Файл қосу
Ландшафттардың өнімділігін экологиялық бағалау әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағымемлекеттік Университеті 3 деңгейлі МСЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-21.1.81/02 -2014 ПОӘК <<Ландшафттану>> пәнінің студентке арналған бағдарламасы 11.09.2014ж. №1 басылым 5В080100 <<Агрономия >> мамандығына арналған <<Ландшафттану>> пәнінің ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз I ҚҰРАСТЫРҒАН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Агротехнология және орман ресурстары>> кафедрасының аға оқытушысы Сагандыков Слям Нығыметжанұлы <<_27_ >> __08____ 2014 жыл 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің <<Агротехнология және орман ресурстарының>> кафедрасының мәжілісінде. <<_28_>> ___08__ 2014 жыл, №1 хаттамасы Кафедра меңгерушісі: ................ Есенғұлова Н.Ж. 2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде <<_9_>>___09___ 2014 жыл № 1 хаттамасы Төраға .................................. Джаманова Г.И. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды <<_11_>> ___09_____ 2014 жыл, №1 хаттамасы ОӘК төрағасы ................................ Г.К Искакова 4. БАСЫЛЫМ БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН МАЗМҰНЫ 1.Жалпы ережелер 2.Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттар бөлінуі 3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар 4.Курстың форматы 5.Курстың саясаты 6. Баға қою саясаты 7. Әдебиеттер * ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер Оқытушының аты - жөні: Сагандыков Слям Нигмеджанович. Кафедра: Агротехнология және орман ресурстары Хабарласу телефоны: 53-19-70 (институт, жұмыс), Жұмыс өткізілетін орны: № 5 корпус, аудитория № 131 Кредит саны: 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны <<Ландшафттану>> пәні басқа пәндермен біріге отырып жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған. Сонымен бірге элективтік пәндердің бірі болып есептеледі, мамандардың арнайы білімдерін терең меңгеруге әрекет етеді. <<Ландшафттану>> пәні - география ғылымының табиғи кешендердің құрылымдық-серпінділік өзгерістерін және олардың космостық энергияның әсерінен болатын кеңістіктік-уақыттық қарым-қатынастарын зерттейтін бағыты. Ландшафт өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылады және жанды және жансыз материяның қарым-қатынасының белгілі бір шарттарымен сипатталады. Ландшафтың құрамдас бөліктері бір аумақта болуымен және оның біртектілігімен, энергияның ортақ ағынымен, биохимиялық тәртіптемелердің келбетімен және айналылымен, антропогендік қызмет жағдайындағы қарым-қатынаспен және өзара шарттастықпен тығыз байланысты. Ландшафттарды зерттеу планетамыздың табиғи ресурстары әлеуетінің өзгеру ауқымын бағалауға мүмкіндік береді. Ландшафттану пәнінің негізгі мазмұны табиғи үдерістердің ортақ заңдылықтарын зерттеу, табиғатты жайластыру технологияларына қойылатын, аумақтардың пайдалылығын жоғарылатуға бағытталған, яғни табиғи-техногендік кешендерді құру талаптарын қалыптастыру болып табылады. 1.3 Пәннің негізгі мақсаты: -әртүрлі дәрежедегі геожүйелер түріндегі табиғи нысандарды, олардың қасиеттерін, жұмыс істеуін, табиғи үдерістердің негізгі заңдарын, табиғатты жайластырудың табиғи жүйелердің жоғары тиімділігін, экологиялық қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз ететін қағидаларын зерттеу 1.4 . Пәнді меңгерудің негізгі міндеттері: -табиғи нысандар туралы олардың бірыңғай денелер ретіндегі жалпы ұғымды қалыптастыру, жер туралы жеке ғылымдардың, яғни климатологияның, геологияның, гидрогеологияның, топырақтанудың, гидрологияның, биолгияның және экологияның білімдерін біріктіру ; - табиғи үдерістердің заңдарын тауып, ол үдерістерді адамның антропогендік қызметі жағдайында басқаруға үйрету. 1.5. Пәнді оқу барысында студент: -табиғи жүйелерді, табиғи ресурстарын және ландшафтың табиғи жайластырудың қағидаларын білу; -агроландшафт және антропогендік әсерлер туралы білімге ие болу; -ландшафтарың өнімділігін бағалаудың интегралдық математикалық моделін құрастыруды білу; -климаттың өнімділігін бағалаудың әдіснамалық негіздерін меңгеру; -Қазақстанның жазықтар және тау жүйелер ландшафттар туралы білім алу міндетті 1.6. Курс пререквизиттері: 1.6.1 География; 1.6.2 Экология 1.6.3 Почвоведение 1.7. Курстың постреквизиттері: 1.7.1 Агрометеорология 1.7.2 Ауылшаруашылық мелиорациясы 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР БӨЛІНУ 1кесте Тақырыптың аты Сағаттар ДР ТЖ МОӨЖ ОӨЖ Әдебиеттер 1 2 3 5 6 7 8 * Модуль Ландшафттанудың жалпы ережелері 1-Блок Табиғи және экологиялық жүйелер 1 Кіріспе.Табиғат және табиғи ресурстар 1 1 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 2 Табиғи жүйе туралы түсінік және оның қасиеттері 1 1 2 4 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 3 Экологиялық жүйелер туралы түсінік 1 1 1 4 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 4 Экологиялық жүйелерді жіктеу 1 1 1 4 * Блок. Ландшафттар және олардың өзекті мәселелері 5 Ландшафттар туралы түсінік 1 1 1 3 Исаченко Л.Г. Ландшафттану негіздері. Алматы. <<Мектеп>> 1996.-186 бет 6 Ландшафттар табиғатты жайластыру нысаны 1 1 1 3 Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, <<Рауан>>,1994.-128бет 7 Өңделген ландшафттар 1 1 1 3 Исаченко Л.Г. Ландшафттану негіздері. Алматы. <<Мектеп>> 1996.-186 бет 8 Аграрлық экологиялық жүйелер 1 1 1 3 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 2 - модуль. Қазақстанның ландшафттары 1- блок Жазықтар және тау жүйелерінің ландшафттары 9 Жер бетіндегі ландшафт типтері 1 1 1 3 Чигаркин А.В. Основные проблемы ландшафтоведения и охраны природы Казахстана.-Алматы,1996.-135с. 10 Жазықтар ландшафттары 1 1 1 3 Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, <<Рауан>>,1994.-128бет 11 Тау жүйелерінің ландшафттары 1 1 1 3 * Модуль.Климаттың өнімділігін бағалау 1-БлокТабиғи жүйенің климаттың өнімділігін бағалау 12 Климаттың ауылшаруашылықтық өнімділігін бағалау 1 1 1 3 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 13 Ландшафттардың өнімділігін экологиялық бағалау әдістемесі 1 1 1 3 МұстафаевЖ.С.,Рябцев А.Д., Адильбектеги Г.А. метологические основы оценки устойчивости и стабильности ландшафтов.-Тараз,2007.-218с. 2-Блок. Ландшафттардың өнімділігін экологиялық бағалауды математикалық модельдеу 14 Ландшафтардың өнімділігін экологиялық бағалаудың интегралдық математикалық моделі 1 1 1 3 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. 15 Ландшафттарың өнімділігін экологиялық бағалауды табиғи жүйенің биоэнергетикалық қорларының негізінде математикалық үлгілеу 1 1 1 3 Рябцев А.Д., Мустафаев Ж.С., Адильбектеги Г.А.,Султанова Г. Математичесая модель расчетного мониторинга агроландшафтов//Материалы международной научно-практической конференции- Шымкент,2006.-Том3- С.303-330 Жиыны 15 15 15 45 3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер: Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек, және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар. Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықттыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен ОӨЖ- дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады. Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білуі қажет. Біздің кеңес: өз уақытыныздың шығынын талдау керек. Өз уақытынды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара. б) Студенттің іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарийі * Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәнніңөткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру. * Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдардан және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады. * Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі. Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі. Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады. Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыста туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек. в) Оқу- әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар. ПОӘК енгізілген оқу- әдістемелік материалдаы дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұның қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек. Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс- әрекетіне талап жоғарылайды. г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар. Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес. Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: улкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек. д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер. Жазғы және қысқы сессия - ең қиын жұмыс кезеңдері. Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады. Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл Сіздің табысыныздың негізі. Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек. Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек. Семестірдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. СОЖӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады. Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс. Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыпытың соңында тапсырылуы керек. Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешіккен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс. Сабаққа дайындық: Студенттер сабаққа дайындалу барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің компьютерлерін қолдана алады. Кітапханада белгіленген ережелер бойынша оқулықтарды, мерзімдікк басылымдарды оқуға, үйге алуға болады. Өздік жұмыстар: Дәрісханадан тыс уақытта студенттер СОЖӨЖ және СӨЖ дайындап, белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді. СОЖӨЖ және СӨЖ тапсырмалары 6-пунктте белгіленген. СОЖӨЖ және СӨЖ 4 форматтағы таза ақ беттерге орындалады. Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін <<Ғ>> бағасын қоюмен қамтылады. Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. Емтихан: қорытындысы бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларынызды және кітаптарды пайдалануға болмайды. Емтихан тест түрінде өтеді. Оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатысу керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек. 5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ Біз бірігіп жұмыс жасау барысында төмендегідей ережелерді ұстануымыз қажет: * оқытушы мен студен бір біріне түсіністікпен қарауы тиіс * оқу процесіне белсенді қатысу керек * барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек * сабақтан себепсіз қалмау * сабақтан қалған уақыт электронды журналға тіркелісімен баға автоматты түрде төмендейді * білімді бағалау балдық - рейтингілік жүйемен бағаланады 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ <<Ландшафттану>> пәні бойынша студенттердің білімін бақылау келесідей формаларда іске асырылады: * Күнделікті (ағымдағы) бақылау, тыңдау, өздік жұмыс талдау, ауызша сұрау; * Межелік бақылау: екі межелік бақылау жасалады, мұнда жазбаша бақылау жұмысы немесе тестілерге жауап беріледі; - Қорытындыбақылау: жазбаша емтихан <<Ландшафттану >> пәні бойынша баллдарды бөлу 2кесте Апта Бақылау түрі Барлық балл Ескерту 1 2 3 4 1 аптадан 7 аптаға дейінгі сабаққа қатысу 30 1 СПЖ - 2 СПЖ 20 3 СПЖ 20 4 СПЖ 20 5 СПЖ 20 5 ОӨЖ 57 6 СПЖ 16 6 СӨЖ 57 7 1 аралық бақылау 60 1 аптадан 7 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл 300 8 аптадан 15 аптаға дейінгі сабаққа қатысу 30 8 СПЖ 14 9 СПЖ 14 10 СПЖ 14 11 СПЖ 14 12 СПЖ 14 12 ОӨЖ 55 13 СПЖ 14 14 СПЖ 14 14 ОӨЖ 57 15 2 аралық бақылау 60 8 аптадан 15 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл 300 Емтихан үшін қорытынды балл 400 Академиялық кезең үшін қорытынды балл 1000 Ескерту: 2 кестенің мәліметтері оқытушымен электронды базаға енгізіледі (электрондық журнал). * ӘДЕБИЕТТЕР 7.1Негізгі әдебиет 7.1.1 Мұстафаев Ж.С.,Қозыкеева Ә.Т. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер. Оқулық.-Алматы, 2013. -193бет 7.1.2 Мұстафаев Ж.С.,Рябцев А.Д., Адильбектеги Г.А. метологические основы оценки устойчивости и стабильности ландшафтов.-Тараз,2007.-218с. 7.1.3 Рябцев А.Д., Мустафаев Ж.С., Адильбектеги Г.А.,Султанова Г. Математическая модель расчетного мониторинга агроландшафтов//Материалы международной научно-практической конференции- Шымкент,2006.-Том3- С.303-330 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1 Исаченко Л.Г. Ландшафттану негіздері. Алматы. <<Мектеп>> 1996.-186 бет o Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, <<Рауан>>,1994.-128бет o Чигаркин А.В. Основные проблемы ландшафтоведения и охраны природы Казахстана.-Алматы,1996.-135с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz