Файл қосу
Қазақстанның топырақ жамылғысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-16-13.2.09 /01-2013 ПОӘК <<Қазақстанның физикалық географиясы>> пәнінің оқу-әдістемелік материалдары № 1 басылым 18.09.2013 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Қазақстанның физикалық географиясы>> <<5В016600 - География>> мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Зертханалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмыстары 1. Глоссарий Абсолюттік биіктік - жер бетінің алыс нүктесінің теңіз деңгейіне қатысты алғандағы биіктігі. Абсолюттік биіктік картада горизонтальдармен және жеке нүктелер түрінде көрсетіледі. Азимут - бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикаль жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Азимут меридианның солтүстік ұшынан сағат тілі бағытымен 00-тан 3600-қа дейін өлшенеді. Аласа таулар - онша тілімделмеген, биіктік зоналарына жіктелмеген, биіктігі 1000-1500 м-ге дейінгі таулар. Альпілік қатпарлану - атмосфералық қысым жоғары аймақ. Оның орталық бөлігінде қысым жоғары, шеттеріне қарай төмендейді. Антициклондық аймақта желдер солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен, ал оңтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта соғады. Карталарда антициклон орталығында қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесі түрінде бейнеленеді. Антициклонның көлемі - 2000-3000 км, олар көбінесе жоғары ендіктерде, ал қыс кезінде қоңыржай ендіктерде де қалыптасады. Антициклонға ашық ауа райы тән, ауа ағындары отасынан шетіне қарай төменге бағытталған. Артезиан сулары - жердің су өткізбейтін қабаттары аралығында қысыммен жатқан сулар. Ұңғымаларды бұрғылағанда артезиан сулары жер бетіне ағып шығады немесе фонтан күйінде атқылайды. Атмосфералық жауын-шашын - жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйде (жаңбыр, қар, шық, бұршақ, қырау) келіп түсетін ылғал. Аккумулятивті жазықтар - шығу тегі әртүрлі (теңіздік, көлдік, аллювиалды, мұздық) шөгінділермен жабылған жазықтар. Аллювиалды жазықтарға Тұран ойпаты, ал теңіздік жазықтарға Каспий маңы ойпатын жатқызуға болады. Белдеулік уақыт - әрбір сағаттық белдеудің орта меридианындағы жергілікті уақыт. Жер шарында әрқайсысы 15 градустан болатын 24 сағаттық белдеу бар, әр белдеуге өзіндік уақыт тән. Биік таулар - биіктігі 3000 м-ден асатын, жер бедері күрделі, биіктік белдеулері айқын ажыратылатын таулар. Биік таулардың қар сызығынан жоғары жатқан бөліктеріне мұздық жер бедері тән. Географиялық бойлық - нүкте мен бастапқы меридиан арасындағы бұрыштық қашықтық. Бастапқы меридианнан шығысқа қарай шығыс бойлық, батысқа қарай - батыс бойлық жатыр. Бойлық 0 градустан 180 градусқа дейінгі аралықта өлшенеді. Бір меридиан бойынша орналасқан нүктелердің барлығының бойлығы бірдей. Географиялық ендік - нүктеден экватор кеңістігіне дейінгі бұрыштық қашықтық. Солтүстік және оңтүстік ендіктерді ажыратады, 0 градустан 90 градусқа дейін өзгереді. * Географиялық координаталар - жер бетіндегі нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын шамалар. Геохронологиялық карта - жердің геологиялық тарихында болған оқиғалардың ретін бейнелейтін кесте. Геохронологиялық шкалалар эраларға, олар өз кезегінде дәуірлерге жіктелген. Геохронологиялық карта тау жүйелерінің пайда болған уақыты мен пайдалы қазбалардың қалыптасу кезеңін, тіршіліктің даму тарихын да көрсетеді. Гумус - пырақтың органикалық бөлігі, топырақ құнарлылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Гумус тірі организмдердің қалдықтарынан түзіледі, топырақтың беткі қабатын қара, қоңыр түстерге бояйды. Декреттік уақыт - тәуліктің жарық мерзімін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында бір сағатқа ілгері жылжытылған белдеулік уақыт. 1930 жылы енгізілген. Денудация - тау жыныстарының үгілу өнімдерінің жайлылығы, жер бетінің неғұрлым ойпаң бөліктеріне тасымалдануы (сумен, желмен, ауырлық күші әсерінен). Ойпаттарда жыныстар жиналады, мұны аккумуляция дейді. * Денудациялық жазықтар - қатты кристалды жыныстардан түзілген және төбелі жазықтар (Сарыарқа). Денудациялық жазықтар қатарына шөгінді жыныстардан тұратын Үстіртті де жатқызады. Диорит - күңгірт түсті интрузивтік тау жынысы. Жазықтар - біркелкі тегіс немесе аздап көтеріңкі жер бедері тән кеңістіктер (құрлықтың 60 %-ын құрайды). Жазықтар көбінесе платформаларға сәйкес келеді. Ойпатты жазықтардың биіктігі 200 м-ден аспайды, төбелі жазықтардың биіктігі 200-500 м шамасында болады. Шығу тегіне қарай аккумулятивтік және денудациялық жазықтар жіктеледі. Жер бедері - жер бетінің кедір-бұдырлығы. Жер бедері көлеміне, жасына және шығу тегіне, сыртқы түріне байланысты жіктеледі. Жер бедерін зерттейтін ғылым саласын геоморфология деп атайды. Жер сілкінулер - жер асты дүмпулері мен жер бетіндегі тербелістер. Жер сілкінулер 5-700 км тереңдегі ошағынан (гипоцентр) басталып, жан-жаққа таралады. Жер сілкіну күші мен қарқындылығын баллмен есептейді. Жер қыртысы - литосфераның сыртқы қабығы, шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұрады. Изосызықтар - картада бейнеленетін құбылыстардың бірдей шамаларын қосатын сызықтар. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобаталар, температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды горизонтальдар, ал қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді. Климат - белгілі бір аумақта жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жиынтығы. Каньон - беткейлері тік болатын, өте терең және тар аңғар. Қазақстанда ірі Шарын каньоны орналасқан. Ландшафт - құрамындағы табиғат компоненттері мен морфологиялық бөліктері өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар аймақтық табиғат кешені. Магма - жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, балқыған, құрамында газ болатын масса. Суынғаннан кейін магмалық (жанартаулық) жыныстар түзеді. Магмалық тау жыныстары - суынған лавадан түзіледі. Жер қыртысында қатып қалған магмалық тау жыныстары интрузивтік, ал жер бетіне ағып шыққандары эффузивтік деп аталады. Құрамындағы кремнезем мөлшеріне байланысты магмалық тау жыныстары қышқыл (алтын, хром, платина кендері), негізгі (темір мен титан кендері) және ультранегізді (никель, хром, платина кендері) болып бөлінеді. Метаморфтық тау жыныстары - агмалық немесе шөгінді тау жыныстарына жоғары қысым немесе температура әсер еткенде қалыптасады. Магмалық жыныс гранит гнейске, ал шөгінді жыныстар мәрмәр, кварцит, тақтасқа айналуы мүмкін. Минерал - минерал тау жыныстары құрамына енеді, олардың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кварц, слюда магмалық тау жыныстарға, ал доломит шөгінді жыныстарға тән. Сейсмикалық белдеулер - литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады. Тақырлар - шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған. Тау жотасы - созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады. Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді. Сортаңданған топырақтар - құрамында едәуір тереңдікке дейін еріген күйдегі тұздар болатын топырақтар. Мұндай топырақтардың беткі бөлігі құрылымсыз, тығыз келеді. Сортаңданған топырақтар дала зонасының оңтүстігінде, шөлейт пен шөлде кездеседі. Үгілу - тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен бұзылу процесі. Физикалық үгілу тау жыныстарының температураның күрт өзгерістері нәтижесінде бұзылуы болса, аяздық үгілу кезінде жыныстар саңылаулар мен капиллярларда судың қатып қалуы әсерінен бұзылады. Химиялық үгілу - әртүрлі қосылыстар әсерінен жыныстардың тотығып, үгілуі, ал органикалық немесе биологиялық үгілу тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жүреді. Циклон - ауа массаларының құйын тәрізді қозғалатын аймағы, орталығында төмен қысым байқалады. Қысымның таралуына байланысты желдер шеттерінен орталыққа қарай соғады. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты желдер солтүстік шарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта, оңтүстік шарты шарда сағат тілі бағытына сәйкес соғады. Шөгінді тау жыныстары - минералды бөлшектердің, тірі организмдердің қалдықтарының жиналуынан түзілетін жыныстар. Құрамындағы бөлшектерінің мөлшеріне қарай саз (0,001 мм-ден аз), лесс (0,1 мм-ге дейін), қиыршық тастар (1-10 мм) және т.б. деп бөлінеді. Тіршілігін тоқтатқан организмдердің қалдықтарынан әктас, мұнай сияқты шөгінді тау жыныстары түзіледі. Эндемик - таралу ауданы өте шектеулі өсімдіктер мен жануарлардың түрі, туысы, тұқымдасы. 2.Дәріс сабағының тезистері №1 дәріс Қазақстанның физикалық-географиялық орны және шекаралары Мақсаты: Студенттерді Қазақстанның географиялық орнымен таныстыру, картадан шеткі нүктелері мен шекаралас мемлекеттерді көрсету арқылы Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат беру. Жоспар: 1. Физикалық-географиялық орны оның табиғатының және шаруашылығының қалыптасуына әсері. 2. Жер көлемі. Шеткі нүктелері. Шекарасының жалпы ұзындығы. 3. Құрылықтағы және теңіздегішекарасының ұзындығы, шекаралас мемлекеттермен шекарасының ұзындығы. Саяси-әкімшілік бөлінуі. №1 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстан Республикасы - Еуроазиаттық мемлекеттердің ішіндегі ірі елдердің бірі. * Қазақстан жерінің ауданы (2724.9 мың км2) жөнінен дүние жүзінде 9- шы орын алатын ірі ел. * Республиканың мемлекеттік шекараларының жалпы ұзындығы 12187 км; соның ішінде: Ресей федерациясымен шекара - 6467 км. * Өзбекстанмен - 2300 км * Түркіменстанмен - 380 км * Қырғызстанмен - 980 км * Қытаймен - 1460 км * Каспий теңізі арқылы шекара - 600 км. * Халқының саны (1.01.2002 ж.) - 14820,9 мың адам. * Халқының табиғи өсуі - 0,5 % * Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте - Хантәңірі шыңы (6995 м) * Елдегі ең төмен орналасқан нүкте - Қарақия (Батыр) ойысы (132 м) * Қазақстан аумағында Менделеев кестесіндегі 99 элемент табылған,олардың 80-ге жуығының қоры анықталған. * Ел аумағында пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар. Ең суық қыс Атбасар маңында (абс.минимум - 57°С) байқалады. * Ең ыстық жаз Оңтүстік Қазақстандағы Дарбаза ауылында (абс.максимум +47°С) байқалады. * Республика аумағында 11,4 млн.га (2002 ж) жерді ормандар алып жатыр, ормандылық деңгейі - 4%. * Қорықтар мен ұлттық саябақтардың жалпы ауданы 1584,4 мың га. * Елде 10 қорық, 5 ұлттық табиғи саябақ бар. Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Аиырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресей де де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55026 -400 56 с.е. және 45 027-870 18 ш.б. аралығында орналасқан. Қазақстан батысында- Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан , оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь - Шань тау жүйесіне дейін 1600 км - ге созылып жатыр. Географиялық орына қарай республика жерінде орманды дала, дала , шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстік- шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге алады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстанның орналасқан географиялық орнының ерекшелігі (экономикалық, табиғи, геосаяси)? * Қазақстандағы экономикалық аудандарға бөліну қандай принципке негізделген? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №2 дәріс Қазақстан территориясының зерттелу тарихы. Мақсаты: Қазақстан территориясы ежелгіден бері зерттеген батыс және шығыс елдерінің саяхатшы-зерттеушілерінің зерттеу жұмыстарымен таныстыру. Жоспар: 1. Территориямыздың біздің заманымызға дейін зерттелінуі (Геродот, Страбон, Птоломей және т.б.) 2. Орта ғасырлардағы Араб және Қытай зерттеушілері (Ибн Хордадбек, әл-Идриси, Макдиси, Ибн Фадлан, әл Истахри, Чжан Цянь, Сюань - Цзань, Чань-Чунь.) 3. Европалык зерттеушілер: Плано - Карпини және Вильгелм - де - рубрук. 4. Жергілікті зерттеушілер. (Әл Фараби, әл Беруни, Махмуд Кашкари ). 5. Территориямызды танып білудегі орыс зерттеушілерінің ролі (П Паллас, П.И.Рыпков, А.М.Бутаков, А.И.Левшин, Н.А.Сверцов, П.П.Семенов, И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг т.б.). 6. Туған жерін зерттеудегі Шоқан Уалихановтын және Қ.И.Сәтпаевтың ролі. №2 дәрістің қысқаша конспектісі Қазіргі Қазақстан территориясы табиғаты бойынша өте әркелкі. Оның табиғатын ұзақ жылдар бойы әртүрлі ұлттардың ғалымдары мен саяхатшылары зерттеген. Әртүрлі тарихи кезендерде Қазақстан территориясы бірнеше рет қайталанып ашылып, олардың аттары өзгеріп отырды. Физикалық-географиялық қатынастар Қазақстан территориясын екіге бөлді: Сібір және Орта Азия. Қазақстан территориясының табиғат ресурстарына бай болуымен әркелкілігіне басқа ұлт саяхатшылары мен зерттеушілері қызықты. Территориядағы геологиялық құрылыстың өте күрделі болып келуі ондағы әртүрлі пайдалы қазбалардың кездесуіне жағдай жасады. Қазақстан территориясының зерттеушілерінің алғашқы мәліметтері: Қазақстан территориясында ежелден адамзат қоңыстанғаны белгілі. Оның көне тарихында қола дәуірі ерекше орын алады. Бұл кезде казіргі Қазақсан территориясын мекендеген тайпалар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Осы кезеңнен бастап табиғи ресуртарды пайдалану басталды. Қазақстандағы Кеңді Алтай аймағындағы темір өндіру кезінде пайда болған шұңқырлар казіргі кезге дейін сақталған. Көшпелі мал шаруашылығымен, әсіресе, Сырдария, Шу, Жетісу аңғарларындағы халықтар айналысты. Қазақстан территориясында мекендеген ұлттардың мәдениетінің көне болуы себебінен олардың географиясы мен табиғи жағдайы туралы мәлімет өте аз болған. Қазақ жерлері туралы айтылып өткен қолжазбалардың ішінде казіргі кезге дейін сақталған Бехистун (бзд6-5ғғ) қолжазбасын атап өту қажет. Қолжазба парсы патшасы Дарий кезінде жазылған. Геродот бзд 5ғ-дың 40-30 ж.ж. Қазақстанда мекендеген тайпалар туралы, географиялық аудандарды көрсетті және табиғи жағдайлары туралы қысқаша мәлімет берді. Каспий теңізі өте жақсы мәлім болған. А.Македонский жорығының (бзд 330-327 ж.ж.) нәтижесінде Орта Азия туралы грек ғалымдарына үлкен жаңалық ашты. Сол кездегі ғалымдар Қазақстандағы Каспий теңізі, Сырдария туралы көптеген деректер қалдырды. Қазақстанның географиясы туралы маңызды деректерді Римнің ғалым-географтары Страбон, Птоломей қалдырды. Страбон бзд 1ғ-бз1ғ аралығында Сырдария туралы нақты деректер жинады және Каспий теңізі туралы <<Солтүстік мұзды мұхиттың бұғазы>> деп атаған. Птолемей (бзд 90-168 ж.ж.) <<Руководство по географии>> энциклопедия шығарды. Азияның территориясы туралы деректер берді. Ол Каспий теңізін көп зерттеп және оған құятын Сырдария (Окс) мен Амудария (Яксард) өзендерін келтірген және ол дүние жүзінің атласын жасады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстанның табиғатын зерттеген ғалымдар? * Ежелгі қолжазбаларда Қазақстан территориясының қай бөлігі сипатталған? * Араб зерттеушілерінің басты мақсаты не болған? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №3 дәріс Қазақстанның тектоникалық - геологиялық құрылымы Мақсаты: Қазақстан табиғатынынң қалыптасуда геологиялық құрылыс басты факторлардың бірі. Сондықтан Қазақстан территориясындағы өткен геохронологиялық кезендерді, қатпарлану уақытындағы жер бедерінің түзілуін оқыту маңызыды. Жоспар: 1. Кембрийге дейінгі, Палезой эрасындағы, Мезозой эрасындағы және Кайназой эрасындағы Қазақстан табиғатының даму этаптары. 2. Тектоникалык аудандастырылуы. Қатпарлы және платформалық облыстар. 3. Неотектоникалық процесстер. Жыныстардың жасы және пайда болу кезеңдері. 4. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылығы мен геологиялык құрылымы. Табиғатының 4-к дәуірдегі қалыптасу ерекшелігі. №2 дәрістің қысқаша конспектісі Жердің даму тарихы ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңі деп бөлінеді. ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталады. Осы аралықта тау жыныстары түзіледі. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу әдістерін пайдаланады. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар жиырмасыншы ғасыр басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Радиоактивті ыдырау нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, одан ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе берді. Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды. Геохронологиялық жержылнамалық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер қыртысы бес эраға бөлінді: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Кезең атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған жерлеріне, халық атына, жыныс құрамына қарай аталды. Хронологиялық кесте жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карта индекстері, оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді. Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Соның нәтижесінде теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген. Палеозойға дейін республика аумағын тұтас су басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Батысында ғана жер қыртысының тынышталып тұрған бөлігі Шығыс Европа платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан біртіндеп төмен иіліп, бетін теңіз cу басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінділер платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды: каледондық және герциндік.Каледондық тау түзілісі кезінде таулар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шань солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасты. Герциндік тау түзілісі кезінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның солтүстік батысы, Мұғалжар өңірлері қалыптасты. Осы кезде Сібір платформасы көтеріле бастады. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтып жатты. Бұл эра жер қыртысының салыстырмалы тыныш кезеңі болып саналады. Кайнозой эрасының неоген дәуірінде теңіз суы тартылуы нәтижесінде Қазақстан бірте құрлыққа айналды. Альпілік тау түзілісі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, қатпарлы аймақтар төмендеп, көтеріліп отырған. Осы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасты. Қазақстанда мынадай геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар өте ескі - Шығыс Европа, Батыс Сібір, Тұран және қатпарлы облыстар - Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мұғалжар, Сарыарқа. Палеозойға дейінге жыныстар ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың таулы қырқаларында жер бетіне шығып жатты. Кристалды тақтатас пен гнейстердің жер бетіне шығыпжатқан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Сарыарқа, Ұлытау мен Көкшетауда байқалады. Палеозой жыныстары Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Тарбағатай, Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған әктас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы қорғасын, темір, марганец, қалайы кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты. Мезозой жыныстары сирек кездеседі. Олар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп таралған. Кайнозой жыныстары барлық жерде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып бөлінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Зайсан жиектерінде, Үстірт, Арал маңында, Торғай жазығында таралаған. Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз қабатты сары саздауыттан тұрады. Олар биік тау бөктерлерінде кездеседі. Антропогендік шөгінділер әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Олардан көлдік және теңіздік террасалар мен жағалай бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстан территориясындағы геологиялық құрылысты зерттеген ғалымдар? * Кембрийге дейінгі кезенде Қазақстан территориясында қандай табиғи процес жүрді? * Каледон-герцин қатпарлану кезендері Қазақстанның қай аумағын қамтыды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №4 дәріс Қазақстанның релефі Мақсаты: Қазақстан жер бедері табиғи-климаттық фактор болғандықтан, оның генетикалық типтерін, геоморфологиялық ерекшеліктер мен экзогендік процестер басымдылығын қарастыру арқылы студенттердің ой--өрісін дамыту Жоспар: 1. Рельефтің ерекшелігі оның геологиялық - тектоникалық құрылымы мен байланысы. 2. Рельефтің генетикалык типтері: тектоникалык - денудациялық. 3. Денудациялык, аккумулятивті -аккумулятивті денудациялық. Геоморфологиялық аудандастырылуы. Морфомүсіні. Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процесстер. 4. Негізгі рельеф түрлері ойпаттарға, үстірттерге, қыраттарға, ойыстарға және тауларға сииаттама беру. №4 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстанның жер беті өте күрделі. Оның аумағының үштен бір бөлігін ойпаттар алып жатыр.Жартысынан астамы биіктігі 400-500м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылр үлесіне тиеді. 4000-5000м астам таулар республика жерінің 10 пайызын құрайды. Олар елеміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына теңіз деңгейінен - 132 м төмен, ең биік нүктесі оңтүстік-шығыстағы орталық Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантңірі шыңына 6995м сәйкес келеді. Ең биік және ең төмен нүктелер арасындағы айырма - 7127м. Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан. 2. Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды. 3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа бірте еңіс тартады. Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің әр жерде әр түрлі болып қалыптасуына үлкен әсер тигізеді. Қазақстанның жазық, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта, ал биік таулы өңірлерде биіктік деңгейлеріне сай келеді. Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетті. Континенттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан. Тұран ойпатының негізгі фундаментін палеозойда қалыптасқан жас эпигерциндік платформа құрайды. Ойпаттың жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювиалдық процестер үлкен рөл атқарады. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерінен құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс, бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Сарыарқа - палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесстері басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады. Мұғалжар - герцин қатпарлығы кезінде түзілген палеозойлық таулы өлке. Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұғалжардың тау қатпарларының тегістелу процесі Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ұзақ геологиялық кезеңде өзгеру барысына өте ұқсас. Аталған ауданның жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың литогендік құрамы, эрозиялық және денудациялық процестер ықпал етті. Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі. Жоңғар Алатауы каледон және герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады. Сауыр-Тарбағатай -- қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1990 жылы Зайсанда болған жер сілкінудің күші 6-7 баллға жетті. Палеозойда каледон және герцин қатпарлықтары кезінде көтерілген тау кейіннен альпі тау жасалуы барысында қайта көтерілуге ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауға айналды. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі қалыптасты. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстанның геоморфодлогиялық ерекшеліктері қандай? * Қазақстан территориясында пенеплен және педиплен процесі орын алуда ма? * Жер бетінің үгілуінің Қазақстан территориясында қандай түрі басым? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №5 дәріс Қазақстанның климаты Мақсаты: Қазақстанның күрт континентті климатының қалыптасуындағы маңызды факторларды қарастыру Жоспар: 1. Климат кұрушы факторлар. Атмосфера циркуляциясы, радиациялық режимі, жер бетінің төсеніш беті және рельефі. 2. Температура, қысым, жел, жауын - шашын буланушылыктың таралу заңдылығы және ылғалдану коэфиценті. Таулы және жазық жерлердің, жаз - кыс айларының климат ерекшеліктері. 3. Агроклиматтық жағдайы және ресурсы. Климатқа байланысты болатын қауіпті жағдайлар. Климаттық аудандастырылуы. Экологиялық жағдайлардың және адам әрекетінің климаттың өзгеруіне әсері. №5 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиациясы, атмосфераның алмасуы және жердің төсеніш беті. Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия. Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы Қазақстанда өте үлкен (2000-3000 сағат). Солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен - 2132 сағат. Оңтүстікте Қызылорда қаласында - 3062 сағат. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік ендіктерде орналасуына, жылдың жылы кезінде бұлттылықтың аз болуына байланысты. Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте 10 күн ғана. Қазақстанда жылдық жиынтық радиация мөлшері солтүстікте 100Дж/м, оңтүстікте 155Дж/м2 Жиынтық радиация жыл маусымдарында біркелкі таралмаған. Оңтүстікте шілде айында жиынтық радиация 15-18Дж/м2 тең болса, қаңтарда 4 есе аз. Қыста жер бетінен жиынтық радиацияның бірт бөлігі кері шағылысады. Бұл құбылыс жаңа жауған қар кезінде күшейеді. Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді.Республиканың жазық бөлігі мен таулы аймақтарында ауа қысымының таралуы әр түрлі. Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50с.е. бойымен жоғарғы қысымды алап Воейков белдеуі өтеді. Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды. Орташа жылдық қысымы Астанада 977 мбар болса, Атырауда 1022 мбар, Қызылордада 1003 мбар. Тауларда қысым өте аз. Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай Воейков белдеуі өтеді. Ол - Сібір антициклонынының оңтүстік-батыс тармағы. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырығы болып есептеледі. Солтүстікке қарай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс басым соғады. Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда Жоңғар қақпасы арқылы жергілікті сайқан және ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен Арыстанды-Қарабас желі соғады. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен Қордай желі соғады. Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4м/сек-тан асатын күшті желдерге ерекше көңіл аударылады. Себебі, ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар. Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Олардың өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен, ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық алмасуы - жалпы алмасудың бір тармағы болып табылады. Респуьлика аумағында негізінен ауа массаларының үш типі әсер етеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Арктикалық ауамассалары Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарда қалыптасады. Ауа температурасы қыста да, жазда да төмен. Қоңыржай ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады, себебі Қазақстан толығымен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстан келетін ағындар республикаға түсетін жауын-шашынның көбін әкеледі. Тропиктік Ауа массасы Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Жазда континенттік тропиктік Ауа Қазақстан аумағы үстінде қалыптасады. Бұл құрғақ тропиктік Ауа массасының қасиеті бар континенталды тұран Ауасы оңтүстіктен келеді. Бұл типі Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде байқалады. Ол ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге шаңды дауылдар жиі қайталанады. Қазақстан аумағының кең-байтақ болуына және жер бедерінің әркелкі болына байланысты температураның таралуы да әркелкі. Жазық, аласа таулы бқлікте жылдық және айлықорта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура +0,4, қиыр оңтүстікте +13,7 болады. Қазақстанның ең суық жері - Атбасар өңірі. Мұнда температура -57 дейін жеткен. Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан аумағында суық әрі құрғақ арктикалық және қоңыржай ендік ауаларымен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды. Тау алдында, тау аралық қазаңшұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады. Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдалығының орнына керісінше жоғарылауы жер бетінде ауаның суынуымен байланысты. Жазда жылудың таралуы күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын температура арта түседі. Жылдық орташа температуралық ауытқу амплитуда республиканың солтүстігінде 38-40 болса, оңтүстікте 30-35 болады. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы. Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Жауын-шашынның таралу мөлшеріне Атлант мұхитынан қашық жатуы және Евразия материгінің орталғында орналасуы зор әсер етеді. Қазақстанда орташа жылдық жауын-шашынмөлшері 130-1600мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын 100мм, кейбір жерлерде одан да аз түседі. Жауын-шашын ең көп түсетін жері - Батыс Алтай. Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемриді. Сотүстікте орташа есеппен 400мм-ден көбірек. Қазақстанның жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі. Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30см болса, қар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады, оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15см болса, 40-60 күн қар жатады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты. Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес, оның булану мөлшеріне де байланысты болады. Қазақстан жерінде 1-ге жақын коэффицент республиканың солтүстік орманды дала зонасында байқалады. Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерінде буланушылық бірнеше есе артық. Ылғалданукоэффиценті табиғат зонасының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстан территориясындағы басты климат құрушы факторлар? * Батыс Қазақстанның қысқы айлардағы салыстырмалы жылы болуының себебі неде? * Войковия осінің Қазақстан аумағына әсері қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №6 дәріс Қазақстанның ішкі сулары Мақсаты: Қазақстан ішкі суларының таралуының географиялық факторларын, оны тиімді пайдалану жолдарын студентерге баяндау Жоспар: 1. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылыктармен ерекшеліктер. 2. Өзендердің алаптар бойынша таралуы және соған сай өзендерінің қоректену режимі. Өзен торының жиілігі. Негізгі өзендердің экологиялык жағдайы және транс шекаралық өзендердің проблемасы. 3. Көлдердің таралу ерекшеліктері және қазан шұңкырының шығу тегі. (генезисі). Қоректену режимінің ерекшеліктері. Халық шаруашылығындағы маңызы. Каспий, Арал, Балхаш көлдерінің экологиялык жағдайлары. 5. Жер асты суларының таралу ерекшелігі және шаруашылықтағы маңызы. Жер асты суларынын экологиялық жағдайы. Минералды және термальды сулар. 6. Қазакстан таулары оның казіргі кезеңдегі мұздануы. Мұздықтардың жалпы көлемі және алып жаткан ауданы, кар сызығьның биіктігі, климаттың мұздыктарға әсері. Мәңгі тоңдар, мұздыктардың типтері. №6 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстан аумағында 85 мың өзен бар. Олардың ішінде ұзындығы 1000км асатын 7 өзен бар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу, Сырдария. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Республика өзендерінің көпшілігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ол ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері - Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Қазақстан өзендірінің ерекшеліктері - жасының әр түрлі болуы мен әркелкі таралуы. Жазық бөлігінің өзендерінің жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңін өтуде. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Орманды дала және дала зоналары өзенге бай болып келеді.Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы алдындағы қоры болып есептеледі. Оңтүстігінде ылғалдану коэффиценті бірдің маңында, оңтүстікте бірден мөлшері аз. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді. Жазық өзендері қар-жаңбыр суымен және қар суымен қоректенеді деп екі типке бөлуге болады. Биік таулы өзендер аралас қоректенетін өзендер типіне жатады, олар қар суымен, мұздықтармен қоректену басымырақ болып келеді. Ішкі сулардың маңызды түрі - өзендер. Енді еліміз аумағындағы өзендердің ерекшеліктерімен танысайық. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олар Солтүстік Мұзды мұхит пен ішкі тұйық алапқа (Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі алаптары) жатады. Өзендер аумақта әркелкі таралған. Биік тауларда өзен торының жиілігі әр 100 км2-ге 16-18 км -ден келсе, оңтүстіктегі шөл зонасында 0,5 км-ді ғана құрайды. Өзен ағыны жыл мезгілдеріне қарай өзгереді. Адамдар бөгендер салу арқылы өзен ағындарын реттеп отырады. Біздің елімізде 168 бөген бар, олардың ең ірілері -- Бұқтырма мен Қапшағай. Қазақстан өзендерінің қорек көзі әртүрлі. Орманды дала және дала зоналарының өзендері қар-жаңбыр суымен қоректенеді. Бұл типке жататын басты өзендер -- Есіл мен Тобыл, олардың тасуы көктемге келеді. Шөлейт және шөл зоналары арқылы ағатын Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу өзендерінің басты қорек көзі -- еріген қар суы. Бұл өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді, ал жазда мүлдем тартылып қалады. Биік таулы аудандарда қар-мұздықпен қоректененетін өзендер басым, олар көктемнің аяғы мен жазда тасиды. Қазақстанның жазық бөліктерінде өзеңдердің ағысы баяу болғандықтан қатты материалдарды аз тасымалдайды, оларда лайлылық әдетте 100-200 г/м3 ғана. Тау өзендерінің лайлылығы жоғары, бұл көрсеткіш Сырдарияда 1200 г/м3-қа жетеді. Батыс Қазақстан өзендері борпылдық жынысты аумақпен ағатындықтан, лайлылығы 500-700 г/м3-қа дейін болады. Кең байтақ республикамыз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпаңдарда жиі орналасқан. Қазақстанда 48 мыңнан астам ірілі-ұсақты көл бар. Олардың басым көпшілігі ұсақ көлдер болғанымен, 21 көлдің ауданы 100 км2-ден асады. Көлдер таралуы климат жағдайларына тікелей тәуелді. Ылғалды аудандарда көлдер көбірек және көпшілігі тұщы келеді. Климаты құрғақ аудандарда көлдер аз, олар әдетте таяз сулы, ағынсыз, суы тұзды болады. Көлдер белгілі бір ауданда топтанып орналасады. Көлді аудандар қатарына Каспий маңы және Тұран ойпаттары, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқаның аласа таулы бөліктері мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар жатады. Қазақстан көлдері шығу тегіне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Тектоникалық көлдер қатарына Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын тобындағы көлдер, Көкшетау көлдері жатады. Реликті (қалдық) көлдер ежелгі жазықтарға тән. Қазақстанның ең ірі қалдық көлдері -- Каспий мен Арал теңіздері. Олар біртұтас су айдыны болған Тетис теңізінің орнындағы қалдық көлдер болып табылады. Мұздық көлдер биік таулы аймақтардағы ежелгі мұз басу аудандарында шоғырланған. Алматы маңындағы Үлкен Алматы көлі шығу тегі жағынан мұздық көл болып табылады. Республика облыстары бойынша көлдердің орналасуының үлестік коэффициенті 0,0002-ден 4,38 аралығында, ал ландшафт бойынша: орманды дала аймақта 2,83, дала - 1,76, шөлейт - 0,65, шөл (Балқаш көлін қоспағанда) - 0,37 және таулы аймақтарда - 1,13 коэффициент. Көлдер бір жерлерде бір-бірінен жүздеген километр қашықтықта, енді бір жерлерде бір-біріне жақын орналасады. Ең ірі көлдер республикамыздың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде орналасқан. Олар Орталық Қазақстандағы Балқаш пен Теңіз көлдері, Жоңғар қақпасындағы Алакөл мен Сасықкөл, Алтайдағы Марқакөл. Көлдер, әсіресе, орманды дала және дала аймағының солтүстік бөлігінде, сонымен қатар ірі өзен алқаптарында, құмға сіңіп жоғалып кететін тұйық өзен атырауларында жиі кездеседі. Су айдындарының көпшілігі борпылдақ кайназой шөгінділері үстінде - теңіз деңгейімен есептегенде 100 метрден 350 метрге дейінгі биіктіктерде орналасқан. Көлдердің су жиналатын алабы әдетте 10 шаршы километрден 320 километрге дейін, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың анағұрлым қомақтырақ. Көлдердің тереңдігі 2 метрден 8 метрге дейінгі аралықта ауытқып отырады, кей жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі - 54 метр, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31 м, Марқакөл - 27 м, Балқаш - 26 метр. Көл суының мөлдірлігі 0,3 метрден 18 метр тереңдік аралығында, қыста мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді. Көл суының минералдығы көл суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Тұздылығына қарай көл суы тұщы су, кермек су, ащы су және тұзды су болып бөлінеді. Химиялық құрамы жағынан көл сулары сульфатты, гидрокарбонатты және хлорлы болып үш класқа бөлінеді. Көл суларының 87 проценті сульфат класына жатады (Балқаш, Алакөл, Қамыстыбас, Теңіз және көптеген кіші көлдер). Қалғандары гидрокарбонатты және хлорлы көлдер класына жатады, әйтсе де саны жағына хлорлы көлдер көбірек. Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде ауланатыны - сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық мөлшері 0,5-тен 40 килограмға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 16-17 мың тонна балық ауланады. Су өсімдіктері. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, Сырдария өзендерінің жағалауларында өседі. Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. тонна құрғақ қамыс дайындаға болады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстан территориясындағы гидрологиялық тордың таралу ерекшелігі? * Қазақстан аумағындағы өзендердің қоректенуі қандай типке жатады? * Су көздерінің ластануы мен оны қалпына келтіру шаралары бойынша өз ұсынысынды білдір Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №7 дәріс. Қазақстанның топырақ жамылғысы Мақсаты: Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің таралу заңдылықтарын, оның эрозияға ұшырауының территориялық ерекшелігін оқыту Жоспар: 1. Топырақтың таралу заңдылығы. Топырактың негізгі генетикалық типтері. 2. Топырақ эрозиясы. Азоналды және интрозоиалды топырактар. Азык - түлік проблемасын шешудегі жер ресурсының ролі. 3. Жарамсыз жерлердін пайда болу себептері және оны шешу жолдары. Топырақтың ластануына антропогендік факторлардың әсері. №7 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы алуан турлі, құрамы жағынан күрделі болып келеді. Топырақ түрлерінің таралуында жер бедеріне сәйкес зоналық заңдылық айқын байқалады. Жазықтарда топырақтар ендік зоналар түрінде, ал тауларда биіктік белдеулер бойынша таралған. Топырақ жамылғысының қалыптасуъіна жергілікті табиғат жағдайлары күшті ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан жеріндегі топырақ түрлері көршілес аумақтардағы топырақтардан едәуір айырмашылық жасайды. Қазақстан аумағында топырақтың үш типі: қара топырақ (52°с.е. солтүстікке қарай), күрең (каштан) топырақтар (52-48°с.е. аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақтар (52-48° с.е.-тен оңтүстікке қарай) таралған. Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көпшілік бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігін қамтиды. Қара топырақты алаптың жалпы ауданы 25,5 млн. гектар, бұл республика аумағының 9,5%-ын құрайды. Қара топырақ үш түрге бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала зонасының оңтүстігін алып жатыр; кәдімгі қара топырак, пен оңтүстік қара топырағы дала зонасына тән болады. Құнарлылығына қарай топырақтың алғашқы екі түрі гумусты (құрамындағы гумус мөлшері 6-9%), қара түсті болады, ал соңғысында қарашірік мөлшері аз (4-6%). Қара топырақтар республиканың басты астықты өңірі болып табылатын жақсы ылғалданған далалы жазықтарда таралған. Жер бедерінің ойпаңдау жерлерінде сор мен сортандар кездеседі. Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған. Бұл алап Орталық Қазақстанның басым бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстанның жазықтарын қамтиды. Топырақтың бұл типі республиканың қуаң далалары мен шөлейттеріне тән. Күрең топырақты алқаптар ауданы 90,6 млн. гектар, бұл республика аумағының 34%-ын құрайды. Күрең топырақтар қуаң даланың куңгірт күрең және күрең топырағына, шөлейттердің ашық күрең топырағына жіктеледі. Күрең топырақтардың құнарлылығы оңтүстікке қарай азаяды. Күңгірт күрең және күрең топырақтардың құрамында гумус мөлшері 4,5-3% болады, ал ашық күрең топырақта гумус өте аз (3-2%). Қуаң даланың күңгірт күрең және күрең топырақтары астық пенімал шаруашылығына жарамды. Ашық күрең топырақ таралған аумақтарды жайылымдар алып жатыр. Күрең топырақтардан оңтүстікке қарай шөл зонасының қоңыр және сұр-қоңыр топырақтары таралған. Олар 120 млн. гектар алқапты алып жатыр, бұл республика аумағының 44%-ын құрайды. Олардың құрамында гумус мөлшері 2,0-1,0%, негізінен мал шаруашылығы үшін жарамды. Суарған жағдайда егіншілікті дамытуға болады. Бұл топырақтар шөлдің құмды және тақырлы алаңқайларымен алмасып отырады. Шөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққа ауысады. Таулы топырақтар Қазақстан аумағының 12,5%-ын алып жатыр. Олар таудың географиялық орнына, биіктігі мен жоталарының орналасу бағытына қарай әркелкі тараған. Топырақ құнарлылығы -- оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған ортада барлық қолайлы жағдай болғанның өзінде қалыңдығы 18 см ғана болатын құнарлы қабаттың түзілуі үшін 1500 жылдан артық мерзім қажет болады екен. Ал бұл қабат тозып, жойылуы үшін кей жағдайда бірнеше ондаған жылдар жеткілікті болады. Оған ең алдымен топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) ықпал етеді. Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұшыраған. Оның 3/4-і жел эрозиясына бейім келеді. Мұны біріншіден, Қазақстанның жазық жөне ашық болып келуімен, екіншіден, күшті желдердің ұдайы соғуымен, үшіншіден, борпылдақ құрылымсыз немесе құмды, құмшауыт жеңіл топырақтардың таралуымен түсіндіріледі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысында эрозияға бейім аудандар да жыртылып тасталды, соның нәтижесінде олар жел эрозиясына ұшырады. Қазақстандағы эрозияға бейім аудандардың 1/4-і су эрозиясынан зардап шеккен. Бұған шамадан тыс суару және нөсер жаңбырлар себепші болады. Бастапқыда ұсақ жыралар пайда болып, суарған сайын олар тереғдеп сайға айналады, топырақтың құнарлы қабаты сумен шайылып кетеді. Біздің елімізде топырақты зерттеу мен оны қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми мекеме - Топырақтану институты жұмыс істейді. Институт ғалымдары солтүстік аудандардағы жел эрозиясы мен оңтүстіктегі су эрозиясымен күресу жөнінде нақты ұсыныстар жасайды: 1) агротехникалық шаралар: тік беткейлерде су ағысы бағытына көлденең жырту; қар тоқтату шараларын жүргізу; 2) мелиорациялық шаралар: жыра мен сай, өзен жағаларына ағаштар мен бұталар отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу; каналдар түбін су өткізбейтін бетондалған тақталармен қаптау т.б. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Еліміздегі топырақ түрлері мен оның құнарлылығы қандай? * Дала зонасындағы қара топырақты қорғау шаралары? * Жел және су эрозиясының таралған аумағы Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №8 дәріс Казакстанның өсімдік жамылғысы Мақсаты: Өсімдіктердің таралуы мен қорғау шараларын қарастыру Жоспар: 1. Өсімдіктердің таралу ерекшелігімен заңдылықтары. Геоботаникалық аудандастырылуы. 2. Өсімдіктердің азоналды және зона бойынша таралуы. 3. Өсімдік ресурстары, олардың шаруашылықтагы маңызы. Дәрілік өсімдіктер. 4. Өсімдік жамылғысының деградацияга ұшырауы, себсптері, сатдары және шешу жолдары. 5. Эндемик өсімдіктер. Қызыл кітапка енгізілген өсімдік түрлері. №8 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстанның қазіргі өсімдік жамылғысы 6000 өсімдік түрінен тұрады. Олардың 535 түрі тек Қазақстан аумағына ғана тән эндемиктер болып табылады. Өсімдік жамылғысының түрлік құрамы салыстырмалы түрде онша бай емес, оған қолайсыз табиғат жағдайлары және жер бедерінің жас болуы әсер етеді. Мәселен, теңізден неогенде босаған Каспий маңы ойпаты және Тұран ойпаттарында өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге созылып жатқан жазық бөлікте дала мен шөлейт, шөл өсімдіктері басым. Таулы аудандарда өсімдік жамылғысы биіктік белдеулікке байланысты таралған. Геоботаникалық жағынан Қазақстанның өсімдік жамылғысы қылқан жапырақты ормандар (Оңтүстік Алтай), Батыс Сібір орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразиялық дала (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан маңы), азиялық шөлдерді (Тұран, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) қамтиды. Қазақстанның солтүстігіндегі далалық жерлерде дақылдар және басқа әртүрлі шөптесін өсімдіктер (бетеге, боз, селеу, атқонақ, қызылбояу және өзен жайылымдарында жалбызды арпабас, бидайықты шалғындар) басым. Елдің қиыр солтүстігінде шалғынды-дақылды әртүрлі шөптесін өсімдіктер арасында шоқ-шоқ болып қайыңды-көктеректі ормандар кездеседі. Бұл жерлер Сібірдің нағыз орманды даласына ұқсас. Ертіс және Тобыл өзендерінің құмды жағалауларында және Сарыарқаның гранитті массивтерінде қалың қарағайлы ормандар кездеседі. Дала зонасының оңтүстігіндегі құрғақ далада көбінесе бетеге, боз, селеу өсімдіктері кездеседі, тек қана оңтүстігіне таяу жусанның бірнеше түрі қосылады. Дала зонасының табиғи өсімдіктерінің ішінде көптеген дәрі-дәрмекті өсімдіктер кездеседі (жалынгүл, салаубас, шайқурай, тентекмия, итмұрын, шүйіншөп және т.б.). Көктемде және жаздың басында дала қызылды-жасылды түске боялады. Шілденің екінші жартысында шөптесінді өсімдіктер қурап, дала сарғыш-сұр түске айналады. Қазіргі Қазақстанның далалық жерлері түгелдей жыртылып, егістікке айналған. Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл зонасы (құмдауыт, саздақты, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауыт шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты дақылдар (қияқ, бидайық, ебелек, изен және т.б.), эфемер өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар (жүзгін, теріскен, қылша, таспа) өседі. Сарыесік-Атырау, Мойынқұм, Қызылқұмдарда қара сексеуілдер кездеседі. Саздақты шөлдерде баялыш, бұйрығын, көкпек және жусан тараған. Тастақты шөлдерде жыңғыл, тасбұйырғын, жусан өседі. Гранитті жартастарда және шоқыларда арша бұталары, терең шатқалдардағы бұлақ сулары шығып жатқан жерлерде қараған, итмұрын кездеседі. Өзен аңғарларында адам өткісіз қалың бұталы шөптесінді-тоғайлы ландшафт (жиде, жыңғыл, тал, терек, шырғанақ) кездеседі. Сырдария, Іле және басқа өзендердің атырауларында қамысты-құрақты тоғайлар, өзен аңғарының террассаларында жыңғылды-қара сексеуілді тоғайлар ұшырасады. Тауларда биіктік белдеу өсімдіктері өседі. Қылқан жапырақты ормандардың негізін балқарағай, майқарағай, шырша, төменгі бөлігін қарағай, жоғарғы жағын самырсын ағаштары құрайды. Шөл зонасында жатқан Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау алды жазықтары шөлге ұқсас. Соған байланысты эфемерлер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кездеседі. Аласа таулы белдеу далаға ұқсас болып келіп, теректі, қайыңды, жабайы алмалы, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Орташа таулы белдеулерде шалғындар, орманды шалғынды дала өсімдіктері өседі. Әр жерде кездесетін орманды массивтердің дені тянь-шань шыршасы бұған Сібір майқарағайы араласқан. Биік таулы белдеу альпі-субальпі шалғыны мен қара мұздықтардан тұрады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Жазық аймақтардағы ендік зоналық заңдылыққа тән өсімдіктер жүйесі қандай? 2. Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер түрлерін сақтау жолдары қандай Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №9 дәріс Казақстанның жануарлар дүниесі Мақсаты: Әр зонаға тән жануарлар әлемін қарастыру Жоспар: 1. Жануарлардың зерттелу тарихы. Жануарлар дүниссінің таралу ерекшеліктері. 2. Зоогеографиялык аудандастырылуы. Республикамыздағы кездесетін негізгі жануарлар түрлері. 3. Кәсіптік маңызы бар жануарлар, эндемик жануарлар. Қызыл кітапқа енгізілген жанурлар түрі. Қорыктар. №9 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстанның қазіргі жануарлар дүниесінде сүт қоректілердің 172, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтардың 100 ден аса түрлері бар. Омыртқасыздар 40 мың түрден асады. Тек қана жәңдіктердің 30 мыңнан аса түрі тіркелген. Орманды дала зонасында орман жануарларының өкілдері ақ қоян, ор қоян, бұлан, түлкі, ақкіс, ақ тышқан, құстардан құр, саңырау құр, тоқылдақ, көкек басым ұшырасады. Алтайдың орманды даласында марал бағылады. Көлдерде құстардан - аққу, қаз, үйрек, шағалалар кездеседі. Далалық жерлерді тышқандар, саршұнақ, қосаяқ, суырлар, дала алақоржыны, құстардан - дуадақ, безгелдек, бүркіт, дала және шалғын құладыны мекендейді. Дала зонасының жануарлар дүниесі жаппай жерді жырту барысында өте жұтаңданған. Нағыз дала құстары дуадақ пен безгелдек, бөдене жойылуға жақын. Суыр сирек кездеседі. Ертеректе үйір-үйірімен жүріп, жер қайыстыратын ақбөкендер оңтүстікке шөлейт пен шөл зонасына ығысуда. Кемірушілер - жертесерлер, дала тышқандары мен алақоржындары, эверсман саршұнақтары көбеюде. Бұл кемірушілер егіндікке көп зиянын тигізуде. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық, күзен, ақкіс мекендейді. Оңтүстікке қарай тек қатты ыстық мезгілде түнде ғана інінен шығатын шағын түлкі -- қарсақ кездеседі. Құстардан бұлдырық, құр, тырна, балықшы, бозторғай, үкі, жыртқыш құстардан дала бүркіті, бөктергі, дала құладыны, кезқұйрық бар. Көптеген көлдердің жағалауында батпақ құстары -- қаз, қоқиқаз үйрек, тырна, қызғыш құс, қамыс торғайлары ұя салады. Шөлейт зонада дала мен шөл жануарлары аралас кездеседі. Орталық Қазақстанның аласа тауларында сирек кездесетін жануарлар қатарындағы арқар, қарақұйрық елік, мәлін мекендейді. Саны жағынан ерекше көп деп есептелетін жануарлар -- кемірушілер. Сонымен қатар дала күзені, қарсақ, түлкі, дала бүркіті, шіл, бұлдырық, бозторғай да көп таралған. Кесірткелер (агама, геккон) мен жыландар да өте көп. ІІІөл зонасының жануарлар дүниесі өзгеше. Олар жазғы қатты ыстық пен құрғақшылыққа өте төзімді. Олардың біразы қолайсыз мезгілдерде ұйқыға кетеді немесе көп жағдайда түнгі тіршілікке бейімделген. Жертесер -- кемірушілер саны өте көп, әсіресе кұм тышқаны, саршұнақ, қосаяқ, көртышқандар басым. Ірі тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Кірпілер, тасбақалар барлық жерлерде кездеседі. Өзен жайылмаларындағы тоғайларда қабан, елік, ор қоян, қырғауылдар, жайра болады. Сонымен қатар жыртқыштардан қасқыр, дала мысығы, шұбар күзен, шағыл мысығы бар. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Жануарлардың зона бойынша таралу заңдылығы * Қазақстан территориясындағы эндемик жануарлар қандай? * Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау жолдары? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №10 дәріс Казакстанның табиғат зоналары Мақсаты: Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарының таралу заңдылығы мен территориялық ерекшеліктерімен таныстыру Жоспар: 1. Табиғат зоналарының таралу заңдылығы. Орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары. 2. Зоналардың географиялық орны, рельефі, климаты, ішкі сулары, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі. 3. Биіктік белдеулік зоналардың қалыптасу заңдылыгы, температурасы, ылғатдылығы, топырақ - өсімдік жамылғысы. Жеке таулы аймактардын биіктік белдеуліктері және өзіндік ерекшеліктері. №9 дәрістің қысқаша конспектісі Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте - бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Қазақстан жерінде орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ - шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы батыс сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан территориясының 0,4 %. Орманды дала зонасы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павладар облыстарында таралған. Қазақстан территориясының 0,4 %. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезенінде түзілген, мезокайназойлық тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Казіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювийлә және көлтабанды-аллвийлі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10°с-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200°с, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэфиценті 0,77-0,56. Өсіп-өну кезенінің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылыө жылдардың қайталануы 20-30%. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала зонасының Қазақстандық нұсқасы дамыған. Оол суффозиялық немесе ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары және тегіс жазықтағы дәнді шөптесіннен тұрады. Орманды даланың 50-55 % егіске жарамды. Жайылым мен шабындық та баршылық. Мал шаруашылығы сүтті-етті мал өсіруге бағытталған. Қазақстан жеріндегі дала зонасы Каспий маңы ойпаты жазығынан Алтай тауларына дейін 2200 ш-ға созылған. Дала зонасы жердің 77 млн.га тараған, яғни 29% алып жатыр. Олар Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алдындағы борлы үстіртте, Торғай үстіртінде, Сарыарқада және Батыс Сібір ойпатының Қазақстандық бөлігінде дамыған. Бұл жерлердің геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылымы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Мұнда дала зонасы теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Орал, Мұғалжар тауларының шығысында далалар жас платформаның шитті және плиталы жазықтардан дамыған. Олар теңіздік және құрлықтық жағдайда қабаттасып, қаттасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтан және сазды жыныстан түзілген. Жер бедері әртүрлі болып келеді. Тектоникалық құрылымына қарай жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып ажыратылады. Сарыарқады ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары кездеседі. Жер бедерінің барлық денгейінде де қуаң және құрғақ континентті климат қалыптсқан. Солтүстігіндегі қоңыржай қуаң климат, оңтүстігінде құрғақ континентті климатпен алмасады. Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 29 % -ынан астамын алып жатыр. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, жалпы Сырт сілемдері, Жем үстірті, сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14 %-ын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48º с.е. бойымен өтеді. Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 117 млн га, республика аумағының 44 %-ына жуығын алады. Бұлзонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған.. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдеде Үстірт және тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Қазақстан жерінің 90 % жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 ш-ға, батыстан-шығысқа 3000 ш-ға созылған. Геологиялық - геоморфологиялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық айырма джасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы территориялық бөлшектенуге себепші болған. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Қазақстан территориясына тән табиғат зоналардың таралу ерекшелігі немен тығыз байланысты? * Өтпелі зоналардың солтүстікке қарай жылжу болжамына қарай қарайсын? * Биіктік белдеулердегі табиғат зоналарының жазық зоналардан қандай ерекшелігі бар? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №11 дәріс Қазақстанның физикалық- географиялық аудандастырылуы Мақсаты: Жоспар: 1. Физикалық географиялық аудандастыру тарихы. Аудандастыру принциптері. 2. Зоналык, азоналық, зоналық - азоналык, генетикалык және комплексті (кешенді) принцип. Гвоздецкидің, Давыдованың, Чупахинның аудандастыруларына салыстырмалы сипаттама. №11 дәрістің қысқаша конспектісі Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №12 дәріс Қазақстанның экологиялық жағдайы Геоэкологиялық аудандастырылуы Мақсаты: Қазақстаннның геоэкологиялық мәселелерімен таныстырып, олардың шешу жолдарын баяндау. Жоспар: 1. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар. 2. Экологиялық проблемалардын себептері, салдары және шешу жолдары. №12 дәрістің қысқаша конспектісі Каспий теңізі - Қазақстанның басты бөлігінде орналасқан дүние дүние дүзіндегі ең үлкен тұзды көл.Жалпы көлемі 400 мың м2-ге жуық,айдыны өте үлкен болғандықтан,теңіз деп аталады.Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңізбен Жерорта теңізі арқылы дүниежүзілік мұхитпен жалғасқан.Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 45 м жоғары болған.Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қонытаған <<Каспий>> тайпаларына байланысты аталған. Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінді жазылған. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 метр төмен жатыр.Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша тнрен емес (200-300м), ең терен жер оңтүстік бөлігінде (1025м) Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр.Орташа ені 320 км. Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континентті .Қыста Азия максммумы , ал жазда Азор максимумы тармақтары әсер етеді.Сондықтан жауын шашын аз,теңіз айдынына 20 мм шамасында жауады.Жазда орташа температурасы +260с шығыс жағалауында кейде +440с жетеді.Теңіз бетінің жылдық булану мөлшері доғары - 1000 мм-ге ,ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді.Теңіз әртүрлі климаттық белдеуде орналасқан(сол.түстік қоңыржай, бат.ылғ.субтропиктік, оңт.шығ.құрғақ субтроаиктік) су бетінде ірі толқын туғызатын жи турады. Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-ге көтеріліп,жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген қиындықтар туғызып отыр. Табиғи байлықтары. Өсімдіктердің 600 түрі,балдырлардың жасыл,қызыл және қоңыр түрлері өседі. Балықпен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі.Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың 82% ауланады. Респебликамыздың шаруашылығына қажеті жүктер теңіз жағалауына орналасқан Атырау,Ақтау порттары арқылы тасымалданады. Экологиясы.Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құйғанымен одан бірде-бір өзен ағып шықпайды.Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құлатып өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауды.Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңы ойпатынан мұнаймен газ өндіріледі. <<Теңіз>> мұнай кен орынынан өндірілетін мұнайдың құрамына 20%-ға дейін күкіртті газ бар.Күкіртті газ қоршаған ортаға қатты залалын тигізеді.Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп ,Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендері су басу қаупі туды. Каспий теңізі жағалауында орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып,суын ластауды.Мысалы:Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау-кен металургия комбинатының өдіріске пайдаланған суымен бірге ағызған қалдық заттары әсерінен Қошқарата көлі тіршілігі жоқ өлі көлге айналған. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес ,Ресей,Әзірбайжан,Түркіменстан,Иран мемілекеттері ортақ мәселелері шешудің бірігіп жолдарын қарастыруды. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді.Арал теңізі Туран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр.Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан.Жалпы ауданы 64,5 мың км2 ,ұзындығы 428 км,жағалаулары көбінесе ойпатты,жазық, құмды болып келеді.Арал теңізінің түбі тегіс,тұңба шөлінді. Арал теңізі аймағының климаты қатаң котинентті ,құрғақ.Жылдық дауын-шашынның мөлшері 100мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын шашыннан бірнеше есе көп. Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы: 240с,+260с,қыста -70с,-13 0с-ге дейін төмендейді.Қыста теңіз бетіне мұз қатады.Суының тұздылығы 14%,соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайаздауына тайланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан. Табиғи байлықтары.Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар.Кәсіптік маңызы бар бекіре,сазан,қаяз,шабақ,ақмарқа сияқты балықтар ауланады.Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап теледі. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістіке орынсыз пайдалану ,ысырап ету салаларынан теңіз суы тартылып,айдыны тартылып барады. Экология.Аралдың теңізінің тартылып ,теңіз маңайындағы аудандардың экологиялықжағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар.Соның ішінде ең басты себебі Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ,су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келеді.Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 м дейін төмендейді.Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап , орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл п.б. Ғалымдардың зертеуіне қарағанда тарылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тонаға жуық тұзды шаң көтеріліп,қоршаған ортаға таралады екен . Шаңмен көтеріліп , шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып,егіс өнімін төмендетеді,ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. Қазір Арал теңізінің экологиялық жғдайы шетел ғалымдарында алаңдатып отыр.Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп,Аралға көмек тесу жолдары іздестіруде. 1988 жылы <> атты ақындардың халық аралық Арал қозғалысы өткізіледі.Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемілекеттері басшылары Аарлды аман сақтап жолын қарастыруда.Өйткені бұл ғаламдық проблема. Балқаш - Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан көл.Көлдің аумағы 18,2 мың км2 , көл ендік бағыт бойында созылып жатыр.Ұзындығы605 км,ең тар,жерінің ені 8км.Судың деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Ең терен жер 27 м. Балқаш көліне Іле,Қаратал,Ақсу,Аягөз өзендері келіп құяды.Балқаш көлінің көптеген ірі шығанақтары ,мүйізтері,түбектері бар. Климаты. Балқаш көлінің климаты континентті.Шілде айындағы ауаның орташа температурасы +240с ,қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -80с-ге жуық.Жылдық жауын-шашын мөлшері 120мм . Көлдің бетін желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады.Жазда көл суының температурасы +270с-ге дейін жетеді. Табиғи байлықтары.Көл әртүрлі малюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктермен планктонға бай.Балықтың 20 аса түрі бар.Оның 5 түрі тек Балқашта өсетін балықтар. Экологиясы. Балқашқа құятын Іле өзенін Қапшағай су қоймасына ,бұрғаннан бері көл суының деңгейі 2 м төмендеген.Қазір Балқаш көлі түрлі өндірістік қалдықтармен ластануда,әсіресе оған Балқаш Мыс конбинатының өндірістік қалдықтары көп зиян келтіреді.Соның салдарынан көл суы құрамында мыс 14-54 есе артып, мырыш қалдықтары көлдегі тіршілік көзін жояды.Балқаш көлі экологиялық жағдайы дарша жұртты аландатып отырған өзекті мәселе.Қазір Арал - Балқаш қоры ашылды. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар. 2. Экологиялық проблемалардын себептері, салдары және шешу жолдары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №13 дәріс Жеке аймақтардың физико-географиялық ерекшеліктері. Шығыс Еуропа жазығы. Мақсаты: Әр физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық кұрылымы. Рельефі. 2. Пайдалы қазбалары, климатының ерекшелігі, өзендері, көлдері, жер асты сулары, зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Каспий маңы ойпаты, жалпы сырт, жем үстірті. №13 дәрістің қысқаша конспектісі Ежелгі платформаның фундаменті кембрийге дейінгі метаморфтық түзінділерден тұрады. Фундамент бетін қалыңдығы 20-30 км-ге жететін палеозой, мезозой, кайнозойдың шөгінді жыныстарының қалың қабаты жауып жатыр. Палеозой жыныстары негізінен сазды, құмды-тақтатасты, тұзды шөгінділерден тұрады. Ал мезозой мен кайнозойдың жыныстары теңіздік және континентті шөгінділері түрінде болады. Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетті. Континенттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы -- мұнай мен газ. Олар шөгінді қабаттардан тұзды күмбездердің көтерілуі нәтижесінде пайда болған жарықтарда жиналған. Негізінен олар пермь-триас, орта юра, бор және палеоген шөгінділерінде сақталған. Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажолда аса ірі мұнай ұңғымалары салынған. Сондай ақ, ойпатта ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз және т.б.) өндіріледі. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар таулары арасында орналасқан, орташа биіктігі 100-300 м. Солтүстік-шығысында аздап көтеріңкі, ал солтүстігі, батысы мен оңтүстігіне қарай біртіндеп төмендеп, төбелі-жонды жазыққа ауысады. Орал тауы мен Еділ өзені аралығын алып жатқан қыратты өңір, Қазақстан аумағына оның оңтүстік бөлігі енеді. Жалпы Сырт солтүстік-батыс бағытта аласа қатпарларға жиналған әктастан, бор мен басқа да шөгінді жыныстардан түзілген. Қыраттың жер бедері тілімденген, қазақстандық бөлігі тегістеу болып келеді. Жалпы Сырт арқылы Жайық өзенінің көптеген ұсақ салалары ағып өтеді. Шығыс Еуропа жазығының қазақстандық бөлігі арқылы Жайық, Жем, Ойыл және басқа өзендер ағып өтеді. Жайықтың саласы Ойыл өзенінің ұзындығы 800 км, ол Орал тауынан басталып, Жайық өзеніне құяды. Соңғы жылдары бұл өзеннің суы жазда тартылып, кеуіп қалатын болған, сондықтан Жайық өзеніне жетпей қалады. Суы ауыл шаруашылық алқаптарды суаруға пайдаланылады. Жем өзені (ұзындығы 712 км) Мұғалжар тауының солтүстік-батысынан бастау алады. Соңғы жылдары өзен теңізге жетпей, кеуіп қалып жүр. Бұл аумақта жер шарындағы ең үлкен ағынсыз көл -- Каспий теңізі орналасқан. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? * Жер бедерінің шөгілуінің негізгі факторлары? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №14 дәріс Оңтүстік Орал таулы аймағы Мақсаты: Әр физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық кұрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшеліктері. 2. Орал климат және су айырық жотасы. Гидрогеографиясы, топырақ - өсімдік жамылғысы және жануарлар дуниесі. Мұгалжар. Орал сырты үстірті. №14 дәрістің қысқаша конспектісі Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Батысы девонның порфириті, кристалдық тақтатасы, әктасы, тас көмір және пермь дәуірлерінің құмтасы тәрізді жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары ең қатты жыныстардан түзілген. Шығыс Мұғалжар кембрийге дейінгі кристалдық тақтатастан, порфириттен, диабаздан және т.б. жанартаулық жыныстардан, силурдың метаморфтық тақтатасынан түзілген. Мұғалжар - герцин қатпарлығы кезінде түзілген палеозойлық таулы өлке. Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұғалжардың тау қатпарларының тегістелу процесі Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ұзақ геологиялық кезеңде өзгеру барысына өте ұқсас. Аталған ауданның жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың литогендік құрамы, эрозиялық және денудациялық процестер ықпал етті. Мұғалжар тауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға бай. Кемпірсай кенішінің аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылған. Бершоғыр маңында көмір шахтасы бар. Бор дәуірінің соңына қарай қалыптасқан мергельді әктас цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжардың құмдарынан шыны жасайды. Орал тауының Қазақстан аумағындағы жалғасы болып табылады, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылып жатыр. Мұғалжардың шығыс беткейі көлбеу, ал батыс беткейі тік келеді. Таудың Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км болатын Бершоғыр ойысы орналасқан. Кейбір бөліктерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстігінде төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Ең биік нүктесі - Үлкен Боқтыбай (657 м). Каспий теңізінің өзі аттас түбегінде орналасқан. Оның құрамына Қаратау мен Ақтау жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы -- 117 км, ал Ақтау 70 км-ге созылған. Бұл таулар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Сарыарқамен салыстырғанда Маңғыстау таулары жасырақ, бірақ құрылысы мен жер бедерінің сипатында көптеген ұқсастықтар бар. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі -Қаратаудағы Бесшоқы (556 м). Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Қазақстандағы және жалпы ТМД елдері аумағындағы ең төмен нүкте болып саналатын Қарақия немесе Батыр ойысы (-132 м) орналасқан, бұл ойыс дүние жүзі бойынша бесінші орын алады. Климатының құрғақтығы беткі сулардың таралуына әсер етеді. Мұғалжардан Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды өзендері бастау алады. Олар қар суымен қоректенетіндіктен, көпшілігі жазда кеуіп қалады. Мұғалжарда жер қыртысының жарықтарында тұщы судың мол қоры жинақталған (7000 млрд м3), қазіргі кезде бұл су қоры кеңінен пайдаланылады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? * Жер бедерінің шөгілуінің негізгі факторлары Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №15 дәріс Солтүстік Қазақ жазығы Батыс Сібір жазығы Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялык орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, жер асты сулары. 2. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Тобыл - Обаган даласы, Есіл даласы, Есіл - Ертіс даласы, Ертіс маңы құланды жазығы. №15 дәрістің қысқаша конспектісі Географиялық орны. Батыс Сібір жазығы Қазақстанның солтүстігінің едәуір бөлігін алып жатыр. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі, батысында жіңішке жолақ түрінде Орал сырты үстіртіне тіреледі. Шығысында ені 200-250 км-ге жететін алап ретінде Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Жер бедерінің сипаты. Жазық оңтүстіктен солтүстікке қарай 200 м-ден 100 м-ге дейін аласарады. Жер беті негізінен тегіс, құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Ағынды өзендер өте сирек. Ондаған ағынсыз қазаншұңқырлар кездеседі. Кейбір жерлерде биіктігі 10-15 м болатын жалдар кездеседі. Жер бедерінің сипатына қарай Есіл, Тобыл-Обаған, Есіл-Ертіс және Ертіс-Құлынды жазықтарына бөлінеді. Есіл жазығы Қазақстанның солтүстігінде Есіл өзенінің екі жақ жағалауын алып жатыр. Жазықтың ең биік бөлігі 130-140 м. Мұнда көптеген көлдер мен сазды тұзды көлдер бар. Тобыл-Обаған жазығы батысында Орал сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Жазықтың биіктігі оңтүстігінде 250 м, солтүстікке қарай біртіндеп төмендейді. Есіл-Ертіс жазығы батысында Есіл-Қамысты даласы мен оңтүстігінде Сарыарқа, шығысында Павлодар өңірінің көлді жазығы аралығында орналасқан. Биіктігі 100-120 м, батыс бөлігінде көлдер көп. Көкшетаудың солтүстік бөлігіндегі жазықты далада ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км, ал биіктігі 15 м болатын үлкен жал созылып жатыр. Ертіс-Құлынды жазығының жер бедері күрделі. Ертістің жағалауы бірнеше террасалардан тұрады. Ертістің сол жақ жағалауында бірінші және екінші террасалар өзен деңгейінен 4-6, кейде 15-18 м биікте орналасқан, жайылма 20-25 км-ге дейін созылып жатыр. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м. Ертістің оң жақ жағалауы биіктігі 40-45 м болатын 4 террасадан құралған. Сипаты жағынан олар жел әрекетінен қалыптасқан алювиалды жазық болып табылады. Жер бедерінің қалыптасуы. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерден құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс, бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Геологиялық жыныстары. Жас платформаның фундаменті палеозойдың каледон және герцин қатпарлықтарында түзілген. Фундамент негізінен вулкандық - шөгінді палеозой жыныстарынан тұрады, оның бетін мезозой мен кайнозойдың сазды, құмды, мергельді шөгінділері жауып жатыр. Пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға бай. Соколов-Сарыбай, Кашар кен орындарында темір кенін өндіреді. Аят, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің бай кен орындары табылған. Хромит, бокист, кобальттың кен орындары барланған. Құрылыс материалдары көптеп кездеседі. Климаты. Климат шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Қыста слтүстіктен арктикалық, жазда Орта Азиядан құрғақ континентті ауа массалары еркін еніп кетеді. Қыста бұл аймақтың климатына сібір антициклонының әсері де айқын байқалады. Сондықтан жылдық жауын-шашынның 60%-ға жуығы (350 мм) жаз айларында түседі. Шілденің орташа температурасы +180+200С, қаңтардың орташа температурасы -170-190С. Аязды күндер жиі байқалады (-300-350С). Қар қалың түседі (30-50 см). Ішкі сулары. Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен Ертіс пен оның салалары Есіл мен Тобыл. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1400 км болатын Есіл өзені Орталық Қазақстанда бастау алып, Ертіске құяды. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Қыста өзен қатып қалады. Көктемде арнасынан асып, кең жайылмасын су басады. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 800 км болатын Тобыл өзені Орал тауының оңтүстігінде басталып, Қазақстан аумағы арқылы ағып өтіп, Ресей жерінде Ертіске құяды. Жазық арқылы Үй, Тоғызақ, Аят, Обаған, Шағалалы, Селеті, Өлеңті, Шідерті сияқты кішігірім өзендер де ағып өтеді. Олардың көпшілігі қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалады. Бұл өңірдегі ең ірі көлдер - Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Селетітеңіз, Қызылқақ, Теке, Ұсақ көлдердің суы тұзды келеді. Топырағы. Батыс Сібір жазығының топырақ жамылғысында лесс тәрізді саздақтарда қалыптасқан қара топырақтар мен күңгірт күрең топырақтар басым. Оңтүстікке қарай күрең және ашық күрең топырақтар таралған өзен аңғарларында аллювиалды-сортаңды және сор топырақтар, шалғынды күрең топырақ кездеседі. Өсімдік жамылғысы. Батыс Сібір жазығында орманды дала және дала зоналары қалыптасқан. Өсімдік жамылғысында әр түрлі шөптер, селеу мен бетеге басым тараған. Атқонақ, арпабас және басқалар өседі. Өзен аңғарларында құрақ және басқа да ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Ормандар негізінен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Мұнда ауданы кішігірім далалы ормандар басым болады. Қайың мен көктерек шоқтар түрінде өседі. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №16 дәріс Қазақтын қатпарлы даласы (Қазақтың ұсақ шоқысы) Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны, Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшелігі. 2. Өзендері, көлдері, жер асты сулары. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Көкшетау кыраты, Шыңғыстау, Ұлытау, Қарқаралы. №16 дәрістің қысқаша конспектісі Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігін алып жатыр. Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен, оңтүстігінде Тұран ойпатымен шектеседі. Оның батыстан шығысқа қарай ұзындығы 1200 км, ені шығысында 400 км, ал батысында 900 км. Жер бедерінің сипаты. Сарыарқа аумағы негізінен мүжіліп, тегістелген қыраттар мен ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Олардың арасында ірілі-ұсақты қазаншұңқырлар мен ойыстар кездеседі. Олар бір-бірінен геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипаты бойынша айырмашылық жасайды. Ұсақ шоқының шығыс бөлігі батысымен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Сарыарқа -- палеозойдың шөгінді және магмалық (гранит, порфирит, кварцит) жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесстері басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады. Ұсақ шоқылардың шығысында неғұрлым биік таулар орналасқан. Оларға Сарыарқаның таулы-шоқылы бөлігі -- Қызыларай, биік нүктесі Ақсораң гранитті массиві (1566 м). Салыстырмалы түрде биік бөліктеріне Қарқаралы тауы (1403 м), Кент (1460 м), Шыңғыстау (1300 м), Баянауыл (950 м) таулары жатады. Бұл тау жүйесі негізінен шөгінді және магмалық жыныстардан құралған, ішінара граниттер, порфирит, кварцит, құмтас пен тақтатас кездеседі. Солтүстік беткейлерде қарағайлы ормандар өседі, оңтүстік беткейлер жалаңаш жартасты келеді. Тау етегінде тау жыныстарының үйінділері кездеседі. Сарыарқаның батыс бөлігінде тегістелген және аласарған жерлер басым, ал қалдық таулар мен шоқылар сирек. Ерте палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстары мұнда тек жартасты жалдарда ғана көзге көрінеді. Ал жазықтар мен ойыстарда олар палеоген дәуірінің көлдік және теңіздік шөгінділерінің астында көміліп қалған. Сарыарқаның бұл бөлігінде жер бедерінің қалыптасуына ұзаққа созылған үгілу процесімен қатар, бор және палеоген дәуірлерінің шөгінді жыныстары да әсер етті. Бұл аумақтағы ірі қазаншұңқыр -- Теңіз-Қорғалжын (304 м). Ол Сарыарқаның батысын екі бөлікке бөледі. Оның солтүстік-батыс бөлігінде Көкшетау таулары, ал оңтүстік-батысында Ұлытау орналасқан. Көкшетау таулары онша биік емес (900 м). Бұл палеозойлық әктастан, кварцит пен порфириттен түзілген. Оның беткейлерін ағын сулар тілімдеген. Тау аралық аңғарларда өте әдемі көлдер орналасқан. Олардың жағалауында және тау беткейлерінде қарағайлы ормандар өседі. Ұлытау (1134 м) -- бойлық бойымен созылып жатқан ірі антиклиналдардың қалдығы, оның негізін гранит құрайды. Тау беткейлері тақтатас, құмтас, конгломераттардан түзілген. Тау күшті тілімделген. Қайың шоқтары кездеседі. Ұлытау маңын төменгі кайнозойдың сазды жыныстарынан түзілген төбелі жазық алып жатыр. Жер бедерінің қалыптасуы. Сарыарқа - палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процестері бастыроль атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады. Пайдалы қазбалары. Сарыарқа пайдалы қазбаларға бай. Қарағанды және Екібастұз республикадағы аса ірі көмір алаптары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір және марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек кездесетін металдар өндіріледі. Оларды әрі қарай өндеу Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау металлургия комбинаттарында жүзеге асырылады. Климаты. Сарыарқа мұхиттар мен теңіздерден шалғай орналасқан, мұнда сібір антициклоны мен арктикалқы ауа массалары еркін өте алады. Сондықтан климаты құрғақ және шұғыл континентті болады. Қыс суық, қаңтардың орташа температурасы -- 14°-18°С. Кей күндері температура -40°С-қа дейін төмендейді. Жаз құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20()+24°С, кейде +35°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 200-300 мм. Таулы бөліктерде көбірек (370 мм) жауады. Өзендері мен көлдері. Мұнда өзендер біршама көп. Олардың ең ірілері - Есіл, Нұра, Сарысу, Селеті, Шідерті, Тоқырау. Бұл өзендер негізінен көктемгі еріген қар суымен толығады. Су тасуы кезінде арналарынан асып, жайылады. Жаз айларында таязданып немесе кеуіп қалады, су тек еспелер мен өзектерде ғана қалады. Тұрақты ағын тек Есілде ғана байқалады. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қазақстан каналы салынған. Сарыарқада тұзды көлдер өте көп. Тұщы сулы көлдер негізінен Көкшетау қыраты маңында орналасқан, олар: Бурабай, Шортанды, Қорғалжын. Тың жерлер алқабы, Қорғалжын, Теңіз көлдері мен олардың маңы Қорғалжын қорығының аумағын құрайды. Табиғат зоналары. Өсімдік және жануарлар дүниесі. Сарыарқа дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады. Көкшетау, Атбасар маңында және Есіл өзенінің жағалауында қара топырақтар басым таралған. Мұнда бидай өсіріледі. Аласа таулар мен шоқыларда қарағай ормандары мен қайың шоқтары кездеседі. Дала зонасының оңтүстік бөлігі, Теңіз-Қорғалжын ойысы, Сарысу өзенінің алабы, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау массивтерінің аумағы шөлейт зонасына жатады. Оның климаты құрғақ және шұғыл континентті. Мұнда күңгірт каштан топырақтарда таралған өсімдіктер арасында жусан, бетеге, селеу басым өседі. Өзен аңғарлары мен тау беткейлерін шалғындар алып жатыр, мұнда қайың, терек, қарағай, арша, талдар өседі. Шөлейт зонасы мал жайылымы ретінде пайдалануға өте қолайлы. Шөл зонасына Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстігі (Ұлытаудың оңтүстігі, Жезқазған маңы, Солтүстік Балқаш маңы) жатады. Мұнда шөлдің қоңыр топырақтарында бұйырғын, қара жусан сияқты шөл өсімдіктері өседі. Жануарлар дүниесі дала, шөлейт және шөл жағдайларына бейімделген жануар түрлерінен тұрады. Қарағайлы ормандарда бұғылар, елік, ал дала мен шөлейттерде киік, қасқыр, түлкі мекендейді. Көлдерде құстар көп. Қорғалжын қорығында (1958) құстардың 26 түрі, балықтардың 10 түрі, өсімдіктердің 235 түрі, сүт қоректілердің 35 түрі мемлекеттің қорғауына алынған. Сарыарқаның аласа тауларының барлық жерінде: көлдерде де, олардың жағалауында да жел мен жаңбыр әрекетінен жасалған таңғажайып тас бейнелер кездеседі. Мысалы, Көкшетауда "Түйе", "Ұйқыдағы батыр", "Жұмбақтас", "Бүркіт", "Оқжетпес", Қарқаралыда "Тас бақа", Баянауыл тауларында "Жалмауыз кемпір" және т.б. Бұл айрықша пішіндегі жартастарды әсем табиғат көріністері қоршап тұр. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл таулары -Қазақстанның өте көрікті жерлері, сондықтан мұнда туристер жиі келеді. Халық арасында бұл жерлер туралы көптеген аңыздар тарап, ән-жыр айтылады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №17 дәріс Тұран жазығы Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалық - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы қазбалары, климатының ерекшелігі. Гидрогеографиялық торы. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Маңғыстау тауы және Үстірт, Торғай үстірті. Торғай иіні, Тұран ойпаты, Бетпакдала, Мойынқұм. Іле - Балқаш - Алакөл ойыстары. №17 дәрістің қысқаша конспектісі Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі. Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар: - Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының; - дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы; - оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат - мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы; - Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы; - транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы; - Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы. Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады. Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен (Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі. Тұран плитасының ірге тасы бірқатар тектоникалық жарықтарға бөлшектенген солардың ішінде жербедерін қалыптастыруда субмеридианальды бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары жетекші орын алады. Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан. Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герцинк қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран ойпатының солтүстігіндегі батыс Сібір плитасынан торғай үстірті бөліп оларды бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр. Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік - Шығысы мен оңтістік шекарасы және оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы өтеді. Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін арал теңізіне қарай еңіс болып келетін тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м) Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтістігімен оңтүстік бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп көтерілетін үстірттерге ұласады . Солардың ішіндегі ең биігі аймақтың оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті (150-400м) үстірт (100-350м). Амудариямен Сырдари өзендерінін аралығында Қызылқұм таулары, "Бұқантау" "Тамдытау" "Құлжықтау" сияқты қалдық атулы алқаптармен үстіртер бар "Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу - Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді.Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 1000 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстік- батыс бөлігінде жоғары Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті, Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді олардын қатарына солтүстік арал маңы немесе оңтістік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы жатады кейде ірге тасы теренде жатқанымен үстірт сияқты қабатты тұғырлы үстіртті жазықтарда кездеседі. Оларда пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №18 дәріс Қазакстандық Алтай таулы аймағы. Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық кұрылымы. Рельефі. 2. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздыкгары. Биіктік бслдеулері. Жануарлар дүниесі. Рудалы Алтай, Оңтустік Алтай, Қалба жотасы. №18 дәрістің қысқаша конспектісі Геологиялық құрылысы бойынша бұл тау палеозойдың метаморфтық сазды кремнийлі тақтатастарынан, әктастан, гранитті және гранитоидты атпа жыныстардан, жанартаулық жыныстардан тұрады. Зайсан қазаншұңқыры мезозой-кайнозойдың континентті және көлдік шөгінділерімен толған. Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі. Алтай қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Кенді Алтайда сынап, күміс, вольфрам, қалайы, мырыш пен қорғасынның мол қоры бар. Нарын және Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металдар, Қалба жотасында қалайы мен вольфрам өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге байланысты бұл аумақтың экологиялық жағдайын нашарлауда. Сондықтан табиғи ортаны қорғау, заводтардан шығатын зиянды қалдықтар мен түтін мөлшерін азайту қазіргі күннің басты экологиялық міндетіне айналып отыр. Алтайда басын таудағы қарлар мен мұздықтардан алатын өзендер көп. Ең ірі өзені -- Ертіс. Оған Бұқтырма, Күршім, Үбі, Үлбі және т.б. өзендер құяды. Ұсақ өзендер қатарында Ақ Берел, Тұрғысын, Білезікті, Қайынды, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Аблайкетті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Бөкен өзендерін атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендеріне және кішігірім көлдерге құяды. Алтайдағы ең ірі көлдер -- Зайсан (ауданы 5 мың км2) мен Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Мұнда қорық ұйымдастырылған. Сондай ақ, ауданы 1 км-ден асатын Язеро, Чернове, Бұқтырма, Тораңғыкөл көлдері бар. Қазақстандық Алтайда жалпы ауданы 89,6 мың км2 болатын 328 мұздық бар. Олар негізінен Катунь, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында 2600 м-ден жоғарыда шоғырланған. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №19 дәріс Сауыр - Тарбағатай таулы аймағы Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздықтары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі. Сауыр, Тарбағатай, Маңырақ. №19 дәрістің қысқаша конспектісі Сауыр-Тарбағатай негізінен палеозойдың сазды және кристалды тақтатастарынан, құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Сауыр және Маңырақ тауларында порфирлер мен порфириттерден тұратын эффузивті жыныстар кеңінен таралған. Оңтүстік беткейлерде әктас жиі кездеседі. Тарбағатайдың суайрық бөлігінде граниттер көп, олар Сауырда мүлде кездеспейді. Сауыр-Тарбағатай -- қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1990 жылы Зайсанда болған жер сілкінудің күші 6-7 баллға жетті. Сауыр тауында Кендірлік көмір кен орны ашылған. Мұнай қабаттары барлануда. Жанғыш тақтатастардың мол қоры табылған. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті өзендері кезінде Зайсан көліне құйған, қазіргі кезде олар көлге жетпей қалады. Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұта, Базар тау арасымен ғана ағады, жазыққа шыққан соң кеуіп қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейімен ағатын Үржар, Қатынсу, Еміл өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне құяды. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №20 дәріс Жонғар Алатауы, Жетісу таулы аймағы Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. 2. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздықтары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі. №20 дәрістің қысқаша конспектісі Жоңғар Алатауы кембрийге дейінгі және палеозойлық жыныстардан тұрады. Тау жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалдық гранитті тақтатастардан құралған. Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девонның құмтастары, сазды тақтатастарынан тұратын негізгі жыныстардан басқа төменгі және орта палеозойдың шөгінді жыныстары да кездеседі. Тау жүйесінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде тас көмір және пермь дәуірлерінің құмтасы, тақтатасы, әктасы мен конгломераттарынан тұратын жоғарғы палеозой жыныстары таралған. Тау аралық қазыншұңқырлар мен аңғарларда, тау етектерінде палеоген мен неогеннің шөгінді жыныстары кездеседі. Жоңғар Алатауы каледон және герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады. Полиметалл кен орындары бар. Кен құрамында кадмий, иңций, висмут, селен, сынап сияқты сирек металдар да кездеседі. Аумақта алтынның кварц желілі шағын кен орындары бар. Тау аралық ойыстарда көмір қоры табылған. Климат ерекшеліктеріне байланысты Жоңғар Алатауы су қорына бай. Тарихи-табиғи аймақ - Жетісудың басты өзендері осы таудан бастау алады. Мұндағы өзендер жергілікті көлдерге құяды. Лепсі, Қаратал, Сарқан, Бүйен, Ақсу сияқты тау өзендері Балқаш көліне құяды. Жоңғар Алатауынан Іленің салалары Қорғас, Өсек, Бурақожыр өзендері бастау алады. Жоңғар Алатауында жалпы ауданы 1000 км2 болатын 1369 мұздық бар. Ең ірі мұздықтар Лепсі өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Жоңғар Алатауының баурайында көптеген минералды су көздері табылған, олардың негізінде Жаркентарасан, Қапаларасан емдеу орындары жұмыс істейді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №21 дәріс Тянь - Шань, таулы аймағы. Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Географиялық орны. Тсктоникалық - геологиялық құрылымы. Рельефі. 2. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздыктары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі. Солтүстік Тянь - Шань, Оңтүстік Тянь - ІІІань. №21 дәрістің қысқаша конспектісі Тянь- Шаньнің жеке бөліктері жыныстарының құрамы жөнінен айырмашылық жасайды. Іле Алатауы мен Кетпен жотасы палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген. Кейбір бөліктерінде ежелгі граниттер мен гнейстер кездеседі. Шу-Іле таулары кембрийге дейінгі метаморфтық жыныстар мен гнейстің қалың қабаттарынан құралған. Беткі бөліктері төменгі палеозойдың шөгінді-эффузивті жыныстарынан -- тақтатас пен құмтастан тұрады. Қырғыз Алатауы тас көмір дәуірінің құмтасынан, әктасы мен граниттерінен тұрады. Қаратаудың оңтүстік-батысы протерозойдың метаморфтық жыныстарынан түзілсе, солтүстік-шығысы палеозойдың құмтасы мен тақтатасынан құралған. Екі жота аралығында орналасқан аңғарлар девонның қызыл түсті шөгінді жыныстарынан түзілген. Сондай ақ, әктастардан, құмтас пен саздан тұратын мезозой мен кайнозойдың шөгінділері де кеңінен таралған. Палеозойда каледон және герцин қатпарлықтары кезінде көтерілген тау кейіннен альпі тау жасалуы барысында қайта көтерілуге ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауға айналды. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі қалыптасты. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады. Қаратау аумағында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Олар Шымкент қорғасын-мырыш комбинатында қорғасын, мырыш алу үшін және Тараздың химиялық комбинаттарын фосфор шикізатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кендер ашық әдіспен өндіріледі. Тянь-Шань таулары гипс, цемент жөне т.б. құрылыс материалдарының көзі болып табылады. Тянь-Шаньнан көптеген өзендер бастау алады. Іле Алатауының солтүстік беткейлерінен Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Шелек, Қаскелең, шығыс беткейлерден Шарын өзені бастау алады. Шу өзені бастауын Қырғыз және Іле Алатауында алады және Қырғызстан шекарасын кесіп өткеннен соң Қазақстан аумағы арқылы ағады. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен Арыс, Боралдай, Бөген өзендері басталады. Таудың солтүстік-батыс беткейінен көктемде еріген қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалатын өзендер бастау алады. Тянь-Шаньнің көптеген сілемдеріңде тау шыңдары аралығындағы ойыстарда көлдер орналасқан. Тянь-Шань тауларының биік шыңдары мұздықтармен көмкерілген. Тянь-Шаньнің Қазақстандық бөлігінде жалпы ауданы 857 км[2] болатын 1009 мұздық бар. Мұздықтардың көпшілігі Іле Алатауында шоғырланған. Мұнда 380-нен астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 478 км[2]. Бұл мұздықтардан өзендер бастау алады. Ең ірі мұздық -- Корженев мұздығы (ұзындығы 11,7 км). Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: * Географиялық орналасу ерекшелігі қандай? 2. Физикалық-географиялық сипаттамасы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №22 дәріс Қазақстанның физикалық географиясының негізгі мәселелері Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру Жоспар: 1. Қазақстан территориясын аудандастыру мәселелері. 2. Казақстан климатының өзгеруі. Республика табиғатының антропогендік өзгерістері №22 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстан жер шары биосферасының ғаламдық биомассасындағы ролі айтарлықтай емес, себебі территорияның басым бөлігі құрғақ-далалы ландшафт және орманды алқап қиыр солтүстікте ғана. Сонымен қатар табиғи жайылымдары адамзаттың жер қорының стратегиялық резервіне жатады. Қазақстанның табиғат ерекшеліктерін қорғайтын қорықтар территорияның тек 0,3 % құрайды. Қазақстан қоршаған ортасның экологиялық ахуалын сыртқы және ішкі факторлар тудырады. Экологиялық қауіп факторына Қазақстанның басым бөлігін алып жатқан Орталық Азиялық Арал-Каспий ағынсыз облысы жатады. Арал-Каспий теңіздері мен Балқаш көлі сияқты ағынсыз су көздері өзен ағындарының аккумуляциялық бассейіне айналған, яки өндірістік және ауыл шаруашылық ағындар. Қазақстан қоршаған орта жағдайының өзгеруіне трансшекаралық өзендерде маңызды рол атқарады. Көрші елдерден бастау алатын өзендер (Ертіс, Іле өзендері (Қытай); Сырдария мен Шу (Қырғызстан); Орал (Ресей)) техногенез өнімдірінің транзиті мен аккумуляция көзі болып табылады. Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіне жақын орналасқан Ресейдің Жайық маңы, Оңтүстік Орал, Батыс Сібір өндірістік орталықтары трансшекаралық ауа <<каналдарына>> айналған, яғни өндірістік антропогендік ластаушы заттардың территьориямызға табиғи жолмен көшуі. Территориямыздағы Арал теңізі, Семей ядролық сынақ полигоны мен басқа да әскери-сынақ обьектілері болуы тек Қазақстан үшін ішкі экологиялық қауіп қана емес, сонымен қатар бүкіл Жер шары биосферасы үшін қауіпті. Сондай-ақ оған еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтары да енеді: Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау, Қаратау-Жамбыл, Маңғыстау, Кенді Алтай және т.б. қоршаған ортаға күшті техногендік ықпал етеді. Осылайша, Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігі территориядағы табиғи-экологиялық құрылымын анықтайды: күрт континенттік климат; көптеген су көздерінің ағынсыз болуы; территорияның солтүстігі мен батысыдағы ауа массаларының еркін көшуі және т.с.с. Жер шары биосферасындағы еліміздің экологиялық функциясы. Қазақстан территориясының басым бөлігін дала және шөл экожүйесі алып жатыр.Атмосфераға оттегі бөлетін ормандар мен шалғындар болғандықтан Қазақстан оттегіні тұтынушы болып саналады, өйткені орман еліміздің тек 5,2 % алады. Экологиялық қауіп тудыратын сыртқы көздер. Қазақстанның саяси-географиялық жағдайының негізгі белгілері қоршаған ортаның экологиялық жағдайын анықтайды. * Ресей Федерациясы. * Жайық маңы экономикалық ауданы. Қазақстанның қиыр батысы астрахан газконденсат зауытымен шекаралас болғандықтан зауыттың өндіріс және авариялық қалдықтары ауа массасында еркін көшіп, Атырау облысындағы Каспий маңы ойпатында қышқыл жаңбыр тудырады. * Капустин яр - әскери-сынақ полигоны. Орал өзенінің оң жағалауындағы Рын құмдарында ұзақ жылдар бойы рокеталық сынақ жүргізген. * Саратов және Самар өнеркәсіп орталықтары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында орналасқан. Мұнай өндеуші өнеркәсіптен шыққан өндірістік химиялық газдар атмосфераны ластайды. * Орал экономикалық ауданы, Орынбор өнеркәсіп орталығындағы химиялық зауыттар, газконденсат зауыты ауа мен су көздеріне зиянды заттар тастайды. * Қытай Халық Республикасы. + Ертістің жоғарғы ағысы (Қара Ертіс) Монғол Алтайынан бастау алады. Қытай территориясындағы Ертістің егіншілікке қолдануы оның денгейінің өзгеруіне әсер етеді. Бұхтырма суқоймасының денгейінің төмендеуі мен ластануының негізгі көзі - Синьцзяндағы су қоймасы болып табылады. + Іле өзенінің жоғарғы бөлігін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында су шаруашылығында кең қолданғандықтан Балқаш акваториясының экологиялық жағдайы нашарлауда. + Лобнор ядролық сынақ полигоны Қазақстан шекарасынан 1000ш жерде орналасқанымен одан елімізге радиациялық зиянды заттар ауа массалары арқылы көшуде. * Қырғызстан Республикасы * Шу және Талас өзендерінің жоғары ағысын Қырғызстан өзінің су шаруашылығында белсенді қолдану нәтижесінде ел территориясындағы өзен ағысы күрт төмендеп кеткен. * Өзбекстан республикасы * Сырдария өзені Шардарьин су қоймасы маңындағы өндірістік-тұрмыс және ауыл шаруашылығы негізінде зиянды қалдықтармен ластануда. Өте күшті ластанған және су денгейі төмендеген Сырдаия өзені Арал теңізінің <<жоғалуына>> әкелді Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * Қазақстанның кәзіргі физика-географиялық мәселелері қандай? * Табиғат кешендерін қалпына келтіру шаралары? * Антропогендік өзгеріске бейім табиғат компоненттерін қалпына келтіру жолдары қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 Зертханалық жұмыстардың тақырыбы № 1 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының табиғи ортасының негізгі факторларын анықтау Сабақтың мақсаты: картамен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру, ҚР және өзіңнің жергілікті жеріңнің физикалық - географиялық жағдайын анықтау, географиялық координаттарды анықтау қабілетін дамыту Құрал - жабдықтар: Әлемнің саяси картасы. Масштабы: 1:20 000 000, Қазақстанның физикалық картасы. Масштабы: 1: 1 500 000 1 Тапсырма. Әлемнің саяси картасын қолдана отырып, ҚР физикалық - географиялық жағдайын анықтаңдар және қысқаша сипаттама беріңдер . ҚР физикалық - географиялық жағдайын сипаттау жоспары: * Қай құрлықта орналасқан * Қай елдермен шекаралас * Қандай мұхит және теңіздермен жалғасады * Мемлекеттің астанасы және оның географиялық координатасы. 2 Тапсырма. Қазақстанның территориясының көлемін басқа елдермен салыстырыңдар және әлемнің саяси картасында Қазақстанның алатын орны көрсетілген диаграмма құрыңдар 3 Тапсырма. Алматы мен Астана қалаларының арақашықтығын карта немесе глобус көмегімен анықтаңдар. 4 Тапсырма. Өзіңнің жергілікті жеріңнің географиялық жағдайын анықта. (географиялық координатасын, Қазақстан картасындағы орнын, қай сағаттық белдеуде орналасқан). 5 Тапсырма. Біздің еліміздің территориясы қанша сағаттық белдеуде орналасқан. 6 Тапсырма. Қазақстан территориясының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі және батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын градус торы арқылы өлшеңдер. 7 Тапсырма. Қазақстанның солтүстік ең шеткі және оңтүстік ең шеткі нүктелерінің ендігін, батыс ең шеткі және шығыс ең шеткі нүктелерінің бойлығын анықтаңдар. а) Кескін картаға Қазақстанның шекараларын түсіріңдер (құрлықтық және теңіздік). б) ҚР шекаралас мемлекеттерді және олардың астаналарын жазыңдар, осы шекаралардың ұзындығын көрсетіңдер. в) Қазақстан облыстарының шекарларын және олардың орталықтарын түсіріңдер. г) Картада Қазақстан территориясының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі және батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын көрсетіңдер. № 2 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғатын географиялық зерттеудің тарихы Сабақтың мақсаты: картамен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстан табиғатын географиялық зерттеудің тарихын оқып білу Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы. Масштабы: 1: 1 500 000. Атлас 1 Тапсырма. Қазақстан табиғатын зерттеген ХХ ғасырдың екінші жартысындағы атақты орыс географтары мен саяхатшыларын атаңдар. Қазақстанның кескін картасына олардың экспедицияларының маршрутын түсіріңдер. 2 Тапсырма. << Қазақстан табиғатын зерттеушілер>> атты кестені толтырыңдар. Зерттеушілер аттары Өмір сүрген жылдары Зерттеген аймақтары, еңбектері Қазақстан табиғатының ежелгі кезеңде зерттелуі Орта ғасырдағы зерттеулер XVI- XIX ғасырлардағы зерттеулер XX ғасырдағы зерттеулер 3 Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, асты сызылған жерге зерттеушілердің атын жазыңдар. Жауап нұсқалары мәтіннің төменгі бөлігінде көрсетілген. I. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның физикалық - географиялық зерттелуі. 1. Өз жұмысын Орынбордан бастап, одан кейін Мұғалжар тауын, Үстіртті, Арал теңізінің солтүстік жағасын қарастырып, сапарын Сырдария бойынша жасап, Перовский фортына (қазіргі Қызылорда) жеткен. Экспедиция жұмысын солтүстік Қызылқұмға сапармен бастады. Арал - Каспий ойпатында пермдік, юра, бор, үштік, кейінгі үштік формациясын құрды. Зерттеуші Тянь - Шаньның ежелгі мұздануын, оның климаттық жағдайын, пайдалы қазбаларын, табиғаттың биіктік зональдылығының жүйелі сипаттамасын зерттеуге көп көңіл бөлді. Зерттеуші Тянь - Шань орманының әртүрлі жеміс жидектерге бай екендігін жазды. <<Түркістан аймағы бойынша саяхат>> кітабында жануар мен өсімдік әлемінің әртүрлілігін кең әңгімелейді. Қазақстан мен Орта Азияға экпедициясы кезінде сүтқоректілердің 15 жаңа түрі мен түр тармағын және құстардың 49 жаңа түрі мен түр тармағын ашып, сипаттайды. 2. Зерттеуші 1849 жылы Қазақстанның шығыс бөлігін зерттеуді бастады. Өскемен мен Нарым сағасы арасындағы Ертістен оңтүстіктегі жерді зерттеді.1851 жылы Жетісу, Жоңғар Алатауына экспедиция жасады. Жоңғар Алатауының баурайы мен оның өсімдігіне, Жетісудың физикалық - географиялық жағдайына қысқаша очерк жазды, Жетісу аңғарына сипаттама берді. мұқият бақылаулардың негізіне сүйене отырып, Алакөл, Сасықкөл және Балқаш көлдерінің салындысының құрамы ұқсастығын айтты. 3. (1850-1902) орыстың ұлы геологы, әрі ұлы физик- географ. 1874 жылы жұмысын тас - көмір кен орындарын қарастырып және жалпы зерттеп, Қаратау мен Тянь - Шаньның батысын зерттеумен бастаған. Орта Азия мен Қазақстанның кейбір аудандарының орографиясы мен геологиясы туралы өз көзқарасын өзінің <<Түркістан>> монографиясында сипаттайды. 1881 жылы Г.С.Романовскиймен бірге, Түркістан аймағының бірінші геологиялық картасын (дюймге 30 шақырым масштабтағы немесе қазіргі 1 : 120 000 масштабтағы) құрып (1884) және жариялады. ең басты еңбегі үлкен монографиясының бірінші томы тек 1886 жылы <<Түркістан>> деген атпен жарияланды. 1887 жылы Верныйдағы жер сілкінуді зерттеу үшін Қазақстанға ақырғы рет келді. 4. Тянь - Шаньды бірінші зерттеушісі. География ғылымында алғаш болып Тянь - Шаньның қар басқан шекарасының орналасқанын <<өте биікте, басқа таулардан ондайды көре алмайсың>> деп сипаттаған. Іле Алатауының геологиялық құрылысын сипаттап, жыныстарының петрографиялық құрамы туралы, олардың стратиграфиялық ара қатысы мен жотаның тектоникалық құрылысын қарастырды. бүкіл Іле Алатауын орографиясы мен геологиясы сипатын қорытындылай келе рельеф бойынша үш құрамдық бөлікке бөлді : 1) тау етегіндегі солтүстік тізбек, 2) тау етегі мен адыры аралығын бойлаған алқап, 3) оңтүстік тізбек. 5. 1856 жылы полковник М.М.Хоменский жетекшілігімен ұйымдастырылған әскери - ғылыми экспедицияда жұмыс атқарды. Ғылыми саяхаты 1856-1857 жылдардағы оның сапарлық очерктері <<Ыстықкөлге саяхат күнделігі>>, <<Іле аймағының географиялық очеркі>>, <<Қырғыздар туралы жазбалар>> және т.б. жазылған. Осы еңбектерінде Тянь - Шань мен Жетісу географиясын, осы аймақтарда тұратын халықтар тарихын жақсы білетін бақылаушы ғалым ретінде көрсетті. Орталық Тянь - Шаньға алғаш болып орографиялық сызбасын сызды. Жоңғар Алатауының және Іле өзенінің бастауының картакескінін ең бірінші болып құрды. Ол Жоңғар Алатауының фаунасын алғаш болып сипаттайды. 6. Ертіс арқылы Катон - Қарағайдан өтіп, Рахман бұлағында болып, 1881 - 1884 жылдары Алтайдың қазақстандық бөлігін зерттеді. Өзінің арнайы зерттеуінен басқа, ол орнитологиялық және ботаникалық география үшін материалдар, сонымен қатар этнографиялық материалдарды жинады, тау жыныстарының, жәндіктерінің, балықтар, құстарының, сүтқоректілерінің коллекциясын құрды. 7. 1862 жылы Ресейдің шетелдік істер Министрлігі Орыс географиялық қоғамына өздеріне жабдықталған экспедицияға қосылуын, сонымен бірге қоғамның зерттеуші экспедициясын ұсынды. Оны басқарды. Ол астрономиялық, метеорологиялық және магниттік, географиялық бақылаулар жүргізді. Экспедиция кезінде Тарбағатай ауданы, Зайсан көлі, Ертіс өзенінің ағысы зерттелді. Тарбағатай тауында, Алет, Кешкентау, Тастытау шыңдарында барометриялық бақылаулар жүргізілді, аңғарлардың кейбір нүктелері арасындағы бұрыштар өлшенді. А) В.М.Краузе В) И.В.Мушкетов Б) Н.А.Северцов Д) Ш.Ш.Уалиханов Е) К.В.Струве Ж) П.П. Семенов- Тян- Шанский З) А.Г.Влангали II. XIX - XX ғасырлардың аяғында Қазақстанның физикалық - географиялық зерттелуі. 1. Орта Азия мен Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде маңызды орын тиесілі. 1908 жылдан 1914 жылдар аралығында Өзбекстанның Ферған аңғары мен Оңтүстік Қазақстанды зерттеген, оның жетекшілігімен Қонысаудару басқармасының 8 топырақтық - ботаникалық экспедициясы ұйымдастырылды. 1908 жылы Шымкент уездінің топырағын зерттеумен айналысты. Оның экспедициясы үлкен территорияны қамтыды. Ол Талас Алатауының баурайын, Боролдай мен Арыс өзені бассейндерін, Қаратау жотасының шығыс бөлігін, Мойынқұм құмын зерттеді. <<Шымкент уездінің топырақтық - географиялық очеркі>> (1912) еңбегінде уезд ауданының барлығының топырағын сипаттады, олардың таралу заңдылықтарын белгіледі, рельефпен, климатпен және геологиямен байланысты әр аймақтағы топырақ түзілу жағдайын айқын көрсетті. 2. 1899 жылы Географиялық қоғамның Түркістандық бөлімінде қызмет істеді, Сырдария мен Арал теңізінде балық өндірісін бақылаушы болып жұмыс істеді. Жас ғалым қоғамның ең іскер қызметкерлерінің бірі болып, Арал теңізін зерттеу жобасын ұсынды. Арал экспедициясы (1900-1903) бассейнге географиялық - гидрологиялық зерттеу жүргізді. Көлдің өзі, оны қоршаған ортасы зерттелді, метеорологиялық бақылаулар жүргізілді. Бұл үшін Сырдария сағасы мен Арал теңізінің теміржол станциясында метеорологиялық станция салынды. Осыған сәйкес Арал теңізінің жағасындағы аймақтарға геологиялық және геоморфологиялық бақылау, маңызды ихтиологиялық зерттеу жүргізді, Арал теңізі жағалауын үш түрге бөлді: тегіс (батыс), қалақты (солтүстік), шығанақтық (шығыс). Арал теңізінің жағалауынан жоғары юра, бор, үштік және төрттік жүйе шөгінділерін тапты. Географиялық зоналар туралы ілім өмірлік ісі болды. Географиялық зональдылықты зерттеуі зональды құбылыс ретінде қарастырған лесс мәселесін зерттеумен тығыз байланысты. Ол <<Климат және өмір>> монографиясында (1947) топырақтық немесе элювиальдық деп аталған лесстің қалыптасуы туралы теориясын толық баяндады. Ол лесстің эолдық қалыптасуы теориясын сынға салды. 3. 1905 жылы әйгілі геолог және Сібірдің зерттеушісі Жоңғар шекаралық аудандарында болды. Оның сапары 1906 және 1907 жылдары қайталанды. Үш жылдық сапарында Жоңғар ауданының көп жерін зерттеді. 1886 жылы бастаған Орта Азия мен Қазақстанның территорияларының геологиялық тарихын зерттеуі оның зерттеу жұмысының жалғасы болды. Тұран өлкесінің құмдары Амудария мен Сырдария өзендерінің ағысына байланысты пайда болғанын тұңғыш рет дәлелдеді. Соның өзінде ғалым бұл жағдайдың Орта Азия мен Қазақстанның жазық далаларына тән басқа табиғат құбылыстарымен өзара байланысты екенін ескерген. алғаш рет құмды жерлердің ғылыми негізделген сипаттамасын берді, оларды иір - иір <<құм жалдарынан>> немесе сусыма, үрмелі <<дөңес>>, яғни біршама орнықты құмдарға бөлді. Ғалымның құмдар туралы ілімінің негізгі қағидалары <<Каспийдің арғы жағындағы ойпат>> - атты еңбегінде (1890) баяндалған. Бұл еңбек кейінгі табиғаттанудың жаңа саласы - <<құмзерттеу>> ғылымының қалыптасуына негіз салды. А) Л.С.Берг В) В.А.Обручев Б) С.С.Неуструев № 3 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін геологиялық қима құру Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тектоникалық және геологиялық картасымен жұмыс істеу, өз облысыңның тектоникалық құрылымы мен геологиялық шөгінділерін анықтау. Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар 1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: * Қазақстан аймағының тектоникалық аудандастырылуы негізіне қандай принцип сәйкес келеді? * Қазақстан аймағының геологиялық қалыптасуы қай уақыттан бері тоқтатылды? * Палеозой эрасының қай кезеңінде каледон тау түзілісі едәуір белсенді байқалды? * Қай уақытта Қазақстанда химиялық үгілу құбылысы кең дамып, үгілу қабаты қалыптасты? * Қай уақыттан бері құрлықтың дамуы максимальды сипатта болды? * Төрттік кезеңнің негізгі ерекшелігі? * Плейстоцен мен голоцен қандай уақыт аралығын қамтиды? 2 Тапсырма. Таулы және жазық аймақтар үшін геологиялық қима құрыңдар ( таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін геологиялық қиманы құру әдістемесін оқып шығыңдар. Геологиялық қима - қима сызығы бойындағы ауданның геологиялық құрылысының ерекшеліктерін көрсететін, гипсометриялық қиманың төменгі жағында орналасқан сызбаның бөлігі. 1. Геологиялық түзілістердің контуры бейнеленген, жасы көрсетілген геологиялық картографиялық негіз алынады. 2. Геологиялық картада қима сызығы жүргізіледі, картада бірнеше және соңғы нүктелері белгіленеді. 3. Қима сызығы мен геологиялық кешендердің шекаралары түйіскен нүктелері нөмірленеді (1,2,3,...N). 4. Табылған нүктелер өлшегіштің көмегімен картаның масштабын және қиманың горизонталь масштабын есепке ала отырып, қима сызығының горизонталь бөлігіне көшіріледі, нүктелер нөмірленеді. 5. Палеозой, мезозой, кайнозойдың және т.б. шөгінді, магмалық жыныстарының геологиялық түзілістерінің соңында геологиялық кешендердің индекстері жазылады. 6. Бейнеленген геологиялық түзілістердің шартты белгілері құрылады. 7. Табылған нүктелер гипсометриялық қиманың сызығына жобаланады. 8. Геохронологияны, геологиялық жыныстардың жасын есепке ала отырып геологиялық қима құрылады. Шартты белгілерге сәйкес боялады (1 - сурет). 1 - сурет. Геологиялық қиманың сызбасы Шартты белгілер Q төрттік кезең карбон + Рz жастағы граниттер тектоникалық бұзылым С Д девон геологиялық кешендердің шекаралары 3 Тапсырма. А) Өз облыстарыңның геологиялық картасын қарап, өз облыстарыңның геологиялық шөгінділерінің орналасуына қорытынды жаса. В) өз облыстарыңның геологиялық қимасын құрыңдар. Б) тектоникалық картаны қарап, облыстарыңның қандай ірі тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар (морфоқұрылымы мен морфомүсіндерін анықтаңдар). Г) өз облыс орталықтарың үшін стратиграфиялық бағанасын сызыңдар (деректер негізінде). Д) өз облыстарыңның рельеф формасын, төрттік шөгінділер құрамы мен қалыңдығын, негізгі және төрттік рельеф байланысын, негізгі жыныстар тереңдігін анықтаңдар (физикалық және геологиялық карта, геологиялық қима анализі негізінде). № 4 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін гипсометриялық қима құру Сабақтың мақсаты: Гипсометриялық қиманы құру кезінде карта құру әдістерімен жұмыс істеуді меңгеру (Қазақстанның геоморфологиялық және физикалық карталары негізінде) Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы 1 Тапсырма. Қазақстанның тектоникалық және физикалық карталарына анализ жасаңдар және <<тектоникалық құрылым - рельеф элементі>> сәйкестігін көрсетіңдер. Кестені толтырыңдар. Тектоникалық құрылым Рельеф формасы 2 Тапсырма. Таулы және жазық аймақтар үшін гипсометриялық қима құрыңдар ( таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін гипсометриялық қиманы құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар. Гипсометриялық қима - жер бетінің ерекшеліктерін көрсететін сызық. 1. Физикалық, гипсометриялық картада қима сызығы мен картаның горизонтальдары түйісетін нүктелер белгіленеді. 2. Нүктелер нөмірленеді (1,2,3,..., N). 3. Милиметрлік қағазға екі бір - біріне перпендикуляр сызықтар сызылады. 4. Вертикальды масштаб пен қима сызығының горизонтальды бөлігіндегі № 1 нүкте белгіленеді. 5. Картадан өлшегіштің көмегімен табылған нүктелер (1,2,3,...N) горизонтальды бөлікке түсіріледі. Нүктелер нөмірленеді (1,2,3,...N) және горизонтальдардың ( 1/100, 2/200, ...N/n) мағынасы жазылады. Өзендердің, көл жағалауларының, теңіздердің нүктелері жеке белгіленеді. 6. Вертикальды масштабты есепке ала отырып, табылған нүктелердің кеңістікте орналасуын анықтап, нүктелерді сызықпен біріктіреді. Бұл гипсометриялық қима. Оны өзендерді, су қойма жағалауларын жобалаумен қиындатады (2- сурет). 2- сурет. Гипсометриялық қиманың сызығы. - 1 1 - гипсометриялық қиманың сызығы Өзендер, суқоймалар (тереңдік) масштабтантыс белгілермен белгіленеді. Егер горизонтальды бөлікте екі бірдей белгі (3/600 және 4/600) болса, оларды гипсометриялық есепке ала отырып қосады (төмен немесе жоғары). 3 Тапсырма. Қазақстанның орографиялық схемасын кескін карта бойынша құрыңдар. 4 Тапсырма. Қазақ ССР Атласын қолдана отырып, Балқаш - Іле ойпаты рельефінің генетикалық типін көрсетіңдер. № 5 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар картасын құру Сабақтың мақсаты: ҚР пайдалы қазбаларын анықтауда әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту. Пайдалы қазбалар шартты белгілерін қайталау. Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта 1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: * Темір рудасының кен орындары қай орогендік белдеуге тән? * Түсті металдардың кен орындары қай орогендік белдеуге тән? * Боксит, фосфорит, калий тұзының жалпы белгілері қандай? * Темір рудалы кен орындары мен полиметалл кен орындарының айырмашылық белгілері қандай? * Пайдалы қазбалар кен орындарын (олардың қалыптасуымен байланысты) вулкандық әрекетпен қалай байланыстырамыз? * ҚР территориясында мұнай газ кен орындарының көптігін немен түсіндіреміз? * Түсті және қымбат металдардың қалыптасуы қалай жүзеге асады? 2 Тапсырма. Кескін картаға полиметалл кен орындарын және тас пен қоңыр көмір, мұнай, газ кен орындарын арнайы белгілермен түсіріңдер (рудалы пайдалы қазбалар - қызыл түспен, рудасыз - жасыл, жанатын - қара). 3 Тапсырма. Кестені толтырыңдар. Біздің еліміздің жеке аймақтарының тектоникалық құрылымы, рельефі мен пайдалы қазбалар арасындағы байланыс. Тектоникалық құрылым Оған сәйкес келетін рельеф формасы Кең таралған пайдалы қазбалар Қалыптасқан тәуелділік туралы қорытынды: 4 Тапсырма. Кескін картаға каледондық, герциндік және альпілік орогенді циклдардағы процестермен байланысты кен орындарын түсіріңдер. № 6 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғи ортасының климаттық көрсеткіштері Сабақтың мақсаты: ҚР климаттық көрсеткіштерін анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту. Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта 1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: * Қазақстан климаттық жағдайлары деп нелерді айтамыз және неліктен олар табиғи жағдайлардың құрамдық бөлігі болып табылады? * Қазақстан климаттық жағдайы несімен ерекшеленеді және олар нелер арқылы түсіндіріледі? * Қазақстанның климаттық жағдайы аймақ және мерзім бойынша қалай өзгереді: солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай және керісінше? * Неліктен Қазақстанның климаттық зоналары мен климатының континентальдылығы Қазақстан территориясының табиғи жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады? * Қазақстан территориясы қандай климаттық белдеуде орналасқан және қандай климаттық облыстарға бөлінеді? 2 Тапсырма. Кескін картаға Қазақстан территориясы бойынша шілде және қаңтар айларының күн радиациясының таралуы, ауа ылғалдылығы мен температурасын түсіріңдер. 3 Тапсырма. Павлодар мен Қызылорда қалалары аймағының жиынтық радиациясы мен ылғалдану коэффициентін анықтаңдар, алынған мәліметтерді салыстырыңдар, әртүрлілік себебі туралы қорытынды жасаңдар. Жұмысты келесі үлгіде орындауға болады: Аймақ ( қала) Жиынтық радиация (ккал/см 2) Жауын - шашынның жылдық мөлшері (мм) Буланушылық (мм) Ылғалдану коэффициенті Павлодар Қызылорда Әртүрлілік себептері туралы қорытынды: 4 Тапсырма. Кескін картаға Қазақстан территориясы бойынша жылдық жауын - шашынның таралуын түсіріңдер. 5 Тапсырма. Қазақстанның бес аймағының жауын - шашыны бойынша диаграмма құрыңдар (С, О, Ш, Б, Орталық Қазақстан). 6 Тапсырма. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстан бойынша климаттық қима сызыңдар, ол үшін: А) таңдалған линия бойынша гипсометриялық қима сызыңдар; Б) гипсометриялық қиманың үстінен шілде айының орташа температурасын көрсететін линияны қызыл түспен, қаңтар айының орташа температурасын көк түспен түсіріңдер; В) жоғарыға изогиета бойынша жылдық жауын - шашынның мөлшерін көрсететін линияны сызыңдар; Г) қимаға климаттық облыстардың шекараларын түсіріңдер; Д) қиманың соңына жауын - шашынның, температураның жылдық жүрісі ерекшелігін, климаттық - диаграммаларды салыңдар (мәліметтерді анықтамалық таблицалар мен атластардан алыңдар). № 7 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғи ортасының гидрологиялық көрсеткіштері Сабақтың мақсаты: ҚР гидрологиялық көрсеткіштерін анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту, Қазақстанның су ресурстарының ерекшеліктерін анықтау Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта, түрлі түсті қарандаштар 1 Тапсырма. Кескін картаға түсіріңдер: а) Қазақстанның қазіргі мұзданған аймақтарын; б) негізгі бассейндер шекараларын және осы бассейндердің ірі өзендерін көрсетіңдер; в) әр түрлі шартты белгілерді қолдана отырып, кескін картаға жаратылысы әр түрлі өзендерді түсіріңдер (тектоникалық және т.б.); г) кескін картаға жасанды су объектілерін түсіріңдер (каналдар, су қоймалары және т.б.). Олардың халық - шаруашылық маңызын айтыңдар. 2 Тапсырма. Қазақстанның бірнеше ірі өзендерін алып, кестені толтырыңдар. Оқулықтар мен атлас карталар негізінде өзеннің төмендеуін, қоректенуін, жылдық ағысы мен режимін анықтаңдар. Кесте мәліметтері негізінде қорытынды жасаңдар. Өзен атауы Бассейн Өзеннің төмендеуі Өзеннің қоректенуі Режим Биологиялық ресурстары Жылдық ағысы Шаруашылықта қолданылуы Мұз қату ұзақтығы Тасуы Жиегі 3 Тапсырма. Қазақстан Атласы карталарын қолдана отырып, республиканың территориясында әр түрлі ландшафттық зоналардағы өзендердің жеке бассейндерінің су балансын есептеп шығарыңдар. 4 Тапсырма. Өзендердің жыл ішіндегі ағысының таралуын табыңдар: а) қармен қоректенетін - Орал, Сарысу, Нұра, б) қар - мұздықпен қоректенетін - Сырдария, Іле. 5 Тапсырма. Қазақстанның ірі көлдеріне сипаттама беріңдер, ол үшін ең алдымен жоспар құрып алыңдар. № 8 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның топырақтары Сабақтың мақсаты: Қазақстанның топырақ картасымен жұмыс істеу, топырақ түрлерін анықтау және оларды сипаттау Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы 1 Тапсырма. Қазақстанның топырақ картасын қолдана отырып, кескін картаға топырақтық - географиялық зоналар және зона тармақтарының шекараларын түсіріңдер. Зональды топырақты, сонымен бірге интразональды топырақтарды көрсетіңдер. 2 Тапсырма. а) Атлас карталарды қолдана отырып, <<Қазақстан топырақтарының сандық және сапалық көрсеткіштері>> атты кестеге жазған мәліметтерің бойынша Қазақстан топырағына анализ жасаңдар. Топырақ типі Қайда таралған Алып жатқан ауданы S (%) Құрылымдық құрамы Шаруашылықта қолданылуы б) Топырақтың әр түрлі типіндегі проценттік ара қатысты көрсететін дөңгелек диаграмма құрыңдар. 3 Тапсырма. Топырақтық - географиялық зоналар және зона тармақтары бойынша топырақ қимасын құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін топырақ қимасын құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар. Топырақ қимасы - зерттелетін ауданның топырақ жамылғысының ерекшеліктерін көрсететін, гипсометриялық қиманың жоғарғы жағында орналасатын сызбаның шартты сызығы. Қимада жалпы қабылданған топырақ жамылғысының картасына сәйкес топырақтың типтері мен шекаралары көрсетіледі. 1. Қажетті картографиялық материал (топырақ картасы) таңдалынып алынады, топырақ типтері, олардың шекаралары, шартты белгілері көрсетілген жұмысқа жарамды масштабтағы сызба алынады. 2. Картада қима сызығы жүргізіледі, ол топырақ типтерінің шекарасын қиып өтеді. 3. Қима сызығының шекарамен түйіскен нүктелері анықталып, нөмірленеді, №1 нүкте алдын - ала табылады. Нүктелер нөміреленеді. 4. Өлшегіштің көмегімен табылған нүктелер шартты сызыққа көшіріледі, ол карта мен горизонталь масштабына сәйкес гипсометриялық қима сызығының бойында орналасқан. Нүктелер қиғаш сызық ретінде белгіленеді, сан есім болған жерде - номер, бөлгіш болған жерде - топырақ типінің бастапқы әріптері (1/Қ,2/ҚҚ,...т.б.). Қ- қарашірік, ҚҚ- қоюқоңыр және т.б. 5. Табылған нүктелер топырақ қимасы сызығының үстіне түсіріледі. 6. Қимадағы топырақ типтерінің шекаралары жасалынады және де ол топырақ картасына сәйкес түске боялады (3 - сурет). 3- сурет. Топырақ қимасының сызбасы Шартты белгілер Топырақ типтері Ш шалғындық тК таулы күлгін ҚҚ қою қоңыр I I топырақ типтерінің шекаралары АҚ ашық қоңыр 4 Тапсырма. Батыс - Тянь Шань, Солтүстік - Тянь Шань және Алтай оропедобиоклиматтық аймақтардың топырақтарының вертикальды зональдылық схемасын орындаңдар. Олардың әр қайсысының топырақ жамылғысының спецификалық ерекшелігін көрсетіңдер. 5 Тапсырма. Орташа шілделік температура мен ылғалдылық режимі негізіндегі топырақ типтерінің сәйкестілігін табыңдар. Ол үшін кестені толтырыңдар: № Орташа шілделік температура Жауын - шашын Топырақ типтерінің сәйкестілігі Топырақтың түзілуіне климаттың әсері туралы қорытынды жасаңдар: № 9 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Табиғи ортаның биотикалық факторлары Сабақтың мақсаты: табиғи ортаның биотикалық факторларын анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы 1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Қазақстан территроиясында өсімдіктертің қандай түрлері бар? 2. Өсімдік бірлестігі, қай аймақтарда едәуір эндемик болып саналады? Неліктен? 3. Қазақстан Республикасының пайдаланылатын жерлерінің сапалық сипаттамасы қандай? 4. Дегумификация деген не? Оның себептерін көрсетіңдер? 5. Жер ресурстарын пайдаланудың әртүрлілік себептері қандай? 6. Дала зонасының өсімдік жамылғысы динамикалылығының себебі неде? 7. Дала зонасында қандай өсімдік ассоциациясы басым келеді? 8. Шөл зонасында қандай өсімдік ассоциациясы басым келеді? 10. Қазақстан Республикасының ірі сүт қоректілері үшін қандай мекен ету жағдайы тән? 11. Орнито - және ихтиофаунаның түр құрамының азаюы немен түсіндіріледі? 2 Тапсырма. а) Негізгі ботаникалық - географиялық провинцияларға салыстырмалы сипаттама беріңдер. б) дала және шөл табиғи зоналарының фаунасына салыстырмалы сипаттама беріңдер. в) Орнито - және ихтиофауналардың эндемик түрлерінің тізімін құрыңдар. 3 Тапсырма. Кескін картаға негізгі ауылшаруашылық дақылдар - жазғы бидай, қант қызылшасы, күріш, мақта, темекі мен жүгерілерді өңдеу ареалдарын көрсетіңдер. 4 Тапсырма. Әр түрлі карталарға анализ жасау арқылы Қазақстанның табиғи зоналарына сипаттама беріңдер және табиғи компоненттер арасындағы байланысты көрсетіңдер. Ол үшін кестені толтырыңдар: Табиғи жағдайлар мен табиғи компоненттер Ұқсастық белгілері Айырмашылық белгілері Табиғи зона Табиғи зона Табиғи зона Табиғи зона 1.Географиялық орны 2. Табиғи компоненттер А) Рельеф Б) Климат В) Топырақ Г) Ішкі сулар Д)Өсімдік Е) Жануарлар әлемі 5 Тапсырма. Ақмола - Алматы, Семей - Алматы, Орал - Қызылорда линиясы бойынша ботаникалық - географиялық қима құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін геоботаникалық қиманы құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар. Өсімдік (геоботаникалық) қимасы - қима сызығын жүргізу ауданындағы өсімдік жамылғысының картографиялық сызықтық моделі. Топырақ жамылғысының үстінде шартты түрде бейнеленеді. Белгілермен көрсету немесе фондық бояумен өсімдік жамылғысын (ағашты, бұталы, шөпті) көрсетеді. Бұл үшін өсімдік жамылғысының типтік картасы қолданылады, онда қима құруға ыңғайлы масштаб болуы керек, өсімдіктер шекаралары, өсімдіктер ассоциациясының немесе ландшафт зоналарының шекаралары көрсетілген болуы керек. 1. Қима сызығы жүргізіледі, картада қиманың бірінші және соңғы нүктесі түсіріледі. 2. Өсімдік типтерінің шекараларымен, геоботаникалық кешендермен қима сызығының түйіскен нүктелері анықталады. 3. Нүктелер нөмірленеді, негізгі сызбадан жоғары орналасқан уақытша горизонтальды сызыққа ауысады. Сонымен қатар карта масштабтары мен сызбадағы горизонтальды масштабтың қатынасы есепке алынады. 4. Нүктелер нөмірленеді, геоботаникалық кешендер жазылады (2/Ш, 3/ТД, 4/ТШ, 5/ТОД, ...). 5. Геоботаникалық кешендердің шекаралары қалпына келтіріледі, сызықтың үстіне түсіріледі. 6. Шартты белгілер құралады, сызық боялады (4 - сурет). 4 - сурет. Геоботаникалық қиманың сызбасы Шартты белгілер Ш шалғындық ТОД таулы - ормандыдалалы ТД таулы - далалы I I геоботаникалық шекаралар ТШ таулы - шалғындық 6 Тапсырма. Жұқпалы ауруларды тарататын зиянкес жәндіктерге толық сипаттама беріңдер. 7 Тапсырма. Картаны қолдана отырып (топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі), кестені толтырыңдар және осы табиғи компоненттердің өзара байланыстылығына қорытынды жасаңдар. Территория Табиғи зона Топырақ Өсімдік Жануарлар әлемі Өзара байланыс қорытындысы: № 10 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық - географиялық аймақтарға сипаттама Сабақтың мақсаты: физикалық - географиялық аймақтарды анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар 1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Қазақстан Республикасының жазық территориясы табиғат комплекстерінің дамуының негізгі тенденциясы қандай? 2. Таулы аймақтардың табиғат комплекстері қандай физикалық - географиялық жағдаймен ерекшеленеді? 3. Таулы немесе жазық табиғат комплекстерінің қайсысы едәуір динамикалық болып келеді? Неліктен? 4. Табиғи комплекстердің құрылуына қандай антропогендік факторлар әсер етеді? 2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық - географиялық баға беріңдер. 3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың Қазақ Алтайы, Орал алды үстірт, Каспий маңы ойпаты мен Талас жотасы табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар. 4 Тапсырма. Ірі физикалық - географиялық аймақтар үшін физикалық - географиялық қима құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін физикалық - географиялық аудандастыру қимасын құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар. Физикалық - географиялық аудандастыру сызығы - табиғат кешендерінің әлемдік, аймақтық, жергілікті (топологиялық) дифференциациясының шартты картографиялық бейнесі. Алдыңғы сызбалардың қорытындысы болып табылады. Алдыңғы сызбалардың мәліметтерін сараптау нәтижесінде жасалынады. Сызбаның негізгі бөлігінің астыңғы жағына орналасады. Оның құрамына кіреді: табиғат кешендер мен олардың шекаралары, физикалық - географиялық елдер, табиғи зоналар, ландшафттар. Горизонтальды сызықтағы шекараларды ерекшелеу үшін есепке алынады: * Физикалық - географиялық елдер (А) - геоқұрылымдық туралық, морфоқұрылымдық, микроклиматтық, биогеографиялық ерекшеліктері; * табиғи зоналар (В) - климаттың, топырақ, өсімдік жамылғысының әртүрлілігі; * ландшафттар (С) - рельеф пен өсімдік ( 5 - сурет). 1 2 3 А а 1 2 3 Шартты белгілер А - физикалық- географиялық елдер а - қала маңы зонасы 1 - ландшафт № 11 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық - географиялық аймақтарға сипаттама Сабақтың мақсаты: физикалық - географиялық аймақтарға сипаттама беру. Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар 1 Тапсырма. Шығыс Еуропа, Қазақтың қатпарлы аймағы, Солтүстік Қазақ, Тұран жазығына сипаттама беріндер. 2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық - географиялық баға беріңдер. 3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар. 4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер. № 12 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық - географиялық аймақтарға сипаттама Сабақтың мақсаты: Мұғалжар тауы, Алтай тауы физикалық - географиялық аймақтарына сипаттама беру. Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар 1 Тапсырма. сипаттама беріндер. 2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық - географиялық баға беріңдер. 3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар. 4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер. № 13 САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Физикалық - географиялық аймақтарға сипаттама Сабақтың мақсаты: физикалық - географиялық аймақтарына сипаттама беру. Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар 1 Тапсырма. Сауыр-Тарбағатай таулары, Жоңғар Алатауы (Жетісу жотасы), Тянь - Шань таулары сипаттама беріндер. 2 Тапсырма. Дағдарысты экологиялық жағдайдағы табиғат комплекстеріне жүйелі физикалық - географиялық баға беріңдер. 3 Тапсырма. Техногенез факторларын атаңдар және олардың табиғат комплекстерінің құрылуындағы ролін анықтаңдар. 4 Тапсырма. Контур картасына физикалық-географиялық аймақтарды және аудандары мен провинцияларын түсіріндер. . * Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ) СӨЖ - ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді. 1. < > тақырыбына ауызша жауап дайындау. 2. <<Қазакстан аумағының жер бедерін түзуші факторлар>> тақырыбы бойынша конспект жазып, ауызша дайындалу және оны қорғау. 3. <<Қазакстанның жер асты сулары>> тақырыбы бойынша крнспект жазу. 4. <<Казакстанның фитогеографиясы және қазакстанның зообиогеографиясы>> тақырыбы бойынша конспект жазу. 5. <<Табиғи және экологиялык қауіп географиясы>> тақырыбы бойынша ауызша жауап дайындау. 6. <<Қазақстандық Алтай таулы аймағы>> тақырыбы бойынша реферат жазу және қорғау. 7. <<Саур-Тарбағатай таулы аймағы>> тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. Әдебиеттер тізімі 1. Физическая география Республики Казахстан. Алматы: <<Қазақ университеті>>, 1998.- 266с. Под ред. Джаналиевой Г.М. 2. Абдиманапов Б.Ш. География Казахстана втаблицах и рисунках. Алматы: <<Таймас>>, 2006. - 88с. 3. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана: Учебное пособие. -Алматы: <<Қазак университеті>>, 2003. - 338с. 4. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 2001. - 216с. 5. Бейсенова А.С. Исторические основы географических исследований Казахстана: КазгосИНТИ, 2001. - 280с. * Абдуллин А.А. Геология Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1981. * Бейсенова А.С. Физико-географическое исследование Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1982. * Бейсенова А., Карпеков К. Физическая география Казахстана. - Алматы: Атамұра, 2004. - 256 с. * Герасимов В.П. Казахстан. - М.: Наука, 1969. - 482 с. * Климат Казахстана. Под ред. А.С. Утсшева, Л., Гидрометеоиздат, 1959. * Чигаркин А.В. Памятникп природы Казахстана (Примечательные ландшафты и их охрана). А-Ата.: <<Кайнар>>, 1980. - 144с. * Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-Ата.: <<Ғылым>>, 1992. * Ердавлетов С.Р. География туризма. Алматы, 2000. * Пальгов Н.Н. Реки Казахстана. Изд. АН КазССР. А-А, 1959. * Формозов А.Н. Животный мир Казахстана. М.: Наука, 1987. - 150 с. * Қазакстанның кызыл кітабы. (өсімдіктер жэне жануарлар). Алма-Ата, <<Кайнар>>, 1978-1981. * Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. А-Ата.: <<Ғылым>>, 1992. * Мырзабеков Ж.М. Особо охраняемые ириродные территории Казахстана. Алматы, 2000. * Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанныц топьфақ экологиясы. Алматы, 1995. * Экология және табиғат қорғау. Қазак тілі термнндерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Мектеп, 2002. * Трофимова В.Л. Природопользование. М.: <<Финансы и статистика>>, 2002.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz