Файл қосу

Студенттердің өздік жұмыстары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
                    3 деңгейлі СМК құжаты
                                   ПОӘК
                                       
                          ПОӘК 042-18-34./03-2013
                                   ПОӘК
<< Химиядан  мектеп оқушыларының өздік  жұмыстарының  формалары және ұйымдастыру  әдістемесі>>пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
                                       
                                       
                             № 2 басылым
                                10.01.2013 ж.
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
            ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
 <<ХИМИЯДАН  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ӘДІСТЕМЕСІ  >> 
                                       
           <<5В011200  -  Химия>> мамандығы үшін
                                       
            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                       
                                  Семей 
                                     2013
                                       


                                Мазмұны

                                       1
Глоссарий 
                                       3
                                       2
Дәрістер
                                       5
                                       3
Практикалық сабақтар
                                      52
                                     4   
Студенттердің өздік жұмыстары 
                                      53



























ГЛОССАРИЙ
* Ассоциация / Ассоциация / Association - (лат. associatio - қосылу, өзара байланыс)
 -  ойлау үдерісінде психика элементтерінің арасында пайда болатын байланыс.
Оның нәтижесінде бір элемент пайда болғанда, қандай да бір жағдайларда онымен
байланысты, басқа элементтің бейнесі пайда болып жатады.
* Ассоциациялық оқыту / Ассоциативное обучение / Associative learning -
түсініктер мен дағдылардың біртіндеп қалыптасуын қамтамасыз ететін ассоциа-
циялар, мнемоника, шынығу жаттығулары, еліктеушілік, нұсқаулар арқылы оқу.
Ассоциациялық оқыту нақтылы жаңғырту мен жақсы есте сақтауға көмектеседі.
* Әңгіме / Беседа / Talk - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында
қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім
қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа
білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
:: Әңгіме-дебат / Беседа-дебаты / Disputational talk  -  оның барысын-
да қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және
әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат ынтымақтастыққа
бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді.
:: Диалогтік әңгіме / Беседа диалогическая / Dialogic talk - белгілі
бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды-
коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,
оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында
оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып
табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мер-
сер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе <<пікір алмасу>> үдерісіне
тартылады.
:: Зерттеушілік әңгіме / Беседа исследовательская / Exploratory talk - бұл
әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп қарастырылғанымен, олар
егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге қатысушылар бір-
біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді. Алай-
да зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі
маңызды болып табылады.
:: Кумулятивтік әңгіме / Беседа кумулятивная / Cumulative talk - бұл әңгіме
түріне қатысушы әрбір адам басқа адамдардың айтқанын қабылдайды
және олармен келіседі. Кумулятивтік әңгіме білім алмасу мақсатында
қолданылады, бірақ әңгімеге қатысушы адамдар бір-бірінің идеялары-
на төзімділікпен қарайды. Кумулятивтік әңгіме үдерісінде идеялар
қалыптасады, қайталанады, бірақ үнемі егжей-тегжейлі бағалана бермейді.
Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі (майевтика) / Сократический метод ве-
дения беседы (майевтика) / Socratic dialogue (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудар-
масы - босанатын әйелге көмек көрсету) - сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы
адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме
жүргізудің сократтық әдісі бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық
орын алатын оқыту түрі деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен
оқушылардың ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін олар өз ұстанымдарын қорғай
отырып, оны қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя
берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні  -  әңгімелесушінің <<барлық
нәрсе жайлы білемін>> деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келген-
де, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу. <<Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ.
Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей
аламын>>  -  Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды желеу ету
қажет болады.
Әріптеспен кеңесу / Консультирование с коллегой / Counseling - іс-тәжірибеде
туындаған кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған, белгілі бір жолмен құрылған
әңгіме арқылы іске асырылатын әріптеспен жүргізілетін қарым-қатынас.
* Дәлелдеу / Аргументация / Argumentation  -  белгілі бір көзқарасты жеке немесе
ұжымдық реципиенттің түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы мақсатында
негіздеу үшін жүргізілетін логикалық-коммуникациялық үдеріс.
* Жады / Память / Memory - 1. Ақпаратты сақтауға, жинақтауға
және жаңғыртуға арналған психикалық функциялар мен ақыл-ой қызметінің бір түрі. 2.Сыртқы әлем оқиғалары мен ағза реакциялары жайлы ақпаратты ұзақ мерзім бойы сақтау және келесі іс-әрекетті орындау үшін сол ақпаратты бірнеше рет саналы түрде қолдана білу қабілеті
* Жоспарлау / Планирование / Planning - мақсат пен міндет қою, сондай-
ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған әдістер мен стратегияларды
іріктеумен байланысты қызмет түрі.
* Мәнмәтін / Контекст / Сontext - 1. Мағынасы бойынша салыстырмалы түрде
аяқталған ауызекі немесе жазбаша тілден алынған үзінді. Оның жалпы мағынасы
оған кіретін әрбір сөздің, тіркестің немесе тіркестер жиынтығының мән-мағынасын
дәл және нақты ашуға мүмкіндік береді. 2. Белгілі бір құбылысты түсіну, түсіндіру
үшін қажетті түрлі факторлар жиынтығы.
* Оқу / Обучение / Learning  -  оқушылардың білім, білік,дағдыларды игеру, шығармашылық қабілеттері мен өнегелі-этикалық көзқарастарын дамыту жөніндегі белсенді оқу-танымдыққызметін ұйымдастыру және ынталандыруға бағытталған
мақсатты педагогикалық үдеріс. Оқу  -  оқушының білім мен білік элементтерінің саны мен сапасы оқу мақсатын құрайтын тиісті деңгейге жеткізілетін оқу қызметінің түрі.
* Оқытуды саралау / Дифференциация в обучении / Differentiation - әрбір
оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды,материалдарды, әдістерді, т.б. іріктеу үдерісі

* Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work - білім алушыларды оқу
тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық
емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық
оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас
жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.
















2 Дәрістер
1 МИКРОМОДУЛЬ <<МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ТЕОРИЯСЫ>>

1-ДӘРІС  ХИМИЯНЫҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҮЙЕСІНДЕ  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАР 
                                       
Дәріс мақсаты:

                                 Жоспар:

* Өздік  жұмыстардың  түсінігі,анықтамасы
* Оқу процесін ұйымдастыруда өздік жұмыстың маңызы    


* Өздік  жұмыстардың  түсінігі,анықтамасы

Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан да оқыту құралдары мен әдістерін жетілдіру, олардың тиімді белсенді формаларын ұсыну міндеті үнемі алға тартылуда.
Білімі мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен білім алуға ұмтылу әрбір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай икемділіктер мен біліктілікті игеруге икемдеген тиімді. Ол үшін  пәннің барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын қолданған тиімді.
Педагогикалық ғылымда <<оқушының өздік жұмысы>> деген түсінікке бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде. Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми - әдістемелік деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап етеді.
	Оқушылардың өздік жұмысының теориялық сипатын айқындау мақсатында көптеген ғылыми еңбектер талқыланды. Саралай келе зерттеуші ғалымдардың пікірлерін 3 бағытта топтастыруға болады: 
	1-ші топ ғалымдары өздік жұмысты сабақты түрлендірудің бір тиімді әдісі ретінде қарастырады (О.Сүлеев, Р.Сейсекенова, С.Елубаев); 
	2-ші топ ғалымдары өздік жұмысты оқушылардың өздігінен жетілу құралы деп сипаттайды (М.Ф.Роганова, Б.П.Есипов, т.б.); 
	3-ші топ ғалымдары өздік жұмысты оқушылардың ешкімнің көмегінсіз  орындайтын іс-әрекеттері деп анықтайды (М.И.Моро, А.О.Бурдин, Н.А.Менчинская, т.б.).
	<<Өздік>> дегеніміз  - жеке адамның бір қасиеті. Ол мынандай екі фактормен сипатталады: біріншіден, жеке адамдағы бар білім, білік және дағды жиынтығымен, екіншіден, жеке адамның іс-әрекет үрдісіне, оның жүзеге асу шарты және нәтижелеріне тигізетін әсерімен, сонымен қатар іс-әрекет үрдісінде болатын басқа адамдармен байланысымен сипатталады. Бұл екі фактор бірімен-бірі өзара байланысты. Жеке адамның қасиеті ретінде өздікті қалыптастырудың шартын анықтау қарастырылып отырған мәселенің негізі болып табылады. Өздік  - жеке адамның жалпы абстрактылы сипаты емес, ол  - жеке адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысымен сәйкестендірілген сипаты. Іс-әрекеттің бір саласында өзіндікті көрсете алатын адам, басқаларында  өз бетінше бола алмауы әбден мүмкін. 
	Оқу үрдісінде өзіндікті қалыптастыру  - мектептегі оқыту ісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі. Химияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол  көрсетеді.
Осы проблеманың жалпы педагогикалық  және әдістемелік сұрақтарын  жеткілікті жан-жақты түсіндіруде  оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.
    	 Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.
    	 Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік  жұмыс-үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тепсырмаларын орындауы. Өзіндік  жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.
     	Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу  іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысы мен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психалогиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.


* Оқу процесін ұйымдастыруда өздік жұмыстың маңызы    

Қазіргі кезде <<ақпараттық қоғам>> деген ұғым бар. Бұл қоғамның мақсаты  - адамдарды жан-жақты ақпараттар ала білуге және оны пайдалана білуге үйрету, азаматтардың неғұрлым көпшілігін өз бетімен, белсенді әрекет ете білуіне, шешім қабылдай білуіне, күнде өзгеріп отырған өмірге бейімделе білушілікке баулу.
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам мектеп алдына оқушыларды мыналарға қабілетті етіп даярлау міндетін қояды:
* Өз бетімен қажетті білімді ала отырып, оны пайда болған проблемаларды шешу үшін іс жүзінде пайдалану арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларға бағдарлана білуге.
* Өз бетімен сыни ойлау, пайда болған проблемаларды көре білу және қазіргі технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа идеяларды пайдалануға, шығармашылықпен ойлауға қабілетті болу.
* Ақпаратты сауатты пайдалана білу (дәлелді қорытынды жасау, статистикалық және логикалық заңдылықтарды орнату, белгілі бір проблемаларды шешу үшін, оларға талдау жасау үшін фактілер жинау).
* Әртүрлі әлеуметтік топтармен ымырашыл болу, командада жұмыс жасай білу.
* Өзінің адамгершілігін, құлықтылығын, зияткерлігі мен мәдениет деңгейін дамыту жолында өз бетімен жұмыс жасау.
Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де қажет етеді.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу  - оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсат оқу қызметінің нәтижесінде және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Химия сабағында тек түсініктер мен формулаларды оқытып қана қоймай, проблемалық және зерттеу әдістерін қолданып, ережелерді, анықтамалар мен заңдылықтарды оқушылардың өздері қорытып шығаратындай дәрежеге жеткізген жөн.
Өздік жұмыс дегеніміз- оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы . Егер сөздік және сөздік-көрнекілік әдістер оқушылардың таным әрекетінің алғашқы екі пайымдау мен абстрактылы ойлауды қамтамасыз етсе, ол оны іс жүзінде тексеру тек өзбетімен жұмыс кезінде іске асады. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты білім беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.
Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі, үлгілеу икемділігі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылықты жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы- дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімталдық және т.б.)
Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:
* Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;
* Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;
* Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;
* Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарлатады.
Қазіргі кезеңде оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау деңгейі, дербестігі жайлы мәселелер ең негізгі, келелі мәселеге айналып отыр.


Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
* Өздік  жұмыстар  жөнінде  педагогтардың  пікірі  қандай?
* Өздік  жұмыстардың оқу-тәрбиелік  функциясы  қандай  ?
* Өздік  жұмыстардың  маңызы  неде?


2-ДӘРІС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
* Өздік жұмыстарды ұйымдастырудағы  оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиясы .
Таным үрдісі -өте күрделі үрдіс. Таным белсенділігін арттыруда химия пәнінің қосар үлесі ерекше. Ал оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты  - проблемалық оқыту.
Іздену  - оқу-таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі.
Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты  - оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Оқушылардың дербестік қабілетін дамытуда, белсенділігін арттыруда оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу үрдісінде ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың , оқып үйрену барысында техникалық құралдарды, негіздік конспектілерді, тапқырлық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше зор.
Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Оқыту әдістері оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуына зор ықпал етеді. Өйткені оқыту әдістерінің білімдік, тәрбиелік қызметтерімен қатар, дамытушылық қызметінің маңызы ерекше.
Оқыту әдістері  - мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше, оқыту әдісі  - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.
И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушының оқу-танымдық әрекетіне байланысты былай жіктейді: 
а) түсіндірмелі иллюстративтік немесе ақпаратты рецептивтік (рецепция  - қабылдау) әңгіме, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, т.б.;
ә) ішінара-іздену немесе эвристикалық әдіс; 
б) зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырма беріліп, оны өз бетінше, қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.	
Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді: 
а) оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері;
ә) оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері; 
б) оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
Көптеген жүйелеулер оқытудың негізгі міндеттерімен сәйкес келіп, олардың негізгі белгіленген қызметін жақсы түсінуге көмектеседі. Барлық әдістерді мынадай 5 топқа бөлуге  болады: 
а) мұғалімнің білімді ауызша баяндауы мен оқушының танымдық әрекетін белсендіру әдісі: әңгіме, түсіндіру, мектеп дәрісі, әңгімелесу, оқу материалын ауызша түсіндірудегі иллюстрациялау, демонстрациялау;
ә) материалды бекіту әдісі: әңгіме, оқулықпен жұмыс;
б) жаңа материалды игерудегі оқушының өзіндік жұмыстары; 
в) білімді практикада қолдану және біліктер мен дағдыларды бекіту әдісі: жаттығулар, зертханалық сабақтар;
г) оқушының білімдері, біліктері мен дағдыларын бағалау және тексеру әдістері: оқушыны күнделікті бағалау, ауызша сұрау (жеке, фронтальды), бақылау жұмыстары, үй тапсырмаларын тексеру, бағдарламаланған тексеру, тест арқылы тексеру.
Жоғарыда келтірілген әдістер арқылы оқушының танымдық деңгейі көтеріледі, танымдық белсенділігі артады, білім алуға саналы түрде қарап, шығармашылық әрекеттерін жүзеге асырады.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде орын алуы қажет.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру өзекті проблемалардың бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға дайындығы, алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың белсенділігіне байланысты болады. Танымдық әрекеттегі маңыздысы -өзіндік жұмысы мен өзіндік баға беруі.
   Химияны  оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың  бірі- оқушылардың таным белсенділігін  арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.
    	 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру  мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы  және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. 
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.
	Кез келген істің нәтижелі болуы оған қызығушылық туғызған адамның белгілі нәтижеге жетуіне байланысты. Мұғалім үшін ол жоспарланған оқу еңбегі, ал оқушы үшін маңызды мотивация. Төмендегідей мотивацияны айырып көрсетуге болады.
* Сыртқы мотивация - мектепті ойдағыдай аяқтаудың мектептегі оқу үлгіріміне тәуелділігі.
* Ішкі мотивация оқушының белгілі бір бағыттағы икемділігі. Ол мектепте оқу барысында белгілі бір мамандықты алуға өз күшін бағыттайды.
* Процесуальды (оқулық) мотивация. Ол оқушының орындаған жұмыстың маңыздылығын түсінуінен туындайды. Яғни өздік жұмыс зертханалық жұмысты, сабақ материалын дұрыс түсінуге мүмкіндік беретінін оқушыға жеткізе білуі керек.

* Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері.
Оқушылардың өздік жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  сабақ  сапасының артуына септігін тигізеді.Теориялық  білімнің  терең  бекіп,  жүйелі  қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге  қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін.
Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар: 
    - танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
    - танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
    - іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;
    - оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
   	 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру  мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы  және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

Дәріс №2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
* Оқушылардың таным  әрекетінің  психологиясы қандай?
* Өздік  жұмыстарды  орындау кезінде  қандай таным  әрекеттері жүзеге  асады?
* Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістерінің сипаты қандай?


3-ДӘРІС  ӨЗДІК ЖҰМЫС  -  ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ  ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ  
* Оқушылардың өздік  жұмыстарында мұғалім-оқушы  іс  әрекетінің қатынасы

Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі критерийлерінің бірі  - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу.
Өздік жұмыстарын ұйымдастыруды әр ұстаз өз қалауынша, бірі сабақтың бекіту бөлімінде қолданса, бірі оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, дамыта оқытуға бағыттайды.
Өздік жұмыс ұғымы, белсенді танымдық дағды, зертханалық жұмыс, проблемалық оқыту ұғымдарымен тығыз байланысты.
Өздігінен жұмыс істеу кезінде оқушыға мынадай талаптар қойылады: 
− кез-келген әдебиетпен өздігінен жұмыс істей білу; 
− өз бетінше талдау жасап қорытындылай білу; 
− өз ойын толық айта білу, түсіндіре білу, басқаны үйрете білу;
− басқаны тыңдай білу, ақпаратты қабылдай білу (ақпаратты терең түсіну, сұрақ қоя білу); 
− ұжыммен қарым-қатынас жасай білу, ұйымдастыра білу (өзін-өзі тексере, бағалай білу).
Осы қасиеттердің бәрін қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде талап етеді. Ал ол болашақ маман  - жеке тұлға  - бүгінгі оқушы.
Жеке тұлға ретінде оқушының рухани баюы, адамгершілік, әдептілік қасиеті, оқушы --> оқушы, мұғалім --> оқушы арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болуы түрлі өздік жұмыстарды орындау кезінде айқын көрінеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: 
− мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; 
− жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; 
− мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері; 
− оқушылардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
− оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
− жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы , т.б.
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады. 


* Өздік жұмыстарға ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар: 
− жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; 
− оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; 
− оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; 
− өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
− оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету; 
− оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 
− оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
− оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Оқу үрдісі кезінде өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуда  баға жетпес құралдардың бірі -өтілген сабақтар мен айтылған мәселелерді айналаны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыра, сәйкестендіре білу.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы  - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту.
Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындау қажет:
* өз бетінше істелетін кез келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек;
* өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
* жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс.Яғни, оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсеңдемейтіндей болуы керек;
* өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Өз бетінше жұмысты дағдыландыру үрдісі кезінде мұғалім оқушылардың жұмыстың жаңа түрлерін белсене игеруіне күш салады. Сонымен қатар осы мерзімде олардың қол жеткенге масаттанып қанағаттанушылығына, іздену мен үйренуді тоқтатуына жол берілмегені жөн. Яғни, бұл арада лоардан бұдан да жоғары дәрежедегі дербестікті талап ететін кезекті жұмыс түрлерін біртіндеп игере беруін, жақсы өнегелі істерді бойларына сіңіруін қадағалау шарт.
Оқушыларға тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі  - олардың бойында өз бетінше ойлау жүйесін қалыптастыру. Мектеп оқушыларды жүйелі білім алу тәртібіне және өз бетінше білімін толықтыруға, ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игере білулеріне жол аша білуге әзірлеуі керек. Бұл үшін оқу жұмысында тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пайдалы іске деген талпынысын ояту қажет.

Дәріс №3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
* Оқушылардың өздік  жұмыстарында  оқушы  іс  әрекеті қандай?
* Оқушылардың өздік  жұмыстарында  мұғалім іс  әрекеті қандай?
* Өздік  жұмыстарды  орындауға  қандай  талаптар  қойылады?



4-ДӘРІС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ЖІКТЕЛУІ ,ЕРЕКШЕЛІГІ 



1.Өздік жұмыстардың дидактикалық  мақсатқа  сай  түрлері.
Өздік  жұмыстардың  дидактикалық  бағыты.
	Өздік  жұмыстардың  белгілі  бір  дидактикалық  бағыты  бар.Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар: 
	1. Жаңа материалды оқып - үйрену.
	2. Білім мен біліктерді жетілдіру.
	3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.

Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол. 
Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады. 1. Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату. 2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы. 3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.
Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік дидактикалық мақсат іске асады. 
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. 

2.Оқушылардың  танымдық  әрекетіне байланысты  типтері.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты  тұрғысынан өздік  жұмыстың  төмендегідей  үш типін ажыратуға болады:
1. Репродуктивті (копирующие); 2. Ішнара  - ізденушілік  (эвристические); 3. Зерттеушілік (исследовательские).
	Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап, даралап беруге болады- жақсы оқитын оқушылар үшін күрделі, орташа және нашар оқитын оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі. Негізінде тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан келуді талап ететін тапсырмалар болады. Мысалы теориялық көзқарас тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып, соңынан эксперимент жүзінде дәлелдеу. Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен репродуктивті сипатты. Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті тапсырмалар аралығынан орын алады.
	Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.
	Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштерді пайдалануға болады: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы  кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
	Танымдық белсенділігі төмен оқушылар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барысы, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің  көрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады.
	Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет.
	Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындауда, теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылық танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды.
	Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не мұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді

3.Ұйымдастыру  формаларына байланысты  жіктелуі.

Өздік  жұмыстың  формалары :
1.Фронтальды (ұжымдық), 
2.Топтық,
3. Жекеше болып жіктеледі 
Сабақ үстіндегі топтық өздік жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық. Оқушылардың пән бойынша білімі негізінде сабақ алдында топтар қалыптастырылады. Топтар құруда психологиялық сыйысушылық, қызығушылықтар бағыты, көш басшысы беделі сияқты факторлар да ескеріледі. Тәжрибе көрсетуі бойынша ең тиімді топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледі.
Мұндай  топтық жұмыстың  ерекшелігі:
* Мақсаттың болуы және  түсінуі (жалпы  топтық тапсырма)
* Жалпы  мақсатқа  сәйкес  әр  топ  мүшесінің жеке  тапсырмаларды  орындауы;
* Жұмыс  нәтижелерін  өзара  тексеру және бір-біріне туындаған  қиындықты  шешуге  көмектесуі;
* Әр топ  мүшесімен  алынған  нәтижелерді  біріктіріп,  бір  толық  қорытынды  жасалуы;
* Жұмыстың  мақсатына   алынған  қортындының  сәкестендіру.

Әрбір топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай, ал топтар бір бірімен деңгейлес болады. Топтың жұмысын көш басшы бағыттап отырады. Көш басшыға қойылатын талап, ол пәнді жақсы білуі керек. Оның басшылығымен барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс істейді, берілген зертханалық жұмыстарды орындайды, ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзірленеді.
Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.
Төменгі деңгей үшін:
Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.
Жоғары деңгей тапсырмасы:
Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) окиді мен гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.
Орта деңгей тапсырмасы:
Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.
Жекеше өздік жұмыстар кейде оқушылардың біраз бөлігін қамтыса, кейде бүкіл сынып оқушыларына арналып құрылады. Тапсырмалар жоғарыда келтірілгендей әр деңгейлі болуы мүмкін (саралап оқытуда) немесе қиындығы бірдей бірақ орындалу уақыты әр қалай болады (программаланған оқытуда).


4. Білім  көздеріне  байланысты  жіктелуі
Білім  көздеріне  байланысты  жіктелуі төмендегідей:
* Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу. 
* Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, 
* Баяндама жазу. 
* Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу. 
* Химиялық тәжірибелер жасау. 
* Химиялық диктант жазу.
* Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. 
* Графиктік жұмыс.

Өз бетімен жұмысжасау үшін берілетін  тапсырмалар.
Оқыту мен тәрбиелеудің ен маңызды элементтершщ бірі  сабақтан тыс уакытта берілетін  өздік  жұмыс тапсырмалары Оның максаты:
* сабакта алынган білімді тереңдету жэне бекіту;
* әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету;
* кесте, сызба, графикалык мэліметтерді тани және оқи білу, талдай алу;
* іріктеу жэне салыстыру, ой корыту, тужырым жасау сиякты танымдың кабілеттерін дамыту болып табылады.
Өздік жұмыс окушыларды тәртіпке, ұкыптылыкка, тиянактыққа
тәрбиелейді. Өздік жумысты орындау окушыдан жеке жумыс жасап, оған көп көңіл аударуды, уакыт жумсауды талап етеді. Ол тапсырманың мазмұнын ұғынады, оның сапасына койылатын талапка сай орындайды, белгілі бір әдебиеттерді актарады. Үлгерімі орта ша окушылар өз деңгейлеріне сәйкес жеңіл тапсырмалар алады, ал улгерімі жоғары окушылар киындығы жоғары тапсырмалар алады. Өздік  жұмысын жиі өткізу окушылардың білімін бекіте түседі.
Өздік  жумысының мазмұны төмендегідей:
* бағдарламалык материалдар окулык жэне косымша (анытамалық, техникалык, көркем) әдебиеттерге сүйеніп жасалынады;
* окушылардың алатын білімін кеңейтеді, тереңдетеді;
* өткен материалды кайталауга арналады;
* күнделікті өмірден және практикадан мысалдар алынады;
* турлі графикалы жұмыстар (кесте, сызба, диаграмма, сызба сызу және тузу) орындалады;
* шығармалар, баяндамалар мен рефераттар жазылады;
* жалпы корытынды мен тұжырым шығару үшін деректер мен мысалдар жинакталады;
* практикалык жумыстар жургізіледі;
* жаңа материалды өз бетінше игеру журеді
Өздік жумыстардың  мына турлеріне токталып өтелік:
* Мәтінмен жумыс жасау. Мәтінмен жумыс мұгалімің дайын дап берген 4-5 сұрағына жазбаша жауап беру кезінде жасалады. Бұл сұрактар сарамандық жумысқа көбірек бағытталады.
* Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау. Бұл ар теориялың материалдар мен сарамандық жумыстарды байланыстырады.
* Шамалар мен құбылыстардың арасындагы өзара байланысты ашады. Кейбір техникалық пәндер үшін кажетті сызба сызу, өлшемдерін өлшеу жэне сол бойынша есептеулер жүргізіледі.
Мысалы, техникалық пәндер қозғалғыштардыц (двигательдердің) қуатын анықтау, оған кететін жанар майды, ауа мөлшерін, белгілі уакытта жұмсалатын энергия, жылу мөлшерін есептеу, т.с.с. тапсыр - малар орындалады. Өздік жұмыстарына жеке дәптер арналып, ондағы тапсырмалар тексеріліп тұрады.
* Сызбамен, сұлбалармен жұмыс. Оның максаты -- окушыларды өздігінен графиктер түзүге және оқулыктағы сызбаның көшірмесін  салуға үйрету. Оку материалын игерудің дәрежесіне карай бұл  жумыстардың деңгейі окушыларга сарапталып беріледі.
* Кестелермен жұмыс. Окулықтан не косымша әдебиеттерден кажетті мәліметтерді таба білу, оны жинактау жэне кестеге тусіру керек. Мысалы, түрлі материалдардың касиеттері бойынша олардың тығыздықтары туралы кесте жасау кажет. Сол тығыздығы аркылы оның ұзару шектерін, беріктігін, т.б. табуға болады. Кейбір жагадайда жеке такырыптар мен бөлімдер талкыға салынады. Ол үшін окушыларга әдебиеттер тізімі мен әдістемелік нұскаулар беріледі. Бұндай баян - дамалар кыска уакытка беріледі, оның ұзақтыгы 10-12 мин болады. Баяндамашы өзі кестелер, сызбалар, ауызша түсіндірме, кыскаша мәліметтер жасайды. Соңында талкыланып, корытындысы жасала - ды. Өздік жумыстарының бәріне мұғалім бакылау жасап, үнемі тексеріп отырады. Бұл өз кезегінде окушылардың білімін көбеюте тусуге көмектеседі.

Дәріс №4Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
* Өздік жұмыстардың дидактикалық  мақсатқа  сай  түрлері қандай?
* Оқушылардың  танымдық  әрекетіне байланысты  типтерін атаңыз?.
* Ұйымдастыру  формаларына байланысты қалай жіктеледі?.
*  Өздік жұмыстардың білім  көздеріне  байланысты  жіктелуін сипаттаңыз?






5-ДӘРІС ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫҢ  ӘДІСТЕРІ 
1.Байқау
2. Оқу  эксперименттері
3. Есеп шығару
 4.Оқулықтармен  жұмыс

1.Байқау
Байқау  --  белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кең тараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.
Байқау әдісі әрі жүйелі, әрі мақсатты үрдіс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғылыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйымдастырылмаған және жоспарлы түрде жүргізілмейтін қарапайым байқаудан өзгеше болып келеді. Ғылыми байқау үрдісінде аса сақ, дәлме-дәл болып байқалатын объектіге ешқандай бұрмалау жасамау керек. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мысалы, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, сыналушының сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін диктофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісі нәтижелі болып шығуына қажетті кейбір шарттар:
* 1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
* 2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа үлгерімі нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының ерекшеліктерін білу;
* 3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, кейін оған мұқият талдау жасау басты фактілерді сұрыптап алу  --  осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты сол сыналушыға қатысы барлармен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін дамыту үшін нақты жұмыстар белгіленеді.
Байқау кезінде адамның мінез-құлқын дұрыс Түсіне білудің де маңызы үлкен. Қазіргі кезде күнделікті іс-тәжірибемізде де, белгілі ғылым салаларында да объективтік байқау әдісі қолданылады.Бұл әдістің үш түрі бар:
* Бір түрі  --  мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру. Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды.
* Екінші түрі  -  нысанаға алынған объектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл  --  ұдайы байқау әдісі.
* Үшінші түрі байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таңдамалы байқау деп атайды.
Осы аталған байқаулардың қандай түріне болса да қойылатын талап  --  байқаушы бақылаған фактілерді баяндап қоюмен қанағат етпей, сол құбылыстардың сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі сыры мен психологиялық мазмұнын ашуға міндеттілігі.
Байқау кезінде  --  байқауға алынған объектінің байқау бағдарламасын, жоспарын жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушының зейіні зерттеліп отырылған объектінің екінші бір кездейсоқ силаттарына ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фактілердің жиынтығы арқылы жасалған психологиялық байқау жалған болып шығуы ғажап емес. Психикалық үрдістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің бүгінде маңызды орны бар, сондықтан оны объективтік байқау әдісіне жәрдемші әдіс ретінде пайдалану дұрыс. Байқау әдісімен психикалық құбылыстарды көлденең әсерлермен өзгертпестен, объектіні өзінің үйреншікті ортасыңда байқауға болады, сонымен қатар байқау әдісі арнайы лабораторияларды, қымбат құралдарды керек етпейді. Байқау әдісі кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Байқау  --  өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен қылықтарының фактілерін жинауға көмектесетін әдіс

2.Оқу  эксперименттері
Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады . 
Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек . Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің бірнеше түрі бар:
*    демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді); 
2. оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер). 
	Эксперименттің түрлерін оқушылар өздерінің жұмыс орындарында мұғалімнің және лаборанттың бақылауымен жасайды, кейде өз беттерімен жасайды.
	Мұғалім үшін химиялық эксперимент  бір жағынан , оқушыларды түсіну мен танып білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып табылады. Мұғалімнің іс  -  әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған экспериментті мұғалім көрсеткендей етіп жасауға тырысады. Мұғалім көрсеткен эксперименттерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлщектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал  -  жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады.    
Оқушы үшін химиялық эксперимент  -  өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал  -  жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді
3. Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп - шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі. 
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал  -  жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі [1].
Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты  -  теориялық білімді практика жүзінде өз бетінше қолдана білуге үйрету, әрбір зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру. 
Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы материалды меңгеру, қорытындылау, бекіту кезінде оқушының білімін тексеру және үй жұмысын тексеру үшін жүргізуге болады. Эксперименттік есептерді жеке  -  жеке топпен немесе бір мезгілде бүкіл сынып болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып, бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтиженің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді [17].
Эксперименттік есептерге арнайы нұсқаулар жоқ. Сондықтан оны орындау оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуді көбірек талап етеді. Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептерді орындау оқушыларға тиімді. Себебі, эксперименттік есептерді шешу үшін оны теориялық негіздеу қажет, сәйкес тәжірибе жүргізу қажет және тәжірибе нәтижелерін теориямен салыстырып түсіндіру қажет.
Эксперименттік есептерді орындау мұғалімдер оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практика жүзінде қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, себептерін анықтауға және оларды түзете білуге мүмкінді береді. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып, эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруына жол көрсетеді [25].
Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері.
1  -  кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.
2  -  кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.
3  -  кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды [4].
Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс  -  әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:
* заттарды бір  -  бірінен ажырату;
* химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
* заттарды алу;
* заттардың сапалық құрамын анықтау; 
* қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
* берілген заттарға тән реакциялар жасау;
* әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
* химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.
Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:
* сынау және қателесу тәсілі;
* есте қалғаны бойынша шығару;
* анализ және синтез;
* гипотеза жасау;
* алгоритм тәсілі.
Экспериментті есептердің типтері 
*  химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.
*  реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.
*  реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен  газ көлемін анықтау. 
*  ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.
 Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді  және  химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді


4.Оқулықтармен  жұмыс
	 Оқушылардың өз бетімен білім негізін қалауда оқулықпен жұмыс үлкен рөл атқарады. 
Жаңа технологиялар ғасырында жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп мұғалімдері оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен белсенді жұмыс жүргізуге үйретіп, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру қажет. Кітаппен тиімді жұмыс жүргізу үшін оқулықтың мәтініне үлкен мән беріледі, себебі: мәтін  -  материал мазмұнын айқындайтын құрал, оқу ақпаратының басты көзі болып саналады, ең маңызды түсініктер, заңдар, ілімдер мен анықтамалар туралы білім; ғылым саласында жетекші идея мен болашақ бағыттарды меңгеру; оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашыл қасиеттерінің дамуын қалыптастыру тәсілі болып табылады.
Педагогика саласының кейбір авторларының пікірлері бойынша барлық мәтіндер үш тарауға жіктеледі:
* Негізгі  -  негізгі түсініктер, заңдар, ілімдер, басты идеялар, фактілер туралы ілім.
* Қосымша  -  оқулықтың ғылыми дәлдігі мен эмоциялық жүктемені күшейтеді.
* Түсіндіру  -  анықтама мағлұматтары.
Осыларға қосымша болып табылатын мәтіннен тыс компоненттер бар:
* Меңгеруді ұйымдастыру аппараты  -  бұған сұрақтар, жаттығулар, есептер, тапсырмалар, олардың жауаптары, қорытынды кестелер, безендіру (иллюстративті) материалдар (сызбанұсқалар, суреттер, диаграмма, сызулар және т.б.) кіреді.
* Бағдар беру аппараты  -  бұл алғы сөздер, тараулар, кәріп көрсетпелері, пәндік және жеке сілтемелері т.б..
* Оқушылырдың оқу жұмысын ұйымдастыру аппараты  -  бұған тәжірибелі сабақтың нұсқаулары, зерханалық жұмыстар, үйде химиялық эксперимент орындау үшін тапсырмалары, ережелері жатады.
Меңгеруді ұйымдастыру аппараты  -  оқытудың әртүрлі мақсаттарының жан  -  жақты орындалуына мүмкіндік береді. Оның іске асуы, оқушылардың оқулықтың әдістемелік аппаратпен жұмыс істеуі арқылы қамтамассыз етіледі. Мысалы: бір параграфтың мәтінін түсіну үшін оқулықтың тәжірибе суреттері мен тақтада салынған суреттер немесе тәжірибе үстінде құрастырылған нәрселер салыстырылады. Бұл мәселені талқылауға салу, оқушылардың білімді меңгеруге және ойлау қабілеттерін қалыптастыруға әсер етеді.
Тапсырмаларды орындау жұмысын жүргізу үшін бағдар беру аппараты қолданылады. Ол жаңа терминдер мен бұрынғы өткен түсініктерді қайталау арқылы пәндік сілтемелер және оқулық мәтіні көмегімен маңыздылығын түсіндіреді. Мұндай жұмыс білікті тұрғыдан кітаппен жұмысты қалыптастырады, еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелейді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру аппаратын қолдануы (оқулықпен өзіндік жұмыс жүргізу, нұсқаулары, жоспарлар, жаднамалар) оқушылардың өзіндік дамуына жағдай туғызады, оқу жұмысында өзіндік бақылау үйреншіктерді қалыптастырады.
VІІІ  -  ІХ сыныптарда оқулықпен жұмыс жүргізуді үйретуге көп назар аударылуы тиіс, ал жоғары сыныптарда оқулықпен өзіндік жұмыс жасауға көп мән берілуі қажет.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жүргізгені жақсы нәтиже көрсетуі  -  мұғалімнің сол жұмысты ұйымдастыра білу қабілетіне байланысты. Қазіргі қолданыстағы химия бағдарламасы әр түрлі әдістерді және оқу үрдісінің ұйымдастыру формалаларын қолдануға мәжбүр етеді, соның ішінде оқулықпен жан  -  жақты жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Бұл жұмыс үй тапсырмасын орындауға ғана емес (оқулықтан қайталау, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру, нұсқау бойынша химиялық экспериментті орындау), сабақ үстінде мәтінді зерделеуге, жоспарды құрастыруға, конспект жазуға, қорытынды кестелер мен сызбанұсқаларды сызуға, тәжірибелі жұмысқа оқулықтың нұсқаулары арқылы дайындық жұмыс жүргізуге т.с.с. алдын ала болжам жасауға арналған.
Сыныпта оқулықпен жұмыс ұйымдастырылған кезде жалпы әдістемелік тәсілді қолданған тиімді. Олар әр түрлі үйретулерге қолданылады: біріншіден, іс - әрекеттердің үлгілерін көрсетіп, содан соң қайталау арқылы оларды оқушылардың миына қондырамыз; келесі сабақтарда оқушылардың аналогия әрекеттерінің орындалуын талап етуіңіз керек; ең соңында, үйренген нәрселерді өздері қолдану үшін оларға тапсырмаларды ұсынамыз.
Оқушылардың өндірістік сипаттағы іс - әрекетінен аналогиялық іс-әрекетке, содан соң өзіндік іс - әрекетке көшу біліктілігінің дамуы, соның ішінде оқулықпен жұмыс істеу біліктілігін қамтамассыз етеді. Біліктіліктің дамуы, тапсырманың күрделенуіне байланысты:
  + параграф мазмұнын қайталап айту;
  + оқулық мәтінінде жауаптары бар параграфтың немесе тақырыптың соңында берілген тапсырмаларды орындау;
  + сабақ үстінде ережелерді, түсініктерді, заңдарды оқып үйрену;
  + тәжірибе жұмысының суреттерін, сызбанұсқаларын, кестелер мен бейнелерін қайталау.
Барлық жағдайда оқушылырға жетекшілік ету керек, мұғалім жағынан көмек берілуі тиіс және жұмыс пен нәтижелерге бақылау  қажет. Аналогиялық әдіспен тапсырманы орындайтын сәтте мұғалімнің көмегі болуы керек. Көбінесе тапсырмалар өздігінен нұсқаулар, жаднамалар, үлгілер арқылы орындалуы тиіс.
Оқулықпен өздік жұмыс арқылы өнімдік сипаттағы оқушылардың орындайтын тапсырмаларын мысал ретінде қарастырып көрейік:
1.Оқулықтың бір немесе бірнеше параграф мәтінін жоспар немесе конспектіге жазып алу.
2.Мәтінді иллюстрация, жаңа мысалдар, суреттер, түсініктемелер арқылы анықтап алу.
3.Қорытынды сызбанұсқаларды, кестелерді құрастыру.
4.Оқулықпен жұмыс істеу біліктілігі қосымша <<көшіру>>, яғни мәтіндерді, иллюстрацияларды, пәндік сілтемелерді сабақ немесе сабақтан тыс іс  -  шараларға дайындық ретінде қолдану.
5.Оқулық арқылы бақылау жұмысын, тәжірибелік сабаққа, семинар  -  сабаққа дайындалу.
Химия пәні бойынша VІІІ сыныптың алғашқы сабағында оқушыларды жаңа оқулықпен және оның мазмұнымен таныстыру қажет. Біріншіден титул (бірінші парақ)  парағына назар аударамыз. Ол парақта оқулық авторларының аты  -  жөні, жылы, шыққан баспасының атауы жазылған. Осы мәлімет арқылы оқулықты кез келген кітапханадан тауып алуға болады. Содан соң оқушылармен бірге кітаптың тарауларын көріп шығып, болашақта өтетін курстың негізгі  мазмұны мен тақырыптарына назар аударуымыз қажет. Оқулықты ұқыпты ұстауға, ластамауға, парақтарын жыртпауды оқушыларға міндетті түрде ескертеміз.
Оқулықтың әр тақырыптағы мәтіні әр түрлі кәріппен (шрифт) жазылғанын көрсетіп, түсіндіреміз. Параграф соңында маңызды мәселе болып табылатын тапсырмалар мен шартты белгілерге назар аударамыз.
Химия оқулығының мәтіні басқа пәндерден өзгеше, себебі ол ғылыми тұрғыда жазылған. Мәтін төменде көрсетілген ережелермен сипатталады:
а) айрықша жаңа кәсіптік терминологиямен (химиялық тіл). Бұған химиялық түсініктер, заңдар, ілімдер, химия белгілерінің атауы; заттардың халықаралық номенклатура  бойынша атауы; химия формулалары мен реакция теңдеулерін жазу және оқу, түйінді мәселелерді түсіндіру, химиялық реакциялардың жүру ағымы мен жағдай белгілерін анықтаулары жатады;
ә) химиялық заңдары мен олардың өту белгілері зертхана немесе техникада іске асуы және қолданылуы дәлелденеді;
б) зертханалық техникада арнайы химиялық тәжірибелерді және олардың шартты белгілерін суреттеу.
в) өте маңызды химия өнімдерін шығаруға арналған технологиялық ұстанымдарын, аппарат құрылғыларын суреттеу.
Оқулықтың бірінші тақырыбын оқушылармен белгілеп, сыныпта зерделеу тиімді. Әр тақырыптың атауы, соның ішіндегі мәтін сұрақ бойынша айқындалады. Соған оқушылардың назарын аудыртамыз. Жаңа тақырыпты жақсылап түсінуі үшін тақырыпты бөлімдері бойынша оқуымыз қажет. Мәтінді құрастырылған жоспар немесе сызбанұсқа бойынша қайталап айту, оқушының есте сақтау, баяндау логикасын түсіну түсініктер арасында байланыс орнату және оны сипаттауға көмектеседі. Бастауыш сыныптарда оқушыларды мәтінді ойланып оқуға, оқыған нәрсеге қарапайым жоспар құруға, сол мәтінді өз сөзімен қайталап айтуға үйретеді. Кейін бұл біліктілік тарих, қазақ тілі, әдебиет және т.б. сабақтарда тереңдетіліп қалыптасады. Оқушылар VІІІ сыныпқа келген кезде мына талаптарға сай болуы қажет: мәтінді тез әрі қатесіз оқу; параграфтың басты мәселесін анықтау, оқып болған мәтіннен қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мұғалімнің әңгімесінен немесе өз жауабынан жоспар құру; оқығанын біртіндеп қайталап айту; параграф соңында берілген сұрақтарға айқын жауап беру, жеңілдеу қорытындыларды құрастыру және оларға негіздеу үшін мысалдыр келтіру және тағы басқа талаптарды орындаулары қажет.
Химия оқулығының әдістемелік аппаратын қолдану кезінде сабақ үстінде оқушылармен мәтін арқылы әр түрлі жұмыстар орындауға болады: мәтінді оқу (арнайы алынған, дауыстап, ішінде); сөздікпен жұмыс жасау, яғни химиялық белгілермен, формулалармен, реакция теңдеулерімен (формулалар мен реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру, оларды оқу және дауыстап сөйлеу, мағынасын анықтау және түйінін түсіну) және тағы басқа жұмыстар өткізуге болады. Химиялық терминологияның  бір бөлігі, мысалы, кейбір заттардың атауы (су, оттек, көмірқышқыл газы, азот, сутек, күкірт және т.б.) оқушыларға өмірлік тәжірибеден, күнделікті бақылаудан, табиғаттану, биология пәндерінен бұрыннан мәлім. Соған қарамастан химия пәнінің терминологиясын оқушылар химияның жүйелі курсын оқыған кезде толық меңгереді. Осыған қосымша оқып болған мәтінді талдау сәтінде мына сұрақтарды қамтамассыз етуге болады: параграф, тақырып, тараулардың соңында сұрақтарға жауап беру; ұсынған параграф мәтінінде басты ойды көрсету; қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мәтінді қайталап айту (мәтінге жақын, ашық түрде, қысқаша); конспект, тезистерді құрастыру, мәтінді рефераттау.
Оқулық мәтінімен жүргізілетін өзіндік жұмыстың ішінен маңыздысы  -  жоспар құру, себебі, ол оқушылардың пән бойынша жүйелі түрде білім алуына мүмкіндік береді. Бұл қорытынды біліктілік бірнеше жеке біліктілерге бөлінеді: параграф мәтінінде басты ойларды көрсету; мәтінді ой бөлшектерге бөлу және оларды атау; заттардың тиімді және тиімсіз қасиеттерін, химия құбылысының басымдылығы немесе екінші кезектігін анықтау, қорытынды жасау. Оқулық мәтінімен жүйелі түрде жұмыс жүргізген кезде оқулық арқылы басты ойды көрсету, жоспарды құру, жоспар бойынша баяндау мәселелері кешенді түрде қалыптасады, себебі олар бір  -  бірімен байланысты. Осы жалпы оқулық біліктілігін меңгеру аясында оқушылар терең, сапалы әрі жүйелі білімді алады, өткен материалды еске сақтауға жағдай тұғызады.
Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу үшін жаднамалар қолданады. Мысал ретінде нұсқау  -  жаднамалар құрастыру үлгісін ұсынамыз:

І. Оқып шыққан мәтінге жоспар қалай құруға болады?
1. Параграф мәтінін немесе оның бір бөлігін мұқият оқып шығыңыздар.
2. Мәтінді өз ойларыңызда қайталап шығыңыздар. Мәтіннің негізгі мазмұны атауына сәйкес пе?
3. Материалды ой бөлшектеріне бөліңіздер, яғни мәтінді соған байланысты топтастырыңыздар.
4.   Негізгі ойға байланысты әр бөлшекті атаңыздар.
5. Жоспардың түрін, грамматикалық формасын таңдаңыздар (қарапайым, күрделі).
6. Дәптерге жоспарды жазып, оны тексеріңіздер.
 
ІІ. Оқулық мәтінінде ең басты нәрсені қалай бөліп көрсетуге болады?
* Параграф немесе оның бөлігін мұқият оқыныздар.
* Оқып болған мәтінде басты нәрсені (негізгі ой) бөліп көрсетіңіздер.
* Материал мазмұнында басты нәрсе (негізгі) мәтінде бар екенін дәлелдейтін мысалдар мен фактілерді табыңыздар.
* Зерделенген материал мазмұнында басты мәселені ашып көрсететін өмірден алынған мысалдарды ойлап шығарыңыздар (мәселен: заттардың қасиеті туралы, заттардың қасиеттеріне байланысты олардың қолданылуы, т.б.)
* Оқыған мәтіннің басты ойларын өз сөзіңмен дәптерге жазыңыздар. Зерделенген материал қорытындысын мәтінде табыңыздар.

ІІІ. Оқып болған оқулықтың мәтінін қалай айтып беруге болады?
* Ұсынған параграф мәтінін мұқият оқып шығыңыздар.
* Мұғалім қойған сұрақ жауаптарын мәтінде тауып, оқулықтағы сөздермен оларға жауап беріңіздер.
* Сұрақтарға өз сөздеріңізбен жауап құрастырыңыздар.
* Параграф мазмұнын өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер (қысқаша, толық, мәтінге жақын).
* Оқулық және иллстрацияларды пайдаланып, параграф мәтінінен әңгіме дайындаңыздар.

IV. Химиялық терминдермен қалай жұмыс істеуге болады?
* Дәптер  -  сөздікке жаңа терминдерді жазып алыңыздар.
* Термин немесе оның анықтамасын оқып, сол сөзді қайталаңыздар.
* Айтылған терминнің ой мағынасы неде? (түсінігі неде) нені білдіреді?
* Термин немесе оның анықтамасын өз сөздеріңізбен қайталаңыздар.
* Терминді анық сипаттайтын мысалдар мен фактілерді параграф мәтінінде табыңыздар (анықтамалыр, түсініктер, заңдар).
* Осы түсінікті, анықтаманы суреттейтін өз мысалдарыңызды ойлап шығарыңыздар.

V. Оқулықтың нұсқауын қалай пайдалануға болады?
1. Зертханада тәжірибе өткізу үшін нұсқауды мұқият оқып шығыңыздар. Сізге барлығы түсінікті ме?
2. Сізге ұсынған нұсқаудың мақсаты неде?
3. Оның атауына ой салыңыз. Ол қай тәжірибені суреттейді?
4. Сіз ұсынған тәжірибеден бөлек химиялық операциялардың орындалуы қай ретімен жүруі тиіс, ойланып көріңіз?
5. Нұсқауға кірген осы зертханалық тәжірибеге арналған иллюстрацияларды (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар) қарап шығыңыз.
6.  Дәл нұсқау басшылығымен тәжірибені жасаңыздар.
7. Бақылау нәтижелерін кестеге жазыңыздар. Орындалған жұмысқа қысқаша есеп беріңіздер.
Оқушының кітаппен жұмыс істеу ережелері маңызды болып табылады: әдебиет көздерін библиографиялық тұрғыдан суреттеу; сөздіктер, энциклопедиялар, каталогтарды қолдану ережелері; жоғары сынып оқушыларын арнайы сұрақтар бойынша әдебиетті тез табуға, ғылыми ақпаратты жинақтауға үйрету. Сол үшін мұғалім әртүрлі әдіс арқылы оқушылардың кітап оқуға қызығуын оятады: сабақ үстінде немесе бір мақаланы оқуға ұсынады, кітапханаларда жаңа кітаптарды көрсету арқылы библиографиялық анықтамаларды өткізеді, химия кабинетінде кітап көрмелерін ұйымдастырады, ұсынған кітаптардың ішінен қызықты нәрселерді оқып береді, сыныпқа кітап тізімін құрастырып іледі, оқушыларды жаңа кітаптарға аннотация, анықтама, рецензиялар жазуға тартады, оқыған кітаптар мен мақалаларға реферат пен баяндамалар жазуға тақырыптарды ұсынады және сабақ үстінде оларды қорғауға жағдай жасайды; оқырман конференциясы мен диспуттар ұйымдастырады т.с.с.. 

Тәжрибе көрсеткендей өздік жұмыс алынған білімді жетілдіруге қызығушылық туғызады, алған білімін іс  -  тәжрибеде қолдануға үйретеді, ақыл  - ой әрекетін ұйымдастырады. Проблемалық оқыту идеясы мектеп қабырғасында білім беру жүйесіне кеңінен еніп сенімді теориялық негізді құрайды. Проблемалық тәсілді қолдану оқушының талдау, жүйелеу, қорытындылап болжау іскерлігін дамытады.
Сабақ үстінде оқулықтың әдістемелік аппаратымен жұмыс істеуді де ұйымдастыруға болады. (6)   Ол үшін алдымен оқушыларға оқулық мәтінінің белгілі бір бөлігі өз бетімен оқуға тапсырылады. Сонымен бірге оқушыларға оқулықтың әдістемелік ақпаратын еске сақтау ұсынылады (сұрақтар, жаттығулар, есептер, сызбанұсқалар, кестелер т.б). Бір мезетте оқушыларды параграфта баяндалған мәтін бойынша жоспар құрып, сұрақтар таңдауға, схема жасауға, жауаптарын тірек схемасы түрінде белгілеуге тапсырма беріледі.
Мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып оқушылар бойында өзбетімен білім алу икемділігі мен дағдысын дамыту есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыс кезінде проблемалық жағдаят туғызу яғни зерттеушілік сипаттағы, тәжрибе жүзінде маңызды ізденгіштік әрекетті оқытушымен бірге атқаруға жағдай туғызу. Ол оқушы әрекетіне әлеуметтік түрткі туғызып, үлкен бастама береді, дербестікке ұмтылдырады. Кез келген жұмысты аяғына дейін жеткізу  -  сыныптан тыс жұмысты, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың негізгі құралы. Сонымен қатар оқушы химиядан өзіне қажетті білім негізін қалап, тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылармен оқулық мәтінімен жұмыс істеуді қалыптастыру қажеттігі Порус Б. н. Мен Сараева В.Г. жұмыстарында берілген.  (7) Оқулық мәтінімен жұмыс алдымен оның мазмұнын түсіну процесінен басталады. Мәтінде ақпараттық мәні бар элементтерді <<мәндік пункттерді>> белгілеу және оларды бір тұтас етіп біріктіру. Осы жұмыс нәтижесінде оқушы санасына түскен ақпараттар көріністер бейнесіне айналады. Ал оны қайта жаңғыртқанда бұл бейнелер жаңа мәтінге айналып, бастапқы мәтіннен өзінің қалпы мен құрылымы жағынан бөлек болғанымен негізгі мәлімет мәні сақталады.
Оқулық мәтіні алты типке бөлінеді: баяндаушы, сипаттаушы  -  суретті, математикалық әрекетті түсіндіруші, алгоритм мәтіні, нұсқау, аралас мәтін. Баяндаушы мәтін төмендегідей сипатты өздік жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
* Оқулық мәтінін мәнді бөліктерге бөліп, әрбір мәтінді атау.
* Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
* Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.
* Баяндаушы материал жоспарын құру.
* Мәтін бойынша тірек-схемасын құру.
Бір мақсатқа бағытталған өздік жұмыс оқушының оқулықпен жұмыс істеу іскерлігін дамытып, оның танымдық қызығушылығын, ойлау еркіндігін дамытады, оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, тірек конспектілері мен тірек схемаларын құру негізін қалыптастырады.

Дәріс №5 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :
* Байқаудың өзіндік  таным  әрекетіндегі  ролі  қандай?
*  Оқу  эксперименттері арқылы өздік  жұмыстардың маңызы  неде?
*  Есеп шығару арқылы   оқушылардың   ізденісін дамытудың  мүмкіндігі  қандай? 
* Оқулықтармен  жұмыстың білім білік дағдыларын  қалыптастырудағы мәні  неде?



6-ДӘРІС .ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА  ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ   ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
1. Конспекті жасау
2.Реферат
3. Аннотация
4.Баяндама
5.Интернет жүйесімен жұмыс 



1. Конспекті жасау

8 сыныптан бастап мұғалім оқушыларды конспект жазуға үйрете бастауы керек. Біз оқушыларға дәріс сабақты конспектілеудің алты ережесін ұсынамыз: 
1.Әдеттегі материалдың қажетті жерін жазып отыру.
2. Басы артық материалды сызып тастау.
3.Бір-бірімен байланысты идеяларды бір негізге топтастыру мен алмастыру.
4. Бір-бірмен байланысты идеяларды ең маңыздысымен алмастыру.
5. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді көшіріп ал.
6. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді өзің құрастырып жаз.
Оқушылар конспект жасауды қалай жүргізуі керек деген педагогикалық сауал ұлттық мектеп мұғалімдерін қатты алаңдататыны белгілі.  Оқушыларға конспект жазуға үйретудің  оқу процесінде білім, машық, дағды қалыптастырудағы негізгі төрт сатысы бар:
* басты және қосымша ақпараттың арасындағы айырмашылықты білу;
* сөздерді қысқарту;
* мәтінді өз сөзімен жазып шығу;
* жоспар құру.
Оқушылар ғылыми мәтінді оқыған кезде ондағы төмендегідей құрылымдарды аңғаруы тиіс:
1) жинақтау идеялардың түсіндірілуі немесе дамуды анықтайтын негізгі идеяны іздеу;
2) санамалау ретімен кезектесіп келетін фактілерді іздеу;
3) кезектестік  -  әлдебір процестің жағдайлары мен кезеңдерінің байланыстық қатарын іздеу;
4) классификациялау  -  категория бойынша топтасқан материалды іздестіру;  
5) салыстыру мен қарама-қарсы қою  -  екі немесе одан да көп заттар арасындағы байланысты іздеу. Міне, осы арқылы мектеп оқушыларын өз қабілеттерін визуалды таныта алуға  қалыптастырамыз. Ұстаз осындай білім беру амалдары негізінде өз шәкірттерінің жаңа мүмкіндіктерін барынша  аша алады. 

2.Реферат
Реферат  -  СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да  қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.
1.Рефераттың көлемі (бастауыш, 3-5 бет) жалғастырушы деңгей бойынша талап етілетін көлем 5-8 беттен аспауы тиіс.2.Жұмыс барысында құрған жоспары бойынша студент өз ойын сілтемелер арқылы бере отырып, жүйелі түрде жазып шығуы қажет.3.Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек.4.1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек.5.Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. Пайдаланылған материалдар 3 дереккөзінен кем болмауы қажет.Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.

3.Аннотация 
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo  -  ескерту, аңдату)  -  кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, [1]автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

4.Баяндама
Баяндама -  нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама. Жан-жақты ақпаратқа және ғыл. талдауларға, тәжірибе қорытындыларына негізделеді.
	
* Интернет  жүйесімен  жұмыс

Жаңа  ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемалардың ең басты орын алады. Қазіргі замандағы ақпараттық  технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық  қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік  жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.	Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі. Оқушыларға қазіргі ақпараттық технологияларды  қолданып сабақ өткізудің тиімділігін және өзектілігін қарастырсақ онда бiрiншiден, ол оқушыларды қазiргi типтегi  программалық жабдықтармен, жасанды ақыл-ой жүйесiмен зор көлемдегi соның iшiнде тұрақты және ауыспалы аудиовизуалдық ақпаратпен жұмыс iстейтiн мультимедиа құрылғысының жабдықтарымен жұмыс істейді, екiншiден, арнайы құралдармен қамтамасыз етедi; үшiншiден, ақпараттық қарым-қатынастарды телефондық, телевизиялық және спутниктiк байланыс құрылғылары мен компьютерлiк желiлер деңгейiнде жетiлдiру барысында  телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланылады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен  қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады.
Желілік технология  -  білім алушы, оқытушылар әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу  -  әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде коммуникациялық желіні қолдануға негізделген.
Оқытудың желілік технологиясына жатады:
* Интернет желісін пайдалану
* Электрондық поштаны пайдалану
* Телекоммуникация құрылғыларын пайдалану
* Мультимедиямен жабдықталған интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс
Материалды компьютердің көмегімен оқу  -  оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады; Мәселен, романды оқуға екі немесе үш  сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.
Материалды компьютер қоры негізінде оқу  -  алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
Компьютер қорымен оқыту  -  білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; "Windows  жүйесінде мәліметтер алмастыру" 11 сынып осы технологияның ой шақыру, ой қозғау түртіп алу, топтау, жұптау, мағынаны тану стратегияларын қолдау тиімді. Paint  -  та салған суретті Word  -  та да салу керек болғандай жағдай туғызу керек. Сонда оқушы жаңа сабақ мағынасын өзі ашып береді. Мысал үшін, Paint  -  та салған суретті пайдалануға бола ма, яғни Word  -  қа әкелуге болмас  -  па екен деген сияқты сұрақтар қойып, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысу мүмкіндігін қарастырып пікірлеседіКомпьютердің көмегімен бағалау  -  өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз; Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады.
Дәріс №6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :
* Конспекті жасаудың талаптары  қандай?
* Рефератқа  қандай талаптар  қойылады?
* Аннотация қандай мақсатта жасалады?
* Баяндама дайындауда  оқушының  іс-әрекеті қалай  жүзеге  асырылады?
* Интернет жүйесі мен  оқушының   өздік  жұмыстағы 



7-ДӘРІС ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДАҒЫ  САРАЛАНҒАН  ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ   ЖҮЙЕСІ 
* Үлгі  бойынша  өздік  жұмыстың  тапсырмалары
* Реконструктивті-өздік  жұмыстардың  тапсырмалары
* Эвристикалық өздік  жұмыстардың  тапсырмалары
* Шығармашылық (зерттеушілік) өздік  жұмыстардың  тапсырмалары  


Оқу үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмысының қойылған мақсатқа байланысты танымдық іс-әрекетті жетілдіруде және оны ұйымдастыруда маңызы зор. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың оқу материалына қызығушылығы, жаңа әдет дағдылары, өзіндік шығармашылық белсенділіктері қалыптасады.
Педагогикалық ғылым практикасында оқушылардың танымдық әрекетінің негізінен үш деңгейі және оған сәйкес өзіндік жұмыстардың: 1) репродуктивті; 2) жеке ізденіс (эвристикалық); 3) зерттеу сияқты үш типі белгілі.
Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияныі негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке әзденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.
Репродуктивті тапсырмаларды орындау оқушының жадында білімнің ұзақ сақталуына, өтілген материалды жан-жақты ойластырып бекітуіне мүмкіндік береді.
Тапсырмалардың төмендегідей оқу әрекеті тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп таңдап құрастырылғаны жөн болады, олар: дайын үлгі бойынша тапсырманы орындау; үсынылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру; дайын нұсқау бойынша экспериментті орындау; оқулық мәтіні бойынша кесте құрастыру; кестені оқу; зат қасиетін, құбылыстарды және прибордың құрылысын сипаттау; оқулықтағы белгілі бір тақырыпты, кинофильм, видиофильм, диафильмнің мәтінін, мұғалімнің баяндағанын қайталап айтып беру; ұсынылған сурет бойынша прибор құрастыру; химиялық сөздік құрастыру; прибордың, зат құрылысының бөлшектерін бейнелеп салу; модельдер жасау және тағы басқа түрлі тапсырмалар. Тапсырмалардың мәтінін мұғалім өзі құрастыруына немесе сәйкес құралдан дайын күйде алуына болады.



Дәріс №7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары :
* Үлгі  бойынша  өздік  жұмыстың  тапсырмаларына мысал  келтір?
* Реконструктивті-өздік  жұмыстардың  тапсырмаларының  ерекшелігі  неде?
* Эвристикалық өздік  жұмыстардың  тапсырмаларының ерекшелігі?
* Шығармашылық (зерттеушілік) өздік  жұмыстардың  тапсырмаларының  сипатын көрсет?  






















2 МИКРОМОДУЛЬ <<МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ПРАКТИКАСЫ>>


8- ДӘРІС.  ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ   ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
*  Дәрістерді өткізу
* Оқушылардың  оқу  эксперименттерін   өткізу  әдістемесі
Дәріс (лекция) бұрын жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беретін дәстүрлі және жетекші білім беру формасы болса, енді ол ұлттық жаңартпашылық мектептердің де педагогикалық өмір салтына еніп отыр. Оқытудың бұл формасы көне Грекиядан бастау алып, ежелгі Римде және орта ғасырдағы Еуропада кең қанат жайып өркендеді. Дәріс латын тілінде жүргізілді. Орта ғасырдағы Еуропа университеттерінде таңертең әдеттегі дәріс оқылса, кешкісін шағын қайталама дәріс оқылды. Дәрістен кейін студенттер онда оқылған материалды бірлесе талқылап  отырды. Сонымен, мектептегі дәріс дегеніміз  -   жүйелі және бірізділікпен түзілген белгілі бір оқу пәніне қатысты ғылыми проблеманың айқын баяндалуы болып табылады. 
Дәстүрлі дәрісте мұғалім жетекші рөлге ие болады. Ал қазіргі ұлттық жаңарпашылық мектептегі оқушының дәріс үстіндегі енжарлығын болдырмау үшін дәрістің жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтсақ, проблемалық, визуалды, алдын ала ойластырылған қателіктерге құрылған, пресс-конфернеция, екеуара, дискуссия дәріс және т.б болып табылады.  

Дәріс түрлері 
                        

                                  кіріспе, қорытынды, бекіту
* проблемалық дәріс
* кеңес беруші дәріс
* пресс-конференция дәріс
* екеуара дәріс
* сұхбат дәріс
* алдын ала ойластырылған қателікке құрылған дәріс 
* зерттеушілік дәріс 
* нақты жағдайды талқылауға арналған дәріс
* техникалық кері байланыс қолданылатын дәріс
* визуалды дәріс 
Жаңартпашылық мектептің мұғалімі сыныптағы оқушыларға сабақ түсіндіруде 15-20 минуттан тұратын аталған дәріс түрлерінің біріне жүгінеді. Осы арқылы ол біріншіден   -  білім беріп, екіншіден  -  оның нәтижесін тексере алады. Бұл үшін ұстазға сыныптағы бала санының әдеттегі мектептен аздығы мүмкіндік береді. 
Дәрістерді бағалау критерилері  -  ғылымилық,қолайлық, мазмұн мен форма бірлігі, эмоциялық баяндалу, басқа пәндермен, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен табиғи байланыстың болуы. 
Дәріс өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:  
1.Түсіндірілетін сауалдардың айқын құрылымға ие болып, бірізділікпен ашылуы; 
2. Теориялық жағынан айқын маңызды проблеманы көтеру; 
3. Алдыңғы өтілген сабақтың материалымен байланыстылық; 
4. Сенімді мысалдар, фактілердің келтірілуі; 
5.Оқушылардың қызығушылығын туғызып, дербес жұмыс істеуге бағдар беру;
6.Оқу материалының бала ұғымына сай әдістемелік өңделгенін таныту;
7. Оқу материалы балаларға ұсынылған -дыбыс, -бейне, жазбалармен, үлгі, көрнекілікпен үйлесуі шарт;  
8. Балаға түсіндірілетін терминдер мен ұғым-түсініктердің үлестірме материал ретінде алдын ала таратылып беруі түрінде болып келеді.
Мектептегі дәрістегі ең бастысы  -  ой мен жүйелілік,  түсіндірілетін сауалдың  қызықты тұсын көрсете білу, қысқа да, нақ, тез есте сақталатын түйіндеме жасау, оқушылардың өрелік деңгейінің артуына, бала назар аударуының мұғалім ойымен ілесіп отыруына қол жеткізу болып табылады. 

Ұлттық мектеп дәрісінің құрылымы негізінен төмендегідей бөліктерден тұрады:
1.Кіріспе  -  өтілетін тақырып, оның жоспары, үйден оқып, қосымша ақпарат алатын әдебиеттер анықталады. 
2. Негізгі бөлім (10-20 минуттық баяндау)  -  сабақ тақырыбының ғылыми мазмұны мен негізгі мәселелері түсіндіріліп, дәлелдеулер жүйесі келтіріледі. 
3.Қорытынды: 
* мұғалім сабақ тақырыбын қайыра бір еске салады;
* оқу материалының негізгі түйінін ұғындырады;
* қойылған сауал тұжырымдалады; 
* мұғалім шағын қортындылау жасап, қойылған сауалдарға жауап береді.


Мектепте оқылатын дәрісті даярлау құрылымы төмендегідей:

Мақсат 
            Міндеттер 
Мазмұн 
Әдістер 
Амалдар 
Формалар 
Тапсырма 

                                13-сурет.
                                        
Мектепке арналған дәріс сабақты жоспарлау құрылымының үлгісі жалпы түрде мынадай болып келеді: 

Тақырып:
Мақсат:
Дәрістің дидактикалық, ғылыми, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері:
-оқушыларға заманалық, тұтас, өзара байланысқан білім деңгейін нақты тақырыпқа байланысты бере білу;
-танымдық, зерттеушілік ғылыми дағды мен машықты қалыптастыру; 
-дәріс үстінде оқушының мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын қамтамасыз ету; 
-оқушыларды оқытылатын пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
-оқушылардың математика пәні бойынша өз бетімен дербес шығармашылық ойлауын дамыту;
Түйінді сөз: мысалы, жиын, функция, теңдеу, логарифм, т.с.с.
Жоспар: 
Дәріс міндеті:
 1.
 2.
т.с.с.
Әдебиеттер: 
Білім беру әдістері - баяндау, әңгімелесу, жаттығу (есеп шығару)
Білім беру формалары - проблемалық дәріс, шағын топпен, дербес, топтық жұмыс.
Білім беру құралдары  -  оқулық, слайд және т.б. 
Материалдық қамтамасыз ету  -  әдебиеттер көрмесі, үлестірме материалдар және т.б. 
Тексеру тәсілі - мини-тест, бақылау жұмысы, ауызша сұрау, т.б.
Дәрісте қойылатын сауалды уақыттық жағынан жоспарлау:
І. Кіріспе бөлім  -  2 мин. 
ІІ. Негізгі бөлім  -  10-15 мин.
ІІІ. Қорытынды бөлім  -  3 мин. Мұғалім бір сыныпқа бөлінген өзінің 45 минут уақыттын осылайша тиімді пайдалана алады. Қазіргі педагогикада дәрістің 4 фазасының өтуі былайша уақытпен беріледі: 
  + Қабылдаудың басталуы  -  4-5 минут; 
  + Қабылдаудың белсенділігі 24-30 минут;
  + Тырысу фазасы  -  10-15 минут;
  + Жалығу фазасы.
Мектептегі дәріс ауқымында 3 немесе одан көп  сауалдар алынып, балалардың тез жалығып кетпеуіне жағдай жасалынады. 
Мектеп мұғалімінің дәріске дайындалу кезеңдері мынандай: 
1. Мазмұндық мәтінді толық жазу;
2. Оның негізінде жұмыс конспектісін (тірек сөз, кестелі ой) жасау;
3. Психологиялық жақтан өзін бекемдеу.


9-ДӘРІС.    ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДА  ОҚЫТУ  ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.
* Оқушылардың  өздік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  техникалық  құралдардың орны
* Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану,олардың  дидактикалық  ролі

1.Оқушылардың  өздік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  техникалық  құралдардың орны
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пән мектеп мұғаліміне зор жауаптылықты талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне осы жағдайда технологиялардың көмегі зор.
Электрондық оқулық  оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, игерілген білім мен  біліктерді тестік бақылауға арналған  программалақ құрал.
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды откізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Мысалы, ерітіндінің рН мәнін анықтау және температураны өлшеу құрылғысы, еріген оттегі құрылғысы судағы оттегі концентрациясындағы нақты уақытты анықтауға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әртарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардын арнайы құрылғылары (тестировщик) қолданылады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компыотердің көмегіне суйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі.
Органикалық химия бөлімін оқытқан кезде компьютерлік анимация маңызды орынға ие. Оқушыларға органикалық заттардың құрылысын оқуда күрделі органикалыкзаттардың құрылымдық формулаларын құруға тапсырма беріледі. Олар радикалдар көмегімен заттардың формулаларының бөліктерін жинап, оларды құрастыруға жаттығады. Мысалы, алкандар номенклатурасын оқыған кезде, 2,2 диметилбутан формуласын құрады,
        СНз
         
СН3- С  -  СН2  -  СНз
          
        СН3
және органикалық заттардың кеңістіктердегі пішіндерін, яғни шар стерженьді модельдерін құрастырады. Бұл сабақтарда органикалық қосылыстардың әр түрлілігіне көз жеткізеді.
Бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты химия пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы компьютердің көмегімен ондай тәжірибелерден үзінділер көрсетіледі. Бір ғана мысал, 9-сыныпта "Азотоксидтер тақырыбын өткен кезде, азот(ІV) оксиді - N02 улы газ, оның зертханада алыну жолы тәжірибесі электронды оқулықтан көрсетіледі
Сu + 4НNО,(конц) = Сu(N03)2 + 2N02Т + Н20
Химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі.
Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман ағымына сай күнделікті сабақка видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.


* Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану,олардың  дидактикалық  ролі
Сабақтың мақсатына байланысты тірек схемалары әр түрлі жолмен қолданылуы мүмкін. Яғни,  жаңа сабақ түсіндіргенде жаңа материалды иллюстрация жасау үшін, немесе сабақты бекіту кезінде қолданылады. Сол сияқты белгілі бір тарауды аяқтаған соң қорытындылаушы ретінде қолдануға болады. (20)
Тірек схемаларын сандық есептер шығаруда да қолдануға болады. (21) Есеп шығару процесі ұзақ әрі көп еңбектенуді қажет етеді. Есептің шартын жазу,шығару жолын іздестіру, математикалық аппараты осы процеске енеді. Есепті шығару барысында орындалатын көп операциялар ойлау әрекетін дұрыс ұйымдастыруды керек етеді.Есеп шығаруда тірек схемасын қолдану оны шығаруды жеңілдетеді.
Тірек схемаларын қолдану тәжрибесінде оқыту тиімділігінің қалай артатынын (22) еңбек авторлары жұмысынан көруге болады. Оқыту тиімділігнін көрсеткіштері:
* оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, жаттыққандығы артады;
* оқу жұмысының нақты тәсілдерін бүкіл сынып оқушыларының меңгеруі және оны кез келген басқа пәнді игеруге көшіре алуы;
* оқушылардың білім алып оны қолдануда дербестігінің артуы;
* шығармашылық білімге деген оқушылар қызығушылығының артуы.
Тірек схемалары дегеніміз баяндауға арналған материалдың бейнелік жоспары, ол бір- бірімен байланысты негізгі сөздерден, шартты белгілерден,  суреттен немесе ойға тірек болатын басқа көзге ілінетін белгілерден тұрады (23). Қысқаша бейнелік түрде берілген ақпаратты кез келген оқушы мұғалімнен кейін оңай бүктеп, оңай жаза алады. Бұл операция ойлау әрекетін белсендіріп, өтілген материалдың ойда берік сақталуына мүмкіндік береді.
Тірек схемаларын құрудың негізгі кезеңдерін бөліп көрсетейік:
* Берілген тақырып бойынша оқу жоспарын талдау, оның мазмұнының негізін таңдау, оны бөлімдерге жіктеу. (ақпарат блоктарын бөліп көрсету);
* әрбір блоктағы тірек түсініктерін анықтау,оларды қысқа формада бейнелеу. Ол жалпыға белгілі немесе арнайы белгілер болуы мүмкін. Негізгі шарт: қысқа әрі нұсқа, көрнекі, мәтіндік ақпарат неғұрлым аз болғаны жөн. Жаңа терминдер толық жазылу керек.
* Кодталған түсініктерді блоктарға жинақтау, ірі блокқа геометриялық форма таңдау (блоктар бір-бірінен мөлшері мен формасы жағынан айырылады);
* Мазмұнына байланысты қағаз бетінде логикалық реттілікпен орналастыру (ара қашықтығы нақты әрі дәл);
* Тірек схемасының негізгі шешімі түрлі түсті болуында.
Тірек схемаларын,тірек конспектілерін қолдану оқытушыға байланысты ол оның формасы мен қалай беру керектігін таңдайды.(24) Бірінші рет сыныпта фронтальды жұмыс үшін қолданғанда үлкен, түрлі түсті, ашық плакаттар немесе тақтада салынған сурет, кодоскоп пленкасындағы сурет қолданылады. Тірек плакатымен бір  -  екі рет түсіндіргеннен кейін сынып оқушыларына таратпа материал түріндегі кішірейтілген тірек схемаларын таратып береді. Осындай таратпа материалды қолданып оқушылар оқытушының арнайы құрған жеке тапсырмаларын орындайды, Т.С. мазмұнын, немесе оның блоктарының мазмұнын қайта жаңғыртады, мысал келтіреді, есептеу жұмыстарын жүргізіп есептер құрайды. Т.С. бойынша жұмысты сабақтан тыс уақытта да жүргізуге болады (мысалы нашар үлгіретін оқушылармен).
Тақырыптарды біріктіру оқу уақытын үнемдеуге жағдай туғызады. Үнемделген оқу уақыты жаттығу жұмыстарын жүргізуге, қиын реакция теңдеулерін теңестіруге, сандық есептер шығаруға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға және бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуге қолданылады.
* Оқу материалы екі қайтара түсіндіріледі:
А) біріші рет көрнекіліктер мен ТОҚ-ны қолдану арқылы;
Б) екінші рет қысқаша ТК бойынша. ЕСКЕРТУ. Т.К. барлық оқушылардың  білім негізін игеруіне мүмкіндік береді. Оқушылармен жүргізілген  сауалнамадан біз үй тапсырмаларының бұрынғыдай аумақты болып көрінбейтіндігін білдік. Себебі олар сабақ үстінде тер төге еңбектенген соң сабақ материалын жақсы меңгерген. Оқушылар үй тапсырмасын тексеру кезінде белсенді жұмыс істейді. Енді оқушылардың үй тапсырмасын орындауына 20-25 минут, ал сабақта толық жауап беруіне 5-10 минут жеткілікті. Жауаптарының нәтижесі жаман емес. Т.С. оқу материалын жалпылап, бір жүйеге келтіруге, олардың оқу әрекетін тиімді ұйымдастыруға мұмкіндік береді.
Тірек схемаларына В.Ф.Шаталов көп көңіл аударды. Ол оқушылардың танымдық ізденімпаздығының кезең-кезеңмен, қатаң меңгерілуін іске асырды. (25). Жаңа материалды меңгеру оқытушы түсіндірген материалды тірек схемаларының көмегімен тыңдаудан басталады. Бұл жерде аса шеберлікпен ұйымдастырылған материалдың блоктық қабылдауы өтеді. Одан кейін оқытушыдан алынған тірек схемасының жазбаша қайта жаңғыруы өтеді. Содан кейн тірек схемаларымен белсенді түрде оқу материалы көлемінде жұмыс жүргізіледі. Мөлшермен 15-20 сабақ өткен соң оқушылар тірек схемасын құруға шығармашылық жұмыс жүргізіледі.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда ол мәтінді мәндік өңдеу кезінде оқушылардың тірек схемаларын қолдануы оқу әрекетін ұйымдастыру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Шаталовтың бақылауы бойынша оқушылар жаңа мәтінмен жұмыс істегенде де осы тәсілді кең қолданады.
В.Ф. Шаталовтың ең бір жетістіктері болып оқыту кезінде жайлы психолгиялық климатты туғызуы есептеледі. Сонымен бірге оқушыларды білім алуға деген, оқуға деген мотивация қалыптасады. Осының бәрінің туындауы оқытушы мен оқушының өзара қарым қатынасына тәуелді.
Сабақ үстінде тірек схемаларын қолдану оқушылар бойында өз күшіне деген сенімділіктің пайда болуына жағдай жасайды. Себебі енді олар қиын деген жұмыстың өзін қиналмай орындайтын болады. Дәстүрлі оқытуда кездесетін сыбырлау, көшіру сияқты көлеңкелі жайлар бой көтермейді. В.Ф.Шаталов өз кітабында тірек схемаларын құрудың принциптерін қарастырады. (26) Тірек схемасы  бір  - бірінен түсі, контуры, формасы жағынан айқындалатын ақпараттар блогын құрайды.
Оқу материалының блоктық бірігуінің екі мақсаты бар. Біріншісі- тірек схемаларын оқушылардың есте сақтап, қайта жаңғыртуын жеңілдету. Екіншісі - әр оқушының жауап беру межесін анықтау.
Егер мектеп мұғалімі тақырыпты түсінікті тілмен түсіндіріп, тірек схемалары көмегімен бекітсе алған білім негізі оқушы есінде қайта жаңғыруы қалай өтеді? Оқушы сызулар мен жазуларды қысқаша қағаз бетіне түсіру арқылы оның аса күрделі емес екенін сезеді.
С.Д. Шевченко (27) өз зерттеулерінде В.Ф.Шаталовтың әдістемесін сынға алады. Оның ойынша тірек схемалары оқыту құралы ретінде әр түлі қатынасты тудырады:
* тірек схемалары оқушылардың тек жақсы бағаға оқуын мүмкін етеді;
* тірек схемалары репититор қызметін атқарады;
* тірек схемалары оқу материалының тек нақты бөлігін меңгеруге бағдарлайды;
* тірек схемалары нақты материалды шектеп, оқушылардың жаттап оқуына жағдай туғызады.
Тірек схемаларын оқу материалының логикалық схемасы деп атау дұрыс сияқты. Шындығында оның мәні атуында емес оның дидактикалық маңызында болып тұр. Кейде мұғалімдер тірек схемасын қолданған соң одан бірден үлкен нәтиже күтеді. Т.С. сабақ тақырыптарының тек ақпараттық бөлігін яғни тек негізгі ойларын қамтиды. Ал оқушылардың білім негізі жаңа материалды оқу барысында қаланады. Басқаша айтқанда оқытушының сабақты қалай түсіндіргеніне, оқулықтағы тақырыпты қаншалықты оқып меңгергенге байланысты болады. Яғни тірек схемасына қаншалықты ақпарат негізін ендірсең, соншалықты нәтижесін көресің.
Т.С. оқытушы үшін де оқушы үшін де белгілі бір деңгейде көмекші еске салушы құрал болып есептеледі. Тіпті бір-екі жыл өткен соң оқушыларға сабақта қолданған тірек схемаларын берсе, олар оны қолданып, өздері меңгерген тақырыпты қайтадан жаңғыртады. Дегенменмен тірек схемаларының өзіндік жеткіліксіз жақтары да бар. Көпшілік оқушылар тірек схемаларымен жұмыс істеуге иек артып оқулықпен жұмысты тоқтатады. Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін, үй тапсырмасының ішінде тек оқулықты қолданып орындайтын логикалық тапсырмалар беру керек.



Бақылау  сұрақтары :






10- ДӘРІС  САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫНДА ӨЗДІК  ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫН  ҚОЛДАНУ  ӘДІСТЕМЕСІ 
* Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы.
* Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану
* Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі  өздік жұмыстар
* Сабақтан  тыс  жұмыстарда  өздік  жұмыстарды  ұйымдастыру


1.Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы.

Оқушылардың жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы деп оқытушының арнайы белгіленген уақытта,  тікелей бақылауынсыз, бірақ басшылық жасауымен жаңа білім негізін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмысты айтамыз. Өздік жұмыс оқытушы тапсырмасы барысында іске асады. Ол жекеше, топтық немесе фронтальды болуы мүмкін. Оқушылардың жаңа сабақ өтудегі өздік жұмысымен танысу кезінде біз оқытушы мен оқушының ерекше әректімен істес боламыз. Оқытушы жұмыс мақсатын анықтап, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін ұйымдастырып, жаңа материалды игеру барысын, бақылау түрлерін белгілейді. Оқушылар тапсырма мазмұны мен мақсатын түйсініп, өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырып, тапсырманы шешу жолын жоспарлайды. Және оны іске асыру үшін оны орындаудың мақсатқа бағытталған жолын таңдап, нәтижесін болжап, өздік бақылауды іске асырудың жолын ойластырады. Көпшілік ұстаздар оқу жұмысының әр түрлі формаларын: дәріс, семинар сабақ, сарамандық сабақ, білім қорғау, білімді қоғамдық байқау, оқу  -  ғылыми конференциясы, жобаларды қорғау сияқты жүргізе отырып ондағы оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Мұндай жұмыс процесінде мұғалімдер әр түрлі тапсырмалар, оқушының таным қызығушылығына сай дидактикалық ойындар, дербестілік деңгейіне байланысты сабақты бекітуге жаттығулар қолданып, проблемалық жағдаят туғызуға ұмтылады. Осының бәрі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. (8) Мына авторлар Кеслер Б.Я. Курочкина Н.Г. оқушылардың жаңа тақырып өту кезіндегі өздік жұмысын былай қарастырады. Әрбір оқушыға арнайы нұсқаулар ұсынылады. Ол нұсқаулар негізінде оқушылар әр түлі әдіспен білім негізін алады: сыныпта немесе үйде кітаппен жұмыс, зертханалық жұмысты орындау кезінде, сарамандық жұмыс үстінде және т.б. Осындай нұсқаулар жүйесін қолдану даралап оқытуды қамтамасыз етіп, оқушылардың ойлау әрекетін, өздік, шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттырады. Әрбір оқушы өз күшіне орай жұмыс істеп өздерінің таным процесін реттеп, тиімді меңгере алады. (9) 
Оқушылардың дербестігінің қалыптасуында химиялық эксперимент үлкен рөл атқарады. (10) Дұрыс ұйымдастырылған химиялық эксперимент білімді қабылдау процесі қызықты етеді. Ол өз кезегінде мұндай білім негізінің беріктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген сабақтарда жаңа білімді алу үшін химиялық эксперимент жүргізіледі. Ол оқушыларды бақылай, салыстыра білуге, қорытынды шығара білуге үйретеді.
А.С.Максимов пен В.А. Хромашев өз мақалаларында химиялық реакция жылдамдығын оқыту тәжрибесімен бөліседі және химиялық экспериментті жүргізу әдістемесін ұсынады.
Ал Т.З.Савич оқулығында мектеп бағдарламасы көлемінде оқушылар бойында өздік жұмыс негізінде химиялық реакция туралы түсінікті қалай қалыптастыруға болатыны жайлы баяндалады.
М.В.Зуева мен Т.С.Ярославцева еңбектерінде <<Электролиттік диссоциация>> тақырыбын өткенде өздік жұмысты ұйымдастыру әдістемесі берілген.
Л.С.Понтак зерттеулерінде формула бойынша есеп шығаруға, формула құруға, алғашқы химиялық түсініктерді қалыптастыруға арналған өздік жұмыстар берілген.  (11) 
Жаңа білімді қабылдауда өздік жұмыстарды әр түрлі типті материалды игеру кезінде қолдануға болатынын іс-тәжрибе көрсетіп отыр. Өздік жұмыстар тек оңай тақырыптарды түсіндіру кезінде емес, қиын материалды өту кезінде де тиімді.

* Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану
Жүйелі түрде қайталау мен бекітусіз оқушылардың тиянақты әрі тұрақты білімін қалыптастыру мүмкін емес. М.Б.Усманова мен Қ.Н.Сақариянованың 8-11 сыныптарға арналған дидактикалық тапсырмалар жинағында өздік жұмыстар жаңа материалды оқу мен өткен материалды бекіту үшін қолайлы. (12) Сол сияқты Н.П.Гаврусейконың дидактикалық материалдарын да қолдануға болады. Соңғы әдістемелік нұсқауда тапсырмалар сараланып берілген.
Алдыңғы үш нұсқа дәстүрлі тапсырмалардан түрады. Оларды орындау реакция теңдеуін жазуға, қысқаша жауап беруге, тотығу тотықсыздану реакцияларының электрондық балансын құруға, есептеу есептерін шығаруға араналады.
Келесі үш нұсқада тапсырмалар дайын жауаптар жиынтығымен беріледі. Құрушыларға оны тест тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. Әр нұсқада келтірілген тапсырмалар әр түрлі қиындық деңгейінде беріледі.Өздік жұмысқа арналған тапсырманың санын оқытушы жұмыс жоспары мен сабақ формасына байланысты белгілейді. Өздік жұмыс тапсырмасын тексеру оқытушының қалауы бойынша фронтальды немесе таңдамалы түрде жүргізіледі.
Химиядан қорытынды сабақтар химиялық білімдер жүйесін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Авторлар (13) дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтық әртүрлі варианттарын ұсынады. Оқытушы кабинеттің жабдықталу деңгейіне байланысты, оқушылардың дайындық деңгейіне орай ұтымды вариантты таңдап алады. Қорытынды сабақты таңдауға шығармашылықпен келу оқушыларға артық ауырлықтың түспеуін мүмкін етеді. 
Қорытынды сабақтардың өзіне тән сипаты оны жүргізудің педагогикалық негізін құруды оқытушы алдына міндет етіп қояды. Олар төмендегідей болуы мүмкін:
* Әрбір сабақтың өзіне тән мақсаты мен міндетін айқындау. Барлық қорытынды сабақтарды тұтастай алып қарағандағы міндет пен мақсатты анықтай білу.
* Аталған материалға байланысты сабақ типі мен құрылымын анықтау.
* Сабақ мазмұнын айқындап, қайталауды жүргізу әдіс тәсілдерін белгілеу.
* Оқушылармен жұмыс формасын (ұжымдық,топтық,жекеше) анықтау.
* Химиялық эксперимент пен техникалық құралдарды, компьютерді қолдану.
* Үйге берілетін тапсырманың түрі мен көлемін анықтау.
* Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру формасын белгілеу.
Кейбір оқу құралдарында мысалы (14) оқушылардың өздік жұмыстарының әр түрлілігі сипатталып жазылған. Оқушылардың зерттеушілік қабілетінің дамуына көп көңіл аударылған. Тапсырмалар оқушыға саралы жолмен келу үшін әр түрлі нұсқамен берілген.
 Оқушының өздік жұмыс құрылымында үш түрлі  негізгі буын бөліп көрсетіледі.
* Оқушылардың танымдық міндетті анықтауы (оқу жағдаятының құрылымында мақсатты таңдап, міндетті көре білу);
* Міндетті шешуге әкелетін әрекеттің айқын әдістерін таңдап анықтау (оны шешуге керекті әдіс, тәсілдерді таңдай білу икемділігі);
* Алға қойылған міндетті табылған әдістермен шешуге болатын болмайтынын бақылау операциясын орындау.
Оқушылардың білімін қысқа уақытта тексеру жолдары жоғарыда айтылған әдістемелік құралда берілген. Дәстүрлі әдістерден басқа графикалық, сандық диктанттар, тест тапсырмалары қолданылады.
Білімді бекітуде және білімді жетілдіруде өздік жұмысты қолдану қиындығы оқушылар үшін жаңашылдық элементінің  төмендеуімен түсіндіріледі. Сондықтан оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамытатын әдіс, тәсілдерді тиянақты түрде ойластырған жөн. Осыған орай оқушылармен сараланған тапсырмалармен өздік жұмысты өткізу әдістемесіне сүйену керек.
Өздік жұмысты сараланған түрде өткізу дегеніміз оқытушы әрбір оқушыға белгілі тапсырмалар жиынын орындауды ұсынады. Ол тапсырмаларды оқушы міндетті түрде орындауы керек.



* Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі  өздік жұмыстар
                                       
Эксперименттік практикумдарды өткізу жоғарғы сынып оқушыларының өздік жұмыстарының бірі екендігі (15) жұмыста қарастырылады. Эксперименттік практикумдар үлкен бір бөлімді оқып болған соң жүргізіледі де қайталаушы-қорытындылаушы сипатты болады.
Химиядан қорытындылаушы эксперименттік практикум келесідей жұмыстар түрінде берілуі мүмкін.
* Газдарды алу, жинау, қасиетін тексеру;
* Заттарды алу және шығымын есептеу;
* Қатты заттардың және олардың ерітінділерінің  берілген реактивтерді қолдануға арналған немесе реактивсіз сапалық анализі;
* Заттар қоспасының құрамын және химиялық қосылыстың тазалығын химиялық жолмен сандық анықтау.
Эксперименттік есептердің әдістемесі (16) жұмыста талқыланған. Эксперименттік есептерді оқушылардың өз бетімен орындау қабілетінің көрінуіне орай екі типке бөлуге болады: біріншісі- қайта жаңғыртуға, екіншісі  -  өнімді есептер.
Қайта жаңғыртуға арналған есептер белгілі бір білімді, практикалық іс - әрекетті және алдында орындалған тәжрибені қайталауға арналады.
Мысалы:
* Күкірт қышқылының қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап көрсетіңдер;
* Қосымша реактивті қолданбай натрий карбонаты ерітіндісін анықтаңдар;
* Тек бір  реактивті қолданып қай пробиркада ас тұзы ерітіндісі қай пробиркада натрий гидроксиді барын анықтаңдар.
Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік жолдары төмендегідей:
* әр түрлі сарамандаық әрекеттерді оқытушының демонстрациялап көрсетуі;
* оқушылардың химиялық экспериментті жасауға жаттыққандығын көрсететін тәжрибелерді орындау;
* заттарды алуға және олардың химиялық қасиетін зерттеуге арналған сарамандық жұмыстарды іске асыру.
Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы келесідей кезеңдерден тұрады:
* есеп шартын ой елегінен өткізу;
* есепті теория жүзінде шығару;
* реактивтер мен құралдарды әзірлеу;
* есепті сарамандық жолмен шығару;
* есептің қорытындысын шығару.
<<Оттегі>> топшасы тақырыбын өткенде оқушыларға күкірт қышқылы мен оның тұздарын анықтауға берілген есептерді ұсынамыз. Сульфат ионды анықтауға арналған реактивтермен жұмыс істеуін қадағалаймыз.
9 сынып оқушыларымен орындалатын эксперименттік есептер жайлы мәліметтерді (17) мақаладан табуымызға болады. Авторлар сарамандық сабақтарды жүргізу әдістемесіне тоқталады.
Ал (18) жұмыста оқушылар бойында эксперименттік дағдылардың қалыптасу деңгейі және маңызы қарастырылады.
* оқушылар барлық қажетті операцияларды орындайды, бірақ олардың реттілігі бейберекет.
* Оқушылар барлық керекті операцияларды орындайды бірақ олардың реттілігі рациональды емес және барлық әрекет түрлері саналы емес.
*  Барлық операциялар рациональды, жақсы ойластырылып, рет-ретімен орындалады.
Авторлар оқушылардың заттардың қасиеті туралы ақпаратты қабылдауының екі түрі жайлы сөз қозғайды. Көбінесе оқушылар химия сабағында  тікелей сезім мүшелері арқылы қабылдайды, бұл қабылдаудың бірінші түрі.
Оқушылар заттармен химиялық процестермен екінші қабылдау әдісімен танысады, оны индикаторлық деп атаймыз. Мұнда да сезім мүшелері қолданылады бірақ олар тікелей емес қандай да бір көрсеткіш арқылы іске асырылады.
Енді бір зерттеушілердің ойынша (18) оқушылардың еңбекке әзірлігі эксперименттік сабақтарда іске асырылады. Химиядан зертханалық жұмыстар мен сарамандық сабақтар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады.
Химиядан эксперименттік сабақтарда оқушылар еңбектену дағдыларын қабылдап, іскерліктерін дамытады.
Эксперименттік есептерді шығару оқушылардың білімн бақылайтын бақылау жұмысы іспетті, себебі оқушылар оған алдын ала әзірленеді. (19)
Сарамандық сабақтар аз реактивпен өткізілуі керек, мысалы тамшылық әдіс, жартылай микро - әдіс.
Химия сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда таптырмас құрал деуге болады.

* Сабақтан  тыс  жұмыстарда  өздік  жұмыстарды  ұйымдастыру

Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, <<ойлан-тап>> ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығуын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын элективті курстар,: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу  -  мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғамнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезенде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар фвкультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы  -  күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс екемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы  -  оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.
Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден <<сабақтан тыс>>, <<мектептен тыс>>, <<сыныптан тыс>> деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады, т.б.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.
Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Факультативтік сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді: оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік сабақтар.
Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.
Топтық жұмыстардың негізгі түрі  -  факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.
Элективті курстар жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі  -  оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талаптілектерін ескеру. элективті курстар уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанааттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. 
60-70 жылдары факультативті курстардың пайда болуы білім саласын жаңарту қажеттілігінен туындады, мектептердің біркелекілік сипаттылығы мен тұрақты бағдарламалар жағдайында білім саласына өзгертулер енгізуден өзге жол болмады. Факультатив термині француздық facultative сөзі мен латындық  facultatis сөздерінен пайда болып, мүмкін, міндетті емес, қосымша таңдауға берілетін деп аударылады. Осыған орай, факультативті сабақтар оқушылардың ерікті таңдауы арқылы міндетті пәндермен қатар өткізіледі. 
Элективті курстар арқылы мектеп келесі төмендегі міндеттерді шешеді: оқушылардың белгілі бір пәнді неғұрлым тереңдете оқуға деген сұранысын қанағаттандыру; оқу-танымдық мүдделерді дамыту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; элективті курстардың негізгі педагогикалық мәні осы болып табылады. Элективті курстарға сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылады. Мұндай сабақтарда теория мен практика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Элективті курстардың дәрежесі мен мәнісі әдеттегі сабақтардан жоғары, себебі, ол оқушылардың еңбекке деген қабілеттігін арттырады, олардың тәжірибе мен алға қойылған міндеттерді шешу барысында тәжірибелік іскерлікпен қамтамасыз етеді.
Орта мектепте элективті курстар химияны оқытудағы сабақтың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған элективті курстар мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, элективті курстар оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа, т.б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Көптеген мектептерде элективті курстар жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Факультативтік сабақтар жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылуда.
Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын элективті курстардың әрбір мектепте болғаны жөн.
Ауылдық жердегі элективті курстар ауыл шаруашылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды үйымдастырады. Факультативтік сабақтар азотты, фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.
Химиялық элективті курстар жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын факультативтік сабақтардың болашағы бар
Элективті курстар мүшелері өздері тандап алған химия сыныптан тыс өздік сабақтарының мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған танымжорықтан алған әсерлері жайында элективті курстар отырыстарында және істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде баяндап отырады. Факультативтік сабақтардың бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.
Химия элективті курстардың мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Факультативтік сабақтар мүшелерінің жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.
Шығармашылықпен жұмыс істейтн көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында элективті курстардың санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. элективті курстардың өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Оларға мұғалім басшылық жасайды. 
Элективті курстың жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт сілтейді. Оқушыларға жоспар құруға жәрдемеседі. Онда мынадай мәселелер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.?
Әрбір элективті курстардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық элективті курстарға ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады. Химия сабақтары барысында бағдарламадан тыс ауқымды алатын оқушылардың қызғушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, сабақтар барысында химияның өмірмен тығыз байланыстылығын толық түрде қарасытыру мүмкін емес, ал бұл пәнді оқу барысында бірден-бір қажет нәрсе болып табылады. элективті курстар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін  айқындап кітаппен жұмыс істеуге және тәжірибе алуға үйретеді.
Оқушылардың жеке оқу пәндеріне деген қызығушылықтары олардың оқу материалын толық белсенді түрде игеріп және қызығушылықтар мен қабілеттердің тығыз байланысы негізінде пайда болады. Сол үшін, оқу процесіне элективті курстарды енгізу керек. 
Дәл осы элективті курстардың көмегімен химияға аса қызығушылық танытатын топты анықтап, олардың арнайы білімдерін одан әрі кеңейтуге, оларды химияның жеке әдіс-тәсілдерімен таныстыруға, химик кәсібін игеруде ерікті тағдауға ие болуларына көмектеседі. 
Элективті курстар бағдарламаларының вариативтілігіне ерекше назар аударып өту қажет.











11-ДӘРІС 8 СЫНЫП ХИМИЯ  КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН  ОҚЫП  - ҮЙРЕНУДЕГІ   ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ
* Алғашқы химиялық ұғымдар
* Д.И.Менделеевтің периодтық заңын және периодтық жүйесін,атом құрылысы
* Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
12- 9 СЫНЫП ХИМИЯ  КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН  ОҚЫП  - ҮЙРЕНУДЕГІ   ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ

13. 10 СЫНЫП ХИМИЯ  КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН  ОҚЫП  - ҮЙРЕНУДЕГІ   ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ


14. 11- СЫНЫП ХИМИЯ  КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН  ОҚЫП  - ҮЙРЕНУДЕГІ   ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ

15. ХИМИЯДАН БЕЙІНДІ  ЖӘНЕ БЕЙӘН АЛДЫ ОҚЫТУДА  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАР  ЖҮЙЕСІ 



                    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
                    Практикалық сабақ №1
 Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың  оқулықтармен  жұмыс дағдысын  игере білуі
Жоспары:
* 1,2-тапсырмалардың мазмұнымен таныстыру
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 1,2-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
{Сабақтын мақсаты, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, есептеулер мен есептер мысалдары}
... Тапсырма 1 Төмендегі сызба-  нұсқаға ат беріп, оның  мазмұнын мәтін түрінде  жаса.


Тапсырма2.8-11 сыныптың химия оқулығы  бойынша  кез келген  бір  параграф мәтініне  жоспар құр және конспектісін жаса. Жоспарды  құрудың желісін түсіндір.Мұндай  тапсырмаларды  оқушыларға  не  мақсатта  беруге болатындығын түсіндірме  бер.
№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
 Тапсырма 3.Сәйкестік  тест  тапсырмасын  орында 
Нұсқау Жауатарда     цифрға  сәйкес бір немесе бірнеше әріптер көрсетілу керек
1.Дидактикалық мақсатына  сай  өздік  жұмыстардың бағыттары
2. Өздік  жұмыстардың  әдістері
ә) Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау.
а) Берген үлгілер бойынша көшіру.
б) Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу.
в) Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару.
г) Білім мен біліктерді жетілдіру.
с) Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.
                             Жауабы: 1-     
                                              2-
    Тапсырма 4. Оқулықтан (Нұрахметов Н.Н және т.б. Химия оқулық. 8- сынып, Алматы, Мектеп -2005.) қорытынды сызбанұсқаның, немесе кестенің  бір мысалын қарастырып, түсіндірме мәтін құрастыр.

                    Практикалық сабақ №2
 Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың  оқулықтармен  жұмыс дағдысын  игере білуі
Жоспары:
* 5,6-тапсырмалардың мазмұнымен таныстыру
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 5,6-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
 Тапсырма 5. Топтық жұмыс  түрінде  оқушылардың  іс-әрекетін ұйымдастыруда  мұғалімнің тарапынан жасалынатын  жұмыстарының    сипатын  бер.
   Тапсырма 6. Жартылай іздену сипатындағы  есеп  -  жаттығулар мысалын  қарастыр,түсіндірме бер( Мұғалімдерге  арналған көмекші дидактикалық  материалдарды пайдалан.)
№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 7  <<Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту>>-деген сөздің  мағынасын нақтылы химияны  оқыту  үрдісіндегі  мысалдармен  байланыстырып, ашып  көрсет .
Тапсырма 8  Төменде  көрсетілген оқушының өзіндік жұмыстарының әдістерінен қайсысы жаңа материалды игеруде қолданылады? Пікіріңді дәйекте.
* Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу. 
* Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу. 
* Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу. 
* Химиялық тәжірибелер жасау. 
* Химиялық диктант жазу. 
* Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. 
* Графиктік жұмыс.

                    Практикалық сабақ №3.
Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың  оқулықтармен  жұмыс дағдысын  игере білуі
Жоспары:
* 9,10-тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 9,10-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
 Тапсырма 9 8-11 сыныптың химия оқулығы (бір оқулықтан) бойынша суретті  қолдану арқылы  түсіндірілетін  мәтінді  таңдап  алып, суретті     қолдана отырып,  оқушыға қойылатын   сұрақтарды  құрастыр. 
	Тапсырма 10  Жеке жұмыс  түрінде  оқушылардың  іс-әрекетін ұйымдастыруда  мұғалімнің тарапынан жасалынатын  жұмыстарының    сипатын  бер.
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
 Тапсырма 11  Оқушыға жаңадан  терминдерді, ұғымдарды еске  сақтау  үшін қандай  жадынама (рекомендация)  ұсынуға  болады?
 Тапсырма 12  Мәтінді иллюстрация, жаңа мысалдар, суреттер, түсініктемелер арқылы анықтап алуда мұғалім  тарапынан оқушыларға  қандай талаптар қоюға  болады?

                    Практикалық сабақ №4
Сабақтың тақырыбы : Оқушыларда   химиялық  білімдерді  қорытындылау  және  жүйелей алу  дағдыларын  қалыптастыру 
Жоспары: 
* 13,14-тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 13,14-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
...
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
	Тапсырма 13  <<Көмірсутектер >> тарауы  бойынша  қорытындылауға оқушыларға  ұсынатын  кесте  құрастыр.
	   Тапсырма 14  Зертханалық жұмыстардың  нәтижесін  өңдеп,қорытындылау үшін  оқушыларға  мұғалім  тарапынан жасалатын іс-әрекетіне сипаттама бер. Нақтылы  бір  зертханалық  сабақтың  мысалында  көрсет.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
 Тапсырма 15  Көрсетілген     сызба  нұсқамен  жұмыс жасау  мақсатында  оқушыларға  қандай  бақылау  сұрақтарын құрастыруға  болады? Мұндай  сызба  нұсқа  қандай  мақсатта  құрастырылады?
                 Алкендерді алу әдістері:
                           Өнеркәсіптік
                         Лабораториялық 
                 Алкандарды крекингілеу.
                    Алкандарды дегидрлеу
              Спирттерді дегидратациялау
       Дигалоген алкандарды дегалогендеу.
                             Алкандарды
                      дегидрогалогендеу

	







                    Практикалық сабақ №5
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларда   химиялық  білімдерді  қорытындылау  және  жүйелей алу  дағдыларын  қалыптастыру 
 Жоспары:
* 16,17-тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 16,17-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
 Тапсырма 16  . Төменде  сабақтың  фрагментінен мысал  келтірілген. Сабақ  барысын оқушылардың өздік  жұмысының  үйымдастыру  әрекеті,  өзіндік  әрекет  тұрғысынан,дербестік дәрежесі  бойынша, оқу дербестілігі сипаты, түрі, міндеті  тұрғысынан  сипатта.
Электрондық оқулықпен жұмыс. Қанықпаған көмірсутектердің  химиялық қасиеттерін , лабораториялық алыну жолдарын көрсететін реакцияларды мұқият қарап, <<Мұғалім-оқушы>> ойынын ойнайды.
Ойын шарты :Партада отырған екіоқушының біреуі <<мұғалім>>,екіншісі <<оқушы>> рөлінде болады. Электронды оқулықпен жұмыс барысында <<мұғалім>> <<оқушыға>> қоятын сұрақтарын әзірлейді. Екінші <<оқушы>> рөліндегі оқушы  тәжірибенің жүру барысына назар аударады.
Өйткені ол <<мұғалім>> сұрақтарына жауап береді .
Нұсқау:
Қанықпаған көмірсутектерді лабораторияда қандай тәжірибелердің көмегімен алуға болды ?
Қанықпаған көмірсутектердің жануын бақылаңдар .Тиісті реакция теңдеулерін жазып ,реакцияның жүру жағдайына көңіл бөліңдер .
Этиленді сынауықтардағы калий перманганаты ерітіндісі және бром суы арқылы өткізгенде не байқалды ? 
Бұл реакциялардың маңызы неде?Ацетиленнің карбидтік әдіспен  алу жолын  және калий перманганаты ерітіндісі және бром суы ерітінділерімен әректтесуін және жануын бақылаңдар .Бұл реакциялардың маңызы неде деп ойлайсыңдар?
Диен көмірсутектерінің  қанықпаған көмірсутек екенін  қалай анықтауға болады? 
Каучук пен резинаның айырмашылығы неде?>>
Тапсырма 17  Төменде  жаңа  сабақтың  фрагменті көрсетілген.Тақырыпты жүйелеу  үшін  қандай  сызба  нұсқа  қолданар  едің?
<<Жаңа сабақ: (баяндау)
Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, атап айтқанда атом радиусының үлкендеу, валенттік электрондарының аздау болатынына тәуелді. Реакция кезінде металл атомдары өздерінің валенттік электрондарын оңай береді, сөйтіп оң зарядты катиондарға айналып тотығады:
                             Ме 0  -  nе- = Me+
               Металдар химиялық реакцяларға тотықсыздандырғыш ретінде қатысады. Металдар қосып алу және орын басу реакцияларына кіріседі. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті электрохимиялық кернеу қатарына орналасуына тәуелді. Олардың белсенділігі солдан оңға қарай әлсірейді.>>

№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
                                       
                                       
                    Практикалық сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: Оқушыларда   химиялық  білімдерді  қорытындылау  және  жүйелей алу  дағдыларын  қалыптастыру 
 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма18  Төменде  оқушыларға берілетін   тапсырма  түрі  өздік жұмыс тапсырмаларының қандай түріне жатқызылады? Жауабыңды  дәйекте
Кестеде   қанша зат берілген? Заттарды ата.
1.СН 2 =  СН  -  СН  =  СН2                         

2.СН 2 =  СН  -  СН2  -  СН3                     
2.СН 2 =  СН  -  СН2  -  СН3                     
СН 2 =  СH -  СН  =  СН2

3.НС  ≡С  -  СН2  -  СН3


4.СН 3  -  С = СН2
               І
              СН3                  
5.СН 3  -  С - СН3
             //
           СН2        
6.СН 3  -  СН2 - СН
                       //
                    СН2                  

7.СН 3  - С
          ///
         С  -  СН3
8. СН 3  -  С  -  СН2-  СН3
               //
              СН2                  
9.СН 2 =  СH -  СН  =  СН2

10.СН 2 =  СН  -  СН2  -  СН3

11.НС  ≡С  -  СН2  -  СН3
12.   СН 3  -  СН2  -  СН3


Тапсырма19 <<Оқушыларда   химиялық  білімдерді  қорытындылау  және  жүйелей алу  дағдыларын  қалыптастыру>> тақырыбында   тезис жаса

№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Төменде  көрсетілген  тасырмалардың қайсысы оқушыларда   химиялық  білімдерді  қорытындылау  және  жүйелей алу  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған деп  есептейсің,жауабыңды  түсіндір
А)

Қышқылдардың  табиғатта  түзілуі реакция  теңдеулерін  жазыңдар.

Б)
Заттардың  формуласы  мен химиялық байланыстың арасындағы  сәйкестікті  көрсетіңдер
Заттардың формуласы               Химиялық  байл. типі                    
А) I2                                            1) КПБ
Б) ZnSO4                                2) КПСБ
В) К2S                                           3) ИБ, КПБ
Г) Н2О                                         4) ИБ
                                                         5) ИБ
                                                        6) КПСБ, КПБ
В)
№3 есеп 
Нөмірленген үш пробиркада мынадай қатты заттар берілген: кальций карбонаты, калий карбонаты, калий хлориді. Қандай сынауықта, қандай зат құйылғанын анықтаңдар.


С)


                    Практикалық сабақ №7
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ   БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
                                       
Тапсырма 20. Төменде көрсетілген тапсырмалардан репродуктивті (Үлгі  бойынша)  өздік  жұмыстың  тапсырмаларын іріктеп,себебін түсіндір

* Д.И.Менделеев жасаған  химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бір элементті:Ве атомдық массасы 9, Са атомдық массасы 40 , Na атомдық масссасы 23 және АІ атомдық массасы 27 қоршап тұрады .Осы элементтің жуықтап алынған  салыстырмалыы атомдық массасын есептеп шығарыңдар. 
* Мына тұздардың : а ) натрий сульфатын; ә) барий фосфатын; б) темір (ІІІ) хлоридін алудын үш әдісінің теңдеулерін құрастырыңдар.
* Ерітінділері берілген заттардың ішінен электролиттер мен бейэлектролиттерді бөліп  жазыңдар : тұз қышқылы,ас тұзы, спирт,ас содасы,қант,мыc  сым ,бензин,сақар ,құм,глюкоза.
*  Берілген заттардың ішінен электролиттерді теріп жазыңдар: 
СІ,СаSO4, NaCI,HCI,CO2,KI, Ag CI, Zn (OH)2 ,MgCO3,H2SO4,ZnSO4,
 Mg (NO3)2,NO2
* 200г 20 % - тік натрий гидроксидінің ерітіндісі мен 200г10%- тік күкірт қышқылының ертіндісі  араластырылды.Алынған ерітіндіде күлгін лакмус қандай түске өзгереді?Қандай зат түзіледі және оның массасы, зат мөлшері қандай?
* Берілген айналымды іске асыруға болатын тиісті реакция  теңдеулерін жазыңдар ,өнімдердің аттарын атаңдар.
N2 --> NO -->NO2-  -->HNO3   -->Cu (NO3)2  --> N2 --> NO -->NO2-  -->HNO3   -->Ca(NO3)2

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
                                       
Тапсырма 21. 10-11- сыныпта  химияны оқып-үйрену үрдісінде репродуктивті (Үлгі  бойынша)  өздік  жұмыстың  тапсырмаларын іріктеп   және көрсет.


                    Практикалық сабақ №8
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ   БАЙЛАНЫСТЫ  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма 21. Төменде көрсетілген тапсырмалардан реконструктивті-
  өздік  жұмыстың  тапсырмаларын іріктеп,себебін түсіндір

* Сызбанұсқалар бойынша реакция теңдеулерін іске асырыңыздар.

РР2О5 Н3PO4 AI PO4 АІСІ3АІ(NO3)3AI2(SO4)3
* . Массасы 34,5 г бертоле тұзы фосфрордың қанша зат мөлшерімен әрекетесе алады.
* Химиялық талдау жасағанда ,тұздың  сандық және сапалық құрамы:
а) H6NРO4
ә ) H9O4N2P
б) CaH4P2O8 болған. Осы қосылыстарды тұз түрінде жазып, аттарын атаңдар,әр тұзды иондарға ыдыратыңдар. 
*  Табиғатта кездесетін тұздардың формулаларын жаз.
* Мыс (І ) оксиді және мыс  (ІІ) оксидіндегі элементтердің үлесін табыңдар.Табылған массалық үлестерді процентпен көрсетіңдер.
* 2.4,5 г суға ертілген 5 г ас тұзы ерітіндісіндегі натрий хлоридінің массалық үлесі қандай?
* 
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 22. 10-11- сыныпта  химияны оқып-үйрену үрдісінде реконструктивті-
  өздік  жұмыстың  тапсырмаларын іріктеп   және көрсет.

                    Практикалық сабақ №9
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ  БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 23-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 23-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма 23. Төменде көрсетілген тапсырмалардан эвристикалық,шығармашылық (зерттеушілік)  өздік  жұмыстың  тапсырмаларын іріктеп,себебін түсіндір

№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма24  10-11- сыныпта  химияны оқып-үйрену үрдісінде сарамандық сабақтардағы  оқушылардың оқушылардың танымдық әрекеттеріне байланысты өздік  жұмыстардың   тапсырмаларын ірікте,сипатын  түсіндір.

                    Практикалық сабақ №10
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 25-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 25-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма 25. 8-сынып Химия  оқулығынан <<№4 практикалық жұмыс Мыс оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі>>тақырыбында фронтальды ұйымдастыруға байланысты өздік жұмыс  тапсырмаларын  құрастыр.(Дидактикалық материалдар  көмегімен)

№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 26 8-9-сыныпта  химияны оқып-үйрену үрдісінде өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде ұйымдастыру формаларына байланысты  өздік  жұмыстарының тапсырмаларын   ірікте және көрсет.
	

                    Практикалық сабақ №11
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
Тапсырма 27.
8-сынып Химия  оқулығынан <<№4 практикалық жұмыс Мыс оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі>>тақырыбында топпен ұйымдастыруға байланысты өздік жұмыс  тапсырмаларын  құрастыр.(Дидактикалық материалдар  көмегімен)

№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 28.  8-9- сыныпта  химияны оқып-үйрену үрдісінде сарамандық сабақтарда     оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру формалары формаларына байланысты  өздік  жұмыстарының тапсырмаларын   ірікте және көрсет.

                    Практикалық сабақ №12
Сабақтың тақырыбы: VIII-IX СЫНЫПТАРДА  ХИМИЯНЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ 

 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
Тапсырма 29.
8-сынып Химия  оқулығынан <<№4 практикалық жұмыс Мыс оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі>>тақырыбында жеке ұйымдастыруға байланысты өздік жұмыс  тапсырмаларын  құрастыр.(Дидактикалық материалдар  көмегімен)

№12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 30 10-11-сыныпта  химияны оқып-үйрену жаңа материалды  оқып  үйренуге байланысты оқушылардың өздік  жұмыстарын ұйымдастыру тапсырмаларын ірікте. 
                                       
                    Практикалық сабақ №13
Сабақтың тақырыбы: САБАҚТАН  ТЫС  ЖҰМЫСТАРДА  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 Жоспары:
* 18-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 18,21-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру
                                       
Тапсырма31. <<Химия-тіршілік негізі>> тақырыбында  апталықтың  жоспарын,мақсат,міндеттерін құрастыр
Тапсырма32. <<Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуы>> тақырыбында шағын  хабарлама  әзірле

№13сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма 33. Оқушыларға көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б. түрлерінің  2-3 түрінен тапсырма  әзірле
                                       
                    Практикалық сабақ №14
Сабақтың тақырыбы: САБАҚТАН  ТЫС  ЖҰМЫСТАРДА  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 Жоспары:
* 34,35-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 34,35-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма 34 <<Пластмасса бұымдарының ағзаға  әсері>> тақырыбында  ғылыми-зерттеу  жобасының  жоспарын  құрастыр
Тапсырма35 <<Металдар>> тақырыбы  бойынша сөз жұмбақ,ребус, кроссворд құрастыр.

№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
Тапсырма36 Оқушыларға жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.  түрлерінің  2-3 түрінен тапсырма  әзірле

                    Практикалық сабақ №15
Сабақтың тақырыбы: САБАҚТАН  ТЫС  ЖҰМЫСТАРДА  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 Жоспары:
* 37,38-    тапсырмалардың мазмұнымен танысу
* Қазақша  -  орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)
* 37,38-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Тапсырма37 .Мектептегі <<Жас химик>>қабырға газеті  ұйымдастырылуы, мазмұнын  ойластыр

Тапсырма 38.  Оқушылардың ғылыми-*зерттеу  жобаларының  тақырыптарын ұсын


№15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
 
	Тапсырма 39.	Оқушыларға топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары,  химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмысатары. т.б. түрлерінің  2-3 түрінен тапсырма  әзірле

	 


















СӨЖ БОЙЫНША  ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ БЕРІЛУІ  ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ ГРАФИГІ


Тақырыптары 
Әдебиеттер
Бақылау формасы
мерзімі
1
 Химиялық элементтер, заттар және химиялық реакциялар туралы алғашқы химиялық түсініктерді  қалыптастыруға байланысты  өздік  жұмыстар жүйесі 


1 Көрнекі- құралдар, дидактикалық  материалдар әзірлеу,

 3апта
2
Д.И.Менделеевтің  периодтық заңын оқытуға байланысты  өздік  жұмыстарды  ұйымдастыру . 
 

1 Көрнекі- құралдар, дидактикалық  материалдар әзірлеу,

6 апта
3
<<Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары>> тақырыбын оқытуға байланысты  өздік  жұмыстар жүйесі. 


1 Көрнекі- құралдар, дидактикалық  материалдар әзірлеу,

9  апта
4
Органикалық қосылыстарды оқытудағы өздік  жұмыстар жүйесі. 


1 Көрнекі- құралдар, дидактикалық  материалдар әзірлеу,

13 апта


2.4.1.1 Нұғыманұлы И.,Шоқыбаев Ж.Ә,Өнербаева З.О Химияны оқыту әдістемесі /  Алматы: Prints, 2005.
2.4.1.2 Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе.  -  М.: Владос, 2000.  -  336 с 
2.4.1.3 Нұрахметов Н.Н., Заграничная Н.А., Сарманова К.А. Химия. Жұмыс дәптерi.  -  Алматы: Мектеп, 2004.  -  160 б. 
2.4.1.4 Шаповаленко С.Г. Учебник в системе средств обучения. Вып.4 1976
2.4.1.5 Нұғыманов И., Жұмадiлова Р., Аганина Ж. Химия. Жұмыс дәптерi.  -  Алматы: Мектеп, 2003.  -  155 б.
   2.4.1.6 Общая методика обучения химии / Под редакцией Л.А. Цветкова. Ч. І и ІІ. М., Просвещение, 1983.
   2.4.1.7  Преподавание органической химии в средней школе. Л.А.Цветков. Изд. <<Просвещение>>, 1988-240 стр
      - Нұрахметов Н.Н және т.б. Химия оқулық. 8- сынып, Алматы, Мектеп -2005. - 240 б.
      -  Нұрахметов Н.Н және т.б. Химия оқулық. 9- сынып, Алматы, Мектеп -2005. - 270 б.
      -  Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006

2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар
2.4.2.1 Әлімов А.Х. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009.  -  328 б.
2.4.2.2 Зайцев О.С. Методика обучения химии . Москва,ВЛАДОС, 1999. - 363c
2.4.2.3.Иванова Р. Г., Иодко А. Г.  Система самостоятельных работ учыщихся при изучении неорганической химии.   -  М.: Просващение, 1988. 
2.4.2.4. Суровцева Р. П., Савицкий С. Н., Иванова Р. Г.  Задания по химии для самостоятельной работы учащихся.  -  М.: Просвещение, 1981.
2.4.2.5. Суровцева Р. П., Софронов С. В.  Задания для самостоятельной работы по химии в 8 классе.   -  М.: Просвещение, 1993.



Пәндер