Файл қосу

МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МЕХАНИКАСЫ



                                       
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 	ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                     3 дәрежелі СМЖ құжат
                                   ПОӘК
                                       
                        ПОӘК 042-18-8.1.97/01-2013
                                       
                                   ПОӘК 
Оқытушыға арналған             <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің  бағдарламасы  
№1 баспа
                                 18.09.2013ж.
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
<<МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МЕХАНИКАСЫ>>
                                       
          ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                        	5В072900 - <<Құрылыс>>
 мамандығының
студенттеріне арналған 



ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА  АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       









Семей 
2013

                                       
                                       
                                	Алғысөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН
Әзірлеген ___________ <<______>>____________2013 ж. С.К.Турусбеков Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті, <<Машина жасау технологиясы және механика>> кафедрасының аға оқытушысы 
							 
2 ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті            <<Машина жасау технологиясы және механика>> кафедрасының отырысында 
Хаттама № 1 , 9 қыркүйек 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі _________                                     С.Д.Токаев

2.2 Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде 
  
Хаттама № 1 , 12 қыркүйек 2013 жыл

Төрайымы  __________                                                    С.С.Толеубекова  

3  БЕКІТІЛГЕН
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды және басылымға ұсынылды

Хаттама № 1 , 18 қыркүйек 2013 жыл


Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы__________         Г.К.Искакова



4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
Мазмұны

1
Қолдану аймағы
3
2
Нормативтік сілтемелер
3
3
Жалпы мағлұматтар
3
4
Оқу бағдарламасының мазмұны (модулдің)
5
5
Студенттердің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі
8
6
Пәннің оқу-әдістемелік картасы
8
7
Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамассыздандыру картасы
10
8
Әдебиеттер
10































1 ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ

<<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына енетін оқытушы үшін пәннің жұмыс бағдарламасы  5В072900 <<Құрылыс>> мамандығының студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті <<Машина жасау және механика>> кафедрасында жүргізілетін <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнін оқытуды ұйымдастырудың жүйелі негізі болып табылады.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл  <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің оқу-әдістемелік  кешенінің оқытушы үшін пәннің  бағдарламасы төмендегідей құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес пәнді оқытуды  ұйымдастырудың жүйелі негізі болып табылады:
2.1   2012 жылдың 23 тамызында бекітілген № 1080 ҚР МЖБС;
2.2 СТУ 042-ГУ-4-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты;
	2.3 ДП 042-1.01-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұны>> құжаттамалық процедура.

3 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Ірі құрылыстар, зәулім биік үйлер, ұшу аппараттары, сонымен қатар халық шаруашылығында кеңінен қолданылатын әр түрлі машиналардың бәрі де алдын ала дайындалған жобалар бойынша жасалады. Жобада күрделі конструкцияның және оның жеке элементтерінің материалдары мен өлшемдері, оларға әсер етуші күштердің сипаттары сияқты әр түрлі деректер толығымен көрсетіледі. Машина құрылымының жобалануы кезінде, оның келешек жұмыс істеу шарттарына байланысты, өздеріне және жеке бөлшектеріне әр түрлі инженерлік талаптар қойылады. Бұл талаптардың негізгілерінің бірі материалдардың беріктігі, сонымен қатар жеке элементтерінің қатаңдығы мен орнықтылығы.
Құрылыстағы элементтерді  беріктікке есептеу Материалдар кедергісі және құрылыс механикасығылымында шешілетін мәселелердің ең негізгісі болып табылады. Денелер сыртқы күш әсерінен өздерінің өлшемдері мен пішіндерін (формаларын) өзгертеді, яғни деформацияланады
Инженер, машина тораптарын жобалау кезінде, конструкциялық материалдарды барынша үнемдеумен қатар олардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
3.2 Бұл курстың мақсаты  -  студенттерді теориялық механика пәні бойынша  абсолют қатты денелердің қозғалыстары  /кинематика бөлімі/ және күш әсерлерінен туындайтын тыныштық күйі мен қозғалу мүмкіндіктерін /статика, динамика бөлімдері/ жан-жақты қарастырып ,  әртүрлі заңдылықтармен таныстыру.
<<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>>  пәні келесі пәндерді оқу үшін негіз болып табылады: <<Инженерлік механика III>>, <<Ғимараттар динамикасы мен орнықтылығы>>, <<Құрылыстық конструкциялар I, II, III>>, <<Құрылыс өндірісінің технологиясы I, II>>
3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеті-студенттерге <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>> пәнінің әдістерімен кез-келген құрылыс элементтеріне  күш түскен кезде олардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын есептеу жолдарын үйрету.
Сонымен қатар, берілген курстың маңызы тек студенттерге белгілі мәліметтер беру ғана емес (анықтамалар, заңдылықтар, есептердіі шешу әдістерін), сондай-ақ олардың пайдаланылуын қолдана білу.
<<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы>>  практикалық курс. Сондықтан бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық практикалық және жеке есептерді орындау міндетті шарт болып табылады.
3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:
* Нүкте қозғалысының берілу әдістиерін;
* Динамика заңдарын, динамика есептерін, негізгі түсініктерін және анықтамаларын;
* Ғимараттар элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері мен принціптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау ұсыныстарын білуі керек
* Берілген дененің (немесе нүктенің) қозғалу заңдылықтарын біле отырып, дене қозғалысын толығымен, сонымен бірге оның әрбір нүктелерінің қозғалыстарын жеке (траекториясын, жылдамдығын, үдеуін және т.б.) сипаттайдын барлық кинематикалық өлшемдерді анықтауды;
* Қолданбалы есептерді щещу үшін динамиканың негізгі заңдарын және теоремеларын қолдануды;
* Деформацияның қарапайым түрлері (стаикалық анықталған жүйелердегі созылу  -  сығылу, бұралу), күрделі деформациялар (көлденең иілу, центрден тыс сығылу) кезінде конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді орындауды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды істей білу керек.
* Қолданбалы есептерді шешуге;
* Беріктікке есептеудің үш түрін орындау бойынша: тексермеліге, есептелген жүктемені анықтауға, жобалаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға;
* Қаттылыққа есептеуге дайындалулары қажет.
* курстың қарапайым (созылу, сығылу, ығысу, бұралу, иілуге) және күрделі (қиғаш иілу, иіліп бұралу, жалпы жағдай) жүктелген конструкция элементтерін беріктік пен қатаңдыққа есептеуге, маңызды конструкциялық материалдардың қасиеттерін және кернеулі-деформацияланған күй теориясын зерделеуге, шектік күйді айқындау критериилеріне; орнықтылыққа, динамикалық күштер әсеріне, қажуға, беріктікке және серпімділік шегінен асқан кернеулерге есептеулерге арналған бөлімдерін білуі керек;
* құрылыстың элементтеріне  тән кернеулі және деформацияланған күйлерді талдау, шектік күйді дұрыс бағалау, қауіпсіз күш шамасын анықтау, тексеру және жобалау есептеулерінде компьютерлік технология қолдану жұмыстарын істей алуы керек;
* машина бөлшектері мен жабдықтардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелерінде, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында құзыретті болуы керек.

3.5. Курстың пререквизиттары:  
	3.5.1 Инженерлік механика
3.6. Курстың постреквизиттары:
	3.6.1 Инженерлік механика III
	3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме 
Кесте 1

Курс
Семестр
Кредит
саны
ДС (сағ)
ПС (сағ)
СӨЖО (сағ)
СӨЖ (сағ)
Барлығы (сағ)
Қорытынды бақылау формасы
2
4
3
30
15
22,5
67,5
135
емтихан

4  ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кесте 2 
Тақырыптың атауы
Сағаттар саны
                                       1
2
                     Модуль 1-Кинематика. 

                       Дәрістік сабақтар

Дәріс 1. 	Материялық қозғалыс формаларының ең қарапайым түрі  -  механикалық қозғалыс. Теориялық механиканың табиғаттану және және техникалық ғылымдар қатарындағы орны, негізгі бөлімдері.

1
Дәріс2. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Байланыстар және байланыс реакциялары. Байланыстардың негізгі түрлері.  
1
Дәріс3. Кинематиканың негізі мен мәселелері. Классикалық механикадағы абсолют кеңістік пен абсолют уақыт. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Санақ жүйесі.
1
Дәріс 4. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысын анықтаудың векторлық, координаталық және табиғи әдістері. Табиғи үшжақтың өстері, нүктенің жанама және нормаль үдеуі.
1
Дәріс 5. Қатты дене кинематикасы. Дене қозғалысының түрлері. 
1
Дәріс 6. Ілгерілмелі қозғалыстағы қатты дене нүктелерінің траекториясы, жылдамдықтары және үдеулері туралы теорема.
1
Дәріс7. Қатты дененің өске қатысты айналмалы қозғалысы. Қозғалыс теңдеуі, бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу. 
1
Дәріс 8. Қатты дененің жазық-параллель қозғалысы. Жазық фигура нүктесінің жылдамдығын полюс арқылы анықтау. Жылдамдықтардың лездік центрі. 
1
	Машықтану сабақтары

1 тақырып. Нүкте қозғалысының траекториясы және теңдеуі. Нүкте жылдамдығы.
1
2 тақырып. Нүкте қозғалысының траекториясы және теңдеуі. Нүкте үдеуі
1
3 тақырып. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы.
1
4 тақырып. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Қатты дененің қозғалмайтын өсті айнала қозғалуы.
1
                      Модуль 2 -Динамика. 

                       Дәрістік сабақтар

Дәріс 9. Динамика. Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдары. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Нүкте динамикасының екі мәселесі.
1
Дәріс 10. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшері. Күштің элементарлық және толық импульстары. Қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема.
1
Дәріс 11. Күштің элементарлық және толық жұмысы. Қуат. Кинетикалық энергия. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема.
1
Дәріс 12. Даламбер принципі. Инерция күші. Инерция күштерінің бас векторы мен бас моменті. Айналмалы қозғалыстағы қатты дененің айналу өсіне жасайтын динамикалық реакциялары.
1
                     Машықтану сабақтары

5 тақырып. Берілген қозғалыс бойынша күштерді анықтау.Қозғалыстың дифференциялдық теңдеулері.
1
6 тақырып. Материялық нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Материялық нүктенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теорема.Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.
1
             Модуль 3  - созылу мен бұралу. 

                       Дәрістік сабақтар

Дәріс 13. Тік стерженнің созылуы және сығылуы Беріктік шарты үш түрлі есептер. Беріктікке тексеру, қима өлшемдерін іріктеу, мүмкіндік жүктемелерді табу. Бойлық және колденең деформация. 
1
Дәріс 14. Созылу мен сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған есептер. Деформацияны анықтау. 

Дәріс 15. Материалдардың созылу сығылу кезіндегі механикалық қасиеттері. Созылу, сығылудағы беріктік, қатаңдыққа есептеу. 
1
Дәріс 16. Пластикалық деформациялардың тегіндегі механизмі, дислокациялар, сырғанау сызқтары. Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда болатын кернеулер. Температуралық кернеулер.

Дәріс 17Ығысу және бұралу . Таза ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Ығысу модулі. Ығысу жағдайындағы кернеулі күй. Бас кернеулер. Изотропты материалдың серпімді тұрақтыларының  арасындағы тәуелділік. Ығысу кезіндегі көлем тұрақтылығы. Ығысу деформациясының меншікті потенциалдық энергиясы. Ығысу диаграммасы
1
Дәріс 18 Көлденең қимасы дөңгелек түзу сырықтың бұралуы. Бұраушы моменттер
1
Дәріс 19. Бұралудағы беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Ығысу мен бұралудағы деформацияның потенциялдық энергиясы. Көлденең қимасы дөңгелек түзу сырықтың бұралуы. Бұраушы моменттер. Көлденең қимадағы кернеулер. Өрістік инерция моменті. Бұралу бұрышы. Бұралу кезіндегі сырықтың қатаңдығы. Дөңгелек қималы бұралған сырық деформациясының потенциалдық энергиясы.
1
Дәріс 20. Тұтас дөңгелек және сақина пішінді көлденең қималы сырықты беріктікке және қатаңдыққа есептеу. Бұраушы моменттер, жанама кернеулер мен бұралу бұрыштарының эпюрлері. Бұралу кезіндегі статикалық тұрғыдан анықталмайтын есептер
1
                     Машықтану сабақтары

7 тақырып. Созылу мен сығылу кезіндегі стаикалық анықталмаған жүйелерді беріктікке 1есептеу.
1
8 тақырып. Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда болатын кернеулер. Температуралық кернеулер.
1
9 тақырып. Бұралу моменттерінң эпюрлерін салу. Дөңгелек қималы біліктерде пайда болатын кернеулерді анықтау.
1
10 тақырып. Біліктерді бұрағандағы деформациялар мен орын ауыстырулар. Бұралу бұрыштарының эпюрлерін салу. Беріктікке есептеу.
1
             Модуль 4  - Күрделі қарсыласу. 

                       Дәрістік сабақтар

Дәріс 21. Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу.
Күрделі қарсыласу түсініктемесі. Жүктемелерді түсіру әдістері. Күрделі қарсыласу кезіндегі кернеулі  -  деформацияланған күй түрлері. Қиғаш иілу. Кернеу. Нөлдік сызықтың орналасу жағдайы. Иілулер. Беріктікке есептеу.
1
Дәріс 22. Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу.
Күрделі қарсыласу түсініктемесі. Жүктемелерді түсіру әдістері. Күрделі қарсыласу кезіндегі кернеулі  -  деформацияланған күй түрлері. Қиғаш иілу. Кернеу. Нөлдік сызықтың орналасу жағдайы. Иілулер. Беріктікке есептеу.
1
Дәріс23. Күрделі кедергі. Центрден тыс сығылу мен соғылу. Центрден тыс созылу мен сығылу. Кернеу. Нөлдік сызықтың орналасу жағдайы. Қима ядросы. Беріктік шарты.
1
Дәріс24. Күрделі қарсыласу. Дөңгелек қималы сырықтардың иіліп бұралуы. Шектік күй болжамдарын қолданып, беріктікке есептеу.
1
                     Машықтану сабақтары

11 тақырып. Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу. Беріктікке есептеу.
1
12 тақырып. Күрделі қарсыласу . Центрден тыс созылу мен сығылу. Беріктікке есептеу.
1
             Модуль 4  - Рамаларды есептеу. 

                       Дәрістік сабақтар

Дәріс25.Статикалық анықталған рамаларды есептеу.        Жалпы түсініктер. Жай рамаларды аналитикалық есептеу. Рамалардағы тірек реакцияларын анықтау.
1
Дәріс26.Статитикалық анықталған рамаларды есептеу. Учаскелер бойынша көлденең күш және иілу моменттерінің теңдеулерін құру.

1
Дәріс27.Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштерінің эпюрлерін салу.
1
Дәріс28.Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Үш топсалы рамаларды аналитикалық есептеу. Олардың қарымта күштерін табу.
1
Дәріс29.Статикалық анықталған рамаларды есептеу. Үш топсалы рамаларды аналитикалық есептеу. Иілу моменттерінің, көлденең 1және бойлық күштердің эпюрлерін салу.
1
Дәріс 30. Деформация мен кернеуді зерттеудің эксперементальді әдістері. Қорытынды. 
1
                     Машықтану сабақтары

13 тақырып.  Статикалық анықталған жай рамаларды аналитикалық есептеу. Қарымта күштерді анықтау.
1
14 тақырып.  Статикалық анықталған жай рамаларды аналитикалық есептеу. Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштердің эпюрлерін салу.
1
15 тақырып.  Есептер шығарудың жалпы тәсілдерін қорытындылау
1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

5.1. ЕГТ  1. Нүктенің траекториясын, жылдамдығын және үдеуін анықтау.
2. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары.
5.2. ЕГТ 1. Нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін            интегралдау .
2. Кинетикалық энергияның өзгерісі жайлы теореманы қолдану.
5.3. ЕГТ 1. Ñîçûëó ìåí ñûғûëó êåçiíäåãi ñòàòèêàëûқ àíûқòàëìàғàí åñåïòåð.
2. Áұðàëó êåçiíäåãi ñòàòèêàëûқ àíûқòàëғàí  áiëiêòåðäi åñåïòåó.
5.4. ЕГТ   1. Қиғаш иілу. Беріктікке есептеу.
2. Центрден тыс созылу мен сығылу. Беріктікке есептеу.
	5.5. ЕГТ 1. Статикалық анықталған жай рамаларды аналитикалық есептеу.

6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Тақырып
Көрнекті құралдар, 
сұрақтар
Бақылау түрі
дәріс сабақ
Машықтану сабақтары



1
2
3
4
5
Дәріс 1-2 Кіріспе.
1 тақырып. Нүкте қозғалысының траекториясы және теңдеуі. Нүкте жылдамдығы.
Таком көпірі  -  видеофильмі

Әдебиеттермен танысу, оларды алу

Дәріс 3-4 Нүкте кинематикасы.
2 тақырып. Нүкте қозғалысының траекториясы және теңдеуі. Нүкте үдеуі
Әдістемелік нұсқау.Плакаттар,
Әдебиеттермен танысу, 

Дәріс 5-6 Нүкте кинематикасы. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары.
3 тақырып. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы.



Дәріс 7-8 Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Қатты дененің қозғалмайтын өсті айнала қозғалуы. 
4 тақырып. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Қатты дененің қозғалмайтын өсті айнала қозғалуы.
Әдістемелік нұсқау

тестік бақылау
Дәріс 9-10 Нүкте динамикасы. Қозғалыстың дифференциялдық теңдеулері.

5 тақырып. Берілген қозғалыс бойынша күштерді анықтау. Қозғалыстың дифференциялдық теңдеулері.


ауызша жауап
Дәріс 11-12 Теориялық механиканың негізгі теоремалары.

6 тақырып. Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. 
Әдістемелік нұсқау

ауызша жауап
Дәріс 13-14  Созылу мен сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған жүйелерді беріктікке есептеу.

7 тақырып. Созылу мен сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған жүйелерді беріктікке есептеу.


ауызша жауап
Дәріс 15-16 Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда болатын кернеулер. Температуралық кернеулер.
8 тақырып. Жеке сырықтарды дайындауда жіберілген қателерден пайда 
Әдістемелік нұсқау

тестік бақылау
Дәріс 17-18  Бұралу моменттерінң эпюрлерін салу. Дөңгелек қималы біліктерде пайда болатын кернеулерді анықтау.
9 тақырып. Дөңгелек қималы біліктерде пайда болатын кернеулерді анықтау.


ауызша жауап
Дәріс 19-20 Біліктерді бұрағандағы деформациялар мен орын ауыстырулар. Бұралу бұрыштарының эпюрлерін салу. Беріктікке есептеу.
10 тақырып. Біліктерді бұрағандағы деформациялар мен орын ауыстырулар. Бұралу бұрыштарының эпюрлерін салу. 
Әдістемелік нұсқау

ауызша жауап
Дәріс 21-22 Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу. Беріктікке есептеу.
11 тақырып. Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу. Беріктікке есептеу.


ауызша жауап
Дәріс 23-24 Центрден тыс созылу мен сығылу. Беріктікке есептеу.

12 тақырып. Центрден тыс созылу мен сығылу. Беріктікке есептеу.
Әдістемелік нұсқау

тестік бақылау
Дәріс 25-26 Статикалық анықталған жай рамаларды аналитикалық есептеу.
13 тақырып.  рамаларды аналитикалық есептеу. 


ауызша жауап
Дәріс 27-28 Статикалық анықталған жай рамаларды аналитикалық есептеу. Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштердің эпюрлерін салу.
14 тақырып.  Статикалық рамаларды аналитикалық есептеу. Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштердің эпюрлерін салу.
Әдістемелік нұсқау

тестік бақылау, аралық бақылау
Дәріс 29-30 Статикалық анықталған үштопсалы рамаларды аналитикалық есептеу.
15 тақырып.  Есептер шығарудың жалпы тәсілдерін қорытындылау




7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАССЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ
                                                                  Кесте 4 
Оқу, оқу-әдістемелік құралдарының атауы
Экземпляр саны
Студент
тер саны
Қамсыздану үлесі
1. З.М. Рахымбекова <<Материалдар кедергісі>>, Алматы <<мектеп>> 1987 ж.
65
10
100
2. С.Д.Тәжібаев <<Қолданбалы механика>> Адматы <<білім>> 1994 ж.
47
10
100
3.  Аманжол Нұғыман. Теориялық механика негіздері. Алматы. 2006ж.
31
10
100
4. Дарков А.В., Шапиро Г.С. Сопротивление материалов. М.: Высшая школа, 1975.-354 с. (сырттай оқытуға арналған)
75
10
100
5. Әдістемелік құралдар: Дәрістер жинағы, машықтану сабақтары, өздік жұмыстар жинағы мен олардың орындалу реті, бақылау сұрақтары . 2008ж.
73
10
100

8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі
8.1.1 З.М. Рахымбекова <<Материалдар кедергісі>>, Алматы <<мектеп>> 1987 ж.
8.1.2 М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков <<Материалдар кедергісі және құрылыс механикасытеориялар негіздері>> Алматы <<білім>> 1994 ж.
8.1.3 С.Д.Тәжібаев <<Қолданбалы механика>> Алматы <<білім>> 1994 ж.
8.1.4 Аманжол Нұғыман. Теориялық механика негіздері. Алматы. 2006ж.
8.1.5  Дарков А.В., Шапиро Г.С. Сопротивление материалов. М.: Высшая школа, 1975.-354 с. (сырттай оқытуға арналған)
8.2 Қосымша
8.2.1 Феодосьев В.И. Сопротивление материалов.  - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2000.-592 с.
8.2.2 Писаренко Г.С., Агарев В.А. и др. Сопротивление материалов.  - Киев: Висща школа, 1986.-775 с.
8.1.3 Тарг С.М. Краткий курс теоретической механики. М., 1998 и предыдущие издания.
8.1.4 Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. М., 1986 и предыдущие издания.
Пәндер