Файл қосу
XIX ғасырдың ортасында ғана Үндістанға ағылшын товарларын өткізудің мүмкіндігі өсті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Құжат СМЖ 3 дәрежелі ПОӘК ПОӘК 042-16-02.1.09/03-2013 <<Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы>> Оқу- әдістемелік кешені 5В011400 -<<тарих>> мамандығына арналған Редакция №1 <<Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы>> пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК) 5В011400 <<тарих>> мамандығы үшін СЕМЕЙ -2013 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 5В011400 <<тарих>> мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Тарих>> кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент З. Қ. Мұқатаева. <<______>> __________ 2013 ж. 2 ҚАРАЛДЫ + Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Тарих>> кафедрасының отырысында Хаттама №______ <<__>>________ 2013 жыл Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова 2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды Хаттама №______ <<__>>________ 2013 жыл ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева 3 БЕКІТІЛДІ 3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №______ <<__>>________ 2013 жыл ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова 4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № <<___>> ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА) Мазмұны : * Глоссарий................................................................................................. * Қысқаша дәрістер мәтіні................................................................... * Практикалық (семинар) сабақтары ............................................... 4. Студенттердің өздік жұмыстары...................................................... 6.3.1 ГЛОСАРИЙ Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу. Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі. Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы. Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты. Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат. Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс. Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару. Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Инновация-жаңалық енгізу Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы. Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы. Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау. Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім. Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.. Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам. Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Саяси -әлеуметтік төңкеріс - қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі. Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар. Саяси- әлеуметтік коммуникация - тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі. Саяси- әлеуметтік конвергенция - түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы. Саяси- леуметтік қозғалыс - адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы. . Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі. Саяси теңсіздік - адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі. Урбанизация - қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. 6.3.2 Қысқаша дәрістер 1.ХҮІІ ғ.соңы жартысындағы - 1918 жж. Қытай және Монголия XVII ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті терең дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Шаруалардың жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды. Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісіне әкелді. Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен (1606-1645) басқарды. Алғашқы ұйымдасқан бас көтерулер Хубей мен Шэньси провинциясында басталып, біртіндеп бүкіл қытай жеріне таралды. Ауыр тұрмыс зардабынан күйзелген шаруалар елдің әр түпкірінде көтеріліске үн қосып, наразылық шеруіне қосылды. Ли Цзычен бастаған көтерілісілер елдің көне астаналарының бірі - Сианьді басып алып, көтеріліс көсемін елдің императоры деп жариялады. Енді шаруалар әскері Пекинді алуға аттанды. 1644 жылы көктемде көтерілісшілер астанаға таянды. Оларға қарсы қатты қарсылық та болған жоқ. Себебі, бұл кезде Қытайдың ішкі жағдайының нашарлауы, сондай-ақ Мин императорларының 15 жыл бойы елдің солтүстігінде өмір сүріп отырған маньчжур тайпаларының шабуылына қарсы соғыс жүргізуі мемлекетті қатты әлсіреткен еді. Сондықтан көтерілісшілерді басуға Мин императорының күш-қуаты жеткіліксіз болды. 1644 жылы сәуірде Ли Цзычен бастаған көтерілісшілер Пекинді басып алды. Мин әулетінің соңғы императоры бұл оқиғадан соң император бағында асылып өледі. Мемлекет билігі Ли Цзыченнің қолына көшеді. Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығыс шекарасын күзетіп тұрған әскери шептің қолбасшысы У Саньгуй жедел түрде маньчжурлардан көмек сұрайды. Ондағы ойы маньчжур әскерінің көмегімен Пекинді басып алып, шаруалар көсемі Ли Цзыченді тақтан тайдырып, өзінің билігін орнатпақ болатын. Маньчжур тайпалары Қытайдың солтүстігімен шекаралас аймақта өмір сүрді. XVII ғасырда маньчжур тайпалары бір саяси бірлестікке топтаса бастайды. Нәтижесінде маньчжурлардың әскери қолбасшысы Нурхаци негізін қалаған алғашқы маньчжур мемлекеті пайда болды. Нурхацидің мұрагері Абахайдың тұсында маньчжур мемлекеті Цин (қытайша "таза" деген мағынада) деп аталды.Цин мемлекетінің алғашқы билеушісі Абахай болды. Цин мемлекеті қытайдың мемлекеттік үлгісінде құрылды. Мемлекеттік басқару әдісі, мемлекеттік аппараты дәл Мин мемлекетіндегідей болды. Маньчжурлардың бұл мемлекеті, негізінен, әскер күшіне әсіресе атты әскерге арқа сүйенді. Маньчжурлар көрші елдерге басқыншылық соғыстар жүргізді. Қытайға, Монғолияға, Кореяға жүргізілген басқыншылық соғыстар барысында бағындырылған халықтар есебінен 8 қытай, 8 монғол әскерін жасақтады. Қытайды басып алуға аттанар алдында маньчжурлар әскерінің саны 200 мыңға жетті. XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы кезекті шабуылға әзірленіп жатқанда, күтпеген жерден Қытайдың шекара әскерінің қолбасшысы У Саньгуйден көмек сұраған өтініші түседі. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдің әскері бірігіп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кіріседі. Пекинді басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттік жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейін билік етті. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады. Қытай жат жерлік маньчжурлардың үстемдігінде өмір сүрді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан (император) Көк Тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жеке басы-қасиетті болып есептелді. Қарапайым халыққа оның жүзін көруге тиым салынды. Императордың шын атын дауыстап айтуға, қағазға жазуға болмайтын. Халық императорды оның ұранымен атайтын. Цин империясының ең жоғарғы заңды құылымдары императорлық әкімшілік пен әскери кеңес болды. Мемлекеттік қызметке ең алдымен маньчжурлар алынатын, содан кейін ғана маньчжурларға берілген, адал деп саналған қытайлықтар, бірен-саран моңғолдар қабылданатын. Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті билеген Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды. Бүкіл Қытай жері әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінді. Оны император тағайындаған әкімдер басқарды. Конфуцилік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар алынатын. Оларды шэньшилер деп атады. Шэньши дәрежесін алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырытын, маньчжурлар билігі тұсында емтиханды ақшаға сатып алған маньчжурлық феодалдар көбейді. Әлеуметтік сатыда маньчжурлардан кейін тұрған, басы бос қытайлықтар төрт сословиеге бөлінді: оқымыстылар, егіншілер, қолөнершілер мен саудагерлер. Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі қытай егіншілері, яғни қарапайым шаруалар кірді. Ең төменгі сатыда кембағылдар деп аталған әртістер, қарапайым қызметшілер, үй малайлары тұрды. Бұл топқа жататын адамдар еш уақытта мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейтін, яғни олар еш уақытта мемлекеттік қызметке алынбайтын. Маньчжурлар Қытайды басып алғаннан соң, мемлекеттегі орасан зор ең құнарлы жердің қожасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай Цин императорының меншігінде жалпы көлемі 13 мың цин (1 цин - 6 гектар) 70 жер қожалығы болды. Императордан соң ірі жер иеліктері қолбасшылар, императордың туыстары, маньчжур ақсүйек бай таптарының қолында болды. Маньчжур феодалдарының жер иеліктерінде қытай шаруалары еңбек етті. Қытай феодалдарының иелігіндегі жерлерге мемлекеттік салық салынды. Ал қолында аздаған жер иеліктері бар қытай шаруаларының жағдайы тіпті ауыр болды. Шаруларға көптеген салықтар салынды. XVII-XVIII ғасырларда Цин мемлекетінде жер иелену ірілендірілді. Ауыр салықтарға шыдамаған шаруалар жерін сатып, өздері феодаладарға жалдануға мәжбүр болды. Мемлекеттегі халықтың басым бөлігі кедей шаруалар егіншілікпен қатар қолөнер мен ұсталық, тоқымашылық, зергерлік сияқты жұмыстармен де айналысты. Қытай шаруаларының қолынан шыққан тоқыма бұйымдар елдің ішкі саудасымен қатар сырт елдерге де шығарылды. Осы кезеңдегі Қытайдағы ең ірі тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, Шанхай және тағы басқа қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жібек, мақта -мата бұйымдары дүние жүзіне белгілі болды. Қытайдағы қолөнердің ең көп таралған түрі фарфор өндірісі еді. Қытайдың атақты фарфор бұйымдары әлемнің әр түпкіріне таралды. Сондай-ақ қытайда тау кен өндірісі дамыды. Мыс, темір, т.б. металдар қорытылды. Қолөнершілер ірілі-ұсақты ұйымдарға бірікті. Мемлекеттік мануфактуралар құрылды. Олардың негізгілері әскери қару-жарақ жасау, тау-кен өндірісі салаларында болды. Қазыналық қолөнер шеберханалары мен мануфактураларда жалдамалы қолөнершілер істеді. XVII-XVIII ғасырларда Қытайдың аграрлық құрылысы натуралды шаруашылыққа негізделіп, үйдегі қолөнер өндірісі мен егіншілікті ұштастырылды. Қытайды бағындырған цин билеушілері көрші елдерге қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Басқаншылық соғыстар жүргізе отырып, империя құрамына жаңа жерлерді қосып алып отырды. Басқыншылық соғыстар арқылы Қытай халқының назарын өздеріне қарсы азаттық соғыстан басқа жаққа бұру саясатын жүзеге асырды. Цин билеушілерінің алғашқы басқыншылық жорығын Манғолияға бағытталды. XVI ғасырдың ортасында-ақ үш хандыққа бөлінген монғолдардың Шығыстағы Чахар хандығын маньчжурлар 1636 жылы өздеріне бағындырған еді. 1691 жылы Солтүстік Монғолиядағы ойрат тайпаларының Жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды. XVIII ғасырдың ортасында Жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын пайдаланып, Цин әскерлері 1755-1757 жылдардағы соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың жерін де иеленді. Қанды қырғын арқылы бүкіл бір хандықтың жерін халқынан босатып, Цин империясының құрамына қосты . Жоңғариядан кейін цин әскерлері шығыс Түркістанды басып алуға кірісті, Жергілікті халықтың қарсылығын басып, Цин әскерлері 1759 жылы бұл жерлерді де бағындырды. Осыдан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістанды Цин империясына қосылған <<Жаңа шекаралық аймақ>> (Синььцзян) деп атайды. Цин империямының басқыншылық саясаты сондай-ақ Тибетке, Үндіқытай елдеріне де таралып, Цин империясының құрамына Тибет, Бирма, Вьетнам, Непал сияқты елдер кірді. Басқыншылық соғыстар арқылы Цин билеушілері империя құрамына орасан зор жерлерді қосып, Қытайдың шекарасын кеңейтті. Сонымен қатар бірқатар көрші жатқан елдерді өз ықпалына қаратып, тәуелділікте ұстады. Ол елдер Қытай императорына жыл сайын елші аттандырып, сыйлық тапсырып отырды. Цин империясының басқыншылық саясаты Қытай халқына оңайға түскен жоқ. Үздіксіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынды толтыру үшін өкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қытай халқының билік жүргізіп отырған Цин үкіметіне наразылықтары күшейді. XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басында Қытайдың экономикасы қайта жанданды. Қытай шаруалары басқыншылық соғыс кезінде қараусыз қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынытын салықты реттеп, ауыртпалықтарын біраз жеңілдетті. Ұсақ шаруа қожалықтары кеңінен дами бастады. XVIІ ғасырдың соңында Қытай қалаларының қайта жандана бастауына сәйкес, қала мен ауыл арасында сауда байланыстары өркендеді. XVIII ғасырда Қытайда қазыналық және жеке меншік қолөнер өнеркәсібі дами бастады. Мақта мен жібек мата өндіру жақсы дамыды. Бұл бұйымдар елдің ішінде ғана емес, сыртқа экспортқа да шығарылды. XVIII ғасырда Цин билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойды. 1757 жылы император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды. Қытай саудагерлері елдің оңтүстігінде, тек Гуаньчжоу портты қаласы арқылы ғана сырт елдермен сауда жасай алды. Оның себебі маньчжур үкіметінің өздерінің Қытайдағы билігін сақтау, қытайлықтарды сырт елдердің ықпалынан оқшау ұстау саясатынан туған болатын. Қытай экономикасындағы тұрақтылық XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін ғана сақталды. XVIII ғасырда империяның жүргізген үздіксіз басқыншылық соғыстарының ауыртпалығы қытай экономикасына үлкен зиян келтірді, халықтың басына түскен ауыртпалық - салықтар көбейді. Басқыншылықтар соғыстар, басып алған жерлерді қорғап тұру, халық көтерілістерін басу орасан зор шығынға түсті. Сөйтіп, XVIII ғасырдың соңында Цин империясы дағдарыс кезіне аяқ басты. Цин державасында басталған дағдарыс белгілері сондай-ақ мемлекеттік аппараттың ыдырауында, шенеуніктіктің бүкіл тобын қамтыған сатқындықтың таралуанда көрініс тапты. XVIII ғасырда Қытайда күрт ұлғайған тұрғын халықтың өсуі айқын рөл атқарды. XVIII ғасырдың басында елде 100 миллион адам болса, ал XVIII ғасырдың соңында 300 миллионнан аса адам тұрды. Император Цяньлун (1736-1796) Қытайда <<өндірушілер аз, ал тұтынушылар көп>> деп күйінішпен айтқан. XVIII ғасырдың соңында шенеуніктер халықтың шамадан тыс көптігі туралы: <<алқаптарда үйлер үшін жер жетпейді>> деген мәліметтерді хабарлаған. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды. Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, XVIII ғасырдың соңында <<Ақ лотос қоғамының>> басшылығымен жаңа кезең кезеңіндегі аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын және қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді. Циндік әскерлер көтерілісшілерді аяусыз жазалады, қарсылық ошақтары басып жаншылды. Бірақ ауыр жеңілістерге қарамастан, құпия қоғамдар мен діни секталардың іс-әрекеті тоқтамады. Олар жаңа тарихтың келесі кезеңінің өн бойында Цин үкіметіне қарсылықтың дем берушілері болды. Сыртқы әскерлер империяның шекараларын бұрын болып көрмеген шекке дейін кеңейтті. Пекиннің әсем сарайлары бүгінде өзінің құдіреттілігін еске түсіреді. Тұрғын халық жылдам қарқынмен өсті. Бір кездердегі Таң империясының билеушілері сияқты ғалымдығы және ақындығы бар Цяньлун императордың өзі күшті әрі қабілетті билеуші болды және өзін тандық император Тайцзуньмен салыстырғанда жақсы көрді. Цяньлун империяны алпыс жыл басқарды. Оның өлімінен кейін бірден бүліктер мен көтерілістер басталды, жарты ғасыр өткеннен кейін ағылшын әскерлері елдің бүкіл басты пункттерін оңай жаулап алды. Цяньлун патшалығынан кейін ылаң мен құлдырау ғасыры жүрді. Цяньлун империясының салтанатты бет әлпетін ақыл-ой және рухани тоқырау, шенеуніктер жемқорлығы бүркемеледі. ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлсіреуі оның еуропалық державаларға тәуелділігіне алып келді. ХІХ ғасырдың басында маньчжурлар билігіндегі қытайда ортағасырлық феодалдық қатынастар үстемдік етті. Ел өмірінде ілгерлеушілік байқалмады. Ауыл шаруашылығы, қолөнер өндірісі, армия мен флот, жалпы қоғам өмірі көнеден келе жатқан конфуцилік дәстүрлер деңгейінде қалды. Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына маньчжурлардың өз атамекені Маньчжурия, 18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай жері және Монғолия, шыңжаң, Тибет аумақтары кірді. Маньчжур императоры Қытайдағы билігін ертеден келе жатқан конфуцилік ережелеріне қарап жүргізді. Император көк тәңірінің ұлы деп саналды. Маньчжур императоры Цин империясының күш-қуатын, беделін қытай халқының жоғары ұстау үшін, бүкіл оған бағынышты басқа халықтарды варварлар деп атады. Олардың өзі <<ішкі варварлар>> - монғолдар, тибеттіктер және <<сыртқы варварлар>> - Қытайға көрші бүкіл халықтар болып бөлінді. Қытай өзімен байланыс жасамақ болып, Пекинге келген елшіліктің бәрін варварлардың императордың рақымшылығын сұрауы, <<өркениетке жақындау>> әрекеті деп түсінді. Цин империясы ешқандай елмен ХІХ ғасырдың 40-жылдарына дейін тең дәрежеде дипломатиялық не сауда байланысын жасап көрген емес. Цин үкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда үстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Орасан зор аумағына, табиғат байлықтарына, мемлекеттік даму тәжірибесіне қарамастан, Қытай дамымаған феодалдық ел болып қалды. Қытай халқы мемлекет басында отырған маньчжур үстемдігіне наразылық күрес жүргізумен болды, маньчжурлерге қарсы бағытталған құпия ұйымдар көбейді. Мысалы, <<Ақ лотос>>, <<Аспан ақыл-парасаты>>, т.б. құпия ұйымдар маньчжурлерге қарсы күрес ұйымдастырды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Цин империясы әлсірей бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, ашаршылық, жұқпалы аурулар, қайыршылық етек алды. Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді. Цин империясының ішкі дағдарысына сыртқы әсерлер де қосылды. Қытайға ағылшындардың отарлық әрекеті басталды. Капиталистік Англия өз тауарларын өткізетін сыртқы рынок ретінде Қытайды ашуға кірісті. XVIII ғасырдың соңынан бастап ол Қытайға үш елшілік аттандырды. 1791 жылы Қытайға Макартией елшілігі, 1816 жылы Ахмерст, 1834 жылы Нэпир елшілігі келді. Қытайдың сырт елдермен сауда жасауға рұқсат берілген бір ғана аймағы Гуаньчжоудағы <<Гунхан>> сауда монополиясы болатын. Англимя енді бүкіл елде шетел саудасын жүргізуге рұқсат ету талабын қойды. Бұл талаптарына Цин империясы тарапынан жауап ала алмаған ағылшын отаршылдары Қытайға күш көрсетіп, соғыс ашуға сылтау іздеді. Ағылшын саудагерлері Гуаньчжоу порты арқылы Қытайға қарақшылық жолмен Апиын әкеліп сата бастады. Апиынның зардабынан шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға айналды. Қытайдың алтын-күміс байлығы Апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Пекин ағылшындардың Қытайға апиын әкелуіне тиым салды, қытай әскерлері ағалшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтыра бастады. Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетт.іп, Цин империясын тізе бүктірді. Қытай жеңілгенін мойындап, еуропалықтар алдында тізе бүгіп, әділетсіз нанкин келісімшартына қол қойды. Бұл келісім бойынша Қытай ағылшындарға тағы да бес порт ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. <<Гунхан>> сауда моноплиясын жойды. Нанкин келісімнен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдіктерге тәуелділікке түсті. Осыдан кейін Англия мен Франция бірігіп, Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдар болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр халде болатын. 1850 жылы елдің оңтүстігіндегі Гуандун, Гуанси провинцияларында шаруалар көтерілісі басталған еді. Елдің эеономиткалық күйзелісі, апиын қозғалысының зардаптары, Цин империясын елді зардаптан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. Олар тайпиндер деген атпен өздерінің саяси көсемі Хун Сюцюанның басқаруымен көтеріліске шықты. Осындай шиленісті шақта ағылшын, француз және американ капиталистері Қытайды отарлаудың қолайлы сәтін пайдаланып, тағы да апиын соғысын танған еді, Цин үкіметі басқыншыларға қарсы қарымды қарсылық көрсете алмай, жеңіліп қалды. 1858 жылы Тяньцзинге таяу жердегі Дагу бекінісін ағылшын-француз әскерлері басып алған соң, Цин үкіметі державалардың қойған талаптарын мойындап, келісімге келді. Қытай Англиямен және Франциямен жеке-жеке Тяньцзин келісіміне қол қояды. Англия мен Франция пекинде өзің елшілерін ұстауға және өз елдерінің азаматтары Қытайды емін-еркін жүріп тұруына, Янцзы өзені бойында сауда жасауға мүмкіндік алды. Апиын сатуға шек қойылмайтын болды, саудаға салынатын салық мөлшері қысқартылды. Тяньцзин келісімі Қытайды шетелдіктерге тәуелді, жартылай отар елге айналдырды. 1860 жылы Цин мемлекеті атынан князь Гун Англия және Франциямен пекин конвенциясына қол қойды. Бұл бойынша Тяньцзин келісіміне қосымша Қытай 16,7 млн лян өтемақы төлеп, Тяньцзин портын ашуға келісті. Англия Қытайдан кули (жалдамалы жұмысшы) әкетуге рұқсат алды. 1860 жылы Ресей Қытайдан Уссурий аймағын толық қайтарып алды. Батыс капиталистері Цин империясын түпкілікті әлсіретіп, қытайды өз ықпалдарына айналдыру саясатын жүргізді. <<Апиын соыстарынан>> кейін Англия 1875-1876 жылдары пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп, Чифу конвенциясы бойынша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді. 1884-1885 жылдары Франция Қытайға соғыс ашты. Вьетнамды Қытайдан тартып алып өз билігін орнатты. 1894-1895 жылдары Жапония соғыс ашып, қытайдан Тайвань, Пяньху аралдарын тартып алды. Кореяны Цин империясы билігінен азат етіп өз ықпалына көшірді. Франция оңтүстік Қытайда үстемдік етті. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцхянда билік жүргізді. Ал АҚШ болса <<ашық есік>> саясатын жүргізуді көздеді. 2.Қиыр Шығыс елдері: Жапония және Корея (ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж.) 1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады. Осыған байланысты Жапония буржуазиясы сегунатты жоюда феодалдық атақтылардың бір бөлігімен одақ жасады. Ішкі дағдарысты онан әрі қарай тездете түскен шетелдіктердің Жапонияға жасаған экспансиясы болды. Американың экспансиясы және батыс державаларының Жапонияға теңсіздік келісімдер системасын зорлап тануы, күшпен Жапонияның <<жабық есік>> саясатын жоюы Жапонияны дүниежүзілік капиталистік рынокке тартты. Жапонияның ұлттық тәуелсіздігіне төнген қауіп, сегунатқа қарсы жарылысты күшейтіп, революцияны өрістете түсті. 1867-1868 жылдардағы революцияның және буржуазиялық қайта құрулардың тарихи маңызы- Феодалдық системаны толық жойып жібергенімен ұлттық мемлекетті құрды. XIX ғасырдың 60-жылдары мен 70-жылдардың бас кезіндегі Жапониядағы Қайта құрулар-ауылшаруашылығында Феодализмнің кейбір қалдықтарының сақталуына қарамастан капитализмнің дамуына жол ашты. Аталып отырған кезеңде Жапония мемлекеттік өнеркәсіптің дамуына айрықша көңіл бөлді. Үлгілі өндіріс орындарына, фабрикалар, заводтар, темір жол үйлерінің құрылыстары мемлекет есебінен салынды. Жапонияда өндірістің орталықтануы тез жүргізіліп алғашқы монополиялар пайда болды. XIX ғасырдың 90-жылдарында Жапония жақсы армия мен флотқа ие болды. Жапонияның отаршылдық экспансиясының объектісі- Корея мен Қытай болды. XIX ғасырдың 70-80 жылдардағы Жапониядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалыстарды қарастырғанда капиталистік елдерден ерекшеліктеріне зер салу керек. <<Халық еркіндігі мен правосы>> жолындағы қозғалыстың инициаторы тек бурж. Топтар ғана емес, помещиктер болды. ХIX ғасырдың екінші жартысына дейін Корея феодалдық ел болып қалды. Барлық жер ірі жер иелерінің қолында болды. Шаруаларды қанау әрбір феодалдың, сондай-ақ оның өкілі феодалдық мемлекеттің күшімен жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік шаруалар жер алым рента төлеумен тағы да басқа қосымша қызметтер атқарып отырды. ХYII-XYIII ғасырларда Кореяда өндіргіш күштер едәуір дамыды. Өкімет иелігіндегі қолөнеркәсіп өзінің маңызын едәуір дәрежеде төмендетіп, оның орнына еркін шеберлердің қолөнерлері дами түсті. Ірі сауда орталықтары мен жергілікті рынок пайда болды. Өндіріске сауда капиталы пайдалана бастады.XIX ғасырдың 1-жартысында Кореяда жаңа капиталистік қарым-қатынастар пайда бола бастады. Кореяның саяси өмірінде аталған кезеңде, халық бұқарасының күресі үнемі өсіп отырумен таптық қайшылықтар шиелене түсті. Сол кездегі ең күшті феодалдарға қарсы Хон Геннэнің басшылығымен 1811-1812 жылдардағы шаруалар көтерілісі XIX ғасырдағы Корея тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі болды. Әсіресе халық қозғалысы осы ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. Тек 1862 жылдың өзінде ғана 21 шаруалар көтерілісі болып, оған оң мыңдаған адам қатысты. Бұл көтерілістердің жеңіліп қалуының басты себептері: оның стихиялылығы мен бірыңғай басшылығының болмауы еді. XYII-XYIII ғасырларда Кореяда Сирхакпос - нақтылы ғылымды жақтаушылар деп аталатын қозғалыс дами бастады . Мұны жақтаушылар өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті өзгерту қажет деп есептеді. Бұл қозғалысты жақтаушылар конфуций ілімінен бас тартуға, Кореяның нақты жағдайын зерттеуге, үйретуге шақырды. Оның негізгі өкілдері:Лю Хе Вон, Ли Ик, Хон Дэ Ен, Пак Чи Вон және Чон Як Ен. Капиталистік державалардың белсенді түрде жүргізген экспансиясы Кореяға да жетті. 1866 жылы Франция үкіметі, 1871 жылы АҚШ үкіметі Кореяның жағалауына бірталай әскер- теңіз флоттарын жіберді. Мұндағы мақсаттары Кореяны күшпен <<ашу>> оны өз товарларын өткізетін рынокке және шикізат көзіне айналдыру еді. Бірақ бұл экспедициялар Корея халқының наразылығына ұшырап, өз істерін сәтсіздікпен аяқтады. 1876 жылы Кореяға тұңғыш рет Жапония <<бейбітшілік және достық>> туралы теңсіздік келісімді зорлықпен таңыды. Келісім барысында империалистік мемлекеттердің тоқыма материалдары ағыла бастады, ал Кореядан шикізат өнімдері сыртқа әкетілді. Жапония Кореяның сыртқы саудасының көп бөлігімен кеме қатынастарын т.б. өз қолына алды. Теңсіздік келісімдердің жасалуы феодалдық системада дағдарысты шиеленістіріп, Корея халқының күшті қарсылығын туғызды. Феодалдарға қарсы шаруалар көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс ұйымдастырды. Бұлардың ішіндегі ең күштісі 1882 жылғы Сеул қаласындағы халық қозғалысы мен 1894 жылғы жапондықтарға қарсы партизан отрядтарының соғысы болып есептелді. 1894-1895 жылдардағы Жапон- Қытай және 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысынан кейін Жапония Кореяны бүтіндей өзіне бағындыруды көздеп, соғысушы елдерді Кореяны өзіне протекторатқа айналдыру туралы келісімге қол қойғызды. Бұл бойынша Жапония Кореяның ішкі саясатын бақылауға алды және сыртқы саясатта ол ешқандай елмен өз бетімен байланыс жасай алмады. Мұның өзі <<Азияның оянуы>> жағдайында халық бұқарасының ұлт-азаттық күресінің жаңа өрлеуін туғызды. Корея халқының бұл қозғалысы Жапонияның әскерімен басылып тасталды. 1901 жылы Жапония империалистері Кореяны толық басып алып, мұнда әскери-террорлық тәртіп орнатты. 3.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Оңтүстік Шығыс Азия елдері. Индонезия Азияда тұңғыш отарлық бұғауға түскен ел болды. Онын аралдарында 1902 жылы құрылган голландық Ост-Үндi компанияларынын бiртiндеп ену процссi нәтижесiнде бiрнеше голландық сауда бiрлiктерi, буржуазиялық мемлекеттердiн шарыктауына колониалдык эксплутация курыла бастады. Үлкен Индонезия архипелагында мыңдаған үлкен кiшiлi аралдарында XVII ғасырда 3 млн. халкы болды. Индонезиянын халқы және тайпалары әр турлi тiлде сөйлейдi, бiрақ көбiне туыстық этникалык катынастары эканомикалык дамудын көлемiнде болды. Iшкi аудандар Суматра, Калимантана (Борнео), Сулавеси (Целебес) көптеген ұсақ аралдарда алгашқы коғамдық бөлiну және таптык қоғамдык кұрылу процессi жүрдi. Явада, Суматра ауданынын маңайында және кейбiр дамыған баска аралдарында феодалдык қатынастар пайда болды. Явада орта ғасырдын өзiнде мемлекеттiк құрылыстар дамығанын Индонезияда және онын баска бөлiктерiндегi iрi саяси басқарулардын құрылғанын көремiз. Индонезияда алғаш европалық жаулаушылар (португалдыктар) келген кезенде XVI гасырда жойылды. Онын орнына династиямен катарлас тэуелсiз мемлекет ендi. Ява халкы жоғарғы дамыған мәдениет құрды. Бiздiн кезiмiзге дейiн сақталған буддалык және индуистiк храмдар сәулет өнерiнiн кереметтiгiне куә бола алады. Әлемдегi буддалык әдемi храмдардын бiрi Боробудра орта ғасырлык Яванын дiни сипатта бейнеленгенiн көрсетедi. Аса кереметтiлiк индонезиялык қолонершiлердiн бағалы маталардан және пiлдiң сүйегiнен жасалған бұйымдары және жазылған маталардан (батик) байқауға болады. Ертеде құрылған қуыршақ театры (вайанг) дамыды. Театр қойылымдарынын мазмұны индуистiк эпостарды жандандырды, индонезиялык аныздар мұсылмандық сипатта болды. Вайанг халыктын көзайымы болды. Сонымен бiрге би өнерiде дамып, феодалдардын аулаларында көрсетiлдi. Музкалык өнер дамыды. Индонезиялык аспаптар оркестрi халыктык мейрамдарда ойналды. Ауызша поэзияда кең түрде дамыды. Маджапахит кезенiнен берi сақталып келген атақты Пропанче ақыннын туындылары және баска да ақындардын туынды жазбалары әдебиеттiң явандык тiлде (кави) дамығанын, берін келе монархтар арасында эдиктардын және дни ырымдардың- санскрит тiлдерiнде жазыла бастады. Исламның енуi Индонезияда европалықтардын көбеюiне және оларды жаулап алудың қарсанында эдебиеттiн дамуымен байланыстыра, күнделiктi соттардын шешiмi мен құқықтары мұсылмандық дiнмен байланысты. Европада бiрiншi кезекте Шығыс пен Батыс базарларында ертеден кездесетiн бұрыш, мускат және калампыр өсетiн аралдар қызықтырды. Молуккс архипелагынын тұрғындары Банда, Амбоне аралдарындағы өсiрiп отырған дәмдiлiктерге салық төледi және баска товарлармен айырбас жасады. Европалық басшылыктың пайда болуымен бұл бағалы экспорттық азык- түлiктерге екi султанат - Тидоре және Тернате таласты. Осында алғашқы европалық басқыншылар- португалдыктар келдi. Тернатеге онын қарсыластарына қарсы күреске көмектесемiз деген сылтаумен португалдыктар өздерiнiн бекiнiстерiн Амбонеде құрды және турғындарды ең арзан бағамен қалампырды сатуларына мәжбүрледi. Португалдық монополияның саудасынан бiрiншi кезекте халык бұхарасына қиындык түстi. Бiрак пайданын азаюынан Тернате феодалдары португалд ықтарға қарсы шығуға окталды. Португалдыктардың территориялык баскыншылары Индонезиянын кейбiр архипелаг аудандарымен гана шектелдi. Малакке (1511)және амбоненi басып алган португалдыктар Онтустiк шыгыс Азиянын барлык iшкi сааудасынада оз билiгiн жургiзбекшi болды. Индонезияга басты жол Малаккс бугазы португалдыктардын колында болды. Бул оларга откен кемелерден салык алудын мумкiндiгi болды. Индонезиянн iшкi тенiздерi Ундi мухиты, Бенгал шыганагы Онтустiк-Кытай тенiзi аркылы олар оздерiнiн гегемониясын куруга тырысты. Португалиянын дамыган Ява аралдарынын мемлекеттерi турмак усак княздыктарды тотеп бере алмады. Индонезия халкынын португалдык колонизаторларга деген жек корiнiштiлiк Индонезияга Баска халытардын кiруiне жол бердi. XVII гасырдан Индонезиянын мыкты мемлекетi Матарам болды, озiннiн билiгiмен Орталык және Шыгыс Яваны бiрiктiрдi. Орта гасырда курылган Явандык халыктар, мемлекет шенберi болып ежелгi жергiлтi тыгыз орналаскан аудандар болды. Султан Матарама барлык жердiн иесi болды, бiрак жер ауыл адамдарынын иелiгiнде болды. Егiннен тускен болiктен шаруалар султанга салык толеуге мiндеттi болды. Бул феодалдык рента турiндегi салык болды. Бундай рента- салыкты султан шенеунiектерi , когамдык администрация жинады. Ауылдык администрация мемлекеттiн ортак жумыстарымен (жолды жонеу, каналдар салу, азык- тулiк тасымалдау, салык жинау т.б ) аиналысты. Жердiн жартысы султаннын иелiгiнде болды, коптегене ауылдар онын эйелдерiне, туыстарына, iрi феодал шенеунiктерге брiлдi. Кейбiр ауылдар мешiт, зират куруга мусылмандарга берiлдi. XVII гасырда ислам архипелаг болiктерiнде жайыла бастады ( Бали аралында индуизм дiнi сакталды). Кенiстiкте колонер, жер мэселесiнiн дамуы товар - акша катынасы шаруалардын басты формасы болды. XVII гасырдын алгашкы жартысында-ак Матарам озiнiн иелiгiн кенейттi. Солтустiк- Шыгысындагы Мадура аралы, батыс- Черибон княздыктарындагы аудандары жаулап алынды. Матарам озiнiн кол астына мыкты султанат Бантамды (Батыс Ява) караты. Коптеген саудагерлер урылардан және Малаккс бугазындагы португалдыктардан аулак журу ушiн Зонд бугазы аркылы журудi тиiмдi кордi. Бантам iрi сауда орталыгына айналды. Шыгыс және Кытай, Ундi және Сиам саудагерлерi базар астанасы Бантамда кездестi. Бунда 1595 жылы алгаш голландык сауда экспедициясы Корнелис Хутманнын басшылыгымен келдi. Бантамнын iшкi жагдайы феодалдык карым катынастын дамуына және шаруалар экспедициясынын кенеюiне эсер еттi . Саудадан байыган олар шаруаларды бурыш осiруге куштедi. Шаруалар бурыш пен рента- салыгын толедi. Салыктан калган бурышты экспортка шыгарып сатылды. Джакарта мен Бантамнын ара кайшылыктарын пайдаланып голландыктар Джакартаны басып алып ББатвияны иелендi. Алайда Матарамда Бантамда XVII гасырдын ортасына дейiн Явада голландык жаулаушыларды мойындамады. Екi княздыктада мыкты компания болганымен кулдырау шагында калды. Голландыктар екi княздыкты оз карамагына карату ушiн олардын араларына от салып бiр- бiрiн шагыстырып отырды. Бул тактика компания басшылыгмен жасалган << Ен басты дурыс саясат - бiр княздыкты екiншiсiне карсы кою... бiрак Бантамнын элсiреуiн , матарамнын - Мантамнын кушеюiне жол бермеу>>. XVII гасырдын ортасында голландыктар Ост- Ундi компаниясы озiнiн даму шегiне жеттi. Ол Индонезиядан барлык европалык карсыластарын жойып және озiнiн монополиясын курды. Голландык флот сол кезде ен куштi және коп салалы болды. Голландык биржасы да сол озiнiн мануфактурасы сиякты Европадагы ен iрi биржа болды. Голландык Ост- Ундi компаниясы озiнiн сол кездегi улкен капиталымен акционерлiк брлiгi болды. Баска елдердегi Ост- Ундi компанияларымен сонын iшiнде Англия мен салыстыруга турмады. Голландыктар оз монополияларн тыныш жаткан шыгыс Индонезия аралдарын байланыстырды. Бакылауга ынгайлы болу ушiн онiмдердi және дэмдiлiктердi тасуда компания оларды белгiлi шектеулi аудандарга болдi : Амбонада - калампыр , Бандада- муската. Баска аралдарда туратын тургындар осындай осiмдiктердi куртуга м2жбур болды. Колонизаторладын жаулап алуынын нэтижесiнде компанияларда феодалдык эксплутация остi. Феодалдармен шенеунiктер шаруалардан тускен пайданын бiр болiгiн оздерiне алып калып отырды. Бул шаруалардын наразылыгын тугызып антифеодалдык котерiлiстiн кушеюiне экелдi. Матарамда катал және озiмшiл басшы Амангкурата I кейбiр таптык билiк ететн басшылыктарга оздерiнiн пайдалары ушiн халыктык козгалысты пайдаланды. 1674 жылы халык котерiлiсi басталды, котерiлiстi мадурлык князь - Трунжая баскарды. Явада пайда болган модурлык повстандыктар кен колдай корсеттi. Ост- Ундi компаниясы Матарамдегi окиганы оз пайдаларына колданбакшы болды. Ол тiптi Тунуджаймен кабалдык келiсiмдi мойындаган жагдайда голладдык комек корсетемiз деп келiспекшi болды. Келiсiмдi повстандык басшы кабылдаган жок. Котерiлiс кушейiп, шетелдiктердi куып, Маджапахит мемлекетiнiн курылу туралы лозунг оттi. Астана Матарама повстандыктармен жайлуа алынды. Аманкурат компания иелiгiне озiнiн билiгiнiн кайта курулуы ушiн ештене аямайтынын айтып, комек сурады. Аманкурата I улы Аманкурат II компаниямен келiсiмге кол койды. Онда Ява аралындагы проывинциялар катарындагы компанияларды беруге және оган Матарамдагы шексiз саудага кукык бердi. 1678 жылы компания Матарамга карулы куштерi элсiз болып, повстанцтарга женiлiс экелдi. Аманкурата II билiкке отырды. Компания уэде еткен барлык жерлерiн алды. Алайда котерiлiстiн басылуыны элi де 3 жыл курес керек едi. Матарамдагы котерiлiстi басып салган голландык колонизаторлар ендi Бантанга деген куштерiн кушейттi. Султан Бантаннын кезiнде агылшын Ост-Ундi компаниясынын тыншылары пайда болды. Голландыктар котерiлiсте Бантандыктарды пайдаланды. Оларга колдай беру аркылы оз кезегiндегi 1684 жылгы голландык компаниямен келiсiмге отырды. Оларга Бантандагы және Суматра территориясында сауда жасауга руксат берiлдi. Матаранамен Бантама арасында жасалган келiсiм Ява аралын толыктай басып алуга және голландыктардын позициясын Индонезияда кушейттi. Саудагерлер және баска европалыктар Бантамнан кетуге мэжбур болды. Ал шындыгында агылшындар Суматранын батыс жагасын иелендi. Бiрак голландыктар архипелагты оз иелерiне алды. Ол бурынгыдай пайда экелмедi. 1863 жылгы келiсiм Тернате номиналды сюзеренитетке нукте койды. Дэмдiлiк аралдар голландыктардын карамагына оттi. 4.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Үндістан. Азияның көптеген елдері ежелгі әрі бай мәдениет ордасы болды. Олардың көркем қолөнермен, табиғи байлықтар -- алтын және асыл тастармен, татымдылықтармен, ағаштардың бағалы түрлерімен даңқы шықтьи Азияның барлық жерінде патриархалдық-рулық қатынастардың, кейде құлдық құрылыстың сарқын-шақтары сақталған феодалдық тәртіптер үстемдік етті. Европамен салыстырғанда Азия елдерінде өндіргіш күштердің дамуы баяу жүрді. Оның себептерінің бірі Азияның егіншілікті мемлекеттеріне мал өсіруші көшпенділер атты әскерінің әлде-неше рет басып кіріп, ойран еалуы болды. Азия елд.ерінің быты-раңқылығы, тецізде жүзу ісініц нашар дамуы, таулар мен шөл-дер арқылы өтетін құрлықтағы катынастың қиындығы олардың арасындағы сауданың дамуын қиындатты, зл бұл қаладағы қолөнер кәсібінің өсуін баяулатты. Дегенмен, XVI-XIX ғасырларда Азияда баяу болса да кейбір қалалардың маңызы есті, мануфактуралар пайда болды. Азия елдерінің дербес дамуына, ондағы феодализмнің ыдырап, капиталистік ңатынастардың дамуына европалық отаршылдардың басып кіруі кедергі келтірді^Азия елдерінде феодалдық және отаршылдық езгі көп уақытқа дейін сақталды, ал капитализмнің дамуы мен буржуазиялық қайта құрулар бұрынғыдан бетер ке-шеуілдей берді. Британияның жаулап алуы қарсаңындағы Үндістанның феодалдық құрылысы мен саяси бытыраңқылығы. Үндістанда бірнеше жүздеген ірілі-уақты феодалдық князьдықтар болды. Бұлардың арасында ғасырлар бойы ұзақ әрі жойқын соғыстар болып тұрды. Бүкіл елде феодалдық тәртіп орнады. Барлық жер ірі феодалдардың жеке меншігі болып есептелді, ал оны өңдеу шаруалардың мемлекеттік міндеткерлігіне айналды. Олар өнімнің үштен бірін феодалдарға тапсыруға міндеттенді. XVII ғасырда алып тас қорғандар, үлкен әрі бай мазарлар салынды, бұлардың кейбіреулері сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштері (Тәж-Махал және т.б.). Феодалдар өздерікін кірістерін өндірісті ұлғайтуға емес, керісінше, әскер мен сән-салтанатты көбейтуге жұмсады, көптеген алтын мен күміс, зергерлік бұйымдар, асыл тастар, кілемдер жинады, бірнеше малай, бишілер ұстады, салта-нат үшін сәнді шатырлар жасатып, пілдердің үстін әшекейлеген жабдықтармен безендірді. Шаруалардың басым көпшілігі өте ауыр жағдайда болды, егіншілікпен, мал өсірумен, колөнермен айналысты. Бұлардың шаруашылығы натуралдық сипатта болды. Деревняларда қауым сақталып, олардағы шаруалар жеке жер учаскесін пайдаланды, ал жайылым ортақ еді. Шаруалар феодалдардың пайдасына міндеткерліктерді бірігіп атқарды, суару жүйе-лерін, құдықтарды, орларды, өгіздердің күшімен су шығаратын құрылыстарды күтіп ұстады. Үндістанның бүкіл халқы касталарға -- өзара қатыспайтын адамдар тобына бөлінді. Индуизм діні касталарға бөлуді, олардың әдет-ғұрпының, тәртіп ережесінің, ең бастысы -- кәсіп түрлерінің мызғымастығын дәріптеді. Адамның қоғамдағы орны, мамандығы оның қандай кастаға жататындығымен және оның ата-анасының кәсібімен анықталды. XVII -- XVIII ғасырларда Үндістанда ішкі сауда жандана түсті. Қолөнер мен сауда орталығы ретінде қалалардың ролі біршама өсе бастады. Дегенмен, мешеу калған феодалдық қатынастар үстемдігін сақтап қалды. Саяси бытыраңқылық, кейбір князьдық тайпалар арасындағы араздық және діни алауыздық евроналық отаршылдар үшін олжа болды. Үндістанды Британияның жаулап алуы. Жаулап алу 1600 ж. қүрылган ОстИндия компаниясынын қолымен атқарылды да, үзақ уақытқа созылды. Үндістандағы Англияның басты бәсекелесі Франция еді. Алайда Англияның өндірістік және әскери басымды-лығы оны жеңіске жеткізді. 1757 ж. ағылшын шапқыншылары Бенгалияны өзіне бағын-дырып, одан француз отаршылдарын қуып шықты. Францияның қол астында Үндістанның жағалауындағы жағалық қамал-бекіністер ғана қалды. Бенгалияны бағындырып алу Ост-Индия компа-ниясы әскерлеріыің елді одан әрі жаулап алуына түрткі болды, бүл жаулап алу XIX ғасырдың ортасында аяқталды. Бенгалияда бекініп алған ағылшын отаршылдары жыл өткен сайын Үндістан жеріне ішкері ене, берді. Олар қатал тонаушылық соғыс жүргізді. Отаршылдар-дың баса-кәктеп кіруі барлық жерде жергілікті феодалдар мен шапқыншылардың екі жақты езгісінен күйзелгеи халықтың қайыршылыгы мен кедейленуін күшейте түсті. Үндістан британ отаршылдарының езгісінде. Үндістанды қанау бастапқыда негізінен халықтан салық алу және үнді князьдары-иың байлығын тонаудан басталды. К. Маркс байлық елді ашық қанау және Англияға жөнелтілген орасан зор дүниені тартып алу жолымен жиналды деп жазды. XIX ғасырдың ортасында ғана Үндістанға ағылшын товарларын өткізудің мүмкіндігі өсті. Үндістанды тонау ағылшын буржуазиясының қолында орасан мол байлықтың жиналуына жағдай жасады. ХІХ ғасырдың орта шенінде миллиондаған үнді тоқымашы-ларының тағдыры тым мүшкіл ёді. Олар ағылшынның фа-брикалық мақта-мата өндірісімен бәсекеге-төтеп бере алмай күйзеліске үшырады. Үндістаннан Англияға мата емес, ағылшын фаОрикаларына қажетті шикізат -- мақта жеткізілді, ал Үндістанға ағылшынның даяр маталары әке-лінді. Ағылшын фабриканттары байыған үстіне байи түсті, ал күйзеліске үшыраған үнді то-қымашылары он мындап аш-тықтан қырылып жатты. Үндістанның бүкіл экономикасы ағылшын буржуазиясының мүддесіне бағындырылды. 1857 -- 1859 ж.ж. Үндістандағы халық көтерілісі. ағылшын товарларын жеткізуді әрі әскери мақсатты көздепэ елдің шалғай жатқан аудандарына темір жолдар салды. 50:жыл* дардағы алғашқы темір жол күрылысы кезінде аштық пен ауру-: дан мыңдаған үнділер қаза тапты 1857 -- 1859 жылдардағы хадық көтерілісі. Отаршылдардың қанауының күшеюіне жауап ретінде әр жерде көтеріліс шыға бастады. 1857 -- 1859 жылдары халық көтерілісі елдің едәуір бөлігін қамтыды. Алғашында Делиге жақын жерде зеңбіректермен, мылтықтармен қаруланған 60 мыңнан астам сипайлар бірінші болып көтерілді. Солтүстік Үндістан мен орталық аймақтағы көтерілістердің басты күші шаруалар мен қолөнершілер болды. Көтеріліске князьдар мен помещиктер де қосылды, өйткені бүған дейін олардың иеліктерін ағылшындар тартып алған болатын. Алғашқы кезде көтеріліс сәтті басталды. Көтерілісшілер Делиді және басқа қалаларды алды (картаны қара). Отаршылдардан азат етілген территорияларда жаңа тәртіп орнатылды: кейбір салықтар жойылды, салық жинау кезіндегі қиянатқа, мемлекет қазынасынан қымқырушылыққа қарсы күрес жүргізілді. I Ағылшын үкіметі Үндістанға көптеген зеңбіректер және қару-жарақты пароходтары бар қосымша әскер жіберуге мәжбүр болды. Әскери күш жағынан енді ағылшын шапқыншылары басым болды. Көтерілісшілер бытыраңқы әрекет етті. Көтеріліске бастапқыда қосылған феодалдар, көп кешікпей халық қозғалысы өздеріне қарсы да бағытталуы мүмкін деп одан қорықты. Олар халыққа опасыздық жасап, енді көтерілісті басуға қатысты. Ағылшын әскерлері көтерілісшілер алған қалаларды қоршап, оларды тіке шабуылмен алды. Халық ерлікпен қорғанды. Көше-лерде үрыс жүрді. Ағылшындардың Делиге пілдің күшімен жеткіз-ген зеңбіректері үрыстың тағдырын шешті. Көтерілісті басу жан түршігерлік айуандықпен жүрпзілді. Ағылшын солдаттары әйелдерді де, балаларды да, қарттарды да аямады. Айдап әкелінген халықтың алдында зеңбіректің аузына байланған түтқындарды зеңбіректен атып, күл-паршасын шығарды. Россияның алдыңғы қатарлы адамдары Үндістан халқының қайғысына ортақтасып көңіл білдірді. Орыстың революционер-демократы Н.А.Добролюбов көтеріліске арналған мақаласында ағылшын отаршылдарының айуандығын ашу-ызымен әшкерелеп, көтерілістің азаттық сипатын атап көрсетті. Отаршылдар көтерілісті басқанымен, өз үстемдігін нығаиту үшін бірқатар реформалар жасауға мәжбүр болды. Помещиктер-дің салықты арттыруына тыйым салынды. Жергілікті князьдардың жерге жеке меншігіне ешкімнің нүқсан келтірмейтіндігіне кешлдік берілді. Ост-Индия компаниясы жойылып, Үндістанды басқару Боитания өкімет орындарының қолына көшті. Бірақ халық бұқарасының жағдайы жақсармады. Үнді халқының алдында тәуелсіз-дік үшін әлі де ұзақ та азапты күрес жолы тұр еді. Үндістандағы халық көтерілісі Азия халықтарының отаршылдық езгіге қарсы азаттық күресі тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол британ шапқыншыларына да, отаршылдармен одақтас болған үнді феодалдарына да үлкен үрей туғызды. Көтеріліс қанға батыру арқылы басылғанмен, оның Азияның барлық халықтарының бұдан былайғы азаттық күресінде зор маңызы болды. 5.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Иран мен Ауғанстан. Ғасыр ортасына қарай Иран (Персия)Азиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды.Жаңа заманға қарай Орта Азиядағы маңызды стратегиялық және сауда жолдарында орналасқан Иран мемлекеті біріккен Сефевид династиясының басшылығы арқасында эканомикалық және мәдени ояну кезеңін басынан кешірді,бірақ х ғ.соңында ол құлдырау жолына өтеді. 1722 жылы Иранға ауғандықтар басып кіреді, оның территориясының көп бөлігіне оккупация жасайды, ал олардың басшысы Мир Махмуд Иранның шахы деп жарияланады.Ауғандықтарды территориядан қуып шығуды талантты қолбасшы Надыр хан бастады.Ауғандықтар Ираннан қуылды.1736 жылы жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Надыр шах деп жарияланды және қысқа мерзімді, ауқымды держава пайда болды. Оның құрамына Ираннан басқа Ауғанстан, Бұхара, Хиуа,Солтүстік Үндістан, Кавказ маңы елдері кірді.Алайда Бұл осал бірігу 1747 жылы Надыр өлген соң құлайды. Иранның өзі бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кетті, өзара қырқыстардың нәтижесінде Кавказ маңы халықтарына Ирандық үстемдіктің әлсіреуінен соң Грузия қайтадан дербестігін алды. Бірақ иран феодалдары бұрынғысынша Шығыс Армения мен Әзірбайжанды қанап отырды. Х ІІІ ғ.соңы ХІХ ғ.бас .Иран әлсіреген және құлдыраған феодалдық мемлекет болды.Иран халықтарының жартысын әртүрлі иран тайпалары және төрттен көбін әзірбайжандықтар құрады.Бұлардан өзге Иранда түркімендер, арабтар, күрдтер т.б. тұрды.Мемлекет тұрғындарының үштейі көшпелі шаруашылықпен өмір сүрді. Мемлекеттің әртүрлі аймақтарында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі біркелкі болмады. Әсіресе үлкен иеліктердегі көшпелі тайпалар артта қалған еді. Иранда үстемдік етуші феодалдық қатынастарда негізінен жерге феодалдық жеке меншік жатты. Үндістандағыдай мұнда да барлық жерге,суға, малға т.б.жоғары жеке иелік етуші шах саналды. Алайда факты түрінде шахтың иелік етуінде оның домені ғана болды, ол кірістер оның ауласын,әскерін, орталық үкімет аппараттарын қамтамасыз етуге жұмсалды.Феодалдың иелігіндегі жердің көп бөлігі игерілмеді(Х ІІІғ.-ХІХғ. тың жерлердің иелері шахқа қызмет етушілер болды).Сондай-ақ бұл категорияға көшпелі тайпалар, хан тайпалары орналасқан жерлер кірді.Айтарлықтай жердің маңызды бөлігін вакуфтар құрады, формальды түрде олар киелі жерлер, мешіттер орналасқанда тұрды, бірақ факты түрінде рухани тәртіпте болды. Бұл негізгі жер иеліктерімен қоса жер мүліктері болды,ол мүліктер помещиктердің кейде саудагердің жеке меншігі саналды.Бұл жерлерге иелік ету қандай да бір болмасын шахқа деген вассалдық міндеткерлікке ешқандай қатысы болған жоқ. Жердің аздаған бөліктері, өзге категориялардағы жер иеленуші, кейде шаруа-ң аздаған жеке иеліктері болды. Жердің барлық категорияларында шаруалар ауыр феодалдық эксплуатацияға душар болды.Мынандай құқық жүрді, яғни шаруа-арендатор жинаған өнімін бес үлеске бөлді. Үлестің төрт бөлігі жерге, суға т.б.тәуелділігі үшін бөлінді.Бесінші бөлігі шаруаның жұмысының орнын толтыру үшін кетті. Шаруа помещикке өнімнің бестен үш-төрт бөлігін беріп отырды.Сонымен қатар, шаруалар хан-помещиктердің пайдасына орай әртүрлі натуралды борышкерлігін атқарды, салықтың көп түрлерін төледді. Шаруалар формальды түрде еркін деп есептелді, бірақ басыбайлы қарыздар, уақытында төленбеген салықтар, хандардың шексіз билігі оларды басыбайлы етті және олардың орындарын ауыстыру мүмкіндігінен айырды. Қашқан шаруаларды бұрынғы орнына күшпен қайтарды. Қатал эксплуатация шаруаларды кедейленуге, қайыршылануға және ауыл шаруашылығының құлдырауына әкелді. Азияның өзге мемлекеттері секілді Иранда да шаруалар көбіне егіншілікті үй қолөнерімен байланыстырды, тігіншілікпен, кілем тоқумен т.б. айналысты. Иран қалаларында ортағасырлық ұйымдастықты сақтаған қолөнердің дамуы болды. Мұнда жалдамалы еңбек қосылған қарапайым мануфактура болды. Қолөнер шеберханалары мен мануфактуралар темір мен мыстан бұйымдар шығарды, бұлдар, маталар өндірді. Өнімнің бөлігі шекараға шығарылды. Мануфактура мен қолөнер өндірісінің тауарлары, ішкі сауда біршама дамыды. Оларды гильдийге біріккен ұсақ және орта саудагерлер жүргізді. Иранның экономикалық біршама дамыған аудандарында тауар-ақша қатынастары дамуы айқын көрінгенімен, мемлекеттің кері сырғуына ел ішіндегі хандық билікке таластың жиілеп кетуі әсер етті, феодалдық билеушілердің арасындағы бақталастық талқысы жаңа экономикалық өрлеуге кедергі болғаны сөзсіз. Голландия мен Англияның Ост-Үндістан компаниясы сонау XVII ғасырда-ақ Персия шығанағы жағалауларына өз факторияларын құрғанымен Иранмен XVIІI ғасырдың басынан, осы ғасырдың аяғына дейін Франциямен сауда шартына қол қойған болатын. Иран әлі де Европа державаларының арасындағы колониялдық саясатта маңызды рөль атқарған жоқ болатын. Алайда, ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында ол Англия мен Францияның агрессивті саясатының шеңберіне кірген еді. Сол кезеңде Англия мен Францияның Европа мен Азиядағы экономикалық және саяси жағынан басым болу үшін бір-бірімен жүргізіп отырған аса қатты қарсыластығына себеп болған, оны маңызды стратегиялық плацдарм ретінді қызықтырған да осы Иран болатын. 1800 жылы ағылшын үкіметі Үндістан мен Иранға дипломптиялық миссиясын жіберді, ол миссия нәтижесі ағылшындарға ағылшындарға қолайлы саяси және сауда шартына қол қойылумен бітті. Иран шаһы Англияға алда-жалда Ағылшын-Ауған қақтығысы бола қалған жағдайда, әскери көмек көрсетуге жіне Иранға француздарды кіргізбеуге дайын екенін жеткізді. Ағылшандар өз тарапынан Иранға Франция немесе Ауғанстанға қарсы әскери қимылдарына қару-жарақпен қамтамасыз етуге уәде берді. Бітім-шарт ағылшындарға маңызды сауіда табыстарын берді. Ағылшын мен Үндістан саудагерлері Иранның барлық порттарында еркін құқық алды, салық төлемей қоныстана бастады, ағылшын мауытын, темір және болаттан жасалған бұйымдарды таси алды. ХІХғ.бас. Иран мен патшалық Ресей арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе бастайды.1801жылы Грузия шахтық Иранмен сұлтандық Турцияның құлдыққа айналдыру қорқынышынан Ресеймен одақтас болғаннан кейін арылды.Орыс қоластына Дағыстан мен Әзірбайжан хандықтары қосылды. Патшалық Ресей Кавказ маңы елдерінің сеніміне кірген соң Иранға саяси әсерін жүргізуге әрекеттене бастайды. Иран феодалдары Грузия мен Әзірбайжан хандығын өзінің қол астынан шығуын қаламады.Иран феодалдарының ұмтылысын ағылшын және француз дипломатиясы өз жоспарларын ( Иранды өзіне бағындыру ) іске асыру үшін пайдаланып, оны Ресейге қарсы қойды. 1804 жылы француз үкіметі Иран шахына Ресейге қарсы одақтас болуға ұсыныс жасайды,бірақ шах ағылшын көмегіне сеніп, бұл ұсынысты қабылдамады. 1804ж. орыс әскерлері Ганджин хандығына кірген соң Иранмен Ресей арасында соғыс басталды. Жергілікті халыққа сүйенген орыс әскерлері сәттілікпен алға жылжыды. Шах ағылшындардан өзіне берген уәдесін (көмек ) сұрады. Алайда 1805 жылы Ресей Наполеонға қарсы шықты да Англия оның одақтасына айналды.Англия Ресейге қарсы бұл ұсынысты ашық түрде көмектесуге бара алмады. Бұл жағдайды француз дипломатиясы пайдаланды. 1807жылы мамырда Иран мен Франция арасында шарт жасалды,онда шах Англиямен сауда және саяси қатынастарын үзуге, Ауғанстанды ағылшындарға қарсы соғысқа көндіруге, сондай-ақ француз әскерлеріне егерде ол Үндістанға Иран арқылы жорық жасаса жақтас болуға және Персия шығанағының барлық порттарын француздың соғыс кемелеріне ашуға келісті. Наполеон өз кезегінде Грузияны Иран қоластына алып беруге және иран әскерлерін қайта құруға инструкторларды жіберуге және қару-жарақ беруге уәде берді. Соңынан Иранға иран әскерлерін қайта құрып, жарақтандыруға француздың үлкен әскери миссиясы келді. Ратификация шарты б-ша шах француз саудагерлеріне сауданың жаңа табыстарын алуға мүм-к берді. Алайда француздар бұл артықшылықтарын толық іске асыра алмады. Ресей мен жасалған Тильзит бейбіт келісімінен кейін Франция Иранға бұрынғыдай Ресейге қарсы ашық әскери көмек бере алмады. Иранның бұл жағдайын ағылшындар пайдалануға тырысты. 1808 жылы Иранға бір мезетте екі ағылшын миссиясы бірі-Үндістаннан, екіншісі-Лондоннан келді. 1809 жылы алдын-ала жасалған ағылшын-иран шартына қол қойылды. Енді шах Франциямен барлық қатынасын үзуге , ал ағылшындар- Иранға жыл сайын ірі көлемде ақшалай субсидия, яғни Ресеймен соғыс аяқталғанша төлеуге келісті. Иранға ағылшынның әскери инструкторлары мен қару-жарақтары жеткізілді.Иранның Ресеймен соғысуының жалғасқанын қалаған ағылшындар өздерінің бақылауларын иран армиясына ұстады. Орыс-Иран соғысының нәтижесінде не француз, не ағылшындардың көмегі нақты әсерін берген жоқ. Ағылшын офицерлерінің басшылығымен жасалған шах әскерін қайта жарақтандыруы, оның соғысу қабілетін жақсартпады.Әртүрлі аудан-да, әсіресе Хорасанда шах үкіметіне қарсы бүлікшілер шыға бастады.Кавказ маңы тұрғындары орыс әскерлеріне көмектесті. Көпке созылған соғыс Иранның жеңілісімен аяқталды. 1813жылы қазанда Гюлистан жерінде Ресей мен Иран арасында бейбіт шарт жасалды, онда Иран Грузияның Ресейге қосылуын мойындады,сондай-ақ Ресейге Дағыстан мен Сол-тік Әзірбайжан қосылды.Ресей Каспий теңізінде әскери флот иемденуге құқық алды.Ресей саудагерлері Иранда еркін сауда жасай алды, ал ирандықтар-Ресейде. Ағылшын дипломатиясы бұрынғысынша иран феодалд-ң көңіл-күйін, пайдал-ға, яғни Англияның Иранға саяси және эконом-қ әсерін кеңейтуге ұмтылды. 1814жылы Тегеранда ағылшын-иран арасында ( 1809ж-ға негізделген ) шарт жасалды. Ол "Англия мен Иран арасындағы мәңгі бейбіт! дегенге саяды. Иранның барлық одақтастары яғни Англияға жаулықпен қарағандар Иранға да жау деп есептелді.Иран ағылшындардың Үндістан және Ауғаныстандағы саясатын қолдайтындықтарын, әскери инструкторларды тек Англиядан және оның одақтастарынан шақыруға келісім берді. Англия Гюлистанда шартта қаралған орыс-иран шекараларын қайта қарауды өз міндетіне алды, өзге жағдайда Ресей мен соғыс бола қалса әскерлерді Үндістаннан алдыруды және ірі көлемде ақшалай субсидия төлеуге келісті. Англиямен жасалған бұл шарт шахтың ресейге қарсылығын күшейтті. Әзірбайжан хандығын қайтаруды талап етті, ал 1826 жылы жазда шах, ағылшын-дардың арандатуымен, Ресейге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Жаңа соғыс Иранның жеңілуіне әкелді. Армяндар мен әзірбайжандар орыс әскерлеріне бары-нша көмегін берді,еркін отрядтар құрды.Тебризді орыс әскерлері алған соң бей- біт келіссөздер басталып, ол 1828 жылы 10- ақпанда Түркіменчай бейбіт шарт жасасумен аяқталды. Түркіменчай шарты 1813жылғы Гюлистан шартының орнын ауыстырды. Жаңа шекара Аракс өзенінен ары Шығыс Арменияның иран феодалд-нан азат болуын білдірді. Иран Ресейге 20 млн.руб.әскери контрибуция төлеуге міндетті болды, Ресейдің Каспий теңізіндегі әскери флотын толығымен ұстап тұруға құқық алды. Түркіменчай келісім-шарты орыс-иран соғысына қортынды қойды.Бұл соғыс Грузияның, Солт-к Әзірбайжанның және Шығыс Арменияның тұрғындарын иран феодалд-ң қысымынан босатты.Иран Ресейдің колонизаторлық саясатында оның қаруына айналды. 6.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж.Осман империясы және Араб елдері Жаңа заманның басында Туркия Осман империясының ауқымды орталығы болды. Ол өзінің құрамына: Европа территориясы (Балқан түбегі, Қырым, Қара теңіз және Азов жағалауы аудандарымен) Азия (Кіші Азия, Аравия, Ирак - Месапатамия, Сирия, Полистина, Заковказьяның бір бөлігі) және солтүстік Африка кірді. Әсіресе империяны қанаудағы шаруалардың жағдайлары ауыр болды. Балқан түбегінде помещиктердің феодалдық қанауы ұлттық және діни қанау сипатында болды. Шаруалары түрік эксплотациясына саясатына және өздерінің ислам дінін қабылдаған феодалдарына қарсы шықты. Мұсылман еместер <<райя>> (табын) деп аталды. Райя мемлекеттік қызметке қызмет етуге, соттан қорғауіздеуге және қару ұстауға құқы болған жоқ. Олардың киімдері мұсылмандардан басқаша болуға тиіс болды. Ислам дініндегі Аравия түбегіндегі араб халықтары, Ирак, Сирия, Палестина, Ливия, Гнунис және Алжирде түріктердің және өз феодалдарының эксплотациясы болды. Осман империясының территориясында қолөнер өндірісі дамыған ірі қалалар өмір сүрді. Жібек маталар, атлас және барқыт, сыналар және піл сүйегінен жасалған бұйымдармен атағы шықты.Стамбулда, Израильде ондаған мың қолөнершілер болды. Осман империясы бірнеше облыстарға және вассалдық жерлерге бөлінді. (Африкада және Аравияда) облыс және жердің наместниктері - әмірлер және палиалар - өз қолдарына әскери және азаматтық билікті біріктірді. Империяны басқаруда жоғарыға мұсылман дінбасыларының рөлі зор болды. Діни соттар заң бойынша барлығың басқарып отырды. XVI ғасырдың соңы - XIX ғасырдың басында Осман империясында феодалдық дағдарыс басталды, және Түркияға және басқа елдерге Еуропа колонизазорларының енуімен өмір сүруін аяқтады. ХVІІ ғ ІІ- жартысында Осман империясы қоғамдық даму жағынан Батыс Еуропа елдерімен салыстырған да артта қалушы елдердің қатарында болды. Осы уақытта Англияда, Голландияда және басқа еуропалық елдер де буржуазиялық тәртіп орнай бастаса, ал Осман қоғамында әлі феодалдық қатынас жалғасып, нығая түскен болатын. ХVІІ-ХVІІІғғ Осман державасы мықты Еуропа, Азия, Африкамен салыстарғанда территория жағынан үлкен болды және маңызды сауда жолдарын бақылауда ұстады, көптеген елдермен тұтқындар билігінде болды. Сұлтандардың басқаруы мықты әскер арқасында сақталды. Ішкі аудандар арсындағы қатынас жақсы болмады. Әскери феодалдық тәртіп мәдениетпен шаруашылықтың дамуына кері әсерін тигізді. Мұсылман еместер немесе кяфирлер (сенімді еместер) қиын жағдайда болды. Оларға гректер, сербтер, болгарлар т.б жатты. Еуропалық отаршылдардың Осман империясына енуі. Осман империясы әлсірегеннен француз, ағылшын көпестері империяға қол сұға бастады. XVI ғасырдың өзінде-ақ түрік сұлтаны Керемет Сүлеймен француз королі I Францискемен саяси келісім жасасып, сауда шартына қол қойылған болатын. Бұл келісім француз көпестерінс айрықша жеңілдік берді. XVI ғасырда мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттер ие болды. Батыс еуропалық көпестердің саудадағы мұндай артықшылықтары капитуляция тәртібі деген атқа ие болды (капитал-келісім-шарттың тарауы). 1740 жылы Осман империясының үкіметі Францияға жаңа <<бас капитуляцияның>> шартын берді, бұрынғы ескі шарттардың орнына жаңа шарт енгізіліп, мәңгілікке күшін сақтайтын болып жарияланды. Франциядан кейін мұндай міндеттемеге еуропалык мемлекеттер: Англия, Ресей ие болды. Капитуляциялық жеңілдік Осман империясы үшін халықаралык міндеттемеге айналды, ал капитуляциялық ереже мәңгілікке бекітілді. Шетел тауарларына баж салығы өте аз мөлшерде салынып, көпестер салықтан босатылды XVIII ғасыр соңында Осман империясының сыртқы саудасы толығымен шетелдіктердің, француздар мен ағылшындардың қолына көшті. Еуропадан Түркияға мата, темірден жасалған әртүрлі бұйымдар әкелініп, ал Түркиядан мақта, жүннен жасалған киімдер, былғары, темекі, өсімдік майы шетке шығарылды. Шетел капиталы империяның ішкі саудасына әсерін тигізіп, өзіне бағындыруға кірісті. Порттық орталықтарда грек, армян, еврейлерден тұратын компрадорлық буржуазия қалыптаса бастады. XVIII ғасырдың соңына қарай Осман империясы тәуелді елге айналуға бет бұрғаны байқалды. Империяның шеткі аймақтарында түріктерге қарсы езілген халықтардың көтерілістері жиіледі. Өз бетімен көтерілген шаруаларды Ұлттық буржуазия жетекке алды. Бұл көтерілістер ұлт-азаттық қозғалыс сипатын алып, Осман империясын әлсірете түсті. ІІІ Селимнің реформалары. ХVІІІ ғасырдың соны мен XIX ғасырдың басында ман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Селим сұлтан (1789-1807) қолдады. 1792-1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушының иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери-инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарынан тұратын соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батысеуропалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. ІІІ Селим жүргізген шаралар <<жаңа жүйе>> деген атқа ие болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дінбасылары реформаға қарсы болды өйткені олар өздері пайдалынып жүрген жеңілдіктерінен айрылатындарын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычар корпустарын жояды деп түсінді. Сондықтан III Селимге қарсы феодалдық бүліктер басталды. Ал 1798 жылы Наполеон Бонапарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс басталды. Осы соғыстың барысында III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806-1812) III Селим 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тиым салды. Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделді билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегіне топтаса бастады. Оларды <<рущук достары>> деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбұлға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим кісі қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы II Махмұдты (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды, <<рущуктік достар>> маңызды мемлекеттік қызметтерді иемденді. Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардьвд ашық наразылығына қарамастан Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жасаушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтың емес еді. Өйткені Түркияның тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын. Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге бейім Ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатынды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты. ІІ Махмұт реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілістілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасыларының қолдауына сүйенген ІІ Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың адам қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуык янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді. 30-жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық, мәдениет салаларына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипак) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды. Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империянын бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджаққа (уездерге) бөлінді, оллрдың билеушілерін орталық өкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жацаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министрліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды. II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлда медициналық, әскери және теңіз-инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ реформалар II Махмұт өлгеннен кейін іске асырылды. Танзимат. 30-жылдардың аяғында реформаторлар арқа сүйейтін қоғамдық топтар көбейді. Сұлтанның шенеуніктері арасынан оқымысты зиялы топ пайда болды. Реформаны жақтаушы компрадорлық буржуазия күшейді. Түрік емес халықтардың бітпейтін ұлт азаттық қозғалыстары, сұлтанның Египет патшасымен (1831-1833 жылдардағы, 1838-1841 жылдардағы) соғысы, шетелдік державалардың араласуы, билеуші топтардың көрегенділігінің оянуы бірқатар жеңіл-желпі реформа жасауға түрткі болды. Реформаны жақтаушыларды түріктің көрнекті саяси қайраткері және дипломаты Решид-паша басқарды. Ол сыртқы істер министрі бола тұра, реформаның бағдарламасын жасады. 1839 жылы қарашаның 3-і салтанатты жағдайда сұлтанның реформа туралы бұйрығы оқылды. Ол мыналарды жүзеге асыруға: 1)дініне қарамастан империяның барлық бағыныштыларының мүлкіне, намысына, өміріне қол сұғылмауына; 2) салықты мерзімінде қайта бөлу және өндіріп алу, салық жинау құқығын сатып алу жүйесін жоюды; 3) әскери қызмет етуге шақыруды әділетті жолға қоюға уәде берді. Әбділ Мәжит сұлтанның бұл бұйрығы жалпы бағдарлама мен Рашид-паша көптеген реформалардың, танзиматтың (реформалар, қайта құрулар) бастамасы болды. Реформа саясаты билеуші топтардың көпшілігі қарсы болған, ішкі қайшылықтарға толы жағдайда өтті. Решид-пашаның өзі де сыртқы істер министрлігі қызметі мен ұлы уәзірліктен бірнеше рет босатылып, бірнеше рет қайта тағайындалды. Соған қарамастан бірқатар қайта құруларды жасаушы және оның орындалуын бақылаушы Юстицияның жоғарғы кеңесі құрылды. Сауда соты құрылды, сауда жөніндегі заңдар шығарылды, акша реформасы жүргізілді. Шенеуніктерге тұрақты жалақы тағайындалды. Экопомиканы жақсартуға ұмтылған Мұстафа Решид-паша салық жүйесін қайта қарастырып, жан басы салығын жөнге келтіріп, арнайы салықтар, барщина жойылды. Либералдық - конституциялық қозғалыстар мен "Жаңа османдар" қоғамының туындауы. XIX ғасырдың орта шенінде елде көпестер мен ұсақ шеберхана иелерінің саны біртіндеп көбейе бастады. Бүл танзиматтың нәтижесінен түңіліп, тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастаған топтар еді. Осман империясында сан жағынан аз, шығу тегі жағынан феодалдық-шенеуніктік, ал идеологиялық жағынан буржуазиялық интеллигенция пайда болды. Олардың арасынан жазушылар мен көсемсөзщілер шықты. Мысалы, Ибрагим Шинаси, Намык Кемаль және басқа қайраткерлер. Олар білімнің дамуын, Ұлттық әдебиеттің қалыптасуын жақтады. Сондай-ақ оларды елдің саяси және экономикалық даму мәселелері, оның еуропалық елдерге тәуелділігінің артуы қатты алаңдатады. Ибрагим Шинаси, ІІамык Кемаль және басқа ағартушылар өздерінің саяси көзқарастары жағынан Түркияны конституциялық монархияға айналдырушылардың жақтастары болды. 1865 жылы Стамбұлда Намык Кемаль мен оның жолдастары <<Жаңа османдар>> деп аталатын жасырын саяси ұйым құрды. Оның құрамына 250-ге жуық адам кірді. <<Жаңа османдардың>> негізгі бөлігін прогресшіл жазушылар, журналистер, мұғалімдер, шенеуніктер, офицерлер құрады. Ұйымның негізгі мақсаты елде конституциялық құрылысты енгізу болды. Астыртын әрекет арқылы ұйым мүшелері сұлтанды елге конституция сыйлауға мәжбүр етуге сенім артты. Бірақ астыртын әрекеттері әшкереленіп, ұйымның көптеген мүшелері тұтқынға алынды, жетекшілері шетелге қашты. Түркияның тарихында <<Жаңа османдар>> қозғалысы елеулі кезең болды "Жаңа османдар" халықтың білім алуы үшін күресті, сұлтан режиміне және елдің шетел капиталына тәуелді болуына қарсы бой көрсетіп отырды. Бірақ олар халықпен байланысы жоқ қастандық жасаушы ұйым болды. Жас түріктер қозғалысының тууы. Шетелдік отаршылдардың езгісі, ІІ Әбділ- Хамит деспоттық режимі түріктің ұлттық капитализімінің дамуына тежеу болды. Түрік көпестері мен кәсіпкерлерінің жағдайы шетелдік фирмалармен салыстарғанда өте төмен болды. Бұл жағдай түрік буржуазиясының наразылығын тудырды. 1899ж Стамбулдағы әскери-дәрігерлік училишенің оқушылары "Бірлік және прогресс" деп аталатын жасырын қоғам құрды. Бұл ұйымға қатысушыларды жас түріктер деп атады. Жас түріктердің ең басты мақсаты 1876ж конституцияны қалпы келтіру және еуропалық үлгідегі бірынғай буржуазиялық реформалар жасау болды. 1908-1909 жылдардағы жас түріктер революциясы. Жас түріктер қозғалысының өрлеуіне 1905-1907 жылдардағы орыс реаолюциясы үлкен әсерін тигізді. Ол Осмен империясында кен қолдау тапты. Сұлтан өкіметі революцияның Туркияға таралып кетуіне жол бермеудің барлық шараларын қарастырды. Ресеймен шектес Кавказ шекарасы жабылды. Ресей туралы хабарларға цензура енгізілді, әскери бақылау күшейтілді. Әскерде толқу күшейіп, әскерилер елде болып жатқан жағдайға қарсы ашық көтеріле бастады, жазалаушы экспедицияларға қатысудан бас тартты. Ресейдегі революцияның әсерімен империяның әр провинцияларында үкіметке қарсы шашыранқы бас көтерулер жиіледі. Осы аталған мәселелердің болуынан өкіметтін қаупы күшейе түсті. 1908-1909жж ревалюциялық жағдайлардың артуы жас түріктердің белсенділігін ұлғайтты. Жас түріктердің басшылары армяндық, македондық, албандық басқа да ұлттық ревалюциялық ұйымдармен жақындасты. 1908-1909жж Туркиядағы ревалюция түрік халқының саяси тұрғыдан оянуының ең алғашқы қадамы болды. Сипаты жағынан бұл буржуазиялық ревалюция болды. Жас түріктер өз өкіметін нығайту мақсатында жаңа шетелдік несиеге келісім жасасты. 7.ХҮІІ ғ.соңы жартысы - 1918 жж. Африка елдері Солтүстік Африканың көп бөлігі Осман империясының құрамына кірді. Египет XVI ғасыр басында түріктермен жауланып алынды. Сол уақытқа дейін онда мамлюктік әскери-феодалдық кастасы үстемдік етті. Олардан египеттік сұлтандар гвардиясы құрылды. Түріктік жаулап алудан кейін, мемлекеттік Осман сұлтаны тағайындаған паша биледі. Осман империясының әлсіреуімен түрік сұлтанының Египеттегі үстемдігі формальді бола бастады. XVII ғасырдың аяғында мамлюктер өзінің саяси билігін қалпына келтірді. Ғасырдың ортасында араб географтары Египетте батысқа қарай орналасқан Солтүстік Африка елдерін біріктірді, атап айтқанда Ливия, Алжир, Тунис пен Марокко, ортақ Магриб деген атқа ие болды. Магрибтің жергілікті халқы- берберлер (ежелде оларды ливиялықтар деп атаған). VII ғасырда Египет пен Солтүстік Африканы арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына енгізді. Мұсылман дінін ала келген арабтар іс басқаруды өз тілінде жүргізді де, жергілік тілді ығыстырды. Магриб халқы араб әлемінің құрама бөлігіне айналды. Африканың солтүстік-батысында орналасқан Марокко XV-XVIғ. Португалия мен Испанияның отарлық агрессиясының объектісіне айналды. Марокконы Осман империясы жаулап алғысы келді. Мароккандықтардың қажырлы қарсыластығының арқасында, османдықтарға соққы берді, ал XVIII ғасыр басында бүкіл Марокко жағалауы европалық басқыншылардан босатылды (испандықтардың қолдарында тек Сеута, Мелилья және Алусемас қалды). XV ғасырдан-ақ португалдық, кейіннен басқа да европалық саудагерлер мен құл сатушылар Марокконың оңтүстігіне, Мавритания мен Батыс Сахараға басып кірген. Бірақ жаңа заманның басында бұл елдер отаршылдардың езгісінде болған жоқ. Африка материгінің қиыр шығысында орналасқан Сомали түбегі XVII ғасырда османдықтардың номиналды билігінде болды. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан қазіргі кездегі Судан жерін көптеген тайпалар мен халықтар мекендеді. Біздің заманымыздан бұрын-ақ мұнда Арабия түбегінен арабтар көшіп келді. Елдің солтүстігіндегі халықтар ислам мен араб тілдерін қабылдады. Оңтүстікті нилот тайпалары мекендеді. Судан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы біртекті болған жоқ. Осы кезде арабтар Сахалем, яғни "жаға" деп атаған. Судан жері Сахараның көшпенді халқы мен Судан диқандар арасындағы тауар алмасатын жері болды. Көшпенді туагерлер берберлер мен араб тайпалары тұз, тері, мал әкеліп, оған астық, мата және басқа тауарлар айырбастап алды. XVII ғасырда Судан территориясында бірқатар феодалдық сұлтанаттар пайда болды. Ең маңыздың Нілдің батысында орналасқан Дарфур (астанасы - Эль-Фашер) және Ақ пен Көк Нілдің арасындағы Сеннар болды. Бұл екі ел алдыңғы қатарда болды, бірақ алғашқы қауымдық қатынасы сақталған. Құнарлы жерлер бай феодалдардың қолында болды. Олар шаруалар мен құлдардың еңбегін пайдаланды. Дарфур мен Сеннарда ирригациондық егін шаруашылығы мен қолөнерлік өндіріс едәуір дамыды. Сеннарда мақта өсірілді және мақталы мата өндірілді, одан басқа мемлекеттерге сатылды. Сеннар қаласы, аттас сұлтанаттың астанасында XVII ғасырдың басында 100 мыңнан астам халқы болды. Қазіргі кездегі Судан территориясының батысынан, Ливияның оңтүстігінен, қазіргі кездегі Чад Республикасы, Орталықафрика Республикасы, Камерун, соңымен қатар Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінің хауса, фульбе және канури халықтары мекендеді. Чад көлінің қасында Канури халқы Борну мемлекетін құрды. Борну мемлекеті ертефеодалдық типтегі, құлиеленушілігі дамыған ел болды. Хауса бірқатар құлиеленушілік қала-мемлекеттер құрды - Кано, Кацина, Даура және тағы басқа, қазіргі Нигерияның солтүстігінде орналасты. Бай құлиеленуші қала-мемлекеттер кең сауда-саттық жүргізді. Олар құлдар жасаған қолөнер бұйымдарын сатты. XIX ғасырда бұл жерлерге келген саяхатшылар құлдар жұмыс істеген шеберханаларды суреттейді. Араб қайнар көздері Синегал мен Нигердің жоғарғы жағында Гана деген мемлекеттің бар өкілдігін хабарлайды (оның құрамына қазіргі кездегі Гана территориясы кірмейді). Гана басшылары XI ғасырда исламды қабылдап, оларға бағынатын тайпалар арасында таратты. Ислам мен қатар жазба тарап, мектептер пайда болды, қалалар мәдениет орталықтарына айналды. XI ғасырдағы араб географтарының біреуі Гана астанасын суреттеп (оның орналасуы әзірше белгіленбеген): "Қалада ғалымдар, заңгерлер және жоғарғы білімді адамдар тұрды",- деп жазды. Гана өзінің алтын пайдалы қазбаларымен белгілі болды. IX ғасырда араб географы: "Гана мемлекетерінде алтын - сәбіз тәрізді өседі және оны таң атқанда жинайды". Гана орнына жаңа мемлекттік одақ - Мали келіп, ол XIII-XV ғасырларда Сенегал мен Нигер жоғарғы жағындағы бүкіл кең аймақты қамтыды. Гана мен Малидан шығыста, қазіргі Нигерия территориясында XV-XVI ғасырларда Батыс Африканың көп бөлігін бағындырған Сонгаи мемлекеті орналасты. Бізде бар қайнар көздері Батыс Африкадағы ортағасырлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылым сұрағын толық жауап бере алмайды. Онда құлдардың еңбектері кең қолданылды. Сонгаи патшалары ақсүйектер мен дін басыларына жерді құлмен бірге таратты. Жерге отырғызылған құлдар феодалдық салықты пейілмен төледі және олардың жағдайы шаруалар жағдайынан айырмашылығы аз болды. Құл ұрпақтары дәстүр бойынша белгілі құқықтарға ие болып шаруаларға айналды. Ауыл тұрғындарының көбі бос қауымдар құрағаны белгілі, бірақ қайнар көздері олардың жағайы туралы мәлімет жоқ. Сонгаи патшаларының биілігінде және де рулық құрылым сатысында болған ұлыстар мен тайпалар болды. Сондықтан ортағасырлық Батыс Африка мемлекеттері, солардың ішінде Сонгаида ертефеодалдық типті мемлекеттер болды және олар ішінде зор салмақта құлиеленушілік сақталды, ал тұрғындардың басым бөлігі рулық қауымда өмір сүрді. XV-XVI ғасырларда Сонгаи мемлекті гүлдену кезіне келді. Араб ғаламдарының, дәрігерлерінің, архитекторларының көбі маврларды Испаниядан қуғаннан кейін Сонгаиға көшіп келді. Нигер өзенінде орналасқан Томбукту (Тимбукту) қаласы Каир және Бағдатпен қатар ірі мұсылман мәдениетінің орталығына айналды. Оның уневерситетінде Қазіргі кездегі Судан территориясының батысынан, Ливияның оңтүстігінен, қазіргі кездегі Чад Республикасы, Орталықафрика Республикасы, Камерун, соңымен қатар Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінің хауса, фульбе және канури халықтары мекендеді. Чад көлінің қасында Канури халқы Борну мемлекетін құрды. Борну мемлекеті ертефеодалдық типтегі, құлиеленушілігі дамыған ел болды. Хауса бірқатар құлиеленушілік қала-мемлекеттер құрды - Кано, Кацина, Даура және тағы басқа, қазіргі Нигерияның солтүстігінде орналасты. Бай құлиеленуші қала-мемлекеттер кең сауда-саттық жүргізді. Олар құлдар жасаған қолөнер бұйымдарын сатты. XIX ғасырда бұл жерлерге келген саяхатшылар құлдар жұмыс істеген шеберханаларды суреттейді. Араб қайнар көздері Синегал мен Нигердің жоғарғы жағында Гана деген мемлекеттің бар өкілдігін хабарлайды (оның құрамына қазіргі кездегі Гана территориясы кірмейді). Гана басшылары XI ғасырда исламды қабылдап, оларға бағынатын тайпалар арасында таратты. Ислам мен қатар жазба тарап, мектептер пайда болды, қалалар мәдениет орталықтарына айналды. XI ғасырдағы араб географтарының біреуі Гана астанасын суреттеп (оның орналасуы әзірше белгіленбеген): "Қалада ғалымдар, заңгерлер және жоғарғы білімді адамдар тұрды",- деп жазды. Гана өзінің алтын пайдалы қазбаларымен белгілі болды. IX ғасырда араб географы: "Гана мемлекетерінде алтын - сәбіз тәрізді өседі және оны таң атқанда жинайды". Гана орнына жаңа мемлекттік одақ - Мали келіп, ол XIII-XV ғасырларда Сенегал мен Нигер жоғарғы жағындағы бүкіл кең аймақты қамтыды. Гана мен Малидан шығыста, қазіргі Нигерия территориясында XV-XVI ғасырларда Батыс Африканың көп бөлігін бағындырған Сонгаи мемлекеті орналасты. Бізде бар қайнар көздері Батыс Африкадағы ортағасырлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылым сұрағын толық жауап бере алмайды. Онда құлдардың еңбектері кең қолданылды. Сонгаи патшалары ақсүйектер мен дін басыларына жерді құлмен бірге таратты. Жерге отырғызылған құлдар феодалдық салықты пейілмен төледі және олардың жағдайы шаруалар жағдайынан айырмашылығы аз болды. Құл ұрпақтары дәстүр бойынша белгілі құқықтарға ие болып шаруаларға айналды. Ауыл тұрғындарының көбі бос қауымдар құрағаны белгілі, бірақ қайнар көздері олардың жағайы туралы мәлімет жоқ. Сонгаи патшаларының биілігінде және де рулық құрылым сатысында болған ұлыстар мен тайпалар болды. Сондықтан ортағасырлық Батыс Африка мемлекеттері, солардың ішінде Сонгаида ертефеодалдық типті мемлекеттер болды және олар ішінде зор салмақта құлиеленушілік сақталды, ал тұрғындардың басым бөлігі рулық қауымда өмір сүрді. XV-XVI ғасырларда Сонгаи мемлекті гүлдену кезіне келді. Араб ғаламдарының, дәрігерлерінің, архитекторларының көбі маврларды Испаниядан қуғаннан кейін Сонгаиға көшіп келді. Нигер өзенінде орналасқан Томбукту (Тимбукту) қаласы Каир және Бағдатпен қатар ірі мұсылман мәдениетінің орталығына айналды. Оның университетінде жағдайларда тайпа басшыларымен феодал кньяздіктері ерікті түрде отаршылардың қызметтерін атқарды. Бірақ жергілікті халық шетелдіктерге бағынбай оларға кебір жағдайларда қозғалыстарды ұйымдастырып отырды, бұл теңсіз күресте Африкалықтар елі-жері үшін батылдылығымен, төзімділігімен өз өмірлерін қиған, отаршылардың бұл күрестерде қару-жарақ арқылы ғана жеңістерге қол жеткізіп отырды. XIX ғасырдың 60 жылдарында Вааля және Оранжева өзендерінің ағысындағы жақын орналасқан жерінде алмаз және алтын кендері табылып ашылған. Көптеген мемлекеттердің халықтары байып кетуді көздей отырып осы ауданға келген, осы шетелдің адамдары жергілікті халықтан бөлек басқа жерлерде орналасты. Сондықтан осы жерлерде жаңа қалалрмен ауыл-аудандар пайда болды. Мысалы Кимберли, Иоганесбург, бірақта табылған алмаз-алтындарды бірнеше ірі акционерлік қоғамдар монополизациялаған. XIX ғасырдың 70-80 жылдары Африка континентін бөлісуге түскен Бельгия отары болды. Король II Леопольд халықаралық масштабта ұлы державаларға бәсекелесе отырып Африкада өзінің отаршыл империясын құрды. 1876 жылы Брюссельде географтар саяси қайраткерлер, АҚШ және Европа мемлекеттерінің ғалымдары қатысқан халықаралық конференция өтті. Конференция ұйымдастырушыларының мақсаты "әлі ешкім ашпаған өркениетке жол ашу", және "ғасыр прогресіне лайықты, кірес жорығын" бастау деп ашық түрде айтты. Бұл конференцияда Орталық Африканың өркениетін зерттейтін халықаралық ассоцациясын құру келісім шарты бекітілді, осының нәтижесінде көптеген мемлекеттерде оның ұлттық мекемелері құрыла бастады. II Леопольд патша ассоцация қызметіне, атақты саяхатшыны Стенли.Г кіргізді. Стенли орталық азияны отарлауға бірнеше рет келісімге түсті .1879-1884 жж. Стенли Конго республикасының басейніне жана саяхатын бастады. Стенли ассоцацияның атынан 450-ге жуық келісімге отырды. <<Протекторат>> және <<Суверенитетті>> беруге тайпа басшыларымен осылайша келісімге отырды. Бұл тайпа басшылары аталған терминдердің мағынасын тереңнен түсінген жоқ. Сондықтанассоция басшысы II Леопольд орталық африканың территориясынның занды суверены болды. Бірақта Бельгияның отаршылары халықаралық ассоцияның атынаң жұмыс атқарғанымен өздерінің отаршыл державалардың бәсекелестік қарсылықтарына тура тірелді. Де Браза басшылық еткен француз әскерлері Конгоның оң жағалауындағы аудандарды басып алды, осы бәсекелес державалардың қатарына көп ұзамай Португалия қосылды, Англия өз ықпалын күшейту үшін Португалияны қолдады, сонымен қоса Германия Франция қосылды. Осы державалардың бәсекелестіктерінің нәтижесінде, Берлинде конференция өтті, мында Европалық державлар және АҚШ катысты. Афркадағы су жолдары мен сауданың ботандығы, туземецтердің жеке бастарының бағы үшін қүлдарды сатуды тоқтату күресі т.с.с. Ең басты өзекті мәселелердің бірі Орталық Африканы бөлу. Сонымен Конго мемлекетінің басшысы Король II Леопольд болды. Король Леопольд территориялық бөлісуде, Португалия мен Францияға жол берді. Леопольд өз мемлекетін теңізге шығару үшін барлық жағдайлар жасады, келешекте Бельгия Оңтүстік сонымен қоса Оңтүстік шығыс Катанг аудандарының жаңа ірі территорияларын иеленді. Отардың алаңы Бельгия территориясынан 80 есе артық болды. XIX ғасырдың 70 жылдарында Сенегал аудандарын төменгі ағысында оның шығысындағы Атлантикалық жағалауындағы кейбір бекіністер ғана Франция иелігінде болды. Франция экспансиясының негізгі ауданы 70 жылдарда Сенегал ауданының бассейні болды.Ұзақ күрестердің нәтижесінде Француз отаршылары Кайор мемлекетің бағындырып алды,содан сон Француз әскері Нигерияға атанды. 1883жылы Француздар Бамако қаласын басып алып Батыс Африканың екі ірі мемлекетіне шабуылдарың жасады . Осы екі мемлекеттің басшылары Ахмад пен Самори болды, Ахмад мемлекетінің ықпалы Сенегалдан Нигердегі Тимбуктуге дейін кең байтақ территорияда билік етті, Ахмад Францияға қарсы күресу үшін тукулер, бамбара, сонике тайпаларын біріктіруге тырысты, ал Француздар осы тайпаларды бір біріне айдап салып отырды. Соғыс 4 жылға дейін созылды. Француз әскерінің тұтқындарының көтерілістері болып отырды, окупанттардың ұсақ отрядтарын жойып отырған. Тек 1894 жылы Француз әскері жеңіске жетіп ірі сауда жолдарының торабында орналасқан Тимбукт қаласын басып алды. Сокотоға жақын жерде орналасқан аудандарда Ахмад өзінің көптеген сенімді әскерімен үнемі қозғалыстарды ұйымдастырып отырған. 1898 жылы Ахмад қаза болды. Француздар Ахмад мемлекетін басып алды бұл жеңістен кейін Француздар басқа да шабуылдарға бағытталды, Француздардың ендігі жаулау обьектісі болып, Молинк, Бамбара, Диула, Сенура тайпалары басын біріктірген Самори мемлекеті болып табылды. Самори осы одақты тікелей басқарды. Өзара талас-тартыстарды тоқтатып Самори өз елігін оң правинцияға бөліп олардың әр біреунен Губернаторларды тағайындады. Самори имам титулына ие болды. Отаршылардың әскери қару жарағының мықтылығын ескере отырып, Самори соғысты тиімді жерлерде ұйымдастыруды ойластырды: Самори әскері засадалар жасап жауларға тылдан, сонымен қоса флангтен шабуылдар жасады. 4жылғы соғыстан кеиін Француздар Самори әскерін бағындыра алмаған соң 1886 жылы Самори мемлекетімен татулық келісімін бекітеді. Самори мемлекеті мықты әскери державаға айналады 7 жыл бойы сәтті нәтижелерге жетеді. Бірақта 1898 жылы Самори әскері Либери шекарасында талқандалып Самори тұтқынға алынып қаза болады. Сенегал мен Суданды бір уақытта жаулаған Француздар жоспарлары бойынша Гвиней жағалауына басқыншылықтарын жалғастырған. Француздар Догомею мемлекетін окупациялаған, отаршыларға қарсы күресте ер адамдармен қоса әйелдер де қатысқан. Осы Француздардың жеңіске жетуінің бірден-бір себебі тек осы құл иеленушілермен, сонымен қоса феодалдар сатқындығының нәтижесінде осы догомеицтерді бағындырып өздеріне қаратты. Бірінші дүние-жүзі соғысының қарсаңында Француз империалисттері батыс Афркадағы кең байтақ отаршыл территорияларды басып алды. Осы жаулау нәтижесінде қол астында болған мемлекеттердің қатарына Гвинея, Сенегал, Піл сүйегінің жағалауы ( Берег Слоновой кости ) Догомей, Судан енді. Неміс байлары XIX ғасырдың 40 жылдардың өзінде-ақ Батыс Африка жағалауында әр түрлі факторилермен пункттерді ашты, ондағы Германия сауда мәселесі тек Англияға ғана жол беріп отырды. XIX ғасыр аяғында Африка отарлары үшін күрес күшейе түскенде, Гермения Того мен Камеруннан тыс жатқан территорияларды басып алуға тырысты. Атақты саяхатшы Бисмарк Нахтигалюге, осы аудандардағы герман протектораты енгізген инструкцияны берді. 1884 жылы жағалауларға жақын орналасқан пунктерде Германия жалауы көтерілді. Келешекте германдық агенттер, әскери отрядтардың қолдауымен Камерун Тогоның ішкі аудандарына Чад өзенінің және Нигерия Республикасының бағыты мен кіруге тырысты, дипломатиялық байланыста шекара жөніндегі шешімдердің нәтижесі. Германия, Того және Камерунға баратын жіңішке жолды иеленді. Германдық иеліктер Англия мен Франция отарларының қоршауында болды. Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжрибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жқмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынаң Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері женіліп Камеруннен қуылып Испаниядағы Гвинеяға қашты. 8.1918-2004жж. Қытай және Қиыр Шығыс елдері. 1917ж маусымда Ли Юаньхун парламентті таратуға мәжбүр болды. Оның депутаттарының көпшілігі Оңтүстікке қарай қашты.Олардың арасында Сунь Ятсен де болды. Монархияны қалпына келтірушілер жеңіске жетудің ең оңтайлы сәті туды деп есептеп 1-шілдеде генерал Чжан Сюнь Пекинге өз әскерін енгізіп 1912 жылы құлатылған <<занды өкіметті>> қалпына келтіргенін жариялайды. 12 жасқа толған Пу Иді таққа отырғызды.Төңперестің идеялық жігерлендірушісі 1898ж реформаның 100 күні авторы Кан Ювэй болды. Дәл осы кезеңде оның қщғамдағы беделі бұрынғыдай емес еді. Монархия бірнеше күн ғана өмір сүрді.Оны Бұхара халық түгіл, тіпті жапондақтарда қолдамады. Дуан Цижуй жағдайдың тығырыққа тірелгенінекөзі жеткен соң бүлікті басуға өзі кіріскен болатын Чжан Сюнь мен Кан Ювэй Пекиннен қашты. Бұл оқиғалардың барлығы Пекиндегі орталық биліктің әлсіздігін білдірді жаңа президенттің беделі төмендегендіктен дуцзюндер пікірімен санасуға мәбжүр болды.1917ж 14 тамызда Қытай Германияға соғыс жариялайды.Оның Антанта жағында әскери қимылдарға қатысуын Батыс майданға бірнеше ондаған мың арбакештерді әскери жұмыстарға жіберілу және 220 млн американ доллар көлемінде қаржылай шығыстан көруге болады. 3-қазанда Гуанчжоуда Қытай респ-ң парламентінің отырысы қайтадан ашылды.Депутаттар Дуань Цижуяны сайлаудан бастартып,Сунь Ятсенді <<Солтүстікке жорық әскерінің генераллсимус>> постына сайлайды. Оған үкіметті құру және солтүстік дуцзундерге қарсы соғыс жариялау міндетін қояды.Бірақ та Сунь Ятсен Пекиндегі өзінің қарсыластары сияқты дунзундердің кепіліне (заложник) айналды.Осылайша ------- билік әскери билеушілер қолына шоғырланды. Ал олар болса қарама-қарсы үкіметті өз жоспаларын жүзеге асыру үшін жамилғы ретінде пайдаланды.Бұл жүйе Дуцзюнат д.а. Қытайда ол 1925-27ж революция аяқталғанға дейін өмір сүрді.Ол Қытайда өзара нашар байналысқан, бірнеше террит-ға бөліп тастады.Көршілес провинциялар саяси аренада белгілі бір қайраткерді қолдаушы топтарға бірікті.1д.ж.соғ. аяқталғанға дейін ықпалдысы бэйян тобы (солтүстік) болды. Ол өз кезегінде фэнтьян (маньчжурлық), чжимеліл және анхуйлік болып бөлінді. Оңт-к батыста юньнан және гуанси топтары басшылық етті.Қалыптасқан жағдайдан өз пайданасын көздеген шетелдік державалар осы аталған топтарға қолдау беріп отырды. Мәселен Жапония фэнтьян мен аньхуэ топтарын Англия-Чжилилік топтарды және т.б. қаржыландырыпотырды. Жапондарға ниеттес солт-к топтың қайраткерлері Ресейдегі большевиктер жеңісіне қапаланған болатын.Солардың талабы бойынша Пекин үкіметі 1918ж наурызында Ресейден өз елшісін кері қайтарып алды.Оның алдында Сыртқы Монголиямен шекараны жауып тастаған еді.Мамыр айында Жапониямен пелісім жасаланды.Ол бойынша: ресейлік Қиыр Шығыстағы әскери акцияларға Қытай әскеріде қатынасатын болды.1918 ж аяғында бұл әскерлер Сібірге аттаныпты кетті. Ал оңтүстіктегі жағдай Сунь Ятсеннің пайдасына шешіле қоймады.1918ж 20 мамырда Гуанжоудағы парламент дуцзундердің гуанси тобының мүддесін көздей отырып,Оңт-к үк-н орнына 7 адамнан құрылған жаңа басқарушы орган құру тур шешім қабылдайды.Сунь Ятсен болса, отставкаға кетіп, Шанхайға көшіп барып белсенді саяси қызметтен уақытша бас тартып, өзінің негізгі шығармаларының бірі <<Елді құру бағдарламасы>> еңбегін жазуды аяқтайды. Бұл еңбегінде Қытайдың саяси бірік тірудің қажеттілігі, шетел капиталын тарта отырып экономикада мем-к секторды күшейту жолдары туралы ұсынғанымен сол мезетте оның үндеуіне ешкім құлақ аспады. 1д.ж.соғ. кезінде Қытайда Сунь Ятсен қызметінен оңаша зияла қауымның радикалды топтары идеялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестірді.Оларды <<Жаңа мәдиниеті>> қолдаушылар деп атады. Қытай қоғ-ң алдыңғы қатарлы топтары әлемдік мәдениет жетістіктерін белсенді түрде қабылдай бастады.Журналдарда кең көлемде орыс және батыс философтарының, европа жазушыларының еңбектерін кең турде аудармаларын жариялай бастайды.Осы кезеңде ұлттық сана-сезімде өсе бастады. Әсіресе жастар жаңалықты тез қабылдай бастады. Косерваторлар Батыс ықпаллына қарсы тұрып Қытай өркениетің сақтап қалған Конфуцилік мәдени құндылыққа қайта оралуды талап ете бастады. Ал оппоненттер болса Европаланудан қорқпай, Қытайдың дамуына кетергі болатын дәстүрлерден бас тартуды ұсынды. Олар Қытай Батыстан материалдық пен техника жөнінен ғана емес, тіпті мәдениет пен ұлттық ден саулығы жөнінде артта қалған. Батыс дегеніміз трамвай мен автомобиль мәдениеті, ал Қытай - "рикшалар мәдениеті" деп Қытайдың болашақ дамуын бағамдаса зиялы қауымның кейбір өкілдері - өз мәдениетімізге біз ұқылыптылық пен және сақтықпен қараумыз керек. Батстың өмірінің негізі-соғыс, ал Шығыс - бейбіт, Батыс өркениетінің күші-құқық пен материалдық табыс; ал Шығыс-сезім мен жомарттық. Осының бәрі екі әлемнің спецификасы деп білді. Өз кезегінде т.б. қайраткерлер Қытай мәдениеті Батыс мәдениетінен артық жоғары деп санады. Тек Конфуция әлемге болашаққа бірдей әмбебап мәдениетке жеткізеді деп саналады. "Жаңа мәдениет" қозғалыстың нәтижесінде ауыз екі тілге сәйкестендірілген әдебиетке жаңа жазу байхуа тілі енгізілді. Бол сауаттылыққа итермелеген және милиондаған қытайлықтардың білім алуын жеңілдеткен шынайы мәдени және әдеби революция болды. І д. ж. с. аяғына қарай "жаңа мәдениет" қозғалысының кейбір өкілдері (Ли Дачжао, Чэнь Дусю және т.б.) Қытай топырағына марксистік ілімді ендіруге ниеттенген болатын. Рессейде Қазан революциясының жеңуі және одан кейінгі Қытаймен жасалған теңсіз келісімдердің жойылуы ("жұдырықшылар хаттамасы" 1901 ж. еншіден кеңестік Рессейдің бастартуы). Саяси элита мен интеллигенция арасында елді шетел билеушілерінен азат етуде жаңа Рессейлік өкімет көмектеседі деген ұмыт оты жанған болатын. Артта қалған реакцияшыл Рессей қоғамының көпшілік бөлігінің ендігі жерде шынайы халық революциясын жүзеге асыруда үлгі тұтатын елге айналды. 1918 ж. жазында Сунь Ятсен Шанхайдан кенес үкіметінің басшысы В.И. Ленинге құттықтау телеграммасын жіберіп, ортақ жаумен қүрес жүргізу үшін, Гомендан мен большевиктер арасында өзара тиімді, тең құқықты қарым-қатынас орнатуды ұсынады. Большевиктік Рессейдің жетістіктері туралы хабарланған Сунь Ятсен тіпті өзінің жақын әріптестерін тәжірибе алуға жібермекші болды. Бірақ бүл сапардың сәті түспейді. "Төртінші мамыр қозғалысы" деген атпен танымал болған Пекиннен басталған студенттер толқулары ерекше күшке айналды. Париждегі бейбіт конференциясында Шандун түбегіндегі бұрынғы герман ықпал аймағын Жапонияға беру туралы шешіміне наразылық ретінде туындаған болатын. Қытайда көпшілік Антанта соғысты жеңімпаз болып аяқтады, Қытай герман коалициясында солармен одақтас болғандықтан Шандун провинциясындағы Германияның ықпал ету аймағы Қытайға қайтарылады деп үміттенген еді. Дегенмен Парижде бейбіт конференцияда қатысушылар Шандун Жапония бақылауында болу керек деп шешті. 1919 ж 4 мамырында басталған толқу 2 апта ішінде бастапқыда Пекин студенттері одан кейін халықтың басқа топтары"Отанға қауіп төніп тұр","21 талап жойылсын", "Мемлекеттің егемендігін сақтап қаламыз" жәнен т.б. ұрандар көтеріп, белсенді түрде наразылық көрсете бастады. Нәтижесінде Үкімет Версаль бейбіт келісіміне қол қоюдан бастартып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. Сунь Ятсен осы кезде Шанхайда еді, бұл қозғалысты қолдағанымен оның өзі және әріптестері қозғалысты дайындаумен өткізуге қатынасқан жоқ. Бұдан бұрын Парижге жіберілетін делегаттар құрамы туралы мәселе қарағанда да,Ол Қытайдың барлық халқының мүддесін қорғаушы емеспін оның құрамына кіруден бастартады.Олбүкіл елдің саяси,экономикалық бірлігін қалпына келтіруге шақырады,тіпті қарулы жолды да ұсынды.Солтүстік пен Оңтүстік саяси біріктіру үшін ресей большевиктерінің тәжірбиесіне ден қоя бастады. 1919 ж қазанда революцияға дайындалу үшін Гоминьданқалпына келтіріледі.Дегенменде жеңіске жету үшін Сунь Ятсен оңтүстік дуцзуннің қарулы құрлымдарына арқа сүйеу керек деп есептеді. Ал, олар болса өз мақсатына жету үшін қайтадан Гоминьданның беделін пайдалануға қарсы болмады. 1920 ж аяғында Сунь Ятсен Оңтүстік Қытайға қайта оралып, призиденттік қызтетке сайланып, солтүстікке қарсы жорыққа дайындалып жатқан шақта жергілікті билеушілер оны орнына түсіріп тастаған соң Шанхайға қайтты. Сунь Ятсен маңызды мәселелерді шешудегі жігерсіздігі мен әлсіздігіне көзі жеткен радикалды қайраткерлер дағдарыстан шығу жолы марксизм ілімі мен коммунистік партия құру деп білді.1920-1921 ж І жартысында Қытайда шағын үйірмелер құрылып 56 дан 60 дейін мүшелер болды.Елдегі Марксизмнің басты насихатшылары профессор Чэнь Дусю мен Ли Дачнао болды. 1921 ж жазында Коминтерн бастамасымен Шанхайда Қытай коммунистік партиясының Құрылтай сьезі өтті.7 маркистік үйірмеден 12 адам қатысады. Жартылай астыртын жағдайда жүргізілді. Сьезд әртүрлі саяси қозғалыстар (Гоминдан да) ынтымақтаспауға, кәсіподақ ұйымдастыру, пролитариаттық саяси сауатын ашу, реакцияға қарсы толқуларға қатысу және т.б міндеттер қойды. Тек 1922 ж Екінші сьезде Комитерннің қысымы мен КПК Гоминданмен бірге біріңғай ұлттық демократиялық майдан құру туралы шешім қабылдайды. Себебі Москвада Сунь Ятсенді болашағы мол одақтас ретінде көзқарас қалыптасқан болатын. 1923 ж ақпанда Сунь Ятсен қайтадан Оңтүстікке оралып үкіметті басқарып, өзінің партиясын КПК бірлесе қимылдауға бағыттаған қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бірақта Гоминданның оңтүстік қанаты оны қатты сынға алады, олар сыртқы күшке сенген болатын. КПК оңтүстік аудандарда жұмыс істейтін болды. 1923 ж көктемде ЦК КПК Гуанчжоуға көшірілді. 1923 ж қазанда Сунь Ятсеннің өтініші бойынша СССР саяси көмекшісі ретінде оңтүстік үкімет қарамағына сол кездегі белгілі большивиктер қайраткері М.М Бородин, Павлов П.А., Блюхер К.А және болашақ революциялық армияның кадрларын дайындайтын әскери мамандар тобы келеді. 1924 ж басында Гуаньчжоуда Гоминданның І-сьезі өтіп онда КПК мен бір майдан құру туралы шешім қабылданды. Сьез шешімінде Сунь Ятсеннің "үш халықтық принципіне" жаңа трактовка берілді. "Ұлтшылдық" дегеніміз енді Қытайдағы шетелдік қанаудың жойылуы және барлық ұлттар теңдігі "Демократизм"халыққа кең құқық пен теңдік қамтамасыз ететін мемлекеттік құрлыс құру, "народное благоденствие" шаруаларға жер бөліп беру, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және т.б. деп түсіндірілді. Бастапқыда "Национализм"Қытайдың бірінші міндеті цин әулетін құлату және Қытай (Хань)үкіметіне оралу 2- "Демократизм"монархия құлаған соң буржуазиялық-демократиялық республика орнату 3-"Народное благоденствие" жерге деген құқықты теңестіру және оны национализациялау (1905ж). Жаңа трактовкада "Үш халықтық принцп" Гоминданның саяси бағдарламасын құрады. СССР-дің көмегі мен кеңес ақшасына 1924 ж Хуанпи (Вампу) аралында Оңтүстік армияға кадрлар дайындайтын офицерлік мектеп ашты. Қытай коммунистері Гоминдан құрылымдарына белсенді жұмыс істей бастады. Қытайдың Оңтүстігіндегі жағдаймен бір мезетте Солтүстікте де экономикалық саяси дағарыс жағдайында гегомония үшін күрес жүріп жатты. Президент Ли Нань-Хун нақты биліктің рычагін иелене алмады.Үкімет бірінен кейін бірі отставкаға кетіп отырды. Парламентте іске ықпал етерліктей дәрежеде болмады. Осы кезде І д.ж.соғыстан кейін әлемде және Қиыр Шығыстада ықпалы өскен АҚШ Қытайға көп көңіл бөле бастады. Олар Чжили тобының лидері Цао Кун президент болуын қалап 1923 ж қазанда өз мақсаттарында да жеткен болатын. Бұл сайлау науқанына 13,5 млн доллар жұмсай отырып, Жапондарды жақтаушы қайраткерлерді ығыстырып шығарды. Президент ендігі жерде американдықтардың ұсыныстарын қабылдап, барлық талаптарын орындайтын болды. Бұдан бір жыл бұрын Вашингтон конференциясында "Тоғыз держава келісімі"қабылданған болатын. Ол бойынша: американдықтар ақшалай компенсацияға Жапония Қытайға Шаньдун түбегін қайтаруға мәжбүр еткен болатын. Бұрынғы ықпал ету аймағының орнына елде "ашық есік" принципі енгізілді. Бұл шешім Жапонияның Қытайға ықпалының әлсіреуін білдіргендіктен Жапонияның билеушісі топтары мойынсынбай, оңтайлысәтті күткен болатын. Осы кезде Пекин үкіметінің СССр мен қарым-қатынысы жақсарады. 1924 жылы мамырда "СССР мен Қытай Республикасының арасындағы мәселелерді реттеудің ортақ принциптері жөніндегі келісімге"қол қойылды. Дипломтикалық қатынастарды толық көлемде қалпына келтіру, СССР-дің бұрынғы ресейлік құқықтары мен артықшылықтары,шекаралық мәселелер қарастырылды. Экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше мән берілді. Арнайы келісім бойынша Қытай Шығыс темір жолы (КВЖД)Қытай үкіметі жеке меншігіне сатып алғанға дейінгі кезеңге дейін ортақ коммерциялық кәсіпорын болып жарияланды. Үкіметтің 1924 жылы жүргізген саясатына көңілі толмаған Чжили әскери тобының жетекшілерінің бірі Фын юйсян өз әскері мен Пекинді басып алады,оңтүстік үкіметті азамат соғысын тоқтату туралы келісімге келуге шақырады. Бұл үшін Пекинде оның бастамасы бойынша Ұлттық жиналыс қмен Қытайды бейбіт біріктіру үшін жалпы ұлт қайраткерлерінің жиналысын өткізу көзделеді. Ауыр науқасына қарамастан Сунь Ятсен бұл хабарға қатты қуанып, Солтүстік астанаға жиналысқа қатысуға қамданады. 1924 ж аяғында ол Пекинге келіп жетеді. 1925 ж наурызда Солтүстіктің өкілдерімен кездесу кезінде Сунь Ятсен Пекинде қайтыс болды. 1925 ж1 июльнде Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттық үкітеті деп жариялап, елді біріктіру жолындағы күрестің басталғаны жөнінде хабардар етті. Бастапқыда оңтүстік позисияны нығайту үшін күрес болды. 1926 ж көкиемде Гоминданның ІІ конгресінен кейін парияның ішіндегі күштердің қайта топтасуы болып, нәтижесінде билік шоғыранды.Кеңес мамандары соның ішінде Брюхердің жасаған жоспары бойынша Гоминдан әскері июльде өздерінің атақты Солтүстік жрығына аттанады. Жорық нәтижесінде Шанхай, Нанкин, Ухан және т.б. ірі қалалар мен халық көп қоныстанған провинциялар Чан Кайши бақылауына өтті. Жорқ іріленген сайын талқандалған дуцзундердің армиялары қайта жабдықталып Гомдан армиясына тартылды.1927 ж көктемінде оның саны 3 есеге өсті. Осы процестер бас қолбасшы Чан Кайши позициясын нығайтып 1927 жкөктемінде Шанхайда өзінің Ұлттық мемлекет жариялайды. Уханда гоминаның лидерлері бұл төңкеріске қарсы шыққанымен сол жылдың күзінде Чан Кайши Уханды басып алады. Солтүстік дуцзундер Нанкинге орналасқан Чан Кайши өкіметін мойындайды. Осымен Қытайды біріктіру аяқталады. Дегенменде бұдан былайғы онжылдықта әскери қақтығыстар орын алды. Бірақ жалпы алғанда бұл кезең бейбіт саяси консолдация жаңа мемлекеттіліктің басталуы мен өмірдің жаңа формаларын қалыптасу кезеңі болды. Ол қалай болды? Гоминдықтар өздерімен бірге не әкелді? Олардың саясатына не нәрсе тән еді деген сұрақтар туындары сөзсіз. ХХ ғ І ширегінде Қытайды дүрсілкіндірген революциялық соғыстарға қарамастан елдің жылдам экономикалық дамуы және қалаларда білім беру мәдениет және т. б адамдардың өмір сүру қағидаларына біршама өзгерістер болды. Елдің экономикасында бұрынғысынша ағылшын капиталы жетекшілік орынды иеленді, ол инвестиция дәрежесі жөнінде жапондықтар өкшелеп отырды. Ұлттық буржуазияның ролі аса зор бола қойған жоқ,тек сауда капиталы сферасымен шағын кәсіпорындарда шоғырланды. Керісінше қазыналық кәсіпорындардың үлесі күшейтілді. Гоминдан үкіметі өзінің әлеуметтік экономикалық саясатының шешу көзіне айналдыру нәтижесінде экономикадағы мемлекеттік секторды күшейтті. Елдің қаржы жүйесі-банктер, қамсыздандыру қоғамы, салық және кеден салығын өз бақылауына алды. Сонымен қатар экономикаға елдің экономикалық дамудың мемлекеттік жоспарын бақылайтын күшті механизмді жасады. Көрнекті шенеуліктермен Үкіметке жауапты қызметкерлер жеке адамдардың экономикаға салған салымдары кеңейтіп, қолдап отырды. Гоминдан үкіметі еңбек туралы бірнеше заң қабылдап, ресми мемлекеттік кәсіподақтар жүйесін жасап, жалақының ең төмен дәрежесін бекітті. Сонымен қатар азаматтық құқығын әсіресе жеке меншікті қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануы жеке кәсіпкерліктің дамуына ықпал етті. 1930 ж аграрлық заң қабылданып, онда аренда ақысының көлемі шектетілді, жер иеленудің мөлшері бекітілді, арендаторларды қорғады. Бұл заң деревнядағы әлеуметтік қайшылықтарды жою керек болды. Бұл реформа бағдарламасының эффектісі аз болды. Жаңа Қытайдағы күшті орталықтанған үкімет елдегі әлеуметтік және экономикалық қатынастарды реттеуде дәстүрлі Қытайлық тәсілдерге арқа сүйеу. Корея мен Маньжурияда бекінген Жапония Қытайдың өзінде экономикалық позициясын нығайта отырып, 30 ж ортасында Жапония бұл елді жаулап алуға дайындала бастады. 1937 ж июльде аса үлкен қарсылыққа кез болмай-ақ жапондықтар шығыс жағалауды оның ішінде Пекин, Тяньзин,Шанхайды 100 мың армия басып алды. 1938 ж Ухан мен Гуанчжоуды алды. Іс жүзінде Қытай маңызды экономикалық аудандармен барлық ірі қалаларды басып алды.. Осымен шектелген жапондықтар "Жаңа Қытайды "Жапониямен Манчжурия бірігіп "Шығыс Азиядағы жаңа тәртіп"бекітуге шақырды. 1931 ж 18 сентябрьде жапон әскері Солтүстік Батыс Қытай енген болатын. Чан Кайши Ұлттар Лигасына шағымданады. Тек Кеңес Одағы ғана жапондықтардың әрекетін айыптайды. Осы кезеңде СССР мен келіссөздер сәтті жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша 1937 ж 21 тамызда бір-біріне шабул жасамау жөнінде Қытай-Кеңес келіссөзіне қол қойылды. Қол қойылған соң Халықтық Республикалық Армия құрамына Ухан ауданындағы жапон әскеріне қарсы күресу үшін Қытайға Кеңес ұшқыштары келді. Кейінірек 1938 ж СССР қару жарақ сатып алу үшін 100 мың доллар, бір жылдан соң 150 млн доллар заем береді. Жапон-Қытай соғысының І-кезеңі аяқталды. Жапон үкіметі Чан Кайши тонаушылық шарттағы бейбіт келісімге қол қоюды ұсынады. Маньчжур Тәуелсіздігін тану, елді "жапондық экономикасының қызмет "сферасына тарту, антикаминтеріндік пактіге қосылу туралы ұсынды. Ван Цзинвэй Қытайға қайта оралып Гоминданға қайта қабылданып ЦИК төрағасының орынбасары постын иемденді және жапон талаптарымен келіссөзді ұсынады. Бірақ Чан Кайши бас тартады. Ван Цзинвэй Чунцинен кетіп қалып 1940 ж наурызында Нанкинде жапондар құрған қуыршақ мемлекетті басқарды. 10. 1918-2004жж.Үндістан мен Пәкістан 1939 жылы қыркүйекте Үндістан 2-ші дүние жүзілік соғысқа тартылды. Соғыс халыққа орасан зор ауыртпалық түсірді. Кейбір аймақтарды аштық жариялады соғыстың аяғында Үндістан мен ағылшын имперализмі арасында экономикалық және саяси қайшылық күрт шиленісті. 1946 ж. басында армияда флот пен авиацияда ағылшындарға қарсы толқулар болып өтті. Ағылшын үкіметі 1946 ж. көктемде Үндістанға доминон статусын беруге мәжбүр болды. 1947 жылы 15 тамызда Үндістан жерінде тәуелсіз жаңа 2 мемлекет Үндістан мен Пакистан доминондары құрылды. Ү.Ұ.К-ң жетекшісі Дж Неру тәуелсіз Үндістан үкіметінің премьер министрі болып тағайындалды. Тәуелсіздікке жеткеннен кейінгі алғашқы жылдары Үнді үкіметі елдің бөлінуінен туған экономикалық қиыншылықтардан арылуға бағытталған шараларды жүзеге асыра бастады. Бірте- бірте өзіндік өндіру базасы жасалды, транспорттық жұмыс қайта құрылды. Жаңа жерлерді игеру үшін трактор шығарыла бастады. 1947- 1949 жылдары әкімшілік аппаратын үндістандыру негізінен аяқталды, Шаруалар мен жұмысша тобының күресі нәтижесінде бірқатар провинцияларда үкімет демократиялық реформалар жүргізуге даярлық жасады. 1948 жылдан бастап жер реформасының жобасы белгілене бастады. Сол жылы жалақыны тұрақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. жаңа заңдар қабылданды. 1949 жылы 26 қарашада жаңа конституция қабылданды, конститутция бойынша Үндістан республикасы жарияланды. 1952-53 жылдардан бастап штаттардың үкіметтері аграрлық реформа туралы заң шығару жиналыстарында заңдарды іске асыруға кірісті. Бұл заңдарға сәйкес помещиктер жерінің негізгі бөлігі сатып алынды. Жер арендасы туралы заңдар помещиктердің аренда товарларды қанауын тежеді. 1945,1956 жылдардағы үкімет декларацияға сәйкес, ауыр және энергетикалық өнеркәсіптердің негізгі салалары негізінен мемлекеттік сектор құрылды. Сонымен қатар мемлекет және меншік кәсіпкерлерге финанс көмегін көрсетті. Елде экономикалық дамытудың бес жылдың жоспары қабылданды, жоспарда секторды дамытып Үдістанды индистрияландырудың мақсаты көзделді. Коммунистердің және оларды қолдайтын топтардың ықпалы күшейді. Парламент пен штаттардың заң шығару жиналыстарының алғашқы жалпыға бірдей сайлауларына /1951 жылдың соңы, 1952 жылдың басы/ мандат саны жөнінен ҮКП ҰҮК дан кейін екінші орынға , екінші жалпы сайлауларда алғашқыдан екі есе көп дауыс берді. Халықаралық қатынас саласында Перу үкіметі әскери- саяси блоктарға қосылмақ саясатын жүргізді. Кеңес одағымен және басқа да елдермен достық экономикалық және саяси ынтымақтастық орнатты. Азия мен Африкадағы отарлау және жаңа отарлау саясатына батыл қарсы мықты Үндістан үш сферада ядралық қаруды сынауға тыйым салу туралы Москва шартына қол қойды. 1961 ж. Үндістан әскерлері. Гоаны, Даман мен Диуды португал отаршыл дарынан азат етті. Сол жылы Пондимери, Каринал, Лизон, Маэ француз отарлық үстемдігінен басталды. Бұрынғы отарлық кезеңде шешілмей қалған мәселелердің салдарынан 1965 жылы күзде Үндістан мен Пакистан арасында жанжал шықты да қарулы соқтығысқа ұласты. Бұл Үндістанның экономикалық және саяси жағдайын қиындатты. Кеңес үкіметінің бастамасының нәтижесінде Талекент декларациясына қол қойылды. Бұл декларация Үндістан мен Пакистан арасындағы даулы мәселелерді реттеуге негіз жасап берді. 1966 жылы қаңтарда премьер - министр А.Б. Шастри / үкіметті 1964 жылдан басқарды./ қайтыс болғаннна кейін, Дж Керу қызы Индира Ганди примьер- министр болды. И.Ганди үкіметі халықаралық салада Азия мен Африка елдерінің мемлекеттік сверинеттік импералиятік агрессияда қорғау жолына түсті. Үкімет АҚШ- тың Вьетнамдағы агрессиясын /1964 ж. басталған/ Изральдің араб елдеріне қарсы агрессиясын және оның 1967 ж. араб жерлерін басып алуын талай рет айыптады. 1967- 1969 жылдары Үндістанның экономикалық белсенділігі жанданып, қалада, әсіресе ауылды жерлерде капиталистік қатыныс нығайды, сонымен қатар жаппай қозғалыс өрістеді, ауылдық жерлерде шаруалар мен бытыраңқы ірі жер иелерінің бос жатқан жерлерін өз бетімен ала бастады, қалаларда тоқымашылар, теміржолшылар ереуілге шықты, жоспар әсіресе студенттер жалпы демократиялық талап қойды. Осындай жағдай да Индира Ганди үкіметі Монголия қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Заңдар қабылдады, сыртқы сауда да мемлекеттік сектор едәуір ұлғайды мемлекеттік секторға қарайтын өнеркәсіп, салаларына және ұсақ кәсіпкерлерге финанс көмегі көп көрсетіледі. Бұл саясатты ҮКП, басқа кейбір партиялар қолдады. 9 тамызда Үнді үкіметі кеңес үкіметімен бейбітшілік, достық ынтымақтастықтық туралы шарт жасаты. Үндістан Пакистандағы азаттық қозғалысынан тілектістік білдіргені үшін 1971 ж. 3 желтоқсанда Пакистан авиациясы Үндістанға шабуыл жасады. Екі аптаға созылған соғыста Үндістан қарулы күштері бенгал партизан отрядтарымен бірге Шығыс Бенгалия жерін азат етті. Пакистан мен Үндістан арасында бітім жасалды. 1973- 76 жылдарда Үндістандағы прогресшіл және демократиялық күштері мен оңшыл реакция арасындағы күрес орши түсті. 1974 ж. әсіресе шетел импералиятері мен ішкі реакция қолдаған оңшыл партиялар Ганди бастаған үкіметті құлатуға тырысты. Ол үшін түрлі ұйымдар құруға ұмытылды. Антикоммунистік насихатты күшейтті. Фашистік элементтер кейбір штаттарда террорлық ұйымдастырып реакцияшыл діни топтар жанжал шығарды. Ал ҮКП ҰҮК ның солшыл күштері мен Индира Ганди үкіметінің прогрешіл шараларын қолдады, демократиялық топтардың бірлігін нығайтуға шақырды. Реакцияның қастандығына қарсы күресу үшін, елде төтенше жағдай жүргізілді. Индира Ганди үкіметі 1975 жылы негізінен еңбекшілер халық бұқарасының жағдайын жақсартуға бағытталған кезек күтірмес прогресшіл әлеуметтік экономика шараларды жүзеге асыруға кірісті. Дегенмен 1977 жылы наурыз айындағы парламент сайлауында билеуші Үнді ұлттық конгресі партиясы оппозициядағы Джаната партиясынан жеңіліп, ҰҮК өкілі примьер- министр Индира Ганди биліктен кетті. Оппозиция өкілі М.Десаль премьер министр болып тағайындалды. Үндістан блоктарға қосылмау, әлеуметтік системасы әр түрлі мемлекеттердің қатар өмір сүруі, бейбітшілікті, қауіпсіздікті өзара тиімді топаникалық қарым- қатынасты нығайту саясатын ұстап, отаршылдыққа, кәпілдік кемсітушілікке қарсы шығып отырды. Күрделі франциялық күрес 1979 жылы партиясының қулауына әкелді. Депутаттардың бір қатары бұл партиядан шықты/ светская/ нәтижесінде Лон дал партиясы дүниеге келді. 1980 жылы Үндістанда сайлау өтті. Сайлауға 6 партия қатынасты ИНН/М/ ИНН/А/, Джаната партиясы, Лон дал, КПИ/Ш/ /ИНК/ нәтижесінде ИНК/И/ жеңіске ие болды. Халықтың палатадан ең көп орын алды, қалған дауыстар былай бқлінді. Джанта 31, Лон дал 41, Кпи- 11, КПИ /м/ 35. 1985 жылы қазанда Индира Ганди Синхистік террористердің қолынан қаза тапты, 1984 жылы желтоқсанда жалпы сайлау болды. Примьер- министер орнынан Раджив Ганди сайланды,/ Индира Гандидің тұңғыш ұлы/ Ол 1950 жылдар ИНК /И/ жұмысына активті түрде қатынасты. Коммунистік партия өкілдері азайды. КПИ /м/ өзінің антиконгрестік позициясынан айнымады, ал КПИ болса, ел арсындағы тыныштықты сақтау үшін ИНК жақтады. Р. Ганди іскер, жаңа пікір, көзқарасымен лидерлік образ жасады. Ол өз жұмысын конгрестің ұйымдасқан құрылымын реформалаудан бастады. Р.Ганди үкіметі елде экономикалық модерилизация просесін жүргізді. Бұл шетел капиталы мен жеке меншік капиталымен байланысты болды. Бұл жолда Үндістанның басты әріптестері АҚШ, Жапония, ФРК. ИНК- ның этникалық, діни, касталық қақтығыстарөзгермеді. Мәселен сол жылдың өзінде- ақ Пенджабеде террористер ұйымдары құрылды. Пакистанмен шекаралас аймақтарда Далиму мен Кашмирда мұсылмандар мен индустар арасын да қақтығыс басталды. Ұлттық конгрестің жергілікті ұйымдарында франциялық дау- жанжал қайта көтерілді. Оппозиция Р.Гандиға және оның үкіметіне коорупция және финанстық дұрыс жүргізілмеді деген айып таңты. Р.Ганди бұл жаланы мойындамады, бірақ қоғамдық пікір оған қарсы еді. 1987 жылы ИНИ/И/ құрамынан ВП Сингх бастаған топ бөлініп шығып, Джанат Лон дал партиясы бірігіп Данатта дел партиясын құрды. Олар коррупциямен күресу, және материалдық жағынан төмен тұрғындарға қорғап болу туралы ұрандар айтты. Сол себебті олардың оппозициялық дәрежесі өсті. 1989 жылы сайлауда ИНК /И/ партиясы биліктен кетті, жеңіліске ұшырады. Үндістанның тарихында әлі бір саяси партиясы төменгі палатадан толық орын ала алмады, бір партиялық жүйе құрылмады. Ұлттық фронт парламенттің төменгі палатасында 144 мандат алды. В.П. Синоканның басшылығымен ақшыл үкімет құрды. Ұлттық фронт бес партия блогынан тұрды: олар Джанта дал, ИНК/С/, Ассаш паришад, Дравада Телугу десам. Жаңа үкімет кедейлердің тұрмыс жағдайын көтеруге, инфляцияның өсуін тоқтатуды, діни қақтығыстарды болдырмау шараларын қолданатындығын жариялады. Бірақ өкінішке орай бұл шаралар жасалмады. Өйткені жаңа үкімет әр партия өнімдерінен құралғандықтан әр түрлі көзқараста болды. Сондықтан бұл жоспар орындалмай қалды. Ал экономика салаларында ИНК/И/ жүргізген саясатынан басқа өзгеріс әкелген жоқ. 1991 жылы қайтадан кезексіз сайлау өтеді. В.П. Сикгном мен Шенхаран басшылығымен Болған саясаттың экономикалық жағынан тұрақтандыра алмауынан қайта сайлау жүрді. Сайлау үндістанның 22-25 штататында өтті. Үндістан саяси билігінде негізгі партиялардың барлығының нақты бағдарламасы болмады. Сол себепті дағдарыс кезінде саяси- экономикалық және қоғамдық дағдарыс кезінде саяси- экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде сайлауларда екі жақты көзқарас пайда болды. Р.Гандидің өмірі екінші және үшінші сайлаудың мерзімін ұзартты жаңа сайлауда ИНК/И/ нақты позиция алды, 541 орының 225 орынға ие болды. Енді билік Ақшылдар үкіметі қолына полисті примьер- минстр П.В. Нарсимко Рао үкіметі жүргізген экономикалық курсы нәтиже берді. Ол мемлекеттік меншікті, жеке меншікке беру, рупийді ұүндандыру, шетелдердің субсиданы шектеу және меншік жұмыс істемейтін компанияларды жұмысын тоқтату т.б. нақтылы шаралар жасады. 1992 және 1993 жылдар аралығында 5 жылдың жоспар стратегиясын жасады. Биліктегі конгерстің тұрақсыздығы партия ішіндегі күрделі франциялық күрес БДП дәрежесінің өсуі, ИНН/И/ кнәлеушілердің көбейуі т.б. мәселер 90 жылдардағы Үндістанның ішкі саясатының сипаты болды. Корупциямен күрес атты Бхаратия джата партиясының ұраны, премьер министр Нарасимо Рао қарсы болды. Оны 1999 жылы сайлау кезінде 10 млн рпий / долларға шаққанда 400 мың/ алғандығы жайында кнәлайды. БДП осы кезде дәрежесі өсе бастады. Бұл елде дәстүрлі және ұлттық мүдденің өсуін ғана емес сонымен қатар саяси партияда біраз өзгерістер болды. ИНН/И/ инсативасына қарсы шығып саясатты дінен бөліп алуға қарсы болады. М.Гандидің <<политика без религии- грязь>> атты ұранына сүйенді. БДП басты лидері А.П. Ваджаш болды. 1996 жылы 11 сайлау үш саяси партия ішінен жаңа үкімет құру ОФ- ңа /объединоный фронт/ тапсырылды оның басшысы Деве Годда болды. БДП биліктен алынды. 1998 жылы қайта сайлау болады. Бұл сайлауда жеңісті БДП алды. 1998 жылы 19 наурызда Р.Н. Нарянан жаңа премьер министр Атал Бихари Вадтамнан ант алады. 2000 жылы 26 қаңтарда Үндістан тәуелсіздік алғанына 50 жыл толуын атап өтті. 11.1918-2004жж.Ауғанстан * Бірінші дуниежізілік соғыс кезіндегі Ауғанстан. Бірінші дуниежүзілік соғыс басталысымен 24 тамызда Хабибулла Ауғанстанды бейтарап деп жариялады. Елдің ішкі жағдайының қиындығына қарамастан әмір бейтараптықты сақтауға тырысты. Ауғанстанда, әсіресе шекаралық тайпаларда антиағылшындық көңіл-күй күшті болды. Бұл жағдайға 1914 ж. Қазанда Түркиянің соғысқа қатысуы және түрік сұлтанының Англия және Ресейге қарсы <<Джихад>> жариялауы өз ықпалын тигізді. Сарай маңындағы консерваторлар мен әрбір жаңалыққа қарсы ескі ауғандар түріктік және антиағылшындық бағыт ұстайды. Герман империалистері одақтас ретінде Ауғанстанды өзіне тарту үшін түрік сұлтанының діни беделін пайдаланбақшы еді. Ауған әмірін соғысқа тарту мақсатымен Түркияда герман-түрік миссиясы қүрылды. Ауғанстанға экспедиция ұйымдастыру жобасын түрік генерал штабының басшысы Энвер-паша жасады. Герман генерал штабы бұл идеяны қолдап, Түркияға (генерал) лейтенант Оскар фон Нидермайер бастаған офицерлер тобын аттандырады. 1915 жылдың март айында экспедиция үш топпен Бағдадтан шығады. Алғашқы күндері миссия мүшелері бақылауда болады. Тек сегіз күннен кейін эмир оларды қабылдауға келіседі. 1916 жылы қаңтарда Нидермайер және Хентини эмирді Германиямен келісім жобасына қол қоюға көндіреді. Осыған байланысты ол миссия мүшелеріне ауған әскерін қайта құруға қатысуына рұқсат береді. Бірақ әмір Ауғанстан Англияға қарсы, егер Ресейге бейтараптық қамтамасыз етілген жағдайда ғана шығатының айтты; басқа кездесуде егер Германия 20 мың әскер, 100 мың қару және 200 мылтық тасымалдаған кезде ғана қатысатының айтқан. Хабибулла бейтарап саясатты жақтады. Ағылшындар миссия мүшелерінің Ауғанстанда төңкеріс жасап, Хабибулла ханды орнынан алатындығы жөнінде (егер Ресей және Англияға қарсы шықпаса) хабарлады. 1916 жылы күзде Нидермайер және Хентин Ауғанстанды соғысқа тартудың болашағы жоғын түсініп, миссияның көп бөлігі елден кетті. Нидермайер - Хенты миссиясының сәтсіз аяқталуының бірнеше себебі бар. Ауған әмірінің бейтараптықты сақтау қызығушылығы, ағылшындардан жыл сайын субсидия алуы, ағылшындар оны 1900 мыңнан- 2400 мың рупийге көтеруге уәде берген. Ағылшын саясаты жетекшілері Ауғанстанмен қақтығысты болдырмауға тырысты және <<Ауған мәселесін>> шешуге патшалық Ресейдің қатысуын қаламады. Нидермайер - Хенты миссиясының қызметі тоқтаған жоқ. Британ отарлық билігі тайпалардың антиағылшындық көтерлісі болады деп күдіктенді. 1915 жылы желтоқсанда Кабул қаласынды Үндістанның уақытша эмиграннтық үкіметі құрылады. Алғашында Хабибулла елдің көңіл-күйімен санасып, оларға барлық жағдайды жасайды. Кейін ағылшындарға жағымпаздану мақсатында оларға репрессия қолданып, кейбіреулерін елден құды. 1916-1917 жж. Хабибулла-хан ағылшын отарлық үкіметіне ауған тайпаларының көтерлісін түмшалауға көмектесті. Әмірдің бұл іс-әрекеті Ауғанстанда сенімсіздік туғызды. 1916-1917 жж. ауған әскерінде реформа жүрізілді, <<ішкі шиеленіс жағдайына>> әскери дайындықты жақсартуға шаралар қабылданды. Ауғанстан британ империализмі аясында ұсталынды. Бірақ осындай оқиғалар ұлт-азаттық көтерілістің басталуына жағдай жасады. * Ауғанстан тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі және үшінші ағылшын-ауған соғысы. 1918 жылы қол қойылған Брест-литовск келісімінің 7 бабында <<Персия және Ауғанстан еркін және тәуелсіз мемлекет>> деп көрсетілген. Совет үкіметі 1918 ж. шілде айында ауған ұлтына ұлт-азаттық күресте көмек көрсету мақсатымен өз үкіметін тағайындауға ұсыныс жасаған. Бірақ Хабибулла-хан ағылшындар қысымымен одан бас тартты. 1918 ж. аяғында Совет үкіметі екінші рет ұсыныс жасады, бірақ тағы сәтсіз аяқталды. Ауғанстанда Хабибулла-хан саясаты қарсылық туындай бастады. Елде салық өсті, әскери алу жиіледі. Билік қаржы министрі Мухаммед Хусейн қолында болды. Ол елде ағылшындардың ықпал етуіне жағдай жасады. Әмірдің Кеңес Республикасымен тікелей қатынасқа қол қойғысы келмеуі ішкі саяси дағдарыстың жақындауына әкелді. 1918 жылы жазда ағылшын әскері Советтік Түркістанға еніп, Құшқуды жаулап алды. Осылайша Ауғанстанды үш жақтан қоршайды. Сыртқы саяси қоршау, территориялық айналды. Ішкі және халықаралық жағдайдың шиеленісуі оппозиция қызметін күшейтіп, 1918 жылы әмірге қастандық жасалады. Жаппай репрессиялар басталады. 1919 жылдың 21 ақпанда Джилалабад маңында Хабибулла-хан өлтірілді. Бірнеше күн елде Қосүкімет болады. Әмірдің бауыры Насрулла-хан өзін әмір деп жариялады. Хабибулланың үшінші ұлы Аманұлла хан Кабул гарнизоны және қала тұрғындарына сүйеніп ол да өзін әмір деп жариялайды. Ол елді Британия тәуелдігінен азат етуді мақсат етіп қояды. Ел ханзаданы қолдайды. Ал Насрулла-хан қамауға алынады. Мұхаммед Хусейн асылып өлтіріледі. Аманұлла-хан жаңа әмір болып тағайындалады. Консерваторлар тобының жоғарғы билікті тартып алу әрекеті сәтсіз аяқталды. 1919 жылдың 27 наурызда Кеңес үкіметі әлемде ең алғашқы болып Ауған мемлекетінің егемендігін және тәуелсіздігін мойындаған. 1919 ж. сәуірде екі ел арасында елшілікпе алмасу және дипломатиялық келісімдерге қол қойылады. 1919 ж. мамыр айында Англия Ауған мемлекетіне қарсы үшінші жаулап алу соғысын бастайды. 12.1918-2004жж.Иран Иран 1- дүние жүзілік соғыста өзін бейтарап деп жарияласа да,оның территориясы әскери операциялар мен екі коалицияның күштерінің арсындағы саяси күрестің аренасына айналды. Германияны қолдайтын межіліс депутаттарының бір бөлігі Кум қаласына кетіп қалып, сонда Кум комитетін құрады. Бұндай үкімет герман-түрік әскерлері басып алған Керманшахта да құрылды. Ресей мен Англия Ирандық Азербайжанға, Хузистанға, Фарсқа, Керманшах пен Хамадан аудандарына әскерлерін енгізіп, герман-түрік күштеріне қарсы қарулы күрес жүргізуге мәжбүр болды. 1915 жылы Түркиямен шекарласып жатқан бірнеше Иран обылыстарын түрік әскерлері жаулап алғанына қарамастан,бұл майдандағы күштер арасалмағы негізінде орыстар мен ағылшындар жағында болды. Ресейдің соғыстан шығып кетуі және Германия мен Осман империясының талқандалуынан кейін, Иран территориясын ағылшын әскері толығымен басып алды. Соғыстың бас кезеңінде Иранды түрік әскерлеріне қарсы плацдарм ретінде пайдаланса, ал 1918 жылдың басында Советтік Ресейге қарсы қарулы интервенцияны басту мақсатында және оташылдыққа қарсы көтеріліп келе жатқан қозғалысты басу үшін ағылшын әскері Иранды толығымен жаулап алған еді. Соғыстың соңына қарай Иран тоқыраған,экономикасы артта қалған жағдайда болды. Мәжіліс таратылып,үкімет кабинеттері жиі ауыстырылып отырды. 1918 жылдың тамыз айында Вогус-эд-Доул басқарған үкімет құрылады. Вогус-эд-доул 1919 жылдың 9-тамызында мәжіліске хабар- ламастан, конституцияны бұза отырып <<Персияның прогресивті дамуына британияның көмегі туралы келісімге >> қояды. Бұл келісім бойынша ағылшын кеңесшілері мен нұсқаушыларына Иран армиясына, қаржысына, жол құрлысына, сыртқы сауда және елдің қоғамдық-эконмикалық өмірінің басқада салаларына бақылау рұқсат етілді. Іс жүзінде бұл ағылшын протекторлығын орнатты. 13.1918-2004жж. Араб елдері Египет- араб елдерінің ішіндегі ең ірі және экономикалық жағынан неғұрлым дамыған ел. 1922 ж.ж. бастап Египет формальды түрде тәуелсіз ел болып саналды, іс жүзінде Ұлыбританияға тәуелді болып <<маңта плантациясына>> айналған. Англия Суэц каналын және әскери базаларды Египетке және де басқа да араб елдеріне үстемдік жүргізу үшін пайдаланды. Египеттің халқы суэц наналы аймағынан ағылшын әскерлерін әкетуді, тәуелсіздікті талап етті. 1952 ж. 23 шілде айында Кайр гарнизоны әскерлерінің көтерілісі болды. Көтеріліс бойынша Абдель Насер. Ұлттық революция антиимпералистік және антифеодалдық болды. 1953 жылдары Египет республика болып жарияланды. 1956 ж. республиканың президенті Г.А. Насер болды. Египет Суэц каналын национализацияланды, үкіметтердің бұл заңды акциясында Англия, Франция, израиль 1956 ж. 30 қазанда с-с басталды. Бірақ агрессияларды сәтсіздікке ұшырайды. 1957 ж. аяғы мен 1958 ж. басында арабтарға қарс күштер Сирияға соққы беруге ақталды. 1958 ж. ақпанда Египет пен Сирия бір мемлекетке бірікті. Біріккен Араб Республикасы д.а. 1961 ж. шілде а-а ірі капиталдардың жеке меншігіне заңдар шыққан кезде. 1961 қыркүйекте төңкеріс басталды да, Сирия Біріккен Араб республикасынан бөлініп шықты. Экономикадағы өзгерістер Саясаттағы өзгерістер Үкімет ағылшын, француз компанияларының меншігін конфискеледі, барлық шетел кәсіпорындары мен банкілерін национализациялады.Мемлекеттік Сектор құрылды, помещниктердің Жерге иелегін аграрлық реформа жүргізді. 1971 ж. қабылданған жаңа конституцияға сәйкес Біріккен Араб Республикасы Египет Араб Республикасы АРЕ деп аталды.. Тәуелсіз сыртқы саяси бағыт жүргізіп империализм мен отаршылдыққа қарсы шықты. Совет Одағымен қарым- қатынаста болды КСРО - о еледеріне 150 өнеркәсіп ауыл шаруашылық объектілерін салды. Г.А. Нолер қайтыс болғаннан кейін Президент Анвар Садат бастаған е-ң жаңа басшылығы жүргізіліп келе жатқан прогресті бағыттан ауытқыды. Ашық есік, және экономиканы <<либералдандыру>> саясаты жарияланды. 1975 жылдары жерлердің арендалық ақысы қымбатты агаралық заң күшіне енді. Экономикасы нашарлады, бұқарасының тіршілік деңгейі төмендеді. АҚШ- а тәуелдігі күшейді. Египет Араб мемлекеті лигасынан шығарылып, саяси және экономикалық бахотқа ұшырады. 1981 ж. қазанда Әскери шеру кезінде қастандықтардан мерт бола жараланды. Вице президент болған М.Х. Муборак президент болып сайланды. Үкімет ұлттық экономика позициясын нығайтуға және мемлекеттік секторды дамытуға, теңдестірілген саясат жүргізе бастады. 1932 жылы ғана шартпен шектелген Ирактің тәуелсіздігін формальды түрде таныды. Иракты бүкіл өкімет билігі 1958 ж. дейін ағылшын қол шоқпарының қолында болды, олар елде террор мен қанау режимін орнатты. Импералистердің әмірімен ұлт- азаттық қозғалысты тұншықтыру мақсатында Бағдад пактісі (1955) жасалды. 1958 ж. шілде айында Ирак армиясының көтеріліс жасаған бөлімдері халқының қолдауымен монархиялық режимді құлатты. Ирак Республикасы болып жарияланды. 1963 ж. ақпан өкімет билігін өз қолына алды. 1963 ж. қарашада өкімет басыңа әскери топ келіп реформалар жасады. 1968 ж. шілде айында БАСС партия өкімет басына келді. Ирак территориясында орналасқан шетелдік мұнай кампанияларын түгелдей национализациялардың нәтижесінде ирак мұнайын шығару, өңдеу және өткізу үкіметінің қолына көшті. Ирак 1972 ж. жасалған Достық және ынтымақтастық шарт негізніде КСРО мен қарым- қатынасын дамытып келді. 1980 ж. қыркүйекте Ирак пен Иран арасында шекаралық жанжал басталып, ол ұзаққа созылған соғысқа ұласты, оны АҚШ импералистік аймақтың ісіне араласудың желеуі ретінде пайдалануда. 15.1918-2004жж.Түркия Түрік халқының азаттық күресін 1918 жылы Мұстафа Кемаль (Ататүрік 1880-1938 ) бастады. Оның басты міндеті ұлттық күштерді шоғырландыру болды. <<Құқықтар қорғау>> қоғамы құрылып олар мудросс келісімі белгіленген Түркия шекарасын қорғауға шақырды. 1920 жылы 20-сәуірде Анкарада жаңа парламент Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) шақырылып, елдегі заңды жалғыз билік болып жарияланды. ТҰҰЖ қабылдаған << негізгі ұйымдар туралы заң>> 1924жылға дейін уақытша конституцияға айналды. Антанта Түркиядағы ұлт азаттық күресті басуға одақтастар , грек және халифат армиясын аттандырады. 1920 жылы күштеп танылған Севр келісімі бойынша Турция Англия, Франция, Италия мен Грецияның арасында бөлінді. Солтүстік Шығыс Армеияға беріліп Оңтүстік шығыста Курдтар мемлекетін құру көзделді. Севр келісімінің тәуелділік шарттары ТҰҰЖ үкметін Кеңестік Ресеймен жақындасуына итермелеп, 1921 жылы Москвада РСФСР мен Турция арасында достық пен бауырластық туралы келісім жасалады. Антананың жауапты қимылдарын жеңе білген Ататүріктің беделі арта түсті. 1922 жылы 1-қарашада мәжіліс сұлтанатты жою заңын қабылдады. 1923 ж. 29- қазанда Турция республика болып жарияланады. 1924 жылы 3-наурызда халифат жойылып, кемалистер позициясы күшейеді. Сөйтіп ұлттық мемлекет құрылады. Лозонн конференциясы жұмысының барысында 1922 қараша-1923 шілде, түрік делегациясы Исмет Иненюдің басшылығымен Түркияның <<Ұлттық обетпен>> белгіленген территорияларды тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық мойындалуына қол жеткізді. Кемалистер артта қалған экономиканы көтеру үшін шетелдіктерден шамамен барлық өнеркәсіп орындары мен темір жолдарды алады. Этатизм эканомикалық саясаты, мемлекеттік қаржының өнеркәсіпке, темір жолдарға, ал кейіннен басқа шаруашылыққа салуын көздеді. 30 - жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі жылдардан кейін кемалистер экономиканы қатаң мемлекттік реттеуге көшті. 1928 жылы қазанда астана Стамбулдан Анкараға көшірілді. Бірқатар шаралар мемлекеттік істерді діннен бөлуге бағытталды. 1924 жылы халифат жойылып, Осман династиясының барлық мүшелері елден шығарылды. Дін істерімен вакуфтар бойынша министірлік жойылды, дінбасшылар барлық байлықтарынан айрылды. Барлық медреселер жабылып, оқу мекемелерін бақылау, ағарту министірлігіне шоғырланды. Сот өтері дінбасыларынан алынды. Мемлекет жаңа вилогбеттерге бөлініп, олар орталыққа қарады. 1923-1924 ж жүргізілген реформалардың нәтижесінде 1924 ж 20 сәуірде бірінші республикалык конститутция қабылданды.Коституция барлық азаматтарды түріктер деп жариялады 1925 ж бастап елде халықтың республикалық партияның бірпартиялық режімі орнатылды. Партиялық басқару мемлекеттікпен жақындасып, авторитарлық басқару жүйесі механизм орнады. 1925-1928 ж европалық үлгі бойынша қылмыстық және азаматтық кодекстер қабылданды. Көпәйелалушылыққа тыйым салынып, әйелдер ерлермен тең құқылы деп жарияланды, Европалық күнтізбе, киім-кешек, жаңа латын алфавиті енгізілді. Ал енді <<Ататүрік не істеді, халқына, Отанына не берді, түрік әлемі жайында қандай идеялар айтты?>> деген мәселеге келетін болсақ, мен былай деген болар едім: <<Ататүріктің туған халқына, Отанына сыйлаған ғажайып туындысы, түрікше айтқанда шахасәр, орысша шедевр дейтін еңбегі, бұл - <<Туркия Республикасы>> аталатын жаңа тұрпатты түрік мемлекеті. Бұдан артық, бұдан зор сый болуы мүмкін емес.Ал осы Туркия Републикасының іргесі берік болуы үшін, өркендеп, гүлденуі үшін <<Ататүрік қандай реформалар жасады?>> дейтін болсақ, бұл өз алдына үлкен бір мәселе. Түрік ұлтының заманауи өркениет деңгейіне жетуі жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың негізі болған принциптердің жиынтығы <<Ататүрікшілдік>> (немесе <<Кемализм>>) деп аталады. Бұл Ататүрік құрған жаңа Түркия Республикасы мемлекетінің идеологиялық негіздері болып табылады. Олар мыналар: республикашылдық, халықшылдық, ұлтшылдық, (ұлтжандлық), мемлекетшілдік, лаицизм (зайырлылық), революцияшылық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму үстінде болу). Бұл алты принцип 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының Конститутциясына енгізіліп, күні бүгінге дейін ешбір президент, ешбір үкімет тарапынан өзгертілмей келеді. Олар бұлжымас. Осы принциптерінің негізінде Түркияда Ататүріктің басқаруымен саясат, құқық, оқу-ағарту, зайырлық, тарих ғылымы, тіл білімі т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды, жаңалықтар енгізілді. Мысалы, сұлтандық халифат таратылды, жаңа конститутция қабылданды (1924): шариғат соттары таратылды, көп әйел алу тоқтатылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, жаңа заңдар кодексі қабылданды; араб жазуының орнына латын әліпбиі қабылданды (1928) және бұл бірнеше айда жүзеге асырлды, дін мен мемлекет бөлінді, еуропалық киім үлгісі енгізілді, 1926 жылы 1-қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл санау жүйесіне көшті, ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фамилиялар туралы заң қабылданды (1934) т.с.с. Ататүрік, әсіресе, тарих ғылымы және тіл білімі саласына ерекше көңіл бөлді, 1931 жылы Түрік тарих қоғамы құрылды, өзі <<Түрік тарихының басты бағыттары>> деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазды. Мұнан кейін түрік тарихы жаңаша сипатта-ұлттық және түркілік мазмұнда жазылатын болды. Түрік тілін араб, парсы элементерінен (олар сол кезде өте көбейіп, қарапайым халық өз тілін түсінбейтін халге жеткен) тазарту, оны халыққа неғұрлым жақындату мақсатымен 1932 жылы Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылды. Бұл екі қоғам да арада өткен 67 жыл ішінде орасан зор іс тындырды. Өкінішке орай, қарасы өшкір қызыл империя жылдарында Ататүрікке лайықты баға берілмеді, керісінше ол <<буржуазиялық қайраткер ретінде <<сыналды>>, жамандалды. Сондықтан ол әлі күнге дейін ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да жақсы белгілі емес. Ататүрік мейілінше түрікшіл адам болған. Ол 1933 жылы Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген сөзінде КСРО-ның түбінде ыдырауы мүмкін екендігін айтып, оның құрамындағы бауырларына қол үшын беру үшін Түркияның дайын болуын өсиет еткен-ді. Ататүрік түрік бірлігіне сенген, адамзат тарихының жаңа кезеңдері болашақта Түрік бірлігінен нәр алатынын айтқан. Артына <<Түрікпін дей алатын адам қандай бақытты>>, <<Түріктің түріктен басқа досы жоқ>> т.б көптеген қанатты сөздер қалдырған. Әлемнің түрлі елдеріндегі ірі-ірі мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар Ататүрікке өте жоғары баға берген. Олардың ішінде кешегі А.Гитлер де, бүгінгі Ф.Кастро да және т.б. бар. Ататүріктің өмірі, күресі, қызметі, айтқан сөздері мен ой-пікірлері (бұл жөнінде <<Жұлдыз>> журналында 1996 жылы 11-санында жарық көрген <<Ататүрік өсиеті>> атты мақаламызда оқуға болады), оған сүйгіштік, мұраткерлік тұрғысынан зор үлгі, әрі олардың тағылымдық-тәрбиелік маңызы терең. Сондықтан оларды кеңінен насихаттауға, әсіресе жас ұрпақтың жан дүниесіне жеткізуге тырысуымыз керек. Бүгінгі таңда бұл бізге өте қажет. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен 1939-1945 жылдары Түркия 1939 жылы 19-қазанда Ұлыбритания мен Франциямен одақ келісім жасап англо-француз блогына қосылса, 1940 жылы Францияның капитуляциясынан кейін гитлерлік Германиямен жақындаса бастап, 1941 жылы 18-маусымда Ұлыбританиямен одақты сақтай отырып, Германиямен достық пен шабуыл жасаспау келісімін жасайды. Гитлерлік Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Түркия өзін бейтарап деп жариялады. 40 жылдың аяғы - 50 жылдың басында түрік үкіметі АҚШ-пен Түркияға американдық <<көмек>> беру келісімін жасайды. 1952 жылы Түкия НАТО-ға енеді. 1955 жылы СЕНТО-ға мүше болады. 1961 жылы жаңа конституция қабылдады. Ол 1924 жылы конституцияға ұқсас болып, қосымша <<Конституциялық кеңес>> концепциясы енгізілді. Заң шығару билігі 2-палаталық Парламентпен жүзеге асырылды. Палаталардың бірі жаппай дауыс берумен сайланған, 450 депутаттан тұратын Ұлттық Ассамблея. Екінші палата - Республикалық сенат жалпы сайлаумен сайланған 150 депутатты, Президетпен тағайындалған 15 сенаторларды, сондай - ақ Ұлттық бірлік комитетінің мүшелерімен өмірлік сенаторлар болып табылатын бұрынғы президенттерді қамтыды. 1982 жылы Конституцияда Республикалық сенат жойылды, осы конституция биліктің барлық тармақтарының қалыпты қызмет етуін қамтамассыз етеді. Бүгінгі таңда Түрік Республикасы демократиялық, зайырлы және әлеуметтік құқықтық мемлекет, адам құқықтарын сыйлайды және Ататүріктің ұлттық патриотизімін ұсынады. Биліктің атқарушы, заң шығару және сот тармақтары жіктелген. Заң шығару билігін Түрік жоғары Ұлттық Ассамблея ( ТЖҰА) түрік ұлтының мүддесіне сәйкес атқарады. ТЖҰА құрылымы мен қызметі, міндеттері мен ықпалы Конститутцияда белгіленген. Бір палаталық Ассамблея тікелей сайлаумен 5 жылға сайланған. 550 депутаттан тұрады. ТЖҰА міндеттері мен қызметтері заңдарды қабылдау, түзетулер енгізу мен қабылдамау. Министрлер кеңесі қызметінің мониторингі, бюджетті талқылау мен қабылдау, ақша эмиссияларын ратификациялау, соғыс жариялау, халықаралық келісімдерді ратификациялау. Атқарушы билікті Президент пен Министрлер кеңесі атқарады. Президент, мемлекет басшысы, Түркия Республикасы мен түрік ұлтының бірлігін білдіреді, контитуцияның сақталуын бақылайды және мемлекеттің барлық органдарының үйлесімді және дұрыс қызмет етуін қамтамассыз етеді. Ол жеті жылдық мерзімге ТЖҰА мүшелері немесе аяқталған стандарттық білімге 40 жастан асқан Түркия азаматтарының арасынан сайланады. Президент екінші мерзімге сайлана алмайды. Түркия Республикасының президенттері; 1.Мұстафа Кемаль Ататүрік (29,10,1923-10,11,1938) 2.Исмет Иненю (11,11,1938-22,05,1950) 3. Келал Балер (22,05,50-27,05,60) 4.Кемал Гюрзель (27,05,60-28,03,60) 5.Севдет Сунай (29,03,06-28,03,73) 6.Фахри Корутюруг (6,04,73-6,04,80) 7.Кенан Эвран (18,09,80-10,11,1891) 8.Торғұт Өзал (9,11,1989-17,04,93) 9.Сүлейман Демирель (16,05,93-20) Министірлер кеңесі Премьер-министр мен министрлерден тұрады. Премьер-министр республиканың Президенті мен ТҰЖА мүшелерінің қатарынан тағайындалып, ал министрлер Премьер-министр мен ТҰЖА мүшелері қатарынан ұсынылып, Президентпен бекітілген. 18-жасқа толған Турцияның әрбір азаматы сайлауға, референдумға қатысуға, партия мүшесіне айналуға құқылы әскерилер сайлауға қатыса алмайды. Азаматтар саяси партиялар құруға құқылы. Саяси партиялар демократиялық принциптерге сәйкес, Конститутция бойынша еркін қызмет ете алады. Барлық саяси партиялар Анкарадан штаб-квартира ашып кем дегенде 30 адамнан тұру қажет. Негізгі партиялар игілік партиясы, Отан партиясы, Тура жол партиясы, Демократиялық солшыл партия, Республикалық халықтық партия. Түркия - аграрлы-индустриялдық мемлекет. Халықаралық еңбек бөлісінде Түркия аграрлы шикізаттық аудан рөлін атқарады. Мемлекетке барлық темір жол транспорты, байланыс құралдары, теңіз транспортының (1/2) бөлігі, несие-банктік жүйенің құралдарының (3/4)-і, өңдеуші өнеркәсіптің өнімінің 1/3-і, өндіруші өнеркәсіптің (3/4)-і және шамамен елдің бүкіл электроэнегетикасы тиесілі. Ауыл шаруашылығы Егіншілік - ауыл шаруашылығының басты саласы ауылшаруашылық өнімінің 2/3-ін берді. 25,5 млн га жер өңделеді (тер-ң 33%-і ) Егістік алқаптың 80%-ін астық тұқымдастары, 15%-н техникалық дақылдар алады, бақшалар мен жүзімдіктер 4,2% жерді алып жатыр. Мал шаруашылығы Түркияның 1/3 бөлігін жайылымдықтар мен шабындықтар алып жатыр Түркия ангор ешкілерінің жүнін әлемдік жеткізушілердің бірі. Ормандар 20 млн га (25%) жерді алып, аяқ жетпес таулы аудандарда сақталған, көп бөлігі мемлекетке тиісті. Түркия - азық-түлік өнімдерін өндіруде абслютті тәуелсіз елдердің бірі. Өнеркәсіп өнімінің 82%-і өңдеуші өнркәсіпке, 10%-і өндіруші өнеркәсіпке, 7%-і энергетикаға тиеді. 200 адамнан артық жұмыс істейтін ірі фабрикалар мен зауыттар барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының 4%-н құрайды, бірақ жұмыс күшінің 70%-н шоғырландырады және өнеркәсіп өнімінің 71,5%-н берді Өнеркәсіп негізінен, елдің батысы мен орталығында шоғырланған. 2001 ж. жазының аяғында Түркия экономикалық және саяси дағдарысының шырқау шегіне жеткен. Түрік лирасы 2001 жылы ақпанда ХВҚ (МВФ) Түркияға экономикалық реформалар байлағаннан кейін күрт төмендеді, жұмыссыздық пен қылмыс жасау күрт жоғарылады. Билеуші топтардың рейтінгі 10%-ке дейін төмендеді.Халықаралық жоспарда Түркия оқшаулану тенденциясын белгіледі. 2001 жылы мамырда МВФ Түркияға 8 млрд. көлемінде кезекті бергеннен кейін, Вашингтон Түркия өз ішкі істерін реттемейінше қолдау көрсетпейтіндігін ескертті. Түркияның ішкі саяси және экономикалық реформаларының сәтсіздігі салдарынан Түркия Еуропалық одақтың құрамына ене алмай келеді. Еуропалық құрылымдарға интеграция курсы сыртқы саясаттың доминантасы және билеуші ортаның ресми идеологиясы болып табылады. Қырғи қабақ соғысы кезінде Түркияның Батыс Еуропамен қатынастары жетекші болды. 70-жылдары Европамен қатынастарды экономикалық қызметтестік мәселелерін анықтаса, 90-жылдары бұл демократияны орнату мен жетілдіру мәселелері болды. Алайда Түркия қауіпсіздік туралы өзіндік тұрғыларға сүйеніп, қырғи қабақ соғысы логикасына сәйкес әрекет жасады. Бұл курдтар азшылығы мен солшыл партияларға репрессияларға қатысты. Осы мәселелерге түрлі көзқарас салдарынан Түркияның еуропалық қауымдастықтағы статусы анықталмай отыр. Сондай-ақ, еуропалық державалар мен Түркия арасындағы сақталып келе жатқан экономикалық алшақтық та кедергісін келтіруде. 16.1918-2004жж. Африка елдері Эфиопия африканың солтүстік-шығысындағы орналасқан ежелгі мемлекет. Мемлекеттің террориясы-1221,9мың км2 алып жатыр. Мемлекет 14 провинцияға бөлінген: Арси, Балс,Гамо-Гофа, Годжам, Гондэр, Иллубабор, Кефа, Сидамо, Тыграй, Уоллега, Уолло, Харэрге, Шоа, Эритрея. Елдің астанасы - Аддис - Абеба. Эфиопия халқының саны 60 млн. нан астам. Эфиопия Отарлық африкадағы жалғыз тәуелсіз мемлекет. Көптеген ғалымдар эфиопияны , онда 80-нен астам тайпалар мен ұлттардың тұруына байланысты <<халықтар мұражайы>> деп атайды. Халықтың 80 пайызы амхара, оромо, тыграй және гуарге тайпалары құрайды. Эфиопияның орналасқан жерінің табиғи жағдайы әртүрлі. Африканын ен биік шыңы Эфиопияда, оның биіктігі 3метрден асады, жерінің 40 пайызы 1500 метрден жоғарыда орналасқан. Сонымен қатар континеңтегіентөменжеріде Эфиопияда - Данакил жазығы. Осы жер планетадағы ең ыстық аймақтардын бірі 30-320С құрайды. Эфиопия Африкадағы егіңшілігі жақсы дамыған елдердін бірі Эфиопия атақты арабика кофесіңін отаны . 1896ж Адуадағы шайқаста император Менелик ІІ басқарған эфиоп әскерлері Итальяндықтарлы тас талқанын шығарып женіске жетеді.Осы женістін арқасында Эфиопия өзінің тәуелсіздігін сақтап қалады . 1896 жылғы келісім бойынша Италия Эфиопияның толық тәуелсіздігін мойындайды . Сонымен қатар басқа да Европа державалары мойындады . Эфиопия ХХ-ғасырға нашар дамыған аграрлық жүйесі бар, феодалдық тәртіптін билік ету жағдайында өтті. Мындаған шаруалар феодалдық езгіге душар болды. Этникалық және діни сеніміне байланысты қудалау мен құлдық кен етек жайды . Осындай күрделі ішкі жағдайда Менелик ІІ өзінің билік еткен жылдары, яғни 1889-1913 ж.ж аралығында мемлекеттің тәуелсіздігін тұрақтандыру мақсатымен, саясатта, экономикада және мәдениетте бірнеше реформаларды жүзеге асырды . Бұл реформалардын негізгі мақсаты абсолюттік басқару жүиесің енгізу еді . 1907ж мемлекет тарихында бірінші рет юстиция қорғаныс, ішкі істер, сауда және сыртқв істер, кіріс, ауыл шаруашылығы министірліктері құрылады . Алайда олардын барлығы императорға бағынышты болды . Сонымен бірге император провинциялар мен обылыстардын басшыларын өзі тағайындайтын болды . Менелик тұсында капитализмге көшу барысы басталды . Менелик ІІ тұсында Эфиопия бірорталықтанған, әкімшілік басқару жүиесі жақсы дамыған ел болды. Эфиопияны өз отарына айналдыру мүмкін емес екендігін түсінген батыс державалары , Эфиопияны өздеріне экономикалық жағынан тәуелді етуге тырысты. 1913ж Император Менелик ІІ қайтыс болғанан кеиін, таққа оның немересі Иясу отырады. Жас император Менеликтін жүргізген саясатын жалғастырды І -Дүние жүзілік кезінде Эфиопиянын ішінде билік үшін қиян - кескін күрес жүреді, осынын нәтижесінде 1926ж кыркүиекте император тақтан құлатылады. Билікке императрица Заудиту, <<Триумвират>> келеді . Триумвират билік еткен жылдары жас эфиоптықтар мен ескі эфиоптықтар арасындағы саяси билік үшін күреспен ерекшеленеді . Ескі эфиоптықтардың басшысы Тэфэри Мэконнык , ал жас эфиоптықтарды императрица Заудита басқарды. Осы күрестің нәтижесінде жас эфиоптықтар жеңіске жетіп, өздерінің реформаларын жүзеге асырды. 1923-1924 ж.ж құлдықты жою туралы заң қабылданады, осының нәтижесінде 1923ж Эфиопия ұлттар лигасына мүшелікке алынады. 1928ж регент Тэфэри Мэконныканың әскері консервативтік топтардың екі бас көтерулерін басып тастайды. 1930ж имератритца Заудита қайтыс болғанан кеиің, Тефэри Меконнык өзін Хайле Силасие І атпен эфиопиянын имериаторы деп жариялайды . 1931ж 16-шілде де эфиопиянын тарихында тұнғыш рет конституция қабылданады . Эфиопия парламенттік монархия жарияланады . 1933 ж 3-қазанда италияндық әскерлер Эритреямен, Сомалидан эфиопияның жеріне басып кіреді 1936 ж 1-маусымда Италия корольі Виктор Эммануйл ІІІ Италияндық Шығыс Африка колониясынын құрылғандығы туралы жарғы шығарады . Оған Эритрея , Сомали және Эфопия кірді . 1937-ж фашистік оккупанттарға қарсы партизандық отриядтары құрылады 1940ж маусымда Италия Англия мен Францияға соғыс жариялағаннан кеиін , солтүстік шығыс африкада да соғыс қимылдары басталды 1941ж қантарда Англия оккупациялық Эфиопияға өз әскерін енгізеді. Осы жылы сәуірде партизандық отрядтар Аддис- Абебаны босатады , ал 1942 ж басында фашистік Италия Эфиопия территориясынан өз әскерін толық шығаруға мәжбүр болады. Осы азаттық соғыста 760 мын эфиопиялықтар қаза табады . 1942ж 1 қантарда Эфиопия антифашистік коалицияға қосылады 1960 ж желтоқсанда императорлық билікті құлату мақсатында , бас көтеру болады . Осындай көтерілістер 1964 ж, 1966 ж, 1969 ж қайталанады . Осы толқуларда студенттермен шаруалар белсенді роль атқарады . 1970 ж басында императырдын қолынан шыға бастады 1974 ж 18 ақпанда Аддис-абеба да мұғалімдердің , автобус жүргізушілердін бас көтерулері болады . 28-ақпанда әскереи бөлімдер императорға бір неше талаптар яғни императордын тақтан кетуін, конститутциянын қайта қаралуын талап етеді . 1974 ж 7 наурызда ел тарихында тұнғыш рет бүкіл халықтық толқулар басталады. Оған 100 мынан астам адамдар қатысты . Көтерілісшілердін орталық комитетінің төрағасы болып Менгисту Хайле Мариям сайланады. 1974 ж 12 кыркүиекте император тақтан құлатылады . 1933 ж конститутция өз күшін жояды, үкімет пен парламет таратылып жіберілді. Барлық билік уақытша әскери әкімшілік одаққа өтелі. Эфиопия социалистік даму жолына түседі. 1978ж ақпан наурыз айларында эфиопия Сомалидің агрессиясына тойтарыс береді. 1984ж қыркүйекте Эфиопияның еңбекшілер партиясы құрылады. Эфиопияның ішіндегі этникалық шиеленіс елдің саяси жағдайын нашарлатты. Эритреямен қатар , Оромо мен Тыграй тайпаларының бөлініп шығуға әрекеттер жасаған болатын. Осындай күрделі жағдайда ел басы Менгисту Хайлс Мариям отставкаға кетеді. 1991ж уақытша ел басы қызметін Мелес Зенауй атқарады . 1994ж желтоқсанда федералдық конституция қабылданады.Осы конституция бойынша барлық провинцияларға автономия берілді. Және мемлекеттен бөлініп шығуға құқылы болды. Осы мүмкіншілікті Эритерия пайдаланды. 1998ж референдум боиынша 99,8 пайыз Эритериянын тәуелсіз мемлекет құруға дауыс берген болатын. Тәуелсіз еритериянын призденті болып Исаес Афеворн сайланды . 1998 ж мамырда екі мемлекет арасында әскери қақтығыс басталады , соғыс 2000 ж маусымына деиін созылды . 2000 ж маусымда Эфопия мен Эритрея арасында соғысты тоқтату туралы бейбітшілік келісімге қол қояды . Жана конституция боиынша Эфиопия - федеративтік демократиялық республика деп жарияланады . 1995 ж парламентте сайлау өтіп , онда Эфиспия халқынын революциялық-демократиялық фронты женіске жетеді . Билік премьер-министр М.Зенауйдің қолына көшеді. Эфиопия Африкадағы экономикасы едәуір дәрежеде дамыған елдердін бірі . 6.3.3 Практикалық (семинар) сабақтары № Семинар тақырыптары Сағат саны 1. ХҮІғ.соңы ХҮІІғ. Басында Манчжурлердің ұлттық билікті қалыптасуы. 1 2. ХХғ. Бірінші жартысында Қытай компартиясының билік басына келуі. 1 3. ХҮІІІғ. Жапонияда мануфактураның қалыптасуы керек. 1 4. І д.ж.соғыстан кейінгі Жапонияның мемлекеттік қуатының күшеюі. 1 5. 1911ж. Монголияда ұлттық биліктің құрылуы. 1 6. 1894-жылғы Кореядағы көтеріліс. 1 7 Үндіқытай түбегінің отарлануы. 1 8. Филиппинде АҚШ оталғының орнауы. 1 9. Үндістан және Пакистан мемлекетінің қалыптасуы. 1 10. Ауғанстандағы талибандар проблемасы. 1 11. Иран ислам революциясы. 1 12. Түркия республикасының құрылуы. 1 13. Ирактың халықаралық қыспаққа ұшырауы. 1 14. Араб мемлекеттерінің қалыптасуы. 1 15. Египеттегі Суэц каналы пробелемасы және оның шешілуі. 1 6.3.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) № Тапсырма Оқыту факторы Сағат 1. М.К.Ганди билігі. Реферат 3 2. ІІ д.ж.соғыстан кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстар. Баяндама 3 3. Үндістан Республикасының құрылуы және конституциясы Салыстырмалы талдау 3 4. І д.ж.соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Пеһлеви билігі. Реферат 3 5. Осман империясының Араб елдеріндегі билігі Баяндама 3 6. Шетелдіктердің Араб елдерін жаулауы Реферат 3 7. Араб түбегінде Вахаббизмнің тарауы. Салыстырмалы талдау 3 8. Жаңа замандағы Ауғанстандағы экономикалық дамуы. Реферат 3 9. 1905-1911жж. Иран революциясы. Баяндама 3 10. Еврейлердің шоғырлануы және <<Еврей проблемасының қалыптасуы>> Реферат 3 11. Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстардың туындауы және шиеленесуі. Реферат 3 12. Израиль мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты. Баяндама 3 13. .Мұстафа Кемаль және Түркия республикасының құрылуы. Салыстырмалы талдау 3 14. .ІІ д.ж.соғыс жылдарындағы Түркия Реферат 3 15. ХХғ.соңындағы Түркияның экономикасының даму тарихы. Баяндама 3 ОСӨЖ тапсырмалары және орындалуы № Тапсырма Оқыту факторы Сағат саны 1. Қытайдың жартылай отар елге айналуы. тест 3 2. ХІХғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. тест 3 3. Вьетнамның біртұтастануы. коллоквиум 3 4. Алжирдің тәуелсіздікке қол жеткізуі. тест 3 5. ХХғ.Африка елдерінің әлеуметтік жағдайы. сөз жұмбақ 3 6. Кашмир мәселесі. коллоквиум 3 7. Түркия мемлекетінің құрылуы және оның әлеуметтік реформалары. тест 3 8. Араб жарты түбегінде дербес мемлекеттердің қалыптасуы. конспектілеу 3 9. ИЗраиль мемлекетінің құрылуы және Палестинаның сыртқы саясаты. тест 3 10. Египеттің тәуелсіздікке қол жеткізуі. сұрақ-жауап 3 11. Солтүстік Африка елдерінің отаршылдарға қарсы күрестері. бақылау жұмысы 3 12. Оңтүстік Африка мемлекетінің құрылуы. сұрақ-жауап 3 13. <<Мәдени революция>> реферат 3 14. Қазіргі таңдағы Қытай экономикасы. коллоквиум 3 15. ІІ д.ж.соғыс жылдарындағы Түркия тест 3
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz