Файл қосу
Халықаралық экономикалық ұйымдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МСЖ құжат 3 деңгейлі ОӘК ПОӘК 042-18.2.1.021/02-2014 <<Әлемдік экономика >> пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Баспа №1,11.09.2014 <<Әлемдік экономика >> пәнінен 5В011500 - <<Экономика және құқық негіздері>> мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз <<Әлемдік экономика>> пәнінің мақсаты - қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктерін, заңдылықтарың, даму мәселелерін, әлемдік экономиканы әлем елдерінің ұлттық экономикасын біріктіруші ретіндегі ерекше экономикалық жүйе және оның құрылмы туралы негізгі білімдерді береді. Бұл білімдер шаруашылық үдерістердің жаһандануы, елдердің басым бөлігінің экономикалары әлемдік шаруашылық үдерістерге тартыла отырып, олардың бір-бірінен тәуелділігінің артуы жағдайында және олар осы үдерістерде орын алып жатқан өзгерістерге өте сезімтал болып келуіне байланысты айрықша өзектілікке ие болады. 1.ҚҰРАСТЫРДЫ __________ <<__29__ >>_08__ 2014 ж., Жұмашбекова Самал Қабдрахмановна, аға оқытушы, <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасының отырысында. <<__29__ >>__08____ 2014 ж. №_1___Хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ Г. А.Орынбекова 2.2. Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында. <<__09__ >>____09____ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘБ төрағасы____________________ С. Х.Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<__11___ >>__09_ 2014 ж. № _1_ Хаттама ОӘК төрағасы _________________ Г.К.Искакова Мазмұны * Жалпы мағлұматтар * Пәннің мазмұны және сабақ бойынша сағаттардың бөлінуі * Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар * Курс саясаты * Білімді бағалау саясаты * Курс форматы * Әдебиеттер 1.Жалпы мағлұматтар * Оқытушының аты-жөні - Жұмашбекова С.Қ.аға оқытушы, экономикалық ғылымдар магистрі * Кафедра- Менеджмент және маркетинг; * Байланыс ақпараты - тел: 53-02-29, № 8 оқу корпусы, №306 кабинет; * Сабақты жүргізу орны - сабақ кестесі бойынша * Пәнаты - <<Әлемдік экономика>> * Кредит саны- 3 * Оқу жоспарынан көшірме (кесте 1) Оқу жоспарынан көшірме 5В011500 - <<Экономика және құқық негіздері>>мамандықтары үшін Кесте 1 Курс Семестр Кредит Дәріс Семинар ОСӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі 3 6 3 30 15 22,5 67,5 135 Емтихан 1.1. Пәннің қысқаша мазмұны <<Әлемдік экономика>> туралы білімдер шаруашылық үдерістердің жаһандануы, елдердің басым бөлігінің экономикалары әлемдік шаруашылық үдерістерге тартыла отырып, олардың бір-бірінен тәуелділігінің артуы жағдайында және олар осы үдерістерде орын алып жатқан өзгерістерге өте сезімтал болып келуіне байланысты айрықша өзектілікке ие болады. Сол сияқты осы пәнде әлемдік экономикада халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдар, интеграциялық топтастықтар мен трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі айқындалады. 1.2. Курстың мақсаты: Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді әлемдік экономика механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың әлемдік экономикадағы ұлттық экономиканың ролін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің әлемдік экономиканы зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру. 1.3. Курстың міндеті: <<Әлемдік экономика>> пәнінің міндеті - қазіргі кездегі әлемдік шаруашылықтың ерекшеліктерін, заңдылықтарың, даму мәселелерін, әлемдік экономиканы әлем елдерінің ұлттық экономикасын біріктіруші ретіндегі ерекше экономикалық жүйе және оның құрылмы туралы негізгі білімдерді береді. 1.4. Пәндіоқубарысында студент: әлемдік шаруашылықтың іс-әрекет етуінің принциптерін, қазіргі заманғы мәселелері мен даму тенденцияларын; әлем елдерінің қазіргі кездегі жіктелуін және олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің көрсеткіштерін; елдердің арасындығы экономикалық қатынастарының формаларын, олардың ұлттық экономиканың дамуына тигізетін әсерін; ХЭҚ-ды мемлекеттік реттеудің мақсаттарын және әдістерін; қазіргі кездегі әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың, елдердің интеграциялық топтарының және халықаралық экономикалық және валюта-қаржы ұйымдарының қызметтері мен рөлін білу міндет. Алған білімдерің басқа кәсіби пәндерді оқуда және өзінің болашақ тәжрибесінде елдердің арасындағы халықаралық байланыстарды ұйымдастыру мен басқару қызметінде қолдануын білу керек. 1.5. Курстың пререквизиттері. * Экономикалық теория * Экономикалық ілімдер тарихы * Микроэкономика * Макроэкономика 1.6. Курстың постреквизиттары: * Мемлекеттік сектордағы менеджмент 2.Пән мазмұны және сабақ түрі бойынша сағаттардың бөлінуі Кесте 1 - Сабақтардың сағат бойынша бөлінуі № Тақырыптың атауы Сағаттар саны Әдебиеттер 1 2 3 4 5 6 7 Модуль 1. Дәріс Сараман дық ОСӨЖ СӨЖ 1. Әлемдік экономика мәні, құрылымы және ерекшеліктері 2 1 1,5 4,5 1.Нурпеисова А.К., Сабитова С.Н. Халықаралық экономика және халықаралық коммерциялық іс. - Алматы: LEM, 2012.-184 б. 2.Кочергина Т.Е. Мировая экономика: учебник. - Ростов н/Д: Феникс, 2009.-267 с. 3.А. Б. Азаматова, Г. Ж. Бақтыбаева; Халықаралық қатынастар теориясы: оқу құралы / Т.Рысқұлов атынд. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2011. - 116 б. 5.Төреғожина М . Қазақстан және ДСҰ: ынтымақтастық жасасу проблемалары: оқу құралы / - Алматы : Экономика баспасы, 2010. - 153 б 2. Әлемдік экономика және ХЭҚ-дың дамуының негізгі кезеңдері мен қазіргі тенденциялары 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 3. Әлем елдерінің жіктелуі (типологиясы) 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. Модуль 2. 4. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі ұлттық экономика 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 5. Халықаралық сауда: ХЭҚ жүйесіндегі рөлі, құрылымы мен дамуы 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 6. Халықаралық сауданың теориялары 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 7. Саудасаясатыжәнеоныңқұралдары 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. Модуль 3. 8. Капиталдың халықаралық қозғалысы 2 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 9 Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 10 Əлемнің интеграциялық бірлестіктері 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 11 Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) жəне оның ƏЭ мен ХЭҚ-ғы рөлі 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. Модуль 4. 12 Халықаралық валюталық қатынастар 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 13 Əлемдік қаржы нарықтары: құрылымы жəне негізгі қатысушылары 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 14 Халықаралық экономикалық ұйымдар 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. 15 Әлемдік экономиканың ғаламдық мәселелері 2 1 1,5 4,5 7.1.1., 7.1.2., 7.1.3. Барлығы 30 15 22,5 67,5 3. <<ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА >> ПӘНІН ОҚУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР Әлемдік экономика пәнін оқу барысында пәннің логикасы мен құрылымын жетекшілік ету керек. Мысалы, өндіріс факторлары нарығын алдымен нарық, бәсеке, сұраныс және ұсыныс тақырыптарын игермей оқу күрделірек болады. Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған экономиканы мемлекеттік реттеу пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет. Әлемдік экономикапәні бойынша оқулықтар жыл сайын қайта өңделіп басылады, сондықтан оларды неғұрлым жақсы, табысты деп бөліп қарауға болмайды. Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады. Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу үдерісін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу үдерісінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн. Курстың барысы: 15 тақырып <<Әлемдік экономика>> курсының барлық тақырыбын жинақтап, қамтиды. Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін 45 дәрісханалық сағат, оның ішінде 30 дәріске арналған сағаттар, 15 практикалық-сарамандық сағаттар қарастырылған. Дәрісханалық дәріс курсы студенттердің білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады. Дәрістер - оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру. Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде студенттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.. Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум - негізгі жағдайларды).Олар түбегейлі сұрақтар мен түсініктердің байланысын игеруге, теориялық сұрақтардың жауаптарын табу жолына, жаттығуларды орындауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға негізгі мәселені айқындауға маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға көмек болады. Сонымен қатар дәрістерде экономикалық ғылым мен іс-тәжірибенің мәселелері, Қазақстан Республикасы және басқа да әлемдік кеңістіктегі елдерге байланысты нақтылы статистикалық мәліметтер беріледі. Сондай-ақ дәрісті жазу студенттерге семинар сабағына дайындалуға уақытын үнемдеуге, аз уақыт ішінде күрделі сұрақтарды игеруге мүмкіндіктер туғызады. Студенттің практикалық сабаққа белсенді қатысуы есептер мен тестік жаттығуларды шешуге, графиктерді құруға, экономикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды орындауға, пікір-сайыстарға қатысуға және экономикалық тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Практикалық және зертханалық сабақтар - оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл сутденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді. Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, магистранттардың өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.. Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студенттерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане және т.б. Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек: - Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі; * Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды. * Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді. * Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеер * ді көрсету қажет. Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі. 2.1 ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау: <<Әлемдік экономика>> пәнін оқу кезінде әрбір студент ОСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі - эссе болып табылады. Эссе берілген тақырыпқа <<прозалық этюд>> түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін магистранттан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, қаржылық нарық пен қаржылық жүйенің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі. Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс. Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі. Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді. Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды. Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек.. Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады. Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер , таблицалар) 2.2. СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: <<Әлемдік экономика>> пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді. Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды. Рефератқысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады. Power point арқылы презентация дайындау ережелері Стандартты слайд бір жолда 40 белгіден артық болмауы қажет. Ең кіші шрифтің өлшемі - 28-30-ші. Слайд 10 жолдан артық болмауы қажет. Ең кем дегенде жол арасында бір стандартты бос орын жасау керек. Өте қиын мәтіндерден алшақ болу керек. Тек басты сөздерді, нақты сөйлемдерді қолданыңыз. Өте күрделі немесе көп бөлшекті мәлімет материалды түсінуде қиындатады. Бір слайдқа барлық мәліметті сыйдыруға тырыспаңыз. Егер тыңдаушылар не туралы айтылып жатқанын түсінбесе, олардың көңілі мен қызығушылықтары айтарлықтай төмендейді. Слайдта санға толы көп кестелер көрсеткеннен аулақ болу керек, әр процестің (құбылыстың) түрлі енденцияларды, даму жолын көрсету қолайлы болады. Кестелер құрылымына қарай нақты және түсінікті болуы керек. Фото және суреттер ұсынылған мәліметтерді қызықты етеді және тыңдаушылардың көңілін аударып, жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Баяндаманы ұсынғандағы ең қарапайым мәселе - материалды аяқтай алмай уақыттың бітіпкетуі. Слайдтың көлемі докладтың уақытымен сай келуі керек. Көп көлемде слайд дайындау талап етілмейді, себебі баяндаманың уақыты өтіп кетуі мүмкін, сіз дайындаған слайдты көрсетіп аяқтағанша. Оны болдырмау үшін, баяндаманы басты жерлерін анықтап алыңыз, егер сізде бос уақыт бар болса, ол туралы қосымша анықтап айтыңыз. Слайдта көрсетілген мәтінді баяндама ретінде тікелей оқымау талап етіледі. Баяндаманы қорғағанда өзіңіздің тыңдаушыларға қарау керек, бұл сіздің сөзіңізді әсерлей түседі. Кредиттік жүйемен оқитын студенттерге қойылатын талаптар: * Сабақтан кешікпеу; * Сабақ үстінде сөйлемеу және ұялы телефонды өшіріп қою; * Сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда тиісті анықтама қағазын әкелу; * Жіберілген сабақтарды оқытушының бос уақытында өтеу; * Оқу үдерісіне белсенді қатысу; * Берілген тапсырмаларды уақытында орындау; * Оқытушы және курстастармен жақсы қарым-қатынаста болу қажет. 2.3.Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің зерттеу жұмыстарын орындау Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Рефераттар және курстық жұмыстарды жазу студенттердің <<Әлемдік экономика>> пәнін оқу процесінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді. Рефераттар және курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет. Рефераттар және курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы немесе атқарып жүрген жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады. Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар : * Зерттеу жұмысы өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады. * Зерттеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады. * Кіріспеде (көлемі - 1 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-5-7 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) - нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі - 1 бет) - зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды. * Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (12 шрифт, жол арасы 1) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 15-20 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады. * Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: <<............>> (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрыен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды. * Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін. * Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады. * Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 5 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу аяқталғанға 15 күн қалғанға дейін тапсырылады. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді. * Әрбір тыңдаушы зертеу жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі. * Зерттеу жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс: + Сыртқы беті + мазмұны + кіріспе + 1 бөлім + 2 бөлім + 3 бөлім + қортынды + қолданылған әдебиеттер тізімі қосымшалар 4. Курс форматы Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, практикалық сабақтар, студенттің оқытушымен өздік жұмысы. Мұнда оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды. Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, онда кафедрада бекітілген қосымша сабақтың графигі бойынша қосымша сабаққа қатысады. 5. Курс саясаты Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайта тапсыру қарастырылмаған. Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес. Егерсуденттер қандай да бір мәселені ұқпаса, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады. Студенттердің Шәкәрім атындағы МУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар. Тәртіп : Сабақ уақытында тәртіпті жүйелі бұзған студентті аудиториядан шығару немесе пәннің курсына <<қанағаттанарлықсыз>> баға қоюмен қатар басқа шаралармен жазаланады. Байланыс құралдарын пайдалануға болмайды. Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы сабаққа қатысу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау, практикалық сабақтағы студенттің жазбаша және ауызша жауаптарын, сонымен қатар межелік бақылау нәтижесін ескеру арқылы қойылады. Көшіру және плагиат: Кез келген көшіру немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіру, қолдану) <<қанағаттанарлықсыз>> бағамен бағаланады. Емтихан: Қорытынды емтиханға жіберілген барлық студенттер емтиханды дәстүрлі түрде тапсырады. Әрбір билетте оқылған курстың бөлімдері бойынша сұрақтар болады. 6.БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Кесте2- Студенттердің білімін бағалау шкаласы Әріппенкөрсету Баға Балл % бойынша А А- Үздік Өтежақсы 4,00 3,67 95-100 90-94 В+ В В- Жақсы Жақсы Жақсы 3,33 3,00 2,67 85-89 80-84 75-79 С+ С С- Д+ Д Қанағаттанарлық Қанағаттанарлық Қанағаттанарлық Өту баллы Төменгіөту баллы 2,33 2,00 1,67 1,33 1,00 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 F Қанағаттанарлықсыз 0,00 0-49 I Бітірмеген NA W Шығарылған NA AW Әкімшіліктішығарылған NA P Өтті(тек финальды тест үшін) NA 0 Кесте 4 № Сабақ түрі және студент жұмысы % Баллдар 1 Сабаққа қатысу 10 60 2 Практикалық сабақтарға жауаптар 33 200 3 СӨЖ 37 220 4 Межелік бақылау №1 10 60 5 Межелік бақылау №2 10 60 Жиыны 100 600 Кесте 5 Бақылау түрлері және апта бойынша баллдарды бөлу Пән бойынша балдарды бөлу Апта Бақылау түрлері Барлық балл Ескерту 1 2 3 4 1 Дәріс сабағына қатысуы 4 2 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 20 Реферат 3 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 баяндама 4 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Топтық жоба 5 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 6 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Реферат 7 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ Межелік бақылау 60 Кесте бойынша 8 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 презентация 9 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 10 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Баяндама 11 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 12 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 30 Реферат 13 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 14 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 20 Жеке жобалар 15 Дәріс сабағына қатысуы 4 Практикалық сабақ СӨЖ Межелік бақылау 60 Кесте бойынша Емтихан 400 Кесте бойынша Барлығы: 1000 Дәріс сабағына қатысуы 60 Сабаққа қатысу Практикалық сабақ 200 Дәріс тақырыбына жауап беру СӨЖ 220 Эссе, жағдайлық тапсырмалар, баяндамалар Межелік бақылау 120 Жазбаша Емтихан 400 Жазбаша Әрбір дәріс сабағына қатысқаны үшін 4 баллдан қойылады. Жалпы дәріске қатысқаны үшін 15 аптаға 60 балл берілген. Практикалық сабақтарға жауап бергендері үшін 10-20 балл аралығында қойылды. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы (СОӨЖ) мұнда лектор әрбір дәріс сабағынан кейін студенттерге дәріс тақырыбы бойынша тапсырма береді. Ол кейс тапсырма түрінде өтеді. Сол тапсырмаларға 10-15 балл аралығында қойылады. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) мұнда оқытушы студенттерге кейс тапсырмалар, жағдайлық тапсырмалар береді. СӨЖ 10-30 балл аралығында беріледі. 7аптада және 15 аптада Межелік бақылау жүргізіледі. Ол жазбаша түрінде өтеді, оған 60 баллдан беріледі. Емтиханға 400 балл берілген. Жалпы студент бір семестр бойынша 1000 балл жинау керек. Берілген тапсырмаларға студент уақытында, дұрыс жауап беру қажет. Кестеге сәйкес әрбір студент пән бойынша ең жоғарғы 600 балл жинай алады. Емтиханға 50 пайыз жинаған студент қана жіберіледі. Пән бойынша емтихандық бағалау үлгерім көрсеткіштері бойынша межелік бақылау (60%) және қорытынды аттестатция, емтихан (40%), бұлардың барлығы 100%-ті құрайды. Яғни: (Р1+Рөт+Р2)*0,6+Е*0,4 мұндағы Р1-бірінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны Р2-екінші межелік бақылаудың % бойынша жиыны; Рөт-өтеу уақытындағы алған % бойынша қосымша баллы; Е- % бойынша емтиханның баллы. 7.ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер * Нурпеисова А.К., Сабитова С.Н. Халықаралық экономика және халықаралық коммерциялық іс. - Алматы: LEM, 2012.-184 б. * Кочергина Т.Е. Мировая экономика: учебник. - Ростов н/Д: Феникс, 2009.-267 с. * А. Б. Азаматова, Г. Ж. Бақтыбаева; Халықаралық қатынастар теориясы: оқу құралы / Т.Рысқұлов атынд. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары. - Алматы: Экономика баспасы, 2011. - 116 б. * Төреғожина М . Қазақстан және ДСҰ: ынтымақтастық жасасу проблемалары: оқу құралы / М. Б. Төреғожина. - Алматы : Экономика баспасы, 2010. - 153 б * Ж. Бекболатұлы, А. Сандыбай, Е. Әзімшайық . Ел брендингі: оқу құралы / Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 101 б. * Н. Ә. Назарбаев. Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі / - Алматы: Жібек жолы, 2012. - 188 б. * Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы = Декларация двадцатилетия государственной незавсимости Республики Казахстан. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. - 176 б. * Ә.Ә. Әбішев. Ұлттық экономика. Оқулық. / А.В. Сидоровичтің, Ә.Ә. Әбішевтің жалпы ред.мен. - Алматы: Экономика, 2010.-528 б. Қосымша әдебиеттер * Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. - Оқу құралы. Алматы, 2009 * Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика. - Оқу құралы, 2000 * Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. - Оқу құралы. Алматы, 2003 * Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. - Оқу құралы. Алматы, 2009 * Нәдіров М.Н., Қалыбекова Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары: Оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2006. - 240 бет. * Камали Қ.М. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2005. - 103 бет. * Мамашарипова Г.А. Қазақстан-БҰҰ ДБ:он жылдық ынтымақтастығы //Хабаршы: Халықаралық қатынастар және халық. құқық сериясы. - 2006, №4-6. б. 71-74. * А.Б.Шошанова Влияние миграционных процессов на занятостьнаселения в РК //Аль-Пари №2,2009г * М.Рыспекова Анализ основных внутренних индикаторов социально-экономического развития экономики, обеспечивающие экономическуюбезопасность Казахстана (Каржи-Каражат) // Аль-Пари №1-2010 г
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz