Файл қосу

Тұқымдары эндоспермді



     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
                       БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                                       
                                       
                                       
           ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 

          Өсімдіктер систематикасынан ҮП

                                       
      <<5В011300>>  -  <<Биология>>  мамандығы үшін


Құрастырғандар:
Карипбаева Н.Ш

Биология ғылымдарының 
кандидаты,доцент


                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       

                                       
                                       
                                       
                                       
                               Семей 2013ж


ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер
                                       
         ПОӘК авторлары туралы мәліметтер
                                       
           Карипбаева Нурзия  Шайкеновна 

Ғылыми дәрежесі:
 Биология ғылымдар кандидаты

Ғылыми атағы:
Доцент

Қызметі:
 Биология кафедрасының доценті

Мамандандыруы:
Биология 

Байланыс мәліметтері:

                                                   Жұмыс телефоны:
+7 (7222)42-34-72

                                            Электрондық  пошта:
kob@sgpi.kz

                                                                         Skype:

Жалпы мәліметтер:
4 оқулықтың серіктес авторы. 7 биология магистрін дайындады. ҚР БҒМ  <<Шыңғыстау аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін зерттеу>>  гранттық тақырыпты 2013-2016жж аралығында  орындауда  

	
Жұмыс бағдарламасы

1.Қолдану саласы 
2. Нормативті сілтемелер 
3. Жалпы ережелер 
4. Әдебиет және қорлар 
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі 
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны 
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар 
8. Курс форматы 
9. Курс саясаты 
10. Баға қою саясаты 
11. Студенттер білімін бақылау 
12. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен  өтетін далалық жаттығу практикасы 
13. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінің тест сұрақтары - 
14. Глоссарий 


























1. Қолдану саласы
	<<Өсімдіктер систематикасынан ҮП>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені  <<5В011300>> - <<Биология>> мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
	
2. Нормативтік сілтемелер
	Осы <<Өсімдіктер систематикасынан ҮП>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: 
<<5В011300>> - <<Биология>>  мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС  3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы <<__>> _________ №__ бұйрығымен бекітілген.
Шәкәрім атындағы СМУ <<Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі>>.
	
3.  Жалпы ережелер
* Оқытушының тегі, аты, жөні  -  Карипбаева Нурзия Шайкеновна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент;
* Кафедрабиология__________________________________________;
* Хабарласу ақпараты  -  тел: 8722242-34-72, Оқу ғимараты № 3, кабинет № 221; e-mail: kob@sgpi.kz
* Контактілі сабақтардың өткізілу орны  -  аудитория № 117;
* Пән атауы  -  <<өс - імдіктердің анатомиясы мен морфологиясы>>;
* Кредит саны  -  3;

             Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
                                                                   1 кесте
                                   Курс
                                Семестр
                              Кредиттер
                      Аудиториялық жұмыс
                           СӨЖ және СОӨЖ
                                   (сағ)
                                Барлығы
                                   (сағ)
                  Қорытынды бақылау түрі
                                       
                                       
                                       
                                 АС (сағ)
                                 ҚК (сағ)
                                       
                                       
                                       
                                       1
                                       2
                                       3
                                      30
                                      15
                                      90
                                      135
                                емтихан

4. Әдебиет және қорлар 
                                       
№
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
1
Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
2
Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
3
Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
4
Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
5
Бавтуто Г.А. Учебно-полевая       практика       по ботанике
6
Комарницкий. Н. А. Кудряшов Л.В. Систематика растений. Просвещение 1975г.
7
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом
8
Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 жыл. 
9
Систематика высших растений. С. А. Шостаковский. Высшая школа. 1970 год.

11
Васильев А.Е. Ботаника,1988г.
12
Мусакулов Ботаника(каз)

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

<<Өсімдіктер систематикасынан ҮП>> 

                   Зертханалық сабақ  № 1
                                       
 Сабақтың тақырыбы: Ертіс өзенінде және оның жағалауларында  балдырлар құрамы. 
  Сабақтың мақсаты :
 Балдырларды анықтап, жіктеу. Балдырлардың негізгі  маңызы және таралуы.  Балдырларды анықтау барысында    Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында,  Жерновка,  Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б.   жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет.      6 сағат
Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото-автотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Сол сияқты топырақтың астыңғы және топырақтың үстіңгі беттерінде қоныстанған түрлерімен қатар, ағаштардың қабықтарында, тастарда кездесетін түрлері әліде болса мұқият зерттеуді қажет етеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белгілі ортаға белгілі бір балдырлар түрлері тән көк жасыл балдырларды, нағыз ядросы, хромотофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызады. Ал қалған балдырлар топтары эукариоттарға, яғни ядролы өсімдіктер топтарына жатады.
Төменгі формадағы саңырауқұлақтардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.
Ал жоғарғы формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк-жасыл балдырлардан басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақсы көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хромотофора деп аталады. Бұл жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластармен салыстырғанда әртүрлі пішінді, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль т.б. формада болады.
Барлық эукариотты балдырларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады. 
Балдырлардың көбеюі.
Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.
Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотомдылардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысына жататын түрлерінде жыныссыз көбею процесі байқалмаған.
Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. тек жынысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбею дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда-гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процессі бірнеше этаптан тұрады. Екі гаметаның цитоплазмасы қосылған кезең кариогамия деп аталады. Сонымен зиготаның ядросы дипоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс процесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни, хромосом саны екі есе азаяды.
Қосылатын гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді.
Тағы бір жынысты көбею жолдарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцияцияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларда ұрпақ алмасу бар диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ алмасу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульваға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетеморфаға тән. гетероморфты ұрпақ алмасу көбінесе қоңыр балдырларға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.
Балдырларды анықтау барысында    Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында,  Жерновка,  Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б.   жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет.   Сабақ барысында алдын- ала  жоғарғыда көрсетілген жерлерден   балдырлар түрлері      банкаларға жинақталады.  Жинақталған балдырлар түрлері  микроскоптің көмегімегімен    қаралып  арнаулы анықтағыштар арқылы анықталады.  Анықталған балдырлар  жіктеліп қысқаша  сипаттамалы беріледі. 
Көк-жасыл балдырлар (Cuanophyta). 
Хроококкалылар класы  -  микроцистис жатады. Олар судың гүлденуін туғызады. Олар шар тәрізді балдырлар коллонияларын түзеді де, сырты шырышпен қапталады. Глеокапс  -  шар тәрізді, суда ақ түсті шырыш, ал құрғақшылықта қызыл, жасыл, сия көк түсті шырыш түзеді.
Хамесифондылар класы. Субстраттардың төменгі бөліктерінде алмұрт немесе бұршақ тәрізді бекнген экзоспоралары арқылы көбейетін түрлерге хамесифон жатады.
Гормогондықтар класы. Жіпше тәрізді формаларына Осциллятория топырақтың беткі ылғалды қабатында көк-жасыл келген жабынды түзсе, су астындағы және су бетіндегі субстраттарда көк-жасыл өңез түзеді. 
Анабена  -  бір немесе бірнеше жіпше бірлесіп тіршілік ететін балдырлардың қатарына жатады.
 Жасыл балдырлар бөлімі
Хлорококкалылар немесе протококкалылар қатары.
Хлорокок тұщы суларда, топырақта, ағаштың қабығында және көптеген қыналардың құрамында кездеседі. Клеткаларының формалары шар тәрізді, бір немесе көп ядролы, табақ тәрізді хроматофорасы бар, бірнеше пиреноидтары болады. Жиырылғыш вакуолячы және көзшесі жоқ.
Колониялы формаларына су торшасы жатады. Hydrodictyon. 
Бұлар ағыны баяу тұщы суларда, немесе тоқтап қалған, азотқа бай су тоғандарында кездеседі. Бұлардың сыртқы формалары қапшық тәрізді: ұзындығы 30 см-ге дейін жететін цилиндр, немесе жалпақ сопақ келген клеткалары үш бұрыштарымен қосылып тор құрайды . 
Жасыл балдырлардың тармақталған бір ядролы жіпше тәрізді өкілі ретінде улотрикс зонатаны қарастырамыз. Клеткалары цилиндр пішіндес, қысқа, протомплазмасындағы хроматофорасының пішіні белдеу тәріздес. Бұл бір ядролы өсімдіктердің қатарына жатады .
Белбеулі улотрикс ағыны қатты бұлақтарда, өзендерде, сол сияқты суы мол көлдердің жиектерінде кездеседі. Олар су астындағы тастар не басқа да қатты субстраттарға беки өседі. 
Драпарнальдия балдыры таза жерде, аэрациясы жақсы, ағыны қатты өзендер мен бұлақтарда тіршілік етеді. 10метр тереңдіктерде өте көп мөлшерде түзіледі. Драпарнальдия балдырының жіпшелері ұзын, аздап бұтақтанған, хроматофорасы белдік тәрізді, шеттері тілімшеленген. Түзілген бұтақтарда топтанып шоқтар орналасады. әрбір қысқа келген жіпшелердің бас жағы ұзын келген түссіз талшықтармен аяқталады.
Коньюьюгаттар және харалы балдырлар.
Зигнемалықтар қатары.
Көп клеткалы, бұтақтанбаған; тұщы ағынды суларда тіршілік етеді. Олар көбінесе судың беткі немесе астыңғы қабатында тіршілік етеді. Клеткасы цилиндр тәрізді, қалың қабықпен қапталған.
Өкілі: спирогира (275 түрі бар). әрбір клетканың протоплазмасында, қабыққа жақын жерде, лента тәрізді, шеті иректелген спираль түрінде оратылған жасыл түсті хромотофора орналасқан . Оның маңайнда крахмал дәндерімен қоршалған пиреноидтар орналасқан. Клетканың ортаңғы үлкен бөлігін клетка шырыны толған вакуоль алып жатыр.
 Десмидиум жіпше немесе жіңішке шынжыр тәріздес болып кледі. Басты ерекшеліктерінің бірі екі жақты симметриялы клетка қабығы екі жақтау түзеді. Бұл әдетте балдырлардың көбейген кезінде ғана байқалады. Десмидиум балдырлары тұщы суларда, топырақта шым тезекте, батпақты, әсіресе кальций тұздары аз жерлерде тіршілік етеді.
Харалы балдыр. Харалардың ұзындығы кейде 50 см-ден асады. Сыртқы пішіні қырық буындыларға ұқсас (хвощ). Талломы буынға және буын аралықтарына бөлінген.
Өсімдік денесі <<сабақтан>> және оларда шоғырланып оргаласқан <<жапырақтан>> тұрады . Су астындағы көптеген ризоидтармен субстратқа бекініп тұрады, онда крахмал жинақталатын түйнектері бар.
Диатомды балдырлар. Диотомды балдырларға бір клеткалы, колониялы немесе жіпше тәрізді қоңыр-сары түсті балдырлар жатады. Кремнеземнан құралған қабық екі жақтаулы болып келеді де, бір-біріне киіледі. Олардың үлкен жақтауы эпитека, ал кіші жақтауы гипотека деп аталады. Клеткасы бір ядролы, бір немесе бірнеше хромотофорадан тұрады.   Жинаөталған материалдардың арасанда диатомды балдырлардың басқа түрлерін  атап айтқанда навикула, табеллярия, фрагилярия  және т.б. түрлерін  тауып  анықтау қажет.


                   Зертханалық сабақ  № 2

Сабақтың тақырыбы:  Топырақ балдырлары.  Оларды анықтау. Систематикалау.   Балдырларды  өсіру методикаларымен танысу.   Лабораториялық тәжірибелер  қою.  6 сағат
  Лабораториялық сабақ барысында Семей өңірінде орналасқан қарағайлы орман топырағы ,  Ертіс өзен  жиектеріндегі  сазды  топырақ, далалы аймақты жерлерден алынған топырақ және  жалпақ жапырақты  орманшық түптерінен  бірнеше топарақ түрлері  жинақталуы қажет.  Лабораториялық сабақ барысында  алдын -ала   дайындаған  Петри табақшаларына  алынған топырақтарды  белгілі бір мөлшерде салынады. Әрбір топырақ түрлеріне арналған   сынама саны  4  рет қайталынады.  Сонымен,  лабораториялық жағдайда  қойылған сынамалардың жалпы саны  16 .    Петри табақшаларындағы   сынамалар химиялық қарындашмен белгіленеді.   Сынамаларды суды тамшылату арқылы  ылғалдандырып бетін петри  қақпақшаларымен жауып  күн көзі жеткілікті жерлерге   қойып   топырақ балдырлар түрлерін өсіреміз.  Сынаманы аптасына бірнеше рет  жеткілікті түрде  ылғалдандырып отыру қажет. 4-5 апта аралығында Петри  табақшалаларының  маңайында  белгілі  бір балдырлар түрлері   өседі.  Өскен балдырлар түрлерін  микроскоп арқылы  қарап , анықтағыштар көмегімен анықтау қажет.   Топырақта тіршілік ететін балдырлар  түрлеріне көбінесе көк жасыл, жасыл және диатомды балдырларға жататын түрлер кездеседі.   Бұл лабораториялық жұмыс студенттердің  топырақта тіршілік ететін балдырлар түрлерін анықтауымен қатар , олардың   өз бетінше   тәжирибе жұмыстарын жасау әдістерін меңгеруге мүмкіндіктерін туғызады. 
 







                   Зертханалық сабақ  № 3

Сабақтың тақырыбы:Саңыруқұлақтар. Семей өңірінде кездесетін қалпақты саңыруқұлақтар.   Оларды түр құрамдарын анықтау.  Қалпақты саңырауқұлақтардың экологиялық топтары.  6- сағат
Саңырауқұлақтар өте ұлкен организм топтарын құрайды. Жер бетінде 100 мыңдай түрді біріктіреді. Олардың құрамында хлорофилл пигменті жоқ, сол себептен де дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни гетеротрофты қоректену жолдары тән. Саңырауқұлақтың негізгі вегетативтік денесі мицеллий немесе гирбиницадан тұрады. Олар әріқарай жіңішке келген гифтарға тармақталады. Ол субстраттың үстінде немсе ішінде орналасады да, қоректік заттарды бүкіл денесімен сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтың мицелийлері клеткаларға бөлінбеген немесе клетка қабықшасы жоқ, тек протоплазмадан тұрса, оларды салыстырмалы түрде төменгі формадағы саңырауқұлақтарға жатқызамыз. Вегетативтік денесіндегі жіпшелері бір-бірімен матасып, жалған ткань плеткенхима түзеді. өзгерген гифтар бір-бірімен қосылып тәж түзеді. Оларды ризоморфтар деп атайды. Олар әртүрлі қалыңдықта болады. Тәждің сыртқы гифтері қоңыр, ішкі жағы ақ болады. 
Кей жағдайларда оның іші өткізгіш түтікке ұқсайды. Мицелийдің ерекше өзгерген түрі склероций өте тығыздалған гифтан тұрады. Бұлардың негізгі тақаратын қызметі қоректік заттар жиналатын орын немесе көбею органдарының қызметін атқаратын органдар болып саналады.
Саңырауқұлақтар гетеротрофты өсімдіктер. Олар субстратты шірітеді, минералдайды. Аздаған бөліктері жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді. Басым көпшіліктері паразитті өсімдіктер қатарына жатады. Көбінесе саңырауқұлақтардың өсімдік субстратында болуы, олардың клеткаларында арнаулы углеводтарды ыдырататын ферменттердің болуы арқылы сипатталады. Тіршілік ететін ортасы қышқылдық орта, олар қышқыл ортаға төтеп бере алады. 
Ал белокқа  бай жануарлар  субстратында тіршілік ететін саңырауқұлақтар бактериялармен тең түсе алмайды, себебі сілтілік орта саңырауқұлақтарға қарағанда бактерияларға қолайлы.
Базидиомицеттер класы. Базидиомицеттер класының өкілдері. 
Гименомицеттердің агариктер қатары.
1. Агарикалықтар қатарына шампиньондар тұқымдасы жатады. Тұғырлдарында сақина түрінде жабындық қалады, пластинкалары бос. Спораларының түсі ақтан қара түске дейінгі аралықта болады. Бұлардың ішінде кең тарағантуыс агарикус, шатырша.
2. Мухоморлар тұқымдасы Amanitaceae. Пластинкалары бос, споралары ақ және қызғылт түсті. Жалпы жабындығы бар, өскеннен кейін жабындығы тұғырында сақина түрінде қалады. Улы түрлеріне Amanita phalloides (бледная поганка немесе сасық мухамор) жатады (8-сурет).
Сыроежка тұқымдасы  -  Russulaceae.
Жемісті денесі үлпілдек келеді. Споралары ақ, крем түстес, орнаментті. Қылқан жапырақты орманда өсетін түрлеріне рыжик (lactarius deliciosus), волнушка (l. torminosus), груздь настоящий тағы басқа түрлері жатады.
Бұлардың барлығы жеуге жарамды саңырауқұлақтар.
Капрофиллдер тұқымдасы  -  Coprinaceae.
Қалпағы жұмыртқа немесе цилиндр тәрізді. Споралары қара, сиякөк, қоңыр сұр түсті. Жемісті денесі нәзік, тез омырылғыш келеді. Сапрофитті түрде қоректенеді: көңде, ағашта, тағы басқа жерлерде кездеседі. Бұлардың ішінде Caprinus comatus (ақ капрофилл) жеуге жарамды.
Трутовик тұқымдасының әртүрлі кезеңдерге жататын нағыз трутовик, жалған трутовик, қызғылт трутовик т.б. түрлерінің жемісті денелерінің коллекцияларын қолдана отырып анықтау және олардың қысқаша сипаттамасын жазу қажет..
 Гастеромицеттер (Gasteromycetales) қатарлары.
Дождевиктер  -  (Lucoperdales). Түйреіш, шар, жұлдыз тәріздес жемісті денесі жер астында өседі. Глеба көптеген камералардан тұрады да, өскен кезде жойылады. Негізгі туыстары дождевик, головач, порховка т.б.
Васелектар қатары  -  Phallales (фаллюс).
Глебасы етжеңді немесе желатин тәріздес. өте көп камераларға бөлінген. Спорасы өскенде қатаяды; жас кезінде денесі шырышты, өте жағымсыз иісі болады, ол глебаның бүлінуінің әсерінен болады. Өлексенің иісі бар спора көбінесе шыбын арқылы таралады.
 Сабақ соңында гименомицеттердің экологиялық топтарын қарастыру қажет . Субстратқа байланысты олар  төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Ксерофиллдер-ағаш сүректерінде тіршілік етеді. /Опенок осенний-Armillariella mellea/
2. Топырақтағы сапрофиттер.
3. Микоризді саңырауқұлақтар.
4. Капрофиллді түрлері. Шөппен қоректенетін жануарлар қиында тіршілік етеді.
5. Карбофиллді түрлер жанған ағаштарда қоныстанады. /Pholiota/.
6. Микрофиллді саңырауқұлақтар басқа гименомицеттерде паразиттік түрде тіршілік етуі. Жоғарғыда көрсетілген экологиялық топтарға байланысы бірнеше мысалдар келтіріңіздер. Сонымен қатар ормандарда , жазық жерлерде  және   үй маңайында кездесетін саңырауқұлақтар  түрлерін жинақтап анықтау қажет. 






                   Зертханалық сабақ  № 4

Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтары. Зең саңыруқұлақтарын өсірудің методикасы.  Өсімдік тектес  субстраттарда  патогенді саңырауқұлақтардың  таралуы. Кейбір жиі кездесетін түрлерді анықтау.
ЗИГОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ.
Мукорлар қатары.
	Мукорлар тұқымдасы.
Мукор көбінесе олар ақ немесе сұр түсті үлпілдек ұлпа түрінде өсімдік тектес ас тағамдарында (нан, варенье, жеміс, көкөніс өнімдері), сол сияқты, қоймалардағы тұқымда дамиды. Мицелий субстратта өседі: олардың тұғырларында көп споралы спорангийлер орналасады. Сонымен қоса кішкентай спорангиолалар түзіледі, оларда спора саны аз жыныссыз конидийлер болады.	
Арнаулы ыдысқа салынған нан кесіндісіне су тамызып 2-4 күн аралығында термостатта ұстайды. Түзілген мукор мицелиилерін лупа арқылы қарау қажет.
Мицелийдің кішкене бөлігін ине ұшымен заттық шыныға салып, үстіне бір тамшы су тамызып, жабындық шынымен жабу керек. Уақытша препараттан микроскоп арқылы мукордың мицелийін және спора тасушы органдарын қарап, суретін салу қажет.Мукордың 10-12 күн аралығында өсірілген дақылынан жасалған уақытша немесе тұрақты препатараттардан, мукордың жыныс органдары мен зиготасын тауып, суретін салып, белгілеу керек.
Эуаскомицет класс тармағы. Плактомицеттер қатар тобы.
Жемісті қалталылар. Бұларға Aspergillus, Penicillium, Acremonium т.б. жатады. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтары сыртқы құрылыстары жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Бұлар конидия сағағының құрылыстары арқылы және ұнтақ көкшіл, жасыл, сары, қара т.б. түсті зеңдері арқылы ажыратылады. Аспергилдің конидия сағағы бір клеткалы цилиндр пішінді, жоғарғы шоқпарланған радиальді клеткалы стергималарында бір клеткалы, олардың жоғарғы жағындағы 2-3 тармақталған стеригмаларда конидийлер орналасқан.
1. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтарын лабораториялық жағдайда өсіру үшін ылғалды нан үзіндісі немесе лимон қабығы 25-270С термостатта 7-10 күн аралығында ұстау қажет.
2. Тұғырлы конидийлі пеницилл препаратын дайындау үшін ине ұшымен дайындалған субстраттың үстінен ортаңғы бөлімінен бастап шеткі бөлімдеріне қарай жүргізу керек. Заттық шыныдағы глициринмен араластырылған су тамшысына, ине ұшындағы саңырауқұлақ мицелийін салып бетін жабындық шынымен жабу керек. Уақытша жасалған препараттан микроскоптың үлкен объективі арқылы көп клеткалы мицелий және конидийлі тұғырларындағы бұтақтанған стригмаларды тауып, суретін салу қажет.
3. Пеницилл клейстотецийінің препаратын дайындау. Дайын пеницилл дақылдарынан препараттық ине арқылы алынған клейстоттецийлерді заттық шыныдағы 5-10 пайыздық КОН ерітіндісінің тамшысына салып, микроскоппен қарау қажет. Аскі мен аскоспоралардың суретін салып белгілеңіз.
4. Аспергилл саңырауқұлағының уақытша препараты да жоғарғыда көрсетілгендей әдістермен дайындалынады.










                   Зертханалық сабақ  № 5

Сабақтың тақырыбы: Мүктер. Семей өңірінде мүктердің таралуы.  Оларды анықтау.  Биотоптары. Мүктәрізділер  бөлімі.
                                 (Bryophyta).
  Мүктер  төменгі сатыдағы  талломдылар мен  жоғары  сатыдағы түтікті  өсімдіктерді  байланыстыратын  топтарға  жатады.  Жоғарғы  сатыдағы  өсімдіктердің ішінде ең қарапайым  өсімдіктер.  Бұлардың даму циклінде  гаметофиті  басым    болып келеді.  Төменгі  формадағы  қарапайым  өкілдерінің  денелері дорзовентральді  тканьдерден тұратын таллом немесе слоевища  болып келсе,  қалған  өкілдерінің денелері екі вегетативтік органдар- жапырақ пен сабақтан тұрады.  Мүктердің  тамырлары жоқ, тамыр  қызыметін бір немесе көп клеткалы  резоидтары атқарады.  Жыныс органдары гаметофиттің сыртқы бетінде, төбесінде, кейде бүйір    жағында  орналасады.


 
     Мүк тәрізділердің спорофиті ешуақытта сабақ пен жапырақ түзбейді және өздігінен тіршілік ете алмайды, барлық тіршілігіне  қажетті  заттарды гаметофиттен алады.Бұлардың  спорофиті  гаметофитіне  тәуелді. Спорофиті тұғырдан және оның  жоғарғы жағында орналасқан пішіні  әртүрлі  болатын  қорапшадан тұрады, олардың  ішінде споралар  жетіледі. Мүктердің түрі табиғатта    кең таралған  өсімдіктер  қатарына  жатады.  Олар  су  жағалауларында, ормандарда, батпақты жерлерде , ағаш  қабықтарында  тағы  басқада   ылғалды жерлерде жиі кездеседі. Студенттер  лабораториялық- практикалық  сабақ  барысында ,  гербарийде  берілген  бірнеше  мүктердің  түрлерін, анықтағыштардың көмегімен  анықтаулары қажет.  Жұмыс  барысында  мүктердің   экологиясы, анатомиялық-морфологиялық  құрлыстары, даму  циклдері , қорапшасының   құрлысы   тағыда басқа  ерекшеліктеріне  көңіл бөлінеді. 
   Мысалы: жүзгіш риччия- риччия плывушая( Riccia fluitans), қисықсабақты дитрих- дитрих кривостебельный (Ditrichum  flexicaule),  аршалы политрих -политрих можжевельниковый  (Polytrichum  juniperinum),  ақшыл брий-брий -бледный (Bryum  pallens S ), шымды брий- брий   дернистый (Bryum  caespiticum), орташа мний- мний средний (Mnium  medium), үшкір басты мний-мний остроконечный ( Mnium cuspidatum), үрленген скорпидий-скорпидий  вздувающийся ( Scorpidium  turgescens M), гигант каллиэргон- каллиэргон гигантский( Calliergon giganteum . K), қатпарлы  ритидий-ритидий  морщинистый ( Rhytidium rugosum . K) тағыда  басқалары   жиі кездесетін түрлердің қатарына  жатады.  













                   Зертханалық сабақ  № 6

Сабақтың тақырыбы: Қыналар.  Семей өңірінде таралған  қыналардың  түрлік құрамы.   Түрледі анықтау.   Таралуы.
ҚЫНАЛАР (LICHENES) бөлімі. 	Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады. 
	Жоғарыда айтылғандай қынаның денесі балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. 
	Олардың құрамына кіретін балдырлар көк-жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ.
	Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.
	Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туымы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы. Олар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді. 
	Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.
	Мысал ретінде Коллема қынасының қара түсті, жастық пішінді талломын алуға болады, ол носток колониясынан және саңырауқұлақ жіпшелерінен тұрады.
	Лептогиум  -  бұл қынаның денесі төменгі және жоғарғы қабаттарға бөлінеді де, субстратқа төменгі жағындағы ризиналар арқылы бекінеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас.
	Гетеромерлі талломның құрлыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады.  Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектенхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстіңгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түссіз болып келеді.	
	Қынаның көбеюі.
	Олар жай екіге бөлінуі арқылы немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитеций қына қабатына кіріп томпайып орналасады.
	Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.
	Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процесі тән.
	Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.
	Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.
	Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғары бөлігі жұмырдана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында поденциялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.
	Кладония және стереокаулон туыстарының подецияларында қабыршақтанған филлокладиялар түзіледі.
	Қыналардың 	т өмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді:
* Топырақ бетіндегі қыналар мен эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәсекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қынылардың қатарына пельтигера, стереокаулон, кладония, цетрария т.б. туыстар түрлері жатады.
* Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса-эпифильді, жалаңаш ағаш діңдерінде қоныстанса-эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т.,б. туыстары жатады.
* Эпилитті қыналар- олар тастарда, құздарда, жартасатрда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.
* Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына-гидротирия қынасын жатқызуға болады.
Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы, оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек үстінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады.   Жазғы далалық практика барысында Семей тауынан, Қалба тауынан, Тармабағатай тау сілемдерінен , далалы аймақтардан және орманды жерлерден жинақталған қыналардың коллекцияларын  жасау қажет.  Сонымен қоса жинақталған қыналарды түрлерін анықтап қысқаша  сипаттамаларын келтіріңіздер  Сабақ соңында  Семей өңірінде кездесетін 20 жуық қыналар түрлерін  тапсыру қажет .






                   Зертханалық сабақ  № 6


Сабақтың тақырыбы: Қос жарнақтылар класына жататын  өсімдіктер түрлерімен танысу.  Қос жарнақтылардың практикалық маңызы бар  кейбір  тұқымдастардың негізгі ерекшеліктері  (  Бұрыштар,  Жаңғақтар,  Кактустар,  Шайлар,  Стеркулярлар, Жөкелер, Сумахтар  және Риандықтар тұқымдастары.





               Бұрыштар (Piperaceae) тұқымдасы
                                       
Бұрыштар тұқымдасына шөптесін, бұталы, көбінесе өрмелеп өсетін лианалар мен аласа ағаштар жатады. Бұл тұқымдасқа жататын түрлер ылғалды тропиктік аймақтарда таралған. Кейбіреулері қыратты жерлердің ылғалдылығы және құнарлығы шамалы тастақты топырақтарында өседі. Осындай ортаға бейімделуіне байланысты бұл түрлердің етжеңді жапырақтарындағы ылғалды жинақтайтын гиподермасы жақсы жетілген. Бұрыштардың жапырақтары әр түрлі формада болып келеді, тіпті жапырақтары қалқаншаға ұқсас түрлері де кездеседі. Кезектесіп орналасатын жапырақтары бүтін жиекті, доға тәрізді жүйкеленген, қосалқы жапырақтары жоқ. Реңсіз ұсақ гүлдері қалқанша түріндегі жабындық жапырақшалармен жабылып, масақ тәрізді гүлшоғырларына жинақталған. Олар сабақтың ұшында орналасады. Гүлдері көбінесе қос жынысты, сирек жағдайда дара жынысты. Аталықтарының саны 1-10-ға дейін, көбінесе 2-3-еу болады. Кіріккен жеміс жапырақшаларының саны 1-6, кейде 3-ке дейін шектеледі. Аналық ауызы 1-6 және бір ұялы жатын түзеді. Жемістері шырынды немесе құрғақ болып келеді. Тұқымы перисперимді, эндоспермі болмайды. Өткізгіш түтіктері шашыраңқы, кейде екі немесе оданда көп шеңбер құрып орналасады. Дүниежүзінің тропиктік ормандарында таралған 10 туысқа біріктірілген 1400 түрдің басым көпшілігі Америка мен Меланезияда өседі. Көптеген түрлері - эпифитті өсімдіктер. 
Осы қатарға жататын бұрыштар тұқымдасының ішінде Азия тропиктерінде  өрмелеп өсетін  бұталы қара бұрыш (Piper nigrum)  өсімдігін атап өтуге болады .
Бұлардың құрамында алкалоид пиперин бар. Қара бұрыштың пісіп жетілмеген жемістерін кептіріп (түсі қараяды), астың дәмін келтіретін зат есебінде қолданады.
 Бұрыштың тағы бір (P. вetle)  түрінің жапырақтары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде арека (Areca catechu) пальмасының тұқымы және әкпен (ізбес) қоспа күйінде насыбай орнына (шайнау барысында есірткі тәрізді әсер етеді) пайдаланылады. 
Бұрыштар тұқымдасының пеперомия (Peperomia) туысы шөптесін өсімдіктер. Бұл туыстың тұқымбүршігінің үш интегументті болуы сирек кездесетін құбылысқа жатады. Пеперомиялардың көптеген түрлері бөлмелік және оранжереялық декоративтік өсімдіктер ретінде белгілі. Олардың қатарына күміс түстес ( P.argyreia), ақбоз (P. incana), қызғылт  (P. rubella) пеперомия түрлері жатады. Бұрыш тұқымдасының жабық тұқымдылардың арасында алатын орыны толық анықталды деп есептеуге болмайды.
Көптеген зерттеушілер бұл тұқымдасты магнолиялар класс тармағының бір тобы есебінде, ал екінші біреулері жеке, оқшау тұрған қарапайым тұқымдас ретінде қарастырады. Енді бір ғалымдардың пікірі бойынша, бұрыштар  ароидтер және пальмалармен бірге ерекше эволюциялық бағыт түзген, яғни жабық тұқымдыларға жатпауы да мүмкін деген пікірде. Бұл пікірлер ароид және бұрыш тұқымдастарының вегетативтік және генеративтік органдарының ұқсастығына, сол сияқты анатомиялық құрылыстарының дара жарнақтыларға ұқсас болуына негізделген.

              Жаңғақтар (Juglandaceae) тұқымдасы

Жаңғақтар тұқымдасына ірі тақ қауырсынды күрделі, жұпар иісті жапырақтары бар бір үйлі ағаштар, сирек жағдайда бұталы өсімдіктер жатады. Қосалқы жапырақтары жоқ. Көп аталық гүлдері сырға гүлшоғырына жинақталған. Гүл асты жапырақтары және жапырақшалары жақсы жетілген. Аталықтары әр түрлі және саны жағынан көп. Аналық гүлдері сырға тәрізді гүлшоғырларына жинақталған немесе жекелеп орналасады (мысалы, грек жаңғағында). Гүлсерігінің тостағанша тәрізді жапырақшасының саны әдетте төртеу болып келеді. Гүл асты жапырақтары бокал тәрізді өсінділермен бірігіп, көбінесе плюска түзеді. Екі жеміс жапырақшаларынан түзілген жатыны бір ұялы және екі аналық ауызынан тұрады. Жемісі жаңғақ,  сүйекті жеміс. 
 Алғашында жеміс серігінің сыртқы қабаты шырынды, жасыл түсті болады да, жемісі піскен кезде құрғап түсіп қалады. Жеміс серігінің ішкі қабаты сүректі, қатты, сары түсті болып келеді. 
Тұқымы біреу, эндоспермсіз, ұрықтың тұқым жарнақтары қатпарлы (миға ұқсас) болып келеді. Жабайы түрдегі грек жаңғағы (Juglans regia) Жерорта теңізінің шығыс алқаптарынан Гималай тауларына дейін таралған, діңінің жуандығы 1 м  немесе одан да жуан үлкен ағаш. Мәдени түрде өсірілуіне  байланысты табиғи  ареалын  нақты анықтау қиын.  Жаңғақ ағашы Батыс Қырғызстан мен Тәжікстанның таулы аймақтарында үлкен орман түзеді.   Көптеген мәдени сорттары шығарылған. Бір ағаш жылына  орташа есеппен 50 кг жаңғақ береді. Тұқымынан жаңғақ майы өндіріледі, ал сүйегінен қоңыр және қара түсті бояулар алынады. Жемісн әр түрлі тағамдарда қолданады, одан тіпті тосап та жасайды. Бұл ірі ағаштардың тығыз да қатты сүректерінің кесінділері әсем бедерлі болып келеді,  әрі оңай тегістеліп, жылтыратылады, осыған орай өте бағалы материал ретінде қолданылады. Бұған жаңғақ ағашынан жасалған әр түрлі тұрмыста қолданатын қымбат бұйымдар жатады. 
Мәдени түрде өсірілетін пекан жаңғағы (Carya illinoensis) Америкада өте кең таралған. Солтүстік Америкада суыққа төзімді гиккори (C.ovata) ағашының жемісі тамаққа пайдаланылады, онымен қоса сүрегі мықты және серпімділігіне байланысты шаңғы жасауда қолданылады. Жаңғақтар тұқымдасының  өзге топтарымен филогенетикалық байланысы толық анықталмаған. Көптеген ғалымдар бұларды жел арқылы тозаңданатын қайыңдар және шамшаттар тұқымдастарымен туыстық байланысы бар деп қарастырады.


 
              Кактустар (Сactaceae) тұқымдасы
                                       
Жер бетінде кактустарға 2800 астам түрлер біріктіріледі.
Кактустар сыртқы пішіндері ерекше өсімдіктер. Кактустар бір-бірінен көлемдеріне байланысты айқын айырмашылықтары болады. Қазіргі кезде тіршілік ететін түрлердің арасында ең кішкентай кактус блоссфельдияның (Blossfeldia minima) биіктігі небәрі бір-екі сантиметрге жетеді, ал  Аргентинада өсетін алып Cereus dayamii кактусының биіктігі 25 метрден астам болады. Дүниежүзінде ең биік кактустарға бағана тәрізді кактустар жатады. Ең биік кактустардың етжеңді сабақтары шар тәрізді, бағаналы, тармақталған немесе әлсіз тармақталған болып келеді. Өркендерінің көлденең қимасы дөңгелек немесе көп бұрышты болып түзіледі. Кейде өркендері жалпайып өсіп, жапырақтарға ұқсас сипатта болады (филлокладия  құбылысы). Тамырлары бір түрлерінде жақсы жетілсе, екінші бір түрлерінде нашар жетіледі. Көптеген түрлері ауыр топырақтарда негізгі тамыр түзсе, сазды және құмды топырақта өсетін түрлерінде шалқан тәрізді тамыр түзеді. Кактустардың тамыр жүйесі жаңбырлы кезеңдерде ылғалды тез сіңіріп, сабақ клеткаларында су қорын жинақтайды. Ұзақ созылатын құрғақшылық кезеңде қабыршақпен қапталған ірі тамырлар сақталып, жас тамырлары кеуіп қалады. 
Ал рипсалис, селеницерус, апорокактус және басқа да орман кактустарында ұзын келген ауа тамырлары түзіледі. Сонымен, топырақтың жоғарғы қабаттарына жақын кеңінен жайыла өскен өте көп мөлшердегі кактустардың тамырлары атмосфералық ылғалды мейлінше толық жинауға әбден бейімделген. Басым көпшілік түрлері суккулентті сабақтарындағы жапырақтары редукцияға ұшыраған ксерофиттер. Кейде суккуленті емес аласа ағаш, бұта және лианды ағаш түрлері де кездеседі. Бұларға кәдімгі сабақтары мен жапырақтары бар переския (Pereskia) және перескиопсис (Pereskiopsis) туыстары мысал бола алады .
 Бұл кактустар құрғақшылық мерзімде жалпақ жапырақтарын тастайды. Ал суккуленті түрлерінің жапырақтары редукцияланған, тек жас өсімдіктерде ғана жапырақтарды немесе олардың жұрнақтарын байқауға болады. Бір өсімдіктерде олар жалпақ немесе етжеңді ұршық тәрізді болып келеді. Екіншілерінде өте ұсақ қабыршақтар түрінде, ал үшіншілерде өсу конусының айналасында болар-болмас жұрнақтар түрінде ғана болады. Сабақтарында редукцияланған жапырақтарының түптері, яғни подариялары сақталады. Шар және бағана тәрізді кактустарда подариялардың қосылуы нәтижесінде кактус сабағындағы жапырақ ортостихтеріне сәйкес келетін тік жолақты қырлар пайда болады. Подарияларда қысқарған өркендер болып табылатын қойнау бүршіктерінен төмпешіктер түрінде дамитын ареолалар орналасады. Ареолаларда жапырақ орнына ұзындығы, беріктігі, қаттылығы және формалары әр түрлі тікенектер, қылқандар, немесе қатты түктер дамиды. Бұл өсінділер эпидермальдық клеткалардан түзілген түкшелермен қапталуы мүмкін. Кейде бұл түктер өте көп болып және ұйыса келе бүкіл өсімдікті тегіс қаптап жатады. Ареолаларда оңай сынатын тікенектер мен қылдар түрінде глохидиялар да түзіледі. Теріге оңай кіріп кететін глохидиялардан құтылу оңайға түспейді. Кактустардың тікенектері ақ, сары, сарғыш, қоңыр, қара, қызыл  түсті болып келеді. 
Кактус сабақтарының етжеңділігі су қорын жинағыш ұлпалардың күшті жетілуіне байланысты. Көлденең 1 м және одан да үлкен ірі кактустардың сабақтарында 3000 л-ге дейін су қоры жиналады. Булану бетінің шамалылығы, қалың кутикуламен балауыз қабаттың болуы, сонымен бірге устьица санының аздығы кактустардың суды өте үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Ал сабақтарындағы су қоры кактустарды ұзақ уақытқа созылатын қуаңшылыққа төзімді етеді.
Жапырақтарының редукциялануы нәтижесінде фотосинтез процесін түгелдей сабақтары атқарады.
Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кактустар негізінен шөлді және шөлейтті аймақтарда таралған, ал сулы аймақтарда кездесетін формалары эпифиттер ретінде ағаш бұтақтарында, яғни суы жеткіліксіз орталарда өседі. Гүлдері сабақтарында бір-бірден немесе шоқталған түрде пайда болады; олардың өлшемдері бірнеше мм-ден 15 см-ге дейін және одан да үлкен болып келеді. Гүлсерігі спираль бойымен орналасқан өте көп жапырақшалардан тұрады. Төменгі жапырақшалары сарғыш-жасыл түстес, жоғары қарай, әсіресе гүлдің ішкі бетіне қарай біртіндеп ашық түстерге қызыл, сары, ақ, қызғылтым және т.б. боялған күлте тәрізді жапырақшаларға айналады. Гүлсерігінің жапырақшалары төменгі жақтарымен өзара кіріге келіп, түтік құрайды. Саны өте көп аталықтары спираль бойымен орналасады. Төменгі жатыны бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзілген; бір ұялы жатынның ішкі қабырғаларында өте көп мөлшерде тұқымбүршіктері дамиды; сирек жағдайларда гинецейі апокарпті. Ұзын аналық мойынның ұшында орналасқан ақ немесе жасыл түсті көп сәулелі аналық ауызы өзінің ашық түсі арқылы күлтелерден бірден ерекшеленіп тұрады. Негізінен энтомофильді өсімдіктер, кейде колибри мен жарқанаттар арқылы тозаңдануы мүмкін. Жемістері етжеңді, жидек тәрізді, құрғақ жемістері өте сирек.
Кактустардың басым көпшілігі негізінен Оңтүстік және Орталық Америкада шоғырланған, тек бір ғана рипсалис (Rhipsacis)  туысы тропиктік Африка мен Цейлонды қоса Африканың шығысындағы аралдарда кездеседі.
Кактустардың ең көп түрлері Мексикада кездеседі. Кейбір түрлері Анд тау жоталарын бойлай оңтүстікке қарай Патагонияға дейін жетеді.
Мұнда кейбір кактустар өте ірі болып келеді, мысалы алып цереустің (Cereus gigantеus) биіктігі 20 м-ге жетуі мүмкін. Бұл кактустың қырлы бағана тәрізді сабағы 1,5-2 м биіктікте әлсіз бұтақтанады. Саны аз бүйір бұтақтары алдымен горизонталь бағытта өсіп, кейіннен бірден жоғары қарай тік бұрыш жасай өседі. Жеуге жарамды жемістері бар түрлеріне тропиктерде мәдени өсімдік ретінде өсірілетін үш қырлы цереус (Cereus triangularis), "үнді фигасы" (Opuntia ficus indica) және т.б. жатады. Бастапқыда тропиктерде өсірілген опунциялар кейіннен бүкіл Жерорта теңізі жағалауларына кеңінен таралды. Осы жақтарда қайтадан жабайы күйге өткен бұл кактустар қазіргі кезде Азияға, одан Австралияға өтіп, қой шаруашылығына көп залалын тигізетін зиянды өсімдік болып отыр.
Көбінесе құрғақ аймақтарда орналасуына байланысты, кактустарды тек шөлейтті аймақ өсімдіктері ретінде қарастыруға болмайды. Олар көбінесе далалы аймақтардағы өсімдіктер бірлестіктерінде, кейбір түрлерін эпифиттер ретінде орманды жерлерде де кездестіруге болады. Кей жерлерде тікенекті кактустар тірі қоршаулар ретінде өсіріледі, көптеген түрлері декоративтік мақсатта оранжереялар мен бөлмелерде өсіріледі. Кейбіреулері өте ірі әдемі гүлдерімен, енді біреулері ерекше сырт пішіндерімен  қызықтырады.
                  Шайлар (Theaceae) тұқымдасы
                                       
Шай бұтасының отаны Индия, Цейлон, Ява, Қытай мемлекеттері. Мәдени дақыл ретінде тропиктік және субтропиктік елдерде өсіріледі. 
Қосалқы жапырақсыз жай жапырақтары спиральді түрде орналасқан мәңгі жасыл сүректі және бұталы өсімдіктер жатады. Гүлдері қос жынысты, кейде дара жынысты. 
Тұқымдастың, кейде тіпті бір түрдің ішінде сандары тұрақсыз гүл мүшелері жартылай шеңбер бойымен орналасады. Тостағанша жапырақшаларының саны 5-7, күлте жапырақшаларының саны 5-9 және өте көп болуы мүмкін. Гүл мүшелері бос, кейде төменгі жақтары кіріккен күйде орналасады. 
Аталықтарының саны өте көп (сирек жағдайда 15 немесе 10)  олар кейде 5 топқа жіктеліп, күлтелердің төменгі жақтарымен кірігіп өседі. Түптері кіріккен 2 немесе көп жеміс жапырақшаларынан  түзілген жалғыз аналық екі немесе көп ұялы. Аналық мойынының саны жеміс жапырақшаларына сәйкес келеді, кейде бір немесе бірнеше аналық ауызы бар жалғыз аналық мойыны болады. Жемістері қақырамайтын қорапша немесе жаңғақ. 
Негізінен тропиктер мен субтропиктерде өсетін өсімдіктердің 600-ге жуық түрлері  жатады. Әсіресе, бұл тұқымдас Азия, Индонезия және Американың тропиктік және субтропиктік таулы аймақтарына тән. 
Ең маңызды туыстарының бірі камелия (Camellia). Жапон камелиясы (C. japonica) өте көп гүл түзетін бұталы декоративті өсімдік.
 Раушан, таушымылдығы тәрізді камелияның да гүл аталықтары күлте жапырақшаларына айналған (көп күлтелі құбылыс). Қазіргі кезде көп күлтелі ақ, қызғылт түсті ірі гүлдері бар бұл бұтаның көптеген мәдени сорттары шығарылған. Бірақ, бұлардың жабайы өсетін түрлері сияқты мәдени түрлерінің де иістері болмайды. Камелия қысы жылы, ауасының ылғалдылығы жоғары аудандарда, ал  қысы суық аймақтарда оранжереялар мен бөлмелерде декоративтік мақсатта өсіріледі. 
Шай (Thea) бұтасы эллипс формалы, қалың жапырақты мәңгі жасыл бұта немесе аласа ағаш. Жоғарғы жағы сүйірленіп келген қою жасыл түсті мәңгі жасыл жапырақтары ланцет және ұзын эллипс пішіндес болып келеді. Жапырақтың құрамында 5 пайызға дейін теин алкалоиды, тұтқырлық дәм беретін илік заттар және хош иісті эфир майлары бар. Ең бастысы шайдің дәмі мен түсі олардың құрамындағы илік заттардың мөлшеріне байланысты болады.  Шай өндірісінде шай өсімдігінің екі-үш жапырағы бар жас өркендері жиналады, сонан кейін шайдың  химиялық сапасы мен түсін өзгертетін ферментациялау процесі жүргізіледі. Көк шай да осы материалдардан алынады, бірақ арнаулы тәсілдермен өңделеді. Шай сорттарының жоғарғы сапасы оларды жинау кезіндегі ережелерді сақтау және жапырақтарын дұрыс өңдеуге байланысты болады. Ал өңдеу технологиясының бұзылуы олардың сапасын күрт төмендетеді. Жас жапырақтары өте улы болады. Біршама ірі гүлдерінің жемістерінде сақталып қалатын 5-7 тостағанша жапырақшалары, 5-9 ақ немесе қызғылт түсті күлтелері, өте көп аталықтары және үш ұялы үстіңгі жатынды аналығы болады. Ұрықтанғаннан кейін жатыннан әр ұясында бір тұқымнан орналасқан үш қырлы қорапша дамиды. Қытай шайы биіктігі 10 метрге дейін жететін бұта немесе ағаш, сүйір келген жапырақтары қысқа сағақта орналасқан. Гүлдері ақ, қызғылт түсті. Жемісі  қорапша. Шай бұтасын, немесе қытай шайын (T. Sinensis) кейбір ғалымдар жеке шай туысы деп қарастырады, ал қазіргі кезде түр тармақтары деп саналатын формаларын жеке түрлерге жатқызады. Бұл орайда <<Ассам>> шайын (T. assamica) мысалға келтіруге болады. Кейбір деректерге қарағанда, жабайы түрдегі шай ағаштары Меконг өзенінің жоғарғы ағыстарында әлі күнге сақталып қалған. Өсімдіктер жүйесінде гинецейлерінің құрылыстарына, аталық сандарының көптігіне байланысты бұлар шәйқурайлар тұқымдасына жақын орналасады. Бірақ, оларда жапырақтарының орналасуы, сабақтарының анатомиялық құрылысы, эндосперм типтері өзгеше болып келеді.
                                       
                                        


          Cтеркулиялар (Sterculiaceae) тұқымдасы
                                       
Стеркулиялар тұқымдасы тек тропиктерде ғана кездесетін басым көпшілігі сүректі, аздаған түрлері шөптесін өсімдіктер. Осы тұқымдасқа биіктігі 3-8 м-ге жететін шоколад (Theobroma cacao) ағашы жатады. Бұл аласа ағаштардың негізгі отаны Оңтүстік және Орталық Америка болғанымен, қазіргі кезде барлық тропиктік аймақтарда өсіріледі. Эллипс пішінді, кезектесіп орналасқан ірі жапырақтары қою жасыл түсті, кейбір түрлерінде ерте түсіп қалатын қосалқы жапырақшалары болады. Гүлдері қос және дара жынысты, актиноморфты немесе  зигоморфты. Бірден тікелей діңдерінде (каулифлория) дамитын 5 мүшелі ұсақ ақ гүлдері шоқталып орналасады. Тостағанша жапырақшалары түпкі бөліктерімен кіріккен. Күлтелері бұралған, бірақ көбінесе болмайды. Кейде андрогинофор жетіледі. Екі шеңбер бойымен орналасқан, азды көпті кіріккен көп аталықтарының сыртқы шеңберлері стаминодийлерге айналған. Тозаңқаптары төрт ұялы. 
Гинецейі апокарпті немесе ценокарпты, 5 жеміс жапырақшаларынан түзілген жемісі - жидек. Қиярға ұқсас қырлы жемістері сары, қызғылт-сары,  қызыл түсті болады. Әрбір жемісінде какао бұршағы деп аталатын 20-30 немесе одан да көп тұқымдары болады.
 Тұқымдарынан шоколад жасауға қолданылатын какао майы алынады. Құрамында теобромин және кофеин алкалоидтары бар. Стеркулиялар тұқымдасына жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында таралған 70 туыс және 1000-ға жуық түрлер жатады. Бұлардың тіршілік формалары әр түрлі болып келеді. Аласа келген бұталы түрлерімен қатар, шөптесін және өте ірі ағашты формалары да кездеседі.
Бұлардың қатарына тақтай тәрізді тамырлары және саусақты бөлікті жапырақтары бар стеркулия (Sterculia)  туысы жатады. Стеркулияның дара жынысты гүлдері сыпыртқы гүлшоғырларына жинақталған. Бұл тұқымдас құлқайырлар тұқымдасына қарағанда көне тұқымдас болып саналады. Құлқайырлардан айырмашылығы: бұларда гүл асты жапырақшалары түзілмейді және саны жағынан аталықтары аз болады.
Батыс Африкалық кола (Cola) туысына жататын ағаштардың тұқымдары кофеин мен теоброминге бай болғандықтан медициналық препараттар жасауда қолданылады. Стеркулия тұқымдасы жөкеағаштар тұқымдасына жақын. Екі тұқымдастың ортақ қасиеттеріне сүректі формаларының басымырақ болуы, күлте жапырақшалары көбінесе түзілмеуі, түктерінің жұлдызша тәрізділігі және жапырақ сағақтарының анатомиялық құрылыстарының ұқсастығы жатады. Андрогинофоралары жиі кездеседі. Бұлар аталықтарының құрылыстары мен сандарына байланысты ерекшеленеді.

            Жөкеағаштар (Tiliaceae) тұқымдасы 
                                       
Жөкеағаштар тұқымдасына ағаштар мен бұталар, аздаған шөптесін түрлер жатады. Бұлардың қосалқы жапырақшалары көбінесе түсіп қалатын, жай жапырақтары тегіс немесе ойыс жиекті болып келеді.  Қос жынысты, кейде дара жынысты, ақ немесе сары гүлдері цимоздық гүлшоғырларын құрайды. Гүлсеріктері 4-5 мүшелі. Тостағанша және күлте жапырақшалары кірікпеген жеке-жеке орналасады. Ашық түсті ірі күлтелерінде шірнеліктер жиі кездеседі. 
Андроцейлері әр түрлі, кейбір экзотикалық өкілдерінде андроцей бес-бестен екі шеңбер бойымен орналасқан бос аталықтардан тұрады. Басым көпшілігінде саны көп аталықтары бес-бес шоқтан тұратын екі шеңбер түзеді. Кейде бір шеңбердегі шоқтар стаминодийлерге айналуы немесе түгелдей редукциялануы мүмкін, ондай жағдайда гүлдері көп аталықты шоқтардан тұратын бір шеңберлі болады. Көп немесе екі жеміс жапырақшаларынан түзілген гинецейі ценокарпті. Үстіңгі жатыны екі немесе көп ұялы; аналық мойыны мен ауызы біреу. 
Жемістері қақырамайтын қорапша немесе жаңғақ тәрізді. Тозаңы тегіс. Тұқымы эндоспермді. Әдетте вегетативтік органдарында шырышты заттар жинақталады. Жөкеағаштар тұқымдасына тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған 45 туыс және 400-ден астам түр біріктірілген.
Тұқымдас өкілдерінің біріне солтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарында өсетін 10 шақты түрден құралған жөкеағаш туысы (Tilia) жатады. Олардың қатарына Қазақстан флорасында кездесетін биіктігі 25 м-ге дейін жететін өзекті жөкеағашы (T.cordata) жатады .
Жөкеағашы маңызды орман түзуші ағаш түрлеріне жатады; кейбір жерлерде  бір текті ормандар құрайды,  көбінесе еменді ормандардың құрамында өседі. Жүрекше тәрізді қалың жапырақты жөкеағашы симподиальді бұтақтанатын ірі ағаштар. Кезектесіп орналасқан жапырақтары бүршік жарғанда жұқа жарғақ тәрізді қосалқы жапырақтарын тастайды. Жөкеағашы барлық ағаштардан кейін жаздың ортасында гүлдейді. Гүлдеу кезінде ағаштар саны жағынан өте көп, қалқанша тәрізді ірі гүлшоғырларын түзеді.
Гүлшоғырының қабыршақ тәрізді ірі гүл асты жапырағы жемістерінде сақталып қалады да, олардың желмен таралуына себеп болады. Гүлдері 5 тостағанша жапырақшаларынан, 5 ақшылтым күлтелерден және 5 шоқтарға топтасқан өте көп аталықтардан тұрады. Үстіңгі жатыны бес ұялы, әрбір ұясында екі тұқымбүршігі дамиды. Аналықтың бір мойыны және домалақ келген ауызы бар. Тұқымбүршіктерінің барлығы бірдей жетілмеуіне байланысты қақырамайтын жемістері бір немесе екі тұқымды  ғана болады. Жөкеағаштарының жұпар иісті, ашық түсті гүлдеріне жәндіктер, әсіресе аралар үйір келеді. Жұпар иісті, аса дәмді жөкеағашының балы өте жоғары бағаланады. Кептірілген гүлдері "жөкеағашы гүлі" деген атпен медицинада терлеткіш қайнатпалар ретінде қолданылады.
Жұмсақ та тегіс сүректері оңай кесіледі. Қабықтарынан алынатын таспалардан әр түрлі қорапша, шәркей, сауыттар және т.б. бұйымдар тоқуға болады және жөке ретінде қолданылады. Үндістан мен Қытайда бір жылдық шөптесін өсімдік джут (Corchorus capsularis) өсіріледі. Оның сабақ талшықтарынан қап тігілетін маталар (джут қаптары) тоқылады, жіптер мен арқандар есіледі. Джутты  Кавказ бен Орта Азия елдерінде де өсіруге болады. Жөкеағашы тұқымдастары стеркулия тұқымдасына ұқсас, бірақ аталықтарының кірікпей бос орналасуы басты айырмашылықтары ретінде қарастырылады. Кейбір ғалымдар олардың флакуртия туыстарымен ұқсастықтарына көңіл бөлген. Әсіресе жөкеағаш, стеркулия және флакуртия тұқымдастарының тозаң құрылыстарындағы кейбір ұқсастықтарын ескереді.

                 Рияндар (Rubiacea) тұқымдасы
                                       
Қосалқы жапырақшалы жапырақтары  қарама-қарсы, өте  сирек жағдайларда  кезектесіп  орналасатын шөптесін  өсімдіктер,  бұталар  мен  ағаштар.  Қосалқы  жапырақшалары  жапырақ  пен     сабақтың  аралығында немесе  жапырақ  жұптарының  бүйір жақтауында орналасады. Бірінші жағдайда қосалқы жапырақшалар  кірігіп,  бүршікті  бүркемелеп  тұратын, кейіннен  түсіп  қалатын  қалпақша тәрізді мүше түзуі мүмкін. Екінші жағдайда  жапырақтарға  ұқсас  қосалқы жапырақшалары  қос-қостан  кірігіп  немесе түптеріне дейін тілімделуі мүмкін. Нәтижесінде  өсімдіктердің  жапырақтары  шоқталып  орна - ласқан сияқты  болып  көрінеді. Жапырақтардың қарама-қарсы орналасатындығына  жапырақ  шоқтарындағы  тек  екі  жапырақтың  қойнауларында ғана  бүршіктердің  түзілуі  дәлел  болады. 
 Гүлдері  көбінесе  цимоздық гүлшоғырларында  орналасады;  қос  жынысты,  актиноморфты,  сирек жағдайларда  зигоморфты. Гүлсерігі 4-5 мүшелі.  Тостағанша жапырақшалары   бес немесе  төрт  тісшелер  түрінде  сақталады  немесе  редукция  нәтижесінде тісшелердің  болмауы  да  мүмкін.  Күлтелері бесеу, күлте  түтіктері ұзын немесе  өте  қысқа  болуы  мүмкін.  Күлтелерінің формалары  да әрқилы  болып  келуі  мүмкін.  Аталық жіпшелері арқылы күлте түтіктеріне бекінген аталықтарының саны 4-5. Екі жеміс  жапырақшаларынан  құралған  гинецейінің  төменгі  жатыны  негізінен  екі  ұялы,  бірақ  үнемі  тұрақты  емес.  Тұқымдас - тың  ішінде  ұялар  саны  мен  әрбір ұядағы  тұқымбүршіктерінің  саны бірнешеге  дейін  ауытқуы  мүмкін.  Жемістері  шырынды  жидектер, сүйекті  жемістер,   құрғақ  қорапшалар және  жеке  жанғақшаларға ыдырайтын  бөлшекті  жемістер.   Тұқымдары  эндоспермді.
Рияндар тұқымдасының жер бетінде таралған 450 туысы және   6 000-нан астам түрлері белгілі.    Басым  көпшілігі  тропиктерде,  кейбір  өкілдері  тропиктен  тыс  аймақтарда  кездеседі.
Рияндар тұқымдасы негізінен  ылғалды ормандарға тән,  бұлардың көптеген өкілдері саванналы ормандарда қоныстанған.    Араларында тікендерінің  түзілу жолдары  әр түрлі, тікенекті бұталы түрлері  басым болып келеді. Сол сияқты, биіктігі әр түрлі ағаштар да көптеп саналады. Ал шөптесін түрлері көбінесе тропиктік аймақтарда таралған. Гүлдерінің түсі және құрылысы сан алуан. 
 Еуразиялық  қоңыржай аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда, көбінесе қызылбояу (Galium)  туысының өкілдері кеңінен таралған. Жапырақтары топтанып орналасқан, өте көп мөлшерде түзілетін ақ немесе ақшыл сары түсті гүлдеріне байланысты басқа өсімдіктер арасында бірден көзге түседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан,   қосалқы жапырақшалары   түптеріне дейін тілімделуіне байланысты,  жапырақтары  шоқталып  орна - ласқан сияқты  болып  көрінеді.     
 140-сурет. Иісті бояушөп (Asperula odorata). 1-жалпы көрінісі; 2-гүл; 3-гүлдің тігінен кесіндісі; 4-гүлдің диаграммасы 
Бояушөп (Asperula)  туысы өкілдерінің негізгі ерекшелігі  ұзын түтікті күлтесі воронка тәрізді. Алтай және Жоңғар Алатауының тау бөктерлеріндегі қылқанды  және жапырақты ормандардың көлеңкелі жерлерінде таралған  иісті бояушөп (A. odorata) тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік .
Ақ түсті күлтесі кепкен кезінде қарайып,  хош иісті болып келеді. Гүлшоғырлары  сыпыртқы типтес.
 Біздің флорада   риян (Rubia) туысының 8  түрі өседі. Гүлдері сары, жасыл немесе ақшыл түсті. Гүлшоғырлары шашақ немесе сыпыртқы тәрізді болып келеді. Бояғыш риянның (Rubia tinctorum)  тамырларынан  алынатын бояу жүн  мен  мақтаны  қызыл  түске  бояуда қолданады. Ембі өзенінің бойында және Үстірт қыраттарында  өсетін бор рияны (R.cretacea) және Ертіс  өзенінің аңғарында, Зайсан-Алакөл ойпатының кей жерлерінде қоныстанған   Резниченко рияны (R. Rezniczenkoana) бұталы  өсімдіктер болып табылады.  Сирек кездесетін эндемикалық түр ретінде Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енгізілген.   
 Аса  маңызды  өкілдеріне  кофе   мен  хинн  ағаштары   жатады.  Кофе (Coffea)   туысының өкілдері қою жасыл түсті қатқыл   жапырақтары  бар мәңгі жасыл  аласа  ағаштар мен  ірі  бұталы  өсімдіктер.  Ақ түсті гүлдері  хош иісті.  Қызыл немесе  қара көк  түсті, біршама үлкен  шырынды  жемістерінің  ішінде    жартылай  дөңес  келген екі  ірі  тұқымдары   болады. Қуырылған  кофе  дәндерін ұнтақтап,  көпшілікке  белгілі  кофе сусыны  даярланады.  Кофе  құрамындағы  кофеин  алкалоиды  орталық  жүйке жүйесін  қоздырып,  жүректің жұмысын  жақсартады  (сергіткіш  әсері бар).  Мәдени  кофенің (C. arabica)  отаны  Эфиопия. Кофе плантациялары  барлық тропиктік аймақтарда   кездеседі.  Қазіргі  кезде  бүкіл дүниежүзілік кофе  өнімінің 90  пайызға  жуығы  Оңтүстік  Америка елдерінде,  оның  ішінде  60  пайызға  жуығы Бразилияда  өндіріледі. Кофе ағашы өте көп мөлшерде ылғалды қажет етпейді, әрі көлеңкеге  төзімді.
Хинн (Cinchona)    туысының  өкілдері биіктігі  10-15  м-лік  мәңгі жасыл  аласа  ағаштар мен  бұталар.  Бүкіл дүниежүзінің тропиктік аймақтарында таралған безгек ауруына қарсы қолданылатын жалғыз дәрілік өсімдік. Жапырақтары  қатқыл,  жұпар иісті гүлдері  ақ  немесе  қызғылт  түсті.  Негізінен  теңіз  деңгейінен  1000-2400 м  биіктікте, Анд жоталарының шығыс  беткейлерінде  өседі.  Хинн  ағаштарының құрамында  20-ға жуық  алкалоидтар  болады. Осылардың арасында хинин алкалоиды безгек масалары арқылы  таралатын  трипанасома сияқты  бір клеткалы талшықты  эритроцит паразиттеріне қарсы қолданылады. Оңтүстік Американың жергілікті  тұрғындары   өте ерте  замандардан  бері  хинн  ағашының қабығын  безгек  ауруын  емдеуге қолданған.  Табиғи  қорының  азаюына  байланысты,  мәдени  дақыл  ретінде  арнайы  өсіріледі.  Қазіргі  кезде  хинн  қабығының негізгі  бөлігі  Индонезияда (Ява  аралы)  өндіріледі. Медицинада безгек  ауруын  емдеу  үшін  таза хинин  немесе  "хинет"  деген  атаумен  белгілі алкалоидтар қоспасы қолданылады. 
Үндістанда    кішірек  келген  жартылай  бұташық   бразилиялық ипека - куана (Ipecacuanha) арнайы  өсіріледі. 
Бұл  өсімдіктің  тамырларынан  өндірілетін  препараттар медицинада  қақырық түсіретін  және  құстыратын дәрілер ретінде  қолданылады. Азияның  оңтүстік-шығысында  кездесетін  эпифитті  өсімдік  мирмекодияның  (Myrmecodia echinata)  өзіндік  биологиялық  ерекшелігі бар.  Оның түйін тәрізді  сабағының  ішіндегі  қуыстарда  құмырсқалар  селбесіп тіршілік  етеді  (мирмекофилия  құбылысы).
Хош иісті, ақ гүлді гардения (Gardenia jasminoides) бақтарда және бөлмелерде декоративтік   өсімдік  ретінде белгілі.




                Руталар (Rutaceae  ) тұқымдасы
                                       
Руталар тұқымдасына көбінесе  Оңтүстік Африка  мен Австралияның  субтропиктік аймақтарында таралған 1600-ге жуық түр жатады. Жай кейде күрделі жапырақтары кезектесіп, сирек жағдайларда қарама-қарсы орналасады. Жапырақ тақталарының жиектері  бүтін немесе тілімшеленген  Руталар мәңгі жасыл сүректі және бұталы өсімдіктер.
 Кейде бірен-саран шөптесін формалары да кездеседі. Қосалқы жапырақтары жоқ. Жапырақтарында ашық түсті дақтар түріндегі май бездеуіттеріне байланысты, өте жағымды иісті өсімдіктер.  Бұл тұқымдастың тіршілік формаларының көп түрлілігімен қатар, тіпті гүлдері және жемістері де әр түрлі болып келеді. Көптеген өкілдерінің гүлдері ұсақ және жасыл реңді болса, цитрустардың ірі  гүлдері қызыл, ақ және қызғылт түсті болады. Қос жынысты,  гүлдері көбінесе 5 мүшелі, гүлсерігі қосарланған.  Көп жағдайларда андроцей мен гинецейдің арасында, кейде білеуге ұқсас болып келетін дискі, немесе гинофор түзіледі. Тостағанша жапырақшалары бос, кейде кіріккен. 

Аталықтарының саны күлтелер санынан екі есе, сирек жағдайларда бірнеше есе артық болады, кейде олар төменгі бөліктерімен өз-ара кіріккен. 
Күлтеден жоғары орналасқан аталықтары шірнеліктерге айналған, немесе мүлдем болмайды. Жеміс жапырақшалары 4-5, кейде одан да аз (біреуге дейін), өте сирек жағдайларда 6 немесе одан да көп; өзара кіріккен, кейде тек аналықтың мойын бөлігінде ғана кірігеді. 
Көп ұялы үстіңгі жатын; әрбір ұяда бір-екі тұқымбүршіктері жетіледі. Жемістері қорапша, сүйекті жеміс, жидек немесе бөлшекті  жеміс. Цитрустардың жидек тәрізді  ерекше жемісі  - померанец. Бұлар көп ұялы және көп тұқымды. Хош иісті эфир майлы жемістерінің сыртқы қабаты сары, қызғылт сары түсті, ортаңғы қабаты ақ түсті, кепкен борпылдақ мақта тәрізді. Сыртқы  және ортаңғы қабаттары бірігіп жеміс қабығын түзеді.  Жемістің ішкі етжеңді шырынды қабаты - пульпа деп аталады. 
Руталар тұқымдасының кейбір өкілдерінің практикалық маңызы зор. Олардың қатарларына цитрустар (Citrus) жатады. Цитрустардың шыққан отаны Азияның тропиктік және субтропиктік  аймақтары
Цитрус жапырақтарының, әдетте, сопақша немесе эллипс пішіндес келген жай жапырақ тақталары, шын мәнінде редукцияланған күрделі жапырақтың бір бөлігі ғана болып табылады. Актиноморфты, жұпар иісті, ақ немесе қызғылт түсті гүлдері көбінесе жапырақ қойнауларында топталып орналасады. Бірнеше  қайтара қаққа жарылуының нәтижесінде көп санды аталықтары (60-қа дейін жетеді) екі-үштен немесе бірнешеуден өзара кірігіп, топтар түзеді. Үстіңгі жатынды ценокарпті гинецейді құрайтын жеміс жапырақшаларының саны 20-ға дейін жетеді. Көп жағдайларда тұқымында бірнеше ұрықтар дамиды (полиэмбриондылық).
Цитрус дақылдары өз отанында, яғни Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Үндістан)  өте ертеден бері өсіріліп келеді. Қазіргі кезде бұл дақылдар көптеген елдерде белгілі, көптеген түрлері оранжереяларда, бөлмелерде өсіріледі. Цитрустардың Жерорта теңізі елдерінде кең таралғандығы соншалық, тіпті оларды ландшафт түзуші өсімдіктер қатарына да жатқызуға болады. Кейбір цитрустар (апельсиндер) Оңтүстік Америкада жабайы түрде таралып, белгілі дәрежеде жергілікті өсімдіктерге өз ықпалын тигізеді. Цитрус жемістері дәміне және пайдалылығына байланысты өте жоғары бағаланады. Олар қанттарға, лимон қышқылына және витаминдерге  өте бай. Жемістері сол күйінде, немесе консервіленген түрде пайдаланылады. Жеміс қабықтарынан цукаттар даярланады. Жемістерінен, жапырақтарынан және күлтелерінен алынатын құрамы және иісі жағынан бір-бірінен ерекшеленетін эфир майлары кондитерлік өнімдер даярлауда және парфюмерияда қолданылады.
     Мандарин (Citrus reticulata, Citrus unschiu)   ұсақ тәтті жемістері түзетін орташа көлемдегі ағаштар. Екінші уншиу, немесе  жапон мандаринінің  аздап сопақтау келген жемісінің жеміс  қабығы тез сыдырылады.  Жемісінің орталық осінде бос, етжеңді шырынды бөліктері оңай бөлінеді және кейбір сорттарында тұқымдары болмайды.   Құрамындағы 10 пайыздан астам  қант мөлшеріне байланысты жемісі тәтті. Бір ағаш жылына орта есеппен 300 ден астам жеміс береді.
 Лимон (C. limon) биіктігі  2,5-4 м-ге жететін мәңгі жасыл жапырақты ағаш. Жас  бұтақтары қызғылт сиякөк түсті. Жылтыр эллипс тәрізді жай жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлсерігі қосарланған және қос жынысты.  Ақ түсті, хош иісті, актиноморфты  гүлдері жекелеп орналасады. Аталықтарының саны көп. Аталық жіпшелері кіріккен. Аналығы біреу, жатыны жоғарғы жатын.  Жәндіктер арқылы тозаңданады. Жидек тәрізді көп ұялы сары түсті жемісі етжеңді,  қышқыл және хош иісті.
     Апельсин (C.sinensis) биіктігі 10 м-ге жететін, сабақтары тікенекті ағаш . Жапырақтары сүйір келген. Хош иісті  гүлдері ақ түсті. Қою сары түсті, пішіндері әр түрлі етжеңді шырынды  жемісі өте тәтті. Жабайы түрі Гималай тауында кездеседі. Әр түрлі сорттарының арасында <<Вашингтон-Нэвель>>  сортының  жемісінде тұқымы болмайды. Қабығы жұқа, етжеңді бөлігі шырынды келеді.  Құрамында небәрі 1,3 пайыз лимон қышқылы бар.
 Грейфурт ( C.paradisi) етжеңді шырынды, хош иісті қышқылтым жемісінің өзіне тән дәмі бар.  Жемісі жеуге жарамды.  Диеталық қасиеті жоғары. Грузияда мәдени түрде өсіріледі.
  Қара теңіз жағалауларында цитрустар телу әдісі арқылы көбейтіледі. Көбінесе осы тұқымдас тармағына  жататын суыққа төзімді понцирус (Poncirus trifoliata)  бұталарына телінеді.
Қиыр Шығыста, Сахалинде және Жапон аралдарында барқыт амур (Phellodendron amurense) ағашы өседі. Өте жуан ағаштардың  тоз қабатының қалыңдығы 5-7 см-ге жетеді, бірақ сапасының төмендігіне байланысты  ыдыстарға арналған тығындар ретінде сирек қолданылады.
Тұқымдастың келесі бір өкілі ретінде Еуропаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде кездесетін шөптесін өсімдік - ақ күймесгүлді (Dictamnus albus) атап айтуға болады.  Өсімдікті тегіс қаптап жататын өте көп бездеуітті түтіктер ұшқыш эфир майларын бөліп шығарады. Тымық күні шағылған  сіріңкеден өсімдік  маңайы от алып тұтанады, бірақ өзі жанып кетпейді.  Бұл өсімдіктің абайсызда денеге жанасқан жерін күйдіретін қасиеті бар. Тасжапырақты күймесгүл (D. angusstifolius) түрі Қазақстанның таулы аймақтарында кездестіруге болады. Руталар  өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан,  мелиялар және сумахтар  тұқымдастарына жақын тұқымдас ретінде қарастырылады.

 Сумахтар,  немесе Анакардиялар (Anacardiaceae) тұқымдасы

Сумахтар тұқымдасы кезектесіп орналасатын жай немесе күрделі  жапырақтары бар ағаш немесе бұталы өcімдіктер. Бұл тұқымдасқа негізінен тропиктік және субтропиктік  жылы аймақтарда, кейбір түрлері қоңыржай аймақтарда өсетін 600-ге жуық түрлер жатады.  Актиноморфты, қос жынысты, сирек жағдайларда дара жынысты ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырларында орналасады. Бес мүшeлi шеңберлер түзетін қос түсті гүлcepiгiнің саны 5-ке тең. Аталықтары 5, сирек жағдайларда 10. Көбінесе синкарпті, кейде апокарпті гинецейі 1-3, сирек жағдайда 5 жеміс жапырақшаларынан құралады. Ycтіңгі немесе төменгі жатын. Жемістері бір немесе бірнеше тұқымды сүйекті жеміс. Көптеген сумах тәрізділердің қабықтарында шайыр жолдары жиі кездеседі.
Бұл тұқымдастың барлық өкілдерінің тіршілік формалары сүректі өсімдіктер, олардың ішінде Оңтүстік-Шығыс Азияның тропиктік ормандарында таралған драконтомелия (Dracontomelum) ең алып ағаш болып саналады. Сонымен қатар, көптеген  түрлері денеге жанасқан жерлерінде теріні қабынтып күйдіретін улы бұталар мен кішірек ағаштар. Бұлардың қатарына Антиль аралдарында өсетін метопиум (Metopium) және токсидендрон (Toxicodendron) түрлері жатады.
Пыста (Pistacia) туысының бip қатар өкілдері пайдалы өсімдіктерге жатады.  Жапырақтары қауырсынды тілімделген, биіктігі 5-10 м-ге жететін ағаш немесе биік келген бұталы өсімдік. Мысалы, Қазақстанда Тянь-Шань тауларында кездесетін кәдімгі пыстаның (Р. vera) жаңғақ жемістері жеуге жарамды . 
Жемісі піскен мезгілде эндокарпийі  жарылып ашылады. Бұл өсімдік Жерорта теңізі елдерінде, әcipece  Италияда жиі өсіріледі.
 Осы туысқа жататын Қырым, Кавказдың кейбір бөліктерінде кездесетін кевово (P. mutica) ағашынан  өте бағалы шайыр алынады.
Солтүстік Кавказда, Жерорта теңіз жағалауларында және Қазақстанның Оңтүстік таулы аймақтарында таралған қуаңшылыққа өте төзімді, бүтін жапырақты  скумпия (Cotinus coggygria) бұталы өсімдіктер қатарына жатады.
Скумпияның ұзын сағақты, қызыл түсті, түкті гүлдері ірі келген  сыпыртқы гүлшоғырында орналасқан. Күзде  жапырақтары ашық қызыл түске енеді. Скумпияның жемістері  1 тұқымды сүйекті жеміс. Жемісінің мезокарпий қабаты жұқа және құрғақ, немесе тәтті шырынды болып келеді. Скумпияны далалы аймақтарда желге тосқауыл ретінде, егістіктерді қоршай егілетін ағаштардың құрамында өcipy тиімді деп есептеледі.
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында мәдени түрде өсірілетін скумпиядан басқа, сумах туысына жататын  бір ғана түр - сілті  ағаш сумахы (Rhus hirta) кездеседі. Жапырақтары тақ қауырсынды кішірек келген ағаш. Бұл өсімдіктердің екеуі де таннидтерге өте бай болғандықтан, тepi илеу мақсатында қолданылады. Сумахтың cүpeгi мен тамырларының қабығынан қоңыр, тамырлары мен жемістерінен қызыл, жапырақтары мен өркендерінен қара, ал өркендерінің жас қабығынан сары бояулар алынады. Қытай мен Жапон аралдарында кездесетін лакты сумахтың (Rh. vernicifera)  қабығында күн көзінде қараятын шырындарын лак алуда қолданылады. Солтүстік Америка мен Шығыс Азияда улылығы өте күшті улы сумах (Rh.toxicodendron) өседі.  Сол сияқты, Солтүстік Америкада кездесетін сірке суы ағашы (Rn. typhina) декоративтік мақсатта өсіріледі. Оның қауырсын тәрізді, қою жасыл түстi жапырақтары мен  ашық қызыл түсті гүлшоғырлары өте әдемі болады. Жапырақтары да күз айларында ашық қызыл түске боялады.
Сумахтарға өте қатты сүректері <<квебрахо>>, немесе <<кэбрачо>> деп аталатын (испан тілінен аударғанда quebar - сындыру, "hacho" - балта деген мағынаны береді)  Оңтүстік Америкалық кейбір сүректі өсімдіктер де жатады. Schinopsis balansae және S. larentzii ағаштары уақыт өткен сайын түci қоюлана түсетін қызыл түстi, тығыз сүректі өсімдіктер. Құрамында 20 пайызға дейін таннидтер бар бұл өсімдіктерден илік заттар алынады, ал  қалдықтары қағаз өндірісінде қолданылады. Практикалық маңызы бар өсімдіктер ретінде Үнді-Малай түбегінде кездесетін манго өсімдігін атап өтуге болады. Бұл ағаштардың құрамында қант пен лимон қышқылының мөлшері өте көп, бірақ скипидардың дәмі бар, шырынды жемістері үшін бірқатар тропиктік елдерде мәдени дақыл ретінде арнайы өсіріледі (манго жемістері). Мангоның 1000-нан астам сорттары бар. Сумахтар және руттар тұқымдастары көптеген белгілеріне байланысты бір-біріне жақын орналасқан тұқымдастар ретінде қарастырылады.









                   Зертханалық сабақ  № 6


Сабақтың тақырыбы: Дара жарнақтылар класына жататын өсімдіктер түрлерімен танысу. Дара жарнақтылардың практикалық маңызы бар кейбір тұқымдастарының негізгі ерекшеліктері. ( Астық, Пальма,лар, Имбирьлер, Банандар, және Ананастар тұқымдастары) 
        Астық (Gramineae, немесе Poaceae) тұқымдасы
                                       
Басым  көпшілігі  шөптесін  өсімдіктер. Кейбір  өкілдерінің ғана  (бамбуктер)  сабақтары  қатайып  сүректенеді. Бұлар бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Әдетте  сабақтары  жіңішке,  цилиндр пішіндес,  барлығының дерлік  сабақтары буыннан және  қуыс келген буын  аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағы сабан деп аталады.   Екі  қатар  бойымен  кезектесіп  орналасқан  жапырақтары  сабақты  орап  тұратын цилиндр  тәрізді  ұзын  қынаптан және  әдетте  жіңішке  таспа  тәріздес  жапырақ  тақтасынан  тұрады,  ал олардың  түйіскен аралығында  тілше  (Ligula) деп  аталатын кішкене  пленка,  немесе  қатқыл түктер  түріндегі  өскін  орналасады. Тілшенің негізгі  атқаратын  биологиялық  қызметі  сабақ  пен қынап  арасына  судың   өтпеуін қамтамасыз ету.    Қынап  сабақты  тығыз  қаптап тұрады,  көпшілігінің қынаптарының жиектері  кірікпейді. Қынаптың  кірікпеген,  қайырылған  екі ұшы   құлақша деп аталады. Құлақшаның түсі ақ, пішіні жалпақ, немесе жіңішке келген жартылай ай тәрізді.  Астық тұқымдасының кейбір түрлерінде құлақшасы болмайды , немесе  оның орнына түктер түзіледі.  Тұқымдас түрлерін анықтауда  тілше және құлақша негізгі белгілердің бірі болып есептеледі.   Қынаппен  қапталған  буын    аралықтарының  төменгі бөлігі  меристемалық  қасиетін  сақтайды  да,  ұзақ  уақыт  бойы  сабақтың интеркалярлық  өсуін  қамтамасыз  етеді.
 Астық тұқымдастарының жай гүлшоғыры саны жағынан әртүрлі гүлдерден тұратын  масақша түрінде болады. Масақшалар  күрделі  масақтарға,  немесе бірнеше  қайтара  бұтақта - натын  сыпыртқы  гүлшоғырларына   топтасуы мүмкін. Кейбір  астық  тұқымдастары  күрделі  сұлтан түріндегі гүлшоғырын   түзеді.  Олардың  өте  көп    масақшалары  бір-біріне  жақын  қысқа  бұтақтарда  өте  тығыз  орнала - сады  (атқонақ,  түлкі  құйрық т.б.). 
 Әрбір масақшаның негізгі  осьінде  екі  қатарланып  арнайы  қабыршақ  тәрізді  жапырақтар  орналасады.  Бұл  жапырақтар пішіндері,  өлшемдері  және  құрылысы  жағынан  вегетативтік  жапырақтардан  өзгеше.  Әдетте,  масақшаның  төменгі  екі  жапырағы стерильді  болады,  яғни  өз  қойнауларында  гүлдер  түзбейді.  Бұл  жапы - рақтар  орналасу  тәртібіне  қарай  жоғарғы және  төменгі  масақша  қабыршақтары  деп  аталады.  Масақша қабыршақтарының  саны  кейде  екеуден  артық  (тары),  немесе  жалғыз  (үй  бидайық), немесе  мүлдем  болмауы (ақ  қылтан)  мүмкін.  Масақша  қабыршақтарынан  жоғары  1-ден  10-ға  дейін  төменгі  гүл  қабыршақтары  орналасады. Олардың қойнауларында  гүлдер  түзіледі.  Көптеген  астық  тұқымдастарының  төменгі  гүл  қабыршақтарының   қылтанақ    түріндегі  өскіндері  болады.  Қылтанақтар  тік, қисық бұралған,  түкті  (мысалы, селеулердің қауырсын  тәрізді  ұзын  қылтанақтары),  немесе  жалаң  болып  келеді. Төменгі  гүл  қабыршақтарының қойнауларында  орналасқан  гүлдерді масақша  осьіне  қатысты  екінші  реттік  қысқарған  өркендер деп қарастыруға  болады.  Бұл  өркендер жоғарғы  гүл  қабыршағынан,  пленка  тәрізді  гүлсеріктерінен,  лодикулалардан, андроцей  мен  гинецейден  құралады. Аталған  органдардың  ішінде  андроцей  мен  гинецейдің ғана  гүлге  қатысы бар.
Жоғарғы  гүл  қабыршағының екі  ірі  жүйкелері  екі  қыр  түзеді. Қабыршақтың  екі  қыр арасындағы  пленка  тәрізді  бөлігі  әруақытта  ма - сақша  осьіне  бағытталған,  ал  қырлардың  шеткі  бөліктері  төменгі  гүл қабыршағымен  көмкеріліп  тұрады,  яғни  жоғарғы  гүл  қабыршағының көлденең қимасы  <<П>>  әрпіне  ұқсас.Жоғарғы  гүл  қабыршағынан  жоғарырақ  кішірек  ақ  түсті  лодикулалар (lodiculae)  орналасады.  Әдетте  саны  екеу,  ал  кейбір астық  тұқымдастарында үшеу (селеу) . Кейде  лодикулалар мүлдем  болмайды  (жұпарлы  масақ,  атқонақ).  Көпшілік ғалымдардың пікірінше, лодикуллалар ( гүл айналасындағы ақшылтым келген кішірек пленкалар) өте күшті редукцияланған гүлсеріктерінің ішкі шеңбер мүшелерінің қалдықтары деп есептейді. Енді бір ғалымдар лодикуллаларды редукцияланған жапырақ қалдықтары деп қарастырады.
   Көпшілік  жағдайларда  астық  тұқымдастарының  андроцейлері  үш мүшелі,  олардың  біреуі  лодикулалардың  ортасында, ал қалған  екеуі жоғарғы  гүл  қабыршағына  бағыттала  орналасады. Астық  тұқымдастарының  ата  тектерінде  үш мүшелі екі  шеңберлі  андроцейдің  болғандығын  күріш,  стрептохета,  қант  құрағы,  көптеген  бамбук сияқты өсімдіктердің    гүлдеріндегі  екі  шеңбер құратын  6  аталықтың  болуы  дәлелдейді.  Аталық  санының азаю  тенденциясын  кейбір астық  тұқымдастарынан  да  байқауға  болады.  Мысалы,  тілқиярда,  жұпарлы  масақшада  аталық  саны  екеу,  ал  циннада тіпті  біреу-ақ.  Аталық құрылысының  бір ерекшелігі,  аталық  жіпшесі  қияқөлеңдердегідей тозаңқаптың  түбіне  бекімей,  оның  ішкі  жағына  бекиді.  Осының  салда - рынан  тозаңқап  өте  жылжымалы  болып  келеді  де,  ауаның  әлсіз  ағысынан  да  қозғалысқа  келеді  (жел  арқылы  тозаңдануға  бейімделуі). Гүлдің  аналығы  бір ұялы  үстіңгі  жатыннан  тұрады.  Жатында  жылғыз тұқым  бүршігі  дамиды.  Аналықтың мойыны  ұзын,  немесе  қысқа  болуы  мүмкін. Аналық  ауызы  көбінесе  қауырсын  тәрізді  екі  тармақтан  тұрады. Кейбір астық  тұқымдастарында  (стрептохета,  кейбір  бамбуктер)  үш  тармақты аналық  ауызының және  жатын  қабырғасында  үш  өткізгіш шоқтардың  болуы гинецейдің үш  жеміс  жапырақшаларынан  құралғандығы  жөніндегі  пікір тудырады.  Соған  қарамастан,  көптеген  ғалымдар  астық  тұқымдастарының гинецейі  жалғыз  жеміс  жапырақшасынан  түзіледі  деп  есептейді.
Астық  тұқымдастарының  гүлдеуі  кезінде  олардың лодикулалары қатты ісінеді.  Осының  салдарынан  төменгі  және  жоғарғы  гүл  қабыршақтары  бір-бірінен  алшақтап,  аталық  және  аналық  гүлдердің ашылуына сепбеп  болады.  Гүлдеу  барысында  аталық  жіпшесі  өте  тез  ұзарып  өседі, тозаңқаптар  тігінен  жарылады  және  жетілген  тозаңдар  әлсіз  ауа  ағысымен  де  өте  оңай  шашылады.  Барлық  астық  тұқымдастары  жел  арқылы   айқас  тозаңданады.  Сонымен  қатар,  Оңтүстік  Америка тропиктеріне  тән  бетегелер  тұқымдас  тармағына  жататын туысының  өкілдері  жәндіктер арқылы да  тозаңдана  алады.  Кейбір мәдени  астық  тұқымдастарының (бидай,  арпа,  сұлы,  тары,  күріш) гүлдері  клейстогамды,  яғни  ашылмайтын  болғандықтан,  олар өздігінен  тозаңданады.
Астық  тұқымдастарының жемістері  дән,  тек  кейбір  бамбуктердің жемістері  жанғақ,  немесе  жидек  тәрізді  болып  келеді.  Төменгі  гүл  қабыршақтарының  қылтанақтарында устьицалар  өте  көп  болады,  яғни  судың булануы  қарқынды  жүреді.  Осының  нәтижесінде,  дәндердің пісіп  жетілуіне  қажетті  қоректік  заттар, қажетті  мөлшерде  жеткізіліп  тұрады. Қылтанақсыз  түрлерінде  көп  санды  устьицалар  гүл  қабыршағының ұшына  таман  шоғырланған.
Дәннің  көп  бөлігі  (орта  есеппен  массасының  74  проценті)    крахмалды  эндоспермнен  тұрады.  Оның алейронды,  немесе клейковиналы  деп  аталатын  сыртқы  қабаты  белоктарға  (алейрон  дәндері),  майларға  және  витаминдерге  бай  қалың  қабықты  клеткалардан тұрады.  
Дәннің  түпкі  бөлігінде  ұрық  орналасады.  Ұрық пен эндоспермнің  арасында,  әдетте  астық  тұқымдастарының  тұқым  жарнағы  деп  саналатын, қалқанша  (scutellum)  орналасады.  Көптеген  астық  тұқымдастарының ұрықтарының  қалқаншаға  қарама-қарсы  жағында  эпибласт  деп аталатын  қабыршақ  түзіледі.  Эпибластың морфологиялық  табиғаты  жөнінде  әр түрлі  пікірлер айтылады.  Кейбір ғалымдар оны  екінші  тұқым жарнағының  рудименті,  немесе  жалғыз  тұқым  жарнағы  болып  саналатын қалқаншаның  қынабының жұрнағы  деп  есептейді.  Екінші  бір ғалымдар эпибласты  нағыз  тұқым  жарнағы  деп  санайды.  Ал  қалқанша ұрық  осьінің  өсінді  жалғасы,  яғни  жапырақтан  емес,  сабақтан  дамитын  орган деп  қарастырады.  Ұрық  бүршіктерден,  оны  жауып  тұратын  қалпақшадан    (колеоптиле)  және  колеориза  тканімен  қоршалған  ұрықтық  тамырдан  тұрады.  Бүршікше  мен  ұрықтық  тамырдың  аралығында  морфологиялық айқын  дифференцияцияланбаған  жарнақ  асты  қалқаншамен  байланысқан гипокотиль  орналасады.
Көптеген  жабайы  астық  тұқымдастарының  масақша  осьтері  масақша  қабыршағынан  жоғары  төменгі  гүл  қабыршақтарының аралықтарында сынып,  төменгі  және  жоғарғы  гүл  қабыршақтарымен  қоршалған  дәндері шашылады;  сирек  жағдайларда  масақшалар бүтін күйінде  түсіп  қалады. Жабайы  түрлерге қатысты,  биологиялық  зиянды  болып  саналатын,  мәдени астық  дақылдарының  дәндерінің шашылмау  қасиеті  адамзаттың  көптеген ғасырлар  бойы  ұштаған  сұрыптауының  нәтижесі  болып  табылады. Сұрыптау  нәтижесінде  пайда  болған  астық  дақылдарының екінші  бір маңызды  қасиетіне  дәндерінің  гүл  қабыршақтарынсыз,  жалаңаш  күйі бөлінуі  жатады.
Жабайы  астық  тұқымдастары  негізінен  әр түрлі  түктердің, және жеңіл  гүл  және  масақша  қабыршақтары  сияқты  басқа  да  өсіндердің көмегімен  жел  арқылы  таралады.  Кейбір  түрлері  жемістеріндегі  тікенекті қылтанақтары  және    ілмектері  арқылы  жануарлар денесіне  жабысып  таралады.
Астық  тұқымдастарының дәндерінің  өнуі  кезінде  қалқанша  клеткалары  созылып  өсіп,  эндоспермге кіреді  де,  эндоспермді  қорытатын әр түрлі  ферменттер  түзеді.  Нәтижесінде  түзілген  қоректік  заттар ұрыққа  беріледі.  Колеоптиле,  немесе  алғашқы  жапырақ  жер  бетіне түтікшеленіп  оралған,  қатты ұшы  біз  тәрізді  үшкірленген  қынап  түрінде  шығады.  Алғашқы  жапырақ соңғыларының жер  бетіне  шығуын  қамтамасыз  етеді.
Астық тұқымдасының морфологиялық құрылысы күрделі, осыған  байланысты толық қарастырылуы  қажет.
Барлық  астық  тұқымдастарының сабақтары  көбінесе  жер астында, тек  кейбіреулерінікі  ғана  жер  бетінде  тармақталады  (тармақталу  аймақтары).  Тармақталу  аймағында  буындар бір-біріне  өте  жақын  орна - ласады  және  буындардағы  қойнау  бүршіктері  бүйірлік  жер асты  немесе  жер үсті  өркендерін  бере  алады,  ал  бүйірлік  өркендердің өздерінің  тар - мақталу  аймақтары  болады.  Көп  жылдық  астық  тұқымдастарының  тармақ - талу  аймақтарындағы  қойнау  бүршіктерінен  жер  бетіне  горизонталь бағытта  өсетін ұзын  жер  асты,  өркендер дамиды.  Бұл  астық  тұқымдастарын  тамырсабақтылар деп  те  атайды  (жатаған  бидайық,  қылтанақсыз арпабас   т.б).
Тамырсабақтарында  бастапқыда  ақшыл,  немесе  қоңырқай  түсті  қабыршақтар  түріндегі  жапырақ  қынаптары  болғанымен,  кейіннен  олар  түсіп қалады.
  Тамырсабақтың  барлық  буындарында  дерлік  қосалқы  тамырлар түзіледі.  Алғашқы  тармақталу  аймағынан  біраз  қашықтықта  тамырсабақтың ұшы жоғары қарай  иіліп,  жаңа жер үсті  өркенін  береді.  
Бұл  өркеннің жер астындағы  бөлігінде  жаңадан  тармақталу  аймағы  қалыптасады,  жаңа  тамырсабақ  түзіледі.  Жаңа  тармақталу  аймақтары мен  тамырсабақтардың  түзілуі  осылайша жалғаса  береді. 
Астық  тұқымдастары  тамырсабақтары  арқылы,  әсіресе  борпылдақ топырақты  жерлерде,  вегетативтік  жолмен  өте  тез  көбейе  алады.  Құмды  және ылғалды  жерлерде  өсетін  астық  тұқымдастары  жерге  төселіп  өсетін  ұзын  өркендері  арқылы  да  вегетативтік  жолмен  көбейе  ала - ды.  Бұл  өркендер столондар,  немесе  атпалар деп  аталады.  Столондардың  тамырланған  кейбір буындарынан  тік  өсетін  сабақтар дамиды (қарашағыр,  кәдімгі  қоңырбас,  кейде  қамыс т.б.). Түптеніп  өсетін  астық  тұқымдастарының барлық жер үсті  өркен - дері  бір-біріне  өте  жақын  орналасады.  Бұл  жағдайда  горизонтальді ұзын  тамырсабақтар  түзілмейді,  ал  тармақталу  аймағында  пайда  болған  жер  асты  өркендері  бірден  қиғаштанып  жоғары  қарай  өседі, немесе  алдымен  горизонталь  бағытта  өсіп,  аналық  өсімдікке  өте  жақын орналасқан  жаңа  түптер пайда  болады.  Егер  бүйірлік  өркендер алғашқы  беттен-ақ  аналық  сабаққа  параллель  дерлік  вертикаль  бағытта өте  жақын  өсетін  болса,  тығыз  түптер пайда  болады.    Мұндай  өсімдіктер  тығыз  түпті  астық  тұқымдастары  деп  аталады  (мысалы,  селеулер т.б.).  Егер пайда  болған  түптер  бір-біріне  жақын орналасса,  селдір  түптер  түзіледі,  ол  өсімдіктер  селдір  түпті  астық  тұқымдастары  деп  аталады  (мысалы,  шалғындық  атқонақ,  кәдімгі тарғақ  шөп- шалғындық  бетеге т.б.) .
Тармақталу  аймағында  пайда  болатын  жаңа  өркендер сабақ  пен жапырақ  қынабының  аралығында  орналасқан  қойнау  бүршіктерден  дамиды.  Бұл  өркендер қынапты  тесіп  шығып ,  қынаптан  тыс,  немесе экстравагинальді  өркендер түзеді,   қынаптың  ішінде    интравагинальді  өркендер  дамып,  аналық  сабақтың жанынан өсіп  шығады.  Екінші  жағдайда  өте  тығыз  түптер пайда  болады,  сонымен  қатар экстравагинальді  өркендер де  тығыз  түптер құрай  алады. 
Астық  тұқымдастарының монокарпикалық  өркендері  бір,  екі, немесе  бірнеше  жыл  тіршілік  етеді  (моно, ди, полициклді  өркендер). Бірақ  барлық  өркендердің  гүлдеуі  шарт  емес  (өркендердің жартылай даму циклі),  яғни  өркендердің  бір  бөлігі  гүлдегенге  дейін  тіршілігін  жояды.  Әрбір  өркеннің жер  бетіндегі  бөлігі  түгелдей  қурап, жер асты  және  жер  бетіне  жақын  бөліктері  ғана  сақталады.
Астық  тұқымдастары  тек  тармақталу  аймағында  ғана  бұтақтанып қоймайды;  бүйірлік  бұтақтар жер асты,  тіпті  жер үсті  сабақтарының кез  келген  бөліктерінде  түзілуі  мүмкін.  Сабақтары  бұтақтанатын өсімдіктерге  мысал  ретінде    қамысты,  айрауықтың  кейбір  түрлерін, бидайықты және  басқа  да  біраз  түрлерді  атауға  болады.
Бұтақтану  нәтижесінде  астық  тұқымдастарының  синтездік  қабілеттілігі  артады  және  ассимиляциялық органдары  жыл  сайын  жаңарып  отырады.  Толық  даму  циклін  өткен  сабақтар  гүлдеу  барысында,  яғни  гүл шоғырларының  қалыптасуы  кезінде  де  бұтақтанады.  Бұл  бұтақтанудың биологиялық  маңызы - бір  сабақта  неғұрлым  саны  көп  масақтар мен  гүлдерді  жинақтау  және  оларды  тозаңдануға,  таралуға  ыңғайлы  етіп    орналастыру  болып  табылады.
Астық  тұқымдастарына  бүкіл  жер шарында  кеңінен  таралған  700  -ден  астам  туыстарға  топтастырылатын  10  мыңға жуық түрлер жатады.  Саванналар, далалар (прериялар),    шалғындықтар  сияқты кең  алқаптарда  түр құрамы  тұрақты  өте  үлкен  өсімдік  қауымдарын құрайды.  Ал  түрлерінің  басым  көпшілігі  тропиктік  аймақтарда  шоғырланған. Қазақстанның территориясында астық тұқымдасының 83 туысына  жататын  418 түрі  өседі.  Өкілдері көптеген өсімдіктер бірлестіктерінің доминанттары.   
Экономикалық  тұрғыдан  астық  тұқымдастары  барлық  өсімдіктердің ішіндегі  ең  маңыздылары  болып  табылады.
Бүкіл  дүние  жүзілік  егін  шаруашылығында  егістік  көлемі  және алынатын  өнім мөлшері  бойынша  астық  дақылдарының  ішінде  алғашқы орындарды  бидай,  күріш,  жүгері, арпа, сұлы, тары және қара  бидай алады.  Сонымен  бірге,  Азия  мен  Африканың тропиктік  және  субтропиктік  аймақтарында  соргоның маңызы аса  зор. Жабайы  астық  тұқымдастарының да  халық  шаруашылығындағы  маңызы өте  зор.  Әсіресе  далалы  аймақтарда  жабайы  астық  тұқымдастары  шабылған  шөптің  80-90  пайызын  құрайды.
Астық  тұқымдастары  әр түрлі  системаларда  бірнеше  тұқымдас  тармақтарына  бөлінеді.  Ұсынылып  отырған  оқулықта,  Энглер системасы бойынша,  9  тұқымдас  тармағының  алтауы  қарастырылады.
1.Бамбуктер (Bambusoideae) тұқымдас тармағы. Негізінен  тропиктік  және  субтропиктік  өсімдіктердің  100-ден  астам түрлері  жатады.  Көп  жылдық,  биіктігі  30-40  м-ге  дейін жететін,  сабақтары  сүректенетін өсімдіктер. Жапырақтары бір жылдық, немесе бірнеше жыл тіршілік етеді. Гүлдері қос жынысты.  Аталықтары 6, кейде 3 (кейде 20-ға дейін ). Сыпыртқы гүлшоғырлары екі, немесе көп гүлді масақшалардан тұрады. Масақша қабыршақтары екеу, немесе одан да көп. Аналық мойындары кірігіп кетеді. Жемістері дәндер, бірақ сүйекті, тіпті жидек тәрізді жемістері де болуы мүмкін. Табиғи өсу аймақтарында, әсіресе Қытай, Жапония, Үнді- Қытай, Ява аралында және Индияда бамбуктердің экономикалық маңызы зор. Бамбук сырғауылдарынан үйлер, көпірлер салынады, салдар, су құбырлары, үй жиһаздары, музыка аспаптары, сусымалы және сұйық заттарға арналған ыдыстар,алашалар жасалады. Жас өркендері көкөніс орнына пайдаланылады. Кейбір шырынды жемісті бамбуктердің жемістері өте ірі болып келеді. Мысалы, Үндістанда өсетін  бамбук тәрізді мелоконна (Meloсanna bambusoides) бамбугінің жеуге жарамды жемісі апельсиндей болады. Бұл өсімдіктің тұқымдары эндоспермсіз, сондықтан ұрықтары жемісінің ішінде өнуге бейім, яғни вивипария құбылысы тән.
Оңтүстік Сахалин және  Оңтүстік Курил аралдарының тау етектерінде саза (Sasa),  немесе курил шәйі туысының  жабайы түрде  5 түрі өседі. Бұлар биіктігі небәрі 2,5 м-ге. жететін өсімдіктер.
 Осы тұқымдас тармағына арундинария (Аrundinaria) туысына жататын тамырсабақты өсімдіктерде де кіреді. Бұтақтанған сабақтары салбырап орналасқан, жапырақтары  торлы, өте әдемі өсімдіктердің қатарына жатады. Симон арундинариясы (А.Simoni) Грузияның батыс бөліктерінде декоротивтік түрде өсіріледі. 
Кейбір систематиктер бамбуктер тұқымдас тармағына неотропиктік стрептохета (Strertochaeta) туысын да жатқызады. Екі түрден тұратын бұл туыстың теориялық маңызы ерекше.  Масақты стрептохеталар (S. spicata)    ормандарда өседі. Сағақты, жұмыртқа пішіндес жапырақтары жиі жүйкеленген. Шашақ гүл шоғырлары  бір үйлі масақшалардан тұрады.  Ұсақ келген 4-5 масақша қабыршақтарынан кейін, төменгі бір гүл қабыршағы орналасады. Жоғарғы гүл қабыршағы түбіне дейін дерлік екіге айырылған.   Ұзындығы  1 см-ге  дейін жететін 3 ірі лодикулалары бар. Аталықтары 6. Жалғыз аналық мойынының үш  ауызы бар. Стрептохетаның гүл құрылысына қарай отырып, астық тұқымдасының гүлдері лалагүлдер типтес гүлдерден дамығандығы жөнінде пікір айтуға болады.
2. Бетегелер (Festucoideae), немесе коңырбастар (Pooideae) тұқымдас тармағы. Бұларға негізінен қоңыржай аймақтарда таралған 250-ге жуық туыстар жатады. Гүлдері мен масақшаларының құрылыс ерекшеліктері жалпы тұқымдас сипаттамасына сай келеді. Масақшадағы гүлдер саны бірнешеден біреуге дейін болады. Кейде масақшаның, немесе жоғарғы гүл қабыршақтарының редукциясы байқалады. 
 Бетегелер (Festuceae) трибасы.  Масақшалары  қосжынысты; масақша  қабыршағы  бар;  масақша  қабыршақтары  көбінесе  гүл  қабыршақтарынан қысқа  келеді.  Төменгі  гүл  қабыршағы  қылтанақсыз, немесе  қылтанаққа  ұқсас  өсіндісі  бар. 
Аталықтары  3,  сирек  жағдайларда  2.  Табиғи  жайылымдар мен  шалғындықтарда  кездесетін  және арнайы  егілетін  маңызды  өкілдері  ретінде  бетегені  (Festuca), қоңырбасты (Poa),  арпабасты  (Bromus ) және  басқаларын атауға  болады.
Бұл  трибаның  ішінде  жалғыз  масақша  қабыршағы  бар үйбидайық (Lolium) туысы бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер.  Біздің флорада  бұл туыстың 5 түрі өседі. Барлығы егістік жерлерде кездесетін арам шөптер болып табылады.   Басқа  бетегелерден ерекшелігі -үйбидайық масақшалары күрделі масаққа шоғырланған жә - не масақшалары масақ осьіне сүйір жақтарымен бекиді. Жаздық егістіктерде кездесетін қыздырма үйбидайығы (L. temulentum) дәндерінде  тіршілік ететін  саңырауқұлаққа байланысты улы болады. Жас күйінде  құнары жоғары мал азығы  ретінде қолданылады.   Көп гүлді үйбидайық( L multiflorum), немесе ағылшын райграсы  шым түзетін көп жылдық өсімдік. Сапасы жоғары мал азығы және елді мекендерде газондарды көгалдандыруға қолданылады. 
Біздің флорада қоңырбас (Poa) туысының  38 түрлері кездеседі. Негізінен құнарлы топырақты, ылғалды шалғындықтарда өседі. Көпшілік түрлері биіктіктері 1 м-ге жететін, тамырсабықты, бос түптер түзе өсетін көп жылдық өсімдіктер. Шашыраңқы сыпыртқы түріндегі гүл  шоғырларында сағақтары кедір- бұдырлы масақшалары 3-5-тен топтанып орналасады. Масақшалары 2-5 гүлден тұрады. Екі масақша қабыршақтары біркелі дерлік, төменгі гүл қабыршағы қылтанақсыз. Өте құнды мал азығы болып  саналады. Шабындықтарды орақтан кейін  тез көтеріледі де,  жайылым ретінде де қолданысқа жарамды болады ( шалғын қоңырбас -P.pratensis,  кәдімгі қоңырбас -P.triviales). Орман қоңырбасы (P.nemoralis) негізінен құрғақ топырақты орманды жерлерде өседі, кейде шалғындықтарда, тіпті батпақты жерлерде де кездеседі. Мал азықтық сапасы орташа. Өзге түрлеріне қарағанда, көлеңкеге төзімдірек. Жылдық қоңырбас (P. annua) күй талғамайтын, көбінесе жол жиектерінде өсетін, биіктігі небәрі 10-30 см-дей, атына сай бір жылдық шағын түпті өсімдік.
Арпалар (Hordeae) трибасы  Гүл  шоғырлары  күрделі масақтар,  масақшалары  бір, немесе  көп  гүлді.  Жер шарының барлық континенттерінде  өте үлкен алқаптарда өсірілетін маңызды  туысының  бірі  бидай  (Triticum).   Қазіргі кезде  бір жылдық,  жаздың  және  күздік  бидайдың  20  түрі  белгілі, соның  ішінде  төртеуі  ғана  жабайы  түрде  кездеседі. Бидайдың отаны Сырт Кавказ, Алдыңғы Азия, Эфиопия.
Бидайдың масақша  қабыршақтарының екі  жақ  бүйірлері  тең емес, қырлы  болып  келеді.  2,3,5,7  гүлді  масақшаларында гүлдері  жеке-жеке  орналасады.  Қос  жынысты  гүлдері  өздігінен  тозаңданады.
Егін  шаруашылығында  негізінен  бидайдың  екі  түрі өсіріледі: жұмсақ  (T. aestivum)  және  қатты  (T. durum) бидай.
Суыққа  төзімдірек  болғандықтан,  жұмсақ  бидай  кеңірек  таралған. Жұмсақ  бидайдың  эндоспермі  тығыз,  ұнтақ  болып  келеді;  масақтары қылтанақсыз,  немесе  қылтанақтарының ұзындығы  масақтан  қысқа  және олар  тарбиып  орналасады.  Қатты  бидайдың  эндоспермі  жылтырауық және қатты болып  келеді. Барлық  сорттарының  масақтарында  ұзын  қылтанақтары бар және  олар масаққа  параллель,  немесе  сәл  көлбей  орналасады. Жоғарғы  сортты  ұндар қатты  бидайдан  өндіріледі.  Құрғақ  континентальді  климатта  өскен  бидайдың құрамында  белокты  заттар  көп,  ал крахмал  аз  болады,  сол  себепті  ыстық  аймақтарда  өндірілген  бидай өнімдерінің  сапасы  өте  жоғары саналады.
Қатты  және  жұмсақ  бидайдың 4  мыңнан  астам  сорттары  белгілі. Қазіргі кезде құрғақшылыққа төзімді, арам шөптер мен   зиянкесті жәндіктерге  төтеп бере алтын  сорттары  кеңінен таралған.

Бидай  өте  ертеден  белгілі  дақылдарға  жатады.  Өткен  замандарда масағы  сынғыш  келетін  және  дәндері  қауызынан  ажырамайтын  полба, немесе спельта (T. spelta)  және  жалғыз  дәнді  бидайлар (T. monococcum)  өсірілген.  Бұл бидайлар ерекше  күтімді  қажет  етпегенімен,  олардан  өндірілген өнімдердің сапасы  төмен  болатын.
Бидайларға  бидайық (Agropyron) туысы өте  жақын. Қазақстанда бидайық туысының 44 түрі өседі. Бидайықтың бір, екі ,немесе көп гүлді  қабысқан масақшалары буынды осьтің екі жағында қатарласа орналасып, жай масақ гүлшоғырын құрайды.  Масақ қабыршақтары қатқылдау  және гүл қабыршақтарына қарағанда  біршама жіңішке келеді.   Бидайық түрлері таулы тастақты жерлерде, құрғақ, немесе суармалы шалғындықтарда, тұзды және құмды  топырақта кеңінен таралған  көп  жылдық  шөптесін өсімдіктер. Еркекшөп  деген  атпен  белгілі  бидайықтың далалы  жерлерде өсетін құм еркек, сібір бидайығы ( A. fragile),  жол еркек (A. desertorum), тарғақ бидайық (A. pectiniforme) т.б.   құрғақшылыққа  өте  төзімді  құнарлығы жоғары мал  азығы болып табылады.  
Көп  жылдық жатаған  бидайық  ( A. repens)  тазартылуы  өте  қиын  егістік  арам шөбі,  сонымен қатар суарылмалы шалғындықтарда,  өзен  жиектерінде   қаулап  өсетін  мол  өнімді  бағалы  мал  азығы  болып табылады.     Сортаң топырақтар мен далалы аймақтарда кездесетін бұтақты  бидайық  (A. ramosum)  бір жағынан  астық  дақылдары егістіктерінің  зиянды  арам  шөбі  болса,  екінші  жағынан  мол  өнімді құнды  мал  азығы  болып  табылады.
Бидайдың  өсуіне  қолайсыз  аймақтардағы  негізгі  астық  дақылдарына мәдени  қарабидай  (Secale cereale)  жатады .  Бүкіл  әлемдік  егін шаруашылығында, егістік  ауданы  бойынша, қарабидай  астық  дақылдарының  ішінде  алтыншы  орында.  Қарабидайдың масақтағы қабыршақтары  жіңішке,  біз  тәрізді,  ал  осьі  жіңішке  түзу буындардан  тұрады.  Масақшалары  қос  гүлді.  Төменгі  гүл  қабыршақтарының ұшында ұзын  мұртшалары  бар.  Гүлдері  қос  жынысты,  айқас  тозаңданады.  Жас  өркендері  күлгін қоңыр, немесе  қоңырқай  түсті.  Қарабидайдың күздік  сорттарының  өнімділігі  жоғарырақ  әрі, жазғы ыстық мерзімге дейін,  ерте  пісіп  жетілуіне байланысты,  қуаңшылыққа төзімдірек келеді.  Қазіргі  кезде  қарабидайдың жоғарғы өнімді  бірқатар сорттары  шығарылған. Белоктық  құрамы  және өнімділігі  жағынан  бидай,  қарабидаймен салыстырғанда,  пайдалы  және  жиі  қолданылады.  Осыған  байланысты, кейінгі  жылдары  қарабидай  егістіктерінің  көлемі  жылдан-жылға кеміп  келеді. Мәдени  қарабидай  осы  күнге  дейін Кавказда,  Орта  және  Кіші Азияда  күздік  бидай  мен  күздік  арпа  егістіктерінде  арам шөп  ретінде кездесуі мүмкін. Қарабидайдың  12  шақты  жабайы  түрлері  бар.  Олардың  практикалық маңызы шамалы. Осылардың арасында жабайы қарабидай (S. silvestre) түрі ғана, Қазақстанның таулы жерлерінен басқа, барлық құмды  және далалы аймақтарында өсетін бір жылдық  шөптесін өсімдік. 
 Арпа  (Hordeum). Арпа астық тұқымдастарының ішінде  экономикалық жағынан тиімділігі жоғарғы өсімдіктер қатарына жатады. Арпаның масақша  қабыршақтары  жіңішке,  сүйірленген,  немесе  ұшы  қысқа  қылтанаққа  айналатын  біз пішіндес  болып  келеді.  Төменгі  гүл  қабыршақтары  ұзын  қылтанақты, өте  сирек  жағдайларда  қылтанақсыз.  Жалғыз  гүлді  масақшалары  масақ осьінде  үш-үштен  орналасады.  Әрбір  топтағы  ортаңғы  масақша  сағақсыз,  қос  жынысты,  әрі  фертильді,  яғни  жеміс  бере  алады,  ал  қалған екі  бүйірлік  масақшалардың қысқа  сағақтары  бар,  жетілмеген,  кейде тек  тозаңқаптары  ғана  бар,  стерильді,  яғни  ұрпақсыз.  Тек  мәдени арпаның (H. vulgare)  барлық  үш масақшалары  жеміс  түзуге қабілетті  және  оның  бүйірлік  масақшаларын  сағақсыз  десе  де  болады.
Бүкіл  дүние  жүзілік  егін  шаруашылығында  арпа  төртінші  орында. Кәдімгі арпаның (H. vulgare)  барлық үш масақшасы дән  түзеді,  қосқатарлы арпаның  (H. distichum)  ортаңғы  масақшасы  ғана  дән  түзеді, ал  бүйірлік  масақшалары  редукцияланған. Кәдімгі  арпа  негізінен  өздігінен  тозаңданады. Қазақстанның құрғақ далалы аймақтарында, тау етектерінде және су жағалауларындағы тұзды топырақта арпа туысының жабайы түрде  12 түрін кездестіруге болады. Жайылымдықтар мен шалғындықтарда кездесетін жаман арпа (H.bulbosum), тауарпа арпасы (H.brevisubulatum) сияқты жабайы түрлері, масақ түзгенге дейін,   сапалы  мал азығы болып табылады.  Арпаның жабайы түрлерінің  құнарлығы, мәдени түрлерімен салыстырғанда,  төменірек болады. Ал,  тікенді арпа (H.hystrix),   түкті арпа (H.crinitum) түрлері бір жылдық арам шөптер  ретінде белгілі. Арпа,  шағыр  бидай  және  арпа  жармаларын  алуда,  сыра  қайнатуда, кофе  суррогатын  дайындауда және  мал  азығы  ретінде  қолданылады.
Сұлы (Aveneae) трибасы. Бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер. Сыпыртқы гүлшоғыры 2-4 гүлді масақшалардан   түзіледі.  Масақша қабыршағы  және  төменгі  гүл  қабыршақтарының ұзындықтары шамамен  бірдей.  Көбінесе  төменгі  гүл  қабыршақтарының бунақты қылтанақтары  болады.  Сұлы туысы қоңыржай аймақтарда таралған. Дүние жүзілік егін  шарауашылығында сұлы,  егіс көлемі және  қолдануына байланысты,  бидай, жүгері,  арпадан кейінгі ең көп таралған дақылдардың қатарына жатады. Бұл туысқа 22 түр жатады, оның 7 түрі Қазақстанда  кездеседі. Басты  өкілдерінің  бірі  ақ сұлы, немесе егістік сулысы (Avena sativa). Мәдени түрде өсірілетін бір жылдық өсімдік.  Негізінен мал  азығы  ретінде  қолданылады,  сонымен  қатар сұлы  жармасы, кисельдер мен  сорпаларға  қосылатын ұн, талқан  түрінде тамаққа  да  пайдаланылады.  Жабайы түрлері көбінесе арам шөптер.  Солардың арасында  қара сұлы (A. fatua)   егістіктерде  тазартылуы  қиын  бір жылдық  арам  шөп ретінде белгілі.
 Суоты (Agrostis) туысы.  Ақ суоты (A alba)  масақшасы қабысыңқы, қылтанақсыз  және ұзын тілшелі көп жылдық өсімдік . Гүлшоғыры сыпыртқы. Шалғындықтарда жиі кездесетін,  астық тұқымдасының арасында ең кішкентай, немесе тапал  өсімдік. Осы туыстың ішінде   түркістан   суоты (A. turkestanica), каспий суоты (A. transcaspica)  т. б.    түрлері  шалғындықтардағы   мал азығы  болып табылады .
 Айрауықтар  (Calamagrostis)  ірі  сыпыртқы  гүлшоғырлары бар  биік  өсімдіктер,  жас  күйінде   желінгіштігі жоғары мал  азығы ретінде  қолданылады.   Масақша қабыршақтары, гүл қабыршақтарына қарағанда, ұзындау келеді. Масақша осьінің төменгі бөлігінде ұзын түктер түзілген. Қазақстанда    тау   шалғындықтарында, құмды су жағалауларында және батпақты жерлерде өсетін айрауықтардың 15 түрі кездеседі.  Құрғақ айрауық (С.epigeios), күмәнді айрауық (C.dubia), көкшіл айрауық (C.glauca)  түрлері қатқыл    және мал азығы ретінде құндылығы төмен өсімдіктер.  Кіші айрауық (C.neglecta), Лангсдорф айрауығы (C.Langsdorffii) қоректі де құнды мал азығы   ретінде белгілі .
  Осы трибаға жататын кәдімгі сіпсебас (Apera spica-venti) күздік егістіктердің  өсімтал  арам шөбі,  бір өсімдікте  12 мыңға дейін дәндер  түзіледі.
Қамыстар (Arundineae)    трибасы  көп  гүлді  масақшалардан  құралған  шашыраңқы  ірі  сыпыртқы  гүлшоғырлары  бар  тамырсабақты өсімдіктерді  біріктіреді. Өте көп масақшадан тұратын сиякөк- қоңыр түсті сыпыртқы гүлшоғыры жел өтіне қарсы бағытта бұрылып орналаса алады. Қазақстанда негізінен  тоған  сулар,,  өзен жағалауларында,  сазды  жерлерде  өсетін кәдімгі қамыс (Phragmites communis) және еркек қамыс (P.isiaca) түрлері таралған. Астық тұқымдастарының арасында кәдімгі қамыс көп жылдық, ең  биік өсімдік (биіктігі 6 метрге дейін жетеді). Төменгі гүл қабыршақтары біз тәріздес ұзын келген түктермен қапталған. Жас күйінде желінгіштігі жоғары мал азығы ретінде қолданылады.
Еркек қамыс Қазақстанның Орталық және Батыс  бөліктеріндегі су жағаларында және батпақты жерлерде өседі. Бұл қамыстың сабағының биіктігі 3-9 метрге дейін баратын көп жылдық өсімдік. Негізгі ерекшеліктерінің бірі -төменгі гүл қабықшасы, жоғарғы масақ қабықшасымен салыстырғанда, екі есе ұзын келеді және, кәдімгі қамысқа қарағанда, сирек  кездеседі.
  Қамыс   космополитті  түрлерге  жатады.    Арзан  құрылыс  материалы ретінде,  қағаз  өндірісінде,  әртүрлі  бұйымдар  тоқуға  қолданылады.
Биік пампас шөбінің (Сortaderia selloana) өте  әдемі,  жібектей  сыпыртқы  гүлшоғырлары  бар.  Бұл  өсімдікті кейде  декоративтік  мақсатта  өсіреді.
Канареечник(Phalarideae)   трибасына  сыпыртқы  гүлшоғырлы  өсімдіктер жатады,  көп  жағдайларда  гүлшоғырлары  тығыз, кейде  тіпті  масақ  типтес  болып  келеді.  Кейде  масақша  қабыршақтарынан  төменірек  тағы  екі  қосымша  қабыршақтары  болуы  мүмкін.  Бұл  қабыршақтар гүлсіз  болады,  немесе  кейде  қойнауларында  тек  аталық  гүлдер ғана дамиды. Қос  жынысты  гүлдері  екі  пленка  тәрізді  қабықпен  қапталған, немесе  қабықсыз.  Аталықтарының саны  2,3,4  немесе  6.  
Қазақстанның барлық шалғынды далалы және таулы  аймақтарында  кездесетін тілқияр (Hierochloe) туыс өкілдері  көп жылдық тамырсабақты өсімдіктер. Жылтыр  келген 3 гүлді масақшалары сыпыртқы гүлшоғырына жинақталған.   Өсімдіктің құрамындағы  иісті кумаринге  байланысты ,   хошиісті тілқияр (H. odorata)  түрін  мал жемейді, бірақ  ішімдіктер дайындауға  қолданылады. Кей жерлерде  арам шөп ретінде жиі кездеседі.  
Кәдімгі жұпарбас  (Anthoxanthum odoratum) түрі Қазақстанның таулы аймақтарында таралған. Үшкір таспа тәрізді  жапырақтары түкті,  сабағының ұзындығы 10-50 см. жететін көп жылдық өсімдік.  Сыпыртқы гүлшоғырлары масақ тәрізді. Масақ қабыршақтары гүл қабыршағына қарағанда ұзындау келеді. Лодикулалары  жоқ, гүлдерінде  тек  2  аталығы  ғана  бар.   Кумарин  иісті  өсімдік.  
 Канарееч - ник  (Phalaris canariensis)  -  негізгі  отаны  Пиреней  түбегі, дәндерімен  көптеген  ұсақ  құстар қоректенеді.
  Бұл трибаға тығыз масақ  тәрізді  собық  гүлшоғырлары   бар  түлкіқұйрық  (Alopecurus)  пен  атқонақты  (Phleum)  туыстары да жатады.  Шалғын түлкіқұйрығы (A. pratensis) Қазақстанның   ылғалды шалғындықтары мен жайылымдықтарында кездесетін көп жылдық өсімдік. Сабағы тік және тегіс келеді. Жапырағы түксіз, жапырақ тақтасының астынғы беті жылтыр, тілшесі қысқа.  Жұмсақ және бір гүлді масақшалардан тұратын,  цилиндір пішіндес  собық гүлшоғыры жоғары қарай аздап сүйірлеу келген. Масақшалары орта бөлігіне дейін кіріккен екі масақша қабыршақтарынан тұрады. Жалғыз гүл қабықшасы масақша қабықшасынан екі есе ұзын келеді. Масақшалары гүлденген кезде жасыл түсті,  соңында ақ түске енеді.  Аналық аузы ұзын, аталық жіпшелері төменгі бөліктерімен кіріккен,  тозаңы сары түсті.
Шалғындық атқонақ (A.pratense) сабағының  тез  қатаюуына байланысты, шалғындық түлкіқұйрыққа қарағанда,  сапасы жағынан аздап төмендеу келеді. Бір қарағанда түлкіқұйрыққа ұқсас атқонақ түрлері түлкіқұйрықтан төмендегі белгілерімен ажыратылады. Гүлдегенге дейін жасыл түсті, гүлденген кезде сиякөк түсті  келген собық гүлшоғырының  жоғары бөлігі доғалданған. Масақша қыбыршақтары кірікпеген. Масақшалары бір гүлді. Гүл қабыршақтары, масақша қабыршақтарымен салыстырғанда, 2 есе қысқа келеді. Жапырағы ашық жасыл түсті, тілшесі ұзын.  Шалғындық атқонақ, түлкіқұйрыққа қарағанда 3-4 апта кеш гүлдейді.    Шалғындық  атқонақ,  бедемен  бірге,  малға азық  ретінде  жиі  егіледі.
Селеулер  (Stipeae) трибасына масақшалары  жалғыз гүлді,  астық  тұқымдастары  топтастырылады.  Бұл трибаның негізгі туысына - селеу ( Stipa- ғылыми атауы қау  деп аударылған.  Бұл өсімдіктің халық арасында  кең таралған атауы  селеу.   Төменде  өсімдік халық арасындағы  атауымен көрсетіледі)  жатады.   Жер шарының қоңыржай аймақтарында таралған  селеу тусының  300-ге жуық түрі белгілі, олардың ішінде  селеудің 33 түрі Қазақстанда өседі. Бұлардың арасында Батыс Қазақстанда кездесетін    ауыспалы селеу (S.anomala), Алатаудың төменгі белдеулеірінде ғана өсетін күнгей селеуі (S.kungeica), Шу-Іле таулары, Қаратау, Нұратау тауларында өсетін қаратау селеуі (S.karataviensis) таралу ареалдары қысқарған, қорағауды қажет ететін өсімдіктер топтарына жатады.  Негізінен  құрғақ таулы, далалы және шөлейтті аймақтарда таралған.  Селеудің  төменгі  гүл  қабыршағы  жоғарғы  гүл  қабыршағымен  бірігіп, жетілген дәнін  түгелдей  бүркеп  жатады.  Лодикулалары екеу,  көбінесе  үшеу.  Айрықша  белгілеріне  бунақты,  ұзын,  әрі  қауырсын  тәрізді  ұсақ  түктермен  қапталған  қылтанақтары  жатады.  Қылтанақтың төменгі бөлігі спиралді  бұратылған.   Қылтанақты жемісі,  гигроскопиялық қозғалыс  нәтижесінде, топыраққа және  мал терісіне  бұрандалып енеді. Күзге  қарай  жетілген қылтанақты  жемістері  малдың  терісіне  қадала кіріп,   оның сапасын  төмендетеді,  әрі  малдың  тойымдылығын  кемітеді.Жаңбырлы кезеңдерде жайылымдықтардағы селеудің  қылтанақты жемістері малдың ішкі органына дейін өтіп, ақ түсті,  биязы жүнді қойлардың (мериностар мен олардың будандары) кейде жаппай қырылуын туғызады.   Селеу далалы аймақта, жас  күйінде,  сапасы жоғары  мал  азығы ретінде белгілі.   Қазақстанның барлық аймақтарында өсетін  түрлеріне  ақ қылтан, кавказ селеуі (S.caucasica),  бетеге боз селеу (S. lessingiana),  тырса, қылтан селеу ( S.capillata), тырсық, Сарепт селеуі (S.sareptana) т. б. түрлері жатады.  Селеудің түрлері  далалы аймақтарда таралған өсімдік бірлесітіктерінің доминанты болып есептеледі. Орта Азия шөлдерінде селеудің кейбір түрлерін көшпелі құмдарды бекіту мақсатында қолданылады.
 Шөлейтті  және  далалы  белдеулерде  өсетін  ши (Lasiagrostis) туысы көп жылдық өсімдіктер.  Сыпыртқы гүлшоғырының ұзындығы кейбір түрлерінде  50 см дейін жетеді. Жіңішке келген масқшалары бір гүлді. Гүлдері қос жынысты.  Біздің аймақта шидің үш түрі кездеседі. Солардың арасында  ақ ши (  L.splendens)  биіктігі  3  м-ге  жететін  түп  түзуші  ірі  өсімдік. Ұзын келген  таспа тәрізді қатқыл жапырақтарының шеттері ішке қарай қайырылып өседі. Жас  күйінде сапалы мал азығы.  Далалы жерлерде шидің түрлері қысқы жайылымдықтарда ірі қара малдардың  негізгі  қорегінің бірі болып табылады.  Сонымен қатар, ши өру арқылы  киіз  үйге  арналған  әр түрлі бұйымдар жасалады,  ши алашалар мен  төсеніштер  тоқуға қолданылады және қағаз  өндірісінің  шикізаты  есебінде  пайдаланылады.  Біздің ата тегіміз ерте кезеңде  қалың ши өскен қопалар арқылы  тущы су көздерін анықтаған, яғни шиді  жер бетіне тақау орналасқан  ауыз суларын  анықтаудағы индикаторлы өсімдіктің бірі ретінде пайдаланған. 
Аққылтандар (Nardeae)   трибасы  монотипті  жалғыз аққылтан (Nardus)    туысынан  тұрады.  Жалғыз  гүлді  масақшалардан  тұратын  бір жақты  сыпыртқы  гүлшоғырлары  бар  бір  жылдық өсімдіктер. Ерекше белгілеріне лодикулаларының жоқтығы және жалғыз масақша қабыршағының болуы жатады. Аққылтандар туысына   Оңтүстік Қазақстанның  кейбір  таулы шөлейтті жерлерінде  өсетін шығыс  аққылтаны (N.orientalis)   Крауза аққылтаны ( N.krausei)  сияқты түрлері  жатады. 
 Бетегелер тұқымдас тармағына жататын, құрамында 30 шақты түрі бар, Оңтүстік Америкаа тропиктерінде таралған Pariana туысы өз алдына бөлек Parianeae трибасы деп қарастырылады. Бұл триба өкілдерінің өзге астық тұқымдастарынан басты ерекшелігі- олардың жәндіктер арқылы тозаңдануында.
3.Шитарылар (Eragrostoideae)  тұқымдас тармағының айрықша белгісі -олардың төменгі гүл қабыршақтары үш жүйкелі, оның үстіне бүйір жүйкелері қабыршақтың шетіне жақын орналасқан. Жетілген дәндері гүл қабыршақтарының ортасында бос күйінде болады, немесе қабыршақсыз күйде шашылады. Кейбір споробола (Sporobolus) туыс  өкілдерінің дәндері қауызсыз, жалаңаш күйінде  шашылады.
Маңызды өкілдерінің ішінде солтүстік америкалық прериялардың кейбір типтеріне тән Bouteloa туысын атап өтуге болады. Мысалы, осы туысқа жататын бутелуа, немесе грама шөбі (Bouteloua gracilis) мен бизон шөбі (Buchloe dactyloides) Солтүстік Американың аласа өсімдіктерден тұратын прерияларын құрайды.  Қазақстанның көбінесе  онтүстік аудандарында таралған  салалы қарашағыр (Cynodon dactylon) құмды  жерлерде, арық   жағалауларында және үй маңайларында өседі.  Сабақ ұшында  саусақты- салалы гүлшоғырын түзетін  тамырсабақты  көп жылдық өсімдік .  Салалы қарашағыр   мақта және күріш егістіктерінде кезесетін зиянды арам шөп болып табылады.
 4.Күріш (Oryzoideae) тұқымдас тармағы. 
  Адамзат үшін күрішітің (Oryza) маңызы өте  ерекше. Жер бетінде тіршілік ететін халықтың жартысына жуығының негізгі қорегі күріш болып  табылады. Әсіресе Оңтүстік- Шығыс Азия халықтарында бұл дақылдың рольі өте жоғары. Қытай,  Вьетнам, Үндістан, Пакистан және басқа да көптеген елдерде  күріш  дақылдары үлкен алқаптарда өсіріледі.  Масақшалары жалғыз гүлді. Төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары бірнеше жүйкелі және олардың орталық жүйкелері күшті жетілген. Гүл қабыршақтары қатты келеді. Андроцейлері 3,6 және одан да көп аталықтардан тұрады, сирек жағдайларда аталығы жалғыз.
Түрлерінің басым көпшілігі гигрофиттер, немесе гидрофиттер. Негізінен тропиктік және субтропиктік аймактарда таралған.  Оңтүстік тропиктік  аймақтарда бір танабынан жылына бірнеше  рет өнім жиналады. Екпе күріш (O. sativa) бір жылдық дақыл. Қазіргі кезде бірнеше жүздеген маңызды сорттары белгілі. Негізінен вегетация кезінде су басып жататын егістіктерде егіледі, сонымен қатар құрғақ егістіктерге арналған сорттары да бар. Күріштің дәндерінің пішіндері, мөлшері, түсі  және т. б. қаситтері  сорттарына байланысты  өзгеріп отырады. Соған байланысты  әр түрлі мақсатта қолданылады. Дәндерінен басқа күріш крахмалы, оның сабанынан қамыс қалпақтар, төсеніштер, қағаз әсіресе папирос қағаздарын алуға пайдаланылады. Күріш өте ертеден белгілі дақыл. Негізгі отаны Қытайда  б. э. дейін 5 мың жылдар бұрын қолданылған.   Белгілі бір сорттары Қазақстаннның оңтүстік облыстарында өсіріледі. 
Дәндері өте қоректі, сабақтарының түбі көкөніс орнына пайдаланылады, ал қалған бөліктері бағалы мал азығы болып табылады. 
5.Тарылар (Panicoideae)  тұқымдас тармағы.
 Бұл тұқымдас тармағына жататын өсімдіктер негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі, бірақ қоңыржай аймақтарда таралған түрлері де  кездеседі. Бұл 100-ге жуық туыстардан және 1500-ге жуық түрлерді біріктіретін ірі тұқымдас тармағы болып табылады.  Масақ осьінде  екі масақша қабыршақтары және  төменгі екі гүл қабыршақтары түзіледі, бірақ  олардың алғашқы төменгі қабыршағының қойнауында аталық гүлдерінің үнемі дамуы шарт емес. Екінші гүл дамымаған жағдайда, масақша бір гүлді болып қалыптасады. Екінші төменгі гүл қабыршағының қойнауында кәдімгі қос жынысты гүл дамиды. Осы екінші төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары қатайып, жанғақша жеміс сияқты, дәнді жауып тұрады.
 Практикалық маңызы бар өкілдеріне  ақ тары (Panicum miliaceum) жатады. Отаны Қытай,  жер шарының барлық аймақтарында,  әсіресе Азияда кең таралған,   сабағы жай , немесе бұтақтанған бір жылдық  мәдени өсімдік.  Масақшалары бір гүлден тұратын сыпыртқы гүлшоғырын түзеді. Қылтанақтары жоқ. Бұл өте ертеден белгілі, қуаңшылыққа төзімді дақыл. Тұқымының құрамында 14 пайызға дейін белок бар.  Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Кейде егіс алқаптарындағы арам- шөп ретінде кездеседі. Тұқымы ақталған күйінде тамаққа қолданылады,  одан ботқа, жент, талқан, көже т. б. тағам түрлерін дайындауға  болады. Сонымен қоса, ол  өте құнды мал азықтық дақыл  ретінде белгілі.   Чумиза, гоми, немесе  италия итқонақ  (Setaria italica) түрінің негізгі отаны Қытай. Бұл дақылдан жарма, ұн алады және мал азығы  ретінде қолданады. Чумизаға өте ұқсас могар (S. moharium) - бағалы мал азықтық өсімдік. Бұл екі  түрге де  үлкен собық гүлшоғыры тән. Біздің флорада итқонақ ( Setaria)  туысының   мысыққұйрық қонақ (S.glauca),  көк итқонақ (S.viridis)  және  қарабас қонақ (Echinochloa crus  -  galli) сияқты өкілдері жиі кездесетін  арам шөптер. 
6.Бозшағылдар (Andropogonoideae) туқымдас тармағына 
   79 туыс және, 750-ден астам түрлер жатады.  Басым көпшілігі тропиктік  аймақтарда, біршама түрлері  қоңыржай белдеулерде кездеседі. Жалғыз, немесе қос гүлді масақшалары үнемі дерлік екі-екіден жұптасып орналасады және масақшалардың біреуі сағақты, екіншісі сағақсыз болады. Масақшалардың екеуінде де қос жыныс - ты гүлдер немесе сағақсыз масақшада қос жынысты, ал сағақты масақшада тек аталық гүл дамуы мүмкін. Сонымен қатар, екінші масақша мүлдем редукциялануы да мүмкін. Кейде масақшалардың екеуінде де дара жынысты гүлдер ғана түзіледі.
Бозшағылдар негізінен ыстық аймақтарда(саванналар, прериялар)  таралған астық тұқымдастарының негізгі массасын құрайды.   Бұл туысқа  Қазақстанның   құрғақ тау  қыраттары  мен беткейлерінде, сирек те болса жазық далалы жерлерінде  өсетін қантияр бoзшағыл ( A. ischaemum) және  кавказ бозшағылы ( A. caucasicum) түрлері  кіреді. Бұлар  тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Құрғақшылыққа төзімді,  сапалы мал азығы ретінде  қолданылады. 
Құмай туысы (Sorghum) негізінен Азия, Африка елдерінде кең таралған. Қазақстанда өсетін 5 түрдің 4-уі мәдени өсімдік,ал біреуі арам шөп  ретінде белгілі. Бүкіл жер шарында  практикалық маңызы зор  өкілдеріне кәдімгі  құмай, немесе қонақ құмай (S.vulgare), бал құмай (S.cernuum),  гаолян (S.japonicum), дурра (S.durra), судан құмай (S.sudanense) сияқты бірқатар түрлері жатады. Гаолян (Жапон тілінде гао- биік, лян- нан) азықтық дақыл ретінде қолданылады. Қазақстанның оңтүстік аудандарында таралған  Алеп құмайы (S. halepense) жабайы түрде өсетін қысқа және жуан келген тамырсабақты  өсімдік. Суармалы егістік жерлерде тамырсабақтары және тұқымдары арқылы таралатын,    жойылуы қиын арам шөп.  Сонымен қатар, құрғақшылыққа өте төзімді Алеп құмайы, немесе Джонсон шөбі  мал азығы болып табылады.  Осы туыстың тағы бір өкілі қант құмайы (S. saccharatum). Құрамында 12-18 пайыз қанты бар қант құмайының сабақтарынан кондитерлік және спирт өндірістерінде пайдаланылатын тәтті сироп алынады.
 Экономикалық жағынан тиімді өсімдіктердің  қант қамысы (Saccharum officinarum). Қант қамысы  тропиктік және субтропиктік  көп жылдық өсімдік.    Халық арасында бұл өсімдікті көбінесе қант құрағы деп те атайды.  Биіктігі 6 метрге жететін сабақтың паренхималық клетка құрамында  қанттың мөлшері 20 пайызға жуық. Қант қамысының отаны Оңтүстік Азия болып табылады. Қазіргі кезде Куба аралында қант қамысы көп мөлшерде өсіріледі. Бірқатар елдерде өсірілетін қант құрағы мүлдем дерлік тұқым бермейді, сондықтан тек вегетативтік жолмен, сабақ қалемшелері арқылы көбейтіледі.  Ірі сыпыртқы гүлшоғыры  ұзын түктермен қапталған.  Өте ұзақ вегетативтік кезеңіне байланысты, тек ыстық аймақтарда ғана өсіріледі. Жер  шарында өндірілетін қанттың басым мөлшері осы қант құрағынан алынады.  Сол сияқты, кейбір жерлерде сироп және ром өндірістеріне қажетті шырын алу үшін өсіріледі.  Түркменстан, Тәжікстан және Қазақстанның өзен жағалауларында  жабайы борыққамыс (S.spontaneum) түрін кездестіруге болады. 
Азияның Оңтүстік-Шығысындағы тик ормандарының етегінде қант құрағына ұқсас биік сабақты баттауық (Jmperata arundinacea) өседі. Өте тез өсетін және тазартылуы қиын арам шөп. Осы туыстың екінші бір түрі тышқан құйрық баттауық (J.сylindrica) Африка саванналарында кең таралған. Бұл өсімдік Кавказ бен Орта Азияда және Қазақстанда  да кездеседі. Бұл түр Оңтүстік Қазақстанның құмды өзен жағалауларында  кездесетін, жатаған сабақты, көп жылдық өсімдік.  Мал азықтық сапасы төмен, бірақ өте әдемі декоротивтік өсімдік ретінде пайдаланылады. 
Жүгері (Zea)  туысының отаны Америка. Жер шарының барлық аймақтарында, әсіресе оңтүстік бөліктерінде  өсірілетін дәнді дақылдардың  қатарына  жүгері (Zea mays) жатады. Бір жылдық өсімдік. Негізгі сабағының ұзындығы 2-4 метрге дейін барады. Басқа астық тұқымдастардан негізгі ерекшеліктерінің бірі- сабақтарының іші қуыс емес.
Дара жынысты гүлдері бар бір үйлі өсімдік. Қос гүлді масақшаларда орналасқан аталық гүлдері сабақ ұшындағы ірі сыпыртқы гүлшоғырына жинақталған. Екі-екіден  жұптасқан масақшаларының бірі ұзын сағақты, екіншсі қысқа сағақты. Әрбір масақшада бір жұп масақша қабыршақтары және 2 жұп гүл қабыршақтары бар. Гүлдері екі лодикуладан және үш аталықтан тұрады. Кейде төменгі гүлі жетілмей қалады. Аналық масақшалары жуанданған бүйір бұтағы түріндегі собыққа шоғырланған.
Аналық  масақшаларда  да  бір жұп  масақша қабыршақтары  және  екі  жұп  гүл  қабыршақтары  бар,  бipaқ  гүлдері  жалғыз  болады  (төменгі екінші  гүл  мүлдем жетілмейді). Аналық  гүлде  лодикулалар  болмайды. Жел арқылы айқас тозаңданады.
Жүгерінің  практикалық  маңызы  өте  зор. Жүгеріні Америка  үндістері  өте  ертеден  бepi  eгістік саласында  қолданған,  кейіннен  еуропалықтар дүние  жүзіне  таратқан.  Қазіргі  кезде  жүгерінің  көптеген  жаңа  сорттары    шығарылған. Жүгері дәндерi  ұн,  жарма  түрінде  тамаққа  қолданылады, қалған  бөліктері  көк  күйінде,  немесе  сүрлем  түрінде  малға  азық  болады.  Сол сияқты  жүгеріден қант, спирт,  крахмал,  қағаз, резина алуға қолданады. Жүгері  өнімдерінің  қоректілігі  өте  жоғары. Тұқымдарынан жеуге  жарамды  өсімдік  майы  өндіріледі.
Commelinidae  класс  тармағының  ең  қарапайым  өкiлдepiнe Commelinales  және Eriocaulales  қатарлары  жатады. Бұл энтомофильді қатарлар көптеген қарапайым белгілері жағынан класс тармағының ата тектік формаларына ұқсас. Анемофильдік қасиет алуына байланысты, Restionalеs қатарында гүл құрылысының қарапайымдала  бастауы  байқалады.  Анемофильдік  эволюция  астық  тұқымдастарында  шырқау  шегіне  жетеді,  ал  көптеген  систематиктердің пікiрінше  астық  тұқымдасы  мен рестиондар тұқымдасы  бip-бipiнe генетикалық  жақын  топтар  болып  саналады.
Энтомофильді коммелиналар,  гүлдері  мен  тұқымдарының кейбір ерекшеліктері  жағынан, бромелиялар  тұқымдасына  ұқсас.
Соған  қарағанда,  бұл  қатарлардың  ортақ  ата  тектері Liliidae класс  тармағына  жататын Liliales  қатарынан  таралуы мүмкін.

Бромелиялар, немесе ананастар  (Bromeliaceae ) тұқымдасы
	
Басым  көпшілігі  ағаштар мен жартастарда  эпифитті  түрде  тіршілік  ететін  тропиктік  шөптесін  өсімдіктер. Сағақсыз ұзын, белбеу тәрізді  жапырақтары  қатты және тікенекті.  Көпшілігінің сабақтары  қысқарған,  қусырылып  шоқтала  орналасқан   қынапты жапырақ  түптерінің   ортасында түзілетін қуыстарға су  іркіледі.  Гүлшоғырлары  масақ, немесе  сыпырғыш тәрізді. Көптеген  түрлерінің  гүлшоғырлары  ашық  түсті  жабын  жапырақтарымен көмкерілген.  Гүлдері  қос  жынысты,  актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған.    Көпшілігінің үш мүшелі  екі  шеңбер құрайтын  гүлсеріктері  тостағанша мен  күлтеден тұрады.  Кейбір түрлерінде күлтелері кірігіп, қысқа түтік түзеді. Аталықтарының саны 6,  үш-үштен  екі  шеңбер  түзеді. Аталық жіпшелері бос, немесе күлте түтігіне кірігіп  орналасады. Жалғыз аналығы үш   жеміс  жапырақшаларынан құралады.  Тұқымдас  ішінде  үш ұялы  жатын үстіңгі,  ортаңғы,  немесе  төменгі  жағдайларда  орналасуы  мүмкін.  3 аналық ауызды  жалғыз аналық мойыны бұралып орналасқан.   Үстіңгі  және  ортаңғы  жатынды  туыстарының қорапша жемістері  ұялары,  сирек жағдайда перделері арқылы қақырап ашылады,  ал  төменгі  жатынды  туыстарының жемістері  жидек түрінде  болады. Бромелиялардың  тамырлары  өсімдіктерге  негізінен  субстратқа беку  үшін қажет,  ал  кейбір өкілдерінде  (Tillandsia)  тамыр мүлдем  түзілмейді.  Шоқталған  жапырақ  түптерінің куыстарында  іркілген  суда  органикалық  қалдықтар шіриді  де,  су  мен  қоректік  заттар жапырақтардың  төменгі  бөліктері  арқылы  сорылып  алынады.  Кейбір өкілдерінің жапырақ  түптері  қуыстарындағы   суда   ерекше  фауна  мен флора  тіршілік  етеді (мысалы, маса дернәсілдері).   Көптеген  түрлерінде арнайы  су жинағыш  тканьдер түзіледі және арнайы  су  сорғыш  түктер пайда болады. Тұқымдастың құрамына  тек  тропиктік  және  субтропиктік  Америкада ғана  кездесетін 45 туыс және 1800-ге жуық   түрлер жатады.  Бұлардың басым көпшілік түрлері эпифитті өсімдіктер.
Маңызды  өкілдерінің  біріне  жұпар иісті,  қышқылтым-тәтті дәмі бар  ірі шоқ  жемістері  үшін  өсірілетін  ананас  (Ananas sativa)  жата - ды. Ананастың отаны Оңтүстік Америка. Біріккен жемісі  үлкейіп  өскен  жабын  жапырақтардан,  етженді  гүлшоғырының  осьінен және    тұқымсыз    жемістерден  тұрады. Кейде  біріккен жемісінің салмағы 3-4 кг дейін барады.   Тасымалдауға төзімді жемістері тамақ өнеркәсібінде қолдаылады. Біріккен жемісінің жоғарғы бөлігіндегі шоқтанып орналасқан жапырақтары , гүлдегеннен кейін де өзінің өсуін тоқтатпаған, өркеннен түзілген жапырақтары болып  табылады.
Біріккен жемістің ұшында дамитын  жапырақты  өркен  арқылы  вегетативтік  жолмен оңай  көбейеді.  Ананас  жапырақтарынан  өте  жіңішке,  жібек талшықтар өндіруге  болады. Мәдени  өсімдік  ретінде  кең  таралған;  тропиктерден  тыс  аймақтарда арнайы  теплицаларда  өсіріледі. 
 Осы туқымдастың тилляндсия (Tilliandsia) туысына жататын кейбір өкілдері ұзын талшық  түріндегі жапырақтары  ағаштарда, телеграфтардың сымдарында  салбырап  өседі.

Оңтүстік Американың  биік Анд тауларында  ағаш тәрізді пуйя (Puya) туысының өкілдері өседі.  Биіктігі бірнеше метрге жететін бұтақтанбаған діңінің жоғарғы бөлігінде   таспа тәрізді ұзын жапырақтар бөрікбас түзеді. Жапырақтарынан шығыңқы орналасқан масақ гүлшоғырларының   ұзындығы кейде 5 метрге дейін жетеді.  Көбінесе қызыл және көк түсті гүлдері бар бромелиялардың кейбір түрлері декоративті  өсімдіктер ретінде  кең таралған. Көптеген ғалымдардың пікірлеріне сәйкес, бормелия тұқымдасының  шығу тегі  лалагүл тұқымдасымен тығыз байланысты деп қарастырылады. Бұл тұқымдастарды  гинецийлерінің құрылысы , әсіресе септальді шірнеліктерінің құрылыстары  бір  бірімен жақындастырады.


      Пальма  гүлділер (Arecales  -  Palmales) қатары
              Пальмалар  (Arecaceae) тұқымдасы

 Пальмалар бағана  тәpізді  бұтақтанбайтын   сабақтары  және  қауырсын,  немесе  саусақты салалы   тілiмдeлгeн  сағақты  ipi  жапырақтары  бар  cүpeктi  өciмдiктep. Пальмалардың  гүлдері  ұсақ,  актиноморфты,   дара  жынысты,  кейде  қос  жынысты. Басым  көпшілігі  бip үйлі,  кейбір  түрлері  екі үйлі  (мысалы,  құрма пальмасы)  өсімдіктер.    Әдетте 3 мүшелі, реңсіз  жай  гүлсеріктері 2 шеңбер құрып орналасады.   Гүлcepiктepінің  сыртқы  шеңбер мүшелері  ішкi  шеңбер мүшелерінен  кiшiрек  болып  келеді.  Көпшілігінің 6  аталықтары  eкi  шеңбер  бойымен орналасады,  кейбір  түрлерінде  аталықтарының  саны 9, кейде одан көп болуы мүмкін. Аталық жіпшелері  бос, немесе түп жақтарымен кірігіп,   түтік түзеді.  Бос, немесе  басым  көпшiлiгiндe  өзара  кipiккeн  үш  жеміc  жапырақшаларынан тұратын жалғыз аналығы  бip, немесе  үш ұялы  жоғарғы  жатын  құрайды.  Әр ұяда  бip  тұқым  бүршігi  болғанымен,  олардың  бipeyiнeн  ғана  тұқым  дамиды.  Анемофильді өсімдіктер  болғандықтан,  тозаң  өте  көп  мөлшерде  түзіледі.   Сонымен қатар,  бipeн-capaң  энтомофильді  формалары  да  кездеседі.  Жемістері сүйекті  жемістер,  кейбір  түрлерінде  жидектер. 
Пальмалар тұқымдасына 235 туыс және 3400-ге жуық түрлер жатады. Бұлар тропиктік және субтропиктік аймақтарда әсіресе Азия және Америкада кең таралған. Тропиктік  ландшафттар көбінесе пальмалармен ерекшеленеді. Көптеген түрлері Амазонка және Ориноко өзен жиектеріндегі аллювиальді топырақты ормандарда  жиі кездеседі.  Сол сияқты, пальмалар саванналарда,  субтропиктік белдіктің таулы өңірлерінде де өседі.  Испания мен Италияның  оңтүстігінде өсетін тапал хамеропс (Chamaerops humilis) тіпті -7 градус суықтыққа да төзімді келеді. Бұл Еуропада тараған жалғыз түр.   Пальманың Америкада 92 туысы және 1140 түрі белгілі.  Бірақ,  бұл тұқымдас түр құрамы  және туыстарының саны жағынан, Австралия  - Азия кеңістігінде  ең көп таралған.  Себебі көптеген пальма  туыстары  жекелеген бір аралдардың эндемді өсімдіктері болып табылады.  Ал, Африкада   небәрі 15 туысқа жататын 40-қа жуық түрлері ғана кездеседі.
Пальмалардың көптеген түрлерінің бағана тәрізді діңдерінің  биіктігі 20-30 метрге дейін жетеді.  Кейде діңдерінің жоғарғы бөлігі, жапырақтарының сағақ қалдықтарының сақталуына  байланысты , төменгі бөліктерінен  жуан болып келеді.  Бірақ,  көбінесе  сабақтары  төменнен жоғары қарай  біркелкі  жуандайды. Пальмаларға,  барлық дара жарнақтылар сияқты, екінші реттік жуандану тән емес, бірақ бірінші реттік жуандануы қарқынды жүреді. Пальмалардың сабақтары бұтақтанбайды. Тек қана хифене (Hyphaene)  туысына  жататын кейбір өкілдеріне нағыз дихотомиялық бұтақтану тән.  Пальмалардың биік сабақты түрлерімен қатар, қысқа сабақты, тіпті сабақсыз түрлері де кездеседі. Кейбір қысқарған  сабақты  астрокариум (Astrocaryum aculeatum) және  атталея (Attalea spectabilis) сияқты  оңтүстік  америкалық  "сабақсыз"    пальмалардың  жапырақтары  жер  астынан  өcіп  шыққандай  әсер қалдырады.  Көптеген  пальма - лардың жер асты  өркендері  бар және  олардан  өcіп  шыққан  сабақтар бip-бipiнe  өте  жақын  орналасады.  Сонымен  бipre,  шырмалып  өсетін лиана-пальмалар да  кездеседі.  Олардың  жіңішке  сабақтарындағы  жапырақтары  бip-бipiнен  қашық  орналасады. Оңтүстік Азиялық  <<ротанг>>  пальмасы деп аталатын каламус (Calamus)  туысының жіңішке  сабақтарының  ұзындығы 200-300  м-ге  дейін  жетеді.  Каламус құрылықта  өсетін  өcімдіктepдің  арасында  ең ұзын  сабақты  өсімдіктер қатарына жатады  және  олар  біp ағаштан  eкінiшi  ағаштарға өтіп,  оларды  шырмап  өседі. Сабақтары иілген қатты тікенектермен жабдықталған. 
  Жемістерінің  мөлшерлері  де  әр қилы:  кейбір  түрлерінің жемістерінің  үлкендігі  қарақаттай  ғана  болса,  екінші біреуінің жемістерінің көлденеңі  жарты  метрдей,  ал  салмағы  10-25  кг-ға  жетедi.  Пальманың жемістері сүректі  өсімдіктердің  ішіндегі  ең  ірі  жемістер болып табылады.  Тұқымдарының эндос - пермі  ірі,  кейбір  түрлерінде  "мүйіз"  тәрізді  қатты    және    эндокарпиймен  тығыз  кірігіп  дамиды. Пальмалардың жапырақтары  көбінесе екі типті болып келеді.   Басым көпшілігінің жапырақтары қауырысын типті. Қауырсынды- тілімшелі жапырақты пальмалардың жапырақ тақталарының  ұзындығы кейде 10 метрден астам ,  ал  көлденеңі  10-12  м-ге  дейін жетеді. Әдетте жапырақ тақталарының ұзындығы 3-5  м. аралығында болады. Пальмалардың жапырақ  сағақтарының  төменгі  бөлігі  қынапқа  айналған.  Бүршік  жарған  жапырақтары  алғашында  бүтiн  жиекті  болып  келеді  де,  кейіннен қауырсын немесе  желпуіш  тәрізді  тілімделеді. Гүлдері  сағақты,  немесе  сағақсыз, екінші жағдайда  гүлдері  гүлшоғырының  сабаққа  ұқсас  етженді  осьіне  бата орналасады  (spadix). Пальмалардың  гүлдері  6ip, немесе бірнеше  жай  формалы,  қынапқа  ұқсас  тығыз  жабын  жапырақтармен (spatha)  көмкерілген  өте  көп  тармақты  сыпыртқы  гүлшоғырына жинақталған. Басым көпшілігінің гүлшоғырлары  жапырақ  қойнауларынан  дамиды;  тек  кейбір  түрлерінің  гүлшоғырлары  сабақтың ұшында  түзіледі.  Гүлшоғырларының ұзындығы кейде 1,5 м. дейін барады. Төбе  гүл  шоғырлары  бар пальмалар монокарпикалық  өсімдіктер  болып табылады,  яғни  гүлдегеннен  кейін  тіршілігін  жояды.  
Ең қызығы ,ұсақ келген гүлдерден өте ірі жемістер түзіледі. Сүректі өсімдіктер арасында  пальмалар ең ірі    жеміс және тұқым түзеді ( кокос және сейшель пальмалары). Адамзат  тіршілігіндегі  маңызы  жағынан  пальмалардан  тек  астық тұқымдастары  ғана  жоғары  тұрады,  ал  түрліше  жағдайларда  қолданылуы жағынан,  пальмалар  гүлді  өсімдіктердің  барлық  тұқымдастарының  ішінде бірінші  орынды  алады.   Тропиктік  аймақтарда  мекендеген  жергілікті  халықтар үшін  пальмалар - дың  маңызы  өте  зор.  
Көптеген  пальмалардың өнімдері  басқа  елдерге экспортқа  шығарылып,  дүние  жүзілік  экономикада  елеулі  орын  алады.      Солардың арасында кокос (Cocos nucifera)     пальмасы мұхит  жағалауларында  кең  таралған,  әрі  пайдалы  өсімдік  ретінде  жиі  өсіріледі . Сүйекті  жемістерін  халық  арасында  кокос  жаңғағы, немесе кокос  деп  атап  кеткен. Кокос жаңғағы Үндістанда, Оңтүстік Вьетнамда, Куба және Цейлон аралдарының мұхит жағалауларында  негізгі ландашафт құрайды. Негізгі отаны Полинезия  аралдары деп есептеледі.  Жемістері  адамдар арқылы ғана емес,  су арқылы да өте  алыс қашықтықтарға таралады.  Перикарпийдің ортаңғы бөлігіндегі  ауа толы қабаттың болуына байланысты, теңіз суында батпай, теңіз ағысымен алыс жағалауларға дейін таралады. Суда   3, тіпті 4 жыл бойы  қалқып жүрген  тұқымы өнімділігін жоймайды.  Өлшемдері  30  см,  салмағы  8  кг-ға дейін жететін жемістерінің  ішінде бір ғана  ұрық  дамиды.  Кокос  пальмаларының  тұқымдарының  пісіп-жетілуі  барысында,  алғашында  түссіз,  сұйық  эндоспермде түзілген  эфир майларының  тамшылары,   кейіннен  қоюлана  келіп  ақ  түсті  эмульсияға  айналады.  Эндоспермнің нуцеллуске  жақын  орналасқан  перифериялық  қабаттары  қатая  келіп, піскен  жұмыртқаның  ақ  уызына  ұқсас,  ақ  түсті  затқа  айналады.  Эндоспермнің  ішкі  бөліктері  көпке  дейін  сұйық  күйінде  қалады.  Эндоспермнің  бұл  сұйық  фазасы  <<кокос  сүті>>  деп  аталады ( бірақта оның дәмі сүтке мүлдем ұқсамайды).  <<Кокос  сүті>>  өте  қоректі және  шөлді  қандырады. Әдетте 9-10 ай  аралығында толық пісіп- жетілген <<жаңғақ>> жемісінің  сұйықтығы қатаяды. Бір  өсімдік 25-30 жылдан  кейін ғана өнім береді,  ал бір гүлшоғыры  8-10 <<жаңғақ>> түзеді.  Эндоспермнің қалындығы  2  см-ге  дейін  жететін қатайған  қабатынан,  тамаққа  және    сабын  қайнатуға  қолданылатын  май алынады.  Майынан  арылған  кебегі  мал  азығына  жарайды.  Жемістің  сүректі,  қатты  ішкі қабаты  әр түрлі  бұйымдар  (түймелер   т.б.)  жасауға қолданылады. Кокос  жаңғағының  талшықты  қабатынан,  кепкеннен  кейін,  төсеніштер мен  щеткалар жасауға  қолданылатын  кокос  талшықтары,  немесе  копра алынады.  Кокос  ағашы  құрылыстық  және  столярлық  материалдар  ретінде пайдаланылады,  жапырақтары  жергілікті  тұрғын  үйлердің  төбесін  жабуға  қолданылады,  ал  талшықтарынан  жіп  есіледі.  Өте  жас  өркендері көкөніс  орнына  пайдаланылады.  Жастай  кесіліп  алынған  гүл  шоғырларының  орнынан  бөлінген  шырынды  қайнатып,  тәтті  сироп  пен  қант алуға  болады.  Сонымен  қатар,  жергілікті  халықтар  бұл  шырыннан  шарап ашытады. Кокос <<жаңғағы>>  механизациялық өңдеуге  онша келмейді, соған байланысты қазіргі уақытқа дейін қолмен өңделеді. 
 Бұл үлкен тұқымдастың тек кейбір түрлерінің ғана жемістері жеуге жарамды. Бұлардың қатарына финик (Phoenix dactyliferа) пальмасы      жатады. Африка  мен Азияның ыстық  аймақтарында  өсетін финик пальмасы өте  ертеден  белгілі.  Шығу орталығы белгісіз. Сыртқы  пішіні  кокос пальмасына ұқсас,  соңғы түрдің сабағы тегіс, ал финик пальмасының  сабағы жапырақ қалдықтарымен тығыз түрде көмкерілген. Сонымен қатар, кокос пальмасы  теңіз жағасының ылғалды климатына байланысты таралса,  финик пальмасын құрғақ аймақтарда да, тіпті шөл оазистерінде де кездестіруге болады. Арабтардың бұл өсімдікке қатысты <<аяғын суда ұстайды, әдемі басын  күнде ұстайды>> деген мәтелі бар. Финик пальмасы жер бетіне тақау орналасқан су деңгейін анықтайтын индикатор ретінде қолданылады. Оның жалғыз  тұқымды сопақша  келген  кішірек  жидек жемістері  қантқа  өте  бай  (құрамында 54  пайызға  дейін  қант  болады).  Көптеген  елді  мекендерде  құрма жергілікті  халықтардың  негізгі  тағамы  болып  табылады.  Қазіргі  кезде мыңнан  астам  сорттары  шығарылған.   Екі  үйлі  өсімдік.  Негізінен  тамыр атпалары  арқылы  көбейтіледі.  Пальмалардың  көптеген  түрлері  бөлмелерде,  оңтүстік  аймақтарда   бақтарда  декоративтік  өсімдіктер  ретінде өсіріледі. Жемісі- финик, біздің жақта құрма деп те аталады.  Бір тұқымды жидегінің мезокарпийі  шырынды, әрі тәтті келеді.
 Бүкіл дүние жүзінде,   экономикалық жағынан өте тиімді,   май (Elaeis guineensis)   пальмасы жоғары бағаланады. Африкалық  май  пальмасының етженді жемістерінен  техникалық,  ал  тұқымдарынан  қоректік  майлар  алынады. Жоғарғы концентрациялы майы пальманың эндоспермінде емес, перикарпийінде түзіледі. Осыған байланысты, жемістері жануарлар арқылы таралады. Бұл қауырсын жапырақты Африкалық  пальма көптеген тропиктік аймақтарда мәдени түрде өсіріледі.  Май пальмасы әр түрлі мерзімде гүлдейтін, әр түрлі гүлшоғырларын түзеді.  Аталық гүлшоғыры 140 000-ға  жуық гүлден, ал аналығы  не бәрі 5000-ға жуық гүлден тұрады. Сол сияқты, екі үйлі сорттары да  кездеседі.
  Арека (Areca catechu) пальмасының жемістерін Оңтүстік Азияның кез келген базарларында  кездестіруге болады.  Арека пальмасының тұқымдарын,  бетель  бұрышының (Piper betle) жапырағы және  күйдірілген  әкпен  қосып, шайнайтын  сағыз дайындауда қолданады. Сағыздың бұл түрін тропиктік Азия және Африканың миллиондаған адамдары қолданады.  Сағыз шайнау  барысында  бөлінетін сөл, сілекеймен араласып,  ауыз қуысын  қан- қызыл түске бояйды. Арека  жемісінің құрамындағы алколоид орталық нерв системасын қоздырады және жүректің  жұмысын әлсіретеді. 
Шарап (Сaryota urens) пальмасының  гүлшоғырларынан қант,   шарап, сабағынан саго  алынады. Бұлардың кейбір түрлерінің жапырақтарының ұзындығы 15, кейде 20 метрге дейін жетеді. Бұл монокарпті пальма  тіршілігінің 12-15 жылдарында  шешек атып , 5-7  жыл бойы  гүлдегеннен кейін тіршілігін  жояды. Жапырақ тақталарының сағақтарынан алынатын талшықтары арқан, тор т. б, тұрмысқа қажетті бұйымдар алуға қолданылады.  
  Қант (Arenga pinnata) пальмасы   тропиктік Азияда ерте кезден өсірілетін мәдени өсімдіктер қатарына жатады.  Қант пальмалары мен  басқа  да  түрлерінің  аталық  жас  гүл  шоғырларынан алынатын  тәтті  шырыннан  пальма  шарабы  мен  пальма  қанты алынады.  Бұл өсімдіктің бір гүлшоғырынан 2,5 ай бойы,  тәулігіне 7 литрге дейін шырын алуға болады.  Шырынының құрамындағы қанттың мөлшері 20 пайызды құрайды.  Пиассава деген атпен белгілі суда шірімейтін және берік келген жапырақтың қынап бөліктерінен әр түрлі қажеттерге арналған щеткалар жасалады, кейде алашалар тоқуға, арқан есуге қолданылады.
   Сейшель (Lodoicea maldivica)    пальмасы Сейшель аралының реликті өсімдігі.    Сейшель пальмасының  жемісінің толық пісіп жетілуіне 7-10 жыл қажет. Жемістерінің салмағы 18 кг, кейде 45 кг дейін жетеді. Тұқымдары 1,5 жылдан кейін жас өркен түзеді.
Малай  архипелагы  мен  Жаңа  Гвинеяда  кездесетін  саго  (Metroxylon sagu) пальмасының сүрегінің жұмсақ  өзегінен  нағыз  саго  өндірісінде қолданылатын  крахмал  алынады. Оңтүстік  америкалық  карнауб (Copernicia cerifera)   пальмасының  жапырақтарынан  және  оңтүстік америкалық  балауыз (Ceroxylon andicola)   пальмасының сабақтарынан  балауыз  өндіріледі.  Көптеген  пальмалардың  төбе  бүршіктері,  жас  жапырақтары,  сабақ  өзектері,  жемістері  тамаққа  қолданылады.  Субтропиктік аймақтарда ашық алаңдарда трахикарпус (Trachycarpus fortunei), хамеропс (Chamaerops humilis)  түрлері декоративтік мақсаттарда өсіріледі.   Бөлме өсімдіктері ретінде сабаль (Sabal), рапис (Rhapis), ливистон (Livistona) және т. б. түрлерін кездестіруге болады. Палеоботаниктердің   зерттеу жұмыстарының қортындыларына сәйкес, пальмалар тұқымдасы ең көне тұқымдастарға жатады. Көптеген ғалымдар бұл тұқымдастың шығу тегін лалагүлділер тұқымдасымен байланыстырып қарастырады.  Дара жарнақтылар класына тән   жалпы қасиеттері  жағынан ұқсастығы болғанымен, тұқымдастар арасындағы ұқсастықтары шамалы. Соған байланысты, филогенетикалық системада бұл тұқымдас  жеке орын алады.

             Имбирьлер (Zingiberaceae) тұқымдасы

Имбирьлер тұқымдасының өкілдері жапырақтары кезектесіп, кейде 2 қатар түзіп  орналасқан, ірі шөптесін өсімдіктер болып табылады. Сағақты жапырақтары қынап  және тілше түзеді.  Ірі   және ашық түсті, қос жынысты, зигоморфты гүлдері шашақ, масақ, немесе шоғырбас гүлшоғырларын түзеді. Гүлсері қосарланған. Кіріккен үш тісті, түтік тәрізді  тостағанша жапырақшасы жасыл түсті. Әр түрлі көлемдегі 3 күлте жапырақшасы кіріккен. Аталықтарының саны біреу. Стаминодийлері 2, немесе 4. Стаминодийлерінің ішкі шеңбері аталықты орап орналасқан ерінге айналған. Көп мөлшерде түзілген  тұқымбүршіктері анатропты, немесе  кампилотропты орналасқан. Төменгі жатыны 3 ұялы, кейде  1 ұялы болып келеді.  Жемісі қорапша, сирек жағдайда жидек. Тұқымы ариллусты. Етженді  тамырсабақтар, түйнектер, немесе жуанданған тамырлар тән.  
 Бұл тұқымдасқа  тропиктік және субтропиктік аймақтарда тарлаған 50 туыс және 1500-ге жуық түрлер кіреді. Имбирлер орман алқаптарында  өсетін ірі шөптесін өсімдіктер.  Кейбір түрлері біздің аймақта өсетін қоға, қамысқа ұқсас суда, немесе су жағалауларында өте үлкен аумақта қопалар түзеді. Жәндіктер арқылы тозаңданады.  Имбирь  тұқымдасы  ішінен  ең  маңыздысы  ретінде  имбирь (Zingiber) туысын  атауға  болады.    Имбирьдің (Z. officinale) тамырсабағынан  тамақ  өндірісінде  қолданылатын  ароматты  эфир майы алынады,  ал  жас  өркендері  көкөніс  орнына  пайдаланылады.  Азияның барлық  тропиктік  және  субтропиктік  аймақтарында  таралған  нағыз кардамон (Elettaria cardamomum) тамырсабақты, көп жылдық шөптесін өсімдік.   Толық  жетілгенге дейін жинап, кептірілген жемістері тағамға, кофеге дәм беретін  ароматты қоспа ретінде қолданылады. Кардамонның отаны  Цейлон аралы және Индияның таулы  аймақтары деп саналады. 
Куркума (Curcuma)   туысына  жататын  кейбір  түрлердің тамырсабақтарында  крахмал  өте  көп  болады.  Бұл  крахмал  кондитерлік мақсатта  және  жас  сәбилер  тамағын  даярлауға  қолданылады.  Куркума (C. domestica) түрінен  бағалы  бояғыш  заттар алынады. 
Бұл тұқымдастың көптеген түрлері декоративтік өсімдіктер.  Мысалы,  халық арасында <<көбелек>> деп аталатын  гарднер гедихиумы (Hedychium gardnerianum) Куба халқының  ұлттық гүлі болып есептеледі. Көптеген ғалымдар канналар және имбирьлер лалагүлділерден шыққан деп қарастырады. Гүлдерінің зигоморфтылығы, аталықтарының редукцияға ұшырауы, стаминодийлерінің  күлтелерге айналуы  сияқты  қасиеттері бұл тұқымдастың  біршама  жоғары дамығандығын көрсетеді. 
 
                                       
6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) тақырыбы мен мазмұны.

                          №1  СОӨЖ жұмыс.
 Тақырып: Диатомдылар,   жасыл,  көк  - жасыл және   хара балдырлар бөлімдері не жататын  балдырлардың әрқайсысынан 5 түрден анықтау керек. Анықталған түрлердің суретін салып қысқаша сипаттамаларын  жазу қажет.  
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                          №2  СОӨЖ жұмыс.
Тақырып:  Қалпақты  саңырауқұлақтар. Семей  өңірінде кездесетін  қалпақты саңырауқұлақтарды  жинақтап анықтау қажет.  Анықталған  қалпақты саңырауқұлақтардың  суреттерін салып, қысқаша сипаттамаларын жазу керек.  Олардың жер бетіндегі таралуы, биологиялық құрлыстарын көрсетіп жазу керек
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 
                                       
                          №3  СОӨЖ жұмыс.
Тақырып: Төменгі формадағы саңырауқұлақтар.   Жиі кездесетін түрлерін     анықтағыштар көмегімен анықтау қажет.  Анықталған түрлердің суретін салып  қысқаша анықтама беру керек.  Олардың биологиялық ерекшеліктері,  қоныстануы экологиясына көңіл бөлу қажет.
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                          №4  СОӨЖ жұмыс.
 Тақырып: Мүктер.  Антоцероттықтар және  бауыр  тәріздлер.  Олардың  Семей өңірінде кең таралған түрлерін жинақтап анықтау.  Жинақталған мүктердің  10 түрін анықтап , қысқаша сипаттама беру қажет.       
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар.
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                                       
Студенттердің  өздік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары мен мазмұны 
                           №1  СӨЖ жұмыс.
Тақырып: Диатомдылар,   жасыл,  көк  - жасыл және   хара балдырлар бөлімдері не жататын  балдырлардың әрқайсысынан 5 түрден анықтау керек. Анықталған түрлердің суретін салып қысқаша сипаттамаларын  жазу қажет.  
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                           №2  СӨЖ жұмыс.
Тақырып:  Қалпақты  саңырауқұлақтар. Семей  өңірінде кездесетін  қалпақты саңырауқұлақтарды  жинақтап анықтау қажет.  Анықталған  қалпақты саңырауқұлақтардың  суреттерін салып, қысқаша сипаттамаларын жазу керек.  Олардың жер бетіндегі таралуы, биологиялық құрлыстарын көрсетіп жазу керек
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                           №3  СӨЖ жұмыс.
 Тақырып: Төменгі формадағы саңырауқұлақтар.   Жиі кездесетін түрлерін     анықтағыштар көмегімен анықтау қажет.  Анықталған түрлердің суретін салып  қысқаша анықтама беру керек.  Олардың биологиялық ерекшеліктері,  қоныстануы экологиясына көңіл бөлу қажет.
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 

                           №4  СӨЖ жұмыс.
Тақырып: Мүктер.  Антоцероттықтар және  бауыр  тәріздлер.  Олардың  Семей өңірінде кең таралған түрлерін жинақтап анықтау.  Жинақталған мүктердің  10 түрін анықтап , қысқаша сипаттама беру қажет.       
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М.  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
* Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
* Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
* Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы.   Интелект баспасы.  2010 жыл
* Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 


* Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныс. 

Ботаника пәні 3 бөлімнен тұрады: өсімдік анатомиясы және морфологиясы, төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы және жоғарғы 
сатыдағы өсімідіктер систематикасы. Биология мамандығы бойынша студенттер 1-2 ші семестрлерде өсімдіктер анатомиясы және морфологиясымен танысады. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы бағдарламасы мынандай жоспар арқылы кұрылған:
1.    Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнін окыту мақсаты.
2.    Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінің лекциялары.
3.    Зертханалық жұмыстар, олардың мазмұны.
4.    Қолданылатын оқулықтар.
5.    Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін бақылау жұмыстары.
6.    Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін далалык, жаттығу практикасы.




ӨСІМДІКТЕР СИСТЕМАТЬИКАСЫНАН  ҮП  пәнін оқыту  мақсаты.

1.  Студенттерге ботаника оқығанда өте қиын биологиялық мәселелер жөнінде түңғыш рет алғашқы үғымдар беру. Мұндай мәселелер мыналар болып табылады:
А) Организімнің клеткалық құрылысы.
Б) Өсімдіктер тіршілігінің негізгі процестері- тыныс алу, қоректену, заттардың екінші түрге айналуы және қозгалуы.
В) Өсімдіктерде органикалық заттардың пайда болуының аса маңызды биокосмикалық процесі, ұрықтану процесі, тіршілік жағдайларының организм дамуына әсер етуі, ауылшаруашылық өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеу.

2. Бірінші  курс студенттері өсімдік дүниесінің сыртқы  ортамен байланысы, карым-катынасын және осыған байланысты өсімдік органдары мен тканьдарында жүретін биологиялық процестерден мағлұмат алады. Өсімдіктердің жеке топтарының құрылысын, көбеюін және  тіршілік еткен орталарын салыстыру арқылы зерттеуге назар аударылады.

3. Теорияльқ курсқа бөлінген сағаттар деңгейінде өсімдіктер дүниесіненстуденттерге толық мағлұмат беру мүмкін емес.Ол зертханалық сабақтарда мүмкіндігінше  толықтырылуы тиіс. Соңдай-ақ зертханалық сабақта студенттер өсімдіктерден гербарий жасау, ішкі құрылысын микроскоп аркылы зерттеу үшін кесінділер және   уақытша   препараттар   жасау   техникасын   үйренеді.Мұның болашақ мұғалім үшін мәні өте зор.

* Курс форматы
Пән бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүреді. Дәрістік сабақта студенттер материалды тыңдап, игереді және зертханалық сабақтарда модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтықөздік және межелік сабақтарда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір сабақтың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады.Бұл сабақтарға студенттердің белсенді қатысуы керек. Сонымен қоса, пән бойынша кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі алдын ала хабарланады. Әрбір апта аяғында дәрістік, зертханалық, өздік және межелік тапсырмаларды орындауға байланысты бөлінген балл сандарына қарай студенттердің білімі бағаланады.

     9. Курс саясаты
	Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілгенэлектрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет.Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек.Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек.Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы  тапсырмалар мен тестілердітапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жарияланады.


10. Баға қою саясаты
	Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны: 
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда  -  300 балл, 
2-рейтинг нәтижесі бойынша  9-15 апталарда  -  300 балл.
Пән бойынша семестрде максималды балл саны  -  600.
	Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:
1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша  -  максимум 120 балл)
2. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)
Курстық жұмыс жеке бағаланады.
Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.
Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

11. Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
* ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
* межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
* қорытынды бақылау  -  семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан).
     Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40%  қосындысына тең. 
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (кесте).
Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
                                                                     кесте
                   Әріптік жүйедегі баға
             Баллдың цифрлық эквиваленті
                        Пайыздық мөлшері
               Дәстүрлі жүйе бойынша баға
                                      А
                                      4,0
                                  95  -  100
                               Өте жақсы
                                    А -  
                                     3,67
                                   90  -  94
                                       
                                      В+
                                     3,33
                                   85  -  89
                                       
                                  Жақсы
                                      В
                                      3,0
                                   80  -  84
                                       
                                     В - 
                                     2,67
                                   75  -  79
                                       
                                      С+
                                     2,33
                                   70  -  74
                                       
                                       
                        Қанағаттанарлық
                                       
                                      С
                                      2,0
                                   65  -  69
                                       
                                     С - 
                                     1,67
                                   60  -  64
                                       
                                      D+
                                     1.33
                                   55  -  59
                                       
                                       D
                                      1,0
                                   50  -  54
                                       
                                       F
                                       0
                                   0  -  49
                        Қанағаттанарсыз
                                       I
                                      NA
                                       -
                            Аяқталмаған
                                       P
                                       -
                                   өтті
                              Пәнді өтті


12. Өсімдіктер систематикасы ҮП  пәнінен        өтетін далалық жаттығу практикасы.

	Әр түрлі экологиялық  орталарда өтетін ботаникалық жаттығу практикасының мақсаты мынандай.
1.   Теориялық білімді практикалык, жұмыстарды жүргізу арқылы бекіту. Өсімдікке дұрыс морфологиялық сипаттама беру.
2.   Өсімдіктердің тіршілігіндегі негізгі құбылыстарды бакылау (өсу, даму, гүлдеу, тозандану т.б.)
3.   Өсімдіктерден гербарий және колекция жасау әдістерімен танысу.
4.   Әр түрлі экологиялық ортадағы кездесетін өсімдіктердің сол ортада бейімделу ерекшеліктерін анықтап, сол ерекшеліктерімен танысу.
5.  Далалық жаттығу практикасы кезінде алған білімді келешекте мектепте ботаника пәнінен оқытуда крлданумен байланыстыру.Мектеп программасы бойынша өткізілетін экскурсия түрлері мен және керекті коллекция, гербарий түрлері мен таныстыру.
6.   Табиғатты қорғау проблемаларымен таныстыру.
Практиканың мазмұны.
Практика кезінде практика жетекшісі өртүрлі экологиялық орталарда ботаникалық экскурсиялар өткізеді.Эскурсиякезінде мұғалім өсімдік бірлестікгерімен, өсімдік түрлерімен, олардың морфологиялық ерекшеліктері мен таныстырады. Экскурсия кезіңде студенттер сол экосистемадағы өсімдік түрлеріне морфологиялық сипатгама береді.Экскурсия кезінде гербарийжәне коллекцияға қажетті өсімдіктер жиналады.
Жиналған материал кептіріліп, морфологиялык, типтегі гербарийлар даярланады.
Далалық жаттығу практикасы кезінде студенттер өсімдіктердің тіршілік құбылыстарын бақылап,зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Далалык, жаттығу парктикасы кезінде жұмыс күні 4 сағаттан экскурсиядан және 2 сағаттан камералды (лабораториялык)өңдеу, зерттеу жұмыстарынан тұрады. 

Далалық жаттығу практикалық сабақтардың тақырыбы.
1. Сүректі өсімдік түрлері, олардың морфологиясы және биологиясы.
1.    Карағайлы орман өсімдіктері түрлері, өсу ерекшеліктері.
2.    Шалғынды шөптесін өсімдіктер, олардың түрлері, өсу ерекшеліктері.
3.    Су өсімдіктері, түрлері, өсу ерекшеліктері.
4.    Споралы өсімдіктер.

Өсімдіктерді зерттеу жолдары.
1.    Өсімдікгерге морфологиялық сипаттама беру олардың морфологиялық ерекшеліктерімен таныстыру
1.      Тамыр жүйесі.
2.      Сабак, пішіні.
3.      Сабақтың кеңістікке орналасуы.
4.     Жапырақ пішіні.
5.     Жапырақ шеті.
6.     Жапырақтың орналасуы.
7.     Жапырақтың жүйкеленуі.
8.     Күрделі жапырақтар.
9.     Гүл құрылысы.
10.   Гүл шоғыры.
11.    Тұқым және жеміс түрлері.
12.     Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің түр өзгерістері(метаморфозасы)
1.    Өсімдік түрлеріне,топтарына биологиялық-экологиялык, сипаттама беру.
2.    Экологиялық өсу ортасына көңіл бөлу,экологиялык, топтарды анықтау.
3.    Өсімдіктің тіршілік формаларын анықтау. (Серебряков және Раункиер бойынша)
4.    Өсімдіктің көбею жолдарын анықгау.
5.     Тозаңдану ерекшеліктерін шықтау.
6.    Тұқым мен жемістің таралу ерекшеліктерін анықгау.
7.    Өсімдік бірлестіктеріндегі доминантты және кодоминантты түрлерді анықтау.
8.    Сирек кездесетін,қорғауға алынуға тиісті әсімдік түрлері мен және олардың биологиялық өсу ерекшеліктерімен танысу.

Студенттер ботаникалық далалық жаттығы практикасы бойынша сынақ тапсырады. Сынақ тапсыруда:
1.    Практикаға байланысты топтық есептеме (отчет) тапсырылады.
2.    Морфологиялық типтегі гербарийлер тапсырылады.
3.    Практика бойынша күнделік.
4.    Студентердің өздік ғылыми зерттеу жүмыстарының рефераты. Өсімдікгер анатомиясы жөне морфологиясы пөнінен рейтингі

Курстың  негізгі қағидасы: 
* Сабақты босатпау, кешікпей келу.
* Босатылған сабақты келесі сабаққа дейін өздігінен оқу, орындау
* Межелік бақылауға берілген тапсырмаларды уақытында  орындау
* Емтиханға жақсы даярланып, уақытында тапсыру


13. Өсімдіктер систематикасы ҮП пәні бойыншатест сұрақтары.

 Гимений  қабаты базидиомицеттер  саңырауқұлақтарының   қай бөлігінде  түзіледі
 базидияларда
аскаларда
имектерде
базидиолдарда
+ гименофораларда

Ақұнтақ саңырауқұлағының жемісті денесі
+клейстокарпий
перитеций
апокарпий
жемісті денесі болмайды
Аскоспора бірден мицелийде түзіледі.

Трутовикті   саңырауқұлақтардың  басым  көпшілігіне  қандай  гименофоралар тән.
қатпарланған
пластинка  тәрізді
тікенекті.
+ түтікті
Гименофоралары болмайды

Фотосинтез процесі тән емес өсімдіктер дүниесін атаңыз
қызыл балдыр
+саңырауқұлақ
жасыл балдыр. 
қыналар
жоғары сатыдағы өсімдіктер

Жартылай жабық дене, сыртқы формасы құмыраға ұқсас. Төменгі бөлігінде парафиздер және қалталар орналасқан жемісті денені атаңыз
клейстокарпий
+перитеций
апотеций
жемісті денесі жоқ
Апотеций және перитеций. 

Базидиомицеттердің  даму  цикліндегі ең  қысқа  фаза.
Дикарионды және  гаплоидты 
клеткаланбаған мицелий 
+Гаплоидты және диплоидты фазасы
Дикариондық фазасы
   Қысқа фазасы болмайды.

Денесі <<тамыр>>, <<сабақ>> және <<жапыраққа>>  ұқсас теңіздер мен мұхиттарда тіршілік ететін  балдыр.
+каулерпа
спирогира
вольвокс
улотрикс
сифондылар

Алқалылар тұқымдасының гүлінің формуласы..
 /.СА(5) СО(5) А5 +5  G 1
 *СА(5) СО5 А~ G~  
 *Р(5)тостағанша тәрізді А5 G(2-5)
 Р0 А2 G 0 , аналық гүлі Ро АО G(2)
 +* СА(5-) СО (5) А 5 G(2) 

Гүлі зигоморфты, гүлінің формуласы:  СА(5) СО(5)  А4 G (2)   Бұл қай тұқымдасқа тән.
+Еріндігүлділер 
Алқалылар
Раушандар
Лалагүлділер
Шатыршагүлділер

Жемісі тұқымша,гүлшоғыры себет, гүлінің формуласы * СА 5СО(5) А(5) G(2).  Бұл қай тұқымдасқа тән.
Еріндігүлділер
+Астыралықтар
Алқалылар
Лалагүлділер
Құлқайырлар

Гүлдің *Р3+3 А3+3  G(3) формуласы қай тұқымдасқа тән.
Алқалылар
+Лалагүлділер 
Сарғалдақтар 
Раушангүлділер
Астық тұқымдасы

Шырша  қандай тұқымдасқа жатады.
Подокарптілер
Араукариялар
+Қарағайлар 
Кипаристер
таксоидтар

Аналық бүрінің қабықшасы етженді  болып келеді,  олар бірігіп  шырынды <<жидек бүр>> түзеді және өркені улы өсімдік.
Кипарис
Секвойя
+Арша 
Метосеквойя.
Самырсын

Қай қатардағы өсімдіктер жер бетінде мүлдем құрып кеткен өсімдіктер топтарына жатады. 
Гинкалықтар және вельвичиялықтар
Қарағайлар және гнетталықтар
Вельвичиялықтар
Саговниктер
+Тұқымды папоротниктер, кордаиттар, беннеттиялықтар, кейтондықтар 

Архегониялы өсімдіктер ішінде спорамен емес,  тек тұқымы арқылы таралатын өсімдіктерге не жатады.
Қырықбуын
Папоротниктер
+Жалаңаштұқымдылар 
Жабықтұқымдылар
Псилоттар

Күлтесі тіл тәрізді, гүлшоғыры себет, барлық континентерде таралған  көп жылдық  өсімдік.
Беде.
Бетеге
+Бақ-бақ 
Сасық меңдуана
Итмұрын

Тамырларында түйнек бактериялары тіршілік етеді. Гүлшоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас. Жапырағы күрделі. Қай тұқымдасқа жатады.
Раушангүлділер
Шатыршагүлділер
Асқабақгүлділер
Айлауықтар
+Бұршақтылар.

Бүлдірген, малина немесе құлпынайдың гүлтабанының формасы қандай.
+Конус немесе дөңес
Ойыс немесе   конус тәрізді
Жалпақ және тегіс
Жалпақ және ойыс
Дұрыс жауабы жоқ

Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енген,  қорғауды қажет ететін  өсімдік топтары
+Грейга қызғалдағы,Ледебург миндалі, Павлов итмурыны 
Орыс тікенбұтасы, Алтай сиякөгі
Сібір истоды, Сары жоңышқа
Орман қазтабаны, Жер жаңғағы
Аққаңбақ,Құм ебелегі.

Құрамында алколоид опиум, морфин, кодеин және   т. б.  заттарға бай  қай тұқымдасқа тән.
Алабұталылар
Лалагүлділер
+Көкнәрлар 
Алқалылар
Күрделігүлділер

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  төменгі  сатыдағы өсімдіктерден негізгі айырмашылықтарының бірі   болып саналады.
Жер бетінде  таралуы
Тұқым мен жеміс түзуі
+Споралар түзуі
Қоректенуі және спора түзуі
Қолдануына байланысты

Бидайық,қоңырбас,селеу, бетеге қай тұқымдасқа жатады.
Алқалалар
Еріндігүлділер
Қияқөлеңдер
+Астық тұқымдасы 
Раушангүлділер

Жапырақ тақтасының қынабы қай тұқымдаста жақсы жетілген.
Құлқайырлар
Астыралықтар
+Қияқөлеңдер 
Раушандар
Алқалылар

Еріндігүлділер тұқымдасының сабағының пішіні.
Жұмыр
+төрт қырлы
Үшқырлы
Көпқырлы
Екі қырлы

Құм ебелегі, камфоросма,  теріскен туыстары қандай тұқымдасқа жатады.
Астралықтар
Айлауықтар
Құртқашаштар
+Алабұталар 
Сүйсінділер

Ілмек жеміс қандай тұқымдасқа тән.
Астралықтар
Айлауықтар
Құртқашаштар
+Шатыршагүлділер 
Сүйсінділер

Аналық гүлшоғыры сыпыртқы, аналық гүлшоғыры собық.
Шетен
+Жүгері 
Таңқурай
Бидай
Арпа.

Азотқа, калийге, фосфорға бай топырақтарда өсетін арам шөп түрі.
 +алабұта 
шпинат
кумарчик
альча
итмұрын

Алқалылар тұқымдасына  жататын туыстар.
Асқабақ, колоквинт
Алабұта, көкпек
Қараған,беде
+Меңдуана, бұрыш. 
Астра, ферула

Саңырауқұлақтардың, қыналардың, балдырлардың бекінуіне арналған , тамырға ұқсас жіпше  тәрізді өсінділер қалай аталады.
столон
анастомоза
гаустрии
+ризоидтар
септалар

Изоморфты генерациялық алмасу  -  ол.......
өсімдіктердің даму формаларында  ұрпақ  алмасуы болмайды
тек қана ядролық алмасу фазасы тән
+екі ұрпақтыңда  сыртқы  пішініне байланысты айырмашылығы жоқ және даму циклдері бірдей
спорофиті  мен гаметофитінің морфологиялық   айырмашылықтары бар,  гаметофиті басым
спорофиті  мен гаметофитінің морфологиялық  айырмашылықтары бар,  спорофиті басым

Трутовиктерге тән қасиеттер.
 +базидиоспоралармен  көбейеді
аскоспоралармен көбейеді
 Конидия споралар арқылы көбейеді
Аплоноспоралар арқылы көбейеді 
 зооспоралар арқылы көбейеді.

Аскомицеттердің класс тармақтарына   бөлудің негізгі  принциптер.
базидиялардың  құрлысы мен жетілу типтеріне.
аскалардың орналасуына (қалта)
жынысты  көбейу типтері, талломаларының жетілуі
+жемісті  денелердің  типтеріне  және  олардың   болу  және  болмауына
дұрыс жауабы жоқ

Мәңгіжасыл жапырақты  өсімдіктердің   қылқандарында  және  жапырақтарында тіршілік ететін,  тропиктік   және  субтропиктік аймақтардағы    өсімдіктерде  өсіп  белгілі   топ құрайтын  - қыналар
эпилитті
эпигейлі
эпифитті
+эпифильді
эпиксильді 

Капустаның  көшетінде  << Қара аяқ>>  ауруын туғызатын  саңырауқұлақ.
эризифе
мукор
+ольпидиум
синхитрий
перноспора

Гастеромицеттерге тән негізгі    қасиет.
базидиоспоралармен  көбейеді.
аскоспоралармен көбейеді
гимения жетілген  кезде гимений ашық болады
+базидиоспоралар жетілгенге дейін  жемісті денелер  тұйық
зооспоралар арқылы көбейеді.

Пероноспоралы  саңырауқұлақтар  қандай ауру түрін туғызады.
аспергиллез
переноспороз
сапролегниоз
+фитофтора
физариоз

 Күз кезінде үй шыбындарының денелерінде паразитті тіршілік ететін саңырауқұлақ түрі
мукор
Тат саңырауқұлағы
диподаскус
 +эмпуза
Пилеболюс 

Базидиомицеттердің даму циклінде қандай фаза басым
 диплоидты
 +дикарионды
 гаплоидты
 даму циклі болмайды
 фазасы көрсетілмеген

Папоротник тәрізділердің гаметофиті неден тұрады.
Даражынысты өскіншілерден
Архегоний мен антерийдилері бар өскіншіден 
+Спорогон, спорогон сағағынан
Архегоний мен сорустардан
Антеридий бар протонемалардан.

Жабықтұқымды өсімдіктердің аналық гаметофиті неден тұрады.
Тозаңнан
 Жетілген өсімдіктен
+Жұмыртқа клеткасынан 
Антиподтардан
Тозаңқаптан

Әртүрлі споралық қай өсімдікке тән.
Щитовник
Плауын
Тмезиптерис
+Селигинелла 
Дұрыс жауабы жоқ.

Жапырақтары күрделі өсімдік.
Алма
+Сасыр(ферула)
Емен
Қайың
Бидай

Гүлінің формуласы *СА2+2 СО2+2 А2+4  G(2).
Айлауықтар
Құртқашаштар
+Крестігүлділер 
Қалампырлар
Астралықтар

Гүлінің формуласы ./.СА(5) СО(5) А5 +5  G 1 болатын қандай тұқымдасқа  тән.
Магнолиялықтар
Қалампырлар
+Бұршақ тұқымдасы 
Лалагүлділер
Сүйсіндер  

Гүлінің формуласы *Р0,6~  A3 G(3-2)  қай тұқымдасқа жатады.
Раушангүлділер
Астралар
+Астықтар
Құлқайырлар
алқалылар

Сасыр, борщевик, сәбіз т. б. туыстар қай тұқымдасқа   жатады.
Лалагүлділер
Қияқөлеңдер
Көкпектер
+Шатыршагүлділер 
Құлқайырлар

Анемофильді тозаңдану көбінесе қай тұқымдасқа жатады.
Құлқайырлар
Крестігүлділер
+Астық  немесе Қоңырбастар 
Раушандар
Сабынкөктер

Лалагүлділердің жемісін көрсетіңіз.
Тұқымша
+Қорабша 
Жаңғақ
Алма
Таптама

Жалаңаштұқымдылардың аталық гаметофиті.
Аналық
+Тозаң 
Интин
Аналық бүр
Ересек өсімдік.

Қос жарнақтыларға жататын  күлтесі түтік тәрізді, жемісі тұқымша, жапырағы қатты тілімшеленген. Құрамындағы эфир майына байланысты  өсімдік қатты иіс береді
Қияқ
+Жусан
Картоп
Қамыс
Жуа

 Жапырақ тақталыры қатты тілімшеленген, кезектесіп орналасаді. Жапырақтың астыңғы бөлігінде сорустар орналасқан. 
Мүктер
Қырықбуындар
+Папоротниктер 
Плауындар
Ужовниктер

Қарағайдың шыршадан негізгі айырмашылығы көрсетіңіз
Жарық сүйгіш орман түзеді, діңі қызығылт түсты және қылқан жапырағы екіден қосарланып орналасады. 
+Көлеңке сүйгіш орман  түзеді, қылқан жапырақтары топталып орналасады.
Көлеңке және жарық сүйгіш орман түзеді, қылқандары  белгілі бір мерзімде түсіп отырады.
Қабыршақ жапырақты ,  жарық сүйгіш орман түзеді.
Жапырақтары топтанып орналасады.

Жоғарғы сатыдағы паразитті  қоректенетін түрлерін көрсетіңіз.
+Повилика, заразиха 
Жусан, сасыр
Ебелек,сарсояу
Бақбақ, түймешетен
Сарымсақ, жұмыршақ 

Қай тұқымдаста себет гүл шоғырында түтік, тіл, жалған тілше, воронка тәрізді күлтелі гүлдер  жинақталған.
Лалагүлділер 
Құрқашаштар
Қияқөлеңдер
Астық тұқымдасы
+Астралықтар 

Қандай қылқан жапырақтарда ұзарған  және қысқарған  өркендер  тән.
Қарағай, балқарағай 
Шырша , арша
Самырсын, туя
+Кипарис, секвойя
Арша, аракария

Сарғалдақтар тұқымдасына  жататын туыстар ол-
Түймешетен, жусан
Бетеге,  беде
Астрагал, ромашка
+Желайдар, бәрпі 
Итмұрын, ебелек

Cабағы  сабан, қынапты жапырағы паралелльді жүйкеленген өсімдік тұқымдасы.
Alliaceae
Potamodetonaceae
Alisma
+Poaceae 
Lamiidae

Қай туыс шатыршагүлділер тұқымдасына жатады.
Шеңгел,чина, астрагал
+Сасыр,тмин, петрушка 
Сауыт тал, қара терек, ақтал
Көк шатырша, ақ қыша,яруткасы
Қияр, асқабақ,қарбыз

Алқалылар тұқымдасына  жататын туыстар.
Асқабақ, колоквинт
Алабұта, көкпек
Қараған,беде
+Меңдуана, бұрыш. 
Астра, ферула

 Дәрілік қаратамыр, қарақоңыр ноннеасы, дала ботакөзі( незабудка полевая),  кәдімгі көкбас қай тұқымдасқа жатады. 
Лалагүлділер
Асқабақтар
Сабынкөктер 
 +Айлауықтар
Алабұталылар

Құмды топырақтарда өсетін  өсімдік топтарын көрсетіңіз.
+Кәдімгі қарағай,айғыр қияқ 
Арша, жатаған бидайық
Қара жусан, ақ қайың
Үлкен сүйел шөп, сасыр
Меңдуана, сарымсақ.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің  төменгі  сатыдағы өсімдіктерден негізгі бір айырмашылығы  болып саналады.
Жер бетінде  таралуы
+Тұқым мен жеміс түзуі
Споралар түзуі
Қоректенуі және спора түзуі
Қолдануына байланысты

Қандай бөлімдер жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктерге жатады.
Мүктер және жалаңаш тұқымдылар
Жалаңаштұқымдылар, папоротниктер
Папоротниктер, мүктер
+Жалаңаштұқымдылар, жабықтұқымдылар 
Жалаңаштұқымдылар, плауындар

 Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
Мүктер және жалаңаш тұқымдылар
Жалаңаштұқымдылар, папоротниктер
+Папоротниктер, мүктер
Жалаңаштұқымдылар, жабықтұқымдылар 
Жалаңаштұқымдылар, плауындар

Дала қырықбуынының даму цикліндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ұрпақ алмасуы жоқ, тек ядро алмасуы ғана бар
Ұрпақ алмасуы жасырын жүреді, спорофиті басым, гаметофиті спорофитте паразиттік тіршілік етеді.
Спорофиті басым, гаметофиті қос  жынысты, дербес тіршілік етеді.
+Спорофиті басым, гаметофиті дара жынысты дербес тіршілік етеді.  
Гаметофиті басым, спорофиті гаметофитінің паразиті.

Түйреуіш тәріді плауынның даму циклінің ерекшелігін көрсетіңіз.
Тек ядролық алмасу тән, ұрпақ алмасуы жоқ.
Спорофиті басым, ұрпақ алмасуы жасырын жүреді. Гаметофиті спорофитте паразиттік тіршілік етеді.
+Спорофиті  басым, гаметофиті қос жынысты, дербес тіршілік етеді.
Спорофиті басым, гаметофиті дара жынысты, дербес тіршілік етеді.
Гаметофиті басым, спорофиті гаметофитінде паразиттік тіршілік етеді

 Емен,  каштан ағаштары қай тұқымдасқа жатады
 Қайыңдар, 
+Шамшаттар
Жаңғақ тар
 Жыңғылдар
 Раушангүлділер 

Кәдімгі маршанция мүгі неше үйлі өсімдіктерге жатады:
Бір үйлі өсімдік
+Екі үйлі  өсімдік 
үш үйлі өсімдік
төрт үйлі өсімдік
Кәдімгі маршанция мүгі:

Гүлінің құрлысы .*Р(5)тостағанша тәрізді А5 G(2-5)  болатын қай тұқымдасқа тән.
+Алабұталар 
Лалагүлділер
Құртқашаштар
Раушандар
Сабындыкөктер

Қай  споралы  өсімдіктердің жүрек тәрізді  протонемасында антеридий, архегония  және резоиттары бар    гаметофит тән, ал спорофитіне сорустары бар  үлкен жапырақтар  тән. 
Қырықбуындарда
+Папоротниктерде
Мүктерде
 Плауындарда
Қарағайларда

Аталық гүлінің формуласы* СА(5)С0(5) А(2)+(2)  G0
     Аналық гүлдің формуласы * СА(5) СО(5)  А0 G( 3)  қай тұқымдасқа жатады.
Қарағайлар
+Асқабақтар
Астралар
Қияқөлеңдер
Бұршақтар

Қай тұқымдастың аталық гүлі Р0 А2 G 0 , аналық гүлі Ро АО G(2) формуласы тән .
Крестігүлділер
Шатыршагүлділер
Қалампырлар
+Талдар
Асқабақтар

Бунақталған сабағы жапырақсыз, фотосинтез процессі өркендерінде жүретін екі  үйлі бұталы және жартылай бұталы  өсімдік ол-
Балқарағай
Кедр
Қарағай
+Қылша 
 Метосеквойя

 Тіршілігінің барлық кезеңдерінде өсетін 2 ғана жапырағы бар өсімдік
Гнетум
Қарағай
Эфедра
+Вельвичия
Гинго

Жалаңаш тұқымдылардың тұқымы  қайдан түзіледі.
Интиннен
+Тұқымбүршігінен  
Мегоспорофильден
Экзиннен
Тозаңнан

Гүлі түтік, тіл, жалған тілше,воронка тәрізді күлтелерден тұратын тұқымдасты көрсетіңіз.
Құлқайырлар
Алқалар
+Астралықтар 
Раушандар
Лалагүлділер

Мақта қай тұқымдасқа   жатады
Бұршақтар
+Құлқайырлар 
Сабынкөктер
Алқалылар
раушандар

Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> жазылған, қорғауды қажет ететін өсімдік түрлері.
+Илария Эремурусы,Грейга қызғалдағы 
Сарыбас жоңышқа, Ақ алабұта
Сеппелі көкнәр, Жауқазын
Астық мортығы, Ақ  селеу
Эдельвейс, гүлкекіре.

Шатыршагүлділер тұқымдасна тән жеміс.
Жидек
Таптама
+Ілмекжеміс 
Сүйек
Асқабақ

Секвойодендрон, метасеквойя,батпақ кипарисі  қандай тұқымдасқа жатады.
+Таксодиалықтар
Қарағайлар
Тисстар
Подокарптар
Араукариялықтар

Шалғындық  қоңырбас,шалғындық түлкібас, ақ селеу қай тұқымдасқа жатады.
+Астық тұқымдасы 
Қияқөлеңдер тұқымдасы
Құлқайырлар
Лалагүлділер
Магнолиялықтар

Гүлдері  кішкентай  ажарсыз,гүлшоғырларына топтасқан гүлдеріннің гүлсеріктері жоқ немесе жай гүлсеріктерінен тұрады, дара жынысты, жел арқылы тозаңданады.
Сарғалдақтар
Магнолиялықтар
Лалагүлділер
+Талдар 
Астралықтар

Жалаңаш тұқымдылардың даму циклінің ерекшеліктері
Гаметофиті басым
+Спорофиті басым
Гаметофиті  және спорофиті тең дамыған
Гаметофиті спорофитіне қарағанда басым
Тек гаметофиті белгілі.

Жабықтұқымдылардың эндоспермнің хромосом саны
п
2п
+3п 
4п
Полиплоидты

Сабақтары төрт қырлы, жапырақтары қарама-қарсы  орналасқан, қос ерінді.  Төменде көрсетілген  қай туысқа тән.
+Ақ қалақай,  дала жалбызы.
Сасысық сасыр, кәдімгі тмин
Ешкі тал, қара терек
Құтырған қияр, кәдімгі асқабақ
Итмұрын ,долана

Граб , қара қандағаш, орман жаңғағы   қай тұқымдасқа жатады.
Сарғалдақтар
Магнолиялықтар
Лалагүлділер
+Қайыңдар 
Астралықтар

Кенеп, бамия,  мақта қай тұқымдасқа жатады.
Сарғалдақтар
Магнолиялықтар
Лалагүлділер
Қайыңдар 
+Құлқайырлар 

Кенеп, бамия,  мақта қай тұқымдасқа жатады.
Сарғалдақтар
Магнолиялықтар
Лалагүлділер
Қайыңдар 
+Құлқайырлар 

Тікенді лотос, бұта қараған, шеңгел қай тұқымдасқа  жатады.
Раушандар
+Бұршақтар 
Лалагүлділер
Қайыңдар 
Құлқайырлар 

Әртүрлі споралық қай өсімдікке тән.
Усасыр
Саговник
Тмезиптерис
+Селигинелла 
Дұрыс жауабы жоқ.

Қазіргі кезеңде жалаңаштұқымдылар бөлімінің ең көп тараған класы.
Саговниктер
+Қылқандылар 
Тұқымды папоротниктер
Гнеталықтар
Гинколықтар

Көптеген  балдырлар мен саңырауқұлақтардың    аналық жыныс  органы  қалай аталады
 базидия
архикарп 
+архегоний 
карпогон
аска (қалта)

Хара балдырларының  қандай қасиеттеріне  байланысты   өте жоғары  дамыған балдырлардың  қатарына  жатқызамыз.
+жынысты  көбею органдарының  көп клеткалылығына  және жіпше  талломдарының  тармақталуына  байланысты 
ассимилляциялық  пигментерінің    жиынтығына байланысты
тоқтаусыз  өсуіне байланысты
клетка  қабығы целлюлозды- каллозды болуына байланысты 
бір  клеткалы болуына байланысты.

Жалаңашқалталы (Гемиаскомицеттер) саңырауқұлақтардаың  қалталаларының  орналасу тәртібі қандай 
+бірден мицелийде орналасады
 клейтотецияның ішінде  ретсіз.
Перитецияның төменгі  бөлігінде  қабатпен немесе  топтанып орналасады
апотециянының  үстінде  ашық орналасады
көбінесе  топталып орнасады

Циандықтардың клетка қабырғасы
целлюлозді, целлюлозді-пектинді
іші целлюлозді, сырты  пектинді
+пектинді, муреинді қабаты бар
хитинді
целлюлозды қабағы жоқ, пелликула

Үлкен көп клеткалы денесі бунақты құрлысты, оларға  негізгі бұтақ , жапырақ және ризоидтар тән
улотрикстерге
вольвокстерге
+хараларға
хлорококкалыларға
коньюгаттарға

Қоңыр балдырлардың қай класында жыныс алмасу циклі жоқ
 изогенераттылар
гетерогенераттылар
+циклоспоралылар
Жынысты көбею  тән 
иго- гетерогенераттылар 

Базидиомицеттердің  класс тармақтары қандай  принциптерге  байланысты  бөлінуі керек
жемісті денелердің типтеріне 
+базидийлардың  құрлысы мен дамуына
қалталардың  орналасуына
талломаларының жетілу деңгейі мен  жыныс процесінің типіне
 конидиялды спора түзуінің  формасының  әртүрлілігіне

Коньюгаттар класына жататын балдырлар
фрагилярия
+спирогира
хлорелла
улотрикс
вошерия

Төменгі сатыдағы ең үлкен өсімдік
фукус
цимбелла
+ламинария
 пандорина
 строгит 

Нителла   балдыры қай класқа жатады.
қызыл балдыр
көкжасыл балдыр
жасыл балдыр
+хара балдыры
диатомды балдыр

 Диатомды балдырдың ең сыртқы жақтауы қалай аталады
 +эпитека
 гипотека
 жақтаулары бірдей
 жақтаусыз
 гипо- эпитека

Базидиоспоралар толық пісіп  жетілгенге дейін  жемісті  денелері алмұрт,  түйнек, жұмыртқа  тәріздес болады
пирономицеттер
плектомицеттер
дискомицеттер
+гастромицеттер
гимнемицеттер

Гетеромерлі қыналардың жоғарғы  және төменгі  қабақты қабаты  қандай қызмет атқарады ?
 +Сыртқы ортамен газ алмасу және  қорғаныс қызметін атқарады
фотосинтез қызметін атқарады
аэрациямен қамтамасыз етеді
субстратқа бекіну қызметін атқарады
 ассимиляциялық  заттарды  жинақтайды

Бұл балдыр түрі тоқтап қалған тоғандарда, шалшық суларда  судың <<гүлденуін>> түзеді
+хламидомонада
 каулерпа
 Хара балдыры
 пиннулария
 улотрикс

Қыналардың гомеомерлі құрылысы дегеніміз не ?
 гототаллисті құбылыс
+микобионттардың  гифтарының араларында фикобионт біркелкі орналасқан                                                                        
қына  қатпарланған  құрылысты  болады (қабығы,  өзегі,  төменгі қабығы).
Апотециясы  леканорлы типті, подециясы  жоқ
Апотециясы лицидеялы  типті, подециясы  жоқ. 

Ағаштар мен  бұталардың  қабықтарында   өсетін   қыналардың экологиялық   топтарын атаңыз.
эпилитті
эпигейлі
+эпифитті
 эпифильді
 эпиксильді

Өңделген немесе    шіріген ағаштарда өсетін   қыналардың  экологиялық  топтары.
эпилитті
эпигейлі
эпифитті
эпифильді
+эпиксильді

Топырағы қоректік заттарға  тапшы  тасты  жерлерде  өсетін  қыналардың  экологиялық   топтары
+эпилитті
эпигейлі
эпифитті
эпифильді
эпиксильді

Төменде көрсетілген қыналардың ішінде подециялары жақсы жетілген туысты көрсетіңіз. 
Ризокарпон
Леканора
Цетрария
+Кладония
Пармелия

 Топырақтың беткі  қабатында немесе жерде өсетін қыналар түрлері 
эпилитті
+эпигейлі
эпифитті
эпифильді
эпиксильді

Диатомды балдырлардың басқа балдырлар бөлімдерінен негізгі айырмашылығы
Сулы ортада тіршілік етуіне байланысты.
+Клеткасы кремнеземді  жақтаулармен қапталған 
Денесі тек бір клеткалы болуына байланысты 
Тіршілік ортасына байланысты 
Жер бетінде  қоныстауына және  қоректенуіне байланысты 

Тамақ өнеркәсібінде  қолданатын помидор, картоп,  бұрыш және т. б.  өсімдіктер топтар қай тұқымдасқа  жатады 
Asteraceae
Agavaceae
Oleacea
+Solanacea


Көптеген балдырлардың даму циклдерінде жыныссыз стадия  тән. Ол өсімдіктер қалай аталады.
базидия
+спорофит
фитопотоген
гаметофит
сапрофит

<<Саңырауқұлақтар патшасы>> деп аталатын жеуге жарамды  хош иісті  қалпақты саңырауқұлақ түрі 
+Ақ саңырауқұлақ тар (қарағайлы ақ саңырауқұлақ,  шыршалы ақ саңырауқұлақ) Шикіқұлақтар ( сыроежка)
Түбіртіктер( жазғы түбіртік, күзгі түбіртік- опенок)
Шыбынжұттар
Майқұлақтар түрлері

 Қастауыш саңырауқұлағының  аскасы  кайда орналасқан  
 Строманың жіпшесінде 
 Бірден стромада
 Склероцияда  орналасады
 +Перитецияның түбінде
Аскаспора түзілмейді

Аскоспораның қалтасында түзілетін спора саны қанша.
 2
 4
 6
 + 8
 10

Хроматофорасы лента пішіндес спиральді орналасады .
 Улотрикс
 +Спирогира
 Хара
 Педиаструм
 Табеллярия.

Хламидоманаданың хроматофорасының пішіні
 лента
 Дән
 +табақ
 Қосылмаған белдік
 жұлдызша

 Тағам қалдықтарында тіршілік ететін  нағыз сапрофит, жыныс процессі гаметангамия.
+мукорлар
 фитофтора
 энтомофторалар
 агариктер
 тат саңырауқұлағы

Саңырауқұлақтардың қандай  кластарына   төмендегідей  қасиеттер  тән; мицелийлері  жақсы жетілген, клеткаланбаған, зооспорасы  екі талшықты.  Жыныс  процесі  оогамий, жынысты  жолмен  ооспора түзіледі.
базидиомецеттер
+оомицеттер
хитридиомицеттер
аскомицеттер
зигомицеттер

 Қандай  саңырауқұлақтардың  мицелийлері клеткаланбаған.Спорангиоспоралары (сирек жағдайда конидии)  қозғалыссыз.  Жыныс процессі  - зигогамия.
базидиомецеттер
оомицеттер
хитридиомицеттер
 аскомицеттер
+зигомицеттер

Тат  саңырауқұлағының  патогенді немесе  жазғы стадиясы  қандай стадия   деп аталады:
спермация  стадиясы
+уредоспора
эцидоспора
телейтоспора
базидиоспора.

Харалардың жыныс органдары  диатомды балдырлардың жыныс органдарынан қандай  белгісі арқылы ажыратылады.
жыныс органы бір клеткалы
+жыныс органдары көп клеткалы
жыныс органдары жоқ
жыныс  органдарындарында айырмашылығы аз

 Аскомицеттердің аналық гаментангиясы қандай бөліктерден тұрады
 аскогеннен
 трихогеннен
 + аскоген және трихоген
 ешқайсыда жатпайды
 жыныс органдары жартылай түзіледі.

Тат  саңырауқұлағымен зақымдалған  астық тұқымдасының сабағы бұл кезеңде қара түске боялады 
 Пикноспорамен зақымдалу кезеңінде
 Уредоспорамен зақымдалған кезеңде
 +Телейтоспорамен  зақымдалған кезеңде
 Эцидоспорамен зақымдалған кезеңде
 Эцидиялармен  зақымдалған кезеңде 

Тақыр жерлерде, далалы аймақтарда, шөлейтті жерлерде өсетін саңырукұлақ түрі
сыроежка
 +шампиньон Бернера 
 терекқұлақ
 қозықұйрық
 трутовик

Агариктерді  көбінесе неге пластинкалы   саңырауқұлақтар  деп атайды.
аскоспоралары  арқылы  көбейеді
гимнефорасы   түтікті
жынысты  спорасы-базидиоспора
 +гименофорасы пластинка
базидия- даму стадиясы жетілген

Базидиомицеттердің гимений  қандай?
Спорангийлерінде спорангияспоралар  бар.
Қалталарда аскоспоралары бар
Конидиялар  конидиялық тұғырда   орналасқан
+Базидияларда  базидиоспоралар, парфиздер,  және цистидтер бар
Зооспарангияларда  зооспоралар орналасқан

Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтары қандай белгілері арқылы ажыратылады
көбею жолдары
споралы арқылы
+конидия сағақтары арқылы
тіршілік ететін ортасы арқылы 
зооспоралары арқылы

Хламидомонаданың сыртқы пішіндері бірдей гаметалар қосылу арқылы жынысты жолмен көбею жүреді. Ол қалай аталады.
 +изогамия
 гетерогамия
 хологамия
 оогамия
 коньюгация

Астық  тұқымдастарының   паразитті саңырауқұлағы.
Мукорлар
Ашық түске боялған  гифомицеттер
+Қастауыш саңырауқұлағы 
Пеницилл
Трутовиктер

Жоғарғы сатыдағы споралы  өсімдіктер бөлімдерін белгілеңіз
+Мүктәрізділер, папоротниктер, плаунтәрізділер, қырықбуындар 
Балдырлар, мүктәрізділер,қыналар, қырықбуындар
Жалаңаштұқымдылар, папоротниктер, мүктәрізділер,қыналар
Мүктәрізділер,  папоротниктер, қыналар, балдырлар
Мүктәрізөділер, папоротниктер, саңырауқұлақтар, қыналар.

Папоротниктің жыныссыз ұрпағы неден тұрады.
+Жапырақ, сабақ,  тамырдан
Жапырақ, тамырсабақ,  протенема
Сабақ, жапырақ,  ризиналар
Жапырақ, сабақ, ризоидтардан
Тамырсабақ, сорус, ризоидтардан

Крестгүлділер тұқымдастарының жемісі қандай.
Тек жаңғақ
Тек бұршаққап
Тек қорабша
+Бұршаққап және бұршаққын 
Тек бұршақ

 Желайдарлар тұқымдас тармағына  жататын  туыстарды көрсетіңіз 
Тобылғы, алма, шие 
Түйежоңышқа,  астрагал, беде. 
 +Жанаргул,  бәрпі,  тегеурінгүл
 Ботагөз,  көкбасгүл,  айлауық
 Қарабидай, селеу,  бетеге

Қараөріктер тұқымдас тармағына тән  өсімдік
Тобылғы
+Алша
Сарғалдақ
Қазтабан
Долана

Қай тұқымдас өкілдерінің гүлсеріктері қайық ескек, желкен деп аталады
+Fabaceae 
Posaceae
Mitasoidae
Crassulaceae
Umbelliferae

 Жусан  қай тұқымдасқа жатады.
+Asteraceae
Agavaceae
Oleacea
Salicaceae
Cannabinaceae

*СА5 СО5 А~ G~ формуласы қай тұқымдасқа тән.
Алқалылар
Лалагүлділер
+Сарғалдақтар 
Раушангүлділер
Астық тұқымдасы

 Гүлінің  мүшелері көбінесе   төрт мүшелі, кейде бес мүшелі  зигоморфты,жемістері   қорабша, сирек жағдайда  жидек, гүлшоғыры масақ және  шашақ.
Лалагүлділер
Асқабақтар
+Сабынкөктер 
Крестігүлділер
Алабұталылар

Еңкіш сылдыршөп, кәдімгі  сылдыршөп, Дымқыл жұлдыз шөп қай тұқымдасқа  жатады.
Қияқөлеңдер
+Қалампырлар 
Сабынкөктер 
Крестігүлділер
Алабұталылар

Гүлінің формуласы ./.СА(5) СО(5) А5 +5  G 1 болатын қандай тұқымдасқа  тән.
Магнолиялықтар
Қалампырлар
+Бұршақ тұқымдасы 
Лалагүлділер
Сүйсіндер  

Гүлінің формуласы *Р0,6~  A3 G(3-2)  қай тұқымдасқа жатады.
+Қияқөлеңдер 
Астралар
Лалагүлділер 
Құлқайырлар
алқалылар

Шолпанкебіс,масалы көкек қай тұқымдасқа жатады.
Астыралар
Күрделігүлділер
Астықтар
+Сүйсіндер
Қияқөлеңдер 

Өгейшөп, түймешетен, жусан, салабас қай тұқымдасқа жатады.
Сүттегендер
Шатыршагүлділер
+Күрделігүлділер 
Лалагүлділер
Раушандар

Қай туыстар асқабақтар тұқымдасына жатады.
Шеңгел,чина, астрагал
Сасыр,тмин, петрушка 
Сауыт тал, қара терек, ақтал
Көк шатырша, ақ қыша,яруткасы
+Қияр, асқабақ,қарбыз

 Ақ қыша, егістік яруткасы, кәдімгі  сурепка қай тұқымдасқа жатады.. 
Алабұталар
Лалагүлділер
+Крестігүлділер 
Бұршақтар 
Күрделігүлділер

Бұл тұқымдас өкілдеріне тән қасиет: жемісі қорабша немесе жаңғақ, сүт жолдары бар клеткалар тән .
+Көкнәрлар
Талдар
Алабұталар
Тамарикстер
Сарғалдақтар 

Гүлінің формуласы .*СА2 Со2 +2  А~  G(2) қай тұқымдасқа тән.
Алабұталылар
Қорғасындар
Бұршақтар 
+Көкнәрлар 
Лалагүлдер.

Басқа споралы өсімдіктерден қырықбуындардың айырмашалықтары
Элатералардың болуына байланысты.
фелоген мен камбийнің болмауына байланысты.
+Бұтақтарындағы  өте айқын метамерия (бунақтық)   
Тамырға тән  құрлыстарына байланысты 
гаметофиттік кезеңі басым болуына байланысты 

 

                                       
                  14. ГЛОССАРИЙ. ГЛОССАРИЙ
                                       
* Протонема-  гаметофиттің  алғашқы  даму сатысы. 
*  Архегоний және антеридий  - аналық және аталық  жыныс органдар
* Спорофит- жыныссыз ұрпақ 
*  Гаметофит- жынысты ұрпақ 
* Спорофилл-   споралы масақтың сыртында орналасқан жапырақтың өзгерген түрі. 
* Споракарпий- марсилея   су папоротнигінің  сорустар орналасқан орган атауы. 
*  Сорустар- папоротниктер бөлімдеріне  тән  үйінді 
*  Архегонияттар  -  архегония түзетін өсімдіктер бөлімдері  жатады
 ( жоғары споралы бөлімдер мен  жлаңаш тұқымдылар бөлімдері) 
*  Гигроскопиялық құбылыс-  қуаңшылық  жерлерде домаланып шар  тәрізді күйдегі өсімдік түрлері ылғалды кезеңде  жазылып бастапқы  қалпына келеді. 
*  Мезофильді өсімдіктер- ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер.
*  Изоспоралар- әртүрлі  споралар. 
* Актиноморфты- гүл серіктері  дұрыс 
* Зигоморфты- гүл серіктері бұрыс. 
* Тұқым-алғашқы спорофитті (диплоидты) генерация мегаспорангийлердің дамыған және өзгерген түрі. 
* Перистома-  қорапша жиектерінде  түзілген гироскопиялық клеткалар жиынтығы.
* Акрокарпті-  жасыл мүктерде  архегонийлері мен спорондарының өркеннің  ұшында орналасу
* Плеврокарпті- жасыл мүктерде  архегонийлері мен спорондарының өркеннің   бүйір тармақтарында  орналасу
*  Вайялар немесе макрофиллалар -  папоротник тәрізділердің жапырақтары.
* Филлалар- мүк тәрізділердің жапырақтары.
* Микрофилла немесе филлоидтар-  плаундар  бөлімінің жапырақтары
*  Филогения-  топтардың шығу тегіне және эволюциясына сүйене отырып өзара байланысын анықтау.
* Политипті-  туыс көп түрден тұрады.
* Олиготипті- туыс бірнеше түрден тұрады
*  Монотипті- туыс тек бір ғана түрден тұрады. 
* Мұртша- ұзын келген жатаған өркен. 
*  Псаммофиттер- құмды топырақта өсетін  өсімдіктер
* Галофиттер- тұзды топырақта өсетін өсімдіктер топтары. 
* Апогамия-  антеридий мен архегонийдін түзілуіне қарамастан, спорофит гаметофит немесе  ұрықтанбаған жұмыртқа  клеткасынан
 ( партеногенез)  дамиды.
* Апоспория- гаметофит спорангийдің тағанынан,  қабығынан немесе жапырақтарынан дамиды, бірақ спора түзбейді.
* Подария-  кактустардың  сабақтарында  жапырақтарының редукциялану нәтижесінде түзілген жұрнақтар
* Ареолдар-   кактустың жапырағының орнына түзілген  тікенектер, қылқандар,  түктер.П
* Поллиний-   сүйсіндер тұқымдасының  гүл тозаңдардың  өзара  желімделіп түйіртпек түзілуі.  
*  Проторм-  сүйсіндер тұқымдасының  тұқымынан  түзілген алғашқы  өскін. 
* Лодикула-  астық тұқымдасының жоғарғы гүл қабыршақтарынның үсітінде орналасқан ақ жұқа  келген  пленка. 
* Гинобазиальдық аналық  мойын-  аналық мойын  жатын бөлімінің арасындағы қуысқа батыңқы орналасады. 
* Терминальді аналық мойын-  аналық  мойын  жатынның  жоғарғы бөлігінде шығыңқы  орналасады.  
* Мирмекохорлы-  тұқымдары құмырысқалар арқылы тарайтын өсімдіктер топтары.
* Эндозоохорла-  жемістері жануарлар арқылы тарайды
* Эпизоохорлар-  жемістері  адам мен жануарлар аяқтары арқылы  таралады. 
*  Паппустар-  жатынның жоғарғы бөлігінде  түзілген қылтанақтар мен  түктер немесе оларды айдарлар деп те атайды. 

                                       
Пәндер