Файл қосу
Балалар психология пәні
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Балалар психологиясы>> 5В010100 - <<Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу>> мамандығына арналған СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы__________ <<25>> 06. 2014 ж., п.ғ.к. Н.А.Кулмышева педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Кафедра мәжілісінде <<педагогикалық психология>> Хаттама № 1 <<03>> қыркүйек 2014 ж. Кафедра меңгерушісі _____ Г.К.Джумажанова 2.2. Педагогика факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды Хаттама № 1 <<05>> қыркүйек 2014 ж. Төрайым _______ Т.Ш.Ахметова 3. БЕКІТІЛГЕН 3.1. Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама № 1 <<11>> қыркүйек 2014 ж. ОӘК төрайым _______ Г.К.Искакова 4 № 2 баспа <<11>> 09.2014 ж. , № 1 баспа 05.09.2013 ж. орнына Мазмұны * Жалпы ережелер * Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу * Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар * Пәннің форматы * Пәннің саясаты * Баға қою саясаты * Әдебиет 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер Кулмышева Назым Армысовна, п.ғ.к. Педагогикалық психология кафедрасы Байланыс мәліметтері: тел: 30-42-41; № 2 оқу ғимараты, № 308 кабинет Сабақ өткізу орны - № 308 дәрісхана Пән бойынша кредит саны - 3 1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты: Балалар психологиясы -- жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған. Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған -- неміс ғалымы В.Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің <<Бала жаны>> атты кітабы - бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек. Бала психологиясының пәні -- балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе -- баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Білімалушылардың мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін меңгертіп, мамандыққа сәйкес білім-біліктілік дағдыларын қалыптасыру. 1.4 Пәнді оқытудың міндеттері: * студенттерді психологиялық кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді. * мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуын, қалыптастыру жай-күйлерін, қасиеттерін жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып меңгертеді. * оқыту мен тәрбиелеу іс әрекетінде әдіс-тәсілдердің өзекті мәселелерін психологиялық тұрғыда негіздеу. * Студенттерге балалардың мектеп жасына дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес, психикалық даму жайында қажетті мағұлматтар беру. 1.5 Оқытудың нәтижелері: Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті: - білуі: Бала психологиясының кезеңдері бойынша сипаттама бере білуге, және алған білімдерін іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету; - игеру: Әрбір кезеңнің өзіне ғана тән ерекшелігі болатындықтан танымдық үдерісінде жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп отыруды; - ұғып алу: Дамудың әр кезеңіндегі қарым-қатынас, қоғаммен, отбасы мүшелерімен, ұстаздармен, өз құрбыларымен қарым-қатынас ерекшелік түрлерінің бала дамуына әсерлерін анық ұғып алуды. - түсіну: Білім берудегі психологиялық тәжірибені жүзеге асыруда педагогтармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлаудың тәсілдерін түсіну. - меңгеруі: Балалар психологиясы пәнін меңгеру мақсатында білім беру үдерісінде инновациялық жетістіктерді қолдану; - орындау: Білім қорларын іс-тәжірибеде жүзеге асыруға жүйелі жоспар құрумен орындай алу. - қолдана алу: Балалар психологиясы пәнінің іс-тәжірибеде қолдана алуды. 1.6 Пән пререквизиттері: 1.6. Педагогикалық мамандыққа кіріспе 1.6.2 Психология және адам дамуы 1.6.3 Мектепке дейінгі педагогика 1.7 Пәннің постреквизиті: 1.7.1 Өзін-өзі тану. 1.7.2 Этнопедагогика 1.7.3 Қарым-қатынас психология 1.7.4 Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмысты ұйымдастыру 2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ Кесте 1 № р/с Тақырыптың аталуы Сағаттар Әдебиеттер Дәріс Лабор сағат Практ. сағат Білімалуш-ң ОӨЖ Білімалуш-ң ӨЖ 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 2 Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 3 Психологиялық даму заңдылықтары. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 4 Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 5 Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 6 Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 7 Сәбилік кезең. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 8 Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 9 Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 10 Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 11 Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 12 Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял үдерістерінің дамуы. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 13 Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 14 Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 15 Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы. 2 1 1,5 4,5 7.1.1, 7.1.2, 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5 Барлығы: 30 15 22,5 67,5 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР 1.Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек. 2.Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. 4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ) Құрметті студенттер! <<Балалар психологиясы>> курсының мәні кәсіби психологтың ғылыми бағдарланған потенциалы және шығармашылық өсуі мен қалыптасуында басты рөл атқаратындығымен анықталады. Осы пәнді оқу нәтижесінде бітіруші кәсіби іс-әрекеттің көптеген практикалық түрлерін жүзеге асыра алу мүмкіндігін алады. Сонымен қатар оны жариялауға дейінгі психологиялық білімдерді қазіргі жаңа инновациялық әдістерін оқып үйренеді. Аудиториялық сабақтарға дәрістер практикалық сабақтар кіреді. Семинар сабақтары сіздерге ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу және аудитория алдында сөйлеу сияқты практикалық дағдылады қалыптастыруға көмектеседі. Практикалық сабақтарға өз уақытында және жоспарға сәйкес толық көлемде дайындалу талап етіледі. Тақырып бойынша дайындалу тек арнайы оқулықтарды пайдаланумен шектелмеуі тиіс. Конспект жұмыстарды семинар сабағына арнайы басталған жұмыс дәптерінде жазба түрде ұсынылуы қажет. Сонымен қатар, жұмыс бағдарламасында өзбетімен жұмыстың келесі түрлері ұсынылады: БОӨЖ (білімалушылардың оқытушымен өздік жұмысы) және БӨЖ (білімалушылардың өздік жұмысы). Берілген жұмыс түріне байланысты тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері арнайы кестелерде көрсетілген. Жұмыстар студенттердің өзіндік ойлауы мен шығармашылығы да кеңінен қарастырылған. Осы пәнге байланысты барлық тақырыптар қамтылып, сол тақырыптарға орай қосымша әдебиеттер тізімі қарастырылу ұсынылады. 5 ПӘН САЯСАТЫ ПОӘҚ- ң осы бөлімде пәнді меңгеру барысында білімалушыларға қойылатын талаптар: * Сабаққа кешікпеу. * Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу. * Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау. * Талдау барысында тыңдау және басқалардың көзқарасын құрметтеу. * БОӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестесде келтірілген <<Балалар психологиясы>> пәні бойынша баллдардың реттелуі Кесте 2 Апта Бақылау түрі Жалпы балл Ескерту 1 2 3 4 1-7 апта бойы дәріске қатысу 30 2 Семинар 15 СӨЖ 3 Семинар 15 БӨЖ 10 БОӨЖ 10 4 Семинар 15 БӨЖ 15 БОӨЖ 15 5 Семинарға 15 БӨЖ 20 БОӨЖ 15 6 Семинар 15 БӨЖ 15 БОӨЖ 5 7 Семинар 15 БӨЖ 10 БОӨЖ 5 Межелік бақылау 1 60 1-7 апта оқу нәтижесі бойынша балл 300 8-15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу 30 9 Семинар 15 БӨЖ БОӨЖ 10 11 Семинар 10 БӨЖ 10 БОӨЖ 12 Семинар 15 БӨЖ 10 БОӨЖ 15 13 Семинар 15 БӨЖ 10 БОӨЖ 10 14 Семинар 10 БӨЖ 15 БОӨЖ 5 15 Семинар 15 БӨЖ 10 БОӨЖ 5 Межелік бақылау 2 90 8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл 300 Емтихан үшін жалпы балл 400 Академиялық кезен бойынша жалпы балл 1000 Ескерту: 1 қатарда білімалушылардың білімдерін бақылау аптасы көрсетіледі; 2 қатарда аталған апта орындарын жұмыс түрі көрсетіледі; 3 қатарда орындаған жұмыс түрлері үшін алатын жоғары баллдары көрсетіледі; 4 қатарда - қай сабақта бақылау жүргізілетіні туралы ақпарат көрсетіледі. 5 кестедегі ақпаратты оқытушы электронды базаға (электронды журналға) енгізеді. 7. ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012. 7.1.2 Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011 7.1.3 Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014 7.1.4 Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014 7.1.5 Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013 7.1.6 Психология дошкольного возраста: учебник для вузов / Г.А.Урунтаева / - 2014. 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 Возрастная и педагогическая психология. Тексты.- М Изд-во Московского университета, 1999 г. 7.2.2 Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии Под ред. И.И.Ильясова, В.С.Ляудис-М., 1981 г. 7.2.3 Выготский Л.С. Психология развития как феномен культуры- М.,1996 г. 7.2.4 Мухина В.С. 6- жастағы мектеп А. Мектеп 1989 ж. 7.2.5 Сейдалиев К.Б. Тәрбие теориясы. А ., 1986 ж. 7.2.6 Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж. 7.2.7 Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.2. Психология образования. М. Владос,1998 ж. 7.2.8 Блонский П.П. Психология младшего школьника М., 1997 ж. 7.2.9 Петровскии А.В. Возрастная и педагогическая психология. Просвещение 1986 г. 7.2.10 Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986 ж. 7.2.11.Каптерев П.Ф. Детская и педагогическая психология М-Воронеж 1999 ж. 7.2.12 Обухова Л.Ф. Возрастная психология М. 2000 ж. 7.2.13 Абрамова Г.С. Возрастная психология М.,1997 г. 7.2.14 Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка - М., 1997 ж. 7.2.15 Менчинская Н.А. Психическое развитие ребенка от рождения до 10 лет -М., 1996 г. 7.2.16 Хрестоматия по возрастной психологии-М., 1996 ж. және т.б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz