Файл қосу
Күкіртті сутегі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-34.1.83/02-2013 ПОӘК <<Элементтер химиясы>> пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы 18.09.2013 ж. № 1 басылым ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<Элементтер химиясы>> 5В011200 - <<Химия>> мамандығы үшін СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНГЕН Құрастырушы _______ <<__02__>>___09____2013 ж. А.К. Сапакова, б.ғ.к., доцент м.а., <<Химия және география>> кафедрасы 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 <<Химия және география>> кафедрасының отырысында <<__02___>>___09______2013 ж., № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі м.а. _________ Д.Р. Онтагарова 2.2 Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында <<__03___>>____09_______2013 ж., №1 хаттама Төрайымы_________ З.В.Абдишева 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған <<___18__>>___09______2013 ж., №1 хаттама ОӘК төрайымы ____________ Г.К. Искакова 4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР Мазмұны * Қолдану саласы * Нормативтік сілтемелер * Жалпы ережелер * Оқу пәннің (модульдің) мазмұны * Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі * Пән бойынша оқу-әдістемелік карта * Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы * Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер: Сапакова Айгуль Касенкановна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а. Химия және география кафедрасы Байланыс ақпараты - тел: 77-33-58, оқу ғимараты №3, кабинет №418 Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 407 Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі элементтер химиясын оқып үйрену басты мәселе. Бұл пәнді студенттер химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша оқиды. <<Элементтер химиясы>> пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Элементтердің және олардың жай және күрделі бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері барлық химиялық білімдердің негізін құрайтын теориялық түсініктері мен концепциялар курстың пәні болып саналады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Болашақ мамандар - ғылыми жұмысшылар мен химия пәнінің мұғалімдеріне бұл пән өлі және тірі табиғатта жүретін процесстерді өте терең түсіну үшін қажет, себебі олар көпшілік жағдайларда өзінің негізінде химиялық характері болады және негізгі химиялық заңдылықтарға бағынады. Элементтер химиясынан алған білім студенттердің химиясының басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химиясы, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады. 1.3. Пәнді оқып-білудің мақсаты: Элементтердің жіктелуін және олардың қосылыстарының алынуы мен қасиеттерән оқып білу. 1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: * Бейорганикалық химия туралы толық түсінікті беру; * Маңызды бейорганикалық заттардың өндірістік алу жолдары және қасиеттерімен танысу; * Студенттерді эксперименттік жұмыстарды орындау және химиялық ыдыс пен құралдарды қолдану дағдысына, әртүрлі есептерді шығаруға, эксперимент қорытындысын графикалық түрде көрсетуге, қажетті күрделі математикалық есептеулер жүргізуге үйрету. 1.5 Оқып-білудің нәтижелелері: Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды: * алдымен химиялық элементтерді металдар, амфотерлі және бейметалдар деп жіктеп білу; * периодтық заңды қолдану арқылы периодтық жүйенің құрылымы мен атом ішіндегі электрондар таруының арасындағы байланыстың себебін, Паули принципін және Хунд пен Клечковский ережелерімен қолданып, периодтық жүйеде орналасуын қарастырып әртүрлі элементтің электрондық конфигурациясын жазу, элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша өзгеруін теориялық түсіндіруін және s, p, d, f - элементтердің (жалпы қасиеттері мен өзгешеліктерін) білу; * периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы элементтермен танысу; * негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасын білу; * ауыспалы элементтердің химиясын білу; * элементтердің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, алу жолдарының жалпы принциптерін, өндіріспен байланысын білу; * периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы орналасқан элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруіне, қосылыстарының қасиеттеріне, олардың қолдану саласына назар аудару және қорытынды жасау білу. + Курстың пререквизиттері: o физика o математика + Курстың постреквизиттері: o физикалық химия: o аналитикалық химия o зат құрылысы o коллоидты химия o биологиялық химия o экология * Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 1 кесте № Тақырып атауы Сағаттар Әдебиет Дәріс ЗС ПС ОСӨЖ СӨЖ 1. Сутегі. 1 1 1 4 7.1.1-7.1.15 2. VII топтың негізгі топша элементтері. 3 2 2 4 7.1.1 3. VI топтың негізгі топша элементтері. 3 2 2 4 7.1.1 4. V топтың негізгі топша элементтері. 3 1 2 4 7.1.1 5. IV топтың негізгі топша элементтері. 3 1 2 4 7.1.1 6. Металдарды алу жолдары және жалпы қасиеттері. 1 - 1 4 7.1.1 7. III топтың негізгі топша элементтері. 1 1 1 4 7.1.1 8. II топтың негізгі топша элементтері. 1 1 2 4 7.1.1 9. I топтың негізгі топша элементтері. 1 1 2 4 7.1.1 10. VIII топтың негізгі топша элементтері. 1 - 1 4 7.1.1 11. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама. 1 - 0,5 4 7.1.1 12. I топтың қосымша топша элементтері. 2 1 1 4 7.1.1 13. II топтың қосымша топша элементтері. 2 1 1 4 7.1.1 14. VI топтың қосымша топша элементтері. 2 1 1 4 7.1.1 15. VII топтың қосымша топша элементтері. 2 1 1 4 7.1.1 16. VIII топтың қосымша топша элементтері. 2 1 1 4 7.1.1 17. Лантаноидтар және актиноидтар. 1 - 1 3,5 7.1.1 Жалпы 30 с. 15 с. 22,5 67,5 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР <<Элементтер химиясы>> курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, зертханалық жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы. Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Зертханалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: зертханалық сабақтың тақырыбына сәйкес дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; тақырып бойынша ұсынылған есептердің әдістемелік нұсқауларымен танысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады. 4 КУРС ФОРМАТЫ <<Элементтер химиясы>> пәні - 3 кредит. Курс бойынша дәрістің 1 сағаты 50 минутты және зертханалық сабақтың 1 сағаты 100 минутты құрайды, аптасында кесте бойынша 2 сағат дәріс және 1 сағат зертханалық сабақ қойылған. Дәрістерге, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Зертханалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және есептер шығарудың әдістемесін білу үшін формуларды, кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. 5 курс саясаты Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ Студенттердің білімін бақылау келесі формада орындалады: - ағымды бақылау (апта сайын жүргізіледі); - межелік бақылау (7 и 15 апталар); - қорытынды бақылау - емтихан. Ағымды бақылау дегеніміз дәрістерде, практикалық сабақтарда және ОСӨЖ студенттердің білімін жүйелі тексеру. Ағымды бақылаудың әр түрлері қолданылады: - ауызша сұрау; - бақылау жұмыстар; - үй жұмыстары; - тестілер. Пәнді оқыту процесінде студенттер жұмысының әр түрі балл түрінде бағаланады. - зертханалық жұмыстың орындалуы мен қорғау - 210 балл (7 зертханалық жұмыс - 15 баллдан, 7 зертханалық жұмыс - 13 баллдан, 1 зертханалық жұмыс - 14 балл); - ОСӨЖ графигі бойынша бақылау жұмысты орындау - 60 балл (12 СРСП - 5 баллдан); - СӨЖ түрінде өздік жұмыстарды орындау - 150 балл (2 жұмыс - 45 баллдан, 2 жұмыс - 30 баллдан); - межелік бақылау - 120 балл (1 МБ - 60 балл, 2 МК - 60 балл). Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды. Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген <<Элементтер химиясы>> пәні бойынша баллдардың таратылуы Кесте 2 Апта Бақылау түрі Баллдардың барлығы Қосымша 1-7 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Зертханалық жұмыстардың орындалуы (есеп, қорғау) 1 Сутегі. Сутегінің асқын тотығы. * Сутегіні металға қышқылдың әсерімен алынуы. * Алюминийдің сілтімен әрекеттесу арқылы сутегіні алу. * Калий перманганатын атомарлы сутегімен тотықсыздандыру. * Сутегінің асқын тотығын алу. * Сутегінің асқын тотығын ашуының реакциясы. * Сутегінің асқын тотығының ыдырауы және оның жылдамдығына катализатордың әсері. * Сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш қасиеттері. * Сутегінің асқын тотығының тотықсыздандырғыш қасиеттері. 15 Практикалық сабақта 2 Хлор және хлорсутегі. Хлодың оттекті қосылыстары. * Хлордың алынуы. * Хлордың металдармен әрекеттесуі. * Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі. * Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі. * Хлор суы және оның қасиеттерін анықтау. * Хлорсутегін алу және оның қасиеттерін анықтау. * Жавель суын алу. * Жавель суының тотықтырғыш қасиеттері. * Ағартқыш ізбесті алу және оның қасиеттері. 15 Зертханалық сабақта 3 Бром, йод және олардың қосылыстары. 1. Бром мен йодты алу. 2. Бромның қасиеттері. 3. Йодтың қасиеттері. 4. Калий иодидіне, калий бромидіне хлор суының әсері. 5. Бром және йод иондарына реакциялар. 15 Зертханалық сабақта 4 Күкірт. Күкіртті сутегі. Сульфидтер. 1. Пластикалық күкіртті алу. 2. Күкіртті сутегін алу және оның жану қасиетін зерттеу. 3. Күкіртті сутегінің суын алу. 4. Күкіртті сутегінің тотықсыздандырғыш қасиеттері. 5. Металл сульфидтерін алу және қасиеттерін зерттеу. 15 Зертханалық сабақта 5 Күкірттің оттекті қосылыстары. 1. Күкірт (ІУ) оксидін алу. 2. Күкірт (ІУ) оксидінің қасиеттері. 3. Күкірт қышқылының қасиеттері. 15 Зертханалық сабақта 6 Азот және оның сутекті қосылыстары. Азоттың оттекті қосылыстары. 1. Азотты алу және оның қасиеттері. 2. Аммиакты алу. 3. Аммиактың қасиеттері. 4. Аммоний ионына реакция. 5. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы. 6. Аммоний хлоридінің қайта айдалуы. 7. Азот (ІІ) оксидін алу. 8. Азот (ІІ) оксидінің қасиеттері. 9. Азот (ІУ) оксидін алу. 10. Азот (ІУ) оксидінің қасиеттері. 11. Азотты қышқылдың алынуы және ыдырауы. 12. Қыздырғанда нитраттардың ыдырауы. 15 Зертханалық сабақта 7 Көміртегі және оның қосылыстары. 1. Көмірдің тотықсыздандырғыш қасиеттері. 2. Көміртегі (ІУ) оксидін алу және оның қасиеттерін анықтау. 3. Көмір қышқылының тұздарының түзілуі. 15 Зертханалық сабақта Студенттің өздік жұмысы 3 1. VII топтың негізгі топша элементтері. Фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Фтор және оның қосылыстарының биологиялық рөлі. Хлор және оның қосылыстарының қолданылуы. Қоршаған ортаны хлормен ластанудан қорғау. Зиянды заттардың шекті концентрациясы туралы ұғым. Хлордың ШК-сы. Тұз қышқылының және хлоридтерінің организмдегі физиологиялық рөлі. Натрий хлоридінің су алмасуды реттеудегі рөлі. Галогендердің бір-бірімен қосылыстарына жалпы сипаттама. Галогендерден түзілген жай заттар мен қосылыстардың биологиялық рөлі. 2. VI топтың негізгі топша элементтері. Оксидтер, олардың алынуы, қасиеті, жіктелуі және номенклатурасы. Оттегінің қолданылу аймағы. Өсімдіктер өміріндегі оттегінің рөлі. Ауа. Ауаның тұрақты және өзгеріп отыратын құрамдық бөлігі. Таза ауа проблемасы. Сұйық ауа, оның қасиеті және практикалық қолданылуы. Оттегінің сутектік қосылыстары. Су және сутегі пероксиді, құрамы және молекулаларының электрондық құрылысы. Сутегі пероксидінің қышқылдық, негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиетінің термодинамикалық тұрақтылығы. Күкіртті сутегінің физиологиялық әсері, оның шекті мүмуін концентрациясы (ШМК). Поликүкірт сутектер және полисульфидтер жөнінде қысқаша мәлімет. Концентрлі күкірт қышықылымен жұмыс істеу ережесі. Күкірт қышқылының өндірісі және қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Күкірт қышқылының тұздары, олардың табиғатта таралуы, қасиеті, және қолданылуы. Күкірт қышқылы және оның тұздарының халық шаруашылығындағы маңызы. Күкірттің биологиялық рөлі, табиғаттағы айналымы. 45 Сабақ кестесіне сәйкес 6 3. V топтың негізгі топша элементтері. Азоттың қолданылуы. Аммоний тұздары мен аммиактың практикада қолданылуы. Азотың биологиялық ролі. Жануарлар мен өсімдіктер организміндегі азот. Азот - белоктардың, нуклеин қышқылдарының, гемоглобиннің және т.б. құрамды бөлігі. Атмосферадағы азотты байланыстыру мәселесі. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғаттағы айналымы. Ақ фосфордың улылығы және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қолданылуы. Фосфордың биологиялық ролі. Фосфор - сүйек тканінің, нуклеотидтердің және т.б. құрамды бөлігі. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор тыңайтқыштарын рН-ы әртүрлі топырақта пайдалану. 4. IV топтың негізгі топша элементтері. Активтендірілген көмір. Активтендірілген көмірді сорбент ретінде қолдану. Көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиетінің практикада қолданылуы. Көміртегінің сутекті қосылыстарына жалпы қысқаша сипаттама. Органикалық қосылыстардағы көміртегі. Көміртегі (ІІ) оксидінің физиологиялық әсері және онымен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары. Иісті газбен уланғанда көрсетілген алғашқы көмек. Кремнийдің қолданылуы. Кремний кейбір биологиялық активті заттардың және өсімдіктердің құрамды бөлігі. Кварцты шыны, оның қасиеті, қолданылуы. Жасанды силикаттар. Силикагель, оның қолданылуы. Силикаттар, ерігіш шыны. Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстарының халық шаруашылығында қолданылуы. Ауыр металдардың қосылыстарының тозаңдануынан қоршаған ортаны қорғау. 30 Сабақ кестесіне сәйкес Оқытушымен студенттің өздік жұмысы 2 Сутегі. VII топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 3 VI топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 4 V топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 5 IV топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 6 III топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 7 II топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 7 1 межелік бақылау - 1-7 апта дәрістердің материалдары бойынша кешенді тестілеу. 60 б. Сабақ кестесіне сәйкес 1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша баллдардың барлығы 30+270 8-15 Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық 30 Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді Зертханалық жұмыстардың орындалуы (есеп, қорғау) 8 Бор, алюминий және олардың қосылыстары. 1. Ортобор қышқылын алу және оның қасиеттері. 2. Бор қышқылдарының қасиеттері. 3. Алюминийдің оттегі мен әрекеттесуі. 4. Алюминийдің сілтілер мен әрекеттесуі. 5. Алюминийдің қышқылдар мен әрекеттесуі. 6. Алюминийдің су мен әрекеттесуі. 7. Алюминий гидроксидін алу және оның қасиеттері. 8. Алюминий тұздарының гидролизі. 13 Зертханалық сабақта 9 Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың қосылыстары. 1. Бериллий гидроксидін алу және оның қасиеттері. 2. Бериллий гидроксидінің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстыру. 3. Металдық магнийдің тотықсыздандырғыш қасиеттері. 4. Магнийдің оксидін және гидроксидін алынуы және қасиеттері. 5. Магний тұздарының қасиеттері. 6. Кальцийдің тотықсыздандырғыш қасиеттері. 7. Сілтілік-жер металдардың гидроксидтерін алу. 8. Сілтілік-жер металдардың тұздарының алынуы және қасиеттері. 9. Судың кермектігі және оны жою жолдары. 10. Сілтілік-жер металдардың тұздарының жалынды бояуы. 13 Зертханалық сабақта 10 Сілтілік металдар және олардың қосылыстары. 1. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі. 2. Натрий перокидінің сумен әрекеттесуі. 3. Сілтілік металдардың тұздарының гидролизі. 4. Калий карбонатынан калий гидроксидін алу. 5. Сілтілік металдардың тұздарының жалынды бояуы. 13 Зертханалық сабақта 11 Мыс, күміс және олардың қосылыстары. 1. Мыстың алынуы. 2. Мыстың қасиеттері. 3. Мыс (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттерін зерттеу. 4. Мыс (ІІ) тұздарының гидролизі. 5. Мыс (ІІ) комплексті тұзын алынуы және қасиеттері. 6. Мыс (І) оксидін және гидроксидін алу. 7. Мыс иодидін алу. 8. Күмісті алу. 9. Күміс оксидін алу. 10. Күміс нитратының ерітіндісінің лакмусқа әсері. 13 Зертханалық сабақта 12 Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары. * Мырыштың қышқылдармен әрекеттесуі. * Мырыштың сілтілермен әрекеттесуі. * Мырыш гидроксидінің алынуы және қасиеттері. * Мырыш тұздарының гидролизі. * Кадмий гидроксидінің алынуы және қасиеттері. * Кадмий сульфидінің алынуы және қасиеттері. * Кадмий тұздарының гидролизі. 13 Зертханалық сабақта 13 Хром және оның қосылыстары. 1. Хром (ІІІ) оксидін алу және қасиеттерін зерттеу. 2. Хром (ІІІ) гидроксидін алу және қасиеттерін зерттеу. 3. Хром тұздарының гидролизі. 4. Хром (ІІІ) қосылыстардың тотығуы және тотықсыздануы. 5. Хром (ҮІ) оксидін алу және оның қасиеттері. 6. Хроматтар мен дихроматтардың ерітіндіде болу жағдайлары. 7. Хром қышқылының тұздарын алу. 8. Хром (УІ) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. 13 Зертханалық сабақта 14 Марганец және оның қосылыстары. 1. Марганец (ІІ) гидроксидін алу және оның қосылыстары. 2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері. 3. Марганец (ІУ) оксидінің күкірт қышқылы мен әрекеттесуі. 4. Калий перманганатының қасиеттері. 13 Зертханалық сабақта 15 Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары. 1. Темірдің қышқылдармен әрекеттесуі. 2. Темірді пассивтендіру және оксидтеу. 3. Темір (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 4. Темір (ІІ) тұздарын алу. 5. Темір (ІІ) тұздарының гидролизі. 6. Fe2+ ионына реакция. 7. Темір (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 8. Темір (ІІІ) тұздарының гидролизі. 9. Fe3+ ионына реакция. 10. Темір (ІІ) қосылыстарының тотығуы. 11. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы. 12. Ферраттарды алу және олардың қасиеттерін зерттеу. 13. Кобальт (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 14. Кобальт (ІІІ) оксидін алу және оның қасиеттері. 15. Кобальт (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 16. Кобальттың комплексті қосылыстарын алу. 17. Никель (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 18. Никель (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері. 14 Зертханалық сабақта Студенттің өздік жұмысы 10 1. Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың коррозиясы және оларды коррозиядан қорғаудың негізгі тәсілдері. Металдар коррозиясының ингибиторлары. Металдар коррозиясы және оларды қорғау саласындағы кеңес ғалымдары Г.В. Акимовтың, С.А. Балезиннің, И.Л. Розенфельдің және т.б. еңбектері. Кеннің негізгі түрлері, металдарды кеннен алудын манызды әдістеріне шолу. І,ІІ топтардың негізгі топша элементтерінің жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Металдардың шынайы атмосфера жағдайындағы күйі. Сілтілік және сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Соданың алынуы. Натрий және калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде натрий мен калийдің кездесуі. Жүйке жүйесіне, бұлшық ет қызметіне, бүйрек, жүрек, тамыр жүйелеріне және т.б. органдарға натрий және калий иондарының әсері. Өсімдіктердің биохимиялық процесстеріне калий иондарының қатысуы. Калий тыңайтқыштары. Халық шаруашылығында металдық берилий мен магнийдің қолданылуы. ІІ топтың негізгі топша элементтері қосылыстарының физиологиялық әсері. Кальций иондарының физиологиялық ролі. Тірі организмдердегі кальций және оның тірек қызметтері. Хлорофилл синтезіндегі кальцийдің әсері. Магний - хлорофилдің құрамды бөлігі. 2. III,VIII топтардың негізгі топша элементтері. Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Бор - микроэлемент. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы. VIII топтың негізгі топша элементтердің ашылу тарихы және қолданылуы. 3. VI, I, II топтардың қосымша топша элементтері. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы. ІІ топтың қосымша топша элементтердің маңызды комплексті қосылыстары. Мырыштың микроэлемент ретіндегі ролі. Мырыштың, кадмийдің және сынаптың қосылыстарының физиологиялық әсері. Сынаптың ШК-сы. Сынап және оның қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Мырыш, кадмий және сынап қосылыстарын практикада пайдалану. 45 Сабақ кестесіне сәйкес 14 1. VII топтың қосымша топша элементтері. Марганецтің қолданылуы. Марганец құймалары. Марганец өсімдіктер қорегінің микроэлементі. 2. VIII топтың қосымша топша элементтері. VIII топтың қосымша топша элементтерінің ашылу тарихы, маңызды табиғи қосылыстары, жер қыртысында таралуы, қолданылуы. Темір, кобальт, никель (ІІ, ІІІ) маңызды қосылыстарының қолданылуы. Темірдің, кобальттің, никельдің қосылыстарының биологиялық ролі. Биологиялық активті қосылыстар - қан гемоглобинінің, қан миоглобинінің, каталаздың түзілуіне темірдің қатысуы. Тыныс алу процесіне темірдің қатысуы. 3. Лантаноидтар. Актиноидтер. Лантаноидтар және актиноидтердің ашылу тарихы. И.В. Курчатов, Г.Н. Флеров, Г. Сиборг жұмыстары. 30 Сабақ кестесіне сәйкес Оқытушымен студенттің өздік жұмысы 9 I топтың негізгі топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 10 VIII топтың негізгі топша элементтері. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама. Металдарды алу жолдары және жалпы қасиеттері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 11 II топтың қосымша топша элементтері. 5 12 VI топтың қосымша топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 13 VII топтың қосымша топша элементтері. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 14 VIII топтың қосымша топша элементтері. Лантаноидтар. Актиноидтар. 5 Сабақ кестесіне сәйкес 60 б. 8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша баллдардың барлығы 30+270 Емтихан балдарының барлығы 400 Академиялық мерзімде балдардың барлығы 1000 Студенттердің білім бағалау шкаласы: Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға А 4,0 95-100 Өте жақсы А- 3,67 90-94 -<<- В+ 3,33 85-89 Жақсы В 3.00 80-84 75-79 -<<- В- 2,67 -<<- С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,00 65-69 -<<- С- 1,67 60-64 -<<- Д+ 1,33 55-59 -<<- Д 1,00 50-54 -<<- Ғ 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз * ӘДЕБИЕТ + Негізгі әдебиет o Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003. o Аханбаев К. Химия негіздері. - Алматы, 1985 ж. o Баешова А.Қ. Жалпы және биобейорганикалық химия. - Шымкент, 2003. o Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. - Алматы, 1992. o Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.:Высш.шк,1988.- 640с. o Глинка Н.Л. Общая химия/ Под ред. А.И,Ермакова. - 28-е изд., перераб. и доп.- М.: Интеграл-Пресс, 2000.- 728 с. o Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. - Алматы, 2005. o Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.- 4 е изд., стеротип.-М.: химия. 2000.- 592 с. o Зайцев О.С. Неорганическая химия (Теоретические основы. Углубленный курс). М.: Просвещение, 1997.- 320 с. o Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 1. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с. o Суворов А.В. , Никольский А.Б. Общая химия.-4-е изд., испр. - СПб.: Химиздат, 2000.-624 с. o Степин Б.Д., Цветков А.А. Неорганическая химия. - М.: Высш.шк., 1994.- 608 с. o Хьюи Дж. Неорганическая химия.-М.: Химия, 1987.- 696 с. o Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия, 1976.- 568 с. o Коттон Ф. Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия. В 3-х томах.-М.: Мир, 1975. o Слейбо У., Персонс Т. Общая химия.- М.: Мир, 1979.- 550 c. 7.2. Қосымша әдебиет o Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. - М.: высш.шк, 1997.- 527с. o Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ.-М.:Химия, 1983.-112с. o Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. химические свойства неорганических веществ.- М.: Химия, 1997.- 480 с. o Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии.-М.: Высш.шк., 1990 - 351с. o Зайцев О.С. Исследовательский практикум по общей химии.-М.: Изд-во МГУ,1994.-480с. o Практикум по неорганической химии /Под ред.проф. В.П.Зломанова.-М.: Изд-во Моск.ун.-та,1994.-320с. o Практикум по общей и неорганической химии: /Л.С.Гузей и др Под.ред. С.Ф.Дунаева.-М.: Изд-во Моск. Ун-та, 2000-87с. o Коровин Н.В., Минулина Э.И., Рыжова Н.Г. Лабораторные работы по химии.- М.:Высш.шк., 1998.-256с. o Васильева З.Г., Грановская. Лабораторные работы по неорганической химии.- Л.:Химия, 1986.-288с. o Хомченко Г.П. Практикум по общей и неорганической химии с применением полумикрометода.- М.:Высш.шк., 1980-333с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz