Файл қосу
Абай және орыс әдебиеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжат ПОӘК ПОӘК <<Абайдың ақындық кітапханасы>> пәнінің оқытушыға арналған оқу-әдістемелік кешені № 1 басылым <<__>> _09____ 2014 жыл ПОӘК 042-18-29-1.18/01-2013 5В 050200 <<Филология>> мамандығына арналған <<Абайдың ақындық кітапханасы>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1. Дәріс сабақтарының мазмұны. 2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны. 3. Студенттердің өздік жұмысы. 4. Әдебиеттер. * ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ. Модуль 1.Абай ақындық кітапханасының жай-күйі. 1- дәріс. Абайдың ақындық кітапханасы - Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі. <<Қазақ халқының ұлы ақыны>>,Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың қайтыс болуына 50 жыл толуы қарсаңында (1954) ұлы мұра жөніндегі ез ой-танымының желісін қорыта отырып жазған. Терек талдау мен іргелі ойға, теориялық соны пікірлерге құрылған. Мақала алдымен <<Әдебиет жене искусство>> журналының 1954 жылғы 9-санында жарияланды, орысша нұсқасы Мәскеудегі <<Знание>> баспасында жеке кітапша болып шыкты, сол жылы <<Новый мир>> журналының 7-санында жарық көрді. Соңғы рет жазушының 20 томдық шығармалар жинағының 18-томыңда (42 62-беттер) 1954 жылғы нұсқасы негізінде жарияланды. Мақала жарық көрген кезден бастап абайтану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының иек артатын іргелі тірегіне айналды. 19 ғасырдың 80-жылдарындағы Абай өлеңдерінің дені қазақ қауымының тағдырына арналғандықтан, дидактикалық поэзияның қалыптасқан канондарын бұзып, жаңа бағыттағы поэзияның мақсаты - халық мүддесіне қызмет ету, адамды жаңа таным, биік гуманистік мақсат-мұратқа тәрбиелеуге жұмылдыру деп білді. Абайдың ақындық кітапханасының тың көздерін нұсқап, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы еңбектерімен таныстығын, логика мен мусылман құқығының негіздерін біліп, татар ағартушылары еңбегімен, Таяу Шығыстың өз кезіндегі ой ағымымен мол хабардар екендігін ескертеді. <<Қазақ халқының ұлы ақыны>> (<<Великий поэт казахского народа>>), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. <<Абай Кунанбаев. Избранное>> деп аталатын орыс тіліндегі кітапқа жазылған алғы сөз (5-27-беттер). 1958 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы шығарған. Кітапты Қазақ КСР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институты әзірлеген. Орыс тіліне аударылған тандамалы өлеңдері мен кара сөздері кірген. Абайдың қысқаша өмірбаяны берілген. Абайдың орыстың классикалық әдебиетінің әсері, Батыс жазушылары мен ойшылдарын оқып үйренуі ақынға арнапған басқа еңбектерінің үлгісінде жазылған. Абайдың үш ақындық мектебі: тіл әдебиеті, Шығыс үлгісі, орыс, Батыс классикасының әсері тарата талданған. Мақалада зар-заман әдебиетінің өкілдері Шортанбай, Мурат, Әбубәкіржайында да айтыпған. Оларға консервативті ақыңдар деп баға беруі сол кездегі идеологиялық талаптардан туған. Абайдың шығыстық философ, тарихшы, ақындарды білуі, ақындық шеберлігі, аудармалары жайында қысқа, нақты ойлар айтқан. Абайды танудағы сондай өзекті мәселелердің бірі ол - кемеңгер ақынның ортасы, әдеби айналасы туралы сөз. Төл әдебиетіміздің тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік туған бүгінгі тәуелсіз көзқарастар тынысы қандай да бір сөз зергерін оның әдеби ортасымен, айналасымен байланыста қарауға жол ашып отыр. Абайдың әдеби ортасы дегенде оны ақындық өнерге баулыған, рухани өсу жолында темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен тұлғаның өнеріне сусындап, әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз. Әдеби орта ұғымын мейілінше кең тұрғыда алу да бар. Ол өлшемге салсақ, ақынға әсер еткен рухани қайнар көздерге ұласатын алғышарттарды есепке аламыз. Бұл тұрғыда әдеби ортаны абайтанушы ғалымдар атап көрсететін ақынға әсер еткен шығыс, батыс және қазақтың төл әдебиеті сияқты рухани қайнар көздерімен байланыста қарауға болады. Осылайша әдеби ортаның құлашын кеңейтіп, ақын сусындаған әдеби дереккөздерге қатыстылығын ескерсек, Абайдың кітапханасы деген тақырыптың да әдеби ортамен бөлінбес бірлікте екенін аңғару қиын емес. Әдеби орта тек өзіне ықпал еткен ілгерідегі әдебиетпен ғана шектелмейді, енді ақынның өзгеге берген нәрі деген тұста қазақ әдебиетіндегі үлкен арна - Абайдың әдебиеттегі дәстүрі мәселесін қоса қамтиды. Шартты түрде осындай кең ауқымды қамтитын Абайдың әдеби ортасын нақтылап, тарылтып ақынның айналасы, яғни Абаймен тікелей қарым-қатынаста, әдеби байланыста болған аға буын, замандас сөз зергерлері - ақын-жыраулар, би-шешендер және кейінгі ақынның тікелей тәрбиесін көрген ақын шәкірттерімен шектеп, шеңберлеп қарастыру абайтану ғылымының көкейкесті мәселелерінің бірінен саналмақ. Бұл М.Әуезов сөзімен айтқанда <<бергілер және дәл айналасы>>. Дәл осы тұрғыдан алғанда, әдеби орта ұғымы кез-келген әдебиет өкілінің, оның шығармашылық жолының қалыптасуында айтарлықтай рөл атқаратын өскен орта, яғни туған жер, туған өлке деген ұғымдармен де аса жақын келетінін ескерген жөн. Туған топырақтың қасиеті қаламгер атаулының кіндігін өзінен бір сәт ажыратпай, оның шығармашылық жолына табиғи бояуын сіңдірер үзілмес желі боп тартылады. Кіндік қаны тамған туған жер адам болмысының қалыптасуына өз әсерін тигізері анық болса, рухани дүниеге ұмтылысы ерекше өнерге жақын жандардың табиғаты сол туған топырақтың құнарына да тәуелді. Қазақ даласын шалқытқан өнердің сан алуан түрі - ән мен күй, өлең мен жыр әр аймақтың сипатына қарай өзінше шырқалып, түрліше күмбірлейді. Жер табиғатының өзгеше өрнегі әр өлкедегі өлең-сөзге де өзіндік мақам-бояуларын сіңіреді. Шығыстың шертпе күйі батыс қазақтарына аса тән емес, оларда күйдің төкпе түрі кең жайылған. Жетісу ән мәнері де арқаның әндерінен бөлекше. Ақындық өнерде дәл мұндай ерекшеліктер анық байқалмағанмен, әр аймақтың өзіндік ақындық дәстүрі қалыптасып, дамып-жетілді. Қаратау шайырлары, Сыр сүлейлері немесе арқа ақындарының сал-серілік дәстүрі тағы басқаларды алсақ, әр аймақтың ақындық сөйлеу тілінде көзге ұрып тұрған айшықты айырмашылықтар болмады десек те, табиғат-тылсымы тереңге тығылған әр өлкеге тән ақындық дәстүр сақталған. Модуль 2. Абай және шығыс әдебиеті. 2 - дәріс. Абай нәр алған үш арна. Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. <<Абай ақындығының айналасы>>,Мұхтар Әуезовтың мақаласы. <<Әдебиет майданы>> журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы <<Социалды Қазақстан>> газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды. Кейін Мұхтар Әуезовтің 20 томдық (15-том), <<Абай Қүнанбаев>> шығармалар жинақтарына енді. Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуына орайластырылып жазылған. Бұл ұзак жылдар бойы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жинап-терген, зерделеп-зерттеген ізденістері мен пікірлерін бір арнаға тоғыстырған, қысқаша түрде жүйелеп қорытындылаған абайтану ғылымының бағдарламалық, тұжырымдамасы еді. Мақала екі шешенің тәрбиесін бірдей көріп өскен Телғараның (Абайдың) Шығыс, Батыс сияқты екі арнадан рухани нәр алған тұстарын атап өткен. Науаи, Шәмси, Сәйхали сияқты Шығыс ақындарына еліктеп, бәйіт, жыр жазғанын, бұл кез Абайдың шағатай поэзиясына таза еліктеу ретінде ілеспек болған талабын көрсетеді. Рухани нәр алған үш саласының түңғышы осы Шығыс жағасы екендігіне назар аударады, шығыс әсерінің Абайға дейінгі кезеңде де, яғни Ыбырай, Албан Асан, Мәшһүр, Ақан сері сияқты Арқа, Жетісу ақындары, әсіресе Сыр бойы ақындары мен Шортанбай бастаған Шәді, тағы басқа ақын шығармаларында көп болғандығын айтып өтеді. Ұлы ақынның <<Шығысым батыс, батысым шығыс боп кетті>> деген сөзін оның рухани нәрінің екінші бұлағы еуропа әдебиетімен желі болып тартылған Пушкин, Лер - монтов шығармаларын аударуымен байланыстырып, Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын ашып көрсетеді.Абайдың Еуропаның Гете, Лермонтов сияқты ұлы ақындарының жоғары сатыдағы жыр мәдениетін жете меңгеріп, Еуро - па жағасынан... махаббат жырының өте шебер, өте нәзік, көркем улгісін туғызғанын, ерекше атайды. Мақалада екі рухани нәрден бөлек,Абайдың өзгеге берген нәрі турасында қысқаша сөз болып, ұлы ақынның <<өз тұлғасы сияқты боп қапыптанған>> әдеби тумалары шәкірттері, ез балалары Ақылбай мен Мағауиялардың шығармашылығына тоқталады. Ақылбайдың Байрон, Пушкин үлгісін тұтынып, Мағауияның қазақ тұрмысынан Абылай хан туралы тарихи жыр мен <<Еңлік Кебек>> жырын поэмаға айналдырғанына,Абайдың ақындық мектебінің игі ықпалына ерекше тоқталған. 3-дәріс. Абай және Шығыс әдебиеті. Ғалым Ғ.Сағди 1922 жылдары Абайдың Ташкентте басылған кітабы негізінде Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтқан. <<Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1889 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жар етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді>>, - дейді. Ғ.Сағди Абайдың дүниеге көзқарасы, Абайдағы дін жайы деген мәселеге алғаш назар аударған зерттеушінің бірі. Абайдың шығыс әлемі мен исламият дүниесіне қатысын зерттеген ғалымдардың бірегейі - М.Мырзахметұлы. Абайдың Шығысқа қатысты оқыған әдеби мұраларының анық санын айқындау мүмкіндігі болмағанымен , Абай оқыған Шығыстық дерек көздерін М.Әуезов <<Абай жолы>> роман-эпопеясында жалпы жиыны 34 кітапты атаса, М.Мырзахметұлы, С.Қасқабасов, Қ.Салғарин т.б. ғалымдар Кеңес заманындағы идеологияның кесірінен М.Әуезов атамай кеткен басқа да көптеген Шығыс мұраларының аттарын абайтануға қатысты өз еңбектерінде кеңейтіп көрсеткен. Жалпы Абайдың Шығыс әдебиетімен танысуы, оның медреседе оқыған кезінен басталады. Ақынның ең алғашқы <<Иузи-раушан>> өлеңі, таза еліктеуден туған туынды болса, <<Фзули, Шамси>> өлеңі Шығыстық мәдени мұраға жас ақынның талғаммен қарай бастағандығының белгісі. Шығыс классиктерінің барлығы да Александрдың батыс, шығыс әлеміне жасаған жорықтарын мол қамтып, кең суреттеулермен қатар, оның соғысы мен іс-амалдарын шенемей, құптау бағытында көрсетеді. Кейбіреулері оны езілушілердің қорғаны, әділдік үшін күресуші ұнамды образ, әрі данышпан-философ, әрі мемлекет қайраткері етіп бейнелейді. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Ол поэмалардың авторларының бәрі де дана, ұлы адамдар. Демек олар Александр жорықтары мен оның өз басына сол өз замандарының тұрғысы, өз кезінің алдарына қойған тілек-талаптары тұрғыларынан келген. Фирдоуси <<Шахнаманы>> ирандарды арабтар жаулап алғаннан бірнеше ғасыр кейін жазды. Оның үстіне Тұран хандығының күшті кездерінен қалған қанды жорық жолдары әлі сайрап жатқан-ды. Бір кезде мықты, мәдениетті мемлекет саналған иран елін арабтар жаулап алып, адамдарын құл, қаласын күл етіп, тіліне тыйым салып, дінін қуғынға ұшыратқандары мәңгілік естерінен кетпес оқиғалар еді. Сондықтан өз халқын тереңнен сүйген Фирдоуси, Иран елінің аңыз, ертегі, тарихи деректерге сүйеніп, өз халқының шахтарының ескі заманнан бергі тарихы мен ерліктерін сөз етіп, батырлардың ерліктерін жырлап, образдарын жасау, көптеген шахтардың ел басқарудағы көрегендігі мен әділдіктерін көрсету, өз елінің өткендегі ешкім жеңе алмас бүтіндігі мен қаһармандықтарын еске түсіру, ирандықтарды күшті мемлекет ету идеясын аңсағандық болатын. Александр Дарияның баласы-мыс деген аңызды Фирдоуси түгел қабылдап, оны ескі замандардағы Иран шахтарының бірі етіп және әрі әділ патша, әрі батыр, әрі данышпан мемлекет қайраткері етіп суреттеуі де сондықтан. Низами де Александрға тарихи жағынан емес, әдеби образ жағынан келген де, оның жер жүзін тебіренткен аты мен ерлік жорықтарын поэмасына негіз етіп, өзі аңсаған әділ хакімнің, халық мұңын жоқтарлық қоғам қайраткерінің бейнесін жасайды. Низами Александрды әрі әділ, әрі философ, әрі пайғамбар етіп көрсетудің үстіне, жаһан кездіріп, поэмасының соңында оны ерекше бір елге ұшыратады: ол елде бай да, кедей де жоқ. Билеуші, бағынушы дегендерді білмейді. Барлығының правосы тең. <<Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап>>, бар халық бақытқа бөленген ел болып шығады. Александр өзін қаншама әділ ел басқарушымын деп білсе де, адам баласын тегіс бақытты ететін қоғамдық құрылыс осы екен деген қорытындыға келеді деп, ақын поэмасын осылай аяқтайды. Егер Фирдоуси өзінің ұлы туындысы <<Шахнама>> арқылы өз халқының патриоттық ой-сезімдерін оятпақ болса, талай хандардың Әзірбайжан халқына көрсеткен әділетсіздіктерін көзімен көрген, жауға айбар, елге қорған боларлық қасиеті де, қабілеті де жоқ, ақылдылық, көрегенділіктен жұрдай ел басқарушылардың талайын өз қолынан аттандырған қарт ақын: <<Әттеген-ай, өзі данышпан, өзі әділ, өзі халық қамын ойлайтын қоғам қайраткері болса>> деген жақсы ниет, ұлы арманын Александрдың басына жиыстырады. Ол осы мақсатты көздеді. 4- дәріс. Абай және сопылық әдебиет. Сопылық әдебиет, /суфизм/ /араб. Суф - жүн, суфи-жүн кеудеше киген адам/ Исламдағы діни-философиялық әдебиет. Сопылықтың басты идеясы - дүниеден безу емес, дүнеде болу. Оның мәнісі: өзімшіл, менмен, рухани жарымжан, көрінгеннің құлы болмай, тәуелсіз болу, Алла тағаланың берген сыйы мен нығметіне шүкіршілік ету, мақтанға малданбау, даттанға шамданбау, ашуланып қорланбау, қанағат, сабырлық ету. Сопылар алдымен Құранға, хадиске сүйенеді. Жүрек - манның тұрағы дейді, Абайша айтқанда бұл толық адамда болады. Осыған қарағанда, сопылықты жүрекпен ғана ұғынуға болады, сондықтан оның басты мақсаты - жүректі ояту. Әрине жүрегі оянған адам басқаның да жзүрегін оятады, бұған даналық пен сұлулық, шынайылықтың баламасы ретінде қарайды. Жалал-ад-дин Руми, Сағди, Жәми сияқты көптеген ақындар сопылық ойдың данышпандары саналады. Қазақ жерінде сопылық ой Ахмет Иассауиден бастау алады. Оның ілімі жаратушы хақ тағаланы тани отырып, оның тұтас бір бөлшегіне айналды. Мұндағы басты нәрсе - рухани пәктікті сақтау, хаққа деген сенімді арттыру, ол сенім шариғат (жабарут), тарихат (малаку), мағрифат (лакут), хақиқат (насұт), яғни хақ жолын тану арқылы жүзеге асады, сонда ғана адам бірлік, түсіністік табады. Кезінде Әуезов айтқан: <<Оның діні сыншыл ақылдың шартты діні>> деген тоқтамның төңірегінде сан тақырыпқа тартып жатқан сауал мол болатын. Иман тақырыбына терең бойлаған алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мәнін және адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Қасаңдыққа бой алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен тәпсірге, хадис пен сүннетке және шариғат қағидаларына сүйенді. сопылық әдебиет құлқынның қалауына ерік бермей, нәпсіні тежеу, харам мен күдікті нәрселерге аса сақтықпен қарап, тақуа өмір кешу, фәни дүниенің рахатын тәрк етіп, өлместен бұрын өлу, осылайша сүйікті Жарға қауышу сияқты ұғымдар арқылы өрбіді. Увайс әл-Қарани (657), Хасан Басри (728), Ебу Хашим суфи (767), Ибраїим бин Етхем (777), Суфиян Саури (778), Рабият-ул Адауийя (804), Зу-и-нун әл-Мысри (796 - 861), Баязид Бистами (874), Жүнейд Бағдади(909), Халлаж Мансұр (921) сияқты алғашқы сопылар сопылық әдебиеттің қалыптасуына ықпал етті. Зу-и-нун әл-Мысри "пенде бойындағы рухани кемелдікке бастар жолда кездесетін кедергінің бірі "меннен" бас тартып, Жаратушы Иемен бірігіп, тұтасып кетуі тиіс" десе, Баязид Бистами Алланың шексіз мейірімі туралы айтып, сүйіспеншіліктің маңыздылығын ескертті. Жүнейд Бағдади "сопылық жолда Құран мен хадис білмейтін кісіні пір тұтуға болмайды" деген тұжырымын айтты. Сопалық әдебиеттің мақсаты - Алла тағаланы әрдайым еске ала отырып, одан ғапіл қалмау, таңғажайып тылсым дүниенің көркем көріністеріне көз жіберіп, көңілге тоқу арқылы Алла тағаланың әсем аттары мен сипаттарын білу, оның әмірлерін түсіну және қалтқысыз сезіммен оған құлай беріліп, сүю. Сопылар исламның қайнар бұлақтарынан бастау алған сопылық әдебиетте кемел адам, мағрифат, шариғат,тариқат, хақиқат, мақам, пір, нұр, сабыр, зауқ, тақуақайғы,мұң, тәуба, сұхбат, тәуекел, уара, фана, тәсілім, тәсбих, шүкір, мухаббатуллаї, ихлас, зікір сияқты ұғымдарды пайдаланды. Сондай-ақ "жүрек", "көңіл", "көкірек көзі" сынды ұғым-түсініктер де сопылық әдебиеттің тұрақты тіркестеріне айналды. Өйткені тасаууф ілімінде жүрек - иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Сопылық әдебиетте "Хақты танып, Хақиқатқа ұласу", "Сырды түсінуге ұмтылу", "Сүйіктіге ғашық болу", "Жарға ынтық болу", "Сүйіктімен сұхбат құру", "Ақиқат шарабын ішу", "Мас болып, естен тану", "Көбелек болып, отқа күю", "Өлмей тұрып өлу", "Пәруанадай шыр айналу", "Гүлге ынтызар бұлбұлдай сайрау" сияқты ұғымдар қолданылды. Сонымен қатар сопылар дүниені жемтікке, нәпсіні төбетке теңеді (Дулат Бабатайұлы, т.б.). Сопылар негізінен Тәңірі алдында тізе бүгіп, қатесін ұғынып, тәубаға келуді, "ынталы жүрек, шын көңілмен" егіліп, Жаратқанға жалбарынуды, сүйіктіге мұңын шағып, оған құлшылық етуді насихаттады. Сопылықты "хәл ілімі" деп те атайды. сопылық әдебиет өкілдері Алла мен оның елшісіне арналған махаббатын түрлі тәмсіл-рәміздер мен аллегориялар, ым-ишаралар арқылы жеткізді, трансқа түсіп, Тәңірмен тілдесуді түрліше баяндады. Дегенмен сопылық әдебиетте метафоралық әсіре бояу мен захир іліміне қайшы келетін "шараб" сияқты ұғымдар қолданылғандықтан, кейде шариғат үкімдерімен үйлеспейтін. Тіпті бұл жолда "Мен - Хақпын" ("Ана-л-Хақ") деген Халлаж Мансұр мен хуруфилік сенімі үшін Сеийд Несими есімді сопылар өлім жазасына кесілген. Сондықтан сопылық әдебиетте Сүйіктінің сырын сақтау, оны жалпақ жұртқа жария етпеу үлкен маңызға ие. Бұл жайында Харис Мухасиби (857), Келебази (990), Ебу Талиб Мекки (996), Абд-ул Керім Кушейри (1072), Хужвири (1077) еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Сопылық пен сопылық әдебиеттің нық орнығып, шариғатпен үндесе бір арнаға түсуіне имам Ғазали (1111) көп еңбек сіңірді. Дәуірінің ең ірі оқу орны саналатын "Низамия" медресесінің басшысы қызметін тастап, ақиқатты іздеп шыққан Ғазали ұзақ ізденіс нәтижесінде ақыл мен жүректің үндестігін табуды көздеді. Одан кейін Ибн-ул Жеузи (1200), Шихабеддин Сухраверди (1191), Хаким Санаи (1130), Феридуддин Аттар (1141 - 1229), Мұхиддин ибн Араби (1165 - 1241/42), т.б. сопылар өз шығарм-тары негізінде сопылық әдебиетті дамытты. Хорасан мен Түркістан жеріне сопылық әдебиет Иран өлкесі арқылы келді. Әуелі Бағдад, Куфе, Шам,Герат, Нишапур, Мерв сияқты қалаларда өріс жайған сопылық әдебиет уақыт өте келе Бұхара, Самарқанд арқылы [[Мауераннахрға]] жетті. Мұны Жүсіп Баласағұнның (12 ғасыр) "Құтадғу біліг" шығармасынан аңғаруға болады. Сопылық әдебиет, әсіресе, Қарахан мемлекеті тұсында, Қожа Ахмет Иасауи (1093/1103 - 1166) шығармашылық негізінде дамыды. "Менің хикметтерім - "хадис қазынасы", оны оқып таныр болсаң - бар мағынасы Құран" деп жырлаған [[Иасауидың]] "Диуани хикмет" еңбегі көшпелі түркі тайпалары арасында ислам дінінің кеңінен таралуына қызмет етті. Иасауи Құран мен хадисте, тәпсір мен фикхта кездесетін арабша жазылған күрделі ұғымдарды түркі тілінде түсінікті, жеңіл етіп, халық поэзиясы негізінде жеткізе білді. Иасауидан кейін хикмет жазу үрдісін Ахмед Иүгінеки (12 - 13 ғасырлар), Хакім ата Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) секілді шәкірттері жалғады. "Бақырғани кітабы", "Миғражнама", "Ақырзаман кітабы", "Мәриям кітабы", т.б. еңбектер "Диуани хикмет" үлгісінде жазылған. Бұл дәстүрді Сыр мен Еділ бойында Саиф Сараи (1321 - 1396), Хорезми, Құтыб (14 ғасыр), ал Анадолы жерінде Қажы Бекташ әулие, Жүніс Әмресынды ақындар жалғастырды. 13 - 14 ғасырларда Анадолыда өмір сүрген Мәулана Жалаладдин Руми, Ахмет Факих, Шеяд Хамза, Несими, Гүлшехри, Қайғысыз Абдалсынды ақындар да сопылық әдебиет өкілдері қатарында саналады. Алтын Орда мен Шағатай ұлысында да сопылық әдебиет қарқынмен дамыды. Орталық Азияда Әлішер Науаи, Мырза Бедил, Молла Жәми, Сопы Аллаярдың еңбектері "Чар кітап" деп аталып, мектептер мен медреселерде арнайы оқытылды. Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясында да сопылық сарын көрініс тапқан. Сыпыра жырау мен Асан Қайғыдан бастау алатын сопылық әдебиет дәстүрлері қазақ сөз өнерінде зар заман өкілдері менАбай, Шәкерім, М.Жұмабаев, М.-Ж. Көпеев, Ғ.Қараш, т.б. ақындарға зор ықпал еткен. Модуль 3. Абай және батыс әдебиеті -------------------------------------------------------------------------------- 5-дәріс. Абай және орыс әдебиеті. Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер. Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы үсақ-үсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уөзд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды. Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шүрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді қүтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Аптынсарин,Абай Қүнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықүранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетініңүздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бүрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, ендіорысәдебиетіноқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас кебеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі <<Панчатантра>> (<<Бес кітап>>), арабтың <<Калила мен Димна>> секілді кітаптарынан бастап, <<Мың бір түн>>, <<Тотынама>> әңгімөлер жинағы, <<Шахнама<<, <<Сейфул-Мәлік>>, <<Таһир- Зухра>>, <<Ләйлі-Мәжнүн>> сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-өңгімөлер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлдежаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орысхалқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс өдебиетінің қазақ мөдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы көзде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шіберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-тұсінудің таптырмас қүралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшіліқ жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдердің білу үшін де қажет еді. Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында Өзат адамгершілік идеалдардың жаршысы болаалатыны көпоқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қапмағаны анық. Ол ІЗ жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген көзінде <<Приходская школаға>> тұсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30- дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста.Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қӨзғалысын үйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың <<Русский Вестник>> журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. ЖасынанН. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдыңорыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген қүнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз. 6- дәріс. Абай және Пушкин. Абай - А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық жәнетворчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сиякты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын. Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы <<Евгений Онегинді>> аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған <<Татья-на хаты>> халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының көрінісі ретінде <<Евгений Онегинді>> халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және <<Капитан қызының>> қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы <<Абай жолы>> роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады. 7- дәріс. Абай және Лермонтов. ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі - М.Ю.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, - дейді М.Әуезов, - Лермонтов - <<ерекше ызаның ақыны>>, <<махаббаты ашумен уланған ақын>>. Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған>>.Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған <<Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз>>, <<Альбомға>> т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Сонымен қатар ол Лермонтов шығармаларын қазақ өміріне жанастыра қабылдауды шет көрмеген. Абай Лермонтовтың <<Ой>> атты өлеңін аударғанда, бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген адамды іске жарата алмай отыр деген пікірді өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап: Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы,Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...>>,- дейді. Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі. Осы өлеңнің соңғы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді: Досың жоқ, дұшпаның жоқ, тыныш жатасың,Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын?! Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. <<Теректің сыйы>> (<<Дары Терека>>) атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау - Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек <<казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем>> дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады. Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, Жылы жүзбен Терекке амандасты. Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп, Қатынды алды, қитықсыз араласты, - деп ақын аударғандай Лермонтов өлеңінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай отырып, әсерлі қазақша айтып жеткізген. <<Қараңғы түнде тау қалғып...>> - Абайдың М.Ю.Лермонтовтың <<Из Гете>> атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең - Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. <<Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ>> деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген <<Қараңғы түнде тау қалғыпты>> білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ. 8- дәріс. Абай және оның орыс достары. Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын қуушылар еді. Солардың бірі Е.П. Михаэлис -- Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған. Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін тұңғыш таратушылар да, халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жақтаушылары да солар болды. Біз Михаэлистің көптеген еңбектерін және Леонтьевтің "Обычное право у киргизов" деген көлемді зерттеуін білеміз. Орыстың демократиялық интеллигенциясының бұл өкілдері халықты ағартуды царизмге қарсы күрестің маңызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыруы -- олар үшін, әрине, маңызды міндет болды. Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің қалың еңбекші бұқарасына жеткізуге тырысты. XIX ғасырдағы азаттық идеяларға толы орыстың классикалық әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес даусы Сибирьде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі. Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды. Сол мектептен үлгі алған Абай қазақ әдебиетінде үлгілі мектеп болды. Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол - оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі. Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде. Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі - барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі. ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі - М.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, дейді М.Әуезов, - Лермонтов - <<ерекше ызаның ақыны, <<махаббаты ашумен уланған ақын>>. Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған>>. <<Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан>> - деп Абай айтқандай, әдебиет әлемінде әркімнің өз орны бар. Ақын жазушының бәрі бірдей әдебиеттен қолма-қол өз орнын дәлме-дәл таба қоюы сирек нәрсе. Абайдың аударма өндірісіндегі ерекше зор тарихи еңбегін атап айта келіп, М.Әуезов: <<Бұл жөніндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор, кең мағыналы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді>>- дейді.Ақын аудармалары - өмір шындығының айнасы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі адамгершілік, халықтық, демократиялық идеяның үлгісі. Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде мәңгі маңызын жоймайтын әдеби мұра. 9-дәріс. Абай және неміс әдебиеті. Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны тарих, социология мәселөлері қызықтырды, экономикалық, философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ саяхатшысы Дж. Кеннанның <<Сібір және сүргін>> (1906) атты кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә. Бөкейхановтың ақынға арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда И. В. Гетенің, [[Шиллер|Г. Ф. Шиллердің, Г. Гейненің, Э. М. Губер, П. И. Бейнберг, А. А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының ішінде <<орыс немістері>> Е. П. Михаэлиспен А. Л. Блек те бар еді. Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланғанСемей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың Михаэлиспенжәне Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. Гете мен Абайшығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің <<Қараңғы түнде тау қалғып>> өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің <<Алматы. Қазақ көктемі>> кітабына Абайдыңпатриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады. Абайдың Гетенің <<Қараңғы түнде тау қалғып>> өлеңін аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың <<Алатау аясындағы достар>> деген очеркі мен <<Катаринаға арналған раушан>> (Берлин, 1971) жинағында айтылады. <<Шетел жазу- шыларының лексикасында>> Абай туралы өмірбаяндық деректер берілген. Мәдени-саяси <<Зонтаг>> апталығы оқушыларға Семей облысының Қарауыл қыстағында <<Ақындар аллеясы>> ашылып, Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда қазақ жазушысы Қ. Исабаев көп улес қосты. 1979 ж. оның тікелей қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде <<Қараңғы түнде тау қалғып>> өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар <<Қазақтың Гете аудармашылары>> планшетін, Мүрсейіт қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және <<Қараңғы түнде тау қалғып>> өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. Абай мұрасын Түпнұсқадан тікелей неміс тілінде тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда да Абайды негізінен М. О. Әуезовтің <<Абай жолы>> эпопеясы арқылы біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары - Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг елеулі үлес қосып жүр. Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше ғылыми мақала және екі кітап жазды. 10- дәріс. Абай мен Гетенің рухани байланысы. <<Абай Иоганн Вольфганг Гетенің <<Қараңғы түнде тау қалғып>> өлеңін қазақ тіліне аударып, оны әнмен шырқады. Бұл неміс данышпанының Отанына белгілі қазақ прозашысы Қалмұхан Исабаевтың арқасында танылды. Ол Германияда әскерде жүрген кезінде Габельбах тауының биігіндегі Гетенің аңшылық үйінде болады. 1780 жылы Гете аталмыш өлеңін осы үйде шығарған. Ақын мұражайына айналған осы үйге Исабаевтың мұрындық болуымен 1979 жылы 22 шілдеде бүкіл қазақ даласын шарлаған әннің Абай аударған мәтіні жазылған мемориалдық тақта орнатылады. Содан бастап Семейде Гете көшесі, ал Берлинде Абай-штрассесі пайда болды. Абай мен Гетенің әрқайсысы бүкіл адамзат баласы тануға, игеруге тырысатын тұтас әлем>> деп түйіндеді Л. Шик өз сөзін. <<Абайға жазылған һашия>> тақырыбында баяндама жасаған <<Хакім Абай>> қоғамдық қорының президенті Жабал Шойынбеттің де айтар жаңалығы мол екен. Абай атындағы ҚазҰПУ-де университет ректоры С.Пірәлиевтің тікелей бастамасымен ашылған <<Абайтану>> ғылыми-зерттеу орталығы Ұлы Абайдың даналығын жаңа сипатта оқытуды қолға алып, көрнекті абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен жоғары оқу орындарында <<Абайтану>> пәнін оқытудың бағдарламасын, оқулығын, хрестоматиясын дайындауды жүзеге асырыпты әрі 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың барлық факультетінде <<Абайтану>> пәні енгізіліпті. Ал Жапонияның астанасы Токио қаласынан абайтану аудио оқу құралының шығарылуы жөніндегі әңгімесі жиылған қауымды тіптен ынтықтыра түсті. Астаналық Нұралы Құдайбергенұлы деген кәсіпкердің демеушілігімен шыққан бұл оқу құралының ғажаптығы сол, жуандығы екі елі <<сиқырлы таяқшасын>> кітаптың қай жеріне тигізсеңіз, сол жердегі текстің компьютер арқылы дауыстап оқыла жөнелетіндігінде. Ғылымның озық жетістігінің бір дәлеліндей ғажап оқулық 750 данамен шыққан екен. Мұндай ерекше оқулық әзірге, тіпті Ресейде де жоқ көрінеді. Гете мен Абайдың қыз-келіншектер бейнесін сомдауы таң қаларлықтай үндес. Гетедегі <<Асқақ қыз>> (<<Ару>>, сірә) атты өлең қыз сұлулығының құпиясын халықтық сарында ойната білуімен баурайды. Қазақтық азат болмысымен өлердей сүйетін еркіндік һәм еркелік идеясы бар. Бір сұлуға неше жігіт сөз айтады, бақташы қыз оларды көзіне ілмей, қастарынан әндетіп өте шығады. Қыз сүймесе, өзін өзгелер сатып алуға әсте көнбейді. Етімді шал сыйпаған құрт жесін деп, Жартастан қыз құлапты терең суға. <<Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында>> атты өлеңінде Абай <<Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр>> деп ашық айтқан. Гете жырында жас қыздың сүйіспеншілігін айбынды Тирсис екі қозыға сатып алғысы келеді, енді біреуі жүрегін ұсынады. Гете мен Абай үшін қыздың сұлулығы оның өз құнын біліп, кім-көрінгенге құлай кететін осалдықтан сақ бола білетін қас арулығында жатыр, ибалылықты ардақтайды. Гетенің ерке аруы: <<Тек ла-ла! тра-ла-ла!>> - деп әндетсе, Абайдың сұлуының портреті <<Қақтаған ақ күмістей ақ маңдайлы>> атты өлеңінде берілген. Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы, Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды. Гете қыздың сыңғыр қаққан әнін бұлбұл үніне тегін ұқсатпайды. Ол бір өлеңінде сүйгені туралы <<Көзіме тек сен көрінесің де тұрасың>> деп үздігеді. (<<Сүйіктінің жақындығы>>). Абай сүйген сұлуына <<Көзімнің қарасы>> деп тебіренеді. <<Бләткенің байы ақша,/ Ер асылын таңдамас>>, - дегенде Абай қыз-келіншектің ұлт анасы екенін ескеріп, өзі жиренішті санаған арсыздықтың кескінін именбей дәл айтты. <<Қас бұзақы - қардан туады>>, адам жатынына тартады деп таниды қазақ даналығы. Нәзік жандылардың тазалығын қос ақын ұлықтайды. Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме! <<Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат>> - Абай өлеңде <<Шу дегенде көрінер сұлу артық>> десе де, сайқал жардың опасыздығын сынай білді. Гете <<Жабайы райхангүл>> атты халық жырының негізінде жазған өлеңінде райхангүлдің тікенегі барын аллегориямен берген. Бұл ауырсыну - ұл баланың ересейгенде бастан кешер махаббат михнатының поэтикалық нышаны. Абай мұны <<Сен мені не етесің?>> атты құпияға толы өлеңінде ерекше лиризмге толы азапты құсамен жеткізді. Гетеде <<Айға>> атты өлең бар, жанры - монолог. Абайда толғану көп. Екеуінің көп өлеңдері өзімен-өзі сырласу, оңаша сөйлесу. Ішкі сезімдердің ақылға бағынбай лықсып шығуы, қоршаған табиғатпен үндестік. О, шуми, шуми, вода! Буду ли счастлив вновь? Все исчезло без следа - Радость и любовь. (В.Левик аударған). Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. Өне бойы егіліп, Жас ағады аулақта. Абай <<Көк ала бұлт сөгіліп>> атты өлеңінен бөлек <<Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа>> атты өлеңінде: <<Өмір сәуле көрсетер судай тұнық>> деп суреттейді. Ол адамның көңіл-күйі судай толқып тұрарын, жан-дүниенің құбылғандағы реңкін дөп береді. Гетедегі <<Көл жағасында>> атты өлеңіне параллель. И жизнь, и бодрость, и покой Дыханьем вольным пью. Природа, сладко быть с тобой, Упасть на грудь твою! (В.Левик аударған). Адамның кейбір кездері Көңілде алаң басылса; Тәңірінің берген өнері Көк бұлыттан ашылса. Сылдырап өңкей келісім Тас бұлақтың суындай, Кірлеген жүрек өз ішін Тұра алмас әсте жуынбай. <<Адамның кейбір кездері>>. Гете су торлаған дымқыл әлемнің жемісі мол боларын ұғындырады. Гетеде тұман - ұлы символ, алдағы күнге сенім ишарасы. Қазақ жырауларына тән кесек сөйлеуді немістің данышпан жыршысынан ұдайы аңдаймыз. Жырауларда белді бекем буу, батырлық, тәуекелшілдік һәм шаһидтік сарын күшті. Түн сұлулығын қос ақын бірдей сүйген. Гетенің <<Көркем түн>> атты өлеңі куә. Мұнда түнгі құстың сыбдыры, мұңды елес бар. Гетенің Страсбург кезеңін білдіретін өзі сүйген аруының бірі Фридерика Брионға арналған мәтінде грек мифологиясынан алынған бұлбұл құс - Филомела үнсіз қалды дейді: <<Сен болсаң оның жылағанын естімей ұйқыда балбырап жаттың. Мынау өлең сенің жазаң>> деп жырлайды. Бұлбұлдың сайрауы әр түрлі халықтардың ұғымында ақынның, жыршының кейіптелуі болып табылатын әйгілі образ. Расында бұлбұл құс жұптасар кезде сайрайды екен. Гете - таң сәулесінің ақыны. Таң сәуле - біздің қазақтың эпикалық жырларында, <<Қыз Жібекте>> суреттелінеді. Кристель - ақынның қол жетпес аруы. Ақын жүрегімдегі сағыныш, құса бөрі болып ұлыса деп өз сезімін суреттейді: <<Мен сені ойлаймын. Өмірім онымен ерекше жарқын екен>>. Айттым сәлем, Қаламқас, Саған құрбан мал мен бас Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. <<Жігіт сөзі>>. Абайда қыз бен жігіттің бір-біріне құмарлығы ашық айтылатын махаббат лирикасында айқын дәлдік бар. <<Жаспен жұбану>> атты өлеңде Гете көзімде жас барда түнде жылайын деп тебіренсе, Абайда жылау мен жырлау кей сәт қосарлы: <<Көзіме жас бер, жылайын!>>, <<Жылайын, жырлайын,/ Ағызып көз майын>>. Қос ақында сезімталдық өте күшті. Гетеде ай бейнесі көп мағыналы символ болатыны, әйел заты, су, құнарлылық, өлім, жаңғыру, түн - табиғаттағы мәңгі айналымдар, циклді процестер көктегі Күннің серігі Аймен байланысты. Гетеде ай түнгі елестерді тірілтеді, бағзы, өткен дүниені жадқа оралтады, елестердің әміршісі. Айлы түндер - махаббат маусымы, бұлбұлдың әні тәрізді (Гете, <<Белиндаға>>). Қыз затын ақын табиғат тамашасымен тең қарайды, көктемдей сүйінішпен қабылдайды. Қуана білмеген жан өмірді өгей шешесіндей көреді, бұл ой Гетенің достыққа мадақ жырында бар. Ол <<Аңшының кешкі жыры>> атты өлеңінде махаббат сезіміне ештеңені теңгермейді: <<Арманның шыңы - махаббат!>>. Данышпан неміс ақыны <<Сұрапыл махаббат>> атты сыршыл өлеңінде жүректі азаптайтын рақымсыз махаббаттан қашып құтыла алмайды. Ғашықтық - қиын жол Жетсең - жеттің. Жетпей өттің, Не болды? Арманда өмір Өтті, Ойлар ма екен бір мені сол? Салдырап аяқ-қол, Жетпей сертке, Ішім дертке Тез толды. Ажал уақыты Жетті. Мен өлейін, сен сау-ақ бол. <<Сен мені не етесің?>> - Абай ғашықтықтың дертпен тең екенін жаны күйзеле жырлайды. Нақ осындай көріністі жазбай білдіретін, сүйген жарға қолы жетпей өте үздіккен, ішқұса махаббат сезіміне өртенген хәл Гетенің <<Алыстағы аруға>> атты өлеңінде суреттелінеді. Абайдың <<Қор болды жаным>> атты өлеңінде жардың тас бауырлығы ауыр қабылданады. Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. Абай сүйіспеншіліктің физиологиясын асқан сезімталдықпен айқындап тұр. Гете <<Жаңа махаббат, жаңа өмір>> атты өлеңінде әйелдің қырық есекке жүк боларлық айлакерлігі, сайқалдығы суреттелген. Жас сұлудың көркіне арбалған ақын тіпті оны өле-өлгенше сүйіп өтуге даяр. Сөйте тұра ол жас сұлудың сиқырына арбалудың түбі неге соқтырарын іші сезгендей, оның қылымсуы мекерлік екенін ұғынады. Сондықтан ақын оған қор болғысы келмей, <<Ах, махаббат, босатшы мені!>> деп жалбарынады. Әйел затының жаратылысына тән залымдық пен үстемдікті Абайдан асырып айтқан ақындар да бұл фәниде бар шығар. Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің. Неге әуре етесің? <<Сен мені не етесің?>> Гетеде <<Таптым>> атты өлеңі жұбайы Христинаға арналған, сүйген жарын гүл санау, оны гүлдей мәпелеу идеясы анық. Абай арттағыларға жарды таңдап бірақ сүй, ауыстырма деп өсиет қылды. Абайда Тәңірінің бұйрығына бағыну сарыны күшті. Гетедегі <<Суретшінің кешкі жыры>> - бұл-дағы ақын табиғатының Жаратушы құдаймен байланысын айғақтайды, ақындарын Аллатағала өзінің бар екенін ишаралау үшін жаратқанын бейнелі жеткізеді. Гетедегі ой толғау атаулы қазаққа жат еместігімен баурайды. 11- дәріс. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт) Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында <<... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз>> (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, <<Абай философиясын>> діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. <<Советская степь>>, 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. <<Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі>> (<<Казахстанская правда>>, 1934, ЗО көкек). Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Европаның) филос. ойдың жетістіктері.Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған <<жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге>> қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстіңде: <<орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының>> (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы аса зор. Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:<<... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды>> (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: <<Өлсе елер табиғат, адам өлмес>>, <<Көк тұман - алдындағы келер заман>> т. б., 45 <<сөзден>> туратын қара сезбен жазылған <<Ғақлиялары>> - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура. Бұл <<Сездер>> қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Бірқатар зерттеушілер философияның негізгі мәселесін шешуде <<Абай теист болды>> деген пікір айтады. Мыс., О. А. Сегізбаев <<философиялық дүниетаным саласында ол тұтасымен деизм бағытын ұстады. Барлық деистер сияқты оның шығармаларынан материалистік бағдар мейлінше анық көрінеді>> деп есептейді (Сегізбаев О. А. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм. - А. , 1973, 108-6.). Дегенмен, өзінің бұдан кейінгі зерттеулеріңде Сегізбаев: <<Ыбырай Алтынсариннің, әсіресе, Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе>> деп мойындайды (С е г і з б а - ев О. А. Революцияға дейінгі Қазақстаңцағы қоғамдық ойдың материалистік және атеистік бағдарлары. Автореферат. Ташкент, 1979, 37-38-6.). Бұл еділ тұжырымдармен келіспеуге болмайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді. <<Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде қарасөзбен жазылған <<ойларынан>> (<<Ғақлияларынан>>), - деп жазды Әуезов, - Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың көз қарастарымен, олардың <<Современник>> беттерінде айтқан пікірлерімен жиі ұшырасамыз>> (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А. , 1961, 157-6.). Ұзақ жылдар бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демокр. көз қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген тұжырымды дәлелдеп шықты. Патриархалдық-феод. қазақ қоғамында өмір сүріп, аса күрделі де қайшылыққа толы жағдайда өлең жазған Абай мұрасын зерттеу барысында еткен ғасырлардағы ойшылдар шешкен мәселелердің шынайы мазмұнын анықтау онша жеңіл жұмыс еместігін есте ұстау керек, өйткені оларға идеологиялық тұрғыдан саяси логика. құрылымнан <<берік сауыт киім>> кигізілетін. Ойшыл-ақынның жеке шығармаларына ғана талдау жасамай, оның бүкіл әдеби мұрасының идеялық мазмұны мен ішкі логикасын тұтастай қарастыра қорытындылайтын болсақ, Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстады деп толық айтуымызға болады, осының езінен орыстың материалистік философиясының, ең алдымен Чернышевскийдің ықпалы айқын көрінеді. Рас <<ақын Қазақстанның экономик. және мәдени мешеулігі жағдайында айқын да толық жетілген революциялық-демократиялық дүниетаным деңгейіне көтеріле алған жоқ, дегенмен ол ешқандай бұлталақсыз революцияшыл демократтарды жақтады>> (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. 210-6.). Абай филос. рационализм мен демократизм рухындағы езінің ең басты идеялық ұстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский көз қарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос. жүйелерге сын кезбен қарап, қорытынды жасайтын еңбектері арқылы Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен танысты. Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда болуы мәселесін <<... дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем загонға қаратылып жаратылды>>, - деп түсінген. Атомистиканың кене заманнан бері материалистік дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, соңдай-ақ, атомизмнің дамуына зор үлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен таныс болғаны анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде өмір сүреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын себептілік байланысты, <<әрбір істің себебін>> тани білу қажет деп есептейді. 12- дәріс. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұқтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М. Әуезовтың <<Абай>> журналы мен <<Шолпан>> журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен <<Әдебиет тарихы>> кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М. Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы <<Абай ақындығының айналасы>> деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы <<Әдебиет майданы>> журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты. -------------------------------------------------------------------------------- Әуез Бердіұлы Абай өмірбаянын жазуға ұмтылған Ә. Ысқақов, С. Мұқанов еңбектеріне жазған арнайы пікірлерінде олардың Абай өмірбаянын көрсетуге арналған кейбір деректерді таңдап алудағы кемшіліктерін нақты көрсетіп береді. Тіпті Әрхам Ысқақовтың <<Абай өмірі>> деген қолжазбасына жазған сынында: <<Өмірбаян ішінде ақын Абай мүлде жоқ деуге болады>>[3], - деп Абайдың өмірі мен ақындық жолын көрсетуге тікелей қатысы жоқ деректерді тоғыта беруіне әрі ол деректер тобырын ескі дүниетаным шеңберінде баяндауына қатаң сын айтады. Абай өмірбаянының 1, 2-нұсқаларында ақын өмірін, не шығармаларын танып білуге, тереңірек түсінуге қатысы жоқ, тек жанама деректерде кейбір оқиғаларға байланысты аты аталатын көптеген кісілер ұшырасады. Соңғы нұсқаларда осыларға үлкен сұрыптау жүргізіліп, Абай өмірі мен шығармаларына тікелей қатысы барлары ғана іріктеліп алынды. Мыс., 1-нұсқада 106 адам аты аталса, 2- нұсқада оның 45-і қысқартылған. Ал 3-нұсқада 56, 4-нұсқада 47 адам аты түсіріліп отырған. Олардың орнына биографиялық жаңа деректер негізінде немесе Абай шығармаларының жаңа қырын ашып, ондағы ой сарынын тереңірек тануына байланысты аталатын тарихи кісі аттары ендіріліп отырады. Өмірбаянның алғашқы нұсқаларында ақынның орыс достары Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, А. А. Леонтьев т. б. атқарған қызметін, ақын дүниетанымына әсерін бағалаудағы алғашқы танымдарының өз дәрежесінде болмауын биограф ерте сезініп, бұрынғы танымына батыл түзетулер ендіре бастады. Орыс достарының Абайды Россияның ішкі өмірімен, орыс классиктері шығармаларымен таныстырудағы қызметін әділ бағалай отырып, Абайдың идеялық-мәдени іздену жолында қол артқан тірегінің негізі орыс классиктері мен рев.-демократтар тобының озық идеясы болғандығына, әсіресе, 4-нұсқаны жазу үстінде ерекше тоқталды. Абайдың орыс достары жайлы абайтану саласында орын алған кемшін жайды: <<1860-70 жылдардың айдалып келген төңкерісшілерімен танысуы. Бұрынғы зерттеулерде Долгополов, Гросс сияқты жалған төңкерісшілерді теріс түсіндірулер болған. Олардың Абайға әсері мол болды деп, дәріптеудің қателігі>> - деп арнайы көрсетуінде көп мән бар. Шынында да көпке дейін абайтану саласындағы әдебиеттерде ақынның орыс достарының халықшылдық бағыты, олардың Абайға әсері асыра бағаланып келген еді. Ә. осы мәселеге байланысты езінің атақты тезистерінің 5-санында Шоқанның славянофилдерден, Абайдың халықшылдардан алыстығы туралы өзінің табан тірер танымының негізін атаса, 8-санында Л. Н. Толстойдың халықшылдарға жақындығын, Абайдың одан алыстығын атап өтеді. Халықшылдар селолық қауымды мадақтап, мұрат тұтып, оның мызғымауын, өзгермеуін қалады. Ал Абай езі жасап отырған қазақ қауымының феод.-патриарх. болмысын, оның күні еткен салт-санасын сынап, ағартушылық жолмен өзгертуді қалады. Сондықтан да: <<Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып...>>, - дейді. Осы жолда идеялық сүйенер тірегі <<Пушкин бастаған Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Некрасов, Салтыков-Щедрин еңбектерінің Абайға басшылық, ұстаздық әсері ерекше болған>> деп арнайы көрсетті. Биограф Абай өмірбаянын жазуға даярлық барысында оған қажетті материал атаулының бәрін де ауызша сөйлесу, әңгімелесу, естеліктер жазып алу, жаздыру жолымен жиналуы себепті, Абай өміріндегі орын алған елеулі де өзекті кейбір оқиғалардың шын болмысын, болған уақытын анықтау үшін үздіксіз ізденген. Бір оқиғаның мерзімін дәл анықтаса, осыған сабақтас болып өткен оқиғалар мерзіміне салыстыра талдау жолымен сенімді болжамдар да жасап отырған. Мыс., зерттеуші Абайдың Қоңыр-Көкше болысын басқарған кезде үстінен жалған арыз түсіп, № 12 іспен тергеуге алыну фактісінің мерзімін анықтауда осы әдісті пайдаланып, көп тер төккен. Ақынның осы іспен тергелуін Абай өмірбаянының 1-нұсқасында 1869-70 ж. болған деген пікір білдірсе, 2-нұсқасында ел аузындағы әңгімелер сарынын таңдау арқылы оның уақытын 1872-73 жылдарға жылжытады. Кейін Алматы, Семей архивтерін жағалай қарастырып, Абайдың Қоңыр-Көкшеге болыс болған жылдарын нақтылы архив деректерімен дәл анықтады. Абайды ірі тергеуге ұрындырған арыздар мен 1877-78 ж. орыс-түрік соғысына байланысты Семей уезі болыстарының архивтен табылған үндеу хатына, әрі онда Абай Қоңыр-Көкше болысы атынан қол қойған деректерге сүйене отырып, ақын өмірбаянының 4-нұсқасында оның № 12 тергелген уақыты-1877- 78 ж. деген түпкілікті тұжырым жасайды Осындай аса ірі принциптік мәні бар мәселенің бірі - Абайдың ез елеңдерін топтастыруды тапсырған жолын анықтау болатын. Өмірбаянның алғашқы нұсқасында бұл мерзім 1898 ж. еді деп көрсетілген. Ғалым кейін бүл мерзімді 1891 ж. етіп өзгертті. Әуез қазақ жерінде Абайдай жаңа типтегі ойшыл қоғам қайраткерін тудырған қоғам өміріндегі экономикалық-әлеуметтік ерекшеліктерді еске ала отырып, ақынның ғылыми өмірбаянын жазуда өзі ұстанған, табан тірер методол. мәні бар танымын, езі сүйенген ой қорытындыларының басты негіздерін: <<Абай өмірбаяны биографизмнің тар шеңберінен шығарылуы керек. Оның өмірлік, творчестволық жолы реформаға дейінгі әлеуметтік өмірдің нақтылы жағдайларымен анықталған болатын. Осы жағдай жазушының жаңа типін тудырды>>, - деп көрсетеді[6]. Қазақ әдебиетін зерттеу тарихында текстол. жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды. 1924 жылдан бастап Абай шығармаларының толық жинағын құрастыруды қолға алған Әуез ақын мұрасын тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да ерте сезінді. Тұңғыш толық, жинақты құрастыру барысында асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бікеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдері мен әлі де хатқа түспей санаулы кісілер санасында жатқа сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім шығармаларымен аса күрделі текстол. зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды. Мұның үстіне Абай шығармалары әр түрлі жолдармен ел ішіне таралып, әр қилы деректер көзі қабаттасып жатты. Жақсылы-жаманды, ірілі-ұсақты деректер көп жинала келіп, текстол. зерттеулер жүргізуге негіз болатын деректер көзіне айналып та үлгірді. Әуез осы тұста-ақ ақын мұрасы жайлы источниковедение, текстол. жұмыстарымен қатар айналысты. Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен ғалым ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстол. зерттеулерді оның өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысымен бірлікте жүргізді. Абай мұрасын зерттеген көптеген ғалымдарға қарағанда ол балалық шағында-ақ Абай өмір кешкен рухани ортамен, ондағы ақын өмірін жақсы біліп, шығармаларын жатқа айтатын адамдармен ерте араласты. Абай жайлы деректерді ерте баста меңгеруге әсері болған атасы Әуез жайлы: <<Әр нәрсеге Абай үлгісімен, ақынша қарауға тырысушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілдік әсерін мен кішкентай бала кезімнен өз әкелерімнің қалпынан көруіме болушы еді... Сонымен бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап шығып едім>> - деген аса құнды дерек береді (ӘӘММ архиві, 382-п., 1-6.). Абай шығармаларының түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде тараған Мүрсейіт дәптерлерін Әуез: <<Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, сол Мүрсейіттің көшірмелері>>[7] екенін айта отырып, оның бірқатар кемшіліктерін де атап көрсетті. Олар, кейбір елеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері ретсіз бөлек өлең ретінде берілген; Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған; ақын шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары көрсетілмеген. Әуез ақын елеңдерін жатқа білетін кісілерден 45 елеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Ол Абай шығармаларының 1917 жылғы төңкеріске дейінгі таралу жолдарын да анықтады. Ол жол үшеу: 13 - дәріс. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде. Мұхамедханұлы Қайым (Ғабдұлқайым) (5.1.1916, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 30.6.2004, сонда) - әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы. Әкесі Мұхамедхан Семейде шығатын <<Сарыарқа>> газетіне, <<Абай>> журналына меценаттық көмек жасап тұрған (осы журналдың 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі <<Алаш арыстары>> мұражайының ашылуына Мұхамедханов көп еңбек сіңірді). Мұхамедхан ислам діни қозғалысының белсенді мүшесі деген айыппен 1937 жылы 2 желтоқсанда атылған. Сондай-ақ Қ.Мұхамедхановтың әкесі алашордашыларға тілеулес болып, оның үйінде ұлт зиялылары (Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар т.б.) жиі бас қосып, ел бостандығы жөнінде пікір алмасып тұрған. Қ.Мұхамедханов шаруа мектебінде білім алған. 1935-37 ж. республикалық екі жылдық мұғалімдер курсында оқыған. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды. Қ.Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, <<Абайдың әдебиет мектебі>> деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады (1951). Талқылау кезінде ғылыми жетекші М.Әуезов пен диссертантқа жала жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің қатарында <<ұлтшыл ақындарды>> зерттегені үшін <<панисламшыл, пантүркшіл>> деген айып тағылып, 25 жылға сотталды. Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 жылы <<Абай төңірегіндегі ақындар>> деген тақырыпта екінші рет кандидаттық диссертация қорғады. Қ.Мұхамедханов Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығармашылық ізденіспен дамыта білді. Ақын шығармаларын зерттеу нәтижесінде Мұқамедханов Абайдың бұрын белгілі болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 жылы шықан жинағына енгізді. 1959 жылы <<Мағауия Абайұлы Құнанбаев>>, <<Абай шығармаларының текстологиясы>> монографиялық зерттеулері жеке кітап болып шықты. <<Абайдың ақын шәкірттері>> атты төрт кітаптан тұратын жинақ ҚМұхамедхановтың қарастыруымен 1993-97 ж. жарық көрді. Оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. Мұқамедхан Абайдың екі томдық академиялық шығармалары жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты. 1988-89 ж. мерзімді баспасөзде <<Ә.Бөкейханов>>, <<М. Жұмабаев>>, <<А.Байтұрсынов>>, <<Ж.Аймауытов>>, <<М. Дулатов>>, <<Шәкәрім>> атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде <<Абай мұрагерлері>> жинағын (1995) жарыққа шығарды. Мұхамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қ.Мұхамедханов шығармаларының тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қ.Мұхамедхановтың <<Толқын>> (1994), <<Майданнан майданға>> (1947), <<Комиссар Ғаббасов>> (1960), <<Ер Білісай>> (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді. Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың <<Аршин мал алан>> (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың <<Қажы әпенді үйленеді>> (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің <<Бишара Лизасын>> қазақ тіліне аударды. Қ.Мұқамедханов Семей қаласының және Абай, Аягөз, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 жылы Қ.Мұқамедхановқа ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты. Бірақ, оның бәрі Қайым Мұхамедханұлының өмірге деген көзқарасын, тарих, әдебиет саласындағы ұстанымын өзгерте алған жоқ. Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып, алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған соның өзінде артына аса мол мұра қалдырған ғұлама еді. Әдебиетші, зерттеуші, сыншы, аудармашы ретінде тындырып кеткені қыруар, әсіресе, абайтануды, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз. Абай шығармаларының текстологиясын жан-тәнімен тәптіштеп реттеуі, ұлы ақынның мұрагерлері туралы төрт кітап жазып шығаруы - небір үлкен ұжымның да қауқары жетпес шаруа. Қазақ республикасының тұңғыш гимнің авторы болғаны - өз алдына зор мәртебе. Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңіне танып, тебіренге толғайтын шебер аудармашы. Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен <<КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі>>, <<Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі>> белгілерімен Құрмет грамоталарымен наградталған. Семей қаласының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұқамедханов. Тағдырдың талай тар өткелдерінен сүрінбей өткен, әрбір әңгімесі бір-бір тарих, бар ғұмырын ғылымға арнаған, белгілі абайтанушы, көрнекті ғалым, ұстаз Қайым Мұхамедханұлының артына қалдырған мол мұрасы рухани қазынаға айналары ақиқат. Қайым Мұхамедханұлы өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін қадағалап, қолынан келгенше бір әріптің бұрмалануына жол бермеуге тырысты. Ал уақыт пен қоршаған орта өз таңбасын қалдырмай қойған жоқ. Абай тек ұлы ақын, ұлттық мақтанышымыз ғана емес. Абай - әлемдік тұлға, қайталанбас құбылыс, күллі адамзаттық цивилизацияға қосылған аса қомақты үлес. Мұндай толайым табыстың қазақтың пешенесіне жазылуы ұлттық руханият үшін мақтаныш. Абайды тану үшін Әуезовті қайта-қайта ой көзін салып оқу керек. Абай да, Әуезов те қатпар-қатпарына үңіліп оқымасаң бойыңа сіңбейді, жүрегіңе ұяламайды. Абайдың ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге Қайым Мұхамедханұлы тікелей М.О. Әуезовтің ақыл-кеңесімен келген. Ғалымға Абайдың әдеби мектебіне ұлтшыл ақындарды енгізгені үшін <<панисламшыл, пантүрікшіл>> деген айып тағылып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Ақталып шыққаннан кейін зұлматқа ұшыраған <<Абайдың ақын шәкірттерін>> қолға алады. Өмірінің ең бір қиын сәтінен сүрінбей өтті. Бір үміт, бір қауіпте тағдыр таразысының сынында қасірет шегіп жүргендегі, жанына батқан қайғысы, жүректің қайғыға, жай ғана қайғы емес, отты қайғыға өртенуі, тірі жетім балаларын ойлап сағынып, қол ұшын беруге мүмкіндік жоқ дәрменсіздігі ақын Қайымның сезім сыры мен көңіл күйінің айғағындай. Оны <<Балаларыма>> өлеңінен байқадым:Қайым Мұхамедханұлы өзінің зерттеулері арқылы <<Абай және абайтану ұғымдарының бір-бірінен ажырамас тұтастық екенін жадымызға сіңірді.Қайым Мұхамедханов қазақ халқы үшін ғылым-білімнің шамшырағы болған Абай Құнанбаевтың айналасындағы тәрбиеленуші ақын шәкірттерінің мол мұрасын, шығармаларын, өзінің білімділігінің, қайтпас қайсарлығының, қажырлы еңбегінің арқасында түбегейлі зерттеп, халыққа танытты. Бізге, болашақ ұрпаққа ғалымның жарты ғасырлық еңбегі үлгі-өнеге болып қалды. Біздің, жастардың алдындағы зор міндет - абайтанушы, ұлтын сүюдің үлгісін көрсетекен Ұлы ұстаздың еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу. 14 - дәріс. Абай және Алаш әдебиеті. <<Абай - қазақ руханиятындағы аса айрықша тұлға. Ол - алаштың рухани жетілуінің (кемел адам) рәмізі>>. Белгілі әдебиеттанушы, алаш зиялылары туралы кӛптеген ғылыми зерттеулер авторы Д.Қамзабекұлының осы тұжырымы кӛп мәселеден хабар береді, Абай мен алаш зиялылары кӛзқарасындағы рухани-танымдық сабақтастыққа сілтейді. Абай - қазақ рухани ӛміріндегі ірі Тұлға, ұлттық философиялық ойлаудың үлгісі. Абай - қазақ әдебиетінің асқар биігі, ол қазақ әдеби тілін дамытуға ӛлшеусіз үлес қосады. Оның шығармалары сол кездің де, бүгіннің де биігінен қарағанда, рух бостандығына, қазақ қоғамының ӛркендеуіне бағытталғаны аян. Ә.Бӛкейхан <<Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы>> мақаласында былай деп жазады: <<Оның ӛлеңі - қазақ мақтанышы. Алашта рухани шығармашылықты мұншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес>>. Бұл алаш зиялылары Абай ақын творчествосынан ӛздеріне рухани күш алғанын танытады. Абай <<Сӛз түзелді, тыңдаушы сен де түзел>> деп әдебиетті жаңа бағытқа бастады. Алаш зиялылары Абай ӛлеңдері мен Қарасӛздеріндегі оқу-ағарту, білім, еңбек тақырыбынан ӛз кӛзқарастарына сәйкесетін идея, ой түйеді. Сӛйтіп Абай жаңа таныла бастаса да, елге қажет сӛзді айтты және әдеби туындыларын кӛзі ашық оқығандар ел арасына тарата бастады. Алаш зиялылары әдебиеттің ағартушылық функциясын елді тәрбиелеу үшін пайдаланғаны белгілі. Алаш кӛсемдерінің бірі А.Байтұрсынұлы ӛз зерттеуінде Абайдың әдебиетте жаңа ой айтқан ақындығын, жаңа бағыттағы жаңа әдебиетті бастаған жаңашылдығын кӛрсетеді А.Байтұрсынұлы 1913 жылы <<Қазақтың бас ақыны>> атты мақаласында Абайдың ӛз халқы үшін биік тұлға екенін атап кӛрсетеді. <<Абай сӛздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ>> - деген бағасы ұлы ақынның ұлттың рухани әлемін жетілдірудегі еңбегін ерте бағамдай алған кӛрегендігін танытса керек . Алаштың қайраткері М.Дулатұлы Абайды ұлт мүддесі үшін қызмет ететін қайраткер деп бағалайды. <<Әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш - Абай сӛзі. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да - жаны әдебиет>> (8, 250) - деп Абай сияқты тұлғасы бар әдебиет пен халық ӛлмейді деген байлам жасайды, ӛзінің ақындық декларациясын білдіреді. Ұлы Әуезов сӛзімен айтқанда: <<Ӛзі сыншыл қайраткер болғандықтан... ...ендігі сӛзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді ...ӛз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы ӛлең-ӛсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады>>,- деп иланады. Басқаша айтқанда, адамгершілік, ар, ақтық деген сияқты қасиеттерді тәрбиемен кӛпке жайса, ӛмір де, қоғам да, халық тағдыры да ӛзгеріп, түзеліп кететіндей кӛрінді (4, 132). ...>>Ӛзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, ӛлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінеді>>.Бұл, қоғамшыл, халықшыл Абайдың <<пассионарлық идеясы>>, <<рухани сілкініске құштарлығы>> деуге болады. Адамгершілік түзелумен тарих түзеледі деген кӛзқарас дүниежүзілік ұлы адамдардың бәрі де ден қойған наным болатын 15 - дәріс. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде. Бас-аяғы үш беттік (М.Мырзахметұлы, "Түркістан-Тараз арасы". Астана, 2002 ж. 359-361-беттер) пікірінде белгілі әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішев М.Мырзах - мет - ұлын "Қазақ үшін, ел үшін жаны ауыра - тын қайраткер" деп бағалай келіп: "Абай - дың діншілдігін, ұлы ойшылдың шы - ғыс - пен байланысын Мекемтастан артық зерт - теген ешкім болған жоқ. Өйткені, оның діншілдігі де, шығыс ғұламаларының жа - сап кеткен еңбектерін зерттеуі де көбі - мізден көш ілгері", деп ғалым еңбегінің өзгелерден артықшылығын ағынан жарыла атап өтеді. Бұдан ертерек (1989 ж.) академик Зәки Ахметов "Хауас", "Жауанмәртлік", "Имангүл" (бұл ұғымдар М.Мырзахмет - ұлы - ның зерттеулерінен кейін ғана қазақтың ғылыми ортасына белгілі болған - Е.Ә.) туралы айта беретін М.Мырзах - мет - ұлын "қисық жігіт" деп ойлағанын, бір - ақ оның айтқандарының бәрі ақиқат бо - лып шыққандығын, сондықтан да ғы - лымға осындай азаматтық позициясы берік ғалымдар керек екенін мойындаған еді. Бұл күнде бір нәрсенің басы ашық. М.Мырзахметұлы Абайтануға ересек еңбек сіңірген ғалым. Оның бұл саладағы еңбегі ескерусіз қалған жоқ, Мемлекеттік сый - лыққа ие болды. Сонымен бірге ғалымның көптеген зерттеулері исі түркі тілді ғылыми ортаға жақсы таныс. Ол - халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығын алған санаулы қазақтың бірі. Ғалымның бірсыпыра кітаптары орыс тілін - де жарық көрген. Сол арқылы көпте - ген елдердің ғалымдары оның Абай және Әуезов туралы зерттеулерімен танысқаны ақиқат. Жалпы, М.Мырзахметұлының зерт - теу - лері мен мақалалары сонау кеңестік кезеңнің өзінде де ғылыми ортаны, әдеби жұртшылықты, оқу орындарының ұстаз - дары мен шәкірттерін бей-жай қалдырып көрген емес. Абыз ақынымыз Әбділда Тәжібаевтан бастап, М.Мырзахметұлының еңбектеріне сүйсіне пікір білдіргендер мен мақала, зерттеу, өлең арнағандардың жалпы саны 700-дей екен. Бұл күнде ғалым Әлімғазы Дәулетхан қазақ әдебиеттану ғылымында мекем - тас - тану деген жаңа бір сала ашатын уақыт жетті деп мәселе көтеріп жүр. Бұл, ең алдымен, абайтану мен мұхтартануды одан әрі жемісті жүргізу үшін керек екен. Неге? Өйткені, абайтануға М.Мырзах - мет - ұлының өзі әуезовтану арқылы кел - ген. Ол Ғылым академиясында абайтану бөлімін ашып, басқарғанға дейін ұзақ жыл "М.Әуезов музей-үйінде" ғылыми қыз - меткер болып, "архив кемірген". Жазушы - ның қолжаз - баларын сүзіп, Абай туралы әр - кезде, әр қилы жағдайда жазып, ретке кел - тірмей, жарыққа шығармай тезис түрінде қалдырған жазбаларының бірсыпырасын Л.Әуезовамен бірге кітап етіп жариялады да. Абай мен Әуезов ғалымға мынаны ұқтырған. Ұлы адам өзіне дейінгі ұлы - лар - дың еңбегін бойына сіңіріп барып ұлы болады екен. Ендеше, Абайды да, Әуезовті де ашу үшін олар бойына сіңірген ұлы - лар - ды білмек керек. Ол осылай Әуезов арқы - лы Абайға, одан әрі Шығыстың, оның ішін - де түрік, араб, парсы әлемінің ұлы ғұламаларын тануға құлаш ұрады. Бүгінге дейін 45 кітап, 700-дей мақала жариялаған ғалымның зерттеу көкжиегінің барған сайын кеңіп келе жатқандығының сыры сонда. Әуезов пен Абай оны әлемнің не бір ойшылдарының өрісіне жетектеп кіргізді. Ғалым өзі кіре алмаған өрістерге бұл күнде шәкірттерін бағыттауда. Енді осы айтылғандарды нақтылы мысалдармен дәлелдеп көрелік. Білетін, адам болатын баланы бір ауыз сөзінен-ақ таниды. Бауыржан Момышұлы да М.Мырзахметұлынан нағыз "архив ақтарғыш" шығатынын бірер күн пікір - лес - кеннен білсе керек. Өзбекстанда оқытушы болып жүрген жерінен ҚазПИ-дің сол кездегі ректоры Мәлік Ғабдуллинге айтып, аспирантураға алғызады. Академик Қажым Жұмалиев оған "Абай мұраларының зерттелу жайы" деген тақырып ұсынады. Міне, осы жұмыстың үстінде-ақ ол ең - бекқор зерттеуші екенін танытады. Ғасырға жуық мерзімде Абай туралы қандай еңбек, қай жерде, қандай басылымда, қай күні жарық көрді, түп-түгел түгендеп, тұңғыш рет хронологиялық библиографиялық көрсеткіш жасап жарыққа шығарды (1965 ж.). Кейін оны тақырыпқа бөліп те жасайды. Сөйтіп, ол ендігі абайтанушылар мен жалпы зерттеу - ші - лердің жолын ашып, жұмысын жеңілдетіп берді. Сонымен бірге сол зерттеулер үстінде Абай ақиқатына апарар жол М.Әуезов еңбектері екенін де ұқты. Бірнеше жылдан кейін оған ұлы жазушы - ның жарияланбаған жазбаларына жақын - дау - дың сәті түсті. Әуезов музей-үйі ашылғанда Ләйла Мұхтарқызы іріктеген ғылыми қыз - меткердің бірі - М.Мырзахметұлы болды. Сөйтіп, ол Бауыржан Момышұлының үйінде жүріп, кандидаттық жұмысын жазған болса, енді Әуезовтің музей-үйінде докторлық диссертациясын даярлады. "Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары" атты моно - гра - фиясын Ләйла Мұхтарқызының көмегімен жарыққа шығарды. М.Мырзахметұлы осылай ұлылардың назарына түскен, олардың отбасы - мен етене араласып, тәлім-тәрбиесін көрген ғалым. Жас ғалымды қиынға сала отырып, қол - тығынан демеген халқымыздың аяулы аза - мат - тарының үміті ақталды. М.Мырзахметұлы өктем саясаттың, өткінші идеологияның қиғаштығына қарамастан, Абай туралы қалыптасқан түсінікті түзетті. Абайды Абай еткен тек орыс мәдениеті емес, ең алдымен исламдық қазақ пен шығыс мәдениеті екенін, батысқа содан кейін барып бет бұрғанын дәлелдеп берді. Мәселен, Абай өлеңдері мен қарасөз - дерін - де араб, парсы сөздері көп. Бірақ бұл арабша-қазақша сөздіктен қарай салып, аударумен шектеле қоятын сөздер емес екен (мұтакалинмин, мантикин, т.б. ). Бұлар ислам философиясындағы бүтін бір ағымдар болып шықты. Енді Абайды білу үшін сол ағым - дар - ды білмек керек. Абай заманында қазақ даласына еркін жеткен ондай әдебиеттер кеңестік кезеңде сап тыйылған. Мұсылман медресесінде оқыған Абайдың кез келген замандасы түсінетін ұғымдарды кеңестік Қазақстанның академигі де түсіне алмайтын болған. Өйткені, ол шығыстық ислам фило - со - фиясынан хабарсыз, араб, парсы тілдерін білмейді. Ал, Абай орыс тілін ғана емес, араб, парсы тілдерін де білген. Сөйтіп, үш қайнардан (қазақ, шығыс, батыс мәдениеті) сусындап, іс жүзінде бүкіл әлемдік ой-сананың же - тіс - тігін бойына сіңірген десек, Абайдың фило - со - фиялық көзқарастарының қалыптасуында ең ал - ды - мен исламдық филосо - фияның әсері мол екен. Мекемтас Мырзахмет - ұлы барлық көне, қазіргі түрік және славян тіл - де - рін - дегі ислам филосо - фия - сына қатысты әдебиет - тер - ді ақтарып, осындай қо - ры - тындыға келді. Ол қо - рытындысын кезінде Абай пайдаланған әдебиеттерді нақты анықтау арқылы дәлелдеді. Сонымен қазіргі қа - зақ - тар Абай дүниетаны - мы - ның қайнары ислам философиясындағы хауас (Абайда үш түрлі мағы - на - да қолданылады: біріншісі - адамның сыртқы бес, ішкі бес сезімдері, екін - шісі - Алланың он си - па - ты; үшіншісі - Алла та - ғала мағынасында), има - ни - гүл (үш сүю: Алланы, адамзатты және әділетті сүю), жәуанмартлік (ізгі - лікті үш қасиет: ақыл, рахым, әділет) танымдары екенін білді. Жалпы М.Мырзахметұлы зерттеу - лерінен кейін Абай шығармаларындағы саны 180-дей ұғымдар мен терминдердің астары ашылып, ғылыми айналымға түсті. М.Мырзахметұлының зерттеулері бізге тағы мынаны айтты. Сонау әл-Фараби заманынан бері исламдық ізгілік филосо - фиясының ең пісіп-жетілген жері түркілер мекені екен. Әл-Фараби бабамыз "Ізгі қала тұрғындары туралы" трактатын жазып (батыстың социал-утопистерінен бірнеше ғасыр бұрын), ізгі қоғамның үлгісін берсе, Жүсіп Баласағұн бабамыз "Құтты білігінде" әділетті, ізгі ел билеушісінің көркем бейнесін жасапты, ал Қожа Ахмет Ясауи бабамыз Хал ілімі арқылы адам жанына тереңдеп бойлапты. Абайдың толық адам туралы ілімі солардың заңды жалғасы екен. Жалғасы болғанда, Абай жасаған үлгінің әркім-ақ сондай болсам екен деп ұмтылып, ұстануға болатын практикалық мәні зор екен. М.Мырзахметұлы еңбектерінің актуаль - ды - лығы, оның халқымызға қажеттігі қазір өте-мөте көрініп тұр. Өйткені, бүгінде біздің қоғамымызда түрлі діни ағымдар ойқастап жүр. Олардың бұлайша басынуының басты себебі - біздің дінді, сонымен бірге ұлттық тамырымызды әлсіретіп алғанымыздан. Оның үстіне отарлық идеология қазаққа ғасырлар бойы жақсыны жаттан іздеу психологиясын сіңіріп қойған. Одан бұқара халық түгілі, зиялыларымыздың өзі арыла алмай келе жатыр. Әйтпесе, өзгелер қызыға қарайтын бабаларымыздың, оның ішінде Абайдың толық адам туралы ілімдері исі түрік халықтары моральдік кодексінің іргетасы бола алатынын М.Мырзахметұлы жазып жүргелі қашан. Ғалым әнебір жылдары энтузиаст жас ғалымдардың басын қосып, ата-бабамыздың ойма (сына) жазуы негізінде қазіргі түрік халықтарының ортақ жазуын жасауға да әрекет етіпті. Өкінішке қарай, бір қаладан екінші қалаға көше берудің кесірі оған жұмысын аяқтауға мүмкіндік бермеген. Есесіне Мекең бірсыпыра жас ғалымдар - дың күшін жұмылдырып, тұңғыш рет түрік халықтары әдебиетінің оқулығын, хрес - томатиясын, бағдарламасын, әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштерін кешенді түрде жасап шығарды. Оған басшылық жасап қана отырмай, негізгі тарауларын өзі жазды. Жұмыс халықаралық қазақ-түрік универси - тетінің Тараз институында жүзеге асырылды. Бір кезде бөлшектеп билеу саясатымен жазулары күштеп өзгертіліп, бір-бірінен алшақтап кеткен түбі бір түркі халықтарын жақындастырудың осындай үш амалын егемендіктің елең-алаңынан бері қарастырып келе жатқан ғалымның хам-қаракетінің текке еместігін Елбасымыздың Орталық Азия мемлекеттерінің жаңа сипаттағы одағын құру туралы идеясы көрсетті. Сөйтіп, М.Мыр - захметұлы осы еңбектерімен өз халқының ділін, дінін, тілін нығайтып, өз мемлекеті - Қазақстанның іргетасын бекемдей түсуге орасан үлес қосып келеді. Сонымен қатар ғалым бұрындары жасал - ған қазақ әдебиеті тарихын қайта жазу керек деп есептейді. Өзі соған мұрындық болу мақсатымен қазақ әдебиетінің тарихын тәуелсіздік тұрғысынан қайта дәуірлеп шықты. Ол қазақ әдебиетінің бастауы Алып Ер Тоңа туралы жырда жатыр деп тұжырымдайды. Мұны бұдан 2700 жыл бұрын өмір сүрген Тұран билеушісі Алып Ер Тоңа туралы Махмуд Қашқари сөздігінде берілген жыр жолдары мен Дулат, Абай өлеңдерінің көне түркілік "көг" ұйқас үлгісімен жазылғандығы арқылы дәлелдейді. Ал оның шәкірттері сол дәуірлердің бірсыпырасының тарихын жазып беруге кірісіп те кетті. Бір қызығы, олардың біразы жұмыстарын М.Мырзахметұлының кеңесшілігімен филология ғылымы бойын - ша жалғастыруға келісім берген тарихшы - лар. Мәселен, Қытайда туып-өскен Әлімғазы Дәулетхан Шығыс Түркістан (Қытай) қазақтары әдебиетін, Ираннан келген Ислам Жеменей М.Хайдар Дулаттың әдеби мұраларын, Түркияда ұзақ жыл оқыған философия докторы Дархан Қыдырәлі түрік халықтары әдебиетіндегі жадидизмнің бейнеленуін, тағы бір шәкірті Саттар Өмірзақ Қоқан хандығы тұсындағы қазақ әдебиетін докторлық жұмыстарына арқау етіп алды. Ал, Мақсат Әліпхан Жүсіп Баласағұнның "Құтты білігіндегі" ізгілік мұраттардың Абайдың толық адам туралы идеяларына ұласуын, Имамғазы Нұрах - метұлы сақтардан Абылай хан кезеңіне дейінгі қазақ әдебиетін дәуірлеуді канди - даттық жұмыстарының негізі етті. Рас, әзірге ғалымның ойлағанының бәрі іске асып жатқан жоқ. Дулаттану ғы - лы - ми-зерттеу орталығын құрып, қазақтың тұңғыш тарихшысы еңбектерінің сөздігін, одан әрі энциклопедиясын жасап, ғылымға күңгірттеу бір дәуірді ашып беру жөніндегі ұсыныстары Білім және ғылым министр - лігі тарапынан қолдау таппады. Ол аз десеңіз, М.Х.Дулати бабамыздың есімін еншілеген университеттің өзі қаржылан - дыруды тоқтатып тастады. Бұдан кейін ғалым Жамбыл облысына Серік Үмбетов әкім болып тұрған тұста "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталы - ғын ашты. Баукеңнен орасан зор эпис - то - лярлық архив қалған. Қазір оның бәрі жи - настырылып, іріктелуде. Баукең шығарма - ларының кезінде цензура өткізбей қойған жолдары қалпына келтірілуде, бұрын-соңды жазылған еңбектері тү - ген - делуде. Орталық Баукеңнің 100 жыл - ды - ғына дейін 30 томдық шығармалар жина - ғын және энциклопедиясын әзірлемек. М.Мырзахметұлының ғылыми еңбек - термен қатар оның қоғамдық белсенділігін де айтқанымыз жөн. Ол сонау 1980 жылдардың ортасынан-ақ Қазақстанның азаттығын алып, іргета - сын бекітуге ұлтты бағыттаған қыруар мақа - ла жазғаны өз алдына, сол сексенінші жылдардың аяғында "Қазақ қалай орыс - тандырылды?" атты монографиясын шы - ғар - ған. Ономастика, топономика, қазақ тілі - нің халі, қазақтардың тағдыры, фа - ми - лиясы, шоқындырылуы тағы басқа толып жатқан тақырыптарға да қалам тербеді. Оларды егемендікпен бірге өріп шыққан жаңа басылымдар жарыса жариялап, жатты. М.Мырзахметұлы мақалаларының санаға қона кететіндігінің сыры - үнемі нақты, тың деректер ұсынып отыратын - ды - ғында. Ол өмірінің көп бөлігін архив ақ - тарумен өткізген ғалым. Сол әдетінен күні бүгінге дейін тайған емес. Достарының және шығыс тілдерін жетік білетін шәкірт - терінің көмегімен Таразда отырып-ақ Ресей, Қытай, Өзбекстан архивтерінен, парсы тіліндегі тарихи әдебиеттерден қазақ - қа, одан әрі түрік әлеміне қатысты дерек - терді алдырып, қазақшаға аударып бастыруда. Мұның алғашқысы М.Хайдар Дулаттың "Тарих-и Рашидиі" мен парсы деректері бойынша жазылған "Көне Тараз" кітабы болды. Кезек күтіп жатқан - дарының ішінен әсіресе, Шайх Құдайдат Таразидің (XІV-XV ғ.ғ.) кіта - бын айрықша атап өтпеске болмайды. Ғалымның айтуынша, жарыққа шыққан соң бұл еңбек әдебиет теориясының әлемде тұңғыш рет түрік топырағында туғандығын дәлелдемек. Ал оның авторы тараздық болғандығы мақтаныш сезімін тудырумен бірге жаңа зерттеулерге жетелейді. Осылай сан-салалы еңбек етіп жатқан ғалымның бір-ақ мақсаты бар. Ол - халқының ұмыт болған өз жақсысын өзіне қайтару арқылы әлемдік деңгейдегі лайықты орнына ие болуына ықпал ету. * ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ. №1 семинар. Абайдың ақындық кітапханасы - Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі. №2 семинар. Абай нәр алған үш арна. №3 семинар. Абай және Шығыс әдебиеті. №4 семинар.Абай және сопылық әдебиет. №5 семинар. Абай және орыс әдебиеті. №6 семинар. Абай және Пушкин. №7 семинар. Абай және Лермонтов. №8 семинар. Абай және оның орыс достары. №9 семинар. Абай және неміс әдебиеті. №10 семинар. Абай мен Гетенің рухани байланысы. №11 семинар. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт) №12 семинар. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. №13 семинар. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде №14 семинар. Абай және Алаш әдебиеті. №15 семинар. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде. * МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ОМӨЖ МӨЖ Аудиториялық Аудиториядан тыс Абайдың ақындық кітапханасы - Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі. Абайдың ақындық кітапханасы - Абайтанудың өзекті мәселесінің бірі. Абай және ауыз әдебиеті үлгілері. Конспект. Абай нәр алған үш арна. Абай нәр алған үш арна. Абай оқыған шығыс шайырлары. Фердоуси, Хожа Хафиз, Науаи, Низами, Сағди т.б. ауызша әңгімелеу. Абай және Шығыс әдебиеті. Абай және Шығыс әдебиеті. Абай және назирагөйлік дәстүр.<<Назира>> ұғымына конспект жасау. Абай және сопылық әдебиет. Абай және сопылық әдебиет. Абай және Дауани Ғұламаһи. Конспект. Абай және орыс әдебиеті. Абай және орыс әдебиеті. Семей кітапханасын зерттеуші орыс ғалымдары. Баяндама. Абай және Пушкин. Абай және Пушкин. Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармаларын оқып, талдау. Абай және Лермонтов. Абай және Лермонтов. Абай шығармашылығына әсер еткен үш арна. Эссе жазу. Абай және оның орыс достары. Абай және оның орыс достары. Абай және оның орыс достары. Естеліктер жинау. Абай және неміс әдебиеті. Абай және неміс әдебиеті. Абай және неміс әдебиеті. Зерттеу еңбектерімен жұмыс. Абай мен Гетенің рухани байланысы. Абай мен Гетенің рухани байланысы. Абай мен Гете. Реферат. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт) Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт) Абай - философ. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері (Спенсер, Спиноза, Декарт). Баяндама. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде. Абай және Алаш әдебиеті. Абай және Ә.Бөкейханов. Ауызша. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде. Абай кітапханасы бүгінгі ғалымдар зерттеулерінде. Абай кітапханасы: өткені мен бүгіні. Эссе жазу. * ӘДЕБИЕТТЕР: 4.1 Негізгі әдебиеттер: 4.1.1 Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. Семей, 2010 4.1.2 Ербай Т.М. Абай шығармашылығындағы Бұқар, Дулат, Шортанбай дәстүрі: филолог. ғылымд. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис. автореф. - Алматы, 2009.- 30 б. 4.1.3 Жұртбай Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б. 4.1.4 Мырзахметұлы М. Абай және шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 208 б. 4.1.5 Мырзахметұлы М. Абайтану. 2-кітап. Абайдан туған тұлғалар.- Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 525б. 4.1.6 Мырзахметұлы М. Абайтану. 1-кітап. Абайтану тарихы -Астана: Деловой мир Астана, 2010.- 554б. 4.1.7 Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы: Көп томдық. Т.1. Зерттеулер, мақалалар.- Алматы: Алаш, 2005.- 351б
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz