Файл қосу
Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ СМЖ 3 дәрежелі құжаты ПОӘК ПОӘК 042-33.1.14/03-2013 << Сурет>> пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №1 Редакция 03.09.2013 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Сурет>> 5В010700 - << Бейнелеу өнері және сызу>> мамандығына арналған ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 2-сі Мазмұны Глоссарий Практикалық сабақтар Білімалушылардың өздік жұмыстары ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 Беттің 4- ші 1 Глоссарий АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін. АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) - көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс-тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі. АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) - қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес. АНАЛИЗ - талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау. АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) - арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған. АНФАС (фр.ANFACE) - қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді. АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ - академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы. АСИММЕТРИЯ - бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы. АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) - сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу. ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті. БИБЛИОГРАФИЯ - баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру). ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 5-ші БЮСТ - адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып-үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады. ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) - асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды. ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) - <<жазамын>>, <<суретке саламын>> деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын <<графика>> деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер <<кітап графикасы>> деп аталады. ДРАПИРОВКА - шаршалау, перделеу. Натюрморт қойылымын әсерлеу. Сурет өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау жиі қолданылады. Шаршалау натюрмортта заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс. ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) - қиялдау не көз алдына алып келу, адам бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші елестету мен қиялы өнермен тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған кітабының желісіне қиялдап сурет сала алады. ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI) - қадала, үңіле қарау. 1) сезу, түйсік арқылы білу; 2) зерделік, ғылыми-теориялық білім мен алдыңғы тәжірибеге сүйену негізінде шындыққа жету. КОНТУР (фр.CONTOUR) - нұсқа. Бір нәрсенің сырт кескіні. Мысалы, құмыраның суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу, яғни контурын сызып нұсқасын келтіру. КОНСТРУКЦИЯ - түзіліс, құрылыс. Сурет өнерінде заттың конструкциясын анықтау, конструкциялық тәсілмен салу ұғымдары бар. Бұл заттың жасалу құрылысын білу деген сөз. Конструкция - форманың негізін құрайтын қаңқа. КОНТРАСТ - қарама-қарсылық. Натура мен суреттегі реңдердің қарама-қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат. ҚАБЫЛДАУ, ТҮСІНУ, ҰҒЫНУ (ВОСПРИЯТИЕ) - қоршаған орта әлемін, ондағы сансыз құбылыстар мен заттарды біліп қабылдау, түсіну. Бейнелеу өнері туындыларын көркем көзділікпен қабылдау, бағалай білу, түйсікке қондыру. МАНЕРА - үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі - мәнері. МОДЕЛЬ (фр.MODELA) - үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.). НАТУРА (лат.NATURE) - табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 6-ші ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) - зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с. ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) - сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі. ТЕХНИКА - бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.) ФАКТУРА - сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі. ФОРМА - 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде <<форма>> ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау. ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) - шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек. ЭКСПОНАТ - экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.). ЭМОЦИЯ - эмоция, сезіну, сезім (шағын ситуациялы көңіл-күйлер); қуаныш сезімі; ашу сезімі. ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) - алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары. ЭФФЕКТ - күшті әсер; картинадан алған күшті әсер; яркий - жарық, жарқыраған (түстер жайлы) ашық түсті; (әйгілі) нағыз, көрнекті; яркий талант - нағыз дарын. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 Беттің 7-ші 2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 1 Тақырып: Гипстен жасалған адамның аяқ-қол модельдерінің суреті Сабақ мақсаты: Аяқ-қол модельдерінің анатомиялық құрылысын зерттеп білу. Негізгі сұрақтар, тапсырма: Гипстен істелген адам қолының пропорциялары мен бұлшықеттерінің анатомиясын білу; Гипстен істелген адам аяқтарының пропорциясы мен бұлшықеттерінің анатомиясын білу. Тапсырма А3 қағаз бетте орындалады (материалы қарындаш) Әдістемелік ұсыныстар: Сурет пәнінің әр тапсырмасы пәннің әдістемелік оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Тапсырманың суретін салудың алғашқы кезеңінде қойылымның компазициясын жасау, одан соң, пропорцияларын анықтау мен парақтағы үйлесімділігін іздеу. Қол-аяқтың анатомиялық және функционалдық өзгеру ерекшелігі тікелей адам еңбегіне байланысты. Адамның күнделікті тіршілігінде динамикалық қозғалыста болатындығы мәлім, міне, осы жағдайда студент сурет салу практикасында жақсы білуі керек. Аяқ-қол бұлшықеттерінің динамикадағы өзгеру принциптерін есте ұстап қалған абзал. Аяқ-қол бұлшықеттерінің орналасу тәртібі мен өзгеріске ұшырауы аяқ-қол сүйектеріне тікелей байланысты екендігінде суретші көз жеткізуі керек. Адам қолының суретін салғанда оны үш бөлікке бөліп, сырт нұсқаларының пропорцияларын анықтап, одан соң бөлшектердіңи жеке-жеке суреттерін салуға қажет. Гипс модель статикалық қалыпта болатындықтан оның дене мүшелерін егжей-тегжейлі зерттеп анатомиялық құрылысына ерекше мән берген жөн. Әрине, өнерге оқып жүрген студентерге адамның бейнесін салу өте күрделі міндет. Оқу процесінде арнайы қосымша жаттығуларға, студент көп уақыттын жұмсауы керек және бейнелеу әдістемелерін терең меңгеруді өзіне мақсат етіп алғаны абзал. Жеке - жеке бейнеленген анатомиялық бөлшектер келесі кезеңдегі тапсырманың негізгі болып саналады. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 8-ші Бақылау сұрақтары: Реңк және реңкдік қатнастар деген не? Адам фигурасы құрылысының негізгі заңдылықтары қандай? Адам денесінің негізгі бұлшық еттерін атап бер? Адам қолы мен аяқтарының негізгі сүйектерін ата? Натурадан сурет салудың спецификациясы неде? Ұсынылатын әдебиеттер: Н.Н.Ростовцев. Академический рисунок - М: Просвещение 142 бет, 159-201 беттер Утепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізгі <<Тенгри>>. Семей.2001 124-149 беттер Н.Н.Ростовцев. Рисунок. Живопись. Компазиция - М: просвещение 5стр, 36-78 стр .173-199стр. Утепбаев Н.Н. Академиялық сурет: оқу құралы. - Семей. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2014 2 Тақырып: Киімдегі натуршының суреті (ер адам) Сабақ мақсаты: Адам фигурасының суретін салу заңдылықтарын білу. Дағдыны мен машықтығы жетілдіру. Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Оқу суреті А1 қағаз бетте орындалады (материалы қарындаш немесе көмір) а) киімдегі адамның суретін салудың ереже тәсілдерін іске асыруды үйрену; б) киімнің адам анатомиясына әсерін анықтау арқылы бейнелілікке жету; в) натуршының бейнесін, мінезін көрсетіп беру. Әдістемелік ұсыныстар: Киімдегі адамның суретін салу кезінде пластикалық анатомиядан алған білімді қолдану өте маңызды. Ең бастысы фигураның сүйек құрылысын анықтап алған сурет салушыны дұрыс жолға салады. Киімдегі адамның кез келген тапсырмасын талапқа сай орындап шығу үшін қатпарлы маталардың (драпировка) суреттерін салу тәсілдерін үнемі есте ұстаған жөн. Ол, адам киіміндегі бүктесіндерді анатомияға үйлестіріп айнытпай бейнелеуге үлкен септігін тигізеді. Оқу суреті процесінде студент адам тұлғасын бейнелей отырып, оның ішкі мазмұнын білуге де ұмтылуы керек. Ол үшін арнайы бейнелеу өнерінің жаттығуларын жасаған жақсы нәтиже береді. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 9-ші Солардың ішінде ерекше пайдалысы долбар мен суреттемелер жасау ұнемі адам фигураларының долбарларын салып жаттыққан студент аудиториялық тапсырмаларды жеңіл орындай алады. Оқу барысында перспективаның заңдарын қолдануды да көзден таса қалдырмаған жөн. Суретші-ұстаз мамандығына оқитын студенттерге суреттемелерді салып жаттығудың да маңызы өте зор. Ол, оқып-үйрену тапсырмаларын қызығушылықпен әсерлі ынтамен орындауға, сурет салушының шеберлік дәрежесінің өсуіне ықпал жасайды. Бақылау сұрақтары: Форма құрылысын салуда қосымша қосалқы сызықтарды қалай түсіндіресің? Үлкен форма деген не? Натурадан сурет салудың спецификасы неден тұрады? Натураның суретін салу процесінде қолданылатын көрнекілік принципінің әдістемелік іске асуының пайдасы қандай? Суреттегі ракурс дегеніміз не? Әдебиеттер: Изобразительное искусство. Под.ред. Н.С.Боголюбова - М.,Просвещение,1980/б. 30-32/; Утепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Тенгри баспасы,2001/б. 124-145/; Утепбаев Н.Н.Долбар және суреттеме. Семей,2009/б. 5-13/; Утепбаев Н.Н. Академиялық сурет: оқу құралы. - Семей. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2014/б134-145/; 3 Тақырып: Фигураның суреттемелері мен долбарлары Сабақтың мақсаты: Адамның әртүрлі қалыптағы фигураларының қысқа уақыт аралығындағы суреттемелері мен долбарларын бейнелеуді үйрену. Әдістемелік нұсқаулар: Адам анатомиясын сурет сабақтарында жақсы меңгерген студентер долбарды еркін меігеріп кетеді. Долбар адам кейпін, қимыл әрекетін қас қағым сәтте бейнелеп алатын өнер саласы. Долбар салушы натураның мінездік ерекшеліктерін, ішкі сезімін, сол уақыттағы көңіл күйін бұлтартпайтын дәлелді ынтамен бейнелеп беруге бар тәжірибесін жұмсайды. Долбар шапшан орындалатындықтан студент натураның ең маңызды деген нұсқалық пішінін, типтік мінезін ұстап қалуды көздеуі керек. Суретке салынатын кейіпкерлердің ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 10-ші фигуралары суретшіні ынталандыратындай болғаны жақсы, өйткені сурет жеңіл әрі қызығушылықпен орындалады. Сауатты сурет салуды үйренген студент қана бейнені зердеде ұстап шығармашылық жұмыста да нәтижелі жетістіктерге жете алады. Бақылау сұрақтары: Долбар суреттерінің бейнелеу өнеріндегі алатын орны мен маңызы? Кәдімгі сурет пен педагогикалық суреттің айырмашылығы неде? Оқып-үйрену суретінде композиция заңдарының ережесі дегенде түсіндір. Долбар суреттердегі мінездік кейіп дегенді түсіндіріп бер. Әдебиеттер: Беда Г.В. Основы изоброзительной грамоты: Рисунок, живопись, компазиция.2-изд. М.,1981; Ростовцев Н.Н. Академический рисунок: Курс лекций: Учеб.для студентов ХГФ пединститутов, 1984;/с. 159-200/ Утепбаев Н.Н.Долбар және суреттеме. Семей,2009/5-13 бб./ Утепбаев Н.Н. Академиялық сурет: оқу құралы. - Семей. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2014/127-148 бб./; 4 Тақырып: Натуршының беліне дейінгі сурет. (әйел адам) Сабақ мақсаты: Киімшең әйел адамның фигурасын бейнелеу әдістерімен үйрену. Әйел адам фигурасының ерекшеліктерін суретте талдау. Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Әйел адамның анатомиясын бейнелеу арқылы білу; Киімдегі адам суретін салу тәсілдеріне үйрену. Оқу тапсырмасы А1 қағаз бетте орындалады (материалы қарындаш немесе көмір) Әдістмелік ұсыныстар: Әйел адамның суретін салудың әдістемелік жолдары, ер адамның суретін салу ерекшелеріне ұқсас, бірақ әйел адамның өзіндік табиғи анатомиясы бар. Бұл ерекшелікті оқу барысында еркін анықтауға болады. Әйел адамның дене пластикасы нәзік болып келеді, сондықтан сурет салушы мұны жұмыс процессінде ескергені жөн. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 11-ші Оқу тапсырмасының мақсаты мен міндетіне қарай оқытушы натураға бағытталған жасанды жарық түсіреді, ол модель бейнесін күшейтіп форманың айқындылығына тамаша әсер береді. Ол натура формасын жеңәіл қабылдауға мүмкіншілік туғызады, әрі жарық пен көлеңкені оңай ажыратуға болады.Жарық та, көлеңке де сурет өнерінде ерекше рөл атқарады. Қойылымның кеңістіктегі қалпын айшықты бейнелеуге септігін тигізеді. Жұмыс барысында сурет салушы студент натураны өзінің суретімен әлсін - әлсін салыстырып отыруды әдетке айналдыру керек. Суреттің салыстуру әдісі модельдің пропорцияларын, рең қатынастарын дәлдікпен беруге мүмкіндік жасайды. Түптеп келгенде айқын бейне, портреттік ұқсастық, кеңістіктегі қалып сияқты сурет талаптарын орындау нәтижесіне қол жетеді. Бақылау сұрақтары : Сурет салу кезінде әдістемелік бірізділік қандай болуы керек? Ұзақ мерзімді суреттің долбардан айырмашылығын атап бер? Форманың конструкциялық негізі дегенді қалай түсінесіз? Оқып үйрену суретіндегі детальдаудың мағынасы қандай? Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. Академический рисунок . М., 1995; Утепбаев Н.Н. Сурет материалдары және техникасы - Семей, 2009 Утепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Теңгри Семей, 2001 127 - 149 беттер 5 Тақырып: Отырған модельдің суреті Сабақ мақсаты : Натураның отырған қалыптағы нұсқасының суретін салып үйрену. Негізгі сұрақтар, тапсырма : Натуршы бейнесінің композициясын іздеу ; Натуршы нұсқасын сурет әдістемесімен бейнелеу. Оқу тапсырмасы А2 қағаз бетте орындалады (материалы қарындаш) Әдістемелік ұсыныстар: Сурет өнерінде адам фигурасының суретін салу күрделі міндет.Студенттер алдыңғы курстардағы алған тәжірибелерін жаңа тапсырмалар орындау процесстерінде ПОЭК 042 33.1.14/03 2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 12-ші қолданулары керек, ол білу сабақтастығы. Сурет өнерінде жүйелі жұмыс жүргізуде дағдыланған суретші кез кеген жаңа тапсырманы еркін бастап кетеді. Адамның өзіне қарап суретін салу гипс модельдің суретін салудан өзіндік ерекшеліктері бар. Іс жүзінде жұмыстың алғашқы кезеңдерінде гипс модельдің суретін салу әдістемесіндегідей болып келеді де барысында натуршының мінезін , бейнесін, киім - кешегінің формадағы қалпын үйлестіру міндеттері тұрады.Жұмыстың соңында суретті жинақтап қорытынды бейнеге келтіреді. Сурет мақсаттарын ойдағыдай орындап шығу үшін сурет салушы студент бейнелеу өнерінде қалыптасқан схемалық, конструкциялық - кеңістікті талдау, салыстыру, бейнелік талдау, бейнелік қорыту әдістемелерін терең меңгеріп алуы керек. Бақылау сұрақтары : Күрделі және қарапайым формалар дегенді қалай түсіндіресің? Схемалық әдіс деген не? Бейнелеу өнеріндегі талдап- қорыту әдісі деген нені білдіреді? Адам фигурасының суретін салу әдістемесі бойынша жұмыс неден басталады? Суреттегі мінездеме деген не? Әдебиетер: Школа изобразительного искусства. В 10 вып. М., 1965; Растовцев Н.Н. Учебное рисование: Уч. Пособие для учащихся М., Просвещение, 1985/159-223 беттер/ Утепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Теңгри Семей, 2001/136 - 149 беттер Утепбаев Н.Н. Академиялық сурет: оқу құралы. - Семей. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2014/127-150 бб./; 6 Тақырып: Долбар суреттемелер Тапсырма мақсаты: Адам анатомиясын терең зерттеу мақсатында оның аяқ- қол сүйектерінің долбарлары мен суреттемелерін салып жаттығу. Қаңқаға талдау жасау. Тапсырмаларды орындаудың әдістемелік ұсыныстары: 3курстың сурет пәнінің 6 семестрінде СӨЖ тапсырмаларының негізгі мақсаттары адам анатомиясын тереңірек білу,сурет арқылы тану. Тапсырмаларының міндеттері бір болғандықтан әдістемелік ұсыныстарды төмендегідей топтастырдық. ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 13-ші Долбар мен суреттемелер сурет өнерінің жаттығу, білу, тану түрлеріне жатады. Долбар жылдам орындалады және көбінесе көлемін шағын парақтарда жасалады. Суретші кейін өз шығармасына немесе оқу суреттеріне қажетті деген белгілі бір детальді, не көріністі деп басып аз уақыт аралығында суретке түсіреді. Суретші-студент халық көп шоғырланған жерлерде өзі көркем деп таныған көрініс бейнесін қағазға асыға түсіруді әдетке айналдыруды керек, ал ол өз кезегінде көркем қырағы көзқарасты тәрбиелейді. Адам анатомиясын, мінез-құлқын,қимыл-әрекетін, кейпін сурет өнерінде меңгеру үшін студент күнделікті долбарлар жасап шеберлігін шыңдап беруді өз міндеті санағаны жөн. Долбар және суреттеме тапсырмаларын бейнелеу өнері талаптары бойынша орындау үшін төменгі міндеттерді білген абзал: Долбар мен суреттеме жайында оқылатын дәрістерді тыңдап, сурет пәні бойынша жазылған әдістемелік оқулықтарды оқып, теориялық білімді практикамен ұштастырған студент қана жақсы табыстарға жетеді; Студент алдына қойған мақсатын жоспарлы түрде жүргізсе ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді; Студент - суретші СӨЖ тапсырмаларын ынталы белсенділікпен, және әр суретті әсерлі күйде салса ғана сапалы жұмыс жасай алады; Адам фигураларының долбарларын салу кезінде оның ең ұтымды, ең әсерлі деген кейіптері мен қалыптарын бейнелеп алған абзал ; Адамның дене бөліктері мен бөлшектерінің анатомиясын дәлдікпен бейнелеуге ұмтылу суретші студент міндеті; Адам фигуралары мен дене бөлшектерінің қыр - сырын зерттеп суретін салып үнемі жаттығу аудиториялық тапсырмаларды орындау процестерінде өте пайдалы септігін тигізетіндігіне студент сенуі керек ; Әрбір тапсырма шығармашылық ниетте орындалса, ол суретшіге өмірді құштарлықпен көрсетуге , адам қимылдарының динамикасын, дене бөліктері мен бөлшектерін айшықты әрі дәлдікпен салуға мүмкіндік жасайды. Әр тапсырма әрі көркем, әрі бейнелі болуға тиіс. Адамның фигуралары мен дене бөлшектерінің долбарын салуға қойылатын негізгі талаптар мыналар : долбар шыншыл, бейнелі, сауатты, әрі айқын, әрі мазмұнды болуға тиіс. Бақылау сұрақтары: Долбар суретінің мақсаты мен міндеттері Долбардың суретемелерден айырмашылығы қандай? ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 14-ші Ұсынылатын әдебиет: Беда Г.Д Основы изобразительной грамоты : Рисунок , живопись композиция. 2- изд. М.,1981; Ростовцев Н.Н Академический ресунок : Курс лекций : Учеб. Для студентов ХГФ пединститутов, 1984/с. 17-30/ Утепбаев Н.Н. Сурет бейнелеу өнерінің негізі. Теңгри баспасы, 2001 Утепбаев Н.Н. Долбар мен суреттеме. Семей , 2009/13-24/, /42-54/ Утепбаев Н.Н. Сурет материалдары және техникасы - Семей ,2009/12-15/,/46-59/ БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ: Бақылау жұмыстарының тізімі: Натурадан адамның аяқ-қолдарының әртүрлі қалыптағы суреттемелері. Формат А3. Адам фигурасының долбарлары 5 жұмыс. Формат А4 Киімдегі адамдардың суреттемелері. Формат А3. Долбарлар. Формат А4. 5 жұмыс. Еңбек үстіндегі адам фигураларының ракурстың долбалары. Формат А4. 5 жұмыс. Киімдегі әйел адамның суреті. Формат А3. Түрегеп тұрған ер адамның суреті. Формат А2. Долбарлар. Формат А4. 5 жұмыс.\ Ескерту: Үй тапсырмаларын әртүрлі материалдармен бейнелеуге рұқсат беріледі (Мысалы: қарындаш, көмір, фломастер т.б.) Әдебитеттер Негізгі әдебиет: 1 . Сокольникова Н.М Основы рисунка.-М., 1996 2 . Алехин А.Д Изобразительное искусство ПОЭК 042 33.1.14/03-2013 №1 Редакция 03.09.2013 15 Беттің 15-ші 3. Утепбаев Н.Н Сурет салу процесінде әдістемелік тәсілдерді меңгеруді қалыптастыру - әдістемелік нұсқау, Семей, 2000 - 315. 4 . Утепбаев Н.Н Сурет- бейнелеу өнерінің негізгі : оқу құралы.- Семей. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті , 2001(47-58 бб. 5. Утепбаев Н.Н.Долбар және суреттеме. Оқу құралы. Семей, 2009. 108 б. 6. Утепбаев Н.Н. Сурет материалдары және техникасы. Оқу құралы. Семей, 2009. 92 б. 7. Утепбаев Н.Н. Академиялық сурет: оқу құралы. - Семей. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2014. 212б. Қосымша: 1. Бесчастнов Н.П. Изображение растительных мотивов:учебное пособие для студентов вузов.- М., 2008 2. Қазақстан өнері. Искусство Казахстана : Альбом.- Алматы , 2005 3. Дүзелханов А. Көркем сурет. Станоктік графика. Кітап безендіру, постерлер. Суреттер, нобайлар, эскиздер: Альбом-Алматы, 2005
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz