Файл қосу
Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты УМКД УМКД 042-16.1.32/03-2013 УМКД << Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар ______2013 жылғы № 3 басылым 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған <<Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Әдістеме -- педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар. Аймауытов Жүсіпбек - көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. <<Тәрбиеге жетекші>>, <<Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері>> атты кітаптары, <<Тәрбие>>, <<Әдет заңы>>, <<Ана тілін қалай оқыту керек>> атты мақалалары жарық көрген. Айғабылұлы Айтбай - қазақ тілі әдістемесінің дамуына үлкен қосқан ғалым. <<Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту>> (1982), <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> (1988) атты еңбектері жарық көрді. <<Ережеден дәлдік - оқыту сапасының көрсеткіші>> атты мақаласы бар. Арғынов Хасен - әдіскер ғалым. <<Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация>> атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтерді. Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> атты оқулықты 1965 жылы <<Мектеп>> баспасынан шығарды. Әмір Рақыш - қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. Мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері: <<3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту>>, <<Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық>>, <<10-класқа сөз құрамын оқыту>>, <<Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде>>, <<Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы>>, <<Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту>>, <<Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау>>, <<Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау>>, <<1-класта қазақ тілін оқыту>>; <<1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар>>; <<Грамматика, емле, тіл дамыту>>; <<Қазқ тілі>>; <<Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық>>; <<Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті>> 1-класына арналған>>; <<Қазақ тілі. 2-класқа арналған>>; <<Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған>>; <<2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау>>; <<Қазақ тілі орыс мектептері үшін>>; <<Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы>>; <<Қазақ тілі. 3- класқа арналған>>; <<3-класс. <<Қазақ тілі>> оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)>>; <<Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне>> 3-класына арналған)>>; <<Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық>>; <<Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған>>. Байтұрсынұлы Ахмет - алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені - <<Оқу құралын >> жазған, <<Баяншы>>, <<әліппе астары>>, <<Нұсқаушы>>, <<Тіл жұмсар>> әдістемелік еңбектері мен <<Бастауыш мектеп>>, <<Жалқылау >>, << Қай әдіс жақсы>>, <<Дыбыстарды жіктеу>> атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған << Оқу құралынан >> бастап, << Әліп-би>> мен << Тіл құралда>> қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады. Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты <<Грамматика оқыту жөнінде >>, << Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек>>, << Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік >>, <<Түрлі-түсті сөздерді >> деген мақалалары бар. Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым. <<Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы >>(1940), <<Әріп, дыбыс,буын>>, <<Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы>>(1950), <<Грамматика таблицалаларына нұсқау.>> <<Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал>> (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар. Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. <<Педагогика>>, (1922), <<Ана тілі>>, (1923), <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы>>(1925), <<сауатты бол>>(1926), <<Ересек шала-сауаттылар программасы>>(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Жиенбаев Сейіл - қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. << Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі>>, <<Үлкендерге хат таныту методикасы>>, <<Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы>>, <<Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы>>,<<Қазақ тілінің методикасы>>, <<Грамматикалық таблицалар>> т.б. сияқты еңбекер жазған. Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. <<Айман-Шолпан>> жырында атақты Маман байдың ұрпағы. <<Етістік>>, <<Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы>> атты зерттеулері жарық көрді. Ұйықбаев Иманбай - әдіскер ғалым. <<Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері>>, <<Қазақ тілі методикасының очерктері>> әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. <<Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты еңбегі жарыққа шыққан. Сарыбаев Шамғали - қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басқан ғалым. <<Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы>>, <<Емле жүйелері>>, <<Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары>>, <<Грамматикалық мағына деген не?>>, <<Табыс жалғауының тасалануы>>, т.б. ғылыми мақалалары жарыққа шықты. <<Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері>> кітабы бар 2 Дәріс сабақтарының мазмұны №1 Дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері, пән ретінде қалыптасуы және даму жолдары туралы мағлұмат алу Жоспар: 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік. 3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. <<Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы>> - институттың филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі. Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз. Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік. Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік. 3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. №2 Дәріс: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы мағлұмат алу. Оқушыларға ХІХ ғасырдағы оқу жүйесі туралы түсінік беру. Ауыл молдаларының мектепке қосқан үлестерін таныту. Қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы мағлұмат беру Жоспар: * ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу - ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі. * А.Яссауидың даналық мектебінің болуы. * Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар ауарар болсақ, олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүтін халық мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ, жалпы халықтың, сауаттылығы, таным - түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп - медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың өзектілігі айқын. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу - ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкімжоққа шығара алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби ибн Синалардың, М.Қашқари мен Ж. Баласағунидің, А.Югнеки мен А. Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А.Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер едік. Дей тұрғанмен ХІХ ғасырға дейінгі болған бірлі - жарым білім беретін орындар жалпы оқу ағарту жүйесінің құрылымын құрай алған жоқ. Бәлкім бұл халақтың әлеуметтік- экономикалық, мәдени өмірінің кешеуілден қалуымен де, көшпелілік өмір салта мен де байланысты болар. Көшпелілік тұрмыс оқытудың көпшілікке арналған түрінің қалыптасып дамуына жағдай жасай алмады. Есесіне халық ауыз әдебиеті, ауызша шығаратын ақындық өнер, айтыс өнері, шешендік өнер т.б. барынша дамыды. Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс үкіметінің ықпалымен байланысты. ХҮІІІ ғасырда Ресей империясының күшейген, саяси үстемділікке қол жеткізу үшін, жан - жақты ықпалды қимылдар жүргізгені тарихтан белгілі. Қазақ елін, өзге де түркі тектес мемлекеттерді отарлық елге айналдыру мақсатында саяси, мәдени, экономикалық жағынан жан-жақты құрылған бағдарламаның негізінде көптеген іргелі әрекеттерді іске асырғаны да жасырын емес. Бұл туралы профессор Мекемтас Мырзахметов << Әріптер неге өзгерген >> деген мақаласында былай деп жазады: <<Ұлы дала төсін жайлаған қазақ елі мен Түркістан өлкесіндегі түркітілді халықтарды отарға айналдыру және оларды рухани құлдықта ұстау үшін, біртіндеп ретіне қарай шоқындырып, орыстандыру арқылы бүтіндей бір саяси организмге айналдыру саясаты қолға алынып, жолға қойыла бастады.>> / Түркістанда туған ойлар, 1998, 47 б./. Ғалым патшалық Ресейдің қазақ арасында қазақ - орыс мектептерін ашуының, қазақ қыздарын орысша оқытуды алдымен қолға алуының басты себептерін нақты ашып көрсетеді. << Өйткені заман жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек ұстау үшін, алдымен қазақтарды орыс жазуына көшіру арқылы бір-екі ұрпағы алмасса - ақ болады, оларды көршілерінің діни, мәдени әсерінен аулақтататын, тезірек орыстандыра аламыз деп ой түйді >> / сонда,51 б./. Осылайша, ХVIII ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкімтінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәло осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады. ХІХ ғасырдың бірнші жартысында бастап қазақ байманаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды. 1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министірлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыты әр түрлі бағытта болған. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер - жерде екі кластық орыс - қазақ училищелерінде дәріс беріле бастайды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 1911 жылы Қазақстанда 350 оыс - қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс - қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылған. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдің, Н.Ф.Бунаковтың, В.И.Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я. Гердттің, Ы.Алтынсарин және И.Я. Яковлевтің оқулықтары кңінен пайдаланды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В Васильевтің <<Букварь для киргиз>> - <<Қырғыздар үшін әліппе>>, А.Е Алекторовтың << Русско - киргизская азбука >> - << Орыс - қырғыз әліппесі>>, <<Киргизская хрестоматия>>, <<К мудрости ступенька>>, С.Н. Граменитскийдің <<Книга для чтения>> т.б. оқу құралдары пайдаланылды. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекшке болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тарады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда - мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады. Абай Құнанбаев - жас кезінде ауыл молдасынан сабақ алған соң, Ғабул-Жапардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды, Сәбит Дөнентаев - 1911-1912 жылдары Қасым қолжаның медресесінде оқыған; Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен ауылда Әлі, Тортай, Мұқан есімді молдалардан, кейін - Әбдрахман молданың медресесінде екі-үш жылдай оқиды; Бейімбет Майлин - алғаш Әбдархман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен сабақ алған, кейін Арғынбаев деген кісінің медресесінде екі жылдай оқыған; Мұхаметжан Қаратаев - алғаш Әбіласан, Әбдікәрәм деген кісілерден сабақ алған. Әбіласан - заманындағы өте білімді мұғалімдердің бірі болса керек. Жаратылыс тану мен әдебиеттен, мәдениеттен көп тағылым бере алған. Кешеге дейін Қорғасын атты мекендегі мектеп Әбіласан атында болып келген. Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі - Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігінің ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеге біреулер философияға ден қойса, енді бірулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Аланның бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды түсіндіруі, Құранның түсінігін пайымдатуы ауыл молдасының ағартушылық еңбегі екендігін атап өту қажет. Дала заңының өзіндік ұстанымдары болды, тәңірлік діннің ерешелігі мен айырмашылығы бола тұра, дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштстыра білді. Осында йекі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрлі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді.Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, география, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі. Бөкей ордасыныңатақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады. Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жлғастыруға мүмкіндік алады. Қазақ даласындағы рухани ойдң оянуына өз үлесін қосып, далаға өркениеттің дүбірін жеткізуге себепші болған мектеп - ұяның бірі - Мамания мектебі. Жетісудің текті руларының бірінен шыққан атақты маманбай өз өз қаржысына мектеп ашып, ел балаларына тегін білім беру деңгейіне көтерілген. Оқу орны 1899 жылы Қарағашта ашылып, негізін қалаушы Маман байдың есімімен аталды. Зерттеушілер мамания мектебіне сол кездің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрылған оқытушылар сабақ бергенін жазады. Мәселен, Ғ.Мұсабаев, М.Малдыбаевтар осы мектепте дәріс береді. Атақты ғалым М.Тынышпаев пен Петербор университетінің түлегі Б.Сырттанов мектеппен іскерлік қарым-қатынас болған. Мектептің салыну жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы << Ғалия >> медресесі үлгісінде құрылған. Сабақтар ана тілінде жүрген. Математика,физика, география,табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілдері, құран оқытылады. Мектеп түлектеріне тек негізгі пәндерден білім беріліп қана қойәмай, мәдениет пен өнер түрлерінен де сабақтар өткізіледі. Қазақ ақыны Иляс Жансүгіров өз білімінің бастауын осы мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады. Өз заманының әрі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог - жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі - Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Ал педагогика тарихы мен оқыту жүйесінің шежіресінде бұл есім алтын әріптермен жазылады. Жастарға өмірлік оқудың есігін ашып, өнер-білімнің алғашқы бастаушы бола білген Ыбырай Алтынсаринның алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай даласында келіп, мектеп ашудан басталады. Жергілікті орындардағы жағдай әкімшіліктің қарсылығына ұшыраған алғашқы бастама сәтсіздеу болады. Бірақ Ыбырай ел ішінде жүріп мектептің пайдасы мен болашағы,н түсіндіре жүріп, өз үйінде 4-5 баланы оқытып, жаңа мектеп ісінің әуелгі кірпішінің қалайды, негізін салады. Алғашқы мектеп Торғайда 1964 жылы ашылады. Онда он төрт қазақ баласы оқуға келеді. Мектеп бағдарламалары уездік училищелердің оқу жоспары және оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге тиіс болды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметінде тағайындалады. Бұның өзі ұстаз - ақынның барлық қайрат - жігерімен қызмет істеуіне мол мүмкіндік береді. 1879 - 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде - Торғайда, ырғызда, Троицкіде, Ақтөбеде жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзінде қолөнер мектебі жұмысын бастайды. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болады. 1886 жылы Ы.Алтынсариннің тікелей қатысуымен Орынборда қазақ мұғалімдер даярлаудың нағыз орталығына айналды. Ыбрай Алтынсариннің негізгі прогресшіл оқытушылық көзқарасының қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің пдагогикалық идеялары көп әсер еткені туралы зерттеушілер талай рет жазған еді. Оның ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің түрі қазақ халқының әлеуметттік тұрмыс жағдайына сәйкестендіріледі. Сондықтанда мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақ даласының көпшілік аймақтарында ашылды. Бірақ сол кездегі патша өкіметінің саясаты мектептің кең тынысы жұмыс істеп, халық ағарту ісімен айналысуына толық мүмкіндік бере қоймайды. Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин қаламынан 1879 жылы шыққан << Қазақ хрестоматиясының >> маңызы мен ролі ерекше болды. Еңбектің алғы сөзінде ұлі ұстаз былй деп жазады : <<Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден , осы біздің ана тілімізге тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың мектепте тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім>>. Ел өмірімен жете таныс, қазақ өмірінің күнделікті тіршілік тұрқын жақсы білетін Ыбырай үшін кез келген тәрбиелік мәні бар нәрсе қалтарыста қалмады. Сондықтан да ол былай деп жазады: <<Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білем>>. Арқаның Қарқаралы өлкесінде Құнанбай қажы мешітінде үлкен медресе жұмыс істегені белгілі. Онда сабақ береген ұстаздардың көпшілігі Уфадағы <<Ғалия>> медресесінің түлектері болған. Өз кезінің нәзирагөй ақындарның бірі, қазақтың мақал-мәтелдерін алғашқылардың бірі болып жинап бастырушы Кашафуддин Шахмарданұлы осы медреседе ұзақ жылдар бойы дәріс берегн. Қазақ тілінде көптеген кітаптар шығарған. Қазақ балаларына аранапЫбырай Алтынсарин жазған <<Кел, балалар, оқылық>> өлеңін өзінше толғап, ұзақ өлең шығарады. Халықты өнер білімге, ислам дініне насихаттауда көп еңбек сіңіреді. 1897-1898 жылдары Кашафуддин Шахмарданұлы 20-дан астам ктап бастырып шығарып, халық арасына таратады. << Махулат>>, <<Маизурат>>, <<Әдепті бала>>, <<Ахуал>> сияқты жинақтарының халық арасында ағартушылық идеяны жүзеге асырудағы маңызы ерекше болады. Ғасыр басындағы қазақ халқының оқуға, білімге деген сұранысына сәйкес көптеген оқулықтар орыс тіліненен аударылып та басылып жатты. Орыс тіліндегі әдебиеттердің үлгісімен қазақ халқының өз арасынан педагогикалық жинақтар, оқулықтар жарық көрді. Айталық, 1907 жылы Қазан қаласында А.Жандыбаевтың <<Жас ғұмырым>>, А.Мәметұлының <<Әбрият>>, К.Ғ.Сырғалинның <<Өнеге>> атты шығармалары қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралдарының үлгісі саналады. Зертеушілердің пікірінше, осындай еңбектердің ішінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралы ретіндегі <<Әбрияттың >> ролі мен маңызы ерекше. 30 беттен тұратын шағын еңбекте сабақ оқытудың жолдары көрсетіледі. К.Сырғалинннің <<Өнегесінде>> ата анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көрші-қолаңмен қарым-қатынас жасаудың реті туралы айтылып, тәрбиенің педагогикалық, дидактикалық қырлары қамтылады. Мұғалімнің ролі, әліппені оқудың, оқытудың жайы туралы, төте оқудың мазмұны сияқты әлеуметтік-педагогикалық пікірлер келтіріледі. Қ.Сырғалинның <<Қазақ балаларына жәрдем>> деген оқулығы 1913 жылы Қазан қаласынана басылып шығады. Бұл оқулықтың маңызы балаларға әріптерді талдап көрсетіп, әріптердің жазылуы мен мағынасына толық түсінік береді. Әріптерді бір - бірлеп оқығанда сөздің басында, аяғында жазылғанда қандай мағына беретіндігін анықтайды. Оқытудың дидактикалық талаптарына сәйкес, сөз мағынасын оқушыға жақсы түсіндіріп беруге назар аударды. Оқулықтың негізгі принципі - балаларға таныс заттарды көрсете отырып, ол заттың таныс емес қасиеттерін айту, көрнекілік әдісі арқылы бірте-бірте табиғатта бар нақтылы заттарды таныту. М.Қашимовтың <<Әдеп>>, <<Ақыл кітабы>> атты оқулықтары да қазақ балаларын сауаттандыру ісінде елеулі рөл атқарды. Осылайша ұлы далада оқу-ағарту ісі баяулап болса да дамып келе жатты. Ресми мәліметтерге қарағанда 1916 жылы қазақ училищелерінің саны 600 - ге жетті, онда барлығы 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер қатарында Спандияр Көбеев, ағартушы Ахмет және Әбуғали Балғынбаевтар, С.Мендешев, Ғ.Бабин,А.Құдайбергенов т.б. халық ағарту ісіне өз үлестерін қосты. Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да, қазақ хлқының мәдениеті мен оқу ағарту ісінің дамуында айтарлықтай үлкен үлесі болғанын айту парыз. Мұндай мектептерде болашақ дәрігерлер мен оқытушылар, жазушылар мен ақындар, жалпы қазақ қоғамының алғашқы зиялы азаматтары білім алып, тәрбиеленіп жетілді 1914-1915 оқу жылында жалпы білімберетін 2006 мектеп болды, онда барлығы 105,1 мың оқушы оқып,білім алды. Қазақстанда оқу- ағарту ісінің шыңдап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде бастағаны анық. Қалай десек те, Қазан революциясы Ұлы далаға ұлы дүбір, толағай табыстар әкелгенін айту парыз. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР халық комиссарлар кеңесі мен халық ағарту комиссарияты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше құжаттар қабылдайды. Соның ішінде аз ұлттардың тілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы қабылданады.1918 жылы 21 қаңтарда <<Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу >> жөніндегі декрет қабылданады. Ал осы жылдың 16 қазанында <<Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже>> шығады. Бұл құжаттардың сол кезеңдегі оқу-ағарту орындарын құру және оның бағыттарын белгілеудегі маңызы мен ролі ерекше болған. 1919 жылы 26 желтоқсанда <<РСФСР халқының сауатсыздығын жою >> туралы декрет шығады. Бұдаң соң елде түгелдей сауатсыздықты жою күресі басталып кетеді де, жер-жерде <<Қызыл отау>>, <<Қызыл бұрыштар>> құру ісі басталады. Қазақстанда бұл жағдай 1921 жылы <<Сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия>> құрылғаннан кейін жүзеге аса бастайды. Қызу да қарқынды жүргізілген жаппай сауаттандыру ісінің нәтижесі ресми түрдегі мәліметтерде былайша сараланады. 1930 жылғы мағлұматтар бойынша ерлердің 95,2 пайызі әйелдердің 66,3 пайызы хат таныған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама,Алматы, 1980, 396-бет ). Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыдағы мектептер бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық және төрт жылдық болып бөлінді. Екінші сатыдағы мектептер жеті жылдықтан жоғары болды. 1920-1921 оқу жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды. 1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте біім беру ісі ерекше қарқынмен жүргізіледі. 1930 жылы <<Жаппай міндетті бастауыш білім беру>>, 1931 жылы <<Бастауыш және орта білім туралы>> қаулылар шығады. Бұл қаулылар мектеп санының өсуіне ондағы оқу сапасының жоғарлауына ерекше ықпал етеді. Енді екі - үш жылдық мектептер төрт жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Егер 1930 жылы мектеп жасындағы балалардың тек 22 пайзы ғана мектепке барып сауаттарын ашса, 1937 жылы олардың 96 пайызы мектеп мектеп табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделі де қасіреті мол оқиғалар болып жатты, дегенмен мектепте қазақ жастарын оқыту ісі осылайша ілгері қадам басты. Кеңес мектептеріндегі оқыту ісінде жүргізілген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгіме өзінше бөлек тақырып. Қалай болғанда да, мектептің саны мен сапасының өсіп - өркендегені тарихи факт. Аталған кезеңде мектеп үйлерін салу мен оның материалдық базасын жақсартуға да көп көңіл бөлінеді. 1933 жыл мен 1939 жылдар арасында 280 мың орындық 2614 мектеп үйі мемлекеттің қаржысының есебінен салынады. Мектептегі оқулар негізінен ана тілінде жүргізіледі. 30- жылдары мектептегі барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары бекітіледі. Көптеген оқулықтар жазылып, жарық көреді. Орыс тілінің пән ретінде оқытылуына ерекше мән беріледі. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі немен байланысты? * ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу - ағарту ісі қалай қалыптасқан? * Профессор Мекемтас Мырзахметовтың <<Әріптер неге өзгерген>> деген мақаласында не жазылған? * <<Букварь для киргиз>> - <<Қырғыздар үшін әліппе>> оқу құралының авторы * Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. 5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6. 6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. - 6-8 б. №3 Дәріс: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлерімен танысу. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін көрсету 1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балаларына арналып 7 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектепке Ыбырай Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай оқуға түсті. Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астыртып жүргендегі мақсаты - патша өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді. Балалар мектепте орыс тілі, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгілері, есеп, татар тілі сияқты пәндерді және мұсылман діні сабағын оқыды. Балалар жұма күні намаз оқуға міндетті болды. Жас болғандықтан олар ораза ұстаудан босатылды. Патша өкіметі прогрессивтік дамуға көлденең тұра алмады. Оқушы балалардың ішінен прогрессивтік бағытқа еліктегендері де болды, бұл жөнінде әсіресе Ыбырай өзінің құрбыларынан озат шықты. Мектепте оқып жүрген кезінде Ы. Алтынсаринге Орынбор қаласында тұратын орыс демократтарының әсері болды. Ыбырай ұлы орыс мәдениетіндегі жетістіктермен әсіресе орыс әдебиетіндегі озат жетістіктерімен танысуға ынтызар болды. Ол сабақтан қолы босаса-ақ орыстың ұлы ақындары Пушкиннің , Лермонтовтың көркем сөздің Гогольдің тағы басқалардың шығармаларын мейлінше құмарланып оқыды. Олардың шығармаларын оқумен қабат, Ыбырай Орта Азия халықтарынан шыққан Фердауси, Низами, Наваи сияқты белгілі ақындардың да шығармаларымен танысты. Ы. Алтынсарин көркем шығармаларды, тарих, философия пәндері кітпртарын сол кезде Орынбор погран комиссясында қызмет істейтін белгілі ғалым В. Григорьевтің жеке кітапханасынан алып оқып, бірте-бірте білімін арттырды. Ы. Алтынсарин орыс тілін жете білген кісі. Ол шығыс халықтарының тілдерінен де толық хабары болған адам. 1857 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Ы. Алтынсарин халық ағарту майданында қызмет істеуді мақсат етті. Бірақ, бұл мақсатына Ыбырай бірден жете алмады, себебі бұл кезде Қазақстанда ғылым жоқ болатынды. Сондықтан 1860 жылы ол Орынбор облыстық басқару мекемесіне тілмаш болып кіріп, сонда аз уақыт қызмет істеді. 1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесі, Ыбырайдың тілегі бойынша Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұқсат етті. Торғай қаласында бастауыш мектепті ашуды онымен бірге оқып, 1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақ балалары үшін ашылған мектепті бітіріп шыққан Шаһназар Құлыбековке жүктеді. Бұл мектептерді ашуға өкімет тарапынан қаражат берілмеді және жергілікті өкімет орындары да ешқандай көңіл аудармады, жәрдем көрсетуден бс тартты. Ы. Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетімен мектеп ашу дайындығына кірісті. Мектеп ашуға дайындық жұмысы 3 жылға созылды. Бұл уақыттарда Ыбырай үйінде қарап жатпады. Бір жағынан ол Торғай бекінісі бастығына тілмаш болып қызмет істесе, екінші жағынан елден 3-4 бала жинап алы, өз үйінде оларды оқыта берді. Сөйтіп, уақытты бос өткізбей, мұғалімдік тәжірибесін арттырды. 1864 жылы 8 қаңтар күні көптен бері күткен халық мектебі ашылды. Ыбырай маңайындағы елдерді тұтас шақырып, жаңа ашылған бастауыш мектептің құрметіне той істеді. Ол балаларға сабақты өте қызғылықты, түсінікті етіп берді. Жеделдігі, зиректегі арқасында Ыбырай оқыту әдісін қызмет бабында, сабақ беру барысында үйреніп, бірте-бірте оның дидактикалық көзқарасы тізілді. Ол оқу процесін күнделікті өмірмен ұштастыруды көздеп, оқушы балалар мектептен білім, тәрбие алатын болса, олар өмірден қоса оқып, тәлім алатын болсын деді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушылық қызметінің алғашқы қадамы және оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастады. Ы. Алтынсарин белгілі тарихи кезеңде өмір сүрді. 1861 жылғы шаруалар ережесін қабылдағаннан кейін, патша өкіметі әр түрлі жергілікті өкімет орындарын, мектеп жұмысын, сот орындарын қайта құру жөнінде ережелер шығарды. Ы. Алтынсарин ру таласын және басқа да түрлі өрескел сорақылықтарды қоздырушы сұлтанда, ірі байлар Ыбырайдың үстінен әлденеше рет Орынбор оқу округіне, Торғай облысының соғыс губернаторына және ішкі істер министрлігіне арыздар берді. Ы. Алтынсарин байлардың жауыздықтарына қарсы күресті тоқтатпады, қайта күшейте түсті. Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қойды. Мұндай кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын ұғынды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт беруді үлкен арман етті. Халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны ілгері алып бару үшін алғашқы кезде <<түгел беріліп, халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек>> ,- деп жазды ол. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды. Ы. Алтынсариннің аса көрнекті тарихи еңдегінің бірі - ол тұңғы рет Қазақстанда азаматтық халық мектептерін ашты, сол мектептреде орыс тілін және қазақтың ана тілін жеке пән етіп енгізіп, оны оқушы балаларға білім жолымен үйретті, азаматтық мектептерді патша үкіметінің реакцияшыл миссионерлік саясатына да, реакцияшыл ислам дініне де қарсы ұстай білді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин бұл идеяны өзінің шығармаларын да дәріптеді, іс жүзінде де асыруға жедел кірісті. Оның ашқан мектептері қазақ даласына ұлы орыс халқының демократияшыл озат мәдениетін тарататын тіректі пунктке айналды. Алтынсарин ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті, оған ағарту жұмысын тыңнан ұйымдастыруға тура келді. Торғай облысының бас қаласы Орынбор болды. Барлық облыстық мекемелер сонда тұрды. Ал Ы. Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, үш жылға жуық Торғай қаласында тұрып, одан соң Қостанай қаласына көшіп барды, сонда тұрып облыста ағарту жұмысын басқарды. Ол Қостанай қаласына үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иініңде, бір кішкене көлдің жағасында, өз қаражатымен үй салдырып, сонда тұрып, инспекторлық қызмет атқарды. Өзінің өлер шағында , сол үшін орыс-қазақ мектептерінде істейтін мұғалімдерге бағыштады. Ол үй келешекте демалыс үйіне айналды. Ал 500 десятинадай өзіне тиісті жерін, ол Қостанай қаласында ашылғалы жатқан ауылшаруашылық училищесіне бағыштады. Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Халықтан қаражат жинап, ол Торғай қаласында ремесленое училище ашып, қазақ балаларын жалпы пәндерден тыс түрлі қолөнер кәсібі мамандығына, ұсталыққа, тері илеу мамандығына үйретті. Қостанай қаласында ауыл шаруашылық училищесін ашуға жоғары үкімет орындарынан рұқсат сұрады, бұл мектептің пайдасына, өзіне тиісті 500 десятина жері де бағыш етті. Бұл училищені ашуға жоғарғы үкімет орындарының рұқсаты Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін барып алынды. Сөйтіп, Осы ауыл шаруашылық училищесі Алтынсариннің талабы бойынша Қостанай қаласында көп ұзамай-ақ ашылды. Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин <<Қазақ хрестоматиясын>> орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. <<Қазақ хрестоматиясы>> 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. <<Қазақ хрестоматиясына>> арналған сөз басында автор: <<Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын>>,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Аотынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Ы. Алтынсариннің еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі * <<Букварь для киргиз>> - <<Қырғыздар үшін әліппе>> оқу құралы * Ы.Алтынсарин - кемеңгер әдіскер * Әдебиеттер: 1.Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімді даярлаудың ерекшеліктері. Республикалық семинар кеңестің материалдары. Өскемен ШҚМУ, 2002. 2. Шашақова А. Халық тәлімі - тәрбие бастауы. - Алматы: <<Рауан>>. - 1994. - 112 б. 3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі. - Алматы: <<Ғылым>>, 1986. - 512 б. 4. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, <<Мектеп>>1988. 5. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965. 6. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 8. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет 9. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, <<Ауыл мұғалімі>> журналы, 1938 ., №14 10.Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж. 11. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. №4 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру Жоспар: * Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауы. * ХХ ғасырдағы басылымдар. * Байтұрсынұлы Ахмет - алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым. * Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары * Ахмет Байтұрсынұлының <<Бастауыш мектеп>> атты мақаласы жайлы Ұлы далада соғылған алғашқы қоңырау арқылы қазақ баласы мектеп табалдырығын аттады. Енді осы білім шаңырағында жүйелі түрде іргелі пән ретінде жүргізілетін сабақтардың оқулықтары мен оқу құралдары жазылып, олардың бағдарламалары жасалуы қажет болды. Бұл үлкен де ауқымды, әрі жауапкершілігі мол іс еді. Сондықтан да, ең алдымен , қазақтың көзі ашық оқығандарының бәрі де бұл іске жабыла кіріседі. Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған <<Айқап>>, <<Қазақ>>, <<Мұғалім>>, <<Шолпан>>, <<Шора>>, <<Сана>>, <<Жаңа мектеп>> т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың <<Ана тілін қалай оқыту керек?>> деген мақаласы <<Жаңа мектеп>> журналының № 2 санында 1919 жылы жарияланды. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі. Ең әуелі география, математика, табиғаттану, педагогика, қазақ тілі, әдебиет, тарих т.б. пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі белсенді түрде іске асырыла бастады. С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі. Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды. А.Байтұрсынұлы Орынбор қаласындағы Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын <<Учительская школаны>> 1895 жылы бітіреді де, ағартушылық жұмысқа кіріседі.Содан 13-14 жыл бойы яғни 1895 жылдан 1909 жылға дейін ауылдық болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып істейді. Бала оқытумен күнделікті айналыса жүріп, оның негізгі қажеттіліктерін, қиыншылықтарын жақсы біледі. Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мктебінің бойына қан жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы яки түсінікті де сөздің айтылуы жүесін толық белгілеі алатын әліпби қажеттігіне әсіресе қаты ден қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды. Өзінің негізгі ғылыми ойларын ғалым 1912 жылдан бастап <<Айқап>> және <<Қазақ>> газеттерінің беттерінде жариялайды. Ұзақ ізденістен кейін автордың өзіндік әліпбиі дүниеге келеді.Бұл әліпби негізінен араб таңбасына негізделген, қазақ тіліне толық икемделген нұсқа санлып, өз кезеңінде жергілікті ұстаздар арасында үлкен қолдауға ие болды. АхметБайтұрсынұлы қазақ жазуына үлкен реформа жасайды. 1912 жылдан бастап, бұл ғылыми негізге сүйеніп жасалған қазақ әліпбиі жаңа жазу ретінде іс жүзінде қолданысқа түсе бастайды.Осы кезден бастап көптеген мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері жаңа жазу таңбасын қолданады. 1915 жылдың өзінде бұл таңбамен 15-тей қазақ кітабы жарық көреді. А.Байтұрсынұлы реформаланған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдениетінің өсіп, қалыптасуына үлкен үлес қосады. Кеңестің қатал саясатының салқынымен латын таңбасына көшкенге дейін бұл жазу қазақ арасында кеңінен тарап, көпшілік қолдауына ие болған.1924 жылғы Орынборда маусымның 12 - жұлдызында өткен << Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде>> талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болғанымен, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп баққанымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған концепциясы ақырында ұлтшылдық деп айыпталғаны бүгінгі оқырманға толық таныс. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазыуы - қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені - <<Оқу құралын >> жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. <<Біздің заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу - ауызбен сөйлсуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумендүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге , қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек>>, - деп жазады ұлы ғалым ( Тіл құралы,173 - бет) Заманына сай адамда дегендей, болашақ жазудың заманы болатынын көріп, тани білген ғалымның түзген әліпбиі қазақ тілінің фонологиялық сипатын дәл танытып, таңбалай алшды. А.Байтұрсынұлы жазған бұл << Оқу құралы >> 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып шығады. 1926 жылы А.Байтұрсынұлы << Жаңа Әліп-би>> еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары 1914 жылғы <<Қазақ>> газетінің № 62 санында жарияланған << Мектеп керектері>> атты мақалысында баяндалған. Онда ең әуелі мектепісіне керекті нәрсе ретінде білімді, педагогика мен әдістемеден хабары бар мұғалім деген қорытынды жасайды. <<Мектептің жаны - мұғалім >>- дейді ғалым. Мұғалім қандай болса, оның мектебі де сондай деген тұжырым айтады. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрттың бәрі бірдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген ой айтады. Шынында да, егер ұсынған оқулық сынға ұшырап, қатесі көне-көрнеу байқалып тұрса, онымен оқуда, оқыту да ауыр екені өзінен-өзі түсінікті. Ғалымның ең қажет нәрсе ретінде тағы да айрықша бағалайтны - бағдарлама. Оқыту ісі көңілдегідей болып шығуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажеттігін дәл тауып, тан басып айтады. Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. <<Баяншы>>, <<әліппе астары>>, <<Нұсқаушы>>, <<Тіл жұмсар>> әдістемелік еңбектері мен << Баулу мектебі >>, <<Жалқылау >>, << Қай әдіс жақсы>>, Дыбыстарды жіктеу атты мақалалары осының айғағы болса керек. Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. << Әріптерді тани білуді>> мақсат ету - таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар . Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды. 1913 жылы жазылған << Қазақша оқу жайынан >> деген мақаласында <<Бала оқытуды жақсы білейін деген адам , әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек >> деп жазады. Мұның өзі, түптеп келгенде, ұстаздың білім-білігін жоғарлығы, бала зердесін, психологиясын танудағы шеберлігі. Ұстаз - өз білгенін ғана үйретіп қойса, ол ұстаз емес, нағыз ұстаз болу үшін оқушының білуге тиісті нрсесін үйрету парыз . Балауса бала ұстазының кей осал тұстарыболса, оны кешіре алар, ал оның білімсіздігін кешпейді . Білімсіз ұстаз - болашақтың дұшпаны. Бала уақытының ұрысы. Алдында отырған оқушының уақыт аты ұлы қазынасын алуға ешкімнің құқығы болмаса керек. Ахмет Байтұрсынұлының <<Баяншы >> әдістемелік нұсқауы Қазан қаласынан 1920 жылы жарыққа шыққан. <<Сөз басында >> автор былай деп жазады: << Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады>> (Т3л та5ылымы6 1992, 323). Мұның өзі қазіргі таңдағы бастаыш мектептерді білім беру ісіне басшы, оның негізгі оқулық жазу жүйесінде басты бағдар, талап болатын ойлар. Жақсы оқытудың негізгі әдістерінің бірі ретінде ғалым баланың бұрынғы білген білігін ұштау, соның негізіндежаңа хабар ұсынуды басты назарда ұстаған сыңайлы. Айталық <<Дыбыспен жаттығу >>үшін әрбір дыбыстардысаралап алған соң, оны жазуарқылы ұғындыруда мынадай әдіс-тәсіл қолданады: <<жазу дегеніміз - дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз>>. ХХ ғасыр басындағы бала үшін өз елінің таңбасын білу - аса күрделі дүние болмаған. Әрбір ата ана өз елінің, руының таңбасын баласының санасынасіңіріп өсірген. Міне осы жадтағы жазу жүйесін ғалым үлгі ретінде пайымдатып, санаға сәуле түсіріп алып, аналогиялық таным негізінде оның жаңа әріпке тез енуіне, түсінуіне жағдай туғыза алады. << Оқу үйренгендегі басты мақсат - керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу Сөз - дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз айту дыбысты ауызбен тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді. Себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді>>- деп жазады ғалым. <<Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді >> дегенді мақсат етіп ұстаған ғалым <<Қазақша оқу жайынан>> атты мақаласында бала оқыту жүйесін құрудың алғашқы бастамаларын көрсетеді. Әліппеден өзге кітаптардың әлі шыға қоймағанына қынжылыс білдірген автор << ...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десеңіз болыстық та, билік те халықта оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі. ...Жаңалыққа жастар мойынын бұрын қайырылар, халық түзелуініңүміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс>> - деп жазады. Бұлай сөйлеудің ар жағында үлкен мән бар. Орыс үкіметі жүргізіп отырған оқыту саясаттың ар жағындағы орыстандыру жайы жатқанын терең сезінген ғалым, қазақ балаларын, жастарын қазақша оқытудың жайын осылайша тұспалдап жеткізіп отыр. Сондықтан да қазақ баласынң бір парасаты орысша оқып жүргенін айта отырып, <<орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет >> екенін анық айтады. Ғалым оқыту ісіндегі ең басты, әрі маңызды нәрсе оқуды дыбыспен жаттықтыру деп түсінеді. << Дыбыспен балаларды жаттықтыру - оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы >> дегенді нықтай айтады. Бұл пікірлерді қазіргі кезде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуді қолдарына алып жүрген ұстаздар басты бағыт ретінде қолданса мақұл болар еді. Ахмет Байтұрсынұлының <<Бастауыш мектеп >> атты мақаласы қазақтың бастауыш мектебі қандай болу керек ? деген мәселеге арналған. Қазақ баласын бірден орысша оқыту жөн бе, болмаса алдымен бастауышта қазақша оқытуды міндеттеу керек пе, орысша білім алған баланың ертеңі дүниетанымы қалай қалыптасады деген ұлт болашағы үшін мәні терең, мағынасы мол мәселені көтереді. << Бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір ссуық қолдан тыныш боларға керек.Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік>> - деп жазады. А.Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған << Тіл жұмсар>> атты еңбегінің мәні зор. Тіл - құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын ролі мен маңызы ерекше болмақ. <<Тіл жұмсар>> - қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: <<Тіл құрал>> қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. <<Тіл жұмсар>> сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады>> (1992,336) <<Жақсы дерлік де, жаман дерлік те бір әдіс жоқ Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы - түрлі әдісті бөлу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу>>, - деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым. Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсібір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз. Әдіскер - ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін,мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады: * Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; * Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; * Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру; * Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; * Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқтуға, жандандыруға тырысу; * Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; * Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді. Ғалым ұсынып отырған қағиданы қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз. Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған << Оқу құралынан >> бастап, << Әліп-би>> мен << Тіл құралда >> қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі * Ахмет Байтұрсынұлының жазған <<Тіл құралы>> еңбегі Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. №5 Дәріс: Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Мақсаты: Жұмабаев Мағжанның әдістемелік еңбектері туралы мағлұмат беру Жоспар: * Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. * Мағжан Жұмабаевтің <<Педагогика>> атты ғылыми еңбегі жайлы. 3. М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы - халықтың рухани қазынасы , әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның <<Педагогика>>, (1922), <<Ана тілі>>, (1923), <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы>>(1925), <<сауатты бол>>(1926), <<Ересек шала-сауаттылар программасы>>(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы <<Педагогика>> атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: <<Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев <<Педагогикасы >> іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал>>. Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт - бағдарын былайша аңғартады: << Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым >> (<<Педагогика>>, Алматы, 1922 ). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегінтолық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу - еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған , елең еткізер туынды екені анық. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: <<дене тәрбиесі, жан тәрбиесі , ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі>>. Расында да, адам баласыныңкемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Олүшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. <<Жан тәрбиесі>> деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Адам жанының тереңде таза болуы - болашағының жарқын болуынын кепілі. Жан адалдығына аса мән берген ақын оның отбасындағы, мектеп қабырғасындағы тәрбиелену жолдарына да ерекше дн қояды. Психологиядағы жан көріністері - ақыл, ішкі сезім дүниесі, қайрат туралы М.Жұмабаев толғана баяндайды. Баланың әсерленуі, ойлануы, эмоциялық толғаныстарының өзіндік ерекшелігін, ересек адамның ойлануымен салыстыраотырып зерделейді. <<Баланың жаністері бір-бірімен берік байланған болады,бір-бірімен берікжүреді. Баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі. Сезімі мен қайраты ббәрі бір іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін бірі тізгіндей білмейді>>, - деген байлам жасайды автор. Жас сәбидің бір нәрсеге ұмтылуы оның ақылының, сезімінің, жанының, денесінің, қайратының бірдей күш жұмсауы арқылы болатынын айта келіп, бала шақта алынған әсердің өмір бойы естен шықпауының мәнісін ғылыми тұрғыда ашып береді. Осылайша сәби жанының ерекше белгілері мен қасиеттерін анықтай отырып, тәрбиенің негізгі сипаттары мен мазмұнының қалай жүзеге асуы керек екенінің нақты жолдарынбелгілейді. << Жас бала- жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қайтып алмақ>> - деп түйін жасайды ақын - ғалым. Мағжан жұмабаев тәрбие түрлерінің осындай басты - басты маңызды сипаттарына тоқталып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын, жақындығын түсіндіреді. Егер адам баласына аталған тәрбие түрлерінің барлығы түгел бірлесе , оның жалпы білімі мен тәрбиесі жақсы болатынын тәптіштей айтады. <<Егер де ол ыстық, суық, аштық, жаңалаштық сияқты тұрмыста жиі ұшырайтын күштері елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз , сиқырлы әуен,әдемі түрденләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын >>- деп тілек етеді. Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. <<Ұлт тәрбиесі - бяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуғв тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті>> -деп жазады ақын. Мағжан Жұмабаев қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі ұлттық менталитетке сай қалыптасқан тәрбие желісін қастерлей отырып, оны да замманның талабына сәйкес електен өткізуге, сөйтіп барып қабылдауға болатынын ескертеді. Қазақ ауылында талай зиянды әдеттер барында жасырмайды. Оқыған зиялы азамат ретінде бүгінгі бала тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, оның ғылыми тұрғыда зерделеніп, педагогикалық шеберліктің ұшталу мәселелерінде ден қояды. Тәрбиеші, тәрбие, тәлім - кең ұғым ретінде қарастырылады. Адам баласы жер бетінде өмір сүретіндіктен тәрбиенің негізгі мақсатыжеке адамды ғана тәрбиелеп қою емес, сол арқылы ұлттың бақыты одан әрі адамзат бақытымен байланыстырылады. Адам баласының тәрбиеге мұқтаждығы көрсетіледі. Ғылыми - педагогика негіздеріне сүйене отырып, бала тәрбиелеудің өзінің бір өнер екенін, оның қыры мен сырының мол екенін тұжырымдайды. М.Жұмабаев педагогика ғылымы негіздеріне талдау жасап, оны адамның өз тәжірибесі, халық педагогикасы және бүкіл адамзат қауымы топтаған ғылыми тексерілген заңдылықтар құрайды дей отырып, педагогика ғылымының салаларын, оның өзге салалармен байланысын анықтайды. Кітаптың <<Жалпы педагогика>> деп аталатын бөлімінде: тәрбие, дене тәрбиесә және жан тәрбиесінен құралады дей келіп, баланың туған күнінен бастап тәрбиеленудегі маңызды мәселелерге тоқталады. Оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселелерге мән береді. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы кейбір ата аналардың бала тәрбиесіндегі іс-шараларын жөнінде олардың дұрыс орындалуына маңызды кеңестер береді. Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше назар аударады. Көрсетілген еңбегінде автор мектеп жасына дейінгі баланың өсу жолдарында жасалатын тәрбиелік шараларға мән береді. М.Жұмабаев аталған бөлімде <<психология>> деген сөзді <<жан тілі >> деп аударып, психологияны <<жан туралы пән>> деп айтады. <<Баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай ақ, оның істегі көріністерін жақсы тексеру жетеді>> деп есептейді. Жан көріністерін ақыл және ішкі сезім деп бөледі, жан тұрмысының бірлігін дәріптейді. Адамның бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауды іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ойдан шығару, тіл т.б туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, өзіндік тұжырымдар береді. Ұлы ақынның әдістемелік еңбектеріпсихологиялық жағынанерекше көңіл аудартады. Мәселен, оның қазақ мектептерінде оқу құралдарын қалай жазу керектігі туралы жазған <<Жазалмақ оқу құралдарыһәм мектебіміз>> атты мақаласы 1921 жылы <<Бостандық туы>> атты газетінде басылып шығады. Жарияланған мақаладаоқу құралының зәрулігі, мектептердің қажеттілігі жөнінде сөз қозғалады. 1923 жылы М.Жұмабаевтың <<Бастауыш мектепте ана тілі>> еңбегі жарияланды. Оның бұл еңбегі жан - жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырады. 1. Бастауыш мектептің міндеті. 2. Еңбек мектебінің міндеті; 3. Төрт жылдық бастауыш мектеп міндеттері анықталады. Ақын зерттеуші ана тілінің мектпете оқытылуына көңіл бөліп, ана тілі сабағының мақсата мен міндеттерін көрсетіп береді. Сондай ақ, оқытудың сабақтан басқа түрлерін де тоқталады. Мағжан Жұмабаев ескі мектеп сипаты мен жаңа мектепті салыстырып, оның ерекшеліктерін сөз етеді.Ескі мектептің жағдайын сынай отырып, жаңа мектептің берерін де терең талдайды. Халық ағарту ісінің озық ойдың жемісі екенін әңгімеге өзек етеді. Өзінің педагогикалық еңбегінде ақын оқушы жүрегіне, ең алдымен, нақты бейне, сурет сала білу керек деп кеңес береді. Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның <<педагогика>> еңбегіне енген <<Тіл>>, <<Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны>>, <<Баланың тілі>> атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер азуы осының айғағы. М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің де астары терең. Сондықтан оны оқып - білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Мағжан Жұабаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі * Мағжан Жұмабаевтің <<Педагогика>> атты ғылыми еңбегі жайлы не білесің? * М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындығы қандай? Әдебиеттер: * Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші * Жұмабаев М. Педагогика 3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. 4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж. №6 Дәріс: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру. Жоспар: * Аймауытов Жүсіпбек - көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым. * Жүсіпбек Аймауытовтың <<Әдет заңы >> атты мақаласы Қазақ ойының биігін танытатын замана суреткері Жүсіпбек Аймауытов тек көркем сөз шебері ғана емес, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жай жапсырын айтқан, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым да. Халық ағарту жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытов жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арнап жазған <<Тәрбиеге жетекші>>, 1926 жылы Орынборда жарық көрген өнер таңдау ,1929 жылы Қызылордада басылып шыққан << Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері>> атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарында оқулық қызметінде қолданылған. Ал педагогика мен психологияғылымдары терминологиясының ұлттық сипатта қалыптасуының бірден бір негізгі, тұғыры болды десек қателеспейміз. Жүсіпбек Аймаутов өзінің алғашқы қызметтік қадамын оқу-ағарту ісінен бастаған. Кейінгі шығармашылық, қоғамдық көзқарасында да халыққа білім - өнер дарыту ісі оның негізгі кредосына айналғаны байқалады. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының негізгі бағдарламалық тұғыры - қазақ қауымына қажетті ең негізгі нәрсе - білім екенін халыққа дарыту етеді. Осы бағытта қызмет еткен Ж.Аймауытов та өзінің саналы ғұмырын ұлі іс жолында қызмет теуге арнады. Оның бала кезінен ақ бір жағы оқи жүріп, жазғы демалыс айларында ауылға барып бала оқытуы тек тұрмыс алға тартқан тауқымет не қажеттілік қана емес, халықтық мақсаттан, ұлт болашағының жарқын болуын көздеген асыл мұраттардан туған ой болуы керек. 1911 жылы Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебіне түсіп, одан 1914-1949 жылдар арасында Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, қоғамдық қызметтергеараласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметкеараласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен дене тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап бері болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды шұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс - тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті. Автордың 1918 жылы <<Абай>> журналына жарияланған <<Тәрбие>> атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды желі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге де тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы-жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескірмесі анық. Білікті ағылшын философы, әрі педагогы Дж. Локктың <<Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтайдай болып туады. Таза тақтайға қандай жазу жазса да жазушының еркінде>> деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарасқа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын, адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындалуы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады. Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігі қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл-ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске лаып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды рөлін көрсетеді. <<Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады, өйткені ақылды адам көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны>> деген ойды оқу арқылы да Ж.Аймауытұлының озық ойларын танимыз. Тәрбие ісі - мемелекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие - болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсетінінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз. Ж.Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. <<Әдет заңы >> атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. << Әдет - бір сақтаулы қазына >> дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі - <<Жан жүйесі және өнер таңдау>> деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдетті қалыптастырудағы психологияның маңзын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. <<Жан дүниесі >> пәнінің негізін қалап оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздер) қалыптастырған. Жүсіпбек Аймауытов қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғылым - жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді. 1925 жлы жазылған <<Ана тілін қалай оқыту керек>> атты көлемді мақаласы әдістемелік жағынан құнды. Мұнда зерттеуші ұлт мектептеріндегі ана тілін оқытудың жүйеленген әдісі жоғын тілге тиек ете отырып, әркім өз білгенімен тіл үйретіп, сабақ беріп жүгенін әділ сынға алады. Орыс мектептерінде қолданылып жүрген әділ сынға алады.Орыс мектептерінде қолданылып жүреген оқыту әдістері жайында мәлімет бере отырып, солардың қазақ мектептеріне қазақ психологиясына қолайлы келетін әдістерін жүйелі қолдану қажеттігін айтады. Балаларды қысқа әңгімелер оқытуға төселдірудің жолдарын талдап баяндайды. <<Ертегі, әуездің пернелі ,кестелі сөзін тастап, баланың өз сөзімен қайта айтқызуға болмайды. Олардың маңызы - қиялға әсер беріп, шарықтауында. Сезімге әсер беріп, көңілді ұйытқытуында>>, - деп жазды автор. Жас балаға газет оқыту мен көркем сөз оқытудың бір емес екеніне назар аудара отырып, сөздің мәнін өзгерпей, маңызын, көркемдігін жоғалтпай айтуға тәрбиелеу қажеттігін шегелей айтады. Жүсіпбев Аймауытов қазақ тілін оқыту әдістемесінің көптеген теориялық мәселелерін, адам жанының тәрбиесінің басты құралы ретіндегі ана тілін оқытудың маңызын көрсеткен. Ғалым педагогтың жазған әдістемелік ғылыми еңбектерінің қазіргі таңда да маңызы мол. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнаған мақалалары қандай? * Жүсіпбек Аймауытовтың <<Әдет заңы >> атты мақаласында не жазылған? Әдебиеттер: * Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші * Жұмабаев М. Педагогика 3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. 4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж. №7 Дәріс: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер Мақсаты: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты және Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі туралы мағлұмат беру. Жоспар: * Сейіл Жиенбаев - қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. * С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері * Шамғали Сарыбаев - қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі. * Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздерін зерделеу саласында Т.Шонанов,Ш.Х сарыбаев,Ғ.Бегалиев сынды ғылымдар еңбек етті. Бұлар А.Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы шоғыры еді. <<Әдістеме>> деп аталатын ғылымның бастауында тұрған бұл ғалымдардың еңбектері кеңінен зерделеулі, уақыт пен заман ұстанған саясат арасындағы қиын кездің өзінде тіл туралы толғамды ой айта алғандығын байыптап салмақтауды қажет етеді. Бұл кезең сондай-ақ, жазу таңбаларының үздіксіз ауысып жатуымен де ерекшеленеді. Тіл білімінің көптеген теориялық мәселелерінің басы ашық болмай тұрған, ғылымның жас кезінің өзінде қазақ тілінің мектепте дұрыс бағытта оқытылуына барынша күш-қайрат жұмсап, оның әуелгі оқу құрладары мен оқулықтарын, бағдарламаларын жасап, кейбір теориялық мәселелерде толғамды да салиқалы ой айта алған ғалымдардың еңбегін өз дәрежесінде бағалау орынды болмақ деп есептейміз. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнәнәң арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі - Сейіл Жиенбаев. Ол 1896 жылы Орынбор облысының Бөрте ауданында 1 - мамыр күні дүниеге келіп, 1945 жылы қайтыс болған. 1910-1912 жылдары екі жылдық Бөрте училищесін, 1928 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1916-1922 жылдары Орынборда, Шымкентте мұғалім болып қызмет істейді. 1931-1935, сондай-ақ , 1937-1939 жылдары Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында оқытушы болады. С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты << Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі>>, <<Үлкендерге хат таныту методикасы>>, <<Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы>>, <<Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы>>,<<Қазақ тілінің методикасы>>, <<Грамматикалық таблицалар>> т.б. сияқты еңбекер жазған. Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген << Қазақ тілі методикасы>> атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді. Сабақта мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынандай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атаратын қызметі - синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген елеле ой айтады. Тек септік жалғауды оқытудың жайын баяндауының өзінде автор көптеген теориялық мәселелердің байыбына баланың ойын қалай жетелеу қажеттігін алға тартады. <<Бұл мәселенің өзі (септеу жалғаулардың синтаксистік қызметі жөніндегі мәселе) соншалық жалаң мәселе емес. Алдымен морфология құбылысының синтаксистік мәні бар дегеннің өзін толық ұғу үшін адамның грамматикалық ой-өрісі белгілі бір дәрежеге жеткен болу керек. Сондықтан жалғаулардың мұндай қызметін мысалмен көрсетіп, тек қысқаша ұғым беріп алу керек>> , - ойын түйіндейді (1946,9-бет) . Жалғаулардың да өзіндік мағынасы бар екені балаға түсіндіру үшін, оларды алып тастап немесе орнын өзге жалғаумен алмастырып қарауға болар еді. Онда мүлде сөйлем шықпайды, яки мағынасы өзгереді. С.Жиенбаев еңбегінде кез келген тілдік деректі талдау барысында, оған қандай әдісті, қандай ұстанымды қолдану қажеттігін талдап көрсетеді. Жаңа сабақы өту барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. Тексеру жұмысын оқытушы бір өзі ғана жүргізбейді, оқушылар да белсене қатысып, олар да бірге ойланып отырады деп бағамдайды. Өздері бірге тексерісіп, бірге талдаған соң, сабақты ұғыну деңгейі де жоғары болатыны сөзсіз. Байқау әдісін қолданғанда негізгі басқарушы мұғалімнің өзі болуы шарт. Жаңа сабақтың басты ғылыми-теориялық мәселелерін баланың мойнына салуға болмайды. Тиісті тілдік деректерді талдау тек мұғалімнің басшылығымен орындалғаны дұрыс. Егер осы талдау барысында шағын қорытынды мұғалімнің өзі айтпай-ақ байқалып тұратын болса, онда сабақ өзінің мақсатына жеткені санадады. Автор пәнді оқытудың әдістемелік ұстанымдары тек сабақ жүргізгенде ғана емес, грамматикалық оқулықтар мен оқу құралдарының да құрылысына әсерін, ықпалын тигізіп, оның жалпы барсында сақталып отырылуы қажет деген ой айтады. <<Грамматика кітабының құрылу принциптері>> атты бөлімінде мектеп оқулықтарын жазуда бірыңғай ғылыми ұстанымдарды ғана сақтамай, әдістемелік ұстанымдарды да жүйелі түрде басшылыққа алып отыру қажеттігін анықтап айтады. Қазақ мектебінің тарихында ана тілінің әдістемесінен жаңадан жол алып, жүйе түзеген теорияшыл педагогтар бола қойған жоқ дей келіп, ғалым алғашқы грамматиканың өзі ХХ ғасырда шықты деп, <<Тіл құралды>> көрсетеді. Авторын атап айтпаса да, бұл Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі екенін көзі қарақты азамат танитыны түсінікті. Әңгіме - С.Жиенбаев 1946 жылдары, соғыстан соңғы қиын кезеңдерде, екінші зоболаңның ( репрессия) алдында, қорықпай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сілтеме жасай алу ерлігі. Зерттеу еңбегіне сілтеме жасамақ түгілі, атын атау мүмкін болмай қалған тұста,С.Жиенбаев былай деп жазады: <<Тіл құрал >> кітабының сол кездегі ойлау принципінің де, онымен қатар тұлғалық бағыттың да элементтері барлығын көреміз>>. Осылайша зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кей анықтамалар мен ұстанымдарға талдау жасайды. Оның негізгі сүйенгені логикалық принцип деген тоқтамаға келеді. Еңбектегі талдаулардан С.Жиенбаевтң Ахмет Байтұрсынұлы еңбегімен жақсы таныстығы, одан мүмкіндігінше мол мағлұмат бере кетуді мақсат еткені анық байқалады. Грамматикалық категорияның жай - мәнісін түгел меңгеріп алу үшін дағды керек деп есептейді әдіскер-ғалым. Ал дағды алу үшін оған көп жаттығулар қажет, категорияның түрлі-түрлі тұлғаларын ажыратып көру керек.Бірақ терең білім құр жаттығумен де келмейді деген пайымдаулар жасап отырады. С.Жиенбаев еңбегінде оқушыларға грамматикалық категорияны танытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Әрине адам баласы өзінің ана тілін грамматиканы оқымаса да біледі, бірақ тілдердің құбылыстарын, оның ішкі даму заңдылықтарын терең түсіну үшін тілдегі негізгі категориялармен таныс болу қажеттігін жақсы атап өтеді. Еуропа оқымыстысы О.Еспересеннің зертеулеріне сүйене отырып, жасаған талдаулары терең де мазмұнды. Тіпті кейігі зерттеулерде кездесе бермейтін терең теориялық толғамдар бар. Айталық, сөздің мәнісін барлағанда, автор оны тек дыбыстан тұратын бірлік ретінде ғана қарастырмай, ұғымды таңбалаушы ретінде бағалайды. Балаларға анықтама үйретіп, жаттатып шаршаудың қажетсіздігін мұғалімдерге жете түсіндіру шарт деген тұжырым айтады. <<Тұлғашыл бағыттағы оқымыстылар категорияның сыртқы тұлға жағына айрықша көңіл бөліп, мағына мен мазмұн жағын көп елемеген. Шынында, грамматиканы оқытқанда сөздің сементикалық белгісі зор мән беруіміз керек. Әрі тұлғасын, әрі мазмұнын айырғанда ғана мәселе ұғымды болмақ>> - деген көрген ойды С.Жиенбаев еңбегінен табамыз. Тілдегі құбылыстың тұлғасын көрсетіп, мағынасын ұқтыру - үйретудің негізгі әдісі. Оқытушының айтып тұрғанының барлығын бірдей бала түсінбеуі мүмкін. Бұдан шығар жол - әртүрлі жеңіл мысалдар мен көрнкілікті дұрыс қолдана білу, - деп жазады ғалым әдіскер. Грамматикалық категорияны түсіндірудің қалыпты жолы - сұрақ қою арқылы ұғындыру екені де талданып жазылған. Оқыту тәжірибесінде құбылыстарды өзара салыстырып, сол арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқынырақ көрсетуге болатыны белгілі. С.Жиенбаев салыстыру әдісін қазақ тілін зерттеуге, оқытуға қолдануға болатынын айтып нақты мысалдарментүсіндіре дәлелдейді. Бұл әдістің пайдасы белгілі бір деректерді салыстырып, оның айырмасын не ұқсастығынайыру баланы ынталандырады. Екіншіден, бала себеп пен тұлға, мағына дегендерді көп тексереді. Соның арқасында талданылып отырған екі категорияның өзін меңгеріп алады деп ойын түйіндейді ғалым. С.Жиенбаев еңбегінің маңызды қыры сөздің ұғымдық, мағыналық жағынан тексерілуі болса керек. Өзінің көп замандастарынан ерекше, зерттеуші тілдің құрылысын ғана емес, оның мағыналық құрылымын, ұғымдық сипатын айқындауға талаптанған. Батыстық семантикалық үлгіде жазылған ғылыми зерттеулерді көп оқып, зерделегені байқалады. Автордың О.Есперсенге,Н.Я.маррға сілтеме жасауы - оның зерттеулерінің негізі бағыты мағыналық жүйе, функционалдық құрылым екенін аңғартады. Қазақ тілінде сөз таптарын ажырату орыс тілінен анағұрлым қиын дейді ғалым. Олай болуының себебі қазақ тілінде тұлғасы бірдей, тек мағынасына қарап айырылатын сөздер бар. Шығу тегі жағынан тектес түбірлер болып саналатын есім-етістік жұптарының көп мағыналықтан жіктеліп шығатыны белгілі жағдай. Қазіргі тілдің синхрондық сипатында бұл сөздер әр түрлі мағыналарға ие. Сөздердің арнайы мағынасы мен олардың қай сөз табына жататындығын, қызметін айқындайтын - контекст, мәтін. Зерттеуші осындай мағынасы сөйлем ішінде айқындалатын лексикалық бірліктердің мағынасын салыстыру әдісі арқылыкөрсету дұрыс деп пайымдайды. Тек қана түбір сөздердің мағыналары емес, кейде негіздердің мағыналарын айқындауда да қиыншылық болатыны зерттеуде аталып өтіледі. Олардың ішкі семантикалық мәнінің тек контексте ашылатыны нақты мысалдар салыстырып беру арқылы олардың, мағыналық ерекшелігіне оқушының көзін жеткізу. Қазақ тілі оқыту әдістемесінің негізгі көкейтесті мәселелеріне үн қосып, оның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым С.Жиенбаев еңбектері өзінің өзектілігін күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оның семантикалық бағыттағы ойлары мен тұжырымдары, оқушыны ойлантуға жетелейтін сабақ үлгілері, ұғымдық, мәндік талдаулары болашақ оқытушылар мен зерттеушілерге бағыт көрсете берері сөзсіз. 1936 жылы орта мектептің V - VI сыныптарына раналған С.Жиенбаевтің <<Грамматика талдауыш>>, << Қазақ тілі әдістемесі>>, << Грамматикалық таблицалар >> тағы басқа еңбектері жарық көрді. Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, <<мұғалім сабақты беруді >> көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба>> , - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталады, ол қазір де мәнін жойған жоқ . С.Жиенбаев туралы, оның әдістеме ғылымын дамытудағы орны мен өзіндік қолтаңбасы туралы кезінде И.Қ.Ұйқбаев <<Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты шағын жұмысында көптеген құнды мәліметтер келтірген. Осы жұмыста С.Жиенбаевтың қаламынан шыққан 95 еңбектің аты аталады. Мұның ішінде таза педагогика мен әдістемеге арналған еңбегінің саны - 29. Бұлардың ішінде <<Лекции по педагогике для заочников вуза и педучилища>>(1930), <<Методика родного языка в НШ>>(1934), <<Методические материалы для учителей НШ>>(1935), Грамматика талдауы <<Ауыл мұғалімі>>(1939), Грамматикалық атегорияларды таныту <<Халық мұғалімі>> ( 1950,№5 ), <<Үлкендерге хат таныту методикасы >>(1936), <<Қазақ тілі методикасы>>(1941) сияқты еңбектерінің мәні үлкен. Шамғали Сарыбаев - ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі. Ш.Х: Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынборда мұғалімдер даярлайтын құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бала оқытумен айналысады. 1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі <<Жаңамектеп>>, <<Еңбекші қазақ >>, << Еңбек>> т.б. сияқты баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оның <<Сауатсыздықпен күресу жолдары>>, <<Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер>>, <<Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы>> тәрізді мақалалары жарияланады. Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтыр оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937 жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалары жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы КазПИ-де қызмет істейді. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған <<Үлкендер үшін әліппе>> 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге <<Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы >>, 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бірге <<Екпінді күш 1 - класс үшін әліппе кітабы>>, 1933 жылы А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған <<Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін / >> атты оқу құралдары басылады. Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп , ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелермен де айналысады. Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған <<Түоліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы>>, <<Емле жүйелері>>, <<Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары>>, <<Грамматикалық мағына деген не?>>, <<Табыс жалғауының тасалануы>>, т.б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А.Байтұрсынұлының << Тіл танытқышынан >> сусындап өскен бұл кездегі ғалымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан <<Грамматикалық мағына деген не? >> << Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр,жүр)>>, <<Қосылып жазылмайтын сөздер>> атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді. 1920-190 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдр болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық , оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принциптерін белгілеу сияқты күрделңі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. <<Емле жүйелері>>, <<Ы,і-нің жазылуы туралы>>, <<Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық>> т.б сияқты мақалаларын ғылым осы мәселеге арнаған. Ғалым 1944 жылы <<Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы>> атты тақырыпта кандидаттық дисертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен <<Жоғары мектептер программаларын>>( Т. Қордабаевпен бірге), <<Қазақ тілі методикасының программасын >> жазады. Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындылары жазады. <<Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері>> атты еңбегі соның куәсі. 1956 жылы Ш.Сарыбаевтың <<Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері>> деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Сейіл Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі * Сейіл Жиенбаевтің психологиялық аспектілері 3. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері 4.Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері 5. Ш.Сарыбаевтың <<Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері>> деген кітабы қай жылы шықты? Әдебиеттер: 1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы №8 Дәріс: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі. Мақсаты: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесімен танысуҒали Бегалиевтіңтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Иманбек Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: * Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі * Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары * И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі * 2. И.Ұйықбаев құрастырған <<Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты еңбегі Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі - Ғали Бегалиев. Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы <<Қызыл Ту>> газетінде, Алматыдағы <<Еңбекші қазақ>> газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер - тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның <<Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы>>(1940), <<Әріп, дыбыс, буын>>, <<Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы>>(1950), <<Грамматика таблицалаларына нұсқау>>, <<Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал>> (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет. Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Әдіскер ғалымның <<Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасының мәселелері>> мен <<Бастауыш мектепте бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы>> деген еңбектері 1950 жылы жарық көреді. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тілі бойынша өтілетін әр сабақтың әдістемесін жасап, әрбір тақырыпты қалай оқыту, әдіс тәсілді қалай дұрыс қолданудың өзі дұрыс деп таныған жолдары мен тәсілдерін ұсынады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді. Әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да тетең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Әрбір жеке тақырыптың әдістемесін жазудағы мақсатын ғылымның өзі былайша түсіндіреді: <<Бұлайша жазуымыздың себебі мектеп мұғалімдері тілден өткізетін сабақтарға оқулық бойынша әзірленгенде, сол сабақты оқыту методикасына да қоса әзірленсін дегендік. Тіл мұғалімі әрі грамматиаклық тақырыпты, әрі оны оқытудың методикасын бір уақытта әзірлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ>> (Бегалиев Ғ. <<Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, Алматы 1940, 57 - бет.>>) Ғ. Бегалиев есімі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына, әсіресе бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың сапалы өтуіне өз үлесін қосқан әдіскер ғалым ретінде танылады. Ғ. Бегалиевтің негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері: Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы. Алматы, 1940. Құрмалас сөйлем. Алматы, 1941. Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, 1944. Әріп, дыбыс, буын.Алматы, 1935. Қазақ тілі граматикасы . ІІ бөлім. Синтаксис. Орта мектептің 6-7 кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1948. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы,1950. Қазақ тілі. Орыс мектептерінің 5-7 кластарында оқитын қазақ оқушыларына арналған оқулық. Алматы, 1957. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының әдістемесі ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, С.Жиенбаев, Ш.Х Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымовтардың ізімен оқыту ісінің қыр - сырын терең меңгеріп, енді оның тек жалпы бағыттарын ғана емес, тіл білімінің белгілі саласы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны беру мақсатында зерттеулерін жазған ғалымдар легі жалғасын тапты. Әдістеме ғылымының пән ретінде дамуына үлес қосқвн И.Ұйықбаев, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Ж.Шакенов, Б.Кәтембаева т.б. сынды ғылымдар әдістеме ғылымын теориялық тұрғыдан байытты. Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданында туған. 1948 жылы КазПИ - ді бітіріп, 1952 жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1954 жылы <<Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің көріністері>> атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Автордың <<Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері>>, <<Қазақ тілі методикасының очерктері>> әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. Әдіскер ғалымның еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылды.Сондықтан да автор былай деп ой түйіндейді: <<Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты>> (Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,Алматы, 1957). Автор мектеп мұғалімдерінің бағдарламаны қалай жасауға болатынын, оны пйдаланудың жолдарын саралап көрсетеді, 3,4,5 сыныптарда сөз табына қатысты мәселені балаға жеткізудің жолдарын анықтайды. Есім және етістік сөз таптарын мектепте қалай өтуге болатынын жіктеп талдайды. Әрбір сабақтың өзіндік ерекшелігіне, теориялық білімді меңгертуде жаттығудың маңызды орын бар екеніне жақсы тоқталады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында түсіндірмелі диктанттар мен бақылау диктанттарын жиі алып отыру қажеттігін ескертеді. Әдіскер - ғалым бастауыш мектептерде грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізуге де ерекше көңіл бөледі. Мұның өзі балалардың сауттылығын күшейтуге көмектеседі деп ой түйіндейді. Грамматикалық талдау грамматика мен емлені меңгеруге көмекші құрал болатындықтан, оны өтілген тақырыпқа сәйкес үнемі жүргізіп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшін алынған сөйлемдер жеңіл, түсінікті болуы керек деп жазады. Лексика саласын оқыту да оқушылардың тілін дамытуға мол мүмкіндік барын айта келіп, автор синоним, антоним, омоним, термин сөзде, көнерген сөздерді т.б. оқытуда иек артуға болатын негізгі тәсілдер мен жолдарды көрсетіп береді. И.Ұйықбаев диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған. И.Ұйықбаев құрастырған << Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты еңбектің де әдістеме ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада Қ.Басымов, С.Жиенбаев, Ш:Х.Сарыбаевтардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып, олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан пікірлері аса құнды. Мұның өзінің кейінгі ғылыми ізденіспен жүрген ізденушілерге тигізер пайдасы орасан. Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында И.Ұйықбаев есімінің де өзіндік орны бар. Автордың қаламынан шыққан қазақ тілін оқыту жүйесіне байланысты еңбектердің маңызы күні бүгін де жойылған жоқ. И.Ұйықбаевтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері: Категория глагольного вида в современном казахском языке. АКД,Алматы, 1954. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері.Алматы, 1958. Қазақ тілі методикасының очерктері.Алматы, 1962. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы,1969. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.Алматы, 1976. Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1961. Қазақ тілі.8 сыныпқа арналған оқулық.1997. Қазақ тілі, 9-сыныпқа арналған оқулық.1997. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары қай жылы жарық көрді? * Әдіскер ғалымның 1950 жылы қай еңбегі жарық көрді * И.Ұйықбаев құрастырған << Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты еңбегі жайлы не білесің? Әдебиеттер: * Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. - алматы, 1969. - 228 б. * Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974 * З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2002 * З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 * Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66. * Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 * С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997 * Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 №9 Дәріс: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы Мақсаты: Хасен Арғыновтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Қажым Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығы туралы түсінік беру. Жоспар: 1. Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым. 2. Әдіскер ғалымның <<Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация>> атты еңбегі жайлы мағлұмат 3.Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор 4.Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат Әдістеме ғылымының теориялық тереңдікке бой ұрып, оның жеке сала бойынша өркендеп дамуына үлес қосқан ғалымдарының бірі - Хасен Қуандықұлы Арғынов. Арғынов Х.Қ. - 1926 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданында туған.1951 жылы Семей Педагогикалық институтын бітіріп, біраз жыл мектептерде оқытушылық қызметте болды. 1961-1963 жылдар аралығында <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> , << Қазақстан мектебі>> басылымдарында қызметкер болады да, Абай атындағы КазПИ-ге аспирантураға қабылданады. Аспирантурада негізінен қазақ тілін оқыту әдістемесімен, оның негізгі теориялық мәселелерімен айналысады. Бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, кейін <<Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтасисін оқыту методикасы>> атты кндидаттық диссертациясын қорғайды. 1971 жылы <<Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері>> деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып бітіреді. Ғалым еңбегі негізінен қазақ тілінің синтаксисін орта мектептерде оқыту жүйесіне аранлады. Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінің және тыныс белгілерінің негізгі заңдылықтарын ашып, олардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу машығын дағдыландыруға басты назар аударады. Автордың ойынша, мұғалім синтаксистің негізгі заңдылықтарын сагалы түрде меңгеріп, біліп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбір синтаксистік тұлға мен тыныс белгісінен сапалы да терең теориялық білім бере алады. Теориялық білім берудегі негізгі 15 түрлі ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар тек синтаксисті оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де салаларын меңгертуде қолданыла алады. Ғалым ең алдымен,оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетеді. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән беріледі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Бір ғана теориялық мәселені әртүрлі дәрежеде ұғындыруға болар еді. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбірек ақпарат беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы орташа немесенашар балаға өз дәрежесіне лайықтап қана түсіндіру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдісі тиімді екенін, әрі сабақ мазмұны қай дәрежеде болуықажеттігін мұғалім өзі таңдайды. Мұның өзінде де мұғалімге үлкен сауаттылық, жауаптылық керек деп тұжырымдайды ғалым. Өткізілетін материал жеңіл де тиімді меңгерілу үшін, бұрын өткен материалдар үнемі қайталанып, өзара байланыстырылып отырылуы қажет. Әсіресе тіл білімінің салалары, айталық, морфология мен синтаксистің байланыстылығы үнемі ескерілгені мақұл. Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге , тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігін айтады. Ғалымның <<Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация>> атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады.Еңбек негізгі үш тараудан тұрады.Бірінші тарауы <<Сөз тіркесінің синтаксисі>> деп аталады да, мұғалімнің сөз тіркесінің әрбір бөлігін қалай өткізуге болатыны туралы егжей-тегжейлі талданады. Жаңа сабақты өту үшін балаларды дайындау, олардың бұрынғы өткен материалдарын естеріне түсіру үшін жұмыстар жүргізу, жаңа сабақтың маңызды жақтарын ұғындырудың жолдары, көрнекі құралдарды пайдалана білу сияқты мәселелердің ешқайсысы да қалтарыста қалмайды. Екінші және үшінші тараулар жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған. Мектептегі оқулық бойынша барлық тақырыптарға тиісті талдаулар жасалып, нақты әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер беріледі. Көрнекі құралдар жасаудың үлгілері, сызбалар мен кестелер келтіріледі. Х.Арғынов зерттеулері қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтере алды. Оның зерттеу көкжиегін кеңейтті. Әдістеменің негізгі теориялық тұжырымдары ғана жасалып қойғаны жоқ, сонымен бірге, тек синтаксис пен тыныс белгілілер бойынша сабақты жүргізудің ғылыми негізін жасады. Қазіргі таңда қазақ тілінен мектепте дәріс беретін мұғалімдердің басты сүйенер оқу құралы болуға тиіс бұл еңбектің ғылыми деңгейі де, теориялық біліктілігі де жоғары. Х.Арғыновтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері: Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы. АКД.;Алматы, 1964. Қазақ тілі.9 класс оқулығы Алматы, 1971-1978. Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері ДДА., 1971. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1980. Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең ғылыми пікір айтқан, зерттеу ұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі - Қажым Басымов. Мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымов қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығын дамуына орасан зор мүмкіндік туды Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері 1920жылдардың ішіне жариялана бастайды. Ол өзінің барлық өмірін жастарды тәрбиелеуге арнады. 1917 жылдан бастап оқытушы болды. Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар профессор Қажым Басымов әдебиет майданына да белсене қатынасты. Автор 1938 жылы << Грамматика оқыту жөнінде >> дген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталады. Қажым ағарту жолында көп еңбек сіңірді, жүздеген педагогикалық кадрларды әзірлеуге барлық күш - жігерін, білімін жұмсады. Ол оқытқан оқушылар кейін өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарды. Кейбіреуі докторлық диссертация қорғап академик те болды. Академик Н.сауранбаев Басымовтан оқып, 1928 жылы ағарту институтын бітірген, оның көп шәкірттерінің бірі. Смағұл Төребаевтың айтуынша, <<Қажекең - нағыз педагог адам еді, тілге өте шебер болатын. Ол әрбір сабаққа бір жаңалық әкелетін жұрнақтарды көп зерттеуші еді, сабақ сайын жаңа тапқан жұрнақтарын айта отыратын>> деп өз пікірін білдірді. Қажым Амнағалиұлының мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланды. Солардың ішінде Жетісуда шыққан <<Тілші >>деген газетте << Социалдық жол >> деп аталған Ақтөбе облыстық газетінде де бірсыпыра мақалалары басылып шықты. Сол кезде <<Тілші>> деген газетінің жауапты редакторы болып қызмет істеген Сара Есованың айтуынша Басымовтың бүркеншек аттары болатын << Сарыалжын, Бөкейше >> деген бүркеншек атпен мақала, өлеңдерін бастыра алатын. Профессор Қ.Басымов қазақ тілімен туыстас тілдермен қатар орыс, араб тілдерін білген. Оның бізге белгілі елуден аса еңбегі жалпы тіл білімі, орфография, грамматика, пунктуация және әдебиет мәселелеріне арналған. Қажым әсіресе орфография жөнінде көп жазды. Отыз шақты еңбегі орфография туралы жазылған. Ол орфография мәселелері жайында 1932 жылы << Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері>> деген кітапшаны да бастырып шығады. Профессор Қ.Басымов - қазақ тілі орфографиясын жазуға белсене қатынасқан ғалымдардың бірі. Оның орфография жөнінде жазған << Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек>>, << Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік >>, <<Түрлі-түсті сөздерді >> жазылуы туралы деген мақалаларының қазіргі кезде зор маңызы бар. Қажым <<Емле сөздігіне негізді тиянақ керек >> деген 1930 жылы жазған мақаласында <<Жазудың тезі - емле сөздігі >> екенін айта келіп, қазақ тілінде диалектіні>> бар екені нақты мысалдармен дәлелдейді. Мысалы: Мәстемір - шымшуыр, сым - шалбар, дәндеу - үлкен, сырғауыл, пешене - тағдыр тағы басқа осы диелектілерге байланысты профессор Қажым Басымов былай деп жазды: Бір ұғымды сөздердің бұдан да көп бірнеше түрлерін талай жүзеге толтыруға болады. Әр ауданда әртүрлі айтылатын нәрсе аттары өте жиі ұшырайды. Тергеп, теріп отырсақ аяғыңды басқан сайын кездесе береді. Мұндай кең өріс алған бір ұғымды әртүрлі сөздің өзгелерін сылып тастап, біреуін ғана аламыз десек, тіліміздің жанды тамырына балта шапқанмен тең түсер еді. Бұлар жазу тілін шұбарламайды. Ұғымға өрнекті түр кіргізгеннен басқа зияны жоқ. Басымов этимология мен стилистика мәселелерімен де шұғылданады. Ол <<Түрлі-түсті сздердің жазылуы туралы>> деген мақаласында күн аттарының парсы тілінен алғанын айтады. Мысалы: шәнбә - сенбі, иак-шәнбә- жексенбі, ду-шәнбә-дүйсенбі, сей-шәнбә- сейсенбі, шаһар- шәнбә- сәрсенбі. Осы мақаласында <<Мана, бағана, >> деген сздерді салыстыра келіп, ол былай дейді: <<Мана - бағана>> екеуінің қайсысын жазу мәселесіне келгенде, әрине қысқасы <<мана>> сөзі қолайлы болады. <<Бағана>> сөзі, бірден ұзын, екіншіден басқа заттың аты. Қажым грамматика мен пунктуация мәселелеріне де көп көңіл бөлген. Қазақ тілінің педтехникумдар мен институттарға арналған бағдарламаларын жазды. Қажымның <<Грамматиканы оқыту жөнінде>>, <<Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары>>, <<Сөйлем мүшелері туралы>>, <<Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері>> деген еңбектерінің , бұлардан басқа да мақалаларының грамматикамен пунктуацияны терең түсінуге көп көмегі тиеді. <<Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары>>деп аталатын мақаласында Басымов былай дейді : Жалғау - жұрнақтар тіліміздің өрнекші ұстасы. Түбір сөздеріміздің жанды тамыры. Тіліміздің заңына толық бағынып жүретін әуеншісі. Жұрнақтар тілімізде өте көп. Әзірге тексеріп тапқанымыз, өзгеріс түрлерімен қоса санағанда барлығы екі жүз алпыс төрт болып отыр. Жұрнақтарды түбірдің мағынасын өзгертеді, өзгертпейді деп екіге бөлу қате. Жұрнақтың бәрі мағынаны өзгертеді. Ныкы-нікі-дыкы-дікі жұрнақтары басқа сөз таптарын сын есімге аударады делінген. Бұл қате пікір. Әр сөз табын сын есімге айналдырмайды, сол сөз табында қалып, меншіктеуді білдіреді. Мысалы: менікі, үлкендікі, баланікі, тағы басқа. <<Белгісіздік есімдігіне жатқызылған ешқандай,ешқашан сөздері затты кесіп білдіреді. Бұлар белгісіз емес, белгілі. Сондықтан бұларды өзіне бөлек атау керек. Белгісіздік есімдікке кейбір, қайсібір, әлдекім сияқты сөздер жатады. >> Сілтеу есімдігі << ана>> сөзі көмектес жалғауда << анамен>> түрінде өзгереді деу қате. <<Анаумен >> түрінде айтылады. Сілтеу есімдігінің <<бұл >> сөзі септелгенде ылғи <<б>> дыбысымен басталатындары көрсетілген. Мысалы: <<бұны>> - <<мұны>>, бұны-мұны, бұнда-мұнда болуы керек. Есімдік <<Ол >> сөзінің табыс жалғауының үстіне тәуелдік жалғау <<сы>> жалғанады деп айту қате. І,ІІ жақ мен, сен сөздері де осылай. Мысалы: менің,сенің, оның, оным, , онысы, тағы басқа <<ң>>,>>сы>> тәуелдіктерінің алдындағы <<і,ы>> табыс жалғаулы деп тануға болмайды. Ал,мені, сені, оны дегенде табыс жалғау болатыны дұрыс, бұл өзіне басқа. <<Мен колхоздан келдім, - бұл сөйлемдегі << колхоздан>> сөзінің аяғына шығыс септік жалғауы жалғанғанмен, <<неден>>? сұрауына жауап болып тұрған жоқ, <<қайдан?>> сұрауына жауап болып, баяндауышты пысықтап тұр. Сондықтан <<колхоздан >> сөзі - толықтауыш емес, << пысықтауыш >> болып тұр - деген ойлар айтады ғалым. Қ.Басымов 1938 жылы <<Ауыл мұғалімі>> журналында басылған мақаласы <<Сөйлем мүшелері туралы>> еді. Бұл мақалада қазақ тіліндегі сөйлем мүшелеріне, оның түрлеріне тоқталады. <<Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерег тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді.Мұғалімдеріміздің көбі сөйлем мүшелерінің соңғы кездегі дұрыс топтастырылуын бір-бірінен айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе жөнінен біраз тоқталып өтуіміз өте керекті болып отыр >> - дей келе төмендегідей талдау береді. Осы күнге шейін сөйлем мүшелері не? Дегенде, беріліп келген жауаптын түрлері мынандай болып келді: а) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз. б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды бәрін сөйлем мүшесі дейміз. в) Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі дейміз. д) сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейміз. Міне, сөйлем мүшесін сөзді анықтауда берілген бұл жауаптардың бірден-бір дұрыс деуге болмайды. Бірінші жауапта: <<Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі>> дейді екенбіз, бұған ұарағанда ұандай сөздер болса да сөйлем мүшесі бола береді. өйткені сөйлемдегі сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем ішінде келгенәмен сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де болады. Енді, сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейтін төртінші жауаптың қаталдығына келейік. Бұл жауаптың қаталдығы, біріншіден әр түрлі сұрауға жауап болатын сөздердің барлығы бірдей сөйлем м,шесі бола бермейді. Екіншіден, әр түрлі сұрауға жауап бермей-ақ, бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола береді. Енді қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болатындығын, қандай жеке сөздер сөйлем мүшесі болмайтындығын қорытсақ. * Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті көмекшісіз жаңа топталмаған негізгі мағына шығаратын сөздер жеке-жеке де сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Мен кеше мектебімізді бітірдім.мұндағы төрт сөздің төртеуі де жеке сөйлем мүшесі болып тұр. * Сөйлемдегі айтайын деген ойды білдіруге керекті негізгі мағына шығаратын сөздерге басқа көмекші сөздер қосақтасып сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы, ол қарай қалды, мылтық тарс етті, найзағай сарт етті. * Міне, сөйлем мүшелері осындай өзгешеліктеріне қарай алдымен екі салаға бөлінеді. Оның бірі - тұрлаулы мүшелер деп аталса, екіншісі - тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі мағына шығаратын сөйлемді құрайтын тиянақты ой негізі есебінде саналады. өйткені, тұрлаулы мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тастағанда орны үңірейіп көрініп тұрады. Ол екі мүшесіз сөйлем блмайды. Сондықтан, тұрлаулы мүелер сһйлемнің бас мүшелері саналады. Мысалы: <<Кеше келді>> деген сөйлемнің ішінен біреудің келгені, сол келген адамның атының айтылмауы анық көрініп тұр. Тұрлаусыз мүшелер, тұрлаулы мүшелердей негізгі мағына шығарылмайды, тұрлаулы үшелердей сөйлеуді құрайтын тиянақтымүше де бола алмайды. өйткені, тқрлаусыз мүшелерді сөйлем ішінен түсіріп тасағанда, тұрлаулы мүшелердей орындары үңірейіп көрініп тұрмайды. Сондықтан, мұндай тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі шығатын негізгі мағыалары жаға сөйлемді құрауда алатын орындарына қарай екіге бөлінеді. * Бастауыш * Баяндауыш Бастауыш болатын сөз, мағынасы жағынан сөйлемдегі ойдың иесі болады. Сондықтан басқа сөздердің барлығы осы бастауыш болатын сөздің ісін, жайын, сипатын білдіреді. Мысалы, <<Еркінбек кеше үш кітап алды>> деген сөйлемдегісөздерді өзара байланысы жағынан қарамай, таза мағынасы жағынан қарасақ, қалған төрт сөздің <<Еркінбек>> сөзінің мағынасын кеңейтіп тқрғанын көреміз.Басқа сөздер мағына жағынан <<Еркінбек>> сөзіне оралып, <<Еркінбек>> сөзінің діңгек қазық сөз болып тұрғанын сеземіз. * бастауыш болатын сөздің өзіне тән қойылатын сұраулары болады. Сұраулардың негізгісі екеу: кім? Не? Осы екі сқрауға көптік жалғау жалғанса, бастауыштың сұрауы болады. Кімдер, нелер? I-II-III-жақ тәуелдік жалғаулары қосылса да бастауыштың сұрауы болады. Басьауыштың сөз таптарынан келуіне мысалдар: А) Олар сабағын білді - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған <<Олар>> сөзі зат есім. Сқрауы - кім? Б) Қызыл жақсы түс - бқл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған <<қызыл>> сөзі сын есім. В) Мың көп сан - бқл сөйлемдегі бастауыш болып тқрған <<мың>> сөзі есімдік. Г) Мен озат оқимын - бұл сөйлемегі бастауыш болып тұрған <<мен>> сөзі есімдік. Д) Оқыған озар - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған <<оқыған>> сөзі есімше. 3) Бастауыш болатын сөздер зат есімдер, болмаса заттанған басқа сөз таптары болады. Зат есімге, болмаса заттанған сөз таптарына көптік жалғау жаңа тәуелдік жалғаулар жалғанса да, сөйлемнің бастауыш мүшесі бола алады. Жекеше, көпше жаңа тәуелдік жалғауы сөздердің бастауыш болғандығын жоғарғы мысалдармен көрдік. 4) бастауыштың сөз таптарынан келгені сияқты, сол сөз таптары қандай тұлғада болса да бастауыш бола алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тұлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір, қосарланған түбір, туынды ыөздерден де келе алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелерден келсе, сөз тқлғаларына қарай негізгі түбір, біріккен түбір, қос түбір , қысқарған түбір, туынды сөздерден де келе алады. Бастауышың сөз тұлғаларынан келуіне мысалдар. А) Олар сабағын білді - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған <<Олар>> сөз тұлғасының негізгі түбірі, сөз табының зат есімі. Б) оқушы мектепке келді - , <<оқушы>> сөз тұлғасының туындысы, сөз табының есімге айналған етістігі. В) Ақтөбе облыстық қала - бұл сөйлемдегі бастауыш болып тұрған, <<Ақтөбе>> сөз тұлғасының біріккен түбірі, сөз табының зат есімі. Сөйлемдегі бастауыштың ұүралуы. Сөйлемдегі бастауыштың құралуы түрлі-түрлі болады. Кейбір бастауыш жалғау сөзден тұрса, кейбір бастауыш екі болмаса бірнеше сөзден құралады. Міне, бастауыштың сөйлем ішінде осындай құралып кездесуі үш түрлі болады. * дара бастауыш * күрделі бастауыш * бірыңғай бастауыш ғалым бұдан әрі бастауыш сияқты сөйлемде үш түрлі құрылады * дара баяндауыш * күрделі баяндауыш * бірыңғай баяндауыш Күрделі баяндауыш болатын сөз таптары: * күрделі баяндауыш көбінесе екі етістіктің қатарласа айтылуымен болады. Мұндай етістіктердің алдыңғылары а, і ,ыр, қалы дәнекерлеріне біткен көсемше сөздер болады да соңғылары жақ-жақпен өзгеріп жүретін көмекші сөздер болады. * күрделі баяндауыш есімше сөздердің аяғына екен, емес сөздерінің шешілген түрлері жаңа <<болар, шығар>> сияқты сөздердің көмекші болып айтылуымен болады. * күрделі баяндауыш одағай сөздердің аяғына <<етпек>> сөзінің шешімін қосарлануымен болады. * екі болмаса көп есімдер топталып та күрделі баяндауыш болуы мүмкін. <<Бастауыш пен баяндауышты>> қиысуы. Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш өзара жақ-жағынан қиысып, жүйеленіп келеді. * бастауыш пен баяндауыш жағына қарай қиысады. Бастауыш 1-жақ болса, баяндауыш та 1-жақ болады. * бастауыш пен баяндауыштың жағына қарай қиысумен қатар анайы-сыпайылығына қарай да қиысады. Бастауыш сыпайы боласа, баяндауыш та сыпайы болады. * бастауыш пен баяндауыш жекеше, көпше түріне қарай да қиысады. * бастауыш пен баяндауыш сөйлем ішінде жалғаусыз болып та, бірі тәуелденбей, екіншісі тәуелденіп те, не екеуі де тәуелденіп те қиысады. Кейбір бастауыш пен баяндауыштың ортасына сызықша қойылады. Мұндай сызықша қойылатын бастауыш пен баяндауыштың өзгешелігі болады. А) Мағына жағынан баяндауыш, бастауышты айыра анықтап көрсетеді. Б) құрылысы жағынан екеуі де атаулы сөздерден, не тәуелденулі сөздерден, не бірі атаулы, бірі тәуелдеулі сөздерден келеді. В) айтулы жағынан аныұталып бастауыш көтеріңкң дауыспен оқылады. Осындай <<бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылып жазылады. Басыиовтың <<Сөйлем мүшелері туралы>> азған мақаласы осындай мәселлерді сөз етеді. Басымов <<грамматиканы оқыту жөнінде>> деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оны өту әдісін баяндайды. Грамматиканы оқыту үстінде оқушының шығармашылық талантына да көмек беріліп, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың ір тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушының осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, грамматикадан оқытқан мұғалімнің кеимшілігінен деп білуіміз керек. грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тқрмайды. Грамматикамен көркем шығарма бірігіп бір-біріне көмек етеді. Грамматика сабақ үстінде өткізудің жалпы тәртібі қалай болуы керек? деген сұраққа Басымов он пункте сипаттап көрстеді: + грамматикадан оқылатын күнделікі сабақтың материалдары сатылы, жүйелі жолмен өтіледі. Берілістен сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі. + Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толықтырылып дамып отырады.сабақтың мазмұны күрделене, жеңілден, ауырға көшеді. + Жоспар бойынша өтілетін әр сабақтың мақсаты түсіндіріліп айқындалады. + Грамматиканың әр өтілетін материалы тек түсінікпен, болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс-жүзінде практикада жаттықтырылады. өтілген сабаққа қарай оқушыға жұмыс тапсырылады. + Грамматикадан өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды құбылыс екендігі ашыла бастайды. + Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса да түрі мазмұны бірдей байланысып жүргізіледі. + Бұрыңғы, қазіргі мағынасы + Осы күнге шейінгі ала-құла болып келген атауларды бір-бірінен бөліп алып кетпей байланыстырып, араларындағы жақын қатынастарын аша отыру. + Бірінен-бірі таралып, бірінен-бірі қралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін әбден мұқияттау. + Грамматика мен шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші ету. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере алатын халге жеткізуде. Басымов <<Қазақ тілі грамматикасы туралы жазған рецензиясында мынандай әдістемелік пікір айтады. Кітаптың көптік жалғау (зат есімнің көпшесін үйретпей тұрып, көпше зат есімге тәуелдік, септік жалғауын жалғатып көрсету қате>> деген пікірін білдіреді. Қажым Басымовтың <<Орталау және орта мектептерге арналған қазақ тілінің жаңа бағдарламасындағы кейбір жағаалықтар>> туралы мақаласына тоқталып өтейік. Осы к.нге шейінгі бағдарлама жасаушылардың мықты бір кемшілігі көптің пікірімен есептесіп, кеңесіп жазбайтын еді. Тек бірер адам өзнше өзінің көзқарасынша жазатын еді де, бастырып, таратып жіберетін еді. әрне, бірер адам қанша білемін дегенімен, көптің білгеніндей барлық жағдаймен есептесіп қамти алмайды. 1936 жылғы орталау мектепте арналған қазақ тілі бағдарламасы осындай жекеленәп, көпшілік пікірінен қалың халық оқытушыларының тәжірибесінен алыстап, олармен есептесу жағдайында шыққандығы белгілі. Міне, осы себептен бағдарламаның бір талай кемшіліктері болғандыұтан, осы күнге шейін оқытуда талай қиындықтарын тигізіп келді. Осы шығып отырған тіл бағдарламасы сол талқыланып, кемшілікпен шешілген сызба негізінде жазылып отыр, осы сызба бойынша жаңа бағдарлама жасалған соң да бірнеше рет қаладағы тіл мамандарының қатысқан мәселесінде сыналып, мінеліп, түзетіледі. Сонда да әлі де болса түк кемшілік жоқ деуден аулақпыз. Көш жүре түзеледі. Қалың оқытушы жұмыс үстінде қшырайтын кейбір міндерін тапса, - білімін хат арқылы білдірулері керек. келесі басылуында мінсіз болып шығуына көпшілік пікірі үлкен көмек болады деп есптейміз. Енді бұл бағдарламаның көзге түсер қандай жаңалықтары бар. Бұрынғы ескі бағдарламадан қандай өзгешелігі бар? Осыған келейік: бірінші негізгі кемшілігі - берілетін тіл бөлімі тарауларның барлығы белгілі жүйеде өткізіліп жақсы қаралды. Бұрынғы бағдарламада әр бөлімде өтілетін материалдар бөлшектеніп, былығып кетсе, оның ұшын тауып, бір-біріне ұшталып, бірін-бірі кеңейтіп жүйеленіп отырады. 7 бөлімінде нгізінен қазақ тілінің синтаксисі алынды. Бұлар алынғанда үшеуі бір-бірін жымдаспай өзара байланысы айтылмайды. Қай сыныпта болсын үшеуінің басы құралып, араларындағы байланыс ұатыстары ашыла отырылады. Сол себепті бес жылға негізінен фонетика алынғанмен оған жанама жүйелі түрде морфология жаңа синтаксистен де тиісті элемент кіріп отырады. Басқа сыныпта да осындай. Екінші, бұрынғы бағдарламада тіпті мектепте тілден не өтілетіні айтылмай келген болатын. Бұл бағдарламада не өтілетіні анықталып, көрсетіліп отыр. Орталау мектепте өтілген орфография, грамматика материалдарын пысықтап толтырудың үстіне тіл ғылымынан жаңа жазу белгілері пунктуациядан көп білім беріліп отыр. Осы күнге шейінгі тіл оқытудағы мықты кемшіліктің бірі жазу белгілерін тиянақты қолға түсіре алмай келіп еді. Осы жаңа бағдарламада бұл кемшілік жазылып, пунктуациядан көңілдегідей біліп беріліп отыр. Үшінші, <<құрғақ қасық ауыз жыртар>> дегендей бұрынғы бағдарламада жалң тіл - тіл үшін деген қисық жолға түсіп кеткендік бар еді. Қай сипатта болсын оқылатын тілдің элементтері құрғақ айтылып, жалпы қоғам қатынасына байланыстырылмай өте шығатын еді де, таптың сыры бүктемеде қалатын еді. Бұл кемшілік жаңа бағдарламада қойылып отыр. Шынында грамматика тілден білім берудің үстіне дүниені танытатын, қоғамның өсу жағдайын тіл арқылы беретін білім ғой. Мінеғ осы жағы көмескі қалмау үшін тілдің элементі өтілерде оның шығуы, бұдан еңбектің қоғам қатынастарының әсері, тілдің таптық рөлі көрсетіліп отырылады. әсіресе, бағдарламаның алдыңғы түсінік білімінде көбірек тоқталынды. Төртінші - бұрынғы ескі бағдарламада оқылатын тіл элементтерінің атауларының көбі түсініксіз еді. Көптен бері қалың оқытушыларда түсінікті атауларға қисынсыз шабуыл жасап, атауларды тыңнан қойып былықтырып еді. Мысалы бұрыннан аты жаттығып кеткен <<жұрнақ>> сөзін <<үстеу>> жаңа түбір дегенді <<түп негіз>> деп атағаны мысал болады. Жаңа бағдарламада оқытушыларды мұндай қиындықтардан құтылдыру жағы қаралды. Кейбір жаңа қосылған атауларға тыңнан алынғаны болмаса, бұрынғы жаттыққан атауларды сол күйінше өзгертпей қалдыру жағы қаралды. Бесінші - 1936 жылы шыққан бағдарламада бірден орта мектепке өтілетін материал айтылмай қалса, екіншіден әр бөлімше арналған тіл дамыту жөніндегі жұмыстарды түрі де көрсетілмеген еді. Бұл жаңа бағдарламада 5-сыныптан тартып 10-сыныпқа шейін әр жылда тіл дамыту жөніндегі жұмыстың қандай түрлері болатыны айтылып еді. Оқушылардың тіл қорын байыту үшін сөздік жұмысы қалмай кіріп отыр. Грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Алтыншы - бұл бағдарламада бұрынғы бағдарламаға кірмеген жаңа орфографиямыздың тиісті ережеллері кіргізілді. Біріккен сөздер, қос сөздер де, үстеу, шылаулардың дұрыс жазылуы айқын көрсетіледі. Жетінші - грамматиканың, фонетика бөліміне көп өзгеріс кіргізілді. Бұрынғы әріптеріміздің үстіне жаңа а х ф в әріптері қосылды. әріптердің тәртібі,жігі өзгеруі. Сегізінші - грамматиканың морфология бөлімінде көп өзгеріс енізілді. Бқрынғы бағдарламада сөздің тұлға өлінгісі мен мағына мүше бөлінісі жүйелі түрде топтастырлмаса, бұл бағдарламада анық көрсетілді. Тоғызыншы - грамматиканың синтаксис бөліміне де біраз жаңалық кіргізілді. Әсіресе, салалас сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге көп жаңалық кірді. Салалас сөйлем мен қрмалас сөйлемдер тек бір жақты алынбай, мағынасы жағынан бірдей қаралып алынды. Оныншы - бұл жаңа бағдарлама, бұрынғы бағдарламаға қарағанда анағұрлым кең түрде анықталып жазылды. Әсіресе бағдарламаны түсіну жағы оқытушыларға бағдарлама материалдарын дұрыс өтуге көмекші бола алады деп ойлаймыз. Бұл бағдрламамен барлық педучилищелер, педагогика институттарын даярлау бөлімінде толық пайдануға болады. Осы бағдарлама негізінде қазақ тілінің грамматикасы жазылып жатыр. Исатай Кенжеғалиев <<Қазақ тілінің тұңғыш профессоры>> атты мақаласында Қ.Басымов туралы ғылыми толық пікірлер бар. Қ.Басымовтың балғын шағы шығармашылық, қабілеттілік пайда болу кезеңі туралы, <<садақ>> журналында нақты жазылған. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы жазушылар одағы кітапханасынан ұрланған журналын талай жылдар іздеп, ақыры Калижан Бекхожиннен тауып, сол журналды шыаруға қатысқан кісілер, туралы, Басымов туралы мәліметтер жинап жүріп, оның Қарағандыдағы жұбайы мен балаларын табады. Сол кездерде баспасөз бетінде қазақ тілінің алфавитімен бірге жазу емлесін жасау керек деген мәселе көтерілгені белгіі жайт. Бұл мәселені шешуге А.Байтұрсынұлы, Қ. Қарашевтар ерекше атсалысып, екеуі екі алфавит жасады. Профессор Кәкішевтың ғылыми зерттеу еңбеінде Қ.Басымов 1916+1918 жылдары <<садақ>> журналының 15 шақты санының әрқайсысына 3-5 мақала жариялаған деп жазады. Қажым Басымовтың еңбектерінің 30-шақтысын белгілі тіл маманы профессор Ш.Сарыбаев өзі шығарған библиографиялық көрсеткіштерде атайды. Қажымның өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалым И.Ұйықбаев <<Басымов еңбегін мұзтау (айсберг) секілді. Бізге тек үстіңгі жағы ғана белгілі, ол су астында, яғни көрінбей, беймәлім жатұаны ұланғайыр>>,-дейді. Тіл білімі тарихын зерттеуші Т.Қордабаев <<Қазақ тіл білімі мамандарының алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезінен бастап көрінді>> деп жазды. Ол орфография, морфология, синтаксис салаларына сүбелі үлес қосты. Мысалы, <<Латын әрпіне негізделген жаңа емлеміздің құрылысы>>, <<қазақ тіліндегі түрлі сөздердің жазылуы>> тағы басқа осындай зерттеулері мен педагогикалық жұмысы үшін Қ.Басымов доцент атағын алды. 1930 жылдан ол Ақтөбедегі аылшаруашылық жоғары мектебінде, мұғалімдер институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып істеген. әқазақ грамматикасы қалай құрылуы керек>>, <<тұрлаулы сөздерді>> жазылуы туралы көп еңбегі көрінді. Истай Кенжеғалиев: Қажекенің артында бай ғылыми, әдеби мұра қалды. <<Қазақ>>, <<Айқап>> газет - журналдардан бастап көп басылымдарда еңбегі жиналмай жатыр. Асыл атамыздың есімі аталып, рухы қайта оянса екен. Есіл ердің бағы жансын, - деп жазады. Қажым Басымовты біз білеміз бе? атты Рахмет Иманғалиұлының мақаласына келсек, Т.Кәкішев былай дейді: 1938 жылы 5-қаңтарда Ақтөбенің пединститутында жұмыс жасап жүрген профессор Қажым Басымовты Алматыға оқу комиссариатының жоғары мектеп басқармасының қазақ тілі мен әдеби тілінің методист-консультанты етіп тағайындайды. Қажым өндіре еңбек етіп, педагогика училищесінің 1,2,3 сыныптарына арнап қазақ тілінің бағдарламасын мұғалімдер даярлау курстарының қазақ тілі бағдарламасын, қазақ мектептерінің барлық сыныптарында орыс тілін оқытатын мұғалімдерге арналған бағдарламаны жасаған. Мұндай дүниелердің бұрын болмағанын ескерсек, Қажым Басымовтың қосқан үлесі ерекше дейміз. 1938 жылдан Социалистік Қазақстан <<Ауыл мұғалімі>> газетерінде жиырмадан астам ғылыми мақалалар жарияланған. Бақа авторлармен бірлесіп, <<қазақ тілінің емле ережелері>>, <<орта мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиетіә бағдарламасын редакциялау бір жылға жетер-жетпес мезгілде атқарылған жұмыстар екені қайран қалдырады. Исатай Кенжеғалиевтің <<Қажым Басымұлы>> атты мақаласында айтылған көп маңызды ойлар бар. Қажым Басымұлы отызыншы жылдар басындағы бір мақаласында: <<Шындығында, барлық сөзіміздің екпіні жалғыз аяқ буында келе ме? Жоқ,ортасында да келеді. Мысалы: төсенсейші, билейін, оқырман, жасаңдар деген сөздерді алсақ, буынның алдыңғы буынына, яғни сөз ортасына түсіп отыр>>- деп өзінен бұрын кең тараған қағидаға түзету жасады. Соңғы жылдары есімі ескерілмей кеткен лингвист-ғалымның ғылыми мұрасын біршама зерттеген Шора Сарыбаев әкесі Шамғалидің архивінен табылған Қажымның өз қолымен жазған жәдігер есепті <<Жұрнақтар>> атты дәптерді сөз ете келіп, ғалымның айтылған дәптерімен баспа бетін көрген. <<Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары>> деген көлемді мақаласын жалғау-жұрнақтары арнайы қарастырылған қазақ тіл біліміндегі тұңғыш зерттеулерге жатқызады. Қажымның <<Қос сөздердің классификациясы яғни топтастырылуы>> берілген мақаласын алайық. Ғалым мұнда қос сөздерде мағыналық һәм тұлғалық жағынан бірнеше топқа бөледі: * екі жағы бірдей мағыналы әрі тқлғалары бұзылмай қосарланып айтылатын қос сөздер деп атайды. Мысалы: ойлай, ойлай, жүре-жүре. * мағына һәм тұлға жағынан әр түрлі алдыңғысы мағыналы болғанмен, соңғысы, бұзылып айтылатын қос сөздер. Басымов бұларды айнулы қайталама қос сөздер деп атаған. Мысалы: жылқы-мылқы, түйе-мүйе. * екі жағыда толық мағыналы болып, тұлғалары бұзылмай, жалпы затты, атын білдіретін сөздер. Бұл топтағы қос сөздер <<жалпылы заттың қос сөздер>> болып аталған. Мысалы: құрт-ққұмырсқа, аяқ-табақ. Мәне, осындай тәсілмен қос сөздерді жеті топқа жүйеленген. Қажым орфография мен терминология мәселелерін мұқият зерттеуін бағалау жөн. Қажым әсіресе емле мәселесімен көбірек шұғылданады. Шын сауаттылыққа апаратын жолдың басы - орфографияның бар ертұрманына сай ету екндігін ғалым жақсы түсінген. Қажым сияқты <<астана қарындастың қамын ойлап, бір таңда ұйқысынан үш шошынған>> оқығандарымыз. <<Қатесіз жазу үшін күрес, әдеби тілді өркендету үшін күрес екендігін естен шығармады. Оқуды жеңілдету, оңай сауаттандыру, сөйлеу - жазу тілін бір қалыпқа түсіру тіліміздің өркендеуіне, мәдениетіміздің гүлдене беруіне жол белгілейтін ірі мәселе болып саналады>>, - леп жазды Басымов. Қ.Басымұлының ғалымдық еңбегінің маңызды бір қыры - оның педагогикалық мәселелерге білек сыбана араласуы. Ғалым мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мәселесіне көп көңіл бөлді, мектеп өміріне тікелей қатысып, сабақ беру тәсілдерін, әсіресе біздің тіліміздің оқыту сапасын үнемі назарда ұстады. Оның бұл саладағы бір шоғыр еңбегі кезінде мұғалімдердің практикалық жұмыстарына зор жәрдем болды. Қажым Басымұлы 1939 жылы ақпанның он сегізінде Мәскеуде ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.қазақ тіл білімінің тарихнамасы бағытында көзге түсер бірден-бір еңбек профессор Төлеубай Қордабаевтың <<Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары>> кітабында <<Қазақ тіл мамандарының алғашқы тобы 30-жылдардың бас кезінен бастап көрінді>>,- деп жазылды. Осы тұстан бастап Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев, Қ.Басымовтардың тіліміздің түрлі мәселелеріне арналған мақалалары жариялана бастады. Шындығында, Шамғали Сарыбаев пен Басымов Қажым тіл біліміне жиырмасыншы жылдардан бастап араласқан. Басымұлы ол кезде Ташкенттегі университетті бітіріп келген жас маман. Көп ұзамай, 1924 жылы <<Тілші>> газетінде <<Қосымшалар>> дейтін ғылыми мақаласын бастырды. Осыларды сараптай келіп, белгілі тіл маманы Иманбай Ұйықбаев 1958 жылы <<Халық мұғалімі>> журналындағы мақаласында <<Басымұлы қосымшалар туралы ілімді қалыптастырушы>>, - деп қадап айтқан. Қажым Басымұлының ғалымдық дүниесін, мұрасын таныиар арнайы еңбек - болашақ зерттеушілер, әсіресе жастар қолға алар келелі істің бірі. <<Ақтаңдақтар>> қазақ ғылымы үшін жиырмасыншы жылдармен ғана бітпейді. Біз үшін сұрапыл - зұламат кезеңді отызыншы-қырқыншы жылдары да тарихымыздан жұлынып тасталған бір рет елеулі үзік. Ол үздікте тіліміздің ұстартуда талай еңбек еткен профессор Қажым Басымұлының да есімі бар, - дейді И.Кенжалиев өзінің мақаласында. Ғалым Қ.Басымовтың сонау алғашқы білім алуға ұмтылған шәкірт кезінен бастап үлкен ұстаз, ғалым, әдіскер болғанға дейінгі өмір жолын біздің әр қырынан алып суреттеуіміздің өзіндік сыры бар. Міндет, ғалымның біртуар тұлғасын көрсету, өмір бойғы ұстаздық тәжірибесінен оның сол ғалымдық тұлғасын айқындаудағы маңыздылығын және ғылыми әдістемелік еңбектерінеен күні бүгінге дейінгі қолданыстағы өміршеңдігін дәлелдеу. Ғалым еңбектері мектеп немесе жоғарғы оқу орнына тіке барып, тіке келумен жазыла салынған дүниелер емес, төңкерістен кейінгі аумалы-төкпелі заман зардаптары мен ауыртпалықтарын бастан өткере жүре, ғылымдағы сан түрлі кедергілерді кездестіре жүре жазылған дүниелер. Міне, осындай өмір мектебінен сүрінбей өткен Қажым қазақ тілі тәрізді бүтін бір ғылымның теориялық та, әдістемелік те жақтан дамуына орасан зор үлес қосты. Қ.Басымов қай жерде қызиет етпесін, кіммен жұмыс істемесін тәжірибе жинақтаудан әсте жалықпаған. Оның тек қана өсу, кемелдену жолында болғандығын жазба мұрасына қарап отырып анық көруге болады. өмірінің қырық жыл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады, оның оқу өнегелік тәрбие мұраты мектеп қабырғасынан болсын, жоғарғы оқу орындарынан болсын лайықты білім алып шығуына арналған бар саналы өмірі тек ізленістерге толы. Қ.Басымовты біз сөз етіп кеткен ғылыми-әдістемелік тақырыптардың өзетілігін көрсетеді. Қ.Басымовтың ұстаздық қызметін үнемі шығармашылық ізденістерге толы болғандығы бүгінгі күнгі оқу әдістеме ілімімен өзектес, сабақтас екендігі әрі оның күрделі әрі терең талдауға негіз болғандығымен маңызды деп білеміз. Қ.Басымов <<Грамматиканы оқыту жөнінде>> деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оның өту әдісін баяндайды. Гаммматиканы оқыту үстінде оқушының сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушының осы күнге шейін не өз ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматикадан оқытқан мұғалімнің кемшілігі деп көрсеткен еді. Грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматика мен көркем шығарма бірігіп бір-біріне көмек етеді. Қ.Басымов <<Қазақ тілі грамматикасы туралы мынандай әдістемелік пікір айтады: Кітаптағы көптік жалғау (зат есімнің көпше түрі) тәуелдік, септік жалғаудан соң үйретілуі әдісі жағынан өте қолайсыз шыққан. Көптік жалғау зат есімнің көпшесін үйретпей тұрып, көпше зат есімге тәуелдік, септік жалғауын жалғатып көрсету қате>> деген пікірін білдіреді. Қажым Басымовтың <<Орталау және орта мектептерге прналған қазақ тілінің жаңа бағдарламасындағы кейбір жаңалықтар>> туралы мақаласына тоқталып өту оның әдіскерлік қызметінің жаңа қырын танытады. әЖаңа бағдарлама жасалған соң да бірнеше рет тіл мамандарының қатысқан мәселесінде сыналып, мінеліп, түзетілді. Сонда да әлі де болса түк кемшілік жоқ деуден аулақпыз. Көш бара түзетіледі. Қалың оқытушы жұмыс үстінде ұшырайтын кейбір мәндерін тапса, оның оқу құралы әділ білімін бағасын арқылы білдірулері керек. Келесі басылуында мінсіз болып шығуына көпшілік пікірі үлкен көмек болады>> деп есептейді. (Қ.Басымовтың осы еңбегі түпнұсқадан өзгертілмей берілді). Қорыта айтқанда, Қ.Басымовтың ғылыми әдістемелік еңбектері, зерттеулері болашақ жас ұстаздарға, студенттерге үлгі, мұра, көмекші құрал бола алатындығымен құнды екені анық. Қ.Басымовтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері: Емлемізді түзеу туралы. <<Еңбекші қазақ>>, 1929, 28 февраль, №48. Қазақ тілін өрендетудегі индоевропашылдыққа қарсы. әСоциалистік Қазақстан>>, 1933. Емле сөздігіне негізді тиянақ керек. <<Жаңа мектеп>>, 1930, №3, 22-27 беттер. Қазақ әрпін өзгерту туралы. <<Лениншіл жас>> , 1938, 12 январь, №6. Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік. <<Халық мұғалімі>>, 1938,№3-4. Грамматиканы оқыту жөнінде. <<Ауыл мұғалімі>>, 1938, №14 июль. Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері. <<Ауыл мұғалімі>>, 1938, №11-12. Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. <<Жаңа мектеп>>, 1930, №6,26-52бб, Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. <<Жаңа мектеп>>, 1930, №7,35-65бб. Орталау және орта мектептерге арналған қазақ тілінің жаңа прогрммасындағы кейбір жаңалықтар туралы. 1938.№10. Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік. <<Халық мұғалімі>>. 1939 №1. Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері. <<Жалық мұғалімі>>, 1939. №7. Педучилищеде сырттан оқушы мұғалімдер үшін оқу программасы мен методикалық түсіндірулер. Алматы, 1938 Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1. Хасен Қуандықұлы Арғыновтың қандай еңбектерін білесің? 2. Әдіскер ғалымның <<Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация>> атты еңбегі жайлы мағлұмат беру 3. Әдіскер ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі қандай? 4. Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектерін ата 5. Қ.Басымов туралы ғылыми толық пікірлер қай мақалада жазылған? Әдебиеттер: + Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, <<Ауыл мұғалімі>> журналы, 1938 ., №14 + Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж + Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 240 б. + Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. - Алматы, 1995. - 25 б. + Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. - Алматы, 1994. - 173 б. + Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. - Алматы, 1992. - 88 б. + Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. - 1993. - №5. - 21-24 б. №10 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Мақсаты: : М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров , Ы.Маманов еңбектерімен танысу. Әмір Рақыштың педагогикалық көзқарастары туралы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: * Әмір Рақыш - қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. * Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері * Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. 4. <<Етістік>>, <<Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы>> атты зерттеулері Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдістемесә ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Осындай еңбектердің авторы қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген, профессор - Әмір Рақыш. әміров Рақыш Сәтұлының балалық шағы халқымыздың басындағы қиын жылдармен, сергелең кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Ол 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жетітөбе (қазір Аса деп аталады) аулында туған. әкесі Сәт - мұғалім, шешесі - Мінәсіп үй шаруасындағы кісі болған. Рақыш Сәтұлы оқуды Жамбыл қаласында бастап, Отан соғысы жылдары туған ауылында жалғастырады. Ұстаз: <<Тәлшә мамандығын қалауыма Ыбырайым Маманрвтың ықпалы сбеп боды>>, - дейді. Ы:Маманов - студенттермен қоян-қолтық араласып жүоетін көпшіл кісі болатын. Ол кісі 1 курстан бастап курс жұмысы ретінде тақырып берңп, үйінен сирек ұшырайтын ғылыми кітаптарды әкеп беріп, таныстырып, тіл біліміне қызықтырады. Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ы.Маманов, Блюменфельд, Үшаяқов, Е.Исмайлов сияқты ұстаздардың шәкірті болғанын Әмір рақыш тағдыр берген зор сыйлық деп есептейді. Р.С. Әмір <<Қазақ тіліндегі жалғаулықтар>> деген таұырыпта диссертация жазып, қорғап, 1955 жылы филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. 1957 жылы қазақ тілін оқытуды жақсарту мәселесіне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция қабылдаған ұсыныстардың мәні зор болады. Қазақ тілін оқытудың дәрежесін көтеру бғытындағы көптеген күрделі шаралар жзеге асады: бағдарламалар, оқулықтар және сапада қайта дайындалды, қазақ тәлән оқытатын сағат саны көбейтіліп, методикалық базасы күшейтілді. Р.С. Әмір қазақ тілін қазақ, орыс мектептерінде оқытуға қатысты бағдарламалар дайындайды. 1-4 сыныптарға арнап М.Балақаевпен, А.Асқарбаевамен, Ұ.Асыловпен, У.Жиенбаевамен, К.Бозжановамен, О.Бекбосыновамен бірлесе отырып жаңа оқулықтар шығарады. әдістемелік құралдар дайындап, маұалдар жащада. Р.С.Әмір 1958 жылы орыс мектептерінің 2-4 сыныптарына арнап шығарған <<Қазақ тілі>> оқулығы тілді үйретуде практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. Орыс мектептеріне арналған басқа сынып оқулықтары да осы бағытпен жазылды. Рақыш Сәтұлы қазақ тіл білімінің күрделі салаларының бірі - сөйлеу тілі синтаксисінің ерекшеліктерін зерттейді. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде осы тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Сөйтіп, <<Әдеби тілдің тіл дами келе ауызекі сөйлеуіміздің әдеби түрін дамытатынына көзіміз жетіп отыр. Тіл дамуында ерсілі-қарсылы болып жататын осы заңды процестер Р.Әмір кітабында жүйелі баяндалады>> - дейді Өмірзақ Айтбаев. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша бірсыпыра еңбектер жазады. Солардың арасынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін түсіне білуге үйрету, бастауыш сыныптардағы бағдарламалар мен оқулықтар, бастауыш сынптарда қазақ тәлән оқытудың ғылыми-методикалық тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, орыс мектептерінің 2-7 сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша атауға тұрады. Осының ішінде 1993 жылы <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> журналының №3 санында жарияланған <<Қазақ тілін теориялық, практикалық жағынан тереңдеп оқыту бағдарламсы>> мақаласын және осы жылы тура осы журналды>> № 10-11-12 сандарында жарық көрген <<Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінің бағдарламасы>> мақаласын ерекше айтуға болады. Бұл мақалаларда әр сыныпты бөлек-бөлек өз алына алып, баланың қабылдау санасына, ойлау қабілетіне байланысты бағдарламаны жасап береді. Екінші аталған мақаласында жоба жөнінде бір ауыз айтып өтеді: <<Қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысын қоғам өмірінде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық түбегейлі өзгерістерге сай жаңартып қалыптастыру оңай іс емес. Ол үшін ерен жұмыс керек. Дегенмен, соған апаратын әрекет, ізденіс Білім министрлігі мен білім проблемалары институтында, сонымен қатар мектептерде қолға алынуда. Қазақ мектептерінің жаңа құрылымын, жаңа оқыту мазмұнын анықтауға арналған тұжырымдамалар дайыналады. Осы құжаттар негізінле <<Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру тұжырымдамасы>> жазылып, <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> журналының бетінде (1992, №4) жарияланды. Енді жоба ретінде оқытушыларға 5-9 сыныптарда түпкі (базалық) білім беру мақсатын көздеп, қазақ тілі пәніне бүгінгі қойылып отырған талаптармен таныс деп есептейміз. Бағдарлама сол талаптарды орындауды міндет етті - дейді (3.76). Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған мынадай еңбектерін көрсетуге болады: <<3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту>>, <<Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық>>, <<10-класқа сөз құрамын оқыту>>, <<Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде>>, <<Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы>>, <<Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту>>, <<Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау>>, <<Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау>>, <<1-класта қазақ тілін оқыту>>; <<1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар>>; <<Грамматика, емле, тіл дамыту>>; <<Қазқ тілі>>; <<Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық>>; <<Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті>> 1-класына арналған>>; <<Қазақ тілі. 2-класқа арналған>>; <<Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған>>; <<2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау>>; <<Қазақ тілі орыс мектептері үшін>>; <<Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы>>; <<Қазақ тілі. 3- класқа арналған>>; <<3-класс. <<Қазақ тілі>> оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)>>; <<Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне>> 3-класына арналған)>>; <<Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық>>; <<Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған>>; Әмір Рақыштың ғылыми-<<әдістемелік еңбектерінің тақырыбы жан-жақты, әр салалы. Мәселен, <<Қазақ тіліндегі шылаулар>>, <<Шылаулар мен демуліктер>>, <<Көмекші сөздер>>, <<Жай сөйлемдер>> тіліміздің грамматикалық құрылысына арналған мәнді, мазмұнды, тың зерттеулер қатарына қосылады. Ғалымның сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін оқытудың ғылыми-методикасы тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы, орыс мектептерінің 2-7 кластарына арналған қазақ тілі программасы мен грамматиканы оөыту таблицаларын айрықша атауға тұрады. Ғалымның серік авторлармен Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жқмабаевамен бірге шығарған <<Қазақ тілі>> жалпы білім беретін мектепті>> 2-сыныбына арналған оқулығы. Оқулық 2-сыныпқа арал.андықтан іші-сыртының суреттері мен бояулары ерекше көз тартады. Оқулық - оқытушы. Мұғалім үшін емес, шәкірттерге арналып жазылатынын ұмытпауымыз тиіс. Сондай-ақ оқулықтың алғашқы бетінде мынадай шартты белгілерді байқаймыз: << _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - сөйлем =================== - ереже - мағлұмат ■ - күрделірек тапсырма - шығамашылық тапсырма>> Бұл шығарма белгілердің әрқайсысының түстері бөлек. Ал оқулық ішінде бұлар ерекше тайға таңба басқандай анық болып тұрады. Ал екінші бетінде Диқан Әбілевтың <<Туған тіл>> өлеңі жазылған: <<Туған тілім - бабам тілі - өз тілім. Туған тілім - анам тілі - өз тілім. Туған тілім - данам тілі - өз тілім. Туған тілім - адам тілі - өз тілім>>. өлеңді жатқа айту керектігін жащып қойған. әрі оңай, әрі жаңа мектеп табалдырығын аттаған балаға тіліне деген сүйіспеншілікті туғызатын бұл өлең өте орынды берілген. <<Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту>> еңбегін К.Бозжановамен бірге 1964 жылы жарияланды. Мұнда <<Батауыш мектеп оқушыларын оқу дағдысын үйрету төмендегі үш мақсатқа негізделіп жүргізіледі. * тексті оқығанда сөздерді бұзбай, орын ауыстырмай, дұрыс оқуға үйрету. * тексті түсініп, саналы оқи алуға үйрету. * тексті мәнерлеп, шапшаң оқуға үйрету. Бастуыш мектептің оқу сабағына бұл көрсетіліп отырған үш талаптың үшеуіне де оқушыларды бірте-бірте дағдыландыру қажет. Олардың қай-қайсысының да жүзеге асырылуы 1-сыныптан басталады да, барлық сыныпта қатар жүргізіліп отырады. Содан кейін барып шығарманы дұрыс оқуға үйрету, мәнерлеп оқу, тексті саналы түрде оқуға дағдыландыру, мәнерлеп оқуды ұйымдастыру жолы, оқу сабақтарын өткізудің үлгісі, оқушыларды емлеге жаттықтыру, грамматикалықұғымдарды түсіндіру, қазақ тілін оқыту үстінде оқушыларды тәрбиелеу деген мәселелерге тоқталады. Қазақ тілін оқу арқылы оқушылар тіл, емле туралы білім алып, жазу дағдыларына үйреніп қана қоймады. Олар грамматика мен емлені оқу үстінде ойын жетілдіреді, тілін дамытып, іскерлікке үйренеді. әрине мұндай кезде оқытушының да көп ізденуін, сабақты жақсы әдіс-тәсілдермен өтуі, жалпы шебердігі қажет. Қазіргі кезде білімді дайын күйінде беретін дәстүрлі сабақтар - баладан ыждаһаттықпен тыңдап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындауды ғана талап ететін сабақтар өмірбен артта қалып, мектептегі сабақ беру үрдістері күрт жаңару үстінде. Бұл <<инновациялық>> деп аталып жүрген үрдісті тәжірибеге ендірудің мәні - оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, оны шәкіртпен бірлесе шешудің түрлі жолдарын, тәсілдерін іздестіру: яғни баланы талаптандыру, ізденіс арқылы олардың бойындағы шығармашылық қабілетті ояту. Сабақ үрдісінде осы принцип жүзеге аспаған жағдайда, оқыту құрғақ сөз болып, шәкіртіміз құр ережені жаттау мен сөйлем талдауға ғана машықтанған роботтарға айналатындығына көзіміз жетіп отыр. Тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылысына байланысты материалдарды оқу оқушылардың ой өрісін кеңейтеді деген пікірді әдіскер ғалым үнемі еске салып отырады. Оқушылар мұнымен қатар сөздердің ішкі мағыналық ерекшеліктерін де (бір топ сөздердің, заттың атын білдіретіндігін, екінші топ сөздердің сынды білдіретіндігін т.б.) аңғарады. Бұл мағлұматтар оқушылардың тіл туралы ұғымын байытып, ой өрісін кеңейтеді. Сөйлемге, сөзге байланысты тақырыпты өту үстінде оқушылар сөйлемді, сөзді тілдік категория ретінде танып ой иен ұғымнан даралап, біліп, абстрактылы түсініктерді таниды. Бұл да оқушылардың ойын дамытатын жайт. Сөздердің грамматикалық топтарын (заттың атын білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер т.б.) сөйлемдердің граматикалық түрлерін (хабарлы, сұраулы т.б. сөйлемдер) тану үстінде оқушылар талдауу, топтау, қорыту әдістеріне төселіп жетіледі. Талдау, топтау, қорытындылау - ой жұмысының көп жұмсалатын тәсілдері. Бұл тәсілдерді меңгеру арқылы өздерінің ойлау қабілетін жетілдіреді. Оқушылардың ой өрісінің жоғары болуына тіл сабақтарында пайдаланылатын жаттығу материалдарының да әсері мол. Сондықтан жаттығу материалдарының мазмұны бай, әрі тұрмыс тірішіліктің әр саласын қамтуға, сөздік қоры әр салалы болып келуге тиіс. Мұнымен бірге мұғалім оқушылардың өздеріне мысалды өмірдің әр саласынан келтіруін талап етіп, соған үйретіп отыруы тиіс. Бұл оқушылардың қиялын жетілідріп, ширақ ойлауға үйретеді. өйткені олар әр саладағы тіршілікті еске түсіріп, көз алдына елестетіп, содан мысал құрастыратын болады. Тіл сабақтарын оқу арқылы оқушылар іскерлікке үйренуге тиіс. Олар жұмысын ұқыпты, таза, әрі ұтымды әдіспен ұйымдастырып істеуге төселеді - деп жазады ғалым өз еңбектерінде. Р.Әмір мәтінді дұрыс оқуға көп көңі бөледі: <<Оқушы қандай болмасын тексті дұрыс оқуға дағдыланбайынша, оның білімдік және тәрбиелілік мәнәі де жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының шығармасы я тексті қатесіз оқуы деген сөз: 1) Оқып отырғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не сөзді қалдырып кетпей оқуы; 2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталап оқымауы; 3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы; 4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы; 5) текстегі сөздердің мағынасына қарай, лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы>>. Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде, жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалмайтын себептерінің әртүрлі екендігі анықтайды да, мынадай жолдарын көрсетеді: * Оқу сабағындағы негізгі мақсат - тексті дұрыс оқып шығу емес, одан ұққанын айтып берумен шектелуі; * Текст оқығанда мұғалімнің оқушыны қатты қадағаламауы; * Әрбір оқушының оқу темпін мұғалім жете білмей, кейде оны асықтыруы деп нақты көрсветеді де, мұғалім тарапынан <<қайталап оқыту>> талап етіледі. Енді қате болдырмаужың, болған күнде оны қандай жолдармен түзету керектігі жөнінде былай дейді: 1. Егер тексте бір сөзді қайта-қайта қайталап оқыса, ол жерде екі не үш рет жазылмағанын ескертіп айту; 2. оқушы жылдам оқу мақсатына беріліп, сөзді сөйлемді дұрыс оқымайды. Содай кезде қайтадан қайталап оқыту қатесін ескерту; 3. 1-2 сынып оқушылары үшін оқылуы қиындық келтіретін сөздерден қате жібергенде, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау тәсілін қолдану: 4. Кейбір оқушының қатесін түзетуүшін қатесіз оқитын оқушымен бірлесіп хор ретінде оқыту: 5. Шылауларды (да, де, та, те, мен, пен), сұраулы, лепті, сөйлемдерді, қос сөз, қаратпа сөздерді қосып оқып жібереді. 2-сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың дұрыс оқылуын талап ету; 6. Енді бір оқушылардың тарапынан жіберілетін қате қазақ тілінде кейбір біріккен сөздердің оқылуы мен жазылуындағы өзгешелікке байланысты. Мұндай кезде сол сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болады. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі - оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болатын. <<Мәнерлеп оқу>> деген сөз - екінші түрде айтқанда, қандай тексті болмасын дұрыс сөздерді бұзбай, сөз қалдыриай, аяғын жеп қоймай, әрбіреуін анық, дыбыстарын дұрыс атап оқуы. Тексті саналы түрде түсініп оқу мәнерлеп оқи білудің талаптарын қамттыса, керісінше, оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету, - қандай тексті болса да санлы түрде түсініп оқуын қамтамасыз етеді, - деп жазады ғалым. Қандай болмасын мәтіннің мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыға дұрыс ықпал ету үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы иен мәнерінің де өор маңызы бар. Еңбекте мәнерлеп оқудағы құралдың әрқайсысына жеке-жеке тоқталады: * Логикалық екпін - мағына жағынан мәні басым сөзге ерекше екпін түсіре айту. Ондай сөз оқылғанда басқа сөздерден өзгешереку, өзі не болып тұрған мәнін аңғартарлық дауыстың болуын тілейді. * мәнерлеп оқуға үйретудегі керекті құрал - паузалардың (кідіріс) орынды болуы. Тыныс белгілеріне байланысты паузалар әр түрлі болып келеді. Пауза үш түрлі - грамматикалық, логикалық, психологиялық. Грамматикалық пауза тыныс белгілеріне байланысты болса, екінші, логикалық пауза оқылып отрған сөйлемдегі мағынаны айқындаудағы мәні зор сөздердің немесе сөз тізбектерінің, басқа сөздерден бөлініңкіремей, ой екпінінің сазын бере айтылуы. * Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір керекті нәрсе - оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқудың жөні осы деп, қандай шығарманы оқыса да, сөзерді бір-бірінен ажырата алмайтындай, үстемелеп оқыса, біріншіден, түсініксіз болса, екіншіден, құлаққа жағымсыз болады. Сонымен қатар тм салбыр, баяу оқу да сөздердің және текстің ұғыну мүмкіндігіне нұқсан келтіреді, дауыстың дұрыс шығуына, жақсы естілуіне де кемістік келтіреді. Сондықтан тексті оқығанда оқушыны орынсыз асығудан және тым салбыр кібіртектеп оқудан сақтандырып отыру қажет. Р.Әмір грамматикалық ұғымдарды түсіндіруге терең мән берген әдіскер. Грамматика сөздердің, сөйлемдердің құралу, байланысу заңдылығын, амалын белгілейді. Сондықтан грамматика ұғымдарын оқушылар сөздерді, сөйлемдерді талдау арқылы таниды. Мұнда әдіскер грамматикалық ұғымдарды түсіндіруде оқушылардың барлық сезім мүшелерін (көру, есту) қатыстыра отырып танытса, сонда ғана ұғымды игеру оқушыларға оңай тиетінін ескертеді. Грамматикалық ұғым бергенде, мұғалімдер өтілетін категорияның белгілерін практикалық жолмен тиянақтап жете танытудың жолын іздейді. Мысалы: қос сөздер танытылатын болса, оқушылар олардың қайталап, қосақталып келетінін, кейбіреуінің алдыңғы сыңарының қысқа, мағынасыз бөлшек екенін, бір екпінмен айтылатынын, жазылғанда арасына сывзықша қойылатынын байқап алуға тиіс. 2-сыныпта грамматикалық ұғымдарды тануға жаттығулар үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырылады деп көрсетеді: 1. Жазба текстен тиісті грамматикалық категорияны (қимылды білідіретін сөз, сұраулы сөйлем т.б.) тауып талдау сұрағын қою т.б. 2. Ауызша ойдан мысал табу, оны талдау. 3. Ауызша айтылған сөзден грамматикалық категорияны тауып, талдау. Кітаптың өн бойынан бағалы әдістемелік кеңестерді кездестіруге болады. Бұл кітаптың тағы бір пайдалы жері балаларды жалықтырмайды, кез-келген жерде сұрап, кейде жаздырып, қайсыбір уақытта тақтаға шығарып немесе қызық әңгімелер айтып сабақты түрлендіріп отыруды мұғалімдерден қатты талап етеді. Және оның жақсы үлгілерін мысал ретінде түрлі әдістер арқылы өз тәжірибесімен баяндап кетеді. 1971 жылы ғалым А.Асқаровамен бірлесіп <<2-3 класс қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау>> шығарады. Бұл нұсқау орыс мектептеріне арналған 2-класта оқытылатын бұл қазақ тілі оқулығы 1970-71 лқу жылында жаңа бағдарлама бойынша қайта жазылады. Иұнда 65 параграф қамтылған. әрбір параграф бір сағат мөлшеріне өтуге арналған. Оқу басталысымен, алғашқы үш апта бойы ауызекі сабақтар жүргізіледі. Бұ алғашқы сабақтардың иазмұны төмендегідей: * Сыныптағы әрбір оқушының қазақ тілінен қаншалық сөз білетінін анықтайды. * Оқушыларға таныс дыбыстардан жасалған қазақ тіліндегі сөздермен таныстырады. Ол үшін кез келген жеңіл сөздерді ала бермей (жер, тау, дала), программалық талаптарға сай, оқулықта берілген материалдарға сәйкес сөздер ғана алынады (терезе, доп, ал, бер т.б.). * оқулықта берілген материалдардың негізінде, мұғалімнің көмегімен,сөз мағынасын түсіндіріп, сол сөзге сұрақ қою, сұраққа жауап қайтару және қысқа-қысқа сөйлемдер құрау үйретіледі (мынау не? Ол - класс. Мынау не? Ол - терезе, т.б.) * оқулықтағы суретер бойынша жүргізілетін жұмыс тұтас сабақтың ажырамас бір бөлігі ретінде болады. Жаңа сабақты түсіндіру және қорытындылау кезеңдері сол суреттерге байданысты жүргізіледі. * әр сабақта түсіндірілетін жаңа сөздердің жалпы саны алты сөзден артпайды. Бүгінгі үйретілген сөздер келесі сабақтарда жаттықтырылып, жаңа сөздермен толығады. * Ауызекі сабақтар оқулықта, тақтада жазылған сөздер мен сөйлемдерді оқуға және таныс сөздер мен суреттер бойынша сөйлем құрап айтуға негізделеді. Ал жазу жұмысы жүргізілмейді. * Ауызекі сабақтар кезінде ы дауысты дыбысының дыбысталу ерекшелігіне көңіл бөлінеді де, орыс тіліндегі ы дыбысы мен қазақ тіліндегі ы дыбысының жасалу өзгешелігін салыстыра талдайды. Р.Әмір бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарына да баса көңіл бөледі. Оқушыларға қазақ тілін оқыту жұмысы алдымен сөз танудан, сөйлеуге үйретуден басталады. Мектепке келген бірінші күннен бастап оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сабақ сайын үйренген жаңа сөздерден сөйлем құрайды. Сөз саны көбейіп, оқушылардың сөзді қоры молайған сайын жүйелі, мағыналы сөйлемдер, шағын әңгіме қрастырып айтып беретін дәрежеге жетеді. Ол сөйлемдер мен шағын әңгімелер оқушыларының күнделікті көріп, біліп жүрген заттарымен, істерімен, өмірмен байланысты болып келеді. Оқулықта берілген материалдар негізінен оқушылардың ауызша және жащбаша тілін ширатуға, жетілдіруге, дамытуға арналған. Алдыңғы сабақта үйретілген сөздер келесі сабақтарда үнемі қайталанып, сөйлемдер мен шағын текст құрастыруға көмекші болады. Оқушылардың тілін ширатып, дамытуға шағын өлең, тақпақтар мен жұмбақтарды жаттау пайдалы. Ол үшін мұғалімдер алдымен мәнерлеп оқып береді. Тақпақтың әр жлына тоқталып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылармен бірлесе отырып, орысшаға аударады. Оқушы тақпақтың мағынасын жақсы түсінсе, оны мәнеріне келтіріп дұрыс оқиды, әрі тез жаттайды. Сыныптағы балалардың дарындылық қасиетін ескере отырып, тақпақтың ауыр-жеңіл түрлерін даралап беріп, оны сыныпта, мектепте өткізілетін кештерде айтқызуға болады. Оқушылар текспен біршама жұмыс жасауға үйренген кезде, қызықты мысал, әңгіме ертегілерді оқып беру қажет, ол - оқушыларды еліктіріп, білуге құмарлығын, қазақ тілі сабағына деген сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін дамытады. Грамматиканы оқытуда орыс мектептері үшін болғандықтан екі тілде де жете түсіндіре айтуды және мұғалім сабаққа келерде грамматикалық материалдарды алдын ала жүйелі жобаға келтіріп, әр сұрақтың сырын ашып, таныта білсе, ондай материалдар оқушылардың ұғымына жеңіл қалыптасатынын баса айтады. Тіл үйретудің негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан қазақ тілі сабағында бұл жұмыса баса көңіл аударылуы тиіс. <<Оқушылардың сөздік қорына текст арқылы енетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп беру - істі бастапқы қадамы ғана. Мұғалім жаңа сөздердің мағынасын сурет көрсету немесе заттың өзін көрсету арқылы, орысша аудармасын беру арқылы түсініреді. Жаңа үйренген сөздер оқушылардың есінде сақталуы үшін, ол үнемі қайталанып отырылады>>-деп жазады әдіскер-ғалым. әдіскер сөз үйреткенде мағынасына қарай топтап үйреткенді жөн көреді. Бұл - өте ұтымды әдіс. Осындай жағдайда бала есінде берік сақталады. Р.Әмір оқушыларды сөйлем құрауға үйретудің мәнісін, оның алғы шарттарын жақсы танытқан. Мұнда мұғалім алдымен орысша сұрақ айтып, оның қазақшасы қалай болатынын, қазақша қалай жауап беру керек екенін үйретеді. Сосын қазақша сөздкердің түбірі мен қосымшасын ажыратып түсіндіреді. Алғашында қазақша сөздермен жұмыс жасаған балалар оларды орсшаға аударады. <<Сөйлемнің жаңа өтілген түрін өз бетімен құрауға оқушыларды үйрету үшін жаттығудың мынадай түрлері пайдаланылады: * Сөйлемнің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ қойып, оқушы сұраққа сөз қосып, сөйлемді толықтырып айту, жазу. * Орысша сөйлемдер, текст беріп,оны қазақша аудару. * Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойдырып, жауап бергізу. * Текст оқытып, мазмұныны айтқызу. * Сурет бойынша сөйлем құратыру, әңгіме айтқызу>>, - деп жазады ғалым. Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету де тіл үдістемесінің негізі бағыттарының бірі. Тілді меңгеру сөйлемдерді өзара ұштастырып жүйелі сөйлеу дәрежесіне жеткенде кемеліне келеді. Сондықтан қазақ тілі сабағына оқушылар тек сөз біліп, сөйлем құоап қана қоймайды, жүйелі әңгіме айтуға, күрделі пікір білдіруге дағдыланады. <<оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету үшін мынадай жұмыстар істелінеді: * Әңгіме, ертегі оқытып, оның мазмұынын айтқызу. * Сурет бойынша әңгіме құрату. * Көргенді, істеген істері жөнінде әңгіме айтқызу>>. әдіскер жоғарыдағыдай жұмыстардың басты мақсаты - оқушылардың еркін, өз сөзімен әңгіме айтуға, жүйелі пікір айтуға үйрету деп біледі. Бұл үш жұмысына қарап отырсақ, расында балалардың ойлау қабілетін, еркін сөйлеу қабілетін көздегені байқалып тұр. Аталмыш жұмыстар мұғалімнің сұрақ қою көмегімен жүзеге асады. Қарап отырсақ, жоғарыда әдістеменің барлығы мұғалім шеберлігіне байланысты екенін көреміз. Н:Ә.Назарбаевтың <<Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде және тіліміздің - мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да,білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек>> - деген тұжырымдары бар екені белгілі. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенгеніміз жөн. Олай болса мемлекеттік тіл тағдыры - қазақ ұлтының да тағдыры. Қазақ тілін оқытудың маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сондықтан қазақтың әр сөзін қонымды әдіспен, терең оймен, ажарлы тілмен жас өрендердің санасын жеткізе білу үшін қазақ тілінің мұғалімі - өте кемел адам болуы керек. Ұлт тілінің рухын аспандататын да, асқақтататын да осы қазақ тілінің мұғалімдері. Жан Жак Руссоның <<Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек, жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық - ұлы нәрсе>> - деген байлаы өте дұрыс айтылған тұжырым. Сөйтіп, Рақыш Әмір Сәтұлының мақалаларындағы, кітаптарындағы әдіскерлік нұсқаулар мұғалімдерге жоғарыда атап көрсеткеніміздей нақтылы көиек көрсететін пайдалы көрсеткіш болып келеді. Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұлы-қызы болғандақтан халықтың, Отанның ұлы-қызымын деп есептейді. Кісіні сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік туғызатын қарым-қатынас құралы - ұлы мәртебелі ана тілі. Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбәр халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отрады. Ана тілі мектепте өтетін пәндердің оқу материалдарын әрі саналы түрде, әрі жеңіл иеруді қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге және балалардың патриоттық, ұлттық сезімдерін дамытуға жәрдем етеді. Сондықтан да қазақ тілін оқыту әдістемесін жетік меңгеру, оны дамтыу әрбір педагогқа жауапкершілік жүктейді. Оның басқа пәндер сияқты оқушыларға қазақ тілінен білім берудің де өзіне лайықты әдістері бар. Ол әдістер қазақ тілінен өзіне тән ғылыми жүйесін оқыту мен одан жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне сәйкес болып келеді. Қазақ тілін оқыту - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жодарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқаасын қалыптастырады. Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдімстемесі ғылыми педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Сондай еңбектердің авторы болып жүрген қазақ тілі пәнәі оқыту әдістемесі ғылымыеа өзіндік ой-өрнегімен, тегеурінді тұжырымдарымен үлесқосқан әдіскер, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор - Рақыш Әмір Сәтұлы. Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері: Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалімі. 1980, 11-қаңтар. Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесі // Қазақ әдебиеті. 1973,6-сәуір. әміров Р.С. Жалпы білім беретін мектепті>> 5-9 кластарына арналған қазақ тілі пәніні>> бағдарламасы (жоба) // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993.№10-11012. Бозжанова К., Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964 жыл. Асқарбаева А., Әміров Р., 2-3 класс: <<Қазақ тілі>> оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1971. Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973 жыл. Әміров Р. 3-класс <<Қазақ тілі>> оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл. әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне>> 3-класына арналған ). Алматы.1991. әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. <<Қазақ тілі>> 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл. Әміров Р., Әмірова Ж. <<Қазақ тілі>> оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл. Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл. Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл. Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі грамматикасы, емле, тіл дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл. Балақаев м., Әміров Р., Қазақ тілі. Алматы. 1965. Уәйісова Г., Әміров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі 2-класқа арналған. Алматы. 1998. Әміров Р., Әуелбаева Ш., Бәкірова А. Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту.2-класқа арналған. Алматы. 1997жыл. Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі - Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ыбырайым - <<Айман-Шолпан>> жырында атақты Маман байдың ұрпағы. Ы.Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. Училищесінің оқытушысы, 1940-1991 жылдар арсында қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент болып қызмет еткен. <<Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер>> деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның <<Етістік>>, <<Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы>> атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз. Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған <<Қазақ тілін оқыту әдістемесі>> деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек <<Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері>>, <<Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары>>, <<Грамматиканы оқыту методикасы>> деп аталатын үш тараудан тұрады. Мектепте қазақ тілін оқытудың нгізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды. Мұнда оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән беріледі. Оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: (Әрбір класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық, тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу; мұғалімдердің методикалық шеберлігін арттырып, әр тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып отруға, өз білімдерін толықытырып отыруға міндет жүктейді; мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады; мұғалімдердің оқушылармен кластан тыс жүргізетін жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді; тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы қайталап отырудың әдістерін үйретелді. Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдеді айтады. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз тұлғаларының формалық деңгейін анықтауда мұндай тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі. <<Мұалім индукцмя-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді>> /80/ Зерттеушілердің пайымдауынша, әңгімелесу методы оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Олар жауап беріп, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады, бірінің айтқанын екінші толықтыра түсіп, тілдерін дамытады, үйе берілген тапсырманы жақсы орындауға үнемі талаптанады. Еңбекте көрнекілік пен оны пайдаланудың жолдарынақты көрсетіледі. Көрнекі құралдардың түрлері ретінде: таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, символикалық, тақта көрнекілігі, кескінді әріптер мен буынға бөлінген сөздіктер көрнекілігі, карточкаларды пайдалану көрнекілігі, зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекіліктерді қазіргі кезде де ыңғайына орай қолдана білген жөн. Еңбекте фонетиканы, грамматиканы, орфографияны оытудың әдістемесі де берілген. <<оқушылардың грамматканы жақсы білуініңбір шарты - анықтамалар мен ережелерді саналы түрде толық меңгеруі>> деп пайымдаған ғалымдар оларды оқытуға, ережелердің құрылысы стильдік жағынан бір-біріне ұқсас, бір жүйеде болуына басты назар аударады. Сондай-ақ. <<грамматика сабағында грамматикалық талдау жасаған кезде, үй тапсырмасын тексерген кезде, грамматикадан жаңа материал түсіндірген кезде босын, әйтеуір қисынын тауып, оқушыларға тиісті сөздердің емлесін үйретіп, керек жерінде есіне салып, грамматика мен емлені ұдайы байланыстырып отыру керектігін>> мақсат тұтады. Морфологияға байланысты бағдарламаға енген бесінші сыныптан бастап, алтаншы, жетінші сыныптарда жалғасатын теориялық материалдардың барлығына әдістемелік талдау жасайды. <<мұғалімнің ең бірінші мақсаты - оқушыларға сөз негіздерін (түбір сөз) саналы түрде өздері таба алатын етіп дағдыландыру) - деп жазады зерттеуші әдіскер ғалымдар /139/. Мұның да мәні ерекше. әсіресе, жас мамандар өздері түбірін таба алмайтын негніздерді мысалға алмауы керек екені анық.мысалы: көтер, тышан, т.б. сияқты тұлғаларды мысалға келтіріп, ұятқа қалған жас оқытущылар бар. Ғалымдар осыдан сақтандырып отыр. Ең алдымен, <<оқушыларға сөздердің жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны>> дұрыс екенін ғалымдар ескертеді. Ы.Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары: Қазақ тілі (оқулық) А., 1949. Қазақ тілін оқыту методикасы (оқулық) А., 1965. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966. Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт.бірл); Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965; Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшін). А., 1955. Пединституттың сырттан оқу бөлімнің оқу жоспарына түсінік.А., 1964. Қазіргі қазақ тілінің бақылау жұмысы. А., 1958. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектерін ата * Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша қандай еңбек жазды? * Ы.Мамановтың <<Етістік>>, <<Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы>> атты зерттеулері қашан жарық көрді? * Ы.Мамановтың морфологияға байланысты әдістемелік талдауы Әдебиеттер: 1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, <<Мектеп>>1988. 2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965. 3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. 4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995. 6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967. 7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет 9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982. 10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет №11 Дәріс: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Мақсаты: Әдіскер ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: * Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. * Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері * Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым * Айтбай Айғабылұлының еңбектері Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкенн үлес қосқан ғалымдардың бірі. Шын аты - Дәулетияр.1912 жылы маусымның 7 күні Алматы облысы Шелек ауданындағы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1954 жылы профессор С.аманжоловтың жетекшілігімен <<Некоторые вопросы принципа нагядности в преподаваний казахского языка>> деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Профессор Ғ.Қалиев <<Ұлттағы өмір>> атты мақаласында Д.Әлімжановтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы мәнді деректер береді. Бұл деректер бойынша, Дәулет екі жасында анасынан жетім қалып, кедейліктің тақсіретін тартқан. Жеті-сегіз жасынан бастап ауылдың малын бағып күнін көрген. 1923-1925 жылдар елге келген кеңес үкіметіне сүйеніп, еті тірі бала <<Қызыл отау>> арқылы сауатын ашады да, кейін осы ауылда ашылған мектепте сабақ оқуын жалғастырады. Кейін комсомлға өтіп, белсенді болып. Оқуын тереңдетеді, 1931 жылы жұмысшылар факультетіне түседі. 1933 жылы абай атындағы педагогика институтының жанындағы дайындық курсына түсіп, 1934 жылы тіл және әдебиет факультетінің қазақ бөліміне студент болып қабылданады. 1938 жылы институтты бітірген соң, осы институттың қазақ тілі және қазақтілін оқыту әдістемесі кафедраларына оқытушылық қызметте қалдырылады, кафедра меңгерушісі (1961-1971), деканы қызметтерінде болады. Ғ:Қалиев Д.Әлімжановтың ғылыми шығармашылығы туралы мынадай пікір айтады: <<1940 жылдан кейінгі кезде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына, пән ретінде қалыптасуына Дәулет Әлімжанов айтарлықтай үлес қосты: ол өзінедейінгі еңбек еткен ғалымдардың зерттеулерін, пікірлерін жинақтап, өзінің тәжірибелерін және республика мектептеріндегі алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибелерін сараптап, сол курстың оқыту әдістемесі>> белгілі жүйеге келтіріліп, жас мұғалімдерге де, тәжірбелі мұғалімдерге де әрі теориялық, әрі практикалық басшалақ беретін үлкен ғылыми пәнге айналдырды>> / Ұлағатты өмір. 224б/. Дәулет Әлімжанов 1954 жылы профессор С.Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен <<Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принциптерінің кейбір мәселелері>> деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Оқытудағы көрнекілік әдістемесіндегі жаңа бағыттың, ғылыми саралаудың басы болды. Ғалым филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> атты оқулықты 1965 жылы <<Мектеп>> баспасынан шығарады. Бұл оқулық қазіргі күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек. Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері: Қазақ тілінің грамматикасы. Бастауыш мектептің 3-класына арналған. А., 1983 (авт. бірі); Некоторые вопросы принципа наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965 (авт.бірі); Қазақ тілін оқыту методикасының программасы. А., 1961; Фонетикалық таблица. А., 1962., Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы. А., 1964,1968,1969. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 (авт.бірі); Университеттер мен жоғарғы оқу орнында қазақ тілін оқыту әдістемесінің программасы. А., 1965. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері. А., 1972. Қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалымның бірі - Айтбай Айғабылұлы. Айтбай Айғабылұлы 1936 жылы Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Низами атындағы Ташкен педагогикалық институтын бітіріп, 1959-1972 жылдары мектепте мұғалім, мектеп директорның орынбасары болып жұмыс істеген. 1972 жылы Алматыға келген Айтбай Айғабылұлы Қазақ энциклопедиясына редактор болыпорналасады. Энциклопедияның шұрайлы да, шырайлы боп шығуына тындырымды еңбегімен үлес қосқан Айғабылұлының еңбегі еленіп, көп ұзамай аға ғылыми қызметкерге жоғарылатады. 1976 жылы белгілі ғалым К.Ахановтың жетекшілігімен <<қазақ тіліндегі бау-бақшаға байланысты кәсіби сөздер>> тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында қазақ тілін оқыту әдістемесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысады. Мұның өзі ұстаздық тәжірибені ғылыммен, әдістемемен байытуға жағдай жасайжы. Осы тұста одақ бойынша оқу жүйесін, оқулықтарды жетілдіру мәселесі қолға алынған еді. Мектепке арналған қазақ тілі оқулықтарын да жаңадан жасау, барлығын қайта қарау қажет еді. А. Айғабылұлының педагогикалық тәірибесі, ғылыми дайындығы осы қажетке қарады. Ұстазы Қ.Ахзановтың мектепке арналған морфология оқулығына өмір талабына сай бірсыпыра қосып, алулар жасауға тура келді, тың жаттығулармен, картиналармен толықтырылды. Мұның өзі А. Айғабылұлының толық құықты автор болуына мүмкіндік береді. Автор ретінде осы оқулыққа түсінік, методикалық нұсқаулар, сонымен қатар қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты еңбектер жазады. Аиап айтқанда, <<Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту>> (1982), <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> (1988) атты еңбектерді>> авторларының бірі ретінде А.Айғабылұлы әдіскер-ғалым ретінде танылады. А.Айғабылұлы 1984 жылы әл-Фараби атындағы университетке қызметке келеді. Сөйтіп, оның ұстаздық, ғалымдық келбет университете қабырғасында кемеліне келіп, кең құлашынжаяды. Өмірінің соңына дейін осы университетте қызмет атқарады. 1997 жылыакадемик Ә.Қайдаридың басшылығымен <<Қазақ тілі морфонологиясы>> деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. <<Тіл - ұлттың жаны.>> Сол жанның ендігі тағдыры бүгінгі ұрпақтың осынау ұлы мұраға деген қатынасына, көзқарасына, тарих және келешек алдындағы өз міндетін қалай түсінетіндігіне байланысты. Ал санаға сәуле себер сондай тұрлаулы түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастыру мұғалімнің маман ретіндегі парызы ғана емес, адам, азамат ретіндегі қарызы болып есептеледі. Себебі <<мектептің тілі алмайтындығы>> ақиқат (Х.Досмұхамедұлы). сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын ана тілі пәнінің маңызы ерекше. Мектепте оқытылатын ана тілінің қай саласын оқыту болса да оқушының тілдік фактілерінің терең түсінуіне, оны күнделікті іс-тәжірибесінде қолдануына мұғалім мүмкіндік беруі керек. Ана тілінің лексикалық құрылымын оқыту мектеп оқушылары үшін қызықты сала болумен бірге, үлкен жауапкершілікті де қажет етеді. Себебі, бала лексиканы ғылыми тұрғыда түсіндіре аламас да, ол сөздің ең басты белгісі оның мағына білдіруінде екенін, сөз мағыналарының әр түрлі болатындығын, кейбір сөздің бірнеше мағынасы бар екенін, ал енді бір сөздердің дыбысталуы мен мағыналары жағынан бір-біріменбайланыста болатынын біледі. Ал лексиканы оқыту үстінде сол білімдері жүйеленіп әрбір лексикалық бірліктіңөзіндік ерекшеліктері мен белгілері тиянақталады. Бадла осыған дейінгі күнделікті іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген сөздерін белгілі бір жағдайға орай, дәл құнарлы да бай сөз қорымен, оның ішкі салаларымен танысады. Өз тілінің сұлулығымен, әуезділігін, байлығын, сөзжасамдық құдіретін сезінеді. Ең бастысы, ана тілі адамның бүкіл саналы тіршілігінің бастау көзі екендігін оның рухани қажеттілігінің негізі екендігі түсінеді. Бұл түсінік баланың тіл туралы сапалы білім алуына, ол білімдерін өзінің тәжірибесінде берік орнықтыруы мен логикалық ойының дамытылуына басты түрткі болады. Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі - сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысып түсуіне, сөйтіп, бүкіл тілдік жүйені тұтас ұғып, оған өз көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Лексиканы оқытуда алға қойылатын мақсаттардың бүгінгі жастарды заманывмызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқулықтарын жетілдіруге байланысты бірсыпыра талаптар жаңарғаны белгілі. Оқушыларға білім беру мақсаты мен міндеті тек оқыту процесімен іске асатындықтан, оқыту жүйесін барынша тиімді жолға қою - бірден-бір негізгі мәселе. <<Оқұытудың негізі - сабақ, ондағы қолданылатын метод, әдіс, түрлі жолдар десек, осы төңіректе тәжірибеде жаңа әдіс, ескі әдіс деп сабақ беру дәстүріміздегі тәжірибенің өзін бөле-жара әңгіме ету етек алды. Тіпті, бір кезде бүкіл сабақты бағдарламалап яғни прграммалап оқыту, кейінірек проблемалы оқыту туралы идея көтергенде де, өзге метод, әдістер іске алғысыз болып қала береді>>. әдістердің бірін жарамды, бірін жарамсыз деп есептеуге немесе біріне аз, біріне көп көңіл бөлуге болмайды. Сабақта өтілетін материалдың мазмұн-мақсатына орай әдіс таңдалады. Мысалы, қазақ тілінен оқушыларға жаттығу жұмысын орындатуда да ттүрлі әдіс таңдалады. Айталық, жаттығу мұғалімнің нұсқауымен орындалса, түсіндіру әдісі, оқушылар өз біліміне сүйеніп орынды репродуктивті әдіс, егер оқушылар мәтінді өзгерту немесе редакциялау сияқты шығармашылық еңбекпен орындаса, зерттеу әдісі қолданылады. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский <<Правда>> газетінде жарияланған бір мақаласында <<Қазір тәжірибелі мұғалімдер оқушыдан оқулық тексін жаттауды талап етпейді. Олай оқыту ақыл-ойды тежеу қаупін туғызады. Тәжірибелі мұғалімдер өз жұмысын оқушыны ойландыратындай, бұрыннан білетін біліміне сүйене отырып, фактімен құбылысты салыстыратындай, ө бетімен қорытынды жасай алатындай етіп құрады>> - деп жазған. Мұғалім қай тақырыпты өтсе де, оның мақсатын анықтауы қажет. Ол мұғалімнің өзі үшін қажет. өйткені осы сабақты не үшін өтем, нені оқушы есте сақтауы керек, қай мәселе қосыша материал ретінде қалады, баланың дүниетанымына, ертеңгі күні сөйлеу, жазу дағдысына көмек болатын тұсы қайсы? - деген сұрақтардың жауабы мұғалімге анық болмай, ол сабақта қолданылатын әдіс құралдар бірін-бірі толықтыра алмай қалады. А.Айғабылов <<Қазақ тілі сбағы құрғақ өтілмей, мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір тілдік категорияның өмірде қолданылу аясын ашатындай мақсат қойылуы керек дей келіп, <<лексиканы оқыту барысында оқушыларды>> сөз байлығын арттыру, жеке сөзді сөйлем ішінде орын-орынмен пайдалануға баулу синоним сөздерді іріктеп жұмсауға үйрету т.б. мақсат қойылады. Оқушылар жеке сөздің лексикалық мағыналарын ұға отырып, өз жазба жұмыстарына бақылау, редакция жүргізу арқылы жеке сөздердің орынды қолданылуы ойдың дәл анық жеткізілуіне мүмкіндік беретініне көз жетеді. Кәсіби диалект, көнерген, жаңа сөздердің өздерін түсінеді. Мысалы, келбетті, әдемі сөздері синоним болғанмен, әдемі үй десек те, келбеті үй деуге болмайды. Сондай-ақ, көнерген сөзердің тек өткен өмірді баяндайтын тарихи еңбектерде, көркем шығармаларда қолданылатынын, ал, неологизмдердің тек бүгінгі тұрмысымызды баяндайтын хабарларда кезедесетінін түсіндірсек, көнерген сөздер мен неологизмдердің қандай сөздер екенін білумен қатар, не үшін қажет екенін көрсетіп, оқушының ертеңгі күні оны өз орнымен пайдалануына мүмкіндік жасаймыз. Сөздің жасалу жалпы түсіндіргенде, оқушы сөздің мағынасы мен оның құрамындағы морфемамен өзара мағынаның байлаеысын аңғаруға үйреніп, оны өздері қодана білуге дағдылану керек. Мысаы, егістікті жер мен егістік жер дегендегі еісті мен егістік сөзеріндегі - ек, -іс, -ті, -тікморфемаларының мағынасына көз жеткізбей, тіркестердің мағынасын түсінбейді. Сондай-ақ қазақ тілінде морфемалардың (түбір мен қосымшаларды) тіркесуі қалай болса, солай бір үлгімен келе бермейді. Мысалы, ұшқыш пен сыпырғыш сөздеріндегі -қыш, -ғыш аффиксі (морфема) бір болғанмен, бірінде маман адамды, бірінде құралды білідріп тұр. Гер сыпыр сөзінен ұшқыш сияқты адам ұғымын жасағымыз келсе, -ғыш жұрнағын емес, -уыш қосымшасы арқылы сыпырушы деген сөз жасаймыз. Мұның барлығы оқушының сөз байлығын саналы игеріп, еркін қолдануына мүмкіндік береді>>- дейді әдіскер /14.30/. Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - арнайы өтілетін курс та, екіншісі - өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. әуелі 5-6 сыныптарда өтілетін арнайыкурстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болатынын профессор Айтбай Айғабылов былай түсіндіреді: <<Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған шашаыранды атаулар емес. Олар - заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келетіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел,аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір, екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөзбен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әртүрлі сезі-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі бір дыбысты (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартуына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп, екіге бөлуге болады. Лексика бөліміне енетінін материалдық лингвистикалық негізі де осы айтылған принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер (көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында сөз болды. әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен, бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек./3.4/ Ал, егер былайша лингвистикалық негізін ажыратып алмай, лексиканы тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығын деп түсіндіое салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезінде, жаттығу үстінде жанасады да, сабақтың негізгі мақсаты орындалмайды. Мұғалімдер көп жағдайда оқлықты өздеріне тірек етеді. Онысы дұрыс та, алайда,оқулық оқушы үшін жазылғанын, онда мұғалім үшін көп нәрсенің жасырын сыр болып қалып қоятынын әр кез есте сақтау керек. Егер мұғалім оқулықтағыны ғана білсе, оқушыға берер білімніңтүпкі мақсатын, одан шығар нәтижені алмайды. Сондықтан мұғалім лексикалық мағынаны өзге (грамматкалық) мағынада жақсы ажырата алуы керек. Лексикалық мағынасы бар сөздердің өзі әр түрлі қосымшалар жалғану арқылы дыбыстауы қауызын өзгертіп тырады: адам, адамдар, адамдары, адамдарымыздың, адамдық, адамсу т.б. Ал олар сол қосымша арқылы грамматикалық мағына қабылдады ма деген мәселені ерекше ажырату керек. өйткені атаулы сөздерді ішінде туынды түбір сөздер өте көпкездеседі. Оларды лексикалық мағынасы сақталып түрлі формаға енген сөздер (адамдар, адамдармыз) бөле білмей тұрып, лексиканың лингвистикалық негізін де толық түсіну қиын болады. Сондықтан оқушыларға лексикалық мағына дегенде, әртүрлі мысалдармен саналы түсіндіру арқылы ғана, оны грамматкалық мағынадан ажырататын болады. Мысалы, дейін, шейін, гөрі т.б. Шылаулар мен кітап, қар, аяқ сияқты сөздерді салыстырып, оқушыларпдың өзіне мағыналарын түсіндір десек, тек кітап, қар, аяз деген сөздердің ғана лексикалық мағынасыны жоқ екеніне көздері жетеді. Сөз мағынасын ашып түсіну оқушылардың лексикалық ұғым туралы кеңеюімен стилистикадан хабардар болуға мүмкіндік береді. Сөздердің мағынасына кей жағдайда жеке тұрып ашыла бермей, олар кейде мәтін сөйлемде ашылуы мүмкін. Мысалы, ақиық сөзінің оқушы бүркіт тұқымдас құс маржасын аңғартатын мәтінсіз түсінсе де, ауыспалы мағынада шаршамайтын, шалдықпайтын адам деген мәнін ұға бермейді. Көл сөзінің теңізден кіші суды аңғармашының білгенмен, көп, мол дегенді білдіруі тек текст ішінде ғана ашылады. Сондай-ақ сөз кейде өз мағынасында да,ауыспалы мағынасында да қолданылмай екі не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа мағына беретін кезі болады. Мұндай тіркестер айтушы немсе жазған кісінң құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп, қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз, төбе шашы тік тұрды сияқты тіркестер жеке бір ғана атауыш сөз мағынасын береді. әрине, мұның бәрін лексикалық мағынаны түсіндіргенде үйіп-төгіп оқушыға түсіндірем деу әурешілік>>,-дейді А.айғабылов, дегенмен мұғалім өзі есте ұстаса, мәтін ішінде кездесе қалғанда оқушыға ұқтыруына қажет болады деп жас мамандарға кеңес береді. /3. / әдіскер ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытуда, яғни лексика бөлімінен саналы білім беру үшін жоспарға енген тақырптарды теориялық және практикалық жағынан мәні анықталуы керек дей келіп, лексика білімін оқытуда есте сақталуы қажет үш ұғым бар екенін білуіміз керек дейді. Сонымен әдіскердің үш ұғымына мән берсек, біріншісі - сөздің мағыналық топтары. Бұған сөз және оның мағыналары (тура, ауыспалы, көп мағыналық), синоним, омоним, антоним. Екіншісі - әртүрлі қолданылу аясына қарай бөлінетін жалпыға бірдей, белгілі аяда қолданылатын сөздер (терминдер, диалект және кәсіби сөздер), көнерген сөздер мен неологизмдер. Үшіншісі - шығу тегіне қарай қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздер. Осы үш топқа бөлінген тақырыптар бүкіл лексика бөлімін қамтиды да, олардың әрқайсысы мұғалімдерге материалды түсіндіруге белгілі міндет жүктейді. Бірінші ұғым деп алап отрған сөздің мағыалық топтары 4 сыныпта оқылатыны белілі. 5 сынып оқушылары сөз мағыналарының әртүрлі қолданыс жолдарын (тура, ауыспалы), синонимдерінің,омонимдердің, антонимдердің тіліміздегі көркемдік, стильдік мәнін түсініп, текстерден ажыратуға, тіл ұстарту жоспары бойынша ресми іс-қағаздар стилінде, ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиет стилінде қолдану жолынан хабардар болды. Олардың түсіндірме сөздікте берілу тәртібімен танысып, сан түрлі сырын ұғады. Сөйтіп. Оқушылар сөйлеу, жазу нормаларына жаттығады. Ал, екінші және үшінші топқа жататын ұғымдар 5 сыныпта оқытылады да тіліміздегі сөздердің даму, қалыптасу жолымен және олардың әдеби тілдің стильдік тармақтарында қолданылу аясын аңғартады. Мысалы, қазақтың байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздерді оқу арқылы тілдің баю, даму жолын түсінсе, терминдер мен диалект, кәсіби сөздердің, көнерген сөздер мен неологимдердің мәнін білу арқылы тілдің сан-саласы стильдік тармақтары болатынын, әрқайсысы да қажетіне қарай тілімде қызмет ететінін ұғады. Сондықтан лексика бөлімінің материалдарын өту барысында да, кейін пысықтау анықтап ескертудің зияны жоқ. Оқушыларға анық бөлу үшін кестені жасап, іліп қоюға да болады. Ал фразеологизмдер мағынасы жағынан өзара синонимге де көп мағыналыққа да жатады. Ал шығу тегіне қарай фразеологизмдерді тіліміздегі сөздер сияқты байыры фразеологизмдер, басқа тілден енген фразеологизмдер деп бөлуге болады. Мысалы, көрмес түйені де көрмес, тасбақа аяң сияқты тұрақты тіркестердің біріншісі байырғы фразеологизм болса, екіншісі- шрепаший шаг дегенннен алынған. Қысқасы фраөзеологизмдер жеке сөздің болмысы ретінде қолданылатындықтан, сөздің аясында қарастырылады. <<Мектепте лексиканы оқытуды>>, яғни оқытуда оның тиімділігін арттыру үшін алға қойылатын негізгі принциптерді саралап алудың үлкен мәні бар. Ғалымның пайымдауынша, лексиканыоқыту әдістемесінде негізінен төрт принцип бар: Оның біріншісі - сөз мағынасын оның (сөздің( аңғартатын болмысымен (зат, сын, сапа, сан, қимыл т.б.( салыстыру; екіншісі - лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру: үшіншісі - семантикалық-мағыналық принцип: төртіншісі - диахрониялық принцип. Бұл төрт принципке жеке-жеке тоқталған А.Айғабылов бірінші принципті - сөзді болмыспен салыстыруды былайша түсіндіреді. Қазақ тілінің сөз байлығын үйрену өмірдегі сан алуан құбылыстың өзін, оның сын сипатын ұғумен қатар жүретіні белгілі. өйткені нендей жаңа зат, жаңа ұғым пайда болуына қарай жаңа сөз пайда болатыны белгілі, оның тіпті қолданылуы не қолданбауы да сол зат немесе ұғымның өіне байланысты. Адамның өзіне танысемес ұғымды тануы мен өсуі сияқты лексиканы да оқытқанда да сөз мағынасын өмірмен тікелей ұштастырылып отырумен талап етіледі. Айталық, 5 сыныпта сөздің мағыналық топтарын оқытуда сөздің мағынасын заттың суретімен салыстыру лексиканың көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним сияқты категорияларын топтауға үлкен септігін тигізеді. Бір заттың атауы екі не одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздерді синоним болатынын (шлақ, қысқа, келте т.б.) немесе бірнеше зат бір сөзбен аталса, омоним болатынын, бір-біріне ұқсаса бірнеше затты бір сөз аңғартса, көп мағыналы сөз болатынын түсіндіру үшін өте қажет әдіс болып табылады. Мектеп оқулығында бұлайша салыстыру әдісіне негізделген суреттер берілген. Оны мұғалім көбейтіп қолданылуына болады. Тілдегі сөздерді оқушы қолданып тұрғанымен, оның ішкі сырын, мағыналық қатпарларын, стильдік өңін анық тани бермейді. Екінші принцип жайын яғни лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салвыстыруды профессор А.айғабылов: <<Бұл принцип лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап, дәлелдеп тануға , сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Мысалы, анотним, синоним, омоним немесе көпмағыналы сөздерді оқытқанда, олардың лексикалық мағыналарына көңіл бөлеміз де грамматикалық мағынасына көңіл аудармаймыз. Шындығында да олардың бір сөз табына да, әр түрлі сөз табынан да (түс-зат есім, түс-етістік т.б.) бола беретінін салыстыра түсіндірсек, тақырыптың мазмұны ашылуы да, лексикалық мағынаныжақсы түсіндіруге мүмкіндік туады. /17.3.10/ Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияларды түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды болады. Былайша түсіндіру - лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды да бойына сіңіре беруіне, сөздердің қолдану аясын тереңдей білуіне мүмкіндік жасайды. Үшінші принцип - семантикалық принцип. Бұл принципті әдіскер әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланыстырады. Лексикалық парадигма дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың бір-біріне қатысы сондай болады. Мысалы, өзара қатыстылыы арқылы бір атауға топталатын сөздер болады. Айталық, таңертең, сәске, түс, намаздыгер, намазшам, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атаулары; тал, терек, қарағаш, қараған, сәмбі, өрік, алма т.б. сөздер ағаш сөзінің мағынасына енеді. Қол, аяқ, иық, тізе, арқа, құлақ, көз, мұрын т.б. сөздер дене мүшесіне жатады. Сондай-ақ синоним, антоним, көп мағыналы сөздер де өз ішінде белгілі бір мағыналық қатынасқа ие. Сөйтіп, лексикалық парадигма дегенде осындай өзара мағыналық байланысы бар сөздерді тобын атаймыз. Сондықтан, семантикалық принцип көп мғыналы сөздер мен омонимдерді, көп мағыналы сөздер мен антонимдерді, синонимдер мен түбірлес сөздердіүйренуде қолданылады. Сондай-ақ өзара бір атау топтарға бөлінетін сөздерге көңіл аудару да лексикалық мағынаны аша түсетін тәсіл екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, шабуылшы, қорғаушы, қақапашы сөздерін спорттың футбол атты түрімен ғана түсіндіріп, мағынасын тек семантикалық принцип арқылы түсіндіруге болады. Қандай сөз болмасын ешқашан тілде жеке өмір сүре алмайды, қандай да бір байланыста қолданылып, қажетке жарайды /3.12/. Төртінші принцип - диахрониялық принцип. Бұл принцип тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген, ол көбінесе 6-сыныптағы басқа тілден енген сөздер,көнерген сөздер, неологизмдер мен кәсіби сөздер туралы ұымды оқушыларға түсіндіруде қоданылады. Сөйтіп, диахрониялық принцип - оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау үшін тым күрделі көрінуі де мүмкін. Мәселен онда емес. Біз бұл жерде сөздің этимологиясынашу үшін жасалатын күрделі талдауға бамаймыз, тек 6-сынып оқушыларының өз ұғымына сай, оқулық материалы көлемінде ғана жүргізіледі. Жаңа сөздер, неологизмдер мен көнерген сөздерді халық тарихымен салыстырып, би, хан, уәзір сияқты төңірегінде әңгіме жүргізген өте пайдалы. Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары жөнінде профессор А.Айғабылов: лексикалық жаттығулар қазақ тілі лексика жүйесін білуге дағдылануға бағытталады. Сондай-ақ лексикалық жаттығу оқушылардың сөз байлығын арттырады, сөзге көңіл бөлуге, мағынасын анық аңғартуға жетелеп, лоикалық ойлау жүйесіне кеңейтеді. /3.4/ Лексика саласы бойынша берілетін жаттығулардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай классификациялап алған жөн. Берілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы, сөз жоқ лексикалық жаттығу болып табылады. Мұнда негізінен оқушылардың лексикадан алған теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп, дағдыландыру, сөздіктерді пайдалану ісі игерілуі керек. Дұрсында сөздіктермен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі тиіс. Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оны пайдалану сөз мағыналарын өткенде қажет болады. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын сөздікте қалай түсіндіретінін немесе өздері мағынасын анық аша алмаған сөздердің, омоним сөздердің берілу тәртібін үйретеді. Көп мағыналы сөздердің әр түрлі синонимі, әр түрлі антонимі болатынын түсіндіріп, оған сай жаттығу жұмысын жасау - сөзді толық түсіндіруге, барлық мүмкіндігін ашып ұғуға мүмкіндік береді. Мысалы, асау, ат, асау өткел деген тіркестерде асау сөзіне бірде жуас, бірде оңай сөзі антоним болады. Ал синонимі де әр түрлі, айталық, бастықпаған ат, қиын өткел. Ал, лексчикалық жаттығулардың екінші тобы тілді басқа салаларымен байланыстырып жүргізілетін синтетикалық жаттығу болып есептеледі. Яғни, лексикадан алған білімін одан бұрын өткен тараулармен байланыстырылған жаттығу. Ол үшін мынадай жатығулар жүргізілгені абзал. * Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мғыналарын топтастрыу: 1) адам, өсімдік, жануар, алтын, су. 2) қызық, жазық, әдемі, үлкен. 3) ойлану, жүру, сөйлеу, кебу. Оқушылар үшін топқа бөлінген сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің затың белгісі, сынын білдіретін анықтап, зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лекситкалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қалдырылуына, шығу тегіне қарай ажырту да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі. * Мына түбірлес сөздердің қай сөз тобына жататынын анықтау: 1) келісім, келісті, келіншек; 2) орын, орынша, орыдық, орынды; 3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды. * грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығуындағы бір түрі сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы, белгілі бір сөзге септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып көруге болады. Оқушылар бұлайша түрленген сөздердің лексикалық мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда болғанына көз жеткізеді. Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылапрдың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп, сөздің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы артады, жазу мәдениеті жетіледі. Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құрауға үйретеді. Бұған байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары: * Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтара, қайсысы қандай стильдік тармақтарға жатады. Мысалы, балалар-балдар, қыз-нашар бала, тыныш-тиыш, бала-балақай. * стилистика туралы ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіріп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерімен таныстыру. 5 снып жоспарында лексика материалдарына 10 сағат берілген. Оқушылар осы берілген сағат көлемінде сөздің лексикалық мәнін, оның тілімізде қолданылу орнын, қызметін түсіндіру, сөйтіп, олардың сөз байлығын артырады; сөзді тілдегі өзіндік өзгешелігін, яғни дыбыстық жағын, затты, сапаны, қимылды т,ю, мағынаны аңғартатынын түсіндіру 5 сынып оқушылары лексика тақырыбын өту барысында лексикалық ұғымдарын хабардар болумен қатар, олардың көркем әдебиетте қолданылуымен танысып, өз беттерімен оларды текстен табуға дағдыланады. Сөз және оның мағынасы бойынша оқушылар тіліміздегі сөз байлығы туралы түсінік алып, олардың мағыналары, қолдану аясы бойынша дағдылануы мақсат етіледі. Сондай-ақ тілдегі сөз байлығының шексіз молығын, ал олардың сан алуан мағынаға не екенін түсіндіруі қажет. Мұғалім сабақты <<Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің>> бір томын көрсетуден бастап, тіліміздегі сөз байлығымыздың молдығын, оның бірсыпырасы көрсетілген түсіндірме сөздікте берілгенін айтып шығады. Сонан соң тіліміздегі сөздердің әр түрлі ұғымдарды аңғаратыныдығын ескертіп, көрсетілген сөздіктен кез келген бі сөзді алып, мұғалім оқып шығады. Арпа - зат. Бидайға ұқсас қалың қауызды, дәнді астық. Бұндағы арпа сөзінің зат атауы екенін және бидай секілді дәнді астықтың бір түрі екенін білеміз. Ал түсіндірме сөздікте сөздің алфавиті тәртібімен беріліп, оларды грамматикаық белгісі, одан кейін түсінігі жазылатынын, қолданылуына қарай көркем әдебиеттен мысал беретінін оқушылар түсінеді. Бұлайша түсіндірме сөздік арқылы сөзге түсінік беру - оқушылардың тіліміздегі әрбір сөздің белгілі бір ұғымға берілген атау екенін нақты көзбен көріп, саналы түсіндіруіне мүмкіндік береді. Ал сөздің мағынасын түсіну не оны түсіндіру оңай жұмыс емес. Кейде өзі айтып түсініп тұрған сөзінің лексикалық мағынасын ашып беру оқушыға қиындық келтіреді. Сондықтан мұғалім сөз мағынасын түсіндіруде мынадай тәсілдерді қолданған дұрыс: көрнекілік, мағыналық, мәтіндік. Көрнекілік тәсіл лексикалық мағынаны түсіндіруде оқушының көріп, ұстап жүрген, жақсы таныс, нақтылы заттарын мысалға алуға болады. Мұндай таныс атаулар мыналар: қой, сиыр, ағаш т.б. Мағыналық көрнекіліктәсілден қарағанда кеңірек. Оған сөздердің синонимдерін табу, лоикалық анықтамсын табу, мағыналық құрылысына анықтама, талдау жасау жұмыстары жатады. Мысалы, таяну-сүйену; тату-сыйлас, дос, тамыр т.б. Контекстік тәсілдердің сөз мағынасын ашуда үлкен маңызы бар. өйткені қандай сөз болмасын оны мағынасы тек сөйлем, мәтін құрамында ғана нақты ашылады. әсіресе, көп мағыналы сөздерді мағынасы мәтінде ашық көрінеді. Сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын оқушыларға нақтылы түсіндіру қиындық келтіреді, өйткені ауыспалы мағыналы сөздер оқушылардың ой-өрісін, образды ойлау жүйелерін қажет етеді. Сондықтан мұғалім оқушылардың текстен тура мағыналы сөзбен ауыспалы сөзді ажырата алуын, ауыспалы мағынаны сөздің образды ойлау жүйесімен айтылатын түсінуін негізге алу керек. Оқушылар тұтқа сөзінің тура мағынасы мен тірек мағынасында қолданылған ауыспалы мағынасын түсінеді. Мұғалім тағы да басқа мысалдар арқылы кеңейте түсіндіріп, сөздің бастапқы мағынасы тупа делінетін,ал қолданылуына қарай кейін пайда болған мағынасын туынды немесе ауыспалы мағына деп айтатыны ұқтырады. Ол үшін оқушылар әуелі сөздің тура, ауыспалы мағынада қолданылуын түсіндірме сөздіктерден көріп, оның берілу тәртібімен танысады, ауыспалы мағыналарды тура мағынамен салыстырады. Мұғалім ол үшін оқушылардың жақсы білетін, күнделікті қолданылып жүрген сзөзін таңдап алғаны жөн. Мысалы, әл сөзін алайық. әл - зат есім. 1. Күш, қаут, шама. 2. Хал-ахуал, тұрмыс, жағдай. Сөздің ауыспалы мағынасы тура мағынасының негізінде пайда болып, бірте-бірте жаңа сөз жасалатынын түсінеді Оқулықта берілген жаттығу қара, қал, суық, қисық деген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтып беіңіздер деп ауызша түсіндіруді тапсырған. Осы жаттығудың міндетін оқушылар орындаған соң, мұғалім мынадай сызбаға түсіріп, дәптерлеріне жазуын қадағаласа, артық болмайды. Бұл сызбаны жасапболған соң оқушылардың өзі мұғалімнің басшылығымен әр сөздің бірінші мағынасы мен екінші мағынасын салыстырады. Сондай-ақ осы мысалдарға қарап отырып, оқушылар оқулықтағы: <<Сөзді ауыспалы мағынада қолдану - ойды көркем етіп айтып берудің құралы болып саналады. Демек, сөздің ауыспалы мағыналарын жете білу тілді көркемдік, бейнелік қасиеттерін тану және меңгеру үшін өте-мөте қажет деген соңғы абзацтың мәнін ұғыну керек. Айталық, суық хабар дегенді қайғылы хабар, жаман хабар, көңілзіз хабар деп атауға да болатынын, бірақ суық сөзірің қолданыуы бұл аталғандардан әрі күшті, әрі әсерлі естілуіне себеп болып, бейнелік күш беріп тұрғанын түсіндіру қажет. әрине, оқушылар бірер мысалмен бұл күрделі тілдік құбылысты анық түсінуі қиын. Көп мағыналы сздерді түсіндіру өткен сабақта өтілген сөздің тура және ауыспалы мағынасын қайталаумен тікелей байланысты. өйткені, әрбір сөздің ауыспалы мағынасы сол сөздің мағынасын дұрыс түсінген оқушыға көп мағыналы сөздің мәнін ұғу қиын болмайды. Дегенмен, көп мағыналы сөздерді түсіндірудің де өзіндік қиындықтары бар. Ол шін мұғалім екі мәселені жақсы аңғарып алуы керек. Ол тіліміздегі сөздердің жалқы және көп мағыналы сөздердің омониммен ажырату белгісі. Оқушылар көп мағыналы сөздердің анық көре алады. Сөйтіп, сөздің әр түрлі мағынасын ұғу арқылы оқушылардың ұғымы кеңейіп, танымы артады, жазу, сөйлеу үстінде әр сөздің өзге сөзбен тіркесу қабілетін игереді. Омонимдерді түсіндірудің шет жағасы көп мағыналы сөздерді түсіндіру үстінде де қарастырылатынын жоғарыда айттық. Сондықтан көп мағыналы сөздерді қайталау үстінде омоним туралы ұғым заңды түрде жалғасып, жаңа сабақты бастауға ыңғайлы жағдай туады. Оқулықта омоним сөздерді оқушыларға түсіндіру үшін ара , шабу сияқты зат және қимыл атауларының омонимдестігіне көрнекі құрад боларлықтай суреттер берілген. Мұғалім осы әдісті өзінше басқа-басқа суреттермен жалғастыра түсіндіргені дұрыс. Мысалы, қыс суреті мен шегені қысқашпен қысып, ұстау бейнесін, қыздың суреті мен шегені қысқашпен қысып, ұстау бейнесін, қаздың суреті мен қазу үрдісін бейнелеген, суретті, жазу (жыл мезгілі), жаз (қаламмен жазу, шумақталған сымды жазу) суреттері сияқты көрнекі құралдарды көрсете отырып, бұлардың бір-біріне ұқсастық белгісі жағынан көз жеткізу керек. Сонда оқушылар омоним сөздер бір-біріне ұқсастық белгілері жоқ басқа-басқа мағынаны аңғартса, кһп мағыналы сөздерді пысықтау мүмкіндігін алады. Суретті оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне орай алынады. Сол арқылы омонимдерді бір сөз табынан да болатынын ескерген жөн. Оқушылар барлық уақытта мәтіндегі сөз иағынасын толық түсіне бермейді, жалпылай түсінсе де нақты лексикалық мағынасын түсінбей қалуы жиі кездеседі. Сондықтан суретпен түсіндіру де барлық жағдайда мүмкін емес. Сол себепті оқушылар сөздікпен жұмыс істеуге дағдыланғаны жөн. А.Айғабылов <<сөздерді>> кһп мағыналы не омоним екенін ажыратуға түсіндіре сөздіктің оөушыларға үлкен көмегі бар, өйткені мқнда көп мағыналы сөздер бір сөз аясында, ір мағынасы цифр арқылы бөлініп түсіндірілсе, омоним басқа-басқа сөз ретінде жеке мәтіндермен беріледі. 1.буын 1. Адам я жануар сүйектерінің бір-бірімен өзара байланысқан арашығы. 2. Өсімдік сабағының буылтықталған жері. 3. Тұтас бір нәрсенің жеке саласы. 4. Ауыспалы мағына. Жас жағынан шамалас адамдар тобы. 2. Буын 1. Бу етістігінен жасалған өзіндік етістік 2. Қылғыну, тұншығу мағынасында 3. Ауыспалы мағына. Қатты ашуланғандықтан, ызаланғандықтан, долданғандықтан сөйлей алмай қалу. 4. Белін бекем буынды - бел байлады. 3. Буын 1. Сөздерді айту кезіндегі қарқынмен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыстар тізбегі. Сөйтіп, біз буын сөзінің үш омоним ретінде берілгенін, ал олардың әрқайсысы бірнеше мағынаны (көп мағыналық) аңғартатындығын көреміз. Сондай-ақ омонимдерді ажырата білуде сөздікпен жұмыс істеу тәртібін қолданылу үлгілерін түсіну үшін, әдебиет сабақтарында мәтіннен тауып үйрену керек. Ол үшін мұғалім әуелі әдебиеттік оқу кітабынан омоним жиі кездесетін үзінділерді нұсқап, белгілі бір тапсырма береді.ол тек омонимді қайталау үшін ғана емес, әдебиет сабағына үлгеруге де көмек болады. /3.23/ Синонимдерді түсіну арқылы оқушы тек сөз байлығын арттырып қана қоймайды, өз ойын әрі ақты, әрі образды жеткізуге үйренеді. Тіл мәдениетін игеруде мүмкіндік алады. Сондықтан синоним туралы материалды екі сабаққа бөліп өткен жөн. Бірінші сабақта оқулықта берілген синоним жөніндегі ережені жан-жақты түсіндіріп, оқушылар мәтіннен синонимді таба латындай пысықтау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Еер сынып оқушыларының синонимді түсінуі қиын болатын болса, синонимдерді де сурет арқылы, айталық қой бағып жүрген кісінің суретін көрсетіп түсіндіру керек. Бұл кім? - деген сұрауға оқушылар шопан, бірі бақташы, бірі қлйшы деп, синоним сөздерді өздері табады, сөйтіп оқушылар шопан, бақташы, қойшы сөзінің мәндес мағыналы сөздер екенін өздері айта алады. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға бір сөзді ұсынып, оның синонимін таптыру да тиімді әдіс. Мысалы, сәби деген сөздің синонимін (нәресте, бөбек, бөпе, бала, шақалақ) оқушылардың өздеріне таптырып, сол сияқты ақылды - (есті); бұлқыну - (жұлқыну, тыпыршу) сөздерін тақтаға жазып, жақша ішіндегі сөздерді оқушылар тауып айтса, синоним сөздердің қандай сөз екенін білгені, синонимдік қашар жасай алғаны. Осы жерде оқушылардың синонимдік қатар дегеннің не екеніне көзі жетеді. Мысалы, жоғарыда оқушылардың өздері тапқан синонимдік қатарлардан сәби, ақылды, бұлқыну сөздерінің біріншісі - зат есім, екіншісі - сын есім, үшіншісі - етістік екенін, ал олардың әрқайсысына табылған синонимдік қатарлар да сол сөз табына жататынын оқушыларға түсіндіру қиын емес. Оқушылар осыдан кейін әрбір синонимдес қатарлар бір ғана сөз табынан жасалмайтынына көзі жеткізеді. Екінші сабақта синоним сөздердің тілімізде қолданылу орнын, көркем әдебиеттегі ролін түсіндіруді мақсат еткен жөн деген ұсынысты білдірген әдіскер А.Айғабылов оқулықта <<синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді>> деп басталатын соңғы абзацта айтылған ой кеңейтіліп түсіндірілуі керек. Оқушылар синоним, синонимдік қатар деген ұғымдарды еске түсіріп шықаннан кейін, мұғалім бір затты не сынды, қимылды бір сөзбен атамай, бірнеше сөзбен айтатынымыздың себебін ашып,түсіндіреді. Бұлайша түсіндіру синонимдік қатарлардың тілдегі орнын, қажеттілігін түсінуге себеп болады. Синонимдік қатарлар мағыналас, мәндес болғанмен, олардың заттың, сын-сапаның, қимылдықбелгілерін әр түрлі реңкте аңғаратындығын, әр кез сөйлем ішінде бірінің орнына бірі ауысып, қолана бермейтінін түсіндіру қажет. Оқулықтағы жаттығуларды рындау үстінде оқушылар қысқа тон, қысқа жіп, қысқа шаш, қысқа жең деп атауға болғанмен, қысқа мұрын деуге болмайтынына көзі жетеді. Селдір шаш десек те, селдір кездесу деп айтуға, кәрі қойды қой деуге болмайтынын түсінеді. Сондай-ақ сөйлеу не жазу үстінде айтайын деген ойды жеткізіп, нақтылай түсу үшін синонимдес сөздердің қатарынан қоланылып, бірыңғай мүше ретінде келуін де ескерткен жөн. Мысалы, қалжың бас, әзілқой /3,25/ Антоним сөздерді оқушыға түсіндіру мұғалімге онша қиынға соқпады. Оқулықта берілген суреттер мен жаттығу жұмыстары да оқушыларға лайықталып берілген. Алайда, қарама-қарсы мағынада айтылатын сөздердің лексика-грамматикалық мағынасына көз жібермей, олардың тіліміздегі орнын, ролін түсіндіру қиын. <<Лексика мен фразеология>> бөлімін өту алдында бұдан бұрын оқылған лексикалықұғымдар қайталанады, әсіресе лексикалық мағына, көп мағыналы сөз, ауыспалы мағыналар, синоним, омоним, антонимдерді қайталау оқушыларға практикалық жағынан үлкен көмек береді. Айталық 6-сынып материалдары сөздің қолдану аясына (жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, диалект сөздер. Кәсіби сөздер, көнерген сөздер меннеологизмдер және шығу тегіне (басұа тілдерден енген сөздер) қарай құрастырылғанымен, олардың көп мағыналылығы, дара мағыналылығы, синонимғ омоним, антонимдердің бар не жоқтығын ескеріп отыру көзделеді. Бұлайша қарастыру оқушылардың материалдарды пәнімен байланыста қабылдап, қазақ тілі сөздік құралының тіл жүйесіндегі орнын, олардың көнеру, жаңару процесін түсінуге, сөйтіп, шәкірттердің жалпы дүниетанымының артуына, ойларының дамуына себепші болады. Сондай-ақ 5 сыныптағы лексикалық ұғымдар 6 сыныпта морфологиядан оқытылатын сөз құрамы мен сөз жасалуын, морфологияны өткенде де қажет болады. Сондықтан жоспарда бөлінген сағаттан 2 сағатты қайталауға бөлген жөн. * Бірінші сабақтың мазмұны. Сөздердің лексикалық мағыналыры, көп ағыналы сөздер, ауыспалы мағыналы сзер туралы қайталау, қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс істеу. Қайталау сабағын жүргізу тәртібі сыныптың дайындығына қарай әр түрлі өтуі мүмкін. Егер сынып оқушылары өткен материалды жақсы білетіндей дәрежеде екеніне мұғалімнің көзң жетсе, әуелі бірнеше сұрақтарды қойып, оқушылардың оқулықтағы жаттығулармен жұмыс істеуіне басшылық етеді. Кейде сынып оқушылары былайша қайталауға дайын бомауы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалімнің: <<неге ұмытты? Кәне, сен айтшы? Бәрің де білмейсіңдер ме? Онда 5 сынып материалдарын білмей тұрып, 6 сыныпты қалай оқимыз?>> - деген сияқты оқушылардың жүйкесін әлсірететін артық сөз қолданылмауы тиіс. * мұғалім ондай жағдайда қайталауды жаттығу жұмыстарынан бастап, өзі түсіндіруге кіріскені абзал. Оқушылар жаттығу үстінде көп мағыналы сөздерді өзгелерінен ажыратумен бірге, әр түрлі сөздермен мағыналық байланыстарын жақсы түсіну арқылы сөз байлығымыздың молаюының бір жолы екенін аңғаруы тиіс. Мұның өзі 6 сыныпта қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік алуға жетелейтін қосымша материалмен танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, күю, етістігінің алғашқы мағынасы жану, бықсу, болса, қызу (күн күйіп барады), қайғыру (күйіп отырмын), дегбірсіздену (күйіп-пісіп жүр) сияқты мағыналары да жеке-жеке әрекет-құбылысты аңғартатынын, сөйтіп сөз байлығының сан жағынан емес, сапа жағынан да байытып отыратынын түсінеді. Ал ауыспалы мағыналарын түсіндіргенде оқушы тек 5 сыныпта өткен материалдарды ғана еске түсіріп қана қоймай, көбінесе жеке адамның сөз қолдануына қарай ауыспалы мағыналардың пайда болатынын, ал сөздердің кейбіреуі қолданыла келе тура мағынаға айналатынын аңғарған жөн. * екінші сабақтың мазмұны. Антоним, омоним, синонимдерді қайталау. Түсіндірме сөздікпен жұмыс істеу. Антоним, синоним, омонимдерді еске түсіру сөздердің көп мағыналылығын салыстырыла, жарыстырыла жүргізілгені дұрыс. Мысалы, бір көп ма,ыналы сөзді алып, оған антоним, синонимдерін таптырудың үлкен мінң бар. Егре ауыр етістігінің синонимдерін тапқызсақ, біреулері - салмақты, зілдей десе, екінші біреулрі - қатал, төзімсіз деп жауап береді. Шындығында да осы сөздерді топтап, бір-бірімен мағынасын салыстырсақ, синонимдес боатынына көзіміз жетеді. Сондықтан оқушылардың өзі айтқан сөздерді жеке-жеке тақтаға шығып оларды оқушылардың нег атағанын абзал. Мұғалімнің қайталау кезінде тағы бір ескеретін мәселесі оқушылардың 5 сыныпта жазған мазмұндама, шығармаларындағы лексикалық қателердің жиі кездесетін түрлерін тағы бір қайталаулардың артықтығы жоқ, демек, өзге мысалдармен көрсетілген қатеден гөрі оқушылардың өз қатесі оқушыларға көбірек әсер етеді, есте сақтауына мүмкіндік береді. Қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік. Бұл тақырыпты өтуде ең негізгі мәселелер: оқушылардың сөз байлығы, оның баю, даму жолдары түсіндірілумен бірге сөздердің халық қазынасына жататын әрі қажетті, әрі қадірлі зор байлық екенін түсіндіру. Бұл ретте оқушылардың алдына Ғ.Мұстафиннің <<Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын атар едім. өйткені тіл байлығы - бәрінен де сенімді байлық>>. Ғ.Мүсреповтің <<Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз>>. М.Әуезовтың <<Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем тіл>> деген сөздері арнайы көрнекілікпен жазылып, ілініп қойылады. Осы айтылған пікірлердің шындығына оқушылардың көздерін жеткізу керек, сондай-ақ тіліміздегі сөз байлығының молдығының қанша екеніне көз жеткізудің, қиын екенін, қазірше 100 мыңдай сөз жиналып оырғанын ескерту артық болмайды. Содан кейін сөз байлығымыздың даму, баю, жасалу жлдарын түсіндіру үшін мынадай сызбаны падаланған жөн. Түбір сөздер Жұрнақ арқылы жасалған сөздер Біріккен сөздер Қосарланған сөздер Басқа сөздер тілден енген Ал Кел Жу Қой Ту Су жу Малшы Еңбеккер Алым Сенім Суат Жүздік жуын өнеркәсіп шекара қолөнер қолбасшы өнертабыс қолқап Үлкен-кіші Ата-ана ән-би көл-көсір ауыл-аймақ Компьютер Автомат Таксофон телефон Мұғалім сызба арқылы қазақ тілінің күннен-күнге байып, ғылым мен тіршілікте кездесетін сан алуан қғымдар мен қимылды, сапаны, көңіл-күйді толық жеткізе, түсіндіре алатын оралымды тілге айналып келе жатқанын оқушыларға ұқтыруға әрекет жасауы керек. Басқа тілдерден енген сөздерді оқытуда мұғалім өткен сабқтың жалғасы екенін ескеруді қмытпау керек. Өйткені қазақ тілі сөз байлығының баю жолының бірі - басқа тілден сөз ену екені туралы оқушылар аздап болса да, өткен сабақта есіткен. Қай халықтың тілі болмасын басқа тілден сөз алмай, басқа тілге өзсөзін бермей тұра алмайтындығы, оның әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуы себеп болатыны оқулықта жақсы айтылған. Алайда мұғалім осы ұғымды оқушыларға барынша қызықты баяндап, олардың есінде қалатындай дәлелдеп, деректер тауып айтса, толықтырып айтса ғана оқушыға жетеді. Оқытуды тәрбие беруден бөліп қарастыра алмаймыз. Бұл ұғымдар оқу-тәрбие жұмысы деп тіркесіп қолданылады. Оқу-тәрбие жұмысының бірлігі барынша шеберлікті, мектеп жұмысындағы іскерлікті керек ететін ұлы міндет. Осы орайда Айтбай Айғабылов бірқатар мақалалар жазған. Оның <<Лексиканы оқытудағы тәрбие жұмысы>> аттыы мақаласында осы мәселе кең қамтылады. Ана тілінің сөз байлығын үйрену, оның өзара мағыналық қатынасын түсіну арқылы оқушыда ең бірінші тіл туралы көзқарас қалыптасады. әрбір сөз - бейім ұғымдар атауы. Сондықтан сөз мағынасын түсіну арқылы оқушы өмірдегі сан-саналы құбылыс сырын, қолданылу аясын, әдеби тіл нормасын, жазу мідениетін меңгереді; өз халқының тарихына терең үңіліп, Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелейді. Ал бұл айтқандар әрбір тақырыппен жеке сабақтарда жүйелі түрде орындалу үшін мұғалім қазақ тілінің <<Лексика>> бөлімінде нендей тәрбиелік жұмыс жүргізуге болады, оны қалай тиімді өткізу керек? деген мәселелерді мамандарының жоспар жасаған кезлен бастап ойластырады. Қай тақырыпта қандай міселе қарастырылуы алдын-ала жоспарлануды керек етеді. Сонымен <<Лексика>> бөлімін оқыту барысында мына мәселелерді еске алу керек. Ең әуелі, мұғалім қазақтың сөз байлығын жете біліп, оны аса зор сүйіспеншілікпен оқыта білуі керек. <<Оқушыны ғылымға баулығың келеді екен, - сол ғылымды өзің сүй, жақсы біл, сонда оқушы ғылымды да, сені де сүйеді. Сен оларды тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боласың>>, - деген екен Л.Н.Толстой. Мұғалім қашанда өзі терең білетін, сүйетін мәселесін түсіндіргенде бар пейілімен құлай айтады да, оқушының зейінін өзіне қаратады, баурап алатындай эмоция, сезім табады. Сонда ғана оқушының мұғалімге, мұғалім әңгімелеген мәселеге деген ықыласы, сүйіспеншілігі артады. Сөз, тілдің адамзатқа қасиеті, қажеттілігі туралы халық даналығы, ғалым-жазушылардың сөздерін пайдаланудың да үлкен мәні бар. Сабақ үстінде тәрбие жұмыстары оқу материалдарының мазмұнына сай жүргізіледі. Мейлі, сөз мағыналарын өткенде, мейлі басқа тілден енен сөзді, кәсіби сөзді, т.б. лексикалық ұғымдарды түсіндіргенде мәселенің тарихы мен даму процесі қазіргі өмірмен байланыстырыла түсіндіріледі. Мұның өзі оқушылардың пайым шеңберін кеңейтіп, өздігінен ой қорытындысын жасай алатын дәрежеге жетуі, онда жас буынның қазақ тілінен алатын тәрбиесі аз болмайды. Отан, туған жер, атамекен сияқты сөздерді бұрынғы өмірді суреттейтін әдебиеттердегі мағынасы мен бұйымы сөз қоланысымыздағы мағынасын салыстыру арқылы түсіндірсек, оқушыларға патриоттық тірбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Айталық, Отан сөзі бұрынғы үй іші, семья, от басы деген ұғымда қолданылса, <<тған жер>>, <<атамекен>> сөздерә белгілі бір мекенді, ауыл көлемін, шағын территорияны аңғартқан. Ол ұғымдарды бұл сөздердің бүгінгі мағыналарымен салыстырудың үлкен мәні бар. Осы сяиқты, Отан соғысы, Отан сүйгіштік, Отан байлығы, Отанымыздың шекарасы сияқты сөз тіркестері осы дәуірдегі жаңа мағынасына байланысты жаңа ұғымды білдіретін тіркестер екеніне көз жеткіземіз. Сондай-ақ бұрын тілімізде еңбек сзі бейнет, михнат, азап, жұмыс, қиыншылық, тауқымет сияқты сөздермен синонимдес болатынын, еңбек ету таптық қоғамда жиіркеніштік <<мәдениеттә өмірге>> қарама-қайшы ұғымда қолданылатынын түсінлдіре отырып, қазіргі мағынасында ол сөдің бейнет, махнат, азап, тауқымет, қиыншылық сияқты сөздермен мағыналастық ұғымы қойылған еңбекші, жұмысшы сияқты сөздер қазіргі кәсіп иелеріне айтылатын мысалдар арқылы түсіндірсе, сөз мағынасының өзгеруі қоғамдқ өзгеріске сай дамып отыратынын оқушы еркін түсінеді. Екіншіден, еңбек, еңбекқор, жұмысшы сөзінің лексикалық мағыналары арқылы оұушылар еңбек сүюге тірбиеленеді. Бұнымен қатар қазіргі тілімізде қолданылып жүрген еңбек ету құқығы, еңбек ақы, дене еңбегі, еңбек қорғау сияқты тіркестерді конститутиядан тауып, олардың әрқайсысына сөйлемдер құрастыру, шығарма жаздыру тәрізді жұмыс жүргізуде де өтілген тақырып мазмұнын өмірмен тығыз байланыстырып, ұжымды тәрбие беруге мүмкіндік жасайды дейді ғалым-үдіскер. Айтбай Айғабылов Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп жүрген кезінен қазақ тілін методикасымен айналысып, қазақ тілі оқулықтарының олқы тұстарын түзеп, жетілдірген. Ұстазы Кәкен Ахановпен бірігіп морфология курсын оқытуға арналған методикалық нұсқау жасап, кейіннен осы кітапқа авторлық құқыққа ие болды. Бұл еңбектерінде қазақ тілін оытудың тиімді жолдарын қарастырып, қазақ тілін оқыту методикасының жетістіктеріне сүйене отырып жазылған. Қазақ тілін оқыту мақсатқа ережелер мен анықтамаларды жаттап мақсатын орындау ғана емес, сол теорияның біліммен қарулану арқылы мідениетті сөйлеуге, сауатты жазуға дағдылану. Сондықтан да білім берумен бірге, білім алу дағдысын үйрету де негізгі мәселе болып есептеледі. Қазақ тілін оқыту методикасында оқушылардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу эстетикасын жетілдіре түсу, ана іліндегі әуезділікті, мәнерлікті, алуан мән-мағынаға бай тілдік материалды игеру сөз болады. Ана тілі дегеніміз анықтамалар мен ережелер жинағы емес, сан түрлі мән, ажарымен ғана оқушының сүйіспеншілігін арттырып, білімін байытатын пән. Қазақ тілін оқыту мақсатын іштей екіге саралауға болады. Біріншісі - ана тілі туралы білім негізін беру, ал екіншісі - <<өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те тоығырақ бере алатын тіл байлығын>> (М.Әуезов) қолана білуге дағдыландыру. Бұл еңбек осы тектес еңбектерден бірнеше өзгешеліктерге ие. Бірінші, жыл басында бірден оқулықтың негізгі материалына кіріспей, алдымен қазақ тілі туралы мәлімет береді. Бұндағы мақсат - оқушыларға тіл туралы алғашқы тәрбие сабағын ұйымдастырып, шәкірттердің тілге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын ояту. Сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Екінші өзгеріс - жетілдірген бағдарлама бойынша морфология курсы 6 сыныпта оқу жылының аяғына дейін оқытылатын болғандықтан 5 сыныптан 6 сыныпқа бірсыпыра материал көшірілді. Олар: етістіктер, етістіктің мағынасы мен құрамына қарай түрлері, етістіктің шақтары. Бұларды 6 сыныпқа ауыстырғанда оқушының жасына лайықтап күрделендіру, көлемін ұлғайту мақсаты қойылған жоқ, басты мақсат теориялық мәліметті молайту емес, керісінше, жеңілдетіп беру көзделеді. Үшінші өзгеріс - тілік анықтамалар мен түсініктердің оқушыларға барынша түсінікті берілуі көзделіп, бірсыпыра материалдарды жеңілдету мақсатымен жұмыс жүргізілді. Мысалы, бұрынғы оқулықта анықтамалардың көпшілігі жаттап лайықталынып, бірнеше ерекшелік бір сөйлемге сыйғызылып, күрлделенген сөйлеммен берілген болатын. Оны оқушы бірден сыдыртып оқып шыққанда түсіне қоймайтын. Сондықтан ондай анықтамаларды оқулықты өңдеуде бөлімдерге бөліп, әрбір ерекшелік жеке-жеке сөйлеммен беріледі. Оқулықта бұлайша ережені бөліп, жіктеп берудің себебі, ерекшеліктер бірден көзге түседі, әрқайсысының мағынасы есте қалуға оқушының жаттап әуре болмауына көмегі тиеді. Сондай-ақ оқушылардың грамматикалық тіл жүйесін дұрыс түсінуіне оқулыққа ұсынылатын материалдың орналасу тәртібінің де ролі бар. Өйткені пәнаралық байланыс методика айрықша маңызға ие. Сондықтан кей материалдың орны ауыстырылып берілді. Мысалы, бұрынғы оқулықта рай түрлері бұйрық райдан басталып, ашық раймен бітетін. Мұндағы мақсат - бұйрық ралы сөздердің етістіктің бастапқы формасы (бар, кел,шық, көр) болып келетінін көрсету еді. Бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс та. Дегенмен оқушыларға рай түрлерін түсіндіру үшін, ашық райдан бастап түсіндіру етістіктің шақ түрлерін түсіндірумен тікелей байланысты. Ал етістіктің рай түрлерінен бұрын етістіктің шақ түрлері өтілетінін ескерсек, рай түрлерін ашық райдан бастаған жөн екені де түсінікті болады. Екіншіден, етістіктің рай түрі - іс-әрекеттің шындыққа қатысын көрсететін қиын да күрделі категория. Айталық, бұйрық рай, шартты, қалау райды түсіндіру үшін іс-әрекеттің болып жатқанын, болатынын немесе болып өткенін ашып, айқын көрсетіп тұрған ашық раймен салыстырмай болмайды. Сондықтан бұл жағынан да ашық райдың бірінші оқылуы қажет-ақ. Оқулықты жақсарту жолында әрбір тілдік категориядан кейін қайталау үшін баұылау сұрақтары мен тапсырмалар беріледі. Бұл жаңа бағдарламада көрсетілген білім дағдыларына қойылатын талапқа сай жасалған кезіндегі жаңалық. Қайталау сабағында оқушылардың білімін жинақтау, бір ізге түсіріп қорыту үшін талдау жұмысының көп пайда беретіні белгілі. Ал ондай талдау үнемі жүргізіліп отруы үшін оқулықта ір сөз табының ауызша және жазбаша талдау үлгілері беріледі. Төртінші өзгеріс - бұрынғы оқулықтағы жаттығу санының аздығына, оқушылардың түсінуіне көмек болатын схема-таблицалардың жетімсіздігін толықтыруға байланысты. Бұрынғы оқулықтарда кейбір тақырыптарға бірден жаттығу берілмей, оған қатысты жатығулар кейінгі тақырып жаттығуларымен бірге берілген еді. Мысалы, ауыспалы осы шақ және оның түрлері, нақ осы шақ тақырыптарына жаттығу берілмей, ауыспалы осы шақты өтіп болған соң, барлық осы шаққа бірден жаттығу берілген еді. Бесінші өзгеріс бұрынғы оқулыққа қарағанда оқулық бірсыпыра қосымша тапсырмалармен толықтырылды. Бұрын оқу жылының жартысында морфология бөлімін аяқтап, синтаксис бөлімін оқуды бастайтындықтан, өткен материалды жинақтауға көңіл аз бөлінетін. Енді жаңа бағдарламаға байланысты жыл бойында бір рет және жыл соңында бір рет сыныпта өткен материалдарды жинақтап, бір ізге келтіретіндей арнайы материалдар берілді. Алтыншы өзгеріс - оқулыққа тіл ұстарту материалдарының жүйелі орналастырылуы. Бұған дейінгі бағдарламаларда тіл ұстарту жұмысына қандай мәселелердің енетіні айтылғанмен, не оқулықта, не нұсқауда оған берілген материалдар болмай келді. Соның нітижесінде мұғалімдердің сабақ үлгілері әр жерде әр түрлі болып бір ізге түспей келді. Сондықтан тіл ұстарту сабақтарында өтілуге тиісті бағдарламалық материалдар ыңғайына қарай теориялық тақырыптардың ара-арасына енгізіліп, оқушылардың тілден алған білімінің тіл ұстарту сабағында практикалық маңызға ие болуына мүмкіндік жасамайды. Ұсынылған методикалық нұсқау міндеттің орындалуына көмек болатындай ретте жасалып, оқулық және бағдарламада айтылған тіл мәселелерін мұғалімге барынша анық жеткізу жолдары көзделеді. Мұғалім түбір сөз, туынды сөз, қосымша (жалғау, жұрнақ), сөз таптары туралы түсінік бергенде лексикалық және грамматикалық мағынаны оқушы салыстыра түсінеді. Оқушыларға білім беру маұсаты мен міндеті тек оқыту процесімен іске асатындықтан, оқыту жүйесін барынша тиімді жолға қою - бірден-бір негізгі мәселе. Осыған байланысты Айтбай Айғабылов бірқатар еңбектер жазып кеткен. Ол мақалаларында тиімді әдістерді де айтып өтеді. <<оқытуды оптималандырудың кейбір мәселелері>> мақалаларында кеңінен морфология, қазақ тілі сабағын қалай өткізуге тиімді болатыны жайлы айтады. Оқытуды оптималдандыру принциптерін қарастыру соңғы нүктесіне жеткен соң, дегенмен, бүгінгі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға пайдасыз еместігі аңғарылады. Оқытуды оптималдандыру принциптерін қазақ тілін оқытуға лайықтап қарастырса, оның мұғалімге көмегі көп. Ал, оқуды оптималдандыру принциптері деген не? <<оптималды вариант іздеу мұғалімнің өз мүмкіндігінен, шәкірттерді тақырып мазмұнының деңгейімен таңдалып, оған қойылған мақсат жетегінде ғана іске алады. Қазіргі қазақ тілін оқыту тәжірибемізге көз жүгіртсек, осылайша оқыту процесін творчестволық жолмен шешіп жүрген мұғалімдер аз емес. Айталық, қазір программалап оқыту туралы айтылса да, мұғалімдер оқушылардың сабақтан алған түсінігін аз уақыт ішінде байқап шығу перфокарталарды қажетті жерінде пайдалану үлгісін көрсетуде. Оқыту принйиптерін оптималдандыру жайы да осы сияқты тәжірибемізде қажеттігі анықталып, орныққан әдіс, тәсілді қолдап, оларды қай жерде қалай қолдану керектігін шешу арқылы ғана жүзеге аспақ. /8.28/. <<Сабақты оптималдандыру үшін, әрине, мұғалімнің сол пәнге тән әдістердің түрлерә мен ерекшеліктерін толық білуі керек. көбінесе, мұғалім көп ізденбегендіктен, сырттай еліктейді де, оның қолданылу орнын, мөлшерін дұрыс шеше алмайды. Мәселен, сабақта техникалық құалдарды тиімді пайдалану, пәнаралық байланысты күшейту, тәрбие жұмыстарын жүргізуге әуестеніп, 45 минуттың көпшілігін негізгі тақырыптан тыс мәселелерге арнайтын мұғалімдер де бар. Олардың ойынша, сабақ сапалы өткен сияқты. Шындығында да сырт қараса, бәрі түгел, ал бірақ негізгі тақырыптың жайы көмескі. Себебі бұлардың бәрі көбінесе сабақты мақсатына қарай емес, керекті дүниелерді түгендеп шығу ниетімен, керекті-керексіз жерлерде де пайдаланумен өтеді де, оқушының зейінін шашыратады, сабақ мазмұны ашылмай қалады>> /8.29/. Сабақтың сапалы өтілуіне негіз болатын түп қазық мақсаттың жүзеге асуы десек, қазақ тілін оқытуда екі мақсат көзделеді: біріншісі - оқушыларға тіл туралы ғылымды түсіндіру; екіншісі - оқушыларды бүгінгі қоғамдағы қажетті өтейтіндей мәдениетті сөйлеуге, жазуға баулу. Егер осы екеуінің өзара салмағын салыстырсақ, әрине екіншісі басым келеді. Себебі оқушыларға тіл туралы ғылымды үйренудегі мақсаттың жүзеге асуына дайындық болып есептеледі. Бірақ бұл екеуі оқушыларға бөлек-бөлек жеткізілетінбілім, дағды емес, бірінсіз бірі тұтас ілім екенін де ұмытпау керек. Мақалда А.Айғабылов тілдің салаларын өткенде қойылатын талаптарға тоқталады. Мысалы, грамматиканы (морфология мен синтаксисті) оқыту оқушының тікелей сөйлем, текст сөйлем, текст жасауына мүмкіндіктер туғызады. Сондықтан да қазақ тілінің мектеп курсында грамматикаға әлдеқайда көп уақыт бөліеді. Оқушылар сөйлемнің мәні сөз бен грамматикалық категориялар мағынасына қарап жасалатынын түсініп, текст құрау мүмкіндіктерін игереді. Мысалы: Машина келді және машинамен келді деген екі сөйлемнің мағынасы бірдей емес. Бірақ екі сөйлем де мшина және келді сөздері арқылы жасалған. Демек, бұл жерде сөздің лексикалық мағынасы бір болғанымен, грамматиканың мағынасы бір емес. Бірінші сөйлемде көмектес септік жалғауы жоқ та, екіншісінде бар. Сөйтіп, бұл сөйлемдердің өзгешелігі жалғаудың грамматикалық мағыаында. Сөз құрылысын мақсатқа сай пайдалану үшін, дәл осындай салыстыру басқа тақырыптарда да жүргізілуі тиіс /8.31/. Осылайша тілдік категориялардатіл дамыту мақсатында бағындыып оқыту - тіл ұстарту жұмысының алғы шарты. Сондай-ақ оның оқушылар жазба жұмыстарындағы қатенің түп төркінін жоюға да үлкен көмегі болмақ. Оқушының алған теориялық білімі сауатты жазу, сөйлеу мәдениетіне бағытталғандықтан, ауызша <<төрт>>, <<беске>> жауап беретіндері жазуда көп қате жібереді деп ойлайды автор. Мақалада тек морфология мәселесін сөз етеді. Солардың бірі - тіл ұстарту. Стилистикалық қатенің төркіні - тіл ұстарту бағдарламасына лайық шешілетін міселе. Оқушының жазба жұмысында әр түрлі стильдің ерекшелігін дұрыс түсінбей, араластырып пайдалану (мысалы, іс қағаздарын жазуда көркем әдебиет немесе публицистикалық стильді араластыру), сөйлем мен сөйлемнің, абзац пен абзпцтың байланысын бұзу, т.б. ой, пікірді жеткізуге кедергі болатын пікірлерді стилистиклық қатеге жатқызған орынды. Тіл ұстарту - қазақ тілін оқыту жұмысының ең жанды жері.өйткені оқушыларға тіл туралы теориялық мәлімет беруде дыбыс, сөз, сөйлем көлемінде білім берген, ол тек тіл ұстарту үшін оқушыларды дайындағанымыз. Ал, тілдің негізгі қажеттілігі - қатынас ұүралы екендігінде. Қатынас құралы болу үшін тіл дыбыс, сөз, сөйлем шеңберінде емес, текст деңгейінде ғана іске асады. А.айғабылов морфология мәселесіне көп көңіл аударған ғалым. Оның <<Ережеден дәлдік - оқыту сапасының көрсеткіші>> атты мақаласында кең тараған ережелерді мысалға алып, мінін көрсетеді. Мемлекеттік тілдің дәрежесі зерттелу сапасы мен оқыту әдәсәнәң жетілуіне тікелей байланысты екенін дәлелдеудің қажеті жоқ,. Осы тұрғыда ойланып, өзгелер айтпаса да, өзіміз оқулықтар мен оқу құралдарына талапты күшейтетін кез келдә деп жазады ғалым. Қазіргі оқулықтарымыз қазақ тілінің білгір мамандары қолымен жазылғанын мақтан етеміз. Бірақ ғылым дамитынын, кешегі жетістіктерімізден кемшілік шығып жататынын өмірдің заңы деп түсінген, ол оқулықтарға да өңдеу қажет сияқты. Біз бүгін осындай кемшіліктерге тоқталу арқылы мемлееттік тілдің оқытылу аясын жақсарту жайлы ой айтады. Ол үшін нақтылы әңгіме қозғау үшін фонетика саласы бойынша мектеп оқушыларынан бастап, жоғарғы оқу орнына арналған оқулықтарға кең тараған ережелерге тоөталған. Біздіңше, біріншіден, барлық сөз бойындағы өзгерістің себебі артикуляцияға байланысты пайда болады деген ұғымның үстем болып келуі. Тіл - тілде эволюцияның даму барысында ешқандай көрші дыбыстың ықпалынсыз-ақ жүзеге асатын түрлі дыбыстың алмасу, дыбыстың артық қойылып айтылуы немесе кейбір дыбыстың (кей морфемалық) түсіріліп айтылуы сияқты құбылысқа мән берілмеуден туған жағдай деп есептеуге болады. Екіншіден, жоғарыда келтірілген ережелерге берілген мысалдардың көпшәләгә түбір сөзге жалғану мен форма тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы түсіндірілген. Эволюциялық даму жолында ұяңдану, қатаңдану т.б. дыбыс алмасу процесі жиі қолданылатын жалғаулар мен форма тудыратын жұрнақтарда алғаш іске асады да, сөз тудырушы жұрнақтарда ең соңында (өзгерістер тілде дағдыға айналғанда) барып іске асады. Сондықтан да жоғарыда ережеге қашы келетін сөздер ішіндегі (морфема жігіндегі) тіркесімдер негізінен сөз тудырушы жұрнаққа байланысты болып отыр. Мысалы, қырқа, буынтық, қолтық, тантай, ботақан т.б. Үшіншіден, лексика-грамматикалық ерекшелікке байланысты ұғымдарды да фонетикаға қолданып түсіндіріп келдік. Мәселен, еліктеуіш сөздерге ерекше қарап, олардың ережеге бағынбайтын тұсын басқа норма деп қарау танып-тауып сияөты алмасуды фонетикалық өзгеріске жатқызу т.б. А.Айғабылов 130-ға жуық ғылыми, методикалық мақала, еңбектерінің авторы. А.Айғабылов және оның ғылыми мұрасы туралы ой-пікір, еңбек мқнымен бітпейді деген ойдамыз. Біз үдістемеге қатысты зерттеулерін ғана сөз еттік. Сондағы түйгеніміз - А.Айғабылов мұрасы әлі де терең тануды, зерттеуді қажетсінеді. Біздіңше Айтбай Айғабылов өзінің еңбектері арқылы қазақ тілі мен қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектер оның ішінде лексика мен еңбектері деп қарастыруға болады. Еңбектеріне жіті үңіліп, жан-жақты зерттесек, Айтбай Айғабылов әлемін де терең түсінеміз. А.Айғабылов еңбектері мен ғалым туралы жазылған мақалалар: Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау), Алматы, 1989.35 б Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары. Алматы, 1982.232 б Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ). Алматы, Мектеп, 1982. 206 б Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру. Алматы, 1984.185 б Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазқа әдеби тілі. Алматы. Ана тілі, 1991. 213б Айғабылұлы А. Морфонология мен морфологияның және сөзжасамның байланысы және өөзгешелігі // Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар Академиясының хабаршысы. Ғылыми журнал, 1998, №1 Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7 Айғабылұлы А факультативтік курс // Қазақстан мектебі. 1981 №10 Айғабылұлы А Тіл ұстарту // Қазақстан мектебі. 1985 №8 Айғабылұлы А Қыстырма дыбыс туралы не білеміз? // Қазақ тілі мен әдебиеті 1993 №1 Айғабылұлы А <<Үрдіс>> пе әлде <<заңдылық па?>> // Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі мен ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары.Филология сериясы 1999.№4 Айғабылұлы А Қазақ тіліндегі дауыстылар редукйиясы // Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының хабаршысы. 1992. №6 Айғабылұлы А Оқытуды оптималдандырудың кейбір мәселелері // Қазақстан мектебі.1983 №8 Айғабылұлы А Морфонология дегеніміз не? // Қазақ тілі мен әдебиеті 1992 №10,11,12 Айғабылұлы А Талапқа сай талпыну // Қазақстан мектебі. 1982 №6 Айғабылұлы А Лексиканы оқыту принциптері // Қазақстан мұғалімі 1981 №52 Аханов К. Тіл білімі негіздері. Алматы Аханов К. Айғабылұлы А Қазақ тілін оқыту. Алматы. Метеп, 1983. 93б Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектерін ата * Әдіскер ғалымның Ы.Мамановпен бірге 1965 жылы <<Мектеп>> баспасынан шығарған оқулығының аты 3. Айтбай Айғабылұлының қазақ тілі әдістемесінің дамуына қосқан үлесі қандай? 4. Айтбай Айғабылұлының еңбектерін ата 5. Әдіскер ғалымның <<Ережеден дәлдік - оқыту сапасының көрсеткіші>> атты мақаласы Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66. 2. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 3. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997 4. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 №12 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау, ол туралы мәлімет беру Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: <<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау>> - дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде <<жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту>> - деп көрсеткен [1]. Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны - тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны - табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды. Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі - М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан <<Очерки по методике казахского языка в русской школе>> деген еңбегінде жарық көрді [2]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі. Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі - Телжан Шонанов. Т.Шонанов - қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты <<Учебник казахского языка для русской школы>> деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [3]. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым - Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде <<Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен>> /1941/ атты еңбегін жазып [4], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы <<Методика преподавания казахского языка в русской школе>> атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [5]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген [6]. Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова нақтылы дерек береді: <<Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многими другими>>. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар - Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев. 1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Осы уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан <<Қазақ тіліні үйрену курсының программасы>> болып табылады [7]. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы <<Ана тілі>> баспасынан <<Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі>> атты оқулық жарық көрді [8]. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан <<Қазақ тілін оқыту әдістемесі>> атты еңбегін атауға болады [9]. Кітапта практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі. Еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек бере алады.Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі - бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық - Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың <<Қазақ тілі>> оқулығы[10]. 1998 жылы Т.Аяпованың <<Қазақ тілі>> деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған <<70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз>> атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты - <<бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету>> [11]. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың <<Қазақ тілі>> оқулығы <<Фолиант>> баспасынан 2007 жылы шықты. Мемлекеттік тілдің үйретілу мақсаты, міндеті, оған қойылатын талаптар ескеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім стандарты басшылыққа алынған. Кешеннің мақсаты мен міндеті түсініктемесінде айқын көрсетілген. Әр тараудың соңғы нәтиже сабақтар және пысықтау сұрақ- тапсырмалармен түйінделген. Нәтиже сабақтарын оқытушы өз қалауы және оқушылардың білім деңгейіне сүйеніп, өзі құруы керек. Бұл оқулық қазіргі кезде кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарын а қол жетімді. Сондықтан осы оқулықты басшылыққа ала отырып, жаттығулар жинағын, тест жинағын, жұмыс дәптерін, сынақ тапсырмаларын құрастырдық. Болашақта сөздік құру да ойымызда бар. Оқулық қарастырылып отырған мәдениеттанымдық бағытта зерттеу жұмысын жүргізуге де қолайлы[12]. Тіл - мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты - тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады. Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000. 2. Лапатухин М.С. Очерки по методике казахского языка в русской школе. Алматы, 1940. 3. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд. Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927 - 122с. 4. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940 5. Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. Алматы, 1943 - 125б. 6. Орынбаев А.Ә. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы.алматы, 1995. 7. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 1987 - 75б. 8. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996 - 20б. 9. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999. 10. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б. 11. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998. 12. Байсақалова Ұ. Қазақ тілі. Астана.Фолиант, 2007. №13 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы туралы мағлұмат беру Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі - әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі - студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. Осы мәселерге байланысты бірнеше мемлекеттік құжаттар да бекітілді. Қазақстан Республикасының "Жоғары білім беру туралы" Заңының 9-бабында: "Оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытуды белсенді әдістер, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру, дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асыру керек" делінген [1,2]. Осы тұрғыда баса айтатын тағы бір құжат - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" [2,3]. Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тілдерді оқытуда белгілі бір нәтижеге берілген уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Жоғарыда айтылғандарға орай, соңғы кездерде, жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын елуден астам оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, пайдаланылуда. Атап айтар болсақ, бұлар - А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы т.б. Бұл жерде педагогикалық технология жеке пән әдістемесі, яғни қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде қолданылады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығынан тұрады. Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы "нені оқыту?", "не үшін оқыту?", "қалай оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы "қалай нәтижелі оқытуға болады? " деген мәселенің шешімін іздейді. Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы, оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы - дидактикалық мақсатқа жетудің жолын көрсететін үлгі, схема. Оқыту технологиясының негізгі мақсаты - "берілген үлгі бойынша өнім алу" (Саранцев Т.В), оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру, оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер мен ұстанымдардың жүйесі ретінде, нақты оқыту үрдісі ретінде сипатталады. Оқыту технологиясы мен әдістеменің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, екеуі бір нәрсе деген көзқарастар бар. Бірақ ол - жаңсақ пікір. Өйткені оқыту технологиясы мен әдістемесінің мақсаты бір болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары да бар. В. Гузеев "технология" ұғымының "әдістеме" ұғымынан әлдеқайда кең мағынада қолданылатынын айтады. Ол: "әдістеме" дегеніміз белгілі бір пәнді оқыту тәсілдерінің жиынтығы", ал "оқыту технологиясы" ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңтайландыру, нәтижелі білім беру дегенге саяды",-деген қорытынды жасайды [73,85]. Ал белгілі орыс ғалымы В.Юдин әдістеме мен технологияның айырмашылығын былай деп көрсетеді: "Технология - это каркас, методика - оболочка, форма деятельности педагога. Технология обозначает суть действий, ведущих к формированию результата, методика характеризует внешнее оформление этих результатов. Методика описывает эмпрический опыт, мастерство педагога, она ближе к артистизму, исскуству" [74,35]. Ғалым А.Кушнир: "Технология отличается от методик своей воспроизводимостью, устойчивостью результатов, отсутсвием многих "если", если талантливый учитель,талантливые дети, богатая школа.Уже давно стало привычным, что методика возникает в результате обобщения опыта или изобретения нового способа представления знаний. Технология же проектируется, исходя из конкретных условий и ориентируясь на заданный, а не предполагаемый результат",-деп әдістеме мен технологияның ара жігін нақты ашып береді [75,22]. Оқыту технологиясы мен әдістеменің айырмашылығын ашу үшін ғалым С.Смирнов екі кезеңнен тұратын ғылыми тәжірибе жүргізеді. Ол бойынша: "Нами была осуществлена попытка подобного исследования. Она провадилась в два этапа: на первом этапе (1997 -1998) мы убедились, что технологию обучения нельзя отождествлять с методикой. Одним из ключевых являлся вопрос о сути различия между методикой и технологией. Оказывается, как бы диагностично ни была поставлена цель, все равно это не установливает различие между методикой и технологией. В ходе дальнейших исследований было выявлено, что технология- это все таки способ достижения цели, и он не определяется степенью полноты описание самой цели, которая может способствовать достижению результата данной технологий" дей келе, одан әрі ойын былай деп қорытындылайды: "По видимому, различие между технологией и методикой в сфере образование состоит в том же, в чем заключается, различие между технологией и ремесленничеством в производственной сфере. Это различие между высокопроизводительным машинным производством и ручным трудом. Методика и технология выступают как две принципиально различных способа обучения" [76,113-120]. Соңғы кездерде оқыту технологиясы мәселелерін қарастырып жүрген ғалым Д.В.Чернилевский "әдістеме мен технология" ұғымдарының айырмашылығын былай деп көрсетеді: понятие "технология обучения" шире, чем понятие "методика обучения". Технология отвечает на вопрос, как наилучшем образом достичь целей обучения, при котором достижения этих целей обусловлено этим управлением" [14,51]. Оқыту технологиясының әдістемелік жүйеден айырмашылығы мақсатқа жеткізер нәтижені алдын ала болжап, оны дәл тексеретін болжам бағдарламасын құрып, құрал таңдап, нақты жобасын жасаудан тұрады, әр қадамы ғылыми түрде негізделеді. Технология ғылым теориялары негізінде құрылады, ал әдістемелік жүйе тәжірибе негізінде жасалады. Яғни, бұл жоғарыда айтылғандардан "әдістеме" мен "технология" ұғымдарының екі түрлі нәрсе екендігіне әбден көз жеткізуге болады. Оқыту технологиясының әдістемеден айырмашылығы - білім берудегі негізгі әдіс-тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның қажетіне қарай аударып, талғап-таңдап қолдануында. Қорытындылап айтсақ, тілдерді қарқынды оқыту технологиясы алға қойған мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда қойып отырған талаптарына сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық нұсқаларының жиынтығы болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының педагогика саласында қолданылатын үшінші деңгейі - бөлімді немесе модульдік деңгейге тоқталатын болсақ, мұнда оқу-тәрбие үрдісінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады. Жеке іс-әрекет түрлерiнiң технологиясы, жаңа ұғымдарды қалыптастыру технологиясы, студенттердің жеке бас қасиеттерін тәрбиелеу, қалыптастыру, технологиясы, білім беру технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен жұмыс жасау технологиясы қарастырылады. Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, жаңа оқыту технологиясы бойынша да, негізгі мақсат оқыту мақсаты болып қалады және ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің(мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдары), олардың өзара байланыстылығының өзгеруін талап етеді. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: + Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. + ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Әдебиеттер: 1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. №14 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары және оқытудың жаңа технология түрлері туралы түсінік беру Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі - әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі - студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. Осы мәселерге байланысты бірнеше мемлекеттік құжаттар да бекітілді. Қазақстан Республикасының "Жоғары білім беру туралы" Заңының 9-бабында: "Оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытуды белсенді әдістер, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру, дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асыру керек" делінген [1,2]. Осы тұрғыда баса айтатын тағы бір құжат - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" [2,3]. Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тілдерді оқытуда белгілі бір нәтижеге берілген уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Жоғарыда айтылғандарға орай, соңғы кездерде, жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын елуден астам оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, пайдаланылуда. Атап айтар болсақ, бұлар - А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы, Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың ұжымдық оқытуы т.б. Бұл оқыту технологияларының барлығы да оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатын, яғни, оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық үрдіске айналдыру мақсатын көздеуден туындаған оқыту технологиялары. Осы оқу үрдісін "технологияландыру" мәселесіне орай педагогика ғылымының лексиконына "педагогикалық технология", "оқыту технологиясы", "білім берудегі технология" ұғымдары еніп, әр түрлі түсіндiрілуде. "Технология" ұғымы педагогика ғылымына өндіріс саласы арқылы енді. "Технология" ұғымының қалыптасуы мен дамуының тарихында "технология" ұғымының мәні әр түрлі аспектіде қарастырылған. Оны техникалық құралдардың көмегімен оқыту және оны ғылыми тұрғыдан түсінуге байланысты пікірлер мен көзқарастар бар. "Технология" ұғымы ең алғаш химия саласында пайда болды. А.О.Бондаренконың еңбектеріне жүгінсек, "технология" термині ең алғаш рет Европада (Германия) пайда болды [3,9]. "Технология" терминi бір деректер бойынша 1772 жылы пайда болды делінсе [4,39], екінші бір деректерде 1777 жылы пайда болды делінген [5,87]. Ал Ресейлік ғылыми әдебиетке бұл ұғым 1807 жылдан бастап ене бастаған. Ол жөнінде А.О.Бондаренко:"И.Л.Двигутскийдің "Начальные основания технологий или краткое показание работ на заводах и фабриках производимых" деп аталатын химиялық технология бойынша жазылған оқулығының бірінші бөлімінің жарыққа шығуымен байланысты болды"- деп көрсете [3,9] отырып, басқа ғылымдар мен адамдар өмірінде "технология" ұғымын "өнер", "іс", "кәсіп" сияқты терминдер алмастырады, алғашқыда тауар өнімдерін өндіру үрдісі кәсіп деп аталды. Тек XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында инженерлік іс-әрекеттердің туындауына байланысты "кәсіп" ұғымын алдымен "іс"одан кейін "өнер" ұғымдары алмастырса, ал химия саласында ғана оны "технология" деп атады деген пікір айтады [3,10]. Яғни, химия саласында қолданыс тапқан "технология" термині одан кейін басқа да өндіріс, ғылым салаларында қолданылып, оған әр түрлі түсінік беріле бастады. Ол анықтамалардың барлығының негізгі түйіні "өнімді өндіру үрдісінде шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы" дегенге саяды. Яғни, технология - адамның басқаруымен технологиялық құралдарды пайдалану арқылы сапалы өнім алу үрдісі. Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары АҚШ-та алғашқы аудио-визуалдық оқыту бағдарламасының енуі технологиялық білім революциясының бастамасы ғана болып қоймай, сонымен бірге күні бүгінге дейін жаңа педагогикалық технологияның маңызы, мәні, тұжырымдамасы, ұстанымы туралы пікірталасты да туғызды. "Педагогикалық технология" ұғымы туралы 50 жыл бойы жүрген пікірталас көптеген авторлардың, педагогика ғылымдары саласындағы комиссиялардың әр түрлі анықтамаларында көрініс тапты. Алғашқы анықтамалар мен тұжырымдамалардың барлығында да "педагогикалық технология" оқу үрдісінде техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырылды. Мысалы, Лондон университетінің аудиовизуалдық орталығының директоры М.Кларктың пікірінше, педагогикалық технология дегеніміз - "Применение в сфере образования изобретений, промышленных изделий и процессов, которые являются частью технологий нашего времени" [6,78]. Бұл пікірді сол кездегі көптеген педагог-ғалымдар да қолдады. Мысалы, Ф.Унтворт, М.Мейер сияқты ғалымдар педагогикалық технологияны "бордан бастап тақтаға дейiнгi" және "розеткаға қосуға болатын кез келген зат" сияқты оқу құралдарын пайдаланумен байланыстырады. Мұндай пiкiрге Д.Финн үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Ол жөнiнде: "Только наивные люди считают, что технология - это просто комплекс аппаратуры и учебных материалов. Это значит гораздо больше. Это способ организаций, это образ мыслей о материалах, людях, учреждениях, моделях и системах типа "Человек-машина". Это проверка экономических возможностей проблемы. Кроме того, технология имеет существенное отношение к взаимодействию науки, искусства и человеческих ценностей," - дейдi [7,127]. "Педагогикалық технология" төңірегінде қызу пікірталас жүрді. Әркім әртүрлі көзқараста болды. Оны жоққа шығарушылар да болды. Кейбір ғалымдар педагогикалық технологияны педагогикалық ғылым деп қарастырса, кейбір ғалым-педагогтер оны ғылым мен практиканың аралық кезеңі деп қарастырды. Мәселен, осы көзқарасты жақтаушылардың бірі - Н.Ф.Талызинаның пікірінше, нақтылы педагогикалық үрдісті құру үшін педагог ең алдымен оны қалай істеу керектігі жөніндегі қажетті мәліметтерді жинау керек. Яғни, кез келген оқытушыға технологиялық деңгейде берілетін оқу үрдісі жөніндегі білімдер жүйесі қажет. Бұл үрдістің заңдарын бірнеше ғылым салалары (физиология, психология, социология, әлеуметтік психология, логика, кибернетика және т.б.) зерттейді. Бірақ бұл ғылымдардан оқытушы оны қолданудың ұстанымдарын, әдістерін т.б. таба алмайды. Осы ғылымдар мен практика арасында оларды қолданудың ұстанымдарын, әдiстерiн қолдану ретiн анықтап беретiн бiр ғылым болуы керек. Онсыз ғылыми негiзделген оқу үрдiсi болуы мүмкiн емес [8,17]. Яғни, Н.Ф.Талызинаның пiкiрiнше, педагогикалық технология дегенiмiз - оқытудың ұстанымдарын, әдiс-тәсiлдерiн т.б. анықтап беретiн ғылым. Осындай көзқарасты П.И.Пидкасистый да жақтады. Оның пайымдауынша, педагогикалық технология - дидактиканың бір бағыты, тиімді жүйелерді жасайтын және оның ұстанымдарын анықтап беретін ғылымның зерттеу саласы [9,181]. Ғалымдардың педагогикалық технологияны педагогикалық ғылым деп қарастырған пікірлерін жақтай отырып, "педагогикалық технология - оқытудың ең тиімді жолдарын, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ұстанымдардың жүйесін зерттейтін ғылым "деген қорытынды жасауға болады. "Педагогикалық технология" туралы айтылған жүздеген пікір- көзқарастарды талдай келіп, П.Д.Митчелл мынандай анықтама береді: "Педагогическая технология - есть область исследований и практики (в рамках системы образования), имеющая связи со всеми аспектами организаций педагогических результатов" [7,128]. Бұл анықтаманы сәтті берілген анықтама деп есептеуге болады. Себебі, ол оқу үрдісінде педагогикалық технологияны пайдаланудың негізгі міндеттерін ашып көрсетуге ықпал жасады. Педагогикалық технология мәселесі одан басқа П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, М.Чошанов, В.М.Шепель, В.М.Монахов, М.Кларин, Н.А.Менчинская және қазақстандық Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев, Қ.Қадашева, Р.Ә.Шаханова, Ф.Ш.Оразбаева, Г.М.Құсайынов, Г.К.Нұртаева, К.К.Кабдыкаримова сияқты көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Бұл ғалымдардың барлығы технологияның шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мән-мазмұнын дамыта отырып, оны оқыту, білім беру үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар берді. Мысалы, В.П.Беспальконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология төмендегiдей шарттарды iске асыруы тиiс: а) педагогикалық технология оқытудағы дайындықсыз әрекеттердi болдырмауы тиiс; ә) оқушының оқу-танымдық қызметiнiң құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдiсiнiң жобасына негiзделуi керек; б) оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерiлу сапасын дәл тексерiп бағалауы қажет [10,5]. Белгiлi ғалым-әдiскер В.М. Монахов та осындай көзқараста болды [11]. Ол "педагогикалық технология - оқушы мен мұғалімнің оқу үрдісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі" деп есептесе, М.В.Кларин "Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім-амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жұмыс істеу реті" деген пікірде болды [12,10]. "Педагогикалық технология" бойынша кейінгі кезде зерттеп жүрген орыс ғалымдарының бірі - М.М.Левин. Ол өзінің "Технологий профессионального педагогического образования" деген еңбегінде педагогикалық технологияны жан-жақты қарастырып, оған өзіндік көзқарасын білдірген [13]. Ол педагогикалық технологияны жоба ретінде қарастырады. "Ненің жобасы" дегенге "іс-әрекеттің жобасы" деп, "ол кімнің іс-әрекеті, оны орындау кімге арналады?" деген сұраққа "оқытушы" деп жауап береді. Яғни, М.М.Левин педагогикалық технологияны "педагогикалық іс-әрекеттің жобасы, оқу іс-әрекетін басқару" деп қарастырады. "Педагогическая технология - это проект и реализация системы последовательного развертывания педагогической деятельности, направленной на достижение целей образования и развития личности учащихся", - деп көрсетеді ғалым [13,14]. Сондай-ақ, ғалым кез келген жоба, оқытуды ғылыми тұрғыда негіздейтін құрал бола тұрса да, технологиялық бола бермейді дейді. Педагогикалық технологияның негізгі қызметі - оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту. Осы жерде технологияның тұтастық ұстанымы шығатындығын көрсетеді. Ол ұстаным технологиялық жүйенің даму заңдылығын қарастырады. Технологияның екінші ұстанымы - оқытуды жеке бағдарлы үлгіде ұйымдастыру, яғни жеке тұлғалық ерекшеліктеріне бейімдеу деп қарастырады. Білім саласындағы жобалау оқыту жүйелерін немесе осы жүйенің жеке компоненттерін ғана құрастырумен шектелмейді. Оқытуды жобалау методологиялық қызмет атқарады. Ол оқушылардың психикалық дамуын ынталандырушы құрал, оқу әрекетін қалыптастыру және педагогикалық басқару тәсілі ретінде де қызмет етеді деп есептейді ғалым М.М. Левин. Ғалым Д.В.Чернилевский [14] педагогикалық технология оқу мақсатын қатаң анықтауға (не үшін және неге), білім мазмұнын іріктеуге және жобалауға (не), оқу үрдісін ұйымдастыруға және басқаруға (қалай), оқыту әдістері мен тәсілдеріне (ненің көмегімен), оқушының біліктілігін ескеруге (кім), оқытуда жеткен нәтижені бағалау әдісіне (осылай ма) ықпал етуі тиіс, ал осы келтірілген критерийлердің барлығы кешенді түрде қолданылғанда оқу үрдісінің мәнін, яғни оның технологиясын анықтайды деп көрсетеді [14,49]. Оның пікірінше, педагогикалық технология - оқыту мен білім беруге жүйелі түрде қараумен байланысты, ол педагогикалық жүйенің барлық аспектілері мен элементтерін қамтиды, яғни мақсат қоюдан бастап, бүкіл дидактикалық үрдісті жобалауға және оның нәтижелілігін тексеруге дейінгі іс-әрекетті қамтиды. Ғ.М. Құсайынов "Теоретическо-методические основы прогностической модели новой педагогической технологий" деген еңбегінде педагогикалық технологияны ұжымдық оқыту әдісімен байланысты қарастырады. Ғалым топтық оқыту мен ұжымдық оқытудың айырмашылықтарын көрсете отырып, ұжымдық оқыту әдісін жаңа педагогикалық технология қатарына жатқызады. Себебі, ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді деп есептейді. Осыған орай, педагогикалық технологияға оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі деген анықтама береді [15,116]. Ғалым Р.Ә.Шаханова жаңа педагогикалық технология мәселесін жан-жақты зерттей келе, ол жөнінде: "1) оқыту технологиясы деген - оқытуда берілетін мағұлматты жинақтау, реттеу, өзгертудің тәсілдері, 2) оқытушының оқыту кезінде студентке ықпал, әсер етуде қолданылатын техникалық және мәліметтік тәсілдері",- деген ой түйіндейді. Сонымен бірге ғалым оқыту технологиясын белгілеуде алдымен оқытылуға тиісті мазмұнды таңдап алып, оны оқытуды ұйымдастырудың түрлерін анықтау қажет және оқыту әдіс-тәсілдерін белгілеу керек деп есептейді [16,79]. Бұл ғалымдардың берген анықтамалары бойынша, олардың "педагогикалық технология - алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беретін оқу үрдісі" деген тұжырымды қолдайтындықтарын көруге болады. Г. Нұртаева өз зерттеуін жоғары білім беру жүйесінде химиялық білім берудің жаңа технологиясын жасау мен енгізуге арнаған [17]. Ол өз зерттеуінде компьютерлік технологияны қолдана отырып, білімді бағалаудың рейтінгiлік ұстанымы және білімді меңгеру деңгейін бақылаудың объективтік әдістерінің модульдік жүйесіне негізделген жоғары білім берудің жаңа технологиясын жасауды теориялық тұрғыдан дәлелдеген. Оның ойынша, оқыту технологиясы - оқу-тәрбие үрдісін құрылымдық түрде ұйымдастыруды шешу мәселесіне қажетті деректердің, процестің өзін және оның қазіргі техникалық жабдықталуын қамтитын бүтін бір комплекс. Жоғарыда берілген ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын талдай келе, педагогикалық технология туралы бір жүйеге түскен нақты анықтаманың жоқ екендігіне көз жеткізуге болады. Сол сияқты педагогикалық технологияның негізгі белгілерін анықтау мәселесін де, әлі өз шешімін таппаған даулы мәселелердің біріне жатқызуға болады. Педагогикалық технологияның өзіне тән белгілерін анықтау мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде әр түрлі қарастырылған. Мәселен, Г.К.Селевко педагогикалық технологияның бес түрлі белгісін көрсетіп, оған жүйелілікті, басқармалықты, нәтижелілікті, тұжырымдылықты, қабылдауды жатқызады [18,17]. Ал Ж.А.Қараев педагогикалық технологияның төрт түрлі негізгі белгісі бар деп есептейді: мемлекеттік стандарт деңгейіндегі оқыту нәтижесіне 100 % кепілдік, оқу нәтижесін әділ бағалау, дидактикалық үрдістің тұтастығы, оқушының оқу-танымдық әрекетінің құрылысы мен мәнін анықтайтын оқу үрдісінің жобасы [19,4]. Н.Д.Хмель педагогикалық технологияның негізгі белгілеріне мыналарды жатқызады: нақты педагогикалық құбылыстарға жүйелі қарау, технологияда педагогикалық үрдістің екі жақты көрінісінің болуы, субъектілердің орнын және олардың педагогикалық үрдістегі іс-әрекеттерін, алынатын нәтижелерді анықтау [20,19]. М.А.Чошанов нәтижелілікті, үнемділікті, тұтастықты, басқармалықты, түзетуді педагогикалық технологияның белгілеріне жатқызады [21,4]. Ғалымдардың жоғарыда көрсеткен педагогикалық технологияның негізгі белгілері туралы тұжырымдарын талдай отырып, олардың барлығына тән ортақ ерекшеліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оған: жүйелілік, басқармалық, нәтижелілік жатады. Қарқынды оқыту технологиясы бойынша педагогикалық технологияның негізгі белгілеріне жаңашылдық, қарқындылық, ғылымилық жатқызылды. Себебі, қарқынды оқыту технологиясы - жаңа педагогикалық технология ретінде, біріншіден, оқу үрдісін ғылыми негізделген бірізділікпен, жүйелілікпен шешуді, яғни ғылымилықты, екіншіден, жаңа, ұтымды әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы оқу үрдісін қарқындатуды, үшіншіден, қарқынды оқыту технологиясы жаңа педагогикалық ойлаумен, оқу үрдісін мүлдем жаңа тұрғыда дамытумен байланысты студенттер мен студенттердің, студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы әр қатынасушы қандай да бір жаңалық тудырып, оқу нәтижесіне өз үлесін қосуын, яғни жаңашылдықты көздейді Педагогикалық технологияны оқытудың барынша ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер мен ұстанымдардың түсіндірме жүйесі ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту үрдісі ретінде де түсінуге болады. Яғни, педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі - оқу үрдісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық технология - педагогика ғылымының оқыту, білім беру, оның мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындайтын және педагогикалық үрдісті алдын ала жобалайтын, алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беретін бір бөлшегі. Ол - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үрдіс. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Қорыта айтқанда, педагогикалық технологияның негізгі ерекшелігін былай көрсетуге болады: * Ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа бағытталған, алдын ала жобаланған педагогикалық әрекет. * Оқу үрдісін іске асырудың маңызды техникасы. * Қойылған мақсатқа нәтижелі жету үрдісі. * Педагогикалық жүйенің барлық өзара байланысты элементтерін ескеретін оқыту үрдісі. * Әдістеменің методологиялық негізі. * Нақты, белгілі ұсыныстар беретін динамикалық, процессуалды оқыту үрдісі. * Бір ғана пән немесе бір ғана мақсатты орындауға бағытталмай, керісінше, оқу үрдісін іске асыруда жан-жақты әрекет ететін үрдіс. * Студент объект емес, субъект ретінде қаралатын үрдіс. Қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту, соның ішінде қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту - соңғы кездерде қолға алынып жүрген тың мәселелердің бірі. Жоғары оқу орындарының орыс топтарында қазақ тілін жаңа технология арқылы оқыту мәселесіне тоқталып, оны зерттеуші ғалым - Қ. Қадашева. Осы мәселе бойынша Қ. Қадашева 2001 жылы "Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады [22]. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі, сондай-ақ, әлем тілдерін оқыту әдістемесіндегі ғылыми тұжырымдар мен практикалық бағыттар, оқытудың озық технологиялары бойынша пікір-көзқарастарды қорытындылай отырып, қазақ тілін өзге тілді дәрісханада оқытудың жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негізін жасады. Үйренушінің өз қабілет белсенділігіне негізделген интерактивті бағыттарын ұсынды. Тілді үйретудің озық әдістемелерінің бірі ретінде көп деңгейлік оқыту әдістемесінің басты бағыттары мен түрлерін алғаш рет теориялық тұрғыдан талдап, білім беру жүйесінде пайдаланылуға тиімді үш деңгейлік оқыту әдістемесінің нәтижелі екендігін дәлелдеп ұсынды. Аталған әдістемелермен тығыз байланысты болып табылатын білім деңгейін бағалаудың түрлері (рейтинг, тест), оқыту барысында қолданылатын оқытудың техникалық құралдары талданып, оларға қатысты тың тұжырымдар жасады. "Жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесінде үйренуші бұрынғы дәстүрлі ұғымдардағы әрекетсіз енжар тұлға емес. Ол - оқыту үрдісінде бастан-аяқ қатыстырылатын, танымдық іс-әрекетін толық іске қосқан белсенді тұлға",-деп көрсетедi ғалым [22,58]. Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқыту арқылы оқыту сапасын арттыру және қазақ тілін оқытуды жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен жаңарту мен модуль жүйесін қолданудың маңызын көрсеткен ғалымдардың бірі - Р.Ә.Шаханова. Ол қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны ендіру, студенттердің оқу-біліктілік жұмыстары жағдайын бағалауға көмектеседі, әрбір оқытушының жұмыс қарқындылығын арттырады дей отырып [16,81], жаңа технология әдістері арқылы қазақ тілін сапалы меңгерту үшін төмендегілердің іске асуы тиіс деп есептейді: а) жаңа технологияны әдістемелік тұрғыдан қамтамазыздандыру; б) модульдердің практикалық құрылымдарын дайындау; в) оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жетудің әдістемелік ұйымдастыру шарттарын жасау; г) жаңа технология бойынша модульді өткен кезде студенттермен жұмыс түрлерін жоспарлау және ұйымдастыру; д) жаңа технология бойынша қазақ тілін оқытудың жоспарланған және өлшеу әдістемесін қорытындыланған құжаттарын дайындау [16,82]. Жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінде қазақ тілін модульмен оқыту мәселесін теориялық жағынан да, әдістемелік қырынан да зерттеп, ол туралы докторлық диссертация қорғаған ғалым - К. Жақсылықова [23]. Ол модуль арқылы оқыту мәселесінің мазмұнын, ішкі құрылымын, жүйесін анықтап берді. Тілді үйретудің сапасын арттыру, модуль арқылы оқытудың әдістемелік жүйесіне қатысты ғылыми пікірлер, тұжырымдамалар жүйеленді. Бұлардың бәрі - тілді оқыту теориясына қосылатын жаңа ғылыми ұғымдар. Сондай-ақ еңбекте: - орыс тілді бөлімдерде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру бағыты мен ана тілімізді модуль арқылы оқыту әдістемесінің жүйесіне теориялық сипаттама беріліп, олардың негізгі белгілері мен өлшемдері анықталды; - модуль арқылы оқытудың негізгі қағидалары мен заңдылықтары белгіленді және негізгі ұстанымдары анықталып, олардың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен байланысы көрсетілді; - модульдік оқытудағы кері байланыс модулі құрылды. Модуль арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі орыс тілді бөлімдерде қазақ тілі сабағын оңтайлы, жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі, қазақ тілін оқытудың сапасын арттырудың ұтымды жолдарын белгілейді деп атап өтедi ғалым. Жаңа оқыту технологиясының бір түрі деңгейлік оқыту бойынша зерттеу еңбегін жүргізгендердің бірі - К.О. Өмірбаева [24]. Ол 2001 жылы "Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-сынып оқушыларының сөйлеу тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. Деңгейлік оқыту бойынша оқу материалын меңгертудің 4 деңгейін ұсынды: * Оқушылық. * Алгоритмдік. * Эвристикалық. * Шығармашылық. Деңгейлік тапсырмалар - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы, спиральды, жүйелі тапсырмалар [24,161]. Диссертацияда деңгейлік тапсырмаларды түрлендіріп жүргізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға болатындығы және қазақ тілі сабағын қызықты, тиімді жүргізуге мүмкіндік туатындығы дәлелденді. Деңгейлік тапсырмалардың белгілері, түрлері, ерекшеліктері айқындалып, тиімділігі көрсетілді. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға қатысты төрт деңгейлік тапсырмалар дайындалып, іс жүзінде нәтижелері дәлелденді. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың нақты жолдары белгіленді. Қорыта айтқанда, қазақ тілін жаңа оқыту технологиялары арқылы сапалы меңгерту мәселесі әлі де ізденуді қажет етеді. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: + Педагогикалық технология дегеніміз не және оған қандай анықтамалар берілген. + Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі Әдебиеттер: 1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. №15 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің мәселелері Мақсаты Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы туралы мағлұмат беру Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Қазіргі қоғамның педагогика ғылымының алдына қойып отырған талаптары оқу үрдісіне үлкен өзгерістер енгізуді, оқытуды қарқындатуды көздейді. Сондықтан орыс топтарында қазақ тілін қарқынды оқыту - заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған әдістемелік жүйе. Жалпы оқу үрдісін қарқындату мәселесі және кез келген оқу іс-әрекетінде мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысын іздестіруге байланысты идеялар бойынша көптеген Оқу үрдiсін қарқындату мәселесін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі - Ю. К. Бабанский [32]. Ол өзінің "Интенсификация учебного процесса" деген еңбегінде мектепте жаңадан "Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы", "Информатика және есептеу техникасы негіздері", "Қоршаған ортамен танысу", "Өндіріс негіздері" т.б пәндердің көптеп кіруі, уақыттың жетіспеушілігі сияқты оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептерді көрсетеді. Мұндай пәндердің көптігі оқу үрдісін қиындатады, барлық пәндерді толық игеріп шығуға мүмкіндік аз. Осындай себептерді ескере отырып, ғалым Ю.К. Бабанский ұқсас пәндерді, мысалы, қоғамтану мен астрономияны, математика мен сызуды, қоғамтану мен мемлекет және құқық негіздері пәндерін бір-біріне кіріктіре отырып, оқыту үрдісін қарқындатуды көздейді. Ол мұғалім мен оқушы еңбегінің кез келген жағдайда тиісті деңгейде болып, олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізбейтін, шамадан тыс күш түсірмейтіндей дәрежеде сабақты ұйымдастыру, сондай-ақ жасаған еңбектері әр кезде де нәтижелі болуы үшін ұтымды оқыту әдістерін таңдау қажет деп есептейді [32,6]. Ал ғалым В.М. Монахов оқытуды қарқындатудың негізі бағыттарын былай анықтайды: 1) жоспарланған оқу циклында берілген мамандыққа қатысты пәндерді ұтымды орналастыру ; 2) оқу үрдісін жобалағанда әр студенттің бастапқы мүмкіндігі мен қабілетін ескеру (оқытудың жаңа технологиясы) ; 3) дидактикалық модульдің әр кезеңіндегі студенттің мүмкіндігі мен қабілетін ескеру; 4) оқу қызметін қарқындату және "неге оқытамыз? ", "қалай оқытамыз?", "немен оқытамыз? " деген мақсаттарды айқындап алу. Ғалымның пікірінше, осы талаптар орындалғанда оқытуды қарқындатуға мүмкіндік туады [11]. Ал қазақ тілін қарқынды оқыту - әлі зерттелмеген тың мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып кетті. Интернет жүйесінің, электронды поштаның өсуі, олардың күнделікті тұрмысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Ал берілген уақыт ішінде мол ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік аз. Сондай-ақ, орыс топтарында қазақ тілін үйретуде қазақ тілі тек қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, ол студенттің шығармашылық қабілетін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабардарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыдан келіп қазақ тілін қарқынды оқытудың себебі туындап отыр. Қарқынды оқыту технологиясы - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы - берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шыңдауға негізделген оқыту технологиясының бірі. Қарқынды оқыту (ҚО) технологиясы - белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе. ҚО технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктермен ерекшеленеді. Олар: 1) меңгерілетін материалдың көлемі; * 2) қолданылатын әдіс-тәсілдердің әр түрлілігі; 3) үйретілетін тілде тілдік қатынастың үнемі жүргізілуі; 4) жеке тұлғаның психологиялық резервтерінің белсендірілуі. Осы жерде ҚО технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен дұрыс. Бірінші белгісі - студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарын ескеру белгісі. Осыған сәйкес оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Екеуінің айырмашылықтарын ажырата білу өте маңызды. "Интенсивность обучения определяется по формуле: Int= М N - где М - количество единиц обучения, а N - количество единиц времени обучения (занятий). Интенсификация учебного процесса - увеличение объема работ в фиксированные промежутки времени или наоборот, уменьшение временных интервалов при фиксированном объеме работ. Таким образом, интенсификация - это деятельность, направленная на повышение уровня интенсивности. Поэтому различать интенсивность и интенсификацию принципиально важно",-деп В.С.Страхова [31,18] жеделдетіп оқыту мен қарқынды оқытудың ара жігін ашып береді. Сондай ақ, Қ.Қадашева жеделдете оқыту жөнінде, қазақ тілін оқыту әдістемесінде интенсивті оқыту 1987 жылдан бастап пайда болды. Көптеген әдістемешілер қазақ тілін 3 ай немесе 6 ай ішінде толық үйретіп шығаратын жеделдете оқыту курстарын ашу жеткілікті деп есептеді. Сөйтіп, интенсивті оқыту "қысқа мерзімділік", "тездету", "жеделдету" дегендермен синонимдес болып шықты. Көптеген әдістемешілер "интенсивті оқыту" дегенді лексикалық-грамматикалық минимумды лингвоелтану материалдарын барынша мол етіп беру арқылы оқытып, қазақ тілін үйретуге болады деп есептеді. Нақтылы айтқанда, Қазақстанның қазіргі жағдайында жеделдете оқыту әдістемесі және практикасы бар болғанымен, бір жүйелі сипатта емес деген ой қорытындылайды [22,86]. Яғни, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда көбіне сандық көрсеткіш беріледі. Ал қарқынды оқыту технологиясында сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Бұл жерде, негізгі көзделетін мақсат - берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендіру, жан-жақты білім беру көзделеді. Ал ол үшін қосымша уақыт берілмейді. Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін "оқуды белсендіру" ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі - студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіру және оқу үрдісін белсендіретін әдістерді қолдану болса, "оқуды белсендіру" ұғымы осы мәселелерді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының өзіне тән әдістерінің бірі - студент пен ұжымның резервті мүмкіншіліктерін белсендіру әдісі. Белсендіру әдісі, ең алдымен, үйренетін тілде еркін тілдік қарым-қатынас жасау міндетін іске асырады. Сондай- ақ, тілдік іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны қалыптастырып, дамуын қамтамасыз етеді. Жеке тұлға мен ұжымның мүмкіншіліктерін белсендіру әдісінің ерекшелігі - жұмысты бірігіп атқаратын оқу тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы студенттердің резервті мүмкіндіктерін ояту. Сол арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бұл әдістің оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері тыңдалым, айтылым немесе оқылым ғана емес, керісінше, оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің өзара белсенді тілдік қатынасы. Ал студенттердің белсенді тілдік қатынасын қалыптастыру үшін сабақты ұжымдық үлгіде ұйымдастыру қолайлы. Ұжымдық жұмыс ауыспалы жұптық жұмыс, жұптық жұмыс, үштік жұмыс түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге белсенділікті арттыруда рөлдік ойындардың, жағдаяттық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Қарқынды оқыту технологиясы студент әрекетін белсендіру, оқыту нәтижелілігі, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, қарқынды оқыту дегеніміз - ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас. Қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде сапалы да нәтижелі, әрі ауқымды білім беруді, студент белсенділігін арттыруды, сол арқылы шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді. Кез келген іс-әрекет нәтижелі болу үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім беру мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында "Қалай оқытамын" деген сұрақ пайда болады. ҚО технологиясы негізгі мақсаттарын жобалаудан бастайды. Оқудың қарқындылығы ол мақсаттардың нақты, күшті болуымен тікелей байланысты. Мақсаттың әлсіздігі оқытушы мен студенттердің жауапсыздықтарына, оқудың шашыранды, бос, тәртіпсіз жүйеде өтуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс қойылған мақсат - оқу әрекетінің дұрыс өтуінің бірден-бір кепілі. Алда тұрған негізгі мақсат - журналистика бөлім студенттеріне берілген уақыт мөлшерінде ауқымды тілдік білім беруді, қазақша таза сөйлеп, жаза алатын, қазақша ойлай алатын дәрежеге жеткізуді, жан-жақты жетілген білікті маман дайындауды көздейді. Бұл аталған міндеттерді іске асыру үшін ҚО технологиясы алдына төмендегідей мақсаттар қояды: а) алдына қатаң мақсат қою; ә) қызығушылықты арттыру; б) білім мазмұнына өзгерістер енгізу; в) оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер қолдану, яғни белсенді тілдік қатынас орнату. г) оқу әрекетін қарқындату. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен жөн. Қатаң мақсат қоюдың ҚО технологиясы үшін үлкен мәні бар. Ол әр жеке тұлғаның ойлау қызметінің дамуына әсер ету үшін студенттердің белсенді жұмыс істеуін талап етеді. Қарқынды оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері де осында. ҚО технологиясының бұл мақсаты төмендегідей талаптарды іске асыруы тиіс: а) қойылған мақсат студент мүмкіндігін қанағаттандырарлықтай бағдарлы, күшті болуы тиіс және сол арқылы жоғары белсенділікті тудыруы тиіс. Бұл ережені үнемі есте ұстап отыру керек; ә) мақсат қол жетерлік, яғни орындалатындай болу керек. Шындыққа жанаспайтын, тым жоғары қойылған мақсат қойылған мақсатты шешуде кері әсерін тигізеді; б) оқу мақсатын студенттер саналы түрде түсіну керек; в) қойылған мақсаттың болашақпен байланысы болуы тиіс, яғни бүгінгі күннің емес, ертеңгі күннің талабын орындайтындай болу керек; г) қойылған мақсат өзгермелі болу керек, жағдай мен мүмкіншіліктің өзгеруіне орай, ол да өзгеріп отыруы керек. Бұл жоғарыда көрсетілген талаптарды төмендегі 2-сурет арқылы көрсетуге болады: Қ О технологиясының мақсаттары мен міндеттері Білім беру, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту Күшті, түсінікті, қол жетерлік, саналы түрде, болашағы бар, өзгермелі 2-сурет - ҚО технологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері ҚО технологиясының алдында тұрған екінші мақсаты - оқуға деген қызығушылықты арттыру. Қызығушылықты ояту - оқытудың нәтижелілігін қарқындатудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Көптеген психологтер қызығушылық оқу мақсаттарына үлкен әсерін тигізетіндігін айтады. Соңғы кездерде студенттердің пәнге деген қызығушылықтарының төмендеп бара жатқанын байқау қиын емес. Себебі, сабақта танымдық қызығушылықты дамытуға мән берілмейді. Танымдық қызығушылықты арттыруды оқытушылар екінші орынға қойып, уақыттың жетіспеушілігін алдыға тартады. Ал Е.Н.Ильин, Л.В.Махова, Л.Г.Хазанкин, Ю.К.Бабанский сияқты тәжірибелі оқытушылар қызығушылыққа үлкен мән беріп, ол сабақ нәтижелілігінің бірден бір кепілі екендігін көрсетеді. Олар оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту арқылы оқу материалдарын жылдам меңгертуге, олардың тез шаршап, жалығуын болдырмай, еңбек ету қабілеттерін жоғарылатуға болады. Берілген уақыт ішінде мол ғылыми ақпараттарды қабылдай алатын дәрежеге жетеді деп есептейді. [32,23]. Сондықтан тілдерді үйретуге студенттердің танымдық қызығушылығын, пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңызы зор. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру - ҚО технологиясының алдында тұрған негізгі мақсаттарының бірі. Пәнге деген қызығушылықты дамытуда сабақты мамандыққа қатыстыра оқытудың маңызы ерекше. Журналистика бөлім студенттерінің мамандықтарына сәйкес рөлдік ойындарды, газет-журналдарды пайдалана отырып студенттердің білім сапасын көтеруге, кәсіби біліктілігін жетілдіруге, шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік зор. ҚО технологиясының алдында тұрған мақсаттары тек қатал мақсат қоюмен және танымдық қызығушылықты арттырумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, білім мазмұнына да белгілі бір өзгерістер енгізу көзделеді. Қазіргі кездегі ақпараттың көптігі, пәндердің көбеюі үлкен қиындықтар туғызуда, себебі берілген уақыт ішінде ол білімнің бәрін игеруге мүмкіндік аз. Сондықтан осы мәселені шешуде ҚО технологиясы білім мазмұнына өзгеріс енгізуді мақсат етіп қояды. Бұл жерде ҚО технологиясы сабақты ірі блоктарға бөліп беруді іске асырады. Сабақты ірі блоктарға бөліп беру дегеніміз - бағдарламада берілген бөлімді, тақырыптарды сабақтастықты бұзбай, қажетті мөлшерге дейін "сығымдау". Мысалы, септік жалғауларын өткен кезде жеті септікті жеті сабақта өтпей, оның бәрін бір блокқа кіргізу, яғни септік жалғауын бір сабақта меңгертіп шығару. Сабақты ірі блоктарға бөліп оқыту арқылы уақытты үнемдеуге, тілдік материалды толық меңгеріп шығуға қол жеткізуге болады. Оқу үрдісін белсендіру. Белсенділік оқу үрдісінің барлық кезеңінде студенттерді ынталандырып, мақсатты түрде әрекет етуге итермелей отырып, білімді толық меңгеруге жұмылдырады. Оқу үрдісінің белсенділігі де қарқынды іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қарқынды іс-әрекет адам қажеттілігінен туындайды. Белсенділік алдағы мақсаттарға жету үшін қажетті шарт және құрал болып табылады. Белсенділік болмайынша, оқу үрдісінде оқу материалын ұғыну және меңгеру мүмкін емес. Тілдерді үйретуде ҚО технологиясы белсенділікті жетілдіру үшін сабақта мәселелік оқыту, пікірталас, танымдық ойындар сияқты әдіс-тәсілдері пайдалануды көздейді. Осылардың ішіндегі мәселелік оқыту оқу үрдісін белсендірудің бірден-бір кепілі болып табылады. Мәселелік оқыту студенттер ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы арқасында ғана сапалы жүзеге асады. Мұнда студенттердің өз бетімен ойлау еркін тәрбиелей отырып, олардың білімге деген ынтасын және таным қабілеттілігін қалыптастыру, студент белсенділігін арттыру мақсаты көзделеді. Оқуда белсенділікті арттыру тілді үйретуді қарқындатудың негізі болып табылады. Қорытындылай айтқанда, жоғарыда көрсетілген ҚО технологиясының негізгі мақсаттары іске асқан жағдайда тілді қарқынды оқыту өз нәтижесін береді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, қарқынды оқыту технологиясы - қажетті уақытты және студенттер мен оқытушылардың күш-жігерін мейлінше аз жұмсай отырып, ең жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқыту технологиясы. Қарқынды оқыту технологиясы белгілі бір заңдылықтарды, ұстанымдарды, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдіс-тәсілдерін, қалыптасқан жағдайларды, сондай-ақ, нақты бір ұжымның және жекелеген студенттердің ерекшеліктерін жан-жақты ескереді. Қарқынды оқыту оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары негізінде педагогикалық үрдісті құруға оқытушының белгілі бір мақсат тұрғысынан келуі, білім беруде оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін саналы түрде, ғылыми тұрғыдан негіздей отырып таңдауы арқылы іске асады. ұжымдық әдіс - сабақта тілдік қатынастың үнемі жүргізілуін қамтамасыз ететін, қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы арқылы меңгертуде қойылатын барлық талаптарға жауап беретін, жалпы қатысымдық әдістің негізгі өзегі болып табылатын әдіс. Студенттің қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттігін өтейтін, орыс топтары үшін қазақ тілінде сөйлесе білуді iске асыратын әрі тілдік білімді жылдам меңгеруді қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі - ұжымдық оқыту әдісі. "Білім саласындағы тоқыраудан шығу үшін тиімділігі жоғары жаңа оқыту әдісі - ұжымдық әдісіне көшу керек", - деген пікір айтады В.К. Дьяченко. Ұжымдық оқытудың негізін А.Г. Ривин салды. Ол 1918 жылдың басында Киев жанындағы Корнин деген жерге бала оқыту үшін ата-аналардың шақыртуымен келген. Оның педагогикалық білімі болмаған, политехникалық институтты бітіріп, инженер мамандығын игерген. 1911 жылдың өзінде-ақ, оны өндіріс салаларының барлығы автоматтандырылған, механикаландырылған деңгейге көтерілген де, ал оқу еңбегі сол бұрынғы күйінде қалып қойған деген мәселе толғандыра бастайды. Оның ойынша, оқу еңбегі оқушы мен оқытушының аз уақыт пен күш жұмсап, көп білім алуы керек және ол өте саналы түрде жүруі тиіс. Сондықтан ол өзінің бар өмірін оқытуда тиімді әдістер іздеп, бала оқытуға арнаған. Корнинда ол ең алғаш алты баламен жұмыс істейді. Артынан тағы отыз бала қосуды сұрайды, себебі, онда оқушылардың саны көп болған сайын әр түрлі жастағы өзін-өзі оқытатын ұжымның белсенділігі артып, жақсы жұмыс істеген. Балалардың жас шамасы әр түрлі - 10-16 жас аралығындағылар болған. Олар көбіне далада сабақ оқыған, сабақ таңертеңнен кешке дейін жалғаса берген. Шаршаған бала үйіне барып тамақтанып, демалып келіп, ары қарай сабағын жалғастыра берген. Сабақ небары он ай шамасында жүрген уақыттың өзінде, олар 3 жылдың оқу материалын меңгеріп шығып, емтиханды сәтті тапсырған. А.Г. Ривиннің әдісі кез келген уақытта оңтайлы жұмыс істеуге өте ыңғайлы болған. Ол карточкамен жұмыс, абзацтар бойынша мақала, тақырыптарды меңгеру, тіл дамыту сияқты бірнеше бөлімдерден тұрған. Ол ең алдымен оқытудың әдісін оқушыларға үйреткен. Оның әдістемесі оқушылардың бір-бірімен жұмысты жұптасып істеп және алмасып отыруына негізделген. Осындай оқытудың нәтижесінде тәжірибе жүзінде бір уақытта бірнеше мәселені шешіп отырған. Оқытудың ұжымдық әдісі сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылған және білім сапасы ретінде енгізілген, әр түрлі жастағы және білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың өз еркімен оқып білім алатын тұрақты ұжымын құрған, оқушылардың бір-бірімен жұмыс істеу әдістемесін жасаған. А.Г. Ривиннің оқушылары көбіне жұптасып оқыған, топтық жұмыс өте сирек жүргізілген. Оның сөзі бойынша, топтық жұмыс сабақтың небары 20%-ын ғана алған. Жұп тұрақты болмаған, ол үнемі өзгеріп отырған. Мысалы, бір оқушы оқу үрдісінде топтағы барлық оқушылармен жеке жұмыс істеп шыққан және ол оқушы бір оқушыны үйрете отырып, одан өзі де үйренген. А.Г. Ривиннің негізгі қағидасы: "Не үйренсең, сол жерде оны басқаға үйрет" [97,12]. Оқушы өзінің үйренгенін екінші біреуге үйрету арқылы сапалы әрі жылдам білім алатынын ол жақсы түсінген. Оқушы білгенін бір ғана оқушыға емес, бірнеше оқушыға үйреткен, сол арқылы ол білімді әбден меңгерген. Яғни, оқушылардың бірін-бірі оқытып үйретуі А.Г. Ривиннің негізгі заңдарының бірі болған. Ол өзінің ұжымдық оқыту әдісін "талгенизм" ("талант" және "гений" деген сөзден шыққан), "организованный диалог", "корнинский диалог", "сочетательный диалог" деп атаған. 1920 жылдардың басында А.Г. Ривиннің әдісі жан-жаққа тарай бастайды. Кейбіреулері оған қызығушылық білдірсе, кейбіреулері ол әдісті мүлдем жоққа шығарып, оның есі дұрыс емес деген айып та тағады. Ол өз жұмысын соғыс салдарына байланысты тоқтатқан. Бірақ А.Г. Ривиннің әдісі әр кезде де өз жалғасын тауып отырған. Кейіннен, 1928 жылы, 19 жасар З.Л.Вихман "Жабайы жоғары оқу орнын" ашады. Оған басты себеп оның оқуға түсе алмауымен байланысты болады. Бұл жөнінде ол: "В 1928 году, когда наплыв в вузы, на свободный набор, дошел до сказочных размеров (в некоторых вузах на каждую вакансию претендовали по 120 человек), под лозунгом "Высшее образование без вуза" организовалось объединение групп по высшему техническому образованию (ОГВТО) преждевременно превратившееся в Государственную школу инженеров имени Бубнова. Это объдинение организовалось по инициативе самих учащихся, и поэтому никаких средств на организацию оно ни от кого не получало. Собравшиеся там несколько сот человек проходили курс механического факультета МВТУ в помещениях, кой-как отремонтированных ими же",-деп жазады [98,56]. З. Вихман А.Г. Ривиннің шәкірті болған. Ол ұжымдық әдісті жақсы білген. Жоғары оқу орнына қабылданған студенттер ұжымдық оқыту әдісі арқылы өздерін-өздері оқытып, үлкен жетістіктерге жеткен. "В объединений применялся метод коллективного самообразования, сочетательный диалог - А.Г. Ривина. Этот метод организаций коллективных занятий оказался лучшим из всех существующих. Занятия по этому методу проходят следующим образом: коллектив в 30-40 человек разбивается на пары и в каждой паре происходит беседа на ту или иную тему изучаемой дисциплины. Людские составы беседующих пар не постоянны, а меняються после каждых 7-10 минут, в зависимости от объма и содержания обсуждаемой темы",-деп сабақтың жүргізілу тәртібін түсіндіріп өтеді [98,5]. З. Вихманның "Жабайы оқу орнында" екі топ жұмыс жүргізеді. Ол төрт негізгі топ және дайындық тобынан тұрған. Оқу орнының студенттері жұмыстан қол үзбеген. Бір топ күндіз бес сағат оқып, екінші топ кешкісін бес сағат оқыған. Оқитын оқу орнын керекті құрал-жабдықтармен студенттер өздері қамтамасыз еткен. Оқу профессорларсыз, қаражатсыз, оқытушыларсыз, стипендиясыз жүргізілген. Олардың қызметтерінің барлығын студенттер өздері атқарған. Оқыту барысында университеттің механикалық факультетіне арналған бағдарламаны басшылыққа алған. Осы бағдарлама тақырыптары бойынша карточкалар жасалынған. Әр студент карточкамен жұмыс істеген. Карточкадағы тапсырманы меңгеріп болғаннан кейін, өз карточкасын жолдасына беріп отырған. Өзі меңгерген материалды, яғни карточка материалын жолдасына түсіндіріп отырған. Әрбір студенттің есеп кітапшасы болған. Ол есеп кітапшаларына: алды, берді деп карточканың ретін, санын жазып отырған. Үйге тапсырма берілмеген. Барлық жұмыс оқу барысында жұп алмасу арқылы жүргізілген. З. Вихман "Жабайы оқу орнында" ұжымдық оқыту әдісін қолдану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Себебі, кейіннен "Жабайы жоғары оқу орны" заңдастырылып, профессорлық-оқытушылық штат беріліп, дәстүрлі оқу кестесі, дәріс-семинар жүйесі енгізіледі. Ол кешкі инженер-механика институты болып қайта құрылады. Ал 1950 жылдардың ішінде В.К. Дьяченко және басқа да ұжымдық әдісті қолдаушылар - А.Г.Границкая, В.Ф. Шаталов, М.Г.Булановская, Э.Л.Григорьева математиканы, орыс тілін, әдебиетті, шет тілін, тарих пәндерін оқытқан кезде ұжымдық оқыту әдісін іс жүзінде қолданған. Бұл әдісті сабақта пайдаланған мұғалімдердің бірі - А.И. Говорованың 3 "в" сыныбындағы жетістіктерін мектеп әкімшілігі былай бағалаған: "Ұжымдық оқыту әдісін енгізгеннен бастап біздің мектептің барлық оқу үрдісінде сапалы қайта құру жүрді. Сабақ қызықты, мағыналы, өзгеше түрде өтетін болды. Оқушыларда байсалдылық, қайырымдылық күшейіп, олар пікір-таластар тудырып, өз пікірлерін дәлелдеуге үйренді, өздігінен жұмыс істеуге төселді, ең бастысы, тақырыптың мазмұны мен мақсатын терең түсінуге ұмтылыс жасады. Оқушы сабақтың әрбір кезеңінде жаңа жұппен кездесіп, жаңа серіктестікпен жұмыс істеу арқылы өзінің ақыл-ойын шыңдап, басқаның білімін тексеруге үйренді". Ол жөнінде А.И. Говорованың өзі: "Қыркүйек айынан бастап сабақта ұжымдық оқыту әдісін қолдана бастадым. Негізінен А.Г. Ривин әдістемесі пайдаланылды. Нәтижесі таңқаларлық болды. Небары үш оқушы ғана минутына 86-87 сөз, ал басқалары 120-160 сөзге дейін оқи алатын дәрежеге жетті",-деп жазады [97,19-20]. Ұжымдық әдістің ең басты ерекшелігі - топтағы студенттердің жұп болып жұмыс атқарып және ол жұптардың үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Көбіне ұжымдық оқыту әдісін топтық және жұптық оқыту әдістерімен шатастырады. Жұптық оқыту ешқашан ұжымдық бола алмайды. Себебі жұп тұрақты, мұнда тілдік қатынас тек оқытушы мен студент немесе студент пен студент арасында ғана жүргізіледі. Сол сияқты топтық оқыту да ұжымдық бола алмайды. Екеуінде де студент саны екеуден көп болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары бар. Топтық оқытуда тек бір адам, ол студент немесе оқытушы, топты басқарады, яғни бір адам ғана түсіндіреді, қорытындылайды т.б. Ал ұжымдық оқыту әдісінде барлық студент белсенді жұмысқа тартылады. Олар жұп құрап, кезекпен алмасып отыруы арқылы бірін-бірі үйретіп, әрқайсысымен тілдік қатынасқа түседі. В.К. Дьяченко ұжымдық оқыту әдісі бойынша: "Коллективным можно назвать только такое обучение, при котором коллектив обучает и воспитывает каждого своего члена и каждый член активно участвует в обучении и воспитании своих товарищей по совместной учебной работе. Отсюда коллективная форма организаций учебной работы - это общение обучающих и обучаемых в динамических парах сменного состава",-деп анықтама берсе [99,96], кейіннен оны былай деп нақтылай түседі: "Коллективное - это такое обучение, при котором коллектив (а не отдельный человек: учитель, консультант) обучает всех своих членов и следовательно, каждый член этого коллектива участвует в обучений всех своих товарищей по общей работе. Поэтому только работа в парах сменного состава, когда каждый ученик по очереди работает каждым - это коллективное форма учебных занятий" [100, 42-47]. Ұжымдық оқыту әдісі туралы ғалым Ф.Ш. Оразбаева: "Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз - үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеу ара бірін-бірі үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен екіншісінің үйренуі, пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып: әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы",-деп анықтама береді. [44,129]. Ғалым М.Б. Түбекбаев физиканы ұжымдық әдіс арқылы оқыту бойынша 2001 жылы "Мектептегі физика пәнін ұжымдық оқытудың ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбекте ғалым ұжымдық оқыту әдісіне жан-жақты тоқтала келіп, жаңа педагогикалық технология бойынша ұжымдық оқыту әдісін мына үлгіде көрсетеді [101,19]: Мұндағы М - мұғалім, О - оқушы, Т - оқылатын тақырып. Көрсетілген үлгі бойынша мұғалім топтан бір оқушымен өтілетін тақырып бойынша жұмыс жүргізіп, мұғалімдікке дайындайды. Одан кейін ол оқушы (О1) келесі (О2) оқушыға түсіндірген. Осылайша жаңа тақырыпты меңгеру бірін -бірі оқыту арқылы іске асып отырған. Тақырыпты меңгеріп болған О1 оқушы О2 оқушыға түсіндіріп болғаннан кейін, келесі жаңа тақырыпты оқуға кіріскен. Нәтижесінде алынған пән бағдарламасының тақырыптары бойынша екпінмен алға жылжыған. Жалпы ұжымдық оқыту әдісінің негізгі белгілері мыналар болып табылады: 1 Топ студенттерінің ортақ мақсаттарының болуы. 2 Өз қызметтері мен міндеттерін бөліп алу. 3 Өзара ынтымақтастық және достық қарым-қатынас, көмек көрсете білу. Әлеуметтанушылардың "Ұжым - бір-бірімен бірлесе қызмет ететін адамдар тобы. Ынтымақтастық пен өзара көмек болмаған жерде ұжымның болуы мүмкін емес" деген қағидаларын ескерсек, ұжымдық оқыту әдісінің бұл белгісі ең басты белгілердің бірі болып табылады. 4 Студенттерді бірінің жұмысын бірі бағалауға, бақылауға, басқаруға араластыру. 5 Жұмыс көлеміне байланысты әрбір жеке адамның істеген жұмысынан ұжым болып атқарылған жұмыстың көп болуы. 6 Барлығы бірі үшін, бірі барлығы үшін әрекет ету. 7 Студенттер арасындағы теңдік, бірлік. Ұжымдық оқыту әдісінің негізі - студенттердің бір-бірімен жұптасып жұмыс істеп және алмасып отыруына құрылған. Ұжымдық оқыту әдісінде әр студент топтағы жеке студенттермен жұп құрап жұмыс істейді, жаңа ұғымды өзі үйренеді және оны біреуге үйретеді. Яғни, негізгі жұмысты студенттердің өздері ауыспалы жұп арқылы атқарады. Ұжымдық оқыту әдісінің бір үлгісін былай көрсетуге болады. Оқытушы топтағы бір студентті пәннің оқытылуға тиісті тақырыбы бойынша мұғалімдікке даярлайды. Ол арнайы сұрақтар бере отырып болашақта кез келген студентпен жұмыс жүргізгенде сұрақтарды дұрыс қолданып, одан жауап ала алатындай етіп жүргізеді. Одан кейін студенттің оқыған тақырыбы бойынша келесі бір студентке оқытушы болуды жүктейді. Оқытушы болған студент екінші студентке тақырыпты түсіндіреді. Олардың өзара жұмысын оқытушы бақылап отырады. Бірінші студенттің екінші студентке сұрақтардың дұрыс қоюына көмектесіп отырады. Осылайша екінші студент те оқылған тақырыбы бойынша мұғалімдікке даярланады. Екінші студент оқыған тақырыбы бойынша келесі, үшінші студентпен жұмыс жүргізгенде, бірінші студент басқа жаңа тақырып бойынша дайындалады немесе ары қарай басқа, төртінші бір студентпен жұмыс жүргізеді. Осылайша топтағы студенттер жұптары алмасып, бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты меңгеріп шығады. Кей жағдайларда оқытушы екі-үш студентке тапсырма бере отырып, бір сабақта бірнеше тақырыпты меңгертуіне мүмкіндік алады. Ұжымдық оқыту әдісінің тағы бір үлгiсін былай көрсетуге болады. Оны кей кездерде сатылай оқыту деп те атап жүр. Мысалы: А(§1) В(§2) С(§3) Д(§4) Е(§5) одан ары кете береді. Топ алдында бірінші параграфты дайындайтын А студенті. Бұл А студент өз параграфын әбден, мұқият дайындап болғаннан кейін, оны В студентке талқылап, түсіндіреді, үйретеді. Әрбір жаңа тақырыптан кейін В студентті А студент тексеріп отырса, В студент С студентті тексеріп, үйретіп отырады. Бірақ С студентті бағдарлама материалының алдында келе жатқан кез келген студент тексере береді. Осылайша, топ студенттері цепь тәріздес немесе шеңбер құрап бірін-бірі үйретіп, тексеру арқылы, алға қарай жылжи береді. Ұжымдық оқыту әдісінің бұл түрін қолданғанда, оқытушыдан үлкен жауапкершілік әрі уақыт талап етіледі. Бұл әдісті бір күнде, бір сабақта қолдану мүмкін емес. Оған көп дайындық керек. Бұл оқыту әдісінің жүргізу үлгісі студенттерге әбден түсіндірiлуі тиіс. Ұжымдық оқыту әдісінің кез келген үлгісін алып қарастырғанда, олардың ортақ ерекшеліктеріне көз жеткізуге болады. Солардың негізгілері: * Әрбір тілдік қатынас барысында топ студенттерінің жартысы тыңдап отырса, жартысы сөйлейді. Топ студенттерінің құрамы ең аз дегенде төрт адамнан құралуы керек. * Әр студент бірде оқушы, бірде оқытушы қызметін атқарады. * Әрбір студенттің мақсаты өзіңнің оқып үйренгеніңді басқаға үйретесің немесе өзің үйренесің. * Әрбір студенттің жасаған жұмысы, іс-әрекеті пайдалы, яғни, ол тек үйреніп қана қоймай, біреуді үйретеді. * Жұмыстың негізгі ұстанымы барлығы кезекпен әрқайсысын оқытады, ал әрқайсысы барлығын үйретеді. * Әр студент өзі үшін ғана жауап бермейді, сондай-ақ, өз жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауап береді. * Педагог-жетекшінің маңызды міндеті - әр студент бойында сөйлеу шеберлігін, үйрете білу өнерін қалыптастыру. * Ұжымның және жеке мүдделердің сәйкестігі: білімді неғұрлым көп адамға және жақсы, сапалы үйретсем, соғұрлым көп біліп, жақсы білетін боламын деген қағиданы ұстанады. Ұжымдық оқыту әдісі - тек мәтінмен жұмыс жүргізуде ғана емес, сонымен бірге басқа да әр түрлі жұмыс түрлерін орындауда да өте тиімді қолданылатын әдістердің бірі. Мысалы: * Өзара диктант алу жұмысы. * Шаталов - Границкая үлгісі бойынша тапсырмалар орындау. * Сұрақтар бойынша жұмыс жасау. * Ауыспалы жұптық жұмыс арқылы жаттығу жұмысын жазбаша және ауызша орындау. * Өзара тапсырма алмасу жұмысы. * Өлең жаттау. * Ривин үлгісі бойынша, мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жұмысы сияқты басқа да көптеген жұмыс түрлерін орындауда да ұжымдық әдіс өте ұтымды пайдаланылады. Дамыта оқыту технологиясы Білім берудегі дамыта оқыту технологиясы оқушылардың потенциалды мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған үрдіс. Дамыта оқыту идеясы Пестолаци еңбектерінен бастау алып, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.П.Эльконин сияқты Ресей ғалымдарының зерттеулерінде жалғасын тапты. Дамыта оқытудың негізін ХХ ғасырдың 30 жылдары Л.С.Выготский салды. Дамыта оқыту теориясының қалыптасуы оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесінің зерттелуімен тығыз байланысты болды. Оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесін Ф.Фребель, А.Дистерверг, Н.Д.Ушинский әр қырынан қарастыруға тырысты. ХХ ғасырдың 30 жылдары неміс психологі О.Зельц оқыту үрдісінің баланың ақыл-ой дамуына тигізетін әсерін анықтау мақсатында эксперимент жүргізді. Ол кезеңде аталған мәселе бойынша үш түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Бірінші көзқарасты жақтаушылар А.Гезелла, З.Фрейда, Ж.Пиаже адам дамуының оқытумен еш байланысы жоқ деп есептесе, екінші көзқарас бойынша оқыту мен дамыту тең дәрежеде қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес кез келген оқыту үрдісі арқылы даму үрдісін іске асыруға болады. Үшінші теорияда (К.Коффка) даму үрдісі оқытудың қатысынсыз жүретін үрдіс ретінде қарастырылғанымен, оқыту мен даму арасында бірін-бірі толықтыратын теңдік бар деп есептейді. Л.С.Выготский көрсетілген үш теорияның ешқайсымен де келіспей, оқыту мен дамытудың байланысы туралы өз ғылыми болжамын жасады. Л.С.Выготский болжамы бойынша, оқыту үрдісі мен дамыту үрдісі арасында міндетті түрде байланыс бар, бірақ оларды ешқашан тең дәрежеде қарастыруға болмайды. <<...Хотя обучение и связано непосредственно с детским развитием, тем не менее они никогда не идут равномерно и параллельно друг другу... Между процессами развития и обучением устанавливаются сложнейшие динамические зависимости, которые нельзя охватить единой, наперед данной, априорной умозрительной формулой>> ???№№ Осы болжамды ғылыми негіздеу арқылы Л.С.Выготский адамның психикалық қызметі дамуының негізгі генетикалық заңының маңызын ашып берді. Аталған заң ғалым ұсынған тұжырымның негізі болды. Л.С.Выготский бойынша, кез келген жоғары психикалық қызмет бала дамуында екі рет пайда болады - алғашқыда ұжымдық, әлеуметтік іс әрекетте, екінші рет жеке іс әрекетте. Ол бойынша ғалым былай деп тұжырым жасайды: <<Этот закон, думается нам, всецело приложим и к процессу детского обучения... Существенным признаком обучения является то, что оно создает зону ближайшего развития, т.е. вызывает у ребенка к жизни, пробуждает и приводит в движение ряд внутренних процессов развития... С этой точки зрения обучение не есть развитие. Но, правильно организованное, оно ведет за собой детское умственное развитие, вызывает к жизни ряд таких процессов, которые вне обучения вообще сделались бы невозможным. Обучение есть, таким образом, внутренне необходимый и всеобщий момент в процессе развития у ребенка не природных, но исторических особенностей человека>> №№№№ Л.С.Выготский идеясын ізбасарлары (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин) әрі қарай дамытуға тырысқанымен, көптеген жылдар бойы идея тек болжам күйінде қалды. Тек 1930-50 жылдары А.Н.Леонтьев, А.З.Запорожец, С.Л.Рубинштейн сияқты психолог ғалымдар дамыта оқыту мәселесін шешудің маңызды әдісі ретінде қалыптастыру экспериментін жасады. Ал 1960-80 жылдары дамыта оқыту мәселесі мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш және орта білім беру саласында қарастырылады (З.И.Калмыкова, И.Я.Лернер). Алынған нәтижелер оқытудың бала дамуына тигізетін әсері туралы қағиданы негіздеуге, дамыта оқытудың нақты психология-педагогикалық шарттарын анықтауға негіз болды. 1950 жылдардың соңынан бастап Л.С.Выготский болжамын одан әрі жетілдіру мақсатында бір ұжымды Л.В.Занков, екінші ұжымды Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов басқарған зерттеу жұмысы жүргізілді. Эльконин-Давыдовтың ғылыми-практикалық ұжымының зерттеулері нәтижесінде Л.С.Выготский болжамы дамыта оқыту теориясына айналды. В.В.Давыдовтың <<Проблемы развивающего обучения>> атты еңбегінде дамыта оқыту мәселесі жан-жақты қарастырылады. Аталған еңбекте дамыта оқыту мен тәрбиеге қатысты оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуы, оқыту мәселелерін дұрыс шешу, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін оқу іс-әрекеті сияқты мәселелер қарастырылады. Ғалым дамыта оқыту қағидасын бүтін бір жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Ғалымның пайымдауынша, оқу қызметі оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне білік, дағды жатады. Сондай-ақ, ғалым сабақта берілетін білім мазмұнын қабылдау үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары да түсіндірілуі тиіс деп есептейді. Ғалымның пікірінше, дәстүрлі оқытудың мазмұны мен формасы қазіргі кезең талаптарын қанағаттандыра алмайды, теориялық ойлау ұстанымы негізінде құрылған оқыту ғана жас ұрпақтың қалыптасуына, тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндік береді. Яғни В.В.Давыдов ақыл-ой әрекетін дамытуға негізделген оқыту технологиясының негізін қалыптастырды. Орыс ғалымы Л.В.Занков дамыта оқыту технологиясын жеке тұлғаны тұтас дамытуға негізделген оқыту технологиясы деп есептеді. Л.В.Занковтың пікірінше, мектеп баланы психикалық тұрғыда дамыта алмай келеді. Сондықтан ол өз зерттеулерінде білім берудің жайы мен оны одан ары дамытудың жолдарын қарастырады. Л.В.Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан-жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады. Оның пайымдауынша, дамыта оқыту технологиясы - белсенді іс-әрекетке негізделген, жеке тұлғаның ерекшелігі мен білім деңгейін ескеретін, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының оқытуда қолданылатын негізгі ұстанымы: білімді күрделіден жеңілге қарай меңгерту, яғни қиын тапсырмалар беру арқылы меңгерту болып табылады. Бұл жердегі <<қиын>> ұғымы жолда кездескен бөгеттерді жеңіп шығумен байланысты берілген. Ғалым Л.В.Занковтың пікірінше, жеңілден күрделіге қарай берілетін білім баланың дамуын тежейді. Өйткені біртіндеп берілетін білім баланы еш ойландырмайды. Ал оқу үрдісін қиын деңгейде ұйымдастыру арқылы баланың дамуына жол ашылады. Оқушы алдына саналы түрде белгілі бір мақсат қойылып, кездескен қиыншылықтарды жеңуге тырысады, ізденеді, ойланады, өзіндік жұмыс атқарады. Осыларға орай Л.В.Занков дамыта оқыту жүйесіне негіз болатын төмендегідей дидактикалық ұстанымдарды ұсынады: 1 Білім ерекше қиындықта берілуі тиіс; 2 Теориялық білімнің жетекші мәнге ие болуы; 3 Оқу материалын жылдам игерту; 4 Оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі; 5 Оқушылардың барлығының жалпы дамуына жүйелі, мақсатты жұмыс жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға да үлкен мән беріледі. Бұл дамыта оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі деп есептеді ғалым Л.В.Занков. Білім меңгертуде дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлауға, қиялдауға негізделген оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Дамыта оқыту жүйесінде сабақ білім беру үрдісінің негізгі элементі болып қала береді. Бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске ұшырайды: * сабақтың мақсаты тек жаңа материалдан хабардар ету мен білік, білім, дағдыны тексеруге ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады; * оқушылардың өз бетімен ойлануына негізделген әрекеттер жүзеге асады; * оқушы мен оқытушы арасындағы ынтымақтастық жүзеге асады. Ғалым Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі бойынша, баланы күштеп дамытуға болмайды, бала өздігінен ізденіп, білім алуға икемделуі тиіс. Сондай-ақ, оқытушы мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнауы тиіс. Жоғарыда қарасытырған дамыту, дамыта оқыту туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары қорытындыласақ, дамыта оқыту білім беру барысында бала психикасының жаңа деңгейге, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оқушының еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру дегенге келіп саяды. Дамыта оқыту технологиясы - оқыту мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы: * оқушыны жан-жақты дамытуға; * мәселелік жағдайларды шешуге; * оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға; * танымдық қызығушылықтарын арттыруға; * өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді Проблемалық оқыту технологиясы Проблемалық оқытуды жаңадан пайда болған оқыту технологиясы деп есептеуге болмайды. Проблемалық оқыту элементтерін Сократ еңбектерінен, Ж.Ж.Руссоның сабақ жоспарларынан (Эмеляға арналған) кездестіруге болады. Әсіресе К.Д.Ушинский бұл мәселені көп қарастырған. Ол <<Сократ әдісі>> деп аталып кеткен Сократ әдісінің тиімділігі бұл әдісті барлық жастағы балаларға, яғни кез келген сыныпта қолдануға болатындығында деп есептейді. <<Сократ не навязывал своих мыслей слушателям, но, зная, какие противоречия ряда мыслей и фактов лежат друг после друга в их слабо освещенных сознанием головах, вызывал вопросами эти противоречащие ряды в светлый круг сознания и, таким образом, заставлял их сталкивать, или разрущать друг друга, или примиряться в трерьей их соединяющей и уясняющей мысли>>-деп көрсетеді К.Д.Ушинский [ 1]. Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды. Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т.В.Кудрявцев, Д.В.Вилькеев, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселемен басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда. Мектептің негізгі міндеті үйлесімді дамығын тұлға қалыптастыру екендігі белгілі. Қазіргі педагогика ғылымы саласында баланы оқыту үрдісінде жалпы дамыту мәселесі жан-жақты зерттелуде. Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның негізгі көрсеткіші - ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейде болуы. Яғни, оқыту арқылы. Арнайы педагогикалық әдістер арқылы баланың ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, жалпы дамуына жол ашылу керек. Мұндай оқыту түрін педагогика өкілдері проблемалық оқыту деп атайды. Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В.Оконь проблемалық оқыту <<Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептесе [ 2 ], Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы <<Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында>>,- деген ой түйіндейді [ 3 ]. В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский сяқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М.И.Махмутов <<Проблемное обучение. Основные вопросы теорий>> деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді: <<Проблемное обучение - это тип развивающего обучения, в котором сочетаются систематическая самостоятельная поисковая деятельность учащихся с усвоением ими готовых выводов науки, а система методов построена с учетом целеполагания и принципа проблемности; процесс взаимодействия преподавания и учения ориентирован на формирование познавательной самостоятельности учащихся, устойчивости мотивов учения и мыслительных (включая и творческие) способностей в ходе усвоения ими научных понятий и способов деятельности, детерминированного системой проблемных ситуаций>> [ 4 ]. Көріп отырғанымыздай, проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған және ол оқыту арқылы іске асырылады. Бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Проблемалық оқыту оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады. Басқаша айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай паудалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді. Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушының берген тарсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешрейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі блдады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық оқыту белсенділігі оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып табылады. Оқушылардың ой-өрісін шығармашылық жолмен белсендіру танымдық қызығушылықты қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық жағдай дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының өзінің іздеп табуы. М.А.Матюшкин сөзімен алсақ, проблемалық жағдай дегеніміз <<особый вид умственного взаимодействия объекта и субъекта, характеризующийся таким психическим состоянием субъекта (учащегося) при решении им задач, который требует обнаружения (открытия или усвоения) новых, ранее субъекту неизвестных знаний или способов деятельности>> [ 5 ]. Осы айтылғандарға орай, қандай жағдайда проблемалық жағдай туындайды және оны шешудің жолдары қандай? деген сұрақ туындайды. Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек: * Проблемалық сұрақтарды студенттердің білмеуі; 2 Проблемалық сұрақтарды шешуде студенттердің бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру. П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді: 1 Проблемалық жағдай туғызу. 2 Проблеманы шешу жолдарын іздестірі және оған өз ой тұжырымын беру. 3 Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау, себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру. 4 Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу. 5 Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу. Зерттеу нәтижесі проблемалық жағдай мынандай жағдайларда туындауы мүмкін екендігін көрсетті (барлық пәндер бойынша). 1 Оқушы қойылған мәселенің шешіімн табу әдісін білмеген жағдайда, проблемалық сұраққа жауап бере алмағанда және жаңа фактіге түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрынғы алған білімнің жетіспеуі кезінде проблемалық жағдай туындайды. 2 оқушының бұрынғы меңгерген білімін тәжірибеде қолдану қажеттігі туындаған кезде және оны тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Білімнің жетіспеушілігін түсінген жағдайда оқушыда танымдық қызығушылық пайда болып, ізденімпаздылыққа ынталандырады. 3 Мәселені теориялық тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны тәжірибеде жүзеге асыру тәсілі арасында қарама-құайшылық болған жағдайда проблемалық жағдай оп-оңай туындайды. 4 Керісінше, мәселені тәжірибелік тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыда негіздеуге мүмкіндік болмаған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Ал оқу үрдісінде проблемалық жағдай тудырудың дидактикалық негіздері төмендегі 4 түрлі мақсатты іске асыруды көздейді. (немесе заңдылық) 1) Қойылған проблемалық сұраққа, мәселеге т.б. оқушының назарын аударту, оның танымдық қызығушылығын ояту; 2) Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру; 3) Оқушыға берілген танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түйінін шешуге, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу; 4) Тығырықтан шығудың ең тиімді жолдарын іздестіруге бағыттау. Проблемалық жағдайлар тудырып, оны шешу дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуға, интеллектісі мен зейінін арттыруға мүмкіндік туады. Проблемалық оқытудың мән мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн. Басқа оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі - оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі - педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен. Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мәне береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды студенттердің өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді. Екінші айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі оқушы үшін мұғалім жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге мұғалім мүмкіндік бермейді. Проблемалық оқыту әдісінде оқытушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды студенттердің өздерінің шешуіне жол ашылады. Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері. Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі - теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі, ол өз кезегінде оқушылардың білімді берік сапалы меңгерулеріне, ойлау қабілеттерін, білік, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді. Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болса, үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады. Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады. Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады жаңа білім, білік, дағды меңгереді. Бесінші ерекшелігі дидактиканың жеке бағдарлы оқыту ұстанымымен анықталады. Әр түрлі қиындық деңгейіндегі оқу проблемаларын әр оқушы әрқалай қабылдайды және оның шешімін әркім әрқалай шешеді. Осыған сай бірнеше ғылыми болжам, дәлел, түсінік беріледі де, оқушылар оны салыстыра отырып, өз ой-пікірлерін, болжамдарын дәлелдейді. Проблемалық оқытудың алтыншы ерекшелігі - "ойлауды белсендіру". Проблемалық оқыту технологиясының міндеттерін іске асыруда, яғни, оқу мазмұнын толық ұғынып, одан белгілі бір нәтиже шығаруда ой негізгі рөл атқарады. Ойлау - адамның таным әрекетінің ең жоғарғы формасы. Ол - күрделі психикалық үрдіс. Көрнекті кеңес психологі Л.С. Выготский оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе, оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуі тиіс дегенді айтады [55,300]. Бұл жерде оқушылардың ойлау әрекетін үнемі белсендіріп отыру көзделеді. Проблемалық оқытудың жетінші ерекшелігі бойынша, оқушылардың "шығармашылық ойлауын" жетілдіру арқылы олардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіндік ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру көзделеді. Проблемалық оқыту технологиясы ерекшеліктерінің ішіндегі алғашқы үшеуі ең маңызды болып есептеледі, өйткені біріншісі - білімнің беріктігін, екіншісі - өз көзқарасын қалыптастыру мен қорғауды, үшіншісі - меңгерген теориялық білімді өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Ал қалған ерекшеліктер осы үш ерекшеліктің тиімділігін арттырып, жетілдіре, толықтыра түседі. Проблемалық оқыту технологиясының көрсетілген ерекшеліктеріне қарай, проблемалық оқытудың түрлері анықталады. Проблемалық оқытудың түрлері: 1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады. 2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді. 3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем шығарма жазу, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. Проблемалық оқыту түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Оқушының ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге, сол арқылы белсенді тілдік қатынасқа түсуге мүмкіндік туындайды. Өйткені ол белгілі бір мәселені шешу бойынша ой бөліседі, өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді. Бұның бәрі тілдік қатынасқа түсудің бірден-бір жолы және соқушының өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Яғни, проблемалық оқыту дегеніміз - оқытушы мен оқушының бірлескен оқу және іздену, зерттеу әрекеті. Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады. Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: + Селевко бойынша педагогикалық технологиялардың топтастырылуы + Қарқынды оқыту технологиясы дегеніміз не? + Ұжымдық оқыту технологиясы дегеніміз не? + Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз не? + Проблемалық оқыту технологиясы дегеніміз не? Әдебиеттер: 1. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. - Алматы: РБК, 1998. -96 б. 2. Подласый И. П. Педагогика. - М.: Владос, 2000. -573 с. 3 Пестолаций И.Т. Избр. пед. произв. В з т-х. Т.3. - М., - 1965. -216 с 4 Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. - 1998. №7. С.84 -91. 5 Юдин В. Сколько технологий в педагогике? //Школьные технологий. - 1999. №3. С.34-40. 6 Кушнир А. Новая Россия подрастает.// Народное образование. - 1997. №5. С.20-27. 7 Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. - 2000. №6. С.113-120. 8 Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.М., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модульное обучение: Вопросы теорий и технологий. - Алматы: Мектеп, 1980. -208 с. 9 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2-е изд. - М.: Педагогика, 1984. -95 с. 10 Вихман. Метод сочетательного диалога. Опыт применения. (В порядке обсуждения). // За качеством кадров. - 1931. №6. С.26-35. 11 Китайгородская Г.А. 33 ответа на 33 вопроса. - М.: МГУ., 1993. -197 с. 12 Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений. - М.: Просвещение, 1971. -191 с. 13 Вихман 3. Опыт построения учебного материала для массового рабочего образования. //Революция и культура. - 1930. №15-16. С.55-63. 14 Дьяченко В.К. Общие формы организаций процесса обучения: Актуал. проблемы теорий и практики обучения. - Кросноярск: Изд. Кроснояр. ун., 1984. -185 с. 15 Дьяченко В.К. Еще раз о коллективных учебных занятиях. //Народное образование. - 1992. №1-2. С.12-17. 16 Арыстанов М. Проблемное обучение в учебном процессе вуза. - Алматы: Мектеп, 1975. -80 с. 17 Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж. Проблемно-модульное обучение: вопросы теорий и технологий. - Алматы: Мектеп, 1990. -207 с. 15 Гонтарь Г.М. Использование проблемного подхода при обучений второму иностронному языку. Автореф. ... канд.пед.наук. - М. - 1987. -16с. 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны №1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары және қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері туралы білімдерін жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі - мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Қазақ тілі-ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл /конспект/. * Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдері типологиялық белгілеріне шолу. * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына шолу /конспект/. Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. №2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы, ауыл молдаларының мектепке қосқан үлесі, қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы алған мағлұматтарын толықтыру. Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған <<Айқап>>, <<Қазақ>>, <<Мұғалім>>, <<Шолпан>>, <<Шора>>, <<Сана>>, <<Жаңа мектеп>> т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесі. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау мәселесінің көтерілуі. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары * Қазақ даласындағы алғаш ашылған мектеп * Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты * Алғаш құрылған мектеп-интернаттары * 1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте білім беру ісі * ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде қай ғалымдардың оқулықтарын пайдаланды? Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 365 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. 5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6. 6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. - 6-8 б. №3 Тәжірибелік сабақ: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері мен еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін анықтау. Әдістемелік еңбектерімен танысып, талдау жүргізу Әдістемелік нұсқаулық: Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қоюы. Кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын көрсетуі. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі, Ы.Алтынсарин ашқан мектептер, <<Қазақ хрестоматиясы>> еңбегінің маңызы Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Ы. Алтынсарин - кемеңгер әдіскер * Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі * <<Қазақ хрестоматиясы>> еңбегіне талдау жүргізу Әдебиеттер: 1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, <<Мектеп>>1988. 2. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965. 3. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 5. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет 6. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, <<Ауыл мұғалімі>> журналы, 1938 ., №14 7. Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж. 8. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. №4 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту бойынша ұсынған әдістеместеріне талдау жүргізу Әдістемелік нұсқаулық: Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. <<Әріптерді тани білуді>> мақсат ету - таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар . Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * А.Байтұрсынұлы жазған <<Оқу құралы>> еңбегі * <<Баяншы>>, <<Әліппе астары>>, <<Нұсқаушы>>, <<Тіл жұмсар>> әдістемелік еңбектерінің маңызы * <<Баулу мектебі >>, <<Жалқылау>>, <<Қай әдіс жақсы>>, <<Дыбыстарды жіктеу>> атты мақалалары. * А. Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектерінің қазіргі кезеңдегі көрінісі Әдебиеттер: 1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - 1990. - 448 б. 2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. - Алматы, 1990. - 35 б. 3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б. 4. Аханов Қ. <<Қазақ тілі>> оқулығына нұсқау. - Алматы, 1975. - 52 б. №5 Тәжірибелік сабақ: Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Мақсаты: Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында атқарған ғылыми қызметімен танысу. Ақынның <<Педагогика>> (1922), <<Ана тілі>> (1923), <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы>> (1925), <<Сауатты бол>> (1926), <<Ересек шала-сауаттылар программасы>> (1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалаларымен танысу. Әдістемелік нұсқаулық: М.Жұмабаевтің <<Педагогика>> еңбегіне енген <<Тіл>>, <<Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны>>, <<Баланың тілі>> атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны. М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің маңызы. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * М.Жұмабаевтің <<Педагогика>> (1922) еңбегінің маңызы * М.Жұмабаевтің <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы>> (1925) еңбегіне талдау жүргізу * <<Сауатты бол>> (1926), <<Ересек шала-сауаттылар программасы>> (1926) еңбектерінің маңызы Әдебиеттер: * Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші * Жұмабаев М. Педагогика 3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. 4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж. №6 Тәжірибелік сабақ: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы білімдерін толықтыру. Автордың <<Тәрбиеге жетекші>>, <<Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері>> т.б. еңбектерімен танысып, талдау жұмыстарын жүргізу Әдістемелік нұсқаулық: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға, жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты жазған ғылыми мақалалары. Ұлттың жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жол ретінде ғалым буын әдісін қолдауы. Балаға әуелі 2-3 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оған дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздыру, оқыту әдісін ұстану қажеттігі туралы пікірлері. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * <<Ана тілін қалай оқыту керек?>> атты көлемді мақаласы әдістемелік құндылығы. * Ж.Аймауытовтың <<Тәрбиеге жетекші>> еңбегімен танысып талдау * <<Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері>> еңбегінің маңызы Әдебиеттер: * Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші * Жұмабаев М. Педагогика 3. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж. 4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж. №7 Тәжірибелік сабақ: Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер Мақсаты: Сейіл Жиенбаев - қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері туралы білім жетілдіру. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерімен танысу Әдістемелік нұсқаулық: С.Жиенбаев еңбектерінің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны. Қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқыту әдістемесі сияқты мәселелерге тоқтаумен бірге, <<мұғалім сабақты беруді >> көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті әдістеме рецепт емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба>> , - деп әдістеменің көптеген мәселелеріне тоқталуы. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған <<Үлкендер үшін әліппе>> еңбегі. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы. Ө. Тұрманжановпен бірге <<Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы>>, Қ.Оспанұлымен бірге <<Екпінді күш 1 - класс үшін әліппе кітабы>>, А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған <<Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін / >> атты оқу құралдары. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері * Ш.Сарыбаевтың <<Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері>> еңбегі * Ш.Сарыбаевтың <<Жаздырып үйретудің әдістері>>, <<Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы>>, <<Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары>> еңбектерінің маңызы * С.Жиенбаевтің <<Грамматика талдауыш>>, <<Қазақ тілі әдістемесі>>, << Грамматикалық таблицалар>> еңбектері Әдебиеттер: 1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы 3.Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999 №8 Тәжірибелік сабақ: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері. Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Мақсаты: Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалаларымен танысу. И.Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі және И.Ұйықбаев құрастырған <<Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> атты еңбегімен танысу Әдістемелік нұсқаулық: Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың мәселелерінің көтерілуі, ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестері. Әдіскер-ғалымның <<Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы>>(1940), <<Әріп, дыбыс, буын>>, <<Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы>>(1950), <<Грамматика таблицалаларына нұсқау>>, <<Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал>> (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы. И.Ұйықбаевтің еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылуы. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Ғ.Бегалиевтің <<Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы>>, <<Қазақ тілінің грамматикасы>>, <<Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері>> еңбектерімен танысып, талдау жүргізу * И.Ұйықбаевтың <<Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері>>, <<Қазақ тілі методикасының очерктері>>, <<Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші>> еңбектерімен танысу. Әдебиеттер: * Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. - алматы, 1969. - 228 б. * Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974 * З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2002 * З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 * Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66. * Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 * С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997 * Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 №9 Тәжірибелік сабақ: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы Мақсаты: Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым. Әдіскер ғалымның <<Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация>> атты еңбегі жайлы мағлұмат алу. Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы білімдерін жетілдіру Әдістемелік нұсқаулық: Х.Арғыновтың оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетуі. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән берілуі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге, тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігі туралы. Қажым Басымов қазақ тілі тәрізді бүтін бір ғылымның теориялық та, әдістемелік те жақтан дамуына орасан зор үлес қосты. Қ.Басымов <<Грамматиканы оқыту жөнінде>> деген мақаласында грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оның өту әдісін баяндауы. Гаммматиканы оқыту үстінде оқушының сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе өз уақытында жаттықтырылып отырады. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Х.Арғыновтың <<Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы>>, <<Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері>> еңбектерімен танысып, талдау жүргізу * Қ.Басымовтың <<Емлемізді түзеу туралы>>, <<Емле сөздігіне негізді тиянақ керек>>, <<Қазақ әрпін өзгерту туралы>>, <<Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік>>, <<Грамматиканы оқыту жөнінде>>, <<Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері>>, <<Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары>> сияқты еңбектерімен танысып, талдау жүргізу Әдебиеттер: * Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, <<Ауыл мұғалімі>> журналы, 1938 ., №14 * Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж * Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 240 б. * Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. - Алматы, 1995. - 25 б. * Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. - Алматы, 1994. - 173 б. * Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. - Алматы, 1992. - 88 б. * Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. - 1993. - №5. - 21-24 б. №10 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов ғалымдар еңбектерінің алатын орны мен маңызын ашып көрсету Әдістемелік нұсқаулық: Рақыш Сәтұлы қазақ тіл білімінің күрделі салаларының бірі - сөйлеу тілі синтаксисінің ерекшеліктерін зерттейді. Р.Әмірдің Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша жазған еңбектері. Солардың арасынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін түсіне білуге үйрету, бастауыш сыныптардағы бағдарламалар мен оқулықтар, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ғылыми-методикалық тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, орыс мектептерінің 2-7 сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша атап өту Ы.Маманов еңбектеріндегі әдістеменің өзге пәндермен байланысы, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері туралы көзқарастары. Оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән берілуі. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Әмір Рақыш - қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, профессор. * Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері * Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. 4. Ы.Мамановтың <<Етістік>>, <<Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы>> атты зерттеулері Әдебиеттер: 1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, <<Мектеп>>1988. 2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965. 3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. 4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. 5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995. 6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967. 7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет 9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982. 10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет №11 Тәжірибелік сабақ: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Мақсаты: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері мен танысу. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Айтбай Айғабылұлының еңбектерімен танысу Әдістемелік нұсқаулық: Д.Әлімжановтың филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> атты оқулықты 1965 жылы <<Мектеп>> баспасынан шығаруы. Бұл оқулық қазіргі күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек екендігі. Айтбай Айғабылұлының қазақ тілі әдістемесінің дамуына қосқан үлесі, Айтбай Айғабылұлының еңбектерінің алатын орны. Әдіскер ғалымның <<Ережеден дәлдік - оқыту сапасының көрсеткіші>> атты мақаласының маңызы Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Д.Әлімжановтың <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> А., 1965 (авт.бірі); <<Қазақ тілін оқыту методикасының программасы>> А., 1961; <<Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы>> А., 1964,1968,1969. <<Қазақ тілі методикасының мәселелері>>. А., 1969 (авт.бірі); <<Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері>> А., 1972. еңбектерімен танысу, талдау жүргізу * А.Айғабыловтың <<Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау)>> Алматы, 1989.35 б <<Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары>> Алматы, 1982.232 б <<Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ)>> Алматы, Мектеп, 1982. 206 б <<Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру>> Алматы, 1984.185 б <<Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7 <<Лексиканы оқыту принциптері>> // Қазақстан мұғалімі 1981 №52 еңбектерімен танысып, талдау жүргізу Әдебиеттер: * Д.Әлімжановтың <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> А., 1965 (авт.бірі); <<Қазақ тілін оқыту методикасының программасы>> А., 1961; <<Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы>> А., 1964,1968,1969. <<Қазақ тілі методикасының мәселелері>>. А., 1969 (авт.бірі); <<Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері>> А., 1972. еңбектерімен танысу, талдау жүргізу * А.Айғабыловтың <<Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау)>> Алматы, 1989.35 б <<Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары>> Алматы, 1982.232 б <<Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ)>> Алматы, Мектеп, 1982. 206 б <<Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру>> Алматы, 1984.185 б <<Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7 №12 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау, ол туралы мәліметтер жинау. Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектерге талдау жұмысын жүргізу Әдістемелік нұсқаулық: Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық - Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың <<Қазақ тілі>> оқулығы. 1998 жылы Т.Аяпованың <<Қазақ тілі>> деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы Кешенді оқулықтың мақсаты - <<бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету>> Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың <<Қазақ тілі>> оқулығы. Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан <<Қазақ тіліні үйрену курсының программасы>>. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы <<Ана тілі>> баспасынан шыққан <<Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі>> оқулығы Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000. 2. Лапатухин М.С. Очерки по методике казахского языка в русской школе. Алматы, 1940. 3. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд. Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927 - 122с. 4. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940 5. Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. Алматы, 1943 - 125б. 6. Орынбаев А.Ә. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы.алматы, 1995. 7. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 1987 - 75б. 8. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996 - 20б. 9. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999. 10. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б. 11. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998. 12. Байсақалова Ұ. Қазақ тілі. Астана.Фолиант, 2007. №13 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайына салыстыру жүргізу. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы анықтап көрсету Әдістемелік нұсқаулық: Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, жаңа оқыту технологиясы бойынша да, негізгі мақсат оқыту мақсаты болып қалады және ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің(мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдары), олардың өзара байланыстылығының өзгеруін талап етеді. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. * ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Әдебиеттер: 1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 3. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 4. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 5. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 6.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. №14 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Мақсаты: Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялар туралы толық материалдармен танысу Әдістемелік нұсқаулық: Педагогикалық технологияға берілген анықтамаларға шллу жасау, педагогикалық технология анықтамасы, негізгі ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі, қажеттілігі Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Педагогикалық технологияға берілген анықтамаларға салыстыру жүргізу * Жүргізілген салыстырулар негізінде педагогикалық технология ерекшеліктері мен мақсат-міндеттерін анықтау * Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі Әдебиеттер: 1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. №15 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы Мақсаты: Қазақ тілін жаңа технологиялар негізінде оқытудың топтастырылу ерекшеліктерін анықтау. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы, қарқынды оқыту технолгиясы дамыта оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесін анықтау Әдістемелік нұсқаулық: Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім меңгерудің маңызы. педагогикалық технологиялардың топтастырылу ерекшеліктері Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: * Селевко бойынша педагогикалық технологиялардың топтастырылуы * Қарқынды оқыту технологиясының әдістемелік негізі * Ұжымдық оқыту технологиясының әдістемелік негізі * Дамыта оқыту технологиясының әдістемелік негізі * Проблемалық оқыту технологиясының әдістемелік негізі Әдебиеттер: 1. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. - Алматы: РБК, 1998. -96 б. 2. Подласый И. П. Педагогика. - М.: Владос, 2000. -573 с. 3 Пестолаций И.Т. Избр. пед. произв. В з т-х. Т.3. - М., - 1965. -216 с 4 Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. - 1998. №7. С.84 -91. 5 Юдин В. Сколько технологий в педагогике? //Школьные технологий. - 1999. №3. С.34-40. 6 Кушнир А. Новая Россия подрастает.// Народное образование. - 1997. №5. С.20-27. 7 Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. - 2000. №6. С.113-120. 8 Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.М., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модульное обучение: Вопросы теорий и технологий. - Алматы: Мектеп, 1980. -208 с. 9 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2-е изд. - М.: Педагогика, 1984. -95 с. 10 Вихман. Метод сочетательного диалога. Опыт применения. (В порядке обсуждения). // За качеством кадров. - 1931. №6. С.26-35. 11 Китайгородская Г.А. 33 ответа на 33 вопроса. - М.: МГУ., 1993. -197 с. 12 Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений. - М.: Просвещение, 1971. -191 с. 13 Вихман 3. Опыт построения учебного материала для массового рабочего образования. //Революция и культура. - 1930. №15-16. С.55-63. 14 Дьяченко В.К. Общие формы организаций процесса обучения: Актуал. проблемы теорий и практики обучения. - Кросноярск: Изд. Кроснояр. ун., 1984. -185 с. 15 Дьяченко В.К. Еще раз о коллективных учебных занятиях. //Народное образование. - 1992. №1-2. С.12-17. 16 Арыстанов М. Проблемное обучение в учебном процессе вуза. - Алматы: Мектеп, 1975. -80 с. 17 Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж. Проблемно-модульное обучение: вопросы теорий и технологий. - Алматы: Мектеп, 1990. -207 с. 15 Гонтарь Г.М. Использование проблемного подхода при обучений второму иностронному языку. Автореф. ... канд.пед.наук. - М. - 1987. -16с. 4 Студенттің өздік жұмысы СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнінен СОӨЖ орындау ерекшелігі - әдіскер-ғалымдардың әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысын қалыптастыру. Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәнінен СОӨж орындау барысында қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Негізгі іскерліктер мыналар: * Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу; * Қазақ тілі сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану; * Қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эмприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұоласу жолдарын тану; * Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы курсын меңгеру барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі қажет. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу керек. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің осы кезге дейінгі жинақталған бай мұрасын студенттер танып білуі керек. № Тақырыбы Мақсаты мен мазмұны Әдебиеттер тізімі балл Орындалу мерзімі Бақылау түрі 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері, пән ретінде қалыптасуы және даму жолдары туралы мағлұмат алу 1, 11, 19, 34, 35, 37, 38 3 1-апта Кесте толтыру 2 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары 11, 13, 14, 32, 34, 35, 40 3 2-апта Конспект 3 Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлерімен танысу 2-9, 11, 14, 15, 18, 27-40 3 3-апта Ы.Алтынсариннің әдістемелік еңбектеріне шолу жасау, талдау жүргізу 4 Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну 2-9, 11-23 3 4-апта А.Байтұрсынұлының <<Тіл құрал>> еңбегін оқып, конспектілеу 5 Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері туралы мағлұмат алу, еңбектерін талдау 2-9, 11, 14, 15, 21, 28 3 5-апта <<Педагогика>> еңбегіне талдау жүргізу 6 Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік еңбектері туралы мағлұмат алу 2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38 3 6-апта Әдістемелік еңбектерге талдау жүргізу, <<Тәрбиеге жеткеші>> еңбегін талдау 7 Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі 2-9, 28-40 3 7-апта Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау жүргізу 8 Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Ғали Бегалиев пен И.Ұйықбаевтің әдістемелік тәжірибесімен танысу 2-9, 11, 16,, 17, 31, 32 3 8-апта Ғали Бегалиев пен И.Ұйықбаевтің еңбектеріне талдау жүргізу, конспект жазу 9 Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қ.Басымов еңбектерінің маңызы Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты, Қ.Басымов еңбектерімен тансыу 2-9, 11, 18-21, 33, 38 3 9-апта Х.Арғынов зертеулеріне талдау жасау 10 Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерімен танысу 2-9, 14-25, 31, 33 3 10-апта Конспект 11 Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Әлімжанов Дәулет, Айтбай Айғабылұлы еңбектерімен танысып, талдау жүргізу 2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38 3 11-апта Кесте толтыру 12 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектермен танысу 11-15, 17, 19, 21-31 3 12-апта Жаңа буын оқулықтарына талдау жүргізу 13 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайына талдау жүргізу ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығын анықтау 2-9, 11, 34-36 3 13-апта Конспект 14 Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік қалыптастыру 10, 11-14, 23-30, 33, 34, 35 3 14-апта Қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларының тарихына шолу жасау 15 Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы Жаңа технологиялармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдерімен танысу 11, 31-39 3 15-апта Реферат СӨЖ тапсырмалары және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар <<Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы>> курсының негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру. СӨЖ орындау барысында: * Қазақ тілі оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары туралы мағлұмат алу; * Әдістемелік мұра және оны танып-талдау; * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар еңбектерінің маңызын түсіну; * Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы ғалымдар еңбектерінің орнын тану; * қазіргі кезеңдегі әдістемелік еңбектерге шолу, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, әдістемені заман талабына сай жаңарту сияқты мәселелер қамтылуы тиіс. Пәнді оқу нәтижесінде ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтарын меңгеру қажет № Тақырыбы Мақсаты мен мазмұны Әдебиеттер тізімі балл Орындалу мерзімі Бақылау түрі 1 А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің алатын орны 2-9, 11, 18-21, 33, 38 3 2-апта <<Әліппе>> оқулығының мазмұны мен құрылымына талдау 2 Т.Шонановтың педагогикалық мұралары Т.Шонановтың педагогикалық мұраларымен танысу, мағлұмат алу 4-36 3 4-апта Реферат 3 Сауат ашу кезеңінің әдістемесінің топтамасы. Сауат ашу әдістемелерін салыстырмалы сыни талдау Сауат ашу кезеңінің әдістемесінің топтамасы беру. Сауат ашу әдістемелерін салыстырмалы сыни талдау 2-9, 14-25, 31, 33 3 6-апта Салыстыру жұмысын жүргізу 4 Мектепте грамматиканы оқыту әдістемесінің тарихы Қосымша әдістемелік еңбектерге шолу жасау, грамматиканы оқыту әдістемесінің тарихымен танысу 2-9, 11, 24-1-28, 32, 37, 38 3 8-апта Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау 5 Сауаттылықты арттыруда орындалатын орфографиялық ережелердің зерттелу кезеңдері Сауаттылықты арттыруда орындалатын орфографиялық ережелердің зерттелу кезеңдерін топтап көрсету 11-15, 17, 19, 21-31 3 10-апта Сауаттылықты арттыруда орындалатын тиімді орфографиялық ережелер кестесін толтыру 6 Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруда коммуникативтік іскерлікті қалыптастыру әдісінің тарихы 2-9, 11, 34-36, 40 3 12-апта Реферат 7 Д.В. Эльконин. Дамыта оқыту әдістемесінің тарихы Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу машығын қалыптастыру 10, 11-14, 23-30, 33, 34, 35 3 14-апта Даму кезеңдері бойынша кесте толтыру 8 Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі қазіргі кезеңдегі оқыту технологиялары Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі қазіргі кезеңдегі оқыту технологиялары туралы мағлұмат алу 1, 11, 19, 34, 35, 37, 38 3 15-апта Тест тапсыру 5 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы Дәріс сабағының тақырыбы Семинар сабағының тақырыбы Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер Өз бетімен дайындалу сұрақтары Бақылау түрі 1 2 4 5 6 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері. Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы Жазбаша, ауызша Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәсулулурі Жазбаша, ауызша Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері. Дәріс тезисі, слайд Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой - пікірлері Жазбаша Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . Ауызша Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Жұмабаев Мағжан - педагог, әдіскер ғалым. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Дәріс тезисі кесте слайд түрінде Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері Ауызша Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері. Дәріс тезисі таблица слайд түрінде Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері Ауызша Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. Шамғали Сарыбаев- әдіскер Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. Жазбаша Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі Дәріс тезисі, мысалдарды ноутбуктан көрсету Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау . Жазбаша Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қ.Басымов еңбектерінің маңызы Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қ.Басымов еңбектерінің маңызы Дәріс тезисі, кесте-слайд Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты Ауызша Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев қосқан үлесі Ауызша Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде Талдау жүргізу Жазбаша Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. Дәріс тезисі Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жазбаша Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы. Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер Жазбаша Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы Дәріс тезисі, кестені слайд негізінде Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылу мәселесі Жазбаша 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ 4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы Саны Студенттердің саны Қамтамасыз ету пайызы 1 2 3 4 Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 11 11 100% Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 12 12 100% . З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002 12 12 100% . Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, А.,2000 12 12 100% .0ралбаева Н, Жаксылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде казақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 1996. 12 12 100% А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995 12 12 50% 7. Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. А., 2003 12 12 100% * ӘДЕБИЕТТЕР 1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2002 2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66. 4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:<<Мектеп>>, 1988 5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997 6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965 7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002 8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 9. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Анатілі,1985. 10. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері-Алматы:Мектеп,1959 11. К.Ж.Бұзаубакова.Жаңа педагогикалық технология. А.,2004 12. Т.Әбдікәрімова,Т.Әбдіғалиева,К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999 13. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974 14. Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва - 1986. 15. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, А.,2000 16. М.Махмугов. Современный урок. Москва,1985 17. П.Д.Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы,1972 18.3.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 19.0ралбаева Н, Жаксылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде казақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 1996. 20.Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері. Педагогикалық ізденіс. М.,1989. 21.Ә.Ишмұхамедов. Қызықты грамматика.А., 1995 22. Жұбанов Қ <<Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер>> А., 1999 23.Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері. Алматы-1998. 24.Кәтенбаева Б.,Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.А., 1975. 25.Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері.А., 1972. 26.Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. А., 2003 27. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001. 28. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005. 29. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А., 1998. 30. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998. 31. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998. 32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001. 33. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000 34. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989. 35.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989. 36. .М.Көккөзова, САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000. 37. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003. 38. А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995. 39. Н.Оразахынованың <<Шеберлік класы>> Сатылай комплексті талдау (синтаксис). Алматы-2002. 40. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары Бақылау түрлері Тест тапсырмалары * А.Байтұрсыновтың <<Қай әдіс жақсы?>> мақаласы қай жылы және қандай журналда жарияланды? А) 1926 ж. <<Еңбек>> журналы В) 1926ж. <<Қазақ тілі>> журналыС) 1924 ж. <<Тіл тағылымы>> журналыД) 1922 ж. << Қазақ газеті>>Е) 1928 ж. <<Жаңа мектеп>> журналы * А.Байтұрсыновтың тілді оқытудың әдістемесіне арналған әдістемелік еңбегін атаңыз. А) <<Баяншы>> В) <<Тәрбиеге жетекші>>С) <<Комплексті оқыту жолдары>>Д) <<Ана тілін қалай оқыту керек>>Е) <<Оқыту жайында>> * А.Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектерін көрсетіңіз. А) <<Оқыту жайында>>, <<Қай әдіс жақсы>> В) <<Ана тілін қалай оқыту керек>>С) <<Сауат ашқыш>>, <<Тіл жұмсар>>Д) <<Қай әдіс жақсы>>, <<Ана тілін қалай оқыту керек>>Е) <<Тіл құрал>>, Тәрбиеге жетекші>> * А.Байтұрсыновтың Телжан Шонанұлымен бірігіп шығарған оқулығы қалай аталады және қай жылы жарық көрді? А) <<Әліпби>> 1914ж. В) <<Оқу құралы>> 1927 ж. С) <<Жаңа әліппе>> 1926 ж.Д) <<Тіл құралы>> 1914 ж.Е) <<Сауат ашқыш>> 1924 ж. * А.Байтұрсыновтың Телжан Шонанұлымен бірігіп шығарған еңбегі неше бөлімнен тұрады және ол қандай материалдарды қамтиды? А) 2 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты В) 3 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты 3-і тілге қатыстыС) 2-бөлім тілге қатысты, 2-і өнерге қатыстыД) 2 бөлім, 1-і әдебиет, тұрмыс, еңбекке қатысты 2-і ғылым, ғылыми танымға қатысты Е) 4 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты 3-і педагогикаға қатысты, 4-і ғылымға қатысты * М.Жұмабаевтің әдістемелік еңбегін атаңыз А) <<Сауатты бол>> В) <<Баяншы>>С) <<Оқыту жайында>>Д) <<Сауат ашқыш>>Е) <<Жаңа әліппе>> * М.Жұмабаевтің әдістемелік бағытта жазған еңбегін атаңыз. А) <<Сауат ашқыш>> В) <<Оқыту жайында>>С) <<Баяншы>>Д) <<Оқыту жайында>>Е) <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы>> * М. Жұмабаевтің <<Сауатты бол>> әдістемелік еңбегінде қандай әдіс қолданылған? А) Қиыннан оңайға қарай үйрету В) Оңайдан қиынға қарай үйретуС) Жалпылау әдісі арқылы үйретуД) Жалқылау әдісі арқылы үйретуЕ) Жалпылаулы-жалқылаулы әдіс арқылы үйрету * М.Жұмабаевтің <<Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы>> еңбегі неше бөлімнен тұрады және бөлім атауларын анықтаңыз. А) 2 бөлім, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлері В) 2 бөлім, бастауыш мектебі, еңбек мектебі,С) 4 бөлім, бастауыш мектебі, еңбек мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлеріД) 3 бөлім, бастауыш мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлеріЕ) 2 бөлім, бастауыш мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі * М.Жұмабаевтің <<Педагогика>> оқулығы қашан жарық көрді? А) 1924 ж. В) 1926 ж.С) 1925 ж.Д) 1922 ж.Е) 1928 ж. * М.Жұмабаевтің <<Педагогика>> оқулығы неше бөлімнен тұрады және қанадай мәселелер қамтылған? А) 2 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі В) 3 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі, педагогика мәселесіС) 4 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі, педагогика мәселесі, психология мәселесіД) 2 бөлім, дидактика мәселесі, тәрбие мәселесіЕ) 2 бөлім, педагогика мәселесі, психология мәселесі * Ш.Сарыбаевтың әдістемелік еңбегін көрсетіңіз А) <<Жаздырып үйретудің әдістері>> В) <<Қазақ тілі методикасы>>С) <<Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы>>Д) <<Үлкендерге хат таныту методикасы>>Е) <<Ана тілін оқыту>> * <<Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері>> атты еңбектің авторы А) С.ЖиенбаевВ) Ш.СарыбаевС) Қ.ЖұбановД) Ғ.БегалиевЕ) С.Ұйықбаев * <<Үлкендерге хат таныту методикасы>>, <<Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы>> еңбектердің авторы А) С.ЖиенбаевВ) Ш.СарыбаевС) Қ.ЖұбановД) Ғ.БегалиевЕ) С.Ұйықбаев * С.Жиенбаевтың пәнді оқыту әдістемесіне арналған еңбегін көрсетіңіз А) <<Жаздырып үйретудің әдістері>> В) <<Қазақ тілі методикасы>>С) <<Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы>>Д) <<Үлкендерге хат таныту методикасы>>Е) <<Ана тілін оқыту>> * Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерін атаңызА) Талдау, зерттеу, бақылау, көрнекілік әдісіВ) Бақылау, жеке әңгімелесу, эксперисент әдісі, экскурсия әдісіС) Талдау, зерттеу, бақылау, жеке әңгімелесу, эксперисент әдісіД) Зерттеу, бақылау, жеке әңгімелесу, кітапты пайдалану әдісіЕ) Жеке әңгімелесу, зерттеу, бақылау, ауызша мазмұндау әдісі * Профессор Қ. Жұбанов ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесінде алғаш болып қандай мәселені көтерді?А) Қазақ тілінің морфологиясынВ) Қазақ тілінің дыбыс жүйесінС) Қазақ тілінің синтаксисінД) Қазақ тілінің грамматикасынЕ) Барлығы дұрыс * Қ. Жұбановтың жазу теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында қай жылы <<Ереже>> болып заңдастырылды?А) 1917 жВ) 1927 жС) 1937 жД) 1947 жЕ) 1957 ж * Профессор Қ. Жұбанов қарастырған мәселелерА) БуынВ) Дыбыс үндестігіС) Дыбыс жүйесіД) Буын үндестігіЕ) Барлығы * Ж. Аймауытовтың қандай еңбектерінде әлеумет тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс - тіршілік, адамгершілік әлем, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан қырлары т.б. тақырыптар кең қаралады?А) Тәрбиеге жетекшіВ) ПсихологияС) Жан жүйесі мен өнер таңдауД) Жаңа ауылЕ) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс * Ж. Аймауытовтың қандай мақалаларында мектеп ісі, ұлт тілі, сауатсыздықты жою қарастырылды?А) Емлені өзгерту жобасыВ) Әйелді мектепке алыңдарС) Қазақша хат таныту әдістеріД) Ана тілінің оқыту әдістеріЕ) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс * Ж. Аймауытов ағартушылық, тәлім-тәрбие саласында іс-жұмыстарын қай қалаларда жүргізді?А) Шымкент, Семей, АқтөбеВ) Қостанай, Алматы, ТашкентС) Орынбор, Ташкент, ШымкентД) Қызылорда, Өскемен, ОрынборЕ) Семей, Өскемен, Ақмола * Ж. Аймауытовтың <<Көкшетауда көргендерім>> атты мақаласында не қарастырылды?А) Өлкенің тарихи - шаруашылығыВ) Өлкенің әдет - ғұрпыС) Өлкенің ауыз әдебиет үлгілеріД) Өлкенің мектеп, медреселерінің ағарту істеріЕ) Дұрыс жауап жоқ * Ж. Аймауытов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие тақырыбында қандай ғұламалардың шығармаларына арқау еткен?А) Песталоцци, Дистерверг, ОуэнВ) Л.Н. Толстой, Н.К. КрупскаяС) Аристотель, Бэкоа, Платон, Сократ, ЦицеронД) В.Г. Белинский, А.И. Герцен, А.Н. Радищев, Л.В. ЛомоносовЕ) Ешкімнің * Ж.Аймауытовтың хат тану ісін жеңілдету жолдарын қандай мақаласында сөз етеді?А) <<Емлені оңайлату жобасы>>В) <<Ана тілін қалай оқу керек>>С) <<Жазу таңбаларын азайту туралы>>Д) <<Мектеп қандай болу керек>>Е) Барлық жауаптар дұрыс * Ж. Аймауытов ұсынған тілді оқыту қалай жүру керек ?А) Жазу - сызу (емле) үйретуВ) Сөйлеуге, шығарма жаздыруға төселдіруС) Тіл бақылау (грамматика)Д) Әдебиет жайынан кеңес құруЕ) Барлық жауаптар дұрыс * Ж.Аймаутов көркем әдебиетпен таныс оқушыларға қандай жұмыс ұсынған?А) Өзі айтуВ) Тест алуС) Өзі бәрін әңгімелеп беруД) Еш нәрсе сұрамауЕ) Сұрақ қою * Ж. Аймауытовтың тәлім-тәрбие саласындағы алғашқы әрі іргелі еңбегін ата.А) <<Тәрбиеге жетекші>>В) <<Тәрбие жайлы мәселелер>>С) <<Тәрбие және мектеп>>Д) <<Тәрбиелей білеміз бе?>>Е) <<Тәрбие бастаулары>> * Ж. Аймауытов ой жүйесінде қандай екі әдісті негізгі деп санайды?А) Ғылым мен дидактикаВ) Ғылым мен өнерС) Ғылым мен шәкіртД) Ғылым мен педагогикаЕ) Ғылым мен психология * Ж.Аймауытов оқытудың басты түрлеріне нені жатқызады?А) Сөйлеу мен қорытындылауВ) Бірдей өздік жұмыс беруС) Сөйлеу мен сұрауД) Өз білімдерін толықтыруЕ) Барлығы дұрысА) Кез келген * Ұластыру дегеніміз не?А) Бір нәрсені тереңінен толғап, қарастыруВ) Қайсыбір зат, нәрсені өзгелердің қатарына қою, ерекшелігін табуС) Ақыл жұмысының құрамдас бөлігі әрі бір нәрсенің басқа зат, құбылыстармен байланысын айыруД) Дерек, мағлұматтарды бірте-бірте беруЕ) Анықтамалар дұрыс емес * <<Тәрбиеге жетекші>> еңбегі неше бөлімнен тұрады?А) 6В) 5С) 4Д) 3Е) 2 * Ж.аймауытов <<Оқытудың жанама құралдарына>> нені жатқызады? Қатесін тап. А) Тың деректерВ) Сабаққа қатысты материалдарС) Оқушымен арадағы сұрақ - жауапД) Оқушымен арадағы қарым - қатынас жоспарыЕ) Оқушының қабілеттерін дамыту, жазу, сурет салу * <<Тәрбиеге жетекші>> еңбектің әлеуметтік тәрбие негізінің тарихи өзгеруі атты тақырыпта не қарастырылады?А) Қоғамдағы адам орныВ) Табиғаттағы адам орныС) Космостағы адам орныД) Отбасындағы адам орныЕ) Барлығы дұрыс * Ж.Аймауытов тәрбиенің шын мағынасы мен мақсатын - адам табиғатымен, тұрмысымен, өмірімен байланыстырады. Бұл ретте қандай сипаттарға айрықша көңіл бөледі?А) Дене - сезімді затВ) Жан - қайраты бар затС) Адамгершілік сапаД) Әлеуметтік - мемлекеттік затЕ) Барлығы дұрыс * Қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты шыққан Ж. Аймауытовтың еңбектерін неше топқа бөліп қарастыруға болады?А) 2В) 4С) 3 Д) 5 Е) 6 37 . Ж. Аймауытов 1922 жылдан 1924 жылға дейін қай жерде мұғалімдік қызметте болады? А) Қызылорда В) Қарқаралыда С) Орынборда Д) Семейде Е) Шымкентте 38. Қандай мәселені сөз етсе де, қай пәнді зерттесе де, ең маңызды орынға тіл, оның тазалығы мен дұрыс қолданылуы туралы мәселені қойған педагог - ғалымдардың бірі А) Ж. Аймауытов В) М. Жұмабаев С) Ы. Алтынсарин Д) А.Байтұрсынов Е) М.Дулатов 39. <<Тіл - адам өмірінің ең алғашқы баспалдағы. Дүниедегі барлық тірлік ең алдымен тілден көрініс табады да, басқалары содан кейін іске асады>> - қай автордың сөзі. А) А. Құнанбаев В) Ж. Аймауытов С) Ы. Алтынсарин Д) А.Байтұрсынов Е) М.Дулатов 40. Ж. Аймауытовтың пікірінше, тілді сапалы меңгеру үшін, баланың ----- жетілдіру - ең маңызды шарт. А) Қиялын В) Ынтасын С) Сөйлеу қабілетін Д) Ойлау қабілетін Е) Ақыл есін 41. Сабақты жүйелі оқытуға қатысты жарияланған Ж. Аймауытов еңбегі А) <<Ана тілін қалай оқыту керек>> В) <<Тіл туралы>> С) <<Комплекспен оқыту жолдары>> Д) <<Тәрбиеге жетекші>> Е) <<Психология>> 42. Ж. Аймауытовтың <<Комплексті оқыту жолдары>> кітабынан жарық көрген мақаласы: А) <<Комплекс жүйемен сабақ беру тәжірибеміз>> В) <<Ана тілін қалай оқыту керек>> С) <<Қазақша хат таныту әдісі>> Д) <<Жан жүйесі және өнер таңдау>> Е) <<Біздің Отан>> 43. Қай жылдар аралығында Жүсіпбек Шымкенттегі педагогикалық техникумның директоры қызметін атқарады? А) 1920 - 1922 жылдар аралығында В) 1922 - 1924 жылдар аралығында С) 1926 - 1929 жылдар аралығында Д) 1929-1931 жылдар аралығында Е) 1924 - 1929 жылдар аралығында 44. М. Жұмабаевтың бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолдарын сөз етіп, нақты әдістемелік нұсқаулар беретін еңбегі қайсысы? А) <<Сауатты бол>> В) <<Бастауыш класта ана тілі>> С) <<Сын>> Д) <<Жазылшық оқу құралдары һәм мектебіміз>> Е) <<Бала тәрбиелеу жолдары>> 45. Молдағали Жолдыбайұлы: <<Кітап 63 бет, қағазы жақсы-ақ. Қаріп басқан бояуы анық. Қаріптері түйедей, оқуға аса қадірлі, ішінде он бір сурет, екі диаграмма бар: бұдан бұрын қазақша кітаптарда болмаған қымбат нәрсе>> деп Мағжан Жұмабаевтың қай еңбегіне баға берген? А) <<Сауатты бол>> әліпби В) <<Қарап шығушыдан>> С) <<Сын>> Д) <<Педагогика>> Е) <<Бала тәрбиелеу жолдары>> 46. М. Жұмабаев әдістемелік еңбегінде ........ бойынша әңгіме жүргізу жұмысын айтады. А) Сызба В) Сурет С) Сөздер Д) Дыбыс Е) Әріп 47. М. Жұмабаев бастауыш сыныптың І - ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет А) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі В) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу С) Әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу, күнделік жүргізе білу Д) Тақтадан, кітаптан сауатты көшіре білу Е) Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу 48. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІІ - ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет А) Мектептің оқу үйін басқаруға жәрдем қылу В) Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу С) Тақтадан, кітаптан сауатты көшіре білу Д) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу Е) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі 49. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІІІ - ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет . А) Аздан жаттаған өлең, мысалдарын дұрыс, ашық айтуды оқи білу В) Ұсынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алуы С) Бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме құрастыруға тәжірибе жасау Д) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу Е) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі 50. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІҮ - ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет . А) Жазбаша баяндама һәм есеппен шығып жиылыстарда сөз сөйлеу В) Естіген, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру С) Бастағы әңгімені толық қылып жаза білу Д) Аздан жаттаған өлең, мысалдарын дұрыс, ашық айтуды оқи білу Е) Ұсынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алуы 51. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесінің мазмұны: A) мұсылманша сауат ашу; B) орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйрету; C) дін негіздерін оқыту; D) тек есеп сабақтарын жүргізу; E) жоғарыда аталғандардың барлығы 52. <<Букварь для киргиз>> - <<Қырғыздар үшін әліппе>> оқулығының авторы кім? A) А.Е.Алекторов; B) С.Н.Граменицкий; C) В.В.Васильев; D) Л.Н.Толстой; E) Ы.Алтынсарин 53. Тілдік материалды жеңіоден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактиканың принципін өте тиянақты ұстаған және кез келген тілді үйретуді <<қарыптан>>, яғни, әріптен, әліпбиден бастау қажеттігін ұсынған ғалым. A) А.Байтұрсынов B) С.Жиенбаев C) Ы.Маманов D) Ж.Аймауытов E) Х.Досмұхамедов 54. Синтаксисті оқытуды зерттеген ғалым A) С.Жиенбаев B) Т.Қордабаев C) Х.Арғынов D) К.Жақсылықова E) Ф.Оразбаева 55. Қазақ тілі орфаграфиясын жазуға белсене қатысып, <<Жаңа әріп, пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері>>, <<Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек>> сияқты еңбектердің авторы A) И.Ұйықбаев B) Н.Оралбаева C) Қ.Жолымбетов D) Б.Кәтенбаева E) Қ.Басымов 56. А.Байтұрсынов негізін салған әдіс A) Түсіндірмелі әдіс B) Салыстырмалы әдіс C) Эвристикалық әдіс D) Дыбыс негізінде сауаттандыру әдісі E) Әңгіме әдісі 57. Қазақ тілін оқыту әдістемесі A) Қазақ тілінің бір саласы B) Дидактика C) Педагогиканың бюір тармағы D) Әдіс-тәсілдер жиынтығы E) Қоғамдық ғылымдар саласы 58 Диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған ғалымды көрсетіңіз A) Қ.Жолымбетов B) И.Ұйықбаев C) Е.Көшербаев D) Ә.Хасенов E) Қ.Басымов 59. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың әдістемесін жан-жақты зерттеген ғалым. A) Ш.Әуелбаев B) К.Жолымбетов C) Д.Әлімжанов D) Б.Құлмағанбетова E) Ы.Маманов 60. Қазақ тілінің грамматикасын оқыту мәселесін қарастырып, <<Грамматика оқыту жөнінде>> атты еңбек жазған ғалым. A) Ғ.Бегалиев B) Қ.Басымов C) Ш.Сарыбаев D) Н.Оралбаева E) Ы.Алтынсарин
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz