Файл қосу
Ұсақталған азықтарға баға беру
Ұсақталған азықтарға баға беру. Ұсақталған азықтарға кебек, азық ұны құрама жем жатады. Бұл азықтардың құндылығына, ылғалдылығы, ұнтақтығы, түсі, иісі, тазалығы, қышқылдығы және насекомдармен бүлінуі әсер етеді. Ас тұзының болуын анықтау құрамы жемнің маңызды көрсеткіші болып саналады. Ылғалдылығының 130 температурада 40 минут кептіру арқылы анықтайды. Кебекке жарамдысы 12-14 пайыз, жемге 15 пайыз. Ұнтақталуын електер жиынтығымен анықтайды. Ол үшін 100 грамм азықты әртүрлі тесіктері бар електен өткізеді. Әр електе қалған қалдықты өлшеп, орташа өлшем анықтайды. Ол үшін ең төмендегі електегі қалдықты х 0,5 тесігі 1 мм електегі қалдықты х 1,5, електегі қалдықты х 2,5 (2мм), електегі қалдықты х 3,5(3 мл). Шыққан өлшем көрсеткіштерін қосып, 100 - ге бөлеміз де ұнтақталу дәрежесін анықтаймыз. Егер 0,1-1 мм болса - ұсақ ұнтақ. 1-2 мм болса - орташа ұнтақ, 1,8-2,6 мм - ірі ұнтақ. Азық шанының түсі ақ немесе сары болуы керек. Егер түсі қоңырлау болса, онда оның құндылығы төмен болғаны. Азық ұнының түсі ақшыл сары немесе сұрлау болады. Тазалығы. Ұнтақталған азықтардың ішінде әртүрлі қоспалардың болуы мүмкін. Мәселен: арамшөп тұқымдары, құм, улы өсімдіктер, насеком қуыршақтары. А) қалдықты үлкейткіш әйнекпен қарау арқылы анықтау. 5 грамм азықты електер жиынтығынан өткізеді. Әр електегі қалдықты ақ бетке салады. Метал қоспаларын, ұнтақталмаған азықтарды, улы шөптерді, арамшөптерді бөлек - бөлек 0,01 гр дейін өлшейді. Б) құмды хлороформ сынамасы немесе тұз ерітіндісі арқылы анықтайды. Ол үшін 20 гр азыққа хлороформ ерітіндісін немесе тұз құяды. Ерітінді бетіне оңай қалқып шыққан бөліктері алынып, соңында ерітінді түбінде тұнба қалады. Пайыздық құрамын анықтаймыз. Құмның құрамы 0,3 пайыздан жоғары болмау керек. В) Метал қоспаларын таға тәрізді магнит арқылы анықтайды, ұштары үшкір металл қоспалары жібермейді. Г) Арамщөп тұқымдарының қоспаларын үлкейткіш әйнек арқылы анықтайды. Ұнтақтағы қуыршақтарды, қара түсті былайша анықтайды: аз мөлшердегі азықты 70 пайыз спиртпен тұз қышқылының 5 бөлігімен 2-3 минут қайнатып, араластырып, тұнба түсуін, тосамыз. Құрама жемдегі тұзды анықтау. 3 г зерттелетін сұйықты өлшеп, химиялық стақанға салып, 100 мл сүзілген су құйып, қыздырамыз. Шыны таяқшамен араластырып отырамыз. 15 мин. Өткен соң ерітіндіні сүзіп алып, үстінен тағы да 20-30 мл сүзілген су қосады. Ерітіндінің жалпы мөлшерін өлшеп, одан 10-15 мл ерітінді алып 0,1 пайыз күміс азотқышқылымен титрлейміз (қызыл түске боялғанға дейін). Тұздық пайыздық құрмын мына формула бойынша шығарады: x=а х 0,00585 х ув х сХ 100 Мұндағы: х - ас тұзының пайыздық көрсеткіші, а - күмістің титрлікке кеткен мөлшері, в - фильтраттың титрлеуге кеткен мөлшері, с - құрама жемнің өлшемі у - жалпы фильтраттың көлемі 0,00585 - тұздың мөлшері. Әр түрлі ауыл шаруашылық жануарларға берілетін тұздың мөлшері: ірі қара мал - 1 пайыз, қой - 0,5 пайыз, құстар - 0,1-0,5 пайыз. Ұн қалдықтарына шаруашылық бақылау Көрсеткіштер Баға нәтижелері 1.Азықтың түрі 2.Түсі 3.Иісі 4.Қышқылдығы 5.Тазалығы, пайыз 6.Минералдық қоспалар, пайыз 7.Ылғалдылығы 8.Улы заттар 9.Ұнтақтығы 10.Азыққа қорытынды
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz