Файл қосу
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі нысаны халықаралық сауда
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-2.1.012/01 -2013 ПОӘК <<СЭҚ мемлекеттік басқару>> пәнінен оқу-әдістемелік материалдары № 2 27.08.2009 ж. басылым орнына Басылым № 3 18.09.2013ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ <<СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ>> 5В051000 - <<Мемлекеттік және жергілікті басқару>> мамандығы студенттеріне арналған ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ Семей - 2013 Мазмұны * Глоссарий * Дәрістер * Практикалық сабақтар * Студенттердің өздік жұмысы * 1 Глоссарий Анклав - бір мемлекеттің. жан-жағынан басқа бір мемлекеттің қоршап турған территориясы немесе оның бір бөлігі; Аренда - түрлі табиғи және мүліктік объектілердің (жер, өнеркәсңп және т.б.) сондай-ақ өзге де мүліктердің бедгілі бір төлемге, келісімді шартқа негізделген, уақытша пайдалануға беруге немесе алуға ұсынылуы; Аукцион - алдын ала кермеге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта және белгіленген орында сату формасы. Бейтарифтік кедергілер - тауарлар импортына қойылатын әр түрлі шек-теулер, сондай-ақ сауда-саяси, әкімшылық, валюталық, қаржы-несиелік, техникалық (стандарттар), санитарлық және басқа шаралар; Бейтарифтік шектеу - импорт пен экспортты реттеу мемлекет мақсатымен қолданылатын әкімшілік және экономикалық (қаржы, несие және басқа) шараларының жиынтығы; Биржа - нарыктың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен (тауар биржасы), бағалы кағаздармен (қор биржасы, валюта биржасы) сауда жасалынады немесе қызметкерлер жалданады (еңбек биржасы); сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын. Декларант - тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері; Демпинг - нарықта бәсекелестікті жою мақсатында тауар бағасының жасанды төмендеуі (жұмысқа, қызмет түрлеріне). Көптеген елдердің монополияға қарсы заңдылықтарына демпинг монополистік тәжірибе сияқты қарастырылады және селқос (ықылассыз) бәсекелістік заңға қарсы әрекет болып табылады. Еркін сауда - тауарларды квота, тариф т.б. импорттау мүмкіндігі. Егер елдің бір өндірістерде абсолютік артықшылығы болса, онда сол салаларға елдің мамандауына ынталандырғаны үшін сауданы өсіруді локомотив деп есептейді; Жеткізілім базисі - сыртқы сауда келісімнің шарты, ол сатушы мен салық алушы арасында тауарды тасымалдау міндеттемелерін бөлісуді, тиісті құжаттарды толтыруды және көлік шығындарын төлеуді, тауарға меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға өту сәтін, тауардың кездейсоқ зақымдану немесе жоғалу қаупін, сондай-ақ тауарды беру мерзімін анықтауды көздейді; Жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы; Жүк операциялары - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, аталған тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу; Импорттык квота - сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу түрі, ол елге әкелінетін белгілі бір тауарлардың мөлшерін, мәселен, жыл ішінде мөлшерін, мәселен, жыл ішінде әкелінетін автомобильдердің санын шектеуді көздейді; Импорттык лицензия - белгілі бір тауарлар әкелуге тиісті мекеме беретін рұқсат; Импорттыц баж салығы - шетелден әкелінетін тауарларға мемлекет салатын баж салығы; импорттық баж салығы фискалдык (мемлекет, қазынасын толтыру үшін), демпингке қарсы өтемдік, преференциалдық (артықтау) болуы мүмкін; Қазақстандық тауар - толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналыс үшін шығарылған; Квота - 1) нақты белгіленген абсолюттік немесе қатыстық көлем, сандық шектеудің тәсілі; 2) үлес, бөлік, жарна, норма; салық квотасы - салық салынатын белгілі бір бірліктен алынатын салық мөлшері; 3) жалпы өндірістеп немесе өткізімдегі үлес, ол картельдік келісім шеңберінде оған қатысушылардың әркайсысы үшін белгіленеді; Квоталау - мемлекеттік және халықаралық органдар мен тауарлар өндірісін, экспортын және импортын шектеу жөнінде енгізетін сыртқы экономикалық қызметті реттеу шараларының бір түрі; Кедендік тариф - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі; Коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар; Преференциялар - артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер арасын - дағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі; Протекционизм - кеден валюта және несие саясаты арқылы ұлттық өндірушілер мен тұтынушыларды шетелдік бәсекелестерден қорғау; Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды (сатылмаған, ақаулы т.б.) одан қайтып әкелу; Реэкспорт - бұрын шетелден әкелінген тауарды өңдемей-ақ елден кері әкету; Салықтар - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз; Сауда саясаты - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестіктен қорғау, экспортты ынталандыру мен диверсификациялау, елде жұмысшы орындарды құру, сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясат. Сауда талабы - экспорт пен импорттың орташа бағасының ара қатынасы; Сауданың тауарлармен балансы - экспорт пен импорт тауарларының балансы; Сырткы сауда - тауарлар мен қызметті ішке еңгізуден (импорттан) және сыртқа шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сау - да. Сыртқы сауда саясаты - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі; экспорт пен импорттын географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды; Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға; Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар; Тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар; Тауарларды өткізуші тұлға - өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәміле жасаушы тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмілелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға; Тауарлардың экспорты және импорты - әлемдік сауда барысында, кедендік шекаралардан өту кезінде тауарды меншіктеу құқығының өзгеруі; Шартты түрде шығару - тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару; Ырық бермес күштің әсері - нақты бір жағдай кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген белгілі бір әрекеттерді жасауға кедергі келтіретін төтенше және ырық бермейтін оқиға; Экспорт - сыртқы нарыққа өткізу үшін тауарларды, технологияларды және қызметтерді шетелге сату және шығару. Экспорт диверсификациясы - экспортқа арналған өнім және қызмет түрлері мен атауларының санын көбейту. Экспортты ынталандыру - экспортшылардың ұлттық кәсіпорындарын көтермелеу; Экспорттық-импорттық квоталау - импорт пен экспортқа сан және кұн шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер мен елдер тобы бойынша белгілі бәр мерзімге енгізіледі; 2 Дәрістер ТАҚЫРЫП 1. СЫРТҚЫЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ Сұрақтар: * Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және негізгі нысандары * Қоғам өндірісінің дамуындағы халықаралық экономикалық қатынастар және экономиканы интернационалдануының рөлі * Қазақстанда халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі және орны * Қазақстан экономикасындағы сыртқыэкономикалық қатынастардың рөлін арттыру 1. Халықаралық экномикалық қатынастардың экономикалық қызметі мемлекеттің шекарасынан шығу қатынастарымен байланысты. Сондықтан осы қатынастардың негізі болып сыртқыэкономикалық қызмет қарастырылады. Мемлекет шекарасынан асқан қызмет сыртқыэкономикалық болып табылады.Сыртқыэкономикалық қызмет әлемдік қоғамдастықтың ұлттық экономикасының өзара тәуелділігін құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем мемлекеттері арасындағы шаруашылық қарым-қатынастар, сонымен қатар халықтар, ұлттар және мемлекет және жүйелері арасындағы қарым-қатынастар. Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді. Халықаралық экономикалық қатынастар дүниежүзілік шаруашылықтағы кездейсоқ экономикалық қатынастарды емес, сол қатынастардың тұрақты түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, маңызды процесттерін талдайды. ХЭҚ-дың механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобы халықаралық келісім-шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым-қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттарды құрайды. ХЭҚ-дың негізгі нысандары: * Халықаралық еңбек бөлінісі * Тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы * Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы * Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы * Халықаралық валютақаржы және несие қатынастары * Халықаралық экономикалық интеграция * Халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік қарым-қтынастар ХЭҚ-тың құрылымына халықаралық меншік қатынастарын және халықаралық ұйымдарды да жатқызуға болады. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі нысаны халықаралық сауда. 2. Қазақстанның экономикалық даму деңгейі мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіне және сыртқы экономикалық байланысқа қатысуын талап етеді. Өндірістің интернационалдану факторы - ғылыми-технкиалық революция. Экономиканың интернационалдануы - халықаралық еңбек бөлінісі негізіндегі жекелей мемлекеттер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстардың орнығуы. Қандай да бір әлеуметтік-экономикалық жүйеге жататынына қарамастан, ол барлық мемлекеттерді қамтиды. Бір жағынан, оның эволюциясы халықаралық еңбек бөлінісімен тығыз байланысты. Екінші жағынан, интернационалдану процесі өндірістің, сондай-ақ бөлу, айырбастау және қолданыстың маңызды элементі болды және барлық қызметтердің жаңа салаларын қамтуда, өндірістік күштің интернационалдауының нәтижесі өндірістік аппараттық белгілі бөлігінің өсіп келе жатқан технологиялық өзара тәуелділігі болып табылады. Өндірістік күштің интернационалдуының глобальды процесі материалды-техникалық қатынастағы ұлттық шаруашылықтың өзара тәуелділігінің өсуіне әкеледі. Интернационалдану әртүрлі каналдар арқылы жүзеге асады: 1. өндіріс және техникалық білім тәсілдері мен алмасу арқылы, сондай-ақ халықаралық мамандандыру және кооперация түрінде; 2. өндірістік бірлестік, өндірістік ресурстардың халықаралық миграциясы (халықаралық несие, капитал миграциясы, жұмысшы күші т.б.) жолымен; 3. глобальды, материалды, ақпараттық, ұйымдастырушылық-экономикалық инфрақұрылымды құру арқылы, халықаралық айырбасты, бірлестікті қамтамасыз етеді; 3. Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - қоғамдық еңбектің еларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің экономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі - халықаралық еңбек бөлінісі. Өндіргіш күштердің ҒТП әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі. Халықаралық еңбек бөілінісі қатысушы елдер мен аймақтарғы қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіктерін неғұрлым өз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады. Халықаралық еңбек бөлінісі ел ішіндегі және еларалық еібек бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді. Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді. Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынандай нысандарға бөлінеді: * Қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.); * Қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі); * Қоғамдық еңек бөлінісінің жее дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі); Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді. Халықаралық еңбек бөлінісі өндірісті интернационализациялауды және айырбастауды кеңейтуде ерекше орын алады. Халықаралық еңбек бөлінісін дамытуға ықпал ететін бірнеше факторлар бар: * Елдердің табиғи-геогрфикалық орны: а) табиғи байлықтың ерекшелігі және бөлінуі; ә) елдің географиялық орны; б) еңбек ресурстарының әртүрлілігі; в) өндірістіің тарихи дамуындағы әдет-ғұрып; г) топырақ-климаттық жағдайларындағы 2. Ғылыми-техникалық прогресс 3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар: а) ғылыми-технкиалық және экономикалық даму деңгейі; ә) өндірістің тарихи дамуындағы ерекшелік, әдет-ғұрып және сыртқы экономикалық байланыстағы әдет-ғұрыптар; б) ұлттық өндірісті ұйымдастырудың механизмі және оның әлеуметтік түрі; в) сыртқыэкономикалық қатынастарды ұйымдастырудың механизмі және әлеуметтік орта. * Мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіне енуіне өндірістің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторы болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыс дегеніміз елдер арасындағы сауда-экономикалық, валюта-қаржылық, өндірістік және ғылыми-техникалық қарым-қатынастағы нысандардың, құралдар мен әдістердің, мемлекеттік бағдарламалардың жиынтығы. Сыртқы экономикалық байланыс экономика және саясат, сауда және өндіріс, ғылыми зерттеу және қаржы-несие операцияларымен сабақтасып атыр және сондықтан келесі бағыттар мен нысандарды қамтиды: сыртқы сауда, халықаралық өндірістік, инвестициялық, ғылыми-техникалы, қаржы-несиелік қарым-қатынастар, экономикалық және техникалық көмек көрсету. Сыртқы экономикалық байланыс - ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды факторы. СЭБ Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқарады. Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық факторлардың мәні басқа елдермен салыстырғанда әртүрлі табиғи жағдайдың болуы, пайдалы қазбалардың бай қоры, ішкі нарықтың алымдылығына қарамастан жоғарылауда. Сыртқы экономикалық байланыстар халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылығы есебінен өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізгі элементі болып қана қоймады, сонымен қатар гнарықтық экономиканың маңызды элементі ретінде әлемдік шаруашылыққа кіру үшін де қажет. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуының маңызды кезеңі кәсіпорындардың ішкі нарыққа шығу болып табылады, ол өндірістің техникалық деңгейін көтеру, кәсіпорынды монополизациялау үшін мақсаттарын шешу, әлемдік тәжірибені игеру, қызмет көрсетудың қазіргі нысандарын жүзеге асыру, қолданушылармен іскерлік қарым-қатынастарды қолдау, ішкі нарықта ақша табу. Семинар сұрақтары: * Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және негізгі нысандары * Қоғам өндірісінің дамуындағы халықаралық экономикалық қатынастар және экономиканы интернационалдануының рөлі * Қазақстанда халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі және орны * Қазақстан экономикасындағы сыртқыэкономикалық қатынастардың рөлін арттыру СӨЖ тапсырмасы: * EXPO-2017: артықшылықтары және кемшіліктері - эссе СОӨЖ тапсырмалары: * <<Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың мәні және маңызы>> Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Сыртқы экономикалық қатынасты қалай түсінесіз? * Халықаралық еңбек бөлінісіне анықтама беріңіз. * Халықаралық еңбек бөлінісінің қасиеттері. * Экономиканы интернационалдануының маңызы. * ХЭҚ негізгі нысандарын атаңыз? ТАҚЫРЫП 2. ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ Сұрақтар: 1. ҚР сыртқы экономикалық байланысының жағдайы 2. Шетел әріптестерінің Қазақстанмен сауда жағдайындағы мәселелері 3. Қазақстан өнеркәсіптерінің сауда жағындағы мәселелері 1. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы қазіргі кезде келесі формаларды іске қосады: * сыртқы сауда; * Қазақстан территориясындағы бірлескен ұйымдар; * Қазақстандағы шетелдік ұйымдық мекемелер; * халықаралық бірлестіктер және өндірістік орындар; * консорциумдар; * бірлескен ұйымдар; * лизинг; * қатысушылар арасындағы өнімді бөлу шартындағы әріптестік; * шикізатты өңдеу; * шетелдің жұмыс күшін тарту; * өндірістік кооперативтер; * ғылыми-техникалық бірлестік; * лицензиясы және технологиясы бар сауда; * ұқыпты және сыртқы аймақты сауда; * құрылыс жағдайындағы сауда; * транспорттық қызмет көрсету кезіндегі сауда; * банк аясындағы әріптестік; * шетелдік туризм; * ерікті экономикалық аймақтағы әріптестік; * халықаралық экономикалық бірлестіктегі жұмыскерлік формалар (сауда үйлері, ассоциациялар т.б.). 1991 жылы экспорт және импорттың дәлдік жоспарлау жүйесі тоқтатылды. СЭҚ кризистік жағдайға түсіп, шаруашылық байланыстар бұзылды, бірден өндіріс қысқартылды. Бұл экспорттың ары қарай дамуының нашарлануына әкеліп соқты. 1993-1997 жж. Қазақстандағы нарықтық қайта құрулар бірінші кезекте СЭҚ қиындатты. 1993-1994 жж. экспортқа арналған отын-шикізат өнімдерінің көлемінің өсуі Қазақстан үшін сауда жағдайының нашарлануы әлемдік төмен конъюнктура және импорт өнімдерінің бағасының өсуімен байланысты болды. 1995 жылдан бастап негізгі қазақстандық экспорттық өнімдердің жалпы жағдайы жақсара бастады. Қазақстандық экспорттық өнімдерге әлемдік баға көтеру барысында экспорттық көлемнің бағасы (1/2) бөлігі өсіп кетті. 1995 жылы экспорттық қызмет Қазақстан экономикасында өзіндік бір қозғалыс ретінде өнер көрсетті. ІЖӨ мемлекеттерде экспорт салмағы 1991 жылы 4 %-ға көтерілді, 1996 жылы 20%-ға дейін артты. Бүтіндей 1992 жылдан 1996 жылға дейін қазақстандағы шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 30%-ға дейін қысқарды, ал шетелдік қойылымның физикалық көлемі 45%-ға өсті. Қазақстан экономикасының аласапырын уақытында экспорттық қызмет біршама деңгейде кризистік жағдайларды төмендетті. Сонымен қоса, алдыңғы қатарлы саудамен айналысатын елдердің 1993-1996 жылдарда экспорт көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны жоғары болған: Канадада - 11%-ға, Италияда -9%-ға, АҚШ - 7%-ға, Ұлыбритания - 6%-ға. Осы факторлардың бәрі Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етті. Сондай ақ сыртқы экономикалық байланыстар әлемдік шаруашылық жүйеде болады. Бұл елдер арасындағы материалдық, қаржылық және интеллектуалдық (санаткерлік) ресурстардың ауысу құралдары мен әдістері, нысандары мен бағыттарының біртұтас кешені. Сыртқы экономикалық байланыстар әлемдік ғылым мен техникаға, өнеркәсіп пен мәдениетке жақындастыратын кез келген мемлекеттің барынша қиын аяларының бірі болып табылады. 2. Соңғы жылдары қазақстандық экономика орталықтандырылған жоспарлаудан нарықтық экономикаға толық көшті. Қазіргі кезде Қазақстанның шетелдер мен ТМД мемлекеттерімен серіктестік әрекет жасау үшін үш бағытын көрсетуге болады: :: экспорттық- импорттық қатынастар; :: бірлескен өндірістік қатынастар; :: табиғи ресурстардың өндірілуі - мұнай, газ, отын, көмір, түсті металлдар және т.б. Шетелдік әріптестер Қазақстанды экономикалық жағынан көп өнімді мемлекет ретінде қарастырады. Бірақ мұнда да келісім шарттарын бәсеңдеткен өзіндік кедергілер бар: + сыртқы саудаға орай мамандандырылған органдары рөлінің төмендеуі және мамандардың білім дәрежесінің жетіспеуі; + банктік қаржылық жүйенің тұрақтылығының жетіспеушілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік шаруашылықтың толыққанды субъектісіне айналып отыр. Оны ресми түрде әлемнің 105 елі мойындады, оның ішінде 80-ге жуығымен дипломатиялық қатынастар құрылды, әлемнің көптеген елінде ресми елшіліктері мен оның консулдығы орналасқан. Қазақстан әлемдік бірлестікте де маңызды орын алып отыр. Ол қазіргі кезде 40-тан аса халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта. Қазақстанда өзге елдердің елшіліктері және халықаралық ұйымдары жұмыс істейді. 3.1996-1997 жж. Қазақстанның басқа шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастардың даму жөніндегі сұрақтарға үлкен мән берді. Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен, АҚШ, Англия, Жапониямен сыртқы сауданың дамуына бағалау жағдайы дайындалды. Біздің мемлекетіміз Азия мемлекеттерімен, сонымен қатар ҚХР, Ливия, Үндістан, Иракпен белсенді әріптестік орнатты. 1991 жылдағы сыртқы экономикалық тенденцияның төмендеуінің негізгі себебі болып ТМД мемлекеттері жағынан сыртқы сауда көлемінің күрт қысқартылуы болды. Яғни, қазақстанда және ТМД мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жағдай, алыс шетелде сауда дамуының жағдайымен анықталды. Достастық мемлекеттердің сауда бағасы әлемдікпен төмен болып қала береді, бірақ біртіндеп соған әкелуде. Сондықтан Қазақстанның басқа таяу шет мемлекеттермен өнім алмасуы көбіне баға өсімімен түсіндіріледі. Алайда, Қазақстанның сыртқы сауда тәртібі біртіндеп тым жұмсақтау болып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастар дамуында жаңалық енгізілуіне белсенді әсер алады. Мемлекет тарпынан СЭҚ монопольдық басшылықтың жоқтығынан, мемлекеттік бақылау күшейтілуде. Инвестиция көлемінің қысқартылуы және мемлекеттегі өндірістің СЭҚ бөлігінен жеке мәселе ретінде қарастырылмайды. 2005 жылы 2015 жылға дейін қазақстандық билік мемлекеттік индустриалды-инновациялық стратегиясын қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша қазақстандық өндірістің дамуына және өркендеп қалыптасуына 150 млрд. тенгеден жоғары сома қажет. Мемлекет тарапынан көмек берілуіне уәде етілген. Барлық шығыс еуропалық мемлекеттермен өнім алмасу жөнінде арнайы құжатқа қол қойылды. 1995 жылғы 27 маусымның сауда келісіміне сәйкес Қазақстан басшылығы мен ҚХР арасында 1995-2000 жж. сонымен бірге өнім түрлерінің тізімі жасалды. СЭҚ бағытының негізгілерінің бірі - экономикасы жағынан дамыған мемлекеттермен сауда-экономикалық әріптестік бірегейлігі үшін жағдай жасау, Қазақстанда экономикалық реформалар қалыптастыру үшін халықаралық бірлестіктердің ынтасын пайдалану. Капиталды шығару негізінде әрбір елде өнеркәсібі бар үлкен компаниялар пайда болады. Бұл процесс әсіресе бүгінгі ғылыми техникалық революция жағдайында күшейді. Әлемдік шаруашылықта халықаралық корпорацияның екі түрі қызмет атқарады: трансұлттық корпорациялар капитал бойынша ұлттық, бірақ қызмет ету өрісі бойынша интернационалдық және ұлтаралық капитал бойынша да қызмет ету өрісі бойынша да интернационалдық. Әр түрлі елдерде орналасқан халықаралық корпорациялардың, ең алдымен трансұлттық компаниялар кәсіпорындарының қызмет ету үйлесімділігі мен мамандандырылуын жүргізу сыртқы саудаға үлкен әсер етеді. Халықаралық саудадағы трансұлттық корпорацияның рөлі, олардың ішкі корпорациялық айналымының үлесі қазіргі кезде жалпы халықаралық экспорттың 1\3 бөлігін алатындығымен сипатталады. Халықаралық еңбек бөлінісін дамыту процесіндегі мүмкіндіктерді пайдалану бүгінгі таңда өндіріс тиімділігін жоғарылатуда маңызды факторлардың біріне айналып отыр. Сондықтан да Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, әлемдік шаруашылыққа белсенді қатысуға көп көңіл бөлінуде. Сыртқы экономикалық байланыс тиімділігі экспортқа арналған өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарын салыстыру негізінде анықталуы және де сол өнім импортке ауыстырылуы мүмкін. Егерде шетелдерде нақты тауарлар санын сатып алу үшін қажетті экспортталатын өнімді өндіру шығындары, осы елдегі сол тауарды өндіру шығындарынан төмен болса, онда экономикалық тиімділік байқалады және бұл жерде халықаралық еңбек бөлінісі үшін негіз бар. Мысалы, сол елдің табиғи жағдайына байланысты өндірілуі мүмкін емес шикізаттармен сатылатын тауарлар түрінің, сонымен қатар осы жерде өндірілетін, бірақта олардың құны әлемдік нарықта төмен болатын түрлерін шет елден алуға мүмкіндіктері бар. Тауарды өндіруге жақсы жағдай жасалған елдердегі мұндай тауарлардың түрін сатып алу, пайдалы қазбаларды өңдеуге жағымсыз жағдайлар, ауылшаруашылықтағы дақылдарын өсіру ауа райына сай келмейтініне байланысты салымдардан бас тартуға әкеліп соқтырады. Халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуда өнімге тек экспорт пен импорт шығындарына ғана емес, сонымен қатар сатып алынатын өнімнің, әсіресе машина мен құрал жабдықтардың тұтыну сапасын ескеру қажет. Бұл әсіресе, нақты түрде техникалық жағынан өнеркәсібі дамыған елдерден артта қалған біздің еліміз үшін маңыздырақ. Импорт кезінде шығындарды үнемдеу ғана емес, сонымен қатар нәтижесінде жоғары өнімді және тиімді техникалардың іске қосылуы. Шет елдерден алынған техника өзі қолданылатын салалардың, сонымен қатар басқа салалардың да жалпы техникалық жағдайына әсер етеді. Ғылыми техникалық прогресті жеделдету факторы шет елдерден жаңа технологияны сатып алудағы лицензия болып табылады, ал ол уақыт факторы есебінен үнемдеуді көрсетеді. Қазіргі кезде лицензия импортына барлық өнеркәсібі дамыған елдер белсенді түрде көшуде. Біздің елімізде лицензияны сатып алу, оларға кеткен валюта шығындары мен ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарына кеткен шығындарды салыстыру жолымен нақты ақталуы қажет. Лицензияны импортау ғылыми техникалық прогресті жеделдетудің қосымша құралы болуы керек, сонымен қатар біздің өнеркәсіп ең алдымен өзінің ғылыми зерттеулерін дамытуға күш салуы тиіс. Ашық экономикаға көшу халықаралық еңбек бөлінісінде, халықаралық мамандандыру және кооперацияға қатысу есебінен әсер алуға мүмкіндік берді. Бүгінде ашық экономикаға, монополиялық құрылым сынығына қатыса алатын фактор ретінде маңызы зор. Мұнсыз нағыз нарықтың болуы мүмкін емес. Шағын және орта кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру мен қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Бірақта ауыр өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындардың монополиясын сындыру қиынға соғады. Шағын кәсіпорындарда ірі кәсіпорындардың үстемдігіне қарсы тұра алмайды. Ірі кәсіпорындарды монополиялық қалпын Қазақстан экономикасын әлемдік шаруашылыққа қосу және ашық экономикаға көшу жолымен түсіруге болады. Монополист кәсіпорындар ел ішінде өзінің тауарлар бағасын 2-3 есе көтереді. Әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі сатып алушылардың сол немесе басқа тауарды сатып алуына мүмкіндік береді. Егерде елде өте қымбат немесе сапасы төмен тауар шығарылса, онда сатып алушы тауарды шет елден сатып алуына болады. Бәсекелестік қабілеті бар тауарды өндіруге кәсіпорынды және сәйкесінше жалпы прогресс факторын ынталандыру бұл жерде маңызды фактор болып табылады. Монополизациямен күрестегі негізгі мән шетел капиталын тарту мен біріккен кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Бәсекеге жағдай жасау арқылы, ашық экономикаға көшу өндіріс пен айналымдағы бәсеке ғылыми техникалық прогресс пен экономиканың тиімділігін жоғарылатудағы маңызды фактор болып табылады. Алайда импорттық өнім тауарларың құйылуы ұлттық өндіріс салаларының импорттық өнім тауарларың құйылуы ұлттық өндіріс салаларының бәсекелестік қабілетсіздігін жоюы, жұмыссыздыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Біздің көптеген өндірушілер шетел компанияларымен бәсекелестікті ұстай алмайтын, әлемдік тәжрибені есепке алумен ішкі нарықты ашу, әлемдік нарықта бәсекелестікпен күресте оларды қатысуға итермелеумен ғана құрылады. Семинар сұрақтары - 2 сағат 1. ҚР сыртқы экономикалық байланысының жағдайы 2. Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерінің бірлестіктерімен сауда мәселелері 3. Қазақстан кәсіпорындары және шетел серіктестіктерінің сауда мәселелері 4. Сыртқы саудалық операциялардың мемлекеттік реттеуінің негізгі бағыттары СӨЖ тапсырмасы * Интеграциялық ұйымдарға глоссарий дайындау Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі формаларын атаңыз. 2. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысының даму болашағы 3. Қазақстанның халықаралық саудадағы қызметі қандай? 4. Сыртқы нарықта қазақстандық кәсіпорындарының қандай мәселелерін атай аласыз? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. 7. Қ.М. Камали Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару, Алматы, 2005 ТАҚЫРЫП 3 - ҚР СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТІҢ ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ КІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сұрақтар: * ҚР әлемдік бірлестіктегі концепциясының дамуы * ҚР экономикалық потенциалы * ҚР экспорттық потенциалы * Транзиттік бөлік тәрізді Қазақстанның территориясы 1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық бірлестікке кіруі оның сыртқы экономикалық қарым-қатынасының түбір текті сапалы өзгерістерін білдіреді, нарықтық қатынастардың пайда болуымен дамуына, халықаралық еңбек бөлінісіне толыққанды қатысуына тырысуы. Қазақстанның СЭБ концепциясы мемлекеттің Батыс пен шығыс арасында, Қытай мен Ислам әлемінде, сонымен бірге әлемдік теңіз байланысынан мемлекеттің алыста орналасуынан туындайды. Әрине, бірінші кезекте ТМД мемлекеттері біздің мемлекетке қызығушылық танытуда. Әлемде бір уақытта бірнеше экономикалық бірлестіктер және жаңа экономикалық орталықтар пайда болуда. Олар халықаралық шаруашылық интеграциясының жылдамдату үрдісіне ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саудасын шығару кезінде осы экономикалық шынайы факторларын елемей қоймайды. Инвестицияларды қызықтыруды, жаңа технологиялар мен басқару тәжірибесін басқа дамыған мемлекеттерден ҚР тең жағдайдағы әріптестік принципін қолдануға тырысады. 2. <<Ішкі экономикалық потенциал>> ұғымы келесілерді қосады: табиғи ресурстар, базалық және инфрақұрылымды өндірістің даму дәрежесі, ғылыми-техникалық потенциал, еңбек ресурстары және т.б. Дамыған мемлекеттерде ВВП жан басына шаққанда - 34148 долл., Швейцарияда - 33813, Данияда - 26107, АҚШ-та - 24520 және т.б. Қазақстан территориясы бойынша ТМД-да Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады және әлем бойынша тоғызыншы орын, оның территориясы 2724,9 мың км. кв. Қазақстан тамаша табиғи байлықты иемденген Қазақстанның басты байлығы бұл ең алдымен мұнай. Мұнайдың басым бөлігі батыс қазақстанда шоғырланған. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында. Мұнайдың зерттелген артық құрамы 30 млрд.тоннаны құрайды, 1 млрд. тоннасы газ конденсаты, 2 трлн куб м. газдан тұрады. Қазақстан әлемнің басты алтын өндіруші 20 мемлекеттің ішіне кіреді. Алтын өндіруі жөнінде 16-шы орында, ТМД мемлекеттерінің арасында алтын өндіру көлемі бойынша Қазақстан 3-ші орын алады. Ал күміс өндіруде 1-ші орын алады. Алдағы жылдары Қазақстан, Украина, АОР марганец рудын өндіруде Еуропалық нарықта өз саясатын толық атқаруы мүмкін және азиаттық, американдық нарыққа әсерін тигізуі байқалады. Қазақстанның көмір қоры - 4,5 млрд тонна құрайды. Темір рудасы запас қорымен (8,8 млрд. тонна) Қазақстан ТМД ішінде Ресей мен Украинадан кейінгі 3 орында, әлемде 6 орынды алады. Қазақстанның еңбек ресурстары. Қазақстан халық санының көрсеткіші шамамен 17,0 млн адамды құрайды, олардың 10,5 млн адамы еңбекке жарамды, ал 6 млн бүкіл халықтың экономикалық белсенді бөлігі болып саналады. 3. Қазақстанның экономикалық жағдайы оның әлемдік нарыққа шыға алуымен және басқа өнім шығарушылармен бәсекелес бола алатындай байлығының барымен анықталады. 1988 ж. <<Қазақинтарг>> деген республикалық сыртқы сауда бірлестігі құрылған болатын. 1990 ж. СЭБ бойынша мемлекеттік комитет құрылды, ал ол 1991 ж. ХСЭБ болып қайта құрылды. 1991 жылдың басында СЭБ 600 қатысушы тіркелді, бірінші рет 6 бірлескен ұйым құрылды. 1990 ж. жеке сыртқы сауда банкі ашылды. Қазақстан өзінің сыртқы экономикалық байланыстарын өздігінше орындай бастады. Қазіргі кезде мемлекет әлемнің 140 мемлекетімен өнім алмасуда. Олардың ішінде: Еуропа - 26, Азия - 28, Африка - 11, Америка - 9, сонымен қатар Австралия, мұхиттар және т.б. Сыртқы экономикалық өнім алмасу жөнінен алдынғы орынды Қытай, Швейцария, Германия, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония алады. Басқа мемлекеттердің үлесі 40 %, экспорттық импорттық кооперациялар, Азия мемлекеттерінің үлесіне - 28% сыртқы сауда бойынша. Соңғы жылдары экспорттық қойлымдар Швейцарияда, Германияда, Ұлыбританияда, Нидерланды, Бельгия, Канада, Дания, Үндістан, Португалия, ҚХР, Греция және Австралияда артты. Қазақстанның экспорт құрылысында едәуір салмақ минералды өнімдерде - 37,3 % , металл - 31,4 %) төмен үлес машина және транспорттық жүйенің құрылыс бөліктері; сайманда 4% алады. Валюта кемуінің негізгі көзі болып өнім экспорты болып қала береді. Географиялық бағытты экспорты шарықтау аясындағы саясаты әлемдік теңіз байланысынан біздің мемлекеттің едәуір алыс боулына негізделуі тиіс. (Қара теңіз - 2 мың км, Балтық теңізінен -3 мың, Үнді мұхитынан - 4 мың км., Жапон теңізінен - 5,6 мың км). Бұл сыртқы экономикалық қызметтің нақтылығында із қалдырады және жер шарының қай нүктесінде болмасын өткір бәсекелестікті арттырады, әлемдік экономикалық кеңістікте, басқа аймақтарда өз экономикалық белсенділігінің жағдайын көрсетеді. 4.Әлемдік теңіз байланыстан алыс орналасса және географиялық орынды ала отырып, көп пайда келтіруі мүмкін. Егер мына жағдайды айтсақ; ол алып екі елдің Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан, Бизнес орталығы бола алатын үлкен табиғи ресурстарға бай. Қазақстан Азия мен Еуропадан әкелінген өндірілген өнімдерді өз территориясы арқылы өткізе алады және бұдан тұрақты пайда түсіп тұра алады. Қазақстан территориясы бойынша транзиттік өнім алмасу бойынша пайда табуға болады. Тіпті бір мемлекеттен өнім алып, екінші мемлекетке сол өнімді сатса да пайда көзіне айналады. Қытай мен Қазақстан арасындағы жол тіпті арзанға түседі. Өйткені арақашықтық 6000 км-ге қысқарады. Бұл бағыттың тапшылығы болып Қазақстанда (Достық станциясы 1324 км, Түркменстан ст.Серахс 1435 км) Ираннан шыға берісте темір жол бағытымен көлемінің әртүрлі болуымен байланысты өнімдердің қосымша жетілуі болып табылады. Яғни Солтүстік және шығысқа барар жолды реттеп отырғандықтан Қазақстан маңызды стратегиялық көзі болып табылады. Ең негізгі транзиттік бағыттардың қиылысында орналасқандықтан транзит Қазақстанға үлкен пайда келтіруі тиіс. Қазақстандағы халықаралық-транспорттық артериялар дамуының негізгі бағыттары: * әуе траснпорты; * Қазақстан теңіз транспорты ең алдымен Ақтау портымен байланысты; * Труба өткізгіш транспортының заманға сай техникасы мен технологиясы. 1996 жылы Мешхедтен (Иран) Тедженге (Түркмения) 320 км эксплуатация енгізілді. Ол Иран мен Түркменияның темір жол торабын біріктірді. Мына маршрут бойынша жол ашты: Шанхай-Алматы, Бішкек-Ташкент-Ашхабат-Тегеран-Анкара-Париж-Гамбург. Семинар сұрақтары - 2 сағат * Қазақстанның әлемдік бірлестікте даму концепциясы * ҚР эконмоикалық потенциал * ҚР экспорттық потенциал * Транзиттік бөлік ретіндегі Қазақстан территориясы * ҚР импорттық саясат СӨЖ тапсырмасы: * <<ҚР экспорт және импорт жағдайы>> - презентация дайындау СОӨЖ тапсырма: * ҚР сыртқы саясатының хронологиясы Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Әлемдік бірлестікті Қазақстан дамуының концепциясы қандай? * Республиканың эконмикалық потенциалы немен мінезделеді? * ҚР экспортының потенциалы қандай? * Сыртқы экономикалық байланыстың дамуында мемлекеттің мүмкіншіліктері қандай? * ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар жағдайы қандай? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 4. - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Сұрақтар: * Қазақстандағы инвестициялық саясат * ҚР экономикасына шетел инвестициясын тарту саясатының маңыздылығы 1. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі: * Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы; * Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы; * Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы. Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету - мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі. Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау - халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. Өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағдайда механизмдер құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатты. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін "бағытты" шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы. Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді. Ал егер, ел экономикасында құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық өзгерістердің тиімсіз бағытталуы қалыптасатын болса - бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр. Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс: * Дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру; * Ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту; * Негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту; * Халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету; * Экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: мемлекеттің құрылымдық - инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Құрылымдық - инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі - басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу - бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет.Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестициялады тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізгі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа алу - яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі. Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды.Осы кездегі инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды. Біздің республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. 2. Қай ел болмасын, оның құрған инвестициялық саясатының ұлттық принциптері халықаралық стандарттарға сай болуы және уақытында берілуі тиіс, бұл қаржылық есеп беруге де қатысты - осы талаппен жұмыс істеу шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Шетелдік инвесторларды жақсылап тарту үшін үкімет құнды қағаздарды ел ішіндегі қара рыногын болдырмауы керек. Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен байланысты өндірістік капиталдың айналысымен анықталады. Инвестициялық циклдің қозғаушы күші болып табылатын ішкі инвестициялармен бірге, Қазақстан 90-жылдардан бастап шетел инвестициясын белсенді пайдалана бастады. Шетел инвестициясын пайдалану, ел экономикасының халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос салаларға құйылуымен анықталатын объективті қажеттілік болып табылады. Ресми көзқарас бойынша қолайлы инвестициялық ахуал туғызу арқылы шетел инвестициясын белсенді тарту қажет. Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет. Бұл қағидалар: * Экономикалық мақсатқа сәйкестілік - ол сол немесе басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады; * әлеуметтік экономикалық тиімділік - кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида: шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды; * экономикалық - экологиялық қауіпсіздік - егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет; * шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды; * экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық және инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2005 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердің тізімі бекітілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс; * Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі - осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығымен қамтамасыз ету болып табылады; * Ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді. Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы - ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады. Маңызды қағидалардың бірі - елдердің инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық, жариялылық негізде болуы. Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді. Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып, олардың қолайлысын таңдап алу үшін қажет. Қазақстан да басқа елдер сияқты шетел инвестициясын келесі факторлар есебінде қарастырады: 1) экономикалық және техникалық үдерісті жеделдету; 2) өндірістік аппаратты жаңарту және жаңғырту; 3) өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру; 4) нарықтық экономиканың талаптарына сай, кадрлар дайындауды және жұмыспен қамтуды іске асыру. Тартылатын инвестицияның көлемі мен сапасы, оның келтірілуінің қарқындылығы, " инвестициялық ахуал " деп аталатын әлеуметтік-экономикалық түсінікке біріктірілген факторлар кешеніне байланысты. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тек қана тікелей, портфельдік инвестиция, несие және үкімет заемы түрінде келу көлемі 10 млрд. доллардан асты. Тікелей инвестицияның 60 пайызы мұнай өңдеуге, 10 пайызы түсті металлургия, 5 пайызы газ саласына, қара металлургияға және тамақ өнеркәсібіне салынды. Шетелдік тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну көлемі бойынша алдыңғы топқа Жапония - 25,4%, АҚШ - 21,5%, Ұлыбритания - 17% кіреді. 1993 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей инвестициялар көлемі шамамен 40 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде 2001 жылдан ел экономикасына жыл сайын 4 - 4,5 миллиард доллардан салынса, 2004 жылы8,4 миллиард доллар шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Біздің инвестициялық саясатымыздың арқасында 2002 жылы <<Мудис>> және 2004 жылы <<Фитч>> халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанда ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық класс рейтингін берді. 2003 жылы Бүкіләлемдік Банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты. <<Фитч>> халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағандыда өткізген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 13 - ші жалпы отырысында Қазақстанның экономикасы мен мемлекеттік қаржылары мұнай секторының қысымына әлем рыноктарындағы мұнай бағасының өзгеруіне төтеп беретіндей неғұрлым қолайлы жағдайда тұрғанын атап көрсетті. Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі: * экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық; * дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық; * инвестициялар: тікелей және портфельдік. Инвестициялар республикада экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар: * тікелей * портфельдік Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу. Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы - концессиялық келісімдер. Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кіреді. Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компониялар беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады. Әрбір елдің инвестициялық тартымдылығын қазіргі кезде кредит рейтингісінің өлшемімен бағалау кең орын алуда. Осы кең көлемді басқосу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысу үшін арнайы жиналған бірқатар шетелдік қаржы ұйымдары мен компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында осыған дейін хабарлағандарддың сыртында " Бейкер и Маккензи ТМД Лтд " компаниясының басқарушы әріптесі Макс Гутборд, " Самсунг " корпорациясының президенті Ву Тэк Чанг, " Коч холдинг " халықаралық сауда тобының президенті Хасан Бенгю, Орталық, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка, " АБН АМРО банк НВ " интеграцияланған энергетикалық тобының аймақтық жетекшісі әрі басқарушы директоры Франк Кайларс және басқалар бар. Кездесу кезінде Қазақстанға инвестиция тартудың қазіргі жағдайы мен оның перспективалары туралы жан-жақты әңгіме қозғалды. Семинар сұрақтары: * Қазақстандағы инвестициялық саясат * ҚР экономикасына шетел инвестициясын тарту саясатының маңыздылығы * Инвестициялық саясатты мемлекеттік басқару СӨЖ тапсырма: * <<ҚР инвестициялық саясат>> - баяндама СОӨЖ тапсырма: * Мемлекетке шетел инвестициясын тарту Өзін өзі бақылау сұрақтары: * ҚР экономикасына шетел инвестициясын тарту саясатының маңыздылығы неде? * Шетел инвестициясын тартудың негізгі стратегиялары * ҚР инвестициялық саясатының нашар және мықты жақтарын ата? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 5. - ҚАЗАҚСТАНДА СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Сұрақтар: * Мемлекет деңгейінде СЭҚ басқару * Республикада СЭҚ басқаруды ұйымдастыру * СЭҚ қолдау және мемлекеттік реттеудің әдістері * Аймақ деңгейінде СЭҚ басқару * Қазақстанда СЭҚ басқарудың төрт даму кезеңін көрсетуге болады: I - 1918 ж. дейін - революциядан бұрын; II - 1918-1986 жж. - совет үкіметі кезеңі; III - 1986-1991 жж. - қайта құру кезеңі. IV - 1991 ж. - қазіргі. Көптеген мемлекеттердің бірлестік ұйымдардың сыртқы нарыққа өзгеше шығуы дайындықсыз мемлекетпен экспортқа өнімдерді шығаруы болды. Мысалы: металл, астық, отын, түсті металл, тері, шикізаты т.б. Бұл жетіспеушілікке, бағаның түсуіне, пайда келтірмеген бәсекелестікке, өте төмен бағамен өнімді сатуға алып келді. Мемлекет құзырына енді тек импорт пен экспорт өнімі ретінде атом-ядролық материалдар, тастан жасалған асыл бұйымдар, қару-жарақ, әскери техникалық заттар, ескі бағалы заттар және өнер туындылары яғни, тарихи, ғылыми және мәдени бағалы құндылықтар, сонымен бірге наркотикалық және психотроптық әсері бар заттар ғана болды. Қазақстан зайырлы, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Олар мемлекетте СЭҚ демократияландыруына, осы мәселе аясында кеңейтулер жасау көздеді. 1995 жылдың 11 қаңтарынан <<Сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау туралы>> ел басының жарлығымен Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстарға мемлекеттік жөндеу, қалпына келтіруіне жаңа жүйе қалыптасты. Қазақстандық мекеме ұйымдар СЭҚ бастап шығуы мен оның тіркелу уақыттан бастап жекеменшік формасынан бөлек іске асыруға құқық алды. Негізгі жаңадан аяқ басулар валюта және кедендік жөндеу аясында көріне бастады, бартер жасалу, салық жағындағы өзгерістер. Қазіргі кезде Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет даму жүйесі ары қарай дамуда. 2. ҚР негізгі мемлекеттік құрылымы, басқару жүйесі топты СЭҚ ҚР конституциясында жазылған. СЭҚ құрамына: сыртқы және халықаралық қатынастар, халықаралық келісім шарттар мен келісімде, соғыс және бейбітшілік сұрақтары, сыртқы қатынастар. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттік билік жүйесінің органы биліктің үш тарауын құрайды: заңшығарушылық, атқарушы және сот. ҚР заң шығарушы органы болып ҚР Парламенті табылады. ҚР жоғарғы сот органы конституциялық сот, жоғарғы дәрежелі сот, жоғарығы сот. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқару мемлекеттің жоғарғы органдарының бүтіндей жүйесімен іске асырылады. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруға қатысу, мемлекеттік жоғарғы маңызын органдарын мамандандырылған әртүрлі жүйесінде көбіне атқарушылық қызмет көп атқарылады. Атқарушы органдарына ҚР ел басы мен үкіметі жатады. ҚР СЭҚ басқаруына келесі атқарушы органдарының маңызы зор. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігі. СЭҚ саласында СМИ-дің басты міндеті - ҚР басқаруымен және мемлекеттің жоғары өкілдерінің шешімі бойынша сыртқы экономикалық саясат және оны іске асырылуын қамтамасыз ететін шығарушы органдардың басқа федералды органдармен бірлесіп қызмет атқаруы. ҚР кедендік тексеру комитеті - мемлекет кедендік саясатында шығаруға және іске асыруға қатысатын сыртқы экономикалық сферасында орталық құқық қорғаушы орган. ҚР ұлттық банкі - оның жеке меншігінде орналасқан мемлекеттің басты банкі. Ол мемлекеттің заң шығарушы және атқарушы органдарына тәуелді емес өзінің қызмет барысында мен басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа алады. 3. Барлық мемлекеттерде СЭҚ мемлекеттің сыртқы саясатының бір бөлігі ретінде қарастырылады. ҚР СЭҚ мемлекеттік қайта өңдеу принциптерінің негізі: * сыртқы саясаттың бір бөлігі ретінде сыртқы экономикалық саясаттың бірлігі; * СЭҚ мемлекеттік реттеу жүйесінің бірлігі және оның орындалуын тексеру; * ҚР-ң кедендік территориясының бірлігі; * Экономикалық қайта өңдеу ісінің приоритеті; * СЭҚ барлық қатысушыларының тең дәрежелілігі және олардың диксриционацияланбауы; * СЭҚ қатысушыларының заңды қызығушылықтарын мемлекеттік құқықтарын қорғау; * СЭҚ органдардың мемлекеттік ақталмайтын бөгеттерді алып тастау, бүтіндей мемлекет экономикасына және оның қатысушыларына кедергі келтіру. Экономикалық принциптерге ықпал етудің бағытталуына байланысты - барлық жасалынатын қызметтер протекционалдық және либерализациялық болып бөлінеді. Протекционалдық қызметтер шетелдік бәсекелестіктен ішкі нарықты қорғауға бағытталады. Либерализациялық керісінше шетелдік компаниялар жағынан бәсекелестікке алып келетін сыртқы сауда шектеуілігінің төмендеуі; Экономикалық процестерге ықпал етуіне байланысты іс шаралар әкімшілік және экономикалық болып бөлінеді. Әкімшілікке экспорт және импортқа тікелей шектеу қойылуы, яғни эмбарго, лицензия (квота) жеңілдіктердің тағайындалуы. Ал экономикалыққа экономикалық процестерге және қатысушылар экономикалық қызығушылықтарына әсер ететіндер жатады. Сыртқы экономикалық қызметтің қайта өңделінуінің жасалатын әдістердің әртүрлігіне байланысты барлық қызмет түрлері кедендік-тарифтік және тарифтік емес болып бөлінеді. Алдынғысында ұлттық экономиканың қызығушылықтарын қорғауға бағытталған тікелей шектеу әдістері жатады. Оған лицензияландыру және квоталандыру жатады. СЭҚ қайта өңдеу құралдарынан тұратын тарифтік емес түрінде маңызды орынды валюталық шектеу қою және валюталық тексеру алады. Валюталық шектеу қою валюталық құнды заттар мен және резиденттік немесе резиденттік емес операциясы сипатталады. 4.Қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық реформасы бір жерден екінші жерге көшу деңгейімен анықталады. Жергілікті деңгейде мемлекеттік сияқты СЭҚ басқару жүйесі орнайды. <<сыртқы сауда қызметін мемлекеттік түрде қайта өңдеу>> мемлекеттік заң бойынша СЭҚ аумағында біліктік деңгейімен қызметтері анықталады. ҚР (облыс және қалалары) аймақтары бойынша өз міндеттемелеріне мыналар құқылы: * сыртқы сауда қызметін өздігінен іске асыра алады; * сыртқы сауда қызметінің жергілікті бағдарламасы бойынша іске асыра алады және құрастыра алады; * СЭҚ қатысушыларына жеңілдіктер және мемлекеттік қаржылық кепілдік қосымша тапсырмаларды атқарады; * Шетелдік қарыз берушілердің қызығушылығын арттыру үшін сыртқы сауда қызметінің маңайында сақтандыру және кепілдікке беру фондтарын құру; * Шет мемлекеттің әкімшілік-территориялық құрылымдарынмен және шет мемлекеттердің тұлғаларымен келісімге келу. Семинар сұрақтары - 2 сағат: + Мемлекет деңгейінде СЭҚ басқару + Республикада СЭҚ басқаруды ұйымдастыру + СЭҚ қолдау және мемлекеттік реттеудің әдістері + Аймақ деңгейінде СЭҚ басқару СОӨЖ тапсырма: * Республикадағы СЭҚ ұйымдастырылуын талдау; * ҚР СЭҚ мемлекеттік басқару Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Мемлекет деңгейінде СЭҚ мінездемесі қандай? * Республикада СЭҚ дамуының негізгі кезеңдері? * СЭҚ көлемінде ҚР мемлекеттік органына мінездеме бер? * Мемлекеттік қайта өңделумен қандай әдіс-тәсілдері бар? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 6. КӘСІПОРЫН ДЕҢГЕЙІНДЕ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Сұрақтар: * Мемлекеттің СЭҚ-де нарықты зерттеу * Шетелдік әріптес таңдауда фирмалардың мінездемесі және классификациясы * Фирмалардың құқықтық жағдайы және жауапкершілігі 1.Заман талабына сай СЭҚ демонополизациялануының негізгі бөлігі болып мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы кәсіпорын болып табылады. СЭҚ басқаруының әсерлі болуы үшін адекваттық жағдайда жұмысты басқару құрылысы керек. СЭҚ басқару құрылысының ұйымдастырылуы ең алдымен шешілуі тиіс мақсаттармен, тапсырмалардың орындалуымен анықталады. СЭҚ басқаруыың тәжірибелілігі көп жағдайда мамандандырылған сыртқы сауда кәсіпорындарында жинақталады. ССҰ (Сыртқы сауда ұйымы) жетекшілік құрылымының негізі болып фирма табылады. Мемлекеттер тобымен және белгілі бір өнім түрін сатуға арналғанмен сипатталады. Фирманы директор және бірнеше орынбасарлары басқарады. Оның қызметі бүтіндей ішкі нарыққа икемделіп заңды ұйымдастырылған құрылымына қарамастан СЭҚ басқарылуына осындай құрылым құру тән. Алайда өндіріспен айналысатын мекемелер санына қарағанда бұндай ұйымдар саны аздау. СЭҚ белсенді қатысатын мекемелердің ішінде сыртқы сауда аппаратында екі негізгі құрылым бар. Сыртқы экономикалық бөлім түрінде ішкі өндірістік құрылым бөлігі және сыртқы сауда фирма түрінде өндірістік бөлініс. 2.Кез келген сыртқы сауда жүйесі шетелдік әріптес таңдаудан басталады. Таңдауды дұрыс жасау көбінесе фирмалық құрылымның нақты бір бөлігіне байланысты, әлемдік және ұлттық өнім нарығында жетекші фирмалардың рөлі, шетелдік фирмалардың заңды фирмадағы қызметі және ұйымдастырушылығы, қаржылық және өндірістік мүмкіншіліктері және басқа да факторлар әсер етеді. Фирма - қоғамдық еңбек үрдісінде пайда болған заманға сай капиталисттік шаруашылықтың бірлігі. Заңды түрде барлық талапқа сай тіркелген. Шаруашылық қызмет түріне және операциялардың мінездемелеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, ауылшаруашылық, сауда саттық, құрылыстық транспорттық сақтандырылған инжирингтің лизингттік т.б. Мемлекеттер қатарларында нарықтық нарықтық экономикада және де кейбір дамып келе жатқан мемлекеттерде негізгі орынды ауылшаруашылыққа байланысты шыққан өнімдер алады. Дамыған капиталистік және енді дамып келе жатқан мемлекеттерде фирма топтарының үлкен бөлігін құрылыстық, инженерлік-құрылыстық және инженер қосымша инженерлік фирмалар және компаниялар құрайды. Дамыған капиталистік мемлекеттің экономикасында маңызды рөлді сақтандырулық, қаржылық, банктік, жинақтық фирмалар алады: * фирмалардың жеке меншігіне байланысты олар мемлекеттік, мемлекеттік жеке меншік, жеке меншік болып бөлінеді. * фирманың капиталына байланысты олар ұлттық, аралас, халықаралық болып бөлінеді. 3.Заңдалған форма фирманың күшін және жауапкершілігін анықтайды. Есеп беру формасын, алынған кірістің салықтық тәртібі фирманы басқарудағы органдардың құрылымы, фирманың ликвидация тәртібін және басқа да аспектілерді қамтиды. Фирма қызметі келесі заңды формаларды анықтайды: жеке кәсіпкер бұлар әртүрлі қызмет саласында түрлі шаруашылық операцияларды іске асыратын тұлға. Жеке кәсіпкерлер өз фирмасының коммерциялық келісімдерін өткізіп бүкіл мүлікке деген жауапкершілігі арттырады. Кәсіпкерлердің бірігуі капиталистік қатынастар дамуының қорытындысы болады және серіктестікпен, бірлестік түрінде іске асырылады. Серіктестікпен бірлестік арасында аралық форма болып командалық серіктестік және акционерлік командалық серіктестік болады. Бүтіндей серіктестік бұл екі немесе бірнеше кәсіпкерлердің келісім шартпен бірлесуі. Бұнда біреуі серіктестік қызметінің басшылығын іске асырады және өзінің салымы мен сондай-ақ мүліктерімен бірге фирманың міндеттеріне жауапты, екіншілері серіктестік басқаруына қатыса отырып тек өз салымына ғана қатысады. Акционерлік-командалық серіктестік - мемлекеттік тіркеу органдарының жарлығы бойынша серіктестік жөнінде заңға сәйкес қызмет атқарады. Жауапкершілігі шектеулі қоғам - капитал салушы бірлестіктердің заңды формасы. Акционерлік қоғам - жеке меншіктік ірі батыстық фирмалардың негізгі формасы акционер деп аталатын капитал салушылардың бірлесуімен сипатталады. Семинар сұрақтары - 1 сағат: * Мемлекеттің СЭҚ-де нарықты зерттеу * Шетелдік әріптес таңдауда фирмалардың мінездемесі және классификациясы * Фирмалардың құқықтық жағдайы және жауапкершілігі * Мемлекеттік басқарудың СЭҚ мекеме деңгейінде СОӨЖ тапсырма: * <<Мекеме деңгейінде СЭҚ мінездеме>> реферат дайындау * Мекеме деңгейіндегі СЭҚ мінездеме (мысал ретінде Семей қаласының бір кәсіпорынын алу) Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Мекеме, кәсіпорынға анықтама * СЭҚ орындай отырып кәсіпорынға мінездеме * Кәсіпорын қызметін ұйымдастырушы-құқықтық формалрын ата? * Мекеменің мемлекеттік басқаруында қандай бағыттар бар? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 7 - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЭҚ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ Сұрақтар: * ҚР сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі құрамы * Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды мақсаттары Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты - халық жағдайын жақсартужәне төлем балансы налу мақсатында дүниежүзілік нарыққа тауарлар мен қызметтердің ілгері жылжуын қамтамасыз ететін елдің мақсатты қызметі. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы ұлттық экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстық құбылыстарды жоюдың маңызды бір бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамы: - реттеудің заңды-құқықтық негізі; - басқарудың институционалды-ұйымдастырушылық құрылымы; - сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік бағдарлау; - сыртқы саудалық мәселелерді квоталау және лицензиялау; - экспорттық шарттарды тіркеу; - импорттық тауарларды сертификациялау; - экспортталатын тауарлардың бағасына, сапасына және санына міндетті экспорттық бағалау; - кедендік реттеу; - сыртқы-экономикалық қызметті валюталық және несие-ақшалай реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды мақсаттары келесілерден тұрады: - құрылымдық мәселелерді шешу; - республиканың басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара тиімді экономикалық қатынастарды құру және дамыту; - экспорттық әлуетті көбейту; - республикалық тауар өндірушілердің шетел серіктестерімен тікелей қатынасты кеңейту мақсатында қолайлы халықаралық тәртіпті жасау және қолдау; - шетел капиталын тарту; - қазақстандық кәсіпорындарды дүниежүзілік бәсекеге қоу, сапалы шикізат пен материалдарды, жаңа технологияны ендіру, лицензия және патенттерді сатып алу арқылы ұлттық тауардың (өнімнің) сапасын және еңбек өнімділігін арттыру; - мемлекттік, қаржылық, ақпараттық көмек арқылы қазақстандық кәсіпкерлердің дүниежүзілік нарыққа өту жағдайларын жасау; - ішкі нарықты қорғау, сыртқы экономикалық ұлттық мүдделерді қорғау. Аталған мақсаттар сыртқы экномикалық саясаттың нақты формаларын жүзеге асыруға бағытталған: экспорттық-импорттық саясат, мұның ішінде лицензия және квота бөлу, кедендік тарифтерді реттеу, шетел инвестицияларын тарту саясаты (несиелерді алу және қолдану), тікелей инвестицияларды тарту саясаты мен шетел мемлекеттері арқылы техникалық көмекті қолдану саясаты; валюталық реттеу саясаты. Ұзақ жоспарда экспортық-импорттық саясаттағы реттеу келесі жағдайларды қамтамасыз етуі қажет: - сыртқы сауданы ырықтандыру; - дүниежүзілік нарықта қазақстандық тауар өндірушілердің орнын нығату және ағымдағы операциялар бойынша төлем балансының оң сальдосына жету; - Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді ынталандыру; - елдің сыртқы саудалық мүдделерін қорғау. Бұл жоғарыда айтылған мәселелер мына жолдармен жүзеге асырылады: - сыртқы сауданы біртіндеп тікелей мемлекеттік бақылаудан босату; - несиелік саясаттың арнайы шараларын жүргізу; - дүниежүзілік нарықта қазақстандық тауарлардың бәсекелестігі үшін қолайлы тәртіп жасайтын кедендік реттеуді жүзеге асыру; - сыртқы экономикалық байланыстардың инфрақұрылымын, соның ішінде ақпараттық қызмет ету жүйелерін жасау және дамыту; - Қазақстанның тиімді экономикалық одақтарға кіруі. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу маңызды шикізат салаларының тауарларын сыртқы шығуын қадағалау, сонымен қатар экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар мен ұйымдарды таңдау болып табылады. Сол сияқты, мемлекет трансұлттық корпорацияларды ынталандыруды, қарым-қатынастық интеграциялық формаларының дамуын өнеркәсіп қызметінде шетелдік серіктестерімен бірге жүзеге асырады. Шетел инвестицияларын реттеуде келесі талаптардың шешілуін қамтамасыз ете алатын инвесторларға көңіл бөлінеді: - экспорттық потенциалдың тиімділігін жоғарылату, елдің экспорттық экспансиясын күшейту және оның сыртқы нарықтардағы орнын нығайту; - импорт алмастырушы өндірісті дамыту; - жаңа техника мен технологияны, басқару және өткізу тәсілдері арқылы өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін көтеру; - дайын өнімді шығарумен байланысты аяқталған технологиялық циклдарды құру; - мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдерді көбейту; - ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы мәселелерді шешу барысында маңзыды болып өңделіп жатқан жобалардың салалық және аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, инвестицияларды қолданудың басымды бағыттарын құру болып табылады. Валюта жүйесіндегі саясат валютаны қолдау және экономикаға қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін сыртқы экономикалық қызмет нәтижесінен елдің валюта қаражаттарын көбейтуді көздейді және ол сыртқы түсімдер мен төлемдерді өткізу арқылы, сыртқы заемдарды алу және ішкі қарыздарды басқару арқылы жүзеге асады. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметін өтпелі экономика жағдайында мемлекттік басқару келесі қағидаларға сәйкес жүргізілуі қажет: - сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың бірлігі; - мемлекеттік реттеу жүйесі мен оның жүзеге асуын қадағалауының бірлігі; - сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әкімшілік әдістерінің орнына экономикалық әдістерді күшейту; - сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларының теңдігін қамтамасыз ету. Семинар сұрақтары - 2 сағат: * ҚР сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі құрамы * Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды мақсаттары СОӨЖ тапсырма: * <<ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеудің заңдылық негізі>> тақырыбына реферат дайындау * Республиканың модельдік дамуындағы іс-әрекетті суретте Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * СЭҚ мемлекеттік реттеу дегенді қалай түсінеміз? * СЭҚ мемлекеттік реттеу актісін атап өт? * Модельдің нарықтағы экономиканың әр елдегі дамуының ең негізгісін тап өт? * ҚР модельдік нарықтағы байланысын суретте Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 8 - СЭҚ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ Сұрақтар: * Экспортты ынталандыру саясаты, оның мазмұны * Экспортты ынталандыру әдістері * Жаңа индустриялды және дамыған елдерде экспортты ынталандыру тәжірибесі Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар нарықтарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында негізгі саясаттың негізгі екі түрі бар: * халықаралық сауда саясаты; * сыртқы сауда саясаты; Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниөжүзілік Сауда Ұйымы (ДСҮ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады. Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары: * осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі менәдісін өзгерту; * экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту; * елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергияжәне т.б.); * экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар: * еркін сауда саясаты; * протекционизм. Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады. Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы кұшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді. Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзіндө, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ. Протекционизм - отандық, экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқы-рауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін. Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жүмыс-сыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты үзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді. Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рүқсат етіледі. Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында үлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі қүралы болып кедендік тарифтер саналады. Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі. Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 1. суретте S түзуі мақтаның үсынысын, Д түзуі Д түзуі - сүранысты, ал Р0 - ішкі рыноктын бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және түтынылған мақта мөлшері Q0-ге тен болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін. - Сурет 1. Импоргтық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінін нәтижесінде түтынушылар импорттаушы елде үтылса, экспорттаушы елде үтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде үтып, экспорттаушы елде үтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады. Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астықты импорттайды деп болжамдайык. 2 суретте баж салығын енгізуден пайда болатын ұтыс пен шығындар айқын көрсетілген. Баж салығы ішкі бағаны Рw-дан Рt-ға дейін көтеріп.экспорттық бағаны Рw-дан Рt1-ге дейін төмендетеді. Астықтың ішкі өндірісі St-ден S2-ге дейін өссе, ішкі тұтыну Д1-ден Д2-ге дейін төмендейді. Әр түрлі әлеуметтік топтар үшін ұтыс пен шығындары а, в, с, d, е нүктелерімен көрсетілген көлемдегі фигуралармен анықталады. S1 S2 D1 D2 Саны, Q Сурет 2. АҚШ-та импорттік тариф енгізілудің эффекті Кедендік баж сапықы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді: 1) Тауар қозғалысының бағыты бойынша. Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар үлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады. 2) Баж салығын орнату әдісі бойынша. Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, специфи-калық және қүрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы ( бағалық) салық деп атайды. Спецификалык (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінін абсолютті мағынасында орнатылады. Қүрама (комбинированный). аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады. 3) Баж салықтарынын іс-әрекет бағыты бойынша. Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискрим-ниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе к.андайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мак.сатында минималды деңгейден төмен қойылады. Дискримниациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады. Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенса-ционный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпинг-ке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады. Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарас-тар бар. Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті <<.олданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде: * Тарифтер экономикалық өсуді тежейді; * Тариф-тұтныушыларға салықтык. ауыртпалыкты ұлқайтады; * Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама тұрдеелдің экспортына нүқсан келтіреді; * Тариф жүмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруынаәкеледі; * Тарифтерді бір жақты енгізу кеп жағдайда сауда соғыста-рына әкеледі. Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі: * Тариф - жас салаларды қорғайды; * Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру қүралы; * Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі; * Тариф - үлттык. қауіпсіздікгі, елдің халықарапық беделін қорғайды Кедендік тарифтер көп түрлігі және орындайтын мәселелері бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең к.олданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді үлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады. Семинар сұрақтары - 1 сағат: * Сыртқы кедендік тариф және оның мақсаты * Тауар классификациясы * Тауардың кедендік тұрақтылығы СОӨЖ тапсырма: * <<ҚР кедендік бақылаудың сыртқы экономикалық іс әрекеті>> реферат дайындау * <<Семей>> кедені мысалында СЭҚ үлгісін бақылау іс-әрекетін көрсетіңіз Өзін-өзі тексеру сұрақтары: * СЭҚ кедендік тариф бақылауының рөлін түсіну * Тауардың классифкациясының мақсаты мен маңызын анықта * СЭҚ тауар номенклатурасы ТМД елдерінен айырмашылығы * Кедендік тауар бағасының қажеттілігі * ССҰ Қазақстандағы көрінісі Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 9. ҚР СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ Сұрақтар: * Классификацияға түсінік және біріккен кәсіпорындардың кезеңдерінің дамуы * Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың дамуындағы ерекшеліктері * Қазақстандағы еркін экономикалық аймағы 1.Экономиканың үрдісі дамудағы форманың өндірістік іс-әрекетінің дамуы. Бүкіләлемдік экономиканың әлем фирмаларыныңбірлесуі және әлемдік кооперацияның өз капиталы болады. Біріккен кәсіпорындардың Ұлыбританияда XVI және XVII ғғ. термині қалыптасты. IX ғ XX ғ. аралығында ең бірінші болып бәсекелестікке еркін араласты, үлкен жетістіктерге жетті. Біріккен кәсіпорындар жаңа нарықта шетелдік серіктестік ретінде ең бірінші рөл атқарды. Біріккен кәсіпорындардың ең қажетті негізгі 4 модельді басқарады: * Модель автономиясы * Серіктестік модель * Модель функциясының бөлінуі * Толық консенсуа моделі 2. Республикадаэкономикалық реформаны реализациялауды жүргізу. Біріккен кәсіпорындардың көптеген бөлігі әртүрлі фирма Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Италия, Австрия, Польша, Франция, Ресей, Болгария және т.б. біздің Қазақстанға таратылды. Олардың азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері, дәрі-дәрмек тұрмыстық техника, ресурстар, ауыр және жеңіл металлургия, химиялық өндіріс, құрылыс жабдықтары, тері өндірісі, халық қажеттілігі және т.б. қажеттіліктер жатады. Біріккен кәсіпорында құрылыс қонақ үйлер, теле байланыс жүйелер, экология, әлемдік сауда саттық медицина және косметикалық құралдар жатады. 3.ҚР еркін экономикалық аймақ - бұл белгілі бір территорияда ерекше режимді іс әрекетпен шетелдік капиталы, біріккен кәсіпорындар және ұлттық нарықпен байланысты. 26.01.1996 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша <<ҚР экономикалық арнайы аймақ туралы>> Заң қабылданды. Осы заңның негізінде келесі аймақтар құрылды: Лисаковский, Ақмола, Жайрем-Атау, Қызылорда. Еркін экономикалық аймақ ұйымдастырылу мақсаты шетел инвестициясымент қарқынды бой көтеруі және капитал каналын жабу. Семинар сұрақтары - 1 сағат: * Біріккен кәсіпорындардың классификациясы туралы түсінік * Біріккен кәсіпорындардың кезеңінің дамуы * Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың дамуының ерекшелігі * Қазақстанда экономика аймағының еркіндігі СОӨЖ тапсырма: * ҚР біріккен кәсіпорындар іс-әрекетіне сипаттама * Еркін экономикалық аймақ іс-әрекетін сипатта Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Біріккен кәсіпорындардың айырмашылығы неде? * Біріккен кәсіпорындарды басқарудың қандай моделі кездеседі * Қазақстанда еркін экономикалық аймақ кездесуі * Біріккен кәсіпорындар және ЕЭА Қазақстан дамуының ерекшелігін ата? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. ТАҚЫРЫП 10. ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ Сұрақтар: * Іскерлік қарым-қатынастың маңызы және мәні * Іскерлік қарым-қатынастың формасы және ерекшелігі * Келіссөзге дайындық * Келіссөзді тактикалық қабылдауы мен кезеңі * Сөйлесу кезінде хабарлау әдістері 1.СЭҚ қай түрі болмасын маңызды сөйлесуде екінші адммент маңызды тіл табыса алу қажет. Тасымалдаушы, әр саладағы ұйымдастыру кезінде транспортта жүк тасу, жартылай фабрикатты және т.б. азық-түліктің басқа коммерциялық қажеттілік т.б. Әртүрлі жиындарды, жиналыс, жай қарапайым екі адам арасындағы сөйлесу арқылы шешу үлкен рөл атқарады. Қандайда болмасын маңызды тіл табысу шетінен мәселе тактика және стратегиялық тапсырма. Нақты күткен қорытынды - маңызды тіл табысуда бұл тактикалық тапсырма. Маманның тіл табысуы бұл жерде адамның қаржы мәселесіне және басқа психологиялық тұрғыда жан-жақты бақылауға алу арқылы сөйлесуді дайындауда. Бұндағы маңызды мақсат - екі жақты тіл табысу арқылы ортақ мәмлеге келу. Ортақ мәмілеге келген соң іс әрекет нәтижесі - маңызды хаттама дайындап толтырады. 2. СЭҚ шынайы шетелдік ұйымдармен отандық ұйымдарға сөйлесу маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыс стилі, жалпы мәдениет, психологиялық ерекшелігі бүтіндей жүйе және дәстүрлі дәрежеде сенімділікті және тәртіптілікті көрсетеді. Өркениетті мемлекеттердің көрнекті ұйымдарымен кездесуі байланысқанда позиция мөлшері мен сыйласымдыққа қатты мән берген жөн. Іскерлік қарым-қатынасқа ең негізгі әртүрлі формалар пайда болады. Қандай да болмасын маңызды кездесу мөлшернемесі бәрі сәттілікке өтуі. Іскерлік қарым-қатынастамәселелерді шеше отырып, екеу аралық қызығушылықты тудыру қажет деген шешім қабылдануы керек. 3.Қандай да болмасын іскерлік қарым-қатынас ең негізгі деген 3 кезеңнен тұрады: дайындық, сөйлесуді өткізу, қорытындыны талдау, және келісімнің тиімділігін орындау. Мөлшерленген дайындықты ең алдымен топшылап, содан соң барып маңызды кездесуді жүргізу керек. Іскерлік қарым-қатынаста қосалқы талдау дұрыс шешім - ең бірінші сәтті жағдай жасау. Болашақтағы әріптестікке ең алдымен фирманың жетекшілігінің қаржылық жағдайы және болашағы оның қаншалықты сенімділігін мүліктердің түрлерін маңызды дәстүр, маңызды әріптестік қажеттілігі. Егерде осы барлығын толықтыратын жағдай болса ғана іскерлік қарым-қатынасты жалғастыруға болады және оны бірнеше кезеңдерге бөледі. Келіссөз дайындығында хатпен түсіндіруде әріптестік өзі және өндіріс ұйымының жағдайымен толық таныстыру жөнінде мәлімет жазу немесе хабарлауға міндетті және де осы өндіріске деген қызығушылығын арттыру мақсаты көзделуі қажет. Іскерлік қарым-қатынас дайындығына келесідей бағдарламалр кіреді: * ситуация және мәселенің талдауы; * мақсаты маңызды кездесуде тапсырманы орындау; * жобаға қажетті материалдар мен құжаттар дайындау. 4.Келіссөз жүргізу 3 кезеңге бөлінеді: 1. Бір сөзбен айтқандағы позицияның және түсінушілікке қызығушылықты арттыру; 2. талдау, талқылау 3. келісімшартқа келісім позициясы 4. маңызды әңгімелесудің аумақтық әдістері. Көзбе-көз кездесуде әртүрлі әңгімелер төңірегінде болады. Әңгімелесу нәтижесін тек мынадай жағдайда ғана: * Тапсырма нақты шешім тапса * іскерлік қарым-қатынастың жоспарланған жағдайда оның көзделген мақсаты орындалады * Жоспарланған әңгіменің мақсаты ұзақ әңгімеге жалғасса * Кездесуге лайықты таңдалған уақыты мен орны нақыланған жағдай жда. Егер кездесудің мақсаты - әріптестер арасындағыашық байланыс болса. 5.Өзара келісімділік. Көптеген ұйымдар арасында ең алдымен өзара келісім бітімге келеді. Жұмыс жағдайының қалыпты жағдайы әріптесінің жағдайы орындалмаса, сізді іздестірсе, немесе қабылдау бөлмесінде күтіп отырған жағдай болса, онда өзара келісімде бұзылады. Өзара келісім өте ұқыпты тыңғылықты сөйлесуде - нысанаға жеткізетін әңгіме жүргізу, нысанаға жеткізетін пікірталасты алдын-ала өткізген жөн. Бұндай пікірталас қарсыласында тыңдай білген жөн. Қарсы жақтың айтқан пікірін аяғына дейін тыңдау керек. Өз пікіріңді ғана дұрыс деп қарсы жақтың пікіріне қосылмау бұл ұлттық әдетке бой беру, дұрыс емес. Қызмет саласында бұл әдетке жол беруі мүмкін емес. Қызмет саласындағы әрбір пікірталастың мақсаты жаңа бір ой мен фактілердің алынуы. Ол үшін сұрақты дұрыс қарастыра білу керек. Мүмкіндігінше сұрақтарды ашық және нақты қоя білу керек. Ақпарат алу барысында пікірталас өткізілуі міндетті түрде тіркеуге алынады. Және ары қарай жалғасуына жол табады. Кез келген жағдайда мақсатқа жеткен жағдайда ғана пікірталасты аяқтауға болады. Семинар сұрақтары: * Қызмет барысындағы қарым-қатынастың негізгі мәні және мағынасы * Қызметтік қарым-қатынастың ерекшелігі * Жиналыстарға дайындық * Жиналыстардың әртүрлі болу әдістері мен өту кезеңдері * Пікірталас өткізудің рационалдық тәсілдері. СОӨЖ тапсырма: * ҚР қызмет барысындағы пікірталастың ерекшелігі мен формаларына мінездеме беру * Жиналыс жүргізулеріне мінездеме беру Өзін-өзі бақылау сұрақтары: * Қызмет барысындағы пікірталастың ерекшеліктерінің мәні неде? * ҚР қызмет барысындағы пікірталастың қандай формаларын бөліп қарастыруға болады. * Пікірталас өткізу барысындағы өзара пайдалы шешімдер қабылдаудың жолдары? * Пікірталас өткізу кезеңдері рационалды әдіс-тәсілдерін көрсет? Әдебиет: 1. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан, А., 1999, 315 с. 2. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. Учебник /Под ред. Л.Е. Стровского. М., 1999, 823 с. 3.Основы внешнеэкономических знаний. Учебник /Под ред. И. П. Фаминского. М., 1994. 4. Стровский Л.Е. Внешний рынок и предприятие. М., 1993. 5. Управление ВЭД хозяйствующих субъектов в России. Уч. пос. / Под ред.Э.Э.Батизи. М., 1998. 6. Шагалов Г. и др. Регулирование внешнеэкономических связей. М., 1997. 3 Практикалық сабақтар Тақырып №1. Сыртқыэкономикалық қатынастардың теориялық негізі * Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және негізгі нысандары * Қоғам өндірісінің дамуындағы халықаралық экономикалық қатынастар және экономиканы интернационалдануының рөлі * Қазақстанда халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі және орны * Қазақстан экономикасындағы сыртқыэкономикалық қатынастардың рөлін арттыру Сабақтың мақсаты: халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және негізгі нысандарын қарастыру, қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынастар және экономиканы интернационалдануының рөлі қарастырылады. Тақырып №2. Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы және интеграция мәселелері 1. ҚР сыртқы экономикалық байланысының жағдайы 2. Шетел әріптестерінің Қазақстанмен сауда жағдайындағы мәселелері 3. Қазақстан өнеркәсіптерінің сауда жағындағы мәселелері Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы экономикалық байланысының жағдайымен таныстыру, шетел әріптестерінің Қазақстанмен сауда жағдайындағы, Қазақстан өнеркәсіптерінің сауда жағындағы мәселелерін қарастыру. Тақырып №3. ҚР сыртқы экономикалық қатынастардың трансформациясы және мемлекетің әлемдік шаруашылық жүйесіне кіруерекшеліктері * ҚР әлемдік бірлестіктегі концепциясының дамуы * ҚР экономикалық потенциалы * ҚР экспорттық потенциалы * Транзистік бөлік тәрізді Қазақстанның территориясы Сабақтың мақсаты: ҚР әлемдік бірлестіктегі концепциясының дамуын қарастыру, ҚР экономикалық және экспортты потенциалымен танысу. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №4. Қазақстан республикасындағы инвестициялық саясаттың ерекшеліктері * Қазақстандағы инвестициялық саясат * ҚР экономикасына шетел инвестициясын тарту саясатының маңыздылығы Сабақтың мақсаты: ҚР инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қарастыру, ҚР инвестициялық саясат және республикасының экономикасына шетел инвестициясын тарту саясатының маңыздылығымен танысу. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №5. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру * Мемлекет деңгейінде СЭҚ басқару * Республикада СЭҚ басқаруды ұйымдастыру * СЭҚ қолдау және мемлекеттік реттеудің әдістері * Аймақ деңгейінде СЭҚ басқару Сабақтың мақсаты: Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан басқару, республикада СЭҚ басқаруды ұйымдастыру, СЭҚ қолдау және мемлекеттік реттеудің әдістерін қарастыру. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №6. Кәсіпорын деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру * Мемлекеттің СЭҚ-де нарықты зерттеу * Шетелдік әріптес таңдауда фирмалардың мінездемесі және классификациясы * Фирмалардың құқықтық жағдайы және жауапкершілігі Сабақтың мақсаты: кәсіпорын деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттің СЭҚ-де нарықты зерттеуді талдау. Фирмалардың құқықтық жағдайы және жауапкершілігін қарастыру. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №7. Қазақстан Республикасында СЭҚ мемлекеттік реттеу * ҚР сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі құрамы * Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды мақсаттары Сабақтың мақсаты: ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі құрамын талдау. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды мақсаттары қарастыру. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №8. СЭҚ кедендік реттеу * Экспортты ынталандыру саясаты, оның мазмұны * Экспортты ынталандыру әдістері * Жаңа индустриялды және дамыған елдерде экспортты ынталандыру тәжірибесі Сабақтың мақсаты: ҚР СЭҚ кедендік реттеу жүйесінің негізгі құрамын талдау. Экспортты ынталандыру саясаты, оның мазмұны, әдістерімен танысу. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №9. ҚР сыртқы экономикалық дамуы және оның формалары * Классификацияға түсінік және біріккен кәсіпорындардың кезеңдерінің дамуы * Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың дамуындағы ерекшеліктері * Қазақстандағы еркін экономикалық аймағы Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы экономикалық дамуы және оның формаларына талдау жүргізу. Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың дамуындағы ерекшеліктерін қарастыру. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. Тақырып №10. Іскерлік қарым-қатынастың теориялық негізі * Іскерлік қарым-қатынастың маңызы және мәні * Іскерлік қарым-қатынастың формасы және ерекшелігі * Келіссөзге дайындық Сабақтың мақсаты: іскерлік қарым-қатынастың маңызы мен мәнін қарастыру, іскерлік қарым-қатынастың формасы және ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Келіссөздерге дайындық жүргізу. Практикалық саббаққа дайындалу барысында әдебиеттерді қолдану қажет. 4 Студенттердің өздік жұмысы Тақырып аттары СӨЖ тақырыптары СОӨЖ тақырыптары Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қатынастардың теориялық негізі ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы - эссе <<Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың мәні және маңызы>> атты тақырыпқа реферат дайындау Тақырып 2. Әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы және интеграция мәселелері <<Қазақстанда халықаралық сауданың формалары және әдістері>> - реферат Қызмет көрсетудің халықаралық саудасы - талқылау Тақырып 3. ҚР сыртқы экономикалық қатынастардың трансформациясы және мемлекеттің бүкіләлемдік шаруашылық жүйесіне кіру ерекшеліктері <<Қазақстан экономикалық ерекшеліктерінің күші>> - реферат ҚР-ң экспорт импорттық қатынастарының стратегиясы - сұрау Тақырып 4 ҚР инвестициялық саясаттың ерекшеліктері <<ҚР инвестициялық саясат>> - баяндама Мемлекетке шетел инвестициясын тарту - талқылау Тақырып 5 Қазақстанда СЭҚ басқаруды ұйымдастыру ҚР СЭҚ мемлекеттік басқару - эссе Республикадағы СЭҚ ұйымдастырылуын талдау Тақырып 6. Кәсіпорын деңгейінде СЭҚ басқаруды ұйымдастыру <<Мекеме деңгейінде СЭҚ мінездеме>> - эссе Мекеме деңгейіндегі СЭҚ мінездеме (мысал ретінде Семей қаласының бір кәсіпорынын алу) Тақырып 7 ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеу <<ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеудің заңдылық негізі>> тақырыбына реферат дайындау Республиканың модельдік дамуындағы іс-әрекетті суреттеу Тақырып 8. СЭҚ кедендік реттеу <<ҚР кедендік бақылаудың сыртқы экономикалық іс әрекеті>> реферат дайындау <<Семей>> кедені мысалында СЭҚ үлгісін бақылау іс-әрекетін көрсетіңіз - талқылау Тақырып 9. ҚР сыртқы экономикалық байланыстың дамуы және негізгі формаларын жүзеге асыру Еркін экономикалық аймақ - баяндама ҚР біріккен кәсіпорындар іс-әрекетіне сипаттама - талқылау Тақырып 10. Іскерлік қарым-қатынастардың теориялық негізі ҚР қызмет барысындағы пікірталастың ерекшелігі мен формаларына мінездеме беру Жиналыс жүргізулеріне мінездеме беру
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz