Файл қосу
Эстон қара малы сүтті бағыттағы тұқым
Ірі қара тұқымдарын өнім бағытына қарай аудандастырыу принциптері. Ірі қара экономикалық және табиғи жағдайларға қарай әр түрлі бағытта өсіріледі. Егер халыққа сүт және сүт өнімдері барынша қажет болса, онда сол аудандарда (ірі қалалар, өнеркәсібі өркендеген қыстақтар, облыс және аудан орталықтарының маңы) сүтті бағыттаға мал өсіріледі. Бұл аймақтағы шаруашылықтардың ірі қара табынында сиырдың өзіндік үлесі үлкен, сүттілігі де жоғары болады. Сүт өндіретін шаруашылықтар сатылатын сүттен пайда табады. Сүтті бағыттағы сиырлар өсіру етті бағыттағы сиырларға қарағанда интенсивті жүргізіледі. Сондыұтан да азықпен, қора жаймен барынша жақсы қамтамасыз етіледі. Сүт өндіретін шарушалықтарда ірі қараға арнайы қора салынып оларды механикаландыру, электрлендіру жағы талапқа сай жүргізіледі. Жайылымы шүйгін, суы мол аудандарда етті бағыттағы сиырлар өсіріледі. Етті бағыттағы малдан алынатын ең басты өнім - ет. Етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтардың табынындағы сиырдың өзіндік үлесі 30% айналасында болады. Бұл аудандарда мал көбінесе табиғи азықтар мен егістік қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар, кейбір сүтті бағыттағы мал өсіретін аудандарда да ет өндіруді арттыру үшін етті бағыттағы тұқым бұқалары мен сүті аз сиырлар будандастырылады. Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан табиғи, экономикалық және зоотехникалық жағдайлар негіз болады. Осылардың ішінен ең маңыздысы - сол аймақта қалыптасқан экономикалық жағдайлар. Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан тигізетін әсері аз. Ірі қараның адам шығарған сүтті түұымдары азық жеткілікті және күтімі жақсы болса қай жерде де өсе береді. Сондықтан ауа райы олардың таралуына шешуші әсер ете алмадйды. Зоотехникалық жағдайларға келетін болсақ, жерсіндіруге әкелінген малдың сол жердегі жергілікті малды жақсартуға әсері тисе және әкелінген мал жергілікті малды жақсартуға ұзақ уақыт пайдаланылса, оны сол ауданға жоспарлы тұқым деп есептеген жөн. Тек қана әкелінген мал сол аймаққа қалыптасқан, экономикалық жағдайларға және сүт сауу технологиясына төзе ме, жоқ па соны ойлау керек. Мал саны зоотехникалық жұмыс үшін жеткілікті болуға тиіс. Өйткені жоспарлы тұқым малы неғұрлым көп болған сайын, оны сұрыптап, тезірек жетілдіруге жағдай да туады. Бірақ, бір тұқым үстіне екінші тұқым әкеліп жерснідірудің немесе мал санын арттырудың қажеті жоқ. Мысалы, әулиеата тұқымы өсіріліетін өңірге қырдың қызыл сиырын әкелууге болмайды. Әкелінсе де әулиеата тұқымына туыстық қатысы жоқ болғандықтан және санының аздығына байланыста сол өңірдегі малды жақсартатын тұқым деп тануға болмайды. Сондықтан, өсіретін тұқымды таңдау үшін алдымен оқымыстылармен, мамандармен ақылдасқан жөн. Ірі қара тұқымдары Қазіргі кезде елімізде өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын негізінен, 4 топқа топтастырылады. Олар: ірі қараның қара ала, қызыл, қоңыр, сары ала тұқымдары. Сүттібағыттағы ірі қара қатарына келтірілген топтарға кірмейтін айршир, джерсей және басқа да тұқымдар жатады. Біз сүтті, етті немесе қос бағыттағы ірі қара тұқымдары ішінен тек қана Қазақстанда шығарылып, кеңінен тараған немесе әр түрлі мақсатпен өсірілетін, әйтпесе будандастыруға әкелінген тұқымдар жөніндн айтпақпыз. Етті бағыттағы ірі қара шығу тегіне қарай ьоптастырылады. Олар: Англияда шыққан тұқымдар (герефорд, абердин-ангус, галловей); Франция-Италияда шыққан (шароле, лимузин,киан) тұқымдары; АҚШ-та (санта-гертруда) және бұрыңғы Кеңес Одағында шығарылған тұқымдар (қазақтың ақ бас тұқымы, қалмақ тұқымы). Ірі қараның сүтті бағыттыағы тұқымдары Қара ала тұқым тобы Қара ала тұқым. Қазан революциясына дейін қара ала тұқым тек Балтық бойы республикаларында және Саратов губернияларында өсірілген. Қара ала тұқымының ірі қара ішіндегі орны үлкен. 1925 жылы қара ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. 1930 жылдан бастап Германиядан, Нидерландиядан, Эстониядан, Швециядан әкеліне бастады. Содан былай жыл сайын мал басы көбейіп, әсіресе будандарының саны өсті. Мысалы, 1935 жылы 35475 бас болса, 1936 жылы 316400, 1951 жылы-1182000, 1965 жылы 216709, ал 1974 жылы 1196000 басқа жетті. Немесе 1974 жылдың өзінде жоспардағы тұқым малы ішіндегі үлесі 19% шамасында болды. Қара ала тұқым малын жетілдіруді 3 кезеңге бөледі. 1 кезенде (1930-1940 жылдар) қара ала тұқым малын өсіруге бөлінген аймақта жергілікті малды қара ала тұқым бұқаларымен сіңіре будандастырды. Мысалы, Ресейдің орталық аудандарында өсірілетін холмогор, симментал тұқымдарын, Сібірде жергілікті ірі қараны, оралда тагил тұқымын сіңіре будандастырды. Бұқалармен бірге әкелінген сиырлар арнайы құрылған шаруашылықтарда өз ішінде өсіріледі. Шығыс Пруссия тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде <<Молочное>>, <<Назарьево>> совхоздары, ал Эстония тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде <<Брачева горки>>, <<Напецино>>, <<Орешково>>, Борска ферма, << Красный маяк>>, тұқыммал совхоздары белгілі. Осы мезгіл ішінде <<Луковицкий>>, <<Барабинский>>, <<Дунаевский>> рассадниктері құрылды. 2 кезеңде (1940-1945 жылдар), яғни 1940 жылдың аяғында Ресейге 24 остфризлянд тұқымы бұқалары әкелінді де, олар <<Омский>>, <<Октябрьский>>, <<Первомай>> совхоздарында топтастырылды. Бұл бұқалар Пруссия және Эстония тармағы бұқаларының қаны бар сиырларға пайдаланылды. (1930-1938). Осы алғашқы 2 кезеңде асылдандыру жұмысы мал сүтін көтеруге, сыртқы пішінін, тұқымдық қасиетін жақсарта түсуге бағытталды. Бірақ сиыр сүтінің майлылығының өсуіне көңіл бөлінбеді. Голланд тұқымы. Әлемде ең кең тараған ірі қара тұқымы. Ол 30-дан астам елде өсіріледі. Саны жағынан қай тұқыммен салыстырғанда да көп. Голланд жерінен бастау алған бұл тұқымның шығуына елдің географиялық ыңғайлы орналасуы, теңізге шыға алатындығы, сауда жасауғы ыңғайлылығы және ірімшік пен сары майға деген сұраныстың артуы әсер етті. Сондай- ақ ауа райының жұмсақтығы, жауын- шашының көп болуы, қыс маусымының қысқалығы, теңіз жағалауындағы көк майса жайылым да жағдай жасады. Голандияда қара ала, қызыл ала және гронинген деп аталатын үш ірі қара тұқымы өсіріледі. Солардың арасында ең сүттісі қара ала тұқым өте көп тараған. Голланд тұқымы Англияда, Францияда, ТМД-да, Жапония, АҚШ, Канадада және тағы басқа елдерде өсіріледі. Бұл тұқым таза өсірілген елдерде ол фриз немесе голштино- фриз деп аталады. Кезінде , көп уақытқа дейін голланд сиырының сүтін ғана дамытып, оның денсаулығына, сүтінің майлылығына көп көңіл бөлінеді. Соның салдарынан XIX ғасырдың бірінші жартысында бұл тұқым сүтінің майлылығы төмендеп, дене бітімі босаңсып, мал туберкулезге шалдыға бастады. Осыдан соң мал тұқымын асылдандыру жұмысын қайта қарау керек болды. Қазіргі кездегі голланд тұқымы малының дене бітімі, сүттілігі, сүтінің сапасы өткен ғасырдың бірінші жартысында өсірілген малдан мүлде өзгеше. Малдың тұрқы қысқалау, жұмыр. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Сиырдың дене өлшемдері: шоқтығынан биіктігі 132-135 см, сауырынан биіктігі - 132-133 см, кеудесінің салыңқылығы 72-74 см, кеудесінің кеңдігі - 44-46 см, денесінің қиғаш ұзындығы 156-156 см. Сақа сиырының салмағы 550-580 кг. Ең ірі сиырының салмағы 800 кг. Бұқасының салмағы 800-1200 кг. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 38 кг, ұрғашы бұзауының салмағы 35 кг. Голштин тұқымы. АҚШ пен Канадада және Нидерландыда голланд қара ала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізіледі. Бұл елдерде бұзау өсіру технологиясы, сиырды азықтандыру және күту де бөлек болды. Соның қорытындысында АҚШ пен Канадада сүті де, салмағы да, сырт пішіні де, желіні де, сиымдылығы да өзгеше қара ала тұқым малы өсірілді. Голштин тұқымы сиырларының салмағы 670-700 кг. Ішінара 1000 кг да тартады. Бұқаларының салмағы 900-1200 кг. Қайсыбірінің салмағы 1250 кг жетеді. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 44-47 кг, ұрғашы бұзауы 38-42 кг тартады. Голштин тұқымының түсі қара ала болғанымен, кейбіреуінің бауырында, сирағында, құйрығының ұшында ақ қылшық жүн кездеседі. Қызыл ала түсінің де кездесуі де мүмкін. Сиырының шоқтығының биіктігі 143-145 см, бұқасының шоқтығының биіктігі 158-160 см, кеудесінің салыңқылығы 96 см, кеудесінің еңдігі 65 см бөксесі ұзын, кең, дене. Эстон қара ала тұқымы. Эстонияның солтүстігінде өндірісі өркендеген аудандарда шығарылған. 1930 жылдары эстон тұқымы малын ұстайтын шаруалар сүтінің майлылығы жоғары голланд тұқымы сиырлары пайдалана бастады. Осы жұмыстың қорытындысында сүттің майлылығы едәуір көтерілді. Эстон тұқымы малының тұқыммал кітабы 1885 жылдан басталды. 1951 жылы жеке тұқым болып бекітілді. Эстон қара малы сүтті бағыттағы тұқым. Дене бітімі ықшам, мығым, сүйегі мықты, басы жеңіл, кеудесі орташа, жотасы түзу, бөксесі ұзын, түзу, кең. Сирақтары қысқа, дұрыс басылған. Бұлшық еттері орташа. Шоқтығының биіктігі 120-130 см, кеудесінің салыңқылығы 69-70, кеңдігі 42,8-43,4, кеудесінің қиғаш ұзындығы 155-157 см, кеуде орамы 198 см, жіліншік орамы 19-19,3см. Даттың қызыл тұқымы. Бұл ірі қараның әлемде ең көп тараған тұқымының бірі. Жергілікті сиырларды ангельн, солтүстік шлезвич, баллум тұқымдары малымен будандастыру нәтижесінде шығарылған. Бұл тұқымның шығуына 1895 жылдары ұйымдасқан бақылау одағы да әсер етті. 1945 жылы бұқаларды ұрпағының сапасына қарай тексеретін станциялар ашылды. Сиырларды ірі, дене бітімі мықты, кеудесі салыңқы, денесі ұзын, сирақтары қысқалау, денесіне сай, бөксесі кең, желіні үлкен, жақсы дамыған, тегене тәріздес. Бұлшық еттері, сүйектері жақсы дамыған. Сақа сиырының сүттілігі 5800кг. Мал тез жетілгіш, 12 айлық бұқаларының салмағы 420 кг, 15 айында 500 кг, 18 айында 600 кг, сойыс шығымы 57-60. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы. Азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта отырып, латыштың жергілікті сиырын ангельн және даттың қызыл тұқымы бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы және оған туыстас Эстонияның, Литваның қызыл сиырын шығаруға 1892 жылы малдың сүттілігін есепке алатын бақылау одағының құрылуы, 1885 жылдан бастап тұқыммал кітабы мен таза қанды малды тіркеу кітабының шығуы, ауық - ауық өтетін көрме, таза қанды бұқаларды топтастыратын пунктердің орналасуы әсер етті. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы малының сырт пішіні көрнекті. Дене бітімі ықшам, сүтті сиырларға тән, мықты. Биіктігі орташа, сиырының шоқтығының бміктігі 125-127 см, қиғаш ұзындығы 156-157 см. Қырдың қызыл сиыры. Бұл сүтті бағыттағы сиыр. Украинаның оңтүстігіне тән қуаң да континенталды жер жағдайы мен ауа райына жақсы бейімделген. Бұл тұқым малы оңтүстіктің қапырық ыстығыныа да, ерте қурап, қатқылданатын шөбі сирек жайылымына да төзімді. Жерсінуге бейім және төзімділігінің нәтижесінде қырдың қызыл сиыры тек Украинада ғана емес Ресей жерінде де, Молдовада да, Қазақстанда да кең тараған. Қазақстанда 1994 жылдың ақпанында 402164 қырдың қызыл сиыры болды. Саны жөнінен ТМД-да 2-ші орын алады. Ал Украинада 1-ші орында. Қазіргі кезде қырдың қызыл сиыры сүтті бағыттағы тұқымдар ішінде ең бастыларының бірі. Қазақстанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және т.б облыстарда аудандастырылған. Қос бағыттағы тұқымдар Қоңыр тұқым Швиц тұқымы. Швейцарияның өнімі аз, кеш жетілетін, желіні кішкене жергілікті сиырынан шығарылған. Ұзақ жылдар бойы азықтандыру жағдайын жақсарту, өз ішінде өсіру, қатал сұрыптау нәтижесінде сүттілігі осы күнгі малға тән тұқым шыққан. Сонау 1897 жылы швиц тұқымы малын өсіретін қоғам құрылған. Швиц тұқымы отанында тау және тау етегі малы болып бөлінеді. Тау сиырының тірілей салмағы 550-600 кг, етек сиыры 650-690 кг, бұқасы-1000 кг тартады. Швиц малын жетілдіре түсудің нәтижесінде оның сүттілігі және сүтінің майлылығы жақсарады. Қазіргі кезде отанында швиц с иырының сүттілігі 4200кг,сутінің майлылыгы 3,87 %сүт белогы 3,4%. Швиц тұқымы Австрия, Франция,Италия,АҚШ, Испанияда өсіріледі. Осы елдердің кай-кайсында болмасын швиц тұқымының сүттілігін жетілдіріп,жергілікті жерде жаңа тип шығару, жергілікті сиырлармен будандастырып,оның сүттілігін көтеру көзделген.Мысалы АҚШ-та бақылау тобынан 5033кг сүт сауылған. Сүтінің майлылығы 15822 кг сүт сауылған.Сүтінің майлылығы 4,53%. Кострома тұқымы.Кострома облысының Караваево тұқыммал заводы мен басқа да түрлі тұқыммал фермаларында шығарылған. Өткен ғасырдың аяғында Кострома маңында ірі қараның Мисков және Бабаев атты екі түрлі тобы болды. Бабаев тобы жергілікті сыиырларды альгаус тұқымы бұқаларымен будандастырудан алынған будандардан тұрады. Кострома тұқымы бұзаулары салқын бөлмеде интенсивті өсіру нәтежесінде шығарылды .Бұл жеке тұқым болып 1944 жылы бекітілді.Кострома тұқымының шығуына Социолистік Еңбек Ері С.И.Штейман,Кострома мемлекеттік рассаднигінің сол кездегі директоры И.Я.Горский аянбай атсалысты. Алатау тұқымы.Қазақстан жане Қырғызстан тұқым мал шаруашылықтарында жергілікті сиырларды швиц тұқымының бұқасымен будандастырып шығарылған.Жұмыстын соңғы жылдарында кострома тұқымы да пайдаланылды. Тұқымды шығаруда мол өнімді, таулы аудандардағы жайылма отын пайдалануға бейім тұқым шығару мақсат етіп қойылды. Көңілден шыққан екінші буын өз ішінде будандастырылды,ал будандарды сүттілігі және дене бітіміне қарай сұрыптау әр будан малы арасында жүргізіліп отырды. Алатау тұқымының малы ықшам денелі, сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген. Басы мен мойыны денесіне сай, етті. Шоқтығы, арқасы, сауырыны ұзын, түзу. Қарыны аумақты, бөксесі түзу. Сирағын дұрыс басады, мықты. Сары ала тұқымдар Симментал тұқымы. Өте ертеде пайда болған тұқым. Симментал маоының ата тегі Швейцарияда V ғасырдың ортасында әкелінген. Сөйтіп азықтандыру жағдайын жақсартып, сұрыптау және жұптау жұмысы негізінде өте ерте тұқымға айналды. Симментал тұқымының аты Симм өзенінің жағасында шығарылғандықтан қойылған. Тұқымның пайда болуына жергілікті жердің жұмсақ та жылы, ылғалы мол ауа райы. Альпі тауларының балаусаға бай жайылымы және Швейцарияның басқа елге асыл тұқымды мал, сапалы сиыр етін шығаруы әсер етті. Симментал мал бойына сүттілікті де, еттілікті де сіңірген. Малдың өзіндік үлесі Европа елдерінде 22%-тен астам. Мал саны 44 млн-ға жетті. Түсі сары ала, қызыл ала, қызғылт ала, сары, сарғыш, таза қандыларының көзінің айналасы, мүйізінің ұшы қызғылт келеді, ал басқадай түсті болса таза қанды болмағаны. Бұзауының туғандағы салмағы 35-45 кг, тез өседі. Тағы басқа тұқымдар. Джерсей тұқымы малының аты - отанының, яғни Ла-Манш шығанағындағы аралдың атымен аталған. Ауа райы жұмсақ, бірқалыпты қоңыр жай аралда мал мамырдан қарашаға дейін тәулік бойы жайылымда болады. Қыс айларында күндіз малды жайылымға шығарып, кешкісін қорағы енгізеді де, ірі азық, тамыр түйнек, кебек, күнжара секілді азықтармен азықтандырады. Бұл тұқымның шығуы жөнінде толық мәлімет жоқ. Тек қана Нормандия және Британия жергілікті малын басқа тұқым малымен жетілдіре түсудің нәтижесінде шыққан деген болжам бар. Джерсей тұқымы АҚШ-та, Жаңазеландияда, Германияда, Данияда, Австралияда тараған. АҚШ-тағы Джерсей тұқымының дене бітімі өте жақсы. Түсі ақшыл сарыдан қара қоңырға дейін ауытқиды, қара түрі де кездеседі. Айршир тұқымы Шотландиядан Аир графтығында қатал да, ылғал ауа райы жағдайында шығарылған. Бұл тұқым отанының табиғи жайылымға, шабындыққа бай жағдайы дене бітімі мықты мал, оларды ауа райы, азықтық жағдайы әртүрлі жерлерге өсіре беруге көнбіс етіп шығаруға әсер етті. Бұл тұқым малының малы жеңіл, мүйізі үлкен, мойынының ұзындығы орташа, кеудесі салыңқы, кең, бөксесі түзу, жалпақ, бұлшық еті орташа дамыған, сирақтары дұрыс басылған, буындары құрғақ. Желіні тегене тәріздес немесе домалақ. Сиырының тірілей салмағы - 450-500 кг. Айршир тұқымының малы сүтті, көнбіс, азық талғамайды. АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зелландияда, Англияда кең тараған. 1994 жылдың ақпанында Қазақстанда 17481, оның ішінде 5234 таза қанды айршир малы болды. Етті бағыттағы тұқымдар Англиядан шыққан тұқымдар Герефорд тұқымының отаны - Англияның солтүстік батысындағы жайылым шүйгін Герефорд графтығы. Тез жетілгіш және елемде кең тараған тұқым. Өнімі аз жергілікті ірі қараны ұзақ уақыт іріктеу жолымен шығарылған. Англияда өндірістің өркендеп, халықтың көп шоғырлануы етті мол өндіруді қажет етті. Соған орай Англияда асыл тұқымды етті мал өсіру жедел қолға алынды. Герефорд малының сыртқы пішіні етті малға тән, сирағы қысқа кеудесі кең де терең, төстігі бөлектеніп шығып тұрады, қабырғалары жұмыр, сауыры ұзын, кең. Сан еті тығыз, жоны түзу, жүні бұйра да тығыз, қысқақарай ол ұзара түседі. Сондықтан да герефорд малы аязға өте шыдамды. Абердин - ангусс тұқымы. Шотландияның солтүстік шығысындағы Абердин және Ангус атты графтықтарда ауа райы қатал, ылғал, бірақ жайылымы отты жер жағдайында шығарылған. Бұл тұқым жергілікті күш көлігі ретінде пайдалантын қара түсті тоқал ірі қараның негізінде шығарылған. Бұл тұқымды шығарғанда жақын инбридинг, сыртқы пішініне қарай сұрыптау, жұптастыру, бұзауларын енесінің бауырында өсіру қолданылды. Бұзауларын тегіне, бұқаларын ұрпағының сапасына қарай сынау жұмыстары да қатар жүргізілді. Абердин - ангусс тұқымы Англия, Шотландия, Аргентина, Канада, Бразилия, Австралия, Жаңа Зеландияда, ТМД т.б елдерде өсіріледі. Абердин-ангусс малы тез және сапалы да тиімді бордақыланады. Еті жұмсақ, нәзік, дәмді, мәрмәр келеді. Галловей тұқымы. Шотландияның Галловей округінде шығарылған. Тастақ, шөбі сирек жайылым мен қатал ауа райы дене бітімі мықты, табиғи қатал жағдайларға төзімді тұқымның шығуына әсер етеді. Галловей малы тоқал, түсі - қара, қара сұр немесе ақ белдеулі қара. Жүні ұзын, бұйра және тығыз. Сирағы қысқа, тұяғы берік. Сақы сиырлары 450-500 кг, бұқасы 700-750 кг тартады. Жекелеген бұқасының салмағы 1000 кг-ға дейін жетеді. Бұзаулары 7-8 ай енесімен бірге жүреді. Сиырының сүттілігі жоғары. Бұзауының енесінен айырғандағы салмағы 180-220 кг. Галловей малы шыққан жерінің табиғатына орай нөсер жаңбыр, ақ боранды, қатты аязға төзімді. Соған қоса ауа райы жылы аудандардың жайылымында да өзін жақсы сезінеді. Галловей малы АҚШ-та, Канадада, Аргентина, Бразилияда, ТМД-да өсіріледі. Бұрынғы Кеңес елінде 1902-1920 жылдары 43 бұқа және 213 тайынша әкелінген. Солардың барлығы дерлік Алматы облысында, Кеген ауданының биік тауы жайылымында жерсіндірілген. Шотгорн тұқымы. Ірі қараның жыныстық қабілетінің қалыптасуы Ірі қараның жыныстық қабілетінің қалыптасуы оның тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, азықтандыру, күту сапасына және өскен ортасына тән табиғи жағдайларға да байланысты. Етті бағыттағы сиырлар зат алмасуының ерекшеліктеріне байланысты қарқындап өсіп, тез жетіледі де, жыныстық қабілеті ерте қалыптасып, ерте күйлейді. Тайыншалардың 7-10 айлығында күйі келеді, ал бұқашықтардың 6-7 айлығында жыныстық қабілеті қалыптасады. Сондықтан ұрғашы тайыншалар мен бұқашықтарды 5 ай толған соң жеке ұстаған жөн. Себебі жас малдың бұл уақытта жыныстық қабілеті қалыптасқанымен, олардың дене мүшелерінің өсуі мен жетіле түсуі, әлі де жүріп жатады. Тайыншаны бұқадан ерте шығарған жағдайда жасына жетіп, денесі толсыпаған малдың өсуі кешеуілдеп, салмақты аз тартатын, тарамыс етті, өнімсіз сиыр болып өседі де, одан туған бұзау да өсіп - жетілуінен қалыс қалып, аз өнімді, тар кеуделі, ұзын сирақты мал болып шығады. Сиырдың күйлеуі және оның қайталану циклы. Сиыр күйтінің келуі жатырындағы әбден жетілген фолликул бөліп шығаратын жыныс гормондардың әсерінен болады. Сиырдың күйті 18 сағатқа созылып, 6 сағаттан 36 сағат аралығында ауытқиды. Күйті келген сиырдың мазасы кетеді, шөп-судан қалады. Соның салдарынан сүті азаяды. Егер байлауда болса, сиырдың күйтіп өткізіп алмас үшін қораға серуенге шығарып тұрған дұрыс. Күйті келген сиыр айналасындағы сиырларды иіскелеп, олар артылса қарсылық көрсетпейді. Сиырдың күйті басталардан 15 сағаттай бұрын оның жыныс мүшесінен шұбалып жалқаяқ ағады. Бұл жағдайдың орта есеппен 30 сағатқа созылуы мүмкін. Ал жатырдағы фолликулладан анылық клеткалар сиырдың күйті басталған соң 24 сағаттан кейін шығады. Демек, сиырды ұрықтандырудың ең қолайлы уақыты оның күйтінің екінші жартысы. Бұқаның жыныс клеткалары сиырдың жыныс жолдарында 8 сағаттан 24 сағақа дейін тіршілік ете алады. Сондықтан сиырды арасына 10-12 сағат салып, екі қайтара ұрықтандырған дұрыс. Сиыр ұрықтандыру тәсілдері мен техникалары Ұрықтандыруға дені сау, жақсы өсіп-жетілген, салмағы жеткілікті, күйіне келген сиыр мен тайынша (қашар) қосылады. Шаруашылықтарда сиыр ұрықтандырудың ең кең тараған тәсілдеріне мыналар жатады: * Бұқаны табында сиырмен бірге ұстау; * Күйлеген сиырға бұқаны жекелеп қосу; * Сиырды қолдан ұрықтандыру. * Бұқаны табында сиырмен бірге ұстағанда бір маусымда бір бұқа 30-40 сиырды ұрықтандыра алады. Айтылған тәсіл, көбінесе етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтарда көп тараған. * Бұқаны жекелеп қосу. Алдыңғы айтылған тәсілден артығырақ. Бұқаны табыннан бөліп ұстайды. * Сиырды қолдан ұрықтандыру. Соңғы ширек ғасырдан артық уақытта ірі қара қара шаруашылықтарныда кең тараған прогрессивті тәсіл. Бұқа 6-8 см3 ұрық береді. Осы ұрықпен 10 сиырды қодан ұрықтандыруға болады. Демек, жылына 2000-3000 сиыр ұрықтандыруға мүмкіндік туады. Ал, 6-8 см3 ұрықты арнайы ерітінді қосып, сұйылтса, онда бір бұқа ұрығы он мыңдаған сиыр ұрықтандыруға жетеді. Сиырды қысыр қалу қабілеті. Ірі қара санының кемуіне сиырдың өысыр өалуы мен іш тастауының әсері зор. Сиырды қысыр қалуының басты-басты себептері мыналар: сапасы төмен, биологиялық құны жоқ азықпен азықтандыру, салды серуенге шығармау, қораны желдетпеу, ұрықтандыруды дұрыс үйымдастырмау, бұқанын ұрығын жете тексермеу, сиырдың ұрықтанған-ұрықтанбағандығын уақытылы (2ай өткен соң) тексермеу және сиырдың жыныс жолдарының аурулығы. Бұзаулаған сиырдың 1,0-1,5 ай өкен соң күйіті келмесе, ол сиырды мұқият тексеру қажет.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz