Файл қосу
Қой топтары
<<Қой шаруашылығы, жүні, еті және елтірісін өндіру технологиясы>> ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080200 <<Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы>> мамандығына арналған 1-дәріс. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы * Кіріспе. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы * Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері 1.Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, және солай бола береді. Оның себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан жүн, ет, тері және басқа да өнімдерді өндіруге болады. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, селекция әдістерімен байытылды. Қазақстан - еліміздегі ең ірі қой шаруашылықты аудандардың бірі. Республикада еліміздегі барлық қой санының үштен біріне жуығы шоғырланған. Республикамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Қой малы адамға қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қатар, биологиялық қасиеттеріне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде өсіріледі. Сондықтан ең көп тараған үй малдарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басында 620 - дан астам кой тукымдары, 1.300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашлығы Австралияда (169 млн), Жана Зеландияда (62 млн), Улыбртитанияда (30 млн), қалыптасқан, дегенмен соңғы он - он бес жылды - он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн), Ундистан (165 млн.) Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн.)шығып келеді. Қой санының артуымен қатар одан өндірілетін өнім де молая түсті. Қой жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, трикотаж, костюм алынса, ет өндіруде де өзіндік орыны бар. Сонымен қатар сүтінің де адам тамақ өнеркәсібінде маңызы зор. Ол қою әрі майлы. Одан сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіреді. Ол әсіресе, Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көп өндіріледі.Терісінен де бағалы тондық, мехтық, былғарылық бұйымдар жасалады. 1 - кесте. Соңғы жылдардағы қой шаруашылық өнімділігінің артуы Атаулар 1982жыл 1991жыл 2002 жыл 2009 жыл Қой саны (млн бас есебімен) 1157,7 1194,5 1034.0 1000.0 Өндірілген жүн (таза талшық мың т.) 1716.4 1943.0 1292.0 1239.0 Өндірілген ет (сойыс салмағы мың т.) 6244.0 6987.0 7585.0 14000.0 Қой сүті (мың т.) 8163.0 7905.0 7764.0 7900.0 2. Биологиялық ерекшеліктері - бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек. Қолда өсірілетін қой малдарының басты ерекшеліктері - әр түрлі жағдайға бейімделігіне және икемделгіне потенциалының өте жоғарлығы. Ол көптеген қой тұқымдарының экологиялық жағдайлары әр түрлі жерлерде - шөл, биік таулы, далалы және т. б. аймақтарда өсіп, таралуына мүмкіндік туғызады. Қой малдары жайылым жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Жануарлар қоректенетін 800 түрлі өсімдіктің 520-дан аса түрінен қой, 460- мүйізді ірі қара, 416- жылқы малдары пайдаланады. Сонымен қатар қой малдары 146 түрлі жусанның 91, жылқы малдары -39, сиыр малдары - 24 түрімен қоректенеді, ал 181 түрлі солянканың - қой 132, жылқы-48, сиыр-39 түрін қорек етеді. Қой өтпелі кезеңдерге бейімделгіні және далалы шөл, шөлейт, таулы, биік таулы аймақтардың жайылымдарының өсімдіктерін қоректене береді. Бұл тек физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар анатомиялық ерекшеліктерімен де сипатталады. Мәселен, қой малдарының басын, бет бөлігі үшкір келіп сүйірленген, тістері қиғаш орналасу өткір, ерні жұқа жылдам қозғалады, сондықтан олар өсімдік тапшы, өсімі жерлерден де азығын тауып жейді. Қой малдары тек қана жайылымның барлық түрін ғана қолданып қоймайды. Сонымен қатар жайылым сапсына талғампаз емес, оған өсімдіктің барлық түрімен: иісі ашты тікенекті, көп бөлігі арамшөпті өсімдіктермен қоректенетіндігі дәлел болады. Бұл тәжірибелік құндылығы жоғары қасиеттернің бірі, яғни ол ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамсыз немесе басқа ауыл шаруашылығы малдары пайдаланбайтын жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Қойлардың ас қорыту мүшесі қатаң азықтарды жақсы қорытуға және қоректік заттарды жақсы сіңдіруге бейімделген. Бұл ерекшілік қой ішегінің денесінен 30 ретке ұзындығымен байланысты, ал, бұл мүйізді ірі қарада- 20-22 ретке, шошқада -12 ретке, жылқыда-15 ретке ғана ұзын. Сонымен қатар қойлар жайылым малдары болғандықтан жайылымға өте қабілетті. Бұл жағдайда мал асқазаны зор маңызға ие. Ол 4 бөлімнен үлкен қарын, тақия қарын, кітапша қарын және ұлтабардан тұрады. Ұлтабар ғана асқазан безінен асқазан сөлін бөледі.Үлкен қарын, кітапша және тақия қарының без ұлпалары болмағандықтан оларды асқазан алды, ал ұлтабарды - нағыз асқазан деп атады. Асқазан алды қарыны азықтағы қоректік заттардың қорытылуында зор роль атқарады. Әсіресе, қатаң азықтардың үлкен қарында ферменттер мен бактериялардың әсерінен азықтың құрамындағы ұсақ және ірі заттардың ыдырауы өтеді. Үлкен қарында азықтағы қант пен крахмалды 95%-ға және қорытылатын клетчатка -50% дейін ыдырайды. Ал қалған пайдалылыған клечатканың ыдырамай қалған бөлігі асқорытудың келесі бөлімдеріне өтеді. Үлкен қарныдағы көмірсулардың микробиольді ыдырау кезінде ұшқым май қышқылдары түзіледі, әсіресе, сірке қышықылы, сонымен қатар күйістілердің жалпы энергияға қажеттілігінің 40%-дай мөлшерін жабатын, пропионды және майлы қышқылдар түзіледі. Қойлардың ас қорытуындағы азотты заттардың қорытылу ерекшелгі, ол үлкен қарына азық протеині микроорганизмдермен пептидтерге, аминқышқылдарына және биологиялық құндылықтағы бактерияларды белок синтезделеді. Синтезделу үрдісі кезінде біріккен азотты белоксыз аммиак (карбамид) аммоний тұздары және т.б. қосылады. Үлкен қарындағы микроорганизмдер күйіс қайыратын малдардың протеинге қажеттілігін 30%-ға белоктың құрамындағы күкірт түзуші цистин және метиомин аминқышқылдары ерекше қызығушылық туғызады. Үлкен қарында микроорганизмдердің өміршеңдігінің әсерінен В тобындағы витаминде, мен майда еритін К витамині синтезделеді. Сондықтан ересек малдарға арналған, азықтарды бұл витаминде кездеспейді, бірақ олардың алдын алатын мысалы кобальт, В12 витамині синтездеуге қажет. Қой малдарының мүйізді ірі қарадан айырмашылығы май ұлпасына каротинді емес А витаминін жинайды, ал сиыр сары дақтар мен қой майындағы құйрық майының ақ түстілігінен көрінеді. Қойларды азықтандыру және суару кезінде кедергі жағдайлар туып, үзіліс болған жағдайда көптеген қой тұқымдары қалыпты азықтандыру мен күтіп - бағу кезінде өз денесіне, құйрығына жиналған майларын пайдаланады. Қой малдарының өте құнды бұл биологиялық ерекшілігі кез-келген қиыншылық жағдайлардан, әсіресе қыс мерзімінде қардың көп түсуі салдарынан т. б. себептер туған жағдайдан алып шығуға зор септігін тигізеді. Бұл майдың көп мөлшері құйрық омыртқасын бойлай және құйрыққа жиналады, бұған құйрықты және май құйрықты қой тұқымдары жатады. Бұл қасиет шөл және шөлейт қатаң табиғат жағдайында ұзақ уақыт бойы өсірудің нәтижесінде қалыптасқан. Қой шаруашылығы бұл аудандарда - көшпелі жане жартылай көшпелі және жартылай көшпелі болғандықтан, малдар азық қоры мен су тапшылығына жиі, ұшырап отырады, әсіресе, жаз мерзімінде жайылымның күйіп кетуін, ол қыс мерзімінде қарлы - боран күндерді өткереді. Өсімдік тапшлығына, су жетіспеушілігі континентальді климаттық ылғалдылығын мен температурасының күрт төмендеуі, кей кездердегі ойлы- қырлы жер, жыл бойына жайылымда ұстау және бірнеше жүздеген шақырымға малды айдау, бұл аудандарда тек, қой шаруашылығына басқа салалардың дамуын қиындатады. Оған қой малдарын жыл бойы жайылымда ұстайтын республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс және батыс обылыстарындағы көптеген аудандар жатады. Қойлардың суық пен ыстыққа төзімділігіне әсер ететін- тері жабыны. Ол жылдық суық уақытында теріні өте төмен температурадан және жел екпейтін, ал ыстық уақыты - терінің қатты қызуы мен күйуінен сақтайды және жылу қорғағыш қабаты қызметін атқарады. Сондықтан малдар қоршаған ортаның температурасына байланысты тері жабының түлеуі байқалады. Бұл үрдіс көбінесе қылшық жүнді қойларда өте жақсы дамыған. Әр түрлі орта жағдайына жоғары бейімділігіне қарамастан, қой малдары жоғары температура мен ылғалдылық қора-жайдағы өтпелі жел және ылғалды жайылымға төзім үшін оңтүстік далалы аймақтардан қарағанда қара топырақты емес қоңыр тері бағалы өнімді шөл және шөлейт аймақтарда жақсы өндіруге болады. Меринос қой тұқымдары құрғақ далалы шын етті қой тұқымдары үшін қоңыржай, ылғалды климат және мол азық қажет. Барлық мал тұқымдарының биологиялық ерекшеліктерін меңгеру оларды тиімді өсіру үшін қажет. Қой тұқымдарының көптігі, оларды әр түрлі экологиялық аймаққа бейімділігіне, байланысты таңдауға мүмкіндік туғызады. Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда , жерді , азықты және қора - жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді. Қой малдары жоғары шаруашылықтың жетілігіштігімен де сипатталады. Оны ерте жаста шаруашлылыққа өнім берумен көре аламыз. Малдың еті мен жүн өнімін 6-8 айлығында, қозы жүніні - 5 айлығында, елтірісін 1-3 күндік жасында өндіруге болады. Тәжірибелік жағынан құнды болып келетін тағы бір биологиялық ерекшілігі - ерте жыныстық жетілу, 5-6 айлық жасында оларды нәтижелі ұрықтандыруға болады. Алайда малды ерте жасына ұрықтандыру өсуі мен дамуын тежейтіндіктен, ең алғаш шағылысқа 12-8 айлығында жібереді. Көптеген қой тұқымдарының төлдегікетігі 120-150 %, ал роман қой тұқымдарында 250-300 %, бұл көрсеткіш 250-300 %. Жоғары төлдегіштік тез жетілгіштігіме саланы дамытуға кеткен шығынды тез өтеуде қамтамасыз етеді. Қой тұқымдарының көбі көбеюге жыл мезгілінің белгілі бір мерзімінде - әдетте күз айларында (қыркүйек- қараша). Жыныстық күйге келеді. Қойлардың жыныстық күйлеуінің қайталану кезеңі- жыныстық циклы - орта есеппен 16-17 тәулік. Саулықтардың буаздығының ұзақтығы + орташа 5 ай, сүт ему кезеңі - 3-4 ай, саулықтары ұдайы өсіруге немесе саууға пайдаланғанда бұл мерзім 45-60 күнге қысқарады. Қойлардың желіні жақсы дамыған, әдетте екі емшектегі болып келеді, бірақ кейде, көп емшектілері де кездеседі, мұндай саулықтар сүтті болып келетіні анықталған. Қой малдарын басқа үй жануарларымен ұстауға болатындығы жайылым, азық және қора жайды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қойдан - ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі. Қой малдары 10-12 және одан да көп өмір сүреді, бірақ шаруашылықтың пайдаланылуы 6-8 жылға одан кейін мұндай жастағы малдарды жарамсыздыққа шығарады, өйткені тіс жүйесінің күрт әлсіреунен тістері түсе бастайды, ол жайлыммен басқа азықтарды пайдалануының нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қойлардың табындық түйсігі жақсы дамығандығын оларды топтап ( табындап) ұстаудан көруге болады. Қой үркек мал болғандықтан, оларды жиі өлшем, қарап, ұстаудың қажетті жоқ. 2-дәріс. Қой тұқымдары * Тұқымдар туралы түсінік * Қой тұқымдарының жіктелуі 1.Басқа мал түрлері сияқты қазіргі қолда бар қой тұқымдары жабайы қой тектерін қолға үйрету, оны селекциялау арқылы шығарылған.Мал тұқымы жабайы түрлерде кездеспейді. Ол зоологиялық немесе зоотехниялық ұғым. Жалпы, мал тұқымы деген ұғым алғаш ХІІ ғасырда малдың жекелеген тобы шығарылып, соларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған. Мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қанағаттндыру үшін көп жылғы ізденіс еңбегі нәтижесінде шығарады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өсіп өнуге бейімділігі, тұқымның өзіне тән, шаруашылыққа белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір бірімен тығыз байланысты және себепші. Мал тұқымы туралы ғалымдардың берген анықтамалары өте көп. Бірақ, олардың көбі мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамтымайды. Сондықтан көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп, белгілі әлеуметтік экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесәнде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғам талабы бір, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері ұқсас ұрпағына тұрақты түліктің үлкен тобын айтамыз. 2. Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана : зоологиялық немесе өндірістік болып жіктеледі. Зоологиялық жіктелу бойынша басқа ауылшаруашылық малдары сияқты бас қаңқасының әр түрлі белгілері бойынша емес, құйрық пішіні мен ұзындығы бойынша құрылған. Бұл жіктелу бас қаңқасынан қарағанда көп дәрежеде құйрық пішіні мен көлеміне байланысты қой топтары арасында биологиялық ерекшеліктері кеш енінен көрініс тапты. Құйрық ұзындығы осы жіктелуге сәйкес абсолютті көлеміне байланысты 5 топқа: қысқа құйыршықты, ұзын құйрышықты, құйыршықты, май құйыршықты және африкандық иректелген деп бөлуді ұсынды. Кейінен бұл жіктелу Г. Натузиус, Н.П. Чарвинский, М.Ф. Ивановтардың енгізген өзгерістері мен толықтырулары мен бекітілді. Нақтырақ айтқанда зоологиялық жіктелу бойынша барлық қой тұқымдары құйыршық пішіні мен ұзындығына байланысты: қысқа майсыз құйыршықты , ұзын масызқұйыршықты, қысқа май құйыршықты, ұзын майқұйыршықты және құйрықты деп бес топқа бөлінеді. АҚШ-та (Оңтүстік Дакота штаты) бұл жіктеуге жатпайтын құыршықсыз қой тұқымы шығарылған. Сондықтан, осы жіктелуге алтыншы топқа құйыршықсыз қойларды қосуды талап етеді. (кесте 1). 1-кесте. Қойлардың зоологиялық жіктелуі Қой топтары Құйыршық пішіні мен ұзындығы Аталас топқа жататын тұқымдар және тұқымдық қой топтары 1 2 3 Қысқа майсыз құйыршықты Құйыршығы қысқа, құйыршықтың ұшы тілерсекке жітпейді. Омыртқа саны 10-12. Сырт көзге мал жиналуы байқалмайды. Роман, солтүстік қысқа құйрықты Ұзын майсыз құйыршықты Құйыршығы ұзын, тілерсектен төмен түскен, жіңішке, май жиналуы байқалмадйы. Омыртқа саны 22-24. Барлық биязы жүнді қой тұқымдары, тез жетілетін етті (ағылшын) қой тұқымдары Қысқа май құйыршықты Құйыршығы қысқа, тілерсекке ұзындығы табиғи жағдайда жетпейді. Құйршық түбінде май жиналуы кішкене жастықша тәрізді. Омыртқа саны 10-12. Бурят, Тувин, Абасси. Ұзын май құйыршықты Құйыршығы ұзын, май жиналуы жақсы көрінеді. Табиғи жағдайда ұзындығы кейде тілерсекке жетпейді, көбінесе осы қалпын сақтайды немесе одан біраз төмен болады. Май жиналуы дөңгелек тәрізді (жастықша, кейде екі жастықша) немесе қысыңқы клин тәрізді пішінде болады. Құйыршықтың төменгі жағына май жиналмайды, тік немесе иілген, көбінесе S әрпі тәрізді. Мысалы, қаракөл қой тұқымы. Омыртқа саны 22-24. Қаракөл, Кучугуров Құйрықты Құйыршық түбінде жастық тәрізді май жиналған. Ол тілерсекке қарай бағытталған, салбыраңқы болып келетін - құйрық. Құйыршығы өте қысқа және дұрыс жетілмеген, құйрықпен жабылған, құйыршығы көрінбеді. Құйыршық омыртқасының саны 5-6. Еділбай, гиссар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сарыарқа, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, биязылау кросбредті етті- жүнді дегерес тұқымы, елтірі - құйрықты атырау тұқымы, жайдары, Алай, Сараджа. Құйыршықсыз Құйыршығы жоқ. Бұл қой тобы оңтүстік дакота штатында (АҚШ-та) өсіріледі. Құйыршықтағы май жиналу көлемі мен ұзындғы пішіні зор ұқсастыққа ие. Сондықтан бұл жіктелу бойынша әр түрлі будандарды ажырату сәтті бола бермейді. Алайда, зоологиялық жіктелуді ғылыми- маңызы зор, ол арқылы әр түрлі тұқымдар арасындағы айырмашылықты немесе биологиялық ұқсастық дәрежесін талқылауға мүмкіндік туғызады. Ал бұл тұқымды тәжірибиеде аудандастыру мен будандастыру үшін сұрыптауға қажет. Бірақ зоологиялық топтардың көбісі, өнімділік бағыты бойынша , әр түрлі болып келеді де, біразы ғана нақты сипат алады. Мәселен, ұзын майсыз құйыршықты қой тобына; биязы жүнді, етті және елтірілі, әр түрлі қылшық жүнді қой, тұқымдары кіреді. Сондықтан, өндірістік мақсатта, жалғыз зоологиялық жіктелу жеткіліксіз болғандықтан оны өндірістік (шаруашылық) жіктелу толықтырады. М.Ф.Иванов ұсынған өндірістік жіктелу қой малдарының өнімділік бағытын сипаттайды. Бұл жіктелу өндіріс үшін неғұрлым тиімді, бірақ ол біраз шарттардан тұрады. Өйткені бірдей қой тұқымдары кейде әр түрлі аудандарда әр түрлі мақсаттарда өсіреді. Мысалы, цигай қой тұқымы Балқан елді мекенінде, сүті - етті мал ретінде пайдаланады. Цигай қой тұқымының сүт өнімділігі бұл жерде халықты тамақпен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Алайда, көптеген тұқымдардың негізгі өнімділік бағыты нақты көрініс табады. Сондықтан өндірістік жіктелу қазіргі уақытта сәтті қолданылуда. Және қой шаруашылығында жаңа тұқым шығару мен қолда, бар тұқымдарды дамыту оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес келеді. 2- кесте. Қазақстан Республикасы қойларының өндірістік классификациясы. Қой тұқымдары Тұқым атаулары Жүн жабынының типі бойынша өнімділік бағыты бойынша 1 2 3 Биязы Жүнді-етті Солтүстік қазақ меринос, бескарағай және сұлукөл ішкі тұқым типі, оңтүстік қазақ меринос, меркен және құйық ішкі тұқымдар арасындағы тип Етті-жүнді Казақ арқар мериносы. Қазақтың биязы жүнді қойы. Биязылау Етті-жүнді ұзын талшықты Кроссбредті қазақтың биязылау жүнді қойы, шығыс және оңтүстік шығыс аймақтық типі.. Казақтың етті-жүнді, кальченгиль, ақсеңгер және шу тұқым іші типі Ақжай етті-жүнді Дегерес етті-жүнді бизылау. Қазақтың көп тұқымды топтары. Етті-жүнді қысқа талшықты Гемпшир типі Етті-жүнді Қазақтың цигай қойының ішкі тұқым типі Ұяң жүнді Етті-майлы Казақтың ұяң жүнді, қарғалы, ақтөбе, байыс тұқым іші типі Дегерес етті-жүнді биязылау кілемді жүн Қылшық жүнді Елтірі Атырау құйрықты-елтірі каракулі Етті-майлы Еділбай. Сарыарқа қазақтың қылшық жүнді құйрықты Қойдың өндірістік классификациясы жағымды қасиеттеріне негізделген. Жүн жабынына қарай оларды биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді түрлеріне бөледі. 3,4-дәріс. Қой малдарының жүн өнімділігі * Жүн жайында жалпы түсінік * Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті * Жабағы жүн және оның элементтері мен құрылымы 1. Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі - жүн. Жүнді тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа да талшықты материалдарға пайдаланады, оларды шығу тегіне қарай негізінен үш топқа бөлуге болады: а)өсімдік тектес- мақта, зығыр, кендір; б) жануар тектес: жібек, жүн; в)химиялық: лавсан, капрон,вискоза т.б. Кездеме тоқылатын басқа шикізаттарға қарағанда, қой жүні артықшылықтары өте көп, олар: жылуды жақсы сақтайды, жіңішкелігі мен көлемі бірдей және басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл; жүн талшықтары басқаларға қарағанда иілімді,созылғыш, серпімді; киіз басуға тек қой жүні ғана жарамды; жүн ылғалды, тоқыма талшықтарының басқа түрлеріне қарағанда жақсы сіңіреді және көп уақытқа дейін бойына сақтайды; жүннің өзі жылу шығара алады, күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар, оның өзі денсаулықты жақсартып, мал ағзасын нығайтуға септігін тигізеді; басқа тоқыма талшықтарға қарағанда дымқылдықтан көп жүн бүлінбейді; бояу жақсы сіңеді және көп оңбайды; жүннің шуды және тербелісті төмендетіп, баса алатын қасиеті бар, жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі қонымды. Қойдың кейбір тұқымының жүні техникалық шұға, кілем, алаша тоқу үшін де пайдаланылады. Осы тұрғыда жүн жөнінде әлемдік және Қазақстандағы жағдайларға тоқталып өтсек, соңғы жылдары әлемде қой басы 1,0 млрд. теңесті. Ең жоғары қой басының саны Қытайда. Онымен қоса ертеден Австралияда, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда. Қазақстанда 1990-1999 жылдарда қой жүні барлық саладағы шаруашылықтарда 106,6 - дан 21,6 мың тоннаға түсті, яғни 5 есе төмендеді. Ішкі нарықта 1996 жылғы 18,0 мың тоннадан 2000 жылы 3,6 мың тоннаға түскен, ал экспортта 1998 жылғы 38,2 мың тоннадан, 2000 жылы 10,6 мың тоннаға түскен. Жүнді шетке шығару 0,3 - ден 0,8 мың тоннаға дейін көтерілді. Сонымен қатар, 2008-2009 жылдары біртіедеп жүн өндіру 33,3 - 34,3 мың тоннаға дейін өсіп келеді (1-кесте). 1-кесте. Әлемдегі қой саны мен жүн өндіру Елдер 2008 жыл 2009 жыл қой саны, мың бас жүн өндіру, мың тонна қой саны, мың бас жүн өндіру, мың тонна Қытай 133360 157,0 135094 162,0 Австрия 100000 500 97800 512 Жаңа Зеландия 47500 195 46800 213 Ұлыбритания 34000 46 33320 47 Испания 21000 16 20400 14 АҚШ 70 14 6790 18 Уругвай 13000 59 12350 45 ТМД елдері 5800 120 56700 140 Қазақстан 16300 33,3 16900 34,3 Әлемде 1006200 1190 1000000 1239 Қазіргі кезде қойдың саны 16,9 млн басқа жуық, көпшілігі республикамыздың Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс облыстарында (51%), яғни Алматы обл - да 18,3%, Жамбыл обл-да 12,6 % Оңтүстік Қазақстан обл- да 20,1 %. Жүн өндіруден жоғарыда аталған облыстар 22,4, 16,4 және 17,6 %- дан жалпы 56,4%-ды құрайды.Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы биязы жүнді өндіру көрсеткіші 35%. Қой жүнінің сапасы мен қасиеті көбінесе оның терісіне байланысты, сондықтан терінің құрылымы мен жүн талшықтарының арасында байланыстылық болады. Жүн талшықтарының мал терісінде пайда болуы және өсіп жетілуі жас ағзадағы жүн талшықтарының фолликулалары енесінің құрсағында жатқан шағында пайда болады. Фолликулалары бірінші және екінші болып бөлінеді. Жүннің сапасы көбінесе осы фолликулалар құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болады. Қылшық жүнді қой фолликулаларының құрылымында биязы жүнділерге қарағанда үлкен айырмашылық бар. Оларда алғашқы фолликулалар қыл тәрізді жүн талшықтарын, ал екінші фолликулалар түбіт талшықтарын құруға бейімделген. Биязы жүнді қойдың бірінші және екінші фолликулаларының құрылымында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қой жүнінің қалың, тығыз болып келуі, осы жүн талшықтары пайда болатын фолликулалар санына байланысты.Фолликулалардың саны түрлі тұқымда, тіпті бір тұқымның ішінде қойдың дербес ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болып келеді, тіпті тұқым қуалаушылық қасиеті ұрпақтан ұрпаққа өзгерместен ауысып отырады. Мұның өзі қой жүнінің тығыздығын жақсарта түсуіне фолликулалары көп қошқарларды алдын ала таңдап, сұрыптап алып кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Алғашқы фолликулалар эмбрионның денесінде (алдымен басында) саулықтар буаздығының 50-70-ші күн аралығында пайда болады. Осы бірінші фолликулалардан құралған алғашқы жүн талшықтары денесінің сыртына эмбрион шамамен 100 күнге толғанда шыға бастайды. Эмбрионның 70-80 күннен 110 күнге дейінгі аралығында эпидермисте екінші фолликулалар құрылып, олардан пайда болған жүн талшықтары дене сыртына шамамен 115 күннен бастап шыға бастайды. Бұл процесс қозы туғаннан кейін де тоқталмайды. Жүн талшықтарының құрылуы, шығуы қозы тіршілігінің алғашқы айында қарқынды өседі. Жақсы азықтандырылып, бағып күтілген қозы фолликулаларының өсіп жетілуі бесінші айда аяқталады. 2. Жүн талшықтары тұтасынан кератин талшықтарынан тұрады, сондықтан онда басқа белокты заттарға қарағанда, күкірт едәуір көп. Жүннің құрамында шамамен көміртегі -50, оттегі- 21-24, азот 15-21, сутегі 6-7, күкірт 2-5% -ға дейін химиялық зат бар. Ал күлді зат 1-3% ғана құрайды. Әр түрлі жүн талшықтарында жеке амин қышқылдарының мөлшері бірдей емес, бір типті талшықтардың гистологиялық әр қабатының өзінде түрліше.Мысалы, ортаңғы қабат пен өзектің кератинінде тирозин болады, ал қабыршақты қабаттың кератинінде болмайды. Жеке жүн талшықтарында күкірттің мөлшері де әр түрлі, мысалы, өзекте аз. Осыған байланысты түбітте күкірт көп болып келеді. Жүндегі күкірт мөлшері көбейген сайын жүннің иірілу қасиеті жақсара түседі. 3.Зоотехникалық түсінікте жабағы деп жүн талшықтары топтарынан құралған, бір-бірімен өзара тығыз байланысқан бір қойдың тұтас жүнін айтады. Тауарлық түсінікте жабағы жүн дегеніміз қойдан көктемде қыркылып алынған, төменгі сорттары бөлінбеген біртүтас жамылғы жүн. Жүннің төменгі сорттарына - ластанған, былғанып бүлінген және қысқа жүн топтары мен жабағы шетінен бөлініп түскен бөлшек жүндер жатады. Қой жабағысы құрамындағы талшығының түрі мен олардың арақатынасына қарай біркелкі және әртекті жүн болып екіге бөлінеді. Біртекті жүн - жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақтығы, серпімділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады. Біртекті жүн тек биязы және биязылау жүнді қой түқымдарынан алынады. Біртекті биязы жүннің бір ерекшелігі - қойдың жабағысы (тұтас жүні) штапель тәрізденіп келген бөлшектерден құралады. Штапель екі түрге бөлінеді: сыртқы, көрінетін жағы және ішкі көрінбейтін немесе қолмен ажыратып, ашып көруге болатын жағы. Штапельді сыртқы көрінісі, яғни формасы жағынан екі топқа бөлуге болады: ашық және жабық. Штапельдің ашық, бір-бірінен алшақ болып келуі, жүннің сиректігін және талшықтарының бір - бірімен нашар байланысқандығын көрсетеді. Әдетте, мұндай жабағыға сырттан бөтен заттар (құм, топырақ, т.б.) оңай енеді де, жүн сапасын едәуір төмендетеді. Штапельдің жабық түрі тығыз жүнді жабағыға тән, ондағы жүн талшықтары бір-бірімен тығыз байланысқан, сондықтан мұндай түрлі жабағының ішіне бөтен заттар кіре алмайды да, жүн сапасын, технологиялық қасиетін жақсы сақтайды. Штапельдегі жүннің тығыз болып келуі қой тұқымына байланысты. Терінің бір шаршы милиметріндегі жүн талшықтарының саны әртүрлі қойда шамамен: тығыз жүнді мериноста - 73-тен 190-ға дейін; жүнді-етті меринос тұқымында - 46-дан 87-ге дейін; қысқа жүнді, етті қойда (жүнді біртекті жартылай биязы) -16-дан 38-ге дейін; қылшық жүнді қойда - 7-8. Әртекті жүн жабағысының сырт көрінісі тұлымданып, бұрымданып келеді. Тұлымданып келген жүн құрылысы ондағы әр түрлі жүн талшықтарының арақатынасы мен жіңішкелігіне тікелей байланысты. Әдетте жіңішке жүн талшықтары (түбіт) қылшықты талшықтарға қарағанда қысқа болып келеді де, төменгі (теріге жақын) жақта орналасады. Сол себепті, жүн талшықтарының қысқа және ұзын болып келуіне байланысты тұлымдардың сырт көрінісі конус тәрізді болады. 5-дәріс. Жүн өндіру технологиясы * Қой қырқу мерзімі * Қой қырқуды ұйымдастыру 1.Қой қырқу маңызды, әрі күрделі науқанды жұмыстардың бірі. Бір жылғы еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты кезең. Сондықтан өсірілген жүнді ысырап етпей,сапалы күйінде қырқып алып, өңдеп, сорттап әзірлеу мал мамандығының басты міндеті. Қой қырқу науқанын алдын ала дұрыс әзірліктер жасап, ұйымдастыра білу керек. Биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде ғана қырқылады. Оларды екі рет қырқуға болмайды, себебі жүн ұзындығы қысқа болып ( 3-4 см), сапасыз болады. Ал жүн қысқа болса, одан бағалы маталар алынбайды. Ал, қыста туған қозыларды 5-6 айлығында қырқып, өздерін бордақылап, етке пайдаланады. Ұяң және қылшық жүнді қойларды көктемде және күзде екі рет қырқуға болады. Қой қырқу мерзімі ауа райы және жайылым жағдайының ерекшеліктеріне қарай белгіленеді. Көктемгі қой қырқу күн тұрақты жылынғаннан кейін басталады. Биязы және биязылау жүнді қойлар үшін мұның маңызы зор, күн әбден жылынғанда шайыры шығып, жүннің өсімі көтеріледі. Сондықтан қой қырқу көктемгі күн жылынғанда басталып шыбын шіркей шыққанға дейін аяқталуы тиіс. Оны кешіктіруге болмайды. Қазақстанда қалыптасқан қой қырқу мерзімі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік Батыста мамыр айының басында, Солтүстік, Шығыс, Батыс облыстарында мамыр айының аяғында, маусым айының басында басталады. Қырықтықтың орнында еңбекті ұйымдастыру Қой қырқудағы басты міндет-жүнді бүлдірмей,шашпай,толық жинап,белгіленген талапқа сәйкес сорттап,жоғары бағаман сату.Бұл жұмыстар мерзімінен бұрын да кеште емес,дер кезінде орындалуы тиіс.Сондықтан қырқу орынын білгір маман,жауапкершілігі жоғары адам басқару керек.Қырықтық орнында ең алдымен есеп жұмысы дұрыс жолға қойылуы тиіс.Мұнда тек қырқылған жүннің мөлшерін ғана есепке алып қоймай,оның қай топқа жататынын,ақаулығы мен ластығын,топтарын әрбір отар бойынша анықтаған жөн.Қырықтықшылар арасында жүнді қысқа етіп екі рет қырқуды,қойдың терісін көбірке жарақаттап,шала қырқуы сияқты жауапкершіліксіздіктердің барлығы еңбек өлшеуі ретінде ескерілуі керек.Бұл үшін қырықтық пунктінде әр қырықтықшының қырыққан қойларын бөлек қамайтын загондар болуы керек.Отар қырқылып боллған уақытта жұмыстың сапасын анықтайтын топ әр қырықтықшы бойынша қорытынды жасап,оны жазбаша түрінде еңбек ақы төлейтін адамның қолына береді. Қазіргі талаптарға сай әрбір қой шарушылығында шебер қырықтықшылар,қайрақшылар,жіктеушілер болуымен қатар,жүннің таза,шығымын есептейтін қажетті аспаптар,керекті құралдар , тағы басқа жабдықтар болуы тиіс. Қырықтық орынында қой отарлары қандай кезекпен келуінің де мәні бар.Алдымен қылшық және ұяң жүнді қойлар қырқылуы тиіс.Себебі қойлар жеңіл қырқылады,жас қырықтықшылар қырқып қолдарын жаттықтырады.Ересек қойдан бұрын тоқтылар,бойдақ қойлар,ақырында саулықтар мен қошқарлар қырқылады.Ауру,қотыр қойлар ең соңында бөлек қырқылады. Шарушылықта арнайы жобамен слаынған механикаландырылған қой қырқатын пункт болуы тиіс.Елімізде қырықтықшылар даярлайтын арнаулы оқу орны болса, әрбір шарушылық өздерінің пункттерінде тәжірибеліқырықтықшыларды пайдалана отырып,жылма-жыл жас қырықтықшыларды әзілеп,тұрақты маман қатарын толықтырып отырғаны жөн. Қырықтышыларға қойылатын талап - қой қықудың озық әдістерін меңгеріп,теріні кеспей,жүнді тегіс,әрі таза,жабағыны жұлмай,үзбей қырқа білуі тиіс.Әрбір қырықтышының қырқу машинасының кемістіген түзеп,бөлшектеп,оны құрастыра білуге тиіс. Қой қырқудың озат әдістер,Орынборлық және қазақша қырқу.Бұл тәсілдер өнімді және әдейі үстел қырқуды керек етпейді.Қойдың аяқтары байланбай,оны еденге отырғызып,не жатқызып қырқады. Қазақша қой қырқудың әдісінің тәртібі мынандай: қырықтықшы қойды сол жақ бүйіріне жатқызады да, оң аяғымен қойдың артқы сирақтарын басып тұрып,ал сол қолмен алдыңғы сирақтарын басады да ,бауыр хәне шап,қолтық жүндерін қырқып алады.Содан соң қойды оң жақ бүйіріне жатқызып, қырықтықты құйрығынан бастап иығына дейін және артқы сирағынан мойынына дейін қырқып алады.Әрі қарай арқа түсын,сонан соң мойнының сол жағын қырқа бастайды Осыдан кейін қырықтықшы қойдың басын сәл көтеріп тұрып мойын жүнін,артынша қойдың басын екі аяғымен қысып тұрып,құйрығын қырқады.Осылай қазақша әдіспен қойдың жүні жақсы да таза қырқылады. 6-дәріс. Ет өнімділігі және ет өнімділігін жоғарылату әдістері * Қой еті және оны өндіру технологиясы * Қойдың еттілігінің көрсеткіштері Ет өнімі, шығымы, еттің тағамдық құндылығы Қой шаруашылығы беретін өнімдердің негізгі түрі ет болып есептеледі. Қазақстанда өндірілетін барлық ет түрлерінің ішінде қой етінің ара салмағы 30% шамасында. Қой еті - қойдан алынатын ең негізгі өнім. Қой етінің қоректілік құндылығы да айтарлықтай. Оның бұлшық ет тканьдарында құнды белоктар жиынтығы болады. Еділбай, Сараджа, Дегерес және басқа тез өсіп-жетілетін етті-майлы қой тұкымдары етінің сапасы жоғары. Әсіресе, қозы етінің сапасы өте жоғары болады. Қозыларды бордақылап, жедел семірту - ет сапасын жақсартып, ет өндіруді арттырудың аса бір тиімді жолы. Қозы еті құрамында холестеринді заттардың, майдың аздығымен ерекше бағаланады. Қозы етін адам организмі оңай қорытып, тез сіңіреді. Тауар ретінде алып қарағанда ет дегеніміз - ұшаның тағамға пайдаланатын барлық бөліктері, яғни қаңқа сүйектеріне жабысқан бұлшық еттер, тарамыстар, май, қан тамырлары, лимфа түйіндері, сондай-ақ барлық жеуге келетін ішкі органдар, тіл, ми, диафрагма, ішек-қарын және т.б. Еттің шығымдылығы қойдың жынысына, жасына, олардың сойылғанға дейін бағып-күту ыңғайына және т.б. да себептерге байланысты болады. Бұл жөнінде неғұрлым жоғары көрсеткіш етті-майлы қой тұқымдарында кездеседі. Мысалы, еділбай қойы саулығының сойыс шығымы 53%, бордақылап семіртілген бойдағының ет шығымы 56-58%-ға жетеді. Ал биязы жүнді қой тұқымдарының сойыс шығымдары 45-50% аралығында болады. Еттің шығымына әсіресе малдың өсу кезеңіндегі азықтандырылуы және бағылып-күтілуі көп әсер етеді. Қойдың өсу қарқынының тежелуі оның өнімділігінің төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады. Мұндай қойды жақсы азықтандырғанның өзінде оның етінің сапасы толық қалпына келмейді, өйткені қойдың жасы үлғайған сайын оның өсу қарқыны төмендейді. Малды сойғанда ет және майға қоса ішек-қарын өнімдері де алынады. Олардың тағамдық құндылығы әр түрлі. Қайсы біреулері химиялық құрамы жағынан еттен кем түспейді, ал құрамындағы витаминдер (бауыр), минералды түздар, белок, көмірсутегі және майы жағынан құндылығы асып түседі. Тағамдық құндылығы және өңдеуіне байланысты бұл өнімдер төрт категорияға бөлінеді. Бірінші категорияға - тіл, бауыр, бүйрек, жүрек, ми, желін, диафрагма және үша етінің кесінділері; екінші категорияға - өкпе және қарын, үшінші категорияға -кеңірдек пен талақ; төртінші категорияға - бас, сирақ, құлақ, ерін және қатпаршақ жатады. Қой-ешкіден ішек-қарын өнімдерінің шығымы орта есеппен 8,9% болады. Қойдың еттілігінің көрсеткіштерінің негізгі көрсеткіштері болып: сояр алдындағы тірі салмақ, ұша салмағы, іш май салмағы, сойғаннан кейінгі салмақ, сойыс шығымы, қой қондылығының категориясы және ұшасының, ұшаның сорттық және морфологиялық құрамы, еттің азықтық құндылығы және т.б табылады. Сояр алдындағы тірі салмақты малды 24 сағат аш ұстап, 0,1кг-нан 1 жас (жас мал үшін) - 0,5кг 1 (ересек мал үшін) дәлдікте өлшейді. Малды аш ұстау кезінде асқазан - ішек жолдары мен несеп жолдары тазарып, малдың тірі салмағы 2,5-3,5% төмендейді. Сонымен қатар осы уақытта бұлшық ет қышқылдығы қалыптанып, гликоген жиналады. Гликогеннің жеткілікті мөлшерде жиналуы еттің пісіп-жетілуіне қажет, ол ыдырағанда қышқыл (сүт, фосфор) түзіп, етті консервілеуге көмектескенімен, шіріту микроорганизмдердің дамуына жол береді, ол еттің бұзылуын тездетеді. Қой малы қондылығының категориясын мемлекеттік стандарт бойынша 5111-55 <<қой мен ешкіні сою үшін қондылықты анықтау>> бойынша шоқтықтағы, арқадағы, бел, қабырға және құйрық түбіндегі бұлшық ет және май ұлпаларынан даму дәрежесіне байланысты, ал құйрықты қойларды - құйрығына немесе май құйрығына қарай анықтайды. Егер сенімсіздік жағдай туындаса бақылау сойысын жүргізеді де, қондылықты келесі кестедегі талаптарға сай анықтайды. 1 кесте. Қой малы қоңдылығының категориясы Категориясы Саулықтар қошқарлар Жоғары Арқа және бел бұлшық еттері ұстағанда жақсы дамығаны білінеді, арқа және бел омыртқалары білінбейді;шоқтығы білінуі мүмкін; тері астында жинақталған майы білініп тұрады,арқасы шел қабырғаларында жинақталған майы орташа. Құйрықты қойлардың құйрығында, май құйрықтылардың құйыршағында май жақсы жиналған. Бұлшық еттері жақсы дамыған;сүйектері білінбейді, шоқтық аймағындағы омыртқа ұштары байқалады. Орташа Арқа және бел омыртқаларының бұлшық еттері орташа жетілген шат сүйегі мен бел омыртқасының ұштары аздап шығып тұрады; арқасы мен қабырғаларында жинақталған майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қойлардың құйрығында май мөлшері онша мол емес. Бұлшық еттері қағанаттанарлық дамыған; шоқтық пен арқа аймағында омыртқа ұштары білінеді; тері асты майы арқасын жұқа қабатпен және белін сәл ғана жабады; қабырғасы сегізкөз аймағы және жамбасының шығыңқылығы рұқсат етіледі. Орташадан төмен Бұлшық еттері орташа жетілмеген; арқа бел омыртқалары мен қабырғалары шығып тұрады; тері асты майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қой құйрықтарында аздаған май болады. Бұлшық еттері қанағаттанарлықсыз;сүйектері білініп тұрады, ұшаның беткі жағында білінер - білінбес жұқа қабат түрінде май қаптайды, бірақ ол болмауы да мүмкін Ұша салмағын малдың терісі сыпырылғаннан кейін, қанын ағызып, ішкі мүшелерімен басы, аяғы және құйрығы алынып тастап, бүйрегі мен бүйрек майымен өлшейді. Алдыңғы аяқтарын - алдыңғы тізеден, артқысын - тілерсек буынынан бөледі. Малды сойғаннан кйінгі, сол уақыттағы ұшасын - булы (парной) деп, ал 24 сағат өткеннен кейінгі, тоңазытқышта 4 -- 6°С температурада тұрып, суытылғанын тоңазытылған деп атайды.Булы ұшадан қарағанда тоңазытылған ұшаның салмағы аз болады, өйткені тоңазытқанда ылғал жоғалтады. Неғұрлым майлы ұшалар арық ұшаға қарағанда ылғалды аз жоғалтады. Ұша қоңдылығы малдың тұқымына, жынысына байланысты болады, көбінесе ересек қойларда ал 20 -- 30 кг-нан жоғары,1 жасқа дейінгілерінде 15 -- 20 кг, қозыларында 10 -- 15 кг. Сойыс салмағына ұша салмағы мен іш майы (шарбы майы, қарын, ішек майлары) кіреді. Етті - майлы және май құйрықты қойлардың сойыс салмағына құйрық майы қосылады - құйрық майды малды сою кезінде бөліп алады да жеке өлшейді. Сойыс шығымы дегеніміз -- сояр алдындағы тірі салмақтың сойыс салмағына проценттік қатынасы. Бұл көрсеткіш малдың тұқымына, қоңдылығына, жасына, жынысына және т.б көрсеткіштеріне байланысты 35-тен 60%-ке және одан жоғары мөлшерде ауытқып отырады. Ұшаның марфологиялық құрамын анықтайтын көрсеткіштердің бірі - еттілік коэффициенті. Еттілік, коэффициентін таза еттің (сұрпы ет) сүйек салмағына қатынасы арқылы анықтайды. Оны анықтау үшін ұшаны бөлшектеу қажет. Одан соң етті бөлігі ажыратылып, құрамды бөлшектері өлшенеді де, оған сәйкес есеп жүргізіледі. Мұнда бұлшық ет ұлпасының сүйек ұлпасына (бұлшық ет - сүйек коэффициенті) немесе бұлшық еттің май ұлпасына қатынасы салмағын анықтау мүмкін. Малдың жасына байланысты бұлшық ет, май, сүйек ұлпаларының арақатынасы өзгеріп отырады. Май ұлпасы кеш дамиды. Қой малдарында оның ерте дамуы тек тез жетілетін малдарда ғана байқалады.. Майдың жиналуы қойларда белгілі бір ретпен жүретіндігі анықталған. Ең бірінші ол ішкі мүшелерде: бүйрек, ішек, қарын, одан кейін - тері асты майлары (құйыршақ түбінде, белде, кеудеде) бұлшық ет аралық май, содан соң ғана бұлшық ет ішілік май ұлпалары дамиды. Тері асты майы ұшаны кеуіп кетуден сақайтын ұшаны суарушы деп аталатын май қабатын түзеді. Бұлшық ет аралық ұлпалары жеке бұлшық еттер аралығында дәнекер (байланыстырушы) ұлпа қабатында жинақталады. Әр түрлі тұқымдарда май жиналу қатынасы мен интенсивтілігі ұшаның әр түрлі аймақтарында біркелкі емес.Қылшық жүнді тұқымдарда (арық құйрықты, қысқа құйрықты-ранан тұқымы). Мысалы, майдың көп бөлігі бүйрек маңы мен ішекте, ал аз бөлігі - бұлшық ет аралығы және тері астында. Тері асты майы негізінен белде жиналады, ал ол неғұрлым ұша бойына тең орналасқаны жақсы. Ет бағытына арнайы бағытталған қойларда май жеке бұлшық ет іштеріне жиналады, ол еттің мраморлығы деп аталады да, етке ерекше нәзіктік пен шырын береді. Етті - майлы бағыттағы қой тұқымдарының май жинау қабілеті жақсы, оларда май негізінен құйрық аймағы мен құйыршықтың жағында жиналады. Қозыларда іш майы ерте жаста жинала бастайды және ол азықтандыру дәрежесіне байланысты. Егер азықтануы өте жақсы болса, қозылардың үш айлығында бүйрек аймағында май жиналады, ал азықтануы орташа жәрежеде - кештеу жиналады. Сондықтан, май жинаудың дамуы мен тоқтауы малдың жасына, тұқымына және азықтандыру жағдайына тығыз байланысты. Егер ұшаға 16-18 кг салмақта 25% жоғары емес,оның ішінде тері асты -- 13, бұлшық ет аралық -- 10және бүйрек -- 2% май жиналса тиімді болып саналад. Май қабатының қалыңдығы 16-18 кг салмақтағы ұша үшін арқадағы ұзын бұлшық ет 3-3,5 мм, ал 20-25 кг ұша үшін -- 4-5 мм болғаны жақсы. Субөнімдер келесідей жіктеледі: а) етті -- бауыр, жүрек, өкпе, диаф - рагма, өңешпен трахея, бүйрек,көкбауыр, ет кесінділері, желін,тіл және ми; б) кілегейліе -- қарын, летошка; в) жүнді -- бас. Категорияларына байланысты субөнімдер шығымына келесідей нормалар бекітілген:(малды аш ұстағаннан кейінгі тірі салмаққа %-тік қатынасы): I категория: бауыр -- 1, тіл -- 0,3, ми -- 0,15,ет кесіндісі -- 0,38, жүрек -- 0,45, диафрагма -- 0,32; II категория: қарын -- 1,4, калтык -- 0,15, пикальді ет -- 0,1, өкпе -- 0,8, көкбауыр -- 0,2, тілсіз, мисыз бас -- 3,6. Өңделген субөнімдер шығымына орташа 9,5%, оның ішінде бірінші категория -- 3,2%. Ұша еттілігі арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең аумақпен иылысуын (<<бұлшық ет көзшесі>>) байланысты. Етті - жүнді қозыларда ұшадағы бұлшық ет салмағы мен бұлшық ет көзшесі аумағы арасындағы жағымды байланыс (коррелеция) 0,77 -- 0,81құрайды. Сондықтан ұша еттілігін арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағы арқылы да анықтауға болады. Арқадағы ұзын бұлшық еттің көлденең қиылысу аумағын бөлшектеуін, таңдалған ұша арқылы анықтайды.Арқаның ұзын бұлшық етін соңғы кеуде мен бірінші бел омыртқасын көлденеңнен бұлшық ет құрылымы мен көлемін бұзып алмайтындай етіп, пышақпен ақырындап кеседі. Алынған көлденең кесіндіні прагментке (немесе қарындаш калькасына) салып, оған бұлшық ет контурын қояды, одан кейін алынған контур аумағын (см2) планиметрмен өлшейді. Тез жетілетін етті қойлардың бұлшық ет көзшесінің аумағы меринос қой тұқымдарынан қарағанда көп. Бұлшық ет көзшесінен басқа еттілікті анықтайтын И. Йетсомның (1970) еттілік индексін қолдануға болады. Ол әр түрлі тұқымды қой мен қозылардың ұша ұзындығы мен салмағының қатынасы және қоңдылық категориясы арқылы алынған. Сондықтан көрсеткіштегі жалпы еттілік коэффициенті килогамға тең, яғни, сондықтан ұзындықтағы орташа ұшадан берілген ұша ауыр немесе жеңіл. Еттілік индексін есептеу үшін тоңазытылған ұша салмағы (немесе булы, бірақ бұл жағдайда ұша салмағынан 2% алынып тасталады). Ұша ұзындығын жұмсақ қаңылтыр өлшеуіш лентамен немесе ұша ішінен қарын әне кеуде қуысы арқылы өтетін тік сызық бойынша арнаулы таяқпен өлшейді. Жалпы еттілік индексі ет (бұлшық ет пен май) мөлщерін, яғни ұшадағы еттің оның ұзындығына қатынасын көрсетеді. Бірақ бұл индекс бұлшық еттің және майдың қандай мөлшерде дамығандығын көрсетеді. Қойдың тірі кезінде қондылығы органолептикалық баға бойынша анықталғандықтан, едәуір дәрежеде анықтаушының білгірлігіне, тәжірибесіне байланысты болады, кейбір кезде тәжірибесіз маманның қателесіп кетуі де мүмкін. Бұл жағдайларда қойдың қоңдылығы оны сойғаннан кейін ұшасының сапасына баға беру арқылы анықталады. Қойдың салмағы мен сойыс шығымы қойдың қоңдылығына тікелей байланысты. Ет шығымы малдың ет өнімінің ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Ұшаның салмағы. Үша деп терісі, ішкі органдары, басы, сирағы мен құйрығы алынған мал денесін айтады. Ұшадан малдың алдыңғы сирақтары тізеден, артқылары - тілерсектен бөлініп алынады Әдетте, малдың тұқымына, жынысына және жасына қарай ересек қойдың үшасы 18-30 кг тартады, тұсақ ұшасы 15-20 кг, қозылардікі - 10-17 кг шамасында болып келеді. Үшаның салмағы екі жолмен анықталады: жаңа сойған жас ұшаның салмағы және оның 24 сағат сақталып, суығаннан кейінгі салмағы. Суыған ұшаның салмағы жас үшаға қарағанда біршама төмен келеді. Сойыс салмағына ұшаның салмағы мен іш майларының салмағы жатады. Сойыс шығымы деп малдың сойылар алдындағы тірілей салмағының пайызына шаққандағы үшасы мен іш майының салмағы айтылады. 7-дәріс. Қой малдарының сүт өнімділігі * Қой сүтінің химиялық құрамы * Сауу әдісі және оны ұйымдастыру * Қой сүтін өңдеу Қой сүті жұғымдылығымен және бағалы диеталық қасиеті мен сипатталды. Оның құрамында жүзден аса жұғымды заттар бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары - белоктар (6,8%), майлар (6,7%), сүт қанты (4,4%) минералдық тұздар мен В топты дәрумендер мол. Адам ағзасына қой сүті белогының 99 % - ы, сиыр сүтінің 92 % - ы сіңіріледі. Қой сүтінің бағалы өнімдер: сорты қатты және жұмсақ сырлар (кавказдық, пекарина, горгонзола, рокфор, ірімшік, құрт және т.б.) сүт қышқылды өнімдер ( ақ ірімшік, айран, қаймақ, йогурт және т.б.) дайындалады және бұл өнімдер үлкен сұранысқа ие. Қой сауу және қой сүтінен өнімдер шығару Кавказдың бір қатар аудандарында, орта азия мемлкеттерінде, Молдовада жүргізілді. Қазақстанда халықты қой сүтімен дайындалатын бағалы азық - түлікпен қамтамассыз етудің үлкен мүмкіндіктері бар. 1.Қой сүтінің химиялық құрамы Қой сүтінің 6- 8 % май, 4-5-6 % белок, 4,6% қант және 0,8 % минерал заты болады. Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтінде май мен белок көп үлес алады. Қойдың сүттілігі және оның сүтінің құрамы тек қой тұқымдарына ғана емес, соны мен бірге жем - шөптің құрамына, тәулік мерзіміне де тығыз байланысты. Қой сүтінен ірімшік, құрт, айран, қаймақ және т.б. көптеген сүт өнімдерін дайындайды. Қой сүтінің өзіндік ерекше иісі бар, өте жұмсақ консистенциялы және сақтауға төзімсіз. Саулықтар уызының майлылығы 14,7 - 15 % жетеді. Сүттену кезеңінің үшінші күнінен бастап бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп (5,8-10,0%), тек осы кезеңнің соңына қарай ғана бірша-ма жоғарылайды: 10,2-11,2%. Сүттің қуаттылық (азықтық) деңгейі құрамындағы құрғақ заттарға тікелей байланысты. Құрғақ заттың ең жоғары мөлшері уызда (33,1-40,0 %) болса, сүттенудің алғашқы айының соңында ол 15,7-20,0 % төмендеп, төртінші айда қайтадан көтеріледі (3,1-25,9 %). Сүттегі қанттың үлес салмағы сүттену кезеңінде айтарлықтай өзгермейді (5,0-6,5 %). Австрилия мериностары (АВМ) қазақтың биязы жүнді қойларының (ҚБЖҚ) сүт өнімділігінің ең жоғарғы мөлшері мамыр айының жылы күндеріне сәйкес келеді. ҚБЖҚ қойлары АВМ қойларымен салыстырғанда, сүт емізу кезеңінің барлық кезеңінде сүттілігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижелері Австралия мериностарының сүттілігі жеткілікті деңгейде екендігін көрсетті. 2.Сауу әдісі және оны ұйымдастыру Саулықты саууды қозыларды енесінен бірге ұстау ұзақтығына байланысты әртүрлі ұйымдастырады. Қозыларын 1-3 күндік жасына сойылатын елтірілік саулық 3-4 рет. Барлық сүттілік кезеңінде саулықта алғашқы 2 айда күніне 2 рет, содан кейін 1 рет болып бөлінеді. Қойдың басқа тұқымын (мысалы цигай) кейін 1 рет болып, бөлінеді, қойдың басқа тұқымын 3 айлық жасында енесінен айырғаннан кейін саууды бастайды. Сауу 1-2 айға созылады. Кейбір кезде енелерін қозылары 1 айлық жасқа келгенде саууды бастайды. Бұндай ұйымдастыруда қозыларды күнделікті кешке қарай енелерінен бөліп жеке қорада түні бойы ұстайды. Ертеңгісін енелерін сауып алады да, қозыларын күні бойы жанына ертіп жібереді. Бұл кезде енесімен бірге қозысын да, азықпен қамтамасыз ету керек. Елтіріге жіберілген қозының енелерін 1 айдан кейін саууды тоқтатады. Сауылатын саулықтар ең жақсы жайылым да жайылуы керек, ол үшін қосымша түндік жайылым-ды жасауды ұйымдастыру ұйғарылады. Жақсы жайлым жетіспе-ген жағдайда саулықтарға қосымша қоспалы жемдерді тәулігіне 200-300 граммнан береді. Қойларды қолмен немесе машинамен сауады. Қолмен сауу әдісінде қойдың артынан немесе жанынан сауады. Саууды ыңғайландыру үшін, жануарларды қорғайтын, шатырдың астына станоктар немесе арнайы алаң, жұмыскерлерді жаңбыр мен күннен сақтайтын құралжабдық салады. Сауудың алдында желін мен емшектерді дымқыл орамалмен сүртеді. Содан кейін саууға кіріседі. Ол үшін сол қолмен желінді ұстайды, ал оң қолдың саусақтарымен, үстінен астына баса отырып, емшекті айнала үстайды. Солай әрбір емшекті сауады, одан кейін екі қолдың алақандарымен бүкіл желінді ұстап алады да,оны бірнеше рет қысады. Соңғы кезең - сауып бітіру, оны осылайша өткізеді: сол қолмен желінді ұстап тұрады, ал оң қолдың саусақтарымен әрбір емшектен қалған сүтті қысып сауып алады. Үш түрлі тәсілмен сауу қойдың сүтінің пайда болу және сүтті бөліп шығару ерекшеліктеріне байланысты шығарылды. Қой желінінің әрбір жартысы альвеолды ұлпалардан тұрады сүт бездері, онда сүт пайда болады және емшекпен аяқталатын цистерналар. Сүт сүтті безімен секреттелінеді және цистернаға түседі. Сүтті сауғанда сүт альвеолдардан цистернаға түседі, содан кейін цистерналардан емшекке, ал саууды аяқтаған кезде емшектерден қалдық сүт шығарылады. Машинамен сауу кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, еңбек жеңілденеді, сүттің санитарлы-гигиеналық қасиеттері жақсарады. Майлы құйрықты және құйрықты қойларды сауғанда сауыншы жанынан орналасады. Мұндай жағдайда сүт механикалық және т.б. қоспалармен аз ластанады. Ресейде екі модификациялы: стационарлы және жылжымалы, ДУО-24 сауу құрылғысы жасалынып сыналды. Онда 24 қойды бір уақытта саууға есептелген, екі параллельді орналасқан платформалар бар. Құрылғы жинағына шелектерімен сауу аппараттары, вакуум-сорғыш және вакуум-өткізгіш, жуу және оттық жүйесі кіреді. Жылжымалы құрылғы жинағында одан басқа бір осьті тіркеме (платформалармен) және басқыштар болады. Сауу құрылғылары бір минутта 60-тан 175 соғу жиілікті 40-50,7 кПа вакууммен және қысу мен тоқтау ырғақтарының 50:50 немесе 60:40 қатынастарымен жүмыс істейді. 3. Қой сүтін өңдеу Қой сүтін көбіне жаңа сауылған түрінде қолданбайды. Арнайы ашытқыларды қолдана отырып, одан йогурт, ірімшік, қатық (мацони), айран және т.б. өнімдерді дайындайды. Соңғы кездері йогурт кең қолданыста жүр. Қой сүтінен жасалған йогурт, сиыр сүтінікіне қарағанда жеңіл сіңіріледі, өйткені қолданғаннан кейінгі адам асқазанындағы пайда болған қою зат жұмсағырақ, борпылдақ келеді. Қойдың сүтінің майлылығы жоғары болғандықтан, йогурт үшін шикізаты ауыстырылмайды, ал өнімнің дәмінің қышқылдығы төмен болады. Қойдың сүтінен жасалған йогуртта, сиыр сүтінен жасалынған йогуртқа қарағанда, кілегей қабаттарының бөлінуі байқалмайды, ол өзінің сиымдылығын сақтайды. Йогурттың диеталық маңыздылығы ағзаны ыдырату өнімдерімен ақырындап уландыратын, шірітіп, газдың пайда болуына ықпал ететін бактериялар әрекеттерінің салдарын жоятын, болгар таяқшаларына байланысты. Йогуртты алу үшін сүтті алдымен 85-87°С температурада 5-10 минуттай немесе 90-92°С температурада 2-3 минут пастерлейді. Одан кейін 42-45°С температурада салқындатып, оған 5% ашытқысын қосады (1:1 қатынастағы болгар таяқшасы және сүтті стрептококк). Тәтті йогурт алу үшін 50 г қант қосады, ал жеміс-жидекті йогурт алу үшін - 1 литр сүтке 100 г жеміс-жи-декті шәрбат қосады. Жемісті және хош иісті қоспалар йогурт массасымен жақсы араластырылады. Йогурт 6-12 сағатта дайын болады. Йогурттан спецификалық сырларды да алуға болады. Ол үшін бұл қою зат кептіріледі және оған әр түрлі хош иісті компоненттер, мысалы, пияз, тмин, ақ желкен, ақжелкек, ананас және басқа ашы да, тәтті дәмқосарларды қосады. Йогурттың қою затынан жасалған қоспасыз сыр, барлық құрылымдық қасиеттерін және хош иісін сақтап, салқындатылған түрде 6 айға дейін сақта-лынады. Қой сүтінен жасалған ірімшік аз көлемде өндіріледі. Ірімшікте спецификалық иіс болмайды, сарғыш түсті. Басқа ауыл шаруашылық жануарлар сүтінің ірімшігінен жоғары қышқылдықпен ерекшеленеді (201-220°С). Оны алу технологиясы сиыр сүтінен ірімшікті алумен бірдей. Айран қайнауға дейін жеткізіп, бөлме температурасында сал-қындатылған қой сүтінен дайындалады. 1 литр сүтке 150-160 г көлемінде ашытқы айран қосады. 30-35°С температураға дейін ашытады, одан кейін салқындатып, жетілу үшін 8°С температу-раға 12-14 сағатқа қояды. Дайын айранды қолданудың алдында мүқият араластырады. Мацун (Арменияда), мацони (Грузияда), қатық (Башкирияда, Қазақстанда, Өзбекстанда) емдік-диеталық қасиеттерге ие. Оларды алу үшін сүтті 95°С пастерлейді, 40-50°С-қа дейін салқындатады, содан кейін 3-5% мацони-қатықпен ашытады. Ашу 2,5-4 сағатқа дейін жүреді, өнім жетілу үшін 18-24 сағатқа суыққа (4-10°С) шығарады. Қатықты келесі күні қолданады, салаттарға қосуға немесе айран, сүзбе дайындау үшін қолданады. Сүзбе (кышқыл сүзілген сүт) 1 л қышқыл сүтке 1 үлкен қасық түз қосу арқылы алынады. Сүзбе шыт матасынан жасалған қал-ташаға салынып, салқын жерге ілінеді. 1 тәуліктен кейін сарысуы сүзіліп, сүт қоюланады. Алынған сүзбе сорпаларға қосылады немесе қүрт жасау үшін қолданылады, 1 л сүзбеге 1 үлкен қасық ұсақ түз және 1 шай қасық қызыл үнтақталған бүрыш қосып араластырады, грек жаңғағының көлеміндей етіп дөңгелетеді, түйіршіктерді тақтайдың үстіне жайып, бетін дәкемен жабады, содан кейін 2-3 тәулікке күнге кептіреді. Құрт кепкеннен кейін қалталарға салып, десерт түрінде қолданады. Қой сүтінен жасалған май сиыр сүтінен жасалған майдан сапасы жағынан төмен сондықтан оның өндірілуі шектелген. 8,9- дәріс. Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау * Қойды сұрыптау * Жұп таңдау 1. Қой шаруашылығында жалпы мал шаруашылығындағы сияқты жаңа, өнімдірек тұқым шығару жүйелі бір мақсатқа бағындырылған қажетті сападағы малды таңдау арқылы жүргізіледі. Таңдаудың нәтижелігі мал популяциясының, табынның генетикалық әр-түрлілігіне негізделеді. Популяциядағы мал неғұрлым әртүрлі сапада болған сайын таңдаудың да мүмкіншілігі арта түседі. Генетикалық әр-түрліліктің қайнар көзі-тұқым қуалайтын сапа көрсеткіштерінің өзгергіштігі. Генетик-селекционерлердің ең басты міндеті-малдың ұрпақтан-ұрпаққа өзгергіштігін басқарудың, бағыттап отырудың пәрменді әдістерін табу, соларды өндірісте қолдану. Бұл жөніндегі ғалымдардың еңбегі табыссыз да емес. Мысалы, микробиологтар химиялық мутагенез арқылы антибиотиктердің аса пайдалы түрлерін өсіріп шығарылыды. Бірақ, әзірше қол жеткен нәтижелер аздау болып жатыр. Үмітсіз шайтан, жақсы нәтижелерге ұмтылыс ғылымда жалғастыруда. Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертетін бірнеше факторлар бар екенін ғылым анықтады. Олар: мутация, гендердің кенеттен қозғалуы; олардың орта ауыстыруы; мал өкілдерінің жер өзгертуі; таңдау; іріктеу; кездейсоқ емес әдейі қолдан будандастыру. Осылардың ішінен ең кеңінен жай қолданылатыны - іріктеу, таңдау. Бұл әдіс белгілі бір популяция мал бағытты, мақсатты жақсарту үшін мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездейсоқ емес, әдейі екі немесе бірнеше тұқымның таңдаулы өкілдерін будандастырып, солардан алынған буданның генетикалық қорының көбеюіде малдың жақсаруына, оның өнімділігін арттыруына жақсы мүмкіндіктер ашады. Бұл малдарды да нысаналы мақсатқа жету үшін, ұдайы бақылап, зерттеп, іріктеп, таңдап, ұнамдысын ғана алып өсіріп отыру керек. Қазіргі Қазақстандағы қой тұқымдары осындай бағалау, іріктеу, таңдау және мақсатты жұптау арқылы шығарылған. Елтірі беретін қойлар үшін - шешуші көрсеткіш, ол елтіріге баратын қозы терісінің әдемі суретімен бұйра құрайтын жүн түктерінің қасиеті. Етті майлы қойлар үшін - негізгі талап тез жетіліп, жақсы ет пен майды көп өндіргіштігі. Сонымен қатар олар табиғаттың қатаң, шөл - шөлейт аймақтарына бейімділігі. Қазір зоотехнияда малды бағалағанда бірнеше қалыптасқан әдістермен бағалайды, олар мыналар: 1.өзіннің өнімі мен фенотипіне негізделіп; 2.шыққан тегіне қарай (құжаттарымен); 3.ұрпақ сапасымен (тексеру, тәжірибе жасау арқылы төмен алып, өсіріп бағалайды); Шыққан тегіне қарай таңдау - нақты қойдың (әсіресе қошқардың) тегін тексеріп, оынң ата-анасының, одан да бұрынғы тегінің өнімділігін білу өте дұрыс. Бірақ сол ата-анасындай бола бермейді. Экстерьері, дене бітіміне және өнімділігіне қарай таңдау. Өсіру үшін малдың дене бітімі жақсы, өнімділігі жоғары болуы тиіс. Пішіні, бітімі ұнамсыз болса, басқалай кемістігі болса ондай мал таңдап, қалдыруға жатпайды. 2. Қойлардың жасына қарай жұптау. Ата-анасынан қай жаста туғанына қарай ұрпағының сапасы әр түрлі болатынын селекционерлер баяғы кезден дәлелдеп білген. Бұл өзгерістер генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негіздеме. Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды жұптағанда, ал өте жас малды өте ересек аталық пен жұптағанда алынған ұрпақтар әдетте нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда көрсеткіш тәуірлеу болады. Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке - жеке де және топта жүргізіледі. Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты. Жеке-жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда, шаруашылықтарда ата із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі. Топтап жұп таңдау - жалпы өнімділігі ұқсас бір топ саулыққа бір немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады. Қазіргі генетикалық ғылым аталық пен аналық өз ұрпағына тең әсер етеді дейді. Санымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген доминантты, кейбірі - рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей де тұрмайды. Оның сыртында саулық ғұмырынды 8-10 ұрпақ берсе, қошқар 1 жылда 3000-5000 дейін оданда көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні көп. Аталық малды табынға әсері мол болғандықтан, оған қойылған талапта жоғары, күтіміде жақсы болуы тиіс. Аталықтаң қазіргі кезде 70-90 пайызға дейін ұрпақ беретіні рас. Іріктеу мен жұптау малдың жағымды, қажетті шаруашылық қасиеттерімен көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптар мен жүргізіледі. Жүн өндіру мақсаты үшін жүндес, жүн сапасы жақсы малды жұптайды. Пәрменді селекция нәтижесінде 6-8-10 жылдар қой шаруашылығындағы жүн өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарлатуға болады. Жүннің қоюлығы, ұзындығы, иректігі сан бауыр жүн өсімі. Қойдың тірі салмағын ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу - жұп таңдау жұмысын жүргізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсы ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг дейін арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17 пайыз көтеруге болады. Қойды жұптау. Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігін артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс. Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі бір текті (гомогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі - әр текті (гетерогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау. Бір текті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиетерін ұрпақтан-ұрпаққа бегіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні одан ары жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды. Әдетте бір текті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін. 1. Аса жоғары өнімді (элита, бірінші класс), бір біріне көп көрсеткіштері мен ұқсас жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де конституциясы да жақын болады. Осы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немес аналық басы болатын мал алуға тырысады. 2. Бір қасиетімен немесе 1-2 шаруашылық өнімділік көрсеткіштерімен бір текті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды. 3. Бір текті жұптау таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді. 4. Бір текті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан. Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі - ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әр текті жұптаудың малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсыртуға бағытталып жүргізіледі. Қой жұптағанда селекционер: а) ұқсас малдардын ұқсас мал өседі; б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі; в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін - гетерогенді жұптау қолданылады. Мысалы, 2-класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды. Ал 3-класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді. Әдетте қойдың бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. 1. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүннің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады. 10,11- дәріс. Қой малдарын өсіру әдістері Қой өсіру деп белгілі бір қоршаған ортаға бейімделген малды таңдап алып, оны жоспарлы түрде шағылыстырып, қажетті деңгейде өнім беретін ұрпақ алуды айтады. Әрине шағылыстыру үшін жұп таңдау алға қойылған мақсаттты қамтамасыз ететін, ата анасының нақты көрсеткіштерін жағымды бағытта қысқы мерзімде жақсартатын болуы тиіс.Тұқым қуалаушылық заңдылығын терең біліп, оларды дұрыс, тиімді қолдану мал тұқымын жақсарту жұмысының нәтижелі болуына кепілдік бере алады.Сондықтан зоотехник- селекционер мал өсірудегі генетикалық ғылым негіздерін терең білуі керек. Сонымен қатар қой өсірудің зоотехникалық әдістерін, оларды әр қайсысын орынды қолдану қажеттіктерін терең ойластырып атқару қажет. Мал өсіру тиімділігі жоғары, қойылып отырған экономикалық талапқа сай, алдыңғы өндіріс міндеттеріне лайықты малды таңдап алудың өзі де көптеген білімділікті, шеберлікті маманнан талап етеді. Сол таңдап алынған малды тиімді де пайдалы ұрпақ беретін жұп таңдау, онымен жұптаудың өзі де селекционерлерден білімділік пен көрегендікті және шеберлікті талап етеді. Алынған ұрпақты жақсы өсіру, олардан адасып қалмау, оларды шатастырмау үшін, жүйелі және дәйекті зоотехникалық- селкциялық жұмыс жүргізу үшін әдейі ғылыми негізделген жоспарлы жұмыстар атқарылып отырылуы тиіс.Бұның барлығы да белгілі жүйемен жүргізіліп, құжаттармен хатталып отырылуы тиіс.Бұның барлығы да белгілі жүйемен жүргізіліп, құжаттармен хатталып отырылуы тиіс.Зоотехния ілімі қазір осындай жүйелі жұмысты селекционерден талап етеді,оның басты міндеті. Қой өсіру әдістері:қой өсіру әдістері деп қойларды тұқымдарға бөле отырып, асылдандыру жұмысының қалыптасқан жүйесін айтамыз.Зоотехникалық білім мен ғылымда және өндірісте қой өсірудің екі негізігі әдістері қалыптасқан.Олар қойды таза тұқым ретінде өсіру және тұқымдарды будандастыру арқылы өсіру.Бұл әдістің екеуі де өмірде көп қолданылады. Оның қатынасын таңдап алу- селекционердің алдына қойған мақсатына байланысты.Кейде, үлкен, малы көп шаруашылықтарда, асыл тұқымды мал фермаларында таза тұқымды өсірумен, басқа фермаларында шаруашылықтың пайдасы үшін тұқым будандастырудың нақты түрі жүргізілуі де мүмкін.Әрине, бұл жағдайда мал асылдандыру жұмысы күрделене түседі.Ол өз ретінде зоотехникалық жұмыстарды, мал есебін жүргізуді өте ұқыпты жасалған жоспарға са жүргізуге тиісті болады.Әр бағыттағы мал өсірудің үдесіне шығуға, одан жақсы пайда көруге әбден болады.Ол үшін зоотехникалық есепті шатастырмай, жоспарлы жұмыстарды өте жауапты атқарып отыру қажет болады. Таза тұқымды қой өсіру - әдісінің мәні, малдың әрбір ұрпағын алу үшін өзара бір тұқымның аталығын аналығын жұптап шағылыстырады. Әдетте жұпаталған мал біріне - бірі фенотипі жөнінен де, генотипі жөнінен де жақын ұқсас болады. Фенотиптік ұқсастығы шаруашылыққа пайдалы көрсеткіштермен, айталық меринос қойларында жүн сапасы ұқсас, қаракөлде - елтірі сапасы жөнінен өте жақын болып келеді. Сондықтан, бұл әдіс бірқалыпты, бір сапада өнім өндіру үшін өте пайдалы. Малдың аса қажет жақсы көрсеткіштерін ұрпақтан ұрпаққа жақсарта берудің айқын да, сара жолы. Алайда, түбі бір, генотипі өте жақын қойларды көп ұрпақтар бойы өзара жұптап өсіре беру малдардың өмірщеңдігін төмендетіп, өнімділігін азайтып, ауруға ұшыратып, әртүрлі кінәрәт кемістікке душар етеді. Өмірде, табиғатта қарама - қарсылық бірлігінің заңы жұмыс істейді. Әрбір малдың бойында осындай тепе - теңдік болуы қажет. Қарама - қарсылық, ішік күрес, өмір сүру үшін ұмтылыс болмаса дене де шынықпайды. Ондай малдың денесі ұрпақтан ұрпаққа бірте - бірте әлсірейді, нашарлайды, ауруға тап болады. Бұл - табиғат философиясы. Сондықтан зоотехник - селекционер бір тұқымның ішінде, өсіріліп отырған бір табын малдың ішінде өмірлік күш беретін қасиеттерді сақтап, олардың әрбір ұрпағында табындағы, отарлардағы малдардың өзгеше - ерекшеліктерін сақтап, оларды дамытып, малдың өскен ортасынан, жеген мал азығының, өмір сүріп жүрген ортасынан қалыптасатын ерекшеліктерін пайдалану арқылы таза тұқымды тоқырауға ұшыратпай өсірудің жолдарын іздестіріп, тауып, қолданып жүру керек.Зоотехния ғылымымен ашылып өндірісте қолданылып жүрген жолдары бар. Олар мыналар: * Қой табыны үлкен, мал басының көп болуы. Бұл жағдайда өте жақын малды өзара жұптаудан аулақ болуға, өз ерекшеліктері бар малдарды жұпатауға мүмкіндік береді. * Дей тұрған мен бір табында, бір шаруашылықта біртектес, бір тұқымды қойды жоғары сапада көр жылдар бойы өсіріп, өніміг ұдайы жақсарта беру өте қиын.Сондықтан ол табынға басқа зауыттан алынған сол тұқымның аталық малын пайдалану қолданылады.Бұл тәсілқан жақсарту деп аталады.Бұл жұмысты жүргізгенде әкелінген қой қолда бар малдан өнімі де, генотипі де кем болмауы тиіс. Бұл талап міндетті түрде сақталуы керек. Зоотехния ғылымының ғұламалары (П.Н. Кулешов, М.Ф.Иванов,В.А.Бальмонт т.б) қан жақсарту тәсілін мына жағдайларда ғана қолдну керек деп есептеген: 1.Егерде табында немесе асыл тұқымды зауытта өте көп жылдар бойы өз ішіндегі 1-2 ата ізімен ғана жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде малдың көбі өзара жақын туыс болып кеткен болса ол зауытқа басқа жақтан өте жоғары сапалы сол тұқымның қошқарларын пайдалану керек.Ол табынның қанын жаңартып, малдың өміршеңдігінде өнімділігінде жақсартады. 2.Егерде, таза тұқым жаңа жерде өсіріліп, ол жерге нашар жерсініп, көңдіге алмай, өнімдік сапасын жоғалтып, өміршеңдігін төмендетіп жатса, сол тұқымның аталықтарын жаңа, басқа жерден әкеліп ендіру арқылы жерсінуін жақсартуға болады. 3.Егер де, табынның немесе асыл тұқымды зауыттың қойлары өнімнің сапалық және сандық жағынан бір деңгейге жетіп, сол жерде тоқтап, тоқырай бастаса ол табынға , зауытқа басқа жерден өте жоғары сапалы, зауыттағы малдан артық болмаса кем емес аралықтарды әкеліп пайдаланып жеткен деңгейден өнімін жоғарылатуға болады. Таза тұқымды мал өсірудің шеберлік шыңы - бұл жақын туысқан малдарды жұптап өсіру - инбридинг.Қойдың тұқымын өзгертпей жақсы көрсеткіштерін қанықтырып, тереңдете түсу үшін өте жақын, қан туыстығы малдарды өзара шағылыстырады.Бұл әдіс мадың гомогенділігін ,ортақ қасиеттерінің нығая , арта түсуіне көмектеседі.Инбридинг ата-анасының қалаулы ,ұнамды көрсеткіштерін ұрпаққа жақсы сіңіру, сондай жжоғары өнімді малдарды көбейту үшін жүргізіледі.И нбридинг тәсілі: қан араластыру , өте тығыз туыс, орташа туыс, қашық туысдәрежелерінде жүргізілуі мүмкін. Оны алға қойылған міндеттерге сәйкес селекционер шешеді. Будандастыру- гендік қордың, малдың нәсілдік қасиеттерін байытудың үлкен құралы, басты жолы. Малды будандастыру әдісімен өсіргенде шағылыстыратын мал әр түрлі тұқымдарға , немесе таза тұқым мен буданға, немесе екі түрлі будандарға жататын болады.Будандастырудан алынған ұрпақта аталықтың да, аналықтың да нәсілдік қасиеттері бар, оның үстіне екі нәсілдіктің қосылуынан ұбрынжоқ нәсілдік гендер пайда болып, жаңа қасиеттермен көрсеткіштер туады. Сонымен бірге, будандастыруды ойлап табу, оның әдістерін жасап щығару, өндіріске кеңінен таратудың өзі мал тұқымдарын шығару, оларды өз ретінде топқа бөлу нәтижесінде болып отырғанын мойындау керек. Сонан кейін тұқымдар мен топтпрдың әрқайсысының ерекшелігін біріктіре пайдалану үшін будандастыру әдісі ойлап табылды.Бұл екі әдіс біріне - бірі қарама- қарсы емес, керісінше бірімен бірі тығыз байланысты және бірін-бірі толықтыра, байыта түседі. Будандастырудың қолдану аясы өте кең. Ол жаңа тұқым шығару үшін, бар тұқымды жаңа жерге аударып , жерсіндіріп өсіру үшін, қолда бар тұқымның кейбір қасиеттерін жақсартып, жетілдіру үшін өндірісте кеңіне қолданылады.Мал шарущылығында қолданылып жүрген будандастырудың барлық түрлерін мына төмендегі бес топқа бөлуге болады: * қан араластыру немесе кіріспе будандастыру; * сіңіре немесе өзгерте будандастыру; * өндірістік будандастыру; * кезек буандастыру. Бұл жіктеу будандастырудың алдына қойылған мақсатқа байланысты негізделеді және мақсатқа жету үшін будандастыру жүйесі бірнеше жыл қатарына жүргізіледі. Кіріспе будандастыру немесе қан араластыру. Будандастырудың бұл әдісінде алға қойылатын мақсат- тұқымның негізін өзгертпей кейбір қасиеттері мен көрсеткіштерін өзгерту , жақсарту. Сіңіре (өзгерте) будандастыру. Бұл әдіс қой шарушылығында жаңа тұқым шығару үшін кеңінен және жиі қолданылатын будандастыру түрі.Сіңіре будандастырудың мақсаты жақсартушы қой тұқымының типінде жаңа қой тұқымын өсіріп шығару. Өсіре (зауыттық) будандастыру.Бұл әдіс- пайдаланылған қой тұқымдарының барлығының да жағымды, жақсы қасиеттері мен көрсеткіштерін жаңа тұқымның бойына сіңіріп шығару үшін пайдаланылады.Сондықтан бұл әдісті зауыттық будандастыру деп те атайды.Өсіре будандастыру да жәй және күрделі болады. Жәй өсіре будандастыру әдісінде көбінесе мынадай тәсілдерден құралады: Бірінші ұрпақ буданын алу үшін екі тұқымды шағылыстырады; Бірінші ұрпақ буданын қайтадан аталық болған тұқыммен шағылыстырады, қажет болса кейде, сіңіре будандастырудағыдай, үшіншісінде де осы тұқым аталығынан пайдаланылады.Солардан алынған ұнамды малдарды өзара шағылыстырып өсіреді. Өндірістік будандастыру деп бірінші ұрпақтан алынған төлді түгелдей етке жарату, сою үшін қолданылатын будандастыруды айтамыз. Кезек будандастыу.Бұл әдіс қойдың өнімділігін және өміршеңдігін арттыру үшін қолданылады.Кезек будандастыру әдісі 19 ғасырдың басында француз және ағылшын селекционерлері өмірге келтірілген. 12- дәріс. Қой мен ешкі бонитировкасы Бонитировка -- малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан әрі дамыту, нашарларын жарамсыздыққа шығару. Бонитировканың екі түрі қолданылады: жеке және класстық. Жеке бонитировкаға: асыл тұқымды қошқарлар (негізгі, қосымша және сынақшы); асыл тұқымды шаруашылықтағы селекциялық топтағы саулықтар мен қошқарлардан алынған, ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін барлық төлдер; басқа шаруашылыққа сатылатын және негізгі отарды жөндеуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар кіреді. Жеке бонитировкалау кезінде малды бағалаудың барлық көрсеткіштері бонитировкалық кілтпен белгіленіп, арнайы журналға жазылады. Кластық бонитировка -- жекелегенмалдардың сапасын журналға жазуды жүргізбейді, олардың тұқымдық, конституционалдық және өнімділік сапасын эксперттік бағалау негізінде сәйкес келетін бонитировкалық класқа жатқызу арқылы жүргізіледі. Кластық бонитировкаға тауарлық фермадағы барлық малдар, асыл тұқымды шаруашылықтағы - жеке бонитировкаға енгізілмеген барлық қой малдары кіреді. Кластық бонитировка негізіндегі сұрыптауды топтық немесе кластық деп атайды. Ол жекелеп жұп таңдауды өткізуге мүмкіндік бермейді,тек топтық немесе кластық жұп таңдауды жүргізуге болады. Бонитировка мерзімі. Негізгі бонитировканы малды әрі қарай пайдалану мақсатында, негізгі бонитировкалау белгілері толық көрінгенде және басты өнімділік түріне дұрыс баға беруге мүмкіндік туған мерзімде, оның өмірінде бір-ақ рет жүргізіледі. Сондықтан, осыған орай, қой шаруашылығы бағыттарына байланысты малды бағалаудың әр түрлі мерзімдері бекітілген. Биязы және биязылау жүнді қойларды бірінші қырқу алдында, көктемде 1 жасында бонитировкадан өткізеді. Қой шаруашылығында елтірі бағытындағы қозыларды 1-3 күндік жасында, тондық бағыттағы қой шаруашылығында жас малды 8-9 айлық жасында бағалайды. Аталған бонитировкалаудың негізгі мерзімінен басқа, асыл тұқымды шаруашылықөтарда малдың ерте жас шамасында да қосымша бонитировкалауды өткізеді. Ол малдың дамуы жөнінде толық мәлімет алуға және қой малын асылдандыруға пайдалану керектігін, қайсысын етке бордақылауға жіберу керектігін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Биязы және биязылау жүнді қозыларды көбінесе, енесінен бөлер алдында және 15-20 күндік жастарындақосымша бағалайды. Осы уақытта малдарды мұқият бағалау оларды әрі қарай пайдаланудың қосымша қорытындысы үшін маңызды. Қозыларды 15-20 күндік жасында бағалау оның дамуында, денсаулық, жүн жабынының жағдайында кемшіліктің бар-жоғын анықтайды. Енесінен бөлу кезінде бағалау жас малдың коеституционалды-өнімділік көрсеткіштерінің қаншалықты көрінетіндігін байқатады, ол бойынша жөндеу дм есептеуге болады. Роман қой тұқымының қозыларын негізгі бонитировкадан (8-9 айлығында) бұрын енесінен бөлер кезінде (90-100 күнде) дамуын, тірі салмағын, типтілігін, жүн жабыны бояуында ақаудың бар-жоқтығын бағаласа, қозы жүнін қырқу алдында (5-6 айда) дамуы мен тондық сапасын бағалайды. Құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойларды бонитировквлауды алғаш бір жас шамасында көктемгі қырқым мен сапасы бойынша жүргізсе, соңғысын күз мезгілінде, 18 айлық жас шамасында тірі салмақ, жалпы көктемдік және күздік жүн қырқымы мен сапасы бойынша өткізеді. Асыл тұқымды аталықтарды жыл сайын, конституционалды-өнімділік көрсеткіштері қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін бағалап отырады. Егер негізгі бонитировкадан ауытқулар байқалса, оны пайдалану жоспарына енгізу жасайды. Бонитировканың негізі - малды, оның конституциясы, экстерьері және өнімділігі бойынша бағалаумен аяқталады. қой малдарын олардың негізгі өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка нәтижесі: малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін негізділік береді. Осыған сәйкес, кез келген қой тұқымын олар алғаш шағылысқа барар алдында бонитировкалау қажет. Көп жағдайда негізгі бонитировкадағы бағалау көрсеткіштері жасына байланысты өзгермейді, сондықтан оларды өмірінде бір рет қана бонитировкадан өткізеді. Жеке селекциялық жұмыс үшін таңдалған асыл тұқымды малдар негізгі бонитировкадан кейін де, жыл сайын бағаланады, ол малдың селекциялық топта алдағы уақытта да пайдаланылуына байланысты, белгілерінің көріну дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Тәжірбиеде бонитировканың екі түрін: жеке және кластық түрлерін пайдаланады. Жеке бонитировкалау кезінде малдың экстерьерлік, өнімділік және басқа сапаларының барлық көрсеткіштерін журналға жазып (жеке-жеке малдың) малға жеке нөмір салады, ол жеке селекциялыұ жұмысқа арналмаған барлық малдар кластық бағалаудан өтеді. Малдарды класқа бөлу негізі оның конституционалды-өнімділік ерекшеліктері бойынша әр түрлі екендігін көрсетеді. Кез келген тұқымның дамуына сол жердің табиғат жағдайы мен өнім беруіне қолайлы болса, олар өсіруге ұнамды тип малы ретінде саналады. Елтірі бағытындағы қой тұқымынан басқа, барлық қой тұқымдары кластарға бөлу принципі келесідей: Шаруашылықтық - пайдалы белгілер кешені бойынша ұнамды типке сәйкес келетін тұқым немесе буданды тобын І класқа жатқызады. Бұл кешендегі маңызды белгілерге - конституция типі, малдың дене бітімі пішіні мен көлемі, жүн қырқымы мен сапасы жатады. Кешенді белгілер бойынша І класс талаптарына сәйкес келмейтін барлық малдар, селекция жұмысы үшін құнды емес малдарды ІІ және ІІІ класқа бөледі. Олардың біреуін еттілік белгілері онша дамымаса, жүнді титі малдарға жатқызады. Асыл тұқымдық жұмыс үшін құнды емес, экстерьерінде ақауы бар, конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды асылдандыру жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады. І класс сапасынан да жоғары малды элита тобына жатқызады. Элитаға бөлудің басты мақсаты - асылдандыру жұмысында жоғары сапалы асыл тұқымды мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады. 13,14 - Қой малдарының көбеюі Кейбір малдардың жыныстық жетілуі бойынша ерте (7-8 айда), кейбірінде кеш (9-10 айда) жетіледі. Ол мал тұқымына, климатқа және азықтануына байланысты, олардың жыныстық жетілуі және өсуі қанға бөлінетін гипофиз гормонымен реттеледі. Малдың жас кезінде гипофиз гормоны өсуді тездетеді. Өсуі баяулағанда, гипофиз жыныстық мүшелердің дамуын үдететін гормондар бөле бастайды. Қойларды жыныстық жетілу өсуден бірінші дамиды, сондықтан оларды жыныстық жетілсе де, ұрықтандыру тиімсіз. Ерте ұрықтандыру малдың қалыпты өсуін тежейді, оның өсуіне қажет барлық қоректік заттар төлдің өсуіне жұмсалады, ал төлдегеннен кейін сүттің түзілуіне кетеді. Сонымен қатар өте кеш ұрықтандыру да зиян. Мұндай жағдайда төлді азықтандыруға кететін қорек мал организмінде май қорын түзеді. Саулықтың аналық безіне жиналған май өсіп-өну қызметіне кері әсерін тигізеді. Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2,5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2,5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз. Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады.Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс. Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады. Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады. Бақылаусыз шағлыс кезінде, яғни еркін шағылысу сау малдың ауруға шалдығуына жол береді, сонымен қатар қойлардың көп мөлшері құйрығындағы май қорының көптігіне байланысты шағылысуы қиындап, қысырлыққа ұшырайды. Еркін шағылыстыруды өткізу мен ұйымдастыру неғұрлым қарапайым және еңбек шығынын аз қажет ететін операция, бірақ, құнды қошқарларды тұрақсыз және бақылаусыз пайдалану асыл тұқымдық жұмыстың нақты нәтижелілігін қиындатады. Үйірлі (гаремная) шағылыстыру алынатын ұрпақтың шығу-тегін бақылауға мүмкіндік береді. Өткізу үшін 30-50 бас аналықтан тұратын әрбір топқа бір айға арналған азық қоры бар жайылым аумағын қоршау қажет. Сонымен қатар аналық тобының санвна байланысты онша үлкен емес қоршаулар жасауға болады, оған бір ай ішінде жем-шөпті тасымалдау арқылы саулықтарды азықтандырады. Саулықтарды қошқарлармен бір ай ұстағаннан кейін, әр қоршаудағы саулықтарды бір табынға біріктіріп шағылыстыруды аяқтайды. Кластық шағылыстыруда шағылыс кезеңінде саулықтардың белгілі бір класына нақты аталықтар бекітіледі. Еркін шағылыстырудан айырмашылығы мал саны аз қолданылады. Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді. Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады. Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті. Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты - ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жаақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5күнде бір тексеріп отырады. Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді. Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді. Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады. Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады. Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар аймақтарында қойларды қатырылған ұрықен ұрықтандыру қолданыс табуда. Мұндай ұрықты шаруашылыққа жеткізу мен оны сақтауды қолдан ұрықтандыру станциялары жүзеге асырады. Алайда, қатырылған ұрықтың жібігенімен кейінгі ұрықтандыру сапасы неғұрлым төмендеу. Сондықтан қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі. Қолдан ұрықтандыруды қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру нұсқаулығын (1986) басшылыққа ала отырып, жүргізеді. Ұрықтандыру нәтижелі өту үшін күйге келмеген саулықтарды күн сайын және мұқият таңдау қажет. Бұл сынақшы аталықтар көмегімен жүргізіледі. Сынақшы аталықтарды дайындаудың бірінші әдісі ұсынылған, олар: алжапқыш (күйек) байлау, вазоэктология, жыныс мүшесін күпекпен бұрышына қарай орналастыру, жыныс мүшесін S-тәрізді иілдіре ұстау және т.б. Көбінесе сынақшы қошқарларды алжапқышпен (8.1.1.сурет) пайдаланады. Бұл өте қарапайым тәсіл; ұзындығы 60 см, ені 40 см алжапқышты күек тұсына байлайды, бірақ алжапқышты тағу мен шешу көп еңбек шығынын қажет етеді, сонымен қатар сынақшы аталықтар күйттеу кезінде алжапқыштарын жоғалтып, аналықтарды ұрықтандырады. Сондықтан таңдау кезінде сынақшылар алжапқыштарын жоғалтпауын мұқият қадағалауы қажет. 8.1.1 сурет. Сынақшы қошқар Сынақшылар ретінде вазоэктомияланған қошқарларды (шәует жолы көмегімен) пайдалану неғұрлым сенімді жіне еңбек көлемі аз жұмсалады. Күйлеген аналықтарды таңдауды танертен ерте бастайды. Оған дейін сынақшыларды екі үш топқа бөледі, 180-200 м2 аумақтағы қоршауларға 150-200 бастан топтап қоймайды ды оларға күйлегендерді анықтау үшін 2-3 бас сынақшылар жіберіледі. Күйге келген саулық сынақшы қошқар секіргенде қашпай тұрады. Күйге келмеген саулықтарды үшінші қоршауға (300 м2 ) қамап орнына малдардың жаңа тобын енгізеді. Осылай бүкіл табынды тексеріп біткенше қайталайды. Бірінші топ сынақшыларының аналықтарды таңдап төмендей бастағанда оларды келесілерімен алмастырады. Күйге келген қойларды таңдауды екі мезгіл таңертең және кешкі уақытта жүргәзуге болады. Таңдау аяқталған соң, сынақшыларды табыннан шығарады да күйге келген саулықтарды ұрықтандыру пунктіне алып кетеді. Табынды жайылымды жібереді, ал малды қорада ұстау кезінде азықтандыру базына қояды. Күйге келген аналықтарды таңдау - ауырда қажырлы жұмыс. Сондықтан еңбекті жеңілдету үшін сынақшыларды таңбалауышпен де пайдаланады. Таңбалауыш ретінде қаңылтырдан жасалған 50 х 20 мм көлемдегі арнайы құралды пайдаланады. Құралға дәл сондай көлемде оқ салынады. Оқ 15-20 бояудан тұрады, ол 5-8 күндік жұмысқа жеткілікті бояу біткеннен кейін қайта толтырылады немесе ауыстырылады. Күйге келген аналықтарды таңдауды сынақшы таңбалағыштармен келесідей жүргізеді: әрбір саулық табынына 10-12 вазэктомиоланған қошқар - таңбалағыштарды бекітеді. Шағылыстыру уақытында оларды екі топқа бөліп, табынға кезекпен жібереді. Олар күйге келген аналықтарға секіру кезінде жүндеріне бүлдірмейтін бояумен таңба қалдырады. Танертен қойшылар саулықтарды өткелек арқылы шығарып барлық таңбаланған саулықтарды ұрықтандыруға қалдырады. Аналықтарды таңдау аяқтала салысымен күніне бір немесе екі рет, таңертен немесе кешке ұрықтандырады. Ұрықтандырудан кейін де, бір тәуліктен артық күйлеген саулықтарды қайтадан таңдап ұрықтандырады (8.1.2. сурет). 8.1.2 сурет. Жатыр мойнына ұрықты кататер көмегімен енгізу Қолдан ұрықтануды 35-40 күн жүргізеді, одан кейін табынға қошқарларды еркін шағылыстыру үшін 20 күнге жібереді. Ол үшін қошқарларды 2 топқа бөледі, олар шағылысқа күнара жіберіледі немесе бірінші топты күндіз, екіншісін - түнде пайдаланады. Демеалыстағы қошқарларды жақсы күтім мен азықпен қамтамасыз ету қажет. Бір орында ұрықтандыратын мал басы өте көп мөлшерде (4-6 табын) болған жағдайда, ұрықтандырудың циклдік түрін пайдалануға болады. Егер бес немесе алты аналық табын және төлдеуге арналған екі жылы қора жай бір аумақта болса, циклдік ұйымдастыруды келесідей ұйымдастырылады. Күн сайын барлық отардан күйге келген аналықтарды таңдап алады да, ұрықтандырады және олардан ұрықтанған саулықтар табынын жасақтайды. Егер табын 750 саулықтан тұру керек болса, бастапқыда ол 850 - 900 бас болады, ал қалған кейінгі күйлеген 20 - 25% саулықтар басқа табындарға жіберіледі. Бірінші табынның жасақталуына 5-6 күн қажет. Екінші табын (жылыланған екі қораны алғанда) біріншіден кейін үзіліссіз жасақталады. Екі табын толықтай жасақталғаннан соң, шағылыстыру 2-3 аптаға үзіледі. Ұрықтандырудағы бұл үзіліс, ұрықтанудың бірінші циклындағы саулықтар мен олардың 2-3 апталық қозыларын жылы қорадан арнайы төл алуға жабдықталған қораларға ауыстыру үшін жасалады. Босатылған жылы қораларды ұрықтандырудың екінші циклындағы буаз саулықтарды қабылдау үшін тазалап, дезинфекциялайды. Ұрықтанудың екінші немесе үшінші цикл табындарын да, дәл біріншідегідей жасақтайды. Ұрықтану басталғанына 12 күн өткеннен кейін аналық тобына немесе табынына қайта күйге келген аналықтарды анықтау үшін сынақшылар жіберіледі. 15- дәріс.Қой малдарын күтіп - бағу мен азықтандыру 1. Қой малдарын күтіп - бағу 2. Қой малдарын азықтандыру 1. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрлыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі. Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырған қозылар) шошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп-бағылады: 1. Тұрғызып қолда ұстап күтіп-бағу жүйесі - көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы-жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады. 2. Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту - жылдың жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0,4 - 0,5 м. және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі. 3. Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап күту, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада қолда тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жүқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады. 4. Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі. Осы жүйелердің ерекшеліктерімен байланыстыра оты - рып қой-ешкілерге арнап қоралар мен баздар салынады. Оларды "Технологиялық жобалау норма" мен "Құрылыс нормасы және ережелеріне" (СНиП) сәйкестіріп салады. Қой шаруашылығының объектілерін жобалау кезінде олардағы технологиялық процесстерге бөгет болмайтын санитарлық малдәрігерлік және өрттен сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп бірі мен бірін біріктіруге рұқсат етіледі. Ондай қоралардың размерлері ферма бағыты, ұстау тәсіліне байланысты төмендегі кестеде келтірілген.Кесте 1- Қоралардың размерлері Малдар тобы Қоралар және малдарды орналастыру тәсілдері Бір басқа шаққандағы ферма размері, м.кв товарлы тұқымды 1 2 3 4 Қошқарлар:а) Негізгі аталыққошқарлар Қошқар қоралары немессе жасанды ұрықтандыру пунктіЖекелеме клеткада 3 4 б) Ремонтты немесебайқау (тексеру) қошқарлар Топты клеткада немесе секцияда 2,0 - Қой қоралар: а) Қозылы аналық қыста, ерте жазғытұры қоздату кезінде Секцияда 1,8 2,0 б) Қозылы аналықтыжазғытуры қоздату кезінде Секцияда 1,0-1,2 1,2-1,4 Тұсақ қойлар мен ремонттағы жас тоқтылар Қораларда 0,8-1,0 0,9-1,6 Ісек қойлар Қораларда 0,8-0,9 - 9.2. Қой қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларды өндірістік зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады.Қыста қоздайтын аналық қойларға жобаланған қоралардың бір басынан тұтас, төбеге жететін қабырғамен бөліп, қой қоздайтын және қозы алатын бөлме (төлүйшік) қаралып, қой қоздайтын бөлігінде биіктігі 50-60 см, ауданы 2,0 - 2,5 м.кв. шарбақтан аналық пен қозылар үшін секциялар, ал басқа бөлігінде қозылы қойды жекелеп ұстауға арналған клеткалар жасалады. Қой қоздайтын секцияны жылытатын, ал басқа бөлмелер жылытуға жоспарланбайды. Егер қой қора әртүрлі жасты - жынысты қойларға арналған болса оның іші сол мал тобының санына қарай секцияларға бөлініп, ортасына төл үйшікпен ұрықтандыру пунктін орналастырады.Ал қошқар қоралардың планы үш бөліктен түрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырылып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім) жас малдарга арналған секциялар қойылады.Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда және ет-май бағытындағы, каракулді қойларға қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған "катондар" салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0,5 м.кв., ал бір жасқа дейінгі тоқтыларға 0,3-0,4 м.кв. келеді. Қой қоралардың ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қой қоралардың еден бетінен (0,00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1,8 - 2,4 м болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі. бірақ қабырғаның биіктігі 1,2 метрден темен болмауы керек. Қой қоралардың бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөлшектердің беттері (жүн шығыны болмау үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1,0-1,2м.) ескеріледі. 2. Қой шаруашылығы - өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті - жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында - жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ернінің, тістерінің ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдеді. Қойдың тұмсығы ілгері қара бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктегі 3-5 см, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді. Қойдың осы айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым - екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс, талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде туғандығын дәлелдейді. Қой азықтың бір түрімен ұзақ уақыт азықтандыруға төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті мен өнімін, мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді. Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей қалады. Ал ағзаға түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне, өсіп-жетілуіне қажетті процесстерге жұмсалады да, артылса ғана жүннің өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді. Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сұрыпқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе жүндіетті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен шошқа шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті болып түруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді. Межемен азықтандырудың негіздері Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа да көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге назар аудару керек: * мал ағзасындағы зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни азықтандыру нормасы; * азықтандыру рационы; - азықтандыру типі (жүйесі).Азықтандыру межесі Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дүрыс жетілуі үшін олардың ағзасына қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады. Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына, тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген тәуліктік мұқтаждығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған азықтандыру нормаларында малдың азыққа деген мүқтаждығыының жалпы дәрежесі - азық өлшемі, қорытылатын протейн, кальций, фосфор, каротин және микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz