Файл қосу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ МЕН САЯСИ ТАРИХЫ АЛҒЫ СӨЗ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
                 СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
                                   ПОӘК
                                       
                         УМКД  042-18.1.03/03-2013
<<Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы>> ПОӘК Оқытушығы арналған
                                       
                            №1  -  басылым
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ МЕН САЯСИ ТАРИХЫ
                                       
                  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                       
      Саясаттану мамандықтарына арналған
            ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                           БАҒДАРЛАМАСЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                   Cемей
                                     2014


* ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Барлық мамандықтар  үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған.

Құрастырушы: Философия  және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Садыков Дарын каукенович

<<______>>    __________ 2014 ж.
* ҚАРАЛДЫ

  + Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Қазақстан тарихы>> кафедрасының отырысында

Хаттама №______  <<__>>________  2014  жыл

Кафедра меңгерушісі    ____________  А.А.Мұқатаева


2.2  ГЗФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №______   <<__>>________  2014 жыл

ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева

* БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______ <<__>>________  2014 жыл

ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова

4  АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе №    <<___>> ____ 201_  ж. баспа  ОРНЫНА)












М А З М Ұ Н Ы :
1.Қолдану  аясы
2.Нормативтік сілтемелер
3.Жалпы ережелер
4.Оқу пәнінің мазмұны
5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
6.Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7.Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы
8.Әдебиеттер





































1.ҚОЛДАНУ  САЛАСЫ:
        <<Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы>> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені университеттің Саясаттану мамандығының 2 курс оқу топтарына арналған. Оқу-әдістемелік кешенде қоғам өміріндегі саяси  құбылыстар мен процестерді, оларды саяси-идеологиялық теориялар арқылы түсіндірудің бағдарламалары мен әдіс-тәсілдері, әлеуметтік маңызды мәселелерді түсіну мен шеше білудің жолдары т.б. маңызды мәселелер мәліметтері қамтылған. Пәннің оқу-әдістемелік кешені студенттердің пәнді танудағы басшылыққа алатын оқу көмекші құралы ретінде пайдалану мақсатынада құрастырылды.


2.НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: 
        Құрастырылған <<Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы>> оқу-әдістемелік кешені оқу үрдісін ұйымдастыру үшін <<Политология>> курсының типтік бағдарламасы (Алматы, 1997 жыл), Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетінің оқу-әдістемелік кешенін құрастырудағы Жалпы ереже (Семей, 2007) негізінде жасалды. 


3.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:
3.1. Курсқа жалпы сипаттама
      Саясаттану Қазақстан Республикасы өз егемендігін алуына байланысты елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық  -  қоғамы туралы ілім, қоғамның саяси-әлеуметтік саяси билік мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтың өкілі болып табылатын адамдардың  саяси топтармен саяси институттардың өзара саяси-идеологиялық байланыстылығын қарастыра отырып, олардың  іс-әрекет ету тәртібі, мінез-құлық туралы ілімдер саласы болып табылады. Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы курсы қоғамдық-гуманитарлық пәндермен <<Философия>>, <<Әлеуметтану>>, <<Тарих>>, <<Құқықтану>>, <<Мәдениеттану>>, <<Дінтану>>, <<Эстетика>>, <<Этика>> т.б. ғылымдармен  тығыз байланысты.
	3.2. Курс мақсаты:
" Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы курсының мақсаты суденттерге саяси институттардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге, саяси сананы қалыптастыруға, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру және демократиялық саяси мәдениеттің құнділіқтары мен ережелерін бойларына сіңруді үйрету.
	3.3. Курстың негізгі міндеттері:
- суденттер санасында қазіргі заманғы қоғамтанудың негізін қалыптастыру,
-болашақ мамандардың саяси-идеологиялық, азаматтық  ой-өрісін дамыту,
-қоғамның саяси- әлеуметтік мәселелер мәнін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуді қалыптастыру.
     3.4.   Курсты меңгергеннен кейінгі білім мен қабілеттілік:
          -Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу
          - Боашақ мамандық жайлы, оның ертеңгі өзі үшін пайдалануын, оның ғылымилық және практикалық мәнін айқындау барысында эмпирикалық саяси талғамммен  зерттеулер жүргізе білу.
           -.Тестілеу, анкета жүргізу, статистикалық талдау әдістерін қолдану арқылы әлеуметтік өмірдің барлық салаларындағы әлеуметтік құбылыстарды талдай білу.
        3.5  Курстың перереквизиттері:
          - саясат әлеуметтануы, тарих, құқықтану, мәдениеттану, дінтану, философия, экономика, психология, этика  
             3.6. Курстың постреквизиттері:
- қоғамның саяси жүйесіне баға беру, мемлекеттің саяси шараларына қатынасу, қоғамның саяси-әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысу.
      
                                                                               
Курс
семестр
Кредит саны
ДС (сағ)
ТС (сағ)
ЗТ (сағ)
СӨЖ
Барлығы (сағ)
Қорытынды бақылаудың нысаны
                                       1
                                       2
                                       3
                                       4
                                       5
                                       6
                                       7
                                       8
                                       9
                                       
                                       2
                                       
                                      1-2
                                       
                                       3
                                       
                                      30
                                       
                                      15
                                       
                                      30
                                       
                                      30
                                       
                                      90
                                       
                                Емтихан

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ МЕН САЯСИ ТАРИХЫ
                                АЛҒЫ СӨЗ
<<Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы>> оқу пәнінің маңызы қазіргі Қазақстандадемократиялық құру процестерімен шарттыланған. Қоғамдық саяси жүйенідемократияландыру мен азаматтық қоғамды құру азаматтардың саяси ойлау қабілетін дамыту және жоғары саяси мәдениетін қалыптастыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан курс орасан зор әлеуметтік гуманитарлық потенциалды иеленеді, себебі ол қазақ халқының қоғамдық өмірі мен рухани даму тарихын оқып үйренуге айрықша көңіл бөледі, сөйтіп жас маман-болашақ саясаткерді дайындауға белгілі үлес қосады. Оның жотасы қазақ халқының рухани мәдениетінің әлеуметтік-саяси аспектісі болып табылады. Бұл аса кең көлемді мәселе. Оны осы оқу пәнінің қысқа курсының көлемінде толық қамтып игеру оңай емес. Бұл-шын мәнінде көп қырлы кешенді-комплексті мәселе. Және ол кеңестік кезеңде тиянақты, әрі мұқият зерттелмеді. Тотарлитарлық жүйе үстемдік еткен заманда қазақ халқының рухани дүниесіне қатынаста тарихи шындықты бұрмалайтын сыңар жоқ қатынасқа жол берілді. Идеологиялық жағынан сенімсіз, қаупті дегендердің бәрі алынып тасталды, оларға тыйым салынды. Біздің Республикамыз тарихының қазіргі даму кезеңі бүкіл осындай біржақтылықты, осындай методологиялық амал-әдісті толық жеңіп шығу үшін негіз қалады. Біз халқымыздың бүкіл рухани мәдениетін, оны толық көлемінде-барлық нюанстары мен қайшылықтарында және сан алуан түрлерінде алып ой елегінен өткізуге тиіспіз. Әрбір халықтың оның өткен тарихи жолының бейнесі болып табылатын рухани мәдениетінде әлеуметтік-саяси идеялардың белгілі деңгейде қалыптасқан жүйесі болатындығы ақиқат. Қазақ халқының да өзінің этникалық табиғатын, мәдениеті мен тұрмысын, дәстүлері мен әдет-ғұрыптарын, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен ділін бейнелейтін бай рухани мұрасы бар.
Осы орайда аталған пән студенттерді Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың тууы және даму тарихымен, қазақ ойшылдары мен қоғамдық-саяси қайраткерлерінің өмірі және шығармашылық мұраларымен таныстырады,олардың жүйелі ғылыми дүниетанымының қалыптасуына жәрдемдеседі, қоғадық-саяси ой тарихына терең қызығушылықты дарытады және оларды қоғамдық-саяси қызметке дайындауға мүмкіндік жасайды. Курстың алдына қоятын мақсаты-бұл қазақ халқының саяси ойының бастауы мен эволюциясын дамуының тарихи ұзақ кезеңінде оның бай рухани мәдениетінің саяси және басқада мұралары негізінде жүйелі және жан-жақты зерттеп білугеүйрету. Біз оны оқу процессі барысында тұтас күйінде кезендер бойынша, тарихтың-теренінен күні бүгінге дейін, онын ең үлкен, маңызды кезеңдерін жғне олардың көрнекті өкілдерін, ең алдымен күні кешеге тыйым салынып келген - Дулат, Шортанбай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов және басқалардың шығармаларын көзден таса етпей зерделеуді ниет етіп отырмыз. "Қазақстанның саяси ойлары менсаяси тарихы" оқу пәні төмендегі міндеттерді қойып шешеді:
- қазақ халқының саяси ойының көп ғасырлық тарихы бар, оған белгілі тереңдік пен жүйелік тән;
- қазақ халқының саяси ойы адамзаттың саяси ойы дамуының кең арнасында дамыды, сонымен бірге өз алдына дербес төлтума құбылыс.
Оның өзіндік қисыны, өзіндік объективтік эволюциясы бар;
- ол өзінің дамуында біраз ірі тарихи дәуірлерді басынан кешірді, және халық тарихының әртүрлі кезеңдерінде көптеген өзіндік ерекшеліктерге ие болды;
- қазақ халқының саяси ойының қайнар көзі  -  оның бүкіл рухани мәдениеті: ертегілері, мифтері мен аңыздары, фольклоры мен эпос- дастандары, жазба ескерткіштері, ірі ойшылар мен жазушылардың шығармалары, ұлт-азаттық қозғалыстардың басшылары мен идеологтарының идеялары т.б.
"Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы" курсын оқып үйрену:
- саясаттану бөлімінің студентін саяси ой тарихы бойынша іргелі біліммен қаруландырады оның дүниетанымын нығайтады және байытады;
- Қазақстан Республикасы мемлекетінің, оның Президентінің қазіргі саясатын терең түсінуге, әлемде, алыс-жақын шетелде жүріп жатқан саяси процесстерді талдай білуге үйретеді;
- тарихи процесті, қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын, оның саяси мәдениетінің қалыптасу тарихын жаңаша зерделеуге жәрдемдеседі;
- белсенді өмірлік тұғырды - қоршаған ортаға, республика, қоғам өмірінде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға ықласты тәрбиелейді;
- студент жастарды жоғары саяси азаматтық парыз, патриоттық рухта тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
"Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы" пәнін оқыту алдында кездесетін іргелі пәндер:
 -Тарих, Философия, Әлеуметтану, Құқықтану, Мәдениеттану т.б. Пәннің түйінді мәселелерін игеруде Теориялық Саясаттану, Салыстырмалы Саясаттану, Саяси Философия, Саяси Әлеуметтану т.б аса маңызды, бұл пәндердің жетістіктері курста ерекше орын алады. Бұл курс үшін философиялық, құқықтық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық ілімдер тарихы мен теориясының маңызы айрықша. Сонымен қатар "Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы" пәні аталған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесінде  танымдық, тәрбиелік жағынан аса маңызды өзіне ғана лайықты орынды иеленеді.

                          ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Бұл пәннің объектісі көлемді, әрі күрделі, оны оқып үйренуде төмендегі ірі кезеңдерге бөліп қарыстыру қисынды:
Қоғамдық сананың, оның ішінде әлеуметтік-саяси ойдың қалыптасуында Қазақстанның ежелгі автохтонды тұрғындарының сенімдері мен діні, мифтері мен аңыздарының, өнерінің маңызы зор. Ол шамамен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғ. - б.ж.с. V ғ. Бұл Қазақстан аумағында протомемлекеттік құрылымдардың пайда болу кезеңі. Адамзат тарихында түріктер мен олардың мемлекеттері көрнекті орынды иеленеді (б.ж.с. V-ХІІ ғ.ғ.). Бұл далалық мәдениеттің басталу кезеңі әңгіме руханилық деп аталатын Орхон-Енисей және басқа көне түріктік, ескерткіштік жазбалары, түріктердің ежелгі рухани мұралары, түркілер тілінде жазылған эпостық шығармалары - "Қорқыт-ата" мен "Оғыз-наме" т.б.туралы болып отыр. ІХ ғасырдан бастап Қазақстан мен Орта Азияның қазіргі аумағына исламның белсенді таралуы кезеңінде шығарамларында құнды философиялық жғне саяси ойлар, қоғам, мемлекет және мемлекеттік басқару, билеушілер мен адамдар туралы идеялары мол тамаша оқымыстылар мен жазушылар көрінеді. Солардың ішінде "Екінші ұстаз" деп аталған Абу Наср әл-Фараби, түркі халықтарының баға жетпес ескерткіші - "Кутадгу биликтің" авторы Жүсіп Баласағуни, Ахмед Иссауи, Махмуд Қашғари, С. Бақырғани тағы басқаларын атап көрсетуіміз қажет. ХІІғ. басы - ХV ғ. бірінші жартысы - бұл Қазақстан аумағында қыпшақтар жайлаған, мекен еткен аумақта біраз мемлекеттердің пайда болған кезеңі. Осы курс үшін құнды материалдарды халықтың материалдық және рухани мғдениеттің негізгі қаланғанын сипаттайтын қыпшақтық бұлақ
- көздерден, Хорезмидің "Мухаббат-наме", Құтыптың "Хосроу мен Шырын", Саиф Сарайдың "Гулистан", Алтын Орда, Ақ Орда кезіндегі жыраулар мұраларынан табамыз. Аса ірі кезең - қазақ хандығының құрылуы мен дамуы кезеңі (XV-XVІI ғ.ғ.). Тарихтың осы кезеңінде қайталанбайтын халқымызға ғана тән қоғамдық қатынастар жүйесі, саяси және мемлекеттік құрылыс қалыптасты. Бұл хан сайлау дәстүрі, билер институты, қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі қоғамындағы далалық демократия мен хандық
биліктің үйлесімі. Әңгіме, көрнекті өкілдері Асан Қайғы және басқалары болып табылатын қазақ халқының төлтума рухани мәдениеті туралы болып отыр. Халық тарихындағы осы күрделі, сонымен бірге лайықты  -  қазақ хандығы төңірегіне қазақ тайпаларының бірігуі- кезеңінің тарихи құжаттары мен рухани мәдениетін терең мұқият зерттеп, халықтың саяси ойының негізгі концептуалды құратындарын тұжырымдау маңызды. XVII ғасыр - қазақ халқының тарихындағы ең ауыр және трагедиялық кезеңінің бірі. Бұлұлттық тәуелсіздік үшін күрес және Қазастанның Ресей құрамына кіруі және оны отарлау кезеңі болып табылады. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы және оны отарға айналдырумен байланысты қазақ халқының шаруашылық тіршілігі мен қоғамдық өмірінде мәнді өзгерістер пайда болды. Осы өзгерістердің мықты сыны ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері - Дулаттың, Шортанбайдың, Мұраттың ж.б. шығармаларында берілді. Осыған орай, атап кету керек, Кеңестік дәуірдің сиптты белгісі Қазақстанның Ресей империясына кіруінің айрықша еріктілігін негіздеу, осыған сай қазақ халқының тарихын осы процестің аса прогрестігі және Қазақстандағы оған қара-қарсы тенденцияларды елемеу, немесе тіпті қаралау тұрғысынан түсіндіру еді. Осы тұрғыдан халықтың рухани мәдениетінің тұтас қабаттары реациялық, арта қалған, ортағасырлық, хандық-феодалдық және ұлтшылдық деп қаралды. Алдағы міндет халықтың тарихи өткенін, оның рухани мәдениетінің ең таңдаулы озық үлгілерін, ең алдымен Шәкәрім
Құдайбердиев, Мағжан Жұмбаев, Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Шоқай т.б. шығармаларының тарихи философиялық, әлеуметтік саяси идеяларын шын мәнінде игеру.
Қазақ халқының саяси ойының дамуында тарихи өзіндік сабақтастығы бар және ол Қазақстан Республикасы халқының сапалық жаңа саяси санасы мен мәдениетінің қазіргі оның шын мәнінде тәуелсіз, демократиялық дамуы кезеңіндегі қалыптасу мен дамуы процесіне сөзсіз негіз болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстанның ежелгі тұрғындарының қоғамдық санасы мен саяси идеялары қалыптасуының бастауы және алғы шарттары Қазақстан аумағындағы ежелгі этномәдени қауымдастықтар мен алғашқы мемлекеттердің саяси тарихы. 
Біздің жыл санауымызға дейінгі Қазақстандағы көшпенділер әлемі. Қазақстан - арийлер мен сақтар елі. Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы: сақтар, хунну, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар мен сарматтар. Көне замандағы Қазақстан тайпалары мен тұрғындарының шаруашылығы, қоғамдық-саяси құрылымы. Біздің э. 1 ғасырының бас кезіндегі Қазақстандағы этномәдени және этнолингвистік жағдай. Көшпенді және отырықшы, Шығыс жғне Батыстық Мәдениеттердің өзара ықпалдасуы.
Қазақстандағы ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті - әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі
Қазақстанның көне тұрғындарының рухани мәдениетінің қалыптасуы, мәні және ерекшелігі. Олардың дүние танымы, діні, мифтері мен өнері. Протоқазақтық әлеуметтік ойдың қалыптасу процессінің ерекшелігі, оған түріктілді этникалық топтар мәдениеті мен өмір салтының ықпалы.
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТҮРІКТІК КЕЗЕҢІ
(V-ХІІ ғ.ғ.)
Ежелгі түрік тайпалары мен мемлекеттері тарихының этносаяси концепциясы
Көне түрік тайпалар Одағының құрылуы. Түркілердің далалық империясы. Бірінші түрік қағанаты (551-603 жж.). Қазақстан аумағындағы Батыс-түрік қағанаты. Түріктер империясының мұрагерлері. Түргеш қағанаты (552-756 жж.), Қарлұқ (756-940 жж.), Кимек (ІХ-ХІ ғ. басы), Оғыз (ІХ-ХІ ғғ.) мемлекеттері. Караханидтер мен қыпшақтар. Шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Түріктер империясы мен оның
мұрагерлеріндегі қаған (хакан) мғртебесі. 
Ежелгі түріктердің рухани мәдениеті, оның әлеуметтік-саяси мазмұны мен идеялары
Түріктердің әлеуметтік-саяси мұраттары мен дүние танымы. Діні, сенімдері, мифтері. Тәңірлік. "Қасиетті" таулар (Ханғай таулары) культі - табыну. "Оғыз-наме" мен Қорқыт туралы эпостар. Қорқыт оғыз, қыпшақ ру-тайпалық одақтың қайраткері әрі ойшылы. Орталық Азия және Қазақстан көне түріктерінің жазба ескертіштері. Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштері:
"Күл-Тегін" -1 мен -2, және "Тоныкөк". Олардың мазмұны мен идеялары. Түрік қағанатының бірлігі және түріктер мемлекеттігін нығайту концепциясы. Жалпыәлемдік өркениет контекстінде түрік халықтарының қоғамдық-саяси және мәдени тіршілігінің, дүниетанымының орны мен ролі. 
ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ КЕЗІНДЕГІ (ІХ-ХІІ Ғ.Ғ.)
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Ислам, оның Қазақстанның түріктілді этностарының рухани мәдениетіне әсері
Х-ХІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай және рухани өмір. Орта Азия мен Қазақстанда исламның таралуы. "Исламдық ренессанс", оның Қазақстанның түріктілді этностарына ықпалы. 
Туран ойшылдары және олардың әлеуметтік-саяси идеялары
Шығыстың "Екінші ұстазы" әбу Насыр әл-Фараби (850-950 ж.ж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастары. Махмуд Қашғари, оның "Диуани лугат ат-түркі". Ж. Баласағуни, оның "Кутадгу билиг" ("Құтты білік") поэмасы. Баласағунның саясат, мемлекет басқару туралы идеялары. Қожа Ахмет Иассауидің "Диуана Хикметі" ("Ақыл кітабы"), оның философиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері. Сулеймен Бақырғани мен Ахмет Жүгінеки, олардың мұраларындағыәлеуметтік-саяси мәселер.
ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ, ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ САЯСИ ИДЕЯЛАР (ХІІІ-ХVҒ.Ғ.)
Шығыс Дешті-Қыпшақтың саяси тарихы
Ұлуг Ұлыс және Еуразия халықтары. Дешті-Қыпшақтағы этносаяси, этномәдени процесстер. Қыпшақтық этностар, олардың тарихи ролі. Ақ Орданың көтерілуі. Ноғай ордасындағы, өзбек хандығы мен Моғолстандағы қоғамдық-саяси құрылыс. Олардың эволюциясы, қарым-қатынастары. Дешті-Қыпшақ пен Түрікстан, -Ұлы даланың халқы, оның материалдық және рухани мәдениеті. Байырғы түрік, монгол, және ислам мәдени дәстүрлерінің өзара әрекеттесуі және сіңісуі.
Қыпшақтық рухани мәдениет, оның әлеуметтік-саяси аспектілері
Қыпшақ мәдениеті, тілі, оның дамуы. Қыпшақ тіліндегі әдеби ескерткіштер мен жазба деректер. "Кодекс Куманикус"- ескерткіш. Қутыбтың "Хосроу және Шырын" шығармасы (Низамидің аттас поэмасының қыпшақ тіліне аудармасы). Хорезмидің "Мухаббат намесі" (1353 ж.). Хусама Қатибтің "Жұмжұма Сұлтаны" (1370), Саиф Сарайдың "Гулистан бит-
Түркиі" (Саади поэмасының желісі бойынша). Көшпенділердің рухани мәдениетінің дәстүрлі жанрларының дамуы: ертегілер, ауызша халық шығармашылығы, оның жыраулық түрі. Кетбуға (ХІІІ ғ.), Сыпыра-жырау Сұрғылтайұлы, Қодан-Тайшы т.б. ақын-
жыраулардың шығармалары. Қыпшақтың (қазақтың) батырлық эпосының қалыптасуы: "Қобланды-батыр" (ХІІ ғ. аяғы - ХІІІ ғ. басы), "Ер Сайын", "Алпамыс", "Едіге-батыр" (ХV ғ. басы),"Ер Тарғын", "Орақ-Мамай".
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ КЕЗЕНІНДЕГІ САЯСИ ИДЕЯЛАР (XV-XVIII Ғ.Ғ.)
Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу процесстерінің саяси тарихы
XIV-XV ғ.ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы саяси,әлеуметтік-экономикалық, саяси процесстер. XV ғ. 30-50 ж.ж. өзбек хандығындағы тарихи жағдай. Біртұтас мемлекет - Қазақ хандығының қалыптасу тарихи, саяси алғы шарттары. Қазақ халқының қалыптасуы. Шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті. әлеуметтік құрылымы, топтар мен категориялар. Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы хан билігі. Орталықтанған қазақ мемлекеттігінің
нығаюы. Қазақ хандарының тарихи ролі, ішкі және сыртқы саясаттары: Керей, Хак-Назар, Тәуекел, Қасым, Абылқайыр, Тәуке хан. Абылай хан, оның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы ролі. Мемлекеттік қайраткер ретіндегі оның мұраттары мен принциптері.
Далалық демократия (көшпенділер демократиясы), оның ерекшеліктері. "Жеті жарғы", оның ережелері, маңызы. Билер институты және оның әлеуметтік-саяси мәні мен маңызы.
Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті, оның дүние танымдық, әлеуметтік-саяси мазмұны
Қазақ фольклоры, батырлық дастандар, халықтық ертегілер, айтыстардың әлеуметтік-саяси аспектілері. Шешендік (ораторлық) дәстүрі. Би-шешендер: Төле-би, Қазбек-би, Айтеке-би т.б. Олардың әлеуметтік, саяси идеяларының мәні.
Тарихи, әдеби шығармалардағы қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихының мәселелері. Асан Қайғы. Мырза Мухаммед Хайдар Дулатидың "Тарихи-и-Рашидиі", Қадырғали Косым ұлының "Жами-ат тауарихы", Утемиш Хажының "Шынғыс намесі", Хан Абылғазының (1603-1664 жж.) "Шаджара-ий тюркі" ("Түріктер генеалогиясы") қазақ хандығының құрылу тарихы, оның мәселелері туралы.
Хандық дәуірдегі Қазақтың ауызша және жазба әдебиетіндегі еркіндік, отанды қорғау идеялары
Жыраулар - Қазтұған, Досмамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Тәттіқара және Үмбетей шығармаларының саяси және идеологиялық аспектілері. Қазақ ақындары мен жырлаулардың XVII ғ. аяғы - XVIII бірінші жартысында Қазақстанның саяси өмірі мен тарихи оқиғаларындағы орны мен рөлі. Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768 жж.). Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.), оның қазақ халқының жонғарларға қарсы күресіндегі ролі. Бұқар Қалқаманұлы қоғамдық-саяси қайраткер, әрі ойшыл. Қожаберген жырау, оның "Елимай" атты жоқтау өлеңімен дастанының маңызы.
Қазақстанның ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі ұлт-азаттық күресі, оның
себептері мен идеологиясы
Қазақстанның Ресейге қосылуы. Оның алғышарттары. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі саяси ағымдар. Абылқайыр хан және оның ролі. Ресей империясының отарлау саясаты және оның салдарлары. Көшпелі шаруашылық жүйесі дағдарысының асқынуы. Қазақ қоғамының экономикалық өмірі мен саяси құрылымындағы өзгерістер. Қазақстанда хандықтың жойылуы. Қазақ өлкесін басқарудың жаңа жүйесінің ендірілуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар: 1) Сырым Датов бастаған көтеріліс (1783-1797 ж.ж.); 2) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс (1836-1838 ж.ж.); 3) Хан Кенесары Қасымов бастған халық-азаттық күрес (1837-1847 ж.ж.); 4) Ж. Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс. Себептері мен мәні. Әлеуметтік- саяси мотивтері мен принциптері.
ХІХ ғ. Қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және отарлық саясатты сынау
Махамбет Өтемісов (1804-1846 ж.ж.), оның 1836-1838 ж.ж. халық-азаттық көтерілістегі ролі. Өтемісов өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігінің жыршысы. Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881 ж.ж.), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898 ж.ж.), Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871 ж.ж.). "Наурызбай-Қаншайым" поэмасы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты және тағдыры туралы. Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатымен байланысты өзгерістерге әдебиеттегі сыни көзқарас. "Зар заман" ағымы деп аталған топтың ақындары: Дулат Бабатайұлы (1802-1974 ж.ж.), оның "өсиет-намесі", Шортанбай Канайұлы (1818 -1881 ж.ж.), Мұрат Мөнкеұлы (1843-1906 ж.ж.), Әбубәкір Кердері Шошанұлы (1858-1963 ж.ж.). Олардың әлеуметтік-саяси әуендері
мен идеялары. 
Қазақстандағы ағартушылық қозғалыс, оның әлеуметтік-саяси мәні
және идеялары
Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылығы. Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) қазақ ағартушылығының негізін қалаушы. Уалиханов еңбектеріндегі саясат пен құқық мәселелері. Ш. Уалиханов сот реформасы және қазақ қоғамының мәселелері туралы. Ы. Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.), оның прогресстік әлеуметтік-саяси
идеяларды дамытуы. Ы. Алтынсариннің запискалары. Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси ілімі. Абайдың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, адамгершілігі жақтарын сынауы. Құнанбаев шығармаларындағы әлеуметтік, адамгершілік мәселелері. Абайдың қазақ халқының келешегі, оның мәселелері, қоғамдық қатынастарын жетілдіру т.б. туралы көзқарасы.
ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой
Империядағы және Қазақстандағы тарихи жағдай. Қазақстан - отар, ішкізат көзі. Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы және көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу, зорлық-зомбылық әрекеттері. Әлеуметтік, ұлттық, отарлық қанаудың күшеюі. Болмай қоймайтын әлеуметтік тітірету және тарихи хаос қаупі. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның
саяси өмірін дамуының жаңа серпіні. Қазақстандағы ұлттық интеллигенция және идеялық-саяси ағымдар. "Шора ислами" мұсылмандық қозғалысы. Бүкіл түрік халықтарын біртұтас түрік мемлекетіне біріктіру идеясы. "Айқап"журналының, "Қазақ" газетінің идеялық саяси бағдары. Олардың беттеріндегі өлкенің әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелері. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстандағы жағдайдың шиеленісуі. 1916 ж. ұлт- азаттық көтерілісі. Көтерілістің себептері мен мақсаты, оның Жетісуда басылуы. "Алаш" либералдық-демократиялық қозғалысы, және оның идеологиясы. Қазақ халқының бостандығы және оның мүдделерін қорғау үшін күресу идеясы. А. Бөкейханов (1866-1937 ж.ж.) - Қазақстандағы либералдық-демократиялық қозғалыстың идеологы, лидері. Бөкейхановтың өлкені отарлау тарихына көзқарасы. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.ж.) және оның ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлесі. Мыржақып Дулатовтің (1885-1935 ж.ж.) қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы "Оян, қазақ!" жинағының идеясы. М. Дулатовтың қазақ халқының тарихы,
шығу тегі, оның ұлттық дамуы мәселелері туралы концепциясы. М.Сералиннің, С. Торайғыровтың, Ш. Құдайбердиевтің т.б. қоғамдық, шығармашылық қызметі. Олардың шығармаларының әлеуметтік-саяси
аспектілері мен негізгі императивтері.
Саяси ойдың кеңестік кезеңдегі даму ерекшеліктері
Ақпан және қазан революцияларының (1917) жеңісі. Қазақстандағы саяси
ахуал. "Алаш"партиясының құрылуы, оның бағдарламалық талаптары. "Үш
жүз" партиясы. 1917 ж. Орынбордағы 1 және 2 бұкілқазақтық съездер. Алаш
Орда үкіметінің құрылуы, оның қимылы және таратылуы. Кеңестік
тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Қазақтың кеңестік мемлекеттігінің
құрылуы және оның маңызы.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Әміршіл-әкімшілік жүйе,
оның елдің қоғамдық-саяси тіршілігіне ықпалы. Тоталитарлық және еркін
ойлау. Мұстафа Шоқай көрнекті қоғамдық саяси қайраткер, әрі ойшыл.
Оның дүние танымы, күресі мен саяси принциптері. "Біртұтас Түркістан"
идеясы. М. Тынышпаевтың дүниетанымы мен мұраттары. Т. Рыскуловтың, С.
Садуақасовтың, С. Қожановтың т.б. қоғамдық-саяси қызметі, идеялары мен
принциптері. Ж. Аймаутов, М. Әуезов, Ж. Жабаев, И. Жансүгуров, Б.
Майлин, С. Сейфуллин және М. Жұмабаев шығармаларының әлеуметтік-
саяси аспектілері. 1937-1938 саяси зобалаңдар және олардың Қазақстандағы
рухани мәдениет пен саяси ойдың дамуына әсері. Социалистік утопиялық
парадигма, оның тарихи тағдыры. әлеуметтік-экономикалық өмірдегі "ұлы
бетбурыстар", бұрмалаулар мен алатопалаңдар. СОКП саясаты және оның
саяси өмір мен ұлттық қатынастарға ықпалы. 1986ж. желтоқсандағы Алматы
оқыйғасы, оның себептері мен маңызы.
Д.А. Қонаев тарихтың кеңестік дәуірінің көрнекті мемлекеттік
қайраткері, әрі ойшылы. Оның еңбектері мен мемуарлық жұмыстарының
әлеуметтік-саяси аспектілері.
ЕГЕМЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ МӘДЕНИЕТ
ПЕН ОЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы,
оның қалыптасуы және жүзеге асуы
Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі - тарихи дамудың заңды
нәтижесі. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация және
оның саяси маңызы. Қазақстанда ұлттық мемлекеттің және оның ішкі және
сыртқы саясатының қалыптасуы. Қоғам мен мемлекеттің тіршілік-қызметінің
негізгі бағыттарын реформалау және оның мәселелері. Тоталитарлық мұраны
жеңу және демократиялық саяси жүйеге өту. Президенттікбасқару
институты, құқықтық мемлекет пен парламенттіктің қалыптасуы. Қоғамның
жаңа саяси және партиялық жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуі.
Мемлекеттік сәйкестілік, Қазақстан Респуликасының Саяси- әлеуметтік
және мәдени дамуы және ішкі рухани және психологиялық ынтымақтасу.
Діни жаңғыру.Қазақстан тіл саясатының тұжырымдамасы. Қоғамның тұрақтылығы мен
этносаралық қатынастарды үйлестіру және оны жүзеге асыру шаралары.
Қазақстанның және қазақ халқының шын тарихы тұжырымдамасының
қалыптасуы.
Қоғамды демократияландыру мен жаңарту тұжырымдамасы және
оның негіз қалаушы элементтері
Қоғамды демократияландыру мен жаңарту мәселесі. Демократиялық
Қазақстан, оны құрудың негізгі міндеттері, кеңауқымды бағдарламасы.
Мемлекеттік билік жүйесін жетілдіру және құқықтық мемлекетті қуру.
Қазақстанда партиялық демократияны дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару
мен азаматтық қоғам институттарының қалыптасу мәселелері. Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздігін нығайту тұжырымдамасы. Қазіргі жаһандану
жағдайындағы Қазақстан Республикасы - оның сыртқы саясатының негізгі
басымдықтары мен геосаяси принциптері.
Қазақстан Республикасының дамуының өзекті әлеуметтік-экономикалық
және саяси мәселелері, оның алғашқы президенті Н.А. Назарбаев
еңбектерінде дамытылуы. Тәуелсіз Қазақстан дамуының негізгі бағыттары
мен басымдықтары туралы. Қазақстанның 2030 - ға дейінгі кезендегі даму
Стратегиясы. "Тарих толқынында" атты кітаптің негізгі идеялары.
А. Кекілбаев, О. Сулейменов т.б. қоғамдық-саяси қызметтері және
дүниетанымдық принциптері мен идеялары.
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ
ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢҮЛГІЛІК ТІЗІМІ
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының қоғамдық санасы мен әлеуметтік-
саяси идеаларының бастауы мен алғы шарттары.
2. Әлеуметтік-саяси ой дамуының ежелгі түркілік кезеңі (V-XII ғғ.).
3. Исламның Қазақстанға енуі мен таралуы кезіндегі қоғамдық-саяси ойлар
(Х-XII ғғ.).
4. Дешті- Қыпшақ және Қазақстанның оңтүстік-шығысы халықтарының
әлеуметтік-саяси идеалары (ХIV-XV ғғ.).
5. Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезіндегі саяси ойлар (ХV-XVIII
ғғ.).
6. Қазақстаннаң Ресейге қосылуы мен отарлануы кезіндегі әлеуметтік-
саяси идеалар мен ағымдар.
7. ХХI ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы саяси ой және әлеуметтік-саяси
қозғалыстар.
8. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси даму және саяси ой.
9. Егемен және тәуелсіз Қазақстандағы саяси ой жүйесінің қалыптасу және
даму мәселелері.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының мифологиясы.
2. "Қорқыттың және "Оғыз- намең эпостарының әлеуметтік- саяси идеялары.
3. Әл- Фарабидің әлеуметтік- саяси мұраттары.
4. Ж. Баласағұнның "Қутадгу білігің әділетті басқару туралы.
5. Қожа Ахмет Яссауи идеялары.
6. М. Қашғари, С. Бақырғани және Ахмед Иегунекидің әлеуметтік- саяиидеялары.
7. Қыпшақ (XIII-XIVғғ.)әдебиетінің әлеуметтік- саяси идеялары.
8. Жыраулық, оның әлеуметтік- саяси маңызы.
9. Хандық билік, мәні және маңызы.
10. Жеті- Жарғы оның принциптері.
11. М.Х. Дулатидің "Тарих-и-Рашидиң шығармасының негізгі идеялары.
12. Далалық демократия, оның ерекшелігі және маңызы.
13. Асан Қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Бұхар- Жырау шығармаларыныңеркіндік,патриоттық және бірлік идеялары.
14. Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстарының дәлелдері мен идеялары.
15. М. Өтемісов. Халық көтерілісінің жаршысы.
16. Зар Заман ақындары, олардың идеялары.
17. Ш. Уалихановтың сот реформалары туралы Запискалары.
18. "Айқап және "Қазақң газетінің әлеуметтік- саяси тұстары.
19. "Алаш партиясы>>, оның бағдарламалық талаптары.
20. Қазақстандағы либералдық, демократиялық қозғалыс және оның
идеологиясы.
21. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов шығармаларының
саяси мазмұны.
22. М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов т.б саяси мақсаттары мен
қызметі.
23. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, оның тарихи маңызы.
24. Қазақстандағы демократияландыру және азаматтық қоғамды құрумәселесі.
25. Қ.Р- ның ұлттық қауіпсіздігі және геосаясаты.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Абай (Ибрагим Құнанбаев) Екі томдық шығамалар жинағы. Алматы,1988.
2. Авеста. Душамбе, 1990.
3. Айтыс. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. 1, 2 кітап. Алматы, 1992.
4. Алаш-Орда. Документер жинағы (Құрастырушы Н. Мартыненко).Алматы, 1992.
5. Әл-Фараби. әлеуметтік-этикалық трактаты. Алматы: Ғылым, 1975.
6. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов СреднейАзии. Соч. Т.1. М., 1963.
7. Батырлар жыры. Көп томдық. Алматы, 1, 2 тт. 1986; 3 т. 1987; 4, 5 тт.1989.
8. Бес ғасыр ақындары (Поэты пяти веков). Алматы, 1993.
9. Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары. Алматы: Жазушы, 1990.
10. Дала уалаятының газеті. Алматы: Ғылым, 1992.
11. Ежелгі әдебиет (<<Древняя литератураң). Хрестоматия. 2 кітап. Алматы,1991.
12. Ежелгі қазақ әдебиеті 1, 2 кітап. Алматы, 1992.
13. Ертегілер. Көп томдық. 1, 2, 3 тт. Алматы: Жазушы, 1988.
14. Иассауи А. Ақылкітабы (<<Диуана хикметң). Алматы, 1993.
15. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий.Алматы, 1992.
16. Қазақ КСРның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация // Қазақстан:мемлекеттіліктің кезеңдері. Конституциялық актілер. ҚұрастырғанЖ.Баишев. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы. ҚР заны //Ведомости Совета РК. 1951. № 51.
19. Қазақстан Республикасының тіл саясатаның тұжырымдамасы //Казахстанская правда. 1996. 6 қараша.
20. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1, 2, 3 тт.Алматы, 1996-2000.
21. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1993.
22. Қазақтар. Тарихи-этнографиялық зерттеулер. Алматы, 1995.
23. Қашқари М. Түбі бір түрки тілі. <<Диуани луғат ит-түркі. Алматы, 1993.
24. Қисса-дастандар. Алматы: Жазушы. 1986.
25. Назарбаев Н. ХХІ ғасыр табалдырығында. Алматы, 1996.
26. Назарбаев Н. Қазақстан-2030. Алматы, 1997.
27. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Ата Мура, 1998.
28. <<Мәдениет тұралың ҚР заны // Егемен Қазақстан. 1996. 28 желтоқсан.
29. <<Саяси партиялар туралы>> ҚР заны // Ақиқат. 2002. № 9.
30. Тынышпаев М. Қазақ халқыңың тарихы. Алматы, 1993.
31. Уалиханов Ш. Тандамалы. Алматы: Жазушы, 1985.
Қосымша:
1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюциягосударства и общества. Алматы, 1996.
2. Абылай-хан. Алматы, 1993.
3. Аджи Мурад. Полынь половецкого поля. М., 1994.
4. Аймаутов. Ж. Шығармалары. Алматы, 1989.
5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.
6. Акишев К.А., Баипаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отрар. Алма-Ата,1972.
7. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы, 1988.
8. Аль-Фараби. Избранные трактаты. Алматы, 1994.
9. Асфендияров С.Д. История Казахстана. Алматы: Ататек, 1993.
10. Аяганов Б. Государство Қазақстан: эволюция общественных систем.Алматы, 1993.
11. Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана ІІ половины ХІХ-началаХХ вв. Алма-Ата, 1979.
12. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата, 1983.
13. Байтурсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.
14. БаласагунскийД. Благодатное знание. М., 1983.
15. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Соч. Т.ІІ. Ч.1. М.,1963.
16. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейскихтурок VI-VIII вв. М.-Л., 1946.
17. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизацияобщества переходного периода. Алматы, 1997.
18. Бисембиев К.Б. Очерки истории общественно-политической ифилософской мысли Казахстана. Алма-Ата, 1977.
19. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азиив древние времена. М., 1950.
20. Боис М. Зороастризм. Верования и обычаи. М., 1986.
21. Бокейхан Н. Таңдамалы (Избранное). Алматы, 1995.
22. Бұлтай М. Ата-баба. Діні Неге түркілер мұсұлман болды? Алматы,2000.
23. Бұрабаев М.С. Общественная мысль в Казахстане. 1917-1940 гг.Алматы: Ғылым, 1991.
24. Бұхар-Жырау. Қалқаман ұлы. Алматы, 1992.
25. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. Алма-Ата,1989.
26. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947.
27. Габитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. Алматы, 1998.
28. Григорян С.Н. Великие мыслители Средней Азии. М., 1958.
29. Гумилев Л.Н. Ежелгі түріктер (Древние тюрки). М., 1993.
30. Дербісалиев ғ. Шыңырау бұлақтар. Алматы, 1982.
31. Древнетюрский словарь. М., 1969.
32. Древности Казахстана. Алма-Ата, 1975.
33. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1989.
34. Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Алматы:Санат, 1999.
35. Есім Г. Сана болмысы. 1-6 тт. Алматы, 1996-2001.
36. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1986.
37. Жұмабаев М. Шығармалары. А., 1989.
38. История Казахской ССР в 5-ти томах. Алма-Ата, 1977.
39. История Казахстана: исследования и документы. Алматы, 1998.
40. История Казахстана: Очерк. Алматы, 1993.
41. Касабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиялының тарихына кіріспе.Алматы, 1994.
42. Келимбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1991.
43. Книга моего деда Коркута. М., 1962.
44. Козыбаев М. История и современность. Алма-Ата, 1991.
45. Кочевники-эстетика. Алма-Ата, 1992.
46. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Республики Казахстан. Уч.пос.
Алматы: Санат, 1998.
47. Нурпеисов К.Н. Алаш. Алаш-Орда. Алматы, 1995.
48. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дұниетанымы. Алматы: Ғылым, 1996.
































Пәндер