Файл қосу
Практика есебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелкеттік университеті 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-16-13.1.29 /02-2013 ПОӘК Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы <<Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру>> № 1 басылым 18.09.2013 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ КЕШЕНДІ ЗОНААРАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5В011600 - <<География>>мамандығы үшін СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы _______ <<__02__>>___09____2013 ж. Г.К. Рахимова, аға оқытушы, <<Химия және география>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия және география>> кафедрасының отырысында <<__02___>>___09______2013 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі м.а. _________ Д.Р. Онтагарова 2.2 Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында <<_____>>___________2013 ж., №1 хаттама Төрайымы_________ З.В.Абдишева 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған <<___18__>>___09______2013 ж., №1 хаттама ОӘК төрайымы ____________Г.К. Искакова 4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР Мазмұны + Практиканың мақсаты + Практиканың міндетері + Түлектің кәсіптік дайындығындағы практика орны + Зонааралық практиканың мазмұны. + Практика есебі: + Оқу практикасының оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандырылуы: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер: Рахимова Г.К., аға оқытушы Химия және география кафедрасы Байланыс ақпараты - тел: , оқу ғимараты № , кабинет № Сабақ өткізу орны - Берілген практика бойынша сағат саны - 52 1. Практиканың мақсаты: студенттердің теориялық курсты оқу кезінде алынған білімдерін бекіту, территорияның кешендіэкологиялық-географиялық зерттеу әдістерін меңгеру, ойлау және танымдық белсенділікті дамыту, географиялық ой-өрісін кеңейту. 2. Практиканың міндетері: табиғи территориялық кешендер мен шаруашылық объектілер мен құбылыстардың экологиялық, физикалық, экономикалық географиялық зерттеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру; далалық зерттеудің маңызды әдістері мен дағдыларын дамыту; табиғатты тиімді пайдалану және территорияны пайдалану мәселелерін зерттеу; түрлі табиғи және шаруашылық объектілерді зерттеу жолдарымен географиялық ой-өрісті кеңейту; мектеп оқушыларымен өлкетану жұмыстарын мен экскурсия жүргізу, ұйымдастыру дағдысына ие болу; колллектив ішінде жұмыс істеу дағдысын меңгеру. Практиканың объектілері - түрлі территиориялық жүйелер: табиғи (өзен, таулы өлке және т.б.), әлеуметтік - экономикалық (жергілікті жер, өнеркәсіп кәсіпорындары, транспорт торабы және т.б.), табиғи-шаруашылық (рекреациялық зона, суқойма және т.б.). Зерттеуге адам әрекетінің барлық жақтары жатады: ресурс өндіру, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, рекреациялық және т.б. 3. Түлектің кәсіптік дайындығындағы практика орны: оқу кешенді зонааралық экологиялық, физикалық географиялық және экономикалық географиялық ппрактика теориялық білімді меңгеру және практикалық дағдыға ие болу арасын байланыстыратын звено болып табылады. Практика кезінде студенттер ұйымдастыру принциптері мен зерттеудің әдістемелік негіздерін алады, территориялық жүйелердің экологиялық географиялық зерттеу әдістерімен танысады, далалық жағдайда зерттеу дағдысына ие болады. Зерттеу әдісінің негізіне картографиялық, аудандастыру, тарихи, салыстырмалы географиялық, дала зерттеулері, статистикалық, сауалнама, бақылау, сипаттау және тағы басқалары жатады. Бір әдісті , мысалы, картографиялық, зерттеудің барлық кезеңдерінде пайдалануға болады, басқаларын, мысалы, далалық зерттеу әдістерін тек бастапқы кезеңде пайдаланамыз. Барлық зерттеулер текжүйелік көзқарасқа негізделу керек. Зонаарлық практикалар басқа оқу практикаларын толықтырады, алған білімді бекітеді. Жұмыстың көлемі мен түрлері: Кезең дер Жұмыстың түрлері Сағат саны Дайындық Практика базасын таңдау. Былтырғы оқу практиканың есептерімен танысу, бағдарламамен және бақылау мен зерттеудің экологиялық, физикалық, экономикалық географиялық әдістерімен танысу. Әдеби көздер арқылы практика болатын ауданның табиғатын, статистикалық және картографиялық мәліметтерді зерттеу, өнеркәсіптік кәсіпорындарға экскурсия жүргізу әдістемесімен танысу, оқу құрал-жабдықтарын дайындау. Топты бригадаға бөлу, міндеттерін бөлу, қажетті құрал-жабдықтарын алу. 10 Далалық Практика өтетін территорияның ландшафтысымен және табиғи ерекшеліктерімен танысу. Ерекше қорғалатын табиғи объектілерді, тарихи-мәдени ескерткіштерді көру. Аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, халықтың қоныстанған құрылымымен, рекреациялық және басқа шаруашылық объектілерімен танысу. 32 Камералдық Жинаған мәліметтерді камералдық өңдеу және есеп құрастыру (далалық зерттеу кезінде жиналған және әдеби көздерден алынған мәліметтерді жинақтау және талдау, карта, сурет, қима құрастыру). 10 * Зонааралық практиканың мазмұны. 1 Бөлім. Практика кезіндегі ауданның табиғи ландшафтысының ерекшеліктерімен танысу келесі жоспар бойынша: * Географиялық жағдайы * Табиғат жағдайының жалпы сипаттамасы. * Табиғи территориялық кешенге талдау жасау. Таксономиялық бірліктерге бөлу. * Антропогендік игеру, оның рекреациялық пайдалануы. Жоспардың пункттеріне сәйкес студенттер келесі жұмыстарды орындау керек: * көз мөлшерімен топографиялық план құрастыру; * табиғи территориялық кешенді талдау негізінде есеп құрастыру, * таксономиялық бірліктерді бөле отырып карта-сызба құрастыру керек; * рекреациялық жүктемені есептеу. 2 Бөлім. Ауданның әлеуметтік шаруашылық құрылымымен танысу: * Географиялық жағдайы (атауы, орталыққа, теңізге, мемлекеттік шекараға ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық аудандарына, хабарласу жолдарына алыс-жақын жатуы). * Қалыптасу тарихы (негізгі кезеңдері). * Табиғи ресурс қоры (минералды шикізат, су, орман, агроклиматтық, рекреациялық - табиғи ресурстарының болуы және болмауы). * Халқы мен еңбек ресурсы (халық саны, құрамы, орналасуы, немен айнысуы). * Негізгі өнеркәсіп салалары. * Ауыл шаруашылық мамандануы. * Транспорттың негізгі түрлері. Өнеркәсіптік емес сфера (сауда, білім, мәдениет және т.б.) * Ішкі айырмашылық. * Зерттеліп отырған ауданның мәселелері мен болашағы. 3 Бөлім. Ауданның экологиялық жағдайы мен мәселелерін зерттеу: * ТТК-нің табиғат жағдайына талдау жасау (геологиялық-геоморфологиялық,гидро-климаттық, топырақ-өсімдік). * Қорғалатын экосистемалар мен көрші территориялардың антропогендік әсерін бағалау (пайдалы қазбаларды өндіру, рекреациялық пайдалану, бар және жобаланған табиғатты қорғау объектілері, табиғат ортасын қорғау бойынша профилактикалық шаралар, гидротехникалық қондырғыларды жобалау туралы мәліметтер және т.б.). * Зонаны ландшафттық-экологиялық картографиялау. * Өсімдік және жануарлар әлеміне талдау жасау. * Практика есебі: Практика соңында дала жұмыстарының нәтижесі есеп түрінде безендіріледі. Көлемі 50 бет, оның ішіне графиктер, кестелер, фотолар енгізіледі. Есеп келесі бөліктерден тұрады.: 1) мұқаба беті; 2) мазмұны; 3) Кіріспе; 4) негізгі мәтін; 5) Қорытынды; 6) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 7) Қосымшалар. Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі, практиканың мақсаты мен міндеті көрсетіледі. Географиялық көзқарас негізінде қалрастырылып отырған территорияның қысқаша сипаттамасыберіледі, жұмыстың жаңашылдығы мен құрылымы көрсетіледі. Негізгі мәтін бөлімінде әдісті, мазмұнын, зерттеудің соңғы нәтижесін бейнелену керек. Әр бөімнің соңында негізгі иеяны көрсету арқылы қысқаша қорытынды жасау қажег. Қорытынды бөлімінде жалпы жалпы зерттеу қорытындысы, алынған нәтижелер келтіріледі, практиканы жетілдіру мақсатында ұсыныстар мен тілектер. Қорытындыға негізгі талаптар - оның ықшамдылығы, оған кіріспедегі мазмұнын, жұмыстың негізгі бөлімін, бөлім бойынша жасалған қорытындысын қайталауға болмайды. Есепті қорғау оқытушылардың қатысуымен қорытынды конференцияда жасалады. Есепті қорғауға әрбі бригадаға 5-10минут беріледі. Мәлімдемеде мақсаты, зерттеу міндеті, әдістері мен әдістемесі, алынған нәтиже, қорытынды айтылады. Қорытынды конференция нәтижесі бойынша практиканың бағасы қойылады. * Практиканың оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы. * Таңдап алынуына байланысты зонааралық практиканың маршруты Қазақстан Республикасының ішінде немесе басқа елде өткізіледі. * Оқытудың белсенді әдістері. Практика кезінде оқытушы дәріс-экскурсия жүргізеді, оқытушының тапсырмасы бойынша студенттер қазіргі ауди және бейнетехникаларды пайдалану арқылы өздігінен жұмыс істейді. * Практиканың материалдық қамтамасыздандырылуы, техникалық құрал-жабдықтар. Дала жұмыстарын жүргізуге жол жүруге қажетті құрал-жабдықтар (палаткалар, жатын қаптар, рюкзак, әдістемелік нұсқаулар және т.б.). 6. Оқу практикасының оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандырылуы: Негізгі әдебиеттер * Исаченко А.Г. ландшафтоведение и физико-географическое районирование. Учебник-М.: высшая школа, 1991-366с. * Молдагулов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы.-Алматы: Рауан, 1994.-128 бет. * Ландшафтоведение.-М. 1972. 255с. * Мильков Ф.Н. Физическая география. Учение о ландшафте и географическая законность.-Воронеж, 1986.327с. Қосымша әдебиеттер * Мильков Ф.Н. Человек и ландшафты: -Москва 1973.-224с. * Армонд Д.Л. Наука о ландшафте.- Москва. 1975. * Гельдыева Г.В. Веселова В.К. Ландшафты Казакстана .-Алма-Ата: Ғылым, 1972.176с. * Николаев В.А. Проблемы регионального ландшафтоведение. - М. МГУ, 1979. 160с. * Чигаркин А.В. Проблемы ландшафтоведение и охрана природы:-Алма-Ата.1974.135с в) Интернет- ресурс:www.perepis2002.ru, http:// www.gks.ru, WinRAR, WordPad, Power Point, Adobe Reader, Paint.; www.2r.ru- Рекреационные ресурсы. Информационное издание по туризму, отдыху и путешествиям в России, странах СНГ и Балтии.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz