Файл қосу
Менеджменттің әдістемелік негізі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-2.1.003/02 -2013 ПОӘК <<Шетелдік басқару тәжірибесі>> студенттерге арналған пәнінің бағдарламасы № 2 27.08.2009 ж. басылым орнына Басылым № 3 18.09.2013ж. ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<ШЕТЕЛДІК БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІ>> 5В051000 - <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>> мамандығы студенттеріне арналған СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей - 2013 1 ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы: ____________________ <<_______ >>____________ 2013ж. Темиргалиева Айгүл Сержанқызы, аға оқытушы <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2 ТАЛҚЫЛАҒАН 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасының отырысында. <<___28__ >>____08______ 2013ж. № __1__Хаттама Кафедра меңгерушісі: Г.Орынбекова 2.2. Қаржы-экономикалық факультетінің Оқу-әдістемелік Бюросының отырысында. <<___05___ >>____09_____ 2013ж. № ___1__Хаттама ОӘБ төрағасы: С.Тойкин 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. <<__18__ >>____09___ 2013 ж. № __1_Хаттама ОӘК төрағасы Г.Искакова Мазмұны * Жалпы ереже * Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу * Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар * Курс форматы * Курс саясаты * Бағалау саясаты * Әдебиеттер 1 Жалпы ереже + Пән және оқытушы туралы жалпы мәліметтер Темиргалиева Айгүл Сержанқызы - аға оқытушы <<Менеджмент және маркетинг>> кафедрасы Байланыс телефоны: 53-02-29, 8-ғимарат, 305- кабинет Сабақ жүргізу орыны - 304 дәрісхана Пән бойынша несие саны - 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны Отандық компанияларды басқаруда шетелдік басқару тәжірибелерінің әдістерін қолдану және салыстырмалы талдау жүргізу, басқаруға қатысты барлық спектр мәнін және табиғатын жан жақты тереңдете зерттеу қажет. 1.3 Курстың негізгі мақсаты - ұйымдастырушылық тиімділікті анықтайтын факторы ретінде басқаруға қатысты барлық спектр мәнін және табиғатын студенттерге жан жақты терең түсінік беру. Зерттеу объектісі болып шетелдің әсер ету ортасы және адамның қатысуымен іскерлікті ұйымдастыруды басқару бойынша әрекет табылады. 1.4 Пәннің негізгі міндеті. Шетелдік басқару тәжірибелерінің әдістерін қолдану және салыстырмалы талдау жүргізу, басқаруға қатысты барлық спектр мәнін және табиғатын жан жақты тереңдете зерттеу қажет. 1.5 Оқыту нәтижелері: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: * іскерлік ұйымдарды басқару жүйесінің негізгі элементтерінің сипаттамасы, ұйымдағы менеджер рөлін игеруі қажет; * ұйымдағы адамдардың өзара әрекетінің кешендік сипатын білуі керек; * шетелдердің басқару тәжірибелерін, оларды отандық компаниларда қолдана білуді істей білуі керек; * шетел әріптестерімен келіссөз жүргізу әдістерін үйренуі тиіс; * компаниялардағы басқару тәсілдерін және мағынасын түсінуі керек; - шетелдік басқару саласындағы дағдыларға ие болуы керек. 1.6 Курс пререквизиттері: * Экономикалық теория; * ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар; * Іскерлік қарым қатынас этикасы * Менеджмент. 1.7 Курс постреквизиттері: 2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу Тақырып аттары Сағаттар саны Әдебиеттер Дәріс Практикалық сабақ СӨЖ СОӨЖ Тақырып 1. Менеджменттің әдістемелік негізі. Менеджер міндеттері. 2 1 3 3 1.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 2.М.Қ. Бердалиев Менеджмент негіздері.- Алматы, 2006 3.Армстронг.М Основы менеджмента. Ростов на-Дону, 1999Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001 Тақырып 2. Басқарудың Азиаттық үлгісі 1 1 3 3 1.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 2.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 Тақырып 3. Басқарудың Батыс еуропалық үлгісі 2 2 3 3 1.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 2.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 Тақырып 4. Американдық компанияда фирма стратегиясын жасау 2 2 3 3 1.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 2.Армстронг.М Основы менеджмента. Ростов на-Дону, 1999Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001 3.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 4.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 Тақырып 5. Жапониядағы басқару стратегиясы 2 2 3 3 1.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 2.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 3.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 4.Армстронг.М Основы менеджмента. Ростов на-Дону, 1999Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001 Тақырып 6. Ресей менеджменті 1 2 3 3 1.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 2.Армстронг.М Основы менеджмента. Ростов на-Дону, 1999Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001 3.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 Тақырып 7. Шетел фирмаларындағы ынталандыру жүйесі (мотивация) 2 2 1.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 2.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 Тақырып 8. Шетелдің ұлттық этикасы 1 2 3 3 1.Переговоры и деловой этикет. Москва, 2005 2.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 3.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 Тақырып 9. Келіспеушілікті басқару 1 1 3 3 1.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 2.Армстронг.М Основы менеджмента. Ростов на-Дону, 1999 3. Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001 Тақырып 10. Шетел әріптестерімен келіссөз жүргізу 1 1 3 3 1.Переговоры и деловой этикет. Москва, 2005 2.А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 3.П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 4.А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 Жиыны 15 15 3 3 30 30 3 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар Курс барысы: 10 тақырып <<Шетелдік басқару тәжірибесі>> курсының барлық мазмұнын қамтиды. Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның ішінде 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақ қарастырылған. Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады. Дәріс - берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны. Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу. Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады. Практикалық сабақтар - студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі. Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді. Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді. СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: <<Шетелдік басқару тәжірибесі>> курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тақырыптарды зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан - 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан - 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең. Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.) Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс - жолдарды және сөздерді сызу, жол аралық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданған басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді. Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс. СӨЖ орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады. Пән бойынша емтихан дәстүрлі тәсіл бойынша, яғни билет сұрақтары қарастырылған. Жалпы курс бойынша 90 сұрақ беріледі. 4 Курс форматы Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, практикалық сабақтар, студенттің оқытушымен өздік жұмысы. Мұнда оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Әрбір сабақтың бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды. Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, онда кафедрада бекітілген қосымша сабақтың графигі бойынша қосымша сабаққа қатысады. 5 Курс саясаты Әрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады. Студентке әрбір аптаға студенттің өз бетімен дайындалуына өздік жұмысы беріледі. Ол жазбаша түрінде ұсынылады. Сонымен қатар студенттің оқытушымен бірге жүргізілетін өздік жұмысы беріледі. Онда ол бақылау формасы түрінде немесе сұрақ жауап түрінде жүргізіледі. Студенттің әрбір аптадағы орындаған жұмыстары пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік сызбасында (4 бөлім Бағалау саясаты) көрсетілген баллдар бойынша бағаланады. Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьютерлерді пайдалануға рұқсат беріледі. Студенттер Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуына болады. 6 Бағалау саясаты Әртүрлі жұмыстар түрлерін бағалау шкаласы және критерийлері Студенттердің білімін бағалау шкаласы Бағаның әріпті эквиваленті Баға Балл Пайыз (%) A Өте жақсы 4,00 95-100 A- Өте жақсы 3,67 90-94 B+ Жақсы 3,33 85-89 B Жақсы 3,00 80-84 B- Жақсы 2,67 75-79 C+ Қанағаттандырылған 2,33 70-74 C Қанағаттандырылған 2,00 65-69 C- Қанағаттандырылған 1,67 60-64 D+ Өту баллы 1,33 55-59 D Ең төмен өту баллы 1,00 50-54 F Ең төмен 0,00 0-49 I Аяқталмаған NA W Оқудан шығарылған NA AW Әкімшілік үкім бойынша оқудан шығарылған NA P Өтті (қорытынды тестке ғана) NA 0 Бақылау түрлері және апта бойынша баллдарды бөлу <<СЭҚ мемлекеттік басқару>> пәні бойынша баллдарды бөлу Апта Бақылау түрлері Барлық балл Ескерту 1 2 3 4 1-7 апта аралығында аудиториялық сабаққа қатысу 30 1 Практикалық сабақ 0 СОӨЖ 0 СӨЖ 0 2 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 20 Эссе 3 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 10 Талқылау СӨЖ 0 4 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 20 Баяндама 5 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 15 Талқылау СӨЖ 0 6 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 20 Баяндама 7 Практикалық сабақ 20 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 10 Эссе СӨЖ 0 Межелік бақылау 70 Дәріс сабағына қатысуы 30 Практикалық сабақ 105 СОӨЖ 35 СӨЖ 60 Межелік бақылау 1 70 Барлығы 300 8-15 апта аралығында аудиториялық сабаққа қатысу 30 8 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 10 Эссе 9 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 5 талқылау СӨЖ 0 10 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 10 Баяндама 11 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 10 Презентация дайындау СӨЖ 0 12 Практикалық сабақ 10 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 15 Баяндама 13 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 10 Талқылау СӨЖ 0 14 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 0 СӨЖ 15 Баяндама 15 Практикалық сабақ 15 Дәріс тақырыбына жауап беру СОӨЖ 10 Талқылау СӨЖ 10 эссе Межелік бақылау 70 Дәріс сабағына қатысуы 30 Практикалық сабақ 105 СОӨЖ 35 СӨЖ 60 Межелік бақылау 2 70 Барлығы 300 1-15 апта аралығында оқу нәтижесі бойынша жиыны 600 Емтихан бойынша бал 400 Академиялық кезең бойынша жиыны 1000 Әрбір дәріс сабағына қатысқаны үшін 2 балдан қойылады. Жалпы дәріске қатысқаны үшін 7 аптаға 30 бал берілген. Практикалық сабақтарға жауап бергендері үшін 1 аптадан 15 аптаға дейін 210 бал, СӨЖ - 120, СОӨЖ - 70 балл қойылады. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы (СОӨЖ) мұнда оқытушы студенттерге кейс тапсырма береді. Онда студент берілген тапсырма бойынша жағдайды оқып, берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін ортаға салады. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) мұнда оқытушы студенттерге өздік жұмысының тақырыптарын ұсынады. Ол тақырыптар бойынша студенттер баяндама немесе эссе жазып тапсырады. Жалпы студент курс бойынша 600 балл жинау керек. Емтихан бойынша жиыны 400 бал қойылады. Академиялық кезең бойынша студент 1000 бал жинауы қажет. Берілген тапсырмаларға студент уақытында, дұрыс және нақты жауап беруі қажет. 7 Әдебиеттер 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 А.С. Белорусов.- Международный менеджмент. 2000 7.1.2 П.В. Журавлев.- Мировой опыт в управлении персоналом. Москва, 2000 7.1.3 Переговоры и деловой этикет. Москва, 2005 7.1.4 Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения. Учебник для вузов. - М.,1999. 7.1.5 Гончаров В.В. Важнейшие понятия и концепции в современном управлении. - М.:МНИИПУ, 1998. 7.1.6 Кнорринг В.Н. Теория, практика и искусство управления: Учебное пособие для вузов по специальности <<Менеджмент>>. - М.:НОРМА-ИНФРА-М.,1999. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1 А.С. Ахметов Менеджмент негіздері.- Ақтөбе, 2005 7.2.2 М.Қ. Бердалиев Менеджмент негіздері.- Алматы, 2006 7.2.3 Армстронг.М Основы менджмента. Ростов на-Дону, 1999Виханскии.О.С. Менеджмент.- М, 2001
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz