Файл қосу
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-28.1. /01-201 ПОӘК <<Қазіргі қазақ тілі>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы ______ 201 жылғы № 2 басылым 5В020700- <<Аударма ісі>> мамандығына арналған <<ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ>> ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН құрастырушы_____________ <<09>> __09__2014ж. Сулейменова Р.Ш. аға оқытушы <<Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Қазақ тілінің теоиясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<09>> ___09__2014 ж. Кафедра меңгерушісі _________Мұқанова Қ.Қ. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды. Хаттама №___ <<10>> _09__2014 ж. Төрайым _________________ Cәмекбаева Э.М. 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралып,баспаға ұсынылды. Хаттама №___ <<11>> ___09___2014 ж. ОӘК төрайымы _________________Искакова Г.К. 4 БАСЫЛЫМ №2 << >> ___ 201 ж. Мазмұны 1 Қолдану саласы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль) 5 Білім алушының өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі 6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы 7 Әдебиеттер 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ <<Қазіргі қазақ тілі>> пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы <<5В 050700>>- <<Аударма ісі>> мамандығының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы <<Қазіргі қаза тілі>>>> пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: -Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты; - <<5В020700>>- <<Аударма ісі>> мамандығының типтік оқу жоспары; - СТУ 042-ГУ-4-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар>> университет стандарты; - ДП 042-1.01-2013 <<Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы>> құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: <<Қазіргі қазақ тілі >> атты теориялық курс <<Аударма ісі>> мамандығында білім алушыларға оқытылады. <<Қазіргі қазақ тілі >> пәнін оқыту барысында білім алушылардың тіл турылы ғылымның негізгі мәселелері, тілдік құбылыстар жөнінде мағлұмат алуына, лингвистикалық терминалогияны игеруіне, қазақ тілінің семантикалық - грамматикалық құрылымы мен қызметін меңгеруіне ерекше мән беріледі. Аталмыш пән білім алушының өз бетінше лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс істеуіне, сондай-ақ, тілдік деректемелерді талдау әдістемесімен танысуына мүмкіндік беретін нақты білім қорын ұсынады. Сондықтан да курс білім алушыларға қазақ және орыс тіл білімі жүйесін (фонетика, лексика, грамматика, т.б.) ғана емес, дүние жүзі тілдері туралы мәлімет береді. Тілдің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктері мен түрлері, тілдің мәні, семиологиялык табиғаты, тілдік бірліктер, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы, тіл және қоғамның диалектикалык бірлігі қарастырылады. <<Қазіргі қазақ тілі>> курсын оқып-үйрену нәтижесінде білім алушылар тіл білімінің негізгі мәліметтерімен, үғымдарымен, терминдерімен таныстырылады, қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамымен жұмыс жасау мүмкүндігі игертіледі. Білім алушыларға қазақ, орыс, шетел (шығыс тілдері және батыс европа) тілдері материалдарын байланыстыра отырып, лингвистикалык талдау жасай алуына мүмкіндік туғызады. Бұл пәндер бойынша алған білімдері тіл теориясын зерттеуге, тілдік материалдарды салыстырып, олардың типологиялық - құрылымдық ерекшеліктері мен ұқсастыктарын ашуға, логикалык ойлауға, ғылыми түжырым жасауға мүмкіндік береді. 3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: <<Қазіргі қазақ тілі>> курсы білім алушыларды тіл туралы ғылымның негізімен таныстырады, атап айтқанда, тілдің ішкі кұрылымы мен оның коғамдық дамуын, тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесін т.б. мәселелерді қарастырады. Білім алушылардың кәсіби мамандығын терең игеруге жол ашады. Болашақ тілмаш алғашқы тілдік материалды меңгеріп, тілдің грамматикалық жүйесі жайында үйрететін болғандықтан, оны алдымен өзі терең білуі қажет. Сондықтан бұл пән білім алушыларға тілдің фонетикасын, лексикологиясын, морфологиясы мен синтаксисінен жүйелі білім беру мақсатын көздейді. 3.3 Пәнді оқытудың міндеттері: Білім алушы аталмыш курста лингвистикалық заңдылықтарды игеріп, оларды ғылыми түрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның кұрылымдық және жүйелік сипаттары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, қазақ тіл білімін зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы, т.б. мәселелер тұрғысында білім алушылардың өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет. Білім алушыға тіл білімі салаларын меңгерту, практика мен теорияны ұштастыруға дағдыландыру, фонетикалық, лексикалық, сөжасамдық, морфологиялық, синтаксиситік талдаулар жасауға үйрету 3.4 Оқыту нәтижесі: Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар білуге тиіс: тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны; салалары; басқа ғылымдамен байланысы; тілдің қызметі; оның түрлері; тілдің таңбалық сипаты; тілдің ішкі құрылымы; тілдің шығуы мен дамуы; жазу, жазба тілдің қалыптасуы мен дамуы; тілдің қатынасы, олардың өзара ықпалы; тілдің туыстығы мен әртиптестігі; тілдік семья және <<макросемья>>, әлем тілдерінің жіктелімі жөнінде түсінігі болуы; Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар * Тіл дыбыстары және олардың түрлерімен танысу; * Тіл дыбыстарының жасалу жолдарын үйрену; * Дыбыстардың үндесу заңдылықтарын үйрену * Орфографиялық және орфоэпиялық ерекшеліктерді меңгеру; * Буын түрлерімен танысу; * Сөз мағыналарын топтастыру жайындағы ғылыми пікірлерімен танысу; * Сөз байлықтарын молайту; * Сөзжасамның негізгі тәсілдерін үйрету; * Сөз таптарын жеке-жеке таныту; * Синтаксистің негізгі обьектілерімен таныстыру; * Сөйлем мүшелерін таныту; * Сөйлем түрлерімен таныстыру; * Сауатты жазуға үйрету. 3.5 Курстың пререквизиттері: қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларынан ғылыми мағлұматтары болуы керек. 3.6 Курстың постреквизиті: негізгі тілдік үғымдармен, терминдермен таныса отырып, лингвистикалық талдау жасай алуына мүмкіндік туғызады 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 1 Кесте Курс Семестр Кредит ДС (сағ) Тәжір. (сағ) Лаб ОСӨЖ СӨЖ Барл. (сағ) Бақылау түрі 3 6 2 15 15 - 30 30 90 емтихан 4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ) 2 Кесте Тақырыптың аты мен мазмұны Сағат саны 1 2 Дәріс сабақтары 1. Фонетика. Тіл дыбыстарының жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесі. 1 Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия. 1 3. 2-модуль. Лексикология.Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негіздері сөздік қоры. Сөздік құрамның жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның ара қатынасы Лексикология. Лексикологияның салалары 1 4. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөздің көп мағыналығы және омоним. Синоним. Антоним. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Түбір сөздер мен туынды сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдары. 1 5. Қазақ тілінің фразеологиясы. Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі, қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу. І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, М.Копыленко мектептерінің қалыптасуы. Ш.Балли, В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия т.б. зерттеу еңбектері. 1 6. Қазақ тілінің лексикографиясы. Лексикографияның теориясы мен практикасы жайында жалпы мағлұмат. Лингвистикалық және лингвистикалық емес сөздіктер. Лингвистикалық сөздіктердің жасалу мақсатына, спецификалық ерекшеліктеріне және көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі. 1 7. 3-модуль. Морфология Сөзжасам. Туынды сөздердің жасалу тәсілдері. Сөзжасам тәсілдері 1 8. Грамматика. Морфология. Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты. 1 9. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты 1 10. Есімдіктің лексика-грамматикалық. сипаты Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты 1 11. Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары. Үстеудің жасалу жолдары 1 12. Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық түрлері 1 13. 4-модуль. Синтаксис Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі синтаксисі. 1 14. Жай сөйлем синтаксисі . 1 15. Құрмалас сөйлем синтаксисі. 1 Тәжірибелік (семинар) сабақтар Дыбыс.Фонема.Фонетика. Тіл дыбыстарының жіктелуі 1 Сөз мағынасының өзгеру себептері 1 Көпмағыналық. Омонимдер 1 Синонимдер. Антонимдер 1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Лексикография. 1 Өзге тілдерден енген сөздер 1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні 1 Морфология туралы түсінік 1 Сөз таптары, оларды топтастыру принциптері. 1 Сын есім. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты 1 Есімдік. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты 1 Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары 1 Шылау.Одағай сөздер. Еліктеу сөздер 1 Сөз тіркесі синтаксисі. Жай сөйлем синтаксисі 1 Құрмалас сөйлем синтаксисі 1 5 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 5.1 Дыбыстау мүшелері және оның қызметі 5.2 А.Байтұрсыновтың <<Жазу мәселесі>> мақаласы 5.3 Орфоэпиялық норма туралы түсінік 5.4 Махмут Қашқаридің <<Диуани лұғат ат-түрік>> сөздігі 5.5 Мақал-мәтелдердің айтылу мақсатына қарай түрлері 5.6 Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің түрлері 5.7 Синоним. Синонимдік қатар 5.8 Зат есімнің тәуелденуі 5.9 Сын есім шырайлары 5.10 Есімдіктің септелуі 5.11 Етістіктің рай категориясы 5.12 Тіліміздегі одағай сөздердің қызметі 5.13 Сөз тіркесі және оның зерттелуі 5.14 Сөйлем мүшелері 5.15 Құрмалас сөйлемнің түрлері 6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ 3 Кесте Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы Саны Білім алушылардың саны Қамтамасыз ету пайызы 1 2 3 4 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. - Алматы, 2005. 2 8 10 % Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы, 1998. 40 8 100% Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - А., 1999. 10 8 100% Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. - А., 1996. 20 8 100% Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы, 1993. 10 8 100% Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997. 20 8 100% Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995. 10 8 100% 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 1993. 7.1 .2 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. - Алматы, 2005. 7.1.3 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы, 1998. 7.1.4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - А., 1999. 7.1.5 Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. - А., 1996. 7.1.6 Исаев. С.М. Қазақ тілі. А., Қайнар. 1993. 7.1.7 Хасенова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. - Алматы: Ана тілі, 1995. 7.1.8 Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы: Қазақ университеті, 1993. 7.1.9 Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы, 1993. 7.1.10 Болғанбаев Ә., Белбаева М. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988. 7.1.11 Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. - Алматы, 1994. 7.1.12 Айғабылов А. Қазақ тілі лексикологиясы. - Алматы, 1956. 7.1.13 Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. - Алматы, 1976. 7.1.14 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997. 7.1.15 Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. 7.1.16 Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана: Елорда, 2000. 7.1.17 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991. 7.1.18 Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981. 7.1.19 Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979. 7.1.20 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972. 7.1.21 Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991. 7.1.22 Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983. 7.1.23 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992. 7.1.24 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997. 7.1.25 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995. 7.1.26 Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998. 7.1.27 Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі. А., 1995. 7.1.28 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. - А., 1996. 7.2.Қосымша әдебиеттер тізімі: 7.2.1 Қалиев Ғ., Оралбаева Н. және т.б. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). - А., 1997. 7.2.2 Қазіргі қазақ тілі. /лабораториялық жұмыстар/. - Алматы: Ана тілі, 1992. 7.2.3 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1998. 7.2.4 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы, 1992. 7.2.5 Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясына анықтауыш. - Алматы, 1960. 7.2.6 Момбекова Ж. Жаттығулар жинағы /мұғалімдерге көмекші құралы/. - Алматы: Дәнекер, 2001. 7.2.7 Орынбаева Ф., Ахметова Ә., Жүнісбекова К. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. - Алматы, 1999. 7.2.8 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. - Алматы,1991. 7.2. 9 Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. А., 1970. 7.2. 10 Смағұлова Ғ. Фразеологизмдердің варианттылығы. А., 1996. 7.2.11 Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді /сөздердің қолдану тарихынан/. А., 1980. 1994 /2 басылым/. 7.2.12 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 7.2.13 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999. 7.2.14 Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. А., 1982. 7.2.15 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы. А., 1994. 7.2.16 Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. А., 1975.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz