Файл қосу
Қысқартылған аударма
Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК- 042-18-17.1.7/03-2014 ПОӘК Аударма теориясы>> пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар Басылым №1 11.09.2014 <<Аударма теориясы>> пәні бойынша 5В020700 <<Аударма ісі>> мамандығына арналған Оқу-әдістемелік кешен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны 1 Дәрістер 2 Семинар сабақтары 3 Курс және диплом жұмысы 4 Студенттің өздік жұмысы 1 Дәріс 1-Дәріс Тақырыбы: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны: 1.Аудармашылық іс-әрекеттің тарихи эволюциясы. 2. Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері. Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма. Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет. Аудармашы мамандығының көп ғасырлық тарихы бар. Аударма мен аудармашы мамандығының шығу тарихы өте ертеден басталады. Аударма ешбір күдіксіз адам іс-әрекетінің ең көне түрі. Қасиетті кітаптардың айтуы бойынша Вавилон башнясы туралы аңызда ең әуелі жер бетінде тек бір ғана тіл болғаны айтылады. Бірақ Алла бірінің тілін бірі ұқпасын деп тілдерді әтүрлі жасаған кезден бастап, яғни адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше топтар пайда болысымен, <<әртүрлі тілді>> топтар арасында қарым-қатынас жасауға көмектесетін аудармашылар пайда бола бастаған. Соғыстарда, келіссөзер жүргізгенде аудармашылар болған. Жазудың пайда болуына байланысты мұндай ауызша аудармашыларға-<<тілмаштарға>>-жазбаша аудармашылар, яғни ресми, діни және іскерлік тұрғыдағы әртүрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосылды. Қасиетті кітаптардың өздері әртүрлі тілдік варианттарымен көне ескерткіштердің, яғни аударма өнерінің биік шедеврі болып табылады. Ең басынан бастап аударма адамдардың тіларалық қарым-қатынасын мүмкін қылатын ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени жетістіктеріне кең жол ашты, әдебиет пен мәдениеттің өзара дамуына, әрекет етуіне мүмкіндік жасады. Бір тілдің өзін толық білу әркімнің қолынан келе бермейді. Ешбір адам кітаптарды барлық тілде оқи алмайды. Тек қана аудармалар ғана барлық адамзатқа Гомер мен Шекспирдің, Омер Хайямның, Данте мен Геттенің, Толстой мен Достоевскидің басқа жазушылар, ақындар, философтар мен ғалымдардың ғажап шығармаларын жеткізе алады. Ең алғашқы аударма міндетінің теориялық тұжырымдамасы Цицеронның (б.э.д.т.ғ.) еңбектерінде болған кезігуі деп айтуға болады. Ал, орта ғасырда европада барлық білімді адамдар латын тілін қолданды да аудармашы қажет бола қоймады. Одан кейін көпке дейін европалық дипломатика аудармашыларды қажет етпеді, себебі халықаралық қатынаста француз тілі болды. Сонымен орта ғасырда аудармамен көп айналысқан жоқ. Орта ғасырлық аудармашылардың ішінде 9-шы ғасырдағы дарынды ағылшын жазушысы және аудармашысы Элфрикті атап өтуге болады. Ол аудармаға қойылатын негізгі талап-оның анықтығы,түсінуге жеңілділігі-деп санады. Англияда Жаңа кезеңнің басында талантты аудармашылар: Виклер, Еогер, Гауэр болды. Аударма ісіне қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері үлкен үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде аударма мәселесі ерекше маңызды болды. Бұл кезеңде аударманың қиындығы көптеген аударылған аудармалардың толық еместігін нақты түсінсе де, сонымен бірге сөзбе-сөз аударуды жақтаушылардың әдеби.... сақтап аударушылардың арасында күрес болды. Қайта өрлеу дәуірінің аяғында, аударма мүмкіндігіне скептикалық көзқарас пайда болды. 16-шы ғасырда Англияда королева Елизаветаның басқаруы кезеңіндегі әдеби шығармаға қызығушылық арытады. Аудару өнері ерекше мәнге ие болды. Кейінірек 19-шы ғасырда неміс ғалымы Шлейермахер <<Аударманың әртүрлі әдістері жайында>> (1813) мақаласында аудармашылық тпнұсқаның мазмұны мен формасының үйлесуін қатаң сақталуын талап етті. Ол өзінің айналасына неміс романтиктері: Новалис, Тихо, Моммзен, Шлегель т.б. болды. Тихо Моммзен өзінің <<Аударма өнері>> еңбегінде аударманың 3 түрін анықтайды: 1. Оригинал аудармасының мазмұнын дәлме-дәл беретін бірақ оригинал формасынан алшақтайтын шығарма (<<Валенштейн>>, Имадат т.б.) 2. Оригиналдың тек формасын сақтап шығарманы ана тілінде өз бетінше өңдеу. 3.Оригиналдың мазмұнында формасын да сақтап аударған шығар-малар. Ондай шығармалар деп ал Шлегелдің Шекспирдің аударуын санайды. Россияда аудармашылық іс-әрекет Еиев дәуірінде қанат жайды. Кейінгі зерттеулер Көне орыс аудармашылары көркемдік-тілдік деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Кейінірек, орыс әдебиетінің дамуымен аудармашылық іске белгілі орыс ақындары мен әдебиетшілері: Ломоносов, Сумароков, Тредвяковский, Жуковский үлкен көңіл бөлді. Пушкин Жуковскийді <<Аударма.....>> деп атады. Орыс теоретиктері мен практиктерінің көпшілігі кез-келген шығарманы орыс тіліне аударудың толық мүмкін екендігін мойындады. Бұл көзқарастарын олар басты міндеттері сөзбе-сөз аудару мен күресе отырып аудармаға терең шығармашылықпен қараумен үйлестірді. Аударманың шығармашылық мәні туралы Белинский де өз ойын айтқан. А.С.Пушкин, аудармашы, тіпті аударма теоретигі болған. Өз өмірінің әр түрлі кезеңінде Пушкин 17-18 ғасырындағы француз ақындарының эпиграммаларын, Вальтер мен Парнидің өлеңдерін т.б. аударды. Пушкин үлкен аударма шебері болды және ол аудармаға шығармашылықпен қарау принципін сақтады. Аудармаға В.И.Ленин өте жоғары талаппен қарады. Аудармашы ретінде ол аудармашылық жұмыстың қиыншылықтарын тамаша меңгере білді.Ленин ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі еңбектерді аударды. Белгілі кеңес аударма танушысы А.В.Федоров өзінің аударма туралы кітабында Лениннің аудармаларына тән нәрсе: орыс тілінде берілген ойдың дәлдігі, толыққандығы, табиғилығы, түсініктілігі және аударма вариантын таңдаудағы батылдығын атап көрсетеді. Халықаралық коммуникациялық мәселелері әртүрлі кезеңде әртүрлі шешіліп отырды 20 ғаырда және қазір халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілі. Қазіргі таңдағы аудармашы халықаралық мәдениет қарым-қатынасын жасаушы - делдал. Аудармашы нені білу керек? Қандай білім мен дағдыларды меңгеру қажет? Аудармашының жұмысында тек қана лексикалық, грамматикалық қиындықтар кезіге ме? Өз тілін жетік білу, шет тілін тамаша меңгеру ғана талап етіле ме? Басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау проблемаларын табысты шешу үшін аудармашыға шет тілін білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударма жасайтын елдің реалистік білуі тиіс. <<Коммунальды шаруашылықтың объетілері>> деген фразаны ағылшын тіліне аудару үшін, біздің реалистің шет тіліндегі аналогін білу керек. Сөздіктер мұндай аналогтарды бермейді. Сөзбе-сөз аударма мағынасыз, түсініксіз болды. Сондықтан тек қана кәсіптік аудармалық дайындық адекватты эквивалентті табуға көмектеседі. Тікелей аналогі жоқ болса, суреттеу аудармасы көмектеседі. Аударманың теориясы мен практикасын білу кез-келген ситуацияда көмектеседі. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1 Аударма деген не? 2 Аударма мен аударма қызметінің шығу тарихы қай кезден басталады? 3 Аударма қандай маңызды әлеуметтік қызмет атқарады? 4 Халықаралық коммуникациялық мәселелер әртүрлі кезеңде қалай шешіліп отырды? 5 Қазіргі таңдағы аудармашы қызметінің маңызы қандай? Негізгі әдебиет: 1 (6-12беттер) 5 (3-6беттер) 6 (10-18беттер) Қосымша әдебиет:2 (3-10беттер) 3 (3-8беттер) 4 (6-15беттер) 2 Дәріс Тақырыбы: Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. Мазмұны: 1. Аударма іс-әрекет, процесс және нәтиже ретінде. 2. Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. 3. Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырылымдауы. Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды. Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерін таратуға тырысты. Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың оригиналға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе-сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтірді. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының еркін аударма жасауға құқығын теориялық жағынан негіздеуге тырысты. Кейінірек кейбір аудармашылар <<аудармашының нормативті теориясын>> жасауға тырысты. Онда <<жақсы>> аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды. Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар: * аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну; * аударылатын екі тілді жетік білу; * сөзбе-сөз аударудан бас тарту; * аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану; * сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру; 1790 жылы ағылшын аудармашысы А. Тайтлер өзінің <<Аударма принциптері>> деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды: 1) аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс; 2) аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек; 3)аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс. Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ. Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары П.А.Вяземский және әсіресе А.А.Фет сөзбе-сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Н.М.Карамзин, В.А.Жуковский аудармада аудармашылар оригиналды сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етті. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: <<Прозада аудармашы - құл, ал өлеңде қарсылас>>. Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы XX ғ.-да боды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды. Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори әртүрлі авторлар ұсынған аударманың негізгі талаптарын қосып төмендегідей талаптар ұсынды: * аударма оригиналдың сөзін беруі керек; * аударма оригиналдың ойын беруі тиіс; * аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс; * аударма аударма сияқты оқылуы тиіс; * аударма оригиналдың стилін беруі керек; * аударма аудармашының стилін беруі керек; * аудармада алып тастау,қосу болу керек; * аудармада алып тастау, қосу болмау керек; * өлеңдерді проза түрінде аудару; * өлеңдер аудармада өлең түрінде берілуі тиіс. Мұндай аударма әректінің ғылыми теориясының керектігін негіздеуге талпыныстарға аудармашылардың өздері қарсы болды. Себебі аудармашылар бағынуға тиіс қандай да бір аударманың нормасы мен ережелері аудармашылардың шығармашылық еркіндігіне шек қоятын еді. Олар аударма теориясы мен ғылымын аударма өнеріне қарама-қарсы деп қабылдады.Олар талантты аудармашылар аударма теориясы туралы ұғымы болмаса да, аударма шедеврлерін жасағанын және жасап жатқанын көрсетті. Олар аударма деген - өнер, ешқандай аударма туралы ғылым мүмкін емес деп санады. Бірақ, аударма өнері аудармашының психологиясына байланысты. Оның аударма процесін меңгеру қабілетіне, аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, тілдік құралдарды дұрыс таңдап, толыққанды аударма мәтінін жасай алу қабілетіне байланысты.Кейбір аудармашылар әртүрлі деңгейде мұндай қабілетке ие, бірақ ол итуитивті түрде шығармашылық актің нәтижесінде болады. Аударма әрекетінің шығармашылық сипаты, аудармашылық әрекеті ғылыми анализ бен теориялық сипаттаудың объектісі бола алмайды дегенді білдірмейді. Аударманың ғылыми теориясының негізі XXғ.-дың ортасына ьаман аударма проблемасына тілтанушылар көңіл аудара бастағанда жасала бастады.Оған дейін аударманың лингвистика ғылымының қатысы жоқ деп саналды.20-ғ-дың ортасына қарай тілтанушыларға аудармашылық әрекетке өз көзқарастарын түбірімен өзгертуге тура келеді.Себебе ол кезеңде бірінші орынға саяси,коммерциялық,ғылымии-техникалық, <<іскерлік>> материалды аудару қойылады.Оларға афтордың жеке стилінің маңызы болмады.Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары аударма процесіне қатысатын 2 тілдің тілдік жүйелер құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты екендігін айта бастады.Тілдік жүйе тілдік бірліктермен тілтанушылар айналысатын болғандықтан,және сонвмен бірге аударма дәлдігіне талаптардың өсуі,тілдік бірліктердің аудармада бірліктері бар екендігін көрсетіп,аударманың лингвистикаға қатысы бар екенін түсіне бастады. Аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі жаппай аудармашылар даярлауда міндетінен туындады.20-ғ-дың ортасында аудармамен тек қана талантты аудармашылар ғана айналысып қойған жоқ,басқа да аудармашылар қажет болды.Аудармашылар дайындау үшін көптеген елдерде аудармалық мектептер,факультеттер мен институттар құрыла бастады.Олардың міндеттері жоғары білікті аудармашылар дайындау болды.Әдетте аудармашыларды дайындау шет тілдері оқытылатын жоғарғы оқу орындарында жүргізілді.Шет тілдернен сабақ беретін оқытушыларға оқу бағдарламасын,оқулықтар жасауларына тура келді.Ал ол жұмыстарды атқару үшін,аударма процесінің мәнін ашу керек болды және аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін лингвистикалық,экстралингвистикалық факторларды анықтай алу керек болды. Тілтанушы мамандарға жоғары білікті аудармашылар даярлайтын тиімді курстар құру үшін тиісті деңгейде ғылыми база жасау керек болды, Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеуді кеңес тілтанушылары бастады.1950 жылы Я.И.Рецкер өзінің <<Ана тіліне аударудағы заңды сәйкестік>> деген мақаласын жазды.Онда ол аудармашының аударма вариантын таңдауы тіпті де еркін емес екенін,оның заңды,яғни аударма процесіне қатысатын екі тілдің бірліктерінің сәйкестігімен анықталатынын сендіре айтты.Я.И.Рецкер бұл тәсілдерді <<заңды сәйкестілік>> деп атады,және 3 түрлі сәйкестік болатынын анықтады:эквиваленттер,аналогтар және адекватты ауыстырулар.Сөйтіп, <<сәйкестік>> ұғымы зерттеу практикасына нақты енді.Аударма процесінің тілдік заңдылықтарын анықтау үшін аудармаларды олардың түпнұсқаларымен салыстыру тәсілі ерекше маңызды болды.Соңғы онжылдықтарда аудармалық сәйкестілік мәселесімен көптеген авторлар айналысты.А.С.Бархударов <<Тіл және аударма>> деген еңбек жазды.1953ж.А.В.Федоровтың <<Аударма теориясына кіріспе>> атты еңбегі жарық көрді.Онда алғаш рет аударманың лингвистикалық теориясын жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі айтылды.Аударманың лингвистикалық аспектілеріне арналған еңбектер шетелдерде де көптеп шыға бастады. Лингвоаудармалық зерттеулер 20-ғ-дың 70-жылдарында жемісті дамыды.Аударманың лингвистикалық теориясын жасауда үлкен үлесті кеңес ғалымдары қосты.Олардың еңбектеріне тән нәрсе - аудармалық зерттеулердің лингвистикалық негізін нақты анықтауға тырысу және аударманы тілдік ғылымдардың объектісі ретінде қарастыру болды.Зерттеулер нақты жасалған аудармалардың негізінде жүргізілді.Ондай аудармаларды оригиналдарымен олай салыстыру тіларалық қатынасты тілдік жүйелердің ерекше заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл тұста Ю.В.Ванниковтың <<Аудармалық пәндердің бірегей комплексі>> деген еңбегін атап өтуге болады.Бұл еңбекте аударма теориясының негізгі бөлімдерін топтастырудың жалпы принциптеріжасалған және аударманың жалпы,жеке,арнайы теориялары деген ұғымдардың анықтамаларын ұсынды. 1973 жылы В.Н.Комисаровтың <<Аударма жайлы сөз>> және 1980 жылы <<Аударма лингвистикасы деген еңбектері шықты.Бұл жұмыстарда аудармаға лингвистикалық анализ жасау принциптрін жасауға,аудармалық эквивалент,аударма процесін және аударма модельдерін суреттеу тәсілдеріне көңіл бөлінді,бірінші рет аударма прагматикасы,аударма нормасы ұғымдары енгізілді. Лингвоаудармалық мәселе А.Д.Швейцердің <<Аударма және лингвистика>> деген еңбегінде қарастырылды.А.Д.Швейцердің аударма процесінде грамматикалық трансформациялардың лексикосемантикалық қайта жасаудың болатынын анықтады. 1974жылы Я.И.Рецкердің <<Аударма теориясы және аудармалық практика>> деген еңбегі шықты.Ол еңбегінде автор аудармалық заңды сәйкестілік теориясының негізін жан-жақты айтып берді.Еңбекте сәйкестілік типтерінің классификациясы,аудармадағы әр түрлі лексикалық,грамматикалық,трансформациялардың түрлері суреттеледі.Автор фразеологиялық бірліктерді аудару мәселесіне және аударма мазмұнынын модальды,экспрессивті асектілеін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Осы кезеңде кеңес ғалымдарының зерттеулерімен бірге аударманың лингвистикалық теориясы шеңберінде шетел тілтанушыларының еңбектерінің де маңызы зор болды. Аударманың лингвистикалық теориясын жасауға арналған еңбектердің көпшілігінде аударманың жалпы теориялық проблемалары азды-көпті нақты қос тілге қатысты аудармалық сәйкестіліктерді жан-жақты суреттеу негізінде қарастырылады. Осы зерттеулердің нәтижесінде тек қана жалпы аударма теориясы ғана емес, жеке, арнайы аудама теорияларының негізін жасау мүмкін болды. Соңғы онжылдықта аударманың жекелеген түрлерін зерттеуге арналған аударманың арнайы теориясы едәуір дамыды. Мұндай зерттеулер де жалпы алғанда аударма мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасап, жалпы аударма теориясының кейбір жағдайларын нақтылауға көмек жасады. Әсіресе әр түрлі ауызша аударма ғылыми - техникалық аудармаларды зерттеу табысты дамып келеді. Сөйтіп, өз елімізде, шет елдерде жасалған лингвоаудармалық зерттеулер лингвистикалық аударма теориясын жасауға негіз болды Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Аударманың бірінщі теоретиктері кімдер болды? 2 Көне аудармаларда қандай аударма орын алды? 3 Аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге талпынған аудармашылар кімдер? 4 Аударманың ғылыми теориясының негізі қай кезде жасалына бастады? 5 Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеп,лингвистикалық аударма теориясын жасауға негіз болған кеңес ғалымдары кімдер? Негізгі әдебиет: 1 (12-13беттер) 5 (3-6 беттер) Қосымша әдебиет:1 (52-101беттер) 2(10-17беттер) 3 Дәріс Тақырыбы:Аударма теориясының негізгі ұғымдары. Мазмұны:1.Аударма теориясының пәні Аударма ұғымының анықтамасы. 2. Аударманың жалпы,жеке және арнайы теориялары. 3.Салғастырмалы әдіс- аудармалық зерттеудің негізгі әдісі ретінде. 4.Аудармашылық іс - әрекеттің объективті субъективті жақтары. Аударма дегеніміз - кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі,көп қырлы құбылысы.Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық,әдебиеттік,этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді.Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. <<Аударма теориясы>> термині <<Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады>>. Аударма теориясы жалпы аударма теориясы,жеке аударма теориясы,және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім.Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады.Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке.арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды. Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды: * Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу.Яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету,аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау; * Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау,оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету; * Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау; * Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым - қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу; * Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау, * Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау; * Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу; * <<Аударма нормасы>> ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау; Аударма лингвистикасы теориялық бөлімдерден басқа бірнеше іс жүзінде қолданылатын аспектілеріатап айтқанды аудармаға үйрету методикасымен байланысты әртүрлі анықтамалар мен сөздіктерді,құрап,қолданумен аударманы редакциялаудың методикасы мен бағалау,сонымен бірге аудармашы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етуді шешетін әртүрлі практикалық сұрақтармен байланысты аспектілерден тұрады. Лингвистикалық аударма теориясы ең бірінші кезекте аударма процесіне қатысатын тілдер қызметінің ережелерімен құрлысының ерекшеліктері негізінде жатқан аударма процесінің объективті заңдылықтарын анықтап,сипаттаумен айналысатын сипаттамалы теориялық пән болып табылады.Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды тәсілі болып,аударманың салғастырмалы талдауы қызмет етеді,яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын оригиналдық формасы мен мазмұнын салғастырып талдау.Аударма процесі кезінде әртүрлі тілдегі екі мәтіннің арасында белгілі бір қатынас орнайды.Осындай текстерді салғастыра отырып,аударманың ішкі механизмін ашуға,эквивалеттілік бірліктерді анықтауға,оригиналдағы бірліктерді аударма мәтініндегі эквиваленттермен ауыстыру кезінде болатын мазмұны мен формалардың өзгеруін анықтауға болады. Салғастырмалы талдау жасау аударма кезінде әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерге байланысты кездесетін кейбір қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығын,оригиналдық қандай элементтері,аудармаға берілмей қалатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Жалпы аударма теориясы нені зерттейді? 2 Жеке аударма теориясы нені зерттейді? 3 Арнайы аударма теориясы нені зерттейд 4 Аударма теориясы пәнінің негізгі міндеттері қандай? 5 Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды әдісі не ? Негізгі әдебиет: 1 (34-48беттер) 7 (5-14 беттер) Қосымша әдебиет:1 (47-491беттер) 4 Дәріс Тақырыбы:Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері Мазмұны:1.Қысқартылған аударма. 2.Өңделген аударма. 3.Аннотация. 4.Реферат,резюме. Аударма процесі кезінде бастапқы болып оригиналдық мәтін ал соңғысы болып аударма мәтіні саналады.Сондықтан лингвистикалық аударма теориясы бастапқы тіліндегі мәтінмен де аударма тіліндегі мәтінмен байланыста болады.Аудармашылық қызмет оның мақсаты басқа тілдегі оригиналдың авторы жасаған хабарды аударма оқырмандарына дұрыс жеткізу болғандықтан ол делдал қызметін атқарады.Басқа сөзбен айтқанда әртүрлі тілде сөйлейтін аударма арасындағы қарым - қатынас мүмкіндігі,тіл аралық қарым - қатынас мүмкіндігі аударманың арқасында іске асады. Толық қанды аударма жасау үшін аудармашының есінде мынандай жағдайлар:хабардың авторының өзгеше ерекшеліктері және хабарды қабылдаушылардыңерекшеліктері,аударма процесінің барысы мен нәтижесінде әсер ететін тіл аралық қарым - қатынастың аспектілері болуы тиіс.Тілдік делдал хабарды бастапқы хабардан алып,оны басқа тілде беруі керек.Сондықтан бұл қызметті екі тілді қатар білетін адам ғана іске асыра алады.Оригинальдық мәтіндегі хабарды жеткізу тіларалық қарым - қатынас мақсатына қарай тілдік делдалдар арқылы әртүрлі формада және толықтығы жағынан әртүрлі деңгейде орындалады.Тілдік делдалдылықтың екі негізгі түрі анықталған.Аударма және адаптивное транскудирование (қайта жасап ауыстыру). Аударма толықтай бөгде тілдік оригиналға бағытталған.Аударманың міндеті қабылдаушының тіліндегі мәтіннің немесе оригиналдағы мәтінді толықтай қарым - қатынастық ретінде ауыстыра алатындай және қабылдаушының тіліндегі мәтінмен оригиналдағы мәтіннің қызметтік,құрлыстық және мағыналық жағынан тең болатындай тіл аралық қарым - қатынасты қамтамасыз ету.Аудармашы тілдік қарым - қатынастың күрделі тілдің қатысушы ретінде бір мезгілде бірнеше қарым - қатынастық қызмет атқарады.Біріншіде ол оригиналдың қабылдаушы ретінде яғни,бастапқы тілдің тілдік қарым - қатынас әрекетіне қатысады.Екіншіде ол аударма тіліндегі мәтінді жасаушы ретінде яғни аударма тіліндегі қарым-қатынас әрекетіне қатысады. Үшіншіден ол аударма тілінде жай мәтін жасамайды аударма мәтінін яғни ол мәтін қызметі мағынасы және құрылысы жағынан түпнұсқаны толықтай ауыстыра алатындай аударма мәтінін жасайды.Бұл аудармашы аударма процесіне қатыса отырып , бастапқы тілдегі және аударма тіліндегі әрекеттерд біріктірущі. Аудармашы алдымен бастапқы тілді талдап,оның аударма тіліндегі эквивалентін іздеп одан эквивленттік тілдік шығарма жасап,оны бастапқы тілмен салғастырып аударманың ең соңғы вариантын жасайды.Аударма тіліндегі тілдік шығарманы түпнұсқаның белгілі бірліктерінің аудармасы ретінде таңдай отырып аудармашы әртүрлі тілдегі екі мәтіннің қарым- қатынысы жағынан бірдейлігін қамтамасыз етеді. Аударма теориясының маңызды міндеті болып әртүрлі тілдегі мәтіндер мазмұнытепе-тең беру мүмкіндігін жасайтын тілдік экстролингвистикалық факторларды анықтау. Түпнұсқадағы және аудармадағы мәтін мазмұнының ортақтығы аударманың ортақтығы деп аталады. Адаптивное транскодирование бұл хабарды бір тілден екінші тілге аудармадағыдай тек қана ауыстырып қоймай ,хабарды түпнұсқадағыдай емес тіл аралық мақсатта қайта жасап ,ауыстыратын тілдік делдалдықтың бір түрі . Қайта жасап ауыстырудың екі түрі бар:қысқартылған және адаптацияланған аударма. Қысқартылған аударма дегеніміз аударма кезінде түпнұсқаның кейбір бөліктерінің моральдық, саяси, немесе кейбір практикалық жағынан түсіп қалуы. Бұл жағдайда кейбір бөліктері түсіп қалса да түпнұсқаны аударма тіліне қарым-қатынастық жағынан тең дәрежелі түрде берілуі керек Адаптацияланған аударма дегеніміз аударма кезінде түпнұсқаның құрылысы менмазмұнынтүпнұсқаны толықтай түсінуге мүмкіндігі жоқ,кейбір қабылдаушы топтар үшін түсінікті жасау мақсатында жартылай қысқартып аударуды айтамыз. Қайта жасап аудару хабардың көлеміне байланысты бөгде тілдегі мәтіннің мазмұнын топтастырып беретін хабарды аударуда аннотация, реферат, резюме аударғанда қолданылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Тілдік делдалдық деген не 2 Тілдік делдалдықтың негізгі қандай 3 Адаптацияланған транскодирование(қайта жасап ауыстыру ) 4 Қысқартылған аударма 5 Адаптацияланған аударма деген не? Негізгі әдебиет: 1 (43-50беттер) 7 (5-14 беттер) Қосымша әдебиет:1 (127-132 беттер) 5 Дәріс Тақырыбы: Аудармашыық іс-әрекеттің типологиясы Мазмұны: 1 Қысқартылған аударма 2 Өңделген аударма 3. Аннотация 4. Реферат, резюме. Аудармашының нағыз аударма ісі әртүрлі жағдайларда іске асады: * аударылатын текстердің тақырып, тілі, жанры жағынан әртүрлілігі; * аударма жазбаша ж/е ауызша орндалады, аудармашыға аударманың дәлдігі, толықтығы жайында талаптар қойылады т.б. Аударманың кейбірі аудармашыдан жекеленген ерекше білім мен дағдыларды талап етеді. Аударма түрлерінің 2 негізгі классификациясы бар: * аударылатын текстің сипатына және * аудармашының аудару кезінде сөйлеу әрекетінің сипатына қарай. 1-ші классификация оригиналдың жанрлық-стилистикалық классификациясы б/ша 2 түрі бар: Көркем(әдеби) аударма ж/е информациялық(арнайы) аударма. Көркем немесе әдеби аударма деп - көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтамыз. Әдеби аударманың мақсаты шығарманың көркемдік эстетикалық аудармасын дәл беру. Әдеби шығармаларды аударуға талдау жасау барысы аударманың көркемдігін қамтамасыз ету мақсатымен қатар кейде берілген текстің мағынасынан алшақтаудың барлығын көрсетеді. М-ы: The mountain tops were hidden in in a grey waste of sky... Вершины гор тонули в сером небе. Were hidden- жасырын жатыр деген сөздің жақын сәйкес аудармасынан алшақтап <<батып жатыр (тонули) деп аударманы жвқсы көркемдеп тұр. Көркем немесе әдеби аудармада оригиналдың нақты бір жанрға жататындығына б/ы аударманың қосымша түрлері болады. Олар: поэзия аудармасы, пьеса аудармасы, сатиралық аударма, проза, текст, өлең т.б. Хабарлама аудармасы дегеніміз- оқырманға көркем-эстетикалық әсері емес, қандай да бір хабарларды жеткізетін текстерді ауд-ы айтамыз. Мұндай текстерге әлеуметтік т.б. текстер жатады. Бұл аудармаға сонымен бірге детектив әңгімелері, очерк, таза хабарламаларды қамтамасыз ететін аудармалар. Көркем және хабарламалы аударма деп бөлу тек қана оригиналдың негізгі қызметін көрсетуге арналған негізінде көркем ауд-ң ішінде хабарлама ауд-сы да болуы мүмкін н/се керісінше хабарлама ауд-сы ішінде көркем ауд-ң элементтері де болуы мүмкін. Хабарламлы аудармада оның қосымша түрлері аударылатын текстің әртүрлілігі функционалды стильге жататындығына б/ы мынадай қосымша түрге бөлінеді: ғылыми - техникалық материалдар, саяси-публицистикалық материалдар, ресми-іс материалдары, газет-ақпарат мат-ы, патенттік мат-р т.б. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Аударма түрлерінің 2 негізгі классификациясы қандай? 2 Аударманың жанрлық-стилистикалық классификация бойынша неше түрі бар ? 3 Көркем аударма деген не,оның қандай түрлері бар? 4 Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды әдісі не ? Негізгі әдебиет: 1 (94-97беттер) 6 (197-201 беттер) Қосымша әдебиет:18(97-101беттер) Дәріс 6 Тақырыбы: Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелділігі. Мазмұны: 1. Ғылыми - техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері. 2. Қоғамдық-саяси , ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері. 3. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері Әрбір функциональды стиль шеңберінде аударма процесінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін тілдік ерекшеліктерді бөлі көрсетуге болады. Мысалы, ғылыми-технологиялық сильде ол ғылыми технологиялық материалдықлексикалық граматикалық ерекшеліктері және бірнеше кезекте арнайы лексика, терминдер басты болып саналады. Стильдің негізгі ерекшеліктері оның информациялылығы , логикалылығы, дәлдігі, түсініктілігі. Лексика шеңберінде бұл ең бірінші ғылыми-технологиялық терминдер мен арнайы лексика. Терминдер дегеніміз белгілі - бір ғылым, техника саласындағы арнайы объектілер мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Термин ретінде тек қана берілген стиль шеңберінде ғана қолданылатын терминдер, сонымен бірге жалпы қолданылатын сөздер де қолданылады. Мысалы: электроника текстерінде қолданылатын мынадай лексикалық бірліктер: coercivity, keraumophone, klystron т.б.басқа ғылыми-технологиялық текстерде қолданылады. Сонымен бірге жалпы мағыналы қолданылып жүрген dead, ripple, degenarasy т.б. сөздер ғылыми-технологиялық текстерде термин ретінде қолданылады. Терминдер объектіні немее құбылысты оның немесе дәл берілуі керек. Мұндай типті сөздерге ерекше талап қойылады. Ең бірінші термин дәл мағынаны беруі керек, яғни логикалық анықталу жолымен ашылатын, берілген ғылыми - технологиялық саланың ұғым жүйесіндегі ұғым аталған терминмен берілетін белгілі - бір қатаң мағынасы болу керек. Егерде оптикалық прибордың белгілі бір деталлі viewfinder(видеоискатель) деп аталса бұл термин тек осы детальді атау керек. Термин 1-ақ мағыналы ол контекстке байланысты болмайды. Терин қатаң логикалық системаның бөлігі болуы керек. Терминнің мағыналары мен анықтамалары логикалық классификациялық ережелеріне бағынуы керек. Яғни терминдер объекті мен ұғымды нақты айыра отырып,түсініксіз немесе қарама-қарсылықты мағына бермеуі керек. Сондықтан терминде эмоциональдылық метафора, т.б. теңеулер қолданылмайды.Үлкен көңіл жаңадан құрылған терминдердің жүйелілігіне аударылуы керек. Көптеген салаларда белгілі-бірұғымдар мен объектілер класстары үшін терминдер жасаудың арнайы ережелері жасалынған. М-ы: электрондық лампанын түрлерінің атауларыelektrode терминіне ұқсас лампада қолданылатын электродтардың санын көрсете отырып жасалынады. Ғылыми-технологиялық материалдарда тек терминалогиялық ж/е арнайы лексикалар қолданылып қоймайды. Онда кез-келген функциональді стильде қолданылатын жалпы халықтық сөздер көп қолданылады. Сондықтан аудармашы тек белгілі- бір саладағы терминдер мен арнайы лексиканы игеріп қоймай тілдің басқа да қыр-сырын меңгеруі керек. Газеттік-ақпараттық стиль де өзінің ерекшеліктерімен аударма процесіне әсер етеді. Бұл стильдегі материалдардың негізі міндетті белгілі бір мәліметті тыңдаушыларға жеткізу. Газеттік-ақпараттық хабарлардан айырмашылығы мұнда арнайы мамандар үшін емес, бүкіл халыққа олардың өміріне қатысты, қатысты емес құбылыстар мен оқиғалардың жалпы түсініктілігінде. Бірақ мұндада белгілі бір фактілерді хабарлаудағы ұғымдар мен құбылыстарды дәл жеткізуі керек. Сондықтан мұнда да аталған ойды жеткізуді терминдер мен атаулардың маңызы зор. Газеттік-ақпараттық стиль үшін әсіресе саяси терминология тән. Газеттік-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, синоним- терминдер,қысқартылған терминдер мен атаулар жиі кездеседі. АҚШ-ң саяси терминологиясында state термині <<мемлекет>> н/е <<штат>> дегенді білдіруі мүмкін:Both the state and Federal authorities are bent on estabilishing a police state. Бірінші жағдайда State термині <<федералдық>> деген анықтауышпен қатар келіп штаттар өкілеті дегенді білдірсе, екінші жағдайда state <<мемлекет>> деген мағынаны білдіріп тұр. Congressman термині неғұрлым кең мағынада <<америка конгресінің мүшесі>> дегенді немесе тар мағынада <<өкілдерпалатасының мүшес>>і дегенді білдіруі мүмкін: Last yeara umberof American Senators and Congressmen visited Greate Britain. Бір термин текстің идеялық бағытына байланысты әртүрлі мағына беруі мүмкін. Idealism термині философиялық мағынада матерализмге қарама-қарсы көзқарас мағынада және сонымен бірге ideas - <<идеялар>> мағынада қолданылуы мүмкін. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері қандай? 2.Қоғамдық - саяси материалдарды аударудың ерекшеліктері қандай? 3.Термин деген не? 4.Газеттік-ақпараттық құралдарды аударудың ерекшеліктері қандай? Негізгі әдебиет:1(109-134беттер) Қосымша әдебиет:10(279-297беттер) Дәріс 7 Тақырыбы: Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы Мазмұны: 1. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері. 2. Қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері. 3. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері. Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы бойынша аударма жазбаша және ауызша болып 2-ге бөлінеді. Жазбаша аударма дегеніміз - аудармашы жазбаша тексті көзбен көріп, жазбаша аударатын аударманы айтамыз. Жазбаша аударманы бітіргенге дейін аудармашы аудармасын қайта оқуға, қарауына болады. Ауызша аударма дегеніміз - аудармашы оригиналды немесе тексті бір-ақ тыңдайды, қайтадан салыстыруға, түзетуге мүмкіншілігі болмайды. Бұл дегеніміз аудармашы оригиналды тыңдайды да қайтадан ауызша аударады. Ауызша аударманың 2 қосымша түрі бар: синхронды және (последовательный) іле-шала аудару. Синхронды аударма дегеніміз - аудармашы оратордың (сөйлеушінің сөзін тыңдай отырып, бір уақытта 2-3 сек қалып) аударады. Синхронды аударма, әдетте техникалық құралдардың көмегімен оратордың сөзіаудармашыға наушник арқылы берілетін арнайы кабинада жасалынады, аудармашы микрофонмен сөйлейді де сол арқылы аударма рецепторға жетеді. Осындай құрылыс болғандықтан аудармашының дауысы оған оригиналды естуге кедергі жасамайды. Синхронды аударма - қиын, күрделі аударма болып саналады. Өйткені ол аудармашыдан бір мезетте әр түрлі сөйлеу әрекетін талап етеді. Аудармашы бір тілді таңдап оны 2-ші тілге аударуы керек және оратордың сөйлеу темпінен қалыспау керек. Синхронды аудару 3 түрлі әрекеттің байланысымен орындалады: есте сақтау жұмысы, мұқият тыңдау оны тез жеткізу. Ізінше Ілеспе Іле-шала аудару (последовательный) - аудармашы оратордың бүкіл сөзін сөйлеп болғаннан кейін, немесе сөзінің айтып болғаннан кейін аудара бастайды. Аударылатын сөздердің мөлшері әр түрлі болады. Жеке сөйлемдерден бастап оратордың 20-30 мин сөйлеуінен кейін аудару. Бұл аударма аудармашыдан айтылған сөздің мазмұнын ұзақ уақыт аударғанға дейін есте сақтап тұруын талап етеді. Егер оригиналдың көлемі жеткілікті мөлшерде көп болатын болса, онда аудармашы тыңдап тұрған кезде қысқартып жазып алуына болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың айырмашылығы оларға берілетін уақытта. Жазбаша аударма кезінде аудармашы кез келген уақытта аудармасын тоқтатып, аударған бөліміне қарауға сөздік, анықтама қолдануға, арнайы мамандардан ақыл кеңес сұрауына болады. Бұл кез келген тексті (әдеби, хабарлама) болсын табысты аударуға мүмкіндік береді. Ал, ауызша аудармада аудармашының ісі (жұмысы) уақыт жағынан шектеулі. Ол оратордың сөзінің темпінен қалыспау керек. Сондықтан ауызша аудармада аудармашының ойлануға, басқа вариант таңдауға сөздің немесе анықтама қолдануға мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауызша аудармаларға аударманы автоматты (тез) орындауға дағдылану өзгермейтңн сәйкес келетін аудармаларды білу керек. Аудармашыларға кейде адаптандырылған аударма, яғни кейбір керек емес жерлерін тастап аударуға, тексті компресс жасап (қысқартып, сығып) аудармаға тура келеді. Ауызша синхронды аудармада қысқа уақыт ішінде сөйлеу әрекетінің тездігі психологиялық және физикалық жағынан аудармашыға үлкен күш түсіреді, сондықтан синхронды аудармашы 20-30 мин жұмыс істейді. Олар ауысып отыруы керек. Жазбаша аударма мен ауызша аударманың тағы бір айырмашылығы аудармашы аударманың әр түрінде жасай отырып әр түрлі тесктеп жұмыс істеді. Жазбаша аудармада аудармашы оригиналдан қарап отырып бір сөйлемнің соңынан бір сөйлемді аударады, және қасында бүкіл текст болады. Сөйлемдер бірін-бірі толықтырып отырады. Ауызша аудармада оратордың сөйлегені бөлшектеп тыңдап аударуға мәжбүр. Сөйлеушінің ары қарай не айтатыны белгісіз. Жазбаша және ауызша аударма соңынан бірге тіл аралық қатынас жасаушылардың байланысына қарай да ажыратылады. Жазбаша аудармада аударма процесі кабинетте және аудармашы тіл аралық қатынас жасаушылармен байланыста болмайды. Ал ауызша аудармада аудармашы тіл аралық қатынас жасаушылармен тікелей байланыста болады. Ауызша аудармашы ауызша сөйлеген сөзді қалай ортатордың сөйлеу мәнері мен дыбысталуының ерекшелігіне, оның сөйлемді дұрыс құрылғанына, тіліне қарамай ауызша тілді қабылдап, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында өзара түсінікті қамтамасыз етуге тиіс. Бұл аударма ауызша аударудың бір түрі болады, сал-ы бірақ жазбаша аудармаға жақынырақ. Хабар құлақпен есту арқылы емес, көзбен көру арқылы (текст түрінде, статьялар, хаттар, факстер) ауызша аудармадағыдай қабылдау анализ синтез бар уақытта өтеді. Инофирмауға өткізілген сұрақтарға қарағанда ҚБА офистердегі жұмыс кезінде кеңінен тараған аударма болып саналады. ҚБА-дың 2 жақтылығы аудармашылы түрде алғанда қарапайымдылығына қарамастан (ауызша аудармада тыңдау қиындығы болса, ҚБА-у хабардың текст түріне сүйенеді). ҚБА-да ерекше дайындықты талап етеді. Берілген бөлікте көру арқылы қабылдау процессінде барлығын бірдей толықтай қабылдау, дағдысын жаттықтыру қажет, өйткені барлық уақытта тексті қарап шығуға бола бермейді. Сондықтан информацияның көп бөлігін көзбен қарап (көз жүгіртіп) түсініп қамту қажет және ешқандай үзіліссіз ыңқыл-сыңқылсыз бастау аулақ болу қажет. Кейде текстің негізгі мазмұнын ғана беру қажет. Салыстырмалы түрде мұны жасау қиын емес. Мысалы іс-қағаздарына байланысты клише штамп сөз орамдарына көңіл бөліп отырып, тек текстің негізгі мазмұнын беруге болады. ҚБА-да таныс емес сөздер мен орамдарға бас қатырмай олардың мағынасын жалпы контексті шешуге тырысу керек. Аудармаларға, соның ішінде ауызша аудармаға жақсы есте сақтау қажет. Айтылғандарды тез жазып алу әрине көмектеседі, бірақ жақсы есте жаттықтыру керек. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Аударманың психолингвистикалық классификация бойынша неше түрі бар? * Жазбаша аударма деген не? * Ауызша аударма деген не? * Ауызша аударманың қандай түрлері бар? * Жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері қандай? Негізгі әдебиет: 1 (97-108-беттер) Қосымша әдебиет: 3 (12-37-беттер) 4 (97-115-беттер),(163-259-беттер) Дәріс 8 Тақырыбы:Ауысша аударманың түрлері мен типтері Мазмұны:1.Ілеспе аударма және оның ерекшеліктері. 2.Синхронды аударма және оның ерекшеліктері. Жазбаша аударма дегеніміз-аудармашы жазбаша тексті көзбен көріп,жазбаша аударылат ын аударманы айтамыз.Жазбаша аударманы бітіргенге дейін аудармашы аудармасын қайта оқуға, қарауына болады. Ауызша аударма дегеніміз-аудармашы оригиналды немесе тексті бірақ тыңдайды, қайтадан салыстыруға, түзетуге мүмкіншілігі болмайды. Бұл дегеніміз аудармашы оригиналды тыңдайды да қайтадан ауызша аударады. Ауызша аударманың 2 қосымша түрі бар:синхронды және (последовательный) іле-шала аудару. Синхрондыаударма дегеніміз-аудармашы оратордың (сөйлеушінің сөзін тыңдай отырып, бір уақытта 2-3 сек қалып) аударады. Синхронды аударма, әдетте техникалық құралдың көмегімен оратордың сөзі аудармашыға наушник арқылы берілетін арнайы кабинада жасалынады, аудармашы микрофонмен сөйлейді де сол арқылы аударма рецепторға жетеді. Осындай құрылыс болғандықтан аудармашының дауысы оған оригиналдв естуге кедергі жасамайды. Синхронды аударма-қиын, күрделі аударма болып саналады.Өйткені ол аудармашыдан бір мезетте әр түрлі сөйлеу әрекетін жасауды талап етеді. Аудармашы бір тілді таңдап оны 2-ші тілге аударуы керек және оратордың сөйлеу темпінен қалыспау керек. Синхронды аудару 3 түрлі әрекеттің байланысымен орындалады:есте сақтау жұмысы, мұқият тыңдауц оны тек жеткізу. Ізінше Ілеспе Іле-шала аудару (последовательный) - аудармашы оратордың бүкіл сөзін сөйлеп болғаннан кейін, немесе сөзінің бір бөлігін айтып болғаннан кейін аудара бастайды. Аударылатын сөздің мөлшері әр түрлі болады. Жеке сөлемдерден бастап оратордың 20-30 мин сөйлеуінен кейін аудару. Бұл аударма аудармашыдан айтылған сөздің мазмұнын ұзақ уақыт аударғанға дейін есте сақтап тұруын талап етеді. Егер оригиналдың көлемі жеткілікті мөлшерде көп болатын болса, онда аудармашы тыңдап тұрған кезде қысқартып жазып алуына болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың айырмашылығы оларға берілетін уақытта. Жазбаша аударма кезінде аудармашы кез-келген уақытта аудармасын тоқтатвп, аударған бөліміне қарауға сөздік, анықтама қолдануына, Арнайы мамандардан ақыл кеңес сұрауына болады. Бұл кез-келген тексті (әдеби, хабарламалы) болсын табысты аударуға мүмкіндік береді. Ал,ауызша аудармада аудармашының ісі (жұмысы) уақыт жағынан шектеулі. Ол оратордың сөзінің темпінен қалыспау керек. Сондықтан ауызша аудармашының ойлануға, басқа вариант таңдауға сөздің немесе анықтама қолдануға мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауызша аудармашыларға аударманы автоматты орындауға дағдылану , өзгермейтін сәйкес келетін аудармаларды білу керек. Аудармашыларға кейде адаптандырылған аударма,яғни кейбір керек емес жерлерін тастап аударуға , тексті компресс жасап (қысқартып)аударуға тура келеді.Ауызша синхронды аудармада қысқа уақыт ішінде сөйлеу әрекетінің тездігі психологиялықжәне физикалықжағынан аудармашыға үлкен күш түсіреді, сондықтан синхронды аудармашы 20-30 минут жұмыс істейді.Олар ауысып отыруы керек.Жазбаша аударма мен ауызша аударманың тағы бір айырмашылығы аудармашы аударманың әр түрін жасай отырып әр түрлі мәтінмен жұмыс істейді.Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқадан қарап отырып бір сөйлемнің соңынан бір сөйлемді аударады,және қасында бүкіл мәтін болады.Сөйлемдер бірін - бірі толықтырып отырады.Ауызша аудармада оратордың сөйлегенін бөлшектеп тыңдап аударуға мәжбүр.Сөйлеушінің ары қарай не айтатыны белгісіз. Жазбаша және ауызша аударма сонымен бірге тіл аралық қатынас жасаушылардыңбайланысына қарай да ажврвтылады.Жазбаша аудармада аударма процесі кабинетте және аудармашы тіл аралыққатынас жасаушылармен байланыста болмайды.Алауызша аудармада аудармашы тіл аралық қатыныс жасаушылармен тікелей байланыста болады .Ауызша аудармашы ауызша сөйлеген сөздіқалай оратордың сөйлеу мәнері мендыбысталуының ерекшелігіне ,оның сөйлемінің дұрыс құрылғанына ,тіліне қарамай ауызша тілді қабылдап ,сөйлеуші ментыңдаушының арасында өзара түсінікті қамтамасыз етуге тиіс. Парақ бетінен аудару(ПБА) Бұл аударма ауызша аударудың бір түрі болып саналады , бірақ жазбаша аудармаға жақынырақ. Хабар құлақпен есту арқылы емес , көзбен көру арқылы( мәтін түрінде ) статьялар хаттар , факстар ауызша аудармадағыдай қабылдау анализ синтез бір уақытта өтеді. Инофирмаға өткізілген сұрақтарға қарағанда ПБа офистердегі жұмыс кезіндегі кеңінен тараған аударма болып саналады.ПБА-дың 2 жақтылығы аудармашылық түрде алғанда қарапайымдылығына қарамастан (ауызша аудармада тыңдау қиындығы болса ,ПБА-да хабардың мәтін түріне сүйенеді)ПБА-да ерекще дайындықты талап етеді. Берілген бөлікті көру арқылы қабылдау процесі нде барлығын бірдей толықтай қабылдау дағдысын жаттықтыру қажет, өйткені барлық уақытта мәтінді қарап шығу мүмкін бола бермейді. Сондықтан информацияның көп бөлігін көзбен қара( көз жүгіртіп )түсіну қажет және ешқандай үзіліссіз аударып ыңқыл-сыңқылдан аулақ болу қажет. Кейде мәтіннің негізгі мазмұнын ғана беру керек .Салыстырмалы түрде мұны жасау қиын емес. Мысалы іс-қағаздарына байланысты клише, штамп ,сөз орамдарына көңіл бөле отырып ,мәтіннің тек негізгі мазмұнын беруге болады. ПБА-да таныс емес мөздер мен орамдарға бас қатырмай олардың мағынасын жалпы контекстпен шешуге тырысу керек .Аудармашыларға соның ішінде ауызша аудармашыларға жақсы есте сақтау қажет.Айтылғандарды тез жазып алу әрине көмектеседі, бірақ есте сақтауды жаттықтыру керек. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Ілеспе аударма деген не, оның ерекшеліктері қандай? 2 Синхронды аударма деген не, оның ерекшеліктері қандай ? 3 Екі жақты ауызша аударма деген не? 4 Абзацты - фразалық аударма қандай аударма? 5 Парақ бетінен аудару деген не? Негізгі әдебиет: 1 (98-108-беттер) Қосымша әдебиет: 5 (7-17-беттер) Дәріс 9 Тақырыбы:Аударманың эквиваленттілігі Мазмұны: 1.Түпнұсқа және аударма текстінің мағыналық жақындығы.Олардың Коммуникативтік тепе-теңдігінің негізі ретінде. 2.Әртурлі тілдегі текстер мазмұнының өзгешелігі. 3. << Аудрма эквиваленттілігі>> және <<аударма дәлдігі>> ұғымдары Аудармашының ең басты міндеттерінің бірі оригиналдың мазмұнын барынша толық беру, жалпы оригинал мен аударма мазмундарының ортақтығы (бірдейлігі)өте маңызды. Екі турлі эквивалентілікті ажыратуға болады; 1.Потенцмалды жетістікке жеткен эквивалент (немесе күшті эквивалент ) 2.Аудармалық эквивалент. Потенциалды жетістікке жеткен эквивалент деп- ұқсас емес екі түрлі тілдегі текстердің мазмұндарының барынша ортақтығын айтамыз. Аудармалық эквивалент деп- аударма процессі кезінде аудармашы жеткен оригинал мен аударма текстінің нақты мағынылық жақындылығын айтамыз. Аудармалық эквиваленттіліктің шегі болып аударма оригиналдық мазмұнының лингвистикалық деңгейін барынша сақтау мүмкіндігі болып табылады.Бірақ әрбір жеке аударма оригиналға мағыналық жақындық әртурлі деңгейде және әртүрлі жолдармен тәсілдермен жетеді. Бастапқы тіл мен аударма тілі жуйесіндегі айырмашылық және бұл тілдердің әрқайсысының текстері жасау ерекшеліктері әртурлі деңгейде аударма оригиналдың мазмұнын толықтай сақтау мүмкіндігіне шек қояды. Сондықтан аудармалық эквиваленттілік оригиналдағы мазмұн мағынасының әртүрлі элементтерінің әртүрлі деңгейі (типі) анықталады. Эквиваленттіліктің кез-келген деңгейінде аударма тіл аралық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады. Кез келген текст қандай да бір қарым-қатынастық қызмет атқарады: қандай да бір фактілерді хабарлайды, эмоцияны (көңіл-күйді) білдіреді, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнатады. Аударма эквивалентігінің І типі Аударма эквивалентігінің І типі дегеніміз - оригинал мазмұнның қарым-қатынас мақсатын құрайтын (мақсатқа байланысты) бөлігінің ғана аударылуын айтамыз. Мысалы: * Мay be there is some chemistry between us that doesn`t mix. - Бывает, что люди не сходятся характерами. * That`s a pretty thing to say. - Постыдился бы! * Those evening bells, those evening bells, how many a tale their music tells. - Вечерный звон, вечерный звон, как много дум наводит он. Бірініші мысалда, қарым-қатынас мақсаты айтылатын ой мазмұнның негізгі бөлігін құрайтын ауыспалы мағынаны беруде болып тұр. Мұнда қарым-қатынастың күшті әсер (немесе нәтиже) адам қатынастарының химиялық элементтермен ұқсас өзара әсері өзгеше көркем бейнелеудің есебінде жетістікке жетіп тұр. Берілген бұл хабарды бұлай жанама ауыспалы суреттеу аударма тілінде жарамды емес, сондықтан аудармашы оны аударма тіліндегі қолданылатын бейнелірек оймен ауыстырып аударған, бірақ қарым-қатынастық әсері сақталған. Екінші мысалда, қарым-қатынас мақсаты, яғни ойдың мақсаты сөйлеушінің өзнің сөйлесіп отырған адамына кейігіне көңіл-күйін көрсету. Бұл жерде аудармашы бұл мақсатты көрсету үшін орыс тіліндегі кеюшілікті білдіретін ұқсас фразаны қолданған, бірақ аудармада оның тілдік бірліктері оригиналдағы бірліктермен сәйкес келмейді. Үшінші мысалда, аудармашы барлық тәсілмен сақтап қалуға тырысқан оригиналдың ортақ(жалпы) қызметі, дыбыстарға, рифмаға, көлемге негізделгенпоэтикалық (өлеңді) әсер. Оны сақтап қалу үшін аудармшы бастапқы хабарды аударма тіліндегі поэтикалық әсерді іздеп алмастырған. Бұл мысалдан көріп отрығанымыздай, қарым-қатынас мақсаты айтылтын ой мазмұнының ортақ бөлігі болып табылады. Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе: * синтактикалық ұйымдастыру мен лексикалық құрамның салыстыруға келмейтіндігі; * оигинал мен аударманың лексикасы мен құрылысын семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық алмастыру негізінде байланыстырудың мүмкін е,местігі; * оригинал мен аударма хабарларының арасында, 2 жақта да, айтайын дегені бір-ақ ой екендігін білдіретін нақты немесе тура логикалық байланыстың болмауы; * оригинал мен аударма мазмұндардың эквиваленттілік болып саналатын барлық басқа аудармалармен салыстырғанда орақтығының ең аздығында. Эквиваленттіліктің ІІ типінде оригинал мен аударма мазмұндарының жалпы бөлігі бірдей қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, сонымен бірге бірдей тілдегі тыс жағдайларды бейнелейді.Ситуация (жағдай) дегеніміз-объектілердің (жиынтығы) және----*- кезінде суреттелінетін объектілердің арасындағы жиынтық.Кез-келген текст нақты немесе елестету сияқты жағдайлар хабарларынан тұрады. Эквиваленттің 2 типі 1 типпен,яғни қарым-қатынас мақсаты ғана сақталып аударылатын типпен салыстырғандаоригинал мазмұнын толығырақ бергенмен,оригиналдың барлық мағыналық элементтерін бере алмайды. Ситуация ұқсастығы мен оны сипаттау жолдарының арасындағы айырмашылық тіл мен ойдың және суреттелінетін нақты істің арасында өзіндік қарым-қатынасты бейнелейді.Әрине,ойдың мазмұнында ситуацияның өзі мен оның белгілері қатыспайтыны,тек қана олардың ойлы образдары,яғни белгілі бір мәлімет не хабар түрінде берілетіндігі белгілі. Көрсетілген типтің хабарды құрудың әртүрлі жолдары сипатталынатын ситуацияның ұқсастығымен біріктіреледі.Олардың мазмұнының ортақтығы толықтай коммуниканттардың экстра лингвистикалық тәжірбиесіне негізделеді.Нақты тәжітибеден бізге белгілі бір орында адамды көру үшін ол сол жерге келу керек,сол жерде болуы керек.Бұдан шығатын қорытынды,мына ойлар <<ол ол жерде мүлдем болмайды>>, <<біз ол жерде оны сирек көреміз>> дегендер <<бір ойды>> білдіреді. Эквиваленттіліктің II типіне тән нәрсе оригинал мен аудармада бір ситуацияның әртүрлі жолдармен сипатталса да ұқсастығы.Әртүрлі тілдегі текстердің мағыналық ұқсастығының негізі болып мұнда тіл мен экстра лингвистикалық шындықтың арасындағы қатынастың жалпылық сипаты болып табылады. Эквивалеттіліктің 2 типі аударманың оригиналға мағыналық жақындығы,қолданылатын тілдік құралдардың мағыналарының ортақтығына негізділмейтін аударма болып табылады.Мысалы:He answered the telephone.-Он снял трубку.Ол телефонды алды.You are not fit to be in a boat.-Тебя нельзя пускать лодку.You see one bear,you have seen them all.-Все медведи похожи друг на друга.Теңестірілген бұл мысалдардағы әртүрлі тілдегі ойларда оригиналдың көп сөздермен синтатикалық құрылысы аударма тексінде тікелей сәйкестік таба бермейді.Сонымен бірге бұл топтың оригиналы мен аудармасының арсында эквиваленттіліктің 1 типіне қарағанда мазмұн ортақтығының көптігі бар.Мына аудармаларды салыстырып көрейік. 1)That`s a pretty thing to say.-Постыдыился бы! 2)He answered the telephone.- Он снял трубку. Бірінші мысалда әңгіме екеуінің арасында қандай да бір нақты байланыс жоқ мүлдем әртүрлі құбылысты көрсетеді.Оригинал мен аударма ортақтығы тек қана,2 жағдйда да сөйлеушінің өзімен сөйлеушісінің алдындағы жасаған ескертпесіне эмоционалдық (көңіл-күйлік) қатынасының бірдей деп қорыту (жабу)да болып тұр. Екінші мысалда оригинал мен аударманың салыстыруға келмейтін тілдік құралдары бірдей істі,яғни телефонды (телефон трубкасын алу арқылы) алу арқылы телефонмен сөйлесуге болатынын сипаттайды.Әңгіме мұнда әртүрлі жолмен берілгенімен бір-ақ ойды білдіргенінде болып тұр.Мұндай ойларды сөйлеу тілінде <<бір ойды басқа сөздермен жеткізу>> деи те атайды. Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе: * лексикалық құрам мен синтатикалық ұйымдастырудың салыстыруға келмейтіндігі; * оригинал мен аударманың семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық ауыстыру тұрғысынан алғанда лексика мен структураны байланыстырудың мүмкін еместігі; * аударма қарым-қатынас мақсатын сақтау,яғни ойдың басты функциясын сақтау эквиваленттіліктің міндеті шарты болып табылады; * аудармада әртүрлі тілдер хабарлрының арасында болатын логикалық байланысты дәлелдейтін бір ситуацияны ,яғни 2 жағдайда да <<бір ойды білдіретін хабарды жеткізуді>> сақтау. Эквивалеттіліктің 3-ші типін Мына мысалдардан көруге болады:Scrubbing makes me bad-temped.От мытья полов у меня настроение портится. London saw a cold winter last year-В прошлом году зима в Лондоне была холодной. That will not be good for you-Это может для вас плохо конч ится.Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасын салғастырғанда мынадай ерекщеліктерді көруге болады: 1)Лексикалық құрам мен синтактикалық құрылыстардың паралеллдігінің жоқтығы ; 2)Түпнұсқа мен аударма структураларын байланыстыруда синтактикалық ауыстырудың мүмкін еместігі; 3)Аудармада түпнұсқадағы сияқты ситуация ұқсастығы мен қарым- қатынас мақсатының сақталуы; 4) Аудармада жалпы ұғымның яғни түпнұсқадағы ситуацияны суреттейтін ұғымдардың сақталуы.Бұл жағдайда түпнұсқадағы хабарды аудармада семантикалық жағынан басқаша өзгертіп айтуға болатындығы. Мұндай жағдайларда түпнұсқа мен аударма мазмұндарының арасындағы қатынас түсініктер арасындағы формальді - логикалық қатынастармен топтастырылады ,маңызы бірдейлілі,бағынушылықтар қарама-қарсылық, табыну. Мұндай байланыстардың болуы түпнұсқа мен аударманың бұл типінде көп мағыналылық ортақтықтың қосымша көрсеткіштері ретінде қызмет етеді. Негізгі түсініктердің ортақтығы түпнұсқа мен аудармадағы ситуацияны сипаттау ушін толардың бірдей белгілері таңдалынатын хабарлардың структураларын сақтауды білдіреді. Егер эквивалеттіліктің алдыңғы типтерінде аудармада түпнұсқаның мазмұны не үшін хабарланады және онда не хабарланады дегенге қатысты мәліметтер сақталынсы , мұнда яғни 3-ші типте түпнұсқада не хабарланса сол беріледі. Ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы шеңберінде семантикалық ажыратудың әртүрлі түрлері болуы мүмкін . Негізінде ситуация сақталынатын мағыналық категорияны таңдау берілетін хабарды ұйымдастыруды толықтай анықтамайды. Ойды жеткізуді ұйымдастыруды семантикалықварианттылығы мағыналардың едәуір ортақтығыменбайланысты синонимдік структураларды жасайды.Осыған байланысты 3-ші тип аудармасында хабарлар структураларыныңтолықтай сәйкес келуі ,сонымен бірге аудармада синонимдік структураларды қолдану байқалады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Аударманың ең басты міндеті не? 2 Потенциялды эквивалент деген не ? 3 Аудармалық эквивалент деген не? 4 Аударма эквиваленттілігі және аударма дәлдігі ұғымдарының мәні неде ? Негізгі әдебиет: 1 (51-68-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (132-137-беттер) Дәріс10 Тақырыбы: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері Мазмұны:1.Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстыру. 2.Аударма варианттарының көп түрлілігі. 3.Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар. Ой мазмұнының функциональды-ситуациялық аспектілері ондағы барлық хабарды құрамайды. Екі ойдың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, тіпті олар бірдей қарым-қатынас мақсатын білдірсе де, сонымен бірге бірдей жалпы ұғымдар көмегімен бірдей ситуацияны сипаттасады. Олардың мазмұндарының толықтай бірдей болуы үшін оларды құрайтын лексикалық бірліктер (сөздер) мен олардың арасындағы синтактикалық қатынас толық тура келу керек. Кез-келген хабар әрқайсысы өзінің жеке мағынасы бар, белгілі-бір хабарды жеткізетін тілдік бірліктерден тұрады.Ой мазмұны тілдік бірліктердің мағынасынсыз өмір сүре алмайды.Cонымен бірге тілдік бірліктер ойды жеткізуде ой мазмұнының функциональды-ситутивті аспектілерін білдіреді сонымен бірге берілетін хабарды жеткізуде қосымша мағына береді.Қарым-қатнастың әртүрлі жағдайларында бірінші кезекте ойды жеткізудің кейбір мағыналық элементтері тұру мүмкін, (онда) сол кезде сөзді таңдау немесе синтактикалық структураны таңдау бүкіл хабар мазмұнының жеткізуде маңызды ролге ие болады. Егер эквиваленттіліктің бірінші 3 типінде әңгіме оригинал мен аударма мағыналарының элементтерін тілдік құралдар біраз сәйкес келмесе де сақтап аудару болса, мұнда яғни тілдік бірліктердің семантикасын беруде, бастапқы тілдің тілдік бірліктерінің мағыналарына эквиваленттілік табу талап етіледі.Әртүрлі тілдердің бірліктерінің мағыналарына толықтай сәйкес келмейтіндіктен, оригинал мен аудармада бірін-бірі алмастыратын элементтер әдетте мағыналары жағынан бірдей болмайды. Соған қарамастан,көп жағдайларда оригиналдың тілдік құралдарындағы хабардың көп бөлігін аудармада беруге болады. Эквиваленттіліктің келесі 2 типінде оригинал мен аударманың мағыналық ортақтығы қарым-қатнас мақсатын сақтау, ситуацияны оны сипаттау тәсілін көрсету ғана емес сонымен бірге синтактикалық және лексикалық бірліктердің мағыналық сәйкес келушіліктерінің жақындығын қамтамасыз ету. Эквиваленттіліктің 4 типінде 3 типке сақталынатын мазмұнының 3 компонентімен бірге, аудармада оригиналдық синтактикалық структура мағыналарының көп бөлігі беріледі. Оригиналдың структуралық ұйымдастырылуы аударылған текстің жалпы мазмұнына енетін белгілі хабарды таныстырады. Ойды жеткізудің синтактикалық құрылыс мазмұнының бірінші кезекте қарым-қатнас әрекеті ретінде бөлігін анықтайды және ондағы белгілі бір типтегі сөздердің белгілі тәртіппен және сөздер арасындағы белгілі бір байланыстармен қолданылу мүмкіндігін жасайды. Сондықтын аудармада оригиналдың синтактикалық ұйымдастырылуын барынша сақтау мүмкіндігі оригинал мазмұнының толығырақ берілуіне мүмкіндік жасайды. Онда басқа (сонымен бірге) оригинал мен аударманың синтактикалық параллелдігі бұл текістердің кейбір элементтерінің сәйкес келушілігіне негіз береді. Оригиналға қатысты синтактикалық ұйымдастырудың параллелизмі болады. Эквиваленттіліктің 4 типінде оригинал мен аударма арсындағы қатынас мынандай ерекшеліктермен белгіленеді: * Лексикалық құрамына едәуір параллелдігі-оригиналдың көпшілік сөздер үшін аудармада мазмұны жақын сәйкес келетін сөздерді табуға болады; * Аудармада оригинал структурасына ұқсас синтактикалық структураларды қолдану аудармада оригиналдың синтактикалық структураларының мағыналарын мүмкіндігінше барынша беру; * Аудармада оригинал мазмұнының барлық 3 бөлігін сақтау - эквивалеттіліктің 3 типі қарым - қатынас мақсаты,ситуацияны көрсету және оны сипктту тәсілдері; Синтактикалық параллелизмді толдықтай сақтау мүмкіндігі болмаған жағдай синтактикалық мағыналардың біраз деңгейде болса да өзгермеуі (ұқсастығы) аудармада ұқсас әртүрлі синтактикалық структураларды қолданумен іске асады.Эквиваленттіліктің 4 типінде әртүрліліліктің негізгі 3 түрі анықталады: * Тікелей немесе кері ауыстырумен байланысты синонимдік структураларды қолдану; * Сөздердің орнын ауыстыру арқылы болатын ұқсас структураларды қолдану; * Структуралардың арасындағы байланыс типтерін өзгерту арқылы ұқсас труктураларды қолдану; Әрбір тілде бастапқы структурадан шығаруға (жасауға) болатын немесе керісінше белгілі бір қайта жасалынған структурамен қайта жасалынатын синонимдік структуралар болады.Мысалы:берілген немесе бастапқы негізгі мағынадағы структурадан осы негізгі мағынаны сақтайтын бірақ турадан осы негізгі мағынаны сақтайтын,бірақ қосымша синтактикалық мағыналарымен ажыратылатын бірнеше структура шығаруға болады: <<мальчик читает - бала оқып отыр>>, <<чтение мальчика - баланың оқуы>>, <<читающий мальчик - оқып отырған бала>>, <<прочитанное мальчиком - бала оқыған>> т.б.Осындай барлық жағдайларда айтар ойдың мазмұны едәуір ортақ болады. Көп жағдайларда синонимдік қатарлардың бір мүшесін басқамен ауыстыру ойдың жалпы мазмұнын соншама өзгерте қоймайды.Сондықтан аудармада сисомдік қатарларды эквивалаенттіліктің 4 типі шеңберінде қолдану оригиналдағы синтактикалық структуралық мағынасын жеткілікті мөлшерде толық сақтайды.I told him what I thought of her.- Я сказал ему свое мнение о ней.He was never tired of old songs.- Старые песни ему никогда не надоедали.It is very strange this domination of our intellect by our digestive argans.Странно,до какой степени пищеварительные органы властвуют над нашим рассудком. Ағылшын тілінде сөздердің тұрақты орын тәртібі болғандықтан,басқалармен салыстырғанда инверсие (сөздердің тура орын тәртібінен алшақтау) сирек ойды жеткізудің эмоционалдық жақтарын көрсетудің тиімді тәсілі ретінде қолданылады.Ал орыс тілінде инверсия (кері орын тәртібі) жиі хабардың коммуникативті орталығын көрсету үшін қолданылады.Инверсия орыс тілінде ойдың эмоционалдығын көрсету үшін қолданылмайды.Сондықтан бұндай жағдайларда оригиналдағы <<кері>> орын тәртібі аудармада болмауы мүмкін,ал эмоционалдықты білдіру үшін басқа тәсілдер қолданылуы мүмкін,сонымен бірге лексика - фразиологиялық тәсілдер де қолданылуы мүмкін.Mine is long and a sad tale.- Повесть моя длинна и печальна.Open flew the gate and in came the coach. - Ворота распахнули настежь,и карета уже была во дворе.Him I have never seen.- Я его никогда не видел. Аудармада оригиналдағы ұқсас структураларды қолдану ең ірі синтактикалық бүтін бірлік шеңберінде структуралапрдың арасындағы байланыс типтерін өзгертумен де болуы мүмкін. Мұнда жай сөйлемдер мен,сабақтас ,салалас құрмалас сөйлемдер арасында әртүрлілік болуы мүмкін .Сөйлем типтері арасындағы айырмашылықтың белгілі-бір қарым-қатынастың мәні бар. Мысалы мынадай сөйлемдер мағыналарымен айырмашылығы <<Начался дождь>>.Мы пошли домой .Начался дождь и мы пошли домой. Мы пошли домой потому что начался дождь. Олардың екі оқиға арасындағы байланыстың себептерінің бірдей еместігінде .Әртүрлі тілдегі бір типтегі сөйлемдердің мағыналық ,стилистикалық қызметтері сәйкес келмеуі мүмкін , соның нәтижесінде аудармада эквиваленттілікішкі құрылыстары ұқсас бірақ әртүрлі типті сөйлемдермен болуы мүмкін. Басқаша айтқанда ,аудармада жек сөйлемдердің саны , типі өзгеруі мүмкін. Эквиваленттіліктің 4-ші типінде сөйлем санының және типінің өзгеруі аудармада керісінше ,яғни жеке сөйлемдердіңкішіреюімен болуы мүмкін.Despite all opposition these sections have organised a powerfull trade - union movement The mass of the Civil Servants have successfully established important political rightsfor themselves - Қарсы шығушылыққа қарамастан ,мемлекеттік қызметкерлердің бұл тобы үлкен кәсіподақтық қозғалыс ұйымдастырды және ,мемлекеттік қызметкерлердің көп бөлігін едәір дәрежеде өздерінің саяси құқықтарына жетті. Эквиваленттіліктің 5-ші типі Соңғы эквиваленттіліктің 5-ші типінде әртүрлі тілдер мәтіндерінің арасында болатын түпнұсқа мен аударма мазмұндарының барынша жақын деңгейіне жетеді .Эквиваленттіліктің бұл типін мына мысалдардан көруге болады:Isaw him at the theatre - Мен оны театрда көрдім.The houae was sold for ten thousand dollars-Үй 10 мың долларға сатылды. He was sure we shold bothfall ill-Ол екуміздің де ауыратындығымызға сенімді болды. Бұл типтің түпнұсқа мен аударма арасындағы қатысына тән нәрселер мыналар: 1)Мәтінді структуралық жағынан ұйымдастыруда параллелизмнің жоғары деңгейі ; 2)Лексикалық құрамның барынша сәйкес келуі ; 3)Аудармада түпнұсқа мазмұнының барлық негізгі бөліктерін сақтау. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Эквиваленттіліктің қандай түрлері мен деңгейлері бар? 2 Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстырудың мәні неде ? 3 Аударма варианттарының көптүрлілігі неге байланысты ? 4 Эквиваленттілік деңгейін анықтайтын факторлар қандай? Негізгі әдебиет: 1 (69-93-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (137-140-беттер) Дәріс 11 Тақырыбы: Аударма прагмматикасы Мазмұны: 1.Аударма прагмматикасы ұғымы. 2. Аударылатын текстердің прогмматикалық классификатикасы. Кез-келген текст коммуникативті, яғни хабар көзінен қабылдаушы белгілі бір хабарды, мәліметті алады. Қабылдаушы хабар көзінен хабарды қабылдай отырып, текстпен белгілі бір қарым қатынасқа түседі. Оны прагмматикалық қарым қатынас дейді. Текст пен Қабылдаушының арасындағы қарым-қатын.ас әр түрлі мүмкін болу керек. Текст кейде қабылдаушыға соншама әсер ете қоймайтын, оған қатысты емес тек бір оқиғаларды, фактілерді, хабарларды білу көзу болып қызмет етеді. Сонымен бірге текстен алынған хабар қабылдаушыға үлкен әсер етуі мүмкін. Текст қабылдаушының сезіміне, көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін, белгілі бір әрекеттерге талпынуы мүмкін. Тексттің осындай қабылдаушыға әсер ете алуын тексттің прогмматикалық аспектісі немесе прагмматикалық потенциалы, немесе текстің прогмматикасы деп ат айды. Аударма процессінде әр түрлі тілдердің тілдік жүйелерін салыстыремен бірге олардың әртүрлі мәдениетінде салыстырыладлы. Әдетте, бастапқы текст өз тілінде сөйлеушілірге арналып жазылған. Ағылшын тілінде жазылған тексті ағылшын қабылдаушысы толықтай түсіне алады. Өйткені ол өз халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін біледі. Аударма процессінде текст басқа мәдениеттің адаптация жасалынады, яғни қабылдаушыға түсінікті болу үшін текстке кейбір төзгертулер еңгізіледі, түсініктемелер беріледі. Мәселен В.Н. Камиссаров мынадай мысал береді: It was Friday. So they will soon go out and get drunk. Бұл сөйлем орыс не қазақ оқырмандарына түсініксіз болуы мүмкін. Ол қандай жағдайда түсінікті болады. Ол сөйлемге прогматикалық адаптация жасап, яғни түсіндірме берген жағдайда, яғни Англияда фабрика жұмысшыларына жалақыларын аптаның жұма күндері беретінін қосымша айту керек. Прагматикалық адаптациямен бірге былай болады: Аударма процесінің екінші этабында аудармашы бастапқы хабарда аударма қабылдаушысының түсінуін қамтамасыз етуге талпынады. Ол оригин,ал қабылдаушысына қарағанда аударма қабылдаушысының бөтен тілдің иесі екенін, оның білімі, өмірлік тәжірибесі, басқа тарихы, мәдениеті бар екенін ескереді. Осындай алшақтаулар бастапқы хабарды толыққынды түсінуге кедергі болатын жағдайларда, аудармашы бұл кедергілерді аударма текстіне тиіс өзгертулер жасау арқалы жоя алады. Аударма қабылдаушысында тиісті басқа тілдер, ұлттар туралы жан-жақты білімі болмаған жағдайда берілген хабарға түсініктеме жасап, аударма текстіне толықтурулар түсіндірулері жасауды қажет етеді. әсіресе бұл оригиналда адам аттары, географиялық аттаулар, мәдениет және тұрмыс жағдайындағы ұлттық болмысқа қолданылған жағдайда болады. Географиялық атаулар: мысалы Американың Massachusets, 0klahoma, Virginia, Канаданың Albert, Monitoba немесе Англияның Middlesex, Surrey т.б. қазақ не орыс тілдеріне аудару барысында әдетте <<штат, провинция, графство>> деген т анықтауларды қосып аудару керек. Себебі оны қазақ, орыс оқырмандары түсінбеуі мүмкін. Мысалы: Массачусец штаты, Алберта провинциясы, Мидлсекс графствосы, т.б. анықтап түсініктеме беретін элементтер мекеме, фирма, басылым органдары т.б атауларын аудару барысында қажет болуы мүмкін. Мысалы: The strike movement Spain is on the increase, "Newsweek" reports. - Как сообщает журнал <<Ньюсуик>> в Испании растет-движение. Осыған ұқсас қосымша түсініктемелер бөтен елдің тұрмыс-салтқа байланысты әр түрлі реалиилердің атауларын түсінуді қамтамасыз етеді. * For desert you got Brown Betty, which nobody ate... * На сладкое - <<Рыжая Бетти>>, пудинг с патокой, только его никто не ел. Бұл жерде оқырман тәтті орнына берілетін <<Рыжая Бетти>> деген сөздің не екенін қосымша берілген түсініктемеден ұға алады. Against my will I felt plesed that he should have considered my remarks interesting, thought I knew that it was Dale Cornegie stuff, a small apparently cansual compliment. Я был невольно польщен тем, что он находит мои замечания интересными, хотя и понял, что это был дешевый трюк - как бы случайно брошенный комплимент по рецепту Дейла Карнеги. Бұл сөйлемге аударма ескерту беру керек. Дейла Карнеги - <<Қалай достар тауып, айналандағыларға әсер етуге болады.>> деген атақты кітаптың авторы - деп. Кейбір жағдайларда текстің прогматикалық потенциалын беру, аударма қабылдаушысына белгісіз детальдарды аудармада түсіріп тастау арқылы берілуі мүмкін. There were pills and medicine all over the place, and everything smelled like viccks' Nose Drops. - Везде стояли какие-то пузырки , пилюли, все пахло каплями от насморка. Мұнда аудармада viccks' деген сөз түсіп қалған. Ол тамшының фирмалық аты. Аударма қабылдаушысының берілген хабарды адекватты түсінудің қамтамасыз етуі үшін аудармашыға кейде берілген хабардың кейбір түсініксіз элементтерін қосымша хабарлармен ауыстыруына тура келеді. Солай етуге мәжбір бола алады. Мысалы: The Prime-Minister spoke a few words from a window in number 10. Бұл жерде Лондандағы Даудинг көшесіндегі 10 үйде премьер министрдің резиденциясы орналасқандығын кез-келген ағылшындық біледі. Бөтен елдің адамы оны білмеуі мүмкін, сондықтан аудармада: премьер министр произнес несколько слов из окна своей резиденции - деп №10 деген сөз резиденция сөзімен ауыстырылады. Жиі мұндай ауыстурулар генрализация сипатында болады, яғни ол дегеніміз - сөздерді аудармада қабылдаушысына түсінікті болу жалпы мағынасын беріп ауыстыру: ..."a sweept" yard that was never swept where Johnson grass and rabbit - tabacco grew in a bundunce. ... <<чистый>> двор, который никогда не подметался и весь зарос сорной травой. Бұл ориганалдағы <<джонсова трава>> және <<кроличный табак>> деген арам шөптердің аты. АҚШ-тың оңтүстік штаттарындағы тұрғындарға ғана белгілі. Сондықтан орыс, қазақ оқырмандарына ол түсініксіз болғандықтан аудармада бұл атаулар арам шөптер деп жалпыламаны аударылған, оның устіне бұл жерде аулада қандай шөптер өскені емес, ауланың таза емес шөп басып кеткені қаралмағаны. Жиі жалпылау жалқы есімдерді жалпы есіммен ауыстыруда қолданылады.(негізінен фипмалық атаулар) Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Аударма прагматикасы деген не? 2 Аударылатын мәтіндердің прагматикалық классификациясы қандай ? 3 Прагматикалық адаптацйя деген не? 4 Прагматикалық адаптация не себептен жасалады? Негізгі әдебиет: 1 (209-226-беттер) 3(106-119) Қосымша әдебиет: 5 (14-18-беттер) Дәріс 12 Тақырыбы: Аударма прогмматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері. Мазмұны: 1.Қысқартылған және жеңілдетілген аударма 2.Алғашқы жазылған, жұмыс және ресми аударма 3. Аударма сапасына жалпы баға беру Аударманың прагматикалық проблемасы оригиналдың жанрлық ерекшелiктерi мен қабылдаушының типiне байланысты. Оригиналдың прогмматикалық потенциялын беруде негiзгi қиыншылықтармен көркем әдебиет аудармашылары кезiгедi. Кез келген тiлдiң көркем әдебиет шығармалары сол тiлде сөйлейтiн адамдарға арналған, бiрақ сонымен бiрге олардың жалпы адамзаттық құндылығы бар. Сонымен бірге оларда сол халықтың тарихы, әртүрлі әдебиетi, тұрмыс- салты, ұлттық тағамдарының аты, киiмдерi т.б мен байланысты уақиғалар мен факторларды сиппаттау жиi кездеседi. Оның барлығы аударма қабылдаушысының текстi адекватты түсiнуiн қамтамасыз ету үшiн бастапқы тiл мен аударма тiлiнiң арасындағы прагмматикалық айырмашылықты жою үшiн тузетулер енгiзудi талап етедi. Прагматикалык жағынан қайта құру өте жиі ғылыми-техникалық материалдарды аударуда кажет болады. Бұл әртілде сөйлегенмен берілген кұбылысты түсінетін мамандар үшін қажет болады. Бұл жерде түсініктеме фирмалардын атаулары, өлшем бірліктері, арнайы номенклатуралык атауларға т.б. береді Текстің прагматикалык аспектісінің ерекше проблемасы шет елдерге арналып жазылған текстерге байланысты. Бул жерде әңгіме шетелдік аудиторияға арналған біртүрлі хабарламалы-пропогандалық материалдар және экспортқа шығарылатын товарлар жарнамалары жөнінде. Негізінде мұндай текстердің авторлары оларды сол шетел тындаушыларының ерекшеліктерін ескере отырып жазулары тиіс. Мұндай жағдайда аудармашының жұмысы жеңілдетіледі. Аудармашыға аударма кабылдаушысының хабарды толық тусінуін қамтамасыз ету кажеттігі болмай калады, себебі ол жагын оригинал авторы қамтамасыз етіп кояды. Бірақ өте жиі оригинал авторлары олай қамтамасыз ете бермейді, сондықтан аудармашыға текстің прагматикалык ерекшелігін ескеріп тиісті тузетулер жасауына тура келедг Аударманың прагматикалык адекваттығын камтамасыз етуге сол тілде сөйлейтін белгілі бір топтардың тіліндегі (сөйлеуіндегі) айырмашылық болатын социо-лингвистикалық факторлар да маңызды рөл атқарады. Негізінде, берілген хабарды аударма қабылдаушысының жан-жақты түсінуін қамтамасыз етуде қосымша қиыншылықтар оригинал тексте бастапқы тілдің жалпы халықтық нормасынан ауытқулардың болуымен байланысты туындауы мумкін. Мысалы: территориялық диалектілер, социальды диаклектілер .Негізінде бастапқы тілдегі оригиналдардағы территориялық диалектілердің элементтері аудармада берілмейді. Оригиналда мұндай диалектілерді колданудың екі жақты сипаты болуы мүмкін. Бір жағынан оригиналдың бүкіл тексі белгілі бір диалктте жазылуы мүмкін. Мұндай жағдайда диалект карым-катынас жасау кұралы ретінде болуы мүмкін. Сондықтан аудармада дәл солай аударылуы керек. (Мұнда аудармашыға белгілі мөлшерде сол диалектіне үйренуіне тура келеді). Екінші жағынан диалектілер негізінде, әсіресе көркем әдебиетте, белгілі бір кейіпкердің тілдік сипатын, сол диалектіде сөйлейтін районның тқрғыны екенін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда бастапқы тілдің диалектілік ерекшеліктерін бергенмен ештеңе шықпайды. Ол аударма қабылдаушысына түсініксіз болуы мүмкін. Мысалы: ағылшын оригиналындағы кейіпкер Лондон диалектісімен <<кокни>> сезге <> дыбысын қосып айтатын болса, ал ол норма бойынша олай айтылмауы керек ал, норма бойынша айтылатын жерде ол дыбысты түсіріп айтса. (<<Е>> <<аs а gооd hеаr - Не has a good ear >>) мұны орыс аудармаларда осы ерекшелігін көрсетіп айтса <<Нон хобладает 'орошим слухом>> онда ол мағынасынан айырылады. Ерекше қиындық (проблемалар) аудармада түпнұсқада кездесетін шетелдіктердің бұрмаланған, дұрыс сөйленбеген сөздерін беруде кездеседі (Мысалы: ағылшын тілінде сөйлейтін индиялык. Оның ағылшыншасы оригиналдық емес). Түпнусқада бұрмаланған формалар еріксіз, лажсыздан немесе әдейі бұрмалануы мумкін. Бірінші жағдайда сөйлеуші (шетелдік) шет тілін еркін меңгермегендіктен еріксіз бұрмалап колданады. Мұндай бұрмаланған, қате сөйлеуді қабылдау қиынға соғады және бірден сөйлеушінің өз тілі емес екені аңғарылады. Мұндай қате сөйлеуді қабылдағанда тыңдаушы оны тілдің дұрыс формасымен сәйкестендіріп, сөйлеушінің қандай форманы айтқысы келгенін біле қоюы керек. Сөйтіп, бұрмаланған тілді формаға <<аударып>> екі жұмыс жасайды .Осы сияқты басқа тілге аудару процесінде де ең алдымен аудармашы бұрмаланған тілді дұрыс формамен сәйкестендіріп, сонан кейін аударады. Мысалы: орысша сөйлейтін шетелдіктер барлығына тән нәрсе етістіктің түрлерін таңдауда қателік жасау (бұрмалау). (Я буду уходить - Я уйду; Моя брат принесла пиво). Аударма жасалынуы тиіс коммуникативтілік тиімділікті оригиналдың доминантты кызметі ретінде анықталынады. Көркем әдебиет шығармалары үшін қабылдаушыға әсер ету оқырмандарға танымал болған текстің әдеби жетістіктеріне байланысты. Мұндай текстерді аударудағы негізгі прагматикальк міндет аударма тексін де аударма қабылдаушысына тура сондай көркем эстетикалық әсерететінде қылып құру (аудару).Шекспирдің, Диккенстің, Бернстің шығармаларының қазақша аудармаларын оқи отырып,қазақ оқырмандары оригинал авторының әдеби талант күшін сезінуге тиіс,неге ол өз Отанында ұлы драматург, жазушы немесе ақын екенін ұғына алуы тиіс.Егер аудармашы осындай жетістікке жете алса,онда оригиналдың коммуникативтілік тиімділігі тең дәрежеде жасалынды деп айтуға болады. Ғылыми - техникалық материалдардың доминантты функциясы болып қоршаған әлемнің объектілерін үндеуге (жариялауда) суреттеу,түсіндіру немесе сілтме жасау болып табылады.Бұл жерде қабылдаушыға прагматиалық әср ету оған ғылыми немесе техникалық сипаттағы белгілі бір істі атқаруы үшін қажет хабарларды жеткізе алуында болады.Егер хабарды қабылдаушы сол жеткізілген хабардың негізінде көрсетілген эксперименті орындай алып немесе прибормен немесе станокпен операцияларды жасай алса,онда текстің коммуникативті тиімділігіне жетті деп атауға болады. Ең қиын проблема болып аударма текстіне нақты бір қабылдаушының жағынан болатын қажетті реакциясы қамтамасыз ету міндеті болып табылады.Бұл жерде аудармашыға оригиналдың қабылдаушыға ықпалына,әсері емес,аударма қабылдаушысының жеке ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.Адамның мінез-құлқын,психикалық жағдайын жақсы білгенде ғана (сенімді түрде) берілген хабарға адамның көңіл-күйі,реакциясы қалай болатынын айтуға болады.Әдетте,аудармашы өз алдына --- эффект міндетін қоймайды.Ал,егер ондай міндет қойылатын болса,онда оның орындалуы текстің прагматикалық адаптациялануын,яғни оригиналға---- жағынан тең болуы үшін,аударма шеңберінен текст құру процесінде шығуын талап етеді.Шет тілінде аудару барысындағы мұндай адаптация мыс., берілген товарды қамтамасыз ететін реклама тексі өте жиі аударма тілінде болашақ сатып алушылардың талғамы мен талантына сай ерекшеліктерін ескеретін жаңа параллель тексті (co-writing) жасауға мәжбүр етеді. Тіларалық коммуникацияны орындау процесінде прогматикалық проблеманың тағы бір типі шығады.Олар аударма қабылдаушысына қатысты аудармашыда қосымша прагматикалық міндеттердің пайда болуына байланысты.Осыған байланысты аудармашы аударманың негізгі прагматикалық міндеттерімен байланысты емес (тәуелді емес) қосымша мақсаттарды бақылауына тура келеді.Әрине,мұндай прагматикалық <<жоғары міндет>> (сверхзадача) аударма процесіне және оның нәтижесінің бағасына әсер етпей қоймайды. Прагматикалық <<жоғары міндет>> оригинал тексіне тікелей қатысы жоқ,бірақ аудармашының аударма қабылдаушысына тиісті ықпал жасап,текст мазмұнының идеясына,автордың творчестволық манерасына т.б.аудармашы мен аударма қабылдаушысының қатынасын білдіретін факторлардан туындайды. Нақты бір аударма әрекетінде прагматикалық <<жоғары міндет>> орындауға тырысу үшін аудармашы кейде аударманың прагматикалық потенциалымен және хаба көзінің ойларымен сәйкес келмейтін бірақ аударма қабылдаушысына әсер етуге жету үшін максимальды эквивалентілікке жетуден бас тартып,немесе таңдап аударумен қанағаттануына болады. Нақты бір аударма әрекетінің прагматикалық міндеттерін сәйкес аудармашы оригиналының эмоционалды-стилистикалық және ассоциональды-бейнелік аспектілрін ескермей тек ғана <<жалаң мағына>> яғни,тексттің заттық-логикалық мазмұнымен шектеліп беруге тырысу басқа нәтижелерге әкеледі.Мұндай міндет өте жиі аудармашыға өте қысқа уақытта аударма қабылдаушысын хабардың негізгі мазмұнымен таныстыру қажет болған жағдайда туындайды.Мұндай қысқартылған аударма толық аударма текстін дайындаудағы аудармашының жұмыс процесінің алдын-ала дайындық этабы ретінде қарастырылады.Осыған байланысты үш түрлі категориядағы аудармашы ажыратуға болады.Бұлардың әрқайсысы белгілі бір талаптар типіне сәйкес келеді:Нобай (черновой),жұмыстық (рабочий),обзорный----және ресми (официальный) (басуға дайын) аударма.Бірінші категориядағы аударма ситуацияны көрсету деңгейінде орындалады. АҚШ, оригиналда не туралы айтылатынын ғана бередi кейде кeйбip жерлерiн тастап, тiптi аударма типнiң нормасынан ауытку да болады. екiншi категорияның аудармалары оригиналдын заттык-логикалык мазмунын (ситуацияны суреттеу тәсiлi деңгейiнде) толык бередi аударма типiнiң нормасын сактайды, 6ipaқ оригиналдың -- аспектiсiн беруде адекватты болмауы мумкiн, сондыктан жоғалған хабарды толыктыру үшiн түсiнiктемелер беруге тура келедi. З-шi категориядағы аудармалар оригналының аударма тiлiнде коммуникативтiлiгi жағынан толыққанды ауыстырылуын жасайды. Оригинал мазмұнының функционалды релевантна элементтерiн, оның прагматикалық потенциалын қоса бередi. Аударма тексiн негiзiнен өзгертетiн прагматикалық жоғары мiдеттiң ерекше түpi больш аударманың оригиналды модернизациялауға ұмтылуы (тырысуы) болып табылады. Аударманың уақыты және орны оригиналдың уақыты мен орнынан өте қатты айырмашьшығы болуы мүмкiн. Аудармашы өте жиi баска тарихи эпохада құрылған оригиналдармен, сонымен 6ipre өз ана типiнде де сол уақытта өзrepicтep болған, тiптi өзгерiстердiң болғаны соншалык баска тiл сиякты болып көрiнетiн аудармамен icтec болады. Бұрыңғы уакытта болған текстiң аудармасы аудармашынын алдына бiрқатар қосымша проблемалар қояды. Аударманың қaзipгi тiлмен жасалмағандығы туралы факт аударма тексiнде қандай да бip жолмен көpceтiлyi тиiс. -- Аударма тiлiнiң сөздер мен структураларын пайдалана отырып, аудармада хронологикалық алыстықты көрсету кажеттi туады, Қaзipгi заманғы қабыддаушыға түсiнiктi, 6ipaқ архаизм ретiнде аз колданылып есiлетiн. -- Ескiрген лексикалық элементтердi қолданумен 6ipre текстiң архаизмдiлiгi аудармашының тiлдiң қaзipri замандағы немесе қазipri заманғы өмip мен тұрмыска байланысты қолданаттын сөздер мен сөз тiркестерiн қолданбауымен қамтамасыз етiледi өйткенi, оригинал құрылган кезде ол сөздер мен сез тiркестерi болған -- Аударма қaзipri қазақ тiлiне аударылғанмен Англияда XIV ғасырда өмiр сүрген оригинал авторы және оның кейiпкерлерi аудармада мынадай сөз тiркестерiн: < >, <<өндiрiстен қол үзбей оқу- Заниматься чем-либо без отрыва от производства>>, <<кадрлар ipiктey -подбирать кадры>>, <<өзектi мәceлeлepдi шешу-решать проблемные вопросы>> т.б. Оригиналдың уақыт қашықтығына коммуникативтi жағынан толық сәйкес келу үшiн аудармашы аударма талаптарын бұзып, беретiн хабарды модернизациялауға тырысады, ягни казiргi заманғы автордың жасағанындай қылып. Мұндай мiндеттен тыс (жоғары мiндеттi) орындау аударма тексiнде нeriзгi өзгерiстердiң болуына алып келед!, аз колданылатын архаизмдердiң орнына, кepiciншe Қaзipri заманғы, күнделiтi қолданылатын лексикалар қолданылады. өзrepicrep ситуацияны сипаттауға да катысты болады. Егер библиялық текстiң ағылшын аудармада дiнге сенушiлер 6ip-6ipiмeн кезiккенде суйетiн болса, (greeted one another with a holy kiss) модepнизaцияланған вариантанда олар қол алысады. (gave one another a hearty handshake all around). Накты 6ip аударма актiсiнiң арнайы мақсаты оригиналдың мазмұнымен немесе оның прагматикалық потенциалымен тiкелей байланысты емес жағдайында аударма кабылдаушысына әсер ету мақсатында болуы мумкiн. Аударма npoцeci аудармашының өзiнiң немесе тапсырыс берушiнiң немесе жумыс берушiнiң өздерiнiң қандай да 6ip мақсат - ниеттерiне байланысты аударманы толық берудi емес, сол оригиналды өз мақсаттарына жету үшiн пайдалану үшiн жасалануы мүмкiн. Мұнын нәтижесiнде аудармашының алдында оригиналға тең дәрежеден коммуникативтi аударма тексiнiң жасау емес, аудармашы өз алдына пропагандалық мақсат қоюы мүмкiн.Ол аударма қабылдаушысына суреттелген оқиғаға қатысты оригинал авторына өз көзқарасын, қатысын бiлдiрiп бiрнәсеге кезiн жеткiзуге тырысуы мүмкiн. Ол экономикалық, политикалық (саяси) конфликтiге келмеу, кepiciншe конфликтi тудыру сиякты көзқарастар болуы мүмкiн. Мұндай жағдайда оригинал толықтай бұзылуы мүмкiн, сондықтан әдетте профессиональды аудармашы аударма процесiнде өзiнiң жеке мақсаттарың болдырмауға тырысады. Солай болса да кейбiр жағдайда кейбiр факторларға байланысты оригинал-элементтердiң дұрыс аудармашыдан саналы турде бас тартуға тура келедi. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Аударманың прагматикалық проблемасы қайдан туындайды? 2 Мәтінді прагматикалық жағынан қайта құру деген не? 3 Аударманы прагматикалық тұрғыдан өңдеу қай жанрларда жиі кездеседі ? 4 Қысқартылған және жеңілдетілген аударма деген не? 5 Алғашқы жазылған жұмыс және ресми аударма деген не? Негізгі әдебиет: 1 (221-226-беттер) 3(106-113) Қосымша әдебиет: 5 (14-18-беттер) Дәріс 13 Тақырыбы: Аударма модельдері Мазмұны:1Аударма моделі ұғымы 2Аударма процесін аударма моделдерінің көмегімен сипаттау 3Денотаттық(ситуациялық)трансформациялық-семантикалық және құрылымдық-әрекеттік моделі Аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма мәтінін жасаудағы әрекетін атайды. Аударма процесі кем дегенде 2 этапты: аудармашының оригиналдың мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы. Осы этаптардың нәтижесінде оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту орындалады.Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегімен әрекет етеді, кейде варианттарды таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді, бірақ бұлай жасау үнемі еркін өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінің сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал мәтінінен аударма мәтініне өту қалай өтеді, аудармашы әрекетінің негізінде қандай заңдылықтар жатқанын анықтауға тырысады. Нақты аударма процесі аудармашының миы арқылы орындалады және оны тікелей бақылап, зерттеу жасау қиын. Сондықтан аударма процесін зерттеу жанама жолмен әртүрлі теориялық модельдердің көмегімен, яғни аз не кем мөлшердегі жақындықпен аударма процесін толықтай немесе оның белгілі бір жағын сипаттайтын теориялар арқылы жасалады. Аударма моделі деп аудармашының бірқатар ойлау операцияларын орындай отырып бүкіл түпнұсқаның немесе оның кейбір бөлігін аударуын шартты сипаттауды айтады. Лингвистикалық аударма теориясында аударма модельдері тілдермен тілдік бірліктердің ой операциялары түріндегі аударма процесін білдіреді, яғни таңдау оригиналдың тілдік ерекшеліктерімен және аударма тіліндегі сәйкес құбылыстармен анықталатын лингвистикалық операция дегенді білдіреді. Аударма моделі шартты түрде болады, себебі аударма мәтінін жасау процесіндегі аудармашының шын әрекетін міндетті түрде бейнелемейді. Өзінің практикалық жұмысында аудармашы бізге белгілі аударма модельдерінің ешқайсысымен сәйкес келмейтін қандай-да бір жолмен қажетті нәтижеге жете алғанмен де, мұндай моделтдерді білу оған кейбір қиын аудармалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Ситуациялық (денотаттық) аударма модельі әдетте денотаттар деп аталатын құбылыстар, қандай да бір заттарды бейнелейтін барлық тілдік бірліктердің мазмұны. Тілдің көмегімен құрылатын хабар қандай да бір ситуация туралы хабардан тұрады, яғни бір-бірімен белгілі бір қатынасқа түсетін денотаттардың сәйкестігі. Тілдердің әртүрлілігін есепке алмасақ, бүкіл адамзат үшін бізді айнала қоршаған орта бірдей. Қоршаған ортаның, биологиялық құрылыстардың өнеркәсіптік, өмір процестері барлық адамдарда, олардың тілдерінің бөлектігіне қарамастан ортақ, бұл дегеніміз барлық адамдар бір-бірімен ой алмасқанда бірдей құбылыстарды көру арқылы болады. Кез-келген хабардың негізгі мазмұны белгілі-бір тілден-тыс ситуацияның бейнесі екенін ескерсек, аударманың ситуациялық моделі аударма процесін аударма тіліндегі ситуацияны, түпнұсқа тіліндегі сипатталған ситуацияның көмегімен беру процесі ретінде қарастырады. Бұл жағдайда аудармашының әрекеті мынадай түрде бейнеленеді. Аудармашы оригинал мәтінін қабылдай отырып, осы мәтінді құрайтын бірліктерді өзіне белгілі аударма тіліндегі тілдік бірліктермен теңдестіреді және олардың мағынасын контекстті аудара отырып түпнұсқа қандай ситуацияны сипаттап отырғанын анықтайды. Одан кейін аудармашы осы ситуацияны аударма тілінде сипаттайды. Сөйтіп аударма процесі түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне өту кезінде болады. Кейбір жағдайларда бұл процесс қысқа жолмен өтеді, яғни мәтінді немесе оның кандайда бір бөлігін аудару алдын ала жасалынса және аудармашыға бастапқы тілдің белгілі бірліктері аударма тіліндегі бірдей заттарды немесе құбылыстарды көрсеткен жағдайда. Бұл негізде ол тікелей түпнұсқа бірліктерін аударманың сәйкес бөліктерімен ауыстыра алады. Ситуациясыз қарапайым сөйлемді түсіну қиын. Мысалы: ағылшын сөйлемі The table is on the wall - Таблица кабырғада- деп аударылады, себебі шынайы әрекетте қарым-қатынас жасаушыларға екі сөздің біреуін table - стол және таблица деген мағыналардың бұл жағдайда таблица алынатын, себебі әдетте қабырғада стол емес таблица ілінетіні белгілі болғандықтан болып тұр. Аударманың ситуацялық моделі түсіндіру күшіне ие. Ол аударма процесін бара-бар сипаттайды, яғни аударма тілінде коммуникативті тең мәтін жасау үшін аудармада бастапқы тілде қандай ситуация сипатталса соны аударма тілінде жеткілікті мөлшерде көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, осы модельдің көмегімен ситуацияға ұқсас деңгейдегі эквиваленттілікке жетуге болады. Ситуациялық модель негізінде мынадай үш түрлі жағдайда болады: 1) эквивалентсіз лексиканы аудару кезінде; 2) оригиналдағы суреттелінетін ситуация бірмезгілде аударма, вариантын анықтаған кезде; 3) оригиналды немесе оның қандай да бір бөлігін түсіну және аудару хабарда қолданылған тілдік бірліктердің мағынасына еңбейтін ситуацияны анықтаусыз мүмкін болмаған жағдайда. Бастапқы тілдің эквивалентсіз бірліктерінде дайын сәйкестік болмағандықтан мұндай бірліктерге кез-келген окказиональды сәйкестіктерді жасау тәсілі ситуацияны еске алумен байланысты. Тіпті аударылатын сөзге немесе сөз тіркесіне жасалынған сәйкестіктер (транскрипция немесе калька) бүкіл ситуацияны анықтау негізінде таңдалынады: The plan is to use a system called "dense pack" which would put the missiles into a narrow strip 14 miles long and one mile wide.- План предусматривает использование системы, именуемой <<плотная упаковка>> при которой ракеты размещаются на узкой полосе длиной 14 миль и шириной в 1 милью. Эквиваленттіліктің екі типін ситуация деңгейіндегі сипаттауда мынадай жағдайлар ситуациялық оригиналда қалай сипатталғанына байланыссыз аударма тілінде берілген ситуацияны сипаттаудың бір ғана жолы болатындығы айтылды. Мұндай жағдайда аудармашы шынайы әрекетте жүгіну ғана арқылы ситуативті эквиваленттілікпен істейтінін анықтай алады: егер ағылшын оригиналына және ғана боялған нәрсені (Wet paint) онда бұл ситуация орыс аудармасында <<осторожно, накрашено>>, деп ал сынғыш нәрселер оралған упаковкадағы (Fragile) орысша <<осторожно, стекло>> деп аударылады. Осындай ұқсас жолмен ситуация едәуір мөлшерде аударма вариантын таңдауды аударма тілінде бұл ситуацияны бір ғана емес бірнеше сипаттау жолымен анықтайды. Осы тәсіл көптеген жағдайларда аудармада қолданылады. Keep off the grass. - По газоном не ходить. To sit up late. - Поздно лечь спать. To swallow the bait. - Попасть на удочку. Орыс тілінде бұл сөз тіркестерін басқа жолмен беруге болса да, әдетте ситуацияға жүгіну аудармашыға дұрыс аударма жасауға көмектеседі. Stop, I have a gun!- Стой, я буду стрелять! Және орыс тілінде қолданылмайтын <<Стой, у меня ружье!>> сипатталынатын ситуацияға жүгіну мынадай жағдайларда аударма вариантын таңдауда сөйлемдегі мазмұн жеткіліксіз болған жағдайда шешуші роль атқарады.Біз келген ситтуацияны егжей - тегжейлі сипатталмайтынын білеміз және оның белгілерінің жиынтығын белгілеу арқылы болатынын білеміз.Сонымен бірге аударма вариантын таңдау кейде берілген ситуацияның шын мәніндегі әрекетте болатын басқа ,бірақ түпнұсқада қолданылған ситуацияны білдірмейтін белгілеріне байланысты болады.Бұл жағдайда аудармашы берілген ситуация жайында мәліметтер іздестіре отырып аударады.Қарапайым мысалды қарастырайық. Мысалы: бізге мынадай ағылшын сөйлемін аударуымыз керек: Her aunt must be made to tell then about it. Бұл сөйлемнің жалпф мазмұнын түсіну қиын емес, бірақ aunt зат есімімен made етістігіне орыс тілінің сәйкестікті таңдау қосымша хабарды талап етеді. "aunt" - тетя, тетушка, тетка болуы мүмкін, ал "must be made" - заставить, убедить немесе попросить дегенді білдіруі мүмкін. Бұл сұрақты шешу үшін, шын мәнінде қандай адамдар туралы сөз болып отыр, олардың арасындағы қатынас қалай, осы туысқан адам туралы тиісті хабар алу үшін қандай тәсіл қолдану керектігін анықтап алу қажет. Нақты ситуация жайлы керекті мәлімет кейде әртүрлі әдеби кітаптардан немесе әртүрлі справочниктерден алынады. Мысалы, мына мысалда аудармашыға Англияның тарихының негізін білуге тура келеді. Cromwell and Bradshaw not the guide man, but the King Charles's head man likewise sojourned here. (J.K.Jerome). асты сызылған сөздерді аудару тек аудармашыға Дж. Бредшоның Англияда Карл І-шіні өлім жазасына кескен соттың председателі болғанын білген жағдайда ғана мүмкін болады. Мәтінде өзіне не тар шеңбердегі немесе кең шеңбердегі контекст guide man және King Charles's head man сөз тіркестерін дұрыс түсіндіруге көмектесе алмайды. Сөйтіп, аударманың ситуациялық моделі аударма процесінің кейбір маңызды жақтарын дұрыс бейнелейді және аудармашының шынайы әрекетке жүгінуі мен байланысты және оны аударма тілінің құралдарымен сипаттайтын аударма варианттарын таңдау ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін модель. Сонымен бірге бұл модельдің аз күшке ие, өйткені ол аударма процесінің орындалуының кейбір тәсілдеріне ғана ие. Белгілі, сипатталынатын ситуация көп жағдайда әртүрлі тәсілдермен сипатталынатын болғандықтан аударма вариантын таңдауды үнемі бір жақты анықтай бермейді. Ондай жағдайларда нақты оригинал сипаттайтын ситуацияны дәл анықтау аудармашыға бұл ситуацияның қандай белгілерін аударма тілінде хабарды құруда көрсету керектігін білдірмейді. Аударманның ситуациалық моделі түпнұсқаның коммуникация мақсатын беру үшін аудармашы сол ситуацияны сипаттаудан бас тартқан жағдайда қолданылмайды. Егер бұл ситуация түпнұсқа қабылдаушысына қарағанда аудрма қабылдаушысына басқа асссоциациямен байланысты тиісті қортынды жасауға мүмкіндік бермесе, онда аудармашының сол ситуацияны аударма тілінің құралдарымен сипаттауы тіларалық коммуникацияны мүмкіндігін қамтамассыз етпейді. Бұл айтылғандардан шығатыны ситуациялық модель аударма процесін дұрыс түсіндірмейді. Ол аударма процесін адекватты түрде мынандай жағдайларда Оның орындалуы үшін түпнұсқадағы сипатталынатын ситуацияны анықтап оны аударма тілінің құралдарымен берген жағдайда бере алады. Бірақ оның түсіндіру күші оның түпнұсқасының сол бөлігінің мазмұнын аудармада берілу қажеттігін ескрмейтіндігімен шектеледі. Аударманың трансформациялық семантикалық моделінің ситуациялық модельден айырмашылығы, аудармада оригинал бірліктерінің мағыналарын беру іске асатындығында. Ол аударма процесін аудармашының бастапқы тіл бірліктерінен аударма тіл бірліктеріне олардың арасында эквиваленттілік қатынасын орната отырып өтетін бір қатар кайта құру деп қарайды. Сөйтіп трансформациялық модель түпнұсқамен аударма структураларымен лексикалық біріліктерімен тікелей байланысына бағытталған.Сәйкес келетін бірліктер аудатма процесінің бастапқы және соңғы жағдайы ретінде қарастырылады.Трансформациялық семантикалық модель бойынша аударма процесі 3 этаптан өтеді.Бірінші этапта-анализ этабында бастапқы тіл шеңберіндегі бастапқы синтатикалық структураларды ықшамдап ауыстыру жасалады.Түпнұсқаның структуралары қарапайым және жеңіл формаға қайтадан жасалады.Мұндай қарапайым <<ядролық>> структуралар әртүтлі тілдерде бір - біріне жақын,және аудармада бір-бірін жеңіл ауыстырады.Мысалы,She is a good dancer сөйлемі неғұрлым анық структураға She dances well деп ауыстырылады; немесе The thought worried сөйлемі екі ықшамдалған сөйлем түрінде берілуі мүмкін: he thought,he worried. Анализ стадиясында ықшамдалған қайта құруларда элементарлы мағынадағы кейбір сөздерде жатады.Мағынанаың мұндай элементі сөз мағынасында оның өзімен жақын сөздердің мағыналарын салыстырумен және оларлың арасындағы айырмашылықты көрумен анықталады.Мұндай семантикалық қатарлардың құрамынан мағыналардың ортақ элементтерін де ,сонымен бірге әрбір синонимнің басқа қатарлардан ажырататын айырмашылықтарында табуға болады .Мысалы,мынадай ағылшын сөздері қатарларында:speak,sing ,whistle,whisper,hum мағынаның жалпы <<ядролық>> компоненті болып, >>дыбыстарды сөйлеу аппаратының көмегімен дыбыстау>> болып табылады.Ал, мағынасы мысалы: whisper-<<сыбырлау>> осы ядролық мағынадан тұрады,және екі қосымша ажы рататын белгілері онда дыбыс жоқ,ал speak-sing сөзімен ажыратылады. Осындай ұқсас жолмен кез-келген жақын мағналы сөздердің элементарлы мағыналарын анықтауға болады: Мысалы run, walk, jump, hop etc., немесе кейбір <<туыс - түр>> жағынан байланысты сөздер: animal және mammal, dog және poodle т.б. Ұқсастық немесе айрмашылық элементтерін әртүрлі тілдердің мағыралары жақын сөздердің салыстыру арқылы да табуға болады. Мысалы студент сөзіне анализ жасау мынадай семантикалық белгілерді: жоғары оқу орнының оқушысы (мектептегі оқушыдан айырмашылығы), оқушы (оқытушыдан айырмашылығы), жекеше түр (студенттерден айырмашылығы).Ағылшын тілінде student бірірші сема жоқ, қалған екеуі сәйкес келеді.Семалардың әйтеуір бір бөлігінің сәйкес келуі әртүрлі тілдердің сөзіне эквивалент болуына мүмкіндік береді. Анализ этабырда синтактиалық структураларды және лексикалық бірліктердің мағынасын ықшамдау аударманың екінші этабын - <<өту>> этабын яғни ,аударма тілінің негізгі структураларына және семантикалық компоненттеріне өтуге мүмкіндік береді.Айтылып өтілгендей,мұндай структуралар және элементарлық семалар деңгейінде әр түрлі тілдерде едәуір ұқсастық байқалады.Сондықтан негізінде бұл деңгейдегі эквиваленттік бірліктер салыстырмалы түрде тез табылады.Егер She is a good singer сөйлемі белгілі бір профессионалды әншіге қатысты болмаса,бұл сөйлемді оңай << She sings well" деп ауыстыруға болады. Осыған ұқсаc he was humming a merry tune сөйлемін аударуда қазақ сәйкестігін табу жеңіл, егер ағылшын семасы hum to produce musical tones және without words дегенді білдіретінін еснпке алсақ, яғни сөзсіз ыңылдап өлен айту. Үшінші этапта -"реструктура жасау" яғни структураны қайта жасау-оригиналдың соңғы структуралары мен бірліктерін аударма тіліне ауыстыру болады (жасалады).Бұл жағдайда тілдің нормасына сәйкес мынадай формальді белгілер,сөз тәртібі,сөйлем құрылысы ,семантикалық бірліктердің саны оларды бөлу өзгереді. Аударманың трансформациялық- семантикалық моделі тусіндіру күшіне ие.Ол аударма процесінің тікелей бақылауға келмейтін көптеген жақтарын сипаттауға мүмкіндік береді.Әсіресе ситуациялық моделден айырмашылығы бұл модель бастапқы мәтінінің мазмұнындағы тілдік бірліктердің мағынасының рөлін, және бұл бірліктердің аудармада қолданылатын аударма тілі құралдарына тәуелділігін көрсетуге мүмкіндік береді: Last year saw a rapid growth of industrial production-Өткен жылы өндіріс өнімдерінің тез өсуі байқалды. She was preceded by her father.- Ол әкесінің соңынан ілесе кірді. Мұндай парафразалар сол сияқты түсіріп тастау немесе қосып аудару тәсілдері арқылы жасалады. Mc Dennot spoke briefly into the telefone, then waited again.-Макденнот телефоннан қысқа бұйрықтар берді де, қайтадан күте бастады. As he stood there he heard a shot friend.- Кенет ол оқ атылғанын естіді. Сонымен бірге трансформациялық семантикалық модель универсалды емес, ол кез-келген аудармалық әрекетте қолданылады.Ол түпнұсқа мен аудармадағы синтактикалық структуралар мен лексикалық бірліктердің арасында трансформациялық қатынас болмаған және екі мәтіннің эквиваленттілігі сипатталынатын ситуацияның ортақтығына негізделіп қана аударылатын жағдайларды қарастырмайды. Ағылшын тілінің Answer the telephone мен қазақ тілінің трубканы ал дегеннң бірдей болуы to answer мен алу етістіктерінде жалпы семаның болуынан емес, шын мәнінде телефон қонырауына жауап бере отырып, телефон трубкасын алу керектегін білгендіктен, сондықтан екі сөйлем де бірдей ситуацияны әртүрлі айта отырып "бірдей нәрсені" білдіреді. Мұндай жағдайларда аударма процесін түсіндіру үшін эквиваленттіліктің екінші типінде аударманың ситуациялық моделі жақсы "жұмыс істейді". Трансформациялық- семантикалық модель аударма процесінде коммуникацея мақсетын беру үшін ситуацияларды ауыстыру болған жағдайда және түпнұсқа мәтінімен байланысты бейнелі немесе тағы басқа байланыстарды беру қажет болған жағдайда қолданылмайды. Басқаша айтқанда, трансформациялық- семантикалық модель аударма процесін сипаттау үшір эквиваленттіліктің бірінші типінде қолданылмайды. Different brands of courage, " Charles said." Serge and barathea".- "Себебі батылдықтын әртүрі бар>>- деді Чарльз.-Біреуі-сержанттық, ал екіншісі- офицерлік>>.Мұнда Serge және barathea сөздерімен сипатталынып тұрған ситуация маңызды емес, бұл жерде Рецептордың бұлардың тканьдердің екі түрі екенін, біріншісі қарапайым арзан ткань, екіншісі қымбат екенін білгендіктен өзінше қорытынды жасай алуында.Қазақ тілінде мұндай тканьдер жоқ болғандықтан дәл солай аударуға келмейді. Сондықтан аудармада ағылшын сөйлемнің айтайын деген ойын білдіру үшін басқа ситуация қолданылады. Мұдай жағдайда да аударма процесінде ситуациялық модель қолданылмайтынын атап айту керек. Аударманың ситуациялық және трансформациялық-семантикалық моделі аударманың шартты бейнесін береді,ол аудармашының нақты әрекеттеріңе толық сәйкес келмейді.Аудармашының әрекетін толық бейнелеу үшін модельге осындай әрекетті қамтамасыз ететін психикалық процестерді суреттеуді енгізу қажет. Осы мақсатпен сөйлеу әрекетінің теориясын қолданатын аудармарың психолингвистикалық моделі жасалынады. Аударманың психолигвистикалық моделі сөйлеу әрекеті теориясын иайдаланады.Сөйлеу әрекет мақсатымен сөйлеушіде алдымен болашақта айтылатын хабардың алдымен ішкі программасы жасалынады да,одан кейін ойды сөзбен жеткізуге айналысады.Бұдан шығатаны психолингвистикалық модель аудармашы аударма процесін жасай отырып,ең алдымен оригинал мазмұнын өз түсінігінше қайта құрады да ,яғни өзінің ішкі программасын жасайды,сосын бұл программаны аударма тексіне айналдырады. Ішкі программа сөйлеушінің субьективті формасында болатындықтан аударма процесі 2 этаптан тұрады.Бастапқы тілден ішкі кодқа "аудару" және ішкі кодтан аударма тіліне "аудару". Аударманың психолингвистикалық моделі толықтай аударманы сөйлеу әрекетінің түрі ретінде түсіндіреді.Өкінішке орай,бұл модельдің түсіндіру күші біздің ішкі программа қалай жасалынып ,оның аударма мәтініне айралдыру қалай өтетінін білмейтінімізбен шектеледі.Сондықтан аударманың психолингвистикалық моделін ары қарай жіктеп зерттеу аударма теориясының маңызды міндеті болып саналады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Аударма моделі ұғымының мәні не? 2 Аударманың қандай моделдері бар ? 3 Аударманың денотаттық моделі деген не? 4 Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі деген не? 5 Аударманың құрылымдық-әрекеттік моделі деген не? Негізгі әдебиет: 1 (158-171-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (147-153-беттер) Дәріс 14 Тақырыбы: Аударама процессі Мазмұны: 1 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері. 2.Аударма процесінің кезеңдері: түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау. Аудама процесі немесе аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма тексін жасаудағы әрекетін атайды.Аударма процесі кем дегенде екі этапты :аудармашының оригиналдық мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы.Осы этаптардың нәтижесінде оригинал тексінен аударма тексіне өту орындалады. Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегінен әрекет етеді,кейде варианттарын таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді.Бірақ,бұлай жасау үнемі еркін,өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінін сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал тексінен аударма тексіне қалай өтеді,(қандай)аудармашы әрекетінін негізінде қандай заңдылықтар жатқанын тырысады. Аударма процесі кезінде аудармашы бастапқы тіл мен аударма тіл бірліктерін, яғни оригинал бөлігі мен оған сәйкес аударма тексті бөлігін бір тілден екінші тілге ауыстыра отырып үнемі салғастырып отырады.Аудармашының бүкіл сөйлеу әрекеті бастапқы тілді және аударма тілін қолдану әрекеті деп бөлуге болады.Аудармашы бастапқы тілді қолдана отырып оригинал текстін түсінуді орындайды,ал аударма тілінің көмегімен ол аударма тестін жасайды.Сөйтіп, аудармашы әрекетінде сөйлеу әрекеті жағынан әртүрлі аударма процесінің өзара байланысты 2 этапты көруге болады.Бірінші этапқа аудармашының оригиналдан хабарды алу әрекеті жатады, екінші этапқа аударма текстін жасаудағы аудармашының аударма тіліндегі бүкіл тиісті тәсілдерді таңдау процесі жатады.Оригиналдан хабарды алу этапын әдетте "мағынаны анықтау" деп атайды.Бұл этапта аудармашы аударылатын оригиналдың бөлігінен сонымен бірге лингвистикалық және ситуациялық контекстен тұратын және сол хабардың негізінде келесі этапқа қажет мазмұн туралы тиісті қорытынды жасайтын хабар алуы тиіс.Аударылатын текстің мазмұны қабылдаушыдан сол мазмұнды түсіну үшін ойлау әрекетін қажет ететін күрделі комплекс болып табылады.Бұл жұмысты аудармашы да істеуге тиісті, өйткені ол аудармалық әрекеттің 1-ші этабында өзі де оригинал текстін қабылдаушы болып саналады. Белгілі бір қатынаста аудармашының оригиналды түсінуі- ерекше түсіну болып табылады.Себебі ол сол тексті аудару ниетінде емес жай қабылдаушының түсінуінен өзгеше.Аударма ниетіндегі түсінудің 2 ерекшелігі бар.Аударылатын бөліктің мазмұны туралы соңғы қорытындының міндеттілігі және аударма тілінің структурасының шарттылығы."Қарапайым" қабылдаушы тексті шамалап түсінседе қанағаттанады.Керісінше аудармашы аудармада қандай мазмұнды беру керек екенін нақты анықтауға тиіс болады.Мысалы, мына ойды білдіруді түсіну үшін: If it is important to get clear which are the structural and institutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resourses ағылшын қабылдаушысына institutional сөзінің мағынасын анықтаудың қажеті жоқ.Өйткені ол institute сөзінен шыққан және (жалы түсінуге) берілген тексте жалпы түсіну үшін оның қай мағынада (учреждение,қоғам,мекеме) қоғамдық институт па қолданылып тұрғанын анықтап жатудың қажеті жоқ.Бұл жерде Англияның бүкіл салтының, заңының мекемелер мен қоғамдық институттардың оның экономикасының тиімділігіне әсер ететіндігі айтылатындығын жобалап түсінуге болады.Ал бірақ аудармашыға мұндай жалпы түсіну жеткіліксіз.Себебі ол сөздің мазмұнының жалпы мағынасын емес, оның осы текстегі нақты мағынасын беруі тиіс.Сондықтан оған нақты мүмкін мағынаны таңдауы керек. "Соңғысы" болып аудармашының оригиналдың синтактикалық структурасы туралы қорытындысы туралы болу керек.Егер бұл структура екі жақты мағыналы болатын болса, аудармашыға оригиналдың мазмұнын анықтауда қай мағынаны алуы тиіс екенін шешуге тура кледі:The level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice.Сырт қарағанда, бұл сөйлемнің структурасы on предлогының мағынасына қарай әртүрлі аударылады.Егер оны to depend етістігін басқарушы байланыс көрсеткіші ретінде қарасақ, онда сөйлемнің бірінші бөлімінде былай болады: болашақ қамтамасыз ету деңгейі фермерлердің қабылдаған шешімдеріне байланысты.Ал егер екінші предлог (on) to take a decision on the best of information онда мынадай ойды білдіреді:болашақ қамтамасыз ету фермерлердің бірнеше алдыңғы жылдарға дұрыс хабар мен ақылдың негізінде үнемі бола бермейтін қабылдаған шешімдеріне байланысты.Аударма процесінің 2 этапы, яғни, аударма текстін жасауға тілдік құралдарды (тәсілдерді) таңдау.Ал аудармашының аударма тіліндегі тілдік әрекетін білдіреді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Аударма процесі ұғымының мәні не? 2 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері қандай ? 3 Аударма процесі неше кезеңнен тұрады? Негізгі әдебиет: 1 (187-208-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (147-153-беттер) Дәріс 15 Тақырыбы: Аудармалық трасформация және түрлері Мазмұны : 1. Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық. 2.Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма 3.Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері. 4.Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма. Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгерте ді Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция). Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод - сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады. Транскрипция және транслитерация Дегеніміз - оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist - абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy - клептократия (воровская элита), skateboarding - скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын - орыс аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [`kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry - Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile - ракета <<Геркулес>>, deescalation - деэскалация , Columbia - Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I - Карл І, William III - Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург). Калькирования дегеніміз - оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін - морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower - <<Сверхдержава>>, mass culture - <<массовая культура>>, green revolution - <<зеленая революция>>. Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon - оружие первого удара, land-based-missile - ракета неземного базирования, rapid deployment force - силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational - транснациональный, petrodollar - нефтедоллар , mini-skirt - мини-юбка. Лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық, антонимдік компенсация. Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады. Нақтылау дегеніміз - бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру. He was at the ceremony. Он присутствовал на церемонии. Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: <<зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе>>. Кейде аударма тіліндегі нақтыланған сөз мағыналардың коннотативті компоненттерінің алшақтығынан қолданыла алмайды. Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал орыс және қазақ тіліндегі <<прием пищи>> арнайы сөздермен болмаса, басқа көп жерлерде қолданылмайды. Сондықтан аудармада meal сөзі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: <<завтрак, обед, ужин т.б.>> At seven o'clock an excellent meal was --- in the dining room. - В семь часов в столовой был подан отличный обед. Жалпылау дегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді. He visits me practically every week-end. Он ездит ко мне почти каждую неделю. Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың <<уик - энд>> айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: <<ұзын бойлы, орта бойлы, тапал>> Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз - бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп - салдарлық қатынасы байланыста болады: I don't blame them - (я их понимаю). Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр . He always made you say everything twice. - Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп - салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry. Он снова приободрялся, начинал смеяться и рисовал на своей грифельной доске разные фигурки, хотя глаза его еще были полны слез. Синтактикалық ұқсасу (сөзбе - сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз - оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. <<нольдік >> ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. - Я всегда помню его слова. Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ не орыс тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы - етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін. One of the greatest events in the period following World War I and the Russian Revolution, and closely connected with them both was the growth of the world Communist movement. Одним из вожнейших событии периода, последовавшего за первой мировой войной и социалистической революцией в России, событием, тесно связанным с войной и революцией, был рост коммунистического движения во всем мире. Бұл сөйлемді аудару кезінде артикльдер түсіп қалған, кейбір предлогтар түсіп, кейбір предлогтар қосылған, сөздердің морфологиялық формалары өзгерген, ағылшын тексіне тура сәкестігі жоқ кейбір сөздер қолданған. Аударманы <<событие>> сөзін қайталаған, <<социолистическая>> сөзін қосқан, <<с ними обеими>> деген сөз тіркесін <<с войной и революцией>> деген неғұрлым жақын (сәйкес) сөз тіркестерімен алмастырған. Бұл барлық өзгертулер сөйлемнің негізгі структурасына тиісті, яғни ұқсас орыс (қазақ) тілінің структурасының көмегімен, сөйлем мүшелерінің бірдей санын және орын тәртібін сақтайды. Синтактикалық ұқсасу ағылшын-орыс (қазақ) тілдері аудармаларында жиі қолданылады. Аудармада сөйлемнің құрылысын өзгертудің себебі, сөзбе -сөз, өзгеріссіз аудару тәсілімен аударма эквивалентін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда болады. Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз - оригинал сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта қайта жасау тәсілін айтамыз. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді не күрделі сөйлемді екі немесе одан көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға алып келеді: The annual surveys of the labour fovernment were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Ежегодные обзоры лейбористского правительства не обсуждались среди рабочих ни на каком этапе, они обсуждались только с предпринимателями. Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, -------. Вблизи станции Морис Коули в графстве ------- произошло столкновение почтового и товарного поездов. Члены обеих поездных бригад остались невредимы, спрыгнув на ходу с поезда. Сөйлемдерді біріктіру тәсілі деп - оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен өзгерту тәсілін айтады. Бұл сөйлемді мүшелерге бөлуге қарама-қарсы тәсіл: That was a long time ago. It seemed like fifty years ago. Это было давно - казалось, что прошло лет пятьдесят. Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінеді. Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз - оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі : сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде : (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба,күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: We are searching for talent everywhere.- Мы повсюду ищем таланты. They left the room with their heads held high. - Они вышли из комнаты с высоко поднятой головой. Аударма процесінде грамматикалық ауыстырудаң ең көп тараған түрі сөз табын ауыстыру болып табылады. Ағылшын - орыс, қазақ аудармалары үшін көбінесе зат есімді етістікпен және сын есімді зат есіммен ауыстыру тән. Ағылшын тілінде іс -әрекетті жасаушылар ( әдетте -er жұрнағымен келетін ) тек қана белгілі бір мамандарды білдіріп қоймай, сонымен бірге маман емес әрекеттердіде білдіреді. ( ал орыс тілінде <<писатель, художник, певец, танцор>>). Мұндай зат есімдердің мағыналары аудармада қазақ,орыс тілінің етістіктерінің көмегімен беріледі; He is a poor swimmer. - Он плохо плавает. Ол жаман жүзеді. She is no good as a letter - writer.- Она не умеет писать письма. I am a very rapid packer. - Я очень быстро укладываюсь. Етістіктермен жиі басқа типтегі етістіктен жасалынған зат есімдер де ауыстырылады. It is our hope , that an agreement will be reached by Friday. Мы надеемся, что к пятнице будет достигнуто соглашение. (it was as hot as hell and the windows were all steamy.- Жара была адская, все окна запотели. Had the decision been taken in time, this would never have happened. - Если бы решение было принято своевременно, это никогда бы не произошло.) Антонимдік аударма тәсілі дегеніміз аудармада оригиналдың болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше, болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауысатын лексикалық - грамматикалық ауыстыру. Nothing changed in my home town. Все осталось прежним в моем родном городе. Ағылшын - орыс, қазақ аудармасында бұл ауыстырудың түрі өте жиі қолданылады, себебі оригиналда болымсыз форма болымсыз префикспен келген сөздермен қолданылады. She is not unworthy of your attention. Она вполне заслуживает вашего внимания. Сонымен бірге болымсыз шылаулар until және unless пен келген болымсыз формада осы ауыстыруға жатады: The United States did not enter the was until April 1917. - Соединенные Штаты вступили в войну только в апреле 1917г. Additional expenditures shall not be made unless authorized. - Дополнительные расходы должны производиться лишь с особого разрешения. Антонимдік аударма шеңберінде бастапқы тілдің бірліктері тек тікелей аударма тілінің қарама-қарсы бірліктерімен ауыстырылып қоймайды, сонымен бірге қарама-қарсылықты мағына беретін басқа да сөздермен, сөз тіркестерімен ауыстырылады: The railroad unions excluded negroes from their membership. - Профсоюзы железнодорожников не принимали в свои ряды негров. - Теміржолшылар кәсіподағы өз қатарларына негрлерді қабылдамады. Сонымен бірге болымсыздық мағынасы басқа тәсілдермен, мысалы, without шылауының көмегімен жасалынатынын ескеру керек: He never came home without bringing something for the kids. - Приходя домой, он всегда приносил что - нибудь детям. Ол үйге келгенде әрқашан балаларға бірнәрсе әкелетін. Антонимдік аударманы қолдану жиі басқа ауыстыруларды (лексикалық немесе грамматикалық) қолданумен бірге жүреді: The people are not slow in learning the truth. Люди быстро узнают правду.( Антонимдік аударма сөз табын өзгертумен - сын есімді үстеуге ауыстырумен қоса жүреді). Экспликация немесе суреттеу (сипаттау) аудармасы дегеніміз - бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық - грамматикалық ауыстыруды айтамыз. Экспликацияның (суреттеудің) көмегімен оригиналдағы кез-келген эквивалентсіз сөздің мағынасын беруге болады: conservationist қоршаған ортаны қорғауды жақтаушы, whistle - stop speech - сайлау алдындағы үгіт жұмысы кезіндегі кандидаттың сөйлеуі. Компенсация тәсілі дегеніміз - оригиналдағы бастапқы тіл бірліктерінің элементтерінің мағыналарының жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай-да бір басқа тәсілдерімен орнына келтіру тәсілін айтамыз. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Аудармалық трансформация деген не? 2 Аудармалық трансформацияның қандай түрлері бар ? 3 Жалпылау мен нақтылау тәсілдерінің мәні неде? 4 Ұғымның мағыналық дамуы тәсілінің мәні не? 5 Метонимиялық антонимдік аударма тәсілдерінің мәні неде? 6 Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері деген не? 7 Аудармалық компенсация қандай тәсіл? 8 Транскрипция , транслитерация тәсілдерінің мәні не? 9 Калькалау тәсілі деген не? 10 Суреттемелік аударма тәсілі деген не? Негізгі әдебиет: 1 (172-186-беттер) 5(32-52,72-88-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (153-160-беттер) Дәріс №16 Тақырыбы:Аудармалық сәйкестілік Мазмұны: 1. Аудармалық сәйкестілік ұғымы 2.Бірлік және көптік сәйкестіліктер 3. Контекст (тар және кең) пен тілден тысқары ситуация:Олардың аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап, оның сәйкестігін таңдаудағы ролі 4.Окказионалды сәйкестік (контекстік орын басқыштар) ұғымы. 5.Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері. Аударманың оригиналға мағыналық және структуралық жағынан барынша жақындығына тырысу аударма процесі кезінде эквивалент болып тек қана біріктірілген текстер ғана емес, сонымен бірге бастапқы тілмен аударма тіліндегі олардың бірліктері болып табылады. Бастапқы тілдің бірлігін аудару үшін жиі қолданылатын аударма тілінің бірлігі аудармалық сәйкестік деп аталады. Аудармалық сәйкестікті екі тілдің жуйесінде ұқсас орын алатын, аударма процесіне қатысатын бірліктерді салыстыру арқылы емес, аудармада бірігетін коммуникативті жағынатын тең дәрежедегі сөйлемдерді салғастыру арқылы анализі кезінде іске алады. Сәйкестерді бастапқы тілдің бірліктері үшін тіл жүйесінің кез-келген деңгейіндегі анықтауға (табуға) болады:дыбыстан бастап сөйлемге дейін. Дыбыс деңгейіндегі сәйкестіктер:lady-леди,speaker-спикер, Liverpool-Ливерпуль т.б. Морфема деңгейіндегі сәйкестік: Table-s-стол-ы; back-bencher заднее-скамееч-ник;strict-ness қаталдық, строг-ость т.б. Сөз деңгейіндегі сәйкестік:he came home-он пришел домой, I looked at her-Я посмотрел на нее, my brother lives in Astana-Мой брат живет в Астане. Мұндай түрдегі сөз сайын аударма күрделі структуралы сөйлемдерді аударғанда да қолданылады. The Industrial Revolution brought into being the Industrial-Промышленная революция вызвала к промышленной, proletaant and with it the fight for civil and political-пролетариат и вместе с ним борьбу за гражданские и политические, rights,trade unions and the right to voice- права, тред-юнионы и права на голосы. Әр сөз сайын аудармада оригиналдың әрбір элементіне абсолютті (шексіз) сәйкестік ұйғарылмайды, себебі қазақ немесе орыс тілдерінде әдетте, ағылшын артикильдерінде және кейбір көмекші сөздеріне тура эквивалент жоқ. Көбінесе сөз сайын сәйкестік оригиналдарының кейбір сөздері үшін табылады, ал қалған (басқа) сәйкестік басқа деңгейде бекітіледі. Сөз деңгейіндегі сәйкестер:to take part-принимать участие (қатысу), to spill the beans- выдать секрет, to come to the wrong Shop-обращаться не по адресу. Бұл жағдайда оригиналдағы және аудармадағы сөз тіркестері негізінде эквивалентті (баламалы) бірақ олардың құрамында бір-біріне сәйкес келетін сөздер жоқ. Сөйлем деңгейіндегі сәкестіктер: кеер оff the grass!-по газонам не ходить, there's a good boy!-вот умница! Will you leave a massage? - что ему передать? Оригинал мен аудармадағы эквивалентті сөйлемдердегі бір-біріне сәйкес келетін сөз бен сөз тіркестері жоқ. Бұл жағдайда орыс /қазақ сөйлемдері ағылшын сөйлемдеріне сәйкес келетін мағыналар үшін қолданылады, оларға толықтай сәйкес келетін болуы керек. Сәйкес келушілік аударылатын бастапқы тіл бірліктерінің қатынасына оның бастапқы тіл бірлігінің белгілі бір деңгейде сәйкес келуіне байланысты классификацияланады. Сәйкестіктің бірінші белгісі бойынша ол екіге: бірлік сәйкестік және көптік сәйкестік болып бөлінеді. Екінші белгісі бойынша: лексикалық, фразеологиялық және грамматикалық болып бөлінеді. Бірлік сәйкестік дегеніміз бастапқы тілдің оригиналдың барлық жағдайында қолданылатын, бұл мағынада контекстен тәуелсіз берілген бірліктерін аударудың тұрақты тәсілі. Ол бірлік сәйкестігі оның мағынасын толық беретін аударылатын бірліктің тұрақты эквиваленті болып табылады. Бірлік (тұрақты) сәйкестіктер, негізінен терминдерде, жалқы есімдерде, географиялық атауларда, сонымен бірге кейбір сөздер мен сөз тіркестерінде кездеседі: oxygen-кислород, capitalism-капитализм, House of Commons-Палата Общин, Roosevelt-Рузвельт, doctrinarianism-доктринерство, contrabandist-контрабандист. Көптік сәйкестіктер дегеніміз-контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірліктерін аударудың жүйелі тәсілі. Бұл жағдайда әртүрлі сәйкестіктік әрбіреуі берілген бірліктің тек қана соған мағынасы жағынан ұқсас мағынасын береді. Мысалы: attitude-отношение, позиция, политика; actual-действительный, подлинный, текущий, современный. Варианттық (әртүрлі) сәйкестіктер бір мағыналы сөздер де, көп мағыналы сөздердің әртүрлі мағыналары бар сөздер де болуы мүмкін, мысалы: trade-union-профсоюз, трэйд юнион, Labour party-рабочая партия, лейбористская партия, sincerity-искренность, чистосердечие, прямота, честность, chamber-1. комната, горница, апортаменты, покой; 2. зал, палата, конференц-зал; 3. контора, камера, кабинет т.б. Кейде варианттық сәйкестіктер аударма тілінің синонимдерінен жасалады, мысалы, importance-важность, значение значимость; slander-кливита, поклеп, навет (жала жабу); writing-пишущий, письменный, писчий, писче-бумажный; flying-летающий, летательный, летный, летучий. Сәйкестіктерді тұрақты және вариантық деп бөлу негізінен лексикалық және фразеологиялық сәйкестіктерде қолданылады. Оригиналдың грамматикалық бірліктеріне сәйкестік басқаша жағдайда болады. Грамматикалық бірліктер жинақталған хабарлардан тұрады және грамматикалық сәйкестік жасалынатын лексикалық бірліктердің мағыналарымен тығыз бірлікте болады және анықталады. Аудармада грамматикалық форманф таңдау оригиналдың грамматикалық бірліктерінен анықталмайды. Ол беріетін хабарды айтуда толықтай жеткізуді ұйымдастырады. Сондықтан бастапқы тілдің грамматикалық бірліктері үшін бірлік (тұрақты) сәйкестіктер (табылмайды), яғни тұрақты немесе ең болмағанда кейбір жағдайда аудармада кездеспейді. Бастапқы тілдің грамматикалық бірліктеріне көптік (варианттық) сәйкестіктер де лексикалық варианттық сәйкестіктерден ерекшеленеді. Лингвистикалық контекст дегеніміз - текстте тілдің осы немесе басқа бірліктері қолданылатын тілдік орта сөздің контексі деп қолданылған сөздердің айналасындағы сөздердің грамматикалық формалар мен конструкциялардың сәйкестігі. Контекст тар контекст (микроконтекст) кең контекст (макроконтекст) деп бөлінеді. Тар контекст дегеніміз - сөз тіркестері мен сөйлемдердің контексі, яғни сөйлем көлеміндегі осы бірліктердің айналасындағы тілдік бірліктер. Кең мағынадағы контекст деп осы бірліктердің сөйлем шеңберінен шығып кететін тілдік айнала, бұл - текстік контекст, яғни, аралас сөйлемдердегі тілдік бірліктердің сәйкестігі. Кең көлемдегі контекстің нақты шегін көрсетуге болмайды, себебі бұл сөйлем топтарының контексі, абзацтық, бөлімнің тіпті бүкіл шығарманың, мысалы әңгіменің немесе романның болуы мүмкін. Тар шеңбердегі контекст өз кезегінде синтактикалық және лексикалық контекстер болып бөлінеді. Синтактикалық контекст дегеніміз-берілген сөз, сөз тіркесі немесе бағыныңқылы сөйлем қолданылатын синтактикалық конструкция. Лексикалық контекст дегеніміз-айналасында осы бірліктер қолданылатын лексикалық бірліктердің сөздердің және тұрақты сөз тіркестерінің сәйкестігі. Ситуациялық контекст дегеніміз-ойға қатысты жағдайы, уақыты, орны ескерілетін контекст. Аудармалы сәйкестіктерді қолдану үнемі оригиналдың аударылатын бірліктері қолданылатын контексті есепке алуды талап етеді. Сәйкестіктер дегеніміз - бастапқы тілдің бірліктерінің мағыналарына жақын аударма тілінің бірліктері, сондықтан ең алдымен оригиналда бұл бірліктің қандай мағынада тұрғанын біліп алу керек. Тілдік бірліктердің көпшілігі көп мағыналы, бірақ олар контексте әдетте өздерінің көп мағынасынан өзіне тиісті мағынасында қолданылады. Басқа жағдайларда контекстте сөздің мағынасын анықтау үшін кең шеңбердегі контестке көңіл аударуға тура келеді. Сәйкестіктің 3 типі бөгде тілдің бейнелі бірліктері калькирование жолымен жасалады: Бұл типтегі сәйкестікті қолдану тек қана мынадай жағдайда және оның аудармасы аударма қабылдаушысына берілетін ауыспалы мағынаны түсінуге мүмкіндік берген жағдайда қолданылады, мысалы, орысша түсінікті арбаны жылқының алдына қою бір істі кері, дұрыс жасамау дегенді білдіреді. Егер оригиналда фразеологиялық қолданылса, яғни тура мағына мен ауыспалы мағынаның байланысы жеткілікті мөлшерде түсінікті болмаса, онда бейнелі колкирование фразеологиялық бірліктердің мағыналарын бұзады. Мұндай жағдайларда жиі фразеологиялық сәйкестіктерді қолданудан бас тартуға тура келеді және аударылатын тіркестің негізгі, яғни ауспалы мағыналарын зерттеу арқылы беруге болады, мысалы, to dine with Duke Humphrey-ходить голодным, остаться без обеда, to grin like a ch erish cat-широко улыбаться. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1 Аудармалық сәйкестік деген не? 2 Бірліксәйкестік деген не ? 3 Көптіксәйкестік деген не ? 4 Тар шеңбердегі контекст деген не? 5 Кең шеңбердегі контекст деген не? 6Контекстің аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап оның сәйкестігін таңдаудағы маңызы қандай ? 7 Окказионалды сәйкестік деген не? Негізгі әдебиет: 1 (135-158-беттер) 5(7-38-беттер) Қосымша әдебиет: 1 (67-77-беттер) Дәріс 17 Тақырыбы: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компонентері мен олардың аудармада берілуі. Мазмұны: 1. Мағыналық денотаттық, коонотаттық және ішкі лингвистикалық компоненттерін аудару мәселелері; 2. эмоционалды лексика мен стилистикалық бояу бар сөздерді аудару; 3. метафора, метонимия, сөз құбылысы және тағы да басқа сөзді қолданудың образды стилистикалық тәсілдерін аудару. Қазіргі заманғы лингивистика тілдік бірліктің мағынасын, ол бірліктің өзінен тыс затқа қатынасы ретінде анықтайды. Тілдік бірлік денотатпен, яғни сол бірлікті білдіретін зат немесе құбылыспен байланысты болады. Тілдік бірлік сигнификатпен, яғни денотаттың біздің санамыздағы бейнесімен байланысты болады. Сигнификат денотаттың жай ғана бейнесі емес. Сигнификат сонымен бірге денотатпен байланысты әртүрлі жанама ұғымдарды да білдіреді. Тілдік бірліктің мұндай жанама мағыналары коннотация деп аталады: түлкі - қулық, қоян - қорқақтық. Тілдік бірліктің мағынасы өзінен тыс затқа қатынасына байланысты денотаттық, конотаттық және ішкі лингвистикалық мағына болып бөлінеді. Денотаттық мағына заттың немесе құбылыстың тек объективті бейнесін білдіреді. Коннотаттық мағына әртүрлі болады: А)белгілі бір этникалық қоғамға тән денотатпен байланысты тұрақты мағыналар: вол - безропотное трудолюбие, мотылек - непостоянство т.б. ә) денотатпен байланысты символикалық мағына: снег - высшая степень белизны. Б) денотаттың белгілі бір тілдік мәдени ортағына байланысты мағыналар: канцлер - Германия, Австрия, выски - Англия, Шотландия,; балайка - Россия т.б. В) белгілі бір тарихи дәуірлерге байланысты мағыналар: городовой - Царская Россия; стахановец - СССРбірінші 5 жылдықтар кезеңінде т.б. Мұндай коннотациялар әр тілде әртүрлі, өз ерекшеліктері болады. Мәселен орыс тіліндегі вол - өгіз, еңбекті сүюді білдірсе, неміс тілінде ол ақымақ ұғымын білдіреді. Бастапқы тіл мен аударма тілі денотаттық, конотаттық мағыналарын толықтай, жартылай немесе варианттық сәйкестері болған жағдайда аудармада еш қиындық келтірмейді. Аудармада қиындық келтіретіні екі тілдің тілдік бірліктерінің денотаттық, коннотаттық мағыналары сәйкес болмауы немесе сәйкестік мүлдем болмаған жағдайда. Ондай сәйкестігі жоқұ лексикалық бірліктерді эквивалентсіз лексика деп атайды. Эквивалентсіз лексика негізгі неологизмдер, әр халықтың өзіне тән ұғымдар, ұлттық болмысқа байланыстыц реалиалар арасында болады. Эквивалентсіз лексиканы аударудың әртүрлі тәсілдері болады. Аудармашылар әртүрлі тәсілдерді қодана алуы тиіс. Бастапқы тілдің сөз мағынасы коннотаттық аспектілерін аударуда олардың эмоциалдық, стилистикалық және бейнелі компоненттерін берудің маңызы зор. Аудармада эмоционалды лексикам мен стилистикалық бояуы бар сөздерді беруде аудармашының міндеті түпрнұсқадағы эмоционалды аударма тілінде дәл сондай мағынада берілуі керек. Бірақ екі тілдің өзгешеліктеріне байланысты сәйкестігі болмаған жағдайда аудармашы әртүрлі тәсілдерді қолданады. әр тілдің өзіне тән экспрессивті-стилистикалық құралдары болады. Ағылшын тілінде экспресивті құралдардың арасында басты орныды метафора және метонимия алады. Метафора дегеніміз - бейнелілікті беру үшін екі сәйкес келмейтін ұғымды салыстыру арқылы берілетін стилистикалық тәсіл. Метафора қазақ орыс тілдерінде де кеңінен қолданылады. Бірақ ағылшын тіліне тән метафоралық образдар қазақ, орыс тілдерінде жиі болмауы мүмкін немесе керісінше. Сөзбе-сөз аудару мағынаны бұзады. Сондықтан аудармашы оларды басқа образдармен ауыстыруына тура келді. Мұндай ауыстырулыр бейнелілікті сақтау үшін қолданылады. Бастапқы тілдің эмоционалдығын сақтап аударуға төмендегі тәсілдер көмектеседі: Метафораны аудару: Толық аударма тәсіілі бастапқы тіл мен аударма тілінің метафоралары сәйкес келген жағдайда қолданылады. Ауыстыру тәсілі екі тілдің метафоралары сәйкес келмеген жағдайда қолданылады. Структуралық қайта жасау тәсілі екі тілде метафоралар грамматикалық жағынан сәкес келмеген жағдайда қолданылады. Мұндай жағжайда, мәселен, төмендегі типтегі метафоралар: a dream of a dress , a beast of a car, a barrel of a man. не теңеуге ауыстырылады(не плтье,а мечта не машина ,а зверь, не человек, а бочка какая-то), не эпитетке (бочкоподобный толстяк). Метонимдерді аударуда да толық аударма, структуралық қайта жасау тәсілдері қолданылады. I raged at the stupidity of the country police - Меня возмущала глупость местной полиции. Very soon afterwards there was a concerned official face staring at me though the jagged hole in the glass of the kitchen door.-Вскоре из дыры в стекле куханной двери на меня уставилось озабоченное лицо представителя закона. Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының қандай компоненттері болады? * Мағыналық денотаттық компонент деген не? * Мағыналық конаттаттық компанент деген не? * Ішкі лингвистикалық компанент деген не? * Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздер деген не және оларды аудару жолдары қандай? * Метафора, метонимия қандай жолдармен аударылады? Негізгі әдебиет:1 (152-157 беттер) 9 (107-110беттер) 11 (42-53 беттер) Қосымша әдебиет:1 (198-201 беттер) Дәріс 18 Тақырыбы: Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшеліктері Мазмұны:1.Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аудару. 2.Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары тағы басқа атауларын аудару. 3.Неологизмдер аудармасы. 4.Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару. 5. Реалияларды аудару. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фрима, басылым орындары, адам аттары әртүрлі тәсілдермен беріледі. Олар:транслитерация, трансаударма және аралас тәсіл. 1. географиялық атаулар: А)аударылады: Lake Superior - Жоғарғы көлше, The Pacific Ocean-Тынық мұхиты, Rocky Mauntains-Құздф тау Б)Транскрипция тәсілі қолданылады.Мысалы: New Mexico-Нью Мексика, Pearl Harbor-Перл Харбор В)Аралас тәсілімен беріледі. North Dakota-Солтүстік Дакота Аудармадаағылшын тіліне басқа тілден келген атаулар аудармалық традициямен беріледі, яғни өзінің дәстүрлі аталуын сақтайды:Мехико, Munich-Мюнхен. * Мекеме,фирма атаулары транскрипцияның көмегімен аударылады. Paramount Pictures-Парамаунт Пикчерз. ВВС-Би-Би-Си General Electric Corp-Дженерал Электрик Корпорейшн. * Басылым орындары, кеме, көше, алаң, театр атаулары да транскрипция тәсілімен аударылады. The Wall Street Journal-Уолл Стрит Джорнал ( артикль түсіп қалады). Downing Strut-Даунинг-стрит Bedford Square-Бедфорд Сквер. * Партиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызмет атаулары аударылады:Conservative,Party-Консервативная партия, U.S.Department-of State - Госдепартамент США. Ерекше берілетін жолдары да бар:Labour Party-Лейбористская партия Foreign office-Форнен Офис (иностранная контора емес) МИД Соединенного Королевства. * Адам аттары:1)транскрипция бойынша аударылады:Charles Dukens-Чарльз Дикеннс. 2) аударманың традиция бойынша аударылуы. Charles I-Карл Первый, George V-Георг Пятый. Неологизмдер аудармасы Неологизмдер дегеніміз- тілде пайда болған жаңа затты, жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық обороттар. Неологизмдердің жай сөздерден айырмашылығы, олар қолдана келе кәдімгі сөзге айналуы немесе жағалап кетуі мүмкін. Ғылым мен техниканың, әсіресе радиоэлектротехниканың т.б. тез дамуы көптеген неологизмдерді тудырды. Radiophone-радиотелефон, module-модуль. Компьютердің шығуымен байланысты көптеген, неологизмдер пайда болды. Line of code-количество строк программы, line printer-устроиство построчной печати. т.б. Ағылшын тілінде америкада шыққан неологизмдер кездеседі. Kodak-кодак, Supermarket-супермаркет, File-файл т.б. жаңадан пайда болған неологизмдер әлі ағылшын- орыс сөздігіне енбегендіктен аудармада қиындықтар туғызады. Неологизмдерді дұрыс аудару үшін сөзге немесе сөз тіркесінің страуктурасына анализ жасау керек. Мысалы: resupply-re префиксті қайта жасау дегенді білдіреді,supply- запас, снабжать, поставлять, пополнение запаса. Неологизмдерді аударудың бір тәсілі-транскрипция: friefing-брифинг, management-менеджмент: 2-тәсіл - калкалау тәсілі analog display - аналоговой дисплет, rotary engine-ротационная машина. Неологизмдерді аударуда сонымен бірге сөздің мағынасын ашуда басты ұран контекст болып табылады. Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы (<<аудармашының жалған достары>>) аудару. Ағылшын-қазақ-орыс тілдерінде басқа тілдерден енген, әсіресе латын,грек тілдерінен енген халықаралық сөздер кезігеді. Интернационал сөздер дегеніміз-көп тілдерде формасы, мағынасы жағынан ұқсас, ортақ, лексикалық бірліктер: film, textm radio, dialect, doctor, atom, legal. Халықаралық сөздер ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында, химия мен медицинада, физикада көптеп кездеседі. Халықаралық сөздерді аудару негізінен көп қиындық келтіре қоймайды. Бірақ халықаралық сөздердің көпшілігі ағылшын-орыс-қазақ тілдерінде формалары бірінші деп болғаны әртүрлі мағыналары болатынын білу керек. Оларды жиі аудармашының <<жалған достары>> деп атайды. Мысалы:accurate -мочный (аккуратный емес, resin-смола (резина емес), control -не только контролировать но и управлять. т. б. Реалияларды аудару Реалия дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән өміріне, тұрмысына, салт-дәстүріне, тарихына әлеуметтік және рухани мәдениеті ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сәлемдесуде ағылшын тілінде "How are you" (как у вас дела?) деп сұрайды. "I'm fine, thanks. And you."(<<Отлично,а у вас как>>) деп жауап береді. Ал орыс тілінде сәлемдесу, оған жауап беру бірдей <<Здраствуйте>>. Мәдени және тілдік реалиядағы айырмашылық ағылшын тілінде жоқ ұғымның орыс, қазақ тілдерінде болуы немесе, керсінше. Мысалы: ағылшын тілінің meal сөзі орыс тілінде жоқ. Meal сөзі таңертеңгі, түскі, кешкі асты да білдіреді. Сол сияқты ағылшын тілінде орыс тілінің сутка сөзі жоқ. Сондықтан круглые сутки деген ұғымды ағылшын тілінде: wound-thr clork немесе 24 hours a day деп беріледі. Сол сияқты орыс тілінде Я хочу есть- дейді, ағылшын тілінде I want to eat деп айтпайды. Дұрыс варианты I'm hungry - Я голоден. т. б. Реалиялар да әртүрлі тәсілдермен аударылады: Жиі қолданылатын тәсілдер: транслитерация, калкалау, эксликация тәсілдері. Мы говорим: перестройка принесла свободу. То же самое гласностью- We say that perestroika has brought us freedom. The same applies to glasnost. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аударудың ерекшеліктері қандай? 2. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары қалай аударылады? 3. Неологизмдер деген не? Оларды аудару жолдары қандай? 4. Интернационал және псевдоинтернационал (Аудармашының жалған достары) лексика деген не? Оларды аударудың жолдары қандай? 5. Реалия деген не? Оларды аударудың тәсілдері қандай? Негізгі әдебиет: 1-(109-135беттер) 3-(106-113беттер) 9-(46-62беттер) Қосымша әдебиет:1-(186-190беттер) Дәріс 19 Тақырыбы: Фразеологияны аудару мәселелері Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктерді аудару кезінде орын алатын бейнелілікті сақтау, орын алмастыру және жоғалту. 2. Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоцияналдығын бір тілден екінші тілге беру. Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында 2 негізгі міндет тұрады: * аударма тілінің сөз тіркестерінің нормасын қатаң сақтау; * фразеологизмдердің бейнелігін сақтап аудару; Бірінші талап негізінен бейнелі емес фразеологизмдер, яғни еркін сөз тіркестеріне қатысты: to have a rest, to pay attention, to take a shave. Бейнелі фразеологизмдер, яғни қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, идиомалар, нақыл сөздер т. б. Бейнелі құралдарды аудару өте жауапты, күрделі міндет. Фразеологизмдердің ерекшеліктерін білмеу олардың мағыналарының дұрыс берілмеулеріне алып келеді. Бейнелі фразеологизмдерді аударудың 4 тәсілі бар: * бастапқы тілдің бейнелі фразеологизмін аударма тілінің эквивалентімен беру: to play with fire - играть с огнем - отпен ойнау; to read between lines - читать между строк. * бастапқы тілдің фразеологизміне мағынасы жағынан ұқсас, бірақ басқа бейнемен берілген фразеологизмді қолдану. Мұндай фразеологизмдер фразеологиялық аналогтар деп аталады. to make hay while the sun shines - куй железо пока горячо; Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аударма тілінің ұлттық бояуы жоқ фразеологизмімен берілуі мүмкін: he will not set the Thames on fire - он пороха не выдумает; to light like Kilkenny cats - бороться не на жизнь, а на смерть; when Queen Anne was alive - вовремя оно. * фразеологиялық бірліктерді калькалау, сөзбе-сөз аудару: people who live in glass houses should not throw stones - люди, живущие в стекляных домах, недолжны бросаться камнями; to keep a dog & barn oneself - держать собаку, а лаять самому. * егер бастапқы тілдің фразеологиялық бірлігінің аударма тілінде ешқандай аналогы, эквиваленті болмаса, немесе сөзбе-сөз аударуға келмесе, онда аудармашы экспликация тәсілін қолданады: a skeleton in the cupboard - семейная тайна; cut off with a spilling - лишиться наследства; dine with Duke Humphrey - остаться без обеда; Peeping Tom - человек с нездоровым любопытством. Фразеологизмдердіаудару әсіресе ауызша аудармада көп қиындық келтіреді. Сондықтан аудармашыларда көп қолданылатын фразеологиялық бірліктердің аналогтары, эквиваленттері туралы сөздік қоры болу керек. Олар болмаған жағдайда тек экспликация, яғни түсіндіру тәсілін қолдану керек. Егер берілген фразеологизмнің аналогын білмеген жағдайда, бірақ оның мағынасы түсінікті болса, бейнелілігі жойылса да, оның мағынасын жай сөзбен түсіндіруге де болады. Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар: * Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында қандай екі негізгі міндет тұрады? * Еркін сөз тіркестері деген не? * Бейнелі фразеологизмдер деген не? Оларды аударудың жолдары қандай? * Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аудару тәсілдері қандай? * Ауызша аудармада фразеологизмдерді аударудың қиындығы неде? Негізгі әдебиет: 1-(152-157 беттер) 5-(145-170 беттер) 9-(62-74 беттер) Қосымша әдебиет: 1-(192-194 беттер) 20-Дәріс Тақырыбы: Аудармада грамматикалық сәйкестікті таңдау. Мазмұны: 1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру. 2.Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары. Аударма практикасында грамматикалық ауыс-р* әдетте лексикалық ауыс-р* мен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады. Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін. Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін. Орыс тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады. Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді. Көп жағдайларда ағылшын тілі мен орыс тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және орыс тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады. Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті - (бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылщын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің орыс тілінде синтактикалық конструктураларын, атап айтқанда герундийлік комл-ді* аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды. Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді. Грамматикалық трансформация - сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, (уподавление), сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері. Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі - оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді: The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арсында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арсында талқыланатын. Сөйлемдерді біріктіру тәсілі - оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару: That was a long time ago. It seemed like fifty years ago. Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Аудармада грамматикалық сәйкестілік деген не? * Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескерудің маңызы қандай? * Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не? * Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары қандай? Негізгі әдебиет:1-(155-158 беттер) 5-(76-122 беттер) Қосымша әдебиет:1-(201-217 беттер) 21-Дәріс Тақырыбы: Аудармашының тілдік тұлғасы. Мазмұны: 1. Тілдік тұлға ұғымы. 2.Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциативті-вербалды жүйе (АВЖ), тезаурус және прагматикон. 3.Аударма-түпнұсқа авторы, аудармашы және аударманы қабылдаушының (рецептордың) тілдік тұлғаларының өзара әрекеті ретінде. 4.Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері: екі АВЖ-ң (ТТ және АТ) болуы, аудармашының тезаурусы мен прагматиконның (түпнұсқаны қабылдап, аударма тілінде құрудағы мақсаттар, себептер және міндеттер). Аудармашы тілдік тұлға ретінде тілдік білімі, сөйлеу әрекетінің барлық түрінен сөйлеу дағдылары, жазбаша және ауызша аудару дағдылары мен іскерліктері, шешендік өнері, әдеби таланты болуы керек. Аудармашының тілдік білімі дегеніміз - тілдің лексикасын, грамматикасын, фонетикасын білуі, ал сөйлеу дағдылары дегеніміз - өз ойын еркін жеткізе алуы. Сондықтан аудармашы екі тілді де жетік білуі, екі тілде де өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын игеру керек. Аудармашыға екі тілді жетік білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударатын тілде сөйлейтін елдің мәдениетін, тарихын, дінін, салт-дәстүрін, реалияларын білуі тиіс. Жақсы аударма жасау үшінаудармаға қатысатын екі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелерінің заңдылықтарын білумен бірге лингвисткада <<узус>> деп аталатын яғни <<қолданылу>> жағдайын сөйлеу клишелерінің бір тілде қолданылуы басқа тілде қолдануға жарамсыз болатындығын, қалай қолдану керектігін білу маңызды. Мәселен, орыс тілінде <<резать курицу, несущую золотые яйца>>, дегенді ағылшындар: <<убить гуся, несущего золтые яйца>> (to kill a goose that lays golden eggs). Әрине, ағылшынша <<қазды>> емес <<тауықты>> деп те айтуға болады, түсінікті болады. Бірақ <<олай айтпайды>>. Сол сияқты тілінде <<осторожно не споткнитесь>>, дегенді ағылшындар <<следите за своим шагом>> (mind your step); <<приятного аппетита>> дегенді ағылшындар <<насладиться едать>> (enjoy your meal) дейді, әрине ағылшынша < >, < > деп айтуға болады, <<бірақ олай айтпайды>>. Әр түрлі тілдің <<қолданылу құрылыстарының>> әртүрлілігі кейде өте нәзік, оларды есепке алмаса аударма күлкілі, немесе дөрекі болып шығуы мүмкін. Аудармашы әрдайым әртүрлі тілдің мәдени,этикалық айырмашылықтарын есте ұстауы қажет. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Тілдік тұлға деген не? * Тілдік тұлға моделінің деңгейлері қандай? * Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері қандай? Негізгі әдебиет:12(3-44 беттер) Қосымша әдебиет:3-(10-17 беттер) 9-(4-55 беттер) 22-Дәріс Тақырыбы: Аудармашы біліктілігі. Мазмұны: 1. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының рөлі. 2.Ақпараттық текстерді аудару барысында АТ-де терминдердің құрылуы. 3. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындауы. 4. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторлар. 5. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну дәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларындағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігі. Аудармашы біліктілігі бірқатар дағдылар мен қабілеттерді меңгеруден тұрады: 1. Аудармашы анық сөйлеуі, дауыс ырғағын дұрыс қоя білу керек. 2. Аударманың техникалық тәсілдерін есте сақтау, бір тілден екінші тілге тез көше қою, трансформация түрлерін қолдана алу дауысы меңгеруі тиіс. 3. Аудармашыда сөздіктерді қолдана алу, т. б. Хабар көздерін қолдана алу дағдысы болу керек. 4. аудармалық шапшаң жазып алу қабілеті болу керек. 5. Шет тілін өз ана тіліндей жетік білуі керек, сол тілдің мәдениетін білу керек. 6. Шет тілінде де, ана тілінде де негізгі сөйлеу жанрлары мен мәтіндердің негізгі типтерін жақсы меңгеруі қажет. 7. Аудармашы үнемі екі тілде де өзінің сөздік қорын жітілдіріп толықтырып отыруы керек. 8. Қазіргі заманғы аударма компьютерсіз мүмкін емес, сондықтан компьютерде жұмыс істеу дағдысы, Интернетті қолдану, электронды формадағы сөздіктерден хабар ала алу дағдыларын дамытуы қажет. Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы болу керек. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама аударма (адекватный) немесе реалистік аударма. Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Сондықтан, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап өмір шындығын дәл беру. Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Сондықтан аудармашының алдына қойылатын 3 түрлі шарт бар. Біріншіден, ол шығарма бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұсқан келтірмеуі тиіс. Көркем шығарманың әр түрлі қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сырлары (монолог) шертіледі, көңіл-күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстар мен психологиялық тербеністер ашылады. Бұлар кейде суреттеу түрінде. Кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізуі керек. Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт - шығарманың көркемдік идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол, ең алдымен, көркем болсын, әсерлі де тартымды оқылсын. Аудармашылық - нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей ерікеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Аудармашы біліктілігі деген не? 2. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының ролі қандай? 3. Ақпараттық текстерді аудару барысында терминдер қалай құрылады? 4. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындалуы қалай жүреді? 5. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына қандай факторлар әсер етеді? 6. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну жәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларныдағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігінің маңызы қандай? Негізгі әдебиет:12-(68-81 беттер) Қосымша әдебиет:9-(29-50;82-86 беттер) Дәріс 23 Тақырыбы: Шетелдік аударматану Мазмұны: 1. Ағылшын аударматанушыларының еңбектеріндегі аударма теориясы мәселелері . 2. Франция мен Канададағы аударматану 3. АҚШ-ағы аударматану 4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударма теориясының дамуы 5. Скандинавиядағы аударматану 6 .Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматану жайы 7 Ресейдегі аударма теориясының дамуы Барлық басқа елдердегі сияқты Англияда да аударма саласында теориялық қорытынды жасауға алғашқы қадамды аудармашылардың өздері болды. Олардың арасында белгілі жазушылар мен ақындар болды. Олар аударма принциптері мен ережелерін жасауға тырысты. Солардың бірі ағылшын ақыны және аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың үш түрін ұсынды. Біріншіден, <<метафаза>>- түпнұсқаны сөзбе-сөз, дәлме-дәл беру. Екіншіден, <<парафраза>>- түпнұсқаны еркін аудару, яғни оның формасы емес, мазмұнын беру. Үшіншіден, <<имитация>> (еліктеу)- түпнұсқа тақырыбын вариациялау. Аудармашы үшін ең дұрысы метафаза мен парафразаның ортасы екенін көрсетіп, Дж.Драйден аударма ережелерін көрсетеді. Оның ережесі бойынша аудармашы: -ақын болуға, -өз тілі мен түпнұсқа тілін білуге, -түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуге, -өз талантын түпнұсқа авторының талантымен біріктіруге, -түпнұсқа мағынасын сақтауға, -түпнұсқаның тартымдылығын оның мазмұнына зиян келтірмей беруге, -аудармада өлеңнің сапасын сақтауға, -авторды қазіргі заманғы ағылшындарға сөйлетуге мәжбүр етуге, -түпнұсқаны өте сөзбе-сөз аудармауға, -түпнұсқаны жақсартуға тырысуы тиіс. Мұндай ережелер сол дәуірге тән болды. Аударма теориясы жайлы неғұрлым негізгі еңбектер ХХ ғ. екінші жартысындапайда бола бастады. Бұл жерде Т.Сэворидің <<Аударма өнері>> (Лондон, 1952) еңбегін атауға болады. Бұл еңбегінде автор аудармалық мәселелерді кеңінен қарауға тырысты. Бұл зерттеудің лингвистикалық негізі жеткіліксіз болса да, автор бірқатар ережелерді жасады. Ол аударманың төрт түрін ұсынады: -совершенный (мінсіз, ең жақсы) аударма- таза информациялық фразаларды аудару, -адекватты аударма- аударманың тек мазмұнын сақтап аудару, -үшінші аударма типінің аты жоқ, бұл классикалық шығармаларды аудару. Мұнда түпнұсқаның формасы да, мазмұны сияқты маңызды болу керек, -адекватты аудармаға жақын тип. Ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару. ХХ ғ. 60 жылдарында аударма теориясы саласында лингвистикалық зерттеулер пайда бола бастады. Солардың ішінде ағылшын лингвистері Дж.Ферс және М.А.К.Хэллидей болды. М.А.К.Хэллидейдың пікірі бойынша аударма теориясы- салғастырмалы тіл білімінің бөлігі, аударма кез-келген тілдік бірліктер мен структураларды салғастырудың негізінде жатыр,- деді. Мұндай салғастырудан олардың эквиваленттілігі шығатынын айтты. Қазіргі заманғы ағылшын аударма теориясының қалыптасуында Дж.Кэтфордтың <<Лингвистикалық аударма теориясы>> еңбегі маңызды роль атқарды. Сонымен қатар, аудармашы П.Ньюмарктың еңбектері де аударма теориясын жасауға үлкен негіз болды. П.Ньюмарктың пікірі бойынша аударма теориясының басты міндеті- аударма тәсілдерін, мәтіндердің типін анықтау. Қазіргі заманғы Англиядағы аударматануда теориялық зерттеулер мен концепциялар көптеп жасалынуда. Солардың ішінде М.Снелл-Хорнбидің <<Аудармалық зерттеулер. Интеграциялық көзқарас>> еңбегін атауға болады (1988). Аударматану тарихында француз тілінде еңбектер бірінші болып шықты және осы ғылымның қалыптасуында маңызды роль атқарды. Франция мен Канададағы аударматануға тән нәрсе аударманың лингвистикалық концепциялары және психология мен психолингвистиканы аудармада қолдану. Бұл елдердегі аударматануда болашақ аудармашыларды дайындауда теориялық білімді практикалық міндеттермен байланыстыруға тырысу байқалды. Аударма теориясын дамытуға үлес қосқан канадалық лингвистер Ж.П. Вине мен Ж. Дарбальненің <<Француз және ағылшын тілдерінің салғастырмалы стилистикасы. Аударма методы.>> еңбектері болды. Белгілі француз тіл маманы Жорж Мунэн аударма проблемасына көңіл аударып <<Аударманың теориялық проблемалары>> (1963), <<Аударма тетриясы және тарихы>> (1965) еңбектерінде тіл білімі мен аударма теориясының байланысын ашады. АҚШ-та лингвистикалық аударма теориясының дамуына Юджин Альберт Найданың <<К науке переводить>> еңбегінің маңызы зор. XX ғасырдың 80 жылдарында Америкада аударма проблемасына көп көңіл бөлінді. Бұл кезеңдегі басты аудармалық еңбекке С. Басснетт-Макгайрдың <<Аудармалық зерттеулер>> еңбегін жатқызуға болады. Германияда аударма мәселесіне көңілді белгілі мәдениет қайраткерлері болды. Аударма жайлы өз ойларын айтқан И. Брайнтингер және А. Шлегель, И. Гете және Ф. Шлейермахер, В. Гумбальдт және т.б. болды. Аударма саласында теориялық зерттеулер жүргізуде Шығыс Германия басты орында болды. Неміс лингвисі Отто Каде Германияда лингвистикалық аударма теориясын дамытуға зор үлес қосты. О. Каде екі тілді қарым-қатынаста және аудармада аударма процесіне әсер ететін 3 түрлі параметрді анықтайды: 1тілдік жүйелер; 2) объективті шындық және оның бейнесі; 3) қарым-қатынасқа түсушілер. Неміс лингвисі және аударма оқытушысы Альберт Нойберттің де аударма саласында көп еңбектері болды. Ол өзінің <<Аударманың прагматикалық аспектілері>> еңбегінде адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтауға тиіс - деді. А. Нойберт прагматикалық адекваттылық проблемасын прагматикалық қатынастың 4 түрлі типімен байланыстырады. Батыс Германияда әлі күнге дейін жеке аударма мектебі болмаса да батыс германиялық лингвистер аударма проблемасына қызығушылық танытып, қазіргі заманғы аударма теориясын дамытуға едәуір үлес қосты. Аударма жайлы теориялық еңбектердің ішінде Катарина Райс, Вольфрам Виллс, Ханс П. Крингс, Эрнст-Август Гуттың т.б. еңбектері басты орынды алады. Батыс германиялық аудармашылар басты көңілді аударма мен қазіргі заманғы аудармашылық әлеуметтік рөліне бөлді. Олар аудармашы қызметін кеңейтуге талпынады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Көрнекті ағылшын аударматанушылары мен олардың еңбектері ? 2. Франция мен Канададағы аударматанушылар мен олардың еңбектері? 3. АҚШ-ағы аударматанушылар мен олардың еңбектері? 4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері? 5. Скандинавиядағы аударматанушылар мен олардың еңбектері? 6 .Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматанушылар мен олардың еңбектері? 7 Ресей аударматанушылары мен олардың еңбектері? Негізгі әдебиет:5 (3-7беттер) 7(10-100) Қосымша әдебиет:2 (3-17 беттер) 24-Дәріс Тақырыбы: Отандық аударматану. Мазмұны: 1. Аударматанудың Қазақстандағы дамуы: теория және практика. Қазақ қоғамында елеулі өзгерістердің болуы, қоғам мен дүниежүзілік өркениет арсындағы ынтымақтастықтың жедел өркендеуі, сондай-ақ өзге тілден қазақ тілінде аудару мәселесіне <<қоғамдық тапсырыстың>> қалыптасуы нәтижесінде ғасырдың бас тұсында әредік қана көрініс берген аударманың практикалық тәжірибесі елуінші жылдардан бастап кең ауқымда өрістеді. Анығырақ айтқанда, қазақ мәдениетінде аударманың практикалық жағы теориялық тұрғыдан талдауына қарағанда, анағұрлым ілгері кетті. Қорланып жинақталған аударма туындылардың, оның ішінде әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне тәржімаланған көркем әдебиеттің ғылыми пайымдалуына көңіл бөліне бастаған кез - 50 жылдардың орта тұсы. Бұл мәселе қазақтың зиялы қауымының өкілдері - ғалымдар, жазушылар, сыншылар, журналистер, кәсіби аудармашылар белсене атсалысты. Мәселенің теориялық тұрғыдан қойылсы классик - жазушы, тәржімандық тәжірибесі өз алдына бір төбе М. Әуезовтың есімімен тығыз байланысты. Алғашқы мақаласының өзінде-ақ М. Әуезов проблеманың ғылыми тұрғыдан анықталуы <<үзілді-кесілді күйдегі>> пікірлермен, <<сұрқадай пішінді>> аудармаларды кінараттаумен шектелмейтіндігін, шын мәніндегі теорияның қажеттілігін және бұл үшін қандай мәселелерге назар аударудың нәтиже беретіндігіне тоқталады. Осы ретте нақтырақ айтатын бір жағдаят бар, ол - М. Әуезовтың аударма тілтану объектісіне де ене ме, әлде ол бірыңғай әдебиеттану ғылымының үлесіндегі сала ма деген сұраққа берген жауабы. Әрине, <<... одақ көлеміндегі әдебиетте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі - аударма тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі біздіңше дұрыс бейім, аударманың сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді көркемдік принциптерді алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясы зерттейтін объекті деп қарайды>>. (1,6-7) дегеніне қарағанда қаламгердің тәржіманы сөз өнері, шығармашылық өнер деп танитындығы аңғарылады. Әдебиеттану бойынша өзге зерттеушылер де, М. Әуезовтың осы сөзін тілге тиек етеді. (9,79). Алайда осы еңбегінің өзінде ұлы жазушы әдебиет тануға қарай ойысу <<дұрыс бейім>> дей тұрса да, аудару процесіндегі тілдің, тілдік құралдардың ролін жоққа шығармайды, түпнұсқаның сөз, стиль өнерінің берілуі аудармашы қолданған түрлі құрал-тәсілдермен (синоним, идиома, интонация, ырғақ, бейнелеу құралдары) анықталатындығын дәлелдейді.(1,7) Әдебиет ғылымы шеңберінде аударманың зерттелуі көрнекті жазушылар, ғалымдар, сыншылар - Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Нұрпейісовтың, Т. Ақтановтың, Ы. Дүйсенбаевтың, М. Жанғалиннің, М. Әлімбаевтың, Ә. Дербесалиннің монографиялық еңбектері мен шолу мақалалырнда айтылады. Зерттеушілердің осы прблема турасындағы әдебиет танымдық тұжырымдамалары <<Көркем аударманың кейбір мәселелері>> деген жинақта, сондай-ақ Ә. Сатыбалдиевтің (9), С. Талжановтың (10) арнайы еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Ғалымдардың барлығы да айтатын ортақ пікірлерді жинақтар болсақ, онда негізгі бағыттар : а) аударма шығармашылықтың және сөз өнерінің бір түрі екендігіне, б) аудармада түпнұсқаның тілдік-стильдік ерешеліктерін сақтай отырып, <<қазақ тіліне тән нормадан шықпау>> қажет екендігіне (10); в) көркем аудармаларда кездесетін кемшіліктердің себептерін анықтауға барып саяды. Сөз болып отырған объекті үшін ең маңыздысы - аударма процесінің тіл ғылымына байланысы, яғни аударма тілтану саласына жата ма, жоқ па деген сауалдың жауабы. Бұл турасындағы көзқарастар екі арнаға қарай таралады: оның бірі - аударма тек әдебиет танудың объектісі, өйткені ол белгілі бір жазушының шығармашылық қабілетінен туындайтын сөз өнері деген түйін, екінші - аударма әдебиетпен қатар лингвистикалық зерттеулердің өзегі болуға тиіс дегенді білдіретін тұжырым. Міне, осы соңғы пікірге келгенде, көзқарас <<аударманың негізгі материалы - тіл, демек, ол тілдік тұрғыдан талдануға керек>> деген жалпылама қағидамен тұйықталады. Әдебиеттік анализдің өзі тілдік құрал - тәсілдердің берілуі ерекшеліктеріне келіп, ұштасатын болғандықтан, әдебиет танушылар тәжіманның тіліне қатысты дәйектемелерін де айтып отырады. Ә. Сатыбалдиев тіл ғылыми шеңберінде әсіресе жеке сөздерге ұлт тілі қорындағы архаизмдердің, синонимдік мәндес сөздер қатарынан балама табудың, тұрақты тіркестерді қолданудың, аудармадағы синтаксистік құрылымның айырым белгілерін талдаудың қажеттігін атап өтеді. Ғалымның пікірінше, аударма кәсібі араласқаннан бері қарай бұл сала <<Қазақтың бар сөзінің сараптап өтіп>> сұрыпталуына үлкен ықпалын тигізді (9,8). Қазақ ғылымында, сөйтіп, аударма мәселесіне әдебиет тану аспектісінде көбірек мән берілгенін көруге болады. Оның өзінде де мәселенің қарастырылуы <<жекеден жалпыға қарай>> принципінде өрбіп отырады, басқаша айтқанда, ғалымдар көркем әдебиеттің жеке бір нұсқасының - бір автордың бір немесе бірнеше шығармасының негізінде әдеби талдау жасап, осы арқылы ортақ заңдылықтарды анықтауға әрекет жасайды. Бұған, мәселен, Ә. Дербісалиннің Ы. Алтынсарин жасаған тәжімаларға тоқталуы, С. Талжановтың Н. Гогельдің бірнеше шығармасы төңірегінде ой қорытуы, Ә. Сатыбалдиевтің В. Г. Белинский шығармаларын талдауы, Т. Ахтановтың Ә. Нұрпейісовтің <<Анна Каренинаның>> қазақшалануы жөнінде пікір айтуы және т. б. Дәлел бола алады. Халықтар арасындағы рухани қазынаның алмасу процесін мақал-мәтелдер, жұмбақтар айналасында, өз тәжірибесінен түйіндеулер жасайтын М. Әлімбаевтің еңбектерінде де аударма әдебиет саласы бойынша қарастырылады. <<Жекеден жалпыға қарай>> принципі арқылы зерттеу жүргізу жұмыстары соңғы кезеңдерде бой көрсете бастады. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, және жаңаша ұлттық дамудың деңгейінен қарай отырып, жеке бір аударманың ерекшеліктерін зерттеу(2,6), нақты бір дәуірдегі 20-30 жылдардағы көркем аударманың дамуын қарастыру (4) арқылы тәжіматанудың ғылыми ұстанымдарын анықтау нышандары бар. Қазақ тілінен орыс тіліне аударудың айрықша күрделі, өз алдына дербес проблема екендігін атай отырып, осы ретте қазақ поэзиясының, оның ішінде халық эпосы үлгілерінің өзге тілдегі нұсқалануын талдаған Н. Сағындықовтың (8) зерттеуінің теориялық - танымдылық рөліне де назар аудартуға тиіспіз. Тәржіма тәжірибесі тіл ғылымы аясында қарастырылған еңбек - ғалым Ө. Айтбаевтың <<Аудармадағы фразеологиялық құбылыс>> деп аталатын зерттеуі (3). Тілдің бір ғана қаттауы - фразеологизмдерді М. Горкийдің бірнеше шығармасының түпнұсқасы мен қазақ тіліндегі нұсқасын салыстыру негізінде зерттеуші қазақ тіліндегі идиомдардың, мақал-мәтелдердің аудармадағы номинативтік және бейнелеуіш қызметі жөнінде бірқатар құнды мәліметтер айтады, фразалардың тәржімалануының тиімді тәсілдерін көрсетеді. Аударманың не тіл, не әдебиет объектісі болуына қатысты жалпы көзқарастарды жинақтай келіп, Ө. Айтбаев <<бірыңғай лингвистикалық тұрғыдан көркем аударманы әдеби лингвистикалық проблема есебінде қарастыру жөн>> екендігін баса айтады (3, 222-223). Көркем әдеби аудармалардан <<басқа түрлерді>>, яғни қоғамдық-саяси әдебиеттің қазақшаланған нұсқаларын талдауды тіл білімімен қараушылық К. Сағындықовтың, Қ. Шариповтың, Қ. Жарықпаевтың, Ғ. Ахметовтың (7, 11) еңбектерінде байқалады. Оларда мәселенің қойылысы соншалықты нақты болмаса да, жекелеген сөздердің, терминдердің төл тілдегі баламаларын қалыптастыру қоғамдық-саяси мазмұндағы шығармалардағы тұрақты тіркестердің қазақшалануы жөніндегі пікірлер, сөз семантикасы, мағыналық бірлік, эквиваленттілік, сөз мағынасының өзгеруі, тілдік құралдардың функционалдық тармақтарға қарай сұрыпталуы, тіл мен норманың арақатысы тәрізді бірыңғай лингвистикалық проблемаларға барып тіреледі. Көрсетілген зерттеушілердің үлкенді-кішілі еңбектерінің әсіресе 50-70 жылдардағы қазақ терминологиясының жай-күйін, оның қалыптасуына аударманың ықпалын танып-білу тұрғысынан қарағанда, маңызы өте зор. Бір тілден екінші тілге аудару процесі мен осы процестің нәтижесінде алынған туындының тіліне лингвистикалық талдау жасау жұмыстары өзге түркі тілдерінде енді-енді қолға алына бастаған шаруа. Ал бұл проблема орыс тіл білімінде едәуір тиянақталған дәрежеге жетті. Дегенмен орыс ғаламдарының да тәржіманың лингвистикалық табиғаты жөніндегі көзқарастары әр түрлі. Бұл жөнінде қорытынды пікір айту - өз алдына жеке мәселе болмақ. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: * Қазақстанда аударматану қай кезден басталады? * Қазақстандағы аударматанушылар және олардың еңбектері? Негізгі әдебиет:6-(10-41 беттер) 2 Семинар сабақтары 1-семинар Тақырыбы:Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны:1)Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері. 2)Еркін аударма және көркем аударма. 3)Отандық және шетел мәдениеттіің көрнекті өкілдерінің аудармашылық қызметі. 4)Қазіргі таңдағы аударма. Мақсаты: :Көне дәуірден бастап қазіргі таңдағы аудармаға дейінгі аудармашылардың қызметтері мен еңбектеріне анализ жасау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Әдістемелік нұсқау: жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Негізгі әдебиет:1,5 Қосымша әдебиет:2 2-семинар Тақырыбы:Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. Мазмұны:1) Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. 2)Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырымдалуы. 3)Аударылмау теориясының негізгі ретіндегі тілдік мәдени тарихи алшақтықтар. 4) <<Аударма шеберлік ұғымы>>. 5)Аударма териясының жалпы білім беру,лингвистикалық және қолданбалы тұрғыдағы мәні. Мақсаты: Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырымдалуын талқылау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,5,6 Қосымша әдебиет:2 3-семинар Тақырыбы:Аударма теориясының негізгі ұғымдары. Мазмұны:1) Аударма түпнұсқаға коммуникативтік тұрғыдан барабар текст ретінде 2) Коммуникативтік барабарлықтық функционалдық,мағыналық, Құрылымдық аспектілері. 3)Аудармашылық іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары. 4) <<Аударма шеберлік ұғымы>>. 5)Аударма териясының жалпы білім беру,лингвистикалық және қолданбалы тұрғыдағы мәні. Мақсаты: Аудармашылық іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтарын талқылауТермин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. . Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,2 Қосымша әдебиет:1 4-семинар Тақырыбы:Тілдік дәнекерліктің басқа түрлері Мазмұны:1) Қысқартылған аударма. 2) Өңделген аударма. 3)Аннотация 4)Реферат,резюме. Мақсаты:Қысқартылған аударма өңделген аударма,аннотация, реферат, резюме аудармаларының ерекшеліктерін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көз қарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. .Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 5-семинар Тақырыбы:Аудармашылық іс-әрекеттің типологиясы. Мазмұны:1) Көркем шығарманы аударудың өзіндік ерекшеліктері мен оның түрлері. 2)Ақпараттың текстерді аудуарудың негізгі міндеттері мен оның түрлері. Мақсаты: Аударманың негізгі екі классификациясының әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін талқылау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,3,6 Қосымша әдебиет:2,8 6-семинар Тақырыбы:Аударма процесінің аударылатын текстің түріне тәуелдігі Мазмұны:1) Қоғамдық-саяси,ресми-іскерлік және ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері. 2)Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері. 3)Аудиозуальды аударманың ерекшеліктері. Мақсаты: Ғылыми-техникалық,қоғамдық-саяси,ресми-іскерлік,бұқаралық ақпарат құралдарына арналған аудармалардың әрқайсысының өздеріне тән басты-басты ерекшеліктерін атап көрсету. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,3 Қосымша әдебиет:1,5 7-семинар Тақырыбы:Аударманың психо-лингвистикалық классификациясы Мазмұны:1) Жазбаша аударма және оның ерекшеліктері. 2)Ауызша аударма және оның ерекшеліктері. 3)Аудиозуальды аударманың ерекшеліктері. Мақсаты: Жазбаша аударма мен ауызша аударманың айырмашылықтарын,ерекшеліктерін көрсету.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:3,4 8-семинар Тақырыбы:Ауызша аударманың түрлрі мен типтері Мазмұны:1) Ілеспе аударма және оның ерекшеліктері. 2)Синхронды аударма және оның ерекшеліктері. Мақсаты Ауызша аудармашыға қандай ерекше дағдыларды меңгеруі қажеттілігін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:5 9-семинар Тақырыбы:Аударманың эквиваленттілігі Мазмұны:1) Түпнұсқа және аударма текстерінің мағыналық жақындығы-олардың коммуникативтік тепе-теңдігінің негізі ретінде. 2)Әртүрлі тілдегі текстер мазмұнының өзгешелігі. 3)Аударма эквиваленттілігі және <<аударма дәлдігі>> ұғымдары. Мақсаты: : <<Аударма эквиваленттілігі>> және <<аударма дәлдігі>> ұғымдарын талдап түсіндірТермин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. .Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 10-семинар Тақырыбы:Эквиваленттіліктің деңгейлері мен түрлері Мазмұны:1) Семантикалық және прагматикалық эквивалнттілікті қарсы қойып салыстыру. 2)Аударма варианттарының көп түрлілігі. 3) Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар. Мақсаты: Эквиваленттіліктің деңгейлері мен түрлерінің әр қайсысына мұқият талдау жасау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді.Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:5 Қосымша әдебиет:1 11-семинар Тақырыбы:Аударма прагматикасы Мазмұны:1) Прагматикалық потенциалды қайта жаңғырту. 2)Аударма мәтінінің коммуникативтік әсері ұғымы. Мақсаты: :Аударылатын текстердің прагматикалық классификациясын талдау.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,3 Қосымша әдебиет:1,5 12-семинар Тақырыбы:Аударманы прагматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері Мазмұны:1)Аударманың прагматикалық бағалылығы ұғымы. 2)Барабар,сөзбе-сөз және еркін аударма. 3)Аударманы бағалауға әсер ететін факторлар. Мақсаты: Аударманы прагматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдерін талдау.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,3 Қосымша әдебиет:1,5 13-семинар Тақырыбы:Аударма модельдері Мазмұны:1)Денотаттық (ситуациялық) модель 2)Трансформациялық-семантикалық модель 3)Құрылымдық-әрекеттік модель Мақсаты: Аударма модельдерін анықтау.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді..Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 14-семинар Тақырыбы:Аударма процесі Мазмұны:1)Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері.. 2)Аударма процесінің кезеңдері:түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау. Мақсаты: Аударма процесінің кезеңдерін талдау.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді.Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 15-семинар Тақырыбы:Аудармалық трансфармация ұғымы және түрлері Мазмұны:1)Аудармалық трансфармация ұғымы және түрлері:лексикалық-семантикалық,грамматикалық және лексикалық-грамматикалық. 2)Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау),ұғымының мағыналық дамуы тәсілі,метонимиялық және антонимдік аударма. 3)Орын ауыстыру,алмастыру,қалдырып кету тәсілдері. 4)Аудармалық компенсация,транслитерация,танскрипция,калькалау,суреттемелік аударма. Мақсаты: Аудармалық трансформация түрлерін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1,5 Қосымша әдебиет:1 16-семинар Тақырыбы:Аудармалық сәйкестіліктер. Мазмұны:1)Окказионалды сәйкестік ұғымы 2)Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс - тәсілдері. Мақсаты: Аудармалық сәйкестіліктер және олардың түрлеріне талдау жасау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру.Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Әдістемелік нұсқау: жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1,10 17-семинар Тақырыбы:Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компоненттері. Мазмұны:1)Метафора , метонимия 2)Сөз құбылысы және тағы да басқа сөзді қолданудың образды стилистикалық тәсілдерін аудару мен олардың аудармада берілуі Мақсаты: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компоненттерін талқылау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:3,4 18-семинар Тақырыбы:Лексиканыңкейбір топтарын аудару ерекшелігі. Мазмұны:1) Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару 2) реалияларды аудару Мақсаты: Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы , реалияларды аудару жақтарын талқылауТермин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. . Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:5 19-семинар Тақырыбы:Фразеологияны аудару мәселелері Мазмұны:1Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттыұ-мәдени ерекшеліктеррінің эмоцияналдығын бір тілден екінші тілге беру Мақсаты: Фразеологияны аудару мәселелерін талдау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көз қарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. .Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 20-семинар Тақырыбы:Аудармада грамматикалық сәйкестікті таңдау. Мазмұны:1 Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті - стилистикалық функциясын ескеру. 2.Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары Мақсаты: Аудармада грамматикалық сәйкестікті таңдау жолдарын талқылау Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:5 Қосымша әдебиет:1 21-семинар Тақырыбы:Аудармашының тілдік тұлғасы Мазмұны: 1Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингва тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері :екіАВЖ-ң(ТТжәне АТ)болуы 2)Аудармашының тезаурусы мен прагматиконы(түпнұсқаны қабылдап , аударма тілінде мәтін құрудағы мақсаттар,себептер және міндеттер) . Мақсаты: Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингва тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктерін, аудармашының тезаурусы мен прагматиконы(түпнұсқаны қабылдап , аударма тілінде мәтін құрудағы мақсаттар,себептер және міндеттер) атап көрсету. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1,10 22-семинар Тақырыбы:Аудармашы біліктілігі Мазмұны:1) Аударма процесінде аударамашының мінез- құлқына әсер ететін факторлар. 2)Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігінтүсіну дәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салалардағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігі Мақсаты:. Аударма процесінде аударамашының мінез- құлқына әсер ететін факторлар, аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну дәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салалардағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігін талқылау.Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:3,4 23-семинар Тақырыбы:Шетелдік аударматану Мазмұны:1 Шығыс және Батыс Германиядағы аударма теориясының дамуы 2 Скандинавиядағы аударматану 3 Болгария және Шығыс Еуропаның өзге де елдеріндегі аударматану жайы Мақсаты :Шетелдік аударматанумен аудармашылардың еңбектерін талқылау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру. Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:5 24-семинар Тақырыбы:Отандық аударматану Мазмұны:1Аудакрматанудың Қазақстандағы дамуы :теория және практика. Мақсаты :Отандық аударматану мәселелерін талқылау. Термин сөздерді сөздікке жазу,олардың мағынасын түсіндіру Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:жыл бойы пайдаланылатын сөздік,семинар дәптерлерін бастау керек.Семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мпқсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады.Студент сеғминар сабақта қаралып отырған мәселелерге көзқарасын білдіруге;оқығандардың ішінен қажетті нысанды таңдап алуға;айтылған әдебиеттерді түгел оқуға міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді. .Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек.Барлық сұрақ ауызша сұралады. Негізгі әдебиет:1 Қосымша әдебиет:1 3 Курстық жұмыс 3.1 Курстық жұмыс тақырыптары: 3.1.1 Эквивалентсіз лексиканы аудару мәселелері. 3.1.2 Ақпараттық-танымдық материалдарды аударудың ерекшкліктері. 3.1.3 Медициналық мәтіндерді аударудың ерекшеліктері. 3.1.4 Ұлттық-спецификалық лексиканы аударудың ерекшеліктері. 3.1.5 Қоғамдық-саяси мәтіндерді аулару ерекшеліктері. 3.1.6 Жарнамалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. 3.1.7 Діни мәтіндерді аудару ерекшеліктері. 3.1.8 Автомобиль/металлургиялық/мұнай-газдық/химиялық өндіріс саласындағы терминдерді аудару ерекшеліктері. 3.1.9 Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. 3.10 Аударма эквиваленттілігі мәселелері. 3.11 Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздерді аудару мәселелері. 3.12 Ғылыми-техникалық материалдарды аудару ерекшеліктері. 3.13 Неологизмдерді аудару мәселелері. 3.14 Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару ерекшеліктері. 3.15 Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоционалдығын бір тілден екінші тілге беру ерекшеліктері. 3.2Курстық жұмысты жасауға арналған әдістемелік нұсқау. Курстық жұмыстың мақсаттары: Курстық жұмысты жазу мамандары кәсіби дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Курстық жұмысты жазудың мақсаттары: * болашақ мамандардың жалпы лингвистикалық білімін кеңейту; * студенттердің теориялық білімін кеңейту; * ізденіс сипатындағы өздік жұмыс; * үздіксіз білім алу және өздігінен оқу барысында өз кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған өздік жұмысқа студенттерді дайындау; Көрсетілген мақсаттар бойынша мынадай міндеттер орындалу тиіс. * курстық жұмыс тақырыбын таңдау; * таңдалынған тақырып бойынша әдебиетпен танысу; * зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу барысында ғылыми білімдерді жүйелеп, талдау; * алынған ғылыми білімді практикада қолдануға тырысу. Курстық жұмыста теориялық әдебиеттерден осы мәселелерден басқа оқу материалдарын талдау нәтижелері болу керек. Курстық жұмысты дайындаудың этаптары мен әдістемесі: Тиімді зерттеу жұмысын жүргізу үшін төмендегі стратегия ұсынылады: Тақырыпты таңдау Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің ғылыми-практикалық қызығушылығы, оны жүзеге асырудың мүмкіншіліктері мен нақты шарттары, теориялық немесе практикалық сипаттағы жұмысты орындау мүмкіндігі есепке алынып, таңдалынады. Зерттеу тақырыбы бойынша жұмысты жоспарлау * Төмендегі пунктер бойынша студент пен жетекші курстық жұмыс жоспарын жасайды: * Тақырып жобасы бойынша ғылыми материалдарды (оқу-методикалық әдебиет пен периодика) жинау, критикалық талдау, жүйелеу және қорытындылау; * Курстық жұмыс жоспарын жасау; * Жетекші бекіткен жоспар бойынша жұмысты жазу; * Теориялық өңделген материалды практикалық қолдануға тырысу. Зерттеу жүргізудің әдістерін анықтау Курстық жұмыс мәнді ғылыми нәтиже алуға бағытталмаса да ол ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталғандықтан, ғылыми зерттеудің басты әдістерінің кейбір элементтерін қолдануды қарастырады, мысалы: * таңдалынған тақырып бойынша әдебиетті зерттеу әдісі, * байқау және талдау әдісі * эксперимент * арнайы лингвистикалық пәндердегі қолданылатын ғылыми әдістерді қолдану. Практикалық (эксперименттік) бөлім - байқау, суреттеу, талдау және қорытындылау. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті оқу Бұл курстық жұмыс жазудың ең негізгі этабы. Бұл кезеңде студент қарап шығу және аналитикалық оқу дағдыларын дамытады, оны қызықтыратын ғылыми мәселенің зерттеліну жағдайы туралы түсінік алады, библиографиямен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп бекітеді. Ерекше көңіл зерттелінетін мәселенің маңызды аспектілерін толығырақ көрсету үшін курстық жұмысиың негізгі көздерін таңдауға бөлінеді. Жақсы купстық жұмыс жазу тақырыпты ашуға едәуір маңызды 8-10 әдебиетпен толықтай танысуды көздейді. Әдебиеттердің жалпы саны жиырмадан кем болмауы тиіс. Студент жетекші ұсынған әдебиеттері немесе өз еркі бойынша таңдауына болады. Таңдалынған тақырып бойынша әдебиетті зерттеудің мақсаты - түрлі авторлардың белгілі бір мәселені қою мен шешу сипатын бақылау, олардың қорытындыларының аргументациясымен танысу, соның негізінде зерттеп отырған мәселе бойынша алынған материалды талдау, жүйелеу, қорытындылау. Әдебиеттермен жұмыс істеу төмендегідей жүргізіледі: * Қандай сұрақтардың қарастырылатыны туралы жалпы түсінік алу үшін әдебиетті қарап шығу; * Әдебиетті мұқият ден қойып оқып, таңдалынған тақырыпқа қатысты мәліметті жазып алу. Жазып алудың тәсілдері төмендегідей: Жоспар құру, тезис құру, конспектілеу, аннотация жасау, өте қысқа мазмұндау, оқу барысында пайда болған өз ойларын жазып қою. Ғылыми зерттеу жүргізу Ғылыми зерттеу негізінен зерттеліп отырған мәселенің тарихына, оның практикалық қолданылу жағдайына критикалық анализ жасау, негізгі библиографиялық көзден таңдалынған материалдарды жүйелеу мен қорытындылаудың, тілдік фактілерге өздік бақылау жасау мен оларды қорытындылау қабілетін білдіреді; жұмыстың логикалық жағынан тұтастай дұрыс құрылуын білдіреді. Зерттелген материалды баяндау Жиналған материалды баяндау, оның жүйелілігін және классификациясын талап етеді. Барлық материалды оқылған кітаптар мен мақалаларды бірінен кейін бірін тізіп толықтай беруге тырыспау керек. Мәселенің негізін ғана ашуға, негізгі және алдыңғы қатарлы ойларды қойылған мақсат-талаптарға байланысты беруге тырысу керек. Шолу хронологиялық емес, проблемалық тұрғыда болуы керек, түрлі әдебиет көздерінде мәселенің ашылуын беру керек. Өз ойын қарапайым әдеби тілмен, жалпыға таныс терминдермен беруі тиіс. Белгілі бір сөздің қайталануы әр 50-100 сөз сайын болып отыру керек. Курстық жұмыстың мазмұны оқылған әдебиеттің негізінде зерттеліп отырған мәселе бойвнша өзінің жеке түсінігі мен пікірінің қалыптасуын, автордың сілтемесіне байланысты белгілі бір теориялар мен концепциялардың аспектілерін бағалауды, цитаталар келтіріп дәлелдемелер жасауды білдіреді. Авторларға сілтеме жасау оқушыға өте маңызды. Ол оның негізгі әдебиет көзінен қажетті материалды алуды және кейбір толықтыруларды жасауға көмектеседі. Цитатаның соңында источникті анықтау керек. Мәтінді цитаталанған авторлардың сөзіне сілтеме жасау барысында, И. В. Усечева мынадай етістіктерді қолдануды ұсынады: талдайды, қарсы пікір білдіреді, пікірін білдіреді, қосады, дәлелдейді, сұрақ қояды, констатациялайды, үміттенеді, деп табады, пікірмен келіспейді, анықтайды, талқылайды, жауап береді, түсіндіреді, қолдайды, жазады, қайталайды, келіседі, мүмкіндік береді, рұқсат етеді, пайымдайды, түсінеді, ұсынады, есептейді, қорытындыға келеді, мәселені талқылайды, ойлайды, мәселесін шешеді, күманданады, хабарлайды, сұрайды, сілтеме жасайды, көрсетеді, ескереді, анықтайды. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау Материалды белгілі бір автордың позициясынан емес, концептуальді негізде топтастыру қажет. Жұмыстың әр бөлімінің, жалпы жұмыс және қорытынды бойынша студенттің өздік схемалары, кестелері, диаграммалары және кез-келген графикалық кескіні болса тіпті жақсы. Курстық жұмысты орындау әдісі. Курстық жұмыстың құрылымына, мазмұнына және көлеміне қойылатын талап: Курстық жұмыс структурасы төмендегідей болуға тиіс: * Беттері көрсетілген жұмыс жоспары. * Кіріспе, кіріспеде тақырыпты таңдау,зерттеу жұмысының толық құрылысы, зерттеу тәсілдері айтылады. * Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде зерттеу жұмысының теориялық сілтемелері сипатталынады, ғылыми әдебиеттерге қысқаша шолу жасалынады, зерттелініп отырылған мәселеге критикалық анализ, автордың өз көзқарасы айтылады. * Практикалық бөлім. Практикалық бөлімде теориялық білімді практикада қолданылуға тырысу туралы айтылады. * Қортынды. Қортынды бөлімде зерттелген мәселені жинақтап қортынды жасайды, жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы көрсетіледі. * Қолданылған әдебиеттер тізімі. Тізім алфавит тәртібі бойынша жасалынады. Тізімде автордың фамидиясы мен инциалы, еңбектің жарыққа шығу жылы мен орны, ал егер көптомдық әдебиет болса әдебиеттің томы көрсетілуі керек. Мұнда тек студент қолданған әдебиеттер көрсетілу керек. * Қосымша. Қосымшада практикада қолданылған теориялық материалдан алынған графикалық немесе иллюстрациялар қолданылады. Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар Курстық жұмысты безендіру жұмыстың құрылымдық үлгісіне сәйкес пункт бойынша дайындалған материалдарды жинақтаудан басталады. Сұрақтың маңыздылығы айтылған және жалпылай анализ жасалған жерде курстық жұмыстың бөлімдерін тиянақты қарап шығып, жөндеп негізгі бөлімнің әр пунктіне қорытынды жазуы тиіс. Ары қарай теориялық және практикалық зерттеу қорытындысы барлық жұмыс түрі тезис бойынша жазылады. Содан кейін қолданылған әдебиеттердің тексерілген тізімі мен қосымша тізімі жасалады. Жұмысты жинақтап болғаннан кейін жұмыстың титульді парағы және мазмұны жасалынады. Цитатаны қолданған кезде әдебиет көздеріне міндетті түрде сілтеме жасалынады. Қолданылған бөлік соңында цитатаның реттік номерін осы бетте көрсететін араб санымен белгіленеді. Негізгі мәтіннен кейін беттің төменгі жағы сызылып астыңғы сілтеме келтіріліп цитатаның реттік нөмірі, автордың фамилиясы жазылады. Әдебиет көзінің аты, сілтеме жасалған беттің номері. Сілтемені әдебиет тізімінің нумерациясына сәйкес жақша ішінде көрсетуге болады. Ескерту. Жұмыста келтірілген барлық сілтемелер түрі басынан соңына дейін немесе бөлім бойынша нөмірленеді. Бұл нумерация текст соңында қайталанады және әр номер астында сәйкес сілтеме тұрады. Әр жаңа бөлім жаңа беттен басталады. Курстық жұмыс ана тілінде орындалады. Ол компьютерде Times New Roman 14 шрифтісімен интервалы 1,5 бойынша орындалуы тиіс және қара түспен жеке А4 форматының бір жағына басылады. Жазудың жолының бет шетінен аралығы: Сол жағынан - 3-4 см., оң жағынан - 1-2 см., үстінгі жағынан - 2 см., төменгі жағынан - 2см-ден кем болмауы тиіс. Абзац 5 әріп көлемінде жасалынады. Тақырыптар ара-қашықтығы текстен 3 интервал. Жұмыс көлемі - 25-30 бет. Жұмыс қапталынып папкаға салынуы тиіс. Беттің номері парақтың үстіңгі жағында ортада кіріспе жазылған 3-ші беттен басталады. Титульдік парақ, жұмыстың мазмұны жазылған беттер номерленбейді. Титульдік парақ пен жұмыс мазмұны төмендегі үлгі бойынша безендіріледі: Титульдік парақ үлгісі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы Курстық жұмыс Пән:Аударма теориясы және практикасы Тақырып: -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- Студент -- -- -- -- -- -- Баға -- -- -- -- -- -- -- -- (күні) Жетекші -- -- -- -- -- -- (қолы) -- -- -- -- -- СЕМЕЙ 2014 МАЗМҰН ҮЛГІСІ МАЗМҰНЫ Кіріспе 3 Бөлім I. Аударма теориясының пайда болуы 5 1. Аударма тарихы 2. Аударма теориясы 3. <<Аударма>> ұғымы Бөлім II. Аударма өнері 16 * Аударма өнерінің маңыздылығы және ұлттық мәдениетпен байланысы. * Әдебиеттегі аударма статусы * Аудармашы ерекшелігі * Аударма критикасы Бөлім III. Тәжірибелік бөлім 25. * Көркем мәтінді аударудың адекваттылығы Қорытынды 29 Әдебиет тізімі 30 Қосымша 31 Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғау процесі құзіретті басшының қадағалауымен жүзеге асады. Ал өтпелі этаптарға уақытында бақылау жасап отырады: курстық жұмысқа жоспар жасайды, әдебиеттерді таңдау және анализ жасау, алдын-ала семинар өткізу, көпшілік алдында сөйлеуге дайындық жұмысын жасау. Курстық жұмысын қорғау үшін студент 10 минуттық сөз дайындайды. Осы уақыт аралығында тақырыптың өзектілігі, мақсаттар мен тапсырмалар, жұмыстың мәнді кезеңдері, негізгі қорытындылар қамтылады және комиссия мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді. Курстық жұмысты бағалаудың параметрлері: * тақырыптың өзектілігі * мәселеге сыни және шығармашылық көзқараспен қарай білу * логикаға тән болуы * бірізділік * мәселені бөліп алып, оны талдау * жұмыстың мақсаттары мен мәселелерін дұрыс жүйелеу * қойылған тапсырмаларға дұрыс әдістерді таңдау * негізгісін бөліп алу * суреттеудің қарапайымдылығы * дәлелдемелердің толық болуы * автордың сөздеріне талдау жасау * ғылыми стиль нормасына сай болу * сыртқы безендіру 4 Суденттің өздік жұмысы 4.1 Суденттің өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмыс дағдыларын дамыту курстың негізгі мақсаттарының бірі болу керек, себебі өздік жұмыс қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалану негізінде студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытады және студенттердің шеттілдік коммуникативтік компетенцияларын қалыптастыру процесін үздіксіз дамытуға көмектеседі.Өздік жұмыс жүйелі түрде бақыланып отырған жағдайда ғана нәтиже беретінін ескеру керек,сондықтан бақылау жүйесі мен критерийлерін жасау қажет.Студенттердің өздік жұмыстарының бағалары аралық және қорытынды бағалауда ескеріледі. Өздік жұмыс дегеніміз студенттердің арнайы уақыт бөліп, білімді өз беттерінше іздеп оны сараптап ,бекітіп ,жүйелеп, қорытындылау дағдыларын қалыптастырып , дамытуға бағытталған жұмыс түрі. Студенттердің өздік жұмысы барысында төмендегідей дағдылар қалыпиасады: -өзінің біліктілігін қалыптастыруға өз бетінше шығармашылықпен қарау дағдылары; -оқу, арнайы және басқа әдебиеттермен, бірнеше әдебиет көздерін өз беттерінше қолдана алу дағдылары: -өз ойын нақты және қысқа жәткізе алу, өз ұстанымын білдіріп, өз үстанымында тұра алу дағдылары: СӨЖ берілген ғылымның материалдарын терең және саналы меңгеруге,ойлана білуге талпындырады,студенттердің әдебиетпен жұмыс істеп терең ізденуіне және әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып,өз көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды. СӨЖ ге бөлінген пән материалдары арнайы тапсырмалар арқылы бірден тексеріледі немесе модуль бойынша бақылау тапсырмаларына енгізіледі. СӨЖ ді ауызша және жазбаша бақылауға болады. Бақылау түрлері алған білімнің нәтижесін білуге бағытталған.Ауызша бақылау түрлеріне:коллоквиумдар, ғылыми хабарламалар, жеке әңгімелесулер жатады. Жазбаша бақылау түрлеріне:әдебиеттерге шолужасау, талдау,қосымша практикалық жаттығуларды орындау жатады.Бақылаудың жазбаша түрі СӨЖ нәтижесіне жеке көзқарас пен жекелей жауапкершілікті қамтамасыз етеді. СӨЖ ді бақылау нәтижесі пән бойынша жалпы рейтингке кіреді. << Аударма теориясы>> пәні студенттерге аударма процессінің заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Пәнді толық меңгеру үшін дәріс , семинар сабақтарына қатысып, көрсетілген әдебиеттерді мұқият оқу керек. Дәріс, семинар сабақтарынан басқа ОСӨЖ, СӨЖ сабақтары болады. СӨЖ сабақтары тезис,реферат, конспект түрінде өтеді. Тезис ғылыми жұмыстардың негізінде жазылады, айтатын ой өте қысқа нақты дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. яғни 1 бет болуы керек. Конспект - оқулықта жазылғандарды қысқаша өзіңе түсінікті етіп жазу. Рефератта ғылыми баяндамада кіріспе бөлімнен, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектіліг нысаны зерттеудегі мақмат пен міндеті теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс - тәсілдер мен тұжырымдар беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді. Қорытындыда ешкімнің пікірі берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі. Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмрленіп көрсетіледі. Бет көлемі - компьютерде А4 қағазында 14 кегель, 1,5 интервал мен кем дегенде 15 беп қол жазбамен 20 бет. 4.2 Реферат тақырыптары және бақылау жұмыстарының тапсырмалары Реферат тақырыптары 1.Аударманың адамзат тарихындағы маңызы. 2.Көне дәуіріндегі аударма 3.Орта ғасыр дәуіріндегі аударма 4.XIV-XIXғғ.Еуропадағы аударма 5.XVIIIғ. Ресейдегі аударма 6.XXғ Аударма 7.Қазіргі таңдағы аударма 8.Аудармалық эквиваленттілік прблемалары 9.Аударма процесінің теориялық мәселелері 10.Аударма процесінің этаптары 11.Сәйкестілік және трансформация теориялары 12.Аударманың лексикалық-семантикалық проблемалары 13.Аударманың грамматикалық мәселелері 14.Аударманың текстің типіне қарай ерекшелігі 15.Аудармалық стратегия 16.Аударма түрлері Межелік бақылау жұмысы №1 1. Аударма, аудармалық әрекет деген не? 2. Көне дәуірде ауызша аудармашыларды қалай атады, олар қандай қызмет атқарды? 3. Жазбаша аударма қандай маңызды қызмет атқарады? 4. Аудармашының алғашқы теоретиктері кімдер болды? 5. Аударма мен түпнұсқаның жақындық деңгейі, жақсы, жаман жақтары. Аударманың қандай типінде сөзбе-сөз аудару керек және қай түрінде мазмұнын ғана түсіну маңызды? 6. Сіздердің ойларыңызша <<жақсы аударма>> немесе <<жақсы аудармашыға>> қандай талаптар қойылуы тиіс? 7. Аудармашыға қойылатын талаптар мен ережелер ұсынған белгілі адамдарды атаңыз. 8. Аудармашылар аударманың лингвистикалық аспектілері туралы қандай ойда болды? 9. Аудармашының негізгі міндеті не? 10. Жоғары білікті аудармашыларды дайындау үшін не істеу қажет? 1 1. Профессиональдық этика тұрғысынан алғанда ауызша аудармашыға қандай талаптар қойылады? 1 2. Аудармалық эквивалент деген не? 13. Эквиваленттіліктің деңгейлері қалай анықталады? 14. Бастапқы мәтінді <<прагматикалық өңдеу>> ұғымын түсіндір? 15. Аударма процесі деген не? 16. Аударма процесінің кезендерін түсіндір? 17. Аударма моделі деген не? 18. Аударма модельдерінің түрлерін атап әрқайсысына сипаттама бер. 19. Аудармалық трансформация деген не? Түрлерін атаңыз. 20. Экспликация мен аудармалық компенсация тәсілдерінің мәні, олардың аудармадағы маңызын атаңыз. Межелік бақылау №2 * Бірлік және көптік сәйкестіліктер деген не? * Контекст деген не және оның аудармада маңызы қандай? * Окказионалды сәйкестік деген не? * Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері қандай? * Халықаралық сөздер деген не? * Аудармашының <<жалған достары>> деген не? * Қандай сөздер неологизмдер деп аталады? * Жалқы есімдерді аудару тәсілдері қандай? * Фразеологиялық бірліктерді аударуда қандай тәсілдер қолданылады? 10.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не? 11Аудармашы қандай ерекше дағдылар мен қабілеттерді меңгеруі керек? 12Аудармашыға ана тілін жетік білудің қажеті неде? 13Аудармашының тілдік тұлға ұғымы деген не? 14Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы дәнекер ретіндегі ерекшеліктерін атаңыз. 15Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының маңызы қандай? 16Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторларды атаңыз. 17Ағылшынның көрнекті аударма-танушылары мен олардың аударма теориясы жайлы еңбектерін атаңыз. 18Франция мен Канададағы белгілі аударматанушылар кімдер? Олардың еңбектерін атаңыз. 19АҚШ-тың аударматанушылары кімдер? 20.Аударматану Қазақстанда қалай дамыды? Тест тапсырмалары: 1.Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық-стилистикалық талаптарын сақтай отырып және аударманың конвенционалды нормасына сәйкес келетін аударманың прагматикалық міндеттерін мүмкіндігінше жоғары эквиваленттілік деңгейінде жасауды қамтамасыз ететін аударма. А. Барабар (адекватный) аударма В. Антонимдік аударма С. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма Д. Нөльдік аударма Е. Ақпараттық аударма 2.Аударма процесі кезінде түпнұсқадағы хабарды толыққанды түсінуге білімдері аз немесе жеткіліксіз. Қабылдаушыларға аударма мәтіні түсінікті болу үшін түпнұсқа мазмұны мен структурасын жеңілдетіп аударудың түрі. А. Нөльдік аударма В. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма С. Өнделген аударма Д. Барабар (адекватный) аударма Е. Антонимдік аударма 3.Аудармада түпнұсқаның болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауыстыратын лексикалық ,грамматикалық трансформация. А. Антонимдік аударма В. Өнделген аударма С. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма Д. Нөльдік аударма Е. Барабар (адекватный) аударма 4. Түпнұсқаның коммуникативті формальды элементтерін беретін, соның нәтижесінде аударма тілінің нормасы бұзылатын немесе түпнұсқаның негізгі мазмұны бұрмаланып, берілмей қалатын аударма. А. Өнделген аударма В. Антонимдік аударма С. Нөльдік аударма Д. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма Е. Барабар (адекватный) аударма 5. Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық-семантикалық ауыстыру. А. Транскрипция В. Жалпылау (генерализация) С. Грамматикалық ауыстыру Д. Калькалау Е. Компенсация 6. Түпнұсқаның лексикалық бірліктерін дыбыстық формаларын аударма тілінің әріптерінің көмегімен аудару тәсілі. А. Транскрипция В. Грамматикалық ауыстыру С. Жалпылау (генерализация) Д. Калькалау Е. Компенсация 7. Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация. А. Жалпылау (генерализация) В. Грамматикалық ауыстыру С. Транскрипция Д. Компенсация Е. Калькалау 8. Түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің құрамдас бөліктерін-морфемасын немесе сөзді(тұрақты сөз тіркестері жағдайында) аударма тілінің сәйкестіктерімен ауыстыру арқылы аудару тәсілі. А. Грамматикалық ауыстыру В. Жалпылау (генерализация) С. Калькалау Д. Транскрипция Е. Компенсация 9. Аударма барысында түпнұсқадағы бастапқы тіл бірліктерінің кейбір мағыналы элементтерінің жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай да бір басқа тәсілдермен орнына келтіретін аударма тәсілі. А. Калькалау В. Грамматикалық ауыстыру С. Транскрипция Д. Компенсация Е. Жалпылау (генерализация) 10. Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі. А. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение В. Сөзді қалдырып кету С. Синтактикалық ұқсасу Д. Лексикалық бірліктерді қосу Е. Сөйлемдерді біріктіру 11. Түпнұсқада да, аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып, түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі. А. Сөйлемдерді біріктіру В. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение С. Синтактикалық ұқсасу Д. Лексикалық бірліктерді қосу Е. Сөзді қалдырып кету 12. Түпнұсқаның синтактикалық аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі. А. Синтактикалық ұқсасу В. Сөйлемдерді біріктіру С. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение Д. Сөзді қалдырып кету Е. Лексикалық бірліктерді қосу 13. Түпнұсқа мағынасының имплициттік элементтерін (айтылмай қалған) беру үшін аудармада қосымша лексикалық бірліктерді қолдану тәсілі. А. Синтактикалық ұқсасу В. Сөйлемдерді біріктіру С. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение Д. Лексикалық бірліктерді қосу Е. Сөзді қалдырып кету 14. Аудармада кейбір артық сөздерден бас тартып қолданбау тәсілі. А. Сөйлемдерді біріктіру В. Лексикалық бірліктерді қосу С. Сөзді қалдырып кету Д. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение Е. Синтактикалық ұқсасу 15. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы ауызша аудармаға жатпайды? А. Синхронды аударма В. Ілеспе(последовательный) аударма С.Біржақты аударма Д. Екіжақты аударма Е. Аутентикалық аударма 16. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы жанрлық-стилистикалық топқа жатады? А. Тұрмыстық аударма В. Дәлме-дәл (дұрыс) аударма С. Еркін аударма Д. Толық мәтіндік аударма Е. Авторландырылған аударма 17. Абзацты-фразалық аударма қандай аударма? А. Жеке морфемаларды олардың структуралық байланысын есепке алмай жасалынатын аударма. В. Жеке сөйлемдер немесе абзацты ілесе отырып жасалынатын аударма С. Жеке сөйлемдер мен фразаларды ілесе отырып жасалынатын аударма Д. Жеке формаларды олардың структуралық байланысын есепке ала отырып жасалынатын аударма Е. Жеке сөздер олардың мағыналық, синтактикалық және стилистикалық байланыстарын есепке алмай жасалынатын аударма 18. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы түпнұсқаның мағыналық мазмұнын толық беру тұрғысынан алғандағы аударманы білдіреді? А. Авторландырылған аударма В. Қысқартылған аударма С. Фрагменттік аударма Д. Аспектілі аударма Е. Рефераттық аударма 19. Аударманың психолингвистикалық классификациясын көрсетіңіз. А. Аудармашының аударылатын мәтінің авторына қатынасына қарай бөлінуі В. Сөйлеу әрекетінің (ауызша, жазбаша) түріне қарай түпнұсқаны қабылдап аударма мәтінін жасау барысында аудармалардың бірнеше түрге бөлінуі С. Аударылатын материалдың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктеріне қарай бөлінуі Д. Аударылатын материалды аудармалық қайта өңдеу типіне қарай бөлінуі Е. Аударылатын материалдың толықтығына қарай бөлінуі 20. Бір тілдік жүйенің сөйлеу құралдарыныа басқа тілдік жүйенің сөйлуе құралдарына белгілі бір берілген ережелер бойынша өту арқылы жасалынатын нақты аудармадан айырмашылығы тілден тыс әрекетке негізделген аударма түрі А. Интерпретация В. Барабар (адекватный) аударма С. Еркін аударма Д. Аутентикалық аударма Е. Дәлме-дәл (дұрыс) аударма 21.Сөздің мағынасын ажырата анықтай (дифференцировать) білу тәсілінің мәні неде? А.Сөздің сөздіктегі мағынасынан бас тарту (қолданбау) В.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің кең мағыналы сөздерімен ауыстыру С.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану D.Аударылатын сөзге жақын мағыналы сөзден бас тарту Е.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру 22.Сөзді нақтылау тәсілінің мәні неде? А.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру В.Әртүрлі мағыналы сөздерді қолдану С.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану D.Аударылатын сөзге жақын мағыналы Е.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің кең мағыналы сөздерімен ауыстыру 23.Сөздердің мағынасын жалпылау тәсілінің мәні неде? А.Аударылатын сөзге жақын мағыналы сөзден бас тарту В.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану С.Түпнұсқа сөзінің мағынасын аударма тілінің кең мағыналы сөздермен ауыстыру D.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру Е.Әртүрлі мағыналы сөздерді қолдану 24.Бастапқы тілдің аударма тілінде бір типті сәйкестігі жоқ грамматикалық формалар мен структуралар қалай аталады? А.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер В.Грамматикалық трансформация С.Грамматикалық ұқсасу D.Грамматикалық мағыналар Е.Грамматикалық сәйкестік 2 5.Түпнұсқа тілінің контекстке тәуелді емес берілген бірлігін аударудың ең тұрақты тәсілі. А.Варианттық сәйкестік В.Грамматикалық сәйкестік С.Бірлік (единичное) сәйкестік D.Лексикалық сәйкестік Е.Структуралық сәйкестік 26.Контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірлігінің аударма тіліндегі бірнеше варианттарының ішінен мағынасы жағынан ұқсас бірлігін таңдау арқылы жасалынатын, жиі қолданылатын аударма тәсілі А.Бірлік (единичное) сәйкестік В.Грамматикалық сәйкестік С.Лексикалық сәйкестік D.Структуралық сәйкестік Е.Көптік (варианттық) сәйкестік 27.Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни, олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация А.суреттемелік аударма (экспликация) В.компенсация С.модуляция D.жалпылау Е.нақтылау 28.Аударма кезінде берілмей қалған, бұрмаланған немесе аудармада тең дәрежеде берілмеген түпнұсқа мазмұнының элементі А.Сәйкессіздік бірлігі В.Аударма бірлігі С.Аудармалық процесс бірлігі D.Эквиваленттілік бірлігі Е.Бірлік сәйкестік 29.Бір сөз тіркесі немесе сөйлем деңгейіндегі лингвистикалық контекст А.Ситуациялық контекст В.Синтактикалық контекст С.Тар шеңбердегі (микроконтекст) контекст D.Кең көлемдегі (макроконтекст) контекст Е.Грамматикалық контекст 30.Түпнұсқа тілінің аударылатын бірлігіне жақын сәйкестікті аударма мәтініде сөйлемнің басқа жеріндегі сөздерден табу тәсілі. А.Сөйлемдерді біріктіру В.Лексикалық бірліктерді қосу С.Сөзді қалдырып кету D.Синтактикалық ұқсасу Е.Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру 31.Түпнұсқаның лексикалық аудармада аударма тілінің, түрнұсқа бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ сол бірліктерден белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынған сәйкес келген аударма тілінің бірлігін қолдану арқылы аудару тәсілі А.Грамматикалық ауыстыру В.Лексикалық ауыстыру С.Лексикалық-семантикалық ауыстыру D.Лексикалық-грамматикалық ауыстыру Е.Семантикалық ауыстыру 32.Түпнұсқа тілінің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі себеп-салдарға байланысты мағыналары логикалық жағынан сәйкес келетін бірліктермен ауыстырылатын лексикалық-семантикалық ауыстыру А.Компенсация В.Жалпылау С.Нақтылау DКалькалау Е.Модуляция 33.Берілген контекстке қана жарайтын, тұрақты емес, аударманың түпнұсқа бірліктерін аударудың ерекше тәсілі. А.Окказианальді сәйкестік В.Вариантты сәйкестік С.Бірлік сәйкестік D.Структуралық сәйкестік Е.Грамматикалық сәйкестік 34.Аударма процесі кезінде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен, басыңқы сөйлемді бағыныңқы сөйлеммен, сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен немесе керісінше ауыстырып аудару тәсілі. А.Сөйлем мүшелерін ауыстыру тәсілі В.Сөйлемді біріктіру тәсілі С.Сөйлем типін ауыстыру тәсілі D.Сөйлемдерді бөлу тәсілі Е.Сөйлемдерді қосу тәсілі 35.Аудармада лексикалық трансформациялар аударма тәсілі ретінде қандай жағдайда қолданылады? А.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквиваленті немесе сәйкестігі мүлдем болмаған жағдайда В.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквиваленті немесе сәйкестігі жартылай болған жағдайда С.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде мағынасын бейнелі мағынада беру мақсатында D.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде сәйкестігі болған жағдайда Е.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде екі баламасы болған жағдайда 36.Аударма кезінде айтылатын ойдың мағынасын толықтай түсініп алып сол мағынаны аударма тілінде түпнұсқа сөзінен мүлдем басқа аударма тілінің сөздерімен беру тәсілі. А.Тұтастай өзгерту (целостное преобразование) В.Мағыналық даму С.Нақтылау Д.Жалпылау Е.Антонимдік аударма 37.Псевдоинтернационал (<<аудармашының жалған достары>>) лексика деген не? А.Сыртқы формалары бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер В.Мағыналары бірдей сөздер С.Сыртқы формалары әртүрлі, мағыналары бірдей Д.Сыртқы формалары да, мағыналары да бірдей Е.Аударма тілінде сәйкестігі жоқ сөздер 38.Белгілі бір халықтың ұлттық болмысын өмірін, әдет-ғұрпын, тарихын, материалдық және рухани мәдениетін білдіретін ұғымдар А.Реалии В.Метонимия С.Эквивалент Д.Конверсия Е.Компенсация 39.Эквивалентсіз лексика деген не? А.Аударма тілінде жартылай сәйкестігі бар сөздер В.Аударма тілінде тұрақты сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің лексикалық бірлігі С.Бір ғана сәйкестігі бар сөздер Д.Бір ғана грамматикалық сәйкестігі бар бірліктер Е.Бір типті сәйкестігі бар сөздер 40.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не? А.Структурасы сәйкес келмейтін грамматикалық бірлік В.Бір ғана грамматикалық сәйкестігі бар бірліктер С.Аударма тілінде бір типті сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің грамматикалық формалары мен структуралары Д.Жартылай сәйкес келетін грамматикалық бірліктер Е.Бір ғана сәйкестілігі бар лексикалық бірлік Курс бойынша емтихан сұрақтары: 1.Аударма іс-әрекет, процесс және нәтиже ретінде. 2.Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. 3.Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырымдалуы. 4.<<Аудармалау теориясының >> негізгі ретіндегі тілдік және мәдени-тарихи алшақтықтар. 5.<<Аударма шеберлігі ұғымы>>. Аударма теориясының жалпы білім беру, лингвистикалық және қолданбалы тұрғыдағы мәні. 6.Аудармашылық іс-әрекеттің тарихи эвантциясы. 7.Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері. 8.Еркін аударма және <<көркем>> аударма. Қазіргі таңдағы аударма. 9.Отандық және шетел мәдениетінің көрнекті өкілдерінің аудармашылық қызметі. 10.Аударма теориясының пәні аударма ұғымының анықтамасы. 11.Аударма түпнұсқаға коммуникативтік тұрғыдан барабар текст ретінде. 12.Коммуникативтік барабарлықтың функциональдық, мағыналық, құрылымдық аспектілері. 13.Аударманың жалпы, жеке және арнайы теориялары. 14.Салыстырмалы әдіс-аудармалық зерттеудің негізгі әдісі ретінде. 15.Аудармашылық іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтары 16.Қысқартылған аударма. 17.Өнделген аударма. 18.Аннотация. 19.Реферат,резюме. 20.Аудармашылық іс-әрекеттің гетереогендік сипаты. 21.Аударманың негізгі классификациялары. 22.Аударманың жанрлық-стилистикалық тұрғыдан бөлінуі. 23.Көркем шығарманы аударудың өзіндік ерекшеліктері мен оның түрлері. 24.Ақпараттың текстерді аударудың негізгі міндеттері мен оның түрлері. 25.Қоғамдық- саяси, ресми-іскерлік және ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері. 26.Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері. 27.Аудиозуальды аударманың ерекшеліктері. 28.Жазбаша аударма және оның ерекшеліктері. 29.Ауызша аударма және оның ерекшеліктері. 30.Ілеспе аударма және оның ерекшеліктері. 31.Синхронды аударма және оның ерекшеліктері. 32. Түпнұсқа және аударма текстерінің мағыналық жақындығы. Олардың коммуникативтік тепе-теңдігінің негізі ретінде. 33.Әртүрлі тілдегі текстер мазмұнының өзгешілігі. 34. <<Аударма эквиваленттілігі>> және <<аударма дәлдігі>> ұғымдары. 35.Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстыру. 36. Аударма варианттарының көп түрлілігі. 37. Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар. 38.Аударма прогматикасы ұғымы. 39.Аударылатын текстердің прогматикалық классификациясы. 40.Прогматикалық потенциялды қайта жаңғырту. 41.Аударма мсәтінің коммуникативтік әсері ұғымы. 42.Қысқартылған және жеңілдетілген аударма. 43.Алғашқы жазылған, жұмыс және ресми аударма. 44. Аударма сапасына жалпы баға беру. 45. Аударманың прогматикалық бағалығы ұғымы. 46.Барабар, сөзбе және еркін аударма. 47.Аударманы бағалауға әсер ететін факторлар. 48.Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері. 49. Аударма процесінің кезеңдері: түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау. 50.Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық. 51.Генерализация(жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық 52.Антонимдік аудариа 53.Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері 54.Аудармалық компенсация. Транслитертация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма. 55.Аударма моделі ұғымы. 56.Аударма процесін аударма модельдерінің көмегімен сипаттау. 57.Денотаттық(ситуациялық), трансформациялық-семантикалық және құрылымдық-әрекеттік моделі. 58.Аударма мәдениетаралық коммуникацияның айрықша түрі ретінде. Аудармалық сәйкестілік ұғымы * Бірлік және көптік сәйкестіліктер * Контекст (тар және кең) пен тілден тысқары ситуация; олардың аударма барысында текстегі сөзді анықтап, оның сәйкестілігін таңдаудағы ролі. * Окказионалды сәйкестік (контекстік орын басқыштар) ұғымы. * Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері. * Мағыналық денотаттық, коннотаттық және ішкі лингвистикалық (ассоцияциялық) компонеттерін аудару мәселелері. * Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояу бар сөздерді аудару. * Метафора, метонимия, сөз құбылысы және тағы да басқа сөзді қолданудың образды стилистикалық тәсілдерін аудару. * Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аудару. * Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары т. б. Атауларын аудару. * Неологизмдер аудармасы. * Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы (<<аудармашының жалған достары>>) аудару. * Реалияларды аудару. * Фразеологиялық бірліктерді аудару кезінде орын алатын бейнелілікті сақтау, орын алмастыру және жоғалту. * Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоционалдығын бір тілден екінші тілге беру. * Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру. * Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары. * Тілдік тұлға ұғымы. * Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциативті-вербалды жүйе (АВЖ), тезаурус және прагматикон. * Аударма түпнұсқа авторы, аудармашы және аударманы қабылдаушының (рецептордың) тілдік тұлғаларының өзара әрекеті ретінде. * Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері: екі АВЖ-ң (ТТ және АТ) болуы, аудармашының тезаурусы, прагматиконның (түпнұсқаны қабылдап, аударма тілінде текст құрудағы мақсаттар, себептер және міндеттер) * Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының ролі. * Ақпараттық текстерді аудару барысында АТ-де терминдердің құрылуы * Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындауы. * Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторлар. * Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну дәрежесі және адамзат білімінің әртүрлі салаларындағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігі. * Ағылшын аударматанушыларының еңбегіндегі аударма теориясы мәселелері. * Франция мен Канададағы аударматану. * АҚШ-тағы аударматану. * Шығыс және Батыс Германиядағы аударма теориясының дамуы. * Скандинавиядағы аударматану. * Болгария және Шығыс Еуропаның өзге де елдеріндегі аударматану жайы. * Ресейдегі аударма теориясының дамуы. * Аударматанудың Қазақстандағы дамуы: теория және практика. 4.3 Әдебиет Негізгі әдебиет 1.Комиссаров В.Н. <<Теория перевода>> М. Высшая школа, 1990 2.Бархударов Л.С. <<Язык и перевод>> М, 1975 3.Бреус Е.В. <<Теория и практика перевода с английского на русский>> 4.Комиссаров В.Н. <<Современное переводоведение>> 5.Рецкер Я.И. ''Теория перевода и переводческая практика'' М. 1974 6.Қ.Қ. Алпысбаев., Г.Қ. Қазыбек <<Қазақ аудармасвның теориясы мен тәжірибесі>> Алматы, 2001 7.Виноградов В.С. <<Введение в переводоведение>> М, 2001 8.Комиссаров В.Н. <<Общая теория перевода. Проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученных>>М, 2000 9.Л.Ф. Дмитриева, С.Е. Кунсевич <<Английский язык курс перевода>> Москва, 2005 10.В.Н. Комиссаров, А.В. Коралова <<Практикум по переводу с английского языка на русский>> Москва, 1990 11.Казакова Т.А. Практические основы перевода. - Санк - Петербург, 2002 12.Казакова Т.А. Практикум по художественному . - Санк - Петербург, 2003 Қосымша әдебиет 1.Алексеева И.С. <<Введение переводоведение>> 2.Толстой С.С. <<Как переводить с английского языка на русский>> 3.А. Чужакин, П. Палажченко <<Мир перевода 1>> М, 2002 4.Алексеева И.С. <<Профессиональный тренинг переводчика>> 5.А. Чужакин <<Мир перевода -7 Общая теория перевода и переводческой скорописи>> 6.Крупнов В.Н. <<Курс перевода>> 7.В.С. Слеаович <<Курс перевода>> 8.И.С. Алексеева <<Профессиональный тренинг переводчика>> 9.Р.К. Миньяр - Белоручев <<Как стать переводчиком?>> 10.А.Я. Коваленко <<Общий курс научно - технического перевода>> Киев, 2004 11.А.В. Балкина <<Хочу стать переводчиком>> М, 1999 12С.М. Айзенкоп <<Учебное пособие по техническому переводу>> Ростов - на Дону,1996 * Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. - Санк - Петербург, 2004 * Латышев Л.К. Проворотов В.И. Структура и содержание подготовки переводчиков в языковом вузе.-Курск, 1999 * ПоповичА. Проблемы художественного перевода- М., 1980.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz