Файл қосу

Өсімдік қалыптасуына және ағаш өсімдіктеріне әсер ететін топырақ жағдайының ықпалы



                            ДЕНДРОЛОГИЯ
	Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің жіктелуі.
Ағаш өсімдіктеріне ықпал ететін экологиялық әсерлер, ағаш өсімдіктерін сыныпқа бөлу мен олардың экологиялық қасиеттері.
Ағаш өсімдіктері тіршілік ететін жерлердің жағдайы, экологиялық реакциясы мөлшері мен экологиялық бейімділігі туралы ғылым.
Ортаның экологиялық негізгі әсерлері топтары мен олардың ағаш өсімдіктеріне тиетін ықпалы.
Ортаның ауа райы экологиялық әсерлері: жарық түсу режимі, жылу және сумен қамтылуы, ауаның газ құрамы мен айналымы. 
Ағаш өсімдіктері өміріндегі өсу үрдістері мен жетілуіне, тіршілік ұзақтығына, өсімдік қалыптасуына экологиялық әсер ықпалы. 
Ортаның ауа-райы әсеріне байланысты ағаш өсімдіктерінің экологиялық топтары. 
Ағаш өсімдіктері тіршілік құбылыстарына, биологиялық өсімділігіне және қалыптасу қабілетіне тигізетін метеорологиялық жағдай мен маусымдық өзгерістер әсері.
 Ортаның топырақ-экологиялық әсері: топырақтың механикалық және химиялық құрамы, қышқылдығы мен ылғалдану жағдайы.
 Өсімдік қалыптасуына және ағаш өсімдіктеріне әсер ететін топырақ жағдайының ықпалы. 
Ағаш өсімдіктерін топырақ құнарлылығымен, ылғалдылығымен, қышқылдығымен, топырақтағы жеке микроэлементтер мөлшерімен өзара байланысы. 
Азот жинақтаушы ағаш өсімдіктері. Ағаш өсімдіктерін топырақтың желмен және сумен бөлінуіне (эрозияға) қарсы қолдану.
	Ортаның топографиялық-экологиялық әсерлері: жанама дәлел ретінде әсер ететін теңіз деңгейіне қарағанда жер биіктігі, экспозиция, тау беткейлері құламалылығы. 
Қазақстанның тік тау аймақтары мен ормандары.
Ортаның биологиялық-экологиялық әсерлері: өсімдік фитоценозында өсімдіктердің өзара әрекеттестігі; микроорганизмдері және жан-жануарлар дүниесінің өсімдіктерге әсер ететін ықпалы. 
Ортаның өзгеруі адам әрекеттерінің ағаш өсімдіктеріне және өсімдік жамылғысына оң және теріс әсері мен шаруашылық ықпалы.
Табиғат қорғау, ағаш өсімдіктерін тиімді пайдалану, өсімдік әлемі <<Қызыл кітабынаң енген сирек кездесетін және құрып бара жатқан ағаш өсімдіктерін анықау, зерттеу, қорғау мен көбейтуде орманшылар ролі.
Популяцияныңжиынтығы ретінде түр жайлы түсінік.
Түрдің диагностикалық критерилері  -  генетикалық, физиолого-биохимикалық, анатомо-морфологиялық, экологиялық және географиялық.
Түрлердің ареалы. Кең, тар, эндем, реликт ретінде таралған өсімдіктер туралы түсінік.
 Жаппай, таспа тәрізді және жолақты таралуы. 
Түрдің экологиялық амплитудасының оның ареалымен байланысы. Табиғи және жерсіндіру арқылы таралуы.
Өсімдіктерді жерсіндіру (интродукция) ұғымы туралы өсімдіктерді жерсіндіру мен экологиялық бейімделу.
 Ортаның жаңадан пайда болған жағдайлармен байланысы.
 Ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, табиғи орман алқаптары өнімділігін арттыру, далалық егісті қорғайтын екпе орман алқаптарын жасау, елді мекендерді көгалдандыру, шөл және шөлейт жерлерді игеру жұмыстарының маңызы. 
Бөлімнің жалпы сипаттамасы (тіршілік пішіндері, өсімдіктердің географиялық таралуы мен ағаш өсімдіктері қалыптасуындағы ролі, морфологиялық - биологиялық және экологиялық ерекшеліктері, шаруашылық маңызы): филогенетикалық байланыстарының жалпы сызбасы. Жалаңаш тұқымды ағаш өсімдіктері сипаттамасы, жүйелі тәртіппен беріледі. Қазақстан және ТМД өсімдіктер дүниесінің <<Қызыл кітапқаң енген түрлері де сипатталады.
Жабық тұқымды ағаш өсімдіктердің жалпы сипаттамасы жоғарыда көрсетілгендей үлгі бойынша, тек оларға тән белгілерімен бірге беріледі.
Орманды, орманды-далалық, далалы, Кавказ, Қырым, Қиыр Шығыс ормандары, Орта Азияның жазық және таулы бөлігіндегі ормандар мен  Қазақстанның тоғайлы және  өзен жағалауы ормандары.

Пәндер