Файл қосу
Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты УМКД УМКД 042-16.1.32/02-2013 УМКД <<Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері>> пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы ______2013 жылғы № 3 басылым 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған <<Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Мұқанова Қ.Қ. - қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к. _____________ <<___>> ___________20___ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К. 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 3 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Мұқанова Қ.Қ. - қазақ тілі кафедрасының доценті, п.ғ.к. Телефон: Кафедра: Қазақ тілі Кафедраның мекен-жайы: Ақпараттық қатынас: телефон: Сабақ өтетін орын: Кредит саны: 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудың мақсаты: <<Қазақ тілін әдістемесінің мәселелері>> - институттың филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі. <<Қазақ тілін әдістемесінің мәселелері>>курсының негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру. Пәнді оқытудың міндеттері: * Қазақ тілі оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары туралы мағлұмат беру; * Әдістемелік мұра және оны танып-талдау; * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар еңбектерінің маңызын түсінідіру; * Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орнын таныту; * қазіргі кезеңдегі әдістемелік еңбектерге шолу, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, әдістемені заман талабына сай жаңарту мәселелері. Пән мазмұны: * Пәнді оқыту нәтижесінде ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтарын меңгеру; * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдарын білу 3.5 Курстың пререквизиттері: <<Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы>> курсын меңгеру үшін студенттер келесі пәндерді қосымша оқу қажет: * Қазқа тілін оқыту әдістемесі * Педагогика * Этнопедагогика * Қазіргі қазақ тілі * Тіл біліміне кіріспе 3.6 Пәннің постреквизиті: пән туралы білім келесі пәндерді меңгерту үшін қажет: * Қазақ тілінің лексикологиясы; * Қазақ тілінің сөзжасамы; * Қазақ тілінің морфологиясы. * Қазақ тілінің синтаксисі 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ 1 Кесте № Тақырыптар атауы сағаттар әдебиеттер Дәріс Тәжір ОСӨЖ СӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері. 2 1 1 5 1, Б. 3-9 2, Б. 3-8 3, Б. 3-11 4, Б. 3-12 2 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер 2 1 1 4 1, Б. 12-23 2, Б. 8-37 3, Б. 11-20 4, Б. 12-23 3 Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. 2 1 1 5 3, Б. 25-37 4, Б. 64-68 8, Б. 23-38 9, Б. 63-67 4 Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы 2 1 2 5 2, Б. 37-53 4, Б.38-78 5, 24-28 5 Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері 2 2 4 2, Б. 53-61 4, Б. 80-92 5, Б. 20-24 6 Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. 2 1 2 5 2, Б.63-68 4, Б.92-125 5, Б. 25-37 7 Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер 2 1 2 3 2, Б. 52-68; 79-132 4, Б. 126-134; 134-166 7, 38-41 8 Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі 2 1 1 3 2, Б.133-148 4, Б. 166-183 5, Б. 42-45 9 Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қ.Басымов еңбектерінің маңызы 2 1 1 4 2, Б. 148-164 4, Б. 183-190 5, Б. 46-48 10 Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны 2 1 1 3 2, Б. 164-178 4, Б. 191-207 6, Б. 95-120 11 Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым 2 1 1 3 2. Б. 179-200 4, Б. 207-222 6. Б. 121-132 12 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. 2 1 2 4 2, Б.200-322 4, Б.222-333 8, Б. 12-24 13 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. 2 2 2 5 2, Б. 200-322 4, Б. 222-333 8, Б. 64-71 14 Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. 2 1 1 5 2, Б. 322-331 4, Б. 333-344 7, Б. 72-81 15 Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы 2 1 3 2, Б. 332-349 4, Б.344-358 3, Б. 82-86 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ <<Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері>> курсы негізінде кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту; Қазақ тілі жүйесін мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету; Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу; Қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖСӨЖ мақсаты - әдістеме саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады: * курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; * әдістеме ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы. Студенттердің өздік жұмысы - бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ <<Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері>> пәнінің ұпайларға бөлінуі Апта Бақылау түрі Барлық ұпай Ескерту 1 2 3 4 1-аптадан 8-апта аралығында дәріске қатысу 30 1 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 2 Семинар ОСӨЖ СӨЖ 27 3 3 3 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 4 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 5 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 6 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 7 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 27 3 3 8 Семинар ОСӨЖ СӨЖ 27 6 6 1-8 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 9-15 апта аралығында дәріске қатысу 30 9 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 30 4 4 10 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 30 4 4 11 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 30 4 4 12 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 28 5 5 13 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 28 6 4 14 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 26 6 6 15 Семинар ОЖСӨЖ СӨЖ 26 8 8 9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай 300 Емтихан бойынша қорытынды ұпай 400 Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай 1000 * ӘДЕБИЕТТЕР 1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2002 2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66. 4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997 6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002 8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 9. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Анатілі,1985. 10. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері-Алматы:Мектеп,1959 11. К.Ж.Бұзаубакова.Жаңа педагогикалық технология. А.,2004 12. Т.Әбдікәрімова,Т.Әбдіғалиева,К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999 13. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974 14. Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва - 1986. 15. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, А.,2000 16. М.Махмугов. Современный урок. Москва,1985 17. П.Д.Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы,1972 18.3.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 19.0ралбаева Н, Жаксылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде казақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 1996. 20.Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері. Педагогикалық ізденіс. М.,1989. 21.Ә.Ишмұхамедов. Қызықты грамматика.А., 1995 22. Жұбанов Қ <<Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер>> А., 1999 23.Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері. Алматы-1998. 24.Кәтенбаева Б.,Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.А., 1975. 25.Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері.А., 1972. 26.Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. А., 2003 27. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001. 28. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005. 29. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А., 1998. 30. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 31. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 33. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 34. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 35.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. 36. .М.Көккөзова, САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000. 37. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003. 38. А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995. 39. Н.Оразахынованың <<Шеберлік класы>> Сатылай комплексті талдау (синтаксис). Алматы-2002. 40. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz