Файл қосу

Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы



                                IV тарау.
                       Ірі қара өнімдері.
Сүттілік.
Сүтті  бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде  сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады.  Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз.
  Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің  ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте- бірте көтеріліп,сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады.
 Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына,  тірілей салмағына , сауылған мерзіміне және уақтылы саууына  байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Дегенмен, ең жақын тегі- ата- енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
                         Сүттің  түзілуі.
Сүттің түзілуі өте күрделі процесс. Оған желін ғана емес, сонымен бірге орталық нерв жүйесі де, ас қорыту органдары да, қан айналу жүйесі мен ішкі бездер де қатысады. Эндокринді бездердің ішінде гипофиз гормондарының маңызы зор.
Сиырды  сауғанда немесе бұзауын қосқанда  емшектегі нерв қозып, гипоталамусқа хабар түседі де, ал релизинг гормон бөле бастайды. Ол гормон гипофизге түседі де, оның алдыңғы бөгігінен қанға пролактин араласады. Пролактинің де сүт түзудегі маңызы зор. Ал гипофиздің артқы бөлігінен окситоцин атты гормон бөлінеді. Бұл гормонның да сүт бөлудегі маңызды ерекше. Гипофиздің ерекшелігі- сүттің түзілуіне тікелей әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге басқа да  эндокринді бездер арқылы (мысалы, қалқан безі) да сүт түзілуіне әсер ете алады. 
Сүт желіннің өндеумен қандағы заттардан түзіледі. Салыстыратын болсақ, сүттің құрамында қанның құрамынан қант 90-98 есе, май-20 есе, кальций 9 есе көп болғанымен , белок 2 есе, натрий 7 есе аз.
Сүттегі органикалық заттар өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, сүттегі қант қанда жоқ, белоктары мен майы қандағы май мен белоктен өзгеше. 
Сүт майы мал денесіндегі басқа майлардан  өзгеше. Сүт майы  - үш атомды спирт пен май қылқылдарынан тұратын күрделі эфир.  Ол майлардың кейбіреулері желінде ғана түзіліп, сүтте  ғана кездеседі.  Сүт майының түзілуіне үлкен қарындағы углеводтардың ашуынан туатын сірке қышқылының маңызы зор.  Үлкен  қарындағы  ашу  процесінің  жүріуіне рационның құрамы да әсер етеді.  Рационда пішен, пішендеме , сүрлем үлесі көп болса, қарында сірке қышқылды ашу процесі басым келеді де, сүттің майлылығы жоғарылай түседі. Ал рацион құрамында жем көп болған жағдай да, қарында пропион қышқылды ашу басым жүріп, сүттің майлылығы төмендейді. Ірі азықты ұсақтап немесе түйіршік түрінде берген де  үлкен қарында дәл осындай процесс жүреді. Қандағы   сірке қышқылының 80% желін сіңіреді. Бұл қышқылдан глицирин мен май қышқылдары түзіледі. 
Сүттегі жалғыз углевод сүт қанты-лактоза. Оның түзілуі өте күрделі ферменттік процесс. Қандағы глюкозаны желін сіңіреді де глюкоза лактозаға айналады.  Кейбір оқымыстылардың айтуынша, лактозаның түзілуіне  полисахарид галактогені де қатысады және амин қышқылдары желінде бауырдағыдай ыдырайтындықтан углеводтардың амин қышқылдарының ыдырауы салдарынан да түзілуі мүмкін.
     Сиыр сүттілігін есепке алу тәсілдері.
Сиырлар мен олардың ұрпақтарының асыл тұқымдық қасиетін және оларды  пайдалану барысындағы экономикалық тиімділікті айқындау үшін алдымен зоотехникалық есепті жолға қою керек.
Сүтті бағыттағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан әр сиырдың сауылған сүтті есепке алу өте маңызды  жұмыс.
Осы есептелген көрсеткіштердің негізінде мал тұқымын асылдандыру жұмысының басты- басты шаралары тұқым қалаушылық қасиетін т.б жұмыстар жүргізіледі.
Әрине, сиырдың сүттілігі  жөніндегі нақты мәліметті күнделікті есеп арқылы алуға болар еді. Сондықтан тұқыммал заводында,  тұқыммал совхоздарында  өте сүтті сиырдан сауылған сүтті күнделікті жеке- жеке есептейді.  Бұл өте ауыр, майда жұмыстарды күнделікті қайталауды талап ететін өнімсіз жұмыс.  Сонымен бірге жүздеген сиыры бар қатардағы шаруашалықтарда сиырлардың сүттілігін дәл осындай күнделікті есепке алу ақылға симайды да, оның қажеті де жоқ.  Соған орай , тәжірибеде, тәуліктік бақылау сауынан жүргізу арқылы сиыр сүтін есепке алу қолданылып жүр.
Бақылау саны 10-15 күнде бір рет жүргізіледі. Ал әр сиыр сауын маусымында сауылған сүтті есептеудің бірнеше жолы бар. Соның тәжірибеде қолданылатын біреуін талдап көрейік. Айталық, сауын маусымында табында 30 рет бақылау сауыны өтсін. Бақылау сауынында 300 л сүт сауылады. Сонда орта есеппен бір бақылау сауынында 10 л сүт сауылған .
Тағы бір тәсіл: бақылау сауынында сауылған сүтті 10- ға көбейтіп, он күндік сүтті анықтайды. Үш онкүндік  сүтті қосып, бір айлық сүтті анықтайды да, сауын маусымындағы 10 айлық сауылған сүт жиыны маусымдық сүттілікті көрсетеді. Сүтті, сүтті- етті бағытағы сиырларды бонитировкалағанда және мемлекеттік тұқыммал кітабына  жазылатын мал үшін, сиырдың 305 күндік сауын маусымындағы сауылған сүттің есепке алады. Ал сауын маусымы 305 күннен артық болған жағдайда одан артық күндердегі сауылған сүт есептелінбейді.  Сауын маусымы қысқа болғанымен, толық аяқталса , онда осы қысқарған сауын маусымында сауылған сүт толық есепке алынады.
 Шаруашылықтарда экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сиырлардан жыл бойы сауылған сүт те есептеледі. Ол үшін барлық сауылған сүтті сол жылы азықтандырылған сиырлардың орташа санына бөледі. Ондай сиырлар санын анықтау үшін сиырлардың жыл бойғы азық күн санын, әрбір айдағы сиыр санын сол айдың күніне көбейтеді де , шыққан азық күн санын 365  - ке бөлу керек.
                                       
        Сүттілікке әсер ететін жағдайлар.
Сүттің құрамында, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты . Солардың ішіндегі ең басытылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы т. б. 
             Тұқым қаулаушылықтың маңызы.
Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар.
Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген. 
Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әртүрлілігіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің О-ден 68% -ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т.б. байланысты. 
Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді. 
      Сүттіліктің сиырдың жасына қарай  өзгергіштігі.
Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады.  Алтыншы , жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі.
Сиыр сүтілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты.
Дұрыс  азықтандырылған , күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.
 Алғаш  ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс. 
  Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам  ауданындағы Свердлов атындағы тұқыммал колхозында құнажындар алғаш рет 17- 18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылады. 
 20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке  деген кері әсері бар. 


           Сүттіліктің сиырдың тірілей  салмағына байланыстылығы.
Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігі көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі.
  Профессор С.А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады.  Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді.
Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.

Сервис және сауалу кезеңдерінің ұзақтығы мен сүттілікке қоңдылықтың әсері.
   Сауылатын  сүт мөлшеріне көп жағдай әсер етеді.  Сиырды құнарлы жемшөппен азықтандырғанның өзінде организмнен көптеген пайдалы заттар бөлініп шығады да , жемшөптен алынған өнімді заттар олардың орнын толтырмай, сиырдың  қоңдылығы төмендейді. Сонымен қатар сауын маусымы кезіңде сүт түзетін альвеолалар  мен сүт жолдарындағы эпителий клеткалар ескіріп және салынып, сиырдың сүттілігі төмендейді. 
Сиырдың тірілей салмағын және сіңімді заттар қорын толықтыра түсу және желін безі клеткаларының жаңаруы үшін оны суынан босатып, суалтады.
Суалту ұзақтығы келер сауын маусымында сауылатын сүт мөлшеріне , қондылығына, азықтандыру жағдайына , күтіміне байланысты. 
   В. Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн. Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300 кг дейін төмендеуінің себепші болады, ал салмағы 500 кг сүтін кемітеді. Ал суалу мерзімі 30 күн болса, ссүттілігі 20% кемиді.

     Азықтандыру мен күтіп- бағудың әсері.
                                       
Азықтандыру және күтіп- бағу сиыр сүттілігіне әсерн ететін ең маңызды жағдай. Көптеген шаруашылықтарда азықтандыру және күтіп- бағу жағдайын жақсарту жолымен сиыр сүттілігін  60% арттырып та отыр. Сиыр    
Сүтінің мөлшері жемшөптің сапасына, әр түрлілігіне және рационның толық құндылығына да байланысты. Сондықтан сауын  сиыр рационы протеин, витамин, минералды заттар мөлшеріне қарап реттеледі. Белок пен углеводтардың да өзара байланысына көп көңіл аударылады.  Оның 1,5:1 болғаным дұрыс. Ал  азық өлшемінде де 100-120 г сіңімді протеин   болуы керек. Жемшөп жетіспесе сауын маусымында сауылатын сүт мөлшері де төмендеді.  Ал әрі азық азайып, құнарлығы төмендеген кезде тіпті күнделікті сауылатын сүттің өзі азаяды. Сиыр тез суалады.
   Азықтандыру  жақсарту және әрбір кг сауылған сүтке 1:1,2 азық өлшемін беру сиыр сүттінің мөлшерін жоғарылатуға, сондай- ақ бұзаулаған сиырдың тез ширауына әсерін тигізеді.
   Сиыр сүттілігіне күтіп- бағу жағдайы да әсер етеді. Суық қорада тұрған сиырдың зат алмасуы бұзылады. Күнделікті берілген азық денедегі жылу алмасуға жұмсалады. Сөйтіп сиырдың сүті кемиді. Сондықтан да қазіргі кездегі   сапалы азық беріліп, жылы кешендерде тұрған сиырлар әрбір кг сауылатын сүтіне азықты аз жұмсайды.
       Сиырдың бұзаулау маусымының әсері.
Шаруашылықтарда жемшөп жеткілікті  жағдайда сиырдың бұзаулау маусымы оның сүттілігіне көп әсер ете қоймайды. Бірақ біздің елде ауа райы бір- біріне ұқсамайтын климаттық аймақтар көп болатындықтан және олар сиыр сүттілігіне әсерін тигізетіндіктен бұзаулау маусымын ескермеуге болмайды. Әсіресе сиырдың біркелкі  азықтандыра  алмаған жағдайда оның бұзаулау маусымы сүттілікке әсерін міндетті түрде тигізеді.
Сондықтан егер жемшөбі жеткілікті болса, солтүстік аудандарда сиырдың қыс айларында бұзаулағыны дұрыс.
 Мұндай жағдайда сауын маусымының жартысы жайылым отының піскен шағына деп түседі. мұның бұзау өсіруге де пайдасы бар. Бұзау сүт еметін кезін қыс айларында өткізіп, көк шыққанда жайылымда отығады.
  Мысалы,  наурызда бұзаулаған сиырлардың сауын маусымының екінші жартысы көктем  айларында өтеді. Мұның өзі сиыр сүттілігіне әсер етпей қоймайды. Жыл бойы байлауда тұратын жемшөбі мол кешендерде сиырды жыл бойы бұзаулата беруге болады.
                                       
            Сауын маусымының жүру сызығы.
Сиырдың сүттілігін сауын маусымының қисық сызығымен сипаттауға болады.   Ол сауын маусымының әрбір айында сауылатын сүт мөлшерімен белгіленеді. Бұл сауын маусымы сызығы маусымның 305 сауын күніндегі сауылған сүт мөлшерімен сызылады деген сөз.
Озат тәжірибелерге қарағанда күнделікті сауылатын сүт сауын маусымының екінші- үшінші айларында көтеріледі, содан соң бір- екі ай бірқалыпты болып, соңынан жайлап азаяды. Сауын маусымы сызығы тұқым қуалауға бағынышты болғанымен сиырды азықтандыру жағдайына қарай өзгере береді.
Сиырды сүтейту. Сиырдың сүттілігін  арттыруда және оның сүттілігінің деңгейін анықтауда ең аңызды да тиімді шаалардың бірі- сиырды сүтейту. Сиырды сүтейту деп- оның сүттілігін көтере түсу мақсатындағы зоотехникалық және ұйымдастыру шаралары.  Оны жүргізу үшін сиырдың сүттілігіне әсер ететін жағдайлардың бәрін ескеру керек. Сүтті сиырлардың салмағы, жоғары дене, бітімі мықты келеді. Ондай сиырлардың ішкі органдары да жақсы жетілген. Ал сиырдың мұндай ерекшеліктері бұзау кезінең басталып, бүкіл тіршілігі үстінде қалыптасады.  Сондықтан да ұрғашы бұзауды туғанан бастап сүттілікке арнайы дайындау қажет. Оны өсіру жүйесінің осы мақсатқа бағынышты болғаны жөн.
    Сүйетуді әр түрлі тұқым малының ерекшеліктерін ескере отырып, сиырдың бірінші сауын маусымынан  бастайды. Өте ерте сүтейіп, сауған сиырдың сүтті өнімі қысқарып, келешек сауын маусымдағы сүттің азайып кетуі мүмкін.
  Сондвқтанда дене бітімі мықты сиырларды ғана үдемелі сауу керек. Сауылатын  сиырлардың жемшөбі, күтімі, күтетін адамдардың кәсіби мамандығы да жоғары болғаны дұрыс.  Мысалы, әулиата сиырларын-500-5500кг дейін, ал гоштин сиырларын 6000-7000 кг дейін мамандаган   сауыншылар ғана сүтейте алады.
 Сүтейте сауу сапалы болуы үшін сиырды уақтылы суалту, бұзаулауға дайындау, суалу кезінде сапалы, құнарлы жемшөппен азықтандырудың маңызы зор.  Дұрыс ұйымдастырылып, жан- жақты үйлестірілген  шаруашылықтарда жүргізілген сүтейту жұмысы бүгінгі күн талабына өте сай келеді.
 
        Сиырдың  сұрыптауға жататын басқа да пайдалы қасиеттері.

Сиырдың ірілігі мен жетілгіштігі. Сиырдың ірлігі мен уақытығын оның тірілей салмағынақарай анықтайды.  Айталық, екі малдың сырт пішіні, дене өлшерімі бірдей. Бірақ оның бірі қонды, екіншісі арық. Сонда екеуінің сырт пішіні бірдей болғанымен, екіншісінің салмағы төмен.
Ал мал уақталып кеткен кезде оның салмағымен көтеріп, ірілендіре  түсу үшін бұзау асырауды жақсартумен қатар, сұрыптау жұмысын жа жоғары қою керек. 
Азықты жеткілікті дайындап, сиырды жақсылап азықтандырғанның өзінде де, оның салмағы онша тез көтеріле қоймайды. 
   Сиырдың салмағы мен сүттілігі арасында тығыз байланыс бар екендігін белгілі.
Сүттілік коэффициенті деп сиырдың әрбір 100 кг салмағына шаққанда сауылған сүт мөлшерін айтады.  Әрбір 100 кг салмағына шаққандағы сүті де төмен. Ал ірі сиырдың сүті көп болғанымен салмағы жоғары. Сондықтан қайсыбір жпғдайда олардың да көрсеткіші төмен болуы мүмкін.  Соған орай сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасындағы байланысты туып, сұрыптау жұмысын осыған орай жүргізген дұрыс. сиыр  сүтілігінің ерте көтерілуі жұмсалған азықтың тез өтілуін ғана емес, кәрі сиырдарды жылдам ауыстырып, табынды жас малмен уақтылы жаңалауды да қамтамасыз етеді.
  Азықты өтеу мүмкіндігі. Сиырды сұрыптағанда оның өзіне жұмсалған азығын сүтімен өтеп, ақтай алатын мүмкіндігін естен шығармау керек. Әрине, азықтағы қоректік заттарды сиыр ең алдымен өз организімін қалыпты ұстау үшіе жұмсайтыны белгілі. Азықтың энергиясы ең алдымен жылу алмасу, ас қорыту, қан айналу, тыныс алу, іш бездерінің дұрыс жұмыс жасауы, зат алмасу, қозғалу процестеріне жұмсалады. Қоректік заттарды ең алдымен организмін қалыпты ұстау үшін пайдатындылығы малдың тұрақты көрсеткіші. Ол  малдың ірі- ұсақтығына, салмағына, байланысты және оны  өзгерту қиын. Ал малдың өнім түзуі үшін қажетті қоректік заттар мөлшерін өзгертуге болады.  Егер сиырды оның азықтық заттардыөту қабілетіне қарай сұрыптпйтын болсақ, оларды ең алдымен толық және сапалы рационмен азықтандырып, оның өнімділік мүмкіндігін барыеша ашып алуымыз қажет. 
Азықты өсу қабілетін әрбәр сүтке қанша азық өлшемінің жұмсалдығына қарап та анықтайды.  Сиырдың азықты өнімінен өту қабілеті берілген азықтағы қоректік зат мөлшерімен ғана емес, соған қоса сиырдың тұқым қуалаушылық қабілетіне де байланысты. Мысалы, ертеден сүттілігіне қаарай сұрыпталып келе жатқан голланд, қара ала, әулиата, данияның және қырдың қызыл сиырлары азықты мол сүтімен өтей алады.

    Сүттің құрамы және оның  өзгергіштігі.
 Сүттің майлылығы.
 Әр түрлі тұқым малы сүтінің майлылығы да әр түрлі. Бұл көрсеткіш бойынша кейбір тұқым малын сүті сұйық мал тобына, кейбірін орташа майлы тұқым малына, ал үшіншісін- сүті қою, майлылығы жоғары сиырлар тобына жатқызады. 
 Сүтінің майлылығы өте жоғары сиырлар тұқымына джерсей, гернзей, даттың қызыл сиыры және Ресейде шығарлыған ярослав,  қызыл горбатов сиыры, сібір сиыры жатады. 
Сүті сұйық сиырлар тобына  қара ала сиыр тұқымын голланд тұқымы сиырларын және т.б. жатқызуға болады. Бізде өсірілетін сиырлар тұқымының көпшілігінің сүтінің майлылығы- 3,65-3,85 % шамасында. Дегенмен, әрбір тұқым малы арасында сүті сұйығы да, қоюы да кездеседі. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысында сиырдың сүттілігін көздеп  қана қоймай, оның сүтінің майлылығын көтеру жағында, ойластырған жөн. Сүттілік пен майлылық жақсы тұқым қуалайды. Мысалы, ірі қараның әулиеата тұқымының арасында өзіне тән сүттілік пен майлылықты ұрпақтарына тұрақты түрде бере алатын бұқалар кездеседі. Симментал, қара ала тұқым және басқада тұқым малы арасында жүргізілген зерттеулердің қорытындысында биологиялық- шаруашылық ерекшеліктері бар сиырлар типі анықталған.
Сүті және сүтінің  майлылығы жоғары сиырлар арасында сұрыптау және жұп таңдау жұмысын үздіксіз жүргізе отырып, оның азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта түсе қажет.
Сүт белогы мен сиырдан бір жылда сауылған сүт арасында өзара теріс байланыс бар. (мысалы, сүтті сиырлар сүтінде белок аз ). Өзара байланыс көрсеткіші-0,17-0,25 арасында ауытқиды. Мәселен, әулиеата сиырының жылдық сүті 4200 кг болғанда, сүт белогы 3,25%, ал сүттілігі 4960 кг  болғанда белок мөлшері 3,15% болады.


Сүттің құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар.
Тұқымның әсері.
Сиыр тұқымдары әр түрлі табиғи және ауа райы жағдайында шығарылғандықтан шаруашылықтық мәні бар өнімдері де әр түрлі сипатталады. Майлылығы өте жоғары сүт сүтті бағыттағы джерсей тұқымы сиырларынан сауылады. Бірақ бұл тұқым сиырларының нәзіктігінен,сүттілігінің нашарлығынан  ТМД-да көп тарамаған. 
 Майлылығы мен белогының өзара байланыстығы жөнінен ярослав, әулиеата сиырлары өсіретін Горшиха колхозы әр сиырдан орта есеппен майлылығы 4,5-4,6%  5000 кг сүт сауған. Ал әулиеата сиырын өсіретін Оңтүстік Қазақстан облысының Свердлов колхозында әр сиырдан орта есеппен майлылығы 3,8% 3957 кг сүт сауылады.
Кейбір  шаруашылықтарда сиырдың тұқымы мен тұқым қуалаушылық  қасиетіне қарамай- ақ көп мөлшерде сүт сауылып жүр. Демек, сүтінің майлылығы мен белок мөлшерін көтеру үшін мал тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізу керек. 
 Майлылық пен белок бір тұқым  малы арасында ғана емес, сонымен бірге бір сиырдың сүтінде де түрлі жағдайға байланысты әп түрлі келеді. Мысалы, бір тәулік ішінде , яғни ертеңгілік түскі, кешкі сауылған сүттінің майлылығыда да, белогы да әр түрлі бола береді, кейде оның айырмасы 1 процентке дейін жетеді.
Сүтті сиырдың сүтіндегі майлылық пен белок мөлшері өзгергіш сүтіндегі  майлылық пен белок мөлшері өзгеріш келеді деген мәлімет бар. Ал сиырдың жасы өскен сайын сүтінің  майлылығы мен белогы көп өзгермейді.
 Тұқым қуалаушылық сиырды жақсы күтіп, құнарлы жемшөппен азықтандырғанда  ғана әсер етеді. Сондықтан қорытылатын заттардан алынатын энергия мал организимін  толық қаматамасыз етеді.
Мал рационындағы  азықтар  азықтар өлшемімен алғанда 70-75% көміртегендік  азықтардан тұрады. Олар күйіс малының үлкен қарнында ферменттер әсерінен глюкозаға, одан әрі ұшпалы май қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқылдар үлкен қарында қорытылып,  аздаған мөлшері ғана әрі қарай жылжиды.  Ал қорытылылған   май қышқылдар қанға қосылып организмдегі зат алмасу процесіне активті түрде қатысады.

                                
                                                       Еттілік
                    Ірі қараның еттілігі
     Ірі қараның еттілігінің маңызды көрсеткіштеріне тірілей салмағы, сойыс салмағы, сойыс шығымы және таза ет мөлшері жатады. Еттің тағамдық маңызы бар. Өйткені оның құрамына белок, минералды заттар, витаминдердің А,Б,В тобы кіреді. Ет бұлшық еттен, сүйектен, шеміршек, без, нерв, май және шандырдан тұрады. Еттің сапасын осы айтылғандармен қатар, химиялық құрамына, қуатына қарап анықтайды.
     Еттің негізгі бөлігі таза бұлшық ет. Өйткені бұлшық еттің құрамында толық құнды белок болады. Ірі қара ұшасының 50-54% бұлшық еттен тұрады. Ал сүйек, шеміршек, шандырдың құрамында құны төмен коллаген және эластин деген белоктар болады. Коллаген мен эластині көп сиыр етінің сапасы төмен, тағамдық құндылығы шамалы. 
      Май  -  еттің маңызды құрамының бірі, оның мөлшері малдың қоңына, жасына қарай 2% -17 % дейін тербеледі. Май тері астындағы ұлпаға бұлшық еттің ара  -  арасына,ет талшықтарының арасына жиналады. Сүйек ұшаның орта есеппен 20% мөлшерде болады. Арнайы етті бағыттағы тұқым малының еттілігі де, етінің сапасы да жоғары. Етті бағыттағы мал тез жетіледі және тәулігіне қосатын салмағына азықты тым аз жұмсайды. Сондай  -  ақ сүтті малға қарағанда сойыс шығымы да, тағамға пайдалы бөлігі де жоғары.


                                     Еттіліктің өзгергіштігі
    Малдың тірілей салмағы мен басқа да көрсеткіштері тұқым қуалайды. Бұл тұқымға жататын мал арасының өзінде тұқым қуалағыш қасиетіне сай, ұрпақтарының еттілігін де және тағы басқа белгілерін де жақсарта алатын бұқалар кездеседі.
    Мал салмағының тұқым қуалағыш қасиеті өте күрделі өтетіндігі белгілі. Өйткені оған малдың  тұқымдық қасиеті әсет етеді. Мысалы, тірілей салмағы бір  -  біріне ұқсамайтын малды жұптағанда салмағы, орташа, бұқаға да, сиырға да ұқсамайтын ұрпай алынады. Тірілей салмағы мен етінің сапасы арасындағы байланыс та тұқым қуалайды. Мысалы А.С.Всякихтің мәліметі бойынша қырғыз, қазақ сиырларын швиц бұқасымен жұптағанда қырғыз, қазақ сиырлары бұзауларының тірілей салмағы 19-21 кг тартса, швиц тұқымы бұзаулары 37-39 кг, ал осы екі тұқым арасынан алынған будан бұзауларынынң тірілей салмағы 23-28 кг тартқан. Сонымен бірге етті сиырлар ұрпақтарының ата тегіне тән тәулігіне қосымша салмақ қосу мүмкіндігін бойына сіңіре алатындағы да анықталды.
    А.В.Черекаев тәжірибе жасап, етті бағыттағы қазақтың ақбас сиыры бұқасынан тәулңгңне 870 кг қосымша салмақ қосатын асыл тұқымды ұрпақ алған. Оның 12 айлығындағы салмағы 243 кг, 15 айлығында 358 кг тартқан. Ал екінші бұқа тәулігіне 570 кг салмақ қосқан. Оның ұрпағының тірілей салмағы 12 айлығында 243 кг, ал 15 айлығында 323 кг тартқан. Демек, тәулігіне қосатын қосымша салмақ қосуына қарап, ірі қара ұрпағын ерте бастан сұрыптауға болады. Бірақ бұл жұмыс бұқаны ұрпағының сапасына қарап бағалауға кедергі бола алмайды.
     Ет сапасының көрсеткіштері де (қуаттылығы, майының мөлшері, ет пен майдың өзара байланысы) тұқым қуалайды. Олардың тұқым қуалаушылық коэффициенттері де жоғары. Демек, осы көрсеткішті пайдаланып, сұрыптау жұмысын жүргізсе табындағы мал сапасын да өзгертуге болады. Еттегі <<ет көздері>> ылғалдың және құрғақ зат мөлшерінің тұқым қуалаушылық коэффициенті төмен. Тұқым қуалаушылық жұмсалған азықты тәулігіне қосымша салмақ қосу мүмкіндігімен өтеу қабілетіне де әсерін тигізеді.
     Кейбір бұқалардың ұрпағы 1 кг қосымша салмаққа 6,8-7,2 азық өлшемін жұмсаса, басқа бұқалардың ұрпағы 8,5-8,8 азық өлшемін жқмсайды. Сондықтан ірі қараны сұрыптағанда ұрпағының тірілей салмағы және сойыс шығымы жоғары, жұмсалған азықты тәулігіне қосатын қосымша салмағымен өтей алатын бұқалар ұрпағын іріктеп алу керек. Ірі қараның тірілей салмағы мал етінің сапасы басқа жағдайларға да байланысты. Оларға малдың жасы, жынысы, азықтандыру, күтіп  -  бағу жағдайлары жатады. 

                                             Еттілікке әсер ететін жағдайлар.
                       Мал жасының әсері.
     Бұзаудың туғандағы салмағы мен одан әрі өсуінің арасында байланыс бар. Жас бұзауға сыртқы орта әсер етеді. Мал жасының оның еттілігіне әсер етуі денедегі түрлі тканьдер жетілуінің әр түрлілігіне, оның химиялық құрамының өзгеруіне байланысты. Өскен сайын бұзаудың алдымен сойыс шығымы өзгереді. Алғашқы 6 айға дейңн сойыс шығымы аз болады. Содан соң қарқындап, жоғарылайды да, қартайған сайыс тағы да төмендейді. Бұлшық еттің өсуі малдың жыныс белгілері жетілгенше созылады. Тез жетілетін тұқымдардың бұл уақыты 1,5-2 жасына дейін барады. Бұлшық ет салмағының артуы оның талшықтарының созылып, жуандауына және май талшықтарының оралуына байланысты.
     К.А.Акопянның мәліметі бойынша қазақтың ақбас сиыры тайыншасының бұлшық етінің өсуі 12 айлығына дейін интенсивті жүреді. Ал 12 айлығынан 2-2,5 жасына дейін тайыншаның қарқындап өсуі бәсеңдеп, бұлшық еттерінің өсуі азаяды. Одан әрі жасы өскінімен бұлшық ет дамуы осы деңгецде қалады. Мысалы, ұрғашы тайыншаның қабырға арасындағы етінің жуандығы бір жылға дейін 156% өссе, екінші жылы 26% қана, белдемесе бірінші жылы - 94%, екінші жылы - 9% өседі. Бұлшық ет өсуінің қарқында кезі  -  бұзаудың 6-9 айлық кезі. Содан кейін бұлшық ет өсуі саябырлап, 18 айлығында қайта көтеріледі. Малдың жасы өскен сайын бұлшық ет сапасы да өзгереді. Туғаннан 18 айлығына дейін бұлшық еттегі ылғалдылық азайып, құрғақ заттар мөлшері өсе түседі және май мен протеин үлесі артады. Майдың да сапасы өзгереді. Ондағы ылғалдылық және протеин мөлшері азайып, шыны май үлесі арта түседі. В.П.Шевченконың мәліметі бойынша қара ала сиырдың жаңа туған еркек бұзауының май тканінде 35% ылғалдылық, 16% протеин, 1% шыны май болса,18 айлығында бұл көрсеткіштер 61,6, 19,2 және 18 процентке тең болған. 
     Қосымша салмағын өтеу мүмкіндігі де осыларға байланысты. Мысалы, 3 айлық бұзау 1кг қосымша салмаққа 4,5 азық өлшемін жұмсаса, сақа сиырлар 9,5 азық өлшемін жұмсайды. Сондықтан, сапасы жоғары мол ет өндіру үшін жас малдың биологиялық ерекшелігін біліп, оны тиімді пайдалану керек. Ірі де салмақты 18-20 айлық мал өсіру үшін оны бұзау күнінен интенсивті өсіру қажет. Интенсивті азықтандыру экономикалық тұрғында да өзін  -  өзі ақтай алады. Бір жылға дейін төлді жеткіліксіз азықтандыру малдың бұлшық етінің дамымай қатпа малға айналуына әкеп соқтырады. Мұндай кешеуіл қалған малдың салмағы келешек өсу кезеңдерінде толмайды. Малдың 10 айға дейінгі өсу кезеңдерінің өзінде дене мүшелерінде үлкен өзгерістер болады. 
   Жасы өскен сайын белгілі бір уақытқа дейін мал ұшасындағы бұлшық ет және май үлесі артып, сүйектің салыстырма салмағы азаяды. 18-24 айлығына дейін семіріп, салмағы 400-500 кг жетеді. 13-14 жастағы кәрі мал денесінде азотты заттар аз жиналып, майы аз, шандырдың үлесі көп болғандықтан етінің сапасы да төмен болады.
             Мал тұқымы мен типінің әсері.
Малдың бордақылауға бейімділігі, етінің сапалылығы және етілігі малдың бітімен тұқымына да байланысты. 
Ерте жетілетін етті бағыттағы малдың ерекшілігі- оның таза етінің үлесі мен тағамдық құндылығы. Бір тұқымға жататын малдың еттілігімен және сойыс шығымымен ерекшеленетіндер олардың дене бітімінің типіне байланысты.
Жақсы бордақыланатын мал тез жетілгіш, еті тез майланады. Өйткені, мұндай малдың зат алмасу процесі баяу, шандыралы, тері асты тканьдері жақсы жетілген.
Малдың жақсы бордақыланғандығы сыртқы белгіріне: денесінің  жалпақтығы, кеудесінің салыңқылығы, төсінің шығыңқылығы, сирақтарының қысқалығы, сүйектерінің мықтылығы, терісінің жұмсақтығы, жақсы жетілген шандары, басының денесіне сай, бірақ аздап қысқалығы жатады.
Етті бағыттағы малдың тірілей салмағы да, сойыс шығымы да оның тұқымына байланысты. 
Малдың  салмақты тез қосуының, сойыс шығымының жоғары болуының ерекше маңызы бар. Кеш жетілетін мал тиімсіз екендігі белгілі. Тез жетілгіштік қасиет тек асыл тұқымды малға ғана тән.  Сұрыптау жұмысын дұрыс жлоға қойып, малдың бұл қасиетін жақсарта түсуге болады.  
Тез жетілетін малға салмақтылық  және сойыс шығымының  жоғарлығы тән. Мысалы, тез жетілетін малдың сойыс шығымы- 45-50% асыл тұқымды абердин-ангустың бұл көрсеткіші 65-70%.
Малдың тез жетілгіштік қасиетіне азықтандыру жағдайы да әсер етеді. Сондай- ақ кейбір сүтті және сүтті- етті бағыттағы тұқым малын қарқынды өсіріп, бордақыласа, сапалы ет өндіруге болатындығы анықталады.  Мысалы,   симментал, қара ала, қырдың қызыл сиырларының ұрпақтарын қарқынды бордақыласа 18-20 айлығында 400-500 кг дейін тартады да, сойыс шығымы 58-60% жетеді.  Бірақ етті  және сүтті- етті бағытағы малдың ұшасы етті бағытағы малдың ұшасына қарағанда маймен жақсы қапталмаған және іш майы өте көп болады.  Етті бағытағы тұқым малының ет пен тері арасындағы , ткань шандырындағы, бұлшық еттер арасындағы, бүйрек майы, сондай- ақ іш майы да айтарлықтай, сүтті бағытағы малдың бұлшық еті аз болғанымен іш майы көп, ал бұлшық  еттер арасындағы май аз болады. 
Сөлекет денелі мал бордақылауға тиімсіз. Өйткені олардың етінің сапасы төмен.
                  Ірі қара етінің сапасы.
Малды сойған соң  ең алдымен оның еті мен май мөлшерін анықтайды. Ұшаның толықтылығына мән береді. Оның морфологиялық және физико- химиялық сапасы анықталады. Өйткені малдың қоңдылығы жоғары болған сайын ұша етінің ылғалдылығы азайып, майы көбейеді. Демек, ондай еттің қуаты да жоғары. 
  Еттінің морфологиялық және химиялық құрамы өзгерген сайын оның тағамдық қасиеті де өзгереді. 
Ет пен майдың өн бойына таралуына сәйкес ұша15 бөлікке бөленеді.
1 сорт- 65,4%.
2 сорт- 32%.
3 сорт-2,6% .
            Ірі қараның қондылығын сынау.
Қондылық дегеніміз-  денедегі бұлшық еттің өсуі және оны пайдалану мүмкіндігі, ет пен тері арасында, ішкі органдардың айналасында және ет талшықтарындағы май қабатының дамауы.
Өгіз бен сиырлар 3 кетегорияға бөлінеді: жоғары , орта, ортадан төмен.
Бұзаулар мен бұқалар  1 және 2 болып кетегорияға бөлінеді.
Қондылығы  ортадан төмен малды категорияға жатқызбайды. Қогдылығын көзбен анықтағанда талас туса, малды бақылау үшін сойып, қондылығын ұшасына қарап анықтайды. 
Жоғары семіздік.  Мұндай малдың бұлшық еті өн бойында жақсы жетілген. Денесі домаланып, жауырын сербек, құйымшақ сүйектері білінбейді. Сан еті толық, бұлшық еттері ұршықты буынға дейін  жетеді. Омыртқа сүйктері де білінбей,  қолмен  сипағанда ет пен тері арасындағы жиналған май жақсы сезіледі.
Орташа семіздік.  Малдың бұлшық еті орташа жетілген.  Толыспағандық байқалады. Жауырын, сербек, құйымшақ сүйектері шығыңқы, білініп тұрады. Сан еті толық емес. Омытқа сүйектері де білінеді.
 Ортадан төмен семіздік-  деп семіздіктің алдыңғы айтылған түрлеріне жатпайтын семіздікті айтады. Бұлшық еттердің өспегендігі, барлық дене мүшелерінің жетілгендігі көрініп тұрады.
 Жауырын, сербек, жанбас пен тоқпақ жілік байланысы,  құймшақ, омыртқалар айқын көрінеді.
Жас малдың семіздігі.  Жас малдың семіздігін оның сыртқы пішінін көзбен көріп ажыратуға болады.
Жоғары семіздік. Жас малдың денесі толық, бұлшық еті жақсы жетілген. Жауырыны, жотасы, белі, белдемесі, саны жұмыр. Омыртқалары білінбейді. Ет пен тері арасындағы май қолға жақсы білінеді. Сипаған кезде құйрық түбіндегі, құйымшақ сүйектігі май мен өгізшелердің  ұма майы анық байқалады.
Орташа семіздік. Денедегі  бұлшық ет орташа дамыған, денесі онша жұмырланбаған, жауырын, омыртқа сүйектері аздап  білінеді. Сан еті тығыз емес.
Ет пен  тері арасындағы май білінбейді. Бірақ құйрық түбінде, қабырғаның ішкі бетінде жұқа май қабаты жатады. Жас мал ұшасының еті тығыз болса, майдың- басқан- баспағанына қарамастан орташа семіздікке жатқызуға әбден болады.
Ортадан төмен семіздік. Бұлшық еті жақсы жетілмеген, жауырын, кеуде және омыртқа сүйектері шығып тұрады. Ет пен тері арасында май жоқ. Жас малдың семіздігіне де азықтандыру жағдайы әсер етеді. Өскен сайын жақсы азықтандырылып, күтімде болған мал мен арық мал арасындағы алшақтық анықтала түседі.
                    Еттілікті есепке алу.

Ірі қара еттілігінің  көрсеткіштеріне сойыс салмағы, сойыс шығымы, тәуліктік қосымша салмақ және етінің сапасы жатады.
Тірілей салмақ таразыға тартылып анықталады. Кейбір жағдайда  малдың  тірілей салмағын дене өлшемдерін пайдаланып, кестемен немесе формуламен анықтауға болады. Дегенмен, бұл тәсіл тура бола бермейтіндіктен таразы жоқ кезде ғана қолдану керек. 
Малдың салмағын ертемен,яғни азықтандыруға дейін анықтайды. Ірі малдың салмағы бонитировкалау алдын да, сиырлар салмағы сауын маусымының- 2-4 айында немесе бордақылауға қояр алдында анықталады. 
Бұзау туғанан соң 6 айға дейін ай сайын, одан әрі 6,12,18,24 айлығында өлшенеді.
Жайып-семіртуге  бөлінген малдың салмағы жайылымға шығар алдында және семіртеудің соңында есептеледі.
 Бордақылауға қойылған малдың ай сайын кез- келген 15-20 басының салмағы өлшеніп, бордақылаудың қарқыны анықталады.  Соның қорытындысында малдың тәуліктік  салмағы шығарылады әрі малға жұмсалған азық, соған орай  өсу энергиясы табылады.
Соятын мал 24 сағат ашықтырылған соң өлшенеді. Ұшаның салмағы 24 сағат сауытылғаннан кейін анықталады. Еттің сапасын ұшның сыртындағы бұлшық ет арасында жиналған майға, шандырға және химиялық құрамына қарап анықтауға болады. 
      Ірі қараның терісі және оның сапасы.
Ірі қараның  терісі өндіріске өте қажет,бағалы шикі зат. Терінің салмағы және оның сапасы малдың өнімділігі мен тұқым ерекшелігіне байланысты келеді.

Сүтті бағыттағы мал терісінің салмағы тірілей салмағының 6-8%, ал етті бағыттағы мал терісінің салмағы тірілей салмағының 8-10% құрайды.
Дене бітімі тығыз, мықты малдың дене бітімі нәзік малға қарағанда терісі жақсы болады.
 Терінің сапасы малдың жасына және жынысына байланысты нарсе. Мысалы, құнажын мен тайыншаның терісі сауын сиыр терісінен жұқа. Сауын сиырдың терісі буаздығына, азықтандырудың біркелкілігіне қарай өзгеріп отырады. Кейбір, жағдайда  сиыр терісінің жұмсақтығы азаяды, ол босаң, құрғақ болады. 
Терінің  сапасы малдың жасына және жынысына байланысты нәрсе. Мысалы, құнажын мен тайыншаның терісі сауын сиыр терісінен жұқа.  Сауын сиырдың терісі бауаздығына, азықтандырудың  біркелкігіне қарай өзгеріп отырады. Кейбір жағдайда, сиыр терісінің жұмсақтығы азаяды, ол босаң, құрғақ болады.
Өгіздің және ерте тартылған өгізшенің терісі сиыр терісіне қарағанда ауыр және жұмсақ келеді. Бұқа терісінің салмағы малдың тірілей салмағының 9- 12% тартады. 
 Бұзау тересі мықты. Ондай терінің салмағы ткғанағы салмағының 10%, үш айлығында -8%, 12 айлығында 7%құрайды.
Жеңіл өнеркәсіпте ірі қар терісінен ұлтан, арнайы техникалық заттар жасалады.
Тері ГОСТ-1134-51 бойынша мына төмендегіше жіктеледі:
Кішкене тері (жаңа ғана туған немесе өлі туған бұзау терісі; бұзаудың жүні түлемеген терісі, салынып алғандығы салмағы 10 кг келетін тері, жүні түрлер алдыңдағы тері).
Үлкен тері (құнажын мен бұқашықтың салынып алғандығы салмағы 10-17 кг келетін терісі, терісінің жеңіл түрі салмақтысы 13-17 ,орташа 17-25 кг, ауыры 25 кг жоғары); өгіз терісі (өгіздің жеңіл терісі 17- 25 кг, ауыр терісі -25 кг  жоғары). Тартылмаған өгізішелер терісінің жеңілі- 27-25 кг, ауыры- 25 кг жоғары).
 Терінің сапасына мал азықтандыру жағдайы және күту әсері етеді. Протеиіні жеткілікті құнарлы рациомен азықтандырылған күтімі жақсы малдың терісі,
жұқа , жұмсақ, мықты болады.
Рационда сүрлемнің үлесі көп болған жағдайда және ауа райы ылғал өнірде өскен малдың терісі қалың және босаң болады.
Жемшөпте минералды заттар мен витаминдердің, рацион құрамында құнарлы азықтың жетіспеуі мал терісінің өсіп- жетілуін тежейді.
Жайылымда өскен  малдың терісі байлаудаа тұрған мал терісінен жақсы болады.
Пәндер