Файл қосу

Өсімдіктер клеткасының құрылысы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
      Жаратылыстану ғылымдары факультеті
                      Биология кафедрасы
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
 <<Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының үлкен практикумы>> пәні бойынша
                      методикалық нұсқау
                                       
                       5В011300 <<Биология>>  




























                              Семей 2013 ж.

Құрастырушы:  биология кафедрасының доценті Карипабева  Н.Ш.










Өсімдік анатомиясы және морфологиясының үлкен практикумы  пәнін оқыту  мақсаты.
1.Студенттерге ботаника оқығанда өте қиын биологиялық мәселелер жөнінде түңғыш рет алғашқы үғымдар беру. Мұндай мәселелер мыналар болып табылады:
А)Организімнің клеткалық құрылысы.
Б)Өсімдіктер тіршілігінің негізгі процестері  -  тыныс алу, қоректену, заттардың екінші түрге айналуы және қозғалуы.
В)Өсімдіктерде органикалық заттардың пайда болуының аса маңызды биокосмикалық процесі, ұрықтану процесі, тіршілік жағдайларының организм дамуына әсер етуі, ауылшаруашылық өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеу.
2. Бірінші  курс студенттері өсімдік дүниесінің сыртқы  ортамен байланысы, карым-катынасын және осыған байланысты өсімдік органдары мен тканьдарында жүретін биологиялық процестерден мағлұмат алады. Өсімдіктердің жеке топтарының құрылысын, көбеюін және  тіршілік еткен орталарын салыстыру арқылы зерттеуге назар аударылады.
3.Теорияльқ курсқа бөлінген сағаттар деңгейінде өсімдіктер дүниесінен студенттерге толық мағлұмат беру мүмкін емес. Ол зертханалық сабақтарда  мүмкіндігінше  толықтырылуы тиіс. Соңдай-ақ зертханалық сабақта сгуденттер өсімдіктерден гербарий жасау, ішкі құрылысын микроскоп аркылы зерттеу үшін кесінділер және   уақытша   препараттар   жасау   техникасын   үйренеді. Мұның болашақ мұғалім үшін мәні өте зор.




ІІІ. Зертханалық жұмыстар ды орындаудағы әдістемелік нұсқау

1-Тақырып. Оптикалық микроскоптар. 
Уақытша препараттар.
Материалдар және қажетті жабдықтар. МБР-1 микроскоптары, зат және жабын айналары, ұстаралар, ұстараларды қарайтын қайрақ және ұстара жанитын қайыс, кез келген өсімдіктің сабағы, кисточка, сурет салуға қажетті құралдар.
Микроскоп.
Биологиялық микроскоп  дегеніміз оптикалық прибор, оның көмегімен қарастырылып отырған обьектіні бірнеше есе үлкейтіп және оның құрылысының аса ұсақ құрамдарын көруге қол жеткізуге болады.
Құрылысы. Микроскоппен танысқанда, оның барлық төмендегі келтірілген бөліктерін тауып, олардың атын, не үшін қажетті екендігін  және құрылысын еске сақтау қажет.
Микроскопты оптикалық және механикалық деп екі системаға бөледі. Оптикалық системаға обьективтер, окулярлар және жарық беретін аспаптар жатады.
Обьектив микроскоптың ең маңызды бөлігі. Ол ішіне линзалар салынған металдан жасалған цилиндр.
Окуляр металдан жасалған цилиндрге бекітілген 2-3 линзадан тұрады. Лупа секілді ол қарайтын обьектінің обьектив түзген, тікелей немесе жалған көрінісін үлкейтілген формада береді.
Жарық беретін аппараттың құрылысы айнадан және иристі диафрагмасы бар конденсордан және зат столшасының астында орнатылған күңгірт айнаның шеңберінен, немесе жарық өткізетін фильтрден тұрады.
Айна жарықты конденсор арқылы өткізу үшін және зат столшасының саңылау обьективке бағыттау үшін қажет. Конденсор арнаулы винттің көмегімен көтерілгенде немесе төмен түскенде өз кезегінде айнадан объектіге берілетін жарықты жинайды немесе шашыратады.Айна мен конденсатордың арасында орналасқан иристі диафрагма объективтің фронтальды линзасының диаметіріне сәйкес жарықтың ағынының диаметрін өзгертіп отыру үшін қажет.			р			
Микроскоптың миханикалық системасы табаннан  микрометрлік механизімді қораптан және микрометрлік винттен, тубус ұстағыштан, револьверден, зат айнасынан тұрады.    
Жұмыс істеудің тәртібі. Микроскоппен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті және операция жүйелілігін сақтап отыру керек.
1.Микроскопты столдың шетіне қойғанда, окуляр сол көздің қарсысында тұратындай болуы керек және жұмысты толық біткенге дейін оны қозғамайды.
2.Диафрагманы барынша ашып, конденсаторды жоғары деңгейге дейін көтереді.
3.8х нөмерлі объективті жұмыс жағдайына келтіреді, яғни оны зат столшасының 1 см-дей қашықтыққа қояды.
4.Сол көзбен окулярға қарап және ойыс айнаны пайдалана отырып жарықты терезеден, объективке бағыттайды және көру аймағына жарық береді.
5.Препарат зат столшасының үстіне қойылады және жанына қарап объективті үлкен винттердің көмегімен обективтің фронтальды линзасымен препараттың арасындағы қашықтық 4-5мм болатындай етіп төмен түсіріледі.
6.Окулярға сол көзімен қарай отырып және үлкен винтті өзіне бұрай отырып, объективті жайлап объектінің құрылысы жақсы көрінгеге дейін көтереді.
7.Препараттың құрылысының таза көрнуіне қол жеткізе  отырып, объективтің фронтальды линзасы қажетті жағдайға келтіреді.
8.Обектінің қандайда бір бөлігін микроскоптың үлкен үлкейткшімен зерттеу үшін, сол бөлікті препаратты қолмен жылжыта отырып көру аясының ортасына қояды. Содан соң револьверді айналдырып 40х нөмерлі объективті жұмыс істеу жағдайына келтіреді.Осыдан кейін микрометрлік винтті пайдалана отырып объекттің көрінісінің тазалығына көз жеткізеді.
 9.Үлкен үлкейткішті объективті пайдалану кезінде препаратты тек столшаны қозғалтуға арналған тетіктің көмегімен ғана жылжытуға болады.
10.Үлкен үлкейткішпен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін,револьверді бұрай отырып,микроскопты кіші үлкейткішке келтіреді, тек осыдан кейін барып препаратты алады.
Уақытша препараттар
Уақытша препараттар жасағанда қарастырылатын объектіні,зат айнасының үстіне тамызған судың, глицериннің, реактивтің немесе бояғыш заттың ерітіндісінің үстіне салады да, бетіне жабын айнасымен жабады.
Уақытша препараттар жасғанда,жұмыстың мынандай жүйелілігін сақтау керек.
1.Зат айнасы мен жабын айнасын тазалап жуып, сүрту керек.
2.Зерттейтін органның кесіндісін ұстарамен жасайды.
3.Зат айнасының етіне сұйық нәрсе тамызады (судың, глицеринді, реактивтің немесе бояғыштың қоспасын)
4.Ең жұқа кесіндіні таңдап алып, оны зат айнасының үстіндегі су тамшысының бетіне салады.
5.Кесіндіні жабын айнасымен жапқанда, оның астында ауа қалмайтынай етеді. Ол үшін жабын айнасын қырынан екі саусақпен алады, астыңғы қырын сұйық тамшының шетіне тақап әкеледі де, біртіндеп түсіреді.
6.Егер сұйық көп болса, ол жабын айнасының астынан ағып шығады, мұндай артық сұйық арнайы кесіп дайындаған сорғыш қағазбен сорғытып алады. Егер жабын айнасының астында ауамен толтырылған қуыс қалса, қалған ауаны осы сұйықпен ығыстырады.


 2-Тақырып. 

1-жұмыс: Өсімдіктер клеткасының құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер,құрал-жабдықтар:
1.Қатпарлы жуа пияз. 
2.Қарбыз жемісі. 
3.Микраскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 
4.Иодтың иодты калийдегі ерітіндісі.
Тапсырма:
1)пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уакытша препарат дайындау. 
2)Препаратты кіші объективпен қарап,клеткалардың пішініне,орналасуына көңіл аудару.
3)Клетканың құрылысын үлкен объективпен,алдымен бір тамшы суда,одан кейін иодтың калийдегі ерітіндісінде зерттеу.  
4)Қарбыздың жұмсақ етінен препарат дайындап,клеткаларының орналасуына,пішініне коніл аудару. 
5)Алынған өсімдіктердің әрқайсының 1-2 (3-4)клеткасының суретін үлкен етіп салып,клетка қабықшасы,цитоплазма,вакуоль,ядо және ядырошықты белгілеу.
Пияздың шырынды қабыршағы эпидермасының клеткалық құрылысы.
Өсімдіктер клеткасының құрылысын зерттеу үшін қолайлы объектінің бірі күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген пияз.Пиязды сыртқы құрғақ қабыршақтарынан тазалаймыз.Шырынды қабыршағының кішірек бөлігін сол қолымыздың саусақтарымен қысып тұрып,оның дөнес жағынан пинцет немесе сапты иненің көмегімен эпидермасын жарақтамай сыдырып аламыз,сырт жағымен жоғары қаратып,зат әйнегіндегі бір тамшы суға салып,жабық әйнегімен жауып,препарат дайындаймыз.Микроскоптан эпидерманың клеткааралық қуыстарының болмайтынын,бір-бірімен тығыз тіркесіп жатқан байланысты тірі клеткалардан тұратынын көреміз.Үлкен объективке ауыстырып қарағанда клетка құрылысы анық көрінеді.Клетканың бірден көзге түсетін бөлігі-оның сыртын жауып тұрған қабықшасы.Қабықшаның әр жерәнде  ойыс болып келген жұқа бөлімдер көрінеді,олар поралар.Жеке клеткалардың құрамында пішіні дөңгелек,бәр немесе екі ядрошығы бар ірі ядроны,майда түйіршікті цитоплазманы байқауға болады.            Клетканың құрамды бөліктерін бұданда анық көру үшін препаратқа йодтың йодты калийдегі ерітіндісімен әсер етеміз.Оның нәтежесіндецитоплазма белогі сары түске,ал ядро белогі қою сары түске боялады.Вакуольдер ашық түсті дақтар болып көрініп,клетка қабықшасы түссіз қалпында қалады.



2-Жұмыс. Клетка қабықшасы.
Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал жабдықтар:
1.Аспидистра жапырағы.
2.Қарағайдың бірнеше күн бұрын суда 4-6 сағат қайнатылып, глицерин мен спирттің бірдей мөлшердегі қоспасына салынып қойылған майда бөлшектері.
3.Реактивтер: флороглюцин, тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы, глицерин. 
Тапсырма:
1.Аспидистра жапырағының эпидермасын бір тамшы глицеринге салып, препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен обьективпен қарап, клетка қабрғасының құрылысын зерттеу. Клетканың бүйірлік  жоғарғы және төменгі қабырғаларындағы пораларды табу.
3.Қарағай сүрегінің  радиальді және тангентальды кесінділерінен препарат дайындау.
4.Клетка қабырғасының құрылысымен танысып, жиекті пораларды табу.
5.Қаралған обьектілердің әрқайсысының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
Аспидистра жапырағының эпидермасы және қарағай сүрегінің клеткаларының құрылысы.
Тірі немесе спиртте нықтандырылған аспидистра жапырағынан жіңішке таспа тәрізді жолақты кесіп алып, сол қолдың сұқ саусағына жапырақ тақтасының астыңғы бетін  жоғары қаратып ораймыз. Содан соң эпидермадан жұқа кесінді дайындап, зат әйнегіндегі бір тамшы глицеринде препарат дайындаймыз. Микроскоптың кіші обьективімен кесіндінің клеткалары бір ғана қатар болып орналасқан жерін тауып аламыз. Эпидерма жапырақтың ұзына бағытында созылып орналасқан тірі клеткалардан тұрады. Үлкен обьективте алдымен бүйірлік  қабырғаларға көңіл аударамыз. Екі клетканың қосылған жерінде  тұтас жіңішке күңгірт  сызық көрінеді. Бұл  -  аралық тақта және оған жанаса жатқан клеткалардың  алғашқы қабықшасы. Аралық тақтадан клетканың ішіне қарай қалың соңғы қабықша орналасқан. Соңғы қабықшада поралардың каналы көзге түседі. Кесіндіні бүйір жағынан қараған кезде жай поралар осылай көрінеді. Бұдан кейін микрометрендік винтті пайдаланып, клетканың  жоғарғы және төменгі қабырғасын қараймыз. Олардағы жай поралардың пішіні дөңгелек денелер тәрізді шашырап орналасады


3-Тақырып: Пластидтер.
Сабаққа қажетті объектілер,құрал- жабдықтар:
1.Виргин традесканциясы. 
2.Итмұрын раушангүлі,қызыл бұрыш,алқызыл долана және ас қызанақ піскен жас         жемісі немесе  2-3 проценттік формалин ерітіндісінде нықтандырылған жемісі.
3.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1.Традесканция жапырағының астыңғы эпидермасынан препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен объективпен қарап,эпидерманың клетка құрылысына,ондағы лейкопластардың орналасуы мен реніне бақылау жүргізу.
3.Екі-үш клеткасының суреттерін салып,устьице аппараттарының жанаспалы клеткаларындағы хлоропластарды, қосалқы клеткалар мен эпидерма клеткаларындағы ядро және лейкопластарды, цитоплазма шұбырндыларын белгілеу.
4.Итмұрын, шетен, долана, қызыл бұрыш немесе қызанақтың піскен жемістерінің жұмсақ етінен уақытша препараттар дайындау.
5.Микроскоптың үлкен обьективінен қарап, хромопластар пішіндерінің, реңінің алуан түрлілігіне көңіл аудару.
6.Өсімдіктердің әр түрінің жемістерінен бір-екі клетканың суретін салып, белгілерін жасау. Хромопластарға табиғи рең беріп,тиісті түсті қарындаштармен бояу.
7.Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару. 

4-Тақырып: Клеткадағы туынды заттар және кристалдар.

1-жұмыс:Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымындағы қор заттары.
Сабаққа қажетті обьектілер,құралдар:
1.Картоп түйнегі.
2.Алдын ала ылғалдап қойған бидай, сұлы дәндері және егістік асбұршақтың тұқымы.
3.Йодты калийдегі әлсіз ертіндісі, глицерин.
4.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 
Тапсырма:
1.Картоп түйнегі, бидай, сұлы дәндері және асбұршақ тұқымынан уақытша препараттар дайындау.
2.Препараттағы крахмал дәндеріне йодтың йодты калийдегі ертіндісімен әсер етіп, реңінің өзгеруін байқау.
3.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарап, крахмал дәндері түрлерінің пайда болуына және жоғарыда аталған дақыл крахмал дәндерінің бір-біріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл аудару. 
Алғашқы крахмал фотосинтез өнімдерінен хлоропластарда майда  түйіршектер түрінде пайда болады. Алғашқы крахмал ферменттердің әсерінен қантқа айналып, жапырақтан басқа мүшелерге жылжиды, крахмалдың түрлерін түзуге қатынасады немесе қорға жиналады.
Қорға  жиналған крахмалды картоп түйнегінен көру үшін, оны тазалап жуып, сүрту қажет. Одан кейін түйнектен көлемі сол қолдың  үш саусағына қысып ұстауға келерліктей, пішіні төрт бұрышты кесінді дайындаймыз. Кесіндінің тоз қабатынсыз таза бетінде бір-екі тамшы таза су тамызып, қандауырдың ұшымен немесе сапты инені көлбеу ұстап тұрып, еземіз. Пайда болған ақшыл сұйықтықтан уақытша препарат дайындап, алдымен микроскоптың  кіші, одан кейін үлкен обьективімен қараймыз. Сонда көлемі әр түрлі, пішіндері сопақша және жұмыртқа тәрізді эксцетрлі қабаттардан тұратын мөлдір крахмал дәндерін көреміз.
Сұлының крахмал дәндерін зерттеу үшін, оның бірнеше дәнін суға салып бөрттіру керек. Бөрткен тұқымның эндоспермінен сапты иненің ұшымен шамалап алып, уақытша препарат дайындап, микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде көп қырлы бірнеше майда крахмал дәндерінен тұратын ірі пішінді, сопақша келген күрделі крахмал дәндері көрінеді. Сол сияқты препаратта күрделі крахмал дәндерінің бұзылуынан пайда болған жай  крахмал дәндері немесе олардың кішігірім топтары көрінед. Сұлының крахмал дәндерінде картопағы сияқты қабатылық байқалмайды.
Бидайдың крахмал дәндерін бидай ұнынан немесе бидайдың бөрттірілген дәнінен препарат жасап, қарауға болады.Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қараған кезде пішіні дөңгелек және сопақтау келген, көлемі екі түрлі крахмал дәндері көрінеді. Оның бірі әзер байқалатын концентрлі ірі қабатты, екіншілері өте майда, қабаттары байқалмайтын крахмал дәндері. Жоғарыда келтірілгендей, әрбір өсімдіктің крахмал дәндерінің өздеріне тән ерекшеліктері барын байқауға болады.
Егістік асбұршақтың спиртте нықтандырылған, толық пісіп жетілмеген немесе сабаққа дейін 12-24 сағат суға салып жібітіп қойылған піскен тұқымдарының қабығын сыдырып алып тастап, ұстарамен одан бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз. Кесінділерді сапты иненің көмегімен зат әйнегінде оған дейін дайындап қойылған йодтың йодты калийдегі ертіндісі қосылған глицеринге саламыз. Микроскоптың кіші обьективімен қарап отырып кесіндіден клеткалардың жұқа қабат түзіп жатқан жерін табамыз. Ал микроскоптың үлкен обьективімен қабырғалары едәуір қалыңдаған, пішіні дөңгелектеу келген клеткалар мен бірнеше клеткалардың байланысқан жерлеріндегі клеткааралық кеңістіктер жақсы көрінеді. Клеткалардың іші сопақтау келген ірі, ортасында ұзынша сызаты бар крахмал дәндерімен және олардың арасындағы майда, пішіні дән тәрізді алейрон дәндерімен толып тұрады. Йод ертіндісінің әсерінен крахмал дәндері көк, ал алейрон - ашық сары түске боялады.


2-жұмыс:Алейрон дәндері және май.
Сабаққа қажетті обьектілер, құралдар:
1.Спиртпен эфирдің қоспасында ұзақ уақыт ұсталған үпілмәлік тұқымы.
2.Реактивтер: йодтың йодты калийдегі ертіндісі, судан ІІІ, қанттың қанықан ертіндісі.
3.<<Өсімдіктер клеткасының құрылысы>> кинофильмінің <<Қор заттары>> деген үзіндісі. 
Тапсырма:
1.Үпілмәлік тұқымының жұқа кесіндісінен иодтың иодты  калийдегі ертіндісі мен қаныққан қант ертіндісі қоспасының бір тамшысында препарат дайындау.
2.Препаратты үлкен обьективпен қарап, күрделі алейрон дәндерінің құрылысын байқау.
3.Бір-екі клетканың суретін үлкейтіп салып, күрделі алейрон дәндерінің қабықшасын, кристаллит, глабоид және аморфты белок массаларын белгілеу. 
4.Үпілмәлік тұқымынан судан ІІІ  -  бояғыш реактивінде препарат дайындап, ондағы май тамшыларын көріп, суретін салу.
Үпілмәлік майлы өсімдіктерге жатады. Тұқымының эндосперімінде қор ретінде май және көп мөлшерде белок жиралады. Үпілмәлік тұқымындағы күрделі алейрон дәндерін көру үшін тұқымының эндосперімінен бірнеше жұқа кесінділер дайындаймыз.Кесінділердің ең жұқаларын дайындап, алдын ала зат әйнегіне тамызылған иодтың иодты калийдегі ертіндісімен қаныққан қант ертіндісінің қоспа тамшысына саламыз. Иодтың әсерінен белок сары түске боялады. Қанттың қаныққан ертіндісі алейрон дәндерінің ісініп, кристалл тәрізді пішінін өзгертуін баяулатады.
Препаратты микроскоптың үлкен обьективімен қарағанда әрбір күрделі алейрон дәнінде бір немесе екі көп қырлы қою жылтыр, сары түсті белоктың кристалиттері көрінеді. Дәннің жіңішкелеу бөлігінен жеке дара, сирек жағдайда бірнешеу болып келетін түссіз, дөңгелек денелерді көреміз. Олар - галоидтар. Кристалиттер мен глобоидтарды аморфты белок қоршап тұрады.
Үпілмәлік тұқымының эндосперімінен май тамшыларын көру үшін, одан жұқа кесінділер жасап, зат әйнегіндегі бір тамшы судан  -  ІІІ бояғыш реактивіне салып, препарат дайындаймыз. Май тамшылары клеткалардан кесіндінің шетіне шығу үшін препаратты екі саусақтың арасына қойып ептеп қысу қажет. Сонда май тамшылары судан  -  ІІІ бояғышын бойына сіңіріп, қызыл сары түске боялады.

3-жұмыс:Жер алмұрты түйнегінің клеткаларындағы инулин.
Сабаққа қажетті материалдар:  жер алмұрты түйнектерінің 7-10 күн бойы 96 проценттік спиртке салып қойылған бөшектері, глицерин.
Тапсырма: 
1.Жер алмұрты түйнегінің  жұқа кесіндісінен бір тамшы глицеринде препарат дайындау.
2.Микроскоптың кіші обьективінде кесіндінің инулин сферокристалдары бар жұқа жерін тауып, оны үлкен обьективпен қарау.
3.Жер алмұрты түйнегінің сферокристалдар бар бірнеше клеткаларының суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
Инулин (С6Н10О5)  -  полисахарид. Ол күрделі гүлділер тұқымдасы өкілдерінің  (жер алмұрты, нарғызгүл, цикорий, андыз т.б.) жер асты мүшелерінің клетка шырынында коллойдты ертінді түрінде болады.
Алдын ала 96 проценттік спиртке салып, қойылған жер алмұрты түйнегінің жұқа кесінділерінен бір тамшы глицеринде препарат дайындаймыз. Спирттің клеткаларды сусыздандыруынан көптеген ине тәрізді кристалдардан пішіндері дөңгелекше келген сферокристалдар пайда болады. Кейде сферокристалдардағы шеңбер тәрізді қабаттар және радиальды сызаттар жақсы көрінеді. Бір клеткада бірнеше сферокриталл кездесуі мүмкін.
Егер препараттағы глицеринді жылы сумен ауыстырсақ, сферокриталдар көрінбей кетеді, өйткені инулин суда жақсы ериді. 

4-жұмыс:Қымыздық қышқыл кальций кристалдары.
Сабаққа  қажетті обьектілер, құралдар:
1.Пияздың суда қайнатылып,одан кейін глицериннің судағы ертіндісінде 10-15 күн ұсталған, құрғақ қабыршықтары.
2.Бегония жапырағының сабағы.
3.Жүзімнің сабағы және жапырағының сағағы.
4.Глицерин.
5.Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Тапсырма:
1. Пияздың құрғақ қабыршағынан препарат дайындап, одан дара, қосарланған таяқша және крест тәрізді кристалдарды көру.
2.Бегония жапырағының сағағынан препарат дайындап, друздар бар клеткаларды тауып қарау.
3.Жүзімнің сабағынан немесе  жапырақ  сағағынан препарат дайындап, ине тәрізді кристалдардың тобын - рафидтерді табу.
4.Жоғарыда аталған өсімдіктердің 2-3  клеткасының суретін салып, кристалдардың түрлерін белгілеу.
5.Клеткалардың тіршілік әрекеттерінің зиянды өнімдерінің бірі - қымыздық қышқылы. Өсімдіктер одан кальций иондарының көмегімен ғана арылады. Қымыздық қышқыл кальций өсімдіктердің  жуашықтарының өлі қабыршақтарында, ағаштар қабығында, жапырағында, пішіні алуан түрлі кристалдар түрінде кездеседі.
Пияздың құрғақ қабыршағындағы кристалдарды қарау үшін бірнеше күн спиртте немесе спирт пен глицериннің қоспасында ұсталған пияз жуашығының майдалап, кесілген құрғақ қабыршақтарының азғантай бөлігінен препарат дайындап, микроскоптың  алдымен кіші, одан кейін үлкен обьективімен қараймыз. Қабыршақтар ұзынша келген өлі клеткалардың қабаттарынан тұрады. Клеткаларда бір - бірден, екі - екіден бірігіп немесе айқыш - ұйқыш тұтасып кеткен.Түссіз призма тәрізді кристалдар жақсы көрінеді.
Қымыздық қышқылы кальцийдің кең тараған кристалдарының бірі друздар көптеген кристалдардың өсінділерінен пайда болады. Друздарды бөлме өсімдігі бегонияның түрлерінен көру қолайлы. Ол үшін бегонияның  жапырақ сағағынан бірнеше жұқа кесінді жасап, бір тамшы глицериннен препарат дайындаймыз. Препаратты микроскоппен қарағанда цитоплазмасы клетка қабырғаларына таяу орналасқан жұқа қабықты тірі паренхималық клеткалар, клеткаларда хлорофилл дәндері, лейкопластар және вакуоль көрінеді. Вакуольдерде қымыздық қышқыл кальций шөгіділерінен пайда  болған жеке ромбоэдр пішінді кристалдар және друздар кездеседі.
Клетка ішіндегі бір біріне параллель, тығыз топ түзіп орналасқан, жіңішке ұзын ине тәрізді кристалдар  -  рафидтер деп аталады. Рафидтері бар клеткалар ұзына бойына созылыңқы басқа клеткалардан ірі болып келеді.
Рафидтерді көру үшін қырлышөп тамырсабағынан, жүзімнің ескі жапырақтарының сағағынан немесе бір жылдық сабағынан жұқа көлденең кесінділер дайындап, бір тамшы суда немесе глицеринде препарат дайындаймыз.Препаратты микроскоп арқылы қарағанда тірі паренхималық клеткалардағы рафидтерді, клетканың ядросын, цитоплазмасын, лейкопластарды және вакуольдерді көреміз. 
  
5 жұмыс. Қорлық крахмал
Қарастыратын материалдар.Карпоптың түйнегі,алдын ала суға жібітілген бидайдың,жүгерінің,сұлының,күріштің дәндері,грешка немесе бірнеше өсімдіктердің түрлерінің кркхмал дәндерінің қоспасынан алынған ұн.
Карпоптың түйнегінің кішкентай бөлігін кесіп алып,оны зат айнасының бетіне сүйкейді де,үстіне бір тамшы су тамызады.Бұл жағдайда бүлінген клеткалардан крахмал дәндері суға жүзіп шығады.Оны кальций иоды бояйды.Осы ташының бетін абын айнасымен жабады да,алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен,содан соң үлкен үлкейткішімен қарастырады.Микроскоппен қарағанда сопақтау және жұмыртқа тәрізді қара-көк эксцентрлік қабтар бар крахмал дәндеі жақсы крінеді.Карпоптың көптеген қарапайым крахмал дәндерінің арасынан,сиректе болса күрделі және жартылай күрделі дәндерді кездестіруге болады.Бірнеше крахмал дәндерін суретке салып белгілейді.

                        5-тақырып.Ұлпалар
                                       
1-жұмыс. Алғашқы түзуші ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Сужапырақ өсімдігі. 2. Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлоралгидрат. Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұйығы, анлин көгі. 4. Перпараттар жасу үшін қажетті лабаратоиялық құрал- жабдықтар.
     Тапсырма: 
1. Сужапырақ өркеннің бой коусын жас жапырақтардан тазарту, одан даяр препарат дайындау. 
2. Осы препараттан бой конусының төбе меристемасы қабаттарының (    дерматоген, периблема, плерома) орналасу ерекшеліктерін зеттеу. 
3. Зеттеу барысында қабаттардағы клеткалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару. 
4. Тамыр меристемасын бидай немесе пияз тамырларының бой конусынан жасалған дайын препараттардан қарау.
5. Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.
6. Қысқаша қортынды.
   
 2-жұмыс. Өркеннің бой конусы. 
Лабораторияда өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін сужапырақ өсімдігін аламыз. Өсіп тұрған сужапырақ өсімдігі өркеннің бой конусынан даяр препарат жасалады. Жасалған препараттан төбе меристемасының бір-біріне  тығыз орналасқан ірі ядролары, көлемі изодиаметрлі  ұсақ клеткалары көрінеді. Бой конусын аздап төмендеген жерінде бірнеше төмпешік байқалады. Олар  -  бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.

3-жұмыс. Тамырдың бой конусы.
Өсімдік тамырларының бой конусын бидай немесе жүгері тамырынан даяр препараттан көруге болады. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қараған кезде тамырдың бой конусын оймақ сияқты қаптап тұрады. Оны тамыроймақшасы деп атайды.
Калиптроген клеткаларынан өсімдік сабағындағы дерматоген клеткалары бөлініп щығады да, бұлардан эпиблема деп аталатын алғашқы жабындық ұлпа пайда болады. Бұл пішіндері цилиндр тәрізді, бір клеткадан тұратын эпиблеманың өскіншесі болып табылады. Тамырлардың осы түк өсіп шыққан жерін сору аймағы дейді. 
Промеристемалық клеткалардың екінші ярусы әрі қарай өсе келе периблемаға айналады. Олардан өсімдік тамырының келешектегі алғашқы қабығы шығады. Бой конусының үшінші ярусының клеткалары плеромаға айналады.

6  - тақырып.
1- жұмыс. Алғашқы жабындық ұлпалар және түктер мен қабыршақтар
    Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Жыланқияқтың ( Jris germanica ),  жүгерінің ( Lea mays), қазтамақтың (Pelargonium Zonale ), алманың (Malus domestica), өсірілген немесе нықтандырылған жапырақтары және темекі сабағы (Nicotiana rustica). 2. Реактивтер: хлор  -  цинк - йод, судан 3- флороглюцин және тұз қышқылы.3. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті құрал  -  жабдықтар. 4. Кестелер. 
 Тапсырма.
 1. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасын жүгері, жыланқияк жапырағынан, ал қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын қазтамақ, алма өсімдіктерінің жапырағынан препарат жасап зерттендер. 
2. Осы препараттардан устьице аппаратының құралысын қарандар.
 3. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы мен қос жарнақты өсімдіктер эпидермасының негізгі ұқсастығы мен айырмашылықтарына көңіл бөліңдер. 
4. Картоп, алма, аққұлақ, темекі және қалақай өсімдіктері эпидермасы бетіндегі түктер және жиде қабыршағынан препараттар дайындап, олардың құрылыстары мен түрлеріне көңіл аударындар. 
5. Суреттерін салып тиісті белгілерін жасандар. 

2  - жұмыс. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы дайын препарат. 
Дара жарнақты өсімдіктердің эпидерасын жыланқияқ жапырағынан зерттеуге болады. Егер сындырылған эпидерма тым ұзын болса, оның мөлдір жерінен 5-6 мм-ге дейін кесіп алып, бір тамшы суы бар зат әйнегіне салады да үстіне жабын әйнекпен жабады, содан кейін оны кіші объективпен қарайды. Осы прпаратты йодтың ерітіндісімен бояп (бояудың, жуудың тәртібі  -  өткендегі сабақтардағы сияқты), үлкен объективпен қарағанда цитоплазма мен ядроның қоңырқай тартқаны байқалады, ал жанаспалы клеткаларда болатын хлорофилл дәндерінің ішіндегі ассимиляциялық крахмал дәндері көк түске боялады. Микроскоппен қараған кезде көретініміз: 1) кутикула, ол эпидерманы сырт жағынан қаптап жатады. 2) эпидерма клеткалары барлық жағынан бірдей болып көрінеді. 3) устьицедегі жанспалы клеткалар эпидерманың басқа клеткаларына қарағанда ұсақ, ішінде хлорофилл дәндері бар, әрі өзара беттескен жағындағы клетка қабықшасының керегелері қалың келеді. 

3- жұмыс. Қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасы дайын преперат.
Бұл эпидерманы зерттеу үшін күні бұрын өсірілген қазтамақ, бұршақ жапырақтарының бірі алынады. Қазтамақ жапырағы эпидермасының клетка құрылысында жыланқиятікі сияқты дұрыс пішін болмайда, қабықша керегелері иір иір келеді және устьице саңлауларының барлығы ашық. Себебі жарық сәулесінен жасыл жапырақ клеткаларында фотосинтездің үздіксіз жүруінен глюкозаның жанспалы клеткаларда тургор қысымы пайда болады.

4- жұмыс. Эпидерма бетіндегі түктермен қабыршықтар. Түктер эпидерманың қорғынштық қызмет атқарады.
Аюқұлақтың түктері де өлі келеді, бірақ олардың құрылысы күрделі. Онда саны  2-5 клеткадан тұратын бірінші өсте бір клеткалы бірнеше қатар түктер шоқтанып орналасады. 
Жиденің қабыршағын жапырағының астыңғы бетінен сапты инемен немесе қандауырмен қырып алып қарағанда, оның пішінінің жұлдыз тәрізді екнін көреміз.
Қалақай түгінің құрылысымен танысу үшін препаратты жапырағының астыңғы бетінен жүйке эпидермасын қандауырмен немесе сапты инемен сындырып алып дайындаймыз. Сонда қалақай эпидерамсында болатын жай және бездеуіт түктердің арасынан ірілері көзге түседі.

7-тақырып. Соңғы жабындық ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал -  жабдықтар: 1) Картоп түйнегі, талдың, ырғайдың бір жылдық бұтақтары, қарағай, шырша, қарағаш бұтақтары. 2) Ырғай немесе жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын преператтар: бөтелкенің мүжілмеген тығыны. 3) Реактивтер: хлор-цинк- йод, судан 3, спирт, глицерин. 4) Микроскоп және оған қажетті лабораториялық құрал  -  жабдықтар. 5) Кестелер. 
    Тапсырма:
 1) Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайын, терек т.б сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап, тоз қабатын зерттеу.
2. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау. 
3. Осы жасаған препараттармен қатар емен, қарағай ағаштары сабақтарының көлденең кесінділерінен қыртыты қарау.
4. Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
5. Қысқаша қорытынды.

1- жұмыс. Картоп түйнегінің тоз қабаты.
Микроскоппен қарау барысында картоп түйнегінің сырт жағында орналасқан қоңырқай  -  сарғыш түсті тоз қабаты көрінеді. Ол көрінген  -  феллема.

2- жұмыс. Жөке сабағының тоз қабаты дайын препарат.  
Микроскоптың үлкен объективімен қараса, бірте- бірте пайда болған тоз қабаттары( феллема, феллоген, феллодема) және оның бұтақтарының ішіндегі негізгі бөліктері көрінеді. Олар: 1) қабық бөлігі- түсі сарғыштау келеді де мұның құрамында эпидерма, тоз( пердерма) және аздап тірі ұлпалар болады; 2) ішкі бөлігі  -  мұның түсі бозғылттау, құрлысы ірілі -  ұсақты келіп болып көрінеді. Препаратты үлкен объективпен қарап феллогеннің, феллодерманың, колленхиманың және алғашқы қабықтың клетка қабықшалары күлгін көк түске, кутикула эпидерма клеткалары қабықшасының ішкі керегесі және тоз қабатының сртқы қаббатарының клетка керегелері сарғыш түске, ал тірі клеткалардың протопластары сары түске, крахиал дәндері қара көк немесе көк түске боялғанын көруге болады.


8- тақырып. Механикалық ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Асқабақтың (Cucurbita pepo) немесе қиярдың  ( Cucumis sativus) сабағы, бегония( Begonia rex) жапырағының сабағы. 2. Осы аталған өсңмдіктердің тірі даналары немесе нықтандырылған сабағы, жапырағы және жемісі. 3. Зығыр немесе кендір сабағының көлденеңінен және ұзын бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттар. 4. Хлор- цинк- йод, спиртке ертілген фолроглюцин, тұз қышқылы, суға ерітілген күкірт қышқылы анилин.  5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Кестелер.
    Тапсырма:
1. Бегоня немесе қызылша жапырақтары сағағының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, бұрышты коленхиманы зерттеу.
2. Зығыр немесе кендір сағағының дайын препаратының көлденең және ұзын бойғы  кесіндісінен жасалған дайын препараттан скеренхима талшықтарын көру.
3. Шала піскен алмұрттың жұмсағынан препарат дайындап, қиыршық клеткалар немесе склереиданы табу.
4. Дайындаған препараттардан колленхима, склеренхима және склереида клеткаларының құрылысын зерттеу.
5. Зерттелеген механикалық ұлпалардың  2-3 клеткасының суреттерін салып, белгілерін көрсету.

1- жұмыс. Колленхима.
Колленхиманың клетка қабықшаларының қалындауы барлық өсімдік мүшелерінде бірдей болмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда колленхима клеткалары  үш түрлі болады. Олар: бұрышты колленхима, тақталы колленхима және бұрышты-тақталы колленхима. Бұрышты колленхиманың құрылысына сәйкес изодиаметрлі көп қырлы келеді де, олардың бұрыштары қалыңдап, бұрыштарының екі арасындағы жазық беттері қалындамай (таза клетчатка күйінде) қала береді.

2-жұмыс. Склеренхима. 
Склеренхима клеткаларының дайын препараттарының түзілісімен танысып, оны зерттеу үшін зығыр немесе кендір өсімдігі сабағының көлденеңінен және ұзынынан кесілген тілімдерінен екі түрлі препарат жасалады. Олардың екеуінде флороглюцинмен, тұз қышқылымен немесе күкірт қышқылды анилиннің ерітіндісімен бояймыз. Сонда склеренхима клеткаларының сүректеніп өзгерген қабықшалары күкірт қышқылды анилин әсерінен сарғайып ( флороглюцин мен тұз қышқылының әсерінен ) қызыл күрең түске боялады. Егер препаратты хлор-цинк-йод ерітіндісімен бояса, клетка қабықшасы сарғаяды да, оның ішіндегі крахмал дәндері көк түске енеді.

3-жұмыс. Склереида. 
Склереиданың қиыршық клеткаларының құрылысымен танысу үшін алмұрттың жемісін алуға болады.
Шала піскен алмұрт жемісін пышақпен қақ жарғанда, оның ішкі жұмсақ етінде көптеген бозғылт нүктелер жай көзге де көрінеді. Сол нүктелердің бір екі данасын сапты иненің ұшымен шұқып алып, оны су тамызылған зат әйнегінің үстіне қоямыз да, қандауырдың ұшымен ептеп басып, ондағы клеткаларды бір бірінен ажыратамыз. Ажыраған клеткалардың үстіне бір тамшы тұз қышқылын тамызса, оның біразы алқызыл түске боялып, біразы боялмайды. Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде алқызыл түске боялған склереида сүректеніп кеткенін, ал боялмағандары таза клетчатка қалпында қалған клетка қабырғалары екендігін анық байқаймыз.

9-тақырып.Өткізгіш ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал - жабдықтар: 1. Ақжелек, күнбағыс, қыранот, қияр, асқабақ, тал, үйеңкі, терек, қараған, қытай райхангүлі, т.б. сүректі өсімдіктердің тірі өркені (бұларды сабағынан кесіп алып, ішінен күлгін сия тамызылған суға 6-7 күн бұрын салып, жарық және жылы жерге қойған жөн ). 2. Осы аталған өсімдіктердің тұрақты дайын препараттары. 3. Реактивтер: 10% сода (сілті ) немесе 50% хром қышқылы, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы, хлор-цинк-йод. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.
 Тапсырма:
1. Ақжелек тамырын мацерациялап, олардың түтіктеріндегі және клетка қабырғаларындағы қарапайым, жиекті пораларын қарау.
2. Асқабақ сабағы өткізгіш шоғының кесіндісінен ксилема мен флоэма элементтерін бақылау.
3. Қыранот (орляк ) папоротнигі тамыр сабағының ұзын кесіндісінен сатылы түтіктерді қарау.
4. Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінен жиекті поралы трахеидтерді көру.
5. Ксилема және флоэма элементтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды.

1-жұмыс. Жоғары ағыс жолы (ксилема ) дайын препарат. 
Жоғарғы ағыс жолы түтіктерінің клеткаларымен танысу үшін ақжелек немесе асқабақ сабағынан ұзындығы 2-3 см етіп кесіп алып, оны бірнеше рет тіліп, бұл тілімділерді шыны түтіктің ішіне саламыз. Микроскоппен қараған кезде трахея мен трахеиданың қызыл түске боялған сақиналы, спиральды, баспалдақты, нүктелі (торлы ) т.б. сосудтарын көруге болады.



2-жұмыс.Төменгі ағыс жолы. 
Препаратқа зер салып қараса, оның ішінде қысқарақ сүзгілі түтіктер көрінеді.Бұлар ұштары келте келген паренхималық клеткалар. Сүзгілі түтіктің осы сияқты паренхималық клеткалары тік бағытта орналасып,бір-бірімен өзара ұштасып жалғасады. Екеуінің ұштасқан беттері кәдімгі сүзгінің түбі сияқты, тесік-тесік болып торланып бітеді, сондықтан оның серік клеткалары. Сүзгілі түтік пен серік клеткаларың жанасқан беттерінде поралар болады, солар арқылы сүзгілі түтік пен серік клеткалар бірімен бірі қатынасады. Бір сүзгілі түтіктің серік клеткасының саны екеу не үшеу болуы мүмкін.


10-тақырып.Өткізгіш шоқтар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Жүгерінің (Zea mays) жас сабағы, плаунның ( Lycopodium hioppuris ), сүйелшөптің (Chelidonium majus ) тамырсабақтары. 2. Осы аталған өсімдіктердің дайын препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлор-цинк - йод, флороглюцинерітіндісі, тұз қышқылы, суға ерңтңлген анилин немесе метал көгі, суға ерітілген абсолюттік спирт. 4.Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.
     Тапсырма: 
1. Қырлы шөп (кунена), жүгерінің қара бидай сабақтарының бойлық және көлденең кесінділерінен тұйық коллатеральды шоқты, беде, күнбағыс сабағынан ашық коллатеральды шоқты қарау.
2. Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен биколлатеральды шоқты көру.
3. Плаун сабағы, жыланқияқ тамыр сабағының көлденең кесіндісінен сәулелі (радиальды) шоқты қарау.
4. Інжугүл және аталық папоротник тамыр сабақтарының көлденең кесінділерінен шеңберлі (концентрлі) шоқты қарау.
5. Жоғарыда көрген шоқтардағы өткізгіш ұлпа элементтерінің орналасу ретін анықтау.

1-жұмыс. Коллатералды шоқ.
Коллатералды шоқтың екі түрі бар: тұйық және ашық коллатералды. Прокамбий клеткаларының бөлінуін пайда болған жас клеткалар өзара жіктеле келіп, іш (өзек ) жағындағылары ксилема бөліміне айналып кетеді, бұлардың екі арасында меристемалық қасиетін сақтайтын прокамбий клеткалары қалмайды. Бұл тұйық шоқ деп аталады.
Коллатералды түтік-талшық шоғы типінің екінші бір түрі-ашық коллатералды шоқ.
Прокамбийдің көбінесе тангентальды жолмен бөлініп келіп, оның сырт жағына қарай флоэма бөлімінің элементтері (сүзгілі түтік пен оның серік клеткалары ), ал ішіне қарай ксилема бөлімінің элементтері (түтіктер мен трахеидалар ) ығысып, бұл екі бөлімніңарасында прокамбийдің клеткалары сақталып қалады. Бұл камбий деп аталады.

2-жұмыс. Биколлатералды шоқ.
Биколлатералды шоқ қос жарнақты өсімдіктердің көптеген түрлерінің сабағында бар.
Препаратқа зейін салып қарасақ, ондағы шоқтар бірден көрінеді. Өйткені бұл біркелкі паренхималық клеткалардың ішінде топ топ болып, шоғырланып жатады. Ең алдымен көзге шалынатыны  ксилеманың ірі элементтері түтікшелер. Мұның сырт жақтағы бүйірінде флоэманың екінші тобы орналасқан. Флоэманың бұл екі тобында да сүзгілі түтіктер мен олардың серік клеткалары болады.
Препаратты флороглюцин мен тұз қышықылына салып, оның қай бөлімінің қандай түске боялатындығын анықтап, қорытындысы жасалады.

3- жұмыс. Радиальды немесесәулелі шоқ. 
Радиальды шоқ көбінесе  өсімдіктердің тамырына тән, ол кейбір өсімдіктердің сабақтарында да кездесуі мүмкін,мысалы, платунның сабағынан атбұршақ тамырынан препарат жасауға болады. Препаратты жасау мен оны бояудың тәсілдері коллатералды және биколлатералды шоқтардағы сияқты.
Егер препарат гематоксиленмен болса, ол кезде таза клетка қабықшалары көкшіл күлгін, қалындап, қызыл  күлгін  түске боялады. Препараттардан  клисеманың радиус бойлап, флоэмамен кезектесіп орналасуын байқаймыз.

4-жұмыс. Концентрлі шоқ. 
Даяр препарат. Концентрлі шоқты зерттеу үшін інжугүл немесе қыранот өсімдіктерінің тамырсабақтарын пайдаланамыз,
   Микроскоптың үлкен объективімен қарап, зерттеген кезде концентрлі шоқтың дәл орталығында орналасқан флоэманы және оны айнала қоршап жатқан ксилема бөліктерін көрсетуге болады.


11-тақырып. Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.
 	Сабаққа қажетті объектілер мен құрал  -  жабдықтар: 1. Көрнекі морфологиялық гербарий <<Тамыр және тамыр жүйелерінің типтері>>. 2. Кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris), кәдімгі асқабақ (Cucurbita pepo), жүгері (Zea mays) әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. 3. Тамыр ұшының тұрақты препараты. 4. <<Тамырдың құрылысы және өсуі>> инофильмімен <<Жас тамыр ұшының құрылысы>> деген үзінді келтіру. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару.
 Тапсырма:
1. Көрнекі морфологиялықгербарий, және жүгері, үрмебұршақ, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу.
2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінен дара жарнақтылар мен қосжарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау.
3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарын табу.
4. Тамыр жіне тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін жазу.
5. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке-жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру.

1-жұмыс. Тамыр және тамыр жүйелері. 
Гербарийлерден  студеттер тамырлардыңшығу тегіне қарай тамырлардың: негізгі, жанама және қосалқы түрлерін ажыратады.

2- жұмыс. Дара және қос жарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің жіктелуі. 
Дара жарнақтылардың тамыр жүйесінің жетілуіне бақылау жұмысын жүргізу үшін бидайдың, жүгерінің өскінін алған қолайлы. Петри табақшасының екі бетіне сорғыш қаңаздың дымқыл 2-3 қабатын салып оған жүгері тұқымдарын орналастырып, сабаққа дейін, 5-6 күн бұрын жылы жерге қоямыз.Одан кейін өскіндерді бетін жауып дөңгелек етіп, картон несмесе тығыз жасалған қақпақтармен жабылған стакандарға аударамыз. Әрбір қақпақтың ортасын тесіп, оған өскінді, тұқым және оның өсіп келе жатқан өркен бөлімін суға батпайтындай орналастырамыз.
     Тамыр оймақшасының іш жағында тқбе меристемасынан тұратын бөліну аймағы орналасқан. Бұл аймақ ұзына бой қатар түзеп орналасқан майда изодиаметрлі меристемелық клеткалардан тұрады. Аталмыш аймақта жоғары өсу аймағы жатыр. Өсу аймағының клеткалары көлемін ұзына бойымен созыла ұлғайтқан. Аймақтың орталық күңгірттеу бөлімі -  плерома, ал оның сырт жағындағы ашық бөлімі -  периблема, клеткалардың ең сыртқы қабаты дерматоген деп аталады.

3- жұмыс. Тамырдың анатомиялық құрылысы.
     Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Герман құртқашашы (Jris germanica) немесе кәдімгі қырлы шөп (Poliygonatuv officinale) және кәдімгі асқабақтың(Cucurbita pepo)  жас немесе нықтандырылған тамырлары.2. Осы аталған өсімдіктер тамырларының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. <<Тамырдың құрылысы және өсуі>> деген кинофильм. 4. Флороглюцин және тұз қышқылы, судан -3.  5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.

4-жұмыс. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы. 
Даяр препарат.Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың сору аймағынан қараймыз.
     Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты -  экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады. Қабық паренхимасының орталық қабаты борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады. Қабық орталық цилиндрден бірқатарклеткалардан тұратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.
     Орталық цилиндрдің  сыртқы қабаты  - бірқатар тірі паренхималық клеткалардан тұратын перицикл.
     Орталық цилиндрдің орталық бөлігі радиальды өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.

5-жұмыс. Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.
	Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақталмайды. Камбийдің пайда болып, қызыметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құрылысы соңғы құрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.
     Камбийдің пайда болуына байланысты қзгерістерді үрмебұршақ, асқабақ т.б. қос жарнақтылардың жас тамырларының көлденең кесіндісінен  уақытша немесе тұрақты препарат дайындап көреді.


12- тақырып. Өркен және оның негізгі элементтері
     Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Қандағаш (Alnus), терек (Populus ), алма (Malus), алмұрт (Pyrus), қарағай (Pinus), шырша (Pisea), жөке ағашы (Filia), плаун (Lycopodium), қырықбуын (Eguiselum), арша (Juniperus) өркендерінің өсіп тұрған немесе гербарий даналары, сол сияқты қызыл және қоңыр балдырлардың гербарийі. 2. <<Өркендердің өсуі және дамуы>> кинофильмі. 3. Микроскоп және оны мен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 4. Сызғыш немесе миллиметргебөлінген қағаз, қол лупасы, ұстара, қаңдауыр, сапты ине, екі түсті әйнек.
     Тапсырма: 
1. Серігүл, терек, қандағаш және т.б. сүректі өсімдіктердің бір жылдық жапырақты және жапырақсыз бұтақтарынан өркеннің морфологиялық құрылысын қарастыру. Жапырақты бұтақтардан өркеннің буынын, буын аралығын, төбе және қолтық бүршіктерін, жабын жапырақтары мен жапырақ қолтығын, ал жапырақсыз бұтақтардан жапырақ дағы, жапырақ ізі, бүршік сақинасы және бұйыққан бүршіктерді табу.
2. Көктерек, алма, терек, алмұрт және т.б. сүректі өсімдіктердің ұзарған жіне қысқарған өркендерімен танысу. Олардың еренкшеліктеріне көңіл аудару.
3. Шабдалы, қайың, олеандр,риян, өркендерінен жапырақтың орналасу типтерін қарастыру.
4. Плаун немесе қоңыр балдырлар талломы, арша, қарағай немесе шырша, шие немесе алмұрт, серігүл немесе қара үйеңкі т.б. өсімдіктер өркендерін қарастырып, бұтақтану типтерін ажырату.
5.Бүршіктің құрылысы мен және әр түрлі өсімдік бүршіктерінің орналасуына, атқаратын қызметтеріне байланысты түрлерімен танысу.

1-жұмыс.Сүректі өсімдіктер өркеннің морфологиясы. 
	Сүректі өсімдіктер өркенінің морфологиялық құрылысы әр түрлі ағаштар мен бұталы өсімдіктердің гербарий материалдарын қарастыруға болады.
2-жұмыс. Қысқарған және ұзарған өркендер. 
	Көктерек, алма, алмұрт, терек т.б.сүректі өсімдіктердің қыстық өркендерін пайдаланамыз. Қыста өркендерде жапырақтар мен бүршіктердің орынында жапырақ дағы және бүршік сақинасы қалады, бұлар өркеннің буыны. Сол дақтардың арасын өлшеп ұзарған өркен мен қысқарған өркенді бір-бірінен ажыратамыз. Бір бұтақтың буынаралықтары өте жақын болып келеді, мұндай өркендерді жылына бірнеше миллиметрге ғана ұзарады, копшілік жағдайда бұтақтанбайды. Бұлар қысқарған өркендер.

3-жұмыс. Өркенде жапырақтың орналасуы. 
Өркендегі жапырақ әр түрлі орналасады. Жапырақтың күрделі түрде кезектесіп орналасуын қайың, шабдалы, алмұрт, мойыл т.б. өсімдіктердің жапырақты бұтақтарынан қарап көреміз. Өркеннің өстік айнала серіппе түзе орналасады. Бұларды зерттеу барысында мыналарды анықтау қажет.
1.Тұспа-тұс орналасқан жапырақтарды қосатын ортостиха түзу сызығын жүргізіп, жапырақ циклін анықтау; 2.бір жапырақ цикліндегі серіппенің айналым саны және жоғарыда аталған өсімдіктер жапырақтарының орналасу түрлерін бөлшекпен жазу.  

4-жұмыс. Өркеннің бұтақтануы.  
	Бұтақтанудың көне және түрі дихотомды бұтақтануды қарастыру үшін төменгі сатыдағы талломды өсімдіктерден қызыл және қоңыр балдырлардың, жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден плаунның, кейбір мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділердің гербарий материалдарын пайдаланамыз. Ашаланған бұтақтардың әрқайсында өсу нүктесі пайда болатындықтан, дихотомды бұтақтанатын өсімдіктерде негізгіөс айқын байқалмайды.
    Моноподийлі бұтақтанумен қылқан  жапырақтылардың (қарағай, шырша, самырсын, балқарағай т.б. ), сүректі жабық тұқымдылардың (үйеңкі, емен, шағын, көктерек т.б. ) және шөптесін өсімдіктердің (қызылбас беде, жол желкен, қоңырау гүл т.б. ) гербарий материалдарынан танысамыз.
     Симподийлі бұтақтануды қарастыру үшін жөке, алма, шие, шабдалы және өсімдіктерден картоп, бүлдірген т.б. гербарий маериалдарын пайдалануға болады.Бұл өсімдіктерге тән симподийлі бұтақтануды моноподийлі бұтақтанумен салыстырсақ, оларда негізгі өс емес, алғашқысын соңғылары жалғастырып, сатыланып жетілген бұтақтар жүйесі байқалады.


13- тақырып. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал  -  жабдықтар: 1. Дала практикасы кезінде студенттер құрастырған көрнекі гербарий <<Жапырақ морфологиясы>>. 2. Бөлме өсімдіктері. 3. <<Жапырақтардың құрылысы және алуан түрлілігі>> диапозитиві. 4. Стереомикроскоп, лупалар, сапты инелер.
     Тапсырма:
1. Жапырақ бөліктерімен және жапырақтың сабаққа бекіну тәсілімен танысу.                                                                                                                                         
2.Жай  жапырақтардың пішініне, тақтасының жиегіне қарай алуан түрлі болып келуін, жүйкеленуін қарстыру.
3. Күрделі жапырақ түрлерімен танысу. 
4.Қарастырылған объектілірдің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау. 
5.Тапсырманы орындау барысында тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.

1-жұмыс. Жапырақ бөліктері. 
Лаборатоиялық жұмыстың келесі бөлімі  жапырақтың  сабаққа  бекіну тәсілдерін талдаудан басталады . Бұл бөлімде жоғарыда аталған материалды пайдаланып, студенттер жапырақтың сабаққа бекінуінің  төмендегідей тәсілдерін  ажыратады:
 1.  Сабаққа сағағы арқылы бекінетін сағақты жапырақ. 2. Сағағы жоқ, сабаққа жапырақ тақтасы арқылы бекінетін қондырмалы жапырақ.  қондырмалы жапырақ. 3. Қынапты жапырақ. Қынаптың пайда болуын( негізінен жапырақ тақтасынан) және оның тұйықталмаған және тұйық( жабық) деп аталатын екі түрін бір-бірінен ажырату. Тұйықталмаған қынапта-жапырақ тақтасының негізгі сабақтың буын аралығын жиектері арқылы орап тұрады. Мысалы, мұны қара бидайдан көруге юолады. Ал тұйық қынапта-қынап жиектері бір-бірімен қусыра қйылысып кірігеді де, түтік пайда болады. Бұл арпабас жәнет.б. көптеген астық тұқымдардан байкалады. 4. Қобылы жапырақ өзінің қобысы арқылы бекінеді, мұны балдырған, сасыр жәнет.б. шатытшагүлділерден байқауға болады.5. Сабақты жартылай ораған жапырақ. Сабақ айналымының жапырақ тақтасының негізі арқылы шамамен жартысына дейін орап бекейді (бөдене шөп). 6. Сабақты ораған жапырақ. Мұнда жапырақ тақтасының негізі сабақты айеала толық орайды немесе жиектері арқылы қарама-қарсы бағытқа айқаса еніп барып бекйді(бақша қалуені, парнассия, кәді). 7. Шаншылған жапырақ. Жапырақ тақтасының сабақты ораған негізі қарсы бағытта жиектері арқылы кірігеді, сондықтан сабақ жапырақты жарып өткен немесе жапырақты сабаққа шаншып қойған тәрізіді болып көрінеді (дөңгелек жапырақты володушка). 8. Жанасқан жапырақ. Жапырақ тақтасының созылыңқы келген негізі арқылы сабақтың буын аралығының біраз жеріне дейін жанасып өсіп бекиді (түйе-тікен, батпақ сарықалуені, аю құлақ). 9. Кіріккен жапырақ. Қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ негізінің жиектері өзара кірігеді (жұпар ұшқат).

2-жұмыс. Жапырақ тақтасының морфологиялық ерекшеліктері.
Оқылатын тақырып бойынша1- жұмысты орындау барысында студенттер жапырақтың бөліктері туралы едәуір мәлімет жинайды және жапырақ тақтасының әр түрлілігі туралы хабардар болады. Ендігі жерде сол жұмыстағы гербарийлерді толықтырып, өсіп тұран бөлме өсімдіктері, кестелер және оқу құралындағы суреттерді пайдаланып, оқытушының көмегімен бір-екі жай және күрделі жапырақтарға қолданылған терминалогия бойынша ауызша сипаттама беру керек. Содан кейін студенттер өз бетінше жұмыс жоспарын жасайды. 1. Жай элирс, қандауыр, жұмыртқа, жүрек, жебе, қалқан, бүйрек т.б.) алуан түрлілігі. 2. Бүтін жай жапырақтар тақтасы жиегіндегі кедір-бұдырларының (үшкір тісті, ара тісті,  жұмыр тісті,толқынды ойыс жиекті және т.б.) пішініне қарай да әртүрлі болып келуі. 3. Жапырақ тақтасының ұшы ( доғал, үшкір, сүйірленген, үшкір ұшты, ойыс және т.б.) мен негізінің (дөңгелек, жүрек, бүйрек, жебе, қалқан тәрізді және т.б.)пішіндері. 4.Жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің (телімді, тілімді, бөлімді) мөлшеріне қарай жіктелуі. 5. Жапырақ жүйкелерінің қарапайым (сужапырақ, плаун, самырсын), параллель (жүгері, арпа, сұлы), доға  тәрізді (меруертгүл), қауырсын тәрізді (алма) және саусақ салалы (жүзім, үйенкі) сияқты түрлерімен танысу. Жапырақ тақтасында негізінен астыңғы бетінен) негізгі жүйке мен жүйкенің шеткі тармақтарының мөлшеріне, орналау ерекшеліктеріне көңіл аудару. 6. Күрделі жапырақтар: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделі жапырақтар. Қауырсын күрделі жапырақтың жұп қауырсын күрделі, тақ қауырсын күрделі, екі рет, үш рет жұп қауырсын күрделі, екі рет, үш рет тақ қауырсын күрделі  болып жіктелуі.  

3-жұмыс. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. 
     Даяр препарат. Сабаққа пайдаланатын объектілер мен құрал- жабдықтар: 1.Камелия (Gamellia japonica), барқыт шөп(Hedra helix) немесе фикус(Ficus elastica), селеу (Stipa capillata)немесе жүгері(Zca mays), серігүл(Syringa vulgaris), қарағайдың(Pinus sulvestris)жапырақтары. 2. Жоғарыда аталған өсімдіктер жапырағының көлденең кесіндісінен дайындалған тұрақты препарат. 3. Реактивтер: флорглюцин, тұз қышқылы, глицерин. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар, ұстара.
     Тапсырма:
1. Камелия, барқытшөп немесе фикус жапырақтарының көлденең кесіндісінен қос жарнақтылар жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеу. 
2. Дара жарнақтылар жапырағының анатомиясын жүгері жапырағының көлденең кесіндісінен қарау.
3. Көп жарнақтылар жапырақ анатомиясын қарағай қылқанынан қарастыру.
4. Жапырақтың ішкі құрылысына орта жағдайларының әсерін күн көзінде және көлеңкеде өсетін серігүл жапырағынан көру.
5. Алынған объектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жасау.
6. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауып дайындау.
     Жұмыстың мақсаты -қос жарнақтылар, дара жарнақтылар және көп жарнақтылар жапырағының анатомиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беру. Осы құрылымдық ерекшеліктерді жапырақтың негізгі қызыметтері- фотосинтез, ауа алмасу және транспирация, сол сияқты сыртқы орта жағдайларының әсерімен байланыстыра зерттеу. 
                                       
                                       
                                       
4. БӨЛІМ.Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) орындаудадғы әдістемелік нұсқау.
                                       
№1  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Өсімдік клеткасының құрылысы
Сабақтың мақсаты:  Өсімдік клеткасының құрылысысын білу.
Тапсырмалар: Өсімдік клеткасының құрылысын зерттеу, оқу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба: 
1. Өсімдік клеткасының негізгі бөлімдері.
2.Цитоплазма, оның физикалық қасиеті және субмикроскопиялык, құрылысы, химиялык, құрамы.
3. Цитоплазма органоидтары, олардың ультраструкгуралык, құрылысы және физиологиялық қызметі.
4. Вакуоль, оның түрлері, пайда болуы. Клетка шырыны.
5. Клетка қабығы, оның құрылысы, түрлері.
6. Клетка онтогенезі.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.


№2  СОӨЖ жұмыс. Тақырып:  ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫ.
Сабақтың мақсаты:  Өсімдік ұлпаларын танып білу.
Тапсырмалар:  Өсімдік ұлпаларын зерттеу,  білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба:
1. Меристема ( түзүші үлпа) сипаттамасы, түрлері, демде орналасуы.
2.Жабыңдық, арқаульқ, өткізгіш ұлпалар, олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.
3.Негізгі паренхималық ұлпалар, олардың цитологиялық сипаты, денеде орналасуы.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

№3  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің
морфологиялық  және анатомиялық  құрылысы.
Сабақтың мақсаты:Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің морфологиялық  және анатомиялық  құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: : Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің морфологиялық  және анатомиялық  құрылыстарын зерттеу, оқып білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба:  
1. Тамырдың анатомиялық, морфологиялық құрылысы. Тамырдың түр өзгерістері. 
2.    Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы, түр өзгерістері.
3.    Бүршік және өркен, олардың құрылысы, пайда болуы.
4.    Жапырақтың морфологиялык, және анатомиялық метоморфозасы.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 
Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

№4  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Көбею және даму.
Сабақтың мақсаты:  : Көбею және даму циклдарымен танысу.
 Тапсырмалар: : Көбею және даму циклдарын білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба: 
1. Жыныссыз көбею,оның түрлері.
2. Жынысты кобею.
3.Жоғарғы споралы өсімдікгердің дамуы, ондағы ұрпақтың алмасуы. (ядро фазаларының алмасуы)
4.Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің даму циклі. (спорогенез,гаметогенез)        Ұрпақтың алмасуы.
5.Жабық тұқымды өсімдіктердің дамуы. Гүлдің құрылысы. Спорогенез, Гаметогенез, тозандану, ұрықтану құбылыстары.
6.   Тұқым және жемістің пайда болуы, олардың құрылыс ерекшеліктері.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар.
Қоданылатын әдебиеттер: 
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.


5. БӨЛІМ.Студенттердің  өздік жұмыстарының (СӨЖ) орындаудағы
                     әдістемелік нұсқау.
                                       
№1  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Өсімдік клеткасының құрылысы
Сабақтың мақсаты:  Өсімдік клеткасының құрылысысын білу.
Тапсырмалар: Өсімдік клеткасының құрылысын зерттеу, оқу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба: 
1. Өсімдік клеткасының негізгі бөлімдері.
2.Цитоплазма, оның физикалық қасиеті және субмикроскопиялык, құрылысы, химиялык, құрамы.
3.Цитоплазма органоидтары, олардың ультраструкгуралык, құрылысы және физиологиялық қызметі.
4.    Вакуоль, оның түрлері, пайда болуы. Клетка шырыны.
5.    Клетка қабығы, оның құрылысы, түрлері.
6.    Клетка онтогенезі.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 

Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

№2  СОӨЖ жұмыс. Тақырып:  ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫ.
Сабақтың мақсаты:  Өсімдік ұлпаларын танып білу.
Тапсырмалар:  Өсімдік ұлпаларын зерттеу,  білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба:
1. Меристема ( түзүші үлпа) сипаттамасы, түрлері, демде орналасуы.
2.Жабыңдық, арқаульқ, өткізгіш ұлпалар, олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.
3.Негізгі паренхималық ұлпалар, олардың цитологиялық сипаты,денеде орналасуы.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 

Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.


№3  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің
морфологиялық  және анатомиялық  құрылысы.
Сабақтың мақсаты:   : Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің
морфологиялық  және анатомиялық  құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: : Өсімдіктің  вегетативті дене  мүшелерінің
морфологиялық  және анатомиялық  құрылыстарын зерттеу, оқып білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба: .    
1. Тамырдың анатомиялық, морфологиялық құрылысы. Тамырдың түр өзгерістері. 
2.    Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы, түр өзгерістері.
3.    Бүршік және өркен, олардың құрылысы, пайда болуы.
4.    Жапырақтың морфологиялык, және анатомиялық метоморфозасы.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар, клетка атласы. 

Қоданылатын әдебиеттер:
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

№4  СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Көбею және даму.
Сабақтың мақсаты:  : Көбею және даму циклдарымен танысу.
 Тапсырмалар: : Көбею және даму циклдарын білу.
Есеп беру формасы: тест.
Методикалық  жоба: 
1. Жыныссыз көбею,оның түрлері.
2.   Жынысты кобею.
3.   Жоғарғы споралы өсімдікгердің дамуы, ондағы ұрпақтың алмасуы. (ядро фазаларының алмасуы)
4.   Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің даму циклі. (спорогенез,гаметогенез)        Ұрпақтың алмасуы.
5.   Жабық тұқымды өсімдіктердің дамуы.Гүлдің құрылысы. Спорогенез, Гаметогенез, тозндану,урықтану құбылыстары.
6.   Тұқым және жемістің пайда болуы, олардың құрылыс ерекшеліктері.
Құрал жабдықтар; таблицалар, микропрепараттар.

Қоданылатын әдебиеттер: 
* Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 
* Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
* Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
* Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
* Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
* Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

                                       
                                       
                                       
                 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
                                       
                                       
№
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
Саны
Студент саны
Қамтылу Пайызы,%
1
Агелеуов Е. Ботаника.Өсімдіктер анатомиясы
24
14
100
2
Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
12

90
3
Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
62

100
4
Андреева И.И. Ботаника,2002г.
4


5
Бавтуто Г.А. Учебно-полевая       практика       по ботанике
30


6
Культиасов М.В. Ботаника,1953г.
20


7
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом
68


8
Рейвн П. Современная ботаника, в 2-х т.
4


9
Байтулин И.О. Строение     и     работа     корневой системы, 1987г.
3


10
Агелеуов Е. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы,1988ж. 20
20

100
11
Васильев А.Е. Ботаника,1988г.
20


12
Мусакулов Ботаника(каз)
15

100
13
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік           анатомиясы           мен морфологиясы, 1997г.
10

80

Пәндер