Файл қосу

Оқудың түрлері



ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты

ПОӘК


  ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013


ПОӘК 
<<Әдебиеттік оқу>>
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 
______  2013 жылғы 
№ 3 басылым






                                       
5 В 010200 <<Бастауышта  оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі>>
                   мамандығына  арналған
                       <<Әдебиеттік  оқу>>
         ПӘНІНІҢ  ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
             ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







                                  СЕМЕЙ
                                     2014
                                	Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы 



















ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Методология  -  зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин
Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аңдату  -  (грек тілінен  -  алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.
Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар
Драма (грек тілінен қимыл-әрекет)  - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ерікті өлең  -  қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Жыр  -  қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы 
Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл
Лирика  -  көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі  -  адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Меңзеу (синекдоха)  -  аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.
Монография  -  белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек
Мысал  -  айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма
Новелла  -  көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. 
Өмірбаяндық әдіс  -  жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі
Пейзаж (франц.  -  ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі 
Повесть (орыс тілінен баяндау)  -  оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі
Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу
Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)  -  көркем өнер немесе  әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту
Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған)  -  сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма 
Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.
Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.
Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.
Модуль   -   оқу   үрдісінің   өзгеруіне   байланысты   үнемі   толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік     оқу     -     білім     мазмүнын     әр     қырынан     жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.
Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп,кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап,бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні,сөйлеу қарқыны, ритмі(ырғағы), пауза(кідіріс),сазы. Тіркес екпін( фразалық екпін) - сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тэсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистік объектісі. Логикалық екпін - айтылған сөйлемдегі ойдың мазмүн-мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық ,яғни логикалық екпін түседі.Ол басқа сөздерге қарағанда сәл ерекшелеу оқылады.Дауыс сазы арқылы аңғартады.
Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз


1-дәріс.  <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  мақсат,  міндеттері,  мазмұны
Жоспары:
1. <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  мақсат,  міндеттері
2. <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  	мазмұны,  әдістемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың <<Әлеуметтік-экономикалық модернизация  -  Қазақстан дамуының басты векторы>> атты Қазақстан халқына  Жолдауында білім беру жүйесін модернизациялауға басымдық бағыт беріп, білім мазмұнын жетілдірудің бес бағытын айқындап берді.Сондағы төртінші бағыт  тікелей педагогикалық білім берудің базалық стандарттарын жетілдіру, мектеп мұғалімдерінің және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды көздеуі жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің қайнар көзіне айналып отыр.
Осы бағытты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының жетілдіріп, 2012 жылы 23 тамызда Үкімет тарапынан бекітілуі, өтпелі кезеңнің жаңа мазмұнын айқындауға негіз бола отырғаны еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуінің алғышарты болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының іргетасы бастауыш мектепте қаланатынын, сонымен қатар оқушылардың оқу еңбегіне қажетті оқу іс-әрекетінің білігі мен дағдысын игеруі, оқуға үйрену, санау, теориялық ойлаудың қарапайым элементтерін, сөйлеу мәдениеті мен тәртібін, салауатты өмір салтын, жеке бас гигиенасын, отандық және әлемдік мәдениетті түсінуін қамтамасыз ететін білім мазмұны мектептің әдебиет пәнін меңгертуге база жасаудың негізі болып табылады.
 Стандарт бойынша бастауыш білім мазмұнын айқындауда жаңа ұстанымдар басшылыққа алынып отыр.Алдымен жаңа стандарт әлеуметтік сұраныстан туындап отырғандықтан, ол қоғамның, мемлекеттің және ірбір отбасының талабын қанағаттандыру үшін, осы үштік жүйенің талаптарын біріктірген білім мазмұныны меңгерту мен жүзеге асыру шарттары  оқушыларды тұлғалық және жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жетуді көздейді.
Жаңа  бағдарлама аясындағы  2-сынып бойынша бастауыш білім мазмұнын тіл және әдебиет саласы негізінде асырауды көздеп, аталған сала бойынша  белгіленген деңгейге сәйкес  2-сыныпта <<Әдебиеттік оқу>> пәнінің бағдарламсында берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған білім мазмұны оқулықта беріліп отыр.
<<Әдебиеттік оқу>> пәнін оқыту әдістемесі негізінен оқу дағдысын қалыптастырумен қатар, оқушылардың өздігінен оқуға деген қызығушылығын арттырап, оның тұлғалық дамуындағы рөлін түсінуге, балалардың оқу аясын кеңейтуге бағытталады.Мұнда басты назар оқушылардың саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң, дұрыс оқуына аударылады.
       Әдебиеттегі оқу пәнінің оқулығы бағдарламадағы білім мазмұнын білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен пәндік нәтижелер негізіндегі білім мазмұнына сәйкес құрастырылады. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлғасының, адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық  -  құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен біліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
    Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.Білім алушылардың дайындық деңгейі ұш аспект бойынша бағаланып, олар тұлғалық нәтижелер және пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының атқаратын өзіндік функциясы дәлелденген.
Тұлғалық нәтиже  -  таным мен оқу мотивациясын қалыптастыруы,  оқушылардыңөзін-өзі дамыту қабілеті мен дайындығы, бастауыш мектепті бітірген түлектің ана тіліне деген құрметі, Отанына деген сүйіспеншілігі, әлеуметтік құзыреттіліктері, азаматтық ұстанымы, ұлттық рәміздер мен заңдарды құрметтеуі, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі, шығармашылығы, жеке тқлғаның көзқарасын білдіруі және т.б.Бұлар тұлғалық сапаларды қалыптастырумен сипатталады.Әдебиеттік оқу пәнінде әрбір оқушының білім траекториясы мен жеке басының дамуына сәйкес жақын даму аймағын кеңейту қажет болады.
    Тұлғалық нәтиже тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оның қалыптасуы мен дамуын, қызығушылығын, мотивтерін, қабілеттерін, тұлғалық өзін-һзі айқында комноненттерін қамтиды.Әдебиеттік оқу пәніндегі мұғалімнің негізгі міндеті  -  оқушыларды оқуға үйрету, білім беру үдерісіндегі әрбір оқушының жеке қабілетін ашу, оқуға деген қызығушылығын тудыру.Қызықты материалдарды молынан ұсынған сайын бала оларды тереңірек білуге талпынады.Оқулық мазмұны оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып,түсінбегенін түсінуге үйретіп, оларлың тұлғалық дамуын ескеріп, ақыр соңында оқырмандыққа баулиды.
     Тұлғалық нәтижеге жетуде, тұлғалық бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың ( өзінің әрекетін, болған оқиғаның, моральдық норма мен тәртіптегі адами сапаларды түсінуі) әлеуметтік және тұлғааралық қатынасқа деген бағдарының болуын қамтамасыз ететін талаптар қояды.
    Тұлғалық нәтижеге жету  үшін мұғалім оқу іс-әрекетінде мынадай екі әрекет түрін қолдануы қажет:
* Білім алуда ойша әрекет ету, яғни оқушылардың оқу сі-әрекетінің мақсаты оның мотивінің арасында, басқаша айтқанда, оқудың нәтижесі мен оқуда тудыратын әрекетті және не үшін оның жүзеге асқандығын білуі.Оқушы <<Оқу мен үшін неге керек?>> деген сұрақ қойып, оған жауапты өзі табуы қажет.
*  Адамгершілік әрекеттерді меңгерген білім мазмұгыг бағалау, өзінің жеке және әлеуметтік құндылығын қамтамасыз ететін моральдық нормаларды таңдау әрекеті.
Әдебиеттік оқу пәні оқулығының мазмұнында тұлғалық нәтижеге жеткізетін шығармалар  -  қазақстандық азаматты өз Отанын, халқын мақтан етуге, и ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты меңгертуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, басқалардың көңіл күйін түсінуге, эстетикалыұ, адамгершілік, жанашырдық сезімге тәрбиелеуге лайықты шығармалар ұсынылып отыр.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер қоғамдық, мемлекеттік,отбасылық талаптар, жауап беретін тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеуден, көпмәдени, көптілік, көпұлттылыү жағдайында мәдени диалогқа түсінууінен дәне оларға құрметпен қараудан, нәтижеге бағытталған білімнің оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің әмбебаптығынан, ақпараттық-коммунткациялық технологияларды әзденімпаздықпен пайдалануынан, ғылыми ақпараттарды саралауы, жинақтауы, өңдеуі, білім  мазмұнының шешуші белгілері болып табылатын шығармашылық пәндік олимпиадалар мен жобаларға қатысуынан, жеке білім траекториясының әртүрлілігін көрсететін оқушы портфолиосын дайындаудан көрінеді.Жүйелі- әрекеттік нәтиже бойынша әдебиеттік оқу пәні оқу әрекетінде оқушылардың мына төмендегілерді іске асыруын көздейді:
* Ақпараттық қоғамда тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, толеранттылықты, сөйлеу мәдениетін, көпмәдени мен көптілді меңгерту;
* Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде күтілетін нәтижеге жету жолдарын, педагогикалық технологияларды жетік білуді, оқушылардың оқу-танымдық дамуын қамтамасыз ету;
* Әдебиеттік оқу пәнінің  білім мазмұнын меңгертуде нәтижегег бағытталған білім берудегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
* Білім мазмұнының шешуші рөлі оны ұйымдастыру болғандықтан, оқыту үдерісін өзарар ынтымақтастыққа құрып, оқушылардың тұлғалық, әленуметтік және танымдық дамуына қол жеткізу;
* Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, іс-+әрекет түрлерін тақырыптың мақсатына сәйкес саралау.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер 2-сыныпта мәтін мазмұныны түсіну басты да күрделі міндет екенін, мәтін сөйлеудің ең үлкен бірлігі болып табылаптынын жеткілікті мөлшерде меңгертуді көздейді.Мәтіннің мазмұны арқылы ашылатын оның идеясын әдебиеттік оқу пәніне ұсынылған шығармаларды оқыту барысында оларды оқушылар өздігінен түсінуіне мүмкіндік жасалады.
      Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүйелі-әрекеттік нәтиже арқылы оқушыларды оқырмандық сауаттылыққа баулу ісі жүзеге асырылады.Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеті олардың өзін-өзі жетілдіруін, ұжымдық, топтық жұмыстарда оқу әрекетіне ынтымақтастықпен қатысуын қамтамасыз етеді.
   Пәндік нәтижелер  -  білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығының базалық (міндетті)деңгейде болуы, жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді игеруі, оны өзгерту арқылы өз  тәжірибесінде қолдануы қазіргі ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана алу әрекеттерінен, функционалды сауаттылығынан көрініс табады.Білім мазмұнын меңгерудің бес балдық бағалау жүйесі негізінде оқушылардың жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерін бағалау ісі жүзеге асырылады.
      Пәндік нәтижелерге жету үшін оқулықта халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің шығармалары, балалар әдебиетінің түрлі жанрларын және әртүрлі тақырыптық түрлерін қамтитын білім мазмұны берілген.Оқушылардың оқулыққа ұсынылған шығармаларды қабылдауы мен көркем шығармаларды оқуы, әңгімелей білуі талдаудың қарапайым түрлерін меңгеруді қамтамасыз ететіндей болып, мұғалім көркем сөзбен танысудың тиімді жолдарын, әдістер мен технологияларын пайдалана отырып, сабақты тиімді түрде ұйымдастыруы қажет.
       Әдебиеттік оқу пәні оқулығында әлемдік және ұлттық мәден құбылыс ретіндегі ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің құралы оқушының жеке басының дамуы үшін аса қажетті деп есептелетін әртүрлі жанрдағы шығармаларды саналы түрде меңгеруге, оларға баға беруге арналған материалдар ұсынылып отыр.
      Оқырмандық сауаттылық әлеуметтік өмірде тұлғаның өз білімі мен мүмкіндігін белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ісімен айналысуы, ол туралы ойлануы, жазбаша мәтінді пайдалануы және түсінуі болып табылады.Оқушылар ақпаратты өздері алу үшін оны іздеуге, пайдалана білуге үйретеді.Оқушылардың оқырмандық сауаттылығы, яғни, оқудағы нәтижелілігі мен табыстылығы мұғалімнің мәтінмен жұмыс істеу шеберлігіне байланысты болмақ.Мұғалім сыныптың, жеке оқушының дайындық деңгейіне байланысты бұл жүйеге түзетулер енгізуге құқылы.Әдебиеттік оқу пәні оқушылардың шығармашылық кеңістігінің аясы болуды, яғни өздерінің әңгімелерін, ертегілерін құрастыруға, шығармаға өз көзқарасын білдіруге үйретуді іске асырады.Оқырмандық сауаттылыққа баулуда мына міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
* Мәтінді оқудың қарым-қатынастық мақсатын түсіну;
* Мәтіннің негізгі ойын айқындау;
* Мәтін бойынша жоспар құрып, тезис жасап, оны толық немесе қысқаша айтып беру үшін ауызша немесе жазбаша ақпаратты жазып алу;
* Ақпараттың ішінен негізгі және қосымша, керекті немесе керексіз дегендерін бөліп алу;
* Мәтіннен түсінгенін баяндау, оған  баға беру.
2-сынып оқушысы саналы түрде дауыстап және іштей оқудың мақсатын түсінуі  -  басты мәселе.Оқушы дауыстап оқығанда белгілі бір мақсатқа байланысты  -  басқалардың тыңдауына немесе мәтіннің мазмұнын тұсініп, оны өзі айтып беру үшін оқиды.Мұндай оқудың түрлері оқу іс-әрекетінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға негіз болады.Оны іске асыру тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс оқуға арналған материалдар арқылы да жүргізіледі.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ 2-сыныпта өтетін басқа пәндермен пәнаралық байланыста ұйымдастырылып,табиғи түрде жүзеге асырылады.Бұл,әрине, оқушылардың интеллектуалды тәжірибелік іс-әрекетімен байланысты болады.Іс-әрекетінің нәтижесі өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік туғызады.
    Әдебиеттік оқу пәні бойынша пәнаралық байланыс мынадай бағыттарда іске асырылады:
* Оқушы көркем шығармалар арқылы өз Отанының және Әлем елдерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен таныса отырып,и олардың мәдениетін меңгереді.Технология пәнімен байланысы осы шығарма мазмұнына сәйкес техника түрлеріне, құрылыс мамандарына, олардың еңбектеріне деген қызығушылығын туғызды, оларға құрметпен қарауға үйренеді.Еңбектің түрлеріне қатысты шығармаларды оқып, оларды өмірде көрген тәжірибелермен салыстырып, өз пікірін дәлелді түрде білдіреді.
* Оқушы өз ойын жүйкелі жеткізуде, тілдік қатысымдылықты сақтау, байланыстырып сөйлеу және тіл дамыту жұмыстарында, шығарма, мазмұндама жазуда қазақ тілі пәнімен байланысы жүзеге асырылады.
* Әдебиеттік оқу пәні шығарманың мазмұнына сәйкес қоршаған ортамен тансу пәнімен байланысады, табиғат құбылыстары мен ерекшелітерін тануда жыл мезгілдеріне байланысты табиғатқа саяхат жасау, ауа райын бақылау жұмыс тары іске асады, ал оқиғаны салыстыруда автордың көзқарасы мен идеясын тіршілік өмірмен байланыстыру мәселелері сипатталады.
* Пәндік материалды қайта өңдеу іс-әрекетінде, ішкі жоспарды іске асыруда, мақсатқа бағытталу мен белгілі бір шешім қабылдауда, іс-әрекеттің орындалуын бақылау, бағалау, түзету енгізуде әдебиеттік оқу пәні математикамен байланысады.
* Мәтін мазмұнына сәйкес түсінгені бойынша шығармашылықпен сурет салу, яғни, басты кейіпкерді немесе образды, не болмаса тұтас сюжеттің суретін салу арқылы ойын бейнелеп жеткізуде бейнелеу өнерімен байланысады.
*  Көркем шығарманың идеясын ашу мақсатында музыка қолданылады.Мұғалім шеберлігі мен оқушының шығармашылығы бірлесіп, тақырып мақсатына сай дұрыс таңдалған музыканы пайдалануға болады.Бұл, әрине, әдебиеттік оқу пәнін музыкамен байланыстырады.
* Әдебиеттік оқу пәні информатикамен байланысады.Ақпаратты іздеуғ, алынған ақпаратты сақтау, компьютерді пайдалана білу- әрбір мұғалімнің міндеті.Сонымен бірге барлық пәндерден дайындалып, жарық көрген электрондық оқу құралын тиімді пайдалану оқушылардың әдебиеттік оқу пәнін оқуға деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.

Бақылау  сұрақтары:  
* <<Әдебиеттік  оқу>>   пәнінің   негізгі  міндеттеріне  нелер  жатады?
* <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнін  оқыту  қандай  негізде  жүзеге  асады?

Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

2-дәріс. Әдеби  білім  берудің  алғашқы  сатысы
Жоспар: 
1. Әдеби  білім  берудің   алғашқы  сатысы  
2.Әдеби  білім  беру  ұғымы
Мектепте оқылатын әдебиет пәнінің  -  жас өспірімдерге идеялық, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, халқымыздың өткендегі өмірін, оның арманы мен мүдделерін білдіруде маңызы зор. Әдебиеттің осындай білімдік,тәрбиелік мәнділігі мұғалімдерді көп ізденіп, не бір ұтымды, тиімді деген әдіс  -  тәсілдерді тауып, заман талабына сай оқытуды міндеттейді.
      Оқушыларға әдебиеттен білім берудің алғашқы сатысында мұғалімдерді ойландырарлық мәселелер баршылық, мәселен, 11 жасар бала ұғымына көркем шығарманы қай тұрғыда танытқан жөн, әдеби шығарманы оқудан,онымен жалпы таныстықтан талдаудың қандай айырмашылығы бар, көркем шығарманы талдау,әдеби- теориялық ұғымдарды қалыптастыру қажеттілігінің сыры неде, программада міндеттелген әдеби білім мен шеберлік дағдыларының арасындағы қарым-қатынасты, байланысты ұғындырудың тиімді жолы қайсы деген сұрақтар өзінен-өзі туындайды.
      Мұнда,негізінен, программалық талап басшылыққа алынады.Мұғалім оқушының шығарманы дұрыс, нақтылы түсініп талдауына текстің негізгі, маңызды бөлімін қосалқы суреттеулерден бөліп ала білуіне, шығарманың мазмұны мен идеясын аңғарып оқуына басшылық етеді, оқушыларды кейіпкерлер тағдырларымен ортақтастырады, жазушының сөз қолданысы, синтаксистік оралымдарынан үлгі алуға бағыштайды, эстетикалық сезімін арттырады,оқушыны белсенділікке,творчествалық қабілеттілікке баулиды.
      Әдебиет сабағының негізгі материалы  -  көркем шығарма.Оны жете білу талдау арқылы жүзеге асырылады.Көркем шығарманы талдау принципінде орта буын мен жоғары кластарда ұқсастық бар.Бірақ әр класс оқушыларының жас ерекшелігі мен іскерлік пен шеберлік дағдыларының сапасына қарай талдаудың әр буында өзіндік салмағы бар.Енді оқушыларға әдеби білім берудің сол кезеңдерін, онда қалыптастырылатын іскерлік пен шебелік дағдыларын байкап көрейік.
      Бастауыш кластарда оқушылар көбіне оқу техникасына жаттығады.Әріптен сөз, сөзден сөйлем құрап оқи бастасымен  -  ақ оқушылар өзін қоршаған орта, жаратылыс,табиғаттың сырларын, көпті білуге деген ынта,көркем шығарманы оқу,мұғалім әңгімесін зейін қоя тыңдау,білмегенін сұрап алу белсенділігі басым болады.Қойылған сұраққа текстен жауап іздеу, жазбаша жаттығуларды орындау тәрізді творчествалық іске әзір тұрады.Алайда, баланың тілегін орындауға, программалық талапты толығымен қамтуға мұғалімнің мүмкіндігі бола бермейді.Әрі балаң оқушыда ықылас, ынта болғанымен жұмысты орындау сапасы төмен болады, шамадан артық тапсырманы орындай алмайды. Мәселен, бастауыш класс оқулықтарында танымдық мақала, іс қағаздарының  жеке үлгілері, өлең, әңгіме, ертегі, мысал өлең, мақал мен мәтелдер берілген.Осы тұста көркем шығарма, оның түрлері мен жанры туралы мәлімет беруді міндеттеу дұрыс болмас еді.Олар жайлы алғашқы ұғым беруді IV  -  VII класс программасы талап етеді.Онда да оқушыларға көркем әдебиеттің тегін, түрлерін саралап түсіндіру емес соған барар жолға қадам жасалады,бет бұрады.Әдеби ұғымдарды программалық материалдардың табиғатына,бала ұғымына лайықтап ұғындыру міндеті жүктеледі.Әдеби білім беруді осы принцип тұрғысынан ұйымдастырған жағдайда көркем әдебиеттің теориялық негіздерін білмей тұрып  -  ақ балаң оқушы көркем шығарманы  -  оқу техникасына жаттығу материалы, тіл дамытудың қайнар бұлағы әрі тәрбие құралы деп қабылдайды.Сөйтіп, бұл кластарда көркем шығарманың практикалық мүмкіндіктеріне баса көңіл бөлінеді.Оқушылар оқу техникасын жетілдіреді,сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеуге жаттығады.Ал IV кластан бастап оқушыларға әдебиеттік білім беру, олардың әдебиетке құмарлығын арттыру,әдебиеттің білімдік, өміртанытқыштық қасиетін, оның тарихы мен бүгінгінің байланысын таныту әдебиет сабағының басты нысанасына айналады.
    Сөзбен жұмыс істеу-сөздік қорын молайту  -  тіл көркемдігін, сөз өнерін меңгерту деген сөз.Ал сөз өнері - әдебиет.Көркем шығарманы оқу, талдау қолданатындығына, оның ерекше сыр мен сипатқа ие болатындығына көзі жетеді, ана тілінің көп қырлылығын меңгереді.Неғұрлым осындай жұмысқа тереңдеп барған сайын оқушының көркем әдебиетке деген ынтасы артады.
     IV класқа арналған <<Әдебиеттік оқу кітабындағы>> оқу материалдары идеялық  -  мазмұндық байланысына және жанрлық сипаттарына қарай бірнеше тақырыптарға топтастырылып, хронологиялық принциппен орналастырылған. Мәселен, бірінші бөлімде халық ертегілері,екінші бөлімде ақын  -  жазушылар жазған әдеби ертегілер, үшінші бөлімде мысал өлеңдер, төртінші бөлімде қазақ балаларының кешегі өмірі мен бүгінгісі, бесінші бөлім Отан табиғаты, алтыншы бөлім халық тарихының көркем шежіресі  тақырыбына топтастырылып берілген.
     Программалық материалдарды осылай түрліше топтастыру сол класс оқушыларының іскерлік пен шеберлік дағдыларын, материалдарды қабылдау мүмкіндіктерімен санасудан туған.Әдеби материалдарды топтау принципі бастауыш кластарда да бар. Мәселен, мереке күндеріне арналған көркем туындыларды өту мерзіміне сәйкес берілуін,табиғаттың төрт мезгіліне байланысты шағармаларды маусымдылығына қарай орналасуын хронологиялық принциптің көрінісі деуге болады. Демек, IV класта оқушылар мүлде тосын құбылысқа тап болмайды.Олар өздеріне бұрыннан танымал тақырыптық, жанрлық, хронологиялық принциппен  IV класта екінше рет кездескенде бұрын жеңіл  -  желпі қабылданған мәселеге танымдық қырынан көңіл бөлуге мүмкіндік туады. Соның нәтижесінде оқушылар сол танымал құбылыстан азды  -  көпті жаңаның ізін байқайды, программалық материалдың жеңілден біртіндеп күрделетіндігімен хабардар болады.
    IV класс оқушыларына әдеби білім беру мәселесіне байланысты осы кластың << Әдебиеттік оқу кітабына>> арналған методикалық нұсқау мен программадан бөтен еңбек жоқ.Әдебиет программасында IV класс оқушыларына берілуге тиісті әдеби білімнің мақсаты мен міндеттері, көлемі, жұмыс түрлері, оқытудың, талдаудың басты  -  басты әдіс-тәсілдері, қалыптастырылатын іскерлік пен шеберлік дағдылар, жаттығуға ұсынылған шығармалар мен кластан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі берілген. Ал методикалық нұсқауда мұғалімдерге IV класта әдебиетті пән ретінде оқытуға бағыт-бағдар жасалады, жеке көркем тексті талдау үлгілері беріледі. Алайда, оқушыларға көркем шығарманы меңгерту, оларды әдеби білім берудің күрделі келер сатысына әзірлеу  -  мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етеді.Себебі бұл кластан басталатын әдеби білімнің негізін қалаудың методикасы бір нұсқаумен шешілмейді. Оның үстіне нұсқаудың бұған дейінгі басылымдары бұрынғы программа бойынша жазылған. Ал типтік программада әдеби-теориялық ұғымдар анықталып, жүйеге келтірілді, пәнаралық байланыс пен білім жалғастығы нақтыланды, бұл класта әдебиеттен берілуге тиісті білім, іскерлік пен шеберлік дағдыларының түрлері, көлемі анықталып, программа бірлі-екілі жаңа материалмен толықтырылды, кластан тыс оқитын шығармалардың тізімі ұсынылды. Оқулыққа біршама өзгеріс еңгізілді, сұрақ-тапсырмалар қайта қаралып, жекелеген әдеби-теориялық ұғымдарға анықтама берілді, иллюстрациялық материалдар ұсынылған.Осыған байланысты методикалық нұсқауды қайта жазу қажеттілігі туып отыр.
     Әдеби білім көркем шығарманы талдау негізінде қалыптастырылады. Оқушылардың  шығармамен таныстығы оны оқудан басталады. Онда да мақсатсыз, немқұрайлықпен оқымай  түсініп, әсерленіп оқуы қадағаланады.Талдаудың дұрыс арнаға түсуі оқушының шығармамен бірінші рет танысуына, одан алған әсеріне байланысты.Сондықтан сабақтың бұл кезеңі оқушы белсенділігін арттыруды, мұғалімнің ұйымдастырғыштық шеберлігін керек етеді.
     Көркем тексті талдау арқылы оқушылар адам тағдырымен, өмір шындығымен, жазушының поэзиясымен танысады.Әрине, ондай таныстық бұл класта жазушы жасаған кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын ұғуға әрекеттену, көркемдікті, шығарма оқиғасын қызықтау тұрғысында болады. Оқушы бойында көріне бастаған осындай ой қаракеттерді әрі қарай дамыту, оларды білімдік арнаға салу, оқушыларды жазушының ойын аңғаруға, кейіпкер ісіне баға беруге баулу сабақтың басты мақсаты болуға тиіс.
     Мектепте оқыту мен тәрбие беру тығыз бірлікте қаралады.Көркем шығарма  -  тәрбие берудің де пәрменді құралы.Сондықтан оны заман талабына сай оқыту арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеу құралына айналдыра білу басты міндет болып есептеледі. Мәселен, тәрбиенің бір түрі  -  патриоттық тәрбиеге IV класқа арналған << Әдебиеттік оқу кітабынан>> мысалды көптеп келтіруге болады.
    Патриоттық тәрбие-Отанға адал қызмет ету болса, ол оқушылардың саяси сауаттылығын, адамгершілік қасиетінің молдығын, эстетикалық талғамдылығын, еңбек сүйгіштігін қамтиды. Демек, халық қажетін өтерлік туындылар беріп отырған жазушының өз басынан бастап, оның шығарма кейіпкері бойындағы жақсы қасиеттер - кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Оқушылар әрбір туындыны бір ғана жазушының меншігі демей, оны Отанға қызмет етудің айқын айғағы деп қабылдайды, жазушыны, ол суреттеген адамдар тағдырын тарихпен байланыстыра тануға дағдыланады, әр шығармада көрінген өмір шындығы оларды түрлі сезімге баулиды, ойландырып, толғандырады.
    Бұл ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде көрінген халық арманы мен тілегі, әділдік пен жақсылықтың қастандық пен зұлымдықты жеңетіндігі, шығарма қаhармандарының жағымды, жағымсыз болып бөлінетіндігі, ондағы тартымды, қызықты уақиғалардың тәрбиелік мәні бар. Халық даналығы, эпикалық шығармалар бала ұғымына,түсінігіне жақын. Оның жанрлық ерекшелігі, уақиғасының бірден-бірге сатылы дамуы оқушылардың қызығушылығын ынтасын арттырады,жаттап алып, жадында сақтайды.
    Әдеби ертегілер де  -  халық ертегілерінің бір түрі. Оның уақиғасында кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінде шындықтан ертегілік, аңыздық сипат басым жатады. Айырмашылығы  -  авторы бергілі.
    Ауыз әдебиеті үлгілерінің ұғымды болуы кейіпкерлер әрекеттерінің әдеттегіден тысқары қимыл - әрекетке батыл баратындықтары әрі олардың көздеген мақсаттарына түрлі кедергілерді жеңіп жететіндіктері, олардың ақтық, пәктік қасиеттері, мақсат-мүдделерінің көп тілегімен үндестігі, соның арқасында олардың дұшпанынан досының көп болатындығы, әділдіктің әділетсіздікті жеңетіндегі оқушыларды тексті қызығып оқуға жұмылдырады, ертегілік қасиетінің бала қиялымен ұштастығы олардың қанағаттанарлық сезімдерін оятады.
     XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінен бастап оқушылар жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқу арқылы аталар мен әкелердің күрес жолымен, олардың асқақ армандарымен, мақсат-мүдделерімен танысады.Баяғы заманда қол созған асыл арман, жақсы ниеттің көбі жүзеге асты, қанау жойылды, теңдік берілді, халық еңбектенуге де, тынығуға да праволы болды, шаттық заман орнады. Ол ертегілерді оқу барысында оқушылар адамдар аңсаған асыл арманның ескірмейтіндігін, қайта олардың жаңа дәуірде жаңа мазмұнға ие болғандығын меңгереді.Ондай асыл арманға еңбек сүйгіштік пен адалдық, әділдік пен жақсылық, адамгершілік қасиеттер жатады.
     XIX ғасырдағы әдебиет үлгілерінен IV класқа арналған << Әдебиеттік оқу кітабында>> М.Өтемісовтың <<Соғыс>>, <<Махамбеттің Жәңгірге айтқаны >>, А.Құнанбаевтың <<Күз>>, <<Қыс>> өлеңдері мен Ы. Алтынсариннің <<Бай баласы мен жарлы баласы>> әңгімесі бар. Осылардың ішінен мысалдардан кейін іле-шала оқушылардың талдайтыны  -  Ы. Алтынсариннің <<Бай баласы мен жарлы баласы>>әнгімесі.
    <<Бай баласы мен жарлы баласы>> әңгімесінде көшпелі қазақ аулының өмірі мен тіршілігі суреттеледі. Әрине, қазіргі оқушыға сол бір кездегі көшу, қону қарбалас өмірі беймәлім. Сондықтан Асан мен Үсеннің елсіз далада адасып қалуына оқушылардың немқұрайлы қараулары ықтимал.Бос жатқан жұртты көргенде бірі жылап, бірі сабырлылық жасап, қиындықтан шығудың жолын іздестіре бастауын табиғи қажеттілікке саюы мүмкін. Мәселе онымен шектелмейді, қиындықтан шығудың амалын іздеуші де, оның жолын табушы да, серігіне адал қызмет еткен де  -  Үсен. <<Адамды адам еткен - еңбек>> дегендей, алғашқы кездескен өмір сынынан оларды сүріндірмей алып шыққан Үсеннің өмірге бейімділігі мен құштарлығы, ақылдылығы мен зерделілігі, ал ол қасиеттер оның бойына еңбекпен дарыған деген жазушы идеясы аңғарылады.
    Асан мен Үсеннің психологиясы да түрліше, Үсен бір қиындықты жеңіп, екіншісіне жол табумен үнемі еңбектену, іздену, ойланумен жүргенде, Асан қаннен-қаперсіз бейқамдыққа салынып Үсеннің адал еңбегіне ортақ,еншілес болуға арланбайды. Сәл-пәл қиындыққа төзімі жоқ, ол бір сәт қарын тойса, дүниенің бәрі ұмыт болады. Мұның осындай тоғышарлығына кімдер кінәлі, себебі неліктен деген сұрақтың жауабын жазушы таптық теңсіздіктен, сол ортадағы адамдардың еңбекке деген көзқарасы мен қатысынан ізде, Асанның дәрменсіздігіне оның өскен ортасы, алған тәрбиесі кінәлы дегісі келгендігі анық.
    Қиындыққа тап болған жерде Үсен әке сөзін, оның істеген тірлігі мен кәсібін еске алумен болады, әке тәжірибесін басшылыққа ала отырып, іске кіріседі, өмір сынынан өткен әке ақылы мен насихаты баласын тура жолдан тайдырмайды дегеніне жеткізеді.Себебі ол  -  адал еңбегімен күнелткен еңбек адамының өсиеті еді. Шығарманың идеясы да, жазушының көздеген мақсаты да <<Әке көрген оқ жонады>> дегендей , Үсеннің тәрбиесі еңбек адамының тәрбиесі, оны адам еткен де, дегеніне жеткізген де, басына түскен қиындықтан алып шыққан да  -  еңбек, өмір тәжірибесінің жемісі, еңбектенбеген  түйсіксіз адам Асандай болып қалмақ, оның әрекетсіздігіне ата-ана тәрбиесі, өскен ортасы, тап мешеулігі кінәлі екендігін көрсетпекші, жастарды дәрменсіздіктен, өмірге икемсіздіктен сақтандыру екендігі өзінен-өзі түсінікті.
    Жазушы жастарға еңбек ет, өмірден, табиғаттан керегіңді ал дей отырып, оларды біреудің адал еңбегін қанаудан, арамтамақтықтан сақтандырады. Онда да жазушы өзінің ағартушылық пікірін біреуді көтере мақтау, екіншісін даттау немесе ұран тастау жолымен емес, екі түрлі семьяда тәрбиеленген адамдардың түрлі жағдайдағы іс-әрекеттері арқылы кімнің неге икемділігін, алдағы тағдырын жазушылық өнер мен педагогикалық әдептілікті сақтай отырып жеткізген.
     Әңгімені оқыған сайын Үсеннің өмірге құштарлығына,оның алда талай қиындықтарды жеңіп шығатындығына, дәрменсіздіктің құлы болмайтындығына сенімің арта түседі. Оның әрбір ісі, әрекеті жедел, мығым. Жалшылық өмір оны қажырлылық пен қайсарлыққа, төзімділікке үйретсе, <<Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын>>,- деп, Абай айтқандай, Үсеннің тоғышарлығына қадам басқан сайын көзің жете түседі. Ол жолдан адасса да жылайды, қарны ашса да жылайды, күн батып, кеш түссе бастаса да жылайды. Ал сәл көңілі жайлана бастаса, бәрін ұмытады.Қабілетсіз, айналада қалғанда нені тамақ етуге болатындығын да білмейді, ойлап басын ауыртқысы да келмейді.
    Таптық теңсіздікті сөз етпей-ақ жазушы <<бай>>, <<жалшы>> сөздерін қолдану арқылы оқушының өзінің өмір тану позициясынан хабардар етеді.Ол жалшы өкілі Үсенді жақтайды, жастарға оның ісін үлгі-өнеге тұтады, тоғышар Асанның мінезінен, ісінен сақтандырады.
    XIX ғасыр әдебиетіне қарағанда совет әдебиеті  -  мұғалімдерге жақын, танымал тақырыпты туындылар болғанымен, қазіргі оқушылар үшін тарихи тақырып. Өзгені қойғанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен ерлік пен патриотизмнің ерен үлгілерін оқушылар көркем шығармалардан, соғыс ардагерлерінің әңгімелерінен оқып біледі. Алайда оларды түсіну оқушыларға еш қиындық келтірмейді. Себебі Отанға адал қызмет ету, Отанды қорғау-әрбір совет азаматының борышы екендігі оларға түсінікті.
    Бұларға қоса оқушылар әділдік, бейбіт өмір, адамгершілік т.б. тақырыпты шығармалармен танысады, әрі ол тақырыптардың күре тамыры ерте замандағы ауыз әдебиеті үлгілерінен бермен қарап тартылып келе жатқан желі екендігіне көздері жетеді.
    VI класта оқушылар Махамбеттің <<Соғыс>>, <<Махамбеттің Жәңгірге айтқаны>>, Б. Майлиннің <<Қанды кек>>, Ә. Нұрпейісовтің <<Балықшылар>>, Қ. Бекхожиннің <<Ер Чапай әлі өлген жоқ>>, В. Қатаевтың <<Полк баласы>>, Ә. Шәріповтың <<Партизан қызы>>, С. Мұратбековтың <<Жабайы алма>> тәрізді шығармалардан үзінділерді оқиды.
   Бұлардың бірі  -  1836-37 жылдарындағы шаруалар көтерілісі, екіншісі-1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, үшінші- азамат соғысы, төртінші-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы заман талабына байланысты туған шығармалар екендігі мәлім. Мұндай шығармаларды оқып үйрену сабақтарында тақырып жалғастығын, дәстүр жалғастығын айта отырып мұғалім қай жазушы болмасын өз мақсатын қоғам мүддесімен, халық тілегімен ұштастыра білгендігін оқушыға түсіндіре кеткен жөн. Бұл оқушыларды жазушының өмірге көзқарасымен, өмірлік позициясымен таныстыру деген сөз.
   Сөйтіп, IV кластан бастап көркем шығарманы түрлі қырынан тануға азды-көпті қадам жасалады. Сондай-ақ оқулық-хрестоматияда берілген сұрақ-тапсырмалардың орындалуы ескеріліп, шығарманы мазмұн мен форма бірлігін сақтай отырып  таныту мүмкіндіктері қарастырылады.
   Көркем текспен жұмысты тұрғыдан ұйымдастырған жағдайға, оқушылар әдебиет сабақтарында саналы оқуға үйренеді, оқу техникасын жетілдіреді, мәнерлеп оқуға жаттығады.Оқудағы мәнерлі ырғақ, сазды үн оқушылардың көркем шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін дұрыс түсініп, саналы игеруінен, олардың эстетикалық әсерленуінен, эмоциялық тұщысынан пайда болады.
    Қызығушылық пен оқуға құштарлық туған жағдайда оқушылардың көркем шығармаға деген талғамы артады. Талғам да өздігінен қалыптаспайды, оғанда мұғалімнің басшылығы қажет.Осы міндеттерді жүзеге асыруда мұғалім программада көрсетілген оқушылардың білімін, іскерлік пен шеберлік дағдыларына қойылатын басты талаптарды ескергені жөн. Оларды орындап шығу мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті, асқан шеберлікті, керек етеді. Әдебиеттен берілуге тиісті әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары көлемінің программада айқын көрсетілуі мұғалім жұмысына жеңілдік келтіреді, жоғары кластарда оқылатын әдеби курстың тынысын айқындайды, әдебиетті пән ретінде оқытудың негізін қалауға септігін тигізеді.
    Ол әдеби білім, іскерлік пен шеберлік дағдылары мұғалімнің сабаққа мұқият дайындалуының, творчестволық ізденісінің, құрамы мен құрылысы жағынан алдын ала ойластырылған бір емес, бірнеше жүйелі талдау сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың негізінде қалыптасады.
    Программа бойынша IV класта оқылатын көркем шығармалар тақырып, мазмұн жағынан алуан түрлі дедік. Соған лайықты мектептерде әдебиетті оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістері түрліше болып келеді. Ол әдістер төмендегідей:
   Көркем шығарманы талдаудың бір түрі-әңгіме әдісі. Бұл класта көркем шығарманы талдау жұмысы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме әдісімен жүргізіледі.Мұғалім текст бойынша  сұрақ беріп, оқушыларды әңгімеге шақырады. Сұрақты мұғалімге оқушылардың қоюы да ықтимал.Мұндайда оқулық-хрестоматияда берілген сұрақтар мен тапсырмалар пайдаланылады. Сырт қарағанда, дайын сұраққа оқушылардан жауап алудың еш қиындығы жоқ сияқты. Бір сұраққа толық жауап алу үшін оқушыға оның төңірегінде бірнеше жанама сұрақ берілетіндігін, оқушы жауабының сапалы, жүйелі болмағы мұғалім қойған сұрақтарға байланысты болатындығын ескерсек, бұл әдістің өзіндік жауапкершілігі бар. Көркем шығарманы оқып үйренудің тиімділігін арттыруда техникалық құралдары, оның ішінде қысқа метражды кинофильмдер мен диафильмдерді, пластинкаларды, магнитофон ленталарын, эпидиаскоптарды пайдалануға болады.
    Осы тәрізді көркем шығарманы музыкамен байланыстырып өтуге болады. Сондай байланысты программа міндеттегенімен орыс мектептеріндегідей фотохрестоматия қазақ мектептері үшін жасалған жоқ. Алайда, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып көркем шығармамен музыканы байланыстырған жөн.
     Бұлар  -  оқушылар зейінін жаңа сабаққа текст оқып үйрену жұмысына жұмылдырушы тәсілдер. Оларды сабақта орнымен пайдалану  -  оқушыларға текст мазмұнын жете меңгертудің кепілі.
   Сөйтіп,текст оқып үйренуге байланысты кіріспе жұмыстардың түрлері көп, әрі мұның өзі оқушыларды сабаққа бірден жұмылдырудың ең бір жуапты кезеңі екендігін көреміз. Сондықтан аса жауапкершілікпен қараған жөн.  
Бақылау  сұрақтары:  
* Әдеби  білім  берудің   алғашқы  сатысы  не?
* <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнін  оқыту  қандай  негізде  жүзеге  асады?

Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

3-4  дәрістер.  Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Жоспар:
1. Әдебиеттік оқу сабақтарында
2. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру- осы сатыдағы білім мазмұнының құрамдас бөлігі.Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы  -  жаттықтыру әдісі.Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді.
         Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдлігіне және қызықтылығына байланысты екендігін бірқатар ғалымдар(Н.А.Рыбников,С.Жиенбаев, т.б.) өз еңбектерінде дәлелдеп көрсеткен.
        Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтінді дұрыс қабылдауына, нақтылап айтқанда, мәтін бойынша дұрыс жұмыс жүргізілгенде мүмкін болады.Көркем мәтін  -  әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі.Баланы осы әсемдік әлеміне жетелеу, сапалы оқу қалыптасқанда ғана мүмкін болады.Сауатты оқушыны мәтіннің көркемдік айшықтары баурап алады, жанын нұрландырады, әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді.
       Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады.Мұның өзі баланы биік адамгершіллікке бастайды.Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ  -  пәндік құзыреттілікке қол жеткіземіз. 
     Әдіппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезінде іштен оқуға дағдыландыра бастайды.Іштен оқуға үйретудің маңызы зор.Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің геізгі білім жүйесіне көшкен көп қиындығына кездеседі.Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек.Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зиян тиеді.Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды.Дауыстар оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Оқушының іштей оқуға қаншалықты төселгенін байқау үшін түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім бұл оқудың екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаоарына назар аудару керек.Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу. 
                  Мәтінді дұрыс оқу  жеке сөйлемді дұрыстап оқудан тұрады.Дұрыстап оқу үшін төмендегідей талаптарды орындауы керек.
   1.Сөзді оқығанда әріптен оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу: то-қу, ша-на-лар.
   2.Оқып тұрған сөздің алдына не артына немесе ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.
   3.Бір дыбысты не буынды ұзақ созып немесе екі рет айтпау:аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ба,т.б.
   4.Бір сөздің орнына екінші бір сөзді (мағынасына сәйкес келетінін) айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.
   5.Ұқсас дыбыстарды, тіл келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.
   Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды.Осы кеде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін тоатап көрсетсек, төмендегідей:
   1.Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық.
   2.Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.
   3.Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (онда  - оңға), күзет-күжет, т.с.с.) оқиды.
    Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:
   1.Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әрқилы.Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсыпмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бір дидактикалық материалдарды пайдаланады.
   2.Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
   3.Қатені оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, түрлі сызбалар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіктеп жазу, т.б.с.с.
    4.Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
    5.Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
    6.Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
    7.Көрсеткіш таяқшаны қолданады.Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
   8.Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады. 
  Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар.Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда ағешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балаларды солай оқытып үйретеді. 
  Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады.Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық жағынан байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалрдың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
   Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады.Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.
  Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ, мәтін оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді.Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.
   Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көп көмегі бар.Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге, білім, тәрбие беру, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру, білік, дағдыларын жетілдіру мақсаты оқығанда саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.
 Шапшаң оқу дегеніміз  -  мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің аржігін айырмай оқу емес.Бұл  -  оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын аңғара алмай қалады.Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады.шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны, әртүрлі, осыған оорай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті өзгеріп отырады.
     Шапшаң оқу баланың жүйке жүйесінің типологиясыеа және темпераментіне байланысты.Жүйке жүйесі күшті типті және холерик, сангвиник темпераментті балалар мейлінше тез оқиды, сондықтан олардың 1 минутта оқыған сөз саны әлсіз типті жүйке жүйелі балаға қарағанда әлдеқайда көп болады.Минутына сөзді санына қарай ең көп оқитын холерик темпераментті оқушы, онан гөрі бәсеңдеу оқитын сангвиник темпераментті оқушы, ең баяу оқитын флегматик темпераментті оқушы, ал ең баяу меланхолик темпераментті оқушылар. 
    Шапшаң оқуды талап еткенде мұғалімдер мен әдістемешілер оқушылардың осындай жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді жақсы біліп, естерінен шығармауы тиіс.

Бақылау  сұрақтары:
1. <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  өту  жоспары  қандай?
2. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырудың  қандай  жолдары   бар?
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

5-6  дәрістер.   Оқудың  түрлері
Жоспар:
1. Дауыстап  оқу
2. Іштен  оқу  
Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.
Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ класс оқушыларына тән болады. Бірақ І класта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу І кластан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (ІІ-ІІІ кластан бастап дауыстап оқылған материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іщтен оқуға тапсырылады. Мұнда текстің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б.  ІІІ-ІV кластарда іштен оқылған текстерге балалардың түсінген-түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе текстің мазмұнын айтқызу арқылы, текстен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б. с.с тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса түсінбейді. 
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш класс оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:
1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық.
2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.
3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-онға, күзет-күжет т.с.с.) оқиды.
Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:
1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т.б.
2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т.б.
4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
5. Қате оқыған жерін класта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
8. Орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда ағешкідеп айту керек екенін ескертіп,мұғалім балаларды солай (ағешкі) оқытып үйретеді.
Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған текстің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың текстегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруден көрінеді.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқущыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті текстер оқытылады.
Оқущыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ текст оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.
Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көп көмегі бар.
Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге білім, тәрбие беру, олардың жеке басын қалыптастыру, дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру мақсаты оқығандысаналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.
Шапшаң оқу дегеніміз  -  текстегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл  -  оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Тексті тым баяу оқыған оқушы текстің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын да аңғара алмай қалады. Сондықтан тексті шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті болып келеді.
Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп, белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалады деуге болады.
Шапшаң оқуға жаттықтыру жұмысы барлық сабақтарда да іске асырылып отырылады. Дегенмен шапшаң оқу дағдыларын бекіту үшін арнаулы уақыт бөлу қажет. Мұндай арнаулы жұмытсың түрлерінен мыналарды атауға болады:
Көз бен кітаптың арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау; тексті алдын ала іштей оқып шығу; шамамен қандай жылдамдықпен оқылуы тиіс екенін мұғалімнің өзі оқып көрсетуі; класта барлық оқушыға бір текст беріп, оны командамен бір мезгілде бастап оқытып, бір мезгілде аяқтау (әркім келген жерін белгілейді. Әр оқушының неше сөз оқыған мұғалім өзі жүріп есептейді).
Шапшаң оқуға дағдыландырудың тағы бір түрі  -  класта дауыстап оқу. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқытады (кейде әрқайсысына әр түрлі текст, кейде бір түрлі текстің өзін беруге болады).
Шапшаң оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Шапшаң оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің қалай жетілгенін байқау үшін оқушыларға тексті хормен де, жеке-жеке де оқытып көреді. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды қайта-қайта айтқызып жаттықтыру әрі дұрыс оқуға, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз  -  дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс  қоя білу. Ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Оқушылар сөйлемдегі сөздің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.
Мұғалім көбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кең пайдалну арқылы да үйретуге болады.
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе тексті оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет  -  осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу процесінде үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушыны мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау  -  дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Дауыстың өзіндік белгілері бар, олар: күші жоғарылығы, қарқыны (шапшаңдық), тембірі (құбылуы). Мәселен, <<Оқу  -  білім бұлағы, білім  -  өмір шырағы>> деген сөйлемді оқығанда, <<оқу>>, <<білім>> сөздері көтеріңкі дауыспен, ал <<білім бұлағы>>, <<өмір шырағы>> сөздері жай, баяу дауыспен айтылады. Сөйлегенде адам бірде жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз дауысының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет. 
Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне (құбылуы) байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру, дағдыландыру арқылы қалыптастады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы соның айтқанын ұғуға, оның әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік  -  сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары. Сондықтан да сөйлеу мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруын қадағалау керек. Мәнерлеп оқу үшін орфоэпия заңдарын сақтап, сөз екпінін дұрыс қойып оқуға тиіс.
Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын  -  интонация. Интонация дегеніміз сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі (ырғағы), пауза (кідіріс) сазы.
Интонация жайында анығырақ түсінік беру үшін, оның кейбір элементтеріне арнайы тоқталайық.
Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні  -  фразалық екпін, ал ой екпіні  -  логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда я оқығанда, оның ішіндегі сөздер интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай, өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады. Синтагмада бір я онан да көп сөздер болады. Әр синтагмада бір сөз көтеріңкі дауыспен ерекшелене айтылады. Міне, соны екпін түскен сөз дейміз.
Сөз екпіні түскен сөздер ой екпіні түскен сөздерден көп төмен айтылады. Кейде оларға екпін түсіп тұрғаны сезілмейтін кездері де болады. Бұдан шығаратын қорытынды  -  екпін түскен сөздердің бәрін көтеріңкі дауыспен айта бермеу керек. Тек ой екпіні түскен сөзді ғана даралай айтуға болады. 
Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар пауза сөздердің басынбіріктіріп, бір синтагма жасай да алады. Паузаны сақтамау оқып отырған текстің мазмұнын дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мәселен, <<Ол үй емес>> деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа үй деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзі сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда <<ол>> бастауыш қызметін атқарады.
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, оныменалдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын текстегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс. 
Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмыстарын жұргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.

Бақылау  сұрақтары:
1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
2. Оқуда қандай талаптар орындалады?
3. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?
4. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айт?
5. Шапшаң оқу не үшін керек?
6. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдыланады?
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

7-8 дәрістер.  Байланыстырып  сөйлеу  методикасы
Жоспар:
1. Байланыстырып  сөйлеу  
2. Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері
<<Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс>>, - делінген <<Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында>>. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі  -  еңбектің творчестволық сипат алуы. 
Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш кластарда қаланады, яғни бастауыш класс оқущылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі творчестволықпен ұтымды орындауға үйренеді.
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.  Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір  -  ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың анықтауынша, бастауыш класс оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялыдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланыста болады. Қиял екі түрлі. Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады, ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету  -  қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып, оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай, еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала творчествосын дамытады.
Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы да осы кезден, ІІ кластан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталды. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары:
1. Балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді. Мидың жарты шарлар қабығында өтіп жатқан әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша нерв байланыстарын (анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.
Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе ІІ класс оқушыларының психикасында І сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Тексті алдынала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тексті жобалап алудың, қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық-синтетикалық жолы неден көрінеді: 1) сөзді тыңдағанда әңгімеленгелі отырған уақиғаға сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл  -  аналитикалық процесс, ал осы сөздерді текстің ішінде енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі, 2) сөйлем құрастыруда анализ  -  субъектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу, ал синтез  -  осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып, орналастыру, 3) текст құрастыруда анализ  -  тұтас тексті бірнеше бөлімге бөлу, синтез  -  сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мұнда анализ жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау жұмысында іске асса, синтез сол жасалған жоспар бойынша, құрастырып айтып не жазып беру жұмысы болып саналады. 4) шығарма жазу процесінде анализ үнемі синтезден бұрын жүреді. Анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады.
5. Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады.
Сондықтан мазмұндамаға алынатын текстер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқтықасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді. Өйткені мазмұндамаға ұсынылған текстерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: <<... мүмкін егерде біз: бізде анықтап дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейіннің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет>>  -  дейді. 
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С. Макаренко даөзінің балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педагог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан бастауыш кластарда оқуда да, түсіндіруде де, әңгімеде де мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бірқалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың,оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бір қалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру т.б. жатады.
Сөйтіп, шығарма мен мазмұндама жазу процесінің психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағлұмат алу  -  оның жүйесін жасап, методикалық тәсілдердің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсетеді.
Оқушыларды мазмұндама мен шығарманың жазылуына үйретуде біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндерге сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.
Біз осы еңбектің кейінгі бөлімшелерінде психология, педагогика, тіл білімі және әдебиет тану ғылымдарының соңғы жетістіктерін басшылыққа ала отырып, шығарма мен мазмұндамаға қойылатын талапты белгіледік. Бұл талаптар ғылыми қорытындыларға негізделгендіктен, шығарма мен мазмұндаманың да ғылыми принципін шешеді деп ойлаймыз. 
Шығарма мен мазмұндаманың жүйелілік және оқушылардың жас ерекшелігіне сай келу эксперименттен өткен жұмыстардың бірте-бірте күрделене беруінде, сондай-ақ балалардың бұрыннан бар білімдік қоры мен дағдыларын, шеберліктерін есепке алып, алдағы программалық талаптар ескеріліп жасалуында.
Оқытудың саналылығы мен оқушылардың белсенділігін арттыру принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрселер мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрту жұмыстары мазмұндама мен шығарманың өн бойынан орын алады. 
Шығарма мен мазмұндаманы біз ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық. Өйткені объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы  -  тікелей сезуден абстрактілік ойлауға одан практикаға көшу. Практика  -  ақиқаттың өлшемі, практика  -  таным процесінің шам-шырағы <<Әрекеттің нәтижесі дегеніміз  -  субъективтік танымды тексеру және ақиқат  -  бар объективтіліктің өлшеуі>>. Ендеше шығарма мен мазмұндама  -  теориялық білімді меңгерудің дұрыстығының өлшемі, яғни шығарма мен мазмұндама оқушылар еңбегін, балалардың өз бастарынан өткен тәжірибелері мен мектепте және мектептен тыс алған білімдерінің нәтижесін көрсетеді.
Оқушыларды шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету барысында оларға қандай дағдылар мен шеберліктер берілетіні белгіленеді. Өйткені оқушының бойында бар дағды мен шеберлікті қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, шеберліктерге үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын.
Балалар орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға төселіп, шеберліктерін ұстартуда мазмұндама мен шығарма жұмыстары орасан зор көмек етеді. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының мақсатының өзі оқушылардың  ой операцияларын (жалпылау, анализдеу, синтездеу, нақтылау, абстракциялау, даралау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процесстер автоматтанып, дағдыға айналды.
Шығарма мен мазмұндама жұмыстарын жүргізу барысында жасалған қорытындылар мен методикалық әдебиеттерде айтылған пікірлерді салыстыра келіп, оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген қателіктерін ескере отырып, тұжырымдағанда, бастауыш класс оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай педагогикалық дағдылар мен шеберліктерге үйренулері тиіс:
1. Мазмұндамада оқушылар оқылған тексті қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматталып, оқушының есінде қалады, оқылған тексті қайта жазып беру үшін сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Мұндай процестерге жаттығу балаларды шығарма жазуға дайындайды.
2. Шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады. Мысалы, <<Мен қалай кезекші болдым>> тақырыбы бойынша шығарма жазу тапсырылды делік. Мұнда оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу керектігі, кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істегені жөнінде жазуға тиіс екенін білуі қажет. Немесе, <<Мен мамама көмектесемін>> тақырыбына берілсе, жалпы үй шаруасына балалрдың қалай көмектесетіні, не істейтіні жөнінде емес, сол тақырып берілген кезде қандай шаруаға көмектесетіндігі туралы жазуы керектігін оқушы ажырататындай болуы қажет. <<Ағашты қалай отырғызады>> тақырыбы бойынша жалпы ағаш отырғызу жөнінде білетіндерін жазатын болса, <<Біз ағашты қалай отырғыздық>> тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу керектігін ажырататындай болуға тиіс.
3. Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы мен шеберлігі. Яғни материал жинау барысында бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгеру шеберлігіне үйрену. Мысалы, <<Үй қалай салынды>> тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрауы, енді біреулері кітап оқу арқылы, біреулері егер жақын жерде құрылыс болса, соның басына барып, көзбе-көз бақылау арқылы т.б. тәсілдермен бақылаулары мүмкін. Оқушылар қандай тәсілмен болса да берілген тақырып бойынша материал жинауға дағдылануға тиіс. Егер оқушы материал жинау дағдысына жаттықтырылмаған болса, ол шығарма жұмысында талай-талай сәтсіздіктерге ұшырайды. Сондықтан бастауыш кластан бастап балалар бақылай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап қабылдай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап қабылдай білуге, экскурсия материалдарын жинактап, естерінде сақтай білуге жаттықтырылып, бірте-бірте бұл жаттығуларды дағдыға айналдыру шеберліктерін жетілдіруді іске асыра беру қажет.
4. Білетін, яғни жинаған, материалдарын жүйелей алу дағдысы, шеберлігі. Бұған бастауыш класс оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Өйткені материалдың жүйесін белгілеу, оны бөлікке бөлу, ат қою және керісінше, әр бөлікті бір-бірімен жалғастыру немесе шығарма мен мазмұндаманың жоспарын жасау кішкене балаларға оңайға түспейді. Бұл қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын текстің жүйесін байқап дағдыланады, яғни қандай да болмасын, текстің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын ұғынады, сонан соң бірте-бірте өздері көрген-білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да, оны әуелі жүйелеп алуға дағдыланады. Егер оқушы бұған дағдыланбаса, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, білетіндерін айтып берудің ретін таба алмай, еш нәрсе жазбай отырып алады, ал кейбір жағдайда отырып-отырып, ызаланып жылап жіберетін балалар да кездеседі. Мұндай жағдайлар балаларды шығарма жазуға қызықтырудың орнына, керісінше әсер етеді де, олардың шығарма жазуға деген ынтасын кемітеді.
5. Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті білдіру дағдысы. Ойын дұрыс білдіру деген шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең шұрайлыларын пайдалана білу шеберлігі, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, жатық тілмен жеткізе алу шеберлігі, ал ойын түсінікті білдіру дегеніміз оқушының ойының дәл, анық, көкейге қонымды болуы.
Шығарма мен мазмұндама жазу барысында балалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып, тілдері ұстарады. Мұғалім балалардың түсінігіне қиындық келтіреді-ау деген сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріп, тіл дамыту жаттығуларын жүргізіп отырады. Мысалы, оқушылар қыс кезіндегі түрлі ойынды немесе табиғатты суреттеу т.с.с. тақырыпқа шығарма жазатын болса, қардың түсін бірнеше сөзбен білдіруге болатыын (аппақ қар, күміс қар, жалт-жұлт еткен қар, ақша немесе үлпілдек қар, жаңа жауған қар т.б.) көрсетеді. Мұндай дайындық жұмысатары көбінесе грамматикадан өтілетін тілдік материалға сай, грамматика, оқу сабақтарында жүргізіледі.
6. Жазғандарын тексеру, түзету, жақсарту дағдысы, шеберлігі. Бұл да біраз қиындық келтіретінкүрделі жұмыс. Оқушылар мазмұндама, шығарма жазғанда көбінесе бұрын бітіріп, мұғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп, жазған жұмыстарының бірде-бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Бұл жөнінде мұғалімнің ескерткен сөзі де оларға әсер етпейді. Мұғалім бұрын тапсырған балалардың жұмыстарын қайтарып беріп, <<оқып шығып, қатеңді жөнде>> дегеннің өзінде де кейбір бала жұмыстарын алып, партаның үстіне қойып, біраз айнала қарап отырады да (мұғалім қасына жақындаса, дәптеріне көзін салады, мұғалім алысырақ кетсе, айналаға қарап отырады), қайта тапсырады. Бұл дағды мен шеберлікке балаларды үйрету қанша қиын болғанымен, жазғандаарын сын көзімен қарап оқып шығып, жазу барысында түрлі себептермен (асығыстық, ойланбаушылық, ережені ұмытып қалушылық т.б.) жіберген қателерін батыл түзету дағдысын, шеберлігін бастауыш кластарда үйренуге тиіс.
7. Оқушы жазған әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауыш пен баяндауыштың белгілі бір жақта қиысып, баяндауыштың бір шақтық тұлғада келуі) баяндай білу дағдысы мен шеберлігі.
Осы дағдылар мен шеберліктерге оқушыларды қалай үйрету керек? Балаларды орфографиялық, пунктуациялық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға бірден үйрете алмайтынымыз сияқты, бұл көрсетілген дағдылардың да барлығын бірден үйрете алмаймыз. Сондықтан бұл дағдыларды қалыптастыруда бірте-бірте бір дағдыдан екінші дағдыға сатылап көшіп отыру әдісін қолданған жөн. Мұнда тілдік дағдылар белгелі бір жүйемен грамматикалық сабақтарда қалыптасады, ал өз ойын жүйелі баяндау  дағдысы оқу сабақтарында қалыптасады.
8. Қабылдаған таныс заттары мен құбылыстарды бір-бірімен байланыстырып, бір жүйеге келтіре алу дағдысы. Мұндай жаттығулардың мақсаты  -  заттардың жалпы және жеке белгілеріне қарай оларды топтауға, белгілеріне қарай атауға т.б. үйрету. Мысалы, кейбір оқушылар сөздердің арасындағы мәндік ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айыра алмайды (пышақ, ет тартқыш т.б. ыдысқажатқызады).
Жұмыстың бұл түріне жаттығудың мына сияқтыларын ұсынуға болады: а) құбылыстар мен заттың суреттерін топтау (құстардың суреттерін іріктеп шығар. Балықтың, үй жануарларының т.с.с. суреттерін іріктеп ал). Жалпы бір топқа жататын заттарды атату (мысалы, сауысқан, қарға, торғай, тауық. Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады).
ә) Заттарды екі немесе үш топқа бөлшектеу (үй жануарлары мен тағы жануарларды бөлек-бөлек ата).
б) Көрсетілген белгілеріне қарай заттарды ата (түсі ақ, өзі тәтті  -  бұл не? Түсі ақ, өзі суық  -  бұл не? т.б.).
в) Заттардың артығын шығарып таста: бала, ара, стол, пышақ  -  қайсысы артық, қалғандарын бір сөзбен қалай атаймыз?
г) Қарапайым атау (қасық-ыдыс).
д) Ұғымдарда бөлу: ыдыстың қандай түрлерін білесің? т.б.
е) Қарама-қарсылық арқылы жалпылату: пальто  -  киім, ал етік ше? Терек, қарағай  -  ағаш, ал өрік ше? т.с.с. Мұнда балалар тек нақты заттардың атын білдіретін сөздерді ғана бөлшектеп, топтап үйреніп қоймай, табиғат құбылыстарын білдіретін сөздерді (көктем, жаз, күз, күн, түн, іңір, таң сәрісі, жел, найзағай т.б.) де, дерексіз ұғымдарды да (мейірім, сарғыш, тереңдік, оқу, жазу, жүгіру т.б.) топтауға үйренулері қажет.
Осы аталған жаттығуларды шығарма жазуға дайындалу барысындағы жұмыстармен қалай ұштастыруға болады? Балаларға мазмұндама немесе шығарма жаздыру үшін, олардың бойында қалыптасқан дағдылар мен шеберліктер есепке алынады. Мысалы, шығарма жаздыруға <<Ұмытылмайтын күн>> т.с.с. тақырыпты ұсыну үшін, осы тақырыпты ашуға қажетті дағдылар балалардың бойында қалыптасқан ба, жоқ па  -  соны анықтау керек. Өйткені бұл тақырып бойынша шығарма жазу үшін, фактілерді іріктеп, оны жүйелей алатындай, ол күннің басқа күндерден ерекшелігін көрсету үшін бейнелі сөздер тауып, әсерлі сөйлем құрастыра алатындай шеберліктері керек. Немесе <<Мен жексенбі күні не істедім?>>, <<Балалар жексенбі күні не істеді?>> сияқты тақырыптар оқушылардың бойында тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы қалыптасқан кезде ғана ұсынылады. Яғни бірінші тақырып бойынша балалар жексенбі күні өзінің не істегенін жазуға тиіс болса, екінші тақырып бойынша, барлық балалардың не істегендерін жазу керектігін айыра алатындай мүмкіндікте болуы қажет.
Мұғалім, бастауыш класс оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне сай, педагогикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды шығрама мен мазмұндамаға үйретуде қандай лингвистикалық негіздерге сүйенеді?
Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының методикасы үшін, грамматиканың, әсіресе жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисінің маңызы зор. Өйткені жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесін, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесін, құрмалас сөйлем болуын тексереді.
Сөйтіп, бірінің объектісі сөз тіркесіне байланысты болса, екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты. Сондықтан сөз тіркесі мен сөйлемдер арқылы жүргізілетін жұмыстың әдістері де тіл білімінің осы бөлімінде белгіленеді, яғни сөздердің дұрыс қиысып, меңгеріліп, сөйлем құрауы, сөйлемдердің дұрыс байланысып, құрмаласуы, ойды анық, түсінікті тілде білдіру үшін, бірыңғай мүшелердің қолданылатыны, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. осы бөлімде қарастырылады.
Алайда мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету үшін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисін біліп қою жеткіліксіз. Өйткені жұмыстың бұл түрінде жеке-жеке сөйлемдер құрастырылып қана қоймайды, сонымен қатар тұтас текст жасалады.
Текст белгілі бір оқиғаны баяндайды, сондықтан ондағы әр түрлі жағдайларға, мақсатқа, айтушы яки жазушының көңіл-күйіне қарай, әр сөйлемнің құрылысында, сөз қолданылуында ерекшеліктер болады. Осыған орай, тұтас текст синтаксисі келіп шығады. Тұтас текст синтаксисі стилистика және әдебиет тану ғылымдарымен байланысты. Стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді, тіліміздегі бейнелегіш құралдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсетеді. Ойды мәнерлеп жеткізу үшін морфологиялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда, қалай қолдануға болатынын қарастырады, яғни сөздердің, олардың варианттарының (синонимдердің) ішінен сөйлеуне жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоционалды, экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді.
Стилистиканы білу сөйлеуде яки жазуда кеткен қателерді байқап, оларды болдырмау шараларын жасауға көмектеседі, жазуға дайындалу барысында сөздермен, сөйлемдермен және тұтас текстермен істелетін жұмыстарды дұрыс жолға қоюға септігін тигізеді. Оқушылар тұтас тексті құрастыру барысында тек сөйлемдерге байланысты жұмыстармен шектелмейді, олар енді құрмалас сөйлем синтаксисінің аясынан асыңқырап, тұтас текст компоненттерімен жұмыс істейтін болады. Мұнда дұрыс құрылған сөйлемдердің арасында өзара толық байланыс болуы қатты қадағаланады. Өйткені сөйлемдер қатары сындарлы тізіліп, әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығы сақталмаса, жазылған тексте көрік те, түсінік те болмайды.
Сөйтіп, тұтас текст құруда жүйелілік, сөйлемдер арасындағы грамматикалық мағыналық байланыстарды сақтау принциптерінің маңызы зор. 
Бұл айтылғаннан шығарма мен мазмұндама жаздыруда бастауыш мектеп оқушыларын ғылымның осы салаларының теориялық қағидаларымен таныстыру керек деген ұғым тумасқа тиіс.
Алайда шығарма мен мазмұндама жаздыру процесінде тұтас текст синтаксисінің талаптарын мұғалімнің өзі жақсы білуі қажет, өйткені ол оқушылардың жазу тіліндегі байланыстылықты, жинақтылық пен дәлдікті сақтауға көмектеседі.
Тілдің тұтас текс синтаксисі мен стилистика  -  тың сала. Бұлар мұғалімдердің көпшілігіне әлі таныс емес. Өйткені тұтас текст синтаксисін зерттеу, тіл фактілеріне сүйеніп, талдау жасап түсіндіру әлі шешімін толық таба қойған жоқ.
Шығарма мәселесінде ең алдымен тақырыптың ішкі мағынасы мен оны қалай шешу ерекшелігіне түсініп алмай, жазуға кірісуден нәтиже шықпайтыны жөнінде жоғары кластарда шығарма жаздыру методикасын зерттеуші Е. Дайрабаев былай дейді: <<Тақырып  -  талдап, талқыланатын мәселенің қысқаша атауы. Сырттай қарағанда осылай көрінгенімен, оның ішкі мағынасы тереңде жатыр. Өйткені тақырып шығармада жан-жақты айқындалып, ашылуға тиісті пікірлер негізінде белгіленеді. Олай болса, тақырып бір басқа, ал талдап талқыланған мәселе екінші басқа болып жүрмес үшін, оқушыны шығарма жазуға үйрету кезеңінен бастап, тақырып қойып отырған талап және сол талапқа байланысты негізгі пікір түйінін ажырата білуге дағдыландыру шарт. Тақырып қойып отырған талапты мейілінше ұғынып, оны әбден түсініп алмайынша, шығармажұмысына кірісуге болмайды. Тақырыптың әрбір сөзін саралап, оны зердесіне әбден қондырмай тұрып жазған шығармадан оқушы өз сыбағасын ала алмайды. Тіпті өзінің бойындағы бар мүмкіндігін пайдалануға да шамасы келмейді. Міне, тақырыпты ашып көрсету оған автордың қалай түсінгеніне байланысты екен. Олай болса, оқушыларды шығармаға үйретуде тақырып таңдап ұсыну, оны балалардың меңгеріп алуын қамтамасыз ету бірінші орында тұрады.
Қорытынды: 1) мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын ұйымдастыру үшін грамматиканың жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін және тұтас текст синтаксисін, сондай-ақ стилистиканы жете білуі керек; 2) тілдің тұтас текст синтаксисі мен стилистика салалары жөнінде педучилище оқулығында берілген мағлұматтарға сүйене отырып, шығарма жазу үшін ұсынылатын тақырыптарды оқушылардың жасына лайықты, нақты болу жағын қарастырып іріктеп ала білу керек.
 
Бақылау  сұрақтары: 
1. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?
2. Тіл дамыту жұмысының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері жөнінде айтыңдар.
3. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін көрсетіңдер.
4. Психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық деректерге сүйене отырып, тіл дамыту жөнінде қандай қорытынды пікір ұсынар едіңдер.

Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

9-10  дәрістер.  Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар
Жоспар:
1. Байланыстырып  сөйлеу  жұмыстары  туралы  ұғым.
2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар
Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Методист Ш. Кәрібаев: <<Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алатын материалды жаздырған дұрыс>>,  -  дейді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мен шығарма мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмысарға қойылатын методикалық талаптарды жақсы білуге тиіс. 
Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар, шеберліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама текстері арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, интернационалдық рухта, бауырластық сезімге, қоғамымызға саналы де белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Балалардың тілін дамыту, оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының бұл мақсаттары мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ғылыми эксперименттердің ең жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, бір ізге келтірілген методиканы басшылыққа алып жұмыс істегенде ғана іске асады. 
Бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптардың бастылары:
1) Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет. 2) Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы, балалардың жазған мазмұндамалар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ған емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдың ішіндегі негізгілерін, таңдап қолдануға тиіс (мысалы, ІІІ класс оқушысы <<Мәншүк>> тексті бойынша мазмұндама жазғанда, <<жаудың жаңбырша жаудырған оғы>> деген тіркесті сол қалпында беруге тырысып, <<жаудың тамаша жаудырған оғы>> деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мәне берген жөн. 5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс. (Мысалы, <<қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға бастады>>, <<Күн жауды, күн жауған соң, жер су болады>>, <<Қарғаның қарны ашты>>, Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарға келіп қонды>>). 6) Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын (<<Мен тауға бардым. Күн ыстық болады>>). 7) Жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдылнбау керек (<<Там төбесін қар басып қалды>>; <<Жейдесі су болды>>, <<Азанда бүлдірген теруге кетті>>). 8) Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап, тексеріп  шығатын болсын. Мұнда тіпті кейбірқате құрастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.
Міне, бастауыш кластардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.

Бақылау  сұрақтары: 
* Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының мақсаты қандай?
* Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды айтыңдар.
* Бастауыш мектеп балаларына шығарма жаздыру үшін мұғалім қандай басшылық жасайды?
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

11-12  дәрістер. Мәнерлеп оқу туралы ұғым
Жоспар:
1.Мәнерлеп  оқу  деген  не?
2. Мәнерлеп  оқудың  жолдары
Бастауыш класс оқушылары алғаш мектеп табалдырығын аттап, сауат ашуға ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбыстың таңбасын жазып, оқып дағыдланады. Алғаш екі әріптің басын қосып оқыған кезде оның мағынасын түсінуге тырысады. Біртіндеп екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөздерден тұратын сөйлемдерді оқып үйренеді. Осы кезден бастап балалар не оқыса да түсініп, дұрыс оқиды. Оқуға қойылатын түсінік, дұрыс оқу талаптарын саналы меңгере бастағаннан соң-ақ бала сөйлемдегі сөздерді біршама жылдамдықпен бір-біріне ұластыра оқып кетеді. Оқыған сөйлемнің мағынасына, абзацтағы бірнеше сөйлеммен айтылған ойды ұғып, сол арқылы белгілі тақырыптың мазмұнына түсінеді. Бұл процесс бастауыш класта жеңілден ауырға қарай деген дидактикалық принциппен бала психологиясының дамуына, тілдік материалдарды жүйелі меңгеруіне тікелей байланысты дамиды.
Бастауыш класс мұғалімдері алдындағы оқушының оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саналы түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде тексті қиындықсыз біршама жылдамдықпен оқиды. Текстегі сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттер бірден оқылмайтынын түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқуға талпынады. Оқу үлгісінің түрлерін мұғалім көрсетіп береді, үйретеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз  -  қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дыбыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылыда мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Сондықтан бастауыш класс мұғалімдері балалар аудиториясында оқылатын әрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана оқушы әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды.

Бақылау  сұрақтары:
1.Мәнерлеп  оқу  деген  не?
2.Мәнерлеп  оқудың  қандай  жолдары  бар?

Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

13-14  дәрістер. Сөйлеу техникасы 
Жоспар: 
1.Оқушыларлды  мәнерлеп  оқуға  даярлау
2.Сөйлеу  техникасының   тәсілдері
Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру керек.
Бастауыш класс оқушылары көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет.
Ана тіліміздегі 37 дыбыс қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емес пе?! Сол дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой өрбіп, небір көркем туындылар өркен жайып жатыр.
Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық та ашық айтуға үйретеді. Үлгісін өзі көрсетеді. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: Тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Дыбыстау мүшелері негізгі үш бөліктен тұрады:
1. Өкпе.
2. Тамақ.	
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы).
Өкпенің атқаратын қызметі өте зор. Өкпе кеуде кеңістігіне орналасқан тыныс алу мүшесі. Ауаны ішке тартқанда өкпе үлкейіп, кеудені керіп тұрады да, ауаны сыртқа шығарғанда семіп қалады. Осы ауаны (демді) ішке тарту мен сыртқа шығарудың арасында секундпен есептеуге келмейтіндей жылдамдықпен үздіксіз процесс жүріп жатады. Оны тек осы заманғы техника жаңалықтарымен ғана бақылауға болады. Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу, еріксіз дем алу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның жоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттері (диафрагма) қозғалысқатүседі. Сонда еркін, терең тыныс алады. Қайтқан ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Мұның гигиеналық пайдасы зор. 
Еріксіз дем алу көбіне сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып сөйлегенде, жиі кездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын басқара алмаған мұғалім де, оқушы да келістіріп мәнерлі оқи алмақ емес. Сондықтан ерікті дем алуды қалыптастыру үшін үнемі жаттығулар комплекспен жасап үйрену қажет. Қабырға мен құрсақ қатарын босаңсыту.

Бақылау  сұрақтары:
1. Дыбыстау  мүшелерін  атаңыздар.
2. Сөйлеу  техникасының  артықшылығы  неде?  
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

15-16 дәрістер. Дауыс.  Оқудағы дауыстың маңызы 
Жоспар:
1.Дауыс  сазы
2.Оқудағы  дауыстың  маңызы

                                       
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Дауыстың естілуі  -  тию  -  физиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуынан шыққан үн таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне түседі. Онда мұрын қуысы мен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы, кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін <<маңқа>>, <<мыңқылдап сөйлейді>>, <<дауысы қарлығып қалыпты>> т.б. деген сөздер осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мен дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты дауыста сырыл пайда болады. Сондықтан әркім өзінің дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс сарыны немесе оберетондар болады. Сол оберетондар арқылы адамның жеке-дара өз дауысы жасалынып, үні таза шығады. 
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді. 
Дауыстың өзіндік сапалары  -  дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық дыбыстық, буындық жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркестеріне қойылатын екпінді ажырата білу міндет.
Әркім өз дауысының мүліктерін байқап, оқылатын тексте, сөйлеген сөзде дауысты қалай икемдеу керегін өзі ғана белгілей алады.
Әркімнің өз дауысы болады дедік. Бірақ, менің дауысым осындай деп, өзінің дауысын оқу кезінде, сөйлеу кезінде аңғарып, жаттықтырмаса көркем шығарманың түрлі жанрларын оқу кезінде текстіге дауыс қоя алмайды.
Оқылатын шығарманы мұғалім жан-жақты талдап, қай жерін қалай оқу керек, дауыс қай жерде көтеріледі, төмендейді, орташа қалыпқа түседі деп дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда мазмұнды жұмыс болады.

                   СОВЕТТІК МЕНІҢ ӨЗ ЕЛІМ
                                       
Галстук қызыл мойнымда,
Мектепке қарай жүгірдім,
Қолымды тұңғыш қойдым да,
Бетін бір аштым білімнің.
Сапқа да тұрдым, ту алдым,
Келді деп менің кезегім;
Әкемдей сонда қуандың 
Советтік менің өз елім!

Тауға да шықтым, жер бастым,
Аспанға ұштым, көк көрдім,
Өмірге құлаш кең аштым,
Бәрін де көзден өткердім.

Жарқылдап жаһан  -  кең сарай,
Аралап оймен кеземін.
Таппадымсенен артық жай,
Советтік менің өз елім!..

(Қ. Аманжолов.)

Қ. Аманжоловтың <<Советтік менің өз елім>> деген өлеңін оқығанда дауысқа ешқандай күш түсірмей-ақ, жұмсақ та жылы леппен көңілді оқылады. Кеудең шаттыққа толып, жігер қосылады.
Ал кейбір шығармалар мазмұн мағынасына қарай керісінше қаталдау дауыс биіктігін бірде жоғары, бірде төмен алып, мазмұнына икемдеп оқуды қажет етеді.

                                 МӘНШҮК
                                       
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, 
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі <<Максим>> оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып атакада,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасақан ауыр күнде,
Төнсе де өлім қаупі, жасымаған.

(С. Машақов)	

Бұл өлеңді оқығандағы дауыс құйылысы мен сазы, бояу  -  нақышы сәл өзгешелеу болады. себебі шығарма мазмұны қан төгілген қаһарлы жылдардағы кезеңді көз алдыңа елестетеді. Қаптаған жауға жаралы қыздың жалғыз өзі бетпе-бет келіп жатыр. Ашу, ыза да, күйініш, сүйініш те қабат келіп тұр. Сондықтан оқу кезінде өз дауысыңның күшін шамалап оқуға икемде. Дауысты тақырып мазмұнына сай құбылтып, дұрыс қоя білу сауаттылықты білдіреді.

Бақылау  сұрақтары: 
1.Оқудағы  дауыстың  маңызы  неде?
2.Дауыстың  өзіндік  сапалары
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

17-18  дәрістер.  Дикция 
Жоспар:
1. Дыбыс  тазалығы
2.Дауысты  дыбыстардың  айтылуы
Айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы.
Мұғалім мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың сауатын ашып, оқу  -  жазуға үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптастады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен  сөз тіркестерінен тұратын сөйлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын түсініп оқуына жетелейді.
Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.
Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.
Оқу, жазу-сызу дамымаған заманның өзінде халық өзінің бай ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы тіл дыбыстарын, сөзді анық айтуды, дұрыс сөйлеуді қазіргі педагогикалық білімі бар мамандардан артық болмаса кем үйретпеген.
Атақты әншілеріміз Бибігүл мен Розаларды, Ермек пен Әлібекті алайық. Кез келген әншінің ән тексіндегі сөздерін ұға бермейсің. Ал бұл әншілердің сөзі анық естіліп тұрады. Неге? Олар тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс айтады. Әрбір тіл дыбысы дыбыстау мүшелерінің қай жерінен қалай жасалатын болса, солай жасалады. Бала кездерінен дыбыстау мүшелерінің қозғалысы дұрыс қалыптасқан, өлең айту арқылы жаттыққан деп түсінуге болады. Өйткені, дыбыстау мүшелерінің қызметі бала кезде қалыптасатыны адам анатомиясынан белгілі. Сондықтан дыбыс артикуляциясын дұрыс меңгерген адамның дикциясы анық, ашық болады екен. Радио мен телевизордың дикторларын  -  <<диктор>> деп атауымыз да осы дикцияның анықтығына байланысты шыққан.
Тіл ғылымының бір тарауы фонетика адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын мән-мағынасы бар тіл дыбыстарын тексереді. Дауыс шымылдығының бірде керіліп, бірде жиырылып тұруынан дыбыстар дауысты, дауыссыз болып жіктеледі. Олар мұрын қуысы мен ауыз қуысына түсіп, тілдің, жақтың, еріннің, тістің, таңдайдың т.б. мүшелердің қатысуымен өңделеді, әрленеді, бір-бірінен жасалуы жағынан өзгешеліктерге ұшырайды.
Мысалы тілдің қызметін алайық. Тіл  -  ауыз қуысындағы жылжымалы мүше. Тілдің ілгері, күрек тістің түбіріне қарай жылжуынан жіңішке дауыстылар [ә,ө,і,ү,е] жасалады. Тілдің артқы, жұмсақ таңдайға қарай жылжуынан  -  жуан дауыстылар [а, о, ұ, ы]жасалады.
Ал тілдің ұшы жоғары көтеріліп, қатты таңдайға соғылуынан н, л, ч дауыссыздары, тілдің ұшының таңдайға тиюінен р, ж, ш. т.б. дауыссыздары, тілдің ортасы көтеріліп таңдайға жуықтаса к, г дауыссыздары жасалады.
Сондықтан қазақ тіліндегі 37 дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қай жерінен жасалып тұрғанын, қалай жасалатынын жетік білмейінше текстегі сөйлемнің сөздерін анық, ашық дауыспен оқу дәрежесіне көтеріле алмаймыз. Мұғалімнің өзі тіл дыбыстарын жетік білмесе, шәкіртіне де дұрыс талап қоя алмайтыны белгілі.
Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауысты дыбыстар 12. Өкпеден қайтқан ауа дауыс шымылдығына соғылғанда, дауыс шымылдығы керіліп тұрады, діріл пайда болып үн шығады. Ол үн қуыс мүшелерінің кедергілеріне ұшырамай еркін шығады. Кедергісіз шыққандықтан созып айтуға келеді, буын құрайтыны да сондықтан. А-дам-дар, ба-ла-лар, ә-ке-ле-рі-міз.
Қуыс мүшесіндегі тіл, жақ, ерін дауысты дыбыстың еркін шығуына кедергі жасамайды, бірақ өңдеп, түрлендіріп әр түрлі етіп шығарады. Мысалға, жақ төмен түсіп, жоғары көтеріліп қозғалып тұратындықтан дауысты дыбыс ашық, қысаң болып естіледі. Себебі, жақ төмен түскенде, ауыз қуысы кеңейіп, дыбыс ашық, анық естілсе, жақ жоғары көтеріліп ауыз қуысы тарылатындықтан дыбыс қысаң (қысылып шығады деген) естіледі.
Еріннің алға қарап сүйірлене созылуынан еріндік дауыстылар жасалса, еріннің езуге қарай жайылуынан езулік дауыстылар жасалады.
Тілдің ілгері, тістің түбіне қарай жылжуынан жіңішке дауыстылар жасалса, тілдің артқы жылжуынан жуан дауыстылар жасалады. 

Бақылау  сұрақтары:
1.Дикция  деген  не?
2.Дауысты    дыбыстардың  айтылуында  қандай  ерекшеліктер  бар?

Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

19-20  дәрістер. Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия)
Жоспар:
1.Орфоэпияның  ерекшеліктері  мен  өзіндік  сапалары
2.Дұрыс  сөйлеу  тәртібі	

Тіл  -  ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы.
Әдеби тіл  -  белгілі жүйеге түскен жазба тіл. Яғни, белгілі нормаға түсіп қалыптасқан, сан алуан стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі мол тіл.
Сөйлеу тілінде жазба бетіне түспеген, тіпті түспейтін, басқаларға түсініксіз сөздер жиі ұшырай береді. Ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ұстаздар сөйлеу тілі мен әдеби тілдің ара жігін ажыратып, әдеби тілмен, соның ішінде әдеби тілінің орфоэпиясымен сөйлеуі керек.
Жазба тілінде көп ұшырамайтын жергілікті жерде сөйлеу тілінде қолданылып жүретін сөздерді сабақ үстінде сөзге араластырып сөйлей берсек, балалардың әдеби тілде сөйлеуін қалыптастыра алмаймыз.
Сондықтан болашақ ұстаз, мектеп мұғалімі ұлт тілінің әдеби тіл мен сөйлеу тілінен тұратынын, әдеби тілде қандай сөздердің қалыптасып, қандай сөздердің қалыптаспағанын, сөйленетін сөзді ойланып сөйлеудің, іріктеудің керек екенін түсінуі қажет. Сонымен бірге әдеби тілде сөйлеудің орфоэпиясын меңгеруі міндетті.
Тілдегі сөздер қалай жазылса, барлығы бірдей солай оқыла бермейді. Әрине, көпшілік сөз сол қалпында оқылады. Ал кейде түбір мен қосымшаның жігінде, біріккен сөздер аралығында, қосарланған сөздерде дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен, жазылуынан өзгеше оқылатын сөз, сөз тіркестері көп. Сондықтан әдеби сөйлеудің басты  - басты ережелерін меңгерген дұрыс.

Бақылау  сұрақтары:
1. Орфоэпияның  ерекшеліктері  мен  өзіндік  сапалары
2.Дұрыс  сөйлеу  тәртібі
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

21-22  дәрістер. Екпін қоя білу
Жоспар:
1.Екпін  ұғымы
2.Екпін  қою   ерекшеліктері
Күнделікті сөйлеу мен көркем шығарманы, кез келген текстілерді оқуда, сөйлеп айтуда сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге де байланысты. Өйткені, сөйлеу барысында сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатын ауа толқыны бірқалыпты айтылмай, сөз ішіндегі бір буын өзгелерге қарағанда күштірек немесе көтеріңкі айтылады. Осы көтеріңкі айтылатын буынды екпін түскен буын немесе екпін деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тілінің екпіні де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі  мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі. 
Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір-біріне ықпал етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан сөз мағынасы өзгеріп кетпейді. 
Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан тұрақты екпінге жатады дедік. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан түбірге қосымша қосылған сайын соңғы қосымшаға ауысып отырады.
Мысалы: бала-балалар, балаларға.
Алайда қазақ тіліндегі барлық қосымшалар екпінді бірдей қабылдай бермейді. Екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар. Оны, әсәресе айту мен оқу кезінде дұрыс ажырата білген дұрыс.
1. Екпін қабылдамайтын қосымшаларға жік жалғауы жатады: -мын, -мін, -сың, -сің: 

ТӨСТЕГІ ЖАҢҒЫРЫҚТАР

(Жетібай жұмысшыларына)

Мен қара төспін, қайғыдан бақыт жасаған,
Шатырлап жатқан найзағайлы аспа  -  босағам.
Мен жарық Жермін жаңғырықтарға үн қосқан,
Төбемді көрсе түн қашқан.
Омырауымнан жарқылдап ағып жатады
Құйрықты жұлдыз тынбастан.
Тартып ап таңнан шуақты,
Жер төсін жылытам жұмысшы табы сияқты!
Түрендер болып көтерген тоңып тыңдардың.
Мен сірі Төспін  -  сызылып аққан сымдармын.
(Т. Айбергенов)

Жік жалғауы көбіне зат есімге жалғанады. Зат есімнің үлгісімен есімдер тобындағы сөздерге де жалғасады. Алайда жік жалғауы кез келген есім сөздерге жалғана бермей, тек адамды білдіретін, адамды теңеуге, теңестіруге болатын сөздерге жалғанады. Поэтикалық тілде көркемдік тәсіл ретінде қолданылады. Жоғарыдағы өлеңдегі төспін, жермін, сымдармындеген зат есімдер көркемдегіш тәсіл ретінде қолданылып, екпін жік жалғауының алдындағы қосымшаға түсіп тұр.
 -  Иәі сен қай баласың?
 -  Асқардың баласымын, Маратпын.
Етістіктер шаққа, райға, жаққа қарай жіктеледі. Жік жалғауының екпін қабылдамайтынын, одан сөз мағынасының өзгермей, сөйлем мағынасына нұқсан келмейтіні етістіктің жік жалғауынан анығырақ байқалады. Әсіресе сөйлеу тілі мен поэтикалық шығармаларда екпін түспейтін жік жалғауы қысқартылып айтылады, бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады.

Мысалы өлең текстерінде:


Қараңғы қазақ көгіне 
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне 
Күн болмағанда кім болам?
(С. Торайғыров)



Ақ шашты атадан қорқам,
Өзім де солай болам-ау деп,
Мүрделі жотадан қорқам,
Мен де сонда қалам-ау деп,
Кім есіркер қартайсақ
<<балам-ау>> деп
(Т. Молдағалиев)


                                      ***

Адамның бүкіл айыбын 
Арқалап алып, 
Азабын өзім көрер ем,
Жамандық басқан денемен,
Жандырып жатқан,
Тоңдырып жатқан тамұққа
Жамандығыммен төнер ем.
Бүкіл дүние жамандықтарын
Артыңдар маған көтерем!

(М. Мақатаев)

Күнделікті сөйлеу тілінде:
 -  Алма, мына кытабыңды бере тұршы?
 -  Әзір бере алмайым, бітіргенім жоқ.
 -  Кітапханаға қашан өткізесің?
 -  Қашан оқып болсам, содан соң өткізем.
Сөйтіп жіктік жалғауларының қысқарып, сусып отыруы екпін түспеуіне байланысты екен. Кез келген тексті, соның ішінде көркем шығармаларды оқу мен сөйлеу барысында орфоэпияның заңдылығын сақтап отыру керек.
2. Етістіктің болымсыздық мағына тудыратын жұрнақтары: -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе екпін қабылдамайды.

Дос жүрегі шар айна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда
Кір шалдырма, жарай ма?
Шимайланса шар айна,
Дақ түсірер шырайға.
Абайла бауырым, абайла!
Дос жүрегі бал бұлақ,
Жанарды тартар жалтырап.
Сырлары жатыр сылдырлап,
Түкірме оған сен бірақ.
Кәусарымен қандырар,
Келгеніңде қалжырап,
Абайла, бауырым, абайла!
(Ә. Ахметов)

	
Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі дегенмен болымсыздық жұрнақ жалғанған етістікпен тұлғалас есім сөздері бар. Ал есім сөздеріміз соңғы буынына екпін түсетінін мына қатардағы сөзден ажыратуға болады.


бөлме 
алма 
кеспе 
жарма 
баспа
көрме 
шығарма
бөлме 
алма 
кеспе 
жарма 
баспа
көрме 
шығарма


Олар орталықтан екі бөлме үй алды. Тұтас нәрсені бөлме, бөлшектеніп қалады.
3. Есім сөздеріне жалғанып теңеулік ұғым тудыратын: -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары да екпін қабылдамайды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
(Абай)

***
Ал десең, аясына алады Алтай,
Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын келген бұлт жамылып,
Арқаға әлденеше қарады Алтай.
(И, Байзақов)


***
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін!
Көпіріне қарасам, 
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
(Жамбыл)

Етістіктің түбіріне жалғанып өтініш, тілек мағынасын білдіретін: -шы, -ші жұрнағы да екпін қабылдамайды.
... Адам деген өседі ғой. Мен көпе-көрнеу жарықтан өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газеттерінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын дәрежеге жеттім.
<<Май туралы бір өлең жазып бере қойшы>>, - дейді. <<Неше шумақ болсын?>>. Төрт шумақ. <<Жарайды>>. Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. <<Тәртіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы>>. <<Класта қалғып отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүйкеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан аяқ жағымсыз болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір баланы сипаттап ал>>. Мінеки, осы секілді заказдар отряд, класс қабырға газетерінен қарша борап түсетін болады. (Б. Соқпақбаев) 



<<Лениншіл жас>> газетінен келген тілші орталық радиоторабынан берілген хабарға арнап, пионерлерден интервью алды...
Базар шартақ құрып болды да:
 -  Мына сары ала қауындарды қаққа тілші, - деп, қауындарды домалата бастады.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге енген әрбір атаулардың оқылуы мен жазылуында, өзге тілге араласуында өзіндік ерекшелігі бар. Терминдік атаулар орыс тілі арқылы кезең-кезеңмен еніп келеді.
Қазан революциясына дейін көршілес халықтармен қарым-қатынас жасау арқылы тілімізге енген көптеген сөздер болды. Тілімізді байытты, әсіресе орыс тілінен енген сөздер еді. Алайда сол дәуірде енген әрбір сөз ауызша енгендіктен болар, қазақ тілінің дыбыс заңдылығына бағындырылып айтылды, солай қалыптасып кетті. Біз ондай сөздерді сол кезде қалай қалыптасып кетсе солай сөйлеп, орфоэпиясымен фонетикалық принципке сүйене отырып жаза береміз. Мысалы: кәмпит, жәшік, бөтелке, сиса, сәтен, керует, т.б. орфоэпия заңдылығымен сөйленіп, жазылып кеткендіктен өз тіліміздегі сөздер сияқты екпін қазақ тілінің заңдылығына бағынып түседі.
Ал советтік замандағы ғылым, білім, өнер, техника саласына байланысты енген терминдік сөздерге орыс тілінде екпін сөздің қай буынында тұрса, қазақ тіліне араластырып сөйлегенде сол бұрынғы қалпында қалады. Орыс тіліндегі сөздерге түсетін екпін сөз мағынасын өзгертеді. Екпін әр буынға сөз мағынасына қарай ауысып отырады. Мысалы мына сөздердегі екпін сөздің басқы, ортаңғы, соңғы буындарына түскен.
Мысалы: творог немесе творог, левешление немесе левешление т.б. сөз мағынасы өзгереді. Сондықтан қазақ тілінде жазылған текстерде орыс тілінен енген термин сөздер кездескенде ескеріп отыруымыз сауаттылыққа өте қажет. Қазақ тілінің екпіні тұрақты екпінге жатқанмен үнемі өзгермейді деуге болмайды. Сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу әуеніне, психологиялық көңіл күй де әсер етеді. Ондай екпіні ауысып түсетін сөздер айрықша дауыс ырғағымен айтылатын есептік сан есімдерде, мағыналық жағынан ерекше айтылған сұрау есімдерінде, бұйрық мағынасында жеке айтылған етістіктерде т.б. жылжып соңғы буыннан алдыңғы буынға ауысып кететіндері болады.

Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың!
(Б. Тәжібаев)

Тыңда, Қастек, Қаскелең!
Тыңда, дала, Жамбылды.
(Жамбыл)

Әдеби тілдің орфоэпиясымен сөйлеудің басты ережелерінің бірі, осы сөз екпінін дұрыс қоя білуге де байланысты екен. Сөзге екпін қоюды тереңірек зерттеп, қойылған екпіннің дұрыстығын сөздікке қарап, тексеріп отыруға дағдылану тексімен жұмыс істеу кезінде баса назар аударуды керек етеді.

Бақылау  сұрақтары:
1.Екпін  ұғымы
2.Екпін  қою   ерекшеліктері
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

23-24  дәрістер. Бастауыш  сыныптарда  мысалды  жанр  ретінде  оқытудың  жолдары

Жоспар:
1.Мысал  ұғымы
2. Бастауыш  сыныптарда  мысалды  жанр  ретінде  оқытудың  жолдары
Мысал - сатира мен юмордың ең көне, ең ежелгі түр- лерінің бірі. Оның үлгілері біздің жыл санауымызға дейінгі сегізінші ғасырдағы ежелгі грек әдебиетінен келіп жеткен. Әрине, ол түстағы мысалдың көрінісі, мазмүны қазіргі біз- дің үғымымыздағыдай, біздің мысалдарымыздағыдай бол- маған. Дегенмен, бүл жанрдың қазіргі кейбір сипат-ерекше- ліктері мен белгілері сол түстағы мысалдарда-ақ көрініс тапкан.
Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Эзоп мы- салдары пайда болған. Олар мейлінше қыска, мейлінше ық- шам да ойлы, белгілі бір дидактикалық пікірді комикалық түрде айтып беретін астарлы әңгімелер түрінде көрінген.
Қазақ мысалы - қалыптасуы мен дамуы жағынан жаңа қоғамдық дәуірге байланысты жаңарып, толысып отырған тарихи жанр. Сондықтан да әдебиетіміздің айтулы түлғала- ры сатира жанрының табиғи ерекшелігіне, ішкі қуатына, оның катарын толықтырған сын - сыкақшы лар дың танымал туындыларының өткірлік сипаты мен көркемдігіне әрда- йым мән беріп, ой-пікірлерін, ғылыми түжырымдарын ең- бектерінде білдіріп отырған.
Мысал жанрының бітімін терең зерделеген мүндай ғы- лыми пайымдауларды, әсіресе, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сын- ды сөз зергерлерінің еңбектерінен көреміз. Қазак сатира- сының негізін қарастырған ғалым Т. Қожакеевтің концеп- туалды зерттеуінің орны ерекше.
ЬІ. Алтынсарин, А. Қүнанбаев жалпы әдебиетімізді ғана емес, оның сатира саласын да жаңа белеске көтерді.
Бүгінгі күнге дейінгі бастауыш сыныптардағы оку понінде мысалдың қомақты үлесіне ие болып отырған Абай- дың Крыловтан аударған <<Шегіртке мен қүмырсқа>> мыса- лы - жатық тілді, тәрбиелік мәні күшті, қазак өміріне бейімделіп, үйлестіріліп аударылған сәтті шығарма. Қазак баласы ұғымына сай келетіндей деп отыруымыз И. А. Кры- ловтың бұл мысалы түпнүсқасында <<Стрекоза и муравей>> деп аталады. Ал <<стрекозаның>> <<шегіртке>> үғымымен ауыс- тырылу себебін М. Әуезов былайша түсіндіреді: <<Абай қазақтың фольклорында, жайшылык үғымында инеліктің араласатын орны аз болғандықтан, оны одейі окушының үғымына жақынырак, конымдырақ шегіртке етіп алған тәрізді>>.
Абайдан кейін қазақ мысал жанрын өркендетуге ерек- ше үлес қосқан Ахмет Байтүрсынүлы болды. Оның поэзия- сының үлкен бір арнасы - мысалдар. Өзі айтқандай, <<маса- дай ызыңдап қалың үйқыда қаперсіз жатқан халықты ояту>> мақсатында ол И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің каражатына алғашқы жи- нағын <<Қырық мысал>> деген атпен жеке кітап етіп шығар- ды. Мүхтар Өуезов <<Қырық мысал>> - калың қазак жүрты- ның алғашқы естіген төңкеріс рухының сөзі>> деп бағалаған.
Оқулықта берілген ақынның <<Аққу, шортан һәм шаян>> мысалының түпнүсқадан айырмасы - Крыловтың көп мы- салдарындағыдай бас жағында жүретін кіріспе шумақты Ақаң соңына шығарып, қорытынды етеді. Сірә, түйіні со- ңында түрғаны - окушысының сезіміне, түсінігіне ерекше әсер етеді деп есептесе керек.
Шынында да, жігіттер,
Мүнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, -
деп аяқталған корытынды пікірі - негізгі идеясы бірлікке, ынтымаққа күрылған мысалдың өзегі, акынның мысал жанрын дамытуда косқан үлесі, көркем сөздід адам жанына әсер ететін куатты күші деп бағалауымызға болады. Атал- ған мысалды бүгінгі күні үлтаралық қатынастар өршіп, қақтығысулар көбейіп отырған кезде халықты бірлікке, жер аумағы түтастығын сақтауда ынтымаққа, ауызбірлікке шақырған ақын өсиеті ретінде окыту оның тәрбиелік мәнін өсіріп, өміршеңдігін нықтай түсері сөзсіз.
И. А. Крыловтың кырықтан аса мысалын қазақша тәр- жімалап, мысал жанрын дамытуға үлес қосқан жазушы- ларымыздың бірі - Спандияр Көбеев, Ол 1910 жылы аудармаларын <<Үлгілі тәржіма>> деген атпен жеке кітап етіп бастырып шығарады. Балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына атсалысқан акынның мысалдарында оның ағар- тушылық идеялары айқын көрініс тапқан. Оқульщта кел- тірілген <<Түлкі мен қырғауыл>> мысалының негізгі ойы ки- ыннан қиыстырып жол таба алуға, тапқырлыққа қүрылған. Оқушыларға мысалды карасөзбен жазуға болатыны дәлел ретінде үсынылады. Мысалдағы түлкі мен кырғауыл іс-әре- кеттері арқылы жазушының балаларға айтпағы - кандай қиын жағдайға кез болмасын, одан шығар жол іздеу, тап- кыр шешім қарастыру. Бүл мысалды оқытудың да казір- гідей біліммен қатар ерекше біліктілікті қажет етіп отырған кезеңде маңызы жоғары болмақ деген ниеттеміз.
Мысал жанры туралы айтқанымызда, қазақ сатирасы- ның қалыптасуына атсалыскан көрнекті сықақшы Сәбит Дөнентаевқа соқпай кету мүмкін емес. Қазақ әдебиетіндегі сатиралық сюжетті өлеңдердің кемелденуі Сәбит есімімен тікелей байлаиысты. Оның оқулықтарда келтірілген <<Ауыр- ған арыстан>>, <<Көзі тоймаған ит>> мысалдары, біріншіден, олардың қызықты сюжетке күрылып, окиғасы бала түсінігіне жеңіл болса, екіншіден, акын тілінің көркемдігі, оның <<сүлтаным>>, <<қасекең>>, <<түлкі байғүс>> немесе <<бейбақ>>, <<батыр>> деп тауып айтылған шакпа, қағытпа тілі, осы ке- йіпкерлердің іс-әрекетін шешуде, ажуалауда сатиралық уытын ерекше арттырып түр. Бүл мысалдар балаларды өсек, өтірік, жағымпаздық, тойымсыздык, қанағатсыздық, т.б. жат қылықтардан аулақ болуға шақырады.
Мысал жанрының өсіп-өркендеуіне үлес коскан калам- герлердің бірі - ақын, жазушы, публицист, сыншы, сатирик Асқар Тоқмағамбетов. Оның бастауыш оку пәнінің маз- мүнына бүрыннан еніп, өз орнын тапқан <<Бидай мен Қаң- бак>> атты мысалын білмейтін оқушы жоқ болар, сірә. Ақын күнделікті түрмыста кездесетін лас, салак адамдар мен өсіресе балалар арасында көбірек кездесетін денсаулықтан гөрі сәнге ерекше көңіл бөліп кететін көрсекызарлықты мысық, шыбын жөне күлақ пен тымақ кейпінде мыскыл- дап ажуалайды. Мысалдардағы ой мен пікір, тәлім мен тәрбие астарлы мағынада айтылған. Өткір тілді сықакшы- ны Мүхтар Әуезов кезінде <<қырғи тілді Асқар>> деп бекер атамаған.
Мысал жанрын зерттеуші профессор Т. Қожакеев Ас- кар Тоқмағамбетов мысалдарының ерекшелігі оның үйқас- қа зор мән беруі екенддгін айтады. Сатирикте, әсіресе, етістік үйқастар көп қолданылады. Бүл етістіктер <<түлкі дедім>>, <<күлкі дедім>> деп басталып, <<жаңылыппын>>, <<қағыныппын>>, т.б. болып, мысалдардағы сатиралық образды, ой-пікірді бір шегеден кейін екінші, үшінші,... бесінші,... жетінші шеге- мен қаққандай нықтап жатады. Бір үнді, бір әуезді киысты үйқастары мысалдарды жатык та әсерлі етеді.
2-сыныпқа арналған <<Әдебиеттік оқу>> окулығында берілген мысалдарды сызба түрінде көрсетейік.
Р/с
                Мысалдың авторы мен атауы
  Мысалдағы үгіт- насихат айтылатын жолдар
                              Тәрбиелік
                                   мәні
1
                                       2
                                       3
                                       4
1
С. Көбеев. Түлкі мен Қыр- ғауыл
<<Қызыл сөзге алдан- ба>> деген үгіт-насихат жасырын түр
Оқушыларды алдан- бауға, қиын кезде таіщырлық көрсету- ге баулу
2
       А. Тоқмағам- бетов. Бидай мен Қаңбақ
Абырой да, даңқ та, Ерлік те, жеңіс те - Барлығы осы егісте
Оқушыларды еңбек- ті сүюге, мақтаншақ болмауға шақыру
3
А. Тоқмагамбе- тов. Қүлак пен Тымақ
                         Сүлуынан - жылуы
Балаларды көрсе- кызар болмауға ша- кыру, дүрыс та сөнді киінуге баулу
4
          0. Әубәкіров. Сүт қалай үйықтады?
Әй, дегенмен, бала- лар,
                      Көп үйықтаган зиян-
ау
Ү йқыіны лдықтан аулақ болуға ша- қыру
5
Ш. Смаханүлы. Төкаппар
Тыңдамап еді ешкім- ді,
                     Қателігін кеш білді
Оқушыларды өркө- кірек, мақтаншақ сиякты жат қылық- тардан аулақ болуға үндеу
6
         Ш. Смаханүлы. Бүлбүл мен Токылдақ
Қүрт жеген соң гү- ліңді,
Жүрт не ғылсын үніңді?!
Оқушыларды жаман мен жақсы- ны ажырата алуға үйрету

1
                                       2
                                       3
                                       4
7
Ә. Асылбеков. Түлкі мен Тиін
Бір айласы тиіннің Болып шьщты пайдалы
Балаларды епті, тапқыр болуға баулу
8
Е. Ерботин. Даңгой
Жарамаса кәдеге, Қүр жатқаннан не пайда?
Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда?
Балаларға мақтан- шактық жаман әдет екенін байкату

Сызбадан көріп отырғанымыздай, мысал жанры 2-сы- ныптың <<Әдебиеттік оқу>> окулығында біршама орын алған.
Көркем шығарманың басқа түрлері мен мысалдың мы- надай ерекшеліктері бар:
а)	аллегориямен айтылатындығы;
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бола- тындығы;
б)	оның өзіндік оқылу ерекшелігі болатыны.
Осыдан келіп мынадай әдістемелік сүрақ туады: мы-
салдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мүндай сү- ракка жауап беру үшін, мысалдың сипатын, қасиетін, маз- мүнын балалар қалай қабылдайтынын байқап, анықтап алған дүрыс. Шынында, бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылы- ғына кызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондык- тан мысалды оқып шығысымен, автордың мүндағы су- реттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер деген тәрізді сүрак кою үлкен қателік болар еді. Өйткені оқытуды мүндай әдіспен жүргізу - оқушылардың мысалға тән әеерлерін әлсіретіп жібереді. Сондықтан, алдымен, мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық өмірде болатын етіп көрсету керек. Ал мысалда суреттелгендер шындық бол- мыс жөнінде балаларға кате түсінік береді. Өйткені, қарға мен түлкі сөйлемейді ғой деген түсініктен қауіптенудің кажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, сонда да оны шындык деп кабылдайды. Мысал- дардағы аллегорияны ашу ісін мынадай тәсілмен іске асы- руға болады: мысалда суреттелген окиғаға үксас окиға іздестіріледі. Мысалы, Е. Ерботиннің <<Даңғой>> мысалы оқылғаннан кейін <<Мактанып көп сөйлеу арқылы, өз ісін тындыратын адамдар өмірде кездесе ме?>> деген сияқты сұрақ қою аркылы мысалдағы негізгі ойды саналы түрде түсінуге жетелеу керек.
Екінші бір ерекшелігі - онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәр- биелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол кыска түрде мәтіннің басында не аяғында беріледі. Мысалы, Е. Ерботиннің мысалға берген корытынды пікірі мынадай:
Жарамаса көдеге,
Қүр жатқаннан не пайда?
Өндірмесе дөнеме,
Мактанғаннан не пайда?
Мысалды оқытуда осындай қорытынды пікірді пайда- ланып, күрғак сөзбен <<мүндай жаман мінез-қүлыктан, іс- әрекеттен аулақ болу керек...>> деп үгіт айту ретінде жүргіз- ген жүмыстың бастауыш сынып оқушыларына өсері аз болады.
Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі - оны дауыстап оқу тәеілі. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атымен баяндалатын болса, сол кейіпкердің бойындағы ерекшелігіне қарай дауыс сазы да күбылып отырады. Кейіпкерлердің мінез-қүлкы мен автор- дың сөз қолдануына карай дауыс ырғағының күбылып оты- руы оқушылардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі окығанда-ақ жаттап алуларына түрткі болады.
Бір сабақтың үлгісін келтіре кетейік:
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай үйықтады?
Сабақтың мақсаты: 1) окушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны үғындыру;
* ертегідегі сцт рйып қапты, с\>т іріп қапты, айран аіиыпты, т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушы- лардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
* үлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дүрыс тамақтануға үйрету.
Сабацтурі: аралас сабақ.
Сабақта цолданылган әдістер: сүрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
* Үйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
* Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілгвн тапсыр- ма - Ш. Смаханүлының <<Тәкаппар>> мысалын дүрыс, түсі- ніп, мөнерлеп оку.
Окушыларға мынадай сүрақтар қойылады:
* Ш. Смаханүлы кім? Оның қандай шығармасын білесің? (Оның <<Токаппар>> дейтін мысалын.);
* Сендер оқып көрген мысалы неге <<Токаппар>> деп аталған? (Мысалда балықтың өркөкіректігі, тәкаппарлығы, менмендігі суреттеледі.);
* Балық калай мактанады? (Бір күні балық әбден мақ- танды. Ол теңізді әбден жамандады, өзінің сусыз өмір сүре алатынын айтты.);
* Балықтың мақтанғанына теңіз калай жауап берді? (Сусыз қүрлықта күннің ыстығына шыдай алмай шөл- деді, қиналды. Жаны әбден қиналған балық суды аңсап жылады. Мақтанам деп осындай күйге тап болғанына өкінді.);
* Балыктың өкінішін білдірген шумакты тауып, мәнер- леп окыңдар.
(Мөлдір суым, мекенім,
Енді қайтсем жетемін?!
Қадіріңді білмедім,
Here шалқып жүрмедім?!)
А)	Осындай тапсырмаларды орындата отырып, мүғалім оқушылардан мақтаншактықтан, тағы баска қандай жа- ман әдеттерден аулақ болу керектігін сүрап, ондай жаман өдеттің бірі - үйқышылдық екені, бүгінгі оқитын мысал келесі бір кереғар қасиеттің төңірегінде күрылғаны тура- лы жаңа сабакка дайындык өңгімесін жүргізеді. Сол сияқ- ты <<Сүт қалай үйықтады?>> мысалының өлең түрінде жа- зылғанын, оның авторы Оспанхан Әубокіров те сықақшы екендігін, оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналып отыратынын айтады.Үйқы деген дұшпан бар Тұла бойды талдырар,
Жолдан, істен тайдырар, -деген жолдар жаксы талданып,
<<Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала>> деген сиякты әдеп ере желерін оқушылар мүғалімнің көмегімен естеріне түсіреді.
Ә) Мысалды оқу:	
* Мүғалім мысалдағы елдің сөзіне, сүтке башщнысты әрекеттерге ерекше мән бере, накышына келтіріп оқиды.
* Ертегіні оқушылар оқиды.
* Ертегіні рөлге бөліп окиды.
Б) Мысалды талдау. Мынадай сүрақтарға жауап алы- нады:
* Автор ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
* Бір күні сүтке не болыпты?
* Ел-жүрт неге кайран қалды?
* Үйықтаймын деп сүт қандай күйге үшырады?
* Сүттің аянышты халін кім байкады?
* <<Бүл сүтке үйқы үя салыпты>> дегенді қалай тү- сінесің?
Оқушы мынадай тапсырмаларды орындайды:
* Мысалдағы үйқыға қатысты мақалды тап (үйқы де- ген дүшпан бар);
* Мысалдан сүттің әрекетін білдіретін тіркестерді та- уып көр (сүт үйып қалыпты, сүт айран болыпты, ашыған айран);
В)	Мысал бойынша қорытынды жүмыс.
* Мысалдағы <<Көп үйықтаған зиян-ау>> дегеннен көңі- ліңе не түйдің?
* Мысалдағы сүттің өрекетін ретімен әңгімеле (сүт үйып қалады, айран болады, айран ашып, дорбаға қүйылып сүзіледі);
* Дорбаға қүйылып сүзілген айраннан не жасайсың? (қүрт, ірімшік);
* Ірімшіктің қалай жасалатынын әңгімеле (Ірімшікті дайындау үшін ыдысқа қүйылған шикі сүтке азырақ ай- ран күйып, қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кез- де, оны сүзеді. Сүзілген ірімшікті сөреге жайып кептіреді.) Осы сүрактарға жауап беру барысында мысалдың төрбиелік мәні ашылады.
Сонымен, қорыта айтқанда, дәл казіргі кезде, яғни жас буынның қатыгездік пен бойкүйездікке бет бүрып кетпеуі үшін, олардың жан дүниесіне әсер етіп, жақсылық пен жа- мандықтың ара жігін ажыратуға көмектесетін күшті қү- ралдардың бірі сатиралық шығармалар болып отырғаны сөзсіз.
Сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, қүбылыстар- ды, адам бойындағы үнамсыз мінез-қүлық, өдеп-тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен жазыла- тыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінід пікірлері бір арнаға саяды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Міне, осын- дай негізгі ойы бір пөндік немесе зат туралы болғанымен, оның арғы жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері түратын идея, ой-пікір жасырылып, жүмбақ түрінде айты- латын сатиралық жанрдың бірі - мысалдардағы ойдың түс- палдап берілуі ашық сынаудан корыққандық емес, керісін- ше - айтар ойды өткір, әсерлі етіп жеткізудің тиімді әдісі.
Қазақ әдебиетінде халық шығармаларынан бастау алып, көш басында Абай Қүнанбаев, Ахмет Байтүрсынүлы, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Майлықожа Сүлтанқо- жаүлы, Асқар Тоқмағамбетов, т.б. батыл, туралықты ай- тудан тайынбайтын, қорқақтыққа, сасқалақтыққа бой ал- дырмайтын, дертті түйреп толғайтын талантты сықақшы- лар катарын бүгінде Оспанхан Әубәкіров, Шона Смахан- үлы, Е. Ерботин, Ә. Асылбеков, т.б. жалғастыруда.
Аталған сөз өнері шеберлерінің бастауыш сыныптар- дың <<Әдебиеттік оқу>> окулықтарындағы мысалдары окушы- ны адамшылыққа жат, кісілікке жатпайтын өнегесіздіктің не екенін түсінуге көмектеседі, керісінше, өзіне өзі сын көзбен қарап, дүрыс қыльщтарға бой үруға жетелейді. Мы- салдардағы осындай өнегелі, үлгілі ойды дол жеткізу үшін бастауыш сынып мүғалімін теориялық, практикалық білігін арттырып отыруға міндеттейді, мысалдардағы ирония, аллегорияларды ашып, шындықты шартты түрде үлкейте немесе әсірелеп көрсетіп отырған жазушы тілін балаға үғындыру мүғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді.

Бақылау  сұрақтары:
1.Мысал  ұғымы
2. Бастауыш  сыныптарда  мысалды  жанр  ретінде  оқытудың  жолдары
 Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

25-26  дәрістер. <<Әдебиеттік оқу>> сабақтарында озық технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану

Жоспар:	
1. Әдебиеттік  оқыту  сабақтарын  өткізу  технологиялары
2. Озық  технологияның  артықшылықтары
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін қазіргі жаңа жағдайға бейімдеп, озық технологияларды пайдаланып оқыту қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Әдебиеттік оқу сабақтарында көркем шығармаларды оқыту барысында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді нәтиже беретіндігі нақты тәжірибеден, мұғалімдер практикасынан анық байқалады. Алайда көркем шығармаларды жаңа технологияға негіздеп оқытуға арналған нақты әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулар өте аз. Сондықтан да осы әдістемелік кешенде қазіргі оқыту талаптарына сай интерактивті әдістерді қолданған бірнеше сабақ жоспарын ұсынып отырмыз. 
	Оқытудың интерактивті әдістері оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарды берумен шектеліп қана қоймайды, оқушылардың ішкі мүмкіндігін  ескере отырып,танымдық қасиеттерін дамтыуға бағытталады.
	<<Әдебиеттік оқу>> көркем шығармаларды оқытуда интерактивті әдіс  -  тәсілдер төмендегідей сипатта ұйымдастырылады:
* Мұғалім  -  оқушы, оқушы  -  мұғалім, оқушы  -  оқушы. Оқушы да  -  субъект, мұғалім  де  -  субъект.
* Оқушының жеке басына деген ізгілік қарым  -  қатынас орнатылады.
* Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым  -  қатынас жүзеге асырылады.
Интерактивті жолмен оқыту тәсілдерін оқушының оқу  -  танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңге сай ұйымдастыруға болады:
* Мотивациялық-бағдарлау кезеңі (мотивациялық даярлық әдістері қолданылады)  -  8-10 минут.
* Операциялық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады)  -  15-20 минут.
* Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау-өзін-өзі бағалау әдістері)  -  5-8 минут.
Мотивациялық-бағалау кезеңінде оқу міндеттері қойылып, айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Операциялық-орындаушылық кезеңде жаңа тақырып оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады.
Рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қорытындыланады. Оқушылар бір-бірін және өзін бағалайды.

Сабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы (<<Ахмет Байтұрсынов>> шығармалары жинағынан).
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұматпен таныстыра отырып, мәтін мағынасын толық түсінуге мүмкіндік жасау. 2. Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету. 3. Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Қажетті материалдар: ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер, флипчарт.
Уақытты меңгеру.
* Мотивациялық-бағдарлау кезеңі   -  8-10 минут.
* Операциялық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады)  -  15-20 минут.
* Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау-өзін-өзі бағалау әдістері)  -  5-8 минут.
Сабақтың барысы: Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Топтарға бөліну.
Топқа бөлуді былай ұйымдастыруға болады. Мұғалімнің <<А. Байтұрсынұлы туралы не білесің?>> деген сұрағына берген балалардың жауабы тақтаға жазылады (яғни ақын, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері деген сөздер жазылады). Балалар білмей жатса, оқулыққа қарау ұсынылады. Осы жазылғанды балалар бір сөзден кезекпен оқып, айтып шығады. Сонда <<ақын>> деп оқығандар 1 - топқа, <<ағартушы>> деп оқығандар 2  -  топқа, <<ғалым>> деп оқығандар 3  -  топқа, <<қоғам қайраткері>> дегендер 4  -  топқа біріктіріледі.
Балалар өз топтарының аттары қандай мағына беретінін түсіндіріп айтып береді. Мысалы, <<ақын>> деп кімді айтамыз? А. Байтұрсынұлы ақын екенін қалай білеміз? <<Ағартушы>> дегеніміз кім? А. Байтұрсынұлын <<ағартушы>> деп не үшін айтамыз? т.с.с.
Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар бойынша балалар А. Байтұрсынұлы жайлы қысқаша деректермен танысады. 
* Операциялық  -  орындаушылық кезең.
Топтық жұмыс. 1. <<Сынып ішін аралау>> тәсілі. Мұғалім үйден А. Байтұрсынұлы жазған <<Әліппенің атасы>> деген мәтінді 4 абзацқа бөліп, алдын ала А4 қағазға жазып әкеледі, немесе топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлайды. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 4-ке дейін нөмір жазылған жетон (немесе жай қағаз) таратылады. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с. Балалар  оқыған мәтін(абзацты) бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай  -  ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасалады.
*  <<Мен сендерден сұрақ күтемін?>> тәсілі.
	Бұл тәсіл бойынша топтағы балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастыралы. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді.
	Жариялау. Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға 1-2 минут уақыт беріледі. Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып болған соң, бір оқушы хабарлайды (жауап береді).
* Ойсергек.
Күн  -  мен түн ойыны. Екі бағанға қима қағазға жазылып немесе алдын ала интерактивті тақтаға (флипчартқа) жазып дайындап қояды. Көзін жұмған кезде мұғалім бағанадағы сөздердің орнын өзгертіп қояды. Оқушылар орны өзгертілген сөздерді тауып, сәйкестендіру керек.
А. Байтұрсынұлының туған жері		Торғай облысында
А. Байтұрсынұлының оқыған жері		Орынборда
А. Байтұрсынұлының әкесі жер 		Сібірде
аударылған
Мұғалім болып қызмет атқарды		Қарқаралыда
* <<Сөзжарыс>> ойыны.
Бірінші топтан бір оқуша тезис айтады, екінші топтағы бір оқушы оның ойын жалғастырады. Мысалы: 
* А. Байтұрсынұлын қоғам қайраткері дейміз, себебі ол ...
* А. Байтұрсынұлын барша қазақ құрметтейді, себебі ол ...
Тезисті оқулықтағы мәтін ішінен де айтуға болады. Мысалы:
* Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, ...
* А. Байтұрсынұлы Орынборда мұғалімдер мектебін бітіріп, ...
* А. Байтұрсынұлы әліппені, ...
5.  Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
	Сабақты қорытындылау. <<Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?>> деген кесте бойынша балалардың пікірі тыңдалады (тақтаға кестені іліп қоюға немесе слайдпен, флипчартқа жазып көрсетуге болады). Мысалы:
          Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?
                      Нені білгім келеді?
Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім.
Ахметтің балалары болған ба?
Мен А. Байтұрсынұлы <<Әліппе>>, <<Қырық мысал>>, <<Маса>> деген кітаптар жазғанын білдім.
Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген?

Мұғалімге қажетті дерек: 
	Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа апаның (Бәдрисафа - А. Байтұрсынұлының әйелі Александра Ивановнаға қойған аты. Бұл есім арабшадан аударғанда <<бадрун>> - толық ай, <<сафа>> - кіршіксіз таза дегендібілдіреді) туған балалары болмаған. Олардың бауырларына салып, асырап алған Аумат, Қазихан және Шолпан деген үш баласы болған. Ал Шолпан халық жауының қызы ретінде Бәдрисафа апамен бірге айдауда болған.
	Рефлексия. Балаларға баспалдақ суреті салнынған қағаз таратып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл  -  күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдықтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушылардың өзін  -  өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.
	Үйге тапсырма:
* А. Байтұрсынұлы туралы деректерді мына сілтеме бойынша интернеттан қарап, танысуыңа болады:
http://kk.wikipedia.org/wiki/
http://mukhanov.ucoz.kz/publ/
* А. Байтұрсынұлының мұражай-үйіне фото шолуды интернеттан мына сілтеме арқылы көре аласың.
http://yvision.kz/post/278226
* Жоғарыда берілген интернеттегі сілтемеден немесе басқа кітаптардан, энциклопедиядан А. Байтұрсынұлы туралы оқып, достарыңа айтып беруге дайындалып кел.          
Бақылау  сұрақтары:
1. Әдебиеттік  оқыту  сабақтарын  өткізу  технологиялары
2. Озық  технологияның  артықшылықтары
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

27-28  дәрістер. Өзіндік жұмыс-оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың жолы

Жоспар: 
1.Өзіндік   жұмыс  түрлері
2. Оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттыру  жолдары
Мектепте әдебиетті оқытуда мұғалімдердің алдына оқушыларды идеялық ұстамдылыққа тәрбиелеу, дүниеге комунистік көзқарасын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құмарлығын ояту, әсемдікке баулу, творчестволық қабілетін арттыру, ақыл-ойын дамыту міндетті қойылған.
    Бұл міндеттерді жүзеге асыруда партия мен үкіметтің мектептің өмірмен байланысын арттыру талабын, әсіресе оқушыларды міндеттеп оқытуды шектей отырып, олардың өзіндік жұмысына мүмкіндік тудыру, сол арқылы баланың ақыл-ойын, талап-талғамын, қабілетін,дамыту туралы нұсқауды басшылыққа алған жөн.
   Ал оқыту мен ақыл-ойды дамыту  -  тұтас педагогикалық процесс. Оқу-тәрбие жұмысы баланың іс - әрекетін, қабілетін қалыптастырады. Психологтарша айтсақ, қабілет - кісінің іс - әрекетінің сәтті - сәтсіздігін танытанын қасиеті.
   Адам туысында қабілетті болмайды, жүре келе еңбектенудің, ойланудың нәтижесінде қабілеттілікке ие болады.Кластагы бір оқушының өз қатарынан ұғымтал, үздік атануы, кей баланың оқу материалын баяу, самарқау қабылдауы қабілеттің даму, жетілу сапасының түрліше болуына байланысты. Мектеп жағдайында ақылды, есті, байқағыш, зерделі, саналы бала немесе осыларға қарсы мәнді сөздерді жиі естиміз. Бұлар  -  қабілеттің сапалық белгілері, әрі оның түрі мен қыры болып есептеледі.
    Әдебиет пәнін оқушыларға меңгеруде ақыл мен ес, байқағыштық және мәнерлеп оқу, жатық сөйлеу, ойын тартымды жеткізе білу тәрізді қабілет қатысады. Олардың алғашқыларын  -  ақыл мен есті, байқағыштықты психологтар жалпы қабілет десе, соңғыларын-оқу, сөйлеуді арнайы қабілетке жатқызады. Себебі мәнерлеп оқу, әдеби тілде жатық сөйлеу қабілеті ана тілі мен әдебиет сабағында түрлі жаттығу жұмыстарының негізінде қалыптасады. Демек, оқу, сөйлеу қабілеті өзге пәндермен салыстырғанда, ана тілі мен әдебиетке тән, етене жақын қасиет. Сондай - ақ екінің бірі әнші, суретші т.б. өнер иесі бола бермейді. Сол себепті арнайы қабілет оқушының дара дарынына негізделуі де ықтимал.
        Бұрын шағын көркем шығармалармен, олардың үзіділерімен, тарих және табиғатты тануға байланысты жеке мақалалармен ғана танысып келген оқушылар IV класта әдебиетті жүйелі түрде оқуға көшеді. Жана авторлармен, оның шығармаларының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алады, көркем шығарманы талдау дағдыларына жаттығады, әдебиет теориясынан алғашқы мәлімет алады, оқуға, жазуға дағдыланады. Осылайша бірден-бірге дамыған, күрделенген іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру процесінде оқушылардың танымдық қабілеті артады, өздігінен жұмыс олардың ой белсенділігі мен дербестігін және творчестволық ойын дамытады, өзіндік пікірін қалыптастырады, ақыл-ой парасаттылығын  арттырады. Осы ретте: <<Оқыған шығарманы өздігінен бағалай білу өте қажет - деп жазды Н.Қ. Крупская  -  оқушыларды үнемі жетелеп отыру мүмкін емес. Ол өздігінен шығарманы талдай білуі, дұрыс бағасын беруі тиіс>>.
  Кейбір талдау сабағын бастан-аяқ оқушылардың өзіндік жұмысына құруға болады. Мәселен, жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсәлдерді оқушылардың ойына қозғау салып, ой белсенділігін арттыра отырып танытуға, олардың өздеріне баға бергізуге әбден болады.
    Талдау сабағының мақсатына, материалға, оқушылардың әзірлігіне, дидактикалық талап-міндеттерге байланысты өзіндік жұмыстардың түрліше болуы мүмкін.
    Әдебиет сабақтарындағы оқушылардың өзіндік жұмысы дегенде, көркем шығарманы оқып үйренуге байланысты жұмыстарға олардың тікелей қатынасуын  -  сөздік жұмысынан, сөз өрнегін танытудан бастап, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, оның идеядық-көркемдік ерекшелігін таныту т.б. жұмыс түрлеріне оқушылардың араласуы, өзіндік іздену,зерттеу әрекеттері жатады. Өзіндік жұмыстың пәндік, мазмұндық ерекшелігіне қоса, баланың сол білімді қабылдау дәрежесі түрліше.
   Сабақ процесінде өзіндік жұмыстың бұл түрлерінің тиісті орны бар әрі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оған көркем шығармаға берілген сұрақ-тапсырмалар дәлел. Онда бір топ сұрақтар оқушының бар білімді жаңғыртып еске түсіруін талап етсе, енді бір сұрақтар оны өздігінен іздену, байқау, бақылау, салыстырулар жасауға жұмылдырады. Мәселен, жазушы Ғ. Мүсіреповтың <<Жиырма төрт сағатта>> атты шығармасы бойынша оқулықта берілген:
* Бұрын қазақ арасына жаңалық хабар қалай таралған екен?
* Томарша Қазалыдан қандай жаңалық әкелді?
* Достары  -  балықшылар оның сөзіне неге сенбейді, неге күдіктенеді?  -  тәрізді сұрақтарға оқушылар текст мазмұнына сүйене отырып жауап береді. Көп ретте мұндай сұраққа оқушылардың берер жауабы келте болады. Сондай кемшілікке жол бермеу үшін сұрақтарды түрлендіріп берген жөн. Айталық:
* Жазушы телеграмма, поезд тәрізді сөздерді қолдана отырып, ұзын құлақ сөз тіркесін неліктен қолданған?
*  Есламқұлға Томарша арқылы келіп жеткен хабар қалай әсер етті?
*  Есламқұл мен өзге балықшылардың Томаршаға, ол көрсеткен хатқа сенбестіктерінде қандай сыр жатыр? - деп қойса, оқушы бір оқыған тексті қайталап оқып, ойланып жауап беруге, реті келсе, текстен үзінді оқып бере отырып пікірін дәлелдеуге талпынады. Соның нәтижесінде оқушылар жазушының сөз қолданысына, сөйлеміне, стиліне көңіл аударады, жанама суреттер арқылы көрінген қазақ еңбекшілерінің жүрек түкпірінді жатқан Ленинге деген жылылық сезімді айтқызуға мүмкіндік жасалады, материалды қабылдаудың сапасын арттырады.
Оқушының тексті қайталап оқуын, салыстыру жасауын, сөз мағынасына, сөйлем құрамына тереңдеуді қажет ететін сұрақтардың туындайтын жері-көркем шығарманың тілін, образдар жүйесін композициясын таныту кезеңдері.
   Кейде оқушылар класта талданбаған, оқылмаған шығармалар бойынша зерттеу тәсілін қолдана отырып көркем шығарманың идеялық-көркемдік табиғатын ашады, өз тарапынан баға береді, пікір айтады, жанрын анықтайды, өзге шығармалармен салыстырады. Мұндай жұмыстарды орындауда оқушы соған дейінгі меңгерген білім, іскерлік пен шеберлік дағдыларына сүйенеді, білімін бірден-бірге кеңейтеді, творчестволық қабілетін жетілдіреді. Осындай ізденістердің нәтижесінде оқушылар өмір шындығын меңгереді, әлемдегі таңғажайып құбылыстардың жұмбағын өздері шешуге, сырларын ашуға үйренеді.
  Көркем шығарманы оқу, талдау, ақын-жазушылармен оқушыларды  таныстыру жұмысын дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда, олар мұғалімнің берген мәліметтерін еске түсіруімен ғана шектелмейді, оларды әр оқушы өз ой елегінен өткізеді, жазушының шығарма жазудағы мақсатын, оған сіңірген еңбегін түсінуге, тиісті бағасын беруге талаптанады, ізденеді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір көркем шығарманы оқып үйрену  -  оқушылар үшін жаңалық болып табылады.
   Бірінші мақсатқа байланысты мұғалім оқушыларға шығарманың мазмұны мен түр бірлігін сақтай отырып әдеби білім беруді көздесе, екінші жағдайда, тексті қабылдау белсенділігін арттыра отырып, оқушыларды өзіндік жұмысқа баулиды, творчестволық қабілетін арттырады.
    <<Алтын күз>> өлеңін оқып үйренуді үш кезеңге бөлуге болады. Соның  -  сабақтың алғашқы білімдік, тәрбиелік мәнді кезеңі. Ол мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуімен  шешіледі. Сабақтың алғашқы кезеңінде осының алдында ғана оқылған Абайдың <<Күз>> өлеңін жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсаты тұрғысынан қайталайды.Оны жүзеге асырудың төмендегідей бел-белестері болуы ықтимал.
* Күзге арналған шығармалардан оқушылардың бұған дейін оқығандарын сұрап білу, жатқа білетіндерін айтқызу.
* Ә. Сәрсенбаевтың <<Алтын күз>> өлеңін класта оқып беру.
* <<Алтын күз>> бен <<Күз>> өлеңдерінің сөздігіне салыстырулар жасату, эпитеттерінің екі өлеңдегі мағыналық айырмашылығына оқушы зейінін аудару.
Жаңғырту, еске түсіру мен творчестволық іздену жұмыстарын жүргізу арқылы әдебиет сабақтарында оқушылардың өздік жұмысын, творчестволық ізденіс қабілеттері бір сабақтан екінші сабаққа, бір тақырыптан екінші тақырыпқа, тоқсаннан тоқсанға жалғасады, дамытылады. Өйткені оқушылардың әдеби білімі олардың  алған білімді практикада қолдана білуіне, өздік жұмысына, творчестволық ізденісіне қарай бағаланады.
    Оқушыларға берілетін білімді бірден бірге қиындатып күрделендіріп отырмаған жағдайда, олардың танымдық қабілетінде өсу мен өрлеу болмақ емес. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмысын жоспарлағанда, түрлендіріп отыру, оны оқу процесімен байланыстыра берілуін ескерген жөн. Өздік жұмыстың әрбір жаңа түрін қолдану арқылы оқушы өз білімін, өзінің неге бейімділігін байқайды.
   Көркем шығарманың ерекшелігіне, текст талдаудың міндеттеріне байланысты әдебиет сабақтарындағы өздік жұмыстар да түрліше болады. Мәселен, жазушының өміріне байланысты оқулықта берілген материалды қосымша әдебиеттермен толықтыру, ақын-жазушылардың ұқсас тақырыпты шығармаларын салыстыру, өзге жазушылардың творчествосымен байланыстыру, білетіндерін еске түсіру, соған байланысты материалдарды жинау, оқулықта берілген теориялық анықтамаларды жадында сақтау, оны мысалдармен толықтыру, жүйелі сұрақтарға жауап қайтару көркем текстің мазмұнын творчестволық баяндау, әңгімелеу, сюжеттік, образдарды талдау, мәнерлеп оқу, шығарма жазу, баяндама жасау, альбомдар құрастыру т.б.
   Қорыта келгенде, оқушылардың өздік жұмысын тарамдай бастаса, оның ауқымы кең, түрі мол. Текстпен жұмыс істеу барысында оларды ретін тауып, сабақ мақсатына үйлестіре білген күнде, мұғалім оқушыларды программалық талапқа сай іскерлік пен шеберлік дағдыларымен қаруландыра алады.
Бақылау  сұрақтары:
1.Өзіндік   жұмыс  түрлері
2. Оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттыру  жолдары
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991


29-30 дәрістер  Дамыта  оқытуды  жүзеге  асыру  бағыттары
	
Жоспар: 
1. Дамыта  оқыту   туралы  ұғым
2.Дамыта  оқытуды  жүзеге  асыру  бағыттары
1.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
Бастауыш сыныптарға арналған стандартта білім мазмұны оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен берілетіндігі айтылған:
* оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі;
* оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі.
	Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс. Бірақ, бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
	Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.
	Оқушылардың меңгерген білімі мен біліктерінің міндетті деңгейдегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады.
	Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы білімі мен біліктерінің объективті жағдайын көрсетеді.
	Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
	Алдымен <<деңгей>> және <<деңгейлік>> ұғымдарының семантикалық ауқымын анықтап алайық.
	Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде бұл ұғымдарға мынадай түсінік берілген:
	Деңгей. Зат. 1. Тұспатұсы, нақ шегі. 2. Белгілі бір шамада, көлемде. 3. Қатар, мөлшер. 4. Дәреже (шыгармашылық мүмкіндік).
	Деңгейлік. Зат. Сын. 1. Өлшеуіш (құралы). 2. Жұмыс түріне қарай деңгейін, ауқымын көрсетеді.
	<<Деңгей>> сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин <<өлшеу құралы>>, <<шама>> деген ұғымға саяды. Бұл жерде аталған анықтама өзінің бастапқы және нақты <<өлшем>> мағынасында қолданылып отыр. Сонымен қатар берілген түсініктің жалпыға ортақ, әмбебап қасиетке ие екенін де байқау қиын емес. Олай болса, бұл ұғым математикаға ғана емес, адам әрекетінің барлық саласына жататын мәселелерді камтиды. Деңгейлік идеясы басқа ғылым салаларына математикадан енді. Сөйтіп, психология, физика, химия, тағы басқа ғылымдарда кеңінен қолданады. Деңгейлік идеясы шетелдердегі педагогика ғылымына 1920 жылдардың басында енген. Мысалы, жалпы кеңестік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін Лошнова О. Б. <<Деңгейлік саралап оқыту>>, Фирсов В. В. <<Міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту>>, Беспалько В. П. <<Тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу әрекетінің төрт деңгейі>>, Лернер И. Л., Пидкасистый П. И. <<Білімді меңгеру мәселелері>> ретінде қарастырған. Сондай ақ бұл мәселе В. В. Фирсовтың, В. М. Монаховтың, Ж. А. Қараевтің еңбектерінде зерттеліп келді.
Педагог ғалым В. П. Беспалько өзінің <<Слагаемые педагогические технологии>> деген 1989 жылы шыққан еңбегінде былай дейді: <<Педагогикалық технология  негізгі педагогикалык жүйе, алдын ала ойластырылып жасалған жоспар, оны жүзеге асыру жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты, мақсатты бағыттағы тәжірибеде қолданылатын жоба>>. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен дайындап бітіруі мүмкін. Ал егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының біліктілігін, шеберлігін, белсенділігі мен қабілеттілігін көрсетеді. Осындай жұмысты ұйымдастыру және деңгейлік тапсырмаларды дайындау үшін де мұғалімнің шығармашылығы қажет.
Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің әрі терең, әрі шығармашылық арақатынасы ескеріледі. Оқушының өзін-өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік- мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясы тек 1995 жылдан бері ғана толық қолға алынғанын айтсақ, оның зерттелу тарихына тереңірек үңілген ғалым академик В. М. Монаховтың <<Оқытудың модульдік технологиясы>>, Б. Блумның <<Білімді толық меңгеру технологиясы>>, A. В. Талызина мен Г. Я. Гальпериннің <<Ойлау қызметінің сатылап қалыптасу теориясы>> еңбектерінде оқытудың деңгейлік жүйесін әркім өзінше зерттейді.

В. П. Беспалько деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін (сабақтың мақсаты: мазмұны, оқытудың түрі мен құрамы) дәстүрлі түрде оқушының даму процесіне бағыттайды.
Ал В. М. Монахов деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін модульдік оқыту процесі бойынша блокқа бөліп оқыту арқылы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп істейтін жұмыс түрлері үлгісінде көрсетеді. Американдық ғалым Б. Блум <<Білімді толық меңгеру технологиясы>> еңбегінде оқыту технологиясын үш топқа бөлген:

1)	түсіндірмелі-бейнелі;

2)	жеке бағдарлау;

3)	дамыта окыту.

Дифференциациялап окыту. 1. Бұл - жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әр түрлі деңгейлі оқу талабына арналады. 2. Бұл - оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ деңгейлі оқушылармен жұмыс істейді.
Дифференциациялап оқыту. 1. Бұл - әр түрлі мектеп, сынып, оқу тобы үшін оқытудың әр түрлі деңгейлі жағдайын жасау. 2. Бұл - әр түрлі омогенді топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені, оның негізгі ұстанымы - саралай окыту.

Деңгейлік окыту технологиясын іске асыруда қазақстандық ғалым Ж. А. Қараев үш өлшемді әдістемелік жүйені ұсынады. Оның әдістемесі бойынша барлық тақырыпты алдымен модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не? Модуль - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше па-раграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:

-	деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) -ішкі бақылау, бағасы журналға қойылмайды;
-	коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);
-	деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы - сыртқы бақылау, бағасы журналға қойылады.

Бұл үш сабақ не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа сағат бөліне бермейтін. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша бақылау жұмысына дайындық ретіндегі өзіндік жұмысқа бір сағат және коррекциялық жұмыстарға бір сағат міндетті түрде бөліну керек. Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шыға-руға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмыска бөліну керек.
Біз үлгі ретінде ұсынып отырған күнтізбелік жоспарда модульдік тақырыптар ретінде - бөлімдердің аттары, өзіндік жұмыс ретінде - бөлімді қайталау, коррекциялық жұмыс ретінде - тіл дамыту сағаттары, ал бақылау жұмысының негізгі түрлері ретінде шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары таңдап алынды.
Ж. А. Қараевтің үш өлшемдік технологиясы сабақты өткізуді үш кезеңге бөледі:

1-кезеңге 5-7 минут уақыт бөлінеді. Бұл кезеңде ұйымдастыру, үй жұмыстарын тексеру, өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар орындалады (мысалы, <<Әдебиеттік оқу>> оқулығындағы жаңа сабақ басталған беттегі 1-тапсырма көбіне осылай өткен сабақпен <<көпір>> (байланыс) жасау үшін орындалады).

Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа берілетін жауапты білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уакыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім өткенді жүйелі түрде пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.
2-кезең Қараевтің технологиясында синектикалық бөлім деп аталады, яғни жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту жұмыстары 20-25 минут жүргізіледі: мәтінді оқиды, мәтін бойынша жұмыстар орындалады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау осы 2-кезеңде іске асады.

Оқушыларға төрт деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

1-деңгей	- оқушылық (өнімсіз - репродуктивтік) деңгей. Ол мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды. Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды:

1)	жаңағы өткен 2-кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды, т.б. фактілерді білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қай жылы? қайда? ... құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады;
2)	үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы біліктілігі анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы: зачет алады (есептелді), ол 5 балмен баға-ланады.
2-деңгейде	оқушылардан 1-деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау біліктілігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: неге? неліктен? себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса, т.б.
3-деңгейде	оқушылар танымдык-ізденушілік сипаттағы білімнің тереңдеуіне, қорытындылауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме?,... дұрыс па? т.б.
Аталған үш деңгейдің тапсырмалары, демек, ол - екінші кезеңнің мазмұны (ол жаңа тақырыптың мазмұны болып есептеледі).
4-деңгейдің тапсырмалары оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін негізгі калыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (шығармашылық тапсырмалар, ре-ферат жазу, т.б.).

Кейінгі жылдары білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Кеңестік білім беру саласында орын алған білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени этнопедагогикалық құндылықтарды ескермей, т.б. кемшіліктерге жол бермей, бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім жүйесін әрі қарай дамыту жолдары белгіленді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда, соңғы онжылдықта білім беруді ізгілендіру барысында жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды.

Ғалымдар JL В. Занков, Д. Б. Элконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған <<Дамыта окыту жүйесі>> бір-бірімен тығыз байланысты. Л. В. Занковтың жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінуі оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында ғана емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Элконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері де оқушыны <<субъект>> ретінде тануға бағытталған. Дамыта отырып окытудың психологиялық негізін Л. С. Выготский жасаған. Көрнекті психологтің пікірінше, оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының <<ең таяу даму аймағын>> жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. <<Ең таяу даму аймағы>> одан әрі актуальді даму аймағына көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Біз дамыта отырып оқытудың осы теориясына сүйене отырып, жаңа <<Әдебиеттік оқу>> пәнінде оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға бағыттап, төрт деңгейге бөліп бердік.
1.	Міндетті деңгейдің тапсырмалары: 1) шығарманы кабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады; 2) жаттап алуға лайықты болып келеді.

Мысалы, оқулықтағы <<Өз бетіңмен орында>> деген айдармен берілген тапсырмалардың көпшілігі - осы, яғни міндетті деңгейдің тапсырмалары. Олар: өлеңді жаттап ал, шығарманы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқы, шығармадағы оқиға қалай басталады, т.б. сияқты мәтіннің мазмұнына байланысты болып келеді.

2.	Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады. Бұлар бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін оқушылар бұрыннан меңгерген іс-әрекеттерін өздігінен жаңғыртып қолдана білулері қажет. Бұл тапсырма-сұрақтарда (өлеңге және өзің білетініңе сүйеніп <<Отан>> сөзінің мағынасын ашып көрсет, каланың <<Алматы>> аталуының себебі неде деп ойлайсың? Күз мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек қолданар едің? Неліктен? Сенің туған жерің қандай? т.с.с. болып) оқушы-ның ойы тек мәтін төңірегінде ғана емес, одан өрі тереңдетіліп, шығарманы ұғынуға қарай бағытталады.

3.	Эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушыны <<Әдебиеттік оқу>> пәнінен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды. Белгілі бір үлгі бойынша жұмыс істей отырып, оқушы берілген мәліметтерді пайдаланудың өз нұсқасын ұсынады.

Оқулықтағы <<Мәтіндердің барлығына қандай тақырып ортақ? Қожанасырдың кылығына қандай баға берер едің? Мысалдан өзіңе кандай сабақ алдың? Балалардың іс-әрекетіне өз ойыңды білдір. Сенің ойыңша байлық деген не? Қазыбек биді әділ қазы дей аламыз ба? Жауабыңды үлгіге сүйене отырып дәлелде>> (оқулықта үлгісі берілген) деген сияқты сұрақ-тапсырмалар - эвристикалық деңгейдің тапсырмалары.

4.	Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары оқушыны өнімді әрекет жасауға бағыттайды. Энциклопедияда шығармашылық <<... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет>> ретінде қарас-тырылған. Балалар үшін бұл міндетті емес. <<Шығармашылық>> ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л. Рубинштейін <<оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады>> дей келе, <<шығармашылық шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті>> екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста әсіресе бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: <<Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті>>. <<...Баланың атаға тартуы рас болса, сикырлы дала-ның баласы - казақ баласы киялқұмар болуға тиісті>>. Педагог-ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, <<қазақ баласының жаратылысы соны тілейді>>.

Оқулықта 2-сынып оқушысы үшін шығармашылық жұмыс түрлері іріктеліп алынады.


1.	Өлең қүрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады. 
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы, Ө. Тұрманжановтың <<Туған өлкем>> өлеңінде қайталанып тұрған
<<Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем>> деген жолдар бар. 
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны әрі қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орын-далу үшін, ең алдымен оқушылар қүрастыруға тиісті өлеңнің сызбасы (модулі) түсіріледі:
<<Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем>> - ұсынылған жолдар. 
<<Сарыарқадай ұлан-байтақ,
Өз өлкемді сүйіп өтем>> - оқушының аяқтауы, яғни бұл - жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиісті. Оқушы басқа сызбаны да басшылыққа алуы мүмкін. Мысалы, 
<<Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем>> - ұсынылған жолдар.
<<Асқар шыңды таулары бар,
Жасыл жайлау, баулары бар>> - оқушының аяқтауы.
Бұл сызба бойынша өлеңнің алғашкы екі жолы және соңғы екі жолы өзара ұйқасады. Сондай-ақ өлеңнің барлық жолдары ұйқасуы да мүмкін:
<<Неткен сүлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем>> - ұсынылған жолдар.
<<Бар байлық кеп орын тепкен,
Өз өлкемді мақтан етем>> - оқушының аяқтауы.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, <<Күз>> тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
... байлық,
... алдық.
... құс біткен 
... қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз - береке, күз - байлық,
Күзде өнім мол алдық.
<<Қош>> айтысып құс біткен 
Кеткен ұшып, біз қалдық.

2.	Әңгіме қүрастыру.
Оқулықта әр түрлі тақырыпта әңгіме құрастыруға арналған тапсырмалар көптеп берілген. Бұл жұмысты орындау үшін ең алдымен оқушыға нақты тақырып беріледі, оқушы сол тақырыпқа жоспар құрады. Жоспардағы тақырыпшалардың мазмұнын ашатындай көркем сөздер, яғни тірек сөздер қоса беріледі (нақты шығармалардан алынады).
Мысалы, тақырып: <<Менің ауылым>>.
Жоспар:
I.	Ауылымның кешкі көрінісі.
Тірек сөздер: қас қарайды, қоңырсыған сүт, кайнатқан қаймақ иісі, қой келді, сиырлар сүйкеніп.
II.	Ауылымның адамдары.
Тірек сөздер: қарапайым, ақжарқын, тыным таппай еңбек етеді, туған жердің түлектері.
III.	Әркімге өз мекені ыстық.
Тірек сөздер:
а) Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.

ә)	Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Тірек сөздерді пайдалана отырып, құрастырылған оқушы әңгімесі:

                            Менің ауылым
Қас қарайды. Өрістен малдар қайтты, Маң-маң басып қойлар келді. Арбага сүйкеніп сиырлар тұр. Ауыл адамдары қарбалас үстінде. Мұрныңа қоңырсыган сүт, қайнатқан қаймақ иісі келеді.
Менің ауылымда ақжарқын, қарапайым адамдар тұрады. Олар туған жерді гулдендіру үшін тыным таппай еңбек етеді.
Мен туган жерімнің адамдарында, тауында, даласында жақсы көремін.
Ақын М. Мақатаев айтқандай,
<<Отан, Отан 
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем>>.

Әңгіменің сәтті шығуы үшін тірек сөздермен қатар көрнекілік те пайдаланылғаны дұрыс. Оқушының әңгімесі жазбаша орындалуы да мүмкін. Мұндай кезде жоспардың әрбір тақырыпшасын азат жолдан бастау керектігі ескертіледі.

Жалпы, азат жол мәтіннің фразадан тыс күрделі тұлға бірлігі ретінде қарастырылады. Мәтінді азат жолдарға мүшелеу субъективті сипатқа ие, өйткені азат жол мәтін авторының алдына қойып отырған прагматикалық мақсатымен тікелей байланысты.

Азат жолдар - мәтін авторының көлемдік-прагматикалык мүшелеуінен туындайтын мағыналық, логикалық тұлға бірлігі. Бұл, әрине, мұғалімге қажетті мағлұмат, ал бастауыш сынып оқушысы үшін азат жолдар жаңа бір ойдың басталуымен түсіндіріледі.

3.	Мысалдарды, ертегілерді сахналау.

Оқулықта мысалдарды, ертегілерді, аңыздарды сахналауға арнайы тапсырмалар берілген. Мұндай жұмыстар бастауыш сынып оқушысы үшін қызықты, танымдық әрі шығармашылық әрекет болып табылады. Шағын көріністерді өздері жасай отырып, оқушы кейіпкердің көңіл күйін, мінез-құлқын, ой-әрекетін таниды. Сөздің саздылығымен соны бейнелеуге тырысады, сөйтіп баланың сезіміне көркем сөздің әсер етуі арта түседі.
Сонымен, 4-шығармашылык деңгей тапсырманың 2-сынып оқушылары үшін негізгі түрлерін қалай ұйымдастыруға болатындығына тоқтала отырып айтарымыз: деңгейлік тапсырмалар дегеніміз балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын <<қабілетті>> және <<қабілетсіз>> деп әр түрлі жасанды жолмен бөлуді болдырмау. Бұл жағдайда ізгілендіру ұстанымы басшылыққа алынып, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, <<міндетті>>, яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижесінде барлық оқушы бағдарламадағы талаптарды орындайды, олардың бұл көрсеткіштері есепке алынып отырады. Мұндай есепке алу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде <<міндетті>> деңгейге сәйкес білімді толык меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша, олар келесі деңгейге көшпейді. <<Міндетті>> деңгейді толық меңгерген оқушы әрі карай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады.

Бақылау  сұрақтары:
1. Дамыта  оқыту   туралы  ұғым
2.Дамыта  оқытуды  жүзеге  асыру  бағыттары
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

        	ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ  МАЗМҰНЫ
      1-тәжірибе. <<Әдебиеттік оқыту>> пәнінің мазмұны, мақсат, міндеттері
Жоспары:
1. <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  мақсат,  міндеттері
2. <<Әдебиеттік  оқу>>  пәнінің  	мазмұны,  әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Пән  жайлы  алған  білімдерін  нақтыландырып,    тереңдету. 
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

2- тәжірибе . Әдеби білім берудің алғашқы  сатысы
Жоспар: 
1. Әдеби  білім  берудің   алғашқы  сатысы  
2.Әдеби  білім  беру  ұғымы
Сабақтың  мақсаты:  еліміздегі  әдеби  білім  беру  саласының  алғашқы  сатылары  туралы  мағұлматтар  беру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

3-тәжірибе. Әдебиеттік оқыту сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Жоспар:
1. Әдебиеттік оқу сабақтарында
2. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Сабақтың  мақсаты:  Әдебиеттік  оқу  сабақтарында  оқушылардың  оқу  дағдыларын  қалыптастыру   мәселелеріне  тоқталу
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

4-тәжірибе.  Оқудың түрлері
Жоспар:
1. Дауыстап  оқу
2. Іштен  оқу  
Сабақтың  мақсаты:Оқудың  түрлеріне  тоқталып,  орлардың  әрқайсысына  тән  ерекшеліктерін  сөз  қылу.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

5-тәжірибе. Байланыстырып  сөйлеу  методикасы
Жоспар:
1. Байланыстырып  сөйлеу  
2. Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері
Сабақтың  мақсаты:  Әдебиеттік  оқу  пәнінде  әдеби  сөйлеу  барысында  жүзеге   асыра  отырып  қолдануға  болатын  байланыстырып  сөйлеу  методикасы  жайлы  кеңінен  ақпарат  беру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991
6-  тәжірибе. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар
Жоспар:
1. Байланыстырып  сөйлеу  жұмыстары  туралы  ұғым.
2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар
Сабақтың   мақсаты: Әдебиеттік  оқу  пәнінде  әдеби  сөйлеу  барысында  жүзеге   асыра  отырып  қолдануға  болатын  байланыстырып  сөйлеу  методикасы  жайлы  кеңінен  ақпарат  беру. 
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

7-тәжірибе.  Мәнерлеп оқу туралы ұғым
Жоспар:
1.Мәнерлеп  оқу  деген  не?
2. Мәнерлеп  оқудың  жолдары
Сабақтың  мақсаты: Студенттерге  мәнерлеп  оқу  туралы  мәліметтер  беріп,  мәнерлеп  оқуға  төселдіру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

8-тәжірибе.  Сөйлеу техникасы
Жоспар: 
1.Оқушыларлды  мәнерлеп  оқуға  даярлау
2.Сөйлеу  техникасының   тәсілдері
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  мәнерлеп  оқу  туралы  мәліметтер  беріп,  мәнерлеп  оқуға  төселдіру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

9-тәжірибе. Оқудағы дауыстың  маңызы
Жоспар:
1.Дауыс  сазы
2.Оқудағы  дауыстың  маңызы
Сабақтың  мақсаты:  әдеби  көркем  шығарманы  оқу  кезіндегі  дауыстың  маңызы  туралы  кеңінен  мәліметтер  беру. 
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

10-тәжірибе. Дикция 
Жоспар:
1. Дыбыс  тазалығы
2.Дауысты  дыбыстардың  айтылуы
Сабақтың  мақсаты:  тіл  дыбыстарын  айту  кезіндегі  тіл  тазалығына,  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  айтылу  ерекшеліктеріне    мән  беру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

11-тәжірибе. Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия)
Жоспар:
1.Орфоэпияның  ерекшеліктері  мен  өзіндік  сапалары
2.Дұрыс  сөйлеу  тәртібі	
Сабақтың  мақсаты:  әдеби көркем  сөйлеу  барысында  орфоэпия  заңдылықтарын  сақтай  отырып  дұрыс  сөйлеуге  машықтандыру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

12-тәжірибе.  Екпін қоя білу
Жоспар:
1.Екпін  ұғымы
2.Екпін  қою   ерекшеліктері
Сабақтың  мақсаты: көркем  әдеби  сөйлеу  кезіндегі  екпінді  дұрыс  қоя  білу  мәселесіне  тоқталу.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

13-тәжірибе. Бастауыш сыныптарда  мысалды жанр ретінде оқытудың жолдары
Жоспар:
1.Мысал  ұғымы
2. Бастауыш  сыныптарда  мысалды  жанр  ретінде  оқытудың  жолдары
Сабақтың  мақсаты:  бастауыш  сынып  оқушыларына  әдебиеттік  оқу  барысында  мысал   түрлерін  қолдана  отырып  оқытуға  төселдіру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

14-тәжірибе. <<Әдебиеттік оқу>> сабақтарында озық технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану
Жоспар:	
1. Әдебиеттік  оқыту  сабақтарын  өткізу  технологиялары
2. Озық  технологияның  артықшылықтары
Сабақ  мақсаты:  пәнді  оқыту  кезінде  дәстүрлі  ғана  емес,  дәстүрден  тыс  оқыту  технологияларын  да  қолдана  отырып,  сабақ  өткізу  тәсілдерін  көрсету.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

15-тәжірибе.  Оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың жолы
Жоспар: 
1.Өзіндік   жұмыс  түрлері
2. Оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттыру  жолдары
Сабақ  мақсаты:  оқушылыардың  шығармашылық-танымдық  қабілеттерін  арттыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыс  түрлерімен  таныстыру.
Әдебиеттер:
* С. Желдербаева. Мәнерлеп  оқу,  А., 1992
* Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік  оқу, А., 2014
* Ә. Дайырова, С. Тілешева. <<Әдебиеттік  оқу  кітабына>>  методикалық  нұсқау,  А., 1982
* Б.Т. Қабатай,  С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013
* С.Рахметова, Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі, А.,1991

      Студенттердің өздік  жұмыстары (СӨЖ)
* Әліппенің атасы (А. Байтұрсынұлы жинағынан).(конспект)
* А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру. (сабақ жоспары)
* С. Мәуленов. Дала жұлдызы. (сабақ жоспары)
* Ы. Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар. (сабақ жоспары)
* М. Әуезов. Әке арманы. (сабақ жоспары)
* А. Құнанбаев. Адам болам десеңіз. (сабақ жоспары)
* М. Дулатов. Қырдан келген жас қазақ. (сабақ жоспары)
* Ауылға келген мұғалім (М. Жұмабаев шығармаларынан).
* М. Гумеров. Күмән. (сабақ жоспары)
* Қ. Мырза Әли. Мұғалима. (сабақ жоспары)
* Н. Ғабдуллин. Дос сөзі. (сабақ жоспары)
* Б. Ысқақов. Кім жүйрік? (сабақ жоспары)
* Т. Молдағалиев. Мамандық таңдау. (сабақ жоспары)
* Қ. Аманжолов. Ұшқыш болғым келеді. (сабақ жоспары)
* Ш. Құдайбердіұлы. Адамдық борышың. (сабақ жоспары)
СӨЖ   тапсырмаларына  әдістемелік  нұсқау: СӨЖ  тапсырмаларын  өткізу  формасы   сабақ  жоспары  ретінде  қабылданады.  Аты-жөні  жазылған  ақын-жазушылардың  берілген  шығармаларына  сабақ  жоспарын  жасау  тапсырылады.
Пәндер