міндетті түрде бұл мəселе жөнінде хабардар етіп, баланың жеке мəселелерінің шешілуіне, қалыпты жағдайда өсіп-өркендеуіне жағдай жасауы қажет. Əлеуметтік қызметкер бала өмір сүріп жатқан ұйымға жиі барып, оның бұл жерде болуына қандай себептер əсер еткенін анықтап, баланы өз үйінен қашып кетуіне алып келер əлеуметтік жəне өзге де себептерге талдау жасағаны абзал. Орталықта орналасқан балалармен жəне өзге де балалармен Орталық қызметкерлерінің тең дəрежеде сұхбаттасу зерттеу жұмысына пайдалы болар еді. Зерттеу жұмыстары кезінде балалармен жеке сөйлескен дұрыс. Егер зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындысы неме- се зерттеу жұмыстарына берілген баға бойынша баланың үйден не өз мекен-жайынан қашып кету ықтималдығы сақталса, оның Орталықта тағы да қала тұрғаны жөн. Ал баланы орналастыру ту- ралы шешім шығарған қамқоршылық жəне қорғаншылық органы баланың орналасуы мəселесі жөнінде жан-жақты мүмкіндіктерді қарастырады. Егер баланың өз отбасына не тұрғылықты мекен-жайына оралуына толық негіз бар болса, Орталық қызметкері баланы бұл жөнінде хабардар етіп, оны өз үйіне дейін шығарып салуы тиіс. Баланың шығарып салуына Орталық орналасқан аудандағы қамқоршылық жəне қорғаншылық органының өкілдері де қатысуы тиіс. Бастапқы бағалау мен зерттеу жүргізілген, баланың жамандық көрмейтіндігі жөнінде қорытынды алынған жағдайда ғана бала- ны ұйымға жібірген жөн. Егер бала ұйымға оралатын болса, ол баламен үш ай бойы екі рет кездесу жасап тұрған абзал. Бұл кедесулерде əлеуметтік педагог баламен жеке əңгімелесіп, оның жағдайының жақсы екендігіне көзін жеткізуі тиіс. Мұндай міндет баланың ме- кен-жайына жақын жердегі қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қызметкерлеріне жүктелуі мүмкін. 13. Әлеуметтік патронаж және кәмелетке толмағандардың отбасыларына көмек көрсету 1. Әлеуметтік патронаж және кәмелетке толмағандардың отбасыларына көмек көрсету 1.Зерттеу жұмыстарының нəтижесі көрсеткендей, бала қандай жерде өмір сүргеніне қарамастан өз отбасында тұрғанындай жайлы өмір сүре алмайды. Өз отбасынан кеткен не қашқан бала өз кезегінде түрлі теріс қылықтар көрсете бастайды. Бұл мінез- құлық ерекшеліктері баланың ішінде бұғып жатқан алай-дүлей сезімдерін көрсетеді. Жайсыз отбасылардан шыққан кəмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын қызметкер бірінші кезекте баланың ішкі сезімдерімен жұмыс істегені жөн. Өз балаларына тиісті тəрбие мен білім бере алмайтын жайсыз отбасылармен де кездесіп, оларға осы теріс қылықтарын түсіндіре білген пайдалы. Көбінесе ата-аналар Орталық қызметкерлерінің осындай іс-қимылдарын жылы қабылдай бермейді. Алайда мұндай шаралар жасаудың үлкен пайдасы бар. Өйткені кездесу нəтижелері ата-аналардың кейбір мінездеріне оң өзгерістер алып келуі мүмкін. Ал баланың бақытты болуы Орталық қызметі мақсатының негізгі бағыты болып есептеледі. Орталық ата-аналар жəне отбасы мүшелерінің əрекеттерін мынадай шаралар арқылы жақсарта алады: - отбасы мүшелерін түрлі іс-шараларға қатыстыру; - балалардың бақытты болуына бағытталған кездесулерге шақыру; - балаға кері ықпал етуші факторларды, проблемаларды ше- шуге кеңес беру; - баланы тəрбиелеу жұмыстарына іс жүзінде қатысып отыру. Қауіп жағдайына тап болған балалардың ата-аналарының кей кездері өздері көмек сұрап, мəселені шешуге тырысатыны бар. Осыған орай олар əлеуметтік педагог пен психологтың көмегіне де жүгініп жатады. Орталық қызметкерлері ата-аналардың өз балаларының бақытты өмір сүруі үшін өз еріктерімен жұмыс істеуіне ықпал етуге тырысады. Бұл жерде əңгіме ата-аналарды жергілікті басқару органдары жанындағы қосымша қызметке жіберу жөнінде айтылып отыр. Осы консультациялар мен отбасыларға көмек жұмыстары баланың өз үйіне қайта оралуына негізделген жоспарлар бойын- ша іске асырылады. Бұл жерде ата-аналарға өз балаларын үлгілі түрде тəрбиелеулеріне көмек беруге арналған профилактикалық жұмыстар маңызды рөл атқарады. Бұл шаралар өз балаларына тиісті тəрбие бермеген жəне білім алуына жағдай жасамаған, осының нəтижесінде мінез-құлқындағы ауытқушылығы бар балаларға себеп болған ата-аналарға, үй ішінде берекесіздік орын алған жəне əлеуметтік тұрғыдан жайсыз отбасыларға арна- лып жасалған. Тəрбиеленіп жатқан кəмелетке толмағанның ата- аналарына қоғамдық ұйымдар, отбасы клубтары мен одақтары, көп балалы отбасылар не жартылай отбасылар қауымдастығы, т.б. көмек бере алады. Қауіп тобындағы отбасылар мен кəмелетке толмағандармен əлеуметтік-профилактикалық жұмыстар барысы келесі əлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі түрлерін, формалары мен əдістерін қамтиды: - əлеуметтік-экономикалық: қауіп тобындағы əлеуметтік жағынан аз қамтылған жайсыз отбасыларға материалдық жəне өзге көмек көрсету, соның ішінде азық-түлік жеткізу, ата-аналарды жұмысқа орналастыру, балаларды киім-кешекпен, кітаптар мен ойыншықтармен қамтамасыз ету шаралары; - медициналық-əлеуметтік: телефон арқылы медициналық-əлеуметтік консультация беру, есірткі қолданушыларға консультация беру, кəмелетке толмағандардың жүктілігіне байланысты профилактикалық жұмыстар; - психо-əлеуметтік: кеңесшілік көмек, əлеуметтік бейімделе алмаудың диагностикасы, психологтармен əңгімелесу, психологиялық тренингтер, психологиялық-əлеуметтік түзету жұмыстары, отбасы, мектеп жəне тəрбиесі қиын балалар арасында психотерапевтік жұмыстар; - əлеуметтік-педагогикалық: əлеуметтік басқосу, үйірмелік жəне клубтық жұмыстар, ұжымдық-шығармашылық іс-шаралар, саяхаттар жəне жазғы лагерьлер; - əлеуметтік-құқықтық: адвокаттық көмек, кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, т.б. 14. Отбасыға қолдау көрсету қызметін, отбасына және кәмелетке толмағанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қызметін ұйымдастыру 1. Отбасына және кәмелетке толмағанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қызметі 2. Балалардың қадағалаусыздығы мене панасыздығы, әлеуметтік жеімдігі профилактикасымен айналысатын ұйымдармен өзара әрекеттесу 1. Орталықта орналасқан кəмелетке толмағандарға жүргізілетін профилактикалық, бейімдеу, оңалту жұмыстары кəмелетке толмағандарға кері ықпал еткен отбасы-тұрмыстық кедергілерді жойып, олардың қалыпты деңгейге түсуіне ықпал етеді. Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру үшін Орталық құрамында келесі құрылымдық бөлімшелер құрылуы мүмкін: - қабылдау бөлімі; - стационарлық бөлім; - əлеуметтік-құқықтық көмек бөлімі; - отбасыларға көмек бөлімі; - қоғамдық қабылдау. Орталыққа кəмелетке толмағандарды қабылдау бөлімінің қызметкерлері мынадай шаралар атқарады: - санитарлық-гигиеналық жұмыстар, алғашқы медициналық көмек көрсету, сыртқы киімдер мен ішкі киім-кешекті ауыстыру (баланың денсаулығына, өміріне кері ықпал етуші заттар, ата- аналары немесе қамқоршылардың үйлерінде сақталып тұрған заттарды тексеру); - кəмелетке толмағандардың жеке басын құқық қорғау органдарының көмегімен анықтау, оның ата-анасы не ата-анасы құқығындағы заңды тұлғалардың тұрғылықты мекенін анықтау; - ата-аналарды не олардың құқығындағы заңды тұлғаларды жəне директорларды кəмелетке толмағанның қай жерде жүргендігі жайлы хабардар ету; - алғашқы психологиялық көмек көрсету. Орталықтағы станционарлық бөлім кəмелетке толмағандарды мыналармен қамтамасыз етеді: - ата-аналар қамқорлығынан шет қалған кəмелетке толмағандарды Орталық ережелері шеңберінде тұрғылықты мекен-жаймен; - көрпе-жастықтарын жиі ауыстырып, тазалап отырумен; - мезгілге сəйкес келетін үйде жəне көшеде киетін киімдермен; - жеке гигиена шараларымен (сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы жəне т.б.); - кəмелетке толмағанның бойындағы психофизикалық ауытқушылықты жою; - кəмелетке толмағанның əлеуметтік-психологиялық оңалтуын қамтамасыз ету мен бейімделе алмауын жою үшін жүйелі шаралар жасау; - кəмелетке толмаған тұратын отбасы мен ол жердегі жағдайды түзету бағытында жүйелі шаралар атқару; - заң шеңберінде білім алу құқығын жүзеге асыру; - еңбек, спорттық жəне шығармашылық іс-шаралар жасау мүмкіндігін жүзеге асыру. Əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі: - отбасылық қарым-қатынасты түзету арқылы баланың келешекте жақсарып кетуі үшін жұмыстар жасау; - барлық сатыларда, ұйымдар мен ведомстволарда, соттар мен құқық қорғау органдарында баланың мүддесі үшін жұмыс істейді; - кəмелетке толмағанның тұрақты мекен-жайына бойының үйреніп кетуі үшін əлеуметтік бейімдеу шараларын атқарады. <<Отбасыларға қызмет көрсету>> бөлімі: - кəмелетке толмағанның Орталыққа шағым жасағанына дейінгі аралықтағы жағдайын зерттейді; - кəмелетке толмағанның өз отбасына қайта қосылуы үшін қажетті тетіктер қалыптастыру (ата-аналар мен туыстарын іздеу жəне олармен байланыс орнату, т.б.); - отбасыларға бару, оларға психологтың, педагог пен заңгердің көмегін көрсету. Қоғамдық қабылдау: - кəмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына əлеуметтік-құқықтық, медициналық-психологиялық жəне тұрмыстық көмек көрсету ұйымдары туралы ақпараттар жинайды; - телефон арқылы психологиялық жəне ақпараттық көмек көрсетеді; - кəмелетке толмағанның өміріне төеіп тұрған қатер жайлы полицияны, жедел медициналық жəрдемді, т.б. орындарды дереу хабардар етеді; - <<сенім тефондары>> қызметін ұйымдастырады. 2. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері бала мен оның отбасы жайлы толықтау көрініс жасай алмауы жəне оларға қажетті көмек бере алмауы мүмкін. Сондықтан баланың осы жағдайға жетуіне себеп болған ақпараттарды алу үшін жəне келешекке бағытталған жоспарлар түзу үшін мемлекеттік жəне үкіметтік емес ұйымдардың балаға мəселесіне байланысты бірігіп əрекет етуі керек. Балаларға жəне оның отбасына қажетті көмек берілгеннен жəне оның өз отбасына оралғанынан кейінгі жағдайды жіті бақылап отыру қажет. Өзге де ұйымдармен жəне қызмет көрсету орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жасау - Орталықтың негізгі жұмыстарының 107 бірі. Өз ұсыныстары бар өзге де ұйымдармен тығыз қарым- қатынас орнату арқылы балаларға медициналық, кеңесшілік көмек жəне сот үрдістері жайлы, келешек жоспардың сенімділі жайлы ақпараттар алуға болады. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтерін ұсына алады, ал мемлекеттік органдарға сенімсіздік білдіретін ата-аналар осылардың қызметіне жүгіне алады. Орталық үкіметтік емес ұйымдардың көмегін мынадай сауықтыру жəне бейімдеу жұмыстарына бағыттай алады: - кəмелетке толмағандарды отбасылық тəрбиелеу топтарына қосу (отбасыларды іздеу, тəрбиелеуге ниет білдірушілермен байланыс жасау, ата-аналық мүмкіндігі бар кісілерге тест жүргізу жəне олардың қамқоршылығы мен қорғаншылығына жағдай жасау, т.б.); - балалардың танымдық жəне шығармашылық ізденіс құштарлығын дамыту (үйірмелер, студиялар жəне клубтар құру, компьютерлік білімді жақсарту жұмыстары, викториналық сұрақтар жүргізу, шығармашылық байқаулар, т.б.); - балаларды көпшілікке пайдалы жұмыстарға араластыру (балалар үйі мен көп балалы отбасыларға жіберілетін сувенирлер мен ойыншықтар жасау, қайырымдылық шараларына қатыстыру; -соғыс жəне еңбек ардагерлеріне мереке күндері сəлем беріп, олардың батасын алу, т.б.); - кəмелетке толмағандардың өз отбасыларымен қарым-қатынасын жолға қою (мереке күндері өз отбасы мен туған-туыстарын құттықтау бастамаларын енгізу, олар үшін балалардың өз қолдарымен сыйлықтар жасауына ықпал ету, т.б.); - кəмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру (концерттер ұйымдастыру, мереклелік іс-шаралар өткізіп, мұражайға, циркке, театрларға саяхат жасау, дене шынықтыру- спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, арнайы орындарға туристік саяхат жасау жəне басқалар); - кəмелетке толмағандардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу жұмыстары (балаларды жазғы лагерлерге жіберу). Билік органдары, үкіметтік емес ұйымдары жəне кəсіпкерлік секторлары арасындағы қатынастарды бірізділендіру əлеуметтік серіктестік жүйесін құруды көрсетеді. Аталған секторлар бойынша əлеуметтік серіктестік үлгісін құру ынтымақтастықтың келесі сатысына алып келеді (мəселен, мағыналық жəне қамтамасыз ету аспектілері бойынша): өзара іс- қимыл, мақсатты қаржыландыру, сыйлау, құрбан ету, т.б. жайлы заңда көрсетілген үлгідегідей келісімшарттар мен өзге де заңды құжаттарды рəсімдеу. 15. КТБО орталықтарындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары 1.Орталқтағы кәмелеке толмағандардың құқықтары. 1.Орталық қызметкерлері кəмелетке толмағандардың келесі құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс: Жеке даралығын сақтау құқығы: бұл құқықтың сақталуы баланың жеке киімдері мен жеке заттары болған кезде сақталады. Бұл құқық қызметкерлердің баланы өз отбасына, ал ол мүмкін болмаған жағдайда - алыс туған-туыстарының отбасыларына қайтару бойынша жұмыс жүргізуіне де себеп болады. Өз ата-аналарымен жəне жақын тартатын кісілерімен қарым- қатынас жасау құқығы: балаға демеу беру ата-аналардың не туыстарының құқығы ғана емес, олардың міндеті де болып та- былады. Бала мен ата-аналардың қарым-қатынасы кəмелетке толмағанның Орталықта болған кезінде жалғасын тапқаны аб- зал. Өз пікірін айту құқығы: қызметкерлер баланың болашағына əсер ететін шешімдер қабылдайды. Сондықтан да баланың өз ойын еркін айтуына жəне шешім қабылдауына бөгет жасамаған жөн. Осы арқылы бала болашақта өзі үшін маңызды істерде аса қиналмастан шешім қабылдап, өз пікірін айтып, құқықтарын қорғай алатын болады. Зорлық-зомбылықтың кез-келген түрінен қорғану құқығы: ересектердің міндеті баланы кез-келген зорлық-зомбылықтан қорғау болып табылады. Орталықтағы қызметкерлердің осынау ережелерге бағынуы қатаң түрде сақталады. Ересектердің жаса- уы тиіс осындай қамқорлықтары балаларға оң əсер етеді. Əлеуметтік қорғалу құқығы жəне денсаулығын қорғау мен толыққанды даму құқығы: баланың осы аталған мəселелер бой- ынша барлық құқықтарын Орталық қызметкерлері қамтамасыз етеді. Бала салауатты өмір салтынан хабардар болуы тиіс. Баланың өз жасына сəйкес оқуы мен келешегі үшін пайдалы тəжірибелерге ие болуы үшін жекелеген əлеуметтік бағдарламалар түзіледі. Білім алу құқығы: Орталықта орналасқан жəне мектеп- ке барып жүрген балалардың ешқашан оқуын тастамауы жəне сабақтан көп уақыт қалып қойған балалардың өзі қатарлы балалардың деңгейін қуып жетуіне құқықығы бар. Қызметкерлер балалардың оқуға күнделікті барып отыруына барынша жағдай жасаулары тиіс. Білімсіз баланың өз өмірін жақсарта, өзгерте ал- мауына күмəн жоқ. Дене жəне психологиялық оңалту мен əлеуметтік қайта бейімделу құқығы: осы аталған құқықтардың орындалуын қамтамасыз ету үшін баланың даму үрдісіне байланысты талдау жəне келшекке бағдарланған жоспарлар əзірленеді. СӨЖ тақырыптары: 1.Қадағалаусыз және панасыз балалар түсінігі 2.Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары туралы түсінік 3.Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау 4.Кәмелетке толмаған қадағалаусыз және панасыз қалған балалармен профилактикалық жұмыстардың түрлері 5.Қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы түсінік, олардың міндеттері 6.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар. Ювеналды сот 7.Қауіп тобындағы балалар және олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар 8. Патронат
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz