Файл қосу

Азаматтық қорғаныс күштері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМЖ құжаты
                                   ПОӘК
ПОӘК-042-14.4.05.1.20.54/03-2012
ПОӘК <<Құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару>> пәннің оқытушыға арналған оқу әдістемелік материалдары
                        №3 басылым 03.09.12ж.
                             № 2 басылым
                            30.09.09. орнына

 


                                




            Пәннің оқу-әдістемелік кешені
                                       
<<Құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару>> пәнінен
5В073100 << Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау>> мамандығы бойынша





            оқу әдістемелік материалдары













                                  Семей 
                                     2012


                             1 Глоссарий

Абразия  -  теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларының толқындармен соғылуы.
Авария  -  технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, құралдар мен ғимараттардың зақымдануы.
Авариялық  -  қалпына келтіру жұмыстары  -  жоғарғы қауіптілікті және қиратудың жеке ошақтарын жою, коммуналдық жүйелеріндегі зақымдалуларды, аварияларды жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін аз болса да жағдай жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру, кезек күттірмейтін жұмыстар.
Авариялық  -  қалпына келтіру кұрылымдары  -  тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған құтқарушылар тобы.
Авариялық  -  құтқару  қызметтері (АҚҚ)  -  авариялық  -  құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын                           атқарушы  -  құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы  -  құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық  -  құтқару құрамаларын құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.
Авариялық  -  құтқару жұмыстары - өрттерді өшіру мен жою, энергия және су көздерін авариялық өшіру, іздестіру, адамдарды құтқару, оларға көмек көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.
Авариялық  -  құтқару күштері - ТЖ аймағында минималды қысқа уақыт ішінде құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға арналған күштер.
Авариялық  -  құтқару құрамалары - негізінен арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен, аспаптармен, материалдармен және кинологиялық қызметімен қамтамасыз етілген жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық  -  құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым.
Авариялық  -  құтқару құралдары - техникалық, ғылыми  -  техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника, жабдықтар, құралдар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне  -  кино  -  фотоматериалдар, сондай  -  ақ  электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.
Азаматтық қорғаныс  -  басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, қазіргі заманның зақымдау        құралдарының зақымдау (қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау мақсатымен жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы.
Аймақты тазалау  -  ТЖ пайда болғанда жиналған қауіпті заттарды іздеу, жинау және жою.
Акваланг  -  су астында дем алуға арналған аппарат.
Акья  -  тау жағдайларында жүктерді, зардап шеккендерді тасымалдауға арналған шана.
Ақпарат  -  қоршаған әлем және онда болып жатқан үрдістер туралы мәлімет.
Ангар  -  әуе техникаларының тұрағы мен жөнделуіне арналған ғимарат.
Анемометр  -  желдің бағыты мен биіктігін анықтайтын құрал. 
Антибиотиктер  -  бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар.
Антипиретиктер  -  қызуды төмендететін дәрілік құралдар.
Антисептик  -  залалсыздандырушы заттар.
Антициклон  -  тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы.
Антропогендік ТЖ  -  адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат.
Аңызақ - ауаның жоғарғы температурасындағы жел.
Альпеншток  -  ұзындығы 1,5 м, қалыңдығы 3-4 м болатын, берік, ұшы өткір металл, дөңгелек таяқ.
Альтиметр  -  теңіз үстіндегі биіктік деңгейін анықтайтын құрал.
Апат  -  аумақтық немесе барынша ауқымды төтенше жағдайларды алып жүретін, адам құрбаны бар үлкен авария, қиратушы құбылыс.
Артерия  -  қанды жүректен барлық органдар мен ұлпаларға тарататын қантамыры.
Аусыл  -  адамға да жұғатын, малдардың жұқпалы ауруы. 
Ауытқу  -  нормадан ауытқу.
Афтершоктар  -  жер сілкінісінің негізгі дүмпуілінен кейінгі жерасты дүмпуілі.
Әлсіздік  -  ағзаның жалпы әлсіз жағдайы.
Әсер  -  сезімдік елегізу.
Әуе апаты  -  әуе техникасының апаты.
Әуелетті қауіпті нысан  -  авария болуы мүмкін нысан.
Бағдар  -  орнын анықтау.
Бағыт-бағдар  -  қоршаған заттар мен көкжиектің жақтарына қатысты орынды анықтау.
Байдарка  -  жіңішке, жеңіл қайық.
Барлау  -  жергілікті ТЖ аймағын алдын ала тексеру.
Барометр  -  атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.
Баспахана  -  картада масштабпен сәйкес жергілікті жердің көрінісі.
Баспаханалық карта  -  жергілікті жердің толық картасы.
Басқару пункті  -  ТЖ жою күштері мен құралдарын басқаруға арналған көліктік құрал немесе жабдықталған инженерлік ғимарат.
Батометр  -  судың берілген тереңдіктен сынамасын алуға арналған құрал.
Батпақ  -  тоған түбіндегі жабысқақ тұнба.
Бахилдар  -  қардан, ылғалдан корғау және аяқты жылылауға арналған аяқ киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ. 
Бейімделу  -  ағзаның өзгеріске бейімделуі.
Бекітпе тіреуіш  -  ғимарат бөліктерінің тұрақты болуына арналған білеу.
Белгі  -  орнын анықтайтын нәрсе.
Бивак (бивуак)  -  демалыс немесе түнеуге арналған орын. 
Биологиялық қауіпсіздік  -  биологиялық  -  әлеуметтік ТЖ көздерін
туғызатын қауіптен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.
Биіктік  -  тік бойымен қашықтық.
Биіктік өлшеуіш  -  биіктікті өлшеуге арналған құрал.
Боран  -  қарлы дауыл, аяз, қарлы боран, бұрқасын.
Бөгет  -  су қоймаларында су деңгейін көтеруге арналған гидродинамикалық ғимарат.
Бөгетше  -  су массасын қоршауға арналған гидротехникалық құрылыс.
Буын  -  сүйектердің қозғалыстағы байланысы.
Бұрқасын  -  қардың қатты желмен жер бетімен өтуі, борасын.
Бұршақ  -  мұзды шар түріндегі атмосфералық жауын-шашын.
Бұлақ  -  жер түбінен шығатын су көзі.
Газқағар  -  газ бен түтіннен қорғайтын құрал.
Гидрокостюм  -  су өткізбейтін киім.
Гидросфера  -  жердің су қабаты.
Дауыл  -  қатты қиратушы жел. 
Дабыл  -  қауіп туралы дабыл, мазасыздану, алаңдау. 
Дегазация  -  қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау.
Дезактивация  -  радиоактивті заттарды жою. 
Дезинсекция  -  зиянкестерді жою.
Дезинфекция  -  жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. 
Депрессия  -  түңілу, психологиялық жағдай. 
Дератизация  -  кеміргіштерді жою.
Дертке шалдығу  -  қандай да бір аурудың таралу деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
Дефляция  -  құм немесе топырақ бөлігінің желмен үрленуі.
Диагностика  -  зардап шегушінің, аурудың жағдайын анықтау.
Дозиметрикалық бақылау  -  радиоактивті сәулелену дозасын анықтау.
Дүлей зілзала  -  ТЖ пайда болған зілзала.
Дюльфер  -  адамның өз еркімен арқан арқылы биіктіктен жылдам түсуі.
Ентігу  -  жиіленген және қиналып тыныс алу. 
Естен тану  -  қысқа мерзімде кенеттен естен тану. 
Жайылма  -  су басу кезінде толған орын. 
Жансыздандыру  -  ауырсынуды басу. 
Жел  -  ауаның қозғалысы.
Жел кестесі  -  берілген жерде желдің жылдамдығы мен бағыты. 
Жер сілкінісі  -  жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер сілкінісінің кіндігі  -  жер сілкінісі ошағының үстінде орналасқан жер бетінің аймағы.
Жер сілкінісінің ішкі кіндігі  -  жер сілкінісі басталған (пайда болған), жер тереңдігіндегі орын.
Жер сілкінісінің ошағы  -  адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің зақымдануы, шаруашылық нысандарының қирауы немесе шектен тыс қаза табулар болған шектелген аймақ.
Залалсыздандыру  -  аумақтың, нысанның, судың, өнімдер, жемшөптердің зақымдануы мен ластануын шекті рұксат нормаға дейін азайту.
Зембіл  -  адамдарды, ауырлықтарды тасымалдауға арналған жабдық.
Зілзала  -  ТЖ пайда болуына әкеп соққан зілзала. 
Зілзала аймағы  -  ТЖ зардабын жою үшін қосымша және шұғыл көрсетілетін көмекті қажет ететін ТЖ аймағының бөлігі. 
Имек темір  -  сырғанақ бет бойымен қозғалысты жеңілдету үшін аяқ киімге киілетін, металл жабдық.
Инсульт  -  ми қан айналымының бұзылуы.
Интоксикация  -  ағзаның улы заттармен улануы.
Инфаркт  -  күре тамырдың түйілуі немесе тығындалуы кезінде қан ағысының тоқтауы.
Инфекция  -  ағзаның ауру тудыратын микробтармен зақымдануы.
Инъекция  - дәрілік ерітінділерді енгізу.
Иприт  -  іріңдеумен сипатталатын улағыш зат.
Қазба  -  пайдалы қазбаларды ашық түрде өңдеу орны.
Қайнар  -  су бұлағы басталатын орын, аймақ.
Қантамыр  -  ең жіңішке қан тамыры.
Қар көшкіні  -  қар массасының тау беткейімен төмен қарай жылжуы.
Қатты ағыс  -  өзеннің қатты ағысы.
Қатты әсер ететін УЗ (ҚӘУЗ)  -  адам ағзасын зақымдайтын, улы зат.
Қауіпсіздік  -  адамға қауіп төнбей тұрған жағдай.
Қауіпті табиғи құбылыс  -  қарқындылығы, көлемі, жалғасуы мен кері әсер ету мүмкіндігі бар табиғи сипаттағы жағдай.
Қашықтық өлшеуіш  -  қашықтықты анықтауға арналған құрал.
Қолқа  -  басты қантамыр артериясы.
Қопарушы (пиротехник)  -  жару жұмыстары бойынша маман.
Құйын  -  ауаның, тік немесе көлбеу ось бойымен айналып қозғалатын атмосфералық құрылуы.
Құтқарушы  -  құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан және аттестациядан (қайта аттестацияланған) өткен азамат.
Құтқару жилеті  -  өзін-өзі сақтандырудың жеке құралы.
Құтқару жұмыстары  -  ТЖ болған аймақта адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды аман алып қалу бойынша іс-әрекет, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ жою немесе оның қауіпті факторларының әсерін мүмкіндігінше аз деңгейге түсіру.
Қырау  -  суық бетте ылғал конденсация әсерімен түзілген жұқа қарлы қабат.
Қысқы жол  --  қар үстімен жасалған жол.
Қышқыл  -  белсенді, қауіпті химиялық қатынас.
Карантин  -  толық оқшаулау, инфекциялық ошақты тоқтату және жою.
Катаклизм  -  шұғыл бет бұрыс, қиратушы өзгеріс, апат.
Катамаран  -  екі корпусы бар кеме.
Керогаз  -  жылытатын керосинді құрал.
Климат  -  белгілі бір аймаққа сай метео жағдай.
Код  -  шартты белгілер мен дабылдардың жүйесі.
Контейнер  -  ораусыз жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс.
Көшіп-қону  -  адамдардың, жануарлардың орын ауыстыруы.
Көшіру  -  адамдардың ұйымдастырылған түрде қауіпті аймақтан шығару.
Киіз үй  -  киіз және баска да жеңіл матералдардан тұратын конус тәрізді жылжымалы үй.
Күрке  -  сырғауыл ағаштан салынған, бұтақшалар, сабан және шөптермен жабылған құрылыс.
Лагерь  -  уақытша тұрақ.
Лаз  -  өрмелеуге арналған тар саңылау.
Мұзжарғыш  -  тауларда жүру кезінде қолданылатын сайман.
Мұзқұрсау  -  тоғандарда судың қатуы.
Мұз шоқы  -  мұз кесегі.
Манометр  -  қысымды өлшейтін құрал.
Масштаб  -  картада (сызбада) шынайы көлемге сызықтардың ұзындығының қатынасы.
Метеорология  -  атмосфераның физикалық жағдайы туралы ғылым.
Меридиан  -  экватордың тік бұрышын қиып өтетін және Жердің полюсі арқылы өтетін, шеңбер сызық.
Мертігу  -  дененің ауыр зақымдануы.
Наркоз  --  жасанды естен тандыру.
Нарт  -  ұзын, жіңішке шана.
Невроз  -  орталық жүйке жүйесінің ауруы.
Оба  -  жұқпалы инфекциялық ауру.
Обсервация  -  күшейтілген медициналық бақылаумен шектелген режим.
Опырылым  -  бөлінген массаның құлауы.
Орман күзеті  -  орманды күзетуге арналған арнайы қызмет.
Өзенаралық  -  екі өзен арасындағы жер.
Өлім-жітім  -  індет кезінде жануарлардың жаппай қырылуы.
Өрмелеуші  -  биікте жұмыс істейтін адам.
Өрт  -  адамдардың, жануарлардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану. 
Өрт қауіпсіздігі  -  өрттің пайда болу мүмкіндігі. 
Өрт сөндіруші  -  өрт күзетінің (команданың) қызметкері. 
Өткел  -  тоған, көл, өзендердің ұсақ орындары. 
Пал  -  дала немесе орман өрті.
Панахана  -  адамдардың жасырынуына арналған кешенді инженерлік қорғаныс ғимараты.
Пандемия  -  адамдардың жаппай жұқпалы ауруы.
Панзоотия  -  малдардың жаппай жұқпалы ауруы.
Панфитотия  -  өсімдіктер мен зиянкестердің жаппай ауруы.
Пеленг  -  бақылап отырған зат пен компас бағдар арасындағы бұрыш.
Перископ  -  паналау орнынан бақылауға арналған құрал.
Пирология  -  орман өрттері туралы ғылым.
Планшет  -  карта және құжаттарды алып жүруге арналған сөмке.
Пласт  -  шөгінді қабаттың тығыз тасындылары.
Полигон  -  сынақтар жүргізуге арналған жер учаскесі.
Профилактика  -  алдын алу шараларының жиынтығы.
Пульс  -  қан тамырларында білінетін жүрек қағысы.
Радиация  -  бір денеден келіп жатқан сәулелену.
Радиоактивті ластану  -  атмосферда, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.
Радиоактивтілік  -  белсенді радиосәуле шығаруы мен атомдық ядроларының ыдырауы.
Радиофобия  -  радиациялық залалданудан үрейлену.
Рация  -  тасымалдауыш радиостанция.
Реанимация  -  ағзаның клиникалық өлім кезеңінде қайта тірілуі. 
С ал қайық  -  адамдар мен жүктерді тасымалдайтын кеме.
Сал  -  бірнеше қатарға бекітілген бөрене.
Санитар  -  кіші лауазымды медициналық қызметкер.
Санитарлық тазарту  -  адам бойынан зақымданған тері және шырышты қабықтарын механикалық тазалау мен жуу, сонымен қатар ТЖ аймағынан шыққан кезде олардың аяқ киімдері мен киімдерін залалсыздандыру.
Сәулелену  -  тірі ағзаларға радиоактивті сәулелердің әсер етуі.
Сел  -  лай  -  тасты қатты ағын.
Сейсмология  -  жер бетінің тербелісін зерттейтін геофизика ғылымының бөлігі.
Смог  -  ауаның қатты ластануы.
Спазм  -  бұлшықеттердің жиырылуы, тырыспа.
Су басу  -  ғимараттың астыңғы бөлігіне судың кіруі.
Судың көтерілу жылдамдығы  -  су басу кезінде су деңгейінің көтерілуі.
Су басу алаңы  -  су басқан аймақ.
Су қойма  -  суды сақтауға арналған жасанды су қоймасы.
Су тасқыны  -  қардың еруі немесе жауын-шашын кезіндегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі.
Сүңгуір адам  -  су астында жұмыс істейтін адам.
Төтенше жағдай (ТЖ)  -  адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
ТЖ аймағы  -  ТЖ пайда болған белгілі бір аймақ.
ТЖ аймағында халықты қорғау  -  адамдардың қаза болуын төмендету немесе алдын алуға бағытталған шаралар.
ТЖ қауіптілік  -  ТЖ аймағында қауіптіліктің пайда болуы мүмкін немесе сол кезде болған жағдай.
ТЖ аймағындағы жұмыстарға арналған техникалық құралдардың кешені  -  ТЖ аймағында жұмыстар жүргізу үшін арналған негізгі және қосымша техникалық құралдар.
ТЖ жою  -  ТЖ пайда болған кезде және адамдардың денсаулығын сақтау және өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар ТЖ аймағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жүргізілетін жұмыстар.
ТЖ ошағы  -  нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.
ТЖ қауіпсіздігі  -  ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.
ТЖМЖ  -  ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі)  -  төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.
ТЖ дайындық  -  халықты және материалдық құндылықтарды қорғау үшін алдын ала жүргізілетін шаралардың кешені.
Тас құлау  -  тік тау беткейлерінен тау массасының, тау жыныстары бөліктерінің құлауы.
Тәжірбие  -  практикалық меңгерген білімнің, дағдылардың, іскерліктің жиынтығы.
Табиғи ТЖ  -  пайда болу себебі табиғат күштері болып табылатын ТЖ
Тамыр  -  жүрекке баратын қанның қан тамыры. 
Тар ағыс  -  өзен арнасы учаскесінің тарылуы. 
Тар шат  -  тар шатқал, жердегі терең жарықша. 
Тайфун  -  ірі қиратушы күшті қара дауыл.
Такелаж  -  жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған жабдықтардың жиынтығы.
Техника  -  жабдықтардың, құралдардың, механизмдердің, еңбек құралдарының жиынтығы.
Техногендік ТЖ  -  адамның өндірістік іс-әрекетінен болған ТЖ.
Тоғай - жергілікті ортадағы айрықша учаске.
Толқын  -  су бетінің тербелісімен сипатталатын су бірлігі.
Токсикоз  -  ағзаның уланған кезіндегі жағдайы.
Токсин  -  улы зат.
Топляк  -  батып кеткен бөрене.
Транс  -  өзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы
Тренажер  -  жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.
Тұнба  -  тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.
Тұншығу  -  тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.
Тұщыландырғыш  -  суды тұщыландыруға арналған құрал.
Тірі қалу  -  шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.
Тіршілікті қамтамасыз ету  -  өмірді сақтау жүйесі.
Тығыз жұмыстар  -  ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау, құтқару жұмыстарын жан  -  жақты  қамтамасыз ету шаралары.
Уақытша паналау аймағы  -  қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатымен, халықты ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде көшіру немесе уақытша ауыстыру аумағы.
Ұтқырлық  -  қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік. 
Ұшақ  -  тік ұшатын және қонатын ауалы ортада қозғалуға арналған ұшу аппараты.
Үгінді  -  ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен төмен жылжуы.
Үн қату  -  шақыруға жауап беру, қарату.
Үнемі дайындықтағы күштер  -  ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған және кезекшілікте болатын күштер.
Үңгір  -  сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.
Үрей  -  қорқыныш, кенет сезім.
Іздеу  -  біреуді немесе бір нәрсені табу.
Індет  -  адам ауруларының кеңінен таралуы. 
Ісіну  -  ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік. 
Ықтимал ТЖ аймағы  -  ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. 
Фал  -  кендір, арқан, сым арқан.
Фарватер  -  кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.
Фирн  -  мұздақ қар.
Флюгер  -  жел бағытын анықтайтын құрал.
Форшок  -  бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.
Хабарландыру дабылы  -  ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру 
Циклон  -  жауынмен жалғасатын атмосфераның құйынды қозғалысы. Цистерна  -  сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.
Цунами  -  жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.
Шанды дауыл  -  топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел. 
Шквал  -  желдің бірден қатты соғатын самалы.
Шлюз  -  кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.
Шлюпка  -  кең корпусты қайық.
Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.
Экватор  -  Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.
Эпизоотия  -  жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.
Эпифитотия  -  өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.
Эрозия  -  жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.

                                       
                              2 Дәрістер
                                       
№1 дәріс Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі 
  	Жалпы сұрақтар
* Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi.
* ТЖМЖ құрамы
* Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн басқару

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi: 
бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу; 
халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру; 
төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау;
мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру; 
авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру;       Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабар беру жүйелерiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға күштерi мен құралдарының жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету, оларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; 
төтенше жағдайлардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету; 
халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң маман кадрларын әзiрлеу және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 
төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою iсiнде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. 
* ТЖМЖ құрамы.
ТЖМЖ құрамына: 
* аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органы; 
* өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары;  
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мынадай комиссиялар құрылады: 
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия; 
облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялары; 
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар); 
Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия;       көлiктегi қауiпсiздiк пен терроризмге қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi; 
көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссиялар;
республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар;       орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары; 
Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша құрылатын, ұйымдардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары; 
ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердi қамтиды  және олардың екi деңгейi бар: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттiк).
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардағы қолда бар, сондай-ақ құрылатын ТЖ алдын алу және жою жөнiндегi құрылымдар, күштер мен құралдар. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi.  Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған және әдетте төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияны (облыстың, аудандық, қалалық, поселкалық, объектiлiк) немесе оның функциясын орындайтын басқа органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарын (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқарманы, аудандық бөлiмдi), күнделiктi басқару органын (кезекшi қызметтi) немесе 051 құтқару қызметiн, осы аумақтағы функциялық және ведомстволық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, хабар беру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн, сондай-ақ арнаулы оқу орындарын қамтиды.       Аумақтық кiшi жүйелердiң нақты құрылымын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.  Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi, мемлекеттiк органдардың объектiлiк және жергiлiктi төтенше жағдайлар кезiндегi өзара iс-қимыл жасау тәртiбi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және ұйымдарының: қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау және қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; төтенше резервтiк қорларды пайдалану; төтенше жағдайларды жою жөнiндегi тiкелей мiндеттердi шешетiн басқару органдарынан, күштерi мен құралдарынан тұрады. 
Бұл ретте жекелеген функциялық кiшi жүйелердiң құрамына осындай мiндеттердi немесе бiрiн-бiрi толықтыратын мiндеттердi шешетiн бiрнеше орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың басқару органдары, күштерi мен құралдары кiруi мүмкiн. 
Функционалдық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiн ұйымдастыру және оның тәртiбi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң салалық (объектiлiк) кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында, ұйымдарында, құрылады және тiкелей олар басқаратын объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған.       Салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердiң нақты құрылымын, олардың мiндеттерiн, қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары, ұйымдары, айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекiтiледi. 
Бұл ретте әрбiр салалық (объектiлiк) кiшi жүйеге, оның буындарына әдетте басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар кiредi. Осы саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердiң iс-қимылдарын жүзеге асыруды нұсқауларын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi шешiмдер қабылдаған кезде саланың басшы органдары ескерiп отыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар) үйлестiрiп отырады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi Республикалық (мемлекеттiк) деңгейге табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың жұмылдыру пункттерi жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудiң шешiмi нұсқаулық сипатта болатын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi жергiлiктi деңгейге жергiлiктi атқарушы органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер), мекемелердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi нұсқаулық сипатта болатын төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады. 
Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық ұйымдар (кәсiптiк одақтар, құтқару құрылымдары ассоциациялары, ерiктi қоғамдар және басқа қоғамдық құрылымдар) ерiктi негiзде Қазақстан  Республикасының  заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Олар бұл мiндеттердi өз мүшелерiнiң және халықтың басқа топтарының арасында қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу жолымен, сондай-ақ түрлi зiлзалалардың алдын алуға және олардың келеңсiз зардаптарын азайтуға (мемлекеттiк аттестация бекiткен арнайы әзiрлiгi болған жағдайда), авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға және зiлзала болған аудандарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға тiкелей қатысу жолымен шешедi. 
3 Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне басшылықты: 
республикалық (мемлекеттiк) деңгейде: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкесҚазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi; 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және одан әрi дамуы, сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн жедел басқару); 
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық және салалық кiшi жүйелерiне басшылық жасау);       жергiлiктi деңгейде: 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерiн басқару кезiнде жұмыс аппараты болып табылатын жергiлiктi атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдардағы Азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдер (қызметкерлер), ұйымдар басшылары (ТЖМЖ объектiлiк кiшi жүйелерiнiң басшылары). 
кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлiк кiшi жүйелерiн басқару) жүзеге асырады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдары шешiмдер қабылдаған кезде төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi ведомствоаралық, аумақтық және салалық комиссиялардың ұсыныстарын ескередi. 
Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi туралы ереженi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.       Төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық және аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ереженi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.       Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық және салалық комиссияларды - облыстар, қалалар, аудандар әкiмдерiнiң орынбасарлары, тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдары Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.       Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және хабар беру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға үнемi әзiр, даярлықта ұсталатын қалалық және қала сыртындағы басқару пункттерiнде жүзеге асырылады.
Байқау және бақылау күштерi мен құралдары: 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның кезекшi қызметтерiнен;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен;
қауiптiлiгi ықтимал объектiлердiң кезекшi диспетчерлiк қызметтерiнен;
апаттар медицинасы орталықтарының диспетчерлiк қызметтерiнен;
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен; 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның органдарынан; 
радиациялық және ядролық қауiпсiздiкке мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардан;
теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан; 
көлiктiң қауiпсiз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын органдардан; 
сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан; 
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан; 
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның iшiнде гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтерiнен;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардан; 
сейсмологиялық байқау және жер сiлкiнiсiн болжау республикалық жүйесiнiң қызметтерiнен; 
селдердiң, тау көшкiндерiнiң және қар көшкiндерiнiң мониторингi қызметтерiнен; 
орман және дала өрттерiнiң мониторингi қызметтерiнен тұрады. 
ТЖ жою күштерi мен құралдары: 
азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнен; 
республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарынан;
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен; 
суда құтқару қызметiнiң құралымдарынан; 
сүңгуiр авариялық-құтқару жасақтарынан;
авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдарынан, оның iшiнде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтерден; 
051 құтқару қызметтерiнен; 
ормандарды авиациялық күзету және қорғау қызметiн қоса алғанда, ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қызметтерiнен; 
азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдарынан; 
сел, су тасқыны және қар көшкiнi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерден; 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнен; 
бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнен тұрады. 
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң, суда құтқару қызметiнiң, 051 құтқару қызметтерiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнiң күштерi базасында, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауынан құтқару және басқа мамандандырылған бөлiмшелерiнiң, шұғыл медициналық қызмет құралымдарының, құрылыс және монтаждау ұйымдарының және республиканың түрлi ұйымдары және басқа да осындай кәсiби қызметтерiнiң базасында, олармен келiсе отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейлердегi басшы органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi аймақтарында төтенше жағдайларда жедел тойтару және жою жөнiндегi жұмыстар жүргiзу үшiн және шетелдерге көмек көрсету үшiн тарта алатын үнемi әзiрлiкте болатын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерi (күштерi) құрылады.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылмайтын, үнемi әзiрлiкте тұратын күштердi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басшы органдарының шешiмiмен құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындауға тартуға болады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмысын ақпараттық жағынан қамтамасыз етудi автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ) жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты: 
қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары, сондай-ақ ұйымдар - дереу табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына; 
 ұйымдар - өздерiнiң өкiлеттiгiне сәйкес дереу орталық атқарушы органға;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында уәкiлеттi органның аумақтық органдары - дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттiк мекемесiне бередi. 
Жаhандық және аймақтық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты: 
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары - Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне; 
орталық атқарушы органдар - ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттiк мекемесiне;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган - өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға бередi. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң қызметiне бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды жоспарлау, әзiрлеу және жүзеге асыру кiредi. 
 Жағдайға қарай жүйенiң жұмыс iстеуiнiң үш тәртiбi: күнделiктi қызмет тәртiбi, аса жоғары әзiрлiк тәртiбi, төтенше тәртiбi болады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң, оның кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiнiң қандай да бiр режимiн енгiзу туралы шешiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң түрлi деңгейдегi басшы органдары Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарының (нақты жағдайды ескере отырып табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалары, аудандық бөлiмдерi) келiсiмiмен қабылдайды. 
Жағдайға қарай Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындары бiр мезгiлде түрлi режимдерде жұмыс iстей алады. 
Әдетте, төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылықты: 
объектiлiк төтенше жағдайлар кезiнде қажет болған жағдайда  табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық органдарының, ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерi басшы органдарының қатысуымен ұйымдардың басшылары; 
жергiлiктi төтенше жағдайлар кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар, авариялардың, апаттардың, дүлей зiлзалалардың таралу шекараларына қарай табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары; 
аймақтық және жаhандық төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия тарапынан iс-қимылдар үйлестiрiле отырып табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың бiрiншi басшылары ТЖМЖ басшы органдарының нұсқауларын орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшiн жауаптылықта болады. 
Халықты төтенше жағдайлар кезiнде қорғау тәсiлдерiне үйретудi Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары жұмыс iстейтiн, оқитын және тұрғылықты жерлердегi сабақтарда, жаттығуларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және арнайы оқу-жаттығулар кезiнде, сондай-ақ дербес жүзеге асырады.       Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң, оның кiшi жүйелерi мен буындарының басқару органдарының мамандарын әзiрлеу табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның Республикалық даярлау және оқыту орталығында, облыстық (қалалық) халықты даярлау және оқыту орталықтарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының оқу-материалдық базасында жүзеге асырылады. 
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыруды жетiлдiру, жүйенiң басқару органдарының, күштерi мен құралдарының даярлығы мен даярлық деңгейiн тексеру мақсатында жыл сайын оның кiшi жүйелерi мен буындарында оқу-жаттығу мен жаттығулар жоспарланады және өткiзiледi. Оқу-жаттығу мен жаттығулардың сипаты, олардың мерзiмi, көлемi мен өткiзу жоспарлары белгiленген тәртiппен жасалады және бекiтiледi. 

Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi.
* ТЖМЖ құрамы
* Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн басқару



Дәріс №2. Іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру. Іздеу құтқару жұмыстарын  басқару.

Жалпы сұрақтар
* Құтқару жұмыстарын ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi.
* Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы қорғаныс шаралары.
* Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөнiндегi қорғаныс шаралары.
* Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау.

Төтенше жағдайға байланысты іздеу - құтқару жұмыстары республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.
Іздеу - құтқару жұмыстары шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.
      Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.
      Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.
 
      Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.
2 Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы қорғаныс шаралары.
Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары.
Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс іс-шаралары алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:
      1) уәкілетті орган:
      халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге беруді;
      шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітуді;
      шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітуді;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
      мониторинг жүйесін ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкіндер мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы құлақтандыруды;
      2) жергілікті атқарушы органдар:
      ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      төтенше жағдайлар кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша тұрғын үй резервін жасауды;
      тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;
      3) ұйымдар:
      шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді;
      шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
      мониторинг жүйесін, персоналды, шаруашылық жүргізу субъектілерін және халықты техногендік авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;
      ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргізеді.
Жер сiлкiнiсiнен қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары.
      1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында алдын ала мынадай шаралар кешенi жүргiзiледi:
      сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту;
      республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу;
      құрылыс нормалары мен ережелерiн сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау;
     сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау;
      сейсмикалық орнықты үйлер мен ғимараттар құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      бұрын салынған үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық жағынан орнықты болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      аумақтарға құрылыс салуды ықтимал сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу. 
Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою кезiнде мынадай шаралар жүргiзiледi:
 
      жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм қабылдау және оны республика аймақтарына жеткiзу;
      iздеу-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала:
халық пен қоршаған ортаға аса қауiп төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға, үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге, сейсмикалық жағынан осал үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзген кезде олардың құрылыс конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы күшейтудi көздеуге, үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы шаралар қолданбайынша оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi.
Жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатында:
      1) уәкілетті органның басшысы:
      құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға;
      жер сілкінісінің күші, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруді жүзеге асыруға;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
      жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
      қираған жерлер, шығындар мен жер сілкінісінің зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкілетті органға беруді жүзеге асыруға;
      3) ұйымдардың басшылары:
      жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.

3.  Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөнiндегi қорғаныс шаралары.
Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:
      1) алдын ала: бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау,  азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау, Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау, зақымдау құралдары қолданылған жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту,  Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау, Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру, эвакуациялық шараларды жоспарлау мен жүргiзу,  шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi шараларды жоспарлау және орындау, Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды өткiзу. 
      2) зақымдау құралдарын қолданған кезде: зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртiбi мен ережелерi жөнiнде хабардар ету, халықты қорғану құрылыстарына паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану, жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету, iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, Азаматтық қорғаныс құрамаларының әзiрлiгiн қалпына келтiру, эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.
 
* Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау
      1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша даярлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн мiндеттi болып табылады және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.
 
      3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар даярлау Қазақстан Республикасының әскери, азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады.
      4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi.
 
Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Құтқару жұмыстарын ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi.
* Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау саласындағы қорғаныс шаралары.
* Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөнiндегi қорғаныс шаралары.
* Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау.


Дәріс №4 Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру және оларды жүргізу тәртібі, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.

Жалпы сұрақтар
* Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары
* Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі

Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
	Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.  
Уақытша көшіру шаралары:
* ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
* халықты көшіру  -  аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
* көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Көшіру шараларын жүргізу үшін  жергілікті  атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
	Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:
* ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;
* азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

 Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және  қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:
* құтқару;
* арнаулы (жедел);
* қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
* басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
* зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
* зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
* зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
* өрт сөндіру ;
* коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
* тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
* осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:
* аландарды тазалау;
* техника орнату;
* қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
* жұмыс орындарын жарықтандыру т.с. 
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады. 
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
* халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
* барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
* тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
* құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
* төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
* зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
* құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
* төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.
Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі. Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:
* барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;
* мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;
* зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;
* күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;
* тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;
* күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.
Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.
Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.
Қызметтердің негізгі міндеттері:
* мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
* ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
* зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;
* ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;
* жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;
* қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
* дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;
* төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.
Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:
* хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
* оларды көшіріп, қоныстандырады;
* зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
* хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
* улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.
АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:
* барлау;
* инженерлік қамсыздандыру;
* химиялық қамсыздандыру;
* медициналық қамсыздандыру;
* көлікпен қамсыздандыру;
* материалдық-техникалық қамсыздандыру;
* гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
3 Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі. Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс. 
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.
Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.
Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі. 
Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы  --  қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.
* Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.
* Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.



Дәріс № 4. Зақымданған аймақтағы құралдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру.

	Жалпы сұрақтар
* Азаматтық қорғаныс күштері
* Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi

 
Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы. Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.
      Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.
      Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.
 
      Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2 Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс  уақытындағы мiндеттерi
      1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған.
      Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау, жарақтандыру және қолдануға әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қолданады.
      2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) бейбiт уақытта:
      құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды ұйымдастыру;
      iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету;
      төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға қатысу;
      Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу;
      iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына әкелiнетiн жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;
      мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;
      2) соғыс уақытында:
      зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
      зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;
      халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;
      халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.
 Төтенше жағдайларды жоюды Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық немесе төтенше жағдайлар пайда болған аумақтар мен объектiлердiң ведомстволық кiшi жүйелерiнiң күштерi мен құралдары жүзеге асырады. 
Егер төтенше жағдайлардың көлемi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық және салалық кiшi жүйелерiнiң басшы органдары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық органдары оны тоқтата және жоя алмайтындай болса, онда Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң ұсынысымен, сондай-ақ орталық және жергiлiктi органдардың өтiнiштерi және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның олар жөнiндегi тиiстi қорытындысы бойынша тиiстi көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды.
 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамалары мен бөлiмдерi, басқа да әскерлерi және әскери құралымдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша оларды қатыстыру алдын ала бекiтiлген өзара iс-қимыл жоспарларында көзделген жағдайлардан басқа да төтенше жағдайларды жоюға тартылуы мүмкiн. 
Төтенше жағдайлар кезiнде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалуы және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларды орындауды төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың тұрақсыздандыру ықпалын азайту жөнiндегi қаржы, несие-инвестиция саясатын үйлестiру мақсатында, сондай-ақ авариялардың, апаттардың, табиғи және басқа да зiлзалалардың зардаптарын жоюға даярлық мақсатында тиiстi басшы органдар жүзеге асырады. 


Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Азаматтық қорғаныс күштері
* Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi







Дәріс №5. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

Жалпы сұрақтар
* ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті.
* Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.
* ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеуі

ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті  -  зардап      шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.
ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің  ең маңызды элементі басқару  -  ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс  -  шаралар дың жиынтығы болып табылады.
ІҚЖ басқарудың басты мақсаты  -  барынша қысқа уақытта,        минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.
       ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:
* ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;
* жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және        нұсқаларын дамыту;
* шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;
* ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар       шекарасын анықтау;
* күштер мен құралдарды есептеу;
* міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;
* барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен       әрекеттестікті қамтамасыз ету;
* жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу; 
* тапсырманың орындалуын бақылау.
      ІҚЖ басқару тұрақты және үздіксіз болу керек.
      ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс        орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді            іс  -  қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады.
       ІҚЖ  -  ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды,  олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады.
       ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық  ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді.
       Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте      кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:
* тұрақты, тәулік бойы;
* іздеу  -  құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;
* ТЖ орындалуы ықтимал кезеңде;
* жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша; 
Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты  белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді.
Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге           тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру  -  құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу.
     Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және  теле - фон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі.

2 Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеу. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың  негізгі принцптері мыналар: 
      Құтқару  шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды: 
* бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу; 
* халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау; 
* ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау;
*  көшіру шараларын даярлау; 
* бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу; 
     Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, бүкіл республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет. Құтқару  шараларының сипаты мен көлемі төтенше жағдай сипатына, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Төтенше жағдайда, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылатын қалаларда мынандай тәртіппен жүргізіледі.
* қызметтері соғыс уақытында да тоқталмайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; 
* АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылармен қызметшілерді бұрынан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға орналастыру.
     Құтқару әдістерімен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.
       Халықты құтқару жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты құтқару әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.
        Инженерлік шаралар халықты қорғаныс ғимараттарына                       жасыру  -  шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалармен селолық жерлерді радиациядан қорғайтын орындарды салуды өрітету, пайдалану болып табылады. 
        Көшіру шаралары төтенше жағдайда болсын, зақымдау құралдарын қолдануда халықты қорғау мақсатында көшіру шараларын дер кезінде жүргізудің маңызы өте зор. 
        Радиация мен химиялық зақымданудан қорғау шаралары. Радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау, радиактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою, халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдау туралы хабарларды, азық түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру.
         Құтқару қызметін басқару мен ұйымдастыру  -  механикалық, ғылыми- техникалық және интеллектуалдық кешен, оның ішінде арнайы байланыс және басқару құралдары жедел жәрдем технологиясы бойынша методикалық, видео, фото, кино материалдар, сондай-ақ, құтқару және кезек күттірмейтін    жұмыстарды жүргізуге арнайы ЭЕМ мен басқа да құралдарға арналған бағдарламалар базасы.
         АҚҚ қалыптасуы  -  жеке немесе апаттық құтқару қызметінің құрамына кіретін негізгі құтқарушыларды болудан тұратын және құтқару, кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға  арнайы құрылған құрылым. АҚҚ ликвидациялау  және алдын алу мәселелерін шешуге арнаған, негізіне АҚҚ құрылымдары, сонымен бірге құрамына апаттық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындаушылар мен кіші, орта және құрамды осы жұмыстарды басқарушы және құтқарушылардан тұратын біртұтас жүйеге функционалды біріктірілген күштер мен құралдардың, бақару органдарының жиынтығы. 
         Әскерилендіілген АҚ бөлімі  -  қауіпті өндірістік нысандарды күндіз-түні бақылауда ұстауға, қауіпсіздік жағдайында құтқарушылардың өмірі мен денсаулығына қатерлі жағдайларда ғана жұмыстарын жүргізетін арнайы ұйым. Құтқару жұмыстары төтенше жағдай аймағында адамдарды, материалдық және мәдени байланыстарды құтқаруға, зиянды әсер ететін қауіпті факторлардың мүмкін болатын минималды денгейіне жеткізуге және жоюға бағытталған іс-әрекет. 
           Құтқарушылардың мәртебесі  -  ҚР заңы бойынша міндеттелген құтқарушылардың құқықтарымен  міндеттерінің жиынтығы. Табиғи және техногенді сипаттағы  төтенше жағдай аймағында әкімшілік орган - табиғи және техногенді сипаттағы  төтенше жағдай ескерту және ликвидациялау облысында мемлекеттік бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын меммлекеттік орган.  
         Төтенше жағдай ликвидациялау жетекшісі  -  төтенше жағдай ликвидациялауды басқаратын және жергілікті атқару органы арнайы тағайындалған жауапты тұлға. 
         Төтенше жағдай ликвидациялау және кезек күттірмейтін жұмыстар, құтқару жұмыстарын жан  -  жақты қамтамасыз етуге, халыққа төтенше жағдайдан зардап шегушіге көмек көрсетуге адамдар жұмыс істеу қабілетін қолдауға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға жағдай жасауға бағытталған іс-әрекет.


       Өзін өзі тексеру сұрақтары
* ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті.
* Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.
* ТЖ салдарын жою кезіндегі басқа қызмет жүйелерімен бірігіп жұмыс істеуі

        Дәріс № 6. Өрт қызметтерін, медиктердің, инженерлердің, химик мамандардың қатысуымен кешенді барлауды ұйымдастыру.
 
        Жалпы сұрақтар
* Өртті барлау мақсаты мен міндеті
* Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару
* Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару


	Өртті барлау мақсаты мен міндеті. Төтенше жағдай аумағындағы өрт жағдайын нақтылау үшін және анықтау үшін жүргізіледі. Өрт ауданы және көлемі анықталған соң құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге жетуді қамтамасыз ететін өртті сөндіру жолдары қарастырылады. Жанып жатқан ғимараттар мен нысандардан адамдарды құтқаруды өртке қарсы құрылымдар, құтқару құрылымдарымен және т.б. құрылымдармен бірігіп атқарады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртке қарсы құрылымдар зақымдалу ошағынан шығарылады. Құтқару құрылымдары механикамен, санитарлық бөлімшелермен жабдықталады. Олар зақымдалған адамдарды ізейді, үйінділерден шығарады, қорғаныс мекендерін аршып, зақымдалған  және қираған ғимараттардан адамдарды құтқарып, оларға  алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көлікке тиеп емдеу мекемесіне жеткізеді. 
          Құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын  құлағалы тұрған ғимараттарды бекітеді немесе құлатады. Зардап шегушілерді үйінділер астынан шығарғанда үйіндіні қолмен тазалайды, ал үйінді астында қалған адамдарды қосыша жарақат алмауы үшін алдымен басы мен денесін босатады. Алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кіретін есіктерді, саты баспалдақтары қирап бүлінген ғимараттардан адамдарды құтқару  арнайы жасалған жолдар арқылы немесе терезе, балкон, автокөтергіш және құтқару арқандары арқылы жүзеге асырылады. Үйінді астында қалған ғимараттан адамды құтқарғанда ең алдымен ол адамдармен байланыс құрылады, жай  -  күйін анықтайды. 
         Технологиялық газдар жанғанда жанғыш газ жанып біткенше жануды тоқтатуға болмайды,  себебі олардан  бөлінетін газ ауамен араласып жарылғыш зат түзуі мүмкін. Жанғыш газдардың  газдармен араласуының алдын көмірқышқылынан, көбіктен, будан, судан, азоттан инертті бөгет жасау арқылы алуға болады. 
        Өрттен  қорғау шаралары. Бұл халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұжымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мыналар: 
* ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау; 
* қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік  -  техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу;
*  өрттен қорғау қызметі мен мөлшерін бағалаумен бақылауға алу;
* өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;
*  өрттің алдын-алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.
	Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады: 
* зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу; 
* халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау; 
* жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру; 
* дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.
       Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ  химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері  химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан.  Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады. 
        Химиктер  -  барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді. 
       Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
      Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық  өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде  ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді 
Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік  бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Құтқарушылардың радиоактивті ластанған жерлерде болуы арнайы шамалармен есептелген кестелер арқылы жүргізіледі. 
 	Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және  қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл  кезде құрал  жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі. 
 	Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау  шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды: 
* қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;
* радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 );
* химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;
* залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;
* радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;
*  радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;
* халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру: 
         Радиациялық қауіпті объекті  -  ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті  ластануы мүмкін.  
 	Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.
Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. 
 	Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсермен, радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөшерімен бағаланады. 
 	Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді: 
* радиоактивті заттардың табиғи ыдаруы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы; 
* метеорологииялық және климаттық факторлар;
* аварияның салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шаралары. 
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңінде жалпы радиоактивтілікке жартылай  ыдырататын қысқа мерзімімен радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармай шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті көму өндірісін тоқтауға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы  радиоактивті заттың шектен тыс тығыздығымен сипатталады және аудан бірлігіне орай радионуклид белсенділігімен өлшенеді.
 <<Баршаның назарына>> ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұратын барлық ескерту шараларын тез, саспай, мұқият орындау қажет. 
 Бірінші нұсқада  көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау: 
* тұрғын үймен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау:
* жеке  қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;
* қорғаныс ғимараттарын пайдалану;
*  қозғалысты шектеу;
*  Цистамин таблеткасын  қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;
* йодтың немесе калий йодының 3-5 проценттік пайдаланып, и>>одтық сақтандыру жүргізу;
* суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;
* ықтимал көшуге даярлау:
 Екінші нұсқада   көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. 
Тұрғылықты жерде ластану деңгейі нормадан асатын болса, алайда қауіпті шектен аспаса өзін-өзі ұстаудың арнайы режимі сақталады. Шаңды болдырмау, жеке шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді сақтандыру, радиоактивті заттардың азық түлікпен және сумен организмге өтуінен сақтандыру шаралары өткізіледі.

          Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Өртке қарсы шараларды дайындау,  өртті барлаудың мақсаты мен міндеті. 
* Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері
* Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті
*  Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету. 
* Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлау күштері мен жабдықтары. 
* Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті.. Дозиметрлік  бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. 


         Дәріс №7. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардағы эвакуация шараларын жүргізуді ұйымдастыру.

         Жалпы сұрақтар
* Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері.
* Эвакуациялық органдар, олардың құрылымдары мен себептері.
* Эвакуациялық шараларды жүргізу  және ұйымдастыру      

	Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
	Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.  
Уақытша көшіру шаралары:
* ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
* халықты көшіру  -  аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
* көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Көшіру шараларын жүргізу үшін  жергілікті  атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
	Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:
* ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;
* азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.
Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс істеуіне  жағдай жасау мақсатында халық пен  материалдық  құндылықтарды  төтенше жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы зақымдау  құралдары қолданылуы  мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.
     Эвакуацияланған  барлық  халық  қауіпсіз  аймаққа орналыстырылған  пункттерде  тіршілік  қызметіне  қажеттілермен  аз  шамада  қамтамасыз  етілуге  тиіс.
     Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе  отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ  табиғи және  техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларда  эвакуациялауды  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді.
   Халықты эвакуациялау  сабақтас  тәсілмен-халықты  жаяу  немесе  көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді  үлестіру  жолымен жүзеге  асырылады.
   Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты  қауіпті  аймақтардан  қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.
   Эвакуация  мүмкіндігінше  қысқа  мерзімде  жүргізіледі. Халықты  қауіпті  аймақтардан тыс  жерлерге  жеткізу ( шығару) мерзімі  оның аяқталуы  болып саналады.
    Қауіпті  аймақта эвакуацияланатын халық  өз  облысының  аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)  белгіленеді.
    Халықты соғыс кезінде  орналастыру  аудандары  (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті  атқарушы  органдармен келіседі, және солардың шешімімен  қаулысымен бекітіледі.
      Бытыраңқы  орналастыру  - соғыс кезінде  өндірістік  қызметін одан әрі жүргізіп  отырған ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан  түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
      Эвакуациялық  тізімдер  мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын  және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын  негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша  жағдайларда  ғана жол беріледі.
Бытыраңқы  орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
* Азаматтық қорғаныс жоспарында  көрсетілген эвакуациялық  шараларды орындауға  төтенше  жағдай мен Азаматтық қорғаныс  қызметтерінің  басқару құрамы  мен  басқармалардың, бөлімдердің  қызметкерлерін  даярлау;
* Эвакуациялық органдарды  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  орындауға  даярлау;
* Халықты  эвакуациялық  шараларды  орындауға даярлау;
* Көліктің  барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
* Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды  халықты  отырғызатын және түсіретін пункт ретінде  жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу  және түсіру пункттері  мен эвакуацияның аралық  пункттеріне  ұластыру;
* Халықты жаяу  алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен  егжей-тегжейлі зерттеу;
* Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс  және  хабарлау құралдарын даярлау;
* Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде  материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз  ету пункттерін жабдықтау.
    Халықты  бытыраңқы  орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау  жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың  бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.
    Эвакуациялық  комиссиялар жергілікті атқарушы органдар  мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы  органдары болып табылады. Олар  халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
   Эвакуациялық  комиссиялардың  құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
     Эвакуациялық  комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік  қамтамасыз ету  бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың  және  басқалардың  өкілдері енеді.
     Эвакуациялық  қабылдау  комиссияларына эвакуация кезінде  келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен  қамтамасыз етуді  ұйымдастыруға бақылау  жасау жүктеледі.
   Эвакуациялық  жиналу пункттерін орналастыру  үшін  әралуан қоғамдық  бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық  жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде  халықты қорғау үшін тіршілікті  қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету  және т.с.с.) орындар әзірленеді.
    Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі  беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді  иемденушілердің кооперативтері тіркеліп  жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің  әкімшілігі  қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің  саны оған тіркеліп  жазылған халықтың санына  байланысты  болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
  Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық  қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру  және эвакуациялау  мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің  барлық  түріндегі  ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының Азаматтық  қорғаныс  жоспарларымен келіседі.
Категорияланған  қаланың  (қалалық  ауданның)  Азаматтық  қорғаныс  жоспарының  орналастыру  мен  эвакуациялауға  қатысты  бөлімінде  мыналар  көрсетіледі:
* әрбір  қалалық  аудан,  ұйым,  пәтер  иеленушілердің  кооперативі бойынша  орналастыруға  және  эвакуациялауға  жататын  халықтың  саны;
* қауіпсіз  аймақтағы  халықты  орналастыратын  аудандар  мен  пункттер;
* орналастыру  мен  эвакуациялау  мерзімдері  (басталуы  және  аяқталуы);
* жергілікті  атқару  органдарымен  ұйымдардың  басшыларына,  сондай-ақ  жұмысшыларға,  қызметшілерге  және  халықтың  басқа  бөлігіне  орналастыру  мен  эвакуацияның  басталу  мерзімі туралы  хабарлар  тәртібі;
* эвакуациялық  органдардың  құрамы  және  оларды  даярлыққа  келтіру  мерзімдері;
* жаяу  тәсілмен  әкелетін  және  көліктің  барлық  түрімен  шығарылатын  халық  саны;
* халықты  шығару  мен  әкету  маршруттары,  жаяу  тәсілмен  эвакуациялаудың әрбір  маршрутындағы  эвакуациялаудың  бастапқы пункттері,  демалыс  орындары,  реттеу  пункттері,  аралық  пункттер;
* халықты  көлікпен  әкетудің  және  жаяу  тәсілмен  шығару  кезектілігі;
* халықты  көлікке  отырғызу  пункттері;
* оны  қауіпсіз  аймаққа  түсіру;

Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері. Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс істеуіне  жағдай жасау мақсатында халық пен  материалдық  құндылықтарды  төтенше жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы зақымдау  құралдары қолданылуы  мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған  барлық  халық  қауіпсіз  аймаққа орналыстырылған  пункттерде  тіршілік  қызметіне  қажеттілермен  аз  шамада  қамтамасыз  етілуге  тиіс.
Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе  отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ  табиғи және  техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларда  эвакуациялауды  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы органдар, ұйымдар  жүргізеді.
Халықты эвакуациялау  сабақтас  тәсілмен-халықты  жаяу  немесе  көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді  үлестіру  жолымен жүзеге  асырылады.
Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты  қауіпті  аймақтардан  қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.
Эвакуация  мүмкіндігінше  қысқа  мерзімде  жүргізіледі. Халықты  қауіпті  аймақтардан тыс  жерлерге  жеткізу ( шығару) мерзімі  оның аяқталуы  болып саналады.
Қауіпті  аймақта эвакуацияланатын халық  өз  облысының  аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)  белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде  орналастыру  аудандары  (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті  атқарушы  органдармен келіседі, және солардың шешімімен  қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы  орналастыру  - соғыс кезінде  өндірістік  қызметін одан әрі жүргізіп  отырған ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан  түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық  тізімдер  мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын  және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын  негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша  жағдайларда  ғана жол беріледі.
Бытыраңқы  орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
* Азаматтық қорғаныс жоспарында  көрсетілген эвакуациялық  шараларды орындауға  төтенше  жағдай мен Азаматтық қорғаныс  қызметтерінің  басқару құрамы  мен  басқармалардың, бөлімдердің  қызметкерлерін  даярлау;
* Эвакуациялық органдарды  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  орындауға  даярлау;
* Халықты  эвакуациялық  шараларды  орындауға даярлау;
* Көліктің  барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
* Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды  халықты  отырғызатын және түсіретін пункт ретінде  жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу  және түсіру пункттері  мен эвакуацияның аралық  пункттеріне  ұластыру;
* Халықты жаяу  алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен  егжей-тегжейлі зерттеу;
* Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс  және  хабарлау құралдарын даярлау;
* Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде  материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз  ету пункттерін жабдықтау.
Эвакуациялық шараларды жүргізу  және ұйымдастыру. Халықты  бытыраңқы  орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау  жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың  бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық  комиссиялар жергілікті атқарушы органдар  мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы  органдары болып табылады. Олар  халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық  комиссиялардың  құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық  комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік  қамтамасыз ету  бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың  және  басқалардың  өкілдері енеді.
Эвакуациялық  қабылдау  комиссияларына эвакуация кезінде  келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен  қамтамасыз етуді  ұйымдастыруға бақылау  жасау жүктеледі.
Эвакуациялық  жиналу пункттерін орналастыру  үшін  әралуан қоғамдық   бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық  жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде  халықты қорғау үшін тіршілікті  қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету  және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі  беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді  иемденушілердің кооперативтері тіркеліп  жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің  әкімшілігі  қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің  саны оған тіркеліп  жазылған халықтың санына  байланысты  болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық  қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру  және эвакуациялау  мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің  барлық  түріндегі  ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының Азаматтық  қорғаныс  жоспарларымен келіседі.
Категорияланған  қаланың  (қалалық  ауданның)  Азаматтық  қорғаныс  жоспарының  орналастыру  мен  эвакуациялауға  қатысты  бөлімінде  мыналар  көрсетіледі:
* әрбір  қалалық  аудан,  ұйым,  пәтер  иеленушілердің  кооперативі бойынша  орналастыруға  және  эвакуациялауға  жататын  халықтың  саны;
* қауіпсіз  аймақтағы  халықты  орналастыратын  аудандар  мен  пункттер;
* орналастыру  мен  эвакуациялау  мерзімдері  (басталуы  және  аяқталуы);
* жергілікті  атқару  органдарымен  ұйымдардың  басшыларына,  сондай-ақ  жұмысшыларға,  қызметшілерге  және  халықтың  басқа  бөлігіне  орналастыру  мен  эвакуацияның  басталу  мерзімі туралы  хабарлар  тәртібі;
* эвакуациялық  органдардың  құрамы  және  оларды  даярлыққа  келтіру  мерзімдері;
* жаяу  тәсілмен  әкелетін  және  көліктің  барлық  түрімен  шығарылатын  халық  саны;
* халықты  шығару  мен  әкету  маршруттары,  жаяу  тәсілмен  эвакуациялаудың әрбір  маршрутындағы  эвакуациялаудың  бастапқы пункттері,  демалыс  орындары,  реттеу  пункттері,  аралық  пункттер;
* халықты  көлікпен  әкетудің  және  жаяу  тәсілмен  шығару  кезектілігі;
* халықты  көлікке  отырғызу  пункттері;
* оны  қауіпсіз  аймаққа  түсіру;
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқада паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және казіргі қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтык баскару органдарынын жалпы басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік катерімен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргзу анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытша шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
Соғыс уақытында кенеттен ьолған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
 	 Уақытша көшіру шаралары:
* ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардын отбасы мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша
* халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады
* көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінін көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және баскада корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға карсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау әдістеріне үйрету мен жетеді.
Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері.Облыс әкімшілігінін бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.
Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды. Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвакуациялық және эвакоқабылдау коммисияларының даярлыққа келтіруін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.
Көлік органдары мен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.
Уақытша көшірілу кезіенде адамдардын демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарың, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін, келген адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әрекет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:
* Ұйымның Азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардын отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау салмастан), олардын тізімдерін жасайды.
* Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
* Эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілігінің құрамына еңген жеке құрамына, эвакуациялық эшолондар мен колонналардын бастықтарын дайындауды ұйымдастырады.
Эвакуациялық шараларды дайындауға арналған өкімді алысымен, оларды орналастыру және эвакуациялар жоспарын, сондай-ақ орналастырылатын (эвакуацияланатын) жұмысшылардың, қызметшілердің және олардын отбасы мүшелерінің тізімі анықтайды.
Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып және оның басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша көшіру жұмыстарын ұйымдастырып анықтайды.
Жергілікті атқару органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық комиссияның басшылығымен және оның жоспарымен уақытша көшіру жұмыстарын немесе көшіп келушілерді орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.
Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:
* Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколонналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.
* Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.
* Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.
* Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.

Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері
* Бытыраңқы  орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
* Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері
* Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері

        Дәріс№8. Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. 
       
       Жалпы сұрақтар
* Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар.
* Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары.
* Қауіпті және зиянды факторлар  -  факторлар тобы.
* Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар. Құтқарушы  -  құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы аттестациядан (қайта аттестация) өткен азамат.
         Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру  -  құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай  -  ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы  -  санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен      толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады.
        Авариялық - құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі    ұстанымдары:
* төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық;
төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті;
* авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі  қауіп  -  қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
* авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы.
      Барлық авариялық  -  құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі.
         Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады.
          Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады.
          Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі.
          Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. ТЖ зардабын жою үшін кезіңдегі құтқарушылардың жұмысы жоғарғы дәрежедегі қауіптілігімен ерекшеленеді. Құтқарушының денсаулығын, кей жағдайда өмірін сақтап қалу үшін мыналар қажет:
* еңбекті қорғау жөніндегі нормативті  -  техникалық құжаттардың талаптарын білу мен орындау;
* қорғаныс құралдарымен қамтылу және оларды пайдалана білу;
* жағдайды бағалай білу және қауіп дәрежесін анықтай білу;
* қиын  -  қыстау және жарақат қауіпі төнген кезде өзін дұрыс ұстай білу;
      Еңбекті қорғау  -  құқықтық, әлеуметтік  -  экономикалық, ұйымдық -техникалық, санитарлы  -  гигеналық, емдеу  -  алдын алу, оңалту және өзге де іс  -  шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе.
       Техника қауіпсіздігі  -  адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс  -  шаралардың жүйесі.
       Жазатайым оқиға  -  өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілгінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері.
       Кәсіби ауру  -  қызметкердің (кызмет) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.
       Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті еңбек қызметіндегі қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою немесе азайту болып табылады. Оның шешімі ұйымдастырушылық, техникалық, гигиналық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, этикалық әдістер пен құралдар арқылы.
       Еңбек қауіпсіздігін жоғарылатудың ұйымдастырушылық құралдары мыналардан тұрады:
* кадрларды кәсіби түрде таңдау мен дайындау;
* орындаушыларды барлық деңгейде кәсіби пайдалану мен орналастыру;
* біліктілігін арттыру және білімі мен өндірістік дағдыларын жетілдіру;
* өндіріс үрдістері мен әдістерінің қауіпсіздігін жоғарылату;
* енбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру мен сапасын жетілдіру;
* жеке орындаушылар қызметіндегі функционалдық міндеттерді нақтылау, олардың жұмысын еңбекті қорғау жөніндегі қалыптар мен ережелер бойынша регламенттеу;
* еңбекті қорғаудың жағдайын қатаң бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
* еңбек процесінің қалыпты және қауіпсіз жүруі үшін әлеуметтік, материалдық және техникалық жағдайларын жетілдіру;
      Ұжымдық қорғану құралдары  -  жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдардың зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар болса, жеке қоргану құралдары деп қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдарды айтады.
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің техникалық құралдары өндірістік үрдістер мен операциялардың тиімділігін жоғарылатуға қызмет етеді. Олар адамның жұмсаған физикалық күшін жеңілдетуге, сондай  -  ақ еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен жетілдірілуіне негізделеді. Қазіргі жағдайда ерекше қажетті болып табылатын, техникалық құралдарды жетілдіру кезіндегі еңбекгі қорғаудағы негізгі ережелердің бірі  -  қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға ауысу міндеті болып отыр.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің гигиеналық құралдары адам мен еңбек процесі және қоршаған орта арасындағы жағымды қарым  -  қатынасты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оларға жататындар:
* қоршаған орта мен еңбек жағдайлары факторларының адам ағзасына әсер етуін зерделеу;
* еңбек үрдісінің зиянсыз өтуі үшін физиологиялық және гигиеналық критерилерді бекіту;
* еңбек үрдістері үшін гигинеалық нормаларды регламенттеу мен анықтау және олардың негізіңде еңбек үрдістерін санкциялау;
* шаршауды, кәсіби және жалпы ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын дайындау;
* еңбек жағдайлары мен өндіріс ортасының санитарлы  -  гигиеналық жағдайын бақылау мен үнемі қадағалауды ұйымдастыру және іс жүзінде жүзеге асыру;
* санитарлы техникалық қондырғылар, құрылғылар мен аспаптардың, тұрмыстық ғимараттардың, санитарлық құралдар мен ЖҚҚ  -  ның жағдайы мен гигиеналық тиімділігін бағалау;
* қызметкерлер құрамын санитарлы  -  гигиеналық қамту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде сапалы оқытуды ұйымдастыру;
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің әлеуметтік құралдары еңбек ұжымының тіршілік етуімен байланысты. Қызметкерлер құрамын жоспарлау мен әлеуметтік дамуы өндірістің әлеуметтік құрылымы элементтерін ұйымдастыру мен жұмысын басқару болып табылады. Адам өмірін қорғау мен оның еңбек үрдісіндегі қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қызмет ететін әлеуметтік орта төмендегі бөліктерден тұрады:
* пайдаланудағы техникалардың, технологиялардың қалтықсыздық деңгейін, өндірістік жағдайды, қорғаныс құралдарының жағдайын, еңбек қарқындылығын және т.б. анықтау;
* өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жағдайы, жұмыс орындарының жабдықталуы, метеорологиялық жағдайлар, сапалы желдету, жылу мен жарық, шуыл деңгейі, діріл және басқа да факторлар;
* өмірдің материалдық жағдайлары. Оларға жататындар: материалдық деңгей және оның өзгеруіне өндірістік қызмет ерекшелігінің әсері;
* өндіріс саласынан тыс тұрмыс жағдайы және энергиялық шығынды қалпына келтіру мүмкіндігі.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің құқықтық құралдары еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылатын заңнамалық  -  нормативтік актілерден тұрады. Бұл тұста ең басты роль еңбек заңнамаларына және олардың негізінде дайындалатын нормативтік құжаттарға беріледі. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек қорғауға қатысты: ғимараттар,  техникалық үрдістердегі, құрылғылардағы және т.б. еңбек қорғау талаптары заңмен белгіленген. Алдын ала бақылауды регламенттеу көзіне еңбек қауіпсіздігін стандартизациялайтын актілер, санитарлық және тағы да басқа нормалар мен ережелер жатады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралардың ішіндегі ең негізгілеріне кіретіні  - 
жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне қойылатын зандық талаптары. Мерзімді медициналық бақылауды жүргізу денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді және ауру белгілерін дер кезінде анықтауға көмегін тигізеді.
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің психологиялық құралдары ұжымдағы психологиялық климатты, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігін анықтайтын барлық факторларды жинақтайды. Енбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуде кадрларды кәсіби таңдау, оларды жұмыстың қауіпсіз тәсіліне оқыту мен дайындау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен орналастыру, олардың өзара          қарым  -  қатынастарының мәселелері ерекше орын алады. Толассыз өзгеріп отыратын ақпарат көлемін өңдеу және тиісті жағдайда барынша дұрыс шешім қабылдау өндірістік қызметке тән сипаттың бірі болып табылады. Осының барлығы қызмет барысындағы психологиялық үрдістердің рөлін арттырады, олар: көзқарастың шиеленісуі, жағдайды есте сақтауды, ойлауды, қабылдау мен бағалау. Еңбек психологиясының талаптарын есепке алу адамның стресстік жағдайын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл жағдайларда жарақат қауіпі және авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігі көбейіп кетеді.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің этикалық құралдары еңбек үрдісі және ұжым мүшелерінің ара қатынасын көрсетеді. Мұндай                           қарым  -  қатынастардың сипаты мен көрініс табуы еңбекті қорғаудың басты салаларының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі ереже және нұсқаулықтардың негізінде еңбек ұжымының арасындағы қарым -қатынасты құру  -  басшының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұжымдағы қарым  -  қатынас формалары әр түрлі болады және ең алдымен мына жайттарға байланысты болып келеді: бағыныштылық, өзара қызмет, өзара көмек және т.б.
  + Қауіпті және зиянды факторлар  -  факторлар тобы. ТЖ жағдайында авариялық  -  құтқару жұмыстарды жүргізу адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлармен қоса жүреді.
       Қауіпті және зиянды факторлар әсер ету сипатына байланысты келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық,биологиялық, психологиялық.
      Физикалық қауіпті және зиянды факторлар келесі топтарға бөлінеді:
* қозғалмалы көліктер мен механизмдер; 
* өндірістік құрылғылардың жылжымалы бөліктері; 
* қозғалатын заттар, дайындалған заттар мен материалдар; 
* бұзылған құрылғылар; 
* қирамалы тау жыныстары;
* жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануы мен ластануы;
* құрылғы, материал беті температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* жұмыс аймағындағы шу деңгейінің жоғарлауы;
* діріл деңгейінің жоғарылауы; 
* инфро дыбыстық тербеліс деңгейінің жоғарылауы;
*  ультра дыбыс деңгейінің жоғарылауы;
* жұмыс аймағындағы барометрлік қысымның жоғарылауы немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруі;
* ауа ылғалдығының жоғарылауы немесе төмен болуы;
* ауа қозғалысының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* ауаның жоғарыланған немесе төмендеген иондалуы;
* жұмыс аймағындағы иондаушы сәулелер деңгейінің жоғарылауы;
* электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы, адамның денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықтары; 
* статикалық электр тогының жоғарылаған деңгейі; 
* электромагниттік сәулеленудің жоғарыланған денгейі;
* электр өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
* магнит өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
* табиғи жарықтың  жоқтығы немесе жетіспеушілігі;
* жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
* жарықтың жоғарылауы;
* түстердің қарама  -  қарсылығының төмендеуі;
* тікелей және шағылыса жарқырау;
* жарық толқынының жоғарыланып жүруі;
* ультракүлгін радиация деңгейінін жоғарылауы;
* инфрақызыл радиация деңгейінің жоғарылауы;
* дайын заттардың, құрал  -  жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір  -  бұдырлық;
* жұмыс орнының жерге қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде орналасуы;
* тепе - теңдіктің жоқ болуы.
   Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді
а) адам ағзасына әсер ету сипатына қарай:
* уытты;
* тітіркендіргішті;
* сенсибилизациялаушы;
* канцерогендік;
* мутагеңдік;
* репродуктивтік қызметке әсер ететін;
б) адам ағзасына ену сипаты бойынша:
* тыныс алу органдары;
* ішек  -  қарын жолы;
* тері жамылғысы мен шырышты қабық.
      Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға келесі биологиялық нысандар жатады: 
* патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар,) және олардың тіршілігіне қажетті заттар.
* микроағзалар (өсімдіктер мен жануарлар).
     Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ету сипатына қарай мына топтарға бөлінеді: 
* статикалық;
* динамикалық
     Нервті  -  психикалық ауыртпалықтар мына топтарға бөлінеді: 
* ақыл  -  ойлық ауыртпалықтардың ұлғаюы; 
* анализаторлардың шамадан тыс шаршауы;
* эмоциялық ауыртпалықтар.
    Бұл аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өзінің әсер ету табиғатына байланысты бір мезгілде бірнеше топқа жатады және барлық сипаттағы ТЖ кезінде орын алады (табиғи, техногенді).
* Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлері
Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады.                    Бұл  -  адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты. 
Дегенмен, ТЖ  -  ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай. 
Кенеттен ТЖ  -  ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ  -  да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ  -  ға  дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады. 
Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады. 
Бейімделудің психологиялық кедергісі  -  бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі. 
Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.
Сангвиник  -  қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін. 
Флегматик  -  ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды. 
Холерик  -  мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады. 
Меланхолик  -  бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам. 
Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты. 
Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор)сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады. 
Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады. 
Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын. 
Бақылаусыз қорқыныш  -  мамандар оны үрей дейді.  Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеі. Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады. Мұндай <<теріс басшылар>> әдетте, есірген өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді. 
ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды: 
Бірінші  -  нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кейде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде <<хайуандық>> қорқыныш жатады. 
Екінші  -  құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқып, көмектен үміт үзеді. 
Үшінші - өмірге қауіпті жағдай тоқталғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажетілігі. 
Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады. Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының өтуі мен орындалуы басшының моральдік  -  психикалық тұрақтылығы, төзімділігі мен батылдығына байланысты. Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады. 


	
Өзін өзі тексеру сұрақтары
* Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар.
* Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары.
* Қауіпті және зиянды факторлар  -  факторлар тобы.
* Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері













































                   3 Тәжірбиелік сабақтар
                                       
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1 Төтенше оқиға кезіндегі жағдайды болжау, аймақтағы құтқару жұмыстарының мүмкін болатын мөлшерін болжау, жүргізу әдістемесі. Жұмысты басқаруға байланысты халықты құлақтандыруды ұйымдастыру

Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар 
                                       



Құтқарушылардың құқығы.
         Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы.
         Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:
* адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;
* өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге;
* төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген        қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға;
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға;
* көмекші іздестіру иттерін қолдану.
        Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы.
         Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық  -  құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық  -  құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген      азық  -  түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы.
         Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай  -  ақ ерікті авариялық  -  құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы.
         Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған ерікті авариялық  -  құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен құтқарушы болып табылмайтын азаматтардың орташа еңбек ақылары негізгі жұмыс орны бойынша сақталады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет көрсететін кәсіби авариялық  -  құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушыларына осы мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтық және әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктерінің кепілі таратылады.Туындаған әртүрлі ТЖ жою кезінде жұмыс пен жағдайдың көп қырлылығы құтқарушылардың кәсіби дайындығының деңгейіне жоғарғы талаптар қояды.

             Құтқарушылардың міндеттері.
      Құтқарушылар міндетті:
* зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге;
* авариялық  -  құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға;
* құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық  -  құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға;
* төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге.
         Кәсіби авариялық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім  -  шарт) құрамдас бөлігі болып табылады.


     Құтқарушы білуге міндетті:
* анторпогенді және табиғи ТЖ себептерін, зардаптары мен өту сипатын;
* терминологияны;
* іздестіру  -  құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі құтқарушылардың құқықтары мен функционалдық міндеттерін, құтқарушыларға қойылатын талаптарды;
* ТЖМ құрылысын;
* ІҚЖ жүргізу кезінде пайдаланатын жабдықтарды, аспаптарды  сақтау мен пайдалану ережелерін;
* қорғану құралдарын сақтау мен пайдалану ережелерін;
* қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер мен нұсқауларды;
* пайдаланылатын жабдықтардың, техниканың, аспаптардың техникалық сипаттамасын;
* барлауды жүргізу ережелерін;
* зардап шеккендерді іздестірудің тәсілдерін, әдістері мен жолдарын;
* ІҚЖ орындаудың ережелерін, тәсілдері мен ретін;
* сигнал беруді, шартты белгілер мен кодтарды;
* жүк көтеруші техниканы пайдалану ережесі мен  жұмыстардың орындалуын;
* зақымдаушы факторлардың барын анықтаудың жолдары мен тәсілдерін
* аса қауіпті жағдайда ІҚЖ  -  ны жүргізудің жолдарын;
* қауіпті және зиянды факторлардың адамға қауіпсіз әсер ету мөлшерін (радиация, жарық энергиясы, температура, ҚӘУЗ және т.б.);
* адамның экстремалды жағдайда болуының қауіпсіз уақытын;
* зардап шеккендердің жағдайын және жарақаттың күрделілігін   анықтаудың әдістері мен тәсілдерін;
* алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін;
* өзіне көмек көрсету мен өзін құтқарудың тәсілдерін;
* байланыс және хабарландыру құралдарын пайдаланудың ережелерін;
* әр түрлі жағдайда орын ауыстырудың қолайлы тәсілдерін;
* қолайсыз жағдайда тірі қалудың негіздерін;
* лагерь мен дем алатын орындарды ұйымдастырудың ережелерін;
* зардап шеккендерді үйіндінің астынан, бұзылған транспорт            құралдарынан, қираған ғимараттың жоғарғы қабаттарынан шығарып алудың жолдары мен тәсілдерін;
* зардап шеккендерді жарықшақтардан, үңгірлерден, шұңқырлардан, көшкін, сел, опырылма, қар астынан шығарып алудың жолдары мен тәсілдерін;
* белгілі бір жерде бағдарлауды;
* миналанған ауданда әскери қимыл жағдайында жұмыстарды жүргізу тәсілін;
* жануарларды, өсімдіктерді, азық  -  түлікті, материалдық     құндылықтарды құтқару ережелерін;
* ауа, жер және су транспорттарымен жұмыс жүргізу тәсілін;
* кинологиялық қызметті тарту жұмыстарының ерекшеліктерін;
* негізгі ҚӘУЗ түрлерін, олардың химиялы  -  физикалық құрамын, зардап шегушілерге әсер ету сипатын;
* жұмыс орнын ұйымдастырудың ережелерін;
* өрттің алдын алу мен сөндірудің негізгі құралдарын, тәсілдері мен жолдарын;
* қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғанудың тәсілдерін;
* зардап шеккеңдер мен халықты көшіруді ұйымдастыру ережелерін;
* жауапкершілік аймағының ерекешеліктерін;
* психология мен педагогика негіздерін;
* қалпына келтіру тәсілдерін;
* қарым  -  қатынас ережелерін;
    Құтқарушының қолынан келуі тиіс:
* жұмысқа құрал  -  жабдықтарды, аспаптарды, құрылғыларды     дайын - дау, оларды тиісті қалпында сақтау, оларды пайдаланудың дағдысы мен тәсілі;
* радиациялық және химиялық барлау жүргізу құралдарын, байланыс, хабарландыру, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын жұмысқа және пайдалануға дайындау;
* жеке және ұжымдық қорғану құралын пайдалану;
* қиылысқан жер жағдайында қозғалу, сулы кедергілерден, таулы аудандардан, қарлы баурайлардан, жарылған, үйіңді басып қалған жерлерден қозғалу;
* өрт сөндіру құралдарын пайдалану;
* орын алған жағдайды бағалау және дұрыс шешім қабылдау;
* зақымдаушы фактордың барын анықтау және ТЖ таралуының мүмкін нұсқалары;
* өз жұмысын ұтымды және қауіпсіз құрастыру;
* зардап шеккендерді қолда бар құралдармен, сондай  -  ақ арнайы техникамен іздестіру;
* зардап шегушіні зақымдау ошағынан алып шығу мен оларды қауіпсіз жерге жеткізу;
* зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
* өзіне - өзі көмек көрсету;
* үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізу;
* газды  -  дәнекерлеу, тиеп  -  түсіру жұмыстарын орындау;
* жұмыстың басқа да мүшелерімен бірлесіп әрекет ету, бір немесе бірнеше төтенше факторлар әсері кезінде жұмыстарды орындау (биіктік, жабық кеңістік, жарықтың болмауы, газдалу, түтіндену, қиын метео жағдайлар және т.б.);
* зақымдалу ошағына ұшақ пен тікұшақтан парашют, арқандық жүйе арқылы жергілікті және су көлігінен түсуді жүзеге асыру;
* жұмыстарды қауіпсіздік техникасының талаптарына сай орындау;
* іздестіру  -  құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын табиғи және антропогендік сипаттағы барлық ТЖ кезінде орындау;
* белгілі бір жерге бейімделу;
* әртүрлі ТЖ тірі қалу;
* қауіпті аймақтан зардап шеккендер мен халықты көшіруді ұйымдастыру;
* ТЖ көзі болып табылатын немесе ықтимал қауіпті сипаты бар   жанар  -  жағар және агрессиялық заттардың берілуін тоқтату, газды, суды, электр энергиясын ажырату;
* жануарларды, материалдық құндылықтар мен азық  -  түлікті құтқару;
* ТЖ таралуын тоқтату;
* әскери қимылдар тууы ықтимал жағдайда жұмыстар жүргізу;
*  жылжымалы электр қондырғыларын, компрессорларды,
сорғыштарды және жылжымалы тамақ дайындау пункттерін пайдалана білу;
* жұмыс жүргізу тәсілі мен еңбек құралын тиімді таңдау;
* эмоционалды жүктеулер жағдайында әртүрлі ауырлықтағы        физикалық жұмыстарды орындау;
* өз басын қатерге тіге отырып жұмыс істеу;
* табиғи және антропогенді сипаттың өзгеруі жағдайында жұмыс жүргізу;
* нысан мен қоршаған орта жағдайын жедел бақылауды орнатуды жүзеге асыру;
* әртүрлі жұмыс қалпында жұмыс жүргізу;
* адамның физикалық және эмоционалдық шегінде жұмыс істей білу;
* зардап шеккен адамға психологиялық ықпал ету, үрейлік жағдайды тоқтату және басшының рөлін өзіне жүктеу;
* жылдам қалпына келу.
     Атап өтілген білім мен біліктілікпен қатар, құтқарушы тек осы мамандыққа ғана тән, келесі кәсіби сапаға ие болулары керек:
* аса үлкен физикалық және эмоционалдық ауырлық болған кезінде ыңғайсыз жұмыс қалпында, бір қалыпты қимылды ұзақ уақыт бойы орындау;
* әртүрлі жағдайда (антропогенді және табиғи) орын ауыстыру және жұмыстарды орындауға қабілеттілік, сондай  -  ақ нақты және ықтимал қауіп кезінде;
* өздігінен жұмыстың ең тиімді қарқындылығын таңдау, оларды басқа құтқарушылардың жұмыс қарқындылығымен, техника және құрал жабдықтарымен теңестіру;
* нашар көру, дыбыстық кедергілер, жарықтың кенеттен сөнуі, шаң болу, түтіндеу басқа да көңіл аударатын факторлар жағдайында, ақпаратты жылдам қабылдау мен тез қорытындылау;
* заттардың орын ауыстыру жылдамдығы мен бағытын бағалау мен айыра білу;
* кенеттен пайда болған қауіпке салмақпен әрекет ету;
* бір мезгілде бірнеше затты немесе оның бөліктерін бақылау;
* жалпы шудан <<пайдалы>> дыбыстық ақпаратты бөліп алу және қабылдау;
* аз уақытты айтарлықтай физикалық және жүйке  -  эмоционалды ауыртпалықтарды көтеру, назарын тез басқаға аудару, жаңа ауыртпалықтарды, сезімдерді, әсерлерді көтеруге дайыңдалу;
* заттарды, олардың сұлбасы мен белгілеріне қарап сенімді әрі қателіксіз тану;
* алдында тұрған жұмыспен өзінің күшін салыстыру;
* заттардың арасындағы қашықтықты анықтау;
* жағымсыз әсерлерді айқын көрінетін эмоционалдық ынтасыз көтеру;
* жұмысқа өздігінен өзгерістер енгізу және жағдай өзгерген кезде жылдам шешім қабылау;
* уақыттың жетіспеу жағдайыңда, төтенше факторлардың ықпалымен жылдам әрі нақты қимылдар жасау және қозғалу әсерінің тұрақтылығын сақтау;
* ұйқыны жеңе білу, тәуліктің әр мезгілінде тиімді жұмыс жасау;
* адамгершілікті, батыл, міндетті сезінетін, шыдамды, өз - өзін ұстай білу, жауапкершілік пен топшылдық қабілеті болуы керек;
* өзінің қызметін басқа да құтқарушылардың жұмысымен келістіру;
* жұмыстарды қауіпсіз орындау;
* тәжірибе жинау, қателіктерін түсіну мен тәуекел дәрежесін түсіне білу;   
* өзара түсіністік пен жанашырлық қабілеттеріне ие болуы керек.
ІҚЖ жүргізудің тиімділігі кәсіби білімнің, дағдының жан-жақты даму деңгейіне тәуелді. Құтқарушылардың кәсіби дайындығының деңгейі мамандық бойынша істеумен, меңгерілген аралас мамандықтар, сонымен қатар жұмыс тәжірбиесімен анықталады . 
Халықаралық класты құтқарушы 1 класты құтқарушы жұмысын 2 жылдан кем атқармауы керек. 1 класс құтқарушысына қойылатын талаптарға сай болуы керек. Батыс еуропа тілдерінің  сөйлесу тілін меңгеру; топта және шетелде құтқару жқмыстарына қатысуы; халықаралық құтқарушылар жарысында 1-2 орындар алған болуы тиіс.1 класты құтқарушы 2 класты құтқарушы болып 2 жылдан кем емес жұмыс істеуі керек. 2 класс құтқарушысына қойылатын талаптарға сай болуы керек. Жартылай арнайы техникалық немесе медициналық білімі болуы керек. ТЖ салдарын жоюда бірнеше рет қатысуы керек. 3 немесе 2 құтқару мамандығын меңгерген болуы тиіс және бір рет инструкторлық аттестациядан өтуі қажет.
2 класты құтқару 3 класты құтқарушы болып 2 жылдан кем емес қызмет істеуі керек. 3 класс құтқарушыға қойылатын талаптарға сай болуы керек.                  2 арнайы мамандық иесі болуы керек. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жоюда және құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірбиесі болуы керек. 3 класты құтқарушы  құтқарушы болып 2 жыл қызмет істеуі керек. 3 категориялы жүргізуші болуы керек және құтқарушы мамандығының біріне ие болуы тиіс.
Құтқарушы арнайы оқу-курстық дайындықтан өту керек. 
Квалификация алу үшін құтқарушы төмендегі мамандықтарды игеруі қажет. 1 класты құтқарушы: арнайы командирлік курстық дайындық немесе <<құтқару отряды>> жетонының кез- келген дайындығы, альпенизм бойынша инструктор - әдістемеші; туризм бойынша инструктор - әдістемеші; су асты спорты бойынша инструктор, авиа өрт құрамы инструкторы,  инструктор парашютист, апаттық  құтқару, су асты техникалық т.б. құтқару жұмыстарының маманы, спорттық қолданбалы түрлерінің маманы болуы тиіс. 2 және 3 класты құтқарушы: өрт сөндіруші десантник, өрт сөндіруші парашютист, өрт сөндіруші, дәрігер, кинолог, әуе көлігінің құтқарушысы, альпенисттер базасының құтқару отрядының басқарушысы, көлік жүргізуші, пиротехник, құрылыс техникасы машинисті, радиооператор, байланыс электромеханигі, медбике, электомонтер, жүк көтергіш техника машинисті.      



Дәріс № 3. 


№4 дәріс. Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері
                                       
         Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2007 жылдың                             15 мамырындағы Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі және еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік шаралары туралы тағы да баска ҚР нормативтік құқықтық актілері  -  құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік  -  құқықтық базасы болып табылады.
        Олар еңбек етуішлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуінің кепілін белгілейді және шаруашылық қызмет ету саласы мен ведомстволық бағыныштылығына және жеке меншік қалпына қарамастан барлық ұйымдар мен мекемелердегі, өнеркәсіптердегі жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы                    қарым  -  қатынасын реттеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар еңбек қызметінде және онымен байланысты үрдістерде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын құруға бағытталған.
     Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары.
      Қызметкердің:
* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына  сәйкес санитарлы  -  тұрмыстық ғимараттарға, жеке және топтық қорғаныс құралдарына, арнайы киіммен, сондай  -  ақ жеке және топтық еңбек келісім шартымен қамтамасыз етілуге;
* өзінің жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігі мен жағдайларға зерттеу жүргізу туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдарға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіну;
* еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға;
* өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;
* Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіби дайындыққа;
* жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың жай  -  күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп туралы, сондай  -  ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;
* ұйымның жұмыс еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
* жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекетеріне шағым жасауға құқығы бар.
       Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы     міндеттері 
       Қызметкер:
* өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың (улану) белгілері туралы, сондай  -  ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
* еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби ауру белгілері пайда болғанда мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге;
* жұмыс беруші қамтамасыз еткен арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
* жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда медициналық мекемелер берген кеңестерді орындауға;
* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын сондай  -  ақ жұмыс берушінің өңдірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетгі.
       Еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілердің бұзылуына кінәлі жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалар, ұжымдық келісімдермен немесе еңбек қорғау туралы келісімдермен бекітілтен міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекетік қадағалау мен бақылау органдарының, соңдай  -  ақ қоғамдык бақылаушының қызметіне кедергі келтіргендер ҚР заңымен сәйкес бекітілген әкімшілік, тәртіптік немесе қылмыстық жазаға тартылады.
       Жұмысшылар еңбекті қорғау туралы заңдар мен басқа да нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін ҚР заңымен сәйкес бекітілген тәртіптік, ал тиісті жағдайларда  -  материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
       Авариялық  -  құтқару жұмыстардың өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 27 наурызында <<Авариялық  -  құтқару қызметі және құтқарушылардың     мәртебесі туралы>> (10.01.2006ж. түзетулер мен толықтырулар енгізілді) № 87-1 Заңы қабылдаңды.
       Ол табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған аварияық  -  құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдасуы мен қызметі кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушының мәртебесін бекітеді.
      Құтқарушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері заңмен бекітіледі, табиғи және техногенді ТЖ зардаптарын жоюға қатысатын құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы саласындағы мемлекеттік саясат негізі анықталады.
      Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар авариялық  -  құтқару қызметінің мәселелері жөнінде аталған заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады және тек қана авариялық  -  құтқару қызметі мен құрылымдарының басшыларына (өздері жұмыс істеп жүрген құрылымдардың) ғана бағынады.
      Жергілікті сайланып қойылған және атқарушы органдар, жеке меншіктің барлық формасындағы ұйым басшылары мен азаматар құтқарушыларға өздерінің жұмыстарын атқару кезінде көмек көрсетуі керек. Құтқарушылардың жүмысына ешкім қандай да болмасын кедергі
жасауға құқы жоқ. ТЖ зардабын жою үшін авариялық  -  құтқару қызметі мен авариялық  -  құтқару құрылымдары тартылуы ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылады
       Барлық авариялық  -  құтқару қызметі мен авариялық  -  құтқару құрылымдары ҚР Үкіметі бекіткен кезекпен аттестациялауға жатады. Аттестациялаудан өтпеген құтқарушы құтқарушы мәребесінен айрылады.
Еңбек келісім шартында көрсетілмеген жұмыстар мен тапсырмаларды орындауға құтқарушыларды ешкім де мәжбүрлей алмайды. Құтқарушылардың  құқығы мен міндетгері туралы 2 тарау 2.1. бөлімінен қараңыз.
       Авариялық  -  құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін құтқарушыларың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті факторлардың болуымен ерекшеленеді және арнайы дайындығы мен экипировкалануын, жабдықталуын талап етеді. Құтқарушылар мәртебесінін ерекшеліктері ТЖ зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуы жөніндегі оларға жүктелген міндеттермен және осыған байланысты өмірі мен денсаулығына келетін қауіппен анықталады. Құтқарушы әр түрлі жұмыстарды, операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіз амалдарды білуі керек. Қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі кезінде көліктерді, құрылғьшарды, құрал  -  жабдықтарды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білуі керек. Осылардың барлығы авариялық  -  құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастырудың керекті нормативтік базасын анықтайды.


  + №5 дәріс. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары

      ТЖ зардабын жою үшін кезіңдегі құтқарушылардың жұмысы жоғарғы дәрежедегі қауіптілігімен ерекшеленеді. Құтқарушының денсаулығын, кей жағдайда өмірін сақтап қалу үшін мыналар қажет:
* еңбекті қорғау жөніндегі нормативті  -  техникалық құжаттардың талаптарын білу мен орындау;
* қорғаныс құралдарымен қамтылу және оларды пайдалана білу;
* жағдайды бағалай білу және қауіп дәрежесін анықтай білу;
* қиын  -  қыстау және жарақат қауіпі төнген кезде өзін дұрыс ұстай білу;
      Еңбекті қорғау  -  құқықтық, әлеуметтік  -  экономикалық, ұйымдық -техникалық, санитарлы  -  гигеналық, емдеу  -  алдын алу, оңалту және өзге де іс  -  шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе.
       Техника қауіпсіздігі  -  адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс  -  шаралардың жүйесі.

       Жазатайым оқиға  -  өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілгінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері.
       Кәсіби ауру  -  қызметкердің (кызмет) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.
       Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті еңбек қызметіндегі қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою немесе азайту болып табылады. Оның шешімі ұйымдастырушылық, техникалық, гигиналық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, этикалық әдістер пен құралдар арқылы.
       Еңбек қауіпсіздігін жоғарылатудың ұйымдастырушылық құралдары мыналардан тұрады:
* кадрларды кәсіби түрде таңдау мен дайындау;
* орындаушыларды барлық деңгейде кәсіби пайдалану мен орналастыру;
* біліктілігін арттыру және білімі мен өндірістік дағдыларын жетілдіру;
* өндіріс үрдістері мен әдістерінің қауіпсіздігін жоғарылату;
* енбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру мен сапасын жетілдіру;
* жеке орындаушылар қызметіндегі функционалдық міндеттерді нақтылау, олардың жұмысын еңбекті қорғау жөніндегі қалыптар мен ережелер бойынша регламенттеу;
* еңбекті қорғаудың жағдайын қатаң бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
* еңбек процесінің қалыпты және қауіпсіз жүруі үшін әлеуметтік, материалдық және техникалық жағдайларын жетілдіру;
      Ұжымдық қорғану құралдары  -  жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдардың зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар болса, жеке қоргану құралдары деп қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдарды айтады.
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің техникалық құралдары өндірістік үрдістер мен операциялардың тиімділігін жоғарылатуға қызмет етеді. Олар адамның жұмсаған физикалық күшін жеңілдетуге, сондай  -  ақ еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен жетілдірілуіне негізделеді. Қазіргі жағдайда ерекше қажетті болып табылатын, техникалық құралдарды жетілдіру кезіндегі еңбекгі қорғаудағы негізгі ережелердің бірі  -  қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға ауысу міндеті болып отыр.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің гигиеналық құралдары адам мен еңбек процесі және қоршаған орта арасындағы жағымды қарым  -  қатынасты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оларға жататындар:
* қоршаған орта мен еңбек жағдайлары факторларының адам ағзасына әсер етуін зерделеу;
* еңбек үрдісінің зиянсыз өтуі үшін физиологиялық және гигиеналық критерилерді бекіту;
* еңбек үрдістері үшін гигинеалық нормаларды регламенттеу мен анықтау және олардың негізіңде еңбек үрдістерін санкциялау;
* шаршауды, кәсіби және жалпы ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын дайындау;
* еңбек жағдайлары мен өндіріс ортасының санитарлы  -  гигиеналық жағдайын бақылау мен үнемі қадағалауды ұйымдастыру және іс жүзінде жүзеге асыру;
* санитарлы техникалық қондырғылар, құрылғылар мен аспаптардың, тұрмыстық ғимараттардың, санитарлық құралдар мен ЖҚҚ  -  ның жағдайы мен гигиеналық тиімділігін бағалау;
* қызметкерлер құрамын санитарлы  -  гигиеналық қамту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде сапалы оқытуды ұйымдастыру;
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің әлеуметтік құралдары еңбек ұжымының тіршілік етуімен байланысты. Қызметкерлер құрамын жоспарлау мен әлеуметтік дамуы өндірістің әлеуметтік құрылымы элементтерін ұйымдастыру мен жұмысын басқару болып табылады. Адам өмірін қорғау мен оның еңбек үрдісіндегі қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қызмет ететін әлеуметтік орта төмендегі бөліктерден тұрады:
* пайдаланудағы техникалардың, технологиялардың қалтықсыздық деңгейін, өндірістік жағдайды, қорғаныс құралдарының жағдайын, еңбек қарқындылығын және т.б. анықтау;
* өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жағдайы, жұмыс орындарының жабдықталуы, метеорологиялық жағдайлар, сапалы желдету, жылу мен жарық, шуыл деңгейі, діріл және басқа да факторлар;
* өмірдің материалдық жағдайлары. Оларға жататындар: материалдық деңгей және оның өзгеруіне өндірістік қызмет ерекшелігінің әсері;
* өндіріс саласынан тыс тұрмыс жағдайы және энергиялық шығынды қалпына келтіру мүмкіндігі.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің құқықтық құралдары еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылатын заңнамалық  -  нормативтік актілерден тұрады. Бұл тұста ең басты роль еңбек заңнамаларына және олардың негізінде дайындалатын нормативтік құжаттарға беріледі. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек қорғауға қатысты: ғимараттар,  техникалық үрдістердегі, құрылғылардағы және т.б. еңбек қорғау талаптары заңмен белгіленген. Алдын ала бақылауды регламенттеу көзіне еңбек қауіпсіздігін стандартизациялайтын актілер, санитарлық және тағы да басқа нормалар мен ережелер жатады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралардың ішіндегі ең негізгілеріне кіретіні  - 
жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне қойылатын зандық талаптары. Мерзімді медициналық бақылауды жүргізу денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді және ауру белгілерін дер кезінде анықтауға көмегін тигізеді.
      Еңбек қауіпсіздігін көтерудің психологиялық құралдары ұжымдағы психологиялық климатты, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігін анықтайтын барлық факторларды жинақтайды. Енбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуде кадрларды кәсіби таңдау, оларды жұмыстың қауіпсіз тәсіліне оқыту мен дайындау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен орналастыру, олардың өзара          қарым  -  қатынастарының мәселелері ерекше орын алады. Толассыз өзгеріп отыратын ақпарат көлемін өңдеу және тиісті жағдайда барынша дұрыс шешім қабылдау өндірістік қызметке тән сипаттың бірі болып табылады. Осының барлығы қызмет барысындағы психологиялық үрдістердің рөлін арттырады, олар: көзқарастың шиеленісуі, жағдайды есте сақтауды, ойлауды, қабылдау мен бағалау. Еңбек психологиясының талаптарын есепке алу адамның стресстік жағдайын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл жағдайларда жарақат қауіпі және авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігі көбейіп кетеді.
       Еңбек қауіпсіздігін көтерудің этикалық құралдары еңбек үрдісі және ұжым мүшелерінің ара қатынасын көрсетеді. Мұндай                           қарым  -  қатынастардың сипаты мен көрініс табуы еңбекті қорғаудың басты салаларының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі ереже және нұсқаулықтардың негізінде еңбек ұжымының арасындағы қарым -қатынасты құру  -  басшының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұжымдағы қарым  -  қатынас формалары әр түрлі болады және ең алдымен мына жайттарға байланысты болып келеді: бағыныштылық, өзара қызмет, өзара көмек және т.б.

  + № 6 дәріс. Қауіпті және зиянды факторлар  -  факторлар тобы

       ТЖ жағдайында авариялық  -  құтқару жұмыстарды жүргізу адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлармен қоса жүреді.
       Қауіпті және зиянды факторлар әсер ету сипатына байланысты келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық,биологиялық, психологиялық.
      Физикалық қауіпті және зиянды факторлар келесі топтарға бөлінеді:
* қозғалмалы көліктер мен механизмдер; 
* өндірістік құрылғылардың жылжымалы бөліктері; 
* қозғалатын заттар, дайындалған заттар мен материалдар; 
* бұзылған құрылғылар; 
* қирамалы тау жыныстары;
* жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануы мен ластануы;
* құрылғы, материал беті температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* жұмыс аймағындағы шу деңгейінің жоғарлауы;
* діріл деңгейінің жоғарылауы; 
* инфро дыбыстық тербеліс деңгейінің жоғарылауы;
*  ультра дыбыс деңгейінің жоғарылауы;
* жұмыс аймағындағы барометрлік қысымның жоғарылауы немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруі;
* ауа ылғалдығының жоғарылауы немесе төмен болуы;
* ауа қозғалысының жоғарылануы немесе төмен болуы;
* ауаның жоғарыланған немесе төмендеген иондалуы;
* жұмыс аймағындағы иондаушы сәулелер деңгейінің жоғарылауы;
* электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы, адамның денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықтары; 
* статикалық электр тогының жоғарылаған деңгейі; 
* электромагниттік сәулеленудің жоғарыланған денгейі;
* электр өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
* магнит өрісінің жоғарыланған кернеулігі;
* табиғи жарықтың  жоқтығы немесе жетіспеушілігі;
* жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
* жарықтың жоғарылауы;
* түстердің қарама  -  қарсылығының төмендеуі;
* тікелей және шағылыса жарқырау;
* жарық толқынының жоғарыланып жүруі;
* ультракүлгін радиация деңгейінін жоғарылауы;
* инфрақызыл радиация деңгейінің жоғарылауы;
* дайын заттардың, құрал  -  жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір  -  бұдырлық;
* жұмыс орнының жерге қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде орналасуы;
* тепе - теңдіктің жоқ болуы.
   Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді
а) адам ағзасына әсер ету сипатына қарай:
* уытты;
* тітіркендіргішті;
* сенсибилизациялаушы;
* канцерогендік;
* мутагеңдік;
* репродуктивтік қызметке әсер ететін;
б) адам ағзасына ену сипаты бойынша:
* тыныс алу органдары;
* ішек  -  қарын жолы;
* тері жамылғысы мен шырышты қабық.
      Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға келесі биологиялық нысандар жатады: 
* патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар,) және олардың тіршілігіне қажетті заттар.
* микроағзалар (өсімдіктер мен жануарлар).
     Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ету сипатына қарай мына топтарға бөлінеді: 
* статикалық;
* динамикалық
     Нервті  -  психикалық ауыртпалықтар мына топтарға бөлінеді: 
* ақыл  -  ойлық ауыртпалықтардың ұлғаюы; 
* анализаторлардың шамадан тыс шаршауы;
* эмоциялық ауыртпалықтар.
    Бұл аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өзінің әсер ету табиғатына байланысты бір мезгілде бірнеше топқа жатады және барлық сипаттағы ТЖ кезінде орын алады (табиғи, техногенді).


  + № 7 дәріс. Қорғаныс және іздеп табу құралдары  -  топтасуы. 
            класстары. құрал  -  жабдықтары
                                        
        ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек.
       Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
* топтық қорғаныс құралдары;
* жеке қорғаныс құралдары.
      Топтық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:
* жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары (барометрлік қысымның шамадан тыс жоғары немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруінен, ауа ылғалдығының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауаның шамадан тыс жоғары немесе төмен иондалуынан, ауадағы оттегі концентрациясының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауадағы зиянды аэрозоль концентрациясының шамадан тыс болуынан);
* жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары (жарықтың төмен болуынан, табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігінен, көру мүмкіндігінің төменденуінен, ыңғайсыз немесе көз шағылыстыратын жарықтан, жарық толқынының шамадан тыс жүруінен, жарық берудің төменгі көрсеткішінен);
* иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;
* электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;
* лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; 
* шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;
* дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және
жергілікті);
* ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары; 
* электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;
* құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;
* ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;
* механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер; 
* өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері; 
* қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар;
*  конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары; 
* сусымалы материалдар; дайын заттардың, құрал  -  жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір  -  бұдырлық және жиектің өткірлігі);
* химиялық факторлардан қорғау құралдары;
* биологиялық факторлардан қорғау құралдары:
     Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:
* оқшаулағыш сырт киім;
* тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;
* арнайы қорғаныс киімі;
* аяқты, қолды қорғау құралдары;
* басты, бетті, көзді, есту мүшелерін  қорғау құралдары;
* биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;
* теріні қорғайтын құралдар; 
* аралас қорғаныс құралдары;
     Қауіпті және зиянды факторларды іздеп табу мен әсер ету күшін анықтау, олардың әсерінен қорғаудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта арнайы құрылғылар қолданылады.



№ 8 дәріс.  Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары  -  сүзгіш,  оқшаулағыш. Респираторлар
                                       
        Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
      Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді:
* аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;
* булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;
* ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
     Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді:
* шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;
* автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
      Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.
      Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті  -  сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.
        Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
        Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
        Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
       Авариялық  -  құтқару жұмыстары кезінде сүзгіш газқағарлар кеңінен қолданылады. Олар тек кана химиялық заттардың ауадағы концентрациясы мен құрамы белгілі болғанда, ал қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болмаған жағдайда қолданылады (көлемді); бұған қоса ТАОЖҚҚ қорғау қызметінің уақыты ТЖ аймағында жұмыс жасауға жетуі және жоғарғы тыныс алу жолдарының күюін болдырмауы керек.
      Қорғау қызметінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% және қоршаған орта температурасы 30 °С - ден 40 °С дейін болуына арналған.
      Құтқарушыларды кәсіпорындарда орын алған авариялар кезінде    ҚӘЗУ  -  ден қорғау үшін үлкен және кіші габаритті өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар қолданылуы мүмкін. Олардың қатаң бағытталуы (таңдаулы) бар және тек қана белгілі бір химиялық заттардан қорғануға арналады.
      Өнеркәсіптік газқағарлардың қораптары аэрозольге қарсы (АҚС) сүзгіштермен және сүзгіштерсіз (М және СО маркалы) шығарылады. ҚӘУЗ жұтылуы үшін АҚС бар қорапшаларды қолданған дұрыс. Кейбір ҚӘУЗ жөніндегі үлкен габаритті қораптардың қорғаныс қызметінің уақыты төмендегі кестеде көрсетілген.

ҚӘЗУ бойынша өндірістік газқағарлар қорапшасының сипаттамасы
                                       
                              КӘУЗ атауы
           Бастапқы конпентрациясы мг/м[3]
  Қорапшалардың қорғау қызметінің уақыты,
        мин және айырым түстері                             |




                                      А
                                  қоңыр
                                      В
                                   сары
                                     КД
                                    сұр
                                     СО
                                     ақ
                                      м
                                  қызыл
                                    БКФ
                                  жасыл
Аммиак
                                     15000
                                       -
                                      2,2
                                      21
                                      21
                                      40
                                      2,6
Акрилонитрил
                                     10000
                                      180
                                      48
                                      33
                                       -
                                       -
                                      48
Хлор
                                     25000
                                      40
                                      47
                                     37,6
                                      46
                                      43
                                       4
Күкіртті ангидрид
                                     14000
                                       -
                                     11,9
                                       -
                                       -
                                       
                                       
Этилен тотығы
                                     10000
                                       3
                                       7
                                       -
                                      37
                                      65
                                       8
Азот тотығы
                                     5000
                                       -
                                      60
                                       -
                                      26
                                      38
                                       
Фосген
                                     22000
                                      22
                                      62
                                      30
                                      34
                                      14
                                      53
Фторлы сутек
                                     5000
                                      30
                                      30
                                       
                                      30
                                      30
                                      30
Хлорлы циан
                                     6000
                                       .
                                       -
                                       -
                                       .
                                       -
                                      111
Хлорпиктин
                                     36000
                                       -
                                       -
                                       -
                                       -
                                       -
                                      32
Күкірткөміртек
                                     17000
                                     50,7
                                     56,9
                                      17
                                      45
                                      38
                                     49,7

       Көрсетілген түстен басқа АҚС бар газқағарлардың қорабында тігінен жүргізілген ақжолақ болады. Аз габаритті қорапты өнеркәсіптік газқағарлар жоғарыдағы кестеде көрсетілгендерден 2,5 есе төмен мағыналы ҚӘУЗ концентрациясында қолданылады.
      ПМФ  -  1 өндірістік сүзгіш газқағары тек белгілі бір ҚӘУ3 буларынан, газдарынан, аэрозольдарынан қорғануға арналған. Газқағар панорамалық әйнегі бар беттік бөліктен, белгілі маркадағы (ҚӘУЗ түріне байланысты) газқағарлық қорапшадан тұрады. Зақымдалу көзінен 500 м және одан жоғары қашықтыққа кеткенде қолданылады. Газқағармен жұмыс істеу уақыты 30  -  дан 100 мин дейін (30 л/мин орташа ауыртпалығы кезінде).
      
                       Окшаулағыш ТАОЖҚҚ
                                       
       Құтқарушыларды ҚӘУЗ буының жоғарғы концентрациясынан,  сондай  -  ақ өрттерден, кейінгі атмосфераның жоғарғы түрінді газдануынан және жарылыстар мен заттардың балқуы кезінде оқшаулағыш ТАОЖҚҚ қолданылады. Оларды концентрация құрамы белгісіз болғанда қолданылады; қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болған жағдайда (көлемдік бөлігі); басқа ТАОЖҚҚ қорғаныс қызметінің уақыты зақымдалған аймақта жұмыс жасауға жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады.
       Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ  -  тар автономды және шлангты болып екіге бөлінеді. 
        Автономды ТАОЖҚҚ адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды. ҚӘУЗ шығуымен (төгілуімен) байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды ТАОЖҚҚ болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылган ауасы бар металл баллоннан және оның тыныс алу органдарына берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады.
        Шлангті ТАОЖҚҚ тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.
       Оқшаулағыш газқағар регенеративті патрондармен жабдықталған, олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта (сілтілі металлдардың тотығы  -  натрий мен калийдің) болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буы мен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей тынысалу аппараттары мен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ - 2 (сығылған ауамен), КИП  -  8, КИП  -  9 (сығылған оттегі бар) және ИП - 4 (химиялық байланысқан оттегі бар). АСВ  -  2, КИП оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ  -  дің ауадағы жоғары концентрациясынан тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
       ИП  -  4М оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай  -  ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
       СПИ  -  2 өндірістік оқшаулағыш өз  -  өзін құтқарушы (ПДУ - 3) қысқа мерзімді жедел қорғануға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған.
       Оқшаулағыш тыныс алу аппараттары баллондарын бірнеше мәрте ауыстыру мүмкіндігімен немесе регенератнвті патрондардың көмегімен көп уақыт пайдалануға болатын құралдарға жатады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ жұмыс уақыты, ең алдымен, физикалық ауыртпалыққа, қоршаған орта температурасына және ауа (оттегі) қорына немесе оттегісі бар құралдардың қорына байланысты болып келеді. Тыныс алу органдарын қорғаудың ең басты элементтерінің       бірі  -  ЖҚҚ, оның ішінде газқағарларды білу мен дұрыс пайдалану болып табылады.
       Газқағарды пайдалануға дайындау шлем  -  масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек.              Шлем  -  масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш  -  жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.
      Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем  -  масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш  -  жұтқыш қораптың мойының шлем  -  масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне  -  сүзгіш  -  жұтқыш қорап, үстіне  -  бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.
       Газқағарды сөмкеге салынған күйінде алып жүреді. Сөмкенің бауы оң иыққа асылады. Сөмкенің өзі сол жақ жамбасқа қарай, клапаны өзіне қарап тұрады. Газқағар <<далалық>>, <<дайындық>>, <<ұрыс>> жағдайында болуы мүмкін. <<Далалық>> жағдайда  -  улы заттармен, ҚӘУЗ  -  бен, радиоактивті тозаңдармен, бактериологиялық заттармен зақымдалу қауіпі төнбей тұрғанда сол жағында тұрады. Жүрген кезде қолға кедергі жасамас үшін артқа қарай ысырылып қойылуы мүмкін. Сөмкенің жоғарғы жағы белдің деңгейінде болуы, ал клапаны түймеленіп тұруы керек. <<Дайындық>> жағдайында сөмкені сәл алдыға қарай орналастырып, белге белдік арқылы бекітіп қояды. Клапанның түймесін ағытып кояды. Бұл газқағарды жылдам пайдалануға көмегін тигізеді.
Газқағарды <<ұрыс>> жағдайына ауыстырған кезде:
* тынысты шығармай, көзін жабу керек;
* бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек;
* шлем  -  масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем  -  масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері  -  кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды.
* толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді;
* бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді;
      Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама  -  қарсы орналасса және   шлем  -  маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек.
      Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем  -  масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем  -  масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды.
       Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем  -  маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл  -  мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек.


№ 9 дәріс Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

      Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.
      Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық  -  құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:
* желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
* ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
* ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
       Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо  - құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді.
      Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.
     Шуға қарсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын  -  жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған.
     Шуға қарсы құлақ қалқандар есту органдарын  -  жоғарғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны <<Берушкалар>>. Олар деңгейі   100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай  -  ақ тұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады.
Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
        Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады.
     Сыртқы әсерлерден  -  ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты,   дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.
      Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады. Пайдаланушының талабына сай каскалар респиратор тағылатын құрылғылармен, шуға қарсы құлақ қалқандармен, көз бен бетті қорғайтын көзілдірік қалқанмен жабдықталады. Техникалық талаптарға сәйкес каскалар тік бағытталған энергиясы 80 + 0.2 Дж соққыға шыдамды болуы керек; сонымен қатар корпус шытынамауы және сынбауы керек,       сондай  -  ақ ішкі қабаты да зақымданбауы керек. Соққы кезіңдегі басқа келетін ауыртпалық 5 кН, ал санылау 5 мм кем болмау керек. Қауіпсіз тік саңылау (ішкі қабат пен корпустың ішкі жағының аралығы) - 35 - 50 мм. Каскада қарастырылған амортизация болуы үшін оның ішкі қабаты басқа толығымен киіліп тұруы керек. Бұл үшін оның бір бөлігінде тұрған амортизатордың жарты дөңгелектерін біріктіру керек. Амортизатордың орталық бауын тоғасы беттің оң жақ бөлігінде тұратындай етіп, мықтылап касканың корпусына бекітеді. Дөңгелек амортизаторлар соңдай  -  ақ каска корпусы фиксатормен жалғастырылады. Ішкі қабаттың тереңдігін дөңгелек амортизаторлардың жіктерін ауыстырып, фиксаторлардың көмегімен орнатуға болады. Дөңгелек амортизатордың басқа қысым көрсетуін болдырмау үшін оларда созылмалы жұмсақ материалдан жастықшалар болады. Тоға бір қолмен шешіледі. Бұл үшін бас бармағымен тілшікті, ал кіші және бармақпен бауды тартады. Мойынды атмосфералық шөгінділер мен желден қорғау үшін пелерин ойластырылған. Пелеринді орналастыру үшін дөнгелек амортизатор мен амортизатордың орталық бауын каскадан шешіп алу керек. Орталық амортизатор бауының фиксаторы пелеринаның шеткі саңылауларынан өткізіледі, осыдан кейін ішкі қабатын касканың корпусына орнатады. Қысқы уақытта касканы шлем астына салынатын қабатпен бірге қолданады. Шлем астына салынатын қабатта орнату үшін дөңгелек амортизатордан жастықшаларды алып, одан кейін дөңгелек амортизаторды шлем астындағы қабатқа кигізеді. Орталық амортизатор бауының фиксаторларын шлем астындағы қабаттың ленталы ілгектерінен өткізеді, бұдан кейін ішкі бөлікті касканың корпусына орнатады. Каскалар құрғақ, жабық орында, тақтайдың үстінде, соныменен қатар жылыту жүйесінен 1 м қашықтықта сақталуы тиіс. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен қорғалған болуы керек. Сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 2 жылды құрайды. Басқа дәлденіп және толық түймеленген каска белгіленген қорғаныс пен қамтамасыз етеді.
Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.


                           Жеке қорғаныс
                               құралдар
            Физикалық жүктің       ауырлығы
Күн астында жұмыс істеу уақыты                      
                                       
                                       
                                       
                                    15 - 19
                                     20-24
                                     25-29
          30    және     одан  жоғары                 
          Оқшаулағыш текті корғаныс киімі
                                  Жеңіл
                                  Жеңіл
                            180 артық емес
                                    90 -20
                           60-90                    
                                       
                                       
                                 Орташа
                                 Орташа
                                    90-120
                                     40-60
                            20-35                  
                                       
                                       
                                   Ауыр
                                   Ауыр
                                     40-60
                                     15-30
                           15-20                    
   
        ТҚЖҚҚ  -  да үздіксіз болудың ең жоғарғы деңгейі тек бейімделуден өткен құтқарушыларға ғана қолданылуы мүмкін.
        Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл  -  деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай  -  ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта  -  маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл  -  деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т.б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.
      Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ  -  ден қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:
* улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;
* қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;
* сілтілерден қорғайтын арнайы киім.
      Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған.
       Авария ошағындағы ҚӘУЗ  -  ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады.
       Химиялық оқшаулағыш жиынтық  КИХ- 4 (КИХ-5).  Газ тектес       ҚӘУЗ  -  дердің (хлор, аммиак) жоғарғы қоспалары әсер ету жағдайында, азот және күкірт қышқылы, сондай  -  ақ сұйық аммиактың әсер етуі жағдайындағы жұмыстарды орындау барысында газдан құтқару бөлімшелерінің, авариялық  -  құтқару құрылымдарының және АҚ әскерінің жеке құрамын қорғауға арналған. Жиынтық құрамына қорғаныс костюмі, резеңке және мақта  -  маталы қолғаптар кіреді. Костюм герметикалық қайырмалы бас киімі бар комбенезоннан тұрады. Оның беткі бөлігіне панорамалық әйнек жапсырылған. Комбенезонның шалбары резеңке материалдан жасалған шұлықпен аяқталады, олардың сыртынан резеңке етік киіледі. Арқа бөлігінде костюмді киіп  -  шешуге арналған тесік бар. Ол костюм материалымен герметизацияланып, жабылады. Костюм тігістерін герметизациялау алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Бұл мақсатта жабыстырылатын лентаны пайдаланады.
        Авариялық қорғағыш жиынтық. Құтқарушыларды ашық оттың қысқа мерзімді әсерінен, жылулық сәулеленуден және кейбір газ тектес       ҚӘУЗ  -  ден (күкіртсутек) қорғауға арналған. Күкіртсутектің әсер еткен кездегі от ошағына жақын тұру жағдайында авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қорғануға арналады. Газконденсатты және мұнай кен орындарындағы өрттер кезіңде тері жамылғысы мен тыныс алу органдарын қорғаныспен қамтамасыз етеді. Жиынтық құрамына екі косютм (жылу шағылыстыратын және жылудан қорғайтын),  етік пен үш палды қолғап кіреді.
        Жылудан қорғайтын костюм маталық емес, жылуға тұрақты материалдан (фенелон АТМФ-1) дайындалады. Астары мақта  -  матадан салынып, комбенезон түрінде дайындалған. Алдыңғы жағынан <<сыдырма>> ілгегі бар, ал артқы жағында тыныс алу аппаратына арналған құндағы бар. Қорғаныс жиынтығы мақта  -  матадан дайындалған арнайы киімнің сыртынан киіледі.
        Костюм астынан киілетін желдеткіш кеңістігі бар Ч - 20 оқшаулағыш қорғаныс жиынтығы. Құтқарушының тыныс алу органдары мен терісін газтәрізді және сұйық ҚӘУЗ  -  ден қорғауға арналған. Оны           авариялық  -  құтқару жұмыстарын жүргізгенде және авариялардың зардаптарын жойған кезде киеді. Жиынтық: шешілетін жартылай етігі бар герметикалық комбенезоннан, қолғап пен шешіліп алынатын қайырмалы баскиімнен тұрады, беткі бөлігіне МГП немесе М-80 бетпердесі желімделген. Комбенезон мен қайырмалы баскиім прорезинді материалдан жасалған. Тыныс алу мен костюм астындағы кеңістікті желдетуге арналған ауаны жіберу мен тазалап отыру  -  комбенезон астында орналасқан ауа беру мен тазалау торабы арқылы жүзеге асырылады. Ауа беру мен тазалау торабы: қоректендіру блогынан, шағын желдеткіштен, ҚӘУЗ  -  ден жоғарғы дәрежеде қорғау қасиеті бар газқағар қораптан тұрады. Бұдан басқа жиынтықтың ішіне мақталы  -  маталы материалдан жасалған көкірекше (жилет) мен шлемнің астынан киетін қабат кіреді. Қорғаныс жиынтығы іш киімнің сыртынан киіледі. Пайдаланылып болғаннан кейін жиынтықты сыртынан су құю арқылы залалсыздандырады.
       ҚӘУЗ  -  ден қорғайтын сүзгіш типтегі жеке қорғаныс құралына жататындар: ФЗО - МП сүзгіш қорғаныс киімі, ЗФО - 58 сүзгіш қорғаныс киімі, сілті мен кышқылға қарсы костюм және жалпы әскерге арналған қорғаныс жиынтығы. Бұл құралдардың барлығы оқшаулағыш газқағармен бірге қолданылады.
       ФЗО  -  МП сүзгіш қорғаныс жиынтығы. Әр түрлі ҚӘУЗ  -  ден теріні қорғауға арналған. Шалбар мен бас киімі бар күртешеден тұрады, екі қабатты; жоғарғы қабаты мақталы  -  лавсанды матадан жасалған, қышқылдан қорғайтын сіңдірмесі бар. Жиыктыққа бөзден жасалған ішкі қабат (күртеше мен шалбар), біріктірілген қолғаптар, рәзеңкелі  -  текстильді бәтеңкелер. ФЗО  -  МП жиынтығының құрылысы ҚӘУЗ буларының тері жамылғысына түсуін болдырмайды.
      ЗФО  -  58 сүзгіш қорғаныс киімі. Әр түрлі ҚӘУЗ  -  дің  буларынан теріні қорғау үшін пайдаланылады. Мақта  -  маталы комбенезоннан, іш киімнен, шлем астынан киетін қабаттан, екі жұп шұлғаудан тұрады. Аварияны қоршауға алған кезде жүргізілетін құтқару жұмыстарында пайдаланылады.
       Сілтіге, қышқылға қарсы костюмдер. Күйдіретін натриймен      (35% дейінгі концентрациясы бар), қышқылдардың ерітінділерімен      (22% дейінгі концентрациясы бар) жұмыс жасағанда және ҚӘУЗ  -  дің жоғарғы концентрациясындағы буларынан қорғану үшін пайдаланылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, қалпақ, қолғаптар,      шлем  -  маска. Екі өсу шегі бар бір қабатты прорезиналық матадан тігіледі.
       Жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы. Әскер мен АҚ құрылымдарының құтқару жұмыстары кезінде ҚӘУЗ  -  ден қорғануына арналған. Жалпы әскерге арналған қорғаныс костюмымен бірге қолданылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, шлем астынан киілетін қабат, күнқағары бар пилотка, қорғаныс киім, қорғаныс кольцондары, қорғаныс шұлықтары, қорғаныс қолғаптары, қорғаныс плащы. 
     
Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар.
                                       
        Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай  -  ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.
      Технолгиялық санитарлы  -  техникалық және санитарлы  -  гигиеналық іс  -  шаралармен қоса қорғаныс майларын, пасталарын, кремдерін пайдалану терінің кәсіби ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша жасалған ең тиімді іс  -  әрекет болып табылады. Бұл құралдар тері мен оған әсер ететін сыртқы ортадағы тітіркендіргіштер арасындағы қалқан болып табылады. Тек қана ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатын алған, стандартты және стандартсыз көлемде арнайы кәсіпорындар шығаратын дермотологиялық құралдарды ғана пайдалану керек. Арналуына қарай және физика  -  химиялық құрылысына қарай қорғаныс майлары, пасталар мен кремдер үш топқа бөлінеді.
       Бірінші топқа қолдың терісін судан, қышқыл ерітінділерінен, сілтілерден, сулы және содалы майлық эмульсиялардан және тағы да басқа химиялық заттардан қорғауға арналған гидрофобты препараттар жатады. Бұл топқа жататын құралдар сумен жуылмайтын және онда ерімейтін заттардан тұрады, мысалы:
* ИЭР-2 пастасы парафиннен, цезериннен, вазелин немесе сепаратты майлардан тұрады. Тері жамылғысын әр түрлі қышқылдың сулы ерітіндісінен, сілтілерден, тұздардан және сілтілі  -  майлы эмульсиялардан қорғауға арналған;
* Қолға арналған силикон кремі. Қолдың терісін судан, тұздың сулы ерітіндісінен, қышқылдардан, сілтілерден және т.б. қорғауға арналады.
       Екінші топқа органикалық сусыз ерітінділермен, мұнай өнімдерімен, майлармен, лактармен, қара маймен жұмыс жасағанда қол терісін қорғауға арналған гидрофильді препараттар кіреді.
* ИЭР  -  1 пастасының құрамында арнайы сұйық сабын, техникалық глицирин, ак балшық (каолин), су бар. Органикалық ерітінділермен, минералды майлармен, лактар және сырлармен жұмыс жасағанда қолдың терісін қорғауға арналады;
* ХИОТ  -  6 пастасының құрамында тағамдық желатин немесе фотожелатин, бидай немесе картоп крахмалы, медициналық глиценин, Буров сұйықтығы және су бар. Таскөмір және минералды майлармен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі органикалық еріткіштермен және лактармен жұмыс жасағанда алдын ала қолдануға арналған;
* ПМС  -  30 силиконды қорғаныс кремі  -  бір текті ак масса, шошқа майының консинтенциясы. Эмульсиялық балауыздан, кастор майынан және басқа да пайдалы заттардың сұйықтықтарынан тұрады. Қол терісін мұнай өнімдерінен қорауға арналған.
* <<Пленка түзуші>> крем құрамында эмульсиялық балауыз, полтвинилді спирт, карбоксилметил  -  целлюлозаның натрий тұзы, желатин, глицерин, тальк, титанның екі тотығы, консервант, су бар. Қолдың терісін мұнай өнімдерінен, органикалық еріткіштерден, лактардан, қарашайдан, желімнен қорғауға арналған.
           Үшінші топқа тазартқыштар кіреді. Олардың құрамында сабын, сілтілер, тұздар және үстіртін  -  белсенді заттар бар. Бұлардың барлығы қолдағы майды тазартуға арналған: автол майы. Автолды пайдалана отырып жасалған, крем тектес май. Қолды мұнай және т.б. кірден тазартуға арналған. <<Ралли>> пастасы. Майлағыштармен, татпен, майлы сырлармен, графитгі  -  майлы және басқа да заттармен кірлеген қолды тазартуға арналған.

               Электрден қорғау құралдары

       Электрден қорғау құралдары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Электрден қорғайтын негізгі құралдарға электр құралдарының  
1ООО В астам кернеу өткізетін бөліктерімен жанасқанда қорғайтын құралдар жатады: өлшеуге арналған оқшаулағыш штангтар, оқшаулағыш және тоқ өлшейтін қысқьштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар, құрал жабдықтар (сатылар, алаңдар, ұстап тұратын құралдар). 1000 В дейінгі кернеулі электр құрылғыларына құралдарға оқшаулағыш тұтқасы оқшаулағыш қысқыштар, сондай  -  ақ траптар, және темірбетон тіреуіштері бойымен қозғалуға арналған құралдар, диэлектрикалық қолғаптар, кернеу көрсеткіштері жатады.
       Электрден қорғайтын қосымша құралдарға жататындар: диэлектрикалық етіктер мен галоштар, оқшаулағыш тіреуіштер, диэлектрикалық кілемшелер мен жолақтар.
       Желідегі немесе электр құрылғыларындағы кернеудің бар  -  жоғын анықтау үшін белсенді тоқтың өту принципі бойынша жұмыс істейтін арнайы көрсеткіштер мен кернеу сигнализаторлары жатады. Кернеуі 500 В болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар  -  жоғын тексеру үшін арнайы кернеу көрсеткіштері қолданылады. Кернеуі 1000 В аса болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар  -  жоғын тексеру үшін кернеу көрсеткіштері қолданылады. Көрсеткіштің (индикатор) жұмыс істеу принципі ол арқылы электр тоғы өткен кезде неон шамдарының жануына негізделген. Өткізгіштегі 10 В дейінгі кернеулі электр тоғының күшін өлшеу үшін тоқ өлшейтін қысқыштар пайдаланылады. Оқшаулағыш құралдар, кернеу көрсеткіштері және ток өлшейтін құрылғылар тек тиісті кернеуге ғана қолданылады және ақаусыз және сынақ мерзімінен өткені туралы белгісі болуы керек.
      Резиналық диэлектрикалық электрден қорғау құрылғылары басқа заттардан бөлек, жабық шкафтар немесе жәшіктерде сақталады. Оларды майдың, бензиннің және тағы да басқа заттардың әсерінен қорғау керек, ал қолданар алдында мұқият қарап шығып, жақсылап тазалау керек. Өшірулі тұрған электр құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған электрқондырғылар: қалқандар, оқшаулағыш төсемдер (15 кВ кернеу болғанда) және резина қалпақтар. Сонымен қатар, электрден қорғау құрылғыларына биіктікте жұмыс жасауға арналған құрылғылар да жатады: қорғап тұратын монтер белдіктері, белдігі бар монтер тырнақшалары, сақтандырғыш арқандар, телескоптық бағаналар, аспалы  -  баспалдақтар, қосалқы баспалдақтар. Монтерлық белдіктер мен тырнақтар тиісті сынақтан өткеннен кейін ғана пайдалануға беріледі. Белдіктер 225 кг жүкті, ал тырнақтар 135 кг жүкті 5 мин. ішінде көтеріп тұруға шыдайды. Барлық аспалы  -  баспалдақтар қосалқы баспалдақтар белгілі бір учаскеде болуы керек және нысанның номері көрсетілген тақтайшалары болуы керек. Қауіпті орындарда қағылған ескерту тақтайшалары да электрден қорғау құралдарына жатқызылады. Өзінің арналымы бойынша плакаттар төрт топқа бөлінеді:
* алдын ала ескертетін: <<Ұстама  -  қауіпті>>, <<Жоғарғы                кернеулік  -  өмірге аса қауіпті>> және т.б.
* тиым салатын: <<Қосуға болмайды  -  жұмыс жүріп жатыр>>, <<Қосуға болмайды  -  желіде жұмыс жүріп жатыр>>. Әдетте бұл плакаттар желіде өңдеу жұмыстары жүріп жатқан кезде қойылады;
* рұқсат ететін: <<Осында жұмыс жаса>>, <<Осы жерден шық>> - жұмыс орындарын нұсқау үшін.
      Адамды электр тоғы соққан кезде дереу тоқтан ажыратып, алғашқы көмек көрсетуге тырысу керек. Аз ғана кешігудің өзі (5-6 мин жоғары) ауыр, кейде орны толмас жағдайларға алып келеді. Адамды электр тоғының әсерінен жылдам ажырату үшін, тоқты жылдам сөндіру керек немесе желіден ажырату керек. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні ток көзінен ажырату қажет.
       Егер адам биікте тұрып зақым алса (желігі немесе бағанаға ілініп ), оны құтқару бойынша және зардап шегушінің зақым алып қалмау үшін барлық іс  -  әрекеттерді жасау керек. Мысалы, егер биіктік үлкен болмаған жағдайда адамды қолына қағып алу керек немесе брезентті, қандай да бір материалды керіп тұру болмаса, болжалды құлау орнына жұмсақ зат төсеу. Кернеуі 1000 В болатын тоқ желісінен адамды ажыратып алу үшін қолда бар құрғақ заттарды пайдаланады: сырық, тақтай, киім, арқан немесе басқа да тоқ өткізбейтін заттар; бұл кезде құтқарушы электрден қорғау құралдарын пайдалануы керек: кілемше, диэлектрикалық қолғаптар және зардап шегушінің тек киімін тартып ажыратады (егер құрғақ болса).
        Егер 1000В астам кернеуден ажыратқан кезде штангамен оқшаулағыш қысқыштармен пайдаланады, оған қоса құтқарушы диэлектрикалық боты мен қолғапты киюлері керек. Зардап шегуші электр тогының әсерінен ажыратқаннан кейін дәрігер келгенше тыныштықпен қамтамасыз ету керек, таза ауамен дем алғызып, мүсәтір спиртін иіскету және денесін жылылап қою қажет. Егер зардап шегуші есін жоғалтқан болса, дәрігер келгенше қолдан тыныс алдыруға кірісу керек.

№11 дәріс Биіктен құлаудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

         Қорғаныс белдіктері (ҚБ). Жоғарыдан құлау кезінде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралдары екі топқа бөлінеді: баулы және баусыз. Баусыз қорғаныс белдіктері бір ғана элементтен тұрады  -  құтқарушының белін немесе кеуде қуысын қамтиды, баулы қорғаныс құралдары құтқарушының иығы мен аяғын қамтып тұратын баудан тұрады. Иыққа және аяққа тағылатын баулар құтқарушының биікте атқаратын әр түрлі жұмыстарының сапасын арттырады. Бауы бар белдіктерді тар жерлерде пайдалану өте тиімді (жер асты резервуарлары, құдықтар), егер жазатайым оқиға орын алған кезде зардап шеккен адамды бауынан тартып шығару оңайырақ болады. Бауы бар қорғаныс құралдарын биіктікте тігінен тұрып жұмыс жасағанда өте тиімді болып келеді. Егер құтқарушы биікте жұмыс істеген кезде орнын жиі алмастыратын болса, қорғаныс белдіктері қысып, кедергі жасауы мүмкін, сондықтан баусыз қорғаныс құралдарын пайдаланған ыңғайлы болады, өйткені олар оңай шешіліп, жағдайын ауыстыра алады.
       Қорғаныс белдіктерінің негізгі арналымы  -  құлау биіктігінің шектелуі, адамның жерге құлауын болдырмау, ғимараттардың немесе ғимараттардың құрылысы өмірлік қажетті органдардың зақымдалуын болдырмайды. Сондықтан ҚБ адамның құлауын мүлде болдырмау үшін емес, оның өмірінің сақталуын және ауыр жарақаттардан қорғануын камтамасыз етеді.
       Қазіргі таңда Б, В, Г тектес белдіктерді кеңінен пайдаланады. Олар тіреуіші болат арқаннан және (аз мөлшерде) тіреуіші ұзынынан реттелетін ҚБ болып табылады. ҚБ шет елдік түрлері де кеңінен қолданылады. Шет елдік ҚБ  -  ның бір айырмашылығы, тіреуіш ретінде шет елдердегідей капрон жіптен емес, болат шынжыр пайдаланылады.
       Металлдан жасалған тіреуіштерді пайдаланудың қажеттілігі айтарлықай дәрежедегі отты жұмыстардың (электрдәнекерлеу және газбен дәнекерлеу) барлығымен, сондай  -  ақ көп мөлшерде прокатты профилдерді (швеллерлер, бұрыштар, двутаврлар) пайдалану және өткір қырлы беттік конструкцияларды пайдалануға, яғни олардың тез желініп кетуінен сақтауға негізделеді. Тәжірибелер көрсеткендей, болат шынжырлардың жекелеген жетіспеушіліктеріне (салмағы ауыр және қатты, суық мезгілдерде адамның мойын бөлігі мен иығын суытып жібереді) қарамастан, құрылыстық конструкцияларда, құбырларда технологиялық құрылғыларда жұмыс жасағанда өте сенімді және қаупсіз болып табылады. Болат шынжырлардың артықшылықтары ретінде ҚБ жұмыстан тыс уақытында ескіруге қарсы тұратындығын атап өтсе болады. Отандық белдіктердің шет ел белдіктерінің алдындағы артықшылықтарының бірі оларда адамға ҚБ қорғаныс қызметі кезінде динамикалық күш ауқымын  қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін амортизатор конструкциясының болуы. Амортизатор  -  екі қабат қылып бүктелген және қарама  -  қарсы бағытта капрон жіппен тігілген белгілі бір ені бар капрон лентадан тұрады. Бұл жағдайда динамикалық ауыртпалықтың төмендеуі тігілген жіптердің үзілуі есебінен болады.
        ҚБ пайдалана отырып, оның реттелуі мен пайдалану ережесін білу керек. Қорғаныс белдігі адамның денесіне жабысып тұруы және белінен жоғары  -  төменгі қабырғаларының деңгейінде орналасуы қажет. Белдікті дұрыс орналастыру үшін ұзындығын реттеп алу керек. Бірігетін жерінде жарықшақтар болмау керек. Серіппелері бүтін болуы қажет. Бірігетін жерді ашып  -  жауып тексерген кезде қызметі бұзылмауы керек. Карабиннің жұмыс істеу жағдайын тексеру тиіс. Амортизатордың ашық бөлігіндегі лентаның тігісі тексеріледі. Оның амортизатор шлевкасындағы жағдайы тексеріледі, аталған жерлердегі шегелер мен ленталардың жағдайы тексеріледі. Шеге айналасындағы лента жыртылған және шашақталған болмауы керек. Амортизатордың қабығы зақымдалмаған, тігісі сөгілген болмауы тиіс. Карабиннің тұтқасын басқан кезде ол ашылады да қолды жазғанда  -  автоматты түрде жабылып, құлыпталып қалады.
      Белдіктерді желдетілетін бөлмелерде ілінген күйінде сақтау керек немесе бірінің үстіне бірін қоймай, бөлек  -  бөлек сөреге қою керек; сонымен қатар күн сәулесінен қорғалуы тиіс. ҚБ өздігінен жөндеуге болмайды. Егер құтқарушы құлаған кезде ҚБ зақымданған болса, міндетті түрде жаңа қорғаныс белдігіне ауыстырылуы керек. Құтқарушыларды биіктен құлаған кезде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралы ретінде елімізде, шет елдердегідей биіктіктен қорғайтын құрылғылар (БҚҚ) пайдаланылады. БҚҚ  -  дағы қорғаныс арқаны ретінде диаметрі 4,8 мм болатын болат арқандарды пайдаланады. Биіктіктен қорғайтын құрылғылар болтпен бекітілген, екі дөңгелек немесе сопақша келген қаптамадан тұрады; олардың ішінде барабан болады, ол барабандарға болаттан жасалған, 4-6 қабатты қорғаныс арқаны оралады. Барабанға серіппе құрылғысы орналастырылған, ол арқанды құрылғыдан суырғанда оның ақырын тежелуін қамтамасыз етеді. Арқанның аяғы түйінмен, арнайы сақинамен немесе карабинмен аяқталады. БҚҚ  -  ны пайдалану үшін мықты бекітілген ғимарат бөлігіне немесе жұмыс орнының үстіне бекітілген арнайы құрылғыға біріктіреді. Қорғаныс белдігінің карабинін қорғаныс арқанына таққан құтқарушы жұмыс операцияларын орындауға кіріседі. Жұмысты орындау кезінде құтқарушы кенетен құлап кететіндей жағдай туындаса, қорғаныс арқанының  БҚҚ дан шығару жылдамдығы жоғарлайды, осының нәтижесінде тежелу механизмі аз ғана секунд ішінде іске қосылып, жылжып бара жатқан арқанды толығымен тоқтағанға дейін қысып тұрады. Бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның жерге, ғимарат үстіне немесе құрылыс бөлшектеріне құлауын болдырмайды, яғни оның жарақаталуына жол бермейді. Құлаған адам кұрылғыны барабанға орау арқылы, өздігінен немесе басқа адамның көмегімен көтеріледі. Құрылғы артықшылықтарының бірі қорғаныс арқанының айтарлықтай ұзын болуы (10 м дейін), бұл жұмыс операцияларын орындау кезінде БҚҚ бекітілген жерден 10м дейін төменге еркін козғалуына мүмкіндік береді. Сондай  - ақ тағы да бір артықшылықтарының бірі бұл құрылғылардың көп мәрте пайдалануға болатындығында.
        БҚҚ  -  ның кемшіліктеріне жататындар: оларды орнату мен бекіту кезінде косымша жұмыс операцияларын жасау қажеттілігі; жұмыс орнынан құлаған жағдайда  -  құрылысқа соғылу салдарынан жарақат алу қауіпі бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның денесіне тек қана тігінен төмен қарай бағыттанған ауырлық күші әсер етпейді, онымен қоса ортаға тартушы күш те әсер етеді, осының әсерінен ол маятник секілді солдан оңға немесе керісінше, құрылғыны бекіту нүктесі арқылы өтетін тік осьтен; бұл фактор БҚҚ  -  ны пайдалану саласын шектейді.
        Бүгінгі таңда тігінен келген қорғаныс қанаты бар қағып алушылар кеңінен қолданылып жүр. Қағып алушының негізгі арналымы  -  тік немесе көлденең (көкжиек сызығына 75% жоғары) жазықтықтан қауіпсіз түсіп, көтерілу. Бұл типтегі құрылғылармен көп елдің альпенистері  кеңінен колданады.
        Табиғи ландшафт жағдайындағы жұмыс кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс жүйесін пайдаланған тиімді. Құлап кетіп, қорғаныс арқанына ілініп қалған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған отандық стандартты қорғаныс жүйесі бел орамы мен күркеден тұрады. Кеуде орамы қандай да бір болмасын орамдардың негізі болып табылады және мықты синтетикалық лентадан (белдік) және тартпадан жасалады. Кеуде орамы ұзақ мерзімге арқаңда ілініп тұрған кезде өздігінен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, сондықтан күркемен бірге қолданған дұрыс болып табылады. Күрке белге тағатын белдіктен және жамбастық сақиналардан тұрады. Орама мен күркенің бір жүйеге қосылуы реттеліп отыратын тоқыма бау арқылы жүзеге асырылады. Төмен қарай түскен кезде ең алғашқы серпіліс кеуде орамы одан кейін барып жамбас сақиналарына бөлінеді. Негізінен күрке арқылы серпілісті басқан кезде ауыртпалықтың көбі төмен құлаған адамның омыртқасына түседі, бұл жарақатқа алып келуі мүмкін.
      Қорғаныс жиынтығы екі топқа бөлінеді:
* кеуде орамы мен күркеден тұратын бөлінбейтін жүйе;
* пайдалану үшін біріктірілетін (қосылатын) кеуде орамы мен күрке.
      Пайдалану кезінде қорғаныс жүйесіне міндетті түрде қауіпсіздік талаптары қойылады. Оның құрылысы құтқарушы ауру сезімдерінсіз, еркін қозғалып, 10 минут көлемінде онда асылып тұратындай болуы тиіс. Бұл кезде ауырлық орама мен күрке аралығында тең бөлінеді. Аударылып кетпеу үшін жүйенің ілгегі кеудеден төмен болмауы керек. Оның бөліктерін бөлек пайдалануға болмайды: тек қана күркені пайдаланған кезде омыртқаның ауыр зақымдалуы мүмкін; тек бір ғана орамда ілініп тұру  -  құтқарушының кеуде қуысының жаншылуы салдарынан 10-12 мин кейін түзетуге келмейтін жағдайға алып келуі мүмкін. Металл бөліктері (тоғалары, сақиналары және т.б.) шегіне дейін жеткізіледі, радиусы 3 мм кем емес, олар қолтық астында, бүйрек аумағы мен аяқ арасында орналаспауы керек. Олардың желініп кеткендігін білу үшін барлық тігістер қарама  -  қарсы жіптермен тігіледі; соңғы; орама лентасы, күрке және біріктіретін баулар желініп кетпеуі тиіс. Орамды күркемен жалғастыру үшін жұмсак жіппен немесе көлемі 14x2 мм болып лентамен жасалады. Сондай  -  ақ орам мен күркені байланыстыру үшін карабинді пайдалануға болмайды.
      Еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қандай да болмасын ТЖ зардаптарын жою кезіндегі құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


№ 12 дәріс Төтенше жағдай  зардаптарын  жою.

  Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан  халықты  көшіруді қарастырады. Көшіру  халықтың тығыздығын  көп есе төмендетеді, ал  кей кезде  оны тіпті  жояды. Бұл айтарлықтай дәрежеде осы аумақтағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап  қалуға ықпал  етеді. Оқиға орнында АҚ  құрамалары  мен тұрғындардың бір бөлігі ғана қалады., олар табиғи апаттардың , авариялар- 
дың және зілзалалардың зардаптарын жоюға кіріседі. 
  Табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалар аумақтарынан көшіруді қалалар мен аудандар АҚ бастықтары және олардың АҚ басқару органдары ұйымдастырады. Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, қалаларда құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады. 
  Көшіру хабарлағаннан кейін  қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тапсырмалардан бос қоғамдық көліктің барлық түрілері теміржол, автокөлік, су және де авиациялық, сондай-ақ жеке меншік көлік пайдалынады. Көшіруге болатын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін. Зілзала, авария, апат аудандарынан көшірілген халыққа көшірілетін жердегі жергілікті үкімет органдары, сондай-ақ ұйымдар басшылары ұдайы қамқорлық жасауға, оларды жұмысқа орналастыруға және жан-жақты қамсыздандыру үшін шаралар қолдануға тиіс.    
  Төтенше жағдай болған аудандардан көшіру қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жүргізіледіү. Негізінен автомобиль және теміржол көлігі қолданылады. 1998 жылғы желтоқсандағы Арменияда болған жер сілкінісі республикаға орасан зор залал келтірді. Көптеген  елді мекендерді жойды.  25 мыңға жуық адам қаза болды.  Апат аудандарынан адамдарды көшіру жер сілкінісінен кейін жаяу, мүмкіндік болған жерде ұшақпен, кейінен жолдардың тазалануы  және қалпына келтіру шегі бойынша автомобильмен теміржол көліктерімен жүргізілді. Осының бәрі апат кезіндегі іс-әрекеттер, төтенше жағдай зардабын жоюда өз ізін қалдырды . 
  Кәсіпорындардағы авариялар немесе көліктегі апаттар кезінде кәсіпорындар мен жергілікті органдарының басшыларының күштерімен жұмысшылар мен қызметшілер, ал қажетті жағдайда авариямен апат болған жерде жақын тұратын халықпен зардап шеккендер көшіріледі. 
   Көшіру кезінде қалыптасқан жағдайды ескере отырып бұрынғы жоспарға өзгерту енгізілуі мүмкін. Чернобыль АЭС-індегі оқиға кезінде қалыптасқан жағдайға орай жаяу шығуды тоқтатып халықты автомобиль көлігімен, кейбір бөлігін теміржолмен көшіруге тура келді. Автокөлік үйдің іргесіне дейін келтірілді.  Адамдар мен қажетті мүлікті жөнелту тез ұйымдастырылды. Олар қауіпсіз орындарға апарылып, сол жерден жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жеткізілді. 
  Су басу кезіндегі көшіру туралы  су тасқынымен күресу жөніндегі комиссия һкімімен ТЖ органдары арқылы жарияланады. Көшірудің басталуы туралы үкім бүкіл халық үшін байланыстың барлық арналары, радио, теледидар, арқылы беріледі, сонымен қатар кәсіпорын, мекеме, оқу орындары әкімшіліктер арқылы хабарланады. Халыққа көшіру нүктелерінің орналасқан жері, осы нүктелерге келу мерзімі, жаяу жүрген жағдайдағы жүріс бағыты, сондай- ақ жергілікті жағдайға, апаттың күтілген көлеміне, оеы тоқтату уақытына орой басқа да мәліметтер хабарланады. Көшіру су басу аймағынан тысқары орналасқан жақын маңдағы елді мекенге жүргізіледі. Халық ғимараттарға немесе жергілікті халықтың тұрғын алаңына қоныстандырылады. Ықтимал су басу аймағында мектептер мен мектепке дейінгібалалар мекемелерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Тасқынның кенеттен пайда болуы халықтың  ерекше іс-әрекетімен өзін -өзі ұстау тәртібн қажет етеді. Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу жедел ұйымдастырылып жүргізіледі. Бұл үшін АҚ құрамаларының жүзгіш құралдарының экипаждары және қолда бар басқа да күш пен құрал тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талаптарын қатаң орындау керек. 
   Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оның салдарынан адамдардың, хайуанаттардың немесе өсімдіктердің зақымдалуы мүмкін. Осы заманғы улағыш заттардың улану дәрежесі өте жоғары. Сондықтан да улы заттардың  зақымдауын болдырмауға  бағытталған халықтың дер кезінде іс-әрекет ету көп жағдайда оның белгілерін  білу мен улағыш заттардыөз уақытында анықтауға байланысты.
   Бейбіт уақытта ауаның, аумақтың, халықтың улы заттармен зақымдалуы химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар  немесе теміржол, теңіз, автомобиль құралдарындағы бақытсыздықтар кезінде болуы мүмкін. 
   Химиялық зақымдану аймағынан арнайы көрсеткіштермен белгіленген немесе АҚ тіректерінде  көрсетілген бағыттар бойынша шығу керек. Егерде көрсеткіштер жоқ болған жағдайда, онда желге қарсы жүрген жөн. зақымдалған аумақпен жүріп келе жатқан уақытта тері жамылғысындағы, киімдегі немесе жеке қорғаныс құралындағы улағыш заттардың тамшысы мен жағындысын байқаған бойда оны дәкемен немесе мақтамен тез сүрту керек. Егер олар жоқ болса тамшы мен жағындыны қағазбен немесе шүбірекпен сүртуге болады. Зақымдалған  жерді химиялық зақымданудан қорғау пакетіндегі ерітіндні мен немесе ыстық сумен мұқият шаю керек. Улы заттармен зақымдалған кезде АИ-2 қобдишасындағы №2 ұядағы таблетканы қабылдау керек. 
  Көшірудің сәттілігі көп жағдайда көшірілуге тиіс халықтың өзіне, осы шараларды іске асыру кезіндегі оның ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне байланысты          


<<Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы>> Қазақстан Республикасының  заңы
       Осы заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуымен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушылардың мәртебесін белгілейді. Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
         Апаттық  -  құтқару қызметі  -  негізін өзінің құрылымдық жағынан            апаттық  -  құтқару жұмыстарымен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы құтқарушыларды, кіші, орта және жоғарғы құрамдағы  осы жұмысты басқарушы  -  құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын апаттық-құтқару құрамалары құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен  құралдардың жиынтығы;
         Апаттық  -  құтқару құрамасы  -  негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе апаттық құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым; 
        Құтқару жұмыстары  -  төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бір шектен шығармау жіне соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын бар немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар;
           Төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар  -  құтқару жұмыстарын жан  -  жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету. 
          Апаттық құтқару құралдары  -  техникалық, ғылыми техникалық және санаткерлік өнім оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника мен жабдықтар құралдар, әдістемелік                                     кино  -  фотоматериалдар, сондай ақ құтқару жұмыстарымен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар. 
        Төтенше жағдайды жою басшысы  -  төтенше жағдайда дер кезінде жұмыстарды жүргізуді басқаратын  басты және жауапты адам. Орталық немесе атқарушы органдар тағайындаған адам;


















Пәндер