Файл қосу
Бейорганикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-10.1.32 /02-2014 ПОӘК Студентке арналған пәннің бағдарламасы <<Мамандыққа кіріспе>> № 2 басылым 18.09.2014 ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Мамандыққа кіріспе>> 5В072000 - <<Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы>> мамандығы үшін СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз I ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы ________ << 28 >> 08 2014 ж. Ж.С. Қасымова, б.ғ.к., доцент, <<Химия>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия>> кафедрасының отырысында << 28 >> 08 2014 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі ________ Б.Х. Мұсабаева 2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында << 12 >> 09 2014 ж., № 1 хаттама Төрайымы ________ С.С. Төлеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған << 18 >> 09 2014 ж., № 1 хаттама ОӘК төрайымы ________ Г.К. Искакова 4 << 18 >> 09 2013 ж., № 1 басылым орнына енгізіліп отыр Мазмұны 1 Жалпы ережелер 4 2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 6 3 Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 13 4 Курс форматы 14 5 Курс саясаты 14 6 Баға қоюдың саясаты 14 7 Әдебиет 18 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер: Қасымова Жанар Сайлаубековна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент Химия кафедрасы Байланыс ақпараты - тел.: 35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет №409 Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 409 Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Химиялық технология - тұтыну өнімдеріне және аралық өнімдерге шикі табиғи материалдарды ең экономикалық және экологиялық әдістерімен өндеу туралы ғылым. Химиялық технология жеке білім саласы және оқу пәні ретінде XVIII ғ. екінші жартысында бөлінді. Химиялық технологияның барлық процестерін жалпы кинетикалық заңдылықтарға тәуелді 5 негізгі топқа бөледі: * гидромеханикалық; * жылу; * масса алмасу (немесе диффузиялық) процестер; * химиялық процестер; * механикалық процестер. Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодты және периодты емес болады. Химиялық процестер бейорганикалық заттардың (қышқылдар, сілтілер, содалар, силикат материалдары, минералдық тыңайтқыштар, тұздар және т.б.) технологиясына және органикалық заттардың (жасанды каучук, пластмассалар, бояғыштар, спирттер, органикалық қышқылдар және т.б..) технологиясына бөлінеді. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарын құру және жетілдіру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық салаларына химиялық технологияның еңуі оны терең оқытуды қажет етеді. 1.3Пәнді оқып-білудің мақсаты: - өздері таңдаған мамандықпен, оқу бағдарламасымен, химик-технолог кәсіптік дайындығына негізгі талаптарымен, химиялық технологияның даму тарихымен, химиялық өндіріс саласының мазмұнымен таңыстыру. 1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: - химиялық өндірістің инженер-технолог кәсіптік қызметінің ролі және маңызы; инженерлік қызметінің объектілері, мысалы ШҚО және жалпы Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды зерттеу; технология пәні қалыптасуының негізгі жолдары; химиялық өндірісте технологияның ролі және маңызы; өндірістің химиялық саласы мазмұның, негізгі бейорганикалық синтез технологиясының әдістері мен әдістемесін зерттеу туралы студенттердің білімін қалыптастыру. 1.5Оқып-білудің нәтижелелері: Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды: - кәсіптік қызметінің мәнін және қоғамда маңызын, қызмет істеу нақты саласын анықтаушы негізгі ғылыми мәселелерін; технологиялық объектілерді жобалау негіздерін; химиялық технология гидродинамикалық, жылу, масса алмасу және реакциялық процестерінің, сонымен қатар термиялық, каталитикалық процестерінің, физика-химиялық негіздерін; заттарды химиялық және инструменталдық анализ әдістерін, олардың сапасын бақылау, автоматтық басқару жүйелерінің функцияларын, құрылу принциптерін және жеке базасын; өндіріс ғимараттары конструкцияларының және кәсіпорындарының бас жоспарларының негізгі элементтерін; кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық негіздерін; бейорганикалық заттар мен материалдар шығару және өндеу технологиялық схемалар құру және технологиялық құралдарды таңдау принциптерін; аз қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды құруды білуі тиіс; - ойлау және ой білдіру мәдениетін; қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды, ақпаратты жинау, сақтау және өндеу компьютерлік әдістерді; техникалық, қаржы және адам факторлары есебімен негізгі өндіріс қатынастарын және басқару принциптерін; техникалық құралдардың жобасын, конструкциясын құру, таңдау, есептеу тәсілдерін меңгеру тиіс; - алынған тәжірибе мәліметтері негізінде химиялық есептер техникасын игеру тиіс; - қазіргі замаңғы ақпараттық білім беру технологияларды қолданып, жаңа білімдерді; мамандық бойынша әдебиетті оқу, рефераттарды, іс қағаздарды құру; кәсіптік функцияларды еңгізумен байланысты мақсат қою және есептер қалыптастыру, оларды шешуде зерттелген пәндердің әдістерін қолдана алуы тиіс; - негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді және химиялық технология даму болашағын түсіну тиіс; - ғылым, техника және өндіріс дамуында химиялық технологияның орны және ролі; негізгі химиялық өндірістер, шикі зат көздері, химика-технологиялық жүйелерді құру және талдау принциптері; химиялық технология даму тенденциялары; бейорганикалық заттардың химиялық технология өндірісі және өндеу саласында негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму болашағы және жақын салалармен өзара байланысы жайында мәлімет болуы тиіс; - технологиялық құралдарды таңдау және есептеу; химиялық өндірістің жылу және материалдық балансын құру; инженерлік шешімдердің техника-экономикалық анализі, бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және зерттеу әдістері жайында мәлімет алуы тиіс. 1.6Курстың пререквизиттері: 1.6.1 физика (мектеп бағдарламасы); 1.6.2 сызу (мектеп бағдарламасы); 1.6.3 химия (мектеп бағдарламасы). 1.7Курстың постреквизиттері: 1.7.1 жалпы химиялық технология; 1.7.2 бейорганикалық заттардың химиясы және технологиясы I, II. 2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 1 кесте № т/б Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс ПС ОСӨЖ СӨЖ 1 Кіріспе. 5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы, біліктілік және лауазымдар тізбесі 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 2 Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері, студенттердің оқу жетістіктерің бақылау және бағалау жүйесі, жазғы семестрді ұйымдастыру, түлектің білім алуын жалғастыру мүмкіншіліктері 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 3 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы маман- дығы бойынша білім беру бағдарламалары. Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттары мен есептері, білім беру үрдісін ұйымдастыру және өткізу формалары, әдістері және тәсілдері, оқу жылдарында нәтижелері 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 4 Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы. Қолөнер өндiрiсiнің салалары. Металлургия. Шыны және керамика. Құрылыстұтқыр материал. Фармация және парфюмерия. Бояулар және бояу техникасы. Грегі натурфилософия. Алхимия: араб әлемінде, Батыс Еуропада, алхимия жетістіктері. Қазіргі химияның пайда болуы: ятрохимия, механикалық философия, техникалық химия. 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 5 Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері. Технологияның теориялық негіздері, технология түрлері, химиялық технологияның қысқыша тарихы, химиялық технологияның негізгі есептері, химиялық технология мен технологияның негізгі даму бағыттары, технологиялық прогресс және халық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін химиялық өндірістің маңызы 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 6 Химиялық өндірістің шикі заты. Технологиялық процесте түсінігі және ролі. Шикі зат классификациясы. Шикі зат сапасы және өнім сапасы 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 7 Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері; әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 8 Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту. Катализ: түсінігі, катализ типтері. Гетерогендік катализдің каталитикалық әрекетінің кезектері. Адсорбция. Бейорганикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары. Катализатодың эксплуатациялық сипаттамасы 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 9 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Минералдық тыңайтқыштарды шығару. <<Минералдық тыңайтқыштар>> терминның нақты анықтамасы, минералдық тыңайтқыштарды жіктеу принциптері, халық шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды қолдану маңыздылығы. Минералды тыңайтқыштар өндірісінде шикі зат номенклатурасы, алу технологиясының сатылары, өндіріс есептері, көлемі 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 10 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Күкірт қышқылын шығару. Күкірт қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен сызбасы, көлемі 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 11 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Аммиак шығару. Атмосфералық азотты байланыстыру әдістері, табиғи газ конверсиясы, көміртегі монооксиды бу конверсиясы, конвертирленген газды құрамында оттек бар қосылыстардан тазарту аммиак синтезіндегі процестердің теориялық негізі; өндіріс процестерінде қолданатын катализатор, олардың сипаттамасы, катализатор белсенділігіне улардың әсері; энерготехникалық агрегат ретінде құбырлы пештің конструкциясының ерекшеліктері 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 12 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Азот қышқылын шығару. Азот қышқылын шығаруда қолданатын процестердің физика-химиялық негіздері, қолданатын шикі зат сапасының және оны тазарту тәсілдерінің маңыздылығы; аммиакты тотықтыру катализаторы, катализатор белсенділігіне әр түрлі катализатолардың әсері және тұтыну процесінде платиноидтерді жоғалту, олардың жоғалуын төмендету әдістері; бірлік және комбинирленген қысыммен жұмыс істейтін агрегаттарда азот қышқылын шығару технологиялық схемалардың салыстырмалы анализі; азот қышқылын шығаруда қалдық газдарды тазалау әдістері 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 13 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Фосфор қышқылын шығару. Фосфор қышқылдарының түрлері, олардың сипаттамасы, шығару өндірісінің физика-химиялық негіздері, фосфор қышқылын шығару әр түрлі әдістерінің салыстырмалы анализі 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 14 Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Сілтілерді шығару. <<Сілті>> терминның нақты анықтамасы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны, номенклатурасына тәуелді сілтілер өндірісінің көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен схемалары 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 15 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша есептер. Бейорганикалық заттардың өндірісі үшін шикі зат, көмекші заттар, реагенттер, отын, су шығым нормасын есептеу. Химиялық өндірісінің материалдық және жылу ағымдарын есептеу 1 1 1 3 7.1.1-7.1.10 БАРЛЫҒЫ: 15 15 15 45 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Мамандыққа кіріспе курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы. Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Кез келген құбылыстар мен процестерді мазмұндайтын категориялар, тұжырымдамалар, ғылыми қорытындылар және практикалық ұсыныстар, ораторлық шеберлік ерекше бағаланады. Конспекті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Теориялық тұжырымдамаларды ұғыну және пікірталас жағдайды шешу мақсатымен оқытушыға сұрақ қойылады. Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады. 4 КУРС ФОРМАТЫ <<Мамандыққа кіріспе>> - 2 кредит. Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді. 5 курс саясаты Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды. Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген <<Мамандыққа кіріспе>> пәні бойынша балдардың таратылуы 2 кесте Апта Бақылау түрі Балдардың барлығы Қосымша 1-7 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді 1 2 3 4 1-2 Кіріспе. Мамандықтың жалпы сипаттамасы. 5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің мазмұны және негізгі компетенцияларына қойылатын талаптар 20 Практикалық сабақта Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру Практикалық сабақта 3 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары. 5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтың типтік оқу жоспары. Студенттердің құқықтары мен міндеттері. Университетте ішкі тәртіп ережелері 20 Практикалық сабақта Оқытудың кредиттік технологиясында білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүргізу формалары, әдістері және тәсілдері 40 Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес) 4 Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы. Химиялық білім мен химиялық техниканың әр түрлі салалары жетістіктерінің салыстырмалы анализі 20 Практикалық сабақта 5 Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері. Химика-технологиялық процестер: түсінігі, жіктелуі, кинетикасы, технологиялық есептер және сызулар 20 Практикалық сабақта 6 Химиялық өндірісінің шикі заты. Пайдалы қазбалардың қоры. Шикі затты кешендік пайдалану. Химиялық өндірісте суды пайдалану 10 Практикалық сабақта Бейорганикалық заттардың химиялық технологияның тарихы және даму болашағы 40 Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес) 7 Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Энергия шығымын төмендету мақсатымен химиялық өндірісті жетілдіру жолдары. Дәстүрлі емес энергия көздерін Қазақстанда қолдану, мысалдар келтіру 10 Практикалық сабақта 7 Межелік бақылау 1 90 Сабақ кестесіне сәйкес 1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 300 8-15 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді 8 Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту. БЗТ маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары 15 Практикалық сабақта 9 Конференция <<Минералдық тыңайтқыштар және олардың ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін жоғарлатуда маңызы>> 15 Практикалық сабақта Минералдық тыңайтқыштарды шығару. Номенклатурасы, шикі заты, алу технологиясының сатылары, өндіріс есептері, көлемі жөнінде салыстырмалы сипаттама беру 40 Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес) 10 Іс ойын <<Күкірт қышқылын шығару өндірісін тану жолдары>> 15 Практикалық сабақта 11 Саяхат-сабақ <<Аммиак шығару өндірісі>> 15 Практикалық сабақта 12 Іс ойын <<Азот қышқылын шығару өндірісі>> 15 Практикалық сабақта 13 Дөңгелек үстел <<Фосфор қышқылын шығару өндірісі>> 15 Практикалық сабақта 14 Викторина <<Сілтілер шығару өндірісі>> 5 Практикалық сабақта Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлерін шығару: өндіріс технологиясының қысқаша ашылу және даму тарихы, қазіргі замаңғы өндірісі және көлемі, шикі заты, технологиялық сызбалары, экологиялық мәселелері және олардың шешілуі жөнінде салыстырмалы сипаттама беру 40 Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес) 15 Кәсіби практикаларын ұйымдастыру және жүргізу Оқу, өндіріс, дипломалғы практикаларының мақсаты, есептері, мазмұны, есептері 5 Практикалық сабақта 15 Межелік бақылау 2 90 Сабақ кестесіне сәйкес 8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы 300 Емтихан балдарының барлығы 400 Академиялық мерзімде балдардың барлығы 1000 Студенттердің білім бағалау шкаласы: Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95-100 Өте жақсы А- 3,67 90-94 -<<- В+ 3,33 85-89 Жақсы В 3.00 80-84 75-79 -<<- В- 2,67 -<<- С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,00 65-69 -<<- С- 1,67 60-64 -<<- Д+ 1,33 55-59 -<<- Д 1,00 50-54 -<<- Ғ 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз * ӘДЕБИЕТ + Негізгі әдебиет 7.1.1 Касымова Ж.С. Введение в специальность для студентов специальности 5В072000 - Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие - Семей, 2013. - 239 б. 7.1.2 Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. - 194 б. 7.1.3 Широков Ю.Г. Теоретические основы технологии неорганических веществ: учебное пособие / ГОУ ВПО Иван. гос. хим.-технол. ун-т. - Иваново, 2009. - 376 б. 7.1.4 Ильин А.П. Химическая технология неорганических веществ: Учеб.пособие/ ГОУ ВПО Иван. гос. хим.- технол. ун-т. Иваново, 2006.- 176 б. 7.1.5 Кунин А.В. Методические указания по курсу <<Химическая технология неорганических веществ>> для студентов специальности <<Химическая технология неорганических веществ>>. Методическое пособие № 975, 2006.- 38 б. 7.1.6 Ахметов Т.Г., Порфирьев Р.Т., Гайсин Л.Г., Ахметова Л.Т., Каримов Я.М. Химическая технология неорганических веществ: В 2кн. Кн. 1. - М.: ВШ, 2002. - 688 б. 7.1.7 Ахметов Т.Г., Порфирьев Р.Т., Гайсин Л.Г., Ахметова Л.Т., Каримов Я.М. Химическая технология неорганических веществ: В 2кн. Кн. 2. - М.: ВШ, 2002. - 533 б. 7.1.8 Ахметов Т.Г. Химическая технология неорганических веществ. - М., 2002. - 688 б. 7.1.9 Бесков В.С., Сафронов В.С. Общая химическая технология и основы промышленной экологии: Учебник для ВУЗов. - М.: Химия, 1999. - 472 б. 7.1.10 Позин М.Е., Копылеев Б.А., Бельченко Г.В., Терещенко Л.Я., Орехов И.И., Дмитревский Б.А., Зубов В.В. Расчеты по технологии неорганических веществ. - Ленинград: Химия, 1977. - 496 б. 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1 Крылов О.В. Гетерогенный катализ. Учебное пособие для вузов. М.: ИКЦ <<Академкнига>>>>, 2004.-679 б.: ил. ISBN 5-94628-141-0. 7.2.2 Самсонов О.А., Солон В.Я. Технология азотной кислоты. Расчеты на ЭВМ. Учебное пособие. Иваново, 1991.- 144 б. 7.2.3 Об утверждении Программы по развитию химической промышленности Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2010 года № 1001. [Электрон. Ресурс].- 2010. - URL: http://city.tomsk.net/~amiak/htm (қатысу мерзімі: 12.08.2014). 7.2.4 Мельников Е.Я., Салтанова В.П., Наумова А.М., Блинова Ж.С. Технология неорганических веществ и минеральных удобрений. - М., 1983. - 432 б. 7.2.5 Мельников Е.Я. Технология неорганических веществ и минеральных удобрений. - М., 1983. - 432 б. 7.2.6 Краткий справочник физико-химических величин/С.-П.: <<Иван Федоров>>, 2003.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz