Файл қосу
Қазақ тілінде кім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-16.1.32/03-2015 ПОӘК <<Қазіргі қазақ тілі негіздері>> пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар ______2015 жылғы № 2 басылым 5В020700 <<Аударма ісі>> мамандығына арналған <<Қазіргі қазақ тілі негіздері>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2015 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Курстық жұмыстар (жоба) 5 Білім алушылардың өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Агглютинация - қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Ассимляция - дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы Грамматика - тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім Дивергенция - ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин Конвергенция - бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин Лексикология - тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы Лингвистика - тіл туралы ғылым Лингвист - тіл маманы Морфология - тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім Морфема - сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі Ономасиология - заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім Омофон - грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин Пунктуация - тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала Просодия - сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы Семиотика - таңбалар жүйесі Семантика - мағына деген ұғымды білдіреді Сема - морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі Семасиология - сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы Синтаксис - сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала Синхрония - гректің бір кездегі Супплетивизм - итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі Сингармонизм - сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім Фонетика - тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы Фузия - аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс Этимология - жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы 2 ДӘРІС 1 модуль. Фонетика №1 Дәріс. <<Қазіргі қазақ тілі >> пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі >> пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындау Жоспар: * Қазіргі қазақ тілі >> пәнінің зерттеу нысаны. * Пәннің мазмұны мен міндеттері "Қазіргі қазақ тілі" пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері . "Қазіргі қазақ тілі" пәні қазақ тіл білімінің әртүрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өзгерістерге ұшырауын, қолданылу ерекшеліктерін және басқа тілдермен басқа түсу құбылыстарын зерттейді. Пәнді оқытудың негізгі объектісі "Қазіргі қазақ тілі" тіл білімі туралы ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы тілдік тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесі туралы, сөздің грамматикалық мағыналары, сөз тіркестерінің түрлері, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдердің синтаксистік ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары туралы, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы оқулықтар, оқу құралдары болып табылады. Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Курстың мақсат-міндеті: Студенттерді тіл туралы ғылымның негізімең таныстырады, атап айтқанда, тілдің ішкі кұрылымы мен оның коғамдық дамуын, тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесін т.б. мәселелерді қарастырады. Студенттердің кәсіби мамандығын терең игеруге жол ашады. Студент аталмыш курста лингвистикалық заңдылықтарды игеріп, оларды ғылыми түрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның кұрылымдық және жүйелік сипаттары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, қазақ тіл білімін зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы, т.б. мәселелер тұрғысында студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет. Дәрісті қорытындылау: Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. "Қазіргі қазақ тілі" пәнінің зерттеу нысаны. 2. Пәннің мазмұны мен міндеттері 3. Қазақ тілі туралы түсінік Әдебиеттер: 1. Болғанбаев Ә., "Қазақ тілінің лексикологиясы", 3-7 беттер; 2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы) Алматы: "Әділет" ЖҚМ, 1998, 6-бет. №2Дәріс. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия. Мақсаты: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия туралы білім беру Жоспар: 1. Үндестік заңы. 2. Буын үндестігі. 3. Дыбыс үндестігі. 4. Екпін тасымал. 5. Графика. Орфография. Орфоэпия. Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары - күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады. Сөйлеу мүшелеріне: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін жатады. Дыбыс және фонема Дыбысты айтамыз және естиміз. Дыбыс - тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Дыбыстар - тілдің мағыналық единицалары сөз бен сөз бөлшектерін құрастыратын материалдар ретінде қызмет атқарады. Фонетикада тағы бір маңызды болып табылатын бірлік - фонема. Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы. Дауысты дыбыстар Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы қатысады. Дауысты дыбыстар буын құрайды. Дауысты дыбыс түрлері. Тілдің қатысына қарай: Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у. Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и. Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у. Езулік: а, ә, ы, і, е, и. Жақтың қатысына қарай: Ашық дауыстылар: а, ә, ө, о, е. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у. Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлері. Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч. Дауыссыздардың айтылу жолына қарай түрлері. Шұғыл дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң. Ызың дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, н, ң Буын Буын - ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Буынға тән сипаттар: 1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек. 2. Буында мағына болмайды. 3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. 4. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос дауыссыздан басталмайды. 5. Бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай буын үшке бөлінеді: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Буын үндестігі Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі деп атайды. Дыбыстардың үндестігі буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай жалғанатын қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп аталады. Мысалы: балаларға, мектептерден. Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыстардың бір-бірінің ықпалына қарай үшке бөлінеді. 1. Ілгерінді ықпал - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі. 2. Кейінді ықпал - кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі. Мысалы: добы (доп-ы), тарағы (тарақ-ы). 3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Мысалы: Амангелді (Аманкелді).. Дәрісті қорытындылау: Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары - күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1.Үндестік заңы. 2.Буын үндестігі. 3.Дыбыс үндестігі. 4.Екпін, тасымал. 5.Графика. Орфография. Орфоэпия. Әдебиеттер: 1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965. 2 модуль. Лексикология Дәріс №3. Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам Мақсаты: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы түсінік қалыптастыру Жоспар: 1. Сөз - лексикалық бірлік. 2. Сөздік қор 3. сөздік құрам Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. сондай-ақ, тілге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен деушілік бар. Лексиканы, сөз байлығын тексеретін ғылымды лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды семасиология, ал сөздердің шығуын тексеретін ғылымды этимология дейді. Сөйтіп, лексикология ғылымы: семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді. Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізгі сөздік қор: адам, ай, күн, жер, су, от, ақ, қара, сары, он, бес, бару сияқты сөздер. Сөздік қор негізінде жасалған: бір, бірегей, бірдей, бір-бірінен, бір қыдыр: кірме сөздер: совет, колхоз, звено, ферма, комсомол, роман, поэма; көнерген сөздер: хат, патша, қазы, би, төре, сұлтан, бек, молда, садақ, қылыш; жаңа сөздер: химия, биология, физика; тіл білімі: бастауыш, баяндауыш; диалектизм: әйдік, әтешкүр, кереует, тонау, нән, пәс, пысқан, т.б. сөздер сөздік құрамға жатады. Сөйтіп, барлық сөздердің ұйтқысы болатын түбір сөздер сөздік қорға жатады. Мәселен, адам, ай, күн, жер, су, от, тау, тас, ек, мен, сен, ол, тон, жүру, көру, т.б. Бұлар - сөздік құрамның ішіндегі ең тұрақты элементтері. * Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер болуы керек. * Негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде сөз жасауға негіз болуы шарт. * Негізгі сөздік қор жалпы халыққа ортақ, түсінікті болуы керек. Негізгі сөздік сонау ерте дәуірден бермен қарай келе жатқан тұрақты сөздер тобы екендігін дәлелдейтін фактілер мыналар: * V ғасырға жататын Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштердегі жазуда ат, ер, сіз, отыз сөздерінің кездесуі; * VII-VIII ғасырға жататын Орхон-Енисей жазуларындағы сөздерде кіші, сіз, ол, өзім, ілгері, тысқары, көк, боз, сары, алты, он, отыз, т.б. сөздердің болуы. * Сондай-ақ, <<Құдатқу білік>>, <<Диуани луғат-ат түрік>> және <<Кодекс Куманикус>> шығармаларында кездесетін сөздердің күні бүгінге дейін азғантай ғана өзгеріспен қолданылуы. Күрделі сөздер Қос сөздер Тілімізде күрделі сөз жасаудың бір тәсілі - қос сөздер. Мысалы: Петр Чернов бет-ауызын екі білегімен кезек-кезек сүртіп, зеңбіректі тез-тез атады. Осындағы бетін сүртіп, аузын сүртті, не кезек сүртті, тез атады дегендермен салыстырып көрсек, олардың жеке айтылуындағы қалпынан қосарланып келуіндегі ұғымы кең. Бет-ауыз дегенде, оған маңдай да, мұрын да, көз де, иек те жатады. Сол сияқты кезек сөзі жеке тұрғанда қимылдық ұғымды білдірсе; кезек-кезек деп қосарлап айтқанда көптік ұғымды береді. Дәл сол тәрізді тез-тез қос сөзінің беретін ұғымы да жеке қолданудағыдан басқаша, дүркіндік ұғымды білдіреді. Осы үш түрлі сөздердің жасалу жолдары да бірдей емес. Бет-ауыз деген қос сөздің құрамына енген сөздердің мағыналары да, сыртқы тұлғалары да басқа-басқа. Ал кезек-кезек немесе тез-тез дегендерді алсақ, бір сөздің қайталануы арқылы жасалынған. Осыдан қос сөздердің мағыналарында болсын, жасалуында болсын ерекшеліктер барлығын аңғару қиын емес. Оларды жинақтап, төмендегідей таблицамен көрсетуге болады: Қос сөздердің емлесі туралы Қос сөздің құрамына енген сөздер бір-бірімен салаласа байланысады. Қос сөздер екі сыңарлы болып, үнемі дефис арқылы жазылады. Мысалы: алуан-алуан, жан-жануар, шай-пай, жым-жылас, әп-әдемі, т.б. Егер қос сөздердің аралығында -ма,-ме, -ба,-бе,-па, -пе,- ды,-ді, -да, -де тәрізді дәнекерлер болса, олар қос сөздің алдыңғы сыңарларымен бірігіп жазылады да, соңғы сыңарларынан дефис арқылы ажыратылады. Мысалы: қолма-қол, ауызба-ауыз, көзбе-көз, бетпе-бет, жекпе-жек, өзді-өзі, бірде-бір. Біріккен сөздер. Сөзден сөз тудырудың енді бір тәсілі - сөз бен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөздер бар. Біріккен сөздердің жазылу емлесі * Түбір сөздер ешқандай өзгеріске ұшырамай, айтылуындағы түбір тұлғалары сақталып біріккен сөздер сол күйінде, өзгеріссіз жазылады. Мысалы: асқабақ, Мергенбай, Ақтөбе, Жетісу, жетіжылдық, т.б. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған мына сөздер айтылу қалпында жазылады. * Күздігүні, жаздыгүні, белбеу, қолғабыс, Бегәлі, Торайғыров, Жанғазы, т.б. * Еш, бір әр кей, әлде сөздері есімдіктермен бірге жазылады да, есімдермен бірікпей, бөлек жазылады. * Қара торғай, ақ шелек, ақ сақал, соқыр теке сияқты сөздер тура мағынасында немесе қара, ақ, соқыр дегендер бөлек жазылып, анықтауыш қызметін атқарады, ал Қараторғай (құс аты), Қаракүйе (құрт), Жетіқарақшы (жұлдыз), ақшелек (ауру), ақсақал (қарт, қария), соқыртеке (ойын), т.б. сөздер алғашқы мағынасынан өзгеріп, жаңа мағынаға ие болғандықтан, бірге жазылады. Қысқарған сөздер Тіліміздегі күрделі сөздер тобына жататын сөздердің бірі - қысқарған сөздер. Әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауларын бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ, қысқартып айту әрі қысқартып жазу дәстүрге айналды. Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады. Қысқарған сөздер сөздерінің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚР- Қазақстан Республикасы. Дәрісті қорытындылау: Тілдегі сөздердің барлығының жиынтығы тілдің сөздік құрамына немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Өйткені, оған жоғарыда аталған кірме сөздер де, терминдер де, сондай-ақ диалектизмдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреуі сөздік құрамнан шығып жатады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 1. Қазақ тілінің сөз байлығы жөнінде 2. Лексикологияның салалары 3. Күрделі сөздер 4. Қос сөздер 5.Біріккен сөздердің емлесі Әдебиет: 1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант" баспасы, 2003, 91-96 - беттер. Дәріс №4. Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм. Мақсаты: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы, оладың қолданылу ерекшеліктері туралы білім беру Жоспар: 1. Сөз және мағына 2. Синоним. Омоним. Антоним. 3ү Табу. Эвфемизм Омоним деген термин гректің - біркелкі бірдей, <<онума>>- ат, атау деген сөзінен алынған. Сонда бұл термин біркелкі, бірдей атау дегенді, яғни, дыбысталуы бірдей, әр түрлі дегенді білдіреді. Дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей, мағыналары әр түрлі сөздерді омоним дейміз. Мысалы: жаз- зат есім, жаз- етістік, жаз-жай (дастарғанды), жаз-емде, сауықтыр. Ер- батыр, ер- еркек, атқа салынатын ер. Омоним сөздер көп мағыналыға ұқсайды. Бірақ сөздің көп мағыналы болуы мен омонимдер екеуі екі түрлі. Омонимдерді де, сөздің көп мағыналығын да былай ажыратамыз: мағыналары жағынан бір-біріне жақын болса, сөздің көп мағыналығы, ал сөздер бір-біріне мағыналық жағынан қашық болса; онда оның омоним болғаны. Мысалы: бас - бұл көп мағыналық. Себебі адамның дене мүшесі; іс-әрекет, құбылыстың алғашқы басталатын жері, көзі; төбе ; басқарушы; Ал егер сөздердің арасында мұндай байланыс болмаса, онда ол омоноим. Мәселен, бас - адамның дене мүшесі; бас - етістік; Бұл екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Омонимдердің түрі қазақ тілінде өте мол. Сондай-ақ, олардың жасалуы да алуан түрлі. Соның кейбіреуіне ғана тоқталайық. I.Түбір сөзден болған омонимдер. Түс: 1) Күн түс болды. 2) Түсінде ұшаққа отырды. 3) Пойыздан жүгін құшақтап, жас жігіт түсті. 4) Үсті-басы ақ қырау, түсі суық. II.Басқа тілден енген сөздер тілдегі сөздерге омоним болады: + Мата ( зат есім). 2) Мата - - етістік, мата-араб сөзі. + Сап - сапқа тұру, қатарға тұру. Алғашқы сап араб сөзі. + Мақта - әрі зат есім, әрі етістік. Бұл да араб тілінен енген зат есім. III.Туынды омонимдер. * Жасырын - сын есім. 2. Жасырын - етістік. * Саулық - зат есім - амандық,есендік. Саулық - зат есім - қозылы қой. * Қулық - зат есім-айлакерлік, арамдық. Қулық - зат есім-алғаш рет құлындаған бие. * Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздердің саны не бәрі 4-5-тен аспайды. Синонимдер кем дегенде, екі сөзден болады. Одан да көп сөздер болуы мүмкін. Синоним - мағыналас, мазмұндас сөздер. * Екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келіп, синонимдер жасалады: адам-кісі, ел-халық, алыс-қашық, үлкен- зор, надан-топас, нану-сену. * Кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлұмат- мәлімет. * Түбірлерге қосымшалар қосылып, негізгі түбір мен туынды түбір бірінен бірі синоним болады: жара-жарақат, ағын-ағыс, ық-ықтасын, қап-қапқыш, келін-келіншек. Тіліміздегі мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер деп атайды. Мұнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәндес болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі ырза. Барша жұртты сынадың (С.Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде ылат, кейде тірі, кейде өлі (І.Жансүгіров). Болыс екен кейде таң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мұстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылар (Ә.Сәрсенбаев). Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, тірі- өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлділер-әлсіздер, әділет-қиянат, түймедей-түйедей дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, нақ бірдей тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама- қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса, тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Дәрісті қорытындылау: Лексиканы, сөз байлығын тексеретін ғылымды лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды семасиология, ал сөздердің шығуын тексеретін ғылымды этимология дейді. Сөйтіп, лексикология ғылымы: семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. 2. Сөздің көп мағыналығы және омоним. 3. Синоним. Антоним Әдебиет: Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, "Фолиант" баспасы, 2003, 23-27-беттер. Дәріс №5. Сөз тіркестері. Фразеология. Мақсаты: Сөз тіркестері. Фразеология туралы, оладың қолданылу ерекшеліктері туралы білім беру Жоспар: 1. Сөз тіркестері. 2. Фразеология Сөз тіркесіне де, сөйлемге де материалдық негіз болатын - сөз. Сөз сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі болуы, кейде жеке сөйлем болып кетуі, күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін құрауы мүмкін. Сөз тіркестері, негізінен, екі немесе онан да көп сөздермен тіркесе келіп, белгілі бір ойды білдіреді. Сөз тіркестері тіл білімі ғылымында негізінен екі түрге бөлінеді; 1) еркін сөз тіркестері, 2) тұрақты сөз тіркестері - фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер. Мысал: оқушымен сөйлесу -- мұғаліммен сөйлесу - қойшымен сөйлесу; Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақи іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат - тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын мақтайды, сыңарлары: ешкімнің еркіне көнбей:, өзінен-өзі тіркесіп қойған; тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін (ерікті) тіркесіне (свободное сочетание слов) қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі (несвободное сочетание слов) немесе фразеологиялық оралым (фразеологический оборот) деп аталады. Фразеологиялық оарлымды фразеология зерттейді. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында,ит арқасы қиянда дейді. 3) Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жайлардың, дығдылардың негізінде пайда болуы мүмкін.Мысалы, орыс тіліндегі во всю ивановскую (мағынасы - <<өтте қатты, бар дауысымен>>) деген фразеологиялық оралымның шығу тегі былайша түсіндіріледі: Кремельдегі Ивановск алаңына адамдар көп жиналып,онда указдар, бұйрықтар жиналғандардың бәріне естілетіндейқатты дауыспен оқылатын болған. Указдар мен бұйрықтардың бар дауыспен жариялануы,қоңыраудың үні бүкіл алаңды (Ивановск алаңын) жаңғыртқан. Осыдан орыс тілінде <<бар даусымен айғайлау>> деген мағына кричать во всю ивановскую деген тіркеспен берілсе, <<қатты қорылдау>> деген мағына храпеть во всю ивановскую деген тіркеспен беріледі. 4) Уақыт өлшемі - <<сағат>>, <<минут>>, <<секунд>> деген ұғымдар жіне олардың атаулары . Бұл ұғымдар мен олардың атаулары жоқ кезінде белгілі бір іс - әрекеттің белгілі мерзім ішінде өтуіне белгілі мерзімде басталауы уақыт өлшемі ретінде пайдаланылған. Осыдан қазақ тілінде мезгілдік мағыналарды білдіретін бие сауым (уақыт), шай қайнатым (уақыт), ет асым(уақыт),күн арқан көтерілгенде,көз байлағанда ел орынға отырғанда, екпіндімен ақшамның арасында тәрізді сөз тіркестері пайда болған. Бұлар қазірде фразеологизмдік оралымдар ретінде танылады. Мысалы, қазақ тілінде ертеректегі негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығына тікелей қатысты ұғамдар мен атаулар кеңістік өлшемдеріне негіз етіп алынып, ат шаптырым жер, қозы көш жер, түйенің қолтығы терлемейтін жер,таяқ бойы қар жауса тәрізді тұрақты сөз тіркестері пайда болып, бұлар кеңістік өлшемдері ретінде танылған. 5) Фразеологиялық оралымдардың кейбіреулері профессионалды лексикадан ауысқан. Мысалы, орыс тіліндегі дело - табак ("жағдай өте жаман" деген мағынада) деген фразеологизм бурлактардың тілінен алынған. Мұның шығу төркіні мынадай жағдаймен байланыстырылады: бурлактар бұл сөзді өзенді кешіп өту кезінде темекі байланған қылқа мойынға судың жеткенін ескерту үшін айтатын болған.Фразеологиялық оралымдардың бұл ьобвна музыканттардың тілінен алынған играть первую скрипку ("бір істе басшы, жетекші болу"), попасть в тон ("біреуге не бірдемеге жағымды, тиімді іс істеу не сөз айту") деген тіркестр де жатқызылып жүр. Белгілі бір тілдің фразеологиялық құрамы аударма арқылы жасалған фразеологиялық оралымдармен де толығып отырады. Мысалы, тасбақа аяң ("черепаший шаг"), көз бояу ("втерать очки"), көз бояушылық ("очковтирателльства"). Балықшы балыөшыны алыстан көреді (рыбак рыбака видит из далека). Сонымен, фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған, олардың жасалуына сан алуан құбылыстар негіз болған Дәрісті қорытындылау: Тіл арқылы қатынастар жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық заңдарына орайласып, емін - еркін тіркесуінен синтаксистік единицалар - еркін (ерікті) сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады. Бірақ сөздер бір-бірімен жапатармағай тіркесе бермейді, мағыналарының үйлесімділігі болғанда ғана, тіркесіп жұмсалады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.еркін сөз тіркестері, 2.тұрақты сөз тіркестері - фразеологизмдер, 3.мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер. Әдебиет: Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 172-176- беттер. Дәріс №6. Лексикография. Этимология Мақсаты: Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік Түсіндірме сөздіктер Диалектологиялық сөздіктер туралы мағлұмат беру Жоспар: * Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік * Түсіндірме сөздіктер * Диалектологиялық сөздіктер * Салыстырмалы сөздіктер * Этимологиялық сөздіктер * Синонимдер сөздігі * Фразеологиялық сөздіктер * Аударма сөздіктер * Теминологиялық сөздіктер * Шет тілдер сөздігінің сөздігі Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады. Сөзіктердің тіл - тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Ленгвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түзі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беріді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері (современные словари ) деп аталады. 2. Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып,сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндеге сөздерді немесе лексикасының белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік ( неполный словарь) деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктер де, (мысалы, терменологиялық сөздік, синонимдер сөздігі,фразеологиялық сөздік және т.б.) жатқызуға болады. Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуде мақсат етеді. Орыс тілінде түсіндірме сөздік жасаудың мол тәжірбиесі бар. Содан орыс тілінің кеңес дәуіріндегі түсіндірме сөздігі жасалып, бірнеше жылдан кейін проф.Д. Н. Ушаковтың редакциясымен басылып шықты. Бұл еңбек орыс әдеби тілінің нормативті түсіндірме сөздігі ретінде жасалады. Орыс тілінідегі түсіндірме сөздіктің шағын түрі - С.И. Ожегов құрастырған <<Словарь русского языка>> деп аталатын сөздік. Бұл сөздік әрі нормативті, әрі түсіндірме - тарихи сөздік болып саналады. <<Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің>> І томы 1959 ж., ал ІІ томы 1961 ж. жарыққа шықты. Бұл <<Сөздік>> - қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі. Диалектологиялық сөздіктер және оларды құрастыру белгілі ғылыми мақсатта көздейді. Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын немесе говорларға тән сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Салыстырмалы сөздік те ғылыми мақсатты көздейді. Онда туыстас тілдердегі ортақ түбірлес сөздер беріледі; ондай сөздердің әр түрлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да, айырым жақтары да көрсетіледі. Акад. В.В. Радловтың <<Опыт словаря тюрских наречий>> деп аталатын 4 томдық сөздігінде де салыстырмалы мол материал берілген. Мысалы: <<Қол 1. рука человека, передняя нога животных, кисть руки; оң қол, сағ қол (Osm) правая рука; сол қолда по левой руке; 2. разветвление; ағач қолу (Osm) ветвь дерева, часть территории. 3. армия, войско, отряд; Ормон-Баттің атанған он сан Ноғаі - біраунуң ақылы он сан қолдаі (Kir.). 4. кусок материи; еккі қол пос два уска бумажной материи >>. Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін (этимологиясын), олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқындап көрсетуді мақсат етеді. Этимологиялық сөздік жасау - өте-мөте күрделі және қиын жұмыс. Этимологиялық сөздікте бірілетін қыруар сөздердің шығу тегін айқындау тарихи фонетика мен грамматиканың мәселелерін жете білуді қажет етеді. Синонимдер сөздігіне синонимдік қатарлар беріліп, әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық ерекшеліктері мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі. Синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тәртібі, мысалы, қай сөздің бұрын, қай сөздің кейін орналасуы, белгілі бір қағидаға негізделеді. Синонимдес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан сол топтағы сөздердің барлығының бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ жалпы мағынаны білдіретін сөз доминант сөз деп аталады. Мысалы, халық, ел, жұрт, халайық, әлеумет деген синонимдік қатардың құрамындағы доминант сөз - халық. Мысалы, орыс тілінің синонимдер сөздігіне большой деген сөз <<үлкен>> деген мағынасында громадный, огромный, гигантский, исполинский, коллосальный деген сөздердің синонимдік қатарында берілсе, <<ересек>> деген мағынасында взрослый,совершеннолетний, зрелый, великовозрастный деген сөздердің синонимдік қатарында берілген. Фразеологиялық сөздіктер белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді. "Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі" (редакциясын басқарған А.И.Молотоков) 1967 ж. жарық көрді. Бұл сөздікте фразеологиялық оралымдар оларды құрастырушы сыңарлардың алфавит тәртібі бойынша тізіліп, белгілі бір фразеологиялық оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып берілген. Сөздікте фразеологиялық оралымның мағынасы түсіндіріледі де, ол мағынаны ашып айқындайтындай әдебиеттен мысал беріледі. Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде керісінше, ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады. Әр түрлі тілдерде жасалған сөздіктердің ішінде ең көп кездесетіні - екі тілді аударма сөздіктер. 1. Аударма сөздіктерде бір тілдегі тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін екінші тілден балама боларлық тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерін тауып аудару тәсілі қолданылады.Мысалы: "Орысша - қазақша сөздікте": броситься в глаза - көзге түсу; влезть в долги - борышқа бату; их водой не разольешь - арасынан қыл өтпейді т.б. Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т.б. сан алуан салаларына қатысты терминдерді қамтып, оларды білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді. Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілді жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі - О.С.Ахманованың "Лингвистикалыө терминдер сөздігі" (М., 1966) деп аталатын еңбегі. Сөздікте лингвистика терминдердің білдіретін ғылым ұғымы түсіндірілген. Шет тілдер сөздерінің сөздігі (Словарь иностранных слов) шығу төркіні басқа тілдік сөздер мен терминдерге қысқаша түсінік беруді мақсат етеді. Шет тілдер сөздерінің сөздігі шығу төркіні басқа тілдік сөздердің бәрін бірдей емес, қоғамдық ғылымдар мен көпшілікке арналған ғылыми-техникалық әдебиетте, көркем әдебиет пен газет-журналдарда өолданылатын шет тілдік сөздер мн терминдерді қамтиды. Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология (гректің etimologia - ақиқат, шындық туралы ілім деген сөдеріне алынған) - тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу тарихын зерттейтін саласы. Этимология - этимондар, яғни сөздің ақиқат мәні, мағынасы туралы ілім. Дәрісті қорытындылау: Сөзіктердің тіл - тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Ленгвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түзі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беріді мақсат етеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік * Түсіндірме сөздіктер * Диалектологиялық сөздіктер * Салыстырмалы сөздіктер * Этимологиялық сөздіктер * Синонимдер сөздігі * Фразеологиялық сөздіктер * Аударма сөздіктер * Теминологиялық сөздіктер Әдебиет: К.Аханов Тіл білімінің негіздері, Алматы, 2003, 164-165-бет. 3-модуль. Морфология Дәріс №7. Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология Мақсаты: Грамматика және оның салалары Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат беру Жоспар. * Грамматика және оның салалары * Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат. * Түбір морфема мен негіз. * Аффистик морфема және олардың түрлері. * Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі. * Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі. Қазақ тілінде түбір сөздер негізінен екі, үш, бес, алты дыбысты болып келеді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, түбір сөздің құрамындағы дыбыстар саны неғұрлым аз болса, сол сөз көне сөз болады. Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың ұйтқысы, мағыналы бөлшегі. Мысалы: жұмысшылар деген сөзді алсақ, жұмыс түбір сөз, -шы-лар қосымша, ал осы екеуінен жасалған жұмысшылар қосымшалы сөз. Қосымшалардың жеке-дара тұрғанда, түбірге жалғанбай тұрған кезде өзіне тән ешқандай арнаулы мағынасы болмайды. Сондықтан, қосымшалар түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Қосымшалардың мағынасы түбір сөздің ықпалына еріп, өзгеріп, түрленіп отырады. Мысалы: -шы, -ле қосымшаларын жеке-дара алып қарасақ, ешқандай мағынаны білдірмейді. Енді осыларды мал, шеге, жұмыс сөздеріне қоссақ, онда малшы, шегеле, жұмысшы сөздері пайда болып, малшы, жұмысшы сөздері адам ұғымын білдіреді де, шегеле сөзі қимылдық ұғымды білдіреді. Демек, бұл қосымшалар түбірге жалғанғанда жай заттық ұғымдардан, екінші бір ұғымдарға ие болатын сөздерге ауысуға дәнекер болады. Бірінші топтағы су сөзі заттық ұғымды білдіретін, түбір сөз бұған - шы, -сын, -лық, -ат тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болды. Содай-ақ, екінші топтағы сөздердің де су сөзі - заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, ал бұдан - ла, -ар, -са,-сы жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық ұғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, бірін - сөз түрлендіретін жұрнақтар деп атаймыз. Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы: су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады. Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ. Мысалы: су, қызыл сөздеріне - ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мұнда алғашқы сөздер Жұрнақ жалғанған сөзіне не үстеме мағына, не бүтіндей жаңа мағына қосатын болса, жалғау жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне азын-аулық үстеме мағына беріп тұратын грамматикалық тұлға. Мысалы: Асқардың інісі Мәскеуде оқиды деген сөйлемді қосымшаларсыз Асқар... іні... Мәскеу... оқи... деп айтсақ, ешнәрсе түсіне алмаған болар едік. Мұнда біз жеке-жеке ұғымның атын ғана ұққан болар едік. Осындағы - дың, -сі, -да, -ды жалғаулары ең алдымен, бұл сөйлемді белгілі бір хабарды білдіру мәнінде жұмсауға көметеседі. Екіншіден, бұл қосымшалар осы сөйлемді бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіріп, байланыстырып тұр. Басқаша айтқанда, <<жалғау>> өзінің тура мағынасына сәйкес, сөз бен сөзді бір-бірімен ұластырушы қызметте жұмсалады. Жалғаулар да жұрнақтар сияқты дербес, жеке мағынада жұмсалмайды, өйткені бұлар да сөзден тыс Осылармен қоса қазақ тілінде өлі жұрнақтар делініп жүрген - ыз, -із, -з жұрнақтары арқылы берілетін көптік мағына морфологиялық тәсілге жатқызылып жүр. Бұл бірен-саран сөздерде болмаса, көп байқала бермейді. Мысалы: біз, сіз, көз, егіз. Кейбір қос сөздер де көптік жалғауынсыз-ақ көптік мағынаны береді. Мысалы: ән-күй, бала-шаға, тау-тау, т.б. Көптік жалғауы бірыңғай мүшелі сөйлемнің ішіндегі бірыңғай мүшелерінің әрқайсысына жалғанып жатпай-ақ ең соңғы мүшеге жалғанады. Мысалы: Зоопарктен қасқыр, арыстан, түлкі, аюларды көрдік. Тәуелдік жалғау да - сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Бұл бір заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді, меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады. Тәуелдік жалғауы дегенде, меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қоса-қабат жүреді. Меншіктеуші жақ жіктеу есімдіктерінің үш жағының (анайы түрі: мен, сен, ол, біз, сендер, олар; сыпайы түрі: сіз, сіздер) бірімен байланысты болып отырады. Осылардың қай-қайсысы болмасын ілік септігінің жалғауында тұрады. Жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге жалғанады. Мысалы: Мен инженермін. Сен инженерсің. Бүгін сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің. Сөздерге үш жақта, көпше, жекеше жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз. Қазақ тіліндегі сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі. + Бірінші топтағы сөздердің жіктелуі отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктер мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып, жекеше де, көпше де жіктеледі. Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің жіктелуі. Септік жалғауы да көптік жалғауы сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөз таптарымен де байланысқа түседі, тіпті өзді-өзі қарым-қатынасқа түседі. Мысалы: Олар мектепке келді. Олар мектепке дейін келді. Оқушылар мектепте оқиды. Септік жалғауларының сөздерді байланыстыратын қасиетіне көңіл аударайық. Жомарт жоспардың үшінші саласына көшті. Деген сөйлемдегі қосымшаларды алып тастасақ: Жомарт жоспар... үшінші саласы... көшті түрінде айтылып, байланыссыз сөздер тізбегі болар еді. Демек, бұл - дың, -на қосымшалары сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, септестіріп тұр. Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп (жәрдем, көмек, дәнекер) деген ұғымды береді. Осы сөзден туған септеу деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі-екі нәрсені (жіпті) жалғау, ұластыру; екіншісі-сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгерту жүйесі. Сөздерді септеу үшін оның жалғаулары арнаулы септіктерге жалғанатынын ескерген жөн. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Әрбір септікте сөз белгілі сұрақтарға жауап береді. Әрбір септікте тұрған сөздердің соңғы буындарының соңғы дыбыстарының ыңғайына қарай арнаулы қосымшалар бар. Сөздің қай септікте тұрғанын сұрағына қарай ажыратамыз. Септіктің сұрақтары кім? не? деген негізгі сұрақтан өрбиді. Атау септігі. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? Олар жекеше де, көпше де және тәуелді түрде қолданыла береді. Жалғаулары жоқ. Атау септігіндегі сөздер арқылы басқа септіктерді ажыратамыз. Олар сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Еңбектен еңбек туады. Ол - мұғалім. Мен қол сағат сатып алдым. Демек, атау септігіндегі сөздер заттар мен сын-құбылыс, сандарды атайды. Ілік септігі. Сұрақтары: кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Барыс септік. Сұрақтары: кімге? неге? қайда? кімдерге? нелерге? Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е. Олар ашық та жасырын да ке Табыс септігі. Сұрақтары: кімді? нені? Жалғаулары: -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н. Олар ашық та жасырын да келе береді. Ол етістікпен байланысып, амалмен, іспен қатынаста болады. Сөйлемде - толықтауыш. Табыс жалғаулы сөз нақты белгіні, нәрсені көрсеткенде немесе тәуелдік жалғаулы сөздермен келгенде ашық түрде келіп, тура толықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Сіз мына кітапты алыңыз. Жолдасымды көрдім. Жатыс септігі. Сұрақтары: кімде? неде? қайда? Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Ол мекендік, көлемдік, мезгілдік мағынада жұмсалады. Мысалы: Үшеуі жолда келе жатып бір уыс сұлы тауып алыпты(мекен). Байлық еңбекте, жерде(көлем). Сабақ қыркүйекте басталады. Шығыс септігі. Сұрақтары: кімнен? неден? қайдан? Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мағынасы: іс-әрекеттің орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін, т.б. Мысалы: Бұлақ таудан ағады. Көз көруден тыйылмас, көңіл сенуден тыйылмас. Шегірткеден қорыққан егін екпес. Абай осы отырғаннан таң атқанша тапжылған жоқ. Ойыншық қағаздан, темірден, ағаштан жасалған. Көмектес септігі. Сұрақтары: кіммен?немен? қалай? Жалғаулары: -мен, менен, -бен, -бенен, -пен, -пенен. Жалғауларының жуан түрі болмайды. Мағынасы мен қызметі алуан түрлі. Дәрісті қорытындылау: Сөздерді септеу үшін оның жалғаулары арнаулы септіктерге жалғанатынын ескерген жөн. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Әрбір септікте сөз белгілі сұрақтарға жауап береді. Әрбір септікте тұрған сөздердің соңғы буындарының соңғы дыбыстарының ыңғайына қарай арнаулы қосымшалар бар. Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Грамматика және оның салалары. * Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат. * Түбір морфема мен негіз. * Аффистик морфема және олардың түрлері. * Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі. * Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі. Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:"Фолиант" баспасы, 2003, 75-88 - беттер. Дәріс №8. Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік Мақсаты: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік туралы мағлүмат беру Жоспар: 1.Морфология. 2.Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. 3.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. 4. Сын есім лексика-грамматикалық сипаты Заттың (нәрсенің) атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады. Зат есімдер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ата, бала, оқушы сөздері кім? деген сұрауға жауап берсе, ағаш, дәптер сөздері не? деген сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде кім? сұрауы тек адамға қойылады, ал не? сұрауы қалған жанды да жансыз да зат есімдерге қойылады. Сын есім Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер қазақ тілінде көбінесе анықтауыш болып келеді. Қатыстық сын есімдер туынды сын есім болып табылады. Қатыстық сын есімдер зат есімдерге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Жеке тұрып, дербес, толық, мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына сөйлем мүшесі болу қасиеті де жоқ біраз сөздер бар. Ондай сөздер алдындағы есімдердің біріне көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: сырт, іш, асты, үсті, ара, қасы, жаны, маңы, түбі, алды деген сөздердің жеке тұрғанда мағыналары айқын болмай, көмескіленіп, солғындап қана көрінеді. Ал осыларды негізгі есімге тіркесек, тіркескен сөзіне көмекшілік мағына үстеп, оның мекенін, айналасын дәлелдеп көрсетіп тұрады. Көмекші сөздер қосарланып та келеді. Мысалы: жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы, т.б. Көлемдік қатынасты білдіретін көмекші есімдер көбінесе барыс, жатыс, шығыс септіктерінде жұмсалады. Тау басында тұрмыз. Тау басынан түсіп келеміз. Тау басына шықтық Көмекші есімдер негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Отан алдында борыштымыз. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. (мақал). Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді. (С.Мұқанов). Зат есімді талдаудың үлгісін ұсынамыз: Абайдың жайшылықтағы оқуынан Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор- құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 74-75-беттер. Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:"Фолиант", 2003, 111-112-беттер. Сын есімнің шырайлары Шырай түрлері Жұрнақтар және олардың мағынасы Мысалдар 1. Жай шырай әдемі, жақсы, ақ, қара 2. Салыстырмалы шырай а) (-рақ,-рек,-ырақ,-ірек) бір заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқылы бір-бірінен болмашы айырмашылығын білдіреді. Біздің үй сіздікінен кіші+рек Ол менен жас+ырақ б) (-лау,-леу,-дау,-деу,тау, -теу) орыс тілінің - оват, - еват жұрнақтарына сәйкес келеді. Сенің көйлегің әдемі+леу семіз+деу жұмсақ+тау биік+теу сары+лау в) (-қыл,-ғыл,-ғылт,-ғыш,-ғылтым,-қылтым,-шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім,-ілдір,-қай) зат түстерінің (сынның) кішірейтіліп, шамамен айтылғандығын білдіреді. қу+қыл боз+ғыл сұр+ғылт, сұр+ғылтым аш+қылтым ақ+шыл көк+шіл, көк+шілтім көк+ілдір қоңыр+қай 3. Күшейтпелі шырай Бірінші буынның қосарланған түріне <<п>> әрпінің қосылуы арқылы сап-сары қап-қара жап-жасыл 4. Асырмалы шырай Сын есімге ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті сөздерінің қоса айтылуы арқылы ең, өте, тым, аса, нағыз, тіпті ең тәуір адам өте жақсы тым биік тіпті жақын Сан есім Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдер неше? нешеу? нешінші? қанша? деген сұрақтарға жауап береді Түрлері Мысалдар I.Тұлғасына қарай 1. Негізгі екі,төрт, алпыс, отыз. 2.Туынды бірінші, екеу, бірер, елудей . II.Құрамына қарай 1.Дара бір, екі, бес, жүз, мың 2.Күрделі Он бес, бес жүз , бір мың алпыс III.Мағынасына қарай 1.Есептік Үш, төрт,жүз , мың. 2. Реттік бірінші, жүзінші, мыңыншы. 3. Жинақтық Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау , жетеу . 4. Топтау Он-оннан, бес-бестен, екі-екіден. 5. Болжалдық алпыстай, мыңдап, жүздеген. 6. Бөлшектік 2/5 бестен екі 25/10 екі бүтін оннан бес Есімдік Есім сөздерді ( зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады. Түрлері Мысалдар I.Тұлғасына қарай 1. Негізгі мен, сен, не, кім 2.Туынды біреу, мынау, қандай II.Құрамына қарай 1.Дара ол, анау, сонау, қанша 2.Күрделі бірнеше, ешкім , кейбіреу III.Мағынасына қарай 1.Жіктеу мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар 2. Сілтеу бұл, осы, мына, мынау, сол, ана, анау. 3. Сұрау кім? не? неше? қай? қандай? қалай? 4. Өздік өз 5. Белгісіздік біреу, кей, кейбір, бірдеңе, әр, әрбір 6. Болымсыздық ешкім, ешбір, ештеме, дәнеме, ешқашан 7. Жалпылау бәрі, барлық, бүкіл, барша, күллі, түгел Дәрісті қорытындылау: Жеке тұрып, дербес, толық, мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына сөйлем мүшесі болу қасиеті де жоқ біраз сөздер бар. Ондай сөздер алдындағы есімдердің біріне көмекшілік қызмет атқарады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Морфология. 2.Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. 3.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы:В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 110-бет. Дәріс №9. Етістік. Есімше. Көсемше Мақсаты: Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Етіс категогиясы. Шақ категориясы. Есімше. Көсемше туралы мағлұмат беру Жоспар: 1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты 2. Етіс категогиясы 3. Шақ категориясы 4. Есімше. Көсемше Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын білдіреді. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ). Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атайды. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді. 1. Осы шақ. 2. Келер шақ.3. Өткен шақ. Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Мысалы: Мен отырмын, мен жазып отырмын, мен жазамын, мен отырамын. Осы шақтың екі түрі бар. Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ. 1. Нақ осы шақ қимыл іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді. Ол жалаң да, күрделі де болып келеді. а) жалаң осы жақ жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктеріне жіктік жалғауының I, II жағында келуі арқылы жасалады. ә) Күрделі осы шақ негізгі етістіктің көсемше түріне жатыр, отыр, тұр, жүр деген төрт етістіктің біреуінің тіркесуі арқылы жасалады. Соңғы жатыр, отыр, тұр, жүр көмекші етістіктері жіктеледі де, көсемшелер өзгеріссіз қалады. Мысалы: оқып отыр - оқып отырмын; бара жатыр - бара жатырсың. 2. Ауыспалы осы шақ істің, процестің, құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді. Мысалы: құс ұшады, мал төлдейді, су ағады, от жанады. Қалған жағдайда келер шақта жұмсалады. Мысалы: келеді, барады, сөйлейді. Ауыспалы осы шақ -а-, -е-, -й жұрнақты көсемшелерге жігтік жалғауы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жаз-а-мын, үз-е-мін, сөйле-й-мін. Келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді. Мысалы: Пойыз уақытында келер. Ол оқуға бармақ. Мен ертең 7-де тұрамын. Осындағы келер, бармақ, тұрамын етістіктері істің болашақта орындалатындығын білдіріп тұр. Келер шақ: * Болжалды келер шақ. 2. Мақсатты келер шақ. 3. Ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді. Болашақта істің істелуі белгісіз болса, болжалды келер шақ деп аталады. Болжалды келер шақтың жұрнақтары: - ар, -ер, -р. Бұлар жіктеледі. Мысалы: Мен кел-ер-мін, қайт-ар-сың, ол отыр-ар. 2. Істің істелетінін мақсат ете көрсететін етістіктерді мақсатты келер шақ дейді. Мысалы: келмек, айтпақпын, жазбақпын, сөйлеспекпін, үйренбексіз т.б. Мақсатты келер шақтың жұрнақтары: - мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак, -пек. Бұлар жіктеледі. Мен келмекпін, сен келмексің, ол келмек. 3. Ауыспалы келер шақтың жасалуы келер шақтың жасалуымен бірдей, бірақ мағынасы ыңғайға қарай ажыратылады. Мысалы: Мен ертең сағат 7-де тұрамын, сендерге біз екі күннен кейін келеміз. Мұнда тұрамын, келеміз сөздері келер шақтық мағынада жұмсалып тұр, ал құс ұшады, ол орысша сөйлейді дегендегі ұшады, сөйлейді дегендер осы шақ мәнінде жұмсалып тұр. Өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіреді. Мысалы: Тұрар Мәскеуден келді. Ол Мәскеуден кеше келіпті. Осы екі сөздер екі мағына береді. Біріншіден, айтушы Тұрарды өзі көріп іле хабарлап тұр, екіншіден айтушы біреуден естіп, хабарлап отыр. Сондықтан өз көзімен көріп, жедел хабарлап тұрғандықтан, мұндай өткен шақты жедел өткен шақ дейміз де, біреуден естіп барып, содан кейін хабарлауды немесе бұрын көргенін бөгеліп барып хабарлауды бұрынғы өткен шақ дейміз. Мына сөйлемдерді салыстырып көрейік: Мен киноға баратынмын. Сен киноға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде іс, оқиға өткен шақтық мағынада болса, екіншіде келер шақтық мағынаны білдіріп тұр. Осындай, бір істің бірнеше рет қайталанып, дағдыға айналуын көрсететін түрі ауыспалы өткен шақ делінеді. Сөйтіп өткен шақ: 1. Жедел өткен шақ. 2. Бұрынғы өткен шақ. 3. Ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді: 1. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне - ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы мен I, II жақ жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-ды-м, бар-ды-ң т.б. 2. Бұрынғы өткен шақтың үш түрлі тұлғасы бар. а) Бұрынғы өткен шақ есімше тұлғасының - ған, -ген, -қан, -кен түріне жіктік жалғауының көрсеткіштері қосылу арқылы жасалады. Мысалы: ал-ған-мын, жап-қан-сың, кел-ген-біз, білген жоқпын, берген емеспіз т.б. Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын мағына мен тұлғаға бай категория - етістіктің рай категориясы. Мысалы: 1. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар (Ы.А.) 2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай). 3. Біз наурыз мерекесіне дайындалып жатырмыз. Асты сызылған етістіктердің негізгі түбірлері (оқы, жақ, ескер, тексер, дайындал, жат). Бұлар бұйрық райдың екінші жағында тұр және түрлі косымшалармен осы шақ, келер шақ, өткен шақ тұлғаларында келген. Осындай етістіктің жаққа, шаққа т.б. түрленуін етістіктің райы дейміз. Етістіктің төрт түрлі райы бар: 1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б. 2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б. Осындағы етістіктің II жақ жекеше түрі етістіктің негізгі түбіріне сәйкес келеді. Мысалы: жаз-дыр, кел-тір, тұр-ғыз, бар-ғыз, айт-тыр т.б. II жақта бұйрық райдың анайы, сыпайы түрі және әрқайсысының жекеше, көпше түрі бар. 3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей (Абай). Мұнда қарынның тоюының шарты - еңбек ету. Шартты рай - етістіктің түбіріне және етіс түбіріне -са, -се жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Бұл жұрнақтардан кейін I, II жақтың жіктік жалғауының жекеше, көпше түрлері жалғанады. III жақта жіктік жалғауы болмайды: сөйлесе, сөйле-се-м, айт-саң. Бұлардан шартты райдың болымсыз түрлері де жасалады. Мысалы: біл-ме-се-м, біл-ме-се-к т.б. Мұнда да болымсыз етістіктің жұрнақтары етістіктің түбіріне жалғанады. 4. Қалау рай. Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды. а) Қалау рай етістік пен етістің түбіріне - қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, одан кейін тәулдік жалғауы қосылу арқылы және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді, сөйлескім келді, кеткіміз келді. Қалау райдың болымсыз түрі кел етістігіне -ме болымсыз жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Жазғым кел-ме-ді. Сөйлескіміз кел-ме-й-ді, Алғымыз кел-ме-ді. Алғым кел-ме-с еді, Алғым кел-ме-ген екен т.б. Қалау рай шартты райдың етістікке игі деген сөзбен жіктелген көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: сөйлесе игі еді, барса игі етті, таныса игі еді, ұмытпаса игі еді. Дәрісті қорытындылау: Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Етіс категогиясы. Шақ категориясы. Есімше. Көсемше Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты 2. Етіс категогиясы 3. Шақ категориясы Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:"Фолиант", 2003, 164-165-беттер. Дәріс №10 Үстеу. Еліктеу сөздер. Мақсаты: 1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары.Үстеудің жасалу жолдары туралы мағлұмат беру Жоспар: 1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары. 2.Үстеудің жасалу жолдары Іс-әрекеттің заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады. Түрлері Мысалдар I. Тұлғасына қарай 1. Негізгі әрең, әзер , әрі , бері , дәл , сәл 2. Туынды ескіше , мұнша , жаяулап , астыртын II. Құрамына қарай 1. Дара ерте , кеш , тым , ерекше , басқаша , қыстай , кешке III. Мағынасына қарай 2. Күрделі а) биыл, бүгін , бірталай, біраз ә) анда-санда , қысы-жазы , б) алдын-ала , күні кеше * Мезгіл қашан? қашаннан? кеше , бүгін , ертең , қазір , кешке , ертемен, ертесіне , таңертең , түнеугүні , жаздыгүні , биыл , былтыр, анда-санда * Мекен қайда? Куда?), қайдан? әрі , бері , жоғары , төмен , алға, ілгері , артқа , ішке , іште , мұнда , сонда * Мөлшер қанша? қаншама? қаншадан? Сонша, соншама, онша емес , едәуір, бірталай , бір-бірден 4. Сын-бейне қалай? қалайша? , қайтіп? әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, түгел, ауызша, өзгеше, осылай , тікелей, бірге, зорға 5. Күшейту қалай? қайтіп? қандай? аса, нағыз, ең, тым, айырықша, әбден, 6. Мақсат неге?, не үшін? не мақсатпен? әдейі, біле тұра, жорта, қасақана 7. Себеп-салдар неліктен? не себепті? қалай? бекерге, босқа, текке, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан 8. Топтау қалай? қаншалап? Екеулеп, бір-бірлеп, он-ондап, аз-аздан, бас-басына, жұп-жұбымен, рет-ретімен I. Категориялық мағынасы Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден және табиғи көріністердің бейнеленуінен пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді. Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: тырс-тырс (тамшы), сылдыр-сылдыр (бұлақ), тарс-тарс (есікті ұру), қарш-қарш (шайнау), пыр-пыр (ұйықтау) т.б. Заттардың, құбылыстардың түрлі сын-сипатын, қимыл-қозғалыстарын көру арқылы қабылдап бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: жалт (қарау), қалт (етті), селк (етті), маң-маң (басу), зып (ету), жалт-жұлт (көріну) т.б. II. Морфологиялық белгісі Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды, құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Жұрнақтар арқылы туынды еліктеу сөздер жасалады. III. Синтаксистік қызметі Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады Күрделі мүше құрамында баяндауыш қызметін атқарады Субстантивтеніп, толықтауыш қызметін атқарады Еліктеу сөздер Мағынасына қарай Тұлғасына қарай Құрамына қарай Еліктеуіш Негізгі Дара Бейнелеуіш Туынды Күрделі Дәрісті қорытындылау: Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды, құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Жұрнақтар арқылы туынды еліктеу сөздер жасалады. Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады Күрделі мүше құрамында баяндауыш қызметін атқарады Субстантивтеніп, толықтауыш қызметін атқарады Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары. 2.Үстеудің жасалу жолдары Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:"Фолиант", 2003, 181-182-беттер. Дәріс №11. Шылау. Одағай Мақсаты: 1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметітуралы білім жетілдіру Жоспар: 1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, 2.шылаудың түрлері. 3.Одағай сөздер. 4.Одағайдың сөйлемдегі қызметі Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөленеді: 1. Септеулік шылау; 2. Жалғаулық шылау; 3. Демеулік шылау. Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тіліндегі <<союзы>> ден аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді. Демеуліктер өзі шылаудан тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Демеуліктер Аудармасы Мысалдар 1. Күшейткіш-шектік Ғана (қана), ғой (қой), әсіресе, -ақ, -ау только, особенно, же Ол саяжайға Арланды ғана алды Мен жемістерді жақсы көремін, әсіресе алмұртты Мынау дәптер ғой 2. Сұраулық ма, ме, ба, бе, па, пе, ше ли, а Ол бара ма? Сен ше? Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын, көніл-күйін сезім арқылы білдіретін сөз одағай деп аталады. Одағайдың атап көрсететін қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес. Мысалы: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың! Ойбай, ауырттың! Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! Рақмет, Айбек, рақмет! - Кеш жарық!- деді Аханов Дәрісті қорытындылау. .Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметі Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, 2.шылаудың түрлері. 3.Одағай сөздер. 4.Одағайдың сөйлемдегі қызметі Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 119-120-беттер. 4-модуль. Синтаксис Дәріс№12. Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері. Мақсаты. Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері туралы білім жетілдіру Жоспар: 1. Синтаксистің салалары. 2. сөздің және оның формасының синтаксисі 3. Құрмалас сөйлем түрлері Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, құрау, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сойлем түрлерін, олардың құрылымын, жасау жолдарын және сөйлемнің тыныс белгілерін қою ережелерін корсетеді. Синтаксис төрт салаға бөлінеді: 1) сөздің және оның формасының синтаксисі; 2) сөз тіркесінің синтаксисі; 3) жай сөйлемнің синтаксисі; 4) құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Дәрісті қорытындылау: Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Синтаксис туралы түсінік. 2.Синтаксистің салалары 3. жай сөйлемнің синтаксисі; 4. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Әдебиет: Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 172-176- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 19-82-беттер. Дәріс №13 Сөз және сөз тіркесі Мақсаты: Жоспар: Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы бөлімдерден тұрады. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен мағына арқылы байланысады. Сөйлем бірнеше сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады. Сөздің және оның формасының синтаксисі. Сөз формаларының құрамы: синтетикалық формалар және аналитикалық формалар болып екіге бөлінеді. Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар. Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды. Дәрісті қортындылау: Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Синтаксис туралы түсінік. 2.Синтаксистің салалары 3. жай сөйлемнің синтаксисі; 4. құрмалас сөйлемнің синтаксисі Әдебиет: 1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант" баспасы, 2003, 91-96 - беттер. 2. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 177-182- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 83-190-беттер Дәріс №14. Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем. Мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем түрлері, олрдың жасалу жолдары туралы мәлімет беру Жоспар: 1.Сөйлем құрылысына қарай түрлері 2 Сөйлем мүшелері 3. Айтылу мақсатына қарай түрлері Сөйлем құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: * Дара және күрделі. * Атаулы. * Жақты және жақсыз. * Толымды және толымсыз. Интонациясына қарай төрт түрге бөлінеді: 1. Хабарлы. 2. Сұраулы. 3. Бұйрықты. 4. Лепті. Сөйлем мүшелері Сөйлем мүшелері Сұрақтары Айтылады Мысалдар Тұрлау-лы 1. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? Сөз таптарының барлығымен Жолаушылар пойызға отырды. Он екіге бөлінеді. Үлкендер залда отыр. Біз институтта оқимыз. 2. Баяндауыш не істеді? не қылды? қайтті? Әр түрлі сөз таптарымен Аман кітап оқыды. Мен инженермін. Олардың үйі осында. Тұрлау-сыз 1. Толықтауыш Атау мен Іліктен басқа септік сұрақтары Тура толықтауыш табыс септігінде айтылады. Жанама толықтауыш басқа септіктерде айтылады. Сен айтқан кітапты /нені?/ оқыдым. Кітаппен /немен?/ жұмыс істедім. 2.Пысықтауыш қайда? қашан? қалай? не мақсат-пен? Үстеумен айтылады Біз жаңа жылды қуанышпен қарсы алдық. Кеше біз жиналыс өткіздік. 3. Анықтауыш қандай? кімнің? ненің? Сын, есіммен айтылады. Күміс сағат үстелдің үстінде жатыр. Келетіндердің билеттері осында. Арманның кітабы. Дәрісті қорытындылау: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем түрлері, олрдың жасалу жолдары Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Дара және күрделі сөйлем. * Атаулы сөйлем. * Жақты және жақсыз жақсыз сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Әдебиет: 1. Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 122-бет. Дәріс №15. Құрмалас сөйлем синтаксисі Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлері, жасалу жолдары туралы білім беру Жоспар: 1.Құрмалас сөйлем синтаксисі 2. Салалас құрмалас сөйлем 3. Сабақтас құрмалас сөйлем 4. Аралас құрмалас сөйлем Жай сөйлем бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді. Салалас құрмалас сөйлем Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі салаластар. 1. Ыңғайлас салаластардың жалғаулықтары: және, да, де, та, те, әрі. Ыңғайлас салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Еркеш ірімшікті мақтай бастады, басқалары бас көтермей жеуге кірісті. Еркеш ірімшікті мақтай бастады да, басқалары бас көтермей жеуге кірісті. 2. Себеп-салдар салаластың жалғаулықтары: өйткені, себебі, сондықтан. Себеп-салдар салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын, өйткені ол менен жеті жас кіші інім. Шәкен туралы ешнәрсе айта алмаймын, - жете таныс емеспін. т.б. 3. Қарсылықты салаластың жалғаулықтары: бірақ, алайда, дегенмен, сонда да. Қарсылықты салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Жау қолында бар құралдың бәрін жұмсағанмен, кейін шегінуге мәжбүр болды. Жау қолында бар құралдың бәрін жұмсады, алайда кейін шегінуге мәжбүр болды. 4. Кезектес салаластың жалғаулықтары: бірде, біресе, кейде. Мысалы: Бірде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді. 5. Талғаулы салаластың жалғаулықтары: я, яки, не, әлде, немесе, болмаса, әйтпесе, мейлі, құй. Мысалы: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. 6. Түсіндірмелі салаластың жалғаулықтары: сол, соншалық, сонша, соншама, сондай. Түсіндірмелі салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын былғады, біреулері оның атын айғайлады. Жұрттың бәрі соған қарай дүрліккені сонша - біреу қолын былғады, біреулері оның атын айғайлады. Сабақтас құрмалас сөйлем Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар. 1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: а) Бағыныңқының баяндауышы - са/ -се формалы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық істесең, оны біреуге міндет етпе. ә) Кейде шартты бағыныңқының баяндауышы - қан, -кен, -да, -де, -й, -ынша, -інше формалы етістік болып келеді. Мысалы: Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. 2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: - са де, -се де; - ған, -ы, -ма - са; - ған, -мен де; - ған -ша, -ген - ше; -ған - ы - на т.б. Мысалы: Жиналыстың аяқталғанын күтпестен, Ермек шығып кетті. 3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -дай. Мысалы: Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды. 4. Себеп-салдар бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: -ған - дық - тан, -қан - ы үшін, -қан соң, -й, -ып, -іп, -п, ашық рай мен деп көсемшесі. Мысалы: Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ. 5. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: -ған, -да, -па - с - тан, -у - дан, -ғалы, -гелі, -са, -се, ысы, -ісі. Мысалы: Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады. 6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы: үшін; -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекке болып, ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркеседі. Мысалы: Ат аяғының дүбірі естілмесін деп, олар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. Көп бағыныңқы сабақтаста бір басыңқы, екі не одан да көп бағыныңқы компанент болады. Мысал: Жұмысым өнсін десең, өткеге өкінгің келмесе, уақытыңды ұтымды пайдалана біл. Аралас құрмалас сөйлем синтаксисі. (1 сағ). Аралас құрмалас сөйлем Бір сөйлемнің ішінде әрі салаласқан, әрі сабақтаса байланысып келген сөйлемдердің тіркесін аралас құрмалас сөйлемдеп атайды. Аралас құрмалас сөйлем жасалу жолдарынын ерекшелігіне орай шылаусыз аралас құрмалас сөйлем, шылаулы аралас құрмалас сөйлем деп екіге бөлінеді. 1. Шылаусыз аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі, кімде-кім өзінің мінін көре алмаса, оның саяздығы. 2. Шылаулы аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Биыл қар ерте кетіп еді, бірақ сәуір бойы қара суық болып, жас төлдер далаға жайыла алмады. Дәрісті қорытындылау: Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Құрмалас сөйлем синтаксисі 2. Салалас құрмалас сөйлем 3. Сабақтас құрмалас сөйлем 4. Аралас құрмалас сөйлем Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 219-247- беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 192-308-беттер; 3. Қ.Есенов "Құрмалас сөйлемнің синтаксисі", Алматы, 1995 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР 1 модуль. Фонетика 1-тәжірибелік сабақ. Кіріспе. <<Қазіргі қазақ тілі >> пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері Мақсаты: Кіріспе. <<Қазіргі қазақ тілі >> пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындау Әдістемелік нұсқаулық: Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындауда дәріс материалдарын пайдалану, қосымша дерек көздерін пайдалану Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып жауап беру. Әдебиет: Болғанбаев Ә., "Қазақ тілінің лексикологиясы", 3-7 беттер; Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы) Алматы: "Әділет" ЖҚМ, 1998, 6-бет. 2-тәжірибелік сабақ. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия. Мақсаты: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия қосымша дерек көздеріен қарастыру Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:. Жаттығуларды орындау 1-жаттығу. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды тауып, оған түсінік беріңіз. Жол үстінде іштей бір байламға келген жігіт ел жатқанша екі-үш кісіні жан-жаққа шаптырып, бас-аяғы бір күннің ішінде игі жақсыларды жиып алды. Бұл сөзді жүрегіне кек алған ашаң неміс қасындағы солдатқа немісшелеп, дауысын көтере сөйлеп, бірдеңені айтып жатты. Мен Ленинградқа пойызбен келіп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Біз Торонтодан шығып, АҚШ-пен шекаралықтағы ұлы көлдерге жол тарттық. 2-жаттығу. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын анықтаңыз. Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді. Оңашалау тігілген қонақ үйдің сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алдында Керімбайдың өзі, одан сәл кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен әкесіне сәлем берген. Әдебиет. 1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Қазақ университеті, 1993. 2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы, 1993 2-Модуль. Лексикология 3-тәжірибелік сабақ. Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам Мақсаты: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам дерек көздерінен қарастыру Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. сондай-ақ, тілге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен дейді. 1.Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер болуы керек. 2. Негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде сөз жасауға негіз болуы шарт. 3. Негізгі сөздік қор жалпы халыққа ортақ, түсінікті болуы керек. Әдебиет: 1. Ш.Бектұров. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант", 2003, 30-31- беттер. 4-тәжірибелік сабақ Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм. Мақсаты: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм. Әдебиет: 1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, "Фолиант" баспасы, 2003, 23-27-беттер. 5-тәжірибелік сабақ Сөз тіркестері. Фразеология Мақсаты: Сөз тіркестері. Фразеология туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Сөз тіркестері. Фразеология қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Сөз тіркесіне де, сөйлемге де материалдық негіз болатын - сөз. Сөз сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі болуы, кейде жеке сөйлем болып кетуі, күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін құрауы мүмкін. Сөз тіркестері, негізінен, екі немесе онан да көп сөздермен тіркесе келіп, белгілі бір ойды білдіреді. Сөз тіркестері тіл білімі ғылымында негізінен екі түрге бөлінеді; 1) еркін сөз тіркестері, 2) тұрақты сөз тіркестері - фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер. Әдебиет: Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 172-176- беттер. 6-тәжірибелік сабақ Лексикография. Этимология Мақсаты: Лексикография. Этимологи туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Лексикография. Этимология қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар * Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік * Түсіндірме сөздіктер * Диалектологиялық сөздіктер * Салыстырмалы сөздіктер * Этимологиялық сөздіктер * Синонимдер сөздігі * Фразеологиялық сөздіктер * Аударма сөздіктер * Теминологиялық сөздіктер * Шет тілдер сөздігінің сөздігі Әдебиет: 1.К.Аханов Тіл білімінің негіздері, Алматы, 2003, 164-165-бет. 3-модуль. Морфология 7-тәжірибелік сабақ Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология) Мақсаты: Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология) туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Морфология. Морфемика. Сөзжасам (дервитология) қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Грамматика және рның салалары. * Сөздің морфологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектері туралы мағлұмат. * Түбір морфема мен негіз. * Аффистик морфема және олардың түрлері. * Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі. * Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі. Әдебиет: 1. Бектұров Ш. К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант", 2003, 69-90- беттер. 8-тәжірибелік сабақ Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік Мақсаты: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Түрлері мен жасалу жолдарын мысалдар келтіру арқылы жауап беру. Жаттығу жұмыстарын орындау. Әдебиет: Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 80-115- беттер. 9-тәжірибелік сабақ Етістік. Есімше. Көсемше Мақсаты: Етістік. Есімше. Көсемше туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Етістік. Есімше. Көсемше қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Етістік Заттың қимылын, ісін, күй-жайын білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік сөйлемде көбінесе баяндауыш қызметін атқарады. Не істеді? Не қылды? Не істелінді? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Етістік істің белгілі бір уақытта (шақта) болатынын білдіреді. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ). Етістіктің шақтары Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атайды. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді. 1. Осы шақ. 2. Келер шақ.3. Өткен шақ. Етістіктің райлары Етістіктің төрт түрлі райы бар: 1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б. 2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б. 3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр. 4. Қалау рай. Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды. Қалау рай етістік пен етістің түбіріне - қы, -кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, одан кейін тәулдік жалғауы қосылу арқылы және бұдан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады. Мысалы: білгім келеді, айтқым келеді, санағым келеді, сөйлескім келді, кеткіміз келді. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 117-133- беттер. 2. А. Ысқақов "Қазіргі қазақ тілі. Морфология". Алматы, 1967, 67-82- беттер. 10-тәжірибелік сабақ Үстеу. Еліктеу сөздер Мақсаты: Үстеу. Еліктеу сөздер туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Үстеу. Еліктеу сөздер қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Үстеу Іс-әрекеттің заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады. Еліктеу сөздер I. Категориялық мағынасы Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден және табиғи көріністердің бейнеленуінен пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді. Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: тырс-тырс (тамшы), сылдыр-сылдыр (бұлақ), тарс-тарс (есікті ұру), қарш-қарш (шайнау), пыр-пыр (ұйықтау) т.б. Заттардың, құбылыстардың түрлі сын-сипатын, қимыл-қозғалыстарын көру арқылы қабылдап бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: жалт (қарау), қалт (етті), селк (етті), маң-маң (басу), зып (ету), жалт-жұлт (көріну) т.б. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 134-137- беттер, 145-146-беттер. ; 2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, "Фолиант" баспасы, 2003, 166-171-беттер, 181-182-беттер. 11-тәжірибелік сабақ Шылау. Одағай Мақсаты: Шылау. Одағай туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Шылау. Одағай қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Шылау, түрлері Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөленеді: 1. Септеулік шылау; 2. Жалғаулық шылау; 3. Демеулік шылау. Шылаулардың түрлері мен жасалу жолдарының ерекшеліктері мен мағыналары. Одағай Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын, көніл-күйін сезім арқылы білдіретін сөз одағай деп аталады. Одағайдың атап көрсететін қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес. Мысалы: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың! Ойбай, ауырттың! Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! Рақмет, Айбек, рақмет! - Кеш жарық!- деді Аханов. Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 119-120-беттер. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 138-145- беттер. 2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант" баспасы, 2003, 171-180-беттер. 4-Модуль. Синтаксис 12-тәжірибелік сабақ Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері Мақсаты: Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері. Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, құрау, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сойлем түрлерін, олардың құрылымын, жасау жолдарын және сөйлемнің тыныс белгілерін қою ережелерін корсетеді. Синтаксис төрт салаға бөлінеді: 1) сөздің және оның формасының синтаксисі; 2) сөз тіркесінің синтаксисі; 3) жай сөйлемнің синтаксисі; 4) құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Әдебиет: 1. Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: "Фолиант" баспасы, 2003, 69-73 - беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 3-18-беттер. 13-тәжірибелік сабақ Сөз және сөз тіркесі синтаксисі Мақсаты: Сөз және сөз тіркесі синтаксисі туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Сөз және сөз тіркесі синтаксисі қосымша материалдармен жқмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Сөз тіркесі. Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы бөлімдерден тұрады. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен мағына арқылы байланысады. Сөйлем бірнеше сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады. Сөз тіркестерінің алғашқы (бағыныңқы), соңғы (басыңқы) компоненттерінің қай сөз табынан болғанына қарай олар есімді және етістікті сөз тіркесі деп бөлінеді. Сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай қазақ тілінде сөз тіркесінің бес түрі бар: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу. Сөздің және оның формасының синтаксисі. Сөз формаларының құрамы: синтетикалық формалар және аналитикалық формалар болып екіге бөлінеді. Күрделі сөздер. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 172-176- беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 19-82-беттер. 14-тәжірибелік сабақ Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем Мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем қосымша материалдармен жқмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар. Сөйлем. Сөйлем құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: * Дара және күрделі. * Атаулы. * Жақты және жақсыз. * Толымды және толымсыз. Интонациясына қарай төрт түрге бөлінеді: 1. Хабарлы. 2. Сұраулы. 3. Бұйрықты. 4. Лепті. Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Анықтауыш. Толықтауыш. Пысықтауыш. Жасалу жолдары, атқаратын қызметі. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 177-182- беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 83-190-беттер. 15-тәжірибелік сабақ Құрмалас сөйлем синтаксисі Мақсаты: Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы білім жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Құрмалас сөйлем синтаксисі қосымша материалдармен жұмыс жасау Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Құрмалас сөйлем Жай сөйлем бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді. Салалас құрмалас сөйлем Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі салаластар. Сабақтас құрмалас сөйлем Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар. Әдебиет: 1. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Алматы. "Атамұра", 2006ж. 307-309- беттер; 2. М.Балақаев, Т.Қордабаев "Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис", Алматы, 1986, 192-308-беттер; 3. Қ.Есенов "Құрмалас сөйлемнің синтаксисі", Алматы, 1995. 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР (ЖОБА) 4.1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 4.1.1 Орфографиядағы қиындықтар 4.1.2 Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негіздері сөздік қоры 4.1.3 Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның ара қатынасы 4.1.4 Сөздік құрамның жалпы сипаты 4.1.5 Лексикология. Лексикологияның салалары 4.1.6 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы 4.1.7 Сөздің көп мағыналығы 4.1.8 Омоним. Синоним. Антоним 4.1.9 Түбір сөздер мен туынды сөздер 4.1.10 Түркі тілдеріне ортақ сөздер 4.1.11 Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты 4.1.12 Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдары 4.1.13 Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі, қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу. І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, М.Копыленко мектептерінің қалыптасуы. Ш.Балли, В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия т.б. зерттеу еңбектері 4.1.14 Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері 4.1.15 Синтаксис туралы түсінік 5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ БОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар Оқытудың негізгі объектісі "Қазіргі қазақ тілі" тіл білімі туралы ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы тілдік тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесі туралы, сөздің грамматикалық мағыналары, сөз тіркестерінің түрлері, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдердің синтаксистік ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары туралы, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы оқулықтар, оқу құралдары болып табылады. Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы ғылыми түсінік алу студенттердің тіл білімі ғылымы туралы өзіндік ойы мен біліктіктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді СОӨЖ тапсырмалары № Тақырыбы Мақсаты мен мазмұны Әдебиеттер тізімі балл Орындалу мерзімі Бақылау түрі 1 Фонетика. Тіл дыбыстарының жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат 1-7, 9, 11, 12, 14, 16 1-4 1-апта Кесте толтыру, конспект 2 Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Үндестік заңы, ықпал заңдары туралы мағлұмат беру. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. 1-7, 9, 12, 14, 16 1-4 2-апта Жаттығу жұмыстарын орындау, ффонетикалық талдау жүргізу 3 Лексикология. Лексикологияның салалары. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері, оларды оқытуды тіл дамытумен байланыстыру. 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 3-апта Сөздердің тура және ауыспалы мағына-сына көркем шығармадан мысалдар теру 4 Сөздің көп мағыналығы және омоним. Синоним. Антоним Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің ролі, омограф, омофондар жайында түсінік беру 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 4-апта Көркем шығармадан омоним мен көп мағыналы сөздерді теріп жазу, жаттығу жұмыстарын жүргізу 5 Қазақ тілінің фразеологиясы Қазақ тілінің фразеологиясы туралы толық мағлұмат беру 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 5-апта Көркем әдебиеттерден тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашу. Фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау 6 Қазақ тілінің лексикографиясы Тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зертеу жөніндегі үлкен бір саласы. Тілдегі сөздерді бір жүйеге келтіріп қарастырады. 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 6апта Лингвистикалық сөздіктермен жұмыс жасау 7 Сөзжасам. Туынды сөздердің жасалу тәсілдері. Сөзжасам тәсілдері Сөзжасам жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы екендігін түсіндіру 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 7-апта Жаттығу жұмыстарын орындап, талдау жүргізу 8 Грамматика. Морфология. Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Грамматика салалары, сөздердің жасалуы мен түрленуі, туралы мағлұмат беру.Сөз таптарын тортастыру принциптері. Зат есімнің жалғаулар арқылы түрленуі 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 8-апта Конспект жазу, кесте толтыру 9 Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты Сын есім мен сан есімнің лексмка-грамматмкалық сипаты туралы толық мағлұмат беру 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 9апта Жаттығу жұмыстарын жүргізу 10 Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты Есімдіктің түрлері, айырмащылықтары, емлесі. Етістіктің есімдерден ерекшелігі, категориялары. 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 10-апта Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау 11 Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары. Үстеудің жасалу жолдары Үстеудің жасалу жолдары, үстеудің шылауға, көмекші есімге ұқсастығы, ажырату жолдары 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 11-апта Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау 12 Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық түрлері Шылаудың әр түрін дербас сөзге тіркеп, оның мағынасын шылау тіркеспенген түрімен салыстыру, шылаудың қандай формалы сөздерге тіркесетініне жаттықтыру. Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Еліктеуіш сөздердің морфологиялық сипаты 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 12-апта Көркем шығармадан мысалдар жинап, морфологиялық талдау жасау. Жаттығу жұмыстарын орындау 13 Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі синтаксисі Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксис грамматиканың бір саласы екендігі, синтаксистің негізгі зерттеу нысаны. 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 13-апта Жаттығу жұмыстарын орындау 14 Жай сөйлем синтаксисі Құрмалас сөйлемдер мен күрделі синтаксистік тұтастықтарды құруға қатысатындығын, сөз тіркестерінің және сөздердің формаларынан тұратындығын білу 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 14-апта Жаттығу жұмыстарын орындау. Синтаксистук талдау жасау 15 Құрмалас сөйлем синтаксисі Күрделі синтаксистік тұтастықтарды құруға қатысады. Жай сөйлемдерден тұрады. 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 15-апта Қорытынды тест БӨЖ тапсырмалары және БӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар БӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы ғылыми түсінік алу студенттердің тіл білімі ғылымы туралы өзіндік ойы мен біліктіктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді БӨЖ тапсырмалары № Тақырыбы Мақсаты мен мазмұны Әдебиеттер тізімі балл Орындалу мерзімі Бақылау түрі 1 Дыбыстау мүшелері және оның қызметі Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі жөніндегі студенттердің білімін жетілдіру 1-7, 9, 11, 12, 14, 16 1- 4 1-апта Сатылай комплексті талдау 2 А.Байтұрсыновтың <<Жазу мәселесі>> мақаласы Студенттердің қосымша материалдармен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру 1-7, 9, 12, 14, 16 1-4 2-апта Конспект жазу 3 Орфоэпиялық норма туралы түсінік Орфографиялық норманы жетілдіру 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 3-апта Жаттығу, деңгейлік тапсырмалар орындау 4 Махмут Қашқаридің <<Диуани лұғат ат-түрік>> сөздігі Сөздікпен жұмыс жасауға машықтандыру 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 4-апта Реферат 5 Мақал-мәтелдердің айтылу мақсатына қарай түрлері Мақал-мәтелдердің түрлерін анықтау 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 5-апта Мақал-мәтел түрлеріне мысалдар келтіріп, топтап көрсету 6 Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің түрлері Тұрақты тіркестердің талай замандар бойында жасалып, сөйлеу мәдениетінде өзіндік бар екендігін ұғыну 2-8, 12, 13, 16, 18 1-4 6-апта Тұрақты тіркестер қатыстырып, сөйлемдер құрастыру. 7 Синоним. Синонимдік қатар Синоним сөздердің қолданылуына мән беру 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 7-апта Синонимдер сөздігімен жұмыс жасау, карточка жасау 8 Зат есімнің тәуелденуі Тәуелдік жалғаудың басқа қосымшалар мен омоним түрлері, оларды ажырату жолдары 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 8-апта Конспект 9 Сын есім шырайлары Сын есім шырайлары, түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 9-апта Көркем әдебиеттерден мысал теру 10 Есімдіктің септелуі Есімдіктің түрленуінің қай сөз табының орнына қолануымен байланыстылығы 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 10-апта Карточка толтыру 11 Етістіктің рай категориясы Етістіктің рай категориясы туралы білім жетілдіру 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 11-апта Конспект 12 Тіліміздегі одағай сөздердің қызметі Одағайлардың сөйлемдегі қызметі, одағаймен байланысты тіл дамыту жұмыстары 1-5, 7, 10, 12, 13, 13, 18 1-4 12-апта Қөркем әдебиеттерден мысал теру 13 Сөз тіркесі және оның зерттелуі Сөз тіркестерінің түрлері. Есімді және етістікті сөз тіркестерінің ерекшеліктері 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 13-апта Конспект 14 Сөйлем мүшелері Сөйлем мүшесі болудың шарттары 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 14-апта Көркем әдебиеттерден мысал келтіру, талдау жасау 15 Құрмалас сөйлемнің түрлері Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері 1-5, 10, 12, 13, 15, 16, 17, 18 1-4 15-апта Синтаксистік толық талдау жүргізу Бақылау түрлері тест тапсырмалары * Синонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Оқта-текте, ләм-мим. B) Жас, жастық, жастан. C) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту. D) Жанын жалдау, көлік жалдау. E) Сағыну, сағынбау. * Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) Етпетінен жығылды. B) Дереу жетті. C) Тез келді. D) Амалсыздан көнді. E) Жорта сөйледі. * Демеулікті табыңыз. A) қарай, тарта, жайында. B) пен, да, әйтпесе. C) бірақ, өйткені, егер. D) сайын, үшін, бері. E) ше, ау, ды. * Тыныштықты сақтаймыз - тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз. A) Шылау. B) Дауыс ырғағы. C) Орын тәртібі. D) Жалғау. E) Септеулік шылау. * Ойдың иесі бар сөйлемді табыңыз. A) Бұл іспен шатастыруға болмайды. B) Нариман саумал қымызды тамсана ішті. C) Сараның қалаға баруына тура келді. D) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды. E) Орындалған арман. * Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз. A) Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас. B) Дала жым-жырт. C) Асығып тез аттандық. D) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті. E) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнады. * Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз. A) Радио арқылы сөйлеспек. B) Жұмыс аумағы бүгін үш есе ұлғайды. C) Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз бе? D) Әр халықтың өзінше жаңа жылы болады. E) Құлаш мойын қара нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады. * Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт. B) Әні өте әдемі еді. C) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады. D) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды. E) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. * Қыстырма сөзді табыңыз. A) О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен. B) Пай-пай, бала-ай, даусың қандай! C) Арысыңды арыстан жеді. D) Түнеугүні, әлі есімде, үңгірге бардық. E) Тынышталшы, балақай. * Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. A) Қазақстан Республикасының <<Тіл туралы>> Заңы шықты. B) <<Еңбек адамды биікке жетелер>>, - деді Ақнұр. C) <<Жақсы сөз жараны да жазар>> дегендей, балаға әке тәрбиесі керек. D) <<Қорғансыздың күні>> әңгімесін оқиық. E) <<Қазақ солдаты>> романы талданды. * Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан. A) Қыстырма сөз. B) Айқындауыш. C) Бірыңғай мүше. D) Оқшау сөз. E) Құрмалас. * Қабаттаса қолданылған тыныс белгілердің қалып қойғаны бар ма, көрсетіңіз.<<Өзім алып шықсам қайтеді>> деп ойлады ұста. A) Сұрақ белгісі, үтір. B) Сұрақ белгісі, сызықша. C) Леп белгісі, үтір. D) Сызықша, көп нүкте. E) Үтір, сызықша. * Кейінді ықпалды көрсетіңіз. A) Бұлтты күні. B) Құрманбек. C) Қызыл күрең. D) Базаралы. E) Тобылғы. * Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз. A) Әбден шаршау. B) Бірталай күн. C) Жорта амандасу. D) Ертеден қалыптасқан. E) Соншама күлу. * Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Қарағым-ау, әнің әдемі екен. B) Пайда ойлама, ар ойла. C) Даналық халық сөзінде екен. D) Е, жақсы болып қалды. E) Түу, бұл кісі неткен білімді! * "Өңеші қызарды" деген фразеологиялық тіркестің мағынасын анықтаңыз. A) Қызғанды. B) Ұялды. C) Дауласты. D) Ашуын басты. E) Сыр бермеді. * Қимыл-сын пысықтауыштардың сұрағының дұрыс емесін белгілеңіз. A) Қашан? B) Қайтіп? C) Қалайша? D) Қанша рет? E) Қалай? * Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Жігіттің иығында аузы торлаған қоржын. B) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты. C) Торлама қауынның ғажап исі аңқиды. D) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды. E) Торлама кестең әдемі-ақ. * Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз. A) Түнгі. B) Сөзшең. C) Бұзса. D) Достық. E) Сенбеді. * Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. A) -т. B) -ған, -ген. C) -ын, -ін. D) -қыз, -кіз. E) -да, -де. * Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз. A) (Ала) орамал. B) (Ала) жаздай. C) (Ала) бота. D) (Ала) көйлек. E) (Ала) көңіл. * Туынды үстеуді табыңыз. A) Ерте, бұрын. B) Әрмен, бермен. C) Бұлбұлша, жаздай. D) Қасақана, жорта. E) Бағана, соңыра. * Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.Жұқа кітап. A) Дауыс ырғағы. B) Шылау. C) Жалғау. D) Септік жалғау. E) Орын тәртібі. * Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз. A) Кешегі жұмысты бітір. B) Гүл- жердің көркі. C) Сара келді. D) Батыр жеңді. E) Жазықсыз жазалама. * Жақсыз сөйлемді табыңыз. A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды. B) Болашақ жастардікі. C) Етіс - етістіктің бір түрі. D) ''Ештеңе'' - есімдік. E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды. * Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз. A) Асан әкесінің көп жылдардан бері колхоздың жылқысын бағатынын айтты. B) Жанат орнын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті. C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды. D) Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. E) Мұз қатқанына екі ай болды. * Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді көрсетіңіз. A) Бірақ, мұның сорына министр бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. B) Бірақ, мұның сорына - министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. C) Бірақ, мұның сорына, министр бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. D) Бірақ мұның сорына министр, бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. E) Бірақ, мұның сорына министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. * Үтірдің қойылмайтын жерін анықтаңыз. A) Бірыңғай мүшелердің арасында. B) Қыстырма сөзден кейін. C) Одағай сөзден кейін. D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында. E) Қаратпа сөздің екі жағынан. * Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді табыңыз. A) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері. B) Үңгір іші қараңғылана түсті. C) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр. D) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды. E) Көңіл кірлесе, сол жаман. * Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз. A) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. B) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды. C) Есіктің киізін олай итерем- былай итерем, ашылмайды. D) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды. E) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды. * Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз. A) Маңы, жеңіл. B) Төбесі, бұрғы. C) Жаны, арасы. D) Ортасы, жүрісі. E) Тұсы, тарағы. * Үстеу қызметін анықтаңыз.Елдің бәрі осында. A) Толықтауыш. B) Пысықтауыш. C) Анықтауыш. D) Бастауыш. E) Баяндауыш. * Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз. A) Ердің сыншысы - ел. B) Ол кеше кешкісін келіп еді. C) Елге баруға мүмкіншілік жоқ. D) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді. E) Дала тіршілігі енді басталды. * Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. A) Тауда жаңа ғана жаңбыр жауып өтті. B) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. C) Тапсырманы тез орында. D) Асқардың өміріне қызықты. E) Әсетке бола ағасы келіпті. * Жақты сөйлемді табыңыз. A) Қанша ойлану керек. B) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын. C) Сонша шырқап не керек? D) Түн іші. E) Мұныңызға нануға болады. * Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың. B) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетеді. C) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды. D) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. E) Ол өте науқастанып қалғандықтан, бара алмады. * Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз. A) Мә, мынаны қарай тұр. B) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. C) Жақсы, сынап берейін. D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? E) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. * Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Аияиын. B) Аяйын. C) Айайын. D) Айяйын. E) Аяйн. * Сабақты етістікті табыңыз. A) Келді. B) Мақтанба. C) Шықты. D) Барма. E) Бердім. * Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. A) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы. B) Саят өте еңбекқор еді. C) Пайда, мақтан - бәрі тұл. D) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. E) Ол да, ол тұрған село да жас еді. * Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан сөйлем атауын табыңыз. A) Желілес сөйлем. B) Толымсыз сөйлем. C) Атаулы сөйлем. D) Жақсыз сөйлем. E) Толымды сөйлем. * Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз. A) Талғаулы. B) Ыңғайлас. C) Себеп-салдар. D) Кезектес. E) Қарсылықты. * Қаратпа сөзді табыңыз. A) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді, абырой әпереді. B) Қысқасы, оқиға бітті, шешілді. C) Бір топ адам егінге беттеді. D) Дәурен кітапханаға кетті. E) Жатпалық, жастар, жатпалық * Төл сөзді сөйлемді табыңыз. A) ''Осы күні сол ара - жайнаған қызыл гүл'',- дейді. B) Балалардың соңғы ермегі- ''Ақсүйек'', ''Соқыр теке''. C) Сауатты болу дегеніміз- дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. D) Сен дегенде сөз бар ма? E) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ. * Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз. A) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты. B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың. C) Дегенмен, мен жаңылмаппын. D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. E) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын * Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз. A) Көрмес түйені де көрмес. B) Көрмес - түйені де - көрмес. C) Көрмес - түйені де көрмес. D) Көрмес түйені де - көрмес. E) Көрмес түйені - де көрмес. * Жазылуы мен айтылуында сәйкестік бар сөзді табыңыз. A) Көрімбеді. B) Түңгі. C) Қанат. D) Құлұқсыздық. E) Әргім. * Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. A) -да, -де. B) -ған, -ген. C) -ын, -ін. D) -қыз, -кіз. E) -т. * Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді табыңыз. A) Уілдеген желді түндер. B) Айдалада бес-алты тас үй. C) Ол Мейраш ұстаны қатты сыйлайды. D) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. E) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. * Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.Сұрғылт тұман дым бүркіп,Барқыт бешпент сулайды (Абай). A) Көсемше. B) Есімше. C) Ортақ етіс. D) Етістікке септік жалғауы. E) Шартты рай. * Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз. A) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. B) Жақсы, сынап берейін. C) Мә, мынаны қарай тұр. D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? E) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. * Жай сөйлемді табыңыз. A) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді. B) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. C) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. D) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді. E) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді. * Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. A) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. D) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. E) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі - күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. * Жақты сөйлем 2, 3-жақта тұрады, бірақ мағынасы 1,2,3 жақтың бәріне ортақ болғандағы атауы. A) Атаулы сөйлем B) Жалпылама жақты сөйлем C) Жақсыз сөйлем D) Толымсыз сөйлем E) Толымды сөйлем * Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды. B) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып қалды, өйткені әбден шаршаған еді. C) Ауа райы түзелді, орақ басталды. D) Маған олар я жетер, я жетпес. E) Оны бірде мұз айдынында көрдік, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік. * Сын-қимыл үстеулі тіркесті табыңыз. A) Қасақана үндемеді. B) Әрі-бері жүрді. C) Недәуір ұзын. D) Амалсыздан көнді. E) Бостан-бос жүрді. * Қай қосымша дұрыс жалғанған, дұрысын көрсетіңіз. A) Педагогтар. B) Машинистке. C) Ведомостьқа. D) Тарихтің. E) Фактіні. * Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) Ұлттық ойындар мыналар: "Алтыбақан", "Тоғызқұмалақ", "Ақсүйек". B) Біз бастаңғы жасап жатырмыз. C) Күші жағынан арыстандай кісі. D) Тіл - адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. E) Жаңа жеккен ат басымен алысады. * Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.Жұқа кітап. A) Шылау. B) Дауыс ырғағы. C) Жалғау. D) Септік жалғау. E) Орын тәртібі. * Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз. A) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас. B) Түсіндірмелі салалас. C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. D) Шартты бағыныңқылы сабақтас. E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. 5. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ Өзгерістің рет нөмірі Құжаттың тарауы, пункті Өзгеріс түрі (ауыстыру, жою, қосу) Хабарламаның нөмірі және күні Өзгеріс енгізілді Күні Аты-жөні, қолы, қызметі 6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ № о/қ Қызметі Аты-жөні Уақыты Қолы Өзгерту № Уақыты Қолы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz