Файл қосу
Қылмыскердің әлеуметтік позициялары, рөлдерін және әрекетін зерделеу
9 тарау. Қылмыскер және оны криминологиялық зерделеу. * Қылмыскер және қылмыскердің жеке басы. * Қылмыскерді криминологиялық зерделеудің объектісі және заты ретінде қарастыру. * Қылмыскердің әлеуметтік позициялары, рөлдерін және әрекетін зерделеу. * Адамның мұқтаждық - сылтаулық өрсін және санасының құндылық - нормативтік сипаттамаларын зерделеу. * Қылмыскерді топтастыру. * Қылмыскердің жеке басын әлеуметтік тип ретінде қарау. * Қай мемлекеттік ғылыми мекиепке жатқанымен бірде - бір криминолог қылмыс жасаған, адамммен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Қылмысты жасаған адамды қысқаша <<қылмыскер>> деп аталық. << Қылмыскер >> ұғымын пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипатттамаларды бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ескереміз. Бұл ұғымды басқа бір << қылмысты адам>> ұғымынан ажырата білу керек, бұл соңғыны тара қылмыскер туралы идеяны жақтаушылар пайдаланылады. <<Адам << ұғымына оның бойындағы екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық жақтардың ажырамас бірлігі кіреді. <<Жеке бас>> ұғымы оған тән әлеуметтік белгілерді ғана білдіреді. <<Қылмыскердің жеке басы>> ұғымын пайдаланылғанда қылмыс жасаған адамның әлеуметтік кейпі ғана ескеріледі. Бар болғаны сол. Қылмыскерліктің әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар: біріншіден, жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен, екіншіден, оған құқыққа қарсы не қарама - қайшы сипаттағы міндеттеулер беру арқылы: үшіншіден, жеке басты іс - қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлейтін және оны жеңілдететін жағдайда қалдыру арқылы. Криминолог қылмыстық іс - қимылдан басқа да варианттар бар жағдайда әрекет еткен адамның қылмыстық іс - қимылға, іс - әрекетке бару себептерін айқындауы тиіс. << К - қимылдық неге криминалдық вариантын таңдады>> деген Сұрақ жалпы детерминацияны емес, нақты себептілікті талдауды керек етеді. Оған жауап беру үшін қылмыскерлердің әлеуметтік сипаттамалары - қылмыскерлердің жеке басы зерттеледі. 2.Қылмыскерді криминологиялық зерделеудің объектісі және заты ретінде қарастыру. Криминологиялық зерделеудің объектілері мыналар: 1) қылмыс жасаушы жекелеген адамдар; 2) қылмыскерлердің әр түрлі контигенттері; кәмелетке толмағандар, рецидивистар, т.б 3) қылмыскерлердің әр түрлі криминологиялық типтері. Бақылау тобы әдісін қолдану және қылмыскерлер сипаттамасының онымен бірдей жағдайда өмір сүріп, әрекет етуші нақты адамдардың айырмашылығын айқындау үшін, қылмыскерлер мен қатар, қылмыс жасамайтын адамдар да зерделенеді. Психологиялық белгілерді айқындау маман - психологтердің міндеті, олардан арнайы білім талап етіледі, ал психофизиологиялық белгілерді медиктер мен биологтер айқындайды. Қылмыскерлердің жеке басын криминологтер екі аспектіде бір уақытта зерделейді: бір жағынан әлеуметтік байланыстар мен әсерлеудің объектісі ретінде, екінші жағынан мақсатты бағыты бар, өзгертетін белсенді әрекетке қабілетті субъект ретінде мынадай жеке бастық сипаттамалар криминологиялық зерделеу заттары болып табылады: 1) << объективтік >> немесе әлеуметтік позициялар мен рөлдер: жеке бастық әрекеті; 2) << субъективтік >> мұқтаждық - сылтаулық өріс сананың құндылық нормативтік сипаттамасы. 3. Криминологиялық зерттеулер әлеуметтік позициялар мен жеке бастық рөлдерінің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік - рөлдік аясын бекітеді.Криминологияда рөлдік нормативтік ұғымына сүйенген жөн. Әлеуметтік позиция дегеніміз әлеуметтік жүйедегі өзінше бөлек << қатынастар түйіні>>. Адам бір уақытта бірнеше әлеуметтік ұстаным ұстанады. Әр адам үшін әлеуметтік позицияның маңыздылығы, өзінен тосылатын нормалар тарайтын субъектінің маңыздылығы аса қажет. Криминолог мыналарды ажырата білуі тиіс: 1) осы позицияға сәйкес келетін нормативтік міндетттеулердің жиынтығы ретіндегі рөлді ; 2) адамның өзінен не талап ететіндігін түсінуі ретіндегі рөлді және нені орындағысы келетіндігін; 3) орын мен уақыттың нақты жағдайларында рөлдің іс жүзінде орындалуын. Мына әлеуметтік - рөлдік ситуациялар қылмыстық іс - қимылмен заңды байланыста болады: * Мемлекеттің, << үлкен қоғамның >> нормаларымен танысуға, өзін құқық және мораль талптарына сай келіп алып жүруге мүмкіндік беретін позицияларда адам ұстанбайды. * Адам қарама - қайшы талаптармен іс - қимыл нормаларымен байланысты позицияларды бірдей ұатанады, яғни әлеуметтік позиция мен рөлдердің қақтығысы орын алады; * Адам құқыққа қарсы, қылмыстық іс - қимыл жасауға тікелей итермелейтін позиция ұстанады; * Рөлдер мен позицилардың сабақтастығы жоқ, нәтижесінде тиісті әлеуметтік позицияның құқықтық нормаларын сақтауға адамның дайын еместігі байқалады. * Адам бір әлеуметтік позицияны ұстанады, ал екіншісіне бағдар алады. * Орындалып жатқан және алдыда тосылатын рөлдер қақтығысы. Әлеуметтік рөлдік тәсіл адамның белсенділігін жоққа шығармайды, бірақ бұл белсенділікке әлеуметтік шек қояды. Рөлдердің объективтік қақтығысында олардың мазмұны шындығында қарама - қайшы болады, ал субъективтік қақтығыста адам оларды қарама - қайшы деп қабылдайды, бірақ оларды үйлестіре алмайды. Қылмыс жасаушы адамдардың әрекетін талдағанда мыналар ескеріледі. * Адамның іс жүзіндегі іс - қимылы сай келмейді. * Адамның жеке басы, оның ұстанымдары мен рөлдерінің көпқырлығына қарамастан, белгілі бір бүтіндік береді, әрекет еткенде дәл осы бүтіндікте, әр түрлі әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердің субъективтік интеграциясында көрініс табады. * Әрекет адамға кері ықпал етеді, бұл жерде іс - қимылды құптаудың немесе құптамаудың, адам санасында оның өзінің немесе нәтижесінің сақталып қалуының маңыздылығы бар. 4. Адамның мұқтаждық сылтаулық өрісін және санасының құндылық - нормативтік сипаттамаларын зерделеу. Мұқтаждық - адамның ойлау және іс - қимыл белсенділігінің көзі, ал оның табиғи қасиеттерін де көрсетеді, кейде олар << әлеуметтік рең >> алады немесе өмірде қоғамда қалыптасқан таза әлеуметтік сипаттамалар болады. Мұқтаждықтың бұл жүйесінде адамның өзін - өзі аяққа тұрғызуға, өзін көрсетуге, білімге және шығармашылық қызметке ұмтылуын есептеп шығаруға болмайды, себебі олар қылмыстық іс - қимылда жиі көрініс табады. << Адамның жеке басының сылтаулық өрісі >> дегеніміз оның өмір бойы қалыптасып дамыған сылтауларының жиынтығы. Қылмыстық іс - қимылдар мен қылмыскерліктің негізінде жатқан мына негізгі сылтаулар бөлініп алынады: * Қоғамдық саяси мемлекет мен қоғамды басқару тетігі , сол басқаруға қатысу, оған ықпал ету және т.б * Әлеуметтік - экономикалық : а) << абсалюттік >> яғни өмір үшін ең қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыру; ә) халықтың әлеуметтік - экономикалық дифференциясынан және адамдардың өз жағдайын төңірегіндегілердің жағдайымен салыстырудан туындайтын << салыстырмалы >> мұқтаждықтарды қанағаттандыру; б) сол адамның өзі не басқа адам бағдар алған өз << идеалына >> бәлендей матеоиалдық стандартқа немесе әлеуметтік стандартқа қол жеткізу: * Зорлық - эгоистік: а) өзін таныту идеясын абсолюттендіру, бар мұқтаждықтар мен мүдделерді кез келген нысанда іске асыру: ә) нақты жағдайларды сол адам үшін мүмкін болатын нысанда өзі көрсету: * Ұшқалақ - жауапсыз: а) өз іс - әрекетінің іс - қимыл нормаларына, заңға барабар болуына мұқтаждық пен мүдделік жоқ; Құндылық бағдарлар - адамның , ол үшін аса маңызды болып табылатын объектілерді көрсететін оның жеке басының тереңде жатқан сипаттамасы. Қылмыскерлердің құндылық бағдар жүйесінде жеке даралық не кландық - эгоистік бағдарлар басты орын алады. Мораль, өнегелік санаттарының да, олардың туындысы болып табылатын <<жақсылық>>, <<жамандық>> , <<парасаттық>> және <<жауыздық>>, <<берілгендік>> сияқты ұғымдардың да криминологиялық маңыздылығы бар. Қылмыскерлерде мыналар бекіп қалған : а) өнегелі санадағы елеулі кемістіктер, мысалы, криминалдық және бимолальдық ортада қалаптасқан жасөспірім, шындығында іс -қимылдың өнегелік нормаларының жұртшылық қолдайтын жүйесімен таныс емес, ол <<кім кінәлі - соны ұру керек>>, <<өзің бірдемені алып қалмасаң, саған ешкім қол ұшын бермейді>> деп санайды: ә) жалпы қоғамда қабылданған мораль нормаларымен, әр түрлі топтардың мораль нормаларымен << қосарланған моральмен >> арадағы өнегелік қақтығысқа әкелетін қателік. 5. Қылмыскерлерді топтастыру. Қылмыскерліпен күрес әр адамның жеке дара қайталанбас сипатына қарай бадар алмайды, бұл жерде қылмыскерлер контигентінің біртекті еместігі ескерілуі тиіс. Бұл проблема оларды топтамаларға және типтерге бөлу арқылы шешімін табады. Топтама деп статистикалық жиынтықты белгілі бір тоатарға, сипаттарға бөлуді айтады, мұнда бір немесе бірнеше белгілердердің статистикалық кең таралғандығы сияқты критерилер пайдаланылады. Бұл ретте өз сипаттамалары кешеніндегі адамның жеке басы емес, қылмыскерлер контингенті зерделенеді. Мыналарға негізделген топтамалар кең таралған: 1) демографиялықмәліметтерге(жынысы, жасы т.б) 2) кейбір әлеуметтік - экономикалық критерилерге: білімі, айналысатын жұмысы, тұраұты тұратын орнының бар - жоқтығы; 3) азаматтығына; 4) адамның қылмыс жасаған кездегі қасақана немесе абайсызда, зорлық, мүліктік: алғашқы және қайталап және т.б Типология дегеніміз - қылмыскерлердің әр түрлі контингенттерінің неғұрлым тереңірек сипаттамалары. << Типология>> жиынтықты белгілер - көрініс табу және белгілер - себептер - негізінде топқа бөлінудің мазмұндық сипатымен тығыз байланысты. Жеке бастың сипаттамалар кешені бойынша көптеген қылмыскерлердің өзін тиянақты заңды ұстап жүрген азаматтардан өзгеше екендігін криминологиялық зерттеулер анықтап отыр. ХIХ ғасырдың аяғында әр түрлі авторлар қылмыскерлердің жеке басының төтр типін бөліп алып, оларды әр түрлі атаған, ал іс жүзінде олардың қылмыстық іс қимылдарын әлеуметтік ортамен әрекеттестігі тиянақтылығы мен дербестігін ескерген мынадай жіктеулер кездеседі: 1) кінәлі, тиянақсыз, ситуациялық, кездейсоқ; 2) кәсіптенгендер, әдеттегі қылмыскерлер, бірінші мен екінші арасындағы аралық топ, кездейсоқтар; 3) глобальдық, парциалдық, жарым - жартылай қылмысқа бой алдырған қылмыс алдындағы, қылмысты белгілі бір ситуацияда жасайтын. Қылмыскерлердің жеке басының өзіндік, мазмұндық сипаттамаларын іздестіру зерттеулердің екі тобын анықтауы 1) қылмыскер контингентін өздерін заң шеңберінде ұстайтын адамдар контингентімен қандай да бір белгілер немесе олардың кешені бойынша салыстыру; 2) қылмыскерлердің басын монографиялық зерттеу, сипаттамалар кешенін айқындау және бейнелерді танысу әдісін пайдалана отырып қылмыскерлердің әрқайсысын бақылау тобындағы әр адаммен бірдей белгілер кешені бойынша салыстыру. Типологияға дейінгі зерттелген қылмыскерлер мына критерийлер бойынша топтастырылады: 1) қылмыс алдындағы іс - қимыл сипаты; 2) микроортаның сипаты; қылмыстық іс - қимылдың қылмысқа дейінгімен байланысы. 6. Қылмыскердің жеке басын әлеуметтік тип ретінде қарау. Қылмыскерді олардың жеке басының сипаттамалары бойынша топтастырудың қорытындысы жеке бастық өзіндік ерекшк әлеуметтік типін бөліп алу болады. Бұл әлеуметтік тип кримино гендік жеке бастың типі деп аталады. Қылмыс жасаушы адамның барлығы осы типке жатқызылуы мүмкін. Криминогендік жеке бастық әлеуметтік типі жеке бас сипаттамаларының белгілі бір бүтіндігін білдіреді. Оған мыналар тән: жеке бастық айналасындағылардың құқыққа қасрсы және беиморальдық күшті іс - қимылдары жағдайында қалыптасуы. Бұрындары - биморальдық іс - әрекеттер мен әр түрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылданған кейіе де қайталануын қоймаған қоғам мен мемлекеттің құндылық - нормативтік - психологиялық тетіктерін пайдалану. Қылмысты жасау ситуациясындағы белсенділік және әдетте дәлелді сыртқы себептерсіз қылмыс жасау. Ситуациялық - криминогендік тип тармақшасы мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындаумен сипатталады; қарама - қайшы микроортада қалыптасады және әрекет етеді; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік- экономикалық, өнегелік және құқықтың ситуациясына байланысты. Ситуациялық тип тармағы: мұндай адамның санасы мен іс - қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтірі, егер бала қалған күннің өзіде шамалы ғана болады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz