Файл қосу
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасы Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі пәні бойынша Мамандығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Мамандық шифрі - 5В010200 Семей - 2012 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к. Құрмамбаева Қарлығаш Солтанбекқызы _____________ <<___>> ___________20___ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ <<___>> ___________20___ жыл. Төрайым _________________ Мұқанова Қ.Қ. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды Хаттама №___ <<___>> ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _____________ Г. Искакова 4 <<____>> __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ МАЗМҰНЫ * Қолданылу аймағы 4 * Нормативтік сілтемелер 4 * Жалпы жағдайы 4 * Пайдаланылатын әдебиеттер мен ресурстар 5 * Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі 5 * СӨЖ тақырыбы мен мазмұны 6 * Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар 6 * Курстың форматы 7 * Курстың саясаты 7 * Бағалау критерийлері 7 * Студенттердің білімін бақылау 8 * Оқу үрдісі мен қашықтықтан кеңес беру кестесі 9 * Глоссарий 9 * Теориялық материал 11 * Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 66 * Бақылау жұмыстары 66 * Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар 67 * Қолданылу аймағы Бұл ПОӘК 5В010200 <<Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі>> мамандығы студенттерінің <<Тіл дамыту әдістемесі>> пәнін оқуға арналған. <<Тіл дамыту әдістемесі>> -ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды. <<Тіл дамыту әдістемесі>> пәнінің міндеті-студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге балаларды тіл дамытуға үйрету жолдарын яғни, балаларды ( дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру ; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру; балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді түзеп, грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонацияның жекеленген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге мектепке дейінгі балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадаға лауды т.б. үйрету. . Сондықтан тіл дамыту әдістемесі пәнін <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығына оқытудың маңызы зор. Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу 29,28,27,20 22,6,5,15, 1,22,16 Сабақ жоспарын құру 2-апта Орфография мен орфоэпияны оқыту 1,2,3,29,28,27, 20,22,6, 5 Ауызша баяндау 3-апта Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру 29,28,27,20, 22, 6,13, 5,14 Конспектілеу 3-апта Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру 3,4,29,28,27,20 22, 6,13,14, 15,16 Жаттығу жұмыстарын орындату 3-апта 5-7 жастағы балалардың сауатын ашуды ұйымдастырудағы сөз қолдану ерекшеліктері 16,14,29,28,27, 20 ,22, 6,15 Бақылау жұмысы 4-апта Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемд. Құрап айтуға үйрету 29,28,27,20,22,6,10,12,23,32, Арнайы сабақ жоспарын жасату 4-апта Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері 28,29,30,27, 30 27, 20, 22, 6, 31 Колоквиум 4-апта Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданатын көрнекі құралдар 19,28, 27,,20, 22,6,17,5, 23, 2,4 Көрнекі құралдар даярлату 5-апта * Нормативтік сілтемелер Бұл ПОӘК төмендегі нормативтік сілтемелер талаптарына сай жасалған: * ҚР МЖМБС 5.04.019 - 2011. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері; * ҚР МЖМБС 6.08.067-2010 Жоғары білім. Бакалавриат. 5В010200 <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығы; * ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 ЖОО білімді бақылау мен бағалау; * ҚР МЖМБС 5.03.007-2006 Кәсіптік- білім беру бағдарламалары. Негізгі ережелері; - Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі. ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. №152 бұйрығы * ЖОО ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің типтік ережелері. ҚР БҒМ 16.03.2011 ж. №94 бұйрығы; * Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ережелері Бұйр.01.01.2006. * ҚР МЖМБС 2.3.4.01-2010 Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 19.01.2012 ж. №112 қаулысымен бекітілген; * Жалпы жағдайы << Тіл дамыту әдістемесі>> пәнін оқыту міндеттері. Курстың теориялық бөлімінде <<Тіл дамыту әдістемесі>> пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді. * Тіл дамыту әдістемесі пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу. * Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту. * Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету. * Пайдаланылатын әдебиеттер және ресурстар Негізгі әдебиеттер 1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений- Семипалатинск, 2006 2 . Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы- Алматы: <<Рауан>>1991 3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984 8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985 9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959 10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004 12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-<< Ұлт тағылымы>> журналы №2/2006, 59-б 13. Т.К. Мүрсәлімов. Грамматикалық талдау әдістемесі-Семей-2007. 14. А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным.-Алматы: Өнер,2002 15. Қ.Ж. Бұзаубақова << Жаңа педагогикалық технология>> тренинг/Оқу-әдістемелік Құрал/-Алматы-2005 16. Ә. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А.., 1999 17. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі, А., 2000 18. М. Махмутов. Современный урок. Москва, 1985 19. Д. Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы, 1972 20.Г. Жұмалиева, Б.Баймұратова , Н. Никипорец. Тәй-тәй. А., 1990 21. З. Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А. 2001 22. А. Бакраденова, Б. Баймұратова. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы А., 1992 23. Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. А., 1995 24. Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.,2000 25. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А., 1998 26. Т.Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, Қ, Шәймерденов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999 27. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Алматы-1992 28. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А., 1992 29. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту, А., 1997. 30 Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері.А., 1980 31. Уәйісов Г., Жұмабаев Ә., Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999. 32. Сайлаубаева Б., Қойшыбаева Ж., Қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқау Семей-2006 * Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі 1 Модуль. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің жалпы сұрақтары 1.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. Мақсаты мен міндеттері. 2. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері. 3. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер. 4.Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. 5.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. 6.Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. 7. Орфография мен орфоэпияны оқыту. 8. Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. 9.Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы. 2 Модуль. 10. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. 11. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемді құрап айтуға үйрету. 12. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. 13. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар. 14. Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі. 15. Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары. * СӨЖ-дің тақырыбы мен мазмұны № Тақырыптар Жұмыс түрі Тапсыру мерзімі Балл * 1 Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздер, мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту әдістемесінің заңдылықтары мен принциптері. Ауызша баяндау. І апта 4 * 2 Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемдерді құрап айтуға үйрету. конспект ІІ апта 5 * 3 Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері конспект ІІІ апта 4 * 4 Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданатын көрнекі құралдар. Конспект ІҮ апта 5 * Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар Бұл курс 5В010200 <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығына арналған қолданыстағы стандарт негізінде оқытылады. Мұнда тіл дамытуәдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, оқыту әдістері мен оқыту құралдарына, оқытуды ұйымдастыру формаларына, тіл дамыту әдістемесі курсын дамыту жолдарына, ғылым және балабақшада оқу пәні ретінде назар аударылады. Сондықтан I-модульде тіл дамыту әдістемесінің жалпы сұрақтары қарастырылып, 2-модулде сөйлем құрап айту, байланыстырып сөйлеу талданады. Тәжірибелік сабақта тіл дамытудың курсын оқытудың дәстүрлі және электрондық оқыту әдістері қарастырылады. * Курстың форматы <<Тіл дамыту әдістемесі>> курсы қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы бойынша оқытуға ұсынылған. Барлық материал студентке білім модулы түрінде әрбір оқу кезеңінде оқуға арналған. * Курстың саясаты Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар: * студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс; * студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс; * студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс; * өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасауы тиіс; Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады: * Жұмысты белгіленген уақытында тапсырмау - бағасын 5 баллға кеміту 1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді. 2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді. Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30 баллдан төмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады. Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 баллдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі. Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студент тапсырмалары қабылданбайды. * Бағалау критерийлері <<Тіл дамыту әдістемесі>> курсы теориялық курс болып табылады, сондықтан барлық тәжірибелік жұмыстарды, бақылаудың негізгі түрін құрайтын жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады. Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады. Қорытынды бағалауға: Ағымдық бақылау - 60% Емтихан - 40% Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді: мұндағы: ИО - қорытынды бақылау; Р1 - бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті; Р2 - екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті; Е - емтихан бағасының сандық эквиваленті. Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады: * ағымдық бақылау (макс. балл-30) * аралық бақылау (макс. балл-30) * қорытынды емтихан (макс. балл-40) Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA - студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын - анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген. Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы - бақылау сұрақтарына жауап беру. Бағалардың % бойынша шкаласы Әріптік жүйеде бағалау Ұпаймен сандық эквиваленті Дәстүрлі жүйемен бағалау 95-100 А 4,0 Өте жақсы 90-94 А- 3,67 85-89 В+ 3,33 Жақсы 80-84 В 3,0 75-79 В- 2,67 70-74 С+ 2,33 Қанағаттанарлық 65-69 С 2,0 60-64 С- 1,67 55-59 D+ 1,33 50-54 D 1,0 0-49 F 0 Қанағаттанғысыз * Студенттердің білімін бақылау сұрақтары 1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындау. 2. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің заңдылықтары мен методикалық принциптеріне тоқтау., 3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. 4. Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу 5. Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу, жаттығулар топтамасын жасату. 6. Орфография мен орфоэпияны оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. 7. Сөздің грамматикалық дағдыларын ескере отырып, бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру 8. Бес жастағы балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктеріне мән бере отырып, сөйлеу тілін байыту мақсатында сөздікпен жұмыс түрлерін жүргізу. 9. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдарды тиімді пайдалануға үйрету. 10. Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі. 11. Бес жастағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері 12. Бес жастағы бвалалардың өздігінен орындайтын жұмыстары 13. Бес жастағы балаларға қазақ тілі грамматикасын оқыту жолдары 14.Грамматиканы үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдарды даярлауға үйрету. 15. Грамматикалық жаттығулар топтамасын әзірлету. 16. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, принциптері 17. Грамматика сабақтарының түрлері 18. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Оқылған мәтінді әңгімелеу және оны талдау жолдары 19. Тіл дамыту жұмыстары. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптары. 20. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтакс., стилистикалық Жаттығулардың маңызы 21. Бес жастағы балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру және баланың Бақылауда қолданатын әдіс-тәсілдері. білімін 22. Бес жастағы балалардың тіл дамыту жұмыстарын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу жолдары. 23. Бес жастағы балаларға грамматиканы үйретуде қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері Мәтінмен жұмыс./ шығарманы оқып, тыңдату; оқылған шығарма бойынша әңгімелесу; өздеріне әңгімелету; мәтінді талдату/ 24. Суретпен жүргізілетін жұмыс түрлері. 25. Сөздікпен жұмыс түрлері. Берілген тақырыпқа өз бетімен әңгіме құрап айтуға үйрету жолдары. 26. Бес жастағы балаларға жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары. 27. Бес жастағы балаларды сауатты сөйлеуге үйрету жолдары. Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар. * Оқу үрдісінің кестесі және қашықтықтан кеңес беру Курс Семестр Кредит Дәріс саны Тәжірибелік СОБӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау формасы 2 4 1 - 6 4 10 20 Бақылау жұмысы E-mail: Suleimenova.r@mail.ru Кеңес беру уақыты: 0 .0 . 13- 0 .0 .13 ж сағат 14:00 СМПИ №3 оқу корпусы Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: 0 . 0 .13 ж * ГЛОСАРИЙ Әдіс - құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері. Әрекет - іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады. Бейін алды даярлық - білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау. Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Білімдену - оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі. Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Даму - адам ағзасында жүріп отырған Дедукция - ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы. Дидактика - педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі. Дүниетану - дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс. Индукция - жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі. Индивид - жеке адам, тек өкілі. Инновация /латын/ - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану. Интерактивтік - интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі. Кешенді тестілеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту. Концепция /тұжырымдама/ - қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар. Қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қалыптасу - барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие - тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы. Метод - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. <<зерттеу жолы>> деген мағынаны береді. Модуль - сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне. Модель - үлгі (эталон, стандарт). Мотив - ынта-ықыластың аууы. Мониторинг - күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу. Нысан - субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы. Объект - адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны. Өлшем - бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау. Педагогикалық әдіснама - педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер. Парадигма - ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады. Педагогика пәні - тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы. Педагогикалық үдеріс - оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс. Субъект - сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Технология - қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы. Түйін - сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы. Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі. Эксперименттік алаң - жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы. Элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім. * ДӘРІСТЕР Дәріс№1. Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. Мақсаты мен міндеттері. Дәрістің жоспары: 1.Тіл дамыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру. 2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. 3.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Дәрістің мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады. Мазмұны: <<Тіл дамыту әдістемесі>> пәні - ғылыми теориялық білім беруді мақсат ете отырып оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды. Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды. 1.Білім беру құралдары мен жолдарына: 2.Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал: 3.Оқу жұмысын ұйымдастыру; Оны үйретудің әдістері жатады. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің міндеті - студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші- мұғалімдерге бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету жолдарын яғни балалардың (дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой - өрісін кеңейту өшін сөздердің мағыналарын салыстыру; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; балалардың сөздік қорын молайту, т.б. меңгерту.мектепке дейінгі балаларды ана тілінің жоғарғы сөйлеу мәдениетін игеруге (орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, нормаларын) тәрбиелеу. Сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар жүргізу барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз тұрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді тұзеп грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету,сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонациясының жекелеген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге төрт-бес жастағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету. Пәннің негізгі міндеті: * Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; * Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; * Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелеріндегі белгіленген кестелеріндегі белгіленген мерзімде өткізу. Пәннің мазмұны: Студент курс аяқталған соң бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету әдістемесі жайында түбегейлі біліммен қарулануы қажет. Осы пәнді игеру үшін аудиториялық сабақтарға толық қатысуы, берілетін білімді, ақпаратты меңгеруі, байқау, салыстыру, ойлау процестерін жүзеге асыруы,ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуі қажет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің маңызы неде? 2. Тіл дамыту әдістемесін түсіндір 3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений- Семипалатинск, 2006 2 . Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984 8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985 9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959 10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004 12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-<< Ұлт тағылымы>> журналы №2/2006, 59-б Дәріс№2. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері. Дәрістің жоспары: 1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары. 2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары. Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру. Мазмұны: Мектепалды тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Бірінші заңдылық Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді,. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз - ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді. * Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру; * Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету; * Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру; Екінші заңдылық Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді. * Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру. * Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен салыстыра алатындай материалдар іріктеу. * Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану. Үшінші заңдылық Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы әдістемелік принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару. Төртіші заңдылық Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мыныдай әдістемелік принципке негізделеді: * Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; * Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; * Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру. Бесінші заңдылық Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы және тиісті жазбаша таңңбалар ұғыну барысында меңгеріледі. Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай: * Көрнекілікті пайдалану; * Есту құралдарын пайдалану; * Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар; * Балалардың басқа пәндерді өту барысындағы сөйлеу практикасы пайдаланылады. Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады. Алтыншы заңдылық Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып жазып сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Жетінші заңдылық Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғынады. Сондықтан балалар үйренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет: Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс. Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепалды оқытудың негізі болып табылады:ол әдітемелік принцрптер осы заңдылықтардан туындайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары. 2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыздылығы. 3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №3.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер Дәріс жоспары: 1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер: 2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер: Мақсаты:Тіл дамыту әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс- тәсілдермен таныстыру. Мазмұны: Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек. Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Тәрбиеші бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады.мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм,диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді. Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді. Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетілет береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады. Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінң тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім. Сондай пәндердің бірі бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту ьолып табылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Мектепке дейінгі балаларды грамматикаға үйрету тәсілдері. 2 Баланың алғашқы ұстазы 3 Мектепке дейінгі балаларды грамматикаға үйретуде қолданылатын әдіс тәсілдер Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс№4.Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Дәріс жоспары: 1.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры туралы. Мақсаты:Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен. Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталғае әр топта өтілген сабақтардыцң алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген. Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше. Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.мысалы: <<торғай>>, <<Бақа бақа, балпақ>>, <<Санамақ>>, т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды. Сол себепті де <<Балабақшада оқыту және тәрбиелеу>> бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен ақ құмартып қызығадыц. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау аоқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте бірте қалыптасуына негіз болады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры туралы не білесі? 2.Сөздік қорларын дамыту үшін қолданылатын жұмыс түрлері. 3.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу жолдары. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №5.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. Дәріс жоспары: * Тіл дамыту жұмыстары жүргізу. * Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. * Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі. Мақсаты: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі. Мазмұны: <<Тіл ой өсіреді>> деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи көзеңдердің көркем шығармалардағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз. Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс-тәжірибелік білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін,әлеметтік өмірі тәжірибесін қалыпастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім. Сондай пәндердің бірі-іл дамыту пәні мекепалды даярлық кезңінде жүргізіледі. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау-жалпыдан жекеге қарай, яни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеерін ашып, білімі мен біліктілгін күшейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып абылады. Балабақшалардың ересектер тобында балаларға оқып беретін мәтіндердің мағынасы ауымда, тілі жеңіл, көркем, ойы орамды, тәрбиелік маңызы зор, балаларға қайтары да, үйретеді де көп болары сөзсіз. Ана-тілі шексіз бай, теңгеуріні мықты тіл. Еңжақсысы бала - ана тілін құрметтегенде ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын птриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің. Ана тілін бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай біл-саналы адамзат болғысы келтін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айырықша бағдарламада дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін безіп, асыраған анаңды ұмытумн бірдей. Анатілі-ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Қазақ тілін нәтежелі үйрету үшін оның оықту әдістемесін жетілдіре түсу-бүгінгі үннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек - талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге оның өмір мұқтажына сай дамытып, оқытуды жаңаша әдіс - тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып ортыр. Осындай мәні мен мағызы зор өзекті мәселенің бірі-бала тілін дамыту процесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойынның дәлді, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ,алым негіздерін меңгеру нәтиежелері ана тілінд сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтиежелі болу үшін балалрға ана тіліміздің қыр - сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетінде де ұғындыратын, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби іліктілігін, іс-қағаздары сауаты толтыру, жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі тіл дамыту бағдарламалары енгізілуді. Бағдарламны жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындайды. * Баланың жан-жақты, жүйелі кешенді дүниеге өзіндік көзқарасын зерделету. * Баланың тілг деген қызығушлығын оятып, білім сапасын өтеру; * Өзгелендіру тұрғысында жее тұлғаны жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу; * Болашақ кәсіби мамандығын табуға байланысты әлеуметік сұранысты қамтамасыз етуге ұмтылдыру. Бағдарламаның мақсыты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында бла бойына төмендегідей дағдылар қалыптасады. * Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алу; * Байқампаздығының дамуы; * Құбылыстарды шынайы бағалай білуі; * Ой өрісінің, ұғымының кеңеюі; * Ізденгіштікке ұмтылуы; * <<өз сөзін айту>> мүмкіндігінің қалыптасуы; * Функционалдық сауаттылық пен коммуникативтік біліктілігінің артуы; * Жергілікті, аймақтық деректерді жинақтап, жүйелеу дағдыларының қалыптасуы. Авторлық бағдарламаның ерекшелігі: * Қолданбалығында, өйткені бұл курста баланың қабілетін ескере отырып, тапсырмалардың деңгейлік негізде құралуы; * Баланың коммуникативтік біліктілігін арттырунда. * Аймақтық, ол жергілікті аймақтық ауына сөз шеберлігі олардың сөз саптау ерекшеліктері, ақын-жазушыларының еңбектері негізінде құралады. Тіл дамыту пәнін меңгерту барысында оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Оқу-әдістемелік кешені оқу материалының мазмұны, тарауларының көлемі, балаың теорилық білімін нығайтып, танымдық ізденпаздыққа, шыармашылыққа жетелецтін, өз бетімен анализ,синтез бағалауға бұл лаын деңгейлік тапсырмалар бар жұмыс дәптерме, тест жинақтарының, сараланған сұрақ тапсырмалардан, логикалық, дидактикалық ойындардан, жергілікті жерден шыққан тума сөз шеберлері, батырлары, ақындары жайлы деректері бар оқу хретоматиясынан тұрады. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында бала білімін жәй деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеуде Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың <<Дамыта оқыту>> технологиясының элементтерін, Ж. Қараевтың <<деңгейлеп оқыту>> технологиясын, проблемалық әдіс-тәсілдерін қолдану үлкен нәтиежеге жеткізді. Деңгейлеп оытудың әдіс-тәсілдері арқылы балалар: - төменгі деңгейлік тапсырмалар ойынша, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделіп, берілген тілдік материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды. - ортаңғы деңгейлік тапсырмаға бойынша бала теориялық негізде алған білімін практикалық үзінде ісе асырады, тақырып бойынша өз ойын айтады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады. * Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі қандай? * Оқу тәрбие процесін нәтиежелі болуы үшін қандай бағадарламалар енгізілуде. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №6 Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. Дәріс жоспары: * Фонетиканы оқыту әдістемесі. * Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айтқыза білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге және тіл мүкістігін түзету үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету. Мазмұны: Балалар тіліндегі бірнеше ерекшелік-сөздің дыбыстанужағын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл жағдайда жеке сөздердің дыбысық ағын дұрыс айтуына негіз болады. Екінші ерекшелігі-олардың өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан олады сөздің дыбысық жағынан дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін тәрбиеші өз жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс бала-бақшаға алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеші түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы етістік кемшіліктерін анықтайды. Балаланың толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмысары жүргізіледі. Балаларға қиян дыбыстар жиі қатысатын сөздер суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді. Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылаы. Тәрбиеші! Ф дыбысы дұрыс айтып үйренеміз-деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді, балалар. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларын бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ соңында сол дыбыстар жиі қаысатын өлең-тақпақ не жаңылтпаш оқылады. Сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, инсцинеровка, драматизация жасатуға болады. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету сабағы айына бір-екі ре өтіледі. Түрлі жаттығу жұмыстарын бағдарлама талабын ескере отырып, басқа сабақтарға қосымша жоспарлауға болады. Күнделікті тәрбие жұмысы кезінде таңертең сабаққа дейін, түскі ұйқыдан соң әртүрлі жұмыспен байланыстыра өтізуге де болады. Мұндайда арнайы еңбекте көрсетілген жұмыс түрін кеңінен пайдалану қажет. Бұл жастағы балаларды сөздің дыбыстық құрамына алдау жасай білуге үйрету үшн де жаттығу жұмыстары өтіледі. Балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал-мәтел оқу, жаңылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, әңгімелеп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату,ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына-шұлық, жәшік чемодан, щетка: р,л,с,з дыбыстарына-радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс қолдануға үйрету. Ондайла: <<жасырын сыр>> <<сөзді бірінен-біріне ақырын айту, жаңғырық (сөзді әр түрлі дауысты қатты, баяу, орташа қолдану) алыс-жақын (дуыс тонын көтере және төмендете оқу). Мұндай сөздер жақын және алыс, өте әріректе отырған балалар еститіндей дәрежеде айтылады. (ызың-ызың, сырт-сырт) Дыбыс сөз деген ұғымдарды меңгере оырып, сөздің дыбыстан құралатындығын түсініру қажет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Фонетика дегеніміз не? * Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтардың құрылымы қалай болу керек? * Тіл мүкістігін түзету жолдары қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №7 Орфография мен орфоэпияны оқыту. Дәрістің жоспары: 1.Орфография туралы түсінік. 2. Орфоэпия туралы түсінік. 3. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі. Мақсаты: Орфография мен орфоэпияның тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай оқыту. Мазмұны: Бала сөздің сыртқы формасын (затты референтімен тоғыстыру) бірінші меңгереді, ал кіші өрінісіне, мазмұнына, мағынасына өз тәжірибесі,тілдік ортасы арқылы келеді. Жарым жастағы сәбимен қарым қатынас жасай отырып, үлкен кісі оның езу тартып күлуін, талпынуын, алғашқы дыбыстық әсерін туғызады./ гуілдеу, ылдырлау/. Кейінірек жастың екінші жартысында қарым қатынас үлкен кісінің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сөйлеуімен қатынасқан эмоциялы-қимылды ойындар түрінде болады. (көбіне өлеңнің қысқа - қысқа жолдары айтылды) Сөйтіп бала алғаш рет көркем әдебиетпен ұшырасады. Екі жастағы кезеңде сабақтар шағын топтармен өткізіледі. Ұзақтығы балалардың белсенділігіне немесе керісінше, балалардың жалығу дәрежесіне қарай бірнеше минуттан он минутқа дейін құылып тұрады.Үш және төрт жастағы кезде балалардың тілінің жетілуі де шапшаң болады. Іл балалардың үлкендермен де, құрбыларымен де қарым - қатнасқа түсуінің негізгі құралына айналады.Үш-төрт жаста сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшйе түседі. Үш жаста балалардың сөз қоры бір жарым мыңға дейін көбеюі мүмкін. Төрт жастың аяғына таман бала өте қарапайым әңгіме құрасырып, бірнеше рет тыңдалған қысқа өлеңді еске сақтайды және қайталап айтады. Балалар бұл кезде шағын өлеңдерді, қысқа ертегілерді, әңгімелерді тыңдай алады және олардың мазмұны түінеді. Сондықтан да оларды тақпақты есте ақтауға, айтуға, таныс кіаптағы суреттерді қарайға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықылаын тудырып, қызықтырып отырудың маңызыд зор. Ес - алты жатағы кезде балалар шығарманы ықыластана тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деге өз көзқарастарын тиянақтап айа білуді меңгереді. Оларда шығарманың мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түірне қызығу тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды. Балалардың өздері жұмбақ, өлең құрай бастайды. Балалардың тілін дамыту негізінен ережелерді меңгерту барысында және жаттығулар мен тапсырмаларды орындатқызу түрінде жүргізіледі. Осыған орай ережелерді нақтылай түсу /әрбір тақырыпқа тән ерекшеліктерді толық көрсету, жаттығуларды түрлендіру жағына қатты өңіл бөлінеді. Балалардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдерде белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет; яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту, сөздерді үйрете отырып, сөздер жасайтын формаларды меңгерту және оларды байланыстырып сөйлем құрауға, ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйрету мақсат етілді. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөйлем құрау және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлей білу) тіл дамыту жұмысының мазмұнын құрайды және олар күнделікті өтілетін грамматика, оқу сабақтарымен байланысты біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі түрде өткізіледі деуге болады. Сондықтан тіл дамытудың осы негізгі үш бағытын бөлшектеуге, даралауға болмайды. Бұлар қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады;ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Орфография дегеніміз не? * Орфоэпия дегеніміз не? * Тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай қалай оқытуға болады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №8 Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. Дәрістің жоспары: 1. Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету. 2. Көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға баулу жолдары. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалардың көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға, сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету. Мазмұны: Балаларды әдебиетпен және ауыз әдебиетімен таныстыру, оларды әңгімелеуге және оқыған, тыңдағанын қайта әңгімлеп беруге, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мысалдарды жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету, тілді бейнелеу және мәнерлеу, сөздік шығармашылықтың бастапқы түрлерін дамыту жөніндегі жұмыс-міне осылардың бәрі баланың зердесін оятып, ой-түйсігін, тілін жетілдіруге жәрдемдеседі, көркем сөзді қабылдауы жетіле түседі, балалар әдебиеті шығармалаларының неғұрлым күрделіліктен түсіне бастайды, оларды түрлі шығармалармен таныстырады. Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалар өркем шығармаларды тұтас лғанда тереңірек қабылдайды: сюжетті жай түсініп қана қоймайды, жарқын, бейнелі сөзді, ертегілер мен әңгімелердің нәрін аңдай бастайды, өздерінің кейіпкерлерге деген өзқарастарын айтады. Бес жасқа шыққанда олар сабақтарда ғана емес, одан тыс жерде де танысқан қысқа-қысқа ойнату тақпақтарын, төрт жолдық өлеңдерді біледі. Балалар тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ынталы орындайды: әңгімесін кішкене жазық фигуралармен сүйемелдей отырып, ертегіні қайта айтып шығады, белгілі ертегілерді драмалайды, бейнеленген кейіпкерлердің сипаттық ерекшеліктерін сөйлеуі, бет-әлпетінің құбылысы арқылы көрсетуге, әңгімелеудіолар дауыс ырғағымен мәнерлеуге тырысады. Бес - алты жасағы кезде балалар ертегіні ықыластана, назар аудара тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді: оларда шығарма мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдарының арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс әркеттің белгілі бір түріне қызығу тұрғылықтығы пйда болады: біреулері өлең оуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілттері дамиды; балалардың өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, белгілі ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Құрбыларының қасында тапқырлық талпыныстарына және орындаушының іс әрекетіне баға беріп қарау қалыптасады; балалар кімнің жақсы ойлап табатынын, әңгімелейтін, жатқа оқитынын кәдімгідей бағалайды. Ауыз әдебиетінің шағын формаларымен-жұмбақтармен, ойнату тақпақтарымен, жаңылтпаштармен, еретгілермен танысу баланы эмоция жағынан қалыптастыру оның бейнелі ойлана білуін, шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ сөйлеу аппараттарын жетілдіру үшін, түрлі көркем сөздерме сөз қорларын молайтуда маңызы өте зор. Жаңылтпаштарда, тақпақтарға тән дыбыс үйлесімінің ойнақылығы баланың сөйлеу апаратын жетілдіріп оған ермек болады.әрі фонетиалық қиындықтарды жеңуге және дыбыстарды дұрыс айту дағдысын мегеруге итермелейді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Сөздің грамматикалық дағдыларын қалай қалыптастыруға болады? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №8 Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру. Дәріс жоспары: 1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы. 2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру. Мақсаты: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдарынан түсінік беру.Жаттығу жұмыстары. Мазмұны: Граматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. <<Брейнг-ринг>> оқыту үйрету ойыны (жарыс-ойын) Құрал-жабдығы: * Нөмерлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар. * Тапсырмаларға арнап алты бөлікке бөлінген жаймалар * Сандар жазылған жаймалар * Саны (<<3>> бағасы,) жасыл (<<4>> бағысы, ) көк (<<5>> бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар * Үстелдердің сілтемесі * Ортақ бағалау парағы * Үш күрдеріре деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасында мұндай карточкалар түрлі түсті - өк,жасыл,қызыл және сары үсті қатырма қағаздан жасалады. Ойынның жүру барысы: Сынып 7 аладан топтарға бөлінеді: мұда 6 ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмер жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басыда отырады. Үстелдіңүстінде- үстелдің сілтемесі және 6 бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстін тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында-бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары 2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан Үстіңгі сұртарға дайындықсыз жауап беріледі, екінші сұрақарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Тәрбиеші өзі оқып береді. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға, <<2>> саны түсті делік, яғни, 2-нөмірлері ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайд олар әртүрлі болуы да мүмін, онда ойын екінші нұсқасы ойынша жүргізіледі. + Жыл мезілдерін ата. + Суретте қай мезгіл бейнеленген? Т.б. әр деңгейдің өз суреттері мен сұрақтары көрсетіледі. Дидактикалық ойын <<Бау тағу>> Мақсаты: балаларға бауды өткізуге дағдыландыру. Қол бұлшық етін дамыту. Ой-өрісін дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету. Барысы: Әр балаға ойының барыснда бір-бір баудан береміз. Балалар сол бауды ойыншықтарға тесіке өткізу керек. Дидактикалық ойын <<Геометриялық тастар>> Мақсаты: Балаларға геометриялық фигураларды дұрыс ажыратуға, түстерді айыра білуге үйрету. Барысы: Өзеннің ортасында геометриялық фигуралар жатады. Балалар аяқтарын су қып алмай, басып, фигураларды атау. Осы сияқты түрлі грамматикалық жаттығулар балалардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауларына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы. 2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдары. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №9. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы. Дәрістің жоспары: * Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі жаттығулардың маңызы. * Лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы. Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардын көмегі арқылы үйрету. Мазмұны: Мектепке дейінгі тәрбиеде, мектепалды дайындықта, жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауышта одан әрі үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар мынадай міндеттерді жүзеге асыруы ти 1) Жаңа сөздер үйрету 2) Орфоэпиялық нормаларды меңгеру 3) Байланыстырып сөйлеуді дамыту 4) Сөйлем құрылымын жетілдіру 5) Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру Осы мақсаттарды жүзеге асыру ана тілі сабақтарында үнемі назарда болады. Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артуы тәрбиеші- мұғалімнің әдіскерлік шеберлігін, балалармен жасалатын өз бетіндік жұмыстық мазмұнына тікелей қатысты. Балалардың тілін дамытуда сөздік қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта қорын молайтып, тілін дамыту өзін қоршаған өмір шындығын бақылаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың атауын білдіретін сөздерді де меңгеру керек. Тәрбиші балаға бағдарлама талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады. Мысалы, бала бұрын доп, қуыршақ т.б. сөздермен таныс болса, ендіг кезекте - мына доп үлкен,қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен - деп, түсіндіру отырып, сәбилерді сөйлеуге үйретеді. Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет.Әсіресе, зат ретіндегі сөздерді өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. <<Қыз доппен ойнады.>> деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу, қалай байланысып түғаннын түсіндіру. Ересек балалар тобындағылардың сөз қорын байытуда мыналар ескеріледі. Жалпы лексика көлемін кеңейте отырып, кейбір сөздің көпмағыналы болып келетінін білдіру. Арнайы жаттығулар әр сабақ сайын 5-7 минут мөлшерінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің Балалардың сөздік қорларын дамыту Жаңа сөздерді меңгеру Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуын ықпалын тигізіп , таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорын дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі рөл алады. Ойын (жаттығу) <<Қажетті сөзді>> Ойынның мақсаты: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сыққақ сезімін дамыту. Ойын ережесі: тәрбиеші - мұғалім бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез айтуға тиісті. Мысалы, тәрбиеші: -Тоқылатын заттарды ата десе, балалар: -Шұлық, шәлі,қолғап, жемпір,-деп жауап береді. -Қайда, немен , кім тоқиды? -Фабрикада,үйде, бізден,машинамен, тоқымашы тоқиды. -Тігілетін заттарды ата. -Көйлек, етік, тымақ, көрпе. Т.б. -Қайда, немен, кім тігеді ? Осылай кете береді. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу жәнеқұрастыру, саяхат, ойын сабақтарынұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын байытады. Сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы, <<Сөз ойла>>, <<Сөз құра>>, <<Үш сөз ата>> . Сонымен қатар баллардың сқздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар <<Пішіндер көрмесі>>, <<Өрнекті есіңде сақта>> сияқты жаттығу тапсырмалар балалардың сөздік қорларын дамытып, таным белсенділңктерін арттырады. Саусақ ойындары арқылы тіл дамыту. Саусақ ойыны бұл-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жптқан, әрі үлкен мәні бао мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады жіне шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Тәл дамытуға байланысты жаттығулар: 1)Мысық. Пеш үстінде мысық отыр: Аздап көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. 2) Қоян. Ұзын құлақ сұр қоян Ести салып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-қытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын сап өзінінң Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Лексиканың бала тілі дамуына әсері қандай? * Синтаксистің бала тілі дамуына әсері қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №10. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. Дәрістің жоспары: * Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. * Тіл дамыту үшін ертегілердің маңызы. Мақсаты:Бес жастағы баланың тілін дамыту үшін ертегілердің маңызы. Мазмұны: Бүгінгі бөбек-ертеңгі азаиат- қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - тәрбиеші - ұстазы содан кейін бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бқбектерге білім мен тәрби есігін ашу тәрбиеші- ұстаз бен бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - мектепалды даярлық тобында бастау алып, бастауышта қолданады. Қазірде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда. Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс - тіршілігімен танысады. Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың қиын дыбыстарды дұрыс айтуын нақтылауға бейімдеу. Балаларды ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға жеткізу; сөйлеу мақамын жетілдіру, дауыс аспаптарын , сөзді есту қабілетін, фонетикалық қабылдауын, сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту. <<Сөз>>, <<дыбыс>> ұғымдарын тәжірибелік жолмен меңгерту және олардың сөздік ойларын ойнаған кезде пайдалануға дағдыландыру. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру. Әңгімелеу кедерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйрету. Белсенді сөздік қорындағы әр түрлі грамматикалық формада септеп, жіктеп, жекеше, көпше түрлерін айта білуін жетілдіру. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап , сөзді дұрыс, таза мәнерлі етіп айтуға төселту. Сөйлеуде бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібін сақтап айтуға жаттықтыру. Балалар асықпай анық, айқын сөйлеуін үнемі бақылап отыру. Дыбысқа еліктеу жаттығуларын жасату сөздерді тез, ақырын, қатты айтуға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ( м,н,л,б,т,д,п,ф,в) дұрыс дыбыстауға үйрету. Ауыз арқылы еркін дем алу мен дем шығаруға жаттықтыру. Балалардың қазір қабылдаған және бұрын көргендері жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қалыптастыру. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі, онығ тілі болып табылады. Тіл-адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы. Қарым-қатынас майданына т.скен сайын құралдың икемділігі артып, шыңдала береді. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерінің, шәкірттерінің осы талапқа сай болуына мақсат етеді. Бүгінде жақа бөлім, жаңа ән ретінде тіл дамыту сағатын оқыту заман, уақыт талабы болып отыр. Тіл дамыту курсының міндеті- тіл заңдылықтарын үйрете отырып, ауызша және жазбаша түрде дұрыс әрі жақсы сөйлей білуге үйрену. Баланың тілін дамыту дегеніміз оның ойлауын дамыту екені белгілі. Бланың ойлау білу дағдыларын көрсететін белгіні-олардың ойлау операцияларын іске асыра білуі. Бұған теңеу, анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жинақтау әдістері, инструкция, дедукция әдістері жатады. Бұл операцияларды күрделілігі түрлі дәрежеде болып келетн аяқталған ойлар құрайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Бес жастағы баланың сөз қолдану ерекшелігі қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №11. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемді құрап айтуға үйрету. Дәрістің жоспары: 1.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету. 2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету. Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу үйрету. Мазмұны: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу, тәрбиешілерінің сұрақтарына толық жауап беруге, естіген ертегілерін мазмұндай алуға баулу көзделеді. Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сегіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді, өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский <<... мүмкін егерде біз: бізде анық дауыстап, ырғағын келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет>>- дейді. Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педагог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан балабақшаның естиярлар топтары да, бастауыш сыныптарда оқуда да, түсіндіруде де, әңгімеде де тәрбиеші - мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың ( оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру) т.б. жатады. Оқытудың саналылығы мен балалардың белсенділігін арттыру принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрсерелер мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының өн бойынан орын алады. Біз балаларға ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық, өйткені объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы-тікелей сезуден абстрактілік ойлау одан практикаға көшу. Практика-ақиқаттың өлшемі, практика- таным процесінің шамшырағы << Әрекеттің нәтижесі дегеніміз-субективтік таным тексеру және ақиқат-бар объективтіліктің өлшеуі>>. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету. 2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету. Әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №12. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. Дәрістің жоспары: * Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. * Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі. Мақсаты: Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлерін таныстыру. Мазмұны: Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жолдарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі. Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау , экскурция, әңгімелету сабақтарын өткізген де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын ескертуім керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп , дәл танып білсін. Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндай << оң жақ>> , <<сол жақ>>, <<қарсы алдыннда>> деген сқздерді үйренеді. Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға білгілі дәрежеде мәлімет береді. Ол мәліметтер: халықтар достығы, президентіміз Н.Ә.Назарбаев, мемлекет қайраткерлері жөнінде балаға лайықты түрде түсіндіру. Отан, мемлекет, әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы мәлімет беру арқылы жаңа ұғымдармен таныстыру. Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып әңгімелесіп, түсіндіреді. Тәрбиеші: Балалар, біз қай мемлкетте тұрамыз? Берікжан: Қазақстанда тұрамыз. Дұрыс, біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Қазақстан - біздің Отанымыз дейміз. Отан дегеніміз не, сендер <<отан>> деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ақмарал: Отан дегеніміз - біздің тұратын жеріміз. Қазақстан. Тәрбиеші: Иә, Отан - бұл сен туып - өскен жер. Адам үшін Отан - бұл тек елі ғана емес, бұл туған қаласы, ауылы, көшесі, үйі. Бұл оның өзі және достары, ата - анасы өмір сүретін өңір. Біздің Отанымыз - Қазақстан мемлекеті. Әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Олар халқымыздың дәстүрімен, мәдениетімен байланысты болады. Сендер қаламыздың қай жерлерінде туды кездестірдіңдер. Нұржан: Әр түрлі мейрамдар өтетін қаламыздың орталық алаңында және ғимараттарда ту кездеседі. Тәрбиеші: Еліміздегі ең басты ғимараттардың барлығын да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көрік беріп тұрады. Оны жасаған суретші - Шәкен Ниязбеков деген аталарың. Ал, Елтаңба дөңгелек пішінді болып келген. Мемлекеттік елтаңбасының негізі - шаңырақ. Шаңырыақ - үйді, отбасын, ошақты, руды білдіретін киіз үйдің күмбезі. Әнұран - бұл салтанатты ән, ол халықтың тарихын білдіреді. Әнұран халықты бірлікке шақырады. Әнұранның мәтінін Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әуенін жазған - Шәмші Қалдаяқов деген аталарың. Балалар, Нұрсұлтан Назарбаев деген кім? Жансая: Нұрсұлтан Назарбаев біздің президентіміз. Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, Жансая. Мемлекет басшысы - президент. Оны халық сайлайды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент дегеніміз - бүкіл елімізді басқарып отыратын адам, ол елдегі тәртіпті сақтайды. Сабақты түсіндіру барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің суреттерін және кішкене макеттерін көрсетеді. Материалдарды балаға лайықты түрде, оған түсінікті болатындай етіп түсіндіріледі. Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады: Біріншісі - баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, танығын заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды. Екіншісі - заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі- еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм, ойыншық, суреттер көрсетіліп, әдеби шығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс- тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана баланың санасында айналадағ дүние жөніндн айқын елес қалады. Мысалы, балабақшада сәбилер зат есімдерді жекеше, көпше, септеп, жіктеп айта алады. Тәуелдік жалғаулары I - III жақта жекеше түрде қолданатыны байқалады. Бұл жағдайда балаларға таныс үй жануарлары не ойыншық пен сурет көрсетіп әңгімелескенде анықталады. 3 - 3,5 жасар балалар кейде суреттегі заттарды көргенде оны өзінше меншікті етіп қолданады. Мысалы, Бұл - менің суретім. Менің осындай бөлмем бар. т.б. Сөздік қорды қалыптастыруда мынандай міндеттер көзделеді: Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу. Өмірмен байланысты сөздерді үйрету. Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету. Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. 2.Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі. Әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №13. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар. Дәрістің жоспары: 1.Баланың тілі мен ойын дамыту үшін қолданылатын көрнекі құралдар. 2.Көрнекі құралдарды қолдануға қойылатын талаптар. Дәрістің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлауда бала тілін дамытуда әдеби шығармалар арқылы көрнекі құралдарды пайдалану жолдары . Мазмұны: Балаларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принцип-көрнекілік принципі. Бұл принцип балалардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқуды айтады. Көрнекілік баланың зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түсінеді, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді. Көрнекілікті пайдалану арқылы балаларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады. Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Балалар бірінші тәрбиеші-мұғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақытылы заттар арқылы көреді. Мектепалды даярлық тобындағы балалар, әсіресе көзбен көрген, қолмен ұстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану тәрбиеші-мұғалім үшін де, бала үшін де тиімді. Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады. Олар: * Нақты көрнекілік (затты немесе құбылысты тікелей көрсету) * Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б.) * Дыбыстық құралдар (магнитафон, компьютер, диафильмдер т.б.) * Көркем сөз арқылы бейнелеу (тәрбиеші-мұғалімнің балаларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы) Көрнекі құралдың түрлері әдіскерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады: * Көрнекі құралда берілген материалдыңмазмұны мектеп бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек. Егер оқушылардың түсінуіне ауыр материалдар берілсе, оның көрнекілігі де шамалы болады. * Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негіізгі белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек. * Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер) * Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады. * Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды. * Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек. * Оқушыларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс. Көрнекілік әдісі қазақ тілін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланылады. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілікті ұштастыру - қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады. Қазақ тілінде қолданылатын көрнекілік құралдардың бір түрі-техникалық құралдар. Ғылыми-техникалық процесс, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына ғылым негіздерінің бойлап кіруі мектеп оқушыларына берілетін білім деңгейін көтеріп, оқу-тәрбие процесін барынша жақсартуды талап етеді. Осыған орай оқыту ісіне қойылатын талап-тілектің өсуі, оқушылардың көп нәрседен хабардар болуы мұғалімнің өзі оқытатын пәнін де, жалпы ғылым негіздерін терең білуін және сол мол білімді оқушыларға шебер жеткізуін талап етеді. Демек, мұндай шеберлік-оқыту тәсілдерін жетілдіру, техникалық құралдарды, программалап оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты тиімді, ұдайы ізденуі арқылы ғана болмақ. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім көлемі де ұлғайады. Мысалы; әртүрлі ғылым саласына байланысты әдебиет, тіл, тарих, физика, химия тағы басқа пәндер жаңа программасы, оған сай оқулықтары жасалады. Оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдіскермен қаруландыру,терең білім беруге жағдай туғызу, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңірек өолдануды ұйымдастыру, әсіресе әр кластағы үйретілетін материалдың ерекшелігіне қарай орынды жерде проекциялық дыбысты жазып алатын және оны қайталап естіртетін аппараттар, радио мен теледидар, кинопроектор, эпифильм, диафильм, кинофильмдердің фраменттерін пайдаланып, сабақты мазмұнды әрі тартымды жүргізу талаап етіліп отыр. Психология - педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайтындығын, жаңа оқу материалын қабылдау процесіне оқушылардың әр түрлі сезім мүшелері қатысатындығын, соның нәтижесінде, балалардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалды олардың берік қабылдауына мүмкіндік туғызатыны дәлелденеді. Демек оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды пайдалану әрбір мектеп тәжірибесінен лайықты орын алды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Мектеп жасына дейінгі мекемелерде сабақ жүргізуде көрнекілік пайдалану тиімді ме? * Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлері? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №14. Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі. Дәрістің жоспары: 1.Жазба жұмыс түрлері 2.Жазба жұмыс жүргізудің әдістемесі. Дәрістің мақсаты:Жазба жұмыс түрлерін таныстыру. Мектеп жасына дейінгі баланы жазба жұмысына даярлау. Мазмұны: Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлау мәселелерінде әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие екенін ескерту қажет. Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім дағдалар (пәнаралық байланысты ескере) бір-бірімен байланыстырыла өтіледі.осылай оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі дайындық тобынан бастап баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, қзі басқаға сұрақ қойып, жауап алуға үйрету міндеті іске асады. Осы білім дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші баланы айналасындағы адамдармен амандасу, әдепті сөйлеу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты мінез-құлық әдептеріне үйретеді. Қ.Мырзалиевтің <<Ойыншықтар >> өлеңін дайындық тобындағы балаларға оқығанда тыңдай білуге үйрету, өлеңде аталған жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін жетілдіру қажет. Мысалы балаларда үй жануарларының аттарына байланысты сөздер мен олар туралы ұғымдары қалыптасқанмен, балаларға үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелескен жөн: 1.Үй жануарларының аттары. 2.Немен өоректенеді, қайда, қандай жерлерде болатыны, бір-бірімен ұқсастығы, ерекшелігі. 3. Адамға тигізетін пайдасы, т.б. Балалардан мысық жайлы сұрағанда, олар; Бұл-мысық, сүт ішеді, ет жейді,-дей келе мысықтың көзін, құлағын, аяғын, тұмсығын атап айтады. Тәрбиеші ай тақырыпта қандай шығарма оқысада, бақылау, іс-ұимылдардың, экскурсия, әңгімелеу, әңгімелетіп айтұызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың іс- қимылдардың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті. Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі-сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізуарқылы тәрбиеші балаларға шығармада, әңгімеде кездесетін жаңа сөздермен, ұғымдармен таныстырады. Сонда ғана олар әңгіме мазмұнын саналы түрде түсініп, әңгімелеп бере алады. Әдеби шығармаларды оқу арқылы алған білімдерін тиянақтау, жалпы сөз қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастырады. Дайындық тобындағы балалар шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білугеүйренуге тиісті. Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді өолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста-6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету сабақта және сабақтан тыс әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Балабақшаларға арналған жазба жұмыстарының түрлері? 2.Мектеп жасына дейінгі балаларға қандай шығармалар айтылу керек? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 Дәріс №15.Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары. Дәрістің жоспары: 1.Әдеби шығармаларды іріктеу. 2.Әдеби шығармалардың тақырыптары. 3.Көркем шығармаларды тыңдату жұмыстары. Дәрістің мақсаты: 1. Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстарының тақырыптарын дұрыс таңдау, баланың қызығушылығын арттыру. Мазмұны: С.Рахметованың <<Қазақ тілін оқыту методикасы>> атты оқулығында бастауыш мектептегі оқу сабақтарының мақсаты деп төмендегідей мәселелерді айтады: 1.Идеялық - саяси, адамгершілік және эстетикалық еңбекке баулу арқылы тәрбие беру. 2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру. 3.Балалар, жасөспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бірін - бірі сыйлаушылыққа адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. 4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін, тілін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу; 5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу; 6.Еңбекке қызығушылығын арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақта балаларды сөйлеуге дағдыландыру барысында қолданылған жаттығулар тапсырмалар жүйесі, көрнекіліктер, тестілер, қойылған мәселесі сұрақтар, еңбекке қатысты мақал - мәтелдер мән - мағынасы оқушының ақыл - ой тәрбиелік дамытуды көздейді. Балалардың ақыл - ойын, тілін, сөйлеу дағдысын өрістетуді тәрбиелеуде пікірсайыс түрінде өткен сабақтардың рөлі ерекше. Білімді меңгеру процесінде балалардың ойларын жандандырып, оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыра түсуге қолданылатын жұмыстар да ұтымды әдіс - тәсілді пайдалануды керек етеді. Баланың жалпы жетілуіне, өмір тәжірибесіне байланысты. Бұл орайда, тағы да оқу процесінің рөлі зор. Бала кітапты немесе қосымша пайдаланған мәтіндерді тыңдай отырып, өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады. Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарында халықтық інжу - маржандары мақал - мәтелдерді ұғындыру, түсіндіру халқымыздың еңбексүйгіштігін дәлелдеу, халқына құрметпен қарау, сыйлау сезімін тудырады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Әдеби шығармаларды іріктеу жұмыстары. * Әдеби шығармалардың тақырыптары. * Көркем шығармаларды тыңдату жұмыстары. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 6.С.Рахметованың <<Қазақ тілін оқыту методикасы>>, 15. Тәжірибелік сабақтар 1- Семинар Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. Мақсаты мен міндеттері. Жоспары: 1.Тіл дамыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру. 2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. 3.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002. 2- Семинар. Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері. Жоспары: 1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары. 2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары. Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 3- Семинар. Тақырыбы:Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер Жоспары: 1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер: 2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер: Мақсаты:Тіл дамыту әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс- тәсілдермен таныстыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 4- Семинар. Тақырыбы: Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Жоспары: 1.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры туралы. Мақсаты:Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 5- Семинар. Тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. Жоспары: * Тіл дамыту жұмыстары жүргізу. * Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар. * Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі. Мақсаты: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 6- Семинар. Тақырыбы: Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. Жоспары: * Фонетиканы оқыту әдістемесі. * Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу. Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айтқыза білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге және тіл мүкістігін түзету үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7- Семинар. Тақырыбы: Орфография мен орфоэпияны оқыту. Жоспары: 1.Орфография туралы түсінік. 2. Орфоэпия туралы түсінік. 3. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі. Мақсаты: Орфография мен орфоэпияның тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай оқыту. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 8- Семинар. Тақырыбы: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру. Жоспары: 1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы. 2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру. Мақсаты: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдарынан түсінік беру.Жаттығу жұмыстары. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 9- Семинар. Тақырыбы: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы. Жоспары: * Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі жаттығулардың маңызы. * Лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы. Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардын көмегі арқылы үйрету. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 10- Семинар. Тақырыбы: Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. Жоспары: * Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері. * Тіл дамыту үшін ертегілердің маңызы. Мақсаты:Бес жастағы баланың тілін дамыту үшін ертегілердің маңызы. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 11- Семинар. Тақырыбы: . Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемді құрап айтуға үйрету. Жоспары: 1.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету. 2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету. Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу үйрету. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 12- Семинар. Тақырыбы: Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. Жоспары: * Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері. * Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі. Мақсаты: Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлерін таныстыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 13- Семинар. Тақырыбы: Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар. Жоспары: 1.Баланың тілі мен ойын дамыту үшін қолданылатын көрнекі құралдар. 2.Көрнекі құралдарды қолдануға қойылатын талаптар. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлауда бала тілін дамытуда әдеби шығармалар арқылы көрнекі құралдарды пайдалану жолдары . Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 14- Семинар. Тақырыбы: Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі. Жоспары: 1.Жазба жұмыс түрлері 2.Жазба жұмыс жүргізудің әдістемесі. Мақсаты:Жазба жұмыс түрлерін таныстыру. Мектеп жасына дейінгі баланы жазба жұмысына даярлау. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 15- Семинар. Тақырыбы:Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары. Жоспары: 1.Әдеби шығармаларды іріктеу. 2.Әдеби шығармалардың тақырыптары. 3.Көркем шығармаларды тыңдату жұмыстары. Мақсаты: 1. Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстарының тақырыптарын дұрыс таңдау, баланың қызығушылығын арттыру. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: <<Рауан>>1991 2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997 4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992 5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 6.С.Рахметованың <<Қазақ тілін оқыту методикасы>>, 16.Бақылау жұмыстарының сұрақтары 17. Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар 1-ағымдық бағалау сұрақтары (1-7 апта бойынша) 2-ағымдық бағалау сұрақтары (8-15 апта бойынша) 18. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz