Файл қосу
Қою жасыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Бөлме және декоративті өсімдіктер>> <<5В011300>> - <<Биология>> мамандығы үшін Құрастырғандар: Карипбаева Н.Ш Биология ғылымдарының кандидаты,доцент Семей 2013ж ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер ПОӘК авторлары туралы мәліметтер Карипбаева Нурзия Шайкеновна Ғылыми дәрежесі: Биология ғылымдар кандидаты Ғылыми атағы: Доцент Қызметі: Биология кафедрасының доценті Мамандандыруы: Биология Байланыс мәліметтері: Жұмыс телефоны: +7 (7222)42-34-72 Электрондық пошта: kob@sgpi.kz Skype: Жалпы мәліметтер: 4 оқулықтың серіктес авторы. 7 биология магистрін дайындады. ҚР БҒМ <<Шыңғыстау аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін зерттеу>> гранттық тақырыпты 2013-2016жж аралығында орындауда Жұмыс бағдарламасы 1.Қолдану саласы - 3бет 2. Нормативті сілтемелер - 3бет 3. Жалпы ережелер - 3бет 4. Әдебиет және қорлар - 3бет 5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі - 5 бет 6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны - 57 бет 7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар - 60 бет 8. Курс форматы - 61бет 9. Курс саясаты - 61бет 10. Баға қою саясаты - 61 бет 11. Студенттер білімін бақылау - 62 бет 12. Глоссарий - 62бет. 1. Қолдану саласы <<Бөлме және декоративті өсімдіктер>> пәнінің оқу-әдістемелік кешені <<5В011300>> - <<Биология>> мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады. 2. Нормативтік сілтемелер Осы <<Бөлме және декоративті өсімдіктер>>пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: <<5В011300>> - <<Биология>> мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы <<__>> _________ №__ бұйрығымен бекітілген. Шәкәрім атындағы СМУ <<Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі>>. 3. Жалпы ережелер * Оқытушының тегі, аты, жөні - Карипбаева Нурзия Шайкеновна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент; * Кафедрабиология__________________________________________; * Хабарласу ақпараты - тел: 8722242-34-72, Оқу ғимараты № 3, кабинет № 221; e-mail: kob@sgpi.kz * Контактілі сабақтардың өткізілу орны - аудитория № 117; * Пән атауы - <<Бөлме және декоративті өсімдіктер>>; * Кредит саны - 3; Жұмыс оқу жоспарынан көшірме 1 кесте Курс Семестр Кредиттер Аудиториялық жұмыс СӨЖ және СОӨЖ (сағ) Барлығы (сағ) Қорытынды бақылау түрі АС (сағ) ҚК (сағ) 1 2 3 15 30 45 90 емтихан 4. Әдебиет және қорлар № Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы Саны Студент саны Қамтылу пайызы,% 1 Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. 24 18 100кате 2 Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. 12 100 3 Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. 62 100 4 Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. 4 5 Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. 30 6 Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". 20 7 Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. 68 8 Краснов Н.С., <<Сирень>>. 4 9 Климовская З.А., Чабан М.К., Вагапова В.Н. <<Цветы>>. 3 10 Никитинский Ю.И., Тавлинова Г.К. "Приемы цветочного оформления". 20 100 11 Полетико О.М., Мишенкова А.П. <<Декоративные травянистые растения открытого грунта>> Справочник по номенклатуре родов и видов. 20 12 Родионенко Г.И. Опыт интродукции травянистых декоративных растений в прибальхашье. 15 100 13 Сушков К.Л. <<Цветоводство>>. 10 100кате 14 Точилина Б.Я <<Долголетние газоны>>. 15 Остапович К.Н. <<Интродукция декоративных цветочных растений в Джезказган>>. 16 Ширева Д.М. << Почвы Карагандинской области>>. 17 Черепанова С.К., Хохлова К.Н. "Цветники и газоны". 5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі <<Бөлме және декоративті өсімдіктер>> пәні бойынша дәрістердің тізімі және қысқаша мазмұны: (15 c). Модуль саны - 8 №1 Дәріс.(1 c) Лекция № 1. Кіріспе Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу. Дәріс мазмұны: Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн км жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан, яғни тағам ретінде пайдаланған. Кейін қоғамның тұрақты қалыптасуына байланысты олардың әсемдіктеріне де көңіл бөлініп, тұрғын орындарды әдемі гүлді, декоративті қасиеті бар өсімдіктермен безендірді. Осы уақыттан бастап пайдалы өсімдіктердің ішінде әсемдік беретін өсімдіктер тобы пайда болды. Декоративті өсімдіктерді өсіру мәдениеті жоғары халықтардың ғасырлар бойы ұлттық дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Қазір әсемдік қасиеті жоғары гүлді өсімдіктерді өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды. Әсемдік қасиеті бар өсімдіктердің пайдалылығы, олардың көркемдігімен ғана шектелмейді, олар қалалар мен ауылдарды безендіріп, ауасын тазартады, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын сүректі өсімдіктермен бірге адамға қажетті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады. Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Қалалар мен селоларда осы микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсер ететін, яғни эфир майлы хош иісті, фитонцидті активті заттарды бөлетін декоративті өсімдіктер пайдаланылады. Сондықтан ірі қалаларды көгалдандырудағы гүлзарларға қойылатын талап екі міндетті атқаруға тиісті: біріншіден- қалаға әсем көрік беру; екіншіден- ауа атмосферасын тазарту. Осы негізде гүлзарларды жасауда әсем қасиеті бар өсімдіктердің көп түрлілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Гүлзарларды жасауда жергілікті жерлерде өсетін өсімдіктермен қатар, басқа елдерден тіпті континенттерден әкелінген өсімдіктер де пайдаланылады. Басқа жерлерден әкелініп, жергілікті табиғи- климаттық жағдайларда өсірілетін өсімдіктерді интродукциялау деп атайды. Декоративті, яғни әсемдік қасиеттері бар өсімдіктердің басым көпшілігі тропикалық және субтропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Бұл аймақтарда жауын- шашын мөлшері өте жоғары, сондықтан декоративті өсімдіктерді континентальді климатты жерлерде өсіру, яғни интродукциялық зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Қазақстан осындай қатаң климатты елдердің бірі. Қазақстан қалаларының көпшілігі қысы аязды, жазы қуаңшылықты жерлерде орналасқан. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 2. Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары Дәрістің мақсаты: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтарымен танысу. Дәріс мазмұны: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары: 1. Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер. Олар өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. 2. Жапырақтары декоративті- әсем бір жылдық гүлді өсімдіктер. Бұл өсімдіктер жапырақтарының ірі әрі пішінінің декоративті- әсем болуымен ерекшеленеді. Оларға жататын бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер: гүлтәжі - амарант (щирица) - amaranthus, никандра- nikandra, нарғызгүл - георгина- dahlia, малопа (дыравка)- malope , настурция- tropaeolum. Сабақтарының биіктігіне байланысты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктердің мынандай топтары бар: 1. Биіксабақтылар (сабағының ұзындығы 100- 200 см аралығындағылар): нарғызгүл - георгина- dahlia, космос- cosmos, арктотис- arctotis т.б. 2. Орташа биіктіктегі өсімдіктер (50- 100 см): гүлтәжі - амарант (ширица) - amaranthus, календула- calendula, целлозия пирамидальная- celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum, малопа (дыравка)- malope, қотырот- скабиоза- scabiosa, кореопсис- coreopsis т.б. 3. Аласасабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер (25- 50 см): барқытшөп - бархатцы- tagetes, петуния- petunia, мақсыр- сафлор- carthamus, нарқайсар- вербена- verbena, гацания- gazania, иберис (стенник)- iberis, левкой- matthiola, немезия- nemesia, схизантус (щизантус)- schisanthus, акроклиниум (гелиптерум)- helipterum, настурция- tropaeolum т.б. 4. Жатаған сабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер (25 сантиметрге дейінгілер): лобулярия- lobularia, диморфотека- dumorphotheca, шырмауық- вьюнок (конвольвулюс)- convolvulus, лобелия- lobelia, қараот- портулак- portulaca т.б. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №3,4. Декоративті өсімдіктердің түрлері, олардың биологиялық және экологиялық өсу ерекшеліктері. Дәрістің мақсаты: Декоративті өсімдіктердің биологиялык, экологиялық өсу ерекшеліктерімен танысу. Дәріс мазмұны: Қазақстанның қалалары мен селоларына көрік беретін, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын декоративті өсімдіктер өсіп- даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топты көпжылдық әсем өсімдіктер құрайды, олар тұрақты гүлзарларды жасауда кеңінен пайдаланылады. Екінші топты әсем гүлді бір жылдық өсімдіктер құрайды. мұндай гүлзарлар жыл сайын жаңадан жоспарланып, жаңа өсімдік түрлерін пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты бір жылдық декоративті өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын интродукциялау жұмыстарын жүргізу қажет. Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы Тұқымдас Туыстас және сорттар Биіктігі (см) Жапырағы- ның пішіні, түсі Гүлінің мөлшері, түсі Гүлдеу уақыты Тәуелділігі ылғалға жарыққа климатқа I.Алқалар Пасленовые Solanaceae Никандра Nicandra 20-70 Ірі, қою жасыл әсем жапырақты Ірі, көкшіл немесе ақ түсті VII- X Ылғал сүйгіш Көлеңкелі жерде өсе алады Жылу сүйгіш Петуния Petunia (П. садовая- P. hubrida) 20- 50 Сопақша, бүтін жиекті, қою жасыл түсті Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл VI- суық түскенге дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Схизантус (Щизантус) Schisanthus (С.визетонский- S.Wisetonensis) 20- 60 Тілімделген, ашық жасыл түсті Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл VII- күн суытқанға дейін Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Суыққа төзімді II.Бальзаминдер Бальзаминовые Balsaminaceae Шытырлақ Бальзамин (Недотрога) Impatiens (Кәдімгі ш.- Н.обыкновенная-I.noli- tangere) 40- 60 Ланцет пішінді, ашық жасыл, қою жасыл түсті Орташа, ақ, қызғылт, қызыл VII- күн суытқан-ға дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш III. Вербеналар Вербеновые Verbenaceae Нарқайсар Вербена Verbena (Дәрілік н.- в.лекарственная-V.officinalis, жатаған н.- в.лежащая- v.supina) 40-45 Сопақша, ашық жасыл түсті Ұсақ, қызыл, ақ көк VI- X Қуаңшы- лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді IV. Гүлтәжілер Амарантовые (Щирицевые) Amaranthaceae Гүлтәжі Амарант (Щирица) Amaranthus (Қызылбас г.- Щ.хвостатая- A.Caudatus, Щ.метельчатая- A. paniculatus) 80- 90 Кері жұмыртқа, жасыл немесе күлгін Өте ұсақ, көп, қызыл- күлгін VII- IX Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Целозия Celosia (Ц.пирамидальная, Ц. гребенчатая- C. argentea) 40- 100 Сопақша, жасыл, қызыл, қою қызыл Өте ұсақ, қызыл, сары VII- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді V. Зығырлар Льновые Linaceaе Зығыр Лен Linum (Бұйра з.- л.низкий-L.humile, күлгін з.- л.фиолетовый- L. violascens) 50- 60 Ланцет тәрізді, жасыл Орташа, қою қызғылт, ақ VI- IX Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш VI. Көкнәрлар Маковые Papaveraceae Эшшольция Eschschoetzia (Э.калифорнийская-E. californica, Э. дернистая- E. caespitosa) 15- 55 Тілімденген, сұр- жасыл түсті Ірі, ақ, қызғылт, сары, сарғыш, қызыл VI- күн суытқан-ға дейін Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді VII.Крестгүлді-лер Крестоцветные Brassicaceae Иберис (Стенник) Iberis (И. зонтичный- I.umbellata, И.горький- I.amara) 20- 50 Тегіс жиекті ланцет пішінді, ашық жасыл Ұсақ гүлді, ақ, қызғылт, сары VII- күн суытқан-ға дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Левкой (Маттиола) Matthiola (Алажапырақ л.- л.марселистый- M.chenopodifolia, Ақбас л.- Л.седой- M.incana) 15- 50 Ланцет және кері жұмыртқа пішінді, ашық немесе қою жасыл Ұсақ, сары, ақ, көкшіл, қызыл I- VIII Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Лобулярия Лобулярия Lobularia (Л. морская- L.maritima) 10- 40 Ұсақ, ланцет пішінді Өте ұсақ, ақ немесе көкшіл VII- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді VIII.Күрделігүл- ділер Compositae Сложноцветные Астра Aster (Бір жылдық а.- А.однолетняя) 15- 80 Ланцет тәрізді, ромб және қою жасыл Ірі, әр түрлі түсті VI-X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Арктотис Arctotis (А.стихасолистный крупный- A.stoechadifolia grandis, А.гибридный- A.hybridus) 20- 25 Ланцет пішінді, жасыл Ірі, ақ, қызғылт, сары, қызыл VI- X Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Барқытшөп Бархатцы Tagetes (Ауытқы б.- Б.отклоненные- T.patuia, б.тонколистные- T.tenuifolia) 20- 30 Тақ қауырсынды тілімденген, жасыл Орташа, сары, сарғыш, қоңыр- қызыл, ашық жасыл VI- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Гацания Gozania (Г.жестковатая- G.rigens, Г.длиннострелковая- G.longiscapa, Г.гибридная- G.hybrida) 25- 40 Ланцет пішінді, қою жасыл Ірі, ақ, сары, қызыл, қоңыр, көк VI- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Гелиптерум (Акроклиниум) Helipterum (Г.Менглса- H.Manglesii, Г.роговый- H.roseum) 50 Ланцет пішінді, қою жасыл Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл VII-IX Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Гүлкекіре Василек Centaurea (Көк г.- В.синий- C.cyanus, Құм г.- В.песчаный- C.arenaria, Орыс г.- В.русский- C.ruthenica) 20- 90 Сызықты, ақшыл жасыл Ұсақ, ашық көк. қызғылт, ақ, сарғыш VI- IX Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Календула (Ногатки) Calendula (Дәрілік к.- К.лекарственная- C.officinalis) 70- 80 Тақ қауырсынды тілімденген, ашық жасыл Орташа, сары, сарғыш VII- суық түскенге дейін Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Кореопсис Coreopsis (К.красильный- C.tinctoria) 20- 100 Ине тәрізіді, ашық жасыл Орташа, алқызыл, сары VII- X Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Космос Cosmos (Қоссалалы к.- К.дваждыперистый-C.bipinnatus) 50- 150 Тілімденген, ақшыл жасыл Ірі, қызғылт, қызыл VII- X Қуаңшы-лыққа төзімді Көлеңке-лі жерде өсе алады Суыққа төзімді Диморфотека Dumorphotheca (Д.дождевая- D.pluvalis, Д.выемчатая- D.sinuata) 40- 45 Ланцет тәрізді Өте ұсақ, ақ немесе сарғыш VI-VIII Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Мақсыр Сафлор Carthamus (Бояу м.- С.красильный- C.tinctorus, Түкті м.- С.шерстистый- C.lanatus) 20- 70 Тегіс жиекті, қою жасыл Орташа, сары, сарғыш VI- X Қуаңшы-лыққа төзімд Көлеңке-лі жерде өсе алады Суыққа төзімді Нарғызгүл Георгина Dahlia (Мәдени н.-Г.культурная- D.cultorum) 25- 200 Қауырсын салалы, қою жасыл Ірі гүлді, сары, қызыл VI- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш Цинния Zinnia (Әсем ц.-Ц.изящная- Z.elegans) 30- 90 Сопақша, ашық жасыл Ірі, сары, сарғыш қызыл, қызғылт VII- суық түскенге дейін Ылғал сүйгіш Көлеңке-лі жерде өсе алады Суыққа төзімді IX. Қараоттар Портулаковые Portulacaceae Қараот Портулак Portulaca (Ірігүлді қ.- П.крупноцветковы- P.grandiflora) 10-15 Цилиндр пішінді, ашық жасыл Орташа, ақ, сары, сарғыш, қызғылт, қызыл VI- X Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш X.Қожакендір-лер Ворсянковые Dipsacaceae Қотырот Скабиоза Scabiosa (С.темнопурпурная-S.atropurpurla) 30- 100 Саусақсала-лы, қою жасыл Ұсақ, ақ, қою қоңыр VII- X Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді XI.Қоңыраугүлділер Колокольчико-вые Campanulaceae Лобелия Lobelia (Л. Эринус- L.Erinus) 10- 30 Жұмыртқа пішінді, қою жасыл Ұсақ, көк, көкшіл VII- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш XII.Құлқайыр-лар Мальвовые Malvaceae Малопа (Дыравка) Malope (М.трехнадрезная- M.trifiola) 60- 100 Ірі, доға пішінді, ашық жасыл Ірі, қызыл, қызғылт VI- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Құлқайыр Мальва (Просвирник) Malva (Кіші қ.- П.маленький- M.pusilla, Бұйра қ.- П.курчавый- M.crispa) 30- 80 Жүрек тәрізді Орташа, қызыл, қою қызғылт VII- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді XIII.Настурция-лар Настурциевые Tropaeolaceae Настурция Tropaeolum (Үлкен н.- Н.большая- T.majus, Н.шитоносная- T.peltophorum) 25- 35 Ірі, доға пішінді, қою жасыл Орташа, қызыл, қызғылт II- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді XIV.Никтагин-дер Никтагиновые Nictaginaceae Ночная красавица (Мирабилис) Mirabilis 30- 60 Сопақша, жасыл Орташа, ақ, сары, қызғылт VII- суық түскенге дейін Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Жылу сүйгіш XV.Сабынкөк-тер Норичниковые Scrophulariaceae Есінек Львиный зев (Антиринум) Antirrinum (Ірі е.- А.крупный- A.majus) 15- 130 Ланцет пішінді, қою жасыл Ұсақ, ақ, сары, қызғылт, қызыл VII- X Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Немезия Nemesia (Н.забовидная- N.strumosa, Н.разноцветная- N.versicolor) 30- 60 Ланцет пішінді, ашық жасыл Ұсақ, ақ, сары, қызғылт, қызыл VII- IX Ылғал сүйгіш Жарық сүйгіш Суыққа төзімді XVI.Шырмауықтар Вьюнковые Convolvulaceae Шырмауық Вьюнок (Конвольвулюс) Convolvulus (Бұташық ш.- В.кустарниковый- C.fruticosus, Ақшыл ш.- В.кедоватый- C.subsericeus ) 20- 30 Ланцет пішінді, қою жасыл Орташа, көкшіл, қызыл VI- X Қуаңшы-лыққа төзімді Жарық сүйгіш Суыққа төзімді Әсем гүлді өсімдіктердің түрлерін анықтаумен қатар, оларға таксономиялық (систематикалық), экологиялық, географиялық және өсу ерекшеліктеріне байланысты биолого- морфологиялық сараптамалар жасалынады. Бұл гүлдер систематикалық тұрғыда әртүрлі тұқымдас өкілдері. Түр жағынан декоративті өсімдіктерге бай күрделігүлділер мен крестгүлділер тұқымдасы болып табылады. Күрделігүлділер ішінде кең тараған түрлерге барқытшөп- бархатцы- tagetes, календула (ногатки)- calendula, гүлкекіре- василек- centaurea, мақсыр- сафлор- carthamus, цинния-zinnia, арктотис- arctotis т.б. жатады. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №5. Декоративті өсімдіктердә гүлзарларда пайдалану Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу. Дәріс мазмұны: Бір жылдық декоративті өсімдіктердің әсемділігі гүлдерінің және гүлшоғырының реңі мен мөлшеріне байланысты. Гүлзарларды құруда гүлдердің мөлшері, түсі, гүлдеу уақыты сияқты ерекшеліктерін ескеру қажет. Бір жылдық декоративті өсімдіктердің гүлдерімен қатар әсемділігі ретінде жапырақтарының пішіні, түсі және бұтақтану ерекшеліктері айрықша орын алады. Сондықтан өсімдіктерді гүлінің әсемдігіне ғана емес, жапырақтарының әсемділігіне де байланысты өсіреді. Мұндай гүлдерге гүлтәжі - амарант (ширица) - amaranthus, никандра- nikandra, нарғызгүл - георгина- dahlia, малопа (дыравка)- malope , настурция-tropaeolum жатады. Гүлзарларды құруда декоративті өсімдіктердің гүлдеу уақыты айрықша ескеріледі. Себебі, гүлзарлар көктемнен күзге дейін гүлдеуге тиісті. Бір жылдық декоративті гүлдердің көпшілігінің жаппай гүлдеуі жаз айында жүреді, сондықтан маусым, шілде, тамыз айларында гүлзарлар өте әсем реңде болады. Өсімдіктердің жаз айларында жаппай гүлдеуіне байланысты, оларды көктемде гүлдейтін көпжылдық (құртқашаш, таушымылдық, қызғалдақ, бәйшешек т. б.) өсімдіктермен бірге аралас немесе күрделі гүлзарларды жасауда пайдалануға болады. Гүлзар көмбе (клумба) типінде ұйымдастырылады, гүлзар ортасында таушымылдық шетінде иристер жиегінде барқытшөп- бархатцы- tagetes, диморфотека- dumorphotheca отырғызылған. Мұндай күрделі гүлзарлар ерте көктемнен, күзге дейін гүлдейді, өзінің әсемділігін ұзақ уақыт сақтайды. Мұндай гүлзарлар қаланы көгалдандырудағы қойылатын талаптарды толық орындайды. Ылғал сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, календула- calendula, нарғызгүл - георгина- dahlia, никандра- nicandra, мальва- malva, петуния- petunia, лобулярия- lobularia т.б.), қуаңшылыққа төзімді (гүлкекіре - василек - centaurea, целозия- celosia, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т. б.), жарық сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, диморфотека- dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый - linum grandiflorum т.б.), көлеңкелі жерде өсе алатын (мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos, никандра- nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп- tagetes tenuifolia- бархатцы тонколистные), жылу сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, целозия- celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.), суыққа төзімді ( гүлкекіре - василек- centaurea, календула- calendula, петуния- petunia, мальва- malva, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т.б.) өсімдіктер. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №6. Декоративті өсімдіктердің географиялық шығу орталықтары Дәрістің мақсаты: географиялық шығу орталықтарымен танысу. Дәріс мазмұны: Декоративті өсімдіктер Қазақстанның табиғи климаттық жағдайында кездеспейді. Географиялық сараптама жасауда, декоративті өсімдіктердің 7 географиялық ортадан шыққан. Декоративті гүлді өсімдіктердің шығу орталықтары Өсімдік атауы Шығу орталықтары Азия Африка Солт. Амер. Оңт. Амер. Орт. Амер. Евро-па Жерорта теңізі маңы Арктотис Arctotis + Астра Aster + Барқытшөп Бархатцы Tagetes + Гацания Gozania + Гелиптерум (Акроклиниум) Helipterum + Гүлкекіре Василек Centaurea + Гүлтәжі Амарант (Щирица) Amaranthus + Диморфотека Dumorphotheca + Есінек Львиный зев Antirrinum + Зығыр Лен Linum + Иберис (Стенник) Iberis + Календула (Ногатки) Calendula + Кореопсис Coreopsis + Космос Cosmos + Қараот Портулак Portulaca + Қотырот Скабиоза Scabiosa + Құлқайыр Мальва (Просвирник) Malva + Левкой (Маттиола) Matthiola + Лобелия Lobelia + Лобулярия Лобулярия Lobularia + Мақсыр Сафлор Carthamus + Малопа (Дыравка) Malope + Нарқайсар Вербена Verbena + Нарғызгүл Георгина Dahlia + Настурция Tropaeolum + Немезия Nemesia + Никандра Nicandra + Ночная красавица (Мирабилис) Mirabilis + Петуния Petunia + Схизантус (Щизантус) Schisanthus + Целозия Celosia + Цинния Zinnia + Шырмауық Вьюнок (Конвольвулюс) Convolvulus + Шытырлақ Бальзамин (Недотрога) Impatiens + Эшшольция Eschschoetzia + Декоративті әсем гүлді өсімдіктердің Азияда, Африкада, Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада, Орталық Америкада, Европада, Жерорта теңізі маңында таралған. Бір жылдық декоративті өсімдіктердің көпжылдық декоративті өсімдіктерге қарағанда кеңінен пайдаланылады көрсетті Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №7,8. Декоративті өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасы Дәрістің мақсаты: Декоративті өсімдіктердің түрлерімен танысу. Дәріс мазмұны: I. Алқалар- Solanaceae- Пасленовые 1. Никандра - Nicandra Алқалар тұқымдасының бір түрі. Сабағының биіктігі 20-70 см болатын, ірі, декоративті- әсем қою жасыл жапырақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Гүлі ірі, көкшіл, ақ түсті, сабағының ең жоғарғы жағында бір- бірден орналасады. Гүлдеуі шілде- қазан айларында жүреді. 2. Петуния- Petunia Биіктігі 20- 50 см аралығында болатын декоративті гүлді өсімдік. Сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі- екі жақтаулы қорапша. Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. 3. Схизантус (Щизантус)- Schisanthus Биіктігі 20- 60 см болатын, сабағы тік өсетін, тамыр жүйесі жақсы дамыған бір жылдық әсем өсімдік. Жапырақтары терең тілімденген әдемі. Гүлдері орхидея гүліне ұқсас, күлте жапырақтары әр түрлі түсті дақтармен ерекшеленген. Жемісі- қоңыр немесе сұр түсті қорапша, ұсақ тұқым. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады. II. Бальзаминдер - Бальзаминовые- Balsaminaceae 4. Шытырлақ - Бальзамин (Недотрога) - Impatiens Тік сабақты, биіктігі 40- 60 см аралығындағы декоративті гүлді өсімдік. Сабағы жуан, шырынды. Ірі, бұрыс гүлдерінің түсі әр алуан. Жапырақтары ланцет пішінді, тегіс, қою жасыл түсті. Жемісі- қорапша. Тұқымы- шар пішіндес, қоңыр түсті. Шілде айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. III. Вербеналар- Вербеновые- Verbenaceae 5. Нарқайсар- Вербена- Verbena Төрт қырлы, қалың бұтақтанған сабақты, биіктігі 40- 45 см болатын әсем гүлді өсімдік. Тамыры- шашақ тамыр, 20 см тереңдікке дейін жетеді. Тамырының топырақпен жанасқан жерінде жанама тамырлары бар. Жапырағы сабақта қарама- қарсы орналасқан, пішіні сопақша. Гүлшоғыры- 30-50 гүлден тұратын собық, түсі әр алуан. Жемісі- ашық қоңыр түсті, таяқша тәрізді жаңғақ. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдейді. IV. Гүлтәжілер - Амарантовые (Щирицевые) - Amaranthaceae 6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) - Amaranthus Шырынды әрі нәзік, тік сабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі 80-90 см аралығында. Жапырағы ірі, күлгін түсті, кері жұмыртқа пішінді. Гүлшоғыры- күрделі собық. Гүлдері өте ұсақ әрі көп, күлгін түсті. Жемісі- қорапша, тұқымы- ұсақ. Шілде- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді. 7. Целозия- Celosia Саңырауқұлаққа ұқсайтын гүлшоғырмен аяқталатын сабағының биіктігі 20- 40 см аралығында. Жапырағының түсі ашық жасыл. Гүлдері өте ұсақ, көп, қызыл, сарғыш, күлгін түсті болып келеді. Жемісі- шар пішінді. Тұқымы- ұсақ, қара, жылтыр. Пирамида тәрізді сортының биіктігі 40- 100 см аралығында болады. Гүлшоғыры пирамидаға ұқсас өте әдемі, жапырақтары қызыл теңбілдері бар ашық жасыл түсті. Гүлдері өте ұсақ қызғылт. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді. V. Зығырлар - Льновые- Linaceae 8. Зығыр - Лен- Linum Сабағының биіктігі 50- 60 см аралығында,жуан болып келеді. Жапырағы ланцет пішінді, сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлі қою қызғылт түсті, орташа. Гүлшоғыры жай. Жемісі- қорапша. Тұқымы- ұсақ. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді. VI. Көкнәрлар- Маковые- Papaveraceae 9. Эшшольция- Eschscholzia Биіктігі 15- 55 см болатын, тамыры тармақталмаған өсімдік. Сабағы жіңішке, тік, гүлдері ашық жасыл түсті. Гүлдері қос жынысты, диаметрі 5-8 см болатын қызғылт, қызыл, сары, сарғыш, ақ. Жемісі- көп тұқымды қорапша. Маусымнан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады. VII. Крестгүлділер - Крестоцветные- Brassicaceae 10. Иберис (Стенник)- Iberis Биіктігі 20- 50 см аралығында болатын тік немесе жартылай жатаған сабақты декоративті әсем өсімдік. тамыры- шашақ тамыр жүйесіне жатады. Жапырақтары ланцет пішінді, ұзындығы 9- 10 см. Гүлдерінің диаметрі 1 см болатын ұсақ гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- шатырша. Жемісі- дәнек. Шілдеден суық түскенге дейін гүлдеп тұрады. 11. Левкой (Маттиола)- Matthiola Тік сабақты, биіктігі 15- 50 см аралығында болатын әсем өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді немесе кері жұмыртқа тәрізді, сабақта кезектесіп орналасқан. Түсі- ашық немесе қою жасыл. Гүлдері- дұрыс гүл, түсі: ақ, сары, сарғыш, көкшіл, қызыл және күлгін. Жемісі- ұзынша келген дәнек. Маусым- тамыз айлары аралығында гүлдеп тұрады. 12. Лобулярия - Lobularia Күрделі бұтақтанған, биіктігі 10- 40 см аралығында болатын бір жылдық декоративті әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ұсақ, ланцет тәрізді. Қос жынысты, аморфты гүлдері өте ұсақ, реңі де әр алуан. Тұқымы- сопақша, ұсақ, қара. Шілде- қазан айларында гүлдеп тұрады. VI. Күрделігүлділер - Сложноцветные-Compositae 13. Астра- Aster Басқа декоративті гүлді өсімдіктерден айырмашылығы- вегетациялық кезеңінің ұзақтылығында. Тік сабағы жақсы бұтақтанған. Гүлшоғыры- себет. Жапырағы ланцет тәрізді, төменгі жағының жапырақтары ромб пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см- ден 10 см-ге дейін жетеді, әр алуан түсті. Өсімдіктің биіктігі 15 см-ден 80 см-ге дейін жетеді. Маусым- қазан айларында гүлдейді. 14. Арктотис- Arctotis Тік сабақты, биіктігі 20 см- ден 120 см- ге дейін жететін әсем өсімдік. Тамыры тереңге бойламайды. Тілімденген жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдерінің түсі алуан түрлі: ақ, қызғылт, сары, мыс түстес. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. 15. Барқытшөп - Бархатцы- Tagetes Сабағы әдемі бұтақтанған, биіктігі 30- 60 см аралығындағы бір жылдық декоративті шөптесін өсімдік. Жапырақтары тақ қауырсынды тілімденген, ашық жасыл түсті. Гүлі сары, сарғыш, қызыл- қоңыр себет гүлшоғырына жинақталған. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді. Бархатцы тонколистные-Tagetes tenuifolia деп аталатын сортының Жапырағы тақ қауырсынды, ашық немесе қою жасыл түсті болып келеді. Гүлінің мөлшері басқа түрлерге қарағанда ірілеу болып келеді. Сонымен қатар тез өсетін өсімдік ретінде ерекшеленеді. Гүлінің түсі көп жағдайда сары болады. Маусым- қазан айларында гүлдейді. 16. Гацания- Gozania Тамыр жүйесі тереңге кететін, биіктігі 15- 25 см болатын декоративті өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді, жиегі ара тісті болып келеді. Жапырақтарының үстінгі тақтасының түсі- қою жасыл, астыңғы тақтасынікі- қою сұр . Гүлдері себет гүлшоғырына жинақталған. Гүлдерінің түсі ашық түстер. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. 17. Гелиптерум (Акроклиниум)- Helipterum Биіктігі 50 см болатын әсем гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- себет. Түсі- ақ, қызғылт, қызыл, сары. Жапырағының түсі қою жасыл, ланцет пішінді. Шілде мен қыркүйек айлары аралығында гүлдеп тұрады. 18. Гүлкекіре - Василек- Centaurea Ашық жасыл түсті қалың жапырақтанған бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 20- 90 см аралығында болады. Гүлдері түтікшелі, ақ, қызыл, қызғылт, көк түсті болып келеді.Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Маусым- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді. 19. Календула (Ноготки)- Calendula Тік, жуан сабақты, ерекше иіс шығаратын бір жылдық гүлді өсімдік. Ұзындығы 70- 80 см. Жапырағы тақ қауырсынды тілімденген ашық жасыл түсті, сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлінің мөлшері орташа, сары, сарғыш түсті. Тұқымы- тырнақ тәріздес тұқымша. Маусымнан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады. 20. Кореопсис- Coreopsis Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Сабағы бұтақтанған, біктігі 20- 100 см. Жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдері өте ұсақ, түсі- алқызыл. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. 21. Космос- Cosmos Биіктігі 50- ден 150 см-ге дейін баратын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырағы екі ретті қауырсынды тілімшеленген. Гүлдері ірі, диаметрі 8 см-ге дейін барады, түсі әртүрлі, сабақтың ең жоғарғы жағында орналасқан. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. 22. Диморфотека- Dumorphotheca Биіктігі 40- 45 см болатын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары ланцет тәрізді, сабақта қарама- қарсы орналасқан, ашық жасыл түсті. Тамыр жүйесі жақсы жетілген, топыраққа берік орналасады. Гүлдері ұсақ, көбінесе ақ түсті болып келеді. Жемісі- 6-8 мм-лі жүрек пішінді. Маусым- шілде айларында гүлдейді. 23. Мақсыр - Сафлор- Carthamus Бұл бір жылдық декоратиыті гүлді өсімдіктің биіктігі 20- 70 см аралығында. Жапырағы- тегіс жиекті, қою жасыл. Гүлінің мөлшері орташа, сары, сарғыш түсті. Гүлшоғыры- жай себет. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. 24. Нарғызгүл - Георгина- Dahlia Басқа бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктерге қарағанда ерекшелігі- сабағының ұзындығында, ұзындығы 200 см-ге дейін жетеді. Жапырағының үстіңгі тақтасы жылтыр, қою жасыл. Гүлі ірі, түсі жағынан әр алуан. Жемісі- қорапша. Маусым- қазан айларында гүлдейді. 25. Цинния- Zinnia Тік сабақты, жақсы бұтақтанған декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 30- 90 см аралығында болып келеді. Жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлдері әртүрлі пішінді және әртүрлі реңді. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айларында гүлдеп тұрады. IX. Қараоттар- Портулаковые- Portulacaceae 26. Қараот- Портулак- Portulaca Биіктігі 10- 15 см болатын ашық жасыл жапырақты әсем өсімдік. Жапырақтары цилиндр тәрізді, ұсақ, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлдерінің мөлшері- орташа, түсі- ақ, сары, сарғыш, қызғылт, қызыл. Жемісі- бір ұялы қорапша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. X. Қожакендірлер- Ворсянковые- Dipsacaceae 27. Қотырот- Скабиоза- Scabiosa Тік сабақты, биіктігі 30- 100 см болатын декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары саусақ салалы тілімденген, гүлдері ұсақ, воронка пішінді. Түсі- ақ түстен күлгін түске дейін. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады. XI. Қоңыраугүлділер- Колокольчиковые- Campanulaceae 28. Лобелия- Lobelia Биіктігі 10- 30 см болатын шөптесін әсем гүлді өсімдік. Ұсақ, бұрыс гүлдері жапырақ қолтығында орналасқан. Гүлінің түсі ақтан күлгін түске дейін өзгереді. Жемісі- қорапша. Шілде айынан қазан айына дейін гүлдеп тұрады. XII. Құлқайырлар- Мальвовые- Malvaceae 29. Малопа (Дыравка)- Malope Тамыр жүйесі тереңге бойлайтын, биіктігі 60- 100 см болатын әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ірі, доға тәріздес. Гүлдері орташа, қызыл, қызғылт түсті. Жемісі- өте ұсақ. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдеп тұрады. 30. Құлқайыр-Мальва (Просвирник)- Malva Биіктігі 30 см-ден 80 см-ге дейін баратын декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары тілімденген ақшыл жасыл түсті. Гүлінің мөлшері орташа, қою қызғылт түсті, жекелеп орналасқан. Маусымнан қазанға дейін гүлдеп тұрады. XIII. Настурциялар- Настурцыевые- Tropaeolaceae 31. Настурция- Tropaeolum Тамыры тереңге бойламайтын, биіктігі 25- 30 см болатын декоративті өсімдік. Ұзын сағақта орналасқан жапырақтары доға пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см, ароматты, түсі қызыл, қызғылт. Жемісі- үш ұялы қорапша. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді. XIV. Никтагиндер - Никтагиновые- Nuctaginaceae 32. Ночная красавица (Мирабилис)- Mirabilis Тік сабақты, биіктігі 30-60 см аралығында болатын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырағы сопақша, қою жасыл, сәнді. Гүлі түнде ашылады, ароматты, түтік тәрізді, ақ, қызғылт, сары реңде болады. Шілдеден күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады. XV. Сабынкөктер- Норичниковые- Scrophulariceae 33. Есінек- Львиный зев (Антиринум)- Antirinum Жуан сабақты, биіктігі 15- 130 см аралығында болатын әсем өсімдік. Жапырақтары сабағының жоғарғы жағында кезектесе, ал төменгі жағында қарама- қарсы орналасқан, пішіні ланцет тәрізді. Гүлі қосжынысты, бұрыс. Жемісі- екі ұялы қорапша. Шілдеден қазанға дейін гүлдейді. 34. Немезия- Nemesia Биіктігі 30- 60 см аралығында болатын әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді. Гүлдері ұсақ, сары, қызыл, қызғылт түсті. Тамыры өте жақсы жетілген. Жемісі- қорапша. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. XVI. Шырмауықтар- Вьюнковые- Convolvulaceae 35. Шырмауық- Вьюнок (Конвольвулюс)- Convolvulus Шырмалып өсетін, биіктігі 30 см- ге дейін жететін декоративті өсімдік. Қою жасыл жапырақтары ланцет пішінді. Гүлдері орташа, түнде және бұлтты күндері ашылмайды. Жемісі- екі ұялы, төрт тұқымды қорапша. Маусымнан қазанға дейін гүлдеп тұрады. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 9. Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктердін систематикалық биологиялық, экологиялық сипаттамасы. Дәрістің мақсаты: Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктердің систематикалық, биологиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу. Дәріс мазмұны: Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia). Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты когалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна(канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көніл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae),шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді. Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді. Декоративті өсімдіктерді көгалдандыруда вегетативті жолмен көбейтеді: 1)Пиязшық арқылы (қызғалдақ(тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae) 2)Түйнек арқылы (нарғызгүл-георгина-dahlia, баршынгүл (гладиолус-gladiolus) 3)Тамырсабақтар арқылы ландыш (ландыш-сonvallaria), құртқашаш(ирис-iris), канна (канна-canna) , хризантема (хризантема-chrysantehem) 4)Қалемше арқылы шөмішгүл (водосбор-aguilegia), сарыраушан (золотарник-solidago), лилейник (лилейник-heterocallis), шегіргүл (фиалка-viola) жатады. Сонымен Семей қаласындағы гүлзарларда 21 көпжылдық әсем өсімдік түрлері интродукцияланған. Семей қаласының әртүрлі гүлзарларында кездескен көпжылдық әсем өсімдіктерге таксономиялық, яғни систематикалық сараптама жасағанда, біз зерттеген 21 өсімдіктің 9 тұқымдасқа 18 туыстасқа жататындығы анықталды. Бұл тұқымдастарды өзара салыстыра келгенде көптүрлілігі жағынан алғашқы орында күрделігүлділер (7 түр, 31,8%), сарғалдақтылар (7 түр, 31,8%), лалагүлділер (4 түр, 13,6%), қалған тұқымдастар 1,2 туыстас өкілдерінен тұрады. Осыған байланысты біз зерттеген гүлзарлардың көпшілігінде күрделігүлділер туқымдастарының өкілдерін кездестірдік. Олар орташа биіктігі 40-100см дейінгі, көрнекті әрі реңді себет гүлшоғырынан немесе олардың жиынтығынан туратын өте әсем өсімдіктер. Олар гүлзарларға ерекше рең, әсемдік қасиет береді. Семей қаласындағы гүлзарларды өсімдіктердің биіктеріне байланысты 3 деңгейге бөлдік: * Биіктігі 60-100 см дейінгі өсімдіктер (баршынгүл (гладиолус-gladiolus), нарғызгүл (георгина-dahlia), гайлардия (гайлардия-gaillardia), хризантема(хризантема-chrysantehemum), раушангүл (роза-rosadea), таушымылдық (пион- paeonia), шөмішгүл (водосбор-aguilegia); * Биіктігі 20-60см (қызғалдақ-тюлпан-tulipa, құртқашаш- ирис-iris); * Биіктігі 20см төмен (шегіргүл-фиалка-viola), дельфиниум (дельфиниум-delphinium), ландыш (ландыш-convallaria). Семей қаласының гүлзарларында көпжылдық әсем өсімдіктерді әсемділік қасиетіне байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады солардың ішінде жапырағының түсінің, пішінің ерекшелігіне байланысты өте әсем болып келетін мынандай түрлерді ерекше атауға болады:шөмішгүл (водосбор-aguliega), таушымылдық (пион-paeonia), баршынгүл (гладиолус-gladiolus). Семей қаласында гүлзарларға ерекше әсемдік беретін ірі гүлді өсімдіктер түрлері де кездеседі, олар: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), лалагүл (лилия-lilium), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), шегіргүл (фиалка-viola). Бұл аталған жалғыз гүлді әсем өсімдіктер ерте көктемде гүлдейді, сондықтан гүлзарлардың көктемгі көрінісі осындай эфемеройдты түрлермен әсемделеді. Бұл аталған өсімдіктер Семей қаласының көшелерін көгалдандыруда аз пайдаланылуда. Бұл өсімдіктерді кейбір мектептердің гүлзарларында және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының агробиостанциясында ғана кездестірдік. ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР Тұқымдас І. Күрделігүлдер-Сложноцветные- Compositae Adans Өсімдік түрі 1. Нарғызгүл Георгина Dahlia 2. Сарыраушан Золотарник Solidago 3.Гайлардия Gaillardia 4. Ақ хризантема Хризантема белая Chrysantehemum 5. Ірі Хризантема хризантема крупная Chrysantehemum 6.Астра Aster Биіктігі, см 25-200 40 50-60 60-70 80-90 50-60 Жапырақ формасы, түсі Шақпақты бөлінген, ашық және қою жасыл Ланцет тәрізді,ұсақ,қою жасыл Ұзынша және сопақша,қою жасыл Шақпақты бөлінген, жасыл Ірі жапырақты қоюжасыл Қою жасыл түсті Гүлінің Размері, түсі Пішіні мен көлемі де әр түрлі формада Ірі және жай гүлді, сарғыш, қоңырқай Ірі және жай гүлді, сарғыш-қоңырқай түсті Ақ түсті Ақ түсті Гүлдері түтік тәрізді-сары түсті және тілше тірізді - ашық көк түсті Гүл шоғыры Тілше және түтік тәрізді Ұсақ гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған Тілше және түтік тәрізді Гүлшоғыры себетке 1-3гүлден жинақталған,гүлдері тілше және түтіктәрізді Гүлшоғыры ірі, диаметрі 10 см, гүлдері жай. Диаметірі 3см Гүлдеу уақыты 6-10 6-7 6-аязға дейін 6-7 7-9 9 Қатынасы Ылғалға Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Құрғақшылықақа төзімді Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Жарыққа Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Жартылай көленкелі жерлерге төзімді Темпера-тураға Аязға төзімсіз,жылу сүйгіш Суыққа төзімді Жылу сүйгіш Суыққа төзімді Жеткілікті аязға төзімді, қыста жабуды қажет етеді. Қыста жабуды қажет етпейді Вегетативті көбейту жолдары Түйнектерімен Қалемше, тұқымдары арқылы Грунтқа отырғызады Түптерін бөлу, тұқымдары арылы Түптерін бөлу, қалемше арқылы. Кесіп алуға қолданылады ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР Тұқымдас ІІ.Сарғалдақтар Лютиковые Ranunculaceae Өсімдік түрі 7. Таушымылдық Пион Paeonia 8. Шөмішгүл Водосбор Aguilegіa 9. Аконит Aconitum 10. Василистник Thalistrum 11.Дельфиниюм Delphinium Биіктігі см 100-150 50-70 70-100 100-165 15 Жапырақ формасы, түсі Ірі жапырақты,ашық жасыл Оюланған,жасыл Салаланған, ұзынша, жасыл Үлкен бөлікті, жасыл Ұзынша, ланцет тәрізді, жасыл Гүлінің Размері, түсі Қызыл, ақ, қызғылт және әр түрлі түсті Жай гүлді, қою көк Қоңыраубас гүлді, көкшіл түсті Сарғыш, ақ түсті Көк, ақ, көкшіл, қызғылт Гүл шоғыры Ірі, үлкен диаметрі 25-30см Гүлдері түкті Пирамида тәрізді Тілше және түтік тәрізді Диаметрі 3-5см Гүлдеу уақыты 6 5-6 6-10 6 6 Қатынасы Ылғалға Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Жарыққа Жарық сүйгіш Жартылайлай көлеңкеге төзімді Жартылай көленкеге төзімді Жарық сүйгіш Жартылай көленкеге төзімді Темпера-тураға Қыста жабуды қажет етеді Қысқа төзімді Қысқа төзімді Қысқа төзімді Қыста жабуды қажет етпейді Вегетативті көбейту жолдары Түптерін бөлу,тұқымдары арқылы Түптерін бөлу, қалемше,тұқымдары арқылы Түптерін бөлу арқылы Топтастырып отырғызуға қолданылады Тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР Тұқымдас ІІІ.Лалагүлдер Лилиные Lilaceae IV. Шегіргүлдер Фиалковые Violacea Өсімдік түрі 12.Лалагүл Лилия Lilium 13.Қызғалдық Тюльпан Tulipa 14.Лилейник Heterocallis 15.Ландыш Convallaria 16.Шегіргүл Фиалка Viola Биіктігі см 100 60-80 100 12-15 20-25 Жапырақ формасы, түсі Ланцеттәрізді,жас ыл Ланцеттәрізді,жасылтым Ұзынша,ланцеттәрізді,жасыл Үлкен бөлікті,ашық жасыл Аратісті,ланцеттәрізді,жасыл Гүлінің Размері, түсі Қоңырқай,ақ,ірі гүлді Размері,түсі әртүрлі Гүлдері ірі,сарғыш, қою сары Аппақ,иісі жағымды Ірі,әртүрлі түсті Гүл шоғыры Гүлдері тостағанша тәрізді Жалғыз,ірі гүлді,гүлдері жапырақшасыз Бір бұтағында бірнеше гүлден Қоңыраубас гүлді Жай гүлді жалғыз Гүлдеу уақыты 7 6 6-7 5-6 6-10 Қатынасы Ылғалға Жарық сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Жарыққа Аязға төзімді Жарық сүйгіш Жартылай көлеңкеге төзімді Көлеңкеге төзімді Жарық сүйгіш Темпера-тураға Аязға төзімді Қыста жабуды қажет етеді Аязға төзімді Қысқа төзімді Қыста жабуды қажет етеді Вегетативті көбейту жолдары Жуашық-тары арқылы Грунтқа отырғызады,қалемше арқылы Түптерін бөлу, тұқымдары арқылы Жапырақтарының бүршіктенуі арқылы Грунтқа отырғызады,қалемше арқылы ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӘСЕМ ӨСІМДІКТЕР Тұқымдас V. Қалампырлар Гвоздичные Caryophyllaceae VІ. Құртқашаштар Касатиковые Lridаcea Lindl Өсімдік түрі 17.Қалампыр Гвоздика Diathus 18.Отсабын Лихнис Lychnis 19.Баршынгүл Гладиолус Gladiolus Биіктігі см 30 50-70 80, 100, 200 Жапырақ формасы, түсі Ұзынша, жалпақ, қою жасыл Қою жасыл Тікжапрақты, жасыл Гүлінің Размері, түсі Гүлдері ірі,жай,сары,сарғыш,қоңыр Гүлдері ашық қызыл, қызғылт диаметрі-2.3см. Сары, қызғылт, қызыл, ақ және әртүрлі түсті, ірі гүлді. Гүл шоғыры Гүлдері жалғыр,бір бұтағында 2-3 гүлден Диаметрі 6-9см Гүлдері биік бұтақта-рында, гүлшоғыры күшті масақты Гүлдеу уақыты 7-10 5-6 7-8 Қатынасы Ылғалға Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Ылғал сүйгіш Жарыққа Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Жарық сүйгіш Темпера-тураға Жеткілікті, жылу сүйгіш Қыста жабуды қажет етпейді Жылу сүйгіш, жуашықтарын жер астында сақтайды. Вегетативті көбейту жолдары Грунтқа отырғызады Тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы Жуашықтары арқылы Семей қаласының әртүрлі гүлзарларында ірі әрі әсем гүлшоғырлы көпжылдық өсімдіктер пайдалануда, оларға: канна (канна-canna) , раушан (роза-rosadea), гайлардияны (гайлардия-gaillardia), жатқызуға болады. бұл өсімдіктер арқылы қаламыздың әкімшілік алаңы безендірілген. Қаланың ортанғы алаңдарында ірі гүлшоғырлы: баршынгүл (гладиолус-gladiolus), флокс (флокс-floks), айдар шөп (шток роза-alcea), нарғызгүл (георгина - dahlia), сияқты көпжылдық әсем өсімдіктерді көбірек өсірілсе, қала көрінісі өте әдемі болар еді. Біз зерттеген Семей қаласының гүлзарларындағы 21 түрдің гүлдеу ұзақтығы, уақыты біркелкі емес. Гүлзарларда ерте көктемде (мамыр айында), жаз айларында және күз айларында гүлдейтін түрлер кездеседі. Ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерге: ландыш (ландыш-convallaria), лалагүл (лилия-lilium), таушымылдық (пион-paeonia), қызғалдақ (тюльпан-tulipa), құртқашаш (ирис-iris) жатқызуға болады. Күз айларында нарғызгүл (георгина-dahlia), хризантема (хризантема-chrysantemum) сияқты түрлер гүлдейді. Қалған өсімдіктердің жаппай гүлдеуін жаз айларында байқадық. Семей қаласының гүлзарларында кездестірілген көпжылдық әсем өсімдіктердің экологиялық сыртқы өсу ерекшеліктері бірдей емес. Біз зерттеген 21 өсімдіктің (6% астамы 15 түр) ылғал, жарық сүйгіш өсімдіктер. Олар ашық жерлердегі гүлзарларда егілсе жиі суаруды қажет етеді. Сонымен қатар Семей қаласында жиі суаруды қажет етпейтін ксерофитті түрлер де бар. Оларға құртқашаш (ирис-iris), қызғалдақ (тюльпан-tulipa), гайлардия (гайлардия-jaillardia), лалагүл (лилия-lilium). Семей қаласы қатаң континентальді климаттық белдеуде жатқандықтан зерттеу жұмысының бір саласы өсімдіктердің суыққа, аязға төзімділігін анықтау болды. Біз зерттеген 21 өсімдіктің суыққа төзімді болғанымен аязға төзімсіз сондықтан, оларды күз кезінде гүлзарлардан қазып алып, қысқа үй астындағы бөлмеде сақтау керек. Оларға: нарғызгүлдің (георгина-dahlia) тұйнешөптері, хризантеманың (хризантема-chrysantehemum) тамыр сабақтары, раушангүлдің (роза-rosadea) тамырлары, каннаның (канна-canna) тамыр сабақтары жатады, Бұл өсімдіктердің вегетатативті мүшелері топырақта қалса, -35о, -40оС үсіп кетеді. Қалған көпжылдық өсімдіктерді қыс кезінде гүлзарларда тастайды, бірақ үстін топырақпен жабу қажет. Көпжылдық әсем өсімдіктерді гүлзарларда өсіру үшін олардың тұқымдарымен қатар, вегетативті дене мүшелері пайдаланылады. Түйнек арқылы көбейтетін өсімдіктерге мыналар жатады: Тамыр сабақтар арқылы: құртқашаш (ирис-iris), ландыш (ландыш-convallaria) Қалған өсімдіктер түптамырын бөлу арқылы көбейтетін. Сонымен Қазақстанның ірі қалаларында интродукцияланып жүрген 2 мың-нан астам көпжылдық, біржылдық әсем өсімдіктердің 21 түрі ғана Семей қаласын көгалдандаруда пайдаланып жүр. Бұл өте төменгі көрсеткіш сондықтан келешекте қаланы көгалдандыруда жаңа туқымдас, туыстас өкілдерін еңгізу қажет. Осыған байланысты Семей қаласын келешекте көгалдандыруға қажетті деген, Қазақстанның басқа қалаларында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылып жүрген. Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктерді ұсынамыз. Дельфиниум (дельфиниум-delphinium), бөрітарақ (гибискус-hibiscus), кестежусан (пиретрум-pyrethrum), лабазник (лабазник-filipendula), купена (купена-folygonatum). Келесі бөлімде біз зерттеген 21 өсімдіктің морфологиялық сараптамасы беріліп отыр. Бұл сараптамада өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерімен қатар биологиялық өсу ерекшеліктері де қаралған. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы. Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу. Дәріс мазмұны: І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные. 1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia. Бақтағы гибридінің отаны- Мексика. Бұл түйнектамырлы көпжылдық өсімдік, мезгілдік безендіру үшін қолданылады. Гүлдеуі шілде айынан басталып, (отырғызғаннан кейін 80-120 күннен соң), алғашқы суық түскенге дейін созылады. Гүлдеу ұзақтығы 45-87 күн. Әртүрлі сорттарында гүлшоғырының диаметрі 12-24 см-ге дейін жетеді. Өсімдіктің биіктігі 60-150 см. Нарғызгүлдердің өсу кезеңі өсімдік жаппай гүлдеп тұрған кезде, алғашқы суықтардың әсерінен тоқтайды. Нарғызгүлдердің жергілікті жағдайлардағы сәнділігі басқа географиялық белдеулерден әкелгеннен кейін алғашқы 3-4 жылдары ғана сақталады. Бұдан кейінгі уақыттарда нарғызгүлдің түптері аласарып гүлшоғыры қатты деформацияланады, толығымен ашылмайды, иөлшері кішірейеді, тілше гүлдері өзгеріп өздерінің ашық түстерін жоғалт ады, жасылтым түске ие болады. 2. Сарыраушан -Золотарник- Solidago. Отаны- Солтүстік Америка. Өсімдіктің биіктігі 120-140 см. Гүл шоғыры ашық сары, ұсақ, диаметрі 0,5 см. Қыста жабуды қажет етпейді. Гүлдеуі 5-13 шілдеде 70-75 күннен соң. Тұқымдары қыркүйек айында піседі. Түптерін бөлу арқылы, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады. 3. Гайлардия- Gaillardia Бақтағы пішінінің отаны- Америка. Өсімдіктің биіктігі 60-80 см. Тілше гүлдерінің шетттері сары, орталары қызыл; түтік гүлдері қызғылт. Гүл шоғырының диаметрі 7-8см. Гүлдеуі 1-17 маусым айында 120-130 күн ішінде отырғызғаннан кейін 45-50 күннен кейін. Тұқымдары шілде айынан бастап піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Қыста жабуды қажет етпейді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады. 4. Хризантема - Chrysantehemum Өсімдіктің биіктігі 75-100 см. Гүл шоғырының диаметрі 3-8 см, тілше гүлдерінің ақ, сары, ашық қоңыр, қызыл, қызғылтым, көкшіл, түстерімен ерекшеленеді. Хризантемалар өздерінің биік бұтағымен сиппаталады, бір бұтағында 300ден -600ге дейін гүлдері болады. Хризантемалар сәуір айының екінші - үшінші жартысында өсе бастайды. Гүлдеуі шілденің екінші жартысында, қатты аяз түскенге дейін (10-15 қараша) үш ай ішінде гүлдейді. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға қолданылады. 5. Астра- Aster Отаны - Европа, Азия, Солтүстік Африка. Өсімдік биіктігі - 50-60 см. Гүлдері түтік тәрізді - сары түсті және тілше тәрізді - ашық көк түсті болып келеді. Гүлшоғырының диаметрі - 3 см. Гүлдеу уақыты 5-12 қыркүйек айларында 25-30 күннен соң. Көбеюі қалемше және бұталарын бөлу арқылы көбейеді. Қыста жабуды қажет етпейді жеке және топтастырып, ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызылады, кесіп алуға қолданылады. II.Құлқайырлар тұқымдасы. Malvaceae Juss. Мальвовые. 1. Айдар шөп - Шток роза - Alcea Отаны - Балкан түбегі мен Крит аралы. Отырғызғаннан кейін 6-10 күндері шығады. Екінші жылы гүлденеді. Өсімдіктің биіктігі 150 - 180 см. Оның тамыры жерге терең кетеді және тармақтары, бұтақшалары көп болады. Өсімдіктің сабағы тік өседі, сыртын түк басып тұрады. Жапырақтары 5 - 7 салалы болады, пішіні жүрек тәрізді, сабақтың ұш жағына таман оның көлемі кішірейе береді. Өсімдіктің гүлдеуі отырғызғаннан кейін 80-85 күннен соң, 40 - 45 күн ішінде гүлдейді. Гүлдері ақшыл қоңыр, қызыл түсті, диаметрі 6 - 7см. Гүл тостағаншасының қалақшалары және гүл жапырақшалары да бес - бестен болады. Бұл өсімдік әсемдік үшін қолдан егіліп, мәдени түрде өсіріледі. Тұқымдары қыркүйек - қазан айларында піседі. ІІІ. Сарғалдақтар тұқымдасы. Ranunculaceae Juss. Лютиковые. 1. Таушымылдық - Пион - Paeonia. Жабайы түрі Шығыс Сібірде, Қытайда, Монғолияда, Жапонияда және Таяу Шығыста кездеседі, Шілде айында гүлдейді 25 - 28 күн ішінде. Өсімдік биіктігі 50 - 100 см, гүлінің диаметрі 10 - 18см . Оның тамыры ірі, қоңыр түсті, құнарлы топырақтарда өскен кейбіреулерінің салмағы 5 - 6 кг дейін жетеді. Тамырдың іші ақ болады, оны тілге тигізіп көрсе тәтті дәмі білінеді. Сондай - ақ аңқыған хош иісті. Өсімдік сабағының ең жоғары ұшында бір ғана гүлі болады. Жапырақтары сабағына кезектесіп, жарыса орналасқан. Сағақтары қысқа. Жалпы пішіні адам алақанына ұқсайды, яғни саусақтардай салаланып тұрады. Гүлдері - алқызыл түсті, ірі болады. Оның тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. Гүл тәжісінің жапырақшалары да бесеу болады. Тұқымы - сопақша, жұмыртқа пішіндес, қара түсті болып келеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға пайдаланылады. * Шөмішгүл - Водосбор - Aguilegia Отаны - Европа, Азия, Солтүстік және Орталық Америка. Өсімдіктің биіктігі 60-70 см. Гүлінің диаметрі 6см , тостағаншасы сарғыш. Жапырақтары жасыл. Гүлдеуі 23 - 31 мамырда 30 - 35 күн ішінде, отырғызғаннан кейін 50 - 60 күннен соң. Тұқымы жабуды қажет етпейді. Топтастырып отырғызуға, кесіп алуға қолданылады. 3. Аконит - Aconitum L. Өсімдіктің биіктігі 70-100 см. Гүлдерінің түсі көк, қою және көкшіл. Гүлшоғыры пирамида тәрізді. Маусым - қыркүйек айларының аралығында гүлдейді. Түптерін бөлу, туқымы арқылы көбейеді. Түптерін көктемде немесе тамыз айларында бөледі. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызады. Қыста жабуды қажет етпейтін улы өсімдік. 4. Маралтоты-Василистик - Thalictrum Өсімдіктің биіктігі 100-165см. Жапырақтарының ұзындығы 20-50 см. Гүлдері сарғыш, ақ түсті болады. Гүлдеуі 17-25 маусымда 14-17 күн ішінде гүлдейді. Көбеюі түбірі арқылы. Қысқа төзімді, көлеңкелі жерлерде өсе алады, топтастырып отырғызуға қолданылады. 5. Дельфиниум- Delphinium Отаны - Солтүстік Америка, Сібір, Қытай. Өсімдіктің биіктігі 60-70 см. Гүлдерінің түсі көк, ақ, көкшіл, қызғылт. Ұзындығы 15см, гүлшоғырының диаметрі - 3,5 см. Гүлдеуі 16-28 маусымда 50-60 күн ішінде. Көбеюі тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы көбейеді. Қыста жабуды қажет етпейді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастыруға, кесіп алуға қолданылады. IV. Шегіргүлдер тұқымдасы. Violaceae Juss. Фиалковые. 1. Шегіргүл - Фиалка - Viola. Отаны - Батыс Сібір, Орта Азия, Армения, Иран. Тұқымын отырғызғаннан кейін екінші жылы гүлденеді. Өсімдік биіктігі 50-60см. Гүлдері қою сары, қызғылт, диаметрі 2см. Гүлдеуі маусымның екінші жартысында 38 - 40 күннің ішінде гүлдейді. Топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады. V.Лалагүлдер тұқымдасы. Lilaceae Hall. Лилейные. 1. Қызғалдақ - Тюльпан - Tulipa. Өсімдік биіктігі әр түрлі сорттарында 15-тен - 54см-ге дейін, жапырақ саны 3 - 5 , ұзындығы 11 - 27 см, көлденеңінен 2,5 - 15см. Сәуір айының бірінші жартысында өседі. Гүлдеуі сәуірдің аяғында - мамырдың басында 30-35 күн ішінде гүлдейді. Гүлдеу уақытына байланысты үш топқа бөлінеді: ерте - сәуірдің аяғында-мамырдың басында; орташа - мамырдың ортасында және кеш - мамырдың аяғында гүлдейді. Көбеюі жуашықтар арқылы. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға пайдалынылады. 2. Лалагүл - Лилия - Lilium. Отаны - Батыс Қытай. Отырғызғаннан кейін, үшінші жылы гүлденеді. Өсімдіктің биіктігі 80 - 100см . Гүлдерінің ішкі жағы ақ, беті қоңыр түсті болады. Гүлінің ұзындығы және диаметрі 12 - 15см. Гүлдеуі 26 маусымнан - 8 шілде аралығында 21 - 18 күн ішінде 50 - 60 күннен кейін гүлденеді. Тұқымдары қазан айында піседі. Көбеюі жуашықтары және тұқым арқылы. Өсімдік аязға шыдамсыз. Қыста жабуды қажет етеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға пайдаланылады. 3. Ландыш - Convallaria Отаны - Европа және Жерорта теңізі. Гүлінің ұзындығы 25-см - ге дейін. Гүлдері ақ, диаметірі 0,5 см, ұшына жинақталған 5-12, ұзындығы 4-7 см. Гүлдеуі 11-12 мамырда 8-15 күн ішінде, 17-20 күннен кейін. Жапырақтары ірі, ұзындығы 30 см. Көбеюі тамырдың бөлінуі арқылы. Көлеңкелі жерде топтастырып пайдаланады. 4. Лилейник - Heterocallis Отаны - Оңтүстік Шығыс Азия. Ерте көктемде наурыз - сәуір айларында, лилейниктер мамыр айының басыңда жапырақтары ашық жасыл түске боялады. Гүлдеуі мамыр айынан басталып күзге дейін сақталады. Гүл жарғанда екі кейде, үш гүлден жарады, гүлдеуі екі - үш аптаға жалғасады. Гүлдері сары, қызыл, қоюсары, размері 7 - 15 см. Өсімдіктің биіктігі 45 - 125 см. Лилейниктер бұтақтарының болінуі арқылы көбейеді. Кесіп алынған гүлдері суда жақсы сақталады. VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные. 1. Қалампырлар - Гвоздика - Diathus Өсімдіктің биіктігі 30 - 40 см. Гүлдері қызғылт және ақ, диаметрі 3- 4 см. Гүлдеуі 14 - 26 маусымда 100 - 110 күн ішінде, 60 - 65 күннен кейін. Тұқымдары тамыз - қыркүйек айларында піседі. Көбеюі тұқымы арқылы. Қ ыста жабуды қажет етеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастыруға, кесіп алуға қолданылады. 2. Отсабын-Лихнис-Lichnic. Отаны - Европа, Сібір, Орталық Азия, Монғолия. Гүлдері ашық қызыл, қызғылт, диаметр-2,3 см. Гүлшоғыры диаметрі 6-8см. Гүлдеуі 30 мамырдан - 8 маусымға дейін 70-80 күн ішінде. Көбеюі туқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызады. Қыста жабуды қажет етпейді. VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent. Синюховые. 1. Флокс-Phlox. Отаны - Америка, Техас. Биіктігі 60 -70 см. Гүлдерінің түсі әр алуан, пирамидалы сыпыртқыға жиналған, мөлшері 15-10. Гүлдеуі 13- 28 шілдеде басталады, гүлдеу ұзақтығы 40-50 күн. Тұқымдары қыркүйек - қазанда піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Жартылай көлеңкелі жерлерге кесуге топтастырып отырғызады. VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные. 1. Раушан - Роза - Rosadea Отаны - Европ, Азия, Жерорта теңізі, Солтүстік Америка. Сәуірдің 2 - 3-ші онкүндігінен бастап бүрі ашылады. Гүлдеуі 1 -20 маусымнан бастап, үсік жүргенге дейін жалғасады. Гүлдердің түсі әр түрлі (ақ, сары, қызғылт, қызыл), диаметрі 8 -14см, жеке және бір гүл тұғырында бірнеше гүлі бар формалары болады. Әдемі жапырақты, түптерінің биіктігі 50 -80см. Қалемшелері арқылы көбейеді. Жеке және топтастырып, ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызылады. Қыста жабуды қажет етеді. IX. Құртқашаш тұқымдасы. Iridacea Lindl. Касатиковые. 1. Құртқашаш - Ирис - Iris Отаны - Қиыр Шығыс, Жапония, Корея. Бақта өсіріледі. Сәуірде көктеп, мамырдың ортасы мен маусымның үшінші онкүндігі аралығында гүлдейді. Гүлдеу ұзақтығы 30-35 күн. (ерте пісетіндер 15-20 мамыр, кеш пісетіндер 1-50маусым). Гүлдерінің түсі алуан түрлі: бір немесе екі түсті болады - ақ, ақшылқоңыр, сары, көгілдір, көк, күлгінкөк, кейде күтелерінің жиегі басқа түспен көмкерілуі мүмкін. Өсімдік мөлшері сортына сәйкес 8 - 14 см аралығында өзгеріп отырады. Гүлшоғырының биіктігі 34 - 45 см. Барлық сорттары жеміс бере бермейді. Тамыр сабақтарын бөлу арқылы көбейтеді. 4 - 5 жылдар түптері қосылады, 7 - 8 жылдан кейін сәндік сапалылығы төмендеп қайда отырғызуды қажет етеді. Жарық сүйгіш өсімдік болғанымен көлеңкелі жерлерде өсе береді. Қыста жабуды қажет етеді. Жол жиегі мен газондарда отырғызуға, көпжылдық және сәндік бұталы өсімдіктермен аралас отырғызуға болады. 2. Баршынгүл - Гладиолус - Gladiolus Бақта өсетін гибридінің сәйкес түрлерінің отаны Солтүстік және Оңтүстік Африка, Еуропа және Батыс Азия. Көпжылдық өсімдік, топырақта қыстамайды. Олардың барлық түрлерінің жалпы гүлдеу ұзақтығы 75 - 80 күн. Сорттары гүлдеу мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді; ерте (отырғызғаннан соң 60 - 70 күннен соң), орташа (71 - 80 күннен соң) және кеш (81-100 күннен соң) гүлдейтін. Әр түрлі сорттарында бір гүлшоғырының гүлдеу ұзақтығы 7 - 8 күннен 21 күнге дейін, ал бір гүлінікі - 2 - 5 күн. Гүлдерінің диаметрі 7 - 21 см, ұзындығы 30 - 65 см, масақ тәрізді гүлшоғырына 10 - 23 дейін орналасқан. Баршынгүл сорттарының гүлдері түсіне қарай әр алуан: ақ пен ақшыл қызғылт түстен күңгірт қызылға дейін, ақшыл сарыдан сарғыш түске дейін, ақшыыл сия көктен қою сиякөкке дейін. Өсімдіктің биіктігі 70 - 153 см. Жапырақтарының ұзындығы 50 - 100 см, ені 1,5 - 6 см. Баршынгүл тұқымдары отырғызғаннан кейін 80 - 140 күннен кейін пісе бастайды. Кеш гүлдейтін түрлері, піскен тұқым бермейді. Баршынгүлдің әр түрлі сорттарының түйнекпиязшықтары мөлшеріне, салмағына және түсіне қарай әр түрлі. Максималды диометрі 3,5 - 8,1 см дейн кездеседі. Түйнек пиязшықтарының биіктігі 1,7 - 3,8 см, салмағы 13 - 118 г дейін. Гүлдерінің түсі мен түйнекпиязшықтарының түстері сәйкес келе бермейді, бірақ ақшыл түсті гүлдері бар сорттарының түйнекпиязшықтары күңгірт түсті болмайды. Түйнекпиязшықтарының біздің климаттық жағдайдағы өмір сүру мерзімі 6 - 7 жыл. Сондықтан түйнекпиязшықтарын үнемі жас түйнекпиязшықтарымен толықтырып отыруы қажет. Әр түрлі сорттарындағы гүлдерінің мөлшері ұсақ 7 - 8 см, орташа 10 - 12 см, ірі 13 - 14 см өте ірі 14 см-ден жоғары. X.Канна тұқымдасы. Cannadea Juss. Канны. 1. Канна - Canna. Бақтағы гибридінің отаны - Орталық және Оңтүстік Америка. Бұл тамырсабақты көпжылдық өсімдік, мезгілдік безендіру үшін қолданылады. Топтастырып отырғызуға жарайды. Бұл өсімдіктің биіктігі 140- 150см . Гүл шоғырының ұзындығы 15 - 20см . Гүлдері қызғылт түсті. 28 шілде -5 - тамыздан бастап 55 - 60 күн аралығында гүлдейді. Орталық Қазақстанның климаттық жағдайларында өсіруге қолайлы. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №11. Бөлме өсімдіктері туралы ұғым, олардың маңызы Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер туралы мағлұмат алу. Дәріс мазмұны: Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 12. Бөлме өсімдіктерінің систeматикалық, географиялық, экологиялық сипаттамасы. Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің систeматикалық, географиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу Дәріс мазмұны: Үй өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елге кең тараған. Қазір мақпалдай құлпырып, гүл жайнап, шешек атып сағат сайын құбылып тұрған үй өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, магазин витриналарынан, қысқы бақша сарайларынан, мектептерден, балалар үйлерінен, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан, санаторийлардан, завод - фабрика цехтарынан, басқа да қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз. Үйде өсімдік өсіру адамзатқа, біріншіден, өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау үшін қажет болса, екіншіден, жасыл әлемнің өсу, көбейю зандарын үйрену, әсіресе мектеп оқушылары үшін өте қажетті де көрнекті құрал. Бөлме өсімдіктері бір-бірінен өте әдемі гүлрендерімен немесе жапырағының түсімен пішінімен немесе жалпы кеңістікте орналасу және адам өміріндегі кейбір маңызы мен ерекшеленеді. Осыған байланысты бөлме өсімдіктерін бірнеше топтарға бөледі: әдемі гүлдейтін декоративті бөлме өсімдіктері, декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері, лианалы бөлме өсімдіктері, ампельді бөлме өсімдіктері, суккуленті бөлме өсімдіктері. Бөлме өсімдіктерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі - олардың фитонцидтілігі. Көптеген декоративті бөлме өсімдіктері гүлдеу кезінде немесе олардың сабағымен жапырақтары химиялық активті заттарды бөледі: Алкалоидтарды, глукозиттерді, эфир майларын т.б. Алкалоидтар өзінің химиялық құрамына байланысты азотты қосылыстар олардың медициналық маңызы зор (Орехов, 1965). Эфир майлары хош иісті болып келеді. Олар ауада тез таралады. Осындай фитонцидті химиялық активті заттар адам өміріне микроорганизмдердің тіршілігіне әсер етіп, оларды жояды. Фитонцидті бөлме өсімдіктерін биология пәнін оқытуда оқу материалы ретінде мектепте зор маңызы бар. Сондықтан, оқушылардың жұмысы мектеп сыныптарын бөлме өсімдіктерімен көгалдандырудан және мектеп теплициаларын ұйымдастырудан бастауға тиісті. Бұл жұмысты орындау, оқушылардан бөлме өсімдіктерінің түрлеріне байланысты, олардың географиялық таралуына және олардың өсу ерекшеліктеріне байланысты терең білімнің болуын қажет етеді. Фитонцидті бөлме өсімдіктері табиғи материал ретінде өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Осы ерекшелігіне байланысты, биология пәнін оқыту үшін, жыл маусымының барлық кезеңінде өте қолайлы оқыту материалы болып есептеледі. өсімдіктану пәнін оқытуда, өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық құрылысын және әр түрлі тұқымдастардың систематикалық ерекшеліктерін оқытуда пайдаланады. Бөлме өсімдіктерін биология пәнінде кеңінен пайдалану, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қадағалап, бақылау ерекшелігін арттырады, сөйтіп оқушылардың ойлау қабілетін, яғни логикасын дамытады. Үйде өсірілетін өсімдіктің пайдалылығы олардың көркемдігі мен азын - аулақ жемісінде ғана емес, олар тұрғын үйдін ауасына тазартады. Өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады. Демек, өсімдік тұрғын үйдің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады. Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олар көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Ал үйде өсірілетін өсімдіктер осы микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әр түрлі заттар бөліп шығарады. Оны ғылыми тілінде фитонцидтер деп атайды. Үйде өсірілетін өсімдіктерін басым көпшілік тропиктік және субтропиктік Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Олардың тіршілік әрекеті, сыртқы пішіні осы бастапқы шыққан орындарының жағдайына бейімделіп қалыптасқан. Сондықтан үйде өсірілетін әр өсімдіктін ерекшелігін, оның тіршілігіне қажетті шарттарды білу үшін олардың әрқайсысының қайдан тарағаны, ондағы сыртқы ортаның жағдайлары жөнінде хабардар болу керек. (Тұрдиев, Беспаева, 1968) Экватордың екі жағы ылғалды тропикалық орман болып келеді. Мұнда жылына 12000 мм дейін, орта есеппен 3600 мм жаңбыр жауады. Жылдық орташа температура +25 -28 жылылықтың төңірегінде болады. Сондықтан да бұл жерлерде иін тірескен мәңгі жасыл ну орман өседі. Ағаштың түбі қара көлеңке болып тұрады.Күн сәулесі жетіспейді. (Туленцев, 1954) Үйде өсірілетін фикус, монстера, фуксия, банан, пальма, бегония, папоротниктер, ландар т. т. осы ылғалды тропик ормандардан тараған. (Карнеев, 1967) Тропиктік аймақтарда жауын - шашып онан да кем түсетін жазық далалық аудандар да бар. Бұл аудандарда биіктігі 3 - 5 м - ге жетеді шөптесін жуашық өсімдіктер өседі. Ағаш пен бұта өсімдіктері мұнда сирек кездеседі. Көптеген әдемі гүлдер кринум, гиппеаструм амариллис сияқты жуашықты өсімдіктер осы аудандардан таралған. Бұл өсімдіктер ауаның қуаңшылығын көтергенімен, жарықты, жылуды көп тілейді. (Родина,1962) Тропиктік өңірлерде шөлді аймақтар көп. Мұнда жылына орта есеппен 200 мм - ден артық жаңбыр жаумайды. Бұлтты күндер жоқтың қасы. Жазы өте ыстық, ауасы құрғақ, салқын түспейді, қыс болмайды. Сондықтан да мұнда өсетін өсімдіктер тапшы судың өзін үнемді пайдалануға бейімделген. Олардың тамырлары өте тереңге кетеді. Кактустар, сүттігендер, агавалар, алоэ сияқты өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары осы жағдайларға бейімделіп ұлпалық -тікенді болып өзгерген. Олардың үстін балауыз, кутикула басқан. Осындай өзгерістердің салдарынан кейбір агавалар, кактустар өздерінің ұлпа жапырақтары мен сабақтарында 200 - 300 л - ге дейін су сақтай алады. (Дьяконов, 1953) Үй жағдайында өсіргенде мұндай өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақытта олар тұрған бөлменің температурасы +20 -12 шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет. (Карнеев, 1957) Үй жағдайында әдемі жапырақты және әсем гүлді абутилон, трахикарпус, лавр, самшит, аукуба, олеандр, камелия, рододендрон, азалия, магнолия, қылқан жапырақты секвоя, тисс, туя, араукария, кипарис, тағы басқалар өседі, бұлардың барлығы да субтропиктік елдерден таралған. ( Киселев, 1964 ) Субтропиктік елдерге Шығыс Азия, Жапония, Бирма, Индия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия, Африка, Оңтүстік Европа жағалаулары жатады. ( Ветлина, 1952 ) Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 13. Бөлме өсімдіктердің түрлері. Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысу. Дәріс мазмұны:Бегония. (Begoniaceae) Сыртқы көрінісі, биологиялық ерекшелігі мейлінше алуан түрлі болып келетін бегония өсімдігінің 400 түрі бар. Бұл өсімдік түрлері Африка, Америка және Малая Архипелагындағы тропиктік ормандарда табиғи түрде таралған. Бегониялар сабағы түкті, жапырағы түрлі - түсті көп жылдық шөптесін өсімдік. Гүлінің пішіне де, түсі де әр алуан. Үйде өсірілетін бегониялар үш топқа бөлінеді. Олар әдемі гүлдері үшін өсірілетін, ылғи көгеріп тұратын және жақсы түптенетін бегония. Бұтақты бегониялардың ішінен аса көп тараған әдемі түрін үздіксіз гүлдейтін бегония деп атайды. Бұлардың жапырағы шынайы жасыл да жылтыр, жиегі ара тісті. Сабағы бұтақтанған, ал оның төменгі жағы сүректі келеді. Оның гүлдері жиі орналасады. Күлте жапырағы қызыл болып келеді. Түйін тамырлы бегония гүлдерінің диаметрі 11 - 12 см, кейде тіпті 30 см-ге жетеді, сабағы аласа, шырынды және сыңғақ келеді. Жапырақтарының түсі күнгірт жасыл, көлемі ірі, күлтесі ақ, қызыл, сары. Монстера (Monstera ),аройд өсімдік тұқымдасына жатады. Бұл - Орталық Американың тропик ормандарында мәңгі көгеріп тұратын өсімдік. Монстера өсімдігін әшекейлі тілімденген, үлкен жылтыр жапырақтары үшін өсіреді. әрине, үйде өсірілген монстера оның табиғи жағдайда өсетіндей гүлдеп, жеміс бере алмайды. Монстераны көктем сайын көшіріп қайтадан отырғызады. Қайтадан отырғызылатын ыдыс кең болуы керек. Топырақтың құрамы мынадай болады: 1 бөлегі шым топырақ, 1 бөлегі жапырақ топырақ, (1/2) бөлегі құм. Оның үстіне топыраққа аздап мүк араластырылады. Осыдан кейін күн сайын суарып және су бүркіледі, ауық- ауық тауық саңырығымен үстеп қоректендіріледі. Күзге қарай суару сиретіледі. Қыста өте сирек суарылады. Бұл кезде өсімдік тұрғын үйдің температурасы +12-15º болуы керек. Монстераны вегетативті жолмен көбейтудің бірнеше тәсілдері бар. Солардың ішінде көп қолданылатыны атпа бұтақтарын пайдалану және қалемшелеу. Атпа бұтақтар өсімдіктің сабағының төменгі жағында пайда болады. Көктемде өсімдікті қайта отырғызарда осы атпа бұтақтарды бөліп алып жеке ыдысқа отырғызады. Монстера делизиоза ауаның жылы болғанын жақсы көреді. Сондықтан оны әрқашан жылы бөлмеден ұстаған дұрыс. Зефирантес (Zephyrantes),амариллис тұқымдасына жатады. Орталық Америкада кездесетін мәңгі жасыл өсімдік. Оның жіңішке қайыс сияқты қою жасыл жапырақтарының ұзындығы 25-30см жетеді. Зефирантестің гүл бояулары түрлі түсті өте ашық келеді. Сондықтан оларды өнеркәсіптік гүл тшаруашылығында қыстап өсіретін өсімдіктер ретінде қолданады. Біздің жағдайымызда зефирантес көктемнен күзге дейін гүлдейді. Бідзің зерттеуімізге қарағанда, зефирантестен бөлінетін заттардың құрамында ауадағы зиянды микробтардың санын кемітетін заттар болады. Бұл өсімдікке пайдалы. Бөлмеде өсірілетін зефирантестердің ішінен аса әдемі гүлді бес түрін атап өтуге болады. Солардың бірі: зефирантес кандидасы. Гүлі ақ түсті. Гүл күлтелерінің пішіні бәйшешектің гүл күлтелеріне ұқсайды. Таспа жапырақты. Тұқымымен де кішкене өркенмен де көбейеді. Жылтыр молочай ( Euphorbia splendens bojer),молочай тұқымдасына жатады. 180см дейін өсетін бұтақ тектес өсімдік. Сабақтары сұрғылт тікенекті, бұтақты болады. Жас тікенектер жапырақтың түр өзгерісі, күңгірт көгілдір түсті, өсе келе қара түске өзгереді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан сағақсыз, қысқарған өркенге жақын орналасады. Гүлдері ұсақ сарғылт түсті, күрделі шатырша тәріздес, жапырақтың қолтығынан шығады. Гүлдерін әдемілендіріп тұратын үшкір 1,5см қосарланған гүлдері қызғылт түс беріп тұрады. Олардың отаны- Мадагаскар аралы. өсімдік қыста 18-20ºС, ал жазда күнді және желдетуді талап етеді. Жазғы кезде жиі суару және сумен бүрку қажет. Қыстынгүні гүлдеп болғаннан кейін 6 аптадай сирек суару керек. Көктемде өсімдікті кесіп қайталап отырғызады. Сағақ арқылы көбейеді. Гүлді өсімдік ретінде қолданылады. Кислица (Oxalis )өреншөп тұқымдасына жатады. 30см биіктіктегі шөптесін тамыр сабақты өсімдік. Сабағы жай сабақ. Гүлдері шатыр тәріздес, 5-10 дейін сары, күңгірт, жүйкеленген, диаметрі 1-2см гүл шоғырынан тұрады. Отаны- Перу; Анды тауының теңіз деңгейінен 900метрлік биіктіктегі жаңбырлы орманында өседі. Өреншөп ашық жерде жиі суарып, жиі сумен бүрку арқылы өсіреді, күзде суармайды. Қысқы температура 16-18º болуы керек. Топырағының құрамы: қиршықты топырақ, жапырақты топырақ, қара шірік, торф құм (1:1:1:1:1). Сағақ арқылы көбейеді. Ұлпа гүл ( Hydrangea),ұлпа гүлдер тұқымдасына жатады. Гортензияның өзіне тән ерекшелігі- гүл шоғы шатыр тәріздес болып өте жиі бітеді. Гүлдерінің түсі қызғылт, ақ, көгілдір, көк және қызыл болып келеді. Үйде өсірілетін гортензияның диаметрі 30см үш немесе бес шатыр гүлі болады. Жақсылап күтілсе ұлпа гүл көктемнің басынан қысқа дейін гүлдейді. Ұлпа гүлдің шыққан жері- Қытай. Ұлпа гүлді көбейтудің негізгі әдісі- қалемшелеу. Қалемшелеуді қаңтар айынан сәуірге дейін жүргізуге болады. Қалемшені өсіп тұрған өсімдіктің жіңішке немесе өгей бұтақтарынан әзірлейді. Қалемшені отырғызар алдында ғана кесіп алады. әрбір қалемшенің 2-4 буыны (бүршігі немесе жапырағы) болуын ескеру керек. Ол үшін топырақты орташа ылғалдап, оған күніне 2-3 рет су бүркіп тұрады. Бастапқы кезде жас өсімдікті көлеңкелеуге тура келеді. Әбден өсіп жетілгеннен кейін, оларды бөліп жеке құмыраға отырғызады. Көктемде күн жылынғаннан кейін жас өсімдікті далаға шығарып, жерге отырғызады. Одан кейін оған су бүркіп, суарып және арам шөбін атап отырады. Осындай күтімдегі жас өсімдік жаздай гүлдеп тұрады. Ал күзге дейін гүлдемеген өсімдіктерді үйге кіргізіп, бір қалыпты күтеді. Мұндай өсімдік үй жағдайында гүлдейді. Гүлдеп болғансын өсімдікті қыста салқын подвалда сақтайды. Ал жазға қарсы ыдысымен тағы да далаға шығарып жерге көмеді. Далаға шығарылып, топыраққа көмілгенсін, өсімдік бір-екі айдан кейін гүлдей бастайды. Үйде ұлпа гүлді көлеңкелеу жерге қояды. Гүлдеп болғаннан кейін өсімдікті солған гүлдерінен тазартып, артық ұзын бұтақтарын кесіп тастайды. Глоксиния.(Cloxinia)Геснер тұқымдасына жататын көп жылдық түйнек тамырлы өсімдік. Отаны - Бразилия. Жапырағы ұсақ, жұмсақ, қоңыржасыл болады. Әр алуан реңді, қоңырау пішіндес, ірі, әдемі гүл жарады. Глоксинияның күтімі қиын емес. Көктемнен күзге дейін гүлдейді. Қыркүйек айының аяғында (жапырағы солған кезде) түйнегі бар құмыраны қараңғы қоңырсалқын жерге қойып, кеуіп қалмас үшін мезгіл - мезгіл суарып отырады. Лавр ( Laurus ). Хош иісті жапырақтары үнемі көгеріп тұратын лавр ағашы немесе бұтасы табиғи жағдайда Европаның Оңтүстігінде өседі. Бұл өзі қыста бірнеше градус аязға төзеді. Кавказда, Сухуми мен Батуми төңірегінде мәдени түрде өсіріледі. Мәдени түрде қолдан өсірілетін лаврды асыл лавр деп атайды. Оның камфара лавры (камфара ағашы) деп аталатын түрі де бар. Оның бұлай аталуының себебі оның жапырақтарын уқалаған кезде камфара иісі аңқып мұрынды жарады. Қыс айларында лаврды салқын жерге орналастырып, сирек суарады. Көктемнің аяқ шегінде оны сыртқа шығарады да ауа райына қарай күніне бір рет, не екі рет суарады. Кешке қарай салқын сумен өсімдікті жуады. Бұл әрекет өсімдік зиянкестеріне қарсы шара болып табылады. Ыдыста өсірілген лаврды біраз уақыт өткеннен кейін ғана басқа орынға көшіреді. Лавр отырғызылатын ыдыстың түбіне дренаж жасайды да, оған құм араласқан шым топырақ толтырады. Лавр пирамида сияқты немесе шар тәрізденіп бұтақтанады. Оның пішінін қалауымызша өзгерту үшін жаздың аяқ шенінде (лаврдың өсуі баяулай бастаған кезде) оны күзеп, тиісті пішін береді. пішіні түзелген өсімдік балконды, баспалдақты безендіріп, көркейту үшін онан әрі өсіріледі. Фикус (Ficus elastica Roxb),тутовалар тұқымдасына жатады. Отаны- Солтүстік- шығыс Индия, Непала және Бирма территориялары. Үйде және көпшілік орындарда өте көп тараған өсімдік. Мұны каучук ағашы деп те атайды. Шығыс Азияның тропик ормандарында биіктігі 30 м шамасына жететін мәңгі жасыл ағаш. Жарақаттанған жерінен ақ шырын шығады. Оның 15 проценті каучук болады. Сондықтан жылы жақта фикус өсімдігін өндіріс қажеті үшін өсіреді. Фикус өсімдігін қалемше арқылы көбейтеді. Көктемде не жазда ептеп топырақ араласқан құмға екі жапырағы бар қалемше отырғызып, оны жылы жерге қояды да, үнемі ылғалды болуын қамтамасыз етеді. Немесе қалемшені шөлмектегі, не жарты литрлік шыны құмырадағы суға батырып қояды. Бір айдай уақыт өткен соң қалемшеден тамыр пайда болады. Осыдан кейін өнген қалемшені құммен топырақ аралас салынған ыдысқа отырғызады. Сәні кеткен кәрі өсімдіктердің жас бұтақтарын, сабаққа өсіп шыққан көк бұтақтарды қалемше үшін пайдаланады. Жарық үнемі бір жағынан ғана түсетін өсімдік қисайып өседі. Сондықтан оның жан- жағын жарыққа кезек қаратып отыру керек. Үйде көбірек өсірілетін фикустың тағы бір түрі австралиялық фикус деп аталады. Фуксия ( Fuchsia),кипрейлер тұқымдасына жатады. Өсімдіктің негізгі отаны Орталық- оңтүстік Американың тропикалық және субтрапикалық аудандары, Жана Зеландия территориялары болып табылады. Көбірек тараған үй өсімдігі. Алувн түске боялған гүлдері бағалы. Фуксияның тараған жері Оңтүстік Америка. Ол жақта бұта түрінде болады. Жапырақтары сопақтанып, жұмыртқа пішіндес болады. Бұл өсімдіктің үйде өсірілетін мынадай түрлері кездеседі: Ағаш фуксиясы. Гүлі күрең қызыл. Боливия фуксиясы. Гүлі ашық киноварға ұқсас. Жатаған фуксия. Гүлі раушанға ұқсас, өркендері салбырама. Сондықтан бұл балконды, терезе алдын, вазаларды безендіруге лайықты. Сары алтын фуксия. Жапырақтарының түсі сап- сары. Қалың өскен жерінде құбылып әсем көрінеді. Фуксиялардың ішінде ең көп тарағаны - әсем фуксия. Бұл өсімдіктің гүлі жіңішке де салбыраңқы. Фуксия тұқымнан да, қалемшесінен де көбейе береді. отырғызылған қалемше 7- 10 күннің ішінде тамырланып өседі. Тамырланған өсімдікті жекелеп шағын құмыраға отырғызады. Қыста фуксия өспей, тыныштық сақтайды, сондықтан оны салқын да құрғақ, температурасы +6- 8º шамасындай болатын жарық жерде сақтау керек. Оны сирек суарып тұрады. Ақпанның аяғында- наурыз айында сабақтарын қырқып, жаңа топыраққа отырғызады. Осыдан кейін жас өскендер қаптап өсіп шығады. өсімдік маусым- шілде айларында гүлдейді. Жазда фуксияны үйден гөрі сыртта ұстаған жақсы. Фуксияны күзде немесе қыста гүлдету үшін оларды подвалда сақтайды және онда көбірек ұстайды. Оларды балконға немесе баққа шығарғаннан кейін де бірнеше рет қырқып, жазда гүлдуіне мүмкіндік бермеу керек. Сансевиерия (Sanseviera ),агавалар тұқымдасына жатады. Отаны - Африка мен Азияның тропикалық аймағы. Мәңгі жасыл өсімдік, өрмелегіш тамыр сабағы бар, жапырағы қанжар тәріздес. Ұзындығы 1 метр, ені 7 см. Жапырақтарының түсі әдемі: күңгірт жасыл түсте, ақшыл көлденең сызықтары бар. Ол жас жапырақтарда тіпті әдемі көрінеді. Сансевьере өте төзімді, әр түрлі жағдайда өсе алады: температураның өзгеруіне, жарықтың төмендеуіне, ауаның құрғақтығына. Топырақтың құрамында: қара шірік, құм. Көбеюі тамыр сабақтың бөлінуінен және жапырақ арқылы. Қыста сирек, жазда жиі суарылады. Оранжереяға өте бағалы декоративті жапырақты өсімдік. Бөлмені көгалдандыруға қысқы бақ жасауға, компазицияға қолданылады. Алоэ ( Aloe ),лала гүлділер тұқымдасына жатады. Алоэ Оңтүстік Африканың шөлдерінд өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек өсіреді. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеуге қолданылады. Көктем айларындағы ылғалдың көптігі алоэға зиян келтіре қоймайды. Мұның есесіне қыс айларында аздаған артық судың өзі өсімдік тамырына зиянды әсер етеді. Сондықтан қыстыгүні өсімдікті жылылығы 8- 12º жерге орнатып апиасына, не он күн сайын суарып тұрған дұрыс. Өсімдікті көбейтудің ең тиімді де жеңіл тәсілі- жас өркен алоэны бөліп алып өсіру. Бұл- ерекше күтімді керек етпейтін тәсіл. Егер өсімдікті тұқымнан өсіру керек болса, онда оның тұқымын ақпан айының орта шенінде себеді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді.көктем айларында алоэны қатемшелеуге болады. Ол үшін өсімдіктің жас жапырағын алып, оны ұзындығын 10- 15см етіп бөледі де, жарақаттанған жеріне көмір ұнтағын себеді. Осыдан кейін қалемшені бір күндей сусыз, топырақсыз жерде қалдырады. Сонан соң қалемшені тереңдігін 1-1,5см етіп құмға отырғызады. Бастапқы 3-5 күндей, яки тамыр өсіп шыққанша, оны суармайды. Қалемшеден тамыр, жапырақ шыққаннан кейінгі күтімі ересек өсімдіктердің күтіміндей болады. Калла. (Zantedescia)Ароит тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Отаны - Африка. Қысқарған сабақты, тамыры пиязшықты. Жапырағы стрелка тәрізді. Наурыз - сәуір айларында гүлдейді. Калла жазда тыныштық кезеңінде суғаруды сиретеді. Қыста салқын бөлмеде +8 -10 С ұстайды. Қаңтар, ақпан айларында тышыштық кезеңі аяқталады, бұл кезде өсімдікті құнарлы жерге отырғызу қажет. Драцена ( Dracaena deremensis),агавалар тұқымдасына жатады. Драценаның сыртқы көрінісі кардилина өсімдігіне ұқсайды. Мұның да жасыл түсті немесе басқаша боялған жапырақтары таспа тәрізді болып келеді. Шағын гүлдері шашаққа ұқсайды. Драценалар жарық мол түсетін орында жақсы өседі. Бұларды қалемшелерінен, тұқымынан көбейтеді. Вегетативтік жолмен көбейткен кезде сабақтың жоғарғы жағынан діңін жартысына дейін кертеді. Кертілген аралық жанаспау үшін ол жерге шырпы қояды. Бұл жерден тамыр өсіп шығуы үшін ылғалды мүкпен орап, байлайды. Егер бұл аралыққа ішінде қоректік заты бар жарылған құмыраны орналастырса ол бәрінен де қолайлы болады. Кертілген жерден көп ұзамай, тамыр өсіп шығады. Тамыр пайда болғаннан кейін өсімдіктің бұл бөлігін кесіп алып, құмыраға отырғызады. Сабақтың қалған бөлігін 6-8см бөліп алып, топыраққа қисайта отырғызады да, тамырландырып өсіреді. Плющ ( Hedera helix Z.), аралие тұқымдасына жатады. Қоңыржай, көлеңкелі жерде жақсы өсетін өсімдік. Жеткілікті суарса және су бүркіп тұрса, сабағында тамыр пайда болады. Плющтің жапырағы бес салалы, түсі көк жасыл, жүйкелері ақ, сабағы өрмелеп шырмалып өседі. Жабайы түрде Жерорта теңізінің маңайында және Америкада тастардың арасында өседі. Қырым және Кавказда далада өсе береді. ұзын сабақтары тасты шырмап жатады. Алыстан құлпырып көрінеді. Үйдегі өсімдік ұзарып өсу үшін астынан тіреу қояды. Жыл сайын көктемде көшіріп қайтадан отырғызады. Ол үшін 1 үлесі жапырақ топырақ, 1 үлесі шірінді топырақ, 1 үлесі құм қоспасы пайдаланылады. Жазда жиі суарып, жиі-жиі су бүркіп тұру керек. Қыста оның тазалығына ерекше көңіл бөлінеді. Жұмсақ шүберекпен жиі сүртіп тұрады. Ол үшін үйдің температурасы тым жоғары болмауы керек. Үй тым жылы болса оны өсімдік биті басып кетеді. Қалемшеден өсірілген өсімдік бір жылдың ішінде 1,5м жетеді. Құмға отырғызылған қалемшенің беті әйнекпен жаппай-ақ жиі суарып отырса жақсы көгеріп өсе береді. Традесканция ( Tradescantia Z.),каммелилер тұқымдасына жатады. Традесканцияның 30-ға жуық түрі бар. Бұлардың кейбіреулері Оңтүстік Қазақстан жерінде жақсы өсіп гүлдейді. Традесканция түрлерінің барлығы да шөптесін өсімдіктер. Олар салқын үйде (5º), жылы үйде де (20-22º), жарық және көлеңкеде де өсе береді. тіпті оларды суда өсіруге де болады. Традесканция түрлері қалемшелеу және бөлу жолымен жақсы көбейеді. Көбейту үшін ұзындығы 5-7см сабақтарды дайындалған құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Сонда 7-8 күннің ішінде тамырланады. Тұқымы арқылы көбейтуге де болады, бірақ бұл әдіс селекция жұмыстары үшін қолданылады. Традесканция түрлерін жылдың кез-келген мерзімінде көбейтуге болады. Алматы жағдайында традесканция жаз айларында жақсы жетіледі, мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Бұл уақытта өсімдікке күн сайын су құйып тұру қажет. Каланхое ( Kalanchoe daigremontiana ),жасақ тұқымдасына жатады. Шыққан жері Мадагаскар аралдары мен Оңтүстік Африка. Оның оранжерея мен бөлмеде өсірілетін 5- ке жуық түрі бар. Көбейтілуге арналған биофиллиумның жапырағы кеуекті, етті келеді және оның жапырағының шеттерінде кішкене қосылған бұтақшалары болады. Кейіннен бұл бұтақшалар үйкеліп жетіледі де, топыраққа түсіп қайтадан жаңа өркен береді. ол вегетативті жолмен де жапырақ және сабақ қалемшелерімен де, тұқыммен де көбейеді. Бриофиллиум жарық сүйгіш өсімдік. Сондықтан оны күн сәулесі мол түсетін жерде ұстау қажет. Олар құнарлы топырақтарда өседі, салқындау бөлмеде (10-12º жылыда) қыстап шығады. Оның бірнеше түрлі кактусжәне басқа да сол сияқты суккуленттік өсімдіктермен бірге әсемдік үшін пайдаланылады. Осымен бірге мұны тұрғын және қызмет орындағы бөлмелерде сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Диагремонтианум бриофиллиум халық арасында емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданылады, оның жапырақтарынан гастрит, уықты жара және басқа да ауруларды емдеу үшін қоспа дәрі даярланады. Бөлме жағдайында өсіргенде бриофиллиум күй таңдамайды. Оны барлық жерде өсіруге болады. Күмісті пеперомия ( Peperomia argentea Morr), перечных тұқымдасына жатады. Оңтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияның тропик аймақтарында пеперомияның 600-ге тарта түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жеміс беретін, жемісі дәмді, өзі сінді өсімдіктер. Үйде өсірілетін өсімдіктерін құм араласқан жапырақ топырақ пен компоста өсіреді. Кейде оларға орман топырақтарында пайдаланады. өсімдікті күтуде қыстыгүні температура 16º төмен болмауы керек, ал жазда аса жарықты қажет етеді. Жазда өсімдікті жиі суарады, қыста-сирек. Жапырақ және сабақ қалемшелері арқылы көбейтіледі. Зигокактус ( Zygocactus K. Sch),кактус тұқымдасына жатады. Отаны- Бразилияның ылғалды тропикалық орманы. Эпифиттік өсімдік. Сабағы жапырақ тәріздес, жабысқан бөлімдерден тұрады. Бөлімдердің ұзындығы 5см, ені 2см. Жиегінде -4 ке дейін өткір тікенектері болады. Гүлдері алқызыл, ұзындығы 8см, күзде және қыста өседі. Оны <<жаңа жыл кактусы>> немесе <<декабрист>> деп атайды. Жазғы уақыт кезінде өте көп суаруды қажет етеді. Гүлдеген кезде суармайды. Жарықты жақсы көреді, бірақ ашық күн сәулесін, құрғақшылықты, төменгі температураға төзе алмайды. Топырағы: жапырақты қара шірікке құм және ағаштың күлін қосады. Сабақ арқылы көбейіді. Бөлме жабдығына және қысқы бақ композициясына әсемдік береді. Сұлтан бальзамині ( Zmpatiens sultani Hook),бальзаминдер тұқымдасына жатады. Отаны - Шығыс Африка. Көп жылдық шөптесін, түссіз, бұтақталған, сабағы бар. Жапырағы үлкен емес, күңгірт жасыл, бүтін қызғылт гүлдері бар. Гүлдеріне байланысты әртүрлі болады: алқызыл, ақшыл қызыл, ашық қызғылт, қызыл, ақ, лала гүлі тәріздес. Ашық жылы бөлмеде бальзамин көп және ұзақ уақыт гүлдейді. әсіресе жазғы уақытта жақсы өседі. Бұл уақытта күнделікті суарып және сумен бүркіп отыруы керек. Бальзамин тұқым және сабақ арқылы көбейеді. Тұқымды көктемде отырғызады. Көп жылдық бальзамин сабақты сағақ арқылы көбейеді. Ол үшін көктемде сағақты тамырландырып алып борпылдақ топыраққа отырғызады. Нефролепис (Nephrokepis exaltata),даваллилер тұқымдасына жататын табиғи жағдайда тропикада өседі. Онда мұның 30 түрі өсіріледі. Оның үйде көп тараған түрі - нефролепис. Бұл өсімдіктің жапырағы қауырсынды тізімделген формасын <<рузвельта>>, күрделі қауырсынды тізімделген формасын <<тұтас пиорсини>> деп атайды. Аталған екі форманың қайсысын болса да тұрғын, қызмет үйлерін, витриналарды безендіруге, декорациялық композициялар жасауға, гүл шоғын түзуге қолдануға болады. Басқа папоротниктер тектестеріне қарағанда, нефролепистер жарықты жақсы көреді. Жақсы өсу үшін 18-22º жылылық талап етеді. Көбейту үшін түптерін бөлу, көген тамырларын бөліп орналастыруәдістерін қолданады. Споралар арқылы көбейту әдісін өнімсіз болғандықтан қолданбайды. Көктем уақытында өсімдікті қайтадан отырғызады. Ол үшін құм араластырылған орман, көгал топырақтарын қолданады. Пеларгониясы ( Pelargonium ),қазтамақ тұқымдасына жатады. Үй жағдайында көп өсіріледі, күтімді көп керек етпейді. Гераньнің барлық түрлерін қалемшелеу арқылы көбейтеді. Қалемшені 5-6 ай ішінде топырақ араластырған құмы бар құмыраның жиегіне отырғызып, үстін әйнекпен жабады. Анда-санда суарып тұрады. Тамыр жайып орныққан әр қалемшені жеке ыдысқа отырғызады. Жыл сайын көктемде қыстан шыққан өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызады. Керекті топырақтың қосындысы мынадай: шым топырақ- 2 үлес, жапырақ топырақ- 2 үлес, құм (1/2) үлес. Герань өсетін топыраққа көң араластыруға болмайды. Көшіріліп отырғызғаннан кейін сабағын биіктігі 10см етіп кеседі. Алғашқы кезде онша жиі сиармайды және су бүрікпейді. Лимон ( Citrus limon),рутовалар тұқымдасына жатады. Отаны Оңтүстік-Шығыс Азияның территориялары, Жерорта теңізі. өсімдіктің жақсы өсіп, мол өнім беруінің шешуші шарты-жарықтың, жылудың, ылғалдың және қоректік заттардың жеткілікті болуы. Көп жағдайда өсімдік жақсы гүлдегенімен беретін жемісі шамалы болады. Бұл өсімдіктің жеткілікті тозаңдана алмауына байланысты. Сондықтан өсімдікті көбінесе қолдан тозаңдандырған дұрыс. Лимонды тұқымы, қалемшесі және балақ бұтақтары арқылы көбейтеді. Әрине, қалемше арқылы көбейту бұдан гөрі әлдеқайда оңай да, тиімді де. Қалемшеден өсірілген өсімдік 3-4 жылдың ішінде-ақ гүлдеп жеміс береді. Лимонды сұлатпа шыбықтары арқылы көбейтуге болады. Сингониум ( Syngonium),ароид тұқымдасына жатады. Отаны Орталық Америка Флоридадан Венесуэлаға дейін. Көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік. Оның жапырақтары жебе тәрізді, жылтыр және өте әдемі. Өсе келе жапырақтарының формасы өзгере бастайды, олар табан тәріздес бола бастайды. Сингониум өсімдігінің арасында өте жиі кездесетін түрі аяқжапырақты (С. ножколистый) түрі. Оның жапырақтарының формасы филодендронды еске түсіреді. Сингониумды көбіне көктемде көшіріп отырғызады, жас өсімдіктерді жыл сайын, ал ересек өсімдіктерді бірнеше жылдан соң көшіріп отырғызады. Көбеюі қалемше және сабақтары арқылы. әрбір қалемше екі-үш жапырақ шығаруы керек. Қалемшені жоғары ылғалдылықта, температурасы 20-22º құм мен мха қоспасында тамырландырып алады. Сонда өсімдік жақсы өседі. Фиалкасы ( Saintpaulia ionantha),геснериялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдікті Африканың Узамбар тауынан Европаға әкелген. Семполия аса биік емес (15-20см), шөптесін өсімдік. Жапырақтары дөңгелек, ұзындығы 8см дейін. Мәдени тұрғыда фиалканың бір түрі, яғни узамбар фиалкасы кең тараған. өсімдіктің өсуіне ең қолайлы жағдай жылу және жарық. Жазда Сенполияны 2 жылда бір көшіріп отырғызады. Көбеюі жапырақ қалемшесі арқылы және тұқымы арқылы. Ұзындығы 3-4см жанама кесілген қалемшені тамырлану үшін суға немесе тереңдігі 1,5-2см топыраққа отырғызады. Жылы сумен суарады, бетін полиэтилен пакетпен жабады. Тамырланудағы температура 20-21º болуы керек. Хлорофитум (Chlorophytum),лала гүлділер тұқымдасына жатады. Отаны - Оңтүстік Африка. Хлорофитум - әдемі көпжылдық шөптесін ампельдік өсімдік. Оның жапырақтарының ұзындығы 30-40см, ені 1-2,5см. Жапырақтарының бетінде ақ және сары жолақтары бар. Бөлме жағдайында жақсы өседі. өсімдік жарықты талап етеді, бірақ аса жарықта жапырақтары дақтанып кетеді. Хлорофитумға ең қолайлы температура 10-18º. өсімдік суық ауаны және желді сүймейді. өсу кезеңінде өсімдік жиі суаруды талап етеді, қыста сиретеді бірақ тоқтатпайды. Хлорофитумды жылына бірнеше рет көшіріп отырғызады. Атпа сабақ арқылы көбейтеді. Гүлдеу мерзімі көктемде немесе жазда басталады. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция № 14. Кактустар және суккуленті бөлме өсімдіктері Дәрістің мақсаты:Кактустар мен суккулентті бөлме өсімдіктері туралы мағлұмат алу. Дәріс мазмұны: Кактустың 3500-ге жуық түрлері бар.Олар негізіне экватор бойындағы (Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда,тасты жолдарда,биік құздардың,жартастардың жарықтарында,құнарсыз әк тастары бар топырақтарда өседі. Орталық Америкада жауын-шашы тым аз болады. Бұл жерде құрғақ ауалы мерзім тамыздан (кейде мамыр айынан) қазанға дейін созылады.Қазаннан мамыр айына дейін жауған жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына 200-250 мл-ден аспайды.Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашы тек қана 100 мл болады. Кактус өсімдіктері тек құмды,тасты жерлерде ғана емес,сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропика ормандарында да кездеседі. Оның осы жерлерде,ағаштың бұтақтарында,жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды. Кактустар әдемі гүлді өсімдіктер қатарына жатады.Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде де,оның алуан түрлі сүйкімді (ваниль, алма, магнолия,жидек т.б) иістері болады.Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сыртқы көрінісімен үйлесе қоймайды.Жергілікті халық кактустердің жемісін пайдаланады.Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін шикідей де, пісіріп те, кептірген күйде де жей береді.Олардың кейбіреулерінен, яғни опунцияның балғын сабағынан салат жасайды.Селиницереустерден жүрек ауруларына қарсы дәрі әзірлейді. Кактустердің осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді. Кактустердің жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады.Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден,бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін, немесе бұтақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады.Ал цереустың кейбір түрлерінің биіктігі 25 метрге жетеді.Олар тегіс те, қырлы да, бұрышты да, шұқырлы да бола береді.Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.Оның орнына түсі және ұзындығы әр түрлі тікендер мен қылтанақ бітеді.Ондай қылтанақтардың ұзындығы кейде 15 сантиметрге дейін жетеді.Бұлар өсімдікте ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өсімдікке көрік беріп тұрады.Ал пейреския деп аталатын кактустер әдетте жапырақты болады.Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды.Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустерді үш топқа бөледі.Олар: пейреския, опунция,цереус топтары деп аталады.Пейреския тобына сабағы дөнгелек, жапырағы жалпақ ағаш тектес формалары жатады.Бұлар үйде көп өсіріле бермейді.Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөнгелек, бұтақталған сабағы бар бұта тектес формалары жатады.Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады.Үйде өсіргенде гүлдемейді.Өздері тікенекті келеді,суыққа төзімді болады.Сондықтан еліміздің оңтүстігінде Қырымда, Кавказда, Түркменстанда опунция кактусын ашық ауада өсіреді.Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі. Кактус өсімдігіне әуестенген, гүл әуесқойлары опунцияның түтік сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсіруге талпынады. Суккулентті оның ішінде кактустерді өсіретін гүл әуесқойлардың коллекциясында, кактустердің цереустар, эхинокактустар,хелокактустар көбірек кездеседі. Кактустардың жабайы түрлері Европаға әкелініп, олар жеке коллекцияларда өсіріле басталды.Бөлме өсімдігі ретінде европалықтарға белгілі болған алғашқы кактустар,мелокактус(Melocactus), цереус (Cereus) және опунция (Opuntia) ,бұл кактустардың ірі коллекцияларын 14 ғасырда Лондон аптекарі Морган құрды (Турдиев,Беспаев,1964).Бөлме кактустары туралы алғашқы ресми мағлұматтар Ресейде 18 ғасырдың басында пайда болды.Ол Ленинградта бұрынғы аптекарь бағының орнында ботаникалық бақтың ашылуымен байланысты болды. 1714 жылы Петр І-дің бұйрығы бойынша Санкт-Петербург аптекарь бақшасы ашылған.1749ж осы аптекарь бағында кактустардың 35 түрі өсіріледі.Бұл кактустар цереус тобына жатты, олардың түрлері Ресейге Европадан әкелінген. 1830 жылы Бразилияның Ресейдегі консулы,ғылым-этнограф Г.Лангсдорф Бразилиядан кактустың жаңа түрлерін жеткізді.1889ж Санкт-Петербург ботаника бағында кактустар мен басқа суккуленттердің 1026 түрі өсірілді. 19-20 ғасырларда Европада және Ресейде кактустың ірі коллекциялары пайда болып,кактустарды өсіру тарату жұмыстары революциядан кейін дұрыс жолға,жүйеге келтірілді.Кактустарды өсіретін,коллекцияларды құратын кактусистер, яғни ғылыми түрде зерттеуші адамдардың тобы пайда болды.Кактустарды өсіретің қоғамдар 1950-1960 жылда Москвада, Ленинградта, Краснодарда, Минскіде тағы басқа қалаларда құрылды. Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы кактусистер клубы (<<Астрофитум>>) клубы 1964 жылы Алматыда құрылды.1972 жылы Алматыда кактусистердің алғашқы съезі өткізілді қазіргі кезде ТМД-елдерінде,Евразия көлемінде 70 астам кактустер коғамы белгілі. Кактустер(Cactaceae) жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, өте жоғары деңгейде маманданған өсімдіктердің бірі болып саналады.Тарихи эвалюциялық дамуда кактустар ылғалды аз жұмсайтын және су қорын жинайтын,шөлді-шөлейтті жерде кездесетін өсімдіктер болып саналады. Кактустардың денесі 3 дене мүшелерінен тұрады: тамырдан,сабақтан және тікенекті метаморфозданған жапырақтан. Кактустердің негізгі тамыры жақсы жетілген,оларда жанама тамырлар пайда болған.Тамырдың негізгі атқаратың қызметі кактус денесін субстратқа бекіту және топырақта ылғал көп болған жағдайда суды, минералды заттарды сіңіру. Кактус тамырларының бір ерекшелігі 5-6см топырақ терендігінде, ылғалдың аз мөлшерін сезіне алады. Кактус тамырлары өте тереңге кетеді,мысалы: Мексикада кездесетін мелокактус тамыры 7 м тереңдікке кетеді.Эпифитті кактустер(Epiphillym) қосалқы тамырлар пайда болады, бұл кактус тропикалық ормандарда кездеседі.Оның тамырлары ауадағы ылғалды сіңіре алады.(Талызин ,1967) Кактус сабағында су қорын жинайтын паренхималық ұлпалардың жетілуіне байланысты 80-90% дейін су қоры жиналады.Мысалы: 20 жылдық цереуста ылғалдың 90% сабақта жиналады.(Турдиев 1982).Кактус сабақтың тағы бір ерекшелігі гиподерма-қабықтың болуына байланысты,жапырақтың болмауына суды аз буландырады.Ф.Пахоут және басқалар 1963 жылғы дерегі бойынша опунция сабағы қуаншылықта ылғалдың 5-6% ғана жоғалтады.Кактус сабағының пішіні әр түрлі болып келеді: бағана тәрізді (карнегия туысында - Carnegica), лемероцереуста (Lemaireocereus), шар тектес маммилярияда (Mammillaria),көп қырлы пішінде эхинофосулокактус (Ehinofossulocactus).Кактус сабақтары бұтақтанған және бұтақтанбаған болып бөлінеді.Кактус сабағының тағы бір ерекшеліктерінің бірі ареолдарының болуы.Ареол латын <<ареола>>-площадка,аудан деген мағынаны білдіреді.Ареол-кактус сабағының үстіндегі гүлі пайда болатын немесе жас кактус бұтақтары(детки) пайда болатын сабақтың ең жоғарғы бөлімі (Киселев,1973). Кактустарда жапырақ болмайды,эвалюциялық дамуда жапырақ редукцияға ұшыраған.Метаморфозданған яғни түрлене өзгерген,жапырақ орнына кішігірім бүрлер,қабыршақтар немесе тікенектер пайда болады.Тікенектердің ұзындығы кактус түрлеріне байланысты бірнеше мм-ден-1см жетеді.Олар қорғаныш қызмет атқарады. Кактустердің гүлдері жеке немесе шашақ гүлшоғырынан тұрады.Көптеген кактустарда гүлдері қондырмалы қос жынысты.Кактустердің ішінде тек қана мамиллярия ғана екі үйлі кактус түрлері кездеседі(мамиллярия двудомная)(Mammillaria dioica).Кактус гүлдері әр түрлі болып келеді,ірі гүлді,гүлдерінің ұзындығы 20-25см(селеницереус және гилоцереус)-(Selenicereus Hylocereus).Ұсақ гүлді кактустарда эпителант кактустар жатады.Кактус гүлдерінің рені ақ,қызыл сары, қызыл-сары,қоңыр болып келеді.Гүлдеу уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.Табиғи ортада кактус тозандануы насекомдар құстар арқылы жүреді,сонымен қатар өздігімен тозанданатын кактустар бар. Кактустердің жемісі жидек тәріздес шырынды және тікенекті жіпшелі тұқым өкілдері бар,құрғақ жемістерден тұрады,табиғи жағдайда кактустер құстар,жануарлар арқылы таралады. Кактус тұқымы өте жұқа жамылғысы болады.Кактустердің бір жемісінде 1-1000 тұқымы болады,көптеген түрлеріне байланысты.Бөлме және теплица жағдайында кактус тұқымы 7-10 күнде өсе бастайды.Тұқымның өсу ұзақтығы 7-10жыл.Кактустердің негізгі шыққан ортасы Оңтүстік Америка, Мексиканың, Перудың, Чилидің, Аргентина және Боливияның шөлейтті жерлерде кең таралған (Левданская,1978). Бұл шөлейтті далаларда опунцияның көптеген түрлері кездеседі.Бөлме өсімдіктері ретінде ең алғашқы өсірілген кактус түрлері опунцияға жатады. Қазіргі кезде опунцияның кейбір түрлері Оңтүстік Қырымда ашық грунттарда өсірілуде.Олар -10С тағы дейінгі қысқа уақытқа созылған суықты көтере алады. (Левданская,1978) Оңтүстік Американың таулы аудандарында,700-3000 мың биіктікте кактустар тұқымының эспостоя және мелокактус сияқты тұқымдастары ірі таулы ландшафты құрайды.Бұлар аласа бойлы жатаған түрлер. (Левданская,1979). Бұл таулы аудандарда ауаның температурасының өзгеруі 20 С. Күндіз 38 С болса,түнде 7-қа төмендейді.Кей жағдайларда кактус ландшафтының үстінде қор жамылғысы болады.Бұл кактустар 7-5С температураға төзімді.(Масюкова,1972). Кактустар Американың Амазонка өзенінің бассейінінде орналасқан тропикалық мәңгі жасыл ормандарда кездеседі.Бұл кактустардың сабағы жапырақ пішіндес болып келеді,тікенектері аз немесе болмайды көп жағдайда эпифитті түрлері кездеседі,яғни ағаштардың дінің субстрат ретінде пайдаланады.ХVІІІ ғасырдың аяғында кактустарды систематикалық жүйелеу жұмысы басталды.Кактустарды дұрыс жүйелеуде олардың климат,рельефтік жағдайы тез өзгеріске түсуі көп кедергі келтірді.Сондықтан да ең алғашқы жасаған кактустардың систематикалық жүйесінде(Буксбаун 1958.,Бухгейм,1967) көптеген қарама-қарсы деректері болды.Бүл авторларда кактустардың түр саны 800-2000 дейін берілген.(Сааков,1983). Қазіргі уақытта системалар кактус тұқымдасын 3 трибаға бөледі: 1) Пейрескиялар(Pereskiodea) 2) Опунциялар(Oputiaidea) 3) Кактустар (Cactaidea).(Талызин,1967) Пейрескиялы-кактустарға бұталы,жартылай бұталы,жатаған формадағы кактустар жатады.Олар суккулентті сабақты және суккулентті жапырақты болады.Гүлдері шашақты гүл шоғырларда орналасқан немесе гүлді болады.Гүл реңі ақ,қызыл,қызғылт,сары,жатыны төменде орналасқан.Тұқымының сыртында қара түсті қабығы болады.Бұл трибаға 2 туыс жатады: пейреския мен майуния.Кактус тұқымдасының бұл трибасындағы түрлер және туыстар Вест.Индияның,Мексикалық,және оңтүстік Саванада кездеседі.(Кесилев,1964) Опунция трибасындағы кактустар-тік немесе жатаған бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер.Олардың жатаған формалы түрлерін тефракактустар деп атайды.Опунцияның сабағы цилиндр,диск,шар тәрізді формалары болады,бұтақталған.Гүлдері жеке,қондырмалы,реңі сары,кейде ақ, жатыны төменгі,тұқымының сыртында өте қатты ақ түсті қабықшасы болады.Опунциялар 10 туыстарға жатады,350 түрден тұрады (Корнеев,1954). Опунциялардың сабағының пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді.(Жизнь растений,Т.5).Бразелопунция (Лэм,1954).Бұл опунциялардың сабағы жалпақ, екінші топта птерокактус-сабағы цилиндр тектес, үшінші топта сабағы шар тектес кактустар.(Залатаева,1972) Кактустер трибасына жататын түрлері ағаш тектес,бұталы және көп жылдық шөптесін болып келеді.Бұл трибадағы кейбір кактус түрлері эпифитті-тропикалық ормандарда кездеседі.Гүлдері жеке,қондырмалы,жатыны төменгі, тұқымының сыртын өте жұқа қабықша қаптап жатады.Бұл трибадағы кактустар орталық Америкада және Оңтүстік Америкада кездеседі.Кактустар трибасындағы туыстары өте көп.(Левданская,1979) Кактустар табиғатта және адам өмірінде маңыз атқарады. Оңтүстік Америкадағы үндістер кактустарды медицина саласында пайдаланған. Ацтеки - мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.(Дьяконов,1953) Бөлме өсімдігі ретіндегі өсірілетін кактустар эстетикалық,санитарлық гигиеналық маңыз атқарады.(Пажоут,1963) Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. Лекция №15. Бөлме өсімдіктердің көбейту, өсіру, күту. Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көбейті, өсіру және күту туралы мағлумат беру. Дәріс мазмұны: Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады. Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды. Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады. Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. 7. Киреев М.Ф. <<Советы цветоводам>>. Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ. №1 зертханалық жұмыс. Тақырып: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары Сабақтың мақсаты: Студенттерді бөлме және декоративті өсімдіктер негізгі топтарымен таныстыру. Тапсырмалар: анықтағыштар арқылы өсімдіктерді анықтау. Методикалық жоба: декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтарымен Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. №2 зертханалық жұмыс. Тақырып: Тапсырмалар: Методикалық жоба: Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. №3 - 4 зертханалық жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар: Методикалық жоба: Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. № 5 - 6 зертханалық жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар: Методикалық жоба: Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. № 7 зертханалық жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар: Методикалық жоба: Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) орындаудағы әдстемелік нұсқау. №1 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: . Тапсырмалар:. Есеп беру формасы: ауызша жауап. Методикалық жоба: Құрал жабдықтар: Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. №2 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: . Тапсырмалар: . Есеп беру формасы: ауызша жауап. Методикалық жоба: Құрал жабдықтар: Қолданылған әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. №3 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар: Есеп беру формасы: ауызша жауап. Методикалық жоба: Құрал жабдықтар: Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. №4 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: . Тапсырмалар:. Есеп беру формасы: Методикалық жоба: Құрал жабдықтар: Қолданылатын әдебиеттер: 1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. <<Декоративные однолетники>>. Москва, изд. АН СССР, 1963. 2. Артамонов В. <<599 советов цветоводу- любителю>>. Алма- Ата, <<Кайнар>>, 1986. 3. Ассорина С. <<Экология декоративных растений>>. Москва, 1977. 4. Баканова К. <<Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана>>. Алма- Ата, 1977. 5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982. 6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. "Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений". Алма- Ата: "Наука", 1989. Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) орындаудадғы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. №1 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар: Есеп беру формасы:. Методикалық жоба: Құрал жабдықтар; Қолданылатын әдебиеттер: №2 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: . Сабақтың мақсаты: . Тапсырмалар: . Есеп беру формасы: Методикалық жоба: Құрал жабдықтар;. Қолданылатын әдебиеттер: №3 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар:. Есеп беру формасы:. Методикалық жоба: . Құрал жабдықтар;. Қолданылатын әдебиеттер: №4 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: . Сабақтың мақсаты: . Тапсырмалар: Есеп беру формасы: Методикалық жоба: Құрал жабдықтар;. Қолданылатын әдебиеттер: 7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныс. Ботаника пәні 3 бөлімнен тұрады: өсімдік анатомиясы және морфологиясы, төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы және жоғарғы сатыдағы өсімідіктер систематикасы. Биология мамандығы бойынша студенттер 1-2 ші семестрлерде өсімдіктер анатомиясы және морфологиясымен танысады. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы бағдарламасы мынандай жоспар арқылы кұрылған: 1. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнін окыту мақсаты. 2. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінің лекциялары. 3. Зертханалық жұмыстар, олардың мазмұны. 4. Қолданылатын оқулықтар. 5. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін бақылау жұмыстары. 6. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін далалык, жаттығу практикасы. 8. Курс форматы Пән бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүреді. Дәрістік сабақта студенттер материалды тыңдап, игереді және зертханалық сабақтарда модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтықөздік және межелік сабақтарда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір сабақтың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады.Бұл сабақтарға студенттердің белсенді қатысуы керек. Сонымен қоса, пән бойынша кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі алдын ала хабарланады. Әрбір апта аяғында дәрістік, зертханалық, өздік және межелік тапсырмаларды орындауға байланысты бөлінген балл сандарына қарай студенттердің білімі бағаланады. 9. Курс саясаты Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілгенэлектрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет.Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек.Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек.Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы тапсырмалар мен тестілерді тапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан 15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жарияланады. 10. Баға қою саясаты Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны: 1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда - 300 балл, 2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда - 300 балл. Пән бойынша семестрде максималды балл саны - 600. Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады: 1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша - максимум 120 балл) 2. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан) Курстық жұмыс жеке бағаланады. Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген. Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады. 11. Студент білімін бақылау Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі: * ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі) * межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда) * қорытынды бақылау - семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан). Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең. Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (кесте). Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы кесте Әріптік жүйедегі баға Баллдың цифрлық эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95 - 100 Өте жақсы А - 3,67 90 - 94 В+ 3,33 85 - 89 Жақсы В 3,0 80 - 84 В - 2,67 75 - 79 С+ 2,33 70 - 74 Қанағаттанарлық С 2,0 65 - 69 С - 1,67 60 - 64 D+ 1.33 55 - 59 D 1,0 50 - 54 F 0 0 - 49 Қанағаттанарсыз I NA - Аяқталмаған P - өтті Пәнді өтті 12. ГЛОССАРИЙ Арабеска- бұл өте күрделі геометриялық өрнектерден тұратын күрделі орнаментті құрайтын гүлзарлар. Арабескаларды парктер мен скверлерде немесе үлкен алаңдарда газондардың үстінде пайдаланады. Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады. Ацтеки - мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады. Балауыз өңезі - восковой налет. Жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды. Безді клеткалар - железистые клетки. Ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары. Бейімделу - адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы. Бордюр- француздың "көмкөру" (окаймленный) деген сөзінен шыққан. Ол гүлзарлардың шетін көмкере отырғызылған өсімдіктер. Бордюрдің ені 50- 70 см, мұнда жатаған бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер отырғызылады. Гелиофиттер - гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер. Гемикриптофиттер - гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады. Гемиксерофиттер - гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді. Гетеротрофты мүшелер (органдар) - гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары). Жазғы тыныштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі. Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі. Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады. Интродукция - басқа табиғи климаттардан алып келіп, жергілікті жерде өсірілетін өсімдік түрлері немесе сорттары. Клумба- гүлзарларды құруда ең негізгі элемент. Клумба- ағылшынның "геометриялық дұрыс пішіндегі гүлзар" деген ұғымын береді. Гүлзарлар парктерде, скверлерде, ашық алаңдарда, жол бойында, фонтандардың маңын көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер. Қалемше - өсімдіктерді вегетативті көбейтуде пайдаланыталын сабақтың немесе жапырақтың бір бөлігі. Рабатка - сопақша келген, көшелердің бойынша орналастыратын гүлзар түрі. Солитер- бұл француздың "жеке отырғызу" деген мағынасын береді, яғни гүлзарларды жасауда өте ірі декоративті бір жылдық өсімдіктерді ашық алаңдардағы, парктердегі, скверлердегі газондардың ортасында немесе шеттерінде жекелеп орналастырады. Суккуленттер - паренхима клеткаларында су қорын жинайтын, етженді өсімдіктер.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz