Файл қосу

Жерді суару



                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
            БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3деңгейлі  СМК құжаты
                                   ПОӘК
ОӘКҚ 042-18.21.21/01-2013
                                   ПОӘК
<<Суару мелиорациясы>> пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар
                                       




            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
                        5В080100 <<Агрономия>>
                    мамандығына арналған
                                       
                                       
<<Суару мелиорациясы>> ПӘНІНЕ  АРНАЛҒАНОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                 СЕМЕЙ, 
                                     2013
                                       



                                МАЗМҰНЫ

* Глоссарий
* Дәрістер
* Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
* Курстық жоба және дипломдық жұмыс 
* ОСӨЖ және СӨЖ 
































Дәріс 1

Кіріспе.  Республика табиғи қорлары және оларды тиімді пайдалану. 
* Табиғи қорлар
* Жылу қорлары
* Жер асты суларын тиімді пайдалану
    Тіршіліктің негізі болып саналатын жер, су қорларының жасалуына мемлекет тарапынан жыл сайын күрделі қаржы жұмсалады, сонымен қатар мелиорациялық шаралар мұнымен ұштастырыла жүргізіледі.
Табиғатты қорғау жұмысында ведомстволық көзқарасқа жол берілмеуі керек. Сондықтан бұл проблемаға жинақты және мемлекеттік тұрғыдан қарап, қоршаған ортаны қорғаудың және оны басқарудың барлық жүйесін табандылықпен жақсарту қажет.
Перспективалық жоспарлады жасағанда әртүрлі факторлардың,көп қырлы құбылыстардың байланысын және олардың ауыл шарушылық өндірісін жеделдетуге тигізетін әсерін ескеру керек.
Ауа райы жағдайын есепке алу. Ауа райы-табиғаттың ауыл шаруашылығы үшін ең негізгі факторларының бірі болып саналады. Сондықтан да олар ауыл шаруашылығының ауа райы қоры деп саналып, табиғаттың басқа да қорлары сияқты тиянақты түрде есепке алынып тиімді пайдалануды қажет етеді.
           Жылу қорлары жауын-шашындармен үйлесе отырып ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінің қалыптасуына өте күшті әсер етеді. Ауарайының қолайлы жағдайларын дұрыс пайдалана отырып республикамыздың оңтүстік облыстарының шарушылықтары жүгері және көпжылдық тұқымын өндіруге мамандандырлып, өндірілген тұқым өнімін жылу қорлары жеткіліксіз солтүстікегі шарушылықтарға жібереді.
Оңтүстікте орналасқан шарушылықтарда ауыл шаруашылық дақылдарын қайта себу және аңыздық дақылдар себу кеңінен тараған. Бұл әдісті алғашылардың бірі болып Сарыағаш, Келес және басқа да суармалы егіншілікте бір жерден екі өнім өндіретін Шымкент облысының шаруашылықтары қолданды.
Сөйтіп, республикамыздың солтүстік аудандарында жаңадан суарылатын жерлерді жинақты пайдаланудың озат тәжірибесі оларды жылу қорларының жеткіліксіз және өсу дәуірі қысқа болған жағдайда да тиімді пайдалануға мол мүмкіншіліктердің барлығын дәлелдейді.

       Сондай-ақ республикада суару жүйелерін жобалағанда және олардың құрылыстарын салғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің құралуына желдің де тигізетін зиянды әсерін ескеру қажет. Бұл жүйелерді жобалағанда оларда орман алқаптарын отырғырғызу және басқа суару аймағында желдің күшін кемітетін шараларды қолданған жөн.
       Жер қорлары. Республика жер қорларың тиімді пайдалану проблемасының көлемді міндеттер екені белгілі. Республиканың территориясы 272 млн гектар жерді алып жатыр. Сондықтан, келешекте егістіктің көлемін одан әрі ұлғайту тек суармалы егіншілік негізінде қуаң және шөлей аймақтарды игеру арқылы іске асырылмақшы.
       Республикадағы су қорлары. Республика жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен уақытша су жүретін сай-салалар бар, оның ішінде 228 өзеннің ұзындығы 100 км артығырақ, ал6 өзеннің ұзындығы 1000км жетеді. Жер беті су қорларының территориялық жағынан да біркелкі таралмауы және жыл бойы біркелкі болмауы республика облыстарының сумен қамтамасыз етілу көрсеткішіне әсерін тигізуде.
Қазақстан өзендерінің су жүру режимі жыл бойн біркелкі болмайды және олардың өзгерістері көп жылдар аралығында да кездесіп тұрады. Сондықтан жер беті су қорларын толығырақ пайдалану үшін реттегіш су қоймаларын жасау керек.
Арыс-Түркістан, Нұра-Есіл, Үлкен Алматы және Ертіс-Қарағанды каналының бірінші кезегінің құрылыстары салынып бітті. Ертіс-Қарағанды каналып Жезқазған қаласына жеткізетін екінші кезегінің құрылыстары жүргізіліп жатыр.
Шығыс су шарушылығы ауданы. Бұл ауданға негізінен Алматы және Талдықорған облыстарының территориясы жатады 2000 ж. пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері 38,77 млрд текшеметр шамасында текшеметр шамасында болмақшы.
Оңтүстік су шаруашылығы ауданы. Бұл ауданға Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстары жатады 2000 ж пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері 26,69 пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері.
Батыс су шаруашылық ауданы. Бұл ауданға Орал, Атырау және Маңғыстау облыстары және Ақтөбе облысының батыс жақ бөлігі жатады 2000ж. пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері жылына 9,42 млрд текшеметр.
Орталық су шаруашылық ауданы. Бұл ауданға Қарағанды мен Жезказған облыстарының территориясын және Ақмола, Торғай, Қостанай және Ақтөбе облыстарының бірен-саран жерлерін алып жатыр 2000ж. пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері жылына 5,05 млрд текшеметр шамасында.

Солтүстік су шаруашылық аударны. Бұл ауданға Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері жылына влодар облыстарының бірен-саран территориясы және Қостанай облысы мен Ақмола облысының солтүстікаудандары кіреді пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері жылына 2000 ж. пайдалануға мүмкін болатын су қорының мөлшері жылына 3,12 млрд текшеметер шамасында.
Жоғарыда келтірілген өзендерде бөгендер, гидротехникалық құрылыстар жүйесін, су қоймаларын және басқада құрылыстар салудың нәтижесінде оларда су ағынын реттеп, оны тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады. Дегенмен, Оңтүстік Қазақстан өзендерінің бассейндерінде су балансының қолайсыздау болып отырғаны мәлім.
    Жер асты сулары. Республика және жер қойнауын қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес минералдығы әр литрге 10 грамм шамасасындағы жер асты суларының пайдалануға мүмкін болатын жылдық қоры 41,71 млрд текшеметрге тең оның ішінде минералдығы литріне 1 грамға дейінгі сулар қоры 10,49 млрд текшеметр, ал 3 г/л дейінгісі 26,46 млрд текшеметр шамасында болады.
Еске салатын бір жағдай осы уақытқа дейін жер асты сулары қоры жеткіліксіз пайдаланылып келді. Суды негізгі пайдаланушыларға ауыл шаруашылығы, оның ішінде суармалы егіз шаруашылығы және жайылымдарды суландыру жатады және болашақта да солай болмақшы.
Сонымен қатар су және жер қорлары облыстар арасында және су шаруашылықтары бойынша біркелкі таралмаған.
Республикамызда суарылатын жерлердің осындай біркелкі орналаспауымен бірге суаруға жарайтын жерлердің көлемінің су көздеріне сәйкес болмауы да көптен кездеседі.Үстіміздегі он жыл ішінде өзен суларын реттен және оларды қайта бөлуді қамтамасыз ету негізінде су қорларын толығымен пайдалануға мүмкіндік туғызаты көптеген ірі гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары құрылыстары салынды.
Өзендер суын бассейндер арасында қайта бөлу және оларды суы өте тапшы аудандарда комплексті пайдаланды қамтамасыз ету үшін Ертік-Қарағанды каналының екінші кезегі құрылысын аяқтап, Үлкен Алматы каналының құрылысын да жеделдеткен дұрыс.
Жоғарында көрсетілген арнаулы және көп жылдарға жобаланған су шаруашылық шаралары облыстардағы әрбір жеке су шаруашылықь аудандарының және суару жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлы түрде іске асырылмақшы.

Жоғарыда көрсетілгендей қазіргі кезде Ертік-Қарағанды каналы құрылысының екінші кезегі жүргізілуде, ал оның бірінші кезегі іске қосылып Қазақстанның өндіріс орталығы болып саналатын Қарағанды-Теміртау торабына су беруде.
        Ертік-Қарағанды каналының екінші кезегі құрылыстары салынып болғаннан кейін Жезқазған, Атасу және Шет өндірістік аудандарының өнеркәсіп орындары мен а ауыл шаруашылығын сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік туады. Су қоры өте мол екінші ауданға Алматы және Талдықорған облыстары кіретін Оңтүстік-Шығыс су шаруашылығы жатады. Бұл ауданда құнарлы жерлермен су қорларының молдығы және ауа райының қолайлылығы дәнді дақылдар, көкөніс және малазығы дақылдарын өсіріп, одан тұрақты және мол өнім алуға мүмкіншілік туғызады.
Осы су шаруашылығы ауданындағы Іле-Балқаш су жүйесінің маңызды артериясы болып Іле өзені саналады.
Жоспар бойынша келешкте Талдықорған облысында Қаратал және Көксу өзендері бассейндеріндегі жерлердің көлемі ұлғайтылып, ол үшін суы маусымды реттелетін су қоймасы бар Шанғар гидроторабы негізінен Вабалиян су жүйесі құрылысы салынбақшы.
Дегенмен су қоймалары құрылыстарын салу және жергілікті су қорларын қайта бөлу арқылы суармалы егіншілік шаруашылығы сумен толық қамтамасыз егілмейді, олар тек өзендер суын маусымдық және көпжылдық реттеу арқасында су қорын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады.                     Сондықтан бұл мәселені шешу үшін республикамыздағы жер асты суларының мол қорын толық пайдалану мен суару жұмыстарын ұйымдастырғанда суды тиімді және үнемді пайдаланудың алатын орын зор.
      Суды пайдалану шығынын азайтумен күресу-суармалы егіншіліктің тиімділігін арттырдың негізі шарты болып саналады. Осындай күрделі мәселені шешу суару жүйелерінің ехникалық жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан бұрын салыған және жаңадан салынатын суару жүйелерін техникалық жағынан жетілдіру мәселесіне қатал талаптар қою қажет. 

    Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



Дәріс 2

 Келешекте мал азығы өндірілетін негізгі суармалы аймақтар.
* Негізгі суармалы аймақтар 
* Суармалы желерде жүгері егісі көлемі
* Жүгері дәнін өндіруді өркендетуде суармалы аймақтар
        Қазіргі уақытта республикамыздың суармалы жерлерінде күріш егісі, мақта шаруашылығы, қант қызылшасы, қала маңындағы көкөніс және сүт шаруашылығы және жүзім-жеміз шаруашылығы аймақтары қалыптасқан. Келешекте Ертік өзені өңірінде суару жұмыстарын жеделдету негізінде жемшөп өндіру аймағы да одан әрі дамитыны жобаланып отыр. Әдеттер жемшөп өндіру аймағына жүйелі түрде суарылатын ірі алқаптармен бірге соңғы жылдары барлық облыстар жағдайында кеңінен тарап келе жатқан кіші-гірім жер асты суларымен суарылатын оазистік учаскелер кіреді.
Жемшөп өндіруді одан әрі дамыту жөніндегі шараларда суармалы жерлерде жемшөп өндіруді күрт көбейту, оларда арнаулы агроөндірістік кәсіпорындарын, жемшөп өндіретін комплексті бригадалар және суармалы мәдени жайылымдар ұйымдастыру көзделген. Онда он жыл ішінде суармалы жерлерде өндірілетін барлық мал азығының мөлшерін 1,5 - 1,6 есе арттыру керек екендігі анықталған.
Республикамызда мал басын жемшөппен қамтамысыз ету деңгейін жақсарту жолында оларды тек көлемді азықпен, балғынмен және жемшөппен қамтамасыз етумен бірге астықты жемшөппен де қамтамасыз етудің алатынорын зор. Қазақстанның ауа райының қуаңшылық жағдайында мал азығына пайдаланылатын астықты жемшөп өнімін көбейту үшін суармалы жерлерге егілетін дәнді-бұршақа дақылдар мен дәнге егілетін жүгерінің,күздік арпаның және басқада жемшөп дақылдарының көлемін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Осы мәселе дұрыс шешілгенде республиқаның астық балансы құрамында бидайдың сыбағалы салмағын жоғары мөлшерде сақтауға мүмкіншілік туар еді.
       Келешекте суармалы желерде жүгері егісі көлемі барған сайын ұлғатыла түседі. Олушін колхоздар мен совхоздарда суарға жарамды жерлерді қосымша іріктеп алумен бірге Алматы, Жамбыл және Талдықорған облыстарының ірі суару алқаптарында жүгері өнімін өндіретін арнаулы совхоздарды ұйымдастыру жоспарланын отыр.
Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында сояны сүрлемге егілетін жүгерімен бірге егудегі озат тәжірибе кеңінен қолданылуда. Бұл әдісті қолдану көк массаның мөлшерін ғана молайтып қана қоймай,сондай-ақ оны белок және барлық ауыстыруға болмайтын амин қышқылдарымен байытуға жағдай жасайды.
Жемшөп өндірудің ірі резерві суармалы шабындықтар мен жайылымдар саналады. Жаз бойы оларда құрамында белогы жоғары және өзіндік құны өте төмен мал азығы өндіріледі.

Рсспубликамыздың жемшөп қорын молайтуда көлтабандапа суарудың алатын орны да өте зор.
Ертік өзені бассейнінің Шығыс су шаруашылық ауданына Шығыс Қазақстан, Павлодар, Семей облыстарының Солтүстік бөлегі және Ертік-Қарағанды каналының Қарағанды, Жезқазған және ақмола облыстарындағы аймақтары жатады. Бұл аймақтағы озат шаруашылықтар жер асты сулары негізінде жемшөптен мол өнім өндіріп жүр. Мелиоративтік құрылыстар комплексін салу және оларды толығынан игеру үшін 1,4 млрд сом күрделі қаржы керек екендігі анықталған.
Бесқарағай суару алқабы. Алқаптағы барлық жер қоры 251 мың гектар, оның ішінде егістік жер 38,6 мың га,тыңайған жер 5,7мың га, шабындық 14,5 мың га және106,7 мың га жайылым, Жобаланған жүйелі суару көлемі 80 мың га шамасында. Бұл алқапты ауыл шаруашылық тұрғыдан игеру үшін жаңадан жемшөп өндіретін арнаулы 8 совхоз ұйымдастыру көзделеді,оңын екеуі казіргі ет және сүт өндіруге бағытталған Крвинский және Семияр қой совхоздары негізінде ұйымдастырылмақшы.
Семей қаласында құрылыс мекемелерінің қуатты өндірістік базасы жасалып, алқап құрылысының жеделдетілуі жоспарланып отыр. Ұйымдастырылатын жаңа совхоздар негізінен жемшөп өндіріп, оларды гранулдарға, брикеттерге және құнды аралас жемшөпке өңдейтін болады, сондай-ақ оларда ірі қара мал мен қой төлі өсіп жетілдірілетін және бордақылантын болады. Аймақта өндірілетін барлық жемшөптің 42% жергілікті шаруашылықтарда пайдаланылып, қалған 58% гранулды және брикетті. Алқапта өндірілетін күрделі жемшөптің жалпы аумағы 410 мың тонна болмақ.
Лебяжі суару алқабы. Бұл алқап Павлодар облысы Лебяжі ауданының территориясынан өтетін Ертіс өзенінің оң жағасына орналасқан.
   Павлодар суару алқабы. Бұл алқап Павлодар қаласына жақын жатқан көлемі 45 мың гектар жаңа суару аймағындаұйымдастырылған он шаруашылықтардың жерінде және жаңадан ұйымдастырылатын өте ірі сүт өндіретін комплексі бар совхоз жерінде ұйымдастырылатыны жобаланын отыр.Бұл аймақта мелиорациялық жұмыстардың қажеттігі Павлодар-Екеібастұз территориялық-өндірістік кешендегі қала тұрғындарын азық-түлікпен мүлтіксіз қамтамасыз ету мәселесімен байланысты. Бұл аймақта жемшөп тапшылығы, әсіресе қуаңшылық жылдары жиі кездеседі.
Железнии суару алқабы. Бұл алқан Павлодар облысының Железнии ауданына орналасқан,онда қосымша суарылатын жер көлемі- 10 мың га.Суару жүйесі Солтүстік Қазақстан жағдайында қарақұмық өндірудің өндірістік тәжірибесін жинақтау және жемшөп базасының берік қорын жасау үшін жобалаған. Қарақұмық және жемшөп өндіруге мамандандырылған жаңа бір совхоз ұйымдастырылмақшы.
Талдықорған, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының совхоздары мен колхоздарында жүгері дәнін өндіруді одан әрі молайту үшін қосымша шаралар қолданудың қажет екендігі, осы дақыл егілетін барлық жерлерде оны өсірудің және жинаудың индустриялық технологиясын енгізу керек екендігі қаралған.
    Жүгері дәнін өндіруді өркендетуде Балқаш көлі бассейніндегі, республикамыздағы барлық су қорларының 33% орналасқан, Оң тустік-Шығыс облыстардың табиғаты мен экономикалық жағдайы өте қолайлы болып саналады. Бұл бассейндердегі өзендердің суы мұз бен қар ерігенде пайда болып, жыл бойы ағатын судың 70-90% өсімдіктердің өсіп-өну мезгіліне келетіндігінен, бұл аймақта жүгері суару жұмыстарын жүргізу өте қолайлы болады.
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы негізінде және Үлкен Алматы каналы бойындағы жаңадан суарылатын жерлерде жүгері дәнін өндіретін өте ірі суармалы алқап ұйымдастырылмақшы 70 мың га. Олардың ішінде келешегі молдары мыналар: Қараой 180 мың га, Кербұлақ 83 мың га, Шарын өзеніндегі Бес төбе су қоймасы негізінде ұйымдастырылатын Қарадала 20 мың га алқабы.
Шу өзенінің төменгі ағысында 35 мың гектар суармалы жерді іске қосу негізінде өте ірі жемшөп базасын құру мүмкіншілгі бар. Ал Шымкент облысындағы Арыс өзенінде Березов су қоймасы құрылысын салу арқасында суармалы жер көлемін 17 мың гектарға көбейтуге болады. Қызылорда облысында қайтқан суды пайдалану арқасында Жаңадария және Қуаңдария өзендері алқабында жемшөп базасын жасау үшін жаңа суару учаскелерін ұйымдастыруға болады. Қазірде Сырдария өзенінің бассейнінен қайтқан судың мөлшері 38% шамасында бағаланып отыр.
Төменде жемшөп өндіретін совхоздар үшін жобаланған кейбір суармалы алқаптардың сипаттамасы келтіріледі.
Әшір суару алқабы. Бұл алқапта суарылатын жердің жалпы көлемі 27 мың гектар, оның ішінде қосымша суарылтын жердің көлемі 17,2 мың гектар және суару жүйесі қайтадан құрылатын жер 9,8 мың гектар болмақшы. Жоба бойынша суару жүйесінің барлық каналдардын баурайына темір-бетонды блоктар блоктар төселіп, лотоктар немесе құбырларды кеңінен пайдаланудың арқасында бас каналдың суды пайдалану коэффициенті 0,59-ке жетіп, ал шаруашылықаралық жүйенің бұл көрсеткіші 0,94-ке тең болмақшы.
Жалпы жұмсалатын күрделі қаржы 124,8 млн сом, оның ішінде су құрылыстарын салу үшін-98,3 млн сом, совхоздағы өндірістік құрылыстарын салу ға 11 млн сом жұмсалады.
Қараой суару алқабы. Алқаптағы суармалы жердің көлемі 180 мың гектар, оның ішінде 95 мың гектар жобалаудың бірінші кезеніне жоспарланған. Алқапта ондаған ірі жүгері өсірумен шұғылданатын совхоздары, жүгері дәнін қабылдап және оны өндейтін және шаруашылықаралық сүт өндіретін және қара малды бордақылайтын кешендер ұйымдастыру жобаланып отыр.
Березов су қоймасы. Бұл құрылысты салу мәселесі Арыс өзенінің бассейнінде, жалпы өзен суының молшылығына қарамастан, жаз айларында су тапшылығынан ауыл шарушылығын одан әрі дамытуға мүмкіншілік жоқтығынан көтеріліп отыр.Қазіргі уақытта Шәуілдір және Арыс -Түркістан суару жүйелерінің сулармен суарылып жүр. Сондықтан өзен арнасында салынатын су қоймасының іске қосылуы өзен суын көпжылдық жүйеде реттеп оны жыл бойы дұрыстап бөлу арқасында 17 мың гектарға жуық жерді суаруға және ертеден суарылып келе жатқан жерлерді сумен дұрыс қамтамасыз ету мүмкіншілігі туады.
Алқапты ауыл шарушылық тұрғысынан игергенде жүгері дәнін өндіретін арнаулы совхоздар ұйымдастырумен бірге оларды өңдейтін және сақтайтын кәсіпорындар комплексті түрінде ұйымдастырылған тиімді болады.Барлық су жүйесі комплексін салу үшін жұмсалатын күрделі қаржы су қоймасы құрылысының құнын қосып есептегенде 132,85 млн сом,оның ішінде су құрылыстарының құны-92,07 млн сом болады.
Суару алқабында үш жүгері совхоздары ұйымдастырылуының арқасында 60 мың тоннаға дейін жүгері өндіруге болатындығын жүргізілген есептер дәлелдеп отыр.Қазіргі уақытта жүгері ауыспалы егісі туралы әртүрлі аймақтар үшін және жүгері совхоздарының мөлшері туралы ұсыныстар жоқтың қасы.
    Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001





Дәріс №3  Жерді суару және суландыру.
* Жерді суару 
* Суландыру жүйесі
      Жерді суландыру  ирригация  -  ылғалы жеткіліксіз егін алабына су жеткізу, оның топырақтың өнім өсетін қыртысындағы қорын көбейту шаралары, мелиорацияның бір түрі. Суландыру техникалық, агротехникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралардың кешеніне кіреді. Суландыру алдымен сусыз, су қоры жеткіліксіз не суы қажетке жарамсыз шөл, шөлейт, далалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Суландыруда ең алдымен жергілікті су ресурстары (жер асты сулары, өзен, көл сулары, атмосфералық ылғал) зерттеліп, оларды пайдалану шаралары (құдық қазу, бөгет, тоған салу, суды арықпен ағызу, т.б.) жүргізіледі. Бұл шаралар жеткіліксіз болғанда суды басқа жерден канал, су құбырлары арқылы әкеледі. Суландыруды жүзеге асыру үшін суландыру жүйесін жүргізеді. Суландыру өсірілетін дақылдың вегетациялық кезеңінде топырақта ылғал жетіспеген кезде жүргізіледі, сол арқылы топырақтың су режимін жақсартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға және а. ш. дақылдарының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға болады. Суландыру дұрыс қолданылғанда топырақтағы аэробты құбылыстар күшейеді, соның әсерінен органикалық қалдықтардың ыдырауы тездетіледі. Ылғалды жеткілікті мөлшерде алған жеміс-жидек дақылдары өнімдерінің қанттылығы, ал майлы дақылдардың тұқымдарындағы майдың, қосымша азоттық қорек бергенде бидай дәніндегі белоктың, мақта талшығының сапасы жақсарады. Суландыру құрғақшылық аймақтардағы жерлерді түбегейлі жақсартуға және олардың а. ш. айналымына кіруіне, сондай-ақ ылғалдылығы жеткілікті аудандарда жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
    Суландырудың жүйелі және мерзімді түрлері болады. Жүйелі Суландыру кезінде су егістікке белгіленген уақытта және өсімдіктердің қажетін қамтамасыз ететіндей мөлшерде беріледі. Мерзімді Суландыруда өзен тасыған кезде су қоймалары арқылы егістік және жайылымдық жерлерге су жіберіледі. Көктемде қар суын топыраққа ылғал сіңіру мақсатымен бір рет жайып жібереді. Суландырудың көлдетіп суару тәсілі шөлейт және далалық аудандарда табиғи шөптің шығымдылығын арттыру үшін қолданылады.
 Егістік жерлердің тұздануына және балшықтануына жол бермеу үшін Суландырудың көмегімен жерді жуады және кәріздер қазылады. Бұл жүйе су қабылдағыш тораптан, басқы және реттеп тұрушы құрылыстардан, магистральды каналдан, су бөлетін түрлі каналдар мен бөгендерден, суландыратын уақытша жүйелерден, т.б. тұрады. Суландыру жағдайында а. ш. дақылдарын өсірудің өзіндік ерекшеліктері болады; қ. Суармалы егіншілік
    
      Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



     Дәріс № 4.  Суарудың микро климатқа және өсімдіктерге тигізетін ықпалы
* Суарудың микро климаттық тәсілдері
* Климаттық ықпал
* климаттық ерекшеліктеріне
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
Климаттық ықпал 
Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.
Суару микро климаты
Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі, республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.
Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

   Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001





    Дәріс № 5. Топырақтың су режимі және оны реттеу 

* Өсімдіктер үшін топырақ фаунасы мен флорасы
* Топырақтың су жүргісі режимі
* Гигроскопиялық ылғал топырақ бөлшектерін 
 
Өсімдіктер үшін топырақ фаунасы мен флорасы ең алдымен топырақтан алынатын су  -  олардың өмір сүруінсіз негізі.
Өсімдіктер үшін тағы да бір қажеттілігі  -  ол болмаса өсімдік басқа факторларда пайдалана алмайды.
Топыраққа су ат мосфералық жауын- шашын түрінде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егінді суару кезінде келіп түседі.
    Топырақтың су жүргісі (режимі)  -  ылғалдық топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығындалуы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процестерінің жиынтығы.
Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,5 пайыз) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп айтады. Белгілі бір аумақтан барлық шалғын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшеулі транспирациялық коэффициент дейді.
Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына желгісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді.
Топырақпен бірге байланысқан су  -  бұл гигроскопиялық деп аталатын физикалық байланысятағы немесе сорбцияланған судың бір түрі. Бұл су түрі топырақ бөлшектері (көбіне коллоидтық) ауадан су буын өзіне тартқанда (сорбция) түзіледі немесе ылғалды топырақ <<құрғақ ауалы>> халге жеткенде байқауға болады.
    Гигроскопиялық ылғал топырақ бөлшектерін жұқа, 2 - 3 дәл бағытталған су молекуласымен жамылып және өте зор күшпен ұсталып тұрады. Осы берік байланысқан ылғалдық бір түрі максималды гигроскопиялық су. Ол  -  су бумен толық қаныққан (96  -  100 пайыз) ауадан топырақ өзіне сіңіре алатын ылғалдың ең жоғарғы мөлшері.
Бос (болбыр) байланысты су. Бұл физикалық байланыстағы, яғни сорбцияланған (молекуланың тартылыс күшінің әсерімен топырақ бөлшектерінің беткі қабатына жиналған) жарғақ ылғал.
Топырақ бөлшектері сұйық сумен жанасқанда, олардың бетінде осал бағытталған судың молекулаларынан тұратын үлпек сұйық су пайда болады. оның қалыңдығы ондаған, жүздеген су молекуласынан құралады
 

     Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001


          Дәріс №6. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі.

* Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтың ылғал және ауа режимінде қоятын талаптары. 
* Топырақтың су, ауа және қорек режимдері
* Жалпы өсімдіктердің жақсы өсіөнуі үшін топырақ ылғалдылығы

Ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуі үшін күнің жарығы, жылу, ылғал, ауа және қоректер бірдей керек. Ылғал, ауа және минералды заттар күн жарығы әрекетімен болатын фотосинтез процестері арқасында органикалық заттар жасау үшін негізгі материалдар болып саналады.
Өсімдіктер жапырақтарының жас сабақтарының гүлдерінің және дәндерінің құрамында 80...90 процентке дейін су болып, олардың тамырларының жалпы салмағының 70...80 проценті судан тұрады. Барлық топырақ дымкылдығының 0,01...0,3 процентін ғана өсімдіктер пайдаланып, қалғаны өсімдік жапырағы мен топырақ бетінен буланып кетеді. Мысалы, жүргерінің әр гектарына 5...6 мың текшеметр су жұмсалады. Топырақтан су өсімдік бойына оның тамыр жүйесі арқылы келіп, тамырдан оның жапырақтарына су тұрақты келіп тұрады. Өсімдіктердің жақсы өсіп-өнуі үшін тамырдан жапырақтарға көтерілетін ылғалдың мөлшері оның жапырақ бетіне буланатын мөлшеріне тең болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, топырақта әрдайым ылғалдың қажетті мөлшердегі тиімді қоры болуы керек. Осы жағдай өсімдердің барлық топырақтардың ылғал және ауа режиміне қоятын басты талаптарының бірі болып саналады. Бұл талапты орындау үшін топырақ ылғалдылығы оның ең кемс ылғал сыйымдылығы мөлшері шамасында болуы керек.
Сумен бірге топырақта өсімдіктер тамырларымен аэробты бактериялардың тыныс алуы үшін оттегі де болуы керек. Оттегі сондай-ақ топырақта тотығу процестерінің болуына да қажет болады. Көп мөлшерде кездесетін аэробты бактериялар топырақтағы органикалық заттарды өсімдіктердің қоректенуіне қажет минералды қоспаларға айналдырып шірітеді.
Сонымен, өсімдіктердің топырақтың ылғал және ауа режиміне қоятын екінші талабы болып-топыраққа ауаның тұрақты кіруі болып саналады.
Топырақтың су, ауа және қорек режимдері бір-бірімен байланысты және өсімдіктерге олар топырақтың капилляр түтіктерінің барлығы ылғалмен толтырылып, ал капиллярсыз түтіктерінің барлығы ылғалмен толтырылып, ал капиллярсыз түтіктерді ауамен толтырылған жағдайда ғана пайдалы әрекетін тигізеді. Ал табиғи жағдайда қандай тұрақтылық кездеспейді. Ылғалдың топырақ және өсімдіктер жапырақтарының бетінен тұрақты буланып тұруының салдарынан оның бойындағы ылғал мен ауаның қатынасы өзгеріп кетеді. Сондықтан суармалы жер топырақының ылғалдылығы оның мүмкін болған кем мөлешірінен топырақ ылғалдығы оның капилярының үзілу шамасына сәйкес төмендемеуі қажет, өйткені ылғал бұл мөлшерден төмендеп кеткен жағдайда өсімдіктер массасының жиналуы бәсеңдеп кетеді. Топырақтың дымқылдығының осы мұмкін болған кем мөлшері оның солу коэффициентінен біраз жоғарырақ болуы керек.
Химиялық байланыстағы ылғал мен бу түбіндегі ылғал және топырақтағы дымдықды өсімдіктер пайдалана алмайды. Сөйтіп дақылдар үшін пайдалануға жарайтын қолайлы ылғал топырақтың қыл түтігіндегі ылғал болып саналады. Табиғи жағдайда топырақ ылғалы жауын-шашын әсерінен пайда болады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі топырақ ылғалы қыл түтүктер арқылы 5 метрге, кейде одан да биіктікке көтерілетінін анықтап отыр.
Ылғалды пайдалану топырақтың физикалық және сулық қажеттеріне байланысты болады. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, көлем массасы, борпылдақтығы және механикалық құрамы жатады. Ал сулық қасиеттеріне ылғал сыйымдылығы, дымқылдығы, су өткізгіштігі жатады.
Жалпы топырақтың сулық-физикалық қасиеттерінен ондағы қорек қорымен пайдаланылатын тыңайтқыштардың тиімділігіне әсерін тигізуі оның механикалық құрамына байланысты болады. Мысалы, топырақтың көлем массасының мөлшері арқылы жекелеп алған бір көлемдегі, не болмаса, қабаттағы ылғалдың қорын анықтауға болады. Сондай-ақ топырақ өте тығыз болғанда оның құрамындағы ылғал мен қоректі заттарды шалғын шөптердің пайдалануы қиын болады. Керісінше, топырақтың тым борпылдақ болуы шымның тапталып қалуына жол береді.
Шаруашылық жағдайында топырақтың тығыздығы мен көлем массасын білу арқылы оның белгілі көлеміндегі уақ тесіктердің жалпы көлемін, яғни оның борпылдағын анықтауға болады.
Ал енді топырақтың борпылдақтылығы оның ылғал ұстағыш қабілетіне және ылғалдың топырақ бойында жылжуына байланысты болады. Топырақтың борпылдақтық көрсеткіш оның механикалық құрамының ерекшеліктеріне және оны баптаудың әдістеріне байланысты. Мысалы, сазды топырақтың борпылдақтылығы құмды топырақпен салыстарғанда жоғары болып, шымтезек топырағынан аз болады. Егер топырақтың жалпы борпылдақтылығы және оның ылғалдылығы белгілі болса, оның ауа өткізу дәрежесін, яғни қажетті ауаның көрсеткішін анықтауға болады. 
Жалпы өсімдіктердің жақсы өсіөнуі үшін топырақ ылғалдылығының көрсеткіші жоғары болуымен бірге ондағы уақ тесіктердің жалпы көлемінің 20...25... процентінде ауа болуы керек.
Сонымен ауыл шаруашылық дақылдары ұшін ең пайдалы топырақтың қыл тұтіктеріндегі ылғал болып саналады. Олар топырақтардағы уақ тесіктерді толтырып, солар арқылы оның жоғарғы бетіне көтеріледі айта кететін бір жағдай, қыл түтүктер арқылы ылдалдың жоғары көтерілуі уақ тесіктердің мөлшеріне байланысты болады. Мысалы, олар кішірейген сайын ылғалдың жоғары көтерілуі уақ тесіктердіің мөлшеріне байланысты болады. Мысалы, олар кішірейген сайын ылғалдың жоғары көтерілуі ұлғая түседі. Жалпы құмды топырақтарда ылғал 50...70 см, ал саз балшықты топырақтар арқылы 3 метр және одан да жоғары көтерілетінін ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Топырақтың температурасы жоғарылаған сайын қыл түтіктердегі ылғал жоғары көтеріліп, ал оған керісінше топырақтың температурасы төмендеген сайын, оның құрғақтығына қармастан, қыл түтіктердегі ылғалдың жоғары көтерілуі азаяды.Жер асты суының деңгейі жер бетіне жақын болғанда, қыл түтіктердегі ылғал жоғары көтеріліп, топырақтың өсімдіктердің тамыры орналасқан жоғарғы кабатының ылғалдылығы мөлшерден тыс көбейіп, оның сазданып кету қаупі туады.
Қыл түтіктердің бір-бірімен байланысы және олар арқылы ылғалдың жоғары көтерілуі топырақ дымқылдығының оның су сыйымдылығының 60% шамсынан т-мендегенде тоқталып қалады.Бұндай жағдай топырақтың қыл түтіктері үзілгендегі дымқыл, немесе өсіп-өнуді тежеу ылғалдылығы деп аталады.
Топырақ ылғалдылығы одан әрі төмендеген сайын өсімдіктер ылғал тапшылығына ұшырай бастайды.Өсімдіктердің топырақта жеткенде ондағы ылғалды өсімдіктер пайдалана алмайды.Әрине,өсімдіктер пайдалана алмайтын ылғалдың мөлшері топырақтың құрамына байланысты.Топырақтың механикалың механикалық құрамы неғұрлым ауыр және онда қарашірік көп болса, оның дымқыл тартыштығы жоғары болып,құрғақ топырақтың массасының 2...8 процентіне дейн жетеді.
Жалпы топырақтың тұрақты солу дымқылдығы оның дымқыл тартқыштығының бір жарым-екі өсе мөлшеріне сәйкес болады.Ал топырақтың солу дымқылдығынан жоғары жатқан ылғалды колайлы не болмаса өнімді ылғал деп атайды.Дегенмен,топырақтың өсімдіктерге тиімді ылғалы болып,оның төменгі ылғал сыйымдылығы мен қыл түтіктері үзілгендегі дымқыл арасындығы ылғал саналады.


Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001


Дәріс № 7. Топырақ арнасында уақытша тілінетін арық  атыз жүйесі.
* Атыздың бетінде су қабатын жасауға болмайтынын ескеру
* Жүйектеп суару

  Атыздың бетінде су қабатын жасауға болмайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, күрішші атыздың суға батырылып кетпеуін және жоңышқаның құрып кетпеуін қадағалау керек. Егер атыз ауданының 2/3 немесе 3/4 бөлігін су қаптаса, арықтардағы су беретін құрылғыларды мұқият жауып, судың берілуін тоқтату керек. Себебі, суарылған атыздар келесі атыздарды суарғанда қайтадан суға батып қалуы мүмкін. Атыз суға толық батырылған соң, атыздардағы су жіберетін құрылғыларды ашып, сіңбеген суды қашыртқыға жіберу керек. Судың сыртқа жіберілуі 6  -  7 сағатқа созылады. Бұл судың көлемі микрорельефтің тегістелген жағдайында жалпы берілген судың 15  -  20 % құрайды. Бірақ бұл әдістің басты кемшіліктерін басында келтіргенміз. Бұл әдісте суару уақытының ұзақтығымен қатар еңбек өнімділігі төмен болады. 
    Жүйектеп суару әдісін қарастыратын болсақ, бұл әдісте суару аралығы 5-10 күнге дейін созылады. Демек, сол уақыттың ішінде барлық агротехникалық жұмыстарды жүргізуге болады. Ал әдістің кемшіліктеріне келетін болсақ, суармалы жер беті біркелкі тегіс болуы қажет, топырақ түйіршіктері езіліп, топырақ екінші рет тұзданып кетуі де мүмкін 
Жоңышқаны суаруға пайдаланатын тағы бір әдіс, ол тақталап суару әдісі. Су арнайы жасалған тақта арқылы жылжып топыраққа сіңіп отырады. Топырақ неғұрлым ауыр салмақты және еңістігі үлкен болған сайын, тақтаны ұзын етіп жасайды. Тақталап суару әдісінің басты кемшіліктеріне назар аударсақ, тақтаның іші өте тегіс болуы қажет, топырақ түйіршіктері бұзылып, ауа кіруінің төмендеуі байқалады, топырақ бактерияларының жұмыс қабілеті төмендейді.
      Жаңбырлатып суару әдісінде жаңбырлатқышқа су арнайы сорғыш арқылы беріліп, топыраққа жоғарыдан жаңбыр түрінде себіледі. Жоңышқаны суару жағдайында біз жаңбырлатып суарудың екі түрін қарастырдық: ППА-300 жаңбырлатқыш агрегатымен суару және ДДА-100М жаңбырлатқыш машинасымен суару. Жалпы жаңбырлатып суару әдісі өсімдікке және оларды қоршаған ауаға қолайлы тәсіл болғанымен, оның біраз кемшіліктері де бар. Бұл әдісте топырақтың тек жоғарғы қабаты ғана ылғалданады, ауыр топырақта қолданған жағдайда суару сапасы төмендейді. Сонымен қатар, металды жабдықтар және жаңармайды көп мөлшерде пайдалануымен байланысты көп қаржыны қажет етеді. Айта кететін болсақ, бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда Қызылорда суармалы алқабында қолданылмайды.
       Жоңышқаның суару әдістерінің тағы бір түрі қосымша екі саға жасау арқылы суару. Бұл әдіс екі атызды бір күнде суаруға мүмкіндік береді, ал суару уақыты 25-35 сағат құрайды. Егер одан асса дақыл тұншығады. Сондықтан, бұл әдіс үлкен жауапкершілікті талап ететін әдістердің біріне жатады. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, бұл әдістің ең басты кемшілігі -сағаның қолдан жасалуы.
Келесі біздің қарастыратын суару әдісі - тамшылатып суару. Бұл әдісте полиэтилен құбырлары арқылы су қысыммен беріледі де, топыраққа тамшылатқыштар арқылы түседі. Бұл әдістің біраз артықшылықтарымен қатар біраз кемшіліктері де бар. Оларды атап кетсек: басқа суару жүйелеріне қарағанда 1,5-2 есе қымбат тұрады; күтіп  -  баптау жұмыстары өте мұқият жүргізілуі және су өте таза болуы керек. Сонымен қатар тамшылатқыштың ойығы бекітіліп қалуы ықтимал.
Біз бүгінгі таңдағы Қызылорда суармалы алқабы күріш ауыспалы егістігінде жоңышқаның суару әдістерін қарастыра отырып, тиісінше әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсеттік. Осыларды басшылыққа ала отырып, аталған суармалы алқап жағдайында жоңышқаны суарудың тиімді әдісін, нақтырап айтсақ тақташаларға бөлу арқылы суару әдісін ұсынып отырмыз. Бұл әдісте су бас сағадан беріліп, арнайы жасалған тақташаларға таратылады. Әрбір тақташаларға су бөлек беріледі. Бұл әдіспен суару үшін суармалы танап ұзындығы 180 метрге дейін, ал ені 10 метрге дейін жететін екі жағынан топырақ жалдармен шектелген тақташаларға бөлінеді. Тақташаларды суға толтырғанда әр тақташаға берілетін су мөлшері 12,5 л/с шамасында болуы шарт. Сонда суға толу уақытын, ұзақтығын төмендегі формула арқылы табуға болады:

    Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001





     Дәріс №8.  Бороздалап суару үшін қолданылатын таратқыш және суару трубо проводтары.

* Бороздалап суару
* Трубо проводтары
 Бороздалап суару үшін қолданылатын таратқыш және суару трубо проводтары. Тақталап жайып суаруды қолдану жағдайлары.Суарудың бұл әдісін қолданғанда тақта бетіне су жайылып жіберілуінің сулдарынан топырақ нығыздалып қалады; суарғаннан кейін, әсіресе оның бастапқы күндерінде бетіне қабыршық пайда болып, одан судың булану мөлшері көбейеді; ауа алмасу және нитрификация прцестері төмендейді.
                                       
         Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



Дәріс № 9.  Суару каналдарының конструкциясы және оларды есептеу. 
*  Каналдар және құрлымдар
* Суды реттейтін және өткізетін каналдар

     Каналдар. Каналдарды топтастыру, олардың көлденең қималарының өлшемдері және формалары, трассировкалау, каналдардағы су шығындары, олармен күресу тәсілдері, каналдарды қаптау. әр түрлі мақсаттардағы каналдардың ерекшеліктері (суармалы, энергетикалық, кеме қатынайтын, кешенді мақсаттағы және т.б). ағынды алабаралық тарататын каналдар.
Каналдардағы құрылымдар. Беттесетін құрылмдар. Беттесетін құрылмдарды топтастыру.өтпелі участіктер. Тезағарлар, олардың түрлері және конструкциялары. Тезағарлардың кәріздері.
Құламалар және олардың түрлері. Құламалардың конструкциялары. Құламалар жұмыстарының гидравликалық жағдайлары, негізгі есептер. Беттесетін құрылымдардың түрлерін таңдаудағы экономикалық және пайдалану бағалары.
     Суды реттейтін және өткізетін каналдар 
Реттейтін құрылмдар. Реттейтін құрылымдарды топтастыру, олардың ерекшеліктері және суармалы, құрғату және басқа жүйелерде жұмыс істеу жағдайлары. Реттейтін құрылымдардың түрлері.
Өткізетін құрылымдар. Акведуктер және селөткізтер, олардың қолдану жағдайлары. Құрылымдардың схемалары, жағалаулармен беттесулері. Науалардың конструкциялары, науаға кіру және шығу, тіреу бөліктері және т.б. Акведуктерді есептеудің гидравликалық және статикалық негіздері. Дюкерлер, олардың түрлері және конструкциялары. Дюкерлердің лайлануын ескерту. Гидравликалық және статикалық есептер. Гидротехникалық туннелдер, оларды топтастыру және қолдану жағдайлары. Көлденең қимасының ауданы, тау қысымдары және қаптаудың түрлері.
      ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АСТЫНАН ЖӘНЕ АЙНАЛЫП СҮЗІЛЕТІН СУЛАР
Жартас емес негіздердегі сузілу сулары. Сүзілу құбылыстары және сүзілуді есептеу мақсаттары. Сүзілу есептерінің жуық тәсілдері, ЛКФ, ұзартылған сүзілудің нобайы және т.б. гидродинамикалық тор және оны пайдалану.
Сүзілу есептерін эксперименталды тәсілдермен шешу (ЭГДА тәсілі, сүзілуге саңылау науасы). Гидродинамикалық торды графиктік  тәсілмен тұрғызу.

   Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г

   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001




Дәріс №10 . Тартпа каналдар  
* Тартпа канал
* Каналдың су ағынының жылдамдығы
    Тартпа канал --  суқашыртқы немесе су жіберуші имаратқа, сорғы станцияларына және басқа да құрылымдарға су жеткізуші ашық канал. Мелиорациялық жүйелерде суару телімдеріне тікелей су беру үшін қолданылады. Өздігінен реттелетін және өздігінен реттелмейтін деп бөлінеді. Ойық, жартылай ойық  --  жартылай үйме түрінде, табаны тура, нөлдік жөне кері еңістікті болып келеді. Жеткізуші каналдың конструкциясы, ұзындығы және көлденең өлшемдері каналдың гидравликалық жүргісіне, оның қызметіне, қызмет ететін имараттың типіне төуелді.   Трасса тік сызықты, қисық сызықты немесе құрамдас болады жөне қалыпты пайдалану жағдайын қамтамасыз ету кезінде ең аз қаржы шығыны бойынша қабылданады.    Тасты грунтта каналдың беткейімен табанын бекітпейді, табаны тассыз жөне бекітілмеген грунттың мүмкін болған жылдамдығы суағар құрылысына құйылар сағасында артық болған жағдайда канал арнасын су өткізбейтін материалдармен қаптайды. Көлденең қимыл қимасы трапециялы жеткізуші каналдың жасалу беткейі тассыз грунтта 1,5-2,5, ал грунт тасты болса  --  0,5 деген өлшеммен алынады. 
     Каналдың су ағынының жылдамдығы орташа болуы шарт. Жеткізуші каналдың есебін жүргізген кезде олардың тиімді тереңдігімен коса, лай-шөгіндісіз жылдамдығымен және арнаны шайып кетпейтін жылдамдығын да есепке алады. Мелиорациялық жүйеде осы каналдар мен тоғандар арқылы суармалы алаптарға су жеткізіледі. Ағынды өзі реттегіш және реттейтін каналдар болып бөлінеді


Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001




Дәріс № 11. Арық атыз жүйесінің ашық түрлерінің құрлыстары.
* Арык атыз жүйесі
    <<Арық жасау мен суару жұмыстары ажырамас кешенді жүйе, сондықтан біздің жұмыстарымыз осы екі бағыт бойынша жүргізілуде. Қазір  асфальттар төселініп кеткен арықтар қайта қылпына келтірілуде, тесу әдісі бойынша құбырлар қойылуда. Бұнымен қатар, жол шетінде дүңгіршек қойылған автобус аялдамалары жойылатын болады, оның орнына стандартты еуропалық үлгідегі аялдамалар 2014 жылға дейін қойылып бітетін болады

   Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



Дәріс №12.	Суды тарату мен есепке алуды автоматтандыру және телемеханикаландыр
* Сумен қамтамасыз ету жүйелер
* Толық жекеленбеген жүйе
* Жекеленген жүйе

Сумен қамтамасыз ету жүйелер Негізгі су тұтынушылардың су пайдалану деңгейіне байланысты сумен қамтамасыз ету келесі жүйелерге бөлінеді: Біріккен жүйе-барлық тұтынушыларды сапасы жағынан ішуге жа­райтын сумен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе өндіріске тек ішер су керек болған кезде не аздаған су мөлшері керек болған жағдайларда ғана мақсатты. Бұл жүйе қарапайым, қаржы шығыны аз кетеді.
      2. Толық жекеленбеген жүйе (неполная раздельная) - егер өнді- ріске сапасы жағынан ішуге жарайтын су керек болмаған кезде, ондай жағдай­да суды тазартуға кететін шығын ақталмайды.
      3. Жекеленген жүйе (раздельная система) - ішу үшін, өндіріс үшін, жер суландыру үшін, өртке қарсы мақсаттарда жеке-жеке сумен қамтамасыз ету жүйелері болады. Сирек кездеседі.
Жүйе түрларін таңдау келесі көрсеткіштерге байланысты:
    меншікті су тұтыну деңгейіне;
   пайдалануға қажетті судың сапасына;
- су көзіндегі судың сапасына
      су көзіндегі судың көлеміне.

      Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001


Дәріс №13. Жабық және құрастырылған суару жүйесі
* Суғару жүйелері
* Жетілдірілген гидромелиоративтік жүйелер 
* Суару жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру

    Суғару жүйелері  -  су шаруашылық өндірісі. Гидромелиоративтік жүйелердің жіктелуі: суару жүйелері, сумен қамтамасыз ету  -  суғару жүйелері, құрғатып  -  ылғалдандыру және құрғату жүйелері.
	Ішкі шаруашылық және шаруашылықаралық суғару жүйелері. Оларды пайдалануды ұйымдастыру шарттары, пайдаланущылар қызметкерлерінің неізгі міндеттері мен құқықтары. Гидромелиоративтік жүйелерінің жалпы қызметі..
       Кең ауқымды жаңбырлатқыш машиналар суару жүйесі, жүйектеп суғаруға арналған өзіндік арынды жүйе, құрғату-ылғалдандыружүйелері, арнайы жүйелер туралы жалпы ұғым. Жүйелерге қойылытын негізгі талаптар: сапасы; беріктігі, тоқтаусыз ұзақ жұмыс істеу, жөндеуге бейімділігі, сақталу мерзімі. Сушаруашылық жүйелер мен олардың гидротехникалық құрылымдарының сапасының негізгі көрсеткіштері. Оларды мелиоративтік,экологиялық және экономикалық тұрғыда бағалау. Гидромелиоративтік жүйелері мен құрылымдарын пайдалану шарттары мен талаптары. 

	 СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. 
Суды пайдалану негіздері. Суды пайдалану жоспары, оның негізгі принциптері. Су көздерінің  суғару мүмкіншіліктері. Су көздерінің табиғи режимде суғару мүмкіншіліктерін негіздеу және оны су қоймалары арқылы реттеу.   Жоспардың құрамы, оны құруға қажетті негізгі құжаттар мен мәліметтер. Суғару режимдері: жобалық, пайдалану, жеделдетілген. Шаруашылықаралық суды бөлу, беру, жеткізу және оларға суғару нормаларын құру. Пайдалану шараларының күнтізбелік жоспары. Ішкішаруашылық су айналымы. Суды пайдаланудың жеделдетілген жоспары. 
      Суғаруды жүргізуге дайындық және ұйымдастыру жұмыстары. Суғару тәсілдері мен әдістерін таңдау мен оны ұйымдастырудың пайдаланулық  бағасы. Суғаруды ұйымдастыру және оны жүргізу: жер бетімен суғаруды, жаңбырлатып суғаруды, тамшылап және жер астымен суғаруды.Су пайдалану жоспарына өзгерістер енгізу шарттары. Суғаруды Оперативті басқару. су пайдалану жоспарының орындалу көрсеткіштері: жүйенің пайдалы әсер коэффициенті, суды пайдалану коэффициенті.




Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



Дәріс №14. Топырақтың жазықтық эрозиясымен күресу жолдары.
1.Топырақтың құнарлығы
2.Эрозия түрлері
     Жер байлығының негізі  -  құнарлы топырақ.Ал топырақ  -  жер қабатының сыртқы бөлігі. Топырақ  -  сыртқы орта жағдайлары: жылу,
Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті
           Топырақтың құнарлылығы дегеніміз  -  оның өсімдіктерді
Топырақ көптеген жануарлардың өмір сүретін орталығы.Құрлықтың барлық ауданы шамамен 14800 млн.га.Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда  - Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізгенТопырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбағанТопырақта бұлардан басқа гельминтті инвазиялар, патогендіТопырақ өте күрделі организм сияқты үнемі
      <<Эрозия>> термині латынның erodere  -  бұзуТабиғатта топырақтың геологиялық эрозиясы және адамдарТопыраққа зиян келтіретін фактор  -  экономикалықСоңғы жылдары бұл фактор молайып, экологияғаТопырақтың құнарлылығының төмендеуі, онда егістіктің бірYшінші фактор  -  ирригациялық эрозия адамдарТопырақтың құнарлылығына жел эрозиясы да үлкенЖел эрозиясының ең жаман түрі  - Жел эрозиясының нәтижесінде құм массивтері пайда
Қалыпты эрозия  -  орманды жерлер мен
Жылдам эрозия  -  табиғи өсімдіктер дүниесі
Жазықтық эрозия  -  тау беткейлеріндегі жоғары
Сызықтық эрозия  -  тау беткейлері топырақтарының
Абразия  -  кезінде (өзендер, басқа даШамадан тыс көп мал жаю кезінде
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін.Эрозия  -  құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері.Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жерТопырақтың эрозиясымен күресу  -  егін шаруашылығындағы.Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация.
     Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001



         Дәріс №15.  Судың есептелген мөлшері және суару жүйесі каналдардың пайдалы әсер коэффициенті.
1.Судың коэффиценті
     Судың есептелген мөлшері және суару жүйесі каналдардың пайдалы әсер коэффициенті. Суармалау желісінің пайдалы әсер коэффициенті --  су шығынының суармалы жерге (танапқа) жеткізілген (нетто) көлемінің су көзінен алынған (брутто) су көлеміне қатынасы. Бұл коэффициент ашық желілі каналдармен келген судың пайдалануға жеткен деңгейін көрсетеді

      Негізгі әдебиет:
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г
   Қосымша әдебиеттер: 
1 Борщов Т.С., Колесниченко В.В. Организация и технология производства земляных работ. М.
2. Абдразаков Ф.К., Волков А.В. Задачи и перспективы развития мелиоративного комплекса в Саратовской области // Мелиорация и водное хозяйство. 2005..
3.	Агроклиматические бюллетени.  -  Омск, Омское территориальное управление, 2001


Пәндер