Файл қосу
Жиілік және ықтималдық тарауы
I. Жаңа бағдарлама бойынша: <<Алгебра>> оқу бағдарламасы. Астана. 2010 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010 жыл. 1. 7 - класс Алгебра. Автор: Шәкілікова С.Е., Әлдібаева Т.Е, Рүстемова Н.И. <<Жиілік және оқиғаның ықтималдығы>> тарауы - 5 сағат. 2. 8 - класс. Алгебра. Автор: Шәкілікова С.Е., Әлдібаева Т.Е, Рүстемова Н.И. <<Мәліметтерді талдау>> тарауы - 4 сағат. 3. 9 - класс. Алгебра. Автор: Шәкілікова С.Е., Әлдібаева Т.Е, Рүстемова Н.И. <<Ықтималдықтар>> - 6 сағат 4. 10 - класс. Алгебра және анализ бастамалары. Автор: Шәкілікова С.Е, Әлдібаева Т.Е, Қазешова А.Қ, Рүстемова Н.И. (Жаратылыстану-математика бағыты бойынша) <<Комбинаторика. Ықтималдық>> тарауы - 8 сағат. 5. 11 - класс. Алгебра және анализ бастамалары. Автор: Шәкілікова С.Е, Әлдібаева Т.Е, Қазешова А.Қ, Рүстемова Н.И. (Жаратылыстану-математика бағыты бойынша) <<Ықтималдықтар>> тарауы - 8 сағат. II. Қазіргі мектепте оқытылып жүрген оқулықтар бойынша: 1. 7 - класс. Алматы. Мектеп баспасы 2007 жыл. Автор: А. Абылқасимова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағулова (Бұл класста ықтималдықтар жоқ) 2. 8 - класс. Алматы. Мектеп баспасы 2007 жыл. Автор: А. Абылқасимова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағулова <<Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика туралы алғашқы мағлұматтар>> тарауы - 6 сағат. 3. 9 - класс. Алматы. Мектеп баспасы 2006 жыл. Автор: А. Е. Абылқасимова, К.Д. Шойынбеков, М.И. Есенова, З.А. Жұмағұлова <<Ықтималдықтар теориясының элементтері мен математикалық статистика>> тарауы - 6 сағат 4. 10 - класс. Алгебра және анализ бастамалары (Жаратылыстану - математика бағыты бойынша) Алматы. Мектеп баспасы 2006 жыл. Автор: А. Абылқасимова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағулова <<Ньютон биномы және комбинаторика>> тарауы - 6 сағат. 5. 11 - класс. Алгебра және анализ бастамалары (Жаратылыстану - математика бағыты бойынша) Алматы. Мектеп баспасы 2006 жыл. Автор: А. Абылқасимова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағулова <<Ықтималдық>> тарауы - 6 сағат. III. Шыныбеков Ә.Н. оқулығы бойынша: 1. 7 - класс. Алгебра. Алматы. <<Атамұра>> 2003 жыл. Автор: Шыныбеков Ә.Н. <<Жиілік және ықтималдық>> тарауы. 2. 8 - класс. Алгебра. Алматы. <<Атамұра>> 2004 жыл. Автор: Шыныбеков Ә.Н. <<Статистикалық сипаттамалары>> тарауы. 3.9 - класс. Алгебра. Алматы. <<Атамұра>> 2005 жыл. Автор: Шыныбеков Ә.Н. <<Ықтималдықтар теориясы мен комбинаторика элементтері>> тарауы. Ескерту: Бұл Шыныбеков оқулықтарының сағат санын білмеймін Мектептегі педагогикалық жаңартпа мен жаңартпашылық оқыту Мектептерге жаңарпашылықты енгізу - ондағы білім берудің тиімді-лігін арттырудың ең маңызды жолы болып табылады [71]. Сондықтан, еліміздің білім беру саласында мектептердегі мұғалімдердің жаңартпашылық біліктілігі мен мәдениетін қалыптастыруда жаңа білімге деген қажеттілік арта түсу үстінде екенін еш естен шығармалық. Жаңартпа (инноватика) дегеніміз - ғылымның, техниканың, қоғамдық тәжірибенің түрлі салаларындағы жаңа енгізілім туралы ғылымның, педагогикалық процестің ғылыми теориясы мен практикасы [72]. <<Жаңартпа>> ұғымын ХХ ғасырдың 30-шы жылдары экономикаға австрия ғалымы Й.Шумпетер, 40-шы жылдары неміс әлеуметтанушысы В.Зомбарт енгізді. ТМД-лық педагогикада оған назар аудару 1970 жылдардың соңынан басталды. 8-суретте <<педагогикалық жаңартпашылықтағы>> интеллект-карта келтірілген. 8-сурет. Жаңартпашылық дегеніміз - жаңаны игеру мен енгізу процесі. Жаңашылдық - өз бойына жаңаның мәнін, амал-тәсілін, әдістемесін, техникасын және мазмұнын сіңіру құбылысы болып табылады [73]. Осыған байланысты жаңартпашылық оқыту әдісі, жаңартпашылық педагогикалық қызмет, педагогикалық жаңартпа (инноватика) ұғымдарына түсінік берейік. Жаңартпашылық оқыту әдісі заманалық педагогикада <<мұғалім мен шәкірт>> қарым-қатынасының жаңа әдісі ретінде танылатын жаңа енгізім мәнісінде түсініледі [74]. Мұғалімнің жаңартпашылық педагогикалық қызметін педагогикалық жаңаны құру, тарату және қабылдаудағы кешенді, мақсатты бағытталған процесс ретінде қарастырамыз. Өйткені, ұстаздың мақсаты - өз оқушыларының жаңа амал-тәсілдерге деген ынтасын қанағаттандыру болып табылады [19]. Осының негізінде қазір ұстаздар кеңінен қолданып жүрген педагогикалық жаңартпа - педагогикалық жаңартпашылықты тудыру туралы ілім. Ол 9-суреттегі үш бағыттың төңірегіне топтасады. 9-сурет Бұл суретте көрсетілген ұғымдарға жекелей тоқтала кетелік. Педагогикалық неология - білім беру жүйесіндегі жаңаны туғызу туралы ілім. Педагогикалық аксиология болса, әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны қабылдауы туралы ілім болып табылады. Соңғысы педагогикалық праксиология педагогикалық жаңаны қолдану теориясы ретінде танылады. Осы тұрғыдан орыс педагог-ғалымы В.М.Полонский жаңашылдықтың нақтылық деңгейін, толықтыру деңгейін, қайта құру деңгейлерін бөліп көрсетеді. Бұлардың алғашқысы - бұрынғы теориялық және практикалық негізді нақтылай түсуге бағытталса, екіншісі - бұрынғының аясын кеңітіп толықтыра түседі, соңғы деңгей - бұрын теория жүзінде болмаған тың жаңалықты педагогикалық өмір тәжірибесіне енгізеді. Біз осы жаңаның өзін екі типке бөліп қарастырамыз: алғашқысы - <<таза жаңа>>, келесі - <<жаңа>>. Бұл типтердің біріншісі - алғаш рет педагогикалық өмірге еніп, жаңа педагогикалық шындықты орнықтыру үстіндегі құбылыс; екіншісі - педагогикадағы ескі мен жаңаның үйлесімді байланысынан тұратын құрылым болып табылады. Осы жаңартпашылдықты технологияға, әдіске, білім беру әдістемесіне қатысты: -жаңартпашылдықты мүлде жаңа технология; -модернизацияланған (біршама жетілдірілген технология); -модифицияланған (сәл жетілдірілген технология); -басқа салаға ауысқан жаңартпашылық технология; -жаңа салада қолданыла бастаған жаңартпашылық технология ретінде бөліп көрсетеміз. Осы жаңа енгізілімнің деңгейі төменгі, орта, жоғарғы болып анықталады. Осылардың бәрі жиылып келіп, еліміздің орта, арнайы және жоғарғы мектебінде білім алып жатқан шәкірттердің бойына бастамашылдық, әріптестік, ұжымдасып еңбек ету, өзара әрекеттесу, бағамдау, коммуникация, логикалық ойлай білу, проблеманы шеше білу, шешім қабылдай білу, ақпаратты ала және қолдана білу, жоспарлай алу, оқи білу, көп мәдениетке бейімділік сияқты дағды, машықтарды қалыптастыруда игі ықпал етеді. Сонымен, ұлт мектептеріндегі жаңартпашылық білім берудің ерекшеліктері: -уақыттан оза жұмыс істеу; -болашаққа деген ашықтық; -жүйелер арасындағы теңдестірілушіліктің болмауы; -тұлғанның дамуына бағыт ұстау; -шығармашылық элементтің міндетті түрде бой көрсетуі; -өзара қауымдасу, өзара шығармашылық топтасу, өзара қолдау т.б. сияқты әріптестік қарым-қатынас типі болып табылады. Шығармашылық - жаңа сапаны тудырып, өзінің қайталанбастығымен, ерекшелумен, қоғамдық-тарихи өзгешелігімен ерекшеленетін іс-әрекет түрі [75]. Осы педагогикалық процеске қатысушы шығармашылық тұлға елден ерек түйсік пен қиялға иелік етеді. Шығармашылық іс-әрекеттің мынандай кезеңдерін атап көрсетелік: а) идеяның тууы; ә) аталған проблемаға қатысты не тікелей, не жанама түрде білімді жиынтықтау және жаңа білімге қол жеткізу; б) материалмен саналы және санасыз ырықта жұмыс жасау (анализ, синтез және инсайт); в) тексеру мен толықтыру. Сонымен, педагогикадағы жаңартпалықты өмірге әкелу - тек шығармашылық тұлғаларға ғана тән қасиет болып табылады. Мектептердегі білім берудегі жаңартпашылық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы қазақ педагогикасында енді-енді сөз етіле бастады. Жаңа енгізілімдер процес ретінде уақыт пен кеңістікте белгілі бір жүйелік пен реттілікке негізделіп, өз педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асырып отырады [76]. Сондықтан мектептердегі жаңартпашылық процестің кезеңдеріне, заңдылықтарына және принциптеріне тоқталайық. Мектептердегі жаңартпашылық процестің уақыттық кезеңдері төмендегідей болып келеді: 1-кезең - жаңа ашылым, яғни жаңа идеяның өмірге келуі. 2-кезең - жаңаның ашылуы, яғни үлгінің жасалуы. 3-кезең - жаңаның тәжірибе жүзінде қолданыс табуы. 4-кезең - жаңаның бірте-бірте педагогикалық жүйеге енгізіле бастауы. 5-кезең - жаңаның педагогика саласында кеңінен қолданылуы. 6-кезең - жаңаның қолданыс аясын тартылып, оны басқа жаңа енгізіліммен алмастыру [77]. Қазір еліміздегі ұлттық мектептердегі білім беру процесінде жаңартпашылықтың төмендегідей заңдылықтары мен принциптері орын алып отыр: А) мектептердегі білім беру процесіндегі жаңартпашылықтың заңдылықтары: -педагогикалық жаңартпашыл ортаның алдын алуға болмайтын тұрақсыздық заңы; - жаңартпашылық процесінің финалдық жүзеге асу заңы; - педагогикалық жаңартпашылықтағы тұрақты үлгілену (закон стереотипизация) заңы; -педагогикалық жаңартпашылықтың жаңа жағдайда қайтымдылық, циклдік қайталану заңы. Ә) білім беру процесіндегі жаңартпашылықтың принциптері: -Білім беру жүйесінде жаңартпашылықтың ауысымды басқару принципі; -Процестің жүйесіз жүру механизмінен саналы басқаруға өту принципі; -Ақпараттық, материалдық-техникалық және маманмен қамтам-асыз ету принципі; -Процестің қайтымды немесе қайтымсыздығын болжау принципі; -Жаңартпашылық процестердің тұрақтылығын күшейту принципі; -Білім берудегі жаңа енгізілімдердің дамуын жеделдету принципі. Бұл арада үнемі көңіл қойып, есте ұстайтын мәселе - мектеп ұстазының жаңартпашылық мәдениеті. Өйткені, жаңартпашыл педагогикалық көзқарас негізінде мектептің ұстаздары бұрынғы <<мұғалім - қамқоршыдан>> жаңа жағдайдағы <<мұғалім - менеджерге>> өтуге тиіс [14]. Осылай еткен жағдайда мектептің оқу процесін әміршілдіктен демократияландыруға көшіре аламыз. Сонда мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынасын басқара отырып, білім берудегі жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қызметтерін атқарады. Жаңартпашыл мектептің мұғалім-менеджері кәсіби басқарушы, талдаушы эксперт, жаңашыл кәсіби маман бола білуі керек [30]. Жаңартпашылық мектепте жұмыс істейтін ұстаздар жаңартпашылық қызметтің төрт деңгейіне ие болуы мүмкін: :: бағыныңқылық деңгейі - жаңартпашылыққа орнықсыз қатынастағы ұстаздарда кездеседі. Білімі мен қабілетін жаңартпашылыққа жұмсау - бұндай ұстаздың бойында байқалмайды. Оның педагогтық іс-әрекеті қалыптасқан жүйемен ғана іске асып, шығармашылық белсенділік бой көрсетпейді. Жаңартпашылықты тек әлеуметтік ортаның қысымымен ғана меңгереді. :: басқаны қайталаушылық деңгейі - жаңартпашылыққа біршама тұрақты қатынаста болып, жаңашыл ұстаздармен байланыс жасауға тырысатын ұстаздарда кездеседі. Бұндай педагогтардың шығармашылық белсенділігі әлсіз болып , көбінесе өзгенің істегені қайталап отырғанымен, өзіннің ұстаздық қаблетін жетілдіре түсудің қажеттілігін саналықпен ұғынына біледі. :: эвристикалық деңгейі - жаңа енгізілімдердің амал-тәсілдері мен жолдарын мақсатты түрде пайымдап ұғына білетін ұстаздарда кезігеді. Осы деңгейге жататын ұстаздар тобы тынымсыз іздену арқылы өзі үшін педагогикалық жаңалықты үнемі іздеп-тауып отырады. :: креативтік деңгейі - ұстаздар табиғатындағы шығармашылық белсенділік пен жаңартпашылық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі. Бұндай ұстаздар тобы мектептерде өте сирек кездеседі. <<Мұғалім - қамқоршы>> мен <<мұғалім - менеджер>> ұстанымдарының салыстырмалы кестесі Мұғалім - қамқоршы, өзі-нің жеке ықпалын қолдану-ға бағдар ұстану Мұғалім - менеджер, адамгершілік қағидаларын қолдануға бағдар ұстану Балаларға қатысты ұс-танымы <<Ең бастысы - баланы жақ-сы көремін, оның өзім қала-ғанымдай болғанын көргім келеді>> <<Ең бастысы - баланы сыйлап, оның қалауын дамытуға бағдар ұстанамын>> Ықпал етудегі стратег-иялық қадамдары <<Менің айтқанымдай қыл-ып істе!>> <<Сен ереже мен себеп-салдар туралы білесің, өз таңдауыңды жаса>> Балаларға қатысты ық-пал ету шараларын та-ңдау Өз білгеніңді басшылыққа ал Белгілі бір ережелер мен шара-лар бойынша қалыптасқан үлгім-ен әрекет ет Оқу материалын беру-дің амалдарын таңдау Көбіне оқу бағдарламасы мен оқулыққа иек сүйейді Оқушылардың қызығушылығы-на орай оқу материалын бейімдейді Бағалау амалы Балаларды бір-бірімен нем-есе бекітілген стандарт бой-ынша салыстырады Балалардың бүгінгі жетістігін бұрынғы жетістігімен салыстырады Қорытынды бағалау амалы Жеке әсері негізінде бағал-ау, тәртібін бақылауға баға-ны пайдалану Оқу жоспарымен үйлесетін тест, нәтижеге педагогтың пікірі әсер етпейді 10-сурет. Ұлттық мектепте жасалынатын жаңашылдық жобалары мынандай үш кезеңдерге бөлінеді: 1.Жаңашылдықты дүиеге әкелу кезеңі. :: Оған жасалынатын өзгертулердің қажеттілігін анықтау; :: Ақпарат жинау мен жағдайды талдау; :: Жаңашылдықты жобалау және мазмұнын сипаттау; 2.Жаңашылдықты игеру кезеңі. :: Жаңашылдықты енгізу туралы шешім қабылдау - идея, концепция, технологияларға, материалды өңдеуге, жаңа енгізілімді шұғыл қолдануға, алғашқы нәтижелерді бағалауға педагогикалық мониторинг жасау. 3.Жаңашылдықты енгізу кезеңі. :: Жаңашылдықты кең көлемде іс-тәжірибеге енгізу, оны насихаттауды - ашық сабақтарда, бейнетүсірілім мен басылым беттерінде көпшілікке таратуды жолға қою. Мектептердегі дәстүрлі білім беру формалары мен әдістері қазіргі қазақ педаогика ғылымында кең көлемде қарастырылған тақырып. Оның қазіргі заманға сай келетін мектептегі білім беру әдістерінің дәстүрлі классификациясы мен критериилері төмендегіше түзіледі. Критериилердің классификациясы білімдік дерек көзі бойынша; танымдық іс-әрекет типі бойынша; дидактикалық мақсаты бойынша; дидактикалық міндеті бойынша. Білімдік дерек көзі бойынша 11-сурет Ұстаздық жеке іс-тәжірибе мен қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы білім берудің жаңартпашылық жобаланулары дәстүрлі және жаңаша білім беру әдістері мен формаларының арасындағы сабақтастық негізінде жүзеге асады. Жаңартпашылық білім беру өз кезегінде дәстүрлі оқытуды жоққа шығармайды, қайта оны толықтырады, кейбір тұстарын өзгертеді. Кәсіби ұстаз осы білім беру әдістерін жете меңгеруге тиіс. Сол білгенін өзгелерге үйретуі керек. Сонымен, білім беру әдісі дегеніміз - мектептің белгілі бір оқу жылында алға қойылған мақсаты мен міндетіне қол жеткізуге бағытталған ұстаз бен шәкірттің тәртіпке келтірілген жүйелі үйлескен іс-әрекеті болып табылады. Мектептегі білім берудің екі қыры бар: объективті және субъективті. Алғашқысына - оқу мекемесі өзінің білім беру процесінде таңдап алған нақты бір әдіс түрі жатса, келесісіне - жеке педагогтың мектептің ерекшелігіне орай қолданатын әдістерінің өзгешелігі жатады. Осы орайда мектепттің ұстаздарына: -танымдық іс-әрекет типі бойынша; -дидактикалық мақсат бойынша; -дидактикалық міндет бойынша И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин [77], К.Попер [78], И.Т. Огородников [29] және т.б. ғалымдардың еңбектері көп көмек береді. Жоғарыда қайталаушылық пен туындаушылық оқыту әдістерінің кестеге түсірілген шағын сипаттамасын беріп отырмыз (11-сурет).
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz