Файл қосу
Қылмыскерліктің себептілігін және детерминациясын айқындау процесінің жалпы сипаттамасы
10 тарау. Қылмытық және қылмыскерліктің себептілігін және детерминациясын айқындау. * Қылмыскерліктің себептілігін және детерминациясын айқындау процесінің жалпы сипаттамасы. * Қылмыстың себептері мен жағдайларын зерделеу. * Қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясын қылмыстар жайындағы мәліметтерді жинақтап қорыту жолымен айқындау. * Қылмыскерліктің себептілігін және детерминациясын айқындау процесінің жалпы сипаттамасы. Қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясын айқындау процесі мына екі тәсілді бірдей пайдалануды көздейді: 1) қоғамның жайы оның әр түрлі жақтары және кемінсіз әлеуметтік ауытқулар туралы жалпы мәліметтерді талдау; 2) жекелеген қылмыстардың себептері мен жағдайларын зерделеу, оларды жинақтап қорыту және қылмыскерліктің себептілігімен детерминациясын жаппай құбылыс ретінде айқындау деңгейіне өту. Бұл тәсілдер қолданылып алынған мәліметтер өзара байланыста салыстырылады және талданады. Әңгіме бұл жердет бір мақсатта, кезең - кезеңмен жүргізілетін танымдық қызмет жолында. Бірінші кезеңде қылмыскерлікпен байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестердіңшеңбері болжаммен анықталады. Екінші кезеңде қылмыскрліктің бөлініп алынған көрсеткіштері мен әр түрлі сипаттамаларының статистикалық байланыстылығы анықталады. Үшінші кезеңде статистикалық тәуелділік фактісін анықтағанда оның сипаты ашылады, себептік - салдарлық байланыс, күйлер байланысы, функциялық және басқа байланыстылық. * Қылмыстың себептері мен жағдайларын зерделеу. Қ Р - сы Қылмыстық Кодексінің 52 - бабында былай делінген: << Жазаны тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез - құлқы ескеріледі>>. Қылмыс жасаудағы себептер мен жағдайлар анықтама, алдын ала тергеу жүргізгенде, іс сотта қаралғанда дәләлденуі тиіс. Алынған мәліметтер: 1) адамның динамикадағы әлеуметтік ортасы туралы; 2) адамның жеке басының сипаттамалары туралы; 3) әлеуметтік орта мен адам арасындағы әрекеттестік процестері, әлеуметтік бақылаудың жайы туралы мәліметтерді бөліп алу арқылы жинақтап қорытылады. * Адамның әлекметтік ортасын талдағанда мыналар ескеріледі: а) микроортаның ( отбасы - тұмыстағы, оқудағы, жұмыстағы т.б). материалдық және рухани жағдайлармен бірлескендігі сипаттамалары, сондай - ақ адамның неғұрлым ауқымды әлеуметтік ортамен байланысы. ә) қылмыскердің бұл жағдайларды субъективтік қабылдауы және олардың әсеріе сезінуі: б) өмір тірлігінің әр түрлі салаларының: отбасының, тұрмыстық , оқудың, жұмыстың, демалудың, танымдық, қоғамдық және басқа қызметтердің ерекшеліктері; адамның сол салалармен әлеуметтік байланысы. Қазақстанда соңғы уақытта жүргізілген социологиялық зерттеулерге орай << сіздің жанұяңыз тату ма>> - деген сұраққа оқушылардың 72,2 % - ы <<иә, өте>> - деп, 24,4% - ы <<онша емес>> , ал 1,8 % - ы <<мүлде тату емес >> - деп жауап берсе, 1% - ы мүлде жауап қатпаған. * Қылмыскер жайындағы мәліметтерді талдау оның қозғалыстағы сипаттамасын, жоспарларын, идеяларын, нені тосатындығын айқындауды көздейді. Қылмыс пен себептілік байланыстағы сипаттамалар да және басқа: денсаулыққа қатысты, психофизиологиялық, психологиялық сипаттар да қарастырылады. << Адамның әлеуметтік - рөлдік аясын>> , әр түрлі салалардағы және әр түрлі іс - әрекеттермен байланыстағы оның қызметінің мазмұнын толығырақ анықтаудың, басты әрекетін анықтаудың маңыздылығы зор. * Қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясын қылмыскер жайындағы мәліметтерді жинақтап қорыту жолымен айқындау. Зерделеу себептері таңдалып жатқан қылмыстық істерді іріктеп алудан басталады. Одан кейін бұл істер белгілі бір бағдарлама бойынша зерделенеді. Мынадай екі қателіктен сақталу керек: 1) қылмыстық істерді алғашқы есеп жүргізу карточкаларындағы және статистикалық нысандардағы деректерді; 2) қандай да бір факторлардың статистикалық жиынтығын қылмыскерліктің детерминациясына себептілігіне қатысатын әлеуметтік құбылыс деп, жаппай құбылыс деп қабылдамау керек. Нарықтық экономикаға көшудің нәтижесінде жұмыссыздар саны көбейді, халықтық тұрмыстық ахуалы әр түрлі деңгей алады. Жекелендірудің және мемлекет меншігінен алудың 1992 - 1995 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сауда, қоғамдық тамақтандыру, дайындау мекемелерінің 49,5 % негізгі тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылықтың 63,7 % өнеркәсіптің 13,8 % ауыл шаруашылығының 9,9 % құрылыстың 32,8 % негізгі қорының жекешелендіруін көздеген болатын. Жекелеген қылмыстар туралы мәліметтерді пайдалана отырып қылмыскерліктің себептерін айқындау, олар туралы мәліметтерді себептік байланыстарды терең талдау және аймақтық, жалпы мемлекеттік, масштабтағы әлеуметтік құбылыстарға макро - микроорта деңгейінде шыға отырып қорытып талдау арқылы жүргізіледі. Екіншіден, қылмыстық іс - қимылдағы типтікті жеке дара деңгейде де, қылмыскерлік түрлерінде де бөліп алу жолы, оны монографиялық зерделеу, сонан соң себептік байланыстарды терең бақылай отырып әлеуметтік - топтық, аймақтық және әлеуметтік ортаның неғұрлым жоғары деңгейіне шығу үшін пайдаланылады. Бұл тәсілді жиі кездесетін типтік қылмыстық <<с - қимылды, немесе криминалдық әрекеттері бар типтік ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды жіктегенде қолданылған жөн.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz