Файл қосу
Азықтың химиялық құрамы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-22.7/03-2013 ПОӘК <<Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру>> пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиындығы № басылым АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080200 <<Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы>> мамандығына арналған ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР Семей 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық (семинар) және зертханалық сабақтар 5. Курстық жұмыс (жоба) 4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары 2 ДӘРІСТЕР № 1 дәрістің тақырыбы: КІРІСПЕ. ПӘНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. Дәріс жоспары: Азықтың химиялық құрамы. Пәнің басқа пәндермен байланысы. Адамзат тіршілігінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бұл әрдайым күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оны шешу үшін әрбір елде мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады. Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты. Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады. Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады. Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді. Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілген кальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды. Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады. Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикі-затты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады. Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді. Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі. Бақылау сұрақтары: 1. Оттегінің өмірге қажеттілігін анықтаған ғылым? 2. Арганизмдегі ақ заттың түрлері қаншама? 3. Құрғақ заттарды қалай ажыратады? 4. Тірі организм құамына кіретін элементтер? 5. Микро және макро элементерге не жатады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 2 дәрістің тақырыбы: АЗЫҚТАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ Дәріс жоспары. Азықтардың қорытылуы туралы ұғым Зерттеу әдістері және факторлары. Азық қорытылуы. Жемшөптін қоректік заттарын пайдаланып, өз қажетіне жұмсау үшін жануарлар алдымен оны жеп, қоректік заттарды қорытып, сіңірілген бөлігін зат алмасу барысында тіршілік мұқтажына пайдалынады. Мал азығының желінуі. Химиялық құрамы қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін ол міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол организмде энергияға, қажетті өнімге айналады. Азықтың өнімділік қуатының 70 проценті желінуіне, қалған 30 проценті қорытылуына байланысты. Азықтың желінуі мен қорытылуы да тығыз байланысты. Клетчатканың көп болып, аумағын ұлғайтуы, қорытылуын төмендетіп, желінуін шектейді. Өйткені аумақты ірі азықтың ас қорыту жолдарынан өтуі баяулап, қорытылу мерзімі ұзарады. Соған байланысты қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастар астық тұқымдастардан гөрі көбірек желінеді. Күйісті мал пішенге қарағанда құрғақ заты бойынша есептегенде сүрлемді 20 проценттей кем жейді. Түрлі дәмді қосындылар сірне, ашытқы және басқалары тәбетті ашып, азықтың желінуін жоғарлатады. Азық қоректік заттарының қорытылуы. Желінген жемшөп ауыз қуысы арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорытылу барысында түрлі механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, аш ішек түгі арқылы қанға сіңірледі. Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректі заттар нәжіс құрамында тік ішек арқылы сыртқа шығарылады. Бұл - қорытылмаған қалдықтар. Сондықтан желінген қоректік заттар неғұрлым жақсы қорытылып, сіңірілсе, соғұрлым жануар организміне тигізер пайдасы көп, соғұрлым ондағы байланған энергия мен жиналған қосындылар организм қажетіне толығырақ пайдаланылады. Қорытылу ауыз қуысынан басталады. Онда түскен азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (амилаза) минералды заттар оның құрамына еніп,әсер ететін қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) фементтерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктелген азыұ жыны (хамус) он екі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен бауыр өтімен араласады. Өттегі қосындылар азық майларына әсер етіп, ішек сөлінің ферменттеріне (липаза) қолайлы жағдайлар туғызады. Азықтағы қоректік заттар ыдырауы ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жалғасады. Сөйтіп жай қосындыларға дейін (протейндер-амин қышқылдарына, майлар-май қышқылдары-глицеринге, көмірсулар, моноканттарға) ыдыратылған қоректік заттар аш ішек түгі арқылы сіңіріліп, қан мен лимфа құрамына енеді. Тоқ шекте жын (химус) құрамынан артық су сіңірліп, нәжіс қалыптасады. Шошқаның ас қорытылуы. Шошқа - бір қарынды көп азық түрлерін жей беретін жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас, орташа алғанда қарын аумағы 8 л, яғни ас қорыту жолының шамамен 30,0 процентіндей, аш ішегінің ұзындығы 15-25 м, аумағы 9-10 л, яғни 33,0 процентіндей, ұзындығы 20-35 см соқыр ішегінің аумағы 1,5 л, яғни 5,0 процетіндей, тоқ және тік ішегінің ұзындығы 5-6 м, аумағы 8-9 л, яғни 32,0 процентіндей. Жалпы ішек-қарын ұзындығы 20-30 м, аумағы 30 литрдей болады. Азықтың қорытылуы, тек шайнаған кезде ғана бөлінетін сілекей ферменттерімен, ауыз қуысынан басталады. Азық түріне, ылғалдылығына, берілу жиілігіне байланысты тәулігіне 10-15 л, сілекей бөлінеді. Амилаза ферментімен қатар, шошқа сілекейінің құрамында көптеген минералдық (натрий, калий, магний, фосфаттар, карбонаттар, сульфаттар) және органикалық (ақзат муцин аминқышқылдары) қосындылар болады. Сілекей реакциясы сілтілі. Шайналып, сілекеймен ылғалданған азық қарынға түседі. Қарын құрылысы жай, бір бөліктен тұрады. Оған енген азық өңештен он екі елі ішекке өткенше араласпай, бірқалыпты жылжып отырады. Қарының үш бөлігінде өңделіп қорытылады. Олар өзара ішкі кілегейлі қабатының құрлысы арқылы ерекшеленеді. Өңештің қарымен жалғасқан жеріндегі кілегей қабығы тері тәріздес болып келеді. Қарының сыртқы шеңберімен оған бездері бар кардиналды бөлімі жалғасады. Бақылау сұрақтары: 1. Майларды ыдырататын ішек сөлінің ферменті? 2. Ауыз қуысында қандай заттар ыдырай бастайды? 3. Ағзадағы қоректік заттар қай жерде сіңіріледі? 4. Сілекей реакциясы қандай ортаға жатады? 5. Он екі елі ішектегі азық қайда барады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 3 дәрістің тақырыбы: АЗЫҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ Дәріс жоспары. Азықтардың құнарлығы туралы ұғым және анықтау жолдары. О. Кельнер, советтік және энергия әдістері. Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады. Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді. Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды. О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды. 248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады. Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады. Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16,67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52,54 процент және майдағы 76,50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді. Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9,5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан. 100 г қорытылатын ақзаттікі 23,5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47,4-59,8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18,8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады. О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алған. Олардың ең бастылары қоректілікті анықтау тек өгіздермен және санаулы ғана азық түрімен 18 жылда 16 азықпен 100 тәжірибе қойылған нақтылы жүргізілген қалған азықтар қоректілігі есептен шығарылған. Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді. Басқа өнім сүт, жүн, төл беретін малдар үшін азықтың май байлаушылығы қоректілігін бағалаудын негізгі көрсеткіші бола алмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Сұлы азық өлшем бірлігі қай жылы бекітілді? 2. Кельнердің қандай азық өлшем бірлігі қолданылады? 3. 1г ақ затта қанша калори болады? 4. Жануар организміндегі колория заңын ашқан ғылым ? 5. Келбнердің крахмалдық теңдеулері қаншама азық түрлерімен жүргізілген? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 4 дәрістің тақырыбы: АЗЫҚТАРДЫҢ ВИТАМИНДІ,МИНЕРАЛДЫ ЖӘНЕ ПРОТЕИНДІ ҚҰНАРЛЫҒЫ, МАЛДАРҒА ӘСЕР ЕТУІ. Дәріс жоспары. Азықтардың витаминді, минералды және протеинді құнарлығы. Азықтардың малдарға әсер етуі. Азық құрамындағы 70 - тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет. Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады. Протеиндер. Шикі протеин - жемшөптегі барлық азотты қосындыларды біріктіретін ең маңызды қоректік зат. Жануарлар организмінің құрғақ затының жалпы алғанда 45 проценті, ал кейбір мүшелерінің 85 проценті ақзаттан тұрады. Өсімдіктердегі ақзат көлемі біршама төмен. Тек бұршақ тұқымдастарда, оның ішінде әсіресе соя дәндерінде, протеин көлемі 30 - 45 процентке жетеді. Ол өсімдіктердін дәнінде, гүлінде және жапырақтарында жиналады. Гүлденген жоңышқанын жапырағының құрғақ затында - 24 процент, піскен дәнінде - 35 процент, ал сабағында - 10 процент белок болады. Қоректік заттар ішінде протеиндердін тіршілік үшін маңызы өте зор. Протеин мал азығына үзіліссіз енбесе организм тіршілігіне қауіп төніп, тіпті тоқтауы да мүмкін. Денедегі ақзат алмасуын қамтамасыз етіп, ескіріп ыдыраған қосындылар орынын жаналармен алмастырып, өсіп келе жатқан жас организмде жаңа үстеме қосындылар құрастырып, өндірілетін өнім ақзатын түзуге жағдай туғызу үшін сыртқы ортадан қажетті мөлшерде және саплы денгейде азоттық заттар еніп түруы шарт. Минералды заттар. Минералды заттарға мал азығын жоғары температурада 500-550 С жаққанда қалатын шикі күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны макро - аз мөлшердегі элементтер деп аталады. Макроэлементтерге жататын азық күлінде көп болатын кремний шақпақ элементі инертті реакцияларға қатыспайтын тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны есепке алмайды. Макроэлементтердін төртеуі - кальций, калий, натрий және магний - алмасу барысында сілтілік қасиеттер көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік макроэлементтер деп, ал қышқылдық қасиеттер көрсететін үшеуі - фосфор, күкірт, хлор - қышқылдық макроэлементтер деп аталады. Арақатынастары бұзылған жағдайда бір элементтің мал азығында жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп, пайдаланылуы күрт төмендеп, организм зиян шегеді. Малды қоректендіру барысында жемшөп түрлерінін организмге қажетті мөлшерде ғана берілгенде пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді Витаминдер. Витаминдер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып витамин жетіспеушілік - гиповитаминоздық ауыру белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда - витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері пайда болады. Аурудын алғашқы кезеңінде барлық витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы, өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады. Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі. Витаминдерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі - биокатализаторлар ретінде ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер. Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады. Екіншісі - торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С витаминдері, холин жатады. Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі - азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзілуі В12К немесе организмдегі биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады. Бақылау сұрақтары: 1. Протейндер өсімдіктердің қай жерлерінде жинақталады? 2. Макро элементерге қандай элементтер кіреді? 3. Тірі организм құрғақ заты қанша құрғақ заттан тұрады? 4. Қышқылдық қасиет көрсететін макро элементтер? 5. Барлық азотты қосындыларды біоіктіретін қоректік зат? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 5 дәрістің тақырыбы: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫНЫҢ АЗЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ, ЖІКТЕЛУІ. Дәріс жоспары. Ауыл шаруашылық малдарының азықтары туралы ұғым. Мал азықтарының жіктелуі, бағалануы. Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді. Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері кіреді. Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық жағдайы мен құрамында қоректік заттар шоғырлану дәрежесіне сәйкес аумақты және құнарлы топқа бөлінеді. Аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 кг - нан төмен қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық өлшемімен, яғни, 7,1 мДЖ-ден аспайды. Соған қарамастан олар шаруашылық азық қорының негізін құрастырады. Өйткені бұл топқа барлық көк ірі және шырынды жемшөп кіреді. Ірі азық құрғақ затында 19 пайыздан астам клетчатка болады. Оларға барлық пішен түрлері: сабан, қырман қалдықтары жатады. Қырман қалдықтарында қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы дайындықтан өтеді. Ылғалды (шырынды) азық құрамында 40 пайыздан астам ылғал болады. Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр- түйнек жемістілер, сүрлем, пішендеме, химилық жолмен сақталған көк азықтар кіреді. Сулы азықтарға азықтарға техникалық өндіріс, атап айтқанда, крахмал, спирт және қант өндірісінің қалдықтары жатады. Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтағы көмірсутек немесе энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөлінеді. Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек, балық ұны және заводтарда түрлі азықтар қосындысынан құрастырылған құрама жемді де жатқызуға болады. Толық рационды құрама жемдер жан-жақты толықтырылған, мал мен құстың қоректік мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін түрде шығарылады. Құнарлы құрама жемдер тек қана түрлі дәндер, минералды заттардан құрастырылады. Олар жеке берілмей, малдың негізгі азықтарын толықтыратын қосымша азық ретінде қолданылады. Сондықтан оларды рациондағы негізгі азықтардың қоректілігін жоғарылату үшін пайдаланады. Ақзатты - витаминді - минералды қосындылар азотты, витаминді, минералды заттары мол арнайы дайындалған біркелкі қосындылар. Құрама жемге немесе азықтарға қосып беріледі. Премикстер - заводтарда витаминдер, микроэлементтер және басқа да биологиялық әсерлі заттардан (антибиотик, ферменттер, гармондар) жасалатын арнайы қосындылар. Жем салмағына 0,5-1,0 пайыз көлемінде қосылады. Сонымен қатар өндірісте мал азығы ретінде қолдану үшін арнайы протеиндік(карбамид) және амин қышқылдарының (азықтық ашытқы, синтетикалық және микробтық препараттар т.б.) минералдық ас тұзы, (фосфаттар т.б.) қосындылар шығарылады. Жанур тектес азықтарды 3 топқа бөлуге болады 1.Сүт және сүт өнімдері 2.ет өндірісінің қалдықтары 3. Балық зауытының қалдықтары. Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды. Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау әдістерін қолданады. Бақылау сұрақтары: 1. Табиғи азықтар тегі бойынша қалай жіктелінеді? 2. Ірі азық құрғақ затында қанша пайыздан астам клетка болады? 3. Қатаң азықтар қай типке жатады? 4. Премикстер дегеніміз не? 5. Ылғалды азық құрамын қан пайыз ылғал болады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 6 дәрістің тақырыбы: НОРМА ЖӘНЕ РАЦИОН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. Дәріс жоспары. Нормалап азықтандырудың маңызы. Рацион құрастырудың негіздері. Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем - шөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрылады. Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден аз немесе көп берілген зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да, төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі тежеледі. Ал, нормадан көп берілсе, шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық игерілмей, пайдасыз шығындалады. Азықтандыру нормалары - малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын енергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғайады. Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі. Малды азықтандыру рационы деп, белгілі нормаға негізделіп, құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады.Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады. Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс. Түрлі азықтар белгілі бір ара қатынаста есептеліп жасалуы тиіс. Осы азықтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік ара қатынасын рацион құрылымы деп атайды. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады. Ол қалыптасқан жемшөп қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық. Өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды. Бақылау сұрақтары: 1. Нормалап азқтандыру дегеніміз? 2. Мал рацион ұғымы? 3. Мал азықтандыру ұғымының негізгі мақсаты не? 4. Азықтық жалпы қоректілігі бойынша алынған процентік ара қатынасы қалай аталады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 7 дәрістің тақырыбы: СУАЛҒАН СИЫРЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ Дәріс жоспары. Суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктері. Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады. Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге, бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет. Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады. Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады. Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800- 900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс. Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін. Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс. Бақылау сұрақтары: 1. Сиырларды суалтыдың мақсаты? 2. Сиырды орташа суалту мерзімі? 3. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға қанша гр протейн қажет? 4. Сиырдың буаздық кезінде қандай жүйенің жұмысы өзгереді организменде? 5. Буаз сиыр тәулігіне қаншама салмақ қосады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 8 дәрістің тақырыбы: САУЫН СИЫРЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Сауын сиырларды азықтандыру ерекшеліктері Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиыр сүтінің құрамы өзгешеленіп, уыз түрінде пайда болады. Уызда кәдімгі сүтпен салыстырғанда ақзат, қанттар, минералды заттар, каротин және витаминдер мөлшері көп бөлініп, жеңіл қорытылатын құрғақ заты жоғары болады. Жаңа туған бұзауды неғұрлым өз енесінің уызымен ерте ауыздандырса соғұрлым ол ауруға шалдықпай, ас қорытуды жақсартып, тез өсіп жетіледі. Сауымның алғашқы кезеңін иіту, сүтейту кезеңі дейді. Иіту барысында сауылған сүт мөлшері күнделікті өсіп отырады. Оны қамтамасыз ету үшін сиырды сүт қосымына керек қосымша қоректік заттармен қамтьамасыз етеді. Сауымның алғашқы иіту кезеңінде сиыр сүттілігін мейілінше тез арада молайту үшін басқа да шаралар қолданады. Шаруашылықта сиырларды алғашқы сауымда сүтейіп, жоғары өнімділікке тез жетуіне қарай сұрыптайды. Жылына 2500-3000 кг сүт беретін 480-500 кг-дық сиырларды дұрыс азықтандырып иіткенде алғашқы сиыр сауымда қосымша 800-1000кг, ал одан кейінгісінде 500-600 кг сүт өндіруге болады. Сауын басында желінген азықпен сүтке жұмсалатын организм шығыны қамтамасыз етілмейтіндіктен, сиыр денесінен сауылып, салмағы азаяды. Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиырдың үйреншікті азықтарын біртіндеп ұлғайтып, тәбеті шапқанша беруге болады. Біртіндеп пішендеме, сүрлем ал жазғытұры - көк балауса береді. Бұзаулайтын сиырлар буаздықтың соңғы кезінде жеке бөліп ұсталатындықтан, бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері олардың азықтандырылуы жағдайын жекелеп қадағалайды. Рацион құнарлылығын ұлғайту үшін жаңа бұзаулаған сиырларға нақтылы сүттілігіне қарай құнарлы азық мөлшерін 2-3 кг-ға көбейтіп береді. Жазғытұры сүтті сиыр рационын көк азыққа негіздейді. Сүттілігіне қарай жем береді. Жоғары өнімді сиырлар сауу мерзімінде (8-10 минутта) бос жемнің 2-2,5 ккал, түйіршіктелген жемнің3 кг жеп үлгеретінін ескереді. Өнімділігіне байланысты сауымның алғашқы айларындағы сиырды иітуге бағытталған рациондар құрамы келесі 26-шы кестеде келтірілген. Рацион құрамындағы сүрлемнің бір бөлігін не толығымен пішендемемен, ал жазғытұры ірі азықпен, шырынды азықтарды көк азықпен алмастыруға болады. Құрастырылған рациондарда қант-протеин ара-қатынасы 0,9-1,1, ал крахмалдың қантқа қатынасы 1,3-1,5 аралығында болуға тиіс. Осыдан әрі сауымның келесі-жоғары өнімділік, яғни қызған кезеңі басталады. Сиырдан сауылатын сүттің негізгі бөлігі осы кезде алынады. Сондықтан бұзаулағаннан кейін сиырды тез арада иітіп, жоғары сүттілікке жеткізіп, сауымының қызған кезеңін мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру нәтижесінде сиыр сүттілігінің 8-10 проценттің орнына айына тек 3-4 процентке дейін кемуін қамтамасыз етуге болады. Бұл кезеңде сиырды рацион және норма кітабында келтірілген кестедегі негізгі азықтандыру нормалары бойынша азықтандырады. Бақылау сұрақтары: 1. Сауынның алғашқы кезеңі қалай аталады? 2. Сүтке қарағанда уыз қандай құраммен ерекшеленеді? 3. Дұрыс азықтандырылған сиырлар жылына қанша кг сүт береді ? 4. Жазғы тұрым сүтті сиырдың рационын қандай азық құрайды? 5. Рацин бойынша қант протейнінің ара қатынасы қанша? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 9 дәрістің тақырыбы: АТАЛЫҚ БҰҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Аталық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері. Аталық бұқалардың рационының өнімділігіне әсері Асыл тұқымды бұқа азықтандыруы алынатын негізгі өнімге байланысты ұйымдастырылады. Ал негізгі өнімі - ұрық. Сондықтан асыл тұқымды бұқа азықтандырудағы басты міндет - олардың ұрықтандыру қабілетін барынша көтеріп, қажетті ұрық сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұқаларға берілетін азықтың энергетикалық қуаттылығы мол, протеидік, минералдық және витаминдік сапасы жоғары болуға тиіс. Бұқаның азыққа қажеттігі өнім көлеміне байланысты өзгереді. 1000 кг-дық бұқаға ұрық алынбаған кезеңде 8,4 азық өлшемі, яғни, 102 мДЖ алмасу энергиясы жеткілікті болса, ұрық орта жиілікте, яғни аптасына екі рет алынса энергетикалық мұқтаждығы 9,1 азық өлшемі, яғни 110 мДЖ алмасу энергиясына дейін, аптасына төрт рет ұрық алынса 10,8 азық өлшемі, яғни 124м Дж алмасу энергиясына дейін жоғарылайды. Минералды элементтерден ұрықтың дамуына фосфор күшті ықпал етеді. Оның кальциймен арақатынасы 0,85-0,95 дейін көтеріліп, әр азық өлшемінде ұрық алынбайтын кезде 3,4г, ұрық алынатын кезде 4,6-6,5г фосфор болуы керек. Мөлшері мен сапасына каротин, микроэлементтер және Е витаминдері елеулі әсер етеді. Олармен бұқалар рационын байыту үшін ақзат - минералды - витаминді қосындылар немесе премикстерді қосады. Тұқымдық бұқаларды арықтату немесе семірту де зиянды. Бұл жағдайларда олардың жыныстық потенциясы, яғни ұрық өндіріп беру қабілеті төмендеп, алынған ұрық сапасы төмендейді. Бұқа рационынын қоректілігі бойынша қыста 25-40пайыз ірі, 20-30пайыз шырынды, 40 пайыз құнарлы, жазда 15-20 пайыз ірі, 35-45 көк, 35-50 пайыз құнарлы азықтар кіреді. Азықтандыруға жоғары сапалы пішен, шөп кесіндісі, пішендеме, тамыржемістілер, түрлі дәнді азықтарды қолданады. Бұқалар рационының протейіндік деңгейін күшейтуүшін күнбағыс және зығыр күнжарасы мен шроттары, азықтық ашытқылармен қатар жануар тектес азықтарды 2-3 пайыз көк сүтті, қан ұнын, сүйек ұнын, балық ұнын, 3-5 тауық жұмыртқасын қосады. Бұқа рационына химиялық құрамы кедей, қоректілігі төмен, ұрықтандыру қабілетіне және ұрық сапасына зиянды әсер ететін техникалық қалдықтарды (жом, барда, мезга, сыра бөртпесі), сабанды, сабанды, сапасыз пішенді, сүрлемді, химиялық азот қосындыларын, карбамидті, уландырғыш заттары бар крест гүлділер (рапс,мақта т.б.) күнжарасы мен шротын енгізуге болмайды. Дұрыс азықтандырылған бұқа потенциясы жоғары болып әр алғанда 3-9 мл жоғары сапалы ұрық бөледі. Ұрық сапасын арнайы зерттеулер және сиырларды ұрықтандыру нәтижесінен біледі. Минералдық азықтандыру сапасын қандағы деңгейімен бақылауға болады. Бұқа қанының сарысуында қалыпты жағдайда 9-12мг % Са, 6-9 мг % фосфор, 1,8-3,2 мг % магний болуға тиіс. Бақылау сұрақтары: 1. Асыл тұқымды бұқалардан алынатын негізгі өнім? 2. Бұқаның қысқы рационына кіретін коректік заттар? 3. Азықтың мөлшері мен сапасын қай витомин әсер етеді? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 10 дәрістің тақырыбы: ІРІ ҚАРА МАЛЫНЫҢ ТӨЛІН АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Ірі қара малының төлін азықтандыру ерекшеліктері. Ірі қара малының төлін өсірудегі негізгі мақсат - тез өсіп жақсы жетілетін, дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді. Алғашқы 6 айда (ет бағытындағы тұқымдар үшін 8 ай) ол бұзауды азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2-3, ал ал жетілуі 4-5 жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілуінің биологиялық заңдылықтарын жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей салмағына жеткізетін өсу жоспарына сәйкестендіріледі. Сақа болғандағы тірі салмағы 500-550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650-700г, 7-12 айлығында 550-600 г, 18 айлығында 345 кг - ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бұдан да жоғары (850-950г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айлығында тірілей салмағын 450-500 кг - ға жеткізеді. Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп - дамып келе жатқан төл организімінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады. Қабылданған төл өсіру жоспарына сәйкес шаруашылықта жаңа туылған бұзауларды өсіру тәсілі белгіленеді. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. Біріншісі - бір кезде туылған 2-4 бұзауды осы мақсатқа арнайы бөлінген сиырды емізіп өсіру. Ол сиырды саумайды, сүттілігіне қарай емізілетін бұзаулар санын белгілейді. Бұзауларды қай тәсілмен азықтандырылып өсірілетін болса да, оларды туғаннан кейін міндетті түрде енесінің уызымен тойдыру шарт. Алғашқы екі тәулікте уызды бұзауға 1-2 л, 5-6 рет бөліп емізеді. Үшінші - төртінші күні уызды күніне 3 рет бөліп емізіп, 5-ші - 6-шы күнінен оның құрамы біртіндеп сүтке айналғанда 6 айға дейін азықтандыруға таңдалған тәсіл бойынша өсіре бастайды.Таңдалған азықтандыру схемасы бойынша сүт беріп, оны біртіндеп, мөлшерін азайтып, майсыздандырылған көк сүтпен ауыстырады. Алғашқы күндерден бастап төл сүйегі тез жетілу үшін сүтке кальций - фосфорлық минералды қосындылар мен ас тұзын қосып береді. Жемнен басында ұнтақталып тазартылған сұлыға үйретіп, екінші айдан бастап оны арнайы шығарылған құрама жеммен ауыстырады. Өндірістік құрама жем болмаған жағдайда тазартылған сұлы, жүгері ұны, бидай кебегі, күнбағыс пен зығыр күнжараларынан тұратын жем қосындыларын пайдаланады. Жазда бұзауларды бірінші айдан бастап көк балаусаға үйретеді. Тұқымдық еркек бұзауларға арналған азық көлемі ұрғашы бұзаулардікінен жоғары болады. Шаруашылықта тауарлы сүтті үнемдеу үшін бұзауларды сиыр сүтін алмастырушы жеммен азықтандыруға болады. Бақылау сұрақтары: 1. Ірі қара малының төлінің өсуі қай кездерге дейін жүреді? 2. Бұзауларды азықтандыру тәсілдерін атаңыз? 3. Бұзауларды көк балауса шөптерге қай кездерден бастап үйретеді? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 11 дәрістің тақырыбы: ҚОЙ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ. Дәріс жоспары. Саулықтарды азықтандыру ерекшеліктері. Қой төлдерін азықтандыру. Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші саласы. Сондықтан қой басын азықтандыруды дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен жайлым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік қасиеті өте жоғары. Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады. Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы, қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, ққылшықты қой тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді пайдалану көзделеді. Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды, құнарлы азықтармен толықтырады. Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді. Дер кезінде ұрықтанып,мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет. Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру қажет. Буаз саулықтарды мейілінше жайылымда жайып, тірі салмағы 50-60 кг саулықтарға тәулігіне 2-3 кг ірі азық, 1-2 кг шырынды азық беріп, буаздығының аяққы кезеңінде құнарлы жемшөп мөлшерін 400-500 г дейін көбейтеді. Қой уызы протеинге және майға бай. Саулықтың сүттілігін қозылардың күнделікті салмақ қосуынан байқауға болады. Саулық сүттілігіне шырынды азықтар жақсы әсер етеді. Әдетте қозылар енесін 4 ай емеді. Осы мерзімдегі олардың азықтандыру ерекшелігін үш кезеңге бөлуге болады. Өмірінің алғашқы екі аптасында қозылар тек ене сүтімен қоректенеді. Содан кейінгі 3-ші, 4-ші апталарында басқа азықтарға үйретіледі. 5-ші, 8-ші апталарда ене сүтінен басқа азықтарды көбірек жейді. Тоғызыншы аптадан бастап оларды болашақта өнімділігіне сәйкес азықтандыра бастайды. Содан кейінгі кезеңдерде ене сүтімен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық азықтармен қосымша азықтандырады. Қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы дәнінен бастайды. Содан кейін оны бидай кебегі және зығыр күнжарасымен араластырып береді. Жем бере бастаған кезден бастап қозыларды ұсақ та майда бұршақ - астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. Бірінші айда оны жегенінше, екінші айда әр басқа тәулігіне 100-200 г, үшінші айда 200-250, 4-ші айда 350-400 г жейді. Екінші айынан бастап қозыны жақсы сүрлем, туралған тамыр жемістілерге үйретуге болады. Көктемде жақсы жайылым шөбіне жаяды. Ене сүтіне тойып, қосымша азықтарға бейімделген қозылар тәулігіне 200-300 грамға дейін салмақ қосып, тез өсіп, жақсы жетіледі. Жетілген қозыларды 3-4 айлығында, қой сауатын отарларда 2,5-3 айлығында енесінен айырады. Бақылау сұрақтары: 1. Қой мал ас қорытуы бойынша қай топқа жатады? 2. Қой қандай шөптерді жақсы жейді? 3. Саулықтардың күйек кезінде рациондары қандай болады? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 12 дәрістің тақырыбы: ЖЫЛҚЫ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Биені азықтандыру ерекшеліктері. Құлынды азықтандыру. Тұқымдық айғырларды азықтандыру. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері олардың атқаратын қызметіне тығыз байланысты. Көлік ретінде мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын жылқылардың азықтандырылуы олардың жұмсайтын энергетикалық шығындарына тәуелді болса, сауылатын, етке арналған жылқылардың азықтандырылуы олардың сүттілігіне, салмақ қосуына тәуелді. Жылқы денесінің ірілігіне қарамай, қарын сиымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде болады. Сондықтан атқаратын жұмысы энергия шығынын қажет ететіндіктен, оларды жиі азықтандырады. Биеге қажетті қоректік заттар мөлшері олардың физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Буаздықтың 4-5 - ші айларынан бастап, құлындағанша олардың организмдегі зат алмасу барысы күшейіп, ұрықтың дамуына жұмсалатын шығындарды қамтамасыз ету үшін жылулық өнімі өседі. Биелерді жеңіл жұмысқа пайдаланғанда азықтандыру нормасы 30 пайызға ұлғайтылады. Буаздықтың аяғына қарай (10 шақты күн қалғанда), ірі азықтар көлемін 4-6 кг-ға дейін азайтып, бұршақ тұқымдастар пішенін мүлдем алып тастайды.Жемді ұнтақтап, быламық түрінде берген жөн. Құлындауға екі-үш тәулік қалғанда рациондағы азық мөлшерін 1/3 дейін азайтады. Құлындауды жеңілдету үшін жылы суға 500г бидай кебегін салып ішкізеді. Жаңа құлындаған биеге жылы суға араластырып, бидай кебегі мен зығыр күнжарасының ұнтағын ішкізеді. Құлындаған биелердің рационын, әсіресе, сауатын блса жіті қадағалаған жөн. Жаңа туған құлындардың негізгі азығы - ене сүті. Құлынды сүтке жарытумен қатар, тез өсіп - жетілуі үшін ерте қосымша азықтандырған жөн. Оларды өмірінің алғашқы күнінен бастап жеңіл қорытылатын, қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы, минералды қосындыларға үйретеді. Жазда көк балауса, қыста жақсы жапырақталған жұмсақ пішен салады. Енесінен айырғаннан бастап құлындарды өсіп - жетілуіне қажетті түрлі жарма, күнжара, шрот, бұршақ тұқымдастар дәнінің ұнтағы, сапалы сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер сияқты азықпен қоректендіре бастайды. Құлындарды енесінен йыру мезгілі әдетте жаздың аяқ кезіне сәйкес келетіндіктен, оларды жақсы оты сақталатын табиғи немесе қолдан себілген екпе жайылымдарда жаяды. Асыл тұқымды айғырларды үйірге салынбаған кезде орташа қоңдылықта ұстап, үйірге саларға 1,5-2 ай қалғанда азықтандыру деңгейін жоғарылатады. Бұл кезеңде олардың әр 10 кг тірілей салмағына мініс және жегіс тұқымдары үшін 2,4-2,7 кг құрғақ зат пен 2-2,5 азық өлшемі болуы тиіс. Үйірге түскен кездегі энергетикалық шығындарды қамтамасыз ету үшін айғырларды сұлымен қатар энергетикалық қуаты мол жем құрамасымен немесе арнайы құрама жеммен қоректендіреді. Асыл тұқымды айғыр құрама жемінің 5-10 пайызы протеиннің биологиялық сапасы жоғары жануар тектес азықтардан тұруы керек. Бақылау сұрақтары: 1. Жылқы малының қарын сиымдылығы қандай? 2. Жылқыны жеңіл жұмысқа пайдаланғандағы азық нормасы? 3. Жылқының буаздық аяғына қарай рационы қандай болады? 4. Асыл тұқымды айғырды үйірге қосарда қандай қоңдылықта ұстайды? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 13 дәрістің тақырыбы: ШОШҚА МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері. Мегежінді зықтандыру. Басқа шаруашылық малдрына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120кг - ға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4-6 а.ө. жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында молд да арзан ет өндіріледі және ол азық талғамайды. Шошқа бір қарынды болғандықтан асқорыту негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас қорыту жолдарында микробиологиялық түзілу онша өріс алмағандықтан, оны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рационындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде аспауын жіті қадағалайды. Берілетін астықты алдын ала өңдеуден өткізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді. Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді - картопты, жемді - тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75-80, жазда 80-90 пайыз жем болады. Рационның 20-30 пайызы тамыр түйнекті жемістілер, көк азық, құрама сүрлем, шөп ұны құрғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі. Мегежіндерді жасына (сақа болып 2 жас саналады), тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі) қарай азықтандыру белгіленген. Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылға рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе, буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары боуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосуы керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организіміндегі энергетикалық алмасу 25-45 пайызға жоғарылап, туылатын торайлар денесіндегіден 1,5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп - жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет. Торайларын емізетін кезеңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі.Үшінші аптада тәуліктік сүттілігі 5-7 кг - ға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді сапалы қорытылатын протеинмен, минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек. Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3-3,5 кг дән ұнтақтары, 1 кг көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60г преципитат, 30 г ас тұзы, 60 г премикс қоындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыр түйнек жемістілерді 6-7 кг азықпен ауыстырады. Бақылау сүрақтары: 1. Шошқаның туғандағы орташа торай саны? 2. Шошқа ас қорытылуы бойынша қандай? 3. Шошқа рационының 20-30пайызын қандай азықтар құрайды? 4. Шошқалардың қысқы рационы қандай? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 14 дәрістің тақырыбы: ҚАБАНДАР МЕН ТОРАЙЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Қабандарды азықтандыру. Торайларды азықтандыру. Шаруашылықтағы асыл тұқымды қабандар дұрыс азықтандырылып, зауыттық кондицияда болуы шарт. Арықтай не, керісінше, семіріп кеткен қабандардың ұрықтанушылық қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Жас әлі өсіп жетілмеген (қабандарға 2 жасқа дейінгі) құрғақ зат мөлшерін 1,7 кг-ға дейін көтереді. Ұзақ мерзім күйекке түспеген және өндірістік кешендерде биологиялық сапасы жоғары құрама жем берілетін тірі салмағы 200-250 кг қабандардың азықтандыру нормасын 10 пайыз, 250-350 кг - нікін 15-20 пайызға кемітеді. Рациондағы энергия мен қоректік заттардың мұндай деңгейде шоғырлануын мол жеммен (75-85 пайызы жеңіл қорытылатын шырынды азықпен) 10-15 пайызы шөп ұнымен жоғары сапалы белокты жануар тектес азықтармен (көк сүт, балық, ет - сүйек ұны) қамтамасыз етеді. Жемді 2-2,5 кг арпа, сұлы, жүгері, бұршақ, бұршақ күнжара мен шроты түрінде береді. Жеңіл қорытылатын энергия көщі ретінде қызылша, каротинге бай қызыл сәбіз, шөп ұнын қосады. Жазда оларды 1-1,5 кг көк азық қосындысымен ауыстырады. Көк азықты алдын ала 5-10мм етіп турап немесе мыжып араластырып береді. Қабандарды тәулігіне 2 рет күйекке түсерінен 1,5-2 сағат бұрын азықтандырады. Торайлар басқа мал төліне қарағанда морфологиялық және физиологиялық жағынан жетілмей туады. Жаңа туған торайларда көптеген эмбрионалдық белгілері сақталады. Басқа төлдерге қарағанда торайлардың қанында иммундық қасиеттер беретін гамма - глобулиндер болмайды. Сондықтан жаңа туған торайларға ауруға шалдықпаушылық, сыртқы орта жағдайларына төзушілік қасиеттерін дарыту үшін, белогында 40 пайызға дейін гамма глобулиндер болатын ене уызына тойындырудың маңызы зор. Торайлар қанында гамма глобулиндер өмірінің екінші аптасынан түзіле бастайды. Жаңа туған торайлардың физиологиялық дамуының барлығынан қанында қызыл түйіршіктер жетіспейді, төл анемия ауруына шалдыққыш келеді. Оған шошқа сүтінде темірдің аздығы да себеп болады. Қажетті жағдайда 2-3 күндік және 3 апталық торайларға құрамында темірі бар ферродекс (2мл) немесе урозоферан (5мл) ерітінділерін егеді. Алғашқы үш аптада торайлар ене сүтімен қанағттанып, 1-ші онкүндікте өзінің салмағын 2,5 есе, 1 айлықта 5 есе, ал енесінен бөліне айлығында (2ай) 15-18 есе көбейтеді. Оларды тез өсіп, жақсы жетілуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен ақ қосымша азқтарға үйрете бастайды. Ең алдымен қуырылған арпа, жүгері дәнін, минералды қосындыларды (кальцийге бай бор, темірге бай қызыл топырақты) таза науаларға салып қояды. Арнайы шығарылған құрама жемді торайларға 10-15 күндігінде 25г, 16-20 күндігінде 50г, 21-25 күндігінде 100г, 26-30 күндігінде 225г, 31-35 күндігінде 350г содан әр бес күн сайын 100 грамнан көбейте отырып, екі айда бір басқа 20 кг - ын жұмсайды. Екі айдан кейін тірі слмағы 20-дан 40 кг-ға жеткенше торайлар салмақ қосуын (тәулігіне 400-450г) тежемей, сүтке негізделген азықтан өсімдік тектес азықтарға бейімделуі қажет. Азықтандыру барысында торайлар денесінде жасына байланысты болатын өзгерістер де есептелуі қажет. Жас торайлар денесінде азық энергиясы негізінен ақзат түрінде байланатын болса, өсе келе ақзат түзуінен май түзуі асып түседі. 4 айдан асқан тұқымдық шошқа төлін салмағы 40- тан 150 кг-ға жеткенге дейін тәулігіне 600-650 г салмақ қосып, сүйектерін, бұлшық етттерін, және ішкі органдарын жақсы дамытатындай етіп азықтандырады. Тұқымдық торай рационында 4-6 түрден тұратын жем қосындысы, құнарлы техникалық өндіріс қалдықтары 65-80 пайыз, шырынды азықтар 12-20 пайыз, шөп ұны 5-10пайыз, жануар тектес азықтар 3-5 пайыз болады. Бақылау сұрақтары: 1. Жас қабандардың рационындағы құрғақ зат мөлшері? 2. Қабандарды күйекке түсірер бұрын қалай азықтандырады? 3. Алғашқы үш апта бойы торайлар не мен коректенеді? 4. Торайлар неше айынан бастап өсімдік тектес азыққа бейімделулері қажет? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) № 15 дәрістің тақырыбы: ҚҰСТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ. Дәріс жоспары. Құсты азықтандыру ерекшеліктері Құс шаруашылығы - бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы. Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға - 1,5-1,7 ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілетін ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1,5-1,7 тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1,9-2,4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50 күнінде тауық және үйрек балапандары 40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді. Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыру деңгейіне байланысты. Құстың тез өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организімінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Басқа малмен салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40-42) тынысы ме тамыр соғысы жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту жедел жүргендн ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді алдымен ұнтақтап, мұқият аралстырады да бидай дәнінің көлеміндей етіп түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді. Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігне, өнім бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас (ЭПК) арқылы бақылайды. ЭПК -1 кг азықтағы <<шикі>> протеиннің әр 1 пайызына келетін алмасу энергисының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат протеинді азықтарды шығындамай - ақ қамтамасыз етуге болады. Құстарда зат алмасу жедел жүретіндіктен құс витаминдердің жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жемді витамин қосындыларымен байытады. Құстың негізгі өнімінің бірі - жұмыртқамен денеден күнделікті көп минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды міндетті түрде минералды қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған фосфаттардф құрама жемге қосып береді. Бақылау сұрақтары: 1. Толық рационмен азықтандырғанда мекиендер жылдық жұмыртқа саны? 2. Тор ішіндегі 2 айлық балапандардың салмағы қандай? 3. Құстарда зат алмасу тез жүргендіктен қандай жағдайға ұшыларды? Әдебиеттер: 1-6 ( негізгі), 1-2 ( косымша ) 3 ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАР) САБАҚТАР № 1 тақырып: ЗЕРТХАНАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ. (1 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәртібімен және оларды дұрыс жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. Әдістемелік нұсқау. Лабораториядағы кұрал-жабдықтар өте нәзік және негізінен шыныдан жасалған болып келеді. Сондықтан, оларға күш түсіруден аулақ болғаныңыз жөн. Лаборатория ішінде адам денесіне жарақат келтіретін күшті қышқылдар мен негіздер және басқа да химиялық реактивтер мен қосындылар болады. Ыдыстармен жұмысты өте сақ істеу керек. Сонымен қатар шыны ыдыстарын ұқыпты түрде ұстау қажет, өйткені сынған шыныдан жарақаттануыңыз әбден мүмкін. Сол қираған немесе шатынап жарылған шыны ыдыстарымен жұмыс істеуге болмайды. Жоғары температураға берік емес ыдыстарды қыздыруға болмайтынын айта отырып, ыдыстардағы ерекше белгілердің мағынасын білу керектігінде ескертеміз. Ыдыс жуғышқа қышқылдар мен негіздерді, ұшқыш қосындыларды, иісті қоспалар мен жанғыш сұйықтарды құюға болмайды, өйткені ол бөлмедегі азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Әр студент лабораторияда жұмыс істеу барысында қалыпсыз құралдар, ыдыстар және электр жүйесіндегі кемшіліктерді байқаса оқытушыға немесе лаборантқа айтуы керек. Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 2 тақырып: АЗЫҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ. (1 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге мал организміне түскен азықтың қорытылуын, организмге оның қанша пайызы сіңірілетін: жай әдіс, күрделі әдіс, тәжірибе қойю және инертті заттар арқылы есептеп шығаруды үйрету. Әдістемелік нұсқау. Азық малдың организмінде әр түрлі заттарға бөлінеді, оған әсер ететіндер: сілекей, су, қышқылдар, негіздер, микроэлементтер, ішек ішіндегі сөлдер. Осылардың әсерімен азық организмде сіңімді заттарға бөлінеді. Мысалы: белок-аминқышқылдарына, май-глицерин мен май қышқылдарының қосындысына, азотсыз экстрактивті заттарға /АЭЗ/. Моносахаридтердің ішінде глюкоза, сахароза және галактоза. Сиыр малының ас қорыту жүйесін алатын болсақ, жұтылған азық көпкамералы қарынға түседі, ол төрт бөлімнен тұрады: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Қатпаршақ қарынның ішінде қағаз сияқты жұқа, ұзын қатпарлар болады. Мұнда азық біркелкі қорытылады. Одан кейін қарынның соңғы бөліміне, әрі қарай ұлтабарға өтеді (онда ас қорыту сөлі бөлінеді және нағыз қорытылу басталады). Ащы ішектің ішінде нәрлі заттар қанға өтіп сіңеді де, бүкіл денеге тарайды. Астың қорытылмай қалған қалдығы тоқ ішекке түсіп, одан тік ішек арқылы сыртқа шығады, /нәжіс/. Малдың ас қорыту үдерісін зертеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады. 1. Тәжірибе қойылады (жай әдіс). 2. Күрделі әдіс. 3. Тәжірибе қойылады. 4. Инертті заттар арқылы /темір тотығы, хром тотығы, барий сульфаты/. ҚҚ=100-(100x И. Заттар x Нәжістегі ҚЗ) ИЗ Нәжістегі АҚЗ ҚК - қорыту коэффициенті ИЗ - инертті заттар ҚЗ - қоректі заттар АҚЗ - азықтағы қоректік заттар Қорытылатын қоректің жұғымдылығы Бұл заттардың ас қорыту жүйесіне енгенмен, қорытылып үлгермей нәжіспен шыққан қоректік заттармен салыстыру арқылы анықталады. Мысалы: 1. Азықпен 800 г протеин берілді. 2. 300 г. протеин малдың нәжісімен шықты. 3. Сонда 500 г протеин органдарға сіңірілген, ҚҚЗ /қорытылған коректік заттар/. Қоректік заттар азық мөлшеріне шаққандағы пайыз есебімен белгіленеді. Ол %-тер қорыту коэффициенттері (ҚҚ) деп таңбаланады. Қорыту коэффициенті /ҚҚ/ = Қорытылған қоректік заттар x 100 Азықпен енген ҚЗ ҚК = 500 х 100 = 62,5% 800 Мысалы: рацион арқылы сиырға берілген 10 кг жоңышқа 20 кг сүрлем және 2 кг сұлы ұнтағы бір күнде 25 кг нәжіс шығарады. Берілген заттар арқылы қорытылған коэффициентін шығарыңдар. * химиялық кұрамы % Химиялық құрамы кг протеин май Клетчатка /өзек/ АЭЗ Шөп 10 12,0 3,0 24,0 36 Сүрлем 20 1,3 0.1 0,9 9,5 Сұлы 2 11,0 4,7 9,8 58,0 Нәжіс 25 2.3 0,6 5,2 6,0 * күрделі әдісте 2 тәжірибе қолданылады. Тәжірибе Рацион Мезгіл Бірінші Негізгі рацион /НР/ Дайындау, есептеу Екінші 70-80%/НР/+20-30% анықталатын жем Дайындау, есептеу Химиялық құрамы 1-ші тәжірибеде: 6 кг дала шөбі -4716г -78,6 -100 Рацион 6-х 25 кг жүгері сүрлемі -23,7 8 кг қант қызылшасы -1856 -23,2 1 кг кебек бидай -815 -84,5 0,5 кг күнжара -424 - 84,7 2 кг жүгері арпасы -1708г -85,4 Барлық қабылданғаны -15444 г 25 кг нәжіс шыққаны: 5050 г қорытылғаны 10394 г 03. 2012 - 100 25 - х Органиқалық заттардың қорыту коэффициентін есептеп шығару керек: 10394 г_ х 100= 67,3 15444 2-ші тәжірибеде: 80% НР + 20% жүгері арпасын қосамыз. Химиялық құрамы 5 кг шөп 20 кг жүгері сүрлемі 6.5 кг қант қызылшасы 0,8 бидай кебегі 0,4 кг күнбағыс 1.6 кг жүгері арпасы және 20% жүгері арпасы НР Барлық қабылданғаны Нәжіспеп шыққаны 24 % 03 органикалық заттар 3930 г 78,6 4740 г 23,2 1508 г 81,5 652 г 339г 85.7 1336 г 85,4 12535 г 3132 г 15667 г 4716 г 2-ші тәжірибеде қорытылғаны -10951г негізгі рационнан қорытылғаны = 12535 г - 100 8436 г х - 67,3 Қорытылды 3,6 кг жүгері арпа арқылы - 2515 Ж.А. ҚҚ = 2515/3132 г х 100 = 80 % Ас қорыту коэффициенттеріне әсер ететін жағдайлар 1. Протеиннің азотсыз экстрактивтік заттардың қосындысымен арақатынасы Протеин қатынасы = қорытылатын май 2,25 + өзек + АЭЗ қорытылатын протеин ПК = /264г* 2.25/ + 1476+ 5160г= 6,5 1105 г Мөлшері. 1-ші қорытылатын протеиннің 1 үлесіне, қорытылатын азотсыз заттардың үлесі 6-дан кем болса, онда біз бұларды өзара жақын деп айтамыз. 2. Қорытылатын протеиннің 1 үлесіне КАЗ-дің үлесі 6-8 орташа нормада болып саналады. 3. КП-нің 1 үлесіне КАЗ-дің үлесі 8-ден астам болса өзара алшақ протеиндік аралық деп аталады. Қанттың протеинге қатынасы = жылдам еритін қанттар қорытылатын протеинге Протеиннің 1 үлесіне: 1 - 1,5 ЖЕҚ Түрі, жасы, өзектің %, азықтарды әзірлеу жолдары, малды ұстау, т.б. Тапсырма. Азық қорытылуын есептеу. (Сиырға тәулігіне 40 кг көк шөп берілді және 28 кг нәжіс бөліп шығарды). Көрсеткіштер Протеин Май Азықтың химиялық құрамы, пайыз өзек БЭВ органикалык зат 1 2 3 4 4 5 6 1 Көк шөп, % 4,0 0,9 6,8 1,0 25,2 2 Қи, % 2,4 0,3 13,5 1,79 12,7 3 Барлық қабылданғаны, кг 4 Барлық бөлінгені, кг 5 Қорытылғаны, кг 6 Қорыту коэффициенті Тапсырма 2. Арпаны қорыту коэффициентін шығару жолдары (күрделі әдісі) Құрама жем Арпа Қи Көрсеткіштері берілгені, г протеин % берілгені, г протеин % берілгені, г протеин 1 тәжірибе 2400 10 - - 2100 5,0 2 тәжірибе 2000 10 400 10,0 1800 6,0 Бақылау сұрақтары: 1. Малдардың ас қорыту үрдісін зерттеудің неше түрі әдісі бар? 2. Қортылу коэфиценті дегеніміз не? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 3 тақырып: АЗЫҚТАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ О.КЕЛЬНЕРДІҢ ӘДІСІ МЕН СОВЕТТІК БІРЛІГІ /АӨБ/ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге азықтардың қоректілігін өлшем бірліктері арқылы бағалауды талқылап, үйрету. Азықтардың химиялық құрамы мен олардың қорытылғыштығымен және зат алмасу үдерісі кезінде мал организмінде қанша ет, май, белок түзілетінімен таныстыру. Организміндегі рацион арқылы берілген заттарды зерттей отырып қанша май байланатынын есептеп шығаруды үйрету. Әдістемелік нұсқау: Азықтардың кұнарлылығын есептеу барысындағы қолданатын тұрақты коэффициенттер: 1. О. Кельнер АӨБ (азықтық өлшем бірлігі) коэффицентері: 1 кг крахмалдың 0,248 кг май түзу қабілеті. 2. Советтік сұлы АӨБ - 1 кг орташа сұлының 0,150 кг май түзу қабілеті. 3. Энергиялық АӨБ - 2500 ккал; 10450 кДж немесе 10,45 мДж. Арнайы тәжіриберлер арқылы анықталған. О. Кельнердін май түзілу коэффициенттері: 1 кг белок - 0,235-0,253 кг 1 кг май - 0,474-0,598 кг 1 кг углеводтар - 0,248 кг 1 кг крахмал - 0,248 кг. Жем және тамыржүйнек жерге қолданатын толықтыру коэффициенттері пайыз (%) Картоп, жүгері дәні сүт және қан ұны - 100 Сәбіз - 87 Азықтык қызылша - 72 Қант қызылшасы - 76 Тарна - 78 Қара бидай, бидай, сұлы - 95 Күнбағыс, күнжара - 95 Арпа, асбұршақ, үлкен бұршақ - 97 Зығыр күнжарасы - 97 Соя - 98 Бидай кебегі - 79 Қара бидай кебегі 76 Қатаң азықтардың құнарлылығын есептеу үшін өзекке түзету жасалады. Өзектің пайызына қарап, май көлемін есептеп, оны жалпы майдан алып тастайды. Пішен, сабан - 0,143 кг май Топан - 0,72 кг май Көк азықтарға өзектің % қарай түзету жасалады: 14% - 0,131 кг май 10% -0,107 кг май 6% - 0,082 кг май Жиі тараған қорыту коэффициенттері Протеин Май Өзек АЭЗ * Күйісқайыратын малдар 77 79 57 95 * Шошқа 78 60 44 92 * Құс 87 82 23 90 Зат алмасу энергиясының көлемін есептеудегі Ж. Аксельсон коэффициенттері 1 г қорытылған протеинде Қатаң азықта 18.0 кДж 4,3 ккал Жемде, азықта 18,8 кДж 4,5 ккал Сүрлемде 13,8 кДж 3,3 ккал Жануар тектес азықта 18,8 кДж 4.5 ккал 1 г қорытылған майда Қатаң азықта 32,7 кДж 7,8 ккал Дәнді дақылдарда 34,8 кДж 8.3 ккал Майлы дақыддарда 36,8 кДж 8,8 ккал Жануар тектес азықтар 38,9 кДж 9,3 ккал 1 г қорытылған углеводтар 15,7 кДж 3.76 ккал 1 г азотсыз экстрак-тивті заттарда 15.5 кДж 3,7 ккал 1 г қорытылган өзекте 12,1 кДж 2,9 ккал 1 г қорытылған қоректік заттарда 15,4 кДж 3,69 ккал Зат алмасу және қорытылған азықтық энергия арақатынасын есептегенде қолданылатын коэффициенттер. Шошқада - 0,84; күйіс қайтаратын малда - 0,96. Шошқаның алмасу энергиясын есептеудегі эквиваленттер. 1 г қорытылған май - 38,9 кДж, 9,3 ккал 1 г қорытылған протеин - 18,8 кДж, 4,5 ккал 1 г корытылған углевод - 17,6 кДж, 4,2 ккал Азық алмасу энергиясын есеитеу, қорытылатын қоректік заттар бойынша Есептеу көрсеткіші Қоректік зат Протеин Май Клетчатка АЭЗ 1 2 3 4 5 1. Азықтағы мөлшері, кг/г 2. Қорытылу коэффициенті, % 3. Қорытылатын қоректік заты, г 4. Алмасу энергиясының коэф-фициенті, ккал 5. Өндірілетін алмасу энергиясы, ккал 6. Жалпы алмасу энергиясы, ккал Тапсырма. 100 кг күнбағыс шротының крахмалдық эквиваленті бойынша қоректігін есептеп шығару. 100 кг күнбағыс шроты белок май өзек АЭЗ Химиялық құрамы, % Қорыту коэффициенті, % 38,8 88 3,8 93 14,1 33 24,9 77 Қорытылатын қоректік заттар, кг Май байлау коэффициенті, кг Байланатын май, кг Шроттың толықтыру коэффициенті, % Күнбағыс шроттың крахмалдық эквиваленті Кельнердің 100 кг күнбағыс шроты, советтік АӨБ Сонымен қоса, О. Кельнер химиялық құрамында өзегі көп азықтар үшін май байлануды тежейтін фактор болатынын ескерді. Сол үшін төмендегі тежеу коэффицинеттерін пайдалануды жөн көрді. Шөп, сабан - 0,143 май Сабан ұнтағы - 0,072 Жасыл шөп 14% өзек - 0,131 10 % - 0,107 6 % - 0,082 май Тапсырма 2. 100 кг бидай сабанындағы азық өлшемін крахмал эквиваленті және советтік азық өлшем бірлігі арқылы шығару. Көрсеткіштері Белок май өзек АЭЗ 1 2 3 4 5 Химиялық құрамы, % 7,35 1,4 32,3 33,7 Қорыту коэффициенті 51,0 53 52 59 К.К. заттар, кг Май байлау коэффициенті Байланысты май мөлшері, кг Түзілген май мөлшері 100 кг азық өлшемі 3-тапсырма. 1 кг арпаның алмасу энергиясын ірі қара мен шошқаға, бір әдіспен есептеңдер. Бақылау сұрақтары: 1. АӨБ-нің қандай коэфиценттері бар? 2. О.Кельнердің май түзілу коэфиценттері қандай? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 4 тақырып: СУАЛҒАН СИЫРЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ (2 сағат) Сабақ мақсаты: Суалған сиырларды азықтандыру ережелерімен таныстыра отырып, жыл бойына әрбір аналықтан сауылатын сүттің мөлшерін ұлғайтудың тағы бір мүмкіншілігін анықтау. Әдістемелік нұсқау: Құнажын тайыншалардан және аналық сиырлардан сүт алуды көбейтудің тағы бір алғышарты - оларды бұзаулауға және келесі жылғы сүт сауу үдерісіне дұрыс дайындау. Ол үшін сауын сиырлары бұзаулауға 1,5-2 ай уақыт қалғанда суалтып жіберіледі. Шартты түрде қалыптасқан сүт түзілуі бойынша малдың желініне ауыртпашылық келтірмес үшін суалту біртіндеп жүзеге асырылады. Бұл кезде: рацион құрамындағы ылғалды азықтар мен қоспа жем мейлінше азайтылып, сауу уақыты мен реттілігі өзгертіледі. Мұндай шаралар сиырлардың біртіндеп суалуын қамтамасыз етеді. Жалпы суалтудың маңызы мынада: 1. Бұл уақыт ең алдымен жыл бойы сүтпен бірге организмнен жоғалтылған қоректік заттарды қайта қалпына келтіру үшін керек. 2. Малдың желінін сүт түзілу үдерісіндегі лаборатория деп түсінсек, оның қызметін келесі маусымға толық дайындау керек болады. Желіндегі жаңа тіндердің түзілуі ондағы сары денешіктердің гормондарына байланысты. Ал сары денешіктер өз қызметін тек сүт түзілу үдерісі тоқтаған кезде ғана атқаратынын еске алсақ, аналық мал үшін суалту уақыты міндетті түрде керек екенін білеміз. 3. Буаз сиырлар өз бойындағы қоректік заттарды іштегі төлдің өсіп-дамуымен қоса, сүт түзілуіне де жұмсайтын болғандықтан, көбінесе төлдің қажеттері толық қамтамасыз етілмей қалады. Әсіресе, бұл жағдай буаздықтың соңғы 2-3 айында қатты сезіліп, суалтудың маңызын арттыра түседі. 4. Сонымен бірге уыз құрамының қасиеттері мен түзілуі де суалту үдерісіне тікелей байланысты. 5. Суалтылмаған сиырлар шағылысқа уақытында түспейді. АЗЫҚТАНДЫРУ ТӘРТІБІН ҚҰРУ. Суалған сиырлар үшін азық нормасы олардың тірідей салмағы мен жоспарлы сүт көлеміне есептелініп, анықтама кітапшасынан алынады. Кұнажын тайыншалар үшін жоспарлы сүт мөлшері ретінде, олардың өсу тегі жөніндегі тұқымдық куәлігіндегі көрсеткіштері алынады да, сауын сиырлары үшін өткен жылғы көрсеткіштері алынады. Бұл уақытта азық та біркелкі берілмейді. Жалпы суалту мерзімін 6 онкүндікке бөліп, мынадай жүйені сақтаған дұрыс болады: - бірінші онкүндікте желін безін қабынудан сақтау үшін азық нормасы 80%-ға дейін азайтылады; - екінші онкүндікте азық нормасы қалыпты мөлшеріне жеткізіледі; - үшінші және төртінші онкүндіктерде бұрын алынбай қалған коректік заттарды толықтыру мақсатында азық нормасы 120-130%-ға дейін көбейтіледі; - бесінші онкүндікте қайтадан 100%-ға түсіріліп, соңғы онкүндікте желін безіне қысым түсірмес үшін 70-80%-ға дейін азайтылуға тиіс. Сауын сиырларының рацион құрамына сапалы жемшөп, сүрлем және тамыртүйнек жемістері, олардың әрбір 100 кг массасына қарай мына тәртіппен енгізіледі: қатаң азық 1,5-2,0 кг, ылғалды азық 3,0-5,0 кг оның, ішінде тамыртүйнек жемістері 1,5-2,0 кг, ал азық нормасы бойынша қалған, жетіспей жатқан қоректік заттар көлемі бір малға есептегенде 0,5-1,5 кг мөлшерінде құрама есебінен толықтырылады. Тапсырма. Суалған сиырларға рацион құру. Бақылау сұрақтары: 1. Сиырларды суалтудың маңызы? 2. Сиырларды қай кезде суалтады? 3. Сауын сиырларды азықтандыру нормасы қалай жүреді? 4. Сауын сиыр рационына қандай азықтар кіреді? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 5 тақырып: САУЫН СИЫРЛАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Сауын сиырларының рационына қажетті азықтық заттардың нормасын, олардың салмағын, құндылығын, өнімін және жасын анықтап, студенттерге рацион құруды үйрету. Әдістемелік нұсқау: Рацион құру үшін көбіне сол шаруашылықта бар жемшөп пен басқадай азықтық заттар пайдаланылады. Азық рационына енгізілетін жемшөптің көлемін анықтаудың екі түрлі әдісі бар. 1. Азық рационының сауын сиырларға арналған жалпылама қабылданған кұрылымын сақтау. Ол бойынша қатаң азық - 20-25 пайыз ылғалды азық - 50-60 пайыз құрама жем - 20-25 пайыз. 2. Сауын сиырларының әрбір 100 кг салмағына қарай әр түрлі топтағы азықтарды өткізуге болады. Атап айтқанда: 1,5-2 кг қатаң азық 3,5-5,0 кг, ылғалды азық, оның ішінде -1,5-2 кг тамыртүйнектілер. Ал құрама жем тәуліктік сүттің әрбір килограмына мына тәртіппен бөлінеді, егер тәуліктегі сүт көлемі 10 кг дейін болса, әрбір кг сүтке - 100 грамм, 10-15 кг аралығында - 150-200, 15-20 кг аралығында - 200-250, 20 кг жоғары - 350-300 гр. Егер тәуліктік сүт көлемі 25 кг артық болса, онда міндетті түрде амин қышқылдары /лизин, метионин, триптофан/ есепке алынады. Мысал ретінде: салмағы 600 кг, тәулігіне 18 кг сүт беретін сауын сиырына рацион құру.Рационды талдай отырып, минералдық қоспалар мен микроэлементтер тұздарын қосуды үйрену. ӨНДІРЕ СҮТ САУУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Сауын сиырларынан мейлінше көп сүт алудың негізгі алғышарты олардың организміндегі жалпы қалыптасқан физиологиялық жағдайды, зат алмасу үдерісін және табиғи ерекшеліктерін айқын белгілеуде. Алғаш бұзаулаған сәтте инстинкті түрде мал барлық болмысымен өз ұрпағын сақтауға ұмтылса (уыз түзілуі, қызғаншақтық т.б.), енді 10-15 тәулік ішінде ол мейлінше көп сүт беруге қабілетті болады. Азықтың өзіндік ақталуы артады. Осы сәтті жан-жақты пайдалану үшін сауын сиырларына тиісті қатаң және ылғалды азықты сол күйінде қалдырып, құрама жем көлеміне нақтылығы алынып отырған тәуліктік сүттен 4-6 кг мөлшерінде артық есептейді. Мысал үшін құрама жемді есептегенде нақтылы тәуліктік сүт көлемі 10 кг болса, оны шартты түрде 14-16 кг деп алады. Егер одан әрі сүт көлемі шынында 14-16 кг дейін ұлғайса, келесі он күндікке қоспа жем көлемін тағы 4-6 кг артық сүтке есептейді. Сүт көлемі тұрақты бір деңгейге жеткенше осылай жалғастыра береді. Тегінде сауын сиырларынан ең көп сүт сауудың мүмкіншілігі бар алғашқы 90-100 тәулік ішінде жылдық сүт көлемінің 40-45 пайыз алуға болады. Азық рационын талдау: салмағы 600 кг, тәулігіне 18 кг сүт берген сауын сиырынан енді 22 кг сүт сауылады деп есептеледі. Тапсырма. Сауын сиырларға рацион құру. Бақылау сұрақтары: 1. Рацион құру үшін нені қолданады? 2. Рациондағы жем-шөптің мөлшерін анықтау жолдары қандай? 3. Сауын сиырлардан көп мөлшерде сүт алу үшін не істейді? 4. Жылдық сүт көлемінің 40-45 пайызын қалай алуға болады? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 6 тақырып: АТАЛЫҚ БҰҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге аталық бұқаларды дұрыс азықтандырудың маңызын ашып, оларды азықтандырудың негізгі алғышарттарын үйрету. Әдістемелік нұсқау: Аталық бұқаларды азықтандырудың маңызы олардың табындағы атқаратын қызметіне байланысты. Негізінен алғанда, ірі қара мал шаруашылығының өнімділігі қолдан ұрықтандыру жағдайында болса да немесе оларды көбейтіп өсіру табиғи шағылыс арқылы жүргізілсе де тікелей аталық бұқалардың тұқым қуалау арқылы берілетін белгілеріне аталық тобы бойынша массасына, сүттілігіне, сүттің майлылығына, дене бітіміне, т.б. байланысты. Демек ұрық сапасы да аталық бұқалардың азық рационындағы қоректік заттардың, әсіресе протеин мен минералдық элементтердің, витаминдердің жеткілікті және құнарлы болуы аркылы қамтамасыз етіледі. Мысал үшін рацион құрамындағы сөлдің жетімсіздігі мал тәбетінің төмендеуіне ғана соқтырып қоймайды, сонымен қоса ұрық құрамындағы фруктоза мен лимон қышқылының азаюына да бірден әсер етеді. Мұндай кезде ұрықтың қозғалғыштық қабілеті де кемиді. Аталық бұқаларға арналған азық нормасы олардың тірідей массасына, өнім бағытына және физиологиялық жағдайына қарай анықтама кітапшасынан алынады. Оларды азықтандыру кезінде жыл бойына қондылығы төмендемей, дене бірішінің бабында сақталуына қатты көңіл бөлінеді. Егер қондылық қалыптағыдан жоғары болса, рацион мөлшері ұлғайтылады. Шағылыстан бос уақытта бұқалар қалыпты норма бойынша азықтандырылып, шағылыс кезінде үстемелетілген азық рационымен қамтамасыз етіледі. Тегінде, бұқалардың азық рационы олардың әрбір 100 кг массасына мына тәртіп бойынша енгізілген сапалы азықтардан тұруы тиіс: қатаң азық - 0,8-1,0 кг ылғалды азық - 0,08-1,0 кг сүрлем 1,0-1,5 кг тамыр түйінінің жемістері қоспа жем - жай уақытта 0,4-0,5 кг шағылыс уақытында 0,5-0,7 кг. Физиологиялық жағдайына байланысты жай уақытта рацион құрамындағы әрбір АӨБ 100 грамм қорытылатын протеиннен келуге тиіс болса, шағылыс уақытында бұл көрсеткіш 125-145 грамға дейін көтеріледі. Ал оны қамтамасыз ету үшін бұл кезде басқа, тәулігіне 50-400 грамм аралығында жануар тектес азықтар беруге болады. Сонымен қоса олардың рацион құрамына сабан, қызылша сығындысы, картофель үгіндісі сияқты азықтар және жыныс жолдарын қабындыратын, химиялық құрамында госсинолы бар рапс, арыш /рыжик/, қыша /сурепка/ күнжаралары мен шроттары енгізілмейді. Тапсырма. Аталық бұқаларға арнап рацион құру. Бақылау сұрақтары: 1. Аталық бұқалардың табындағы атқаратын қызыметі? 2. Бұқалардың ұрпақтарының сапаларынеде? 3. Бұқаларға азық рационы қалай тағайындалады? 4. Бұқалардың азық рационы қандай? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 7 тақырып: ҚОЙ МАЛЫН АЗЫҚТАНДЫРУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге әр түрлі жіктегі қой малын азықтандырудың алғышарттарын алып, оларға рацион құруды үйрету. Әдістемелік нұсқау: Аталық қошқарларды азықтандыру үдерісіндегі ең негізгі алғышарт - оларды жыл бойына заводтық қондылықта ұстауды қамтамасыз ету. Ал жалпы күйектен бос кезде аталық малдың жоғарғы қондылықта болуы артық емес. Тек азық рационындағы құрама жем көлемі құрғақ заттың 41-42 пайызынан асып кетпеуі керек. Аталық қошқарларға арналған азық рационы жай және күйек уақытына арналған деп екіге бөлінеді. Оларды күйек уақытына арналған азық рационына көшіру ұрықтандыру мерзіміне 1,5 ай қалғанда басталады. Өйткені, осы кезде олардың ұрығы тексеріліп, жасанды қынапқа алына бастайды. Ал қоректік және минералдық заттардың нормалары олардың тұқымына, тірідей салмағына және физиологиялық жағдайына сәйкес кітапшасынан алынады. Жай уақыттағы азық рационының құрамына әдетте 1,5-2 кг бұршақ және астық тұқымдас сапалы пішен, 1,5-2 кг сүрлем, 500-700 г шамасында 3-4 түрлі қоспа жемнен тұратын концентратты азық кіргізіледі. Күйек уақытында рацион құнарлылығы арттырылып, әр қошқарға тәулігіне 1-1,5 кг бұршақ және астық тұқымдас, таза бұршақ тұқымдас пішен, 1,0-1,5 кг ығалды азық, оның ішінде 0,5 кг мөлшерінде тамыртүйнек жемістері (әсіресе қызыл сәбіз), құрамында сұлы, тары, арпа, бұршақ, жүгері шроттары бар 1,0-1,5 кг құрама жем және 100 г көлемінде жануар тектес азықтар беріледі. Жаз айларында. Биязы жүнді қой тұқымы үшін пішеннің 50 пайызы, ал етті-құйрықты қой тұқымының аталықтары үшін пішеннің 70 пайызы көк балаусамен немесе жақсы жайылымдық шалғынымен алмастырылады. БУАЗ САУЛЫҚТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ Буаз саулықтарға арналған азық рациондары жатырдағы төлдің өсу қарқынына байланысты буаздықтың алғашқы 12-13 және соңғы 7-8 аптасына арнап жасалады. Өйткені, соңғы 7-8 апта ішінде төлдің жылдам дамуына сәйкес азық өлшем бірлігіне деген қажеттілік 30-40, қорытылатын протеинге 40-50 пайыз, ал кальций мен фосфорға - 2 есе өседі. Олардың азық рационының құрамы буаздықтық алғашқы 12-13 аптасында 1,5-3,0 кг қатаң, 1,5-3,0 кг ылғалды азықтан тұрады. Қой коңдылығы жақсы болса, бұл уақытта құрама жем пайдаланудың қажеттілігі болмайды. Ал буаздықтың екінші кезеңінде сүрлемді мейлінше азайтып 1,5-3,0 кг қатаң азықпен қоса әр саулыққа 200-300 кг қоспа жем беруге болады. Әсіресе бұл уақытта сапасы төмен (құрамында сірке, пропион, ацетонды сірке қышқыларды бар) және қатып, үсіген сүрлемнен сақ болу керек. ТОҚТЫЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ Тоқтыларды ұтымды азықтандыруды ұйымдастыру малдың өз төлі есебінен көбейіп өсуін қамтамасыз етумен бірге олардан мол өнім алудың негізгі кілті болып табылады. Тоқтыларға арналған азық нормалары олардың жігіне, жасына, өсірілу бағытына (содан әрі - мал басын өсіруге, мал тұқымын асылдандыруға бордақылауға) сәйкес әркелкі жасалады. Оларды біз анықтама кітапшаларынан аламыз. Тәжірибе жүзінде тоқтыларды азықтандыруды торт айдан үш кезеңге бөлуге болады. Олар: туғаннан 4 айлығына дейін, содан 5-8 ай және 9-12 ай аралығы. Олай болатын себебі - 4 ай енелерінен бөлгеннен кейін толық жазғы жайлымдықты пайдаланатын кезеңге сәйкес келеді. Ал 9-12 ай аралығы - олардың алғашқы қысы. Бұл кезеңдердің әрқайсына тән үлкен ерекшеліктері бар. Жоғарыдағы айтылып кеткен кілт осы ережелерді білуді талап етеді. Алғашқы 4 айлық. Қозылардың бірінші айдағы негізгі азығы - енелерінің сүті. Сонымен қоса бор, тұз, су үздіксіз болып, үйренуі үшін алғашқы аптадан кейін-ақ сапалы пішен, тартылған арпа, қауызы ұшырылып ұнтақталған сұлы немесе арнайы қоспа жем койылады. Бірінші айда қозылар тәулігіне орта есеппен 40-50 г қоспа жем жейді. Қой күйіс малы болғанымен бұзауларға қарағанда қозылардың өсімдік азықтарын қорытуы бір ай ерте, демек екі айлығында қалыптасады. Сонда олар екінші айда тәулігіне 100 г қоспажем, 150-200 г сапалы бұршақ, бұршақ-арпа тұқымдас пішен, 200-250 г сүрлем, үшінші айда 150 г жем, 200-250 г пішен, 250-300 г сүрлем, ал төртінші айда 250 г жем, 300-400 г пішен, 500-800 г сүрлем пайдалануға қабілетті болады. Немесе екінші айдан бастап мүмкіндігінше пішен мен сүрлемді 2 айда 0,9 кг; 3 айда 1,6 кг; 4 айда 2,5 кг көк балаусамен, болмаса жайылымдық шалғынмен алмастыруға болады. Ал құрама жем мөлшері көлемі жоғарыдағы тәртіппен сақталады. Бұл уақыт ішінде оның құрамындағы әрбір азық өлшем бірлігіне 125-130 г қорытылатын протеин сәйкес келуі керек. 4-8 ай аралығы. Бұл уақыттағы басты мақсат - табиғи қалыптаскан өсу қарқынын ұтымды пайдалану. Өйткені бұдан әрі тоқтылардың өсу қаркыны төмендей береді. Сонда 120-150 г тәуліктік салмақ қосуы үшін оларды жақсы жайылымдықпен және 200-300 г қосымша жеммен қамтамасыз ету керек. Оған басты назар аударатын себебіміз - қыста күйі кеткен токтыларды үстемелете азықтандырғаннан гөрі осы уақытты ұтымды пайдаланған абзал. Әсіресе тоқтылар бордақыға арналған болса, оны осы уақыттан бастаған жөн. Сонда азықтық өзіндік ақталуы жоғары болып, қосымша салмақтың әрбір килограмына 4,5-5,0 А.Ө.Б. аспайды. Ол тоқтыларды 10-12 айда 60-70 кг салмақпен етке өткізудің мүмкіндігіне жол ашады. 8-12 ай аралығы. Бұл уақыт ішінде жан-жақты әрі ұтымды азықтандырылған жағдайдағы тоқтылардың беретін тәуліктік қосымша салмағы 100-120 г. Ал рацион кұрамы әр малға шамамен 0,8-1,0 кг сапалы пішеннен, 2,0-2,5 кг сүрлемнен және ұрғашы тоқтылар үшін 200-300 г, еркек тоқтылар үшін 400-500 г құрама жемнен тұруы қажет. Тегінде, 6 айдан асқан тоқтыларға протеин жетпеген жағдайда рационға карбамид немесе аммоний тұздарын кіргізуге болады. Тапсырма: Саулықтар мен тоқтыларға рацион құру. Бақылау сұрақтары: 1. Аталық қошқарлардың рационыныдағы құрғақ зат қандай болуы керек? 2. Қошқарлардың күйек кезіндегі рационы қондай болуы керек? 3. Буаз саулықтарды азықтандырудың ерекшелігі? 4. Қозылардың алғашқы айларындағы негізгі тамақтанатыны? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 8 тақырып: ШОШҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өну қабілетінің жоғары екенін ескере отырып, студенттерге оларды өндіріс жағдайында азықтандыру технологиясын ашып түсіндіру. Әдістемелік нұсқау: Шошқа шаруашылығынан алынатын өнім көп жағдайда малдың аталығына байланысты болып келеді. Өйткені, шошка өте өсімтал және жылдам көбейетін жануар. Мегежіндер ұрықтанғаннан кейін 114 күнде шамамен 10-12 торай табады. Ал бұл циклдің жылына 2,2-2,5 рет қайталану мүмкіндігі бар. Оған енді ұрғашы торайлардың айлығына жаңа шағылысқа келетінін қосыңыз. Сонда әрбір торайдың өсіп-өнуі аталықтың тұқым арқылы берілетін қасиеттеріне, ұрық сапасына тікелей байланысты екені белгілі болады. Мұның ішінде тұқым қуалау касиеттері селекциялық іріктеу арқылы жүргізілсе, ұрық сапасы көбінесе олардың жыныстық қабілеттілігіне, күйіне және азықтандыру үдерісінің жан-жақтылығына байланысты болады. Бұл жерде олардың әр түрлі мөлшерде жануар және өсімдік тектес азықтарды қабылдай алатындағы ескеріледі. Аталық шошкаларға арналган азық нормалары анықтама кітапшаларынан алынады. Оларды ұзақ уақыт шағылысқа пайдаланбаған жағдайда 200-250 кг аталықтардың нормасы 10%, 250-350 кг аталықтардың нормасы 20 % төмендейді. Ал жалпы қойылатын талап - рационның молшері ықшамды болып, негізінен құрама жем тұрпатты болуы. Сонда рацион бойынша жаңадан есіп келе жатқан аталықтардың әрбір 100 кг салмагына 1,7, сақа аталықтардың 100 кг салмағына құрғақ заттан келуі керек. Шағылыс уақытындағы азық рационы 3-4 кг құрама жемнен /3-4 түрлі концентрат/, 2 кг ылғалды азықтан /аралас шөп сүрлемі/, 0,3-0,5 кг көк балауса ұнынан, 1,4-2,0 л айырылған сүттен және 0,1-0,2 кг балық ұнынан түрады. Шағылыстан тыс уақытта оларға шамамен 2,8-3,1 кг құрама жем, 2,5 кг ылғалды азық және 0,6 кг көк балауса ұны беріледі. БУАЗ ЖӘНЕ ТОРАЙЛЫ МЕГЕЖІНДЕРДІ АЗЫҚТАНДЫРУ Буаз мегежіндерге арналған азык рационы іштегі торайлардың өсіп жетілуіне байланысты алғашқы 84 тәулікке және соңғы 30 тәулікке деп кезең-кезеңімен жасалады. Ал торайлы мегежіндер үшін олардың жасы және торайларды енесінен бөлу уақыты есепке алынады. Сонда 2 жасқа дейін немесе одан жоғары жастағы мегенжіндерге арналган азық рационы шаруашылықта қабылданған технология бойынша торайларды енесінен 60, 35 және 26 тәулікте бөлуді көздейді. Атап айтқанда, сол технологияға арналған рациондар кұрылады. Рацион құрамына қарай концентратты-картопты, концентратты-тамыртүйнекті және концентраты (құрама жем) болуы мүмкін. Шамамен алғанда, мегежіндердің рационы мынадай азықтардан тұра алады: Азыктар, кг Буаз мегежіндер Торайлы мегежіндер Алғашкы 84 тәулік Соңғы 60 тәулік Арпа 0.3-0,8 0,3-1,1 0,4-2,5 Бидай кебегі - 0,6-3,0 Жүгері 0,5-0,8 0,8-1,0 Бұршак 0,1-0,2 0,4-0,5 0,2-0,4 Күнбағыс шроты 0,2-0,3 0,4-0,5 0.2-0,4 Парланған картоп немесе 3,0 4,0 5,0 жартылай тәтті қызылша немесе 3,6 5,0 6,0 аралас шөп сүрлемі 1,7 2,4 3,7 Көк балауса ұны 0,5 6,7 Балық ұны 0,1-0.2 Преципитат, г 40 30 57 Ескерту: парланған картоп тек қана концентратты-картопты, жартылай тәтті қызылша - концентратты тамыр-түйнекті, ал аралас шөп сүрлемі тек концентратты тұрпаттағы рациондарда ғана пайдаланылады. Тапсырма: Мегежіндер мен торайларға рацион құру. Бақылау сұрақтары: 1. Мегежіндер ұрықтанғанан соң қанша айда торайлғаайды? 2. Аталық шошқаларға азық рациондары қалай тағайындалады? 3. Аталық шошқалардың шағылыс кезіндегі рационықандай? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) ЗЕРТХАЛЫҚ САБАҚТАР № 1 тақырып: ШӨПТІҢ ЖӘНЕ САБАННЫҢ ОРТА ҮЛГІСІН АЛУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге шөптің және сабанның орта үлгісін алуды үйрету. Әдістемелік нұсқау: Химиялық құрамы және басты қасиетгері жағынан мүмкіндігінше бүкіл азык партиясының дәл көшірмесі болып саналатын азықтың бір-ак бөлігі оның орта сынамасы деп аталады. Әлбетте, ең алдымен алғашқы (бастауыш) сынама үлгісі алынады, содан соң басты сынамадан орта сынама алынады. Азық партиясының келемі үлкейген сайын, бастауыш сынама көлемі де өсіп отырады. Керекті құрал-жабдықтар * Жазу дәптері * Қайшы * Таразы * Азық жөніндегі мағлүмат Істелетін жұмыс: Маядағы шөп пен сабанның сынамасы 0,5-1 метр биіктіктен маяның ұзындығы бойынша үш жерден: басынан, ортасынан және аяқ жағынан әрбір 15 тоннаға 0,75-1 килограмнан. Байланған шөптен немесе сабаннан орта сынама алу үшін алғашқы сынаманың көлемі 100 тоннаға дейін - 3%, ал одан артығы 1% мөлшеріндегі байлам шөп немесе сабан болуы тиіс. Бастауыш сынама өте көлемді болады, сондықтан одан лабораторияға орта сынама алу үшін (1,5-2 кг) шөпті немесе сабанды әдейілеп жасалған клеенкаға салады. Араластыру барысында түскен топырақты, ірі өсімдік сабақтарын аластайды. Содан соң сынаманы қағазға орап, лабораторияға жөнелтеді. Жөнелтпес бұрын бұл азық жөніндегі мағлүмат былайша толтырылады: Лабораторияға келіп түскен 1,5 -- 2 кг азықты, ұзындығын 1-2 см-ден қайшымен турайды және біркелкі шаршылап жайып тастайды. Содан соң ол қиғаш бағытта төртке бөлінеді: сол төртеуінің қарама-қарсы екі бөлімі азықтың салмағы 300-500 г жеткенше алынып тасталып отырады. Лабораторияға түскен азық, арнайы жасалған азық дәптеріне жазылып отырады. Жоғарыда жазылған әдіс бойынша төрт бұрыш принцип алынған орта сынамадан жедел түрде лабораториялық сынама алынып, оның алғашқы ылғалдығын тез арада анықтаған жөн, өйткені ырғақпен жасалған жұмыс азықтың қөректілігі жөніндегі қате көрсеткішке, демек, қате ұғымға соқтыруы мүмкін. Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма. Азық жөніндегі анықтама толтыру. Азық жөніндегі мағлұмат № _________________________ азык үлгісі салмағы ___________________________________________________ азықтың атауы______________________________________________ мекен-жайы________________________________________________ алынған уақыты, мерзімі_____________________________________ алынған учаскенің анықтамасы________________________________ (жер қыртысы және өнделуі) тыңайтқыш енгізілуі (қашан, неше рет, қандай мөлшерде)_________ Пәлек құрамы, вегетация мерзімі______________________________ Шөпті шабу тәсілі, уақыты, ауа райының ерекшеліктері, гектар өнімділігі__________________________________________________ шөптің сақтамдылығы_______________________________________ сертификат деректері (техникалық өндіріс қалдықтары мен құрама азық үшін), технологиясы және сақталу мерзімі__________________ қосымша деректер___________________________________________ Сынама алған адамның қолы /аты-жөні/ Бақылау сұрақтары: 1. Шөп пен сабанның сынамасын қандай биіктіктен алады? 2. Сынаманы 15 тоннадан қанша кг алады? 3. Сабанды лабораторияда сынама алу үшін не істейді? 4. Азық сынамасын қанша етіп кеседі? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 2 тақырып: АЛҒАШҚЫ ЫЛГАЛДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ Сабақтың мақсаты: Студенттерге азықтардың алғашқы ылғалдылығын анықтауын үйрету. Әдістемелік нұсқау: Азық құрамындағы ылғалдылықтың екі түрі болады. Одан 65°С буланып шығатын ылғалдылық алғашқы ылғалдылық /АС/, ал кейінгі 100-105°С температурасында кептіру салдарынан бөлінетін ылғал гигроскопиялық ылғалдылықтың қосындысы - жалпы су /ЖС/ болып табылады. Жалпы су мына формула бойынша аныкталады. ЖС=АС + ГС · (100-АС) 100 Ал құрғақ зат /ҚЗ/ жалпы азықты 100% деп санағанда 100 бен жалпы судың айырмасынан туады: ҚЗ=100 - ЖС /%/ Алғашқы ылғалдылықтан босатылған азық құрғақ /ҚК/, күйіндегі азық, ал гигроскопиялық ылғалдылықтан айрылған азық - абсолюттік құрғақ күйіндегі (АҚҚ) азық деп аталады. 65°С буланатын су - клеткааралық бос су, ал І05°-та босап шығатын су - химиялық заттармен байланысты, ішкі су. Керекті құрал-жабдықтар * Лабораториялық диірмен * Табақ * Қайшы * Клеснка * Таразы * Кептіргіш шкаф. * Нөмірленген таза ыдыс (шыныдан) * Елек Істелетін жұмыс: Лабараторияга келіп түскен сынамадан жедел түрде екі жүз грамм лабораториялық сынама алынады да ол үгітіледі (шөптің ұзындығы 12 см қайшымен кесіледі). Бұл үлгінің алғашқы ылғалдылығын анықтау жолы төмендегідей: 1. Бос табақ таразыға салынып өлшенеді - салмағы /Т/. 2. Оған үгітілген азық салынып өлшенеді /Т+А/. 3. Азығы бар табақтың салмағы мен бос табақтың салмағының арасындағы айырма азық салмағы болып табылады /ТА-Т=А/. 4. Табақтағы азықты, кептірілгіш шкафтағы ыстық 60-65°С жағдайында, ақырғы екі өлшемнің бір-бірінен салмақтарының айырмашылығы 0,5 грамнан артпайтындай күйге дейін кептіру қажет. 5. Кептіру барысында әр азыққа мынадай анықтама қағаз жазылады: Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма. Азық жөніндегі анықтама толтыру. Азық жөніндегі мағлұмат Айы __________ жылы _________ күні ______________ Азықтың атауы __________________________________ Табақ пен азық салмагы /ТА/ _____________________ Бос табақ салмағы /Т/ _____________________________ Азық салмағы/А/ ________________________ Табақ пен азықтың 60-65°С Т-да кептірілгеннен кейінгі 1-ші өлшеуі______________________________________ 2-ші өлшеуі______________________________________ 3-ші өлшеуі______________________________________ Табақ пен құрғак күйіндегі азықтың салмағы__________ Ұшып кеткен су салмағы___________________________ Алғашқы ылғалдылық, % __________________________ Бақылау сұрақтары: 1. Азықтағы ылғалдылықтың неше түрі болады? 2. Алғашқы ылғалдылық дегеніміз не? 3. Жалпы су дегеніміз не? 4. (АҚҚ) азық дегеніміз не? 5. Ішкі су дегеніміз не? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 3 тақырып: ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: Студенттерге азықтардың гигроскопиялық ылғалдылығын анықтауын үйрету. Әдістемелік нұсқау: Азықты 100-105°С температурада кептіру барысында оның құрамында, сайып келгенде, мынандай үдерістер жүруі ықтимал: гигроскопиялық судың жоғалуы, ұшпалы заттардың жоғалуы, эфир майлары, көмір қышқылдар, (аммиак, т.б.) тотығу әсерінен отгегіне сіңу. Керекті құрал-жабдықтар. * 100-105°С температураға арналған кептіргіш шкаф, * Аналитикалық таразы, * Эксикатор, * Қалбырша, * Темір қысқыш. Істелетін жұмыс: 1. Бос пакеті шыныдан немесе алюминийден жасалған қақпақты стаканның салмағын өлшейді. Ол үшін ең алдымен қақпақшасы ашық күйіндегі қалбыршаны 1 сағат 40 минут 100-105°С температурада кептіргіш шкафқа салып кептіру қажет. Кептірілген ыдысты қысқыштың көмегімен шкафтан алып эксикаторда 30-40 минут суытады да, бос күйінде таразыға салып өлшейді. 2. Өлшенген ыдысқа 1-2 г зерттелетін азык салынып, тағы да өлшенеді. Азығы бар ыдыстың салмағынан алдында өлшенген бос ыдыстың салмағын алып тастаса талдауға деп алынып отырған азықтың таза салмағы шығады. 3. Азығы бар қалбыршаны (қақпағы стақанның қырына қойылған) кептіргіш шкафта 100-105°С температурада 1-2 сағаттан бірнеше рет кептіреді. Кептіру аралықтарында ыдысты қысқышпен алады. Эксикаторда суытқан соң оны өлшеп отыру керек. Ақырғы екі өлшемнің айырмашылығы 1 мг аспау керек. Егер ыдыстың кейінгі өлшемі алдыңғысынан артып кетсе, онда ол тотығу үдерісінің басталғанын білдіреді. Ал бізге кептіру барысындағы өлшенген салмақтардың ең кемін қолданған дұрыс. Гигроскопиялық ылғалдылық мына формула бойынша есептеледі: Х=а·100 в мұнда а- ұшып кеткен ылғал салмағы; в- анализге алынған таза салмағы; 100- пайыздық көрссткіш. Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма. Гигроскопиялык ылғылдылықты есентеу Аныктаулар бірінші екінші Азығы бар пакет еалмағы, г Бюкс салмагы, г Азыктың таза салмағы, г 100-105°С кептірілген азыкты пакеттің салмагы 1-ші өлшеу 2-ші елшеу 3-ші олшеу Ұшып кеткен судың салмағы Құрғақ күйіндегі азықтың гигроскоииялық ылғалдылығы /%/, алғашкы күйіндегі Құрғақ зат мөлшері /%/ Практикада болса да, ғылыми жұмыс жүргізілсе де, азықтың басқа да қоректік заттарын анықтау барысында бір емес, қосымша екінші анықтаманы да бірге жасап отыру қажет. Екі анықтама деректерінің алшақ болуы жұмыстың дұрыс жүргізілгендігіне күмән туғызады. Бақылау сұрақтары: 1. Азықты 100-105°С температурада кептіргенде не байқалады? 2. Алғашқы ылғалдылық дегеніміз не? 3. Жалпы су дегеніміз не? 4. (АҚҚ) азық дегеніміз не? 5. Ішкі су дегеніміз не? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 4 тақырып: ҚАТАҢ АЗЫҚТАРДЫҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: студенітерді қатаң азықтарды дайындау технологиясымен таныстыру. Әдістемелік нұсқау:. Пішен күйіс малын қыс айларында азықтандыратын негізгі азықтардың бірі. Жоғары сапалы пішен протеинге, минералды элеметтерге, каротинге, Д, К, В тобының витаминдеріне бай келеді. 1 кг құнарлы пішенде 0,42-0,52 азық өлшем бірлігі, 52-72 грамм қорытылатын протеин, 50 грамға дейін қант, 40-50 мг каротин болады. Мұндай пішен күйіс малының рационына 20-25 пайыз немесе әрбір сиырдың тірідей массасына шаққанда кем дегенде 1 кг мөлшерінде енгізілгенде ғана ас қорыту үдерісі қалыпты жүреді. Пішен негізінен екпе шөптер егісі мен табиғи шабындықтардан орылып, дайындалады. Қоректік жұғымдылығы: 1) ботаникалық құрамына, 2) өсіп-өну жағдайына, 3) қандай өсу кезеңінде орылғанына, 4) дайындау технологиясына, 5) анықтау сапасына тығыз байланысты. Ботаникалық құрамына байланысты пішен мынадай түрлерге бөлінеді: - бұршақты протеин мен Са көп; - дәнді (қантқа бай); - бұршақты дәнді, табиғи шабындық пішені. Шөптің бір ғана түрінен дайындалған пішеннің химиялык құрамы қарапайым (бұршақты немесе дәнді). Ал бұршақты-дәнді өсімдіктердің пішені неғұрлым жұғымдырақ келеді. Шөпті кептіру барысында өз бойындағы ылғалмен бірге жинақталған қоректік заттарын да жоғалтып алуы мүмкін. Орылған шөпте алғашқы кезеңде клеткалар қосымша жинақталған қоректік заттар қоры есебінен тіршілік ете береді. Бұл кезең сола бастаған өсімдік бойындағы ылғалы 45-55 пайыз кемігенше созылады. Бұны ашыту кезеңі деп атайды. Мұндай жағдайда қоректік заттар қоры өте тез шығындалып, азая түседі. Мысалы, өсімдік тәулігіне 1 пайыз құрғақ затын жоғалтады (негізінен қант мөлшері есебінен). Ашыту кезеңі ұзара түскен сайын протеин құрамы да өзгереді: амидтер мөлшері көбейіп кетеді де протеин нұқсан келтіреді. Сола бастаған өсімдік каротині азайып, пішен азықтық жұғымдылығын төмендетеді. Сондықтан пішенді тез кептіру үшін оны жаныштап алған жөн. Бірақ шөптің жапырағы мен гүлдері түсіп қалмауы үшін оны бойындағы ылғалы кемінде 45-55 пайыз сақталатындай дәрежеде қопсытады. Кептірілген пішеннің жоғалтқан қатты заты 21 пайызға, азыктық өлшемі 42 пайызға, қорытылатын протеин 34 пайызға жетеді. Ал жауын-шашынға ұшыраса, бұл шығын арта түседі. Пішенді шабындықта кептірудің тиімділігі - күн көзі әсерінен пішендегі эргостириннен Д витамині түзіледі. Осымен мал кыстан шыға алады. Қосымша желдеткіш қолданып кептірілген пішеннің сапасы мен қоректілігі артады (протеин шығыны 1,5 есе кемиді). Ылғалдылығы 15-17 пайызға дейін кемітілген кептірілген пішен сарайда, қалқалы бастырмада тайланып сақталады. Ботаникалық құрамын анықтау үшін 100-300 г тексеріледі: дәнді өсімдіктер, бұршақты өсімдіктер, әр түрлі азықтық шөптер, арам шөп, жеуге жарамсыз шөптер, улы және зиянды шөптер 1 пайыздан аспауы керек (Мемлекеттік стандартты көрсету МС-87). Керекті құрал-жабдықтар. * Кептіргіш шкаф, * Стакан, Істелетін жұмыс: ПІШЕН САПАСЫН КӨЗБЕН БОЛЖАУ Шалғындық шөп жасыл түсті болып келеді (ақшыл жасылдан қарақошқыл жасылға дейін). Көп кептірілген және көп сақталған шөп өзінің жасыл түсін жояды. Жауында дайындалған пішеннің түсі қоңырлау болып келеді. Пішен иісі шөптің жиналған мерзіміне жиналу жағдайына, кептіру тәсіліне, сақталуына байланысты. Жақсы пішен тамаша иісті болып келеді. Ескі пішеннің иісі кетеді. Дұрысы сақталмаған пішеннен нашар немесе сасық иіс шығады. Пішен иісін білу үшін 50-100 г пішенді стақанға салып, ыстық су құяды да, стақанды шынымен жабады, 2-3 минуттан кейін иісті білуге болады. ЖИНАЛАТЫН УАҚЫТЫ Пішен гүлдену кезеңінде, орылып жиналады, Бидай тұқымдастарының көбінің басында дәндері болмай гүлдері болғанда, ал бұршақ тұқымдастары толық гүлденген кезде шалғыға салады. ЫЛҒАЛДЫҒЫН 5 г пішенді плюс 130°-та 40 минут кептіріп (ауытқуы плюс-минус 1 пайыз) жылдам анықтауға болады. Шаруашылық жағдайында пішен ылғалдылығын қолмен анықтайды; қолмен иленген пішен қатқыл тиіп, сықырласа, ылғалдылығы жоғары пішенді есуге болады. Жазда пішен ылғалдылығы 17 пайыз, ал қыста - 20 пайыздан аспауы қажет. БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ -түсінің қараюы, көгеруі, бал исінің пайда болуы. Пішеннің көгеруін, көк түсінің караюын маяның ортасына таман жерін тексеріп біледі. Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма. Пішенді шаруашылық керсеткіштері бойынша бағалау Көрсеткіштер Бағалауы ГОСТ бойынша талаптар 1 2 3 1. Ботаникалық кұрамы (пайыз): а) бұршак тұқымдас б) астық тұқымдас в) өлең шөп г) желінетіні немесс желінбейтіні д) улы шөптер 2. Түрі 3. Иісі 4. Дайындау кезеңі (гүлденгенге дейін, гүлденгеннен кейін) 5. Жапырақтануы 6. Ылғалдылығы 7. Бұзылғаны (шіріген, иістенген) 8. Пішеннің сапасы туралы қорытынды 9. Класс (I, II, III) 10. Классыз 11. Пішеннің тұрақты Тапсырма 2.Маядағы шөптің көлемін аныктау Көрсет-кіштер Ені Ұзындығы Асырма Көлемі Салмағы Қатаң азықтық корын аныктау үшін маядағы пішенді өлшеп, оның көлемін шығарады 1 Биік үйілген мая (енінен биіктігі ұзын) 2 Тік үйілген мая (биіктігі орташа және аласа) 0 = (А х 0,52 - Е х 0,44) Е х Ұ 3. Жалпақ үйілген маялар: Ө= (А х 0,52 - Е х 6,55) Е х Ұ 4. Шошақ үйілген мая Ө=((АхЕ)/4)хҰ мұндағы: А - асырмасы, м; Е - ені, м; Ұ - ұзындығы, м Бақылау сұрақтары: 1. Пішеннің химиялық құрамына кіретін элементтер? 2. Пішен күиіс малдарының рационының неше пайызын құрайды? 3. Пішенді ашыту кезінде не байқаладв? 4. Ботаникалық құрамын қалай анықтайды? 5. Ылғалдылығын қалай анықтайды? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 5 тақырып: АЗЫҚТЫҢ КҮЛІН АНЫҚТАУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: студенітерді азықтың күлін анықтау технологиясымен таныстыру. Әдістемелік нұсқау: Азықтың органикалық заттары жанып кеткеннен кейін қалған қалдықты күл деп атайды. Азықтың күлін алу үшін оны алдымен, баяу электр плитасында, сонынан муфельде 500-5500-та жандырады. Керекті құрал-жабдықтар: 1. Фарфорлы тигельдер 2. Темір кысқыштар 3. Электр плитасы 4. Муфель пеші 5. Эксикатор 6. Аналигикалык таразы 7. Шыны таяқшалар Істелетін жұмыс: 1. Фарфор тигель муфельді пеште (тасы қызғылт тартқанға шейін) бір сағат бойы қыздырылып, темір қысқыштың көмегімен эксикатор ішінде 30-40 минут суытылады (эксикатор қақпағын бірнеше минут ұстап тұру қажет, әйтпесе қызған ауаның әсерінен жерге ұшып түсуі мүмкін). 2. Суытылған тигельдегі күлді аналитикалық таразыға салып өлшейміз де, салмағын дәптерімізге жазып қоямыз. 3. 1-2 г зерттелетін азықты (тигельдің орта денгейіне дейін) бос тигельге салып, тағы да өлшеп, салмағын жазамыз. Осы салмақпен бос тигельдің салмағыныц айырмашылығы зерттелетін азыктың салмағы болып табылады. 4. Азығы бар тигельді электр плитасына қойып ауа сорғыш шкаф ішінде түтіндеуі басылғанға дейін қыздырып, суық муфель пешіне саламыз да, сәл қыздырудан бастап, пеш температурасын бірте-бірте 500-550° дейін жеткіземіз. Бұдан жоғары температурада фосфор, күкіріт және кейбір элемент тұздарының ұшуы ықтимал. Егер азық дұрыс жанбай жатса, сол суытылған тигельге бірнеше тамшы тазартылған су қосып электр пешінде буландырған соң, операцияны тағы да қайталаған жөн. Кейде мұндай жұмысты бірнеше рет қайталауға тура келеді. 5. Азығы күл болған тиігельді эксикаторға салып суытып, өлшеу қажет. Күл салынған тигельді тұрақты салмағына дейін бірнеше рет қыздырып, суытып, өлшеп отыру керек. Сонда, күлі бар тигель мен бос тигель айырмашылығы күлдің таза салмағын береді және оның пайызын төмендегі формула бойынша тапқан жөн: Х= а х 100 В мұнда X - күл пайызы; а - күл салмағы, г; в - зерттелген құрғақ азықтың таза салмағы, г. Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма. Анықтау кестесі Анықтаулар бірінші екінші Тигель саны /№/ Бос тигельдің салмағы /қыздырылғаннан соң/, г Азығы бар тигельдін салмағы, г Азықтың таза салмағы, г Күлі бар тигельдің 1-ші салмағы 2-ші өлшеуден кейінгі салмағы 3-ші өлшеуден кейінгі салмағы Тұракты салмағы, г Күлдін өз салмағы, г Күлдің пайыздық көрсеткіші, пайыз /құрғақ заттық/ Күлдің пайыздық көрсеткіші, пайыз /абсолютті құрғақ заттық/ Органикалық зат мөлшері, пайыз Тапсырма 2. Күл ерітіндісін дайындау Табылған күлдің құрамындағы минералдық заттарды зерттеп, анықтау үшін одан күл ерітіндісін дайындау қажет: 1. Табылған күлді сол тигельдің ішінде тұз қышқылының (сумен сұйытылуы 1:1) көмегімен ерітіп (тигельдің орта деңгейіне дейін құйылады), үстіне 1-2 мл азот қышқылы қосылады. Қосындыны шыны таяқшамен араластыра отырып күлді еріту керек. Күл еріген соң оның құрамындағы тұздар, хлорлы тұзға айналады. 2. Күл қалдықтары түгелдей тұз кышқылымен жуылған ерітіндіні тигельден химиялық стақанға құяды. Стақан іші бірнеше рет тазартылған сумен шайылады. Стақан ішіндегі күл кейде ерімей қалуы мүмкін. Ондай жағдайда оны электр плитасында қыздырып жіберген жөн. Кейде стақан түбінде құм бөл-шектеріде қалады. 3. Стақандағы ерітінді қағаз сүзгіш арқылы аумағы 100-200 мл өлшегіш колбаға құйылады. Әлбетте стақанды бірнеше рет шайып, сол сүзгіш арқылы қайта құйып отырамыз. Колбадағы осылай дайындалған күл ерітіндісін мұқият араласғырған жөн /сілкуге болмайды/. Бақылау сұрақтары: 1. Қалдық күл дегеніміз не? 2. Азықтың күлін алу үшін не істеледі? 3. Фосфор эксикаторда қанша уақыт суытылады? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 6 тақырып: СҮРЛЕМДІ АЗЫҚТАРДЫҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: студент жастарды сүрлеу технологиясымен және микробиологиясымен таныстыру. Әдістемелік нұсқау: Сүрлеу дегеніміз - микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, азықты маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және консервілеу. Оның маңыздылығы: 1. Сүрлеу әдісін ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан қолдана беруге болады. 2. Сүрлемде шырын көп болады және қоректік заттардың көпшілігі жақсы сақталады. 3. Азық микроорганизмдер тіршілігінен түзілген, физиологиялық жағынан малға пайдалы қосылыстармен байыды. Сүрлем дайындаудың екі түрі белгілі. * Салқын әдіс - оның температурасы 30-35° жылыдан аспауы керек (1,5 пайызға дейін сүт қышқылы, 1 пайызға дейін сірке қышқылы түзіледі). Мұндай әдіспен дайындалған сүрлемді 8-10 күн ішінде малға беруге болады. Оның түсі жасыл сары, иісі тұздалған көкөніс немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсініп жейді. 2. Ыстық әдіс. Бұл әдіс бойынша ор азыққа бірден толтырылмайды, алдымен азықты қалыңдығы 1,5 м өтіп салады да, бір-екі күн нығыздамай сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай шөп өздігінен қыза бастайды да 45-500-қа дейін көтеріледі. Бұдан соң оның үстіне тағы да қалыңдығын сондай етіп шөп салады, осы шөп салмағымен төменгісі тағы да қызады. Кейіннен қымтап жабылады. Бұл әдіспен дайындалған сүрлемнің жұғымдылығы салқын әдіске қарағанда төмен (Мейралд реакциясы). Сүрлем негізі. Өсімдік қантынан шығатын сүт қышқылы бактерияларының көмегімен азық қышқылданады. Сүрлемде сүт және сірке қышқылдары қажетті мөлшерде жинақтағанда, онда шіріту және басқа да зиянды микроорганизмдер тіршілігі тоқталады. Ортаның қышқылдылығы мен ауаның жоқтығы сүрлеудің басты шарттары болып табылады. Қышқыл мөлшері сүрлемде 0,5 пайыз болуы қажет. Қышкыл мөлшерінің өзгеруі сүрленетін өсімдіктер құрамында болатын кепіл заттарға байланысты. Олар органикалық қышқылдарды оңай байланыстырып, бейтараптандырып жібереді. Азық қышқылдығы кемиді. Зубрилиннің <<Қант минимумы>> теориясының негізі - азықтардағы қант мөлшері мен оның сүрлену мүмкінділігінің анықталуы. Соған байланысты азықтар: - оңай сүрленетін (жүгері, сорго, күнбағыс, капуста, қарбыз, асқабақ және т.б. жатады) - ОС. - сүрленуі қиын (сиыр жоңышқа, қызылбас беде, картоп, қант қызылшасы) - СҚ қант. - жеке өздері сүрленбейтін (жантақ, мия, қалақай, соя, помидор т.б.). Аталған өсімдіктер былай сүрленуі керек: 1. ОС - жеке сүрлеме береді. 2. СҚ + бактериялык ашытқыштар + химиялық препараттар. 3. 1С + 20С, өте қиын жағдайда 1С + 50С; кейінгі кезде бактериялық концетраттар кеңінен қоланылады - БК. <<Қазақсил>> БК қолдану. БК - тірі бактериялардан (аминолитті сүт қышқылы стрептококктан, күшті ашытқыш сүт қышқылы бактериялардан - 21 миллиард клеткалардан) тұратын, ашық қарақоңыр түсті, суда жақсы еритін біртек кұрғақ ұнтақ. <<Қазақсилдің>> азық сапасына әсері: 1. Сүрленуді бүлінуден сақтайды. 2. Витаминмен байытады. 3. Ацидоз, кетоздан, іш тастау ауруларынан корғайды. 4. Ас қорытуды жақсартады. Әр тоннаға 1 литр суға қосылған 2 грамм <<Қазақсил>> БК жұмсалады. Ашытқының 1 грамында 10 миллиард клетка бар. Бұдан соң Мемлекеттік стандартпен танысу кажет. Керекті құрал-жабдықтар: 1. 250 мл әйнек ыдыс. 2. Сорғыш қағаз. 3. Сүрлем индикаторы. 4. Арнайы кесте Істелетін жұмыс: Сүрлемнің қышқылдығын анықтау үшін 250 миллиметрлік әйнек ыдыстың жартысына дейін тексерілетін сүрлем салып, су құйып араластырады да 15-20 минут бетін жауып қояды. Содан кейін оны сорғыш қағаздан өткізіп, оған аныкталған сүрлем индикаторының 2-3 тамшысын қосады. 2-3 минут өткеннен кейін, түсінің өзгеруі бойынша сүрлемнің қышқылдығын бағалайды. Егер индикаторлық бояуы қызыл болса рН бойынша 4,2-ден төмен, өте жақсы сүрлем деп бағалайды. Қызыл-ала болса рН 4,5-5,1 - орташа, сары болса рН 5,1-6,1 - ортадан төмен. Сары-жасыл түсті болса рН 6,1-6,4 - жарамсыз сүрлем, жасыл болса рН 6,4-7,2 - өте жаман сүрлем, азық ретінде пайдалануға болмайды. Шаруашылық жағдайында сүрлем сапасын А. И. Микин тәсілі бойынша бағалауға болады. Ол үшін үлгісінің түсін, иісін, қышқылдығын мына кестедегі талаптар бойынша бағалап, есептейді. Жұмыстың нәтижесі. Сүрлемнің сапалық көрсеткіштерін бағалау Бағалау көрсеткіштері Бағасы (балл) Түсі Көк (жасыл) 2 Сары-көк, не коңыр 1 Қара-көк 0 Иісі Тартымды хош иісті жеміс, әлсіз қышқыл иісті 4 Сәл сірке кышқылды, қияр иісті 3 Қатты сірке қышқылды, қышқыл иісті 2-1 Тұрып қалған иісті, ескі, қатты қышқыл иісті 0 Индикатор бояуы рН бойынша: Қызыл 5 Қызыл-ала 4 Күрең 3 Сары 2 Сары-жасыл 1 Жасыл 0 Тапсырма. Сүрлем сапасын бағалау Бағалау көрсеткіштері Сипаттамасы Берілген бағасы Түсі Иісі Қышқылдылығы Жалпы бағасы, жарамдылығы 1 кг сүрлемде Азық өлшем бірлігі, кг Қорытылатын протеин, г Са, г Р, г Каротин, мг Бақылау сұрақтары: 1. Сүрлеу дегеніміз не? 2. Сүрлем дайындау әдістері? 3. Сүрлемнің орташа қышқылдығы қанша? 4. А. И. Микин тәсілі бойынша сүрлем сапасын қалай анықтайды Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі) № 6 тақырып: ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ (2 сағат) Сабақтың мақсаты: студент жастарды сүрлеу технологиясымен және микробиологиясымен таныстыру. Әдістемелік нұсқау: Дәнді-дақылдар көрсеткіштерінің түсі, жылтырағы олардың, жиналған уақыты мен сақталуына байланысты. Қалыпты, өзіндік сорты, түсі, жылтырағы, майда бетінің болуы дәнді-дақылдардың уақытында, әрі дұрыс сақталғанын көрсетеді. Жылтырақтың жоқтығы, біркелкі болмауы, ұштарының қараюы олардың дұрыс әрі уақытында жиналмағандығына байланысты. Ұзақ уақыт сақталғанда олардың түсі өзгеріп, бұзылады. Дәнді-дақылдардың босаңсуы, олар өнгенде, суық жерде сақталғанда, қызғанда және зақымдағанда болады. 1. Иісі жағымды, қалыпты дақылдар тек ұзақ уақыт сақталғанда ғана көгерген, шіріген жағымсыз иіс пайда болады. Желдеткен кезде иіс жоғалады. 2. Иісін анықтау. Дәнді-дақылдардың иісін мынадай жолмен анықтайды: а) дақылды алақанға салып, уқалап, үрлейді. ә) стақандағы ыстық суға салып, үстін жауып қояды, 2-3 минут өткен соң иісін анықтайды. 3. Ылғалдылығы кептіру арқылы анықталады. Керекті құрал-жабдықтар: 1. Кептіргіш шкаф. 2. Стакан. 3. Фенолфталеин қосадысы. Істелетін жұмыс: Ол үшін температурасы 130° арнаулы шкафта 40 минут кептіреді. Шаруашылық жағдайында ылғалдылығы 15 пайыздан төмен болса, онда дәндер бір-бірінен ажырап, ұшып кетеді, ал ылғалдылығы 20 пайыз болса -- мыжылады. Дәмін шайнау арқылы анықтайды. Дәнді дақылды ыстық сумен жуып, ауызға салып, бағалайды. Жақсы дақылдың дәмі сүттің тәттілігіндей болып тұрады, ауызда жабысады. Нашар дақылдың дәмі ащы болады. Дәнді-дақылдың қышқылдығын Тернердің градусымен өлшейді. Ол үшін 25 гр дақылды алып 500 мл колбаға салады да, 250 мл сүзілген су құйып, 10 мин араластырады. Соңынан суды стақанға құйып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосады, 0,1 пайыз азот қышқылының ерітіндісімен әлсіз қызыл түске боялғанға дейін титрлейді. Қышқылдықты мына формуламен анықтайды: К= 4 х А 10 К - Тернер градусы. А - 0,1 қалыпты қышқылдың титрге кеткен мөлшері. 4 - 100 г болу үшін салмағына түзету. Қалыпты қышқыл - 3 °Т. Бұзыла бастаған қ. - 3,0-4 °Т. Сақтауға қатерлі қ. - 5,5 °Т. Сақтауға болмайтын қ. - 7,5 °Т. Егерде 9,5 °Т болса, онда ол бұзылған дақыл болып саналады. Алынған нақтылы дәнді дақылдар <<Пурке>> аспабымен анықталады. Ал дәнді-дақылдардың мөлшері натурасы жоғары, натурасы орташа және натурасы төмен болып бөлінеді. Бидай - 700-800 г (760). Қара бидай - 670-750 г (700). Арпа - 500-600 г (550). Сұлы - 460-510 г (470) болады. Абсолюттік салмақ дегеніміз 1000 дана дақылдың салмағы. 1000 дана дақылды санап алып өлшейді де, оны стандартпен салыстырады. Жүгері - 250-300 г, соя 100-250 г, арпа 27-52 г. Бұршак - 150-340 г, тары - 5-8 г, азықтық бұршақтар 350-550 г, бидай 25-48 г. Тазалығы. Өлшеуге арпа, қарабидайдан 50 г, бұршақ, жүгеріден - 100 г, тарыдан - 25 г алып, қағазға сеуіп, бөліктерге беледі. А) таза дақыл басылған, тапталған және тағы басқа да түрлерінің болуы мүмкін. Б) арамшөп қосылып, топырақ, құм және арамшөп тұкымдары араласқан әр бөлікті өлшеп, пайыздық салмағын анықтайды. Ұсақ насекомдардың дәнді дақылдарды бүлдіру әсерін алып көрейік. Мысалы: 1 кг дақыл алып, оны 1,5 мм електен өткізіп, лупамен немесе микроскоппен қараймыз. Ондағы насекомдардың мөлшеріне байланысты 3 деңгейлі белдеуді ажыратамыз. I дәрежелі бүліну - 1-5 насекомның немесе 1 кг дақылда 1-20 кененің болуы. II дәрежелі бүліну - 10-нан көп насеком болуы немесе көптеген кенелердін болуы. III дәрежелі бүліну - өте көп кенелердің болуы. Насекомдардың дақылда жұмыртқа салуын былайша анықтайды - 15 кг дақылды алып, арнайы елекпен 1 минутқа жылы суға салады (температура - 30°), сонымен бірге 1 пайыздық марганец ерітіндісін қосады. Дақылды қағазға төгіп, боялғандарын санайды. Бұл дақылдар насекомдардың жұмырткаларымен зақымданған. Жұмыстың нәтижесі. Тапсырма: дәнді дақылдардың сапасын бағалау Көрсеткіштер Баға нәтижелері 1. Азықтың түрі 2. Түсі және жылтырлығы 3. Иісі 4. Дәмі 5. Қышкылдығы 6. Ылғалдығы 7. Натура 8. Тазалығы, пайыз 9. Абсолюттік тазалығы (1000 д.д.) 10. Насекомдармен бүлінуі А)кенемен Б) бізтұмсықпсн 11. Қорытындысы Ұнтақталған азықтардың Мемлекеттік стандарт талаптары Көрсеткіштер Мемлекеттік стандарт І.Түрі Сұр түсті Қызғылт сары Қоңыркай сұр 2. Исі Бұзылған нан Көк иісі және басқадай иісі байқалады 3. Қышқылдығы 50 Гернерден жоғары болмау керек 4. Әр түрлі қоспалар 0,05 пайыздан жоғары болмау керек 5. Ылғалдығы 15 пайыздан жоғары болмау керек 6. Ұнтақтығы: Ұнтақ 0,1-1 мм орташа 1,0-1,8 мм ірі 1,8-2,6 мм 7. Материалдық қоспалар 0,8 пайыздан жоғары болмау керек 8.-----қоспалар 0,05 пайыздан жоғары болмау керек 9.---- құрттар (------) 0,1 пайыздан жоғары болмау керек Бақылау сұрақтары: 1. Дақылдардың босаңсуы қалай болады? 2. Дақылдардың неше градуста пеште қыздырады? 3. Дәнді - дақылдардыңқышқылдығы немен анықталады? Әдебиеттер: 7,8 ( негізгі)
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz