Файл қосу
Бейімді оқытудың проблемалары Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.30 11 -2013 <<12жылдық мектепте білім беруді ұйымдастыру негізі ) № 2 - басылым <<12жылдық мектепте білім беруді ұйымдастыру негізі >> атауы ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<5ВО1О2ОО>> - <<Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі>> мамандығы үшін Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Cемей -2014 ПОӘК 042-18.30./11 -2013 Баспа . № 1 03.09.2013 11 беттің 2-сі 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2014 Оқытушы, доцент Дуйсембекова Ш.Д. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2014ж. Кафедра меңгерушісі: ______________Джанбубекова М.З 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 <<05>> 09.2014ж. Төрағасы: ________________Ахметова Т.Ш 3. БЕКІТІЛДІ: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2014ж. ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К. 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына) ПОӘК 042-18.30./11 -2013 Баспа . № 1 03.09.2013 11 беттің 3-сі М А З М Ұ Н Ы : 1 Жалпы ережелер 4 2.Нормативтік сілтемелер 4 3 Қолдану саласы 4 4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдің) 6 5.Дәріс сабақтарының тақырыптары 8 6 .Практикалық сабақтарының тақырыптары 13 5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 16 6. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі 17 7.Әдебиеттер 19 ПОӘК 042-18.30./11 -2013 Баспа . № 1 03.09.2013 11 беттің 4-сі * Жалпы ережелер 1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер * оқытушы * Байланыс ақпараты - тел., Таңірбергенов 2 ғимарат, Сабақ өткізу орны - №2 Пән аты - <<<<12жылдық мектепте білім беруді ұйымдастыру негізі >> * Кредит саны - 3 &&& ###000-002#Мазмұны * Жұмыс бағдарламасы * Дәрістер конспектісі * Практикалық және семинарлық сабақтар * Зертханалық практикум * Курстық жұмысқа (жобаға) арналған материалдар * Білім бақылау бөлімі &&& ###000-003#ЭПОӘК- авторлары туралы мәліметтер ПЭОӘК авторлары туралы мәліметтер Дуйсембекова Шолпан Ғылыми дәрежесі: Педагогика ғылымдар кандидаты Ғылыми атағы: Доцент Қызметі: Педагогика кафедрасының доценті Мамандандыруы: ПЕДАГОГИКА Байланыс мәліметтері: Жұмыс телефоны: +7 (7222)422533 Электрондық пошта: e-mail: sholpan.d@mail.ru Skype: Жалпы мәліметтер: 7 оқулықтың авторы. 6 педагогика магистрін дайындады. 2012 жыл нәтижесінде <<Лучший преподаватель ВУЗА>>,2013 <<Орлеу>> орталығында білімін етілдіру. Сертификат иегері. Монография <<Профессиональное самоопределение старшеклассников>> &&& ###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы Қолдану саласы 2. Нормативті сілтемелер 3. Жалпы ережелер 4. Әдебиет және қорлар 5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі 6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны 7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар 8. Курс форматы 9. Курс саясаты 10. Баға қою саясаты 11. Студенттер білімін бақылау 12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі &&& ###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер&&& ###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер Осы <<<<12жылдық мектепте білім беруді ұйымдастыру негізі>> пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: 5В010200>> - <<Бастауыш оқытдың педагогикасы мен әдістемесі>> мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 6.08.012-2010 Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ <<Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі>>. &&& ###002-003#2.3 Жалпы ережелер * Оқытушының тегі, аты, жөні - ; Дуйсембекова Шолпан Дуйсембековна * Кафедра - педагогика; Хабарласу ақпараты - тел: 42-25-33, Оқу ғимараты № 2, кабинет №414; e-mail: sholpan.d@mail.ru * Контактілі сабақтардың өткізілу орны - аудитория № 419; * Пән атауы - <<12жылдық білім беру мәселелері>>; * Кредит саны - 2; Пән атауы - <<12жылдық білім беру мәселелері >> * Кредит саны - 3; Жұмыс оқу жоспарынан көшірме 1 кесте Курс Семестр Кредиттер Аудиториялық жұмыс СӨЖ (сағ) Барлығы (сағ) Қорытынды бақылау түрі АС (сағ) ҚК (сағ) 1 2 2 30 15 емтихан 2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі - сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.12 жылдық білім беруге көшу:Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; Жалпыға арналған біліммен <<білім әркімге өмір бойы>> үлгісіне саналы түрде көшуді; Әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. <<Баланы оқуға қалай үйретеміз?>>, <<Ойлауға қалай үйрету керек?>> деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 2.3.2 Курстың мақсаты: болашақ маман иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру. 2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: - студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту; - студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын ояту; - оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелеу. 2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: * өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын және мәнін түсіне білуі; * сабақ барысында педагогикалық шеберлікті меңгеру қабілетіне ие болуы; * қазіргі заманғы педагогикалық технологияның құралдарын игеруі; * мамандығында өзін жетілдіре алу, тәжірибеде теориялық білімді пайдалана алу, болашақ мамандығы шеңберінде студенттердің өз бетінше ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі; * маманға қойылатын қазіргі заман талаптарын пәннен алған білімдерді интеграциялауды және бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық қызметі және педагогикалық шеберлігі міндеттерін түсінуі; * өзін-өзі жетілдіретін түрлі оқу стильдерін пайдалана білуі; * оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарауды және кәсіби этиканы үйренуі тиіс. 2.3.5 Курс пререквизиттері: Бұл пәнді оқыту барысында студенттердің педагогика, тарих, психология, этика пәндері бойынша білімдері болуы керек. 2.3.6 Курс постреквизиттері: Студенттер мұғалімнің педагогикалық іскерліктің мәнін оқып қана қоймай өздері педагогикалық технологияларды игеріп, оларды жүзеге асыруға қатысады және әртүрлі педагогикалық ситуацияларда өздерінің психикалық күйін басқара алуға, сол жағдайда тиімді де педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, іс әрекет жасауға үйренеді. &&& ###002-004#2.4 Әдебиеттер тізімі: * Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Егемен Қазақстан 2004-16 қазан * Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ұғымдар.- Алматы: РОНД, 2012. * С.А. Тажибаева , Проблемы профильного обучения // Открытая школа,2008 №3 * .М.Н. Иманқұлова, Проблемы профильного обучения // Открытая школа,2008 №2 * Г.Халықова. Жаңа формациядағы болашақ мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері. //Абай атынд. ҚазҮПУ хабаршысы, "Педагогикалық ғылымдар" сериясы, №2(10), 2005, 55-57-6. * .Г.Саудабаева. Профессиональная ориентация учащихся старших классов средней общеобразовательных школов... Дисс. на соискание уч. степени канд. пед. наук., А., 2012, 14-6. * .В.Ф. Сахаров. Педагогические основы системы профессиональной ориентации учащихся средней школы. Автореферат на соискание ученой степени док. пед. наук. Мос,2006, 14-6. * .Ә.Мүсілімов, А.Сиымова. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс жумыстардың түрлері. //Жоғарғы мектеп, №2, 91-6. * .Каримов Н.А Кәсіби пәндер, // Білім 2006 №5 * Пазылова Г. Кәсіби біліктілікке кең өріс,//Қазақстан мектебі 2006 № 7-8 * Жадрина М. Дидактические аспекты дифференциации содержания школь - ного образования. Алматы, РИК, 2008. * Тоқбергенова У. Бағдарлы оқытудың басымдылығы//Қазақстан мектебі, №7, 2009. 69-72 беттер * Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңы//Алматы: шығармашылық педагогикасы, №1, 2007. З-41-беттер. * Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыга міндетті стандарты. Алматы, РОНД, 2009. * Лернер П.С. Модель самоопределения выпускников профильных классов средней общеобразовательной школы // Школьные технологии. №4, 2008. * Борибеков К.К. Основные направления развития технического и профессионального образования в Республике Казахстан (в условиях перехода на 12-летнее среднее образование) // Наука и высшая школа Казахстана, 01.10.2008, - С.12-19 * Жадрина М.Ж. Подход к построению технологии развития жизненных навыков и компетенций //Открытая школа, 2009. -- №2 (39).- С.3-7 * Жадрина М.Ж. Проблема определения многоуровневой системы ожидаемых результатов обучения в школе. // Открытая школа, 2009.- №№8(33). -- С. 3-9 * Муканова С.Д. Организационно-техническое и методическое обеспечение адаптации школ к новому режиму деятельности //Открытая школа.- 2008.- №5.- С. 3-5 * Муканова С.Д. Образование, ориентированное на результат: единство и многообразие //Открытая школа, 2007.-№4 (41). -- С. 6-9 * Имашев Г.И. Профильное обучение - новый этап совершенствования политехнического образования в средней школе // Материал из веб-сайта россиийского научно-педагогического интернет-журнала <<Руснаука>>: http://www.rusnauka.com/ * Қ.Р. жалпы орта білім беру мемлекеттік cтандартының тұжырымдасы. Алматы 1998 5б. * .Проблемы профильного обучения сборник статей, опубликованных в журнале <<Открытая школа>> Алматы.2006ж * .Управление современной школой Выпуск 6 Профильное обучение: новые подходы. Издательство <<Учитель>> с.6-46 * .Т.А.Алдибаева ,М.М.Хавайдарова Вопросы организаций предпрофильной подготовки <<Открытая школа>> Алматы 2006 с.85 * .Л.А.Лазарева <<Что такое портфолио>> открытая школа 2006г. с.94-95 * Жадрина М.Ж. Дидактические аспекты диференциаций содержания школьного образования Алматы РИК 2000г. 122с. * .Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияндыру (саралап деңгейлеп оқыту) //<<Открытая школа>> Алматы 2006 с.85 15-16с. * .Қазақбаева Д.М.// <<Открытая школа>> Алматы 2006 с.85 * <<Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері>>.//<<Открытая школа>> Алматы 2006 64б. * .Жадрина М.Ж. Муканова С.Д. Рекоминдации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов.Алматы 2004г. * 10.Садвакасова З.М. <<Организационный менеджмент>> в образовании//<<Открытая школа>> Алматы 2006 с.85 * .Гутник И.Ю. Организация педагогических диагностики в профильном обучении Учебно-метод. пособие для учителей. <<Каро>> 2005г.с.112 * . Третьяков П.И. <<Оперативное управление качеством образования в школе>> * .Макинченко Л.П. Ушакова Т.В. Настольная книга завуча школы.Феникс 2005г. 467-471с. * . Симонов В.П.12 лет школа проблемы и перспективы << Педагогический менеджмент Москва 2009г. 74-84с. * . Муканова ССборник программ и методических рекомендаций курсов по выбору в рамках предпрофильной подготовки. <<Учитель АСТ>> 2005г. 4-9с. * . Муканова С. От знания к незнанию Или 50 вопросов по проблеме организации профильного обучения Алматы 2006г. * . Профильное обучение: Нормативно- организационное обеспечения. * Материалы республиканского семинара- тренинга 12-13 декабрь 2005г. * Алматы 2006 50-70 с. * .>>Мектепте бағдарлы оқыту: оқу жоспарының вариативті компонетіні білім мазмұны>>атты республикалық семинар-тренингтің ұсыныстары. * Алматы 2006г. 23-24 қараша * .Чистякова С.Н. Педагогическое сопровождение самоопределения школьников. Методическое пособие/ М.: Издательский центр <<Академия>>, 2005 - 128 с. * .Н.Назарбаев <<Жаңарған әлемдегі жаңа Қазахстан>> / Егемен Қазақстан 1наурыз,2007ж. * .Бейінді оқытуды ұйымдастыру // Открытая школа,2005ж * . Бейімді-бағдарлы оқытудың мэселелері \\ Открытая школа 9,2006 Р. А. Бексұлтанова. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында // 12 жылдық білім. А., 2006, № 1, 25 - 26, 38, 78 б. * А. Б. Хайруллина. Оқушының интеллектуалдық икемділігі // 12 жылдық білім. А., 2006, № 3, 19 б.; * З. Ж. Әділбекова. 12 жылдық білімге көшу //12 жылдық білім. А., 2006, № 4, 14 б. * Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық білім берудің құрылымдық - мазмұндық ерекшеліктері //12 жылдық білім. А., 2006, № 5, 3-6б. * К. Ж. Аганина. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру //12жылдық білім. А., 2006, № 5, 7 - 9 б. * Л. Н. Хабарова. Кілтті құзыреттіліктер. //12жылдық білім. А., 2006, № 7, 45 б. &&& ###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі Модульдар бойынша пән мазмұны 2 кесте Модуль атауы Тақырып атауы Мазмұны Әдебиет 1 2 3 8 Модуль 1. Дәріс 1 12жылдық білім - қазақстан мектебінің болашағы 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайы 2.12жылдық білім туралы түсінік . Дәріс 2 Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары Дәріс 3 К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау 1.Ресурс орталықтарының жұмысы 2. Білім беруді дамытудың бағыттары К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Ресурс орталықтарының жұмысы 2. Білім беруді дамытудың бағыттары Дәріс 4. Бағдарлы және бағдар алды түсінік Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы Модуль 2 Дәріс 5 Педагогикалық технология бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің құрамдас бөлігі ретінде. .Педагогикалық технологияның мәні. 2. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің тиімді технологияны қолдануы Дәріс 6 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. Біліктілік арттыру жүйесінің жаңа миссиясын орындайтын білім жетілдіру институтының маманы қандай болу керек деген сұраққа әртүрлі ғалымдар жауап іздеуге талпыныс жасаған. Дәріс 7 12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі Модуль 3 Дәріс 8 Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі . Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі . Кәсіптік бағдар беру және бейімді бағдарлы оқыту. Кәсіптік өзін- -өзі анықтау Дәріс №9 12 жылдық білім беруге көшудегі мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі туралы педагогтардың ой-пікірлері Мамандық таңдау және бейімді оқыту жүйесі. * Дәріс №10 Бағдарлы сыныптарда оқытылатын "бағдарлы" және "бағдарлы емес" пәндердің ара қатынасы туралы мәселе Дәріс №11 12 жылдық білім алуға көшуде жалпы педагогикалық білік,білім,дағдыны қалыптастыру жүйесі Дәріс №12 12 жылдық білім беруде тұлғаның алатын орны. Дәріс№13 Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы Дәріс №14 Оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы. Мұғалім,оқытушы портфолиосы * Дәріс №15 Бейімді оқытуды басқару мекемелері &&& ###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны СӨЖ тақырыптары мен мазмұны * 3 кесте № р/б СӨЖ тақырыбы СӨЖ мазмұны Өткізу мерзімі (апта) Қойылатын баллдар 1 2 3 4 5 1 Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары 7-апта 2 12 жылдық білім беру үлгісі моделі. Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Фасилитатор - ұстаздардың ұстазы 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 15-апта &&& ###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар * {пәнді оқуға қажетті уақытты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кеңестер; * студент әрекеттерінің ретін сипаттау; * ПЭОӘК материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар; * әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар; * емтиханға дайындық бойынша кеңестер және т.б.} &&& ###002-008#2.8 Курс форматы Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарлаода ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады. &&& ###002-009#2.9 Курс саясаты Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-8 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін - 8-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы. &&& ###002-010#2.10 Баға қою саясаты Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны: 1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда - 300 балл, 2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда - 300 балл. Пән бойынша семестрде максималды балл саны - 600. Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады: 1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша - максимум 120 балл) 2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін - 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл) 3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан) Курстық жұмыс жеке бағаланады. Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген. Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады. &&& ###002-011#2.11 Студент білімін бақылау Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі: * ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі) * межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда) * қорытынды бақылау - семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес). Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең. Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте). Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы 4 кесте Әріптік жүйедегі баға Баллдың цифрлық эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95 - 100 Өте жақсы А - 3,67 90 - 94 В+ 3,33 85 - 89 Жақсы В 3,0 80 - 84 В - 2,67 75 - 79 С+ 2,33 70 - 74 Қанағаттанарлық С 2,0 65 - 69 С - 1,67 60 - 64 D+ 1.33 55 - 59 D 1,0 50 - 54 F 0 0 - 49 Қанағаттанарсыз I NA - Аяқталмаған P - өтті Пәнді өтті &&& ###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі 5 кесте № р/б Апталар 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны 1-рейтинг 1 Бақылау түрі ТМ1 ТМ2 МБ1 300 балл 2 Баллдар 150 120 30 3 Кеңестер OF OL OL OF OF OL OF OF № р/б Апталар 9 10 11 12 13 14 15 Жиыны 2-рейтинг 1 Бақылау түрі ОС ТМ3 МБ2 300 балл 2 Баллдар 120 150 30 3 Кеңестер OL OL OF OF OL OF OF Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау; OL - он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес &&& $$$002-000-000$3.2 Дәрістер &&& $$$002-001-000$3.2. $$$002-001-001$3.2.1.1 12жылдық білім - қазақстан мектебінің болашағы 1. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайы 2.12жылдық білім туралы түсінік 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының бағдарлы сыныптарына оқушыларды қабылдау ретін және оқушылардың білім жетістіктерінің рейтінгісі болып табылатын портфолио жөнінде жан - жақты жұмыстар топтамасы ұсынылады. <<Мен таңдауды үйренемін>> атты бағдаралды, бағдарлы сыныптарда жүргізілетін, оқушылардың саналы түрде өзінің таңдай алу мүмкіндігін, өздігінен шешім қабылдауын, бағдарлы сыныптарды өзі таңдауын, кәсіптік өзін- өзі анықтау қабілетін қалыптастыруға арналған 3 бағыттағы және 6 кезеңнен тұратын бағдарлама, осы салада жұмыс атқарушы ұстаздар үшін қажетті әдістемелік нұсқау болып табылады. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата - анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым - қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. &&&$$$002-000-000$3.2 12жылдық білім туралы түсінік. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, <<жалпыға арналған білімнен>>, <<білім әркімге өмір бойы>> үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. &&& $$$002-000-000$3.2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары * 12жылдық білім - қазақстан мектебінің болашағы * 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы * К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау &&& $$$002-002-000$3.2 Дәріс 2 Бейімді оқытуды ұйымдастыру 1. Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Бейімді оқытудың мазмұны 2.Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі 3.Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу Бейімді оқыту дегеніміз бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды жіктеуге, оқушыны элеуметтендіруге,сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және кәсибі білім берудегі сабақтастықты жузеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Кәсіптік бағдар беру деп жеке тұлғаның,қоғамның ,мемлекеттік мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен күәландырылған нақты кәсибі мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты үрдісін айтамыз.Кәсіптік бағдар беруде жастарға психологиялық көмек көрсетуге болады,олардың кәсибі қызығушылығын, бейімділігін анықтауға көмектеседі. Бейімді оқыту тұлғалық бағдарлық білім беру парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған.Бейімді - бағдарлы оқытудың мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы туралы идеялар өткен ғасырларда прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық ой пікірлерде өз жалғасын тапқан Я.А.Коменский, Ш.Амонашвили, Д.Локк, К.Д.Ушинский, Г.И.Шамова, В.С.Мухина, В.А.Мясищев, Фрейд; Л.С..Выготский, В.Г.Белинский, .А.Рубинштейн, және т.б. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыда тусінуі әр турлі жеке тұлға теориясын өмірге әкелді, соның ішінде: - биологиялык * әлеуметтік * педагогикалық Биологиялық теория 17 ғасырда пайда болған әйгілі ағылшын ғалымы зерттеген Ч.Дарвиннің көзғарастарының технологиясы және басқа ғылымдарға тигізген әсерінің негізінде 19 ғасырда дамыды,оған үлес қосқан ғалымдар (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, А.Илиада т.б.). Биологиялық теория бойынша адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тән тұқым қуалаушылық қасиеті.Осы өзара қарым қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарт аралығында туатын қарама қайшылықтарды жоюға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Жеке тұлғаның әлеуметтік теориясы бойынша адамдар қоғамның бір бөлігі немесе жемісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға әрекет барысында дамиды және қалыптасады, дамиды. Тұлғаның іс-әрекетке қарым - қатынасына байланысты, іс-әрекет, мақсатқа жете алуы бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан улкендердің, қоғамдық ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен ортаның ортаның ықпалын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді. Бала объективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі тәүелділікке түседі. Соның нәтижесінде балалардың дағдылары қалыптасып, іс -әрекеті, санасы, дуние туралы түсінігі қалыптасып, тұлғаның психикалық қасиеті мен ойлауы дамиды. Нәтижесінде бала қоғамдық өмір мен өндіріске белсенді қатысатын мүшеге айналады. Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ,ол болмыстық қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда атап айтқанымыздай педагогика саласында жеке тұлғаның дамуына үлес қосқан педагогтарымыз баршамызға мәлім. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының ерекшеліктері тұлғаның белсенділік мәселесін зерттеуге көп мән береді. Баланың белсенділігі оқу, еңбек, ойын, спорт, қарым катынаста көрініс береді. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деген ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесін ғылыми түрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи даму сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүдделеріне сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесін құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың тсориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады. &&& $$$002-002-000$3.2 Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен аның жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады. Бейінді оқыту формалары Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. &&& $$$002-002-000$3.2 Сұрақтар Өзін-өзі тексеру сұрақтары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы Оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері &&& $$$002-002-000$3.2 Дәріс 3 К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау 1.Ресурс орталықтарының жұмысы 2. Білім беруді дамытудың бағыттары Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін <<білім беруге салынған бүгінгі инвестиция - мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық>> деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып,сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға жоспар құрсаң - егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң - ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең - ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын - ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі.Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез - келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы - білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.Сұрақтар12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты.12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігімодернизациялау туралы түсінік беруАуылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы Кешкі және сырттан оқытатын мектептер көбінесе осы қызметті атқаруға құқылы бейіндік мектептер мен ресурс орталақтарының базасында, ЖОО және БЖИ -ның жанынан ашылады Фасилитатор - ұстаздардың ұстазы Біліктілік арттыру жүйесінің жаңа миссиясын орындайтын білім жетілдіру институтының маманы қандай болу керек деген сұраққа әртүрлі ғалымдар жауап іздеуге талпыныс жасаған. Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып ,мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етеді: &&& $$$002-002-000$3.2 Білім беруді дамытудың бағыттары Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2008жылдан бастап біліктілік тәсіліне негізделген 12 жылдық орта білім беру еңгізілетіні айтылғаны баршаға аян, және эксперимент ретінде бір талай мектептерде өткізілуде.Неғұрлым жетік даярланған мектеп педагогикалық ұжымдары қазірдің өзінде оқушылардың білімдерін дамытуға қажетті жағдайларды айқындау жөніндегі зерттеу жұмысымен толық айналысуда. 12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес. Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді. $$$002-002-000$3.2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары &&& $$$002-002-000$3.2 2 Дәріс 4 Бағдарлы оқыту туралы түсінік 1 Бағдарлы оқыту 3. Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын. мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. <<Бағдарлы оқыту>> және <<кәсіптік білім беру>> ұғымдарын шатастыруға болмайды. Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландыратын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді. Бағдарлы оқыту идеяларының шығуы мен дамуы оқу жоспарларының құрылымын жетілдіру және базистік оқу жоспарын жасау мәселелерімен тығыз байланысты. &&& $$$002-002-000$3.2 Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен), шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табы-лады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады. $$$002-002-000$3.2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары Бағдарлы оқыту і оқытудың мазмұны Бағдарлы оқыту оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бағдарлы оқыту оқытудың проблемалары &&& $$$002-002-000$3.2 2 Дәріс 5 Педагогикалық технология бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің құрамдас бөлігі ретінде. 1.Педагогикалық технологияның мәні. 2. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің тиімді технологияны қолдануы . <<Технология>> деген сөздіктің түп тамыры гректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп + logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы немесе білім немесе шеберлік туралы ғылымды білдіретін сөз пайда болады, мысалы, металдар технологиясы, экологиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және тағы басқалар. Бұл термин сонымен бірге мүлдем басқаша белгілі қажетті шикізат формаларын өзгерту, материалдары немесе жартылай фабрикант өнімді өндіріс процесінде жүзеге асыратын өңдеу жиынтығы ретінде анықталады. Технологияның ғылым ретіндегі міндеті - физиологиялық, химиялық, механикалық және басқа да заңдылықтарды айқындап тәжірибеде өндіріс процесінің ең тиімдісін анықтау және қолдану. В. В. Беспалько ұсынған өте кең тарап кеткен технология ұғымына анықтама болып отыр: технология - білім берудің мақсатын тиімді жүзеге асырудың негізі болатын теориялық негізделген оқыту мен тәрбиелеу процесін суреттеп берудің құралдары мен әдістерінің жиынтығы болады. Технология оған сәйкес ғылыми жобалауды ұйғарады, онда бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде бір жақты беріледі және онда қол жеткен нәтижелерді сатылы өлшеу мен бағалауға объективтік мүмкіншілік сақталады &&&$$$002-002-000$3.2 2 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің тиімді технологияны қолдануы 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс - тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез -- құлқында -- мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін -- өзі үйретуі, өзін -- өзі тәрбиелеуі,өзін -- өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді. . &&&$$$002-002-000$3.2 2 Дәріс 5 Сұрақтар: 1 Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасы Белсенділік, оның түрлеріБастауыш білім беру стандарты &&&$$$002-002-000$3.2 2 Дәріс 6 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 1.12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 2.Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің <<Мұғалім - мектептің жүрегі>>, - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов <<Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді>> деген ғой.Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.&&&$$$002-002-000$3.2 2 Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау қоғамның жеке тұлға дайындығына қойып отырған талаптарынан, қаулы - қаралар шешімінен туындайды. Олай болса, қазіргі қоғамда мұғалім тұлғасына қойылатын талап өте жоғары. Қазіргі мұғалім жоғары білімді, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де дайын, ғылым мен мәдениет салаларынан хабардар, жаңа типті оқу орындарының кез - келген саласында қызмет етуге оңтайлы, ортамен қарым - қатысы, этикалық, адамгершілік сапалары жетілген тұлға болуға тиіс. Мұғалім тұлғасының қалыптасуында ең бірінші мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, қу үрдісін ұйымдастыра білу шеберлігі.Жоғарыда келтірілген мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар бүкіл пәндер мұғаліміне тән деуге болады. Біздің зерттеуіміздің бағыты бойынша осылардың бәрін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің басты қасиеті бала жанын түсіну, 7 - 10 жастағы балалар әлі де ата - ана жылылығынан қол үзбеген, жылы сөйлеуді, еркін ұстай отырып, талап етуді, мадақтай отырып жұмыс орындатуды керек ететін ерекше жандар. Бастауыш сыныптар оқушыларының психологиялық ерекшеліктері олардың көзбен көргенді тез қабылдауына негізделеді.Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер - ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарас. &&& $$$002-002-000$3.2 2 Сұрақтар 12 жылдық білім беру сатылары.Оқу жоспары.Оқу бағдарламалар оқулықтар жайында. Ата-аналардың 12 жылдық білімге көзғарастары. 12 жылдықта жеке тұлғаға рухани- адамгершілік білім беру мәселелері &&&$$$003-000-000$3.3 Дәріс 7 12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі 1.12жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі 2. Жаңа формация мұғаліміПедагогикалық ғылымда <<кәсіби біліктілік>> түсінігі былай қарастырылады: білім мен білік жиынтығы, еңбек нәтижесін анықтау; орындалған міндеттерге жету көлемі, жеке сапалы қасиеттер комбинациясы, білім кешені және кәсіби маңызды жеке қасиеттер; шеберліктің векторы, теориялық және практикалық еңбекке дайындық бірлігі. Білім жетілдіру жүйесіндегі педагогты оқыту екі қайталанатын циклдік бөлімнен тұрады - курстық және курсаралық, бұлардың әрқайсысының өзіндік бағыттары бар. &&&$$$003-000-000$3.3 Жаңа формация мұғалімі. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, <<Мен>> менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: <<Жаңа формацияға жаңа педагог қажет>>- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.Атақты педагог - ғалым В. А. Сухомлинский <<Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.>> - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин <<Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі>> деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт &&&$$$002-002-000$3.2 2 Сұрақтар * Жаңа формация мұғалімі. * тұлғалық бағдарлы білім беру туралы айтқан педагогтардың ой пікірлері * Мұғалім бойындағы кәсіби біліктілік, сапалық қасиеттер қандай критериймен өлшенеді Модуль 3 Дәріс 8. Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі. * Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі * Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жағдайлары. * Кәсіптік өзін- -өзі анықтау &&& $$$002-008-100$ Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады. Ш.Таубаева: <<Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті>> - деп қарастырады. <<Құзыреттілік - білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері>>. Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жағдайлары Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып дуние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді, ғылымды дамытуымыз қажет.Осыған орай оқушыларға кәсіби бағдар берудің педагогикалық жағдайлары да қарастырылған, олар педагогикалық диагностика,кәсіби кеңес беру,әңгіме жүргізу,ашық есік күнін өткізу т.т. Кәсіптік бағыт беру жұмыстарының бір түрі кәсіптік кеңес болып табылады. Кәсіптік кеңес адамға нақтылы мамандық таңдау жөнінде ғылыми негізделген кеңес беруге, оған тек халық шаруашылығы қажет етіп отырған мамандықты емес, сонымен бірге өзінің икемділігі мен қабілетінің талаптарына сай келетін кәсіп ұсынуға тиіс. Бұл проблеманы шешу адамның қабілетін, оның денсаулығын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талдауды қажет етеді. Кәсіпке жарамдылығы жөніндегі кеңес еңбек қызметінің табысты және адамның денсаулық жағдайларына тигізетін әсерін сараптауға боларлық жиі кездесетін жағдайлар. Мұндай жұмыстарды жүзеге асыру үшін біздің елімізде, тіпті қазірдің өзінде, мектеп және жасөспірімдер дәрігерлері практикасына енгізуге тұрарлық едәуір материалдар жинақталған. Кәсіпке жарамдылықтың психологиялық мәселелер бойынша кеңес туралы мәселе едәуір күрделі. &&&$$$003-000-000$3.3 Кәсіптік өзін- -өзі анықтау Соңғы жылдары еліміздің көптеген мектептерінде физика-математикалық, гуманитарлық, техникалық, химия-биологиялық және т.б. бағдарлы сыныптар ұйымдастырылып, гимназиялар, лицейлер, колледждер және авторлық мектептер ашылуда. Мұндай сыныптардың көпшілігі нақты жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа бағытталған. Олардағы пәндер бағдарламалары жоғары оқу орнының талаптарын ескере отырып құрылады. Алайда мұндай оқыту жалпы білім беретін мектептің басты мақсаттарына, тұлғаның даралығын ашу негізінде оны дамытуға, әрбір оқушының түлға ретінде өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігін іс жүзінде көрсету үшін қажетті психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызуға бағынбайды. Сұрақтар Бағдарлы және бейімдіоқыту туралы не білесіз? ҚР. Білім беру заңына еңгізілген өзгерістер Дәріс 9 Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру 1.Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру 2. 12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері. Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайын-дағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағыт-талуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі. Оқушылардың оқуға қызығушылыклары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда, өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бүл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бүл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы түрғыда білім мазмүнын бағдарлы саралауды үйымдастырудың неғұрлым оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. 12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері. Адамның өмір сүру әрекеттерінің қоғамдық негіздері туралы дәстүрлі білім жеке тұлғаның қалыптасуы,эмоционалды ерік спалары,өзін-өзі тану,өзін іске асыру механизмдері туралы білімдерімен толыға түсті.Социологияның өзіндік аспектісі осында жатыр,оған назар аударған түбі ресейлік американ социологі Питирим Сорокин (1889-1968).П.Сорокин социологияның зерттеу обьектісі,ең алдымен,адамдардың әлеуметтік мінез-құлығымен әрекеті,әлеуметтік топтар және бүтіндей қоғам болып саналатындығын айтады.Оның ойынша,барлық қоғамдық өмір мен барлық әлеуметтік процестер екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әсерлесу құбылыстары мен процестеріне бөлінуі мүмкін. Индивид(лат. Individ - бөлінбейтін, ақырғы) - адамзат тегінің бір ғана өкілі және оның <<алғашқы кірпіші>>,жеке даралық-бір индивидті басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы. Сұрақтар * Оқу жоспарының түрлері, айырмашылықтары,ұқсастығы. * 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты. * 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. Дәріс 10 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытуда мектептін рөлі * Дарынды балаларды анықтау. * Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет <<Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту>> сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасау. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де, оқушылардың дербестігі мен сабаққа ынтасы арта түседі, Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына , дамуына ықпал етеді. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді 1/ Жауапкершілігі артады 2/ Қажет болса көзқарасын өзгертеді 3/ Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады 4/Басқаларды тыңдай біледі 5/Қарым-қатынас жасауға үйретеді 6/Практикалық іс әрекетте болады 7/ Өзін-өзі бағалайды. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1.Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі 2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту Дәріс 11 Жаңа үрдістегі білім беру жүйесі 1. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, 2.Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2050 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-5анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кон). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негіздерін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады. 2007 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді. Өзін өзі тексеру сұрақтары * Білім беру мазмұны.,білім,білік,дағды түсініктеме беру * 12 жылдық білім беру жобасы. * Технология ұғымы туралы түсінік беру * * Дәріс 12 Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық - бағдарлық білім беру мәселелері. * Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық - бағдарлық білім беру мәселелері. * Қазіргі кезеңде білім беруді реформалау үрдісінде ұлттық құндылықтың қалыптасуы өте маңызды болып саналады.Ел Президенті ұсынған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті өркендеген 50 елдің қатарына кіру стратегиясы осы аса жауапты міндеттерді іске асыруды көздейді.Жақында ғана <<жаңа әлемдегі жаңа Қазахстан атты жолдауында да Н.Назарбаев <<Еңбек рыногының даму ырғағы мен келешегіне сәйкес келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат бағыттарын атап көрсеткенӘлемдік бәсекелестік нысанында табысқа жету үшін күшті рух пен тұлғалық бағдарлық білім беру өте қажет.Жолдауда көрсетілген осы заманның білім беру мен кәсіптік бағдар беру мәселесі нақтыланғаны де бізге мәлім.Жаңа 12 жылдықбілім берудің тарихи кезеңдегі білімнің мәні оның тек танымдық сипатымен ғана емес, жастардың өмір дағдыларының негізіне қаншалықты сай келуімен де өлшенбек.Бұл - отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастырудың шешуші шарты. Дәріс 13 Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деген ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесін ғылыми түрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи даму сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүдделеріне сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесін құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың тсориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен аның жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады. Дәріс 14 Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағытталады Тұлғааралыұ қарым қатынас Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып ,мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етеді: * жалпы орта білім бағдарламасының жеке пэндерін тереңдете оқыту * білім мазмұнын мәнді саралап жіктеуге және жоғары сынып оқушыларының оқыту мазмұнын жеке білімдарлық бағдарламаларының мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасау. * Оқушылардың элеуметтік мүмкіндігін кеңейту,орта және кәсибі білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғары кәсибі білімге бітіруші түлектерді тиімді дайындау.Бейімді оқыту жеке тұлғалық - бағдарлық білім беру режимінде еңгізілген Осыған байланысты,келесі тиімді кәсіби қасиеттер дамыту қажет. Оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау,рефлексия,. хабарламалық және коммуниктивтік мәдениет; кәсіпкерлік мәдениет.Бейінді оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың білім алуының жеке қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес болуы және кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз ету, жалпы білім мен кәсіптік білім берудің сабақтастығы болып табылады.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін, оқушылардың алғашқы сатыдағы іс-әрекет түрлеріне қабілетін анықтау,қажетті жағдайда оқушыларды бағдарлай білу.Оқушылардың қабілетін,қызығушылығын және қажеттігін жүзеге асыруын қамтамасыз ету кәсіби білімінің дамуының мүмкіндігін қадағалау, таңдаған мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету.Шығармашылық дербестігін дамыту,жалпы адамзаттық құндылық бағытын қалыптастыру,қоғамның белді мүшесі болып еңбек етуге және өмір сүрүге,кәсіптік білімін жалғастыруға бітіруші түлекті қамтамасыз ету. * Дәріс 15 Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің мақсаты мен міндеттерін қайта қарауды талап етуде. Тұлғаны қалыптасыру, оның шығармашылық даралығын дамыта отырып, бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру - бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты. Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптасыру. Бұл білім берудің мазмұны мен оқыту технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру үрдісінің барысында әрбір жеке тұлғаның даралығын ашу ғана тұлғаға бағыттап білім берудің құрылуын қамтамасыз ете алады. Осы мақсатқа тұлғалық бағдарлы білім беру арқылы қол жеткізуге болады. Философиялық тұрғыдан <<тұлға>> ұғымы ондағы саналы еріктік бастаманы айқындайды. Индивид тұлға деп аталу құқығына неғұрлым ие болған сайын, ол өз тәртібінің мотивтерін анығырақ сезінеді және оны бірыңғай өмірлік стратегиясына бағындыра отырып, оны соғұрлым бақылауға алады. Тұлға ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдай емес, әрі оның даралығын сақтауға да мағынаға ие болады. Бұдан даралық - индивидтің өмір сүруінің қоғамдық тәсілі, ал тұлға - адам болмысының дараланған тәсілі деп қорытынды жасауға болады. Қазіргі психологиялық және философиялық тұжірімдамалар тұлғаны <<заттық-өзгертуші және мәдни-тарихи әрекекттің толық мәнді субъектісі>> ретінде анықтай отырып, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына басымдылық береді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде тұлға мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты және айналысуда (Б.Г. Ананьев, Р.Н.Асмолов, Л.И. Божовия, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, А.В. Петровский) Тұлға өз құрылымын адамзат әрекетінің тұрлік құрылымынан алады. М.С. Каганның пікірі бойынша, танымдық, құндылық, шығармашылық (нәтижелі), коммуникативтік және көркемдік әлеуеттермен сипатталады. Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде тұлғаның даралығы, оның қабылеттерін дамыту, оның өздінгінен дамуына жағдай жасау проблемасыоқытудың тұлғалық бағдарланған жүйесін ұйымдастыруда өзінің тиімді шешімін табуда. Бұл зерттеулерде тұлғаныдамытудың гуманистік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталғантұлғалық-бағдарлы білім берудің негізгі психологиялық педагогикалық заңдылықтары ашылады. * Дәріс 16 * тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері; * Гуманитарлық педагогикалық білім беру тұжырымдамасы; * Білім беруге тұлға тұрғысынан келу тұжырымдамасы; * Біртұтас оқу-тәрбие процесінде оқушының жеке басын қалыптастыру; * Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясының педагогикалық аспектілері; * Білім алушыларда оқытудың субъектілігін дамыту және өздігінен дамуы. Психология-педагогикалық әдебиеттерді талдау, ақиқат дүниені оқушылардың тану процесінде олардың табиғи мүмкіндігін, қабілетін, жас ерекшелігін есепке алу және оның тұлғалық дамуы мен өздігінен дамуына қажетті жағдай жасау керектігін көрсетті. Жеке жағдайда, психологиялық-педагогикалық ғылымда, оқытудың субъектілігі <<субъектінің өзінің өмір сүру элементі>> ретінде түсіндіріледі; әрекетте - болжам жасау, таңбалау және көшіру кезеңдерін жүзеге асыру ретінде; мақсат қою; жоспарлау, оқу міндетін атқару және бақылаудың саналы әрекеті ретінде көрсетіледі. Дүниені ғылыми тану зерттеулерінде көрсетілгендей, адам психикасының, санасының, тұлғаының тінін психикалық процестер құрайды. Ғылымда психикалық процесстер деп шындықтың бейнеленуінің динамикалық әрекетін: түйсік, қаьылдау, ес, ойлау, қиял, эмоциялар яғни қоршаған дүниенің бейнеленуін, білім мен иекмділіктің қалыптасуын, өмірлік тәжірибе және әрекетті жүзеге асыруды қамтамасыз етуді түсінеді. Педагогикада <<тұлғалық бағдарлы білім беру>> термині қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық бағдарлы білім беру негізінен соңғы нәтижеге яғни құндылықтарға бағытталады. Осы мәселенің шетелдік педагогикадағы даму ерекшеліктеріне, теорияялық-әдіснамалық талдау жасап көрелік. Қазіргі шетелдік тұлғалық бағдарлы тұрғыдан білім беру ХХ ғасырдың 60-80 жылдары пайда болған гуманистік тәрбие мен тұлға дамуының тұжырымдамаларын жасаушыларының есімдерімен тығыз байланыста. Осы тұжырымдамалар негізінде Абрахам Маслоудың (<<Гуманистік тұлға теориясы>>), Карл Роджерстің (Феноменологиялық тұлға теориясы>>) еңбектер жатыр. А. Маслоу білім берудің гуманистік бағытта жүргізілуін қолдау арқылыоқушылардың қызығушылықтарын, психикасын, жеке ерекшеліктерін есепке алып, бала тұлғасын құрметтеу керектігін айтқан. Психологияда өзіндік қажеттілік (ағылшынша <>) ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның <<өзіндік қажеттігін тану>> - өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады>> деген пікірі аса құнды. Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқасйды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялықәлеувметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін-өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші, деңгей - шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А. Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады. Сұрақтар * 12 жылдық білім беруде тұлғаның алатын орны. * Тұлғааралыұ қарым қатынас Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасы * Тұлғалық бағдарлы білім берудің педагогтардың ой тұжырымдамасы Дәріс 17 -4сағ. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама. * Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама. * Жаңашыл педагогтар оқыту әдістері туралы ой пікірлері Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдамада оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген (Егемен Қазақстан 26 желтоқсан, 2003 жыл). Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Халыққа білім беру қызметкерлерінің сөзінде айтылғандай ьілім мен тәрбие жұмысының сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыдан жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру және олардың танымдыққа талабын, жеке жұмыс істеу қабілеттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдір қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру керектігі айтылды. Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Оқыту әдістері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік: Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. (Педагогикалық энциклопедия. М., 1965) Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. (Г.И. Шукина. 1979) Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары (И.Д.Зверев. М., 1980) Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру (Ю.К.Бабанский. М., 1985) Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды. Сондықтан оқу үрдісі барысында мұғалім мен оқушылардың өзар қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту үрдісінің пәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас субъектісі түрінде болады. Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді.Сондықтан оқыту әдісінің субъективті - субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынассубъектісі-субъектілік негізде құрылуы керек. Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады. И.П.Подласый оқыту әдістерін бес топқа бөлді: а) практикалық, іс тәжірибе, оқу еңбегі; ә) көрнекілік, иллюстрация, демонстрация; в) сөздік, түсіндіру, әңгме, дәріс, пікір-талас; г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат жазу, жоспар құру, конспект жазу; д) бейне таспа әдісі, көру, <<электрондық мұғалім>>, бақылаушы, бақылау. Данилов М.А., Есипов Б.П. классификация жасағанда оқыту үрдісінде дидактикалық міндеттерді негізге алады. * жаңа білімді меңгеру; * білімді іскерлікті қалыптастыру; * шығармашылық іс-әрекетті дамыту; * білімді бекіту; * білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру; осы оқыту әдісінің классификациясы оқытуды ұйымдастырумен үндеседі және мұғалімдерге оқу-тәрбие үрдісін жүргізуге үлкен көмек береді. Оқу-таным іс-әрекеттерін сипаттау мақсатында Скаткин М.К., Лернер И.Я. мындадай оқыту әдістерін ұсынады: * түсіндірме-иллюстративті әдіс (информациялық-рецептивті) * репродуктивті әдіс; * проблемалы баяндау әдісі; * ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс; * зерттеу әдісі. Осы аталған классификация қолдау алып кеңінен таралған, алынған әдістің мәнін ашып көрейік. * Түсіндірме-иллюстративті әдіс - мұғалімнің ауыз екі сөздері арқылы жүреді, информациялық-рецептивті әдіс келесі белгілер арқылы сипатталады: * оқушыларға білім <<дайын>> түрінде ұсынылады; * мұғалім әртүрлі әдістермен білімді қабылдауын ұйымдастырады; * оқушылар қабылдайды (перцепция) және білімді ой елегінен өткізеді. Перцепция барысында әртүрлі хабарлаалар (сөз, көрнекі т.б.) қолданылады және мазмұндау логикасы индуктивтік және дедуктивтік жолмен дамиды. * Репродуктивтік әдіс қолданғанда мына белгілер арқылы сипатталады: * оқушыларға білім <<дайын>> түрінде беріледі; * мұғалім білімді жеткізіп қана қоймай оны түсіндіреді; * оқушылар білімді саналы түрде қабылдап түсінеді және ойына сақтайды; * білімнің беріктілігі бірнеше қайталаудан анықталады. * Проблемалы баяндау әдісі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, шешудің ғылыми жолын көрсетеді. * Ішінара іздену немесе эвристикалық әңгіме әдісі мына белгілер арқылы анықталады: * оқушылар білімді өз бетімен ізденіс үстінде табады; * мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып білімді дайын түрінде ұсынбай, оқушылардың өз бетінше тапқан дәлелін құрастыруды талап етеді; оқушылар мұғалімнің басшылығымен проблемалық ситуацияны шешеді, танымдық есептер шығарады, талқылайды, салыстырады, қорытынды жасайды. Академик Бабанский Ю.К. ұсынған оқыту әдістері кейінгі жылдары дидактикада кеңінен қолданылуда. Оқыту әдістері үш үлкен топқа бөлінеді. * Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдістері: сөздік әдістері (әңгіме, әңгімелесу, дәріс). Көрнекілік әдістері (иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары), тәжірибелік жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылар шеберханаларында, оқыту-өндіріс цехтарында еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс, жасап шығарушы аппаратуралар т.б., индуктивті-дедуктивті әдістер, репродуктивті, проблемалы-іздеу әдістері, өз бетінше жұмыс істеу әдістері. * Оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру әдістері: оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері, оқуға жауапкершілігін күшейту (оқыту талабын мадақтау, ұялту) * Оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері, машиналы бақылау әдістері, өзін-өзі бақылау әдістері. Оқытушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиеттерде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар. Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны - И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген. Оқыту әдістері Ауызша Көрнекілік Практикалық Түсіндіру Тәжірибе -Әңгіме -Суретпен сипаттау -Лабораториялық жұмыстар -Әңгіме-кеңес -Демонстрация -Практикалық жұмыстар -Дәріс -Оқушылардың бақылауы -Кітаппен жұмыс -Иллюстрация -Жаттығу -Пікір талас -Оқу-өндірістік еңбек Бұл жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға сүйенген. Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі - оқытушының шеберлігіне, осы үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты. Дәріс 18 Жүйенің жоғарыдағы түрі жаңашыл-педагогтардың тәжірибесінде кең қолданылады. В.Ф.Шаталов өзінің оқыту жүйесінде бұл әдістердің (ауызша, көрнекілік, практикалық) бәріне сүйенеді. Ол оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру үстінде көркем де айшықтап, есте жақсы сақталатын жұмыстарды, сөздерді қолданады. Виктор Федорович - тамаша шешен адам, өз ойын сырлы сөздермен жүйелі де нақты бере алады. Ал жаңа сабақты қысқа да қызықты етіп қайталау кезінде көрнекілік әдісіне сүйенеді. Ол өз жұмысында тірек ұғым, амалдарын пайдаланады, бірақ бұл сигналдар жалаң көрнекілік, схемалық қызмет атқарып қоймайды, ішінде логикалық себеп-салдарлық қатынастағы жаңа информацияның мазмұнын бере алатын конспект түрінде де беріледі. Тірек сүйеніш сигналдары оқушы үшін ойлану мен дәлелдің алгоритмі болып табылады. Оның барлық ықыласы айтқанды есте сақтап, қайталап беруге емес, сабақтың ішкі мәнін ұғып, ойлануға, байланыстардың себебі мен салдарын түсінуге бағытталады. Оған қоса тірек сигналдарының жоғары сатыға көтеретін жұмыстарының түрлері дет ойластырылған. Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысалы ретінде жаңашыл пеедагог Т.И.Гончарованың тәжірибесін алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіре отырып оқушылармен қарым-қатынасын былай суреттейді: "... Оқушылардың неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым..." Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады. Дәріс 19 12 жылдық білім беруде мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі * Мұғалім қызметінің ерекшелігі * Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі * Дидактикалық дайындық - кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы. Мұғалім қызметінің ерекшелігі Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын ориы айрықша. Мектеп -- қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркьілы баланың жан д үниесіне оәсер ететін білім мен торбиенің алғашқы баспалдағы -- бастауыш мектеп. Бастауыш саты -- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуьгаың бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кезкелген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта каланбак. Сондыктан оның сипаты мен мазмүны, оқытудың оәдістері меи формалары қазіргі жағдайда жан-жак-ты тадданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оныц адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тоәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмківдіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті -- жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға ~ Үстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады.Дәріс 20 2 сағ. Дидактикалық дайындық - кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы.Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Бүл - күрделі үғым. Мүғалімдердщ дидакгикалық даярлыгына жататывдар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген бііімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмү." ны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асы-рудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге бо-лады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бой-ында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде үйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалык. ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті -- оқытудың мақсаты мен мазмүны. Оқушылардьгң ру-хани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағы-ты орасан зор ықпал етеді.Болашақ мүгалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің зандылықтары туралы психоло-гиялык түжырымдармен, белгілі теория-лармен қаруландыру қажет. Соңгы курс-тың студенттсрі мен мүгалімдер арнаулы пондердсн алған білім, дағдыларының са-пасы мсн деңгсйі психология, педагогика, одістемелік пондеріне қарағанда жоғары скенін айтады. Осыдан келіп болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайыңцығы-ның ойдағыдай, ал біліктілік деңгейінің жоғары болмауының себептері айқывда-ла түседі.Психологая, педагогика ғылымдарын оқыту барысывда болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дагдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің косіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін калып-тастырудың психологиялык, жөне әдістемелік қүралдары мен тиімді жодда-ры туралы жан-жақты білім беру міндеті туындайды. Бүл міндет ойдағыдай орын-далмаса, болашақ мүғалімдердің дидакти-калық даярлығында олқылықтардың бол-мауы мүмкін смес. Дәріс №20.Өзін-өзі тексеру сұрақтары * Мұғалім қызметінің ерекшелігі * Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі * Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі ...Дәріс 21 Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. 1. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. 2. Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері. 3. Педагог шығармашылығы педпгог шеберлігін дамыту факторы ретінде. ...Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты. Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады. Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, <<Мен кіммін?>>, <<Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?>>, <<Менің өмірлік мақсатым қандай?>> деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: <<Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын>>. Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды. ... Дәріс 22 -2сағат Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері. Адам өз бойында қандай қасиеттерді қалыптастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін нақты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады. Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: <<Данышпан - бұл 1 процент шабыт, 99 процент -тер төгу>>. Осындай адамдарды мысалға келтірсек Ольга Скороходова көзі көрмей, құлағы естімей, тілі сөйлемейтін болса да тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесінде төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістіктерге жеткен. Ол кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басының ауыр жағдайына қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде. Әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады. ... Дәріс №.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1..Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде? * Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не? * Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады? * Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай? * Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады? * Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз? Практикалық сабақтар Практикалық сабақ №1 Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Жоспар: 1.Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік 2.Бағдарлы және бағдаралды оқыту . ... &&& $$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Мақсаты: Педагогикалық кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік " Бейімді-бағдарлы оқыту " мағынасын анықтау. Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі туралы айтқан педагог ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру. Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі туралы түсіндіру. ... &&& $$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Жоспар бойынша жұмыс жасаңыз. 12жылдық білім - қазақстан мектебінің болашағы Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы . &&& $$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2 Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Жоспар: 1. Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы 2.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде. 3.Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері 4.Бейінді оқыту формалары 5. Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы &&& $$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2 Мақсаты:. Білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы.Базистық оқыту жүйесі вариативті жоспар ... &&& $$$003-002-001$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары * Жоспар бойынша жұмыс. * Бір іс- әрекеттің түрін алып іс- әрекет құрылымының моделі бойынша талдап беріңіз. * Педагогикалық іс - әрекеттің деңгейлеріне анықтама беріңіз. 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы 2. К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары ... &&& $$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі ... &&& $$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. Тапсырма: Сұрақтарды зерттеп, тезис жазу. ... &&& $$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы Тапсырма: Тақырып бойынша конспект жасап,сұрақтар тізбесін (жауабымен) жаса. ... &&& $$$007-001-001$3.7.2 3-модуль бойынша тапсырма. К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау. Тапсырма: Оқып жаңа шыққан құжаттарды зертте ... &&& $$$007-001-004$3.7.5 1-межелік тест сұрақтары 1.12 жылдық білім беру концециясы қашан шықты: А) 2004. В) 2005. С) 2007. D) 2009. Е) 2001. 2.Дидактиканың негізгі категорияларының тобын көрсетіңіз:А) Объект, пән, болжам, мақсат, оқыту әдістері. В) Ілім, білім, оқыту, білік, білім беру. С) Сендіру, тәрбиелеу, жазалау, мадақтау, адамгершіліктілік. D) Идеология, менталитет. Е) Ізгілік, көзқарас, аспект, қоғам, идея. 3. Оқытудыц мазмұны: А) Оқыту процесінде оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдыларының жиынтығы. В) Оқытудың нәтижесі. С) Оқушылардың білім, білік, дағдьшарының жүйесі. D) Әрбір оқушы өзінің бейімділіктерін, қажеттіліктерін дамыту үшін таңдап алатын, мектепте оқылатын пәндер тізімін құрайтын білімдер шеңбері. Е) Ғылым негіздерінен білімдер жиынтығы. * Мемлекеттік білім беру стандарты: А) Жалпы білім беру мазмұны В) Мектеп бітірушілердің жалпы білімдік даярлығына қойылатын талартардың міндетті деңгейі және осы талаптарға сәйкес келетін оқытудың мазмұны, әдістері, формалары, құралдары және бақылау. С) Жеке алынған білім беру мекемесінің өзіндік ерекшелігін бейнелейтін құжат. D) Білім, ғылым және іс - әрекет түрлерінің үздіксіз білім алудың технологиялары (әдістемелері). Е) Әр оқу жылындағы оқу жүктемесінің ең көп мөлшері. * Оқу жоспары: А) Оқу пәндерінің толық тізімін анықтайтын, пәндерді әрбір оқу жылына, әр пән бойынша сағат санын бөлетін құжат. В) Оқылатын материалдың тақырыптық мазмүнын анықтайтын құжат. С) Оқушылардын білім, білік дағдыларына қойылатын негізгі талаптарды ашып көрсететін құжат. D) Дүниеге көзқарас мәселелерінің негізгі тізімі. Е) Жалпы білім беретін мектептің оқу процесін ұйымдастыруға нұсқау. 6. Оқулықтың атқаратын қызметі: А) Түрткі (мотивациялық), хабарламалық, жаттығулық (тренировочную). В) Дамытушылық, тәрбиелік, білімділік. С) Тәрбиелік, қалыптастырушылық, құрылымдылық (конструктивную). D) Коммуникативтік, үйымдастырушылық, мотивациялық. Е) Жаттығулық (тренировочную), орталықтандырылған бақылау. 7. Білім берудің мазмұнын көрсетпейтін құжат: А) Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты. В) Оқу жоспары. С) Сынып журналы. D) Оқу бағдарламасы. Е) Оқулықтар. 8. Оқудың мотивтері (түрткі): А) Оқу жұмыстарына немқүрайлы қарау. В) Оқушының белсенді оқу- әрекетіне және білім алу мазмұнын нәтижелі таныға іштей оянуы. С) Қоршаған ортаға теріс қатынас. D) Оқуды қаламау. Е) Білім алушының оқу процесіне қатысуы. 9. Білік: А) Автоматтық деңгсйге жеткізілген практикада білімдерді қоданудағы жақсы жетілдірілгсн әрекет. В) Тәжірибеде ігерлінген білімдерді қолдануды меңгеру тәсілдері (айла - шарғыларды, әрекеттерді). С) Білімдерді мағыналауға бағытталған әрекет. D) Дағдылардың жиынтығы. Е) Білімдерді бекітуге бағытталған әрекет. 10. Оқыту белгілеріне қайсысы жатпайды:А) Екі жақтылық сипат. В) Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс - әрекеті. С) Мұғалім тарапынан басшылық. D) Оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқару. Е) Әкімшілік бақылау. 11. Дифференциалды оқыту: А) Артта қалушы оқушылармен жұмыс. В) Әр бір оқушының немесе жеке оқушылар топтарының мүмкіншіліктері мен мұқтаждарын барынша есепке алу. С) Қиын балалармен жеке жұмыс. D) Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Е) Дарынды балаларды оқыту. 12. Оқытудың зандылықтары:А) Оқыту ережелері. В) Өсиет. С) Оқушылардың білім, дағдыларына қойылатын нақты жағдайлардағы өзара байланысы. D) Оқыту процесін үйымдастырудағы нүсқаулар. Е) Айқындалған жағдайлардағы қайталанатын объектитггі, елеулі, қажетгі, тұракты байланыстар. 13. "Жеңілден қиынға", "Белгіліден белгісізге", "Қарапайымнан күрделіге" ережелсрі оқытудың қай принципіне - А) Ғылымилық. В) Теория мен тәжірибенің байланысы. С) Қол жетерлік. D) Көрнекілік. Е) Жүйелілік және бір ізділік. * Я.А. Коменскийдің пікірінше "Дидактиканың алтын ережесі" А) Көрнекілік. В) Қол жетерлік. С) Сабақтастық. D) Ғылымилық. Е) Жүйелілік. 15.Дидактиканың "Бүкіл сыныппен жүмыс істей отырып, оқушыны есіңде үста" ережесі оқытудың қай принципіне қатысы бар: А) Жүйелілік және бірізділік. В) Оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алу. С) Саналылық және белсенділік. D) Беріктілік. Е) Көрнекілік. 16. Білім көздеріне байланысты оқыту әдістерін топтап бөлу;А) Индуктивтік және дедуктивтік әдістер. В) Ынталандыру, іс - әрекстті ұйымдастыру, бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері. С) Проблемалық, бірен - саран іздеу және зерттеу әдістері. D) Жаңа білімдерді зерттеу, бекіту және бақылау әдістері. Е) Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. 17. Тәжірибелік әдістер тобына жататын оқыту әдістерін атаңыз: А) Жаттығу. В) Түсіндіру. С) Иллюстрациялау. D) Әңгімелеу. Е) Демонстрациялау. 18. Оқытудың сөздік әдістерін көрсетіңіз:А) Тәжірибелік жұмыс. В) Жаттығу, байкау. С) Иллюстрациялау, демонстрациялау. D) Әңгіме, түсіндіру, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс. Е) Лабораториялық жұмыс, иллюстрациялау. 19. Оқытудың көрнекілік әдістерін көрсетіңіз:А) Байқау, демонстрациялау. В) Жаттығу, лабораториялық жұмыс. С) әңгіме, демонстрациялау. D) Кітаппен жұмыс, түсіндіру. Е) Лекция, әңгімелеу. 20. Оқытудың тәсілі: А) Оқытудың моделі. В) Оқытудың амал-жолдары. С) Оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе жеке жағы. D) Оқытудың эталоны. Е) Оқытудың құралы. 21. Қай белгісіне қарап сабақтың типін және құрылымын анықтайды:А) Дидактикалық мақсаттарына. В) Басты мақсатқа жетудегі уақыт мөлшеріне. С) Кұрылымдық компоненттердің құрамына. D) Мұғалімнің іс - әрекетіне. Е) Сабақтың бөліктерінің орналасуына. 22."Дидактикалық очерктер" еңбегінің авторы:А) Н.К. Крупская В) Н.Д.Хмель С) Р.Г. Лемберг D) Қ. Бержанов Е) Н. Құлжанова 23. Мұғалімнің сабаққа даярлығы: А) Сабақ тақырыбына байланысты картотека жасау. В) Бағдарламаны, кадендарлық жоспарды, оқулықты, берілген тақырып бойынша қосымша материалды зерттеу оқушылар үшін тапсырмаларды іріктеу, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. С) Сабақтың тақырыбына байланысты тақырыптық жоспарды құру D) Сабақтың тақырыбына байланысты әдебиеттерді оқу және талдау Е) Сабақтын тақырыбына байланысты әдістемелік нұсқауларды оқып үйрену. 24. Үй тапсырмасын үнемі орындау не нәрсеге қабыеттілік тудырмайды: А) Білімді терең меңгеруге. В) Үлгерімді төмендетпеуге. С) оқылған материалды бекітуге D) еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге Е) Білімді жүйелендіруге. 25. А.С.Макаренко тұтас педагогикалык процесс ретінде қарастырды:А) Тәрбие мен оқытудың бірлігі. В) Оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелілік функцияларының бірлігі. С) Оқушылардьтң өзара әрекетінің сипаты. D) Оқу- тәрбие процессінің оқудан тыс уақыттағы қатынасушылардың өзіндік әрекеттері. Е) Оның даму жағдайы. &&& $$$007-001-004$3.7.5 2-межелік тест сұрақтары 26. Б.Т. Лихачев тұтас педагогикалық процес ретінде қарастырды:А) Тәрбие мен оқытудың бірлігі. В) Оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелілік функцияларының бірлігі. С) Оқушыдардын өзара қатынастырының сипаты. D) Оқу - тәрбие процесіне қанытасушылардың оқудан тыс оқыттағы өзіндік әрекеттері. Е) Оның даму жағдайы. 27. Дүниеге көзқарастың құрылысына жатпайды:А) Білімін жалпылау. В) Білімді қажет етуі. С) Көз жеткізуі. D) Іс-әрекетке дайындығы. Е) Идеалдары. 28. Дүниеге көзқарастың жүйесі:А) Ғылым. В) Дін. С) Дүниеге көзқарас. D) Менталитет. Е) Дүниетану. 29. Мұғалімнің шешімі тиімді болмайды, егер ол:А) Диагностикада жинақталмаса. В) Мектеп әкімшілігі қоддамаса. С) Оқушыларды тарту және қызықтыру жүзеге аспаса. D) Оның өзіндік кызығушылығы ескерілмесе. Е) Ата-аналармен келісілмесе. 3О.Тұлғаның қалыптасуы бойынша саналы іс-әрекеттің өзіндік адамгершілік сапасы: А) Өзін-өзі дамыту. В) Өзіндік білім алу. С) Өзіндік басқару. D) Өзін - өзі тәрбиелеу. Е) Өзіндік жетілдіру. 31. Түлғаның дамуына әсер ететін жетекші факторлар:А) Жалпылау. В) Өзін-өзі төрбиелеу. С) Орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық. D) Жолдастары. Е) Отбасы. * Оқушының білімін кызықтыратын және оның меңгеруге мақсатты бағытталу: А) Тұлғаның қалыптасуы. В) Өзіндік білім алуы. С) Қайта төрбиеленуі. D) Өзіндік дамуы. Е) Өзін-өзі басқаруы. 33. Тұтас педагогикалык процестің кұрамына кіреді:А) Мүғалімдер мен оқушылар. В) Оқушы, мүғалім және ата-аналар. С) Максатты, мазмүны, түрлері. D) Мұғалім, оқушы, мақсат, мазмұн, міндет, оқу түрлері, құралдары, әдістері, тәсілдері. Е) Мақсат, міндет, әдістер, тапсырмалар. 34. Жоғары тиімділікті көрсететін, педагогикалық процеске қатысушылардың ара - қатынасы: А) Өзіндік басқару. В) Өктемдік (авторитарлық) басқару. С) Комминарлық әдіс. D) Либералды басқару. Е) Қарым-қатынас педагогикасы. 35. Оқыту: А) Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті. В) Мұғалімнің оқушыларға білім беруі. С) Мұғалім мен оқушының өзара қатынасы. D) Оқушының оқу іс-әрекеті. Е) Арнайы ұйымдастырылған оқушының жұмысы. 36. Ғылыми дүниетаным жеке түлғаға мүмкіндік береді:А) Кәсіпті дүрыс тандауға. В) Өзінің қабілетін бағалауға. С) Қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдау және ұғану. D) Нағыз достарды тандау. Е) Тиімді оқып үйрену. 37. Дүниетаным: А) Шынайылықты сезіну. В) Адам санасының ерекше (спецификалық) формасы. С) Өзіндік позицияны таңдау. D) Басқа адамды түсіну қабілеті. Е) Адамдық қарым-қатынасты түсіну. 38. Білім: А) Адамның әлемді сезінуі. В) Оқулықтың мазмұны. С) Сабақтың жаңа материалының мазмұны. D) Ғылыми шындық жүйесі. Е) Оқушының үй тапсырмасы. 39. Дүниетанымдық негізге жатқызуға болмайды:А) Әлемнің даму заңдылықтарын. В) Әлемді және оның зандылықтарын тануды. С) Практика танымның және шындык өлшемдерінің негізі ретінде екендігін. D) Білім беру жүйесінің құрылу заңдылықтарын оқып білу. Е) Қоғамдық сананың түрі мен рөлі. 40. Педагогикалық ғылым жүйесіне келесі пәндер кірмейді:А) Мектепке дейінгі педагогика. В) Тәрбие теориясы. С) Психология. D) Жоғары мектеп педагогикасы. Е) Оқыту теориясы. 41. Тәрбиенің теория және әдістемелік зерттеу пәніне жатпайтындар: А) Жеке тұлғаны қалыптастыру барысындағы тәрбиенің мәні мен маңызы. В) Тәрбие жұмысының мазмұнын анықтау. С) Тәрбие әдістерін құрастыру. D) Оқушыларды окытудың тәрбиеге әсерін зерттеу. Е) Оқушылардың білім алу деңгейін зерттеу. 42. Қарым-қатынас: А) Қоршаған дүние мен адамдардын арасындағы байланысы. В) Адамдар әдебі. С) Алған білімді меңгеру. D) Қазіргі заманғы проблемаларды түсіну. Е) Тұлғаның көзін жеткізу. 43. Оқытудың техникалық құралдарына жатқызуға болады:А) Жаттығуларды. В) Көрнекі кұралдарды. С) Кестелерді. D) Демонстрациялауды. Е) Компьютерлерді. 44. Технологиялардың негізгі аспектілеріне жататындар:А) Проссеуальдық іс-әрекет. В) Ғылыми-техникалық. С) Эмоциональдық. D) Ұйымдастырушылық. Е) Формальды-техникалық. 45. Бес балдық баға мынадай жағдайда қойылады:А) Оқушы материшщағы білімін көрсетеді. В) Бағдарлама бойынша материалдың барлық көлемін меңгереді. С) Жазба жүмыстарында қателік жібереді. D) Оқушы меңгерген материалдарының кейбіреуінен ғана түсінігі бар. Е) Жауабында салмақты қателер жібермейді. 46. Отбасының қызметіне жатпайды:А) Тұқым жалғастырушылық. В) Тәрбиелеушілік. С) Экономикалық. D) Кәсіпке оқытушылық. Е) Түзетушілік. 47. Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы болып табьомайтын форма: А) Ата-аналар жиналысы. В) Спорттық жарыстар. С) Туристік саяхат. D) Үйірме жұмыстары. Е) Әдебиетті бірлесе оқу. 48. Отбасы тәрбиесі туындады:А) Құлиеленушілік қоғамда. В) Б.з.д. І-ІІ ғ.ғ. С) Алғашқы еңбек қүралдарының пайда болуына байланысты. D) Тәрбиенің қоғамдық қызметінің ерекшеленуіне байланысты. Е) Моногамиялы отбасының пайда болуына байланысты. 49.Оқушылардың білімін бақылау болып саналмайды: А) Күнделікті. В) Бір рет. С) Үнемі. D) Қорытынды. Е) Аралық. 50. Білімді бағалау түріне жатпайды:А) Оқушының сабақтағы жауабы. В) Тапсырманы карточка арқылы орындауы. С) Шығарма жазуы. D) Үй жүмысын орындауы. Е) Дискуссия клубтарында сөйлеуі. 1. ҚР білім беру жүйесін басқару қандай қүжатқа негізделеді: А) Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасына. В) Этномәдени білім беру түжырымдамасына. С) Жергілікті білім беру бөлімдерінің қатысуына. D) Тіл туралы заңға. Е) Білім беру заңына. 2. 12 жылдық білім беру шарттары:А) Қ.Р. жаңа заңнама және нормативтік құқықтық акт жасауы. В) Өмірмен байланьгстылығы,үлттық срекшеліктері. С) Жеткіліктілік, айналысу қызметі,мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты мүмкіншіліктерін ескеру. D) Педагогтарға, ата- аналарға талап қоюды есепке алу. Е) Білімді кіріктіру, жаңа технологияны қолдану. 3. Оқу бағдарламасында көрсетіледі: А) Белгілі тақырыптарды оқуға байланысты сағат саны, оқу пәндерінің мазмұны мен білім көлемі. В) Оқу пәндерін кластарга бөлу жоне сагат санына қарай оқыту. С) Тоқсандық оқыту жалгасындағы оқу пәндерін оқыту тәртібі. D) Әр бір оқушының қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыратын білім өрісі. Е) Мектепте оқытылатын пәндер тізімі және оларға бөлінген сағат саны. 4. Бейімді оқыту мына бағыттарда жүредіі:А) Оқушылардың қүрамының түрақсыздығы. В) Дарынды балаларға бағыттау. С) Оқушылардың тұрақты құрамы және олардың дайындық деңгейі. D) Жаратылыс тану,гуманитарлық,технологиялық. Е) Жаңа материалдарды түсіндіру. 5. Портфолио: А) Әңгімелесу. В) Иллюстрация және демонстрация. С)Оқушының білімдік рейтінгі және жетістіктері. D) Практикалық жұмыс. Е) Лабораториялық жүмыс. 6.Мектептегі білім беру мазмұнының анықтайтын негізгі құжаттар: А) Оқулықтар, оқу жоспары, оқу бағдарламалары. В) Газеттер, журналдар жоне баска да баспасөз беттері. С) Әдістемелік оқулықтар. D) Мектептегі тәрбие жүмысының жоспары. Е) Класс жетекшінің жүмыс жоспары. 7. 12 жылдық білім беру құрылымы: А) Тәрбиелеу В) Оқу процесі және оның заңдылықтары. С) Педагогикалық шеберлік D) 1-4,5-10,11-12сыныптар Е) Үздіксіз білім беру 8. Оқыту әдістеріне мыналар жатады: А) Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық әдістер. В) материалды өңдеудің математикалық әдістері С) факультативтік сабақтар D) интервью және анкеталық сауал Е) Сабақтан тыс үйірмслердін жұмысын ұйымдастыру. 9.Окыту процесінің жалпы заңдылықтарын ашатын педагогиканың жеке бөлімі: А) Мектеп педагогикасына кіріспе В) Дидактика С) Педагогика тарихы D) Тәрбие теориясы Е) Этнонедагогика 10. Оқу пәндерінің құрамы әр жыл сайын қандай құжатпен реттеледі: А) Мектептің жылдық жоспарымен. В) Мектеп жарғысымен. С) Оку бағдарламалармен. D) Оқу жоспарымен. Е) Күнтізбелік жоспармен. 11. Оқу процесін ұйымдастыруга байланысты қойылатын талаптардың ережелері: А) Білім беру мазмүны. В) Оқытудың принциптері. С) Окытудың мақсаты. D) Оқытудың міндеттері. Е) Оқытудың әдістері. 12. Қазіргі оқыту теориясының әдіснамалық негізі:А) Таным теориясы. В) Табиғаттың даму заңдылықтары. С) Қоғамның даму зандылықтары. D) Білім алушылардың жас ерекшеліктері. Е) Білім беру туралы деректі құжаттар. 13. Қ.Р. <<Білім туралы заңы>>:А) 1997,маусым. В) 2007 С) 1984,сәуір. D) 2001 Е) 1992 14. Білім берудегі ҚР мемлекеттік саясатының принциптеріне жатпайтындар: А) Білім берудің зайырлы сипаты. В) Ерлер мен әйелдердің бөлек оқытылуы. С) Үздіксіз білім беру. D) Барлық азаматтардың тең қүқылығы. Е) Жалпы орта білімнің ақысыз оқытылуы. 15. 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігіА) Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. В) Сабақ кестесін құрастыру. С) Оқушылардың үлгерімі мен тәрбиесін қадағалау. D) Оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау. Е) коммуникативтік қарым қатынас. * Мектептеи және кластан тыс тәрбие жүмыстарын ұйымдастырушы-нын міндетіне жатпайды: А) Мектептегі сабақтан тыс тәрбие жүмысын жоспарлау. В) Класс жетекшілерге тәрбие іс-шараларын өткізуді үйымдастыруға әдістемелік көмек. С) Тәрбие жұмысының жоспарының орындалуын бақылау. D) Белсенді окушылардың сабақтан тыс тәрбие жүмысын өткізулеріне әдістемелік көмек. 17. Оқу пәндерінің құрамын, тәртібін және бірізділігін апталық сағат көлемін көрсете отырып, қандай құжатпен анықтайды: А) Мемлекеттік стандартпен. В) Оқу бағдарламасымен. С) Оқу жоспарымен. D) Проффессиограмма арқылы. Е) Білікті мінездемемен. 18. Жинақы тарихи қалыптасқан және өзара байланысты мемлекет-тің оқу-тәрбие мекемелері: А) Үздіксіз білім беру. В) Кәсіби даярлық жүйесі. С) Білім беру жүйесі. D) Өзін-өзі білімдендіру. Е) Жалпыға бірдей орта білім беру. 19.Дидактика:А) Оқыту әдістері. В) Танымдық процестің зандылықтары. С) Оқыту принциптері. D) Оқу процесінің қүрыльшы. Е) Оқытудың жалпы теориясы. * Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алудағы негізгі атқаратын қызмет: А) Ынталардырушылық, дамытушылық, оқытушылық, бақылаушылық, тәрбиелеушілік. В) Шығармашылық, мәдениетті қалыптастырушылық, тілді дамытушылық. С) Ұлтаралық келісімді нығайту, этнопедагогиканы ендіру, сабақ беру дең- гейін көтеру. D) Педагогикалық іс-әрекеттің алдыңғы тәжірибелерін тарату, оқыту мотивтерін бекіту,оқу пәндерін нығайту. Е) Қызметтестік, зерттеушілік, компьютерді танушылық. * Педагогикалық кеңестің мәжілісінде қарастырылмайтын мәселелер: А) Мұғалімдердің қосымша ақыға жұмысы (репетиторлық). В) Әдістемелік үйымдардың жүмысы. С) Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату. D) Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру проблемалары. Е) Жаңа педагогикалық технологияны ендіру. 22. Педагогикалық процестің негізгі компоненттеріне жатпайды:А) Білім беру мазмүны. В) Білім беру мақсаты. С) Тәрбиенің міндеттері. D) Оқыту түрлері. Е) Мұғалімдерді даярлау. 23. Қазіргі білім берудің даму тенденциясына не жатпайды:А) Ақпараттандыру. В) Ұлттандыру. С) Демократияландыру. D)Компьтерлендіру Е) Ізгілендіру. 24. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуын анықтады:А) Ғылыми қызметкерлердің қажеттілігі. В) Ата-аналардың балалар бақыты жөніндегі қамқорлығы. С) Тұқымды сақтаудың биологиялық заңы. D) Адамның өмір мен еңбекке дайындалуының обьективтік қажеттілі. Е) Тәрбиенің өмірдегі рөлін арттыру. 25. "Ұлы дидактиканы" жазған:А) Ж.Ж.Руссо. В) И.Герберт. С)А.Дистервег. D) Я.А. Коменский. Е) Джон Локк. 26. Жас ерекшелік педагогикасына қатыстылар: А) Сәбилер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы. В) Педагогиканың тарихы. С) Салыстырмалы педагогика. D) Этнопедагогика. Е) Сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика. 27. Ғылыми зерттеу әдісіне төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады: А) Кезекші мүғалім асханадағы тәртіпті бақылайды. В) Педегог курстың жекелеген тақырыптарын оқып-үйрену барысында оқушылардың дамуын компьютерлік бағдарламаның көмегімен байқалады. С) Экскурсия кезінде биологияның мүғалімі оқушылармен бірге құмырсқалардың мінез-күлқын бақылайды. D) жас мүғалім тәжірибелі әріптесінің қиын оқу материалын түсіндіру барысындағы әрсксттсрін бақылайды. Е) Сынып жетекшісі оқушылар киімінің үқыптылығын қадағалайды. 28. Жеке тұлғаны қалыптастыру: А) Әр түрлі жағдайлардың адамдардың саналы қызметіне тәуелсіз түрде ықпал етуі. В) Адам ағзасындағы сандық өзгерістер процесі мен нәтижесі. С) Барлық, әлеуметтік, идеологилық, психологиялық және т.с.с. ықпалымен адамның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы. D) Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық әрекеттерді саналы және өз бетінше орындауға дайындық. Е) Нақты тәрбиелеу міндеттеріне бағытталған тәрбиелеу жүмыстары процесі мен нәтижесі. 29. Даму: А) Сандық өзгерістердің адам ағасында жинақталуы. В) Ескіні жою және жаңаның пайда болуы. С) Өмір мен қызмет процесі барысында жүзеге астын адамның әлеуметтік тіршілік иесі етіндс қалыптасуы. D) Уақыт ішінде әр қилы факторлардың ықпалымен жүзеге асатын адамның сандық және сапалық өзгерістері. Е) Алдын-ала козделген сапалық қасиеттсрдің адамдарда қалыптасуының белгілі бір мақсатқа бағытталған процесі. 30. Жалпы педагогиканың дәстүрлі бөлімдері:А) Дидактика, тәрбиелеу теориясы. В) Жалпы негізі, дидактика, тәрдиелеу теориясы, мектеп тану. С) Жалпы негізі, дидактика, педагогика тарихы. D) Мектептану, оқыту әдісі, мектепке дейінгі педагогика. Е) Тәрбиелеу теориясы, мектептану, жас ерекшеліктері педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика. 31. Әңгімелесу: А) Әлде қандай педагогикалық құбылысты белгілі бір мақсатқа орай қабылдау. В) Озық тәжірибені, сол сияқты оқытушылар тәжірибесін зерттеу, сабақ жүргізу әдістемесін анықтау. С) Кез-келген әдісті, жұмыс тәсілік оның тиімділігін айқындау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру. D) Қатаң қадағаланатын жағдайларда өткізілетін алдына белгілі бір мақсатқа бағытталған, сынаққа түсксндердің барлығына арналған біркелкі зерттеу. Е) Қажетті ақпарат алу немесе бақылау барысында түсініксіз болған құбылысты түсіну максатындағы дербес және қосымша зерттеу әдісі. 32. Қазіргі замандағы педагогика атқаратын қызметтері: А) Ғылыми-теориялық, пратикалық, болжам жасаушылық. В) Тәрбиелік, қалыптастырушық, білімділік, тәжірибелік. С) Ғылыми-теориялық, экономикалық, тәжірибелік. D) Мотивациялық, экономикалық, тәжірибелік. Е) Жасампаздық, тәрбиелік, дамытушылық. 33. Педагогикалық біліктілік: А) Педагогикалық жобалау дағдысы мен тәжірибесінің барлығы. В) Обьективтік, шындық заттары мен құбылыстары туралы игерілген мәліметтердің, ұғымдардың, түсініктердің жиынтығы. С) Адамның сакасының ерекшс формасы озінің көзқарасын, сенімін, идеясын жүйеге еңгізіу. D) Педагогтың оқыту мақсатын жүзеге асътру жөніндеғі тәртіпке келтірілген қызметі. Е) Тәжірибеге бағытталған қызығушылығын жүзеге асырудағы адамның іс- әрекеттерінің жиынтығы. 34. Коршаған ортадағы оқушылардың қарым-қатынас кезіндегі тұлғалық өзгерістеріндегі процестердің пайда болуы әсерінен, тұлға кұрылымындағы физикалы және әлеуметтік - психологиялық өзгерістерінің пайда болуы қалай түсіндіріледі: А) Құрылуы. В) Қалыптасуы. С) Дамуы. D) Тәрбиесі. Е) Әлеуметтенуі. * Оқушылардың ғылыми көзқарасынын жоғары деңгейде қалыптасуына мүмкіндік береді: А) Дәстүрді оқыту. В) Проблемалық оқыту. С) Бардарламаланған оқыту. D) Технологиялық оқыту. Е) Догматикалық оқыту. 36. Бірлікке жетуді талап ететін және оған қатысты барлық компоненттер мен факторларды күрайтын қағиданың мәні: А) Демократиялық. В) Ақпараттық. С) Тұтастық. D) Мәдени үйлесімділік. Е) Табиғи үйлесімділік. 37. Профессиограммаға жатпайды: А) Болашақ мамаң жүмысьшың түрі мсн жағдайларына қысқаша сипаттама. В) Кәсіби қажеттіліктің нормативтері мен көрсеткіштері. С) Жас мамандарды таңдауға қүралған бағалау шкалалары. D) Бітірушілерді даярлаудағы қойылатын косіби талаптар. Е) Мамандарды мақсатқа сәйкес даярлаудық приоритеттернің алмасуы. 38. Жеке тұлғаның ғылыми ақиқат жүйесі ретіндегі пікірінің құрастырушылық сипаттының формасы болып табылады: А) Білім. В) Көз жеткізуі. С) Көзқарасы. D) Идеалары. Е) Құндылықтары. 39. Өз-өзіне аз уақытта нүсқау жасауы:А) Көз жеткізуі. В) Өзін-өзі бақылауы. С) Өзіндік бұйрық. D) Өзін-өзі тиянақтау. Е) Өзін-өзі сендіру. 40. Жүріс-тұрысты, ынталандыруды өзгертуге бағытгалған сыртқы реакциялардың өзгерістері ретінде ғылыми сипатталатын теория: А) Когнитивтік ( латын тілінен "білу"). В) Бихевиористтік (тәртіп, мінез - құлық (ағл. тілі). С) Прагматизм грек тілінен ауд. "әрекет" Д. Дюи. D) Іс-әрекеттік. Е) Асоциативті. * Теориялық ойлаумен, практикалық іс-әрекетте сезімдік кабылдаудың бірлігімен көрінетіН іс-әрекеттің аталуы: А) Еңбек ету. В) Танымдық. С) Тәжірибелік. D) Ойын. Е) Өз бетінше. 42. Педагогикалық технологияларға кіретін, оқыту процесін басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі негізінде құрылған жүйелер: А) Проблемалық окыту. В) Бардарламалы оқыту. С) Ойын технологиясы. D) Тұлғалық-бағдарлау технологиясы. Е) Дәстүрлі оқыту. 43.Дидактикалық бірлікті кеңейтетін (ДБК) педагогикалық технологияның авторы болып: А) С.Н. Лысенкова. В) В.Ф. Шаталов. С) Л.В.Тарасов. D) П.М. Эрдниев. Е) В.К.Дьяченко. * Ғылыми білім жүйесі ретінде дидактика үғымын алғаш рет өңдеген: А) Я.А. Коменский. В) В.Ратке. С) И.Г. Песталоцци. D)И.Ф.Гербарт Е)Ж.Ж. Руссо. * Дидактика "Жалпыға бірдей өнер, барлығын бәріне үйретеді",-деп түсіндірген: А) Я.А.Коменский. В) Ж.Ж. Руссо. С) И.Г. Песталоцци. D) П.Ф. Каптерев. Е) В. Ратке. 46.Оқыту процесінде жетекші жүйе қүрушы фактор болып: А) Оқыту әдісі. В) Оқыту түрлері. С) Оқытудың мақсаты. D) Педагогикалық технология. Е) Білімнің мазмүны. 47.Тұтастық пен жекенің бірлігіне жету саласында оқыту мазмұнын меңгерту кезіндегі құрылымы мен элементтері қандай қағидаға мақсатталады: А) Жүйелілік. В) Көрнекілік. С)Нақтыл. D) Ғылымилық. Е) Жеткілікті. 48.Педагогика мен психологияның жаңа жетістіктерінің негізінде педагогикалық процесті ұйымдастыру мына кағиданы ұсынады: А)Жүйелік. В)Көрнекіл С)Нақтыл. D) Ғылымилық. Е) Жеткілікті. * Педагогика пәніне не кіреді: А) Оқыту процесі. В) Тәрбие процесі. С) Педегогикалық процесі. D) Білім беру жүйесі. Е) Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті. 50.Дидактиканың пәніне не кірмейді: А) Оқытудың мазмұны мен мақсаты. В) Оқытудың заңдылықтары. С) Оқушыларға ата-аналардың ықпалы. D) Оқытудың принциптері мен әдістері. Әзірлеген п.ғ.к, доцент Дуйсембекова Ш.Д. Әдебиеттер тізімі: 1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Егемен Қазақстан 2004-16 қазан 2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ұғымдар.- Алматы: РОНД, 2002. 3 С.А. Тажибаева , Проблемы профильного обучения // Открытая школа,2006 №3 4.М.Н. Иманқұлова, Проблемы профильного обучения // Открытая школа,2007 №2 Г.Халықова. Жаңа формациядағы болашақ мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері. //Абай атынд. ҚазҮПУ хабаршысы, "Педагогикалық ғылымдар" сериясы, №2(10), 2005, 55-57-6. 5.Г.Саудабаева. Профессиональная ориентация учащихся старших классов средней общеобразовательных школов... Дисс. на соискание уч. степени канд. пед. наук., А., 1995, 14-6. 6.В.Ф. Сахаров. Педагогические основы системы профессиональной ориентации учащихся средней школы. Автореферат на соискание ученой степени док. пед. наук. Мос, 1985, 14-6. 7.Ә.Мүсілімов, А.Сиымова. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс жумыстардың түрлері. //Жоғарғы мектеп, №2, 91-6. 8.Каримов Н.А Кәсіби пәндер, // Білім 2005 №5 9. Пазылова Г. Кәсіби біліктілікке кең өріс,//Қазақстан мектебі 2006 № 7-8 Қосымша пайдаланылған әдебиеттер: * Жадрина М. Дидактические аспекты дифференциации содержания школь - ного образования. Алматы, РИК, 2000. * Тоқбергенова У. Бағдарлы оқытудың басымдылығы//Қазақстан мектебі, №7, 2005. 69-72 беттер * Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңы//Алматы: шығармашылық педагогикасы, №1, 1999. З-41-беттер. * Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыга міндетті стандарты. Алматы, РОНД, 2003. * Лернер П.С. Модель самоопределения выпускников профильных классов средней общеобразовательной школы // Школьные технологии. №4, 2003. * Борибеков К.К. Основные направления развития технического и профессионального образования в Республике Казахстан (в условиях перехода на 12-летнее среднее образование) // Наука и высшая школа Казахстана, 01.10.2004, - С.12-19 * Жадрина М.Ж. Подход к построению технологии развития жизненных навыков и компетенций //Открытая школа, 2005. -- №2 (39).- С.3-7 * Жадрина М.Ж. Проблема определения многоуровневой системы ожидаемых результатов обучения в школе. // Открытая школа, 2004.- №№8(33). -- С. 3-9 * Муканова С.Д. Организационно-техническое и методическое обеспечение адаптации школ к новому режиму деятельности //Открытая школа.- 2004.- №5.- С. 3-5 * Муканова С.Д. Образование, ориентированное на результат: единство и многообразие //Открытая школа, 2005.-№4 (41). -- С. 6-9 * Имашев Г.И. Профильное обучение - новый этап совершенствования политехнического образования в средней школе // Материал из веб-сайта россиийского научно-педагогического интернет-журнала <<Руснаука>>: http://www.rusnauka.com/
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz